Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” түсініктер болса, оны өзгерту қиынға түседі. Өз бетімізбен әлдебір әдістің көмегінсіз өз ұстанымызды қалай өзгерте аламыз? Бизнес серіктесіңіз Сізді аяқтан шалғанын елестетіп көріңіз. Нәтижесінде үлкен қарызға тап болдыңыз. Болған жағдай сіздің өзгеруіңізді талап етеді. Яғни, жағдаятқа байланысты сіз және қызметкерлеріңіз рөлдеріңізді өзгертіп, ойлау бағыты ауысады, автоматты түрде басқа сценарий бойынша қозғаласыз. Өзінің түпкі санасын, мінезін өзгертерде кім күйзеліске түскісі келеді? Ешкім де. Тіпті мен де. «Басқаша іс–әрекет жасау керек, өз ұстанымымды өзгертуім керек» екенін түпкі санама қалай жеткізу туралы ерекше ойларым бар. 51
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” ҰСТАНЫМ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ? Адам ойы, мінезі сәби кезінен санасында өмір бойы қалыптасады. Уақыт өте келе жағдаймен санаса отырып, ұстанымдарды өзгертіп, жаңғыртып отыру керек болады. Оның ішінде ақша, бизнес, тәуекелге баруға байланысты ұстанымдарды өзгертуге тура келіп отырады. Әйтпесе сіз күйзеліске, тіпті ешқашан шыға алмайтын күйзеліс апанына түсіп кетуіңіз мүмкін. Ұстанымыңызды өзгерткіңіз келмесе түпсіз құлдырауды күтіңіз. Бұл құлдырау Сізді басқа деңгейге ауыстырады. Егер біз өзімізге жайлы деңгейге, ең бастысы, жылдам ауысқымыз келсе міндетті түрде әрекетке көшуіміз керек! Бұл құлдырауды неге ұзақ күтуіміз керек, не үшін? Өзіңізбен жұмыс істеу үшін тиімдірек құралдарды табу керек. Көптеген ұстанымдар бізге балалық шақтан есею және тәрбие кезеңдерінде: не көрдік, не сезіндік, қандай жағдайлармен бетпе–бет келдік – осылардың әсерінен қалыптасады. Баланың түпкі санасы – ақ қағаз сияқты, қоршаған ортаны алғаш кездескен оқиғалар бойынша сезініп, тани бастайды. Тәрбиелік көзқарас бойынша, бір қызығы, баланың алатын ұстанымын алдын ала білу мүмкін емес. Тіпті ата–аналар өз қалағанындай белгілі бір «кірпіш» қалағанымен бала оны қабылдамайды. Кейде ата–ананың сөздері олардың істерімен қайшы келіп жатады. Әрине, бала әуелі іс–әрекетке бірінші назар аударады. Яғни сөздері, іс–әрекеттері, баламен қарым–қатынастағы адамдар оның болмысын қалыптастырады. Адамды отбасы, аудан, қала, мемлекет қоршап тұр. Осының бәрі алынған ұстанымдарға әсер етеді. Негізінде адамды орта емес, адам ортаны өзгерту керек. Ішкі жағдай – сыртқы қалып айнасы. Іштей өзгерсеңіз, айналадағы шындық қоршаған ортаны өзгертесіз. Ақырында, адам осы ортаға үйренеді де, жаңа тоқтамдар қалыптастыра бастайды. 52
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” Үш–төрт жаста бала қоршаған ортаға бейімделіп, игере бастайды. Үш жаста бала тұлға ретінде қалыптасады. Балада жинақталған ұстанымдар жиыны – баланың тұлғалық көрінісі. Осы кітапта көрсетілген әдістеменің көмегімен ұстанымды өмір бойы өзгертуге болады. Жас адамдарға өзгеру оңайырақ. Олардың түпкі санасы икемді. Ұстанымдарды өзгерткен кезде мидағы нейрондық байланыс өзгереді. Яғни физиологиялық іс–әрекет жүзеге асып, ми өзінің құрылысын өзгертеді. Адам есейген сайын өз ұстанымымен ұзақ өмір сүреді. Бұл өзінің қалауы екенін сезіну қиынға түседі. Біздің ұстанымымыз өз қалауымыз екенін білу – өте маңызды. Мысалы, менің оқушым өміріндегі өз ұстанымын өзгерткен жанның бірі. «Колледжге қалай оқуға түскенім есіме түсті. Мектепте мен ұсқынсыз, сүйкімсіз болдым. Анамның қалағанындай өмір сүрдім, өзімді ұнатпадым. Колледжге түсіп және басқа қалаға келіп басқа өмір жолын таңдадым. Өзгеше болғым келді де, бірінші күннен бастап өмірімді өзгерттім. Маған ештеңе де, еш ойлар да кедергі жасамады». Бірақ барлық өзгерістер бұлай оңай бола салмайды. Бұл мысал – ерекше жағдай болып отыр. Оның өзгерісі мәнмәтіннің өзгертуіне байланысты болды. Керісінше қоршаған ортаны өзгертпей–ақ ұстанымды ғана өзгертуге болады. Ол үшін айналаңдағы адамдарды өзгерту керек. Басқа адамның іс–әрекетіне қарап отырып, оның ойларын білгіңіз келеді. Оны өзіңізге жақын тартасыз. Сондықтан «Достарыңыз кім екенін айтыңызшы, мен Сіздің кім екеніңізді айтамын»,– деп айтады. Сіздің айналаңыз – Сіздің айнаңыз, яғни олар ішкі жағдайыңыздың айнасы. Соған сәйкес бір сәтте біз өзгереміз де, айналамызды өзгертіп басқа қалаға көшкіміз келетінін түсінеміз. Бәрі айналасын өзгерткісі келеді, бірақ бұл жерде жағдайдан аттап өтіп көше алмай қалған адамдар туралы айтпақпыз. 53
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” Әлдебір себептермен көшу керек деген ой пісіп жетіледі. Ішкі дүниеңізде бұлай істеуге ұстаным қалыптасты. Тағы бір мысал. Бұл қыз Master Kit бағдарламасын пайдаланады. Ол Мәскеуге көшкісі келетінінін, бірақ әлдеқандай себептермен көше алмай жүргенін айтты. Ол күнде қайталап «Мен Мәскеуге көшуім керек», «Мен Мәскеуге көшуім керек», – деп айта береді. Не кедергі болып тұр? Бұл мәселе жөнінінен сылтауы жетеді. Мен оған әуелі не үшін көшетініңді түсініп ал, немесе не үшін көшпейтініңді біліп ал. Ал негізінде қала алмастырумен ішкі мәселең өзгермейді, – дедім. Шындығында ол мәселені қаладан емес, өзінен тауып алды. Кез келген жерде әртүрлі жағдайға өзгеруге болады. Егер адам өзгеріске дайын болса, ол оңай ғана өз ұстанымын өзгерте алады. Түпкі санасында тіпті басқа себеп бар: қала алмастыру немесе көшу емес. Тіпті басқа тілек. Түпкі сана бізді қателесуден қорғап, жағдайдан шығудың жолы бұл емес деп дәлелдегісі келеді. Сондықтан басқа қалаға көшу туралы ой орындалмай жатады. Мұндай ұстанымдар адам өмір бойында өзгеріске ұшырауы заңды. Көбінесе адам өмірінде өзгеріс болса, ішінен өзі де өзгеріске бой алдырған. Бұл қандай өзгеріс болуы мүмкін? Бұл ажырасу, немесе, керісінше, үйлену, балалы болу немесе қатты сырқаттану болуы мүмкін. Бұл оқиғалар өзінен– өзі ұстанымның өзгеруіне әкеліп соғады. Не болғаны емес, не өзгергені маңызды. Өмірде қолайсыз жағдай орын алса, алдымен өзіңізден «Не үшін?» деп сұрауыңыз керек. 54
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” КӨҢІЛ–КҮЙ Көңіл–күйімізді үнемі бұғауда ұстаймыз. Өзгеден бұрын, алдымен өзімізден жасыруға, барынша сөндіруге тырысамыз. Мен мұны тиімсіз дер едім. Неліктен? Өз көңіл–күйін жасыратын адам өте көп емес. Көбінесе көңіл–күйіміздің құбылуынан біз ұялмаймыз. Көңіл–күй мен стресс – жеке адамның өсуі мен дамуына зор ынта болып табылады. Мен өз адамдарыма «Егер тілектерің орындалмаған себепті көңіл–күйлерің нашар болып тұрса, –бұл өте керемет!» деймін. Егер біз барынша өз көңіл–күйімізді жасыруға тырыссақ, өз–өзімізге қайшы келеміз. Өз көңіл–күйін сөндіріп жүретін адам сүреңсіз өмір сүреді, ештеңеге сенбейді. Оның басымдықтары келесі нәрселер болып табылады: өмір сүруге ақша жеткізу үшін тынымсыз еңбек ете беру керек... Көңіл–күйге ерік берсеңіз, ғажайып өзгерістерге жетелейді, болмысты түбегейлі өзгеріске алып келеді. Өз көңіл–күйлеріңізді жасырмаңыздар, онымен рахаттаныңыздар! Көңіл–күйді өз ішіңізде бұғып, жасыруға болмайды. Қанша өзіңіз қаламасаңыз да әйтеуір бір күні стресстың әсерінен сыртқа шығады. Жиналып, жиналып күндердің күнінде «жарылатындай» қасиетке ие болу қаупі жоғары. Адамның ерік–жігері қаншалықты дами түссе, соншалықты көңіл–күйін жасыруға тырысады. Бәрібір белгілі бір жағдайларға байланысты бақылауға бағынбай жарылады. Күңіл–күйлеріңізді ішке жасыруға тырыспаңыздар. Темір торда тұрғандай көңіл–күйлеріңізге еркіндік беріңіздер. 55
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” КӨҢІЛ–КҮЙ НЕ ҮШІН КЕРЕК? Ойлаған ой іске асады, теріс ой ойламасаңыз теріс іс те болмайды, сонымен бірге жағымсыз оқиғалар да болмайды. Бірақ мен бұл көзқараспен келіспеймін. Мен біздің барлық ойымыз да керек деп ойлаймын. Ойларымыз біздің көңіл–күйіміздің жай–күйін білдіреді. Оның негізін бізбен бірге өмір сүріп жатқан көңіл–күйіміз болып табылады. Біз басқаша сезінуді білмейміз. Бұл үшін біз өз ұстанымымызды өзгертуіміз керек. Ұстанымды өзгерту – болмысты басқару құралы болып табылады. Өздеріңізді ыңғайсыз сезініп, ширығып тұрсаңыздар, жабуды жаба тоқымаңыздар. Жақсы ойдың жетегінде кетіп, жағдайға көнуге тырыспаңыздар. Өздеріңізді ыңғайсыз сезінген шақта өзіңізді өзгерту сәті келді деп есептеңіз. Мысалы, жеткізушілер уақытында тауарды жеткізбей сүріндірді. Сіз бір миллион табыс таба алмай қалдыңыз. Сізді қолайсыз жағдайға соқтыратын іс болды, өйткені бұл миллионды ойша орын–орнына орналастырып қойдыңыз. Сіз өзіңізді жұбата бастайсыз: «Ештеңе етпейді, келесіде бәрі дұрыс болады». Жағымсыз көңіл–күйді қуып, сылап–сыйпайсыз. Дегенмен бұл көңіл–күй сізге нақты жол таңдап, нақты ұстаным орнатуыңызға көмектесетін еді. Сол сияқты бізге дене ауырғаны керек. Ауыру арқылы нақты жағдай тезірек және күштірек анықталады. Ауыруды бассаңыз тағы да жағымсыз жағдайды сылап–сыйпайсыз. Бірақ ауыру бір нәрсенің көрсеткіші ретінде керек болады. Егер Сіз мәселені, жағдайды талдап түсіне алсаңыз, ауыру тек қазір емес, кейін де мазаламайды. Егер Сіз дәрімен ғана емделсеңіз, ол қайта оралуы мүмкін. Бұл жағдайда Сіздің ұстанымыңыз еш өзгермейді. Сондықтан да 56
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” көңіл–күй өзгерісін сезіну қажет. Жалпы өз көңіл–күйіңізді бақылау қажет. Саналы да, ойланбастан кейде адамдар өз көңіл–күйін жасырып бағады. Алдымен олар өздерінен жасырады. Мысалы, ер адамдар көңіл толқынын жасырады, оны жариялау олар үшін әлсіздік болып табылады. Бұл – олардың ұстанымдары. Сонымен ол өз болмысын толықтай басқара алмайды. Өйткені оны тек көңіл–күй арқылы ғана басқаруға болады. Әйелдер оларға қарағанда көңілшек. Егерде өмірде жан ауыртатын оқиғалар болса(жақынынан айрылу, баладан айрылу, сатқындық), ер адам өз көңілшектігін жасырады. Ондай адамдарға қарау – өте көңілсіз, өйткені олар толыққанды өмір сүрмейді. Өмір – айналаны, қоршаған ортаны шын көңілмен қабылдау. Біз шын көңілмен қабылдаймыз, өмір сүреміз. Көңіл толқыны – қуатты күш, шексіз қуаттың қайнары. Тек көңіл–күйімізді қолдана отырып біз адам айтқысыз жетістіктерге, арманымызға жетеміз. Көңіл–күйімізді тұйықтау арқылы күшімізден айрыламыз, мүмкіндіктерімізді шектейміз. Сондықтан көңіл–күйге ерік беру маңызды. Алдымен көңіл–күйді жетілдіріп жұмыс істеу қажет. Ол үшін денеңізді бос ұстап, көзді жұмып «Менің көңіл–күйім» деп бірнеше рет қайталап айту керек. Сіз кейбір бейнені көре бастайсыз. Ол не болса сол болуы мүмкін. Еге Сіз бос кеңістік, сұрғылт не ақ фонды көрсеңіз, бұл көңіл–күйдің жоқтығын білдіреді. «Маған мұны жасырып көрсетпеу керек еді, бұған себеп те бар еді», деп сөйлей бастайсыз. Қандай себеп екені маңызды емес. Ең бастысы бұл ойды түпкі санаңызға жеткізе білу және ол ой түпкі санаңызға жеткеннен кейін, көңіл–күйіңізді өзіңіз жасырғыңыз келгенін түсінгеннен кейін өзіңізге «Не үшін?» деп сұрақ қойыңыз. 57
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” Сізге жауап келеді. Сізді шошытатын, ол тез және оның шындық екенін түсінесіз. «Маған одан бас тартуым керек еді, өйткені...» деп сөйлейсіз және жауап күтесіз. Содан соң: «Бұл менің көңіл–күйім. Көңіл–күйім менің құралым, оны қалай пайдаланамын, өзім білемін. Олар менде бар. Одан бас тартуыма да болады, өйткені (жауап)...бірақ олар менде бар» дейсіз. Осылай сіздегі көрініс өзгергенше, өзіңізді бақытты сезінгенше осы сөзді қайталай бересіз. Бұл өте маңызды. Бақытты сәт туғаннан кейін іс барысын талдап жатудың керегі жоқ. Ұмыту керек. Көңіл–күйді сезіну, оймен ешқандай алдыңғы істі еске алмауға тырысу керек. Мүмкіндігінше ерте жатып ұйықтау. Ұйқы кезінде ғана түпкі сана орындалған жұмысты жақсы қабылдайды. Оянғанда ойлануға, не немен байланысты екенінін талдауға болады. Бұл сәтте іс барысын ұмытып та кетесіз. Біздің санамызда ол бар ма, жоқ па – маңызды емес. Түпкі санамызда бар ма – сол маңызды. Егер түпкі санамызда ұстаным өзгерсе, біз көңіл–күйімізді сынауға мүмкіндік бергеніміз, ал болмысымызда бұл өте тез білінеді. Ең қызығы, Сіз көңіл–күйіңізді өмірде жайбарақат қабылдай бастайсыз. Бұл нақтылы өзгерістерден байқалады. Міне, өмірден мысал. Master Kit–те жас жігіт оқыды. Ол көңіл–күйін ашып жүрді. Оның хоббиі – әуесқой футбол болды. Біз жақсы нәтижеге қол жеткіздік, ол өз көңіл–күйіне ерік беріп, барынша ашылғанынан басқа, ол өз айналысатын ісінен өзгерістер байқады. Оған шабуылдаушы орнын сеніп тапсырды. Осыған дейін ол қорғаушы ретінде ойнаған. (бұл орында көңіл– күйдің соншалықты маңызы жоқ.) Ол шабуылшы болуға ұмтылғанмен жаттықтырушы көңіл–күйі ашылғанша ондай мүмкіндік бермеді. Көбінесе адам өзінің көңіл–күйін өзінен жасырады. Оны сезінуге өзіне мұрсат бермейді. Мысалдағы жас жігіт өзіндегі өмірде керекті шабуыл мен жек көрушілікті жауып ұстаған. Ол шабуылды қабылдап, оны өзі сезінуге 58
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” өзіне–өзі рұқсат берді. Сөйтіп, оның көптен бергі арманы орындалып, командада шабуылшы болды. Әрі осы көңіл–күй ғана тілегінің орындалуына жол ашты. Екі күн жұмыс істегеннен кейін нәтижеге қол жеткізіп, өзгерістерді байқайсыз. Бұдан басқа көңіл–күй жеке өмірде ғана емес, спорт пен бизнесте де маңызы бар. Егер басшы, жеке кәсіпкер басқыншылық сезімін кенеттен сезінбесе не болар еді? Ол ақылмен басқара алмас еді. Басқару – қызметкерлер әрекетіне әртүрлі әсер ету. Егер басшы өз көңіл–күйінің бір бөлігін өшірсе, ол ешуақытта қызметкерлеріне объективті кері байланыс беріп, тіл табыса алмас еді. Кез келген олқылық әлсіздік ретінде бағаланады. Егер ішімізде бір күмән туса, басқалар оны бірден сезеді. Сондықтан көңіл–күйімізді өзіміз алдымен ашуымыз керек. Сіз өз көңіл–күйіңізді ашпасаңыз бұл кітаптағы еш техника жұмыс істемейді. Ол көңіл–күйге негізделген. Бұл ауызша жаттығу емес, бұл сөздерді қайталау емес. Бұл бастан өткізу, көңіл–күйді сезінгенде ғана жүзеге асады. Ең бастысы өз–өзіңізбен жұмыс істегенде өзіңізге қастық жасамайсыз. Біздің түпкі санамыз ешуақытта өзімізге жамандық жасауға жол бермейді, онда өзін–өзі қорғау құралы бар. Қандай жағдай болмасын, өзіңіз қалағандай белгілі бір уақытта өз ойлағаныңыздай болады. Егер үдеріс жарты жолда үзіліп кетсе де ештеңе болмайды. Егер сіз пысықтаудан кейін бақытты сәтке жеткенде сіздің түпкі санаңыз басқаша ережелер бойынша өмір сүре бастайды. Мысалы, Юля деген қыз кәсіпорында жұмыс істеді. Өзін–өзі пысықтаудан өткізіп еді, оны жұмыстан шығарып жіберді. Бір аптадан кейін өзінің бизнестің қандай тауашасын дамытқысы келетінін түсініп, оған ақша тапты. 59
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” Оны жұмыстан шығарып жібергеніне өкінуге болатын еді, ал шын мәнінде оның түпкі санасы жағымды нәтижеге алып келді. Біздің түпкі санамыз әрқашан бізді нәтижелі қорытындыға алып келеді. Алдымызда миллиондаған жолдар жатыр. Олардың әрқайсысы бізді тәжірибеге апарады. Тәжірибе үшін біз осы дүниеге келеміз. Қандай жолды таңдасақ та, ол біздің жолымыз. Біз ол жолмен дұрыс жүріп келеміз. Пысықтаудан кейін біз қабылдаған нәтижеміз ешқашан теріс болмайды. КамАЗ туралы оқиғаны есімізге алайық.Біржағынан теріс нәтиже – ауыр апатты көріп отырмыз. Дұрысында бұл ер адам үшін өміріне өзгеріс әкелген жағымды қорытынды болды. Ең бастысы – нәтижесінде адам неге ұмтылса, соған қол жеткізеді. Тіпті Сізді жұмыстан шығарып жіберсе де, осы мезетте бұл сізге қажет. Ұстанымды өзгерту сәтінде біздің түпкі санамызда сұрақ туындайды: дұрыс нәтижеге қол жеткізу үшін не әрекет істеу керек? Ұстаным қалыптасқан бойда ешқандай іс жоспарын жасап тастауға болмайды. Бұнымен келесі күні, алдағы іс–жоспар туралы түпкі санамызда түсінік пайда болып, қалыптаса бастаған кезде ғана айналысу керек. Түпкі санамен құрылған жоспар әрі оңай, әрі нақты болмақ. Ағынды жағдай пайда болады: бәрі түсінікті болады, керек адамдар, керек жерлер, ұсыныстар кездесетін болады. Бұл сәтте жағымсыз оқиғалар мүлдем басқаша қабылданады. Өзіңіз бұдан қиналмайсыз, қайта басқа ұстанымды іске асыру жолындағы қажетті қадам ретінде қабылдайсыз. Мысалы, Юля (жоғары мысалдағы)кәсіпорында еңбек етіп бизнесті қауіпті деп есептеді. Өзімен жұмыс істеп пысықтағаннан кейін, ұстанымын өзгертуімен Юлия өз кәсібін жүргізудің тиімді екеніне көзін жеткізді. Кейбіреу бұл жағымсыз нәтиже деуі мүмкін, бірақ Юля олай ойламай қалыпты жағдай ретінде қабылдап, жаңа ісіне жол тапты. Сол сәттен бастап басқа ұстаным іске асып, бизнес – ақша табу жолы, дербестілігінің танылуы болып анықталды. 60
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” Бұл мысалдан біз адам өз–өзімен жұмыс істей алса, қандай жағдайда да оң нәтижеге алып келетінін көріп отырмыз. Сіз тек өз тілегіңізді, арманыңызды орындауда басқа жолды ғана таңдайсыз. Түпкі санаңызбен жұмыс істей отырып, Сіз ішкі ширығудан құтыласыз, саналы түрде өз арманыңызды, тілектеріңізді жоғалтудан қорғанасыз. 61
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” КӨҢІЛ–КҮЙДІ ПЫСЫҚТАУ Көңіл–күйді пысықтау кезінде біз өз сезімімізді, хәл–күйімізді қадағалап отырамыз. Оны анықтай түсу үшін сұрақтар қоямыз. Оларға жауап бере отырып адам өздігінен талдап, жауабын тауып өз түпкі сана ұстанымдарын қалыптастыра бастайды. Ұстаным – қандай да бір жағдайды, шындықты адамның жеке басының сезінуі. Басқаның емес тек өзінің ойы. Тап сол сәтте адамдардың барлығы да өзінше ойлайтындай қабылдайды. Бұл жерде мен өз жеке пысықтауымнан мысал келтірейін. Мен ақшаға деген өз көзқарасымды пысықтадым. Менде қорқынышты бейнелер пайда бола бастады. Шамамен мынадай сөздерді айттым: «Міне, бес мың рубль, ол қандай?» Мен көңілшек адаммын. Менің басымда жыландар бейнесі пайда болды. Менде аса қорқынышты бейнелер туа бастады: бейне бір шағын жыландар бойымды баурап, аузыма ене бастады. Мен расымен шошынып, бір сәттік кісітөзгісіз азапқа түстім. Оларды қағып тастағым келді. Бірақ менің санамда: «ол деген ақша ғой, оны қалай қағып тастай аламын. Олар маған керек емесм пе?!» деген ой тұрды. Мен екіұдай күйге түстім. Түпкі сана мен сананың қарама–қайшылығы психологиялық жайсыздықтан мені екіге бөліп тастады. Бірақ мен әдістеме бойынша пысықтау әдістерін қолданып, керек сұрақтардың бірінен соң бірін айта бастадым. Бір сәтте көп адам бастан кешірген ең бақытты шақты сезіндім. Сондай–ақ бастапқыда үймелеген шағын жыландар аз уақытта бал араларына айналды, тіпті бал арасы омартасы пайда болды. Бұл кішкентай аралар құрттай банкімен бал әкеліп тура аузыма құйып жатты. Шындығында мұндай бейнені саналы сезіммен еш ойлап таба алмайсың. Мұндай кішкентай араларды көруге қиял жетпес еді. 62
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” Яғни болмысымызда ақшаға көзқарасымыз оң емес, ал біз басқа өмір туралы саналы түрде ойлаймыз. Және бұл тамаша – армандау, бірақ түпкі сана пен сананы қатар алып жүруге үйрену керек. 63
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” ҰСТАНЫМДЫ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРТУГЕ (ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУҒА) БОЛАДЫ? Бұл әрине кітаптың ең қызықты тұсы. Неге? Өйткені бізді қоршаған орта – біздің болмысымыздың нәтижесі екенін білеміз. Бірақ іштей өзгеру айнала болмысымызды өзгерту үшін керек дегенді сирек естиміз. Көп тараған сөз тіркесі: «Өзіңді қабылда, өзіңді сүй». Болмаса айналаңызды өзгертіңіз. Өзгертуге болады, әрине, бірақ көбінесе туысқандар мен жұмысқа байланысты өзара түсініспеушіліктер болып қалады. Немесе Сіз өзге ортада өзіңізді ыңғайсыз сезінесіз. Ал нәтиже жайлылық пен рахат арқылы келу керек екенін айттық. Сондықтан ұстанымды өмір арқылы емес, өмір сүру арқылы қалыптастыру керек. Өмір сүру деген не? Бұл – эмоциялық уайым. Әдетте ол 30–40 минутқа созылады. Дәл осы уайым кезінде өмірде кездесетін нәрселерді басқаша қабылдауға болатынын ұғынып–сезіне бастаймыз. Анығында пысықтау – бұл өзін–өзі жаттықтырудың бір түрі, уайымдаудың белгілі бір сәттерінде нақтылы сұрақтар қойып жүру. Дәл қазір маңыздысы – сұрақ ауқымы мен сұрақтың дұрыс қойылуын ескеру керек(сұрақтар сіздің сезінуіңізбен сәйкес келу керек). Адамның сезінуі оның іс әрекеттері мен бет жүзінен анықталады. Сол сияқты ол не көріп тұрғанын, не сезінгенін айтады. Сонымен, пысықтау – бұл адамның өзіне жүйелі түрде және дұрыс сұрақтар қоя алуы және ол басқаша да болуы ықтимал. Ең бастысы белгілі бір эмоциялық уайымда! Түпкі санамен жұмыс жасау басқаларынан өзгеше. Біз күткенімізден басқа белгілі бір іс–әрекеттер бар. Сонымен пысықтау барысы – өзгеруге болатынын мойындау мен себептерін табу. 64
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” Біз тар ауқымда ойлаймыз. Ұстаным сол ойланудың тарлығы. Бұл жаман емес. Пысықтау кезінде біз ұстанымды мықты шындық деп есептейміз. Мысалы адам пысықтау кезінде ақша бұл лас нәрсе екенін көреді де, оны өзге адамдарға дәлелдей бастайды. Оны тәнімен сезіне бастайды. Пысықтау осылай сезіну себебін анықтайтын нәрсе. Пысықтаудан өтіп жатқан адам нақты себептермен осылай сезінді және басқаша да сезінуге болатынын түсінеді. Бәрін түсінген кезде кенет санасы жарқ ете қалғандай болды. Өте жағымды көңіл–күйді бастан өткереді. Ең болмағанда бұл жайбарақат күй кеше. Көптен іздеген нәрсеңді тауып алғандай жеңілдеуді сезінесіз. Бұл пысықтаудың аяқталғанын білдіреді. Сонымен қатар мұндай жағдай 100%–дық көрсеткіште нәтижесін береді. Өте жылдам, бір апта көлемінде өзгерістер біліне бастайды. Инсайттық сәт білінбесе нәтиже туралы айтудың қажеті жоқ. Бұл жағдайда оған кепілдік берілмейді. Пысықтау кезеңдерін жан–тәніңмен және көңіл–күйіңмен сезінгенде ғана оң нәтижеге қол жеткізуге болады. Алдымен жайбарақат күй, денедегі ширығу: кеудедегі қысым, тыныстың тарылғаны, аяқты сезінбеу. Содан–соң ең бақытты сәт – эйфория, инсайт. Егер осы үш кезең білінсе, ескі әлемнің жаңа кейіпкері ретінде қайта өзгеруге кепілдік беруге болады. Кейде ата–анамен туған түсініспеушіліктен қаржылық қиындықтар болып жатады. Бұған дәлел ретінде айтарым: бір танысым өз әкесімен қаражат жөнінде сөзге келіп қалушы еді. Шындығында ата–анамен қарым–қатынас ақшамен тікелей байланысты. Ата–ана бізге дене – материя берді. Біз оны материя көзі ретінде қабылдаймыз. Ал ата–аналармен дауласу қаржылық мәселелерге көп әсер етеді. Яғни ата–анамен, материя көзімен келіспеушілік болған кезде ақшаны көрмейміз. Бірақ ұстанымдар әрбір жеке адамға тән 65
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” болып келеді. Біздің әрқайсысымыз қалаған ақшаға қол жеткізе алмауымыздың өз себептері бар екенін білеміз. Мен де осындай өмірлік жағдайдан өттім. Маған анам ренжіген болатын. Ол өзін бағаламайды деп ойлады. Ал мен оның өмірге деген көзқарасын, өмірлік ұстанымдарын қабылдамадым. Қабылдағым келмейді. Жалпы ата–анамды қабылдамадым. Біз ата–анамызды қабылдамасақ, қарама–қарсы қозғалыста боламыз. Бұл жаман емес. Ешқашан, қазір де өзімді айыпты санамаймын. Біз ата– анамызды қабылдағанда материямен келіспейміз. Бәрін өзі ойлағандай орындағысы келіп тұратын кішкентай баланың шолжаңдауы сияқты. Бұл жағдайда материяны қабылдамау тікелей ақшаға байланысты білінеді. Өмірде болып жатқан оқиғалардың бәрінің біз үшін маңызы зор. Біз бұл шындықпен алысып, оны жоққа шығарам деп жүргенде, өмірдегі жағымсыз оқиғалардың себебін анықтай алмаймыз. Егер Сіз маған: «Бірдеңеге қол жеткізейін, я бірдеңе алғым келсе неге менің жолым болмайтынын түсінбеймін»,– десеңіз, мен Сізге: «Яғни Сіз түпкі санаңызбен бұны қаламайсыз. Бұл тілекті қабылдамайсыз» – деп жауап берер едім. Сіз тілектеріңізді қабылдаған жағдайда ғана оның себептерін түсіне бастайсыз. Мұндай түсінікке пысықтау арқылы, жан–дүниеңізден өткізу арқылы қол жеткізесіз. Бұл аутотренинг емес. Мен Сізге көңіл–күйлік уайымды бастан өткеріп, жағдайды сезініп, әрекет пен әрекетсіздіктің себебін анықтау керектігін ұсынамын. Егер осы себептерді тапсаңыз, оларды өзгертуі мүмкіндіні туады. Себебін табу үшін өзіңізді қалай ұстау керек екенін түсінуіңіз керек. Бұл – аксиома. Жетістікке жетпеуге болатын еді. Ақшаны қаламауға болатын еді. Анаңның солай әңгімелесуін қалауыңа болатын еді. 66
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” Пысықтаудың ең бірінші сатысы – бұл «мүмкін еді» дегенге өзіңізге рұқсат беру. Сонда ғана Сіз жағдайды аяғына дейін түсінгеніңіз болып табылады, енді себептерін іздесеңіз де болады. Сіз әрекет пен әрекетсіздікті түсінбейінше, Сіз себебін еш таба алмайсыз. Сіз: «Мен үшін бұл қалай мүмкін боларын білмей таңмын, бұлай болуы мүмкін емес, менің ақша керек қылмауым мүмкін емес»,– дейсіз. Бұл позиция – өзін–өзі айыптау позициясы. Айыптау бұл кінә сезімі. Ол да себебін табуға кедергі келтіреді. Кінә сезімі теріс құрылғы болып табылады. Сіз өзіңізді кінәлай отырып, өз болмысыңызды басқару тетігінен айрылып қаласыз. Кінә сезімі тұрғанда түсінуге ешқандай жол қалмайды да, барлық себеп жұмбақ болып қалады. Сізге өзіңізді кінәлі сезіну ыңғайсыз, сондықтан бүкіл себепті автоматты түрде жасырасыз. Біреуді немесе бір нәрсені кінәлау арқылы Сіз жауапкершілікті аудара саласыз. Тіпті өзіңізді кәнәласаңыз да жауапкершілікті аударасыз. Яғни Сіз түпкі санаңызды қабылдамайсыз. Кез келген әрекет не әрекетсіздік – Сіздің түпкі санаңыздың таңдауы. Сіздің түпкі санаңыз нені қаласа, соны қабылдау керек. Тілек бұл қасиетті ұғым. Сол үшін Сіз өмірге келдіңіз. Ең бастысы түсіну керек: Сізде мүмкіндік бар. Сонымен бірге қалауға себебіңіз бар. Бірақ Сіз әуелі себебін тауып, содан кейін өзіңізге «Болады» дей алмайсыз. Кінә сезімі жүрген жерде себеп ешқашан табылмайды. Өзіңіз қалап, ұмтылғанда ғана себебін таба аласыз. Жай ғана «Болатын еді, маған болатын еді». Мысалы мен сіңілімді ренжіттім. Бұдан мен ыңғайсыз сезімде тұрмын, неге оны ренжітуім керек болды, түсінбеймін және өзімді қатты кінәлап тұрмын. Бірақ мен: «оны ренжіту маған керек болды, неге екенін білмеймін, ренжіту керек». Бұл ренжу сіңіліме де қажет еді. Қатар өрбу заңдылығы. Біз сіңіліміздің реніш себебін іздемейміз, бізге ол маңызды емес. Тек оның бар 67
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” екенін білеміз. Біздің себебіміз де бар. Сол себепті тапқан бойда жеңілдеп сала беремін. Өмірде қанша адам бар, соның бірі иығымды қағып кетсе, мен өз ойыма, ал ол өз ойына шомып кете береді. Мені соғып кетуге оның өзіндік себебі бар, ал менің өзімдік себебім. Ғалам бұны біріктірді. Бірге орындалып жатқан өмірдегі ғажап дүние. Әр уақыт солай. Егер екі адам келіспеушілік жағдайға түсіп қалса, әрқайсысынан жеке–жеке сұрау керек. Қандай себептері бар екенін анықтаған жөн. Ол болады және әрқайсысының әртүрлі себептері болады. Менің оқушым: «Менде мынадай жағдай болды. Менің құрбым Ирина үйге қонуға қонаққа келді. Ертеңгісін өзімізді тәртіпке келтіріп жатырмыз. Ирина кеуіп жатқан менің тушымды алып былай дейді: – Сенің тушың біртүрлі жаман екен. – Иә, білемін. Ирина: – Тушь жаман, түйіршіктері кедергі жасап жатыр. – Орнына қой, қолданбай–ақ қой. – Бірдеңе істеуге болады ғой, маған бояну керек. Сенде кілең жақсы нәрселер болатын еді ғой. Тушыңа не болған? Егер Ираға бірдеңе жақпай қалса, дымы қалмай ренжиді. Жалпы мен жақсы тушь ала алмағаныма ренжідім, ал құрбым оған жағдай жасамағаныма ренжіді. Біз келіспей қалдық. Бірақ оған әрқайсысымыздың өз себебіміз болды. Ира жай ғана өз ортасының оны ұнататынын сезінуді қалады, ал менде қаржы мәселесі тұрды. Қосымша қозғаушы күш – тушьқа ақшаны қалай табу». Бұл өмірдегі жағдайлардың қатар өрбитіні туралы айқын мысал. 68
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” Және бір мысал – ерлі–зайыпты адамдардың арасында болған жағдай. Араларында келіспеушілік болды. Бұл екеуіне де пысықтау жүргізу керек деген сөз емес. Пысықтаумен тек біреуі ғана айналысады. Қатар өрбу заңы бойынша әйелінде қалыптасу жүретін болса, күйеуінде де қалыптаса бастайды. Бұл керемет! Әр адамның өз болмысы бар. Егер біз бәріміз себептерімізді қалыптастыра алсақ, адамзаттың жағдайы жақсарады. Егер адам оқиғалардың ішкі себептерін қалыптастырса, оның айналасындағылар да өзгере бастайды. Адамды қоршаған орта – оның ішкі дүниесінің айнасы. Мен естіген бір оқиғамен бөлісейін. Үндістанда тәтті тамырлық өнім бататпен қоректенетін маймылдар тұратын аралдар бар. Жерден қазып алады және онымен қоректенеді. Ғалымдардың бір тобы маймылдың бір баласын алып, оны таза жуылған бататпен тамақтандырады. Бір күні оны джунглиге жібереді. Бататты жуып жеуге әдеттенген маймыл азығын қазып алып, өзенге жуып–шайып жеді. Оны көрген басқа маймыл да солай істеді. Оған жуылған батат жеу ұнады. Нәтижесінде аралдардағы барлық маймылдар бататты жуып жейтін болды. Ақпарат тарап кетті. Біз ортақ ақпараттық кеңістікте тұрып жатырмыз. Егер өз ішкі дүниемізді өзгертсек, айнала әлемімізді де өзгерте аламыз. Біз – әлемнің бір бөлігіміз. Әлем – біздің бір бөлігіміз. Мысалы, бір ғалым өзіне ерекше эксперимент жасады: қоршаған ортаны өзгерту мақсатында өзіне пысықтау жұмысын жүргізе бастады. Эксперимент ретінде психикалық емханаға жиі барып тұрды. Бірақ науқастармен еш байланысқа түспеді. Өз алдына жеке, өзін пысықтады. Аз уақыттан кейін науқастар ауруынан айығып, қалыпты адамдарға айналды. Мысалдан көретініміз қоршаған ортаны өздігімізден өзгерте аламыз. Әйтсе де жеке басымызға қатысты нәрселер: біздің ақшамыз, қарым– қатынасымыз, денсаулығымыз пысықтауға жеңіл. Жеке басымыздағы 69
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” өзгерісті, пысықтауды көңілімізден айқынырақ сезінеміз. Көңіл–күй айқын болған сайын, соғұрлым оңай болмақ. Сондықтан бәрін қатарынан өзгерте беруге болмайды, дәл осы шақта керек нәрсемен жұмыс істеу маңызды. Мысалы, бүгін ақша бойынша жұмыс, ертең қарым–қатынас туралы ой толғандырады. Ең өзекті мәселемен ғана айналысыңыздар. Маған адамдардың алдымен ақша мәселесімен айналысуды бастауы ұнайды. Өйткені әр адам ақшаға қатысты қуатты көңіл–күй сезімін өткереді. Сондықтан ақшамен пысықтау жұмысын жүргізу ең оңай тәсіл. Кез келген нәрсені пысықтаудан өткізуге болады. Йогтардың көпжылдық тәжірибесінен өткен левитациясы да пысықтау болып табылады. Баршамызға ортақ ерекшелік – біз ұшпаймыз, есесіне екі аяқпен жүре аламыз. Бұны левитациядан өткізу үшін йогқа 40 жыл керек болар еді. Ол оны орындайды. Бұл дәлелденген шындық. Ұшу мүмкін емес дегенді сендіретін дүниелер көп. Сондықтан оған сену қиын. Бұл ұстанымды қалыптастыру үшін біраз рухани жаттығулар керек. Сенім болған жерде ұстанымды қалыптастыру да оңай болмақ. Бұл әдістемеге өте қолайлы құрал ретінде қараймын. Сондықтан оны кез келген ойын құралына айналдыруды қаламаймын. Бұл құралмен өз арманын іске асыруға болады. Бұл өте тез, жеңіл және нәтижелі іске асады. Одан әрі қарай шеберлігіңізді дамыта беруге болады. Ал бірден «ұшудан» бастасаңыз нәтиже оңай келмейді, сонымен қатар өзіңізге сеніміңізді жоғалтасыз. Ең маңыздысы бұл әдістеменің нәтижесін көру. Сонда оны қалай пайдалану керек екенін түсінетін боласыз. Бұл әдістемеде сенім маңызды. Біз өзімізбен болып жатқан нәрсеге сенсек, ол жұмыс істейді. Пысықтау нәтижесінде белгілі бір оқиғаларға сеніміңізді өзгертетін боласыз. Сондықтан Сіз өміріңізде неғұрлым нәтижеге қол 70
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” көбірек жеткізгеніңізді көбірек көрсеңіз, соғұрлым пысықтаумен айналысуыңызға мүмкіндік туады. Егер өзгеріске сенбесеңіз, қарсылық білдірсеңіз, Сізге қиын болады. Мысалы, қатаң дін шеңберінде тәрбиелерген адамға өз сенімін өзгерту, ой өрісін кеңейту қиынға түседі. Өзінен жауапкершілікті алып тастау үшін адам өзін солай сезінгісі келеді. Ол солай істесе өзінің басындағы жауапкершілікті сезінбейді. Бұл бір жағынан дұрыс. Сенім өте күшті нәрсе. Осылай бір нәтижеге жетуге болады. Және бұл керемет. Мұндайда жеке бас ерекшелігі де білінеді. Одан қашып құтылмайсың. Егер адам жеке ерекшелігінен айырылатын болса, ол шаблонмен ғана жұмыс істейтін роботқа айналар еді. Жеке адам қоғамдық ұстанымдармен қақтығысып қалғанда, қарама қайшылық пайда болып, одан өмір бойы шыға алмас күйлеліске тап болар еді. Сондықтан әр баланы еркіндікте тәрбиелеу керек деп кеңес беремін. Бала өзі таңдап, оған өзі жауапкершілікпен қарауына мүмкіншілік беру керек. Сонда оның ой өрісі кең болады. Ол қалай істесем де дұрыс, қандай жағдайда да табыс күтіп тұрады дегенді ұғыну керек. Ол мүмкіндігі мол адам болып дамиды. Оған бәріне сену оңай. Оның ішкі дүниесі ештеңеге қарсыласпайды. Бірақ біз жиі шектеулі тәрбиемен жолығып жатамыз. Әсіресе сөз діни отбасы туралы болса. Мұндай тәрбиемен әрі қарай бұл адамға оңай болмайды. Өйткені өзінің болмысын басқару үшін алдында миллиондаған нұсқалар бар екенін білу керек. Әр нұсқа түсінік бойынша түпкі сана үшін тиімді. Түпкі сана таңдауы әр уақытта дұрыс. Егер ата–аналардың өзінде баласының жетістігі үшін ұстаным болатын болса, ол міндетті түрде өз жолын табады. Тәрбие кезінде баланың таңдаған кез– келген жолы табысқа әкелетініне сену – ең басты ұстаным. Егер баланы үнемі сынап, мінеп, шектеумен ұстаса, баланың жеке дүниесі мен шаблон, ережелер арасында бітпейтін күреске айналар еді. Бұл күрес оның бүкіл күш–қаруын жойып жібреді. Өз жолын іздеудің орнына ол 71
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” айналадағы адамдармен күреседі. Бұл өте өкінішті. Бұл жағдайда кінә қосылады. Ата–аналар баланы кінәлайды, өздерін дұрыс тәрбие бермедік деп кінәлайды. Бала өзін–өзі жоғалтады, ата–анасына қатысты онда кінәлылық сезімі оянады. Кінә екі жақтан қысқанда өз болмысын басқаруға теріс әсерін тигізеді. Біздің жанымыз бен тәніміз (материямыз) бар. Жан – бұл өзіңіз, жеке басыңыз, ал Сіздің денеңіз және ата–анаңыз – бұл материя. Яғни Сіз ата– анаңыздан бас тартқанда материядан бас тартасыз. Сіз екі ұдай сезімді түсініп қабылдаған сәтте өзіңіз де, Сіздің жаныңыз да, материяның да маңызды екенін түсінесіз. Бұның біреуін лақтырып тастау мүмкін емес, бірінен–бірі басым болмайды. Тек ата–ана қалауымен өмір сүруге болмайды, онда Сіз өзіңізді жоғалтасыз, жаныңызды жоққа шығарасыз. Бірақ ата–ананы және материяны жоққа шығару мүмкін емес, тек жанмен ғана өмір сүру мүмкін емес, жеке өзіңіз ғана қалу да мүмкін емес. Бұл екіжақтылықты (дуальдықты) бастан кешкенде бәрі өз орнына тұрады. Ата–анаңыздың жалғыз мақсаты – Сіздің бақытта болуыңыз екенін түсінесіз. Ал Сіздің мақсатыңыз – олардың Сізге материяны бергені үшін алғыс айту. Ата–анаңыз Сізге өмір берді. Егер ата–ана тәрбиеге байланысты әлдебір шаблон ойлап тауып жатса, оны біз өзіміз қалаймыз. Бұны ешуақытта теріске шығаруға болмайды. «Мен ешуақытта бұлай істей алмаймын, өйткені мені солай тәрбиелеген», деп ата–ананы кінәлау оңай. Бірақ екі жақтылықты түсіну керек: ата–ана жауапкершілігімен қатар Сіз де жауаптысыз. Бұл – қатар өрбу заңдылығы. Сіз ата–ана солай тәрбиелегенін қаладыңыз, ал ата–ана солай тәрбиелегісі келді. Олардың өз себебі бар, ал Сіздің өз себебеңіз бар. Және осы себептерді түсініп оны қалыптастыруыңызға болады. 72
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” ҚАЙТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ Бұл кітап ақша жайлы болғандықтан, ұстанымдарды қалыптастыруды ақшаны мысалға алып отырып түсіндірейін. Өз тәжірибемнен айтамын. Мен ара мен жылан туралы мысалды келтірдім. Нақты ақша туралы қызық та, айқын мысал. Мен ақша бейнесін қалай пысықтадым: біріншіден мен ақшаға қатысым қандай, ақша туралы не сезінемін деп өзімнен сұрадым. Әрі қарай, мені ақшада не ұялтады, мені не толғандырады? – деп ойландым. Бұл бірінші кезеңнің басы. Бұл жерде ақшаға қатысты өз ойыңызды жасырмай айтуыңыз керек: өзіңізде ақшаға қатысты қандай қандай күй болып, ақшаға қатысты қандай мәселелер туындап жатады? Бұл кезде дене жағдайы орташа жайбарақаттықта болады. Біз отырып алып достарымызбен мылжыңдасып отырғандай күйдеміз. Мәселемізді тіпті жайбарақат айтып, өз сұранысымызды хабарлай саламыз: «Менде ақша жағы қиын болып тұр. Олар тұрақты келіп тұрмайды, біресе келеді, біресе кетеді». Менде мынадай жағдай болды. Бұл менің мәселем болатын. Менің сұранысым: «Менде ай сайын тұрақты ақша болып тұрғанын қалаймын. Және ол күнделікті жұмсайтын ақшамнан асып жатуы керек». Алғашқы кезең жайбарақаттығымен ерекшеленеді. Бірінші кезең мақсаты адамды пысықтауға кедергі келтіретін жайбарақаттықтан алып шығу. Ұстанымдарды жайбарақат айтып отырғанда біздің түпкі санамыз жабық көңіл күйді байқамаймыз. Біздің түпкі санамыз жүйкеміз ширыға бастағанда ашылады. Бұл кезеңнің мақсаты – осылай жүйке жүйесін ширықтыру. Жүйке жүйесіне қозғау салу – жұмыстың екінші кезеңі. Бұған қол жеткізу үшін әдістеме қолдану барысындағы ең жағымсыз техниканы 73
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” пайдаланамыз. Мысалы, адамның саналы тілегі 300 мың табыс табу, ал табатыны 100 мың. Осы әдістеменің аксиомасына сүйеніп, былай дейміз: «Сонымен мен қазір жүз мың табамын, үш жүз мың тапқым келеді. Үш жүз мың бар ма?», –«Жоқ», «Ақшаның жоқтығы рас болса, сол ақшаны түпкі санаңызбен қалаған жоқсыз». Сол кезде адамда жүйке жүйесі сыр бере бастайды. Бұл бәріміз үшін маңызды. Жүйкеге күш салудан қорықпаңыз. Екінші кезеңде тамақ кеуіп, кеудені қысып, ішімізде қолайсыз сезім пайда болып, қолымыз зілдей, аяғымыз мақта тәріздес, тіпті сезінбейтін жағдайды денемізбен сеземіз. Кейбір физикалық сипаттар пайда болады. Белгілі бір уақытта тіпті бас ауыра бастау мүмкін. Бас ауырған сәт кінәлі сезімді, қарсылықты білдіреді. Бас ауыруы дұрыс емес. Ал басқа сезімдер іс–ірекет барысы дұрыс жүріп жатқанын көрсетеді. Жүйке жүйесінде өзгеріс болып жатқанда көзін жұмып, өзгеше қалыпта тұру керек. Егер бұған дейін ашық қалыпта отырса, көзін, аузын жаба бастаса, іс– әрекеттің дұрыс жүріп жатқаны. Осы сәтте ең маңызды деген сұрақтарды қоя бастаймыз. Пысықтау мақсаты осы жүйке жүйесінің қысымынан көмекші сұрақтар арқылы өзгертуге бейімделген ұстанымыңа жету. Ұстаным өзгерген бойда Сіз басқа физикалық сезімді бастан өткере бастайсыз: жеңілдейсіз, кіндік тұсыңызда жеңіл қысым байқайсыз, бірақ ол жағымды бола бастайды. Адреналинді лақтырып тастағандай сезімде боласыз. Бұл эйфория. Сіз бұған жеткен бойда Сіздің ұстанымыңыз қалыптасты деп айтуға болады және бұл болмысыңызда білінеді. Тәніңізбен, жаныңызбен болған өзіңіз байқаған өзгерістердің маңызы зор. Менде эйфория байқалған кезде іс–әрекет аяқталғанын сеземін, сол сәтте басқа бейнелер көріне бастайды. Бұл кезде жағымды көңіл күйді тіркеп қою керек. Оны ұзағырақ сезінуге, бастан өткізуге тырысу керек. Сондай жағдайда ұзақ болғыңыз келеді. Қандай жағдайда болсада одан басқа күйге ауысуға болмайды. 74
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” Өздеріне күмәнмен қарайтын, өзіне сенбейтін адамдар кездеседі, олар өздерінен әлі де бірдеңе іздеуге тырысады. Бұл кезеңде бұлай істеуге болмайды. Осы ұстанымның өзгеру нәтижесін алу үшін жақсы көңіл күйді сезіну керек. Бұл пысықтаудың үшінші кезеңі. Егер Сіз басқа ұстанымдарыңызды өзгерткіңіз келсе, екі–үш күннен кейін қолға алу керек. 75
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” ҰСТАНЫМНЫҢ ҚАЛЫПТАСҚАНЫН ҚАЛАЙ ТҮСІНУГЕ БОЛАДЫ Өз басымнан мысал келтіргім келеді. Мен көпке дейін әкемді қабылдай алмадым. Мен оны шын мәнінде жек көрдім. Жек көрдім деген жай айтылған сөз. Мен оған ең жағымсыз адам ретінде қарадым. Өзіммен жүргізген пысықтаудан кейін әкеме басқаша қарай бастадым. Маған әкемнің жаман болғаны ыңғайлы екен. Неге? Өйткені анам маған көңіл бөлсе екен дедім. Анам маған және сіңліме көңілін бөлгенін қалағаныма өзімді кінәлі санадым. Әкеме көңіл бөлгенін қаламадым. Ол үшін мен не істеуім керек? Әкем жаман болуы керек. Мен не істедім? Мен олардың өмірін бұзғым келді. Жеті жасымда оларды айырып жібердім, аз уақыт олар бөлек тұрды. Он төрт жасымда да оларды айырдым. Неге? Өйткені анам маған көңіл бөлсе дедім. Әкемді керек емес элемент жөнінде шығарып тастағым келді. Менің әрі қарай ойлағаным: анам маған аз көңіл бөледі. Бірақ бұл менің ұстанымым: «Егер әкем болмаса, анам ғана қарайды». Шындығында бұл олай емес. Мен шын жүрегіммен егер біздің өмірімізде әкем болмаса, анам маған қарайды деп ойладым. Сондықтан, ата–анамыз қандай адамдар, олар бізден нені талап етеді, соны ұмытпауымыз керек. Бұлай қалауымыздың да себебі бар. Бұл себептерді көптеп келтіруге болады. Өйткені қанша адам болса, сонша себеп бар. Әр адамның өз себебі болады. Оны қалай түсінуге болады? Оны өзіңізде қалай пысықтауға болатынын айтамын. Көздеріңізді жұмып, өздеріңізге, ата–аналарыңызға қарайсыздар. Араларыңызда бірдеңе бар екенін көріп сезе бастайсыздар. Қандай түсте, оған көңіл күй қандай әсер еткені маңызды. Бәрінен бұрын оның өкпе–реніші болады. «Менің бұлай өз ата–анама қатысты сезінуіме болады, менің басымнан өткеруіме болады, оны қалауыма себептер бар», деп айта бастау керек. Осылай айтқан соң бар жан дүниеңізбен сізге солай 76
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” істеуге болатынын түсінесіз де «Не үшін бұны басымнан өткізуім керек еді?», – деген сұрақ қоясыз. Ауқымды, өте тез келген жауап: қандай да бір өмірлік жағдай еске түсіп, немесе жай жауап, немесе сезімдер арқылы оның келгенін түсінесіз. Тағы да нәтижені бекітіп қоямыз. «Маған бұны ата–анама қатысты басымнан өткеруіме болады, өйткені...», – деп сөйлеп, басыңызға келген жауапты айтасыз. Мысалы: «менің бұлай ата–анама қатысты сезінуіме болды, себебі анамның маған қарағанын қаладым». Яғни әкеме деген жиіркенішімді сезіну арқылы, анамның көңілін өзіме аударуым керек болды. Мұны мысал ретінде айтып отырмын. Одан кейін бірнеше рет сөзді қайталағаннан кейін: «Бұл анамның өзім қалағандай көңілін аударудың жалғыз жолы деп шештім. Иә, жалғыз жол екенін мен шештім, солай, маған солай істеуге болатын еді», дейсіз. Ең маңызды сөз: «Иә, маған солай істеуге болатын еді». Бұны өзіміз қалағанымыз үшін кінәлаудың қажеті жоқ. «Мен солай шештім, өйткені мен соны қалаймын». Бұл сөздерді біздің көңіл–күйіміз өзгергенше айта береміз. Көңіл–күйіңіздің көтерілгенін, инсайт, қуаныш, жеңілдік, еркіндікті сезінсеңіз бұл ата–анаңызға қатысты ұстанымыздың орындалғаны, қалыптасқаны. Бұл күйді сезінгенше қайталап айта беру керек: «Маған бұлай істеуге болатын еді, бірақ мен анамның көңілін аударудың жалғыз жолы деп шештім». Бұл пысықтау ата–аналарға қатысты. 77
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” БАСҚА АДАМНЫҢ ҰСТАНЫМЫН МЕҢГЕРУГЕ БОЛА МА? Пысықтау кезінде басқа бірінші келген жауап ең дұрыс жауап. Бұлай болуы қисынды. Келген жауаптар алғашында сандырақ болып көрінуі мүмкін, сол сәтте Сіз өзіңізге сенбейсіз. Бұлай болуы мүмкін еместей көрінеді. Пысықтау кезінде Сізді қадағалап отыратын адам керек. Бұл жерде болған оқиғаны өз бетімен талдау маңызды емес, тек жай ғана сөйлеп, басқа адамға айтып беріп, оның талдап, қорытындылағанын тыңдау маңызды. Бірінші байланыстар – ол сіздің сұрақтарыңызға берілетін жауаптар. Бұны растау оңай. Мысалы, ауру жайлы пысықтауды алайық. Егер Сіздің бір жеріңіз ауырып тұрса, бұл немен байланысты екенін өзіңізден сұраңыз. Қарапайым сұрақ. «Бұл неге байланысты? Менің ауруым неге байланысты?» сол сәтте жауап келеді. Ол байланыссыз болып көрінуі мүмкін. Мысалы, адамның тісі ауырды, ол өзіне сұрақ қояды: «Бұл неге байланысты?» Бірден, сол сәтте жауап алады: «Менде бизнесте мәселе туындап тұр, ол туралы ойлағым келмейді, мен тісім ауырғанын қаладым, өйткені ол мені бизнестегі мәселеден көңілімді аударса дедім, өйткені бизнес мәселесін тіс ауруындай көтере алмаймын». Яғни ол қолайсыз. Неғұрлым қолайсыз болған сайын, соғұрлым бизнестен көңілімді аулақтатады. Бұл арада қандай байланыс болуы мүмкін? Бірақ бұл жауап Сізге алғашқы секундта, бірінші кезекте келді. Және ол дұрыс жауап. Оны пысықтау керек. Ең қызығы міндетті түрде бұдан қатты жүйкелік ширығу болады. Егер Сіз жауапты жеп–жеңіл айтсаңыз, мысалы: «Иә, менің тісім ауырып тұр, өйткені ауа райы жаман», болжаймыз– Жоқ, бұл жауап «Неге?», деген сұраққа жауап, ал бізге «Не үшін?», деген сұраққа жауап келетін күндер болады. Мысалы, «Менің тістерім не үшін ауырады?». Жауап: «Өзімді қалай жақсы көретінімді сезіну үшін. Дәрігерге барып, өзіме қандай да бір көңіл бөлуім үшін, осылай өзімді қалай жақсы көретінімді сезіну үшін». 78
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” Бұл жауаптарды ол жеп–жеңіл айтып тұр. Оның сөзі еш жүйке жүйесіне әсер етіп тұрған жоқ. Бұл жауаптың дұрыс емес екенін білдіреді. Өйткені шын, дұрыс жауаптан адамда көңіл–күйінде жарық ой пайда болуы керек. Өте өте қолайсыз болар еді. Ақырында шын жауап тапқан кезде жүйкеде ширығу басталады. Сондықтан жауаптың шындығын екі жолмен анықтауға болады. Біріншісі – тез келеді. Ол – ойдан шығарылмаған, ойластырылмаған, салыстырылмаған жауап. Екіншісі – ол сен үшін жағымсыз жауап. Сенің жүйкеңде осы жауаптан ширығу болады. Міне дұрыс жауаптың екі сипаты. Сіз біреумен жұмыс істегенде дұрыс жауапты бақылап отыруыңыз керек. Адам дұрыс жауап бергенде бет жүзі өзгеріп кетеді. Ол өзіне: «Мен өзімді жақсы көргім келеді. Мен дәрігерлерге барамын. Сөйтіп өзімді жақсы көретінімді дәлелдеймін»,–деді, бірақ бұл сөздерді айтқанда көңіл–күйі еш өзгерген жоқ. Бұл жауаптың дұрыс емес екенін айтады. 79
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” ТӘЖІРИБЕ. ӨМІРІМІЗГЕ ҮЛКЕН АҚШАНЫ КІРГІЗЕМІЗ. Бұл тарауда мен Сізге ақшаға пысықтауды қалай жүргізуге болатынын айтамын. Өзіміз айтқандай, ақша – әмбебап материя, және біз оған бүкіл жауапкершілікті артып тастаймыз. Іс жүзінде бала күнімізден басымызға құйып тастаған осындай ұстаным әрқасысымызда бар. Бізге міндетті түрде жұмыс істеу керек, ақша алу үшін еңбек сіңіру керек деп айтатын. Ғаламда бұл байланыс тіпті де табиғи емес. Өйткені бізге, ғалам балаларына біздің тілегіміз бойынша орындалып, қолымыз жетуі керек. Біз нені қалаймыз, соны аламыз. Сондықтан, ақша тілекпен келетін нәрсе екенін айтып келемін. Біз өзіміздің тілегімізге жол ашуға мүмкіндік бергенде, біздің тілегіміздің ешкімге зияны тимейтінін, Ғаламның мол екенін де түсінеміз, сол кезде «мен жұмыс істеймін – яғни ақша табамын» – деген байланыс бізден кетеді. Ал ол бізге не үшін керек? Өзімізді сыйлай білу үшін. Яғни бекер еңбек етпейтінімізді дәлелдейміз. Өзімізді сыйлау үшін жұмыс істегенімізді мойындағымыз келмейді. Біз өзімізге: «Жоқ, біз жұмыс істейміз, өйткені өз керек–жарағымызға қажет болатын ақша болғанын қалаймыз», – деп айтамыз. Ал расында белгілі бір уақытта Ғаламға үлес қосу үшін жұмыс істеп жүргеніңізді түсінуіңіз керек. Тілесең Ғалам да Сізге беруге дайын. Бұл екі ұғымның бір–біріне еш байланысы жоқ. Өзіңізді табу үшін жұмыс істегіңіз келсе, белгілі уақытта Сіз өз жолыңызды табасыз. В.В.Тарасов(танымал әлеуметтік технолог, бизнес–тренер, бірегей оқыту және бағалау технологияларының, Ресейде және басқа елдерде кеңінен тараған іскерлік ойындар мен тренингтер авторы әрі әзірлеушісі,«Бизнес– 80
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” лагерь», «Басқару жекпе–жегі» және т.б.концепциялардың авторы): «Сен әуелі жолды табасың, содан соң жол сені табады», – дейді. Бұл өте терең ой– пікір. Сіз ақша табу үшін жұмыс істемейсіз, бірақ ол Сізде бар. Сіз оны еңбектеніп тапқан жоқсыз, өйткені солай болғанын қаладыңыз. Мен бәрі осыған ұмтылса екен деймін: ақшаны өз тілектерінің орындалған нәтижесі ретінде сезінсе деймін. «Бұл менде еңбек еткенімнен емес, қалағанымнан болып жатыр. Мен үнемі жұмыс істеймін, жұмыссыз отыра алмаймын, менің ішімдегіні шығаруым керек». Бұл басқа кітаптың тақырыбы, дәл сол адамның жолы туралы, адамның өмірдегі орны туралы. Қалай оны табу керек, өз ішіндегісін қалай сыртқа шығарып орындай алады, қалай ие болғысы келген ақшаға ие бола алады? Осы туралы. Бұл ақиқатты түсіну мүмкін емес. Ол бойынша тек пысықтау жұмысын жүргізуге болады. Алдымен ақша, өз ой тілегіңізді, жеке басыңызды, әрі қарай өз жолыңызды, өз орныңызды пысықтаудан өткізуіңіз керек. Master Kit–те дәл осымен түпкі санамен жұмыс істейміз. Бұл құралды осы керемет әдістемені қолданып, адам сенгісіз нәтижеге қол жеткізсін деп жасадық. Осы курстан кейін ақша тілек нәтижесі, мүмкіндік нәтижесі емес екені туралы ой емес, сезіну болады. Біз жұмыс істегіміз келген соң жұмыс істейміз, нәтиже болғанын қалаған соң нәтижеге қол жеткіземіз. Өмірімізде болып жатқандардың бәрі біздің тілегімізден. Егер адам осы оймен өмір сүретін болса, онда ойлағанының бәріне қол жеткізеді, бәрі өз ойлағаныңдай болады. Егер Сіз осы жолмен жүрсеңіз, бұл жол жалқаулыққа алып келмейді. Ертең мені алдымдағы мақсатқа жеткізер жолға алғашқы қадам жасауым күтіп тұр, яғни осындай жұмыс күтіп тұрғаны қандай тамаша,– деген оймен тұрасыз. Өзіңізді сыйлау сезімі одан сайын күшейеді. Бірақ ақша да біз істеп жүрген нәрсемізге байланып қалмаған. Біз жасаймыз, біз қалаймыз. Болды. 81
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” Сіз жасайсыз, Сіз бересіз. Одан қайтарым бола ма, болмай ма маңызды емес. Ол басқа жақтан ұшып келуі мүмкін. Сіз ол адамға бергіңіз келіп тұруы керек. Нақты адаммен алысып, берісіп өзара қатынасқа түскіңіз келмеуі өз пайдаңызды ойлағандықтан. Бұл табиғилыққа жатпайды. Бұндай қарым– қатынас тауар–ақша қарым–қатынас болып есептеледі. Сіздің бергеніңіз өзіңіздің барлық іс–әрекетіңізден қайтады. Өйткені Сіз бұны қалайсыз. Сыртқа ұмтылған өз әлеуетіңізді іске айналдырасыз. Жол мен тілек туралы мәселелер өте маңызды. Бұл кітап көп жағдайда тілек мәселелеріне арналған. Келесі кітап жол мәселелеріне арналады. Өз жолыңызды қалай табу керек? Өз жолын табу не үшін маңызды? Адамдар тірі қалу жағдайында өмір сүру жайдан–жай өмір сүру емес, ал не үшін өмір сүріп жүргенін ойламау үшін. Бұл сұраққа көп адамдар жауап іздейді, таба алмайды. Аздаған қажеттілікке(тамақ, пәтерге төлемақы) ақша жеткізе алмай жүргенде бұндай сұрақтар мазаламайды. Не үшін өмір сүріп жүрмін? Тірі қалу үшін өмір сүріп жүрмін. Сондықтан көп адам осылай өмір сүреді. Бұл оңай көрінеді. Ұсақ мәселелер мақсат болып көзделеді. Адамдар ғаламат арман, мақсат бар екенін ойлағысы келмейді. Ол көрінбейді, бірақ мұндай ой барлық адамда бар. Бұл мақсаттар тіпті әртүрлі. Бір адам өзінің мақсаты шіркеу тұрғызу екенін түсінуі мүмкін, біреуі балаларын тәрбиелеп, оларға бірдеңе қалдырғысы келеді, үшінші компания құрып, супер өнім немесе супер философияны ұсынғысы келеді. Мақсаттар әртүрлі, ең бастысы адам оның өз мақсаты екенін түсінуі керек. Оны қалай түсінеді, ол туралы келесі кітапта. Бірақ бұл сұрақ та ақшаға қатты әсер етеді. Үлкен мақсат тұрса адамға тірі қалу мәселесі болмайды. Өзі қанша ақша тапқысы келсе, сонша қалауына болады. Біз жиі ақша болуына нақты себеп бойынша мүмкіндік бермейміз: қолымызда көп ақша болған кезде мақсат мәселесі тұрады деп қорқамыз. Ал оны қалай шешетінімізді білмейміз. 82
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” ӨМІР СҮРУ – РАХАТТЫ СЕЗІНУ Өз жолыңызды тауып, өз қалаған нәрсеңізді қабылдаған сәтте рахат сезімге бөленіп жүресіз, әрбір күннен рахат сезімін аласыз. Сіз қолыңыздан келетін нәрсені орындап жүргеніңіз өзіңізге ұнайды, әлдебір маңызды іс атқарып жүргеніңізді түсінесіз. Өз ісіңіздің маңызды екенін түсінесіз де, нені қаласаңыз соны аласыз. Стресс жоқ, сана мен түпкі сананың қақтығысы жоқ. Ал ол стресс жағдайлары жағымды сезіледі. Стресс – бұл діттеген жерге жетуді қалыптастыруды тездететін сәт. Стрессті бастан өткермесеңіз, Сіз арманға аяқ баспайсыз. Ширығуды сезінгеннен кейін арманға байланысты қалыптасу жүреді де, сіз сол жолға түсесіз. Сондықтан Сіз тұрақты түрде рахатқа бөленесіз. Бәрі жеп–жеңіл ағынды жағдайға тап боласыз. Сиқырлы әлемде жүргендей күй кешесіз. Шындығында біздің әлем – ғажап әлем. Біз жиі өзімізге кедергі қоямыз. Ал, өзіміз қалағандай өмір сүре бастағанда, өмір тек рахатқа айналады. Бұл әрбір өткен күннен алған жүз пайыздық рахат. Рахатты сезінгенде адамның қартаюы да кешеуілдейді. Ішіміз пысқаннан тез қартаямыз. Егер ісіміз болса, біз өзіміз қалағандай ұзақ өмір сүреміз. Біз өмір сүріп, өз мақсатымызға ұмтылып, өз жолымызбен жүрсек біз ешқашан қартаймаймыз. Қартаю – бұл физиологиялық процесс, ал ол адамның гормондарын басқаратын көңіл–күйіне байланысты. Сондықтан өмір рахаты ұзақ өмір сүрудің кепілі. 83
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” МАХАББАТ ЖӘНЕ ДАМУ. ӨЗІҢЕ СЫНИ КӨЗБЕН ҚАРАУ – ЖЕТІЛУІҢЕ ЫНТАЛАНУ ЖОЛЫ Өзіне сыни көзбен қарау, ұнатпау – әрі қарай жетілуіңе ынталануың. Біз өзімізді неге ұнатпаймыз? Өздеріңізді сүйіңіздер, қандай болсаңыздар да сүйіңіздер деп көп айтады. Әркімнің өзін–өзі ұнатпауға өзіндік себебі бар. Бұны қабылдау қиын, белгілі бір сәтте бала өзін сүйкімсіз, ешкімге керегі жоқтай сезінгісі келеді. Олай ойлауға оның себебі бар. Өзін жек көрсін деп тілеген сайын дамуына жол ашылады. Егер бала сүйіспеншілік пен көңілге бөленген болса, ештеңе істемесем де, сүйкімді боламын деп ойлайды, енді ештеңе істемесе де болады. Белгілі бір уақытта осындай ұстаным қалыптасады. Егер жағдай керісінше болса, бала өз ісіммен өзімді мойындатамын, мені жақсы көретін болады, сондықтан мен жақсы боламын, өзімді дұрыс ұстаймын. Сондай–ақ бұл ұстаным өмірде қабылданады. Сүйкімсіз болу тек даму үшін қозғаушы күш қана екенін белгілі бір сәтте түсіну керек. Егер бұл шындықты түсінбейтін болсақ, махаббаттың соңынан өмір бойы қуып жүрген болар едік, бірақ олай істемейміз. Егер олай жасасақ біз дамуымызды тоқтатамыз. Бұны пысықтау өте маңызды: «Айналамдағы адамдар мені жақсы көрсін,– деп тілек тілемесем де болар еді. Осы жолда ғана мен дами аламын деп шешуіме болар еді. Бірақ тек осылай дами аламын деп шешуіме болар еді. Бірақ осылай дамуды мен өзім ғана шештім. Жек көре отыра дамуға болады деп өзім шештім. Бұл тек менің ұстанымым болатын». Бұндай ұстанымды адам өзіне–өзі қояды, осылай жек көру арқылы дамуға, өсуге жол ашады. Бұл ұстанымды қалыптастыруда адамда қандай өзгерістер болып жатады? Нәтижесінде ол өзіне сүйіспеншілікпен қарайды, дамуы да ешқайда кетпейді. Ол тіпті дами бастайды, өйткені ол өзін жақсы көреді, айналасындағылар жақсы көреді. 84
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” Барлық ұстанымды қалыптастырып болғаннан кейін бәрі біздің тілегімізбен байланысты екенін түсінуіміз керек. Менде ақша бар, өйткені мен соны қаладым. Жұмысым бар, өйткені мен соны қаладым. Мен өзімді көрсетемін, мен дамимын, өйткені мен солай болғанын қаладым. Бізге ешқандай қозғаушы күштің керегі жоқ, біздің тілегіміз басты қозғаушы күшіміз. Бұл – мінсіз нәтиже. Ұмтылуға болатын нәрсе. Сіздің өміріміздегі бар нәрсенің бәрі Сізде бар,өйткені оны Сіз солай болғанын қаладыңыз. Және олар енді ештеңемен байланысты емес. Жалғыз ғана байланыс: тілек – нәтиже. Болды. Тілек және нәтиже. Тілейсің – яғни дамисың, әдемі болуды тілейсің – әдемісің, сымбатты болғың келе ме – сымбаттысың, бай болғың келе ме – байсың. Тілек – яғни нәтиже. Бұл мінсіз ұстанымдар. Сізде бәрі пысықталып болғаннан кейін сіздің тілектеріңіз ешкімге зиянын тигізбейді. «Менің тілектерімнің басқаға зияны тиеді» – деген ұстаным Сізде болуы мүмкін. Не болады? Дәл осы іске асады. Сіздің тілектеріңіз ешкімге зиянын келтірмейді, сізге тілек тілеуге болатыны жайында жұмыс істеу керек. 85
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” ҚОРЫТЫНДЫЛАЙЫҚ Өмірдегі рахат неліктен жол тауып ап, ақшалы болғаннан кейін келеді? Өйткені солай болғанын СІз қаладыңыз, кейін Сіз жол таптыңыз. Әрбір күннен рахат таба бастадыңыз. Өйткені Сіз өзіңізге ұнайтын, қолыңыздан келетін нәрсені орындап жүрсіз. Маңызды мәселені шешіп жүргеніңізді түсінесіз. Істеп жүргеніңіз маңызды екенін түсінесіз. Өзіңіз қалаған нәрсені алуға мүмкіндік бересіз. Сізде стресс те жоқ, өйткені енді сана мен түпкі сана қақтығысы жоқ. Стрессті жағымды нәрсе ретінде қабылдай бастайсыз. Стресс бұл қалыптастыру сәті екенін және арманыңызға жақындата түсетінін түсінесіз. Яғни Сізде арман бар. Күйзелісті бастан өткізбей Сіз оған бармайсыз. Оны қабылдап, өткізгеннен кейін Сіз арманыңызға қатысты қалыптастыру жұмысын жүргізіп, енді оған өз жолыңызбен барасыз. Сондықтан тұрақты түрде жағымды күй кешесіз. Бәрі жеп–жеңіл болатын ағынды жағдайда боласыз. Сіз сиқырлы әлемде жүргендей боласыз. Шындығында біздің әлем нағыз сиқырлы әлем. Тек біз өзіміз кедергілер қоямыз. Егер біз енді ешқандай кедергі қоймай, бәріне өзімізге рұқсат беріп, қалай өмір сүруде өз қалағанымызды қабылдасақ, – өмір рахаты сол. Міне әр күннен алатын жүз пайыздық жайлылық осы. Бір қызығы тез қартаю мәселесі болмайды. Адам үнемі күйзелістен қартаймайды. Айналысатын істің жоқтығынан қартаямыз. Егер іспен айналыссақ, қанша өмір сүргіміз келсе, ұзақтығы сонша өмір сүре аламыз. Өз жолымызды тауып, өз мақсатымызға ұмтыла өмір сүріп жүргенде біз қартаймаймыз. Себебі қартаю көңіл–күйге қатысты болатын физиологиялық процесс. Ол гормондармен, ал гормондар көңіл күймен реттеледі. Сондықтан рахатта өмір сүру – көп жасаудың міндетті шарты. ДОСТАР! 86
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” Кім бұл кітапты аяғына дейін оқып шықса, соған жеке кабинетінде сегіз қадамнан тұратын сыйлық дайындап қойдым. Олар арқылы өз түпкі санаңызды танып, мақсатыңызға жетесіз. Кітап – бұл теория, бұдан бастағаныңыз өте дұрыс.. Егер осы теорияны қолданбай қалдырсаңыз,– ештеңе өзгермейді. Өз жолымызбен дәл қазір жеңіл және рахаттана жүруімізді бастайық! 87
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” Дарья Трутнева Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады 88
Search