бетіне бір-ақ ұрды. Қарауыл жарқабаққа жабысты да қалды. Ақырын иығынан тартып, бері біраз жер сүйреп, мылтық дүмімен екі тізеден əбден сабалады да, тағы сүйреді. Сүйреп-сүйреп, Бесбайлардың жанына жеткізді. Бесбай қарауылдың аузын жіңішке жіппен кере байлап қойды. – Жүрсін, сен барып, үш атты ұстап қал да, басқаларын босатып жібер. Біз Бесекең екеуміз үңгірге шабуылдаймыз. Жүрсін аттарға бет алды. Ал, Қараман мен Бесбай үңгірге беттеді. Үңгірге таяқ тастам жер қалғанда Қараман: – Сіз осында тұрыңыз. Мен жалғыз өзім ішке кіремін, – деді. – Бір өзің бəрін жайғамақпысың? – Иə. Бірақ ол үшін мылтық атып қажеті жоқ. Не істейтінімді қазір көресіз. Дегенмен, сіз мылтығыңызды дайындап тұрыңыз. Қараман еппен басып, үңгір ішіне кірді. Бергі кең дəлізде бірнеше қарақшы ұйықтап жатыр. Арғы қуыста Кенепбай үш-төрт адаммен жатады. Үңгірдің екі бөлмесінің табанында қалың құрғақ қамыс төсеулі. Бөлмелер іші жылы болу үшін тіпті тас қабырғаларға да қамыс өрілген. Содан соң мұнда қанша оқ-дəрі бар. Осы қамысқа от қоюды ойлап келген Қараман көп тұрмады. Бесбайдан алған кеуіртпен табандағы қамысқа от қойды. Қамыс лезде лап етті де, шытырлап жана бастады. Қараман үңгірден шыққанша-ақ, жалын дəлізді шарпып үлгерді. Бұл жүгіріп Бесбайға жеткенде, үңгір ішінен гүрсілдеген дауыс шықты. Отқа қызған оқ-дəрілер ғой атылып жатқан. Артынша адамдардың жанұшырған дауыстары естілді. Қараман мен Бесбай аттар жаққа жүгірді. Жүрсін үш атты ұстап тұр екен. Үшеуі дереу-дереу атқа қонды да, үңгір аузына жақындады. Үсті-бастарын от шарпыған екі-үш адам үңгірден атып шығып, көк шөпке аунай кетті. Арттарынан отқа оранған бірнеше адамдар да атып шығып, жарқабақ алдына өкіріп, құлап жатты. – Міне, Бесбай көке, Жүрсін, көрдіңіздер ме, қарақшыларға бір оқта шығындамай-ақ оңдырмай жазаладық. Өлгені-өлер, өлмегені - күйік шалып, əбден қиналар. Бұл жердегі ісіміз осымен бітті. Енді бастаңыздар, Қолдастың мекеніне!
Бесбай алға түсті. Артынан ерген екеу де, аттарына қамшы басты. Үш шапқыншы таң қылаң бере Бозтал етегіндегі жайлауда отырған Қолдастың қонысына ат басын тіреді. Алдарынан үріп шыққан иттерді мылтық атып үркітіп, бездіріп жіберген бұлар жеті-сегіз қараша үйдің ортасында тұрған ақбоз үйдің үлкеніне келгенде тізгін тартты. Қараман аттан түспеді. Бесбай мен Қолдас үйге кіріп, бір семіз кісіні желкелеп шықты. – Міне, Қараман, Қолдас деген сараң бай – осы. – Бесеке, сіз мұны ұстап тұрыңыз. Ал сен, Жүрсін, қараша үйлердегі жалшы малшылардың бəрін бері шақыр. Солардың көзінше Қолдастың басын аламыз. Жүрсін үйлерге кетті. Ал Қолдас осы жолы анық тірі қалмайтынына көзі жетті ме, Бесбайдың аяғына құлай кетті: – Бесбайжан-ау, ағаттығым болса, кешір! Не тілейсің?! Жаным үшін малымның жартысын беремін. Рахым ете көр, маған. Өткен жолы да жүрегімді ұшырып, аяғымнан атып кетіп едің. Қия көр, шыбын жанымды! Бұл кезде Жүрсін барлық жалшылардың əйел-еркектерінің бірін де қалдырмай, ақбоз үйдің алдына жиып келген еді. Бесбайдың аяғын құшақтап, зарлап жатқан Қолдасты көргенде бəрі осы көрініске сенер, сенбестерін білмегендей, оған бір, Қараманға бір қарасты. Қараман тынып тұрған таңғы тыныштықты бұзып, саңқылдап сөйлеп берді: – Уа, жарандар! Кедейді жарылқайтын кеңес өкіметінің орнағанына үш жылдан асты. Шаһарларды толық сол өкімет билеп тұр. Ал ауыл-ауылда мына Қолдас секілді пасық байлар əлі тұғырларынан таймай, сендерді қанап жүр. Бұл қалай? Жаңа өкімет сендердікі ғой. Неге өз азаттықтарың үшін күреспейсіңдер? Ол өкімет бəрібір байларды жоқ қылады. Бірақ қашан? Ал енді қызылдар келіп, сендерге теңдік əпергенше, осылай құл мен күңге айналып жүре бермексіңдер ме? Жоқ, бұлай болмайды. Көтеріңдер бастарыңды! Тастаңдар мойындарыңдағы құлдық қамытты. Бүгін – Қолдастың бақ-дəулеті тайған күн. Өмірінің
ең соңғы көрген таңы да осы болуы мүмкін. Ал сендер, мұның артында қалатын малдарын адыра қалдырмай, тап қазір талап, бөлісіп алыңдар! Ешкім сендерге «қой» дей алмайды. Өйткені ол малдар өздеріңнің талай жылғы адал еңбектеріңнің өтемі. Барыңдар, енді! Иеленіңдер қолға түскен мүліктің бəрін! Олар бүгіннен бастап сендердікі! Қараман сөзінің жалынды шыққаны сондай, ақбоз үй алдына жиналған жалшылар алдымен бай отауына лап қойды. Сосын кермедегі аттарға мініп, қорадағы қойларға қарай шапты. Біреулері анадай жерде байлаулы отыз шақты сауын сиырларды екі-үшеуден жетектеп, шетке жылыстай берді. Ал бес-алты салт атты Бозтал қиясына шапты. Ол жақта Қолдастың жылқылары бар. Салт аттылар жылқыларды бөліске салмақшы. Қолдас болса, əлі еңіреп жатыр. Өзіне келген зауалға мойынсұнған сияқты. Бесбай мен Жүрсін қимылдамай тұр. – Бесбай көке-ау, сіз Жүрсін екеуіңіз Қолдастан алатын алашақтарыңызды неге алмай тұрсыздар? – Уай, Қараман-ай! Менің «алашағым» дегенім мынау жалшылардың осы азаттығы емес пе? Бұдан артық алашақ бола ма? Енді айтшы, Қолдасты не істейін? Қақ маңдайынан атып салайын ба? – Атпай-ақ қойыңыз. Бақ-дəулетінен бір күнде айрылған жан – онсыз да өлген жан. Қолыңызды қанға малмаңыз. Бұл өз күйігімен өзі-ақ өледі. Ал, мен кетейін. Сіз боп, біз боп, бүгін бір арман, бір дегенімізге жеттік. Қош болыңыздар! – Уай, Қараман! Қайда барасың? Бүгін жыртығымыз жамалып, жоғымыз түгенделген күн емес пе?!. Қараман артына бұрылмады. Сол шапқанынан ұзақ шапты. Оның бұдан былайғы өмірінің дерлігі осылай шапқылаумен өтті. Əділдік үшін шапты, зорлықшының сазайын беру үшін шапты... . ..Бір жылдан кейін тырысқақ ауруынан қайтыс болған əкесінің үш жүздей жылқысы мен екі мыңға тарта қойын: «Көп мал жалғыздың игілігі үшін емес, көптің кəдесіне жаратылуы тиіс» деп кедей- кепшікке таратып жіберді...
...Қанішер мен қарақшыны ел сыйламас-ты. Ал Қараман – «қарақшы» деген атпен халық арасында зор абыроймен өмір сүрді. Неге? Демек, ол халықтың сүйіктісі болғаны да. Бүгінгі һəм келер ұрпақ, осы сырдың астарына үңіліп, түсініп көрші... Қалай десек те, бір сəт тыныштықты қаламайтын Қараманның жан дүниесін қандай құйынды сезімдер толқытты, нендей аласапыран күйлер мазалады, біз сірə, осы жағын ашып, саралауға əліміз де келмес. Дегенмен ол мынау, өзге үшін кең болса да, өзі үшін тар заман аясына сыймай жүрген қыран тектес баһадүр-ды... Иə, Қараман! Сен жөн білмейтін залым қарақшы болған емессің... Сен өз заманында елдің қараушысы болғансың! Оглавление 1. Он бесінде қарақшы атанды 2. Қаңғыбастар арасында 3. Əке тұтқынында
4. Жөйіттермен арпалыс 5. Ұлықтар мен жасауылдардан, байлар мен қарақшылардан қайтарылған өш 6. Кеңес өкіметі де жау болды 7. Кедейлер үшін күрес
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405