Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Ықылас сыры

Ықылас сыры

Published by risalekz, 2020-02-04 07:32:26

Description: 21-Lema
Ihlas Risalesi

Keywords: Ы?ылас,Ihlas

Search

Read the Text Version

Ықылас сырыБәдиуззаман Саид НұрсиАлматы, 2016Рисалей-Нұр жинағынан

Аудармашылар алқасы:Захараддин Батайұлы, Жандос Қиянбек,Абай Хамза.Б 32 Бәдиуззаман Саид НұрсиЫқылас сыры - Алматы: “Нур Фейз“ ЖШС,68-бет. Рисалей-Нұр жинағынанISBN 9965-9388-0-6ББК 86.38ББК 86.38Б 91 Б “Нур Фейз“ ЖШС 2016ISBN 9965-9388-0-60403000000 00(05)-03Бұл кітап Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігі, Дін істері комитетінің дінтану сарап-тамасынан өткен. 06.10.2014ж. №04-04-14/3977 құжат бойынша сараптама негізінде оң қорытынды алған.Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға және таратуға шектеу қойылмаған.

ЖИЫРМАСЫНШЫ ЛЕМА(Ықылас жайында)Бұл, он жетінші Леманың, он жетінші тарауының жеті мәселесінің бес ишарасынан тұратын екінші мәселесінің бірінші тұжырымы болатын. Тақырыбының маңыздылығына орай жиырмасыншы Лема деп аталды.Аяты және

Рисалей-Нұр жинағынан4хадисі дін Исламның негізгі мәселелерінің бірі ықылас екенін көрсетеді. Ықылас туралы тұжырымдардан бесеуі ғана қысқаша баяндалмақ.БіРіНШі тұЖЫРЫММағынасы терең, шешімі күрделі маңызды сұрақ: (Ескерту. )1Дүниеқорлар мен бейқамдар, тіпті Хақ жолынан тайғандар мен іріткі салушылар да ынтымақ құрып бірігіп жатқанда, Хақ жолындағы діндарлар мен әһл-и ғылым ғұламалары және әһл-и тариқат ынтымақ құра алмай бір-бірімен бақталасып, неге өзара алауыз? Керісінше, діндарлар ынтымақ құрып, екіжүзді бүлікшілердің басы бірікпеуі керек еді ғой.Жауап: Халықтың қамын ойлап, нағыз отансүйгіштерді қынжылтатын, осы бір қасіреттің көптеген себептері бар. Соның жетеуі баяндалмақ.БіРіНШі СЕБЕП. Хақ жолындағылардың алауыздығы қасиетсіз болғандығынан емес, сондай-ақ, дүниеқұмар мен бейқамдардың ауызбіршілігі де қасиеттілігінен емес. Дүниеқорлар мен саясатшылардың және оқымыстылар мен Ескерту. Мына мүбарак Ыспарта қаласының шүкір еткізетін жағымды тарапы, мұндағы тақуа жандар мен тариқатшылар және білімдiлер арасында айтарлықтай шынайы сүйіспеншілік пен ауызбіршілік болмаса да , шынын айту керек басқа жерлермен салыстырғанда бақталастық пен алауыздық жоқтың қасы.

5Ықылыс сырықоғамда белгілі бір қызмет атқаратын топтардың, жамағаттардың, сондай-ақ түрлі ұйымдардың атқарар міндеттері анықталған және ол міндеттері үшін алатын ақшалай, заттай ақылары, халықтан қошемет, атақ секілді (сілтеме ) 2рухани ақылары тағайындалған, арнап бөлінген. Алауыздыққа, айтыс-тартысқа, бақталастыққа себеп жоқ. Сондықтан жолдары қисық, мүлдем бұрыс болса да бір-бірімен ұйымдаса алады.Ал, діндарлар мен ғалым ғұламалардың сондай-ақ, тариқатшылардың қызметтері жалпыға ортақ, әрі дүниеде олар ақылары да нақты айқындалмаған. Әрқайсысының қоғамдағы орны, лауазымы меншіктелмеген. Сондықтан бір орынға көп адам көз тігіп, заттық және рухани ақыға көптеген үміткер табылады. Ақырында алауыздық туып, ауызбіршілік араздыққа айналады, ұйымдаса алмай жік-жікке бөлінеді.Сілтеме .2 Халықтан сый-құрметі сұрауға болмайды.Оны халықтың өзі береді. Құрметтеген күнде де оған масаттануға болмайды. Масаттанса ықыласы бұзылып, рия араласады. Атаққұмарлық мақсатпен халықтың қошеметiне бөлену, атқарған еңбегінің ақысы да, сыйлығы да емес. Ол – керiсiнше ықылассыздықтың жазасы. Иә, қайырымды істің негiзi – ықылас боп табылады. Атаққұмарлықпен жеткен сый-құрмет, қошемет күллі зиян. Ол қабір ауызына дейін өткінші ләззатқа бөлеп содан соң, қабір азабы секілді, қорқынышты бейнеге енедi. Сондықтан жұрттың назарына ілігіп атақты болуды қаламай, қайта одан үркіп, қашу керек. Атақ пен даңқ құмарлардың құлақтары шуласын!

Рисалей-Нұр жинағынан6Мұндай қатерлі дерттің дауасы – ықылас. Яғни нәпсіқұмарлықты қойып шындыққұмар болуы керек. Ақиқат әрдайым нәпсі мен менмендіктен жоғары тұруы тиіс. сырына бөленіп қолда барға қанағат етіп, халықтың берекетін ақшалай, заттай және рухани сыйлықтарын алмай (сілтеме )3 деген аятты басшылыққа алып, халық арасында абыройлы болу, жақсы әсер қалдырып құрметке бөлену Аллаһу Тағаланың ісі, Оның жарылқауы екенін. Ал, дін жаю дінді насихаттау өзінің міндеті екенін, сондай-ақ. Жақсы әсер қалдыру, құрметке бөлену міндеті емес екенін білу керек. Сол кезде ықыласқа қол жетеді. Әйтпесе, ықыласы бұзылады.Сілтеме .3 Құранда сахабалардың «исар» дейтін мақтауға тұрарлық мінезінен өнеге алу. Яғни, сыйлық пен садақа қабылдауда басқаны өзінен артық көру. Дін жолындағы қызметінің ақысы ретінде ақы сұрамай, оны іштей де талап етпей, тек Құдайдың жарылқауы деп біліп, халықтың қалтасына қарамай, дін жолындағы қызметін міндетсінбей сыйлық алмау. Ықыласты жоғалтпау үшін, дін жолындағы қызметтің ақысы ретінде бұл дүниеде еш нәрсе сұрамау керек. Рас, олардың тұрмыстық қажеттілігін үммет (халық) қамтамасыз етуi керек шығар, ақылары да болар, лайық болуы да мүмкін. Дегенмен, ол сұралмайды, ол беріледі. Берілген жағдайда да қызметімнің ақысы деуге болмайды. Мүмкіндігінше қанағат етiп, өзгенi өзінен әлдеқайда лайық санап соған берілуін жөн көріп сырына бөленсе, әлгi қауiптен құтылып, ықыласты табуға болады.

7Ықылыс сырыЕКіНШі СЕБЕП. Хақ жолынан тайған азғындардың ауызбіршілігі арсыз бейшаралығынан, ал хақ жолда жүргендердің алауыздығы намысқойлығынан деп білген жөн. Яғни, бейқам дүниеқұмарлар мен, хақ жолынан тайған азғындар хақ пен ақиқатқа сүйенбегендіктен әлсіз әрі намыссыз келеді. Бейшара болғандықтан күш-қуатқа мұқтаж. Сондықтан басқалардан жәрдем алуға, өзара бірігуге дайын тұрады. Тіпті, өздері азғын болса да ауызбіршіліктерін сақтайды бейне бір әділетсіз бола тұра әділетқұмар, адасқан бола тұра ықыласты, дінсіз атеист бола тұра өліп-өшіп қасарысады табандылық танытпайды өздері арандатшу болғанмен ынтымақ құрады. Табысқа жетеді. Өйткені жаман істерді де шынайы ықылас пен істесе босқа кетпейді. Рас, ықыласпен кім не қаласа, Аллаh береді. (Сілтеме ).4Ал, хақ жолындағылар мен діндарлар, білім мен тариқат жолындағылар, хақ пен ақиқатқа сүйеніп, әрқайсысы тек қана Раббысын ойлап, одан ғана медет күтеді. Ұстанған жолынан рухани абырой табады. Әлсіз сезінген, кезде адамдарға емес, Аллаhқа жалынып көмек сұрайды. Ұстанған жолдары бөлек болғандықтан сырттай бөтен көрінген бауырларынан көмек алуды толық Сілтеме .4 Иә, ережесі ақиқат Мағынасы терең де ауқымды. Бізді де қамтып, ішіне алуы мүмкін.

Рисалей-Нұр жинағынан8қажетсінбейді. Ынтымаққа мұқтаждық сезінбейді. Оның үстіне менмендік пен көкіректік сезім араласса, өзінінікін дұрыс, ал басқаларды бұрыс санап, ауызбіршілік пен ынтымақ құрметтеудің орнына алауыздық пен бәсеке басталып, ықылас бұзылады. Міндет атқарылмай, қызметтің құны қашады. Енді, осы қатерлі себептің сұмдық салдарына ұшырамаудың тоғыз шарты бар.Біріншісі: Болымды әрекет ету, яғни өз жолына сүйіспеншілікпен қарап бүлік шығармау. Басқа жолдағылармен араз болу, оларды кемсіту, олардың пікірін, ілімін жоққа шығару, мінеу сықылды жат қылықтардан аулақ болу, олармен шұғылданбау.Екіншісі:Ислам шеңберіндегі қандайда бір жамағатпен, хақ жолды ұстанған топпен араларында сүйіспеншілікке, бауырластыққа, ауызбіршілікке ұйытқы болатын көптеген байланыстар бар екенін ұмытпай, ұйымшыл болу.Үшіншісі: Әр бір тура жолдағы адам, басқаның ұстанған жолына килігуіне жол бермейтін ережені, яғни: «менің жолым тура, хақ немесе әлдеқайда жақсы» деуге болады, бірақ, басқаның жолын бұрыс дегендей немесе жағымсыз етіп көрсететіндей «менің жолым ғана хақ, дұрысы тек менікі» деуге болмайды деген ережені ұстану керек.

9Ықылыс сырытөртіншісі: Хақ жолындағылармен бірігу, асыл дініміз Исламның өркен жайып абыройы үстем болуына, Аллаh Тағаланың таупық жарылқауына бөленуге бірден-бір себеп екенін естен шығармау...Бесіншісі:Азғындар мен адасқандар ұйымдасудың арқасында жамағат бейнесінде, қуатты рухани тұлға түрінде шабуылдап жатқан кезде,оған қарсы, ең мықты деген жеке тұлғаның өзі жеңіліп қалатынын біліп, хақ жолындағылармен бірігіп рухани бір тұлға болып, азғындардың әлгі жойқын рухани тұлғасына қарсы қол ұстасып, ақиқатты сақтап қалу.Алтыншысы: Шындықты арашалау. Оны жалғанның үстемдігінен құтқару.Жетіншісі: Нәпсісі мен менмендігін...Сегізіншісі: Бұрыс түсінген ар-намысын...тоғызыншысы: Болмашы нәрсеге бәсекелесуді қою. Міне, осылайша ықыласқа қол жетеді, міндетін толық атқарған болады. (Cілтеме )5. Сілтеме . 5Тіпті сахих хадис бойынша, ақырзаманда христиандардың шынайы діндарлары Құран жолындағылармен бірігіп, ортақ жау дінсіздікке қарсы күреседі дейді. Сондықтан бүгінгі таңда діндарлар мен ақиқатшылар дінде-стері, әріптестері, бауырларымен ғана бірігіп қоймай, тіпті христиандардың шынайы дінбасыларымен де араздық туды-раттын мәселелерді уақытша қозғамай айтысып-тартыспай ортақ дұшпан кәпірлерге, анталаған дінсіздерге қарсы бірігуге мұқтаж.

Рисалей-Нұр жинағынан10ҮШіНШі СЕБЕП. Хақ жолындағылардың алауыздығы қайратсыздығынан емес. Сондай-ақ, хақ жолынан тайған азғындардың ауызбіршілігі де жігерлі қайратты болғандықтан емес. Хақ жолындағылардың алауыздығы қайрат-жігерлерін бұрыс пайдаланудан. Ал азғындардың ауызбіршілігі жігерсіздіктен туындаған әлжуаздық пен бейшаралықтан. Хақ жолындағылардың жігерін сарқып, оны теріс пайдалануы, одан алауыздық пен бәсеке туындауы және ақырет тұрғысынан жағымды қасиет саналатын сауап пен ақыреттік іске құмарланып тоймауы құштарлықтан. Яғни, «Ол сауапты мен алайын, мына адамдарға тура жолды мен көрсетейін, мені тыңдасын» дейді де, шынайы бауырының сүйіспеншілігі мен көмегіне мұқтаж бола тұра бәсекелестік рай танытады. «Шәкірттерім неге оған барады? Неге оның шәкірттеріндей менің де көп шәкіртім жоқ?»деп бойын менмендік билеп, мансапқорлық деген жаман қылық танытып ықыласы бұзылады. Рия жұртқа жақсы көріну қаупі төнеді.Міне, бұл қателіктің және ауыр рухани індеттің емі мынау: «Аллаh Тағаланың ризашылығына тек шынайы ықылас бөлейді. Зор табысқа жету, iзінен ерушілерді көбейту Аллаһты риза қылатын амал мес. Осыны түсіну керек. Өйткені, ол Аллаһтың ісі болғандықтан пенде одан жауап бермейді сұралмайды. Табыс пен жетістік өздігінен келеді,

11Ықылыс сырыол беріледі. Кейде бір ауыз сөз пендені тозақтан құтқарып, Аллаһтың ризашылығына бөлеуі мүмкін. Олай болса соңынан ерушілердің аз-көптігіне мән берілмеуі тиіс. Өйткені кейде бір адамнаң тура жолға түсуі мың адамнан абзал болып, Аллаhтың ризашылығына бөленуге себеп болады. Һәм ықылас пен шынайылық дегеніміз, мұсылмандардың қайдан, кімнен болса да рухани пайда көруін құптап, соған жақтас болу. Әйтпесе, «менен ғана дәріс алсын, сауабын мен алайын» деген ой менмендік пен нәпсінің бір айласы.Ей, сауапқа тойымсыз, ақыреттік істерге қанағатсыз адам! Кейбір пайғамбарлар ізiнен ерушiлерi санаулы ғана болса да, пайғамбарлық міндетін толық атқарып мол сауапқа ие болған. Демек, ізінен ергендерді көбейту мәселе емес, мәселе – Аллаhтың ризашылығына бөлену. Жұрт менi ғана тыңдасын деп ашкөздене өз мiндетiңдi ұмытып, Құдайдың ісіне араласатындай сен кімсің? Мойындату, қабылдату халықты үйіріп алу Аллаhтың ісі. Сен өз міндетіңді атқар! Аллаhтың ісіне араласпа!Сондай-ақ, хақ пен ақиқатты тыңдаушылар және оны айтқан адамға сауап жаздыратын тек адамдар ғана емес. Аллаhтың саналы мақұлықтары, руханилары мен періштелері әлемді безендіріп әр тарапында толып, тұр. Сен көп сауап алғың

Рисалей-Нұр жинағынан12келсе, шынайы ықыласты меңгер! Тек, Аллаhтың ризашылығын ойла! Сонда сенің аузыңнан шыққан әрбір сөзiң мүбарак болып ықыласпен және адал ниетпен жанданып тіріледі де сансыз саналы пенделерді нұрландырады әрі саған сауап жаздырады. Мәселен, сен «Әлхәмдулилләh» десең, бұл сөзің Аллаhтың құдіретімен миллиондаған үлкенді-кішілі «Әлхамдулилләh» болып ауаға тарайды. Наққашы-Хаким, Аллаһ әбестік пен ысырап жасамайтындықтан әлгі мүбарак сөзді тыңдайтын құлақтар жаратады. Егер ықылас пен адал ниетпен айтқан сөздерің жанданса, әрқайсысы тәтті жеміс сияқты руханилардың азығы болып, құлақтарына құйылады. Ал егер, айтылған сөздерде ықылас пен айтылмаса Аллаh ризашылығымен жанданбаса, тыңдалмай жетім қалады. Тек айтқан адамның ауызында мүбарак сөз болса сонша сауап жазылады. Дауысы әдемі болмағандықтан немесе тыңдаушылар аз деп тартыншақтайтын қарилардың (Құран оқушылардың) құлақтары шуласын!тӨРтіНШі СЕБЕП. Тура жолдағылардың өзара бәсекелесіп, жік-жік болуы істің соңын ойламағандықтан немесе ақылының таяздығынан емес. Ал, адасқандардың ымырашыл ынтымақтастығы істің соңын ойлап

13Ықылыс сырыпарасаттылықтан емес. Тура жолдағылар яғни әһли-хидает, хақ пен ақиқаттың күшімен нәпсінің соқыр сезіміне берілмей, жүрек пен ақылға салып келешектi пайымдайды. Дегенмен тура бағытты ұстай алмай және ықыласты сақтай алмағандықтан әлгі үстем мерейі баянды болмай жік-жік болып араздасады де. Адасқандар яғни әһли-далалет болса, нәпсі мен әуестіктің әсерімен азғантай, дайын тұрған олжа мен өткінші ләззат үшін және келешекте берілетін мол ләззатты құрқалдыратын соқыр сезімнің ықпалында қалып бір-бірімен ынтымақтасып, мықты одақ құрады.Иә, дүниелік дайын ләззат пен пайда үшін нәпсіқұмар азғындар, шын айы түрде бас қосып, ұйымдасуда. Ал, тура жолдағылар ақыретке қатысты және кейін келешекте берілетін пайдаларға және кемелдiктерге жүрек пен ақылға салып қалбке сүйеніп көңіл бөлгендіктен, тура бағыт, ұстап шынайы ықыласпен және нағыз жанкештілік танытып ынтымақтасу қолдарынан келе тұра, менмендіктен құтыла алмай, ақырында цифрат пен тәфрит яғни асыра сілтеу немесе жеткіліксіз қалдыру себепті қуат көзі болып табылатын ауызбіршілікті жоғалтып, ықыластан айрылуда. Ақыреттік істері де оңбай жүр. Аллаhтың ризашылығына да оңайлықпен бөлене алмайды.

Рисалей-Нұр жинағынан14Осы қауіпті дерттің емі: «Әл хуббу филләһ»сырымен хақ жолда жүргендерге серік болып, оларды мақтан тұту, олардың соңынан еру және имамдықты соларға беру, хақ жолында жүрген адам өзінен әлдеқайда артық екендігін ойлап, менмендіктi қойып, ықыласқа қол жеткізу, және ықыласты аз амал көптеген ықылассыз істерден артық екендігін ескеріп, жауапкершілігі мол, қауіпті әрі қиын басқару ісіне ұмтыла бермей қызметші болуды, бағынуды артық санау. Сонда әлгі дерттен құтылып, шынайы ықыласқа қолы жетеді, ақыреттік міндетін адал атқарады.БЕСіНШі СЕБЕП. Әһл-и хидаеттің бір-бірімен араздығы, жік-жік болуы әлсіздіктен емес, сондай-ақ, әһл-и ғафлет пен әһл-и далалеттің адамдар мен ғалымдардың ынтымағы мықты қуаттылығынан емес. Әһл-и хидаеттің жік-жік болып бөлінуіне кәміл иманның демеуі және сол демеуден пайда болатын күш қуат. Ал, әһл-и ғафлет пен әһл-и далалеттің ынтымағы болса, көңілге демеу таппай, дәрменсіз болғандығынан. Сондықтан, демеуге мұқтаж әлсіздердің ынтымақтары әрқашан берік болады. Ал мұқтаждығын сезіне алмаған қуатты мықтылардың ынтымақтары айтарлықтай берік болмайды. Мәселен арыстандар түлкілер сияқты уайымдауға мұқтаж болмағандықтан жекедара өмір сүреді. Жабайы ешкілер қасқырдан сақтану үшін үйір құрады. Демек, әлсіздердің ұйымы яғни

15Ықылыс сырыөзара құрған рухани тұлғасы қуатты келеді. Ал, қуаттылардың ұйымы әлсіз болады. (Сілтеме ).6Бұл сырға Құран Кәрім былайша астарлы түрде ишара, қылған. дейтін аятта әйелдер қауымы айтты деген етістікті ер адамға тиісті ер адам айтты деген етістікті қолданған. Ал,дейтін аятта ер кісілер айтты дегенді деп, әйел адамға тән етістікті қолданған. Бұл әлсіз әрі жұмсақ мінезді әйелдердің ұйымы қуатты тіпті, жойқын күшке айналып ерлер сияқты болатынын мегзеген еркекке тән етістікті керек ететіндіктен деген. Бұл өте шебер шешендік. Ал, қуатты еркектердің, әсіресе, бәдәуи арабтардың жамағаты өз күштеріне сенетінтіктен әлсіз болып, сақтық пен жұмсақтық пайда болатындықтан яғни бір жағынан алғанда әйелге тән қасиетке ие болғандықтан Құран Кәрім деп әйел адамға қатысты етістікті қолдануы өте керемет шешендік.Сілтеме .6 Еуропадағы ұйымдардың ең мықтысы, ең әсерлісі, белгілі мағынада жойқыны әйелдер құрған «Америка әйелдерінің еркіндігі мен құқығы» деп аталатын ұйым екен. Һәм, басқа ұлттарға қарағанда саны аз әрі әлсіз армян ұлты құрған ұйым мықты екен. Олардың жанкешті түрдегі ұйымшылдықтары осы айтқанымызға дәлел.

Рисалей-Нұр жинағынан16Рас, әһл-и хақтың яғни хақ жолындағылардың жүрегінде өзара қуатпен, демеудің көзі болып табылатын Аллаһқа иман болғандықтан және тәуекел етіп Аллаһқа сенгендіктен, басқаның демеуіне мұқтаждығын сезініп көмек сұрамайды. Сұраса да, өліп-өшпейді. Ал, дүниеқор, адасқан топ болса, шын демеудің не екенін білмегендіктен шарасыз өзара жәрдем іздеп жанығады да, жанкештілікпен бір-бірімен ұйымдаса қалады. Міне, әһл-и хақ ынтымақтың зор қуатын ойламай ізден дей өзара жөнсіз орынсыз алауыздыққа түсіп, зиян шегуде. Ал, ақиқаттан алыс әһл-и далалет болса, әлсіз болған соң өздерінің мақсатына ұйтқы болар себептердің ең маңыздысына, яғни ынтымаққа қолы жеткен. Енді, әһл-и хидает тура жолдағылардың осы алауыздық дертінің емі мына аят яғни – жік-жікке бөлінуді қатаң тыйым салатын аятындағы Аллаһтың ескертуін және аятындағы қоғамдық өмірде маңызды рөл атқаратын Иләhи әмірді тыңдау; алауыздықтың Ислам үшін аса зиянды екенін ойлау, яғни алауыздық, әһл-и далалеттің әһл-и хаққа үстемдік етуіне көмектесу болып табылатынын ойлап, әлсіздік пен дәрменсіздікті өздеріне

17Ықылыс сырышапағатшы етіп әлгі әһл-и хақтың көшіне еріп жанкешті әрі шынайы түрде қосылу; менмендікті тастап екіжүзділік пен жасанды іс-әрекеттен құтылып, ықыласты болу. АЛтЫНШЫ СЕБЕП.Әһл-и хидаеттің бастары қосылмауы қарақан басын ойлаудан да, опасыздықтарынан да, жігерсіздіктерінен де емес. Сондай-ақ бейқам кәпірлер мен адасқандардың дүниелiк іске келгенде ауызбіршілігі мәрттіктен де, көпшіліктiң қамын ойлаудан да, жігерлі болғандықтан да емес. Керiсiнше әһл-и хақ ақыреттiк пайдаларды көбірек ойлайды. Ондай маңызды мәселелерге күш-жігерін, ынтасын көбірек жұмсалады. Қолындағы байлығын, яғни уақытын көп мәселеге айыратындықтан жолдасымен әрiптестерімен толық ынтымақ құруға алмайды. Себебі атқарылар шаруа көп, қызмет алаңы кең.Ғапыл, адасқандар тек бұл дүниелік өмірді ойлағандықтан, бүкіл күш-қуатын жан-тәнімен дүниелік мәселелерге жұмсайды. Мәселеге қатысты кім көмектессе бар күшімен жабыса кетеді. Олар есі ауысып бір тиындық шыны сынықтарын мың теңгеге сатып алған зергер яһуди секілді, негізінде бес тиынға тұрғысыз мәселелерге аса қымбат уақытын жұмсайды. Әлбетте, осынша мән, мұнша баға беріп күш-жігерін, уақытын жұмсап, шын көңілден ықылас танытқандықтан әлгіндей

Рисалей-Нұр жинағынан18шаруада табысқа жетіп, ықыластың арқасында теріс жолда болса да хақ жолындағылардан үстем келеді. Сол жеңістің нәтижесінде хақ жолындағылар қор болып, айтқанын істеп, жасанды әрекеттерімен көзбояушылыққа салынып, ықыласты жоғалтады. Әлгі алаяқ, екіжүзді дүниеқоңыздарға жалбақтауға мәжбүр болады.Ей, хақ жолындағы бауырлар мен әділдікті сүйіп, әділетті жақтаушы шариғатшылар мен тариқатшылар! Мына сұмдық алауыздық дертінен құтылу үшін бір-біріңнің кемшіліктеріңді көрмеуге тырысып, айыбына көз жұмыңдар!аяты бұйырған әдеппен әдептеніңдер! Сыртқы жаудың шабуылы кезінде, ішкі алауыздықты қойып, тура жолдағыларды қорлықтан құтқаруды ең бірінші және ең маңызды ақыреттік міндет деп біліңдер. Жүздеген аят пен хадистерде әмір етілген бауырластық, сүйіспеншілік, өзара жәрдемдесуді бар ынтамен жасап, діні бір бауырларыңмен ұйымдасып дүниеқорлардан бетер ынтымақта болыңдар, яғни, алауыз болып бөлінбеңдер «Алтын уақытымды мұндай кішкене мәселеге жұмсағанша пікір, зікір секілді қымбат істерге жұмсайын» деп, ауызбіршілікті азайтпаңдар! Себебі, мына болып жатқан рухани, пікіри жиһад кезінде кішкентай мәселе деп жүргендерің үлкен мәселе болуы

19Ықылыс сырымүмкін. Жауынгердің қиын да қауіпті кезде бір сағаттық күзеті кейде бір жылдық ғибадат болып есептелетіні секілді хақ жолындағылардың жеңіліске ұшырап қиналған мына заманда, рухани жиһадтың кішкентай мәселесіне жұмсалған сенің қымбат бір күнің, әлгі жауынгердің бір сағаты секілді, мың есе көбейіп, бір күнің мың күнге пара-пар болуы мүмкін. Аллаһ үшін болғандықтан мәселенің үлкен-кішісіне, маңызды-маңызсыздығына қарамайды. Аллаһ ризасы үшін, ықыласпен жасалған кішкене амал таудай үлкен болады. Себепке емес нәтижеге қарау керек. Нәтижесі Аллаһтың ризашылығы және өзегі ықылас болғансоң ол мәселе кішкентай емес, керісінше үлкен.ЖЕтіНШі СЕБЕП. Хақ жолындағылардың алауыздығы мен бәсекелесуі қызғаныштан да, дүниеқұмарлықтан да емес. Сондай-ақ дүниеқорлар мен бейқамдардың ауызбіршілігі ақкөңілдігінен де, жомарттығынан да емес. Хақ жолындағылар ақиқаттан пайда болатын ұлық қасиетті қайраттылықты, сондай-ақ хақ жолда болатын жарысты шынайы да адал ережелерін толық сақтай алмағандықтан әрі лайық еместердің іске араласып бұрысқа пайдалануынан бір-бірімен бақталасқандай алауыздыққа салынып, өздеріне де Ислам жамағатына да зиян келуде.

Рисалей-Нұр жинағынан20Бейқамдар мен адасқандар болса, құмартқан пайдаларынан айырылып қалмау үшін және сол пайда үшін жақсы көріп, өліп-өшкен басшыларын, жора-жолдастарын ренжітпеуі үшін тіпті олар оңбаған әрі сатқын болса да шынайы ауызбіршілікті сақтады. Өздері нашар, әрі қарақан басын көп ойлайтындықтан пайданың айналасына жиналған кімді де болсын бауырына тартып уайымдаса қояды. Ықыластың нәтижесінде пайдасын да көреді.Ей, басы бәлеге ұшырап ауызбіршілігін жоғалтқан хақ жолындағылар! Мына пәлекетті заманда, ықыласты жоғалтқандықтан және Аллаһ ризасын басты мақсат қылмаған тура жолдағылардың жеңіліп, күйреуіне себеп болдыңдар.Діни, ақыреттік істер бақталастық, көре алмаушылық, қызғаныш болмайды. Болуы мүмкін емес. Өйткені, қызғаныш пен көре алмаушылық бір нәрсеге көп адамның ұмтылуынан, бір мақамға көп көздің тігілуінен, бір нанды көп асқазанның жегісі келуінен пайда болады. Сосын бақталастық, қызғаныш, қақтығыс болады. Дүниеде бір нәрсеге көп адам талап қылады. Ал дүние тар, әрі өткінші. Адамның талап-тілектерін қанағаттандыра алмайды. Сосын бақталастық пайда болады. Алайда, ақыретте бір адамға үлкендігі бес жүз жылдық (сілтеме )7 кең Жәннат бұйырып жетпіс Сілтеме .7 Назар аударарлық маңызды сұрақ. Хадисте бір адамға ортақ Жәннаттан бес жүз жылдық өзіндік Жәннат

21Ықылыс сырымың сарай, қор қыздары беріліп, Жәннаттықтар жағдайына риза болатындықтан, ақыретте қызғанып бақталасатын нәрсе жоқ. Ол жақта. Бақталастық болмайды.Олай болса, ақыретке қатысты игі амал сауапты істе бақталастық болмауы тиіс қызғаныш орынсыз. Қызғанған адам я екіжүзді. Өйткені салих амалымен беріледі дейді. Бұл мәселе дүниелік ақылға сыймайды?Жауап: Мысалға бұл дүниеден, әркімнің өзіндік өткінші дүниесі бар. Ол дүниенің тірегі - әрадамның өз өмірі. Ішкі-сыртқы сезімдермен сол өзіндік дүниесін көреді, пайдаланады. Күн менің - шамым, жұлдыздар - шырақтар дейді. Басқа мақұлық жаратылыстың болуы оның иелі кетуіне кедергісі жоқ, қайта безендіріп, көрік беріп құлпырта түседі. Дәл сол сияқты, әрбір мүминге Жәнатта бірақ одан мың есе артық мыңдаған сарайлар мен хор қыздары, бау-бақшалар ортақ Жәннаттан әркімге ана басы мен мына басы бес жүз жылдық жеке Жәннат беріледі. Әркім дәрежесіне қарай кемел сезімдері мен Жәннатқа лайық түрде пайдаланатын болады. Басқалардың болуы оның иелігіне, пайдалануына нұқсан келтірмейді, қайта қуат береді. Өзіндік жеке әрі кең Жәннатын құлпырта түседі.Рас, иә бұл дүниеде бір сағаттық бауда, бір күндік саяжайда, бір айлық елде, бір жылдық көрмеде саяхат еткен адам аузымен, көзімен, құлағымен, зауқымен, тілімен және басқа да сезімдерімен қалай пайдаланса, дәл сол сияқты әлгі бір сағаттық шектеулі бауды-шексіз пайдаланатын фәни дүниедегі тіл, мұрын тағы да басқа сезімдер, мәңгі солай пайдаланады. Бұл дүниеде көз бен құлақ бір жылдық көрмеден қанша пайдаланса, ол жерде бес жүз жылдық көрмедегі саяхаттан сол әсем дүниеге лайық түрде пайдаланады.Әр мүмин шамасына қарай, дүниеде жинаған сауаптарына, игіліктеріне сай және жетілген сезімдерімен зауық алып рахатқа батады, пайдасын көреді.

Рисалей-Нұр жинағынан22дүниелік пайда іздеп жүр, я болмаса барып тұрған надан. Өйткені салих амал не үшін жасалатынын, әрі салих амалдың рухы, негізі ықылас екенін білмейді. Бақталас амындеп Аллаһтың дос-әулиелеріне (белгілі мағынада) дұшпандық ойлап, Аллаһтың мол мейіріміне шәк келтіруде.Осы ақиқатты қуаттайтын бір оқиға айтып берейін. Ескі достардан біреуі біреуімен араздасып дұшпан дұшпан болатын бірде. Оның көзінше әлгі дұшпанының салих амалдары мақталып, тіпті әулие дәрежесінде жақсы сипаттары айтылады. Әлгі адам мұны еш қызғанбады. Содан біреу былай деді: «Пәлі, сенің ол дұшпаның батыр әрі қуатты екен!». Әлгі адамды қызғаныш пен бақталастық сезімі билеп түрі бұзылып кетті. Біз оған: «Әулиелік пен тақуалық қасиет мәңгі өмірдің жақұтындай зор байлық, жоғары мәртебе. Сен мұны еш қызғанбадың. Ол дүниелік қара күш өгізде де болады, батырлық жыртқыш хайуанда да болады. Ол, әулиелік пен тақуалықтың қасында Жәй шыны тәрізді түкке тұрғысыз нәрсе емес пе?» - дедік.Сонда әлгі адам: «Рас, ол екеуміз дүниеде бір жерге, бір орынға көз тіккен едік. Ол жерге жету үшін күш-қуат пен батырлық керек болатын. Сол үшін қызғандым. Ал, Ақыреттік шексіз ғой. Ол бұл жерде менің дұшпаным болса да, ол жерде шынайы досым болуы мүмкін» - деді.

23Ықылыс сырыЕй, әһл-и ақиқат пен әһл-и тариқат! Хаққа қызмет ету үлкен де ауыр қазынаны көтеріп жүру және оны сақтау сияқты жауапкершілігі мол қызмет. Ол қазынаны тасушыларға қанша күшті білектер көмекке келсе, сонша жеңілдей түс ететіндіктен, қуанып қарсы алады. Шынайы жақсы көріп әлгі келгендердің өзінен артық тың қуаттарын, күшті демеуін мақтана құрмет көрсетудің орнына, қызғанып бақталасып, көмекші достарға алакөзбен қарап, ықыласты жөні бар ма атқарған? Міндеттеріңе шәк келтіріп әһл-и далалеттің назарында, сендерден және сендер ұстанған жолдан жүз есе төмен болып саналатын дінді пайдаланып дүние табу, ақиқат ілімін күн көру үшін пайдалану, ашкөздене бақталасу жаман ат тағылып айыпты боласыңдар. Бұл дерттің жалғыз емі бар. Ол әркім аз нәпсісін айыптау, өзін кінәлау және әрдайым нәпсісіне емес әріптесіне жақтасу.Ғұламалар арасында Ислами әдептілік пен ғылыми тартыста мынадай бір ақиқатқұмарлық пен ынсаптың ережесі бар: «Егер бір мәселенің талқылануы барысында өзінің дұрыс шыққанын қалап, дұрыс болғанына қуанса және қарсыласының жаңылысқанына риза болса, ол адам ынсапсыз, hәм зиян шегеді.»Себебі, өзі дұрыс шықса, білмеген нәрсесін үйрене

Рисалей-Нұр жинағынан24алмайды, әрі тәкаппарлықтың кесірінен зиян шегуі мүмкін. Егер, қарсыласы жеңіп шықса, ешқандай зияны жоқ, қайта білмеген нәрсесін үйреніп, нәпсінің мақтанып тәкәппарлануынан құтылады. Демек, ынсапты, адалжан ақиқат үшін нәпсісін ауыздықтай алады. Қарсыласы дұрыс шықса риза болып жақтап, әрі шындықты үйренгені үшін қуанады.Міне, осы ережені әһл-и дін, әһл-и ақиқат, әһл-и тариқат, әһл-и ілім ереже үлгі тұтса ықылас ты болар еді. Ақыреттік міндеттерін адал атқарып, тауып жетеді. Аллаhтың рахымымен қазіргі-рухани пәлекеттен құлдыраудан құтылар еді.

25Ықылыс сырыЖИЫРМА БіРіНШі ЛЕМА(Ықылас жайында)Он жетінші леманың, он жетінші тарауының жеті мәселесінің төртінші мәселесі еді, ықылас жайында болғандықтан Жиырмасыншы леманың өте нұрлы екінші тұжырымы деп аталды. Нұрлылығына орай Жиырма бірінші лема болып «Лемалар» жинағына енді.Бұл лема кемінде он бес күнде бір рет оқылып тұруы тиіс.Ей, ақыреттік достарым мен Құран қызметіндегі жолдастарым! Білесіңдер және біліп алыңдар! Бұл дүниеде, әсіресе ақыреттік қызметтерде басты мәселе, үлкен күш, қабыл болғыш шапағатшы, арқа сүйер берік тіреу, ақиқатқа төте жол, қабыл болғыш

Рисалей-Нұр жинағынан26рухани дұға, мақсатқа жеткізетін бірден бір себеп, шынайы қасиет, адал құлшылық – ықылас болып табылады. Аталған қасиеттер, ықылас пен келетіні рас. Сондай-ақ, мына аласапыран заманда, қас дұшпандармен бетпе-бет тұрған қысылтаяң сәтте, бидғаттар көбейіп, азғындық артқан кезде, біз өте аз әрі дәрменсіз, пақыр болсақ та өте ауыр әрі үлкен, жалпыға ортақ, қасиетті Иман мен Құран қызметі Аллаh жарылқап мойнымызға жүктеліп отыр. Әлбетте, бәрінен бұрын шынайы ықыласты болуға мәжбүрміз әрі міндеттіміз. Сондай-ақ, ықыластың сырын бойға сіңіруге мұқтажбыз. Әйтпесе, осы кезге дейінгі атқарған игі қызмет тоқырап, шырқы бұзылады да, қатаң жауапқа тартыламыз.аятындағы Аллаhтың ызғар шашқан ескертуі бізге арналған болады. Мәңгі бақытымызды зақымдайтын мағынасыз, түкке тұрғысыз, зиянды әрі өкінішті, өзімшілдік пен екіжүзділік сияқты жағымсыз сезімдерге беріліп, болмашы бір пайда үшін ықыластан айрылудың кесірінен осы қызметте жүрген барлық бауырларымыздың ақысын жеген болып есептелеміз, һәм Құран қызметіне тосқауыл, hәм иманның киелі ақиқаттарын құрметтемеген болып табыламыз.

27Ықылыс сырыЕй, бауырларым! Маңызы зор игі істің тосқауылдары көп болады. Шайтандар мұндай адамдарды көбірек азғырады. Мұндай кедергілер мен шайтандарға қарсы ықыластан қуаталып соған сүйенген жөн. Ықыласты бұзатын нәрселерден жыланнан, шаяннан қашқандай қашу керек. Хазіреті Жүсіп Ғаләйhиссәләмның дегеніндей жүгенсіз нәпсіге сенуге болмайды. Менмендік пен нәпсі сендерді алдап соқпасын. Ықыласты болып, оны сақтау және тосқауылдарды жою үшін мына қағидалар жетекшілерің болсын.БіРіНШі қАғИдА. Амалдарды Аллаhтың ризалығы үшін болсын. Егер Ол разы болса, жұрттың бәрі безіп кетсе де оқасы жоқ. Егер Ол қабыл алып, бүкіл халық наразылық білдірсе де ештеңе етпейді. Ол разы болып, қабыл алып, қалаған соң, хикметіне үйлесетін болса, сендер қаламасаңдар да халыққа мойындатады, оларды да риза қылады. Сондықтан, бұл қызметте тек қана Аллаhтың ризашылығына бөленуді басты мақсат деп білу керек.ЕКіНШі қАғИдА. Құранға қызмет етіп жүрген бауырларыңды мінемеңдер. Оларды төмендеткендей менің қасиеттерім сенікінен көп дегендей, қызғаныш сезімін оятып, қытығына

Рисалей-Нұр жинағынан28тимеңдер. Өйткені, адамның бір қолы екінші қолымен бәсекелеспейді, бір көзі екінші көзін мінемейді, тіл құлаққа қарсы шықпайды, діл рухтың айыбын көрмейді ғой. Керісінше, бір-бірінің нұқсандықтарын толтырып, жыртығын жамап, қажет кезінде көмектесіп отырады, міндетін жеңілдетеді. Өйтпесе адамның рухы денесінен шығып тән ыдырап кетеді. Сондай-ақ, фабриканың бөлшектері бір-бірімен бақталасып, тосқауыл болып, бір-біріне үстемдік етпейді. Бір-бірінің ағаттығын көріп, мінеп, еңбекке деген ынтасын жойып, тежемейді. Керісінше бір-бірінің бағытын ортақ мақсатқа туралап барынша жәрдем етеді. Нағыз бірлік, ынтымақпен басты мақсатқа қызмет етеді. Егер шөкімдей тосқауыл, үстемдік араласса фабриканың астан-кестеңі шығып. Нәтижесіз болып қалады. Фабриканың иесі ондай фабриканы бұзып тас-талқанын шығарады.Ей, Рисалей-Нұр шәкірттері және құран қызметшілері! Сендер мен біз, сондай бір «кәміл адам» атына лайық рухани тұлғаның ағзаларымыз және Мәңгі өмірдегі мәңгі бақытқа фабриканың құрал-жабдықтарымыз. Мұхаммедтің (С.А.У.) үмметін «дар-үс Сәлемге» бақыт жағалауы шығаратын Раббани кеменің қызметшілеріміз. Әлбетте, төрт адамнан бір мың бір жүз он бір тұлғалық рухани күш тудыратын ықыластың

29Ықылыс сырысырын тауып, өзара тату боп бірлесуге, арқа сүйеуге мұқтаж әрі мәжбүрміз. Иә, үш жердегі бір бөлек-бөлек тұрса үш, ал сандық сырымен бірлессе жүз он бір болады. Төрт жердегі төрт он алты, ал достық сырымен, мақсат бірлігімен, атқарар міндеті тұрғысынан теңдесіп, бір сызыққа келіп, иық тірессе, төрт мың төрт жүз қырық төрт шамасындай қуатқа ие болады. Сол сияқты шынайы ықыластың сырымен он алты жанкешті достың рухани күші төрт мың адамдай жойқын күшке ие болғандығын дәлелдейтін оқиғалар көп. Мұның сыры мынада: Нағыз, шынайы ынтымақ құрған әрбір дос, бір-бірінің көздерімен көріп, құлақтарымен ести алады. Сондықтан шынайы біріккен он адамның әрқайсысы жиырма көзбен қарайды, он ақылмен ойлайды, жиырма құлақпен естиді, жиырма қолмен жұмыс істейді деген сөз. Осындай рухани күш пен құндылыққа ие болады. (Сілтеме ).8Сілтеме8 Рас, ықыластың сырымен шынайы ынтымақ пен ұйымшылдық қыруар пайда көзі. Сонымен қатар, қорқынышпен үрейге тіпті ажалға қарсы берік қорған, арқа сүйер тіреу. Өйткені, өлім келсе бір ғана жанды алады. Ал, оның шынайы бауырмалдықтың сырымен Аллаh ризалығы жо-лында, ақыретке қатысты істерде бауырлары қанша болса сон-ша жаны болғандықтан өзі өлсе, «басқа жандарым аман бол-сын... Өйткені олар, әрдайым маған сауап жаздырып, рухани өмірімді жалғастыратындықтан мен өлмеймін» деп, ажалын қуана қарсы алады. «Сауап алу тұрғысында әлгі достарымның арқасында тірімін, тек күнә жасау тұрғысында өлемін» деп, қиналмай жан тапсырады.

Рисалей-Нұр жинағынан30ҮШіНШі қАғИдА. Бүкіл күш-қуат ықыласта екенін және ақиқат күшті екенін біліңдер. Иә, ақиқат пен ықыласта қуат бар. Тіпті, әділетсіздердің өзі әділетсіз істеріне ықыласты болғандықтан бойларына қуат бітеді. Иә, ақиқатта және ықыласта күш-қуат бар екеніне осы қызметіміз дәлел. Қызметіміздегі кішкене ықыластың өзі айтқанымызды қуаттап, өзіне-өзі дәлел болады. Өйткені, мен өз елімде және Стамбулда жиырма жылдан астам атқарған ғылыми және діни қызметіме қарағанда, бұл жерде сендермен бірге атқарылған жеті-сегіз жылдық қызмет жүз есе жемісті болды. Бір қызығы, өз елімде және Стамбулда менімен бірге қызмет еткендердің саны сендерден жүз, тіпті мың есе көп бола тұра, менің бұл жерде жалғыз, кіріптар, кәріп халде, ынсапсыздардың зомбылығын көріп, сегіз жыл бойы сендермен бірге атқарған қызметімді бұрынғы қызметімнен жүз есе жемісті қылған рухани күш, сендердің ықыластарың екеніне шүбә жоқ. Һәм мынаны да айта кетейін: Шынайы ықыластарың арқылы абырой мен даңққа құмар нәпсіме хош келетін риядан көзбояушылықтан сақтан, аз да болса құтылуыма себеп болдыңдар. Құдай қаласа, толық ықыласқа қолдарың жетіп, менің де ықыласымды арттырарсыңдар... Хазіреті Али (Р.А.) өзінің мүғжиза тәрізді кереметімен және Хазіреті Ғаус-ы Ағзам (Қуддуси Сыррухи) өзінің ғайып

31Ықылыс сырыжайлы жазған таңғажайып кереметімен сендердің осы ықыластарыңа байланысты құрметтеп ілтипат көрсетіпуде, әрі сендерді қызғыштай қорғап, демеп жүр. Олар атқарған қызметтеріңе дән риза. Мұндай қошеметтің ықылас арқылы келетініне әсте күмән жоқ. Егер бұл ықыласты біле тұра бұзсаңдар олардан шапалақ жейсіңдер. (Оныншы Лемадағы мейірімді шапалақтарды еске алыңдар.) Осы рухани қаhармандарды өздеріңе арқа сүйер әрі жетекші қылғыларың келсе сыры арқылы ықыласты болыңдар. Атақ, жоғары мәртебеге, қошеметке бөлену, тіпті пайдалы, жанға жайлы нәрселерге келгенде бауырларыңды өздеріңнен жоғары ұстаңдар. Мәселен мұқтаж мүминге өте тамаша, әсем иман ақиқаттарын үйрету; бейкүнә, зияны жоқ сауапты амал. Саған ұнамаса да, басқа бауырыңның бұл істі атқаруын өзіңе тәкаппарлық сезім келмеуі үшін, сол бауырыңның атқарғанын мақұл көр. Ал, «сауабын мен алайын, мына тамаша мәселені мен айтайын» деген ойың болса негізінде бейкүнә, зияны жоқ бірақ, араларыңдағы ықыласты зақымдауы мүмкін.тӨРтіНШі қАғИдА. Бауырларыңның ізгі қасиеттерін өзіңдікіндей көріп, кемелдіктерін өз бойыңда деп, олардың абыройымен шүкір етіп мақтану.

Рисалей-Нұр жинағынан32Сопылар арасында «фена-фиш-шейх», «фена-фир-расул» дейтін түсінік бар. Мен сопы емеспін. Дегенімен, олардың бұл дәстүрі біз үшін «фена фил-ихуан» түрінде болады. Бауырлар арасында мұны «тефәни» деп атайды. Бір-біріне келгенде фәни болу, яғни өз басының қамын ойламай, нәпсіге тән сезімдерін ұмытып, бауырларының ізгі қасиеттерімен, олардың сезімдерімен ойша өмір сүру сезіну. Онсыз да жолымыздың негізі бауырмалдық. Біздің қарым-қатынасымыз әке мен бала, пір мен мүрид арасындағы қарым-қатынас емес. Керісінше, шынайы бауырмалдылық. Көп болса араға ұстаздық кіреді. Ұстанған жолымыз «халилия», яғни шынайы достық сондықтан «хиллетті қатты ұстануымыз керек». Хиллет деген ең жақын дос, жанкешті жолдас, қадірлі де ақжарқын бауыр болуды талап етеді. Бұл хиллеттің іргетасы – шынайы ықылас. Шынайы ықыласты бұзған адам, сол хиллеттің биік шыңынан құзға құлайды. Орта да ұстап қалар еш нәрсе таба алмайды.Иә, алдымызда екі жол жатыр. Құранның даңғыл Ұлы жолы болып табылатын мына жолымыздан шығып кеткендер, қас дұшпанымыз, дінсіздерге біліп-білмей жәрдем еткен болады.

33Ықылыс сырыИншаллаh Рисалей-Нұр арқылы Қасиетті Құранның киелі шеңберіне кіргендер әрдайым нұрға, ықыласқа, иманға қуат беріп, әлгіндей құлдыраудан аман қалады.Уа, құран қызметіндегі бауырларым!Ықыласты болудың және оны сақтап қалудың тиімді жолдары бар.Біріншісі.«Рабытай-мәут». Ықыласты зақымдап, адамды рияға екіжүзділікке және дүниеге тартатын \"тул-ы әмел\" яғни бітпейтін армандар болса, сол екі-жүзділіктен жиіркендіріп, тиятын ықыласты қылатын «Рабытай-мәут»болып табылады. Яғни, өлімді ойлап, дүниенің фәни өткінші екендігін аңғарып, нәпсінің тұзағына түспеу. Әһл-и тариқат пен әһл-и ақиқат, Қасиетті Құранның аятынан сабақ алып, рухани даму кезінде рабытай-мәутті естен шығармай ұстанып отырған. \"Тул-ы әмелдің\" қайнар бұлағы болып табылатын мәңгі жасау ойын әлгі рабыта арқылы тұсаулап отырған. Олар: «біз өліп қалдық, денемізді жуып, қабірге қойып жатыр» деп қиялдайды. Жүгенсіз нәпсі осындай қайталанған ойлардан әсер алып, бітпейтін армандарынан шамалы да болса бас тартады. Бұл рабытаның пайдасы өте көп. Ол

Рисалей-Нұр жинағынан34жайында деген хадис бар. Яғни, «ләззаттардың шырқын бұзып ащы қылатын өлімді көп ойлаңдар!». Осылайша олар бұл рабытаны дәріс ретінде ұсынуда. Алайда, біздің жолымыз тариқат емес ақиқат болғандықтан бұл рабытаны әһл-и тариқат сияқты қиялдап, елес құрып жатуға мәжбүр емеспіз. Сондай-ақ, ақиқатқа үйлеспейді. Негізінде болашақты осы шаққа әкелмей-ақ, оның орнына нәтижені ойлау арқылы ақиқат тұжырымында осы шақтан болашаққа назар салып, ойша баруға болады. Қиялдаудың қажеті жоқ. Әркім мына қысқа өмір ағашының басындағы жалғыз жемісі болып табылатын өзінің жаназасын ойласын. Осылайша өз жаназасын көріп, одан әрі ілгерілесе ғасырының өліміне, одан әрі дүниенің өліміне де куә болады. Cөйтіп шынайы ықыласқа жол ашылады.Екіншісі. Шынайы иманның күшімен және Аллаhты тануға бастайтын тәфәккур, қоршаған ортаға зер салу, имани толғаныстың арқасында өзін Аллаһтың құзырындамын деп сезініп, Жаратушының барлық жерді қамтып, көріп тұрғандығын ойлап, Одан басқасының қошеметін күту, Оның алдында басқаларға жалбақтау, көмек сұрау әдепсіздік екенін біліп, риядан екіжүзділіктен құтылып, ықыласқа қолы жетеді...

35Ықылыс сырыМұның көптеген дәрежелері мен мәртебелері бар. Әркім қабілетіне қарай неғұрлым көп түсінсе, соғұрлым пайда. Рисалей-Нұрда екіжүзділіктен сақтайтын, ықыласқа қол жеткізетін көптеген ақиқаттар баяндалғандықтан соларға сілтеме жасалып, әзірге қысқаша жазылды. Ықыласты зақымдап рияға екіжүзділікке итермелейтін көптеген себептердің екі-үшеуіне қысқаша тоқталып өтейік.Бірінші себеп. Материалдық пайда үшін туындайтын бәсеке. Бұл уақыт өте ықыласты бұзады. Сондай-ақ, қызметтің нәтижесін де зақымдайды. Оның үстіне әлгі материалдық пайдадан да құр қалдырады.Иә, халқымыз ақиқат үшін, ақырет үшін қызмет еткендерге әрдайым құрмет көрсетіп, оларға жәрдем беріп отырған. Іс жүзінде де олардың ықыласты да адал еңбектеріне қолғабыс ретінде материалдық тұрғыдан көмектесіп, уақыты босқа кетпесін деп садақа, сыйлық сияқты заттай жәрдем етіп құрметтеген. Алайда бұл жәрдем мен пайданы сұрауға болмайды, ол беріледі. Һәм іштей тіленіп, жәрдем сұрағандай хал көрсетуге болмайды. Мүмкін, ол күтпеген жерден берілер. Әйтпесе, ықылас қашады. Һәм аятынан қатаң сөгіс алып, істеген жақсылықтарының

Рисалей-Нұр жинағынан36біршамасы босқа күйіп кетеді. Міне, бұл материалдық пайданы көзден іштей күтсе нәпсіге алданады, өзімшілдікке салынады, әлгі пайданы басқаға беріп қоймау үшін нағыз бауырына, қызметтес жолдасына қарсы бақталастық сезімі оянады. Ықыласы зақымдалып қызметінің құты қашады. Әһл-и ақиқат алдында жағымсыз көрінеді. Материалдық пайдадан да айырылып қалады. Қойшы әйтеуір... Бұл шұбаланған сөзді қысқартып, бауырларымның арасында ықыластың сыры мен шынайы ауызбіршілікті нығайта түсетін екі мысал айтып берейін.Бірінші мысал. Дүниеқұмарлар байлыққа кенеліп, қуаттану үшін тіпті кейбір саясатшылар мен лауазымды кісілер және ұйымдар, мал-мүлікті ортақтастыру дәстүрін ұстанады. Олар бұл ережені бұрыс мақсатта қолданса да, зор күшке, мол пайдаға кенелуде. Алайда мал-мүлікті ортақтастырудың көптеген зияндары бар әрі ортақтасқанымен мәнісі өзгермейді. Әрқайсысы жалпы ортақ нәрсенің бір жағынан иесі саналғанымен толық пайдалана алмайды. Ал, енді ортақтасу дәстүрі ақыреттік рухани істерде болса, еш зияны жоқ, әрі мол табысқа жетудің бірден-бір көзі. Өйткені барлық табыс түгелімен ортақтастар еншісі болып саналады.Мысалға төрт-бес адам ұйымдасып біріеуді жанармай, біріеуді пілте, біріеуді шам, біріеуді шыны, біріеуді сіріңке әкеліп шам жақса,

37Ықылыс сырыәрқайсысы сол шамның иесі саналады. Егер әрқайсысының дуалында не қолында үлкен айна болса, әлгі шам әрқайсысының айнасына бөлмемен бірге түгелден толық түседі. Дәл сол сияқты ақыреттік істерде ықыласты түрде ұйымдасудан және бауырмалдықпен бір-біріне арқа сүйеуден және жұмыстарды бөлісіп атқарудан пайда болған бүкіл табыс, барлық нұр, әрқайсысының амал дәптеріне нұқсансыз толық түрде жазылатындығы ақиқатшылдар арасында анық және болған оқиға және Аллаhтың мейірімі мен талабы.Міне ей, бауырларым! Сендерді Құдай қаласа, материалдық пайда өзара бәсекеге түсіре қоймас. Дегенмен ақыреттік пайда тұрғысында кейбір тариқатшылардың алданғандары сияқты, сендердің де алдануларың мүмкін. Алайда жеке, азғана сауап қайда? Әлгі мысалдағыдай ортақтасудан пайда болған үлкен сауап пен нұр қайда?Екінші мысал: Шеберлер өздері шығарған өнімді көбейту мақсатымен өнерлерін қосып бірлесіп үлкен табысқа жетуде. Тіпті тігін инесін жасайтын он адам, әу баста жеке-жеке еңбек еткенде, еңбегінің бір күндік өнімі не бәрі үш-ақ ине болған екен. Содан, ұйымдасқан түрде он адам бірлесіпті. Біреуі темір әкеліп енді, бірі от жағып, бірі темірді қыздырып, біреуі басын сүйірлеп деген дей... Әрқайсысы ине жасау өнерінде тек бір жұмыспен айналысыпты. Атқарған жұмыстары қарапайым

Рисалей-Нұр жинағынан38жеңіл болғандықтан уақыт үнемделіп кәсібі оңға басқан екен. Содан ұйымдасып атқарылған істің өнімін кісі басына шаққанда, әрқайсысына бұрын үш болғанын болса, енді үш жүз инеден келгенін көріпті. Еңбекке ынталандыру үшін бұл оқиға шеберлер арасында жарнамаға айналған.Міне, уа достарым! Дүниелік істерде, мал-мүлікке келгенде бірлесу осындай нәтиже беріп мол табысқа жеткізіп жатса, апырым-ай... ақыреттік, нұрлы, тұтас және Аллаhтың жарылқауымен әркімнің айнасына толық түсетін нұрға, сондай-ақ, баршаның сауабындай үлкен сауапқа ие болу, қаншалықты зор табыс екенін ақыл таразысына тартып байқаңдар. Мұндай мол табыстан бақталастық пен ықылассыздықтың кесірінен мақұрым қалуға болмайды.Ықыласқа кедергі болар екінші себеп. Мансапқорлықтан туындайтын атаққұмарлық және атақ-даңққа бөленіп көпшіліктің көзіне түсу, назарын өзіне аудару арқылы көкіректеніп масаттану. Бұлар – қауіпті рухани кесел. Сонымен қатар адамды «ширк-і хафи» деп аталатын екіжүзділікке, мақтаншақтыққа итермелейді, ықыласты зақымдайды.Уа, бауырларым!Қасиетті Құранның қызметіндегі ұстанған жолымыз ақиқат пен бауырмалдық. Бауырмалдық дегеніміз бауырлар

39Ықылыс сырыарасында менмендіті тастап (сілтеме )9 оларды өз жанынан артық көру. Сондықтан арамызда мұндай мансапқорлықтан шығатын бәсеке болмауы тиіс. Өйткені, ұстанған жолымызға мүлдем керағар. Бауырлардың абыройы жалпыға ортақ. Олай болса Рисалей-Нұр шәкірттері мұндай рухани үлкен абыройды мансапқорлық пен бәсекенің кесірінен жеке кішкентай атақ, абыройға айырбастамас деп үміттенемін.Иә, Рисалей-Нұр шәкірттерінің жүрегі, ақылы, рухы мұндай нашар, зиянды, жиіркенішті әрекетке бара қоймас. Бірақ, әркімде де жүгенсіз нәпсі бар. Кейде нәпсілік сезім бойды билеп, жүрек, ақыл, рухқа қайшы әрекет етіп өзінің дегенін біршама істетеді. Сендердің жүрек, рух, ақылдарыңды кінәлап отырғаным жоқ, қайта Рисалей Нұрдан алған әсерлеріңе сенім артып отырмын. Алайда, кейде нәпсі, әуестік сезім, бос ой адамды алдайды. Сондықтан кейде қатаң ескерту аласыңдар. Бұл нәпсі мен әуестікке қатысты. Абай болыңдар! Егер ұстанған жолымыз сопылық, яғни біреуді пір тұту болса белгілі бір мәртебе, рухани дәреже, шектеулі мақамдар болар еді. Сол мақамға көптеген қабілетті адамдар талаптанып, қызғанғандай өзімшілдік сезімі оянар еді. Бірақ, біздің ұстанған Сілтеме .9 Бақытты адам кім десеңдер, ол – Құранның кәусарынан сүзілген мөлдір де үлкен әуізге ие болу үшін, мұзкесек тәрізді өзінің тәкәппарлығы мен менмендігін әлгі мөлдір әуізге тастап еріткен адам.

Рисалей-Нұр жинағынан40жолымыз бауырмалдық. Бауырлар бір-біріне әке бола алмайды... тәрбиеші де бола алмайды. Бауырластықтың ауқымы кең. Бір-бірін қызғанып бақталасудың реті жоқ. Көп болса бауыр бауырына көмекші, арқасүйер демеуші болады, қызметін толықтырады. Әке немесе тәрбиеші сияқты аса қамқоршы болу, бір-бірін қызғанау сауапқұмарлық сезімдер өте зиянды әрі қауіпті. Тариқатшылардың орасан зор жетістіктері мен рухани табыстары бола тұра, жік-жікке бөлініп, бәсекеге түсуі бұған дәлел. Олардың орасан зор, киелі қуаттары мына бидғат дауылдарына қарсы төтеп бере алмауда.Үшінші себеп. Қорқақтық пен тойымсыздық. Бұл мәселе басқа да кедергілермен бірге «Худжумат-ы ситте» атты еңбегімде толық баяндалғандықтан соған сілтеме жасап, Мейрімі мол Әрхам-үр Рахимин Аллаһтан оның барлық көркем есімдерін шапағатшы етіп, бізге шынайы ықыласты нәсіп етсін деп жалбарыналық. Амин!

41Ықылыс сырыАйтылып жатқан тек ақиқатРисалей-Нұрда дәлелденгенiндей кейде зұлымдықтың ішінен әділдік көрініс табады. Яғни, адам бiр себеппен әдiлетсiздiкке, зұлымдыққа ұшырауы, мүмкін басына бiр пәле келедi, қамауға алынып, зынданда жатуы мүмкін. Бәлкім бұл әділетсіздік, болар мұндай үкiм зұлымдық боп көрінер. Бiрақ ол оқиға әдiлдiктiң көрінуіне себеб болады. Тағдыр жазалануға, лайық пенденi бір себеппен яғни залымның қолымен жазаға тартады, пәлеге душар етедi. Бұл Иләһи әдiлеттiң көрінісі. Қазiр ойлап отырсам жиырма сегiз жыл бойы ауылдан-ауылға айдалып, түрмеден-түрмеге қамалып жүрген жайым бар. Маған зұлымдық жасаған залымдар маған қандай кінә тақпақ болды? Дiндi саясатқа пайдалану ма? Мұны дәлелдей алмады ғой. Өйткенi, шын мәнiнде ондай ниетім жоқ. Бiр сот қыр соңымнан қалмай айлап, жылдап айыптағып, соттауға тырысады. Ол ештеңе шығара алмаған соң екiншi бiр сот бұрынғы iстi қозғап, қайта тергейдi. Ұзақ уақыт қинап, түрлi-түрлi азапқа салады да ол да нәтижеге жете алмай iстi аяқсыз қалдырды. Ендi бiрде үшiншiсi келіп жағама жабысады. Осылайша азаптан азап, бәледен-бәлеге таусылар

Рисалей-Нұр жинағынан42емес кетіп барамын. Өмірімнің жиырма сегiз жылы осылай өттi. Ақыры таққан айыптарының негiзсiз екендiгiн өздерi де түсiндi-ау. Олар мұны әдейі істеді ме, жоқ, әлде босқа күдіктеніп, қауіптенді ме екен? Мейлі әдейi істесін, мейлі босқа қауіптенсін, менiң мұндай қылмысқа қатысым жоқ екені айдан анық. Арым таза оған кәміл сенімдімін. Дiндi саясатқа пайдаланбайтынымды ары таза жанның бәрі бiледi. Тiптi, менi айыптаушылар да, жазаға тартқандар да, мұны жақсы біледі. Неге онда олар маған зұлымдық жасаудан тайынбады? Неге олар менi нақақтан нақақ жазықсыз болсам да абақтыға қамады? Осындай зұлымдыққа үнемі душар болуымның себебі не? Бұлай болуы Иләһи әдiлетке қайшы келмей ме?Ширек ғасыр бойы бұл сұрақтың жауабын таба алмай сан ойландым. Міне, оның негізгі себебін енді түсіндім. Мен бұған қатты толғандым.Менiң кiнәм мынау екен: Құранға деген қызметiмдi заттық немесе рухани кемелденуiме баспалдақ қылуым мүмкін еді. Соны ендi түсiнiп, жаңа аңғардым. Аллаһқа шүкiр, жылдар бойы еріктен тыс иманға деген қызметiмдi адал түрде яғни жеке басымның заттық немесе рухани кемелденуіне құрал қылуға, тозақтан құтылуыма, тiптi мәңгi бақытқа жеткізетін себеп қылуға, не

43Ықылыс сырыболмаса қандай да бiр мақсатқа пайдалануыма бұлар өте күшті мағынауи кедергілер, тосқауылдар екен. Бұл iшкi сезiм Иләһи ескерту менi қайран қалдырды. Баршаға жағымды рухани мәртебеге яғни игі істер мен салих амалдар жасап ақырет қуанышына қол жеткiзу әркiмнiң ақысы емес пе? Мұның ешқандай зияны болмаса да менің көңілім алаңдап жүрегім ондай жағдайды қаламайтын. Аллаһ ризашылығынан басқа, табиғи түрде ешнәрсені ойламай, ілімге қызмет киелі мiндетті атқаруға еріксіз түрде айдап, отырып маған тек қана иманға қызмет жолы көрсетiлдi. Өйткені, бұл заманда еш нәрсеге құрал болмайтын, тәуелсіз және барлық мақсаттан жоғары иман ақиқаттарын білмейтіндерге және білгісі келетіндерге әсерлі түрде түсіндіру, керекті мына аласапыран заманда иманды сақтайтын және ең қырсық бір беткейлерді де толық қанағаттандыратын, яғни еш нәрсеге құрал болмайтын Құран дәрісін беру қажет болатын. Мұны құлшылық деп білген жөн.Сонда ғана апат дінсіздік пен қырсық адасушылықтың дауылы басылады. Баршаның көзі жетіп, толық қанағаттанады. Осылай баршаны қанағаттандыру үшін қазіргідей қиын кезеңде діннің ешқандай да жеке бастың, ақыреттік немесе дүниелік мадди-мағынауи пайдасына

Рисалей-Нұр жинағынан44пайданылмағанын барша жұрт біліп көзі жеткенде ғана іске аспақ. Әйтпесе, ұйым болып біріккен дiнсiздiкке қарсы бір тұлға рухани дәрежесі қанша жоғары болса да, өзi туралы шүбә, күдiктерден арыла алмайды. Иманға келгiсi келген қырсықтың нәпсiсi, менмендiгi ол туралы: «өткір ойымен, керемет қасиетімен бiздi алдап түсiрдi» деп iштей күмәндануы мүмкін.Аллаһқа мыңдаған мәрте шүкiр етемін. Дiндi саясатқа пайдалану қаупiнен жиырма сегіз жыл бойы Иләһи тағдырдың жазуымен еріксіз түрде қақпайлап сақтап отырды. Дiндi ешқандай бас пайдама қолданбау үшін, өзiнiң шексіз әдiлдiгiмен мені адамдардың залым қолымен тоқпақтап, сан рет ескерту жасады. «Байқа, иман ақиқаттарын бас пайдаңа жаратпа! Иманға мұқтаж жандар айтылып жатқан тек ақиқат екенін білсін. Нәпсiнiң уәсуәсасы, шайтанның үні өшсін!...»Нұр рисалесі көңілге қонып, жүрекке ұялап алып теңiздiң толқынындай шабыт берушінің сыры міне, осында. Рисалей-Нұрдағы ақиқаттарды мыңдаған ғалымдар, жүз мыңдаған кiтаптарында өте көркем түрде жазған болса да дiнсiз, күпірлік пiкiрлердi тоқтата алмауда. Мұндай қиын қыстау аласапыран заманда, шектен шыққан кәпiрлiкке қарсы күресте Рисалей-Нұр аз да болса жеңiске

45Ықылыс сырыжетiп жатса, мұның сыры осында. Саидтың құдiретi де, бiлiктiлiгi де жоқ. Айтылып жатқан тек қана ақиқат, имани ақиқат.Ақиқаттың нұры иманға мұқтаж жандарға әсер етiп жатқаны рас, олай болса, бiр Саид емес мың Саид пида болсын. Сол үшін жиырма сегiз жыл тартқан азапты, душар болған қиындықты, шеккен жапаны, кештім. Маған зұлымдық жасағандарды, мені жер аударғандарды, зорлық-зомбылық көрсеткендерді, түрлi-түрлi айып тағып кiнәлағысы келгендерді, маған зынданнан орын дайындағандарды кешірдім, кештiм. Әдiл тағдырға айтарым: Мен сенiң оындай мейірімді шапалағыңа лайық едiм. Әйтпесе, мен де өзгелер сияқты қауiпсiз бір жол тауып өзiмдi құтқаруды ойлағанда және қалау-сезімдерімді тыңдағанымда иман қызметiндегі мұндай үлкен рухани жеңіске жете алмас едiм. Мен барлық нәрсемдi құрбан еттiм. Түрлi қиындыққа шыдадым, түрлi азапқа сабыр еттiм. Соның арқасында иман ақиқаты кең құлаш жайып, әр тарапқа жайылады. Сөйтіп Нұр мектебiнiң жүз мыңдаған, тiптi миллиондаған шәкiрттерi жетiлдi. Ендi бұл жолда иманға қызметтi солар жалғастыратын болады. Менiң мадди-мағнауи әр нәрседен бастартып, азға

Рисалей-Нұр жинағынан46(қанағат) ұстанымынан әсте ауытқымайды. Тек Аллаһ ризалығы үшiн қызмет ететін болады.Бiзге қиянат жасағандар Иләһи тағдырдың терең сырларына ақылдары жетпей, бiздiң киелі мақсатымызға яғни, иман ақиқаттарының таралуына қызмет еттi. Бiздiң мiндетiмiз оларға тек тура жол, хидает тiлеу. Мен ауыр науқаспын жазуға да, сөйлеуге де шамам жоқ. Мүмкiн бұл менiң соңғы сөздерiм болар. Медресет-уз Зехраның Рисалей-Нұр шәкiрттерi бұл өсиетiмдi ұмытпасын.Саид Нұрси.

47Ықылыс сырыЖалқаулықтың зынданынатүсуiмiздiң себебi не?Өмiр деген шабыс, iс-әрекет. Ынта-ықылас болса оның көлiгi. Сендер талпынып ынта-ықыласқа мініп өмір дейтін күрес майданына атылғанда ең бірінші \"үмiтсiздiк\" дейтін жау алдын кес-кестеп ынта-жігерлеріңді азайтады. Сендер ондай жауға қарсы (үміт үзбеңдер!) деген қылышты сермеп қалыңдар!Онан кейін ешкіммен таласпай хаққа қызмет етудің орнына \"біреуден жоғары тұру\" деген жаман ой өктемшіл дұшпан шығып ынта жігерді тоқтатып тастайды. Сендер оған қарсы Құдай үшін істеңдер деген ақиқаты қорған қылыңдар!Мұнан кейiн, \"асығыстық\" дейтін жау шығып, өзара байланысып жатқан реттiлiкті сақтамай ынта-жігердің аяғын тайдырады. Сендер ондайда Сабыр етіңдер, сабырлы болыңдар, байланысты үзбеңдер деген аятты қалқан қылыңдар!

Рисалей-Нұр жинағынан48Адам жаратылысы мәдени, көпшіл болғандықтан өзі тектестердің құқын сақтауға мiндеттi және қоғамда өзінің құқығын да сақтауға жауапты. Енді сол адамның ойын сан-саққа жүгіртіп өзін ғана ойлау, өзiмшiлдiк дейтін жаман ой қас дұшпан шығады. Сендер бұл кезде оған (адамдардың жақсысы, адамдарға пайдалысы) деген хадиспен амал етіп өзгеге қамқоршы болу деген күрескерді қарсы қойыңдар!Мұнан кейiн басқаның ерiншектiгiн сылтау қылатын жаман әдет шабуыл жасайды. Сендер оған қарсы тек бір Аллаһқа сеніп, тек оған тәуекел ету деген берiк қорғанмен ынта-жігерді сақтап қалыңдар!Онан кейiн әлсiздiк пен өзіне сенімсіздіктен туындайтын және iстi біреуге тапсыру, салғырттық дейтін дұшпан кезiгедi. Ынта-жігердің қолынан тартып, отырғызып тастайды. \"Сендер қожайынсып әмір етпеңдер! Сендерге әмір етілгенде тура болыңдар!\" деген заңғар ақиқатпен салғырттық дейтін дұшпанды қуып жіберіңдер. Сонда дұшпанның қолы жігердің табанына да жетпейді.

49Ықылыс сырыКелесi кезекте Аллаһтың iсiне араласу дейтiн дiнсiз, имансыз дұшпан шығып, жігердің көзін соқыр қылады. Сендер де өте тиiмдi, пайдалы және өз мiндетiне адал \"Біреудің адасуы сендердің тура жолда жүрулеріңе кері әсер етпейді\" деген ақиқатты әлгі дінсіз дұшпанды сабасына түсіру үшін қарсы қойыңдар!Мұнан кейiн бүкіл машақаттың қайнар көзі, күллі азғындықтың бұлағы \"рахат құмарлық\" дейтін жау келедi. Ынта-жігерді тұсаулап, пақырлық зынданына итереді. Сендер де яғни Адамға тек істеген еңбегі, жасаған амалы бұйырады, дейтін жақсы қасиет еңбеккештілік күрескерiн әлгі сиқыршы жендетке қарсы қойыңдар. Иә, машақаттану сендер үшін жан рахаты. Өйткені табиғаты тынымсыз адам баласының рахаты тек еңбек пен күресте болып табылады.

Рисалей-Нұр жинағынан50(Сілтеме ).10«Нәпсi әрдайым жамандыққа итередi» деген аяттың және «ең қауiптi дұшпан - нәпсi» деген хадистiң бір тұжырымы: Асау да жүгенсiз нәпсі және өзін тәрбиелемеген, нәпсiсiн жақсы көретін адам өзгенi жақсы көрмейдi. Жақсы көрсе де шынайы емес, одан түсер пайда мен ләззатты жақсы көреді. Ондай адам әрдайым жағымпазданып жақсы көрінгiсi келедi. Қателік жіберсе адвокат сияқты өзін қорғаштап ақтап алуға дайын тұрады. Тiптi өтiрiк айтып, нәпсiсiн асыра мадақтап, қателiк атаулыдан пәк сияқты көрсетеді. Соған қарай аятының ауыр жазасын тартады. Ақырында мақтануы мен жақсы көрiнуi керiсiнше болып жұрт ұнатпай жек көреді, жағымсыз атанады. Сондай-ақ, ақыретке қатысты iстерiне екiжүздiлiк араласып, Сiлтеме .10 Бұл бөлiмнiң баршаға пайдасы бар.


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook