Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафидің «Әйелдер жайлы қырық хадис»

Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафидің «Әйелдер жайлы қырық хадис»

Published by Макпал Аусадыкова, 2021-02-08 04:59:18

Description: Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафидің «Әйелдер жайлы қырық хадис»

Search

Read the Text Version

Цикл уроков: Әйелдер жайлы қырық хадис Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи Бірінші хадис: Әйелдің үйінде отырғаны абзалырақ Алғысөз ‫ﻪ رب اﻟﻌﺎﻟﻤﻴﻦ واﻟﺼﻼة واﻟﺴﻼم اﻷﺗﻤﺎن اﻷﻛﻤﻼن ﻋﻠ‬‫اﻟﺤﻤﺪ ﻟ‬ ‫ آﻟﻪ وﺻﺤﺒﻪ اﻟﻄﻴﺒﻴﻦ اﻟﻄﺎﻫﺮﻳﻦ‬‫ﻪ أﺟﻤﻌﻴﻦ وﻋﻠ‬‫ﺧﻴﺮ ﺧﻠﻖ اﻟ‬ ‫ ﻳﻮم اﻟﺪﻳﻦ و ﺑﻌﺪ‬‫وﻣﻦ ﺗﺒﻌﻬﻢ ﺑﺈﺣﺴﺎن إﻟ‬ Мен Әбу Әли әл-Әшғаридің, Алла оған жар болсын, «Әйелдер жайлы қырық хадис» кітабын мұқият оқып шықтым. Оқып шығып, бұл кітапты өте пайдалы, түсінікті және өзекті деп таптым, әсіресе, әйелдер үшін. Жыныстардың теңдігі жайлы феминистік ұрандардың көмегімен ислам үмбетін әдеп-инабатынан жұрдай етудің түрлі амалдары жасалып жатқан біздің заманымызда әйелдер Исламның оларды жоғары дәрежеге көтергені жайлы, осы үмбеттегі өздерінің ана, қыз, әпке-қарындас және жар ретіндегі рөлдері жайлы ойланулары тиіс. Әбу Әли әйелдерге қатысты хадистерді бір кітапқа жинақтап, өте маңызды міндетті атқарып шықты. Енді Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) баға жетпес сөздерін адамдардың өздері оқуларына мүмкіндік туды. Әркімнің өз құқықтары мен міндеттері бар. Салауатты қоғам соларды орындауға негізделген. Сіздер осы кітапты оқып шыққаннан кейін әйелдердің қандай құқықтары барын, оларға қандай міндеттер жүктелетінін, Исламда оларға нендей айрықша дәреже берілгенін және олардың қандай қасиеттерге ие екендерін түсінесіздер. Автор хадистердің сенімді түсіндірмелері мен үмбетіміздің мәртебелі ғұламаларының пікірлерін келтіріп, бұл кітаптың құндылығын одан әрі арттыра түскен. Бұл оның академиялық дайындығы мен өзінің ғылыми жұмысына деген адалдығынан хабар береді. Оған Алланың игілігі болсын! Лайым Алла осы жинақты оны құрастырушы үшін осы дүниеде және ақыретте игіліктің көзі еткей. Әмин. Лайым Алла Тағала бұл кітаптан барша жанның пайдаға кенелуін нәсіп еткей, оны жазу үшін сіңірілген еңбекті ізгі амал ретінде қабыл алып, осы құнды жұмысқа ат салысқандардың бәрін сауапқа бөлегей. Әмин. Уәссәләм. Сухайль Тармахомед, Дурбан, ОАР ‫ﻪ اﻟﺮﺣﻤﻦ اﻟﺮﺣﻴﻢ‬‫ﺑﺴﻢ اﻟ‬ 1

Модернизм мен техникалық ілгерілеу ғасырында жанға жайлылық пен тыныштық сыйлау мақсатында ойлап табылған сан қилы құралдарға қарамастан, адамдарға рухани тыныштық пен ризалық жетіспейді. Олай болатын себебі – адам жан-дүниесі тыныш және көңілі тоқ болуы үшін адамгершілікке шақыратын дұрыс тәртіпке бағынып, еруі қажет. Ол тәртіп – Ислам. Шариғат әйелдің табиғатымен санасады. Шариғаттың әйелдерге қатысты үкімдері әйелдің табиғи болмысына үйлеседі, оның ар-намысын сақтап, бақытқа жетелейді. Жалпылай айтар болсақ, әйел адам ер адамның өмірінде төрт түрлі рөл атқарады. Ол – аяулы ана, асыл жар, қадірлі әпке-қарындас немесе қыз. Осы рөлдердің әрқайсысы еркекке үлкен ықпалын тигізеді. Егер әйелдің иманы болса және өз дінін білсе, онда ол ана ретінде балаларын Шариғат талаптарына сай бағып-қағады. Жар ретінде күйеуіне адал болады. Әпке-қарындас ретінде ағасына немесе інісіне қиындықтарда демеу болады. Қыз ретінде әкесіне қамқорлық танытады. Осылайша, әйел өмірге сән де береді, мән де береді. Әбу Әли (Алла оған жар болсын), әйелдер туралы осы жинақты құрастырып шығыпты. Мен оны зер сала оқып шықтым да, өте түсінікті, толық және әмбебап деп таптым. Бұл кітап әйелдердің өмірінің көптеген қыр-сырларын қамтиды. Аталмыш кітап Әбу Әлидің ғылымдағы жоғары деңгейі мен тұрмыстық өмірдегі білімін көрсетеді. Алла Тағаладан осы кітапты құрастырып шығуда төгілген терді қабыл алуын, оны үмбетіміздің әйелдеріне нұсқаулық құралы етуін және Әбу Әлидің (Алла оған жар болсын) бұл дүниедегі және ақыреттегі дәрежесін көтеруін шын жүрегімнен сұраймын. Әмин. Егер әйел осы қайғы-мұңға толы өткінші өмірден жан тыныштығы мен бақытты іздейтін болса, осы кітапты оқып, онда жазылған ақыл-кеңестерді орындағаннан кейін сұрақтарына жауап табады. Уа, қадірлі мұсылман әйел, сен осы кітапты оқып шыққаннан кейін қайғы-мұңнан бақытқа апаратын жолды жүріп өтесің, қорлықтың орнын өз-өзіңе деген құрмет басады, сөйтіп, сен сый-құрметке лайықты мұсылман әйел боласың. Мүфти Ибраһим Десаи Дурбан, ОАР ‫ﻪ اﻟﺮﺣﻤﻦ اﻟﺮﺣﻴﻢ‬‫ﺑﺴﻢ اﻟ‬ ‫ﻪ رب اﻟﻌﺎﻟﻤﻴﻦ‬‫واﻟﺤﻤﺪ ﻟ‬ ‫ أﺷﺮف اﻷﻧﺒﻴﺎء واﻟﻤﺮﺳﻠﻴﻦ‬‫واﻟﺼﻼة واﻟﺴﻼم ﻋﻠ‬ ‫ آﻟﻪ وﺻﺤﺒﻪ أﺟﻤﻌﻴﻦ‬‫ﺳﻴﺪﻧﺎ ﻣﺤﻤﺪ وﻋﻠ‬ Кіріспе Біз Алланың қалауымен Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кейбір сөздерін аударып, түсіндіруді бастағалы отырмыз және әйелдерге қатысты бірқатар шариғаттық шешімдер жайлы баяндамақпыз. 2

Біздің дініміз әйелді ерекше бағалап, оның мұсылман қоғамындағы рөлін жоғары қояды. Сол себепті, әйелдерге қатысты қандай да бір шариғаттық шешімдер еркектерге арналған шариғаттық үкімдерден өзгеше болса, мұны дініміздің жаулары секілді әйелдерді кемсіту, төмендету деп қабылдаудың қажеті жоқ. Әйел адам мұны өзіне деген Алланың ерекше қамқорлығы және қорғанышы деп білгені жөн. Алла Тағала Өзінің әмірлері мен тыйымдары арқылы біздің әрқайсымызға қоғамда алатын орнымызды, атқаратын әлеуметтік рөлімізді көрсетеді. Біз сол рөлде ғана шынайы бақытқа қол жеткізе аламыз. Ғұламалардың кейбір түсіндірмелерімен бірге келтірілген мырзамыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы сөздері оқырмандарға пайда әкелер деген үмітіміз зор. Тауфиқ тек Алладан ғана. Бірінші хадис Әйелдің үйінде отырғаны абзалырақ ‫ﻪ ﻋﻠﻴﻪ وﺳﻠﻢ‬‫ اﻟ‬‫ﻪ ‐ ﺻﻠ‬‫ ﻗﺎل رﺳﻮل اﻟ‬:‫ ﻋﻨﻪ ‐ ﻗﺎل‬‫ﻪ ﺗﻌﺎﻟ‬‫ اﻟ‬‫ﻋﻦ اﺑﻦ ﻋﻤﺮ ‐ رﺿ‬ ‫ وﺑﻴﻮﺗﻬﻦ ﺧﻴﺮ ﻟﻬﻦ‬،‫ﻢ اﻟﻤﺴﺎﺟﺪ‬‫ « أﺧﺮﺟﻪ أﺑﻮ داود واﺑﻦ ﺧﺰﻳﻤﺔ « ﻻ ﺗﻤﻨﻌﻮا ﻧﺴﺎﺋ‬:‐ Ибн Омардан (Алла оған разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені риуаят етілген: «Әйелдеріңді мешітке барудан қайтармаңдар, бірақ, олар үшін үйлері жақсырақ» (Әбу Дәуд пен Ибн Хузейма). Бұл – әйел адамның мұсылман қоғамындағы орнын реттеп отыратын және Алла Тағаланың оған берген жұбайлық және аналық рөліне қатысты өте маңызды хадистердің бірі. Дініміздің даналығы Алланың әйелдерге жақсы жар және жақсы ана болуды әмір еткенінде ғана емес, сонымен қатар, Жаратқан Иеміз бізге осыған қатысты бірсыпыра шариғаттық үкімдерді берді. Сол үкімдерді орындау арқылы әйел Алланың разылығына жетіп, жақындарының махаббатына ие бола алады. Мұның негізі - әйел адамның үйінде отыруы керектігінде және оның үйінде болуы – Алланың разылығына бастайтын жол. Мешітке парыз етілген жұма намазына немесе абзал болған жамағат намазына бара жатқан ер адам Раббысының Рақымына ұмтылғаны секілді, Алланың әміріне бағынамын деген ниетпен әрдайым үйінде отыратын әйел де, ерлермен салыстырғанда,бәлендей күш жұмсамай-ақ өзінің Раббысына жақындай түседі. Бірақ, сонымен бірге, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) негізін айқын көрсетіп, ерлердің өз жұбайларына мешітке баруға тыйым салмаулары керектігін айтқан. Алайда, біз Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл сөздерін қандай да бір бөлімге қатысты хадистердің бәрінен хабардар күйде шариғаттық үкімдерді шығарған және өздерінің білімдеріне сәйкес, белгілі бір шарттар қойған фақиһтердің сөздерімен саралап түсінуіміз керек. Біз, иншАлла, әйел адамға қай кезде мешітке баруға болатынын ханафи және шәфиғи мәзһабтарына сәйкес егжей-тегжейлі баяндап береміз. 3

Ханафи мәзһабы «Әл-Мухтар» мәтінінің авторы былай дейді: ‫ﺮه ﻟﻠﻨﺴﺎء ﺣﻀﻮر اﻟﺠﻤﺎﻋﺎت‬‫وﻳ‬ «Әйел адамдардың жамағат намазына қатыспағандары жөн».Содан соң автор «Әл-Ихтияр» шархында мұны былай түсіндіреді: ‫ ‐ ﻟﻘﻮﻟﻪ ‐ ﻋﻠﻴﻪ اﻟﺼﻼة واﻟﺴﻼم‬: » ‫ﺑﻴﻮﺗﻬﻦ ﺧﻴﺮ ﻟﻬﻦ » وﻟﻤﺎ ﻓﻴﻪ ﻣﻦ ﺧﻮف اﻟﻔﺘﻨﺔ‬ . ‫ اﻟﻔﺠﺮ واﻟﻤﻐﺮب واﻟﻌﺸﺎء‬‫ أﻣﺎ اﻟﻌﺠﺎﺋﺰ ﻓﻴﺨﺮﺟﻦ ﻓ‬. ‫ اﻟﺸﻮاب ﺑﺎﻹﺟﻤﺎع‬‫وﻫﺬا ﻓ‬ ‫ وﻟﻪ أن اﻟﻔﺴﺎق‬. ‫ ﺣﻘﻬﻦ‬‫ اﻟﺼﻠﻮات ﻛﻠﻬﺎ ﻟﻮﻗﻮع اﻷﻣﻦ ﻣﻦ اﻟﻔﺘﻨﺔ ﻓ‬‫وﻗﺎل ﻳﺨﺮﺟﻦ ﻓ‬ ‫ اﻟﻔﺠﺮ واﻟﻌﺸﺎء‬‫ وﻓ‬، ‫ اﻟﻤﻐﺮب ﻳﺸﺘﻐﻠﻮن ﺑﺎﻟﻌﺸﺎء‬‫ اﻟﻈﻬﺮ واﻟﻌﺼﺮ وﻓ‬‫ﻳﻨﺘﺸﺮون ﻓ‬ ‫ء ﻣﻦ ذﻟﻚ‬‫ زﻣﺎﻧﻨﺎ أن ﻻ ﻳﺠﻮز ﺷ‬‫ واﻟﻤﺨﺘﺎر ﻓ‬، ‫ﻞ ﺳﺎﻗﻄﺔ ﻻﻗﻄﺔ‬‫ وﻟ‬، ‫ﻮﻧﻮن ﻧﻴﺎﻣﺎ‬‫ﻳ‬ ‫ﻟﻔﺴﺎد اﻟﺰﻣﺎن واﻟﺘﻈﺎﻫﺮ ﺑﺎﻟﻔﻮاﺣﺶ‬ «Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Олар үшін үйлері жақсырақ», - деп айтқандығы себепті. Өйткені, олардың үйлерінен шығуы бүлік тудыруы мүмкін. Ғұламалардың бірауызды пікіріне (иджма) сәйкес, бұл жас қыздарға қатысты. Ал, егде жастағы әйелдерге келер болсақ, олар таң (фәджр) намазына, ақшам (мағриб) намазына және құптан (иша) намазына шыға алады. Ол былай деді: «Олар барлық намаздарға қатыса алады, себебі, олар бүлік тудырады деген қауіп жоқ. Бірінші пікірді қолдайтын жайт: күнәһарлар көшеге бесін (зухр) және екінті (аср) намаздарының уақытында шығады, ал, ақшамның кезінде кешкі астарын ішеді, таң намазы мен құптан намазы кезінде ұйықтап жатады. Бірақ, біреу болмаса біреу табылады, сол себепті, қазір заман бұзылғандықтан және күнәға белшесінен батып жатқандар көп болғандықтан, мұның бәріне жол бермеген дұрыс». «Әл-Ихтиярдың» авторының осы сөздерінен әйелдердің жамағат намаздарына қатысуы құпталмайтындығы түсінікті. Кейбіреулер: «Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) рұқсат еткен нәрсені қалайша құпталмайды деуге болады?!» - деп сұрауы мүмкін. Осыған жауап ретінде біз мұсылмандардың анасы Аишаның (Алла оған разы болсын) сөздерін келтіреміз: ‫ إﺳﺮاﺋﻴﻞ رواه اﻟﺒﺨﺎري وﻣﺴﻠﻢ‬‫ﻪ ﻋﻠﻴﻪ وﺳﻠﻢ رأى ﻣﺎ أﺣﺪث اﻟﻨﺴﺎء ﻟﻤﻨﻌﻬﻦ اﻟﻤﺴﺠﺪ ﻛﻤﺎ ﻣﻨﻌﺖ ﻧﺴﺎء ﺑﻨ‬‫ اﻟ‬‫ﻪ ﺻﻠ‬‫ﻟﻮ أن رﺳﻮل اﻟ‬ «Егерде Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдердің қазіргі халін көргенде,бану Исраильдің әйелдеріне тыйым салынғандығы секілді, барша әйелдерге мешітке баруға тыйым салар еді» (Әл-Бұхари мен Муслим). Аишаның (Алла оған разы болсын) заманында-ақ сондай азғындық орын алған болса, бірде-бір әйел бөгде адамдардың назарынан қорғалмаған, ал, Алланың әміріне бойсұынып, бүркенген иманды әйелге дінсіздер мен нағыз күнәһарлар ерекше қызығушылық танытып жатқан қазіргі заман жайлы айтпасақ та болады! 4

Шәфиғи мәзһабы Имам әр-Рамли «Нихаят әл-Мухтаджда» былай жазады: ‫ء ﻣﻦ اﻟﺰﻳﻨﺔ أو اﻟﺮﻳﺢ اﻟﻄﻴﺐ‬‫ أو ﻏﻴﺮ ﻣﺸﺘﻬﺎة وﺑﻬﺎ ﺷ‬، ‫ ﺛﻴﺎب ﻣﻬﻨﺔ‬‫ﺮه ﻟﻬﺎ ﺣﻀﻮر ﺟﻤﺎﻋﺔ اﻟﻤﺴﺠﺪ إن ﻛﺎﻧﺖ ﻣﺸﺘﻬﺎة وﻟﻮ ﻓ‬‫وﻳ‬ «Әйел адам тартымды болса,тіпті үстіне ескірген, өңсіз киім кигендігіне қарамастан, мешіттегі жамағат намазына қатыспағаны абзал, яки тартымсыз болса да, сәнді киінген немесе үстіне әтір сепкен болса да». Имам әш-Шәбрамулси «тартымды» деген сөзді былай түсіндірген: ‫ﻦ ذات رﻳﺢ ؛ ﻷن ﻫﻴﺌﺘﻬﺎ ﺗﻌﻠﻢ‬‫وﻣﻦ اﻟﻤﺸﺘﻬﻴﺎت اﻟﺸﺎﺑﺔ وإن ﻟﻢ ﺗ‬ «Тартымды әйелдерге жас қыздар жатады, олар үстілеріне әтір сеппеген жағдайда да, өйткені, олар (жас қыздар) бірден танылады». Біз имам әр-Рамлидің осы айтқандарына қарап, жас әрі тартымды қыздың үстіне әтір сеппесе де және адамдардың назарын өзіне аудармайтындай қарапайым киінсе де, мешіттегі жамағат намазына қатыспағаны абзал екенін түсінеміз. Қарапайым киінген және үстіне әтір сеппеген тартымсыз әйелге жамағат намазына қатысу рұқсат етіледі (мубах). Әйтпеген жағдайда, оның да мешітке баруы құпталмайды. Имам ән-Нәуәуи «Әл-Мәджму`да» осыған түсініктеме берген: ‫ﻴﻨﻬﺎ ﻣﻨﻪ‬‫ ﻛﺮه ﻟﻬﺎ وﻛﺮه ﻟﺰوﺟﻬﺎ ووﻟﻴﻬﺎ ﺗﻤ‬‫ إن ﻛﺎﻧﺖ ﺷﺎﺑﺔ أو ﻛﺒﻴﺮة ﺗﺸﺘﻬ‬: ‫وإن أرادت اﻟﻤﺮأة ﺣﻀﻮر اﻟﻤﺴﺠﺪ ﻟﻠﺼﻼة ﻗﺎل أﺻﺤﺎﺑﻨﺎ‬ ‫ ﻫﺬا اﻟﺘﻔﺼﻴﻞ‬‫ وﻗﺪ ﺟﺎءت أﺣﺎدﻳﺚ ﺻﺤﻴﺤﺔ ﺗﻘﺘﻀ‬، ‫ﺮه‬‫ ﻟﻢ ﻳ‬‫وإن ﻛﺎﻧﺖ ﻋﺠﻮزا ﻻ ﺗﺸﺘﻬ‬ «Егерде әйел адам намаз оқуға мешітке барғысы келсе, бұл жайында біздің ғұламаларымыз былай деген: “Егер ол жас болса, не жас болмаса да, көрікті болса, оның мешітке бармағаны абзал және оның күйеуі мен уәлилерінің мұны рұқсат етпегендері абзал. Ал, егер ол мосқал тартқан, шырайсыз әйел болса, мұның сөкеттігі жоқ. Бұл мәселені бүге-шігесіне дейін талдаған сенімді хадистер осыны растайды». Бірақ, мәкрух (ұнамсыз амал) харам (тыйым салынған) деген сөз емес. Сол себепті, егер қыз бала, дегенмен, мешітке баруға бел буса, онда Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кейбір сахаба әйелдерге берген әмірлерін орындағаны жөн: ‫إذا ﺷﻬﺪت إﺣﺪاﻛﻦ اﻟﻤﺴﺠﺪ ﻓﻼ ﺗﻤﺲ ﻃﻴﺒﺎ‬ «Егер араларыңдағы әлдекім [әйелдер] мешітке барар болса, үстіне әтір сеппесін» (Муслим). Сондай-ақ, Әбу Хурейрадан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген: ‫ﻦ ﻟﻴﺨﺮﺟﻦ وﻫﻦ ﺗﻔﻼت رواه أﺑﻮ داود‬‫ وﻟ‬، ‫ﻪ‬‫ﻪ ﻣﺴﺎﺟﺪ اﻟ‬‫ﻻ ﺗﻤﻨﻌﻮا إﻣﺎء اﻟ‬ «Алланың құлдарына (әйелдерге) мешітке баруға тыйым салмаңдар, бірақ, олар 5

үстілеріне әтір сеппей шықсын» (Әбу Дәуд). «Фәтх әл-Бәридің» авторы иіссуды пайдаланудың мәкрух екендігі жайлы сөздерді түсіндіре келіп, былай дейді: ‫ اﻟﺬي ﻳﻈﻬﺮ واﻟﺰﻳﻨﺔ‬‫ ﻣﻌﻨﺎه ﻷن ﺳﺒﺐ اﻟﻤﻨﻊ ﻣﻨﻪ ﻣﺎ ﻓﻴﻪ ﻣﻦ ﺗﺤﺮﻳﻚ داﻋﻴﺔ اﻟﺸﻬﻮة ﻛﺤﺴﻦ اﻟﻤﻠﺒﺲ واﻟﺤﻠ‬‫وﻳﻠﺤﻖ ﺑﺎﻟﻄﻴﺐ ﻣﺎ ﻓ‬ ‫اﻟﻔﺎﺧﺮة وﻛﺬا اﻻﺧﺘﻼط ﺑﺎﻟﺮﺟﺎل‬ «Иіссуға осы мағынадағы барлық нәрселер жатады, өйткені, бұл тыйымның себебі – оның құштарлықты тудыратынында, яғни, әсем киім де, көзге түсетін әшекейлер де, сондай-ақ, шамадан тыс сұлулық және ерлермен аралас-құралас болу». Сондықтан, мешітке баратын әйелдер ерлердің назарын аударатын және оларға ұнайтын көз тартымды нәрселердің бәрінен аулақ болулары тиіс. Ең дұрысын Алла біледі. Екінші хадис: Әйел адам қажет болғанда үйінен шыға алады Аиша (Алла оған разы болсын) Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) риуаят еткен: «Сендерге қажеттілік туындағанда шығуға рұқсат етіледі» (әл- Бұхари мен Муслим). Бұл – имам әл-Бұхари келтірген үлкен хадистің бір бөлігі және ол «хиджаб туралы» аяттың түсірілуімен байланысты. Алдымен сол хадисті түгелдей келтіріп, содан соң сол аяттың тәпсірін талдаймыз, инша Алла. ‫ﻪ ﻋﻠﻴﻪ وﺳﻠﻢ ﻛﻦ ﻳﺨﺮﺟﻦ ﺑﺎﻟﻠﻴﻞ إذا ﺗﺒﺮزن إﻟ‬‫ اﻟ‬‫ ﺻﻠ‬‫ﻋﻦ ﻋﺎﺋﺸﺔ أن أزواج اﻟﻨﺒ‬ ‫ﻪ ﻋﻠﻴﻪ وﺳﻠﻢ اﺣﺠﺐ‬‫ اﻟ‬‫ ﺻﻠ‬‫ﺎن ﻋﻤﺮ ﻳﻘﻮل ﻟﻠﻨﺒ‬‫اﻟﻤﻨﺎﺻﻊ وﻫﻮ ﺻﻌﻴﺪ أﻓﻴﺢ ﻓ‬ ‫ﻪ ﻋﻠﻴﻪ وﺳﻠﻢ ﻳﻔﻌﻞ ﻓﺨﺮﺟﺖ ﺳﻮدة ﺑﻨﺖ زﻣﻌﺔ‬‫ اﻟ‬‫ﻪ ﺻﻠ‬‫ﻦ رﺳﻮل اﻟ‬‫ﻧﺴﺎءك ﻓﻠﻢ ﻳ‬ ‫ ﻋﺸﺎء وﻛﺎﻧﺖ اﻣﺮأة ﻃﻮﻳﻠﺔ ﻓﻨﺎداﻫﺎ‬‫ﻪ ﻋﻠﻴﻪ وﺳﻠﻢ ﻟﻴﻠﺔ ﻣﻦ اﻟﻠﻴﺎﻟ‬‫ اﻟ‬‫ ﺻﻠ‬‫زوج اﻟﻨﺒ‬ ‫ﻪ آﻳﺔ اﻟﺤﺠﺎب‬‫ أن ﻳﻨﺰل اﻟﺤﺠﺎب ﻓﺄﻧﺰل اﻟ‬‫ﻋﻤﺮ أﻻ ﻗﺪ ﻋﺮﻓﻨﺎك ﻳﺎ ﺳﻮدة ﺣﺮﺻﺎ ﻋﻠ‬ ‫ﺣﺪﺛﻨﺎ زﻛﺮﻳﺎء ﻗﺎل ﺣﺪﺛﻨﺎ أﺑﻮ أﺳﺎﻣﺔ ﻋﻦ ﻫﺸﺎم ﺑﻦ ﻋﺮوة ﻋﻦ أﺑﻴﻪ ﻋﻦ ﻋﺎﺋﺸﺔ ﻋﻦ‬ ‫ اﻟﺒﺮاز‬‫ﻦ ﻗﺎل ﻫﺸﺎم ﻳﻌﻨ‬‫ ﺣﺎﺟﺘ‬‫ﻪ ﻋﻠﻴﻪ وﺳﻠﻢ ﻗﺎل ﻗﺪ أذن أن ﺗﺨﺮﺟﻦ ﻓ‬‫ اﻟ‬‫ ﺻﻠ‬‫اﻟﻨﺒ‬ Аишадан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген: Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдері ымырт түскенде әл-Минәси`(әл-Бақидың жанындағы аймақ – «Фәтх әл-Бәриді» қараңыз) атты жазық қыратқа шығатын болған. Сонда Омар Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Әйелдеріңді бүрке», - дейтін болған (Ибн Хаджәр «Фәтхта» мұның не «Оларды көшеге шығарма» дегенді, не «Олар беттерін жапсын» дегенді білдіретінін айтады). Бірақ, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) олай істемеген. Бірде Сәудә бинт Зәмәә түнде далаға шыққан. Ол бойшаң әйел болған. Омар оны көрген де, хиджаб туралы аят түсіріледі деген үмітпен: «Біз сені танып қойдық, Сәудә!» - деген. Сонда Алла хиджаб туралы аятты түсірген. Зәкәрия бізге былай хабарлаған: «Әбу Усәмә бізге Хишәм ибн Уруәдан, оның әкесінен, Аишадан (Алла оған разы болсын) Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) 6

былай дегенін риуаят еткен: «Сендерге қажеттілік туындағанда шығуға рұқсат етіледі»». Хадисте айтылып кеткен хиджаб туралы аятқа ойыспас бұрын «Фәтх әл-Бәридегі» осы хадистің мағынасына қатысты сөздерді келтірейік: ‫ ﻓﻘﻪ ﻫﺬا اﻟﺤﺪﻳﺚ أﻧﻪ ﻳﺠﻮز ﻟﻠﻨﺴﺎء اﻟﺘﺼﺮف ﻓﻴﻤﺎ ﻟﻬﻦ اﻟﺤﺎﺟﺔ‬: ‫ﻗﺎل اﺑﻦ ﺑﻄﺎل‬ ‫ ﻓﻴﻤﺎ ﻳﺘﺒﻴﻦ ﻟﻪ أﻧﻪ اﻟﺼﻮاب وﺣﻴﺚ‬‫ ﻟﻸﻋﻠ‬‫ وﻓﻴﻪ ﻣﺮاﺟﻌﺔ اﻷدﻧ‬، ‫إﻟﻴﻪ ﻣﻦ ﻣﺼﺎﻟﺤﻬﻦ‬ ‫ اﻟﻄﺮق‬‫ وﻓﻴﻪ ﺟﻮاز ﻛﻼم اﻟﺮﺟﺎل ﻣﻊ اﻟﻨﺴﺎء ﻓ‬، ‫ وﻓﻴﻪ ﻣﻨﻘﺒﺔ ﻟﻌﻤﺮ‬، ‫ﻻ ﻳﻘﺼﺪ اﻟﺘﻌﻨﺖ‬ ‫ وﻓﻴﻪ ﺟﻮاز وﻋﻆ اﻟﺮﺟﻞ أﻣﻪ‬، ‫ اﻟﻘﻮل ﻟﻤﻦ ﻳﻘﺼﺪ اﻟﺨﻴﺮ‬‫ وﺟﻮاز اﻹﻏﻼظ ﻓ‬، ‫ﻟﻠﻀﺮورة‬ ‐ ‫ﻪ ﻋﻠﻴﻪ وﺳﻠﻢ‬‫ اﻟ‬‫ ‐ ﺻﻠ‬‫ وﻓﻴﻪ أن اﻟﻨﺒ‬، ‫ اﻟﺪﻳﻦ ﻷن ﺳﻮدة ﻣﻦ أﻣﻬﺎت اﻟﻤﺆﻣﻨﻴﻦ‬‫ﻓ‬ ‫ اﻷﻣﻮر اﻟﺸﺮﻋﻴﺔ ; ﻷﻧﻪ ﻟﻢ ﻳﺄﻣﺮﻫﻦ ﺑﺎﻟﺤﺠﺎب ﻣﻊ وﺿﻮح اﻟﺤﺎﺟﺔ‬‫ ﻓ‬‫ﻛﺎن ﻳﻨﺘﻈﺮ اﻟﻮﺣ‬ ‫ﻪ أﻋﻠﻢ‬‫ واﻟ‬. ‫ إذﻧﻪ ﻟﻬﻦ ﺑﺎﻟﺨﺮوج‬‫ وﻛﺬا ﻓ‬، ‫ ﻧﺰﻟﺖ اﻵﻳﺔ‬‫إﻟﻴﻪ ﺣﺘ‬. Ибн Бәттал былай дейді: «Бұл хадистің фиқһы – әйелдердің өздеріне пайдалы әрекеттерді жасауға хақылы екендерінде. Сондай-ақ, [онда] дәрежесі төмен адамның өзінен дәрежесі жоғары адамға ақыл- кеңес бере алатындығына меңзеу бар, егер оның ойы – ол адамның ар-намысына тию болмаса. Сонымен қатар, бұл хадистің астарында Омардың құндылығы меңзелген және қажет болса, ер адамның көшеде әйел адаммен сөйлесуіне рұқсат етілетіндігі әрі ол ізгі ниетті болса, қатені нұсқауда қатал болуға хақылы екендігі көрсетілген. Сонымен бірге, [біз осы жерден] Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) шариғаттық мәселелерде уахидің түсуін күткенін, әйелдердің бүркенуі қажет екені айқын болса да, осы аят түскенге дейін оларға бүркенуді әмір етпегенін түсінеміз. Сондай-ақ, [бұл хадис] оның әйелдерге [үйлерінен] шығуды рұқсат еткенін көрсетеді. Ал, ең дұрысын Алла біледі». Өзінің Кітабын бұрмалаулардан қорғаған және осы үмбетке Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бірнеше сөздерінен жүздеген шариғаттық шешімдер шығаратын ғұламаларды тарту еткен Аллаға мақтау-мадақ болсын. Даналыққа толы сөздерді оқығанда мүміннің кеудесін үмбетіміздің ғұламаларына деген мақтаныш кернемей ме? Хадистерді түсіндірулерін сұрап, Исламның ұлы имамдарына жүгінбесе, ол Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сөздерінің алдындағы өз дәрменсіздігін сезінбей ме?! Осы хадисте айтылып кеткен «хиджаб туралы аят»– мынау: ‫ ﻃﻌﺎم ﻏﻴﺮ ﻧﺎﻇﺮﻳﻦ‬‫ﻢ إﻟ‬‫ إﻻ أن ﻳﺆذن ﻟ‬‫ﻳﺎ أﻳﻬﺎ اﻟﺬﻳﻦ آﻣﻨﻮا ﻻ ﺗﺪﺧﻠﻮا ﺑﻴﻮت اﻟﻨﺒ‬ ‫ﻦ إذا دﻋﻴﺘﻢ ﻓﺎدﺧﻠﻮا ﻓﺈذا ﻃﻌﻤﺘﻢ ﻓﺎﻧﺘﺸﺮوا وﻻ ﻣﺴﺘﺄﻧﺴﻴﻦ ﻟﺤﺪﻳﺚ‬‫إﻧﺎه وﻟ‬ ‫ ﻣﻦ اﻟﺤﻖ وإذا‬‫ﻪ ﻻ ﻳﺴﺘﺤﻴ‬‫ﻢ واﻟ‬‫ ﻣﻨ‬‫ ﻓﻴﺴﺘﺤﻴ‬‫ﻢ ﻛﺎن ﻳﺆذي اﻟﻨﺒ‬‫إن ذﻟ‬ ‫ﻢ وﻗﻠﻮﺑﻬﻦ وﻣﺎ‬‫ﻢ أﻃﻬﺮ ﻟﻘﻠﻮﺑ‬‫ﺳﺄﻟﺘﻤﻮﻫﻦ ﻣﺘﺎﻋﺎ ﻓﺎﺳﺄﻟﻮﻫﻦ ﻣﻦ وراء ﺣﺠﺎب ذﻟ‬ ‫ﻢ ﻛﺎن‬‫ﺤﻮا أزواﺟﻪ ﻣﻦ ﺑﻌﺪه أﺑﺪا إن ذﻟ‬‫ﻪ وﻻ أن ﺗﻨ‬‫ﻢ أن ﺗﺆذوا رﺳﻮل اﻟ‬‫ﻛﺎن ﻟ‬ ‫ﻪ ﻋﻈﻴﻤﺎ‬‫ﻋﻨﺪ اﻟ‬ Мағынасы: «Әй мүміндер! Пайғамбардың үйлеріне сендерге рұқсат берілмейінше кірмеңдер де, тамақтың пісуін күтпеңдер. Бірақ қашан шақырылсаңдар кіріңдер де, тамақ жеген соң дереу тарқандар, сөзге айналмаңдар. Расында бұларың Пайғамбарды қынжылтады әрі ол сендерден ұялады. Бірақ Алла Тағала шындықтан 7

ұялмайды. Егер Пайғамбар (Ғ.С.) дың жұбайларынан бір нәрсе сұрасаңдар, далданың артынан сұраңдар; бұларың, сендердің де, олардың да жүректерінің тазалығы. Сондай-ақ сендердің Алланың Елшісін қынжылтуларыңа және одан кейін жұбайларымен әсте некеленулеріңе болмайды. Сондай істеулерің Алла қасында зор күнә».(«Әл-Ахзаб» сүресі, 53 аят). Бұл аятта қонақ қабылдау мен тамақтануға қатысты және Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дүние салғаннан кейін оның әйелдеріне ешкімнің үйлене алмайтындығына қатысты көптеген шариғаттық шешімдер тұжырымдалған, өзге де мәселелер қозғалған, бірақ, бізге керегі - мына сөздер(мағынасы): «Егер Пайғамбар (Ғ.С.) дың жұбайларынан бір нәрсе сұрасаңдар, далданың артынан сұраңдар». Осы аяттан кейін Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдеріне қолдары мен жүздерін қоса бүкіл денелерін жабу міндетті болғандығын Құран тәпсіршілері бірауыздан мәлімдеген. Сонымен қатар, бұл аят ерлер мен әйелдердің бір жерде аралас-құралас болуына, (ерлі зайыпты және махрам болмаса), қарама-қарсы жыныс өкілдерінің оңаша қалуына және өзге де сондай жайттарға тыйым салды. Басқа да мұсылман әйелдердің жүздерін жабуының міндеттілігіне келер болсақ, бұл мәселені түсінуде фақиһтердің пікірлері екіге бөлінген: олардың бір бөлігі бұл аяттың жалпы барлық мұсылман әйелдерге қатысты екенін, сондықтан, олардың жүздері де әуретке (яғни, жасыруды қажет ететін дене бөлігіне) жататындығын айтса, өзгелері мұның тек Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдеріне ғана міндетті екенін айтқан. Имам әл-Қуртуби аса маңызды инабаттылық қағидасын айтып кеткен: ‫ اﻟﺨﻠﻮة ﻣﻊ ﻣﻦ ﻻ ﺗﺤﻞ ﻟﻪ؛ ﻓﺈن‬‫ ﻷﺣﺪ أن ﻳﺜﻖ ﺑﻨﻔﺴﻪ ﻓ‬‫ أﻧﻪ ﻻ ﻳﻨﺒﻐ‬‫ ﻋﻠ‬‫ﻫﺬا ﻳﺪل‬ ‫ﻣﺠﺎﻧﺒﺔ ذﻟﻚ أﺣﺴﻦ ﻟﺤﺎﻟﻪ وأﺣﺼﻦ ﻟﻨﻔﺴﻪ وأﺗﻢ ﻟﻌﺼﻤﺘﻪ‬ «Бұл жерден түсінетініміз – оған харам болып табылатын адаммен оңаша қалғанда ешкім өз- өзіне сенімді болмауы тиіс. Бұдан аулақ болу ол үшін абзалырақ, анағұрлым қауіпсіз және қорғаныста сенімдірек». Осылайша, біз Алла Тағаланың қандай да бір тыйымдарды жайдан-жай бермегенін, күнәға алып баратын нәрселерге тыйым салып, бізге рақымшылық танытқанын түсінеміз. Сол себепті, осы күнәға алып баратын жолдардың бәрін жабу үшін Исламда зинаға да, ер мен әйелдің оңаша қалуына да тыйым салынған. Ешкім өзін қандай да бір күнәдан қорғалғандай сезінбеуі тиіс, ешкім «ондай жағдай менің басыма түспейді» деп ойламауы керек, себебі, күнәдан тек қана Алланың тауфиқының арқасында қорғалуға болады. Алла Тағала Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдері мен сахабалары туралы (мағынасы): «Бұларың - сендердің де, олардың да жүректерінің тазалығы», – деген болса, біздің заманымыз бен өзіміз жайлы айтпасақ та болар, сірә... Хадиске оралып, қорытындыласақ: Негізінде, әйел адам үйінде отырып, үй шаруаларымен айналысуы керек. Әйел үшін отбасы мен ошақ қасы – оның құлшылық жасайтын және Аллаға жақындайтын орны. Сондықтан, оның 8

Алланың рақымы мен разылығына ең жақын болатын кезі – үйінде отыратын шағы. Бірақ, Алла Тағала әйелдерге қажет болса, үйлерінен шығуға рұқсат етті. Ең дұрысын Алла біледі. Үшінші хадис: Неліктен әйелдің үйінен шықпағаны жөн ‫ﻪ ﻋﻠﻴﻪ وﺳﻠﻢ‬‫ اﻟ‬‫ ‐ ﺻﻠ‬‫ ﻋﻨﻪ ‐ ﻋﻦ اﻟﻨﺒ‬‫ﻪ ﺗﻌﺎﻟ‬‫ اﻟ‬‫ﻪ ﺑﻦ ﻣﺴﻌﻮد ‐ رﺿ‬‫ﻋﻦ ﻋﺒﺪ اﻟ‬ ‫ﻮن ﻣﻦ وﺟﻪ‬‫ ‐»إن اﻟﻤﺮأة ﻋﻮرة ﻓﺈذا ﺧﺮﺟﺖ اﺳﺘﺸﺮﻓﻬﺎ اﻟﺸﻴﻄﺎن وأﻗﺮب ﻣﺎ ﺗ‬:‫ﻗﺎل‬ ‫ واﺑﻦ ﺧﺰﻳﻤﺔ واﺑﻦ ﺣﺒﺎن‬،‫ ﻗﻌﺮ ﺑﻴﺘﻬﺎ« أﺧﺮﺟﻪ اﻟﺘﺮﻣﺬي‬‫رﺑﻬﺎ ﻓ‬ Ибн Мәсғуд (Алла оған разы болсын) Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) риуаят еткен: «Расында, әйел – әурет, ол далаға шыққанда шайтан оны әдемі қып көрсетеді. Оның Аллаға ең жақын болатын кезі – үйінің ең түкпірінде отыратын шағы» (әт-Тирмизи, Ибн Хузеймажәне Ибн Хиббан). «Фәйдәл-Қадирдің» авторы «әйел – әурет» деген сөзді былай түсіндіреді: ‫ أﻧﻪ ﻳﺴﺘﻘﺒﺢ‬‫ ﻣﻮﺻﻮﻓﺔ ﺑﻬﺬه اﻟﺼﻔﺔ وﻣﻦ ﻫﺬه ﺻﻔﺘﻪ ﻓﺤﻘﻪ أن ﻳﺴﺘﺮ واﻟﻤﻌﻨ‬‫أي ﻫ‬ ‫ ﺑﻬﺎ ﻋﻦ‬‫ ﻣﻨﻪ ؟ ﻛﻨ‬‫ﺗﺒﺮزﻫﺎ وﻇﻬﻮرﻫﺎ ﻟﻠﺮﺟﻞ واﻟﻌﻮرة ﺳﻮأة اﻹﻧﺴﺎن وﻛﻞ ﻣﺎ ﻳﺴﺘﺤ‬ ‫ ﺣﻘﻬﺎ‬‫وﺟﻮب اﻻﺳﺘﺘﺎر ﻓ‬ «Яғни, олар осы қасиетпен сипатталған. Ал, осы қасиетпен сипатталғандардың міндеті – бүркену. Мұның мәні – олардың ер адамдардың көздеріне көрініп, алдарында ашық жүрулерінің құпталмайтындығында. Адамның әуреті – оның жыныстық мүшелері және ұялтатын нәрселердің бәрі. Сондықтан, бұл сөз бүркенудің міндет екенін айрықша баса айту үшін салыстыру ретінде қолданылған». Басқаша айтқанда, негізінде, әйел адам ибалықпен, инабаттылықпен сипатталған. Осы қасиеттер әйел мінезінің әу бастағы жаратылысында бар. Сондықтан, әйелдің орны мен рөлі дәл осы ұстанымға негізделуі тиіс. Ал, ер мен әйелдің қоғамдағы әлеуметтік рөлі мен орны бірдей болуы керек дейтіндер адамның қоғамдағы белгілі бір рөлге деген бейімділігіне тікелей әсер ететін ер мен әйелдің арасындағы менталдық және физиологиялық ерекшелікті мүлде ескермейді. Дініміздің үкімдері болса, ─ әр жынысқа өз жынысының табиғатына сәйкес келетін рөлді анықтап берген Жаратушымыздың үкімдері. Ал, Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «ол далаға шыққанда шайтан оны әдемі қып көрсетеді» деген сөзіне Молда Әли әл-Қари «Мирқат» кітабында төмендегідей түсініктеме береді: ‫ أي ﻧﻈﺮ إﻟﻴﻬﺎ ﻟﻴﻐﻮﻳﻬﺎ وﻳﻐﻮي ﺑﻬﺎ‬: ‫ ﻧﻈﺮ اﻟﺮﺟﺎل وﻗﻴﻞ‬‫أي زﻳﻨﻬﺎ ﻓ‬ «Яғни, ол әйелді еркектің алдында әдемі етіп көрсетеді, яки оны тура жолдан тайдыру үшін және оның көмегімен өзгелерді де жолдан тайдыру үшін [шайтан әйелге] қарайды». Расында, әйел – шайтанның адамдарды азғырып, тура жолдан тайдыру мақсатында 9

қолданатын қаруы. Бар мәселе мынада: әйелдердің еркектерге деген қызығушылығына қарағанда ерлердің әйелдерге деген қызығушылығы мен құштарлығы әлдеқайда күштірек. Сол себепті, әйел адам өзінің ер адамдарды еліктіретінін әрдайым жадында түйіп жүруі тиіс. Қазіргі күндері азғырудың тағы бір түрі – әлеуметтік желілер. Онда көптеген мұсылман қыз- келіншектер өз суреттерін жариялап жатады. Біз әйелдердің әуреттерін ашып түскен суреттерін аузымызға да алып жатқан жоқпыз. Біз мұнда дін үкімдерін орындап жүрген, хиджаб киген мұсылман әпке-қарындастарымыздың суреттері жайлы айтып отырмыз. Базбіреулердің: «Онда тұрған не бар? Оған тыйым салынған ба еді?» - деп сұрауы ғажап емес. Біз бұған былай жауап береміз: «Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «ол далаға шыққанда шайтан оны әдемі қып көрсетеді» деген сөзі көшеге хиджабсыз шығатын әйелдерге қатысты ма?». Сондықтан, мұсылман қыз-келіншектер әлеуметтік желілерде өздерінің суреттерін жариялап, көптеген еркектер үшін іріткі тудырады. Сондай суреттерді көргенде еркектің бойын билейтін сезім, оған «лайк» басып: «МашаАллаһ, қарындасым», - деп жазуына түрткі болатын сезім діни құлшыныстан туындаған сезім емес екені хақ. Бұл – нәпсіқұмарлық. Сол арқылы шайтан оған таяп келіп, күнәға итермелейді. Өз-өзімізді алдаудың қажеті қанша? Ал, өз үйінің төрт қабырғасында бой тасалайтын, шайтанның өзін азғыру құралы ретінде пайдалануына жол бермейтін «әйелдің Аллаға ең жақын болатын кезі – үйінің ең түкпірінде отыратын шағы». Біз бір нәрсені ұғынып алуымыз керек, құлшылықтың табиғаты –намаз немесе зікір секілді біз жасайтын қандай да бір іс-әрекеттер ғана емес. Бұл, сондай-ақ, Алла разылығы үшін белгілі бір іс-әрекетті жасаудан бас тарту болуы да мүмкін. Мәселен, таң намазының парызын оқығаннан кейін басқа намаз оқымаған абзал, сондықтан, Алланың әміріне бойсұнып, сол уақытта намаз оқудан бас тарту да - құлшылық. Дәл сол сияқты, ешкімге өзін көрсетіп, еліктіргісі келмейтін, еріксіз фитнаға себепкер болғысы келмейтін, ғаламторда өзінің суреттерін дүйім жұрт көре алатындай жариялап, ар-ұятына дақ түсірмейтін мұсылман әйел де - Алла мен Оның Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) разылығына ең жақын әйел. Біздің заманымыздың ата-бабаларымыздың заманынан тағы бір ерекшелігі – қазіргі кезде әйелдердің үйлерінде өткізетін бос уақыттары өте көп. Олар немен айналысуды білмей, зерігудің нәтижесінде көшеге шығады. Ата-ананың міндеті – қыздарын үй шаруасынан, тұрмыс қамынан қол үздірмей, оларға Құранды үйретіп және дін бойынша бастапқы білім беріп тәрбиелеу. Балалық шақ пен жастық шақ, яғни, балалары кішкентай кезде ата-аналарының жіберген қателіктері ─ басқасын былай қойып, дінді ұстанатын мұсылман қыз-келіншектердің, тіпті үйде отыру керектігін және солай дұрыс болатынын саналы түрде түсінетін әйелдердің өзінің үнемі үйде отыруды қиын көруіне бірден-бір себеп. Басқалар туралы айтпасақ та болатын шығар. Себебі, олардың мектеп қабырғасындағы жылдары көшеде, шуылдаған адамдардың арасында, ұл-қыздармен аралас- құралас ойнаумен өтті емес пе, қала берді, кейбір әйелдер студенттік жылдарын да солай өткізді. Содан соң кенеттен «қамаудағы өмір» басталады. Бұл аса діндар деген адамның өзіне өте қиын соғады. 10

Сол себепті де, ата-ананың ең маңызды міндеті – қыздарын үйде отыруға үйрету, қыз балаға үйі мен отбасы жеткілікті болуы тиіс. Ең дұрысын Алла біледі. Төртінші хадис: Бөтен еркектер үшін сәнденуге болмайды ‫ﻪ ﻋﻠﻴﻪ وﺳﻠﻢ ﻗﺎل ﻛﻞ ﻋﻴﻦ زاﻧﻴﺔ واﻟﻤﺮأة إذا‬‫ اﻟ‬‫ ﺻﻠ‬‫ ﻋﻦ اﻟﻨﺒ‬‫ ﻣﻮﺳ‬‫ﻋﻦ أﺑ‬ ‫ زاﻧﻴﺔ‬‫ ﻛﺬا وﻛﺬا ﻳﻌﻨ‬‫اﺳﺘﻌﻄﺮت ﻓﻤﺮت ﺑﺎﻟﻤﺠﻠﺲ ﻓﻬ‬ Әбу Муса Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) риуаят еткен: «Әрбір көз – зинақор, ал, [ерлердің] жиынының жанынан үстіне әтір сепкен күйі өткен әйел – анадай және мынадай, яғни, зинақор» (әт-Тирмизи). «Тухфат әл-Әхуәзидің» авторы «әрбір көз – зинақор» дегенді былай түсіндіреді: ‫ زاﻧﻴﺔ‬‫ أﺟﻨﺒﻴﺔ ﻋﻦ ﺷﻬﻮة ﻓﻬ‬‫أي ﻛﻞ ﻋﻴﻦ ﻧﻈﺮت إﻟ‬ «Яғни, бөтен әйелге ынтығып қараған әрбір көз – зинақор». Хадистің мәні мынада: егер әйел өзіне еркектердің көңілін аудару мақсатында әтірді үстіне әдейі сепкен болса, оның күнә жасағаны. Ал, егер ол әтірді ондай ниетсіз пайдаланған болса, онда оның тыйым салынған (харам) емес, мәкруһ іс жасағаны. Сол себепті, имам әр-Рамли«Нихаят әл-Мухтаджда» былай дейді: ‫ﺮه ﻟﻬﺎ اﻟﻄﻴﺐ واﻟﺰﻳﻨﺔ وﻓﺎﺧﺮ اﻟﺜﻴﺎب ﻋﻨﺪ إرادﺗﻬﺎ ﺣﻀﻮرﻫﺎ‬‫أﻣﺎ اﻟﻤﺮأة ﻓﻴ‬ «Әйелге келер болсақ, жұма намазына барғысы келсе, оған үстіне әтір сеуіп, сәнді әрі қымбат киімдерді кию ─ мәкруһ». Осы мағынаны тағы бір сенімді хадис растайды: ‫ زاﻧﻴﺔ‬‫ ﻗﻮم ﻟﻴﺠﺪوا رﻳﺤﻬﺎ ﻓﻬ‬‫ﺮت ﻋﻠ‬ ‫أﻳﻤﺎ اﻣﺮﻣﺄة اﺳﺘﻌﻄﺮت ﻓﻤ‬ «Ер адамның қасынан өткенде үстіндегі иісті сездірту үшін әтір сепкен кез келген әйел – зинақор» (Ибн Хиббан, Хәким, ән-Нәсәи). Бұдан белгілі болғаны, егер әйел адам өзіне еркектердің назарын аударып, оларға ұнау мақсатында әтір сепсе және әдемі киінсе, мұнысы күнә болады. Әйтпеген жағдайда, бұл ─ мәкруһ. Сонымен қатар, Алла Тағаланың мына аятын оқудың маңызы зор: ‫وﻗﻞ ﻟﻠﻤﺆﻣﻨﺎت ﻳﻐﻀﻀﻦ ﻣﻦ أﺑﺼﺎرﻫﻦ وﻳﺤﻔﻈﻦ ﻓﺮوﺟﻬﻦ وﻻ ﻳﺒﺪﻳﻦ زﻳﻨﺘﻬﻦ إﻻ ﻣﺎ ﻇﻬﺮ ﻣﻨﻬﺎ‬ 11

Мағынасы: «Мүмін әйелдерге де айт: «(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінен көрінгендері басқа» («Ән-Нур» сүресі, 31-ші аят). Бұл аятта Алланың адамдарға жыныстық мүшелерін күнәдан қорғау әмірінен бұрын көздерін күнәдан сақтауды бұйырғандығы бізге ой салуы тиіс. Сол себепті де, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: ‫ ﻗﻠﺒﻪ‬‫ﻪ اﻟﺤﻼوة ﻓ‬‫ ﺑﺼﺮه أورﺛﻪ اﻟ‬‫ﻬﻢ ﻣﻦ ﺳﻬﺎم إﺑﻠﻴﺲ ﻣﺴﻤﻮم ﻓﻤﻦ ﻏﺾ‬ ‫اﻟﻨﻈﺮ ﺳ‬ «Көз салып қарау – Ібілістің улы жебелерінің бірі. Кімде-кім көзін сақтаса, Алла Тағала ол адамның жүрегіне [иманның] тәтті дәмін дарытады». Имам әл-Қуртуби осы аятты тәпсірлей келіп, сәләфтердің қатарынан шыққан ұлы Құран тәпсіршілерінің бірі Муджәхидтің сөздерін келтіреді: ‫ﻳﻨﻬﺎ ﻟﻤﻦ ﻳﻨﻈﺮ؛ ﻓﺈذا‬ ‫ رأﺳﻬﺎ ﻓﺰ‬‫ إذا أﻗﺒﻠﺖ اﻟﻤﺮأة ﺟﻠﺲ اﻟﺸﻴﻄﺎن ﻋﻠ‬:‫وﻗﺎل ﻣﺠﺎﻫﺪ‬ ‫ ﻋﺠﺰﻫﺎ ﻓﺰﻳﻨﻬﺎ ﻟﻤﻦ ﻳﻨﻈﺮ‬‫أدﺑﺮت ﺟﻠﺲ ﻋﻠ‬ «Әйел адам келе жатқанда шайтан оның басына отырып, қараған адамға оны әдемі етіп көрсетеді; ал, ол өтіп бара жатқанда оның бөксесіне отырып, қараған адамға оны әдемі қып көрсетеді». Сондықтан, мұсылман әйел өзі біле тұра немесе еріксіз түрде шайтанның еркектерді азғырудағы қаруына айналмас үшін қолынан келгенін жасап бағуы керек. Алла Тағаланың (мағынасы): «Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінен көрінгендері басқа», – деген сөзіне келер болсақ, Ибн Кәсир «өзіндігінен көрінгендері басқа» деген сөзді былай талдайды: ‫ﻦ إﺧﻔﺎؤه‬‫ إﻻ ﻣﺎ ﻻ ﻳﻤ‬،‫ ﻻ ﻳﻈﻬﺮن ﺷﻴﺌ ًﺎ ﻣﻦ اﻟﺰﻳﻨﺔ ﻟﻸﺟﺎﻧﺐ‬:‫أي‬ «Яғни, еріксіз көрінетін жерлерін қоспағанда, сұлулығын бөтен еркектерге көрсетпесін». «Еріксіз көрінетін жерлер» дегенді түсінуде Құран тәпсіршілерінің пікірлері екіге бөлінген: денені түгелдей жабу міндет деп санағандар мұнда әйелдің киімі туралы айтылған десе, өзгелер қол мен бет туралы айтылған деген. Әйел адам өзіне берілген сұлулық пен тартымдылықты күйеуіне арнауы керек, ал, бөтен еркектердің алдында мейлінше жабық болуы тиіс. Біздің заманымызда пайда болған жаман әдеттердің бірі ─ әйел үйінде қалай болса солай киініп, олпы-солпы жүреді де, көшеге шығар кезде сәнденіп, барынша боянып-таранады. Сонда ол кім үшін сонша сыланып-сипаланады? Кім үшін боянады? Кімнің алдында әдемі көрінгісі келеді? Мұның жауабы анық: бөтен еркектердің алдында. Бесінші хадис: Әйел күйеуіне құрметпен қарауы тиіс ‫ﻪ ﻋﻠﻴﻪ وﺳﻠﻢ‬‫ اﻟ‬‫ﻪ ‐ ﺻﻠ‬‫ ﻗﺎل رﺳﻮل اﻟ‬:‫ ﻗﺎل‬‫ أوﻓ‬‫ﻪ ﺑﻦ أﺑ‬‫‐ﻋﻦ ﻋﺒﺪ اﻟ‬: ‐ 12

«‫ واﻟﺬي ﻧﻔﺲ ﻣﺤﻤﺪ‬،‫ ﻷﻣﺮت اﻟﻤﺮأة أن ﺗﺴﺠﺪ ﻟﺰوﺟﻬﺎ‬،‫ﻪ‬‫ﻟﻮ ﻛﻨﺖ ‐ آﻣﺮا أﺣﺪ ًا أن ﻳﺴﺠﺪ ﻟﻐﻴﺮ اﻟ‬ ‫ ﻋﻠ‬‫ وﻟﻮ ﺳﺄﻟﻬﺎ ﻧﻔﺴﻬﺎ وﻫ‬،‫ ﺗﺆدي ﺣﻖ زوﺟﻬﺎ‬‫ﺑﻴﺪه ﻻ ﺗﺆدي اﻟﻤﺮأة ﺣﻖ رﺑﻬﺎ ﺣﺘ‬ ‫ﻗﺘﺐ ﻟﻢ ﺗﻤﻨﻌﻪ « أﺧﺮﺟﻪ أﺣﻤﺪ واﺑﻦ ﻣﺎﺟﺪ واﺑﻦ ﺣﺒﺎن‬ Абдуллаһ ибн Әбу Әуфәдан риуаят етілген: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Егерде мен Алладан басқа біреуге сәжде жасауды әмір етер болсам, әйелдің күйеуіне сәжде етуін бұйырар едім. Мұхаммедтің жаны қолында болған Алланың атымен ант етемін, әйел күйеуінің алдындағы міндеттерін орындамайынша, Раббысының алдындағы міндеттерін орындамайды. Тіпті егер ері зембілде жақындасуға тілек білдірсе де, әйелі одан бас тартпауы тиіс» (Ахмад, Ибн Мәджә және Ибн Хиббан). Бұл – исламдағы отбасы құрылымының ұстанымдары мен ондағы ер мен әйелдің орнын анықтап берген ең маңызды әрі негізгі хадистердің бірі. Дініміздің тірегі мен басты ұстанымы – Алла Тағалаға бағынып, бойсұну. Аллаға бағыну – рәсімдерді орындау мен тамаққа қойылған тыйымдар ғана емес, сондай-ақ, Алла Тағаланың бізге орнатқан әлеуметтік рөлдерін қабыл алып, орындау. Солардың ең маңыздысы – жанұядағы ер мен әйелдің рөлі. Біз Алла Тағаланың Өз Білімі мен Даналығының негізінде ер мен әйелдің табиғатына үйлесетін рөл мен қызметті белгілеп бергендігіне сенімдіміз. Ал, бұған қарсы шығатын немесе келіспейтін адам онысымен Алланың Білімінде кемшілік бар дегенді меңзегендей болады, Алла бізді ондайдан сақтасын. Бірақ, өкінішке орай, біздің әрқайсымыз Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл сөздерінің ұмыт болғанын, тіпті дінімізді ұстанатын мұсылман отбасыларында да көп жағдайда шаңырақты әйел адам басқаратынының, ал, күйеуінің (өзінің ойына кіріп-шықса да) әйелінің шешімдерін орындап қана отыратынының куәсі болып жүрміз. Кей жағдайларда әйел адамның солай істемеске амалы жоқ, өйткені, оның таңдап алған өмірлік серігі – шешім қабылдап, сол шешімдерді жүзеге асыруға қабілетсіз. Мұның себебі тәрбиеде жатқаны сөзсіз.Егер қыз бала бүлдіршін шағынан ханшайым тәрізді тәрбиеленетін болса, бағыну, бойсұну деген ұғымдардың оған мүлде жат болары хақ. Хадистің мәтініне қайта оралсақ. Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «егерде мен Алладан басқа біреуге сәжде жасауды әмір етер болсам, әйелдің күйеуіне сәжде етуін бұйырар едім» деген сөзін «Тухфәт әл-Әхуәзидің» авторы былай түсіндіреді: ‫ ﻫﺬا ﻏﺎﻳﺔ اﻟﻤﺒﺎﻟﻐﺔ ﻟﻮﺟﻮب‬‫ وﻓ‬، ‫ﺮﻫﺎ‬‫ﺜﺮة ﺣﻘﻮﻗﻪ ﻋﻠﻴﻬﺎ وﻋﺠﺰﻫﺎ ﻋﻦ اﻟﻘﻴﺎم ﺑﺸ‬‫ﻟ‬ ‫ﻪ‬‫ ﺣﻖ زوﺟﻬﺎ ؛ ﻓﺈن اﻟﺴﺠﺪة ﻻ ﺗﺤﻞ ﻟﻐﻴﺮ اﻟ‬‫إﻃﺎﻋﺔ اﻟﻤﺮأة ﻓ‬ «Яғни: әйел адамның күйеуінің алдындағы міндеті көп болғандығы және соның бәрін орындау оның қолынан келмейтіндігі себепті. Әйелдің күйеуіне бағынуы керектігіне ерекше көңіл аудару үшін осылай айтылған. Ал, Алладан басқа біреуге сәжде жасауға тыйым салынады». Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл сөзімен әйелден талап етілетін бағыну мен бойсұнуды лайықты түрде орындаудың өте қиын екенін көрсеткен және Алладан 13

басқа тағы біреуге сәжде етуге рұқсат етілгенде (бірақ, ол рұқсат етілмеген), ол әйелдің күйеуіне бойсұнуда жіберген олқылықтарының орнын толтыру үшін еріне сәжде жасауын әмір етер еді. Ары қарай Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдің Алла Тағаланың алдындағы міндеттерінің орындалуын күйеуінің алдындағы міндеттерінің орындалуымен байланыстырған. Өйткені, күйеуге бағыну – Аллаға бағыну, себебі, бұл – Раббымыздың әмірі. Ал, «тіпті егер ері зембілде жақындасуға тілек білдірсе де, әйелі одан бас тартпауы тиіс» дегенге келер болсақ, «Хашиятәс-Санадидің» авторы былай дейді: ‫ ﻫﺬه اﻟﺤﺎﻟﺔ‬‫ ﻟﻬﻦ اﻻﻣﺘﻨﺎع ﻓ‬‫ ﻣﻄﺎوﻋﺔ أزواﺟﻬﻦ وأﻧﻬﻦ ﻻ ﻳﻨﺒﻐ‬‫ﻣﻌﻨﺎه اﻟﺤﺚ ﻋﻠ‬ ‫ ﻗﺘﺐ وﻳﻘﺎل‬‫ ﻏﻴﺮﻫﺎ وﻗﻴﻞ إن ﻧﺴﺎء اﻟﻌﺮب ﻛﻦ إذا أردن اﻟﻮﻻدة ﺟﻠﺴﻦ ﻋﻠ‬‫ﻴﻒ ﻓ‬‫ﻓ‬ ‫إﻧﻪ أﺳﻬﻞ ﻟﺨﺮوج اﻟﻮﻟﺪ ﻓﺄراد ﺗﻠﻚ اﻟﺤﺎﻟﺔ‬ «Бұл айтылғанның астарында әйелдерді күйеулеріне бағынуға үндеу жатыр. Оларға тіпті бұл жағдайда да күйеулеріне құлақ аспауға болмайды. Ендеше, басқа жағдай туралы айтпасақ та болатын шығар. Өзгелердің айтуынша, арабтардың әйелдері босанатын кездерінде зембілге отыратын болған, өйткені, бұл босануды жеңілдетеді екен. Мұнда тура сол ахуал меңзелген». Алтыншы хадис: Күйеуге бағыну ‫ﻪ ﻋﻠﻴﻪ وﺳﻠﻢ ﻗﺎل ﻻ ﻳﺤﻞ ﻟﻠﻤﺮأة‬‫ اﻟ‬‫ﻪ ﺻﻠ‬‫ﻪ ﻋﻨﻪ أن رﺳﻮل اﻟ‬‫ اﻟ‬‫ ﻫﺮﻳﺮة رﺿ‬‫ﻋﻦ أﺑ‬ ‫ ﺑﻴﺘﻪ إﻻ ﺑﺈذﻧﻪ وﻣﺎ أﻧﻔﻘﺖ ﻣﻦ ﻧﻔﻘﺔ‬‫أن ﺗﺼﻮم وزوﺟﻬﺎ ﺷﺎﻫﺪ إﻻ ﺑﺈذﻧﻪ وﻻ ﺗﺄذن ﻓ‬ ‫ﻋﻦ ﻏﻴﺮ أﻣﺮه ﻓﺈﻧﻪ ﻳﺆدى إﻟﻴﻪ ﺷﻄﺮه‬ Әбу Хурейрадан (Алла оған разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені риуаят етілген: «Күйеуі қасында болса, ол рұқсат етпеген жағдайда әйелге ораза ұстауға рұқсат етілмейді және ерінің рұқсатынсыз оның үйіне біреуді кіргізуге рұқсат етілмейді. Ал, ол ерінің дүние-мүлігінен оның әмірінсіз жұмсар болса, оған (күйеуіне) жарты [сауап]» (әл-Бұхари). Бұл хадис бізге алдыңғы хадисте баяндалған қағидаларды, яғни, күйеуге бағыну мен оның разылығына ұмтылу керектігін көрсетеді. Исламдағы аса маңызды әлеуметтік концептілердің бірі – биліктің бір адамның қолында болуы, яғни, кез келген істе және кез келген жұмыста бір басшы болуы керек, қалған адамдар соған бағынуы тиіс. Ал, бұдан басқаша үлгі бүліншілікке, құлдырауға және бейберекеттікке әкеп соғады. Бұл қағидалар тиімді кәсіп немесе табысты компания құрғысы келетін кез келген адамға түсінікті. Бірақ, мәселе жанұя мен отбасылық қарым-қатынасқа кеп тірелгенде, көптеген адамдар тең құқықтық жайлы сөз қозғай бастайды. Жанұя – басқару мен бақылауды талап ететін әлеуметтік ағза. Толық билікті қолына алған бір адам болмаса, оны басқару да, бақылауда ұстау да мүмкін емес. Біздің дінімізге сәйкес, ондай рөлдің күйеуге артылатыны сөзсіз. Сол себепті, Ислам отбасында кикілжің тудыруы ықтимал немесе даулы мәселеге айналуы мүмкін болған нәрселердің бәрін 14

қарастырып, ретке келтіреді. Исламда «екі жыныстың арасында соғыс» деген ұғым жоқ – гендерлік басымдылыққа қатысты мәселелердің барлығы қайта қарауды қажет етпейтіндей дәрежеде түбегейлі шешілген. «Фәтх әл-Бәридің» авторы Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «күйеуі қасында болса, ол рұқсат етпеген жағдайда әйелге ораза ұстауға рұқсат етілмейді» деген сөзіне мынадай түсініктеме берген: ‫ ﻏﻴﺮ رﻣﻀﺎن ﻣﻦ اﻟﻮاﺟﺐ إذا ﺗﻀﻴﻖ اﻟﻮﻗﺖ‬‫ وﻛﺬا ﻓ‬، ‫ ﻏﻴﺮ ﺻﻴﺎم أﻳﺎم رﻣﻀﺎن‬‫ ﻓ‬‫ﻳﻌﻨ‬ «Яғни, мұның Рамазан айындағы ораза мен Рамазаннан тысқары уақыттағы парыз етілген оразаға (егер оны тұтуға басқа уақыт болмаса) қатысы жоқ». Ибн Хаджар әл-Әсқаләнидің бұл сөздерінен түсінікті болғаны, хадисте парыз болған ораза емес, мұстахап ораза жайлы айтылған. Ал, парыз етілген ораза – не Рамазан айының оразасы, не нәзір (серт беріп ұстайтын) ораза, не өтеуге басқа уақыт қалмаған жағдайда, қаза болған оразаны ұстау. Мұны Ибн Хаджар келтірген Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тағы бір хадисі растайды: ‫ أﺛﻨﺎء ﺣﺪﻳﺚ‬‫ ﻣﻦ ﺣﺪﻳﺚ اﺑﻦ ﻋﺒﺎس ﻣﺮﻓﻮﻋﺎ ﻓ‬‫وأﺧﺮج اﻟﻄﺒﺮاﻧ‬ ‫ ﻓﺈن ﻓﻌﻠﺖ ﻟﻢ ﻳﻘﺒﻞ ﻣﻨﻬﺎ‬، ‫ زوﺟﺘﻪ أن ﻻ ﺗﺼﻮم ﺗﻄﻮﻋﺎ إﻻ ﺑﺈذﻧﻪ‬‫وﻣﻦ ﺣﻖ اﻟﺰوج ﻋﻠ‬ «Әт-Тәбәрани Ибн Аббастан риуаят етілген хадисте былай келтірген: «Күйеудің өз әйеліне [қатысты] хақыларының бірі – әйел ерінің рұқсатынсыз мұстахап ораза ұстай алмайды, егерде ол (әйел) солай ораза ұстар болса, оразасы қабыл болмайды»». Мұндай үкімнің себебіне келер болсақ, имам «Фәтхәл-Бәриде» имам Ән-Нәуәуидің түсіндірмесін келтіреді: ‫» ﺷﺮح ﻣﺴﻠﻢ‬‫ﻗﺎل اﻟﻨﻮوي ﻓ‬ « : ‫وﺳﺒﺐ ﻫﺬا اﻟﺘﺤﺮﻳﻢ أن ﻟﻠﺰوج ﺣﻖ اﻻﺳﺘﻤﺘﺎع ﺑﻬﺎ‬ ‫ اﻟﺘﺮاﺧ‬‫ اﻟﻔﻮر ﻓﻼ ﻳﻔﻮﺗﻪ ﺑﺎﻟﺘﻄﻮع وﻻ ﺑﻮاﺟﺐ ﻋﻠ‬‫ وﺣﻘﻪ واﺟﺐ ﻋﻠ‬، ‫ ﻛﻞ وﻗﺖ‬‫ﻓ‬ ‫ وإﻧﻤﺎ ﻟﻢ ﻳﺠﺰ ﻟﻬﺎ اﻟﺼﻮم ﺑﻐﻴﺮ إذﻧﻪ وإذا أراد اﻻﺳﺘﻤﺘﺎع ﺑﻬﺎ ﺟﺎز وﻳﻔﺴﺪ ﺻﻮﻣﻬﺎ ﻷن‬، ‫ ﻟﻪ ﺧﻼف ذﻟﻚ‬‫ وﻻ ﺷﻚ أن اﻷوﻟ‬، ‫اﻟﻌﺎدة أن اﻟﻤﺴﻠﻢ ﻳﻬﺎب اﻧﺘﻬﺎك اﻟﺼﻮم ﺑﺎﻹﻓﺴﺎد‬ ‫إن ﻟﻢ ﻳﺜﺒﺖ دﻟﻴﻞ ﻛﺮاﻫﺘﻪ‬ «Ән-Нәуәуи «Шарх Муслимде» былай деген: «Бұл тыйымның себебі мынада: ердің хақысы – кез келген уақытта әйелімен жақындасу, ал, оның хақысын бірден орындау міндетті. Сол себепті, ол ешқандай мұстахап амалға немесе кейін орындауға болатын парыз амалға бола кейінге қалдырыла алмайды. Сол үшін әйелдің ерінің рұқсатынсыз ораза ұстауға хақы жоқ. Егерде ол (күйеуі) жақындасқысы келсе, бұған рұқсат етіледі, сондықтан, ол әйелінің оразасын бұза алады. Бірақ, әдетте мұсылман адам оразаны бұзудан аулақ болады. Күмәнсіз, оның бұлай 15

істемегені абзал, десе де, мұның мәкруһ екеніне дәлел жоқ». Алла Тағала отбасында «мүдделердің таласы» болмайтындай етіп үкімдер орнатып берді. Сол себепті, әйел құлшылық жасап жатқанын тілге тиек етіп, күйеуінің хақысын бұза алмайды. Сонымен бірге, біз бұл хадистен дініміздің аса маңызды қағидасын түсінеміз: бұл – «артықшылықтар қағидасы», яғни, егер кімде-кім мұстахап амалды орындау үшін парыз етілгеннен бас тартса, бұл күнә және құлақ аспау болады. Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «ерінің рұқсатынсыз оның үйіне біреуді кіргізуге рұқсат етілмейді» деген сөзіне келер болсақ, ИбнХаджар былай дейді: ‫ أﻣﺎ ﻟﻮ ﻋﻠﻤﺖ رﺿﺎ‬، ‫ ﻣﺎ ﻻ ﺗﻌﻠﻢ رﺿﺎ اﻟﺰوج ﺑﻪ‬‫ وﻫﻮ ﻣﺤﻤﻮل ﻋﻠ‬: ‫وﻗﺎل اﻟﻨﻮوي‬ ‫ ﻛﻤﻦ ﺟﺮت ﻋﺎدﺗﻪ ﺑﺈدﺧﺎل اﻟﻀﻴﻔﺎن ﻣﻮﺿﻌﺎ ﻣﻌﺪا ﻟﻬﻢ‬، ‫اﻟﺰوج ﺑﺬﻟﻚ ﻓﻼ ﺣﺮج ﻋﻠﻴﻬﺎ‬ ‫ وﺣﺎﺻﻠﻪ أﻧﻪ ﻻ‬، ‫ إذن ﺧﺎص ﻟﺬﻟﻚ‬‫ﺳﻮاء ﻛﺎن ﺣﺎﺿﺮا أم ﻏﺎﺋﺒﺎ ﻓﻼ ﻳﻔﺘﻘﺮ إدﺧﺎﻟﻬﻢ إﻟ‬ ‫ﺑﺪ ﻣﻦ اﻋﺘﺒﺎر إذﻧﻪ ﺗﻔﺼﻴﻼ أو إﺟﻤﺎﻻ‬ Ән-Нәуәуи былай деген: «Бұл [әлдекімді үйіне кіргізу үшін күйеуінен рұқсат сұрау міндеті] мына жағдайға қатысты: егер әйел күйеуінің соған разы болатын-болмайтынын білмесе. Ал, егер разы болатынын білсе, ешқандай қиындық жоқ. Әдетте ер үйде болса да, болмаса да, қонақтар өздеріне арналған бөлек жерде қабылданады, сол себепті, оларды үйге шақыру үшін рұқсаттың қажеті жоқ. Бұл мәселенің мәні – кез келген жағдайда немесе жалпы алғанда, әйелге күйеуінің рұқсатының қажет екендігінде». Басқаша айтқанда, бұл тыйым әйел өзінің жасап жатқан ісіне күйеуінің разы болатын- болмайтынын білмейтін жағдайға немесе оның разы болмайтынын анық білетін жағдайға қатысты. Ал, «ал, ол ерінің дүние-мүлігінен оның әмірінсіз жұмсар болса, оған (күйеуіне) жарты [сауап]» дегенге келер болсақ, «Фәтх әл-Бәриде» былай делінеді: ‫ ﻗﺪر ﻳﺴﻴﺮ ﻳﻌﻠﻢ رﺿﺎ اﻟﻤﺎﻟﻚ ﺑﻪ ﻋﺮﻓﺎ‬‫واﻋﻠﻢ أن ﻫﺬا ﻛﻠﻪ ﻣﻔﺮوض ﻓ‬ «Біліп қой, мұның бәрі әдетте күйеуі разы болатын құны аз мүлікке қатысты». Егер әйелі күйеуінің азын-аулақ мүлігін игілікке жұмсаса, ол (күйеуі) соның сауабының жартысын алады. Ал, ең дұрысын Алла біледі. Жетінші хадис: Ерлердің бөтен әйел бар жерге кіруіне тыйым салынады ‫ﻪ ﻋﻠﻴﻪ وﺳﻠﻢ‬‫ اﻟ‬‫ﻪ ‐ ﺻﻠ‬‫ ‐ ﻋﻨﻪ أن رﺳﻮل اﻟ‬‫ﻪ ‐ ﺗﻌﺎﻟ‬‫ اﻟ‬‫ﻋﻦ ﻋﻘﺒﻪ ﺑﻦ ﻋﺎﻣﺮ رﺿ‬ ‐ ‫ﻪ أﻓﺮأﻳﺖ‬‫ ﻳﺎ رﺳﻮل اﻟ‬:‫ ﻓﻘﺎل رﺟﻞ ﻣﻦ اﻷﻧﺼﺎر‬،‫ اﻟﻨﺴﺎء‬‫ إﻳﺎﻛﻢ واﻟﺪﺧﻮل ﻋﻠ‬:«‫ﻗﺎل‬ ‫ ﻣﺘﻔﻖ ﻋﻠﻴﻪ‬.‫ اﻟﺤﻤﻮ اﻟﻤﻮت‬:‫اﻟﺤﻤﻮ؟ ﻗﺎل‬ Уқбә ибн Әмірден (Алла оған разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені риуаят етілген: «[Бөтен] әйел бар жерге кіруден 16

сақ болыңдар». Сонда бір аңсар: «Күйеуінің бауыры ше?» - деп сұраған. Ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Күйеуінің бауыры – ажал», - деген (әл-Бұхари мен Муслим). Ибн Дақиқәл-Ид «Ихкамәл-Ахкам» кітабында былай дейді: ‫ وﻫﻮ‬، ‫ وﻻ ﺑﺪ ﻣﻦ اﻋﺘﺒﺎر أﻣﺮ آﺧﺮ‬، ‫ ﻏﻴﺮﻫﻦ‬‫ وﻋﺎم ﺑﺎﻟﻨﺴﺒﺔ إﻟ‬، ‫ﻣﺨﺼﻮص ﺑﻐﻴﺮ اﻟﻤﺤﺎرم‬ ‫ أﻣﺎ إذا ﻟﻢ ﻳﻘﺘﺾ ذﻟﻚ ﻓﻼ ﻳﻤﺘﻨﻊ‬، ‫ﻮن اﻟﺪﺧﻮل ﻣﻘﺘﻀﻴﺎ ﻟﻠﺨﻠﻮة‬‫أن ﻳ‬ «Бұл хадистің махрамдарға қатысы жоқ. Бірақ, ол қалған адамдардың барлығына ортақ. Сондай-ақ, тағы бір айта кететіні, мұнда әйел мен еркектің оңаша қалуы жайында айтылған, олар оңаша қалмайтын болса, тыйым да салынбайды». Сол себепті, Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл сөздері қарама-қарсы жыныс өкілімен оңашалануға тыйым салынатынын көрсетеді. Қоғамда ол адамдар туыс болып саналғанымен (мәселен, немере әпке-қарындасың немесе күйеуіңнің бауыры), Шариғат бүліктің алдын алу мақсатында олармен оңашалануға тыйым салады. Имам ән-Нәуәуи «Шарх Муслимде» былай дейді: ‫ ﻣﻤﺎ ﻳﺤﻞ‬. ‫ واﺑﻦ اﻷﺧﺖ وﻧﺤﻮﻫﻢ‬، ‫ واﺑﻦ اﻟﻌﻢ‬، ‫ واﺑﻦ اﻷخ واﻟﻌﻢ‬، ‫وإﻧﻤﺎ اﻟﻤﺮاد اﻷخ‬ ‫ وﺟﺮت اﻟﻌﺎدة ﺑﺎﻟﺘﺴﺎﻫﻞ ﻓﻴﻪ ﻓﻴﺨﻠﻮ اﻷخ ﺑﺎﻣﺮأة‬، ‫ﻦ ﻣﺘﺰوﺟﺔ‬‫ﻟﻪ ﺗﺰوﻳﺠﻪ ﻟﻮ ﻟﻢ ﺗ‬ ‫ ﺑﺎﻟﻤﻨﻊ ﻣﻦ اﻷﺟﻨﺒ‬‫ وﻫﻮ أوﻟ‬، ‫أﺧﻴﻪ ﻓﺸﺒﻪ ﺑﺎﻟﻤﻮت‬ «Бұл хадисте әйелдің күйеуінің бауыры, күйеуінің бауырының ұлы, күйеуінің әкесінің және анасының бауырлары, күйеуінің әкесінің және анасының бауырларының ұлдары, күйеуінің әпке-қарындастарының ұлдары және ол әйел тұрмыста болмаған жағдайда оған үйлене алатын еркектердің бәрі меңзелген.Әдетте адамдар бұл мәселеде немқұрайлылық танытады, бауырыңның әйелімен оңаша қалуды ұят көрмейді. Сол себепті де, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мұны ажалмен салыстырған. Демек, мүлдем жат адамдарға қарағанда оларға қойылатын тыйым әлдеқайда қатаң». Неге оларға салынатын тыйым әлдеқайда қатаң? Себебі, басқаларға қарағанда, оларға оңашалану оңай және бұл ешқандай күдік тудырмайды. Әл-Қуртуби «Әл-Мәфхамда» былай дейді: ‫ اﻣﺮأة اﻟﺰوج ﻳﺸﺒﻪ‬‫ أن دﺧﻮل ﻗﺮﻳﺐ اﻟﺰوج ﻋﻠ‬‫ اﻟﻤﻌﻨ‬: ‫ اﻟﻤﻔﻬﻢ‬‫ ﻓ‬‫ﻗﺎل اﻟﻘﺮﻃﺒ‬ ‫ اﻟﺰﺟﺮ‬‫ وإﻧﻤﺎ ﺑﺎﻟﻎ ﻓ‬، ‫ ﻓﻬﻮ ﻣﺤﺮم ﻣﻌﻠﻮم اﻟﺘﺤﺮﻳﻢ‬: ‫ اﻻﺳﺘﻘﺒﺎح واﻟﻤﻔﺴﺪة أي‬‫اﻟﻤﻮت ﻓ‬ ‫ﻋﻨﻪ وﺷﺒﻬﻪ ﺑﺎﻟﻤﻮت ﻟﺘﺴﺎﻣﺢ اﻟﻨﺎس ﺑﻪ ﻣﻦ ﺟﻬﺔ اﻟﺰوج واﻟﺰوﺟﺔ ﻹﻟﻔﻬﻢ ﺑﺬﻟﻚ ﺣﺘ‬ ‫ واﻟﺤﺮب‬، ‫ ﻓﺨﺮج ﻫﺬا ﻣﺨﺮج ﻗﻮل اﻟﻌﺮب اﻷﺳﺪ اﻟﻤﻮت‬. ‫ ﻣﻦ اﻟﻤﺮأة‬‫ﻛﺄﻧﻪ ﻟﻴﺲ ﺑﺄﺟﻨﺒ‬ ‫ ﻣﻮت‬‫ إﻟ‬‫ اﻟﻤﺮأة ﻗﺪ ﻳﻔﻀ‬‫ وﻛﺬﻟﻚ دﺧﻮﻟﻪ ﻋﻠ‬، ‫ اﻟﻤﻮت‬‫ إﻟ‬‫ ﻟﻘﺎؤه ﻳﻔﻀ‬: ‫ أي‬، ‫اﻟﻤﻮت‬ ‫ اﻟﺮﺟﻢ إن وﻗﻌﺖ اﻟﻔﺎﺣﺸﺔ‬‫ ﻣﻮﺗﻬﺎ ﺑﻄﻼﻗﻬﺎ ﻋﻨﺪ ﻏﻴﺮة اﻟﺰوج أو اﻟ‬‫اﻟﺪﻳﻦ أو اﻟ‬ «Мұның мағынасы мынадай: күйеуіңнің жақын туыстарымен оңаша қалудың ажалға ұқсайтын себебі, бұл – ақыр соңында бір бәлеге душар ететін әбестік. Ерлер де, әйелдер де құдды ол адамдар әйелге бөтен емес сияқты, бұл мәселеге тым немқұрайлы қарайды. Бұл айтылған 17

сөздер арабтардың мына мақалдарына ұқсайды: «Арыстан – ажал» немесе «Соғыс дегеніміз - өлім», яғни, олармен бетпе-бет келу өліммен аяқталады. Дәл сол сияқты, бөтен әйелмен оңашалану адамның дінінің түбіне жетуі мүмкін, не ол (әйел) құрдымға кетеді, яғни, күйеуі қызғаныштан онымен ажырасып тынуы ықтимал, не зина жасалғаны анықталса, мұның өлім жазасымен аяқталуы ғажап емес». Расында да, біздің заманымызда адамдар бұл тыйымды орындауға өте салақ қарайды. Кейбір мұсылман халықтарында әйел адам күйеуінің туыстарына жанаса алады деп саналады, мәселен, өздерінің жақын туыс екенін көрсетіп, күйеуінің бауырын құшақтай алады. Мұның бәрі – жиіркенішті әдет-ғұрып. Адамдарды олардан сақтандыру керек. Ал, ең дұрысын Алла біледі. Сегізінші хадис: Мешітте әйелдер кіретін бөлек есік болуы тиіс ‫ﻪ ﻋﻠﻴﻪ‬‫ اﻟ‬‫ﻪ ‐ ﺻﻠ‬‫ ﻗﺎل رﺳﻮل اﻟ‬:‫ﻪ ﻋﻨﻪ ‐ ﻗﺎل‬‫ اﻟ‬‫ﻋﻦ ﻧﺎﻓﻊ ﻋﻦ اﺑﻦ ﻋﻤﺮ ‐ رﺿ‬ ‫ ﻣﺎت‬‫ ﻓﻠﻢ ﻳﺪﺧﻞ ﻣﻨﻪ اﺑﻦ ﻋﻤﺮ ﺣﺘ‬:‫ ﻗﺎل ﻧﺎﻓﻊ‬،‫‐ ﻟﻮ ﺗﺮﻛﻨﺎ ﻫﺬا اﻟﺒﺎب ﻟﻠﻨﺴﺎء‬:« ‫وﺳﻠﻢ‬. ‫أﺧﺮﺟﻪ أﺑﻮ داود‬. Нәфи`ден, Ибн Омардан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Осы есікті әйелдерге қалдырғанымызда ғой». Нәфи` былай деді: «Содан кейін Ибн Омар өле-өлгенше сол есіктен кірген жоқ» (Әбу Дәуд). «Әун әл-Мә`будтың» авторы былай дейді: ‫ﻪ ﻋﻠﻴﻪ وﺳﻠﻢ‬‫ اﻟ‬‫ ﺻﻠ‬‫)ﻟﻮ ﺗﺮﻛﻨﺎ ﻫﺬا اﻟﺒﺎب ) أي ﺑﺎب اﻟﻤﺴﺠﺪ اﻟﺬي أﺷﺎر اﻟﻨﺒ‬ ‫ اﻟﺪﺧﻮل واﻟﺨﺮوج ﻣﻦ‬‫ﺎن ﺧﻴﺮا وأﺣﺴﻦ ﻟﺌﻼ ﺗﺨﺘﻠﻂ اﻟﻨﺴﺎء ﺑﺎﻟﺮﺟﺎل ﻓ‬‫ﻟﻠﻨﺴﺎء ﻟ‬ ‫ اﻟﻤﺴﺎﺟﺪ ﻣﻊ‬‫( واﻟﺤﺪﻳﺚ ﻓﻴﻪ دﻟﻴﻞ أن اﻟﻨﺴﺎء ﻻ ﻳﺨﺘﻠﻄﻦ ﻓ‬100 :‫ )ص‬. ‫اﻟﻤﺴﺠﺪ‬ ‫ﺎن ﻋﺒﺪ‬‫ ﻓ‬، ‫ ﺟﺎﻧﺐ اﻟﻤﺴﺠﺪ وﻳﺼﻠﻴﻦ ﻫﻨﺎك ﺑﺎﻻﻗﺘﺪاء ﻣﻊ اﻹﻣﺎم‬‫اﻟﺮﺟﺎل ﺑﻞ ﻳﻌﺘﺰﻟﻦ ﻓ‬ ‫ ﻣﺎت‬‫ ﻓﻠﻢ ﻳﺪﺧﻞ ﻣﻦ اﻟﺒﺎب اﻟﺬي ﺟﻌﻞ ﻟﻠﻨﺴﺎء ﺣﺘ‬، ‫ﻪ ﺑﻦ ﻋﻤﺮ أﺷﺪ اﺗﺒﺎﻋﺎ ﻟﻠﺴﻨﺔ‬‫اﻟ‬ ««Осы есікті қалдырғанымызда ғой» – яғни, мешіттің Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «әйелдерге» деп көрсеткен есігін соларға қалдырғанда игі болар еді және мешітке кіріп-шыққанда әйелдердің еркектермен араласпағаны абзал. Бұл хадисте мешітте әйелдер мен еркектердің араласуына рұқсат етілмейтіндігіне дәлел бар. Олар мешітте бөлек жерде болулары керек және намазды имамға ұйып, сол жерде оқулары тиіс. Абдуллаһ ибн Омар Сүннетті орындаудағы күшті құлшынысымен ерекшеленетін, сол себепті, әйелдерге [арналған есік] деп көрсетілген есіктен өмірінің ақырына дейін кірген емес». Бұл хадисте екі жыныс өкілдерінің аралас-құралас болуына тыйым салынатындығы және мешітте әйелдер кіретін есіктің еркектер кіретін есіктен бөлек болуы керектігі меңзелген. Себебі, әйтпеген жағдайда, ерлер мен әйелдер бір-біріне көз салып қараудың салдарынан 18

Аллаға құлшылық жасаудан алаңдайды. Ал, егер мешітте жалпыға бірдей дәріс өткізілсе, ерлер мен әйелдер араласпас үшін әйелдерге бөлек орын бөлінуі тиіс. Сонымен қатар, Ресейдің мешіттері өте аз, кейбір ірі қалаларында кеңінен тарап кеткен жайт жөнінде бірер ауыз сөз айта кеткен жөн. Жұма күндері мешіттерге намазға келгендердің барлығы сыймайды. Бірақ, есесіне, сол мешіттерден әйелдерге даңғарадай бір бөлме бөлінеді. Ол не үшін бөлінеді? Не үшін әйелдер ол жаққа барады? Жұма намазы мойнына парыз болып жүктелген жүздеген адамдар солардың кесірінен намаздарын көшеде оқуға мәжбүр. Ал, күн болса, әрдайым жарқырап тұрмайды. Жұма уағыздарының барлығын көптеген сайттарда онлайн тыңдауға болады. Оның үстіне, кез келген бос жерге жайнамаздарын төсеп үлгеруге асыққан еркектердің арасынан қысылып-қымтырылып өтіп, жұма уағызына барудың қажеті қанша? Әйелдердің мешітке баруына келер болсақ, бұл мәселені бұдан алдын талдап кеттік. Тоғызыншы хадис: Күйеуінің төсегін тәрк еткен әйелді періштелер қарғап тұрады ‫ﻪ ﻋﻠﻴﻪ وﺳﻠﻢ‬‫ اﻟ‬‫ ‐ ﺻﻠ‬‫ ﻫﺮﻳﺮة ﻗﺎل ﻗﺎل اﻟﻨﺒ‬‫‐ ﻋﻦ أﺑ‬: ‫ ﻣﺘﻔﻖ ﻋﻠﻴﻪ‬.‫ ﺗﺮﺟﻊ‬‫ﺔ ﺣﺘ‬‫إذا ﺑﺎﺗﺖ اﻟﻤﺮأة ﻣﻬﺎﺟﺮة ﻓﺮاش زوﺟﻬﺎ ﻟﻌﻨﺘﻬﺎ اﻟﻤﻼﺋ‬ Әбу Хурейрадан риуаят етілген: «Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Егер әйел күйеуінің төсегін тәрк етсе, періштелер оны қайтып келгенше қарғап тұрады»» (әл-Бұхари мен Муслим). Ибн Хәджәр «Фәтх әл-Бәриде» былай дейді: ‫ اﻟﻈﺎﻫﺮ أن اﻟﻔﺮاش ﻛﻨﺎﻳﺔ ﻋﻦ اﻟﺠﻤﺎع‬: ‫ ﺟﻤﺮة‬‫ﻗﺎل اﺑﻦ أﺑ‬ «Ибн Әбу Джәмра былай деген: «Бұл жерде «төсек» мағынасында ерлі-зайыптылардың жақындасуы айтылғандығы айқын»». Сол себепті, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ешқандай шариғи себепсіз күйеуімен жақындасудан бас тартқан әйелді періштелердің қарғап тұратындығын айтқан, өйткені, ол ерінің алдындағы ең басты міндетін орындамаған болып саналады. Әйел адам төсек мәселесінде өте мұқият болуы тиіс – әйтпесе, күндердің күнінде күйеуінің екінші әйелі барын естіп, төбесінен жай түскендей күйге түсуі ғажап емес. Сондай-ақ, бір түсініп алатын нәрсе, біз Шариғат айқындап берген белгілі бір шеңберден шықпауымыз керек. Бірақ, бұл отбасылық өмір адами қарым-қатынастан мақұрым, қатып қалған қағидалардан тұрады, әйел болса, барлық бұйрықтарды үн-түнсіз орындап отыратын робот деген сөз емес. Ибн Хәджәр «Әл-Фәтхта» мына хадисті келтіреді: 19

‫ ﻋﺒﺪ آﺑﻖ‬: ‫ ﻣﻦ ﺣﺪﻳﺚ اﺑﻦ ﻋﻤﺮ رﻓﻌﻪ اﺛﻨﺎن ﻻ ﺗﺠﺎوز ﺻﻼﺗﻬﻤﺎ رءوﺳﻬﻤﺎ‬‫وﻟﻠﻄﺒﺮاﻧ‬ ‫ ﺗﺮﺟﻊ وﺻﺤﺤﻪ اﻟﺤﺎﻛﻢ‬‫واﻣﺮأة ﻏﻀﺐ زوﺟﻬﺎ ﺣﺘ‬. «Әт-Тәбәрани, Ибн Омардан жеткізген: «Екі адамның намазы өзінің басынан ары аспайды. Олар: қашып кеткен құл мен күйеуінің ашуын тудырған әйел, өзі қайтып келмейінше». Әл-Хаким хадистің сенімді екенін айтқан». Бұл хадис бізге құлшылықтың ең маңызды түрі болып табылатын намаздың, әйелдің намазының қабыл болу-болмауы ерінің алдындағы міндеттерін қаншалықты орындайтынына байланысты екенін үйретеді. Ары қарай Ибн Хәджәр, Ибн Әбу Джәмраның айтқандарына сүйене отырып, Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл сөздерінің астарында тағы қандай мағына жатқанын баяндайды: ‫ ﺗﺮك‬‫ وﻓﻴﻪ أن ﺻﺒﺮ اﻟﺮﺟﻞ ﻋﻠ‬. ‫ ﻣﺴﺎﻋﺪة اﻟﺰوج وﻃﻠﺐ ﻣﺮﺿﺎﺗﻪ‬‫وﻓﻴﻪ اﻹرﺷﺎد إﻟ‬ ‫ اﻟﺮﺟﻞ داﻋﻴﺔ‬‫ وﻓﻴﻪ أن أﻗﻮى اﻟﺘﺸﻮﻳﺸﺎت ﻋﻠ‬: ‫ ﻗﺎل‬. ‫اﻟﺠﻤﺎع أﺿﻌﻒ ﻣﻦ ﺻﺒﺮ اﻟﻤﺮأة‬ ‫ أو اﻟﺴﺒﺐ‬. ‫ ذﻟﻚ اه‬‫ ﻣﺴﺎﻋﺪة اﻟﺮﺟﺎل ﻓ‬‫ﺎح وﻟﺬﻟﻚ ﺣﺾ اﻟﺸﺎرع اﻟﻨﺴﺎء ﻋﻠ‬‫اﻟﻨ‬ ‫ ذﻟﻚ ﻛﻤﺎ‬‫ اﻟﺘﺮﻏﻴﺐ ﻓ‬‫ وﻳﺮﺷﺪ إﻟﻴﻪ اﻷﺣﺎدﻳﺚ اﻟﻮاردة ﻓ‬. ‫ اﻟﺘﻨﺎﺳﻞ‬‫ﻓﻴﻪ اﻟﺤﺾ ﻋﻠ‬ ‫ ﻋﺒﺎدﺗﻪ‬‫ﻪ واﻟﺼﺒﺮ ﻋﻠ‬‫ ﻣﻼزﻣﺔ ﻃﺎﻋﺔ اﻟ‬‫ وﻓﻴﻪ إﺷﺎرة إﻟ‬: ‫ ﻗﺎل‬، ‫ﺎح‬‫ أواﺋﻞ اﻟﻨ‬‫ﺗﻘﺪم ﻓ‬ ‫ ﻣﺮاﻋﺎﺗﻪ ﻟﻌﺒﺪه ﺣﻴﺚ ﻟﻢ ﻳﺘﺮك ﺷﻴﺌﺎ ﻣﻦ ﺣﻘﻮﻗﻪ إﻻ ﺟﻌﻞ ﻟﻪ ﻣﻦ ﻳﻘﻮم ﺑﻪ‬‫ﺟﺰاء ﻋﻠ‬ ‫ اﻟﻌﺒﺪ‬‫ ﻓﻌﻠ‬، ‫ﺘﻪ ﺗﻠﻌﻦ ﻣﻦ أﻏﻀﺐ ﻋﺒﺪه ﺑﻤﻨﻊ ﺷﻬﻮة ﻣﻦ ﺷﻬﻮاﺗﻪ‬‫ ﺟﻌﻞ ﻣﻼﺋ‬‫ﺣﺘ‬ ‫ ﻃﻠﺒﻬﺎ ﻣﻨﻪ ; وإﻻ ﻓﻤﺎ أﻗﺒﺢ اﻟﺠﻔﺎء ﻣﻦ اﻟﻔﻘﻴﺮ اﻟﻤﺤﺘﺎج إﻟ‬‫ ﺣﻘﻮق رﺑﻪ اﻟﺘ‬‫أن ﻳﻮﻓ‬ ‫ﻪ‬‫ ﺟﻤﺮة رﺣﻤﻪ اﻟ‬‫ اه ﻣﻠﺨﺼﺎ ﻣﻦ ﻛﻼم اﺑﻦ أﺑ‬. ‫ﺜﻴﺮ اﻹﺣﺴﺎن‬‫ اﻟ‬‫اﻟﻐﻨ‬. «Сонымен қатар, бұл хадисте күйеуіңе көмектесіп, оның разылығына ұмтылу керектігіне нұсқау бар. Сондай-ақ, онда әйелге қарағанда,ер адамға жыныстық қатынастың жоқтығына шыдау әлдеқайда қиын соғатыны меңзелген.Содан кейін ол былай деген: «Еркектің үйленуіне оның бойында тасыған құштарлығы түрткі болады, сол себепті, Шариғат әйелдерді ерлеріне жәрдем беруге үндейді». «Ән-Никах» кітабының басындағы некеге тұруға шақыратын хадисте баяндалғандай, осы құштарлық ұрпақтың жалғасуына себепші десек те болады. Аллаға бағынуда тиянақты болу қажеттігі және Алланың Өз құлының амалына қарай не сауабын, не жазасын беретіні де осы хадисте мазмұндалған. Құлдың ешбір қажеттілігі қанағаттандырусыз қалмайды, Алла оның құқығын әрдайым сақтап әрі қорғап отырады. Сондықтан, Алланың қалауымен әрі әмірімен, Оның құлын табиғи қажеттіліктерінің бірін қанағаттандыру мүмкіндігінен айырған адамды періштелер қарғап тұрады. Сол үшін де құл Алланың алдында өз мойнына жүктелген міндеттердің бәрін орындауға парыздар. Әйтпеген жағдайда, пақыр, мұқтаж пенденің Бай әрі ештеңеге мұқтаждығы жоқ Аллаға деген қарым-қатынасы неткен жиіркенішті!» Ибн Әби Джәмраның сөзі осымен аяқталады». Әйел өзін күйеуінің көмекшісі деп біліп, ерінің шайтан мен оның Алланың құлдарын тура жолдан тайдыру үшін пайдаланатын неше түрлі айла амалдарынан аулақ болуына, алыстауына қол ұшын беруі керек. Оның ең маңызды міндеті – ерінің төсектегі құмарлығын қанағаттандыру, себебі, ол мұнысымен сүйген жарынан шайтан әскерінің жартысын қашықтатады. 20

Оныншы хадис: Күйеулеріңе шүкірлік танытыңдар! ‫ﻪ ﻋﻠﻴﻪ وﺳﻠﻢ‬‫ اﻟ‬‫ﻪ ‐ ﺻﻠ‬‫ ﻗﺎل رﺳﻮل اﻟ‬:‫ﻪ ﻋﻨﻬﻤﺎ ‐ ﻗﺎل‬‫ اﻟ‬‫‐ ﻋﻦ اﺑﻦ ﻋﺒﺎس ‐ رﺿ‬: «‫ﻔﺮن اﻟﻌﺸﻴﺮ‬‫ ﻳ‬:‫ﻪ؟ ﻗﺎل‬‫ﻔﺮن ﺑﺎﻟ‬‫ أﻳ‬:‫ﻔﺮن ﻗﻴﻞ‬‫ ﻓﺈذا أﻛﺜﺮ أﻫﻠﻬﺎ اﻟﻨﺴﺎء ﻳ‬،‫أرﻳﺖ اﻟﻨﺎر‬, ‫ إﺣﺪاﻫﻦ اﻟﺪﻫﺮ ﺛﻢ رأت ﻣﻨﻚ‬‫ ﻟﻮ أﺣﺴﻨﺖ إﻟ‬،‫ﻔﺮن اﻹﺣﺴﺎن‬‫ وﻳ‬،‫ﻔﺮن اﻟﻌﺸﻴﺮ‬‫وﻳ‬ ‫ ﻣﺎ رأﻳﺖ ﻣﻨﻚ ﺧﻴﺮا ﻗﻂ‬:‫»ﺷﻴﺌﺎ ﻗﺎﻟﺖ‬ ‫ﻣﺘﻔﻖ ﻋﻠﻴﻪ‬. Ибн Аббастан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді:«Мен Тозақты мекендеушілердің көпшілігінің әйелдер екенін көрдім. Өйткені, олар күпірлік танытты». Сонда сахабалар одан: «Аллаға күпірлік пе?» - деп сұраған. Ол былай жауап берген: «Күйеуіне деген күпірлік, күйеуіне деген күпірлік, өзіне деген жомарттыққа күпірлік. Егер сен оған өмір бойы жақсы қарым-қатынас көрсетіп келсең, содан соң бір күні ол [өзіне ұнамайтын] бірдеңе көрсе: «Мен сенен ешқандай жақсылық көрмедім», - дейді»» (Әл-Бұхари мен Муслим). Ибн Хәджәр «Әл-Фәтхта» осы хадисті түсіндіре келіп, мәлики мазһабының ұлы ғұламасы Ибн әл-Араби әл-Мәликидің түсіндірмесін баяндайды: ‫ ﻣﺮاد اﻟﻤﺼﻨﻒ أن ﻳﺒﻴﻦ أن اﻟﻄﺎﻋﺎت ﻛﻤﺎ‬: ‫ ﺷﺮﺣﻪ‬‫ ﻓ‬‫ﺮ ﺑﻦ اﻟﻌﺮﺑ‬‫ أﺑﻮ ﺑ‬‫ﻗﺎل اﻟﻘﺎﺿ‬ ‫ﻔﺮ ﻻ ﻳﺮاد‬‫ﻦ ﺣﻴﺚ ﻳﻄﻠﻖ ﻋﻠﻴﻬﺎ اﻟ‬‫ ﻟ‬، ‫ ﻛﻔﺮا‬‫ ﺗﺴﻤ‬‫ إﻳﻤﺎﻧﺎ ﻛﺬﻟﻚ اﻟﻤﻌﺎﺻ‬‫ﺗﺴﻤ‬ ‫ وﺧﺺ ﻛﻔﺮان اﻟﻌﺸﻴﺮ ﻣﻦ ﺑﻴﻦ أﻧﻮاع اﻟﺬﻧﻮب ﻟﺪﻗﻴﻘﺔ‬: ‫ ﻗﺎل‬. ‫ﻔﺮ اﻟﻤﺨﺮج ﻣﻦ اﻟﻤﻠﺔ‬‫اﻟ‬ ‫ﻪ ﻋﻠﻴﻪ وﺳﻠﻢ ‐ ﻟﻮ أﻣﺮت أﺣﺪا أن ﻳﺴﺠﺪ ﻷﺣﺪ ﻷﻣﺮت‬‫ اﻟ‬‫ ﻗﻮﻟﻪ ‐ ﺻﻠ‬‫ﺑﺪﻳﻌﺔ وﻫ‬ ‫ ﻓﺈذا ﻛﻔﺮت اﻟﻤﺮأة‬، ‫ﻪ‬‫ اﻟﺰوﺟﺔ ﺑﺤﻖ اﻟ‬‫اﻟﻤﺮأة أن ﺗﺴﺠﺪ ﻟﺰوﺟﻬﺎ ﻓﻘﺮن ﺣﻖ اﻟﺰوج ﻋﻠ‬ ‫ ﺗﻬﺎوﻧﻬﺎ‬‫ﺣﻖ زوﺟﻬﺎ ‐ وﻗﺪ ﺑﻠﻎ ﻣﻦ ﺣﻘﻪ ﻋﻠﻴﻬﺎ ﻫﺬه اﻟﻐﺎﻳﺔ ‐ ﻛﺎن ذﻟﻚ دﻟﻴﻼ ﻋﻠ‬ ‫ﻨﻪ ﻛﻔﺮ ﻻ ﻳﺨﺮج ﻋﻦ اﻟﻤﻠﺔ‬‫ﻔﺮ ﻟ‬‫ ﻓﻠﺬﻟﻚ ﻳﻄﻠﻖ ﻋﻠﻴﻬﺎ اﻟ‬، ‫ﻪ‬‫ﺑﺤﻖ اﻟ‬ «Әл-Қады Әбу Бәкір ибн әл-Араби өзінің шархында былай деген:«Автор құлшылықтың имандылық деп аталғандығы сияқты, күнәлардың да күпірлік деп аталуы мүмкін екенін түсіндірген. Бірақ, күнәлардың күпірлік деп аталуы Исламнан шығаратын күпірлік емес. Кейбіреулер күйеуіңе деген шүкірсіздікті өзге күнәлардың арасынан бөліп алуда үлкен даналық жатқандығын айтқан. Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Егерде мен Алладан басқа біреуге сәжде жасауға рұқсат етер болсам, әйелдің еріне сәжде етуін әмір етер едім», - деген сөзі соны меңзейді. Бұл айтылған сөздерде күйеудің құқығы Алланың құқығымен байланыстырылған: егер әйел күйеуінің алдындағы маңыздылығы аса жоғары міндеттеріне күпірлік жасаса, бұл оның Алланың алдындағы міндеттеріне немқұрайлылық танытқандығын көрсетеді. Сол себепті де ондай күнә күпірлік деп аталған, бірақ, ол адамды Исламнан шығармайды»». Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл сөзінде бөлек қарастыруды және зерделеуді талап ететін көптеген негізгі жайттар тұжырымдалған. Біздің тек бір айтарымыз, бұл хадисте қолданылған «күпірлік» сөзі күнәнің ауырлығын білдіреді, бірақ, Исламнан шығармайды. Ендеше, неліктен әйелдің еріне деген рахметсіздігі күпірлік деп аталады? Қады Әбу Бәкір Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл сөзінде Алла Тағалаға бағынудың 21

күйеуге бағынумен және Аллаға шүкіршіліктің еріңе деген шүкіршілікпен байланыстырылғандығын айтып кеткен. Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы бірнеше сөзі – әйел психологиясы мен жанұялық қарым-қатынастың терең қырларынан хабар беретін даналық пен білімнің көзі. Сондай-ақ, бұл хадисте ерлерге ғибрат бар! Егер сіздің өміріңіз «екінші жартыңыздың» БАРЛЫҚ қалауларын орындаудың таусылмайтын талпыныстарына айналып бара жатса, мұның арты жақсылыққа апара қоймас: егер осыдан бір жерде шалыс басып, жарыңыздың ойынан шықпай қалсаңыз, оның: «Сен мен үшін ештеңе істеп жатқан жоқсың», - дегенін естуге мәжбүр боласыз. Біздің ұстазымыз мүфтиИбраһим Десаи, оның берекесі сарқылмасын, осы хадисті баяндай отырып, тағы бір шектен шығушылыққа жол беруге болмайтындығын айтқан, яғни, әйелді ешқандай құқығы жоқ күң деп санамау керек. Шариғат әйел мен күңнің үкімдерін ажыратып берген. Демек, олар бірдей емес. Сондықтан, отбасындағы жарасым екі шектің арасында жатыр. Олар: жұбайының барлық наздарын орындап, қашан көрсең, әбігерде жүретін ер мен күң сияқты күн кешетін әйел. Жанұя дегеніміз – ерлі-зайыптылардың бір-біріне қызмет етуі (хидмат). Бірақ, Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдер хақында олай айтқан (хадисті қараңыз) себебі – әйелдер көп жағдайда күйеулерінің солар үшін тырысып- тырымысып жасап жатқан дүниелерін «өзі солай болуы керек» дегендей, қалыпты жағдай сияқты қабылдап, бағалай білмейді. Ал, шындығында, Шариғат бекіткен міндеттердің шеңберінен шығатын қамтамасыз етудің барлық түрлері – еркектің әйеліне берген садақасы, оған қоса, ердің сүйген жарымен өткізетін уақыты да – әйелге берілген садақа. Себебі, егер біреудің бір әйелі бар болса, Шариғат бойынша, ол еркек онымен бір үйде тұруға міндетті емес. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Адамдарға рахметі жоқ пенденің - Жаратушысына рахметі болмағаны». Ал, әйелге ерінен артық жақсылық жасайтын кім бар?! Он бірінші хадис. Аишаның (Алла оған разы болсын) таңғаларлық ісі ‫ﻪ ﻋﻨﻬﻤﺎ ﻻ ﺗﺪﻓﻨ‬‫ اﻟ‬‫ﻪ ﺑﻦ اﻟﺰﺑﻴﺮ رﺿ‬‫ﻪ ﻋﻨﻬﺎ أﻧﻬﺎ أوﺻﺖ ﻋﺒﺪ اﻟ‬‫ اﻟ‬‫ﻋﻦ ﻋﺎﺋﺸﺔ رﺿ‬ ‫ ﺑﻪ أﺑﺪا‬‫ ﺑﺎﻟﺒﻘﻴﻊ ﻻ أزﻛ‬‫ ﻣﻊ ﺻﻮاﺣﺒ‬‫ﻣﻌﻬﻢ وادﻓﻨ‬ Аишаның (Алла оған разы болсын) Абдуллаһ ибн Зубәйрға былай өсиет еткені риуаят етілген: «Мені олардың қасына жерлеме, әл-Бақиға (Мәдинадағы зират) үзеңгілестерімнің (Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) басқа әйелдері туралы айтылып тұр) қасына жерле. Соған бола мені біреудің мақтағанын қаламаймын» (әл-Бұхари). Ибн Хәджар «Әл-Фәтхта» Аишаның (Алла оған разы болсын) соңғы айтқан сөздерін былай түсіндіреді: 22

‫ ﻳﺤﺘﻤﻞ‬. ‫ ﻧﻔﺲ اﻷﻣﺮ‬‫ ﺑﺬﻟﻚ ﻣﺰﻳﺔ وﻓﻀﻞ وأﻧﺎ ﻓ‬‫ وﻳﺠﻌﻞ ﻟ‬، ‫ ﺑﺴﺒﺒﻪ‬‫ ﻋﻠ‬‫اي ﻻ ﻳﺜﻨ‬ ‫أن ﻻ أﻛﻮن ﻛﺬﻟﻚ‬ ««…соған бола [Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қасында жерленгені үшін]мені мақтағандарын қаламаймын» – адамдар сол үшін менің дәрежемді арттырып, мені басқалардан артық санай бастайды, бірақ, мен оған лайық болмауым мүмкін». Бірақ, Аишаның (Алла оған разы болсын) бұл айтқандарының мағынасын түсіну үшін «Сахих әл-Бұхаридегі» осы хадистен кейін келетін хадиске назар аударайық. ‫ﻪ ﻋﻨﻪ ﻗﺎل ﻳﺎ‬‫ اﻟ‬‫ﻋﻦ ﻋﻤﺮو ﺑﻦ ﻣﻴﻤﻮن اﻷودي ﻗﺎل رأﻳﺖ ﻋﻤﺮ ﺑﻦ اﻟﺨﻄﺎب رﺿ‬ ‫ﻪ ﻋﻨﻬﺎ ﻓﻘﻞ ﻳﻘﺮأ ﻋﻤﺮ ﺑﻦ‬‫ اﻟ‬‫ أم اﻟﻤﺆﻣﻨﻴﻦ ﻋﺎﺋﺸﺔ رﺿ‬‫ﻪ ﺑﻦ ﻋﻤﺮ اذﻫﺐ إﻟ‬‫ﻋﺒﺪ اﻟ‬ ‫ ﻗﺎﻟﺖ ﻛﻨﺖ أرﻳﺪه ﻟﻨﻔﺴ‬‫اﻟﺨﻄﺎب ﻋﻠﻴﻚ اﻟﺴﻼم ﺛﻢ ﺳﻠﻬﺎ أن أدﻓﻦ ﻣﻊ ﺻﺎﺣﺒ‬ ‫ ﻓﻠﻤﺎ أﻗﺒﻞ ﻗﺎل ﻟﻪ ﻣﺎ ﻟﺪﻳﻚ ﻗﺎل أذﻧﺖ ﻟﻚ ﻳﺎ أﻣﻴﺮ اﻟﻤﺆﻣﻨﻴﻦ‬‫ ﻧﻔﺴ‬‫ﻓﻸوﺛﺮﻧﻪ اﻟﻴﻮم ﻋﻠ‬ ‫ ﺛﻢ ﺳﻠﻤﻮا ﺛﻢ ﻗﻞ‬‫ ﻣﻦ ذﻟﻚ اﻟﻤﻀﺠﻊ ﻓﺈذا ﻗﺒﻀﺖ ﻓﺎﺣﻤﻠﻮﻧ‬‫ء أﻫﻢ إﻟ‬‫ﻗﺎل ﻣﺎ ﻛﺎن ﺷ‬ ‫ ﻣﻘﺎﺑﺮ اﻟﻤﺴﻠﻤﻴﻦ‬‫ إﻟ‬‫ وإﻻ ﻓﺮدوﻧ‬‫ ﻓﺎدﻓﻨﻮﻧ‬‫ﻳﺴﺘﺄذن ﻋﻤﺮ ﺑﻦ اﻟﺨﻄﺎب ﻓﺈن أذﻧﺖ ﻟ‬ ‫ﻪ ﺻﻠ‬‫ رﺳﻮل اﻟ‬‫ ﻻ أﻋﻠﻢ أﺣﺪا أﺣﻖ ﺑﻬﺬا اﻷﻣﺮ ﻣﻦ ﻫﺆﻻء اﻟﻨﻔﺮ اﻟﺬﻳﻦ ﺗﻮﻓ‬‫إﻧ‬ ‫ﻪ ﻋﻠﻴﻪ وﺳﻠﻢ وﻫﻮ ﻋﻨﻬﻢ راض ﻓﻤﻦ اﺳﺘﺨﻠﻔﻮا ﺑﻌﺪي ﻓﻬﻮ اﻟﺨﻠﻴﻔﺔ ﻓﺎﺳﻤﻌﻮا ﻟﻪ‬‫اﻟ‬ ‫ ﻋﺜﻤﺎن وﻋﻠﻴﺎ وﻃﻠﺤﺔ واﻟﺰﺑﻴﺮ وﻋﺒﺪ اﻟﺮﺣﻤﻦ ﺑﻦ ﻋﻮف وﺳﻌﺪ ﺑﻦ‬‫وأﻃﻴﻌﻮا ﻓﺴﻤ‬ ‫ﻪ‬‫ وﻗﺎص ووﻟﺞ ﻋﻠﻴﻪ ﺷﺎب ﻣﻦ اﻷﻧﺼﺎر ﻓﻘﺎل أﺑﺸﺮ ﻳﺎ أﻣﻴﺮ اﻟﻤﺆﻣﻨﻴﻦ ﺑﺒﺸﺮى اﻟ‬‫أﺑ‬ ‫ اﻹﺳﻼم ﻣﺎ ﻗﺪ ﻋﻠﻤﺖ ﺛﻢ اﺳﺘﺨﻠﻔﺖ ﻓﻌﺪﻟﺖ ﺛﻢ اﻟﺸﻬﺎدة‬‫ﻛﺎن ﻟﻚ ﻣﻦ اﻟﻘﺪم ﻓ‬ ‫ اﻟﺨﻠﻴﻔﺔ‬‫ أوﺻ‬‫ وﻻ ﻟ‬‫ وذﻟﻚ ﻛﻔﺎﻓﺎ ﻻ ﻋﻠ‬‫ ﻳﺎ اﺑﻦ أﺧ‬‫ﺑﻌﺪ ﻫﺬا ﻛﻠﻪ ﻓﻘﺎل ﻟﻴﺘﻨ‬ ‫ﻣﻦ ﺑﻌﺪي ﺑﺎﻟﻤﻬﺎﺟﺮﻳﻦ اﻷوﻟﻴﻦ ﺧﻴﺮا أن ﻳﻌﺮف ﻟﻬﻢ ﺣﻘﻬﻢ وأن ﻳﺤﻔﻆ ﻟﻬﻢ ﺣﺮﻣﺘﻬﻢ‬ ‫وأوﺻﻴﻪ ﺑﺎﻷﻧﺼﺎر ﺧﻴﺮا اﻟﺬﻳﻦ ﺗﺒﻮءوا اﻟﺪار واﻹﻳﻤﺎن أن ﻳﻘﺒﻞ ﻣﻦ ﻣﺤﺴﻨﻬﻢ وﻳﻌﻔ‬ ‫ ﻟﻬﻢ‬‫ﻪ ﻋﻠﻴﻪ وﺳﻠﻢ أن ﻳﻮﻓ‬‫ اﻟ‬‫ﻪ وذﻣﺔ رﺳﻮﻟﻪ ﺻﻠ‬‫ﻋﻦ ﻣﺴﻴﺌﻬﻢ وأوﺻﻴﻪ ﺑﺬﻣﺔ اﻟ‬ ‫ﻠﻔﻮا ﻓﻮق ﻃﺎﻗﺘﻬﻢ‬‫ﺑﻌﻬﺪﻫﻢ وأن ﻳﻘﺎﺗﻞ ﻣﻦ وراﺋﻬﻢ وأن ﻻ ﻳ‬ «Әмр ибн Мәймун әл-Әудиден оның былай дегені риуаят етілген:«Мен Омар ибн әл- Хаттабтың (Алла оған разы болсын) былай дегенін естідім: «Уа, Абдуллаһ ибн Омар, мұсылмандардың анасы Аишаға (Алла оған разы болсын) бар да, Омар ибн әл-Хаттабтың сәлемін жеткіз, содан соң мені екі досымның қасына жерлесін деген өтінішімді айт». Аиша:«Өзім де сонда болуды қалар едім, бірақ, ол жерде менің орнымда оның болғанын абзал көремін», - деді. Ибн Омар қайтып келгенде [Омар одан]: «Не айтарың бар?» - деп сұрады. Сонда ибн Омар: «Ол саған рұқсат етті, уа, мұсылмандардың әміршісі», - деді. Омар былай деді: «Мен үшін сол жерден маңызды ештеңе жоқ еді. Мен көз жұмғанда сол жаққа апарыңдар да, оған сәлем беріңдер де, «Омар ибн әл-Хаттаб [өзін осы жерге жерлеуіміз үшін] рұқсат сұрайды» деп айтыңдар. Егер ол маған рұқсат етсе, жерлеңдер, рұқсат етпесе, мені мұсылмандардың зиратына апарыңдар. Себебі, мен бұған Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) разы болып дүние салған адамдардан артық лайық ешкімді көрмей тұрмын. Содан соң менен кейін кімді таңдасаңдар, сол халиф болады – оған бағыныңдар». Содан соң ол Осман, Әли, Талха,Зубәйр, Әбдуррахман ибн Ауф және Саад ибн Әби Уаққастың аттарын атады. Сонда жас аңсарлардың бірі оған былай деді: «Уа, мұсылмандардың әміршісі, Алладан 23

жеткен ізгі хабарға қуана бер, себебі, сен Исламды алғашқылардың бірі болып қабылдадың ғой, көптеген игі амалдар жасадың, содан соң халифтікке сайландың да, әділ болдың, енді осының бәрінен кейін шейіт боп жан тапсырасың!». Сонда Омар оған былай деген: «Уа, ағамның ұлы, мен бар жасаған жамандығымды жуып- шаямын деп, маған және маған қарсы ештеңе болмайды деп үміттенемін. Менен кейін келетін халифке алғашқы мухаджирлерге құрметпен қарауды, олардың ар- намысын қорғауды, құқықтарын сақтауды, сондай-ақ, «(һижра) жұртын [Мәдина қаласын] және иманды тұрақ тұтқан» («Әл-Хашр» сүресі, 9-шы аят) аңсарларға жақсылықтарына жақсылықпен жауап беруді өсиет етемін, олардың игі амалдары қабыл болуы үшін және күнәлары кешірілуі үшін. Сендерге Алла мен Оның Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өсиеті орындалуы үшін Олардың алдындағы міндеттеріңді [орындауды], олардың артында шайқасуды және олардың мойнына қолдарынан келетіннен артық жүкті артпауды өсиет етемін»». Біздің қозғап отырған тақырыбымызға хадистің бірінші бөлігі ғана қатысты болса да, оның рухани күші орасан зор болғандықтан, адамзаттың ең ізгі буынының өнегелігі жүректерімізді тебірентсін деген мақсатта хадисті түгелдей келтіруді жөн көрдік. Біздің ұстазымыз мүфти Ибраһим Десаи, оның берекеті сарқылмасын, «Бұхари Шариф» бойынша дәрістерінде Омардың (Алла оған разы болсын) Аишадан (Алла оған разы болсын) екі рет рұқсат сұратқанын айтқан. Себебі, ол өзі сондай мәртебеге лайық болғандықтан емес, халиф болғандықтан ғана Аиша (Алла оған разы болсын) оған рұқсат етті деп ойлаған. Сол себепті, ол өзі дүние салғаннан кейін Аишадан [тағы бір рет] сұрауды әмір еткен, бірақ, сол өтініштерінің бірде-бірінде өзін «мұсылмандардың әміршісі» деп таныстыруды өтінбеген. Оған қоса, ол бұл өтінішін өзі барып айтар болса, Аиша (Алла оған разы болсын) оның бетін қайтаруға ыңғайсызданады деген оймен рұқсатты өзі барып сұрамаған. Ибн Хәджәр «Әл-Фәтхта» былай жазады: ‫ وﻛﺎن‬، ‫ وﻛﺎن ﻟﻬﺎ ﻓﻴﻪ ﺣﻖ‬، ‫ إﻧﻤﺎ اﺳﺘﺄذﻧﻬﺎ ﻋﻤﺮ ﻷن اﻟﻤﻮﺿﻊ ﻛﺎن ﺑﻴﺘﻬﺎ‬: ‫ﻗﺎل اﺑﻦ ﺑﻄﺎل‬. ‫ ﻣﺠﺎورة اﻟﺼﺎﻟﺤﻴﻦ ﻓ‬‫ وﻓﻴﻪ اﻟﺤﺮص ﻋﻠ‬. ‫ ﻓﺂﺛﺮت ﻋﻤﺮ‬، ‫ ﻧﻔﺴﻬﺎ‬‫ﻟﻬﺎ أن ﺗﺆﺛﺮ ﺑﻪ ﻋﻠ‬ ‫ دﻋﺎء ﻣﻦ ﻳﺰورﻫﻢ ﻣﻦ أﻫﻞ‬‫ وﻓ‬، ‫ إﺻﺎﺑﺔ اﻟﺮﺣﻤﺔ إذا ﻧﺰﻟﺖ ﻋﻠﻴﻬﻢ‬‫اﻟﻘﺒﻮر ﻃﻤﻌﺎ ﻓ‬ ‫اﻟﺨﻴﺮ‬ «Ибн Баттал былай деген:«Омардың одан рұқсат сұраған себебі – ол жер Аишаның үйі болатын және ол сол жерге құқылы болатын, сондықтан, Аиша ол жерді өзіне таңдап алса да болар еді, бірақ, ол оны Омарға берді. Сондай-ақ, бұл хадисте мазарда жатқан ізгі жандарға жіберілетін рақымға қол жеткізу мақсатымен және оларды зиярат ететін жақсы адамдардың дұғасынан үміт етіп, ізгілердің жанына жерленуге ұмтылудың жақсы екені көрсетілген»». Мұсылмандардың анасы Аиша (Алла оған разы болсын) бүкіл үмметке таңғажайып өнеге көрсетті – әл-исар, яғни, қандай да бір игілікке өзге біреу лайығырақ деген сеніммен оны соған беру. Ізгі ата-бабаларымыздың барлығы сондай: егер басқа біреу пәтуа бере алатын және сұрақтарға жауап бере алатын болса, олар сол міндетті орындайды деген үмітпен шешім шығару құқығын сол адамға табыстайтын. Біздің ұстазымыз мүфти Ибраһим Десаи, оның берекеті сарқылмасын, Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мешітін кеңейту кезінде Аишаның үйінің қабырғасы 24

құлатылғанда мазарлардың бірі кездейсоқ ашылып кетіп, адамның табаны көрініп қалғандығын айтқан. Барлығы оны Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) табаны деп ойлап, қорқып кеткен. Бірақ, сахабалардың бірі оның Омардың (Алла оған разы болсын) табаны екенін таныған. Аишаның өзі жерленуі керек болған, бірақ, оның Омарға берген жері сол болатын. Содан соң мүфти былай деген: «Әйелдің табиғаты сонда – барлық көздерден тасада болу, қала берді, өзінің объективті артықшылықтары мен еңбектерінде де. Әне, сонда ол Алланың разылығына және жәрдеміне қол жеткізеді». Он екінші хадис. Тақуа әйелдерді таңдаңдар! ‫ﻪ ﻋﻠﻴﻪ وﺳﻠﻢ‬‫ اﻟ‬‫ﻪ ‐ ﺻﻠ‬‫ ﻗﺎل رﺳﻮل اﻟ‬: ‫ﻪ ﻋﻨﻪ ‐ ﻗﺎل‬‫ اﻟ‬‫ ﻫﺮﻳﺮة ‐ رﺿ‬‫‐ﻋﻦ أﺑ‬: ‫ ﻓﺎﻇﻔﺮ ﺑﺬات اﻟﺪﻳﻦ‬، ‫ وﻟﺪﻳﻨﻬﺎ‬، ‫ وﻟﺠﻤﺎﻟﻬﺎ‬، ‫ وﻟﺤﺴﺒﻬﺎ‬، ‫ ﻟﻤﺎﻟﻬﺎ‬: ‫ﺢ اﻟﻤﺮأة ﻷرﺑﻊ‬‫ﺗﻨ‬ ‫ ﺗﺮﺑﺖ ﻳﺪاك‬. ‫ﻣﺘﻔﻖ ﻋﻠﻴﻪ‬ Әбу Хурейрадан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Әйелге төрт нәрсесі үшін үйленеді: дүние-мүлігі үшін, шыққан тегі үшін, сұлулығы үшін және діні үшін. Дініне қарап таңдаңдар, әйтпесе, өкінесіңдер»» (әл-Бұхари мен Муслим). Кез келген мәдениет пен өркениет адамның басынан өтетін ерекше кезеңдерді айрықша бөліп көрсетеді: туылу, кәмелетке келу, некеге тұру, балалы болу және өлім. Осы кезеңдердің әрқайсысы күнделікті өмір ағысынан сан түрлі салт-жоралармен, рәсімдермен ерекшеленеді, әрбір қоғамның негізін неке құрайды, өйткені, бұл – ұрпақты жалғастырудың жолы. Қоғамның жаңа бірлігі солай пайда болады. Әр мәдениеттің қалыңдық таңдауда, құда түсуде өзіндік ерекше салттары, жаңа қалыңдықты таңдауда халық даналығы және т.б. бар. Осының бәрін Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) төрт нәрсеге әкеп тіреген. Олардың екеуі қалыңдықтың шыққан тегі мен жанұясына (дүние-мүлігі мен ататегі), ал, қалған екеуі қыздың өзіне (сұлулығы мен тақуалығы) қатысты. Әр мәдениет болашақ қалыңдықты таңдауға арналған осы төрт факторды әр түрлі бөліп, бағалайды. Бірақ, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мүміннің әйел таңдауда неге басымдық беруі керек екенін айтып кеткен. Сонымен, негізгі фактор – тақуалық. Қазіргі кезде белең алып отырған белгілі бір әлеуметтік мәселе бар: бүгінде балалар дінді әке- шешелерінен артық ұстанады. Соның нәтижесінде, олардың өмірлік жарды таңдауда ұстанатын қағидалары да әр түрлі, сол себепті де, көптеген жастар қалыңдықты немесе күйеу жігітті әке-шешелерінің қатысынсыз таңдайды. Себебі, олардың ата-аналарының ақыл- кеңестері мен талап-тілектері Исламның талаптарына мүлде сәйкес келмейді. Мәселен, әке- шешесі баласына Исламнаналыс қызды лайық көруі мүмкін, оған қоса, тойда ішімдіктің болуын талап етуі де ғажап емес. Осы екіұшты жағдай балаларды осы кезеңде оларға ең қажет деген нәрседен, яғни, көпті көрген үлкендердің ақыл-кеңесінен мақұрым етеді.Соның нәтижесінде, жастардың арасында, 25

тіпті дінді ұстанып, оның үкімдерін орындапжүрген жастардың да арасында ажырасу көбейіп отыр. Дінді ұстанатындардың әдетте ажырасатын себебі – олар өздерінің «тақуалық» деген ұғымды дұрыс түсінбегендерін кеш аңғарып жатады. Біреу тақуалық ұғымын хиджабпен ұштастырады, егер қандай да бір қыз хиджаб киетін болса, ол инабатты және міндетті түрде аяулы жар әрі ардақты ана болады деген түсінік қалыптасқан. Ал, кейбіреулер тақуалықты намазбен өлшейді, сол себепті, олар намаз оқитын жігіт сөзсіз адал әрі лайықты күйеу болады деп пайымдайды. Ал, біреулер онымутаалим (шәкірт) немесе талибуль-ильм (яғни, Ислам дінін оқып-үйреніп жатқан адам, шариғи білім студенті) болуы керек деп ойлайды, олар ондай жігітке екінші әйел болып та шығуға дайын. Кейін кенеттен сол адамның «бала сүйгісі келмейтіні» белгілі болып, ол «баланы алдырып тастауды талап етеді». Бірақ, осы маңызды мәліметтерді біреумен ВКонтактеде немесе Фейсбукта сөйлесу арқылы біле алмайсың. Тіпті егер кешегі қызқұмар сері күнәға толы өмір салтын артта қалдырып, тәубесіне келген болса да, ол тұлға ретінде түгелдей өзгерді немесе оның сондай өмір салтын ұстануына түрткі болған психологиясы да өзгерді деген сөз емес. Кешегі «сауықшыл қыз» да сондай – ол Исламды қабылдап, тәубесіне келіп (сол үшін Аллаға шүкір), хиджаб киген күннің өзінде бұл оның басқа жағынан да өзгергенін, күні бойы үйде отыруға дайын екенін және тіл алғыш, жұмсақ мінезді әйел болатынын білдірмейді ғой. 17-19 жасар бозбала немесе қыз бала осы нәрселердің бәрін түсініп, аңғара бермейді, оның үстіне, өкінішке орай, олар ата-аналарының даналық кеңесіне жүгіне алмайды. Себебі, олардың әке-шешелері өмірді тек қана материалдық игіліктермен өлшейді, ал, дін олар үшін жай ғана «біздің әдемі салт-дәстүріміз». Тақуа адам – Алланың әмірлері мен тыйымдарын бұзудан қорқатын адам. Ондай адам дәмханада кездесіп, әлеуметтік желілерде хат жазыспайды. Сол себепті, тақуа қызды үйіне барып, әке-шешесінен сұрап, олардың көңілінен шығуға тырысып, алу керек. Қай заманды алып қарасаңыз да, қашанда мұсылмандардың дәстүрі осы болатын. Имам ән-Нәуәуи Муслимнің «Сахихіне» жазған түсіндірмесінде осы хадистің тағы бір маңызды тұсын айтып кеткен: ‫ء ﻷن ﺻﺎﺣﺒﻬﻢ ﻳﺴﺘﻔﻴﺪ‬‫ ﻛﻞ ﺷ‬‫ ﻣﺼﺎﺣﺒﺔ أﻫﻞ اﻟﺪﻳﻦ ﻓ‬‫ ﻫﺬا اﻟﺤﺪﻳﺚ اﻟﺤﺚ ﻋﻠ‬‫وﻓ‬ ‫ﻣﻦ أﺧﻼﻗﻬﻢ وﺑﺮﻛﺘﻬﻢ وﺣﺴﻦ ﻃﺮاﺋﻘﻬﻢ وﻳﺄﻣﻦ اﻟﻤﻔﺴﺪة ﻣﻦ ﺟﻬﺘﻬﻢ‬ «Бұл хадисте барлық жағдайда дін адамдарына жақын болуға ұмтылу керектігі айтылған, себебі, сол арқылы олардың адамгершілігінен, берекетінен және көркем мінез-құлығынан өзіңе өнеге, пайда аласың, сондай-ақ, өзіңнің қауіпсіздікте екеніңді сезінесің, өйткені, олар саған залал келтірмейді». Он үшінші хадис. Ізгі әйел – қазына ‫ﻪ ﻋﻨﻬﻤﺎ ‐ ﻗﺎل‬‫ اﻟ‬‫ﻪ ﺑﻦ ﻋﻤﺮو ‐ رﺿ‬‫ﻋﻮﻋﻦ ﻋﺒﺪ اﻟ‬: ‫ﻪ ﻋﻠﻴﻪ وﺳﻠﻢ‬‫ اﻟ‬‫ﻪ ‐ ﺻﻠ‬‫ﻗﺎل رﺳﻮل اﻟ‬: ‫ وﺧﻴﺮ ﻣﺘﺎع اﻟﺪﻧﻴﺎ اﻟﻤﺮأة اﻟﺼﺎﻟﺤﺔ‬، ‫اﻟﺪﻧﻴﺎ ﻛﻠﻬﺎ ﻣﺘﺎع‬ 26

‫واه ﻣﺴﻠﻢ‬. Абдуллаһ ибн Әмрден (Алла оған разы болсын) риуаят етілген: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Дүниедегілердің бәрі – өткінші (уақытша) игілік, ал, сол уақытша игіліктердің ішіндегі ең абзалы – тақуа әйел»» (Муслим). Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) барлық дүниеуи игіліктердің ішінен тақуа әйелді бөліп көрсеткен. Демек, ол – бұл дүниеде ер адамға берілетін ең үлкен байлық әрі ең үлкен қазына. Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) не үшін олай дегенін Молда Әли әл- Қари «Әл-Мирқатта» түсіндіріп кеткен: ‫ أﻣﻮر اﻵﺧﺮة‬‫ﻷﻧﻬﺎ ﻣﻌﻴﻨﺔ ﻋﻠ‬ «Себебі, ол ақырет істерінде жәрдемші болады». Ондай әйел ерінің Аллаға ұнамды игі бастамаларына қолдау көрсетеді, еркек ондай әйелдің алдында күнә жасауға және әбес әрекетке баруға ұялатын болады. Бұл оны күнәдан тежейді. Ары қарай Молда Әли әл-Қари, имам Әлидің (Алла оған разы болсын) түсіндірмелерін келтіреді: ‫ اﻟﺪﻧﻴﺎ ﺣﺴﻨﺔ ( ﺑﺎﻟﻤﺮأة‬‫ ) رﺑﻨﺎ آﺗﻨﺎ ﻓ‬: ‫ﻪ ﻋﻨﻪ ‐ ﻗﻮﻟﻪ ﺗﻌﺎﻟ‬‫ اﻟ‬‫ ‐ رﺿ‬‫وﻟﺬا ﻓﺴﺮ ﻋﻠ‬ ‫ اﻵﺧﺮة ﺣﺴﻨﺔ ( ﺑﺎﻟﺤﻮر اﻟﻌﻴﻦ ) وﻗﻨﺎ ﻋﺬاب اﻟﻨﺎر ( ﺑﺎﻟﻤﺮأة اﻟﺴﻠﻴﻄﺔ‬‫اﻟﺼﺎﻟﺤﺔ ) وﻓ‬ «Сол себепті де, Әли (Алла оған разы болсын) Алланың мына сөздерін былай түсіндірген: «Раббымыз! Бізге осы дүниеде де жақсылық бер», –яғни,ізгі жар нәсіп ет – «ақыретте де жақсылық бер», – яғни, хор қызын нәсіп ет – «және бізді Тозақ азабынан сақтай гөр», – яғни,арсыз («әс-салита» «бетпақ, арсыз, әдепсіз» деген мағынаны білдіреді) әйелден сақта». Әйел – не Алланың берген сыйы һәм рақымы, не жазасы. Бұл дүниеде қанша адамды әйелдер құрдымға кетірді! Сондықтан, Молда Әли әл-Қариимам әт-Тыббидің сөздерін келтіреді: ‫ ﻫﺬه‬‫ﻦ ﻋﻠ‬‫ وﻗﻴﺪ اﻟﺼﺎﻟﺤﺔ إﻳﺬان ﺑﺄﻧﻬﺎ ﺷﺮ ﻟﻮ ﻟﻢ ﻳ‬: ‐ ‫ﻪ‬‫ ‐ رﺣﻤﻪ اﻟ‬‫ﻗﺎل اﻟﻄﻴﺒ‬ ‫اﻟﺼﻔﺔ‬ «Әт-Тыбби былай деген: «Хадисте «тақуа» делінген себебі, әйелдің бойынан бұл қасиет табылмаса, ондай әйел – кесапат»». Әйелдің еркекті өз билігіне бағындыратын «сиқыры» бар. Ол еркектің басын айналдырып, еркін билеп, өз ырқына көндіре біледі. Егер әйел тақуа болмаса, ол байғұс еркектің түбіне жетіп тынады. Мұндай көріністі ерлер мен әйелдер араласып жұмыс істейтін кез келген ұжымнан көруге болады: еркектердің көпшілігі әріптес әйелдерді таң қалдыруға тырысып, өздері аңғармастан, жасанды, оғаш қылықтар көрсетіп жатады. Исламда еркектер мен әйелдердің саналары азып, оның ақыры неше түрлі бәлеге апарып соқтырмас үшін екі жыныс 27

өкілдерінің аралас-құралас болуына тыйым салынған. Қаншама еркек әйелдердің кесірінен түпсіз шыңырауға түсті: олардың біреулері қарызға белшесінен батып жатса, екінші біреулері қызғаныштан өлтірілді, ал, тағы басқалары қызғаныштан өздері кісі өлтірді. Мұндай буырқанған құштарлық біздің дінімізге қайшы келеді, өйткені, жүректің күші Аллаға деген махаббат пен Оның разылығына жетуге жұмсалуы тиіс. Бірақ, әйел әдетте еркектің көңілін Алладан алаңдатып, оның рухани күшін өзіне бағыттайды. Алайда, жақсылап түсініп, жадымызға түйіп алатын бір нәрсе бар: ізгі әйел дегеніміз – «айфонның 10 долларлық қосымшасы» емес, бұл жалғанның ең қымбат қазынасы. Сол себепті де, ондай әйелдерді әлеуметтік желілерден кездестіре алмайсың, ізгі әйелді ізгі отбасынан, ізгі ата-анадан іздеу керек. Он төртінші хадис. Бүлік тудырушы әйелдер ‫ﻪ ﻋﻠﻴﻪ‬‫ اﻟ‬‫ﻪ ‐ ﺻﻠ‬‫ ﻗﺎل رﺳﻮل اﻟ‬: ‫ﻪ ﻋﻨﻬﻤﺎ ‐ ﻗﺎل‬‫ اﻟ‬‫وﻋﻦ أﺳﺎﻣﺔ ﺑﻦ زﻳﺪ ‐ رﺿ‬ ‫ ﻣﺘﻔﻖ ﻋﻠﻴﻪ‬. ‫ اﻟﺮﺟﺎل ﻣﻦ اﻟﻨﺴﺎء‬‫ ﻣﺎ ﺗﺮﻛﺖ ﺑﻌﺪي ﻓﺘﻨﺔ أﺿﺮ ﻋﻠ‬: ‐ ‫وﺳﻠﻢ‬ Усәмә ибн Зәйдтан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Өзімнен соң еркектерге әйелдерден асқан сынақ қалдырмадым» (әл-Бұхари мен Муслим). Ибн Хәджәр«Фәтхәл-Бәриде» былай деген: ‫ زﻳﻦ‬‫ وﻳﺸﻬﺪ ﻟﻪ ﻗﻮﻟﻪ ﺗﻌﺎﻟ‬، ‫ اﻟﺤﺪﻳﺚ أن اﻟﻔﺘﻨﺔ ﺑﺎﻟﻨﺴﺎء أﺷﺪ ﻣﻦ اﻟﻔﺘﻨﺔ ﺑﻐﻴﺮﻫﻦ‬‫وﻓ‬ ‫ وﺑﺪأ ﺑﻬﻦ ﻗﺒﻞ ﺑﻘﻴﺔ‬، ‫ﻟﻠﻨﺎس ﺣﺐ اﻟﺸﻬﻮات ﻣﻦ اﻟﻨﺴﺎء ﻓﺠﻌﻠﻬﻦ ﻣﻦ ﺣﺐ اﻟﺸﻬﻮات‬ ‫ اﻟﻤﺸﺎﻫﺪة ﺣﺐ اﻟﺮﺟﻞ وﻟﺪا ﻣﻦ‬‫ وﻳﻘﻊ ﻓ‬، ‫ ذﻟﻚ‬‫ أﻧﻬﻦ اﻷﺻﻞ ﻓ‬‫اﻷﻧﻮاع إﺷﺎرة إﻟ‬ ‫ وﻣﻦ أﻣﺜﻠﺔ ذﻟﻚ ﻗﺼﺔ اﻟﻨﻌﻤﺎن‬، ‫ ﻋﻨﺪه أﻛﺜﺮ ﻣﻦ ﺣﺒﻪ وﻟﺪه ﻣﻦ ﻏﻴﺮﻫﺎ‬‫ ﻫ‬‫اﻣﺮأﺗﻪ اﻟﺘ‬ ‫ اﻟﻨﺴﺎء ﺷﺮ ﻛﻠﻬﻦ وأﺷﺮ ﻣﺎ ﻓﻴﻬﻦ ﻋﺪم‬: ‫ﻤﺎء‬‫ وﻗﺪ ﻗﺎل ﺑﻌﺾ اﻟﺤ‬، ‫ اﻟﻬﺒﺔ‬‫ﺑﻦ ﺑﺸﻴﺮ ﻓ‬ ‫ ﻣﺎ ﻓﻴﻪ‬‫ ﺗﻌﺎﻃ‬‫اﻻﺳﺘﻐﻨﺎء ﻋﻨﻬﻦ وﻣﻊ أﻧﻬﺎ ﻧﺎﻗﺼﺔ اﻟﻌﻘﻞ واﻟﺪﻳﻦ ﺗﺤﻤﻞ اﻟﺮﺟﻞ ﻋﻠ‬ ‫ ﻃﻠﺐ‬‫ اﻟﺘﻬﺎﻟﻚ ﻋﻠ‬‫ﻧﻘﺺ اﻟﻌﻘﻞ واﻟﺪﻳﻦ ﻛﺸﻐﻠﻪ ﻋﻦ ﻃﻠﺐ أﻣﻮر اﻟﺪﻳﻦ وﺣﻤﻠﻪ ﻋﻠ‬ ‫اﻟﺪﻧﻴﺎ وذﻟﻚ أﺷﺪ اﻟﻔﺴﺎد‬ «Бұл хадисте әйелдерге бола туындайтын бүліктің басқа кез келген бүліктен күштірек екені меңзелген». Бұған Алла Тағаланың мына сөздері дәлел болады (мағынасы): «Адамдар үшін әйелдерді құмарта сүю әсем көрсетілген». Оларға деген махаббат – құмарлықтың бір түрі. Алла Тағаланың басқа құмарлықтардан емес, әйелдерден бастаған себебі – барлық құмарлықтардың негізі сол болып табылады. Еркектің бұрынғы әйелдерінен туылған балаларына қарағанда қазіргі әйелінің балаларын көбірек жақсы көретіні соған дәлел. Бұл Нуғман ибн Бәширдің басынан өткен сыйлық жайлы хикаяға ұқсайды. Кейбір данышпандар былай деген: «Әйелдің тұла бойы тұнған кесапат, ал, ең басты кесапат –әйелдердің ақылы таяз, діні әлсіз болса да, оларды керек етпеу мүмкін еместігінде. Олар еркектерді ақыл-ой тұрғысынан да, дін тұрғысынан да олқылықтарға толы көптеген іс- әрекеттерді жасауға итермелейді. Бұл еркектің дүние қуып, ақыры құрдымға кетуіне әкеп 28

соғады. Бәлекеттің ең жаманы - осы». Бұдан алдыңғы хадисте әйелдің дәрежесі, өмірде алатын орны жайлы, ізгі жолды ұстанып, көркем мінезді бола білсе, игілікке қол жеткізетіндігі және өзгенің де игілікке жетуіне себепкер болатындығы баяндалса, бұл хадисте, керісінше, дін талаптарына бағынбаған жағдайда оның қандай бәлекеттердің туындауына себепкер болатындығы айтылып, көңіліне қорқыныш ұялатады. Сонымен қатар, «Фәтх әл-Бәриден» алынған бұл сөзде әйелдер әкелетін ең кеңінен тараған зұлмат жайлы баса айтылған, ол – дүниеге деген қанағатсыздық. Соның нәтижесінде, сондай жарының көңілін табамын деп, күйеуі көптеген күнәларға батады. Ондай әйел өзінің дүниеуи игіліктері асып-тасып жатса да, әл-ауқаты өзінен төмен адамдарды жек көріп, ал, өзінен дәулетті адамдарды көре алмағандығы себепті жақтырмайтын болады. Еркектің нағыз еркек және отағасы екені, міне, осындай мәселелерде білінеді, олардың үйлерінде «Анжи» жарысын немесе «Дом-2» бағдарламасын көретіндерінен емес. Иә, отбасыңды қамтамасыз ету керек екені рас, бірақ, тоғышарлыққа салынып, дүние жинап, ешкім қолданып қарық қылмайтын қажетсіз нәрселерді ала беру құптарлық іс емес. Солай болуы тиіс. Бірақ, өкінішке орай, мұсылмандық ортада бәрі керісінше. Керек десеңіз, кейбір еркектердің сәнді киімге деген әуестігі әйелдерден де асып түседі. Ал, сол киімдердің үлгісін көбінесе анық гомосексуалистер жасайды. Қазіргі кезде әйелдер өздерін іблістің ең айқын, адам шошырлық қаруы ретінде көрсетті. Қалалық жерлерде көзіңді бөтен әйелдердің әуретіне қараудан сақтап қалу мүмкін емес. Әйел денесі маркетингтің қолжетімді құралына айналды. Мұсылман қоғамы құлдырай бастады: әлеуметтік желілер мен ұялы байланыс жас жігіттерді де, қыз балаларды да ар-ұяттан жұрдай етті. Олар еш шімірікпестен бір-бірімен махаббат, сүйіспеншілік жөнінде әңгіме өрбітеді. Тіпті құдайсыз кеңестік кезеңде де ондай нәрсеге жол берілмейтін, бұл мүмкін емес-тін. Әйелдердің «қолжетімділігі» жаппай венерологиялық ауруларға, қажетсіз жүктілікке, бала алдыртуға, ажырасуға, қаншама шаңырақтардың шайқалуына, ерлі-зайыптылардың бір-біріне опасыздық жасауына, кішкентай бүлдіршіндердің тағдырларының талқандалуына әкеп соғуда. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):«Өзімнен соң еркектерге әйелдерден асқан сынақ қалдырмадым» деу арқылы осыны тұспалдаған болатын. Он бесінші хадис. Ең берекелі неке ‫ إن‬: ‐ ‫ﻪ ﻋﻠﻴﻪ وﺳﻠﻢ‬‫ اﻟ‬‫ ‐ ﺻﻠ‬‫ ﻗﺎل اﻟﻨﺒ‬: ‫ ﻗﺎﻟﺖ‬، ‫ﻪ ﻋﻨﻬﺎ‬‫ اﻟ‬‫وﻋﻦ ﻋﺎﺋﺸﺔ ‐ رﺿ‬ ‫ ﺷﻌﺐ اﻹﻳﻤﺎن‬‫ ﻓ‬‫ رواﻫﻤﺎ اﻟﺒﻴﻬﻘ‬. ‫ﺎح ﺑﺮﻛﺔ أﻳﺴﺮه ﻣﺆﻧﺔ‬‫ أﻋﻈﻢ اﻟﻨ‬. Аишадан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген: «Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Берекесі мол неке – шығыны ең жеңіл болған неке»» (әл-Бәйхақи «Шуаб әл-Иманда»). Молда Әли әл-Қари бұл хадисті былай түсіндірген: 29

‫ ﻛﻨﺰ ﻻ ﻳﻨﻔﺪ وﻻ ﻳﻔﻨ‬‫ ﻫ‬‫ اﻟﻘﻨﺎﻋﺔ اﻟﺘ‬‫ﻣﻦ اﻟﻤﻬﺮ واﻟﻨﻔﻘﺔ ﻟﻠﺪﻻﻟﺔ ﻋﻠ‬ «Шығыны жеңіл дегеніміз – мәһры мен күн көруге кететін шығыны жеңіл деген сөз. Өйткені, бұл адамның азды қанағат тұтатынын білдіреді. Қанағатшылдық – жоғалмайтын, өшпес қазына». Біздің мұсылман қоғамындағы мәселелердің бірі – көптеген салт-дәстүрлер мен әдет- ғұрыптардың кесірінен некенің қиындатылуы. Бұл күйеу жігіттің отбасына қаржы жағынан ауыр салмақ салады. Нәтижесінде, некенің қиылуы мүлде қиындап кетеді (ең жаманы – созылып кетеді). Ал, неке қиюды созбалақтау некеден тыс жыныстық байланыстарға баруға алып келеді, әсіресе, жастардың арасында. Қазіргі кезде қоғамның қаншалықты азғандығын байқау қиын емес: қыз баланың пәктігі – отбасының абыройы мен ар-ұяты болса, жас жігіттің пәктігі әжуа-мазақ пен келемежге айналды. Біз мұсылман жастарының бірнеше ұрпағы үшін некеден тыс/некеге дейінгі жақын қарым-қатынастың қалыпты, үйреншікті және дағдылы жағдайға айналып бара жатқандығының куәсі болып отырмыз. Иә, әдетте бұл туралы айтыла бермейді, бәлкім, олар мұны кез келген адамға айтып, мақтана бермейтін де шығар. Бірақ, бұл қалыпқа айналды. Бойын құштарлық, ынтықтық сезімі билеген жас жігітке сол құмарлығын қанағаттандыру үшін барлық мүмкіндіктер туғызып отырған қоғамда зинадан аулақ болу қиынның қиыны. Оның үстіне, үйлену де екінің бірі қол жеткізе алмайтын салтанатты дүние болса. Бірақ, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ең берекелі неке «тойы ең салтанатты түрде өткен» немесе тойында «нашидшілер» қомақты ақшаға ән салатын, яки мәһры ең көп неке деген жоқ. Жоқ, мүлде керісінше: қаржы жағынан жеңіл некеде береке көбірек болады! Бірақ, бұл әкелер қыздарын жанұясын асырамақ түгілі, қара басын алып жүре алмайтын көлденең көк аттыға беруі керек деген сөз емес. Бұл оңай жасалатын нәрсені қиындатудың және қарапайым адамдардың мойнына көптеген құпталмайтын жаңалықтарды артудың қажеті жоқ дегенді білдіреді. Сол себепті де, азға қанағат ететін әйел – бұл жалғанның қазынасы. Себебі, ол күйеуін ысырапшылдыққа итермелемейді. Бірақ, қыздар «ешқандай қиындықсыз, міндетсіз» отбасылық өмірлерін ретке келтіргісі келетін алаяқтар мен сандалбайлардың құрбаны болмауы тиіс. Сондықтан да, Исламда қыз баланың болашақ жарын әкесі таңдайды. Өйткені, ол өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйеніп, сол жігіт болашақ жұбайына қамқор бола ала ма, жоқ па, соны аңғара біледі. Ал, шариғаттық уәлиі жоқ, Ислам дінін қабылдаған мұсылман қыз-келіншектер білуі тиіс бір жайт, қазіргі кезде ата-анасының ақшасын құртудан басқа ештеңе қолдарынан келмейтін сандалбайлардың ұрпағы өсіп келе жатыр. Оларды ата-аналары үлкен қалаларға оқуға жібереді. Бірақ, студентсымақтар оның орнына жергілікті тұрғындардың тыныштығын бұзып, қоғамдық орындарда сауық-сайран жасайды. Сол сандалбайлар жеке өмірлерін көбінесе бөтен қалада болған кездерінде ретке келтіруге тырысады. Ондай бозбалалардың ниетін тексеру оңайдың оңайы – оған «мені әке-шешеңізбен таныстырыңыз» деу керек. Егер бұл оған (оның әке-шешесіне емес) қиын соқса, оның ниеті адал ма, жоқ па, ойланған жөн. Иә, өзге ұлт өкілін отбасыларына қабылдауға кез келген ата- ана дайын бола бермейді. Бірақ, егер олар келіндерінің еріне сүйіспеншілікпен қарап, қамқорлық танытатынын көрсе, жүректері жібиді. Алайда, көп жағдайда жас балалар қызға 30

деген жеңіл қарым-қатынасын «әке-шешем бұған разы емес» деген сылтаумен жасырады. Ал, шынтуайтына келгенде, әке-шешесі ұлының «үйленетін» ойы бар екенінен де бейхабар болып шығады. Күйеу жігіт жайлы мейлінше көбірек мәлімет білуге тырысу керек. Өйткені, ондай мәселелерде хула («ғиба») жоқ, сол себепті, қанша жағымсыз болса да, шындықты айтуға рұқсат етіледі. Себебі, өле-өлгенше бірге ғұмыр кешетін өмірлік серігіңді таңдауда өте абай болу қажет. Сондай-ақ, оның болашақта кім болуды армандайтынына немесе кім болатынына емес, қазір қандай адам екеніне қараңыз. Егер оның қандай да бір жоспарлары бар болса, ол сол мақсатына талпынып, әрекет жасап жүр ме, әлде бұл жай ғана ішкі ойын білдіргені ме, соған назар аударыңыз. Ал, ең дұрысы Аллаға мәлім. Он алтыншы хадис. Қалыңдықты көру ‫ﻪ ﻋﻠﻴﻪ وﺳﻠﻢ‬‫ اﻟ‬‫ﻪ ﺻﻠ‬‫ ﻗﺎل رﺳﻮل اﻟ‬: ‫ﻋﻦ ﺟﺎﺑﺮ ﻗﺎل‬: ‫إذا ﺧﻄﺐ أﺣﺪﻛﻢ اﻟﻤﺮأة‬ ‫ﺎﺣﻬﺎ ﻓﻠﻴﻔﻌﻞ‬‫ ﻧ‬‫ ﻣﺎ ﻳﺪﻋﻮه إﻟ‬‫ﻓﺈن اﺳﺘﻄﺎع أن ﻳﻨﻈﺮ إﻟ‬ ‫رواه أﺑﻮ داود‬ Джәбирден (Алла оған разы болсын) риуаят етілген: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Егер сендерден біреу қызға құда түссе, оны үйленуге итермелейтін себепке қарауға мүмкіндігі болса, қарасын»» (Әбу Дәуд). Бұл хадис неке қиюдан бұрын орындалатын ең маңызды сүннеттердің бірін белгілеп берген. Ол – күйеу жігіттің қалыңдықты көруі. «Оны үйленуге итермелейтін себепке қарауға» деген сөз қалыңдықты көру керек екенін білдіреді. Өйткені, еркектің қандай да бір қызды болашақ жары ретінде таңдауына оның көркі де бір себеп. Сондықтан, жігіттің өз қалыңдығын неке қимас бұрын көргені абзал. Екі тараптың кездесуі өздерінің ұлттарының салт-дәстүріне сәйкес өткізілсе, онда тұрған еш әбестік жоқ. Бірақ, сол салт-дәстүр Шариғатқа қайшы келмеуі тиіс. Сонымен қатар, бұл хадис неке қиылып, екі жас үйленгеннен кейін әйелдің ерінің алдында әрдайым әдемі болып жүру үшін барын салуы керектігін меңзейді. Себебі, күйеуінің оған үйленуіне түрткі болған нәрселердің бірі – оның сұлулығы. Бұған (құда түсуге және т.б.) екі жақтың да ағайын-туыстары ат салысуы керек. Мұны бәрінен жасырын түрде өткізу дұрыс емес, себебі, көпті көрген үлкен кісілердің де ақыл-кеңестерін елеусіз қалдырмай, жете бағалай білген жөн. Бірақ, әрине, ерлер мен әйелдердің емін-еркін сөйлесіп, араласуы қалыпқа айналған қазіргі заманда бұлай бола бермейтінін білеміз. Бүгінде кейбір ғұламалардың, шейхтардың және салиқалы жандардың ғана отбасыларында неке осы хадиске сәйкес қиылады. 31

Әһлү-с-Сүннеттің жаңа, жас буынының міндеті – осы хадисте меңзелген нәрсені өмірімізде қалыпқа енгізу. Кейбір «әлімдердің» сақал қоймайтынын немесе тағы басқа да Сүннетті орындамайтынын айтып, шағынудың орнына ұмыт болған Сүннетті жаңғыртуды өзіміз қолға ала бастасақ, біздің мәнхаджымыз сол болмақ. Әне, сонда Алла біздің үндеуімізге берекет береді. Исламға шақырумен айналысатын әрбір адам мынаны ұғып алуы қажет: егер жасап жүрген үндеуі оның өзіне ықпал етпесе,өмірін өзгертпесе, онда бұл форумдарда белсенділік таныту және құрғақ сөз боп қала береді де, шынайы өмірден ешқандай көрінісін таппайды. Он жетінші хадис. Харамға көз салу ‫ ﻻ ﺗﺘﺒﻊ‬‫ ﻳﺎ ﻋﻠ‬: ‫ﻪ ﻋﻠﻴﻪ وﺳﻠﻢ ‐ ﻟﻌﻠ‬‫ اﻟ‬‫ﻪ ‐ ﺻﻠ‬‫ ﻗﺎل رﺳﻮل اﻟ‬: ‫وﻋﻦ ﺑﺮﻳﺪة ﻗﺎل‬ ‫ وأﺑﻮ‬، ‫ واﻟﺘﺮﻣﺬي‬، ‫ رواه أﺣﻤﺪ‬. ‫ وﻟﻴﺴﺖ ﻟﻚ اﻵﺧﺮة‬‫اﻟﻨﻈﺮة اﻟﻨﻈﺮة ﻓﺈن ﻟﻚ اﻷوﻟ‬ ‫ واﻟﺪارﻣ‬، ‫داود‬ Бәридтен (Алла оған разы болсын) риуаят етілген: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Әлиге (Алла оған разы болсын) былай деді: «Уа, Әли, бір рет көзің түскеннен кейін екінші рет қарама. Шындығында, алғашқы қарағаның үшін сұралмайсың, екіншісі – өзіңе қарсы (күнә)»»(Ахмад, әт-Тирмизи, Әбу Дәуд және әд-Дарими). Бұл хадис – көзіңді харамнан сақтау күннен-күнге қиындап бара жатқан, тіпті мүмкін емес болған қазіргі заманда өмір сүретін адамдар үшін үлкен рақым. Сол себепті, адамдардың көпшілігі әуретін жаппай жүретін біздің заманда біреудің әуретіне байқаусызда көзіңіз түсіп кетсе, онда назарыңызды бірден басқа жаққа бұрсаңыз, ол үшін күнә жазылмайды. Өйткені, ол – еріксіз көзқарас, ал, еріксіз жасалған іс үшін шариғаттық жаза берілмейді. Бұл қағидаға бағынбайтын жағдай бар: ол – ер адамның үйленгісі келетін қызға қарауы. Біз бұл мәселені бұдан алдыңғы хадисте талдап кеттік. Әйел адамға қандай жағдайда қарауға рұқсат берілетінін ескере отырып, бұл мәселенің түп негізі неде екенін түсінуіміз қажет. Сол себепті де, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: ‫ ﺷﻌﺐ اﻹﻳﻤﺎن‬‫ ﻓ‬‫ رواه اﻟﺒﻴﻬﻘ‬. ‫ﻪ اﻟﻨﺎﻇﺮ واﻟﻤﻨﻈﻮر إﻟﻴﻪ‬‫ﻟﻌﻦ اﻟ‬ «Қараған адамға да, қаратқан адамға да Алланың лағынеті болсын». (әл-Бәйхақи«Шуәб әл-Иманда»). Мұның мағынасы: Харамға, оның ішінде бөтен біреудің әуретіне қараған адамға және өзіне қарауға мүмкіндік берген адамға, біздің жағдайымызда бұл – бүркенбеген қыз баласы, Алланың лағынеті болады. Осы хадисті оқи отырып, жас мұсылмандар жиі бетпе-бет келетін таңдауды есімізге 32

түсіруімізге болады: дінді ұстанбайтын өз ұлтыңның қызына үйленіп, ата-ананы разы еткен дұрыс па, әлде дінді ұстанатын өзге ұлттың қызына үйленіп, ата-ананың қарсылығына төтеп беру керек пе. Осындай таңдауға кезіккен адам хадистің мәтінін есіне түсірсін. Он сегізінші хадис. Жарыңа жақсы қарым-қатынаста болу ‫ﻪ ﻋﻠﻴﻪ وﺳﻠﻢ‬‫ اﻟ‬‫ﻪ ‐ ﺻﻠ‬‫ ﻗﺎل رﺳﻮل اﻟ‬: ‫ﻪ ﻋﻨﻪ ‐ ﻗﺎل‬‫ اﻟ‬‫ وﻋﻦ ﻋﻘﺒﺔ ﺑﻦ ﻋﺎﻣﺮ ‐ رﺿ‬:‐ ‫ ﻣﺘﻔﻖ ﻋﻠﻴﻪ‬. ‫أﺣﻖ اﻟﺸﺮوط أن ﺗﻮﻓﻮا ﺑﻪ ﻣﺎ اﺳﺘﺤﻠﻠﺘﻢ ﺑﻪ اﻟﻔﺮوج‬ Уқбә ибн Әмірден (Алла оған разы болсын) риуаят етіледі: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ең мұқият орындауды қажет ететін шарттар– жақын қарым-қатынасты халал ететін шарттар»» (әл-Бұхари мен Муслим). Молда Әли әл-Қари бұл хадисті былай түсіндіреді: :‫ وﻗﻴﻞ‬، ‫ ﻣﻘﺎﺑﻠﺔ اﻟﺒﻀﻊ‬‫ اﻟﻤﺮاد ﺑﺎﻟﺸﺮوط ﻫﺎﻫﻨﺎ اﻟﻤﻬﺮ ﻷﻧﻪ اﻟﻤﺸﺮوط ﻓ‬: ‫ﻗﺎل اﻟﻘﺎﺿ‬ ‫ اﻟﺰوﺟﻴﺔ ﻣﻦ اﻟﻤﻬﺮ واﻟﻨﻔﻘﺔ وﺣﺴﻦ اﻟﻤﻌﺎﺷﺮة‬‫ﺟﻤﻴﻊ ﻣﺎ ﺗﺴﺘﺤﻘﻪ اﻟﻤﺮأة ﺑﻤﻘﺘﻀ‬ «Әл-Қади былай деген: «Бұл жерде шарт мағынасында мәһр айтылып тұр. Өйткені, ол жыныстық қарым-қатынасқа рұқсат алу үшін беріледі. Өзгелер былай деген: «Некенің жалпы талаптарына сәйкес, әйелге тиесілі болған нәрселер: мәһр, асырап, қамқор болу және жақсы қарым-қатынас»». Сол себепті, ер кісі үшін ең лайықты іс – некенің өз мойнына жүктейтін шарттары мен міндеттемелерін орындау. Өкінішке орай, қазіргі кезде отбасыңа жақсы қарым-қатынаста болу,оған тиісті уақыт пен көңіл бөлу нағыз еркектің сипаты болудан қалды. Қайта керісінше, ондай еркек «әйелінің дегенінен шықпайды» деп әжуа-мазаққа ұшырайтын болады. Есесіне, егер ол тәуліктеп үйіне қонбаса, достарымен бірге дәмханалар мен кинода сенделіп жүрсе, жақындары оның тіпті қайда жүргенін де білмей отыратын болса, әне, сонда ғана ол «нағыз еркек» деген атаққа қол жеткізеді. Бірақ, шындығында, ондай адам еркек емес, диуана. Неке дегеніміз – ерлі-зайыптылардың ортақ бақыттарын тұрғызудағы бірлескен еңбегі, сондықтан, ол екеуі бірлесе күш жұмсамай, нәтижешықпайды. Өмір жолының соңына келгенде өміріңнің басым бөлігін сенімен бірге өткізген адам бар жан-тәнімен сені бәрінен де жек көретін болса, ащы-тәттісін бірге көріп, қол ұстасып өткізген жылдардың мәні неде? Некенің ең алдымен ортақ тіл тауып, ымыраға келе білу үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып еңбектену екенін түсінбеу бүгінде мұсылман отбасыларының психологқа деген мұқтаждығының артуына әкеп отыр. Адамдар көп жағдайда ғұламалар мен шариғи ілім студенттеріне психолог сияқты қарайды. Ал, олар болса, отбасындағы қарым-қатынас жайлы сұрақты естігенде шаштары тік тұрып: «Тағы да психологиядан сұрақ!» – деп бастары қатады. 33

Көптеген адамдар «Бисмилләһ» деп үйіндегі адамдармен ойына келгенін істей берсе, ештеңе болмайды, «психология деген кәпірлердің ісі» деген жаңсақ түсінікте. Бірақ, олай емес екенін және мұсылман қоғамында ең алдымен кәсіби академиялық білімге ие мамандарға деген қажеттілік артып келе жатқанын тәжрибеміз көрсетіп отыр. Бірақ, сол «мамандардың» жай ғана Карнегидің кітапшалары бойынша өткізілетін үш айлық курсты бітірулері жеткіліксіз. Сонымен қатар, олардың білімі Ислам ақидасының ұстанымдарына және өнегелік жөніндегі мұсылмандық түсінікке сай келуі тиіс. Осы мәселені түсінбеуге құлықсыздық танытудың нәтижесінде дінді ұстанатын мұсылмандардың көпшілігі ажырасуда. Бірақ, әйелдер де беймаза болмағандары жөн. Бес минут сайын «қайдасың?», «қашан келесің?», «неге сонша ұзақ жүріп қалдың?», тағы сол сияқты сұрақтарды жаудырып, еркектің мазасын алмаған дұрыс. Әсіресе, егер күйеуіңіз достарының ортасында отырса немесе ол ғұлама яки медреседе ұстаз болса, я болмаса, басқа бір лауазымды қызметте болса. Кейбір мұсылман халықтарда ер адам үйінен шығайын деп жатқанда әйелінің одан: «Қайда барасың?» - деп сұрауы әбестік болып саналады. «Сені қай кезде күтейін?» - деп сұрау қажет. Күйеуіңнің ығырын шығарып, жабыса бергеннен оның жиі қасыңнан табылмайтынын, керісінше, үйден шығуға сылтау іздеп тұратынын әрбір әйел түсінгені жөн. Он тоғызыншы хадис. Үйленгендеріңді жария етіңдер ‫ﺎح‬‫ أﻋﻠﻨﻮا ﻫﺬا اﻟﻨ‬: ‐ ‫ﻪ ﻋﻠﻴﻪ وﺳﻠﻢ‬‫ اﻟ‬‫ﻪ ‐ ﺻﻠ‬‫ ﻗﺎل رﺳﻮل اﻟ‬: ‫وﻋﻦ ﻋﺎﺋﺸﺔ ﻗﺎﻟﺖ‬ ‫ رواه اﻟﺘﺮﻣﺬي‬. ‫ اﻟﻤﺴﺎﺟﺪ واﺿﺮﺑﻮا ﻋﻠﻴﻪ ﺑﺎﻟﺪﻓﻮف‬‫واﺟﻌﻠﻮه ﻓ‬ Аишадан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Некені жариялаңдар, оны мешітте қиыңдар және дабыл қағыңдар»» (әт-Тирмизи). Бұл хадисте неке қиюдың әлеуметтік мәні көрініс тапқан – жаңа отбасының құрылғандығын, яғни, екі адамның өзара келісім жасап, бір-біріне адал болғандығын қоғамға хабарлау. Сол себепті де, тойдың (уәлиманың) мақсаттарының бірі – неке қиылғанын мейлінше көп адамға жария ету. Ары қарай не жөнінде сөз болатынын бәріңіз түсінген боларсыздар. Жасырын неке жөнінде. Бұл жағдай шынымен де жаппай етек жайып келеді: жастар әке-шешелерінен, кейде керек десеңіз, достарынан да жасырын түрде некеге тұрып жатады. Немесе, мәселен, біреу «бірінші әйеліне» білдірместен, «екінші әйел» алады. Бірнеше ай (тіпті жыл) өткеннен кейін бірінші әйелінің құрбысы оған күйеуінің әлдеқашан екінші әйел алып қойғанын жеткізеді. Некенің жарамдылығын сөз етер болсақ, қызға үйлену үшін ердің келісімі, қыз баланың уәлиінің келісімі (шәфиғи мәзһабы бойынша) қажет болады және екі куәгер болуы тиіс. Қазіргі кезде неке жарамды болуы үшін уәлидің келісімі шарт емес деген ханафи мәзһабының пікірі белсенді түрде қолданыла бастады. Иә, ханафиттерде уәлидің келісімі некенің жарамдылығының шарты емес. Бірақ, осы пікірді қолданатындар бұл мәселенің басқа қырын байқағылары келмейді: егер қыз бала уәлиінің келісімінсіз тұрмысқа шықса, күйеуі оның теңі болмаса, қыздың уәлиі некені бұза алады. 34

Имам әл-Мусыли, Алла оны рақымына бөлесін, «Әл-Мухтар» еңбегінде екі адамның дәрежесі сәйкес болуы үшін қажетті шарттарды атап өтті: ‫ وﻓ‬، ‫ اﻟﺼﻨﺎﺋﻊ‬‫ وﻓ‬، ‫ اﻟﺪﻳﻦ واﻟﺘﻘﻮى‬‫ وﻓ‬، ‫ اﻟﻨﺴﺐ‬‫ﺎح ﻓ‬‫ اﻟﻨ‬‫ﻔﺎءة ﺗﻌﺘﺒﺮ ﻓ‬‫واﻟ‬ ‫ ﻣﻦ ﻟﻪ أﺑﻮان‬‫ﺎﻓ‬‫ اﻹﺳﻼم أو اﻟﺤﺮﻳﺔ ﻻ ﻳ‬‫ وﻣﻦ ﻟﻪ أب ﻓ‬، ‫ اﻟﻤﺎل‬‫ وﻓ‬، ‫ اﻟﺤﺮﻳﺔ‬، «Некедегі үйлесімділік ер мен әйелдің шыққан тегі, діні мен тақуалығы, мамандығы, еркіндігі, дүние-мүлігіне қарап анықталады. Әкесі немесе анасы Исламда немесе ерікті болған адам әкесі де, шешесі де Исламда әрі ерікті болған адамға тең емес». Бірінші тармаққа (шыққан тегі) келер болсақ, халықтардың екі түрі бар: арабтар мен араб еместер. Арабтардың арасында құрайыштықтар мен құрайыштық еместер ерекше бөлініп көрсетіледі. Қалған халықтар мен ұлттардың бәрі бір-бірімен бірдей. Діні мен тақуалығы деген тұсқа келер болсақ, мәселен, ғұламаның немесе тақуа адамның қызы күнәһарға тұрмысқа шыққан болса, қыздың уәлиі некені бұза алады. Дүние-мүлікке келер болсақ, имам әл-Мусыли, Алла оны рақымына бөлесін, бұған мынадай анықтама берген: ‫ ﻟﻮ وﺟﺪ أﺣﺪﻫﻤﺎ دون اﻵﺧﺮ‬‫ ﻇﺎﻫﺮ اﻟﺮواﻳﺔ ﺣﺘ‬‫وﻫﻮ ﻣﻠﻚ اﻟﻤﻬﺮ اﻟﻤﻌﺠﻞ واﻟﻨﻔﻘﺔ ﻓ‬ ‫ﺎح وﻳﺪوم اﻻزدواج ﻓﻼ ﺑﺪ ﻣﻨﻪ‬‫ﻮن ﻛﻔﺆا ; ﻷن ﺑﺎﻟﻨﻔﻘﺔ ﺗﻘﻮم ﻣﺼﺎﻟﺢ اﻟﻨ‬‫ﻻ ﻳ‬ «Имамдардан риуаят етілгендей (захирәр-риуая), бұл – мәһрды бірден беру және қамтамасыз ету. Егер біреуі болып, екінші бірдеңе жоқ болмаса, ол екеуінің арасында жарасымдылық болмайды. Себебі, адам қамтамасыз ету арқылы некеден береке алады әрі неке де солай сақталады. Сол себепті, бұл міндетті». Бұдан түсінгеніміз, егер қыз баласы уәлилерінің келісімінсіз тұрмысқа шықса, ал, күйеуінің оған мәһрды беруге немесе оны асырауға шама-шарқы жетпесе, қыздың уәлиі некені бұза алады. Келесі шарттың да маңызы зор: егер ата-анасы мұсылман емес, өзі Ислам дінін қабылдаған жігіт әкесі де, шешесі де мұсылман қызға оның уәлиінің келісімінсіз үйленер болса, онда қыздың уәлиі некенің бұзылуын талап етуге құқылы. Қарапайым тілмен айтқанда, егер этникалық мұсылман емес ер кісі этникалық мұсылман әйелге үйленер болса, оның уәлилерінің келісімін алуы тиіс. Әйтпеген жағдайда, күндердің күнінде бұл оның отбасының ойрандалуына себеп болуы қытимал. Осылайша, егер мұсылман әйел «бір жақсы мұсылман жігітке» алданып, оған «ханафи мәзһабына сәйкес», жасырын түрде тұрмысқа шыққан болса, кейін сол жігіттің оны асырай алмайтыны, тиісті мәһрын да төлей алмайтыны және дәрежесі де оған тең келмейтіні анықталып жатса, ол өзінің уәлилері арқылы некенің бұзылуын талап ете алады. Жиырмасыншы хадис. Шариғатқа сай той жасау ‫ ﺑﺰﻳﻨﺐ ﺑﻨﺖ ﺟﺤﺶ ﻓﺄﺷﺒﻊ اﻟﻨﺎس‬‫ﻪ ﻋﻠﻴﻪ وﺳﻠﻢ ‐ ﺣﻴﻦ ﺑﻨ‬‫ اﻟ‬‫ﻪ ‐ ﺻﻠ‬‫أوﻟﻢ رﺳﻮل اﻟ‬ 35

‫ رواه اﻟﺒﺨﺎري‬. ‫ﺧﺒﺰا وﻟﺤﻤﺎ‬ Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Зейнепке үйленгенде той жасап, адамдарды нан және етпен тамақтандырды (әл-Бұхари). Осы хадиске сәйкес, той жасау, яғни, неке қиылғанына байланысты қонақ шақырып, астан дәм татқызу – Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннеті. «Уәлима», яғни, той жасау дәстүрі әр халықта әр түрлі. Шариғатқа қайшы келмейтін салт- дәстүр мен әдет-ғұрыпқа рұқсат етіледі, онда ешқандай қиындық жоқ. Кейбір аймақтарда мәуліт жасап, қонақтарды аспен сыйлау салтқа айналған. Ал, кейбір жерлерде жай ғана жақын ағайын-туыстар бас қосады. Жас отағасы білуі тиіс бір нәрсе, харам және хәләл мәселелерінде ешқандай ымыра болуы мүмкін емес, сондай-ақ, той – ОНЫҢ жеке өмірінің басталуы. Сондықтан, тойда арақ-шарап былай тұрсын, музыка да ойнамауы керек. Біздің тойларымыздағы тағы бір жаман бидғат – елге көрсету үшін ғана немесе мақтану үшін ғана ысырапқа бату. Өкінішке орай, бұл – біздің халықтарға тән құбылыс және дініміздің рухына мүлде қайшы келеді. Біз, тым болмағанда, аталарымыз бен әжелеріміздің буынына көз салар болсақ, олар өздері тұрмыс тауқыметін тартып, жоқшылықта күн кешсе де, өмірлерінде мол берекенің болғанына көз жеткіземіз. Жанұяларын айтсаңызшы, үлкен-үлкен шаңырақтары болған! Мұны «90-жылдардағы ата-аналардың» буыны түсіне қоймас. Олар жастық шақтарында «кезек пен жетіспеушілік» кезеңінен бірден «нарықтық экономика» кезеңіне өтіп кетті де, «капитализмнің молшылығынан» бастары айналып қалды. Сол себепті, олардың санасына «көбірек және қымбатырақ» деген түсінік сөзсіз сапаның белгісі болып сіңіп қалған. Бірақ, бұл асыл дініміздің негіздеріне мүлде сәйкес келмейді. Береке – қарапайымдылықта және әр нәрсенің мөлшерін білуде. Кедей отбасылар әлдеқайда тату, берік, ауызбірлікшіл келеді. Ал, егер қайда жібереріңізді білмей, ақшаңыз асып-тасып жатса, жартысы желінбей, тектен- текке ысырап боп қалатын тағамдарды үйіп-төгіп ала бергенше, сол ақшаны жас жұбайларға сыйға тартқан абзалырақ. Олар ақшаны жаңа отбасылық өмірлерінде дұрыс жұмсаудың амалын табары анық. Жиырма бірінші хадис. Той мұсылмандардың басын біріктіреді ‫ ﺷﺮ اﻟﻄﻌﺎم ﻃﻌﺎم‬: ‐ ‫ﻪ ﻋﻠﻴﻪ وﺳﻠﻢ‬‫ اﻟ‬‫ﻪ ‐ ﺻﻠ‬‫ ﻗﺎل رﺳﻮل اﻟ‬: ‫ ﻫﺮﻳﺮة ﻗﺎل‬‫وﻋﻦ أﺑ‬ ‫ﻪ ورﺳﻮﻟﻪ‬‫ اﻟ‬‫ ﻟﻬﺎ اﻷﻏﻨﻴﺎء وﻳﺘﺮك اﻟﻔﻘﺮاء وﻣﻦ ﺗﺮك اﻟﺪﻋﻮة ﻓﻘﺪ ﻋﺼ‬‫اﻟﻮﻟﻴﻤﺔ ﻳﺪﻋ‬ ‫ﻣﺘﻔﻖ ﻋﻠﻴﻪ‬ Әбу Хурейрадан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ең жаман ас – байлар шақырылып, кедейлер шақырылмайтын тойдың асы. Кім шақыруға жауап бермесе, ол Алла мен оның Елшісіне бағынбағаны»» (әл-Бұхари мен Муслим). 36

Бұл хадис тойдың мұсылман қоғамындағы маңызды әлеуметтік рөлін көрсетеді: яғни,некенің қиылуына байланысты әр түрлі әлеуметтік таптардың ортақ қуаныш үшін бас қосуы. Сонымен қатар, мұнда некені құлшылықтан, яғни, қонақтарға, әсіресе, кедейлерге ас беруден бастау керектігі меңзелген. Қазіргі заманның жаман бидғаттарының бірі – мұсылмандардың тап-тапқа бөлінуі: байлар өздерінің орталарында жүреді, кедейлер де өз арасында. Бұл жақсы емес, себебі, әр түрлі таптарға жататын мұсылмандар бір-біріне бөтен болып кетеді. Дәл осы себепті де, большевиктерге кезінде мұсылмандарды алдап-соғу мүлде қиын болған жоқ: ауқатты мұсылман отбасыларының өздерінің кедей діндес бауырларынан алшақ болғаны сондай, олар мал-мүліктері тартып алынып, тәркіленген кезде де аса қатты қиналмады. Мұсылмандардың басын біріктіруде мерекелердің маңызы зор: кедей-кепшіктер мен байлар бір дастарханның басында отырып, бір асты жегенде, ортақ мерекені тойлағанда адамдардың жүректерінің бірігетіні сөзсіз. Бірақ, байлар ізгі амалдарын мақтан үшін не көрсету үшін жасамаулары тиіс! Кейбіреулер мешітті салдыруға менің ақша бергенімді бәрі көрсін деп, мешіттің алдына атын жазып қоюды сұрап жатады. Алла сондай риямен жасалған амалды қабыл алуы мүмкін бе, өзіңіз ойлаңызшы?! Сол себепті, егер жас отау жаңа отбасылық өмірлерінде берекетке қол жеткізгісі келсе, Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы орасан маңызды Сүннетін ескергені жөн. Имам әл-Мусали«Әл-Ихтияр» кітабында былай жазады: ‫ ﻗﺎل ﻋﻠﻴﻪ اﻟﺼﻼة‬، ‫ ) ووﻟﻴﻤﺔ اﻟﻌﺮس ﺳﻨﺔ( ﻗﺪﻳﻤﺔ وﻓﻴﻬﺎ ﻣﺜﻮﺑﺔ ﻋﻈﻴﻤﺔ‬: ‫ﻗﺎل‬ ‫ اﻟﺮﺟﻞ ﺑﺎﻣﺮأﺗﻪ أن ﻳﺪﻋﻮ اﻟﺠﻴﺮان واﻷﻗﺮﺑﺎء‬‫ إذا ﺑﻨ‬‫ أوﻟﻢ وﻟﻮ ﺑﺸﺎة » وﻫ‬: ‫واﻟﺴﻼم‬ ‫واﻷﺻﺪﻗﺎء وﻳﺬﺑﺢ ﻟﻬﻢ وﻳﺼﻨﻊ ﻟﻬﻢ ﻃﻌﺎﻣﺎ‬ «Той – мол сауапқа кенелтетін ежелден келе жатқан сүннет. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Тіпті бір қозыдан ғана [тамақ пісірсеңдер де] той жасаңдар. [Той] дегеніміз – ер кісінің некеге тұрғаннан кейін көршілерін, жақындарын және ағайын туыстарын шақырып, [тамақ пісіру үшін] мал сойып, оларға ас әзірлеуі»». (‫ ﻓﺈن ﻟﻢ ﻳﻔﻌﻞ أﺛﻢ ) ﻟﻘﻮﻟﻪ ﻋﻠﻴﻪ اﻟﺼﻼة واﻟﺴﻼم‬، ‫ أن ﻳﺠﻴﺐ‬‫ ﻟﻤﻦ دﻋ‬‫وﻳﻨﺒﻐ‬ ‫ وإن ﻟﻢ‬، ‫ﻪ ورﺳﻮﻟﻪ » ﻓﺈن ﻛﺎن ﺻﺎﺋﻤﺎ أﺟﺎب ودﻋﺎ‬‫ اﻟ‬‫ﻣﻦ ﻟﻢ ﻳﺠﺐ اﻟﺪﻋﻮة ﻓﻘﺪ ﻋﺼ‬ ‫ وﻗﺎل ﻋﻠﻴﻪ‬، ‫ وإن ﻟﻢ ﻳﺄﻛﻞ أﺛﻢ وﺟﻔﺎ ﻷﻧﻪ اﺳﺘﻬﺰأ ﺑﺎﻟﻤﻀﻴﻒ‬، ‫ﻦ ﺻﺎﺋﻤﺎ أﻛﻞ ودﻋﺎ‬‫ﻳ‬ ‫ ﻛﺮاع ﻷﺟﺒﺖ‬‫ ﻟﻮ دﻋﻴﺖ إﻟ‬: ‫اﻟﺼﻼة واﻟﺴﻼم‬ «[Тойға] шақырылған адам шақыруға жауап беруі қажет, егер жауап бермесе, күнә болады. Бұл Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мына сөзінен алынған: «[Тойға] шақыруға жауап бермеген адам Алла мен Оның Елшісінің алдында күнәһар болады». Егерде оның аузы берік болса, шақырған жерге барып, оларға дұға қылсын, аузы берік болмаса, астан дәм татып, дұға жасасын. Ал, егер астан аузына алмаса, күнәға батады және шақырған жердің қонақжайлылығына құрметсіздік танытып, әдепсіздік жасаған болады. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Сендерді қойдың сирағына шақырса да, 37

шақырған жерге барыңдар»». Әрине, харам ас, ішімдік және сол сияқты жиіркенішті нәрселер болатын тойларға бұл айтылғандардың қатысы жоқ. Ал, ең дұрысы Аллаға мәлім. Жиырма екінші хадис. Әйел қабырғадан жаратылған ‫ اﺳﺘﻮﺻﻮا ﺑﺎﻟﻨﺴﺎء‬: ‐ ‫ﻪ ﻋﻠﻴﻪ وﺳﻠﻢ‬‫ اﻟ‬‫ﻪ ‐ ﺻﻠ‬‫ ﻗﺎل رﺳﻮل اﻟ‬: ‫ ﻫﺮﻳﺮة ﻗﺎل‬‫ﻋﻦ أﺑ‬ ‫ اﻟﻀﻠﻊ أﻋﻼه ﻓﺈن ذﻫﺒﺖ ﺗﻘﻴﻤﻪ‬‫ء ﻓ‬‫ﺧﻴﺮا ﻓﺈﻧﻬﻦ ﺧﻠﻘﻦ ﻣﻦ ﺿﻠﻊ وإن أﻋﻮج ﺷ‬ ‫ ﻣﺘﻔﻖ ﻋﻠﻴﻪ‬. ‫ وإن ﺗﺮﻛﺘﻪ ﻟﻢ ﻳﺰل أﻋﻮج ﻓﺎﺳﺘﻮﺻﻮا ﺑﺎﻟﻨﺴﺎء‬، ‫ﻛﺴﺮﺗﻪ‬. Әбу Хурейрадан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді:«Сендерге әйелдеріңе жақсы қарым-қатынас жасауды өсиет етемін. Ақиқатында, олар қабырғадан жаратылған. Ал, қабырғаның ең қисық жері – оның жоғарғы бөлігі. Оны түзетемін десеңдер, сындырып аласыңдар, ал, сол күйінде қалдырсаңдар, ол түзелмейді. Сендерге әйелдеріңе жақсы қарауды өсиет етемін»» (әл-Бұхари мен Муслим). Молда Әли әл-Қари бұл хадисті былай түсіндіреді: ، ‫ واﻟﺜﺒﺎت ﻣﻊ اﻋﻮﺟﺎﺟﻬﻦ‬، ‫ وﻗﻄﻊ اﻟﻄﻤﻊ ﻋﻦ اﺳﺘﻘﺎﻣﺘﻬﻦ‬، ‫واﻟﻤﻘﺼﻮد اﻟﻤﺪارة ﻣﻌﻬﻦ‬ «Бұл сөздердің мәні мынада: әйеліңмен «ол түзеліп кетеді» деп үміттенбей өмір сүру, оның «қисықтығына» қарамастан, онымен бірге болу». Бұл хадисті неке туралы хадистердің ішіне кіргізгеніміздің себебі – жас жұбайлар үйленген сәттен бастап отбасылық өмірге аяқ басады, бір-бірімен жақын танысады, осылайша, екеуінің бір-біріне үйренісу кезеңі басталады. Түсінуді қажет ететін және Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтып кеткен бірінші нәрсе – еркекке үнемі әйелді түзету керек сияқты көрініп тұрады. Сол себепті, бұл мәселеде орта жолды ұстану қажеттігін білуге тиіспіз: иә, рас, әйел күйеуінің ыңғайына жығылуы керек, ер де әйеліне әрдайым соны меңзеп, ұғындырып отыруы тиіс. Бірақ, шектен шықпаған жөн. Кемшіліктерге сабырлық танытып, жүйкеңізге тиетін кейбір нәрселерге көндігіп, оларды қабыл ала білу қажет: бір әйел дүкенге бару үшін ұзақ жиналуы мүмкін, басқа әйел шамадан тыс назды (қыңыр) болуы ықтимал, тағы бір әйел тағамның бір түрін ұнатса, екінші түрін мүлде ұнатпауы әбден мүмкін, тіпті еркек сол екі тағамның арасында қандай айырмашылық барын түсінбесе де. Осы болмашы кемшіліктерге шыдай білген абзал. Себебі, әйелді «түзетемін» деп, «сындырып» алуың ғажап емес. Ал, бұл ажырасуға әкеп соғады. Бұл хадис – қазіргі заманда өте өзекті. Өйткені, бүгінгі күнде балалар мен жасөспірімдер индивидуализм дәуірінде өсуде, керек десеңіз, бұл тіпті мұсылман отбасыларын да айналып 38

өтпейді. Ымыраға келу, ортақ тіл табу деген ұғым жастардың санасына жат болып барады. Имам ән-Нәуәуи былай дейді: ‫ ﻋﻮج‬‫ اﻟﺮﻓﻖ ﺑﺎﻟﻨﺴﺎء واﻹﺣﺴﺎن إﻟﻴﻬﻦ واﻟﺼﺒﺮ ﻋﻠ‬‫ ﻓﻴﻪ اﻟﺤﺚ ﻋﻠ‬: ‫ﻗﺎل اﻟﻨﻮوي‬ ‫ وأﻧﻪ ﻻ ﻣﻄﻤﻊ ﻓ‬، ‫أﺧﻼﻗﻬﻦ واﺣﺘﻤﺎل ﺿﻌﻒ ﻋﻘﻮﻟﻬﻦ وﻛﺮاﻫﺔ ﻃﻼﻗﻬﻦ ﺑﻼ ﺳﺒﺐ‬ ‫اﺳﺘﻘﺎﻣﺘﻬﻦ‬ «Бұл хадисте әйелдерге жұмсақ болу, жақсы қарау және олардың жаман мінезіне сабырлық танытуға үндеу бар. Өйткені, олардың ақылдары әлсіз (таяз) болар, ал, олармен ешбір себепсіз ажырасу – мәкрух және олардың түзелуіне үміт жоқ». Әлбетте, мәмілеге келу және шыдамды болу қағидасы дінге қатысы жоқ және күнәға итермелемейтін мәселелерге байланысты айтылған. Сондықтан, молда Әли әл-Қари былай деген: ‫ ﻣﻌﺎﺷﺮﺗﻬﻦ‬‫ اﻋﻮﺟﺎﺟﻬﻦ ﻓﻴﻤﺎ ﻻ إﺛﻢ ﻓ‬‫واﻟﺼﺒﺮ ﻋﻠ‬ «Олардың жаман мінезі күнәға әкелмейінше, оған сабырмен қарау». Демек, әйелдің хиджаб кигісі келмеуі немесе «зайырлы өмір» сүруді қалауы сияқты жағдайлардың бұған қатысы жоқ. Өкінішке орай, бүгінде өздері намаз оқып, мешітке барса да, әйелдері діннен мүлде алыс мұсылмандарды көптеп кездестіруге болады. Мұндай жағдайда ешқандай «сабырлық» сені ақтап ала алмайды. © Авторские права на статьи и осуществленные переводы статей из других источников принадлежат сайту Azan.kz. Убедительная просьба к лицам, производящим копирование и распространение в социальных сетях и иных сайтах любых материалов ресурса Azan.kz, в обязательном порядке указывать активную ссылку на источник. 39


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook