жиырма Алтыншы ЛемаҚарттар рисалесі(жиырма Алты Үміт және жалпыға ортақ жұбаныш сыйлайтын нұрлар)ЕСкЕРту: Әрбір «үміттің» бас жағында өзімнің рухани дертімді өте қасіретті етіп және сендерге ауыр тиетіндей етіп жазуымның бір себебі, Құран Хакимнен келген шипаның ерекше әсерін жеткізу үшін болатын. Қарияларға қатысты бұл Лемада әдемі сөз саптауға мән берілмеді. Мұның бірнеше себебі бар.Біріншіден:Бұрын бастан кешкен шытырман оқиғаларға қиялмен сапар шегіп барып жазылғандықтан, қағазға анық әрі ретті түрде түспеді.Екіншіден:Таң намазынан кейін қатты шаршауым және тезірек жазуға мәжбүр болғандықтан жүйесіздік орын алды.Үшіншіден: Жанымда хатшы үнемі болмай қалатындықтан мұны жазған кісінің Рисалей Нұр қызметіне қатысты тағы да төрт-бес міндеті болғандықтан жазуға уақыты жетпей жүйесіздік орын алды. төртіншіден: Жазып болған соң екеуміз де шаршап-шалдығып қалатындықтан, мағынаны қайта тексеріп жатуға мұрша болмаудан кеткен кемшіліктер де бар. Сондықтан, ақкөңіл қариялардан осы бір кемшіліктерімізге кешіріммен қарауын және Аллаһ Тағаладан әрдайым алақан жайып сұраған қолдары бос қайтпайтын қарттардан бізді де қайыр-дұғаларына қосуын сұраймыз...
224ЛЕМАЛАРБұл Лема жиырма Алты Үміттен тұрады.БіРіНші ҮМіт: Уа, бүгінде ата-әже атанған ардақты қариялар! Мен де сіздер секілді қартпын. Қарттық шағымда ауық-ауық көңіліме үміт берген мағыналарды және сол үміт пен жұбаныш нұрларына сіздерді де ортақ қылсам деген оймен бастан өткен кейбір жағдайларды баяндап берейін. Бұл нұрлар мен үміттер әлбетте менің нұқсан да шектеулі қабілетіме қарай көрінді. Иншаллаһ, сіздердің пәк әрі күшті қабілеттеріңіз көрген нұрымды одан әрі нұрландырып, үміттерімді әлдеқайда үкілендіре түседі деп ойлаймын.Сол үміт пен нұрдың қайнар бұлағы – иман. ЕкіНші ҮМіт: Күз мезгілі. Қарттықты алғаш мойындай бастаған кезім. Екінді уақытында биіктеу төбеге шығып, дүнияға назар салдым. Кенет өкінішті де мұңлы, тіпті көкейді көр қылатын күйге түстім. Мен, қартайған екенмін. Бүгінгі күн де қартайыпты, мына жыл да, мына дүния да қартайыпты. Дүниеден аттанар шақ, сүйген жандармен қош айтысар кезең жақындап қалыпты. Бұл жағдаят жаныма қатты батты. Сол кезде Аллаһтың рахымы мен мол мейрімі жарқын түрде көрінгені сондай, әлгі өкінішті мұң мен қоштасуға толы қайғы, үміт пен жұбаныштың нұрына айналып сала берді.уа, мен сияқты қариялар! Қасиетті Құранда жүз жерде өзін Әррахманиррахим сипатымен таныстырып, Жер жүзіндегі мейірімге мұқтаж жан-жануарларға әрдайым мейірім төгіп отырған, көктем сайын жоқты бар етіп, оны шексіз нығмет пен сыйлыққа толтырып, ризыққа мұқтаж біздерге үлгертіп отырған, сондай-ақ, бейшаралық пен әлсіздіктің дәрежесіне қарай мейірім шуағын арттырушы Халиқы-Рахимымыздың мейірімі қарттар үшін үлкен үміт, қуатты жарық нұр. Мұндай мейірімге бөленудің жолы Иман етіп, сол Рахманмен байланыс құру, діни парыздарды орындау, оған мойынсұну.ҮшіНші ҮМіт: Бірде түн ұйқысындай болған жастық кезеңнен ағарып атқан таң секілді қарттық шағымда ояндым. Өзіме-өзім зер салдым. Болмысым қабірге қарай зымырап барады. Нияз Мысридың:өмір атты сарайымнан бір тас құлап күн сайынжан хабарсыз жатыр бұдан, қирап бітті сарайымОсы шумақ өлеңнің дегеніндей, жанымның ұясы денемнің күнде бір кірпіші түсіп, қирап жатыр. Мені дүниемен байланыстырып тұрған үміт-армандарым өше бастаған. Шынайы дос, сүйікті жандарыммен қоштар сәт таяп қалғанын аңғардым. Осы бір мұң мен емі жоқ дертке шипа іздеп, таба алмадым. Қайтадан Нияз Мысри болып былай дедім:көңіл тәннің мәңгілігін қаласа, Аллаһ оған фәни дене қаптағанМендегі бұл дерттің емін, Хакім Лұқман таппаған...Яғни, көңіл шіркін жас. Алайда Хақ Тағаланың заңы дененің қартаюын талап етеді. Қарттық дейтін дертке шалдықтым, бұған Лұқпан хәкімнің өзі шарасыз.
225ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАСол уақытта бірден Иләһи мәрхамет пен мол мейірімнің жаршысы, делдалы, аудармашысы, абыройы асқақ ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) нұры, оның шапағаты, сондай-ақ, адамзатқа сыйлаған хидает сәулесі әлгі дауасыз құрдым боп көрінген дертіме әсері мол шипа болып ем болды. Көңiлiмдi тұмшалаған қараңғы уайымды жарқын да нұрлы үмітке айналдырды.уа, мен сияқты қарттықты сезе бастаған ардақты аталар мен әжелер! Рас, біз болсақ кетіп барамыз. Алданғанмен пайда жоқ. Көзімізді қанша жұмғанмен бізді бұл жерде көп тұрғызбайды. Айдау бар, айдалып барамыз. Алайда, ғапылдықтың нәтижесі яки азғындардың әсерінен көзімізге мәңгіге қоштасу, қараңғы боп көрінген берзах әлемі яғни қабірдегі әлем сүйікті жандардың бас қосқан мәжілісі. Әу баста ол жақта шапағатшымыз Хабибуллаһ Мұхаммед Ғалейһиссалату Уәссалам бар, одан қалды күллі игі жандар мен дос жарандар бәрі сол жақта. Қабір сол достармен қауышу әлемі.Иә, бір мың үш жүз елу жыл бойы жыл сайын үш жүз елу миллион жанның сұлтаны, рухтардың тәрбиешісі, ақылдардың жетекшісі, жүректердің сүйіктісi, сондай-ақ, күн сайын (Кім неге себеп болса соны істеген боп есептеледі. Ауд.) бойынша амал дәптерiне барлық үмметінің жасаған амалындай сауап жазылып жатқан және әлемдегі Иләһи биік мақсаттардың өзегі мен болмыс атаулының қадірін арттыратын бірден-бір себеп, сондай-ақ, ол дүниеге шыр етіп түскенде “Үмбетім, үмбетім” деп жылаған, ал қиямет қайым болып, махшар күні барлық адам: “Мені құтқар, мені”, – деп жан даусы шыққанда тағы да “Үмбетім, үмбетім” деп теңдесіз жанкештілік танытып, үмбетімді “құтқарам” деп жүгірген асыл жанның кеткен әлеміне бара жатырмыз. Бұл айтылғандар сахих риуаяттармен бекітілген. Ол жерде Пайғамбарымыз күн болса, айналасындағы асфиялар мен әулиелер жұлдыз бен ай. Осындай керемет, жарқын әлемге аттанып барамыз. Міне, сондай бір жанның шапағатына бөленіп, нұрынан пайдаланудың және берзах қараңғылығынан құтылудың шарасы көркем сүннетке мойынсұну.төРтіНші ҮМіт: Қарттыққа аяқ басқан кез болатын. Адамды бейқамдыққа салатын денсаулық та нашарлаған кез. Бір жағымнан қарттық, бір жағымнан ауру мазамды алып, ұйқымды қашырды. Бала-шаға, мал-мүлік секілді дүниемен байланыстыратын менде жоқ. Қарап отырсам, жастықтың мастығымен өтіп кеткен өмірімнен қалғаны ылғи күнәлар мен қателіктер екен. Нияз Мысри сияқты:“Ақыреттің саудасын жасамастан өтті өмірiм, кетті босқажолға түстім не шара, бір де бір із жоқ керуеннен.
226ЛЕМАЛАРЕңіреп, жылап шықтым жолға, жол да бөтен, тым-тырыс.жасаурап көзім, құлазып көңілім, ақылым аң-таң, не істеуден” деп зар еңіредiм.Ол кезде елден жырақта едім. Үмітсіз бір қайғы, өкінішті бір қамығу, көмекке зар болып, қасірет көрдім. Сол кезде Муғжизелі Құран көмекке келді. Алдыма үміт қақпасын ашып, күшті демеу, нұр сыйлағаны сондай, әлгі күйдегі үмітсіздік жүз есе ұлғайса да тас-талқан етіп, қою қараңғылықты сейілтер еді.уа, мен сияқты дүниямен байланысы үзіле бастаған, және арадағы жіптері шешіліп жатқан қадірлі қариялар!Мына дүниені тым керемет, тап-тұйнақтай шаһар, зәулім сарай тәрізді жаратқан Құдіреті күшті Ұста, сол шаһарда, осы сарайда тұрған қадірлі қонақтарымен, достарымен сөйлеспеуі, олармен жүздеспеуі әсте мүмкін емес. Демек, мына зәулім сарайды біле отырып салған, әрі өзінің ираде, еркімен реттеп, әшекейлеген, олай болса, әлбетте жасағанның білетіні, білгеннің де сөйлейтіні анық. Сондай-ақ, бiзге арнап мына сарайды, осы шаһарды әсем қонақжай мен керемет сауда орнын жасаған екен, әлбетте арамыздағы байланысты және бізден не қалайтынын білді-ретін бір дәптері, бір кітабы болуы тиіс. Енді сондай қасиетті дәптердің ең кереметі – ең болмағанда жүз миллион адам минөт сайын оқитын, әлемге нұр шашқан, әрбір әрпінде кемінде он сауап, он қайырым, кейде он мың, Қадір түні сырымен кейде әр әрпіне отыз мың сауап жазылатын, Жәннат жемiстерiн, берзахта нұрын беретін муғжизелі Құран Кәрім. Бұл тұрғыда әлемде оған тең келетін кітап жоқ. Бар деп ешкім де көрсете алмайды.Демек, қолымыздағы мына қасиетті Құран Жер мен Көктің Халиқ-ы Зүлджәләлінің мутлақ рубубиеті (толық билiгi) мен улухиетінің (ұлылығының) азаметі (асқақтығы) тұрғысынан яғни, тәрбие мен әкімшілігі жағынан, сондай-ақ мейірімділігінің кеңдігінен келген сөзі, келамы, бұйрығы және Рахымының қайнар көзі. Олай болса, Құран Кәрiмдi қолыңнан тастама. Оның ішінде күллі дертке шипа, қараңғылық атаулыға нұр, кез-келген торығуды тоқтатып, үміттендiретiн қасиет бар.Міне, осы мәңгі таусылмайтын қазынаның кілті – иман, тәслім және оны тыңдап мойынсұну және оқу.БЕСіНші ҮМіт: Қарттықтың алғашқы кезеңдерінде, жаным жалғыздықты қалап Стамбұлдың Бұғаз жағындағы Юша төбесіне шығып, дем алып отыр едім. Әлгі биік төбеден сонау қиырға, айналама көз жібердім. Қарттықтың салдарынан тым өкінішті де мұңды аяқталу мен қоштасу атты көрініске куә болдым. Өмір – бейне бір ағаш. Сол ағаштың қырық бесінші жылы, қырық бесінші бұтағы болып, сол биіктіктен, өмірімнің сонау бастапқы белестеріне дейін назар салдым. Төмендегi әрбір бұтағында әр жылда
227ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАсүйген жандарымның, сондай-ақ қарым-қатынаста болған адамдардың, жора-жолдастарымның қыруар жаназаларын көрдім. Сол қоштасулар мен айырылысулардан пайда болған тым аянышты рухани күйзелістен қош айтысқан әлгі достарды ойлап: “Қауышқан сәттерді еске алып жылаймын зорыққанша,Зар еңіреймін, қаусаған мына денеден жан шыққанша”, – деген Бағдаттық Фузулидің өкіне жазған жырларын қайталап, көңіліме демеу болар нұр, үміт іздедім. Сол кезде ақыретке иман нұры көмекке келді. Еш сөнбейтін нұр, бітпейтін үміт сыйлады.Уа, мен сияқты, ақ сақалды қариялар мен ақ жаулықты әжелер! Ақыреттің бар екені рас. Ол – мәңгі әрі бақи. Мына дүниеден әлдеқайда әсем. Оның үстіне бізді Жаратқан иеміз Хаким әрі Кәрім. Олай болса қарттыққа шағымданып, өкінбегін! Қайта қарттық дегеніміз – иманмен ғибадат жасап, жас ұлғайған соң міндетін атқарып, рақымдылық әлеміне тынығуға апаратын баспалдақ деп біліп, ризашылықпен қарсы алуымыз керек.Иә, хадистың айтуы бойынша, әрі адамзаттың алып тұлғалары жүз жиырма төрт мың пайғамбардың бiр ауыздан, анық хабары арқылы, әрі кейде көргендей, кейде хаққаляқын түрде бәрі бірлесе отырып, ақыреттің бар екенін, адамзаттың сол жерге жиналатынын, әлемнің Жаратушысы уәдесін сөзсіз орындайтындығын, яғни ақыретті жарататындығын хабарлауда. Сол сияқты, бұл хабарларды (кәшиф пен шуһуд) яғни, көзбен көргендей ғылмеляқын түрде мақұлдаған жүз жиырма төрт миллион әулие ақыреттің бар екенінiң дәлелі, сонымен қатар, мына әлемнің хаким Ұстасының барлық есімдері шашқан бұл дүниедегі шуақтары, бақи бір әлемді нақты түрде қажет ететіндіктен де ақыреттің бар екенін білуге болады.Сонымен бірге, жыл сайын көктемде жер бетінде қу бұтағы ғана қалған сансыз өлі ағаштардың жаназаларын “Күн фая күн”әмірімен тірілтіп, “Бағсу бағд-ал мәутке” бөлеген және хашир мен неширдің, яғни өліп қайта тірілудің жүз мыңдаған үлгісі ретінде өсімдіктер мен жануарлар әлемінің үш жүз мың түрін хашир-нешир еткен Әзели құдірет, сансыз бірақ ысырапсыз хикмет; сондай-ақ, рызыққа мұқтаж барлық жандарды аса мейірімділікпен, өте керемет түрде азықтандырған, әр көктемде қысқа мерзім ішінде сан-алуан құлпырған әсемдіктер мен сұлулықтар сыйлаған бақи, шексiз рақымдылық, әрдайым әзір жәрдем мен қамқорлық; сондай-ақ, мына әлем ағашының құнды миуасы және әлем жаратушысының ең сүйікті өнер туындысы, әлемдегі болмыспен тығыз байланыстағы адамның бойындағы қуатты да сарқылмас, мәңгілікке деген құмарлық, соңсыздық қалауы, аңсаған шексіз армандары, мына фәни әлемнен кейін бақи, мәңгі әлемнің, яғни ақырет пен бақыт әлемі бар екенін нақты түрде дәлелдейтіні сондай, дүниенің бар екені қаншалықты анық болса, ақыреттің бар екенін
228ЛЕМАЛАРде соншалықты қабылдауға, мойындауға тура келеді.*Иә, Құран Хакимнің бізге оқыған дәрісінің ең маңыздысы – Ақыретке иман дәрісі. Иман дәрісі сондай қуатты. Иманда осыншама үлкен үміт, күшті демеу бар. Демеу болғанда, қандай демеу десеңізші? Жүз мыңдаған қарттық бір адамның басына орнаса да төтеп беретін демеу. Біз қарттар “Әлхамдулиллаһ ғалал Иман” деп қартайғанымызға разы болуымыз керек.АЛтыНшы ҮМіт: Ауыр да азапты күндерді бастан кешкен айдаудағы кезімде адамдардан оқшауланып, Барла жайлауында, Шам тауының етегінде жалғыз қалып, мұңды күй кештім. Жалғыздықтан қамығып, көңілім бір нұр іздеді. Түн болатын. Әлгі биік төбеде биік бір қарағай ағашының үстінде үсті ашық ықтырмада едім. Қарттық келіп, құлағыма әлденеше рет еселенген жалғыздықты сыбырлағандай болды. Алтыншы хатта баяндалғандай, сол түн тым-тырыс, айнала жым-жырт. Тек ағаштардың сықыры, жапырақтардың сусылдаған аянышты үні қартайған әрі жалғыз қалған жаныма қатты батты. Қарттық менiң санама мынаны салды. Манағы күндіз қараңғы қабірге айналды, дүние қара кебініне оранды, сол сияқты сенің өміріңнің күндізі де қараңғы түнге, дүниенің күндізі де берзах түніне, өмірдің жазы да өлімнің қысы сияқты түніне айналады.Нәпсім шарасыз былай деді: Иә, отанымнан жырақта жүрмін. Бірақ, мына елу жылдық өмірімде аяулы жандардан көз жазып, қош айтысып қалдым, олардың соңынан жылап-еңіреп қалған жайым бар. Бұл жайым әлгі отанға деген сағыныштан әлдеқайда мұңлы да ауыр сағыныш. Оның үстіне мына түндегі, мына тау етегіндегі мұңды жалғыздықтан да бетер мұңдырақ һәм қайғылырақ жалғыздыққа беттеп барамын. Ол, әлгі қарттықтың ескерткені сияқты күллi дүниемен бiржола қош айтысар уақыттың жақындап қалғаны едi. Осы қыспаққа алған жалғыздық пен қатты күйзелістен шарқ ұрып бір үміт, бір нұр іздедім. Сол кезде, Аллаһқа деген иманым жәрдемге келді. Жәрдем еткені сондай, жанымды қинаған әлгі қабаттасқан үрейлі жағдайлар мың еселенсе де иманның берген жұбанышы мен демеуi басымырақ болар едi.* Иә, бар нәрсені дәлелдеу оңай, ал оның жоқ екенін дәлелдеу өте мүшкіл екендігін мына бір мысал арқылы баяндап берейін. Бір адам “жемістері сүт консервiсi сияқты таңғажайып бір бау-бақша жер жүзінде бар” десе, қасындағысы “ондай бау-бақша жоқ” десе, бар деген адам, тек әлгі бау-бақшаны тіпті кейбір жемістерін көрсетiп-ақ оп-оңай дәлелдеп береді. Ал, жоққа шығарған адам, оның жоқ екенін дәлелдеу үшін жер жиһанды көріп, әрі көрсету арқылы ғана айтқанын дәләлдей алады. Дәл сол сияқты Жаннат туралы хабар бергендер оның жүз мыңдаған нышан-белгілерін, жемістерін, іздерін көрсетсе жетіп жатыр. Тіпті, мұны есептемегеннің өзінде бар екені жайында турашыл екі куәгердің куәліктері жетіп жатыр. Ал, жоққа шығарушы болса ұшы-қиыры жоқ мына әлемді, шексіз заманмен бірге болып тарап-талдауы керек. Сонда ғана жоқ екенін дәлелдеуге шамасы келеді. Міне, ақсақалдар! Ақыретке иман қаншалықты қуатты екенін аңғарған шығарсыңдар
229ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАуа, ақ сақалды аталар мен ақ жаулықты әжелер! Біздiң Рахымы мол Жаратушымыз бар екені рас. Олай болса бізге жалғыздық әсте жолай алмайды. Ол – бар! Олай болса, бәрі түгел, бәрі бар. Ол – бар, олай болса періштелер де бар. Демек, әлемде бос жер жоқ. Заңғар таулар, ұзына бойы жоталар мен ен дала Аллаһтың құлдарына толы. Оның саясында, оның нұры арқылы саналы құлдарынан басқа ағаш пен тау-тас сияқты нәрселер жанға жақын серік болып, өзіне тән хал тілдерімен бізбенен әңгіме-дүкен құрып, көңілімізді жайландырады.Иә, Аллаһтың болмысы мен рахымдылығын бiлдiретiн дәлелдер мен куәлiктер әлемде болмыс атаулы қанша болса сонша және әлем атты кітаптың әріптері қанша болса сонша және жан-жануарлардың Илаһи мейірімділікті, рақымдылықты, жәрдемді көрсететін мүшелері, нәсіптері, нығметтері қанша болса сонша. Олар бізге Рахим, Кәрим, Әнис, Уәдуд Жаратқан Иеміздің, Ұстамыздың, Қамқоршымыздың құзырын көрсетуде. Ол құзырда мақбул, яғни Оның алдында қабыл болғыш шапағатшы әлсіздік пен дәрменсіздік болып табылады. Ал әлсіздік пен дәрменсіздіктің келер сәті қарттық шақ. Мұндай құзырда мақбұл шапағатшы болған қарттыққа ренжу емес, қуану керек.жЕтіНші ҮМіт: Бұрынғы Саидтің күлкілері кейінгі Жаңа Саидтің көз жасына айналып, қартая бастаған шағымда Анкарадағылар мені бұрыңғы Саид деп ойлап, Анкараға шақырды. Күздің соңына таман, менен де бетер қартайып, қаусап қалған Анкара қорғанының басына шықтым. Жылдың кәрілік мезгілінде менің қарттығым, қорғанның қарттығы, адамзаттың қарттығы, Османлы мемлекетінің қарттығы, халифаттың қарттығы, жер шарының қарттығы маған өте аянышты халде көрінді. Өткен өмірдің ой-шұқыры мен болашақ белестеріне зер салдым. Мені қаумалай қоршаған бұл қарттықтың қараңғылықтары ішінде Анкарадан да рухани қараңғылық сездім. Бір нұр, жұбаныш, үміт іздедім.* Оңыма, яғни өткен шағыма қарағанымда ата-бабаларымның ғана емес нәсілімнің де мазары бейнесінде көрінді. Жұбаныш іздеп отырғанда бұл қорқыныш ұялатты. Құтылудың жолын іздеп, сол жағымдағы болашаққа зер салдым. Бұл жағымнан да менің және болашақ ұрпақтың қараңғы қабір бейнесі көрінді. Сүйінермін деп үміттеніп едім, қайта үрейлендірді.Оңым мен солымнан шошынып, бүгінгі күнге қарадым. Шалажансар, дiрдек қаққан денем салынған табытты көрдім. Бұл жақтан да үмітім үзілген соң басымды көтеріп, өмір ағашымның ұшар басына көз салдым. Бір ғана жемісі бар, ол да менің мәйітім. Өмір ағашының түбiне, тамырларына қарадым. Денем топыраққа айналып, тамырдағы топырақпен бірге аяқ асты тапталуда. * Сол кездегі рухани жағдайым парсы тілінде мінәжат болып баяндалған-ды. Кейін Анкара қаласында «Хубаб» атты еңбегімде жарық көрген болатын
230ЛЕМАЛАРДертімді одан бетер асқындыра түсті. Шарасыздықтан артыма қарадым. Бұл фәни дүние тұрақтай алмай, қаңбақша домалап барады. Жарама дәрі емес у сепкендей болды. Бұл жақтан да қайыр көре алмағандықтан, алдыңғы жаққа көз салдым. Қабірімнің аузы арандай ашылып, мені күтуде. Арғы жағында шексіздік жолы мен сол жолға түскендер алыстан-ақ топ-тобымен көрініп, кетіп бара жатыр. Алты жағымнан қоршаған қорқыныштарға титімдей болса да қарсы тұрарлық қорғаныс қаруы мен сүйенер ештеңе қалмады. Дұшпандар мен зиянкестерге қарсы адам баласы қолынан келгенінше ғана күресе алады. Ал, мына жағдайға адамзаттың қабілет-күші жетпейдi. Алты жағымнан анталаған уайым-қайғыдан үмітсіздіктің қараңғы құрдымына құлағалы тұрғанда Құран-ы Муғжизул Баяннан күш алушы иман нұры көмекке жетті. Алты жағымды да жарықтандырып нұрға бөлегендігі сонша, уайым қараңғылығы жүз есе қоюлана түссе де, иман нұрының сәулесі жеткілікті еді. Барлық қасіретімді қуанышқа, қайғымды сүйінішке айналдырды.Иман, әлгі өткен шақтың қорқынышты мазар бейнесін қақ айырып, үйреншікті зиялылар мәжілісі мен сүйікті жандардың жиналысы екендігін айнәляқин (көзбен көргендей, анық) көрсетті.Һәм иман, үлкен қабыр түрінде көрінген болашақты, жайлы бақыт сарайларында беріліп жатқан Рахмани қонақасы, мәжіліс түрінде ғылмеляқин анық көрсетті.Һәм иман, ғапылдық назарда бүгінімді әкетіп бара жатқан табыттың тас-талқанын шығарып, Рахманның қонақ үйінде ақырет үшін саудаласып жүргендігімді көрсетті.Һәм иман, өмір ағашының басында жаназа сияқты көрінген бір ғана жемістің мәйіт емес, шексіз өмір үшін жаратылған рухымның тозған кебінінен шығып, аспанға, серуенге самғау үшін шыққандығын ғылмеляақин (ғылыммен бiлу) көрсетті.Һәм иман, сүйектерім мен бірге жаратылысымның бастауы болып табылатын топырақ аяқасты болып езілген елеусіз сүйектер емес, ол топырақ рахмет қақпасы, Жәннат қонақжайының бір пердесі екендігін иманның сыры арқылы көрсетті.Һәм иман, ғапыл назармен артымда жоғалып, құрып бара жатқан дүниенің күйін Құранның сыры арқылы былайша көрсетті: Әлгі сырт көзге қараңғы болып көрінген дүние өз міндетін атқарған, мағынасы білдірілген, алайда орнына нәтижелерін қалдырып бара жатқан Самәдани хаттың бір бөлшегi, әрі Субхани нақыш өрнектің парақтары екендігін көрсетті. Дүниенің шын мәнісін ғылмеляқин түрде көрсетті.Һәм иман, алдымда аузын арандай ашып, мені күтіп тұрған қабірдің ар жағындағы сапар, мәңгілік өмірмен дәнекер жолы екендігін Құран нұрымен көрсетті. Ол қабірдің үңірейген аузы емес, нұр әлемінің есігі, мәңгілік бақыт қақпасы екендігін ұғып, дертіме шипа таптым.
231ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАҺәм иман, қолынан түк келмейтін тек кәсіп қылатын жүз-і ықтиярды яғни аз ғана қалау-еріктің орнына әлгі қыруар дұшпандар мен түрлі қараңғылықтарға қарсы , шексіз құдіретке арқа сүйеу үшін және шексіз мейрімділікпен байланыс құру үшін әлгі жүз-і ықтиярдың қолына куәлік тапсырды. Тіпті, иман әлгі жүз-і ықтиярдың қолына бір куәлік болды, һәм манағы жүз-і ықтияри дейтін адамның қаруы, негізінде іске жарамсыз қысқа, әрі дәрменсіз. Алайда қалайша бір жауынгер, мардымсыз қуатын мемлекет атынан қолданған кезде өзінің қуатынан мың есе артық істер атқарады, сол сияқты иманның сырымен әлгі шағын жүз-і ықтияри Аллаһ Тағаланың атына, оның жолына қолданылған кезде, бес жүз жылдық кең Жәннатты да алып береді.Һәм иман, болашақ пен өткен шаққа дәнекер бола алмайтын әлгі таңдау-еріктің тізгінін дененің қолынан алып жүрек пен рухқа тапсырады. Ал, рух пен жүректің тіршілік тынысы дененікі сияқты осы шаққа ғана тәуелді болмағандықтан көп жылдар өткен шаққа, ұзақ жылдар болашаққа дейін кеңіп, ол жақты да қамтиды. Сондықтан әлгі жүз-і ықтияри яғни адамның таңдау еркі молайып кең ауқымға ие болады. Иманның қуатымен өткен кезеңнің ой-қырларына барып қайғыларын сейілтеді әрі иманның нұрымен болашақтың шыңдарына шығып, үрей мен қорқыныштың бетін қайтарады.Уа, мен сияқты қарттықтың ауыртпалығын тартқан қариялар! Әлхамдулиллаһ біздің иманымыз бар және имандылықта нұрлы, ләззаты мол қазыналардың бар екені де рас. Әрі қарттық иман қазына байлығымызды одан әрі байыта түседі екен. Олай болса, қартайғанымызға шағымдану былай тұрсын шексіз шүкір етіп, риза болуымыз керек.СЕГіЗіНші ҮМіт: Шашыма қарттықтың белгісі ақ шаш түсе бастаған кез болатын. Жастық деген бейқам ұйқыны одан сайын тереңдететін соғыстың аласапыран оқиғалары, әрі тұтқында болудың әсері және Стамбулға соңғы келген кезімдегі атақ-даңқым, тіпті Халифадан бастап шәйхул Исламның, Бас қолбасшының тіпті медресе шәкірттеріне дейінгі маған көрсеткен шамадан тыс сый-құрметтері әрі жастықтың мастығы әлгі жастық ұйқысын одан әрі тереңдеткені сондай, өзімді бұл дүниеде мәңгі жасайтын адамдай сезіндім. Рамазан айының бір күнінде Баязит мешітінің ықыласты қариларын тындауға бардым. Адамзаттың және барлық тіршілік атаулының өлім құшатындығы жайлы Қасиетті Құран: аяты арқылы жариялады. Ол менің көңіліме қонып, жастық шақтың буынан сергітті. Көпке дейін мең-зең болып, бағытынан айрылған кеменің күйін кештім. Айнаға қараған сайын шашымның ағы «байқа!» дейтіндей. Шынында да сенім артып, өрікпіген жастық шағым қоштасып, кетіп барады. Кеткім келмеген жарық дүнием сөнгелі тұр. Өте тығыз байланыста болған дүния уақытша екен.
232ЛЕМАЛАРҚұран Кәрімнің: аяты адамзат бір жан, қайта тірілу үшін өледі. Дүние да бір жан, мәңгілік бейне алмаққа ол да өледі. Жаратылыс атаулы бір жан, оның да өлетіні анық. Өз халіме назар аудардым. Шаттық бақшасындай болған жастықтың нұрлы өмірі өтіп, орнына қараңғы да үрейлі өлім жақындап келе жатқанын көрдім. Стамбулдағы қызметім мен сый-құрметтер, жанымда тұрған қабір аузына дейін ғана екен. Атаққұмарлар армандап жүрген атақ-даңқ, мансап пен дәреженің мән-мағынасы екіжүзділік, өзін сату, уақытша мастық екенін түсіндім. Осы уақытқа дейін мені алдап келген бұл нәрселерде ешқандай нұр, ешқандай пайда жоқ екенін көрдім. Құранның киелі дәрістерін тыңдау үшін Баязит мешітіне екінші рет барғанымда, киелі аятынан сүйінші хабар естідім. Өзге жерден жұбаныш іздеп, босқа әуре болыппын. Құранның шапағатымен дертіме шипа, қараңғылықтан нұр, үрей туғызған нәрселерден жұбаныш таптым. Хақ Тағалаға жүз мың шүкір еттім. Сырт көзге тас қараңғы, тұңғиық болып көрінгенімен, мүмин үшін өлімнің нұрлы, жарқын жүзді екенін Құран сәулесімен көре алдым. Бұл ақиқаттар басқа да еңбектерімде дәлелденген-ді. Сегізінші Сөз, Жиырмасыншы Мектуб секілді тәпсірлерде көрсетілгендей, өлім – дегеніміз жоқ болу емес, ол – мәңгілік өмірдің бастамасы, дүниелік өмірдің күйбең тірлігінен демалысқа шығу, жай ғана мекен ауыстыру, Берзах әлеміне көшкен жақындарымызбен қауышу. Осы секілді ақиқаттардан арқасында өлімнің шынайы бейнесін көрдім. Өлімнен қорқудың орнына қуанышпен қабылдадым, «Рабыта-и Мәуттің» құпиясын түсіндім.Сонан соң жұрттың бәрін ынтызар етіп, өзіне тартатын жастық шақтың жүзіне зер салдым. Егер жастық шақтың шын мәнісін білмегенімде, бірнеше жыл ойнап күліп, кейін өмір бойы жылаған болар едім. Осындай біреу:яғни «шіркін, жастық шағым оралып келсе ғой, қарттықтың қаншалықты қиын екені жайлы шағымданар едім» деген екен. Осы секілді жастық шақтың шын мәнісін түсіне алмаған қариялар қасірет шегуде. Ақылды мұсылман болса, жастық шақтың қуатын ғибадат пен игі істерге, діни міндеттерін атқаруға жұмсап, ол – Аллаhтың нығметі екенін түсінер еді. Адам жас кезінде түзу бағыт пен ар-намыс және тақуалықты ұстанбаса, қауіп-қатер көп. Албырттық о дүниедегі мәңгі бақыт пен ақыреттік өмірге зиян келтіреді. Тіпті, бұ дүниелік өмірін де астан-кестен қылады. Қысқа
233ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАжастық шақ пайдасыз, тіпті зиянды істерге жұмсалуда. Біз – қарттар, жастық шақтың албырттығы мен қауіп-қатерінен құтылғанымызға Аллаhқа шүкір етуіміз керек. Егер жастық шақты ғибадатқа, игі істерге сарп етсе, ол адам ақыретте мәңгі жас қалпында қалады.Бұдан соң адамдардың көбісі кеткісі келмейтін дүниеге зер салдым. Дүниенің үш түрлі жүзі бар екенін Құран нұрымен көрдім. Біріншісі, Аллаhтың есімдерінің айнасы. Екіншісі, Ақыреттің егіс алқабы.Үшіншісі, Ақыретке сенбейтін адасқандардың ойын-сауық отауы. Сондай-ақ, бұл дүниеде әр адамның өзіне тән жеке дүниесі бар. Адамдардың санындай бірімен-бірі сапырылысып жатқан дүние. Бірақ, әр адамның өзіндік дүниесі болады. Оның тірегі - әркімнің өз өмірі. Мына дене қай уақытта өлсе, сол уақытта жеке дүниесі де тас-талқан болып, қараң қалады. Бұдан былай ол үшін қиямет орнайды. Қапы қалған бейғам жандар өз дүниелерінің кез-келген уақытта қараң қалуы мүмкін екендігінен бейхабар болғандықтан, дүниесін жалпыға ортақ кең дүниемен шатастырып, өз өмірін мәңгі деп ойлап, құмарлана мәз болып жүр. Басқалардың дүниесі секілді тез қирап, әп сәтте бұзылатын менің де өзіндік дүнием бар. Апырым-ай осы өзіндік дүнием мен қып-қысқа өмірімнің маған не пайдасы бар? деген ойға баттым. Бұл дүние – мен үшін де, басқалар үшін де үлкен сауда орны әрі тұрғындары күн сайын азайып-көбейетін қонақ үй, келіп-кетушілерге арналған базар. Ақырет үшін көшет өсіретін бақша. Шебер Аллаһтың әр уақыт жаңалап отыратын хикмет толы дәптері. Әрбір көктем – Оның бір хаты, әрбір жаз – Оның өзін мадақтайтын өлеңі екендігін көрдім. Хикметтерге толы мына дүниені жаратушы Аллаһқа мың да бір шүкір еттім. Адамзат баласына дүниенің ақыретке қатысты және Аллаhтың есімдерімен байланысты әсем жағына, яғни шын мәнісіне деген сүйіспеншілік, махаббат сезімі берілген. Ал, сол сезімдерді дүниенің фәни, ұсқынсыз, зиянды жақтарына жұмсағандықтан яғни: «Бүкіл қателіктер дүнияға деген құмарлықтан шығады» дейтін хадис шәрифке нысана болғандарын аңғардым. Құрметті қариялар! Құранның нұрымен және қарттығымның ескертуімен маған осы ақиқатты көру нәсіп болды. Көптеген еңбектерімде мұны дәлелдедім, кәрілігіме риза болдым, жастық шақтың өтіп кеткеніне қуандым. Сіздер де өкініп, таусылмаңыздар, шүкір етіңіздер! Аталған ақиқаттар рас екенін білеміз, иманымыз да бар. Олай болса бейқамдар мен Құдайдан безгендер жыласын!
234ЛЕМАЛАРтОҒыЗыНшы ҮМіт: Бірінші Дүние жүзілік соғыста тұтқынға түсіп Ресейдің солтүстік шығысындағы Кострома деген жерде айдауда жүрген кезім. Сол жерде татарлардың шағын бір мешіті болатын, ол әйгілі Волга өзенінің жағасында-тұғын. Ондағы достарым, тұтқындағы әскери сардарлармен бірге тұрып жаттым. Бірақ, үнемі елегізіп жалғызсырауда болдым. Жалғыз болуды қаласам да, сыртқа ұлықсатсыз жібермейтін. Татар ауылы маған кепіл болып мешіттеріне орыналастырды. Мен сонда жалғыз жататынмын. Көктем таяп қалаған кез. Ондағы солтүстікке тән ұзақ түндердің көбін ұйқысыз өткізетінмін. Осынау қараңғы түндер мен түнек басқан өлкеде Волга өзенінің бір сарынды сарылы, жаңбырдың сары уайым секілді сытыры, желдің көңілсіз гуілі, мені ғапылдықтың ұйқысынан оятып жібергендей. Ол кезде, өзімді әлі қартпын деп, санамайтынмын. Алайда, сұм соғысты көрген кім болса да қартаяды ғой. Бейне, аятында айтылғандай балалардың шашы ағарғаны секілді, қырық жасымда өзімді сексендегідей сезінетінмін. Осынау ұзақ түндер мен түнек басқан бөтен жерде жүргенімде алыстағы елімнен де үмітім үзіліп сары уайым басты. Жалғыздық пен жарым көңіл сары уайымның ызғарында сарғайған жапырақтай қалтырадым. Міне, осындай ауыр халде жүргенімде Құран Хакимнің жылы желі есіп жаралы жүректі бір желпіп тастады. Тілім деген қасиетті дұғаны оқыса, жүрегім де мұңын шағып былай деді:Ал, рухым елде қалған ескі достарымды сағынып, бөтен жердің топырағында қалатынымды уайымдап Ниязи Мысриға ұқсап: Әттең дүния, кетіп барам, мәңгі қайтып келмескеҚайран достар, бір көре алмай айналдыңдар елеске! - деп, достарымды іздеді. Міне, дәл осындай шарасыз жағдайда шынында соншалық әлсіздігім мен бейшаралығым Иләһи рахымға бөленуге себеп болды. Бұл жағдайға қазір де таңқаламын. Өйткені, осыдан бірнеше күннен кейін, жаяу жүрсе бір жылда әрең жететін ұзақ жолды жалғыз өзім, бірауыз орысша білмесем де оңай жүріп өтіп, көздеген жеріме жеткен едім.
235ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАМіне, өте әлсіз, күйсіз жағдайда Иләһи жәрдемнің кереметімен қаптаған қатерден аман-есен құтылдым. Варшава арқылы Австрияның үстімен Стамбулға жеткен едім. Ал бұл дегенің ақиқатында ақылға сыймайтын керемет болатын. Алайда, сонау Волга өзенінің жағасындағы мешіттегі ұзақ түндегі ғаламат жағдай маған осындай шешім шығарып тәуекел етуге итермелеген еді. Яғни, ендігі өмірімді үңгірде жалғыз өткізермін деген ой болатын. Өйткені, басқа адамдардың қоғамдық өміріне енді арласуды жөнсіз санадым. Онсыз да қабірге жалғыз барамын ғой, сондықтан қазірден бастап жалғыздыққа бой үйретейін дедім. Өкінішке орай, Стамбулдағы шулы орта менің ол ойымды уақытша естен шығарып жіберді. Бейне, сол бір бөтен жердегі ұзаққа созылған қараңғы түндер менің өмірімнің көзіндегі нұрлы қарашығы секілді, ал, Стамбулдың жарқын күндізі болса, сол өмір жанарымды жауып перделеген ағына ұқсайды. Иә, алдындағыны көруге жарамайтын көздің ағы секілді. Сөйтіп, екі жылдан кейін ғана Ғаус Гейланидің «Фүтуһ-ул Ғайб» кітабын оқып, қайтадан көзім ашылды. Міне, ей қадірлі қариялар! Кәріліктегі әлсіздік пен шарасыздықты Иләһи жәрдемге, мол рахымға бөленуге бірден-бір себеп болатын қайырлы жағдай деп біліңдер! Мен өз басым бұл ақиқатқа көптеген тәжірибелермен көзім жеткені секілді жер жүзіндегі Иләһи рахымның көптеген мейірім шуағы да осы ақиқатты ап-ашық түрде көрсетуде. Мәселен, хайуанаттың ең әлсізі, мұқтажы олардың жас төлдері. Сондықтан, рахым мен қамқорлықтың ең жоғары дәрежесіне солар ие. Мысалы, ағаш басындағы ұяда қызылшақа балапандарына олардың анасы күні бойы тынымсыз ұшып жем тасумен болады, қанаттанып ұшқанда ғана «енді, ризығыңды өзің ізде!» дегендей енесі жем тасуын доғарады. Міне, осынау Иләһи рахымның тылсым сыры әлсіз балапандардың тіршілігінде қалай анық көрінсе, қарттық та дәл сондай әлсіз балапан секілді Иләһи рахымға лайық. Өмірімде бұлтартпас айғақтармен дәлелденген талай тәжірибелердің ішінде жас сәбилердің ризықтары рахым тарапынан аналарының омырауындағы дайын сүт болып берілетіні секілді, бейкүнә, иманды қарияларға да ризықтары дәл солай берекетпен келеді. Мәселен, бір отбасының берекеті сол үйдегі қариялар болса, үй ішін пәлелерден сақтап тұратын да сол үйдегі белі бүгілген қариялар екенін мына сахих хадистің бір бөлігінде:Яғни, «Белі бүкірейген қариялар болмаса бәле біткен үстеріңді селдей басар еді» деу арқылы осы ақиқатты дәлелдеп береді. Міне, қариялардың әлсіздігі мен мұқтаждығы Иләһи рахымшылықты өзіне шақырады.
236ЛЕМАЛАРСондықтан, Құран Хакимде: Аяты бес жақтан мұғжизалы түрде қартайған әкесі мен анасын балалары құрметтеп, бағып қағу керектігін нақтылап, қамқор болуға шақырады. Сондықтан, Ислам діні қарияларға құрмет көрсету мен қамқорлық жасауды әмір етеді. Адам баласының болмысы да қарияларға қамқорлық жасауды қалап тұрады. Иә, біз қариялар жастық шақтың өтіп кеткен заттық ләззаттарының орнына, енді рухани тұрғыда Иләһи жәрдем ретінде адамдардан құрмет көрудеміз. Міне, олай болса, біз қазіргі қарттығымызды жүз жастық шаққа да айырбастамас едік. Иә, мен өз басым сіздерге нақ шынымды айтсам, «Бұрыңғы Саидтың он жылдық жастығын қазіргі Саидтың бір жылдық қарттығына айырбастамас едім». Мен, қазіргі қариялығыма ризамын, сіздер де риза болыңыздар.ОНыНшы ҮМіт: Тұтқыннан босап Стамбулға келгеннен кейін мені тағы да екі жылдай ғапылдық басты. Саяси ағымдар ақылымды арбап, көңілімді алаң қылған күндердің бірінде Әюб Сұлтан мазары жақтағы төбеге шығып отырған едім. Осы жерден Стамбулдың айналасына көз салдым. Мен сонда өмірімнің аяқталып бара жатқанын байқадым. Қиял мен ой аралас бір қызық жағдайға түстім. Өзіме өзім: «Япырау, маған мұндай қиял-ой туғызған мынау қабір басындағы көктастардың жазулары ма, екен?» деп, ойға шомдым. Сол сәтте алысқа емес, дәл қабірстан жаққа қарағанымда көңіліме мынадай бір ой келді: «Мынау мазарда бәлкім жүз Стамбул халқы жатқан шығар, яғни Стамбул бұл күнге дейін өз тұрғындарын осы жерге жүз рет әкеп жерлеген болар. Бүкіл Стамбул халқын мұнда әкеліп, түгел жиып жатқан Хаким әрі Қадир Аллаһтың үкімінен сен де сырт қала алмассың, бір күні сен де келесің». Мен қабірдің басынан алыстап, жаңағы қиял-ойдың жетегінде Әюб Сұлтан мешітінің жанындағы бұрын да талай болған кішкене бөлмеге кірдім. Осы сәтте мен өзімнің уақытша қонақ екенімді үш жақты анық сездім. Мына кішкене бөлмеге қалай қонақ болсам, Стамбулға да солай қонақпын, олай болса мына дүниеге де қонақпын. Олай болса, қонақ өз жөнін жақсы білуі керек қой. Мына бөлмеден қазір шығатыным секілді, Стамбулдан да кетемін, онда мына дүниеден де бір күні кететінім анық...Міне, осы жағдайда өте аянышты әрі мұңлы көңіл-күй кешіп, жүрегіме де, жаныма да әлгі ой салмақ салды. Өйткені, мен бір-екі досыммен ғана қоштасқалы тұрғаным жоқ. Мен, жүздеген дос-жарандарыммен, жақсы
237ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАкөретін Стамбулмен де қош айтысқалы тұрмын. Тіпті, одан да ауыры жүз мың жақыным бар мынау кең дүниеден айырылытындығымды ойлағанда қабырғам қайысып, қабірстан жаққа қайта кеттім. Анда-санда ғибрат алу үшін синемаға баратынмын. Соның әсері ме, маған сол кезде Стамбул халқы жаппай өліп қалған, тек кезіп жүрген тірі өліктер секілді көрінді. Яғни бұрын өмір сүріп кеткен адамдардың бейнесін қазір тірі жүргендей фильмдерде көрсетеді емес пе? Дәл сол секілді, қабірдегі адамдар аяқта жүрген мүрделер бейнесінде көрінді. Қиялыма былай дедім: Демек, қабірде жатқандардың бір бөлігі фильмде тірі секілді жүреді, дәл сол сияқты болашақта анық түрде қабірге кіретін мына адамдарды да қазір қабірде жатыр деп біл! Яғни, олар да мүрде деген сөз, қазір жүріп жүргені болмаса... Осы кезде кенет Құран Хакимнің нұры мен Гаус Ағзам Шейх Гейланидің жөн көрсетуімен әлгі қайғылы жағдайдың бәрі қуанышқа айналып шыға келді. Мәселен, әлгі қайғылы жағдайға қарсы Құранның нұрымен маған мынандай ой салды: Солтүстік шығысдағы Костромада тұтқын болып жүрген кезіңде екі досың бар еді. Олардың бір күні Стамбулға қайтатынын білетінсің. Сонда бірі саған: «Досым, мұнда қаласың ба, әлде Стамбулға кетесің бе?» десе, титтей де ойланбай қанат болса Стамбулға ұша жөнелетіндей едің. Өйткені, мың жақыныңның тоғыз жүз тоқсан тоғызы сонда ғой. Мұнда, бір екеуі ғана бар, олар да кешікпей Стамбулға кеткелі жүр. Олай болса, сенің Стамбулға кетуің қайғы емес қуаныш қой. Иә, келгеніңе қазір қуаныштысың ғой? Сонау қиырдағы жау елінің қап-қараңғы ұзақ түндері мен суық күндерінен құтылғаныңа риза шығарсың. Өйткені, сен дүние жәннаты секілді Стамбулға келдің. Дәл осыған ұқсас сен туғаннан бері бірге болған ең жақын адамдарыңның жүзде тоқсан тоғызы қайтыс болып сені қорқытып тұрған осы қабірстанда жатыр. Қазір бұл дүниеде қалған бір екі досың да кешікпей сол қабірстанға сөзсіз ататанады. Олай болса, өлім деген айырылысу емес, қайта ең жақын адамдармен қауышу. Алайда, осы қабірстанға кеткендердің бір бөлігі мынау ескі ұясын тастап, сонау рухани әлемдегі жұлдыздар мен берзах дүниесінің қабаттарына көшіп кетті. Осы ақиқатты Құран Хаким өте анық түрде дәлелдегені соншалық, егер адамның жүрегі таза, ақылы азбаған болса, және ғапылдық батпағына батып кеткен болмаса, осының бәрін өз көзімен көргендей сенуге тиіс. Өйткені, мынау дүниені өзінің шексіз мейірім, қамқорлығымен нығметке толтырып, ең елеусіз тұқым дәнектерді де аман сақтап, көктеп-көгертетін Сани, Кәрім, Рахим болған Аллаһ осынау сансыз жаратылыс ішінде өзіне ең сүйікті де, сүйкімді етіп жаратқан адамзатты бұл өтпелі дүниеден кейін ескерусіз, елеусіз қалдырады деп ойлау, әсте ақылға сыймайды. Сондай сүйіспеншілікпен жаратқан ғажайып пендесін мүлдем, із-түссіз жоқ етпейтіні анық ақиқат. Өйткені, диқан топыраққа тұқымды сеуіп, келесі көктемде бітік егін жинап алатыны секілді, Халиқ-ы Рахим, Аллаһ та осы адам дейтін сүйікті пендесін басқа таңғажайып әлемге апару
238ЛЕМАЛАРүшін топырақтың астында уақытша ұстайды.* Құраннан мұндай жақсы хабар алғаннан кейін әлгі қорқынышты боп көрінген қабірстан маған Стамбулдан да жылы көріне бастады. Мұндағы жалғыздығым маған дос-жарандармен бірге болған сұхбаттан да артық көрінді. Содан кейін, Бұғаз маңындағы Сарыиерден өзім тұрарлық бір бөлме таптым. Гаус Ағзамның (р.а.) «Фүтух-үл Ғайб» кітабы маған қалай ұстаздық етсе, дәл солай Имам Раббани де (р.а.) өзінің «Мектубат» кітабы арқылы маған жол көрсетіп ұстаз болды. Міне, осы кездері жасымның ұлғайғанына, мәдениет деген мәнсіздіктен алыстағаныма, қоғамдық өмірден оқшауланғаныма риза болдым. Аллаһқа шүкір еттім. Уа, маған ұқсап кәрілікке бой алдырып, соның әсерінен өлімді уайымдайтын қариялар! Құран Хакимнің үйреткен нұрлы дәрісі бойынша қарттық пен өлімді ризалықпен қабылдауға тиіспіз. Тіпті, анығырақ айтсақ оны жақсы көруіміз керек. Өйткені, иман сынды құнды байлығымыз болғандықтан қарттық та, ауру сырқат та, өлім де бәрі жанға жағымды. Ал шын жағымсыз нәрсе ол күнәлар, азығындық, адасу мен бидғаттар...ОН БіРіНші ҮМіт: Тұтқаннан келген соң Стамбулдағы Чамлыжа төбесінің бір мүйісінде орналасқан үйде, марқұм бауырым Абдурахманмен бірге тұратынбыз. Бұл тұрмыс дүнияуи жағынан мен секілді жандарға жайлы өмір саналатын. Өйткені, тұтқыннан аман сау елге оралдым, Ғылым Академиясында ғылыми қызметім жалғасып жатыр. Маған деген құрмет, қошемет шамадан тыс артық еді. Мекенім Стамбулдың ең әдемі жері саналатын Чамлыжада болатын. Төрт құбылам түгел болатын. Марқұм бауырым Абдуррахман дейтін өте зерек, жанкешті, әрі дос, әрі шәкірт әрі қызметші әрі хатшы, бір жағынан мағынауи балам қасымда еді. Иә, ол өзімді дүнияда ең бақытты сезінген кезім болатын. Сөйтіп жүргенде айнаға қарасам, шашым мен сақалымдағы ақ шаштарға көзім түсті. Дәл осы сәтте Костромада тұтқында жүргенде мешіттегі рухани жағдай тағы да қайталанды. Соның әсері ме екен, жүрекпен беріле жақсы көрген дүнияуи бақыт деп ойлағандарымды ой елегінен өткізіп, бақытқа жетелейді деген себептердің қайсысын алып талдасам да бәрі шірік, пайдасыз, алдамшы екен. Тап сол кездері, ең адал дос деп жүрген біреу, маған ойға келмейтін опасыздық жасады. Сөйтіп, дүнияуи өмірден әбден көңілім қалды. Өзі-өзіме былай дедім: «Япыр-ау, адам мұнщалықты алданады екен-ау! Байқасам, ақиқатында менің аянышты хәліме көп адамдар кәдімгідей қызыға қарайды. Сонда, осынша адамның бәрі шынымен есі ауысып кеткен бе? Болмаса, менің есім ауысқан шығар, мынау дүниеқұмар адамдарды есі ауысқан ғып көріп отырған...қойшы әйтеуір» Мен қарттықтың қатаң ескертулерінің ішінен ең алдымен әбден бойым үйреніп кеткен пәни дүниелердің пәни екенін ұқтым. Өзіме қарасам әлсіз біреу * Бұл ақиқатты екі жердегі екі төрт болатындай етіп Оныншы Сөз бен Жиырма Тоғызыншы Сөз дәлелдеген-ді.
239ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАекенмін. Сол кезде мәңгілікті аңсайтын алайда, пәнилікке беріліп кеткен рухым былай деді: «Иә, мен заттық тұрғыда пәнимін, онда мына пәнилерден маған не қайыр? Өзім әлсізбін, онда бұл әлсіздерден не пайда? Маған, дертіме дәрмен беретін Мәңгі Бақи, Сәрмәди, бір Қадир-ы Әзәли керек!». Сөйтіп, ең алдымен бұрыннан бері оқып келе жатқан іліміме жүгініп, ақылға жұбаныш, көңілге медеу боларлық бір сүйеніш іздедім. Ол уақытқа дейін пәлсапа ілімін Ислам ілімімен қатар үйреніп соңында әлгі пәлсапалық ілімнің жалған екенін түсінгем-ді. Алайда, осы пәлсапалық ілім рухымды кірлетіп, рухани дамуыма көп кедергі болған екен. Міне, осындай әуре-сарсаң халде жүргенімде Иләһи рахымның арқасында Құран Хакимнің хикметтері жәрдемге келді. Сөйтіп, әлгі пәлсапаның кірлерін тазартты. Былайша айтқанда, пәлсапа ілімдердің бәрі рухымды дүниеге байлап тастаған-ды. Қай жағыма қарасам да бір жарық нұр көзіме түспейтін. Сөйтіп жүргенде, Құран Хакимнен келген «Лә илләһа илләһу» сөзімен дәріс берген тәухид нұры жан-жағымды жарық нұрға толтырып, түнек қараңғылықтан шығарды. Жаным жай тауып, терең тыныс алдым. Бірақ, дәл осы кезде өз нәпсім мен шайтан бірігіп, әлгі пәлсапа ілімі мен ғапылдықты пайдаланып ақылымды адастыру үшін шабуыл жасай бастады. Бұл шабуылға қарсы «Құдайға шүкір» тойтарыс беріп жүректің жеңісімен жетістікке жеттім. Осындай пікір-сайыстар басқа рисалелерде жазылған-ды. Сондықтан, оның бәрін соларға сілтеп мыңдаған дәлелдерден тек біреуін ғана алға тартуды жөн санадым. Өйткені, жастық шағында жатжұрттық мәдениет пен заманауи ғылым деген атпен рухтары кірлеген, жүректері жүдеген, нәпсілері өршіп кеткен сондай бір топ қарияларға пайдасы тиіп, олардың рухын тазартуға себі тисін деген ниетте жаздым. Тәухид туралы қате түсінік берген, шайтан мен нәпсінің кеселінен құтылсын дедім. Мәселен, Пәлсапа ілімінің уәкілі ретінде өз нәпсім былай дейді: Мынау дүниедегі заттың бәрі өз табиғатымен осы жаратылысқа өзіндік әсері, қатысы бар. Әрбір нәрсе бір себепке байланысты. Жемісті ағаштан, тұқымды топырақтан сұрауымыз керек. Олай болса, болмашы нәрсенің өзін Аллаһтан тілеп, Аллаһқа жалбарынудың қажеті не? Міне, осы кезде Құран нұрымен көрінген Тәухид сыры былай ашылды. Жүрегім әлгі пәлсапашыл нәпсіме былай деді: Болмашы ұсақ нәрсенің өзі үлкен нәрселер секілді мынау дүниенің Жаратушысы Аллаһтың құдіретімен жаратылады, оның таусылмас қазынасынан келеді. Басқаша болатын жол жоқ. Ал себептер жәй бір перде ғана. Өйткені, ең маңызсыз, өте қарапайым көрінген жәндіктердің өзі шебер жаратылғаны сонша, өнер жағымен, шеберлік түрімен қарасақ, алып жаратылыстан да күрделі. Кішкене шыбын, өзінен үлкен тауықтан шебер жаратылысы жағынан артық болмаса кем емес. Олай болса үлкен кіші деп бөліп қарау мағынасыз. Не бәрін бірдей себептердің қолына тапсыру керек, я болмаса бәрін жалғыз Жаратушы Аллаһқа тапсыру керек. Біріншісі тығырыққа тірелетін мәнсіз болса, екіншісі уәжіп, шарт яғни міндетті түрде
240ЛЕМАЛАРсолай. Өйткені, барлық нәрсені Қадир-ы Әзелиеге тиесілі десек, бүкіл нәрсе керемет тәртіппен, ғажап хикметпен жаратылып жатқанына куә боламыз. Демек, Аллаһтың шексіз ілімі бар, сол іліммен әрбір заттың нақты мөлшері белгіленіп және де сансыз нәрселер мүлде жоқтан үздіксіз әрі өте жылдам жаратылуда... Ол Қадир-ы Алим әмірімен шақпақ шаққандай не затболса да, үлкен-кіші бәрін бірдей жаратып жатқанын сансыз дәлелдерімен көзімізге анық көрсетуде. Ол туралы Жиырмасыншы Мектуб пен Жиырма үшінші Леманың соңында дәлелденгеніндей, Аллаһ шексіз бір құдірет иесі. Өйткені, таңғаларлық жағдайда жаратылып жатқан жылдамдық пен оңайлық тек қана сондай бір шексіз ілім мен құдірет Иесінің ғана қолынан келері сөзсіз. Мысалы, көзге көрінбейтін сиямен жазылған бір кітапқа осы жазуларды көрсететін өзіндік дәрі жағыла қалса, әлгі үлкен кітап бүкіл жазуларын көзге көрсетіп өзін оқыттыра бастайды. Дәл сол секілді, әлгі Қадир-ы Әзелидің шексіз ілімінде әрбір заттың бейне пішіні түп-түгел жазылып дайындалуда. Ол Қадир-ы Мұтлақ әмірімен, шексіз құдірет, теңдессіз қалауымен әлгі жазуларға жағылған дәрі секілді әсер етіп, өте жылдам әрі оп-оңай бүкіл нәрселерге бейне пішін беріп, көзге көрсетіп қозғалтып, өз өнерінің ғажайып әсемдігімен қоса құдіретінің бір көрінісі болған асқан күш-қуатын да паш етеді. Сөйтіп, шексіз жаратылыстағы ғажайып жазуларын оқытады.Егер, бүкіл нәрсені Қадир-ы Әзели, Алим-ы Күлли Шей жаратты демейтін болса, онда ең кішкентай деген шыбынның денесін жасау үшін дүниедегі түрлі заттың бәрінен өлшеп алатындай бір ғажайып таразы қажет болар еді. Және де әлгі кіп-кішкентай шыбынның денесінде қызмет етіп жатқан сансыз зәрре бөлшектер оның денесінің хикметті құрылысын түгел білетін білімдері болуы керек. Өйткені, ақыл иелері бірауыздан мойындаған мұндай бір қағида бар, табиғи себептер ештеңені жоқтан бар ете алмайды. Олай болса, жаратушы деп отырған табиғат бір нәрсені жарату үшін барлық нәрсені бір жерге жинауға тиіс болады. Өйтіп жинайтын болса, қандай жанды болмасын бәрі де өте көп түрлі бөлшектер мен үлгілерден құралғаны белгілі. Былайша айтқанда, дүниедегі әрбір нәрсенің негізі бір дәнек секілді жинақталған. Олай болған жағдайда, жалғыз дәнекті жарату үшін ағаштың бойындағы бүкіл құрамын, бір жәндіктің денесін құрастыру үшін бүкіл жер бетіндегі элементерді жинап, елеп алатын елек, өлшеп алатын ерекше бір таразы қажет болады. Ал, табиғи себептер санасыз, жансыз. Аталған заттарды құрастыратын жоспар, іске асыратын жоба, тәртіппен қозғалатын тізім түзеп, қалыпқа келтіретін, үлгі модель жасайтын ілімі жоқ. Осының бәрін іске асыратын, зәрре бөлшектерді
241ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАзыр жүгіртіп жұмсайтын, олар ешқайда шашырап кетпейтін, сәл де болса реттіліктен айырылмайтын жүйе болуы керек... содан кейін жасалатын жандылардың көптігіне қарай әрбірі өз түр-түсімен ажыратылып, оларға сай пішін, бейне, бір-біріне ұқсамайтындай ерекшеліктермен жасалуы тиіс... Міне, осы азғана шарттың өзін соқыр табиғат солайша іске асыра алады деп ойлаудың өзі қандай ақымақтық, санаға сыймайды. Көкірегі ояу жан мұны жақсы түсінеді. Осынау ақиқатты түсіндіретін:аятының айтуы бойынша, бүкіл дүнияуи себептер түгел жиналып келсе де, *жалғыз шыбынның бүтін денесі тұрмақ, оның жалғыз ағзасын да жаратуға шамасы жетпейді. Егер, оның дене мүшесін жинаса да, оны бір сәтке бір бүтін жанды, қозғалысты етіп ұстап тұруға ешқандай күші жетпес еді. Егер, бір сәтке солай ұстап тұрса, да әр сәт сайын өзгеріп, тазаланып тұратын зәрре бөлшектердің ғажайып тәртібін сақтап тұра алмас еді. Олай, болса себептердің жаратылған нәрселерге ортақ болуға ешбір қауқары жоқ. Онда, ол нәрселердің нағыз иесі мүлде басқа Біреу. Иә, олардың нағыз иесі бар. аятының айтуы бойынша, Ол, Жаратушы бүкіл жер жүзіндегі жандылардың денесін жалғыз шыбынды жаратқандай оңай жарата алады. Бір көктемді бір түйір гүлді жаратқандай оп-оңай жаратады. Өйткені, ондай Жаратушы бөлшек заттарды жинастыруға мұқтаж емес. Оның әмірі болғандықтан көктем сайын сансызжаратылыстардың заттық денелерін ғана емес, сансыз сипатымен, есепсіз түр-түсімен жоқтан бар ететін...шексіз ілімінде әрбір нәрсенің түр-түсі мен модель-үлгісі түгел дайын тұратын... және бүкіл зәрре бөлшектер оның ілім мен құдірет шеңберінде әрекет ететін... әр нәрсені шақпақ шаққандай тез, әрі оп-оңай жарататын Біреу. Және әрбір жаратылған нәрсе титтей де қателіксіз, өз әрекетін жалғастыра береді. Ғарыштағы сансыз ғаламшарлар бір әскери қол секілді қалай тәртіппен қозғалса, сансыз зәрре бөлшектер де дәл солай ерекше бір тәртіп, реттілікпен әрекет етеді. Өйткені, оның бәрі де Әзәли Құдіретке сүйеніп, Әзели ілімнің заң ережелері бойынша қызмет етеді. Сондықтан, ондағы әсердің, көріністің бәрі сол құдіреттің күшімен ғана іске * Яғни, Аллаһтан өзге табынғандарыңның бәрі түгел жиналса жалғыз шыбынды жаратуға шамалары келмейді.
242ЛЕМАЛАРасады. Әйтпесе, себептерде ештеңе де жоқ, құдіретке ие емес, оған маңыз беру ақымақтық. Құдіретке сүйенген кішкентай шыбын, өзін құдіреттімін деген Намрудті жер жастандырды. Ұсақ құмырсқалар Перғауынның зәулім сарайын тас-талқан қылды. Зәрре бөлшектей кішкене самырсын тұқымы таудай ағашты басына көтеріп тұрады...Осы ақиқатты көптеген рисалелерде дәлелдегенбіз. Мәселен, бір әскер өз патшасының бұйрығымен өзінен жүз мың есе артық күші бар бір шахты тұтқынға алуға күші жетеді. Олай болса, әрбір зат Әзели Құдіреттің қолдауымен жүз мың есе артық күш-қуатпен табиғи себептердің қауқары жетпейтін ғажайып өнерлерді жасауға күші жетеді. Әрбір нәрсенің өте керемет әрі ғажап шебер, өнермен әрі тез жаратылуы шексіз ілім иесі болған Қадир-ы Әзелидің ісі екенін көрсетеді. Әйтпесе, жүз мың қайшылыққа толы себептердің ішінде мүмкіндік шеңберінен шығып, мүмкін емес жағдайға енеді. Ешнәрсе жасалмайды, жасалуы да мүмкін емес. Міне, осындай ғажайып нәзік те, теңдессіз терең әрі ап-анық дәлелдердің алдында шайтан мен адасушыларға еліктегіш нәпсім бір сөз айтуға да шамасы келмей үнсіз қалып, бәрін мойындады. «Лиллахил хамд» деп, шүкір етіп, сол сәтте бәрін толық қабылдады. Және былай деді: Иә, маған да дәл сондай құдіретті Халиқ әрі Рабб қажет еді, ойымдағы ең елеусіз тілегімді де біліп тұратын... ең жасырын рухани қажетімді де орындағанындай маған мәңгілік бақытты сыйға тарту үшін мынау уақытша дүниенің орнына бақи ақырет дүниесін орната алатын...кішкентай шыбынды қалай жаратса көктерді де солай жарата алатын... Аспанда Күнді қалай жүздірсе, менің көзімнің қарашығында зәрре бөлшектерді де дәл солай жүздіре алатын... сондай Құдіретке мұқтаж едім. Шыбынды жарата алмайтын біреу менің көңілімдегіні таба алмайды, рухани қажетімді де өтей алмас... көктерді жарата алмаған біреу мәңгілік бақыт дүниесін де жаратуға шамасы жетпес... Олай болса, менің нағыз Раббым көңілімдегіні тауып қуанышқа бөлейді. Көк жүзін торлаған бұлттарды әп-сәтте жиып, ашық аспанға айналдырғанындай бүкіл дүниені де ақырет дүниесіне әп-сәтте өзгертіп, Жәннатты жаратып, маған есігін ашып, «Қәне, кір!» дейді. Міне, ей менің нәпсім секілді өмірінің белгілі бір кезеңін қараңғы пәлсапа мен исламға жат ілімге жұмсап, жолдан тая бастаған қариялар! Құранның ғажайып тіліндегі «Лә иләһа илла һу» қасиетті үкімінің қаншалықты қуатты екенін, қаншалықты ақиқатқа толы екенін, ешқашан тозбас, азбас иманның бір тұтқасы екенін білсеңіз болды, айнала қоршаған рухани қараңғылықтан құтылып, жүректегі мағынауи жараларыңызға шипа болар. Осынау ұзақтау жалғасқан сөздер менің қариялық кездегі үміттерімнің ішіне енуі еріксіз болды, бәлкім жалықтыруы да мүмкін. Басым мен сақалымдағы ақ қылдардың да әсері, және бір адал досымның сатқындығы, сырттай қарағанда жанға жайлы көрінген Стамбулдағы у-шуға толы қоғамдық өмірдің рахаты жиіркендіріп жіберді. Мені нәпсілік рахаттың орнына рухани
243ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАрахатты іздеуге итерді. Адасқандардың жанына бататын қарттық деген суық өмірден жанға жайлы жарық өмір іздедім. «Құдайға шүкір» ақиқаттан жұрдай, алдамшы, берекесіз дүнияуи рахаттың орнына әрдайым жанға жайлы рахат сыйлайтын имани өмір таптым. Ол, «Лә иләһа илла һу» дейтін, тәухид нұры. Оның жүрекке сыйлайтын иман жарығы әлгі жат та суық көрінген қарттық өмірімнің жарқын әрі қызықтарға толы екенін көрсетті. Уа, қадірлі қариялар! Бәріңізде де иман бар, әрі оны үнемі жарқыратып тұратын намаз бен нияз бар, олай болса қарттықты мәңгілік жастық шақ секілді көруге болады. Өйткені сол арқылы мәңгілік жастық шаққа қол жеткізуге болады. Нағыз суық та қараңғы, қайғыға батыратын қарттық адасушылардың қарттығы. Бәлкім олардың жастық шақтары осы болар. Солар жыласын, солар еңіресін. Ал, иман жүзді қымбатты қариялар! Сіздер «Әлхамду лиллаһ ала күлли һал» деп, қуанышпен шүкір етуге тиіссіздер...ОН ЕкіНші ҮМіт: Бір кездері Спарта уалаятының Барла деген жеріне жер аударылып еш жанашыр жақыным да жоқ, ешжақтан хабар алуға мүмкіндігім де жоқ, бір жағынан ауру, қарттық бір жағымнан қысып, күйзеліске түскен едім. Хақ Тағала өзінің мейірім қазынасынан Құран Хакимнің әрбір нүкте, әріптерінің тылсым сырлары арқылы маған нұрлы жұбаныш шуағын жолдады. Осы арқылы әлгі қат-қабат қайғымды ұмытуға тырыстым. Иә, туып өскен жерімді, елімді, туыс- туғандарымды ұмытуға болар еді. Алайда, біреуін ұмыту маған қиынға соқты. Ол әрі жан бауырым әрі шәкіртім әрі жанқияр жолдасым болған, бауырым Абдуррахман еді. Екеуіміз айырылғалы алты жеті жылдың жүзі болыпты. Ол менің қайда екенімді білмейтін, мен де оған қалай хабар беріп, қалай хабарласарымды біле алмай ішқұса жағдайда едім. Сол кездерде маған сондай бір жанкешті дос қажет болатын. Бір күні біреу маған хат әкеп берді. Ашып қарасам, дәл Абдуррахманның қолымен жазылған хат екен, кейін сол хаттың үш ашық керемет көрсеткен жерін Жиырма жетінші Мектубқа енгіздік. Сол кезде ол хат мені қалай мұңайтып жылатса, қазір де есіме түссе көзімнен жас сорғалайды. Марқұм бауырым ол хатында, мына жалған дүниенің қызығынан баз кешкендігін айта келіп, ендігі жалғыз мақсаты мені тауып алып, кішкене кезінде мен оны қалай бағып қақсам, менің қарттық шағымда мені де солай бағып-қағып қызмет көрсетсем ғой, шіркін! - деген жан жүрегімен жазған хаты еді. Және де, бұл дүниедегі менің шынайы міндетім болған Құран қызметіме қол ұшын беріп, жаныңда хатшың болып отырсам арманым, жоқ депті. Сол хатында, былай деп жазған еді:«Егер бара алмасам, амалын тауып маған жиырма, отыз Нұр рисалелерін жібер. Мен оның әрқайсысынан жиырма отыз нұсқа жазып, басқаларға да жаздырам» депті. Осы хат маған мына дүниеге деген үміт отын жақты. Міне, осындай ақылды да, жанқияр жолдас бола білетін, адал шәкірт саналатын туған бауырымның бар екендігі менің жалғыздығымды да, қариялығымды да,
244ЛЕМАЛАРайдауда екенімді де мүлдем ұмыттырды. Осы хат келерден бұрын ақыретке қатысты Оныншы Сөздің бір нұсқасы оның қолына жеткен екен. Бейне, осынау рисале алты жеті жылдан бері менен айырылған қайғы қасіретіне, рухани жараларына шипа болған секілді. Өйткені, ол иманы күшейіп өлетінін сезіп ажалын күтіп жүргендей маған осы хатты жазған екен ғой. Бір-екі ай өткен кезде, Абдуррахманның көмегімен бақытты өмір сүреміз деп жүргенде, оның дүниеден өткені жайлы қайғылы хабарды естіп, жан дүниемнің шайқалғаны соншалық, бес жыл өтіп кетсе де сол қайғылы әсер сол қалпында сақталып қалғандай. Бұл қайғы қартайған шағымда, айдауда, жалғыз, ғаріп халде жүруімнің қайғысынан он есе ауыр еді. Анамның өлімімен ортайып қалған дүнием де онымен бірге толық өлгендей еді. Сөйтіп, енді мына дүниеде жападан жалғыз қалғандай дүнием бос, қаңырап қалғандай. Өйткені, ол тірі болғанда қазір маған сүйеу, менен кейін бұл міндетті жанкештілікпен жалғастыратын ізбасар, жан жолдасым болар еді. Рисалей-Нұрдың ең сенімді жанашыры әрі қызғыштай қорғаушысы болар еді. Иә, адами тұрғыдан осындай жақыннан айырылу мен секілді адамдарды күйдіріп-жандыратын жағдай. Сабыр сақтап қанша тырысып бақсам да, ішім алай-дүлей қайғы құйынымен аласапыран күйде болатын. Егер Құранның жанымды жайландырар нұры болмағанда бордай үгіліп кетер ме едім. Сол шақтарда Барланың сай-салалы тауларын жалғыз кезіп жүретін едім. Сондай кезде, Абдуррахман сынды адал шәкірттеріммен бірге өткізген күндерім көз алдымнан өтіп жаралы жаныма жаймашуақ жұбаныш әкеліп жатса, бір жағымнан жалғыздық пен айдаудың қасіреті жүрегімді жаралай түсетін еді. Осындай жарымжан күйде жүргенде қасиетті аятының жарығыкөкірегімді нұрландырды. Маған «Я, Бақи әнтел Бақи!» дегізіп, сол арқылы шынайы жұбанышты жүрегіме ұялатты. Мен осынау аяттың сырымен, сондай бір қайғылы халде өзімді үш үлкен мәйіттің басында тұрғандай сезіндім.Бірі, елу бес жасыма дейін елу бес рет өлгендеймін және өзімді сол көмілген Саидтердің қабірінің басындағы құлпытас секілді көрдім. Екіншісі, өзімді Адам Атадан бергі опат болып көмілген, барлық адамдардың өткен шақ дейтін қабірінің үстіне қойылған құлпытас ретіндегі осы ғасырда ары-бері жыбырлап жүрген құмырсқадай көрдім. Үшіншісі, адамдар секілді жыл сайын келіп-кетіп жатқан дүниенің опат болатыны, мына алып дүниенің де аяттың айтқанындай өлетіні қиялымда анық көрінді.
245ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАМіне, Абдуррахманның өлімінен кейін пайда болған қайғыдан туған осынау терең мағынаны жарық қылатын, нұрландыратын, көкірегіме сөнбес сенім ұялататын мына Аят астарлы мағынасымен көмектесіп медет береді. Иә, осы аят маған мынаны ұқтырды: Хақ Тағала бар, олай болса бәрі бар, бәрі болады. Әрі Ол бақи, олай болса Ол бәріне жеткілікті. Оның жалғыз жәрдемінің өзі бүкіл дүниеге тең келеді. Оның нұрының бір шеті ғана әлгі үш үлкен мәйтке бірдей рухани өмір сыйлайды. Тіпті, олардың мәйіт емес екендігін, олар міндеттерін атқарған соң басқа дүниеге кеткен тірі жандар екенін көзге көрсетіп бере алады. Ол туралы Үшінші Лемада анық айтылғандықтан мұнда тек қана: аятын айта кетуді жөн санадым. Осы аяттың мәнін ашып берген екі рет айтылатын «Я, Бақи әнтел Бақи! Я, Бақи әнтел Бақи!» мені қайғы-мұңнан, ауыр жағдайдан құтқарды.Бірінші рет «Я, Бақи әнтел бақи!» дегенімде, Абдуррахман сынды жан дүниеммен жақсы көрген бауырымнан айырылғаннан пайда болған рухани ауыр жараларыма ота жасағандай етіп емдеп жіберді. Екінші рет, «Я, Бақи әнтел бақи!» дегенімде басқа да көптеген рухани жараларымның бәрін жазып, жанымды жадыратты. Яғни, былай деді: О, Аллаһ Сен өзің бақисың, кеткендер кете берсін, Сен жеткіліктісің! Сен Бақисың, жоғалған әрбір нәрсеге рахымыңның бір сәулесі жетіп жатыр. Сен барсың, сенің бар екеніңе иман еткен және осы иманмен Ислам шариғатына сәйкес әрекет еткен жанға барлық нәрсе бар. Жоғалу мен жойылу деген сырт көзге бір перде ғана. Негізінде, тек қана жаңару, тазару бар және әртүрлі қабаттарда қыдыру сияқты деп ойлаған кезде, әлгі қасіретті, қараңғылық толы, қайғы басқан дүние жап жарық, нұрлы, қуанышты, сүйікті жағдайға өзгеріп шыға келді. Осындай сәтте бүкіл болмысым мен бүтін жан дүнием өзгеше хал тілімен «Әлхамдуиллаһ» деді. Міне, осынау рахмет жарығының мыңнан бір бөлігінің өзі осындай: Мен әлгі қайғының тұманы басқан жағдайдан, мұңлы халден шығып, Барлаға қайттым. Қарасам, алдымда Күлеүндік Мұстафа деген бір жігіт ғылымхалға қатысты, дәрет алу мен намазды қалай оқу жөнінде біраз мәселелерді сұрау үшін келіп тұр екен.
246ЛЕМАЛАРОл кездері ешкімді де қабылдап сөйлеспейтін болсам да бұл жігіттің рухындағы ықылас пен Рисалей-Нұрға қызмет ету ынтасының шынайы *екенін сезгендіктен оны кері қайтармай, қабылдадым . **Уа, мен секілді қартайған шағында ет бауыры баласы, немесе жанына жақын туыстарынан айырылып қайғыдан еңсесі түсіп кеткен қариялар мен апа, әжелер! Менің жағдайымды егер жақсы ұққан болсаңдар, сендерден де ауыр халде жүргенімде қасиетті Аяттың құдіреті қайғы-қасіретімді сейілтіп, дертіме дәрмен болды. расында, Құран Хакимнің дәріханасында рух пен дененің бүкіл ауруына ем болатын шипалар бар! Егер иман келтіріп соның бәрін қабылдап, құлшылық жасап мойынсұнсаңыз, басыңызға түскен бүкіл қайғы-мұң мен кәріліктің кесапаттары түгел жеңілдеп, жаныңыз жай табады. Осы бөлімнің ұзақ жазылуының бір себебі, марқұм Абдуррахманға рахым дұғасы молырақ болсын деген ниет еді. Әрі, соншама ауыр қайғы-мұңға батқанымды тілім жеткенше жазуымның бір мақсаты, қайғы-мұңым қанша көп болса да Құран Хакимнің қасиетті шипалары сондай ауыр жарама дәрмен болғандығын сіздерге жеткізе айту еді. ОН ҮшіНші ҮМіт***: Бұл тақырыпта басымнан өткен оқиғаларды әңгіме етуге тура келгендіктен созылып кетуі мүмкін. Оған ренжімеулеріңізді алдын ала өтінемін. Дүние жүзілік соғыс кезінде орыстардың қолына тұтқынға түсіп, одан аман-есен оралған кезім. Стамбулдағы «Дар-ул Хикмет» дейтін * Міне, сол Мұстафаның інісі Кішкене Алидің бір өзі әдемі жазуымен жеті жүз Рисале жазып шықты. Сөйтіп, өз ісімен Абдуррахманды тірілітті және сондай талай Абдуррахман тәрбиелеп шығарды.** Расында, ол өзін қабылдатып қана қоймай, қошаметпен күтіп алуға лайық екенін көрсетті.Рисалей Нұрдың бірінші шәкірті Мұстафамыз күтіп алуға лайық екен деген ұстаздың сөзін қуаттайтын бір оқиға: Құрбан айттан бір күн бұрын Ұстазым серуенге шығатын болған. Мені ат алып келуге жұмсаған-ды. Ұстазға: «Сіз төменге түспей-ақ қойыңыз. Мен есікті сыртынан жауып өзім отын сарайынан шығып кетемін.» деп едім, «Жоқ, сен есіктен шық!» деп, төменге түсіп мен кеткен соң есікті ішінен іліп алған. Мен кетіп қалған соң ұстаз жоғарыға көтеріліп жатып қалыпты. Біраздан соң, Мұстафа, Хажы Осман екеуі келеді. Ол кездері ұстазым ешкімді қабылдамаушы еді. Әсіресе, екі адам қатар келсе қабылдамай кері қайтаратын. Сөйтсе, осы Мұстафа мен Хажы Осман екеуіне есік өзінен өзі ашылып кетіпті. Бейнебір есік оларға былай деп, тіл қатқандай: «Ұстазымыз сені қабылдамайды. Бірақ, мен саған ашықпын. Сөйтіп, құлыптаулы есік өздігінен ашылып кетіпті». Демек, Мұстафа туралы: «Мұстафаны күтіп алуға лайық жігіт», дегені рас екен, оған есік куә. Хусрев.«Иә, Хусревтің жазғанындай болғаны рас. Есік мүбәрак Мұстафаны менің орныма күтіп алды әрі қабылдады» Саид Нұрси*** Өте ғажап бір сәйкестік бойынша осы Он үшінші үмітте айтылған медресе оқиғасы дәл он үш жыл бұрын болған еді.
247ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАакадемияда дін істері бөлімінде екі-үш жыл қызметте болдым. Кейін, Құран Хакимнің нұрлы әсері мен Гаус Ағзамның нұсқауымен және қарттықтың ескертуімен Стамбулдың мәдени, шулы өмірі жалықтырып, алыстай бастадым. Өз отаныма деген сағыныш мені сол жаққа шақырды. Әйтеуір бұл дүниеде мәңгі қалмайтын болған соң, туған жеріме барып өлейін деген ой келді. Ең алдымен Вандағы Хорхор деп аталатын медресеге зиярат жасауға бардым. Барсам, Ванның басқа да үйлері секілді Орыс соғысы кезінде оны да Армяндар өртеп жіберген екен. Ванның әйгілі қамалы бүтін тастардан тау секілді салынған еді. Менің медресем дәл соның астыңғы жағында оған жалғаса салынған болатын. Жеті-сегіз жыл бұрын осы медреседе бірге болған достарым мен шәкірттерімнің бәрі түр-түсімен көз алдыма елестеді. Осынау адал достарымның жартысы сол соғыста шәйіт болған еді, қалғандары да осы қиыншылықтардың кесірінен рухани шейіт ретінде қайтыс болып кеткен. Мен көз жасымды тыя алмай сол медресенің дәл тұсындағы төбеге шығып отыра кеттім. Жеті, сегіз жыл бұрыңғы өткен шаққа қиялыммен барып, сол кездерді әбден араладым. Менің жанымда ешкім жоқ болғандықтан мені кері қайтаратын себеп те жоқ еді. Одан бері жеті-сегіз жыл емес, бір ғасыр өткен секілді менің медресем мен қорған ішіндегі үйлер түгел қирап, өртеніп тас-талқаны шығып қалған екен. Сондағы, дәурен өмір көз алдыма келгенде, мынау күл-талқан болған дүниеге екі жүз жылдан кейін қайта келіп отырғандай көңілімді қайғы бұлты торлап көзім жасқа толып, отырып қалдым. Осы айналамдағы үйлердің бәріндегі адамдар менің жақын достарым мен туыстарым еді ғой. Көбі соғыста шейіт болып бақиға аттанса, бір тобы қиыншылыққа байланысты жан-жаққа жер ауып кеткен екен. Және де, армяндар тұрған үйлерден басқа мұсылмандардың үйлері түгел өртенген, бүлінген. Бұл жағдай жаныма қатты батты. Қанша көзім болса сонша жас төксем де болатындай қатты қайғырдым. Жат елдегі тұтқыннан босап аман-есен туған-туысқанға, отаныма жеттім-ау дегенде туған елімнің қаңырап қалғанын көріп отырмын. Он екінші үміттегі Абдуррахманнан айырылған кезімдегідей мұнда да жүздеген шәкірттерімнің қабірі мен басқа туыстарымның қабірге айналған жұртын көрдім. Көптен бері бір араб шайырының өлеңі есімнен кетпейтін. Алайда, соның нақ мәнін біле алмай жүруші едім. Міне, дәл осы қасіретті жағдайда соның мағынасын түсінгендей болдым. Яғни, «Егер өмірде достардан айырылып қоштасу болмаса, онда өлім жанымызды алуға жол таба алмас еді». Иә, олай болса, адамды өлтіретін бірінші себеп, оның жақынынан айырылуы екен ғой. Иә, шынында солай екен, қандай қиын жағдай да мені дәл осылай жылатпаған еді. Егер Құраннан маған бір жәрдем келмегенде мынау қара бұлттай қайғы мені езіп, жанымды
248ЛЕМАЛАРшығарып жіберер ме еді... Осы кезде дүниеге алданып жүрген адамдарға барынша таңырқадым. Мына дүниеде адамдар қонақ бола тұра неге сонша өздерін алдап жүр? Ақиқатқа көзі жеткендер айтатын, «мына дүние өтпелі, алдамшы, жалған» дейтін сөздердің қаншалықты нақты екенін қазір өз көзіммен көріп отырмын. Өйткені, қарттықтың қасіретімен екі көзімнен жас сорғаласа, медресемнің де күйреп қалғанын көріп басқа сезімдерімнің кәдімгі көздері болса, тағы да сонша жас төгер едім ғой. Тіпті, осыншалық жаныммен жақсы көрген туған жерімнің жартысы күйреп қалғанын көре тұра шыдау мүмкін емес секілді. Бір риуаятта: Күнде таңертең бір періште: деп шақырады екен, яғни: «өлетіндеріңді біле тұра дүниеге келесіңдер, қирайтынын біле тұра үй тұрғызасыңдар!». Міне, осынау ақиқатты құлағыммен емес, көзіммен көргендей болдым. Иә, сол кездегі басымнан кешкен жағдай мені қалай жылатқан болса, одан бері он жыл өтіп кетсе де сол кез есіме түскенде дәл сондағыдай көзімнен жас сорғалап қоя береді. Иә, мыңдаған жыл салтанат құрған осынау ежелгі қамалдың қирап қалғандығы, және оның жанында тұрған үйлердің жеті, сегіз жылдың ішінде сегіз жүз жыл өтіп кеткендей тозып бүлінгені, және осы қамалдың сәні мен жаны секілді көрінетін медресенің күйреп қалғаны Ванның алып қорғаны бүкіл Османлы мемлекетінің барлық медреселерінің жермен-жексен болған рухани мүрдесіне қойылған құлпытас секілді көрінді. Сол сәтте, осыдан жеті сегіз жыл бұрын осы медреседе менімен бірге болған марқұм шәкірттерім де қабірде менімен бірге жылап жатқандай, қорғанның қирап шашылған тастары да солардың жылап-жылап қатып қалған көз жастары секілді көрінді. Осы кезде, туған жерімдегі осынау астаң-кестең болған кәріп жағдайға енді, төзімім жетпейтіндей, марқұм болған бауырларымның қасына қабірге кіргім келді. Я болмаса, таудың бір үңгіріне барып ажалымды күтсем бе, екен деген ойға қалдым. Өмірдің бұл ауыр жүгі оңай кете қоятын дерт емес. Өмірдің алты жағы деп айтылатын алды, арты, асты, үсті, оң, сол жақтарына қарағанымда бәрі де түнек басқан қараңғылықтан басқа ештеңе емес еді. Міне, дүниенің осындай ғапылдық жақтары маған бұл өмірді бос, қараң қалған қуыс, басыма төнген қара жартас секілді қорқынышты етіп көрсетті. Рухым да қаптаған пәлелерге қорғаныс боларлық бір пана іздеп, осынау өлім мен күйреуден пайда болған қайғы-мұңды сейілтерлік бір жұбаныш табу үшін жанталасып тұрған кезде, Құран Хакимнің:
249ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАаятының ақиқаты көрінді. Әлгі, қайғы мұң мен қасіретке толы қиялдан құтқарып, көзімді ашты. Байқасам, ағаштың бұтақтарында жаудыраған жемістер маған қарап былай дегендей: «Сен, тек қана, қирап қалған нәрселерге, қабірлерге көз тікпе! Бізге де назар сал!». Осынау аяттың ақиқаты былай деп кеңес берді: Ван өлкесіне қонақ болып келген адамдардың қолымен жазылып, қала бейнесіне енген бір хаттың «Орыстардың басып алуы» деп аталған қатерлі селдің келуімен өшіп қалғаны сені неге сонша қайғыға салды? Дүниенің нағыз иесі, Малик қожайыны әрі бүкіл нәрсені біліп тұрған Раббысы, Әзели Наққаш мәңгі суретші, аса шебер Аллаһтың құдретіне назарыңды салып көрші: Өткен заманда мына «Ван» парағына жазылған хаттың жалғасын, қазір де қайта жазып, жалғастыруда. Ал, ол жерлерді қазір қирап, бос қалғандай көріп жылау, оның нағыз иесі Малик-і Хақикиды танымаудан туындап отыр және қонақ болып, келіп-кететін адамдарды сол жердің нағыз иесі деп санап, шатасудан пайда болған жағдай. Алайда, сол шатасудан бір ақиқаттың есігі ашылды. Сол ақиқатты қабылдау үшін нәпсі де әзір болды. Иә, темірді отқа салып балқытқанда майысып ыңғайлы халге келетіні секілді, қайғы-қасіреттің де қайнап-қызуы нәпсіні жұмсартып, жөнге салды. Құран Хакимнің қасиетті аяты иманның ақиқатын нәпсіме көрсетіп оған қабыл еткізді. Иә, «Лилләһил хамд» осынау Аяттың ақиқаты иманның соншалықты қуатты нұрын рух пен жүрекке қатар бергені сондай, одан жүз есе қорқынышты пәле келсе де оған қарсы тұрарлық «Иман-ы Биллаһты» яғни Аллаһқа иманды сыйға тартты. Және мынаны ұқтырды: Сені Жаратқан және мынау туған жеріңнің Хақиқи Мәлігі Аллаһтың әміріне бүкіл нәрсе бағынады, бәрінің тізгіні тек Соның қолында, олай болса, тек Соған мойынсұнғаның жеткілікті. Жаратушымды осылай танығаннан кейін, айналамдағы дұшпан санағанның бәрі досқа айналды, жылатқызған жағдайлар қуанышқа бөледі. Алдыңғы көп рисалелерде анық дәлелдегеніміздей, әлгі сансыз арман мұраттардың жауабы ретіндегі «Ақыретке иман» ерекше нұрлы сенім бергендігі сондай, әлгі қысқа да уақытша, өтпелі болған жақын адамдарым, енді ажырамас дос-жаран, бақи дүниеде, мәңгілік бақыт мекенінде табысатынымды көңіліме ұялатты. Расында, рахымның бір ұшқынымен уақытша әрі шап-шағын қонақүйдей жержүзіне келіп кететін қонақтарын азғана уақыт қуанту үшін көктем атты дастарханында сансыз, түрлі тағамдарын бір қонақасы етіп берген Құдірет енді, мәңгілік мекен болатын шет шегі жоқ сегіз қабатты Жәннатында ақылға сыймайтын ғажайып нығметтерімен сүйікті қонақтарын қуантатын Рахман-ир Рахимнің рахымына сенім артқан ең бейшара адамның қаншалықты қалың қайғысы болса да соның бәріне төтеп беріп бақытқа кенелер еді. Міне, осынау Аяттың ақиқаты әкелген жарықтың қуаттылығы сондай, иман нұры ұялаған жүректі адасу түнегінен құтқарып, күндізгідей жақыраған айдынға шығарды. Сөйтіп, медресе мен осы қалада маған жақын болған дос-жарандарымның артында
250ЛЕМАЛАРқалып жылап еңіреген жан жарамды жазып көңілімді жадыратқаны сонша, әлгі кеткен дос-жарандарымның барған әлемі мәңгі жап-жарық, бақи бақытқа толы, қайта қауышатын мекен екендігін жүрегіме өшпестей етіп нұрмен бедерлеп бекітіп берді. Жылап, қайғыруды мүлдем тиды. Сол айырылып қалғандардың орнына келетіндер мен оларға ұқсайтын жақсы адамдарды әлі де табатынымды хабарлады. Иә, «Лилләһил хамд» дәл солай болды. Күйреп қалған Ван медресесінің орнына Спарта медресесін тұрғызып, айырылған дос-жарандарымының орнын олардан кем емес дос-жарандармен толтырды, оларды рухани тірілтті. Және маған мынаны ұқтырды, дүние қирап қалған бос мекен емес, күйреп қалды деп ойлаған ел-жұртым күйремепті. Хақиқ-ы Мәлик Аллаһтың хикметі бойынша өткен адамдардың орнын жаңа адамдар ауыстырып, олардың жазып кеткен рухани хаттарын жаңа үлгімен жаңарту екен. Мысалы, жеміс ағашының жемістерін үзіп алса, орнына жаңасы өсетіні секілді, адамзат баласының да айырылысуы, ғұмырының аяқталуы дәл сондай жаңару мен өзгеру. Иман көзімен қарасақ, дос-жараннан айырылу деген шынында, қайғы емес, бұдан да әсем мәңгі мекенде қайта қауышу үшін уақытша қоштасу екен. Алдыңғы жағдайдағы әлемдегі жаратылыстардың қорқынышты боп көрінген бейнелерін жарқыратып жіберді. Мен осы жағдайыма шүкір етіп, көңілімді қайта көтерген кезде көкейіме арабша мынандай бір сөздер оралды:Яғни, қиын жағдайлардың шатастыруымен адасқан кезде, айналадағы жаратылыстың жартысы дұшпан, жартысы қорқынышты мүрделер болып көрінсе, қалғаны қараусыз қалып жылап сықтаған жетімдер түрінде көрінеді. Ғапыл нәпсіме үрейлі көрінген осынау көріністер иман нұрымен анықталып, әлгі дұшпан дегендер жанашыр досқа айналды. Ал мүрделер болса, міндеттерін атқарған жаны жайсаң жандар екен. Жылаған жетімдер деп жүргеніміз, Жаратушысын үздіксіз еске алып зікір етушілер болып шықты. Міне, осындай иман нұрымен көңілімді жарқыратқан Халиқ-ы Зүлжәлалға шексіз мадақ айтамын. Және де, бұл дүниедегі жаратылған барлық жаратылыстың хал тілімен бірге «Әлхамдулиллаһи ала нур ил иман» деуге тиіспіз. Әлгі ғапылдықтан оянған сәтте менің жанымды қинаған қасіреттер түгел жоғалып, сол кездегі маған арналған нығметтердің ауқымы енді, иман нұрымен шексіз кеңейгені сонша, бүкіл дүниені өз ішіне сиғызып, Хорхор бақшасындағы қураған жемістердің орнына бұл дүние мен Ақырет дүниесіндегі гүл жайнаған ғажайып нығмет толы екі дастарханды алдыма жайып салды. Көз, құлақ, жүрек секілді оншақты ғана емес, жүзге жетерлік
251ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАадами сезім ағзаларының әрбіреуін шексіз бір ұзын қол секілді бәріне жетіп артылатындай етіп, әрбір пенденің өз дәрежесіне сай Рахманның теңдессіз дастарханының қай шетінен болса да емін-еркін дәм татып, ләззат алатын етіп көз алдыма көрсеткен сәтте, осындай ғажайып ақиқатқа куә болғаным үшін шын жүректен шүкір етіп былай деген едім: Яғни, «Мына дүние мен Ақырет әлемін нығмет пен рахметке толтырып, нағыз мұсылмандардың иман нұры мен ислам арқылы жарқыраған бүкіл сезімдерін осы екі ғажайып дастарханға қол жеткізу үшін жаратып, осындай иманды маған сыйға тартқан жаратушыма, денемдегі бүкіл зәррелермен Дүние мен Ақыретті толтыра алатындай шүкір етіп, хамд айтар едім, шіркін соған шамам жетсе!». Иман арқылы бұл дүниедегі ондай көлемді нәрселерді түсінуге болатын болса, оның жемісі ретінде берілетін ақырет дүниесіндегі ғажайыптарды осы күнгі ақылмен ойлау, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес...Уа, маған ұқсап жақынынан айырылып қайғы жұтқан қариялар! Сіздердің іштеріңіздегі ең қария адам менен жасы қанша үлкен болса да қариялық жағынан маған жете алмас деймін. Өйткені, туасылы болмысымдағы жанашырлықтан тек өз басымдағы ғана емес басқа мүмин бауырларымның да қайғы-қасіреті жаныма бататындықтан қазіргі халде жүз жасаған қариядан бетер қартайған адаммын. Сіз қаншалықты қасірет көрсеңіз де маған жете алмассыз. Өйткені, жалғыз ұлымды ғана уайымдайтындай өзімнен туған ұлым жоқ, сондықтан бойымдағы жанашырлық деген сезімім өзімнен басқа күллі мұсылман бауырларымның айырылып қалған балаларымен қатар, тіпті бейкүнә хайуандардың да қасіреті жаныма қоса батқандай үнемі қиналумен күн кешемін. Өз меншігімдегі бір баспанам да жоқ, тек соны ғана қорғаштап жүретіндей, сондықтан бүкіл елім, тіпті барлық ислам дүниесі де менің баспанам секілді сезіледі. Міне, осы себептен әлгі аталған мұсылмандардың қайғысы да қиыншылығы да менің өз басыма түскендей халде жүремін!..Міне, кәрілік пен айырылысудың ащы қайғысы езген маған жәрдемге келген иман нұры енді, үзілмес үміт, қайтпас қайрат, сөнбес жарық пен түгесілмес бір жұбаныш сыйлады. Олай болса, сіздерге де жолыққан барлық қайғы мен қасіретке тек иман нұры ғана төтеп береді. Нағыз қараңғылық, үмітсіз қарттық, қасіретті айырылысу адасушылар мен азғын топқа ғана тән. Ал сөнбес үміт пен түгесілмес жұбаныш берген иманның ләззатын, қуатын сезіну, қариялыққа лайық құлшылық Исламға сай ынта-жігермен болады. Әйтпесе, албырт жастар секілді қу дүниеге алданып қариялығын естен
252ЛЕМАЛАРшығарғандар оны сезе алмайды. Осынау хадистің мәнін ойлайық. Яғни, «Жастардың ең жақсысы азғындықтан сақтанып, ақыретті ойлап қарияға ұқсап жүргені, ал қарияның ең жаманы азғындыққа келгенде жастарға ұқсап жеңілтек болғандары» дейді. Уа, қария бауырларым мен қартайған әже, аналар! Мынадай бір хадис шәрифте: «Алпыс-жетпіске жеткен бір мұсылман қария алақанын жайып Аллаһтан тілек тілесе, иләһи рахмет оның қолын бос қайтарудан ұялады» дейді. Міне, қараңыздар Аллаһтың рахымы сендер үшін соншалықты құрмет көрсетіп тұрған жоқ па? Сендер де осы құрметтің құрметі үшін құлшылықпен жауап беріңдер! ОН төРтіНші ҮМіт: «төртінші шұғадағы» Нұрие-и Һасбие аятының мазмұнында былай дейді: Бір кездері діннен безгендер мені барлық нәрселерден оқшау қалдырғанда бес түрлі жалғыздыққа тап болған едім. Сонда, жаным қатты елегізіп Рисалей-Нұрдың жұбанышына мойын бұрудың орнына тұп тура өз жүрегіме үңіліп, рухыма жүгіндім. Одан байқағаным, мәңгілік өмірге деген құштарлық, болмысқа деген сүйіспеншілік, тіршілікке өмірге деген ғашықтық сезімім өте күшті-ақ еді. Болмысым болса тым әлсіз әрі пақыр. Алайда, әлгі мәңгі бар болу дегенді, жоқ болу, аяқталу деген жағымсыз нәрселер анталап жоқ қылғалы тұр. Осыны көргенде күйіп-жанған бір ақынның айтқаны есіме түсіп былай дедім: көңіл тәннің мәңгілігін қаласа, Аллаһ оған фәни дене қаптағанМендегі бұл дерттің емін, Хакім Лұқман таппаған...Еріксіз басымды идім. аяты дереу жәрдемгекеліп: «Мені анықтап оқы!» деді. Мен оны күніне бес жүз рет оқи бастадым. Содан бастап, тек илмелақин ғана емес, айнелақин түрінде ғаламат нұрлы өсиет, тоғыз түрлі мәртебеде маған жап-жарық болып көрінді. Бірінші мәртебелі нұрлы өсиет: Менің бойымдағы мәңгілікке деген сүйіспеншілік, ғашықтық менің мәңгілігіме емес, болмысымда теңдессіз кемелдік иесі болған Зат-ы Зүлжәлалдың көркем есімінің сәулесі болғандықтан сол Кәміл Жаратушының бар екендігіне, оның теңдессіз құдіретіне деген сүйіспеншілік екен. Алайда, ғапылдық қараңғылығынан адасып, айнаның мәңгілігіне ғашық болып алданыпты. аяты келді де, көкірек пердесін ашты.
253ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАСол сәтте ақиқатты көрдім және терең сезініп хаққаляқин түсіндім, мәңгіліктің ләззаты мен бақыты Бақи Зүлкәмалдың бақилығына және Оның менің Раббым, Иләһым екендігіне сеніп, иман келтіруімде. Оның нағыз айғақтары адамды таң-тамаша етерлік дәлелдермен Хасбие рисалесінде жазылған. Екінші мәртебелі нұрлы өсиет: Болмысымдағы әлсіздік пен пақырлыққа қоса қарттық, жер ауып жалғыздыққа ұшыраған жағдайлар, Әһли дүниенің қыспақтары мен аңдулары жан-жағымнан жабысты. Осы қысылтаяң сәтте: «Аяқ-қолы байланған, өзі ауру, өзі әлсіз, жалғыз адамға осынша жауыздардың жабылуы жөн бе? Маған қамқор болар біреу жоқ па?» деп, аятын оқыдым. Маған ол аят мынаны ұқтырды: иман куәлігімен нық сенген Қадир-ы Мутлақтың қаншалықты құдіретті Сұлтан екенін оның жер бетіндегі төрт жүз мың түрлі хайуанат пен өсімдік дүниесін өздерінің жарасымды ағза, сезім мүшелерімен жаратып және әрбіріне жетерлік әрі жағымды азық-түліктерімен тынымсыз қамтамасыз ететінін ойла! Және адамзаттан бастап бүкіл жандылардың қажеттіліктерін дер кезінде жеткізіп тұруы, сонымен қатар мәдени өмірде жасалып жатқан қант пен басқа түрлі тағамдар түрінен әлдеқайда ғажап жаратылған түрлі дәнектер мен жеміс-жидектердің өзі әдейі кішкентай қапшықтарға салынып, сақтап әрі өте дәмді етіп пісіріп қоятынын көр! Міне, осындай сансыз түрлі «қапшыққа» салынған дәмді дәнектер мен тәтті жеміс жидектердің жаратылуы бір ғана әмірімен * фабрикасында оп-оңай әрі жылдам, көп мөлшерде жасалады. Ол туралы Құран Хаким «жаратушы Халиқ әмір етсе болды бәрі сол сәтте дап-дайын болады» дейді. Міне, сен осындай иман куәлігі арқылы соншалықты мықты сүйеніш тапқан соң, шексіз, мықты әрі құдіретті қамқорлыққа бөленесің. Мен де осы аяттың арқасында мықты рухани күшке ие болғаным сондай, дәл қазір маған жабылған жауыздарға ғана емес, жержүзіндегі дұшпандарыма қарсы тұра алатындай сенімге жеттім және бүкіл рухыммен дедім. Үшінші мәртебелі нұрлы өсиет: Мен әлгі жер ауған жалғыздығым мен ауру-сырқау қасіретке толы дүниеден байланысымды үзіп, мәңгі әрі бақытқа толы әлемге кететініме иман арқылы көз жеткізген кезде, «әттеген-ай!» дейтін өкініштен құтылып, «пах, шіркін-ай!» дейтін жағдайға жеттім.
254ЛЕМАЛАРАлайда, осындай асқақ арман мен рухани жетістіктің іске асуы тек қана бүкіл жандылардың іс әрекеті мен жағдайын жан-жақты біліп, көріп тұрған әрі осынау адам деген әлсіз мақұлықты өзіне дос етіп басқа бүкіл жандылардан үстем болдырған Қадир-ы Мутлақтың шекіз құдіретімен және оның адамға ұсынған теңдессіз сыйы арқылы ғана болатынын ұғындым. Сөйтіп, сондай шексіз құдіреттің және сырттай қарағанда құнсыз адамның шын мәніндегі құндылығын, иманның жандануы мен жүректің сенімділігін білгім келді. Тағы да осы аятқа жүгініп едім, былай деді: дағы ға қара, сенімен бірге хал тілімен деп, кімдер айтатынын жақсылап тыңда!» деп, әмір берді. Сол сәтте мынаны байқадым: Сансыз құстар және құсқа ұқсаған титімдей шыбын-шіркейлерден бастап, қисапсыз хайуанат пен өсімдіктер дүниесі түп-түгел өз хал тілдерімен мағынасын зікір етіп тұрады екен. Және осыны әркімнің есіне салып тұрады яғни бүкіл тіршілік иелерін толығымен жан-жақты қамтамасыз етіп тұрған бір уәкілдері бар. Иә, бір- біріне өте ұқсас әрі заты да бірдей жұмыртқалар мен бір-бірінен аумайтын тамшылар және өте ұқсас дәнектерден құстардың жүз мың түрін, хайуанаттардың жүз мың түрлерін, өсімдіктер мен ағаштардың сансыз түрлерін ешқандай қатесіз, кемшіліксіз өте әдемі етіп, өлшемдерін сан-алуан мөлшерде біріне-бірі ұқсамайтындай ғажайып өнермен көктем сайын азғана уақытта, өте жылдам және оп-оңай соншама кең көлемде, соншама мол мөлшерде жаратуы, алып құдірет пен теңдессіз күш-қуаттың иесі Уахдеті мен Әхадиетін көрсетіп, шексіз Рубубиет билігін дәлелдеп, осындай Жаратушыға басқа, бөтен біреулердің араласуы, килігуі тіпті, мүмкін еместігін анық аңдатуда екенін нақ түсіндім. Осынау мағынаны дәл мендей түсінгісі келгендер болса, -дағы сөзіндегі «Әнә» яғни нәпсінің мәнісіне көңіл бөлсін. Маңызсыз, жұпыны көрінген денемнің (басқа мүминдердікі секілді) нендей нәрсе екенін, тіршілік деген не екенін, адамшылық деген не екенін, дін Исламның не екенін, шынайы иман деген не екенін, Мағрифатуллаһ деген не екенін, сүйспеншілік деген не, ол қалай туындайды?.. Осы сияқты көп сұрақтардың жауабын тауып сабақ алсын...төртінші, мәртебелі нұрлы өсиет: Бір кездері елден жырақ жүру, жалғыздық, ауру-сырқат меңдеп алған кез, әрі оның үстіне дене-ағзамды да сырттай мүжіген бір жағдай ғапылдық сәтіме тура келгенде, әлгі әбден үйреніскен болмысым мүлде құрып, жоғалады-ау, тіпті болмыс атаулы жаппай жоқ болады-ау деп қатты қайғырдым. Тағы да, осы Аят-ы Һасбиеге жүгіндім. Ол: «Менің мағынама иман дүрбісі арқылы үңіліп қара!» деп бұйырды. Мен де, дәл солай иман көзімен қараған сәтте, менің зәрредей болмысым басқа мүминдердің болмысы іспетті шексіз бір болмыстың
255ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАайнасы әрі шексіз ашылып кеңею арқылы сансыз болмысты иеленуге себеп болады, әрі өзінен әлдеқайда маңызды, мәңгі, алуан түрлі болмыстардың жемісін беретін хикмет толы сөз екендігін анық түрде түсіндім. Өйткені, имани сана-сезімі арқылы бұл болмысым Уажиб-үл Ужуд Аллаһтың әсем өнері әрі есімінің бір шағылысы екенін білдім. Сол сәтте әлгі қайғы қасіретке толы айырылысулардың қасіретінен құтылып, барлық жаратылысқа соның ішінде жанды нәрселерге қатысы бар Иләһи әсем есімдердің санындай бауырластықтағы әдемі байланыста екеніме көзім жеткенде, барлық сүйіктілерімнен уақытша айырылысуым мәңгі бақи қауышу боларын ұқтым. Міне, сөйтіп иман арқылы (әрбір мүминдей) бұл болмысым да шексіз болмыстарға қауышу нұрын табады. Өзі кетсе де артында қалғандар арқылы өзі қалғандай көңілі толады.Олай болса, өлім айырылысу емес, қайта қауышу, жаңа бір жерге орын ауыстыру сондай-ақ, оның жемістері де мәңгілік.Бесінші, мәртебелі нұрлы өсиет: Бір кездері өмір қиындап кетті де назарымды өзіне аударды. Қарасам өмірім зымырап өтіп барады. Ақыретке қарай тым жақындап, азаптар астында өмірім де өшіп аяқталуға жақын. Алайда, Аллаһтың Хай есімінің талабына сай өмір сүрудің мақсаттары мен маңызды пайдалары бұлай тез өшуге емес, қайта ұзақ жасауға тиіс еді ғой деп тынышсызданып, уайымдай бастадым. Сол кезде тағы да, маған ұстаз болған аятына қайта жүгіндім. Ол: «Саған өмір сыйлаған Хаий-ы Қайюм Аллаһтың көркем есімдерімен байланыстырып қара!» деген кеңес берді. Дәл айтқандай байқап көрдім. Сөйтсем, өмір сүрудің бір жағы маған қараса, Зат-ы Хай-ы Қаюмға қарайтын жүз жағы бар екен. Маған қатысты нәтижесі бір ғана болса, Халиқ-ы Аллаһқа қатыстылығы мыңға тең екен. Олай болса, Аллаһ риза болатындай бір сәт өмір сүру жетіп жатады екен, ондай өмірдің ұзақ болуы тіпті шарт емес екен. Бұл ақиқат төрт мәселе бойынша баяндалады. Өліп қалмағандар немесе тірі болғысы келетіндер өмір сүрудің маңызы мен мақсатын, оның ақиқаттағы құқықтарын осы төрт мәселенің ішінен іздеп тапсын да тірілсін!.. Қорытындылап айтсақ, өмірге Зат-ы Хаий-ы Қайюмның атымен қарағанда және иман да өмірге жан беріп, оның рухы болса, өмір мәңгіге айналып әрі бақи жемістер береді. Сөйтіп, мәртебесі биіктікке көтерілетіні сонша шексіздікке ие болады, сол кезде өмірдің ұзақ не қысқа болуының айырмашылығы қалмайды.Алтыншы мәртебелі нұрлы өсиет: Дүние қирап, әркім бір-бірімен қош айтысатынын еске салатын, менің де бір күні қош айтысатынымды ескертіп отыратын қарттық шағым болатын. Және соңғы кездері сезімталдығым
256ЛЕМАЛАРкүшейіп кетіп, бойымдағы сұлулық, құмарлық, әсемпаздық, кемелдікке құштарлық деген сезімдер артып тұрған кез болатын. Қарасам, әрдайымғы бұзып, қиратушы нәрсе, аяқталу және ажыратушы өлім мен ажал аяусыз түрде мына әсем дүнияны, мынау керемет жаратылысты быт-шытын шығарып, көркін бұзып жатқанынын көрдім. Қатты қапаланып өкініштен өзегім өртене жаздады. Бойымдағы сұлулыққа ғашықтық сезім әлгі жағдайға қарсылық танытып, қабылдағысы келмей бұлқан-талқан болды. Дәл сол кезде өзімді жұбату үшін тағы да сол Хасби аятқа жүгіндім. Былай деді: «Мені оқы, әрі мағынама мұқият үңіл!»Мен де Нұр сүресіндегі аятының назарында иманның дүрбісімен осы аяттың тым алыс қабаттарына және де имани санамен ең ұсақ сырларына үңілдім. Сонда көргенім, айналар, әйнектер, жылтырақ нәрселер тіпті, көпіршіктердің өзі Күннің сәулесін неше түрлі етіп көрсетсе, жеті реңк деп аталатын оның шұғыласын неше құбылтып өзіндік қабілеттерімен ғажайып сұлулығын көрсетеді. Дәл солай, Әзел уә Әбед Күні Жәмал-ы Зүлжәлалдың шексіз әсемдігі мен теңдессіз сұлу Әсма-и Хүснасының көркемдіктеріне айна болып, шұғыласының жарқырауы үшін осынау әдемі жанды мақұлықтар мен көркем жаратылыстар тынымсыз келіп-кетуде. Олар өздерінде көрініс берген әсемдіктер мен әдеміліктерді өздерінің меншіктері емес, қайта соны жария етіп көрсетуді қалаған ғаламат бір сұлулық Иесінің үнемі өзін танытуды алға қойған теңдессіз көркемдік Иесінің ишаралары мен белгілерінің шұғыласы екендігі көптеген дәлел, айғақтармен Рисалей-Нұрда жазылған. Ал, мұнда соншалық көп айғақтардың үшеуі қысқаша өте анық баяндалған. Осынау рисалелерді түсінген әрбір сезімтал адам, өздері таң-тамаша қалумен қатар басқалар да пайдалансын деп әдемі әсерін бөліскісі келеді. Екінші айғақта бес түрлі мәселе айтылады. Ақыл есі түзу кім болса да, «бәрекелді, машаллаһ!» деп, сонша міскін, құнсыз көрінген болмыстарын жоғарғы дәрежеге көтеріп, оның ғажайып Иләһи мұғжиза екенін түсінетін болады... ОН БЕСіНші ҮМіт: Мен, Әмірдағында тұрған кезімде ізімді аңдудан, жалғыздықтан қатты қиналғаным сондай түрмедегіден бетер күйзеліп, өмірден безіп кеткім келді. Жан-жүрегіммен Денизлі түрмесін аңсап, тіпті қабірді артық санаған кездерім болды. «Мынандай өмірден түрме я қабір артық қой» деген ойға келіп тығырыққа тірелген кезде Иләһи жәрдем келіп жетті. Қаламдары жазу мәшинесі секілді Зехра медресесінің шәкірттерінің қолына жаңа шыққан көшіріп басқыш мәшинесі түсіпті. Әп-сәтте, Рисалей-Нұрдың өте маңызды кітаптарының әрқайсысы бес жүз дана боп жарыққа шықты. Осындай жаңа жетістік менің қиын қыспақ өмірімді берекелендіргендей, көңілім жадырап, іштей: «Құдайға сансыз шүкір!» дедім. Содан көп ұзамай Рисалей-Нұрдың жасырын дұшпандары
257ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАәлгі игі ісімізге кедергі келтіру үшін өкіметті қарсы қоюға тырысты. Бұл жағдай жаныма қатты батты. Тағы да Раббани көмектің сәулесі көрінді. Нұр рисалелері нұрға мұқтаж мемлекеттік қызметкерлердің назарын өзіне аударып, енді олар әзірге рұқсат етілмеген рисалелерді мұқият оқи бастады. Сөйтіп, Рисалей-Нұр олардың жүрегін өзіне баурап алды да оны сынап-тиісудің орнына құптап мақұл көрді. Осылайша рисаленің оқылу аумағы тіпті кеңейе түсті. Заттық зияннан жүз есе рухани табыс-пайдаға кенелдік. Көрген қыспақтардың бәрі өзінен-өзі шешіле бастады. Бұдан кейін тағы да, екіжүзді, жасырын дұшпандар өкіметтің назарын енді, Нұр рисалесіне емес, менің жеке басыма аударуға кірісті. Бұрыңғы саяси өмірімді қайта қозғады. Өкіметтік тексеру, қауіпсіздік ұйымдарын маған қарсы қойды. Партиялардың, коммунистердің, анархистердің ұйымдасуымен мәселе ұлғая бастады. Бізді аңдып, қолдарына түскен рисалелерді жоюға кірісті. Нұр шәкірттерінің қызметін тоқтатуға барынша тырысып бақты. Және менің жеке басымды жұрт алдында төмендету үшін ресми қызметкерлер ойға келмейтін түрлі сұмпайы істер жоспарлай бастады. Алайда, оған ешкімді сендіре алмады. Содан, өшіккені сондай адамшылыққа келмейтін жағдайда өте суық бөлмеге мені екі күн бойы қамап, сұраққа алды. Ал, мен өз бөлмемде күніне қанша рет от жағып, пештің жанында отыратындықтан бұл жағдайдың маған қаншалықты азап екені белгілі. Осындай жағдайда отырғанымда Иләһи бір жәрдемнің белгісі ретінде көңіліме ақиқат нұры келді. Былайша: «Өзің Юсүф медресесі деп атаған Денизлі түрмесінде шеккен қиыншылықтардан мың есе артық рухани жетістіктер, және ондағы тұтқындардың Нұрлардан көрген пайдасы мен рисалелердің кең ауқымда таралуы саған реніштің орнына қуаныш сыйлап, түрмедегі бір сағатың он сағаттық құлшылық есебіне саналды, сөйтіп ондағы пәни уақыттар мәңгілікке айналды. Иншаллаһ, олай болса бұл үшінші Юсүф медресесіндегі көріп жатқан қиыншылықтарың да Нұр рисалелердің таралуы арқылы сенің мына тоңуың мен аштығыңды қуанышқа айналдырады. Ал саған зұлымдық жасап отырған адамдар білместіктен алданып мұндай іске барған болса, оларға ашуланудың керегі жоқ. Егер біліп, әдейі осындай зұлымдыққа дінсіздік үшін барған болса, олар көп кешікпей өлімнің азабын тартып, мәңгілік қабір қамауына алынып, бітпейтін азап шегетін болады. Ал, сен болсаң олардың осындай зұлымдығының арқасында сауап алып, пәни уақытыңды бақи уақытқа айналдырып, рухани ләззатқа кенеліп, хақ діндегі міндетіңді ықыласпен атқарған болып саналасың...» деп, рухыма аян болды. Мен де, мұндай сүйінші хабарға «Әлхамдулиллаһ!» дедім. Әлгі залымдарға адамшылығыммен жаным ашыды. «уа, Раббым! Олардың жүрегін тазарта гөр!» деп, дұға жасадым. Осы соңғы оқиға да солай болды. Ішкі істер қауіпсіздік комитетіне түсініктеме жазған кезімде мен оларға айттым: «Бұл он жақты заңсыздық, заң атын жамылып жасалған қылмыс. Нағыз қылмыскерлер заңды бұзушылар!»
258ЛЕМАЛАРСол залымдар мені айыптау үшін сылтау іздегендері сонша, жапқан жаласын кім естісе де күлкісі келеді. Ынсапты жандарды жылататын айыптаулар еді. Демек, Рисалей-Нұрға, оның шәкірттеріне тиісуге заң тұрғысынан мүмкін болмағандықтан, ақымақ сияқты әрекет етуде. Мысалы, бір ай бойы бізді аңдыған құпия қызметкерлер ақыры түк те таба алмағандықтан бір қағазға былай деп жазыпты: «Саидтің бір қызметшісі дүкеннен бір шиша арақ алып оған апарып берді». Ол жазғанына қол қойдыру үшін біреулерді іздеп ақыры таба алмаған соң, сырттан келген маскүнем біреуге: «Мынаған қол қой!» десе, ол: «Астағфируллаһ, мұндай сұмдық өтірікке кім сенеді?!» деп, бас тартқан соң әлгі қағазды жыртып тастауға мәжбүр болыпты.Екінші бір мысал: Аты-жөнін білмеймін бейтаныс бір адам маған өзінің мініс атын беріп, біраз тынығу үшін жаз күндері бір-екі сағат сонымен серуендеп қайтатынмын. Оның ақысы үшін ат иесіне елу лиралық кітап беруге уәде еткен болатынмын. Өйткені, біреуге қарыздар болып қалмау, әрі өз әдетімді сақтау үшін солай дегем-ді. Ал мұнда тұрған не бар? Ойпырай, осы үшін «Бұл ат кімдікі?» деп, бізден полициясы бар, әкімі бар бәрі жабылып елу рет сұраққа тартты. Осы мағынасыз сұрақтардан құтылу үшін, екі адам азаматтық жасап «ат менікі» деп, екіншісі «арба менікі» дегені үшін осы екеуін де менімен бірге қамап тастады. Міне, бұл баланың ойыны іспетті жағдайға бір күлдік, бір жыладық. Соңында мынаны түсіндік: Рисалей-Нұрға және шәкірттеріне тиіскендер қандай бір жағдайда масқара күлкіге ұшырап жатады...Ол мысалдардан бір оқиғаны баяндап берейін: Менің айыптау іс қағазыма қауіпсіздікті бұзушы деп, жазғандығынан менің хабарым жоқ бола тұра, мен прокурорға: «Сені кеше кешке ғайбаттадым» дедім. Өйткені, сол Қауіпсіздік Комитетінің төрағасының орнына менімен сөйлескен бір қызметкерге: «Егер бұл мемлекетке мың қауіпсіздік басшысы қызметіндей қызмет етпеген болсам, Аллаһ мені үш қайтара бәлеге ұшыратсын!» дедім.Сол күндері суықтан сақтануға, жан тыныштығына өте мұқтаж болсам да мені жалғыз қамап, тергеуге алып төзімімнің шегінен шығаруға таяғанда, осыны жасап отырғандарға ашу-ызам келді. Міне, дәл осы сәтте тағы да Иләһи жәрдем келіп, жүрегіме аян берді: «Адамдардың саған жасап жатқан бұл зұлымдықтарында Иләһи тағдырдың бір әділдігі бар. Бұл қамаудың ішінде саған арналған ризық бар. Сені бұл қамауға әкелген сол ризығың ғой. Олай болса, осы үшін шүкір етіп тағдырыңа риза болуың керек. Аллаһтың хикметі мен рахметінің де үлесі бар. Яғни, жазасын өтеп жатқандарды нұрландыру, оларды жұбату, осылайша сауап жинау. Бұған әрине, сабыр сақтап, шүкір ету керек. Нәпсіңнің де сен білмеген кемшіліктері бар. Олай болса, осындай жазаға лайық болған шығармын деп, мойындап тәуба еткен дұрыс. Жасырын дұшпандардың алдау, азғыруына түсіп, саған зұлымдық жасауға мәжбүр болған аңқау, күдікшіл қызметкерлердің де бір үлесі
259ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАбар. Ал, сол екіжүзділердің осы ісі үшін Нұрдың оларға жегізген рухани шапалақтары сенің өшіңді еселеп алып берді. Ал, ең соңғы үлес ресми қызметкерлерге тиесілі еді. Алайда, олар Рисалей-Нұрды сынау мақсатында оқып, ақыры оның нұрынан тәубаға келіп, иманға бет бұрғаны үшін шарты бойынша оларды кешіру, шын мәнінде бір биік мәртебеге жетумен тең ізгі қасиет деп білген жөн». Осындай ақиқатқа көзім жеткен сәтте, осы жағдайыма шүкір еткенім сондай, осы Юсүф медресесінде маған қастық істеп жатқандарға жақтасып, оларға имани тұрғыдан жәрдем беру үшін әлі де осы медреседе тұра беру мақсатында өзімді зиянсыз бір қылмыс жасағандай көрсеткенім жөн шығар деген ой келді. Әрі мен секілді жетпіс бес жастағы адамның жетпіс құрдасының көп болса бесеуі ғана тірі, Нұр қызметін оның орнына атқаратын жетпіс мың Нұр нұсқалары еркіндікте, иман қызметінде бір ғана тіл емес, мың тіл болып сөйлейтін бауырлары бар мен секілді бір адам үшін қабір бұл қамаудан жүз есе артық емес пе? Сондай-ақ бұл қамау сырттағы ешбір еркіндігі жоқ бостандықтан жүз есе рахат деуге болады. Өйткені, сырттағы еркіндікте жалғыз өзім жүздеген өктемшілдердің езгісінде жүргенше, мұнда жүздеген қамаудағы достармен бірге бір-екі қызметкердің бақылауында жүріп, көптеген дос тауып олардың жақсылығын көрген артық. Мұндағы Исламиет жанашырлығы мен адамшылықтың ізгілігі қарияға деген қомқорлық сезімін оятқандықтан тіпті, қамалғаныма риза болдым. Бұл жолы үшінші рет сотқа шақырылып келгенде, әлсіздік пен қарттықтың әсері болса керек түрегеп тұруға шамам келмей сондағы бір орындыққа отыра кеттім. Осы кезде сот төрағасы келіп: «түрегеп тұрмай неге отырсың?» деп, зекіді. Мендей қарт кісіге жасалған мұндай құрметсіздікке ашуым келді. Осы кезде жан-жағыма қарасам, көптеген мұсылмандар өте бір жанашырлық, бауырластық ниетпен маған қарап, бізді айнала қоршап топтанған екен, қуса да кетпей жатыр. Сол сәтте бірден екі ақиқат көңіліме келе қалды.Біріншісі: Менің және Рисалей-Нұрдың жасырын дұшпандары маған жала жабу арқылы қызметімізге бөгет жасау мақсатында, қауіпсіздік қызметінің аңғал қызметкерлерінің басын айналдырып бізге қарсы түрлі қастандық жасаумен болды. Бұған қарсы Иләһи жәрдем ретінде әлгі опасыз бірнеше адамның орнына бізге жақтас жүз адамды Нұрдың иман қызметіне қолдаушы етіп қойды. Тіпті, екінші күні соттың тергеу сауалдарына жауап беріп жатқан кезде сот залының терезесінен мың қаралы адам топталып, «оларға тиіспеңдер!» дегенді тұрыстары арқылы айтып тұр еді. Тәртіп сақшылары оларды тарата алған жоқ. Осыны көрген кезде көкейіме мына бір ой келді: Мына тұрған көпшілік осынау қатерге толы ғасырда көңілдеріне жұбаныш беретін, жүректеріне сөнбейтін бір нұр сыйлайтын қуатты иман мен мәңгілік бақыттың бір сүйіншісін тілеуде, соны жан-жүректерімен іздеуде.
260ЛЕМАЛАРІздегендері Рисалей-Нұрдан табылады деп естігендіктен иманға біршама қызмет еткенім үшін лайық болмасам да менің жеке басыма құрмет пен сый көрсетуде...Екінші ақиқат: Қауіпсіздікке қатер төндірушілер деген жала жауып, бізге опасыздық пен қастық жасаушы бірнеше залымның іс әрекетіне қарсы, көптеген ақиқатшыл адамдар мен жас ұрпақтың қолдау көрсеткені көңілге медет беретін жәйт. Иә, шын мәнінде коммунистік пердесін жамылған анархисттердің халқымыздың тыныштығын бұзу үшін жанталаса жасап жатқан қастандығына қарсы еліміздің әр тарапында Рисалей-Нұр шәкірттері шынайы иман қуатымен олардың іс-әрекетін тоқтату үшін қызмет жасауда. Өйткені, Нұр шәкірттерінің осындай жиырма жылғы қызметінде біздерге қарсы жүргізілген үш төрт сот пен он уәлаяттың қорғаныс қызметіндегілерінің тексеру барысында бірде-бір қылмыстық іс таппады. Тіпті, бір уәлаяттың өте ынсапты қауіпсіздік қызметкері былай деп қорытынды жасағаны бар: «Расында, Нұр шәкірттерін рухани қорғаныс қызметін атқарушылар деуге болады. Олар ішкі тыныштықты сақтап бізге жәрдем етуде. Нұр рисалелері адамның иманын кәміл етіп, түсінгендердің жүрегіне бір күзетші қояды. Елдің қауіпсіздігіне қызмет етуде». Расында, мұның нақты мысалы Денизлі түрмесі деуге болады. Онда нұр кітаптары мен қамаудағы тұтқындар үшін жазылған «Миуа» рисалесін оқып, үш-төрт айдың ішінде екі жүзден астам адам иманға келгені сонша, кәдімгі ізгі діндар жандай өзгерді. Төрт кісі өлтірген бір қанішер адам, қандаланы өлтіруге батылы бармайтындай жұмсап, мейірбан халге келгеніне сондағылардың бәрі куә болған еді. Олардың бәрі де осылайша отанына пайдалы адамдардың қатарына қосылды. Тіпті, бұл жағдайға ресми орындар, түрме қызметкерлерінің өзі таңқала разы болды. Тіпті, кейбір жастар: «Егер Нұршылар осы қамауда қалатын болса біз де қамалып, олардың сабақтары арқылы өзімізді түзеуге тырысайық» деген болатын. Міне, осындай адал қызметте жүрген Нұр шәкірттеріне қарсы біле тұра немесе білмей қауіпсіздікке қауіп төндіруші деген жаламен қарсы әрекет етуші өкіметтік қызметкерлер арасында бізді жою үшін анархист, бас бұзар, бүлікшілдердің жүргені анық еді. Біз оларға былай демекпіз: Өлімді өлтіріп жоқ ету мүмкін емес екені шындық, қабірдің аузын жауып тастатуға да ешкімнің шамасы жетпейді. Олай болса, пәни дүниенің қонақүйіне топ-тобымен келгендер, тағы да дәл солай топ-тобымен жер астына жол тартуда. Біз де кешікпей бір-бірімізбен қоштасып солай қарай жол тартамыз. Ал, сендер бұл дүниеде өздерің жасап жүрген зұлымдықтың жазасын тартатын боласыңдар. Ал, имандылар үшін ең берісі демалысқа шығу болып есептелетін өлім, сендер үшін мәңгілікке жоқ ететін дар ағашы. Сендердің бұл дүниеде татқан рахаттарың ақыреттің ащы азабына айналады...Өкінішке орай, біздің ішіміздегі жасырын екіжүзді дұшпандарымыз, өкіметтің алаңғасар қызметкерлерін алдап, осынау діндар халқымыздың
261ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАмиллиондаған шәһид қаһармандарының қаны мен қылышымен қорғалып келген Ислам ақиқаттарына «тариқат» деген ат беріп, алып Күннің тек бір шұғыласын сол Күннің дәл өзі секілді көрсетіп, Құран мен иман қызметіне жан-жүрегімен қызмет етуші Нұр шәкірттерін «тариқатшылар» яки «саяси жамағат» деген атпен қуғынға ұшыратуда. Біз ондайларға және соларға ергендерге Денизлі сотында айтқанымызды қайталап айтар едік:«жүз миллион бас пида болған қасиетті ақиқаттың жолына біздің басымыз да пида болсын. Дүниені түгел басымызға төндіріп, отқа салсаңдар да Құранның ақиқаты үшін пида болған бастар, діннен безген кәпірлердің алдына ешқашан иілмейді, қасиетті қызметтен ешуақыт бас тартпайды, иншаллаһ!»Міне, қарттығымның мұңға батырар қиын кезеңдерінде Құрани ақиқат жәрдемге келіп көңілімді нұрға бөлегені үшін қарттықтың ең қиын бір жылын жастық шақтың жалындаған он жылына айырбастамас едім. Әсіресе, қамауда отырып парыз намазын өтеген әрі тәубаға келген әрбір сағат он сағаттық құлшылыққа татиды. Ауру-сырқау мен қиындыққа тап болған кездегі әрбір күн, сауап жағынан он күн құлшылықпен тең келеді, деген сүйінші хабар – мен секілді қабір ауызында ажалын күткен адам үшін қаншалықты қуанышты екенін түсіндім. «Раббыма сансыз шүкір!» деп, қарттығыма сүйсіндім де, қамауда болғаныма разы болдым. Өйткені, өмір тоқтап тұрған жоқ, зулап ағып барады. Егер тек ләззат пен рахатқа батқан жағдайда кетіп жатса, онда ләззаттар азапқа айналып, күнә арқалап, ғапылдық пен адасумен пәни өмір өте шығар еді. Ал, егер қамауда, қиыншылықпен өтіп жатса, қиыншылықтар рухани ләззатқа айналып, тіпті құлшылықтың бір түрі болып есептелетіндіктен бір жағынан мәңгіліктің бастамасы болып, бақи өмірдің жемістеріне айналады. Өткен күнәлар мен қамауға алынуға себеп болған қателерден тазарып, күнәларды жууға себі тиеді. Бұл жағынан алып қарағанда тұтқындағылар парыздарын өтеп жүрген болса, сабыр сақтап шүкір етулері тиіс.ОН АЛтыНшы ҮМіт: Бір кездері қартайған шағымда Ескішеһир түрмесінде бір жыл отырып шықтым. Мені Кастамону жаққа жер аударды. Онда полиция бөлімшесінде екі-үш ай ұстады. Мен секілді адал достарынан алыстағанда жанын қоярға жер таппай сағыныштан сарғаятын адамдар мұндай жағдайдың қаншалықты ауыр екенін түсінетін болар. Міне, осындай жаным жүдеу халде отырғанда Иләһи жәрдем келді. Ондағы күзетшілер мен полиция қызметкерлері кәдімгі адал достарым секілді болып кетті. Ешқашан басыма қалпақ киюге мәжбүрлемеді. Менің қызметшілерім секілді мені қала маңына серуенге шығаруды әдетке айналдырған еді. Кейін сол бөлімшенің қарсы беткейіндегі Кастамонуның Нұр медресесіне баруға рұқсат алып, Нұр шәкірттерімен рисалелерді жазуға кірістім. Фейзи, Әмин, Хилми, Садык, Назиф, Салахаддин сынды нұр шәкірттері рисалелердің жазылып, басылып шығуы үшін жанкештілікпен жұмыс істеді. Олар өзімнің жастау кезімдегі
262ЛЕМАЛАРбұрынғы шәкірттерімнің ілімге деген алғырлығын көрсете білді. Содан, тағы да жасырын дұшпандар бір топ беделді имамдар мен пір-шейхтерді бізге қарсы айдап салды. Бұл оқиға біздің Денизлі түрмесінде бес-алты уәлаяттан жиналған Нұр шәкірттерінің сол Юсүф медресесіне жиналуымызға себеп болды. Осы Он алтыншы үміттің толық нұсқасы, Кастамону қаласында жазылған Лахикаға енгізілген және Денизилі түрмесіндегі бауырларыма жасырын жіберген шағын хаттар мен соттағы ақтау рисалесі. Олардың барлығы Кастамону Лахикасы деген кітапқа енгізілгендіктен бұл жерде қысқаша айтуды жөн санадық. Мен әркім оқып түсіне бермейтін және өте маңызды жазбаларды, әсіресе Сүфиян, Дажжалға қатысты және Нұрдың кереметтері жайлы жазылған рисалелерді көмір мен отынның астына жасырып қойған едім. Бәлкім мен қайтыс болған соң, жоғарыда отырғандар біраз естерін жиған соң жарыққа шыға жатар деп қойған едік. Тінтуші қызметкерлер жетіп келіп әлгі маңызды деген рисалелердің бәрін отынның астынан алып шықты. Мені де тергеу үшін денсаулығым нашар бола тұра Спарта түрмесіне алып келді. Мен бұл жағдайға қатты қайғырып, Нұршыларға келген зияннан қатты қиналып тұрған сәтте, тағы да Иләһи жәрдем келіп жетті. Әлгі жасырылған рисалелерді үкімет басындағылар мұқият оқуға мәжбүр болғандықтан құзырлы органдардың өзі бір мағынада дәрісханаға айналды. Сөйтіп, сынаудың орнына оны жоғары бағалап, ұната бастады. Тіпті, жасырын түрде басылған Аят-үл Күбра рисалесін ресми адамдар да, жай адамдар да оқып имандарын күшейтіп жатты. Осының бәрі, біздің қамауға түсуіміз ештеңе еместей жуып-шайып жіберді. Содан кейін бізді Денизлі түрмесіне қамады. Мені сыз жайлаған өте суық бір камераға апарды. Ауру мен кәрілік екі жақтап қинағаны, әсіресе, менің достарымның да қиындыққа түскені жаныма қатты батып, оның үстіне Рисалей-Нұрдың тоқтап қалғаны қайғы үстіне қайғы жамап, амал құрыған сәтте тағы да Раббани көмек келіп жетті. Керемет түрде, осынау алып абақтыны Нұр дәрісханасына айналдырып, Юсүф медресесі секілді қаһарман шәкірттердің алмастай қаламымен рисалелер жазыла бастады. Тіпті, осындай ауыр жағдайдың өзінде Нұрдың бір қаһарманы үш-төрт айдың ішінде «Миуа», «Мүдафат» рисалелерінің жиырмадан астамын жазып үлгерген еді. Түрмеде де сыртта да осындай жетістіктерге жеткен едік. Әлгі шеккен зиянымызды пайдаға, көрген қорлығымызды қуанышқа айналдырып жіберді. сырын тағы да көзімізге көрсетіп берді. Соңында, тағы да Сараптау комиссиясы мен үстірт қарайтын қызметкерлердің қатты шабуылына ұшырап оның үстіне Білім министрлігі бізге қарсы үлкен мақала жариялап, тіпті одан да қатаң хабарлар қаптап кеткен кезде Раббани жәрдем тағы келіп жетті. Анкара Білім министрлігінен қатаң ескерту күтіп жүргенде олар рисалелерді мінеп емес, қайта қоштайтындығы
263ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМАтуралы хабарлаған рапорт жазып, бес сандық кітапшадан бес қана қателік тапқанын айтыпты. Алайда, сотта олардың қате дегендері ақиқат екендігін дәлелдедік те өздерінің сол бес бет рапортында бес-он қате кеткендігін көрсетіп бердік. Және де жеті лауазымды орынға жіберген «Миуа» және «Мүдафат» рисалелері мен Әділет министрлігіне жіберілген Нұрдың бүкіл рисалелерінен қатаң ескертулер күткен едік, алайда Бас уәкілдің бізге жіберген өте жұмсақ, қолдаған хаты мынаны дәлелдеп берді:Рисалей-Нұрдың ақиқаты Иләһи жәрдемнің арқасында оларды жеңіп, өзін оларға тәрбиелеуші ретінде оқытып, әлгі қызмет орындарын ауқымы кең дәрісханаға айналдырып жіберген екен. Күмәншіл де күдікшіл жандардың бетін бері қаратып, олардың иманын құтқарып, біз көріп жатқан қиыншылықтардан жүз есе артық рухани жеңіске жеткізіп, бізді үлкен қуанышқа кенелткен еді. Амалы құрыған жасырын дұшпандар маған у беріп қастық жасады, менің орныма Рисалей-Нұрдың ержүрек батыры Хафиз Али ауруханаға түсіп, одан әрі берзах әлеміне сапар шегіп бәрімізді қимастық қайғысына батырып кетті. Мен осындай қасірет келерден бұрын Кастамонуның тауында бар дауысыммен: «Уа, бауырларым! Атқа ет, арыстанға шөп бермеңдер!» деп қайта-қайта айқайлаған едім. Яғни, әрбір рисалені кез келген адамға бере бермеңдер, өзімізге тас атуы мүмкін. Жеті күндік жерден Хафиз Али (Рахметуллаһ Алейһ), өзінің рухани телефонымен естіп тұрғандай дәл сол уақытта маған былай деп хат жазыпты: «Иә, ұстазым! Рисалей-Нұрдың бір кәраматы ғой, атқа ет, арыстанға шөп бермейді. Қайта атқа шөп, арыстанға ет береді. Анау арыстандай имамға Ықылас рисалесін берді». Жеті күннен кейін хатын алып есептеп көріп едік, дәл сол мен тауда бар дауысыммен айғай салған кезде ол осы сөздерін жазған екен. Міне, Рисалей-Нұрдың мағынауи қаһарманы қайтыс болып, жасырын дұшпандардың бізді жан-жақты жазаға тарту үшін жанталасып жатқаны да және менің уланып емханаға жатуға мәжбүр қылатындай әрекеттерінен амалымыз таусылып тұрған сәтте, ойламаған жерден тағы да Иләһи жәрдем келіп жетті. Мүбәрак бауырларымыздың шынайы дұғаларының арқасында менің уланған денем тәуір бола бастады. Және шәйіт болған марқұм бауырымыз да қабірінде Рисалей-Нұрмен шұғылданып, сұрақ періштелеріне сол Рисалей-Нұрмен жауап беріпті. Оның орнына және оның құрған жүйесі бойынша Иманға Рисалей-Нұр арқылы Денизлі қаһарманы Хасан Фейзі мен оның достары қызу қызмет етіп, бізге дұшпандарымыз әзірлеп қойған зындандарды бірден Нұр дәрістерімен нұрландырып жібергені сонша біздің қамаудан шығуымызға тікелей себеп болды. Бұл, Асхаб-ы Кеһф әулиелерінің үңгірі секілді Нұр шәкірттерінің азап орындарын баяғы заманның үңгіріне айналдырып жіберді және рисалелердің жазылып, таралуына мүмкіндік берді. Бұл әрине Раббани жәрдемнің келіп жеткендігінің дәлелі.
264ЛЕМАЛАРЖәне де, көңіліме мына мәселе де келді, Имам Ағзам сынды мүжтеһид ғалымның қамауға алынуы, Ахмед Ибн Ханбел сынды мүжтеһид ғалым да Құранның бір ғана мәселесі үшін зынданда көп азап шеккен екен. Олар бұл жағдайға ешқандай шағымданбай, сабыр сақтап, дегенінен қайтпаған-ды. Талай имамдар, ғалымдар бізден әлдеқайда ауыр азап тартса да шүкір етіп, сабыр сақтаған. Әлбетте біздер Құранның қаншама көп ақиқаттарын анықтау жолында соншама сауап ала тұра, біршама азап шеккенімізге Құдайға көп шүкір етуге тиіспіз. Дегенмен, осы адам қолымен жасалып жатқан зұлымдықтың ішінен Раббани жәрдем көрінгені жайлы қысқаша айтып берейін: жиырма жасымда: «Бұрыңғы заманда дүниені тәрк еткен адамдар үңгірлерге кіріп оқшауланатыны секілді мен де өмірімнің ақырында бір таудың үңгіріне барып қоғамнан алыс тұрайын» деп, жиі-жиі ойлаушы едім. Бірінші дүние жүзілік соғыста қиыр солтүстікте тұтқында жүрген кезімде өзіме: «Осыдан аман-есен елге оралсам, қалған өмірімді үңгірде өткізермін. Мынау у-шу саяси өмірден мүлдем қол үземін, жетер енді...» дейтінмін. Алайда, Раббани жәрдем келіп, әділ тағдыр өмірімді өзгертіп, мақсатымды басқаша етіп өзгертті. Әлгі тілегімді одан әлдеқайда артық бір бейнеде қариялығыма қайырлы етіп иен үңгірлердің орнына қамау орындарын, жалғыз қалуым үшін жеке камераларды сыйлады. Ынсап иелері барып жататын үңгірлерден жоғары дәрежедегі Юсүф медреселерін беріп, уақытымызды ысырап етпеу үшін көпшілік жиналған орындарды берді. Сөйтіп, ақыреттік пайдасы бар иман мен Құран қызметін бізге сыйға тартты. Тіпті, өз басым достарым қамаудан ақталып шыққан соң бір қылмыстың сылтауымен сонда қала беруді жөн көрдім. Хусрев пен Фейзи секілді жалғыз басты достарым менімен бірге қалсын, сонсоң уақытымызды пайдасыз бос сұхбаттарға зая етпеу үшін және көпшіліктің көзіне түсуден сақтану мақсатында жеке қамауда қалуды артық көрдік. Алайда, Иләһи тағдыр бізді басқа бір жерге жіберуді шешіпті. аятының сыры бойынша, қарттығымды қайырлы етіп, иман қызметіне одан да артық еңбек ету үшін мына Үшінші Юсүф медресесінде болуды міндеттеп жазған екен. Иә, Иләһи жәрдем, қарттығыма мейірімі түсіп жастық шағымдағы әлгі мақсатым болған үңгірдің орнына жасырын да жауыз дұшпандары жоқ қамау орнындарының жеке камераларын нәсіп етуінің үш түрлі хикметі және Рисалей-Нұр қызметіне пайдалы үш түрлі маңыздылығы бар. Бірінші хикметі мен пайдасы: Бұл заманда Нұр шәкірттерінің бас қосып жиналуына ең қауіпсіз әрі қолайлы жер осы Юсүф медресесі. Сыртта, бір-бірімен кезігіп сұхбаттасудың шүбә тудыратын жағы басым және шығыны
да аз емес. Кейде менімен жолығып, сұхбаттасқысы келген бауырларымыз, жолға қырық-елу лирасын шығындап, кейбірі жолығуға да мүмкіндік таппай босқа қайтатын. Ал, мұнда жақын достарыммен бірге болу мен үшін қамаудың қиыншылығынан да артық. Сондықтан, қамау орны біз үшін нығмет, әрі Аллаһтың рахымы десек болады. Екінші хикметі мен пайдасы: Қазіргі кезде иман қызметі Нұрлар арқылы барлық жақта жария түрде, иманға мұқтаж болғандардың назарын өзіне аударумен іске асады. Біздің қамалуымыз жұрттың назарын Рисалей-Нұрға аударады. Тіпті, ең қырсықтар, аса мұқтаждар өздері іздеп тауып, иманын құтқаруда. Осылайша Нұр дәрістерінің алаңы кеңейе түсуде. Үшінші хикметі мен пайдасы: Қамауға кірген Нұр шәкірттері бір-бірінің хал ахуалынан, ықласынан, жанкештілігінен дәріс алып, үйреніп, Нұр қызметі үшін дүнияуи пайданы мүлдем ұмытатын болды. Иә, осы Юсуф медресесінде көп жағдайда қиыншылық пен қыспақтың он, тіпті жүз есесін көрсе де рухани пайда мен имани нәтижелер үшін Құранға адал қызмет етіп әрі оны айналаға жайып, кеңейтуді мақсат еткен жандарды өз көзімен көргендер тек ықыласын арттырып жеке басының пендешілік пайдасын ұмытатын болады. Бұл қамау орнындары қасіретті бола тұра бір жағынан тиімді де жағымды жағы жоқ емес. Мен бала күнімде, өз елімде көрген ескі медреселердің дәл өзін көргендей боламын. Өйткені, Шығыс уәлияттардағы ескі әдет бойынша медресе шәкірттерінің бір тобының азықтары сырттан келуші еді ал, кейбірінің ас-ауқаттары медресенің ішінде дайындалатын. Тағы да басқа жақтары осы қамау орнына қатты ұқсайды. Мен, осынау қызық жағдайға таң-тамаша болып қарап тұрамын да бейне бір жастық шағым бір сәтке оралғандай әсерге бөленіп, тәтті күй кешіп, қартайғаным естен шығып кететін...* * * жиырма Алтыншы Леманың қосымшасыЖиырма Бірінші Мектуб болып, Мектубат жинағынан орын алғандықтан, мұнда жазылмады. * * * жиырма жетінші ЛемаЕскішеһир қаласында болған сотта, айыптауларға қарсы айтылған сөздер. Бұл Ұстаздың өміртарихы кітабына енгізілді.* * *
Search
Read the Text Version
- 1 - 43
Pages: