Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Қуаныш ШОНБАЙ - Екінші болма!

Қуаныш ШОНБАЙ - Екінші болма!

Published by Макпал Аусадыкова, 2021-02-11 05:04:57

Description: Қуаныш ШОНБАЙ - Екінші болма!

Search

Read the Text Version

теология туралы көп ізденетінмін. Күндердің күні «осы мен не үшін кітап оқимын?» – деген сұрақ туды. Сәл ой- ланып қарасам, жарыс үшін сияқты. Өйткені, оқығаным, білімім басқалардан артық болу үшін, басқалардың аузын жабу үшін керек сияқты. Сол ойдан өзімді ұстап алдым. Стоп, Қуаныш! Одан кейін келесі кезеңге өттім. Жұмыс үшін оқуыма тура келді. Мұнда алгоритм басқа: оқыдың > іске асырдың > нәтижесін көрдің > қуат алдың/шабыттандың > басқа кітап оқыдың. Сондықтан маған кітап оқу қиын емес. Бәрі өзіңе байланысты. Қазір менің негізгі мақсатым оқу емес, оқығанды іске асыру. Бизнеске, өміріме пайдалы әрекетке негіз іздеу. Сондықтан жақсы идея, мені қызықтырған сұраққа жа- уапты көрген бетте... кітаптың бетін жабамын. Солай, мен оқыған кітаптың тоқсан пайызы бітпеген. Ойды алдым. Бітті. Кітапты оқып бітіру маңызды емес. Есесіне осы техниканың арқасында бизнесіме де, өзіме де көп идея- лар алдым, алға жылжыдым. Оған мысал көп. Мәселен, ұжымдағы басты адамдарды қалай қызықтыру керегін ойлап жүрдім. Сол кезде бізде мейрамхана басқарушы директоры болды. Онда бекітілген жалақы, айналымнан проценттер, тағы да басқа игіліктері бар еді. 2015 жылы Стамбұлға барғанда, осы тақырыпта 150 долларға кітап алдым. Мақсат айқын еді – жаңағы адамды мотивациялау- дың жолын табу. Алматыға келіп, кітаптарды ақтарып отырғанмын. Алғашқы кітап, алғашқы бөлім, алғашқы абзац: қызметкерлеріңізді партнер (серіктес) қылыңыз дейді. Бұл миллиардер, әлемдегі ең бай түрік, банкир және бизнесмен, Гарвардтың МБА түлегі Хусейн Озйе- геннің43 кітабы болатын. Мұндай адамға қалай сенбей сің? Оның принциптері дұрыс болмаса, соншама жеңіске қалай жетер еді? Кітапты жаба салып, іске кірістім. Нәти- же де жаман болған жоқ. Біз жаңағы адам, операциялық кірістің проценттерін алады деп келістік. Келесі айда ___________ 43 Хусейн Озйеген – миллиардер, әлемдегі ең бай түрік, банкир және бизнесмен. Гарвардтың МБА түлегі.

оның жалақысы 100 мың теңгеге көбірек болды. Бірақ сонымен бірге, ол 800 мың теңге үнемдеді. Демек, біздің табыс ай сайын 700 мың теңге еді. Міне, қандай жақсы инвестиция – 150$ салып, 700 мың теңге пайда табу. Біздің «Rumi»-дің негізгі ерекшеліктерінің біріне ай- налған Masstige – ол да кітаптан алынған ұғым. Бұл қол- жетімді (mass) және беделді (prestige) деген категория- ларды біріктіреді. Оны әдетте косметикалық брендтер өте жақсы пайдаланады. Nivea, L’Oreal, MaXFactor – осы салада өзін дәлелдеген брендтер. Бір қарағанда қымбат та емес, бәрінің қолы жетеді, қалтасы көтереді. Және са- тып алуға да ұялмайсың. Merсі – қонаққа барғанда сатып алғанды жақсы көретін тәттілеріміз. Сол 1500 теңгеге, «құрқол бармас үшін» дейтін одан басқа, жақсырақ дү- ние сатып алуыңыз неғайбыл. Сөйтіп, «Rumi»-де осы техниканы пайдалануға талпындық. Біздің кейбір нүктелерімізде орташа чек «Starbucks»-тан арзанға шығады, бірақ онда қандай жағдайда да, кіммен де баруға ұялмайсың. Достарыңыз- бен кездесуге де, құдалық жасауға, сүйіктіңді кешкі асқа шақыруға, шетелдік қонақтарды күтуге, іскерлік кездесу ұйымдастыруға да болады. «Би түсетін үй» деген ұғым бар қазақта, біз сондай, министрді де күтуге болатын орын жасадық Әдетте, «Masstige» категориясындағы бренд қалып тастыруда антураждың орны орасан: «упаковка», «подача», т.б. Арзан бағада ұсынған күннің өзінде, та- уарды біздікінен үш есе қымбатқа сататын әріптестеріміз секілді «упаковать» етіп беруіміз керек. Осы техника бизнес әлемінде 2003 жылдан бері бар. Неге бізде ешкім қолданбайды? Көрмей, білмей жүр ме? Меніңше, бізде бизнес жасауды ақша салу, сосын күреп ақша табу деп қана түсінетін секілді. Бизнес жасау үшін білім кере- гін, әлемдегі үздік идеяларды кішкентай кәуапханада да қолдануға болатынын білмейді. Білмейді емес, білімнің маңыздылығына мән бермейді. 102

МИНУСТЫ ПЛЮСКЕ АУЫСТЫРУ Алғашқы рет «минусты плюске ауыстыру» деген- ді естігенімде өз басым қатты қиналғанмын. Себебі, бойым басқалардыкіндей ұзын емес, басым қазандай, қалай мен өзімнің осы минусымды плюске ауыстыра аламын? Адамдардың көбісі «бізде бизнес дамымаған, сервис жоқ» деп, қызмет көрсету саласына қатысты бір идея айт- саң, оны қабылдамайды. Сылтау іздеп, тек минустарын тізбектей береді. Ал бұл, керісінше плюс қой. Себебі, ол сала дамымаған, ешкім ештеңе жасамаған, ал сен қадам жасап, оны өзгертіп, бірінші болсаң, сол салада моно- полист атанасың, бұл саған жақсы қаражат алып келеді. Неге өмірде кездесетін осындай минустарды, сылтаулар- ды плюске айналдырмасқа? Кез келген нәрсеге екінші жағынан қарап көрсең, оның өзің үшін ұтымды жағын табасың. Егер өміріңде қандай да бір кедергіге жолықсаң, оны өзіңе оңтайлы болатындай етіп пайдаланып, плюске ай- налдырып ал. Мысалы, көп сөйлейтінмін деп айттым. Ол менің үл- кен минусым болды, ал мен оны плюске айналдыру үшін мұғалім болдым. Нәтижесінде, Тараздағы қазақ-түрік колледжінде оқыған менің студенттерім ең үздік атан- ды. Себебі, көп кітап оқып, жақсы есте сақтау қабілетім бар, оның үстіне көп сөйлегенді жақсы көремін, әйтеуір, барлығын дұрыс пайдалана отырып, жақсы жақтарым- ды дамыттым. Қазіргі таңда да істеп жүргенім осы. Биз- несімді дамытамын, бірақ білгенімді бөліскенді жақсы

көргендіктен, тренинг өткіземін. Өзімнің компаниямда да қазір мұғаліммін, заманауи тілмен айтсақ, коуч. Мен әр бөлім басшысын шақырып алып, оның ойын тыңдап, оған жол сілтеп отырамын. Осыған дейін бетіме басып келген кемшілігімді артықшылығыма айналдырдым, қазір мейрамхана бизнесіндегі мықты компаниялардың бірінің тізгінін ұстап отырған, негізін қалаушыларының бірімін. «Versus» қолданбалы жеңіс академиясының не- гізі қалануының себебі де осы шығар. Сол себепті өзіңнің кемшіліктеріңді артықшылығыңа, ерекшелігіне айнал- дырудан қорықпа. 104

СЕНДЕ БІЛІМ БАР МА, ӘЛДЕ ЖАЙ ҒАНА КРУГОЗОР МА? БІЛІМ – ол қараңғылықты жарық қылады, бізді алға жетелейді деп айтамыз. Қазіргі заманның дерті – адамдар тренингтен тре- нингке баруға, ақпарат жинауға құмар, көп кітап оқиды. Бірақ, оны қолданбайды. Жалпы, бұл ойға мені өмірдегі бір оқиға жетеледі. Бірде жұмыс бабымен бір ғимаратқа кіріп барғанымда, күзетші жігіттің бизнеске қатысты, қабылдануы ауырлау болып келетін, кәсіпкерлерге негізделген кітапты оқып отырғанын байқадым. Сол кезде, осындай мықты кітап- тың бұл жігітке неліктен көмегі болмады екен деп ойлан- дым. Кейін түсіндім, білім мен кругозор екеуі екі бөлек нәрсе екен. Қолыңа кітап алған кезде, «бұл ақпарат маған білім бола ма, әлде менің кругозорыма кетеді ме?» - деп өзіңе сұрақ қой. Егер оқыған кітабыңды пайдалансаң, ол сенің бір сұрағыңа жауап тауып берсе, мәселеңді шешсе, бұл – білім. Ал егер де әр түрлі ақпаратқа басымызды толтыра берсек, үйренуге, білуге құмар болып, оны шынайы өмір- де қолданбасақ, ол жай ғана кругозор болып қалады. Мысалы, PR-директорымыз Айна ханымға Астана қаласынан ашылатын мейрамхананың басы-қасында болып, оның салтанатты түрде өтуіне тапсырма бердім. Айнаның көздерінен тапсырған жұмыстың қолынан келіңкіремейтінін байқадым. Мен оған кітаптар тізімін беріп, оқып шығып, содан сұрақтарға жауап табаты- нын айттым. Айна ханым болса: «Қуаныш мырза, мен ол кітаптарды оқып қойғанмын», – деді. Ал менің оған:

«Сіз бұл кітаптарды кругозор үшін оқығансыз, ал қазір алдыңызда нақты тапсырма тұр. Ал оның шешімін сіз нақ осы кітаптан тауып аласыз, сол кезде ол сізге мүлде басқаша көрінеді», – деп жауап бергенім бар, кейін баяғы оқылған кітаптар кругозор емес, білімге айналды. Тағы бір мысал ретінде, «Versus» академиясындағы сату бөлімінің басшысы Ардақ ханымды айтқым келеді. Жұмыс барысында ол маркетинг бойынша келген лид- тарды саудаға айналдыруға қатысты кітап оқып жүр екен. Ол кітаптың Ардақ ханымға пайдасы тиеді, себебі, оның қазіргі таңда алдында үлкен проблема тұр. Оқыған-біл- генін қолданса, ол проблемасын шешеді және өзіне пай- далы білім алады. «Rumi»-ді бастағанда Йона Бергердің «Заразитель- ный» деген кітабын оқып, содан білім алғанмын. «Rumi»- дің философиясын құруда ол кітаптың маған үлкен пай- дасы тиді. Бір жігіт маған: «Екеуіміз бірдей кітап оқимыз. Неге ол кітаптың пайдасы саған тиеді, ал маған тимейді» дейді. Өйткені мен кітапты сұрағыма жауап алу үшін оқи- мын. Бұл өте маңызды мәселе. Қолыңа кітап алған кез- де немесе Google-дан ақпарат іздеп, YouTube-тан видео көрген кезде, оның білім бе, әлде кругозор екенін ажы- рата білу керек. Шымбұлақта шаңғы тебуді үйренгенім бар. Сол уақытта Youtube-тан шаңғы тебудің техникала- рын үйрену туралы видеосабақтар қарадым. Егер де мен оны Шымбұлаққа шаңғы тебуге барған кезде емес, жазда көрген болсам, ол мен үшін жай ғана кругозор болып қа- латын еді. Ал алдымда нақты мәселе туындағандықтан, шаңғы тебуді үйрену мен үшін білім болды. Қолыңа кез келген кітапты алғанда, «бұл маған білім бола ма, әлде оқыған он кітабымның тағы біреуі бола ма?» – деп ойлан. Сондықтан кругозорыңды үлкейте бер- мей, нағыз білім жина. 106

ЖАСАУ МЕН ТЫРЫСУДЫҢ ФУНДАМЕНТАЛЬДЫ AЙЫРМАШЫЛЫҒЫ Бір қарағанда екі ұғымның айырмашылығы жоқ. Алайда, қате анықтама қате әрекет пен қате нәтижеге алып келетінін еске түсіріп, осы екі ұғымды толық ашып көрейік. «Тырысу» – біздің қоғамда позитивті сөз. Tырысып жүрген адамды көбі мақтайды, үлгі тұтады. Себебі, құр босқа әрекетсіз жатқанмен салыстырғанда расында да жақсы ғой. Ал менің түсінігімде, тырысу бiздi алдайтындай. Бұл жерде тырысу деп нені түсінеміз. Кез келген істі жүзеге асыру барысында «ырымын» жасау деп білемін. «Істе- медім» деген атаудан арылу үшін ғана өтірік бір әрекет- тің сипатын істеп қою. Жұмыста талай адам бастықта- рының көзінше «тырысып» жүр ғой. Қарасаң тәнті бола- сың. Қарбалас тірлігі көп сияқты, ал нәтиже жоқ. Қорыта айтқанда, бұл кітапта «тырысу» – нәтижесіз, бірақ бел- сенді орындалатын әрекет, яғни көзбояушылықтың бір түрі деуге болады. АЛ ӘРЕКЕТ ЖАСАУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ? Бұл істің сәтті болуына қатысты барлық жауапкер- шілікті бір өзіңе алу. Істің ауырлығын мойныңмен көтеру және үнемі нәтижеге қол жеткізу. «Сәтін салмады», «бұйыртқаны» және тағы басқа сыл- тауларды айтпау. Ретімен жасалған істе оң нәтиже бол- мауы мүмкін емес. Біз «жасаудың» орнына «тырысамыз да», «тырыстым ғой» – деп, өз-өзімізді алдаймыз.

ТЫРЫСУ – ІСТЕМЕУДЕН ЖАМАН. Істемейтін адамның өзін ақтайтын амалы жоқ. Ал тырысушыда амал-сылтауы бітпейді. Тек жасаушыда ғана нәтиже бар. Қарап тұрсаң, қарапайым сөздер сияқты. Алайда, осы- ның мәнін ұғып «жасап» жүрген адамдар үлесі әлем йынша 1%-дан аспайды. Өз атын танымал еткен, жеңіске жеткен адамдар көп емес. Оларды көбіміз білеміз және олардың жетістігінің кілті неде деп те ойланамыз. Мы- салы, АҚШ-та осы салада зерттеулер мен ізденістер өте көп. Солардың бірін өзіңізбен бөліскім келеді: Майкл Фэлпе дене құрылымының сараптамасы Майкл Фэлпс – атағы жер жарған әйгілі атлет. Әлемнің 26 дүркін, Олимпиаданың 23 дүркін чемпионы. Нағыз жеңімпаз. Медаль саны бойынша абсолютті рекордсмен. Бір ел болып 7 алтын алып жүргенде, жалғыз өзі 7 алтын алған жүзуші. Қарапайым халықтан бастап, арнайы ма- 108

мандарға дейін оның құпиясын зерттеген. «Майкл Фэлпс дене құрылымының ғылыми сараптамасы» атты мақала да оның жетістігінің себебі дене бітімінің ерекшелігінде дейді. Бойы 1,93 метр болса, қолын ашқандағы екі алақа- нының арасы 2 метрден асады. Оның үстіне денесі ұзын, ал аяқтары қысқа екен. Жазылған деректердің растығына шүбә келтірмеймін. Бұл жердегі мәселе – осы ақпараттың оқырманға әсері. Бұны оқыған адам қандай ойға келеді? Сен қандай ойға келдің? Кішкене үзіліс жасап ойланшы, өз-өзіңе сұрақ қой. Бұл мәселені де зерттеген екен. Атал- мыш деректері бар ақпаратты оқыған адамдардың басым бөлігі атақты адамдардың жеңіске жетуі көктен келген бір сый деп ой түйеді. Яғни, осындай жеңіске жету үшін менің де денем осындай болу керек деп ойлаймыз. «Әт- тең, Құдай ондай мүмкіндік бермеді…» – деп ары қарай тырысып жүре береміз. Бұның басқа да нұсқалары болуы мүмкін. «Менің он- дай таныстарым жоқ», «Ол – байдың баласы», «Кішкен- тайынан мектепте жақсы оқыған» және тағы сол сияқты. Өзімізді барынша сол жеңіске жеткен адамға ұқсатпауға тырысамыз. Ұқсастық болып қалса қайталау керек қой. Жасау керек болады. Ал тырысып жүре берген ыңғайлы, жайлы. Тереңдеу ойланып қарасақ, көп жеңімпаздың құпи- ясын талантқа не дарынға ысырып тастайды екенбіз. Фэлпстің тәуліктің жартысынан көбін жаттығумен өт- кізетіні орынсыз. Мәселе денесінің диспропорциясын- да. Расында солай болса, талай денесі диспропорция адамдар жеңімпаз болып кетпей ме? Бұндай мысалдарды шексіз жалғастыра беруге болады: Усэйн Болттың тізе- лері бірдей екен, Головкиннің жүрегі асинхронды жұмыс істейді екен, Витастың кеңірдегінде ақау бар екен… Ал «жасау» мен «тырысудың» ара-жігін ажырататын не? Қандай қабілет не қасиетке ие болсақ қана біз «ты- рысу» фазасынан «жасауға» ауыса аламыз? Әбден бір сиқырлы «дәрі, бейне бір панация» іздеп үйреніп қалдық қой. Ондай абсолютті зат жоқ, бірақ маңызы орасан бір

құбылыс бар. Ол – жауапкершілік. Біріншіден, оның та- биғатын толық түсіну кейін оны мойындау маңызды. Жаздың ба? Онда кеттік! Өкінішке орай, жауапкер- шілік бақылау бар кезде ғана пайда болатын құбылыс болып кетті. Уақыт өткен сайын жауапкершілік әдеттегі қабілеттен сирек кездесетін санатқа ауысып барады. Әр басшының топ сұрауында жүреді. Бұл ұғымды Стивен Ковидің сөздерімен, ойларымен ашып көрейін. Оның пайымдауынша, адамдар екіге бөлінеді: реактивті және проактивті. Реактивті адамдар әдетте көп болады. Олар- ды басқару оңай. Ең бастысы, олардың шешіміне және өзіне бір фактор әсер етеді. Мысалы, реактивті адам бір тренингке барамын деген күні қатты дауыл болып кет- се, оның шешіміне бірнеше фактор әсер етеді. Ауа райы жылы болса, баратын едім. Ақша төлегендiгi не сомасы тегін болса, бірден үйде қалады. Төлеген ақшасы қалта- сына ауыр болса, барудың амалын жасайды. Қысқасы әсер ететін фактор көп және олар сырттан келеді. Проактивті адамның шешім қабылдауы, керісінше ішкі күштерге сүйенеді. Ол адам құндылықпен жүреді. Қандай дауыл болса да, ол білім алу деген құндылықтың себебімен барады. Байқасаңдар, реактивті адам жауап- кершілікті өзге күштерге сілтей салады. «Менен басқа- ның бәрі кінәлі» позициясынан таймайды. Ал проактивті адам, олай болмаса да, жауапкершілікті бір өзінің мой- нына алады. Сол себепті де ол жасайды. ТЫPЫСПАЙ- ДЫ. Проактивті ұстазға бір мысал келтірейін. Үлкен оқу орнында бір топ «нашар» бала болады. Олар ешқандай сабаққа толық қатыспайды, тапсырма орындау атымен жоқ. Барлық өзге оқытушылар (реактивті) олардан үміт үзген: «Бұлардың тәрбиесі жаман, оқыту мүмкін емес. ТЫҢДАМАЙДЫ» дейді. Ал проактивті оқытушы: «Жоқ, МЕН оларды ТЫҢДATА АЛМАЙ жатырмын» деп күнде балалардың жүрегін жаулауға және шырағын жағуға ты- рысады. Нәтижесінде, әлгі бір «құмалақ» оқу орнын ең үлгілі түлек ретінде тәмамдайды. 110

«Тырысушы» жауапкершілікті өзгелермен бөлісіп жүрсе, яғни, нәтижесі болмаса өзгені айыптайды. Ал «жасаушы» жауапкершілікті ешкіммен бөліспейді, жа- ман нәтиже көрсетсе де, тек өзінің аз жұмыс істегенді- гінен, ізденгендігінен, оқығандығынан, сұрағандығынан көреді. Ал марапат не мақтауды бөліскенде жағдай керісінше. «Тырысушы» бар мақтауды, атақ-абыройды өзіне қарай тартады, ал «жасаушы» өзгелермен бөліседі. Жоғарыдағы мысалдан көріп тұрғанымыздай, көп «ты-

рысушыдан» пайда аз. Бір «жасаушы» оң және түбегейлі өзгеріс жасай алады. Татьяна Черниговская44 айтпақшы, біздің тіліміз – ішкі ұстанымдарымыздың көрінісі. Басқаша айтқанда, «жа- саушы» не «тырысушы» ұстанымын ұстап жүргеніміз біздің айтқан сөзімізден білінеді. Баршамызға таныс тағы бір мысал келтірейін. Өткен ғасырдың соңында талай компания нарыққа серпіліс әке- летін өнім жасағысы келді. Бірақ көбі тек тырысып жүрді. Ксерокс компаниясы «мышка», тағы бір компания интер- фейс жасап тырысты. Ал Apple сол тырысулардың басын қосып жасай салды. Сөйтті де, алғашқы Макинтошты нарыққа әкелді. Сенсорлы телефонды бірінші болып жа- сауға тырысқан – Nokia. Ал жасаған – Apple. Facebook-ке дейін әлеуметтік желі болды. Whatsapp-қа дейін мессен- джер болды. Олар тырысты, біз білетіндер жасады. Жаса- уға тырысу бар. Жасау бар. Таңдау – Сенікі! Қоғамдағы көптеген ақпарат не адамдар бізді ты- рысуға ғана итермелейді. Тырысқанды марапаттайды. «Талпыныс» бағаланады. Ал өмірде ол есепке алына ма? Мынау он рет банкрот болды екен деп мойындай ма? Форбсқа шығара ма? Тек жасағанда шығарады. Ал жасау үшін еріксіз олқылықтарынан үйренді. Тек бізге сырттай тырысу болып көрінеді. Қанша жолы болмаса да, қайтпа- ды дейміз. Сөзсіз, бірақ ол тырысып жүрмей бірден жа- саса ше? Бірден жеңіске жетуі мүмкін бе? Менің ойым- ша, біз өмірден таяқпен ғана сабақ алып үйреніп қалдық. Әрине, ол таяқ та бірдеңе үйретеді. Мәселе көпшілігінің сол таяқтан ес жия алмай қалатындығында. НЕНІ ЖӘНЕ ҚАЛАЙ ЖАСАЙМЫЗ? Бір байқағаным көбіміз шартты сөйлемді қажетінен көп қолданамыз. Мысалы: «Егер жаңбыр жауса, өзіммен қолшатыр алып шығамын», «Егер көлік алсам, аяқ киімім таза болады. Әзірше автобуспен жүрмін, сондықтан аяқ киімім кір» дегендей. ____________ 44 Татьяна Черниговская – психолингвистик, нейроғылым мен сана-сезім теориясының кеңестік және ресейлік ғалымы, биология ғылымдарының докторы, профессор. 112

Тағы бір өмірден алынған жақсы мысал. Бизнестегі әріптесім Айдос мырза кезінде мұғалім болып, универ- ситетте дәріс берген. Оған қоса жеке бизнесі де болған. Мұғалімдердің қасында журнал, кілт таситын көмек- шілері жүреді екен. Бір күні Айдос мырза кілтті күтіп ұзақ тұрды. Әлгі көмекші қыз әлі жоқ. Айдос мыр- за көмекшісіне кілт алуға өзі барса, ол қыз Internet-тен жұмыс іздеп отыр екен. «Маған басқа жұмыс керек еді, қазіргі айлығым 60-ақ мың» дейді. Сол кезде Айдос мыр- заның келіп, маған айтқаны: «Қуаныш, компанияма жақ- сы хатшы қыз іздеп жүр едім, айлығы 120 мың. Әтте- ген-ай, университетте маған көмекші болып жүрген қыз жұмысына тиянақты болғанда, оны алар едім». Көрдіңіз- дер ме? Егер, Айдос мырзаның көмекшісі сол кезде жұ- мысын жауапкершілікпен орындаса, басқа жұмысқа да тұрар еді, айлығы да жоғары болатын еді. АҚШ-тың Әскери-теңіз флоты генералының лекция- сы бар. «Егер сен әлемді өзгерткiң келсе, өзіңнен баста. Әлемді өзгертуді, төсегіңді жинаудан баста» деген. Кіш- кентай нәрсені дұрыс жасамаған адам, үлкен нәрсені де дұрыс жасамайды. Шартты сөйлемді бастан шығарып тастау керек. Айтпақшы, осы лекцияны YouTube-қа кіріп, қарап ал. «Если ты хочешь изменить мир, заправь кровать» деп аталады. Ол үшін мына берілген QR кодты сканерлеу жеткілікті. Генералдың лекциясын QR кодты сканерлеу арқылы көре аласың

Ал шартты сөйлемді пайдаланбау үшін, адам өзінің жұмысын жақсы көру керек. Біздің «Rumi»-де еден жуушы адам бар. Қарайсың да, сүйсінесің, өз жұмысын үлкен махаббатпен жасайды. Сол адамның құрметіне біз, Rumi»-дегі барлық еден жуушы адамдардың жалақы- сын көтердік. Себебі, оның жұмысында «бүгін қалай болса солай жуа салайын, ертең жақсылап жуамын» де- ген шартты сөйлемдер жоқ. Сонымен, тырыспай жасау үшін, біріншіден «нені – қазір бар жұмысты» жасаймыз, екіншіден «қашан – қазір». Шошқа мен сиыр туралы әңгімені түсінікті болу үшін келтірейін. Бір күні шошқа сиырдан «неге сені адамдар бағалай- ды, ал мені бағаламайды? Мен етімді беремін, терімнен аяқкиім, ал қылдарымнан қылшық жасайды. Сен болсаң, тек сүт бересің» деп сұрайды. Сиыр ұзақ ойланып, жа- уап береді: «Өйткені сен етіңді, теріңді және қылда- рыңды өлгеннен кейін бересің, ал мен сүтімді тірі кезім- де беремін. Сол сияқты, «ертең, ертең» демей, қазірден бастау керек. Үшіншіден, «қалай?» жасаймыз, «болмасаң да, ұқ- сап бағу». Яғни, идеалды образға ұмтыламыз. Бұл тура- лы «Форманың жоқтығы немесе барың мен жоғыңның айырмашылығы», «Образ таңдау: қияли болудың пайда- сы» деген бөлімдерде толыққанды талдап жазғанмын. Егер сенен қарызға ақша сұрағанда, «тауып көрейін» десең, нәтиже 50/50, не болады, не болмайды. Курстарға жазылып, тіл үйреніп көремін, бизнес ашып көремін – тырысқан кезде, әрдайым 50/50 болады. Tырысу дұрыс болса, нәтижеге алып келеді, ал қате болса, тағы да тырысты, қайтадан 50/50 мәселесі туын- дайды. Сөйтіп, әрдайым «қате» болып қайталана берсе, өмір бойы тырысса, бітпейтін нәрсе, шексіз, қайталана береді де, бір нәтижеге алып келмейді. Ал жасауда 100% нәтиже болады. Не жақсы нәтиже немесе онша жақсы емес, бірақ нәтиже бар. 114

Түріктерді жақсы көремін, оларды жақсы түсінемін деп әрдайым айтып жүремін. Бірде Түркияда аяқ киімімді та- залаттым. Тазалап берген ұста өз жұмысын жанын салып, тиянақты жасайтыны көрініп тұр. Өзімен әңгімелессем өміріне риза, жалақысы тұрмысына жеткілікті, аяқ киім тазалайтынын мақтан тұтады, оған қоса әкесінің кәсібін жалғастырып жүр екен. Одан соң, таксиге отырдым. Стамбұлда барлығы 18 мың ресми такси бар. Біздегідей әр адам өз көлігіне мініп алып, таксист болып жүрмейді. Бірде Астанада таксиге мінгенімде, ресми костюм-шал- бар киіп алған, түрі мен сипаты келісті жігітке кезiктiм. «Неге әдемі болып киініп алғансың?» – деп сұрасам, бұл жігіт мемлекеттік қызметте жүр екен, ал жұмыстан уақы- ты бос кезде, таксист болып қосымша табыс табатын бо- лып шықты. Ал, Түркияда олай емес. Таксистер ресми түрде жұмыс істейді, барлығы да біз сияқты футболка, джинсымен жүре береді. Алайда, бір күні әдемі болып, ақ жейде киіп алған, үсті мұнтаздай таза киіміне қарап тамсанатын көлік жүргізушісіне жолықтым. «Неліктен соншалықты әдемі болып жүрсіз?» – деп сұрадым. Ол адам: «Егер маған Құдай жолаушы жіберсе, неге оны ал- басты сияқты күтіп алуым керек? Әр клиентім – құтты қонағым» – деп жауап берді. Сондықтан тек жоғары ла- уазымда отырсаң ғана емес, жалпы, әркім өз жұмысын жақсы істесе, өзі де нәтижеге жетеді, оның қоғамға да пайдасы тиеді. Tырысу мен жасаудың айырмашылығын аша алдым деп сенемін. Және де тиісті ұстанымды таңдауға әсер ете алдым деп үміттенемін. Егер сен менімен әлі бірге бол- саң, осы бөлімнен түйгеніңді бір қорытындылауға кеңес беремін. Ал келесі бөлімде тырыспай, жасаудың техника- сына қатысты түйген ойларыммен бөліспекпін.

ЖЕҢІСКЕ БАСТАЙТЫН НӘPCE – ЖАСАУ: ЗАТОК Кез келген жұмысты істегенде, кәсіп бастау, тұ- саукесер жасау, кітап жазу болсын, оны ЗАТОК модель бойынша жүзеге асырамыз. Ол үшін ісің мына- дай бес мәселені қамтуы керек: Нені және Қалай жасау? Заң бойынша Аяқталған Тәртіп бойынша Ойластырылған Көрікті (Әдемі) ЗAҢ БОЙЫНША. Өкініштісі, біздің азаматтар үшін барлығын заң бойынша жасау үлкен қиындық тудырады. Олар әрқашан алдауға тырысады, жалпы заңға қайшы жүргенді ұнатады. Бір сөзбен айтқанда, өздерін көрсет- кісі келеді. Дәмхана ашады, СЭС-тың талаптарын орын- дамайды, адамдар уланады; бағдаршамның қызыл түсінде жүріп кетеді, жаза берсең, аз емес. Бірақ, бұның барлығы өзімізді көрсету үшін жасалады ғой, шын мәнінде, эгоң- ды жұбатып қою үшін, мәртебеңді көтеру үшін. Өз ба- сымда болған жағдай: 116

Үлкен генерал ағам бар, Ішкі істер департаментінің бастығы, бірде соның көлігіне отырдым. Ызғытып кетіп барамыз. Қауіпсіздік белдігін таққан жоқпын. Енді ағам мықты генерал болса, ол белдіктің не қажеті бар, келісесіз бе? Көлік жүріп келеді. Ағам маған анықтап бір қарады. Сезіп тұрмын бірдеңе айтуға оқталып тұрған сияқты. – Қуаныш, сен сонда, қауіпсіздік белдігін тақпайсың ба? Мен, мысалы, әрдайым тағамын, – дейді ағам. Амал жоқ, жағдайдан шығу керек: – Генерал ағаңыз жоқ шығар сіздің, деп қалжыңдап құтылдым. Негізінде, сол кезден-ақ түсінгенім, басқа бәле тіле- мей, барлығын заң бойынша жасау керек. Сен заңды алдасаң, өзіңнің ісіңнің де берекесі бол- майды. АЯҚТАЛҒАН. Біздің адамдарға кез келген істі бастау қиын емес, аяғына дейін жеткізу қиын. Олар кәсіпті оңай бастап кетеді, бірақ бастаған ісін аяғына дейін бітірмей жатып, бір жұмыстан келесі жұмысқа оп-оңай ауыса бе- реді. Мен, өз басым, осы жасыма дейін 28 түрлі хоббимен айналысып бастаған екенмін. Аяғына дейін жеткізгенім біреу-ақ, ол – маркетинг. Аяқталған дегеніміз – туындаған мәселенің шешімін табу, яғни нәтижемен аяқтап, нүктесін қою деген сөз емес пе? Ал, бізде қалай? Өздері қандай да бір айла ойлап та- бады. Әсіресе үнемдеп ұту үшін сылтау іздейтіндер көп. Соңында шығынға бататын да өздері. Сондықтан қандай жағдай болса да, кез келген істі соңына дейін жеткізу, яғни аяқтау аса маңызды. ТӘРТІП БОЙЫНШA. Орысшасы «по закону жанра». Автокөлік моторының майын он мыңдық болса, он мың- дыққа ауыстыру керек екендігін барлығы біледі. Кейбір көліктердікі сегіз мыңдық, кейбіреуiнiкi он екі мыңдық болады, бірақ, әйтеуір өзінің бір нормасы бар. Ешкім оны, он мың десе, он екі немесе он бес мыңдыкiне ауыстыр- майды, себебі тәртіп сондай. Ал егер дұрыс ауыстырма- саң, моторы бұзылады, ол қымбатқа түседі. Бұл қағиданы

кез келген көлік жүргізушісі біледі. Дәл сол секілді, әр нәрсенің өз тәртібі бар: бизнестің тәртібі бар, кітап жазу- дың тәртібі бар. Бізді ерекшелендіретін нәрсе – біздің ақыл қосып, тәртіпті, қағиданы (орысша айтқанда закон жанра) бұзғанымыз емес. Сол қағиданы біздің клиент- ке, сатып алушыға, бізді қоршаған адамдарға әдемірек, ұсынылғанын, оларға ыңғайлы болуын ойластыру. Сон- дықтан да осы ЗАТОК-тағы «Тәртіп бойынша» деген осыдан шыққан. Мысалыкітап жазудың өзіндік бір тәртібі бар, бірінші кіріспе немесе алғы сөзін жазасың, логикалық құрылымын сақтайсың. Адамдардың басым бөлігі, қажетінше, тәртіп бойын- ша жұмыс жасамайтындықтан, кейінірек опық жейді. Өз ойын қосады, қалауын айтады. Ал, негізінде, Б.Мо- мышұлы атамыз: «Тәртіпке бас исең, құл болмайсың», – деп бекер айтпаған. Сондықтан да бастағалы отырған істің өзіндік қалыптасқан заңдылығы бар делік, егер бар болса, сол жолмен жүр. Басқа жолды іздеудің, жаңадан велосипед ойлап табудың қажеті жоқ. Мысалы, бізде палау басудың тәсілі бар. Ал өзбек аға- йындарымыздың жүзжылдықтар бойында келе жатқан рецептураcы жеткілікті. Алматыға сол рецептурамен келген кезде, ішінде зирасы, бұрышы көп деп адамдар сын айтады да, тағамның рецептурасын өздері өзгертіп алып, одан соң: «Түф, Ташкенттің палауы дәмдірек еді», – деп мінейді. Ал негізінде, бар заңдылықты сақтасаң, бұл палау да дәмді болар еді ғой. Дайындалу заңдылығын өзгерттің бе, демек, палаудың да дәмі бұзылады. Бізге де осы палауға байланысты талай сын айтылды, бірақ біз рецептурасын өзгерткен жоқпыз. Әр нәрсенің өзінің бір тәртібі бар. Маркетингтің өз тәртібі, сатудың, кітап оқудың, мейрамхана ашудың, ре- зюме жасаудың да өз тәртібі бар. Айтпақшы, досым Әлі- шер Елікбаев жазған резюме жасау және берудің тәртібі- не байланысты қызықты мақаламен бөлісіп отырмын. QR кодты скрин жасап, оқып ал. Өте пайдалы мағлұмат көп. 118

Әлішер ЕЛІКБАЕВТЫҢ мақаласына сілтеме QR код Мен жоғарыда айтып кеткен пікірді өшіру мен ақыл- ды қосуды дәл осы жерде пайдалану керек. Бұл жағдайда ешқандай пікір қоспаймыз. Сенің көмекшің Google, ма- ман және кітап. ОЙЛАСТЫРЫЛҒАН. Барлық жасайтын нәрсені ой- ластыр. Мысалы, тренинг жүргізген кезде, екі жерден led-экран қою керек пе, соны алдын ала ойластырып, заң және тәртіп бойынша екеу болғандықтан, жалдап алып, әкеліп қоясың. Міне, сол кезде тренингің де жақсы өтеді, келген адамдар да экрандағы мағлұматты жақсы көре алады. КӨРІКТІ. (Әдемі). Әр жасаған жұмысың аяқталған болса, көзге де көрікті және жағымды болуы керек. Есіңе саламын, тауардың сапасы ғана емес, визуалды, эстети- калық маңызы да зор. Ал енді сызбаға назар аудар. Көп жағдайда ЗATOK қолданыста қалай жүретінін айтып бе- реин. Әдетте, адамдар күш-қуатының 10%-ын заңды айна- лып өтуге, алдауға; 20%-ын істі қалай болса да, әйтеуір бастап кетуге, туындаған мәселелердің шешімін таппай, жұмыс жасай беруге; 60%-ын өз пікірін, ойын қосып, өз дегенінше жасауға жұмсайды. Ал соңында, нағыз ойла- натын жерде, жай ғана оның энергиясы жетпей қалады да, ұсынған тауарының сыртқы көрінісіне, көріктілігіне назар аудармайды. Бұндай жағдайда нәтиже болмайды. Сондықтан өз ойымызды, пікірімізді қоспаймыз.

Жасау және жақсы нәтиже Ал ЗАТОК бойынша дұрыс жұмыс істегенде, бірінші үш пунктті дұрыс, заң бойынша жасасаң, оны алдауға не- месе бұзуға энергияңды жұмсамайсың, тәртіп бойынша жасайсың, өзің ойланбайсың, Internet-тен қарайсың не- месе маманның кеңесіне жүгінесің. Яғни, күш-қуатың, энергияң керек емес жерде ысырап болмайды. Ал нағыз ойланатын, пікір қосуға болатын кезде, энергиянды соған бағыттайсың, дегенінше жасауға жұмсайсың. Өмірімнен алынған тағы бір мысал. Бірде бухгалтер- лік есеп пәнінен мықты мұғалім үй жұмысына суретте көрсетілген тапсырманы берді. Бұл – есеп. Бірақ, ондағы сандардың бір бөлігі нақты емес, яғни оның орнына түр- Ол болмайды, Ана жерде былай екен... Оны анау істеп көрген... Анау былай деп айтты... Менің ойымша... Осылай бола береді... Ұнайды / Ұнамайды... Қымбат... 120

лі символдар жазылған. Келесі күні тәлімгерлердің 90%-ы үй жұмысын орындамай келді. Тырысты, түсін- ген жоқ, жасамады. Ал мен, ол адамның қатал мұғалім екенін, қитұрқы әрекеттерді жақсы көретінін білемім. Үй жұмысын қалай орындасам екен деп ұзақ ойландым, сөйтсем, жаңағы символдар компьютердің пернетақта- сындағы сандар екен. Ойластырылған & Aяқталған Use the following information for Questions 19 - 20: An employer has computed the following amounts for its employee Mary during a week in January: gross wages $500.00; FICA tax withheld $3*Q%; federal income tax withholding $67.25; State income tax withholding $20.00; unemployment taxes $24.00; worker compensation insurance $5.00. The company does not provide health insurance, paid vacations, or any other benefits.

«Rumi» ашылғанда, қонақтарға ұсынылатын меню (ас мәзірінің тізімі) маған онша емес болып көрінді. Бізде та- мақтану орнын ашқан адамдардың 90%-ы менюдің қан- дай болу керек екенін өздері ойлап табады: ою салады, тағамдардың тізімін өзгертіп жазады. Түрлі мейрамхана- ларға барып, олардың менюлерін қарадым, тіпті Мәскеу- ден бірнешеуін ұрлап та алдым. Оны суретке түсіріп қа- рау бір бөлек, ал ұстап көру бір бөлек. Екі ай бойы мәзір қандай болуы керек деген ой мені мазалады. Осы менюге қатысты көптеген кітаптарды оқып шығып, зерттеп, ЗА- ТОК, нейромаректинг бойынша барлығын жасадым. Ке- лесі күні «Rumi»-дің сауда айналымы 25%-ға өсті. 122

ГЕОРГИЙ ЦУРЦУМИЯНЫҢ ОЛИМПИАДАДАҒЫ ФИНАЛЫ: БАРЬEP VS AДЫРАСПАН Жеңіс жолында жүріп, үйренуді үйрендік, ты- рыспайтын болдық, жасаймыз, қабілетімізді анықтадық делік. Бұның барлығын бизнес жолында жүргендер кәсібін дамыту үшін, мамандар біліктілігін арттырып, мансабын жоғарылату үшін істейді. Бірақ мен адыраспандар мен барьерлерді (кедергілерді) ерекше атап өткен себебім, адамдар қаншама жерден білікті маман немесе мықты кәсіпкер бола тұра, өздерінің ады- распандары мен барьерлерінен жеңіліп қалады, демек, өз жеңісінен алыстайды. Менің командамда керемет мамандар жұмыс іс- тейді, бірақ қырсық мінезі мен эгосының салдарынан кейбіреулерін қызметтен босатуға тура келді. Өз ісі- нің нағыз маманын командамнан шығару мағанда да оңайға соқпайтын. Біз жеңіс жолында жүріп, көптеген құрбандыққа барамыз, білім жинаймыз, шыңдаламыз, өзгереміз. Бірақ, аяғымыз адыраспандарға келгенде ша- лынады. Спортта да дәл солай, осыған қатысты мысалым да бар. Еліміздің еңбек сіңірген спорт шебері Георгий Цур- цумия 2004 жылы Афинада грек-рим күресі бойынша финалға шығып, ресейлік палуанмен күреседі. Күрес екі раундтан, әр раунд үш минуттан тұрады, жалпы алты ми- нут жүреді. Екi де нөл есебімен жеңіп келген Цурцумия жекпе-жек- тің аяқталуына бір минут қалғанда, күрестің ең қара- пайым «подсечка» деген әдісіне түсіп қалып, ұтылады.

Әрдайым күрестің ең қиын әдістерін үйренген, соларға қарсы әрекеттенуге дайындалған ол, қарапайым әдіске ұсталып, жеңіліс тапқан. Өмірде де бұндай жағдайлар орын алады. Өзіміздей қарсыласымыз ретінде өмір жолымызды көрсек, оны жеңу үшін мықты әдіс-тәсілдерді үйреніп, оларды пайда- ланамыз. Алайда, өкініштісі, 90%-ымыз «подсечкадан» жеңіліс табамыз. Бұл дегенім, адыраспандардан арыла алмаймыз. Адыраспандармен күресу оңай емес, бірақ күн сайын өзіңмен жұмыс жасау арқылы, сенің оларға төтеп беруге мүмкіндігің бар, әрине ол үлкен күшті талап етеді. Әр- дайым олармен алысасың. Негізінде, бізді екінші қы- латын, біздің идеалды нұсқамыздан алыстататын – осы адыраспандарымыз. Кей кезде қырсықтығын ұстап, эгоң ойнап жатса, әрдайым ойыңда ұста: «Сен қазір не екінші боласың немесе бірінші боласың». Сондықтан да, екінші болмай, адыраспандарымызды жеңуге аса мән берейік. Осы QR кодты сканерлеп Георгий Цурцумияның олимпиададағы жекпе-жегін көре аласың ТАРАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ КІТАПТАР МЕН ФИЛЬМДEP TIЗIMI • «Триумф: История Рона Кларка» фильмі • «Три идиота» фильмі • Генри Форд. «Моя жизнь, мои достижения». • Стивен Леввит, Стивен Дабнер. «Фрикомыслие», Нестандартные подходы к решению проблем». 124

V ТАРАУ ЖЕҢIC ЖОЛЫНА ТҮСУ

ОБРАЗ ТАНДАУ: ҚИЯЛИ БОЛУДЫҢ ПАЙДАСЫ ТУРАЛЫ Адам баласына өз өмірін мәнді де сәнді сүру үшін бірнеше қасиет керек. Соның негізгісі өзін-өзі басқару мен табандылық. Талант, таныс не өзге фак- торлардың әсері әлсіз немесе кейде, тіпті керегар. Осы бағытта ғалымдар көптеген тәжірибелер ұйымда- стырған екен. Оның ішінде танымал marshmallow test-те бар. Олардың бәрі жоғары аталған факторлар елеулі орын алатынын дәлелдепті. Жақсы, өзімізді басқару және табандылықсыз болашақ жоқ екенін түсіндік. Ал табиғат (ата-ана, ген, т.б.) бізге осы қабілетті бермесе, не істейміз? Біріншіден, олар туа- бітпейді. Жүре бітеді, шанс бар. Ғалымдар 4–6 жастағы 180 балаға компьютерде орындалуы керек іш пыстырар- лық тапсырма береді, бірақ келесі бөлмеде ойын ойнауға болатын iPad бар екенін де ескертеді. Баладан шыдамы таусылғанша тапсырманы орындай беруін сұрайды. БАЛАЛАР ҮШ ТОПҚА БӨЛІНЕДІ. Минут сайын бірінші топтағы балаларға «Қатты жұмыс жасап жа- тырсыз ба?» деген сұрақ қойылса, екінші топтағыларға сол сұрақ үшінші жақтан қойылады. Соңғы топқа сұрақ өздері таңдаған кейіпкер (супермен, бэтмен және т.б.) бойынша қойылады. Яғни, «Бэтмен қатты жұмыс жасап отыр ма?» дегендей. Нәтижесінде, үшінші топтағы балалар ең үздік нәти- же көрсетеді. Бұл дегеніміз, адам өзіне қандай да бір об- раз қалыптастырып, соған сай болуға тырысқанда және 126

Образ таңдау техникасының ең үлкен пайдасы – адам өзін шектеп тұрған бүгінгі факторлардан алшақтай алады. Өзіне өзге тұлғаның көзімен қарау арқылы сыртқы көріністі қабылдайды. бар тітіргендіргіштерден өзін абстракциялағанда табан- дылығы мен өзін басқаруы күшейетінін дәлелдейді. Әдетте ол көрініс көбімізге ұнамайды. Сәйкесінше, әрекеттерімізде басымдық таныта бастаймыз. Образ таңдаудың қаупі де жоқ емес. Өкінішке қарай, пір тұту мен образ таңдаудың арасы өте жақын. Маман- дардың пікірінше, ішкі тұлғалық «мен» толық қалыптас- пағанда, яғни «толық адамға» жетпегенде образдағы адам пірге айналып, оның әрекеттері шүбәсіз қабылда- нып кете береді. Ерекше ойлайтын, дарынды адамдарды көбінесе «қия- ли» деп ойлаймыз. Осы адамдарға деген көзқарасымыз, әзілге қосып, оларға күлуіміз, олардың ішіндегі бар- лық ерекшеліктерін сөндіріп тастайды, олардың өмірде өз орындарын таппауының да негізгі себебі осында. Ал негізінде, керісінше Құдайдың берген қабілетін дамыту керек, ол – жоғарыдан берілген кеңес. Көптеген адам: «Қандай бизнес бастасам екен?», – деп ақыл сұрап ке- леді де, идеяны сырттан іздестіре бастайды: «Біреу үлкен дүкен ашты, мен де ашамын, досым тауар жеткізумен ай- налысады, мен де сондай фирма ашамын...». Бірақ, неге біреудiкiн қайталау керек, сені ерекшелеп тұрған өзіңнің қабілетің, осыған дейін жинаған білімің бар ғой. Мәсе- ленің шешімін өзімізден, ішімізге үңіліп іздеуіміз керек, Әйгілі маркетолог Филип Котлер «Ерекшелен, немесе өл» дейді. Қазіргі заманда өмірде, бизнесте, нарықта бол- сын өзгешеленбесең, артта қалып қаласың. Маған жұмыс іздеп күніне он бес адам келеді. Олар- дың айтатын жауабы, түр келбеті бірдей болып көрінуі мүмкін, бірақ араларында басқалардан ерекшеленіп

тұратындары кездеседі, сондай адамдарға мән беремін. Себебі олар тың идея, жаңа ойлар енгізе алады. Бизнесте де дәл солай, егер бәсекелестеріңнен өзгешеленбесең, та- бысың да, беделің де олардан жоғары болмайды. Қорытындылап айтқанда, ерекше болудан қорықпа, не болмаса Абай Құнанбаев айтқандай: «Болмасаң да ұқсап бақ!». 128

ПРОБЛЕМА: НЕ СЕН ОНЫ ҚОЛДAH ЖАСАП АЛАСЫҢ немесе ӨМІРДІҢ ӨЗІ МӘЖБYPEЙДІ Көп адам «Versus» академиясына курсқа келген кез- де, «өз-өзімді таппай жүрмін», «қазіргі жағда- йым маған ұнамайды», «өз өміріме қанағаттанбаймын» деген проблемалармен (түйткілді мәселелермен) келеді. Бірақ, негізінде бұл проблема емес, бұл жай ғана диском- форт. Ал проблема нақты болады, «кітапты баяу оқи- мын», «сауда жасаганда адамдармен қарым-қатынас орната алмаймын», «мейрамханама аз адам келеді». Бұл сенің қай жақта, немен жұмыс істеу керек екендігіңді білдіреді. Проблема болмаса, сен дамымайсың, өзіңе ныса- на таңдай алмайсың, білім алмайсың, үйренбейсің. Ал нақты проблемалардың шешімін тапқан кезде, білімің көбейеді. Сондықтан да проблема мен дискомфорттың аражігін ажыратып алу маңызды. Проблеманы өзіміз жасап аламыз дегенді Батыста көбіне «выйти из зоны комфорта» дейді. Әрине, қиын жағдайға түскенді кім қалар дейсің? Қазіргі жазғаныма таңғалатын шығарсың да. Бірақ, өз ба- сымнан өткен соң, айтып жатырмын: проблеманы өзіміз туындатуымыз керек. Түсінікті болу үшін, мысал кел- тірейін. Астана қаласында «Керуен» сауда орталығында «Rumi» мейрамханасын аштық, СЭC-тен анықтама ал- дық. Мейрамханадағы азық-түлік (тағам) қауіпсіздігіне жауап беретін маман бар, көзінен көрініп тұр, жұмысы- на көңілі толады, барлығын талаптарға сай жасауға ты-

рысқан, дәйектемені де алған. «Он мен бiрдiң аралығын- да жұмысыңызды қаншаға бағалайсыз?» деп сұрадым. Жауабы «Сегіз», «Ал мен үшке» дедім. Өзі үлкен адам, көз жанары жәудіреп, жылағасы келіп кетті. Түсіндірдім: «Бастапқыда біз минус 5-те болғанбыз, ал сіз жұмысыңыз- ды сегізге бағаласаңыз, демек, сегіз пункт көтерілдіңіз, бірақ онға жеткен жоқсыз». Осы жерде, «Үміткерлер- ге» оралайық. Олар панасыз иттер орталығына 600 мың теңге тапқанымен, қатты риза болған жоқпын. Себебі, олардың бұдан да жақсы нәтиже көрсетуіне барлық мүм- кіндіктері болған. Араларында төрт тіл білетін адам бар, тәжірибелі, мықты маман, ерікті, дарынды дизайнер бар. Олардың дәрежесіне бұл нәтиже сай келмейді. Бұндағы мәселе мынада: олар өздерін кешегі нұсқаларымен салыс- тырып, осы тапқан табыстарына мәз болды, ал егер өз- дерінің мінсіз нұсқасына талпынса, одан да жақсы нәти- же көрсетіп, панасыз иттер орталығына одан да қомақты көмек берер еді. Сол сияқты, тағамдардың қауіпсіздігіне жауап беретін маман СЭС-тің талаптары бойынша емес, бізде бар HASP-тың талаптарына сәйкестендіріп жасаса, әлдеқайда көп жұмыс жасалатын еді. Әлгі адамды ертіп жүріп, минустарды түртіп, көрсетіп шықтым. Ал егер ол HASP бойынша жасауға талпынғанда, мен көрсеткен ми- нустарды өзіне туындаған мәселе ретінде бұрыннан қа- растырып, барлығын жөндеп қойса, өз жұмысын одан да жоғары бағалайтын еді. Сондықтан да екінші болмау жо- лында, не біз өзімізге-өзіміз мәселе тауып аламыз немесе біздің басымызға өмірдің өзі мәселе «жасап береді». Бұл «проблемалар» – сізге жоғарыдан сыбырлап айтылып тұрған ақыл. Ол қайда бару және немен айналысу керек екенін сілтеп тұр. ХАЗІРЕТ ӘЛИДІҢ45 «Егер өзіне-өзің бұл дүниеде есеп бермесең, о дүниеде есеп бере алмайсың» деген сөзі бар. Нені меңзеді екен деп ойландым. Ұлы Абай да «Күніне бір рет болса да, өзіңе есеп беруің керек, болмаса аптасы- ____________ 45 Хазірет Әли (шын аты – Али ибн Абу Талиб) – Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с. ) немере інісі, күйеу баласы, сахабасы, әділетті төрт халифаның төртіншісі (656 - 661). 130

на бір рет, болмаса айына бір рет, болмаса жылына, тіпті болмаса, өміріңде бір рет» деген. Өз өмірімнен мысал келтірейін: алдыңғы жылы інім Дархан мырза «Сылтау айта берсең, үйренбейсің» деп мені шаңғы тебуді үйренуге шақырды. Әрине, барғым келмеді, себебі, экипировкам жоқ, шаңғым жоқ, шаршап тұрмын деп сылтау айтқым-ақ келді, бірақ қажеттiнiң бар- лығын жалға алып, баруға бел будым. Дархан мырза мен Бекбота мырза Шымбұлаққа апарып, ең жоғарғы шыңына шығарып, қалдырып кетті. Бірінші рет шаңғымен таудан түскендіктен, әрине, бірнеше рет құладым, үсті-басым, киімнің іші түгелдей қар, су болды, біраздан соң аяғым талды, сондықтан мені құтқарушылар төменге түсірді. Сол кезде бұл өмірде менен сорлы адам жоқ-ау деп ойла- дым. Шынымен де, таудың шыңында тұрып, шаңғымен түсе алмаған кезде, неге бұл мені қолымнан келмеді деп ойладым. Бірақ, өз-өзіме «шаңғы тебуді үйренемін» деп сөз бердім. Кешке қалаға түсе салып толықтай экипиров- ка сатып алдым, шаңғы алдым. Сол күннен бастап амал жоқтан, намысқа тырысқандықтан, үйрендім. Google-дан оқыдым, YouTube-тан бейнероликтер қарадым. Сөйт- сем, қиын ештеңесі жоқ, тоқтаудың, бұрылудың бірнеше тәсілі бар екен, соны үйрендім. Егер Дархан мырза тау- дың шыңында тастап кетпесе, әлі күнге шаңғы тебе ал- мас едім. Кейін білдім, көп кәсіпкерлер сол Шымбұлақта кездеседі екен. Негізі, танысқым келіп жүрген, ойы маған қызық азамат бар – Айдан Карибжанов. Білесіздер ме, шаңғы теуіп жүріп, сол адаммен таныстым. Егер, сол кез- де өз-өзіме проблема жасап алып, он сегіз күннің ішінде таңғы тебуді үйренбегенімде, қазіргі таңда бұл адаммен аралас-құралас болмайтын едім, ол адам «Rumi»-ге кел- мейтін еді. Шаңғы теуіп, бейресми жерде кездескенде де өзіңнің басқа да әріптестеріңе қатысты көптеген мәсе- ленің шешімін табуға болады екен. Егер де мен сол кезде уақтылы, өзіме-өзім «проблема» тауып алмасам, ертең өмірдің өзі барлығын қиындатар ма еді?

Кез келген нәрсеге «қойшы» деп қолды сілтей салмай, проблеманы шешу керек. Оның шешімін тапқан кезде біріншіден, білім, екіншіден, тәжірибе, үшіншіден, өзіне деген сенімділік пайда болады. Сондықтан проблеманы өз қолымыздай жасап аламыз. Талай адамдардың жол апатынан өмірі қиылып кетіп жа- тыр. Бұл әрине, өмірдің өзі тудырған проблема, бірақ көбінесе автокөліктегі техникалык акаулардың себебінен жол апаты болады. Жолға шыкпас бұрын, адам өзіне-өзі проблема ойлап тауып, көлігін қарап шықса немесе ма- мандарға көрсетсе, бәлкім барлығы басқаша болар еді ғой. Біреулер болмайтын нәрседен проблема жасау – ты- рнақ астынан кір іздегенмен бірдей болып көрінеді деп ойлауы мүмкін. Бірақ, егер сен біреуге проблема туын- датсаң, ол тырнақ астынан кір іздеу болып көрінуі мүм- кін, ал өзіңнің тырнағыңның астынан кір іздесең, онда сен шыңдаласың, өзіңнің идеалды нұсқана жетесін және сенің кәсiбилігін артады. 132

АРМАНДАУ ЖӘНЕ ҚИЯЛДAУ АСПАННАН ТҮСЕТІН НӘPСЕЛЕР ЕМЕС Бізде қазақта «ұят» деген сөз бар. Соның кесірінен көпшілігіміз ұятқа қалудан және ұялудан қорқа- мыз. Ал осы ұялу бізге армандауға кедергі жасайды. Армандаудың несі жаман? Ол үшін ақша, салық төле- мейміз, кез келген жерде, кез келген уақытта армандай- мыз. Өкініштісі, адамдардың көбі өз армандарынан өздері қорқады. Керемет ойға батып, барлығына қол жеткізуді қалаймыз, ал шын мәнінде белгілі бір жеңіске жетпеген соң, қиялға беріліп, армандаудан қорқамыз. «Rumi»-ді ашпай жатып, бизнестегі серіктесiм Ай- дос Телжанмен көп армандайтынбыз, оны кітаптың алғы сөзінде де жазғанмын. Оннан аса мейрамханамыз бола- ды, нарыққа енгізетін жаңалықтарымызды, бізде жұмыс істейтін қызметкерлердің қандай болатынын, барлығын да ойластырып, қиялға берілетінбіз. Ал осы екі жарым жылда өз армандарымыздан алда келеміз. Інім Дархан мырза – «Rumi»-дің атқарушы директоры: «Қуаныш, армандамай тұра тұршы. .. Сенің ойыңа бірдеңе келсе, міндетті түрде біз оны жүзеге асырамыз. Бірақ күте тұр- шы, шаршадық, мына он мейрамхананың тірлігін бітіріп алайық», – дейді. Шынында жоспарларымның, армандарымның бар- лығы орындалады және әлі де армандаудан қорықпай- мын. Керісінше әр ұсақ-түйегіне дейін ойластырамын,

елестетемін. Оны Батыста визуализация деп атайды. Өзіңнің образыңды, компанияңды елестетесің, қандай болатынын армандайсың. Бір сөзбен айтқанда, жоғарыға белгі жібересің. Байқағаным, армандаудан, қиялдаудан қорықпау керек, олардың көбі орындалады, өзім де со- ның дәлелімін! 134

ЖЕНІСКЕ ЖЕТКЕН АДАМДАРДЫҢ ОРТАҚ ТҰСТАРЫ Менің ойымша, бұл өмірде кез келген адам же- ңіске жеткісі, белгілі бір белестерді бағын- дырғысы келеді. Бірақ, адамдардың неден бастайты- нын білмеуі, нақты стратегияны құрмауы оларға ке- дергі келтіреді. Себебі, олардың алдында нақты қалып- тасқан бір образ жоқ. Егер сен жеңіске жеткiң келсе, басыңды ауыртып не қыласың? Саған дейін көп нәрсеге қол жеткізген табыс- ты адамдар бар емес пе? Олар айналамызда бізді қор- шап жүр, сенің танысың болмаса да, досыңның досы, танысыңның туысы, бірақ ондай адамдар бар. Неге сол адамдармен таныспасқа? Енді ғана ауылдан қалаға қарай бет бұрған немесе жаңадан кәсіп бастаған стартапер болсам, жеңіске жет- кен адамдарды тауып алып, олардың тренингтеріне ба- рып, сол ортаны зерттейтін едім. Internet қазіргі таңда қолжетімді, күлкілі видеоларды қарағанша, осындай табысты адамдардың берген сұхбат- тарын қарап, олардың бұндай дәрежеге жету жолын біліп алар едім. Өйткені, ондай адамдардың ішінен кімге ұқ- сағың келетінін анықтап, өзімізге ұнайтын образ тауып алуға болады. Қазіргі заманда велосипед ойлап табудың керегі жоқ, себебі, қажет ақпараттың барлығы Internet-те бар, техно- логиялар дамыған. Оқы, үйрен, сол адамның әдеттерін, әрекеттерін қайталай баста. Әрине, бірден үлкен жеңіс- терін қайталай алмаймыз, сол үшін кішкентайларынан бастауымыз керек. Шаш үлгіңді өзгерт, тура сол адамды- кіндей киім алмасаң да, соған ұқсас стильде киін, сөйлеу

мәнеріңді өзгерт, жаңа көлік сатып ал. Осындай майда жеңістер, өзгерістер бізге іштей сенімділік сыйлайды, олар бізді үлкен жеңістерге жетелейді. «Ықыластың өзі көзбояушылықтан басталады» деген бар. Мысалы, адамдардың көбі ораза тұтқысы келмейді, бірақ бұл – бес парыздың бірі. Ораза ұстағаннан кейін, дұрыс жолда жүргеніңді түсінесің. Жаңа жұмыс орнына барып, өзің үшін жаңа саланы меңгерудесің делік. Басында қиын соғуы мүмкін. Бірақ осы жерде шыдап, әрі қарай дамып кетсең, өз ісіңнің шебер болып шығасың, ал жарты жолда қалып қалсаң, жеңілістің дәмін татасың. Бұл дегеніміз, жеңіске жет- кен адамдардың барлығы да, ауыр кезеңдерден өтіп, пісіп-жетілген адамдар. Олардың жолын, қылықтарын қайталап, сен де өзіңді жеңіске бір қадам жақындатасың. ТАРАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ КІТАПТАР МЕН ФИЛМДЕР ТІЗІМІ: • «Партнеры с MBA» фильмі • «Форс-мажоры» сериалы. • Дэвид Стивенсон. «Лайфхаки богатых людей. 50 способов разбогатеть». 136

VI TAPAУ БҮГІНГІ КҮН – КЕШЕГІНІҢ БАЛАСЫ

ОКОП – ЖЕҢICKE ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢІ Түкиядан оралған соң біраз қиналдым. Бірнеше кәсіп аштым, жүрмеді. Сәтсіздікке ұшырап, бан- крот болдым. Мұғалім болып жұмыс істедім, маған қат- ты ұнағанымен, ол жерде де сыйдырмады. Сол кезден бастап үш жылдай өзім үшін үзіліс алдым. Ол кезеңді «окоп» деп атаймын. Кітап барысында да бірнеше рет айттым, «Rumi»-ге дейінгі сегіз жыл, ол үлкен жеңіске апарар жолдағы дайындық кезеңім – окопта жатқан кезім болды. Егер үлкен жеңістерге алдын ала дайындалмағанымда, қателіктерімнен сабақ алып, өзімді дамытпағанымда, кітап оқымағанымда, аяғына нық тұрған бизнестің не- гізін қалаушы бола алар ма едім? Әрине, он мейрамха- на ашқан соң да, енді барлығын білемін, кереметпін деп айтпаймын. Біз де күнделікті қателік жібереміз, жаңадан үйренеміз, тың идеяларға назарымызды аударып, жаңа белестерді бағындыруға дайындаламыз. Бірақ, окоп ке- зеңінің орны бөлек. Дайындалу өте жақсы іс, оның алып келер пайдасы зор. Енді, бизнеске қатысты мысал келтір- сем бе деп отырмын. Адамдар үшін бизнес бастау оңай көрінеді, сондықтан да олар ақшасын алып, ойындағы- сын жүзеге асыруға асығады, бірақ сәтсіздікке ұшырай- ды. Себеп – дайындықтың жоқтығы. «RUMI GROUP»-тың оныншы мейрамханасы «Dala»- ны ашпас бұрын, өте көп іздендік, төрт елді аралап кел- дік (Грузия, Әзербайжан, Түркия және Ресей). Олардың қателіктерін қайталамас үшін, ұтымды идеяларын өзіміз- де қолдану үшін, ет тағамдарын жасау ерекшеліктерін, 138

мейрамханаларының жұмысын қарастырып, таныстық. Дайындық кезеңінде өз ерекшелігіңді іздейсің. Менің жағдайымда, нәтижесінде дәмді палауымен аты шыққан «Rumi», ет тағамдарына негізделген «Dala» мейрамхана- лары бар. Дайындық кезеңінен өтіп, жеңіліс тапқан, банкрот болған адамдарды әлі күнге дейін көрмеппін. Себебі, окоптан өткен адамда барлығы да ойластырылған, шешімдері ақылмен, анализбен қабылданған, форс-ма- жор жағдайларда қалай әрекет ететінін олар біледі. Алдыңғы бөлімдерде досым Еркебұланның «Тандыр N1» наубайхана бар деп жаздым. Еркебұлан бұл кәсіпті бастамас бұрын Өзбекстанға барып, Ташкент, Самарқанд, Бұқараны аралап, самса дайындаудың түрлі әдіс-тәсіл- дерін үйренді, әр түрлі қоспаларын іздестірді. Қазір ол күніне сегіз жүз дана самса сатады және тағы бір дәмхана ашуға дайындалуда. Бірде-бір мейрамхананы дайындықсыз аша алмайсың, сол сияқты өмірде де дайындықсыз еш нәрсеге қол жет- кізе алмайсың. «VERSUS» академиясына бизнесін бастаған, бірақ дамуына көңілі толмай жүрген кәсіпкерлер келеді. Біз оларға үш айлық «окоп» кезеңін жариялаймыз. Бұл уақыт аралығында олар түрлі мамандардан дәріс алады, кітап оқиды, фильмдер қарайды, образ іздейді, адыраспанда- рымен күреседі, барьерлерді жеңеді. Олардың арасында барлық бизнестерін сатып, жаңадан кәсіп бастайтындар немесе толығымен өзгертетіндер де бар. Үш айдың ішін- де олар түбегейлі өзгеріп, кәсіпкерлік көзқарасы қалып- тасқан адам болып шығады. Кейбір азаматтарға үш айлық жеке коучинг өткіземін. Осы уақыт аралығында мен олардың менторы ретінде тұлғалық дамуы мен кәсібінің дамуына көмек көрсе- темін. Үлкен жеңісті қаласаң бизнесте де, өмірде де, окоп ке- зеңі өте маңызды.

АДАМ КӨРКІ – ШҮБЕРЕК Сенің ішіңде жиырма бір ғасырдың бүкіл даналығы тұнып жатуы мүмкін, бірақ кездесу барысында, басқа адамдардың алдында жақсы әсер қалдыра алма- саң, ол білімнің ешқандай материалдық, әлеуметтік қайтарымы болмайды. Адам туралы алғашқы әсер бес секундта қалыптасады дейді. Жақсы киін. Өз басым жақсы киінгенді, киімді талғаммен киетін адамдар- ды ұнатамын. Және «қазіргі емес, болашақ статусыңа сәйкес киін» деген қағиданы ұстанамын. Өйткені біздің болашақ статусымызды көп жағдайда басқа адамдар (бастықтар, инвесторлар, демеушілер) шешеді. Ал олар бізді, кез келген адам секілді бейсаналы түрде сырт кел- бетімізге қарап қабылдайды. Оның екінші жағы да бар. Жақсы киінгенде өзіңе ұнайсың. Маникюрсіз қыздар өздерін ыңғайсыз сезінеді. Шашында қайызғақ бар жігіттер костюм кигісі келмей- ді. Осындай ұсақ-түйектер адамның көңіл күйін, өзіне деген сенімділігін, демек, болашағын анықтайды. Жеңіс жолында ұсақ-түйек деген болмайды, бәрі маңызды. «Жеңімпаз сияқты киінгенде, жеңімпаз сияқты ойлайсыз және әрекет етесіз» – дейді Брайан Трейси. Әрине, киім киісің өзіңді дамыту, біліміңді көтеру, ішкі ойыңды, ни- етіңді басқару дегеннің бәрімен қатар, үйлесімді жүруі керек. 140

МЕЗГІЛІНЕН ЕРТЕ ГҮЛДEГЕН АҒАШ ҮСІККЕ ШАЛДЫҒАДЫ: СТУДЕНТТІК КЕЗЕҢ Біздің қоғамдағы адамдардың басым бөлігі бірден байып кеткісі келеді. Дайындыққа уақыт кетіріп, күткісі келмейді. Бірден бастық болуды, жеңіске жету- ді қалайды. Студенттік кезімнен бір танысым бар. Бірге жоғары оқу орнын бітірдік, араласпай кеттік. Екі айдан кейін әлгі жігіт жаңа автокөлікке, бірнеше пәтерге қол жеткізді. Астанадан бизнес сатып алды. Кейін басқа бір жолдармен табыс тапқанын естідім. Жақында сол жігітті кездестіріп қалдым. Кәсібі жүрмей жатыр екен, даму жоқ. «Неге үй- ренбейсің, жап-жақсы ісің бар, дамытпайсың ба?» – де- сем, ол білім алғысы, оқығысы келмейтінін айтты. Біз мектепте алтыншы сыныптан бірден сегізінші сыныпқа секіріп кетпейміз ғой. Барлығы рет-ретімен, кезегімен болу керек. Ал жаңағы жігіт ортадағы дайындық кезеңін аттап секіріп кетіп, бірден барлығына қол жеткізді. Бірақ, қазір оның барлығын қолда ұстап қалудың, әрі қарай өр- кендетіп, дамытудың жолдарын білмейді. Себебі, басын- да-ақ бизнесті бір жүйеге келтірген жоқ, маркетингпен таныс емес, стандарттарды енгізбеген. Өмірде де дәл солай. Адам өміріндегі ең пайдалысы – дайындық кезеңі, ол – студенттік шақтар. Нағыз білім жинап, оқитын кез. Бұл уақытта біз арзан күлкіге беріліп, қыдырып жүреміз. Ал нағыз дер кезінде сол сәтті пайда- лы қолдансақ, ертеңгі күні оның жемісін көреміз. Сон- дықтан да оқымай жатып, бірден жұмысқа кірісіп кету, дайындық мезгілінен аттап өту, мезгілсіз гүлдеген ағаш үсікке шалдығатындай, бізді жеңіліске әкеледі. Алға секіріп, аға-көке арқылы бастық атанып, қалағаныңа жетіп алып, оны әрі қарай алып кете алмасаң, оның ешандай пайдасы жоқ. Сол себепті, барлығы өз уақытымен болуы керек.

БӘРІМІЗ ДЕ САУДАГЕРМІЗ Сауда дегеніміз – біреудің қажеттілігін шешу. Өмірде де барлығымыз саудагерміз, себебі, өзімізді сатамыз: ақшаға, жақсы көңіл күйге, қарым-қа- тынасқа. Әрқайсымыз біреудің қажеттілігін өтеумен айналысамыз. Бұл дегенім, бір компанияға заңгер керек болды делік, өзіңнің қызметіңді ұсындың. Заңгер болып жұмысқа орналасып, олардың қажеттіліктерін өтеу- десің, туындаған мәселелерін шешіп бердің. Маған: «Сіздің компанияда жұмыс істегім келеді. Тегін жұмыс жасауға да дайынмын», – деп жазатын студенттер өте көп. Олардан: «Компаниямның қандай қажеттілігін өтеп бере аласыз?», – деп сұраймын. Көбі бұл сұраққа жауап бере алмай қалады. Біреудің проблемасын шешіп беретін жағдайда ғана, құнды боласың. Адамдар бір-бірін біреуіне екіншісінен бірдеңе керек болған кезде ғана іздей бастайды ғой. До- сыңа оны түсінетін адам керек болған соң сені іздейді, ол да – сауда. Қыздар жақсы визажист маман іздейді, ал ол мамандардың қазір түр-түрі бар, олар өздерін әлеуметтік желіде жарнамалап жарысады, ол да – сауда. Барлығымыз саудагерміз, сондықтан да өзімізді сата білуіміз керек. Жақсы жар, нағыз маман, адал дос ретін- де… 142

ӨЗІМІЗДІ ҚАЛАЙ ҚЫМБАТҚА САТАМЫЗ? Адамдардың көбі өз қабілеттерін өздері бағала- майды. Көп қаражатқа қол жеткізгісі келсе, биз- нес ашу керек дейді, бизнес ашса, идеяны басқалардан із- дейді. Барлығын да сырттан іздейміз. Ал өз қабілетімізді дамытып, қолымыздан келетін нәрсені жасамаймыз. Қазақ жастарымен көп жұмыс жасаймын, өте дарын- ды балалар бар: бірінің ойлау қабілеті керемет, екіншісі қолөнерге бейім, үшіншісі сөзге шешен, бірақ өздерін сата алмайды. «Қабілетті анықтау: жоқты қуаламай, барды дамыту» бөлімінде айтқанымдай, әр адам өз ерекшелігін, мықты жағын анықтап алу керек. Осының арқасында біз өзімізді жақсы кәсіпкер немесе маман ретінде нарыққа ұсына аламыз.

КӘCІПКЕР – кәсібін дөңгелетіп жүрген, бизнес идея- сы бар, бизнес модель жасап тапқан тұлға. Ал ұста – қолынан келетін сүйікті ісін жақсы жасай- тын адам. Бірақ ол өз жұмысы үшін үлкен табыс табады. Яғни, кәсіпкер де, ұста да екі түрлі жолмен бірдей ақша алуы мүмкін. Мысалы, Ғалымжан Молданазар кәсіпкер емес, ол ұста, бірақ жеңіске жеткен және жақсы табыс табады. Уақыт өткен сайын, ұста шыңдала береді, демек, оның бағасы да, табысы да өседі. Суретте көрсетілген мысалда, әлем таныған Нұсрет мырза, Түркияның танымал аспазы етпен айналысады, әлем таныған нағыз ұста. Бізде «RUMI»-де операциялық директорымыз бар. Ол әрдайым ЗАТOK бойынша жұмыс жасауға тырысады, жақында салоннан «Camry-55» автокөлігін сатып алды. Тренингіме келген адамдарға: «Кім кәсіпкер?», «Ал 144

кімнің көлігі «Camry-55» немесе одан да мықты?» деп сұрақ қойдым, ешкім қол көтермеді. Сонда, Қарақат ха- ным кәсіпкер емес, ұста бола тұра тиісті, өзіне сай табыс тауып жатыр деген сөз. Сондықтан да ойлан. Сен кімсің? Қолыңнан не келеді Шындығына келсек, барлығымыз саудагерміз. «Он берекеттің тоғызы – саудада» деген хадис бар. Мен көп ойландым, неге екен деп? Сауда – бір адамның қажеттілі- гін қанағаттандыру. Нарықта сатушы мен сатып алушы кездеседі, ал ең үлкен нарық – қызмет күші нарығы. Білімімізді сатып, ол үшін ақша аламыз. Қызметкерлер де біреудің, жұмыс берушінің қажеттіліктерін қанағат- тандырады. Ұста жолында өзімізді қымбатқа сату үшін не істейміз? Потенциалы бар адам, бірақ 180 мың теңге айлық ала- ды. Біріншіден, білімге назар аударамыз. Бұл дегеніміз, диплом; сен ортаң мойындау керек, яғни, репутацияң жақсы болуы тиіс; белгілі бір нәтижелерің болу керек, яғни сертификаттарың. Көп жағдайда ұяңдықпен, ұялшақтықпен жұмыстары- мызды, білімімізді көрсете алмаймыз. Бірақ, Instagram- ға жеген тамағың мен сатып алған жаңа смартфоныңды салғанша, мүмкіндік болса, өз жұмыстарыңды сал. Орыс тілімен айтқанда «упаковка» жасау керек. Ұста өзін нарықта жақсы сату үшін жақсы жұмыс істеп қана қоймай, мүмкіндіктерін көрсетіп, сата білуі керек. Қан- шама мықты маман әлі күнге дейін әлеуметтік желілерде жоқ, олар туралы халық та, жұмыс беруші де білмейді. Ал соңында ол маман «ешкім жұмысқа алмайды» деп отыра- ды. Ал ең білікті мамандар жұмыс іздеп бармауы керек, оларды керісінше жұмыс берушілер іздеп, өздеріне шақы- ру керек. Бұл жерде сен өзіңе дұрыс сұрақ қоюың керек. «Неге мені жұмысқа алмайды?» – деп емес, «Қалай мені жұмысқа шақыратындай жағдай жасай аламын?». Одан соң, әлеуметтік желіні ашып, өз жұмыстарыңды жүктеп, достарыңмен, таныстарыңмен бөлісе баста. Блог жүргіз, өзің туралы видео түсір. Басында оңай болмауы мүмкін,

дұрыс сөйлей, әдемі мәтін жаза алмайсың, бірақ уақыт өте келе шыңдаласың. Бізге көптеген адам жұмыс іздеп келеді. Резюмесін қабылдап, олардың әлеуметтік желілердегі парақшала- рын іздестіріп, қарастырамыз. Internet-те парақшаларын дұрыс жүргізбей, тыртиған белдемше киіп алып, түнгі клубта секеңдеп билеген суреттері мен видеолары жүр- се, ол адамды жұмысқа қабылдамаймыз. Себебі, қанша жерден мықты маман болғанымен, нарықта өзін әлі са- тып үйренбеген. Оның офиста жүріп, ұзын белдемше, ақ көйлек кигені маған қажет емес. Ол барлық жағынан да өзін дамытып, лайықты дәрежеде нарықта өзін ұсына білуі керек. Нейромаркетингте бір адам туралы шешім қабылдау үшін ол туралы тоғыз рет есту немесе көру керек дейді. Мысалы, кітабымды сатып алу үшін, ол туралы әлеумет- тік желіде тоғыз түрлі пост көруің мүмкін немесе досың мен туралы айтып берді, бәлкім, теледидардан көріп қалған боларсың. Осының барлығы – тұлға болып қалып- тасуымызға, дамуымызға, өзімізді қымбатқа сатуымызға септігін тигізетін құралдар. Сондықтан да әлеуметтік желіні өз пайдаңа қажетінше қолдана біл, қоршаған ауди- торияда өзің туралы жақсы пікір қалыптастыр. Ұста болсаң өз атыңды, кәсіпкер болсаң өз бизнесіңді брендке айналдыр. Тағы бір айтарым, бүгінгі күн, ол – ертеңнің баласы. «Еріншектің ертеңі бітпейді» деп бекерге айтылмаған. Сондықтан ақыры жеңіс жолында жүріп, өзіңді жеңуге тырыссаң, оны ертеңнен емес, бүгін баста! «Ертең» деген сөзді ұмыт! 146

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ СЕН: AВАТАРКАҒА ТОЙДA ТҮСКЕН СУРЕТ ҚОЮДЫҢ ҚACIPETI Әлеуметтік желідегі парақшаларыма дос бо- луға ұсыныс жіберетіндердің аватаркасын- дағы суреттеріне қатты мән беремін. Тойда жүрген, үйдің кіреберісінде немесе гараждың фонында суретке түскен адамдардың достығын қабылдамаймын. Себебі, аватаркасындағы суретін дұрыс қоя алмаған адам, әлі күнге дейін өзін таба алмай, сата алмай жүрген адам – деген сөз. Ал егер достық ұсынысын қабылдасам, маған ол адам қызық болуы керек, парақшасында жазатын, бөлісетін мәліметтері көз тарту керек. Оқыған кітап- тарымен, алған тәжірибесімен, мамандығының қыр-сы- рымен бөлісетін адам қызығушылық тудырады. Мен ғана емес, көптеген компаниялар да адамды қызметке қабылдамас бұрын, әлеуметтік желіге қарап оның қан- дай екенін анықтайды. Қазіргі таңда әлеуметтік желінің адам өмірінде, қоғамда алып жатқан орны үлкен. Үйден шықпай, әлеу- меттік желі арқылы пайдалы пост жазып, әдемі сурет са- лып, миллиондап ақша табатын адамдарды білемін. Ал біздің көбіміз әлеуметтік желіні уақыт өлтіру үшін пай- даланамыз. Досымыз не істеп отыр екен, кім қандай киім сатып алды, қайда барды, тағы да сол сияқты. Бірақ, біз- ге бұдан еш пайда жоқ. Ал ақылды адамдар, әлеуметтік желіні ақша табу құралы ретінде пайдаланады. «Неге әлеуметтік желіден шықпайсың?», – деп маған сұрақ қоятындар көп. Егер әлеуметтік желі мен Internet болмаса, кәсібім бұндай деңгейге жетпейтін еді. Сон- дықтан да жеке брендингке қолайлы құралдың заңда- рымен бөлісуді жөн көрдім.

Біріншіден, әлеуметтік желінің этикасын сақта. Әлеу- меттік парақша сенің кім екеніңді білдіреді. Онда не- гатив шашып, боқтық сөз жазып, өзгелерді сынап оты- ратын адамдар өмірде де сондай екенін ғана көрсетеді. Өкінішке қарай, көпшілік бұл біреуді жәбірлеуге болатын орын, мен бұл жерде жазаланбаймын деп қабылдайды. Танымайтын адамдармен сөз таластырып жатады. Шын- дығында, оның бәрі сіздің имиджіңізге жұмыс істей- ді. Мұндай этикет сақтай алмайтын адам, парақшасын бірден өшіріп тастағаны пайдалырақ. Сол сияқты, бір адаммен жұмыс істесең, оның бизнесі туралы негативті пікірлерге «лайк» баспауға тырыс, оның бәсекелестерін мақтаудан тартын. Бұл әдетте адамның жүйкесіне тиеді. Екіншіден, қызықты бол. Онлайн әлем ақпарат тұты- нушы мен өндіруші деген екі топқа бөлінеді. Сен жай ғана тұтынушы болуды қанағат тұтпа. Джунглиде не сен жейсің, не сені жейді. Әлеуметтік желіде не сен оқисың, не сені оқиды. Өзгелер қызығатын контент ұсын. Көп оқы, саяхатта, блогерлерден фишкаларын үйрен. Парақ- шаң өзгелердің постын бөлісу үшін ғана керек пе? Парақ- шаң сенің бетбейнеңе айналуы керек. Оған қараған адам: «Бұл не деген қызық, әзілқой, білімді азамат, мен оған жазылып қояйыншы» – деп ойлауы керек. Үшіншіден, жиі пост жариялап тұр. Оқырман база- сын қалыптастырып алғаннан кейін, тіпті қалыптастыру барысында, жоғалып кетуге болмайды. «Көзден кетсе, көңілден кетеді» деген ұғым әлеуметтік желіге де байла- нысты. Тұрақты түрде пост жазу үшін аптасына бір не- месе екі рет, қолың босаса күн сайын белгілі бір уақытты белгіле. «Сәрсенбі түске дейін бір пост жазамын» деген сияқты бұлжымайтын ережең болсын. Төртіншіден, өз бағытынды анықта. Өзіңнің тақы- рыбың болсын және ол тартымды жеткізілетін болсын. Сауатсыздық, сапасыз фотографиялар, өзгелерді қайта- лау сияқты дүниелер – әлеуметтік желің жауы. Максим Рожин мен Өркен Кенжебек фотографияға қызығады, соның арқасында олардың посттары тартымды. Әлішер 148

Елікбаев жаңа кроссовкасы туралы жазса да, адам қы- зығып оқитындай етіп жаза алады. Саяхат туралы жаза- тындар бар. Рецепт жазатындар бар. Кино талдайтындар бар. Трендтегі тақырыптарды жазып отыруға болады. Болмаса, мен сияқты өз бизнесіңді таныстыр. Әйтеуір, сені айтқанда бірден адамның есіне түсетін фишкаң бо- луы керек. Бесіншіден, пікір жазуды, like басуды ұмытпа. Қанша ғажайып адам болсаң да, өзгелер де сенен 1ike күтетіні есте болсын. Пікір жазу, жай ғана тамсаныс, болмаса, өзіңнің альтернатив пікіріңді ұсыну – адамға өзіңнің бар екеніңді еске салып отырудың бір жолы. Өзіңе керек адамдарға пікір жазған сайын, оларға өзіңді ұмытуға жол бермейсің. «Мен мұндамын!» деген хабарлама бұл. Соның арқасында, жаңа таныстарың (ескілері де) сізбен күнде көрісіп жүргендей, жақын досындай қабылдап кетеді. Осылай жалғастыра беруге болады. Әлеуметтік желі біздің қазіргі шындығымызға айналды. Сондықтан жаңа заманда жеңіс туралы айтқанда, оффлайн ғана емес, он- лайн брендинг пен құралдар туралы ұмытуға болмай- ды. Бұл тақырыпқа арналған кітаптар да соңғы жылда- ры жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кетті. Қызықсаң, тереңірек ізденуге мүмкіндік толып жатыр. Менің айтқым келетіні, әлеуметтік желі – өзіңді жұл- дызды блогерге айналдырып, бизнесіңді өрге домала- туға септігін тигізетін бірден-бір пайдалы құрал. Қазір «Жарнаманы қалай жасаймын?» деген адамға «әлеуметтік желіге бар!» деймін. Ол – телевизиядан да, газет-журналдан да қауқарлы құрал, ең бастысы, ешкім сізден ақша сұрамайды. Алысқа бармай-ақ, «Rumi» – In- ternet арқылы танымал болған мейрамхана. Әлеуметтік желілер арқылы жарнама жасадық, бейнемізді қалыптас- тырдық, тұтынушыны тартып, қоржынымызды байыттық (және соның бәрі тегін!). Тіпті, ең қиын кездерде де, бізді осы Internet-тегі коммуникациялық мүмкіндіктеріміз құтқарады . Бұл бәлкім, бет-бейнесі бар жалғыз мейрам- хана шығар әзірге. Мәзірге WhatsApp нөмірімді жазып,

кез келген қонаққа байланыс үшін ашық екенімнің өзі көп адамдардың көңілін аударды. Ал әлеуметтік желілер- де тұрақты түрде қонақтарымызбен байланысқа шығып отыруым көп дүниені жеңілдетті. Мысалы, қайбір жылы «Rumi»-дің төңірегінде үлкен скандал (дау-дамай) болды. Қонақтардың бірі палаудан тырнақ шықты деп жариялады, ол әлеуметтік желілерді кезіп кетті. Бізде мынадай таңдау болды: ғайбаттады деп сотқа беру немесе қонағымызбен сөйлесіп, бәрін бейбіт түрде шешу. Соңғысын таңдадық. Ол азаматты «Rumi»- ге шақырып, асханамызға шағын экскурсия жасадық. Сөйтіп, сақтанатын қауіпсіздік пен тазалық шаралары жағдайында тырнақтың тамаққа түсуі мүмкін емесін көрсеттік. Бұдан кейін асханадан тікелей трансляциялар жасау мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Мен осының бәрін тәптіштеп пост жаздым. Және қарапайым адамдар- дың, қонақтарымыздың қолдауына таңғалдым және риза болдым. «Өздеріңе сенімді болсаңдар, сотқа беріңдер. Бұл сендерді көре алмайтындардың әдейі жасап жүр- гені. Репутацияны қорғау керек» – деді бір ақылшыла- рымыз. Бірақ Facebook пен Instagram-ға қарағанда, сотқа шағымданудың қажеті жоқ екенін түсіндім. Репутация- мыз орнында екен. Біздің постымызды бөліскендердің ішінде «Егер тырнақ палаудың ішінде піскен болса (кейін түсіп кетпей), өзімнің 1 000 000 теңгемді берем», – деген жігіт бар екен. Сол оқиғадан кейін адамдардың саны да арта түсті. Сонда мен онлайн байланыстың қаншалықты маңызды екенін кезекті мәрте түсіндім. Осы QR-кодты сканерлеп, «Versus» академиясы өткізген «Қазақша SMM Әлеуметтік желінің күшін сезін» тренингінің видео нұсқасын сатып алсаңыз болады 150


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook