Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Оралхан Бөкеев. Шығармалары. 6 том

Оралхан Бөкеев. Шығармалары. 6 том

Description: 6 tom

Search

Read the Text Version

1

УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7-44 Б 78 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды Бөкей Оралхан. Б 78 ШЫҒАРМАЛАРЫ. Пьесалар. / Оралхан Бөкей. – Алматы: «Ел- шежіре», – 2013. Т. 6. – 384 б. ISBN 978-601-7317-52-2 Бұл томға жазушы-драматургтің кезінде республика, шетел театрла- рында сахналанған сегіз пьесасы топтастырылған. Бұлардың барлығы дерлік тақырыптық, мазмұндық жағынан еш уақытта ескірмейтін, сондай- ақ айтар ой, көтерген мəселесінің құндылығымен бүгінгі де ертеңгі ұрпақ- тың əмсе рухани қажетін өтей беретіні сөзсіз. ISBN 978-601-7317-52-2 УДК 821.512.122 ISBN 978-601-7317-46-1 ББК 84 Қаз 7-44 © Исақанова Ғ., 2013 © «Ел-шежіре» ҚҚ., 2013

ҚҰЛЫНЫМ МЕНІҢ (Екі бөлімді элегия) Қатынасушылар Бозтайлақ – жылқышы Қарлығаш – əйелі Дулат – көмекші жылқышы Жан – журналист-практикант Анар – жас қыз Қаражан – мал шаруашылығының бригадирі Əкелер рухы, Көше сыпырушы, Төменгі балкондағы ин- теллигент, Гитаралы жігіт, Ұзынтұра, Бірінші қыз, Екінші қыз, Милиционер, Данко, Корчагин, Сəкен, Мəншүк елестері. БІРІНШІ БӨЛІМ Бірінші сурет Ипподром. Еліміздің елу жылдығына арналған респуб- ликалық ат жарысы өтіп жатыр. Улап-шулаған, айғайлап- ысқырған халық. Сатыр-сұтыр қол соғылады, сатыр-сұтыр аттың дүбірі естіледі. Əдемі киініп, көркем керіліп отыр- ған көптің ішінен бетін күн қаққан ірі тұлғалы қарапайым қыр қазағын көреміз. Əлденеге мазасызданып, тынышы ке- тіп отыр. Ол – Ардакүрең деген атын бəйгеге қосуға əкел- ген жылқышы Бозтайлақ. Оның қасында гитарасын өңгеріп, бүгінгі қала жастары жайғасқан. Жарыс көруден гөрі, шатақ шығаруға əдейі жиналғандай əркімге бір соқтығып, ұрынар- ға қара таппаған сыңайда. 3

Ұ з ы н т ұ р а . Ребята, сендерді ертең тауға, дачаға қо- наққа шақырамын. Папам мен мамам отдыхать етуге Қы- рымға кеткен. Сайранды саламыз. Білесіңдер ме, біздің дача екі этажды ғой. Б і р і н ш і қ ы з . Менің папам үш этажды жасаймын деп жүр. Г и т а р а л ы ж і г і т . Бара-бара айға дачадан құрап кө- пір саламыз деңдерші. Бөсіңдер, бөртіңдер. Ауылдан келге- німе үш жыл болды, сендерге өтірік, маған шын, тура елу квартира ауыстырдым. Е к і н ш і қ ы з (иығына асылып, еркелей). Несі бар, оқуға түсе алмаған соң сандалмай ауылға қайқаюың керек еді. Сарғайған сары даланың самалын жұтып жүрер едің мына кісі құсап. (Бозтайлақты нұсқайды). Г и т а р а л ы ж і г і т . Бұлардың өмірін Құдай итке бер- месін. Гитарасын безілдетіп, ел-жұртқа қарамай ойнай бастай- ды. Бəрі қосылып, əн айтады. Бірақ, маңайындағы жұрттың бірде-бірі қой деуге бата алмайды. Біріңді-бірің пышақта Маған əсер етпейді. Сен тұрғанда құшақта Маған не зат жетпейді, ла-ла-ла... Б о з т а й л а қ (мазасызданып). Апыр-ай, бір езулеуін қарашы, қалып қояр ма екен. Ай, ай, Дəурен, сабама, тізгінді тартыңқырай отыр. Ішін ала шап, сыртқа бұра тартпасын. Ұ з ы н т ұ р а (Бозтайлақтың иығынан басып). Неге тəртіп бұзасың Ипподром сенің ауылың емес кеңірдегіңді жыртып күні бойы айқайлайтын. Б о з т а й л а қ (жасқана). Қойдым, інім. Құрғыр, арқаң қозып шыдамай кетеді екенсің. Ж а н (жақындай отырады). Ат қосып па едіңіз? Б о з т а й л а қ . Ие, түу ит арқасы қияннан бір тырақы- ны мен де алып келіп едім. Осы күні, бауырым, жақсы ат- тың тұқымы қалды ма? (Орнынан тағы да ұшып түрегеліп). 4

Иə, сəт, алдағы сидиған қасқаны басып озса... Дəурен, бо- сат енді тізгінді, ақырғы айналым қалды! Апыр-ай (Өкініп). Қамшылар жағына сыңар езулеп тарта беруін қарашы. А н а р . Все это глупо. Еріккендердің ермегі. Бұдан əтеш төбелестіріп, тарақан жарыстырған əлдеқайда қызық. Б о з т а й л а қ (орнынан тағы да атып тұрып). Уа, ар- уақ, уа, Қаратай, Қаратай! Алға түсті! Қыс тақымды, Дəу- рен! Шақыр бабаңның аруағын! Қаратай, Қаратай! Т ө м е н г і б а л к о н д а ғ ы и н т е л л и г е н т (жақ- тырмай). Ей, азамат, жынданып кеттіңіз бе? Кісіге маза бе- ріңіз, түге. Анда-санда бір демалайын деп келсең, қалада- ғысы ақырып, даладағысы бақырып құлақ етіңді жейді. Əй, қайран қараңғылық-ай, қашан арылар екенбіз шылығың мен былығыңнан. Ақырғы айналым. Жұрт өре түрегеліп, шу ете қалады. Д а у ы с т а р . Əкетті. Баланың шамасы жетпейді. Круг- тан шығып кетті. Енді үзеңгілесе алмайды. Ауылдан əкеліп қосқан болу керек, тəртіпті білмейтін мал екен. Ура! Бірінші болып ипподромның қасқасы келді. Шулаған дауыс. Қол соғылады. Бозтайлақ бетін басқан күйі отырып қалады. Т ө м е н г і б а л к о н д а ғ ы и н т е л л и г е н т (қыр- жыңдап). Анау кругты тастай қашқан күреңді қосқан адам- ның иесі жоқ. Ипподромның ережесін, тəртібін білмейтін қырдың қыңыр аты мұндай мəдениеті жоғары жарысқа жа- рай ма, тəйірі. Безобразие! Ұ з ы н т ұ р а . Ат емес, есек екен. Ал, осы есекті əкеліп қосқан адамның, Құдай біледі, түйемен шатысы бар. Ж а н . Ауыз өзімдікі деп оттай бермесеңші. Ол аттың иесі мына кісі. Бəрі Бозтайлаққа қарайды. Ол жылағандай бетін басқан күйі сұлық отырып қалған. Екі иығы селк-селк етеді. 5

Ұ з ы н т ұ р а . Ə-ə, мына қара қазақ па? Ей, что ты на такую прекрасную скачку приводишь свою клячу. Б о з т а й л а қ (басын оқыс көтеріп). Не дедің? Не деп күйсеп отырсың рауағаштың айғыры құсаған күрке тауық. Аузыңды ұрайын... Ұ з ы н т ұ р а (ұмтылып). Аузыңды қисайтып жіберейін... Б о з т а й л а қ . Жаныңды жаһаннамға жіберіп, қабыр- ғаңды санап қолыңа ұстатайын. Əкеңнің... Ұзынтұраны көтеріп алып, сыртқа ала жөнеледі. Таңдан- ған, сүйсінген дауыстар естіледі. Көше. Бозтайлақты гитаралы топ қоршап алған, түтіп жейтіндей ашулы. Жан жібермей тұр оларды. Ж а н . Жақындамаңдар! А н а р (айғай салады). Тараңдар! (Ысқырып). Тараңдар! дедім ғой, черт побери! (Бозтайлақтың жанына келіп). Сіз маған ұнап қалдыңыз. Нағыз еркек екенсіз! Бəрі кетеді. Көшеде Бозтайлақ пен Жан ғана қалады. Б о з т а й л а қ (кекете). Достарыңнан қалып қойдың ғой, інішек. Ж а н . Керек болса іздеп тауып алар. Қашып құтылу қай- да. Олардың əулекілігі үшін кешірім сұраймын, аға! Мен сізбен жақынырақ танысып, кеңінен отырып сөйлессем деп едім. Өзім қазір журналистика факультетінің ақырғы кур- сында оқимын, практикада жүрмін. Салық қылып салған мақаласы бар еді факультеттің. Сол борыштан сізді жазып құтылсам деп едім, аға. (Қойнынан қағаз, қаламын шығара бастайды). Б о з т а й л а қ . Сауыт-сайманыңды жалаңдатпай тұра тұр, інім. (Жан блокноты мен қаламын қайта қалтасына са- лып қояды). Мен туралы жазуға шын ниет қылсаң, ауылға – жаз жайлауға, қыс қыстауға кел. Ж а н (қадала сұрап). Əйтсе де, бірер сұраққа жауап бе- ріңізші. 6

Б о з т а й л а қ . Бауырым, тақымдап қоймадың ғой. Ен- деше, сауалыңды қоя бер... Əйтеуір, тезірек... ұлым іздеп жатқан болар. Ж а н . Еңбек көрсеткіштеріңіз, сосын табыстарыңыздың кілті, сыры... Б о з т а й л а қ . Жүз биеден тоқсан бес құлын алдым. Ең- бек Қызыл Ту орденім бар. Оны бұдан он жыл бұрын отыз жасымда берген. Ал табысымның кілті –құрықта... Ж а н . Басшылық тарапынан қандай кемшілікке кең- шілік беріліп отыр. Нендей арыз-арман, өтініш-тілегіңіз бар? Б о з т а й л а қ . Арыз жазу қолымнан келмейді. Арма- ным жоқ. Өтінішім – айғыр жетіспейді, көбін қыстың бір, бір жарым метрлік қарын бұздырып, жылқыға тебін ашты- рамыз деп азбан қылып аздырып жібердік. Қолыңнан келсе, үш-төрт айғыр бердірсең. Ал, тілегім – анда-санда қалаға келгенде сабамай аттандырсаңдар екен. Ж а н (жымияды). ...Айтыңызшы, аға, жаңа қыстай ай- ғыр мінеміз деп айттыңыз. Ал мініс аттары, көлік қайда? Б о з т а й л а қ . Сенің жаңағы достарың мен анау қалпақ- тының қарнында, яғни совхоз жаппай комплексті механиза- цияға көшті де етке тапсырып жіберді. Ал, бір күн магазинге ет түспей қалса, қалай қарғап-сілейтіндеріңді естіп жатамыз. Ж а н . Əрине, ет жоспарын орындау əуелгі міндет. Енді, ағасы, қысқаша өмірбаяныңызды айтыңыз. Б о з т а й л а қ . Қысқашасы мынау: Қырықтамын. Бес балам бар. Біреуі жаңа атқа шапты. Əкем соғыста, шешем тылда өлген. Жалғызбын... (Ойлана). Тағы бір інім бар, ба- лалар үйіне тапсырылған деп естимін. Ж а н . Жақсы, жақсы. Ал, бос уақытыңызды қалай пай- даланасыз? Б о з т а й л а қ (күліп). Əйеліммен асық, балаларыммен жасырынбақ ойнаймын. Телевизорымыз жайнап, радиомыз сайрап тұр. Күнде кино, кешкілік ресторанға барамыз... Ж а н . Вот оригинально! Бірақ, қалжыңдайсыз-ау, ағасы, қалжыңдайсыз. Айтыңызшы, жүлделі орынға ие бола алмай қалғанығызға өкінбейсіз бе? 7

Б о з т а й л а қ (ойлана күрсініп). Қай қазақ шыққан та- уым аласа болсын дейді. Ат намысын – ар намысын бөле алмаймын. Өкінемін ғой, өкінемін, інішек. Ардакүрең ай- налма жарыстың аты емес, оған қазақтың кең даласы, қолты- ғын сөге жүгіретін ұзақ шабыс керек. Ертеден салса кешке, еңістен салса төске озатын белді тұқымнан қалған тұяқ қой. Үш шақырымдық айналымыңды жаяу адам жүгіріп шықпай ма... Айтып-айтпай не керек. (Терең күрсініп). Обал-ақ бол- ды. Бойындағы барын, сұңғыла жүйріктігін таныта алмай қор болып барады жануар... Ардакүреңім-ай, көсіліп, қолты- ғымызды жаза бір шаба алмай-ақ кетер ме екенбіз... Жанды мүлдем ұмытып, көңілі босап шыға жөнеледі. Құлаққа гитара үніне қосылып, кісінеген құлынның даусы естіледі. Екінші сурет Таң. Қалың ұйқыдан жаңа ғана ояна бастаған қала. Алыс- тан Алатаудың ақ басы көзге шалынады. Көше қозғалысқа енбей, жаздың жайма-шуақ ертеңгі таза ауасымен тыныс- тайды. Гитара асынып, ең соңғы модамен киінген бір топ абыр-дұбыр таң тыныштығын бұзып, көшеге шықты. Қызу. Түні бойы сайран салған секілді. Шаштары желкесін жап- қан жігіттер мен қыздардың еркек, əйелін айыру қиын. Бəрі біркелкі киінген. Осы кездің азғана бұзылған тобы- рын көз алдыңа елестететін əлгілер өздері шығарып алған əнді бақырып айтады. Миыңды қашарлық дарақы дауыстар, шулы өмірге əбден кекірене тойынған, əрі осы өмірден тү- ңілген, уақытын қалай өткізерге білмей сандалып бос жүр- ген дел-сал тірлік иелері жұмыр жердегі осынау қайғыдан да, қуаныштан да бейхабар. Осы сəттік көңіл күйге бүкіл ха- лықтың тағдырын садақалап жіберу сыңайлы. Г и т а р а л ы ж і г і т (гитарасын безілдетіп). Ал, жі- гіттер, шырқайық! Егер біз оятпасақ, бұл жұрт түске дейін ұйықтай берер түрі бар. Бəрі қосылып, əн айтады. 8

Ұ з ы н т ұ р а . Ребята, мен сендерді дачаға қонаққа ша- қырмайтын болдым. Шақырмайтын себебім – сендер мүл- дем жалықтырдыңдар. Маған енді басқа дос, басқа компания керек. Б і р і н ш і қ ы з . Ешкі тулап ыңыршағын шақпайды, сүйіктім. Ағымнан жарылып, шындығымды айтсам – мен сендерден баяғыда-ақ жерігенмін. Қайтейін, барар жерім Алатау – ол да баяғыда көрген тау. Г и т а р а л ы ж і г і т . Сонда немене, орталарыңдағы атқа жеңіл телпекбай мен болғаным ба? Бұлар күліп жатса – жылату керек, жылап жатса – жұбату керек, көз алдарыңда мына даңғырлақты (Гитарасын көрсетеді) ортасынан бір опырып сындырамын да, ауылға тайып тұрамын. Иншалла, иншалла, Алматының маңдайына сыймасақ та, Алатаудың қойнауына сыярмыз. Мына сендер секілді əке-шешесінің ая- сынан қырық қадам ұзаса қырылып қалатын бос белбеу мен емес. Менің почвам мықты, почвам... Е к і н ш і қ ы з . Қойсаңдаршы, бір-біріңді қажамай. Жаңа ғана келістік қой, осы көше таусылғанша қайғылы əн айтып, өтірік болса да – мұңданайық, өтірік болса да – ойла- найық деп. Ж а н (өзіне-өзі). Іштей іру басталды. Менің де күткенім осы еді. Үрит-үрит, соқ-соқ... Б і р і н ш і қ ы з . Ия, əр күнімізді көңілді өткізуге, еш нəрсені ойламауға, бір-бірімізді сатпауға, бір-бірімізді жер ортасы көктөбеге тастап кетпеуге ант бергеніміз рас талай рет. Бірақ, ол кезде біз екі аяқты адам баласын жарық əлемде жалықтырмайтын еш нəрсенің жоқтығын ескермеппіз. Рас, бізді тоқтық емес, жоқтық қызықтырды, дегенмен... есекте де ес болмай ма. Ж а н . Рас, есекте де ес болады... бүйткен бірліктерің мен тірліктерің бар болсын. Бастарыңа іс түссе көрер едім. Бір- біріңді оққа байлап берер едің, бір-біріңді отқа қақтап жер едің. Ұ з ы н т ұ р а . Е, бəсе, Жан мен Жанна өз «измдерін» насихаттауға кірісті. (Бірінші қызға). Көгершінім, енді жүз грамм ішсең Аристотель, Демосфен, Цицеронмен айтысуға 9

дайынсың-ау. Біле білсең, сенің жан дүниеңде қандай қопа- рылыстар жүріп жатқанын жер жаһанда менен жақсы білетін ешкім жоқ. Менен қашып қай төркініңе паналарсың. Саған тек мен секілді жігіт, ал маған тек сен секілді қыз. (Мойнын күшпен бұрап сүйеді). Б і р і н ш і қ ы з (жеркеніп). Кетші əрі сасымай. Екі елі ауызға төрт елі қақпақ керек. Ұ з ы н т ұ р а . Что! (Ұмтылады). Құдайдың қызы бол- саң да... Б і р і н ш і қ ы з (ұстай берем дегенде бұлт ете түсе- ді). Аттың сыры иесіне мəлім, сенен келген кереметті мен де көріп алайын. Арпалысқан би басталады. Ж а н . Айуандар! Адамдықтан кері азып, маймылға ай- налғанымыз осы да... Тас бауырлықтың, жат бауырлықтың асқан үлгісін көрсеттік, бірақ тағылықтың шегіне жетуге бол- майды ғой. Менен де, басқалардан да ұялмай-ақ қойыңдар, анау ағарып атқан таңнан ұялсаңдаршы. Ішеріңді алдыңа, ішпесіңді артыңа қойып, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай мəпелеп өсірген заманнан ұялсақшы. Айтып сөз, ұрып таяқ өтпейтін өлімтіктер... Ұ з ы н т ұ р а (айғайлап). Қорлама! Г и т а р а л ы ж і г і т (сайқымазақтап). Жығылып жа- тып сүрінгенге күліп жатқан жоқсың ба, жаным. Сенің де жетісіп жүргенің белгілі. Ұ з ы н т ұ р а (қызға). Əттең, ұрғашысың... бұлардың балын сор да, балауызын таста. Біз əлі талай рет оңаша кез- десеміз. Сонда мойныма өзің асыласың ырбаңдап. Қазір ке- кірелеп тұрсың-ау. Б і р і н ш і қ ы з . Бұл заманда көзі қарайып жүрген еш- кім жоқ. Біле білсең, еркектердің қадірі тек соғыс кезінде ғана артады. (Сақ-сақ күледі). А н а р (көзі ұялы, бір жұмбақты сыр, əдемі мұң тұнып жатқандай). О-а, адам жанының инженері, бұл сен араласа- тын іс емес. Скучаете, да? Білем, сені мынау шуылдақ орта 10

емес, керіліп жатқан кең дала қызықтырады. Менің папам айтып отыратын, қазақ боп тек əдебиетшілер ғана мəңгі жа- сайды деп. Ал, сен тіпті де қазақ емессің. Жетім қозым менің. Ж а н . Жетті! Үндемегенге үре бермеңдер. Жеңілген ит желкелегенге жақсы деп. Ұ з ы н т ұ р а . Жеңілсең, Анардан жеңілдің – біздің кі- нəміз не? Бар жазығымыз рухани дозақтан арашалап жүрге- німіз шығар? А н а р . Сендер ойлағандай, Жан ақылсыз жігіт емес. Ақылынан азап шеккен жігіт. Ал, бір компанияға бір журна- листің керегі рас. Г и т а р а л ы ж і г і т . Грибоедовтан қалған тірі қаһар- ман осы десеңші. А н а р . Бұл жігіттің жанын жалықтырып жүрген, тіпті, мынау ұлардай шулаған тобыр немесе мынау іші қуыс ги- тардың үні емес, жо-жоқ. Меніңше, бұл азаматтың атын шы- ғаратын ұлы істер, соқталы шайқастар керек. Немесе бұл Достоевскийдің Раскольникові секілді бір кемпір, бір қыз- ды қатарынан балтамен шауып өлтірсін, сонда өмірінде ұлы өзгерістер пайда болмақ. Ж а н . Ондай күн туса, балта ең əуелі сендерге сілтенер еді. А н а р . Ол тауып айтқаның емес, ағашты қиятын балта- ның сабы да ағаш екені белгілі. Ж а н . Тауып айтпасам да, мына сен секілді қауып айтып тұрғаным жоқ. Осы кезде көшеге қараған үйдің балконынан адам көрі- неді. Елулерге келген қырма сақал, толық интеллигент іш киімшең тыраңдап жаттығу жасай бастайды. Ілгерінді-кейін жүгіреді, сосын ентігін баспаған күйі төмендегі топты көріп айғай салады. Т ө м е н г і б а л к о н д а ғ ы и н т е л л и г е н т . Ей, қаңғыбастар, таң атпай зарлағандарың не, əндерің тасып бара жатса, «Қазақконцертке» барып айқайлаңдар... (Сосын өзі гимнастика жасауын жалғастырады). 11

Г и т а р а л ы ж і г і т . Қамаудағы қасқыр секілді арпа- лысуын ананың. Жерге түсіп жүгірсе, аяғынан сауып тұр-ау. (Айғайлап). Айт, два! Айт, два! Қарнына қараңдаршы, қарны- на. Грелкадағы су секілді іркілдеуін, ха-ха-ха... Бəрі шулап күледі. Осы кезде балконнан иттің басы көрі- ніп, төмендегілерге арсылдап үре бастайды. Ең жоғарғы қа- баттағы балконнан ақ басты қазақ шалы шығады. Ж о ғ а р ғ ы б а л к о н д а ғ ы ш а л (төменгі балкон- дағыға). Ау, көрші, иттің жағы семе ме, жоқ па? Ел-жұрттан ұят емес пе, таң атпай саңқылдатасың да қоясың, бір емес, екі емес, бұл не өзі! Т ө м е н г і б а л к о н д а ғ ы и н т е л л и г е н т (шал- ға). Анау көшедегі иттерді тыйып ал əуелі. Көзге шыққан сүйелдей мен дегенде жыныңыз бар ма осы? Ж о ғ а р ғ ы б а л к о н д а ғ ы ш а л . Таза көзге, таза организмге сүйел шықпайды, көрші. Ал, сен біздің подъез- дегі сүйел екенің рас. Ілгері басқанның иті балконнан үреді деген осы да, тəңірім. (Күңкілдей сөйлей үйіне кіріп кетеді). Т ө м е н г і б а л к о н д а ғ ы и н т е л л и г е н т . Кө- рінгенге көпіріп сөйлей бергенше, көшені сыпырсаңшы, қырқылжың шал. Төменгі балкондағы интеллигент тағы да ілгерінді-кейін жүгіре бастайды. Жастар əлі тарқаған жоқ. Гитараға қосы- лып, өлең айтады. Пəни, жалған, алданыш Белшесінен басайық. Еңбек деген – жалған іс, Көше тойын жасайық, ла-ла... Осы кезде үйден Көше сыпырушы шығады. Ол жоғарғы балкондағы ақ басты шал. Ұлы Отан соғысының мүгедегі. Аяғын сылти басады. 12

Ұ з ы н т ұ р а . Привет, старик. Сыпырар көбейсін! Көше сыпырушы немесе жоғарғы бал- к о н д а ғ ы ш а л . Өркенің өссін, балам. Сендер аман бол- саңдар, маған ермек табылар бұл көшеден. Ұ з ы н т ұ р а (қалтасынан қырлы стакан алып, микро- фон ретінде пайдаланады). «Джентельмен двадцатого века» ұйымының органы «Қара көзілдірік» қабырға газетінің мен- шікті тілшісі ретінде ұлы мəртебелі көше сыпырушыға екі- үш сұрақ беруге рұқсат етіңіз. Айталық, мына сіз жасыңыз- дан көше сыпырушы болып істейсіз бе? Осы мамандықты мектепте жүргенде армандап па едіңіз? Айлығыңыз шайлы- ғыңызға жете ме? К ө ш е с ы п ы р у ш ы (Ұзынтұраның бетіне қадала қарап). Сыпырушы боп ешкім тумайды, шырағым. Өйткені, анаңнан сен де гитара асынып, киімшең туған жоқсың ғой. Бір кезде ірі қызметте болғаным рас. Сендерге қайсысын айтып тауысайын. Анау төменгі балкондағы итті интелли- гент те менің қол астымда істеген баяғыда. Қазір маған ти- ген екінші этажды тартып алып отырғаны анау. Сосын мен көшені қоқыстан тазартқаным үшін көк тиын айлық алмай- мын. Шүкіршілік, пенсиям жетеді бір басыма. Б і р і н ш і қ ы з (стаканды Ұзынтұраның қолынан жұ- лып алып). Странно, мен осы шалдарға таңғаламын, ақша- сыз қалайша жұмыс істейсіз? Ал, біз болсақ ақшаға істемей жүрміз. Айтыңызшы, аташка, таң атпай жылы төсектен тұр- ғызып жіберетін қандай күш сізді? К ө ш е с ы п ы р у ш ы (ойлана). Мазасыздық. Өзгенің мұңсыз-қамсыздығы. Жалпы мен 1941 жылғы 22 июньдегі таңғы сағат төрттен бері дəл осы уақытта оянып кететін ауруға ұшырадым. Көзім ілінсе болды, анталап жау қаптап кететін тəрізді... Шынын айтсам, майдан əлі аяқталған жоқ, шырақтарым. Сендерден өтінерім сол, уыз ұйқыда жатқан қаланың тыныштығын алмасаңдар етті, онсыз да жүйкесі жұқа ғой бұл жұрттың. Г и т а р а л ы ж і г і т . Ақсақал, яғни көше сыпырушы гуманист! Сіздер үшін қан кешіп жүріп, мына біздер үшін бақытты заман орнатқан ардагерлер алдында мəңгі борыш- 13

ты екенімізді мұғалімдер он жыл қақсаған. Бірақ, менің тү- сінбейтінім сол, еңбектеріңізді тым-тым дəріптеп, тым-тым бұлдап жүрген жоқсыздар ма? (Гитарасын дызың еткізеді). К ө ш е с ы п ы р у ш ы . Ондай қан кешу ерліктер енді қайтып қайталанбайтын болған соң дəріптейміз, ардақтай- мыз. Ұ з ы н т ұ р а . Айтыңызшы, сіз екі соғысқа да қатысты- ңыз ба? К ө ш е с ы п ы р у ш ы . Иə, екеуіне де қатыстым. Ұ з ы н т ұ р а . Вот керемет! Қалай тірі қалдыңыз? Мар- құм отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын Алпамыс та бұл дүниеден өткен. Бəлкім, мың жасайтын Феникс шы- ғарсыз. Меніңше, соғыста батырлар өліп, қулар ғана тірі қа- латын секілді. К ө ш е с ы п ы р у ш ы . Онда сен де тірі қалар едің, шырағым. Соғыста өлгендердің бəрі батыр екені рас. Ал, сендердің бақытты өмірлеріңді қорғаған ардагерлердің бəрі Феникс, бəрі Алпамыс екені жəне рас. Е к і н ш і қ ы з (стаканды алып). Аташка, сіз ештеңе- ден де қорықпайсыз ба? К ө ш е с ы п ы р у ш ы . Ештеңеден де. Е к і н ш і қ ы з . Егер өлтіріп кетсе қайтер едіңіз? К ө ш е с ы п ы р у ш ы . Біз мың өліп, мың тірілген жан- быз. А н а р (бəріне жақтырмай, менсінбей қарайды). Ақы- мақ ауыздан ақылды сөз шығар дейсіз бе, ақсақал. Байқай- мын, көкірегіңіздің көрігі бар өте жұмбақ адамсыз. Бір рет- тен менің əжеме ұқсаңқырайсыз. Мен шалдарға түсінбеймін осы, жетіге келгенше жерден, жетпіске келгенше елден таяқ жеп жүрсе де ұрандап, уралап шапқылай береді. Көңілдері əсте қалмайды. Əне жау келді десе, «қайдалап» атқа міне шабады. Ал, мына тұрған тобыр: «Ол қандай жау, неге, кім үшін соғысамыз», – деген сықылды сұрақтардың жауабын алмай тырп етпейді орнынан. К ө ш е с ы п ы р у ш ы . Өйткені, сол өмірді, сол заман- ды жасаған өзіміз ғой. Өз қолымызды өзіміз кесеміз бе? А н а р . Өкінбейсіз бе? 14

К ө ш е с ы п ы р у ш ы . Неге? А н а р . Осындай өмір туғызғаныңызға немесе қаныңыз- ға айырбастап алған заманды бағаламай жүргендерге. К ө ш е с ы п ы р у ш ы (ойлана, қабағын түйе)... Сен- дерді көргенде өкінбеске шарам жоқ. Кішкене кезде үлкен- дерден қорқатын едік, үлкейген соң кішкенелерден қорқатын болдық. Күрестен, жаудан, даудан қажыған шалды қайтесің- дер қажап, жіберіңдер. Ел тұрғанша көшені тазартып таста- йын. Ұ з ы н т ұ р а . Сізде, ақсақал, намыс жоқ. Сондайлық ірі қызметте болған адам енді міне өзіне тиесілі екінші этажын ала алмай, қартайған шағында бесінші этажға жаяу шығып, түсіп көше сыпырып жүргені. К ө ш е с ы п ы р у ш ы . Еңбектің жаманы жоқ, ұлым. Еріккендегі ермектеріңнің түрі адамның миын қашап, жүй- кесін, жүрегін тоздыру. Əттең, не керек, тым-тым тойын- дырып жіберген екенбіз. Бəріне де өзіміз кінəлі шығармыз, бəлкім... Қай жерден, қашан жіберген екенбіз қателікті. Сеніммен тəрбиелейміз деп жүріп, сенімнен, беделден ай- рылдық па? (Өзіне-өзі). Адамдардың да қоқысы бар, бірақ пəтшағарлардың бойында жаны бар. Əйтпесе, əйтпесе сы- пыртқымен сыпырып-сыпырып апарып, анау жəшікке тас- тап, өртеп жіберер едім. (Ойлана). Адам қоқысынан арылу үшін қаншама ғұмырымды сарп еттім... Енді, міне... Бірақ, сендейлер көп емес. А н а р (елегізіп). Не дедіңіз, не деп тұрсыз, ата? Қоқыс, қателік дедіңіз-ау (Бұл да ойлана жүріп). Ия, қателік, қате- лік атаулының бəрін үлкендер үйретеді. Өзіңіз айтқандайын, қателік арқалап ешкім тумайды. К ө ш е с ы п ы р у ш ы . Рас, қателеспейтін адам жоқ. Дегенмен, қателіктің сұмдығы – қате екенін жəне оның қате- лігін түсінбеу, дер кезінде түзей алмау. Ең аяныштысы сол – сендердің осындай кеспірсіз түрлерің мен кесірлі сөздеріңді тыңдағанда, азамат соғысындағы азап пен Ұлы Отан соғы- сының от-жалыны еріксіз есіңе түсіп, ескі жараның орны қайта сыздайды, сырқырайды. (Күрсініп, сыпыртқысын ар- қалап, кете береді). 15

Ұ з ы н т ұ р а . Қуып жетіп, сүйегін қаусатайын ба қиқар шалдың. (Ұмтылады). Ж а н (айғай салып). Енді бір аттасаң, сенің сүйегіңді мен үгітемін. Ұ з ы н т ұ р а (енді Жанға ұмтылып). Ондай ерлік сенің қолыңнан келе қояр ма екен, журналист жолдас! А н а р (жекіріп). Ырылдаспаңдар! Мен ол шалды тани- мын. Денесінде фашистің оғы бар, ұйықтатпайтын сол да. Дəрігерлер қаншама жамап-жасқағанымен, қаншама ғұмыр қалды дейсің... Ал, кəне, тараңдар бұл жерден! Бірің қалмай қараларыңды батырыңдар. (Айғай салады). Кетіңдер дедім ғой! Бəрі үнсіз шегініп, бет-бетімен бытырай бастайды. Тө- менгі балкондағы интеллигенттің басы қылтияды. Бір нəрсе айтып, жұдырығын түйеді. Бірақ сөзі естілмейді. Ол сөйле- ген сайын иттің қаңқылдаған үні шығады. Жастар түгел та- рап бітеді де, Жан мен Анар қалады. А н а р (зекіп). Сен неғып тұрсың! Өтінем сенен, Құдай үшін мені оңаша қалдыршы. (Шаршаған.) Ж а н (отырады). Саған ақыл айтайын деп ем... А н а р (Жанның сөзін бөліп). Артық ақыл – артық ішкен арақ секілді басыңды айналдырады, буыныңды алады. Тіпті, жүрегіңді айнытып, құстырады. Менің ондай пəлеге душар болғым келмейді. Жанға арқасын тіреп, ол да теріс қарап отырады. Ж а н . Сен алды-артыңды ойламай, көзсіз көбелек секіл- ді көзді жұмасың да, көлге секіресің. Осы қылығың жаныма батады. Біле тұрып, білмегенсисің, ойлап тұрып, ойламаған- сисың. А н а р (мырс етеді). Ал, сен не ойлайсың? Ж а н (кекетіп). Құдайға шүкір, сендерден гөрі естілеумін. А н а р . Егер есті болсаң, біздің ештеме ойламайтыны- мызды, тіпті, ойлауға тиісті емес екенімізді, біз үшін ойлай- 16

тын адам бар екенін түсінер едің. Ал, диплом алғанның бар- лығы ақылды емес, есіңде болсын. Ж а н . Ол кім? А н а р . Мына сен. Сен секілді данышпандықтан дəме- лілер. Екеуі де теріс қарап, біраз үнсіз отырады. Төменгі бал- кондағы интеллигент қолында қоқыр салған шелегі бар, жə- шікке беттейді. Бұл екеуіне одырайып, жақтырмай қарайды. Т ө м е н г і б а л к о н д а ғ ы и н т е л л и г е н т (өзіне- өзі күңкілдеп). Жер таппағандай отырған түрлерін. Түні бойы телефон-автоматтың будкасын босатпайды... Əй, бұ- зақылар-ай, жастардікі деп жүрген болашағымыз мастардікі болмасын. Ж а н . Анар, сенің мінез-құлқың неге тұрақсыз? Басың- нан бір сөз асырғың келмейді. Қызға тəн қылық, нəзік қи- мыл, əдемі сезімдеріңнен неге ғана ерте тоналып қалдың? А н а р . Егер біле білсең, атом ғасырында нəзік болу мүм- кін еместігін бағамдауың керек еді. Қазір ғылыми-техника- лық прогрестің қыздары қырдың қызғалдағы болса, химия- лық улы газдарға төтеп бере алмай бір секундта қурап қалар еді. Сондықтан да темірден, не болмаса синтетикадан жасал- ған гүл болуға тиістіміз. Сондықтан да, қазіргі əйел затынан эстетикалық лəззаттан гөрі трактор, комбайн айдайтын күш қажетсініп жүр. Бұл – дəуірдің талабы. Ж а н . Табиғаттан, жалпы қоғамнан безіну осындай ша- лағай пікірден туындайды. А н а р . Білемін, жер бетіндегі байлықтың бəрі жерден шығатынын білемін, əрі сол жерді құртатынын да білемін. Ж а н (таңданып). Сеніңше, жер құри ма? А н а р . Дəл осындай шыр көбелек айналдырып, дəл осы- лай допша тебе берсе, құрымағанда несі қалады. Ж а н . Мүмкін емес. Тек Жер, айналайын Жер ғана мəңгі- лік! Ендеше, өмір де, тірлік те мəңгілік деген сөз. А н а р . Мəңгілік. Жер. Табиғат – дегеннен шығады-ау. Əлі есімде. Он жасымда болар, əжем қайтыс болатын жылы мені ертіп алып «Ботаника бағына» барып еді. Сонда мен 17

мүлдем басқа əлемге саяхат шегіп, мүлдем басқа ертекті дү- ниеге енгендей болғанмын. Сондағы шөптің иісі, сондағы са- мал желмен тербелген жапырақ, сондағы тұп-тұнық аспан – тұнығы шайқалмаған көңілдей еді. Сонда мен сол бір хош иістің əжемнің бойынан аңқыған иістен еш айырмашылығы жоғын білгенмін. Қазақстанның барлық жерін өн бойына сыйдырған «Ботаника бағы» əжемнің туған жер, өскен жерін сағынғанда барып қайтар жұмағы екен-ау. Кейін əжемнен айрылып, есейген шағымда талай рет барып жүрдім, бірақ бəрі баяғыдай емес еді... Өйткені, əжем жоқ-ты жанымда. Əжем мені кейде əдемі əуенмен тербеп, алдына алып отырып ұйықтататын. Бір қызығы, «Ботаника бағында» басқаларға ұқсамайтын ақ қайың бар болатын. Сол қайыңның жұп-жұқа үлбіреген қабығы сыдырылып, жел тербеген сайын бебеу қағып қалтырайтын, қалтырап тұрып сыңсып əн айтатын. Мен сол бір əжемнің əні секілді əдемі əуенді жалықпай тың- дап тұра берер едім. Ал, əжем көк шөпке көсіле жайғасып, ұзақ үнсіз отыратын. Əжем менің, неге ғана ерте өлдің, сені- мен бірге немереңнің де өлгенін білемісің? (Есін тез жиып, Жанға жалт қарайды). Сен кешір мені, бəрін өтірік айтып отырмын. Өз рөлімді басқаша ойнағым келді. Ондай сезім жоқ қой менде... жоқ... Екеуі теріс қараған күйі тағы да үнсіз отырады. Күн шық- қаны білінеді. Қала ұйқысынан ояна бастаған. Екеуі темекі тартады. Ж а н . Мен сені жек көремін, Анар, бірақ қыз атаулыны ойласам, көз алдыма ең бірінші сен келесің, сен елестейсің. А н а р (күліп). «Ғашық болу дегеніміз – сүйгендік емес, жек көре отырып та ғашық болуға болады», – деген сөзді оқымағансың ғой, данышпаным. Ендеше, есіңде болсын, кө- гершінім, бұл заманда ешкім шын жақсы көре алмайды. Ал, қыз қысып сүйгенше ғана деген ұғым бар. Ж а н (шошынып). Махаббат ше... Махаббат! А н а р (басын, маңдайын ұстап ойлана сөйлейді). А любви нет. Нет ее в наше время. А есть увлечения, увлече- 18

ния, которые дураки, как ты принимает за любовь... (Пауза). Баяғыда біздің ата-бабамыздың бірінің жүзін бірі көрмей үй- леніп, өле-өлгенше ишəй деспей отасқан. Ал, қазір бес-он жыл «дружить» етеміз, бес-он ай бір тұра алмаймыз. Ж а н . Меніңше, махаббат болған, бола береді де. А н а р . Махаббатты қайтесің, мына маған үйленсең мұр- тыңды балта шаппайды. Бірақ, мен саған тию үшін əлі де көп ойланамын, əлі де сайран салып қалуым керек. Мен саған мынандай шартпен тұрмысқа шығар едім: бір-бірімізді аңды- маймыз, бір-бірімізге қожаңдамай, өз білгенімізше емін-ер- кін махаббат бостандығымен ғұмыр кешер едік. Мен балалы болмас едім. Өйткені, мен сол баланың сен құсап панасыз, жетім қалып, детдомда стандартты тəрбие алып өскенін қа- ламаймын. Өйткені, менің балаларым (Толқып)... өйткені ме- нің балаларым сутегі, атом, нейтрон бомбаларының құрбаны бола ма деп қорқамын. Үшінші дүниежүзілік соғыс – тірші- ліктің ақыры. Ж а н (орнынан ұшып тұрып, Анардың жағынан салып жібереді). «Іріген ауыздан шіріген сөз шығады» деген осы! А н а р (Жанның шапалағы ешқандай əсер етпегендей салқын, салмақты қалпын өзгертпестен). Отыр, шошаңда- май, есің бар болса, отырып тыңда. Құдайым-ай, ертең сенен қандай қызметкер шығады екен. Əлгіндегі месқарын секіл- ді балконда жүгіріп, қоқысыңды төгіп, итіңді шомылдырып, тырбанып жүрер ме екенсің... (Жанның қолынан тартып, қасына отырғызады). Отыр, сен сабады деп мен ренжі- меймін. Мəселе былай, Жан, басқа басқа, сен мені түсіну- ге тиістісің. Ойлашы өзің, адам дегенің тек қана болымсыз соқыр үміттің жетегінде тентіреп өмір сүрмей ме? Біздер, көзі бар соқырлармыз. Сырттай қарасаң бəрі тамаша, бəрі де орнында секілді – мұңсыз-қамсыз тірлік. Ал, іштей үңіл- сең... (терең күрсініп) іштей үңілсең, өлгің келеді, бірақ ас- фальтта өлу де қиын. Шынында да, адамның кейде мұңлы музыка ойнағанда, кейде өз-өзімен оңаша қалып, салқын да ымырт кеште ес-түссіз есеңгіреп жатқан қалаға немесе жөн-жосықсыз ағылған адам-ағысқа қарап тұрып басың ай- налып, жүздеген, мыңдаған машинаның дүрілі шекеңді қы- 19

сып, миыңды солқылдатқанда арманшыл да адал, жазықсыз да жалғыз өлім сапарына аттанғың келеді. Ж а н . Өмірдің қадірін түсіну үшін өлімді де ойла деген... А н а р (сөзін бөліп). Жо-жоқ! Менің айтайын деп отыр- ғаным ондай аргумент емес. Менің айтпағым, (тағы да шы- лым тұтатады) ты никогда не хотел умереть. Да умереть, чтобы больше не встать. Знаю, что ты боишься от смерти. Мир для тебя прекрасен, полон таинств, чудес и неизведан- ного. Шынымды айтсам, мен соғыста, не бейбіт күнде біреу- дің кескілесуімен емес, өз еркіммен рақаттанып өлгім келе- ді. Ертеңімді ойласам, қорқамын, маған – ертең жоқ секілді. Сондықтан да, еш нəрсеге қанағаттанбаймын. Я постоянно, ежеминутно в полосе пессимизма, меланхолии... Мен өмір- ді басқалардан гөрі бұрынырақ таныдым. Сондықтан да, он сегіз жаста жиырма сегіз жастағы əйелдің білгенін бі- ліп, көргенін бастан кешіп үлгердім, сондықтан да ештеңе қызықтырып, еліктірмейді, таңғалдырмайды. Иə, мен ерте есейдім, ерте есейткен өмір. Мен қазір он сегізде емес, отыз сегізде секілдімін. (Жылайды). Бұл əлемде мен пір тұтатын, мен сенетін, мен сүйетін бір-ақ адам бар болатын. Ол сек- сенге келіп өлген əжем еді. Иə, мені есейтпей ерте қайтыс болды, ерте, ерте... Əжем менің, өзіңмен бірге немереңнің де өлгенін білемісің? Ж а н . Адам адасайын десе, қолына шырақ ұстап жүріп тал түсте адасады. Адасу үшін əлдекімнің азғыруы мен арамдығы қажет те емес. Арман мен мақсаттан айрылып, ой мен қиялың тыр жалаңаштанған тұста, өз болмысыңды өзің жерлейсің. Ал, өзін-өзі жоғалтып жүрген адамның ал- ды-арты сен емессің, Анар. Сондықтан қандайда болмасын дүниеге күмəнмен қарау, сенбеу, басқаны қойып өзіне сен- беу екі аяқты пенденің қай-қайсын да опат еткен. Жаңа сен өлімді айттың, өмірді айттың, егіліп айттың, бəрінен жерініп айттың – бірақ бəрін өтірік айттың. Егер мен сені сырттай сынағаныммен, іштей жақсы көрсем, оның себебі – сенің ақылыңнан əлі де азбағаның, тек өң мен түстің, жақсы мен жаманның екі ортасында өзіңнен өзің қорқып, іштей күре- сіп жүрген бейкүнə да бейшара халің. Сен əжең туралы, əлгі 20

бір тəтті мұң туралы əдемі ойыңды қасақана жасырып қа- ласың да, табиғатыңа жат жасанды қылыққа, мерез мінезге көшесің. Меніңше, сенің ең үлкен қажеттігің сол – өз-өзіңді алдап, арбап жүргенің. Бұдан құтылудың бір-ақ жолы бар. Ол – бұдан он жыл бұрынғы Анарды іздеп тауып алу. А н а р . Егер таптырмаса ше? Ж а н . Екеуміз бірігіп іздесек таптырмайтын дүние жоқ. Пауза. Үнсіздік. Қала оянған. Паровоздың ышқынғаны, самолеттің гүрілдегені естіледі. А н а р (Жанға жақындай түсіп). Не ойлап отырсың? Ж а н . Сенің еш нəрсе ойламайтыныңды. Тағы да үнсіздік. Əкелер рухы көрінеді. Ə к е л е р р у х ы . Есенбісің, ұлым! Ж а н . Армысыз, əке! Ə к е л е р р у х ы . Бар бол, балам. Басың неге салбырап кеткен? Мен саған сенуші едім ғой. Тұр, жүнжіме, көтер ба- сыңды! Ж а н . Мен бұлардан жеңілдім, əке. Шыдай алатын түрім жоқ. Кетемін бұл топтан. Сіз маған, əке, ақылды жеңілгенде ғана бересіз. Ə к е л е р р у х ы . Жеңіліс – жеңістің басы. Ұлы жеңі- ліс болмай, ұлы жеңіс те тумақ емес. Ердің ерлері тар жол, тайғақ кешуде, қиынның қиясы мен өмірдің ұрасында шың- далар болар. Шар болатты шынықтыратын оттың ортасы. Айналдырған аз тобырмен күресуге жарамаған ақыл мен бел – аласапыран ұрыс, арпалысқан күрес, арғымақ жүріске қалай шыдар, қалай төзер. Болашақ – сенікі, ендеше тізгініңе бекем бол. Ж а н . Болашақ деген не, əулие əке? Жастайымнан бала- лар үйінде өсіп, көп нəрсенің парқын түсіне бермедім. Мен əке мен ананың аялы алақанын сағынатынмын. Кейде бала- лар үйінің табалдырығында отырып, ағыл-тегіл жылайтын- мын. Сонда сіз келетінсіз көмекке, пірім менің! Əкемнің түр- түсін білмеймін. Ал, анам бір-ақ рет түсіме кірді. 21

...Үстінде қара көйлек, басында алау жанып, теріс қарап тұр екен. Ана! – деп үш рет дауыстағанда да мойнын бұрмас- тан тіл қатты: «Жүдеусің ғой, ұлым. Жүзің неге аппақ қудай. Бетіңде қан жоқ. Емшек ембегендікі болар. Сенен айрылғаннан бергі омырау сүтімді сауып, жинап қойдым. Бірақ, саған бермей- мін, сен марқайып кеттің». Сосын маған бұрылды, мұндай мұңды жүзді кинодан да көрген емеспін. Жүрегім дауала- май шошынсам да бір басып, екі басып жақындадым. Анам ұсынған сырлы тостағанға үңілсем, сүт емес, қып-қызыл қан екен... қып-қызыл қан екен. Шошынып кейін шегіндім. «Қорықпа ұлым, бұл əкеңнің қаны ғой, соғыста өлген əкеңнің қаны. Қастерлеп басыңа хан көтер. Əкеңнің жас- тығы, əкеңнің көре алмаған қызығы, əкеңнің аттай алмаған, бастай алмаған арманы, шыға алмаған биігі саған дарысын, ұлым!» – Сосын сырлы тостағанға құйылған тағы бір сұйық зат ұсынды. – «Бұл менің көз жасым. Мұны да хан көтер басыңа! Бала кезде ембеген ана сүтінің есейгенде қадірі болмайды. Мен саған сүйегіңе сіңбеген емшек сүтімді бермеуге бекіндім. Алла тағала сені жат бауырлық пен тас бауырлықтан сақта- сын, аумин!» – анам көзден ғайып болды. Ə к е л е р р у х ы . Ұлы Отан соғысында миллион Со- вет адамы қырылған, қанша əйел жесір, қаншама бала жетім қалды. Əкеміз, күйеуіміз жоқ деп шырпы басын сындырмай, жылап-еңіреп жатып алса не болар еді? Ж а н . Иə, не болар еді, Əулие əке! Мұның соғыстан айырмасы болмай қалар еді. Рас, уақыт – тарих таразышы- сы. Рас, бүгінгі өмір тамаша, ертеңгі болашақ одан да қызық. Бірақ, сол уақыт, сол мəре-сəре өмір менің əке-шешемді та- уып бере ала ма? Одерде қаза тапқан əкемді əлгі 20 миллион құрбандықтың санына қосайын. Ал, соғыстың зардабынан өлген шешемді қай тізімге кіргіземін? Біз, балалар үйінде тəрбиеленген жетімдер мыңдаған əкені, жүздеген ананы жер жастандырған сор соғысты қарғайтынбыз. Ə к е л е р р у х ы . Тамаша айттың, ұлым! Біздің көп- көп ақылымыз көнерген. Дəуірге сай, жастардың мінез-құл- 22

қына орай ақыл айту əркімнің қолынан келе бермейді. Тек бі- ріңе-бірің сүйеу болып, біріңді-бірің тəрбиелегенде ғана тас қиядан таймай өтесіңдер. Жаңа достарыңды тастап кетпекке бекіндік. Шындығына жүгінсек – ол саған топтастырылған майдандағы бір шеп іспетті. Ал, майдан шебін тастап кету- ге бола ма? Үкіметіміз кезінде ең қиын-қыстау жерге өзінің таңдаулы ұл-қыздарын жіберген. Өзің де білетін шығарсың, сендей жастар сандаған қала салып, сандаған завод, фабри- ка тұрғызды. Ал, Павка Корчагин, Мəншүк, Зоя секілді жас- тар өзінің бүкіл саналы өмірін сарп етті. Екі мыңшылардың кең-байтақ Отанымыздың түкпір-түкпіріне жолдама алып аттануы, күні кеше тың жерді игеруге келгендер, анау шұбар- таулық жастар, міне, осының қай-қайсысы да сеніп тапсыр- ған үкіметіміз бен партиямыздың міндетін жүзеге асыруға жүрек қалауымен аттанғандар. Ал, сенің түрің болса мынау, айналдырған бес-алты досыңның шалыс қадам, шалғай пікі- рін өзгерте алмай, Анардан жеңіліп отырғаның. Жалпы, мен кейінгі кездегі кейбір интеллигенттің қазіргі тірлігіне риза емеспін. Өмірдегі өзгеріске, өмірдегі төңкеріске немкетті, əрі немқұрайлы ұйқылы-ояу қарайды. Таңертеңгі сағат тоғызда жуынып-шайынып жұмысқа барып, балаларын балабақша- дан есен-сау үйіне жеткізгеніне мəз. «Сен тимесең мен ти- мен» принципіне көшкені соншама, қандай да бір қарапайым күрестен қашады. Қазіргі интеллигенттердің біршамасын ип- подромдағы аттарға теңер едім. Өлшеп қойған кругты айнала шауып келеді де, жемін жеп, уақытында суын ішіп, үсті-басын таза ұстап бүлк-бүлк желгеніне мəз. Адам дегенің бір жерді айналып, шиырлай беретін ипподромдағы үйретілген ат емес. Адамдық ардақты ат – тек алға жүргенде ғана, тек ұзаққа шап- қанда, тұяқ тоздырып, арқасын алдырмағанда ғана ақталмақ. Демек, бүгінгі жастың бойынан қазақы жылқының асау мі- незін көргім келеді. Сен де осындай ипподром-тіршілікті қы- зықтап кетпес үшін əдейі айтып тұрмын, ұлым. Қазір, баз бі- реулер, шетелге жиі шығып жүр. Əрине, дүние жүзін аралаған жақсы, бірақ сол ағайындар туған жер, өскен еліне соңғы он, жиырма жылда бір рет барып көрді ме екен? Өз жерінің бақы- тын сезінбей тұрып, өзге елдің қадірін қалай түсінсін? 23

Жоғалады. Жан орнынан атып тұрады. Ж а н . Анар! Туристік жолдамамен Болгарияға бармай- тын болдым. (Қалтасынан қағаз алып жыртады). А н а р (Жанның қолындағы қағазға жабысып). Не кө- рінді? Жынданған шығарсың. Ж а н . Мен ауылға. Алтайға аттанамын. Бесіктен белім шықпай жатып, шетел менің не теңім. Былтыр жазда Боз- тайлақ деген жылқышымен танысқанмын. Оны сен де көріп едің ғой. Біздің жаққа кел деп көп шақырып еді. А н а р . А-а, анау кісі ме? Сол қара қазақ маған бір көрген- нен ұнап қалып еді. Əй, сорлы романтигім-ай, өстіп ұшып- қонып жүріп, талай-талай есеңді жіберерсің əлі. «Қиял ол да бір қыл шылбыр, байқап лақтырмасаң өз мойныңа ора- лады», – дейді екен менің əжем. Ж а н . Егер əжеңді шын сүйіп, рухын риза етемін десең, менімен ауылға жүр. Ата-бабаңның жұрты ғой. А н а р (ойланып). Əжем үшін баруға болар еді. Бірақ, қа- ладан қалған көңіл, сол сен айта беретін аңқау ауылдан ай- ныса, қайда барып күн көрер едік. Санамызда болса да бір əдемі елес, əдемі бейне алданыш ретінде жүре берсін. Не нəрсеге тым жақындап кетсең, кемшілігін тез көресің, тез айнисың. Алыстан сағынып, алыстан армандаған дүние ғана мəңгілік құнын жоймайды. Жо-жоқ, мен ауылға бармаймын. Ж а н (жалына құшақтап). Əжеңнің туған жері, өскен елі ғой. Аликтермен ырылдасқанша маған еріп, барып қайт. Нең кетеді. Алғашқы да ақырғы өтінішім болсын. А н а р . Жалғыз рет көр де жан тапсыр дегенің шығар. (Толқып). Əже... əже... папама айтқан өтінішің əлі есімде: «Ұлым, сатып алған жерге көмбе мені, мүмкіндігінше туған жеріме жерле», – деп еді. Бірақ папам орындамады əжемнің өтінішін. Қашып кететіндей моласын темір шарбақпен мық- тап тұрып қоршап тастады. Күн көтерілген. Төменгі балкондағы интеллигент мұздай киініп, қолына қара портфель ұстап, бұл екеуінің қасынан өте беріп тоқтайды. 24

Т ө м е н г і б а л к о н д а ғ ы и н т е л л и г е н т . Безоб- разие. Неткен ұятсыз, неткен көргенсіздік. Таң атқанша ұлып ұйқы бермейсіңдер. Осы үйдің түбіне енді бір рет келіп ты- ныштығымды нарушать етсеңдер, айтқан деген осы, прямо милицияға хабар беремін. Бездельники. Күңкілдей сөйлеп, шартаңдай басып жүре береді. Балкон- нан итінің үрген даусы қоса естіледі. А н а р . Мен келістім. (Қолын беріп). Суыған көңілді бір- жола мұздатып қайтайын. Ж а н (ол да қолын беріп). Бəлкім, көңілді көктем етіп қайтарсың. А н а р . Бəрі де адамдарға байланысты... ЕКІНШІ БӨЛІМ Үшінші сурет Тау. Жайлау. Аспан шайдай ашық. Күн нұры биік-биік шыңдардың басын қызыл алауға бөлеген. «Тасбұлақ» деп аталатын ағысы қатты өзеннің алқымындағы айлақта жылқы- шы ауылы отыр. Əбден тозығы жеткен ескі киіз үй тігілген. Ол – «Төрқуыс» атты жайлауда сауын бие байлап, ауылда- ғы пішеншілерге қымыз ашытып беріп отырған Бозтайлақ- тың баспанасы. Киіз үй алдындағы жер ошақта бықсып от жанып жатыр. Киіз үйдің ішінен саба піскен гүрп-гүрп үн шығады. Анда-санда оқыранған, пысқырынған жылқылар- дың тынысы естілсе, оқта-текте желідегі құлынның шың- ғыра кісінегені, екі айғырдың сарт-сұрт тебісіп, шайқасқан даусы шығады. Сахна ашылғанда осы үн мен əдемі көрініс- тің фонында біріне-бірі тебініп, кеңірдек жырта айқайла- сып, ауыл тілімен балағаттасып тұрған жылқышы Бозтай- лақ пен мал шаруашылығы жөніндегі бригадир Қаражанды көреміз. Ара түсер ешкім жоқ, арпалысып, арбасып тұр. Жағасы жайлауға кетіп, екі білегін түрініп алған еңгезер- дей Бозтайлақ Қаражанның тілдей қара галстугінен мықтап 25

ұстап алған. Қаражанда қарсылық жоқ, барлық кегін, барлық шерін кейінге сақтағандай саспай сөйлейді. Қ а р а ж а н (тістеніп). Əкеңнен қалған мал емес, арық ат үшін ар-намысымды таптама, шырақ. Əй, жастық-ай, ал- дыңдағы қара тастан аттап-ақ кеткің келеді. Бірақ, адымың жетпейді. Аттай алмайтын жерден айналып өтуді білмейсің- дер-ау. Б о з т а й л а қ (одан əрі түтігіп). Сенің де əкеңнен қал- ған мал жоқ. Алпыс аттың ішіне Ардакүреңді қоспасаң, ет комбинаты қысырап қалмас. Қ а р а ж а н (бұлқынып). Жібер енді, осы қинағаның да жетер. Күшігім, күшігім десең жаман ит аузыңды жалайды деп, бұл қай қорлағаның. Əттең, ағайындықтың ала жібін аттап кете алмайсың, əйтпесе... (Мысқылдай күліп) əйтпесе, тышқақ лақтай қанжығамда кетер едің маңырап. Б о з т а й л а қ . Қаныңды ішіңе тартып қалшылдағаның, бетің бүлк етпей былшылдағаныңның алды-арты бұл емес шығар. Қайтейін, заң-зəкүннің көзі жоқ, көзі бар болса мына ісі қара, іші ала сені табар еді. Мына (Қаражанның қарнын түртіп) бұлтиған «бесайлығыңды» кездігіммен жарып жі- берсем, ішіңнен жын емес, жылан шығар еді. Қайтейін, (Қа- ражанды босатып, өзі қара тастың үстіне отыра кетеді қиналып). ... сен жеңесің, мен жеңілемін, бəрібір... жеңесің... Киіз үйден екіқабат əйел шығады. Ол – Қарлығаш. Тағы да сырттан айғырлардың тебіскен үні естіледі. Қ а р л ы ғ а ш . Жекпе-жектерің аяқталса, қымыз ішіп алыңдар. Сонан соң демдеріңді алып, одан ары қарай жал- ғастырарсыңдар... Ай-үй, апыр-ай, осы екеуінің егесе бере- тіні-ай, қаса байтал екі айғырдың арасын ащы қылады деп... Адам жұлқысып жатса, малы қырқыспай тұра ма... Өзеннен су əкеліп, шай қояды. Қ а р а ж а н (үсті-басын түзеп). Ей, Бозтайлақ, ұзында өш, қысқада кегің болса, міне, бейуақ қой, айт, қалқам, жа- 26

сырма. Ардакүреңнің етке айдалуы сені ғана емес, мына мені де қинайды. Б о з т а й л а қ . Қиналғаныңызды білейін, қиып тастап кетіңізші. Қ а р а ж а н . Ардакүреңді алмай кетсем, оның орнына өзімді өткізіп жібермей ме совхоз директоры. Б о з т а й л а қ . Дегенмен, сіздің де кезегіңіз келген се- кілді, қоңыңыз жаман емес. Қ а р а ж а н . Оны бір Құдай білер, кезек – жастікі ме, қарттікі ме... Арбасы боп жегіліп, арпасы боп егілген елім- нің, енді қартайып, қайғы ойлағанда бір керегіне жарасам арманым не? Б о з т а й л а қ . Монтанысыз-ау, Қареке! Қатты жүріп, ақырып сөйлемей-ақ мына қара жердің үстін шыңдап, астын тыңдадыңыз. Қ а р а ж а н . Дəлелің болса ит жеккенге айдат. (Кетуге қамданады). Ал мен аттанайын, ерте күнді кеш қылмай. Ардакүреңнің жүгенін сыпырып, шылбырымен ноқталап алайын. Бозтайлақ атып тұрады да, тағы ұмтылады. Б о з т а й л а қ . Қадалған жеріңнен қан алатын қасқыр екенсіз. Барар жеріңізге үш қайтара сəлем айтыңыз, аттың құйрығына байлап өлтірсе де Ардакүреңнен айрылмаймын. Қ а р а ж а н (жайбарақат). Осымен екі рет қол көтер- дің, шырақ... Ақылды тентек пе десем, ақымақ тентек екен- сің. Атадан айрылған жұрт аттан айрылса, айыбы не. Бұл фəниден ұшқан құс, жүгірген аңның өтпегені кəне, шырақ. Екі торының өзгешелігі бар ма – анау жылқылардың кез кел- генін ұста да мін, қолыңнан кім қағады. Б о з т а й л а қ (тістене сөйлеп). Енді мұзға айдаған түйедей тайғанақтай бастадыңыз ба? Ардақты атынан ай- рылса, атасынан айрылғаннан бетер азалайтын қазақ емес пе едік. Алматыға жарысқа жібермеймін деп жағаласқан да сіз едіңіз, айлап мініп арытып, аяғынан қалдырған да сіз едіңіз. Етке тапсырайық деп, тізімге тіркеткен де сізден шыққан 27

бықсық. Осыншалық құйрығына шала байлайтындай Арда- күрең əйеліңді теуіп, балаңды тістеп өлтірген жоқ еді ғой. Осы кезде аттың дүбірі естіліп, сахнаға Дулат, Жан, Анар шығады. Үшеуі арбасқан екеуін көріп, аң-таң тұрып қалады. Қ а р а ж а н (саспай, байыппен). Жүрегіңнің əміріне сен- бей, білегіңнің əліне сеніп тұрсың-ау, шырағым. Түйе мін- ген Құдайға бір табан жақын деген, айдатсам да, байлатсам да менің қолымнан ешкім ала алмайды, қарағым. Ешкі ту- лап ыңыршағын шақпас, шырағым, бір ашуыңды маған бер. (Мүлəймсиді). Д у л а т . Ассалау... Баз-аға, қонақтар келді. Б о з т а й л а қ . Қонақ келсе, қонақасын бере бер. Қымы- зын ішіп, қызын ертіп жүрген көптің бірі де, менің қай екі туып, бір қалғаным дейсің... (Қаражанға). Сонымен, Арда- күреңді қалдырасыз ба, жоқ па? Қ а р а ж а н (келгендерге). Есенсіңдер ме, шырақтарым? (Бозтайлаққа). Сонымен, Ардакүреңді осы қазір жетектей- мін де желіп кетемін. Совхоз алмай келме деген. Киіз үйден Қарлығаш шығып, қонақтармен амандасады. Қ а р л ы ғ а ш . Əй, Бозтайлақ-ау, боздап болсаң биені ағытайық. Ағаң екеуің бір сауым уақыт сырластыңдар ғой, бүгінге жетер. Дулат, балаларға қымыз бер. Ағаш шелегін білегіне іліп, шыға береді. Бозтайлақ кел- гендерді енді ғана түстеп, қайта есендеседі. Б о з т а й л а қ . Е-е, мыналар мен танитын қулар болып шықты ғой. Ат-көлік аман келдіңдер, гитараларың қайда? Енді мына иен таудың басында сендерді мен сабайтын бол- дым. (Күле жүріп, күректей қолын ұсынады). А н а р . Здравствуйте, аға! Міне, енді бұдан былай сізбен дос боламыз. Бізге ренжіп жүрген жоқсыз ба? Б о з т а й л а қ . Құдай достықтан айырмасын. 28

Ж а н (күліп). Қаладан көрсек те, даладан көрсек те теке тіресіп жатқаныңыз. Б о з т а й л а қ . Алысқанмен алысып, арық қойдай тыр- тысып жүргеніміз қара бастың наны емес, халықтың қамы ғой... Қ а р а ж а н (ештеңе болмағандай жайбарақат). Ал, кəне, өкіл балалар тұрып қалыпты ғой, отырыңдар, шырақ- тарым. Бозтайлақ екеуміздің анда-санда осылай ойнап ала- тынымыз бар. (Арқасынан қағып). Бұл Бозтайлақ емес, ор- тамыздағы Бозатан. Көш бастаған серке болмағанымен, ел ішіндегі еркеміз... Б о з т а й л а қ (қабағын түйе). Басынан сырық, малынан құрық кетпеген ерке екенім рас. Əй, Дулат, қымызды өздері құйып іше берер. Жүр, құлындарды ағытайық. Ақшоқының басына тоқымдай қара бұлт ілінді, сел болмаса не қылсын. Кетеді. Қаражан Бозтайлақты жүгіре қуып жетіп, құлағы- на сыбырлайды. Қ а р а ж а н . Мал соймай-ақ қоясыңдар-ау деймін. Ет жей алатын түрлері жоқ. Қаланың калбаса жеп, бір ішек бо- лып қалған аш құрсақтары секілді. Жанындағы шүйке басы ашынасы сыңайлы. Бозтайлақ шығып кетеді. Қаражан қайтып келіп, Жан мен Анардың жанына отырады. Қ а р а ж а н . Ал, шырақтар, жөн айтысып, таныса оты- райық. Ж а н . Мені Жан деп атайды, шын есімім – Иванжан. Журналиспін. Ал мына қызыңыздың аты – Анар. А н а р . Очень приятно с вами познакомиться. (Қолын ұсынады, сонсоң өзі əр нəрсені қызықтап, ыңылдап əн ай- тып жүреді). Қ а р а ж а н (сыбырлай). Шырағым, мына қыз нешеде? Дəу де болса бір мықтының қызы-ау. Балалығы əлі қалмаған екен. 29

Ж а н . Оныңыз рас. Əкесі ядерный физика институтында ғылыми қызметкер. Жасы он сегізде. Қ а р а ж а н . Бəсе, айттым ғой кісі танимын деп. Воспи- таниясынан-ақ көрініп тұрған жоқ па? Баяғыда қазақ атала- рың айтқан екен: «Қыздың сырын білемін қылп еткеннен», – деп. Əлпеті көнетоздау болғанымен, жасы – жас екен. Қыз қартайған сайын паспорты жасара беретіннің кебі ме, шы- рағым? Ж а н . Аға, шын жасы сол. Қ а р а ж а н . Оқи ма? Ж а н . Жоқ. Қ а р а ж а н . Е, айттым ғой осының түбі шикі деп. Ж а н (ыңғайсызданып). Ақсақал, Анар қазақша түсінеді, көңіліне ауыр алады ғой. Қ а р а ж а н (шамданып). Қарағым, мен не дедім сонша, шала бүлінетіндей, жаман қыздың жеңгетайы шешесі деп, сені куəлікке алып шыққаннан сау ма? Ж а н . Кешіріңіз... Сырттан шұрқырап өріске беттеген қалың жылқының тынысы сезіледі. Ноқта, жібін, сүт құйған шелектерін көте- ріп, Бозтайлақ, Дулат, Қарлығаштар кіреді. Б о з т а й л а қ . Ал, батырлар, халдерің қалай. Ат соғып шаршаған жоқсыңдар ма? Ж а н . Дегенмен, екі қара санымыз талып, əрең жеттік. Д у л а т . Енді он, жиырма жылда атқа мінуден де қала- мыз ба деп қорқамын. А н а р (сөзге араласып). Енді, он, жиырма жылда ат емес, машина, вертолет мінбейміз бе? Киіз үйден сабаға сарылдатып қымыз құйып жүрген Қар- лығаштың даусы шығады. Қ а р л ы ғ а ш . Үйбай-ау, онда биені де машинамен са- уамыз ба? Д у л а т . Қысы-жазы суалмай саулы сауылатын «пиво» деген сары бие бар... 30

Қ а р л ы ғ а ш (дауыстап). Сары биеңді қайтейін, бар биемізден айрылып қалмасақ болды. Қаражан кетуге қамданады. Қ а р а ж а н . Ал, азаматтар, ерте күнді кеш қылмай атта- найын. Д у л а т . Тамаққа қалмадыңыз ба? Қ а р а ж а н . Рақмет, асығыс шаруам бар. Қош болың- дар. (Кетеді). Б о з т а й л а қ . Сонымен жайлау дегеніміз осы. Ертең жұрт ауыстырайық деп отырмыз. Жылда осы уақытта қат- ты бұршақ жауып, мына аңғардан сел ағады. Сол бір таби- ғат апаты басталмай тұрып, қырға көшіп үлгіреміз. Əйтпесе, бұл жер жылқыға ық, əрі жылы, үй іспетті жер жаннаты ғой. Бұрынды-соңды «Тасбұлақта» кісі өлімі болған емес дейді қариялар. Ауырған, сырқаған кісі болса осында əкеліп, анау мөлдір суға шомылдырып, сусын ретінде ішкізсе – құланта- за айығып кетеді екен. Жан қағаз, қаламын алып жаза бастайды. А н а р . Өтірік шығар. Егер шын болса – Алматы түгел осында көшіп келер еді... Тіпті, дүние жүзі осы «Тасбұлағы- ңыз» үшін таласып, қанды майдан ашар еді. Б о з т а й л а қ . Өтірік-шынын қайдам, ондай аңыздың бары рас. Сосын, өз басым бұл жерде өлген кісінің моласын көрген емен. Д у л а т . Қаражан қара қасқа құлынды бауыздап жібер- геннен бері киесі тайған білем. Содан бері жиырма жыл өтті – мынау Мұз тауынан көшкін түсетін болды. Дулат сыртқа жалт қарайды да, айқай салады. Д у л а т . Бозаға, Қаражан Ардакүреңнің тұсамысын ше- шіп отыр, алып кетпеу керек... Б о з т а й л а қ (атып тұрып). Кəне! Өй, енеңді... 31

Тұра жүгіреді, оның соңынан Дулат та кетеді. А н а р . Адамдардың бір-бірінен айырмасы болсайшы... Сахнаға бірін-бірі сүйрелеп, Бозтайлақ пен Қаражан шы- ғады. Дулат арашалап жүр. Қ а р а ж а н . Жібер деймін! Білегіңнің жуандығына сен- бе! Түбі жақсы болмайды, түбі насырға шабады. Шындасам, бір кісілік əл менде де бар. Б о з т а й л а қ . Сіздің əліңіз бір кісілік емес, жүз кісілік, жердің құртындай тірі жүре берсеңіз – мың кісілік. (Ашы- нып). Бүйткенше, сабасаңызшы... Бірақ, Ардакүреңді қалды- рыңыз. Сабаңыз да қалдырыңыз! «Енесі тепкен құлынның еті ауырмайды» – ұрыңыз мені! Ұрыңыз да, осы жерден құ- рыңыз! Қ а р а ж а н . Осы жасыма дейін тышқан мұрнын қана- тып көргем жоқ, шырағым. Ондай пəлеге итермелеме мені. Д у л а т (шыдай алмай, күйініп). Қара қасқа құлын ше, қара қасқа құлын! Қ а р а ж а н . Егіз құлын туғанда, сыңарын өлтірмейтін қай атаңды көріп ең. Ай, жорналист шырақ, елдің ұлысың ғой, кімнің ақ, кімнің қара екенін ажыратарсың. Газетіңе жазбай-ақ қой, Бозтайлақ өз туысым. Өкпеге қисам да, өлім- ге қиям ба қарағымды. (Мүлəйімсиді). Киіз үйден Қарлығаш шығады. А н а р (Қарлығашқа). Апай, осы кісілерге не жетпейді? Қ а р л ы ғ а ш (жайбарақат). Ұят, айналайын, ұят жет- пейді. Ақсақ ат үшін алысқандарына алты күн болды. А н а р . Ақсақ аттың барар жері біреу, ол – мясокомбинат. Қаражан аға совершенно прав. Б о з т а й л а қ (ашу шақырып). Əй, Анар қарындас, ақ- сақтың бəрін етке айдасақ, онда Қаражанның өзі де сол үйір- ден табылар. Миың жетпейтін іске араласпа. Қымызды іш те, қыдыр тау-тасты. 32

Қ а р а ж а н (Бозтайлаққа). Шырағым, таз: «Бас жаққа барыспайық», – дегенде, соқыр: «Оны көрерміз əлі», – де- ген екен. Сол жақ көзінің тарыдай ағы бар кіші ұлыңды менен жасырсаң да Құдайдан жасырмассың. Бұл аяқты (аяғын шолтаң еткізіп) отынға жаққаным жоқ, сендер үшін, сендердің бақытты өмірлерің үшін беріп кеттім фашиске! А н а р (араласып). Аға, сіз қызықсыз, жаман атты етке тапсырайық дегеннің несі айып? Ж а н (Анарға). Кейін тұр, бұл екеуміз араласатын іс емес. Таудың өз заңы, өз мінезі, өз соты бар. Қ а р л ы ғ а ш (мейірмен). Анар, бері кел, айналайын. Мұрындары қанағанда су құйып, беті-қолын жуатын да кісі керек. Бүгін алысса, ертең табысады, еркек жазғандарда пə- туа бар ма? Б о з т а й л а қ (тісін шақыр-шұқыр қайрап). Қаражан аға! Бес бересі, алты аласымыз жоқ еді. Тышқаққа қас қыл- ғандай қасарыспаңыз. Өлейін десе – жан тəтті, өлмейін десе – бас қатты болып жүргенде, жүйкені тоздырмаңыз. Бес азаматтың жұмысын Дулат екеуміз ат үстінде атқарып, ат үстінде азып жүргенімізді бүкіл совхоз біледі. Ай, күні жетіп, жер сызып жүрген əйелім, таңертеңнен кешке дейін бие сауады. Біріміз ауылға қымыз тасып, түнгі сағат онда сүйегіміз сүйретіліп əрең жетсек, біріміз жылқы жайып, бие сауғызамыз. Ауылда бес баланы бағып, ауру апайым отыр, оның отын-суын кім жеткізіп береді. Бізге қиған ұй- қыларыңыз тəулігіне – үш сағат. Құс ұйқы болып құтымыз қашқанына қырық күн болды. Ауылға қымыз тартып, бие сауғызатын қосымша кісі қашан жібереді деп екі көзіміз төрт болып отырғанда – қарайып сіздің қара басыңыз қал- қаяды... Сіз жай келесіз бе, жайпай келесіз. Жиырма жыл қар жамылып, мұз төсеніп, баққан жылқыдан ақсақ ат алуға қақымыз бар шығар. Онда да тегін емес... Аспаққа ассаңдар да бермеймін Ардакүреңді. Өлсе – бас сүйегін іліп қоямын шаңырағыма! Ерегестірсеңдер дəл өз көзіңізше бауыздай саламын. Қ а р а ж а н . Сенікі өкпе болғанда, менікі өт емес. Асып айттың, тасып айттың – бірақ бетіңнен алғам жоқ, басу айт- 33

тым. Ондай ерлік қолыңнан келсе, бауыздай сал, ер екеніңді білейін бауыздай салшы! А н а р . Түк ұқсам бұйырмасын. Бере салмай ма? Ақсақ аттан пайда не? Қ а р л ы ғ а ш . Əй, Бозтайлақ, «Қыртты езген жеңеді, ез- генді Құдайдан безген жеңедінің» кері болмай бере сал. Ме- нің күйеуім екенің рас болса, бере сал. Ж а н . Бере саласың-ау деймін, аға. Д у л а т . Ардакүреңді кезек мініп, аяғынан қалдырған өздері. Шаранасын сыпырған өзіңіз едіңіз, қимай қиналаты- ныңызды білемін. Сулы жерде асып, сусыз жерде қуырып жесін, бере салыңыз, аға. Бозтайлақтың басы айналып, құлағы шыңылдайды. Құ- лағына құлынның шырқырап кісінегені естілгендей болады. Дауыстар: «Бере сал! Бере сал! Бере сал!» Б о з т а й л а қ (айғай салып). Ай, Құдайым-ай! Қамбар иемнің аруағы қайдасың, атпаймысың арсыздарды! Жылқы жарықтықты осылайша тойымсыз өңешке, қампиған қарын- ға айдай берсе – құрық мініп, қулық сауып қалмайсыз ба? Қайдасың, Қамбар ием, қайдасың, жылқышы ата! Құлыннан құлын қалмады. Ұлыңнан ұлың қалмады! (Бұдан соң сахна қараңғыланғандай болады. Бозтайлақ- тың Ардакүреңге міне шапқаны естіледі, құйын-перін шауып барады, тау-тасқа қарамай, зулап барады. Сөйлеп барады). Арыныңнан айналайын. Ардакүрең! Зула, құс болып ұш, оқ боп атыл! Найзағай болып жарқылдайын мен-дағы. Ата- бабаң: Кендебайдың Керқұла аты, Қамбардың Қара қасқа- сы, Байшұбары Алпамыстың, Құлагері Ақанның – сені іздеп кісінеп, шақырады жанына. Есепке де алынбай есек болып кеткенің бе, асыл тұқымды айғырдан қалған тұяқ сен едің, тас жүректі Қаражан ортақ болды қаныңа! Зула, зымыра, зау- лашы! Айызымды қандырып, азынайын алға мен! Ер қанаты ат тағы – аттан айрылсақ ұяттағы! Қыста жемсіз тебінмен, күйсіз, бапсыз шығатын жылқы деген жануар, сенің сонда лебіңнен талай дұшпан жеңілген! 34

Ардакүрең, ақперен! Құлағыңның түбінен ызың-ызың ететін жат жұрттықтың жебесі, тағы болмайды дейсің бе адамзаттың егесі! Сонда сенің тұлыбың, сонда менің құры- ғым жауға шаба ала ма! Айналайын, арғымақ! Қолтығыңды сөгіп шаба алмай, сый-құрметіңді ала алмай, арманда атта- нып барасың қақ маңдайдан бір ұрып, бауыздамай өлтірсе, кездігіне иеңнің зар боп пырағым қаларсың... Ақырғы рет шабайық, айызымызды қандырып, асу-асу белдерді, аса бір соққан желдерді шаң-тозаңға қалдырып! Ақ ауылдың сəні жоқ, Топталып жылқы үйездеп, Ноқталы құлын күйездеп Тартқан желі болмаса! Заула, Ардакүрең! Заула! Ардакүреңнің тұяғын тас қағып, құлағанын сеземіз. Дү- бір пышақ кескендей тынады, дүние тып-тыныш. «Бозтайлақ аға», – деп жүгіріп жеткен Дулат, Жан, Анарлар көрінеді. Ая- ғын санай басып, Қаражан келеді. Бозтайлақ жан тапсырға- лы жатқан аттың басын құшақтап отыр. Қ а р а ж а н . Уай, Бозтайлақ, (кіжіне сөйлейді) арпалы- сып жүріп арам өлтірдің. Қызғанғаның қызыл итке жем бол- ды деген осы да. Жанын қинама жануардың, бауыздап жі- берейік. (Қыннан пышағын суырып алады. Бозтайлақ егіле жоқтап, Ардакүреңнен алыстай береді). Б о з т а й л а қ . Жүген-құрық тимеген, Шая шөптен жемеген, Тұнықтан бойлап су ішкен, Алтайда ойнап тебіскен, Үйірден жалғыз қаларсың Кеудеңнен шығып шыбын жан. Жүрегіңді жұлып жем етер. Қазаңа шапқан мына айуан. (Қаражанды көрсетеді). 35

Қаражан Дулаттың: «Тоқтаңыз, өз өлімімен өлсін!» – де- геніне қарамай, Ардакүреңді бауыздап жібереді. Тау-тасты құлынның шырқырай кісінегені жаңғырықтырады. Қ а р а ж а н . Қиналып жатқан түлікті бауыздап таста- майтын ырымды қай атаңнан көріп ең?! Д у л а т . А, Құдай, мұндай қанды қол ырым-жырымның ақыры сіз болғай... Қайдасың, қасқа құлыным? Ж а н (күрсініп). Мүмкін, егеспей етке тапсыру керек пе еді... А н а р . Зорыққан атты атып тастамайтын ба еді? Ентіге басып əрең жеткен Қарлығаш үн-түнсіз ат басын- дағы жүгенді сыпырып алады да, Жанға ұсынады. Қ а р л ы ғ а ш . Бауырым, ерінбесең музейге өткізе сал, күмістеген келісті жүген ғой, келімді-кетімді жұрттың қы- зықтауына жарар. Басына күмістеген жүген киетін ат жоқ еді. (Ішін ұстаған күйі кете береді). Д у л а т (Қаражанға тебініп). Бəріне кінəлі сіз, бала ке- зімнен-ақ сіздің өзіңізден емес, алайған көзіңізден қорқатын ем. Əкемнің қара жорғасына таласып, он килограмм астық үшін он жылға соттатып едіңіз. Жақсы ат мінетін тақым əркімде де барын білмейсіз-ау, білмейсіз. Қ а р а ж а н (шамданып). Əй, қарағым, қызып сөйлесең де, қысып сөйле. Қырық жылғыны қылға тізіп қайтесің, кім- ді-кімнің айдатқанын тексеріссек, ондай ерлікті жоғарыдан бастар болар. Өткенді қозғап, өле алмай жүрген ешкімнің запас жаны жоқ. Тіпті, мен айдатқанның өзінде түрмеде ші- ріген жоқ, соғыста өлді ғой... Ендеше мен емес, сол соғысты қарға. Баяғының тыртықтанып кеткен жарасын тырнау үшін ақты-қараны айыратын əділ заң, бұлтартпайтын куə керек. Ол екеумізде бар ма?! Жыланнан жылан туады деген... Д у л а т . Қыраннан туған қыран жалбиған дара жүрек шал сен болсаң, садаға кет жыланнан... Қ а р а ж а н . Өнбес дауды өспес бала қуады деген, əй шалалық-ай! 36

Ж а н (абдырап). Қойыңыздар, Бозтайлақ ағаның барып көңілін жұбатайық. Қ а р а ж а н (елпілдей күлімсіреп). Иə, сөйтейік, сөзбұй- даға салып тұрғанша... А н а р (тастың үстінде өзімен-өзі оңаша отырған). Адамдар қай-қайда да бірдей, тек əркім өз рөлін əртүрлі ой- найды. Киіз үйдің жаны. Алғашқы көрініс. Қ а р а ж а н . Ал, бір кесе қымыз ішіп алып қайтайын мен. Қ а р л ы ғ а ш . Қайда асықтыңыз екі кештің арасында. Қонып, тамақ жеп кетпедіңіз бе? Айып бізден. Бозтайлақтың артық қылығы болса көңіліңізге ауыр алмассыз, аға. Сізде жазық жоқ, балғамен ұрып өлтіргенше, бауыздап өлтірген иманды. Қ а р а ж а н . Енді қартайғанда бала-шағамен алысты- рып... Мына бас не көрмеді. (Күрсінеді). Оқ пен оттың орта- сында жүріп, Отанды қорғадық. Табан ет, маңдай терді сарп етіп, осы ауылдың дəулетін тасыттық. Енді міне, берерімізді беріп, аларын алып алған соң – алжыған артық шал боп шыға келдік. Ұстаз көбейіп, шəкірт азайып қалмаса болды да (қабағын түйіп, тереңдей сөйлейді) темірдей тəртіп ке- рек, тəртіп... Біз тізгінді босатып алған секілдіміз. Үлкенді сыйлау деген аз, ей, Дулат, мен сені туған баламдай жақсы көруші едім, бірақ оның да шегі бар. Д у л а т . Кешірімнің ең ұлысы – кек сақтамау. Жаман- дықты ішіме жисам, қара ниет дер едіңіз. Неге екенін біл- меймін, сізді суқаным сүймейді. Қ а р а ж а н (жүре бұрылып). Екеуміз егессек, аспан ойылып жерге түсіп кетпес, шырақ. Асарымды асаған, жаса- рымды жасаған адаммын, болашақ саған керек, ұзында өш, қысқада кегің болса – қараңғыда бір періп өлтіріп таста. Мен орталарыңда қанша жүреді дейсің, өзі берген жанды өзі ала- ды да. Кете береді. Киіз үйден піскен сабаның үні шығады. 37

Д у л а т (дауыстап). Үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады, қанжығаңызға бір жан торсық қымыз байлай ке- тіңіз. Қаражан жалт бұрылып, көзімен ата қарайды. Қ а р а ж а н . Өйтіп қорлама! Осы күннің баласы аласа туады, үлкендермен таласа туады деген осы-ау. Əттең, жаты- рына шапқан жаман айғыр болып тұрғаныңды сезбейсің-ау, бейбақ! Соғыста өлген Ақжанның емес, соғыстан есен-сау оралған Қаражанның кіндігінен екеніңді екінің бірі білмей ме! Сарт-сұрт шыға жөнеледі. Бəрі аң-таң. Əсіресе, Дулат басынан біреу ауыр балғамен ұрып қалғандай шөге түсіп отыра кетеді де, солқылдап жылайды. Үйден Бозтайлақ атып шығып, Қаражанның соңынан қуам дегенде оны Анар ұстап қалады. Б о з т а й л а қ . Қуып жетіп, қуырдақ жасайын, əкеңнің... А н а р . Тоқтаңыз аға, бір ашуыңызды қиыңыз маған. Кім- кімнің баласы болмай жатыр... Бағанадан бері дауларыңызға араласқан жоқпын, ұялдым. Шындықтың бетін ашқым кел- ді. Бір ауылға бір Қаражан керек. Адам өз дұшпанының бар екенін, кім екенін білсе, сақ, əрі ширақ жүреді. Жақсылық туғызбайтын бірде-бір жамандық жоқ, аға. Ж а н (Дулатты жұбатып). Ашынғанда айтқан ашулы сөзі де, жүрегіңді жаралап қайтесің, жоқ əкені жоқтай бер- генше – өзіміздің бұл дүниеде бар екенімізге қуанайық. Дастарқан жайылып, бəрі жиналады. Көңілді. Бағанағы ашу-ыза тарқаған, төрде Бозтайлақ. Қарлығаш қымыз құйып отыр. Қ а р л ы ғ а ш . Апыр-ай, əлгі кісі іштей қарғанып қанын ішіне тартып кетті. Түбі қиын болмағай. Үндемей тындыра- тыны бар деуші еді... 38

Б о з т а й л а қ (ет турап отыр). Е, жүйелі қарғыс жү- йесін, жүйесіз қарғыс иесін табар. Бірақ, Қарекеңді ондай жамандыққа қимаймын. А н а р . Адалсыз-ау, аға. Сондықтан да өмірде жолыңыз бола бермейтін шығар. Ж а н . Дəм-татуы жоқ философияңның уытын мұнда да жая бастадың ба? Д у л а т (қоқаңдап). Бозаға, қонақтар барамыз деген соң, ауылдан бір-екі жарты ала шығып едім... Б о з т а й л а қ . Несіне қипақтайсың, алып кел. Ащыны ащы бассын, жанымызды бойымызға шақырайық. Дулат қоржынын ақтарып, арақ алып шығады. Түн. Қою қараңғылық басқан. От лаулай жанып, бақан ба- сында шам ілулі тұр. Əлдеқайдан қарақұс сұңқылдап, жыл- қы кісінейді. Дулат үлкен қырлы стаканға арақ құя бастайды. Д у л а т . Ал, енді мынаны тартып жіберейік. Ешкімге сөз бермеймін. Алғашқы тосты əркім өз ішінен, өз тілеуі үшін ішуі керек. Дегенмен, бірінші тосты мен ылғи да жауым үшін ішемін. Б о з т а й л а қ (күліп). Ендеше, екеуміздің арнап тост кө- теретін адамымыз біреу, ол – Қаражан ағаң ғой. Өз басым ол кісіні əсте кінəлай алмаймын, бағана ол да мен де артық кет- тік. Билік құрып, еті үйреніп қалған адамның əлсіреуі, алжыған арыстандай бая-шая келеді. Тіпті, ондай шаш ал десе бас ала- тын əпербақан адамдар қай-қай заманда да керек, тіпті сол кісі- лер азайып кетсе, Анар айтқандай, тəубемізді ұмытар ма едік. А н а р . Өте дұрыс айтасыз. (Дулат ұсынған стаканға шошына қарап). Ой, мынаның бəрін бірден ішеміз бе? Ж а н . Шынында да, көптен құйдың-ау, Дулат, азайтсаң қайтеді. Д у л а т . Нар жолында жүк қалмайды. Оймақпен ішсең де, ожаумен ішсең де барар жолы асқазан емес пе? Ал кеттік. (Тартып жібереді де, жеңін иіскейді). Қ а р л ы ғ а ш (өзі ішкендей тыжырынып). Жеңін иіске- мей, ет иіскесе қайтеді екен. 39

Ж а н (жүрексініп). Мас боламыз ғой. Д у л а т . Он күн мас болсаң да, он бес тəулікке қамап қояр ешкім жоқ тауда. Іш, сайранда, айқайла, бəрібір тауға милиционер келмейді. Тіпті жер тартып күш бермей бара жатсаңдар, Бозағамның қайыс арқанымен таңып тастаймын қарағайға. Б о з т а й л а қ (Дулатқа). Ертең ерте тұрып, мынау аң- ғардан көшіп алмасақ, көшкіннің күні де келіп қалды ғой. Қалтырдан тұрған мынау жел – дауыл, жаңбыр шақырып тұр-ау. Д у л а т . Иə, менің ойымнан да сол кетпей отыр. Қонақ- тардың қол күші барда қоныс аударып алайық. (Тағы да арақ құйып). Ардакүреңнің сүйегін қайтесіз? Б о з т а й л а қ . Бас терісін сыпырып алам да тұлып жа- саймын. Ал денесін қазір тамақ ішіп алғаннан кейін көміп тастаймын да, басына қызыл қарағайдан сайғақ орнатамын. Бүкіл жастығымның қанатты арманы, сынық көңілімнің ме- деті еді... Ат сүйгенімізді де айып көретін болды ғой бұл жұрт. (Қамыға күрсінеді). Қ а р л ы ғ а ш . Жə, босама, жаман ырым бастап. А н а р . Аға, байқаймын, сіз өте... өте жақсы адамсыз. Мен сізді Алматыда ипподромда көргенде-ақ ұнатып қал- ғанмын. Сіз күштісіз... Б о з т а й л а қ (қысыла ұялып). Жақсы екенімді қайдан білдің, түйеден түскендей қылық жасадың-ау, айнам. А н а р . Правда! Вы очень хороший человек. Сондай тө- зімді, ақылды адам секілдісіз. Бағанағы арыстан ашуыңыз... жер сілкіндірді. Маған сіз өлмейтін секілдісіз. Сіз үлкен бір... великий академик секілдісіз. Тек қана қара костюм, қара галстук, ақ көйлек, кең бір аудитория, биік кафедра ке- рек. (Көзін жұмып). Əне... əне сіз қолыңызды сермеп лек- ция оқып тұрсыз, шашыңыз бурыл, көзіңіздің алдында ақыл ұйыған, мені ымдап шақырдыңыз, мен сізге қарай ұшып келе жатқан секілдімін, бірақ сіз алыстай бересіз, көзімді ашып жіберсем... көзімді ашып жіберсем... сіз мұнда отырсыз. Ах, как жаль! Көзімді бекер аштым. Ж а н . Анар, өлгім келеді дейді, сіздің ше, Бозаға! 40

Қ а р л ы ғ а ш . Құдай сақтасын, не дейді, өлгені несі... Д у л а т . Ішіп алсам менің де өлгім келеді, əкесінің аузын өліп-ақ қалмаған екенмін. Жұмыс... жұмыс, не көрдім мен, айтыңдаршы, не көрдім! Б о з т а й л а қ . Қызынба! Мен не көріппін, неге болсын қанағат, тоқтам керек. Өлуге қол тимейді, шынын айтқан- да. Балаларымды кім асырайды. Қарлығаштың күні не бо- лар еді, əрине, мал бағатын кісі табылар. Рас айтасың Дулат, сендер еш нəрсе көрген жоқсыңдар. (Күрсінеді). Біз құсап жалаң аяқ, жалаң бас – қысы-жазы жұмыс істеп, құйрықта- рыңды өгіз, қарындарыңды қарамық тескен жоқ. Таң бозы- нан сирақтарыңнан жұлып алып, қамшының астына алып масақ тердірген жоқ. Таңдайыңа тастап жіберген екі-үш дəн- ді ұртыңнан қысып тұрып, өңештеріңнен суырып алған жоқ. Зарлаған баланың, қарғанған қатынның даусын естімедің- дер. (Қатты кейиді). Енді мынау... енді мынау шыбық тимей шыңқ етіп жүргендерің. Қ а р л ы ғ а ш . Бозтайлақ ішіп алса Қаражан ағасы се- кілді ақыл айтады. Б о з т а й л а қ . Ішкен соң əйтеуір ақылды болсаң да ақы- мақ атанасың. Бригəдір сөзінің бəрін теріс дей алмаймын. Ол кісіде өз ісіне деген таза да, тұрпайы сүйіспеншілік бар. Д у л а т . Менің білуімше, өз құлқынының құлы. Ойлаған ойын шиелеп, қазықбау шалып тастайды, тауып көр көкейін- дегісін. А н а р . Ойлаған ойдың жұмбақты болуы жаман қасиет емес. Ұлы істер əрқашанда жұмбақты күйде жасалады. Сіз менің сұрағыма жауап бермедіңіз ғой, аға. Кейде ыза болға- ныңызда, жалыққаныңызда өлгіңіз келе ме? Жан ішіп алса, «осы сен не ойлайсың» деп шыға келеді, ал сіз не ойлайсыз? Тек жылқыларды ғана ма? Б о з т а й л а қ . Жылқыларды ғана десем, қателеспес едім. Өйткені сол жылқының ар жағынан бүкіл əлемді көрер едім. А н а р (шошына). Это же ужасная мысль. Неужели, сіз- дің арман-қиялыңыз жоқ, болашақтан үмітсізсіз. Бірақ, мен сізді құптаймын, əрі аяймын. Өз басым еш нəрсе ойлағым 41

келмейді. Ойласам болды, құлағым шыңылдап, шаршап қа- ламын. Адам неғұрлым ессіз жүрсе, соғұрлым өзін бақытты сезінер. Айтыңызшы, аға, өміріңізді несімен қызықты деп ойлайсыз? Б о з т а й л а қ (ойлана)... Ым-м, несімен дейсің бе? Шы- нымды айтсам бұл жөнінде мықтап ойланбаған екенмін. Мүмкін, туған жердің топырағын басып, тірі жүруіммен қы- зық шығар. Тек өмір сүруден қорқатын адамдар ғана ертеңі- не күмəнмен қарайды. Арман, мақсат, махаббат деп кеңір- дек жыртып айғайлайсыңдар, ал өздерің осындай қасиетті ұғымдар үшін күресе білмейсіңдер. Менің түсінігімде, қан- дай да болмасын арман мен махаббат еңбек нəтижесінде ғана жүзеге аспақ. Айталық, мен бала кезімде жылқышы бо- ламын деп армандағам жоқ. Бірақ, жиырма жылдық еңбек, осынау қарапайым да қасиетті кəсібіме деген ұлы сүйіспен- шілігімді арттырады. (Орнынан тұра береді). Ал, махаббат деген, сайып келгенде... қыз бен жігіттің бір-біріне үздіге қа- рауы емес, екі жастың бір мақсатқа бірігіп қарауы екенін мен айтпасам да білетін шығарсыздар. Міне, махаббат та, өмір де, бақыт та мына Қарлығаштың құрсағында. (Əйелінің ішін сипайды). Жарық дүниеге тағы бір құлын келсе – одан қы- зық ғұмыр бар ма... Өздерің отыра беріңдер, мен Ардакүрең- ді көмуге кеттім. Күрегін алып кете береді. Қарлығаш белін ұстай ол да ор- нынан əрең тұрып, киіз үйге беттейді. Қ а р л ы ғ а ш . Анар, айналайын, ішіп болған соң ыдыс- аяқты жуып, жия сал. А н а р (қуанып). Мақұл, апай, мақұл. Қалған үшеуі қалған арақты бөліп құйып алады. Анда- санда алыстан, тым алыстан жылқының кісінегені естіледі. Ж а н . Сонымен, Анардың тау мен тастан қайтпаған пі- кірі осымен екінші рет соққыға ұшырады: көше сыпырушы мен Бозекеңнен... 42

А н а р . Рас, бірақ, бұл кісілердің ойы сенікі секілді оқып-жаттаумен, не болмаса əлдекімнен ұрлаумен емес, таза да тəкаппар өз санасынан туындаған пікір. Артық айтсам ке- шір, əрине, екеуміз бір есептен попугайға ұқсаңқыраймыз. Ал попугай ойлап сөйлемейді ғой, үйреткенді сөйлейді. Ж а н (қызарақтап). Мысалың жақсы десек те, ликбез тұсында айтылса календарь беттеріне жазылып қалар еді. Д у л а т (қолына стаканды алып). Осы шіркіннің аты дұрыс емес, сондықтан көп ішеміз. Аузымызға апарамыз да «ары ақ, ары ақ» дейміз «бері ақ» десек қой, тарта ішер ме едік. Түн жамылып отырып ағымнан жарылсам, Бозағам бол- маса баяғыда екі қолымды төбеме қойып, ит мініп, ирек қа- шылап кетер ме едім. Сондықтан, осы тосты Бозағам секілді ортамызда елеусіз жүрген асыл азаматтар үшін ішейік... Ж а н (шын қуанып, Дулаттың бетінен сүйіп алады). Иə, Бозекеңнің саулығы үшін. А н а р . Кімнің арағын ішсе, соны мақтайтын əдет қа- лыптасты қазір. Ендеше мен дабырламай, қызыл сөзді за- кускаламай, ол кісінің барған сайын маған ұнай бастағанын ішімнен айтып, үндемей іше берейін. Ішеді де, стаканды лақтырып жібереді, тасқа соғылып сы- нады. Сосын өзі орнынан қарғып тұрып кетеді. Ж а н . Мынау жынданған шығар. Д у л а т . Байқаймын, оқымай-ақ осы қарындастың қоса- ғында жүре берсем, кез келген совхоз директорынан сауатты болатын сияқтымын. Ж а н (мойындай). Көп білетіні рас... А н а р (бұл сөзді естіп қалып қайта келеді). Сондықтан да көп қателеседі дейсің ғой... Ой, ұйқым келе бастады. Апай, оу апай? Үйден Қарлығаш шығады. Қ а р л ы ғ а ш . О, не қызым? А н а р . Жатып демалайын деп едім. 43

Қ а р л ы ғ а ш . Жата ғой, құлыным. Мына екі жігітке да- лаға салып берейін төсекті. Күн ашық қой. Сен менің қасыма жат. А н а р . Мен де далаға жатайын ба? Қ а р л ы ғ а ш . Төсек-орын жетпейді ғой, көшіп-қонуға жеңіл болсын деп аз алып шығамыз. А н а р . Мынау екеуінің ортасына жатамын. Қ а р л ы ғ а ш (таңдана). Өзің біл... Д у л а т (ырсия күліп). Бірің қорықсаң мына жағыма, бі- рің қорықсаң мына жағыма жат деп тұр-ау қарындас... Бай- қаймын, Жан жалықтырған шығар жəне сосиска жеп, лимо- над ішіп өскен еркекте не қуат бар дейсің. Байтал үйретіп, əбден сарсаптанған сары тақымнан... Қ а р л ы ғ а ш (зекіп). Жə, болды! Ауыз өзімдікі деп бал- пылдай берме. (Өзінен-өзі күбірлеп). Осы қыз еркек-шора болып жүрмесін, бетім-ау, не боп барамыз, не боп барамыз. Төсек салады. Анар шешінбестен көрпенің астына сүң- гиді. Көңілді. А н а р . Странно! Мына көрпеден қымыздың иісі шығады. Д у л а т . Қымыздың иісі деген сөз, менің иісім деген сөз. (Дулат оттың шаласын ысыра түседі). Шіркін, дүниедегі рақат нəрсе отқа талтайып отырып, шұлғау кептіру, темекі шегу, не төстік қақтап жеу. Қай-қайдағы есіңе түсіп, өткен өміріңнің көлеңкелі жағы көз алдыңа елестейді. Ж а н (темекі тұтатып). Неге көлеңкелі жағы?.. Мəсе- лен, мен өз өміріме ешқашан өкінбеймін. Егер тағы бір ғұ- мыр берсе, сөз жоқ, осы өмірімді қайталар едім. А н а р (жастықтан басын жұлып алып). Врешь?! Да, да өтірік айтасың. Детдомда өткен жетімдік өміріңді тіпті де қайталағың келмейді. Ж а н . Ендеше, оқымаған оқымысты қыз, адам жанын шыжғыратын шындықтан, адам жанын жақсылыққа бастай- тын – өтірік артық. А н а р . Олай болса – оқи алмаған Дулатты алдау үшін оқып жүр екенсің ғой. 44

Орнынан тұрып, шылым тұтатады. Д у л а т . Жалғыз өзім жайлаудан ауылға қымыз əкетіп бара жатып ойлаймын: əркім өз баласының оқығанын, білім алғанын жөн санайды емес пе? Сондықтан да он жыл ты- раштанып оқытады. Сонау ит арқасы қияннан атының ар- тына мінгестіріп келіп, мінгестіріп қайтады... Өйткені, олар сауатсыздықтан талай таяқ жеген. Көресіңдер əлі, енді он жылдан кейін малды дипломмен бағады. Қазірдің өзінде зоо- техниктердің санитарлық жұмыс атқара бастағаны бар. Ал- ғашында мен бір отар қой алдым. Үш жыл əуреленіп тастап кеттім. Неге дейсіз ғой? Мен сол қойды алпыстағы Əшімхан деген сауатсыз шалдан артық баға алмадым. Мен жүз қойдан жүз қозыны əрең аламын, ал ол жүзінен жүз елуді ойнап жү- ріп өсіреді. Қызық əйтеуір... Тағы ойлаймын: Əулетті маман- дық дегенге өзгеріс енгізсе, айталық менің əулетім өне бойы малшы болған екен, қолымнан келсе ғалым болып көрейін, ал қаладағы гитара асынып жүргендер бір уақ мал бағып көрсін... Ж а н . Бұл мəселенің бір-ақ жағы ғой. Оқимын деген адамға кедергі жоқ. Талабы, таланты бар бала, тіпті жерде қалмаған. А н а р . Бұл тек принципінде ғана, іс жүзінде олай емес. Ж а н . Ендеше сен неге оқымай жүрсің? А н а р . Менің жөнім бір басқа. Папамның күндіз-түні оқуы – менің жүрегімді айнытты. Мені папам кез келген инс- титутқа түсіре алады – сондықтан қадірі жоқ оқудың. Киіз үйден Қарлығаштың даусы шығады. Қ а р л ы ғ а ш . Əлі дауласып отырсыңдар ма, сөз шіркін- де түп бар ма, тəйірі, дем алсаңдаршы. Ертең күн жауады-ау деймін. Қарақұс қайта-қайта кісіней береді. Қарақұс шақырады. Түн. Жұлдыздар. Əлдеқайдан түн түндігін тілгілеп, тағы да жылқы кісінейді. 45

Д у л а т (елегізіп). Апыр-ай, боз айғыр үйірінен адасып қалды ма, қайта-қайта кісіней берді ғой. (Дулат бос стакан- дарға тағы да толтыра арақ құяды). Ал, кəне, сендердің өрмекшінің торындай бытысқан сөздеріңнің құрметіне алып қояйық. Мұндай бір-біріңді жеп қоятын қасқыр сөз айтқан- нан, жалғыз өзің мың жылқы баққаның əлдеқайда рақат шығар. А н а р . Осы тойғаным да жетеді, өздерің іше беріңдер. Ж а н . Бұл сіз үшін ұлы жаңалық болды. Д у л а т . Тойған соң тоқтының еті топырақ татиды деген осы. А н а р . Енді сендермен сөйлессем, аузым қисайсын. (Тө- секке барып қайта жатады). Дулат пен Жан қызады. Д у л а т . Алтай қазақтарында бейуақытта от басында отырған адам шынын айтуы керек, – деген аталы сөз бар. Давайте, темірдің тотындай жаныңды жеп жүрген ойларды ортаға салып, ағымыздан жарылайық. Айталық, кейде, кей- де емес-ау, адамдар неге бір-бірін алдауға əуес, неге бірін- бірі бағынышты етуге əуес. Ж а н . Алдау бар жерде – ақиқат болмайды, əрине... Об- ломовшылар біздің арамызда əлі де бары рас. А н а р (басын көтеріп). Əне, от басында отыр ғой, мы- салды алыстан іздеудің қажеті жоқ. Ж а н (шамданып). Мүмкін, жылы бүркеніп жатқан шы- ғар. Обломовтың цивилизацияланған жаңа формасы. А н а р (күліп). Хорошо, мен – формасы, сен – содержа- ниесі. Д у л а т (киліге түседі). Ай-ай, Алматы жетпегендей, Алтайға келіп дауласпаңдаршы. Мен сендерге бір қызық ай- тайын. Біздің ауылда екі итке ас бөліп бере алмайтын Са- быр деген қойшының кассада он мың сом ақшасы бар. Ал үй іші болып, жиюлы тұрған төсек кірлеп, тозып қалады деп бір-бір тонға оранып жерге жата кетеді. Ал, не өздерінің, не балаларының үстінде жөні түзу киімі жоқ. Ауыз жарытып ас 46

ішкенін тағы көргенім жоқ. Тапқан-таянғанын Қарабайдай жинай береді, жинай береді, жинай береді. А н а р . Ондайлар қалада да бар. Ж а н (ыза болып). Осының бəрін несіне жиып-теріп сөз қылып отырсыңдар. Бүгінде бүкіл əлемнің тынысы отқа күй- ген терідей бырысып отырғанда – қайдағы бір ақша, атаққұ- марлық секілді көр-жерді сөз етесіңдер. Қазіргі ұлы шерулі жорықтың шаңын ғана жұтып қалатын ұсақ-түйек бұлар. А н а р . Бұл сенің «жыландарды көздің қарашығындай сақтайық» деген проблемалық мақалаңнан құндырақ шығар. (Шылым тартады). Айталық, əлемдегі үлкенді-кішілі оқи- ғаны ақшадан еш уақытта бөліп қарауға болмайды. Д у л а т . Ақша, атаққұмарлық, озбырлық пен даңқ де- гендерді – əлемдегі əлектен ешбір бөліп-жарып қарауға бол- майды деген пікірге қосыламын. Жасыратыны жоқ, осы күні кімнің сүйеушісі бар – сол бақытты, сол мықты. Ал, бірлі- жарым жақсылықтың өзі қарызға жасалатын секілді. Осы кезде қолында күрегі бар Бозтайлақ көрінеді. Жүзі сынық, əлденеге қапалы, қатулы. Əбден шаршаған сыңайда. А н а р (төсектен атыл тұрып). Шаршадыңыз ба, аға? Б о з т а й л а қ . Шаршадым, аиналайын. Немене əлі дау- ласып отырсыңдар ма? Бедеу сөзді безендіргеннен не түседі. Егер ұйқыларың келмесе, таңғы кештің қамын жасай бер- сеңдерші. Ж а н . Бозеке, мыналар айтады: «Жақсылық тек қарызға жасалады», – дейді, сол рас па? Б о з т а й л а қ . Əй, Жан-ай, екі жыл болды қыр соңым- нан қалмай сұрақ қойып келесің. Соныңнан бір нəрсе шықса дұрыс-ау. Қарызға болса да біреуге біреудің қол ұшын беріп, жақсылық жасағанына не жетсін... (ойланып) жақсылық дедіңдер-ау. Менің бір немере інім бар деп еститінмін. Со- ғыс кезінде балалар үйіне тапсырылып кетсе керек. Алдың- ғы жылы іздеу салып, соған ұқсайтын біреудің адресін тауып алдым. Тауып алсам да өзін əлі көргем жоқ, студент деген соң əр жылдың екі мезгілінде – Жеңіс күні мен ноябрьде 47

ақша салып тұрамын. Бірақ, кімнен екенін əлі айтқан емес- пін. Кейде ойлаймын, мен кімге жақсылық жасап жүрмін – мүмкін нағыз ұл шығар, мүмкін мені алдап жүрген нағыз ұры шығар... Əлде маған үш қайнаса сорпасы қосылмайтын бөтен біреу ме... Қалай болғанда да қасқырға емес, адамға жақсылық жасап жүргенім анық еді. Ал, оның өтеуін өмір бақида іздемеймін. А н а р (селк етіп, шошына). Ей, Жан... ты... Ж а н . Жап аузыңды! (Анарға тап береді де, тұрып қа- лады). Кешіріңіздер, мен қазір, мен қазір... Қызып қалсам керек. Шеткерірек сытылып шығады. Анар үндемеген қалпы тө- секке қайта беттейді. Дулат ештеңеден хабары жоқтай мыж- мыж болып отыр. А н а р . Кешіріңіз, аға, Жан, шынында да, масайып кет- кен секілді. (Тас бүркеніп жатып қалады). Д у л а т . Менің пірімсіз ғой, Боз-аға! (Құшақтайды). Шоқының басындағы тоқымдай бұлтты көрдіңіз бе, содан қорқамын. Осы қазір көшіп кетсек қайтеді? Б о з т а й л а қ (күле арқасынан қағып). Мастығыңа кө- рінсін, пір тұтқан ағаңды араққа айырбастап алмасаң болды. Ештеңе етпес, қараңғыда қайда барамыз. Ертең ерте тұра алсақ, сол да олжа. Сенделе бермей жатыңдар, ұйқыларың қанбайды. Д у л а т . Əйтеуір, мəңгі ұйықтайтын болған соң, қазір аз ұйықтаған лəзім ғой. Бозтайлақ киіз үйге кіріп кетеді. Дулат от басында шұл- ғауын кептіріп отыр. Анарда үн жоқ жатыр. Жан жалғыз өзі ойда отыр. Ж а н (өз-өзіне). Рас, осы кісі болмасын! Жақсы адам- дар жанымызда жүр деп қаншама рет айқайладым, қаншама рет күнгейлі өмір үшін күресіп жүрген адамдардың ар-на- мысын қорғап, Анармен айтысып, тартыстым. Бірақ, мен 48

олармен дауласып тұрғанда екінші бір ой жылтыңдап маза- лайтын: саған кім жақсылық жасады, сен кімге?.. Иə, мен білмеймін, біздің заманымыз тіпті де Анар ойлағандай бы- лығып жатпағанын, арамызда небір асқақ адам барын, олар- ды күн өткен сайын уақыт-төрешінің көрсетіп беретінін. Ал олардың жинап-теріп алған мысалдары тіпті де көкейкесті проблемалар емес, кең дүниедегі кемтарлықтың болмай тұр- майтыны секілді, ұлы көш шеруіне тосқауыл бола алмай- тын – уақ-түйектер. Əкелер рухы айтатын: «егер өзі ауру болса – бүкіл əлемді ауру деп, аяғын етігі қысқанға дүние- дегі жақсылықты тəрк ететін, қоғамның бар қол жеткен та- бысын таспен бастырып, ілеуде бір шаң беретін кем-кетікті тілге тиек ету – шын азаматтың пиғылы емес. Олармен ымы- раға келмей күресу керек...» Енді ғана білдім, менің мылжыңдаған мың сөзімнен Бозекеңнің үндемей, адал көңіл, ақ ниетпен жасаған бір ісі озық екен. Маған əр жылдың жеңіс күні ақша жолдайтын – білмеймін, көрмеген туысым осы кісі екеніне күмəнім қал- мады. Иə, иə, ол осы кісі! Қазір жүгіріп барып аяғына жы- ғылсам, шынымды айтсам ба екен жо-жоқ, ертең басқа жерге көшіп барған соң асықпай отырып айтып берейін. «Тасбұ- лақтың» адамды арам ниеттен арылтатын киесі бары рас- ау. Неге мен бұған дейін өзімнің кім жəне қайдан шығып, қайдан пайда болғанымды ой таразысына салмағанмын. Анардың, Аликтің, Қаражанның, Боз-ағам мен Дулаттың кім екені белгілі, ал жұртқа жұлқынып ақыл айтқыш өзім кім- мін? Жақсы мен жаманның, өлі мен тірінің екі ортасында бейтарап ғұмыр кешкен төменгі балкондағы интеллигенттің тірлігін қайталамас үшін не істеуім керек? Басын ұстап, төмен қарап отырған Жанның жанына тəлті- ректей басып Дулат келеді. Д у л а т . Ей, Жан, жүр, мынау төбенің басына шығайық. Егер осы төбенің басына шықсақ, анау ұшар басын аппақ бұлт тұмшалап жатқан Мұз тауы көрінеді. Əрине, кез кел- ген адамға емес – ешкімге қиянат жасамаған, ар-ожданы таза 49

адамға ғана бұлт қақ айырлады да, жарқ етіп ақ арудай дида- рын ашады. Ал, Мұз тауын көрген адам мəңгі бақытты өмір сүреді екен. Бозекең де, мен де жылда қараймыз, көз сатып, бірақ көрген емеспіз. Аппақ бұлт шөгеді де жатады... Жүр! (Жанның қолынан тартқылайды). Ж а н (орнынан тұрып). Олай болса, Анарды да ертіп алайық. Д у л а т (қолын бір сілтеп). Ой, ол қыз Мұз тауынсыз-ақ бақытты көрінеді ғой. Дулат Жанды құшақтаған күйі тауға тырмысады. Өзі да- рылдап өлең айтады. Дүние, қудым сені он жасымнан, Тартады денем ауыр қорғасыннан. Үстінен су төгілмес кербез кері, Танады ол да бір күн жорғасынан, ей-ей жорғасынан Мына таудың үстіне шықсақ, ойлаған мақсатымызға же- теміз. Бұл – мақсат тауы. Ж а н . Маған осы мақсат тауы барған сайын биіктеп бара жатқандай. Осының өзі əр ғасыр, əр жылда қырылған адам- дардың обасы емес пе? Д у л а т . Оттама! «Тасбұлақта» ешкімнің моласы жоқ! Екеуі тырмысып таудың басына шығады. Əбден шарша- ған. Буындары дір-дір етеді. Көз сата Мұз тауына ұзақ қарай- ды. Бірақ көрінбейді. Д у л а т . Көрінбейді. Бұлт басып жатыр. Биік мансап – биік жартас! Мен сенің үстіңде тұрмын. Ура! (Тауды тепкі- леп, айғайлайды). Ж а н (толқып). Не деген қажырлы да қайғылы адам де- ген! Д у л а т . Қажырлы болғандықтан да – қайғылы! – дейтін Бозағам. Келші, келші, достым, рақаттанып бір күлейік... Ха-ха-ха... (Тауды жаңғыртып күледі). 50


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook