Əлдеқашан бітсе-дағы тынысың, Келе жатқандай ақ бетіңнен күн шығып, Ажал сенің жеңе алмапты-ау көркіңді, Ернің менен екі бетің тұр əлі де албырап. Ажал əлі сұр пердесін көрмепті. Қызыл кебін киіп, Тибальт, жатыпсың, Қазір өшің қайтпақшы енді сенің де, Өлтірмекпін дəл қасыңа əкеліп, Жендетіңді қиған сені өлімге. Кешір мені! Джульетта! Сұлу боп кеттің соншама. Əзірейіл тұтқындап сені тірілей, Ашына қып қамаған ба қасына. Көңіліме сондай қауіп енді де, Аттап шықпан маңайыңнан енді мен Сенің жаңа күтушілерің Құрт-құмырсқа ішінде Мен де қалам мəңгілік, Иінімнен зұлматтың Зіл шапанын сыпырып. Бейшара көз, ақырғы рет көріп ал ақ дидарын, Бейшара қол ақырғы рет аяла, Бейшара ерін ақырғы рет аймалап, Өлімменен мəңгі шартқа бас таңба. Тарт осылай қайықшысы тажалдың,
Тауға ұрынып талқан болсын Тағдырдың тəлкек кемесі. О, махаббат, бір сен үшін ішем мен! У ішеді. Айтқаның рас, дəрмекші. Сүйіп жатып өлейін. Көз жұмады. Екінші жақтан қолында шырағданы, күрегі, қайласы бар Лоренцо пірəдар көрінеді. Лоренцо пірəдар. Өзің жар бол, Франциск ием, Көрге құлап кетпейін. Мына біреу кім болды? Балтазар. Қорықпаңыз. Мен сізді жақсы танимын. Лоренцо пірəдар. Тəңір жарылқасын! Айтшы, достым, Құрт-құмырсқа мен қурап қалған сүйекке Жарық төгіп тұрған анау кім болар? Капулеттилер бейітінің қасында тұрған секілді. Балтазар. Ол, пірəдар, менің қожам, мына сіздің досыңыз. Қазір отыр қараңғы қабір ішінде. Лоренцо пірəдар. Кім болғаны сонда? Балтазар.
Ромео! Лоренцо пірəдар. Көп болды ма түскелі? Балтазар. Жарты сағат шамасы. Лоренцо пірəдар. Ендеше, біз де барайық. Балтазар. Жоқ, болмайды. Қожам онда Менің мұнда тұрғанымды Біледі де, қаһарына мінеді. Ол бұл жерден тезірек кет, Қараушы болма деп еді. Лоренцо пірəдар. Өзім кеттім олай болса, Жүрегі құрғыр бір сұмдықты сезгендей. Балтазар. Ұйықтап жатып арасында бұтаның Шалғандай болды құлағым Менің қожам бір мырзамен дауласып, Өлтірген секілді оны да. Лоренцо пірəдар. Ромео! Бейітке жақындайды. Уа, тоба! Мынау тағы кімнің қаны?
Ал, мынау не? Қылыш па қанға боялған. Бұл неғып қалған бейіттің дəл алдында. Бейітке кіреді. Ромео! Өңі неге боп-боз? Қасындағы кім? Граф Парис! Қан жауыпты ен бойын. Бұл жұмбақты шешер кім? Джульеттаның кезі болды оянар. Джульетта ояна бастайды. Джульетта. О, тақуа, Қайда менің жұбайым? Енді түсті есіме. Ол осында. Қасымда. Уəде солай еді ғой. Қайда ендеше Ромео! Лоренцо пірəдар. Естисің бе тықырды. Келе жатыр біреулер. Індет, ажал, өңшең үрей ордасы Шығайық мынау қамаудан. Менен де зор бөгде күш Алдымды орап кеткені. Тездетіп енді зытайық Аяғыңның астында жатыр өліп күйеуің. Жатыр Парис қасыңда.
Асық енді монастырьге, Сонда етер қалған ғұмырың. Сөзді қойып, жөнелейік. Күзетшілер қалды сезіп. Бол, бол енді, Джульетта! Қояр болды жұрт көріп. Джульетта. Жүре беріңіз, пірəдар. Мен қаламын осында. Қолына мынау ұстап жатқаны не болды? Құты ғой. Өлген болды-ау уланып. Қап, оңбаған! Бəрін өзі ішкенше, қалдырмай ма екен маған да. Айтпақшы, əлі у кеткен жоқ ернінен, Сүйсем, бəлкім, мен де өлермін уланып. Ромеоны сүйеді. Ерні қандай жып-жылы. Бірінші күзетші. Қай жерде өзі? Апар бастап тезірек. Джульетта. Біреулердің даусы шықты дабырлап. Бітті енді бəрі де. Қанжар жатқаны бұндай жақсы болар ма. Ромеоның қанжарына шап береді. Құндағында жата бер. Өзіне қанжар салады.
Жоқ, сенің орның осында, мен де өлем. Ромеоның өлігінің үстіне құлайды. Күзетші мен Паристің пажы кіреді. П а ж. Анау шырақ тұрған жерде. Бірінші күзетші. Қаны міне. Қарау керек моланы. Кім көрінсе де, ұстау керек жібермей. Бұл не сұмдық. Мынау граф Парис қой. Ал, мынау жып-жылы қанға боялған Джульетта ма, жаным-ау, Ол жерленгелі болған жоқ па екі күн? Князьді хабарла. Капулеттиді шақыр. Монтеккиді тұрғыз. Қабірді қама. Ашылған жоқ бұл жағдайдың құпиясы, Оны ашатын тергеу менен тексеру. Балтазар мен бірнеше күзетші қайтып оралады. Екінші күзетші. Зиратта Ромеоның малайын таптық, мінеки. Бірінші күзетші. Князь келіп өзі шешер бар гəпті, жіберме! Бірнеше күзетшілер қоршаған Лоренцо пірəдар көрінеді. Үшінші күзетші. Тақуаны ұстадық. Жылап отыр еңіреп. Бір қолында қайласы, бір қолында сүймені.
Таптық оны шетінен сонау шарбақтың. Бірінші күзетші. Күдігі көп кісі екен бұл, жіберме. Нөкерін ертіп Князь шығады. Князь. Таң атпай жатып, ұйқыдан ерте оятар Тағы қандай тосын пəле тап болды? Капулетти, леди Капулетти жəне басқалар көрінеді. Капулетти. Не боп қалды бұнша дабырлайтындай. Леди Капулетти Көше бойы толған халық, Ауыздарында «Ромео», «Парис», «Джульетта», Бəрі де осы бет алыпты бейітке. К н я з ь. Не болып қалды соншама? Бірінші күзетші. Мына жатқан Ромео, ал мынау Парис. Ал, мынау мəртебелі тақсыр, Джульетта, Бұлардан бұрын жерленген, Бірақ əлі кетпеген денесінен жылуы, Соған қарағанда жақында өлген, Қайтадан өзі тіріліп. К н я з ь. Бұл сұмдыққа кім кінəлы, іздеңдер. Бірінші күзетші.
Міне, Ромеоның малайы мен тақуа. Қолдарынан қайла таптық, сүйменмен. Соған қарағанда, қабірді ашқан осылар. Капулетти. О, тоба! Ана қара, бəйбіше, Біздің қызымыздан жатыр қара қан ағып. Қанжар, сірə, тисе керек жаңылыс. Қыны оның Монтеккидің белбеуіне байлаулы, Өзі болса Джульеттаның көкірегіне кіріпті. Леди Капулетти. Бұның бəрі жақсы нышан емес қой, Басымызға қандай сұмдық тап келерін кім білген, Монтекки жəне басқалар көрінеді. К н я з ь. Монтекки, сен тұрдың бүгін тым ерте, Ұлың бірақ таң атпай жатып сөніпті. Монтекки. Жалғызының қашқындығына төзе алмай, Жаңа ғана дүние салған əйелім, Қара бет ажал қамағаны ма айнала! Князь. Көзің салып көр, əне! Монтекки. Өңшең надан, ең болмаса əкеге Баласының мүрдесін көруге жол бермес пе! К н я з ь.
Бұл өлімнің ашылғанша жұмбағы Жөн болады күңіренбей тұрғаның. Ашылғанда құпиясы сұмдықтың Не істесеңдер де, жолдарыңа тұрмаймын. Оған дейін қайғылылар шыдаңдар, Күдіктілер шықсын бері ортаға? Лоренцо пірəдар. Маған түсті күдіктің бүгін үлкені, Болмаса да еш жазығым, Тұрмын, міне, бір басыммен көтеріп Қос міндетін айыпкер мен қазаның Əрі ақтауға, əрі өзімді даттауға. К н я з ь. Білгеніңді сал ортаға ендеше. Лоренцо пірəдар. Сөзім келте, көп сөйлеуге жоқ дəрмен. Мынау жатқан Ромео — Джульеттаның күйеуі, Ал, Джульетта — Ромеоның əйелі Екеуінің некесін Қиған өзім елге айтпай Тибальт өлді сол күні, Ромео елден қуылды. Қайғыға батты Джульетта Ағасы емес, жары үшін. Сонда үйі тыймақ болып көз жасын Париске некелесуге бұйырды.
Джульетта маған келді құтқар деп, Мынау екінші некеден, Əйтпесе, өзім өлтіремін деп өзімді. Дəрі бердім мен оған Өте ұзақ ұйықтатар, Оянғанша Ромео хабар ап, Кетпек еді өзіменен бірге ертіп. Сорлатқанда, Джованни пірəдар, Мен жұмсаған адамым, Веронадан шыға алмай Қайтып əкелді ол хатты. Енді менің өзім келіп бұл қызды Алмақшы болдым ұйқысынан тұрғызып. Ромео келгенше Паналата тұрмақ ем, Бірақ, мұнда келсем, сұмдық масқара, Жатыр өліп Ромео да, Парис те, Ал, Джульетта келе жатты тіріліп. Сол екі арада дыбыс шықты даладан, Мен Джульеттаға кетейік деп жалындым, Ол көнбеді, Мен кетуге мəжбүрмін. Өзін-өзі өлтіріпті сөйтсем ол Міне, менің бар білерім осы еді. Олардың мұндай ақ некесін астыртын Менен басқа күтуші ғана біледі.
Жазықты болсам тақсіретке мұншама, Енді қалған ғұмырды Құрбанға шалдым Əділ заңның алдында К н я з ь. Адал адам деп келгенбіз сені біз, Ромеоның малайы, не білесіз, айтыңыз Балтазар. Джульеттаның өлгенін Ромеоға айтқан мен едім Сол арадан ат тауып Кері шаптық екеуміз, Зиратқа жетіп алғасын, Хат ұстатты ол маған, Əкеме ертең тапсыр деп, Сосын маған тез жөнел деп бұйырды Өлтірем деп егер кетпесең Князь Хатты əкел. Не жазыпты көрейік Қайда лажы графтың қарауылды шақырған? - Сенін мырзаң бұнда қалай тап болды? Паж, Əйеліне гүл қоюға келіп еді бұл мұнда? Маған о да аулақ кет деп бұйырды, Кенет біреу келе жатты шырақ ұстап қолына, Мырзам оны көрді де,
Семсерін сермеп тап берді Мен қарауылға хабарламаққа жүгірдім К н я з ь Мына хат та растайды тақуаның сөздерін. Қалай, қайда естігенін əйелінің өлгенін Сосын сонда бір кедейден уды қалай алғанын Джульеттаның қасына келіп уланып өлмек болғанын Қайдасыңдар Капулетти, Монтекки Қайырымсыз бір-біріне екі көз, Егестерің міне енді немен бітті енді Махаббат өзі жазалады көр сезімді өшпенді Дау-дамайды тыймақ едім кезінде Екі бірдей бауырымнан Айрылдым өзім де. Залал бізді қалдырмады зауалсыз. Капулетти, Кел, Мотекки, əкел, ұстат қолыңды, Сол ақтасын Джульеттаны жесір қылған сорымды, Монтекки, Джульеттаға аз көремін мен бұны. Күллі қала таңқалатын ендігі Ескерткішті қойдырамын алтыннан Адал жарға айнымаған антынан. Капулетти, Кеш түсініп, ет-бауырым елжіреп, Мен ескерткіш қойғызамын Ромеоға ер жүрек.
К н я з ь. Сіздер келген бұл мəмле кеш болмаса неткені, Жылтыраған күннің нұры бұлтты жарып өтпеді. Əуелі біз сараптайық ақылға сап қазаны, Сосын барып ойласармыз сіздер тартар жазаны, Бірақ, Ромео мен Джульеттаның Оқиғасы азалы Жарық дүние көкірегінде Мəңгі шер боп қалады. Бəрі де кетеді.
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163