Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Бітігші

Бітігші

Published by Макпал Аусадыкова, 2020-08-31 23:25:21

Description: Мырзагелді Кемел

Search

Read the Text Version

дейді. Иранғайып: «Сөздің құны бөздің құны құрлы болмай жатқан» деп бағалаған бүгінгі заманда «Ең қасиетті нəрсе – сөз!» дейді Салғараұлы. Терген мен жиғаның өмірдің мағынасын іздеуге емес, құлқынның қамын ғана күйттесе, қанден тірлікке ғана табынса, ондай өмірдің несі өмір. Қойшығара Салғараұлымен түйісетін, үндесетін жеріміз осы екенін көңілге медеу тұтамыз. Ағамыздың ғұмырының ұзақ, елге берерінің молая беруіне тілек қосамыз. Қойшыағаның жандай досы Ақселеу Сейдімбектің: «Тарих көшінің ұлы шеруінде əр ұрпақтың өзіне ғана тиесілі міндеті болады. Ол міндетті тек сол ұрпақ қана келістіріп атқара алуға тиісті. Себебі кез келген ұрпақ – өзі ғұмыр кешкен кезең үшін өткен мен болашақ арасының жанды көпірі. Оның тал бойында өзіне дейінгі сан ғасырдың жүгі бар. Сол жүктің сабақты жібіне дейін қалдырмай болашаққа қол жалғау – жер басып жүрген тірілердің ең киелі міндеті. Тарих көпірінен өткізіп үлгере алмай, артта қалдырған асылдың кез келгеніне енді қайтып болашақ ұрпақтың қолы жетпейді. Қолы жетпегені былай тұрсын, арттағы жолда қандай асылдардың шашылып қалғанын білместен, қолына іліккенді малданып ғұмыр кешеді» дегені өткенімізді зерделеуге соңғы қырық жыл ішінде мықтап кіріскен Қойшыаға секілді бітігшінің жəне өзімен қатарлас өткеніміздің қойнауына үңіліп қалам тартып келе жатқандардың тарих алдындағы ұлы мұраты жолындағы аянбас еңбектерінің не үшін жасалып жатқанына жауап береді. Өткеніміз бен болашағымыздың жанды көпірлерінің бірі осынау асыл азаматымызға алдағы ғұмырында да толымды еңбектер бере беруін тілейік. Біздің Қойшығара Салғараұлының кітаптарын алдын ширек ғасыр, соңғыларын үш-төрт жыл өткенде қайта оқып шыққанда көңілге түйгеніміз, оған қатысты түрлі ойларды, соған лайық өз пікірімізді жеткізгіміз келгені осылар, құрметті оқырман. Барлық ойымызды көрнекті ғалым Серік Қирабаевтың сөзімен түйіндегіміз келеді: «Əдебиет – мəңгілік нəрсе. Ол жазылған дəуіріне ғана емес, кейінгі ұрпаққа, барлық заманға қызмет етеді. Оны оқыған ұрпақ өзінше ұғады, одан өміртануға керек ой, сөз таба алады». Қойшығара Салғараұлы да жазушы болуға талаптанған əрбір жас сияқты əуелі өлең жазған. Ол «Ілгешек» деген атпен кітап болып шыққан. Одан сатира саласында да бағын сынап көрген, сықақтары мен скетчтері сахналардан, Қазақ радиосынан орындалған. Одан кейін «Сол бір күндер»,

«Соқпақ жолға бастайды», «Тоғысқан тағдырлар» атты əңгімелер мен хикаяттар жинағын, «Үбедей» атты ертегі кітап шығарған. Абайды тереңірек танымаққа ұмтылып «Таным баспалдақтары» деген зерттеу еңбегін жариялатқан. Біз жоғарыда сөз еткен кітаптарынан басқа, кейінгі кезде «Елдік негіздерін» дамыта түсіп «Оян қазақ» атты бір еңбек жазды. Қытай елінде болғанда ізденген, зерттеген, көзі жеткен дүниелерді елге оралған соң бірнеше ғылыми-зерттеу еңбектері етіп жариялаған. «Мүде хан» атты киносценарийі жеке кітап болып жарық көрді. Менің жазушы-ғалыммен сұхбаттарымның бір нəтижесі – енді ғана баспаға ұсынып отырған «Ұлы дала» атты еңбегін қолжазба күйінде оқып қарауға берді. Ол туралы осы кітапта жеке тарау жазылды. Əдебиеттің сана-саласында барлығы жиырмадан астам кітаптары жарық көрген автордың кей кітаптары өзінде жоқ. Түрлі сапарларда ел ішінде болғанда сондағы таныс-жақындарынан өзінде жоқ кітаптарын енді-енді жинастыруға бет алыпты. Кітаптардың уақыт өте келе ескіріп, ұрланып, жоғалып кететінін ескеріп, Салғараұлымен бір сұхбатта ол кісіге барлық еңбектерін қайта қарап, заманға лайықтап жүйелеп, электронды нұсқасын дайындап, жеке сайт ашып не болмаса «Əдеби əлем» сынды сайттарға ұсынып, бүгінгі оқырман қай түкпірде жүрсін оқи алатын етіп жариялауды ұсындым. Ол кісі мақұл көрді де еңбектерін əзірлеуге уағдаластық. Мұнымыз – бүгінгі оқырманмен бүгінгі талапқа сай сырласу, жаңа оқырмандар аясын кеңіту жолы болатынына сенімдіміз. Бүгінгі ұрпақ – біздің артымыздан келе жатқан төртінші ұрпақ. Мына мол ақпарат заманында оларға адаспайтын сөз, жаңылыспайтын ой беретін Қойшыаға сынды азаматтарымыздың сөзін жаңа ұрпаққа, одан əрі келетін ұрпаққа жеткізудің бір жолы деп осынау еңбекке қалам тарттық. Алланың ризалығы болсын! 01.2012-04.2012

Оглавление Ұлы қағанат тарихы Алтын тамыр Көмбе Қазақтың қилы тарихы Ұлы қағанат Елдік негіздері Отаршылық кезеңнен бүгінге дейін Ұлы дала Түйін

Table of Contents Ұлы қағанат тарихы Алтын тамыр Көмбе Қазақтың қилы тарихы Ұлы қағанат Елдік негіздері Отаршылық кезеңнен бүгінге дейін Ұлы дала Түйін


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook