Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Қысқа Сөздер

Қысқа Сөздер

Published by risalekz, 2020-05-09 12:09:15

Description: Küçük Sözler

Keywords: Рисалей-Н?р,Саид Н?рси

Search

Read the Text Version

51екiншiсi ниеті қара, пасық адам. Екi жолдың оң жақтағысы – Құран жолы, сол жақтағысы – Құдайдан безу, күпiрлiк жолы. Жол бойындағы бау-бақша – қоғам мен өткiншi мәдени тұрмыс. Өмiрде жақсылық пен жа мандық, адалдық пен арамдық, тазалық пен ластық сапырылысып бiрге жүретін әдеті. Ақылы бар адам 3(1)қағи да сын ұстанып мұратына жетедi. Ал, шөл дала, сахара дегенiмiз – дүние. Арыстан – ажал мен өлiм, құдық болса – мына дене, болмысымыз.Ал, оның алпыс метр терең дегенi болса, орташа жас мөлшерi, орташа өмiр алпыс жыл. Ағаш болса – өмiр мен тұрмыс. Ақ пен қара тышқан болса – күндiз бен түн. Айдаhар болса – ауызы апандай қабір боп табылатын бәрзах әлемі, ақыретке бастар жол. Алайда, ол апандай ауыз имандылар үшiн зынданнан бақшаға шығатын есiк болып саналады. Улы жәндiктер – өмірдегі қиыншылықтар мен бәлелер. Олар мұсылмандар бейқамдыққа салынып, дүниеге қызығып, әзәзілге алданбауы үшiн Иләhи ілтипат, Аллаһтың мейірімді ескертулері. Ағаштағы жемiстер болса дүниедегi ырыс, нығметтер. Кәрим-i Мұтлақ оларды ақыретте берілетін нығметтердiң үлгiсi, оны еске түсіретін ұқсас-мысалдары әрi құлдарын жұмаққа қызықтыру үшiн жаратқан.(1) Мағынасы: \"Жақсысын ал, жаманын таста!\" Ауд.

52Ал, бiр ағаштың сан алуан жемiс салуы болса, Құдайдың құдiретiнің шексіз, орасан зор екендiгiн көрсетеді. Қалай десеңіз, «бiр ғана нәрседен әрт р лi нәрсе жасау,»ү яғни, қарапайым топырақтан барлық өсiмдiк пен жемiс-жидектi және жан-жануарлардың барлық түрін бiр тамшы судан жарату, сондай-ақ қарапайым тағамнан тірі жандардың дене-мүшелерiн жасау керемет мұғжиза! Сонымен қатар, «барлы нәрседен бiр ғана нәрсе қжа сау» яғни, жан-жануарлардың қоректенген түрлi тағамдарынан оларға тән ет пен терi жасау ғажап өнер, асқан шеберлiк. Бұл тек Зат-ы Әхад-ы Самәд Сұлтан-ы Әзел уә Әбәдтің ғана қолынан келетін іс. Бұл оның ешкiм ешқашан көшіре алмайтын, тек өзiне ғана тән таңбасы, аяты болып табы лады. «Бiр нәрседен көп нәрсе, көп нәрседен бiр нәрсе жасау» өнерi барлық нәрсенiң Иесі, Жаратушысы – Қадир-ы Күллi Шей, құдіреті шексіз бір Аллаhқа ғана тән, өзіндік белгi, Оның аяты.Тылсым дегені – Иман арқылы ғана ашылатын жаратылыстың хикмет сыры. Ол сырды ашатын кiлт: және аяттары болып табылады.

53Айдаhардың аузы бақшаның есiгiне айналуы мынаны білдіреді; қабiр – Құдайдан безген азғындар үшiн зындан сияқты тар түнек, айдаhардың iшiндей тар қапас. Ал, имандылар мен Құран жолында жүргендер үшiн мына зындан секiлдi тар дүниеден әлдеқайда кең, мәңгi нұр бағына апаратын есiк әрi сынақ алаңынан тынығатын пейіш-саябаққа бастайтын қақпа. Жыртқыш арыстанның жуас атқа айналып, сәйгүлік болуы; Құдайдан безгендер ажалды жақын тума-туысқаннан мәңгiге айыратын сұм ажал деп, өздерiн мына жалған дүние жасанды жұмақтан шығарып, өте қорқынышты қабір дейтін зынданға жападан-жалғыз қамап тастайтын қапас деп түсінеді. Ал, хақ жолындағы имандыларға өлім деген бақилыққа аттанып кеткен достарына, ағайын-туыстарына қауыштыратын әрі мына тар дүниеден кең Жұмаққа кіргізетін нағыз отандарына оралу, мәңгi бақыт әлемiне көшу деп ұғады. Рахман-ы Рахимның мейiрiмдiлiк қазынасынан, Оның фазылымен дүниеде атқарған еңбегінің ақысын алуға кезекке тұру, дүниенің ауыр мiндетiнен босатылу, құлшылықтан, емтиханнан, тәлiм алудан азат болу деп түсінеді.Сонымен, кiмде-кiм мына фәни дүниенi, баянсыз өмірді басты мақсат қылса, сырт көзге Жәннатта жүргендей көрiнгенiмен негізінде рухы Тозақта жүргендей жаны мазасызданып қиын күй кешеді. Ал, кiмде-кiм мәңгi өмiрдi қалап, ақыретке

54шын ықыласымен дайындалса, екі дүниенiң бақытын табады. Бұл өмірде азап көріп қиналса да фәни дүниенің – Жұмақтың уақытша күту залы деп бiліп, сабыр сақтап шүкіршілік етеді...

55ТОҒызыншы сөзУа, бауырым! Намаздың белгiленген бес уақытта оқылуының көптеген хикметтерi бар. Бiр ғана хикметiн баяндап берейiн.Әрбiр намаздың уақыты – маңызды кезеңнiң бастамасы және Қа дир-ы Зүлжәлалдiң әлемді керемет басқарып тұрғанын көрсететін сәт, жарқын айна, әрі сол басқару кезiнде жаппай мейiрiмдiлiк жасап отырғанын аңғартатын мезет. Сондықтан осы уақыттарда Аллаһ Тағалаға неғұрлым тағзым, анағұрлым шүкiр ету, Оны мадақтау және екi уақыт арасында біріккен нығметтеріне шүкiр етiп, Жаратқанды ұлықтау болып табылатын Намаз мұсылмандарға парыз болған. Осы терең мағынаны ұғындыратын «бес түйiн»бар. Соны нәпсiммен бiрге сен де тыңда!

56БIрIншI ТҮЙIн: Намаздың мағынасы, Хақ Тағаланы тәсбих, тағзым, хамд яғни дәріптеу, ұлықтау, шүкiр ету. Басқаша айтқанда Оның Жәлал сипатын тiлiмен «сүбханаллаh» деп, Оның еш нұқсансыз, әсте кемшiлiгi жоқ екенiн бiлдiру... Һәм Оның Кәмал сипатын «аллаhу Әкбар» деп ұлықтау, Һәм Оның Жамал сипатына шын жүректен, жан-тәнiмен «Әлхамдүлилләh» деп разы болып шүкiр ету. Демек, тәсбих, тәкбiр, хамд намаздың дән-дәнектері болып табылады. Сондықтан намазда осы сөздер жиi кездеседі. Және намаздың соңында да мағынасын одан әрi бекітіп, қуаттау үшiн осы қасиеттi сөздер отыз үш рет тағы қайталанып, қорытындыланады.еКIншI ТҮЙIн: Ғибадаттың мәнісі Хақ Тағаланың алдында құл өзiнiң айып-кемшіліктерін, әлсiздiгi мен пақырлығын мойындап, Оның Рубубиетiнiң, Рақымының, Құдiретiнiң ал-дында тамсана, сүйсiне сәжде жасау. Яғни, Иләһи Рубубиеттiң үстемдiгi қалайша құлдың бағынуын талап етеді, сол секілді Оның ұлылығы мен пәктiгi де құлдың өз кемшiлiктерін көрiп, кешірім сұрап, Жаратқан Жаббардың кемшiлiксіз, пәк және әлемдегi нұқсандықтардан ада, адасқандардың бұрыс пікірінен басқа екендiгiн біліп тәсбих етуін, яғни, «сүбханаллаh» сөзімен жария етуін талап етедi. Сондай-ақ, Рубубиеттiң аса құдiреттiлiгi де құл өзінің әлсiздiгiн және бүкiл жаратылыстың

57әлсiздiгiн көрiп, Самәдани алып Құдiретке қайран қалып, «аллаhу Әкбар» деп өзін төмендетіп бас иiп, рукуғ жасап, жалбарынуын, тәуекел етуiн талап етеді. Сондай-ақ, Рубубиеттiң мол мейiрiмдiлiгі, оның шексіз бай қазынасы да құлдың өз мұқтаждығын hәм бүкiл жаратылыстың мұқтаждықтарын көріп, дұға ету арқылы Раббысы берген нығметтерге «Әлхамдүлилләh» деп шүкiр етуін талап етеді. Демек, намаздағы iс-қимыл, оқылатын дұғалар осы мағынаны бiлдiретіндіктен Аллаh тарапынан бекiтiлген.ҮшIншI ТҮЙIн: Әлемнiң жиынтығы, мазмұны адамзат дейтін болсақ, «Фатиха» сүресi де Қасиеттi Құранның нұрлы мазмұны. Ал на маз болса барлық құлшылықты қамтитын нұрлы мазмұндама. Ол бүкiл жа ратылыстың құлшылықтарына ишара ететін бейне бір тізбек, үлгі іспеттес.ТөрТінші ТҮЙін: Көз алдымызға апталық бір сағатты елестетейік. Оның секөнд, минөт, сағат және күндердi санайтын тiлдерi бар, Олар бiрiн-бiрi мегзеп, бiрiнiң-бірі үлгiсі ретінде, бiрiнiң орнын бірі басады. Сол сияқты Аллаh Тағаланың «әлем»атты сағатына назар салайық. Күндiз бен түн ол сағаттың секөнтін, жылдар – минөтін, адам өмiрi – сағатын, дәуiрлер болса – күндерiн көрсететiн тiлдерi секілді. Бұлар бiрiнiң орнын бiрi басып, бір-бірін еске салады.

58Мәселен, таң намазының уақыты. Ол - бізге ерте көктемді әрі адам баласының ана түскен сәтін, сондай-ақ алты күнде жаратылған Жер мен Көктің алғашқы кезеңін еске түсіреді. Сол кезеңдердегі Аллаhтың істерін еске салады.Бесін намазының уақыты. Ол - жаздың орта шеніне әрі жастық шаққа және әлем жаратылып оған Адамның түскен кезеңіне ұқсайды. Сол уақыттардағы мейірімі мол Аллаhтың шексіз қамқорлығын, мол нығмет беруші екенін еске салады.Намаздыгер уақыты. Ол - күз мезгілі тәрізді әрі кәрілік шаққа һәм Мұхам мед (с.а.у.) пайғамбарымыздың дәуіріндегі бақытты ғасырға ұқсай ды. Аллаhтың сол кезеңдердегі істері мен жарылқауларын еске түсіреді.Намазшам уақыты. Ол - күз маусымының аяқ шенінде көптеген мақұлықтардың көзден таса болуын және адамның қартайып қайтыс бо латынын әрі қиямет қайым болып, дүниенің қирайтынын еске салып, Қаhhар-ы Зүлжәлалдың құдіретінің шексіздігін аңғартып, адамзатты бейқамдық ұйқысынан оятатын, қатаң ескерту жасайтын кез.Құптан намазының уақыты. Ол - түнгі әлемнің күндіз көзге көрінгендерді жаппай қара кебінге оранғанын hәм қыс мезгілі болып, өліп қалған жер беті өзінің ақ кебініне оранған сәтін, hәм қайтқан адамдардың қалдырған іздері де

59бірте-бірте көмескіленіп, өшіріліп қалатынын әрі сынақ алаңы – дүниенің тамамдалуын ескерте отырып, Қаhhар-ы Зүл жә лалдың өте жойқын құдіретінен хабар береді. Жалпы түн – қыс мез гілін және қабірді, берзах әлемін мегзеп, адамзат рухы Рахманның ме йіріміне қаншалықты мұқтаж екенін пенденің есіне салатын мезет. Түн ортасында тұрып оқылатын «тәhәджүд» намазы болса, ол – берзах түнінде, қараңғы қабірде аса қажет жарық, нұрсәуле екенін білдіреді, ескертеді. Сондай-ақ осы аталған барлық өзгерістердегі Мүним-і Хақиқидың шексіз ырыс-несібесін, мол нығметін ойға салып, оның мадақтауға қаншалықты лайық екенін жар салады.Ал, келесі атар таң болса, хашір таңын, яғни, махшарда қайта тірілудің хақ екенін еске түсіреді. Әрбір түннен кейін таң бозарып атуы және қыстың соңынан көктемнің келуі қаншалықты жөн әрі қажет, өте анық болса, хашір таңының атуы мен берзах көктемінің келуі де дәл сондай күмәнсіз.Демек, бес уақыттың қай-қайсысы болса да маңызды кезеңдердiң бас тамасы әрi iрi өзгерiстердi еске салады. Әрі осы арқылы Самәдани Құдi реттің бiр күндегі iстерiне ишара ете отырып, Құдайдың құдi ретiнiң бiр жылда, бiр ғасырда, бiр дәуiрдегі таңғажайып iстерiн, мол мейiрiмдiлiгiн, құдіретiнiң керемет шексіздігін, бізге бұйырып жатқан баға жетпес сыйлықтарын көңiлге ұялатады. Олай

60болса, адамның басты мiндетi – құлшылықтың, ал оның ең басты парызы – намаздың осындай белгілі уақыттарда оқылуы тиіс әрi өте орынды.БесIншI ТҮЙIн: Адам – өте нәзiк жаратылыс. Солай бола тұра оған барлық пәле үйiр, жайсыз оқиғалар оны ренжiтедi, көңілін қалдырады. Ол – әлсiз әрi қауіп-қатері, дұшпандары бастан асады. Ол – өте пақыр, мұң-мұқтажы да көп. Өзi жалқау әрi бейшара, өмiр тауқыметi тым ауыр. Пендешiлiк оны күллi әлеммен кiндiктестiре байланыстырып тастаған. Сүйгендерi мен бауыр басқандары бірте-бірте одан алыстап, қол үзе береді. Ол да қамығып, қайғырады. Ақылы оны биiк мақсаттарға жетелеп, мәңгiлiкке ұмтылдырады. Алайда, қолы қысқа, өмiрi келте, күш-қуаты аз, сабыры кем.Мiне, осындай күйдегі рух, таң намазы кезінде Қадир-ы Зүлжәлал, Рахим-ы Зүлжамал Аллаһтың алдында жалбарынып намаз арқылы өзiнiң талап-тiлектерін өтiнiп, Одан сәттiлiк пен медет сұрауға қаншалықты зәру, мұқтаж десеңiзшi! Бұл оған күндiз атқаруға тиiстi мiндетi мен жұмысына қажымау үшiн күштi қуат көзі, демеу екенi түсiнiктi болар.Бесiн намазының уақыты – Күннiң әбден толып, батуға бет алған кезi және күнұзаққа атқарылған iстердiң көзге көрiнетін сәті. Дүние жалғанның ауыр жұмысынан шаршап қажыған жанның демалатын кезi. Әрi Аллаhтың шашқан

61ырыс-несібелері көзге көрiнетiн кез. Осы уақытта адам рухы дүниелік қыспақтардан құтылып, немқұрайлықтан арылып мағынасыз да баянсыз нәрселерді қоя тұрып, Қаюм-ы Бақи, Мүним-i Хақиқидiң құзырына шығып, қолын айқастыра ұстап, күндiк нығмет-несібеге шүкiр етiп, мадақтап, одан жәрдем тiлеу және Оның Жалалы мен Аза метiне, Ұлық сипаттарына қайран болып рукуғ жасап, иіліп, өзiнiң әлсiздiгiн бiлдiру әрi Кәмал-ы Бизәуәл, Жамал-ы Бимысал Аллаһтың алдына бас иіп сәжде жасап өзiнiң таңғалысын, сүйiспеншiлiгiн, түк еместігін бiлдiру болып табылатын бесiн намазын оқу, неткен рахат, тамаша әрі өте қажет hәм ақылға қонымды амал. Мұны түсiнбеген адамды адам деуге болады ма?намаздыгер уақыты – Күз мезгiлiнiң жабырқау уақытын, кәріліктің аянышты, көңiлсiз шақтарын, ақырзаманның қасiреттi кезеңдерін еске салады, hәм бiр күндiк iстiң қорытындыланатын кезi, hәм сол күнгі денсаулық, атқарылған игi iстер Аллаhтың берген нығметтерi екені анық сезiлетiн сәт. Алып Күннің өзi бату арқылы бізге былай дегендей: «адам бұл дүниеге қонақ әрi мойнында көп мiндет жүктелген қызметшi. Барлық нәрсе өткiншi»Иә, мәңгiлiктi қалайтын, мәңгiлiк үшiн жаратылған, сыйлағанды жақсы көретiн, қоштасудан қорқатын, аяқталғанға қайғыратын адам жаны

62осы уақытта дәрет алып, намаздыгер намазын оқу үшiн Қадим-ы Бақи Қаюм-ы Сәрмәдидiң алдына шығып, өзiнiң жағдайын айтып жалбарынып, әрi шексiз мейiрiмдiлiгiнiң iлтипатынан пана тілеп үйіп-төгіп берген нығметтерiне шүкiр етiп, Иззет-i Рубубиетiне еңкейген түрде рукуғ жасап, Сәрмәдиет-i Улухиетiне кішіпейілділікпен сәждеге басын тигiзеді. Осылайша, көңілін бір демеп, өзін жұбатып, жаны жай тауып, Аллаhтың құзырында құлдық ұру болып табылатын намаздыгер намазын оқу қаншалықты қажеттi десеңізші! Бұл ең басты мiндет, киелі қызмет, өтелуі тиiс борыш, адамды бақытқа бөлейтiн амал. Мұны адам болғандар түсiнер.намазшам уақыты – Күн суытып қыс келiп, жаз бен күзде тiршiлiк еткен әлсіз мақұлықтардың көзден таса болып, өкiнiштi қоштасу кезеңiн еске салады. Һәм адамның ажалы жетiп, дос-жарандары, жақын туыстарымен бақұлдасып, қабiрге енер кезiн еске салады. Һәм алапат жер сiлкiнiсі болып, барлық тұрғындарының басқа әлемге көшетінін және сынақ дүниесінің шамы – Күннiң сөнетiнiн елестедi. Өткiншi нәрселерге ынтық болғандарға қатал түрде ескерту жасайды.Мiне, осы уақытта намазшам үшiн Жамал-ы Бақиға табиғаты құштар әрi оның айнасы болып табылатын адам жаны, осы алып iстердi атқарған, әлемдi шыр айналдырып мың құбылтқан Қадим-ы

63Ләмязалды ойлап тұрақсыз фәнилерден бет бұрып, «аллаhу Әкбар» деп, Иләһи қызмет үшiн, яғни, намаз оқу үшiн Дәйiм-i Хақиқи Аллаһтың алдына шығып, «Әлхамдүлилләh» сөзімен Оның мiнсiз кемелдiгiн, теңдесi жоқ көркемдігін, шексiз мейірімділігін мадақтап деу арқылы қосақсыз Рубубиетiне, серiксiз Улу хиетiне, уәзiрсiз билiгiне бас иiп, жәрдем сұрайды.Сондай-ақ, Оның шексiздігіне, асқан құдіретiне тағзым ретiнде рукуғ жасап еңкейiп, Аллаhтың алдында бүкiл әлеммен бiрге өзiнiң әлсiз, бейшара екенiн бiлдiре отырып: деп, Рабб-ы Ағзимын ма дақтап әрі пәктеп Оның көркемдігіне, баянды да әсем, еш өзгермейтiн сипаттарына, тұрақты кемелдiлiгiне арнап кішіпейілділікпен сәжде жасап, Аллаhтан басқа, барлық баянсыз нәрселердi тастап Жаратқанына деген сүйiспеншiлiгiн құлшылығы арқылы бiлдiрiп, hәм бүкiл фәнилердiң орнына бiр ғана Жәмил-i Бақиды тек бiр Рахим-ы Сәрмәдидi сөзімен ұлықтап Рабб-ы Ағласының мiнсiз екенiн, Оның аяқталу дегендi бiлмейтiн, кемшiлiк атаулыдан ада сипаттарын растап, тiзе бүгеді. Күллi жаратылыс атынан олардың жасаған ғибадаттарының жиынтығын, әсем салауаттарын өз атынан Жәмил-i Ләмязәл, Жәлил-i Ләязәл Раббысына ұсына отырып,

64Оның жіберген Расул-і Әкрам Пайғамбарына сәлем айтып, оның пайғамбарлығын растап, әмiрлерiне мойынұсынатындығын бiлдiредi. Иманын жаңалап, нұрландыру үшiн бүкiл әлемнiң әдiл де жүйелi тәртiптiлiгiн тамашалап, Сани-ы Зүлжәлалдың Уахданиетiне, бiрлiгiне куәлiк етедi. Һәм Аллаhтың толық билеп-төстеуші екенiне айғақ болған «әлем» атты кiтаптың аудармашысы әрi дәлелдеушiсi Мұхаммед-і Араби ғалейhиссалату уәссәләмнiң елшi екенiне куәгерлiк боп есептелетін ақшам намазын оқу, неткен рахат әрі жеңіл әрі маңызды қызмет, әдемi құлшылық, терең ақиқат, әрі мына фәни дүниедегі бақи сұхбат әрi шексіз бақыт екенiн түсiнбеген адамды қалай адам деп айта аламыз?Құптан намазының уақытыболса, қараңғылық түсiп, күндiз көрiнген нәрселер көзден таса боп, түн әлемi қаптаған сәт. болып табылатын Қадир-ы Зүлжәлалдың әлгiндей ақ парақты қара параққа айналдыруындағы Раббани билiгiн, сондай-ақ жаздың әсем де жасыл парағын қыстың суық әрi ақ парағына алмастыруындағыболып табылатын Хаким-і Зүлкамалдың алып iстерiн көз алдымызға елестетедi. Һәм марқұм болған кісілердің естелiктері заман өте ұмытылып қалуы және жаратылғанның бәрі

65басқа әлемге көшуi «өлiм мен өмiрді жаратқан аллаһтың» ісiн еске салады. Һәм тар әрi қу, түкке тұрғысыз бұ дүниенiң түгi қалмай әбден қирап, тас-талқан болып, сосын кең әлемге айналар кездегi Жер мен Көктiң жаратушысы Аллаhтың Жалали билiгiн және Жамали құдретін еске салатын мезгiл. Осылайша, күндiз бен түндi, қыс пен жазды, дүние мен ақыреттi кiтаптың парағындай ауыстырып, өзгертетiн бiреу ғана – мына әлемнiң Мәлик-i Мутасаррыф-ы Хақиқисы, Мағбуды әрi Махбуб-ы Хақиқисы бола алады. Мiне, осындай құбылыстарды толық билеп, басқарып тұрған тек қана Қадир-ы Мұтлақ Аллаһ екенiн көрсететін кезең.Иә, өте әлсiз, мүсәпiр hәм пақыр, мұқтаж адамзат рухы, болашақтың түпсiз түнегіне батып, бейне бір аласұрған толқынды теңiзде шайқалып кетiп бара жатқандай. Енді ол Құптан намазын оқу үшiн әлгіндей мағынадағы құптан уақытында Ибраhим (Ғ.С) тәрiздi деп, Мағбуд-ы Ләмязәл Махбуб-ы Ләязәл Аллаһтың алдына намаз арқылы шығып, жалбарынады. Фәни әлемде, баянсыз өмiр-де, қараңғы дүниеде Бақи-ы Сәрмәдиге мiнәжат етiп, онымен аз да болса бақи сұхбат құрады. Мәңгi өмiрдiң бiр сәтiн пайдаланып, ішкі дүниесін нұрға толтырып, өзіне жарқын болашақ сыйлайтын және оны қоршаған ортадан, сүйiктi жандарынан

66қоштасқанда пайда болатын жүректегі сызаттарға шипа беретін Рахман-ы Рахимнiң iлтипатын әрi нұр сәулесiн сезiп, Оның мейiрiмдi жарылқауы мен hидает нұрын өтініп сұрайды... Һәм бiр сәтке мұны ұмытып, жасырынып қалған дүниенi бұл да ұмытып, жүрегiн сыздатқан дерттердi, аса қамқор Аллаhқа қынжыла ақтарады.. Һәм не болары бел-гiсiз, өлiмге ұқсас ұйқыға кiрер алдында, соңғы құлдық мiндетiн атқарып, ақыры қайыр болсын деп намазға тұрады, яғни барлық өткiншi сүйіктілердің орнына бiр ғана Аллаhты ойлап алдына тізе бүгеді. Сондай-ақ, бейшара адамдарға жалынудың орнына Қадир-ы Кәрим бір Аллаһқа жалынады және зәресiн алып қорқытқан қауіптілердің бәлесiнен құтылу үшiн Нағыз сақтаушы Хафиз-ы Рахимдi пана тұтады... Һәм «Фатиха» сүресiмен кiрiспе жасайды, яғни, түкке татымайтын, мақтауға лайық емес, нұқсан, пақыр жаратылысты мақтаудың орнына Кәмил-i Мұтлақ, Ғани-ы Мұтлақ, Рахим әрi Кәрим Рабб-үл Аламиндi мақтап дәріптейді.Һәм деп өзінің кiшкене болмысы мен жалғыздығына қа ра мастан, шексiздiк иесi – Мәлик-i Иәумиддинге сенімін қуаттап бүкiл әлемдегi ерке де сыйлы қонақ, маңызы зор қызметшi дәрежесiне биіктеп, деп бүкiл жаратылыстың атынан әлемнiң қалың жамағаты

67мен жалпының жа саған құлшылықтары мен тiлек-дұғаларын Жаратқанға ұсынады... Һәм деп, болашақтың қараңғы түнегінен аман алып өтіп мәңгiлiк бақытқа жетелейтін нұрлы да тура жол – «сыратал мұстақим» сұрайды.. Һәм осы кезде ұйықтап қалған жануарлар мен өсiмдiктер әлемі тәрiздi ұясына батқан Күн мен жалт-жұлт еткен жұлдыздар, Аллаhтың тiл алғыш әскерi секілді «әлем» атты қонақжайында шам мiндетiн атқарып тұрғанын тамашалап, Аллаhтың шексіз құдіретiне тамсана «аллаhу Әкбар» деп еңкейiп, рукуғ жасайды... Һәм барлық мақұлықтардың жаппай сәжде қылғандарын көріп, осы түнде жатып қалған мақұлықтар сияқты әр жылдағы, әр ғасырдағы түрлi-түрлi болмыстар, тiптi жер жаhан, керек десеңiз, дүние бейне бiр Оның тәртiптi әскерi, тiл алғыш жауынгерлері секiлдi дүниеуи құлдық мiндетiнен әмiрiмен босатылып, яғни, ғайып әлемiне жiберiлген кезеңін еске салады. Яғни, олар бейне бір жүйелi түрде көкжиек жайнамазында «аллаhу Әкбар» деп сәжде жасап жатқандай.Сондай-ақ әмiрiмен келесi көктемде, олардың кейбiрi дәлме-дәл, кейбiрi

68ұқсас түрде хашір болып яғни қайта тiрiлiп, тiк тұрып Аллаhқа қызмет етуге дайын тұратыны сияқты, мына бiр кiшкентай адам баласы да соларға iлесiп, Рахман-ы Зүлкамалдың, Рахим-ы Зүлжәлалдың құзырында тамсана әрі сүйсіне, мәңгі бақи кішіпейілдікпен, абыройға бөлейтін инабаттылықпен «аллаhу Әкбар» деп сәжде жасайды. Яғни, бейне бiр «миғражға» көтерiлу болып табылатын құптан намазын оқу, неткен ғажап, неткен тамаша ғибадат, маңызды мiндет, өте орынды қызмет және керемет құлшылық, мәнісі зор ақиқат екенiн әлбетте түсiнген шығарсың.Демек, намаздың бес уақыты әрқайсысы маңызы зор кезеңдердi мегзейді, соның ишара-белгілері, мағынасы терең сырларды қамтиды әрі Раббани алып iстерден хабар береді және Аллаhтың жаппай ризықтандыру, жарылқау кезеңдерiн еске салады. Міне, адам баласының мойынындағы борышы әрi парызы болып табылатын намазды осы уақыттарға сәйкес, бөліп оқу шексiз хикметтi-ақ!

69ЖИырМа Бірінші сөз[екі бөлімнен тұрады]Бiрiншi бөлiмБiр күнi жасы үлкен, iрi денелi, мәртебесі де жоғары бiр кiсi былай дедi: «намаз оқыған жақсы ғой. Бірақ, күн сайын бес рет оқу тым көп. Бiтетiн де түрi жоқ, адамды жалықтырып жiбередi екен». Оның бұл сөзiнен кейін нәпсiмді тыңдадым. Нәпсiмнен де есiт кенiм сол болды. Сөйтсем, бұл да құлағы салбырап шайтаннан сабақ алып, жалқаулыққа басып отыр. Манағы адам, бұны күллi нәпсi атаулының атынан айтқанын немесе айтқызып тұрғанын сонда білдім. Мен де: «Демек, менi жамандыққа итермелейтiн өз нәпсiм екен. Нәпсiсiн тыя ал маған адам, кiмдi жөнге салушы едi?! Олай болса, әуелi өз нәпсiмнен бастайын,» - дедім.

70Ей, нәпсi! Көрсоқыр болып, жалқаулыққа салынып, бейқам түрде айтқан сөзiңе «бес ескерту»айтайын.БIрIншI есКерТУ: Ей, сорлы нәпсiм! Мәңгі өмiр сүремін деймісің? Келесi жылы, тiптi ертең өмiр сүретiнiңе қолыңда кепiлдiгiң бар ма? Сенi жалықтырып тұрған мәңгi жасау ойы. Дүниеде мәңгі рахатқа бататындай, кергисiң. Өмiрiң қысқа әрi босқа өтiп жатқанын бiлсең ғой. Негізінде мәңгi өмiрге, нағыз бақытқа бөлейтін тамаша да мәндi қызметке яғни намазға ең болмаса күнде өмiрiңнiң жиырма төрттен бiр бөлiгiн жұмсап жатқаныңды ойласаң жалықпақ түгілі құлшынып ықыласпен оқыр едің.еКIншI есКерТУ: Ей, қомағай нәпсiм! Апырым-ай, күнде нан жей сiң, су iшесiң, ауамен демаласың. Оған жалығасың ба? Әрине, жалықпайсың. Өйткенi, тәнiңе әрдайым қажеттi болғандықтан жалық пай, қайта тәбетiң артып, рахаттанасың. Олай болса, тәнімдегі сенiң көршің әрі серiгің болған жүре гiмнiң қорегі, рухымның өмiр суы, жанымның азығы, iшкi сезiмдерiмді баурап алатын намаз, сенi жалықтырмауы керек. Жылауы мен күлуі, қайғысы мен қуанышы, мұңы мен шаттығы қатар жүретiн жұдырықтай жүрек күш-қуатты, азық-нәрді қайдан алады дейсiң? Ол, бүкiл әлемнiң иесi Рахим-ы Кәримнiң рахымшылық есiгiн жалбарына қағу, жалыну арқылы келедi.

71Мына жалған дүниеде жалт етіп жүректi жаралап кететiн көп нәрселер бар. Көңiл солардың бәріне алаңдайды. Сол жаралы жүрек пен албұртқан көңiлдiң жұбанышы мен азығы, шипасы тек қана Мағбуд-ы Бақиға, Махбуб-ы Сәрмәдиге арнап намаз оқып, жалбарыну болмақ. Жаратылысы мәңгiлiктi қалайтын, мәңгiлiк үшiн жаратылған, бастауы мен соңы жоқ Аллаhтың айнасы, өте нәзiк те сезiмтал әрi саналы адамның iшкi дүниесi, Аллаhтың сүйкiмдi құлы болып табылатын рух, мына қараңғы әрі жанды күйзейтiн жалған дүниеде, әлбетте демалып, тыныс алуға өте мұқтаж-ақ. Рух намаз оқу арқылы тынығып дем алады.ҮшIншI есКерТУ: Ей, сабырсыз нәпсiм! Өткен күндерде болып кеткен құлшы лықтарды, намаз оқығандағы машақатты бүгін ойлап, сондай-ақ, ке йін жасалатын құлшылық-намазды қазiрден бастап уайымдап са быр сыздану ақылға қона ма? Мұндай сабырсыздықты мынадай есалаң қолбасшыға теңеуге болады.Жаудың оң жақ қанаты оның оң жақ қанаттағы әскерінен жеңіліп қаруларын тастап тәсі лім болған. Олар тың күш ретінде арқасында демеу бола тұра, әлгі қолбасшы негiзгi күштi де оң қанатқа жұмсап орталықты әбден әлсiретiп жібереді. Оның үстiне жау әскерi келмеген сол қанатқа да әскер жiберiп, «атыңдар!» деп, бұйрық бередi. Әрине, мұны байқаған жау, ор талыққа лап қойып, күл-талқан

72етедi. Сен де сондай қолбасшыға ұқсайсың. Өйткенi, өткен күндердегі қиыншылықтар кетіп, одан мейiрiмді сауап iздер қалған. Азабы кетіп, рахаты қалды. Қиыншылықтар мейірім шуақтарына, машақаттары сауапқа айналды емес пе? Олай болса, өткен шақты ойлап жалықпай қайта құлшынып рахаттана жігер таныту керек-ті. Ал, келешек болса әлi келген жоқ. Оны қазiрден бастап уайымдап жалығу бейне бір сол кездері «не жеп, не iшедi екенмiн» деп дегбірсізденіп байбалам салу секілді ақымақтық. Бұл ақиқат. Ендеше ақылың болса, құлшылық кезінде тек бүгiндi ойла! «Күнде бiр сағатымды пайдасы мол, әрі рахат әдемi де маңызы зор қызметке жұмсап жатырмын»де! Сонда сенің жалығуың, ерінуің ықыласты құлшынысқа айналады.Ей, сабырсыз нәпсiм! Сен, үш түрлi сабыр сақтауға міндеттісің!Бiрiншісі: Итағатқа сабыр, яғни құлшылық жасап, Аллаhқа мойынсұну кезiнде сабыр сақтау.екiншiсi: Күнәлардан сақтану кезінде сабыр сақтау.Үшiншiсi: Қиыншылыққа, бәлеге ұшырағанда сабыр сақтау. Ақылың болса, мына үшiншi ескертуден дәріс ал! Мәрт бол! «Иә, сабур!» деп, Аллаhқа жалын! Үш жағдайда сабырлы бол!

73Әрнәрсені уайымдай бермей Құдайдың берген сабыр қуатын орынды пайдалансаң кез-келген қиыншылыққа, түрлі бәлелерге шыдап төтеп бересiң. ТөрТIншI есКерТУ: Ей, есалаң нәпсiм! Жасалған құлшылық босқа кетеді немесе пайдасы аз, өтемi жоқ деп жалыға мысың? Алайда, бiреу саған ақша беремiн десе немесе қорқытса, сен кешке дейiн жұмыс iстеуге дайынсың әрі берiлiп тұрып істейсің. Апырм-ай, мына «дүние» атты қонақжайда, әлсiз де пақыр жүрегiңнiң құты мен қуаты және мiндеттi түрде баратын қабiрде азық пен жарық болатын, әрi сөзсіз болатын «махшардағы»сотта ақтаушың, жақтаушың сондай-ақ, қаласаң да қаламасаң да өтуiңе тура келетiн сырат көпiрiндегі көлiгiң, нұрың, пырағың болып табылатын намаз, қалай пайдасыз тиімсіз, өтемi аз болмақ? Бiреу жүз ділдә беремiн десе, сенi жүз күн бойы жұмыс істеді. Алайда, уәдесін орындамауы мүмкін ғой. Сонда да сенiп, аянбай жұмыс iстейсiң. Апырым-ай, сөзден таюы мүмкін емес, уәдесін бұлжытпай орындайтын Құдрет, «ғибадат қылсаң ақысына мәңгi бақыт, Жұмақ сыйлаймын!» деп уәде берсе, сен болсаң Оның ұсынған уақытша әрi жеңiл әмірін орындамасаң немесе селқос, ат үстi қарасаң яки сөзіне сенбегендей немесе сыйлығын азсын ғандай шала-пұла істесең өзiңнiң ауыр жазаға кесілетінiңдi бiлесiң бе? Адамдар түрмеге қамалудан қорқып

74ауыр жұмыстар істеп жатады. Апырмай Тозақта мәңгi бақи қамалу қаупі өте жеңiл әрi оңай қызмет намаз оқуға ынталандырмай ма?БесIншI есКерТУ: Ей, дүниеқор нәпсiм! Апырым-ай, сенiң намаз дағы кемшiлiктерiң, құлшылықтан тартыншақтауыңның түп себебi күй бең тiршiлiктiң көптiгiнен бе? Күйбең тірлік, жұмыстан қолың тимей ме? О, тоба! Барлық уақытыңды бұ дүниеге жұмсайтындай тек бұл дүние үшiн жаралғансың ба? Қабiлет жағынан барлық жануардан асып, жоғары бола тұра дүниелік тұрмысқа келгенде торғайға да iлесе алмайтыныңды білемісің? Ендеше, сенiң басты мiндетiң мал секілді ішіп-жеп уақыт өткізу емес, адам сияқты баянды әрі нағыз өмiр мәңгілік үшiн еңбек ету. Сенің күйбең тiрлiк деп жүргенiңнiң көбiсiнiң саған қатысы жоқ нәрселер. Босқа шатысып, шатастырма! Мың жыл өмiр сүретiндей ең маңыздысын тастап, түкке тұрғысыз бос нәрселермен шұғылданасың. Мәселен, «сатурн планетасының айналасындағы қалқанның пiшiнi қандай?» не месе «америкада тауықтар қанша тұрады?» деген сияқты пайдасыз нәрселер-мен қымбат уақытыңды босқа өткiзудесiң. Бейне бір астрономия, статистика пәндерi арқылы кемелденетіндей. Әлде, «маған намаз оқытпай, құлшылық жасатпай жүрген мұндай бос нәрселер емес.

75шынымен нан тауып, күн көрудің қамы» десең, оның жауабы: «егер сен күнде жүз теңге табатын жұмысы істеп жүрсең, бiреу келiп: «Кел, мына жердi он минөт қаз! Жүз дiлдә тұратын жақұт, асыл тас табасың» десе, сен оған: «Жоқ, мына күнделiктi он жүз теңгелік нәпәқам, ризығым азаяды» десең, барып тұрған ақымақтың сылтауы. Сол сияқты сен мына бау-бақшада тұрмыс қамымен еңбек етiп жүрсiң. Егер, сен парыз намазды оқымасаң, еңбегiңнің жемісі тек бұл дүниелiк болып, берекесіз, жәй күнелтудiң қамымен жүрген пақыр боласың. Егер сен, тынығу уақытыңды көңiлді жайлатын, рухты рахаттандыратын намазға арнасаң, онда тапқан табысыңда береке бітіп, ақыретте азық болатын, әрі сенi байлыққа кенейтіп екі пайда көзін табасың.Бiрiншiсі: Бағыңда өсірген (Сілтеме) жемiс-4жидектің әрқайсысының зiкiрiне, яғни олардың Аллаhты дәріптеген амалдарына сен де ортақ боласың. Яғни, ниетiң адал болса, олардың зiкiр салғанынан сен де сауап аласың.екiншiсі: Сондай-ақ, мына бақтан шыққан жемістерді кім жесе де мал-жан, құрт-құмырсқа, тұтынушы тiптi ұры жесе де садақа болады. Алайда мұның шарты бар, егер сен оны Рәззақ-ы Хақиқи, Аллаһтың атымен атқарып, оның рұқсат Сiлтеме. Бұл дәрiс, бауда бір кісіге айтылған еді, сондықтан осылай жазылған.

76берген алаңында, шариғатымен жүрсең әрi оның мүлкiн өзiнiң жаратқандарына таратушы екенiңдi мойындасаң.Сонымен, бейнамаз адам, орасан зор зиян шегедi әрі мол байлықтан мақұрым қалады. Сосын еңбекке деген ынтаны арттыратын, көңiлiн демеп, күш-қуат беретiн жоғарыда аталған екi пайда көзінен құр қалады. Қартайған кезінде: «Керегi не, қартайдым. Мен ақыры өлемiн. Босқа әуре болып, несіне шаршайын» дейді де бау салудан жалығып жалқауланып жатып алады.Ал, әуелгi адам болса: «Көп құлшылық жасап, адал еңбек етейін. Мол сауап жинап қабiрiмде нұр, ақыретте азық болсын,» – дейдi.Қорытынды: «Ей, нәпсi! Бiлiп қой! Кешегi күн өтті кетті. Ал, ертеңгi күнге жететiнiңе кепiлдiгің жоқ. Олай болса, нағыз өмiр деп бүгiнді бiл. Әр күніңнiң ең болмағанда бiр сағатын ықтияттап келешек сын сәттерде қажет болады деп ақыреттiң сандығы секiлденген мешiтте немесе жайнамазда өткіз! Есiңде болсын, әрбiр таң саған және баршаға жаңа әлемнiң есiгi. Егер намаз оқымасаң сенiң сол күнгi әлемiң қараңғы түрде өкiнiшпен өте шығады. Сосын о дүниеде сенен шағымданып, қарсы куәлік ететін болады. Өйткенi, әркімге күнде мына әлемнен өзiндік әлем бұйырады. Ол әлемі пенденің көңiл күйiне, жасаған амалына байланысты.

77Мысалы, сәулетті сарайдың айнадағы көрiнiсi, айнаға, оның түр-түсiне байланысты. Егер айна лас болса сарай да лас немесе қызыл болса сарай да қызыл болып көрiнедi. Айна қисық болса сарай да қисық, айна тегiс болса әдемi боп көрінеді. Айнаның ақауы сарайдың көркiн бұзатыны секілді сен де көңіл-күйіңмен, ақылыңмен, амалыңмен өз әлемiңді жарқын немесе қараңғы яғни ертең ақыретте я пайдалы, я зиянды етіп өзiң туралайсың. Егер намаз оқып, мінәжат қылып Сани-ы Зүлжәлал Аллаһқа бет бұрсаң әлемiң нұрға толады. Намаз бейне бiр электр шамы тәрізді, ал намазға ниеттену оның түймесiн басу сияқты. Сонда мына дүние, ондағы шырғалаң, шым-шытырық оқиғалар, түсініксіз көрінген құбылыстар жүйелі де түсінікті тамаша боп құлпырып кетеді аяты сенiң жүрегiңе нұрын шашып әлемің гүл-гүл жайнайды. Сөйтіп әлемiңдi аят нұрландырып ақыретте пайдалы түрде алдыңнан шығады.Дат, тақсыр! «Мен оқып жүрген намаз бен мына намаз тең деймiсiң» деме! Өйткенi, құрманың дәнi құрма ағашын сипаттайды. Айырмашылығы тек дәннің жинақы түрде екендiгi. Сол сияқты екеуміз секілді қарапайым кiсiлер әлгі ақиқаттарды сезбесе де, ұлық әулиенiң намазы тәрізді әлгі нұрдан алар еншiсi, ақылы жетпесе де, әлгі намаздан өзiне тиесiлi үлесі болады.

78Алайда, ағаш пен дәннің айырмашылығы өсу дәрежелерi әр түрлі болатыны секілді намаздың да дәрежелерi әр қилы, оның да көп теген сатылары болмақ. Бiрақ барлық сатыда әлгі нұрлы ақиқаттың негiзi болады.

79сОҢы(аңқау басқа бiр тоқпақ немесе ғибратты сабақ)Ей, мына өмiрдiң қызығына тоймай, бейқамдықпен, ақыреттi ұмытқан, бейбақ нәпсiм! Неге ұқсайтыныңды бiлесiң бе? Түйеқұсқа. Ол аңшыны көрген сәтте ұша алмағандықтан жасырынбақ боп басын топыраққа сұға қояды. Бірақ, бейшараның iрi денесi аңшыға нысана болады. Басы топырақ астында көзi де жұмулы, көрмейтiн тек өзi ғана. Ей, нәпсi! Мына мысалға құлақ қойып, назарыңды сал! Жалған дүниеге қатты берiлудiң салдарынан өмірдің ләззаты өкініш пен қайғыға айналады. Мысалға, осы ауылда яғни Барлада екi адам бар дейік, оның бiрiсінiң ағайын-туыстарының жүзде тоқсан тоғызы Стамбұл шаһарына кетiп,

80сонда рахат өмiр сүруде. Мұнда бiреуi қалған, ол да кеткелі жүр. Әлгі адам Стамбұлды аңсайды. Ағайындарына қауышқысы келеді. Қашан баруға мүмкін туса деру ұша жөнелмек. Екiншi адамның достарының жүзде тоқсан тоғызы бұл жерден көшiп кеткен. Бірақ олардың қайда кеткенi белгiсiз. Бiр сыпырасы “iз-түзсiз жоғалып кеткен, қалғандарын көрдiм-бiлдiм деген тiрi жан жоқ. әбіржіп жүрген болар” деп ойлайды. Әлгі бейшара жоғалтып алған ағайынның орнына кеткелі жүрген қонақ бiр туысқанымен көңiл көтерiп, сол арқылы өзін жұбатқысы келедi. ей, нәпсi! Ең баста Хабибуллаһ, Мұхаммед Мұстафа (с.а.у.) одан кейiн бүкіл сүйiктi жандар қабiрдiң арғы жағына көшіп кетті. Бұл жерде қалған бiрең-сараңы болса олар да кетiп барады. Ажалдан қорқып қабiрден үркіп басыңды бұқпа! Қабiрге жiгiт сияқты тура қара! Сенен не сұрайтынын біл! Ажалдан тайсалмай, не керек екенiн сұра! Берiк бол, қапы қалып, екiншi адамға ұқсама! Ей, нәпсiм! “заман өзгердi, ғасырымыз басқа. адамдардың барлығы дүниеге өлiп-өшiп, қу тiрлiктiң соңында жүр. нан табам деп жаныққан жұрттың бәрi мас” деме! Өйткенi, ажал бiреу, өзгермейдi. Қоштасу құрып, орнына мәңгiлiк орнаған жоқ. Адамзаттың әлсiздiгi, оның

81мұқтаждығы таусылған емес, қайта көбейiп барады. Адамзат сапары аяқталмады, керiсiнше зымырап барады.“Мен де жұрт сияқтымын. Көппен бірге көреміз” деме! Өйткенi, олардың бәрi де тек қабiрiңе дейiн ғана серiк болады. Жұртпен бiрге көрермiн дегенiң қабiрдiң арғы жағында мағынасыз, бос әңгiме. Сен өзiңдi Иесізбін деме! Өйткенi мына “дүния” атты қонақжайға зер салып қарасаң, жүйесiз, мақсатсыз еш нәрсе көре алмайсың. Ендеше қалай ғана сен, мақсатсыз, бостан-бос қаласың? Жер сiлкiну тәрiздi құбылыстар кездейсоқ емес.Мәселен, жер шарына өсiмдiктер мен жануарларды араластырып тоқылған көйлек кигiзiлген. Сондай-ақ қарапайым да емес, өте хикметтi түрде тоқылғанын көре тұра, мақсатты түрде, өте жүйелi тәртiппен шыр көбелек айналдырылғанын бiле тұра жер сiлкiнiсiнiң кездейсоқ табиғат құбылысы екенiне қалай сенуге болады? Құдайдан безген бiреу жер сiлкiнiсiн табиғи апат, кездейсоқтық деп, апаттан зардап шеккендердiң шығынын, босқа кеткен, пайдасыз, ысырап деп, олардың үмiтiн үзiп, одан сайын түңiлдiредi. Бұл дегенiмiз жапа шеккендерге қастандық. Шындығында мұндай оқиғалар

82(сiлтеме ) 1Хаким-i Рахымның әмiрiмен иманды халықтың мал-мүлкiн садақаға айналдырып, фәни дүниесiн бақи дүниеге айналдыру. Нығметтерге шүкiр етпеуден туындаған күнәларының сазайын тарттыру, күнәсiн шаю болып табылады. Бiр күнi бiздi көтерiп жүрген Жер шары үстіндегі адамзаттың масыққанын, шүкiр етпей, жиiркенiштi күйге түскенін көрiп, Аллаһтың әмiрiмен қатты сілкініп қалады да күнәһарлардан тазарады. Аллаһтың әмiрiмен Құдайдан безгендердi Тозаққа тастап, Құдайға шүкiр еткендерге “қане, Жұмаққа кiрiңдер!” дейдi.Ciлтеме . 1Түркияның Измир қаласында жер сiлкiнiсi бо-лып, мысал ретiнде автор соны тiлге тиек етiп отыр.

83Ишарат-ул И’жаз кітабынан”Яғни: “Ей, адамдар! Сендердi және сендерден бұрынғыларды жаратқан Раббыларыңа құлшылық қылыңдар! Сонда тақуа мәртебесiне жетесіңдер. Құлшылық етiңдер! Өйткенi Ол, сендерге жер бетiн – төсек, аспанды – шатыр жасап, сендерге ризық болатын жемiс-жидек, басқа да қоректiк заттар шықсын деп, аспаннан жаңбыр жаудырады. Олай болса, Аллаһтың теңi бар деп, серiк қоспаңдар. Естерiңде болсын, Аллаһтан басқа Құдай жоқ. Жаратқан жалғыз – бір Аллаһ”.

84КірісПеҚұлшылық иманның шарттары мен үкiмдерiн жандандырып, оны санаға мықтап сiңдiредi. Құлшылықтың өзi Аллаһтың әмiрлерiн орындау, тыйым салғандарынан аулақ болу деген сөз. Адамгершiлiкке, ар-ұжданға сай иман шарттары, құлшылық жасау арқылы дамып қуаттанбаса, әсерi азайып, нәтиже бермейтiн болады. Бұған қазiргi Ислам әлемiнiң жағдайы куә. Сондай-ақ құлшылық дүние мен ақыретте бақытқа бөленудiң бірден-бір жолы. Сонымен қатар дүние мен ақыретке қатысты iстердi ретке келтіреді. Жеке басқа, қоғамға пайдасы мол, сондай-ақ, Жаратушы мен құл арасын байланыстыратын амал, қасиеттi дәнекер. Құлшылықтың адамның жеке өзіне қатысты, оның бақытты болуына себеп екеніне тоқталайық. Бiрiншiден, адам – бүкiл жан-жануарлар-дан ерекше және мерейі үстем жаратылыс. Сонымен қатар ғажайып сезiмтал рух иесi. Рухтың сезiмталдығынан көптеген талап-тiлектер пайда болған. Мысалға, адам баласы өте талғампаз. Жаны сұлулықты қалайды. Адамға сай, жақсы тұрмыс, абыройлы өмiр сүргiсi келедi.

85Осы тiлектерiнің талабына орай, талғап iшiп-жеу, жақсы киiну және тағы сол сияқты қажеттiлiктерiн қамтамасыз еткісі келеді. Бұларға қол жеткiзу үшiн көптеген өнер қажет. Алайда бiр адамның барлық өнердi игеруі мүмкiн емес. Сондықтан, қоғам болып, бiр-бiрiне көмектесiп, тәжiрибе алмасуға мәжбүр. Сөйтіп, қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Дегенмен, Аллаһ адам бойындағы құмарлық, ашу-ыза, ақыл сезiмдеріне табиғатында шектеу қоймаған. Адамның дамып, жетiлуi үшiн қолына аз ғана ерiк-қалау берiп, әлгі сезiмдердi пайдалану еркiн өзіне берген. Соның салдарынан өзара қарым-қатынас кезiнде әр қилы әдiлетсiздiктер, опасыздықтар орын алады. Мұндай әдiлетсiздiктiң алдын алып, жол бермеу үшiн сауда-саттықта, өнер-бiлiмде, кез-келген өз ара байланыста адамзат әдiлетке мұқтаж. Алайда әдiлдiктi әркiм толық ұға бермейтiндiктен барлық нәрсенi жан-жақты қамтитын күлли ақыл қажет. Сөйтіп одан әркiм қажетiнше пайдаланып, iсiне жаратады. Мұндай күлли (ауқымды) әрi жоғары ақыл тек заң түрiнде болуы тиiс. Мұндай әдiл заң Шариғат қана. Содан соң шариғаттың мәнісін, қалай iске асатынын, оның жағымды әсерiн халыққа көрсететiн бір данышпан, көсем қажет. Ондай данышпан, көсем тек Пайғамбарлар ғана. Пайғамбарлардың да халықты басқарып, өзiнiң жан-жақты, рухани үстемдігін

86растап одан әрi жалғастырып, билігін жүргiзуi үшiн өзiнiң үстем екендiгiн және Жаратушы Аллаһпен байланысының бар екенiн дәлелдеуi керек. Мұндай дәлел тек қана мүғжизалар болмақ. Хақ Тағаланың әмiрлерiн орындау, тыйым салғандарынан аулақ болу, және толық мойынсұну үшiн Аллаһтың ұлылығын ақылға сіңдіру қажет. Ақылға сіңдіріп, оны берiк орналастыру болса тек иманның шарттарымен ғана жүзеге асады. Ал иман шарттарын жандандыру, қуаттандыру тек қайта-қайта құлшылық ету мен жаңаландыру арқылы жүзеге аспақ. екiншiден; құлшылық ой-сананы, пiкiрдi Сани-ы Хакiмге аударады. Құлдың Жаратқанға назары ауыса, сүйiспеншiлiк қылса оған мойынұсынатын болады. Мойынұсыну болса, құлды керемет тәртiпке салады. Құлдың тәртiпке бағынып жөнге келуi хикметтің сырын ашады. Сонда бүкiл әлемдегi өнерлi нақыштардың мағыналары анықталып, хикмет-сыры бiлiнбек. Үшiншiден; Адам – жүйелі жаратылыстың және бүкiл әлемдегi Аллаһтың қойған заңдарының тармақтары түйiсетiн орталық нүкте тәрізді. Сондықтан, адам баласы әлемдегi заңдармен санасып, тығыз байланыс құруы және олармен есептесуі тиiс. Сонда әлемдік үйлесім сақталмақ. Егер әлемдегi ережені сақтамай қарсы әрекет етсе жаншылып, езіліп қалады. Дүниедегі оқиғаларға

87шыдай алмай мұқалып қалуы мүмкін. Сол үшін Иләһи заңдылықтарды сақтау керек. Бұл да тек қана Аллаһтың әмiрлерi мен тыйым салынған нәрселерiнен қашу болып табылатын құлшылық арқылы жүзеге аспақ.Төртiншiден; Әмiрлерді орындап тыйым салынғандардан қашқан адам қоғамдағы көпте-ген орындармен байланыс құрып, өзін олармен бiрге сезінеді. Әсiресе, дiни iстер мен қоғамдық мәселелерге келгенде әлгі діндар адам, үлгi, өнеге болады, яғни құқық қорғау, тәлiм-тәрбие, оқу-ағарту iстерi секiлдi көптеген мiндеттер сондай адамға жүктелетiн болады. Егер қоғамда әмiрлерге мойынсұнатын, тыйым салынған нәрселерден аулақ тұратын әлгiндей адам болмаса, жаңағы мiндеттер атқарылмай тоқырап қалады.Бесiншiден; Адам Исламның саясында, құлшылықтың арқасында барлық мұсылмандарға сүйiспеншiлiк, бауырлыстық сезiнедi. Олармен тығыз байланыста болып, қарым-қатынас жасайды. Бұл болса шынайы достыққа, ауыз біршілікке ынтымаққа апарады. Негiзiнде қоғамның дамып өркендеуінде достық пен ынтымақтың ықпалы зор.

88ҚҰлшылыҚТыҢ ЖеКе БасТыҢТӘрБИесіне ыҚПалыАдамның болмысы кішкентай, табиғаты әлсiз, бейшара. Солай бола тұра жануарлармен салыстырғанда дәрежесі тым жоғары рух иесi. Әрi өте қабiлеттi. Шексiз талап-тiлектерi, түпсiз армандары мен сан жетпес ой-пiкiрлерi бар. Қорғану мен күресу, құмарту секiлдi шексiз қасиетке ие. Адам ғажайып жаратыл, бейне бiр бүкiл әлемнiң мазмұны іспеттес. Мiне, адам баласының жаңағы биiк шыңдай жоғары рухының, қанатын жайғызып, кеңiтетін-құлшылық. Қабiлетiн арттыратын құлшылық. Талап-тiлектерiнiң жаманы мен жақсысын айырып ажырататын да құлшылық. Аңсаған армандарына жеткiзетін де құлшылық. Санасын дамытып, жүйеге салатын да құлшылық. Асау сезімдерін тізгіндеп шектейтін де құлшылық. Iшкi-сыртқы сезімдерін, әрi көңiлге дақ болып қалған табиғаттың кiрлерiн жуып-шаятын да құлшылық. Адамды кемелдендiрiп, жетiлдiретін де құлшылық. Аллаһ пен құл арасындағы ең жоғарғы, аса қасиеттi байланыс та құлшылық.Иә, өркениеттiң ең жоғарғы сатысына шығу

89үшін осы бiр байланыс пен қатынасты нығайту қажет. Есiңде болсын, құлшылықтың рухы, негізі ықылас. Ықылас дегенiмiз жасалған құлшылықты тек қана Аллаһтың әмiрi болғандығы үшiн орындау. Егер басқа оймен немесе өзге хикмет үшiн жасалса, онда ол iс құлшылық саналмайды. Пайдасы мен хикметтерi қызықтыруы мүмкiн. Бiрақ, ол Аллаһтың әмiрiн орындауға басты себеп бола алмайды.“Ишарат-ул Ижаз” кiтабынан

90рИсалеЙ-нҰр ТӘПсірініҢ аВТОры БӘдИҮззаМан саИд нҰрсИ1877 жылы Түркияның Битлис облысына қарасты Нұрс ауылында дүниеге келген.Ілімге деген құштарлық жасы алтыға енді толған баланы ата-анасынан жыраққа алып кетеді. Терең ақиқаттарды жетік меңгеріп, бір оқыған кітабын тез ұғып қана қоймай оны жаттап алатын зерек ол, көп жыл тәлім алуы тиіс медресе білімін үш айда тәмамдайды. Пікір таласта, іліми сайыста зеректігімен ерекшеленетіндіктен замандас ғалымдар оны “Бәдиүззаман” (заманның озығы)деп атайды.“ескі саид” деп бөліп қаралуы тиіс қырық бес жасқа дейінгі өмірі дүрбелең саясатқа толы. Ол, дін Исламға саясат арқылы қызмет етемін деп ойлайтын. Кейін бұл ойынан бас тартып саясаттан мүлдем қол үзеді. Шығыс халқының ауыр күйі, олардың басына түскен нәубат қиыншылықтар оның жанына қатты бататын. Мұның шарасы ретінде халықтың көзін ашу, ілімді ұрпақ тәрбиелеу екеніне көзі әбден жеткен ол, халыққа діни іліммен қоса заманауи жаңа ғылымды да үйрететін оқу орындарын ашу қажеттігін айтып, соған бар күшін жұмсап бағады.

91Өкінішке орай бірінші дүниежүзілік соғыс басталып, өзі ерікті әскер жасақтап шәкірттерімен майданға аттанады. Қанды қырғындарға қатысып талай ерлік көрсетеді. Тұтқынға да түседі. Аман-есен Отанына оралған соң қайтадан Ислам әлемінің мәселелерін талқылап, оның шешімін іздейтін Ілім академиясына мүше болып қызмет атқарады. Стамбулға жау шауып қоршауда қалған қаралы күндерде қорықпай халықтың рухын асқақтатып, намысын қайрайтын кітапшалар таратып анталаған жауға тегеурінді тосқауыл болып азаттық алуға мол үлесін қосады. Мұндай елеулі еңбегін ескеріп сол кездегі билік, оны ел ордасы Анкараға шақыртады. Мұнда да ол билік басында отырған кісілерді Ислам негіздерін мықтап ұстануға уағыздайды.Бұдан кейін оның “Жаңа саид” деп аталатын саясаттан ада, дүниядан таза ақыретпен қатысты екінші өмір кезеңі басталады. Бұл 1925 жылдар болатын. Ван қаласы, сосын Барла ауылынан бастау алған бұл кезеңдерде имани тақырыпта көптеген кітаптар жазып айналасына Құранның нұрын жая бастайды. Ислам негіздері мен Иман шарттарына қатысты дәйекті түрде, қарапайым әрі түсінікті тілмен жазылған кітапшалары иманына қауіп төнгенін сезген оқырмандар арасында қызығушылық туғызады. Оны өзі үшін қолмен көшіріп, түпнұсқаны басқа мұқтаж жандарға сыйлап, осылайша айналаға нұр кітапшалары кеңінен таралады.

92Әрине, мұндай қарқынды имани қызмет діннен безгендерге ешқашан ұнамайтыны белгілі. Ақырында, Құран тәпсіршісіне жала жауып, қуғын-сүргінге ұшырайды. 1935 жылы Ескішәһар, 1943 жылы Денизли, 1947 жылы Афион, 1952 жылдары Стамбул қалаларында үстінен іс қозғалып сотқа шақырылады. Кастамону, Эмирдағ, Испарта қаласына жер аударылып, үнемі бақылауға алынады.Адам төзгісіз зұлымдықтарға душар болса да, ол бәріне сабыр етіп, қаймықпастан Ислам әлеміне төнген күпірліктің қара бұлтына қарсы, Құранның нұрын айнадай көрсетіп, айналасына иманның нұр-сәулесін жеткізуге барынша тырысады. Қиын-қыстау кезеңдерде жазылған алты мың парақтан тұратын «Рисалей Нұр» тәпсірі міне сол қиын кезеңдердің жемісі. Бастаған тәпсірін толық аяқтап, оны өз оқырмандарының қолдарына аманат қылып тапсырған ол, құдды бір міндетін адал атқарған әскерге ұқсайды. Құранның ақиқаттарын, оның таңғажайып терең сырларын заманның ұғымына сай анық та қанық баяндайтын бұл кітаптар, міне сол қиындыққа толы ауыр күндерде ықыласпен жазылған. Содан болар осы бір Құрани тәпсір, нұр кітаптары қазіргі таңда әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, миллиондаған мұсылмандар қызыға оқуда.

Муфәссир яғни Құранды тәпсірлеуші ғалым-ғұлама Саид Нұрси Урфа қаласында 1960 жылдың23-наурыз күні, рамазан айының жиырма бесінші жұлдызы, түн ауа бақилық әлеміне аттанып кете барады.

неліКТен ЖҰрТ рИсалеЙ-нҰрды ҚызыҒа ОҚИды? сеБеБі Ол Баршаны ОЙландыраТын өзеКТі МӘселелерді ҚОлҒа алыП, МазалаП ЖҮрген сҰраҚТардыҢ ЖаУаБын Береді. аТаП аЙТсаҚ:* Аллаһтың бар әрі бір екенін қалай дәлелдейміз? (22-Сөз, 23-Лема, 2-Шуақ)* Құран Аллаһтың сөзі екенінің дәлелдері (25-Сөз)* Хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) Аллаһтың елшісі екенінің дәлелдері (19-Сөз)* Періштелердің бар екенінің дәлелі (29-Сөз)* Өлген соң тірілу рас екені (10-Сөз)* Тағдырға сену қалай болмақ? Бәрі алдын-ала жазулы. Маңдайға жазғаны болады - дейді, мұны қалай түсінеміз? (26-Сөз)* «Бисмилләһ» сөзінің сыры (1-Сөз, 14-Лема, 2 тарауы)* Аллаһ еш бір мекенге тәуелсіз, бірақ Ол барлық жерден табылады. (16-Сөз, 22-Сөз)* Дүниеде жағымсыз, қорқынышты көрінген оқиғалардан Раббымыздың мейрім шуағын, хикметін қалай көруге болады? (18-Сөз)

* Жаратылыс Аллаһты дәріптеп, қалай ғибадат қылады? (24-Сөздің 4 бөлімі)* Намаз неге бес уақыт оқылады? (4, 9-Сөз, 21-Сөздің 1тарауы)* Аурудың пайдасы бар ма, сырқаттанудың хикмет-сыры не? (2-Лема, 25-Лема)* Рух дегеніміз не? (29-Сөз)*Ораза ұстаудың хикмет-пайдалары. (29-Мектубтің 2 бөлімі)* Миғраж оқиғасы қалай болған? (31- Сөз)* Шайтанды неге жаратқан, оның не пайдасы бар? (13-Лема, 12-Мектуб, екінші сұрақ)* Адам дегеніміз не? Бұл дүниеге не үшін келеді, мақсат-мұраты не? (11-Сөз) * Дұға қылып жалбарынып жатамыз, қабыл болмай жатады. Құранда барлық дұғаға жауап беріледі демей ме? (23-Сөз)* Кейде көңілді күмән басып, күдік пайда болады. Ол не үшін? (21-Сөз, 13-Лема, 11-Мектуб)* Ардақты Пайғамбарымыздың сүннет амалдарының. Маңызы мен хикметтері (11-Лема)* Сопылық туралы. Тариқат деген не? (29-Мектуб)* Уаххабшылар кім? Шығу тарихы. (28-Мектуб) * Махаббат туралы Құран не дейді? (24-Сөз)

* Молекула, атом секілді ұсақ бөлшектер неліктен тынымсыз қозғалады? (30-Сөз)* Саналы кісілерді жаппай таңқалдырған және бірде бір философ аша алмаған тек Құранның қасиетімен ашылатын дүниенің жаратылу тылсым-сырлары жайлы. (24-Мектуб)* Исламда үнемділік және береке туралы не дейді? (19-Лема)* Мұсылмандардың ынтымағын күшейтудің, имандылар өзара бауырмал болудың себептері. (22-Мектуб)* Не үшін иманды әрдайым жаңартып отыру керек деген. (26-Мектуб)* Бүкіл әлем Пайғамбарымыздың нұрынан жаратылған дейді. Бұны қалай түсінеміз? (31-Сөз.)* Хазреті Адам ғаләйһиссалам жұмақтан неге шығарылған? Адамдардың көбісі тозаққа түседі дейді. Неліктен? (12-Мектуб, 13-Лема)* Әйелдің орамал тартуы шарт па? (24-Лема)* Шайтанның Құран туралы уәсуәсәсіне қарсы жауап. (26-Мектуб)* Мәзхабтар неге әртүрлі? (27-Сөз)* Жеті қабат жер мен аспан жайлы аятты қалай түсінеміз.(12-Лема)

* Аллаһтан өзге ешкім біле алмайды деген «бес ғайыпты» ғылым мен техника арқылы біз де білетін болдық!-деушілерге жауап. (16-Лема)* Иса пайғамбардың көктен түсуі, тажалды өлтіруі және Мәдидің шығуы туралы хадисті қалай түсінген жөн? (15-Мектуб, 5-Шуақ, 24-Сөз, 1-Мектуб)* Исми Ағзам яғни Аллаһтың ең ұлық есімдері. (30-Лема)* Зұлқарнай қамалы қайда? Яджуж-Мәджуж деген кімдер? (5-Шуақ, 24-Сөз)* Шииттер мен Сунниттер арасындағы мәселенің анық-қанығы. (4-Лема)

рИсалеЙ-нҰр ТОПТаМасыҮлКен КіТаПТар:«Сөзлер», «Мектубат», «Лемалар», «Шуалар», «Ишарат-ул Иғжаз», «Аса-и Муса», «Мухакемат», «Тарихче-и Хаят», «Барла лахикасы», «Кастамону лахикасы», «Әмирдағ лахикалары», «Сикке-и Тасдиқ-ы Ғайби», «Мәснәу-и Нурие», «Иман уә Күфүр мувазенелери»рисалей-нұр топтамасынан қазақ тіліне аударылған кітаптар:«Сөздер», «Лемалар», «Асай-Мұса», «Мұхаммед Пайғамбардың мұғжизалары», «Қанағат сыры», «Ханымдар шырағы», «Жастар шырағы», «Ықылас сыры», «Табиғат сыры», «Адам және Иман», «Сүннет сатылары», «Мінәжат», «Отыз үш терезе», «Бауырластық рисалесі», «Қысқа сөздер», «Өлім және Мәңгілік», «Тәухид сыры», «Дерт пен Дауа».

КішКене КіТаПшалар:«Аят-ул Кубра», «Бәдиуззаман жауап вериор», «Диван-ы Харб-и өрфи», «Әлхужжәт-ул Зәхра», «Әнә уә Зәррә», «Гәншлик рәхбери», «Хақиқат Нұрлары», «Ханымлар рәхбери», «Хасталар рисалеси», «Хашир рисалеси», «Хизмет рехбери», «Хутбе-и Шамие», «Иджтихад рисалесі», «Иман хақиқатлари», «Ихлас рисалелери», «Конферанс», «Күчүк сөзлер», «Мәйуә рисалеси», «Мифтах-ул Иман», «Миғраж уә Шаққ-ы Қамар», «Миркат-ус Сүнна», «Мұғжизат-ы Ахмедие», «Мұғжизат-ы Құрание», «Мүнажат», «Мүназарат», «Нұр Әлеминин Бир анахтары», «Нұр чәшмеси», «Нұрун илк капысы», «Отыз үш пенжере», «Рахмет уә Шәфкат илачлары», «Рамазан-Иқтисад-Шүкір», «Сунухат-Тулуат-Ишарат», «Табиғат рисалеси», «Ухуввет рисалеси», «Иырмы учунжу сөз», «Зухрет-ун Нұр».

рисалей-нұр туралы мына интернетсайттардан мағлұмат алуға болады:www.nurfeyz.kzwww.envarnesriyat.comwww.ihlasnurnesriyat.comwww.sozler.com.trwww.hizmetvakfi.comwww.ru-nur.comwww.lichtstr.dewww.elmascevher.comwww.nurnetwork.orgwww.malaysianur.comwww.nur.gen.trwww.nuronline.comwww.nursistudies.com


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook