Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Абай Құнанбаев Қара сөздер

Абай Құнанбаев Қара сөздер

Published by Aizat Kuanyshbek, 2022-11-13 14:18:29

Description: Абай Құнанбаев Қара сөздер

Search

Read the Text Version

АБАЙ ҚҦНАНБАЕВ ҚАРА СӨЗДЕР 1 Sauap.org

БІРІНШІ СӨЗ Бұл жасқа келгенше жақсы ҿткіздік пе, жаман ҿткіздік пе, ҽйтеуір бірталай ҿмірімізді ҿткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық — ҽурешілікті кҿре-кҿре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын кҿрдік, бҽрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған ҿмірімізді қайтып, не қылып ҿткіземіз? Соны таба алмай ҿзім де қайранмын. Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, кҿңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын! Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар ҿздеріне керегінше ҿздері бағар. Енді қартайғанда қызығын ҿзің түгел кҿре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған азғана ҿмірімді қор қылар жайым жоқ. Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сҿзін сҿйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым ҿзі — бір тез қартайтатұғын күйік. Сопылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не кҿңілде, не кҿрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған сопылық? Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мҽнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай қарекетке қосайын? Балаларымның ҿзіне ілгері ҿмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен кҿрерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым. Ақыры ойладым: осы ойыма келген нҽрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сҿз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, ҿз сҿзім ҿзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ. 2 Sauap.org

ЕКІНШІ СӨЗ Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты кҿрсе, күлуші еді: „енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тҽжік, Арқадан үй тҿбесіне саламын деп, қамыс артқан, бұтадан қорыққан, кҿз кҿргенде „ҽке-үке\" десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, „сарт-сұрт деген осы\" деп. Ноғайды кҿрсе, оны да боқтап күлуші еді: „түйеден қорыққан ноғай, атқа мінсе — шаршап, жаяу жүрсе — демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңші, түкке ыңғайы келмейді, солдат ноғай, қашқын ноғай, „башалшік1 ноғай\" деп. Орысқа да күлуші еді: „ауылды кҿрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс\" деп. Орыс ойына келгенін қылады деген... не айтса соған нанады, „ұзын құлақты тауып бер депті\" деп. Сонда мен ойлаушы едім: ей, құдай-ай, бізден басқа халықтың бҽрі антұрған, жаман келеді екен, ең тҽуір халық біз екенбіз деп, ҽлгі айтылмыш сҿздерді бір үлкен қызық кҿріп, қуанып күлуші едім. Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, шығармаған жемісі жоқ, саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. Ҿзіменен-ҿзі ҽуре болып, біріменен-бірі ешбір шаһары жауласпайды! Орысқа қарамай тұрғанда қазақтың ҿлісінің ақиреттігін2, тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды. Ҽке балаға қимайтұғын малыңды кірелеп сол айдап кетіп тұрды ғой. Орысқа қараған соң да, орыстың ҿнерлерін бізден олар кҿп үйреніп кетті. Үлкен байлар да, үлкен молдалар да, ептілік, қырмызылық, сыпайылық — бҽрі соларда. Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, қазаға да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды. Еңбек қылып, мал табудың да жҿнін солар біледі, салтанат, ҽсем де соларда. Оның малдыларына, құзғын тамағымыз үшін, біріміз жалшы, біріміз қош алушымыз. Біздің ең байымызды: „сҽнің шақшы3 аяғың білҽн пышыратырға қойған идҽн түгіл, шық, сасық қазақ\", — деп үйінен қуып шығарады. Оның бҽрі — бірін-бірі қуып қор болмай, шаруа қуып, ҿнер тауып, мал тауып, зор болғандық ҽсері. Орысқа айтар сҿз де жоқ, біз құлы, күңі құрлы да жоқпыз. Бағанағы мақтан, бағанағы қуанған, күлген сҿздеріміз қайда? 3 Sauap.org

ҤШІНШІ СӨЗ Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының, рас сҿзі аз болатұғынының, қызметке таласқыш болатұғынының, ҿздерінің жалқау болатұғынының себебі не? һҽмма ғаламға белгілі данышпандар ҽлдеқашан байқаған: ҽрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; ҽрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді; ҽрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді; ҽрбір ақылсыз надан арсыз келеді; ҽрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, ҿзі тойымсыз, ҿнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады. Мұның бҽрі тҿрт аяқты малды кҿбейтеміннен басқа, ойының жоқтығынан, ҿзге егін, сауда, ҿнер, ғылым — солар секілді нҽрселерге салынса, бұлай болмас еді. Ҽрбір мал іздеген малым кҿп болса, ҿзімдікі де, балаларым да малды болса екен дейді. Ол мал кҿбейсе, малшыларға бақтырмақ, ҿздері етке, қымызға тойып, сұлуды жайлап, жүйрікті байлап отырмақ. Қыстауы тарлық қылса, арызы жеткендік, сыйы ҿткендік, байлық қызметінен біреудің қыстауын сатып алмақ, ептеп алмақ, тартып алмақ. Ол қыстауынан айырылған жҽне біреуге тиіспек, я болмаса орынсыздығынан елден кетпек — ҽр қазақтың ойы осы. Осылар біріне-бірі достық ойлай ала ма? Кедей кҿп болса, ақысы кем болар еді, малдан айырылғандар кҿбейсе, қыстауы босар еді деп, мен ананы кедей болса екен деп, ол мені кедей болса екен деп, ҽуелде ішімізбен қас сағындық. Ҽрі-беріден соң сыртымызға шықты, жауластық, дауластық, партияластық. Осындай қастарға сҿзім ҿтімді болсын жҽне де ептеп мал жиюға күшім жетімді болсын деп, қызметке болыстық, билікке таластық. Сонан соң не момынның баласы бҿтен жаққа шығып, еңбек қылып, мал іздемейді, егін, сауданың керегі жоқ болады. Ҿз басын ҿзі осындай таласпенен кісі кҿбейтеміз деп партия жиғандардың бүгін біреуіне, ертең біреуіне кезекпен сатады да жүреді. Ұрылар тыйылмайды. Ел тыныш болса, оның ұрлығын ешкім сүйемес еді. Ел екі жар болған соң, кім ант ішіп ақтап, арамдығын жақтап, сүйеймін десе, соған жақ болып сүйеніп, бұрынғыдан ұрлығын ҽлденеше есе асырады. Елдегі жақсы адамдардың бҽрінің үстінен бекер, ҿтірік „шапты, талады\" деген ҽр түрлі уголовный4 іс кҿрсетіп, арыз береді. Оған дознание5 — тергеу шығарады. Ҿтірік кҿрмегенін кҿрдім деуші куҽлар да ҽлдеқашан дайындап қойылған, бағанағы жақсы адам сайлауға жарамасы үшін. Ол адам басын құтқармақ үшін жамандарға жалынса, оның да адамдығының кеткені, егер жалынбаса, тергеулі, сотты адам болып, ешбір қызметке жарамай, басы қатерге түсіп ҿткені. Ол болыс болғандар ҿзі қулық, арамдықпенен болыстыққа жеткен соң, момынды қадірлемейді, ҿзіндей арам, қуларды қадірлейді, ҿзіме дос болып, жҽрдемі тиеді деп, егер қас болса, бір түрлі ҿзіме де залал жасауға қолынан келеді деп. 4 Sauap.org

Осы күнде қазақ ішінде „ісі білмес, кісі білер\" деген мақал шықты. Оның мҽнісі: „ісіңнің түзулігінен жетпессің, кісіңнің амалшы, айлалылығынан жетерсің\" деген сҿз. Үш жылға болыс сайланады. Ҽуелгі жылы „Сені біз сайламадық па?\" деп елдің бұлданғандығымен күні ҿтеді. Екінші жылы кандидатпенен аңдысып күні ҿтеді. Үшінші жылы сайлауға жақындап қалып, тағы болыс болып қалуға болар ма екен деп күні етеді. Енді несі қалды? Осы қазақ халқының осындай бұзықшылыққа тартып, жылдан-жылға тҿмендеп бара жатқанын кҿрген соң, менің ойыма келеді: Халықтың болыстыққа сайлаймын деген кісісі пҽлен қадҽрлі орысша образование6 алған кісі болсын. Егер де орталарыңда ондай кісісі жоқ болса, яки бар болса да сайламаса, уезный начальник пенен военный губернатордың назначениесімен7 болады десе, бұл халыққа бек пайдалы болар еді. Оның себебі: ҽуелі — қызметқұмар қазақ балаларына образование беруге ол да — пайдалы іс, екінші — назначениемен болған болыстар халыққа міндетті болмас еді, ұлықтарға міндетті болар еді. Уҽ жҽне назначение қылғанда тергеуі, сұрауы барлығына қарамаса ҿтірік арыз берушілер азаяр еді, бҽлки жоғалар еді. Уҽ жҽне ҽрбір болыс елде старшина басы бір би сайланғандық, бұл халыққа кҿп залал болғандығы кҿрініп, сыналып білінді. Бұл билік деген біздің қазақ ішінде ҽрбір сайланған кісінің қолынан келмейді. Бұған бұрынғы „Қасым ханның қасқа жолын, Есім ханның ескі жолын\", Ҽз Тҽуке ханның Күлтҿбенің басындағы күнде кеңес болғанда „Жеті жарғысын\"8 білмек керек. Ҽм, ол ескі сҿздердің қайсысы заман ҿзгергендікпенен ескіріп, бұл жаңа заманға келіспейтұғын болса, оның орнына татымды толық билік шығарып, тҿлеу саларға жарарлық кісі болса керек еді, ондай кісі аз, яки тіпті жоқ. Бұрынғы қазақ жайын жақсы білген адамдар айтыпты: „Би екеу болса, дау тҿртеу болады\" деп. Оның мҽнісі — тақ болмаса, жұп билер таласып, дау кҿбейте береді дегенмен айтылған сҿз. Ҿйтіп би кҿбейткенше, ҽрбір болыс елден толымды-білімді үш-ақ кісі билікке жыл кесілмей сайланса, олар түссе — жаманшылығы ҽшкере білінгендікпенен түссе, ҽйтпесе түспесе. Ол билерге даугер адамдар қалмай, екеуі екі кісіні билікке таңдап алып, үстіне біреуді посредникке9 сайлап алып, біте берсе; егер оған да ынтымақтаса алмаса, бағанағы үш бидің біреуін алып, яки жеребемен сайлап алып жүгінсе, сонда дау ұзамай, бітім болар еді. 5 Sauap.org

ТӨРТІНШІ СӨЗ Ҽрбір байқаған адам білсе керек: күлкі ҿзі бір мастық екенін, ҽрбір мас кісіден ғафил10 кҿп ҿтетұғынын да, ҽрбір мастың сҿйлеген кезінде бас ауыртатұғынын. Бұлай болғанда, күлкіге салынған кісі не шаруадан, не ақылдан, не бір ұят келерлік істен құр, ғафил кҿп ҿткізіп отырса керек. Осындай ғафилдік кҿп ҿткізіп, ҿлмеген кісінің не дүниеде, не ақиретте11 басы бір ауырмай қалмаса керек. Ҽрбір уайым-қайғы ойлағыш кісі не дүние шаруасына, не ақирет шаруасына ҿзгеден жинақырақ болса керек. Ҽрбір жинақылықтың түбі кҽніш12 болса керек. Енді олай болғанда, үнемі уайым-қайғыменен жүре аламыз ба? Үнемі күлмей жүруге жан шыдай ма екен? Жоқ, мен үнемі уайым-қайғыменен бол демеймін. Уайым-қайғысыздығыңа уайым-қайғы қыл дағы, сол уайым-қайғысыздықтан құтыларлық орынды қарекет13 табу керек һҽм қылу керек. Ҽрбір орынды қарекет ҿзі де уайым-қайғыны азайтады, орынсыз күлкіменен азайтпа, орынды қарекетпен азайт! Шығар есігін таба алмай, уайым-қайғының ішіне кіріп алып, қамалып қалмақ, ол ҿзі де — бір антұрғандық. Жҽне ҽрбір жаман кісінің қылығына күлсең, оған рақаттанып күлме, ыза болғаныңнан күл, ызалы күлкі — ҿзі де қайғы. Ондай күлкіге үнемі ҿзің де салынбассың, ҽрбір жақсы адамның жақсылық тапқанына рақаттанып күлсең, оның жақсылықты жақсылығынан тапқандығын ғибрат кҿріп күл. Ҽрбір ғибрат14 алмақтың ҿзі де мастыққа жібермей, уақытымен тоқтатады. Кҿп күлкінің бҽрін де мақтағаным жоқ, оның ішінде бір күлкі бар-ау, құдай жаратқан орныменен іштен, кҿкіректен, жүректен келмейді, қолдан жасап, сыртыменен бет-аузын түзеп, бай-бай күлкінің ҽнін сҽндеп, ҽдемішілік үшін күлетін бояма күлкі. Адам баласы жылап туады, кейіп ҿледі. Екі ортада, бұ дүниенің рақатының қайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл ҿмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп еткізеді де, таусылған күнде бір күндік ҿмірді бар малына сатып алуға таба алмайды. Қулық саумақ, кҿз сүзіп, тіленіп, адам саумақ — ҿнерсіз иттің ісі. Ҽуелі құдайға сиынып, екінші ҿз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды. 6 Sauap.org

БЕСІНШІ СӨЗ Кҿкірек толған қайғы кісінің ҿзіне де билетпейді, бойды шымырлатып, буынды құртып, я кҿзден жас болып ағады, я тілден сҿз болып ағады. Қазақтар: „Ҽ, құдай, жас баладай қайғысыз қыла гҿр!\" деп тілек тілегенін ҿзім кҿрдім. Онысы – жас баладан гҿрі ҿзі есті кісі болып, ескермес нҽрсесі жоқсып, қайғылы кісі болғансығаны. Қайғысы не десең, мақалдарынан танырсың: ҽуелі — „Түстік ҿмірің болса, күндік мал жи\", „Ҿзіңде жоқ болса, ҽкең де жат\", „Мал — адамның бауыр еті\", „Малдының беті — жарық, малсыздың беті — шарық\", „Ер азығы мен бҿрі азығы жолда\", „Ердің малы елде, еріккенде қолда\", „Берген перде бұзар\", „Алаған қолым — береген\", „Мал тапқан ердің жазығы жоқ\", „Байдан үмітсіз — құдайдан үмітсіз\", „Қарның ашса, қаралы үйге шап\", „Қайраны жоқ кҿлден без, қайыры жоқ елден без\" деген осындай сҿздері кҿп, есепсіз толып жатыр. Бұл мақалдардан не шықты? Мағлұм15 болды: қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, ҽділет үшін қам жемейді екен, мал үшін қам жейді екен, бірақ ол малды қалайша табуды білмейді екен, бар білгені малдыларды алдап алмақ яки мақтап алмақ екен, бермесе оныменен жауласпақ екен. Малды болса, ҽкесін жаулауды да ұят кҿрмейді екен. Ҽйтеуір ұрлық, қулық- сұмдық, тіленшілік, соған ұқсаған қылықтың қайсысын болса да қылып жүріп, мал тапса, жазалы демесек керек екен. Бұлардың жас баланың ақылынан несі артық? Бірақ, жас бала қызыл ошақтан қорқушы еді, бұлар тозақтан да қорықпайды екен. Жас бала ұялса, жерге ене жаздаушы еді, бұлар неден болса да ұялмайды екен. Сол ма артылғаны? Қолымыздағыны үлестіріп талатпасақ, біз де ҿзіндей болмасақ, безеді екен. Іздеген еліміз сол ма? 7 Sauap.org

АЛТЫНШЫ СӨЗ Қазақтың бір мақалы: „Ҿнер алды – бірлік, ырыс алды – тірлік\" дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады – білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік аты – ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дҽулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Жоқ, бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады! Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бірлік қылса керек, сонда ҽркім несібесін құдайдан тілейді, ҽйтпесе құдайдан тілемейді, шаруа іздемейді. Ҽуелі біріне-бірі пҽле іздейді. Не түсін, не ажарын, не ҿкпесін бұлдап, ол болмаса, бір пҽле салып, қорғалатып, ҽйтеуір бірін-бірі алдаудың амалын іздеседі. Мұның қай жерінен бірлік шықты? „Ырыс алды — тірлік\" дейді, ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тірлік итте де бар. Ондай тірлікті қымбат кҿріп, бұлдаған адам ҿлімді жау кҿріп, ақиретке дұшпан болады. Жанын қорғалатып, жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде ҽлгі айтылған ырысқа дұшпан болады. Ол айтқан тірлік олар емес. Кҿкірегі, кҿңілі тірі болса, соны айтады. Ҿзің тірі болсаң да, кҿкірегің ҿлі болса, ақыл табуға сҿз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың. Кеселді жалқау, қылжақбас, Ҽзір тамақ, ҽзір ас, Сыртың — пысық, ішің — нас, Артын ойлап ұялмас, – болып жүріп, тірімін деме, онан да Алла жіберген ақ бұйрықты ҿлімнің ҿзі артық. 8 Sauap.org

ЖЕТІНШІ СӨЗ Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі — ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар – тҽннің құмары, бұлар болмаса, тҽн жанға қонақ үй бола алмайды. Һҽм ҿзі ҿспейді, қуат таппайды. Біреуі – білсем екен демеклік. Не кҿрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дҽмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, „ол немене?\" „бұл немене?\" деп, „ол неге үйтеді?\", „бұл неге бүйтеді?\" деп, кҿзі кҿрген, құлағы естігеннің бҽрін сұрап, тыныштық кҿрмейді. Мұның бҽрі — жан құмары, білсем екен, кҿрсем екен, үйренсем екен деген. Дүниенің кҿрінген һҽм кҿрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Ҽзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол ҽсерін кҿрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі „бұл немене, ол немене?\" деп, бір нҽрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақта есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз? Сол ҿрістетіп, ҿрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды кҿбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тҽннен жан артық еді, тҽнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды тҽнге бас ұрғыздық, ешнҽрсеге кҿңілменен қарамадық, кҿзбен де жақсы қарамадық, кҿңіл айтып тұрса, сенбедік. Кҿзбен кҿрген нҽрсенің де сыртын кҿргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп кҿңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: „Ой, тҽңірі-ай, кімнен кім артық дейсің!\" – дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз. Кҿкіректе сҽуле жоқ, кҿңілде сенім жоқ. Құр кҿзбенен кҿрген біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта, бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, ҿлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз. 9 Sauap.org

СЕГІЗІНШІ СӨЗ Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды? Біреу — болыс, біреу — би. Олардың ақыл үйренейін, насихат тыңдайын деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес еді. Олар ҿздері де үздік кісіміз, ҿздеріміз біреуге үлгі беріп, ақыл айтарлықпыз деп сайланды. Ҿздері түзеліп жеткен, енді елді түзерлігі-ақ қалған. Ол не қылып тыңдасын жҽне тыңдайын десе де, қолы тие ме? Басында ҿзіндік жұмысы бар: ұлығымызға жазалы болып қаламыз ба, елдегі бұзақыларымызды бүлдіріп аламыз ба, немесе халқымызды бүлдіріп аламыз ба, яки ҿзіміз шығындап, шығынымызды толтыра алмай қаламыз ба? – деген ебіне қарай біреуді жетілтейін деп, біреуді құтылтайын деген бейнетінің бҽрі басында, қолы тимейді. Байлар, олар ҿздері де бір күн болса да, дҽулет қонып, дүниенің жарымы басында тұр. Ҿзіңде жоқты малыменен сатып алады. Кҿңілдері кҿкте, кҿздері аспанда, адалдық, адамдық, ақыл, ғылым, білім – ешнҽрсе малдан қымбат демейді, Мал болса, құдай тағаланы да паралап алса болады дейді. Оның діні, құдайы, халқы, жұрты, білімі, ұяты, ары, жақыны – бҽрі мал. Сҿзді қайтіп ұқсын, ұғайын десе де, қолы тие ме? Ол малды суармақ, тойғызбақ; саудасын жиғызбақ, күзеттірмек, бақтырмақ, ұры-бҿрі, қыс, суық-сұғанақ – солардан сақтанбақ, солардан сақтарлық кісі таппақ; Оның бҽрін жайғастырып, аяғын алып келіп мақтанға орналастырғанша қашан? Қолы тимейді. Енді ұры- залым, сұм-сұрқия ҿздері де тыңдамайды. Онша-мұнша қой жүнді қоңыршалар күнін де кҿре алмай жүр. Аналар анадай болып тұрғанда, білім, ғылым, ақылды не қылсын? Жҽне де білім, ғылым кедейге керегі жоқтай-ақ: „Бізді не қыласың, ана сҿзді ұғарлықтарға айт!\" дейді. Оның ҿзгеменен ісі жоқ, ана алдындағы үшеуіндей болған жанның ойында ешбір қайғысы, мұңы болмаса керек. 10 Sauap.org

ТОҒЫЗЫНШЫ СӨЗ Осы мен ҿзім – қазақпын. Қазақты жақсы кҿрем бе, жек кҿрем бе? Егер жақсы кҿрсем, қылықтарын қостасам керек еді. Уҽ ҽрнешік бойларынан адам жақсы кҿрерлік, кҿңілге тиянақ қыларлық бір нҽрсе тапсам керек еді. Соны не үміт үзбестікке, не онысы болмаса, мұнысы бар ғой деп, кҿңілге қуат қылуға жаратсам керек еді, ондайым жоқ. Егер жек кҿрсем, сҿйлеспесем, мҽжілістес, сырлас, кеңестес болмасам керек еді, тобына бармай, „не қылды, не болды?\" демей жату керек еді, ол мүмкін болмаса, бұлардың ортасынан кҿшіп кету керек еді. Бұларды жҿндеймін деуге, жҿнделер, үйренер деген үмітім де жоқ. Бұлардың бірі де жоқ. Бұл қалай? Бұл айтқанның бірін тұтпай болмас еді. Мен ҿзім тірі болсам да, анық тірі де емеспін. Ҽншейін осылардың ызасынан ба, ҿзіме-ҿзім ыза болғанымнан ба, яки бҿтен бір себептен бе? – еш білмеймін. Сыртым сау болса 6-7 да, ішім ҿліп қалыпты. Ашулансам, ызалана алмаймын. Күлсем, қуана алмаймын, сҿйлегенім ҿз сҿзім емес, күлгенім ҿз күлкім емес, бҽрі де ҽлдекімдікі. Қайратты күнімде қазақты қиып бҿтен жаққа кетпек түгіл, ҿзін жақсы кҿріп, үміт етіп жүріппін. Қашан ҽбден біліп, үмітімді үзген кезде, ҿзге жаққа барып, жатты ҿз қылып, үйір боларлық қайрат, жалын сҿніп те қалған екен. Сол себептен бір жүрген қуыс кеудемін. Тегінде ойлаймын: бұ да жақсы, ҿлер кезде „ҽттегене-ай, сондай-сондай қызықтарым қалды-ау!\" деп қайғылы болмай, алдыңғы тілеу болмаса, артқа алаң болмай ҿлуге. 11 Sauap.org

ОНЫНШЫ СӨЗ Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Ҿлсем орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын дейді. Осыдан басқасы бар ма? Балам орнымды бассын демек не сҿз? Ҿзіңнен қалған дүние иесіз қалар дейсің бе? Қалған дүниенің қамын сен жемек пе едің? Ҿліп бара жатқанда ҿзгеден қызғанып айтқаның ба? Ҿзгеге қимайтұғын сенің не қылған артықша орның бар еді? Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік, не түрлі боларын біліп сұрадың? Дүниеде ҿзіңнің кҿрген қорлығың аз болды ма? Ҿзіңнің қылған иттігің аз болды ма? Енді бір бала туғызып, оны да ит қылуға, оған да қорлық кҿрсетуге мұнша неге құмар болдың? Артымнан балам құран оқысын десең, тірлікте ҿзіңнің жақсылық қылған кісің кҿп болса, кім құран оқымайды? Егер жаманшылықты кҿп қылған болсаң, балаңның оқыған құраны сені неге жеткізеді? Тірлікте ҿзіңе-ҿзің қылмаған істі, ҿлген соң саған балаң кҽсіп қылып бере ала ма? Ақирет үшін бала тілегенің – балам жасында ҿлсін дегенің. Егерде ержетсін десең, ҿзі ержетіп, ата-анасын тұзақтан құтқарарлық бала қазақтан туа ма екен? Ондай баланы сендей ҽке, сенің еліңдей ел асырап ҿсірмек пе екен? Қартайғанда асырасын десең, о да – бір бос сҿз. Ҽуелі – ҿзің қаруың қайтарлық қартаюға жетемісің, жоқ па? Екінші – балаң мейірімді болып, асырарлық болып туа ма, жоқ па? Үшінші – малың болса, кім асырамайды? Малың жоқ болса, қай асырау толымды болады? Баланың мал табарлық болары, мал шашарлық болары – ол да екіталай. Хош, құдай тағала бала берді, оны ҿзің жақсы асырай білесің бе? Білмейсің. Ҽуелі ҿз күнҽңді ҿзің кҿтергеніңмен тұрмай, балаңның күнҽсіне тағы да ортақ боласың. Ҽуелі балаңды ҿзің алдайсың: „Ҽне, оны берем, міне, мұны берем\" деп. Басында балаңды алдағаныңа бір мҽз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен кҿресің? „Боқта!\" деп, біреуді боқтатып, „кҽпір – қияңқы, осыған тимеңдерші!\" деп, оны мазаттандырып, ҽбден тентектікке үйретіп қойып, сабаққа бергенде, молданың ең арзанын іздеп, хат таныса болады деп, қу, сұм бол деп, „пҽленшенің баласы сені сыртыңнан сатып кетеді\" деп, тірі жанға сендірмей жат мінез қылып, осы ма берген тҽлімің? Осы баладан қайыр күтесің бе? Жҽне мал тілейсіңдер, неге керек қылайын деп тілейсіңдер? Ҽуелі, құдайдан тілеймісің? Тілейсің. Құдай берді, бергенін алмайсың. Құдай тағала саған еңбек қылып мал табарлық қуат берді. Ол қуатты адал кҽсіп қыларлық орынға жұмсаймысың. Жұмсамайсың. Ол қуатты орнын тауып сарп қыларды білерлік ғылым берді, оны оқымайсың. Ол ғылымды оқыса, ұғарлық ақыл берді, қайда жібергеніңді кім біледі?.. Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды? Оның саған керегі жоқ. Сенікі — 12 Sauap.org

біреуден қорқытып алсаң, біреуден жалынып алсаң, біреуден алдап алсаң болғаны, іздегенің – сол. Бұл – құдайдан тілеген емес. Бұл – абройын, арын сатып, адам жаулағандық, тіленшілік. Хош, сҿйтіп жүріп-ақ мал таптың, байыдың. Сол малды сарп қылып, ғылым табу керек. Ҿзің таба алмасаң, балаң тапсын. Ғылымсыз ақирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат16 орнына бармайды. Ешбір қазақ кҿрмедім, малды иттікпен тапса да, адамшылықпен жұмсаған. Бҽрі де иттікпен табады, иттікпен айрылады. Бейнет, күйігі, ызасы – сол үшеуінен басқа ешнҽрсе бойында қалмайды. Барында баймын деп мақтанады. Жоғында „маған да баяғыда мал бітіп еді\" деп мақтанады. Кедей болған соң, тағы қайыршылыққа түседі. 13 Sauap.org

ОН БІРІНШІ СӨЗ Осы елдің үнем қылып жүргені немене? Екі нҽрсе. Ҽуелі ұрлық, ұры ұрлықпен мал табам деп жүр. Мал иесі артылтып алып, тағы да байимын деп жүр. Ұлықтар алып берем деп, даугерді жеп, құтқарам деп ұрыны жеп жүр. Қарапайым жұрт ұрлық айтып мал алам деп ұрыға атымды сатып пайдаланам деп, не ҿткізбесін арзанға түсіріп алам деп жүр. Екінші – бұзақылар біреудің ойында жоқ пҽлені ойына салып, бүйтсең бек боласың, бүйтсең кҿп боласың, бүйтсең кек аласың, мықты атанасың деп, ауқаттыларды азғырғалы ҽлек болып жүр. Кім азса, мен соған керек боламын деп, к... н қыздырып алып, ҿзін бір ғана азық қылайын деп жүр. Ұлықтар пҽлі-пҽлі, бұл табылған ақыл деп, мен сені бүйтіп сүйеймін деп, ананы жеп, сені бүйтіп сүйеймін деп, мынаны жеп жүр. Қара халық менің сонша үйім бар, сонша ауыл-аймағыммен сойылыңды соғайын, дауыңды айтайын деп, қай кҿп бергенге партиялас боламын деп, құдайға жазып, жатпай-тұрмай салып жүріп басын, ауылын, қатын-баласын сатып жүр. Осы бір ұры, бұзақы жоғалса, жұртқа ой да түсер еді, шаруа да қылар еді. Бай барын бағып, кедей жоғын іздеп, ел секілденіп талапқа, тілеуге кірісер еді. Енді жұрттың бҽрі осы екі бүлік іске ортақ, мұны кім түзейді? Анттың, серттің, адалдықтың, ұяттың бір тоқтаусыз кеткені ме? Ұрыны тыю да оңай болар еді, бірақ осы бұзақының тіліне еретұғын, азатұғын байларды кім тыяды? 14 Sauap.org

ОН ЕКІНШІ СӨЗ Кімде-кім жақсы-жаман ғибадат қылып жүрсе, оны ол ғибадаттан тыюға аузымыз бармайды, ҽйтеуір жақсылыққа қылған ниеттің жамандығы жоқ қой дейміз. Лҽкин17, сондай адамдар толымды ғибадатқа ғылымы жетпесе де, қылса екен. Бірақ оның екі шарты бар, соны білсе екен. Ҽуелі — иманның иғтиқадын18 махкемлемек19 керек, екінші үйреніп жеткенше осы да болады ғой демей, үйрене берсе керек. Кімде-кім үйреніп жетпей жатып, үйренгенін қойса, оны құдай ұрды, ғибадаты ғибадат болмайды. Уа-лҽкин20, кімде-кім иманның неше нҽрсе бірлҽн кҽмҽлҽт21 табатұғынын білмей, қанша жерден бұзылатұғынын білмей, басына шалма орап, бірҽдар атын кҿтеріп, оразашыл, намазшыл болып жүргені – кҿңілге қалың бермей тұрып, жыртысын салғанға ұқсайды. Күзетшісіз, ескерусіз иман тұрмайды, ықыласыменен ҿзін-ҿзі аңдып, шын діни шыншылдап жаны ашып тұрмаса, салғырттың иманы бар деп болмайды. 15 Sauap.org

ОН ҤШІНШІ СӨЗ Иман деген – Алла табарака уа тағаланың22 шҽриксиз23, ғайыпсыз, бірлігіне барлығына уа ҽр түрлі бізге пайғамбарымыз саллалаһу ғалайһи уҽсҽллҽм24 арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойын ұсынып, инанмақ. Енді бұл иман дерлік инануға екі түрлі нҽрсе керек. Ҽуелі – не нҽрсеге иман келтірсе, соның хақтығына ақылы бірлҽн дҽлел жүргізерлік болып, ақылы дҽлел – испат25қыларға жараса, мұны якини иман26 десе керек. Екіншісі – кітаптан оқу бірлҽн яки молдалардан есіу бірлҽн иман келтіріп, сол иман келтірген нҽрсесіне соншалық берік боларға керек. Біреу ҿлтіремін деп қорқытса да, мың кісі мың түрлі іс кҿрсетсе де, соған айнып, кҿңілі қозғалмастай берік болу керек. Бұл иманды иман таклиди27 дейміз. Енді мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас кҿңіл, босанбас буын керек екен. Якини иманы бар деуге ғылымы жоқ, таклиди иманы бар деуге беріктігі жоқ, я алдағанға, я азғырғанға, я бір пайдаланғанға қарап, ақты қара деп, я қараны ақ деп, ҿтірікті шын деп ант ететұғын кісіні не дейміз? Құдай тағала ҿзі сақтасын. Ҽрнешік білмек керек, жоғарғы жазылмыш екі түрліден басқа иман жоқ. Иманға қарсы келерлік орында ешбір пенде құдай тағала кеңшілігімен кешеді дағы демесін, оның үшін құдай тағаланың ғафуына28 яки пайғамбарымыздың шафағатына29 да сыймайды, мүмкін де емес. „Қылыш үстінде серт жоқ\" деген, „құдай тағаланың кешпес күнҽсы жоқ\" деген жалған мақалды қуат кҿрген мұндай пенденің жүзі құрсын. 16 Sauap.org

ОН ТӨРТІНШІ СӨЗ Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені — батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды. Рақымдылық, мейірбандылық, ҽр түрлі істе адам баласын ҿз бауырым деп, ҿзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар – жүрек ісі. Асықтық та – жүректің ісі. Тіл жүректің айтқанына кҿнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады. Қазақтың „жүректісі\" мақтауға сыймайды. Айтқанға кҿнгіш, уағдада тұрғыш, бойын жаманшылықтан тез жиып алғыш, кҿштің соңынан итше ере бермей, адасқан кҿптен атының басын бұрып алуға жараған, ҽділетті ақыл мойындаған нҽрсеге, қиын да болса, мойындау, ҽділетті ақыл мойындамаған нҽрсеге, оңай да болса, мойындамау — ерлік, батырлық осы болмаса, қазақтың айтқан батыры – ҽншейін жүректі емес, қасқыр жүректі деген сҿз. Қазақ та адам баласы ғой, кҿбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сҿзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылық тың жоқтығынан азады. Білместігімнен қылдым дегеннің кҿбіне нанбаймын. Білімді білсе де, арсыз, қайратсыздығынан ескермей, ұстамай кетеді. Жаманшылыққа бір елігіп кеткен соң, бойын жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады. Осы жұрттың кҿбінің айтып жүрген мықты жігіт, ер жігіт, пысық жігіт деп ат қойып жүрген кісілерінің бҽрі – пҽлеге, жаманшылыққа еліртпек үшін, бірін- бірі „айда, батырлап!\" қыздырып алады да, артын ойлатпай, азғыратұғын сҿздері. Ҽйтпесе құдайға терістіктен, не ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі, үнемі аманшылыққа, мақтанға салынып, ҿз бойын ҿзі бір тексермей кеткен кісі, тҽуір жігіт түгіл, ҽуелі адам ба ҿзі? 17 Sauap.org

ОН БЕСІНШІ СӨЗ Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын кҿрдім. Ҽуелі – пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нҽрсені қызық кҿрмей жүре алмайды. Сол қызықты нҽрсесін іздеген кезі ҿмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады. Сонда есті адам, орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен дағы, күнінде айтса құлақ, ойланса кҿңіл сүйсінгендей болады екен. Оған бұл ҿткен ҿмірдің ҿкініші де жоқ болады екен. Есер кісі орнын таппай, не болса сол бір баянсыз, бағасыз нҽрсеге қызығып, құмар болып, ҿмірінің қызықты, қымбатты шағын ит қорлықпен ҿткізіп алады екен дағы, күнінде ҿкінгені пайда болмайды екен. Жастықта бұл қызықтан соң жҽне бір қызық тауып алатын кісімсіп, жастығы тозбастай, буыны босамастай кҿріп жүріп, бірер қызықты қуғанда-ақ мойны қатып, буыны құрып, екінші талапқа қайрат қылуға жарамай қалады екен. Үшінші – ҽрбір нҽрсеге қызықпақтық. Ол ҿзі бойға құмарлық пайда қылатын нҽрсе екен. Ҽрбір құмарлық ҿзіне бір дерт болады екен, ҽр түрлі құмар болған нҽрсеге жеткенде, яки ҽне-міне, жетер-жетпес болып жүргенде, бір түрлі мастық пайда болады екен. Ҽрбір мастық бойдан оғатты кҿп шығарып, ақылдың кҿзін байлап, тҿңіректегі қараушылардың кҿзін ашып, „ананы-мынаны\" дегізіп, бойды сынататұғын нҽрсе екен. Сол уақытта есті кісілер үлкен есі шықпай, ақылды қолдан жібермей, бойын сынатпай жүріп ізденеді екен. Есер кісілер ер- тоқымын тастап, бҿркі түсіп қалып, етегі атының к...н жауып кетіп, екі кҿзі аспанда, жынды кісіше шаба беруді біледі екен, соны кҿрдім. Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мҽртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, ҿзіңнен ҿзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі ҿмірді қалай ҿткіздің екен, не білімге, не ақиретке, не дүниеге жарамды, күнінде ҿзің ҿкінбестей қылықпен ҿткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып ҿткізгеніңді ҿзің де білмей қалыппысың? 18 Sauap.org

ОН АЛТЫНШЫ СӨЗ Қазақ құлшылығым құдайға лайық болса екен деп қам жемейді. Тек жұрт қылғанды біз де қылып, жығылып, тұрып жүрсек болғаны дейді. Саудагер несиесін жия келгенде, „тапқаным осы, біттім деп, алсаң – ал, ҽйтпесе саған бола жерден мал қазам ба?\" дейтұғыны болушы еді ғой. Құдай тағаланы дҽл сол саудагердей қыламын дейді. Тілін жаттықтырып, дінін тазартып, ойланып, үйреніп ҽлек болмайды. „Білгенім осы, енді қартайғанда қайдан үйрене аламын\" дейді. „Оқымадың демесе болады дағы, тілімнің келмегенін қайтушы еді\" дейді. Оның тілі ҿзге жұрттан бҿлекше жаратылып па? 19 Sauap.org

ОН ЖЕТІНШІ СӨЗ Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі ҿнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: Ей, ғылым, ҿзің де білесің ғой, дүниеде ешнҽрсе менсіз кҽмелетке жетпейтұғынын ҽуелі, ҿзіңді білуге, ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей- жалықпай орнына келтірмек те – менің ісім. Дүниеге лайықты ҿнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нҽрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнҽкҽрліктен, кҿрсеқызар жеңілдіктен, нҽфсі30 шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады? – депті. Ақыл айтыпты: Не дүниеге, не ақиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын — мен, сенің сҿзіңді ұғатұғын – мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз ҿздері неге жарайды?— депті. Онан соң жүрек айтыпты: Мен – адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ тҿсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге тҿсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жайы қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, тҿсегінде дҿңбекшітетұғын – мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын – мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын – мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын – мен, ҽділет, ынсап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нҽрселердің бҽрі менен шығады, менсіз осылардың кҿрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады? – депті. Сонда ғылым бұл үшеуінің сҿзін тыңдап болып, айтыпты: —Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бҽрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да кҿп ҿнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнҽрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман,— депті. —Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бҽрі де рас. Сенсіз ешнҽрсе табылмайтұғыны да рас. Жаратқан тҽңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да – бҽрі сенен шығады. Жақсының, жаманның екеуінің де – сүйенгені, сенгені – сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман, – депті. – Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ – менің ісім, – депті. – Бірақ сонда билеуші, ҽмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың кҿп, жүрек сенің ол кҿп қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Кҿнбек 20 Sauap.org

түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады. — Қайрат, сенің қаруың кҿп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бҽрін де жүрекке билет,— деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен.— Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы кҿзге сүртерлік қасиетті адам — сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа ҽрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы,— депті. 21 Sauap.org

ОН СЕГІЗІНІШ СӨЗ Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һҽм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек — дұрыс іс. Лҽкин ҿз дҽулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да, кҿңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ — кербездің ісі. Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі бет-пішінін, мұртын, мүшесін, жүрісін, қас-қабағын қолдан түзетіп, шынтағын кҿтеріп, қолын тарақтап ҽуре болмақ. Біреуі атын, киімін „айран ішерім\" деп, солардың арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атанбаққа, ҿзінен ілгерілерге елеулі болып, ҿзі қатардағының ішін күйдіріп, ҿзінен кейінгілерге „ҽттең дүние-ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?!\"— дейтұғын болмаққа ойланбақ. Мұның бҽрі – масқаралық, ақымақтық. Мұны адам бір ойламасын, егерде бір ойласа, қайта адам болмағы – қиын іс. Кербез дегенді осындай кер, кердең немеден безіңдер деген сҿзге ұқсатамын. Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нҽрселермен озбақ. Онан басқа нҽрсеменен оздым ғой демектің бҽрі де – ақымақтық. 22 Sauap.org

ОН ТОҒЫЗЫНШЫ СӨЗ Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, кҿріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, кҿргені кҿп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сҿздерін ескеріп жүрген кісі ҿзі де есті болады. Ҽрбір естілік жеке ҿзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нҽрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сҿзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сҿздің расына кҿзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? Осындай сҿз танымайтұғын елге сҿз айтқанша, ҿзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хаким айтқан екен, сол секілді сҿз болады. 23 Sauap.org

ЖИЫРМАСЫНШЫ СӨЗ Тағдырдың жарлығын білесіздер – ҿзгерілмейді. Пендеде бір іс бар жалығу деген. Ол – тағдырда адаммен бірге жаратылған нҽрсе, оны адам ҿзі тапқан емес. Оған егер бір еліксе, адам баласы құтылмағы қиын. Қайраттанып, сілкіп тастап кетсең де, ақырында тағы келіп жеңеді. Ақылы түгел, ойлы адамның баласы байқаса, осы адам баласының жалықпайтұғын нҽрсесі бар ма екен? Тамақтан да, ойыннан да, күлкіден де, мақтаннан да, кербездіктен де, тойдан да, топтан да, қатыннан да кҿңіл, аз ба, кҿп пе, жалығады. Оның үшін бҽрінің ғайыбын кҿреді, баянсызын біледі, кҿңілі бұрынғыдан да суи бастайды. Дүние бір қалыпты тұрмайды, адамның қуаты, ғұмыры бір қалыпты тұрмайды. Ҽрбір мақұлыққа құдай тағала бір қалыпты тұрмақты берген жоқ. Енді кҿңіл қайдан бір қалыпты тұра алады? Бірақ осы жалығу деген ҽрнені кҿрем деген, кҿп кҿрген, дҽмін, бағасын, бҽрінің де баянсызын біліп жеткен, ойлы адамнан шығады. Соншалық ғұмырының баянсызын, дүниенің ҽрбір қызығының ақырының шолақтығын кҿрген-білгендер тіршіліктен де жалықса болады. Бұлай болғанда ақымақтық, қайғысыздық та бір ғанибет31 екен деп ойлаймын. 24 Sauap.org

ЖИЫРМА БІРІНШІ СӨЗ Аз ба, кҿп пе, адам баласы бір түрлі мақтаннан аман болмағы – қиын іс. Сол мақтан деген нҽрсенің мен екі түрлісін байқадым: біреуінің атын үлкендік деп атаймын., біреуін мақтаншақтық деймін. Үлкендік – адам ішінен ҿзін-ҿзі бағалы есеп қылмақ. Яғни, надан атанбастығын, жеңіл атанбастығын, мақтаншақ атанбастығын, ҽдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ, ҿсекші, ҿтірікші, алдамшы, кеселді — осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол мінездерді бойына қорлық біліп, ҿзін ондайлардан зор есептемек. Бұл мінез — ақылдылардың, арлылардың, артықтардың мінезі. Олар ҿзімді жақсы демесе, мейлі білсін, жаман дегізбесем екен деп азаптанады. Екінші, мақтаншақ деген біреуі „демесін\" демейді, „десін\" дейді. Бай десін, батыр десін, қу десін, пысық десін, ҽрдайым не түрлі болса да, „десін\" деп азаптанып жүріп, „демесінді\" ұмытып кетеді. Ұмытпақ түгіл, ҽуелі іс екен деп ескермейді. Мұндай мақтаншақтардың ҿзі үш түрлі болады. Біреуі жатқа мақтанарлық мақтанды іздейді. Ол — надан, лҽкин надан да болса адам. Екіншісі ҿз елінің ішінде мақтанарлық мақтанды іздейді. Оның надандығы толық, адамдығы ҽбден толық емес. Үшіншісі ҿз үйіне келіп айтпаса, я аулына ғана келіп айтпаса, ҿзге кісі қостамайтын мақтанды іздейді. Ол — наданның наданы, лҽкин ҿзі адам емес. Жатқа мақталсам екен деген елім мақтаса екен дейді. Еліме мақталсам екен деген ағайыным мақтаса екен дейді. Ағайынның ішіңде ҿзі мақтау іздеген ҿзімді-ҿзім мақтап жетем дейді. 25 Sauap.org

ЖИЫРМА ЕКІНШІ СӨЗ Дҽл осы күнде қазақтың ішінде кімді жақсы кҿріп, кімді қадірлеймін деп ойладым. Байды қадірлейін десең, бай жоқ. Бай болса, ҿз басының, ҿз малының еркі ҿзінде болмас па еді? Ешбір байдың ҿз малының еркі ҿзінде жоқ. Кей бай ҿзі біреумен күш таластырамын деп, жүз кісіге қорғалауықтығынан жалынып, малын үлестіріп жүр. Ойлайды: жалынтып бердім деп, ақымақтығынан. Жоқ, ҿзі жалынып беріп жүр. Қайыр да емес, мырзалықта емес, ҿз елімен, ҿз жерімен ойрандасып, ойсыздарға қойнын ашып, малын шашып жүр. Кей байлар, елдегі құттылар, сүттілер берекелесе алмаған соң, кеселді қулар кҿбейіп кетіп, кҿп қорқытып, іздеген нҽрсесі жоқ, еріксіз кім болса соған жеміт болып жүр. Мырзаларды қадірлейін десең, осы күнде анық мырза елде жоқ, мал бергіш мырза иттен кҿп. Біреу бір пайдама келтірем деп мырза болып жүр. Біреулер к... не құрым киізді тұзға малшып тыққан соң есі шығып, мырза болып, еріксіз кім болса соған талтайып емізіп жүр. Болыс пен биді құрметтейін десең, құдайдың ҿзі берген болыстық пен билік елде жоқ. Сатып алған, жалынып, бас ұрып алған болыстық пенен биліктің ешбір қасиеті жоқ. Мықтыны құрметтейін десең, жаманшылыққа елдің бҽрі мықты, жақсылыққа мықты кісі елде жоқ. Есті кісіні тауып құрметтейін десең, ҽділет, ұят, ынсапқа есті кісі елде жоқ. Қулық, сұмдық, арамдық, амалға елдің бҽрі де есті. Ғарып-қасар бишараны құрметтейін десең, жатқан түйеге міне алмаса да, ол момындыққа есеп емес. Егер мінерлік жайы болса, бірдемені ептеп ілерлік те жайы бар. Енді қалды қу мен сұм, олар ҿзі де қуартпай, суалтпай тыныштық кҿрер емес. Жҽ, кімді сүйдік, кімнің тілеуін тіледік? Ҿзі құрттанып шашылған болыс-билер тұра тұрсын. Енді, ҽлбҽттҽ, амал жоқ, момындығынан „Ырыс баққан дау бақпас\" деген мақалмен боламын деп, бергенінен жаға алмай, жарымын беріп, жарымын тыныштығымен баға алмай, ұры, залым, қуларға жеміт болып жүрген шын момын байларды аямасаң һҽм соның тілеуін тілемесең болмайды. Сонан басқаны таба алмадым. 26 Sauap.org

ЖИЫРМА ҤШІНШІ СӨЗ Біздің қазақты оңдырмай жүрген бір қуаныш, бір жұбаныш дегендер бар. Оның қуанышы — елде бір жаманды тауып, я бір адамның бұл ҿзі қылмаған жаманшылығы шықса, қуанады. Айтады: құдай пҽленшеден сақтасын, о да адаммын деп жүр ғой, оның қасында біз сҽулелі кісінің бірі емеспіз бе, оған қарағанда мен таза кісі емеспін бе?— деп. Оған Құдай тағала айтып па, пҽленшеден тҽуір болсаң болады деп? Я білгендер айтып па, ҽйтеуір ҿзіңнен наданшылығы асқан, я жаманшылығы артылған кісі табылса, сен жаманға қосылмайсың деп? Жаманға салысып жақсы бола ма? Жақсыға салысып жақсы болады дағы. Жүз ат бҽйгеге қосылса, мен бҽйге алдым деген сҿз болса, алдында неше ат бар деп сұрар, артында неше ат бар еді деп сұрағанның несі сҿз? Мен бес аттан, он аттан ілгері едім дегеннің несі қуаныш? Енді жұбанышы — жалғыз біз бе, елдің бҽрі де сүйтіп-ақ жүр ғой, кҿппен кҿрген ұлы той, кҿппен бірге болсақ болады да деген сҿзді жұбаныш қылады. Оған құдай тағала айтып па, кҿптен қалмасаң болады деп. Кҿпке қаһарым жүрмейді деп. Кҿпке тұзағым жетпейді деп пе? Ғылым кҿпке келіп пе? Біреуден тарап па? Хикмет32 кҿптен тарай ма? Бірден тарай ма? Кҿпке қорлық жүрмей ме? Бір үйдің іші түгел ауырса, жеңіл тие ме? Жер білмеген кҿп адам адасып жүрсе, бір жер білетұғын кісінің керегі жоқ па екен? Кҿп кісі жолаушының бҽрінің аты арығаны жақсы ма? Жоқ, жармысы арыса, жармысының күйлісі жақсы ма? Жұт келсе, елдің бҽрінің түгел жұтағаны жақсы ма? Жарым-жартысы аман қалғаны жақсы ма? Осы кҿп ақымақтың бір ақымаққа несі жұбаныш? Тұқымымызбен аузымыз сасық болушы еді деген жаман күйеу қалыңдығын жеңіп пе? Кҿңілін сол сҿзі разы қылуға жетіп пе? Ендеше кҿбіңнен қалма, сен де аузыңды сасыта бер деп пе?! 27 Sauap.org

ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ СӨЗ Жер жүзінде екі мың миллионнан кҿп артық адам бар, екі миллиондай қазақ бар. Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, ҿнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды. Бірімізді-біріміз аңдып, жаулап, ұрлап, кірпік қақтырмай отырғанымыз. Үш миллионнан халқы артық дүниеде бір қала да бар, дүниенің бас-аяғын үш айналып кҿрген кісі толып жатыр. Ҿстіп, жер жүзіндегі жұрттың қоры болып, бірімізді- біріміз аңдып ҿтеміз бе? Жоқ, қазақ ортасында да ұрлық, ҿтірік, ҿсек, қастық қалып, ҿнерді, малды түзден, бҿтен жақтан түзу жолмен іздеп, ҿрістерлік күн болар ма екен? Ҽй, не болсын!.. Жүз қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін-бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма? 28 Sauap.org

ЖИЫРМА БЕСІНШІ СӨЗ Балаларды оқытқан да жақсы, бірақ құлшылық қыларлық қана, түркі танырлық қана таза оқыса болады. Оның үшін бұл жер дарулхарап33, мұнда ҽуелі мал табу керек, онан соң араб, парсы керек. Қарны аш кісінің кҿңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын? Ашап-ішімге малдың тапшылығы да ағайынның араздығына уҽ ҽр түрлі пҽлеге, ұрлық, зорлық, қулық, сұмдық секілді нҽрселерге үйірлендіруге себеп болатұғын нҽрсе. Мал тапса, қарын тояды. Онан соң, білім түгіл ҿнер керек екен. Соны үйренейін не балама үйретейін деп ойына жақсы түседі. Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, ҿнер де, ғылым да — бҽрі орыста тұр. Зарарынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Оның себебі олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең, кҿкірек кҿзің ашылады. Ҽрбіреудің тілін, ҿнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына34 кіреді, аса арсыздана жалынбайды. Дінге де жақсы білгендік керек. Жорғалықпенен кҿңілін алсам екен деген надан ҽке-шешесін, ағайын- жұртын, дінін, адамшылығын жауырынынан бір қаққанға сатады. Тек майордың күлгені керек деп, к...і ашылса да, қам жемейді. Орыстың ғылымы, ҿнері — дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі. Лҽкин осы күнде орыс ғылымын баласына үйреткен жандар соның қаруымен тағы қазақты аңдысам екен дейді. Жоқ, олай ниет керек емес. Малды қалай адал еңбек қылғанда табады екен, соны үйретейік, мұны кҿріп жҽне үйренушілер кҿбейсе, ұлықсыған орыстардың жұртқа бірдей законы болмаса, законсыз қорлығына кҿнбес едік. Қазаққа күзетші болайын деп, біз де ел болып, жұрт білгенді біліп, халық қатарына қосылудың қамын жейік деп ниеттеніп үйрену керек. Қазір де орыстан оқыған балалардан артық жақсы кісі шыға алмай да тұр. Себебі: ата-анасы, ағайын-туғаны, бір жағынан, бұзып жатыр. Сүйтсе де, осы оқыған балалар — ана оқымаған қазақ балаларынан үздік, озық. Не қылса да сҿзді ұқтырса болады оларға. Жақсы атаның балалары да кҿп оқыған жоқ, қайта, кедейдің балаларын орысқа қорлап берді. Олар осыдан артық қайда барсын? Жҽне де кейбір қазақтар ағайынымен араздасқанда: „Сенің осы қорлығыңа кҿнгенше, баламды солдатқа беріп, басыма шаш, аузыма мұрт қойып кетпесем бе!\" деуші еді. Осындай жаман сҿзді, құдайдан қорықпай, пендеден ұялмай айтқан қазақтардың баласы оқығанменен не бола қойсын? Сонда да ҿзге қазақ балаларынан артық үйренгені немене, қай кҿп үйреніпті? Кірді, шықты, ілді, қайтты, түбегейлеп оқыған бала да жоқ; Ҽкесі ел ақшасымен оқығанға ҽрең оқытады, ҿз малын не қылып шығарсын? Турасын ойлағанда, балаңа қатын ҽперме, енші берме, барыңды салсаң да, балаңа орыстың ғылымын үйрет! Мына мен айтқан жол — мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең — оқыт, мал аяма! Ҽйтпесе, бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат кҿрсете ме, ҿзі рақат кҿре ме, я жұртқа рақат кҿрсете ме? 29 Sauap.org

ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ СӨЗ Біздің қазақтың қосқан аты алдында келсе, түсірген балуаны жықса, салған құсы алса, қосқан иті ҿзгеден озып барып ұстаса, есі шығып бір қуанады. Білмеймін, содан артық қуанышы бар ма екен? Ҽй, жоқта шығар! Осы қуаныш бҽрі де қазақ қарындастың ортасында бір хайуанның ҿнерінің артылғанына я бір бҿтен адамның жыққанына мақтанарлық не орны бар? Ол озған, алған, жыққан ҿзі емес, яки баласы емес. Мұның бҽрі — қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ, биттей нҽрсені бір үлкен іс қылған кісідей қуанған болып, ана ҿзгелерді ызаландырсам екен демек. Біреуді ызаландырмақ — шариғатта харам, шаруаға залал, ақылға теріс. Ҽншейін біреуді ыза қылмақтың несін дҽулет біліп қуанады екен? Жҽ, болмаса, ана ыза болушы соншалық неге жер болып қалады екен? Жүйрік ат — кейде ол елде, кейде бұл елде болатұғын нҽрсе, қыран құс та, жүйрік ит те — кейде оның қолына, кейде мұның қолына түсетұғын нҽрсе. Күшті жігіт те үнемі бір елден шыға ма? Кейде ана елден, кейде мына елден шығады. Мұның бҽрін адам ҿз ҿнеріменен жасаған жоқ. Бір озған, бір жыққан үнемі озып, үнемі жығып жүрмейді. Соның бҽрін де біле тұра, жерге кіргендей болып я бір арамдығы, жамандығы шыққандай несіне ұялып, қорланады екен? Енді осылардан білсеңіз болады: надан ел қуанбас нҽрсеге қуанады һҽм жҽне қуанғанда не айтып, не қойғанын, не қылғанын ҿзі білмей, есі шығып, бір түрлі мастыққа кез болып кетеді. һҽм ұялғандары ұялмас нҽрседен ұялады, ұяларлық нҽрседен ұялмайды. Мұның бҽрі — надандық, ақымақтықтың ҽсері. Бұларын айтсаң, кейбіреуі „рас, рас\" деп ұйыған болады. Оған нанба, ертең ол да ҽлгілердің бірі болып кетеді. Кҿңілі, кҿзі жетіп тұрса да, хайуан секілді ҽуелгі ҽдетінен бойын тоқтата алмайды, бір тиянақсыздыққа түсіп кетеді, ешкім тоқтатып, ұқтырып болмайды. Не жаманшылық болса да бір ҽдет етсе, қазақ ол ҽдетінен еріксіз қорыққанда я ҿлгенде тоқтайды, болмаса ақылына жеңгізіп, мұным теріс екен деп біліп, ойланып ҿздігінен тоқтаған адамды кҿрмессің. 30 Sauap.org

ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ СӨЗ (Сократ хакімнің сөзі) Бір күні Сократ хакім бір Аристодим деген ғалым шҽкіртіне Құдай табарака уа тағалаға35 құлшылық қылмақ турасында айтқан сҿзі. Ол ҿзі құлшылық қылғандарға күлуші еді. — Ҽй, Аристодим, ешбір адам бар ма, сенің білуіңше, қылған ҿнерлері себепті адам таңырқауға лайықты?— деді. Ол айтты: —Толып жатыр, хазірет. —Бірінің атын аташы,— дейді. — Гомерге бҽйітшілігі36 себепті, Софоклге трагедиясы себепті, яғни біреудің сипатына түспектік, Зевксиске суретшілігі себепті таңырқаймын,— деп, соған ұқсаған неше онан басқа ҿнерлері ҽшкере болған жандарды айтты. — Олай болса, кім артықша ғажайыптануға лайықты: жансыз, ақылсыз, құр пішінді жасайтұғын суретші ме? Я жан иесі, ақыл иесі адамды жаратушы ма?— дейді. — Соңғысы лайықты,— дейді,— бірақ ол жаратушы жаратты, ҿздігінен кез келіп, солай болып кетпей, басынан біліп істеген хикметімен болса,— дейді. — Жҽ, пайдалы нҽрсе дүниеде кҿп, бірінің пайдасы кҿрініп, білініп тұрады. Кейбірінің пайдасы анық білінбейді. Соның қайсысын хикмет кҿресің?— деді. — Ҽрине, ҽшкере пайдаға бола жаратылғанын хикмет десек керек деймін,— дейді. — Жҽ, олай болса, адамды жаратушы хауаси37 хамса заһри38 бергенде, тахқиқ39 ойлап, олардың пайдасының барлығы түгел оған мұқтаж боларлығын біліп бергендігі ҽшкере тұр ғой. Ҽуелі кҿзді кҿрсін деп беріпті, егер кҿз жоқ болса, дүниедегі кҿрікті нҽрселердің кҿркінен қайтіп лҽззат алар едік? Ол кҿз ҿзі нҽзіктігінен керегіне қарай ашып, жауып тұрсын үшін қабақ беріпті. Желден, ұшқыннан қаға берсін болсын үшін кірпік беріпті. Маңдай теріні кҿзден қағып тұруға керек болғандығынан, басқа тағы керегі бар қылып қас беріпті. Құлақ болмаса, не қаңғыр, не дүңгір, дауыс, жақсы үн, күй, ҽн — ешбірінен лҽззаттанып хабар ала алмас едік. Мұрын иіс білмесе, дүниеде болған жақсы иіске ғашық болмақ, жаман иістен қашық болмақтық қолымыздан келмес еді. Таңдай, тіл дҽм білмесе, дүниеде не тҽтті, не қатты, не дҽмдінің қайсысынан лҽззат алар едік? Бұлардың бҽрі біздің пайдамыз емес пе? Кҿзді, мұрынды ауызға жақын жаратыпты, ішіп-жеген асымыздың тазалығын кҿріп, иісін біліп, ішіп-жесін деп. Бізге керегі бар болса да, жиіркенерлік жері бар тесіктерді бұл бастағы ғазиз40білімді жерімізден алыс 31 Sauap.org

апарып тесіпті, мұның бҽрі хикметпен біліп істелгендігіне дҽлел емес пе?— депті. Сонда Аристодим тахқиқ ойлап тексергенде, адамды жаратушы артық хикмет иесі екендігіне һҽм махаббатыменен жаратқандығына шүбҽсі қалмады. —Олай болғанда жҽне не ойлайсың, һҽмма мақұлыхатты жас балаларына елжіретіп, үйірілтіп тұруын кҿргенде уа һҽмма мақұлыхаттың ҿлімін жек кҿріп, тіршілікте кҿп қалмақшылығын тілеп, ижтиһад41 қылуын кҿргенде, ҿсіп-ҿнуінің қамында болудан басқа істі аз ойламақтары — бұларының бҽрі жұрт болсын, ҿссін, ҿнсін үшін. Солардың бҽрін жаратқанда кҿңілдерін солайша ынтықтандырып қойғандығы һҽм мұның бҽрі жақсы кҿргендігінен екенін білдірмей ме?— дейді. —Ей, Аристодим! Қалайша сен бір ҿзіңнен, яғни адамнан басқада ақыл жоқ деп ойлайсың?— деді. — Адамның денесі ҿзің жүрген жердің бір битімдей құмына ұқсас емес пе? Денеңде болған дымдар жердегі сулардың бір тамшысындай емес пе? Жҽ, сен бұл ақылға қайдан ие болдың? Ҽрине, қайдан келсе де, жан деген нҽрсе келді де, сонан соң ие болдың. Бұл ғаламды кҿрдің, ҿлшеуіне ақылың жетпейді, келісті кҿрімдігіне һҽм қандай лайықты жарастықты законімен жаратылып, оның ешбірінің бұзылмайтұғынын кҿресің. Бұлардың бҽріне ғажайып қаласың һҽм ақылың жетпейді, осылардың бҽрі де кез келгендікпен бір нҽрседен жаралған ба, яки бұлардың иесі бір ҿлшеусіз ұлы ақыл ма? Егер ақылменен болмаса, бұлайша бұл есебіне, ҿлшеуіне ой жетпейтұғын дүние ҽрбір түрлі керекке бола жаратылып һҽм бір-біріне себеппен байланыстырылып, пенденің ақылына ҿлшеу бермейтұғын мықты кҿркем законге қаратылып жаратылды,— дейді. Ол айтты: — Тахқиқ42 бұл айтқаныңның бҽрі рас, жаратушы артық ақыл иесі екендігі мағлұм болды. Ол құдайдың ұлықтығына іңкҽрім43 жоқ. Бірақ сондай ұлық құдай менің құлшылығыма не қылып мұқтаж болады?— деді. — Ей, Аристодим! Қате айтасың. Мұқтаж болмағанда да, біреу сенің қамыңды жесе, сенің оған қарыздар екендігіңе де ұстаз керек пе?— деді. Аристодим айтты: — Ол менің қамымды жейтұғынын мен қайдан білем?— деді. — Жҽ, олай болса һҽмма мақұлыққа да қара, ҿзіңе де қара, жанды бҽрімізге де беріпті. Жанның жарығын бҽрімізге де бірдей ұғарлық қылып беріп пе? Адам алдын, артын, осы күнін — үшеуін де тегіс ойлап тексереді. Хайуан артын, осы күнін де бұлдыр біледі, алдыңғы жағын тексермекке тіпті жоқ. Хайуанға берген денеге қара, адамға берген денеге қара. Адам екі аяғына басып тік тұрып, дүниені тегіс кҿрмекке, тегіс тексермекке лайықты һҽм ҿзге хайуандарды құлданарлық, пайдасын кҿрерлік лайығы бар. Хайуанның бірі аяғына сеніп жүр, бір ҿзіңдей хайуанды құлданарлық лайығы жоқ. Адам ҿзі ҿзіне сенбесе, адамды да хайуан секілді қылып жаратса, ешнҽрсеге жарамас еді. Хайуанға адамның ақылын берсе, мұнша шеберлік, мұнша даркарлық, бір-біріне ғылым үйретерлік шешендік салахият44 ол 32 Sauap.org

денеге лайықты келмейді. Қай ҿгіз шаһар жасап, құрал жасап, неше түрлі сайман жасап, сыпайылық шеберліктің удесінен45 шығарлық қисыны бар? Бірақ адам баласы болмаса, бұл ғажайып ақылды жҽне ғажайыппен жасаған денеге кіргізіп, мұнша салахият иесі қылғаны хикметпенен ҿзге хайуанға сұлтан қылғандығына дҽлел емес пе? Ол дҽлел болса, адам баласын артық кҿріп, қамын ҽуелден Алланың ҿзі ойлап жасағанына да дҽлел емес пе? Енді адам баласының құлшылық қылмаққа қарыздар екені мағлұм болмай ма?— депті. 33 Sauap.org

ЖИЫРМА СЕГІЗІНШІ СӨЗ Ей, мұсылмандар! Біреу бай болса, біреу кедей болса, біреу ауру, біреу сау болса, біреу есті, біреу есер болса, біреудің кҿңілі жақсылыққа мейілді, біреудің кҿңілі жаманшылыққа мейілді — бұлар неліктен десе біреу, сіздер айтасыздар: Құдай тағаланың жаратуынан яки бұйрығынша болған іс деп. Жҽ, олай болса, біз Құдай тағаланы айыбы жоқ, міні жоқ, ҿзі ҽділ деп иман келтіріп едік. Енді Құдай тағала бір антұрғанға еңбексіз мал береді екен. Бір құдайдан тілеп, адал еңбек қылып, пайда іздеген кісінің еңбегін жандырмай, қатын-баласын жҿндеп асырарлық та қылмай, кедей қылады екен. Ешкімге залалсыз бір момынды ауру қылып, қор қылады екен. Қайда бір ұры, залымның денін сау қылады екен. Ҽке-шешесі бір екі баланың бірін есті, бірін есер қылады екен. Тамам жұртқа бұзық болма, түзік бол деп жарлық шашып, жол салады екен. Түзікті бейішке шығарамын деп, бұзықты тозаққа саламын деп айта тұра, пендесінің біреуін жақсылыққа мейілдендіріп, біреуін жаманшылыққа мейілдендіріп, ҿзі құдайлық құдіретімен біреуін жақсылыққа бұрып, біреуін жамандылыққа бұрып жіберіп тұрады екен. Осының бҽрі құдай тағаланың айыпсыз, мінсіз ғафур46рахимдығына47, ҽділдігіне лайық келе ме? Жұрт та, мүлік те — бҽрі құдайдың ҿзінікі. Бұл қылғанын не дей аламыз? Ҿз мүлкін ҿзі не қылса қыла береді. Оны айыпты болады дей алмаймыз десең, ол сҿзің құдай тағаланың айыбы, міні жоқ емес, толып жатыр, бірақ айтуға бата алмаймыз дегенің емес пе? Олай болғанда, пенде ҿз тырысқандығыменен не табады? Бҽрін қылушыға қылдырушы ҿзі екен. Пенде пендеге ҿкпелейтұғын ешнҽрсе жоқ. Кім жақсылық, кім жамандық қылса дағы Құдайдан келген жарлықты қылып жүр екен дейміз бе? Құдай тағала ҽрбір ақылы бар кісіге иман — парыз, ҽрбір иманы бар кісіге ғибадат — парыз48 деген екен. Жҽне де ҽрбір рас іс ақылдан қорықпаса керек. Жҽ, біз енді ақылды еркіне жібермесек, Құдай тағаланың ақылы бар кісіге иман — парыз дегені қайда қалады? „Мені таныған ақылменен таныр\" дегені қайда қалады? Дініміздің бір жасырын тұрған жалғаны жоқ болса, ақылды, оны ойлама дегенімізге пенде бола ма? Ақыл тоқтамаған соң, діннің ҿзі неден болады? Ҽуелі иманды түзетпей жатып, қылған ғибадат не болады? Жоқ, сен жақсылық, жамандықты жаратқан — құдай, бірақ қылдырған құдай емес, ауруды жаратқан — құдай, ауыртқан құдай емес, байлықты, кедейлікті жаратқан — құдай, бай қылған, кедей қылған құдай емес деп, нанып ұқсаң болар, ҽйтпесе — жоқ. 34 Sauap.org

ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ СӨЗ Біздің қазақтың мақалдарының кҿбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар. Ҽуелі „Жарлы болсаң, арлы болма\" дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүргені құрысын. Егер онысы жалға жүргенінде жаныңды қинап еңбекпенен мал тап деген сҿз болса, ол — ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, кҿзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек — ол арлы адамның ісі. „Қалауын тапса қар жанады\", „Сұрауын тапса адам баласының бермейтіні жоқ\" деген — ең барып тұрған құдай ұрған сҿз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп қорлықпенен ҿмір ҿткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой. „Атың шықпаса, жер ҿрте\" дейді. Жер ҿртеп шығарған атыңның несі мұрат? „Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол\" дейді. Тҽңірге жазып, мінбей-түспей арып, шҿмендеп диуаналықпен бір күн болған буралық неге жарайды? „Алтын кҿрсе, періште жолдан таяды\" дейді. Періштеден садаға кеткір- ай! Періште алтынды не қылсын, ҿзінің кҿрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны. „Ата-анадан мал тҽтті, алтынды үйден жан тҽтті\" дейді. Ата-анасынан мал тҽтті кҿрінетұғын антұрғанның тҽтті дерлік не жаны бар. Бұлардың бҽрінен де қымбат ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе? Ата-ана, шамасы келсе, михнаттанып мал жиса да, дүниелік жиса да, артымда балаларыма қалсын дейді. Ол ата-ананы малға сатқан соң, құдайға дұшпандық іс емес пе? Осындай білместікпенен айтылған сҿздеріне бек сақ болу керек. 35 Sauap.org

ОТЫЗЫНШЫ СӨЗ Қырқын мінсе қыр артылмайтұғын осы бір „қырт мақтан\" деген бір мақтан бар, сол неге керек, неге жарайды? Ол ар, есті білмейді, намысты білмейді, кең толғау, үлкен ой жоқ, не балуандығы жоқ, не батырлығы жоқ, не адамдығы жоқ, не ақылдылығы, арлылығы жоқ. Мойнын бұрып қойып: „Ҿй, тҽңірі-ай, қойшы ҽрі, кімнен кім артық дейсің, кімнің басы кімнің қанжығасында жүр, ол менің қазаныма ас салып беріп жүр ме, мен онан сауын сауып отырмын ба?\"— деп бұлғақтап, немесе: „аяғаным жаным ба? Ҿй, енесін ұрайын, ҿліп кетпей неге керек? Азар болса атылып, я осы үшін айдалып кетсем де кҿнгенім-ақ! Ҽйтеуір бір ҿлім бар ма?\" — деп қалшылдайтұғын кісі кҿп қой. Ҿздерің кҿріп жүрсіңдер, осы айтқан сҿз бойына лайық қазақ кҿрдіңдер ме? Ҿлімге шыдайтұғын қазақ кҿргенім жоқ, ҿлімге шыдамаймын деген де қазақ кҿргенім жоқ, кеңірдегін ғана кҿрсетеді-ау: „қиылып қана қалайын\" деп. Егер осы сҿз бойына лайық кісі кҿрінсе, ақылы жоқ болса да, қайратыменен-ақ кісі айдындыратұғын адам болғаны ғой! Егер шын айғайды кҿргенде, кірер жерін таба алмайтұғын дарақы, жұртты осы сҿзімен айдындырамын, „мына кҽпірден кісі шошитұғын екен\" дегізіп айдындырайын деп айтып отырған құр домбытпасы болып, босқа қоқиып отырса, соны не дейміз? Ай, құдай-ай! Жанға мырзалық қылатұғын, ердің жадағайда-ақ сертке тұрғыштығы, малға мырзалығы, дүниені бір тиын есеп кҿрмейтұғын жомарттығы — ҽр түрлі белгісі бойынша тұрмас па еді? „Ұялмас бетке талмас жақ береді\" деп, кҿп былжыраған арсыз, ұятсыздың бірі дағы. 36 Sauap.org

ОТЫЗ БІРІНШІ СӨЗ Естіген нҽрсені ұмытпастыққа тҿрт түрлі себеп бар: ҽуелі — кҿкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нҽрсені естігенде я кҿргенде ғибрҽтлану49 керек, кҿңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нҽрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, кҿңілге бекіту керек; тҿртінші — ой кеселі нҽрселерден қашық болу керек. Егер бір кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы- күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нҽрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл тҿрт нҽрсе — күшті ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нҽрселер. 37 Sauap.org

ОТЫЗ ЕКІНШІ СӨЗ Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға ҽуелі білмек керек. Талаптың ҿзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас. Ҽуелі — білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нҽрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек. Оның үшін білім-ғылымның ҿзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің ҿзін дҽулет білсең жҽне ҽр білмегеніңді білген уақытта кҿңілде бір рақат хұзур хасил50 болады. Сол рақат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда ҽрбір естігеніңді, кҿргенінді кҿңілің жақсы ұғып, анық ҿз суретімен ішке жайғастырып алады. Егер дін кҿңілің ҿзге нҽрседе болса, білім-ғылымды бір-ақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге кҿңіліңнің мейірімі асырап алған шешеңнің мейірімі секілді болады. Адамның кҿңілі шын мейірленсе, білім- ғылымның ҿзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды. Екінші — ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Бахасқа51 бола үйренбе, азырақ бахас кҿңіліңді пысықтандырмақ үшін залал да емес, кҿбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады. Оның себебі ҽрбір бахасшыл адам хақты шығармақ үшін ғана бахас қылмайды, жеңбек үшін бахас қылады. Ондай бахас хусідшілікті52 зорайтады, адамшылықты зорайтпайды, бҽлкім, азайтады. Жҽне мақсаты ғылымдағы мақсат болмайды, адам баласын шатастырып, жалған сҿзге жеңдірмекші болады. Мұндай қиял ҿзі де бұзықтарда болады. Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға кетсін! Бахас — ҿзі де ғылымның бір жолы, бірақ оған хирслану53 жарамайды. Егер хирсланса, ҿз сҿзімшіл ғурурлық54, мақтаншақтық, хусідшілік бойын жеңсе, ондай кісі адам бойына қорлық келтіретұғын ҿтіріктен де, ҿсектен де, ұрсып- тҿбелесуден де қашық болмайды. Үшінші — ҽрбір хақиқатқа тырысып ижтиһатыңмен кҿзің жетсе, соны тұт, ҿлсең айрылма! Егерде ондай білгендігің ҿзіңді жеңе алмаса, кімге пұл болады? Ҿзің құрметтемеген нҽрсеге бҿтеннен қайтіп құрмет күтесің? Тҿртінші — білім-ғылымды кҿбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі — мұлахаза қылу, екіншісі — берік мұхафаза қылу. Бұл екі қуатты зорайту жаһатінде болу керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды. Бесінші — осы сҿздің он тоғызыншы бабында55 жазылған ақыл кеселі деген тҿрт нҽрсе бар. Содан қашық болу керек. Соның ішінде уайымсыз салғырттық деген бір нҽрсе бар, зинһар56, жаным, соған бек сақ бол, ҽсіресе, ҽуелі — құданың, екінші — халықтың, үшінші — дҽулеттің, тҿртінші — 38 Sauap.org

ғибраттың57, бесінші — ақылдың, ардың — бҽрінің дұшпаны. Ол бар жерде бұлар болмайды. Алтыншы — ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Кҿрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сҿзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл беріктік бір ақыл, ар үшін болсын! 39 Sauap.org

ОТЫЗ ҤШІНШІ СӨЗ Егер де мал керек болса, қолҿнер үйренбек керек. Мал жұтайды, ҿнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолҿнерлі — қазақтың ҽулиесі сол. Бірақ құдай тағала қолына аз-маз ҿнер берген қазақтардың кеселдері болады. Ҽуелі — бұл ісімді ол ісімнен асырайын деп, артық ісмерлер іздеп жүріп, кҿріп, біраз істес болып, ҿнер арттырайын деп, түзден ҿнер іздемейді. Осы қолындағы аз-мұзына мақтанып, осы да болады деп, баяғы қазақтың талапсыздығына тартып, жатып алады. Екінші — ерінбей істей беру керек қой. Бір-екі қара тапса, малға бҿге қалған кісімсіп, „маған мал жоқ па?\" дегендей қылып, еріншектік, салдау- салғырттыққа, кербездікке салынады. Үшінші — „дарқансың ғой, ҿнерлісің ғой, шырағым\", немесе „ағеке, нең кетеді, осы ғанамды істеп бер!\" дегенде „маған да біреу жалынарлыққа жеткен екенмін\" деп мақтанып кетіп, пайдасыз алдауға, қу тілге алданып, ҿзінің уақытын ҿткізеді. Жҽне анаған дүниенің қызығы алдауды білген дегізіп, кҿңілін де мақтандырып кетеді. Тҿртінші — тамыршылдау келеді. Бағанағы алдамшы шайтан тамыр болалық деп, бір болымсыз нҽрсені берген болып, артынан үйтемін-бүйтемін, қарық қыламын дегенге мҽз болып, тамырым, досым десе, мен де керектінің бірі болып қалыппын ғой деп, жҽне жасынан іс істеп, үйден шықпағандық қылып, жоқ-барға тырысып, алдағанды білмей, дереу оның жетпегенін жеткіземін деп, тіпті жетпесе ҿзінен қосып, қылып бер дегенінің бҽрін қылып беріп, күні ҿтіп, еңбек қылар уақытынан айрылып, ,жоғары шыққа\" қарық болып, тамақ, киім, борыш есінен шығып кетіп, енді олар қысқан күні біреудің малын бұлдап қарызға алады. Оны қылып берейін, мұны қылып берейін деп, соныменен табыс құралмай, борышы асып, дауға айналып, адамшылықтан айрылып, қор болып кетеді. Осы несі екен? Қазақтың баласының ҿзі алдағыш бола тұрып жҽне ҿзі біреуге алдатқыш болатұғыны қалай? 40 Sauap.org

ОТЫЗ ТӨРТІНШІ СӨЗ Жұрттың бҽрі біледі ҿлетұғынын жҽне ҿлім үнемі қартайтып келмейтұғынын, бір алғанды қата жібермейтұғынын. Қазақ осыған да, амал жоқ, нанады, анық ҿз ойына, ақылына тексертіп нанбайды. Жҽне һҽмманы жаратқан құдай бар, ақиретте сұрау алады, жамандыққа жазғырады, жақсылыққа жарылқайды, жазғыруы да, жарылқауы да пенде ісіне ұқсамайды, бегірек есепсіз қинауы да бар, бегірек есепсіз жетістіруі де бар деп — бҽріне сендік дейді. Жоқ, онысына мен сенбеймін. Олар сендім десе де, анық сенген кісіге уайым ойлап не керек? Осы екеуіне лайықты жақсылықты ҿздері де іздеп таба береді. Егер де осы екеуіне бұлдыр сеніп отырса, енді неге сендіре аламыз? Оны қайтіп түзете аламыз? Оларды мұсылман деп, қалайша иманы бар ғой дейміз? Кімде-кім ақиретте де, дүниеде де қор болмаймын десе, білмек керек: еш адамның кҿңілінде екі қуаныш бірдей болмайды, екі ынтық құмарлық бірдей болмайды, екі қорқыныш, екі қайғы — олар да бірдей болмайды. Мұндай екі нҽрсені бірдей болады деп айтуға мүмкін емес. Олай болғанда, қай адамның кҿңілінде дүние қайғысы, дүние қуанышы ақирет қайғысынан, ақирет қуанышынан артық болса — мұсылман емес. Енді ойлап қарай бер, біздің қазақ та мұсылман екен! Егерде екі нҽрсе кез болса, бірі ақиретке керекті, бірі осы дүниеде керекті, бірін алса, бірі тимейтұғын болса, сонда біреу ақиретке керектіні алмай, екінші бір кез келгенде алармын деп, жоқ, егер кез болмайтұғын болса, кең құдай ҿзі кеңшілікпенен кешіреді дағы, мына кезі келіп тұрғанда мұны жіберіп болмас деп, дүниеге керектіні алса, енді ол кісі жанын берсе ақиретті дүниеге сатқаным жоқ деп, нануға бола ма? Адам баласына адам баласының бҽрі — дос. Не үшін десең, дүниеде жүргенде туысың, ҿсуің, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ жерің — бҽрі бірдей, ақиретке қарай ҿлуің, кҿрге кіруің, шіруің, кҿрден махшарда сұралуың — бҽрі бірдей, екі дүниенің қайғысына, пҽлесіне қаупің, екі дүниенің жақсылығына рақатың — бҽрі бірдей екен. Бес күндік ҿмірің бар ма, жоқ па?.. Біріңе-бірің қонақ екенсің, ҿзің дүниеге де қонақ екенсің, біреудің білгендігіне білместігін таластырып, біреудің бағына, малына күндестік қылып, я кҿрсеқызарлық қылып, кҿз алартыспақ лайық па? Тілеуді құдайдан тілемей, пендеден тілеп, ҿз бетімен еңбегімді жандыр демей, пҽленшенікін ҽпер демек — ол құдайға айтарлық сҿз бе? Құдай біреу үшін біреуге жҽбір қылуына не лайығы бар? Екі ауыз сҿздің басын қосарлық не ақылы жоқ, не ғылымы жоқ бола тұра, ҿзімдікін жҿн қыламын деп, құр „ой, тҽңір-ай!\" деп таласа бергеннің несі сҿз? Оның несі адам? 41 Sauap.org

ОТЫЗ БЕСІНШІ СӨЗ Махшарға58 барғанда құдай тағала қажы, молда, сопы, жомарт, шейіт — соларды қатар қойып, сұрар дейді. Дүниеде ғиззат59 үшін, сый құрмет алмақ үшін қажы болғанды, молда болғанды, сопы болғанды, жомарт болғанды, шейіт60 болғандарды бір бҿлек қояр дейді. Ақиретке бола, бір ғана құдай тағаланың разылығын таппақ үшін болғандарды бір бҿлек қояр дейді. Дүние үшін болғандарға айтар дейді: „Сендер дүниеде қажеке, молдеке, сопеке, мырзеке, батыреке аталмақ үшін ҿнер қылып едіңдер, ол дүниең мұнда жоқ. Сендердің ол қызықты дүниең харап болған, сонымен қылған ҿнерлерің де бітті. Енді мұнда құрмет алмақ түгіл, сұрау беріңдер! Мал бердім, ҿмір бердім, не үшін сол малдарыңды, ҿмірлеріңді, бетіңе ақиретті ұстап, дін ниетің дүниеде тұрып, жұртты алдамақ үшін сарып қылдыңдар?\" деп. Ана шын ниетіменен орнын тауып, бір құдайдың разылығы үшін ҿнер қылғандарға айтар дейді: „Сендер бір ғана менің разылығымды іздеп малдарыңды, ҿмірлеріңді сарп қылып едіңдер, мен разы болдым. Сіздерге лайықты құрметті орным бар, дайын, кіріңдер! Һҽм ол разылықтарыңнан басқа осы махшар ішінде, сендердің осы қылғаныңа ҿзі қылмаса да, іші еріп, ынтық болған достарың табылса, шафағат61 қылыңдар!\"— деп айтар дейді. 42 Sauap.org

ОТЫЗ АЛТЫНШЫ СӨЗ Пайғамбарымыз салалаһу ғалайһи уҽсҽллҽмнің62 хадис шарифінде63 айтыпты: „мҽн лҽ хаяһүн уҽлҽ иманун лҽһу\" деп, яғни кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ деген. Біздің қазақтың ҿзінің мақалы да бар: „ұят кімде болса, иман сонда\" деген. Енді бұл сҿзден білінді: ұят ҿзі иманның бір мүшесі екен. Олай болғанда білмек керек, ұят ҿзі қандай нҽрсе? Бір ұят бар — надандықтың ұяты, жас бала сҿз айтудан ұялған секілді, жақсы адамның алдына жазықсыз-ақ ҽншейін барып жолығысудан ұялған секілді. Не шариғатқа теріс, не ақылға теріс жазығы жоқ болса да, надандықтан бойын керістендіріп, шешілмегендік қылып, ұялмас нҽрседен ұялған мұндай ұят шын ұялу емес — ақымақтық, жамандық. Шын ұят сондай нҽрсе, шариғатқа теріс, я ақылға теріс, я абиырлы бойға теріс бір іс себепті болады. Мұндай ұят екі түрлі болады. Біреуі — ондай қылық ҿзіңнен шықпай-ақ, бір бҿтен адамнан шыққанын кҿргенде, сен ұялып кетесің. Мұның себебі сол ұят істі қылған адамды есіркегендіктен болады. «Япырым-ай, мына байғұсқа не болады, енді мұның ҿзі не болады» дегендей, бір нҽрсе іштен рақым секілді болып келіп, ҿзіңді қысып, қызартып кетеді. Біреуі сондай ұят, шариғатқа теріс, я ақылға, я абиырлы бойға теріс, я адамшылыққа кесел қылық, қатеден яки нҽпсіге еріп ғапылдықтан ҿз бойыңнан шыққандығынан болады. Мұндай ұят қылық қылғандығыңды бҿтен кісі білмесе де, ҿз ақылың, ҿз ынсабың ҿзіңді сҿккен соң, іштен ұят келіп, ҿзіңе жаза тарттырады. Кірерге жер таба алмай, кісі бетіне қарай алмай, бір түрлі қысымға түсесің. Мұндай ұяты күшті адамдар ұйқыдан, тамақтан қалатұғыны да бар, хатта64 ҿзін-ҿзі ҿлтіретұғын кісілер де болады. Ұят деген — адамның ҿз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен ҿз мойныңа салып, сҿгіс қылған қысымның аты. Ол уақытта тілге сҿз де түспейді, кҿңілге ой да түспейді. Кҿзіңнің жасын, мұрныңның суын сүртіп алуға да қолың тимейді, бір ит боласың. Кҿзің кісі бетіне қарамақ түгіл, ешнҽрсені кҿрмейді. Мұндайлыққа жетіп ұялған адамға ҿкпесі бар кісі кешпесе, яки оның үстіне тағы аямай ҿртендіріп сҿз айтқан кісінің ҿзінің де адамшылығы жоқ десе болар. Осы күнде менің кҿрген кісілерім ұялмақ түгіл, қызармайды да. „Ол істен мен ұятты болдым дедім ғой, енді нең бар?\"— дейді. Я болмаса „Жҽ, жҽ, оған мен-ақ ұятты болайын, сен ҿзің де сүйтпеп пе едің?\" дейді. Немесе „пҽленше де, түгенше де тірі жүр ғой, пҽлен қылған, түген қылған, менікі оның қасында несі сҿз, пҽлендей, түгендей мҽнісі бар емес пе еді?\" деп, ұялтамын десең, жап-жай отырып дауын сабап отырады. Осыны ұялған кісі дейміз бе, ұялмаған кісі дейміз бе? ?Ұялған десек, хадис анау, жақсылардан қалған сҿз анау. Осындай адамның иманы бар дейміз бе, жоқ дейміз бе?! 43 Sauap.org

ОТЫЗ ЖЕТІНШІ СӨЗ 1. Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес. 2. Кҿңілдегі кҿрікті ой ауыздан шыққанда ҿңі қашады. 3. Хикмет сҿздер ҿзімшіл наданға айтқанда, кҿңіл уанғаны да болады, ҿшкені де болады. 4. Кісіге біліміне қарай болыстық қыл; татымсызға қылған болыстық ҿзі адамды бұзады. 5. Ҽкесінің баласы – адамның дұшпаны. Адамның баласы – бауырың. 6. Ер артық сұраса да азға разы болады. Ез аз сұрар, артылтып берсең де разы болмас. 7. Ҿзің үшін еңбек қылсаң, ҿзің үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланы сүйген құлының бірі боласың. 8.Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа ҿртеген, Ғайсаны (ғ.с.) дарға асқан, пайғамбарымызды (с.ғ.с.) түйенің жемтігіне кҿмген ол кім? Ол – кҿп, ендеше кҿпте ақыл жоқ. Ебін тап та жҿнге сал. 9. Адам баласын заман ҿстіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бҽрі виноват. 10. Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім. 11. Дүниеде жалғыз қалған адам – адамның ҿлгені. Қапашылықтың бҽрі соның басында. Дүниеде бар жаман да кепте, бірақ қызық та, ермек те кҿпте. Бастапқыға кім шыдайды? Соңғыға кім азбайды? 12. Жамандықты кім кҿрмейді? Үмітін үзбек – қайратсыздық. Дүниеде ешнҽрседе баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың қатты қыстың артынан кҿгі қалың, кҿлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді? 13. Ашулы адамның сҿзі аз аз болса – ыза, қуаты артында болғаны. Егер аузынан қан ағызса – домбыт мақтаншақ, я қорқақ. 14. Қуанбақтық пен бақ – мастықтың үлкені, мыңнан бір кісі-ақ к... н ашпайтұғын ақылы бойында қалады. 15. Егер ісім ҿнсін десең ретін тап. 16. Биік мансап – биік жартас, Ерінбей еңбектеп жылан да шығады, Екпіндеп ұшып қыран да шығады; Жікшіл ел жетпей мақтайды, Желҿкпелер шын деп ойлайды. 17. Дүние – үлкен кҿл, Заман – соққан жел, 44 Sauap.org

Алдыңғы толқын – ағалар, Артқы толқын – інілер, Кезекпенен ҿлінер, Баяғыдай кҿрінер. 18. Бақпен асқан патшадан Мимен асқан қара артық; Сақалын сатқан кҽріден Еңбегін сатқан бала артық. 19. Тоқ тіленші – адам сайтаны, Қаракетсіз – сопы монтаны. 20. Жаман дос — кҿлеңке: Басыңды күн шалса, Қашып құтыла алмайсың; Басыңды бұлт алса, Іздеп таба алмайсың. 21. Досы жоқпен сырлас, Досы кҿппен сыйлас; Қайғысыздан сақ бол, Қайғылыға жақ бол. 22. Қайратсыз ашу — тұл, Тұрлаусыз ғашық — тұл, Шҽкіртсіз ғалым — тұл. 23. Бағың ҿскенше тілеуіңді ел де тілейді, ҿзің де тілейсің, бағың ҿскен соң — ҿзің ғана тілейсің. 45 Sauap.org

ОТЫЗ СЕГІЗІНШІ СӨЗ Ей, жүрегімнің қуаты, перзентлерім65! Сіздерге адам ұғылының мінездері туралы біраз сҿз жазып, ядкар66 қалдырайын. Ықыласпенен оқып, ұғып алыңыздар, оның үшін махаббаттың тҿлеуі — махаббат. — Ҽуелі адамның адамдығы ақыл, ғылым деген нҽрселерменен. Мұның табылмақтығына себептер — ҽуелі хауас сҽлим67 һҽм тҽн саулық. Бұлар туысынан болады, қалмыс ҿзгелерінің бҽрі жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Талап, ұғым махаббаттан шығады. Ғылым- білімге махаббаттандырмақ ҽлгі айтылған үшеуінен болады. Ғылым-білімді ҽуел бастан бала ҿзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпенен яки алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе ҿзі іздегендей болғанша. Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен кҿксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады. Сонан соң ғана Алла тағаланы танымақтық, ҿзін танымақтық, дүниені танымақтық, ҿз адамдығын бұзбай ғана жҽліб мҽнфағат68 дҽфғы мұзарратларны69айырмақлық секілді ғылым-білімді үйренсе, білер деп үміт қылмаққа болады. Болмаса жоқ, ең болмаса шала. Оның үшін кҿбінесе балаларды жасында ата-аналары қиянатшылыққа салындырып алады, соңынан моллаға берген болады, я ол балалары ҿздері барған болады — ешбір бҽһра70 болмайды. Ол қиянатшыл балалары талапқа да, ғылымға да, ұстазға да, хаттҽ иман иғтиқадқа71 да қиянатпенен болады. Бұл қиянатшылар — жарым адам, жарым молла, жарым мұсылман, Олардың адамдығының кҽмҽлҽт72 таппағы — қиынның қиыны. Себебі Алла тағала ҿзі — хақиқат, растықтың жолы. Қиянат — хақиқат пен растықтың дұшпаны. Дұшпаны арқылы шақыртқанға дос келе ме? Кҿңілде ҿзге махаббат тұрғанда, хақлықты таппайды. Адамның ғылымы, білімі хақиқатқа, растыққа құмар болып, ҽр нҽрсенің түбін, хикметін білмекке ынтықтықпенен табылады. Ол — Алланың ғылымы емес, һҽмманы білетұғын ғылымға ынтықтық, ҿзі де адамға ҿзіндік ғылым береді. Оның үшін ол Алланың ҿзіне ғашықтық. Ғылым — Алланың бір сипаты, ол — хақиқат, оған ғашықтық ҿзі де хақлық һҽм адамдық дүр. Болмаса мал таппақ, мақтан таппақ, ғиззат-құрмет таппақ секілді нҽрселердің махаббатымен ғылым-білімнің хақиқаты табылмайды. Мал, мақтан, ғиззат-құрмет адамды ҿзі іздеп тапса, адамдықты бұзбайды һҽм кҿрік болады. Егерде адам ҿзі оларға табынып іздесе, тапса да, таппаса да адамдығы жоғалады. Енді хақиқат сүйіп, шынды білмек құмарың бар болса, адамдыққа лайықты ықыласты құлағыңды қой. Ҽуелі дін исламның жолындағы пенделер иманның хақиқаты не сҿз екенін білсін. Иман дегеніміз бір ғана инанмақтық емес, сен Алла тағаланың бірлігіне, уҽ құранның оның сҿзі екендігіне, уҽ пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа салаллаһу ғалайһи уҽссҽллҽм оның тарапынан елші екендігіне инандың. Жҽ, не бітті? Сен Алла тағалаға Алла тағала үшін иман келтіремісің я ҿзің үшін 46 Sauap.org

иман келтіремісің? Сен иман келтірмесең де, Алла тағалаға келер ешбір кемшілік жоқ еді. Ҿзің үшін иман келтірсең, жҽ инандың. Ол инанмақтығың құр ғана инанмақтықпен қалса, саған пайда бермейді. Оның үшін сен ҿзің инанмақтығыңнан пайда ала алмадың, пайдаланамын десең, пайда береді, кҽміл иман болады. Пайданы қалайша алуды білмек керек. Сіз „Ҽмҽнту биллаһи кҽмаһуҽ би ҽсмайһи уасифатиһи\"73 дедіңіз. Ол есім аллалар һҽмма ол Алла тағаланың фиғыл ғазимлҽрінің74 аттары, олардың мағынасын біл һҽм сегіз сифат затиялары75не деген сҿз, кҽміл үйрен. Ҿзіңді оның құлы біліп, ҿзіңе муслим76 ат қойып, тҽслим77 болғаныңа раст боласың да. Ҿз пиғылдарыңды соған ҿз халіңше ұқсатуды шарт қыл. Алла тағалаға ұқсай алам ба деп, надандықпен ол сҿзден жиіркенбе, ұқсамақ — дҽл бірдейлік дағуасыменен емес, соның соңында болмақ. Оның үшін Алла тағаланың сипаттары: Хаят78, Ғылым, Құдірет79, Басар80, Сҽмиғ81, Ирада82, Кҽлам83, Тҽкин84. Бұл сегізінен Алла тағаладағыдай кҽмҽлат-ғазамат85 бірлҽн болмаса да, пендесінде де ҽрбірінен ҿз халінше бар қылып жаратыпты. Жҽ, біз ҿзіміздің бойымыздағы сегіз зҽррҽ86 аттас сипатымызды ол Алла тағаланың сегіз ұлығ сипатынан бас бұрғызып, ҿзге жолға салмақпенен біздің атымыз муслим бола ала ма? Болмаса керек. Жҽ, ол сегіз сипатына сипатымызды һҽм ол аттары бірлҽн ағламланған87 фиғыл88 құдаға фиғлымызды ертпек неменен табылады, қалайша табылады, оны білмек керек. Ол — Алла тағаланың заты, ешбір сипатқа мұқтаж емес, біздің ақылымыз мұқтаж, жоғарғы жазылмыш сипаттар бірлҽн тағрифлап89 танымаққа керек. Егерде ол сипатгар бірлҽн тағрифламасақ, бізге мағрифатулла90 қиын болады. Біз Алла тағаланы ҿзінің білінгені қадар ғана білеміз, болмаса түгел білмекке мүмкін емес. Заты түгіл, хикметіне ешбір хакім91 ақыл ерістіре алмады. Алла тағала — ҿлшеусіз, біздің ақылымыз — ҿлшеулі. Ҿлшеулімен ҿлшеусізді білуге болмайды. Біз Алла тағала „бір\" дейміз, „бар\" дейміз, ол „бір\" демеклік те — ақылымызға ұғымның бір тиянағы үшін айтылған сҿз. Болмаса ол „бір\" демеклік те Алла тағалаға лайықты келмейді. Оның үшін мүмкинаттың92 ішінде не нҽрсенің ужуді93 бар болса, ол бірліктен құтылмайды. Ҽрбір хадиске94 айтылатұғын бір қадимге95 тағриф болмайды. Ол „бір\" деген сҿз ,аламның ішінде, ғалам Алла тағаланың ішінде, құдай табарака уатағала кітаптарда сегіз субутия96 сипаттары бірлҽн, уҽ тоқсан тоғыз Ҽсма-и хүсналар97 бірлҽн білдірген. Бұлардың һҽммасы Алла тағаланың затия98 субутия уҽ фиғлия99 сипаттары дүр. Мен мұнда сіздерге тҿртеуін білдіремін. Оның екеуі — ғылым, құдірет. Сегіз сипаттан қалған алтауы — бұларға шарх100. Ол алтауының бірі — хаят101, яғни тірлік. Алланы бар дедік, бір дедік, ғылым, құдірет сипаты бірлҽн сипаттадық. Бұл бірлік, барлық ғылым, құдірет олула102 боларлық нҽрселер ме? Ҽлбетте, ғылым құдіреті бар болады: хаяты — мағлұм, бірі — ирада, яғни қаламақ. Ғылым бар болса, қаламақ та бар. Ол ешнҽрсеге қарекет бермейді. һҽммаға қарекет беретұғын ҿзі. Ол ирада ғылымының бір сипаты кҽлҽм, яғни сҿйлеуші деген, сҿз қаріпсіз, дауыссыз болушы ма еді? Алланың сҿзі — 47 Sauap.org

қаріпсіз, дауыссыз. Енді олай болса, айтқандай қылып білдіретұғын құдіреті жҽне басар, сҽмиғ, яғни кҿруші, есітуші деген. Алла тағаланың кҿрмегі, естімегі, біз секілді кҿзбенен, құлақпенен емес, кҿргендей, естігендей білетұғын ғылымның бір сипаты. Бірі — тҽкуин, яғни барлыққа келтіруші деген сҿз. Егер барлыққа келтірмегі бір ҿз алдына сипат болса, Алла тағаланың сипаты ҿзіндей қадім, һҽм ҽзали103 һҽм ҽдҽби104 болады да, һҽмишҽ105 барлыққа келтіруден босанбаса, бір сипаты бір сипатынан үлкен я кіші болуға жарамайды. Олай болғанда ғылым, құдірет сипаттары секілді босанбай, һҽр уақыт жаратуда болса, бір ықтиярсыздық шығады. Ол ықтиярсыздық Алла тағалаға лайықты емес. Оның барлыққа келтірмегі — құдіретіне ғана бір шарх. Бұл ғылым, құдіретте ешбір ниһоятсіз106, ғылымында ғафлҽт107, құдіретінде епсіздік жҽне нашарлық жоқ. Саниғын сұңғатына108 қарап білесіз. Бұл кҿзге кҿрілген, кҿңілге сезілген ғаламды қандай хикметпенен жарастырып, қандай құдіретпенен орналастырған, ешбір адам баласының ақылы жетпейді. Бірақ пендесінде ақыл — хүкімші, қайрат, қуат — қызмет қылушы еді. Соған қарап ойлайсың: Алла тағаланың сипатында солай болмаққа тиіс. Бірақ ҽуелде айтқанымыз: ғылым, құдірет — біздің ұғуымызға ғана екі хисап болмаса, бір-ақ ғылымды құдірет болуға тиіс. Олай болмаса сипаттар ҿз орталарында бірі тҽбиғ109, бірі матбуғ110 болады ғой. Бұл болса, тариф раббыға111 жараспайды. Сегіз сипат қылып жҽне ол сипаттар „Лағаиру уҽлҽ һуҽ\"112 болып, бұлай айтуда, бұлардан бір ҿз алдына жамағат яки жамиғат113 шығып кетеді. Бұл болса келіспейді. Егерде сипаттарды ҽрбірін басқа-басқа дегенде, кҿп нҽрседен жиылып, иттифақпенен құдай болған болады. Бұлай деу батыл114, бір ғана құдірет пендеде болған қуат; құдірет ғылым ақылдан басқа болатұғын, Алла тағалада болған құдірет — ғылым һҽм рахмет. Ол — рахмет сипаты, сегіз сипаттың ішінде жазылмаса да, Алла таталаның Рахман115, Рахим116, Ғафур117, Уадуд118, Хафиз119, Сҽттар120, Раззақ121, Нафиғ122, Уҽкил123, Латиф124 деген есімдеріне бинаҽн125 бір ұлығ сипатынан хиссаптауға жарайды. Бұл сҿзіме нақлия126 дҽлелім — жоғарыдағы жазылған Алла тағаланың есімдері. Ғақлия127 дҽлелім құдай тағала бұл ғаламды ақыл жетпейтін келісіммен жаратқан, онан басқа, бірінен бір пайда алатұғын қылып жаратыпты. Жансыз жаратқандарынан пайда алатұғын жан иесі хайуандарды жаратып, жанды хайуандардан пайдаланатұғын ақылды инсанды128 жаратыпты. Хайуандарды асырайтұғын жансыздарды еті ауырмайтын қылып, жан иесі хайуандарды ақыл иесі адам баласы асырайтын қылып, һҽм олардан махшарда сұрау бермейтұғын қылып, бұлардың һҽммасынан пайда аларлық ақыл иесі қылып жаратқан. Адам баласынан махшарда сұрау алатұғын қылып жаратқандығында һҽм ғадалҽт, һҽм махаббат бар. Адам баласын құрт, құс, ҿзге хайуандар секілді тамақты ҿз басымен алғызбай, ыңғайлы екі қолды басқа қызмет еттіріп, аузына қолы ас бергенде, не ішіп, не жегенін білмей қалмасын деп, иісін алып лҽззаттанғандай қылып, ауыз үстіне мұрынды қойып, оның үстінен тазалығын байқарлық екі кҿз беріп, ол кҿздерге нҽзіктен, зарардан қорғап тұрарлық қабақ беріп, ол қабақтарды ашып-жауып 48 Sauap.org

тұрғанда қажалмасын деп кірпік жасап, маңдай тері тура кҿзге ақпасын деп, қаға беруге қас беріп, оның жүзіне кҿрік қылып, бірінің қолынан келместей істі кҿптесіп бітірмекке, біреуі ойын біреуіне ұқтырарлық тіліне сҿз беріп жаратпақтығы махаббат емес пе? Кім ҿзіңе махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың қарыз емес пе? Ақыл кҿзімен қара: күн қыздырып, теңізден бұлт шығарады екен, ол бұлттардан жаңбыр жауып, жер жүзінде неше түрлі дҽндерді ҿсіріп, жемістерді ҿндіріп, кҿзге кҿрік, кҿңілге рақат гүл- бҽйшешектерді, ағаш-жапырақтарды, қант қамыстарын ҿндіріп, неше түрлі нҽбатҽттҽрді129 ҿстіріп, хайуандарды сақтатып, бұлақтар ағызып, ҿзен болып, ҿзендер ағып дария болып, хайуандарға, құсқа, малға сусын, балықтарға орын болып жатыр екен. Жер мақтасын, кендірін, жемісін, кенін, гүлдер гүлін, құстар жүнін, етін, жұмыртқасын; хайуандар етін, сүтін, күшін, кҿркін, терісін; сулар балығын, балықтар икрасын, хатта ара балын, балауызын, құрт жібегін — һҽммасы адам баласының пайдасына жасалып, ешбірінде бүл менікі дерлік бір нҽрсе жоқ, бҽрі — адам баласына таусылмас азық. Миллион хикмет бірлҽн жасалған машина, фабрик адам баласының рақаты, пайдасы үшін жасалса, бұл жасаушы махаббат бірлҽн адам баласын сүйгендігі емес пе? Кім сені сүйсе, оны сүймектік қарыз емес пе? Адам баласы қанататсыздықпенен бұл хайуандардың тұқымын құртып, алдыңғылар артқыларға жҽбір қылмасын деп, малды адам баласының ҿзінің қызғанышына қорғалатып, ҿзге хайуандарды бірін ұшқыр қанатына, бірін күшті қуатына, бірін жүйрік аяғына сүйентіп, бірін биік жартасқа, бірін терең тұңғиыққа, қалың орманға қорғалатып, һҽм ҽрбірін ҿсіп-ҿнбекке құмар қылып, жас күнінде, кішкене уақытында шафғат, сҽхҽріменен130 бастарын байлап, қамқор қылып қоймақтығы — адам баласына ҿсіп-ҿніп, тендік алсын емес, бҽлки, адам баласының үзілмес нҽсіліне таусылмас азық болсын дегендік. Жҽ, бұл хикметтерінің һҽммасын һҽм мархамат, һҽм ғадалат заһир131 тұр екен. Біз ортамызда бұл мархама132 ғҽдҽлҽтті иманның шартынан хисап қылмаймыз, оның үшін муслим болғанда, Алла тағалаға тҽслим болып, оның жолында болмақ едік, болғанымыз қайсы? Бұл екі ай мен күннен артық мағұлым тұрған жоқ па? Фиғылы құданың ешбірін де қарар қылмаймыз, ҿзгелерде болғанын жек кҿрмейміз, ҿзіміз тұтпаймыз, бұл қиянатшылық емес пе? Қиянатшылыққа бір қарар тұрған адам — я мұсылман емес, ең болмаса шала мұсылман. Алла табарака уатағаланың пенделеріне салған жолы қайсы? Оны кҿбі білмейді. „Тҽфаккару фиғла133 иллаһи\" деген хадис шарифтің134 „инналаһу йухиббул муқситин135деген аяттарға ешкімнің ықласы, кҿңілі менен ғылымы жетіп құптағанын кҿргенім жоқ. „Ҽтҽмурун ҽннҽсҽ билбирри уҽҽхсҽну инналаһу йухиббул мұхсин\"136, „уҽллҽзинҽ ҽмҽну уҽғҽмилу салихати улайна асхабул жҽннҽти һҽм фиһа халидун\"137 деген аяттар құранның іші толған ғамалус-салих138 не екенін білмейміз. „Уа ҽммҽлзина амҽну уҽғамилус саликати фҽйуҽффиһим ужурҽһум уаллаһу лҽ йүхиббуз-залимин\"139 аятына қарасаң, ғамалус-салих залықтықтың зидды140 болар. Олай болғанда ғадалҽт рафғат141 болуға кімде-кімнің ҽділеті жоқ болса, оның хаясы жоқ, кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы жоқ деген, 49 Sauap.org

пайғамбарымыздың салаллаһу ғалайһи уҽссҽлламнің хадис шарифі „мҽн-лҽ хаяун лаһу\"142 деген дҽлел дүр. Енді белгілі, иман құр инанышпенен болмайды, ғадалҽт уа рафғат бірлҽн болады. Ғҽмалус-салих ғадалҽтті уҽ мархамҽтті болмақ күллі тҽн бірлҽн қылған құлшылдықтардың ешбірі ғадалҽтті, мархаматты бермейді. Кҿзің күнде кҿреді намаз оқушы, ораза тұтушылардың не халҽттҽ екендіктерін, оған дҽлел керек емес. Бҽлки ғадалҽт барша ізгіліктің анасы дүр. Ынсап, ұят — бұл ғадалҽттен шығады. Оның үшін ғадалҽті адамның кҿңіліне келеді: мен ҿз кҿңілімде халық менімен, сондай-мұндай қылықтарымен мұғамҽла143 қылса екен деп ойлап тұрып, ҿзім сол халықтармен мұғамҽла қылмағандығым жарамайды ғой деп, сол ҿзі ҽділет те жҽне ынсап та емес пе? Ол һҽмма жақсылықтың басы емес пе? Жҽ, олай хұлық144 пенен сол ойды ойлаған кісі халлақыны145 шүкірді неге ойламасын? Шҽкірліктен146 ғибадаттың бҽрі туады. Енді зинһар147 ғадалҽт, шапағаттан босанбаңдар. Егер босансаң, иман да, адамдық та һаммасы босанады. Аллаяр софының бір фҽрдҽдҽн жүз фҽрдҽ бижай148 дегені басыңа келеді. Енді біздің бастағы тағриф бойынша құдай тағала ғылымды, рахымды, ғадалҽтті, құдіретті еді. Сен де бұл ғылым, рахым, ғадалҽт үш сипатпенен сипаттанбақ: ижтиһатің149 шарт еттің, мұсылман болдың һҽм толық инсаниятың150 бар болады. Белгілі жҽуанмҽртлік151 үш хаслат152 бірлҽн болар деген, сиддиқ153, кҽрҽм154, ғақыл155—бұл үшеуінен сиддиқ ғадалҽт болар, кҽрҽм шафағат болар. Ғақыл мағалұм дүр, ғылымның бір аты екендігі. Бұлар ҽр адамның бойында Алла табарака уатағала тҽхмин156 бар қылып жаратқан. Бірақ оған рҽуаж157 беріп гүлдендірмек, бҽлки, адам ҿз халінше кҽмҽлатқа жеткізбек жҽһҽтінде158 болмақ. Бұлар — ҿз иждиһадің бірлҽн ниет халис159 бірлҽн ізденсең ғана берілетін нҽрселер, болмаса жоқ. Бұл айтылмыш үш хаслҽттің иелерінің алды — пайғамбарлар, онан соң — ҽулиелер, онан соң — хакимдер, ең ақыры – кҽміл мұсылмандар. Бұл үш түрлі фиғыл құданың соңында болмақ, ҿзін құл біліп, бұл фиғылдарға ғашық болып тұтпақты пайғамбарлар үйретгі ҽулиелерге, ҽулиелер оқыды, ғашық болды. Бірақ, ухрауи160 пайдасын ғана күзетті. Ғашықтары сол халге жетті, дүниені, дүниедегі тиерлік пайдасын ұмытты. Балки, хисапқа алмады. Хакимдер дүниеде тиетін пайдасын сҿйледі, ғибрҽт кҿзімен қарағанда, екеуі де бірінен- бірі кҿп жырақ кетпейді. Оның үшін ҽрбірінің сҿйлеуі, айтуы басқаша болса да, Алла тағаланың сұңғатына қарап пікірлемектікті екеуі де айтты. Пікірленбек соңы ғибраттанбақ болса керек. Бұл ғақыл, ғылым — екеуі де ҿзін зорға есептемекті, залымдықты, адам ҿзіндей адамды алдамақты жек кҿреді. Бұл ғадалҽт һҽр екеуі де мархаматта, шапағатты болмақтықты айтып бұйырды, бұл рақым болса керек. Бірақ менің ойыма келеді, бұл екі таһифа ҽр кісі ҿздеріне бір түрлі нҽпсісін фида қылушылар деп. Яғни, пенделіктің кҽмҽлаты ҽулиелікпен болатұғын болса, күллі адам тҽркі дүние болып һу деп тариқатқа161 кірсе, дүние ойран болса керек. Бұлай болғанда малды кім бағады, дұшпанды кім тоқтатады, киімді кім тоқиды, астықты кім егеді, дүниедегі Алланың пенделері үшін жаратқан қазыналарын кім іздейді? 50 Sauap.org


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook