Мотивациялық кітаптар жиынтығы www.zhanaoi.kz Үкімет мүшелерінің барлығы тірі қалу үшін индустриализация жүргізу керектігін білді. Адамдарды жұмыспен қамтамасыз ететін кез-келген идеяны іске асырдық. Алкогольсіз сусын шығаратын бір кәсіпкер аспаздарды, даяршыларды, қызметшілерді, жинап тазалаушыларды, гидтер, жүргізушілерді, сувенир өндірушілерді жұмыспен қамтамасыз ететін – туризмды дамытуды айтқан болатын. Біз туризмді дамыту жөнінде агенттік құрып, оның өкілі ретінде кино кәсіпкер Ранм Шоуды тағайындадық. Ол қалай сауда жасауды және шет елдік қонақтарды қалай қызықтыруды жақсы білетін адам еді. Ішкі нарығымыз кішкентай болғанына қарамастан, біздің халқымыздың саны екі миллионнан астам болатын. Сингапурда шығарылатын автокөліктер, тоңазытқыштар, кондиционерлер, теледидар және магнитофондарды протекционисттік шаралармен қорғауға кірістік. Оған қоса, сұйық май, косметика, москиттерді аулайтын тор, шашқа арналған крем, дәретхана қағазы, тіпті нафталин шарын өндіретін кішігірім фабрикалардың бизнесмендерін де ынталандырдық. Тайвань және Гонконгтан инвесторларды тартып, ойыншықтар, тоқыма және дайын киімдерді өндіретін болдық. Біздің алғашқы инвесторларымыз ағылшындықтар болатын. Британдық әскерлер Сингапурдан шығарылғаннан кейін, көптеген ағылшын компаниялары да кетіп қалды. Тек 70-ші жылдардың соңында, Сингапур не нәрсеге қабілетті екенін көргенде, олар қайтадан оралып, осы жолы, шикізат өңдеп, сауданы ұйымдастыру емес, жоғарғы технологиялық өнімдерді, мысалы дәрі шығару сияқты өндірісті қалыптастыру үшін келді. Біздің кемшіліктерімізді жою үшін екі жақты стратегияға жүгіндім: біріншіден, бізге дейін Израиль жасағандай, біздің аймақтан тыс жерлерге шығу. Бұл ой маған 1962 жылы Сингапурға келген, БҰҰ дамытуға арналған Бағдарламаның экспертімен жүздесу барысында келді. Израильдықтар бізден ауыр қиыншылықтарды басынан кешіріп, елеп-ескермеген көршілерін, яғни арабтарды басып озып, Америка және Еуропамен сауда-саттықпен айналысқан болатын. Сол сияқты біздің көршілеріміз де, бізбен қарым-қатынасын үзгендіктен, Сингапур дамыған елдер – Америка, Еуропа, Жапониямен сауда-сатық байланысын орнатып, олардың өндірушілерін Сингапурда кәсіпорын жасауға қызықтыру керек еді. Екіншіден, «үшінші әлемде» дамыған елдердегідей оазис жасау. Көршілес елдермен соғысумен болғандақтан, Израиль жасай алмаған стратегия. Сингапур дамыған елдер сияқты жеке бас қауіпсіздігі, денсаулық сақтау, білім беру, телекоммуникация, транспорт, қызмет көрсету бойынша жоғарғы деңгейге жететін болса, онда біздің елде бизнеспен айналысатын инженерлер, кәсіпкерлер, менеджер және басқа да кәсіби мамандар үшін негізгі лагерьге айналатын еді. Бірақ, бұл біздің халық оларға сай дәрежеде қызмет көрсетуі керек деген сөз. Менің ойымша, халыққа мектеп, кәсіподақ, қоғамдық орталықтар және ұйымдар арқылы басқаша тәрбие қалыптастырып, ой-өрістерін дамытуға септігін тигізу мүмкін, қолдан келетін іс еді. Инвестицияны тартудағы басты рөлді өкімет алды. Инфраструктураны жақсарттық, өнеркәсіптің дамуына қаржылай көмек көрсеттік, салық және экспорттық жеңілдіктер ұсындық. Жеке кәсіпкерлікті дамытуға көмектесу үшін макроэкономикалық саясат жүргізіп, еңбек саласында жақсы қатынас орнату керек болды. Азиялық офшорлы доллар нарығында біздің жолымыз қарапайым басталды. Бұл нарық «еуродоллар» нарығының аналогы болды, біз оны «азияттық доллар» деп атап кеттік. Алғашында бұл нарық, өңірдегі елдердің банктерін несиелеу үшін шет ел банктерінің қорын тартып, Сингапурда қаржылық нарық операциясын жүргізді. Кейіннен «азияттық доллар» нарығы деноминацияланған шет ел валютасымен шет елдік валюталар, фьючерстер, опциондар,
Мотивациялық кітаптар жиынтығы www.zhanaoi.kz бағалы қағаздармен сауда жүргізді, синдикатталған кредит беріп, облигация шығарып және инвестициялық қорларды басқарды. 1997 жылы «азияттық доллар» нарығында операцияның көлемі 500 миллион АҚШ долларынан асып түсті. Халықаралық сауда мен инвестиция Азия мен Сингапурды негізгі өңір ретінде жаулап, жаһандық сипат алғанына қарамастан, халықаралық қаржылық операция көлемі экспоненциалды өсті. 1968-1985 жылдар аралығында Сингапурдың өңірде бәсекелестері болмады. Біз халықаралық қаржы институттарының назарын резидент емес салымшылардың тапқан табысына салық салмау арқылы аудардық. Банктік резервтерді және нормативті өтімділікті есептеу барысында «азияттық долларға» деноминацияланған барлық депозиттер ескерілмеді. 90-шы жылдардың соңында Сингапур әлемдегі ең ірі қаржы орталығына айналды. Валюталық операция көлемі бойынша Сингапур Лондон, Нью-Йорк және аз ғана Жапонияға жол береді. Сингапурдың жетістігі басқа елдердің де 80-ші жылдары өздерінің жеке қаржы орталықтарын дамытып, салыққа жеңілдік беруіне алып келді. Қаржылық орталықтың даму іргетасына заң қағидаттарын сақтау, тәуелсіз соттың болуы және жүйелі макроэкономикалық саясат жүргізетін тұрақты, құзырлы, әділ өкіметтің болуы. Осының нәтижесінде импорттың инфляциясы төмендеп, Сингапурлық доллар тұрақты және мықты валюта болды. 70-80 жылдар аралығында сайлау науқанының уақытында, сайлау округтерінде жаппай митинг кезінде сөз сөйлейтінмін, Фуллертон скверінде түскі 1-ден 2-ге дейін қызметкерлермен жүздеу үшін сол жерде де сөз сөйлейтінмін. Кейде тропикалық нөсер жауатын, барлығы қолшатыр астында мекеменің астына барып тұратын, алайда ешкім кетіп қалмайтын. Үсті-басымның барлығы су болып кетсе де, сөзімді тоқтамай жалғастырумен болдым. Қанша шылқылдап су болсам да, ешқашан суық тиіп ауырмаппын. Газет-журналдарда жазылған сөздерге қарағанда теледидар арқылы айтылатын сөздер халыққа әсерін көбірек тигізеді. Сондықтан халық алдында сөз сөйлеу менің саяси мансабымның мықты жағы болатын. 70 жылдары дарынды, білімді адамдардың тапшылығы байқала бастады. Жыл сайын шамамен 5% жоғарғы білімді адамдар эмиграцияланатын болды. Кейбіреулері Сингапурда білімдеріне лайықты дәрежеде жетістікке жете алмаймыз десе, енді біреулері мансап сатысы тым баяу екенін айтып, қоныс аударып жатты. Дамып келе жатқан экономиканы білімді адамдармен қанағаттандыру үшін дарынды кәсіпкерлерді, білікті мамандарды, шығармашылықпен айналысатын адамдарды, жоғары квалификациялы жұмысшылардың талаптарын ынталандырып, оларды сақтап қалуға тырыстым. 1980 жылы екі комитет құрдық: біріншісі – оларды жұмыспен қамтамасыз етті, екіншісі – олардың әлеуметтік мәселелерін шешті. 1959 жылы өкімет мемлекеттік тіл – малай тілі болады деп шешті. Біраз уақыттан кейін жұмысшылар тілі және халықаралық қатынастар тілі - ағылшын тілі болу керек екенін түсіндік. Халықаралық қоғамдастықтың орталығы бола тұра, Сингапур – малай, қытай, тамиль тілдері арқылы өмір сүре алмайтынын біліп, ағылшын тілін де мемлекеттік тілдер қатарына қостық. Көптеген жылдар бойы заңсыз далба дүкен сатушылардың және қарақшы таксилердің көзін құртқанмен де қаланы тазалай алмадық. Тек 1971 жылы жұмыс орындары көптеп аша бастаған кезімізде заң қабылдауға және көшелерді тазартуға мүмкіндігіміз пайда болды. Тамақ дайындайтын заңды далба дүкен сатушыларын, жол жағалауынан тротуардан канализациялық коллекторы мусор өткізгіші және ағынды суы бар жабдықталған орталыққа ауыстырдық. 80-ші жылдың аяғында біз барлық далба дүкен
Мотивациялық кітаптар жиынтығы www.zhanaoi.kz сатушыларын осындай орталықтарға ауыстырдық. Олардың кейбіреуі керемет аспаз болғандарының арқасында біздің еліміздегі туристтердің назарын аударатын болды. Ал біреулері жұмысқа «Мерседеспен» келіп, қызметкерлерді жалдайтын миллионерлерге айналды. Осындай адамдардың іскерлігі, қайраттылығы, дарыны Сингапурды жасап шығарды. Қарақшы таксилердің көзін құрту, альтернативті жұмыс орындарын және автобус қатынастарын қайта ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылды. Қаланың қаншалықты ластанғанын анықтау үшін жасыл ағаштарға назар салу жеткілікті. Автокөліктерден, автобустардан, дизельді жүк машиналарынан шығатын көп мөлшердегі газ, өсімдіктерді күйемен орап, соңы олардың қурауына әкеледі. Содан мен, қоршаған ортаны ластанудан қорғау бөлімшесін құрдым. Қызу автожолдарда, автокөлік шығаратын күкірттің құрамын, түтіннің тығыздығын, шаңның концентрациясын өлшейтін бақылау жабдықтарын орнаттық. 1984 жылы үкімет қызметкерлеріне жалақыны төлемнің электрондық жүйесі арқылы беру туралы шешім қабылдадым. Бұл полицияның бақылауы арқылы бір айда екі рет қолма-қол ақшаның тасымалдауын керексіз етті. Кейін біз электронды төлемдерді салық және жиындарды төлеу кезінде де қолдана бастадық. Әлемдік рейтингтік агенттіктер Сингапурдың заң жүйесін жоғары дәрежеде бағалады. 1997-1998 жылы Сингапур АҚШ, Ұлыбритания, Жапония және басқа да мемлекеттерді басып озып, әлемнің мықты елдерінің ондығына кірді. 1995 жылдан бастап саяси және экономикалық тәуекелдікті бағалайтын Гонконгта орналасқан ұйым Азия елдерінің заң жүйесіне баға берген кезінде Сингапурға Азиядағы жоғарғы рейтингті тағайындайтын. 1987 жылы Сингапурға келіп кеткен Лондондық университеттің профессоры Х. Д. Ейсенк жеке бас қасиетін, мінез-құлықты, интеллектуалды даму коэффициентін тексеру үшін психологиялық тесттің керектігі дұрыс екендігін айтты. Мысал ретінде, америкалық мұнай компаниясында 40000 жұмысшыны психологиялық бақылаудан өткізген 40 психологтың жұмыс істейтінін негізге алды. Бізде маңызды қызметтерге арналған кандидаттарды психологиялық тесттен өткізетін психологтар жоқтың қасы еді. Сол кісімен әңгімелескеннен соң, Сингапурдың Ұлттық Университетінен керек қасиеттерге ие, әр түрлі қызметтерге тағайындалатын адамдардың мінез-құлқын зерттей алатын психологтарды көптеп дайындап шығару керектігін айттым. Билікке келген кезден-ақ сабақ ала бастадық. Әрқашан оқумен болдық, өйткені, жағдай өзгеріп отырды, ал біз саясатты жағдайға бейімдеу керек едік. Менің бақытыма орай, үкімет қатарында бірнеше асқан дарын иелері бар болды. Олардың ойлары әркез жаңа идеяға толы еді. Кен Сви, Раджа, Суй Сен біз оқыған кітаптарды өзара айырбастайтын. Біз билікке келген кезде, саясаттан түк хабарымыз жоқ болған, бірақ әркез абайлап, аңдап басып, кез-келген идеяны ептілікпен енгіздік. Сингапурды коммунистік немесе нәсілге бөлінген қала ретінде емес, тіршілікке бейімделген қоғам ретінде қалыптастырдық. Мен қабілетті адамдарды іздеп, оларды министр және басқа лауазымды шенеуіктер ретінде қойып, халыққа шынайы жанашыр бола алады деген сенім болды. Жұмысшыларды өз жағымызда ұстап, сонымен бірге капиталмен, біліммен, басқару дағдыларымен бөлісетін және сыртқы саудаға шығаратын, яғни тіршілік етуімізді қамтамасыз ететін инвесторлардың жағдайын жақсылап жасау керек еді. Халық үмітін артқан бір топ ұйымшыл және биік мақсатты көздеген көшбасшылар қолдан келгеннің бәрін істеді. 1965 жылы ЖІӨ 3 миллиард сингапур доллары болған Сингапур 1997 жылы көрсеткіші 15 есеге өсіп, 46 миллиардқа жетіп,
Мотивациялық кітаптар жиынтығы www.zhanaoi.kz Әлемдік банктің есебі бойынша бүкіл әлемде ЖІӨ-ң көрсеткіші бойынша сегізінші орынға шыға алатынына кім сенген? Шет елдіктермен қарым-қатынас жасау – сингапурлықтарды көп нәрсеге үйретті. Біз дарынды студенттерімізді дамыған елдерге жібердік, басында сол мемлекет тарапынан шәкіртақы бөлінген, кейін шәкіртақыны өзіміз бөлетін болдық. Көптеген шет елдегі көшбасшылардан сабақ алумен болдым. Қазіргі таңда Сингапур қарулы күштері Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің арасындағы ең озығы. Оған Армия, Теңіз флоты, Әуе күштері кіреді. Ішкі өнімнің 4.9% пайызы әскерге жұмсалады. Әу баста Сингапур қарулы күштері Англия және Израил мемлекеттерінің көмегі арқылы құрылады. Израил қорғаныс күштері Сингапур қарулы күштерін жоқ жерден жаттықтырып, қаржыландырып, көмегін аямай аймақтағы ең дамыған әскери күштерінің біріне айналдырып жібереді. Біз оқу керекпіз, білім арқылы құралған әлемнің бір бөлігіне айналу керекпіз. Жеңіліске тап болмау үшін бізді жетістікке апарған мына қағидаттарды ұстану керек: ол – қоғамдық келісім, ол – барлығына бірдей мүмкіншілік беру, ол – ең лайықты деген адамға лайықты жол нұсқау жүйесі. Соңғысы, өкіметті басқаратын адамдар үшін өте маңызды.
Мотивациялық кітаптар жиынтығы www.zhanaoi.kz Дональд Трамп: ЕШҚАШАН БЕРІЛМЕ! Дональд Трамп – АҚШ-ның ең ірі «Trump International» құрылыс корпорациясының иегері, миллиардер. Оның «Ешқашан берілме!» атты еңбегін назарларыңызға ұсынамыз. Қиыншылықтарды жеңу, сынақтардан сүрінбей өту әрбір пенденің өмірдегі басты мақсаты және ұстанымы. Ешқашан берілгіміз және жеңілгіміз келмейді. Бірақ осының бәрін жасап жатырмыз ба? Қалауымыз орындалып жатыр ма? Күнделікті өмірімізде біз көптеген қиындықтарға тап боламыз. Кішкене келеңсіздіктерге шыдамай өмірге жеңіл қарап, өмірде қанша адамдар сынып жатыр. Өзін керексіз бір адам ретінде санап түңіліп кететін адамдар да болады, солай емес пе? Тіпті, бастамай жатып, қол сілтейтіндер де жеткілікті. Бұның барлығы ненің салдарынан деп ойлайсыздар? Егер үлкен жетістікке қол жеткізем десеңіздер, көптеген кедергілерге қарсы тұруды үйренгілеріңіз келсе, бүкіл әлемге, бастысы өзіңізге қандай мүмкіндікке ие екеніңізді көрсеткіңіз келсе, ата-ана және Отан алдындағы борышыңызды орындағыңыз келсе, онда әлемді мойындатқан Дональд Трамптың «Ешқашан берілме!» атты еңбегін оқып көруіңіз. Өмірде адам басынан қиыншылық өтпей қоймайды. Менің айтқаныммен бәрі келісер. . . Қандай көлемдегі сынақтар болмасын, оны бастан кешірген адамдар бір-бірін жақсы түсінеді. Бір жазушы айтқан еді: бұл жерден әлі ешкім тірі кеткен жоқ деп. Мүмкін артық айтам, бірақ қарыздарыңыз миллиард доллар көлемінде болса, басқа
Мотивациялық кітаптар жиынтығы www.zhanaoi.kz дәрежеде ойлай бастайсыз. 90-жылдары менің өз кепілдігіммен алған қарызым 975 миллион болды. Мен банкорт болдым, банктер кудалады, адамдардың барлығы мені көрсе ат тонын ала қашатын. Тоқырау кезеңі еді, жылжымайтын мүлік нарығы уақытша өмір сүруін тоқтатты. Бір сөзбен айтқанда, қайғылы кездер болды. Радиостанциялар бұл мағлұматты желдің жылдамдығындай жылдам таратты. Барлығы тек менің империямның құлағаны туралы айтып жатты. Ол әлем жаңалығына айналды, бір ауыздан барлығы «бітті!» деді. Әрине, бұл керемет жаңалық болар еді, менің орнымда басқа біреу болса! Өмірімнің өте қиын кездері . . . Өзімнің кінәм өзімді сәл жетістікке жеткеннен соң, патша Мидас сезініп кеттім. Ақыры мені құртқан менің өзімшілдігім болды. Дегенмен, беріле салу менде жоқ қасиет. Осының арқасында және маған айтылған сын-пікірдің арқасында мен сол сәтсіздіктен жеңіспен шықтым. Мені бұрышққа итерген сайын, мен жоғалтқанымды еселеп қайтаруға деген құлшынысым да күшейді. Өзімнің ұстанымымда берік тұру, табандылығым, күш-қайратым, алға қойған мақсатқа қайтсемде жету, берілмеу арқылы ғана олардың қателескенін мойындата алатынымды түсіндім. Осы кезде маған не күш берді? Сенесіздер ме, осы келеңсіз жағдайды мен сәтті мүмкіндік ретінде санадым. Барлық мені көре алмағандарға, сыншыларыма, бәріне менің алдыңғы жетістігім кездейсоқ нәрсе еместігін, менің ойыммен санасу керек екенін дәлелдегім келді. Осыдан алған менің сабағым - ойыңызды мәселеге емес, оның шешіміне жинақтау. Мені Гиннестің рекордтар кітабына түседі деп ойладыңыздар ма? Жоқ, бірақ менің ол кітапқа есімім 1990-жылдардағы қаржылық құлдырауға байланысты енген. Мен бұны мақтан тұтамын. Бұл жағдай маған атақ пен даңқ сыйлады. Адам өмірінің басты құндылықтарының бірі тұтастық. Бұл түсінік бізді бақытты, денсаулығы мол, көздеген мақсаттарға тиімді жеткізетін өмірді құраушы тіркестер. Тұтастыққа антоним ретінде «сәтсіздік» сөзін алдым. Егер сәтсіздікке ұшырасаңыз, ондай кездер болып тұрады, оған қарсы ем - тек алға, сәтсіздік ешқашан ұдайы болмайды. Бұл бізді дұрыс әрекеттер істеуге қуаттайды. Ақыры әр нерсе өзінің шешімін табады. Көптеген жандар тығырыққа тірелгенде, сәтсіздік олардың тағдыры деп балайды. Ең басты құпия – мықты жігердің және асқан төзімділіктің басым болуы. Себебі кез-келген мәселе – біздің өміріміздің жартысы. Келісесіздер ғой? Сол мәселелер арқылы ғана өзімізді шыңдап, жетістікке жете аламыз. Егер сіз бизнес ашуға дайын болсаңыз, сізге олқылық, ағат шешімдер, тіпті дерттер қорқыныш тудыра алмайды. Ешқашан сіздің, иә мына сіздің тап болған күйіңіз, ең нашары емес. Мен уәде бере алам, жан-жағыңызға қараңыз, сізден ауыр күнді бастан кешіп жатқан адамдар бар. Ең дұрысы, ондай жағдай туа қалса, өзіңіздің мүмкіндіктеріңіз бен күшіңізге, ал бастысы жетістікке жетемін деп сену керек. Бұл тірі қалудың немесе қайтсем де жетістікке жетудің амалы емес, бұл - сіздердің міндеттеріңіз! Бәрі сіздің қолыңызда! Мен әрқашан басқа адамдардың ойын тыңдай біліңіздер, ал шешімді өздеріңіз қабылдаңыздар деймін. Оқырмандар, ешқашан интуицияңызды ескермеуге болмайды. Алайда, тәуекелге бас тіккенде, одан ұтатын әлеуетті олжа оған тұрарлықтай болсын! Әрбір мәселенің шешімін дұрыс тауып, не істеп жатқаныңызды нақты білу керексіз! Егер жағдай сіздің жоспарыңызға қарама-қайшы келіп жатса, «Бұл не? Келеңсіз жағдай ма, әлде зілзала ма?», - деген сұрақ қойыңыз. Біз Чикагода 2,7 миллион шаршы фунд, 92 қабатты, 800 миллион долларды құрайтын жоба жасадық. Оның құрылысы барысында көптеген қиындықтарға тап болдық. Бірақ жоба таңғажайып құрылыс болып қала бермек. Сіздер жаһандық жоба барысында қиыншылыққа тап боламын ба десеңіздер? Иә. Ал бұл қиыншылықтарға шыдамай, бағытыңызды бұрып
Мотивациялық кітаптар жиынтығы www.zhanaoi.kz жібересіз бе? Қандай жағдай болмасын, бұндай жағдайды болдырмаңыз! Сіздің шығармашылыққа деген талпынысыңыз барлық қиындықтарды жеңеді. Сізді алдыда дауыл, тасқын күтсе де, жұмыстан шығарып жіберсе де, не жанжал болмаса да, сіз оларды жеңе аласыз! Себебі, сізде тегін сақтандыру полисі бар, қандай дейсіздер ғой, әрине, ол - сіздің берік ұстанымыңыз «Ешқашан берілмеу!». Шайқасқа дайынмын! Сохо – Нью-Йоркте орналасқан шағын ғимараттармен салынған аудан. Бұл территория қатаң муниципалды ережелерге бағынады. Менің мақсатым, бұл жерде XXI ғасырдың қонақ үйін салу болды. Бұл жер өте ыңғайлы. «Трамп Сохо» деп аталған 45 қабатты, құрылысы 450 миллион долларды құрайтын кондоминиумды жергілікті тұрғындар қарсылықпен қабылдады. Әрине, біз оған дайын болдық! Жоба бүкіл бөлшектеріне дейін ашық көрсетіліп, біздің құрылыс Сохоның аудандық заңының бүкіл талаптарына сай болды, ақыры бір жылдан кейін рұқсатқа қол жеткіздік. Қиындықтар біз ойлағаннан да көп еді. Бұл ірі көлемді жоспар, алайда біз де оны жүзеге асыра алмайтындай майда емеспіз! Жайсыздық - өмірлік жағдайлардың бір көрінісі. Бір күнімізді болсын онсыз өткізуге деген мүмкіндігіміз аз. Жайсыздықтарды наразылық пен түңілу деп емес, өз күштеріңізді көрсетуге деген шақырту деп қабылдаңыз. Мәселелерден әрдайым жоғары тұра біліңіз, өзіңіздің құқығыңызды қорғауға әрқашан дайын болыңыз, сонда ғана бәрі жақсы болады! Ешқашан берілмеудің арқасында адамдарға қол ұшын бере аласыз! Кейде біреуге бірдеңе беру арқылы, тағы бір талантыңызды ашуға мүмкіндік береді. Қарапайым мысал келтірейін, жылда мен сурет салып, шетіне қолтаңбамды қойып, оны аукционда сатамын. Кейіннен, түскен ақшаны Нью-Йорктағы аш халыққа таратып береміз, бір сөзбен айтқанда қайырымдылық қорын көптеп ұйымдастырамыз. Бұл қаражатты айтпағанда, уақытты да, үлкен күш-қайратты да талап етеді. Бірде менің танысым, бұның бәрі саған не үшін қажет дегенде: «Өйткені, ол менің қолымнан келеді!», - деп жауап бердім. Ойлап көріңіздер, «Өйткені, мен істей аламын!» қандай керемет сөз. Егерде сіз ұстанымыздан бас тартпайтын адам болсаңыз, бір кездері басқаларға да қол ұшын бере аласыз, осыны ұмытпаңыз! Мәселенің бар екенін ұмытпаңыз, сонда ғана олар алаңдатушылық туғызбайды. Бұл сөздерді ылғи да қайталап тұрған жөн. Үлкен мақсатқа жету үшін көп тер төгу керектігін ұғынған шығарсыз. Жобаңыздың масштабы қаншалықты екендігі маңызды емес, бастысы келеңсіз жағдайлардан қашып құтыла алмайтыныңызда. Сіздің тегіңіз мейлі Трамп, не басқа болса да, жетістікке жетудің басты жолы қиындықтармен күресе білу. Бұған дайын болыңыз! Наразы топқа қосылмаңыз, жетістік тек сіздің қолыңызда! Қазір бір келеңсіз жағдайға тап болдыңыз делік. Сіз жалғыз емессіз, оған сенімді болыңыз! Наразы топқа қосылу, қосылмауыңыз сіздің позитивті көзқарасыңызда. Жағдайды бақылаудан өткізсеңіз, кімнен көмек сұрау керектігін түсінесіз, әрине, ол өзіңізден! Сіз тағы баға жетпес ашылым жасайсыз, жетістіктің, бақыттың, күш-қуаттың, денсаулықтың кепілі ол тек мына өзіңіз. Кейде өзімшілдігіңізді жаншып, басу керек. Егер бар мәліметтерден жаңа нәрсе ойлап тапқыңыз келсе, ол өте қиын шаруа. Сізден табандылық пен жігерлік қажет, бұл қиындықтардың бәріне төзу үшін қиын жағдайлар көптеееп болады. Батыл болу, үрейдің жоқ болуы емес, оны жеңе білу. Мойындаңыздар, жеңілу оп-оңай нәрсе, әрі ол бейбақ адамның тірлігі. Көп жағдайда осы табандылық пен қиындыққа сынбайтын қасиеттері арқылы қарапайым адамдар биік қамалдарды ала алады.
Мотивациялық кітаптар жиынтығы www.zhanaoi.kz Айқын мысал ретінде ер жүректігінің арқасында атақты тұлғаға айналған – Авраам Линкольнды айтсақ болады. Өзіңе деген сенімділікті құраушылардың бірі – ержүректік. Черчиль дүниежүзілік соғыс кезінде халыққа мына сөздерді айтқан болатын: “Ешқашан, ешқашан, ешқашан үлкен не кіші болсын, жай не ұлы шаруа болсын, ешқашан қандай жағдай болса да, дұрыс шешім мен ар-ұяттан басқа ештеңеге берілмеңіздер. Ешқандай күшке бағынбаңыздар, алдарыңыздағы қарсылас мықты болса да, кейін шегінуші болмаңыздар.” Естеріңізде ме үрейді жеңуге болады деп айтып едім ғой? Ержүректілік, жеңіске деген зейін қою жетістіктің кілтін алып береді. Ынтагер болыңыздар, биік қамалды сонда ғана ала аласыздар. Асқан ынта болған жағдайда ғана жетістікке жетесіздер. Сіздің жұмысыңызға оптимистік көзқараспен қарайтын кәсіби мамандармен жұмыс істеңіз. Егерде сіз жұмысыңызды жақсы көрсеңіз, кедергілерді жеңу әдеттегі шаруаның біріне айналады. Мәселелер мен сәтсіздіктер сіз ойнап жатқан ойынның бір бөлігі деп санаңыз. Егерде мәселелер болмаса, ісіңіздің маңызды болмағаны, яғни одан үлкен мүмкіндіктер күтудің қажеті жоқ. Маңызды мүмкіндіктер сәйкесінше ірі мәселелерді алып келеді. Сондықтан да, сынаққа дайын болыңыздар. Мынадай жағдайға ұшырайсыздар ма, қолыңыздан келгеннің барлығын істеп, алайда оның нәтижесіз болуы. Сонда мына сұрақтар туындайды: қалай және қашан бұл әрекеттерді тоқтату керек? “Әдетте, мен шамадан тыс сабыр сақтаймын”, - дейді автор. Кейде өзіңізді жеңімпаз ретінде мойындау керек, ұтылған жағдайдың өзінде бір бағалы мағлұмат алдыңыз ғой, иә?! Бұны жаңа бір тәжірибе ретінде қабылдап, сәтсіздікті өзіңіздің пайдаңызға асырыңыз. Жай ғана жан-жағыңызға қарап, жаңа мүмкіндіктерді іздеңіз! Бизнес - әлемді танып-білудің жаңа амалы! Бірнеше жыл бұрын осындай ұйғарымға келдім. Бизнеске деген бұл көзқарас баяғыда тіпті аңғармаған көптеген мүмкіндіктерге жол ашты. Барлықтарыңызға берер кеңесім - негізгі бизнеспен шектелмей, кеңірек қарап үйреніңіздер. Әрине күніне бір сағаттай уақытты алу мүмкін, бірақ нәтиже оны ақтайды. “Неге мен бұған сенімдімін? Сіздер қай елде тұрасыздар? Трамп деген адам туралы естідіңіздер ме? Сіздің сұрағыңызға жауабым осы”, - дейді автор. Өмірге хамелеон секілді бейімделіңіздер. Мүмкіндік туа қалған жағдайда, міндетті түрде оны қолданыңыз. Тәуекелге бел буып, қателіктерге тап болған жағдайда ғана сіздер баға жетпес тәжірибеге қол жеткізесіз. Міне, сол кезде, қандай мүмкіндікке ие болғандарыңызды түсінесіздер. Бар ынтаңызбен шаруаға араласыңыз. Тіпті «Қолымнан келетініне сенімсізбін», - деген сияқты ойларға уақыт қалдырмаңыз, керісінше өзіңізге: «Бағымды сынап көрейін, барлығы жақсы болады!», - деп айтыңыз. Кез-келген адам өмірде қисынсыз жағдайларға тап болады, мен де соның ішіндемін. Қиын жағдай кезінде, ол күлкілі болмайды, алайда өмір сонысымен қызық. Бақытқа орай, кез-келген жағдайдан шығатын жол бар. Сенімді түрде мақсатқа ұмтылыңыз, назарларыңызды қиындықтар мен кедергілерге және олардан қашып кұтылудағы күшке жұмсамаңыздар. Керісінше, оларды өз өміріңізге қабылдап, сіздерге жұмыс істейтіндей етіңіз. Күмәнді жағдайларды қолға алу арқылы ғана адамдарды өз жағыңызға тартасыз. Икемдірек болып, қиын жағдайларды туа салысымен шешіңіз! Тағы бір ескеру керек нәрсе – өзімшілдік. Егерде сіз зердесіз қателік жасамайтындығыңызға сенімді болсаңыз, онда міндетті түрде қателік жасайсыз. Өзімшілдік – өз-өзіңді құрту. Сіздің жетістіктеріңіз бен табысыңыздың барлығы тырысқаныңыздың арқасы. Үй болсын, басқа да қажет заттарға тынбай еңбектенгеннің нәтижесі арқылы қол жеткіздіңіз. Бірақ егер сіз тәкаппарлық және мансапқорлыққа жол берсеңіз, пьедесталдан құлап кетесіз. Бұған мен
Мотивациялық кітаптар жиынтығы www.zhanaoi.kz кепіл бола аламын, себебі бұндай жағдай менің басымнан өтті. Қарсыластарыңыздың наразылығы көбейген сайын өзіңізге одан күш-қуат аласыз. Кедергіге тап болғанда, наразылыққа берілмей, сеніміңізді күшейтіңіз. Өзіңізге мынаны айтудан жалықпаңыз: «Менің қабалдаған шешімім толықтай дұрыс, сол үшін де мен жеңімпазбын!» Өмірлік тәжірибе - керемет мұғалім. Соның көмегімен кез-келген қиындықтарды жеңе аласыз. Сол кедергілерге тап болғанда: «Берілме!» деген сөзді ұмытпағайсыз. Бір ғана сөз өміріңізді жақсы арнаға бұрып, ойларыңызды да өзгертіп жібереді. Жетістіктің құпиясы осы. Егер сіз үлкен олжаға қол жеткізгіңіз келсе, өзіңізді толық сол жұмысқа арнаңыз, әр күн сайын, мына мен сияқты. Еріншектік пен әрекетсіздік өз кезегінде сізді жетістікке апармайды. Зияткерлігіңізді және білуге деген құмарлығыңызды арттырыңыз. Еріккен адам мен үшін ақылсыз адаммен бірдей. Бұның сізге қатысы жоқ шығар. Ештеңе оңай келмейді. Кейде бірдеңеге жету үшін сабырлылықтан басқа табандылық та керек. Өзіңіздің мүмкіндіктеріңізді іздеңіз. Ол мүмкіндіктер қиындықтар мен сәтсіздіктер деп аталатын ұсқынсыз бетпердеде жасырынып жатуы мүмкін. Әсіресе бөтен адамдардың сәтсіздіктерінде. Ойланыңыз, сіздің тағдырыңыз сізге қиындықтар мен келеңсіздіктер арқылы келуі мүмкін. Шығармашылық дүниетанымыңызды қосып, жаһанды түрде ой қозғаңыз. Ал бастысы, интуицияға сеніңіз, ол сізді алдамайды. Ешқашан берілмеңіздер! “Қандай ауыр қиындықтар болмасын, оны жеңу, онымен күресу, табандылық таныту, өз-өзіңе сенімді болу, міне, мені жетістікке жеткізген қасиеттер, сіздің де қолыңыздан бәрі келеді”, - дейді Дональд Трамп.
Мотивациялық кітаптар жиынтығы www.zhanaoi.kz Фергюс О’Коннел: ӘРБІР ІСТІ ӨЗ УАҚТЫНДА ОРЫНДА Сіздің уақытыңызды кім басқарады? Сіз бе, сіздің клиенттеріңіз, бастықтарыңыз, әлде әріптестеріңіз бе? Сіздің өміріңізді кім анықтайды? Сіз бе әлде сізді өз ырқына көндіретін қоршаған ортадағылар ма? Қалай жобаны үздік жасап, кәсіби зейін мен жеке өміріңіздің арасындағы балансты сақтап отыруға болады? Бұл сұрақтармен кез-келген жеке бизнесі бар немесе корпоративтік ортадағы адам жолыққан шығар. Жоғарыдағы сұрақтарға жауап алу үшін Фергюс О’Коннелдің “Әр бір істі өз уақтында орында” (How to do a Great Job and go Home on Time, Fergus O’Connell) шығармасындағы автордың пікірлерімен таныстырып өтесіз. Автор бұл кітапта TIME менеджмент, яғни уақытты және жеке басты, корпоративті дамуды басқарудың ең тиімді құралдарын ұсына отырып, жұмыс пен жеке өмір арасындағы теңгерімді қалай орнату керек, соның арқасында армандаған өмірімізге қалай жететінімізді үйретеді. Жұмыстың стилін өзгерту – жеке бастың таңдауы, әркімнің қолынан келетін таңдау. «Жұмыс – жеке өмір» арасындағы теңгерімді ұстанатын және ұстанбайтын адамдардың айырмашылығы – олардың әдеттерінде. Жаман әдеттерді жақсыға бұрып, бұл қағиданы қатаң ұстанушыларға айналдыратын кітап. Егер қалыптасқан өмір жалықтырса, онда балама таңдау бар. Алдарыңызда, дұрыс жолдың ізі жатыр. Автор «балдық карточка» атты қарапайым және маңызды құралды ұсынады. Біз бүгінгі таңда «жұмыс – жеке өмір» арасындағы теңгерімнің жайын есептеу үшін оның жақсы күйден қаншалықты алыста екенін көрсету мақсатында бұл карточкамен қалай қолдануды үйретеміз. Әр күн, әр апта, әр ай, әр жыл сайын бізде белгілі бір уақыт бірлігі болады. Уақытқа сұраныс артса, оны қалай дұрыс нәрсеге жұмсайсыздар? «Балдық карточка» көмекке келеді.
Мотивациялық кітаптар жиынтығы www.zhanaoi.kz Балдық карточкада толып тұрған шаруалардан бір күнге қалай босаймын? Бұл сұраққа былай жауап жазылған: 1. барлық жұмысты өзіңіз істемей, өкілеттік беріңіз. Әрине, барлық жұмысты біреудің иығына асып қою емес, тек бірер шаруаны бітіру үшін көмек сұрау 2. белгілі бір жұмысты орындау үшін, біреуді үйретуге дағдылау 3. өзіңіз де курс оқысаңыз болады, жұмыс барынша тез және тиімді орындалу үшін. 4. басыңқы істерді анықтаңыз! Ол үшін «Мына тізімдегі жұмыстардың біреуін ғана істей алсам, қайсысынан бастар едім?», - деген сұрақтар қоя отырып анықтайсыз. Автордың тағы бір айтпағы – мерзімнен тыс жұмыстан арылу! Бір шаруаны бітірмей, екіншісіне көшпеу. Әйтпесе, уақыт көп кетеді. Кейде қалыптасқан жағдайды ауыстырып отырған да жөн. Антракт уақытын азайту не алып тастау. «Жасыл уақыт» және «қызыл уақыт» деп бөліңіздер. Қызыл уақытта ешкім мазаламауын қадағалаңыздар. Уақытты босқа алатын адамдардан қорғаныңыз. Сылтау айтып, сытылып кетіңіз! Күндеріңізді жоспарлаңыз. Шаруалардың тізімін міндетті түрде жазыңыз. Мысалы, жұмыс 17:00-де бітсе, 16:00-ге дейін бітіруге тырысыңыз, тығыз жағдай болып қалса, сіздің қорыңызда артық бір сағат бар. Рационализациялау және жұмысты қарқынды жетілдіру арқылы уақытты үнемдеу. Жұмысты жаба салып, уақытты бос өткізбеңіз! Жоғарыдағы айтылғандарды мүдірмей істесеңдер, уақыт көптеп артылады. Өздеріңізге марапат ретінде сүйікті шаруаңызбен айналыссаңыз болады. Фергюс О’Коннел бәріне үлгерудің үш жолын ажыратады: 1. Мақсатты нақты анықтап, басыңқы шаруаларды бітірудің керектігін айтады. Сіздің мақсаттарыңызға жауап бере алатын ғана әрекеттерді істеңіздер!!! 2. «Жоқ» деп айтып үйрену. Ол үшін не істеу керек? Бастысы келіссөздер жүргізуге дағдылану. Деректерге сүйену. Иә, бұл оңай шаруа емес. Егер бұл мақсатты жүзеге асыра алсаңыз, тағы да уақыт үнемдедіңіз, онда сүйікті ісіңізбен айналыссаңыз болады. 3. Басты шаруаларды, қосалқы шаруалардан ажырата алуды үйрендіңіз, мақсатты анықтап, кейіннен «жоқ» деп айтқандағы ептілік және әліңіз жететін шаруаларға ғана кірісуді білесіз. Ендігі кезек тағы «балдық карточкада». Оны 6 айға толтырып, ауырлық мүлдем түсірмеуге тырысыңыз. Егер нәтижеңе оң болмаса, қапаланбай, тағы өзіңізді сынаңыз, арасында өзіңізге марапат та жасап отырыңыздар. «Жеке өмір – жұмыс»ты қатар алып жүретін, бәріне үлгере алатын адам болу үшін не кедергі етеді? Оның жауабы: Мақұлдауды іздеу. Бұл қасиеттерден арылу үшін дербес ойлау қабілетіңізді дамыту. Сыншылардың міндеті – сынау, сіздің міндетіңіз – жеңіске жету. Өз-өзіңді кінәлі деп сезіну. Бұл ең пайдасыз эмоциялардың бірі. Менің айтар кеңесім – өз-өзіңді кінәләйтін ойлардан арылу үшін күнделік бастаңыз. Әр кез оны толтырып, барлық сай мәліметті жазыңыз. Бірер айдан соң нәтиже оңтайлы болады, себебі қай жерде кінәлі сезінбеу керектігін байқайсыз.
Мотивациялық кітаптар жиынтығы www.zhanaoi.kz Сіз істемесеңіз, басқа біреуді табады! Сіз істей алатын істер: Не істегіңіз келетінін ойланыңыз. Уақытыңызды неге жұмсағыңыз келетінін анықтап алыңыз. Жоспарлаңыз. Нені, қашан істегіңіз келетінін жазыңыз. Жоспарға толық зейін салып, оны жүзеге асырыңыз. Жаңа істермен шұғылданыңыз. Бұл кітап жайында уақытты үнемдеудің мәзірі(меню) деп ойласаңыз болады. Кез- келген нәрсені таңдап алатын – мәзір деп. Иә, достар, кім жақсы жұмыс істейді, кім барлығына үлгереді, сол үйге ертерек қайтады. «Барлығын уақытында үлгеріңдер және баянды өмір сүріңдер, - дейді Фергюс О’Коннел – Бұл өз қолдарыңда! »
Мотивациялық кітаптар жиынтығы www.zhanaoi.kz Питер Дэниелс: ХАЛЫҚ АЛДЫНДА СӨЙЛЕУ ӨНЕРІ Питер Дэниэлс – австралиялық атақты жазушы, кәсіби оратор. Дүниедегі ең көп ақы алатын бизнес-консультанттардың бірі. Ораторлық қасиет деген не? Ол бізге не үшін керек? Сол арқылы өмірде қандай жетістікке жете аламыз? Қандай қиыншылыққа төтеп бере аламыз? Өзімізді қандай қырымыздан көрсете аламыз? Осы сияқты сұрақтарға толығымен жауап алу үшін Питер Дэниелстің «Халық алдында сөйлеу өнері» (How to have the Awesome Power of Public Speaking by Peter J. Daniels) атты табысты еңбегін ұсынамыз. Қарым-қатынастың ерекше түрі Егер сізде бірнеше адам болсын, көпшілік қауым болсын, олардың алдында сөз сөйлей алатын артықшылығыңыз болса, онда бұл жерде қарым-қатынастың ерекше түрі жұмыс істейтінін білуіңіз керек. Сіздің алдыңызда әрқашан ерікті тыңдаушыларыңыз болады. Тіпті оратор шектеулі жағдайларда болса да, тыңдаушылар мейлі кішкене топ, не көпшілік қауым болсын, ораторға назарын аударады. Көпшілік алдында сөз сөйлеудің мүмкіндіктерін қолданудың ең қауіпсіз жолы – өздерінің ақылдарын, жүректерін ашуға дайын адамдарға, сіз баяндайтын ойдың нақтылығы және зияттылығы болып табылады. Сіздің баяндамаңызды күтетін адамдар, сізге жылы көзқарас танытып, өздерінің жақындарынан күтетін достық пен мейірбандықты сізден күтү үстінде болады. Шындығында, осы топ арасынан сіздің болашақта достарыңыз да шығып қалуы ғажап емес. Сіз адамдармен алдағы мақсат-міндеттеріңізбен, армандарыңызбен бөліскенде, бұл қарым-қатынасты жеке басты және бірегей етеді. Бірақ дәл осындай үндеулеріңізді мың немесе миллион тыңдаушыларға жеткізе білу, кейбіреулердің қолынан ғана келетін, ұлы
Мотивациялық кітаптар жиынтығы www.zhanaoi.kz және ерекше артықшылықтардың бірі болып табылады. Қарым-қатынас беретін мүмкіндіктердің тереңдігін ұғынған кезде ғана оның ерекшелігін сезесіз. Қағидаттар: Көпшілік алдында сөз сөйлеу – бұл жалғыздық сезімі Тыңдаушылар қорғансыз Тыңдаушылар ерікті түрде тыңдайды Тыңдаушылар бағынышты жағдайда отырады Тыңдаушылар сыни көзқарас немесе ынта танытады Көпшілік алдында сөз сөйлеу – бұл ерекше артықшылық Өзіңіздің жолдауыңызды біліңіз Көптеген ораторлардың айтары жоқ болып қалатын жағдайлар болады. Көпшілік алдындағы жолдауларыңыз қаншалықты ұзақ болмасын, оны екі-үш сөзбен қорытындылай алуларыңыз қажет. «Қалай?», «Неліктен?» деген сұраққа толық жауап бере алатындай болсын. Келесі айтатын мәселе ол тақырыпқа толық тоқталу болып табылады. Сіз өз тыңдаушыларыңызды айтқаныңызға көндіру үшін мықты ынтамен сөйлесеңіз, таңғаларлық күшке ие болатыныңызды байқайсыз. Жолдауыңызды дайындау барысында нақты деректерді қамту үшін зерттеу жүргізу керек. Дәл осы кезде оқығаныңыздың пайдасы сізге көмекке келіп, сізді керекті ақпаратпен қамтамасыз етеді. Маңызды сөз сөйлеу барысында сіз колданатын сөздерден бөлек басқа да толық ақпарат жинау керексіз. Бұл сіздің сөйлеу мәнеріңізде сіздің өзіңізге деген сенімділігіңізде анық байқалатын болады. Жолдауыңыздың барлық аспектісін қамтуға тырыспаңыз, ол жолдауыңызды бұрып, тыңдаушыларыңыздың ойын шатастырады. Жоғары деңгейде сөз сөйлеуге кедергі болатын, яғни айқындылықты, драматизм, модуляция және т.б. маңызды ингредиенттерді жоғалтып аласыз. Алдыға нық сенімділікпен жүру үшін тек дайындалыңыз, дайындалыңыз, дайындалыңыз! Кез-келген сөзіңізді «мен сіздерге айттым ғой!», - деп бітіретіндей мықты оратор болыңыз. Қағидаттар: Сіз жан-жақты ақпараттанған болу керексіз Көз жеткізе алатын ынтаңыз болу керек Дайындық билікке кепілдік береді Сөз сөйлеудегі керек материалдан да көп ақпарат білуіңіз керек Ақпараттарды тазартудан өткізіп, негізгісін ғана қалдыру керек Алдыға бағыттайтын жолды білу керксіз Сахнаға дайындалу Кәсіби оратордың өмірінде де неше түрлі күтпеген жәйттар болуы мүмкін. Бірақ ол жағдайлар ешқашан сіздің сөз сөйлеуіңіздің сапасына немесе қарым-қатынасыныңызға әсер етпеуі тиіс. Сахнаға шыққан кезде 100% сападан төмен көрсетсеңіз, оған қынжылуыңыз керек. Сыртқы келбет, әркез сенімділікті және абыройыңызды бейнелеуі қажет. Шаршағандықтан, ауырғандықтан, үрейден өзіңізді басқаша ұстауға болмайды. Ешқашан халық алдында басыңыздағы қиыншылықтарыңызды көрсетпеңіз! Кәсіби оратор ұқыпты болу керек, ұқыпты көрінуі керек, сөз сөйлеудің алдында, сөз сөйлеу барысында, одан кейін ұқыпты болып қала беру керек. Егер сіз шет елде сөз
Мотивациялық кітаптар жиынтығы www.zhanaoi.kz сөйлейтін болсаңыз, өз тіліңізде сөйлеңіз, ал аудармашылар, сіздің айтқан әр сөзіңіздің мағынасын түсінетініне көз жеткізіңіз. Бұл өте маңызды. Бір жағынан қарағанда ораторлардың барлығы актерлар. Соны пайдаланып, кез-келген кейіпке кіре аласыз. Сахнадағы ахуал, киім, техникалық бөлшектер, бұлардың барлығы маңызды бөліктің бірі болып табылады. Сіздің дайындығыңыздың маңызды бөлігі. Қағидаттар: Өзіңіздің қиыншылықтарыңызды ешқашан көрсетпеңіз Залдағы тыныштықтан аулақ болыңыз Электроаппаратураны тексеріңіз Киім – сөз сөйлеудің жарты бөлігі Сахнадағы ахуал жолдауларыңызың жетуіне әсерін тигізеді Платформадан аудиторияға қарай түспеңіз Дұрыс дауыс екпіні Даусымды жаттықтыра бастаған кездегі ең тиімді нәрсе – ол диктофон болды. Ең алғашқы жазбаларымды естігенде, жек көретін жіңішке дауысым, мыңқылдаған дауыс екпінім ыңғайсыздықтан да көп әсер тигізетін. Көпшілікке шығар алдында айтатын сөздеріңіздің әр біреуін айтып жаттығыңыз. Өзіңіздің даусыңызбен жұмыс істеңіз, басқа адамдардың құлағына сенімділікті, жылылықты жеткізу үшін дауыс екпінін дамытытуға тырысыңыз! Жақсы интонация негізі болып – теле және радио жаңалықтарының дикторларын тыңдау. Айқын интонация және дикция, аса маңызды мәнге ие. Сонымен бірге, достарыңыздан көмек сұраңыз. Олар сіздің дауысыңыздың қалай шығатынын талқыға салсын, тек шынайы түрде. Әзіл айтқанда жай ғана жымиыңыз. Оратор айтқан кез-келген қалжың: Шындыққа жанасуы керек Бірақ жолы болу керек Күлкілі болу керек Егер бұған қол жеткізе алмасаңызъ, онда ақылдырақ болып, қалжыңды қолданбаған жөн. Әрқашан интонацияны басқара біліңіз. Ол сіз жарықтандыратын салада өзіңізді атақтырақ етіп көрсетеді. Егер дауыс екпінін басқара білсеңіз, онда тыңдаушылар дәл сізге келгені үшін өкінбейді. Сізді қайта тыңдауға келетініне мен кепілдік бере аламын. Қағидаттар: Өз даусыңызды жиі тыңдаңыз Өзге адамдардың ойын тыңдаңыз Драматургияны дәл уақытында қолданыңыз Ешқашан айқайламаңыз, дауыстың модуляциясын қолданыңыз Эмоцияны қолдануда абай болыңыз – жиі жылап не ашуланбаңыз Өзіңіздің рөліңізді ойнап жатқаныңызды ұмытпағайсыз Жымиыңыз, бірақ қатты күліп, халықтың ашуына тиіп алмаңыздар
Мотивациялық кітаптар жиынтығы www.zhanaoi.kz Өз тыңдаушыларыңызды мотивациялаңыз Сөз сөйлеудің ерте шағында тыңдаушыларға белгілі-бір сенімділікті ұялату керектігі тұрады. Егер басында-ақ тыңдаушыларыңызды өз жағыңызға шығарсаңыз, сөз сөйлеуді дұрыс бастадыңыз. Біз, құмырашы іспеттеспіз, айтылған сөзімізбен адамдарға ерекше ойдың суретін саламыз. Мен, алдында айтқандай, сіздерде билік бар, өйткені сіз – ораторсыз! Тыңдаушылардың назарын аудару үшін олардан мақұлдау табатын пунктен бастау керек, сосын ары қарай, негізгі мәселеге көшесіздер. Мәселені оңай шешілетін етіп көрсетіңіз. Бұл тыңдаушылар тарапынан сіздің айтқаныңызға қатысты негативті сезімдерден алыстатады. Егер мен қатал талапты тыңдаушылардың алдында сөз сөйлейтін болсам, бір күн кітапханада отырып, тақырыбымның негізін толықтай ашуға тырсамын, кетерінде әркім өзіне жаңа мағлумат алатындай. Алдыңызда тұрған міндеттен, жабырқау күйге түспеңіз. Ойыңызға келген жаңа мысалдарды тез арада жазып алып отырыңыз. Тыңдаушыларды дұрыс жолға бағыттаудың бірнеше жолын көрсетейін: Басқа жол жоқ «Бізде басқа жол жоқ», – деген сияқты сөздер сіздің айқаныңызбен жүруге көмектеседі. Орнатылған қарым-қатынасты бұзып алму үшін «сіздерде» емес, «бізде» деп айту дұрыс. Жеке қызығушылық мотивациясы Жеке қызығушылық – өзімшілдік емес. Жеке қызығушылық – қорғану болса, өзімшілдік бірдеңені басқалардан ұстап қалу деген мағынаны білдіреді. Жеке қызығушылық әр кез сенімділікті ұялатады, себебі кез-келген адамның жүрегіне бағытталады. Бұл сәтте керек сөз «сізге керегі» бұл тыңдаушыларға бағытталған. Біліммен мотивациялау Мотивацияның бұл түрі – сенімділікті ұялатады. Тыңдаушылар білетінін сіз тек мақұлдайсыз. «Сіздер білетіндей...» деген сөздермен бастаған дұрыс. Сосын керек ақпаратты ұсынасыз. Кінә мативациясы Бұл мотивацияның түрімен ептеп қолдану керек. Өйткені, жауапты реакция қайтарылады. «Сіз өзіңізді қалай сезінетін едіңіз, егер...», бұл кінә артатын сөздер болып табылады. Үрей мотивациясы Мотивацияның бұл түрі – оның негативизміне байланысты оңай қолданылады. Негативті ойлап, іс-әрекеттер жасау, көп қайраттылықты қажет етпейді. Белсенді сөздер қатарына «Егер сіз бұлай істесеңіз...сізге қиын болады». Ар-ұят мотивациясы Мотивацияның бұл түрін табысты қолдану үшін барлығы тиянақты жүзеге асу керек. Ар-ұятты негіздейтін мотивация ең қиыны болып табылады. Сондықтан тиімді
Мотивациялық кітаптар жиынтығы www.zhanaoi.kz түрде әсер ету үшін үрей не жеке бастың қызығушылығы сынды мотивацияларды қолданған жөн. «Сіздер бұны болдырмауыңыз керек...» дегендей. Қағидаттар: Тыңдаушылардың назарын аударуды қолға алыңыз Талап қою арқылы мотивациялаңыз Жеке қызығушылық арқылы мотивация беріңіз Біліммен мотивациялаңыз Кінә артып мотивациялаңыз Уреймен мотивация беріңіз Ар-ұятпен мотивациялаңыз Жолдауыңызды сызып қойыңыз Сіздің жағыңыздағы тыңдаушыларға сөз сөйлеу жеңілдеу болып келеді. Сонда сіз жолдауыңызды сөзбен немесе көрнекі түрде сыза аласыз. Алдымен тыңдаушылардың назарын өзіңізге аударыңыз. Қарапайымдылықты, романтизмді қолданып, халықты таңғалдыруға әрекет етіңіз. Шығармашылықты, бірақ дөрекі болмаңыз. Мысалы, егде адамдарға, абыр-дабырдың керегі жоқ. Керісінше, өткен, олардың заманындағы жәйттерді еске түсіріп, мақтап қойған дұрыс. Егер сөз сөйлеу барысында, сіздің сөзіңізді бөле берсе, онда ұйымдастырушыларға бұл жағдайды түзетізіңіз. Егер біреу, жеке сізге қарсы шығып жатса және ешкім көмекке келмесе, онда бұны мүмкіндік ретінде пайдалананып, мынандай әрекет істеуге болады: Ол адамды тәртіп сақтауға шақырып, оған сөз бергенше тынышталуын айту Онымен сөз таластыру Тыңдаушыларға оған қол шапалақ жасасын деп үндеу кейіннен ақырын өзіңіз шапалақтау Оған назар салмай, сөзіңізді жалғастыра беру Сөз сөйлеу барысында логикалық және ақылға қонымды ой тұжырымдау керек. Тыңдаушыларыңыз келісетіндей сөздеріңіз өтетіндей сөздермен, мысалы «Бұл факт негізіндегі, ең тиімді шешім осы...», «сіздер менімен келісесіздер ғой». Қағидаттар: Тыңдаушыларыңызды қарапайымдылықпен және романтизммен баурап алыңыз Жағдай мүмкіндік берсе, сахналауды да қолданыңыз Егер жағдай болса, ар-ұятқа да тиіңіз Тосқауылдарға мықты төтеп беріңіз Логикалық ой тұжырым жасаңыз Шешімнін оңай жолын таба біліңіз Сөзіңізді өлең шумақтарымен әнмен толықтырыңыз
Мотивациялық кітаптар жиынтығы www.zhanaoi.kz Стильді болыңыз Кіріспе бөлімі кезінде қателік жасап алмаңыз. Құрметті керек адамға беріңіз. Ұйымдастырушылардан алдын-ала залда құрметті адамдар бар-жоғын сұрастырыңыз. Белгілі-бір жұмысты керемет атқарған ерекше адамдарға марапат жасап мадақтаңыз. Оратор жақсы сөз сөйлеп, тақырыпты толық аша алмаса, мақсаттың нәтижесіз болғаны. Егер шынымен, жақсы шыға алмаған болсаңыз, онда сізді шақырған адамдар үшін ұятты болады. Сіз қалаған кезде қол шапалақ шақыратын ерекше сәттер болады. Ол уақыт пен мазмұнға байланысты. Бұған жетуге, тәжірибе көмектеседі. Кейбір лекторлар сияқты тақырыпты нақты ете түсетін пунктер қолданыңыз. Мысалы, 1, 2, 3, бәрін атап шыққанша. Әрқашан стильге мән беріңіз. Спортшының өзінің ерекше стилі бар болғандай, өзіңіздің жеке стиліңізді қалыптастырыңыз. Сіздің мінезіңізге қарай негізделген, өзіңіздің стиліңізді! Джон Уэйн, әдемі жүріс пен ерекше дауыс тембрінің иесі болғандай, дәл бізде, ерекше қимылдарға не болмаса мінезге иеміз. Қағидаттар: Кіріспе бөлімінде қателік жасамаңыз, атақты адамдарға сөз беріп не оларды марапаттаңыз Ең басында назарды өзіңізге аудару керек Келісімге келетін нүктелерді табыңыз Факт ұсынып, драмаластырыңыз Қатты сөзден кейінгі тыныштық, реакция тудырады Пункт пен қағидаттарды кезегімен айтып отырыңыз Есте қалатын стильді дамытыңыз Жауапкершілікті тереңнен сезініңіз Халық алдында сөз сөйлеу – үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ұсынып отырған материалды майда-шүйдесіне дейін зерттеңіз, өйткені тығыз дисктер, DVD, мақала, айтылған сөздеріңіз, бұл оқиғадан кейін де, әрекеттерін жалғастыра береді. Шындық пен білімді ұсыну үшін уақыттың сынына төтеп беретін фактілерге сүйену керек. Оратордың уысынан қандай да болмасын бір сөз шығарда, оның шынайы екеніне жауапты болу керек. Бастап келе жатқан және кәсіби ораторлардың арасындағы айырмашылық, тақырыптағы нақтылық және ерекшелік болып табылады. Бірнеше ораторлар сөйлеген кезде әріптесіңіздің уақытын алып қоймағандығыңызға сенімді болыңыз. Егер сіз көпшілік алдындағы сөз сөйлейтін оратор болсаңыз, онда сәтсіздікке ұшырағанда, қатты мұңаймаңыз. Тіпті, кәсіби ораторлар да, сәтсіздікке ұшырап жатады. Жаман тыңдаушылар болмайды, дұрыс емес ақпараттанған немесе дайындықсыз шығатын ораторлар болады. Сіздің жауапкершілігіңіз сізден ең жақсыны талап етеді. Осылай істеу арқылы сіз әр шыққан сайын күшіңізді шыңдайсыз! Қағидаттар: Өзіңіздің материалыңыз үшін дайын зерттеулер жүргізіңіз Өзгелерден ұрламаңыз Сөз сөйлеу уақытына қатысты шынайы болыңыз Өзіңізді тиынға сатпаңыз Барлығы сіздің ғана бақылауыңызда болуы керек Сәтсіздіктер сізді тоқтатпауы керек
Мотивациялық кітаптар жиынтығы www.zhanaoi.kz Бағалаңыз, бағалаңыз Көпшілік алдында сөз сөйлеу барысында сіздің көрсететін күшіңіздің табысты не сәтсіз бағалануының әдістерін анықтау керек. Қарапайым бақылау тізімін жасап шығарып, сол арқылы өзіңізді бағалаңыз. Мысалы, былай: Овацияның саны мен ұзақтығы Ұсыныс пен қайта шақырулар Келген алғыс хаттар Ақы Кітаптар мен материалдарт және т.б Бағаны сөз сөйлей бастаған кезде халықтың сізді қабылдап отырған әсеріне қарап, берсеңіз болады. Бағалаудың ең тиімді жолы – сөз сөйлеп болған соң, адамдардан мінеп- сынауын, яғни ойын сұрастыру. Егер біреу сіздің шыққаныңызды мақтап, «барлығы керемет» болды десе, ұялмай нақты не нәрсе ұнады деп сұрап алыңыз. Ал сізге арнап жазылған хаттардың жөні бөлек. Өз ойын айта салғанға қарағанда отырып, уақытын бөліп, жазған хат ерекше бағалауды негіздейді. Егер сізді қайта-қайта шақырып, төлейтін ақшасы да, жоғары болса, онда сіз «көпшілік алдында сөз сөйлеу шеберінің иесі атанғаныңыз»! Қағидаттар: Бағалау әдістерін дамытыңыз Реакцияны бағалап, керекті түзетулер енгізіңіз Ең жақсы реакция, сізді қайта шақыру болып табылады. Өмір сүруіңізді қадағалау Өздерінің айтқанын істемейтін ораторлар мені қынжылтады. Бұл жалған нәрсе ерте ме, кеш пе адамдар олардың сөздерінің бос екенін түсінеді. Бұл әлемдегі ұлы ораторлар, белгілі – бір салада жетістікке жеткендер. Сол арқылы да олар халық алдында сөз сөйлеуге және естілуге құқылы. Жасанды болмаңыз. Шынайы болып, өзіңіз ұсынған жолмен өзіңіз бастап жүріңіз. Ешкімге және еш нәрсеге қарамастан жетістікке жетуге ұмтылыңыз. Адамдардан алған көмекті бағалай білу керек. Ораторлар сезіну керек қиын қағидаттардың бірі – адамдарға қарыздарын қайтарып, олармен жетістікті бөлісу. Сөйлеген сөзіңіздің дұрыстылығын әр кез дәлелдеумен болу керек. Қағидаттар: Шынайы болып, өзіңіз ұсынған жолмен өзіңіз бастап жүріңіз Жағдайға байланысты дұрыс көрініңіз Өзіңіздің өміріңізден алынған мысалдармен бөлісіңіз, тыңдаушыларыңызбен өміріңізді бөлісіңіз Қарызды қайтарыңыз Өзіңіз айтып жатқан нәрсеге өзіңіз қызығушылық танытыңыз
Мотивациялық кітаптар жиынтығы www.zhanaoi.kz Күшіңізді қалай босатасыз? Басқа мамандық іспеттес ораторлық жұмыс табысты болу үшін ол өзіне тексеруден өткен бірнеше аспекті қамтиды. Олардың кейбірін елемеуге, қолданбауға, негізге алмаса да болады, алайда, сіз оратор шебері болам десеңіз, белгілі аспектердің барлығы қолданыс табу керек. Бірінші аспект– өз жолдауыңыз арқылы жеткізгіңіз келген ойыңыздың қарапайымдылығы мен нақтылығы. Бұл баяндама 50 сөзден аспауы қажет, барлығы өте- өте нақты! Екінші аспект – сіздің тақырыбыңызды нақты ашатын және көркейтетін пунктер мен қағидаттардың болуы. Үшінші аспект – сөздеріңізді дәлелді ету үшін зерттеу жүргізу. Төртінші аспект – барлық жазылған материалдардың жеңіл жоспары. Ол сізге сөзіңізді қорытындылау кезінде көмекке келеді. Қорытынды аспект – әр сөйлемге лайықты дауыс ырғағы және сіз сөйлеген сөздерге қосымша мән беретін дауыс екпіні, сонымен қатар, бағалау! Жиі ұмытылатын қосымшалар 1. Ішетін таза су бар ма екенін тексеру 2. Дәретханаға міндетті түрде барып келу 3. Суық тиіп не тамағыңыз бітіп қалса, бір кесек ананас жеп алыңыз 4. Сахнада тұрғанда сәуле түсіретін үстіңіздегі заттарды шешіп тастаңыз 5. Сахнадан қалай кететініңізді алдын-ала ойлаңыз 6. Баспалдақтар мен рампаға назар аударыңыз 7. Жазбаларыңыз ыңғайлы жерге қойыңыз, оқу барысында кедергі болмасын 8. Подиумның беріктігін тексеріңіз 9. Жазбаларыңыз сырғып не ұшып кетпейтіндей болсын 10. Кондиционер, вентилятор, жылытқыштардан ары тұрыңыз 11. Аудио жүйені тексеріңіз 12. Бірнеше адамға қарағанда көпшілікпен жұмыс оңай жүреді 13. Болатын уақытын тағы тексеріп, ұзақтығын қараңыз 14. Бағдарламаның өтуіне жауапты адамнан қалай бастау жөнінде кеңес сұраңыз 15. Бас жетекшімен кездесіп: А. Сізге берілген уақытты растасын В. Бұл бағдарлама созылып кетсе, ол не істейтінін сұраңыз. Күлкіні жауап ретінде қабылдамаңыз. 16. Адамдар жалыға бастағанын көргенде уақытты созбаңыз 17. Ешқашан шаршадым, ауырып тұрмын деген жеке бастың шаруаларын айтпаңыз 18. Ұйымдастырушылар, сіздің шарттарыңызды қабылдайтынын, ұйден шықпастан тексеріңіз 19. Балалары бар, иттері бар, бір сөзбен тыныға алмайтын жер үйге тұрақтамаңыз 20. Жағдай мен шарттарды негізге алып, соған лайықты стильде болыңыз 21. Егер ақылы сөз сөйлесеңіз, келісімге отыру барысында, ақшаңыздың бір бөлігін беруді талап етіңіз 22. Мас адамдардың алдында сөз сөйлемеңіз – оларды ешқашан жеңе алмайсыз
Мотивациялық кітаптар жиынтығы www.zhanaoi.kz Ең жақсы ораторлар 1. Актерлар 2. Кәсіби дикторлар 3. Сату бойынша менеджерлер 4. Патша отбасының мүшелері 5. Телебағдарлама және концертті жүргізушілер 6. Уағызшылар 7. Авиакомпанияның стюардтары 8. Саясаттанушылар 9. Диспетчерлер
Мотивациялық кітаптар жиынтығы www.zhanaoi.kz Роберт Кийосаки: \"БАЙ ӘКЕ, ЖАРЛЫ ӘКЕ\" Роберт Тору Кийосаки – американдық кәсіпкер, инвестор, жазушы, мұғалім. 26 миллион данамен тарап кеткен он бес шақты кітаптың авторы. 47 жасында «Бай әке, жарлы әке» бестселлерін жазып шығарды. «Бай әке, жарлы әке» атты бұл кітап әлемдегі барлық ата-аналарға – баланың ең басты мұғалімдеріне арналады. I БӨЛІМ Бай әке, жарлы әке Менің 2 әкем болатын: бай және жарлы. Бірі жоғарғы білімі бар, мәдениетті, PhD атағы бар болған; 2 жылда 4 жылдық колледжді оқып бітірген. Одан кейін Стенфорд университетіне, Чикаго және Солтүстік-батыс университетіне білімін шыңдауға кеткен болатын, әрқашан стипендия алатын. Екінші әкенің білімі әлдеқайда төмен еді. Екеуі де мансап қуып, өмірлерін жұмысқа арнаған. Екеуінің де табыстары болатын. Бірақ бірі өмір бойы ақша жетіспеушілігіне ұшырап отыратын. Екіншісі Гаваядағы ең бай адамға айналды. Бірі артынан оншақты миллион долларды, қайырымдылық қорларын, мешітті отбасына мирасқа қалдырып кетсе, екіншісі төленуге тиіс шоттарды қалдырып кетті. Екі әкем де мықты, ақылды, беделді болатын, екеуі де өмірлік тәжірибеде жинаған ақылдарын айтып отыратын, әрине, екеуінікі екі түрлі еді. Екеуі де білімді насихаттаған, бірақ білім алу курстары бір-біріне ұқсамайтын. Егер менің бір ғана әкем болғанда, мен оның айтқан өсиеттерін қабылдап немесе қажет етпейтін едім. Екі әкем бар болғандықтан, екеуінің
Мотивациялық кітаптар жиынтығы www.zhanaoi.kz айтқанын кері итере салмай салыстырып, көп ойланып, содан кейін ғана шешім қабылдайтын әдет шығардым. Бар мәселе мынада еді, бай әке әлі бай емес, жарлы әке әлі жарлы болмағандығында. Екеуі де енді мансап қуып, енді ақша және отбасы мәселесін шешуді бастап жатқандар. Ақшаға екеуі екі түрлі көзқарас танытатын. Бір әкем: «ақшаға құнығу – бар жамандықтың түбірі». Екінші әкем: «ақша жетіспеушілігі – бар жамандықтың түбірі». Үлкен әсер ететін мықты екі әкесі бар жас өспірімге, яғни маған шешім қабылдау өте қиын болатын. Олардың көзқарасының айырмашылығы ақша мәселесі кезінде анық байқалатын. Мен екеуінің айтқанын «Неге ол былай айтады?», «Неге ана кісі секілді емес?» Байдың баюы, кедейдің кедейленуі, орта таптың қарыздан өмір бойы құтыла алмауы ақша ұстауды мектепте емес, үйде үйрететіндігінен. Көпшілік қауым ақша туралы мектепте емес, ата-анасынан үйренеді. Жарлы әке баласына ақша жайлы не деп ақыл айта алады. Ол жай ғана: «Мектепте қалып, сабағыңды жақсы оқы». Бала сабағын жақсы оқып, қызылға бітірсе де, қаржылық шаруаларда оның миында еш білім болмайды, ал уақытты ешкім кері бұра алмайды. Ақша тақырыбы мектептерде қозғалмайды. Мектеп тек мектептік және кәсіптік білімді насихаттайды. Біздің мемлекеттік қарызымыз жоғарыда отырған ақша жайлы түк білімі жоқ жоғарғы білімді саясаткерлер, өкіметтік шенеуліктердің арқасы. Бір әкемнің мынадай әдеті бар еді: «Мен мынаған жағдайым жоқ ». Ал екінші әкем бұндай сөздерді мүлдем айтқыздырмайтын. Мына сөздерді қолданғаның дұрыс: «Мына нәрсеге қолымды қалай жеткіземін?». Жақын арада байып кететін әкем кері сөйлегенде ми жұмысын тоқтатады: «Егер сен мына нәрсеге қолымды қалай жеткіземін?», - деп айтатын болсаң, миды жұмысқа дайындайсың. Болашақ бай әкем барлық нәрсеге қол жеткіземін деген ойы болмаған, ол жай ғана өзінің миын жаттықтыратын. Ми – әлемдегі ең қуатты компьютер емес пе? Ол ылғи: «Менің миым күннен-күнге қатаюда, себебі мен миымды жаттықтырудамын. Миым мықты жұмыс істеген сайын мен көбірек табысқа кенелемін». Екі әкем де тынбай еңбек етумен болды, бірі ақша мәселесі туындағанда ұйқыға кететін, екіншісі керісінше бұл жағдайда өз-өзін жаттықтырумен болатын. Стратегиялық нәтиженің көрсеткіші бірінің қаржылық жағдайы жақсарса, екіншісінікі әлсірей бастағандығын көрсетті. Бір әкем айтатын: «Байлар салықты көбірек төлеп, табысы аздарға жәрдемдесу керек». Екіншісі: «Салық – өндірушілерді жазалайды, жұмыссыздарды - марапаттайды». Біреуі мына өсиетті айтса: «Жақсы оқы, жақсы мекемеге жұмысқа тұрасың». Екінші әкем: «Мықты оқы, кейін жақсы компания тауып, оны сатып аласың». Бірінші әкем: «Менің бай болмауымның себебі, менің балаларым – сендер барсыңдар». Екінші әкем: «Менің бай болуымның себебі, менің балаларым – сендер барсыңдар». Бірі ас үстінде ақша, бизнес жайлы әңгімелерді құптаса, екіншісі ондай әңгімелерге рұқсат бермейтін. Бір әкем: «Ісің насырға шапса, тәуекелге бел бума», «Біздің үйіміз – ең ірі актив». Екіншісі: «Тәуекел түбі желқайық – мінесің де өтесің», «Менің үйім – пассив, егер сіздің үйіңіз ең ірі актив болса, онда сізді келеңсіздіктер күтпек». Екі әкемде шоттарды төлейтін, бірі ерте, екіншісі соңғы болып. Бір әкемді демалыс, медициналық сақтандыру, 20 жылдан астам еңбектен кейінгі үкімет ұсынатын жеңілдіктер қызықтыратын. Екіншісі толық қаржылық дербестікке сенетік. «Жеңілдік» деген нәрсеге қарсы болатын, оның ойынша, ол әлсіз және қаржылық тәуелді адамдарды тудыратын. Бірі бірнеше долларды үнемдеуді ойласа, екіншісі жай ғана инвестициямен айналысатын. Бір әкем мені ғажап түйіндеме жазуды үйретсе, екінші әкем жұмыс күшін ұйымдастыратын бизнес жоспарды құрастыруды үйретумен болды. Екі мықты әкемнің болуы маған оларды салыстырып, ой түйіндеуге
Мотивациялық кітаптар жиынтығы www.zhanaoi.kz ықпалын тигізумен болды. Менің байқағаным, адамдар өз өмірін өзінің ой-пікірі арқылы құрастырады. Менің жарлы әкем: «Мен ешқашан бай болмаймын», бұл сәуегейлік ақыры орындалды. Менің бай әкем өзін ылғи бай сияқты ұстайтын : «Мен бай адаммын», өйткені бай адамдар «мен ешқашан бай болмаймын»,- деп айтпайтын. Ол тіпті қаржылық кедейленуге ұшырағанда да мойымады, өзін баймын деумен болды. Ол әрқашан өзіне: «Кедей болу мен кедейлену деген екі түрлі ұғым» деген сөздерді қайталайтын. Менің байқағаным, менің жарлы әкем аз тапқаны үшін жарлы емес, оның ойы және іс-әрекеттері үшін жарлы екен. Сонымен мен жарлы ма, әлде бай әкемді ме, қайсысын тыңдау керек едім? Екеуі де білім ал, оқы, үйрен деген өздердің иесі болатын. Ал бастысы қандай білім, не оқу, нені үйрену? Бірі менің тынбай оқып, дәреже алып, жақсы мекемеде бухгалтер-сарапшы, коммерсант, ақша үшін немесе ақшаға жұмыс істегенімді қалады. Екінші әкем оқуды насихаттап, қалай бай болуды үгіттеп, ақша қалай жұмыс істейтінін түсіндіріп, ақшаны өзіңе қалай жұмыс істетуді үйретумен болды. Ол мынаны мың қайталайтын: «Мен ақшаға емес, ақша маған жұмыс істейді». Мен 9 жасымнан бастап, ақшаға қатысты нәрселерді бай әкемнен үйренемін деп шештім. Осылай жарлы әкемнің білімі жоғары болса да, оны тыңдамаймын деп шештім. 9 жасымнан бастап ақшаның заңдылықтарын үйренумен болдым. Менің бай әкем мені 30 жыл үйретті, тек 39 жасымда, мен толық бәрін үйреніп, ұғынғаннан кейін үйретуді тоқтатты. Ақша биліктің бір түрі. Ал одан өткен күшті құдырет – қаржылық білімнің болуы. Ақша келіп кетеді. Егер сіздер ақшаны басқаруды үйренсеңіздер, онда бай адамға айналасыздар. Барлығы айтылып, барлығы істелгеннен кейін 30 жыл қайталанып келе жатқан 6 сабақты бастап үйрендім. «Менің кітабым, - дейді Роберт Кийосаки, менің бай әкем үйреткендей оңай жазылған 6 сабақтан тұрады. Бұл сабақтар – барлық сұрақтың жауабы бола алмайды, бірақ жағдайыңызды жақсартуға арналған кестелер тізбегі болып табылады». II БӨЛІМ 1 cабақ. Байлар ақшаға жұмыс істемейді «Әке, қалай бай адамға айналуға болады?». Әкем газетттен басын алып: «Балам, неге оны сұрадың?», - деді. Мектептегі балалардың барлығы Майк екеумізбен араласқысы келмейді, «сендер кедейсіңдер!» дегенді қайталай береді. «Ал, балам, егер бай болғың келсе, онда ақша табудың жолын үйрен». «Ал мен қалай ақша табамын?», - деп мен сұрағанымда әкем: «Өзіңнің басыңмен ойлан», - деді де қоя салды. Келесі күні Майкке әкемнің айтқанын айтып бердім, біз Майк екеуміз осы мектептегі жалғыз кедейлер едік. Біз қатты жарлы болмасақ та, басқа балалар сияқты жаңа велосипед, жаңа бейсболды қолбақтарға, барлық жаңа нәрсеге қол жеткізе алмадық. Әке- шешеміз тамақ, киіммен қамтамасыз етті. Менің әкем әдетте: «Бірдеңені қаласаң, сол үшін жұмыс істе» дегенді қайталайтын. Ақыры мен Майкке әріптес болуды ұсындым, ол келісім берді, менің алғашқы бизнес әріптесіме айналды. Бай сыныптастарымызды еске түсіретінбіз, жүрегіміз ауырса да, оның бір пайдасы болатын, яғни жаңа ой, жаңа мотивация беретін. Алғашқы бизнес жоспарымыз құрдымға кеткен кезде, менің әкем күлімдеп, бай болғыларың келсе, Майктың әкесінен сұраңдар деді. Ол кейін ең бай адамға айналмақ. Майктың әкесі бізге ақшаны қалай табудың жолын үйретемін деп уәде
Мотивациялық кітаптар жиынтығы www.zhanaoi.kz берді. «Тек маған жұмыс істейсіңдер, сонда ғана үйрете аламын. Мен мектептің жүйесі сияқты көп сөйлеп, көп оқытпаймын, мен тәжірибеде көрсетемін», - деді Майктың әкесі. Басында еш нәрсені түсінбедік, бізді қанап, қинап жұмыс істетіп жатыр, өтірікші деумен болдым. Майктың әкесі: «Егер сен өмірдің сабақтарын үйрене алсаң, тек ұтумен боласың. Үйрене алмасаң, өмір сені итерумен болады. Адамдар екі нәрсе істейді. Бірі тек өмірдің тепкісін қабылдайды, келесі бірі ренжіп, итерсе, итеруге көшеді. Бірақ олар өзінің бастығына, жұмысына, жарына соққыны қайтарады. Оларды өмір итеретіндігін білмейді. Егер өмірдің соққысына шыдай алмасаң, сен осал адамсың. Мені өзіңнің мәселелерің үшін айыптама! Мәселе менде емес, сенде!» Менің бай әкем, яғни Майктың әкесі, болашақ Гаваядағы ең бай адамның №1 сабағын ойға түйдім: «Кедейлер, орта таптағы адамдар ақша үшін жұмыс істейді». «Байлар ақшаны өзіне жұмыс істетеді». Менің бай әкем №1 сабақты жалғастыра келе: «Сағатына 10 цент үшін жұмыс істегенің үшін ашуланғаның дұрыс, оны қанағат еткеніңде мен сенімен жұмыс істемеуші едім. Түсінесің бе, шынайы оқып-үйренгің келсе, күш-жігер, қайраттылық, асқан ынта болу керек. Ашу – бұл формуланың бір түрі, ашу махаббатпен бірігіп құштарлықты оятады. Мәселе ақшаға келгенде, адамдар қауіпсіздікті ойлайды, бұл құштарлықтан емес, үрейден туындайды. Төленуі тиіс шоттардан шошып ояну өмір емес. Жұмыс өзіңе қауіпсіздік сезімін ұялатады деген – өз-өзіңді алдау. Ақша адамдармен қалай басшылық ететінін көргенмін, ол қақпанға түспеңдер, керісінше сендер ақшаға басшылық етіңдер». Адамдардың эмоцияға беріліп және айқын ойлаудың арасындағы айырмашылықты анықтай алу керек. Бұл өмір бойы керек болатын сабақ. Бай әке Майк екеумізге: «Миларыңды іске қосып, тегін жұмыс істеңдер, сонда сендер мен төлегеннен де үлкен қаражат табудың жолын табасыңдар. Басқалар көре алмайтын нәрселерді көресіңдер. Мүмкіндік деген көздің алдында тұрады емес пе? Бір мүмкіндікті көргеннен соң, өмір бойы бірінен соң бірін көре бастайсыңдар. Ақша сендерге жұмыс істейді». III БӨЛІМ 2 сабақ. Қаржы сауаттылығын оқудың қажеті қанша? 1994 жылы маған 48 жас болғанда, мен шаруаларды атқарудан шегіндім. Мен және менің әйелім Ким екеуміз үшін өмірімізде үлкен өзгерістер болды. Біз жұмыс істемесек те, ақшамыз автоматты түрде еселеп өсіп отырды. Майк империяны басқаруды таңдаса, мен істен кетуді таңдадым. Адамдармен қарым-қатынас барысында менен не нәрсені істесе болады деп сұрайтын? Оларды: «Қалай бастаса болады?», «Қандай жақсы кітапты ұсына аласыз?», «Балаларымызды неге және қалай дайындаймыз?», «Табыстың құпиясы неде?», «Мен миллиондарымды қалай табамын?» Көпшілік қауым олардың тағдыры тапқан ақшасына байланысты емес екендігін түсінбейді. Адамдар байығанын естігенде қуанамын, бірақ мәселе банктегі шоттардың қанша екендігінде, онымен қанша ұрпақты асырауға болатындығында емес. Менен «Қалай тез арада бай болуға болады?», «Неден бастау керек?» деп сұрайтындардың көптеп көңілін қалдырамын. Маған бай әкем айтқандай: «Егер сіз бай адам атанғыңыз келсе, қаржылық сауаттылыққа ие болуыңыз керек». Біздің қазіргі мектептер іргетассыз үй қаланатынына сенеді. Мектепті бітірген баланың миында қаржылық сауаттылық жоқ. Қарыздан көз ашпай, жұмысы іске баспай
Мотивациялық кітаптар жиынтығы www.zhanaoi.kz жүрген адам тез арада бай болуды ойлайды, оның салған құрылысы міне-міне құлайтын дәрежеде болады. Майк екеумізге бала кезден бастап қаржылық сауаттылық іргетасын бай әкеміз қалатқан болатын. №1 ереже. Сіздер актив пен пассив арасындағы айырмашылықтарды білулеріңіз керек және активтерді басқаруларыңыз керек. Егер бай болғыңыз келсе, онда осымен болғаны. Көптеген адамдар актив пен пассивтің айырмашылығын білмегендіктен қаржылық күрес жүргізеді. «Бай адамдар активтерді иемденеді. Кедей және орта таптағы адамдар актив деп санайтын пассивтерді иемденеді.» Бай әкем түсіндіргендей: «Актив деген сөзбен емес, санмен анықталады. Егер сіздер санды оқи алмасаңыздар, онда активке қолдарыңызды жеткізе алмайсыздар. Егер бай болғың келсе сандарды оқып қана емес, түсінуің де керек. Сандар сөз іспеттес.» Актив деген қалтаңызға ақша салатын нәрсе. Пассив деген қалтаңыздан ақшаны қағып алатын нәрсе. Ақшаның көп болуы біреудің қаржылық мәселесін сирек шешеді. Ақылмен шешіледі барлығы. Орта және кедей тап ақша күшіне өздерін бағынышты етеді. Жай ғана тан ертең тұрып, тынбай еңбек етіп, өздеріне бұл тірліктердің мәні бар ма деген сұрақтарды қоюды ұмытып кетеді. Соның арқасында өздеріне қарсы жұмыс істейді. Ақша күші адамдарға қарсы әрекет етеді. Менің бай әкем топтан ерекшелене алатын, ол мына сөздерді жек көретін: «Біз мынаны істеуіміз керек, өйткені барлығы осылай істейді». Ол сонымен қатар «істей алмаймын» деген сөздерді де айтпайтын. Егер сіздер ол бірдеңе істегенін қаласаңыз, мына сөздерді айтқаныңыз жөн: «Мен бұл нәрсені сіз істей аласыз деп ойламаймын». Ол мына әдемі сөздердің де авторы: «Адамдар өзінен өткен ақылды адамдарды түсінеді». Майк және мен осыны ойда сақтап, дана адамдарды көп тыңдап, білім жинайтынбыз. “Майк екеуміз, - дейді Роберт, ұстаздарымыздан мектепте үйренгендерімізді қалай өмірде қолдануға болады, неліктен ақша туралы мүлдем оқымаймыз, олар қалай жұмыс істейді деп сұрайтынбыз. Соңғы сұрағымызға олар, ақша маңызды емес, жақсы оқысаңдар олар өзі-ақ сендерге келеді деп жауап қайтаратын. Ақша туралы білімімізді шыңдаған сайын, біз ұстаздардан алшақтай бастадық”. Көптеген адамдар үйді жинаған ақшаларын, зейнетақыны «актив» деп санайды. Алайда адамдардың ақшалары болмағандықтан, олар инвестициямен айналыспайды. Көпшілігі инвестицияның дәмін де татпайды. Мен үй сатып алмаңдар демеймін! Мен тек пассив пен активтің арасындағы айырмашылықты айтқым келіп отыр. Мен үй сатып алғым келсе, ең алдымен оның есебін айыратын ақша, яғни актив жинаймын. Олай етпеген жағдайда шығыс кіріспен табыс жүріп, капиталды инвестицияға айналдыра алмайсыздар. Мынаны есте сақтаңыздар: Байлар актив жинайды. Кедейлер тек шығындалады. Орта тап актив деп ойлайтын пассивті жинайды. IV БӨЛІМ 3 сабақ. Өзіңіздің жеке бизнесіңіз жайлы ойлаңыз Бұл байлардың №3 құпия ережесі. «Өзіңіздің жеке бизнесіңіз жайлы ойлаңыз». Адамдар өмір бойы біреуге жұмыс істегенінің нәтижесі қаржылық күрес болып табылады. Осы себептен адамдар зейнеткерлікке шыққанда ештеңесіз қалады. Біздің қазіргі білім беретін жүйеміз мектеп бағдарламасын үйрету арқылы жастарға жақсы жұмыс дайындауға назар салады. Осы жастардың өмірі жалақысына тәуелді болады. Мектептен кейін олар кәсіби білім алуға көшеді. Олар мұғалім, аспаз, суретші, жазушы т.б болу үшін
Мотивациялық кітаптар жиынтығы www.zhanaoi.kz оқиды. Алған кәсіби білімдері жұмыс күші болып, ақшаға жұмыс істеуге ықпал етеді. Ал сіздің кәсібіңіз және сіздің бизнесіңіз арасында көптеген айырмашылықтар бар ғой. «Мен адамдардан жиі сұраймын, - дейді Роберт: Сіз қандай бизнеспен айналысасыз ба?» Олар былай жауап береді: «О, мен банкирмін». Мен олардан: “Сіз банк иесісіз бе деп сұраймын?” Олардың әдеттегі жауабы: «Жоқ, мен сол жерде жұмыс істеймін». Бұл мысал көрсеткендей, адамдар «менің кәсібім» және «менің бизнесім» деген ұғымды шатастырады. Олардың кәсібі банкир болса да, жеке бизнестеріне мұқтаж екендігін көрсетеді. Егер сіз тамақ жайлы оқысаңыз. Сіз бас аспазшы боласыз. Егер сіз заңды оқысаңыз. Сіз заңгер боласыз және т.б. Біз шындығына келсек, жеке бизнесіміз туралы ойлауды ұмытып кетеміз. Адамдар өмір бойы басқа біреуге жұмыс істеп, басқа біреудің бизнесін көркейтеді. Сол үшін де біздің жиі еститініміз: «Мен тек қызметте көтерілсем», «Маған қызмет уақытынан тыс екінші жұмыс табу керек», «Мен тағы оқып, басқа бұдан да жақсы жұмысқа кіремін». Адамзат жеке бизнесті ашуды есепке алмайды. Өзіңіздің жеке бизнесіңіз жайлы ойлаңыз. Негізгі жұмысыңызды сақтап қалып, бірақ соған қоса шынайы активтерді жинаңыздар, пассивті немесе үйіңіздегі өзінің құнын жоғалтатын мүліктерді емес. Сіз сатып алған жаңа көлік, сатып алған жеріңізден айдап шыққанда 25% құнын жоғалтады. Бұл шынайы актив па? Менің титаннан жасалған гольфке арналған имек таяғымның құны 400 доллар, ал оны бір рет пайдаланған сәттен бастап ол 150 доллар арзандайды. Ересек мырзалар, шығындарыңызды азайтып, пассивтеріңізді қысқартыңыздар, мықты активтің іргетасын қалауды бастаңыздар. Құрметті ата-аналар, егер балаларыңыз сіздермен бірге тұрып жатса, оларға актив пен пассив арасындағы айырмашылықты үйретіңіздер. Олар үйден алыстамай, үйленбей, бала таппай, үй алмай, қаржылық мәселеге тап болмай, барлығын несиеге алмай жатып, «актив» деген берік үй тұрғызсын. Мен сіздерге және сіздердің балаларыңызға мына активтерді иеленулеріңізді ұсынамын. Менің әлемімде шынайы активтер былай бөлінеді: 1. Менің міндетті түрде қатысуымды талап етпейтін бизнестер. Мен оларға иелік етемін, бірақ оларды басқалар басқарады. Егер мен ол жерде жұмыс істеуім керек болса, онда ол бизнес емес. Ол менің жұмысыма айналады. 2. Акция 3. Облигация 4. Ашық типтегі инвестициялық фондтар 5. Жылжымайтын мүлік, жинайтын табыс 6. Борышты қолхаттар 7. Зияткерлі меншіктен авторлық қаламақы: музыка, патент, қолжазбалар. 8. Тағы басқа құны бар, жоғары бағаланатындар. Инвестиция жасап, уақытты тиімді пайдалану, жеке бизнесіңізді ашу арқылы байлардың ең үлкен құпиясына қол жеткізе аласыздар. Бұл құпия байларға өзгелерді артта қалдырып, топ жарып шығуға жол салады. Бұл құпия жолдың арғы бетінде тұрып, оған жеткендерге, яғни уақытты тиімді пайдаланып, жеке бизнестерін құрғандарға сыйақы береді. V БӨЛІМ 4 сабақ. Салықтың тарихы және корпорациялардың күші
Мотивациялық кітаптар жиынтығы www.zhanaoi.kz 1874 жылы Англия өздерінің азаматтарына тұрақты табыс салығын салды. 1913 жылы Конституцияның 16-шы түзетуі ретінде Америкада да табыс салығы тұрақты салынатын болды. Американдықтар салықпен күрескен де болатын. Америка мен Англияға табыс салығын тұрақты ету үшін 50 жылдай уақыт кеткен. Осы табыс салығы Америкаға енгенде, оның мақсаты байларды қалтырату деген сияқты негізде болды. Сондықтан кедей және орта тап, салықтың заңдастырылуына дауыс берді. Бай әке Майк екеуміздің осыны түсінгенімізді қалады. Салықтар байларды жазалайды деген ертегілер, ақыр соңы кедей және орта тапты да шарпып кетті. Мен адамдармен сөйлескенде зияткерліктің қаржылық коэффициенті 4 саланы білуден тұрады: 1. Бухгалтерлік есеп – бұл менің қаржылық сауаттылық дегенді білдіретін ұғымым. Империя тұрғызғыңыз келсе, санай білу өте маңызды. Қаржылық сауаттылық – қаржылық есептемені оқи және түсіне алу. 2. Инвестициялау – мен бұны ақша табуға болатын ақшаның ғылым саласы деп атаймын. 3. Нарықты түсіну – бұл ұсыныс пен сұраныс туралы ғылым. Нарықтың «техникалық» аспектісін және нарыққа не керектігін білу қажеттілігі. Инвестиция жасау кезінде нарыққа қазір керек пе, яғни экономикалық мағынасы бар ма. 4. Экономикалық заңдарды білу, юриспруденция – егер корпорацияда бухгалтерлік есеп, инвестициялау, нарықты түсіну ісі жақсы болса, онда корпорацияны үлкен табыстар күтуде. Ал егер адам өзінің корпорациясының салық артықшылықтарын және корпорацияны қамтамасыз ететін қауіпсіздіктерді білетін болса, онда ол анағұрлым тезірек табысқа қол жеткізеді. Адамға экономиканы реттейтін заңдар туралы білу қажет. Экономиканың заңдарын білетін адам, оны білмейтін адам жерде жүргенде, ол ұшып жүргендей болады. Корпорациясы бар байлар: Табыс табады. Жұмсайды. Салық төлейді. Корпорацияда жұмыс істейтіндер: Табыс табады. Салық төлейді. Жұмсайды. VI БӨЛІМ 5 сабақ. Байлар ақшаны жасап шығарады Көпшілік қауым колледжді бітіріп, үлкен өмірге бет бұрады. Алайда, табысқа жету үшін мектептегі, колледждегі білім жеткіліксіз екенін түсінеді. Шынайы өмір академиялық білімнен өте алыс, ол бір көбірек нәрсені талап етеді. Менің естігенім бойынша көбірек нәрсені бір адам былай айтқан – күш-жігер, табандылық, белсенділік, батылдық, мықтылық, ептілік, ержүректік, алғырлық, ерекшелік. Бұл қасиетердің адам бойында болуы, мектептегі білімге қарағанда болашаққа тигізетін әсері зор. Тәуекелге бас тігу не үшін керек? Неге қаржылық коэффициенттің зияткерлігін дамыту үшін өзімізге мазасыздық тудырамыз? Жауабы: Өмірде үлкен таңдау жасай алу үшін. Қаржылық данышпандығымызды дамыту не үшін қажет? Бұл сұраққа әр кім өзі жауап беру керек. Менің жауабым: Ақшаны тез тапқым келеді. Істеу керектігінен емес, істегім келгеннен. Инвестициялау келіп кетеді, нарық жоғарылап төмендейді, экономика өркендеп, дағдарысқа тап болады. Ештеңеге қарамастан өмір бізге сансыз көп мүмкіндіктер береді,
Мотивациялық кітаптар жиынтығы www.zhanaoi.kz ұлы мүмкіндіктер, әр күн сайын, бірақ осы мүмкіндіктерді жиі көзден таса етеміз. Ал олар бар! Әлем өзгерген сайын, технология өзгерген сайын, мүмкіндіктерде еселеп көбейеді, сол арқылы сіз бен сіздің отбасыңызды асырау мүмкін жағдай болады. Менің философиям – өз графама «актив» деген дәндерді егу. Бұл менің формулам. Аздан бастаймын және дән егемін. Кейбіреуі өседі, ал кейбіреуі өспейді. Инвестициялау – тәуекелге бел буып ойнайтын ойын, егер не істеу керектігін білсеңіздер. Бұл құмар ойын, сіздер жай ғана ақшаңызды келісімге шашасыздар. Аяқ-асты кедергілерді, тәуекелді айналып өту үшін, техникалық білім, даналық, ойынға деген махаббат керек. Тәуекел әр кезде де бар. Ал қаржылық сауаттылық қауіп-қатерді төмендетеді. Менің тырысуымның сферасы – жылжымайтын мүлік. Мен жылжымайтын мүлікті жақсы көремін, ол тұрақты және баяу өседі. Көздеріңіз емес, ақыл-ойларыңыз мүмкіндіктерді көреді. Көпшілік адамдар мүмкіндіктерді тануда қаржылық сауаттылығы жоқ болғандықтан, ешқашан байымайды. Инвесторлардың екі типі бар: 1. Көп тараған түрі – толықтырылған инвестициядан пакетті иеленетін адамдар. Осы адамдар типі жылжымайтын мүлік операцияларымен айналысатын компанияларға немесе биржалық маклерге не қаржылық жоспаршыға хабарласып, бір нәрсе алады: бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар. Бұл инвестициялаудың қарапайым жолы. Қарапайым мысал, сатып алушы дүкенге барып, сөредегі компьютерді сатып алады. 2. Инвестиция шығаратын инвесторлар – бұндай инвесторлар келісімді құрастырады, дәл компьютердің бөлшегін сатып алып, құрастыратын сияқты. Оларды жинап, біртұтас жасайды. Мен компьютерді қалай жинайтынын білмеймін, бірақ әр түрлі қоспалардан бір тығыз мүмкіндік жинай алатын адамдарды білемін. Тәуекел әр кез, әр жерде болады. Одан қашуды емес, күресуді үйреніңіздер. VII БӨЛІМ 6 сабақ. Ақшаға емес, ақша сізге жұмыс істеу үшін жұмыс істеніңіз Өмірдің заңдылығы бойынша адамға тек үлкен дарынның өзі жеткілікті емес. Мені таңғалдыратыны дарынды адамдардың аз ақша табуы. Менің естуім бойынша 5% азырақ американдықтар жылына 100000% табады. Ал айрықша, жоғарғы білімді адамдардың жылына 20000% табатындығы жиі кездесетін жәйт. Мен алдында айтып кеткендей, қаржылық даналық өзіне бухгалтерлік істі, инвестицияны, маркетингті, заңды қосып алады. Осы төрт факторды біріктірсеңіздер, ақша табу оңайға түседі. Алайда іс ақшаға келіп тірелгенде, көпшілік адамдар – бұл күш-қуатты толығымен салу деп ойлайды. Жұмысшылардың көбісі ештеңеге талпынбайтыны заңдылық. Олар өздеріне үйреткен нәрсені істейді – тұрақты жұмыстың артынан жүгіреді. Мен жастарға бірдеңе үйренетін жұмысқа кіріңдер деп кеңес беремін, тек жалақы алатын жерге емес. Мамандықты таңдамай жатып, кейін күн көруге септігін тигізетін білім мен дағдыны иеленіңіздер. Мен оқытатындарымнан мынаны сұрағанда: «МакДональдстен гамбургерді қайсыларың жақсы жасай аласыңдар?» - барлық студенттер қолдарын көтерді. Содан кейін: «Егер көпшіліктерің одан жақсы жасай алсаңыздар, неге МакДональдс сендерден көп табады?»
Мотивациялық кітаптар жиынтығы www.zhanaoi.kz Жауабы анық: МакДональдстың бизнес жүйесі мықты. Дарынды адамдар жақсы гамбургер дайындауда шеберлік танытып, алайда БИЗНЕС ЖҮЙЕНІ білмегендіктен кедей! Табысқа жету үшін мына салалар бойынша мықты дағдылар керек: 1. Ақша ағынын басқару 2. Жүйелерді басқару (өзіңізді және отбасыңызды қосқанда) 3. Адамдарды басқару Сауда және маркетинг жөніндегі сұрақтарда өте маңызды. Коммуникацияның мына дағдылары: жазу, риторика, келісімдер жүргізу табысқа жету үшін өз көмегін береді. Әр кез жұмыс істеу керек, өзіңізбен жұмыс істеу керек. Курстарға қатысып, білімділік деңгейін көтеретін таспалар сатып алып, білімді барынша жоғарлату керек. Мен өзіме екі әкемнің де ерекшеліктері мен сипаттарын алдым. Менің ішімде ақшадан ақша жасайтын капиталист жатыр. Сонымен бірге адамдар алдында жауапкершілікті ұстаз да бар. Құрдымға бара жатқан мектептерге ескіріп кеткен білім беру жүйесі жауапты деп ойлаймын. VIII БӨЛІМ Бастамасы. Кедергілерге төтеп беру Егер адамдар оқып, қаржы жөнінен сауатты болса да, кедергілерге тап болады. Қаржы сауатына ие адамдар неге «актив» атты бағанын толтырмайды екен? Оның 5 себебі бар: 1.Үрей 2. Ценизм 3. Жалқаулық 4. Жаман әдеттер 5. Тәкаппарлық №1 себеп: Ақшаны жоғалтып аламын деген үрей. Мен ақша жоғалтқанды ұнататын адамды кездестірмеппін. Алайда бүкіл өмірімде ешқашан ақша жоғалтпаған бай адамды кездестірмеппін. Ақша жоғалтып алу қаупі – нақтылы. Ол барлық адамда бар, бай болсын, жарлы болсын. Алайда мәселе сол сәтсіздіктермен қалай күресетіндіктеріңізде. Ол сіздің өміріңізде із қалдырады, адам өмірінің көп нәрсесін анықтайды. Менің бай әкем ақшаға қатысты үрейді түсінетін. «Кейбір адамдар жылланнан қорқады, кейбіреуі ақша жоғалтудан қорқады. Бұл – адамға тән үрейлер». Ол ақшаны жоғалтумен күресуді былай кеңес еткен: «Егер қауіп-қатер және мазасыздықты жек көрсеңіз – алдын-ала дайындалыңыз». Сол үшін де банктер жастарға ақша жинауды кеңес етеді. № 2 себеп: Цинизм және онымен күресу. Адамдар инвестиция жасаймын деп ойлағанда, басына неше түрлі ойлар келеді. «Мен аңғарғыш адам емеспін», «Басқалар менен жақсырақ», «Мен инвестиция салғанда, экономика құласа не болады?». Біздің жақындарымыз, достарымыз бар, олардан сұрамасаңыздар да кемшіліктерімізді айта береді, айта береді. Олар: «Өзіңе-өзің не себепті сенімдісің?», «Егер бұл тамаша идея болса, неге басқа адамдар жасамайды оны?», «Не айтып тұрғаныңды өзің де
Мотивациялық кітаптар жиынтығы www.zhanaoi.kz білмейсің!». Бұл сөздер құлағымыздан кетпей, бір істі де бастай алмай қаламыз. Қорқыныш сезімі бойды билеп, тамақ та батпайды. «Ақылсынғандар ешқашан жеңісті қолдарына алмайды» - деп бай әкем айтатын. «Бақылай алмайтын күдік пен бақылай алмайтын үрей арсыз адамды жасайды. Арсыздар сын іздейді, ал жеңгендер сараптама жасайды» - деп айтқанда бай әкем жақсы көретін. Сын арсыз адамдардың көзін байлайды, басқалары жеткен мүмкіндіктерді көре алмағандықтан жіберіп алады. Ал адамдар жіберіп алған мүмкіндікті табу – кез-келген табыстың кілті. №3 себеп: Жалқаулық. Қолы бос емес адамдар жиі жалқау болып келеді. Бір бизнесмен адам болыпты, тынбай еңбек етіп, ақша табатын. Әйелі мен баласын асырау үшін көп жұмыс істейтін. Офисте көп уақыт отыратын, дем алыс күндері жұмысын үйге әкелетін. Күндердің бір күнінде ол үйіне келсе, үйі – бос. Оның әйелі балаларымен бірге кетіп қалыпты. Әйелімен араздығы болған, алайда, жанұядағы мәселелерді реттеудің орнына, бизнесмен жұмыстағы мәселелерін реттейтін. Енді жабырқау күйге түсіп, іскер қасиеттерін жоғалтқан мезетте, жұмысынан да айырылады. Бүгінгі таңда, мен қолы босамағандықтан байлығын қамқорлыққа алмайтын, тіпті денсаулығына да қарамайтын адамдарды жиі кездестіремін. Керісінше, үйде отырған, бала тәрбиелемейтін адамдардың телебағдарламалардан, дүкенге барғаннан қолдары босамайтындарды да білемін. Негізі, олар жүректерінің түбінде бәрін түсінеді, бәрін біледі. Cіздердің алдыларыңызда жалқаулықтың кең тараған түрі көрсетілді, ол асқан жұмысбастылықпен қымтанады. Жалқаулыққа қарсы нәрсе бар ма? Бар, бұл – кішкентай ашкөздік. «Ашкөз адам – жаман адам» деген тәрбие бар, бірақ талпынысты оятатын да нәрсе осы ашкөздік қой. Көп емес, кішкене ғана ашкөздік. «Ашкөздік – пайдалы», - деп Майкл Дуглас айтқан болатын. №4 себеп: Әдеттер. Біздің өмір – білімге қарағанда, әдеттеріміздің бейнесі. Бай әкемнің айтқан жақсы сөздері бар еді: «Егер мен өзіме бірінші кезекте төлесем, қаржылық, ақыл-ой, фискальды қарым-қатынаста мықтырақ боламын. Ал егер мен өзіме соңғы кезекте төлесем немесе тіпті төлемесем, әлсіз бола бастаймын. Бастықтар, менеджерлер, салық жинаушылар, пәтер берушілер мені бір нәрсе істеуге ынталандырады, маған өмір бойы қысым көрсетеді. Маған жақсы ақшалай әдеттер керек, сонда ғана олардың қысымынан құтыламын». № 5 себеп: Тәкаппарлық. Тәкаппарлық – бұл эго + надандық. «Мен білген нәрсем үшін ақша табамын. Білмегенім үшін ақша жоғалтамын. Тәкаппарлық танытқан сайын ақша жоғалтумен боламын. Мен тәкаппар болғанда, менің білмейтін нәрсем мен үшін маңызды емес болып көрінеді» - деп бай әкем жиі айтатын. Менің байқағаным адамдар білімсіздіктерін жасыру үшін тәкаппарлықты пайдаланады екен. Ондай жағдайларды инвесторлармен, бухгалтерлермен сөйлесу барысында да байқағанмын. Ақша, қаржы, инвестиция әлеміндегі көптеген адамдар не айтып, не қойғанын өздері түсінбейді. Ақша индустриясындағы олар тауардың партиясын итерумен болады. Егер бір нәрседен білімсіз екеніңізді түсінсеңіз, осы жөніндегі мамандардан көмек алыңыз. IX БӨЛІМ Қалай бастау керек?
Мотивациялық кітаптар жиынтығы www.zhanaoi.kz «Қалай бастау керек?» мен әр күн ойлайтын үдеріс. Өмірде миллион долларға тең келісімді табу өзіміздің қаржылық данышпандығымызды оятуды білдіреді. Қаржылық дарын әр адамда бар, мен оған сенімдімін. Мәселе біз оны қашан оятады деген сылтаумен ұйықтап жатуында. Біздің қаржылық данышпанымыз неліктен ұйықтап жатыр? Өйткені, біз ақшаға деген махаббат – бар жамандықтың түбірі деген тәрбиені сусындадық. Осыдан барып бізді ішкі мәдениетіміз шабыттандырып, ақша үшін жұмыс істейміз, алайда ішкі дүниеміздегі мәдениет ақша бізге қалай жұмыс істейтінін үйретпейді. Бізді қаржылық жағдайымызға емес, оқуға көңіл бөлуді үйретеді. Ал қаржылық жағдайды жұмыс уақыты біткенде, біздің компания мен үкімет қамқорлығына алады. Қазіргі тәрбие мынадай: тынбай еңбек ету, ақша табу, оны құрту, жетпесе қарыз алу. Батыс әлемінің 90% осыған келіседі, өйткені жұмыс тауып, ақшаға қызмет еткен оңай. Егер сіздер осы санатты адамдарға жатсаңыздар, мен сіздерге келесі 10 қадамды ұсынамын. Ол сіздердің қаржылық данышпаныңызды оятады. 1. Маған биік шыңға көтерілу үшін себеп керек, маған рухани күш қажет. Себеп пен мақсат – «қалаймын» және «қаламаймын» деген үйлесім. Бірінші орында «қаламаймын», ол «қалаймынды» жасап шығарады. Мен өмір бойы жұмыс істегенді қаламаймын. Мен жұмысшы болғанды қаламаймын. Мен әкемнің өмір бойы жұмыс істегенін жек көрдім. Өмірінің соңына дейін үкімет оның тапқанының көп бөлігін алды. Қайтыс болғанан кейін әкем бізге ештеңе қалдыра алмады. Байлар олай істемейді. Олар балаларына көп нәрсе қалдырады. Енді «қалаймын». Мен еркін болғанды және әлемді аралағанды қалаймын. Мұны жас кезімде жүзеге асырғанды қалаймын. Мен ештеңеге тәуелсіз болғым келеді. Ақша маған жұмыс істегенін қалаймын. 2. Мен әр күн сайын таңдаймын, еркіндікті, мүмкіндікті. Бұл – адамдардың өз елінде өмір кешкісі келетіндігінің басты себебі. Қолға түскен әр доллар арқылы болашағымызды таңдау мүмкіндігіне ие боламыз. Жалпы, орта тапты бай болуымыз өз қолымызда. Ақшаны қалай жұмсайтынымыз, біздің шындығында кім екенімізді көрсетеді. Мысалы, жарлылар өздеріне лайықты түрде ақша жұмсайды. Бірінші кезекте білімге инвестиция құйыңыздар. Сіздің ақыл-ойыңыз – күймейтін актив. 3. Достарды абайлап таңдаңыз. Шынайы достықтың күші мен рухани жақындықты ұмытпаңыздар. Мен достарымды қаржылық жағдайына қарап таңдамаймын. Достардан көп нәрсе үйрене аласыздар. 4. Алдымен бір формуланы, сосын келесісін игеріңіз. Мұны тез істеп дағдыланыңыз. Сіздің күшіңіз осыда болады. Нан пісіру үшін әр наубайшының рецепті болады. Бұл ереже таралып, ақша табады. Ақшаны көбісі «нан» дейді. 5. Алдымен өзіңізге төлеңіз. Бұл қадам қатал тәрбиені талап етеді. Егер өз-өзіңізді қадағалай алмасаңыз, бай бола алмайсыз. Өз-өзі ұстай білмейтін адамдар, ұтыс ойыннан миллион ұтып алып, тез жұтайды. 6. Өз брокерлеріңізге жақсы төлеңіздер. Бұл жақсы кеңес. Менің бай әкем өз ісінің мамандарына жақсы төлеу керек деп айтатын, менде солай етемін. Басқару дағдының
Мотивациялық кітаптар жиынтығы www.zhanaoi.kz бір түрі – адамдарды басқару. Адамдарды басқара білу керек және сізге қарағанда техникалық сұрақтарға жақсы жауап беретін мамандарға ақшаны көбірек төлеу керек. Сол үшін де компанияларда директорлар кеңесі бар. 7. «Үнділік сыйлаушы» болыңыз. Бір нәрсені сыйға ала білу. Алғашқы ақ қоныстанушылар Америкаға қоныс аударғанда үнділіктердің дәстүріне таң қалған. Мысалы, қоныс аударушы мұздаса, үнділер оған көрпеше беретін. Ал осы көрпешені үнділер сұрағанда, қоныс аударушылар жиі түсіне алмай, реніш күйге түсетін. Дана инвесторлар инвестициялық капиталға қарағанда, одан да үлкен нәрсеге талпыну керек. Сіз тегін алатын активті айтып жатырмын. Сіз тек алғашқы капитал салымын қайтарасыз. Бұл қаржылық парасаттылық. 8. Актив бай заттарды әкеледі. Адамның күші бір нәрсеге ойын шоғырландыра алуында. Ақшаның қожайыны болу үшін одан парасаттырақ болу керексіз. Сонда ақша сіздерге бағынады, сіз қалағанды істейді. Бұл қаржылық даналық. 9. Қаһарманға қажеттілік: миф күші. Іскер инвестицияға келгенде, олар анықталмаған проблемаларға тап болады. Оларға қиыншылықтарды шешуге көмектесетін қаһармандар табуына тілектеспін. 10. Беріңіз, сізге де береді: беруші күші. Менің бай әкем ақшаны білім сияқты беретін. Беру қажеттілігіне толық сенетін. Әлемде бізден де парасаттырақ күштер бар. Барлық уақытта өзімізге ғана үміт арта аламыз, бірақ осы күштер арқылы бір нәрсеге жету оңайға түседі.
Search