Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Дерт пен Дауа

Дерт пен Дауа

Published by risalekz, 2020-02-17 03:40:36

Description: 25-Lema
(Hastalar Risalesi)

Keywords: Рисей Н?р,Саид Н?рси

Search

Read the Text Version

51салыстырып көріңіз: Егде жастағы бір әйел, өте жақсы көретін жалғыз баласы өлім аузында жатқанда, бұл дүниеде мәңгі қалатындай, өлімді жоқ болу, мәңгіге айырылысу деп білгендіктен мамықтай жұмсақ төсегінің орнына қабірдің суық топырағын ойлап, ғапылдықтың кесірінен Әрхам-ур Рахиминнің Жәннатын, шексіз рақымын ойламай, қаншалықты үмітсіз қайғы мен мұңға бататынын ойлаңыз! Бірақ, екі жиһанның бақытына қол жеткізуге дәнекер болған Иман мен Ислам діні, мүминнің көңіліне үміт отын жағады: «Мына өлім аузында жатқан баланың Халиқ-ы Рахимі, оны мына пәни дүниеден шығарып, Жәннатына әкетеді. Саған әрі шапағатшы, әрі мәңгілік бірге болатын бала етеді. Бұл айрылысу уақытша, уайымдама:деп сабыр ет!» - дейді. Саид нұрси

52еКІнШІ ЛеМаСабырлығымен әйгілі Хазіреті Әюб алейһиссаламның сынақтан өткен осы мінәжатының әсері зор. Алайда біз Аллаһқа мінәжат қылғанымызда осы аятты өз атымыздан: деуіміз керек. Хазіреті Әюб алейһиссаламның мәшһүр қиссасының қысқаша мазмұны мынадай: Тұла-бойын жара басып, денесі іруге айналса да сол аурудың орасан зор қайыр-сауабын ойлап, сабыр сақтаған екен. Содан, жарасындағы құрттар жүрегіне, һәм тіліне шапқан кезде: \"Қап, мына құрттар зікір ететін, Аллаһты танытатын жүрегім мен тіліме жетті-ау. Апыр-ай, құлшылық ете алмай қалатын болдым-ау!\"- деп өкіне: \"О, Аллаһ! Құрттар тілмен айтатын зікіріме, жүрекпен жасайтын

53құлшылығыма кедергі туғызуда. Мен зиянға ұшырадым!\" – деп, жанының рахаты үшін емес, құлшылықты уайымдап жалбарына мінәжат қылған екен. Аллаһ Тағала сол риясыз да адал әрі шынайы мінәжатын таңғажайып түрде қабыл алыпты. Кінәратсыз денсаулық беріп, мол мейіріміне бөлепті. Осыған қатысты бұл Лемада бес тұжырым баяндалмақ.БІрІнШІ тұЖЫрЫМ. Хазіреті Әюб Ғалейһиссаламды сыртқы тән жарасы қинаса, бізді ішкі рухани жаралар азапқа салады. Егер, сыртымызды ішке, ішімізді сыртқа айналдырса, Хазіреті Әюбтен әлдеқайда ауыр жаралы әрі жағдайы нашар науқас болып шығарымыз анық. Өйткені, жасаған әрбір күнә, ойға келген шүбә жүрек пен рухты жаралайды. Хазіреті Әюб Ғалейһиссаламның әлгі жарасы дүниелік фәни өміріне қауіп төндірсе, біздің рухани жараларымыз бақи өмірімізге қатер тудыруда. Демек, Хазіреті Әюб алейһиссаламға қарағанда біздің әлгі мінәжатқа мұқтаждығымыз мың есе артық. Хазіреті Әюб алейһиссаламның жарасына үймелеген

54құрттар жүрегі мен тілін зақымдаса, біз жасаған күнә-жарадан пайда болған уәсуәса, күмән мен шүбәлар (Құдай сақтасын) жүрегіміздің ішіне еніп иманды қашырады. Иманның тілмәші болған тілдің рухани ләззатын жойып, зікірден аластатады.рас, күнә істеген сайын жүрек қарайып, тас болып қатайып кетеді. Әрбір күнә күпірлікке апаратын жол ашады. Мұндайда дереу тәубә-истиғфар етіп, жараланған жерді дереу тазарту қажет. Әйтпесе, ол күнә құрт емес, рухани жыланға айналып жүректі шағады.Мысалы, ұятқа қалдыратын бір күнәні жасырын жасаған адам басқалар біліп қояр деп ұялған кезде періштелер мен руханилердің бар екенін естіп мазасы қашады. Олардың болмысын жоққа шығарғысы келіп, себеп-сылтау іздейді. Сондай-ақ, Жәһаннам азабына лайық ауыр күнә жасаған адам Жәһаннамнан қауіптенгенде тәубә-истиғфар етпесе, кішкене бір сылтау, жәй бір шүбәға бола Жәһаннамды жоққа шығарғысы келіп, Жәһаннамның болмағанын қалайды. Сондай-ақ, кішігірім бастығының болмашы бір нәрсеге бола

55айтқан ескертуіне өкпелеп қалатын адам, парыз намазын оқымай, құлдық міндетін атқармаған кезде Әзәл мен Әбәд, (мәңгілік) Сұлтанының құдіретті әмірін орындамауы да күйзеліске салып мазасын алады. Күйзелген соң \"құлшылық болмағанда ғой!\" деп тілейді. Сосын Аллаһқа сенбеу, оны жоққа шығару деген жаман ой, Құдайға қарсы мағынауи дұшпандық пайда болады. Біреу Аллаһтың бар екені туралы шүбә, шек келтірсе болды, соған елең етіп, ол бұған дәлел сияқты көрінеді. Енді оның алдында зор қауіп, терең құрдым пайда болады. Құлшылық міндет атқарғанда азғана қиындық болатыны рас, алайда әлгі бейбақ Аллаһты жоққа шығарамын деп әлгі қиындықтан миллион есе ауыр рухани күйзеліске душар аңғармайды. Шыбын шағуынан қашып, жыланның апанына тап болады. Тағысын тағы... Осы үш мысалмен Құран аятының: сыры ашыла түседі.еКІнШІ тұЖЫрЫМ. Тағдыр туралы баяндайтын \"Жиырма алтыншы Сөзде\" адам баласы ауруға шалдыққанда немесе қандай

56да бір қиын жағдайға душар болғанда қай жағынан болмасын шағымдануға хақысы жоқ екені жазылғанды. БІрІнШІДен. Аллаһ Тағала адам баласына кигізген дене көйлегін өзінің өнерімен сан құбылтады. Шебер жасалған болмыс көйлегін ұзартады, қысқартады, орнын ауыстырады, өзгертеді. Сөйтіп, сан-алуан есімдерін шағылыстырып көрсетеді. Мәселен, Аллаһтың «Шәфи» есімі ауру-сырқау арқылы көрінгені секілді, «Рәззақ» есімі аштықпен анықталады, көрінеді. Тағысын тағы.еКІнШІДен.Өмір дегеніміз қиыншылықтармен, түрлі аурулармен шыңдалып, тазарады, кемелденіп күшейеді, дамып жеміс береді. Осылайша өз міндетін атқарады. Бірқалыпты, мамық төсектегідей рахат өмір өзінің болмысының бар-жоғын білінбей, мән-мағынасын, маңызын жояды.ҮШІнШІДен. Бұл дүние сынақ алаңы, қызмет ететін жер. Ләззатқа бататын, ақы мен сый алатын жер емес. Бұл дүние құлшылық

57ететін орын. Олай болса, ауру-сырқат, кесел, бәле, қиыншылықтар – діни болмаса, әрі сабыр сақтаса – қызмет етуге, құлшылыққа еш кедергісі жоқ, қайта мағынасын қуаттап, кемелдікке жетелейді. Бір сағатты бір күндік ғибадатқа айналдыруға себеп болады. Сондықтан, ондайда шағымданбай, қайта шүкір ету керек. Рас, ғибадат екі түрлі болады. Бірі нақты белгілі, анық, ал екіншісі белгісіз, көмескілеу. Біріншісі намаз, ораза секілді белгілі құлшылық. Белгісіз, көмескісі мынау: Ауруға шалдығып, қиын жағдайға тап болған адам өзінің әлсіз, бейшара екенін аңғарып Раббы-Рахимына риясыз жалбарынып, шынайы құлшылық етеді. Мұндай құлшылық пен ғибадатта екіжүзділік болмайды. Егер сабыр сақтаса, қиындықтың сауабын ойласа, әрі шүкір етсе, онда әрбір сағаты бір күн ғибадат болып сауап жазылады. Қып-қысқа өмірі берекеттеніп ұзара түседі. Тіпті, кейде қиыншылықтың ауырлығына қарай бір минөті бір күндік ғибадат саналады.Бірде, Мухажир Хафыз Ахмед дейтін ақыреттік бауырымның ауыр науқас екенін

58ойлап, уайымдағаным бар. Бірақ кейін, \"Оның әрбір минөті бір күндік ғибадат болып саналуда\" деген ой келгенде уайымым сейіліп сала берді. Шынымен де ол сабыр сақтап, шүкіршілік қылатын жан еді.ҮШІнШІ тұЖЫрЫМ. Өткен өмірін саралаған әрбір адам \"аһ!\" ұрып, ауыр күрсінеді не болмаса \"Әлхамдулиллаһ, шүкір\" деп риза болар. Оны күрсіндірген ләззаты мол күндердің аяқталуы, қоштасудан пайда болған жүректегі өкініш пен қайғы. Өйткені ләззаттың соңы өкінішпен тынады. Кейде өткінші бір ләззат шексіз өкінішке салады. Еске алу сол өкінішті ұлғайтып, адамды қайғы-мұңға салып қояды. Ал, бастан кешірген уақытша қайғылардың аяқталуына байланысты рухани әрі шексіз ләззат болса \"Әлхамдулиллаһ\" дегізіп шүкір еткізеді. Бұл адам табиғатында бар нәрсе. Сонымен қатар, қиыншылықтардың соңы сауап болатынын, сол үшін ақыретте сый-сыяпат берілетінін, әрі өмір сол қиын соқпақтар саясында маңызданып, ұзара түсетінін ойласа, сабыр сақтап қана қоймай, тіпті шүкіршілік ететін жағдай болады.

59деуіне тура келеді. Халық арасында мәшһүр болған \"қайғылы күндер ұзаққа созылады\" деген сөз бар. Иә, қиыншылық пен қайғылы сәттер бітпей, ұзақ болатыны рас. Алайда көпшіліктің ойлағанындай жанды күйзелтетіндіктен емес, ұзақ өмір сүргендей нәтиже беретіндіктен ұзақ болады.тӨртІнШІ тұЖЫрЫМ. Жиырма бірінші Сөздің бірінші мақамында баяндалғанындай, адам баласы Аллаһ берген сабыр қуатын уайымға салынып, анда-мұнда жұмсап тауысып алмаса кез-келген қиыншылық пен қайғыға мойымай төтеп бере алады. Өкінішке орай адамдар ананы-мынаны уайымдап не болмаса ғапылдықтың кесірінен немесе фәни дүниені мәңгі деп ойлап сабыр дейтін зор қуатты сарқып таусып алады. Сөйтіп, басына түскен ауыртпалыққа шыдамы жетпей, бейне бір Аллаһ Тағаланың үстінен адамдарға шағым айтқандай ақымақтық жасап (Құдай сақтасын!) орынсыз арызданып, сабырсыздық етеді.

60 Негізінде, қандай да бір қиындықтың күйзелісі әйтеуір түбі бір бітетінін, рахаты мен сауабы қалатынын ойласа шағымданбай, керісінше шын жүректен шүкіршілік етер еді. Оған абыржымай, қайта сүйсінер еді. Оның өткен фәни өмірі қиыншылықты жеңе білсе бақи да бақытты өмірге айналады. Бір кездегі қайғыларды уайымдап, сабырсыздану ақымақтық. Ал, ертеңгі күн әлі келген жоқ. Ол кездегі ауру мен қиыншылықтарды қазір уайымдап, сабырсыздық таныту, шағымдану ақылдының ісі емес. \"Ертең, арғы күні аш қаламын-ау немесе шөлдеймін-ау\" деп бірер күннің тамағын ашқарақтанып бүгін жеу, мөлшерден тыс су ішу қаншалықты ақымақтық болса, болашақта болуы ықтимал қиыншылықтар мен ауруды дәл қазір уайымдап тағатсыздану, шыдамсыздық көрсету, өзіне-өзі нақақтан-нақақ зұлымдық жасау секілді, есі дұрыс адамның ісі емес. Ондай адам өзінің жанашырлық пен қамқорлыққа лайық еместігін көрсетеді. Сонымен, қорыта айтқанда шүкір ету нығметті арттырады, ал шағымдану уайым-қайғыны көбейтеді. Әрі Иләһи мейірімнен құр қалдырады.

61Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғашқы жылдарында Эрзурум қаласында бір досым ауыр науқастанып көңілін сұрай бардым. Мені көріп: \"Басымды жастыққа қойып ұйықтай алмағалы үш айдан асты\" деп аянышты жағдайын айтып шағымданды. Сөзі жаныма қатты батты. Сосын маған мынадай ой келді де оған:\"Бауырым, өткен жүз күнің қазір қуанышты күндерге айналды. Ол күндерді ойлап шағымданба, қайта шүкір ет! Болашақ әлі алда. Сені жаратқан рахман-ур рахимның мейіріміне сен, жұдырық тимей жылама, жоқты бар санап қорықпа! Осы сәтті ойла! Сендегі сабырлылық бүгініңе толық жетеді. есалаң қолбасшы сияқты болма! Ол не істеді дейсің ғой? Дұшпан әскерінің сол қанаты қаруын тастап беріліп, оның оң қанатына жаңа күш болып қосыла тұра, сол қанаттағы дұшпан әскерінің оң қанаты әзірге шабуыл жасамаған болса да әлгі қолбасшы орталық негізгі күшті оңға, солға аттандырып, орталық күшті әбден әлсіретіп жібереді. Сол кезде жау әскері азғана күшпен орталыққа лап қойып, тас-талқан еткен.

62Достым, сол сияқты болма! Бар күшіңді осы сәтке жина! аллаһтың мейірімін, ақыреттегі сыйын ойла! Фәни қысқа өмірің баянды, бақиға айналып жатқанын біл! Шағымданудың орнына шынайы шүкір ет!\" дедім. Сонда, ол терең тыныс алып: \"Әлхамдулиллаһ! Апырым-ай, ауруым жеңілдеп қалды ғой!\" деген-ді.БеСІнШІ тұЖЫрЫМ. Бұл тұжырым үш мәселеден тұрады.БІрІнШІ МӘСеЛе. Қайғының да, апаттың да ең ауыры дінге қауіптісі. Діни апаттан әрдайым Құдайға сыйынып уайымдап, қайғыру керек. Ал, діни емес қайғылар мен қиыншылықтар негізінде қайғы емес. Олардың кейбірі Рахманның ескертулері ғана.Мәселен, қойшы біреудің қорасына яки егінге түскен қойларын қайтару үшін тас лақтырса, қойлар оның зиянды істен сақтандыру үшін жасалған ескерту екенін сезіп, ризашылықпен кері қайтады. Сол сияқты өмірде адам баласына сырттай қарағанда жағымсыз көрінетін көптеген оқиғалар бар.

63Олар Иләһи ескертулер, нұсқаулар немесе күнәнің жазасы я болмаса бейқамдықтан сақтап, адами әлсіздік пен бейшаралықты және кімнің алдында тұрғанын сездіреді. Ауру қайғыратын нәрсе емес. Керісінше ол Раббани ілтипат немесе күнәдан тазару. Хадисте баяндалғанындай, \"Жеміс ағашын сілкігенде піскен жемісі қалай төгілсе, безгек ауруынан дірілдеп қалтыраған кезде де күнәлар солай төгіледі\"- дейді.Хазіреті Әюб Ғалейһиссалам мінәжат еткенде жанының рахатын ойлап дұға етпеген. Ол тілімен айтатын зікіріне, жүрекпен атқаратын құлшылығына кедергі болған соң, құлшылық ету мақстаында өтініп шипа сұраған. Біз, Аллаһқа мінәжат еткенде бірінші кезекте күнәлардан пайда болған рухани жараларымыздың шипасын тілеуіміз керек. Құлшылық ету қиындап кеткенде ғана денсаулық тілеп, жалбарынуға болады. Бірақ наразылық білдіргендей немесе шағымданғандай түрде емес, Аллаһтан

64кешірім сұрап шынайы түрде көмек тілеп жалбарынуымыз қажет. Әу баста Аллаһтың Рубубиетін, билігін мойындап разы болған екенбіз, олай болса сол Иләһи билік тарапынан келген жарлықтарға ризашылық таныту керек. Қаза мен тағдырдың ауырлығына шағымдану - Аллаһтың билігі мен жарлығына наразылық білдіру, рақымына шәк келтіру. Аллаһтың Рубубиетіне разы болмаған адам маңдайын тасқа ұрады, басы жарылады. Иләһи рақымшылықтан күмәнданған пенде рақымнан мақұрым қалады. Кеткен есемді қайтарамын деп сынған қолды сілтеу, сынықты асқындырып жіберетіні сияқты, қайғыға душар болған адам тағдырға наразы болып шағымданса қайғысы да еселене түспек.еКІнШІ МӘСеЛе. Дүниелік қиыншылықтарды айтып, шағымданған сайын ол асқынып үдей түседі. Ал, сабыр сақтаса қалыпқа түседі. Мысалы, түнде бір ой мазаласа, оны уайымдаған сайын әлгі ой сені жетектеп сонау алысқа алып кетеді. Егер мән бермесең ұмытылып, ұйықтап кетесің.

65Үдеріп, саған шабуыл жасаған аралардан сақтанамын деп қарсылассаң одан бетер құжынап, шабуылдай түседі. Ал, қозғалмай тыныш тұрсаң жөніне кетеді. Дәл сол сияқты уайымдаған сайын дүнияуи қиыншылықтар ұлғая түседі. Уайымның кесірінен дүнияуи қиыншылық жүрекке салмақ салып рухани ауруға шалдықтырады. Тәуекел ету арқылы уайымды жеңсең, әлгі дүнияуи қиыншылық та, қайғы да жеңілдеп, тамыры шабылған ағаштай қурап, жоғалып кетеді. Бұл ақиқатты бұрын былай суреттеген едім: Қайдағы бір қайғыны айтып, ей бейшара, жылама,Ащы жасың азайғанмен, мұң азаймас сірә да.Қайдан келді мына қайғы күңіренген бар ғалам,Түсіндің бе, ей ақымақ, иманы бүр жармаған?Бұл дүние қараң қалар түсінбесең бұл сырдыСені сыйсыз қалдырмайды, тапсаң егер ол тылсымды.Жасыңды тый, «тәуекел» - де, сенікі бір жай күмән,

66Ал, әлемнің белі үзіліп кететіндей қайғыдан.\"Сәл шарпыған ызғарыма селт ете ме бұл адам?\"деп сынаған Құдіретті таныдың ба ей,жылаған.Тани түссең, қасірет пен азаяды қайғың да,Ал, ендеше құлшылық қып беліңді бу, қайғырма! (Өлеңді аударған: Нұрлыбек Саматұлы)Біреумен ерегісіп, ашуланып тұрғанда оған күлімсіреп, жылы шырай таныту кейде ашу-ызаны жойып, татулыққа бастайды. Сол секілді өмірде қиыншылықтарға қарсы тәуекел деп көніп, мойынсұну осыған ұқсайды.ҮШІнШІ МӘСеЛе. Әр заманның өзіндік үкімі бар. Мына бейқамдық жайлаған заманда қайғының да өңі өзгерген. Кейде, бәзбір жандардың қайғы деп жүргендері, шындығында мәселе емес, керісінше Аллаһтың жарылқауы. Ауруға шалдыққан кейбір жандарды шартты түрде бақытты деуге болады. Егер ауруы дініне зиян тигізбесе. Сондықтан да менде ауру-сырқау, қиыншылықтар туралы теріс пікір

67жоқ. Науқас жандарға соншалықты аянышпен қарамаймын. Неге десеңіз, науқас жастардың көпшілігі, байқап отырсам, құрдастарына қарағанда діни міндетіне жауапкершілікпен қарап, ақыретін ойлайтын болған. Демек, оларға жабысқан дерт қайғы емес, қайта Иләһи нығмет, Аллаһтың сыйы. Ауруы бәлкім фәни, дүниелік қысқа өмірде жанын қинап жүрген шығар, алайда оған мәңгі өмірі үшін пайдасы тиюде, тіпті оның ғибадаты болар. Егер денсаулығы түзелсе жастықтың мастығымен заманның азғын ағымына ілесіп, науқас кезіндегі момын күйін сақтай алмас па еді?! Азғындық жолға түсуі де мүмкін ғой.

68СОҢЫАллаһ Тағала өзінің шексіз құдіреті мен мейірімін таныту үшін адам бойына шексіз әлсіздік пен пақырлық еккен. Әрі есімдерінің сансыз нақыштарын көрсету үшін, адам баласын жан-жақты сезетін және жан-жақтан ләззат алатын мәшине тәрізді жаратқан. Осы дене-мәшинеде әрқайсысының қайғысы мен ләззаты басқа, атқарар міндеті мен ақы-сыйы басқа жүздеген сезім-мүшелер, құрал-жабдықтары бар. Алып адам тәріздес әлемде шағылысқан Иләһи есімдердің барлығы және олардың жаппай шағылысы шағын әлем болып табылатын адам бойында да кездеседі. Денсаулық, амандық, ләззат сияқты нығметтер әлгі адам-мәшиненің көптеген тетіктерін іске қосып, міндетін атқаруға итермелейді де адам бейне бір шүкір өндіретін \"фабрикаға\" айналады. Сол сияқты, қайғы мен қиыншылықтар, дерт пен күйзелістер сынды басқа да қоздырғыш күштер арқылы, әлгі мәшиненің басқа да тетіктері іске қосылады. Адам бойындағы

69әлсіздік, бейшаралық және пақырлық сияқты сезімдер оянады. Жалғыз тілімен ғана емес, науқас жанның әрбір мүшесіне тіл біткендей жан-жақтан жалбарынып, жәрдем сұраған нағыз құл күйіне енеді. Адам баласы әлгі «ақаулардың» саясында мыңдаған түрлі-түсті қаламнан құралған жылжымалы жазу қаламына ұқсап, өмір атты ақ параққа немесе «Ләух-и мисалға» өзінің тағдырын жазады. Аллаһтың есімдерінің жаршысы, Субхани керемет «қасида» яғни Аллаһты дәріптеп жазылған жыр-дастан болып, өзінің жаратылу міндетін атқарады.

70нұр рИСаЛеЛерІн ҚұШтарЛЫҚпен ОҚЫп, КӨКІреК КӨзІ аШЫЛған БІр ДӘрІгерге ЖазЫЛған ХатСаламат па, ей өз ауруының түйінін тапқан бақытты дәрігер! адал да азиз достым!Сенің жалынды хатыңда байқалған рухани оянуыңа, риза болып қалдым. Біле білсең, болмыс атаулының ішіндегі ең құндысы – өмір. Ал, қызметтің ең маңыздысы – өмірге қызмет. Өмірге көрсетілген қызметтердің ең қадірлісі – фәни өмірді мәңгі өмірге айналдыру үшін еңбек ету. Бұл өмірдің мән-мағынасы мен қадір-қасиеті – мәңгі өмірдің баспалдағы, дәні, өзегі, екендігінде. Әйтпесе мына фәни өмірдің, мәңгі өмірді улап, тас-талқан ететін жағына өліп-өше құмарту – бір сәттік найзағайды, мәңгі жарқыраған Күннен де жоғары бағалау секілді ақымақтық.

71Шындығында материалист, бейқам дәрі-герлердің өздері ең ауыр науқас жандар. Егер Құранның киелі дәріханасынан ең шипалы имани дәрілерге қол жеткізсе, өз кеселдерімен бірге халықтың да дертін емдер еді.Сенің мына оянуың, Құдай қаласа, өз дертіңе ғана емес, өзге дәрігерлердің де дертіне ем болады. Бұл өмірден үміті жоқ науқасқа рухани демеу беру, кейде мың дәріден де пайдалы екенін өзің де білесің. Алайда табиғатты Жаратушы деп ұғынатын дәрігерлер, алдына келген бейшара науқастың ауыр қайғысын қоюлатып, өмірден түңілдіріп жібереді. Иншаллаһ, сенің мына оянуың әлгіндей бейшараларға жұбаныш. Әрі сені нұрлы дәрігер етер.Өмірдің қысқа екенін, ал сол қысқа өмірде атқарылуы тиіс істердің көп екенін өзің білесің. Егер ойларыңды сараптасаң қаншама пайдасыз мағлұмат табар едің. Олай дейтінім бұл жағдай менің де басымда болған. Енді сіз бен бізге ғылыми мағлұмат пен фәлсәфи білімдерді байланыстырып, пайдалы да нұрлы ету жолын қарастыру қажет. Сен ояну арқылы Аллаһ

72Тағаладан пікіріңнің Хаким-ы Зүлджалалдың атымен іс атқаруын, құрғақ отындардың тұтанып нұрға айналуын да тіле. Пайдасыз ілімдер, құнды Илаһи ілімдерге айналсын түріне енсін.Зерек достым! Ғылым құмар жандардан да, иман нұрларына, Құран сырларына құштар, мұқтаждық сезген Хулуси Бей секілді ақиқат құмарлар шықса деп армандаушы едім. Сол арманым орындалатын сияқты. Рисалей Нұр сенің ішкі дүниеңмен сырласа алады екен, олай болса әрбір рисалені менен емес Құранның делдалынан саған арнап жазылған хат немесе Құранның киелі, бай дәріханасынан жеткен ем, шара деп біл. Көрмесең де көз алдыңда елестетіп әңгіме-дүкен құр. Қаласаң кез-келген уақытта маған хат жаз. Егер жауап жазбасам маған ренжіме. Себебі, әу бастан хатты сирек жазатын әдетім бар. Тіпті туған бауырымның көптеген хаттарына да үш жылдың ішінде бір ғана жауап хат жазыппын.Саид нұрси.

73рИСаЛеЙ-нұр тӘпСІрІнІҢ аВтОрЫ БӘДИҮззаМан СаИД нұрСИ1877 жылы Түркияның Битлис облысына қарасты Нұрс ауылында дүниеге келген.Ілімге деген құштарлық жасы алтыға енді толған баланы ата-анасынан жыраққа алып кетеді. Терең ақиқаттарды жетік меңгеріп, бір оқыған кітабын тез ұғып қана қоймай оны жаттап алатын зерек ол, көп жыл тәлім алуы тиіс медресе білімін үш айда тәмамдайды. Пікір таласта, іліми сайыста зеректігімен ерекшеленетіндіктен замандас ғалымдар оны “Бәдиүззаман” (Заманның озығы) деп атайды.“ескі Саид” деп бөліп қаралуы тиіс қырық бес жасқа дейінгі өмірі дүрбелең саясатқа толы. Ол, дін Исламға саясат арқылы қызмет етемін деп ойлайтын. Кейін бұл ойынан бас тартып саясаттан мүлдем қол үзеді. Шығыс халқының ауыр күйі, олардың басына түскен нәубат қиыншылықтар оның

74жанына қатты бататын. Мұның шарасы ретінде халықтың көзін ашу, ілімді ұрпақ тәрбиелеу екеніне көзі әбден жеткен ол, халыққа діни іліммен қоса заманауи жаңа ғылымды да үйрететін оқу орындарын ашу қажеттігін айтып, соған бар күшін жұмсап бағады. Өкінішке орай бірінші дүниежүзілік соғыс басталып, өзі ерікті әскер жасақтап шәкірттерімен майданға аттанады. Қанды қырғындарға қатысып талай ерлік көрсетеді. Тұтқынға да түседі. Аман-есен Отанына оралған соң қайтадан Ислам әлемінің мәселелерін талқылап, оның шешімін іздейтін Ілім академиясына мүше болып қызмет атқарады. Стамбулға жау шауып қоршауда қалған қаралы күндерде қорықпай халықтың рухын асқақтатып, намысын қайрайтын кітапшалар таратып анталаған жауға тегеурінді тосқауыл болып азаттық алуға мол үлесін қосады. Мұндай елеулі еңбегін ескеріп сол кездегі билік, оны ел ордасы Анкараға шақыртады. Мұнда да ол билік басында отырған кісілерді Ислам негіздерін мықтап ұстануға уағыздайды.

75Бұдан кейін оның “Жаңа Саид” деп аталатын саясаттан ада, дүниядан таза ақыретпен қатысты екінші өмір кезеңі басталады. Бұл 1925 жылдар болатын. Ван қаласы, сосын Барла ауылынан бастау алған бұл кезеңдерде имани тақырыпта көптеген кітаптар жазып айналасына Құранның нұрын жая бастайды. Ислам негіздері мен Иман шарттарына қатысты дәйекті түрде, қарапайым әрі түсінікті тілмен жазылған кітапшалары иманына қауіп төнгенін сезген оқырмандар арасында қызығушылық туғызады. Оны өзі үшін қолмен көшіріп, түпнұсқаны басқа мұқтаж жандарға сыйлап, осылайша айналаға нұр кітапшалары кеңінен таралады. Әрине, мұндай қарқынды имани қызмет діннен безгендерге ешқашан ұнамайтыны белгілі. Ақырында, Құран тәпсіршісіне жала жауып, қуғын-сүргінге ұшырайды. 1935 жылы Ескішәһар, 1943 жылы Денизли, 1947 жылы Афион, 1952 жылдары Стамбул қалаларында үстінен іс қозғалып сотқа шақырылады. Кастамону, Эмирдағ, Испарта қаласына жер аударылып, үнемі бақылауға алынады.

76Адам төзгісіз зұлымдықтарға душар болса да, ол бәріне сабыр етіп, қаймықпастан Ислам әлеміне төнген күпірліктің қара бұлтына қарсы, Құранның нұрын айнадай көрсетіп, айналасына иманның нұр-сәулесін жеткізуге барынша тырысады. Қиын-қыстау кезеңдерде жазылған алты мың парақтан тұратын «рисалей нұр» тәпсірі міне сол қиын кезеңдердің жемісі. Бастаған тәпсірін толық аяқтап, оны өз оқырмандарының қолдарына аманат қылып тапсырған ол, құдды бір міндетін адал атқарған әскерге ұқсайды. Құранның ақиқаттарын, оның таңғажайып терең сырларын заманның ұғымына сай анық та қанық баяндайтын бұл кітаптар, міне сол қиындыққа толы ауыр күндерде ықыласпен жазылған. Содан болар осы бір Құрани тәпсір, нұр кітаптары қазіргі таңда әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, миллиондаған мұсылмандар қызыға оқуда.Муфәссир яғни Құранды тәпсірлеуші ғалым-ғұлама Саид Нұрси Урфа қаласында 1960 жылдың23-наурыз күні, рамазан айының жиырма бесінші жұлдызы, түн ауа бақилық әлеміне аттанып кете барады.

77неЛІКтен Жұрт рИСаЛеЙ-нұрДЫ ҚЫзЫға ОҚИДЫ? СеБеБІ ОЛ БарШанЫ ОЙЛанДЫратЫн ӨзеКтІ МӘСеЛеЛерДІ ҚОЛға аЛЫп, МазаЛап ЖҮрген СұраҚтарДЫҢ ЖауаБЫн БереДІ. атап аЙтСаҚ:* Аллаһтың бар әрі бір екенін қалай дәлелдейміз? (22-Сөз, 23-Лема, 2-Шуақ)* Құран Аллаһтың сөзі екенінің дәлелдері (25-Сөз)* Хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) Аллаһтың елшісі екенінің дәлелдері (19-Сөз)* Періштелердің бар екенінің дәлелі (29-Сөз)* Өлген соң тірілу рас екені (10-Сөз)* Тағдырға сену қалай болмақ? Бәрі алдын-ала жазулы. Маңдайға жазғаны болады - дейді, мұны қалай түсінеміз? (26-Сөз)* «Бисмилләһ» сөзінің сыры (1-Сөз, 14-Лема, 2 тарауы)* Аллаһ еш бір мекенге тәуелсіз, бірақ Ол барлық жерден табылады. (16-Сөз, 22-Сөз)

78* Дүниеде жағымсыз, қорқынышты көрінген оқиғалардан Раббымыздың мейрім шуағын, хикметін қалай көруге болады? (18-Сөз)* Жаратылыс Аллаһты дәріптеп, қалай ғибадат қылады? (24-Сөздің 4 бөлімі)* Намаз неге бес уақыт оқылады? (4, 9-Сөз, 21-Сөздің 1тарауы)* Аурудың пайдасы бар ма, сырқаттанудың хикмет-сыры не? (2-Лема, 25-Лема)* Рух дегеніміз не? (29-Сөз)*Ораза ұстаудың хикмет-пайдалары. (29-Мектубтің 2 бөлімі)* Миғраж оқиғасы қалай болған? (31- Сөз)* Шайтанды неге жаратқан, оның не пайдасы бар? (13-Лема, 12-Мектуб, екінші сұрақ)* Адам дегеніміз не? Бұл дүниеге не үшін келеді, мақсат-мұраты не? (11-Сөз) * Дұға қылып жалбарынып жатамыз, қабыл болмай жатады. Құранда барлық дұғаға жауап беріледі демей ме? (23-Сөз)

79* Кейде көңілді күмән басып, күдік пайда болады. Ол не үшін? (21-Сөз, 13-Лема, 11-Мектуб)* Ардақты Пайғамбарымыздың сүннет амалдарының. Маңызы мен хикметтері (11-Лема)* Сопылық туралы. Тариқат деген не? (29-Мектуб)* Уаххабшылар кім? Шығу тарихы. (28-Мектуб) * Махаббат туралы Құран не дейді? (24-Сөз)* Молекула, атом секілді ұсақ бөлшектер неліктен тынымсыз қозғалады? (30-Сөз)* Саналы кісілерді жаппай таңқалдырған және бірде бір философ аша алмаған тек Құранның қасиетімен ашылатын дүниенің жаратылу тылсым-сырлары жайлы. (24-Мектуб)* Исламда үнемділік және береке туралы не дейді? (19-Лема)* Мұсылмандардың ынтымағын күшейтудің, имандылар өзара бауырмал болудың себептері. (22-Мектуб)

80* Не үшін иманды әрдайым жаңартып отыру керек деген. (26-Мектуб)* Бүкіл әлем Пайғамбарымыздың нұрынан жаратылған дейді. Бұны қалай түсінеміз? (31-Сөз.)* Хазреті Адам ғаләйһиссалам жұмақтан неге шығарылған? Адамдардың көбісі тозаққа түседі дейді. Неліктен? (12-Мектуб, 13-Лема)* Әйелдің орамал тартуы шарт па? (24-Лема)* Шайтанның Құран туралы уәсуәсәсіне қарсы жауап. (26-Мектуб)* Мәзхабтар неге әртүрлі? (27-Сөз)* Жеті қабат жер мен аспан жайлы аятты қалай түсінеміз.(12-Лема)* Аллаһтан өзге ешкім біле алмайды деген «бес ғайыпты» ғылым мен техника арқылы біз де білетін болдық!-деушілерге жауап. (16-Лема)* Иса пайғамбардың көктен түсуі, тажалды өлтіруі және Мәдидің шығуы туралы хадисті қалай түсінген жөн? (15-Мектуб, 5-Шуақ, 24-Сөз, 1-Мектуб)

81* Исми Ағзам яғни Аллаһтың ең ұлық есімдері. (30-Лема)* Зұлқарнай қамалы қайда? Яджуж-Мәджуж деген кімдер? (5-Шуақ, 24-Сөз)* Шииттер мен Сунниттер арасындағы мәселенің анық-қанығы. (4-Лема)

рИСаЛеЙ-нұр тОптаМаСЫҮЛКен КІтаптар:«Сөзлер», «Мектубат», «Лемалар», «Шуалар», «Ишарат-ул Иғжаз», «Аса-и Муса», «Мухакемат», «Тарихче-и Хаят», «Барла лахикасы», «Кастамону лахикасы», «Әмирдағ лахикалары», «Сикке-и Тасдиқ-ы Ғайби», «Мәснәу-и Нурие», «Иман уә Күфүр мувазенелери»

КІШКене КІтапШаЛар:«Аят-ул Кубра», «Бәдиуззаман жауап вериор», «Диван-ы Харб-и өрфи», «Әлхужжәт-ул Зәхра», «Әнә уә Зәррә», «Гәншлик рәхбери», «Хақиқат Нұрлары», «Ханымлар рәхбери», «Хасталар рисалеси», «Хашир рисалеси», «Хизмет рехбери», «Хутбе-и Шамие», «Иджтихад рисалесі», «Иман хақиқатлари», «Ихлас рисалелери», «Конферанс», «Күчүк сөзлер», «Мәйуә рисалеси», «Мифтах-ул Иман», «Миғраж уә Шаққ-ы Қамар», «Миркат-ус Сүнна», «Мұғжизат-ы Ахмедие», «Мұғжизат-ы Құрание», «Мүнажат», «Мүназарат», «Нұр Әлеминин Бир анахтары», «Нұр чәшмеси», «Нұрун илк капысы», «Отыз үш пенжере», «Рахмет уә Шәфкат илачлары», «Рамазан-Иқтисад-Шүкір», «Сунухат-Тулуат-Ишарат», «Табиғат рисалеси», «Ухуввет рисалеси», «Иырмы учунжу сөз», «Зухрет-ун Нұр».

рисалей-нұр топтамасынан қазақ тіліне аударылған кітаптар:«Тылсым сырлы Сөздер», «Лемалар», «Асай-Мұса», «Мұхаммед Пайғамбардың мұғжизалары», «Рамазан рисалесі», «Ханымдар шырағы», «Жастар шырағы», «Ықылас сыры», «Табиғат сыры», «Адам және Иман», «Сүннет сатылары», «Мінәжат», «Отыз үш терезе», «Бауырластық рисалесі», «Қысқа сөздер», «Хашир рисалесі», «Тәухид сыры», «Дерт пен Дауа».

рисалей-нұр туралы мына интернетсайттардан мағлұмат алуға болады:www.nurfeyz.kzwww.envarnesriyat.comwww.ihlasnurnesriyat.comwww.sozler.com.trwww.hizmetvakfi.comwww.ru-nur.comwww.lichtstr.dewww.elmascevher.comwww.nurnetwork.orgwww.malaysianur.comwww.nur.gen.trwww.nuronline.comwww.nursistudies.com

Бұл кітап жайында ұсыныс-пікірлеріңіз болса, мына мекен-жайға хабарласуларыңызға болады.ЖШС “Нур Фейз”,050009, Алматы қаласы, Түркебаев көшесі, №84-үй. тел.: 8 (727) 241 09 34.E-mail: [email protected]


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook