Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Евгений Онегин. Александр Пушкин

Евгений Онегин. Александр Пушкин

Published by Балым Жандаулет, 2022-11-14 06:49:21

Description: Евгений Онегин. Александр Пушкин

Search

Read the Text Version

Table of Contents Өлеңмен жазылған роман ЕРЕН ЕҢБЕК ӨЛЕҢМЕН ЖАЗЫЛҒАН РОМАН Бірінші тарау Екінші тарау Үшінші тарау Төртінші тарау Бесінші тарау Алтыншы тарау Жетінші тарау Сегізінші тарау А.С.ПУШКИННІҢ \"ЕВГЕНИЙ ОНЕГИНГЕ\" ЕСКЕРТПЕЛЕРІ \"ОНЕГИННІҢ САЯХАТЫНАН\" ҮЗІНДІ ТАҢБАСЫ ҚҰПИЯ ШУМАҚТАР ТҮСІНІКТЕР Ескертпелер ТАҢБАСЫ ҚҰПИЯ ШУМАҚТАРҒА ТҮСІНІКТЕР А.С. Пушкин \"Евгений Онегинді\" жазудың хронологиясы АУДАРМАШЫДАН

Өлеңмен жазылған роман АУДАРМА АСУЫ А.С.Пушкиннің XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақтың демократиялық, ағартушылық әдебиетінің тууына әсері, әсіресе, Абайдың ақындық тұлғасының қалыптасуына жасаған жанды ықпалы бұрын да талай сөз болған, бұл күнде де жаңа зерттеулермен, тың топшылаулармен толығуда. Бұған 2005-2006 жылдарды Ресейде Қазақстан, Қазақстанда Ресей мәдениетінің жылдары деп өткізу, осыған қатысты көптеген мәдени шаралардың жүргізілуі себеп болды. Қазақстанда Пушкин, Мәскеуде Абай ескерткіштері ашылды. Екі ақынның шығармалары да кең аудиторияларға шығып, жаңаша оқылды. Орыс, қазақ тілдерінде олардың жаңа аудармалары жасалды. Абай заманынан қазақ даласына етене болып кеткен орыс ақынының туындылары, қазақ қызының мұңын шерткен Татьяна хаттары қайта бір жаңғырығып естілді. Осы салада атқарылған істің бірі - \"Евгений Онегин\" романының қайта аударылуы. Абай аударған Татьяна мен Онегиннің хаттары арқылы қазақ рухына туысып кеткен \"Орыс өмірінің энциклопедициясын\" (В.Белинский) тұңғыш рет тұтас күйінде өткен ғасырдың отызыншы жылдары Ілияс Жансүгіров аударған еді. Содан кейін онымен Қуандық Шаңғытбаев айналысты. 1949 жылғы аудармасын ол ұзақ жылдар қайта қарап, жетілдіріп, 1986 жылы жаңадан бастырды. 2006 жылы романның жаңа аудармасы жарық көрді. Оны жасаған белгілі қазақ ақыны - Кәкімбек Салықов. Сол аударманы қайта қарап ақын жаңа талпыныс жасап отыр. Кәкімбек Пушкин романын аударуға 25 жыл өмірін арнапты. Алғашқы шумақтары 1981 жылы аударыла бастаған екен, сол бір жылдары Ебіней Бөкетовпен бірге Мәскеуге барған Зейнолла Қабдоловтың Кәкімбектің үйінде болып, \"Евгений Онегиннен\" аударған жолдарын оқығанын айтып келгені бар еді. Аудармасы \"тәуір басталған екен\" деген. Ұзақ жылдар жауапты партия, мемлекет қызметінде жүрген Кәкімбек оны өндіріп аяқтай алмағанға ұқсайды. Оның үстіне \"Евгений Онегин\" сияқты шығарма ондай атүсті жеңіл-желпі аударуға көне бермейтіні түсінікті. Осы себеппен Кәкімбек негізгі қызметтен босап, шығармашылық жұмысқа жегілгеннен кейін ғана уақыт тапқан. Соңғы жылдарын ол түгелге жуық осыған арнаған. Мұндай әлемдік даңқы үлкен шығарманы бірден аудара салу оңай шаруа емес. Осы мерзімде ақынның романды аударуға ұзақ дайындықты басынан өткізгені де байқалады. Оның жасынан Пушкин шығармаларын жаттап өскені, әр кезде өлендерін аударуға талап жасағаны бұған дәлел Пушкинді оқып жүріп ол ақынның қанатты сөздерін жинап, аударып отырған. \"А.С.Пушкин. Қанатты сөздері мен нақылдары\" атты жинақты да өткен жылы жариялапты. Жинаққа кірген 266 қанатты, нақыл сөз ақын шығармаларын оқу, аудару үстінде іріктеліп жиналған. Мұндай жинақты 1999 жылы Игорь Шкляревский бастырған екен. Бірақ ол 129 сөзді ғана қамтыған. Кәкімбек оны толықтырып құрастырған. Қазақша нұсқаның осындай толықтығын ескеріп, Қазақстанда осы кітапты орысша бастырса деген де ой келеді.

Кәкімбектің ақындық мәдениеті мен таланты, шығармаларының лирикалық және эпикалық сипаты, ізденімпаздығы оны орыстың ұлы ақынына көп жағынан жақындастырғанға ұқсайды. Ол жасаған аудармалар поэтикалық дәлдіктің Пушкин қолданған образдарды шынайы бейнелеп бере білудің, жоғары ақындық мәдениеттің көрінісі тәрізді. Әсіресе, ол Пушкиннің әйелдерге арналған өлеңдерін көп аударған. Олардың біразы Қазақстандағы Пушкин жылына байланысты мерзімді баспасөзде жарық көрді де. Өлеңнің бейнелілігін, сезімнің нәзіктігін, шығарманың жарқын бояуын сақтауда, Пушкинге тән төгіліп тұрған ырғақ, ұйқастарды бере білуде Кәкімбек өзіне дейінгі аудармамен шұғылданған қазақ ақындарының қай-қайсымен болсын жарысқа түсе алады. Мен бұған Анна Кернге арналған өлеңді түпнұсқамен де, Ғали, Қуандық сияқты ақындар аудармаларымен де салыстыра отырып, көз жеткіздім. Әйелдерге арналған осы өлеңдер Пушкиннің Татьяна бейнесін жасауына дайындық сияқты болса, Кәкімбек аудармалары да \"Евгений Онегинді\" меңгеруге көмектескені даусыз. Кәкімбек аударған бұл өлеңдер \"Пушкин глазами женщин\" атты кітаптан алынып, Евгений Онегинге баратын жолдағы ізденісті байыта түскен. Кәкімбек біраз жылдан бері сонет жазумен шұғылданып еді. \"Сырғалы сонеттер\" жинағы да шыққан. Ол - сонеттің табиғатын зерттеп, оны қазақ өлеңіне жақындатқан аз ғана ақындарымыздың бірі. Осы жолда ақын Еуропа сонетшілерін түгел оқып, зерттеп барып, Пушкинге келген сыңайлы. Шекспир мен Камоэнстің, Данте мен Петрарканың ізін ол Евгений Онегиннен тауыпты. Қатал Дант сыйлап өтті сонетті де, Петрарка махаббатты әні етті де. Макбеттің жасаушысы сүйді оны, Наз орап, Камоэнс мұң шекті де, - деген Пушкин жолдарының тууын ол осылай түсіндіреді. Осыдан барып қазақ ақыны Евгений Онегиннің өлеңдік үлгісін бұрынғы әлемдік сонет түрлерін жаңартудан, толықтырудан туған деп дәлелдейді. Бұл жаңалықтың негізінде өлеңнің сыртқы түрі ғана емес, ішкі ырғақ, ағысы да толығатынын көрген. Орыс ғалымдары \"Онегин строфасы\" деп жүрген шумақ түрі осылай пайда болған дейді. Ол Евгений Онегинді жазу үстінде Пушкин туғызған сонеттің өте қызық жаңа түрі деп білемін. Романдағы қай шумақты - строфаны алсақ та, сонет құрылымы аңқып тұр\", - деп жазады. Кәкімбек романды қазақшалау үстінде осы түрді тұтастай сақтайды. Әр шумақтың алғашқы төрт тармағын абаб үлгісімен ұйқастырса, келесі төрт тармақты ввгг, содан кейінгі төрт тармақты дeeд, соңғы екі тармақты сс үлгісімен ұйқастырып отырады. Сөйтіп, он төрт тармақ \"Онегин шумағын\" қазақ тіліне кіргізеді. Ол он төрт тармақтың ішкі құрылымында, ырғақ байламында, Данте мен Петрарканың, Шекспирдің де үлгілері барын көрсетіп, \"бірақ сиқырлы сөз иесі, ырғақты ағысының теңдесі жоқ дүлдүлі (Пушкинді айтады) әр строфасында әлгі айтқан түйіндеріміздің жігін білдірмей кетеді\", - деп ой түйіндейді.

Кәкімбектің романды аудара жүріп, оның табиғатын осылай ыждағаттылықпен зерттеуі аударма сапасының негізгі кілті десек те болады. Ол шығарманың (\"Евгений Онегин\" ғана емес, жалпы өлеңдерінің), ондағы оқиғалар мен адамдар тағдырының туу, жасалу жағдайлары, нақты образдардың тарихы, ақын қолданған бейнелілік пен қанатты сөздерді еркін меңгеріп пайдаланған. Сөз сиқырының сырына қанығып қызмет еткен. Бұл романды оқу үстінде анық байқалады. Аударма болған соң кейбір салыстырулар жасап көрейік: \"Евгений Онегинді\" \"Орыс өмірінің энциклопедиясы\" дегенде В.Белинский ондағы орыс халқының өмірі, тұрмыс-тіршілігі, табиғат суреттеріне ерекше мән берген. Евгений бірінші рет барған деревня суреті, ондағы билеушінің оңаша, тау қоршауындағы үйі, алыста көрінген шалғын мен орман, жайылып жүрген мал, тозған бақ - бәрі де өлеңге түсіп, Пушкин реализмнің шеңберін анықтаған. Әдебиет романтизмнен өтіп, реалистік өмір суреттеріне бет бұрғанда, алғаш Белинский назарына ілігіп, оның \"Жаңа әдебиет туды\" деп жар салғаны, оның белгілерін Пушкин мен Гоголь шығармаларынан тапқаны, шағын да болса көз тоқтатар, өмірді елестетер осы суреттер болатын. Осы бір сурет Кәкімбек аудармасында былай шығыпты: Деревня. Евгений зеріккен, Ғажап жер жатқан шалғайда: Серілер мұңсыз еріккен, Аспанын сыйлап қалмай ма?! Тақсырдың дөңде үйі тұр Тау қоршап аспан құйған нұр; Өзеннің көгал жағасы, Аралас орман даласы; Гүл майса, шүйгін қамар бел, Селолар көзің тоқтаған, Әр жерде мал жүр оттаған, Қапталы қалың самал жер. Бақша бар тозған шырайы, Жайлаған орман құдайы.

Өлеңдік түрді, ырғақ, ұйқасты, сақтауда да, мазмұнды толық беруде де аудармада дәлдік байқалады. Ондағы өмір суреттерінің көріністері де айқын. Бір айта кетерлігі, романдағы табиғаттың ең бір жарқын суреттері де өзінің баламасын тапқан. Солтүстіктегі біздің жаз, Оңтүстік қысқа келемеж. Жалт ете өтсе жылуы аз Болыппыз үнсіз елемес. Аспанда күздің иісі бар. Шуаққа тоғай кіріптар. Қысқарды күннің аясы, Азайды орман саясы. Бұтадан жапырақ үзілді, Даланы басты көк тұман. Әндетті қаздар көш құрған Оңтүстік жаққа тізілді. Жабықты қаусап маң дала, Қараша келді аулаға. Осындағы \"Аспанда күздің иісі бар\", \"Қысқарды күннің аясы, азайды орман саясы\", \"Қараша келді аулаға\", т.б. тармақты орыс ұғымын қазаққа түсінікті етіп, әрі дәл бере білген аудармашы еңбегін анық танытады. Бұл жерде аудармашыға Ресей мен Қазақстан табиғатының ұқсастығы да көмекке келген. \"Мороз и солнце, день чудесный\" деген біздің қысқа да тән сурет. Осыны Кәкімбек \"Әрі аяз, әрі ашық күн, Ежелден жаным ғашық күн\" деп толықтыра аударыпты. Орыс орманы мен Бурабай қарағайларының ашық, аязды күндері араласып кеткенге ұқсайды. Адам бейнесін суреттеуде оның қимыл-әрекетін, жүріс-тұрысын, ұғым-түсінігін мінездеуде де Пушкин жолдары өз мағынасын бұзбаған, өлеңдік көркін жоғалтпаған күйде оқылады. \"Білім бар, бірақ қазымыр\" (\"Ученый малый, но педант\"), \"Қуланды ол бала жасынан, Үмітін қымтап қызғанып\" (\"Как рано мог он лицемерить, таить надежду, ревновать\"), \"Оятты ол қалай тым ерте, Жеңілтек қыздар жүрегін, Бақастық етсе бір еркек,

орнатар тағдыр түнегін\" (\"Как рано мог уж он тревожить, Сердце кокеток записных, Когда хотелось уничтожить, ему соперников своих\") деп суреттелетін Онегин бейнесі роман кейіпкерінің кім екенін жеткілікті-ақ айқындайды. Өз заманының еркесі де, серкесі де болған Онегинді танытар жолдардың барлығы да әрі дәл, әрі қазақы ұғымға жақын. Онегиннің театрға барып, Истоминаның биін тамашалауы, сахнада секіріп билеген қыздың суреті де көңіл аударады. \"Одной ногой касаясь пола, другою медленно кружит,... и быстрой ножкой ножку бьет\" деген суреттерін \"Сәкіге тисе оң аяқ, Айналтты бәсең сол аяқ ... Балтырға балтыр байлантты\" деген тармақтар да сәтті берілген \"Жарқ етті жеңіл ауадай, Сиқыр саз жанға дауадай\" деген жолдарды оқығанда Истомина биі көз алдыңа келеді. Романдағы ең сүйкімді тұлға - Татьяна екені мәлім. Оны Пушкин ерекше сүйген, оның бейнесіне қиялындағы ғашықтардың жағымды жақтарын жинақтап берген. Орыстың көрнекті әдебиеттанушыларының бірі Илья Фейнберг \"Пушкин дәптерін оқығанда\" деген кітабында өз кейіпкерлерін \"Илиада\" кейіпкерлерімен салыстырып, Пушкиннің: \"Илиаданың\" ерлеріне жететін ерлер жоқ, ал Татьянаға еш әйел тең келмейді\" деген сөзін келтіріпті. Татьянаны Белинский де аса биік бағалаған. \"Татьяна - ерекше жаратылған, нағыз терең ойлы, сүйе білетін, құштарлық сезімі басым тұлға\", \"Татьяна - биік жабайы жартастың ортасына кездейсоқ шыққан, сирек, әдемі гүл\" деген ол Осы бағаларға ие болған қыздың бейнесі аудармада жарқын шыққан. Пушкинді оқығандағы әсерің еш кемімейді. Татьянаның Онегинді көріп ғашық болғаны да тартымды. Бізге көптен таныс Татьяна хатының аудармасы да көңіл аударарлықтай. Абайдың да назарын аударған осы хат қой. Замандастарының айтуына қарағанда, Абай оны \"Тәтіш қыз\" дейді екен. \"Татьяна әнін айтыңдар\" деудің орнына \"Тәтіш қыздың әнін айтыңдаршы\" деген Абай өз аудармасының мазмұнын да, әсемдігін де түсінген, білген. Пушкин де өзі жазған Татьяна хатына сүйсінген. Ал хат текстінің аудармасы нәзік, сезімтал, бұйығы қыздың сырын әдемі ашады. Оны хат үзіндісінен көреміз. Сізге хат жазсам - не бітпек? Япырмай басқа не дермін Жаралы жаным не күтпек, Жазаңа үнсіз көнермін. Байғұсты бірақ, сергітпек Тілекке тарлық етпессіз. Аяусыз тастап кетпессіз,

Әу баста үнсіз қалмақ ем. Арыма адал сеніңіз Білмей де жүрер едіңіз Үмітке сенім жалғар ем. Аптада көрсем бір рет. Берер ғой тірлік жылы леп. Үніңіз жетіп құлаққа. Тіл қатсаң, қайтем гүлдемей, Күтер ем күн бе, түн демей. Түссең деп көзге жырақта. Ұзақ хатты қысқарта оқығанда, осы үзіндінің өзінен қыз сырын, мінез-құлқын тани аламыз. Ол Абай аударған хатты еске түсіреді. Онда Татьяна сыры мен мінезі, бұйығы, нәзік, сезімталдығы түгелдей Пушкиннен ауысып, Абайда да, Кәкімбекте де түпнұсқамен бірлікте танылады. Абай еркіндеу айтқан. Заманы, сол кездегі аударманың принципі де сондай. Сонымен бірге Абайдың Татьяна хатын сылтау етіп, өзінің ғашықтық, жастық сырын айтуға мүмкіндік алғаны да ескерілуге тиіс. Ал Кәкімбек түпнұсқадан ауытқымайды, дәлме-дәл аударады. Оның Татьянасы біздің санамызға сіңген Татьяна бейнесін көмескілендірмей, оның бейнесін жарқырата түседі. Бұл аударма Абай әнімен айтуға да келіп тұр. Пушкинде суреттеп отырған өмірге, кейіпкерлерінің іс-әрекетіне өз көзқарасын білдіріп отыратын мінез бар. Оны ақын реализмінің белгілері деп те, сыншылдығы, ой еркіндігі деп те атауға болады. Кәкімбек осы жолдарды да қызықты етіп аударған. Қызықты күнде құштарлы Би кешін сұмдық сүюші ем. Сырласар уақыт қысқарды, Жолдамай хат та жүруші ем. Бек хурметлу жұбайлар! Септесер менде сыңай бар. Мұны ақын Онегиннің қызыққұмарлығын суреттер алдында өз мінезін еске түсіру ретінде жазған.

Осындай дәлдік, ой, сөз, образ тапқырлығы Ленский, Ольга сияқты кейіпкерлерді танытуда да мол байқалады. \"Сөзге де шебер ұйытпа, бұйра шаш түскен иыққа\", \"Әлемнің жарқыл қарқыны, Баурады әсем тартымы\", \"Салғызды миын азапқа, Күдікпен қарар ғажапқа\", \"Қасиетті достық одағы, Жарылқар күні болады\" (Ленский), \"Ажары сәуле сепкендей, жаны пәк ғашық өпкендей\", \"Бір кезде өзім сүйіп ем\" (Ольга) дейтін тіркестер сол характерлерді ашып тұрғаны даусыз. Осындай суреттерде нақылдық мән алып кететін тапқыр жолдар да жиі кездеседі. Аудармашының Пушкиннің қанатты сөздері деп жинағаны да осы. \"Қынжылам осылай көп пенде, дым іссіз дос боп кеткенде\", \"Толқын мен тас бөленген, мұз бен от, проза өлеңмен\", \"Екі аяқты жәндік сан миллион, бәрі де болмақ Наполеон\" деген қанатты сөздер Онегин мен Ленский сияқты екі мінезді адамдардың табысуға ұмтылуын бейнелейді. Асылы, Пушкинде мұндай еркіндік мол кездеседі. Ол осы үлгімен әлем әдебиетінің ұлы тұлғалары мен олардың кейіпкерлерін еске салады. Өз кейіпкерлеріне ұқсастықты өмірден тандап табады, оларға керек көзқарасын байқатады. Мұндай ақындық желпінулер де Кәкімбек аудармаларында сәтті көркемдік табады. Кезінде үлкен еңбекте ұсақ-түйек кемшіліктер болуы да мүмкін. \"Көш жүре түзеледі\", аудармашы әлі де қайта қарар, талай табысар дер едім. Кәкімбек бес жылдан кейін бұл еңбегіне қайта оралып құлшындыра түсіпті. Биыл 78 жасқа келген көрнекті ақын үлкен іс тындырды. Орыс-қазақ мәдениетінің туыстығы тарихына жаңа беттер қосты. Бұл - оның ақындық ізденістері жолындағы бір белес болатынына да дау тудырмайды. Сонымен бірге қазақ аударма өнерінің биік шыңына көтерілді. Академик Серік ҚИРАБАЕВ 21 қаңтар 2010 жыл

ЕРЕН ЕҢБЕК Аяқталуға жақын қалған Пушкин жылының жалпы руханиятқа, соның ішінде әдебиетке бергені не дегенде, біз біраздан бері бәсеңсіп қалған аударма өнеріне соны серпін қосқанын алдымен айтар едік. Жыл бойында қазақтың талай ақыны ұлы Пушкин мұрасына қайта оралып, көптеген тың тәржімаларды дүниеге әкелді. Олардың арасында жекелеген өлеңдермен, тұтас циклдармен қатар, көлемді поэмалар да бар. Ал біткен істің ең бастысы - \"Евгений Онегин\" романының жаңа аудармасы. Бізде бұған дейін әйгілі шығарманың толық үш тәржімасы бар болатын. Олар: 1937 жылғы Ілияс Жансүгіров нұсқасы, 1949 және 1985 жылдары Қуандық Шаңғытбаев жасаған екі нұсқа. Енді, міне, қазақтың жаңа \"Евгений Онегині\" дүниеге келіп отыр. Танымал ақынымыз Кәкімбек Салықовтың ұзақ жылдарғы еңбегі жақында елордадағы \"Фолиант\" баспасынан әсем безендіріліп жарық көрді. Қолға жаңа тиген күрделі аударманың деңгей-дәрежесі туралы қысқа-қайырым сөз айтып жатудың жөні жоқ, дегенмен, ақынның ұлы туындыны қазақшалауға жауапкершілікпен қарағаны, сөйтіп, ерен еңбек бітіргені кітаптың әр бетінен-ақ білінеді. Кәкімбек Салықовтың соңғы кезде тындырған тағы бір үлкен шаруасы - \"Аударма\" баспасынан жарық көрген Пушкиннің қанатты сөздері мен нақылдары. Ұзақ жылдар бойғы қоғам қайраткері ретіндегі, қалам қайраткері ретіндегі қызметі көп көңілінен шыққан көрнекті ақынның Пушкин жылында ерен еңбек еткені ел болып елерлік жайт. \"Егемен Қазақстан\", 13 желтоқсан 2006 жыл ЕВГЕНИЙ ОНЕГИН

ӨЛЕҢМЕН ЖАЗЫЛҒАН РОМАН Petri de vanite il encore plus de cette espece d' orgueil qui fait avouer avec la meme indiffe- rence les donnes comme les mauvaises actions, suite d'un sentiment de superiorite, peut-etre imaginaire. Tire d une letter particuliere. Атаққұмарлыққа әбден құныққан ол ерекше тәкаппар болатын, оның үстіне сүйкімді қылығы мен сұғанақтығын тепе-тең мойындатуға міз бақпас қабілеттілігі өзгеден асыл туғандығын сездіретін шығар, ал егер керісінше болса, бәрі де бос сандырақ. Жеке хаттан (француз). Тәкаппар көпті таңдатпақ, Бәсім жоқ, достық талғамым, Бір саған лайық1 ардақтап, Кепілдік келді арнағым. Қалардай жаның нұрланып. Ақындық тәтті сауал бар. Қарапайым сыры анық, Ала-құла тараулар Тізбегін жөнге, құп алып, Тізбегін жөнге, құп алып, Терең ой ашық желісін, Жартылай әзіл, жарты мұң, Ел ұғар ерке тартымын, Әнтектеу әуре жемісін, Ақ шабыт ұйқы үзгенін, Жетілмей өшкен жылдардың, Жеткізер салқын тізбегін

Жүректе дерт боп тұнған мұң. Бәсім жоқ, достық талғамым.

Бірінші тарау Құлшынды өмір сүруге, сезімге де асықты1 . Кн. Вяземский. I \"Тәртіпке тәптеш ағайын, Сөз бе екен мүшкіл жатқаны; Бағынта білді маңайын, Одан зор әлек таппады. Өзгеге ғылым сабағы, Жүйкені құртып барады, Құдай-ау, төзім септейсің, Қасынан күн-түн кетпейсің! Асырды ол әккі әдісін: Тірі өлік күттік қастерлеп, Жастыққа қолды дәл сермеп Әперу қорлық дәрісін, Күрсіндік жорта қайғылы: Жұмар деп көзін қай күні\". II Тап солай тентек ойлады, Поштабаймен шаң жұтқан, Зевстің үнін жоймады, Мұрагер басын қаңғыртқан, Руслан мен Людмиланың,

Досы деп шексіз сыйладым. III Романда осы кейіпкер, IV Кезі жоқ мені кейіткен. Туыпты айтсам жалпылап, Онегин Нева жерінде, Мекенің мүмкін сенің де. Шыққан жер даңқың жарқырап; Көп жүріп көрдім жол түсіп, Жақпайды маған солтүстік. Қызметте абзал атанып, Қарызбен әкесі күн көрді, Бір жылда үш той атқарып, Жиғанын жұтып үлгерді. Евгений жұтап қалмас та; Madame күтті әу баста, Бұзбады Monsieuer сиқын бұл, Салатын асыр сүйкімді ұл. Француз L, Abbe жабайы, Әр ойын ұзақ сүйретер, Әзілмен дәріс үйретер; Әуре етер көйтіп анайы, Еркелі сөзбен төпелер, Жазғы бақ жаққа жетелер.

Беймаза жастық үн берсе, V Евгений ептеп ысылды. Үмітпен нәзік мұң келсе, Француздан есен құтылды. Онегин азат сонымен, Шашты алды соңғы модымен. Лондоннан келген сәнқой деп, Ортаға думан алды көп. Французша жазып, сөйлейтін Епті еді адам тануға, Билейтін мазурканы да, Бас исе болды өрлейтін. Кісі деп әйбат, ақылды, Қатарға қауым шақырды. Бәріміз де ептеп үйрендік, Бірдемеден, бірдеме. Тәлімге тәнті күйге ендік, Жарқ етпес дейсің бұл неге? Онегин жайлы көп айтқан, Әділ сәт осы дөп айтқан: Білім бар, бірақ қазымыр, Талантқа қожа тағы бір: Әңгіме көшін құрғатпас Не десең соған қорғансып,

Білдірмей білгіш болғансып, VI Білікті дауда тіл қатпас, VII Әйелге шапшаң ұнайды, Әу, демде әзіл құрайды. Салт емес қазір латын, Шындыққа көшсек егер де. Ол білгендік қылатын, Эпиграф оқып берерде. Ювеналдың1 болып білгіші, Соңғы сөз Vale2 үлгісі, 1 Тақпақтар кейде көп бұлдап, Энеидадан 1 қос шумақ. Қалмайды шежіре шаңында, Тарихқа осы енжарың Білмейді жөндеп жер шарын. Анекдот шек жоқ санында Ромулдан2 сайрап бергіні, Берері жатқа белгілі. Жақсы әуен билеп санасын, Болмады жаны сауығу. Хорей мен ямбы арасын, Бұйырмай кетті айыру. Жақпады Гомер, Феокрит 3

Бар оқуы Адам Смит4 . VIII Эконом қыбын білгіштеу, Сөйлесе тілмен тілгіштеу. IX Мемлекет байыр шағында, X Байқампаз даму қарқынын, Қажетсіз дейді алтының, Жабайы заттар барында. 2 Әкесі түсінбей жалықты, Несиеге жерді салыпты. Евгенийдің басқа білгенін, Мұрша жоқ даттар батылдау; Сездірмес дана бір кемін, Қай ғылым өте жақындау Жасынан болды не ғажап, Қуаныш, еңбек әрі азап, Алса да енжар уақытын, Сезімге нәзік ұғымтал, Құмары Назон1 айтқандай, Тауқымет содан тартқандай, Ғұмыры өтті ұрымтал; Молдавия қиыр шебінде, Италия шалғай жерінде.

Қулыққа жастай ол білгіш, XI Үмітін бүккіш, қызғаншақ. Сендіргіш сенім сөндіргіш, Мұңая қалғыш қыздай сақ. Айбынар әлде қаймығар, Зер салғыш лезде шайлығар, Томсарар жоқтай не дері, Қызыл тіл қырғын шебері. Хат жазса сүйгіш таң қылғыш, Емі бар демі жеткендей, Сол үшін қасірет шеккендей! Көз салғыш еппен, жан салғыш, Қылымсып қулық құратын, Көз жасы даяр тұратын. Үр жаңа болғыш ол қандай, Әзілмен жүрек жалғатқан, Сұқтанар үрей алғандай, Мақтаумен жеңіл сандалтқан. Алдамшы мезет шаттығын, Жазықсыз жылдар пәктігін Сезіммен ойға оздырар, Көңілге құлаш создырар. Жалынып тыңдай қалатын, Жүректің тұңғыш лүпілін,

Махаббат түзеп күтімін XII Кездесу сертін алатын... XV Оңаша арбап жеңетін, Өзінше сабақ беретін. Оятты ол түртіп тым ерте, Жеңілтек қыздар жүрегін, Бақастық етсе бір еркек Орнатар тағдыр түнегін, Қу тілмен қыршып қорлайды, Шалғайдан шебер торлайды. Кей жұбайлары жуастар Татулық іздеп ұнасқан; Сүйген боп жылпос ұтты ма, Шәкірті көне Фабластың1 ; Қызғаншақ шал да арбасты, Мүйізді діндар мықты да, Өз ісін өзі құп алды, Жары мен асқа жұбанды. Тұрмай-ақ кейде төсектен, Оқитын таңғы хаты бар. Жаңылмас бірақ, есептен, Бір кеште үш үй шақырар. Жеткіншек тойы, би кеші,

Барарын қайда біл деші XVI Қай жақтан бастар? Амал бар: XVII Бәрін де тойлап тәмамдар, Әзірше таңғы серуенде, Басына киіп кең қалпақ, Бақшаға жүріп дем алмақ Қыдырар кеңдік мол жерде, Серуенде жанын қыспас та, Шақырмай сағат түскі асқа. Түн келді; Қамдап шанасын, \"Жүр-жүрге!\" салды айбатты. Талонға1 тартты Онегин, Қалды-ау, деп күтіп Каверин2 . Ішімдік толы татымды,3 Комета тығын атылды; Қанталап шарап қаншасы, Трюфли3 тәбет тартпақшы, Француз күтті аспазшы, Дәмді екен страсбург самсасы; Лимбургтік ірімшік аралас, Туралды алтын ананас. Котлетті майлы, тым ыстық, Шараппен басу ғадет те;

Шақырды сағат тықыршып, XVIII Басталған жаңа балетке. Театрдың қатал сыншысы, Құштарлық етсе мұң қысып Ғашық тіл безеп арзанын, Сахнаның кезер ар жағын; Онегин ұшты театрға, Болса да көңілі жел соқты, Секірсе біреу қол соқты, Болса да көңілі жел соқты, Секірсе біреу қол соқты, Федра мен Клеопатраны, Моинаны болды қолдаушы, Мақсаты - шығу өз даусы. Сиқырлы аймақ! Бұл жерге, Қожасы өткір мысқылдың Фонвизин даңқы нұр берген, Княжнин еліктеп іс қылды. Озеров тапты олжасын, Қол соққан жұрттың көз жасын Семенова жастай бөлісті; Катенин тапты көп істі Корнельді дана мадақтап; Шаховской сөкті түйіндеп,

Комедиялары үйірлеп, XIX Оранды Дидло1 атаққа; XX Сол сахнаның шебінде Жас күнім өтті менің де. Періштелерім, қайдасың, Мұңлы үнім құлақ жарды ма? Асырып біреу айласын, Айырбасқа әлде салды ма? Хор қайда? Әнге орашы Орыстың Терпсихорасы2, Ұшырар ма сені құдайым, Басар ма әлде уайым? Түңіліп таныс адамдар, Қарайлап бөтен жарыққа, Сахна жат боп халыққа, Қызыққа жан жоқ алаңдар; Болар ма есінеу несібе, Өткен күн келіп есіме? Театр шалқып, төр қызды; Кресло, партер толды лық. Артқы жақ шуға тойғызды, Бұрала тартты шымылдық. Истомина осы дер шағы,

Періште жебеп қоршады; XXI Қимылы мінсіз ысылған, XXII Сәкіге тисе оң аяқ, Зыр айналтты сол аяқ; 4 Түбіттей Эол ұшырған; Зыр айналтты сол аяқ; Түбіттей Эол ұшырған; Бұрала толқып таңдантты, Балтырға балтыр байлантты. Зал қызды. Келді Онегин, Отырған жұртты маңайлап. Әйелдер шолды әлемін, Көзәйнек әнтек қарайлап; Баршаны жалпы бір шолды, Көрінді көбі тым сорлы, Ерлерге шұлғып өтті өрлей; Сахнаға ықылас еткендей Есінеді, дымды айырмас Болғаны көзге ұшырап, Сөйледі сөзі пышырап: \"Бәріне керек айырбас, - деп қалды, — балет сабылттың, Дидлоңнан да жалықтым\".

Жын-шайтан, құдайшық, жыландар, XXIII Сахнада ойнап-күліскен. Есікте күзет қылғандар Тон төсеп ұйқыға кіріскен, Аяғы тоңса секіріп... Түшкірді есінеп, бекініп; Жарығы көше өңдеген Фонарлар оты сөнбеген, Тарпынып аттар шыдайды. Ауырлап асыл тұрманы; Көшірдің жаурап тұрғаны Қожаларын сыбайды, Үйіне кетті Онегин, Орындар киіну әлегін. Көркем сөз көнсе әдібі Көрсетейік үйін де. Моданың құлы кәнігі, Шешінді, қайта киінді... Байлығын көрсең ұғарсың Не сатса Лондон кінәмшіл, Балтықтан жетсе таласпен Семіз ет алды ағашпен; Париждің тажал талғамы Не білсе соны тапқызды.

Алдында жайнап жатқызды; XXIV Салдық пен салтын жалғады. XXV Кабинетіне бәрін толтырған, Он сегіз жасар ойшыл жан. Лағылды Цареград1 түтігі, Үстелде қола, фарформен; Сезімнің нәзік күтімі Хрусталда жұпар әр түрден. Тарақ пен егеу құрыштан, Қайшылар үйір құрысқан; Шөткелер қандай парланған, Руссоны2 айтсам мән бермей,5 Гримді1 сынға салды кеп, Көзінше тырнақ алды деп. Қызыл сөз кетсе әрленбей Еркіндік, құқық тәңірі Бұл жерде жүрмес әмірі. Болсаң да мәшһүр ғаламға, Ойлау жөн сәнін тырнақтың. Қатал заң дәстүр адамға, Әдетке әлек құрмақ кім? Чаадаевқа тең боп жетуге, Қызғаншақ сөзден кетуге

Ден қойды біздің Евгений, XXVI Әсіре, сәнқой сезгенім. XXVII Үш сағат киім ол таңдар Айнаға уақыт сарп етіп, Содан соң шығар жарқ етіп, Жел мінез ұқсап Шолпанға; Маскарад киімін шұбалтты, Қатын құдай сияқты. Ең жаңа үлгі-модыға, Қанығын анық байқар ең. Қоғамның білгіш тобына, Үстінде барын айтар ем; Еркінсіп сөзге дер күнде, Дәл жазу болса еркімде, Пантолон, франк, жилетті Орыстың тілі білмепті.6 Тіл қорым құрмет қыларлық Азаяр еді шұбарлық. Жат жұрттан жиған сөздермен Көніге қарап төздік те, Академиялық сөздікке. Өзгеге көңіл кетті ме: Би кеші жанға жатық іс,

Жәмшікті күйме жекті де, XXVIII Онегин кетті асығыс. Қалғыған көрді үйлерді, Көшелер ұйқылы күйге енді. Көбейді күйме фонары, Жарқырап қос-қос жанары, Түрленіп сәуле төгілді. Маңайы қалпақ шамданған, Бір үй тұр бойы жанданған, Әйнектен қауым көрінді: Әйелдер және, қысқасы, Даңғойлар өңшең нұсқасы. Кірді үйге батыр бүгіліп, Швейцарға шұлғып тез өтті. Мәрмәрлі сатыда жүгіріп, Саусақпен шашын түзетті. Келсе, зал толы халыққа Сұлу саз үні жабыққан, Мазуркаға алаң боп, Тар жерде у-шу адам көп. Салт аттылар тақасы, Сырт етсе қанат жаяды. Арулар бипаз аяғы, Жіті көз жоқ қой қатасы.

Скрипка жеңді сыңқылы, XXIX Бикештер күндес күңкілін. XXX Қызықты күнде құштарлы, Би кешін сұмдық сүюші ем. Сырласар уақыт қысқарды, Жолдамай хат та жүруші ем. Бек хұрмәтлу жұбайлар! Септесер менде сыңай бар. Салыңдар құлақ сөзіме, Сезіп ем тым сақ кезімде; Аналар сенім ақтасын, Сау болсын десең қыздарың Үзбеңдер жанар ызғарын. Әйтпесе құдай сақтасын! Өткенді өктем жазамын, Күнәдан қазір тазамын. Әр түрлі әуре қыздырып, Уақытты тым көп жоғалттым. Таппаса ақау ізгілік, Би кешін келмес доғартқым. Сүйемін тулап бұла күш, Тар жерді жайлап қуаныш, Кисе ару бойға дөп киім,

Қос балтыр ғажап, тек қиын, XXXI Ресейде бүкіл табылмас, XXXII Үш пар балтыр әдемі, Кездеспей құртты әлегі; Екі аяқ... десең жаным мас, Түсіме кіріп жүдетті, Қозғап жүр әлі жүректі. Шіркін-ай, қашан, қай шөлде, Ұмытар есуас оларды? Қос балтыр жүрсің қай жерде? Көктем боп қай гүл оралды? Шығыстың шуақ шағында, Солтүстік мұңлы қарында Қалмады-ау, басқан ізіңіз, Көк кілем көркін сүйдіңіз; Мөлдір шық сипап моншағын, Мен қашан болдым ұмытқан Атақ пен көңіл суытқан Атамекен қоршауын? Балғын шақ өтті алдымда, Ізіңдей сенің шалғында. Диана1 төсі, достарым, Флора2 жүзі балқытты-ау!

Терпсихора от-жалын, XXXIII Балтыры бәлкім артықтау. Тілдесер көзбен жаны асыл, Алмай жүр әділ бағасын. Көркіне жаным табынбақ, Құштарлық бойда ағындап, Эльвина досым, танимын 7 Мен оны барлық суреттен: Көктемде сайда гүлдеткен Тасынан қысқы каминнің, Айнадай паркет бетінен, Теңізде жартас шетінен. Найзағай күткен теңізде, Қызғандым толқын шұбырсаң, Үдере көшіп егіздеп, Аяғын құшып жығылсаң! Тіледім мен де жанпірім, Сүйсем деп аппақ балтырын. Білмеуші ем мұның бірін де, Армидаларға жас күнімде; Болмап ем сонша тез құмар, Күн туды аңсап түрленген, Ерінге раушан гүлденген Төсіне алмұрт көзді ұрар.

Тап сондай тасқын құштарлық, XXXIV Болған жоқ есте ұстарлық. XXXV Есіме басқа түсер күн! Аңсатқан асыл армандай. Әкелді бақыт үзеңгім... Балтырын қолға алғандай; От сезім қандым нәріне, Тиді етім ыстық тәніне, Өлесі жүрек жанданды Махаббат аңсау жалғанды! Көп жаздым құштар бағытта, Мылжыңдау өлең жүр-жүрлеп, Тәкаппар білмес сый құрмет Татымас ынтық шабытқа: Көз бен сөз сиқыр арбайды, Қос балтырдай алдайды. Онегин біздің шала ұйқы, Төсекке тойдан оралды; Петербург кербез нар сиқы Барабандар шулап оянды. Көз ашты көпес көрпеден, Көшірлер тұрды ертемен, Құмыралы әйел тыпырлап,

Тез өтті ақ қар сықырлап; XXXVI Атқан таң думан бастапты, XXXVII Терезе ашық, тік қаптап Шұбырды түтін будақтап. Қағаз қалпақ аспазшы, Наншы неміс тасып ас Қайталар сөзі васисдас. Шуында бидің қалжырап, Шаңқай түс болды атқан таң. Тәтті ұйқы жеңді маужырап, Рахат, байлық тапқан жан. Бесінге тақау оянар, Ғұмырын түнгі той алар; Бәрі де кеше көрген жол, Бүгін қандай - ертең сол, Бақытын бірақ, тапты ма? Евгений еркін шағында, Күш-қуат бойда барында, Өткерген думан жақты ма? Құр бекер әлде той тойлап, Саулығы түзу күлді ойнап? Суыды жылдам от сезім, Тобырдың шуы түңілтті;

Сағынбас сұлу серт сөзін, XXXVIII Оларға қимас үмітті. Алдаушы көп боп зар қақты, Достар мен достық шаршатты. Көтерсін қалай баршасын, Бифштекс, страсбург самсасын; Шампанның шуы толса да, Өткір сөз кірер ағынға Ауырған басы шағында, Қаншама тентек болса да Ұмытуға ол тырысты Қақтығыс, дуэль, қылышты. Ділгірлік өшіп әл кіру, Басталар сәтті күй күттік. Ағылшынша мәңгіру, Орысша айтсақ мимырттық Аспады дәмін татудан, Ал, өзін өзі атудан Сақтанды, күш жоқ өңінде, Чайльд Гарольд секілді, Өзгенің сөзін қолдамас, Бостон1 мен өсек қозғамас,8 Отты көз сиқыр не түрлі, Еш нәрсе оны тартпады,

Ешкімге сенім артпады. XXXIX, XL, XLI XLII Думанға құштар арулар! Бәріңді о л ерте тастады; XLIII Тап біздің жаста жан улар, Жат сөзге қауым баспады; Кей әйел, мейлі жалпылап Бентамды1 ,Сейді2 талқылар. Көбісі әттең шорқақтау, Кінәсіз шатпақ томпақтау. Ерсі емес бірақ безінер, Айбынды, асыл, ажарлы, Тәкаппар тартар назарды Байқампаз, тура сөзімен. Сес беріп тұрса сән бітер, Еркекті ессіз мәңгүртер. Сендерге - балғын сұлулар, Ұмтылса түннің аш торы, Әкеткіш думан құруға Евгенийім кетті наз артып, Тайқыды құлы ләззаттың. Онегин үйде қамалды, Қолға алды есінеп қаламды.

Ауырға ниет артпады, 9 XLIV Ебі жоқ ноян еңбекке. XLV Көнбейді өлең ермекке, Шабытшыл кәсіп жақпады. Ондайды сөгу тірі мұң, Өзім де соның бірімін. Әуресі жеңсе шатпақтың Қуыс ой жоқты шоғырлап, Қасиетті тірлік бастапты, Біреуден алмақ ой ұрлап. Сөреде кітап қаптаған, Оқып та рахат таппаған: Сылдыр сөз, алдау, сандырақ, Нәрсіз бос жатыр қаңырап. Айтарлық дым жоқ пәлендей, Байырғы тартты көмескі, Жаңадан көне үн есті. Кітапты тастап әйелдей, Жасырған шаңды сөресін, Қаралы шүберек көресің. Қауымның заңын пұлдамай, Құтылса күйкі әуреден. Достастым мінез бұлдамай,

Ұнаттым оны әр неден: XLVI Қиялға анық берігі, Жатсынбау ерекшелігі, Болды онда өжет салқын ой, Ол ұяң, менде қарқын мол; Іңкәрлік дертін білгенбіз, Титығы батты өмірдің, Жалауы қайтты көңілдің, Біз қаһар тосып жүргенбіз Тағдырдан әлдекімдерден, Тұңғыш таң, қыршын күндерде. Өткерген өмір ойланып, Өзгені іштей жек көрген. Сезімтал жанға ол да анық, Өткен күн қасірет, дерт берген. Құл болмас бөгде көрікке, Естелік жетер серікке, Онегин жанын өртейді. Мұңлы сөз айтса көркейді, Шабыттың келіп нәшіне. Уытты тілге түйрелдім, Кешікпей мен де үйрендім, Қыршаңқы талас бәсіне. Өткердім улы мысқылын

Әжуа-қалжың қышқылын. XLVII XLVIII Келуші ек жиі, мөп-мөлдір Жазғы кеш тұнса әрленіп; Неваға ақ түн төксе нұр, Су беті сұлу мөрленіп Диана жүзін жасырса Аңсаған жүрек ашынса. Шер қозғап көңіл тасыттық, Есіркеп бала ғашықты, Нәр алдық жұмақ кешінен. Сұқтанбай өзге үнге мен, Орманға кірген түрмеден Тұтқындай тандым есімнен. Арманға еріп кетуші ек, Жас күнге қайта жетуші ек. Евгений жаны күйзеліп, Ежелгі ғадет жоқ сылқым Гранитке тұрды сүйеніп, Жазғандай ақын өз сиқын. Тым-тырыс, бейқам түн келді, Сақшылар сапта үн берді. Ат тұяқ арба салдырын Милионный1 жақта қалдырды.

Ескегі ғана жарқылдап, XLIX Қайық жүр алыс кезеңде: L Толқисың, түнгі өзенде Керней мен асқақ ән тыңдап, Бәрінен тәтті тынбады, Торкватты2 әуен ырғағы. Адриатика толқынын, О, Брента! Бәрін көрем бе? Сиқырлы әуен жойқын үн Нұр себер жазған өлеңге. Аполлонның ұрпағы, Альбионның бұтағы Ет жақын туыс үндері, Венецияның жас аруын, 10 Сол болар шипа-дәруім; Жүземін сиқыр қайықпен Білуге тілін асықтым Петрарка мен ғашықтың. Бостандық мені табар ма? Күн туды, оған жетемін; Қолтыққа толқын аларда Баптадым кеме желкенін. Қасарып дүлей жойқынға

Теңізде дауыл толқынға, LI Япырмай, қашан аттанам? LII Жағадан қасірет таптаған, Келер ме тілек тілесем, Шаңқай түс - ыссы аптапта Африкам менің байқап та, Күрсінтер күңгірт Ресей, Қамыққан, сүйген қайран жер, Көміліп жүрек қалған жер. Менімен даяр Онегин, Жат елде сайран етуге. Тағдырдың тарттық әлегін, Мәжбүрміз алшақ кетуге. Әкесі өтті дүниеден, Жиналды білген-білмеген: Иесі сансыз қарыздың, Бірі албырт, бірі маңызды. Евгений ойға бойламай, Не салса тәңірі жаратып, Мұраны берді таратып Жат қолда кетті сол маңай. Сездірді-ау, тағдыр көнерін, Ағайын-шалдың өлерін.

Келді оқыс хабар ақыры. LIII Управитель мәлімдеп Көрсем деп сізді шақырды депті ағайың өлім халінде. Сүймейді қаза жортақты, Евгенийді жол тартты. Поштамен кетті шапқылап, Есінеп ұйқы тартқылап, Ақша үшін разы күйіне Тартқансыр қасірет расында, Айтқандай роман басында; Туыстың келсе үйіне, Үстелде жатты мәйіт боп, Бақиға кетер ғайып боп. Аулада адам сабылды, Марқұмға ізет қылғандар. Қас пен дос қатар ағылды, Жерлеуге жетік тұрғандар. Көмілді өлік. Кісі көп, Қонақтар, поптар ішіп жеп Тарқады жылдам теп – тегіс, Осылай тынды күткен іс. Шаруаға көшті Онегин, Заводтар, орман, бал құрақ –

Бәріне қожа, ал бірақ, LIV Оған қас тәртіп дегенің. LV Жоғалып ескі қияпат, Кернеді көңілін рахат. Екі күн көрсе жаңаны, Даланың шебі ұзақ тым, Тұңғиық орман самалы, Сылдыры тыныш бұлақтың; Үш күнде адыр, жазықтың Ажары мүлде қажытты; Бәрі де тартты ұйқыға Жұпыны деревня сиқы да; Есінде шулы сарайлар Көше де жоқ көлеңдер, Би кеші, карта, өлең де, Әкелді қаяу әр ойлар, Көлеңке болып аңдыған, Әйелдей қамқор дәл бұған. Мен тудым бейбіт күн үшін, Шалғайда тыныш тұруға. Ұлғайтар лира дыбысын, Көрген түс қызық құруға. Күнәсіз ермек байланып,

Қыдырсам көлді айналып LVI Серуен, тойды жаратам, LVII Оятқан мені жаңа таң Еркіншіл шабыт егіпті: Аз оқып ұйқым қаныпты, Қумадым ұшпа даңқты Жас күнім берсе желікті, Саяда сергіп татыппын Қызығын ең зор бақыттың. Махаббат, гүл мен деревня, той, Табиғат! Менің керегім. Арада алшақ жік бар ғой, Мен басқа, басқа Онегин. Оқушы оны байқасын, Баспаның білсін алқасы, Өсектен есен сақтасын, Айырсын мінез тақтасын. Төкпесін сынның ызғарын, Бүлдірді өзін деп даттар, Байронға ұқсап тәкаппар, Жаза алмас дей ме біз ғаріп Өзгелер жайлы жыр-дастан, Өзіңе назар бұрмастан.

Шындық сол: барлық ақынның, LVIII Махаббат - сөнбес қиялы. Менде де қимас жақын бар, Көрген түс еске жияды. Бейнесін мәңгі сақтайтын, Жырға орап муза даттайтын Сенімпаз өлең арнадым, Тау қызын сонда талғадым, Салгирлық1 тұтқын бала еді. Таңдантып жырға қосқаным Сұрауда жиі достарым: \"Лираң, - деп, - кімге зар еді? Қызғаншақ қыздар арманың,11 Сен кімге әуен арнадың? Қай сұлу шабыт оздырып, Біліп жүр жылы белгіңді. Сазды әуен құлаш создырып, Тәңіріңдей көрдің сен кімді?\" Ондай жоқ, құдай біледі! Махаббат ессіз тілегі Мен үшін тынған тым сәтсіз. Бақытты сол ғой: қымбат қыз Еткізсе оны жырлатқыш, Ғашық жыр нұрлы тізбегі

Петрарка баулып іздері LIX Дем берсе дәру у басқыш, Даңққа жеттім мән біліп, Мен сүйдім мылқау әңгүдік. Келді өлең, кетсе махаббат, Күнгірт күн мүлдем жойылды. Бірлігі өсті қат-қабат, Сиқыр үн, сезім, ойымның; Жүрекке бітті құдірет Қамығып салман сурет, Қырсыққан өлең қасында Бикештің балтыр, шашын да; Тұтанбас ескі от күлденген Жас құрғар дертті көтердім. Тез өшер ізі нөсердің

Арылар алыс үндерден: LX Поэма жазып байқармын, Жиырма бес әнін айтармын. Формаға жоба табылды, Кейіпкер келді есімі; Романның міне, жабылды, Бірінші бөлім есігі; Қазбалап қарап өтсем де, Қайшылық көп боп сөксем де Түзеуге жетпес өнерім. Цензура құнын төлермін, Журналистер мейлі іресін Еңбегім бәрін табасың: Арала Нева жағасын, Жыр-перзент жолды білесің, Даңқтың көрсет шоқтығын: Құр мылжың, даукес боқтығын.

Екінші тарау Деревня Евгений зеріккен, I Ғажап жер жатқан шалғайда: II Серілер мұңсыз еріккен, Аспанын сыйлап қалмай ма?! Тақсырдың оқшау үйі тұр, Тау қоршап аспан құйған нұр; Өзеннің көгал жағасы, Аралас орман даласы; Гүл майса, шүйгін алмасқан, Селолар көзің тоқтаған, Жайылымда мал жүр оттаған, Кең аула, оған жалғасқан Бақша бар тозған шырайы, Жайлаған орман құдайы. Сарай тұр айтып зорлықты, Дәстүрге сәйкес қалпымен. Салынған мығым, орнықты Бабалар құтты салтымен. Қонақжай, биік бөлмелер, Оймыш пеш сырты көрмедей; Қабырға шымқай патсайы

Суреті өңшең патшаның; III Тозығы жеткен бәрінің IV Тамсана қоймас осыған, Қажетсіз менің досыма, Не болса оған бәрібір. Есінеп жүріп аңғарды, Киелі көне залдарды. Тұрғын үй таңдап ол кірген, Егде шал көптен тұратын; Сыбасып кілтші кемпірмен, Жабықса шыбын қуатын. Жабайы үстел жиғаны, Қос шкаф, мамық диваны, Тамызбай сия ұстапты; Онегин ашса шкафты: Дәптер бар шығын тіркерлік, Шарап көп тәбет құнығар, Құмыраңда алма суы бар, Сегізінші жылғы күнделік: Бұлтартпай жұмыс бұл қартты, Ашпапты өзге кітапты. Әулеттің жалғыз сенгені, Үкімін үстем жүргізбек;

Әуелі біздің Евгений, V Ерекше тәртіп кіргізбек: Өзгеге бермей ырықты Барщинаны құрытты. Жабайы алым орнатты, Құл разы, тағдыр қолдапты; Көршілер бірақ, іш тартты, Есепкер қулар ескерді, Сестенді де сескенді; Пысығы мысқыл ұстартты, Бұл деді бәрі бақылап, Ең қауіпті ақымақ. Көп еді баста ду жиын, Бірақ та ол тауып ретін; Дон айғырын жегіп күн бұрын, Жылысып кете білетін. Көршілер түңіліп күштіден, Көретін жолдың үстінен; Бездірді әне сол мінез, Айналып кетер болды тез. Томырық, добал, дімкәс деп, Фармазон1 ішкіш шарапты, Деген де лақап таратты, Әр сөзге С-ны жалғайды

Деп сөгіп бәрі зарлайды. VI Көрші боп келді нақ сондай, VII Помещик сүйгіш жаңаны. VIII Тәртіпке қатал, жақсы ол да Мұраны түзеу талабы. Владимир Ленский атанған, 1Геттинген тектес адал жан, Көркем, жас құмар қанатын, Пір тұтқан Кантты, әрі ақын. Тұманды Германиядан, Әкелді тәлім ғалымдық, Еркіншіл үнге табындық; Тез жанғыш, жұмбақ бұл адам, Сөзге де шебер ұйытпа. Бұйра шаш түскен иыққа. Жеңілтек есер қауымның, 12 Жеңе алмай қылтың-сылтыңы. Дем берді оған кешсе мұң, Дос қолы, ару ынтығы; Ақ көңіл аңғал жігітім. Сенімі күшті қос жүрек Қосылар күнге күпті боп,

Бір өзін аңсап тосты деп IX Зәруден дәру күтті көп. Көреді достың барын шын, Жан қияр оның ары үшін. Сол досы неге жоймасын Өсекшілдің қоймасын. Бар дейді тағдыр таңдатқан Қасиетті достық одағы, Жарылқар күні болады Сол үйір нұрын арнатқан, Арайы себер мархабат, Бар әлем төгер шапағат. Түңілу және өкіну, Махаббат көңіл бұздырды; Атаққа құмар бекіну Тым ерте қанын қыздырды. Әуресі лира әдемі, Шиллер мен Гете әлемі, Олардың отты дарыны Үдетті шабыт жалынын. Музаның нәзік сезінген Жаңылтпас биік қалауын, Пәк етті шабыт сауалын: Жырлады асқақ сезіммен

Ғажапты таза мейірлі, X Жабайы кішіпейілді. XI Сүйгеннің құлы сүйімпаз, Өлеңі ашық жетілді; Айтқандай ару таза наз, Ұйқыда сәби секілді; Ай дерсің дүлей аспаннан Дертінің демін басқарған. Қоштасу мен қасірет, Сағымды қиял мен мас леп, Раушан гүлдей көрінген; Шет елді білген жырлайды Бір қуаныш, бір қайғы, Көз жасы сонда төгілген; Жырынан мұң-зар кетпепті, Он сегіз жасқа жетпепті. Евгений ғана шалғайда, Дарынын жетік түсінді, У-шулы бармай байларға, Сүймеді топқа түсуді; Сырғақтап бойын сақтады, Тілдессе пайда таппады, Шөп шабу, шарап кеңесі


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook