101 Сендерді және ұстаздарыңды, ата-аналарыңды, отырған аймақтарыңды, бәрекелді деп шын жүректен құттықтаймын. Саид Нұрси. *** Өткен күндер неткен ауыр, неткен қараңғы. Ол күндер балаларымыздың Құран дәрісін алуға тыйым салынған кез болатын. Мектептерде діни дәріс жабылып, Рисалей-Нұрды қолмен жазып көбейткендер қамауға алынған тұс еді. Дін дұшпандарының Сiзге, яғни ардақты ұстазымызға көрсетпеген азабы қалмады. Сіз көп жапа шектіңіз. Сізді «Рисалей-Нұрды жазды, дінге қуат берді, мұсылманшылықты жандандырды» деп көзіңізді жоюға тырысты. Біз де сол қараңғы күндерде жылап-сықтайтын едік: \"О, Құдай! Ұстазымызды сақтай гөр! Дінімізге, Ұстазымызға, Рисалей-Нұрға қастандық жасаушылардың сазайын тарттыр!\" –деп жалбарынушы едік. Көзімізден қанды жас ақты десе де болады. Ақырында Аллаһ Тағала Сізді сақтап табысқа жеткізді. Дінсіздерді қырғынға ұшыратты. Мұсылманшылықты жоюға тырысқандар пұшайман болды. Ал, сіз болсаңыз діни қызметіңізде жеңіске жеттіңіз. Халқымыздың дінсіздік апатынан құтылуына себеп болдыңыз. Мұсылмандардың шаттық өмір сүруіне дәнекер болдыңыз. Соның арқасында міне,
102 діни азаттыққа, еркіндікке қауыштық. Қазір баспалардан Рисалей-Нұр кiтап болып мол таралыммен шыға бастады. Бұл үлкен той. Ханымдардың қуанышында шек жоқ. Нұрларымызды баспа түрінде көргенде шексіз бақытқа бөлендiк. Қуанғанымыз сондай, бізге мыңдаған інжу-маржан, алтын білезік, жібек пен атлас көйлек таратса да мұншалық қуанбас едік. Рисалей-Нұрды бастыру дінге, иманға үлкен қызмет. *** باسْمِهِ سُبْحانَهُ َِ واِن ْ مِن ْ شَيءٍ اِﻻ يُسبّحُ بحمْدِهِ۪ ََ ِﱠَْ اَلسﱠﻼ َ م عليْكم و رحْمةﱣ ِ و بَركَاتُهُ َََُْ َ ََ ُُ َАрдақты ұстазымыз!Дінге, иманға деген сүйіспеншілік және мұсылманшылық сияқты жоғары сенімдер саясында бақытқа бөленетін біздер аналар қазір де балаларымызға қасиетті Құранды үйретудеміз. Құдайға шүкір, үйіміз бейне бір Нұр медресесі деуге болады. Егер балаларымызға Рисалей-Нұрды үйретпесек, мына аласапыран заманда жаман әдетке ұрынып, жолдан таюы, әдепсіздікке салынуы әбден мүмкін. Жанымызды жаралап, басымызға бәле болмасына кім кепіл. Және ақыретте: \"неге иманымды құтқармадың?\" деп жағамызға жабыса ма деп
103 қорқамыз. Сондықтан, сүйікті балаларымызды Рисалей-Нұрға баулып, бойына Рисалей-Нұр дәндерін егудеміз. Әйел затында балаларға деген мейірім молдау болады. Егер баланың мәңгі өмірін сақтап қалатын имани дәрістер берілмесе немесе ұмыт қалып тек мына өткінші, фәни дүниелік өмір үшін тәрбиеленсе, онда ол балаға деген мейiрім орынсыз болып, бұрыс қолданылған болады. Ондай мейiрім баланы бұл дүниеде де, ақыретте де азапқа салады. Балаларымызды мәпелеп, мейірімге толы, тәтті тілмен былай дейміз: \"Балам, Рисалей-Нұр сені бұл дүниеде де, ақыретте де бақытқа бөлейтін өте қадірлі де қасиетті хақиқи діни кітап. Ол – имани дәрістер жинағы. Қазір оқымай, иман дәрістерінен мақұрым қалсаң, һәм дүниеде, һәм ақыретте сорың қайнап, бақытсыздыққа ұшырап, өкінесің\". Осылайша Рисалей-Нұр жайлы жазылған хат болсын, дастан болсын, қасиде болсын оқып отырамыз. Жүректеріне Рисалей-Нұрға деген сүйіспеншілікті ұялатып, оның қадірін білдіруге тырысамыз. Сіздің дұғаңыздың саясында Рисалей-Нұрдың дәрісімен, Құдай қаласа, балаларымыз дін Исламға тәрбиелеп, һәм өзімізге, һәм Отанға пайдалы, қайырымды діндар жастар болып ер жетпек. Мүбарак Ұстазымыз!
104 Жүрегімізге Жаратқан Иемiз сыйлаған сүйіспеншілік сезімін, бізді мәңгі бақытқа бөлейтін иман дәрістеріне, Рисалей-Нұрға, Ұстазымызға яғни өзiңiзге неге жұмсамасқа? Егер оны басқа жолда сарп етсек, ол бізді бұ дүниеде һәм о дүниеде өкінішке салары анық. Тіпті, мәңгі бақи зар еңіретері күмәнсіз. Егер балаларымыздың көңiлiне осы маңызды ақиқатты тоқып, мейрімділікті дұрыс жолда қолданып, сол бақытты толық көрсете алсақ, сол кезде ғана аналық міндетімізді толық атқарған болып есептелеміз. Жақында Бурсадан ішінде \"Рисалей-Нұр\" жайлы керемет баяндамалар, нұрлы хаттар, ойлы өлеңдер жазылған кітап келді. Оқыған сайын жадырап, көңіліміз шат-шадыман болды. Оларды қолмен жазып көбейткен Нұр шәкірттерінен Аллаһ Тағала разы болсын. Амин! Аса құрметтi де абыройлы, қадірменді Ұстазымыз!Жүрегіміздегі сізге деген шексiз сүйіспен-шілікті айтып жеткізуге тіліміз қысқа. Абыройға бөлеген мына Рамазаныңызды жан-тәнімізбен құттықтаймыз. Кемшілігімізді кешiрiп, бізді Нұр шәкірттігіне қабылдауыңызды өтінеміз. Уа, көңілдердiң азығы, жүректердің мәңгі сөнбейтін шырағы, мадди-мағнауи, рухани дерт-теріміздің дәрумені!
105 Уа, киелі де қасиетті Құранның алып та пәк, мөлдір де, жарқын нұрынан шалқыған, бүкіл адамзат баласын айдындатқан құдіретке ие құнды шығарманың жеткізушісі – Ұстазымыз!!! Сіз, адамзатты Аллаһтың және Пайғамбарымыздың жолына шақырып, адамзаттың мән-мағынасын, оның ақиқатын түйсігі бар жас-кәріге, бұқара мен ғұламаға толық мағынасымен түсіндіруге тырысқан әрі сол істе табысқа жеткен Иман қызметшісісіз. Сол үшін біз, бұл ғасырда Құраны-Кәрімнің мағынауи мұғжизасы Рисалей-Нұрға жан-тәнімізбен ұмтылып, құрметтеп, қастерлейміз. Бізді Рисалей-Нұрға байлап тұрған жіпті шешетін ешқандай күш жоқ. Тіпті оны ойлаудың өзі мүмкін емес. Өйткені, ол жіп жүректерге байланған. Біз, сіздің және Рисалей-Нұрдың жолынан әсте таймаймыз. Ин ша Аллаһ, осы теңдесі жоқ Нұрды әрдайым пайдаланатын боламыз. Өйткені ол, жер жүзінде теңі жоқ, бұдан кейін де болмайтын иман нұры, тәухид қазынасы, Құранның тәпсірі. Бізге мұндай тәпсір сыйлаған мүбарак, ғазиз ұстазымыз өзiңiзге мәңгі бақи разы әрі қарыздармыз. Мүбарак, сүйікті Ұстазымыз!!!Рисалей-Нұр қасиетті дініміз туралы толық мағлұмат беретін, әрі болашағымызды шексiз о дүниелік бақытқа бөлейтін, кенелтетін діни шығарма. Мына ғасырдың азғын әрі төтеп беруі қиын атеисттік ахлақсыздықтан, намыстан жұрдай қылатын
106 дауылдардан құтқаратын нұрлы да айдын шығарма іздеп жүрген кезде, Аллаһ Тағаланың лутуф инайетімен, Құдай жарылқап, Рисалей-Нұрды таптық. Таптық та оқыдық. Оның беретін нұры еш бір кітаптан табылмағандықтан, оның ғажайып нәрсе екендігін аңғардық. Өйткені, Рисалей-Нұр қараңғылық тұмшалаған көңілдерді хидайет нұрымен жарыққа бөлеген және біз сияқты қараңғылыққа қармалған бейшараларды нұрға кенелткен, адасқандарды ақиқатқа, дүние мен ақыреттік бақытқа, сәлеметке қауыштыратын бір Мүршид-і Әкмел, Мүребб-і Ағзам, жөн сілтеуші, бағыт беруші әрі тәрбиеші болып табылады. Біз сияқты шарасыз жандарға мұндай шығарманы оқу абыройына бөлеген, нәсіп еткен Аллаһ Тағалаға мыңдаған, жүз мыңдаған, сансыз шүкір етеміз. Бүкіл әлем ғасырлар бойы күткен, оның нұрын пайдалануға асыққан, бірақ қолдары жетпеген мұндай ілім қазынасын сыйлаған әрі бізге оны оқуды нәсіп қылған сол Хаким-і Әзелиге шүкіршілік ете отырып өміріміздiң ақырына дейін басымызды сәждеден көтермесек те орынды. Аллаһ Тағала бізді Рисалей-Нұрдан және Ұстазымыздан мәңгі бақи айырмасын. Амин, амин, амин! قاَبلا َ وُه ىِقاَبلَا ِْْДұғаларыңызға мұқтаж Ыстанбұл ханымдары
107 Қадірлі, Ұстазым!!! Сіз Құран және Иман қызметі үшін қолда барыңыздың барлығын пида еттіңіз. Душар болған зорлық-зомбылықтарға, азап пен соққыларға асқан сабырлық, төзімдiлiк таныттыңыз. Дін Исламның дұшпандарының сізге жасаған жан төзгісіз азаптарына төтеп беріп, алған бетіңізден әсте қайтпадыңыз. Сіз сот орындарында көңіліңізге қорқыныш ұялатпастан Ислам дінін қызғыштай қорғадыңыз. Сөйтіп, міне, өте құнды, екі жаһанның бақытына бөлейтін толық қанағаттанарлық бір тәпсір жаздыңыз. Заманның ең үлкен иман жаршысы атандыңыз. Осылайша, бүкіл адамзатқа ең соңғы рет Хақ Діннің ұлықтығын, сонымен бірге жан-жақты, күш-қуаты мен әсемдіктерін таныстыру, оны жаю, теблиғ ету секілді қасиетті іс атқаруға міндетті екеніңізді дүниеге дәлелдедіңіз. Бұл жиһадыңыз құтты болсын! Осы киелі міндетті атқару кезінде рахымдылықтың шыңына шықтыңыз. Бірнеше бейшараның Жәннатқа кіруі үшін бар күшіңізбен Жаһаннамға түсуге әзір екеніңізді айтып, дүниеде еш кездеспеген ауыр азаптарға, аяушылық білмейтін залымдардың зомбылықтарына сабыр етіп, шыдап бағу арқылы сөзіңіздің тура екенін дәлелдедіңіз. Сіздің сол бір Рисалей-Нұрдағы әсерлі сөздеріңіз бойды кернеп, ерік пен мінезге, көңілге әсер етуде. Әсіресе, сол шығармалардың тәжі, \"Сөздер\" атты кітап қайта-қайта оқуға, оқытуға лайық. Мұндай
108 шығарманың бір емес бірнеше ғұламаның аузынан шығуы мүмкін емес десем, артық айтпағаным. Рисалей-Нұр бәрін қойып, әу баста адамға ғибрет дәрісін үйретеді. Ақырет пікірі, сұраққа тартылу, кітап, пайғамбар жайлы ой салады. Дүниенің өзінде-ақ азғындардың қайда баратынын, имандылардың қайда баратынын, мекен-жайын тағайындайды. Біз, Рисалей-Нұрдың бұл дәрістерінің арқасында фәни тірліктің уайымы мен қайғысын жемейтін дәрежеге жеттiк. Оны оқу арқылы Аллаһтың ризашылығына бөленуімізге әрі сүйікті де ардақты Пайғамбарымызға, сондай-ақ, оның өкілі нағыз тәржімешісі сізге яғни мүбарак Ұстазымызға қауышатынымызға кәміл сенеміз. Бұл жолда бір адым шегінбей, қолда барды пида етпекпіз. Алдымыздан шығатын тосқауыл, кедергілер мен пәлекеттерге Аллаһтың жәрдемімен, Ұстазымыздың демеуімен төтеп береміз. Бізді бұл жолдан тайдырғысы келетін бейқам, бейшараларға әсте құлақ аспаймыз, Ин-ша Аллаһ! Сүйікті, Хазіреті Ұстаз!!!Біз сіздің немесе Рисалей-Нұрдың қадірін, тіпті, оның бір бөлігін мадақтап баға беруге шарасызбыз. Рисалей-Нұрдың және сіздің мадақтауларыңызды ықыласты шәкірттеріңіз өткір тілдерімен, асқан сүйіспеншілікпен орындауда. Біз мұны тек, олардың соңынан шаңына ілесіп сүріне-қабына отырып, сіздің
109 ойыңыздан шықсақ деген ниетпен, нұқсан тілімізбен жаздық. Сол бір ақиқат үшін шейіт болған марқұм Хафыз Али және Хасан Фейзі (рахметуллаһи алейһима) құрметіне біздің осы батылдығымызды кешіріп, түсiнiстiкпен қабыл алуыңызды өтінеміз. قاَبلا وُه ىِقاَبلَا َِْْИзмир, Маниса және айналасындағы мағынауи қыздарыңыз, ақыреттік дін бауырларыңыз атынан: Әсима, Фатима, Ләман, Айна, Нәйлә. *** ُهناَحْبُس ٖ هِمْساب َِЖүректердің жалыны, Хазіреті Ұстазымыз! Сізге қалайша Хазіреті Ұстаз және Рисалей-Нұрға нұрлар деп жан-тәнімізбен иланбасқа. Бұған иланбау мүмкін бе? Иә, Ұстаз! Ұстанған нұрлы жолымыздың Хазіреті Пайғамбар Мұстафаға (С.Ғ.С.) бастап апаратынына Рисалей-Нұрды әрдайым, күнде-лікті оқыған сайын көзіміз жетуде. Рисалей-Нұр; Қасиетті Құранның хақ кітап екенін көрсететін, біздің санамызға сай, түсінуге оңай ақиқат жұлдызы екені баршаға мәлім.
110 Рисалей-Нұр – өмір нұрын себелеп, қараңғы көңілдерге шуақ шашып, бұл ғасырмен келер ғасырдың адамзатына \"міндетіңді атқар\" деп нұсқаушы Илаһи бір мұғалім. Зорлық-зомбылықпен Құран мен иманнан жырақта, азғындық дауылында қалып, мәңгі қамауға түсiп, жойылуға душар болатынымызды біле алмаған сол қараңғы күндерде Құранның нұрлы алмастай өткір қылышын ұстап сіз келдіңіз. Барла жайлауына қоныстанып, дінсіз пәлсәпә мен табиғат жаратты деушілердің желкесін қыйдыңыз. Қара ниеттілер мен соқырларды абдыратып, коммунистердің, сионистердің, массондардың омыртқасын оңдырмай омырдыңыз. Аллаһ Тағала имандыларды хақиқи иман мәртебесіне шығарып, қою қараңғылықты сейілтіп, орнына сағадат пен бақыт орнату үшін сізді және сіз арқылы Рисалей-Нұрды сыйға тартқанына күмәніміз жоқ. Сізді Хазіреті Пайғамбарымыздың жиырмасыншы ғасырдағы елшісі әрі Құран хизбінің құтқарушысы деп сенеміз. Сұмырай, ақылгөй пәлсәпәшілер күні бүгінге дейін Құранды жоққа шығаруға тырысып жатқанда Рисалей-Нұр Құранға айна болып, бұл кiтап бізге де, бұқара қауымға да Аллаһтың заңы, оның әмірі екендігін, сондай-ақ, осы заң ғана адамзатты мәңгі бақытқа бөлейтінін, жолбасшы екенін анық бiлдiруде. Бұрындары аңғармаппыз, енді көзіміз әбден жетті.
111 Қасиетті дініміз семауи діндердің өзегі, барлық рухтардың қорегі. Алайда, бұл заманда Күндей жарқыраған Исламға көзжұмбайлықпен қараған ой-пікірлер бар, мұндай қорқынышты да қауіпті ой-пікірлер ескі перғауындар мен Әбу Жәһилдерде де болмаған екен. Бүгіндерi жарыққа шыққан \"Тарихше-и хаят\" (өмірбаян) атты кітапты оқып, көзіміздің жеткені, Сізге, яғни Ұстазымыз Бәдиүззаманға жасалған зұлымдық Барла өңіріне айдау кезеңінен басталды. Дін дұшпандарының Сізді Спарта, Ескішеһир, Қастамону, Деңізлі, Әмірдағ және Афионға дейін жер аударуы сырт көзге зұлымдық ал, ақиқатта мыңдаған иманды, хақ сөзге шөліркеген, көкірегі ояу жандардың көңілін алып құтқарушы міндеті жүктелген бір Раббани қызметші едіңіз. Оларға жол көрсетуші, нағыз өнеге болдыңыз. Келешек ұрпақтың көзін жойғысы келгендер сізге бірнеше мәрте қастандық ойлап у ішкізсе де, онысы дәріге айналып, кімнiң иманды, кімнiң имансыз екенін ажырататын дәлелдерге айналды. Сізге бізді құтқару міндеті жүктелгендіктен Құдайдың құдіретімен дар ағаштары Рисалей-Нұрды насихаттайтын сахнаға айналды. Анкара сотында қаһарман жас-кәрі бауыр ағаларымыз кеше мың болса, бүгін милионнан астам. Олар Рисалей-Нұрдың қасиетті екенiн күллі Ислам атынан дәлелдеп, үлгі болды.
112 Анкарада болған бірінші ауыр қылмыс сотында нұр бауырларымыздың ісі қаралатын күні біз де сол жерде едік. Конядан үш нұршы әйел келгенбiз. Жүздеген бауырларымызбен бiрге хақтың ақиқат екендігіне куә болдық. Сол жерде адвокат дәрежелi бір ағамыздан кім екені, кәсібі не екені сұралғанда, ол: \"Рисалей-Нұрдың қызметшісімін\" деген еді. Рисалей-Нұрмен қалай таныстың деген сұраққа \"1952 жылы Нұрларды танып, екi жылдан соң соған қызмет ете бастадым. 1957 жылы құқық факультетін бітірген соң өзімді Нұр қызметіне арнадым\" дегенде көзіміз жасқа толды. Ерiксiз Аллаһ, Аллаһ дестiк. Хазіреті Ұстазымызға және Нұр-лардың қызметшісі ағаларымызға Аллаһ Тағала разы болсын. Қадірменді Ұстазым! ُهناَحْبُس ٖ هِمْساب َِСіздің мүбәрәк дұғаңыздың саясында Құдай жарылқап, Нұрларды оқитындардың Коня қаласында күннен күнге көбейе бастағанын айтып, сізді қуантпақ болғанымызды және имансыздықтан құтқару күресінде жеңіске жетуіңізбен құттықтау абыройын
113 бізге нәсіп қылған Аллаһ Тағалаға қанша шүкір етсек те аздық етедi. Кешегі \"Жүсіптің медресесі\" аталған абақтылардың темір торлары, Нұрдың сәулесіне шыдай алмай балқып, бүгін міне, үйіміздің төрінен орын тепкен сол нұрларға қауышуға себеп болған қызметіңізді қолдаушылар мың емес жүз мың тіпті миллиондаған екенін естіп те, көріп те жүрміз. Үйіміз Нұр медресесіне айналғанын осы хат арқылы білдіре отырып, сізге айтарымыз – Сіз бізді мүшриктердің тұзағынан құтқардыңыз. Қолымызға сақтық белгісі бар иман куәлігін бердіңіз. Сіздің қызметіңіздің арқасында біз жастыққа тән әуестігімізден алыстап, нұрларға қауыштық. Тек, Отанымызда ғана емес бүкіл дүниежүзінде нұрмен бірге болып, жеңістен жеңіске жете беретінімізге сенеміз. Бұл жеңіс – Аллаһқа апаратан Нұрлардың жеңісі. Бұл жеңіс – сағадат ғасырын-да Пайғамбарымыздың ашқан нұрлы жолында жүргендердің жеңісі. Бұл жеңіс – имандылардың жеңісі, Исламның жеңісі. Ал, жеңіліс болса кешегі мен бүгінгі дінсіздердің жеңілісі. Иманды көңілдерді ешқандай күш жеңе алмайтынына бүкіл дүние куә болуда. Мұны, Рисалей-Нұрдың иман қызметіндегі жеңісі тағы бір дәлелдеуде. Сіз болмағанда, біз мына ғасырдың екіжүзді фәни әсемдіктерін мәдениеттің талабы деп көңілімізге тоқып, рухымыздың алмастай құндылығынан айрылып, қара көмірге айналдырған болар едік. Аллаһ
114 Тағала сіз арқылы бізге нұр сыйлағандықтан, сол нұрдың сәулесімен сол бір қараңғы күндерді, сол бір азғындар мәдениетінің ұсқынсыз жақтарын анық көрудеміз. Құдайдың бұл жарылқағаны үшін оны мадақтап, шүкір етеміз. Бұл ғасырдың тым қорқынышты әрі қауіпті екенін көру үшін, тек қана хақиқи иман дүрбісі қажет. Тахқиқи иман дүрбісін көзіне іліп, жүрегіне қондырмағандар азғындықты әсемдік деп көрсететін мына мимсіз (жабайы) мәдениеттің адастыратын жолына түсіп кетуі мүмкін. Бұған біз нұр шәкірттері қатты қынжылатын едік. Алайда, бұл Нұрлар еуропалықтардың да көңілдерін билеп, азғындықтарын күннен күнге түзетуде екенін келген хаттардан біліп жатырмыз. Міне, біз бүгін иман нұрына бөлене отырып, мынаны айтпақпыз: \"Ей, жиырмасыншы ғасыр–мәдениет ғасыры деп байбалам салған дінсіз пәлсәпәші және табиғатқа табынушы дінсіз масондар мен қызыл коммунистер! Отанымыз – әсем Түркия және Орта Анадолы. Бұл Хазіреті Мәулананың елі. Біз болсақ, Хазіреті Мұхаммедтің (с.ғ.с) үмбеті, Мәулананың ұрпағы, Бәдиүззаманның шәкірттеріміз. Бізді жақсылап танып алыңдар! Біз сенің мәдениетіңді әлдеқашан артқа тастап кеткенбіз. Оның орнына жиырма бірінші ғасырдың жаңа күні тумақ, соны күтудеміз. Ол туар күн – мұсылмандардың күні, нұрлардың күні, демек нұршылардың күні. Ин-ша Аллаһ!
115 Қадірменді ұстазымыз! Біз иман жолында, Аллаһ жолында, Құранның ізімен жүріп, хақтың ақиқатын мойындаған жандар екенімізді олақ тілімізбен жеткізгіміз келеді. Қазіргі заманның ең бақытты адамы екенімізге сенеміз. Өйткені, бүгін бір шәкірт болып мына фәни болмысымызға қарайтын болсақ, бұл болмысымыз Аллаһ үшін, біз үшін мәңгілікке ие. Себебі мағрифетуллаһқа бет бұрған жүрегіміз иман қуатымен соғады. Бұл қуат бізді Аллаһ жолынан, Расулуллаһ жолынан, нұрлардан айырмайтын, берік, нық ұстап тұратын Иләһи бір қуат деп білеміз. Ин-ша Аллаһ! Құдайдың құдіретімен, Рисалей-Нұр берген берекетпен бұл хатты жаздық. Науқастанған сізді көп мазалаған болармыз. Кешірім өтінеміз. Аллаһ Тағала сізге шипа берсін. Қасиетті Миғраж түніңіз құтты болсын! قاَبلا َ وُه ىِقاَبلَا ِْْДұғаңызға аса мұқтаж Конялық ханымдар атынан Гүлсім, Әлмас, Фердаус, Мәдиха, Айша, Хадиша, Фатима, Салиха, Шүкіран, Мүшерреф, Зеһра, Айша, Нұран. Аса қадірлі, ардақты да құрметті Ұстазымыз!
116 Бізді, яғни әлсіз бейшараларды шәкірт етіп, қабылдағаныңызға қатты қуандық. Бүкіл дүние біздікі болып, көзіміз жасқа толды. Жыладық, жыладық та Раббымыз Аллаһ Тағала Хазіретіне шексіз шүкір еттік. Аллаһ Тағала бұл пақырларды жүз отыз кітапшасы әр тарапта қызыға оқылған, дүниедегі дара тұлға Бәдиүззаман аталған, өткір ойлы ұстаздың дұғасына қосты. Заманның алып тұлғасы Рисалей-Нұрды жазған кісіге шәкірт болу үлкен абырой, зор нығмет. –Әттең, біздің қолымыздан не келуші еді. Сыйлық жіберейік десек, қабылдамайсыз. Сіз біздің мәңгі өмірімізді құтқарып қалдыңыз. Біз болсақ, сізге кішкене болса да жақсылық істеуге шама-шарқымызбен деңгейіміз жетпейді. Бірақ, біз сізге таудай жақсылық еткіміз келсе де сіздің бізге жасаған, яғни кәміл иманға қол жеткізетін Рисалей-Нұр сияқты жақсылығыңызға тең келмейді. Аллаһ Тағала ұстазымызға мәңгі бақи разы болсын! Деніңіз сау-саламат болсын! Құдай Тағала бізді Бәдиүззаманнан айырмасын! Амин! О, Раббым! Сүйікті Хабибың Пайғамбарымыздың құрметіне осы дұғамызды қабыл ал! Амин! Ұстазымыз! Біз сізге шәкірт болуға лайық емеспіз. Сіздің бізге деген жанашырлығыңыз, шексіз жәрдеміңіз бізді екі дүниеде бақытқа бөлейтін Рисалей-Нұр шәкірттерінің қатарына қосты. Қазірде Рисалей-Нұрды үнемі үзбей оқимыз. Ақыреттік қыз-қарындастарыңыз Рисалей-Нұрға тым құштар-ақ. Бірге отырып оқимыз. Оқыған сайын Нұр рисалелерінің көп,
117 өте көп пайдасын көрудеміз. Біз бүгінге дейін Рисалей-Нұр мәтінінде ұшырасатын әйелдерге арналған дәрістерді ешбір кітапта кездестірмедік. Ешбір молда, имамнан естімедік. Сол бір құнды да әсем, тәтті имани ақиқаттар рухымыздың азығы болуда. Рисалей-Нұрдағы қасиетті Құран ақиқаттары көңілімізді баурап, жүректе нұр махаббатын оятуда. Иманымызға қуат беріп руханиятта мәртебемізді жоғарылатуда. Рисалей-Нұр бізді фитнеден, азғындық апаттарынан, сақтап, тура жолға, яғни Құран жолына салуда. Бізді жын мен шайтанның және дін пердесін жамылған алаяқтардың пәлесінен аман сақтауда. Хақ Тағала Ұстазымыздан сізге әрдайым разы бол-сын, өміріңіз ұзақ болсын. Сізге деген алғысымыз шексіз. Сізге және нұр талабалары бауырларымызға сүйікті Пайғамбарымыз Расул-ы Әкрем (с.ғ.с) иман және Құран қызметінде әрдайым жебеп, сүйеніш, демеу болсын. Аллаһ Тағала сіздерді осы Құран жолындағы қызметте табысқа жеткізе берсін. Амин! Амин! Амин! Қадірменді Ұстазымыз!Дертімізді айтып жеткізу қиын. Азғын комитет пен дін дұшпандары көзбояушылықпен, түрлі айла-шарғылармен бізді – әйелдер қауымын қисық жолға салды. Көпшілігімізді Ислам дінінен мақұрым етті. Бізді қасиетті Ислам тәрбиесінен, киелі Ислам әдептілігінен нәсіпсіз қалдырып, күні бүгінге дейін дінімізге жат қылықтар үйретіп келді. Құдайға шүкір,
118 Рисалей-Нұр бұларға алданудан құтқарды. Рисалей-Нұрға кірген соң көңіліміз жайланып, жүрегімізге нұр орнықты. Рухымызда нұрлы әлемге қақпа ашылды. Рисалей-Нұрды оқыған сайын иманымызға, қасиетті дінімізге жақындай түстік. Пайғамбарымыз Хабибі Зишанға махаббатымыз молаюда. Аллаһқа мойынсұну, сүйіспеншілік, ғашықтық дәрежесіне жетіп, шексіздікке бет алуда. Нұрларды оқу арқылы дінімізге, иманымызға зиянды нәрселерден алыстап, ненің жақсы, ненің жаман екенін айыра бастадық. Діни дәріс беремін деп аңқау ханымдарды алдап, қисық жолға итермелеушілерге бармайтын болдық. Өйткені Рисалей-Нұр көзімізді ашты. Оны оқығанға дейін мұны білмеуші едік. Басқа нәрселерге әуесқойлыққа салынып, күнә жасайды екенбіз. Пәк Ислам әйелінің абыройлылығына жат еуропа кәпірлеріне еліктеп, оларға ұқсап бағатынбыз. Рисалей-Нұр бізді қараңғы күйден, ұсқынсыз нәрселерден құтқарды. Күнәлардан алыстатып, сауапты істерге жақындатты. Рисалей-Нұр барлық дертімізге шипа, жарамызға ем болды. Енді қазір Рисалей-Нұр әр дертке дауа екеніне күмәніміз жоқ. Осы аса нұрлы әрі аса қасиетті шығарма бізге толық жетеді. Басқаға барып ізденудің қажеті жоқ. Біз, әйелдер, әлһамдулиллаһ бұдан соң дінімізге ие боламыз. Бірақ, біз ақиқи түрде дінімізді үйрететін, бізді ғибадатқа, жақсы амалдарға, жағымды қылықтарға баулитын шығармалардан мақұрым қалдық. Дінсіздер әйел қауымын адастырды. Сол үшін
119 де бізге Құран жолын көрсететін, Ислам дінінің нұрлы, саламат жолында иман ілімін беріп, сол жолда жүргізетін Рисалей-Нұр сияқты мүршид-і камил, жол сілтеуші керек болатын. Бұған біз тым мұқтаж едік. Бізді мәңгі бақытқа бөлейтін, Құран нұрымен нұрландыратын, оның бітпейтін шуағымен шырайландыратын Нұр рисалелері тәрізді ұстазға, шығармаға тым зәру бейшара едік. Біз бұл нұрларды, бұл шығармаларды, бұл ұстазды көре алмаған екенбіз. Демек, қапы қалған екенбіз. Енді міне, қол жеткіздік, айықтық, ояндық. Рисалелерге қауыштық. Басқалардың алдауларынан құтылдық. Нұр рисалелеріндегі Құран мен Иман нұрларына қолымыз жетті. Әлһамдулиллаһ, Құдайдың бұ жарылқауы мен жомарттығына шексіз шүкіршілік етеміз. Біз Рисалей-Нұрға жан-тәнімізбен ұмтылдық. \"Ханымдар шырағы\", \"Жастар шырағы\", \"Қысқа сөздер\", \"Науқастар рисалесі\", \"Қариялар рисалесі\" атты кітаптар біздің сенімді жолбасшымыз болуда. Рисалелерге нанға, суға, ауаға деген мұқтаждық секілді мұқтаж екенімізді оны оқыған сайын аңғарамыз. Осылайша Нұр рисалелерін бірінен соң бірін құштарлана оқып жатырмыз. Рисалей-Нұр басымыздың тәжі, жанымыз бен жүрегіміздің, көзіміздің нұры. Оларды бауырымызға басып, әсте жанымыздан, сөмкемізден, аузымыздан тастамаймыз. Ұстазымыз! Нұр рисалелеріндегі иман нұрлары –бейне бір Мұхаммед (с.ғ.с.) атты гүл. Бұл шығарма
120 бізге қаншалықты пайдалы, рухымызға, жүрегімізге нендей әсер қалдырғанын айтып жекізу мүмкін емес. Ұстазымыз! Жақында Нұр шәкірттері оқитын теңдесі жоқ, дүниеде сыңары кездеспейтін \"Жәушәнул Кәбир\" атты ардақты Пайғамбарымыз Хазіреті Расулуллаһтың дұғасын және сауабы мол, нұрлы, өте киелі салауат-ы шәрифтеріңізді алдық, қазір де оқып жүрміз. Сіздің әрдайым оқыған аса құнды, өте мүбарак бұл әурадтар (дұғалар) біздің зікірімізге, әрдайым оқитын дұғамызға айналды. Әлһәмдулиллаһ! Бірақ Рисалелерді көп оқуға тырысамыз. Оған көп мән береміз. Өйткені, Нұр Рисалесін қаншалықты көп оқысақ бұл дұғалардан фейіз-бен берекеміз соғырлым болмақ. Бұл дұғаларды, әурадтарды мүбарак түндерде әсіресе Ләйлә-й Реғайып, Ләйлә-й Миғраж, Ләйлә-й Бераат, Ләйлә-й Қадірде және жұма түндері сияқты уақыттарда оқимыз. Аллаһ Тағала қамқорлыққа тым мұқтаж біз секілді әйелдерге сіз сияқты қамқоршы, жанашыр бір кісіні ұстаз қылды. Жер жүзінде турашыл, жоғары мәртебелі, әрі хақиқи алып мүршид болып саналатын Нұр рисалелерін нәсіп қылды. Құдай Тағала молынан жарылқады. Шейхі өлген кезде пірсіз қалатындай, біз фәни ұстазға шәкірт болғанымыз жоқ. Біздің өлмейтін, бақи Құран тәпсірі – Рисалей-Нұр сияқты мәңгі ұстазымыз бар. Бұл ұстаз мәңгі бақи ұстаздық етеді.
121 Бізге қамқоршы болып өле-өлгенше нұрландырмақ. Ин-ша Аллаһ. Құдайға шүкір біз енді жоғарғы білім мектебі Нұр –мектебіне қауыштық. Құранның нұрларымен табыстық. Рисалей-Нұр бізге құнды дәріс. Рисалей-Нұр алып нұрдың қайнар көзі, берекеті мол қазына. Біз Нұр шәкірті атанғанымызды мақтан тұтамыз. Бұл –үлкен абырой. Құран ақиқаттарын жүрекке, ақылға, көңілге тоқыған нұр рисалелеріне тәсілім болу, демек Құранға, Исламға тәсілім болу, оның ізінен еру. Әсіресе, әйелдердің аңқаулығын пайдаланатын алаяқтар көбейген мына заманда ең тура, өте дұрыс жөн сілтеуші, ақиқи ұстаз Рисалей-Нұр болып табылады. Рисалей-Нұр Құранның жолы. Рисалей-Нұр имандылық пен Ислам жолы. Әсем, керемет, шырын әрі зауықты нұрлы ақиқаттар Рисалей-Нұрда. Адамды тәухид кәлимасын зікір еткенде немесе Құран оқығанда Илаһи ғашықтық сезімі кернейтін болса, Рисалей-Нұрды да оқыған сәтте немесе тыңдағанда дәл сондай күй кешеді. Өйткені, Рисалей-Нұр басынан соңына дейін тәухид кәлимасынан, яғни \"Лә иләһә илла Аллаһтың\" ақиқаттарынан дәріс береді. Құран мен тәухид ақиқаттарын түсіндіре отырып, оны жүрегімізге, ақылымызға, көңілімізге тоқиды. Барлығын толық түсіне алмасақ та шамалы түсінгеніміз бізді құтқарып қалуда. Түсіне алмаған терең ақиқаттары мағынасымен, ойша болсын әсерін тигізуде, фейіз бен нұрға бөлеуде. Сондықтан, Рисалей-Нұр қайта-қайта оқылып, талқылануда.
122 Аса қадірменді, Ұстаз! Сіз алдамайтын, сөзі мен ісі бір, ілімімен амал жасаған ақиқи бір ұстазсыз. Турашыл әрі кәміл тәрбиешісіз. Егер сіз, ұсынылған сыйлықтарды кері қайтармаған болсаңыз, бүгін де алтыннан сарай соғар едіңіз. Сіз Нұр рисалелері арқылы хақиқи ұстаз, нағыз мүршид, тәрбиеші екеніңізді былайша дәлелдедіңіз: Жеке басыңыз үшін пайда көздемедіңіз, дүниелік мал-мүлік жинамадыңыз, дүниені тәрк еттіңіз. Тек, Аллаһ ризашылығынан басқа еш нәрсе ойламай иман дәрісін оқыдыңыз. Құранға адал қызмет еттіңіз. Міне, осы ықыласыңыз үшін, біз – әйелдер қауымы, қариялар, еркектер, жастар бәрі-бәрі жаппай кітабыңызға ұмтылып, дәрістеріңізге аса сенімділікпен қарауда. Дін үшін, иман үшін өздерін пида етуде. Рисалей-Нұр жолында барлық қиындықтарға табандылық танытуда. Сіздің сөзіңізге мән беріп, сенім артуда. Сіз, Құранда әйелдердің қадірін, намысын, олардың бейкүнәлігін сақтайтын және харам назарлардан қорғайтын аят тәпсірін жазғандықтан, дінсіздер сіздің көзіңізді жою үшін сотқа берді, зынданға салды. Сіз болсаңыз олардың беретін жазасынан, өлімнен еш қорықпадыңыз. Адам төзгісіз азаптарға шыдап бақтыңыз, алған бетіңізден қайтпадыңыз. Қайтадан сол, әлгі әйел құқығын сақтаушы аяттың тәпсірін
123 қорғап, ақырында ақтап, жеңіп шықтыңыз. Ғасырымызда қолайсыз жағдайлармен ұшырасатын және діни нағыз қамқоршыға тым мұқтаж әйелдерді күнәлардан аластататын, мәртебесін жоғарылататын Рисалелеріңізді қайсарлықпен жаздыңыз. Біздің қолымызға жеткіздіңіз. Қожайындарымыз бізге: \"Бұл отыз-қырық жыл ішінде әйелдерді қорғайтын Ислами шығарма жазуға ешкім батылдық таныта алмады. Дінсіздердің зорлық-зомбылықтарына қарамастан мұндай шығарманы тек қана Бәдиүззаман жазды. Ханымдар әлеміне үлкен үлес қосты, оларға жол көрсетті\" дейді. Сіз, діннен безгендер көбейген сол заманда көзіңізді жою үшін абақтыға жапқан сәттерде де Құранды, Исламды қызғыштай қорғадыңыз. Абдулқадір Гейлани (р.а), Шах-ы Нахшибенд (р.а), Имам-ы Раббани (р.а) хазіреттерінің кітаптарында мүршид-і камил, яғни нағыз жолға салушы, тәрбиеші қандай болатыны жазулы. Мұны білетін бауырларымыз бар. Біз ең үлкен ұстаздың, нағыз мүршид-і камилдің шарттарын, халдерін, сыйпаттарын толық түрде сіздің бойыңыздан көрудеміз. Оны еңбектеріңізден, шығармаңыздан таптық. Мүршид-і камил жоғарыда аталған сипатқа ие болған кісі ғана бола алады. Біз дәл сол қасиеттерге ие сізге ғана, сіздің шығармаңызға ғана бел байладық. Бала күніңізден бері турашыл болғаныңызды көргендер бар. Енді міне, оған сот орындары да куә болды. Бұл сіздің, бұл заманда
124 теңдесі жоқ шығарманың иесі, алып тұлға екеніңізді дәлелдейді. Сіздің Рисалей-Нұр атты шығармаңызға жан-тәнімізбен, шын көңілден ден қоюдамыз. Құран нұрын сүйсіне де қызыға оқимыз. Сіздің ұстаған бағытыңыз, ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) көрсеткен Құран жолы. Сіз діни кітаптар тыйым салынған сол қараңғы күндерде иманды құтқаратын Нұр Рисалелерін жаздыңыз. Хазіреті Пайғамбардың жолын ұстанғандықтан, өлімнен, абақты мен зорлық-зомбылықтардан қорықпадыңыз. Ақырында, Аллаһтың жәрдемімен, жүз отыз бөлімнен тұратын Нұр Рисалелерін жарыққа шығардыңыз. Айбарлы арыстандай сот орындарында Ислам дініне қалқан болдыңыз. Аса қадірлі, Ұстазымыз! Жиырма жыл бойы Рисалей-Нұрға қызмет еткен құрметті шәкіртіңіз, ардақты анамыз Әсия ханым қазір арамызда отыр. Бізге Рисалей-Нұрды таныстырды. Рисалей-Нұр арқылы әйелдер арасында имандылыққа қызмет етті. Сондай-ақ, Анкарадағы анамыз да Рисалей-Нұрға ықыласпен еңбек етуде. Рисалей-Нұр саясында көптеген әйелдердің бақытын табуына, иманды болуына себеп болуда. Афион жақтағы жанқияр нұрлы, еңбеққор бауырымыз Рисалей-Нұрға сәйкес қызмет етіп жатқанын естідік.
125 Көптеген ханымдар мен қыздар сол арқылы Рисалей-Нұрдан иман дәрісін алып, бақытқа бөленуде. Анталияда да нұршы бауырлардың Рисалей-Нұрға еңбек еткендерін, оны жазып көбейткендерін естіп, қуанып қалдық. Нұрға қызмет еткен нұршы бауырларымызға, сондай-ақ, отанымыздағы барлық ақырет бауырларымызға дұға етіп, оларды шын жүректен құттықтаймыз. Ұзынсонар хат жазғанымызға кешірім өтінеміз. Нұрға деген махаббат, нұрға деген іңкәр тоқтауға мұрша берер емес. Біздің әрдайымғы сұхбатымыз нұр жайында, аузымызда, жүрегімізде, көңілімізде нұр махаббаты. Иншаллаһ, Нұрды оқимыз, нұрды тыңдаймыз, нұрды жаямыз, нұрды жазамыз. Естуімізше Рисалей-Нұр Анкара баспаларында мыңдаған таралыммен басылып жатқан көрінеді. Бұл үлкен қуаныш, бұл бір той. Бұл той дүние жүзіндегі –дін бауырластардың тойы. Сондықтан, әуелі сізге және барлық нұр талабаларына құтты болсын демекпіз! Рисалей-Нұрмен қатысы бар мына отырған ақырет бауырластар және біз сізге көп-көп сәлем әрі дұға етеміз. Құрмет тұтып қолыңыздан сүйеміз. Хазіреті Ұстазымыз!Біз, мына алай-дүлей қорқынышты заманда Рисалей-Нұрдан алған дәріс саясында иманды болу сияқты мол нығметке, шексіз бақытқа бөленгендіктен, алғысымызды шын жүректен осылайша білдірдік. Егер қолымыздан келсе, Рисалей-Нұрдың әйелдерге және
126 барлық мұсылмандарға тигізген пайдасын мыңдаған кітап түрінде жазып сізге ұсынар едік. Бірақ ол мүмкін емес. Бір күн туар, миллиондаған әйелдер Нұр рисалесінің айналасына, шамға үймелеген көбелектей Рисалей-Нұр дәрісіне ұмтылатын болады. Рисалей-Нұрдан киелі иман дәрісін алатын, тыңдайтын болады. Аспаннан нұр жауып, айнала нұрға оранады. Фердәус Жәннатына қол жеткізетін иман нығметіне бөленетін болады. Аса жанашыр, қамқор Ұстазымыз!Рисалей-Нұрдың осы ұлы тойын тағы бір құттықтап қоюға рұқсат етіңіз. Біз жанашыр ұстазымыздан, Рисалей-Нұрдан өле-өлгенше әсте айырылмаймыз. Сіз және Рисалей-Нұр бізге бұл дүниеде мүршид, ұстаз, ақыретте шарапатшы. Құран мен иманның нұры Рисалей-Нұрға және оның делдалы сізге жанымыз пида болсын. Қолда барымыз Рисалей-Нұрға құрбан болсын! قاَبلا وُه ىِقاَبلَا َِْْСтамбулда дұғаңызға мұқтаж шәкірттеріңіз, мағынауи қыздарыңыз:Хайрунниса, Сәидә, Әминә, Фатма.
127 Нұршылар жыры (Еркін аударма. Н рлыбек Самат лы) ұұБір Аллаһқа аманаттап бүршік жарған бұтағын Анам мені жолға салды, ұстатып Нұр кітабын;\"Қызмет қыл, еңбек етіп иман етіп шынарға, Құр отырма, мойныңды бұр қасиетті Құранға\". Қанша пенде басыр өтті, алыс қалып Құраннан, Нұрдың нұрлы хатын оқып, иманды ұғу бір арман. Нұрдың асыл медресесі – Сау мен Барла, Әфлани! Шәкірттердің қорғанышы – Абдулқадир Гейлани! \"Гүл\" менен \"Нұр\" қолдаушысы, \"Мүбәрактар\"қоғамы, Қаламы алмас, заманының қалаулысы сол әні. Жүрген жері абақты еді, түсінді де мәніске, Жас пен кәрі, әйел-еркек, енді асығар дәріске. Дінсіздікпен отыз бес жыл айқасқан бұл адамды, Исламның тарихында дер ек нағыз табанды. Уа, бауырым, Нұршыларым, иман жолдан таймаңдар, Аллаһ разы болар бізге, қолдап тағы Пайғамбар! * * * (Иманға белсене қызмет еткен бір ханымның шығарған өлеңi)
128 Ұстазым Бәдиүззаман Саид Нұрсиға (Еркін аударма) Рисале-и Нұр қылышын ап рухани қолына, Мұнафықты шауып жатқан келген тура жолына, Ұстазымның нұрлы тілі – Жаратқанның ілімі Даналыққа толы дария дерсің оның білімі. Бұл қандай от мұншалықты күйдірген де жандырған, Аспан астын қарып өткен, Аллаһты еске алдырған? Бұл ұстаздың бізге оқыған ұлы иман – Құраны, Күллі әлемге Нұрдың хаты Хақ назарын бұрады. Бас иемін, жаным пида иманымның жолында, Мен Шәһида, не тындырдым, не бар еді қолымда? Ал, Расул хадистер мен ишараттар арқылы, Хабар айтқан: келеді деп Нұрдың өзі - жарқылы. \"Мұнафықтың үгітіне, сірә құлақ аспаңдар, – Деді ұстазым шәкіртіне, – тек иманға бастаңдар. Өмір деген мына жалған дүниеде тұра ма? Менен шолақ фәниге тән сауалдарды сұрама?\" Рисале-и Нұр хаттарымен иманға адал бас ұр да, Ай, Шәһида, арманыңды айт, ақиқатты жасырма. Жазылды ғой күллі әлемнің амандығы үшін Нұр,
129 Оның асыл қазынасын мүминдерге түсіндір. Уақытты босқа өткізбе, өмір деген тым қысқа, Оқығаның Нұр болса егер, жүрекке сол шын нұсқа. Нұрды оқысаң жасшылаған жандарыңа Нұр енер. Нұрдың оты иман болып жүрегіңе гүл егер. Ақиқат боп осы Нұрдың келген кезде кезегі, Бір сәтке де мұнафықтар тұра алмайды, безеді. Ұстаз айтқан ақиқатқа жетіп жасын бұлаған, Бауырларым Нұрдың шексіз әлеміне құлаған. .. ұйқыда еді жүрек көзі, ояна алмай қиналды, Ұстаз бізге дұға жаса, ұқтыра түс иманды. اَلبَاقِى هُو البَاق َِْْдұғаңызға мұқтаж, Нұршы ханымдар атынан Шәһида. Ханымдар шырағына қосымшаБұл хат ұстазымызды қасиетті Рамазанымен құттықтап жазылған. Сондай-ақ, Измир, Маниса және сол ай-мақтағы Рисалей-Нұрдың ханымдар арасында қызу қошталғанын, маңызды да әсерлі қызметтің кеңінен тарағанын көрсетеді. Бұл хат
130 Стамбулдағы нұршы ханымдар жазған хат тәрізді. Сондай-ақ, Измир, Маниса және сол аймақтардан да Хафыз Али, Хасан Фейзі және Халил Ибраhим (Рахметуллаhи алейhим) сияқты қаhарман шәкірттер ханымдардың арасынан да шыққанын дәлелдейді.
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130