Сондай-ақ біздер география ғалымдары мына біз сізді жассынбаймыз. Сізді үлкен болашақ ғалым деп бағалаймыз. Біздің халқымыздың да мынадай бір мақалы бар ғой. «Кімге көп берілсе, содан көп дəметеді» деген. Сізге талант та, ақыл да мол берілген. Сондықтан сізден анау халқыңыздың дəметері көп. Ол халық былай тұрсын, ғылым қоғамы мен біздің сізден əлі дəметеріміздің ұшы-қиыры жоқ, — деп тоқтады. Шоқанның бір ауыл «Менің тағы бір жаңалығым бар», — деген сөздерінен Семенов- Тянышанский ақ көңіл, əділ ойынан Шоқанға деген мейірбан ықыласын төге салғандай болды. Ал енді Шоқан Шыңғысович, мен тыңдауға əзірмін, — деп Семенов трубкасын тартып, салмақтана отырды. — Сіз анада маған неміс ғалымы жиһанкез Гумбольт деген кісінің жайын əңгімелеп, ол кісінің шығармаларын маған танысуға берген едіңіз. Сол кісінің шəкірті Адольф Шлагинтвейттің Қашғарияда қатерге ұшыраған уақиғасын анықтап естіп қайттым, — деп аяқтағанша Семенов- Тянышанский Шоқанды тура құшақтап, жүйесі босап сүйді де: — Шоқан Шыңғысович, тəңірім саған ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат берсін. Бұл бір бүкіл еуропа ғалымдарына, тіпті барлық еуропа мемлекетіне жұмбақ та, арман болған жайт еді. Ол бір өр талант, асқан келешегі мол ғалым еді. Оның тағдыры жөнінде əкелген хабарың бүкіл Еуропаны күңірентеді, — деп өзін-өзі əрең басты. Шоқан Адольф Шлагинтвейттің тағдыры жайында өзінің шəукенінен естіген жəне сол хабардың ізімен өзі анықтап жазып алған жайтты айтып шықты. Шлагинтвейт жайындағы Шоқан айтқан уақиғаны тыңдап болып, Семенов-Тянышанский: — Шоқан Шыңғысович, сіз осы Шлагинтвейт жеңінен анықтап қайтқан хабарыңызды бүгіннен бастап отырып жазыңыз. Мен оны газетке бастырамын. Бұған Германия, Англия ғалымдары жылап көріседі. Оның тағдырынан олар ешбір хабар ала алмай қапалықта, — деп Семенов- Тянышанский Шоқанға əрі шұғыл, əрі жауапты міндет тапсырды. — Петр Петрович, сіз тапсырған нəрсе міндетті түрде орындалады. Сондықтан да жазып, өзім қолыңызға берем, — деген уəдені Шоқан күлімдей айтты. — Шоқан, мен сіздің басыңызға бүгін біраз міндеттер арттым. Бұлар менен гөрі езіңіз үшін керек. Бірақ істеледі, оған сенем, тек, кешіктіре көрме. Тағы бір ұсынысым бар, менің осы Петербургтағы біраз əдебиетші
достарым маған бір қолқа салып жүр. Олар ақын да, халықшыл зиялылар. Сізбен таныстыр деп өтінеді. Мына бір алдыңғы хабарды жазсаң, ол газетке шығысымен олар мені тағы мазалайды. Мен оларға өзіңмен келіспей, уəде бере алмадым. Олармен кездесуді қалай қарайсыз? — деп тоқтады. — Петр Петрович сізге дос кісі, маған да жат емес. Мен Петербургтың зиялы қауымымен қалай танысам, солардың ортасына қалай кірем, деп келген адаммын. Мен қуанышпен танысам, — деп Шоқан қуанып кетті. Семенов-Тянышанский көп отырған жоқ: — Шоқан Шыңғысович, мен сізді үйден күтем. Кешіктіре көрме. Жəне бір ескертерім — аузың мен айналаңа сақ бол, сонау Омбыдағы Фридрихе сияқты «достарыңның» мұнда да үндестері аз емес, — деп қош айтысты. Шоқан жазып берген Шлагинтвейт жайындағы хабар Петербург газетіне шыққан күні Шоқанды шетелдер департаментіне бірнеше шетел журналистері, ғалымдары іздеп келді. Олар Шоқанның қабылдауын сұрап, Петр Петрович Семеновтың мазасын алды. Бəрімен болмаса да Семенов- Тянышанский өзіне сенімді бірлі-жарымына жолықтырды. Əрине Шлатинтвейттің басынан кешкен қайғылы хал, бір ғана Шоқан біліп қайтқан хабармен тынбады. Бірақ бұл хабар жұмбақ болып үні өшіп жатқан бір зор уақиғаның жүлгесін тапты. Оның қымбаттылығы да сонда. Əрине, Шлагинтвейттің күнделігі де ізделер, ғылымға қосқан жаңалығы да мүмкін табылар. Бірақ соны іздестірер жол осы Шоқан алып қайтқан хабар ғана. Семенов-Тянышанскидің тапсыруымен Шоқан өзінің «Жол дəптерінен» деген очеркін жинақтауға шұғыл кірісті. Соны жазып жүрген кезінде Петр Петрович анадағы ескертуін қайталап: — Шоқан Шыңғысович, сен ертең демалыс ет. Біздің үйге кел. Достармен таныс, — деп арнайы шақырды. Шоқанның Петербургқа келгелі құмарта күткені Петербург зиялыларымен кездесіп, пікір алысу. Сол мақсатының бастамасы болар деген сəтті ынталана қарсы алды. Шоқан Семенов-Тянышанскийдің үйінде бұрын тек атын еститін екі ақын — Аполлон Николаевич Майков, Я. П. Полонскийлермен танысты. Бұлар халықшыл, өте мəдениетті, сол кездегі Петербург жұртшылығының сүйіп оқитын ақындары еді. Петр Петрович Семенов-Тянышанский Шоқанды ақын достарына таныстырып:
— Қымбатты ақын достар, таныс болыңыздар, сұлтан Шоқан Шыңғысович Уəлиханов. Біздің Россия ғылымының Шығыс Азиядағы жас та, талантты да қайраткері, — деп бір тоқтап. — Шоқан, Шыңғысович, танысыңыз, анада езіңе айтып едім, біздің Россия халқының көкейіндегі көрікті сырын шертер ақындары — Аполлон Николаевич Майков, Яков Петрович Полонский, — деп екеуінің аты-жөнін айтып ұғындырды. Бұдан кейін сөзді Майков бастап: — Сіздің əріптесіңіз өте талантты ғалымды сыртынан естіп ынтызар едік. Сізге рақмет, таныстырдыңыз. Біздің Россия халқына күңгірт жатқан Шығыс Азияның шалғай өлкесінің шымылдығын ашып келгені ерекше батылдық. Ол біздің Россия ғана емес, бүкіл Еуропа үшін зор жаңалық, — деп тоқтады. Ақындар ағытыла, əсіресе Шлагинтвейт жайында əңгіме қозғап, ынталана тыңдасты. Шығыс Түркістанның Алтышəрі жайынан, əсіресе мемлекеттік тəртіптерінен сұрап танысты. Шоқанның Қашғарияда Жаркент өзенінің бойындағы құм аймақтарда өсетін өсімдіктермен онда мекендейтін жəндіктер жайынан сұрап танысты. — Егер рұқсат етсеңіз, тұрған үйіңізге біраз уақытқа кіріп шығар едім. Мен сіздің асқар Алатаудың мұзды қырқасынан, Жаркент алқабындағы құба құмнан жинап қайтқан өсімдік түрлерімен танысар едім. Есту мен ұғу бір басқа, көзбен кəріп сезім алу өзгеше ғой, — деп Майков ақын бір тілек айтты. — Мен сізді қазір ертіп баруға дайынмын. Құрметпен күтем, — деп Шоқан екі ақынның екеуін де пəтер үйіне шақырды. Достар халық жайында, əсіресе Николай І-патшаның қатал да қайырымсыз жазалаған кезіндегі жер ауған зиялылар жайында пікір алысу болды. Олардың біразы Николай І-патшаның өлімінен кейін еркіндік алып, мекендеріне оралғаны айтылды. Пікірлес достарының Александр ІІ-нің алдына тілек қойып, оларды қызметке отырғызу, еңбекке еркіндік алуларын іздестірген жайлары өз болды. Осы ретте Федор Михайлович Достоевскийдің Петербургқа келуі жайында пікірлесті. Шоқан мемлекеттік департаментте бір мезгіл істейтін қызметінде Петербург қауымының ашық пікірлі адамдарымен танысып, достар тобын молайта түсті. Вильяминов-Зернов сияқты ірі ғалыммен, Чернышевскийдің пікірлес достары — В. жəне Р. Курочкиндермен танысып өте жақын
достасты. «Орыс география қоғамы жазбасы» атты журналдың редакторы профессор А. Н. Бекетовпен танысып, пікірлес болды. Шоқанның сонау Омбыда оқыған кезінде аса үйірлескен үйінің бірі Капустиндердің үй-іші болатын. Яков Капустинның, Екатерина Ивановнаның қызы Вера Яковлевна осы Петербургта нағашы ағасы Менделеевтің қолында оқуда. Шоқан Петербургқа жүрерде Капустиндердің үйінде болып, Вера Яковлевнаның адресін алған. Бірақ Петербургқа келгелі Вераны іздеуге мұршасы болмаған-ды. Осы біразда өз жұмысының басы қайрылғандай болған соң, Шоқан Вераны тауып амандасты. Сонау бір пароходқа шығарып салғаннан кейін дидарласпаған замандастар қуаныса амандасып, туыстарша шүйіркелесті. Вера өзін іздеп келген дос-жар құрбысы Шоқанды нағашы ағасымен де таныстырды. Бұрын атын естігені болмаса, таныспаған талантты талыммен де жақсы сөйлесіп, көп пікір алысты. Вера ой тоқтатып, білім өрісіне бой ұрып, бұрынғысынан əлдеқайда өсіп кеткен. Екеуі де біріне бірі бір кездегі əзілдестік жайдан сөз қозғаған жоқ. — Вера Яковлевна, мен сізді үйімді көруге шақырамын. Алдағы демалыста күтем, — деп Шоқан шығарып салған замандасына өтініш айтты. — Шоқан Шыңғысович, сіздің достарыңыз да көп, жұмысыңыз да көп. Мен көп нəрсеге бөгет жасаймын ғой, — деп Вера көкірегінде көптен ойлаған назының лебін осы жерде шығарды. — Вера Яковлевна, ол сылтауыңызға мен жол бермеймін. Күтемін. Келіңіз, — деп Шоқан ширай да, өтіне де айтты. — Күтіңіз, барайын. Ренжитін қабақ көрсеттіңіз ғой, — деп Вера Яковлевна жымиып Шоқанмен қош айтысты. Шоқанның Петербургқа бет алғандағы бір жолығармын деген қымбатты адамы осы Вера еді. Вера алдында кешірім сұрар жолы бар. Вера келеді, сонда Шоқан əңгімені неден бастамақ? Шоқанның бір қиналған ойы осы. Бірақ ол өзін өзі ширатып: «Жоқ, мен еш нəрсені жасырмаймын. Мен бүкіл мемлекеттік ұлы тапсырмамен бардым. Ал ол барған елімнің тəртібіне мойын ұсындым. Шынын айтам. Оған бағынбасам, менің де көрер тағдырым анау Адольф Шлагинтвейттің тағдырындай болмақ. Ал ол жағы
бір болған күнде Вера екеуміздің еліміз екі қиырда, біріне бірі еркін қойындаспаған, іргелес тату ғана көрші. Вераның елі болса мынау, патшалы Россия, менің елім анау көшерін жел, қонарын сай біліп жүрген дала қауымы. Вераның айтқанын істесем, маған үмітпен қараған елімнен қол үзем. Патшалы Россияның шенді төресымағы болам. Жоқ, мен ол болмаймын. Мен Вераға шынымды айтам». Шоқан осындай толғаныс күндерін өткізіп, ғылыми еңбегін де, міндетті қызметін де істеп жатты. Бір күні Петр Петрович Семенов-Тянышанский өзі келіп, Шоқанмен амандасып, біраздан бері əдейі хабарласпағанына себеп болған бір жайсыз хабар айтты. — Мен кеше шетелдер министрлігінің құпия бөлімінде болдым. Мені шақырып сұраған хабары, Шоқан Шыңғысович, сіз туралы болды. «Уəлиханов сол Шлагинтвейттің күнделігін тауып алып, сонымен мақтанып жүр. Жəне өзі Қашғарияда үйленіп, сол елге азамат болуға сенім беріп келген болуы ықтимал. Уəлихановқа онша сене бермей, сақ болыңыздар. Ол кісінің Омбыдағы жағдайы да бізге мəлім. Қай-қайдағы патша үкіметіне сенімсіз жер ауған адамдармен үнемі байланыс жасап отырады» депті. Мен бұл туралы Игорь Ковалевскийге айтып, Омбыдағы Ивашкеевич Фридрихстердің жайын түсіндірдім. Ол кісі Горчаковпен өзі сөйлеспек. Сіз оған күдіктенбеңіз. Бірақ əлі де ескертерім — аса сақ болыңыз. Қазір сіз айрықша аңдуылдасыз, — деп Петр Петрович өзінің достық ақылын айтты. — Сонымен қатар бір қуанарлық жай, Федор Михайловичтің інісіне жолықтым. Ол ағасының Петербургқа келуін ізденіп жүр екен. «Жуырда рұқсат болады» деп қуантты. Семенов-Тянышанскийдің мына əкелген хабарлары қауіпті-қатерімен бірге қуанышты. «Еңбегімнің адалдығына, барған міндетімді мүлтіксіз орындағаныма зиялы əділ қауымның көзі жетеді. Қорықпаймын» деп Шоқан əдеттегі тəуекелшіл қажырына мінді. Анадағы айтқан уəдесі есінде болған Аполлон Майков Шоқанның үйіне келіп, мəжілістесті. Майковке Шоқан Алатау, Ыстықкөл жəне Қашғария жерлерінен жинаған өсімдіктер түрлерін көрсетті. Майков ақынға əсіресе ұнағаны Алатау қиясындағы мұз белдеу өсімдіктері болды. Қытай, Индия, Азия шеберлерінің қолынан шыққан аса нəзік өрнекпен жасалған бұйымдар да ерекше ұнады. Майков ұзақ əңгімелесіп отырып, қайтар шатында Шоқанға өз қалауын айтты.
— Шоқан Шыңғысович, сіз маған мына асыл бұйымдарды жайып салып, — қалаңыз, сүйгенін алыңыз, — деп отырсыз. Мен бұйымнан гөрі, сезім жинаған жанмын ғой. Маған мына бір мұз белдеуде өскен гүлдің жапырағын сыйлаңыз. Ой салып, қалам тебірентер сыйлық болсын, — деді. — Аполлон Николаевич, бар ықыласыммен сыйлаймын. Менен сізге сезім оятар дүние табылса, еңбегім жанғаны ғой, — деп Шоқан Майковтың қалаған гүлін кішкене əшекейлі сауытқа салып ұсынды. — Рақмет сізге, Шоқан Шыңғысович, амандық болса лирикалық бір-екі шумақ өлең күте беріңіз, — деп күле қош айтысты. Аполлон досын жөнелтіп, Шоқан Манас жайынан жинаған қолжазбаларын аударыстыра бір қарап өтті. «Көкетай асы» дейтін бөлімінен «Қанікей көші» дейтін тарауды орыс тіліне қара сөзбен аударып көрді. «Шіркін, ақын болсам, мына Қанікейдің сипатын қандай суреттер едім» деп қиялдады. Уəделі демалысында күткен Шоқанды Вера Яковлевна көп зарықтырмады. Айтқан сағатында əзілшіл сыпайы мінезін істеп қалжыңдай кірді. — Шоқан Шыңғысович, сіз туралы өсек бар көрінеді. Менен несін жасырасыз. Қашғарияда үйленіпсіз. Мүмкін, осында алып келген боларсыз. Егер Азия əйелдерінің əдетімен паранжы жамылса, оны да жасырмаңыз, — деп күлді. — Вера Яковлевна, жасырынбақ ойнап көрген жан емеспін. Оны өзіңіз де білесіз. Барлығын ашып өзім айтайын. Қашғарияға қандай мақсатпен барғаным сізге айқын. Мен өзімнің еркімнен халқым мен үкімет тапсырмасын жоғары санайтын жанмын. Сондықтан мен барған мемлекеттің тəртібін бұза алмадым, — деп Шоқан ойлана төмен қарады. — Шоқан Шыңғысович, сіз ол жатынан менен кешірім сұрамай-ақ қойыңыз. Оны мен ұғам. Енді жай достықпен əңгімелеселік. Менің нағашы ағам сізге сондай құмартып қалыпты. Менен сіз туралы көп жайларды сұрады. Сірə, екеуіңіз дос болатын шығарсыздар. Оны өмір көрсетер. Енді сіздің алып қайтқан мүліктеріңізбен танысалық, — деп Вера Шоқанның бір сөре етіп жинап қойған дүниелерімен танысты. Онан соң Шоқанның қолжазбаларын, жер бейнесінен, адам түрінен салып алған суреттерін
керді. Шоқан бір əсем қобдиды бірден аша қоймай, басқаларын көрсетіп еді, Вера көңіл бөле ішін аштырды. Бұл — Қытай шеберлерінің бамбук ағашынан піл сүйегімен оймыштап нақыстаған аса əдемі мүлік еді. Ол мүліктің сыры сыртындағы əшекейінде ғана емес, оның ішінде ақ торғынға ораулы жатқан Қашғардың қара көз сұлуының суретінде еді. Осы суретті көре салып: — Мына сурет сіздің жарыңыздың суреті болар. Жасырмаңыз, — деп Вера қадала түсті. — Иə, Вера Яковлевна, сол уақытша тəуелді болған адамым осы. Оны мен ұмытпас үшін салғаным жоқ. Қашғар қыздарының киім киісі, жалпы бейнелері мына Еуропалық халықтарға танылсын деп салдым, — деп өзінің шын сырын сөйледі. Шоқан көрсеткен əйелдің суретіне Вера үңіле отырып: — Біздің естуімізіше, Азия əйелдері сиықсыз болады, шаштары білтеленген, сойдақ тіс, тапал денелі деуші еді. Мына сіздің тəуелдіңіз көрікті екен, — деп тоқтағанда, Шоқан іле сергіп: — Азия жайында алыстан естігенде əр алуан сөз айтылады ғой. Сол азиялықтар еуропа əйелдерінің сипатына жиіркене қарайды. Əр халық өзін мадақтайды. Ол да адам баласындағы қалыптасып қалған ұлт айырмашылығынан шыққан солақай көзқарас, — деді. Ұсынған базарлығынан Вераның еш нəрсе алмағаны Шоқанға ауыр тиді. Бірақ ықтиярынан аттап Вераға еш нəрсені ұстата алмады. Тек ішінен: «Мынадан бір нəрсе алсам, соны көрген сайын Шоқан көз алдыма келер, тез ұмытуыма сыйлағанын алмағаным дұрыс деп ұқты ғой» — деп топшылады. Вераны шығарып салып, Шоқан өзінің жұмыстарына кірісті. Біраз уақыт өтті. Шоқанның қолжазбалары «География қоғамының жазбасы» атты мерзімдік жинаққа дайындалды. Осы бір жұмыс аяқталып қалған кезде, бір күні Аполлон Майков күлімдеп жетіп келді: — Шоқан Шыңғысович, мен сізге сезім ұшқынынан бір нəрсе туса, əкеліп берермін деп едім ғой. Мына бір кішкене нəрсені жазған болдым. Құр уəде болғанша, жарты түйір болса да жазба болсын, — деп өлеңін оқыды.
Өлеңімнің аты: «Мұз белдеуде». Қараңғы, дымқыл қуыста Көлбеңдер жансыз құр елес Ұялшақ жандай жас тұста Мұз таңы қалғыр ерте, кеш. Мені де желпір жаңа өмір Мұзды асқар сол бір шыңында. Жайнаған сол бір қарлы өңір Нұр төккендей, шынында, Білемін ол жер қорқыныш, Адамның онда жоқ ізі, Үн қатар жүрек шүйлеп күш, Шақырар онда жан өзі. — Рақмет сізге, Аполлон Николаевич. Тамаша лирика. Мінеки, сезім өлеңі, — деп Шоқан қайта-қайта, алып оқып: — Ең болмағанда сіздің осы өлеңіңіз менің жер кезген жүрісімнің бір белгісі болар. Мен көшіріп алайын, — деп Шоқан жазып алды. Ақын қиялы жүйрік қой, бір мұз белдеуге өскен бір бозғылт гүлдің қураған жапырағынан сыршыл өлең жазды. Шіркін, шын ақынның қиялы қандай көреген. Будалап зорлықпен ұйқастырып, өз айтарын өзі ұқпаған ақындардың жыры мен сырынан кейде адам мезі де болады ғой. Шын ақын шіміркене шырын төгеді. Жан жүйеңді тебірентіп, жүрегіңді шымшиды-ау, — деп толғанды. Шоқанның осы бір кейінгі күндердегі қуанышы сонау Омбыдан аттанарында өзіне соғып Тверь қаласына жүріп кеткен досының інісі М. М. Достоевский айтқан Федор Михайлович Достоевскийдің Петербургқа
келетін хабары болды. Сонау Одессаға барып, еркіндік алып, ақындық еңбегіне кіріскен Сергей Дуров досынан да жиі-жиі хат алып хабарласып отырды. Осындай көңілді болар шағында іштей денесін əлсіретіп, мазасын алған сырқат шырмауына ұшырады. Амал не, өмірде бəрі тегіс берілмек емес. Шоқан Петербургта татар ғалымы Хұсайын Файызхановпен танысты. Хұсайын Шоқанмен ана тілінде сөйлесіп, шығыс елінің ертегі, дастандары жайында пікірлес болды. Сонау Ыстықкөл сапарында жинап қайтқан Алатау қырғыздарынан Манас жырымен Хұсайын құштарлана танысып, кейбір жағдайда пікір қорытысты. Хұсайын татар, башқұрт, қазақ елдерінің түбірлес жыры, ауыз əдебиеті жайлы көп ізденген тəжірибелі адам еді. Оның Шоқанға серіктесе үн қосуы өзін таты бір қанаттас досқа душарластырды. Хұсайын досына «Манас» дəптерін бере отырып Шоқан: — Сіз Хұсайын мырза, татар халқының ертеректен жазба қоры бар, қолжазбасы бар дүниесіне жастай қанықсыз ғой. Бірақ қазақ-қырғыз сияқты көшпелі елдің ауыз əдебиетімен əлі көп таныспаған боларсыз. Мен, əрине, қазақ халқының күні бүгін əлденеше дастандарды ауыз-екі ұғып, мүлтіксіз айтып шығатын өрен ақындарын көрдім де, білемін. Оның біразын əкемнің алдында ағыта үздіксіз айтқандарынан тыңдағам. Ал мына қырғыз елінің Манасты жырлайтын ақындарын «Жұмоқшы» деп атайды екен. Олар осы «Манас» жырын жұмалап емес, айлап жырлайды екен. Жəне бүкіл шығыс көшпелі елінің көне өмірін тегіс қамти, шіге-бүгесіне дейін мүлтіксіз айтады. Əрине, кей жерлерінде қайталау да болады. Жазылмаған ауыз əдебиетте ол болмай қоймайды. Қырғыз ақындарында тек қана «жұмоқшы» емес, ғажап бір дарынды ақынына кездестім. Ол ақынды Қашғар сапарына бет алғанда шекараға дейін ертіп бардым. Өзі бір адал жанды, асқан төкпе ақын еді, — деп қазақ, қырғыз ауыз əдебиеті, ақындық дарындары жайында Хұсайынға қызықтыра сөйлеп кетті. — Шоқан мырза, сол ақын бұл күнде бар ғой. Аты-жөнін жазып алған боларсыз? — деп Хұсайын ол ақынның аты-жөнін білгісі келді. — Иə, жазып алғам. Тіпті жазып алмасам да Борсық пен Төлтайды ұмытпаған болар едім. Шіркін, сол Төлтайлар, анау Боранбай манаптар, оқыса, қырғыз елінің атақ, абыройын талай жерге апарар еді, — деп көшпелі, сауатсыз елдің жайына күйіне тоқтады.
Шоқанның сырқатқа шалдыққан жайынан хабар алған Шыңғыс, баласына аталық мейірбан ықыласымен хат жазып, анасының, бауырларының сəлемдерін жеткізді. «Шоқан, сені анаң Зейнеп, інілерің, қарындасың бəрі де сағынулы. Ал халық та сенің абыройлы қызмет етіп шетелге барып қайтқаныңды естіп, өзіңді көріп, лебізіңді естуге құштар. Жаз ауылға кел. Мына даланың таза ауасы, қымыз, ат үсті сені сауықтырады. Қатты сағынудамыз» деп жазды. Шоқан да сол туған жер, өз аулына барып дем алсам, сауығып кетермін деп ойлайтын еді. Шоқан сырқатқа шалдыққалы өзінің достары арқылы қаралып, ем алып жүрген талым дəрігері бар-ды. Ол кісі де: — Сіз сахара баласысыз. Мына Петербургтың күн сəулесі аз түсетін дымқыл ауасы сізге ауыр. Мүмкін болса еліңізге барып, қымыз бен таза ауада емделіңіз. Жазылып кетесіз. Саулығыңызды сақтаңыз, — деп қамқорлық кеңес берді. Семенов-Тянышанский, Достоевский сияқты абзал достары «ауылыңа барғаның оңды, саулығыңды сақта» дейді. Осы жуырда ғана Сергей Дуровтан да хат алды. «Шоқан досым, мен сенің тек ғылыми еңбектерің емес, суретшіл өнеріңді де «Суреттеу» журналынан көріп қуандым. Достардан алған хатқа қарағанда, сен мейлінше шаршап, сырқатқа шалдыққан көрінесің. Ауылыңа бар. Біраз уақытқа демалыс істе. Өзің жіберіп, сіздің ауылда болған бір жазғы дем алысым, маған міне əлденеше жылға күш-қуат болды. Анау сіздің Көкшетау алқабы қай аурудың болсын дауасы ғой», — деп жазды. Шоқаннан бір жыл бұрын жай тыңдаушы болып Петербург университетіне оқуға келіп түскен Григорий Потанин де Шоқанға: Шоқан Шыңғысович, сіз жүдеп барасыз. Тезірек ауылға қайтыңыз. Мұндағы еңбегіңіздің жарық көруіне қолдан келгенді аямаспыз, — деп үлкен өтініш айтты. — Мен өзім де қайтуға бел байлап отырмын. Жалғыз қайтпаймын, өзіммен пікірлес бірнеше жас достар бар, соларды ала барамын. Олар біздің елдің жайы-күйімен таныспақ. Бір кісінің үні қаншаға жетеді,
бірнеше үн қосылса біраз жерді жаңғырықтырмай ма. Ең болмағанда олар біздің еліміздің төбесіне қамшы үйірген қаныпезер чиновниктердің иттігін көздерімен көріп кепке жайса деп ойлап отырмын, — деді. Шоқанның мына кейінгі ойын Григорий қуана қоштады. Шоқан елге қайтуға қамданып жүрер алдында Федор Михайлович Достоевскийдің үйіне келіп, біраз кеңестер шертті. — Шоқан досым, мен сізді қалай жақсы көретінімді айтқам, əлі де айтарым — алдымен саулығыңды сақта. Халыққа деген жақсылықты кісіден сұрап жарымаймыз. Халық оянса, өзі еріксіз тартып алады. Тек, сол халықтың санасын ояту ертелі-кешкі еңбектің арқауы болсын, — деп тоқтады. Шоқан аға досының осы бір орынды айтқан кеңесін көкейіне сақтай, өзінің де алдағы мақсаты сол екенін таты да қайталады. Достар ұзақ сүйісіп, қош айтысты.
ПЕТЕРБУРГТЕН АУЫЛҒА I Шоқан Петербургтен қайтарында өзімен университетте бір курста оқитын бір орыс жігіті мен ғылыми досы татар ғалымы Файызханов, шығыс департаментінде бірге істейтін Ибрагимов (татар жігіті) бірге жүретін болды. Орыс жігіті Москваның белгілі бір байының баласы. Петербургтың ауа райын көтере алмай, қаны азайып, сырқатқа шалдыққан. Дəрігерлер оған да «сахараға шық, қымыз іш, қойдың жас етін же» деп кеңес берген. Шоқанды тауып тапсырған да солар болған. Файызхановты Шоқанның өзі үгіттеп, қазақ даласын көріп, ауыз əдебиетін, тұрмыс жайын жаз деп елімен таныстыруға əдейі алып шыққан. Осындай дос жолдастарымен Шоқан Омбыға келіп, онда бірнеше күн достар мəжілісінде болып, Көкшетауға аттанады. Шоқан Көкшетауда бірнеше күн бөгелді. Жергілікті мекемелердің адамдарымен, қызмет тəртібімен танысты. Сонан əкесі жіберген үш тарантаспен ауылына тартты. Шоқанның Көкшетаудан аттанып, ауылына қарай шыққанын естіген ел адамдары жүретін жолын тосып, амандасып жүргізбей, қайсыбірі қонаққа шақырып, аяғына оралды. Шоқан əкесінің ауылына таянғанда алдынан топ-тобымен ел адамдары шығып, қарсы алып, өзіне арнап тігілген үйге əкеліп түсірді. Ақ үй маңында да құжынаған көп халық бірін-бірі кимелеп, Шоқанның қолын алып дидарласуға құштар. Шоқан алдымен əкесінің құшағына барып кірді. Шыңғыс баласын қапсыра құшақтап, маңдайынан иіскеді. Шоқанын құшып, емірене сүйгелі шыдамсызданып отырған анасы Зейнеп Шоқан өзіне қарай бұрыла бергенде: — Келші жаным, Шоқаным, тұла бойы тұңғышым, жан сəулем, — деп
зарыға құштарлана құшақтап көзінен мөлтілдете жас төгіп, маңдайынан, бетінен кезекпе-кезек сүйіп əрең дегенде мауқын басты. Шолжың сөйлейтін майда, нəзік үнімен: — Шоқанжан, зайықтидың ғой, неге жүдеушің? — деп өкси сөйледі. — Апеке, келдім ғой, енді сіздерді зарықтырмаймын, — деп, Шоқан біраз отырып, Петербургтен ертіп келген жолдастарымен ауылын таныстырды. Сонан кейін əке-шешесінен рұқсат алып, өзіне тігілген үйге барды. Шоқан өз үйіне келгенде, үй сыртында күтіп отырған жұрт өре түрегеліп, əлгінде кезек тимегендері амандасты. Шоқанның қасына Петербургтен күтуші болып еріп шыққан татар жігіті анталаған қауымға: — Төре жолдан қатты шаршап келді. Сіздер біраз іркіліңіздер, мен ол кісіні шешіндірем, киімін жаңалаймын. Менен хабарсыз үйге кірмеңіздер, — деп жариялады. Келген қонақты реттеп түсіріп жүрген Жақып болатын. Ол біраздан кейін күтушісінің сөзін тыңдамай, Шоқан жатқан ақ үйге кіріп: — Шоқан аға, сіз шешініп жайлансаңыз, сыртта Орынбай ақын бастаған өнерпаз жас қауым күтіп отыр. Олар амандық айтып, бүгін əнмен, күймен ойын-күлкі жасамақ, — деп өтініш айтты. — Ол дұрыс болған, келтір, — деп Шоқан рұқсат етті. Қолына домбырасын ұстай кірген Кермағының Орынбайы өлеңді нөсерлете жөнелді. Шоқанның шақыруымен Петербург қонақтары да ақ үйге келген-ді. Олар бұрын мына сияқты домбырамен құбылта өлең төккен ақын өнерін көрмеген, таңырқай, сүйсіне тыңдауда. Əсіресе қазақ халқының ақындық өнерін алыстан естіп, ауызша тыңдауға мүмкіндігі болмаған Файызхановқа жаңа бір əсем өнер алдынан атой берді. Ақын үйреншікті жаттама өлең емес, Шоқанның аман-есен əке ауылына, ұлы ордасына оралғанын, сонау Қашғар сияқты шалғай ғаламды аралап көргенін əсем теңеулермен құбылта ағызды. Орынбай бірсыпыра құттықтау, шежірелеу өлеңдерін төгіп, тоқталып: Ендігі кезекті əншіге берелік. Мына жас əнші Төлепберген үнін естілік, — деді.
Иə, ол дұрыс. Əнші үнін де естілік, — деп Шоқан бұрын таныспаған талдырмаш, сұңғақ бойлы, ақ құба жігітке көз тастады. Аз бөгеліңкіреп қобызын сарната əн шырқады. Қобыз үнінің қоңыраулап бастап, əуелете шырқалып кететін жеріне үнін қосқанда, бір ішектен шыққандай егіз əсем үн құбылады. Қазақ əнін көптен естімей сағынған Шоқан Төлепбергенге сүйсіне қарап: — Құсайын мырза, сіздер қазақ, қырғыз əндері анайы, мəнерсіз деп ойлайтын сияқты едіңіздер. Қалай ұнай ма? Мынау нағыз адамның жан- жүйесін балқытатын əн емес пе? — деп күлді. — Шоқан мырза, мен ешқашан сіздің халықнның өнерін суккəн емеспін. Бұл бір ғажайып саз, тұла бойны тербəтə, — деп шын сүйсінгенін айтты. Төлепберген əні аз тоқталып, Шоқан Орынбай ақыннан Төлепбергеннің жөнін сұрады. — Шоқан сұлтан, бұл əншінің əкесін өзіңіз біліп те қаларсыз, атақты Тулақ қобызшы. Бұлар бірнеше атадан үзілмеген əнші, күйші. Сырымбеттен қозыкөш жерде «Тораңғұл» деген көл бар. Тулақ қобызшылардың қонысы сонда. Əн мен күйдің қоныстаған шаңырағынан шыққан, — деп Орымбай Төлепбергенді біраз таныстырып өтті. Шоқан ертеңінде Айғаным ордасына барды. Айғаным шаңырағындағы Ханқожа төренің кешегі шұбырған елдің ішінде болмағаны — Шоқанның өзінің келуін тосқандық еді. Асыл ана, əже орнына келгенде Шоқан халық дəстүрін істеп, анадай жерден жаяулай келіп, есікті өзі ашып кірді. Ерекше жақсы көріп, сүйсіне құрмет тұтатын Ханқожа Шоқанды құшағына алып, құштарлана сүйді. Ана орнының үңірейіп тұрған мұңын да айтты. Шоқанды жолдастарымен қонақ етіп, Шыңғысты, да шақыртып алып əже орнында жақсы мəжіліс жасады. Қобызының үнін, сыбызғысының сазын сағынған Шоқан басқа ешкімге домбыра тартқызбай, тек Ханқожа күйлерін тыңдады. «Қорқыт» күйін, «Балбырауын» күйін, Соймақтың «Сарыөзенін» тыңдап, қазақ елінің көкірегі мен көңілінде сыр мен жыр болып қалған əсем аңызға мейірленді. Əсіресе Ханқожа күйлері Хұсайын Файызхановқа ғажап ұнады. Хұсайын бір əредікте: — Сізнің тұқымлар бек өнерлі заттан болған. Əрбір адамдарыңызның өзіне хас өнер өзгешелігі бар. Мына сізнің əткəңіз сахаруи халық ішінде бек мəдениетлі икəн, — деп тоқтады.
Осы топта отырған Сал ақсақал: — Бұл тұқымға бəрі қонған. Батыры да бар, өнерпазы да бар, — деп қарқылдай күлді. Осы бір өзге жауап қайтарып Шыңғыс: — Иə, біздің Сал ақсақал дұрыс айтады. Батырымыз да бар, тентегіміз де бар. Өнер Ханқожада. Азды-көпті бақ бізде. Ата орнын күңірентпей жүріп жатырмыз, — деп күлді. II Шоқандар біраз дем алып тынықты. Петербургтен сахара сайранын сатынып келген Шоқан жолдастарымен салт ат мініп, күндіз ылғи дала серуенінде болады. Бірақ, сапырылысып келіп кеткен елдің аясы үзілмей, көбінесе босатпады. Шоқан сапырылған қымыз, сайраған ақын, əнші мəжілісінде отырып, петербургтық қонақтарына: — Қонақ мырзалар, ертең ұйқыларыңыз ерте бұзылады. Ауыл көшеді. Жаңа жерге қонады. Үй тігесіңдер, — деп күлді. — Үйні тіккені қалай? Біз ни ішлəйміз, Шоқан Шыңғысович, бізге үйрəт. — Тағы да біраз отырып, үйдің шаңырағына, керегелеріне қарап:— Мына үйні қалай куəрəлəр? — деді Файызханов. — Бəрін де ертең көресіңдер. Тек жігіттер, қыз-келіншектер көрсеткен жұмысқа дайын болыңдар! — деп Шоқан қонақтарының сұрағын дауалатты. Шоқанның ұйқысы қануын күттіріп, Шыңғыс алдымен өзінің ауылын көшірді. Өздері барып жайланғаннан кейін Шоқанға тігілген ақ үйді көшіретін адамдарды жіберді. Он қанат ақ үйдің ішіне ұсталған жібек кілем, қалы бауларды босатып, жылпың жігіттер, жинақы сылаң келіншек, қыздар ойнақы қимылдайды. Тізерлей шөгерілген атпалы атандарға үйдің туырлық, үзіктерін, түндігін қомдап, қызылды-жасылды боялған жүнмен шымдап оралған əдемі шилерді бүктеп, шиыршықтап əкеліп артып, қыз- келіншектердің қолдары қолдарына жұқпайды. Көшпелі елдің жастарының мына қимылдарына петербургтықтар таңдана қарайды. Бір ғажап болғаны — ақ үйдің сырлы есігін шешіп, алып алшайған керегенің кең ашылған
аңғарынан салт атпен қолына бақан алған екі жігіт кіріп, шаңырақтың күлдіреуішінен тіреп, екі жерден ерсілі-қарсылы тұра қалды. Осы сəтте дайын тұрған қыз-келіншектер уықтың бауларын сыпылдата шешіп, шаңырақтан ағытып алып, жерге қатарлап жинай бастады. Бір-ақ сəтте тіреп тұрған уықтар топ-топ болып буылды да, шаңырақ баяу төмендетіліп, жаяу тосып тұрған жігіттердің қолына берілді. Керегелер таңғыш, шандуынан шешіліп, олар да тарбиған қанаттарын жинап, жалпақ, тақтайға ұқсап ыңғайлана қалды. Осы бір үйді жыққан тамашасын көріп таңданып тұрған Файызханов: — Шоқан Шыңғысович, мен ойлаған едім, нишік жинайлар деп мынау кибиткəні, алай исə бик шибəр жиялар, — деп осыны отыра қалып қойын дəптеріне жаза бастады. — Инді, анық тіккəнін дə курəбіз, — деп Файызханов үйінің жығу, тігу тетігін қадағалап білгісі келді. Шоқандар өздеріне ерттеліп қойған аттарына мініп, жаңа жұртқа тартты. Ақ үйді артқан салтанатты көш осылармен қатарласа жүрді. Алдыңғы ақ бас сары атанға отырғызған Шоқан үйінің орындық, столдарының үстінен асыра жапқан түрлі түсті жібек кілемнің шашақтары жерге жете шұбатылады. Анадайдан қарағанда əлдебір əсем дүние иіріле сорайған түйенің мойнымен жылжып бара жатқан тəрізденеді. Алдыңғы нар бас атанның бұйдасын қолына алып, сүліктей қара жорғаның үстінде, күмістеген ер-тоқымның жүген-құйысқанын, үзеңгі-таралтысын жарқылдата толықси отырған ақ құба келіншектің реңі күн көзінде бал-бұл жанады. Сол сұлудың ақ торғын желегінің шашағы желбірей үйілгенде, бар əлем сұлулығы қара жорғаның томағадай сауырында дөңгелегендей болады. Орда үйінен біраз жер оңашалай шөгерілген көш түйелерінен ақ үйдің сүйегі, жүгі түсіріліп, бағанағы жылпос қауым үй тігуге кірісті. Алдымен он қанат керегенің қоспасын біріне бірін қиюластыра таңғышпен шандып жіберіп, шаңырақты көтеруге кірісті. Бұл жолы кереге ішіне бағанағыдай атпен кірген жоқ. Екі жігіт жайған керегенің ортасынан екі жүк аяқ қойып, соған шығып шаңырақты ұзын қайың бақанға отырғызып алып, аспандата көтерді. Осы сəтте төрт жігіт белсене келіп, келіншектер қолдарынан берген уықты шаңыраққа ат үстінен шаншып, қыз-келіншектердің кереге басына байлауына тастап сыпылдатты. Уықтар лезде қатарлана
шаншылып, шаңырақ орныққан кезде келіншектер уықты өздері шаншып байлай бастады. Осы бір кейінгі үй тігу жайын Файызханов Тақырбастан қайталап сұрап жазды. Жаңа жұртқа қонып, ауыл еру-жайға ауысқаннан кейін, Шоқанды жолдастарымен Шыңғыс өз ордасына шақырып: — Шоқанжан, əжеңнің салдырған мешітін көрген де жоқсың. Ол кісі бізге үлкен мұра, өсиет қалдырды. Мына өзің сəлем беріп танысып отырған ақсүйек пайғамбар əулеті Қожа. Осы кісі — қазіргі имамымыз. Бүрсігүні құрман айты, сол мешітке барып намаз оқылады. Халықты мешітке жиналсын деп хабарладық. Сол айт күні əжең басына да, мешітіне де баруың керек. Халық сыйлауға қарсы болмассың, болмассың, — деп Шыңғыс өзін ара-тұра қайталап дыбдырлата айтатын əдетімен Шоқанға көп көзінше өз хабарын айтты. Көптің көзінше баласына аталық əмірмен ана аруағын көлденең тарта айтқан Шыңғыстың өзіне Шоқан құптағаннан басқа сөз айтқан жоқ. Ауыл отырған жайлаудан Сырымбеттегі хан ордасы мешіт тұрған жер қозы-көштей ғана еді. Шыңғыстың тапсыруымен мешіт басындағы күзетші үйіне барлық жабдық жеткізіліп, ертеңгі айт дастарқанына ерекше дайындықтар істелді. Имам Қожа, Шыңғыс, Зейнептер қонаға, шəк күні кешке, мешіт басында болды. Хан үйінің құрмалдыққа шалатын алты жасар құр өгізі де сол кеште мешіт күзетшісінің үйіне əкеліп байланған. Айт намазына жиналған жұрттан кешікпе деп тапсырған Шыңғыс өзі бойынша Шоқандар да ерте аттанып ордаға келді. Қара нөпір жиналған қалың жұрт, кірлеген жыртық сəлдесін көкіте ораған соқыр сопылар да көбейіп кеткен. Имам хутбасын аяқтап қалған екен. Шоқандар келіп шеткерірек тұрып тыңдасты. Мына ұйып тыңдап тұрған қалың қауымнан бір пенде ұқпайтын араб тілінде сыдырта оқыған хұтбасын аяқтап, имам Қожа мінбеден түсті. Сонан келіп имамдық істеп халықты екі рəкат намазға жықты. Ел намаздан шығып мешіт айналасында, бұлақ басына қарай тарай берген мезгілде бажылдаған бір ащы зарлы дауыс естілді. Жолдастарымен қалың топтан шеттей тұрған Шоқандарға қарай басынан қан аққан, үсті- басы алба-жалба, қара сақалды бір адам келе бере етпетінен түсті. Осы сəтте «əкет ананы былай. Не қыл деп масқара болып жүр» деген Жақып
даусы да шықты. Жақыптың жанындағы бір жылпос жігіт келе əлгі жығылып, өкіріп жатқан адамды жұлмалай бастап еді: — Кет былай, — деп жігітке ақырып, — ананы тұрғызып алып кел, — деп Шоқан қасындағы күтуші жігітіне əмір етті. Барып қолынан сүйемелдеп, Шоқанның алдына жете бергенде, əлгі қара сақалды адам, бетінен қан жосыған қалпында: «Алдияр, жас сұлтан» деп тізерлеп отыра кетті. Шоқан қасына таяп келіп: — Көтер басыңды. Мына айт күні неге мұнша қанға боялып жүрсің? — деп жай салмақпен сұрады. — Алдияр тақсыр, жас сұлтан, сіздің алдыңызды көріп өлсем арманым жоқ, — деп едім. — Енді арманым жоқ. — Мына үсті-басыңды қан жауып, қан жылап жүріп арманың жоғы қалай! Кімнен осынша қорлық көрдің, айт именбе, — деп еді, əлгі адам еңкілдеп тағы да жылап жіберді. — Айтсам да өлем, тақсыр, айтпасам да өлем. Маған осы қорлықты көрсеткен сіздің бөтеніңіз емес... — Əкем болса да айтшы, не істеді? — деп Шоқан қадала сұрады. — Айтсам, ана Шепе батыр, жалғыз дөнен өгізім бар еді, соны құрбандыққа шалам деп даладан айдатып алып, айтқа шалып тастады. Артынан іле қуып келіп едім, «өзің де бір егізге мінгесетін сегіз кісінің бірі боласың, сен құдайдың құлы емессің бе, Қожекем айтқан, саған да құрбан шалу парыз. Бізде жасы құрбанға шалуға толған семіз өгіз жоқ екен. Ортамыздан шаламыз, — деді. Мен бермеймін дедім. Өгізге таласып алып кетпек болып едім, өзімді көкала қойдай етіп сойды. Өгізді өз көзімше құрбанға шалды. Көпке топырақ шашам ба, күштіге амалым бар ма. Базарға апарып пұл етем бе деген жалғыз қарам еді, бар қуат қылғаным. Өзіңе осы арызымды айта келдім, — деп солқылдап жылап жіберді. Шепеге əкесінің əмірі жүрмейтінін білетін Шқан Шыңғысқа сабағат салмастан, қасына Жақыпты шақырып алып: — Бар, ана Шепе атайдың үлкен баласын ертіп кел, — деді. Жақып барып Шепенің үлкен баласын ертіп келді. Оның жасы Шоқаннан үлкен
болатын. Шоқан оған сəлем берді де: — Менің сізді шақыртқаным, мына бір кедей кірме төленгіттің жалғыз өгізін ана атай айдатып алып, құрбанға шалып тастапты. Өгізіне таласқан бұл сорлыны таяқтап көк ала қойдай етіп сойған. Мына сіздерше мұсылман қауымның ұлы күні мына сияқты үстемдік істеу бір емес, он есе күнə болатын шығар. Оны ана тұрған пайғамбар əулетінен сұрап біліңіздер. Мен сізге Уəлихан тұқымы төре атынан айтпаймын, анау Петербургтағы Азия департаментінің бөлім бастығы қызметім атынан айтам. Мына кісінің өгізінің орнына — ат мінгіз! Үстіндегі жыртылған киімін бүтінде, шапан кигіз! Сақалынан қорық! — деп əмір ете айтты. Шоқанның кейінгі айтқан сөздері аса зілді екенін ұққан төре баласы: — Құп, ақ патша офицері. Қазір орындалады. Енді бұл кісі сіздің алдыңызға жылап келмейді, — деп Петербургтан келген азаматтардың көзінше Шоқанды патша чиновнигі ретімен сыйлап, əміріне бас иді. — Ал тұр, мына кісімен еріп бар. Разы етеді. Егер айтқан уəдесін орындамаса, өзіме кел, именбе! — деп Шоқан мөлиіп отырған адамға қайрат бере орнынан тұрғызды. Ішінен: «Мінеки, мешіт пен пайғамбар əулетінің қазақ даласына əкеліп орнатқан əділеттігі мен діні, иманы», — деп налыды. III Мешіт басындағы құрбандық тамақтарына Шоқан қараған жоқ. Жолдастарын ертіп, жайлаудағы ауылына келді. Шоқанның бағанағы тапсырмасын алған Шепенің баласы, əкесіне соқпастан өгіз иесін ертіп барып ат мінгізіп, шапан кигізіп разылығын алды. Шоқанның əміріне Шепе тұқымының бас игені сол атырапқа лезде-ақ тарап: «Ойбай, Шоқан төреге патша үлкен шен беріпті. Жəне оның айтқанын патшаның сөзінен басқа кісі бұза алмайтын көрінеді! Өзге былай тұрсын, анау аға сұлтан Шыңғысыңызды кісі құрлы көрмейтін Шепенің өзіне əмірін жүргізіпті» десіп, неше түрлі алып-қашты қауесет таратып жатты. Баласына Шоқанның əмір беріп, өгіз иесіне ат бергізіп, шапан жапқызғанын естіп, Шепе жатып долданды. Шыңғысқа кісі жібермек болып еді: — Əке, сіз ағалығыңызды Шыңғыс атаға істегенмен, Шоқанға ол кісінің
əмірі жүрмейді. Өйткені Шоқан балаңыз маған əмір айтқанда, Петербург патшасының атынан айтты. Патша Шоқанға үлкен ерік берген көрінеді. Жəне ана мұсылман еліне барып қайтқандықтан, шариғат жолын да бізден гөрі көбірек білетін сияқты. Ақы иесінің рұқсатынсыз біреудің малын құрбандыққа шалу он есе ауыр күнə, — деді. — Сіздің қудай жолына шалған құрбандығыңыз қабыл болсын деп ақы иесінің разылығын алдым, — деп баласы Шепені əрең дегенде тоқтатты. Шоқан үйінің маңы арыз айта келген адамнан мүлде босамайтын болды. Біреу байдан, жуаннан көрген зорлығын айтады. Біреу адал ақысына қолы жетпеген кемшілігін айтады. Біреу қонысынан айрылып, көрген жапасын айтады. Біреулер патша чиновниктерінің елге шыққандарынан көрген қиянат, жеген таяғын айтады. Ең аяғы шаңырақ басы түтіннен алатын шығынның əділетсіз бөлінетінін, атқамінерлердің зұлымдығын арыздайды. Шоқанның оқу бітіріп, Батыс-Сібір өлкесінің мекемесіне қызметке орналасқаннан бергі қолға алып танысқаны қазақ-қырғыз елдерінің ішкі тəртібі жайында болатын. Сол тəртіптің жайын нақтылы бір жобаға келтіру мақсатымен анау Гасфортпен бірге Жетісу өлкесіне барғанда да, Ыстықкөл қырғыздарына да барғанда да осы жайдан естіген, білгендерін жинақтап, көп көңіл бөлетін. Əсіресе Россия қол астына қарамай тұрғандағы қазақ халқының атақты билерінің, хандарының билік жобаларымен де танысып көп сұрастырған. Өзінің əкесі, аға сұлтан Шыңғыс Уəлихановтың ел ішіндегі айтыс-тартысқа қолданатын жобасын да сұрап, қадағалап талдап отыратын. Нағашы ағасы Мұса Шормановтан да ертедегі халық билерінің билік жобасын сұрап жазып алған еді. Осылардың бəрін қарастырып келгенде қорытары — əлі тəртіпке қойылған дəлді жоба жоқ. Кейбір жағдайда қазақ халқының көне билік жолын қолданса, кей жерде жаңадан кіре бастаған, қожа, молдалар таратып жүрген шариғат жолы қолданылады. Онымен қатар патша үкіметі тарапынан жүргізілетін əкімдік жолы тағы бар. Осы сияқты сан сипатты ел билеу, дау-шар шешу жолы, үнемі күшті, беделді жандардың қолшоқпары, қалай бурам десе, солай қисайта салады. Осы бір түйінді таратып бір ізге түсірер жол табар ма? Мына əділетсіз, жолсыздықтың сойқанынан момын қауым серпілер ме, осыны ойлады. Шоқан ана Петербургтан елге келгенде, демалыс етіп, əлсіреген
саулығын түзетпек еді. Сатынған даласына сайрандамақ еді. Ешкімге əкімшілік жүргізіп, ел арызын тексермек емес еді. Амал жоқ, жылауқор елдің тілегіне құлақ аспауға таты болмайды. Сондықтан ол осы бір тəртіпке келтіруді өте керек етіп отырған жағдайды қағазға түсірді. Батыс-Сібір өлкесінің қазақ-қырғыз елдерінің ішкі тəртібін басқарып отыратын бөліміне өзінің ойын толық етіп жазып жіберді. Əсіресе қырға шыққан əкімдердің тəртіпсіздік істейтінін, заңсыз үкім жүргізіп, патшалы Россия заң-законының бұрмаланатынын көп дəлелдермен келтіріп жазды. Сонымен қатар, жоғарыда айтылған үш тармақ жобаның жайсыз екенін, бір дұрыс жоба алынып, тиянақты жол салыну керектігін ұсынды. Ана Петербургтан еріп келген бай баласы бірер айда-ақ саулығы түзеліп, құлындай ойнады. Шоқанға арнап шатын қара сабаға жекелеп ашытып, құты қара торсыққа құйылып қоятын қымыздан бірге ішті. Күнде таңертең қазының уілдірігін салып, бір жігітті салт атқа мінгізіп, құты торсықты қанжығасына байлап шайқалтып түсірген қымыздан құныға ішкен жас жігіт лезде семіріп, сауығып кетті. Ол Шоқанға, оның ата- анасына алғысын айта, əкесіне хат жазып, алдырған асыл сыйлықтарын беріп қайтатын болды. Файызханов та өзінің ерекше ізденген мақсаттарының көп жағдайларын тауып, ауыз əдебиеті, халық, өнері дегеннен құшағы толғанша алып, ол да Петербургқа қайтты. Шоқан əлі де болса саулығына сене алмай, қысқа шейін аулында болуға шешті.. Əкесінің надан елдің ықпалына түсіп, мына негізсіз дін жолына берілген жайы қатты күйзелтті. Осындай бір күйзеліс кезінде Шоқан өзінің аса сүйікті көретін досы Аполлон Николаевич Майковке хат жазды. «Аса сүйікті көретін Аполлон Николаевич, мен сізге əлдеқашан хат жазбақ едім. Алдымен сіздің үй-ішіңізге бас иіп құрмет етемін. Сонау бір танысқан күннен бастап ерекше сүйкімділік көрсеткендеріңіз өмірі естен кетер емес. Кеш те болса осы хатты жазып отырмын. Əсіресе сіздер арқылы танысқан Петербургтық жолдастар қандай асыл жандар еді. Мен қазір өзімнің туған елімнің, дос, ағайын туыстың ортасындамын. Бірақ олармен өткізген осы бір күндерімді, қонысы бөлек, туысы басқа асыл жандармен достасып өткізген сағаттарыма теңемеймін. Өз туған-
тұқымдасыммен ұғыныса алмай-ақ қоятын түрім бар. Менің əке-шеше, туыстарым есті де, білімді де жандар. Бірақ туған-өскен ортасы — мынау анайы өмірден қорек алған қазақ ортасы. Олар сонау-сонау ата тегінен тұқым қуалаған орынсыз өз шамасынан тысқары кісілік арқалап жүретін тоң мойын қара сенім шырмауындағы жандар. Əсіресе Орта Азияның қанат жайған фанатик мұсылмандық, анау атам заманнан бойына сіңген шамандық, дін қара түнегімен ұштасуда. Осы бір түйін сонау ата салтын қуған таңмойын көнімсіздіктің бір тірегі. Менің «жарлы жақыбайға жəрдем көрсетем, еңбегін қанамаңдар, ол да адам баласы» деп «құл-құтан» атанатын қауымға ара түскенім өз үй-ішіме де ұнамайтын болды. Осындай ұғыныспаған қауым ортасында жалғызсырайсың. Пікірлес достарды сатынасың. Менің өз əке-шешемнің маған деген бір үлкен наразылығы — мені үйлендірмек болды. Оған мен ырық бермедім. Əрине, мен өз ұлтымнан əйел алуға қарсы емеспін, ол кісілердің ойынша мен ақсүйек — хан тұқымымын ғой. Қалайда, мен ақсүйек тұқымына үйленуім керек. Ол кісілердің өздерінше құдаласып маған əпермек қыздары, мына Орынбор даласындағы бір сұлтанның қызы екен. Ал ол қызбен менің тетелес інім танысып, көңіл қосқан жайы бар екен. Оны екеуінің жазысқан хаттарынан көріп білдім. Оған мен қалай үйленбекпін. Содан бас тартқаныма əке- шешем қатты өкпелеп, көргісіз болып алды. «Оқуға бердік, тəрбиелеп өсірдік, еңбегіміз далаға кеткем екен. Бұл орыс болып бұзылып кеткен. Бізге елдігі жоқ» деп мүлде үңіліп қалды. Шешем «емшегімді көкке сауам, сол қызды алмасаң, ақ сүтімді кешпеймін» деп өлердегі өзін айтты. Қайтейін, қыз сырын біле отыра, өз арым көтермейтін орайсыз жайға бара алмадым. Əрине, менің бұл қылығым біздің мына қазақ ішінде мейлінше дінсіздік. Соның бəріне шыдап жүріп жатырмын. Қалай, біздің достар, Достоевскийлер жақсы жайда ма? Олардан көптен хат алғаным жоқ. Оған мен өзім кінəлімін. Өйткені салақсып хат жазу арасын ұзатып алдым. Менің Сібір өлкесінің үкімет басшыларымен қандай жайда екенімді Федор Михайлович жақсы біледі. Мен ол кісіге бір жағдайды жазғанмын. Сібір өлкесінің чиновниктері, біздің халқымызды жан деп санамайды. Бұратана бір нəрсе деп бағалайды. Оған қайдан шыдарсың. Аполлон Николаевич, менің хал-жайым осындай. Менің еңбектерімнен Петербург баспа орындарында басылары бар ма, қарастырсаңыз, мен сізге үлкен алғыс айтар едім. Менің қазақ ертегілерінен, шаман дінінің жайынан жазғандарымды «Отечественных записок» баспасы қабылдамас па екен. Мен сізді өзімсініп, көп міндет тапсыра, бар сырымды ақтара жазып отырмын. Асыра көп айтып мезі етсем, кешірім етерсіз. Сіздің үйдің адамдарына, əсіресе менің кішкене досыма сəлем айтыңыз. Сізді ерекше
құрмет тұтушы Уəлиханов». «Менің адресім — Батыс-Сібір, Петропавл қаласы арқылы, Көкшетау станциясы». Шоқан осы бір хатты Петербургтық ақын досына ашына жазған. Бұл хатта Шоқанның халық қасіретіне уланған сыры айқын суреттелген. Шоқанның осындай өз ауылы, өз үй-ішімен ұғыныса алмай жүрген шағында Батыс-Сібір өлкесінен бір хат келді. Ол хатта: «Құрметті Шоқан Шыңғысович, сіздің мына қазақ даласының ішкі тəртібі жайлы ұсынысыңызды алғанбыз. Сол ұсынысты қарастырып, көшпелі дала халқының əкімшілік тəртібі, заң-закон билік жобасы жөнінде ойласуды, соның жобасын жазуды ұйғарып отырмыз. Соған қазақ елінің бұрынғы билерінің билік жобасы жөнінде кеңесші ретінде сізді шақырамыз, мүмкін болса Омбыға келіңіз» деп жазыпты. Мекеме қатынасымен қатар Карл Казимирович те Шоқанның Омбыға келуін, мына келелі істе кеңесші болуын қалап хат жазыпты. Шоқан осы хатты алысымен, кешікпей Омбыға жүріп кетті. 25 мамыр, 1967 жыл.
КӨКСЕГЕННІҢ КӨРГЕНДЕРІ I Ымырт жабылып, айнала қараңғы тартты. Суылдап жел еседі. Қатарласа өскен қол саласындай самырсындарды іңір қараңғылығы тұнжыратты. Балқарағайдың көк бұйра бүрлі ұзын бойын Көксеген күндіз көргенде қызықтай қуанатын. Сол қарағайдың ұзын бойын өрлеп басына шығып, бүріне шорлана біткен шекілдеуікті сілкіп қалғанда, жерге топылдап түскені қандай қызық. Зəулім қарағайдың бұтағынан Көксеген өрмелеп тиынша басына шыққанда, жерден аспанға өрмелегендей қанаттанып келетін. Бірақ сол қарағай қазір түнерген, бір жүндес құбыжық тəрізді. Елсіз тау, үнсіз орман қараңғы түнде қорқыныш тəрізді. Бірақ біріне-бірі сыр білдірмей қимылдаған балалар ештеңені ескерер емес. Өтеш қу бұталарды сындырып отын жинастырып жатыр, Зарқұмар беліндегі балтасын алып балқарағайдың шайырлы жерін бұтап, тамызық əкелді. Көксеген от жағатын орын əзірлеп жатыр. Бір-жарымдап түсіп тұрған жаңбыр тамшылары бағанағыдай емес, жиілене түсті. Балқарағай іздеп Бітеу жотасының осынша биігіне шығып кеткенін балалар күн батып кеткенде білді. Аспанға бұрқырай жататын Ақбұлақ өзені де тіпті төменде қалыпты. Оның тау жаңғырықтырып жататын асау гүрілі — əрең-əрең естіледі. Бірақ биыл Алтай саласының бəрі толқып, дария тасығандай айнала орғи аққан асау бұлақтар біріне-бірі үн қосады. Асқар шың кей кезде тебіренгендей дүрлігіп кеп кетеді. Тау қияларынан, ну қарағай арасынан гулеп ескен жел, кей кезде тау алабы шуға бөленгендей, елсіз атырап əлдеқандай бір долы үн қатады. Қалталарындағы сіреңке су болып от алмады. Сақтыққа ала шыққан Зарқұмардың шақпағы жарқ-жұрқ етіп шағылғанда, Көксеген тау қиясындағы қара бұлттың бөлінген жай отының жарқылын көргендей болды.Түнерген қараңғылық ішінен жарқылдаған от өмір сəулесіндей елестеді. Зарқұмардың қасына келіп отты тұтатып қаулата жағып жіберді. От жанса өмір қанаттанады, шекілдеуік пісіреді, əрі су болған киімі кебеді, əрі жылынады. Жəне мына елсіз таудың жыртқыш аңдары, əсіресе, аю отқа
жоламайды. Аю есіне түскенде Көксегенді бір қорқыныш билеп кеткендей, əлденеден үрейлегендей болды. Ол ағасы Жəнгүдейдің осы Бітеу жақтағы Күршім жоталарынан бері өткен аю жайында айтқан əңгімелерін есіткен-ді. Оған құрған қақпаны да бар еді. Егер қақпанға түсіп, ызаланған аюдың жолына кездессе, қайрат істеп кісіге шабады дегені есіне түсті. Зарқұмар отты ду еткізіп жатып жіберіп: — Ал, Көксеген, шекілдеуік томарларын мына оттың қоламталанған жеріне көміп жібер. Əлде қорқып отырсың ба? — деп қасақана Көксегеннен сұрады. Үйткені, Өтештің бір-екі рет жалтақтап қорқақтап жүргенін байқаған болатын. — Жоқ, қорықпайым. Кімнен қорқам? Балта бар, мылтық бар! Аю келсе атамыз, — деп Көксеген Өтешке қарады. Көксеген қорықпайды. Бұл тауда біз қорқатын не бар. Бұл жерде аю жүрмейді. Еліктің өзі бізден қорқады. Құны болса келіп көрсін, соғып алып, терісінен Көксегенге төсек қылып берейік, — деп Өтеш өзі бір батырымсынып қойды. — Ей, Өтеш, құны дегенің əлгі — бір кер жағал ма? Ол өзі түнде ғана ұрлап қораға кіретін бір қу көрінеді ғой. Былтыр біздің колхоздың қорасына кіріп, бір қойдың құйрығына жабысқан жерінен Асылбек атам ұрып алыпты. — Ол онша қорқынышты емес, борсық тектес аң ғой, кісіден жаман қорқады, — деп Зарқұмар жай сөз ғып, жолдастарының жүрегін жауландыра, отты лаулата жақты. Шекілдеуік томарларының бырсылдап піскендерін шетке отырғызып, шетінен алып шаға бастады. Біразда шекілдеуік томарының сыртындағы қара шайыры еріндеріне, қолдарына жабысып, үшеуі де біріне-бірі мұртты кісі болып көрініп, бірін-бірі мазақтап күлісіп алды. Самырсын саясының жаңбыр тиіп көрмеген құрғақ мүгі құс төсектей былқылдайды. Орындары жайлы, шекілдеуік соқтасын көп қып пісіріп, өздері де тамақтанды. Түнере жауған салқын жаңбырдан бұларға бір тамшы да түспейді. Бойы жылынып, тамақтанғаннан кейін үшеуі де көңілденіп, əңгіме соқты. Əлде неден Көксеген елең еткендей болды. Сонша болмады, Өтеш те елеңдеп қымсына Зарқұмарта қарай таяй түсті. Мына
жолдастарының елеңдеуінен секем алған Зарқұмар өзі де құлағын жел суылына, қарағай сыбдырына төсей, айналаны көзімен шолды, бірақ түнгі от сəулесіне шағылысқан кезіне түк көрінбеді. От əлі лаулап жанып жатыр. Тау кенересіне кешке жақын оралған жер тұман көтерілген жоқ. Өздерін қостарынан адастырғанда сол жер тұман. Əлден уақытта азынаған бір үн тап-таяу жер¬ден шыққандай болды. Сол үнді үшеуі де ап-анық естіді. Зарқұмар естиярымсып, сыр білдіргісі келмеді, Өтеш пен Көксеген екеуі үрейлене, Зарқұмарға тығыла түсті. Үн үзіліп барып, қайтадан таты естілді. Жел ызыңынан əлсіреп естілген үн əлденеше түрлі дауысқа ұқсады. Бірде арсылдаған қасқыр үні тəрізденіп, бірде арылдаған аю үні тəрізденеді. Булыққан адам үніне де ұқсайды. Бұлардың еш қайсысы да аю үнін естіп көрген жоқ-ты. Тек Жəнгүдей мергеннің өзі аю болып ақырғанын ғана Көксеген еститін. «Етер қақпанын сүйретіп жүрген ызалы аю болса, онда бізге шабады», деген ой бұлардың əрқайсысын үрейлендіріп барады. Бірақ, біріне-бірі айтуға да бата алмады. Көксеген де, Өтеш те, Зарқұмарды естияр адам ретінде есептейтін. Зарқұмар бұлардың арасында естияр, Жəнгүдеймін бірге бірнеше рет аңға да барған болатын. Тап-таяу жерден əлгі үн əлсіреп таты есітілді. Əлде ненің арсаң-қүрсең қимылын жел лебі таяу жерден жеткізіп тұрғандай болды. — Осы жерге жатпалық, ілгері баралық деп ем, болмадың, — деп Көксеген Зарқұмарға наразылық білдіре, өзі Өтештің қасында жатқан мылтықты алып, сақтана жан-жаққа қарады. — Е, бұл жерде не тұр? Мына түнде қайда бармақпыз? — Бақырып жүрген күдір шығар, содан да қорқамыз ба? — деп Зарқұмар қолын ішіне ала жантая бергенде, ышқынып бақырған бір үн тап екпе тұстарынан саңқ ете түсті. Үшеуі де орнынан ұшып тұрды. Қанша естиярсынғанмен осы сəтте Зарқұмардың да буыны босап, жүрегі аузына тығылып кетті. Бұлар жатқан үлкен самырсынның жоғарғы жатында шаншыла біткен зəулім жартас үстеріне құлап келе жатқандай, Зарқұмардың қараңғылыққа қадала қараған көзіне əлденелер елестеді. Ол əлгі дыбысты осы жартастан шықты деп ойлады. «Мүмкін, мұнда біз абайламаған аюдың үңгірі бар шығар. Бірақ, жаздыгүні аю інде болмайды.
Тек қысқа керекті жемін ғана сонда тасиды. Əлде ініне келіп біздің иісті сезді ме. Үйдеуге жел жартас жақтан соғып тұр»... Сонша болмады, əлде не бір жəндік жартас кенересіне ербең етіп, зу ете түскендей болды. Зарқұмар жартас қиясынан елең еткен жəндіктен сескеніп, селт етіп қалғанда оған тығылып тұрған Көксеген қалтырап, қатты қысып құшақтай берді. Өтеш етпетінен жата қалды. Екі жолдасының жүрегін басып, Зарқұмар қайраттана: — Біз əншейін елегізіп босқа үрейлендік, түк те жоқ. Қорыққанға қос көрінеді деген, мына желдің екпінінен сыбдырлаған қарағай бұтағы, — деп екі жолдасына сыбырлады. Бірақ, өзі əлгі зу еткен жəндіктің не екенін абайлай алмай, дел- сал боп біраз тұрды. Қайтадан дыбыс шыққан жоқ. Біраздан кейін жел тынды. Аздап жылы жаңбыр себелеп барып о да көтерілді. Ала бұлттанып аспан өзінің меруерттей жылтылдаған əдемі жұлдыздарын көрсете бастады. Алыс аспандағы əдемі жұлдыздардың көрінуі, бар қорқынышты серпілткендей, балалар сергіп кетті. Балалардың бойын басқан қараңғылық, үрей, қорқыныш серпіліп, маужыраған ұйқыға кірісті. Зарқұмар басын көтеріп аз отырды. Түнгі қорқыныштан түк із қалмай серпілген. Алтай асқарының көк меңзеген кенерелерін таңертеңгі күн шапаты шомылдырған, зəулім самырсындардың көкжасыл бояқтай бүрлерінде жаңбыр тамшылары меруерттей мөлтілдеп, тізіліп тұр. Түнімен қорқыныш елесін төндірген зəулім жартас, алапатты алып денесімен күн шұғыласына малынып, əсем сыйпатқа кірген. Қолдарын ішіне алып, ұйықтаған екі жолдасын Зарқұмар оятпай, ақырын орнына тұрды. Самырсын саясында мамықтай бұрқырап жатқан жұмсақ мүк төсек былқылдап, борсылдап қана Зарқұмардың салмағынан ойылады. Көксегеннің кішкене танауы пысылдап, ұзын кірпіктері сəл ашылыңқырап жазық қана дөңгелек маңдайы жарқырап, демін ішіне тартты. Тартқанда, əлденеден өксігендей қатты тартты. «Көксегеннің түндегі қорыққаны-ау мына өксігені» деп Зарқұмар ілгері қарай баса бергенде, жартас иығынан өзіне ұмтыла қарап тұрған үлкен қара қоңыр аюдың басын көрді. Буыны қалтырап, есі шытып кетті. Ақырындап қана екі жолдасына қарай шегінді. Шегінгенде шошып, сасқалақтап шегініп, Өтештің аяғына сүрініп шалқасынан түсті. Үстіне құлаған Зарқұмардың салмағынан Өтеш шошына басын көтеріп алғанда, Көксеген шошына орнынан атып тұрды. Біріне-бірі əлі үн қатқан жоқ. Тек үрпие шошынып қаратайға қарай ығыса берді. Зарқұмардың үрейленген қалпынан, босқа қорыққаны болмаса, Өтеш
пен Көксеген əлі ешнəрсені біле қойған жоқ. Зарқұмардан сұрауға да мұрша жоқ. Зарқұмар самырсынға тырмыса келіп: — Ал екеуің мына бұтақтан жоғары өрмеле, мен көтеріп, жіберейін деп екеуін кезекпен кезек бұтаққа шығарды. Өзің де шық, — деп Көксеген бұтақтың үстінен Зарқұмарға қолын созды. Аташ бұтағына тиынша қарғитын Көксеген самырсынның басына қарай өрлеп кетті. Зарқұмар да бұтақтан ұстап ырғып шығып жоғары ерледі. Үшеуі де ілезде-ақ жоғары көтерілді. Қарағайдың орта жеріне келіп бір жуан жалпақ бұтаққа Зарқұмар орныға отырып, енді аюға қарады. Аю əлі сол ойға үңіле қараған қалпында орнынан қозғалмаған тəрізді. Тек жартастың үстіндегі тырбиған аласа самырсынның түбіне ұзынынан түсе, ойға қарап жатқан тəрізденеді. Зарқұмардың бағанағыдай емес, жүрегі орнына түсті, бойын жыяйын деді. Аюдың мына жартасқа келіп бұлай жатуы тегін емес деп ойлады. Енді шошынбай екі серігіне айтпақшы болды. Аю деп айтсам, шошып құлап кете ме деп жолдастарынан сақтанып, аз тоқталды. Бірақ айтпауға болмайды. Бағанадан бері, ағаш басынан айналаны аптыға қарап, əлі көзіне түк көрінбеген Көксеген əлде нені көріп қалғандай жан-жағына алақтап қарап, сасқалақтай бастады. Оның үлкен көзі бадырайып ұзын кірпігі шанжаулап көзіне жас та іркілгендей болды. — Көксеген, сен саспа, ана аюды кердің бе? Ұйықтап жатыр, қазір ұрып аламыз, — деп Зарқұмар қолымен жартастан ойға қарай үңіле жатқан аюды нұсқады. — О не, кəне? — деп Өтеш те қабаттаса, бұтақтан бойлай жартастың өне бойына көзін жүгіртті. Басын төмен сала жатқан аюдың басын Көксеген, Өтеш екеуі де анық көрді. Бірақ, бұлар да Зарқұмардың орнықты салмақпен шошынбай отыруына иек сүйегендей, аса абыржымай ғана қарасып отырды. Өзі неткен үлкен аю. Анадағы Жəнгүдей ағам қақпан құрып аңдып жүрген аю осы болмаса игі еді. Ол болса кісіге шабады деген. Күршім жақтан келіпті. Аққабаның басында ұялаған, кісіге шабатын кер аюдың ізін көрдім. Оған үш жерден қақпан тастадым, — деп айтып жүрген, — деп Көксеген өзінің аң дегенде құмарта сөйлейтін ұққыштығын істеп сөйлеп
отыр. — Осы-ақ қай-қайдағыны естіп жүреді, — деп Өтеш Көксегеннің сөзін ере бастыртысы келмеді. Көксегеннің айтқан сөзінен Зарқұмардың ойына мына аю қақпанға түскен екен, мүмкін қақпаны не тасқа, не аташқа оралған шығар, деген сенім сап ете түсті. Əйтпесе неге жатады. Жəне Жəнгүдей айтқанда аю таңсəріден еріп жайылымға кетеді дейтін, əлі күнге сау болса жатпайды. Осы ойына бекініп не де болса түсіп байқайын деп бір ойланды да, жоқ, осы жерден мына бытырамен атып көрейін, ұйықтап жатқан аю болса не қашсын, не қайрат істесін, — деп Зарқұмар Көксегеннің мылтығын сұрап еді, Көксеген бермеді. — Өзім атам, сен тигізе алмайсың — деп өзі аюдың басын көздеп басып салды. — Мынаның мылтығын тыңдаған аю көргенім жоқ, — деп Өтеш Көксегенді тəлкектей бастады. Енді сырыңды білдім дегендей Зарқұмар ақырындап бұтақтан сырғып жерге түсті. — Неге түстің, аюға барасың ба? Мен де барам, — деп Көксеген де бұтақтан сырғып түсуге айналды. — Қозғалма, аюды мен өзім жалғыз ұрып алам, ол арқандаулы аю, — деп Зарқұмар күлді. — Қой, ұрғызбайды, бармаңдар, — деп Өтеш бұтақта отырып тыпырлады. Зарқұмар мен Көксеген мылтықты қолына алып жартасты қиялап аюдың сыртқы жағына қарай айналды. Олар жартастың бір тегістеу жерін алыстан орап аюдың сырт жатынан келіп шықты. Алыстау бір тұрғыдан келіп аюдың жатқан жерін қарады. Аңның жатқан жерін қия жартастың кенересінен шаншыла біткен жалғыз самырсын тасалап, анықтап көрсетпеді. Зарқұмар одан ілгері жүруге сəл жүрексінейін деді. Көксеген Зарқұмардан оза тағы ілгері жылжып, таяу жерден келіп қарады. Бұл жерден анығырақ көрінді. Зарқұмарды шақырып алды. Аюдың жартастан асыла жатқан басы əрі салбырай ойға төне, əлде неге ілініп тұр. Ал ұлы денесі қызы лала, додасы шығып желініп қалған тəрізді. Көксеген
мен Зарқұмар өз көздеріне сенбегендей таңырқап, біраз тұрды. Біраздан соң көздері үйреніп, бəрін анықтады. «Бұл аю тірі емес, тек жемтігі жатыр, баралық» деп Көксеген Зарқұмарды жүр-жүрлеп қуанып кетті. Өзі орнынан атып тұрды. Тұра жүгіріп барғысы келсе де сəл жүрексінгендей болып: — Кəне, жүр! — деп кейін тұрған Зарқұмарға бұрылды. Көксеген де сыр білдіргісі келмей ілгері жүрді. — Пəлі, айтам ғой, мына аю Жəкем құрған қақпанға түскен екен. Мына қара, бір аяғы қақпанда. Өзі самырсынға қақпанымен оралып қалыпты, — деп Көксеген Зарқұмардан бұрынырақ келіп, аюдың терісін, басын қозғап, — рас айтам, бəсе, бұл Жəнгүдей атамның қақпанына түскен аю ғой. Апырай, мұны қай аң жеді екен. Не деген көкжал аң аюға батып жайратып жүрген? — деп Зарқұмар ойлана қалғандай. Қасқыр шығар, одан басқа қай аң жейді, — деп Көксеген бір аңсақ білгір кісімсіп жай сөз қылды. — Қой, қасқыр аюға ненің батсын, — деген Өтештің сөзіне Көксеген: — Енді қасқыр болмағанда, осы араға жолбарыс келді ғой деп тұрсың ба? — Сілеусін шығар. — Я, мүмкін, — деп Зарқұмар, өзінің жолдасы Уəлидің сілеусін жөніндегі бір айтқан əңгімесін есіне алды. — Алтайдың бұл кенересінде жолбарыс та, сілеусін де жоқ дейтіні қайда, Жəнгүдей ағаның? — деп Көксеген аң жайында екі жолдасынан кері қабары көбірек екенін білдіргісі келді. — Жолбарыс пен сілеусін Жəнгүдеймен ақылдасып келе ме, келсе келе береді де. Мына Алтайдың қай қарағай, қай биігін Жəнгүдей қолымен орнатыпты, — деп Зарқұмар бұл жерге келгенде Көксегенге қосылмады. Зарқұмар Жəнгүдейдің мергендігін жақсы көрсе де оның барлық аң тілін өзі ғана біліп, есіп отыратын мінезін ұнатпайтын. Үшеуі құрғақ таласты қойып, аюдың қалған терісін, қақпанды алмақ болды:
— Жоқ, мұны қозғамайық, мүмкін, осы жерге бір əдісті жасап аюды жеген аңды қолға түсірер, онан да ауылға барып Жəнгүдейдің өзіне айталық, — деді Көксеген. — Ол дұрыс екен, я қозғамайық, — деп əлі де сескеніп тұрған Өтеш қостай кетті. — Ол өзі томырық, қызғаншақтау кісі еді. Аюды аң жегенін бізден кəріп жүрер, — деп Зарқұмар да тоқталып қалды. — Көрсе көре берсін. Қай-қайдағыны сен-ақ ойлай бересің. Сонда біз аюды тірідей жеді деп ойлар деймісің? — деп Көксеген екі жолдасын күлдірді. Бұлты айығып, айнадай жарқыраған аспанға шілде күні ысып көтерілді. Жаңбыр суын бойына тартып, балбырап тұрған тау белдеуінің балаусалы шалғыны аяққа оралады. Шекілдеуік толтырған қаптарын арқалаған Көксегендер қостарына қарай еңкейгенде, қостан шығып «əне, келе жатыр» деген жолдастарының даусы да бұларға естілді. — Сірə, бізді іздеген ғой, — деп Өтеш алға қарай асыға жүрді. — Сен бұрын жетіп, көрген-білгендеріңді дабырлатып айтып, сүйінші алмақсың ба? Неге састың? — деп Зарқұмар Өтештің асыққанына мін таға сөйледі. — Ішіне сыймай келеді ғой, деп Көксеген өзі бір сабырлы кісімсіп қалды. — Айтпағанда, айтамын, — деп Өтеш ұмтыла басып, шапшаң аттап жүре бергенде сүрініп кетті. Қабы қолынан шығып, аузы ашылып шекілдеуік томары төгіліп те қалды. Зарқұмар мен Көксеген жарыса: — Ал, айт, — деп, шекілдеуігін жинап салысып жатып, Өтешті ызаландыра күлді. — Я, айтам деп қашан... — деп жасып, жығылғанына намыстанып, Өтеш ыза болған күйінде қабын арқалай тағы оза жөнелді. II
Бұлар қосқа келгенде, жолдастары шөп шабуға əзірленіп жатқан еді. — Сендер адасқаннан саумысыңдар? Əне келеді, міне келеді деп түнімен алаңдап ұйықтамадық, — деп Оралтай алдымен қолды қойып жіберіп, қаптағы шекілдеуік томарларын алып, өзі пісуге айналып қалыпты деп жанып жатқан отқа көме бастады. — Біз адасқанымыз жоқ. Аңшылық істедік. Көксегеннің бытыра мылтығымен бір аю атып алдық, — деп Өтеш кекете күлді. Өтірік айтып көрмеген Өтештің жаңағы сөзді жолдастарына қуланып айтса да, соның өзіне қызарып, қысылып, тұрған түріне көзі түскен Оралтай: — Өтірігіңе береке берсін, мына бытыраға өлсе, онда Алтайдың аюы көртышқан болған шытар? — деп сықақтай бастады. — Жүріңдер нанбасаңдар көрсетейін, — деп Көксеген батырлана сөйлеп еді. — Аюды қоя тұрып, шөпті шабалық. Екі күннен бері босқа жаттық, — деп ересектеу біреуі басалқа айтқан болды. — Шөптің аздап суы көтерілсін, бəрібір азырақ дегдімесе шабылғанмен бөкесте шіриді, — деп Зарқұмар мылтықты жайлап орнына қойып, шалғыны алып жүзін көріп, жұмысына қамданды. Өздерінен көрі шаруа жəйін жақсы білетін естияр Зарқұмардың мына сөзі жолдастарына да орынды көрінді. Бəрі де от қоламтасына көмген шекілдеуіктерін алып шаға бастады. — Мына келе жатқан Жəкемнің өзі емес пе, сірə қақпанына келе жатыр- ау, — деп Көксеген, таудың балағынан көтеріліп келе жатқан бір аттыны көрсетті. — Я, тап өзі. Бұл енді келе бізді бидайықтай қуырады. Шөпті неге шаппайсыңдар деп ығыртады, — деп Зарқұмар Жəнгүдейдің кейбір орынсыз зейілситін мінезін де айтып қойды. — Шапқан пішендерің қайда? Мұнша неге көп ұйықтайсыңдар? — деп Жəнгүдей келе жастарды тексере бастады. — Кеше күнімен, бүгін түн ортасына дейін жауын болды. Шөп су, дымы
кішкене бойына тартылсын деп отырмыз. Өзіңіз сүйінші беріңіз, — дей берген Зарқұмардың сөзін кие Көксеген де: — Ата, сүйінші! Сүйінші, — деп Өтеш те өндіркелей сөйлей бастады. Барлық балалар да таңдана Көксегендердің сөзін күтіп анталай қараса қалды. — Я, неткен сүйінші? — деп салқын үнмен Жəнгүдей түсін жылыта қоймай хабар күтті. — Аға, қақпаныңа аю түсіпті, біз көрдік, — деп Көксеген бұрынырақ айтып қалды. Жəнгүдейдің салқындау тыңдағанына кежірленіп қалған Зарқұмар таласа сөйлемеді. — Қай жерден көрдіңдер? Тірі ме екен? — деген сұраққа Көксеген Зарқұмарға жалтақтап бөгеліп қалды. — Қақпанға түсуін түскен екен. Бірақ аюыңызды басқа бір аң талқанын шығарып жеп кетіпті. Əзі бір келіскен аса үлкен аю екен, — деп Зарқұмар сөзінің аяғында əдейі Жəнгүдейдің қышуына тие сөйледі. — Қай жерде екенін айтпайсыңдар? Мен əдейі сол қақпанымды көргелі келе жатыр едім. Жəне сендерге соғып, шөптің жайын біл деп бастық тапсырып еді, — деп Жəнгүдей, басқа аң жеп кетіпті деген қосымшаға нанар-нанбас болып: — Шын-ақ бір нəрсе жеген бе екен? Бұл бір қызық екен, — деп аз отырды. — Өзі де қайдағы қиынға барған екен. Сендер оған қайдан бардыңдар? — Біз балқарағай іздеп барып кездестік. — Өздерің шөп шабады десе, балқарағай іздеп, тау кезіп жүрсіңдер ме? — Күн жауын, босқа отырғанша барып қайттық. Бұдан кейін Жəнгүдей басқа сөз сұраған жоқ. Ол аз отырып атына мінді де, Бітеу биігінің қия бетіне өрлеп жүріп кетті. Əлі де Зарқұмардың əңгімесін жете айтқызбаған жолдастары иіріле қалып, бұлардан бар көргендерін сұрап білді. Екі күндей дем алып, тынығып қалған балалар пішен шабуға құлшына түсті. Жаңбыр суын бойына тартып балбырап алған балаусалы көк шалғын
асыл орақтардың алмас жүзі сыдырғанда, шумақтанған жасыл жібектей ширатыла, орала түскен бөкестер жол-жол болып жосылып жатты. Көкбұзау белдеуінің жалпақ шабындысын бір жұмада шауып, үйіп-жайып қайтуға міндет алып аттанған жастар жауыннан тоқталған күнін еселегілері келіп, ымырт жабылғанша тоқталмады. Жалпақ шабындысын жосытып салған балалар өздерінің бүгінгі қимылдарына сүйсінгендей аса көңілді еді. Күлісе, əзілдесе, əндете ымырт жабыла қостарына келді. Ертең күн ашық болса шабылуы бітер еді, бірақ дегдігенін жинауға бірнеше баланы бөлу керек, — деп Оралтай ертеңгі жұмыстың жайын да сөз етті. — Бəрі де істеледі, барысымен тамақты ішіп, демалу керек. Күндегідей ойынды қойыңдар. Ертең ерте тұрамыз, — деп Зарқұмар тұжыра тəртіп айтты. Бұлар қосқа келіп отырған кезде, бағанағы кеткен жағынан Жəнгүдей де оралды. Аюдың қалған терісін сойып, артына бөктеріп, ала келіпті. Жерге түсірісімен балалар жабыла келіп көріп, əсіресе бас терісін өлшеп, біреуі «үлкен екен» біреуі «орта ғана аю екен» деп өзара сөз таластырып жатты. — Аға, орнына не істедің, қақпанды құрдың ба? — деген Көксегеннің сұрауына Жəнгүдей: — Бір емес үш қақпан құрдым, — деп дүңк еткізіп бір-ақ айтты. «Үш қақпаны қалай? — деген пішінмен, балалар аңыра қалды да мəнісін сұрауға батпады. Таты да Көксеген еркелене: — Неге үш қақпан құрдыңыз? Аюдың өзін жеген қандай аң екен таптыңыз ба? — деп аюдың терісінде келген май табаны мен тырнақтарын көріп Жəнгүдейге қарады. Жəнгүдей тұйықтанып біраз отырды да, сөйлерде бас киімін алып, басын бір сипап қалатын əдетін істеп: — Ғажап бір қызық нəрсе, мен сан аюды алдым, сан қияны кездім, аюды қасқырдың жегенін көргенім осы. Өзі де бір керсендей үлкен айғыр аю екен. Жəне біздің бұл Кенеренің аюы емес, мына Аққабадан асып келген, Күршім аюы. Анада осы Бітеудің басынан қар арылмай тұрғанда екі аюдың ізін көріп, Күршімнен бері қарай аю өткені қалай деп ойлап ем.
Өйткені, іздері бөлек еді. Ал, мынау қақпанға түскен, сол аюдың біреуі ғой деймін. Анадағы «Қызыл жұлдыз» колхозының сиырына шауып бұқасын жеп кеткен, «Қызыл шығыс» колхозының жылқысына шауып, айғырын жаралап өлтірген де осылар болар деймін. Біздің бұл Кенеренің аюы малға шаппайды. Егінге, балға барғаны болмаса жəне саусақтары қысқа, денелері дөңгелек келеді. Мына аюдың саусақтары салалы, өздері ұзын жарау, жүндері де бөлек. Жəнгүдейдің аюдың ата тегін таратып, ұзаққа созған əңгімесін Зарқұмар ықлассыздау тыңдап: — Ағай, аюдың бізге ата тегінен гөрі, сол аюдың өзін жеген қандай аң екен, сол қызықты болып тұр, — деп əңгіменің аяғын соған бұрды. — Өздерің жатқан жеріңнен есік пен төрдей жерде қасқырдың мүкте жатқан ізін көрмедің бе? Мұны жеген қасқыр, — деп құмарлана айтып отырған əңгімесін бөлген Зарқұмарды ұнатпай, Жəнгүдей қыжырта жауап берді. Кеше өздері самырсын түбіне паналап отырғанда, арсыл-күрсіл етіп шыққан дыбыс, бақырған үн қақпандағы аюды қасқырдың жеп жатқан кезі екен-ау, деген ой Зарқұмарға жаңа келді. Өзі шақпақ шатып от жатып, шекілдеуік пісіріп отырған кезде қастарынан зу етіп ете шыққан, сол қасқыр екенін де ол жаңа топшылады. Атын отқа жіберіп, ер-тоқымын қосқа əкелген Əтештің үлкенді сыйлағыш ықшамдылығына көңілденді ме, қалай, Жəнгүдей бағанағыдан гөрі жадырап əңгімесін аяқтап: — Аюдың етіне ол қасқыр қалайда бір соғады, — бұлғын да келуі мүмкін, олар қандай иісшіл. Бəріне де арнап қақпан құрып кеттім. Аю қақпанды ол жерден алып, Кемпірқалған шыңына апарып құрдым. Өкше ізіне қарағанда, мына аю сол жақтан келген тəрізді. Ана қалған біреуі де сол Шабанбай жайлауында, осы жақта ғой, деп ойлаймын, — деп Жəнгүдей күні бойғы жүрісінің, аңшылық əдісінің бəрін де біртіндеп айтып өтті. Аузын аша құмарта тыңдап отырған Көксеген, əңгіме біткеннен кейін де ақырын күтіп біраз отырды. Біраздан кейін балалар кешкі тамақтарын ішіп, демалысқа жатты. — Таңертең бізді оятып жіберіңіз, сіз біздей емес, сергексіз ғой, — деп Оралтай, Жəнгүдейге өтініш айтты.
Пішенші жастардың ауыз үйінің дəл төрінен төсек салып алып орныққан Жəнгүдей бірсыпыраға дейін үйықтай алмады. Оның күндізгі жүріс-тұрысы қақпанға түскен аю, оның шың жартастың қырына біткен жалғыз самырсынға қақпанмен келіп оралуы, оны арт жатынан келіп қасқырдың жеуі, бірінен соң бірі шұбырып ұйқысы ашылып кетті. Ауыз үйдің күншығыс жақтан салынған əрі есік, əрі терезесінен сығалаған ай сəулесі, ұйқылы-ояу жатқан Жəнгүдейдің бетіне түскенде, тегіс тынығып ұйықтап қалған балалардың еркіндей жарыса алған демдері, бір тыныштық рахат демалыстың белгісі болып байқалды. Күнімен пішен шапқан түлектердің таза ауада соншалық рахаттана ұйқтап жатқан тыныштығы Жəнгүдейге өте қызықты тəрізденді. Тазқара шыңынан асыла көтерілген ай табағы тау алқабын жап-жарық қылып жайнатып жіберген. Аспан меңзеген асқар шыңдар буалдыр көкшіл мұнарға бөленіп, үнсіз маужырайды. Тау белдеуіне сыңси өскен жасыл қарағай қара барқын тартып, əлде қандай бір сыр шерткендей болады. Алтай тағылары осы шыңда да, анау орманға қоныстай өседі, өрбиді. «Ол бізге жұмбақ тəрізді, ал аңдар үшін жайлы қоныс. Тау мен орманда жаратылыстың бір тұрпаты. Ол ешкім үшін өсіп-өнбейді. Бірақ оны есебін тапқан жəндік пайдаланады» деп Жəнгүдей Алтай тауының жарық айлы түндегі үнсіз сипатына сырласқандай көп ойларды кезді. Əлден уақытта оның көзі ілініп ұйықтап кетті. Оралтай тапсыруы ойында болғандықтан ба, Жəнгүдей оянып көзін ашып алғанда, таң атып қалыпты. — Кəне,тұрыңдар,таң атып, күн шығуға таяныпты, — деп Жəнгүдей жастарды ду көтере оятып жіберді. Казармадан дабылға оянған жауынгерлердей жас түлектер орындарынан тегіс түрегелді. Ауыз үйдің сыртқы кенересінде сүйеулі тұрған шалғыларын алып, жастар шабындыққа жөнелгенде, Жəнгүдей де далаға шықты. Түнгі шықпен балбырап тұрған көк шалғынды жастар бара сыдыра бастады. Атын көздеп, ауыз үйге келе бере, Жəнгүдей есік алдына өзінен өзі кідіріп қалды. Уыздай кілең жасөспірімдер мынау қысқа таңда ұйқысы ашылып алакөлеңкеден шабуға жөнелгенде, өзінің жалғыз келіп қоста жатуын ерсі көргендей, үйте кіре алмады. Екі жеңін киіп пішеншілерге келді. — Балалар, əлге қуат, — деген Жəнтүдейдің ырымшыл мəтел сөзін жас шалғышылар ықыластана тыңдағанмен, жауап айтқан жоқ. — Менде қоста
жата алмадым, орақтарыңды жанып берсем де қастарыңда болайын деп келдім. Маған басы артық орақ бар ма? Жоқ болмаса, кезек шабармын, — деп Жəнгүдей есіліп түскен бөкестің үстіне келіп отырды. Түн дымқылын бойына тартқан тау белдеуінің көк шалғын исі кеудені жарады. Алуан гүлдер мен ұйыса өскен сарбас жоңышқалы, жасыл миялар жапырыла түсіп сұлағанда, əлдеқандай бір əдемі иіс бұрқырап аспанға ұшады. Шалғыларының жүздері жарқ-жұрқ етіп, қатарласа жарыс салған жастар бөгелер емес, лезде-ақ бірсыпыра жерді жосылтып салды. «Менің келгенім, мына жастарды қозғады-ау деймін. Ішінен шаппай, балқарағай теруге тау қыдырып жүрсіңдер ме? дегенім қамшы болған шығар», деп Жəнгүдей жастардың мына жұмысын өзінің келуімен байланыстырғысы да келді. Бірақ жұмыстан көрі аңшылық жағына көп салынған өзінің бұл сияқты жұмысқа тік аяқтау екенін де есіне алып, мына жастардың елгезек, еңбек сүйгіш қылықтарына сүйсініп отыр. — Аға, орағымды жанып берші, — деген Өтештің сылтауратқан сезін сезе қойған Жəнгүдей: — Сен аз дем ал, мен бір-екі жол қайырайын, — деп шалғыны алып, пішенге келіп түсті. — Ал, Жəке, жүріп керіңіз, бізге пішеннің шабуын үйретсеңізші, — деп Зарқұмар келіп Жəнгүдейдің артынан түсті. Алған бетінде ілестірмей кеткісі келген Жəнгүдей, «міне, былай шабу керек» деп оң қолының шынтағын көтере, сол қолының шынтағын сырт айналдыра сермеп, шалғыны əжептəуір-ақ құлаштап тартып керді. Бірақ, Зарқұмар бір қалыпта салмақпен сермеп жылжи басып құтқарар емес. Қайта келіп түскенде, «кəне, жүріңіз» деп тақымдап, Жəнгүдейдің аяғына өзінің бөксесінен түсірген шөбін будырата төңкеріп Зарқұмар қысайын деді. — Пəлі, аға, Зарқұмар əдейі сіздің артыңызға түсіп жүр. Ол шыдатпайды, еркіңізбен қысылмай тартыңыз шалғыны, — деп Көксеген ағасына, жолдасының сырын айтты. — Ұзаққа болмаса да бір-екі жолға кісіге шаңымды көрсетпеуші едім, мына Зарқұмар қояр емес, — деп Жəнгүдей де Зарқұмардың жалынды жас қайратына жол бере, жеңілгенін мойындады.
III Тау белдеуіндегі, машина бара алмайтын жерді жастар шауып үйіп- жинап тындырып қайтты. Ойдағы, өзен бойындағы пішен де шабылып, маяға үйілгеннен басқасы аяқталды. Қау пісіп келе жатқан егін даласы алыстан көк бурыл тартты. «Берель» колхозының, жаңа тұқыммен салған егіні судың арғы бетінде лықып тұр. Нүрила агрономның бастауымен биыл ғана салынған егін, колхоз жұртшылығын əлі де күдікті ойға шырмаулы еді. Əсіресе, осыған аса ерлене кіріскен колхоз бастығы Садуақас көп күдіктенеді. Өйткені: «мұның несі кетіп барады, өлсе біздің еңбегіміз өледі, залалды — ортаның қоры кереді» деген, Құсайын, Құрман сияқты ұзын ауыз адамдардың сөзін Садуақас естіп жүрген. Шынында да, үлкен іс қауіптенерлік еді. Бұл кенереде бидай шығып, мезгілімен пісіп, орылып көрген жоқ. Жаз бойы шығы арылмай, жауыны ашылмай тұрып, боз қырауы бір-ақ күнде түсе салатын Алтай белдеуі, өте қауіпті. Əсіресе, жауыны көп биылғыдай жылы қорқыныш. Əрине, бұрынғы cap тепсеңге тұқым тасып, сайман сүйретіп тасымал болатын сарпалдаң биыл жоқ, егін үйдің қасынан салынды. Тек арада өткелі қиын өзен бар. Бірақ қорытындысы не болмақ, ол мəлімсіз. Оның үстіне, жаздайғы мол жауынмен көтеріліп алған Ақбұлақ суы əлі қайтқан жоқ. Жазтытұрғы салған көпірді, күн қыза су қатты тасып мүлде бұзып ағызып əкеткен. Одан бері көпір орната қоюға басқа жұмыстан мұрша келмей жатыр. Ақбұлақ бұлқына ағып, бұрқырай құйылған, өр Алтайдың асау өзенінің бірі. Қарайрық, Қарабұлақ бас жатынан қосылып Жалғызтау, Кемпірқалған шыңдарынан құйылатын бірнеше бұлақтар аяқ жатынан қосылып Ақбұлақ барған сайын молая береді. Ол əсіресе, Бұқтармен қосылар жерде мүлде арнасынан аса өрекпи құйылады. Ақеркеш толқындары тастан-тасқа ұрып, аппақ көкшіл болып атой береді. Ақбұлақ деген аттың өзі де, осы сипатынан қойылған өте көне аты. Оңтүстік шығысынан Бұқтарма бұрқырап, солтүстік батысынан Ақбұлақ асыр салып, екеуінің түйісер түбегінен асқар тауды іргелей келіп, «Берель» колхозының қаласы орнаған. Түбектің атырабы күндіз-түні ағын судың атой бере құйылған шуына бөленіп, тынымсыз тіл қатады. Өзен тілі — өмір тілі, өлкесінде жайқалған етін жалпақ шабындық өсіп, елін еңбекке, еңбектен туған дəулетке бөлеген: суы толған балық пен құндыз, тауы
толған бұғы-марал, жер шүйгіні əсем өлке. Тауды қоршап, тағыны өргізіп Алтайдың алтын қойнына орнаған «Берель» колхозы ерекше сұлу, өмір дастанының өзегі тəрізді. Биылғы етінді жинау кезі, «Берель» колхозының ең бір қамытшылық кезі болғалы тұр. Өйткені, сыр мінез болмаған жаңа астықты орып, жинап алу жəне орталықтан егіс даласын өзен бөледі. Өзенде көпір жоқ, барлық жұмыс тасымалмен істеледі. Ертелі-кеш ерсілі-қарсылы судан өту, арпалысқан апатпен алысу сияқты үлкен қауіп-қатермен аяқтайды. Ақбұлақтың тасқыны əлі қайтқан жоқ, қазірдің өзінде жолында тау тұрса да бір-ақ аунататындай долы. Ағаштан орнатқан көпір түгіл, тау етегін үңгіп талай күз биіктің кесек-кесек тастарын да айдап əкетеді. Кейде жағасына үйіп, кейде арнасының өзінен тас арал жасап кетеді. Күнде сумен алысып атпен өту, қайықпен қалықтау жұмысты өндіртпейді. Қалайда көпір орнату керек. Ертелі-кеш, күні-түні демей, егін оратына жұмыла дайын тұралық, — деп колхоз бастығы басқарма мəжілісінде кесіп айтты. — Ылғи сушыл жігіттерді іріктеп алып, бұл жұмысқа мен кірісейін, өзің «Үкектен» əкелінетін ағаштардың жетуін тездет, — деді Плотников Садуақасқа. — Бұл дұрыс-ақ ұсыныс, ағашты мен жеткіздіртейін, сен дайындық жұмысын карқындат. Бір жұмада көпір дайын болсын, екеумізге сын осы. Əйтпесе егінді кешіктіреміз, — деп Садуақас тоқтағанда, отырған ел бір ауыздан дұрыс-ақ десті. — Таңдаулы жігіт, қарулы атты ал, керекті кісілерің басқа жұмыстан босатылады, енді қандай айтарың бар? Біз ағаш жеткізуге жүреміз, — деп Садуақас көпір тағандарын орнатып жатқан Плотниковке келді. — Əлі де бізге керекті бір ат, бір кісі жұмысынан босап келмей жатыр. — Ол қайсысы? — Ол — Көкжортақ пен Көксеген. — Көкжортақты сен алсаң, жаңа машинаны Мұса қай атпен жүргізеді.
Көксеген екеуін Мұса бере қоймас. Ол пісіп тұрған егінді орталы аңдып отыр емес пе? • — Машинаға басқа ат та жарайды. Мына суға, бөренені Көкжортақтан басқа атпен сеніп кісі алып түсе ала ма? Ал Көксеген сияқты Ақбұлаққа қарсы жүзетін бала бізге су білмейтін бес жігіттен артық. Қалайда бізге бергіз. Сез соған байлансын, — деп Плотников қатты айтты. Көк атпен, Көксегенді көпір жұмысына бер деген Садуақастың тапсыруын Мұса жалқаулау тыңдап, біраз үндемей отырды. Ұнатпаған ісіне, қып-қызыл болып тығыла қалатын Мұсаның оралымсыз мінезін білетін Садуақас: — Пішендегі сары ат пен Оралтайды сен ал, шеп еңсеріліп қалды ғой, деп көңілдендіре қойды. Мұса қынжыла отырып көк ат пен Көксегенді көпірге қайырды. Жаны судағы балықтай, Ақбұлақ ағынында балықша оршығанын өзіне демалыс көретін Көксеген əндете жөнелді. Үстіне кісі мінгенде ойнақтап, басымен алысатын көк тарлан лыпылдап аяңдап Көксегеннің тақымында ойнады. Етінде жүрсін, пішенде жүрсін, суға түссін — Көксегеннің айтатын бір ғана əні бар. Ол мектепте үйренген «Көңілді балалар əні». Көксеген ол əнді айтқанда, Көкжортақ кербездене шекесінен қарап алшаңдай аяңдайды. Көксеген биыл он беске ғана шығады. Екі жылдан бері оқудан тыс кезде машинаны өзі жүргізіп, көк атпен əбден сырлас болып алған. Елгезек, алғыр Көксегеннің бетін қайырмай, көк атты колхоз бастықтары үнемі соған беріп қойған. Ақбұлақ суы бүгін күндегісінен де көтеріле тасыған тəрізді. Үйткені, екі сетке үздіксіз жауған жаңбыр кеше түс ауа ғана ашылды. Алтай тауларының қарлы құздары, жалбыр жүнді қарағайларын бұлт сүтіне шомылдыратындай қара барқыттанып, үйіріле төнген қалың бұлттарды үдерте түнетіп, үздіксіз жаудырып, саласынан сан бұлақты сарқыратты. Сол бұлақтардың бəрі келіп Ақбұлақты аймалай ақтарылған, ақтарылғанда ағынды күшейткен, суды тасытқан. — Ал, Көксеген, сен тезірек кел. Қазір мына бөренелерді ортадағы тағанға жеткізуің керек, — деп көпіршілер бер жақтан айқай салды. Судың екі жақ жиегінен орнатылған таған ағаштары су тасқынына ерегісе
қабырғасын төсегендей берік отырған қалпында сіреге орнатыпты. Ал қала жақ басынан үстіне салар бөренелер жарыстыра салынып, оны да шегелеп байлап жатқан еді. Орта жерінен қойылған екі таған əлі нық отырмаған тəрізді. Екеуі де шеткі таған ағаштардан кері сəл көтеріңкі. Жоны шыға сіресіп тұр. Асты ауыр бөренемен шегенделіп, төрт тағаны су арнасының табанына сұғына отырғызған ауыр таған мызғымастай берік еді. Сан көпірді жасап, сан тағанды орнатып əдіс алған «Берель» колхозшылары бұл жолы қапысыз істедік деп мейлінше бар шеберлікті салған. Көпірдің қала жақ басынан үстіңгі бөренелерді салып болып, тағы бір тағанына көпіршілер бөрене салуға бет алды. Қабақтағы бөренелерден төрт кісі бір бөренені алып ағынға түсті. Ең алдында бөрененің басын иығына көлденеңдете салып Мəнеш ұмтыла аяғын ілгері сала бергенде, бұрқыраған үлкен ақ толқын келіп ұйтқи ұрып жіберді. Мəнешке жалғаса бөрененің басын иығына қатар қойып келе жатқан Жақи екеуі де басынан толқын жалы асып суға көміліп кетті. — Қап, ормаға түсті, бөренені жіберме, — деп Сəлім бастаған арттағылар суға қарғып-қарғып түсе қалды. Жабыла ұстаған бөрене артқы екі жігітпен жүгіріп келгендердің қолында қалып, Мəнеш пен Жақи сүңгіп барып анадай жерден су бетіне малтып шыға келді. Екеуі де ширақ, шапшаңдықпен қарсы жүріп, судың жиегіне шықты. Осы сəттегі барлық жанталасты көріп, атымен малтып жете алмай келе жатқан Көксеген көк атты тебініп ұмтыла жүздірді. — Тез жет, неғып жүре алмай келесің, — деген Сəлімнің даусы құлағына естілер-естілмес еміс-еміс шалынған Көксеген көк аттың шоқтығына қаршығаша құнтиып көпіршілерге қарсы малтыды. Ақ бұйра толқын аңдаған, аптыққан екпінмен ұрылып артқы жағын бұрса да, басын жоғары ұстап көк ат өрге қарай жантая, ыққа қарай көлбеп, толқынға қарсы малтып, көпірдің жоғарғы жағымен тура салды. — Өрге тарт көпір ығына түспе, онда ормаға түсесің, толқын тіпті жаман соғады, — деп Сəлім Көксегенге безек қақты. Сонша болмады, көк атпен Көксеген малтып отырып көпірдің жоғарғы жағынан келіп бөрене ұстап тұрғандардың қасынан шықты. — Кəне, Көксеген, бері тая, — десіп жігіттер көк атпен екеуін асығып тосады.
Жаңағы өздерің түскен жер орма, мен ол жермен бармаймын, қиястай берейін, бөренені маған бір беріп көріңдер, жететін мықтап тақтыңдар ма? — деп Көксеген қиыстай жүздірді. — Рас мына жерден сақтан, оның дұрыс. Біз иыққа салып саумалап тұрамыз. Жетек арқаны мықты — деп жігіттер бөренені дайындап, Көксегеннің жетуін күтіп тұр. — Ендеше, беріңдер басын, — деп Көксеген жетекке ұмтылды. Ортадағы тағанның үстінде отырған Əбіл мен Қожаш: — тез əкеліңдер, су мына тағанның астын орлап бара жатқан тəрізді, — деп айқайлады. — Міне, əдіс жаңа табылды, — деп Сəлім өзі бөренені көтерісіп Көксегеннің қолына жетекті мықтап ұстатты. Көк атпен омыраулап келе бөренеге жанаса беріп, арқанды алып Көксеген тағанға қарай жүздіре жөнелді. Алдыңғы аяғы Мəнештер түскен ормаға лық етіп түсіп кеткен көк ат суға күп етіп көміліп барып, малти бастады. Арқаннан айрылмай атының басын көтере қамти ұстаған Көксеген ағынға қарсы жүзбек болды. Ондағы ойы тағанның ығына түспей сырт жатынан келіп, Қожаштарға арқанды беру еді. Көксегеннің осы ойын тақымынан сезгендей көк ат басын жоғары алып ағынға қарсы малтыды. Лып етіп жетіп қалған Көксегеннің қол айқасар жерден қиыстатпай арқанды іліп алуға Қожаш та таған үстінде бар күшін жинап күтіп тұр. Бір қолында аттың тізгіні, бір қолында арқан тақымын көк аттың орнықты шоқтығына қамти қысып Көксеген: — Ал, Қожаш аға, — деп арқанды сермегенше көк атты аптығып келген бір үлкен толқын тағанға əкеліп ұрып жіберді. Аттың басынан су асып, тағанның астына кіре суға көміліп кетті. Осы сəтте Көксеген мысықтай епті шапшаңдықпен тағанның үстіне ырғып кеп қалды. Көксегеннің алғашқы сермегенде қолынан арқан ұшын іліп алған Қожаш сəтте болған уақиғаны ажырата алмай, тек « Көксеген!» дегеннен басқа тук айта алған жоқ. Тек тағанға жармаса тырмысып шыға келген Көксегенді ғана көрді. — Көк ат көрінбей кетті, жазым болмаса игі еді, — деген Əбілдің үні шыққанда, тағанның ық жағынан едəуір жерде барып көк аттың су астында бұлқынғандай бір аяғы, қабырғалығы қылт етті. Бөренені көтеріп саумалап беріп тұрған жігіттерден Мəнеш қарғып түсіп көк атқа қарай малти жөнелді.
— Ана ат тізгініне оралды, басын көтере алмады, жануар суға кетті-ау, — деген дауыстар шыққан кезде Көксеген де таған үстінен суға лып етіп түсіп, су ағынына домалана малти жөнелді. Толқынмен дөңбекшігендей көк ат жөнделе алмай ағып барады. Мəнеш келіп көк аттың қасына жанаса беріп, басынан жүгенін сыпырмақ болды. Аттың жан таласқан серпінінен қорғанып кейін серпілді. Көксеген де толқынмен алыса жанқиярлық еткендей дөңбекшіген көк аттың жанына жете бергенде Мəнеш:— «кейін шегін, өзің суға кетесің» деп айқай салды. Сəті түскенде жүгеннің желкелігі үзіліп, ат басын көтеріп алды. Көк аттың басы судың бетіне қылт етіп шыға келді. Өлім шырмауынан өмір аспанына ыршып шыққандай желбезегімен суды қақ жара дем алып, ат түзеле қырға қарай малтыды. Аттың құйрығына қолы тиген Мəнеш: — Ал, Көксеген, қырға қарай қиыста, менен ұста, — деп, дыбыс берді. Көксеген де Мəнештен жабыса ұстап малтып қырға шықты. — Апырмай, Көксеген! Көк атқа шын жолдастық істедің. Өзің судан қорықпайсың-ау, тіпті. Аттан бұрын сенен шошындық, — деп Сəлім судан шыққан Көксеген мен Мəнешке жүгіріп келді. Көксеген жеткізіп берген арқанмен бөренені тағанға жеткізіп төсеген Қожаштар, қалған бөренені қатарластыра жетектеп көпірдің екі тағанын жалғастырып орнатып жатты, IV Көпір орнатып, өткел жұмысы бірыңғайланды. Егін жалпағынан буырылданып, пісіп қалды. Машинаны, орақ жабдығын күн-түн демей əзірлеп жатқан жұртшылық, аса бір қуанышты күнін күткендей бəрі жарыса қимылдайды. Əсіресе, колхоз бастығы Садуақас, агроном Нұрила, егін бригадирі Қобай қырманды дайындатып, стан басынан кетпейді. — Бұл жерге комбайн келе алмайды, жері Алтайдың биік белдеуі. Осының қиындығынан əлі электр станциясын да салып болғанымыз жоқ. Шеткеріліктің аты шеткерілік, орталықтан өте алыс. Барлық іс қиынға түседі, — деп Садуақас, егін басу машинасын керіп жүргізіп байқап жатқан Қобайдың қасына келді. — Мына егінді аман-есен орып алып, бір бел асалықшы. Осы айтып тұрғаныңның бəрі тап осы жерге орнайды. Комбайнмен оратын егін саған қашан бітіп еді. Үйіңнің іргесінен шыққан егінді көрсең, биыл ғана көріп
отырсың. Онда да Нұриланың еңбегі. Комбайнды мына сияқты өлке бойы түгіл, ана тауға да жүргізетін етіп жасайды, біздің шеберлер, — деген Қобайдың сөзін есіткенде, Көксеген, бəрі қазір орнағандай қуанып кетті. — Ата, олар қашан келеді? — деп Қобайға таяна жымыңдап қасына келді. — Я, ертең келеді. Бұларға бəрі қолма-қол орнай қоятындай болады, — деп Садуақас əлденеден терісі тарылып, күйгелектеніп тұр. Нұрила ұнатса мен ертең егінге машина жүргізсек деймін, — деп Садуақас, темекісін орап қомағайлана тартып біраз үнсіз тұрды. — Нұрила бағана көріп əлі де бір-екі күн күтеміз, жауыннан ба, əлі дəні шираған жоқ, — деп кетті. Ал өзінің жазуына қарағанда, есепті күні толыпты, — деген Қобайдың сөзін Садуақас іле тұра қалып: — Өзі дəл неше күн деп еді, жетпіс екі ме, жоқ жетпіс төрт пе, — деп өз қойнындағы дəптерін алып қарай бастады. — Мына егіндерін тек аман алғызсын, өзі оруға келіп қалған тəрізді, — деп Жəнгүдей артына бөктерген қасқырының терісін шұбалта келіп, машинаның қасына тұра қалды. — Е, мерген майланған екен. Мынау анадағы аю жемтігіне құрған қақпаныңа түскен бе? — деп Қобай мен Садуақас жарыса сұрай келе, қасқырдың терісін қарасып жатты. Оқусыз адам аяғының астындағы асылды көрмейді екен ғой. «Осы өлкеге бидай шықпайды, шықса піспейді» деп бұрын бұл жерге бір дəн сеппейтін еді. Нұриланың бидайы əсем-ақ болып шығыпты. Естуім осы бидайдың тұқымын өзі өсіріпті ғой. Əйтеуір мақтанбаса əкесі айтып еді. Бұл өзі бірнеше жыл Қалба жақта агроном болыпты ғой, сонда жүргенде осы Алтай өріне өсетін бидай тұқымын іздестіріп, өзі іріктеп алыпты. Жылдағы егіннен ерте пісіп шыққан бастарын теріп масақтап сонан жинаған дейді. Агрономың бидайды малша түстейтін, тұқым-тұқымға бөлетін көрінеді ғой, — деп Жəнгүдей егінге көңілі тола қуанышын да, егін жайында естіп-білгенін де айтып жатты. — Ол рас, ана жылдар əкесі барып қайтып, үйге келе қоймады деп жүргенде осы бидайдың тұқымын іріктеп, «ауылға барсам, құр қол
бармаймын деп осы тұқымды ала келем деп жүріпті ғой, — деп Садуақас Жəнгүдейдің сөзін қостай, Нұрила жөніндегі өз білгенін о да айтты. — Аға, мына алғаның сол аюды жеген қасқырдың өзі ме екен? — деп Көксеген аюды жеген аңның анығын білгісі келіп, сұрай кетті. — Балалық-ай, Жəнгүдей қай қасқырға аюын қолдан қызылға байлапты. Қақпанға түскен қан түрткен қасқыр да, — деп Садуақас, елеусіздеу сөйлеп қоя салды. Алған қасқырын жəй қасқыр емес, аю жеген сырттан дегісі келіп, аң жайы сөз болғанда көтеріліп кететін Жəнгүдей: — Садуақас, сен ит пен қасқырды бірінен бірін ажырата аласың ба? Мына көріп тұрғаның ненің терісі? Бұл суыр жеп ұйпалақтанып жүрген, Шабанбайдың көк сүмелегі емес, бір керемет қызыл шолақ. Мына жонын байқа, құйрығын көр, — деп атынан түсіп қасқырын шеше бастады. — Немене, сенің қақпаныңа түскен аю да басқа жерден келген сырттан, қасқыр да сырттан. Ылғи сырттанның бəрі сенің қақпаныңды іздеп шыққан ба екен, қоныстарынан, — деп Садуақас, Жəнгүдейдің əлгі сөзіне шамданайын деді. — Іздеп шықпайды, ізін тапсаң, кездеседі. Құруын білсең, қақпаныңды басады. — Мерген-ау, сен Бітеуге шығып қақпан құрып, түн қатып жүрсің. Мына Ойсудың басындағы біздің араға аюлар күнде келетін көрінеді. Құсайынның бес шелек балын жеп кетіпті. Аю да Құсайынның қартайғанын білсе керек. Баяғы жас күні болса Қоқаң пышағымен айқасып көрер еді. Жəнгүдей келсін деп сəлем айтыпты, — деп Қобай екеуінің сөзін бөліп, əңгімені басқа жаққа аударды. — Балға бір дəндесе, ол енді шықпайды. Оған мына бастық өзі барады да. Бал сыраны осы ішеді. Ең болмаса аюдан қорғап ішсін, — деп Жангүдей бағанағыдай емес, өзін шақырыпты дегенге өңі жылып, қалжыңдай сөйледі. — Тəйір-ай, кісі құнттап артына түспейді ғой, əйтпесе аюдың алуын бір сенен басқа кісінің қолынан келмейтіндей сөйлейсің. Қақпанға түскен бір-
екі аюды алғанда, жолбарыс соққандай боласың, — деп Садуақас өзін кеміттіргісі келмей, Жəнгүдей сөзін баса жастап, Қобайға қарады. — Жолбарыс аюдан мықты емес. Бірақ, жүректі ғой. Жəне қандай шапшаң, біз Қиыр Шығыста жолбарыстың талайына кездестік. Жолбарыс адамға аюдан əлде қайда қауіпті. Ол адамды əрі епті аңдиды, — деп Қобай өзінің əскерде болған өмірін есіне ала, алыс атырапқа қарады. Батқан күннің ақтаңдағы батыс жақтағы Алтай тауларын аспандатып, жоталарынан атой берген батырдай ереуілдеп тұратын қарағайларын аңдатып іңір жарығы жер бауырлады. Көз байлана жұмыстарын тоқтатып, стан басындағы үйге қарай бет алып келе жатқан кісілерді көріп, Садуақас, Қобай, Жəнгүдейлер де солай қарай жүре сөйлесіп келеді. Жəнгүдейдің жуан жарық қарын көк атына мініп алған Көксеген, өзін бір қасқыр бөктерген үлкен кісімсініп жан-жағына қарап қояды. Ондағысы, қос жақтан Өтештер көрінсе, мақтанбақ. Бірақ құрбыларынан ешқайсысы кездеспеді. Стан үйінің алдындағы бөренелердің үстінде отырған Мəнеш, Мұса, Нұрилалар жабырлай амандасып, Жəнгүдейдің қасқырын сөз қыла тұрып, ұстап көрісіп, біреуі «өзі бір көкжал екен», біреуі «деген қызыл шолақ» десіп жатты. Аң жайынан сөз қозғалғанда Қобай шығыстағы өзі көрген бір əңгімесін бастап кетті. Қобай өзі əскерде жеті жыл жүріп, былтыр ғана қайтқан. Басында əскерге алынған жылы Қиыр Шығыстағы шекара əскерінде болып, одан Батыстағы майданда болып, Берлинге дейін барып қайтқан офицер. Қазірде «Берель» колхозының егін бригадирі. Өзі сабырлы, көрген-білгенін ұмытпай, əдемілеп айтатын, тілі де орамды болатын. Сыртынан қарағанда, Қобайдың сүйегі аласалау тəрізденетін, бірақ иықты, жұлын тұтасы тұтасып келген кеуделі, қабағы шығыңқы, қой көзі кісіге қарағанда, аржақ-бержағыңнан өтіп кететіндей ажарлы еді. Ал, əңгіме айтарда алдындағы кісіге қадала қарап, ойланып сөйлей жөнелетін. Əңгімені таяу отырып, тыңдатысы келіп қарсы алдынан отырған Көксеген өзіне Қобайдың көзі түскенде, қозғалып қайта қырындап отырды. — Я, Шығыс орманы, адам мен азулы аңдардың тек сырттандары ғана жортатын ерлер ұясы тəрізді. Оның дүм қарағайының алаңдарында атан түйенің табанындай бадырайта басылған із жатады. Ол орман алаңында алаңсыз жортатын тəкəппар арлан жолбарыстың ізі болады. Бұл із орман
жортушыларын аңдыған жауынгерлерге, адам сырттаны алыптарға таныс із. Олар ондай алаңдарға кездескенде, ізді қарап жіберіп, қашан басылғанын, қанша жастағы жолбарыс екенін біле қояды. Іле аңдиды. Жолбарысты алдынан емес, артынан тосады. Əйтпесе жолбарыс өздерін мерт қылады. Шығыс ормандарда біз тұрғалы жылдан асып кетті. Талай жыныс орманды аралап із кестік. Талай жолбарыс сырттанының табаны тиген құмайт алаңда отырып, жолбарыспен кездесуді қиялдадық. Біз, əрине, аң қуған мерген емеспіз, бірақ аңдар ғана жортатын жұмбақ алаңды, бекініс түбектерді тінту біздің міндетіміз. — Дүлей, үнсіз орманның ішіне түскен із бізге сырлас тəрізді. Біздің аңдитынымыз, жолбарыс емес, адам жыртқышының ізін кесеміз. Біз бір жазда маневрге шығып дүлей орманның ішінде жаттық. Онда бұрыннан салынған жалғыз үй бар. Ол шекарашылардың маневрде жататын орны. Бұл үйдің жан-жағын қоршаған, аспанмен тілдескен қарағай мен кəрі емендер. Үйден біраз жерде ағыны астына тартып, шырайланып жататын тұңғиық терең көл. Айналасы түйе көрінбейтін самсаған биік қамыс. Біздің ол жерге келіп ойнап жатқанымызға бірнеше күн болды. Күндіз- түні кезекпен күзетте тұрып, ойын кезінде қай-қайдағы дүмге кіріп кетеміз, кейде орман ішінен із кесеміз. Танкымен жыныс орманды бытырлатып қақ жара жүріп етеміз. Бірнеше күндей жауын бас алдырмай, Шығыс орманын басқан қалың бұлт ашылмай қойды. — Мына жауын енді октябрь бітпей тоқталмайды, өстіп түнеріп құяды да тұрады. Жолбарыстың азық аңдып көп жортатын кезі де осы айлар болады, — деп Сызов бізге айтып қояды. Шығыс орманының сырын жаттаған жігіт еді. Жауын ашылып бір күні таты жүріске шықтық. Үш танкпен дүм қарағайдың ішін қақ жара жүріп келеміз, аспан зəулім кəрі қарағайлар, кей жерде қартайып құлап күл болып кеткен бойлары үгіліп ұнтақ болып та жатады. Үш танкының үшеуі де бірінің артынан бірі тізіле жүріп, келе жаттық. Біраз жүрген соң, командир тоқтату хабарын берді. — Мына алдымыз қалың қопалы көл, мынау жарлауланған қалың
қамыс, мына жатқан жолбарыс ізі. Ал сол жолбарыс қазір осында болуға мүмкін. Танкілеріңді қамыспен бүркеңдер, — деді. Жолдасыммен екеуміз танкімізді қамыспен бүркеп қойып, люктен қарап отырдық. Біздің күткеніміз, жолбарыстың қамыстан шыға келген суық көрінісі жəне істер қайраты. Əлден уақытта биік қамыс жел үйіргендей теңселіп, бұлан-талан болды. Бір жерде емес, бірнеше жерден қамыс іші теңселіп, үйіріліп бұлқынып кеткендей. Жолдасым екеуміз демімізді шығармай өзімізді танкіге ұрлап тығып отырған тəріздіміз. Екі көзімізді қамыс ішіндегі қозғалыстан алмай батып отырмыз. Сонша болмады, тебінгідей екі құлағы салбаңдап бір ұзын тұмсық қамыс арасынан оқысынан ербең етіп шыта бергендей болып еді, таяқтай екі азуы ақсиып, көзіне қарай қарсы сорайған қара сұр қабанның өзі де шыға келді. Оның бүйірінен жосыған қан шапшып, жан-жағына атқылап келеді. Қабанның басы-аяғына көз жүгіртіп болмай-ақ, таяқтай ұзын мұрттары тікірейген, оттай жайнаған екі үлкен көзі жалындап қамыс ішінен оқтай атылып бір жолбарыс қабанның оң жақ бүйірінен ыршып түсті. Қабан тоңқалаңдап тұра ұмтылганша жолбарыс тағы оқтай атылып қабанның үстіне міне түсіп, желкеден қос аяқтап басып жібергенде, қабан сүрініп те кетті, шыңғырып та жіберді. Қас қаққанша қып-қызыл ала қанға боялған қабан қозғалуға шамасы жоқ, шыңғыруы əлсірей бастады. Алысқан жауын қанға батырып, жылы қан соқтасына тұмсығы ілінген жолбарыс қабанның бүлкілдек сүбесінен ауызды салып жіберіп, бір жұлып алып, қылғып тағы да ауызды үңги салып жатты. Ол қызыл тұмсық болған кезде: — «ал, атыңдар!» деген команданы естідік. Бəріміз қатарынан басып салғанда, жолбарыс оқтың екпінімен жарыса ұшқандай есік пен төрдей жерге барып мұрттай ұшты... Аузын ашып, ақырайып отырған Көксеген: — Қобай аға, қабан өліп қалды ма? — деп ұғынып отырған əңгімесін əлі де құмарлана қайталай сұрады. — Қайтсын, жолбарыс жайратып тастаған бетінде талқаны шығып жатты, — деп Қобай əңгімесін аяқтата берді. Қобайдың көзі күлімдеп, əңгімесі елге ұнағандай болғанына көңілденіп аз отырды. — Мен өзім тап сол сияқты үлкен аңды көргенім жоқ. Шіркінді
қос өкпесінен мылтықтың қарауылына дəл қойып қапысыз атып жібергенім əлі есімде. Өз қолыма сол жерде өзім бір сүйсіндім, бірақ жалғыз менің оғым емес-ті, қатарынан атылған төрт мылтықтың оғынан бой берместен əудем жерге барып жығылған жолбарыс қайраты мені одан да сүйсіндірді. Жолбарыс барып жығылған жерінен бірнеше рет басын көтеріп сүйретіле ұмтылды. Бірақ төрт жерден тиген оқ одан əрі қайрат етуіне мұршасын келтірмеді. Командир танкіден қарғып түсіп, қабанның азуын ұстап жүзін көріп, «Қабанның денесі суынбай тұрып мына тіспен сақал қырып алуға болады, көріңдерші» деп күліп, екі азуын екі жауынгерге суыртып алғызды. Жолбарыс пен қабанды қатарынан танкіге салып алып, бекін үйге келгенде сəске көтеріліп, орман ішінің салқын ауасы аздап жылынайын деді. «Шіркін шығыс орманындағы жолбарыс адамды аңдығанда қараңғы түнде ториды. Есебін тапса көзге түспей сыртынан алып қашады. Ал көзге көзі түссе батпайды, адамнан именеді», — деп Қобай өзі көрген батыр аңның жайын айтып шықты. Қобай əңгімесін айтып болып, жан-жағына қарағанда, аңыра қарап қалған жұрттың ішінде, Жəнгүдей күлімдеп: — Шіркін-ай, танкі деймісің, сол машинамен аю аңдыр ма еді. Аю ондай нəрсені көрсе қашпайды, өрбиіп алдыңғы екі аяғын көтеріп түре келеді. Жекпе-жекке шыққандай қасқиып тұрады ғой, сонда танкімен кеудесінен қаға басып өтсе. Аю бұрылу, айла қылу дегенді біле ме, қандай олақ, — деп өзі білетін аю сырын айтып қалады. Өзі əлі бетпе-бет кездесіп көрмеген аю, жолбарыс сияқты ірі, азулы аңдардың қайратын, əдісін есітіп Көксеген, таңдана Жəнгүдей мен Қобайдың бетіне кезекпе-кезек қарап, ойланып отыр. — Ал, сонымен, қарындасым, егінге машинаны қашан жүргіземіз. Аман-есен бір орып алғанша жаным жай табатын емес, — деп Садуақас Нұрилаға қарады. Мен əкемнен сұрағанымда, бұл белдеуге боз қырау ең ерте түскені былтыр екен ғой. Сонда ескіше августың үші күні қалың бозқырау болды
дейді. Бұған қарағанда, біздің бидайымыз, бозқырауға ілікпес деймін. Бүгін, мына Сақаты жақ шеттегі он гектарға тұқым шашылғанға жетпіс үш күн. Əлі де дəні уыздау екен, оны жауыннан көрем. Ең соңғы еккен мына Құйғанға түсер жердегі аңыз. Оған да алпыс тоғыз күн болды. Ертеңгі күнді бидайдың сабақта тұруына беріп, Бүрсігүні бастарсыздар. Машина, көлік, кісілер дайын ба? деп Нүрила Садуақасқа қарап жауап күтті. — Егіннің ору машинасы түгіл, басу машинасын да дайындап қойдық. Мына отырған Көксегендерге ал, машинаға мін! — десе, қазірде дайын, — деп ол Көксегенге қарап күлді. — Ағай, осы менің көк атым анада суға жығылғанда, бір жері ауырсынса керек, оң жақ алдыңғы аяғын, аз қолтаулап басады. Егер бүрсігүнге дейін жазылмаса, машинаны тарта алмас, онда маған сары атты бер, жарай ма? Əйтпесе Өтеш менен озып кетеді. Оның қос қоңыр аты мықты-ақ, — деп Көксеген өзін ауызға алғанға көңіліндегі бір тілегін айта қойды. Бұл іңірдегі кішкене бас қосу осымен аяқталып, Садуақас, Нұрила, Мəнеш, Қобай, Жəнгүдейлер ауылға қарай жүрді. — Аю күнде келетін болып алыпты, колхоздың аңға қойған мергені — сіз, Құсайынның омартасына барып, аңдып көрсеңіз дұрыс болар, — деп Садуақас Жəнгүдейге қарады. — Ол жерден қақпан құруға болмайды, мылтықпен тура жекпе-жекке сайланып бару керек, — деп Жəнгүдей, баруға мойындап, үйіне қарай бұрылды. V Пішен орағы басталысымен, Көкбұзау өлкесіне шөпке кеткен баласын Келгембай көптен бері көрген жоқ-ты. Жалғыз баласын сағынған ата мейірімі ағыл-тегіл ақтарылғандай, баласының үстіне түсе, қайта-қайта айналып-толғанып отыр. — Сенің енді азамат болғаның, күнім, ер қара болып ел қатарында, еңбекте болдың, — деп баласын мақтан еткендей жымыңдап аз отырды.
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306