М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Ақпараттық-библиографиялық бӛлім Дархан дарын, сырлы сазгер Көкшетау, 2020 жыл
Үкілі Ыбырай сал-серіліктің сайранындақалып қоймай,бойына Махамбеттің мінезі сіңгенқайсар ақын,алғыр айтыскер,үлкен сықақшы,ержүрек азамат ақын. Кәкімбек САЛЫҚОВ «Кең алқым, кең қӛмейлі, даусы керней, Ақырмай ән салмайды,кӛкірек кермей. Астана алты қырдың естіледі, Шырқаса екіленіп құлаш сермей» Сәкен СЕЙФУЛЛИН
Ән салып сері болып талаптандым, Ақылын тыңдамадым барлық жанның, Бөркіме үкі тағып сәндеп киіп, Жолына түспей кеттім дүние-малдың. Ү. Ыбырай Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы (1860-1932) 1860 жылы Кӛкшетау облысының Володар ауданында кедей ұстаның отбасында дүниеге келген. Бала кезінен ӛлеңге, әнге әуес болған. Композитор, белгілі әнші және суырып салма ақын, классикалық музыканың танымал ӛкілдерінің бірі. Ыбырай молдадан оқып, арабша сауат ашқан. Жас кезінен әнге құмар болып, Ақан сері, Біржан сал, Орынбай, Балуан Шолақ, Тезекбай сынды белгілі қазақ әнші- ақындарынан ӛнеге алған. Әнге келгенде Ыбырайға тең келетін жан болмаған. Үкілі тебетей киіп жүргендіктен, халық арасында Үкілі Ыбырай деп аталып кеткен. Үкілі Ыбырайдың музыкалық мұрасында 40-қа жуық әні бар, солардың ішінде халық арасында кең тараған \"Гәкку\" (4 нұсқасы бар), \"Әр-әр-әй\", «Қарақат кӛз», «Кiдiк-ай», «Дүние», «Шалқыма», «Кӛкше», «Сүйгенім кете барды қасыма ерiп», «Қалқа бел», «Қал-дырған», «Желдiрме», \"Жиырма бес\" және т.б. әндер бар. Үкілі Ыбырай шығармашылығының шыңы – кең тараған, танымал \"Гәкку\" әні. \"Гәкку\" әнінің әуенін Е.Г.Брусиловский \"Қыз Жібек\" операсында (Жібектің негізгі ариясы), ал «Арарай» әуенін - «ЕрТарғын» операсында (Ақжүністің ариясы) пайдаланды.
Алғаш рет Ыбырайдың ӛлеңдерін А. В. Затаевич пен И. В. Коцык нотаға түсірді. 1969 жылы \"Мектеп\" баспасы \"Ыбырай Сандыбаевтың ӛлеңдері\" деген атпен этнографиялық жинағын жарыққа шығарды. Қазақ КСР ғылым академиясының корреспондент мүшесі, ӛнертану ғылымының докторы, композитор Б.Г.Ерзакович Ыбырайдың ӛлеңдерін жинап, оларға нота құрастырды, жинаққа алғысӛз жазды. Үкілі Ыбырай поэзиясы тақырыбы жағынан алуан түрлі. \"Қарақат кӛз\" ӛлеңінде Үкілі Ыбырай жастықты жырлайды. \"Бiр қызық, ит жүгiртiп аң ауласа\" ӛлеңінде табиғат сұлулығын, аңшылық пен салт жүрудің қызығын суреттейді. Патша заманында ӛмір сүрген ақынның бірқатар ӛлеңдері (\"Октябрьдің жеңісі\", \"Отарба\") тӛңкерістен кейінгі халық бостандығы тақырыбына арналған. 1925 жылы ақын Петропавлға арналған \"Қараңғы түн\", \"Ӛскен ел\" ӛлеңдерін жазды. Ыбырайдың мұрасында Доскей, Есімбет, Қожахмет және т.б. ақындармен айтыстарында туған кӛптеген ӛлеңдер бар. Сәбит Мұқанов \"Бостандық туы\" газетінде Ыбырайдың ӛлеңін жариялап, оның шығармашылығына рецензия жазды, ал Ыбырайдың әдеби мұрасын сыншы Е.Ысмайыловзерттеді. Драматург Ш. Құсайынов Ыбырайдың шығармашылығына арнап \"Қайран Гәкку\" поэмасын, Т.Қажыбаев \"Қалдырған\" және \"Тағдыр\" новеллаларын жазды. Үкілі Ыбырай 1932 жылы 72 жасында тоталитарлық жүйенің құрбаны болды.
Үкілі Ыбырайдың ұрпақтары
Үкілі Ыбырайдың шәкірттері,әндерін таратушылар
Үкілі Ыбырайдың өмірі мен шығармашылығын зерттеушілер
Үкілі Ыбырайдың әнін орындаушылар Қазақстанның халық әртісі Күләш Байсейітова Қазақстанның халық әртісі Қайрат Байбосынов Қазақстанның халық әртісі Қапас Құлышева
Естелік орындар 2012 жылы 9 желтоқсандаПетропавлқаласындаҮкіліЫбырайғаескерткіш орнатылып, шағынбаққаесіміберілді. КәкімбекСалықовотызыншыжылдарыҮкіліЫбырайхалықт ыаштықпенқинағанбиліктісынағаныүшінхалықжауыатанып , Петропавлтүрмесіндеқазатапқанынескесалды. Ақынесіміақталғаннанбері 50 жылӛтті. Ескерткіштің авторы – Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттықӛнеракадемиясының профессоры МәлікЖүніспаев. Ақынның туған жерінде, Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданына қарасты Үкілі Ыбырай ауылында мектептің жанында қола мүсіні орнатылды.
Библиография Шығармалары Сандыбайұлы Үкілі Ыбырай. Гәкку: Ӛлендер.- Астана: Фолиант.- 2005.- 184 бет. Үкілі Ыбырай. Бақшадағы бұлбұл ем..: (Ӛлеңдер)/ Үкілі Ыбырай// Солтүстік Қазақстан.- 2005.-19 тамыз.-8 б. Үкілі Ыбырай. Ән салып.әрбір жердің дәмін таттым..: (Ӛлеңдер)/ Үкілі Ыбырай// Солтүстік Қазақстан.- 2010.- 9 қыркүйек.-5 б Үкілі Ыбырай.Гәкку.Ӛлеңдер,айтыстар және әндер жинағы Құрастырған Кәкімбек Салықов.-Астана:» Фолиант».- 184 бет Ақан сері Қормсаұлы,Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы,Балуан Шолақ Баймырзаұлы. Шығармалары.-Алматы.» Нұрлы Press kz» .- 2014.-288б.- (Ақындар аманаты) Үкілі Ыбырай Ӛлеңдер.-145-227 бб.
Ӛмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер Кожахметова С .Возвращение акына:130 лет со дня рождения Укили Ибрая// Степной маяк.-1990.-15 май. Тӛлеғұлов Ғ.Әнші даусының тегеруіні //Кӛкшетау правдасы.-1990.-18 сәуір.-2 б. Муканов К .Пылающее сердце Ибрая// Степной маяк.- 27 май.-3 с. Ілиясов. Арқаның ақиығы: (Үкілі Ыбырай туралы)// Солтүстік Қазақстан.- 2005.-19 тамыз.- 9 б. Әкімжанов З. Арқаның ақиығы: (Үкілі Ыбырай туралы)// Солтүстік Қазақстан.- 2005.-19 тамыз.- 9 б. Мырзахметұлы Е. Үкілі Ыбырай: (Қилы заман құрбаны тағдырының аңызы мен ақиқаты)// Солтүстік Қазақстан. - 2005.- 5 желтоқсан.-7 б. Мырзахметұлы Е. Үкілі Ыбырай: (Қилы заман құрбаны тағдырының аңызы мен ақиқаты)// Жаңа Сарыарқа.- 2005.-N 6.-57-62 б. УкилиИбрай: [Крат.биогр. справка] // Северо- Казахстанская область: Энциклопедия.- Изд. 2-е, доп.- А.: «Арыс», 2006.- С. 561. Рахымбек С. Үкілі Ыбырай. Тайгадағы түс Қалдырған әні.Айыртау таңы.- 2007. -5 қазан.- 2 б. И певец-импровизатор// Простор.- 2007.- №11.-С.156. Салықов К.Гәкку //Айыртау таңы .- 2009.- 17 шілде.- 3 б. Салықов К. Гәкку: Әдебиет беті //Айыртау таңы 2009.- 24 шілде.- 3 б. Муканов К. Народный акын, певец и композитор: 150 лет акыну Укили Ыбраю// Северный Казахстан.- 2010.- 11 сентября.- С.6 Үкілі Ыбырайдың ақындық ерекшелігі Айыртау таңы .- 2010.- 17 қыркүйек.- 3 б
Құлмағамбет С.,Сакркенқызы М.Ыбырай ӛмірінен үзік сырлар : Үкілі Ыбырайдың туғанына -150 жыл// Солтүстік Қазақстан.-2010.-2 қыркүйек.-3 б Певец бескрайней степи: [Вечер к 150-летию Укили Ыбырая в Национальной академической библиотеке РК]// Северный Казахстан.- 2010.- 28 сентября.- С.6. Певец бескрайней степи: К 150 - летию со дня рождения Укили Ыбырая// Северный Казахстан.- 2010.- 28 сентября.- С.6. Не дали акыну допеть// Северный Казахстан.- 2010.- 9 октября.-С.5. Салықов К. Үкілі Ыбырай:Егемен Қазақстан. -2010. -24 қараша- 8 бет Салықов К.Үкілі Ыбырай жайлы ойтолғақ Үкілі Ыбырайдың туғанына -150 жыл// Солтүстік Қазақстан.- 2010.-26 қараша.-3 б Салықов К.Қайсар туған ақын еді// Солтүстік Қазақстан.- 2010.- 7 желтоқсан.- 4-6 беттер Ермуканов М. Яркий талант казахской степи// Северный Казахстан.- 2010.- 9 декабря.-С.1-2. Укили Ыбыраю посвящается// Северный Казахстан.- 2010.- 7 декабря.- С.1. УкилиЫбырайСандыбайулы: [Крат.биогр. справка] // Литература Казахстана: Энциклопедический справочник.- А.: «Аруна», «Қазығұрт».- 2010.- С. 487-488. Хасенов С. Сұраған саған аманат/Кӛкшетау:»ASVeRaShi» ЖК А.Б. Шәріпбаев.-2018.- 140+16 бет жапсырма. Шабжантайқызы М Сарыарқаның ӛнер саңлақтары. Шығыстың шолпан жұлдыздары./М .Шабжантайқызы- Кӛкшетау.- 2015.-350 б. Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы.-192-196 б.
Мекен жайымыз: Ақмола облысы Кӛкшетау қаласы, Абай к. 111 Құрастырушы: Ақпараттық-библиографиялық бӛлімінің қызметкері Шарипова Баршагүл Далабайқызы
Search
Read the Text Version
- 1 - 16
Pages: