Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Qara Shanyraq

Qara Shanyraq

Published by Макпал Аусадыкова, 2023-06-08 03:19:55

Description: Qara Shanyraq

Search

Read the Text Version

QARA SHANYRAQ Министрліктің тапсырмасымен жастарды, халықты иманға шақыру мақсатымен ұйымдастырылған шарада хадистер оқып, ән айтқаным да маған үлкен мәртебе болды. Содан бері жеке шығармашылығымды қолға алып, осы уақытқа дейін ізденіп келе жатырмыз.» деп еске алады Динара. 2014 жылдан бастап Динара Кемелханның бейнебаяндары жарыққа шыға бастады. Олардың ішінде «Менің қазағым», «Айшаның әні», «Қарашаңырақ\" әндері көпшілікке кеңінен тарап, халықтың көңілінен шықты. «Менің қазағым», «Қара шаңырақ» деген атпен екі ән жинақ шығарылды. Қазіргі уақытта Динара қыздарыңыздың қоржынында 40 қа жуық жеке авторлық әндері бар. Маметеков Кенжехан Айтмұхаметұлы 1961 жылы 15 қазанда Абай облысында (бұрынғы Шығыс Қазақстан облысы) Үржар ауданы, Көктерек ауылында дүниеге келген. 2012 жылы 7 мамырда кенеттен өмірден өтті. Кенжеханның көзі тірісінде қойын дәптеріне жазып жүретін өлең шумақтары бар еді. 1992-1993 жылдары газеттің қиындысына, әр жерге қарындашпен жазып қойған өлеңдерін Күлниса жеңгесіне «сен ұқыптысың ғой, жинай бер» деп әкеп береді екен. Кенжехан дүниеден өткеннен кейін, ағасы Кемелхан мен жеңгесі Күлниса өлеңдерін «Ұрпақтарым оқып жүрсін еске алып..» деген атаумен жинақ етіп шығарды. 50

QARA SHANYRAQ Ағасы Кемелхан: «Аға деп құрмет көрсеткен, іні деп ізет білдіретін азаматымыз бүгінде арамыздан жоқ. Қысқа ғана ғұмырында ұрпағына оқып жүрсін деген ниетпен өмірлік шежіресін жазып қалдырды. Жарық өмірдің есігін ашқаннан бергі күлімдеген көзі мен таза жүрегі айналасына жылу шашып, мен мұндалап тұрушы еді... Ел-жұрты мен туысқаны сағынатын Кенженің ақ тілек пен жылы лебізі мәңгі есімізде қала бермек. Алла қалған ұрпағына ұзақ ғұмыр мен бақ-береке берсін. Бұл өмірден ала алмай кеткен асуларына артындағы тұяғы жетіп, биіктерден көріне берсін, ошақ оты сөнбесін.» Сағыныш (Кенжехан ағаға) Әйгерім Сейілхан Болар ма тәуір басқа мұң, Басыңды соғып тасқа мың. Өмірді жырлап жүріп-ақ, Өмірді сүріп тастадың. Қай жақтан енді жай табам, Тағдырдың сыйқы майтабан. Ағажан аңсап өзіңді, Ақын боп кеттім қайтадан. Фәниге мына жетер ме ой, Шағыну енді бекер ғой. Беймаза жазда тоңдырған, Көңілдің күзі екен ғой. Өмір ол бір сәт елес қой, Бірде ойық, бірде белес қой. Ақын да керек аспанға, Құдайға өгей емес қой. Жүргенде тірі мал қайғы, Ажал да адам талғайды, Табыстың ақыр табытпен, Ғұмырды жырың жалғайды. Ұмытты ұлың селтеңді, От болар өзек өртенді. Еркем деп жүріп бір күнде, 51

QARA SHANYRAQ Есейтіп кеттің еркеңді. Алыстап кетті арамыз, Көктемнің соңы қара күз. Асығып аға кеттің ғой. Оңалмас, сірә, жарамыз.. Кенжехан Айтмұхаметұлының өлеңдері *** Дауыл соғып кететіндей мені алып, Өлгеннен соң сүйек қалар, ет ағып. Көз жұмған соң қалса артымда сақталып, Ұрпақтарым оқып жүрсін еске алып... Адам мәңгі сүрмейді өмір ешқашан, Кеткендерді кейде отырып еске алам. Тым болмаса балам қалсын ес біліп, Әкетемін десе Аллаға не шараң?.. *** Бес жасымнан әкемді мен көрмедім, Ұл боп әке құшағына енбедім. Елес болып көрінеді көзіме, Ойнайтыным тартып әке көрпесін. Суретінен мұңды көзбен қарайды, Атам анау деп балалар санайды. Сол бір көзге ұзағырақ қарасам, Үйімізден атқандай таң арайлы. Сенің жансыз суретіңе қараймын, Мен әкемді тірі тұр деп санаймын. Деп айтатын ұрпағыңмын өйткені... Айтмұхамбет әулетінен тараймын. Әлі есімде шыбықты ат қып шапқаным, Елестетем елдер жылап жатқанын. Балалықпен білмеппін мен әкемнің Мәңгілікке кетіп бара жатқанын. Әттең, әке, қалмаппын мен ес біліп, 52

QARA SHANYRAQ Көрген көздер бара жатыр ескіріп. Кенжесімін сол кісінің десем мен, Бір қозғалып жатқандайсың сен күліп. Тау мен дала ескіреді адамдай, Мен өмірде мәңгі жасап қалам ба-ай, Тек өмірде тілейтінім артымда, Қалмасыншы сенің Кенже балаңдай. *** Адам қылып өсірген, Қайда кеттің жан анам? Түн ұйқыңды төрт бөлген, Қарыздармын мен саған. Өсіріп ең мені анам аялап, Сен бар жерде өсіп тұрды саябақ. Қабіріңе кейде барып қайтамын. Иісің сіңген топырағыңды аймалап. Өтіп жатқан күндерімнің бірінде, Ұйқылы-ояу көрдім сені іңірде. Барып қайтсам деп ем сенің басыңа, Қу тірліктен бара алмадым бүгін де. Құран-қатым түсірейін өзіңе, Жиі осылай көрініп тұр көзіме. Қу тірлікті бір күн сырып қояйын, Риза болсын аруақтар ісіме. Ақ жаулықты ана көрдім түсімде, Өкпелеме менің қылған ісіме. Қажет болса түзетемін ісімді, Тым болмаса тыным тапшы үйіңде. Бізді ойлаумен өткіздің ғой талай жыл, Одан бері өсті жерге талай гүл. Тым болмаса сыйламаппын бір талын, Сыйлайншы қолдан келсе саған жыр. Баққа барып гүл өсірдім кәдімгі, Жазамын деп ауырсынған жанымды. Гүл дегенің сыйлайтыны болмаса, Шөп екен ғой өсіп тұрған кәдімгі. Ақ сүтіңмен аяладың, өсірдің, Кінәм болса күле қарап кешірдің. Аялаған алақанның ыстығын, 53

QARA SHANYRAQ Кешіре алсаң кешір, ана, кеш ұқтым. 31-де ақылыма тоқтадым, Туып-өскен ауылыма соққанмын. Кеш болған соң құран оқып қайтуға, Кешірші ана, қабіріңе соқпадым.. *** Балалық па, басқа ма әлде білмедім, Сені алыс сағымдардан іздедім. Қайта өмірге келмейтініңді білген соң, Бақытымды балалардан күткенмін. Айналайын ақ жаулықты анадан, Мәңгі сенің аруағыңа табынам. Асыл мұра қалдырғаның артыңа, Құлыным деп сипағаның басымнан. Жансыз бейнең тұрды үйімнің төрінде. Тірі адамдай елестедің көзіме. Қиналғанда кей кездерде жан анам, Ақыл күтіп көп қараймын жүзіңе. *** Аға деген өсіп тұрған бәйтерек, Іні деген ұшып-қонған көбелек. Әкесіз біз өсіп жеттік осылай, Саясында тамыр жайған бәйтерек. Жыр сыйлаймын ағаларға көңілмен, Жетекке алып жүрдің мені өзіңмен. Әлі күнге ақыл айтып келесің, Әкемдей боп иландырып сөзіңмен. Аға-іні қатар тұрса қуаныш, Аға деген бір сөзі оның жұбаныш. Әке орнына әке болып өсірген, Ағаларға тілеймін тек қуаныш. Әкемдей боп тамыр жайған бәйтерек, Енді саған бұтақтарың нәр береді. Қартайғанда шырын кетіп бойыңнан, Аға, сені күтем мен де мәпелеп, 54

QARA SHANYRAQ Адам жаны неткен ыстық аялы, Кәрі терек жапырағын жаяды. Бал тілімен аталап жүр немерең, Көлеңкелеп сол теректі саялы. Қол ұшыңды беріп мені өсірдің, Сен қиналған кездеріңді кеш ұқтым. Келсеңіздер қартайғанда қонаққа, Мәпелеймін жырын айтып бесіктің. Қарыздармын ағаларға мәңгілік, Жақсы бол деп тұрғандай тау жаңғырып. Ағаны іні сыйлап өтсе өмірде, Қарсы алады дейді оны таң күліп. *** Құтты болсын туған күнің, жан ағам, Бауырларын баласындай санаған. 46 жасқа бүгін толыпсың, Жанұяға бақыт қонсын жаңадан. Асқар тауым, қуанышым, тірегім, Орындалсын ізгі арманың, тілегің! Әкең шықпай кеткен сонау шыңдарға, Сен шықса екен, деп Алладан тіледім. Аға, сенің кеңісінші керегең, Сен бар жерде мен бақытқа кенелем. Туған күніңе ұзақ өмір тілейді, Бала-шағаң, іні-келін, туған-туыс немерең! *** Асқар тауым, қуанышым, Сен емес пе ең, жан ағам, Қырық жасқа келдің міне, Саған арнап ән жазам. Сен шынарсың алдымызда, Біз бұтағың нәр алған. Сенің нұрлы жанарыңнан, Бізге жылу таралған. Алдымдағы алтын тірек, Сен деп алға білемін. Бала-шағаң қызығын көр, деп Алладан тіледім. *** 55

QARA SHANYRAQ /Өлең Рахат пен Сайраның тойында шығарылған. Әсем мен Таңат домбырамен әуенін салып, барлық туыстардың үйлену тойларында орындап жүрді десек артық айтпамыз. Қазіргі уақытта әнді Таңат кәсіби түрде жаздырып, орындап жүр. Сілтемелер төменірек көрсетілген./ (әнін жазған: Әсем Кемелхан, орындаушы: Таңат Кемелхан) Бүгін кеште қосылыпты екі жас, Қане, достым, сен келіннің бетіп аш. Жеңгелері төсек салсын жүгіріп, Келіндерім тайқазанға етіңді ас. Үлкен тойды ән-күйменен бастаңдар, Аяқ басты жаңа өмірге жас жандар. Өкпе-назды қалдырайық түбіне, Тым болмаса бүгін іште сақтаңдар. Куәға анау күлімдеген ай болсын! Үйлеріңіз қуанышқа бай болсын! Көлде жүзген қос аққудай екеуі, Өмір бойы бір-біріне сай болсын! *** 31-де келді өмірге немерем, Ата десе мен бақытқа кенелем. Жарата алса керегіне егер де, Немереме жанымды үзіп берер ем. Ыстық дейді баладан да немере, Ата десе сол бір сөзге сенер ем. Немеремнің сыңғырлаған күлкісін. Қолдан құйған таза алтынға теңер ем. Жаныңнан да немере ыстық аялы, Бағымыз ғой жақсы болса саялы, Әрбір адам немеремен кеңейіп, Немеремен жапырағын жаяды. *** Күніне бір иіскемесем шөлдеймін, Менің жаным, болашағым сен деймін. Немересін сүйе алмаған адамды, Адам емес доңызға мен теңеймін. Жаңа жұлдыз туса аспанда сен деймін, Күн күлімдеп атса саған теңеймін. 56

QARA SHANYRAQ Бір иіскеуге үйге шөлдеп барғанда, Ұйықтап жатыр десе кейде сенбеймін. *** Әкетудей әзірейіл жанымды, Тауға, тасқа ұрдым талай басымды. Келмесе егер маған бүгін қуаныш, Күтем күліп ертеңгі атар таңымды. Арман қуып қай жерлерге бармадым, Бар еді ғой менің талай арманым. Көлденеңдеп шыға бердің алдымнан, Неге сонша аяғымды байладың?. *** Арыстан да секіріпті аспанға, Қуаныш пен шаттық бізден асқан ба? Керек емес маған жалғыз көктегі, Ақша керек мынау қилы заманда. Ақша жина өссін десен ұрпағың, Бақыт емес ақша депті бір ғалым. Көрсем шіркін сол ғалымды бір жерден, Жыламсырап ақша сұрап тұрғанын. *** Сәби келді дүниеге қуаныш, Сәби келді ата-анаға жұбаныш. Тілегім сол бақытты бол өмірде Арылмасын босағаңнан қуаныш. Сәби келді, қарттар кетті өмірден, Қорғаймын мен сұм ажалдан, өлімнен. Ұрпак осіп келе жатыр соңымнан, Күтем сені көтеріңкі көңілмен. Сәби келді дүниеге іңгәлап, Жылағаны сәбилердің бір лаззат. Кз жұмарда бұл өмірде мәңгіге, Бала жатса бесігінде іңгәлап. 57

QARA SHANYRAQ Қызықпа сен жылтыраған алтынға, Менде бар деп кеуде соғып алқынба. Бақыт деген көз жұмарда сезінсем, Жоқтайтұғын адам барын артыңда. *** Бақытқа мен балаушы едім, Ата деген сөзіңді. Сағынғанда аңсаймын мен Күлімдеген көзіңді. Жүрегімнің түкпірінен Орын алдың баламдай. Сені мәңгі гауһар тасқа Айырбастап алам ба-ай. Сен келер деп қарауменен Талды менің жанарым. Аталап сен бүгін келдің, Гүлге орансын қадамың. *** Қазақ деген шықты аспанға қайтадан, Ұрпағымды бақытты деп айта алам. Оралса екен қазағымның дәстүрі, Шарықтасын домбырада асқақ ән. Қазақ туы көтерілді желбіреп, Ата жолға қадам бастық бет түзеп. Келсе екен алыстағы ағайын. Қосылса екен сағынысқан қос жүрек. Мен қазақпын деп жасқанбай айта алам, Қазақ үшін жұлдыз туды қайтадан. Желтоқсанда шейіт болған жастардың, Ұрпағы мен! - деп жасқанбай айта алам. *** 58

QARA SHANYRAQ Көрдім бүгін қазақтың мен ұлдарын, Қайран бабам қалдырыпты-ау ұрпағын. Жол бастаған ағаларым болмаса, Іште жатып қалар ма еді бұл әнім. Қазақ үшін жыр жазамын көңілмен, Өтті-ау талай боздақтарың өмірден. Есіңе алшы 86 бір түнін, Қайран жастар қыршын кеткен өмірден. Қазақ үшін қайран жастар жан қиды, Кетті сол түн қаралығып әр үйді. Әттең саған түсе алмадым араша, Сөздер болды арттан ғана әр қилы. Жастар жатты қансыраған жаралы, Ай алыстан жасырынып қарады. Сол түн жерге ағып түсті сан жұлдыз, Қазақ үшін сол түн мәңгі қаралы. Шатыққа көңіл кейде кенеледі, Шақырады елестер неге мені. Жүрек шіркін кей кезде алқына ма, Мазалайсың әйтпесе неге мені. Өмірге адам келеді, арман керегі, Армансыз өмір сүріп не керегі. Алыстан қол бұлғаған елестерге, Бақытты адам болып жеткім келеді. Өмірге сәби болып келгем кеше, Адалдықпен кетейін қолдан келсе. Кей кезде неге жүрек толқисың сен, Қоркыныш әлде оған сезіле ме?. Ертерек сенің әлі тоқтауыңа, Көнбейсің сені алдап боқтауыма. Шықпаған менің биік шыңдарым бар, Асықпа мені елтіріп жоқтауыңа. 59

QARA SHANYRAQ Қайда менің бала шағым ойнайтын, Доп қуалап ойынға бір тоймайтын. Үшеуіңді алып кетті арадан, Бірге жүрген күндерімді ойлаймын. Тұтап барып өшкеніне өкінем, Отыз жасқа толмай кетті-ау өкінем, Жапырағы жаңа атқан гүлдердің, Көктей алмай солғанына өкінем. Бұтағынан ерте үзілген жас жандар, Арттарында қалды талай армандар. Үшеуі боп елестейді көзіме, Бүршік жарып келе жатқан жас талдар. Таңданамын адам неткен тзімді, Сені ойласам жас булайды көзімді. Кей кездері кінәлі деп сезінем, Арашалай алмағанға өзімді. Неге сонша қыска өмір кештіңдер, Неге тұтап, жана алмай өштіңдер, Сыр шертісіп жатушы едік таңдарга, Жер бетіне неге сыймай кеттіңдер?... Жете алсам менде де бар бір арман, Сұм ажалға кім араша тұра алған. Тағдыр солай жазған шығар біздерге, Өлейін деп кім Алладан сұранған. Достым, менің құлак салшы сөзіме, Көрсем-дағы сенбеймін мен өзіме. Жазда үзілген, көрсем көктеп жапырак, Сен боп достым елестедің көзіме. Анда-санда көтеремін көңілді. Көк аспаннан ағып түссе сан жұлдыз, Көргеніне кінәлаймын көзімді. 60

QARA SHANYRAQ Солай, достым, өмір өтіп барады, Артыңда тек жансыз бейнең қалады. Арамыздан ағып түсті үш жұлдыз, Арамызда үш үй калды қаралы. Наурыз тойың құтты болсын, қазағым! Мен сіздерге жырдан шашу шашамын, Көктем келіп, Наурыз тойы болғанда, Гүлге орансын, әр аттаған қадамың. Наурыз тойы қазақ үшін жаңа жыл, Жер көктесін, өссін жерге жаңа гүл. Көктем келіп, бүршік атсын жас талдар, Қалықтасын, көгімізде жаңа жыр. Тау мен дала ескіреді адамдай, Мен өмірде мәңгі жасап қалам ба-ай?! Қазағымның Наурыз тойы болғанда, Мен үйімде жырлай алмай жатам ба-ай?! Наурыз тойы келді міне жаңғырып, Бабалардан қалды мұра жаңғырып. Қазағымның жырлап өткен соқпағын, Кейінгі ұрпак жырлайық біз ән қылып. *** Қайран қазақ, кетеміз бе Мәңгі-бақи осылай. Сайдан аққан судай болып, Бір арнаға қосылмай. Сен емес пе ең жаны жайсаң, Қонақ құмар қазағым. Нарық шыгып артылды гой, Халқым сенің азабың. Тереземіз теңелетін Басқалармен күн қайда? Мынау қате деп айтатын Қазағымда күн бар ма Ойлан, қазақ, оян, елім, Ұйықтап қалма мәңгілік. Ойлан дейді тау мен дала, Оян дейді жаңғырық. 61

QARA SHANYRAQ Құлжабаева Күлниса Жақыпбекқызы. Айтмұхамет атаның келіні. 1956 жылы Қытай Халық Республикасы, Шағантоғайда дүниеге келді. Балалық және жастық шағы Көктерек ауылында өтті. Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық университетінің «Бастауыш сынып педагогикасы мен методикасы» факультетін тамамдады. 45 жыл Көктерек ауылында, одан кейін Қаскелең қаласында бастауыш сынып мұғалімі болып, зейнетке шықты. Ардақты ұстазға әріптестері ерекше құрмет көрсетіп, білім беру ісіндегі тәжірибесін көпшілікке үлгі етсе, өз ісінің білгірі Күлниса жеңгеміз барлық істерін ізгілікке бағыттап, шәкірттерінің сүйікті ұстазы атанды. Білім беру саласында сіңірген еңбегі мемлекетіміз тарапынан елеусіз қалған жоқ. Республиканың білім жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін неше мәрте «Алғыс хаттар» мен «Құрмет грамоталарымен» марапаттады. «Білім беру ісінің үздігі» медалі, «Құрметті ұстаз» атағы берілді. 62

QARA SHANYRAQ Айтмұхаметов Болатхан (Айдар) Кеңесханұлы 1977 жылы 15 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында дүниеге келді. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша жоғары білім алып, «Музыкалық білім магистрі» атанды. «Әйел – аққу, айдынында таранған», «Спорт серілер серігі» атты телевизиялық жобалардың авторы. «Үшқоңыр» ФЭА-нің 5-жылдық тарихына құрылған аудиотаспасы мен «Үшқоңыр» кітабының авторы, «Мәдениет тыныс» журналы жобасының авторы. Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» медалімен марапатталды. Еңбек жолында Ақмола облысы, Жақсы ауданының Аудандық мәдениет үйінің директоры, Семей қалалық мәдениет Сарайы директорының орынбасары, КМҚК Семей «Қалалық достық үйі» директорының орынбасары, «Қарасай ауданы әкімдігінің «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблі» МКҚК көркемдік жетекшісі, Қарасай аудандық мәдениет үйінің директоры қызметтерін атқарды. Қазіргі уақытта Алматы облысы әкімінің медиа орталығы «Өлке тыны» ЖШС директоры. 63

QARA SHANYRAQ Жандыбаева Асем Кемелханқызы 1980 жылы 13 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Көктерек ауылында дүниеге келді. «Бастауышсыныппәнімұғалімі» арнайы білімін және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» жоғары білімін алды. Еңбек жолын мектептен бастады. 22 жылдық жұмыс өтілі бар. Соңғы үш жылда Алматы облысы Қарасай ауданының әкімдігінің білім бөлімінің басшысы қызметінде. «Ұстаз даңқы - 100 есім» төсбелгісімен және дипломымен, «Қарулы күштер ардагерлері» РҚБ Орталық Кеңесі Президиумының «Отан патриоты» медалімен марапатталды. Қазақстан Республикасының «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының Білім және ғылым саласына қосқан еңбегі үшін «ҚР тәуелсіздігіне 30 жыл» төсбелгісі және куәлігі табыс етілді. 64

QARA SHANYRAQ Маметеков Таңат Кемелхан 1981 жылы Абай облысы, Үржар ауданы, Көктерек ауылында туылған. 1998 жылы мектеп бітіріп, арман қуып Алматы қаласына келеді. Заңгер және Технолог мамандығымен екі жоғары білімі бар. Мемлекеттік қызметте 5 жыл, Заң саласында 7 жыл қызмет жасап, жеке кәсіппен айналысуға бел шешеді. 6 жылдан бері ресторатор. Бала кезінен өнерге құштар Таңат бүгінгі күнге дейін шығармашылықпен айналысып, үлкен сахналарда ән орындап келеді. Қазақ радиосының «Алтын қорында» жеке әндері сақталған. Бүгінде Таңаттың қоржынында 15-ке жуық авторлық жеке әндері бар. 365 күнге арналған «Оймақтай ой» күнтізбесін әзірледі. Әлеуметтік желілерде #әрбіркүнгеоймақтайойтаңаткемелх ан хештегімен жарияланған. QR-код QR-код Таңат Кемелханның Таңат Кемелхан әндері Instagram 65

QARA SHANYRAQ Болатқызы Аружан Бөрібаев Еламан Серікұлы Шаймұрат атаның немересі Шаймұрат атаның немересі Әнші. Халықаралық, Грек-рим күресінен Республикалық ән Қазақстан Республикасының байқауларының лауреаты спорт шебері Кеңесхан Әділ Болатханұлы (Дастан Айдарұлы) Кеңесхан атаның немересі Халықаралық «Urfodu» олимпиядасының жеңімпазы. Негізгі ғылымдар бойынша Халықаралық олимпиядалардың І, ІІ дәрежелі иегері. «Туған елдің түтіні» фильмінде жетім бала Абзалдың рөлін сомдаған. «Шәкәрім дарындары» кітабына енді. 66

QARA SHANYRAQ Тұрсынхан Бекжан Талғатұлы Даулетханов Нұрберген Тұрсынхан Бексұлтан Даниярұлы Кеңесхан атаның шөбересі Талғатұлы Киокушинкай каратэсінің Тұрсынхан атаның немерелері Қызғылт сары (10 кю) Қазақ күресінен облыстық, белбеуінің иегері аудандық ашық біріншілігі жеңімпаздары 67

QARA SHANYRAQ 68

QARA SHANYRAQ СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ 69

QARA SHANYRAQ Айтмұхамет Молдағұлұлы Ләтипаш Әлсейітқызы Аманахан мен Бәтеннің үйлену тойы 70

QARA SHANYRAQ Аманхан мен Бәтеннің тойында Кемелхан, Аманхан Шаймардан ағамен бірге. Күлімхан мен Мақсұттың тойы. Үржар. 1989 жыл 71

QARA SHANYRAQ Сейілхан. Камчатка, 1978 ж. Кенжехан жолдасы Нұржанмен. Көктерек. 1979 ж. Аманхан отбасымен. Мақаншы. 72

QARA SHANYRAQ Кемелхан отбасымен, 1987 ж. Сейілхан отбасымен. Майра. 1986 ж. Шаймардан аға, Төлеужан тәте, Бәтен балаларымен, Биғасыл балаларымен. Мақаншы. 1989 ж. 73

QARA SHANYRAQ Тұрсынхан ата, Бәтен, Кемелхан, Талғат, Айару, 6 жас. Әсет. Жарбұлақ. Жарбұлақ Рахат, Сейілхан, Кемелхан, Нұржақан 74

QARA SHANYRAQ Қуаныш, Ермек Бауыржан, ұлы Сағыныш Кемелхан, Айсақан апа, Сейілхан. 75

QARA SHANYRAQ Кемелхан отбасымен Ұмра қажылығында. 2016 ж. Рахат пен Сайра Ұмра қажылығында. 2022 ж. Семей қаласы, 2022 ж. 76

QARA SHANYRAQ Алматы, 2023 ж. Айсақан апаның жылдығы. Семей, 2023 ж. 77

QARA SHANYRAQ Әйгерім Сейілхан 1985 жылы 15қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Барлық-Арасан ауылында дүниеге келді. Мектепті аяқтап, 2004-2008 жылдары аралығында Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде «Қазақ тілі маманы» мамандығы бойынша жоғары білім, Қазақстан Жастар Конгресінің «Мемлекеттік қызмет» жобасымен «Қоғаммен байланыс және журналистика» мамандығы бойынша қосымша білім алды. 2005, 2006 жылдары Жамбыл облыстық, аймақтық жыр мүшайраларының жеңімпазы. 2006 жылы бірнеше өлеңдері «Қаламмен қанат қаққандар» атты өлеңдер жинағына енді. 2009 жылдан бері баспасөз, мәдениет салаларында қызмет жасап келеді. 2022 жылы Алматы облысы, Қарасай аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Мәдениет тынысы» журналының редакторы. Қазіргі уақытта Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығының «Жастармен жұмыс жасау» бөлімінің меңгерушісі. Қолдарыңызда ұстап отырған «Қара шаңырақ» кітабының құрастырушысы. 78

МАЗМҰНЫ Алғы сөз ……….......................................................................................3 Қаптағай ұранды қалың Найман……….....…..............................5 Хан баласы Байжігіт би ……….........................................................8 Әкелі бала жаужүрек ....................................................................17 Молдағұлұлы Айтмұхамет .........................................................20 Аузы дуалы Ләтипаш апа ............................................................29 Айтмұхаметтен тараған ұрпақ...................................................37 Асылдың сынығы ...........................................................................47 Суреттер сөйлейді...........................................................................69

ҚАРА ШАҢЫРАҚ Жоба авторы: Динара Кемелхан Айтмұхамет немересі Бас демеуші: Маметеков Кемелхан Айтмұхаметұлы Құрастырушы: Әйгерім Сейілхан Айтмұхамет немересі Редактор: Серік Сүйіндік Ақылдастар алқасы: Тұрсынхан Айтмұхаметұлы Күлниса Жақыпбекқызы Сейілхан Айтмұхаметұлы Болатхан (Айдар) Кеңесханұлы Дизайнер: Алиби Изекенов Басуға 06.06.2023 ж. қол қойылды. Қалыбы 60*90 1/16. Борлы қағаз. Шартты баспа табағы 6. Таралымы 200 дана Тапсырыс № 001196 «Дала Дизайн» баспасы Алматы қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі, 23 үй, 309 кеңсе E-mail: [email protected]


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook