Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Қанағат сыры

Қанағат сыры

Published by risalekz, 2020-02-17 04:04:36

Description: 19-LEMA
(İktisat Risalesi)

Keywords: Рисалей Н?р, Саид Н?рси

Search

Read the Text Version

51ықтималын үзілді-кесілді жоққа шығарып, бұл бір Рәззақ-ы Алим-ы Рахимның (өте мейірімді, бәрін білетін ризықтандырушы) аса қамқор ережелеріне сай, соның әмірімен болып жатқанын көрсетеді. Осы екі шағын мысалға барлық тіршілік иелерін, жан-жануарларды салыстырып қара.Демек, ақиқатында барлық нәрсенің ажалы әу баста белгіленіп, маңдайына жазылған. Һәм әркімнің рызығы да белгілі болып тағдыр дәптерінде тіркеліп қойылған. Бірақ, өте маңызды бір хикметке орай ажал мен рызық ғайып пердесімен жабылып, жасырын әрі белгісіз, сырт көзге кездейсоқ, себептерге байланысты сияқты. Егер әркімнің ажалы Күннің батуы сияқты анық белгілі болса, өмірінің жартысы мүлдем салғырт түрде немқұрайлы өтіп, ақыретке қамданбастан зая болып, ал қалған жартысы күн сайын өлімге қарай бет алғандығынан үрей туғызып, ажалдың ызғары жүз есе артар еді. Сондықтан өмірде кездесетін бәлелер, қайғылы оқиғалар, тіпті дүниенің ажалы болып табылатын қиямет қайым да көрсетпейтін пердемен жабулы. Бұл әрине Иләһи шексіз рахымның ісі.Ал, рызық болса, өмір дейтін қымбат нығметтен кейінгі нығметтердің ең үлкені. Ол шүкір мен мадақтың, дәріптеудің қайнар көзі, әрі құлдық пен дұға-тілектердің берекелі бұлағы. Сондықтан ол да сырт көзге белгісіз, әрі кездейсоқ сияқты

52көрсетілген. Осылайша Реззақ-ы Кәрімге (аса жомарт рызық беруші) әркім әрқашан жалбарынып, өтініп, сыйынып, оны дәріптеп әрі шүкір етіп рызық сұрайды. Мейірімділік қазынасының қақпасына жалына қарайды. Ал, егер қашан, қанша екені белгілі болса, мәнісін мүлдем жояр еді. Шүкір етіп, қарыздар болып жасалатын өтініштер мен дұғалар, тіпті жалбарына жасалған құлшылықтар тоқтап қалар еді.

53(Аят-үл-Кубрадан)ОТЫз ҮШінШі мӘРТеБе АТАнҒАн ТӨРТінШі АҚиҚАТЫРахимиет (мол мейірім) пен Реззақиет (бүкіл мұқтаждарды асырау) ақиқаты. Яғни, жер жүзін, астын, ауасын, теңізін мекендейтін бүкіл тіршілік иелерінің әсіресе жануарлардың әсіресе әлсіз де дәрменсіздерінің, оның ішінде де төлдердің заттық рызықтары және асқазанға керекті нәрселері және рухани қажетттіліктері аса қамқор түрде құрғақ әрі қарапайым топырақтан және жансыз әрі сүйек тәрізді қап-қатты отыннан жасалып, әсіресе, олардың ең нәзігін қан мен нәжіс ортасынан шығарып және кіп-кішкене сүйектей қатты дәннің ішінен мыңдаған келі тағамдар уақытылы, өлшеммен жүйелі түрде ешбірі ұмыт қалмай, шатастырмай көз алдымызда (бірақ бізге көрінбейтін) бір құдіреттің қолымен беріліп жатқаны анық. Міне,

54аяты асырау мен нәпақа Аллаһ Тағаланың қолында, тек сол беретінін және аяты Аллаһ Тағала адамдар мен хайуандардың рызықтарын кепілдікке алғанын, өзі қамтамасыз ететінін айтады. Сондай-ақ, аяты да ризығын өзі тауып жей алмайтын әлсіз де дәрменсіз бейшаралардың ризығын күтпеген жерден, тіпті ғайыптан, жоқтан, мысалға теңіз астында өмір сүретін жәндіктерге жоқтан және барлық төлдерге күтпеген жерден сондай-ақ, барлық хайуандарды әрбір көктемде бейне бір ғайыптан азықтандырып іс-жүзінде өз кепілдігіне алғанын айтады. Осылайша себептерге табынушы адамдарға себеп пердесінің сыртынан рызық беріп отырған тек өзі екендігін дәлелдеп жар салуда. Құранның көптеген аяты мен әлемдегі құбылыстар өзара

55ұштаса келіп, әрбір тіршілік иесін Реззақ-ы Зүлджәлалдың Рахимиеті асырайтынын көрсетеді..Иә, рызыққа мұқтаж ағаштар қауқарсыз һәм қалау еркі болмағандықтан тәуекел еткендей орындарында тұрса да рызықтары оларға өздері жүгіріп келеді және дәрменсіз төлдердің азық-нәпақалары таңқаларлық түрде емшектерден ауыздарына ағып жатады және сол төлдерге шамалы ерік пен біраз күш біткен кезде сүт тартылып қалады. Әсіресе адамның сәбиіне анасының мейірімі қамқоршы ретінде беріледі. Міне бұл айтылғандар адал рызықтың күш-құдіретпен, ерік-қалаумен емес, керісінше, тәуекел етіп әлсіздік пен бейшаралығын сезінгеніне қарай келетінін дәлелдейді. Құр қалуға жиі себеп болатын ашкөздік болса, сол сезімді оятатын күш-қуат пен зеректік кейбір ақын-жазушыларды қайыршылыққа дейін апарып жатады. Ал, ақылсыздау, дөрекілеу, сауаты шамалы адамдарға қарасақ, олардың тәуекел еткендей әлсіз халдері оларды байлыққа кенелтеді.Сондай-ақ,нақыл сөзі: \"Адал рызық әл-қуаттың күшімен келмейтінін, әрі ол ерікпен табылмайтынын,

56керісінше мұқтаждыққа орай және әрекеті мен еңбегін қабыл алған мейірімді біреудің аса қамқорлығымен болатынын, яғни ол – Аллаһтың жарылқауы екенін айтады\". Дегенмен рызықтың екі түрі бар.Біріншісі: Өмір сүруге аса қажетті «фытри», нағыз рызық. Бұл Раббани кепілдікке алынған. Тіпті оның жүйелі де тәртіпті берілетіні сонша денемізде май немесе соған ұқсас түрде жинақталған «фытри» (табиғи) рызықтар бар. Адам ештеңе жемесе де әлгі «фытри» рызық жиырма күннен астам өмір сүруіне жетеді. Тіршілік жалғаса береді. Демек, жиырма-отыз күнге жетпей тұрып, манағы денедегі қор, фытри рызық бітпей тұрып сырт көзге аштан өлгендер рызық жетпегендіктен емес. Олар жаман әдеттен және әбден үйреніп қалған әдетін тастаудан пайда болатын аурудың салдарынан өледі.екіншісі: Әдет, ысырап, жат қылықтарға дағдыланып, онсыз өмір сүре алмайтындай мұқтаждық (зәрулік) дәрежесіне шыққан, ал негізінде жасанды, әдеттегіден тыс \"межази\" рызық. Бұл, ризық Раббани кепілдікте емес, ол Аллаһтың жарылқап, жарылқамауына байланысты. Қаласа береді, қаламаса бермейді.

57Бұл екінші рызық туралы айтатын болсақ. ең бақытты адам шаттық пен ләззаттың бұлағы болып табылатын үнемділікті сақтап, қанағат етіп, адал еңбекті ғибадат және рызық үшін іс-қимылмен жасалған дұға деп біліп, берілген рызықты шүкір шілікпен алып, тек Аллаһқа қарыздармын деп қабылдап, өмірін қызықты өткізген жан. Ал, бақытсыз адам болса, бақытсыздық пен зиян шегудің және уайымның нақ өзі болып саналатын ысырап жасап, ашкөздігінен адал еңбекті тастап әр нәрсенің басын бір шалып, жалқау, залым, шағымшыл жандарға ұқсап өмірін босқа өткізеді. Тіпті өмірін босқа зая етеді. Иә, асқазан рызық сұрайтыны секілді жүрек, рух, ақыл мен көз, құлақ ауыз сияқты сезім мүшелері де Реззақ-ы Рахимнен өз рызықтарын сұрайды, ризашылық пен алады және шүкір етеді. Олардың әрқайсысын жеке-жеке қанағаттандырып, ләззатқа бөлейтін рызық-несібелері рақым қазынасынан беріліп жатады. Тіпті Реззақ-ы Рахим оларға әлдеқайда мол рызық беру үшін көз, құлақ, жүрек, қиял және ақыл сияқты манағы сезімдердің әрқайсысын рақымдылық қазынасының кілттері түрінде жаратқан. Мысалға көзді, әлемдегі әсемдік пен жәмалдың, (сұлулықтың) гауһардай құнды қазыналардың кілті десе болады. Басқа сезім мүшелерінің әр қайсысы өзіндік бір

58әлемдердің кілті. Бұл қазына-байлықтар иман арқылы ашылып, иман арқылы пайдаланылады.Ей, үнемдеуді білмейтін ысырапшыл! Ей, залым, әділетсіз! Ей, тазалықты сақтамайтын лас неме! Бүкіл әлем, болмыс атаулы бағынатын заң, үнемділік пен әділдікті және тазалықты сақтамасаң күллі жаратылысқа қарсы келіп, олардың жиіркенішіне, ашу-ызасына нысана болатыныңды білемісің? Залымдығыңмен, жөнсіз әрекетіңмен, ысырапшылдығыңмен, настығыңмен болмыс атаулыны кімге сеніп ренжітесің?Иә, Аллаһтың асқан дана мағынасындағы «Хаким» есімінің алып айнасы болып табылатын мына әлемдегі толық хикмет, үнемділікпен, ұқыптылықпен ұштасып жатыр. Ол бізге үнемшіл болуды бұйырады.

59\"Ұстазымыз Хазіреті Бәдиуззаман Саид Нұрсидың үнемділік, қанағат, ысырап туралы жазған хатынан үзінді-ақиқат\"\"Сен бұрын шығыс өңірдегі бәдәуи қауымдарды аралаған кезіңде, оларды мәдениет пен өркениетке шақырушы едің. Соңғы қырық жылда қазіргі мәдениетті \"мимсіз\", яғни құлдырау, азып-тозу деп, өзің де қоғамдық тұрмыстан қол үзіп оқшау жүресің, тіпті өз бетіңше өмір сүре бастадың. Мұның себебі не?\"Жауап: Батыстың қазіргі мәдениеті, діни заңдардың негіздеріне қайшы келіп, жағымсыз жақтары жағымды жақтарынан асып кетті. Әрі жіберген қателіктері мен шектірген зияндары түсірген пайдасынан көп болып тұр. Мәдениеттің басты мақсаты халықтың тыныштығы мен дүниелік өмірінің бақыты дейтін болсақ, оның құты қашып, берекесі кетті. Мәдениет орнағалы үнемділік пен қанағаттың орнын ысырап басып, еңбек пен қызметтің орнына жалқаулық пен рахатқа бату пейілі артып, бейшара адамзат һәм пақыр, жатыпішер жалқауға айналды. Ал, Құранның негізгі заңы:

60\"өмірдің бақыты, үнемділік пен еңбекке деген құлшыныста. сонда ғана бұқара халық пен зиялылар бір-бірімен тату-тәтті өмір сүреді\" дейді. \"Рисалей-нұр\" бұл туралы баяндағандықтан, бір-екі қысқа тұжырыммен шектелеміз.Біріншісі: Бәдәуи, \"мәдениет\" дамымай тұрған кезде адамзат үш-төрт нәрсеге мұқтаж болатын. Және ондай үш-төрт қажеттіліктерін он адамның бір-екеуі ғана қамтамасыз ете алмайтын. Қазіргі батыстың залым мәдениеті болса, бұрыс жолға қолдану, ысырапшылдық, әуестікке жол ашу арқылы зәрулік емес нәрселерді аса қажеттілік қатарына қосып, оны үйреншікті әдетке айналдырып, адамды аса қажетті төрт заттың орнына, жиырма нәрсеге мұқтаж қылып қойды. Ондай жиырма қажетті затты адал жолмен табатын кісі, бүгінде жиырма адамның бір-екеуі ғана. Қалған он сегізі мұқтаж болып қала бермек.Демек, бұл мәдениет, адамды мүлдем пақырға айналдырып жібереді. Ондай зәруліктен тыс қажеттілік қоғамда зұлымдық пен басқа да арам пиғылдарға жол ашады. Бейшара бұқара халық пен

61ауқатты кісілерді бір-біріне өшіктіріп, араларына от тастап, айдап салды. Құранның негізгі заңы болған \"зекеттің міндетті екендігі, өсімқорлықтың харам яғни тыйым салынғандығы\" арқасында ғана бұқара халық бай-патшаларға мойынсұнады. Және бай, қалталы таптың да бұқара халыққа мейрімділігін қамтамасыз етеді. Мұндай қасиетті де қатаң заңды аттаған қоғамда ауқаттылар зұлымдық жасап, ал пақырлар бас көтеруге мәжбүр болады. Бұл мәдениет халықтың тыныштығын бұзып, мазасын әбден қашырып болды.екіншісі: Мәдениеттің таңғажайып жетістіктері адамзатқа берілген Раббани сый, нығмет болатын. Оған шынайы шүкір етіп, халықтың игілігіне пайдалану қажет еді. Алайда, өкінішке орай қазіргі мәдениет, қолынан іс келетін адамдарды жалқаулыққа, бойкүйездікке, азғындыққа итермелеп, жұмыс істеп, тірлік қылудың орнына рахатқа бату сезімін оятып, еңбекке деген ынтаны төмендетіп жіберді. Қанағатсыздық пен ысырапшылдық етек жайып азғындық, бекерге мал шашпақ, зұлымдық, харам нәрселер көбейіп кетті. Мәселен, Рисалей-Нұрдың \"Нұр әлеміне бастау\" деген кітапшасында айтылғандай, радио-үлкен нығмет. Оны халықтың игілігіне пайдаланып мағынауи шүкір ету керек-ті. Бірақ, олай етпей оның бестен төртін әуестік жолына қолданғандықтан адамдар жалқаулық пен әуесқойлыққа бой алдырып,

62еңбекке деген ынтасын жоғалтуда. Ол, адамзаттың негізгі міндетін атқаруына кедергі болуда.Тіпті, өте пайдалы кейбір ғажап құралдар, еңбек етуге жеңілдік ретінде және халықтың аса қажеттілігін өтеу жолында қолданылуы тиіс бола тұра, оның оннан бір-екеуі ғана аса қажетті істерге жұмсалып, қалған оннан сегізі көңіл көтеру, ойын-сауық пен әуестікке жұмсалып, жалқаулыққа үйретуде. Оны өз көзіммен көрдім. Осы сындай көптеген мысалдар келтіруге болады.Сонымен, қазіргі батыстың мәдениеті аспани діндерге құлақ аспағандықтан адамзатты пақыр қылып қажеттіліктерінің санын көбейтті. Һәм үнемділік пен қанағаттың қағидаларын бұзып, ысырап пен ашкөздікті, сондай-ақ сараңдықты арттырды. Әрі зұлымдық пен харамға жол ашты. Һәм адамзатты азғындыққа итеріп, бейшара мұқтаж адамзатты селқос, бойкүйез қылды. Табыс табу мен еңбекке деген ынтаны жойды. Әуестік пен азғындықты жарнамалап өмірді бос, пайдасыз өткізуді әдетке айналдырды.Онымен тұрмай, мұқтаж әрі жалқау адамзатты ауру қылды. Қабілетті бұрыс жерге жұмсау, мен ысырапшылдықтың кесірінен жүз түрлі кеселге ұшыратып, олардың асқынып кетуіне жол ашты.

63ШҮКіР РисАлесіБаяндауы Мұғжиза болған Құранда:деген аяттар Халиқ-ы Рахманның құлдарынан сұрайтын ең маңызды талабы шүкір екенін көрсетеді. Қасиетті Құранда шүкір етуге аса мән беріп, шүкіршілік қылуды бұйырады. Шүкір етпеу, берілген нығметтерді жоққа шығару екендігін білдіріп, Рахман сүресінде: әмірімен қаһарын шашып, қатулана отыз бір рет қатаң ескерту жасайды. Шүкір етпеудің сенбеу, жоққа шығару екенін айтады.Иә, хикметке толы Құран, жаратылыстың нәтижесі шүкір екенін білдірсе, мына алып Құран тәріздес әлем де жаратылыстың маңызды нәтижесі шүкір екендігін көрсетеді. Өйткені, әлемге зер

64салып қарасақ, оның құрылысы шүкірмен тоғысып, шүкірмен нәтижеленеді. Барлық нәрсе белгілі бір мағынада шүкірмен ұштасып жатыр. Бейне бір мына жаратылыс ағашының ең маңызды жемісі Шүкір. Сондай-ақ, әлем атты фабриканың шығарар өнімінің де ең сапалысы Шүкір екенін көреміз. Себебі, жаратылысты бір шеңбер тәрізді десек дәл ортасында тіршілік жаратылған. Болмыс атаулы тіршілікпен тығыз байланысты, соның игілігі үшін қажеттіліктерін өндіріп, соған қызмет етеді. Демек, әлемді жаратқан Аллаһ, оның ішіндегі тіршілікті таңдаған. Сосын тіршілік иелерін, жан-жануарларды бір шеңбер түрінде жаратып, оның ортасына адамды қойған. Бейне бір тіршілік иелерінен талап етілген мақсаттар адамға кеп тіреліп, сонымен байланысып жатқандай, күллі тірі жандар адамзаттың айналасына шоғырланып оған қызметші болып, бас иеді. Адамзат оларға үстемдік етеді. Демек, Халиқ-ы Зүлджәлал тіршілік иелерінің ішінен әкім қылып адамды таңдаған, оған ерік беріп, дүниеге үстем, би қылған. Енді адамзат әлеміне қарасақ, тіпті жануарлар әлемі де бір шеңбер құрайды. Шеңбердің нақ ортасында рызық орналасқан. Барлық адамдарды, тіпті жануарларды да рызыққа құмар қылып, бәрін рызыққа қызметші һәм тәуелді етіп қойған. Оларды жұмсап, анда-мұнда жүгіртетін рызық. Аллаһ тағала рызықты ауқымы кең, мол қазына

65қылып, ішін шексіз нығметтермен толтырған. Тіпті рызықтың сан-алуан түрлерінен тек бір ғана түрін тану үшін тілге дәм айыру қабілетін (қууәй-і заиқа) беріп, оған тағамның түрлері қанша болса сонша нүктелер, таразылар орнатқан. Демек, рызықтың ішінде әлемдегі ең ғажайып, өте бай, ең тартымды, ең ауқымды ақиқат бар. Бүкіл нәрселер рызықтың айналасына жиналып, онымен тығыз байланыста екенін көреміз. Сол секілді рызықтың өзі де барлық түрлерімен рухани немесе заттық жағымен, хал-жағдаймен яки тілмен болсын, қай жағынан да шүкір арқылы жалғасып, шүкірдің арқасында тұр. Шүкір еткізеді, шүкірді көрсетеді. Себебі рызыққа деген тәбет-зауықтың өзі фытри шүкір, яғни қоспасыз, таза шүкірдің бір түрі. Ләззат алу мен рахатқа бату, ол да парқына бармай жасалатын шүкіршілік. Мұндай шүкіршілік хайуандарға тән. Олар осылай шүкір етеді. Тек адам баласы ғана адасушылық пен күпірліктің кесірінен әлгі фытри, табиғи шүкірдің өңін өзгертуде, шүкір етудің орнына, ширкке бой алдыруда, яғни Аллаһқа серік қосады.Сондай-ақ, рызық болатын нығметтердің өте әсем түрі мен тамаша пішіндері, жұпар иістері мен тіл үйірер дәмдері бар. Бұлар шүкір етуге шақыратын себептер. Ол тіршілік иелерін құлшындырып, ынтасын арттырады, жақсы көргізіп, құрмет еткізеді. Бұл да рухани шүкір

66ету болып саналады. Саналы жандардың назарын өзіне аударып қызықтырады. Нығметтерді қадірлеу сезімін оятады. Осылайша я хал-жағдайымен я іс-әрекетімен шүкірге ынталандырады, шүкір еткізеді. Шүкірдің ішіндегі аса құнды әрі тәтті ләззат пен рахаттың дәмін татқызады. Яғни мына тәтті рызық пен нығметте, өзінің сырттай қысқа әрі өткінші ләззатынан басқа мәңгі бітпейтін шынайы ләззат пен пәк рахат бар яғни ол Рахмани ілтипат. Оған тек шүкір ету арқылы жетуге болады. Яғни рақымға толы қазыналардың жомарт иесі Аллаһ тағаланың өте тәтті, баға жетпес ілтипатын еске салып, бұл дүниенің өзінде Жәннаттың рухани ләззатын татқызады. Міне, рызық шүкір арқылы осындай құнды да мол қазына бола тұра шүкір етпеудің кесірінен қадірі түсіп, мән-мағынасын жояды.\"Алтыншы сөзде\" баяндалғандай: Тілдің дәм айыру қабілеті, Аллаһтың атымен яғни рухани шүкір міндетін атқара отырып рызықты алған кезде, Иләһи рақымға толы, асқан бай асханаларында шүкір етуші тексеруші, қадірлі бақылаушы деген жоғары мәртебеге ие болады.Егер нәпсі атымен яғни рызық берушіні ойламай, шүкірсіз түрде рызықты пайдаланса, тілдегі дәм айыру қабілеті әлгіндей жоғары дәрежелі, қадірлі бақылаушы мәртебесінен түсіп, асқазан

67фабрикасының жәй қарауылы, қарын атты қораның күзетшісі деңгейіне құлдырап кетеді. Рызықтың қызметшісі болған тілдің шүкір етпеуі арқылы құлдырап кеткені секілді рызықтың да мәнісі жоғалады және басқа қызметшілер де дәл солай азып-тозып кетеді. Өте жоғарғы мәртебесінен ең төменгі деңгейге түседі. Әлемдерді Жаратушы Аллаһтың хикметіне қайшы әрекет еткен болады.Шүкіршіліктің өлшемі; қанағат қылу, үнемді пайдалану және ризашылық. Шүкірсіздіктің өлшемі; ашкөздік, шашып-төгу және құрметтемеу. Арам, адал деп талғамай жей беру.Ашкөздік Аллаһқа шүкір етпеу ғана емес, адамды құр қалдыратын, қор қылатын жаман нәрсе. Тіпті, топтасып тіршілік ететін мүбарак құмырысқа, бейне бір ашкөздіктің кесірінен аяқтың астында қалып, жаншылап жатады. Өйткені, қанағат дегенді білмей, бір түйір бидай оның бір жылдық азығы бола тұра, қолынан келсе мыңдаған дәнді ұясына тасып алуға бар. Ал, мүбарак бал арасы болса, қанағатшыл болғандықтан төбемізде ұшып жүр. Қанағат еткендіктен жинаған балын Аллаһтың әмірімен адамдарға береді.Иә, Зат-ы Ақдестің, яғни Аллаһтың өзіндік аты және ең ұлы есімі болып табылатын Лафзуллаһтан кейінгі аты Рахман есімі рызықпен байланысты.

68Ал, оған тек рызыққа шүкір ету арқылы жетуге болады. Һәм Рахманның бір мағынасы \"Реззақ\" (ризықтандырушы). Шүкірдің түрлері көп. Олардың ішіндегі ең ауқымдысы және барлығын қамтитын мазмұндысы Намаз.Һәм, шүкірдің ішінде таза иман бар және ол нағыз тәухидті білдіреді. Өйткені бір түйір алманы жеп \"Әлхамдүлиллаһ\" деген адам: \"Бұл алма, тікелей құдірет қолы берген сыйлық. Рақымға толы қазынасының тура өзінен келген\" деп, солай сенетіндіктен барлық нәрсені – (үлкенді-кішілі)Аллаһтың құдірет қолына тапсырады. Сондай-ақ, бүкіл нәрседен рақымның сәулесін көреді. Шүкір ету арқылы өзінің толық иманын және нағыз тәухид нанымын білдіреді.Ғапыл адамның астамшылықтың кесірінен қаншалықты зиян шегетінін бір мысал арқылы баяндап берейін.Мәселен, біреу тәтті бір нығметті жеп, оған шүкір етсе, әлгі желінген нығмет шүкір арқылы нұрға һәм ақыретте Жәннаттың бір миуасына айналады. Ләззатын алған кезде, бұл Аллаһтың ілтипаты, соның белгісі екенін ойласа өзін керемет сезініп, мәңгі бақи жалғасатын рахатқа бөленеді. Осындай рухани нәрселерді жоғары мәртебелерге жөнелтеді. Ал заттық жақтары қалдық болып, қабықтары, яғни міндетін атқарған керексіз заттар, бос нәрселер бастапқы қалпына айналады.

69Егер шүкір етпесе, ондай өткінші ләззат тез аяқталатындықтан өкініш пен қайғыға салады және өзі де қоқым-соқымға айналады. Алмастай қымбат нығмет көмірге айналады. Ал шүкір арқылы әлгі уақытша рызықтар мәңгі бақи жеміс береді. Шүкір етілмеген нығмет керемет күйінен ұсқынсыз түрге енеді. Өйткені ғапыл, дүмбілез адамның ойынша рызықтың пайдасы өткінші ләззаты біткен соң бос, түкке жарамайтын нәрсеге айналады.Иә, рызықтың адамды өзіне ғашық қылатын жағы бар. Ол шүкір арқылы көрінеді. Әйтпесе, ғапыл, дүмбілез адамдар мен адасқандардың рызыққа деген құмарлықтары жай бір хайуандық. Осылай салыстырып қарасаң, әһл-и далалет (адасқандар) мен бейқамдардың қаншалықты зиян шегіп жүргенін түсінесің.Тіршілік атаулының ішіндегі рызыққа аса мұқтажы адам баласы. Аллаһ Тағала адамзатты өзінің барлық есімдерін көрсететін ауқымы кең айна, рахымға толы қазынасындағы сансыз сыйлықтарды өлшеп, таразылап тартатын құралдарға ие, Құдіретінің мұғжизасы, бүкіл көркем есімдерінің көріністерін, шеберлігінің, құпия сырларын пайымдап сараптай алатын жер жәһанның халифасы түрінде жаратқан. Сондықтан ол сансыз қажеттіліктерге, заттық және рухани азықтың көптеген түріне мұқтаж. Адамды осындай күрделі де бай жаратылысына байланысты ең

70жоғарғы дәрежеге көтеретін яғни ахсән-і тақуимге шығаратын бірден-бір себеп - шүкір. Шүкір етпесе әсфәл-і сафилинге түседі, яғни дәрежесі әбден төмендейді, әрі үлкен зұлымдық жасаған болады. Сонымен, мәртебесі биік, дәрежесі жоғары жол, Аллаһқа құлшылық ету және Оның сүйіспеншілігіне бөлену жолы. Ал, оның төрт негізінің ең бастысы шүкір ету. Ол төрт негіз былай суреттелген екен: \"дер тариқ-ы аджз-і мендий лазым амед чар чиз;Аджз-ы мутлақ, Фақр-ы мутлақ, Шәуқ-і мутлақ, Шүкр-ү-мутлақ, ей, азиз!\"Яғни: Уа, ғазиз достым! Мен ұстанған \"әлсіздік\" атты жолда жүру үшін, төрт негізді ұстанған жөн.Олар: Мүлдем әлсіздік, әбден пақырлық, қатты құлшыныс, шексіз шүкіршілік.

71ЖиЫРмА ТОҒЫзЫнШЫ лемАдАнеКінШі БАБ(Бұл екінші баб \"Әлхамдулиллаһ\" жайында)(Екінші баб деп аталған бұл шағын еңбекте адамдарға \"әлхамдулиллаһ\" дегізген иманның көптеген пайдалары мен нұрларының тек тоғыз түрі баяндалмақ.)БіРінШі ТҰЖЫРЫм. Әуелі екі нәрсені есте сақтаған жөн.Біріншіден: Философия – не нәрсені де жаман қылып, қорқынышты түрде көрсететін қара көзілдірік. Иман – не нәрсені де тамаша қылып, жанға жақын жылы шырайлы бейнеде көрсететін мөлдір де пәк, нұрлы көзілдірік.екіншіден: Бүкіл жаратылыспен байланыста, әр нәрсемен қарым-қатынаста, өзін қоршаған ортамен ойша болса да сөйлесуге, жүздесуге, көрші болуға әу бастан мәжбүр адам баласының оң мен солы,

72алды мен арты, асты мен үсті дейтін алты жағы бар. Адам әлгі аталған көзілдіріктің біреуін киіп, манағы жақтардағы жаратылысты, хал-ахуалды, жағдайларды көреді.Оң жақ.Бұл өткен шақ. Философия көзілдірігімен оң жаққа қараған кезде, ол жақ астан-кестеңі шығып қирап қалған үрейлі мазар тәрізді көрінеді. Адам мұндай көріністен зәресі ұшып, жүрегі аузына тығылып үмітсіздікке түсері анық. Алайда, иман көзілдірігімен қараған кезде, әлгі жақ астан-кестең күйде көрінсе де бірақ жан шығыны жоқ. қызметшілері мен тұрғындары әлдеқайда әсем, нұрлы әлемге көшіп кеткені байқалады. Ондағы қабірлер мен шұңқырлар нұрлы әлемге ену үшін қазылған жер асты жолдары түрінде көрінеді. Демек, иманның адамға сыйлайтын шаттық пен рахаты мыңдаған \"Әлхамдулиллаһ\" дегізетін бір нығмет.сол жақ. Келер шақ. Философия көзілдірігімен қарасаң, болашақ бізді шірітіп, құрт-құмырсқаға жем қылып жанымызды алатын үрейлі де қорқынышты, үлкен бір қабір түрінде көрінеді. Алайда, иман көзілдірігімен қараған кезде, Халиқ, Рахман, Рахимның яғни, Аллаһ Тағаланың адам баласына дайындаған түрлі-түрлі тіл үйірер тәтті тағамдар мен сусындарға толы Рахман дастарқаны тәрізді көрінеді. мыңдаған рет \"әлхамдулиллаһ\" дегізіп, қайталатқызады.

73Үстіңгі жақ. Яғни, аспанға философияға сүйеніп қараған адам сонау шексіз кеңістікте миллиардтаған жұлдыздар мен планеталардың, ат жарысы тәрізді немесе соғыс тәсілі сияқты жылдам әрі сан-қилы қозғалыстарын көріп, үрейі ұшып бойын қорқыныш билейді. Алайда иманды кісі қараған кезде сол таңғажайып, керемет тәсіл, бір қолбасшының бұйрығымен, оның қол астында екенін, аспан әлемін безендіріп, тұрған әлгі жұлдыздардың бізге жарық беретін шырақтар екенін көреді. манағы ат жарысындай топалаңға қорқынышпен үрейлене емес сүйсіне, үйреншікті түрде қарайтын болады. Аспан әлемін осылайша суреттеген иман нығметіне әлбетте сан мыңдаған \"әлхамдулиллаһ\" деу қажет.Астыңғы жақ. Яғни, Жер планетасына философия көзімен қараған сәтте, Жер шары беталды, жүгенсіз, Күннің айналасын жүйесіз кезген бір хайуан секілді немесе штурвалы сынық, капитансыз қайық тәрізді көрініп, зәресі ұшады. Алайда, иманмен қарағанда Жер шары Аллаһтың басқаруындағы адамзатты серуендету үшін Күнді айналып жүрген, іші азық-түлік пен сусындарға толы Рахмани бір кеме түрінде көреді. иманнан туындаған осы бір ұлы нығмет үшін үлкен-үлкен \"әлхамдулиллаһ\" тарды айта бастайды.

74Алдыңғы жақ. Философ адам бұл жаққа қараса, барлық тіршілік иелері – адам болсын, хайуан болсын топ-топ болып, керуендей тізіліп солай қарай шапшаң бет алуда, және көзден тез таса болуда. Яғни, жойылуда, жоқ болуда. өзі де сол жолдың жолаушысы екенін білгендіктен жанын жегідей жеген өкініштен жын ұрғандай күй кешеді... Алайда, иман назарымен қараған мүмин, адамзаттың ол жаққа бет алысы, жасаған саяхаттары жойылуға емес, көшпенділер тәрізді бір жайлаудан екінші бір жайлауға көшу, фәнилік елінен мәңгілік еліне, жұмыс жерінен еңбек ақы беретін жерге, қиындықтардан босап рахатқа бату үшін қоныс аудару, жоқ болуға емес мәңгі бар болуға бара жатырмын деп бұл жаққа сүйсіне қарайды. Алайда, жолда кездесетін өлім, қабір секілді машақаттар болса нәтижесінде бақыт болып табылады. Өйткені нұрлы әлемге бастайтын жол сол қабір арқылы өтеді және мол бақыт, бақ-дәулет болса үлкен әрі қиын пәлекеттердің нәтижесінде болады.мәселен, Хазіреті Жүсіп Пайғамбар мысырдың құрметті адамы дәрежесіне, бақ-дәулетке бауырларының құдыққа тастап қинауы, және зылиханың жала жауып, зынданға қаматуы арқылы қолы жетті емес пе! сондай-

75ақ, ана құрсағынан дүниеге келген нәресте, әлгі қараңғы жерде көрген қиындықтары мен әуре сарсаңның нәтижесінде дүние бақытына бөленеді. Артқы жақ. Яғни бізден кейін келетіндерге философия назарымен қараса, \"Апырым-ай, мыналар қайдан келіп, қайда барады және дүниеге не үшін келеді?\" деген сұраққа жауап таба алмағандықтан таңдану мен күдіктің азабын тартады. Алайда, иман нұрынан жасалған көзілдірікпен қараған кезде, адам баласы әлем көрмесінде жайылған таңғажайып, керемет құдіреттің мұғжизаларын, оның өнерін тамашалау әрі зерделеу үшін сұлтан-ы Әзели тарапынан жіберілген зерттеуші екенін түсінеді. Олар әлгі мұғжизаның қадірін, бағасын және сұлтан-ы Әзәлидің алыптығын, оны дәлелдейтін айғақтарды тауып, іздестіргендеріне қарай сауап жинаған соң, қайтадан әлгі сұлтан-ы Әзәлиге оралатындықтарына сенеді. Осындай сенім нығметіне қол жеткізген иман нығметіне \"әлхамдулиллаһ\" деуі керек. Аталған қараңғылықтарды жоятын иман нығметіне \"әлхамдулиллаһ\" деп жасалған хамд, мадақ, ол да бір нығмет болғандықтан оған да бір

76хамд қажет. Бұл екінші хамдқа да үшінші бір хамд, үшіншіге де төртінші хамд қажет... Демек, бір ғана хамдтан туған хамдтар жиналып ұшы-қиырсыз, ұзыннан-ұзақ тізбектелген хамд тізбегін құрайды.еКінШі ТҰЖЫРЫм. Алты жақты нұрға бөлеген иман нығметіне \"әлхамдулиллаһ\" деуі керек. өйткені, иман алты жақтың қараңғылығын жою арқылы пәленің бетін қайтарып қана қоймай әлгі алты жақты нұрға бөлеу тұрғысынан алып қарағанда да пайда беретіндіктен екінші бір нығмет болып саналады.Осыған орай, адам баласы жаратылысынан фытри бір мәдениетке ие болғандықтан, алты жақтан қоршаған мақұлықтармен оның байланысы бар және иман нығметінің саясында осы алты жақтан пайдалана алу мүмкіншілігі бар.Соныменаятының сырымен адам алты жақтың қайсысынан болсын нұрға бөленеді. Тіпті, мү'мин бір адамның дүниенің жаратылысынан бастап соңына дейін жалғасатын ұзақ өмірі бар деуге болады. Адамның мұндай рухани өмірі, әзелден әбедке созылып жатқан тіршілік нұрынан медет, демеу

77алады. Тағысын тағы... Алты жақты нұрға бөлеген иманның саясында адамның мына қысқа уақыты мен тар мекені кең де рахат бір әлемге айналады. Ол кең әлем, бір адамның үйі сияқты болады. Өткен шақ пен болашақ адам жанына, көңіліне осы шақ тәрізді келеді. Арасындағы қашықтық жойылады.ҮШінШі ТҰЖЫРЫм. Имандылық адамзат үшін сүйеніш пен медет болғандықтан, \"әлхамдулиллаһ\"деп шүкір етуі керек.Иә, адамзат тым әлсіз әрі дұшпандары көп болғандықтан арқа сүйер бір тіренішке мұқтаж-ақ. Сол арқылы дұшпандардың бетін қайтарады. Сондай-ақ қажеттіліктері де көп, пақырлық болса шыдатпай бататындықтан, қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жәрдемге мұқтаж.ей, адам! сенің арқа сүйерің – жалғыз ғана Аллаһқа деген иманың. Жаныңа, көңіліңе жәрдемші медетің – тек қана ақыретке деген иманың.міне осы екі нәрседен хабарсыз адамның жаны мен жүрегін үрей басады. Жан дүниесі астан-кестең азап шегеді. Ал, біреуіне сүйеніп, екіншісінен жәрдем алған адамның, жүрегі рухы, көңілі, рахат тауып, көңілі жұбанады. Осылайша ішкі дүниесіне тыныштық орнап, жұбаныш табады.

78ТӨРТінШі ТҰЖЫРЫм.Иман нұры Заңды ләззаттар аяқталғанда пайда болатын уайымдарды ол ләззаттардың жалғасы, ұқсасы бар екенін көрсету арқылы жоқ қылады. Сондай-ақ, нығметтер жалғасып, азаймайтынын және олардың қайнар көзі бар екенін көрсету арқылы көңілді тыныштандырады. Сонымен қатар, қоштасу мен айырылысудың қайғыларын, ұқсастарының жаңаруы, оның ләззаты бар екенін көрсету арқылы жойып жібереді. Яғни аяқталатынын ойлағанда бір ләззаттан көптеген қайғылар пайда болады. Иман болса жаңарып келетін бастапқыға ұқсас ләззаттар болатынын еске түсіріп, қайғыны сейілтеді. Сонымен қатар, ләззаттардың жаңаруында да өзіндік ләззаттар бар.Рас, бір түйір жемістің ағашы болмаса сол жеміспен шектеулі ләззат, оны жеп бітіргенде ләззаты да кетіп өкінішке себеп болады. Ал, жемістің ағашы белгілі болса ондай жемістің аяқталуы өкіндірмейді, өйткені орнына келетін басқасы бар.Сондай-ақ, жаңарудың өзі бір ләззат. Адам жанын көп қинайтын нәрсе – қоштасулардан пайда болған уайымдар. иман нұры ұқсастарының келуі, соларға қол жеткізу деген үмітпен ондай уайымдарды жоқ қылады.

79БесінШі ТҰЖЫРЫм. Иман нұры мына әлемде адам баласына дұшпан және бөтен немесе өлі, жетім сияқты жансыз, меңіреу болып көрінген нәрселерді сүйкімді және бауыр етіп көрсетеді. Яғни, бейқам адам, қоршаған әлемдегі болмысты дұшпан сияқты қауіпті көріп, үрейі ұшады. Оларға бөтенсіп қарайды. өйткені, хақ жолдан тайғандардың (далалет) көзқарасы бойынша өткен шақ пен келешектегі нәрселер арасында бауырластық, жақындық байланыс жоқ. Тек осы шақта аз ғана бір байланыс бар. Сондықтан әхли далалет яғни адасқандардың бір-біріне деген бауырластығы бір сәттік, уақытша ғана.Ал, иманды көзбен қараған жан барлық нәрсені тірі, әрі біріне-бірі бауыр екендігін, әр нәрсе өз тілімен Халиқына тәсбихат еткенін көреді. Міне, осы тұрғыдан алып қарағанда заттардың өздеріне тән тіршілік түрлері, рухтары бар. Сондықтан имани көзқараста әлгі нәрселерден қорқу, үрейлену деген жоқ. Керісінше достық, жылы шырай, жақындық бар.Хақ жолдан адасқан көзқарас, адамдарды талап-тілектеріне жету жолында дәрменсіз қылып, босқа аласұрған, қамқоршы иесі жоқ, өкінішті, қайғылы, мұңды, тым әлсіз, жыламсыраған жетімдер сияқты деп ойлайды. Ал, иманды көзқарас, тіршілік

80атаулыға зар еңіреген жетімдер деп емес, міндет жүктелген қызметшілер зікір етушілер (закир) және құлдар деп қарайды.АлТЫнШЫ ТҰЖЫРЫм. иман нұры дүние мен ақырет әлемдерін сан-алуан нығметтермен безендірілген екі түрлі дастарқан түрінде суреттейді. мүмин иманы арқылы ішкі-сыртқы мүшелерімен, рухани сезімдерімен әлгі дастарқанан пайдаланады.Ал, далалет назарында тіршілік иелерінің пайдалану алаңы тарылып, материалдық ләззаттармен шектеліп қалады. Иманды көзқараста Көк пен Жерді қамтитындай алаңы ұлғая түседі.Иә, бір мүмин Күнді үйінде ілулі шырағдан, Айды жол көрсетуші шам деп санайды. Осылайша Күн мен Ай өзіне берілген бір нығмет болады. Сондықтан мүмин адамның пайдалану алаңы, аспан әлемінен әлдеқайда кең болады. Иә, Қасиетті Құран деген аяттардың шешендігімен иманнан туындаған мына таңғажайып, баға жетпес жарылқауларға, нығметтерге ишарат етуде.

81ЖеТінШі ТҰЖЫРЫм.Аллаһтың бар екендігі, бүкіл нығметтерден қымбат, құнды нығмет. Тіпті Ол, шексіз нығметтер, жарылқаулар мен сыйлықтардың түрлерін қамтиды. Олардың қайнар көзі. Бұл иман нұрының саясында білінеді. сонымен, иман нығметіне әлемде қанша зәрре болса, сонша шүкір мен хамд ету борыш болып табылады. Рисалей-Нұр шығармаларында олардың кейбіріне ишара етілген болатын. Сонымен қатар, Рисалей-Нұрдың Аллаһқа иман жайындағы бөлімдері бұл нығметті анық көрсеткен.Әлхамдулиллаһ сөзіндегі \"лам-ы истиғрақ\" ишара етіп отырған барлық хамдтар арқылы шүкір ету қажет нығметтердің бірі де Рахманиет нығметі. Рас, Рахманиет, тіршілік иелерінің рахметке бөленгендерінің есебінше нығметтерді қамтиды. Өйткені, адам, тіршілік иелерінің әрқайсысымен байланыста. Бұл тұрғыдан, адам, олардың әрқайсысының бақытына қуанады, қайғысына мұңаяды. Олай болса, кез-келген бір тіршілік иесіне берілген нығмет, жолдастарына да нығмет болып есептеледі.Сондай-ақ, аналардың мейірімімен нығметке бөленген нәрестелердің есебінше нығметтерді қамтып, жасалған хамдтерге лайық нәрселердің бірі де Рахимиет. Иә, анасынан айрылған бір

82баланың жылағанын көріп көңілі босап, жаны ашыған адам, әлбетте аналардың балаға деген жанашырлықтарынан ләззат алады, шаттанады, көңілі толады. Міне, осындай ләззаттар да нығмет. Бұл да шүкір мен хамдты қажет етеді.Сондай-ақ, әлемдегі хикметтердің түрлері мен саны қанша болса сонша хамд пен шүкір қажет қылатындардың біреуі де Хакимиет. Өйткені, адамның жаны Рахманиеттің шуағымен, ал көңілі Рахимиеттің әсерімен нығметке бөленгені сияқты, адамның ақылы да Хакимиеттің нәзіктігі арқылы рахатқа батады, ләззат алады. Бұл тұрғыдан алып қарағанда ауыз толтырып \"әлхамдулиллаһ\" деу арқылы хамд пен шүкір талап етеді.Сондай-ақ, әсем есімдерден \"Уарис\" есімінің көрінісінің санындай әкелер мен ата-бабадан қалған нәсілдердің санындай және ақырет әлемінің болмыстары санындай, сондай-ақ ақыреттік сый алуға себеп, жазылып алынған адамзаттың амалдары есебінше, даусы жер жарардай \"әлхамдулиллаһ\"деу арқылы шүкіршілік етуді қажет ететін нәрсе Хафизиет нығметі.Өйткені, нығметтің жалғасуы, нығметтің өзінен әлдеқайда қымбат. Ләззаттың баяндылығы, ләззаттан әлдеқайда тәтті. Жәннатта мәңгі қалу, Жәннаттан әлдеқайда жақсы, тағысын тағы.

83Сондықтан, Аллаһ Тағаланың Хафизиеті, оның қамтыған нығметтері бүкіл әлемдегі нығметтерден әлдеқайда басым әрі қымбат. Бұл тұрғыдан алып қарағанда дүниені толтыратындай бір \"әлхамдулиллаһ\" қажет. Жоғарыда аталған төрт есіммен қалған әсем есімдерді салыстыр. Әр бір есімде шексіз нығметтер бар екендігін, олардың әрқайсысына хамд пен шүкір керек екенін көресің.Сондай-ақ, шексіз нығмет толы қазыналарды ашып оған бастаушы және Иман нығметіне ұйытқы әрі дәнекер болған Хазіреті Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәлам да бір нығмет. Ол сондай бір нығмет, оны бүкіл адамзат мәңгі бақи мадақтауға борышты.сондай-ақ, заттық және рухани барлық нығметтердің түрлерінің мазмұны, қайнар көзі – ислам діні және Құран нығметі де шексіз шүкір мен хамдтарды қажет етеді.сеГізінШі ТҰЖЫРЫм. Әлем атты мына ұлы кітап және оның тәпсірі Құран Кәрім баяндағанындай бұл кітаптың бүкіл бабтары, бөлімдері, парақтары, жолдары, сөздері тіпті әріптері әлгі зат-ы Ақдестің Жамал (сұлу), Кемал (нұқсансыз) сипаттарын көрсетіп, Оған хамд уа сена, яғни мадақтап шүкір етуде.

84Яғни әлгі үлкен кітаптың әрбір нақышы, үлкені де кішісі де Уахид, Самед шеберінің жәлал сипаттарын көрсету арқылы хамд айтып мадақтайды. Сондай-ақ, ол кітаптың әрбір жазуы Рахман, Рахим жазушысының әсем ерекшеліктерін көрсету арқылы дәріптейді.Сондай-ақ, әлгі кітаптың барлық жазулары, нүктелері, нақыштары-әсем есімдердің көріністері мен сәулелеріне айна әрі шағылыстырушы болу жағымен әлгі Зат-ы Ақдесті қадірлеу, мадақтау, дәріптеу арқылы мақтаушылар. Сол сияқты әлгі кітаптың әрбір шумақ өлеңі, Қадир, Алим ақынын қастерлеп мадақтайды.ТОҒЫзЫнШЫ нҮКТе.* 10саид нұрси(*) Менде мұндай құпия сырлардың кілті жоқ. Сондықтан аша алмаймын. Оның үстіне аузы ораза адамның басы, мұндай сырларды ашада, алмайды шешеде алмайды. Кешірім өтінемін. Мұның өзін, автордың рухани жәрдемімен ғана және Қадір түнінің берекеті арқылы, сондай-ақ, Мәулананың көршілестігін пайдалана отырып жазу нәсіп болды. әйтпесе... Аудармашы Абдулмәжид нұрси

85БесінШі КӘлимА. Яғни, мадақтау мен дәріптеу, алғыс тек Соған тиесілі. Демек, нығметтер оның қазынасынан келіп жатыр. Оның қазынасы сарқылмас қазына. Міне, бұл кәлима былайша сүйінші хабар береді: Ей, адам! Ырысым таусылды деп уайымдама! Өйткені, мейірімділік қазынасы сарқылмайды. Ләззаттың таусылатынын ойлап, қайғырма! Себебі, нығмет сарқылмайтын Иләһи мейірімділік қазынасынан келіп жатыр. Ағашы мәңгі болған соң жемісі таусылса да оқасы жоқ, қайтадан жеміс салады емес пе? Нығыметтердегі ләззаттан мың есе тәтті Иләһи мейірімділіктің ілтипатын шүкір ете ойлау арқылы бір ләззатты жүз есе арттыруға болады. Мәселен, аты әлемге әйгілі патша, саған алма сыйласа оның ләззаты, басқа алмаларға қарағанда жүз, бәлки мың есе тәтті болады. Өйткені ол алма саған деген патшаның ілтипатын көрсетеді, соның белгісі.Сол сияқты кәлимасы арқылы яғни, мадақтау мен шүкір ету арқылы, яғни нығметтен нығмет берушіні сезу арқылы, яғни Мүн'имді (Нығмет берушіні) тану арқылы, Оны ойлау арқылы, яғни оның рақымдылығының ілтипатын,

86мейірімі түскендігін, жарылқауының жалғасатынын ойлау арқылы, берілген нығметті мың есе көбейтіп, ләззатқа толы қазынаның есігі ашылады.Білгенің жөн, ғазиз дос! Аллаһ Тағала, сені жоқтан бар қылды, сосын бар болудың сансыз дәрежелерінің ең жоғарғысы мүслим сипатымен адам түріне ендірді. Алғашқы жаратылысың мен қазіргі күйіңнің арасындағы сан-алуан жағдайлар, хал-ахуал бәрі де саған тиесілі нығметтер дәптерінде жазулы. Осы тұрғыдан алғанда сен жүріп өткен \"уақыт\" атты таспада алмастай құнды нығметтер қаз-қатар тізіліп тұр. Бейне бір алқа немесе түрлі нығметтердің мазмұны моншақ тәрізді. Сондықтан сендегі болмыстың жағдайларынан, хал-ахуалыңнан \"Бұл нығметтерге қалай бөлендің? не істеп лайық болдың? Шүкір еттің бе?\" деп сұраласың. Өйткені, болған нәрселер мен халдер сұраққа тартылады. Ал, мүмкіндікте болып, іске аспаған нәрселер сұраққа тартылмайды. Басыңнан өткен хал-ахуал болған нарселер. Келешектегі халдерің \"адем\", яғни жоқ. Болмыс жауапқа

87тартылады, ал жоқ нәрсе жауапқа тартылмайды. Олай болса, бұрыңғы шүкірі өтелмеген нығметтердің шүкірін, қазасын өтеуге тура келеді.Иә, бұл өмірдің мақсаты мен нәтижесі мәңгілік өмір. Сонымен қатар жемісі де сол өмірді берген Зат-ы Хаий уа Мухиге шүкір, ғибадат, хамд ету және оны жақын көру. Бұлар өмірдің жемісі әрі әлемнің мақсаты. Өмірдің мақсаты \"Рахат өмір сүру, мұңсыз ләззат алу, әуестікпен ішіп-жеп, ойнап күлу\" дегендер, өздерінің көрсоқырлығымен тоңмойындық қылып, тіпті кәпір сияқты, мына өте құнды өмір деген нығметті, сана деген сыйлықты, ақыл деген аманатты бағаламай, менсінбей қатты қателесіп, жасалған жақсылықтың қадірін білмей жүргенін осыдан түсінуге болады. 

88РисАлеЙ-нҰР ТӘПсіРініҢ АВТОРЫ БӘдиҮззАмАн сАид нҰРси1877 жылы Түркияның Битлис облысына қарасты Нұрс ауылында дүниеге келген.Ілімге деген құштарлық жас баланы ата-анасынан жыраққа алып кетеді. Терең ақиқаттарды жетік меңгеріп, бір оқыған кітабын тез ұғып қана қоймай оны жаттап алатын зерек бала, көп жыл тәлім алуы тиіс медресе білімін үш айда тәмамдайды. Пікір таласта, іліми сайыста зеректігімен ерекшеленетіндіктен замандас ғалымдар оны “Бәдиүззаман” (Заманның озығы) деп атайды.“Ескі Саид” деп бөліп қаралуы тиіс қырық бес жасқа дейінгі өмірі дүрбелең саясатқа толы. Ол, дін Исламға саясат арқылы қызмет етемін деп ойлайтын. Кейін бұл ойынан бас тартып саясаттан мүлдем қол үзеді. Шығыс халқының ауыр күйі, олардың басына түскен нәубат қиыншылықтар оның жанына қатты бататын. Мұның шарасы ретінде халықтың көзін

89ашу, ілімді ұрпақ тәрбиелеу екеніне көзі әбден жеткен ол, халыққа діни іліммен қоса заманауи жаңа ғылымды да үйрететін оқу орындарын ашу қажеттігін айтып, соған бар күшін жұмсап бағады. Өкінішке орай бірінші дүниежүзілік соғыс басталып, өзі ерікті әскер жасақтап шәкірттерімен майданға аттанады. Қанды қырғындарға қатысып талай ерлік көрсетеді. Тұтқынға да түседі. Аман-есен Отанына оралған соң қайтадан Ислам әлемінің мәселелерін талқылап, оның шешімін іздейтін Ілім академиясына мүше болып қызмет атқарады. Стамбулға жау шауып қоршауда қалған қаралы күндерде қорықпай халықтың рухын асқақтатып, намысын қайрайтын кітапшалар таратып анталаған жауға тегеурінді тосқауыл болып азаттық алуға мол үлесін қосады. Мұндай елеулі еңбегін ескеріп сол кездегі билік, оны ел ордасы Анкараға шақыртады. Мұнда да ол билік басында отырған кісілерді Ислам негіздерін мықтап ұстануға уағыздайды.Бұдан кейін оның “Жаңа Саид” деп аталатын саясаттан ада, дүниядан таза ақыретпен қатысты екінші өмір кезеңі басталады. Бұл 1925 жылдар болатын. Ван қаласы, сосын Барла ауылынан бастау алған бұл кезеңдерде имани тақырыпта көптеген кітаптар жазып айналасына Құранның нұрын жая бастайды.

90Ислам негіздері мен Иман шарттарына қатысты дәйекті түрде, қарапайым әрі түсінікті тілмен жазылған кітапшалары иманына қауіп төнгенін сезген оқырмандар арасында қызығушылық туғызады. Оны өзі үшін қолмен көшіріп, түпнұсқаны басқа мұқтаж жандарға сыйлап, осылайша айналаға нұр кітапшалары кеңінен таралады. Әрине, мұндай қарқынды имани қызмет діннен безгендерге ешқашан ұнамайтыны белгілі. Ақырында, Құран тәпсіршісіне жала жауып, қуғын-сүргінге ұшырайды. 1935 жылы Ескішәһар, 1943 жылы Денизли, 1947 жылы Афион, 1952 жылдары Стамбул қалаларында үстінен іс қозғалып сотқа шақырылады. Кастамону, Эмирдағ, Испарта қаласына жер аударылып, үнемі бақылауға алынады.Адам төзгісіз зұлымдықтарға душар болса да, ол бәріне сабыр етіп, қаймықпастан Ислам әлеміне төнген күпірліктің қара бұлтына қарсы, Құранның нұрын айнадай көрсетіп, айналасына иманның нұр-сәулесін жеткізуге барынша тырысады. Қиын-қыстау кезеңдерде жазылған алты мың парақтан тұратын «Рисалей Нұр» тәпсірі міне сол қиын кезеңдердің жемісі. Бастаған тәпсірін толық аяқтап, оны өз оқырмандарының қолдарына аманат қылып тапсырған ол, құдды бір міндетін адал атқарған әскерге ұқсайды.

91Құранның ақиқаттарын, оның таңғажайып терең сырларын заманның ұғымына сай анық та қанық баяндайтын бұл кітаптар, міне сол қиындыққа толы ауыр күндерде ықыласпен жазылған. Содан болар осы бір Құрани тәпсір, нұр кітаптары қазіргі таңда әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, миллиондаған мұсылмандар қызыға оқуда.Муфәссир яғни Құранды тәпсірлеуші ғалым-ғұлама Саид Нұрси Урфа қаласында 1960 жылдың23-наурыз күні, рамазан айының жиырма бесінші жұлдызы, түн ауа бақилық әлеміне аттанып кете барады.

92неліКТен ЖҰРТ РисАлеЙ-нҰРдЫ ҚЫзЫҒА ОҚидЫ? сеБеБі Ол БАРШАнЫ ОЙлАндЫРАТЫн ӨзеКТі мӘселелеРді ҚОлҒА АлЫП, мАзАлАП ЖҮРГен сҰРАҚТАРдЫҢ ЖАуАБЫн БеРеді. АТАП АЙТсАҚ:* Аллаһтың бар әрі бір екенін қалай дәлелдейміз? (22-Сөз, 23-Лема, 2-Шуақ)* Құран Аллаһтың сөзі екенінің дәлелдері (25-Сөз)* Хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) Аллаһтың елшісі екенінің дәлелдері (19-Сөз)* Періштелердің бар екенінің дәлелі (29-Сөз)* Өлген соң тірілу рас екені (10-Сөз)* Тағдырға сену қалай болмақ? Бәрі алдын-ала жазулы. Маңдайға жазғаны болады - дейді, мұны қалай түсінеміз? (26-Сөз)* «Бисмилләһ» сөзінің сыры (1-Сөз, 14-Лема, 2 тарауы)* Аллаһ еш бір мекенге тәуелсіз, бірақ Ол барлық жерден табылады. (16-Сөз, 22-Сөз)* Дүниеде жағымсыз, қорқынышты көрінген оқиғалардан Раббымыздың мейрім шуағын, хикметін қалай көруге болады? (18-Сөз)

93* Жаратылыс Аллаһты дәріптеп, қалай ғибадат қылады? (24-Сөздің 4 бөлімі)* Намаз неге бес уақыт оқылады? (4, 9-Сөз, 21-Сөздің 1тарауы)* Аурудың пайдасы бар ма, сырқаттанудың хикмет-сыры не? (2-Лема, 25-Лема)* Рух дегеніміз не? (29-Сөз)*Ораза ұстаудың хикмет-пайдалары. (29-Мектубтің 2 бөлімі)* Миғраж оқиғасы қалай болған? (31- Сөз)* Шайтанды неге жаратқан, оның не пайдасы бар? (13-Лема, 12-Мектуб, екінші сұрақ)* Адам дегеніміз не? Бұл дүниеге не үшін келеді, мақсат-мұраты не? (11-Сөз) * Дұға қылып жалбарынып жатамыз, қабыл болмай жатады. Құранда барлық дұғаға жауап беріледі демей ме? (23-Сөз)* Кейде көңілді күмән басып, күдік пайда болады. Ол не үшін? (21-Сөз, 13-Лема, 11-Мектуб)* Ардақты Пайғамбарымыздың сүннет амалдарының. Маңызы мен хикметтері (11-Лема)* Сопылық туралы. Тариқат деген не? (29-Мектуб)* Уаххабшылар кім? Шығу тарихы. (28-Мектуб) * Махаббат туралы Құран не дейді? (24-Сөз)

94* Молекула, атом секілді ұсақ бөлшектер неліктен тынымсыз қозғалады? (30-Сөз)* Саналы кісілерді жаппай таңқалдырған және бірде бір философ аша алмаған тек Құранның қасиетімен ашылатын дүниенің жаратылу тылсым-сырлары жайлы. (24-Мектуб)* Исламда үнемділік және береке туралы не дейді? (19-Лема)* Мұсылмандардың ынтымағын күшейтудің, имандылар өзара бауырмал болудың себептері. (22-Мектуб)* Не үшін иманды әрдайым жаңартып отыру керек деген. (26-Мектуб)* Бүкіл әлем Пайғамбарымыздың нұрынан жаратылған дейді. Бұны қалай түсінеміз? (31-Сөз.)* Хазреті Адам ғаләйһиссалам жұмақтан неге шығарылған? Адамдардың көбісі тозаққа түседі дейді. Неліктен? (12-Мектуб, 13-Лема)* Әйелдің орамал тартуы шарт па? (24-Лема)* Шайтанның Құран туралы уәсуәсәсіне қарсы жауап. (26-Мектуб)* Мәзхабтар неге әртүрлі? (27-Сөз)* Жеті қабат жер мен аспан жайлы аятты қалай түсінеміз.(12-Лема)

95* Аллаһтан өзге ешкім біле алмайды деген «бес ғайыпты» ғылым мен техника арқылы біз де білетін болдық!-деушілерге жауап. (16-Лема)* Иса пайғамбардың көктен түсуі, тажалды өлтіруі және Мәдидің шығуы туралы хадисті қалай түсінген жөн? (15-Мектуб, 5-Шуақ, 24-Сөз, 1-Мектуб)* Исми Ағзам яғни Аллаһтың ең ұлық есімдері. (30-Лема)* Зұлқарнай қамалы қайда? Яджуж-Мәджуж деген кімдер? (5-Шуақ, 24-Сөз)* Шииттер мен Сунниттер арасындағы мәселенің анық-қанығы. (4-Лема)* * *

96РисАлеЙ-нҰР ТОПТАмАсЫҮлКен КіТАПТАР:«Сөзлер», «Мектубат», «Лемалар», «Шуалар», «Ишарат-ул Иғжаз», «Аса-и Муса», «Мухакемат», «Тарихче-и Хаят», «Барла лахикасы», «Кастамону лахикасы», «Әмирдағ лахикалары», «Сикке-и Тасдиқ-ы Ғайби», «Мәснәу-и Нурие», «Иман уә Күфүр мувазенелери»

КіШКене КіТАПШАлАР:«Аят-ул Кубра», «Бәдиуззаман жауап вериор», «Диван-ы Харб-и өрфи», «Әлхужжәт-ул Зәхра», «Әнә уә Зәррә», «Гәншлик рәхбери», «Хақиқат Нұрлары», «Ханымлар рәхбери», «Хасталар рисалеси», «Хашир рисалеси», «Хизмет рехбери», «Хутбе-и Шамие», «Иджтихад рисалесі», «Иман хақиқатлари», «Ихлас рисалелери», «Конферанс», «Күчүк сөзлер», «Мәйуә рисалеси», «Мифтах-ул Иман», «Миғраж уә Шаққ-ы Қамар», «Миркат-ус Сүнна», «Мұғжизат-ы Ахмедие», «Мұғжизат-ы Құрание», «Мүнажат», «Мүназарат», «Нұр Әлеминин Бир анахтары», «Нұр чәшмеси», «Нұрун илк капысы», «Отыз үш пенжере», «Рахмет уә Шәфкат илачлары», «Рамазан-Иқтисад-Шүкір», «Сунухат-Тулуат-Ишарат», «Табиғат рисалеси», «Ухуввет рисалеси», «Иырмы учунжу сөз», «Зухрет-ун Нұр».

Рисалей-нұр топтамасынан қазақ тіліне аударылған кітаптар:«Сөздер», «Мектубат», «Лемалар», «Аса-и Мұса», «Мұхаммед Пайғамбардың мұғжизалары», «Қанағат сыры», «Ханымдар шырағы», «Жастар шырағы», «Ықылас сыры», «Табиғат сыры», «Адам және Иман», «Сүннет сатылары», «Мінәжат», «Отыз үш терезе», «Бауырластық рисалесі», «Қысқа сөздер», «Өлім және Мәңгілік», «Тәухид сыры», «Дерт пен Дауа».

Рисалей-нұр туралы мына интернетсайттардан мағлұмат алуға болады:www.nurfeyz.kzwww.envarnesriyat.comwww.ihlasnurnesriyat.comwww.sozler.com.trwww.hizmetvakfi.comwww.ru-nur.comwww.lichtstr.dewww.elmascevher.comwww.nurnetwork.orgwww.malaysianur.comwww.nur.gen.trwww.nuronline.comwww.nursistudies.com

Бұл кітап жайында ұсыныс-пікірлеріңіз болса, мына мекен-жайға хабарласуларыңызға болады.ТОО Нур Фейз,050009, Алматы қаласы, Түркебаев көшесі, №84-үй. тел.: 8 (727) 241 09 34.E-mail: [email protected]


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook