Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore СӨЗДЕР

СӨЗДЕР

Published by risalekz, 2022-10-04 03:03:12

Description: Sözder

Keywords: с?здер

Search

Read the Text Version

“Рисалей-Нұр” жинағынанСӨЗДЕРБәдиүззаманСаид Нұрси

УДК 28ББК 86.38Н 87Нұрси С.Н 87Сөздер / Бәдиүззаман Саид Нұрси; ауд.: З. Батайұлы, Ж. Қиянбек, А. Хамза – Алматы, 2015.ISBN 978-601-7028-75-6УДК 28ББК 86.38ISBN 978-601-7028-75-6© ТОО Нур Фейз, 2015



АудармашыларданҚасиетті Құранның құнды тәпсірі, мағынасы өте терең, көлемі үлкен бұл кітаптың басылып, жарыққа шығуына, мағынасын аз да болса қазақшаға аударуға көмектесіп, демеу болған бауырларымызға ризашылығымызды білдіре отырып, Аллаһ тағала оларға екі жаһанда бақыт сыйласын, амал дәптерлеріне осы кітаптың әріптері қанша болса сонша сауап жазсын демекпіз. Әрине бұл бір адамның қолынан келер іс емес, әу баста Раббымыздың жарылқауы, һәм осы иман ақиқаттарына мұқтаж күллі мүминдердің дұға-тілектерінің қабыл болуы деп білеміз. Түп нұсқадан оқимын, түсініктірек етіп аударамын деушілер болса құба-құп, һәм амалдар ниеттерге байланысты демекші, Рахымы мол Аллаһ қабыл еткей! Ауд.З. Батайұлы, Ж. Қиянбек, А. Хамза

Уа, бауырым! Менен насихат тыңдағың келеді екен. Олай болса, сен әскери адам болғандықтан, әскери мысалдамамен баяндалған бiрнеше ақиқатты шағын сегiз хикая арқылы нәп­сiммен бiрге тыңда. Өйткенi, мұндай насихатқа өзiмді әлдеқайда мұқтаж сезінемін. Кезiнде Қасиетті Құранның сегiз аятын пайдаланып, \"Сегiз Сөздi\" нәпсiме баяндаған едiм. Ендi, сол Сөздердi қысқаша және қарапайым тiлмен нәпсiме айтайын. Қалаған кісі нәпсiммен бiрге тыңдасын.БіРіНші СӨЗ\"Биссмилләh\" күллi игiлiктiң бастамасы, сондықтан, бiз де \"Биссмилләhтан\" бастайық.Уа, нәпсiм! Бiлiп қой! Бұл мүбәрак сөз, Исламның белгiсi. Сондай­ақ, оны бүкiл жаратылыс атаулының қай­қайсысы болсын, өздерiне тән тiлімен әрдайым қайталап отырады. \"Биссмилләhтың\" қажымас қайрат, қайнары сарқылмас береке екенiн бiлгiң келсе, мына бiр шағын хикаяға назар аудар, құлақ сал:Ұшы­қиырсыз араб сахарасына сапарға шыққан адам жол торыған қа­рақшылардан дін аман болып, мақсатына жетуі үшiн белгiлi бiр қа уымның басшысының атын атап, оны пана тұтуы керек. Әйтпесе, қаптаған жау мен жол қиыншылығына тап болып, қатты қиналатыны сөзсіз. Мiне, осындай сапармен екi адам сахараға жол тартады. Олардың бiреуi – кiшiпейiл, екiншiсi – тәкаппар болатын. Кiшiпейiлі белгiлi бiр басшыны паналады, ал тәкаппар болса, оны қажетсінбеді. Кішіпейіл кісі барлық жерде аман­

6СӨЗДЕРесен жүрдi. Жолда қарақшыларға жолықса: \"Мен пәлен деген басшының атынан жүрмін\" – дейдi. Қарақшылар тиiспей, жөнiне кете бередi. Сондай­ақ, жолай кездескен ауылдарға ат басын бұра қалса, әлгі басшының беделi арқасында құрметке бөленедi.Ал, анау тәкаппардың жол бойы азып­тозғаны соншалық, жағдайын сөзбен жеткiзу мүмкін емес. Әрдайым зәрресi ұшып, қорқыныш пен үрей сорлыны әбден титықтатады. Ақырында досқа күлкi, дұшпанға таба болды.Мiне, ей тәкаппар нәпсiм! Сен де осындай жолаушысың. Мына дүние шексiз сахара секілді. Жаратылысың әлсiз әрі пақыр, мұң­мұқтажың да көп, өміріңе қауіпті дұшпандарың бастан асады. Олай болса, осы сахараның мәңгiлiк иесi Хаким-i Әзелидiң 1атын атап, есiмiн пана тұт, Оның пендесi болып, қоластына кiр. Сонда ғана әлемнің құбылыстарынан, қауіп­қатер­лерден аман­есен болып, оларға тәуелдi болып қалудан құтыласың. Бо­йың дағы пақырлық пен әлсiздiк әлгі қасиеттi сөздiң арқасында құдiретi күштi бір Аллаhтың алдында саған шапағатшы болады. Сондықтан, әрбір iс­әрекетін \"Биссмилләh\" деп бастаған адамды ешкiмнен қорықпайтын, қандай iс болсын заң жүзiнде, мемлекет атынан абыроймен атқарып, бәрiне төтеп беретін жауынгер ретiнде сипаттауға болады.Сөз басында жаратылыс атаулы өздерiне тән тiлмен \"Биссмилләh\"дей тiнін айтып өттік. Ендi соған тоқталайық:Мәселен, әлде бiр адам қала тұрғындарын жаппай бір өзі бiр жерге мәжбүрлеп жинап, жұмысқа жеккенін көрсеңіз, оның бұл iстi өз бетiмен, өз күшiмен емес, бір Патшаның құдiретiне арқа сүйеп, мемлекет атынан әрекет етіп жүргенін түсінесің. Сол секiлдi барлық iс Хақ Тағаланың атымен атқарылады. Кiп­кiшкене дәнектер өз бойында зәулім ағаштарды көтеріп, үлкен жүк тасиды. Әрбір ағаш \"Биссмилләh\" деп, Аллаhтың мейiрiмдiлiк қазынасындағы жемiстердi \"тасымалдаушы\" ретінде бізге жеткізіп отырады. Бау­бақшалар да \"Биссмилләh\" дейдi. Олар, сан­алуан дәмдi тағамдар салынған мінсіз, қаз­қалпында, тап­тұйнақтай пiсiрiлiп жататын Иләhи қазан тәрізді. Сиыр, қой, ешкi, түйе секiлдi жануарлар \"Биссмилләh\" деп, бiздi Аллаhтың \"Рәззақ\"(Барлық мұқтаждарға ризық беруші) атымен мейiрiмдiлiк бұ ла ғынан шығып жатқан өте жұғымды әрi таза қорекпен яғни сүтпен қам та масыз етедi. Әрбiр өсiмдiк пен ағаштың, 1) Хаким-i Әзели – мәңгі бақи үстемдік етуші Аллаh.ТҮСіНіКТЕМЕ. Қадірлі оқырман! Кітаптың ішінде осы тектес сызықша арқылы жазалаған сөз тіркестері көп кездесетінін, олардың кейбірі Аллаh Тағаланың көркем есім­сипаттары екенін ескертпекшіміз. Осылай өзгешелеу жазылуының себебі мағынасы өте терең, сөз жетпейтін Жаратқанның есім­сипаттары болғандықтан, түпнұсқадан қаз­қалпында алынды. Шексіз терең мағыналарды шектеп, нұқсан келтірмеу үшін әрі Жаратушымыздың есімі болғандықтан солай жазылып, жатталуы тиіс деп ұйғардық. Әрі жеке атаулар өзгермей жазылатыны мәлім. Мұны осылай қабылдап, дұрыс түсінерсіз деген үміттеміз. Ауд.

7Бірінші сөзтіпті шөптердiң жiбектей нәзік тамырлары \"Биссмилләh\" дейді. Қатып қалған тас пен топырақта емiн­ер кiн өсіп­өнеді. \"Аллаh атымен, Рахман атымен\" дегенде бәрi оларға қыз метшi бола қалады.Ағаштардың көкке еркін бұтақ жайып, жемiс салуы тәрiздi, тамыр лар­дың жер астында емiн­еркiн жайылып түйнек салуы, сондай­ақ өте нәзiк, жасыл жапырақтардың аптап ыстықта айлар бойы жап­жасыл қалпында тұруы; міне, бұл құбылыстар \"табиғат жаратты\" дегендердiң аузына құм құяды. Оларға: \"Көздерiң соқыр ма? Көрмейсiңдер ме? Қат тылық та, ыстық та Құдайдың қолында. Демек, олар Аллаhқа құлдық ұрады. Әлгi жұп-жұмсақ нәзік тамырлар Мұсаның (Ғ.С.) аса таяғы тәрiздi әмiрiмен тас-топырақты қақ жа ра ды. Жұп-жұқа, нәзiк жапырақтар Ибраhимнiң (Ғ.С.) ағзалары тәрiздi отқа қарсы аятын оқиды,\" – дейді.Иә, барлық нәрсе \"Биссмилләh\" дейді, Олар ырыс­несiбе, нығметтерді Аллаh атымен бiзге жеткiзiп отырады. Ендеше, бiз де \"Биссмилләh\"деуiмiз керек. Аллаh атымен алып, Аллаh атымен беруiмiз керек. Ендеше, Аллаh атымен бермейтін, ғапыл, бейқам адамдардан алмауымыз керек.Сауал: Әлгі ризықтарды тасымалдаушы себептерге көп мән беріп, жоғары баға берiп жатамыз. Алайда, бұл нығметтердiң нағыз иесi Аллаh Тағала мұнша нығметтердiң ақысына не сұрайды?Жауап: Иә, нағыз Жарылқаушы, Қамқоршы, мейiрiмi мол Аллаh Тағала осы құнды нығметтерi үшiн бiзден қалайтыны үш­ақ нәрсе. Бiрiншiсi – зiкiр, екiншiсi – шүкiр, үшiншiсi – пiкiр.Әрбiр iске кiрiсерде \"Биссмилләh\" айту – зiкiр. Соңында \"Әлхам д -үлилләh\" деу – шүкiр. Ортасында осыншама таңғажайып нығметтердi Әхад(Жалғыз) әрi Самәдтiң(Еш нәрсеге мұ таж емес)қ құдiретi жаратты, яғни Оның жарылқауы, сыйлығы деп бiлу – пiкiр. Патша бір мiскiн адам арқылы әлдебiреуге қымбат сыйлық жiберсе, мұны алған пенде сыйлықты әкелген мiскiннiң аяғын сүйiп, ал осы сыйлықтың нағыз иесiн танымаса, ол барып тұрған ақымақтық емес пе? Сол сияқты сырт көзге нығметтің иесі боп көрінген, негізінде тасымалдаушы ғана себептерді мадақтап, жақсы көрiп, нағыз иеміз, аса қамқор үМ ним-i Ха и идық қ(Нағыз нығмет беруші)ұмыту немесе оны танымау әлгі мысалдағыдан мың есе ақымақтық.Ей, нәпсiм! Мұндай ақымақ болғың келмесе, Аллаh атымен бер! Аллаhатымен ал! Аллаh атымен баста! Аллаh атымен әрекет жаса! Уәссәлам.

Он төртінші Леманыңекінші бөлімі(Орайы келген соң осы жерге жазылды.)\"Биссмилләh-ир Рахман-ир Рахимның\" мыңдаған сырларынан алты сыры баяндалмақ.ЕСКЕРТУ: \"Биссмилләhты\" Рақымдылық мағынада түсініп, оның жарқын нұры дәрменсіз ақылыма алыстан көрінді. Көргенімді өзіме белгі ретінде түртіп қойғым келді. Сөйтіп, жиырма­отыз тұжырыммен әлгі нұрдың айналасын қоршап, ұстап тұруға тырыстым. Өкінішке орай ойымды толық іске асыра алмадым. Жиырма­отыз емес, қолыма бес­алтауы ғана ілікті.\"Ей, адам\" деген кезімде өз нәпсімді мегзеп отырамын. Себебі, бұл дәріс өзіме арналған. Бірақ, жаныма жақын, көзі ашық, көкірегі ояу жандарға, бәлкім, пайдасы тиер деген ниет пен хатқа түсіріп \"Он төртінші Леманың екінші бөлімі\" деп атап, зерек бауырларыма ұсынуды жөн көрдім. Төрелігін бауырларым бере жатар. Бұл дәріс ақылдан гөрі көңілге қонады, дәлелден гөрі сезімге байланысты.Бұл бөлімде бірнеше сыр баяндалмақ.БіРіНші СЫР: Бірде \"Биссмилләh-ир Рахман-ир Рахимның\" жар­қын сәулесін былайша көрдім: Бүкіл әлемде, жер жүзінде және адам бойында бірі­бірімен тығыз байланысты, біреуі екіншісінің үлгісі деуге болатын Рубубиет1 таңбаларының үшеуіне куә болдым.(1) Рубубиет – толық билік, жан­жақты басқару.Ауд.

9Он төртінші Леманың екінші бөЛіміБіріншісі: Бүкіл әлемді жаппай алып қарағанда, әрбір болмыс өз ара бірі­не бірі жәрдемдесіп, демеп, арқа сүйейтінін көреміз. Міне, бұл Улухиеттің 2таңбасы, \"Биссмилләhпен\" қатысты құбылыс.Екіншісі: Жер бетіндегі өсімдіктер мен жануарлар дүниесін үйлесімді етіп, тәрбиелеп, басқарып отырған Рубубиеттегі, яғни, басқарма істерін­де көрінетін ұқсастық, үйлесімділік, реттілік, қамқорлық пен мейірімділік. Міне, бұл Рахманиеттің ұлы таңбасы. \"Биссмилләh-ир Рахманмен\" қатысты құбылыс.Үшіншісі: Адамзат бойында өзара қамқорлық, мейірбандық, жанашыр­лық секілді Аллаhтың шексіз мейірімінің нұр­сәулелері көрінеді. Міне, бұл – Рахимиеттің ұлы таңбасы. Ол – Биссмилләh-ир Рахман-ир Рахимдегі \"Әррахиммен\" байланысты құбылыс.Демек, әлемді бір параққа теңейтін болсақ, \"Биссмилләh-ир Рахман-ир Рахим\" сол парақтағы Әхадиеттің 3үш таңбасынан құралған нұрлы жолдың қасиетті атауы. Және ол мықты да берік арқан, жарқын да нұрлы бір даңғыл жол. Демек, \"Биссмилләh-ир Рахман-ир Рахимның\" ұшы жоғарыдан келіп, әлемнің жемісі әрі оның кішірейтілген үлгісі ­ адамға тіреліп, онымен ұштасып жатыр. Ол, Адами ғарышқа бастайтын, төбесін көкке көтеретін, жоғары мәртебеге шығаратын ақиқат.ЕКіНші СЫР: Қасиетті Құран сансыз жаратылыстағы Уахидиеттің4терең сырларын ойлаған ақылдар тұңғиыққа батып кетпесін деп, әрдайым әлгі Уахидиет сырын баяндарда Әхадиеттің нұр­сәулелерін назарға ұсынып отырады.Мәселен, Күн сәулесі шексіз заттарды қамти алады. Жарығы мол Күннің өзін, оның болмысын ұғынып, толық қамту үшін өте кең қиял, ауқымды назар қажет. Сондықтан, алып Күнді ұмыттырмау үшін әрбір жылтырақ нәрсе Күнді шағылыстырып көрсетіп тұрады. Олар өзінің шамасына қарай Күннің суретін ғана шағылыстырмай, сонымен бірге оның жарық, жылу, реңгі секілді сипаттарын да бірге көрсетеді. Жылтырақ біткеннің барлығы Күнді бүкіл сипаттарымен бірге шамасына қарай көрсетеді. Сонымен қатар, Күннің жарық, жылу және жарығындағы жеті түсі секілді сипаттары да әрқайсысы алдындағы бүкіл заттарды толығымен қамтиды.(2) Улухиет – Жаратушыға тән кемел сипаттарға ие болу. Ауд.(3) Әхадиет – әрбір нәрсені бір өзі жаратуы. Ауд.(4) Уахидиет – барлық нәрсені бір өзі жаратқанына сену. Ауд.

10СӨЗДЕРДәл сол сияқты, (мысалдың айыбы жоқ,) Аллаh Тағаланың Әхадиет пен Самәдиет1 сипаттарының әрбір нәрседе, әсіресе, тірі жанда, оның ішінде адамның айна тәріздес жаратылысында барлық есімдерімен бірге нұр­сәулесі болатыны секілді, Уахдет пен Уахидиет жақтарымен де болмыс атаулымен байланысты әрбір есімі болмысты түгел қамтып жатады. Міне, осылайша ақыл, Уахидиет сырын аңғарып, көңіл болса, Зат­ы Ақдесті ұмытпай, Уахидиеттегі Әхадиеттің таңбасын әрдайым ұғынып, еске алып отырады. Сол таңбаның маңызды үш өзегін \"Биссмилләh-ир Рахман-ир Рахим\" сөзі толық қамтып, айқын көрсетеді.ҮшіНші СЫР: Мына он сегіз мың ғаламды жайнатып тұрған – сөзсіз рақым, яғни, Аллаhтың мейірімі. Әрі мына қараңғы әлемді құлпыртып тұрған да күмәнсіз сол рақым. Аса мұқтаж шексіз мақұлықтарды жаратып, жетілдіріп отырған да шүбәсіз сол рақым. Ағаштың бүкіл болмысы жемісіне бағытталатыны сияқты бүкіл әлемді адамның игілігіне жаратып, оған бас игізіп, жан­жақты көмекке жіберіп отырған нақ сол рақымшылық. Сондай­ақ мына шексіз кеңістікті және алып әлемді нұрға бөлеп, әшекейлеп, жайнатып тұрған да рақым екендігі көзге көрінердей анық ақиқат. Әрі мына фәни, өмірі қысқа адам баласын мәңгілікке шақырып, Әзели де Әбәди, яғни бастауы мен соңы жоқ бір Аллаhқа тыңдаушы әрі дос қылған, әлбетте, рақымның нақ өзі.Ей, адам! Рақым осындай қуатты әрі тартымды, сүйкімді әрі медет беретін тәтті ақиқат екені рас. Олай болса \"Биссмилләh-ир Рахман-ир Рахим\" деп, сол ақиқаттан мықтап ұста! Сөйтіп үрей мен қорқыныштан, мұң­мұқтаждық пен уайым­қайғыдан құтыл! Әлгі Әзәл мен Әбәд Сұлтанының тағына жанас әрі сол рақымның мейірімімен, шапағатымен, шуағымен ол Сұлтанды өзіңе дос қыл! Онымен тілдес!Рас, әлемдегі сан­алуан жаратылысты хикметті түрде адам баласының қажеттіліктерін толық қамтамасыз ететіндей айналасына шоғырландырып әрі жүйелі түрде қол ұшын бергізіп, бас игізу; міндетті түрде екі жағдайдан бірі. Енді, осы екі жағдайды сарапқа салайық. Әлемдегі әрбір зат, әрбір түр өздігінен адамзатты танып, бас иіп көмектесіп тұрады деген пікір. Әрине, бұл пікір ақылға сыймайды. Ол кезде тым әлсіз, өте дәрменсіз адам баласы құдіреті күшті Сұлтан секілді бәрін өзіне бағындыратын аса қуатты Қадир болуы керек. Не болмаса, мына әлем пердесінің артында бір Қадир­ы Мұтлақ өзінің ілімімен шексіз қамқорлық жасап отыр. Демек, әлемдегі түрлі мақұлықтар, қоршаған орта, табиғат адамзатты танымайды. Адамзатты танитын, білетін, қамқорлық жасап отырған біреу оны танып, бәрін біліп, көріп отыр. Бұл – соның айғағы.(1) Самәдиет – еш нәрсеге мұқтаж емес, бәрі оған мұқтаж. Ауд.

11Он төртінші Леманың екінші бөЛіміЕй, адам! Ақылға кел! Болмыс атаулының барлық түрін саған мойын­сұн дырып, көмектестіріп, мұң­мұқтаждықтарыңа \"Ләббәйк\" дегізіп, зыр жү гір ткен Зат­ы Зүлжәлал (Айбарлы, айбынды) сені білмеуі, танымауы, көр меуі әсте мүмкін бе? Жо­жоқ, Ол сені жақсы біледі әрі білетінін мейірімділік жасау арқылы білдіріп отыр. Олай болса, сен де Оны танып, біл! Оны құрметтеп, айтқанын істеу арқылы танитыныңды көрсет! Һәм мынаны біліп қой! Сен сықылды мүлдем әлсіз, тым пақыр, өте дәрменсіз әрі фәни мақұлыққа алып әлемді қызметші, көмекші етуі, әлбетте, Оның хикмет пен қамқорлығын, ілім мен құдіретін қамтитын рақымы, соның дәлелі. Әлбетте, мұндай рақым, сенен ауқымды әрі шынайы шүкір және кіршіксіз де адал құрмет, ізгі ізет талап етеді. Ал шынайы шүкір мен адал құрметтің белгісі \"Биссмиллә-hир Рахман-ир Рахим\". Соны әрдайым айтып жүр. Оны Рахманның алдында өзіңді мейірімге бөлейтұғын шапағатшы жаса!Иә, әлемде рақымның бар әрі рас екендігі Айдан анық деуге болады. Өйткені, мысалы тоқыма­кестенің дәл ортасында орналасқан, оймақтай боп көздің жауын алатын бір ою­өрнектің әр тарапынан келетін жіптердің оралу реттілігіне байланысты екені белгілі. Сол сияқты мынау әлем ат­ты ұшы­қиырсыз кеңістікте мыңдаған Иләhи есімдердің шуағынан иіріл­ген нұрлы жіптер тәріздес бөлшектер, қажетті заттар, әлемнің жүзіне ра қы мның таңбасын басып, соның ішінде Рахимиеттің мөрін және ме­йі рімділіктің белгісін тоқып жатыр, яғни мұқтаждарға жәрдем мен қам­қорлық жасалып жатқаны сондай, ол таңба Күннен бетер жарқырап, ақыл иелеріне өзін паш етуде.Рас, Күн мен Айды және ұсақ бөлшектер мен жер асты қазба­байлық­тарды, өсімдіктер мен жануарларды бейне бір тоқыма­кестенің жіптері тә різді әлгі мыңдаған есімдердің шуақтарымен ретке келтіріп, тірі жан­дарға қызмет еткізіп отырған және өсімдік болсын, хайуан болсын, олардың аналықтарындағы жанкешті мейірбандық арқылы өзінің шексіз мейірімділігін паш еткен, сондай­ақ жан­жануарларды адамзаттың игілігіне, тірілігіне қызметші етіп, сол арқылы Өзінің Рубубиетінің аса ғажайып, әдемі де ұлы нақышын – адамның маңыздылығын – көрсеткен және Өзінің жарқын рақымын сездірген Рахман­ы Зүлжәлал (Айбарлы да айбынды Аллаh) өзінің шексіз байлығы мен мейріміне аса мұқтаж тіршілік иелері, оның ішінде, адам баласы бөленсін деп өзінің рақымын қабыл болғыш шапағатшы қылған.Ей, адам! Адам болсаң \"Биссмилләh-ир Рахман-ир Рахим\" де! Әлгі шарапаты мол шапағатшыны ізде, тап! Иә, жер жүзіндегі төрт жүз мың түрлі өсімдіктер мен жануарлардың ешбірін ұмытпай, жаңылыспай, дер кезінде, мінсіз жүйемен тәртіпті де хикметті түрде, қамқорлықпен

12СӨЗДЕРжетілдіріп, басқарып отырған, сондай­ақ Жер жаhанның түкпір­түкпіріне Әхадиеттің таңбасын басып тастаған әлбетте, шүбәсіз әлгі рақым. Рақым­ның бар екендігі мына жер жүзіндегі жаратылыстың болмысынан да анық. Тіпті, жер бетінде қанша болмыс болса, рақымның бар екенін растайтын дәлелдер де сонша.Рас, жер жүзінде рақымның таңбасы, Әхадиеттің1 мөрі толып жатыр. Тіпті адамның мағынауи болмысында да рақымның таңбасы бар. Ол таңба, жоғарыда аталған жер жүзіндегі мейірімділік таңбасынан және бүкіл әлемдегі рақымның ірі таңбасынан асып түспесе кем емес. Ол бейне бір мың бір есімнің шағылысын бір нүктеге түйістіріп тұрғандай жарқын әрі маңызды ақиқат.Ей, адам! Саған мына болмысты берген әрі оған осындай рақым таңбасы мен Әхадиет мөрін басқан Аллаh, сені сандалтып бос қоя беруі, саған мән бермеуі, сенің жүріс­тұрысыңды бақыламауы, саған мойынсұнған бүкіл әлемді мағынасыз, әбес, босқа жаратуы, әрі әлемді жеміс бермейтін шірік ағашқа айналдыруы әсте мүмкін бе? hәм титтей де болсын шүбә жуытпайтын, нұқсандықтан ада, өзінің анық рақымын және жарқырап кө­рін ген айқын хикметін жоққа шығартуы мүмкін бе? Жо­жоқ, әсте мүмкін емес.Ей адам! Біліп қой! Әлгі рақымға бөленудің бір жолы бар, оны миғраж десе де болады. Ол – \"Биссмилләh-ир Рахман-ир Рахим\" сөзі. Осы бір миғраждың қаншалықты маңызды екенін білгің келсе, Қасиетті Құран­ның жүз он төрт сүресінің бас жақтарына қара! Имам Шәфи (Р.А.) секілді Ислам ғұламалары былай деген екен: \"Биссмилләhты\" жеке бір аят деп қарайтын болсақ, Құран Кәрімде жүз он төрт мәрте аян болған\". Міне, бұл сөз \"Биссмилләhтің\" қаншалықты қасиетті екенін көрсетеді.ТӨРТіНші СЫР: Мына ұлан­ғайыр, шексіз әлемдегі Уахидиеттің шағы лысы текдеген сөзбен әркімге көріне бермейді. Ой сан­саққа жүгіріп, пікір бытырап кетеді. Тұтас түрдегі Уахдеттен Зат­ы Әхадиетті (Әр нәрсені өзі жаратқан жалғыз, дара) ұғынып, деу үшін Жер шары көлеміндей алып жүрек қажет. Сондықтан ұсақ нәрселер жалқы түрде Әхадиеттің таң басын анық­қанық көрсеткеніндей әрбір түр де жалпы түрде топтасып Әхадиеттің таңбасын көрсетуі және Зат­ы Әхадты (Әр нәрсені өзі жаратқан жалғыз) ұғындыруы қажет. Сондықтан, әрбір Рахманиет таңбасы ішінен бір Әха­(1) Әхадиет – әр нәрсені, жеке­жеке бір Аллаh жаратты деген мағынаны білдіреді. Ауд.

13Он төртінші Леманың екінші бөЛімідиет таңбасы көрсетілуі тиіс. Сонда әркім кез­келген уақытта еш қинал­мастандеп, тура Зат­ы Ақдеске үн қатып, оған тез жүзін бұра алады. Міне, Құран Хаким мұны еске ріп, осындай терең сырды түсіндіру үшін бүкіл әлем, ғарыш туралы айтып келіп, мысалға, көктер мен жердің қалай жаратылғанын баяндап жатқанда, бірден өте тар алаңнан әңгіме қозғайды. Мақсат – Әхадиеттің таңбасын көрсету.Мәселен, аятта Көктер мен Жер туралы баяндап келіп, кенет күрделі адам жаратылысы, оның дауысы, оған берілген нығмет пен хикметтің молшылығы туралы айтады. Осылайша пікір бытырамай, жүрек тұншық­пай, рух өзінің Мағбудын, яғни, кімге табынып жатқанын бірден таба қояды. Мәселен,аяты, жоғарыда аталған ақиқатты мұғжизалы түрде көрсетеді.Рас, сансыз мақұлықтардағы шексіз Уахдет1 таңбаларының бірінің ішіне бірі орналасқан шеңберлер тәрізді ең үлкенінен бастап, ең кішісіне дейін түрлері мен мәртебелері бар. Алайда, әлгі Уахдет қанша дегенмен көпшілік ішінде болғандықтан, нағыз үндеуді, яғни, «тек саоған ғана құлшылық етеміз» деген мағыаны толық білдіре алмайды. Сондықтан, Уахдеттің артында Әхадиет таңбасы болуы шарт. Сонда көпшілік, яғни, жаратылғандар ойға келмейді. Зат­ы Ақдеске қарай жүрек тура жол та­бады. Һәм назарларды Әхадиеттің таңбаларына аудару, жүректі бір Аллаh қа бағыттау үшін әлгі Әхадиет таңбасының үстіне өте тартымды бір нақыш әрі өте жарқын бір нұр, шырындай тәттілік, өте сүйкімді бір жамал, өте күшті ақиқат болып табылатын рақым таңбасы қойылған. Міне, саналы мақұлықтардың назарын өзіне тартып әкететін және Әхадиетке жеткізетін сол рақымның қуаттылығы. Зат­ы Әхадиетті ұғындыратын да сол. Осылайшадеген аяттағы нағыз үндеу толық мағынасына ие болады. Міне, \"Биссмилләh-ир Рахман-ир Рахим\" Фатиханың мазмұны, Құранның ықшамдалған қысқа да нұсқа жиынтығы болғандықтан, осы айтылған терең сырдың мәні және аудармашысы болып отыр. Бұл мағынаны түсініп, мәнісін білгендер рақымның кең алаңына шығып, жоғары мәртебелерінде еркін самғайды. Әрі осы шапағатшыны сөйлеткендерге рақымның сырлары ашылып, Рахимиеттің нұрлары мен мейіріміне куә болады.(1) Уахдет – барлығын, жаппай бір Аллаhтың жаратуы. Ауд.

14СӨЗДЕРБЕСіНші СЫР: Бір сахих хадисте былай делінген:немесе осыған ұқсас. Бұл хадисті кейбір тариқатшылар иман негіздеріне қайшы келетіндей оғаштау түрде тәпсірлепті. Тіпті, олардың ішінде кейбірі адамның мағынауи бейнесіне Рахманның суреті деп қарапты. Мұндай ғашықтар көбіне истиғрақ әрі илтибас халде болатындықтан, яғни, ақиқатты ауыстырып алып, яки, тереңге шомып кетіп шатастырып алатындықтан ақиқатқа керағар түсініктері үшін, бәлкім, кешірілетін шығар. Бірақ, ақылмен парқына барып, олардың иман негіздеріне қайшы түсініктерін саналы түрде қабылдағандардың үзірі болмайды. Ондай көзқарасты қабылдаса жауап береді.Иә, бүкіл әлемді бейне бір зәулім сарай, бір үй тәрізді жүйелі тәртіппен басқарып отырған және жұлдыздарды ұсақ бөлшектер тәрізді хикметпен әрі оп­оңай шыр айналдырып, зыр жүгірткен, ең ұсақ бөлшектерді тілал­ғыш қызметшілер тәрізді құрдай жорғалатып, жұмсап отырған Зат­ы Ақ­дестің серігі, теңдесі, қарсыласы, ұқсасы жоқ әрі болмайды да. Сол сияқтыаятының сырына сүйене отырып, оның суреті, жақыны мен үлгісінің болуы әсте мүмкін емес. Дегенменаятының сырына және теңеуіне сүйеніп, Оның істеріне, сипаттарына, көр­кем есімдеріне қарауға болады. Демек, істеріне назар аудару мақ сатымен теңеу, яғни, мысалдама келтіруге болады.Енді, әлгі сахих хадистің көптеген мақсаттарынан біреуін алайық. Оның мағынасы – Адам, Рахман есімін толық көрсететін бейнеде деген. Иә, әлгінде баяндалғандай, әлемде мың бір есімнің шұғылаларынан Аллаhтың Рахман есімі көрінеді. Жер жүзінде де Рубубиеттің шексіз көріністерінен Рахман есімі байқалады. Сол сияқты адамның күрделі болмысы да шағын мөлшерде жер мен әлем секілді әлгі Рахман есімінің толық көрінісін көрсетеді деген мағынада айтылса керек. Және Зат­ы Рахман­ир Рахимның дәлелдері мен айналары болып табылатын тіршілік иелері, оның ішінде адам баласы Зат­ы Уажиб­үл Ужудты растайтын дәлелдерге толық ие әрі Оны анық­қанық көрсете алады. Мәселен, Күнді шағылыстырып, оның үлгісін көрсетіп тұрған айнаға, оның жылтырақ әрі дәлелінің анықтығын мегзеп: \"Мына айна Күн секілді, Күнге қатты ұқсайды екен\" дейді ғой, сол сияқты \"Адамның болмысында Рахманның суреті бар\" дегені, оның дәлелдігінің анықтығына, тығыз байланыстылығына ишара ретінде айтылған әрі айтылады да.

15Он төртінші Леманың екінші бөЛіміСондай­ақ \"әhл-и Уахдет-үл Ужудтың \" 1жөні түзу тобы осы сырға сүйене отырып, әлгі дәлелдердің анық әрі қуаттылығын, байланыстың кемелдігін мегзей отырып \"Лә мәуджүдә иллә hу\", яғни, \"одан басқа болмыс жоқ!\" деген.АЛТЫНшЫ СЫР: Ей, шексіз әлсіздік пен соңсыз пақырлықтың ауыр күйін кешкен бейшара адам! Рақымның қаншалықты құнды дүние, нендей шарапаты мол шапағатшы екенін мынадан біл! Ол бізді Сұлтан­ы Зүлжәлалмен байланыстырып тұр. Ал, Ол Сұлтан болса, жұлдыздар мен атомдарды мұқият реттілікпен толық мойынсұндырып, өзіне қызмет еткізуде. Ол Зат­ы Зүлжәлал, ол Әзел мен Әбәд Сұлтаны Аллаh, ешкімге, ештеңеге мұқтаж емес, Оның өзіне тән шексіз байлығы бар. Ол сөзсіз әрі теңдессіз бай. Ол ешбір тұрғыдан әлемге, болмысқа әсте мұқтаж емес бір Ғани­ы Ал­әл Ытлақ (бәрі өзінің қолында, аса бай, ештеңеге мұқтаж емес). Бүкіл әлем Оның әміріне құлдық ұрып, Оның айбыны мен ұлылығына мойынсұнып, алдында бас иеді.Міне, ей адам! Рақым сені Мүстағни­ы Ал­әл Ытлақтың (Шексіз бай, бәрі оған мұқтаж), Сұлтан­ы Сәрмәди бір Аллаhтың құзырына шығарады әрі оған дос қылады, Оны тыңдаушы әрі Онымен сөйлесуші және сүйкімді бір құл мәртебесіне көтереді. Бірақ, қалайша сен Күннен тым алыссың, жете алмайсың. Оған әсте жақындай алмайсың. Сол сияқты біз де Зат­ы Ақдестен, яғни Әбәд пен Әзәли Шәмстен шексіз алыспыз, оған жақындай алмаймыз. Бірақ, оның рақымының шұғыла сәулелері Оны бізге жақындатады.Міне, ей, адам! Әлгі рақымды тапқандар мәңгі бітпес Нұр қазынасына ие болып, мол мейірімге бөленуде. Ол қазынаны табудың жолы – рақымның жарқын үлгісі әрі өкілі және оның шешен аудармашысы әрі жаршысы және Құранда \"Рахмәтән-лил ғаламин\" деп аталған Расул­ы Әкрем, ардақты Пайғамбарымыз Ғаләйhис салату Уәссәләмның сүннеті, оған мойынсұну, ізінен еру. Ал, осы \"Рахмәтан-лил ғаламин\" аты на лайық, дене түріндегі Рақымға (с.а.у) жақын болудың жолы – Салауат айту. Иә, салауаттың (1) \"Әhл-и Уахдет-үл Ужуд\" – Аллаhтан басқа еш нәрсе жоқ деген түсінікті қабылдайтын топ. Ауд.

16СӨЗДЕРмағынасы – Рақымшылық. Сол тірі дене кейпіндегі Рақымға дұға ету боп саналатын салауат болса, әлгі \"Рахмәтән-лил ғаламинге\" қол жеткізудің бірден­бір жолы. Олай болса, сен салауатты өзіңе манағы \"Рахмәтән-лил ғаламинге\" апаратын баспалдақ жаса! Ал, Оны (с.а.у) Рахманның рақымына бөленуге ұйытқы, себеп қыл! Бүкіл үммет жаппай \"Рахмәтән-лил ғаламин\" ардақты Пайғамбарымызға (Ғаләйhис салату Уәссәләм) арнап шексіз рақым мағынасын білдіретін салауат айтуы, рақымның қаншалықты қымбат қазына, Иләhи құнды сыйлық және ауқымы кең нұр екендігін анық түрде дәлелдейді.Сонымен, рақым қазынасының өте құнды асылы, дәнекері, делдалы Ардақты Мұхаммед Ғаләhиссалату Уәссәләм болса, ал оған апарар жол, ең алғашқы кілті – \"Биссмилләh-ир Рахман-ир Рахим\" болып табылады. Кілттің де ең оңайы – Салауат айту.

ЕКіНші СӨЗИманда мол бақыт, зор нығмет, таусылмас ләззат, керемет рахат бар екенін бiлгiң келсе, мына мысали хикаяға назар аудар, құлақ сал:Бiрде екi адам көңiл сергiтiп әрі сауда­саттық жасап қайту үшiн сапарға шығады. Олардың бiреуi өзiмшiл де бейбақ, екiншiсi ақкөңiл, бақытты адам болатын. Екеуi екi бағытқа кетедi. Қара басының қамынан басқаны ойламайтын әлгi өзiмшiл сорлының ниетiнiң жамандығынан оған жаза болса керек, назарында жағымсыз елге тап болады. Ол жердің тұрғындары – залымдардан жапа шегіп, жылап­еңіреген бейшаралар екен. Қайда бар са да қасірет шегіп, зар жылаған мұңлықтарды көредi. Орталықтың өзiнде қорқынышты жаназа мен тірі жетiмдердi көріп қатты күйзеледі. Бұл қайғы­қасiреттi сезбеу үшiн шарап iшiп, мас болудан басқа шара таппайды. Өйткенi бәрi оған жат, дұшпан болып көрiнедi.Ал, бақытты жан болса, жақсы ниеті мен мiнезiнiң дархандығына қарай керемет бір елге тап болады. Барған жерiнiң бәрiнде қуанышты күйдi тамашалап, көңiл көтерiп, зiкiр салғандарды көредi. Барлығы оған дос, күлім қағып, туыс­бауырдай көріндi. Тәкбір , Тәхлил12айтып, әскерге алынушыларды құттықтаған дауылпаз, сырнайлардың сазды дауысын естiп, көңiлi көтерiледi. Әлгi бақытсыз жанның жағдайына керісінше, мына бақытты жанның көрген қызығы мен қуанышы зор едi. Көп игiлiктiң қуанышына мерейi өсiп, көңiлдi жүргенi сонша, жүзi жадырап, iстеген саудасы да сәттi болып, табысқа кенеледi. Аллаhқа шүкiр етедi.Сапардан оралып келе жатқанда манағы екеуi қайта жолығады. Бақыттысы танысының көрген азабын айтқызбай­ақ сезiп, былай дейдi: \"Ау, достым! Жүнжіп кететіндей саған не болды? Iшiңдегi пасықтықтар сыртыңа шыққан-ау: күлудi – жылау, әскери міндеттен босатылуды – тонау, дүние-мүлкiн талан-таражға салу деп босқа уайымдапсың. Ендi ақылға келiп, жүрегiңдi тазарт! Назарыңды бүркемелеп, бәле болған пердені ысырып таста дағы жарқын жақтарына қара! Ақиқатты көр! шексiз әдiл, теңдессiз рақымды, өз халқына аса қамқор, жанашыр, мейiрбан да қайырымды Патшаның елi сен ойлағандай болуы мүмкін емес әрi мұндай өркениетті ел әсте жаман болмайды!\"(1) Тәкбір – Аллаhу Әкбар деп Аллаhты ұлықтау, тағзым. Ауд.(2) Тәхлил – Лә иләhә иллаллаh деп Жаратқанды бірлеу. Ауд.

18СӨЗДЕРОсыны естiгеннен кейiн әлгі сорлы есін жиып ақылға келедi. Өткенiне өкiніп: \"Иә, iшiмдiктiң кесiрiнен тоз-тоз боп жүнжіп кетіппін. Аллаh Та ғала саған риза болсын! Сен менi тозақы жағдайдан құтқардың,\" – деп алғысын айтады.Ей, нәпсiм, бiлiп қой! Бiрiншi адам кәпiр немесе Аллаhты ұмытқан, пасық адам еді. Сондықтан мына дүние, оның назарында қасiрет мекенi, күйзеліс орны боп көрiнген­ді. Барлық тiршiлiк иелері соңында жоқ болудан құтыла алмай, қайғы­қасiреттен жапа шегiп, зар еңiреген жетiмдер сықылды. Хайуанат пен адамзат ажал тырнағымен паршаланып жатқан түкке алғысыз бейшаралар тәрізді, ал таулар мен теңiздер рухсыз, меңіреу, үрей туғызатын жаназалар түрінде көрiнген­ді. Сөйтiп, әлгi бейбақ уайым­қайғыға батып, бойын үрей билеп, күпiрлiк пен азғындықтың кесiрiнен рухани азап шеккен­ді.Ал, екiншi адам болса мүмин едi. Ол Хақ Тағаланы танып, мойындаған жан. Сондықтан, ол мына дүниенi Рахманның зiкiрханасы, адамзат пен жан­жануардың тәлiм­тәрбие алатын жерi, адам баласы мен жындардың уақытша сынақ алаңы деп түсiнетiн. Сондай­ақ өлімді адам баласы мен хайуандардың бостандыққа шығуы, тiрiлiктегі мiндетiн атқарғандар мына фәни дүрбелең дүниеден құтылып, қуана­қуана әлдеқайда бақытты, әлдеқайда тыныш о дүниеге аттанады. Сөйтіп, өздерiнен кейiнгiлердiң тiрілiк етiп, жұмыс жасауына орын бередi деп түсінеді. Бүкiл адамзат пен хайуандардың дүниеге келуі – отандық борышын өтеу үшiн әскер қатарына алынып, қару асыну секілді жауапкершілігі мол мiндет атқару. Тiршiлiк иелерi – тапсырма алған әскер, белгiлi міндет жүктелген қызметкерлер. Дүниедегі барлық дыбыстар мiндеттi орындар алдындағы зiкiр мен тәсбих, демалыс кезiндегi шүкiр мен рахаттану немесе еңбекке құлшыныстан туындаған дауыстар. Жаратылыс атаулының барлығы Сәйид­і Кәримнiң (Аса жомарт, өте мырза қожайын) және Мәлик­i Рахимның (Мейірімі мол қожайын) қызметшiлерi, адал жұмысшылары, оқылатын сүйікті де қызықты кiтаптар тәрізді. Дәл осылай қараған кезде иманның саясында жанға жайлы, нәзiк, ләззаты мол рухани тәттi ақиқаттар туындап, көңiл жадырап қоя береді.Демек, Иманның ішінде рухани Жәннаттық ағаш – Тубаның бiр дә негi бар. Ал, күпiрлiкте болса, рухани Жәhаннамдағы жемісі улы ағаш – Заққумның кесiрлi бiр дәнегi жатады. Демек, есендік пен аман дық – тек Ислам дiнi мен Иманда. Олай болса, бiз әрдайым деуге мiндеттiмiз.

ҮшіНші СӨЗҚұлшылық адам баласына мол бақыт, орасан зор пайда әкелетінін, ал пасық болу мен құр ойын­күлкiге салыну күллі зиян, қайғы­қасiрет шектiретiнiн бiлгiң келсе, мысал болатын мына хикаяны зейiн қойып тыңда:Бiрде әскери мiндетiн өтеушi екi адам шалғайдағы бiр қалаға баруға арнайы бұйрық алып, жолға шығады. Олар едәуiр жүргеннен кейiн, жол екiге айрылады. Жол айрығында бiр адам кез болып, екеуiне былай дейдi: \"Бұл жолдардың тағдыры екi басқа. Оң жақтағысымен жүргендердiң ұдайы жолы болып, ойлаған мақсатына жетедi. Бұл жолды қалаған он адамның тоғызы пайдаға кенелiп, рахатқа бөленедi. Ал мына солға кеткен жол, ешкiмге пайда бермеген. Бұған түскен он адамның тоғызы зиян шеккен. Дегенмен екi жолдың қашықтығы бiрдей. Бiрақ, мынадай бiр айырмашылығы бар. Солға кеткен жолды қалаған адам қоржын арқалап, қару асынбайды. Басқарушыға да, тәртіпке де бағынбайды. Қалағанынша өткiншi, алдамшы рахат көредi. Ал, оңға кеткен жолмен жүретiндер әскери заңға бағынуға міндетті. Жол азығына толы салмақты қоржынын арқалап, кез-келген дұшпанына кезенер қару асынуы шарт\".Оның осы сөзiнен кейiн бірі оң жақ жолды қалайды. Арқасына қор­жынын арқалап, белiн бекем буды. Сөйтiп, үрей мен қорқыныштан, кiрiптарлықтан аман болып, көңiлі жәйланып сапарын әрі қарай жалғас­тырды. Ал, өзіне қажетті жүкті арқаламай, заңға бағынғысы келмей жолдың сол жақтағысын таңдаған екінші жолаушы жүк арқалаудан құтылғанымен, жүрегi зiл батпан кiрiптарлықтың астында қалып, нағыз ауыр жүкті сол көтерді. Анталаған дұшпаннан зәрресі ұшып, рухани күй зеліске түстi. Жол бойы жұрттың бәрiне қайыршы атанып, уайымнан бір құтыла алмайды. Баратын жерiне өлiмшi болып, зорға жеттi. Онда да сатқындығы мен заңға бағынбағаны үшiн қашқын ретінде жазасын тартты.

20СӨЗДЕРАл, әскери заңға бағынып, қоржыны мен қаруын тастамай оң жақ жолға түскен жауынгер ешкiмге кiрiптар болмай, ешқандай қауiп­қатерге ұрынбай, абыройлы түрде көңілі шат болып барар жерiне жетті. Ол жерде мiндетiн адал атқарған қаhарман жауынгерге лайық сый­сыяпат көрді.Ей, тентек нәпсiм! Бiлiп қой, әлгі екi жолаушының бiрi, Аллаhтың заң­дарына бағынатындар, ал екiншiсi болса, Иләhи тәртіпке көнбей, нәпсiнiң дегенiнен шыға алмайтындар. Жол деп отырғанымыз – рухтар әлемiнен келiп, қабiрден өтiп, ақыретке бастар өмір жолы. Қоржын мен қару­жарақ – ғибадат пен шынайы тақуалық. Сырт қараған көзге құлшылық ауыр болып көрiнгенiмен, шын мәнiнде рахат әрі жеңіл екенін сөзбен айтып жеткiзу мүмкін емес. Себебi, ғабит, яғни, құлшылық ететін адам, намазда дейдi. Яғни, \"Жаратушы да, Рызық берушi де – Ол. Зиян да, пайда да соның қолында. Ол – Хакiм, яғни, әрбір ісі хикметке толы, мақсат пен пайда бар. Ол – әсте бос, мағынасыз іс жасамайды. Ол – Рахим, сыйы мен мейiрiмi мол, шексіз\" деп сенгендiктен барлық нәрседен мейiрiмдiлiктiң нышанын көріп, дұға­тiлек арқылы жақсылық күтеді. Сондай­ақ барлық нәрсе өз Раббысының қолында екеніне кәміл сенеді. Жаратқан Раббысына сыйынады. Тәуекел етіп, Оған үміт артады. Түрлi жаманшылықтардан Оған сыйынып, Оны пана тұтады. Ең сенімді қорғаны өз иманы болмақ.Иә, барша жақсылық та, тіпті, шынайы батырлық та Иман мен ғибадаттан бастау алады. Ал, бүкiл жаманшылық, тіпті, қорқақтық пен азғындық та имансыздықтан туады. Иә, жүрегі нұрға бөленіп, иманға толы болған құлды Жер шары бомба болып жарылса да қорқытпауы мүмкін. Бәлкiм, ондай Самәдани құдiреттiң жойқын құбылысын тамсана тамашалайтын шығар. Ал, оның орнында имансыз, пасық философ болса, ондай жарылыс түгiлi көктегi құйрықты жұлдызды көрiп, дiрiл қағып: \"Апырым-ай, мына сандалған жұлдыз Жер шарымен қақтығысып, жарып жiбермей ме?\" – деп, алдын­ала уайымға батуы мүмкін. (Осындай бiр жұлдыздан бір кездері Америка жұрты қорқып, үйлерiнен безіп, далаға түнегенi бар).Адам баласы сансыз нәрсеге мұқтаж, бірақ оларды табуға қолы қысқа, күші жоқтың қасы. Өмірде кезiгетін пәлелерден құтылу мүмкін емес. Адамның билік пен шамасы қолының жеткен жерiне дейiн десек, мұң­мұқтаждығы – көзi мен қиялы жеткен жерге дейiн ұлан­ғайыр. Сондықтан, осыншама әлсiз, шарасыз әрi пақыр, мұң­мұқтажы мол адам­пендеге құлшылық қылу, тәуекел ету, нағыз иман, тәухид , 1Жаратқан (1) Тәухид – Аллаh жалғыз, барлығын бір өзі жаратқанына сену. Ауд.

21үшінші сөзИесін паналап, үкімдеріне мойынсұну қаншалық­ты зор пайда, мол ба­қыт, орасан нығмет екендiгiн соқыр емес жандар түсiнер, бәлкім көрер. Адамдар зиянды жолдың қауіптілігі оннан бiр ықтимал болса да зиянсыз жол іздейтіні мәлім. Әңгімеге арқау болып отырған құлшылық, Ислам жолы еш зиянсыз болуымен қатар оннан тоғыз ықтимал мәңгiлiк бақытқа бөлеп, қымбат қазына таптырмақ.Ал, күпiрлiк пен азғындық жолы, тiпті мұны пасықтар да мойындауда, еш пайдасыз әрі көптеген тура хабаршылар мен \"әhл­и кешф\" әулиелердің куәландыруы бойынша оннан тоғыз ықтимал мәңгi азапқа салатын, адам баласын құрдымға апаратын кесiрлi жол екені нақты дәлелденген.Қорытынды: Аллаhқа әскер болу және шынайы құлшылық бұл дүниеде де, ақыретте де бақытқа бөлейді. Олай болса, бiз әрдайымдегенiмiз жөн. Мұсылман болғанымызға шүкiршiлiк етуіміз керек.

ТӨРТіНші СӨЗНамаз – мол қазына­байлық әрi аса маңызды игі амал екендiгiн, сон­дай­ақ арзанға әрі оңай қолға түсетiндiгiн, ал, намазсыз адам бейбақ, қан­шалықты зиян шегетiнiн білгің келсе, мына мысали хикаяға құлақ түр, назар аудар:Баяғыда бiр патша, екi қызметкерiнiң әр қайсысына жиырма төрт алтын нан берiп, екi айлық жолдағы өзінің жеке, әдемi сая­бағы бар жеріне қоныс танып, сол жақта өмір сүрулерін бұйырады. \"Мына қаражатты жол шығыны мен билетке жұмсаңдар, сондай-ақ ол жақтағы баспаналарыңа қажеттi зат сатып аларсыңдар. Бiр күндiк жерде бекет бар. Бекетте автобус, кеме, отарба, тiптi ұшаққа дейiн бар. Қаражаттарыңа қарай таңдап мiнерсiңдер\" – деді. Екi қызметшi бұйрық алған соң жолға шығады. Олардың бiреуi ақылды едi. Бекетке дейiн аз шығындалып, оның есесiне қожайынының көңiлiнен шығатын сауда жасап, қалтасындағы қаражат мың есе артып кетті. Ал екiншi қызметшi болса, ақымақ едi. Бекетке дейiн жиырма үш алтынын шашып­төгiп құмар ойынына жұмсады. Бiр ғана алтыны қалғанда жол серігінің жаны ашып: \"Ау, саған не болды? Қалған бiр ділдәңдi билетке бер! Ұзақ жолда аш-жалаңаш қалу қаупi бар. Қожайынымыз мейiрiмдi, мүмкiн қатеңдi кешiретiн шығар, тiптi ұшаққа мiнгiзiп қалар. Барар жерiмiзге бiр күнде жетiп аламыз. Әйтпесе, екi айшылық жолда аш-жалаңаш әрi жаяу жүруiңе тура келедi,\" – дедi.Апырым­ай, анау адам қасарысып қолындағы бiр ділдәсiн қазынаның кiлтiндей құнды аса қажетті билетке бермей, оны да өткiншi ләззат, бол­машы қызық үшiн құмар ойынға жұмсап жіберсе, оның ақымақ екендiгi айтпай­ақ түсiнiктi болар.Мiнеки, ей бейнамаз адам! Және намазды жақтырмайтын нәпсiм! Бұл мысалдағы патша деп отырғаны – Раббымыз, Халиқымыз – Аллаh. Ал, екi қызметшi, яғни жолаушылар болса, бiреуi – намазын ықыласпен оқитын, екiншiсi – ғапыл, намаз оқымайтын мақұрым қалған кiсiлер. Жиырма төрт алтын деп отырғаны, бiр күндегi жиырма төрт сағаттық өмiр. Ал, жекеменшік жер – Жәннат. Бекет дегені қабiр еді. Саяхат болса, қабiрге

23төртінші сөзодан махшарға, одан әрi мәңгiлiк әлемiне жол тартатын адам ғұмыры. Ол жолды тақуалығына қарай адамдар әрқилы жүрiп өтедi дейді. Кейбiр тақуа кiсiлер мың жылдық жолды бiр күнде қиялдай самғап өтсе, кейбірі елу мың жылдық жолды бір күнде өтіп кетеді. Бұған Қасиеттi Құран екi аятымен ишара етедi.Ал, манағы билет болса – намаз. Бес уақыт намаз дәретiмен қоса есептегенде бiр сағат қана уақыт алады. Апырым­ай, жиырма үш сағатын мына жалған дүниеге жұмсап, ал сонау мәңгiлiк, бақи дүниеге бiр сағатын қимаған адамның қаншалықты шығынға ұшырайтынын, өзi­өзіне қастандық жасайтынын аңғарған шығарсың. Сондай­ақ мың кiсi қатысатын, мыңнан бір ғана ұтыс мүмкіндігі бар құмар ойынына қолда бар ақшасының жартысын салуды жөн санап, ал ұтары жүзден тоқсан тоғыз ықтимал \"мәңгiлiк қазына\" ұтысына қолда барының жиырма төрттен бір бөлігін бермеу соншалықты ақымақтық екенiн түсiну қиын ба? Әрі оның үстіне, намаз оқығанда рух, жүрек, ақыл­ой сияқты сезiмдер тынығып, рахатқа батады. Шаршататындай ауыр жұмыс та емес және намаз оқыған кiсiнiң бейкүнә iстерi, тұрмыс тіршілігі құлшылық болып есептеледi. Осылайша, бүкiл өмiрiн ақыретке жаратып, фәни өмірін мәңгi­бақи өмiрге айналдырады.

БЕСіНші СӨЗНамаз оқу, ауыр күнәлардан аулақ болу адам баласының басты мiндетi және жаратылысы соған лайық екенiн бiлгiң келсе, мына шағын мысали хикаяны тыңда:Соғыс кезінде бір әскери бөлiмшеде бiреуi білімді де ұқыпты, екіншісі ұқыпсыз, тамақсау екi жауынгер болыпты. Ұқыпты жауынгер әскери дайын­дыққа ынталы болатын, нәпәқасын, ішіп­жемін ойлап басын ауыртпайтын. Өйткенi, жан­жақты қамтамасыз ету, қарумен жабдықтау, ауырып қалса емдеу, тiптi керек кезiнде тамақты аузына апарып салу да мемлекеттiң мiндетi екенiн, өзінің мiндетi оқу мен соғысу екенiн жақсы білетін. Кейде тамақ әзірлеу, шаруашылық iстерiне араласып, қазан қайнату, ыдыс­аяқ жуу, су тасу жұмыстарын да атқаратын. \"Не iстеп жүрсiң?\" – десе, ол: \"Отан алдындағы борышымды, әскери міндетімді өтеп жүрмiн\" – деп жауап беретiн. Ешқашан: \"Нәпәқа тауып, күнкөріс үшін\" – демейтiн.Ал тамақсау, жауапкершілігі төмен жауынгер болса, оқу мен соғыс өнерiне немқұрайлы қарап: \"Ол мемлекеттiң iсi, маған не керегi бар\"– дейтiн. Әрдайым қарнының қамын ойлап, дайындықтан қашып, базар аралап сауда жасайтын. Бiр күнi тәртiптi құрдасы оған былай дедi: \"Достым, сенiң мiндетiң оқу мен соғыс өнерiн жақсылап меңгеру. Сен бұл жерге сол үшiн келдiң. Патшаға сенiм арт. Ол сенi аш қалдырмайды, сенi асырау оның мiндетi. Сенің шамаң шектеулі, дәрменсіз әрi пақырсың. Өзiмдi өзім қамтамасыз етемiн деп әуре болма әрi қазір соғыс уақыты болғандықтан бұл тәртiпсiздiгiң үшiн жазаға тартыласың.Рас, атқарылуы тиiс екi мiндет бар. Бірақ, бiреуi патшаның мiндетi. Ол – бiздi асырау, қамтамасыз ету. Оны кейде өзiмiзге жүктейдi. Екiншiсi бiздiң мiндетiміз. Ол – оқып тәлім алу, соғысу. Патшамыз бiздi қару­жарақпен қамтамасыз етіп, жағдай жасайды.\"

25бесінші сөзАпырым­ай, манағы жауапсыз жауынгердің мына ұқыпты да ақылды досы ның айтқанына құлақ аспаса, жағдайы қиын болары түсінікті шығар.Ей, жалқау нәпсiм! Әлгi аласапыран соғыс майданы – мына дүбiрге толы дүние. Әскер болса адамзат, ал оның бiр бөлiмшесi – осы ғасырдың Ислам жамағаты, яғни, мұсылмандар. Ондағы екi жауынгердiң бiреуi Аллаhтың әмiрлерiн орындап, күнәлардан аулақ болу үшiн шайтанмен айқасып жүр­ген тақуа мұсылман. Екiншiсi, Құдайға кiнә артқандай, күнкөрістің қамы деп Аллаhтың әмiрлерiн орындамай, адал­арамды айырмайтын күнәhар пасық адам. Ал, тәлім­тәрбие болса, құлшылық, ең бастысы – намаз. Ал, соғыс деп отырғаны адам бойындағы нәпсi мен әуестiкке қарсы күресу. Жын және адам кейпiндегi шайтандармен шайқасу. Жүрек пен рухты арашалап, мiнез­құлықтың бұзылуынан сақтану.Ал, атқарылуы қажет екi мiндеттiң біріншісі – тірілік беріп әрі оны қам­тамасыз ету. Екiншiсi болса, өмiр сыйлап, тiрлiкті жан­жақты қамтамасыз етушiге шынайы түрде берiлiп, жалбарыну, Оған тәуекел етiп, шүкір ету.Иә, Аллаh Тағаланың әсем де ғажайып өнері болып табылатын әрі күрделі хикметке толы мына тіріліктi кiм сыйлаған болса, оны жалғас­тырып, қамтамасыз ететін де, аяқтап, өлтiретiн де сол ғана болмақ. Басқа ешкiм де емес. Дәлел керек болса өте әлсiз әрi ақылсыз хайуандарға қара! Олар өте керемет қоректенедi. Мысалы, нәзік құрттар мен балықтарды алайық. Жаратылысы нәзік бейшаралар өте керемет азықтанады. Оған мы­сал, бүкіл нәрестелер мен жан­жануарлардың төлдерi. Демек, адал азық­пен қоректенудiң жолы қара күш пен ептілік емес, керісінше әлсiз дiк пен бейшаралық. Балықтарды түлкiлермен, кiшкене төлдердi ірі жануарлармен, ағаштарды хайуандармен салыстыру бұған нақты дәлел ретінде жетіп жатыр. Демек, намаз оқымай тек тiршiлiк қамын ойлайтын адам әлгi жауапсыз жауынгерге ұқсайды. Ол да тәлім­тәрбиені тастап, қорғаннан қашып, базар аралады емес пе? Алайда, намазды оқып, Жанаб­ы Рәззақ­ы Кәримнiң (Аса жомарт, барлығының ризығын беруші) дәмханасынан өзiне тиесілі нәпәқасын iздеу, бiреуге масыл, жүк болмау үшiн өзi баруы мәрттiк әрi құлшылық болып есептеледi.Рас, адамның жаратылысы мен бойындағы қасиеттерге қарап, оның құлшылық үшiн жаратылғанын бiлуге болады. Өйткенi, адам баласына тек бұл дүниелiк тiршiлiк ету тұрғысынан қарайтын болсақ, күш­қуаты, тұрмысы құс екеш құс боз торғайға да жете алмайды. Алайда, оған рухани және ақы реттiк тұрғыдан және өз пақырлығын мойындап, Раббысына жал­барыну тұрғысынан қарағанда, Адам – бүкiл тiршiлiк иелерiнiң сұлтаны, әміршісі деген жоғары мәртебеге ие болады.

26СӨЗДЕРДемек, ей, нәпсiм! Егер басты мақсатың бұл дүниелiк өмiр болып, тек соның қамын ойласаң, торғайдан да тұрмысың нашар болады. Егер ақы­реттік, рухани өмiрдi ойлап, сол жақта бақытты болуды мақсат қылсаң және мына фәни өмiрдi бақи өмірге ұйытқы, оның егiнжайы деп қабылдап о дүниенің қамын жасасаң, барлық тiршiлiк иелерiнiң басшысы әрi Хақ Тағаланың бұл дүниедегi ерке құлы, қымбатты да қадiрлi қонағы боласың.Мiне, саған екi жол... Қалаған жолыңды таңдарсың. Тура жол мен таупықты Әрхам­ур Рахиминнен (Мейрімділерден де аса мейірімді) сұра!...

АЛТЫНшЫ СӨЗЖаны мен қолда бар меншігін жаратқан бір Аллаhқа сату және Оған адал құл, сенiмдi жауынгер болу, өте тиімді сауда, үлкен абырой, биік лауазым екенiн бiлгiң келсе, мына мысал ретiндегi қысқаша хикаяны тыңда:Баяғыда бiр патша қарамағындағы екi адамға аманат ретiнде әрқай­сысына бiр­бiр қожалық бередi. Ол қожалықта фабрика, өндiрiстiк мәшине, ат­көлiгi, құрал­сайман секілді тұрмысқа қажеттi барлық жабдықтары сайма­сай екен. Бiрақ, сұрапыл соғыс кезi болғандықтан ешқандай береке болмай, бар нәрсе жоғалып немесе өзгерiске ұшырап жатқан заман екен. Мейірімді Патша әлгi екi адамға ілтипат жасап бiр елшісін жiбередi. Елші арқылы мейiрiмдi жарлығымен былай дейдi: \"Иелiктерiңе берген аманатымды маған қайта сатыңдар. Оны өзім сақтаймын. Босқа зая кетпесін. Соғыс бiткеннен кейiн тамаша түрде өздерiңе қайтарып беремiн. Бұл аманаттарды сендердің мүліктерің деп есептеп, сатып аламын да байлыққа кенелтемін. Өндiрiс мәшинелері мен фабрикадағы өзге де құрал-жабдықтар менiң атымнан, менiң жерімде жұмыс iстейтiн болады әрі табыс ақысы мың есеге артады. Ол пайданы да түгелдей сендерге беремiн. Сендер әлсiз, әрi пақырсыңдар, ондай ауқымды ауыр жұмыстарды атқаруға және қажеттi нәрселермен қамтамасыз етуге шамаларың жетпесі анық. Барлық шығын мен қажеттi нәрселердi мен өз мойныма аламын. Түскен пайда мен байлықты сендерге беремiн. Әрi әскер мiндетiнен босағанға дейiн сендердiң қолдарыңда қалдырамын. Мiне, пайда үстiне бес есе пайда!Егер маған сатпасаңдар, көрiп отырсыңдар ешкiм де қолындағысына ие бола алмай, айрылып қалып жатыр. Сендер де солардың кейпін киесіңдер. Зор шығынға ұшырап, әлгі мол байлықтан құр қаласыңдар. Нәзiк те аса қымбат құрал-жабдықтар, аспаптар, өлшегіш саймандар қолданысына сай жұмыс пен iс таба алмағандықтан құнын жояды.

28СӨЗДЕРОларды сақтау мен басқару жауапкершілігі және өзге де машақаты мойындарыңа мінеді. Аманатқа қиянат жасап жазасын тартатын боласыңдар. Пайда көрудiң орнына бес есе зиян шегесiңдер!Ал маған сату деген сөз, маған жауынгер болып менің атыммен әрекет ету болмақ. Құны жоқ тұтқын немесе бұзақы атанудың орнына Ұлы пат шаның нағыз ерiктi жауынгері, адал сарбазы атанасыңдар.\"Осы iлтипат толы жарлықпен танысқаннан кейiн әлгі екі адамның бiрі: \"Әлбетте, мен сатуға дайынмын. Әрі қуана­қуана келісемін. Мың да бiр шүкiршiлiк етемiн,\" – дедi. Бұл ақылды әрі тәрбиелісі болатын. Екiншiсі тәкаппар, нәпсiсi перғауынға айналған, өте өзiмшiл, маскүнем болатын. Ол өзiн мына қожалықта мәңгi қалатындай сезiнетiн. Сырттағы зiлзәлала мен апаттан бейхабар ол: \"Жоқ! Патша кім, танымаймын. Мен мүлкiмдi сатпаймын, рахатымды бұзғым келмейді\" – деп қарсылық білдірді.Арада бiраз уақыт өткен соң бiрiншi адамның мерейі өсіп жоғары мәртебеге ие болды. Оны көргендердiң барлығы қызыға қарайтын. Себебі, патшаның мейiріміне бөленіп, оның хан сарайында бақытты ғұмыр кешіп жатты. Анау бейбақ болса, өте ауыр жағдайға душар болды. Көргендердiң барлығы оған жаны ашып, бiр жағынан \"өзiңе де сол керек\" дейтiн. Өйткенi, жіберген қателiгiнiң жазасы ретінде бақытынан да, мал­мүлкiнен де айрылып, азабына ұшырады.Ей, дүниеқұмар нәпсi! Осы мысалды дүрбi етіп ақиқаттың жүзiне қара! Мысалда келтiрiлген Патша – Әзел, Әбәд Сұлтаны – Раббың, Халиқың – Аллаh. Қожалық, құрал­жабдықтар мен таразылар – сенiң өмiрде иелігіңе берілген нәрселер. Соның iшiнде дене, рух, жүрек, көз, құлақ, тiл, ақыл, қиял сияқты сыртқы және iшкi сезiмдерiң. Ал, елші деп отырғаны – Расул-ы Кәрим, яғни Ардақты Пайғамбарымыз. Ілтипатқа толы Жарлық дегенi – Құран Хаким. Бiз сөз еткен үлкен сауда Құран Кәрімніңаяты арқылы жария етiледi.Ал, әлгі аласапыран соғыс майданы дегенi – бір орнында тұрақтап тұр­майтын, сан­құбылып өзгеретiн, қауiп­қатерге толы осы дүние. Расында, фәни дүниедегi құбылыстар адам баласының санасына: \"Осылайша бар-лық нәрсе қолымыздан шығып кете бере ме? Бұларды мәңгiлiкке айнал дырудың шарасы жоқ па?\" – деген ой туғызады. Адам осылай ойланған сәтте Сәмауи Құранның дауысы естiледi: \"Иә, бар. Мұның бес есе пайдалы әрi тамаша, жеңіл жолы бар\" – дейдi.Сауал: Ол қандай шара?

29алтыншы сөзЖауап: Аманатты нағыз иесiне сату. Мұндай сауданың еселеп беретiн бес пайдасы бар.Бірінші пайдасы: Фәни байлық мәңгiлiкке айналады. Себебi, Қаюм-ы Бақи (Бақи әрі бәрін тік ұстап тұрған), Зат­ы Зүлжәлалға (Шексіз айбынды) арналған және Оның жолында жұмсалған өткiншi өмiр мәңгiлiкке айналады, бақи жемiс бередi. Сөйтіп өмiр сәттерi кәдiмгi тұқым, дәнектер секілді сырт көзге фәни болады, шiридi, өледi. Есесiне Бақи әлемде мәңгі бақыт гүлдерiн ашып, өсiп­өнетiн болады. Әрi Берзах әлемiнде әрбiр минөт нұрлы да, сүйкiмдi бiр бейнеде қайта оралады.Екiншi пайдасы: Жәннат секілді ерекше сый берiледi.Үшiншi пайдасы: Әрбір ағза мен сезім мүшелерінің құндылығы мың есеге артады. Мәселен, ақыл – бiр құрал. Оны Хақ Тағалаға сатпай, нәпсi жетегiнде жұмсаса, жанды қинап, мазалайтын құралға айналады. Себебі, өткен күндердiң өкініштері мен болашақтың уайымын жегізіп бейшара басты төпелеп, сабалаушы деңгейiне құлдырайды. Сондықтан, мұндай жағдайға тап болған пасық адамдар, ақылдың мазалауынан құтылу үшiн маскүнемдiкке салынып, онан қалса бос ойын­күлкіге құмар келеді.Егер ақыл, Мәлик­і Хақиқисіне яғни нағыз Иесіне сатылса және Оның атымен қолданып, әміріне сай пайдаланса тамаша тылсым­сырларды ашатын кiлтке айналады да әлемдегi шексiз мол рақым байлықтарын,хикмет қазыналарын тауып, өз иесiн мәңгiлiк бақытқа жетелеуші Мүршид, ұстаз мәртебесiне көтерiледi.Мысалы, көз. Рух бұл әлемдi сол көз терезесi арқылы көреді. Егер оны Хақ Тағалаға сатпай, нәпсi үшін пайдаланса жалғасы жоқ өтпелi суреттер мен жай суреттердің жалған қызығын тамашалап, нәпсiқұмарлық пен әуестiктiң арсыз қызметшiсiне айналады. Егер көздi өз иесi – Сани­ы Басирына (Бәрін көруші, шебер) сатса, Оның атынан және Оның рұқсатымен жұмсаса, мына үлкен әлем кiтабының бiр оқырманы және бұл әлемдегi Раббани ғажап өнердi тамашалаушы көрермен, Жер шары бақшасындағы рақым гүлдерiнен бал жинаушы мүбарак ара мәртебесiне көтерiледi.Мысалы, тiлдiң дәм сезу қабілетін Фатыр­ы Әкiмге (Теңдесі жоқ нәрселерді жаратушы, үкім беруші) сатпай нәпсiге ноқталап тек асқазан үшiн жұмсаса, онда ол қарын фабрикасының есiгiндегі күзетшi деңгейiне құлдырап кетеді. Егер оны Рәззақ­ы Кәрим яғни Аса Жомарт ризық берушіге сатса, онда ол Иләhи рақым қазынасының мұқият бақылаушысы және Са мәдани Құдiрет асханасының шәкiр (шүкір етуші) зерттеушiсi дәрежесiне көтерiледi.Мiне, ей, ақыл! Мұқият бол! Мазаны алушы құрал болу қайда жатыр? Әлемнiң сырларын ашатын кiлт болу қайда жатыр? Осыны ажырата бiл!

30СӨЗДЕРЕй, көз! Жақсылап қара! Арсыз қызметшi атану қандай, Иләhи кiтап­хананың зерделi зерттеушi қандай?!Ей, тiл! Дәмдi айырарда байқа! Фабриканың есiгiн күзету қалай? Аллаh тың рақымына тән қазынаның бақылаушысы болу қалай? Екеуінің ара сы жер мен көктей емес пе?! Сондай­ақ бұдан өзге де құрал­жабдықтар мен сезім мүшелерiн салыстыру арқылы шын мәнiнде иманды жандар Жәннатқа, ал кәпiрлер Жәhаннамға лайық екенiн бiлуге болады. Олардың осындай сипаттарға ие болуының басты себебi мүминдер иманы арқылы Жаратушысының аманатын Оның атымен, әмірімен, рұқсат берген жер­лерге қолданса, кәпiрлер берiлген аманатты ысырап қылып тек жаман­дыққа, түрлi қиянатқа ұрындырушы нәпсiсi үшiн жұмсауында.Төртiншi пайдасы: Адам баласы өте әлсiз. Мұң­мұқтаждығы сансыз. Пәлелерi өте көп, дәрменсiз, пақыр. Оның үстіне өмiр тауқыметі ауыр. Егер ол Қадир­ы Зүлжәлалге (айбынды да құдіреті шексіз) сүйенiп, тәуекел етпесе, Оған сенiп, шын берiлмесе, ар­ұжданы азап құрсауында қалып нәтижесiз тірілік, машақат пен уайым, өкiнiш пен қайғы еңсесін басып, ақырында не маскүнемге, не жыртқыш хайуанға айналдырады.Бесiншi пайдасы: Адамның сезім мүшелерiмен жасаған бүкіл ғибадат, құлшылықтары мен зiкiрлерiнiң ақысы тым мұқтаж болған кезінде, яғни қараңғы да тар қабiрге түсіп қиналғанда пайдасы тиіп, Жәннат жемiсi тәрізді алдынан шығатынына әулиелер мен сенiмдi көрегендер бiр ауыздан куәлiк етуде.Егер де осы айтылған бес пайдалы сауданы жасамасаң, онда мұндай табыстың бәрiнен мақұрым қалып қана қоймай, бес бiрдей зиянға ұшырайсың.Бiрiншi зиян: Соншалықты жақсы көретiн мал­мүлiк, байлығыңнан, бала­шағаңнан, жастық шағыңнан, өміріңнен, тiптi бәрiнен де жақсы көретiн нәпсiңнен (жаныңнан) айрылып, зая болады. Саған бұйыратыны өкiнiш пен қайғы, мойныңа жүктелер ауыр күнәлар мен қателіктер болмақ.Екiншi зиян: Аманатқа жасаған қиянаттың жазасын тартасың. Себебi, өзiңе аманат етiлген өте қымбат құралдарды бос әрi құнсыз нәрселерге жұмсап, ысырап қылдың, нәпсiңе, яғни, өзіңе зұлымдық еттің.Үшiншi зиян: Адам баласына ғана берiлген қымбат құндылықтарды хайуаннан бетер төменгi деңгейге түсiргенің үшiн Иләhи хикметке кiнә тақтың, онымен қоймай үлкен зұлымдық жасадың.Төртiншi зиян: Әлсiз пақыр бола тұра өмірдің ауыр жүгiн қылдай мойныңа артып, аяқталу мен айрылу қайғысын жұтып, өмір бақи жылаумен өтесiң.

31алтыншы сөзБесiншi зиян: Мәңгiлiк өмiрдiң негiзiн қалайтын және ақырет бақы­тына жеткізетін игі амал жасасын деп берілген ақыл, көз, тiл секілді Рахманның құнды құрал­жабдықтарының қадірін түсіріп, Жәhаннамға жетелейтін зиянкес, басыңа бәле қылдың.Ендi сату мәселесiне келейік! Бұл, адам қашатындай соншалықты қиын шаруа ма? Жоқ! Еш қиындығы жоқ. Өйткенi, шариғаттың өрісі қашан да кең, халал, яғни, рұқсат етілген нәрселер ләззат алуға толық жеткiлiктi. Харамға, күнәға батудың ешқандай қажетi жоқ. Аллаh бұйырған парыздар да жеңiл, әрi аз.Аллаға құл және сарбаз болу ләззаті мол үлкен абырой. Оны сөзбен айтып жеткізе алмаймыз. Жүктелген міндет: Аллаhтың атымен бастау, Аллаhтың атымен iстеу, Аллаhтың атымен беру, Аллаhтың атымен алу... Оның рұқсатымен, оның әміріне сай әрекет ету, жазғанына көну...Жаңылса, тәубесiне түсiп, ғафу өтiнiп: \"Раббым! Күнәларымызды кеш! Бiздi өзiңе құл етiп, қабыл ал! Аманатыңды алатын уақытқа дейiн бiздi аманатқа адал қыла гөр! Әмин!\" – деп, жалбарынуы керек.

ЖЕТіНші СӨЗМына тылсымы терең ғаламның сырын ашатыняғни, Аллаhқа және Ақыретке иманның – адамды бақытқа жетелейтін екі қазына, тылсымдарды шешетін екі сыр, рухани байлық екенiне және сабырлы түрде тәуекел етiп, Жаратқан Аллаhқа жалбарыну, Құдайға шүкiршілiк етiп, оған дұға арқылы тiленудiң жанға жайлы шипа, дертке дауа екенiне көз жеткiзгiң келсе, сондай­ақ, Қасиетті Құранды тыңдау, үкiмдерiне мойынұсыну, намаз оқу, ауыр күнәлардан қашу секілді амалдар мәңгілікке сапар шеккенде өте қажет әрi маңызды, баға жетпес билет қызметін атқаратынын және ол ақыреттiң азығы, қабiрдiң нұры болып табылатынын түсiнгiң келсе, мына мысалға құлақ түр!Бір күні соғыс майданында бір жауынгер қиын­қыстау жағдайға тап болады. Айнала атыс­шабыс, кiм жеңiп, кiм жеңiлетiнi беймәлiм, қайнап тұрған кез. Жауынгер екi иығынан жаралы, артында бас салуға әзiр азулы арыстан, алдында дар ағашы тұр. Тума­туыстарын әлгі дарға асып жатыр. Бұған да кезек келері анық. Жауынгер осы күйінде ұзаққа сапар шегеді, қоныс аударылады. Сөйтіп бейшара қайғыдан қан жұтып, мұңайып тұрғанда, оң жағынан Хызыр секiлдi нұрлы жүздi бiреу пайда болып, оған былай деп тiл қатады: \"Мұңайма! Саған екi нәрсе үйретемiн. Оны дұрыс қолдансаң, мына арыстан сенiң бағынышты жүйрiк атыңа, дар ағашы да көңiлдi әткеншегiңе айналады. Және екi түйiр дәрi беремiн, оны iшкенде мына ауыр жараларың \"Мұхаммед\" (с.а.у) атты хош иiстi әдемi гүлге айналады. Билет те беремiн, ол билетпен әлгі сапардың бiр жылдық жолын бiр күнде жүріп өтесiң. Күмәнiң болса, тәжiрибе жасап көр! Айтқаныма өзің де куә боласың!\" Жауынгер байқап көріп еді, рас екеніне көзі жеттi. Мен де, яғни, мына бейшара Саид та, мұны қуаттайды. Өйткенi, өмiрден жиған тәжiрибем бар. Дұрыстығына әбден көзiм жеткен. Мұнан соң жауынгердiң сол жағынан албастыдай әзәзіл біреу пайда болды. Өзi өтiрiкшi, әлем­жәлем киiнiп алған, маскүнем. Қолында есiрткi, шарап, көздiң жауын алатын суреттер, қиял­ғажайып бiрдемелер айтып, кесе көлденең тұра қалды.

33жетінші сөз— Ау, дос! Кел, отыр. Шараптан ішіп, көңiл көтерейiк. Мына сұлу қыздардың суреттерiн тамашалайық. Нәпсіге хош келетін музыка, әуендер бар. Балдай тәттi мына тағамдардан ауыз ти!Сұрақ: — Ей, сен ернiң жыбырлап не оқып тұрсың?Жауап: — Бiр тылсым.— Қойшы сол, адам түсiнiп болмайтын нәрсеңдi. Қазіргі көңілді жағдайымызды бұзбайық!Сұрақ: – Мына қолыңдағы не?Жауап: – Дәрi.— Таста оларды. Денiң сау. Көңiл көтеретiн кезiң емес пе?Сұрақ: — Ей, мына бес бiрдей мөр басылған қағазың не?Жауап: — Билет.— Жырт бұларды! Мына құлпырған көктем кезiнде жолға шығып керегi не? – дедi.Осындай сан­алуан жолдармен азғыруға тырысты. Манағы бейшара сенiңкiреп, ойланып қалды. Иә, пенде болғасын алданады. Кезiнде мен де осындай бiр алаяққа алданған болатынмын. Сол мезетте оң жағынан күркіреген зор дауыс естiлдi:— Байқа! Алданба! Ол алаяққа былай де: \"Егер артымдағы азулы арыстанды өлтiрiп, алдымдағы дар ағашын жоятын болсаң және екi иығымдағы жараны емдеп, менi айдаудан аман алып қалатын шара тапсаң, қане көрсет! Содан кейiн кел, көңiл көтерейiк! Бұлар қолыңнан келмейтiн болса, сөздi қысқарт, есуас неме! Мына Хызыр секілді көктен түскен қайырымды жан айтарын айтсын, соны тыңдайық.\"Ей, жастық шақта көп күлiп, ендi сол күлгенiне жылаған нәпсiм! Жаңағы жаралы жауынгер сенсiң, яғни, адам. Ал, арыстан – ажал. Дар ағашы – өлiм. Күн өткен сайын жақын достарың қош айтысып, кете бермек. Екi жараның бiрi – адами пақырлық, екiншiсi – әлсiздiк. Қоныс аудару, сапар шегу дегенi – рухтар әлемiнен келiп, ана құрсағына бітіп, одан дүниеге, сәбилiкке, сәбилiктен жастыққа, одан қарттыққа, ол жерде де көп аялдамай қабiрге, берзахқа, махшар алаңына бет алу. Одан әрі Сырат көпiрiнен өтетiн адамзаттың сыналатын сапары. Ал құпиялы екi тылсымның бiреуi – Аллаh Тағалаға Иман, екiншiсi – ақыретке Иман.Иә, осы қасиеттi тылсым арқылы өлім – адам баласын мына зындан секiлдi тар дүниеден Жәннаттың кең де сұлу бақшасына, Рахманның құзырына апаратын сенiмдi көлiк пен пыраққа айналады. Сондықтан, ажалдың ақиқатын бiлген, мәнісін түсінген жандар ажалдан қорықпай, қайта ол келмей тұрып өлiмдi қалаған. Сондай­ақ таусылу, қоштасу, опат

34СӨЗДЕРболу және дар ағашы секілді зымыраған уақыт болса, иман тылсымымен, Сани­ы Зүлжәлалдың (Айбында да зор шебер) сан­алуан, таңғажайып өнерін, мейірімге толы құбылыстарды рахаттана тамашалауға мүмкіндік боп табылады. Мәселен, Күн нұрының әсем бояуларын көрсетіп тұрған айналардың ауыстырылып, орнына жаңасын қою әдеттегiсiнен әлдеқайда әдемi, әсем көрiнiстерге себеп болады емес пе?Ал, әлгі екi дәрiнiң бiреуi – сабыр мен тәуекел ету, Жаратқанның құдi­ретiне арқа сүйеп, хикметiне сену. Иә, әмірі бар яғни не десе сол бола қоятын бүкiл әлемнiң Сұлтанына сеніп, оның алдында өзінің әлсiздiгiн мойындап, арқа сүйеген пенде неден қорықсын? Өйткенi, ең ауыр жағдайда: – деп, шын жүректен Рабб­ы Рахимына (Аса мейрімді қожайын) сиынады. Аллаhты таныған жандар әлсiздiктен, Одан қорқудан ләззат алған. Рас, Аллаһтан қорқу адамға ләззат береді. Егер бiр жасар сәбиді ақылы толық, тілі де шыққан деп санап одан: \"Өзіңе ең қызық әрі тәттi күйің қашан?\" – деп сұраса, ол: \"Әлсiз, дәрменсiз екенiмдi сезіп, анамның шипалы шапалағынан қорқып, оның мейiрiмдi құшағына тығылған кезiм,\" – деп жауап берер едi. Ендеше, барлық ана біткеннің жүректеріндегі мейiрiмдiлiк – Аллаhтың рақымының бiр ғана сәулесiнiң көмескі шуағы ғана. Сондықтан да, иманды, дана, кемеңгер, кәміл жандар Аллаhтан қорқудан, өзінің әлсiз екенін сезінуден ғажайып ләззат алғандықтан бойындағы күш­қуатынан бас тартып, Жаратқан Иесіне әлсiздiгiн алға тартып сиынған. Әлсiздiк пен қорқынышын өздерiне шапағатшы еткен.Екiншi дәрi болса, шүкiршiлiк және қанағат етіп, талап­тілектерін білдіру, дұға ету әрi Рәззақ­ы Рақымның (Аса мейрімді, барлығын асыраушы) мейiрiмдiлiгiне сенiм арту. Солай емес пе?Иә, бүкiл жер жүзiн ырысты дастархан тәрізді құлпыртқан, көктемдi гүл шоғы секiлдендiрiп әлгі дастарханның жанына қойған Жәууәд­i Кәрим, Аса Жомарт шексіз бай Аллаhтың қонағымын деп сенген пендені пақырлық пен мұқтаждық әсте мұңайтушы ма еді..? Қайта пақырлық пен мұқтаждық оның ынтық сезімдерін оятады. Аштық тәбеттi ашқаны секілді пақырлық та Оған анағұрлым жақындатып құзыр беретіндіктен оның артуын қалайды. Сол үшiн де иманы кәмiл жандар пақырлығын мақтан тұтқан. Әрине, бұл Жаратқанның алдында өз пақырлығыңды сезініп жал барыну деген сөз. Әйтпесе, пақырлығын халыққа көрсетiп, тіленші бол деген емес. Мысалдағы билет болса, бiрiншiден намаз, парыздарды өтеу, ауыр күнәлардан қашу. Иә, Құранды зерттеушi ғұламалар, көреген әулиелер сонау ұзақ әрi қорқынышты бақилық сапарда, керек­жарақ, азық­түлiк,

35жетінші сөзкиiм­кешек, жарық нұр тек Құранның әмiрлерiне мойынұсыну әрi тыйым салғандарынан аулақ болу секілді игі амалдар екенін бір ауыздан хабар беруде. Әйтпесе, пән мен пәлсәпәнің, өнер мен атақ­данқтың ол жақта бес тиын пайдасы жоқ. Олардың жарығы қабiр басына дейiн ғана жетеді.Мiнеки, ей, жалқау нәпсiм! Бес уақыт намаз оқу, жетi ауыр күнәдан аулақ болу жеңiл әрi рахат. Нәтижесi мен пайдасы болса шаш етектен мол, әрі маңызды екенiн ақылың болса түсiнген боларсың. Сенi пасықтық пен азғындыққа шақыратын шайтанға және әлгiндей әзәзіл адамдарға былай де: \"Егер өлімді өлтiрiп, аяқталу дегеннiң көзiн жойып, адамзаттың әлсiздiгі мен пақырлығын жоятын күшiң болса, қабiрдiң аузын тастай бекiтудiң амалын тапсаң айт, тыңдайық. Әйтпесе, үнiңдi өшiр...Алып мешiт тәріздес ғаламда Қасиетті Құран әлемдi оқып, түсіндіруде. Құранды тыңдайық. Оның нұрымен нұрланып, Хақ жолы – Ислам жо лымен жүрейiк. Құранымыз – ұранымыз болсын. Иә, сөз деп соны айтады. Хақ болып, Хақтан келiп, хақ деген және ақиқатты көрсеткен, айналаға нұрлы хикмет шашқан кітап - сол Кітап!\"

36СӨЗДЕР

СЕгіЗіНші СӨЗДүние дегеніміз не және дүниедегі адамның рухы туралы, сондай­ақ адам өмiрiндегi дiннiң маңыздылығын және егер хақ дiн болмаса дүние – зындан, дiнсiз адам – бақытсыз, сорлы екенiн және ғаламның тылсымын ашатын әрi адамзат рухын қараңғылықтан құтқаратын және яғни \"Аллаhтан басқа тәңір жоқ \" және \"Уа, Аллаh! \" деген қасиетті сөздер екенiн түсiнгiң келсе, мына мысал ретiндегi шағын хикаяға назар сал, тыңда:Баяғыда екi жiгiт ұзақ сапарға шығады. Әлдебір жерге келгенде жол екiге айырылады. Жол айырығында тұрған шынайы, адал бiреудi көредi. Екеуi одан: \"Қай жол тиімді?\" – деп сұрайды. Ол адам: \"Оң жақтағы жолға түссеңдер тәртiп пен заңға бағынуға мәжбүр боласыңдар. Бiрақ, ол қиыншылық есендікке қауыштырып, бақытқа бөлейді. Ал, сол жақтағы жолда ешкімге бағынбай тәуелсіз, емін-еркiн жүресіңдер. Бiрақ ол еркiндiк қауiп-қатерге ұшыратып, түбінде азапқа салады. Таңдау еркі өздерiңде\" – дейдi. Бұны естіген соң жайсаң мінездісі тәуекелге бел буып, заң мен тәртiпке көнуді жөн санап оң жолды қалайды. Ал, жанындағысы қыңыр мiнездi, өз дегенiмен ғана жүретiн жан едi. Еркiндiкке бола сол жақты таңдады. Сырт көзге жеңiл сияқтанғанымен рухани ауыр жолға түскен осы жолаушының ізінен қиялымызбен еріп көрелік.Ол жүре­жүре бiр шөл далаға тап болады. Кенет, үрейлi дауыс естіледi. Жалт қараса, ағаш арасынан айбарлы арыстан өзiне қарай тура ұмтылып келедi. Ол тұра қашады. Қашып келе жатып, тереңдігі алпыс метрге жуық құдыққа тап болады. Қорыққанынан әлгi құдықтың ішіне секiредi. Құлап келе жатып, қолына бiр бұтақ iлiгедi де содан ұстап салбырап қалады. Құдықтың қабырғасына жабыса өскен бұл ағаштың екi тамыры бар екен. Екi тышқан оны кемiрiп жатқанын көредi. Оның бірі ақ, екіншісі қа ра екен.

38СӨЗДЕРЖоғарыға қараса, әлгi арыстан құдықтың аузын аңдып отыр. Төменге қараса түбiнде алып айдаhар жатыр. Арандай ашылған аузы құдықтың аузымен бірдей екен. Екі орта шамамен отыз метрдей. Құдық тың қабырғасында өте улы жәндiктер өріп жүр екен. Дегенмен, таңға жайып түрде ерекше құдiрет жаратқан iнжiр ағашының ұштарына қара са, жаңғақтан бастап анарға дейiнгi барлық жемiс атаулының небiр түрi самсап тұр. Бiрақ, мұның мән­жайын толық түсiнуге бейшараның ой­өрiсi жетпедi. Бұл бiр жай, әншейiн iс емес, мұнда бір сыр жатқанын, бұлай кездейсоқ, өзінен­өзі болмайтынын, мұның бәрiн реттеп тұрған аса құдi реттi бiреу бар екенін аңғара алмады. Оның санасы мен ары қиналып, жан дауысы шығып рухы азапталып жатса да жүгенсіз нәпсiсi еш нәрсе бол мағандай, өзін­өзі алдады. Жан дауысын естiмеу үшiн құлағын басып, өзін керемет бір бау­бақшада жүргендей қиялдап жемiстерден жұлып жей бастады. Ал, жемiстердiң бiр бөлiгi улы, зиянды болатын.Пайғамбарымыздың құдси бір хадисінде Хақ Тағала былай бұйырған дейді: Яғни: \"Құлым менi қалай таныса, мен де оған солай көрінемін!\" Мiне, бұл бейбақ ойы жаман әрi ақылы таяз болғандықтан көргенін ақиқат, осылай болуы тиiс деп жаңылды. Сол түсiнiгiне лайық күй кешті, күй кешіп жатыр, кеше де бермек. Не өлiп құтыла алмайды, не тiрi қалып өмiр сүрiп жарытпады. Ауыр азаптың шырмауында қалды.Ал, енді екінші мүбарак, ақылды адам болса, сапарын ары қарай жалғастырды. Бiрақ, бауыры сияқты қиналып, азып тозбады. Өйткенi, мiнезiне сай ойлаған ойы да, iстеген iсi де жақсылыққа толы едi. Өзiн­өзi жұбатып, әр нәрсенiң жақсы жағына қарайтын. Сондықтан, ол манағы бауыры сияқты машақат тартып, мехнат көрмеді. Өйткенi, тәртiпке бағынып, заңға көнді және оның жеңілдіктерінен пайдаланды. Көңілі жай тауып, өзін қауiпсiз сезініп есен­аман жүрдi. Жолай түрлі жемістер мен әсем гүлдер қаулап өскен үлкен бақшаға кез болды. Күтiмсіздіктен жемістің лас, шіріктері де кездесетін. Манағы бауыры да осындай бiр бақшаға кез болған едi. Бiрақ, ол бейшара лас, шірік жемістерді жеп, жүрегi айнып, бел жазып, аяқ суыту ойына да кірмей шығып кеткенше асықты. Бұл болса \"әр нәрсенің жа сы жағына қара!\"қ қағидасымен лас нәрселерге көз қырын да салмады. Тазасын жеп, ұтымды пайдаланды. Тамаша дем алып, бақшадан көңiлдi шықты.Әлден уақытта, әлгі бауыры сияқты бiр үлкен шөл далаға келді. Арыс­танның айбарлы дауысын бұл да естiдi. Бiрақ, бауыры сияқты зәрресі ұшып қорықпады. Өйткенi, жақсы ой, игі пікірмен \"Мына шөлдiң бiр Әкiмi бар. Арыстан сол Әкiмнiң әмiрiмен жүрген қызметкер болуы

39сегізінші сөзмүмкiн\" деп ойлап, көңiлiн жұбатады. Дегенмен, айбарлы арыстаннан бұл да қашты. Қашып келе жатып бұл да тереңдігі алпыс метр құдыққа тап болады. Қорыққанынан бұл да құдыққа тығылады. Бауыры сияқты құдықтың түбіне жетпей қолы бiр бұтаққа iлiнедi. Екi аяғы салбырап, бұтаққа жабысып, тұрып қалады. Тамырын кемiрiп жатқан екi тышқанды көреді. Жоғарыға қараса арыстан, төменге қараса айдаhар. Бұл да қорықты, бiрақ, бауырының қорқынышынан мың есе жеңiл болатын. Өйткенi, жақсы мiнезi оған жақсы ой, жақсы пiкiр берген­дi. Жақсы пiкiрi барлық нәрсенi тек жақсы жағынан көрсететін. Сондықтан ол: \"Бұл ғажайып iстер бiр-бiрiмен байланысты әрi бiр әмiрмен болып жатқанға ұқсайды. Демек, мұнда бiр тылсым, бір сыр бар. Иә, бұлар бiр жасырын Әкiмнiң әмiрiмен болып жатыр. Мен жалғыз емеспiн. Ол менi көрiп, бақылап отыр әрі менi сынап белгілі бiр мақсатпен осында жiберiп, өзіне шақырып жатыр,\" – деп ойлайды. Осы тәттi қорқыныш пен тамаша пiкiрден мынадай бiр қызығушылық пайда болды:\"О, ғажап! Менi сынап әрі өзiн таныстырғысы келетін және ға-жайып түрде белгiлi бір мақсатпен әкелген кiм екен?\".Мұндай қызығушылықтан оның жүрегiнде тылсым иесiне деген ма­хаб бат оянды. Махаббаттан тылсымды ашсам деген тiлек пайда болды. Тiлектен \"тылсым иесiн риза қылсам, оған ұнамды бір жағдайда болсам\" деген пiкiр туды.Енді ол ағаштың басына қарап еді, інжiр ағашы екен. Бірақ, бұтақ­тарындағы жайнап тұрған сан­алуан жемiстердi көргенде бойын билеген қорқыныш пен үрей әп­сәтте жоқ болды. Себебi, ол мәселенің парқына барды. Иә, бұл iнжiр ағашы – бір тiзiм, үлгінаме, жиынтық, көрме. Ал, жасырын Әкiм өзінің мәңгі­бақи бау­бақшасындағы жемiстердiң үлгiлерiн бір тылсым сырмен, ғажап түрде мына ағашқа іліп қойған болуы керек, сондай­ақ, өз қонақтарына әзiрлеген тағамдарға ишара ретiнде бұл ағашты безендiрiп қойса керек. Әйтпесе, бiр ағаш сан түрлі жемiс салмайды ғой. Содан соң, мына тылсым кiлтiнiң табылуын өтiнiп, жалбарына былай дұға етті:\"О, мына жерлердің Иесі, Билеуші Әкiмі! Сенің қолыңа түстім, Сені мойындап, Саған табынамын, қызметшiң болайын. Маған Сен керексiң, Сенiң ризашылығың керек, Сенi iздеп тұрмын!\"Осы жалбарынудан кейiн, кенет, құдықтың қабырғасы қақ айрылып, керемет әсем бақшаға жол ашылды. Айдаhардың аузы есiкке айналды. Тіпті, арыстан мен айдаhар қызметшi кейпіне еніп, мұны iшке шақырды. Айбарлы арыстан сәйгүлік боп шыға келді.Ей, жалқау нәпсiм мен тыңдарман дос! Мына екi ағайынның бастан кешіргендерiн ақылға салып, таразылайық! Жақсылықтың қалайша жақсылық, жамандықтың қалайша жамандық әкелетiнiне тағы да бір мәрте ой жүгіртейік.

40СӨЗДЕРСол жақтағы жолға түскен жолаушы айдаhарға жем болуға әзір тұр, ал оң жақтың ақылды жолаушысы керемет бау­бақшаға шақырулы. Әрі жаман адамның үрейленгені сонша, әне­мiне дегенше зәрресі ұшып жүрегi жарылғалы тұр. Ал жақсы адам болса, хикмет толы ғибрат, тәттi де зиянсыз қорқыныш, қызықты iзденiс үстiнде таңғажайып оқиғаларға куә. Жаман адам қорқыныш пен үрейден жалғызсырап, жан азабын тартып еді, ал жақсы адам көңiлi шат, үмiтке толы, қызыға рахатқа батты. Жаман адам жыртқыш хайуандарға жем әрi тұтқын болды, ал ақылды кісі құрметтi қонақ ретiнде сол жердің қожайыны Михмандар­ы Кәримнiң ғажайып қызметшiлерiмен көңiл көтерiп, сұхбат құрды. Әлгі бейбақ сырты әдемi, іші ащы, улы жемiстердi жеп, азапқа түсті. Себебi, әлгi жемiстер үлгi ретінде ғана болатын. Оның дәмiн татып, тәбеті ашылып, негiздерiне қол жеткiзу үшiн қойылған­ды. Әйтпесе, хайуан секiлдi күйсей беруге рұқсат жоқ. Бақытты жан әрқайсысының дәмiн татты да, iстiң мәнiсiн түсiніп, сабыр сақтады. Ақырын күтiп көңiлi жай тапты.Ал, анау бейбақ болса, өз­өзiне қастандық жасады. Ол өзiнiң тоң мо­йын дығынан ақиқатты түсінбей, оңтайлы сәттi пайдалана алмай, ұтар жерде ұтылып қалды да тәтті күйді тозаққа айналдырды. Өзіне де обал жоқ, мейірім, аяугершілікке әсте лайық емес. Ешкiмге шағым айтуға да ақысы жоқ. Неге десең, мәселен, бiреу жаймашуақ жаздың күні құлпырған бау­бақшада ағайын туыстарымен көңiлдi дастарханда отырып, бәріне мұрын шүйiрiп, сол жағдайды менсiнбей, арақ iшiп, мас болса, жазды қыс, ағайынды мал санап, ал өзiн аш, жалаңаш деп ойласа, онымен қоймай ойбайын салып бақырса, оған кімнің жаны ашиды? Ондай адамға мейірім жасала ма? Өйткенi, ол өзiне­өзі қастық жасап, жақын туыстарының намысына тиiп, абыройын төгеді. Міне, әлгi сорлының жағдайы да дәл сондай.Ал, бақытты жан болса ақиқатты тапты. Ақиқат деген тамаша ғой! Адам ақиқаттың әсемдiгiн аңғарған кезде ақиқат иесiнiң кемелдiгiне құрмет етедi, оның мейрiмiне бөленедi.Мiне, қасиеттi Құранның \"Жамандық – өзiңнен, жақсылық – Ал-лаhтан\" деген сөзі біршама түсiнiктi болды ғой деп ойлаймын. Осыған басқа жақтарын салыстыра отырып, әуелгi адамның нәпсiсi оның рухын тозаққа салғанын, ал екiншi адамның iзгi ниетi мен биязы мiнезi, жақсы ойы мен тамаша пiкiрi рухын көтерiп, бақыт пен береке сыйлағанын ұққан шығарсың.Ей, нәпсiм және нәпсiммен бiрге осы хикаяны тыңдаған жан! Мысал­дағы бақытсыз адамдай болғың келмесе, яғни, бақытты болғың келсе,Құранды тыңда, оның үкiмдерiне мойынсұн, одан берiк ұстанып, айт-қанымен жүр! Мысалдағы ақиқаттарды түсiнген болсаң, Ислам дiнiнiң, дүниенiң, адамзаттың, Иманның негiздерi мен мән­мағынасын мысалда айтылғандармен салыстыра отырып, ақиқатын аңғар, пайдаңа жарат! Негiзгiлерiн мен айтайын, қалғандарын өзiң тап!

41сегізінші сөзМанағы екi адамның бiрi – жаны таза мүмин, екiншiсi – қара ниетті пасық адам. Демек, бiрi – мұсылман, бiрi – кәпiр. Екi жолдың оң жақтағысы – Құран жолы, сол жақтағысы – Құдайдан безу, күпiрлiк жолы. Жол бойындағы бау­бақша – қоғам мен өткiншi мәдени тұрмыс. Өмiрде жақсылық пен жа­мандық, адалдық пен арамдық, тазалық пен ластық сапырылысып бiрге жүретін әдеті. Ақылы бар адам (1)қағи да сын ұстанып мұратына жетедi. Ал, шөл дала, сахара дегенiмiз – дүние. Арыстан – ажал мен өлiм, құдық болса – мына дене, болмысымыз.Ал, оның алпыс метр терең дегенi болса, орташа жас мөлшерi, орташа өмiр алпыс жыл. Ағаш болса – өмiр мен тұрмыс. Ақ пен қара тышқан болса – күндiз бен түн. Айдаhар болса – ауызы апандай қабір боп табылатын бәрзах әлемі, ақыретке бастар жол. Алайда, ол апандай ауыз имандылар үшiн зынданнан бақшаға шығатын есiк болып саналады. Улы жәндiктер – өмірдегі қиыншылықтар мен бәлелер. Олар мұсылмандар бейқамдыққа салынып, дүниеге қызығып, әзәзілге алданбауы үшiн Иләhи ілтипат, мейірімді ескертулер. Ағаштағы жемiстер – дүниедегi ырыс, нығметтер. Жанаб­ы Кәрим­i Мұтлақ (өте жомарт, аса мейірімді) оларды ақыретте берілетін нығметтердiң үлгiсi, оны еске түсіретін ұқсастары әрi құлдарын жұмаққа, мәңгілікке қызықтыру үшiн ғана жаратқан.Бiр ағаштың сан алуан жемiс салуы Аллаhтың құдiретiнің шексіз, орасан зор екендiгiн көрсетеді. Қалай десеңіз, \"бiр ғана нәрседен әрт р-үлi нәрсе жасау,\" яғни, қарапайым топырақтан барлық өсiмдiк пен жемiс­жидектi және жан­жануарлардың барлық түрін бiр тамшы судан жарату, сондай­ақ қарапайым тағамнан тірі жандардың дене­мүшелерiн жасау керемет мұғжиза! Сонымен қатар, \"барлы нәрседен бiр ғана нәрсе жа-қсау,\" яғни, жан­жануарлардың қоректенген түрлi тағамдарынан оларға тән ет пен терi жасау ғажап өнер, асқан шеберлiк. Бұл тек Зат­ы Әхад­ы Самәд (Еш нәрсеге мұқтаж емес, дара жалғыз), Сұлтан­ы Әзел уә Әбәдтің (Шексіздіктің Сұлтаны) ғана қолынан келетін іс. Бұл оның ешкiм ешқашан көшіре алмайтын, тек өзiне ғана тән таңбасы, аяты болып табы лады. \"Бiр нәрседен көп нәрсе, көп нәрседен бiр нәрсе жасау\" өнерi барлық нәрсенiң Иесі, Жаратушысы – Қадир­ы Күллi Шей, құдіреті шексіз бір Аллаhқа ғана тән, өзіндік белгi, Оның аяты.Тылсым дегені – Иман арқылы ғана ашылатын жаратылыстың хикмет толы сыры. Ол сырды ашатын кiлт теаяттары болып табылады.(1) Мағынасы: \"Жақсысын ал, жаманын таста!\" Ауд.

42СӨЗДЕРАйдаhардың аузы бақшаның есiгiне айналуы мынаны білдіреді; қабiр – Құдайдан безген азғындар үшiн зындан сияқты тар түнек, айдаhардың iшiндей тар қапас.Ал, имандылар мен Құран жолында жүргендер үшiн мына зындан секiлдi тар дүниеден әлдеқайда кең, мәңгi нұр бағына апаратын есiк әрi сынақ алаңынан пейіш бақтарына кiргiзетiн қақпа. Жыртқыш арыстанның жуас атқа айналып, сәйгүлік болуы; Құдайдан безгендер ажалды, яғни, өлімді, жақын дос, тума­туысқаннан мәңгiге айыратын сұм деп, өздерiн мына жалған, қу дүние жасанды жұмақтан алып, өте қорқынышты қабір дейтін зынданға жападан­жалғыз қамап тастайтын қапас деп түсінетін болса, ал, хақ жолындағы имандыларға өлім деген, бақилыққа аттанып кеткен достарына, ағайын­туыстарына қауыштыратын әрі мына тар дүниеден кең Жұмаққа шығу, негiзгi мекендерiне оралу, мәңгi бақыт әлемiне жетудің көлiгі деп ұғады. Рахман­ы Рахимның мейiрiмдiлiк қазынасынан, Оның фазылымен дүниеде атқарған еңбегінің ақысын алуға кезекке тұру, дүниенің ауыр мiндетiнен босатылу, құлшылықтан, емтиханнан, тәлiм алудан азат болу деп түсінеді.Сонымен, кiмде­кiм мына фәни дүниенi, баянсыз өмірді басты мақсат қылса, сырт көзге Жәннатта жүрген болып көрiнгенiмен шындығында рухы Тозақта жүргендей мазасы кетіп, қиналып жүреді. Ал, кiмде­кiм мәңгi өмiрдi қалап, ақыретке шын ықыласымен дайындалса, дүниенiң бақытын табады. Бұл өмірде азап көріп қиналса да фәни дүниенің – Жұмақтың уақытша күту орны екенін бiліп, сабыр сақтап шүкіршілік етеді...

ТОҒЫЗЫНшЫ СӨЗЕй, бауырым! Намаздың белгiленген бес уақытта оқылуының көптеген хикметтерi бар. Бiр ғана хикметiн баяндап берейiн.Әрбiр намаздың уақыты – маңызды кезеңнiң бастамасы және Қа­дир­ы Зүлжәлалдiң (айбынды, құдіреті шексіз) әлемді қалай басқарып тұрғанын жарқын көрсететін айна, әрі сол басқару кезiнде жалпыға бiрдей мейiрiмдiлiк жасап отырғанын аңғартатын сәт болғандықтан осы уақыттарда оған әл деқайда көп тағзым, анағұрлым шүкiр ету, Оны мадақтау және екi уақыт арасында біріккен нығметтеріне шүкiршiлiк етiп, Жаратқанды ұлықтау болып табылатын Намаз – мұсылмандарға парыз болған. Осы терең мағынаны ұғындыратын \"бес түйiн\" бар. Соны нәпсiммен бiрге сен де тыңда!БIРIНшI ТҮЙIН: Намаздың мағынасы, Хақ Тағаланы мадақтау, оған бас ию әрi шүкiршiлiк ету, яғни, Оның Жәлалына (Ұлылық, айбындылық) тiлiмен, \"Сүбханаллаh\" деп, Оның еш нұқсансыз, әсте кемшiлiгi жоқ екенiн бiлдiру... Һәм Оның Кәмалына (Кемелдiгiне) \"Аллаhу Әкбар\" деп тағзым ету... Һәм Оның Жамалына (Әсемдiгiне) шын жүректен, жан­тәнiмен \"Әлхамдүлилләh\" деп шүкiр ету. Демек, тәсбих, яғни, Сүбханаллаh, тәкбiр, яғни, Аллаhу Әкбар, хамд, яғни, Әлхамдулиллаh – намаздың дәнектері, өзегі болып саналады. Сондықтан, намазда осы аталған сөздер жиi кездеседі. Намаз соңында да осы мағынаны одан әрi бекітіп, қуаттау үшiн осы қасиеттi сөздер отыз үш рет тағы қайталанып, қорытындыланады.

44СӨЗДЕРЕКIНшI ТҮЙIН: Ғибадаттың мәнісі – Хақ Тағаланың алдында құл өзiнiң айып­кемшіліктерін, әлсiздiгi мен пақырлығын мойындау, Оның Рубубиетiнiң (Толық билік), Рақымының (Мол мейірім), Құдiретiнiң ал­дында тамсана, сүйсiне сәжде жасау. Яғни, Рубубиеттiң үстемдiгi табыну, бағынуды талап етсе, Оның ұлылығы мен пәктiгi, құл өзінің кемшiлiктерін көрiп, кешірім сұрап, ал Жаратқан Иесiнiң кемшiлiксіз, кiршiксiз пәк, әлемдегi нұқсандықтардан ада, адасқандардың бұрыс пікірінен аулақ екендiгiн біліп тәсбих етуін, яғни, «Сүбханаллаh» сөзімен жария етуін талап етедi. Сондай­ақ, Рубубиеттiң аса құдiреттiлiгi де құлдың өз әлсiздiгiн, сонымен қатар, бүкiл мақұлықтардың әлсiздiгiн көрiп, Самәдани алып Құдiретке қайран қалып, \"Аллаhу Әкбар\" деп өзін төмендетіп бас иiп, рукуғ жасап, жалбарынуын, тәуекел етуiн керек етеді. Сондай­ақ, Рубубиеттiң мол мейiрiмдiлiгі, оның шексіз бай қазынасы да құлдың өз мұқтаждығын hәм бүкiл мақұлықтардың мұң­мұқтаждықтарын көріп, дұға ету арқылы Раббысы берген нығметтерге \"Әлхамдүлилләh\" деп шүкiр етуін талап етеді. Демек, намаздағы iс­қимыл, оқылатын дұғалар осы мағыналарды бiлдiру үшiн Аллаh тарапынан бекiтiлген.ҮшIНшI ТҮЙIН: Бүкiл әлемнiң жиынтығы, өзегі адамзат болатын болса, \"Фатиха\" сүресi де – Қасиеттi Құранның нұрлы жиынтығы. Ал на­маз – барлық құлшылықты қамтитын нұрлы мазмұндама. Ол бүкiл жа­ратылыстың құлшылықтарына ишара ететін бейне бір тізбек, үлгі іспеттес.ТӨРТіНші ТҮЙіН: Көз алдымызға апталық бір сағатты елестетейік. Оның секөнд, минөт, сағат және күндердi санайтын тiлдерi бар, Олар бiрiн­бiрi мегзеп, бiрiнiң­бірі үлгiсі ретінде, бiрiнiң орнын бірі басады. Сол сияқты Аллаh Тағаланың \"әлем\" атты сағатына назар салайық. Күндiз бен түн ол сағаттың секөнтін, жылдар – минөтін, адам өмiрi – сағатын, дәуiрлер болса – күндерiн көрсететiн тiлдерi секілді. Бұлар бiрiнiң орнын бiрi басып, бір­бірін еске салады.Мәселен, таң намазының уақыты. Ол ­ бізге ерте көктемді әрі адам баласының ана құрсағына түскен сәтін, сондай­ақ алты күнде жаратылған Жер мен Көктің алғашқы кезеңін еске түсіреді. Сол кезеңдердегі Аллаhтың құбылыс, істерін еске салады.Бесін намазының уақыты. Ол ­ жаздың орта шеніне әрі жастық шаққа және әлем жаратылып оған Адамның түскен кезеңіне ұқсайды. Сол уақыттардағы мейірімі мол Аллаhтың шексіз қамқорлығын, мол ырыс­нығмет беруші екенін еске салады.Намаздыгер уақыты. Ол ­ күз мезгілі тәрізді әрі кәрілік шаққа һәм Мұхам мед (с.а.у.) пайғамбарымыздың дәуіріндегі бақытты ғасырға ұқсай­ды. Аллаhтың сол кезеңдердегі істері мен жарылқауларын еске түсіреді.

45тоғызыншы сөзНамазшам уақыты. Ол ­ күздің аяқ шенінде көптеген мақұлықтардың көзден таса болуын және адамның қартайып қайтыс бо латынын әрі қиямет қайым болып, дүниенің қирайтынын еске салып, Қаhhар­ы Зүлжәлалдың (Айбынды, қаһары өте жойқын) құдіретінің шексіз алыптығын аңғартып, адамзатты бейқамдық ұйқысынан оятады, қатаң ескерту жасайтын кез.Құптан намазының уақыты. Ол ­ түнгі әлемнің күндіз көзге көрінгендерді жаппай қара кебінге оранғанын hәм қыс мезгілі болып, өліп қалған жер беті өзінің ақ кебініне оранған сәтін, hәм қайтқан адамдардың қалдырған іздері де бірте­бірте көмескіленіп, өшіріліп қалатынын әрі сынақ алаңы – дүниенің тамамдалуын ескерте отырып, Қаhhар­ы Зүл жә­лалдың өте жойқын құдіретінен хабар береді. Жалпы түн – қыс мез гілін және қабірді, берзах әлемін мегзеп, адамзат рухы Рахманның ме йіріміне қаншалықты мұқтаж екенін пенденің есіне салатын мезет. Түн ортасында тұрып оқылатын \"тәhәджүд\" намазы болса, ол – берзах түнінде, қараңғы қабірде аса қажет жарық, нұрсәуле екенін білдіреді, ескертеді. Сондай­ақ осы аталған барлық өзгерістердегі Жанаб­ы Мүним­і Хақиқидың (нағыз нығмет беруші) шексіз ырысын, мол нығметін ойға сала отырып, оның мадақтауға қаншалықты лайық екенін жар салады.Ал, келесі атар таң болса, хашір таңын, яғни, махшарда қайта тірілудің хақ екенін еске түсіреді. Әрбір түннен кейін таң бозарып атуы және қыстың соңынан көктемнің келуі қаншалықты жөн әрі қажет, өте анық болса, хашір таңының атуы мен берзах көктемінің келуі де дәл сондай күмәнсіз.Демек, бес уақыттың қай­қайсысы болса да маңызды кезеңдердiң бас­тамасы әрi iрi өзгерiстердi еске салады. Әрі осы арқылы Самәдани Құдi­реттің бiр күндегі iстерiне ишара ете отырып, Құдайдың құдi ретiнiң бiр жылда, бiр ғасырда, бiр дәуiрдегі таңғажайып iстерiн, мол мейiрiмдiлiгiн, құдіретiнiң керемет шексіздігін, бізге бұйырып жатқан баға жетпес сыйлықтарын көңiлге ұялатады. Олай болса, адамның басты мiндетi – құлшылықтың, ал оның ең басты парызы – намаздың осындай белгілі уақыттарда оқылуы тиіс әрi өте орынды.БЕСIНшI ТҮЙIН: Адам – өте нәзiк жаратылыс. Солай бола тұра оған барлық пәле үйiр, жайсыз оқиғалар оны ренжiтедi, көңілін қалдырады. Ол – әлсiз әрi қауіп­қатері, дұшпандары бастан асады. Ол – өте пақыр, мұң­мұқтажы да көп. Өзi жалқау әрi бейшара, өмiр тауқыметi тым ауыр. Пендешiлiк оны күллi әлеммен кiндiктестiре байланыстырып тастаған. Сүйгендерi мен бауыр басқандары бірте­бірте одан алыстап, қол үзе береді. Ол да қамығып, қайғырады. Ақылы оны биiк мақсаттарға жетелеп, мәңгiлiкке ұмтылдырады. Алайда, қолы қысқа, өмiрi келте, күш­қуаты аз, сабыры кем.

46СӨЗДЕРМiне, осындай күйдегі рух, таң намазы кезінде Қадир­ы Зүлжәлалдың (Айбынды да құдіреті шексіз), Рахим­ы Зүлжамалдың (Өте сұлу мейрімді)алдына шығып, жалбарынып намаз арқылы өзiнiң өтiнiшiн, талап­тiлегiн айтып, Одан сәттiлiк пен медет сұрауға қаншалықты зәру, мұқтаж десеңiзшi! Бұл оған күндiз атқаруға тиiстi мiндетi мен жұмысына қажымау үшiн күштi қуат көзі, демеу екенi түсiнiктi болар.Бесiн намазының уақыты – Күннiң әбден толып, батуға бет алған кезi және күнұзаққа атқарылған iстердiң көзге көрiнетін сәті. Дүние жалғанның ауыр жұмысынан шаршап қажыған жанның демалатын кезi. Әрi Аллаhтың шашқан ырыс­несібелері көзге көрiнетiн кез. Осы уақытта адам рухы дүниелік қыспақтардан құтылып, немқұрайдылықтан бойын алшақ ұстап, мағынасыз да баянсыз нәрселерді қоя тұрып, Қаюм­ы Бақи (Бақи әрі бәрін тік ұстап тұрған), Мүним­i Хақиқидiң (Нағыз нығмет беруші) алдына шығып, қолын айқастыра ұстап, күндiк нығмет­несібеге шүкiр етiп, мадақтап, одан жәрдем тiлеу және Оның Жалалы мен Аза­метiне қайран болып рукуғ жасап, иіліп, өзiнiң әлсiздiгiн бiлдiру әрi Кәмал­ы Бизәуәлiнiң (Аяқталмайтын кемелдік), Жамал­ы Бимысалының (Теңдессіз әсемдік) алдында сәжде жасап бас ұрып, өзiнiң таңғалысын, сүйiспеншiлiгiн, кішіктігін бiлдiру болып табылатын бесiн намазын оқу, неткен рахат, тамаша әрі өте қажет hәм жөн. Мұны түсiнбеген адам, адам емес.Намаздыгер уақыты – Күз мезгiлiнiң жабырқау сәттерiн, кәріліктің аянышты, көңiлсiз шақтарын, ақырзаманның қасiреттi кезеңдерін еске салады, hәм бiр күндiк iстiң қорытындыланатын кезi, hәм сол күнгі денсаулық, атқарылған игi iстер Аллаhтың берген нығметтерi екені анық сезiлетiн сәт. Алып Күннің өзi бату арқылы бізге былай дегендей: \"Адам бұл дүниеге қонақ әрi мойнында көп мiндетi бар қызметшi. Барлық нәрсе өткiншi\"Иә, мәңгiлiктi қалайтын, мәңгiлiк үшiн жаратылған, сыйлағанды жақсы көретiн, қоштасудан қорқатын, аяқталғанға қайғыратын адам рухы, осы уақытта дәрет алып, намаздыгер намазын оқу үшiн Қадим­ы Бақи (бақи, басталуы мен соңы жо )қ , Қаюм­ы Сәрмәдидiң (мәңгі бар болатын, бар қылушы) алдына шығып, өзiнiң жағдайын айтып, пана тілеп әрi шексiз мейiрiмдiлiгiнiң iлтипатына жалбарынып, үйіп­төгіп берген нығметтерiне шүкiр етiп, Иззет­i Рубубиетiне (Рубубиетінің асқақ абыройы) мүләйiмси жалбарынған түрде рукуғ жасап, Сәрмәдиет­i Улухиетiне (Улухиеті мәңгі бақи) кішіпейілділікпен сәждеге басын тигiзеді. Осылайша, көңілін бір демеп, өзін жұбатып, жаны жай тауып, Аллаhтың құзырында құлдық ұру болып табылатын намаздыгер намазын оқу қаншалықты қажеттi десеңізші! Ол асыл мiндет, орынды қызмет, өтелуі тиiс борыш және адамды бақытқа бөлейтiн амал. Мұны адам болғандар түсiнер.

47тоғызыншы сөзНамазшам уақыты – Күн суытып қыс келiп, жаз бен күзде тiршiлiк еткен әлсіз мақұлықтардың көзден таса болып, өкiнiштi қоштасу кезеңiн еске салады. Һәм адамның ажалы жетiп, дос­жарандары, жақын туыстарымен бақұлдасып, қабiрге енер кезiн еске салады. Һәм алапат жер сiлкiнiсі болып, барлық тұрғындарының басқа әлемге көшетінін және сынақ дүниесінің шамы – Күннiң сөнетiнiн елестедi. Өткiншi нәрселерге ынтық болғандарға қатал түрде ескерту жасайды.Мiне, осы уақытта намазшам үшiн Жамал­ы Бақиға (Мәңгі әсем, сұлу) табиғаты құштар әрi оның айнасы болып табылатын адам рухы, осы алып iстердi атқарған, әлемдi шыр айналдырып мың құбылтқан Қадим­ы Ләмязалға (Еш аяқталмайтын мәңгі, бақи) бет бұрып, тұрақсыз фәнилерден аттап өтiп, \"Аллаhу Әкбар\" деп, олардан қол үзіп Аллаhтың қызметi үшiн, яғни, намаз оқу үшiн Дәйiм­i Хақиқидың (Әрдайым болатын, нағыз бақи) алдына шығып, \"Әлхамдүлилләh\" сөзімен Оның мiнсiз кемелдiгiн, теңдесi жоқ көркемдігін, шексiз мейірімділігін мадақтап деу арқылы қосақсыз Рубубиетiне, серiксiз Улу хиетiне, уәзiрсiз билiгiне бас иiп, жәрдем сұрайды.Сондай­ақ Оның шексiз алыптығына, асқан құдіретiне тағзым ретiнде рукуғ етiп, Аллаhтың алдында бүкiл әлеммен бiрге өзiнiң әлсiз, бейшара екенiн бiлдiре отырып: деп, Рабб­ы Ағзимын ма­дақтап әрі пәктеп Оның асқан көркемдігіне, баянды да әсем, өзгермейтiн сипаттарына, тұрақты кемелдiлiгiне арнап кішіпейілділікпен сәжде жасап, Аллаhтан басқа, барлық баянсыз нәрселердi тәрк етiп, Жаратқанына деген сүйiспеншiлiгiн құлшылығы арқылы бiлдiрiп, hәм бүкiл фәнилердiң орнына бiр ғана Жәмил­i Бақиды (Бақи сұлу), тек бiр Рахим­ы Сәрмәдидi (Мәңгі бақи, мейрімі шексіз)сөзімен Рабб­ы Ағласының мiнсiз екенiн, Оның аяқталу дегендi бiлмейтiн, кемшiлiк атаулыдан ада екенiн растап, тiзе бүгеді. Күллi мақұлықтар атынан олардың жасаған ғибадаттарының жиынтығын, әсем салауаттарын өз атынан әлгі Жәмил­i Ләмязәлға (Сұлулығы әсте аяқталмайтын), Жәлил­i Ләязәлға (Айбыны әсте азаймайтын) ұсына отырып, Оның жіберген Расул­і Әкрамына сәлем берiп, оның пайғамбарлығын қуаттап, әмiрлерiне мойынұсынатындығын бiлдiредi. Иманын жаңалап, нұрландыру үшiн бүкiл әлемнiң әдiл де жүйелi тәртiптiлiгiн тамашалап, Сани­ы Зүлжәлалдың (Айбынды, шебер) Уахданиетiне, бiрлiгiне куәлiк етедi. Һәм Аллаhтың толық билеп­төстеуші екенiне айғақ болған \"әлем\" атты кiтаптың аудармашысы әрi дәлелдеушiсi Мұхаммед­і Араби ғалейhиссалату уәссәләмнiң елшi екенiне куәгерлiк

48СӨЗДЕРбоп есептелетін ақшам намазын оқу неткен рахат, жеңіл жұмыс, маңызды қызмет, әдемi құлдық, терең ақиқат, әрі мына фәни дүниедегі бақи сұхбат әрi шексіз бақыт екенiн түсiнбеген адамды қалай адам деп айта аламыз?Құптан намазының уақыты болса, қараңғылық түсiп, күндiз көрiнген нәрселер көзден таса боп, түн әлемi қаптаған сәт. болып табылатын Қадир­ы Зүлжәлалдың (Айбынды, құдіреті шексіз) әлгiндей ақ парақты қара параққа айналдыруын­дағы Раббани билiгiн, сондай­ақ жаздың әсем де жасыл парағын қыстың суық әрi ақ парағына алмастыруындағы болып табылатын Хаким­і Зүлкамалдың (Кәміл әрі дана) алып iстерiн көз алдымызға елестетедi. Һәм марқұм болған қабiрдегiлерден қалған естелiктердiң заман ағымымен мына дүниеден ұмытылып, өшiрiлуi, мүлдем басқа әлемге көшуi \"өлiм мен өмiр иесi\" Аллаhтың iсiн еске салады. Һәм тар әрi қу, түкке тұрғысыз бұ дүниенiң түгi қалмай әбден қирап, тас­талқан болып, сосын кең әлемге айналар кездегi Жер мен Көктiң жаратушысы Аллаhтың Жалали билiгiн және Жамали күшiн еске салатын мезгiл. Осылайша, күндiз бен түндi, қыс пен жазды, дүние мен ақыреттi кiтаптың парағындай ауыстырып, өзгертетiн бiреу ғана – мына әлемнiң Мәликi (Қожайын), Мутасаррыф­ы Хақиқиы (Нағыз бас арушы)қ, Мағбуды (Табындырушы), әрi Махбуб­ы Хақиқиы (Нағыз с йікті) үбола алады. Мiне, осындай құбылыстарды толық билеп, басқарып тұрған тек қана Қадир­ы Мұтлақ (К ш- ұдіреті шексіз) үқекенiн көрсететін кезең.Иә, өте әлсiз, мүсәпiр hәм пақыр, мұқтаж адамзат рухы, болашақтың түпсiз түнегіне батып, бейне бір аласұрған толқынды теңiзде шайқалып кетiп бара жатқандай. Енді ол Құптан намазын оқу үшiн әлгіндей мағынадағы құптан уақытында Ибраhим (Ғ.С) тәрiздi деп, Мағбуд­ы Ләмязәл (Мәңгі табындырушы), Махбуб­ы Ләязәлдың (Мәңгі бақи с йікті) үалдына намаз арқылы шығып, жалбарынады. Фәни әлемде, баянсыз өмiр де, қараңғы дүниеде Бақи­ы Сәрмәдиге (Еш ая талмайтын қба и) қмiнәжат етiп, онымен аз да болса бақи сұхбат құрады. Мәңгi өмiрдiң бiр сәтiн пайдаланып, ішкі дүниесін нұрға толтырып, өзіне жарқын болашақ сыйлайтын және оны қоршаған ортадан, сүйiктi жандарынан қоштасқанда пайда болатын жүректегі сызаттарға шипа беретін Рахман­ы Рахимнiң (Аса мейрімді де ра ымды) қiлтипатын әрi нұр сәулесiн сезiп, Оның мейiрiмдi жарылқауы мен hидает нұрын көрiп сұрайды... Һәм бiр сәтке мұны ұмытып, жасырынып қалған дүниенi бұл да ұмытып, жүрегiн сыздатқан дерттердi, аса қамқор Аллаhқа қынжыла ақтарады.. Һәм не

49тоғызыншы сөзболары бел гiсiз, өлiмге ұқсас ұйқыға кiрер алдында, соңғы құлдық мiндетiн атқарып, ақыры қайыр болсын дегендей намазға тұрады, яғни барлық өткiншi ға шық тарының орнына бiр ғана Аллаhты ойлап алдына құлайды. Сондай­ақ бейшара мақұлықтарға жалынудың орнына Қадир­ы Кәримге (Аса жомарт, ұдірет иесі) қжалынып, әрі зәрресiн ұшырған зиянкестердiң пәлесiнен құтылу үшiн Нағыз сақтаушы Хафиз­ы Рахимдi пана тұтады... Һәм \"Фатиха\" сүресiмен кiрiспе жасап, яғни, түкке тұрмайтын, мадақтауға лайық емес, нұқсан, пақыр мақұлықтарды мадақтаудың орнына Кәмил­i Мұтлақ (толы кәміл)қ, Ғани­ы Мұтлақ (нағыз бай) және Рахим әрi Кәрим – Рабб­үл Аламиндi ү(к ллі әлемнің Раббысы) мадақтайды...Һәм деп өзінің кiшкене, болмысы мен жалғыздығына қа­ра мастан, шексiздiк иесi – Мәлик­i Иәумиддинге (Дін к нінің иесі) үарқа сүйей отырып, бүкiл әлемдегi ерке де сыйлы қонақ, аса маңызды қызметшi дәрежесiне биіктеп, деу арқылы бүкiл мақұлықтардың атынан әлемнiң қалың жамағаты мен жалпының жа саған құлшылықтары мен тiлек­дұғаларын Жаратқанға ұсынады... Һәм деу арқылы, болашақтың қараңғы түнегінен мәңгiлiк бақытқа жетелейтін нұрлы да тура жол – \"Сыратал мұстақимді\"сұрайды.. Һәм осы кезде ұйықтап қалған жануарлар мен өсiмдiктер тәрiздi ұясына батқан Күн мен жыпылықтаған жұлдыздар, Аллаhтың тiл алғыш әскерi сияқты әлем атты қонақжайында шам мiндетiн атқарып тұрғандарын тамашалап, Аллаhтың аса құдіретiне тамсана \"Аллаhу Әкбар\" деп еңкейiп, рукуғ жасайды... Һәм барлық мақұлықтардың жаппай сәжде қылғандарын көріп, осы түнде жатып қалған мақұлықтар сияқты әр жылдағы, әр ғасырдағы түрлi­түрлi болмыстар, тiптi жер жаhан, керек десеңiз, дүние бейне бiр Оның тәртiптi әскерi, тiл алғыш жауынгерлері секiлдi дүниеуи құлдық мiндетiнен әмiрiмен босатылып, яғни, ғайып әлемiне жiберiлген кезеңін еске салады. Яғни, олар бейне бір жүйелi түрде көкжиек жайнамазында \"Аллаhу Әкбар\" деп сәжде жасап жатқандай.Сондай­ақ әмiрiмен келесi көктемде, олардың кейбiрi дәлме­дәл, кейбiрi ұқсас түрде хашір болып яғни қайта тiрiлiп, тiк тұрып Аллаhқа қызмет етуге дайын тұратыны сияқты, мына бiр кiшкентай адам баласы да соларға iлесiп, Рахман­ы Зүлкамалдың (Кәміл әрі аса ра ымды)қ, Рахим­ы Зүлжәлалдың (Айбынды әрі мейрімді) құзырында тамсана әрі

50СӨЗДЕРсүйсіне, мәңгі бақи кішіпейілдікпен, абыройға бөлейтін инабаттылықпен \"Аллаhу Әкбар\" деп сәжде жасайды. Яғни, бейне бiр \"миғражға\" көтерiлу болып табылатын құптан намазын оқу, неткен ғажап, неткен тамаша ғибадат, маңызды мiндет, өте орынды қызмет және керемет құлшылық, мәнісі зор ақиқат екенiн әлбетте түсiнген шығарсың.Демек, намаздың бес уақытының әрқайсысы маңызы зор кезеңдердi мегзейді, соның ишараларын қамтиды. Раббани алып iстерден хабар береді және Аллаhтың күллі, жаппай ризықтандыру кезеңдерiн еске салады. Міне, адам баласының мойынындағы борышы әрi парызы болып табылатын намазды осы уақыттарға сәйкес, бөліп оқу шексiз хикметтi­ақ!* * *


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook