Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Иманжүсіп Кұтпанұлы

Иманжүсіп Кұтпанұлы

Published by АОУНБ Кокше, 2020-06-25 21:04:44

Description: Иманжүсіп Кұтпанұлы

Search

Read the Text Version

2

«Иманжүсіп – кӛз жетер жердегі аса бір әйгілі де асқақ тұлға. Ол бүтін болмысымен аса зердел суреткер, композитор, ұлы әнші-сазгер. Ӛзінің бітім табиғаты бойынша - нағыз дала кӛкжалы» Әбіш Кекілбаев. Құрастырушыдан Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Ақпараттық-библиографиялық бӛлімінің ӛлкетану секторы қазақтың халық композиторы, әнші, суырып салма ақын, елінің азаттығы үшін арпалысып ӛткен бабамыз Иманжүсіп Құтпанұлына арналған ӛлкетану анықтамалық-библиографиялық ақпаратын қолдана отырып аталмыш тақырыптағы әдебиеттердің ұсыныстық библиографиялық кӛрсеткішін дайындады. Кӛрсеткіш орта және жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, кітапхана қызметкерлеріне және кӛпшілік оқырман қауымына арналған. Кӛрсеткіштің мақсаты – композитордың ӛмірі мен шығармалары жайындағы материалдарды терең зерттеп оқуда және насихаттауда оқушы жұртшылық пен кітапхана қызметкерлеріне кӛмектесу. Бұл кӛрсеткішке Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қорындағы кітаптар, жинақтар, республикалық және ӛлкемізде шығатын басылымдардың ақпараттар кӛзі енгізілді. Бұлардың атаулары кӛрсеткіштің соңында берілген. Композитор, суырып салма ақын Иманжүсіп Құтпанұлына арналған іс- шаралар ӛткізуде кӛрсеткіштің кӛмегі тиер деген үміттеміз. Кӛрсеткіштің алғы сӛзіне «Егемен Қазақстан» газетінен жарық кӛрген журналист Амантай Есілбайдің, «Қас батыр Иманжүсіп Құтпанұлы туралы не білеміз» атты мақаласын ұсынып отырмыз. 3

Алғы сөз Қазақ халқында «Алмас қылыш қап түбінде жатпайды» деген тамаша бір сӛз бар. Ен даланы еркін жайлаған халқымыз бес ғасыр бойы ат үстінен түспей, жаугершілік заманды бастан кешірді. Қос бүйірден аждаһадай ысқырынған қытай мен аюдай ақырған орыс қысқанда, лажсыздан соңғысының қолтығына кіріп, бодан болды. Қала берді кешегі кеңестік дәуірде қитұрқы қызыл идеологияның құрсауына түсіп, жетпіс жыл бойы ұлттық құндылықтарын, тілін, ділін, қасиетті дінін сақтап қалу жолында жанкештілікпен арпалысты. Жылжып жылдар ӛтті. Қайта оралудың ұлы кезеңі туды. Барымызды түгендеп, жоғымызды жоқтай бастадық. Нәтижесінде, тәуелсіз еліміздің аспанында ояну дәуірі атанған кезеңде ӛз халқына барын арнаған, сол жолда жандарын пида еткен асыл тұлғаларымыздың үлкен бір шоқ жұлдыздары қайтадан жарқырай кӛрінді. Солардың бірі де бірегейі, қатал да қатыгез тағдырдың ноқтасына басы сыймай ӛткен, заманында қазақ даласына атағы кең жайылған атақты да қас батырлардың бірі – Иманжүсіп Құтпанұлы. Елінің азаттығы үшін арпалысып ӛткен Иманжүсіп бабамызды Арқа мен Сыр ӛңірінің телқоңыр перзенті десек, артық айтқандық емес. Иманжүсіп Құтпанұлы Қоқан хандығына қарсы азаттық күресте қазақтардың кӛсемі ретінде танылған Тұрғанбай датқаның немересі болғанымен, пешенесіне ерекше тағдыр бұйырып, Арқа топырағына кіндігімен байлануының ӛзі жатқан бір үлкен тарих. Иманжүсіптің атасы Тұрғанбай датқа жайлы әңгімеде айтылғанындай, 1821 жылғы қанды оқиғадан кейін, Шашты қыпшақтың Құтым тармағынан тарайтын Сіргебай әулетіне бірі қалмай құрып кету қаупі тӛнгені белгілі. Осы қауіпті сезген Тұрғанбай датқаның әйелі Мәлике бір жасар ұлы Баймырза мен Тұрғанбайдың бес жасар інісі Басықараны алып қашып, Қаратаудың Ӛгізмүйіс деген жерін паналайды. Екі баламен алысқа ұзай алмасын сезген соң ӛз ұлы Баймырзаны тасалау жерге жасырып, қайнысы Басықараны ертіп, Арқаға бет алады. Айдалада жасырылған, мойнында аманат белгісі бар шиттей жас баланы Қыр мен Сырдың арасына жиі қатынап жүрген керуеншілер ішіндегі Дайрабай есімді саудагер тауып алады. Қапыда тауып алған бала еді, әулетімнің құты болсын деп атын Құтпан қояды. Кейін Ыбырай Жайықбайұлы Қараӛткелдің (Ақмоланың) аға сұлтаны болып сайланған тұста Құтпан Есіл бойына қоныс аударып, Күйгенжар деген жерді мекендеп тұрып қалады. Сӛз орайы келгенде айта кетуіміз керек, осы Күйгенжар маңында (Астана қаласынан 40-50 шақырымдай жерде) оның баласы Иманжүсіптің ӛз қолымен еккен емен ағашы әлі бар. Кӛлеңкесіне жиырма шақты адам алқақотан отырса сыйып кететін бәйтеректің саясында бертінге дейін ел ағалары мен ауыл ақсақалдары жиналып, талай маңызды мәселелерді шешіпті деседі. Баймырзаны асырап алған Дайрабай Кенесары ханға қосылып, қанды шайқастардың бірінде қаза табады. Уақыт ӛте келе Тұрғанбайдың ағайындары ӛз кіндіктерінен тараған ұрпақтарын сұрастыра жүріп, Торғай маңындағы Дайрабайдың Ерәлі Шоқай деген құрдасынан 4

мойнында аманат белгісі бар бала табылғанын естіп, Баймырзаны іздеп келіп тауып алады. (Кезінде кей аймақтарда ел басына қысылтаяң кезең туғанда белгілі бір әулеттің ұрпағын аман сақтап қалу үшін шыққан тегін білдіретін хат немесе ерекше таңбасы бар аманат белгісін жас сәбидің мойнына тағып немесе іліп кететін дәстүр болған деседі). Алайда, бұл кезде ержетіп, азаматтық жасқа келіп қалған Баймырза – Құтпан Есіл бойына тұрақтап, Арқада қалып қояды. Жалпы Құтпан (Баймырза) Тұрғанбайұлы туралы мұрағаттарда сақталған тарихи деректер жоқтың қасы. Оның аты баласы Иманжүсіпке қатысты құжаттарда ғана кездеседі. Ел ішіндегі әңгімелерге қарағанда, ат жалын тартып мінген тұста ӛкіл әкесі Дайрабаймен бірге Кенесары ханның бірнеше жорықтарына қатысады. Осы жорықтарда ол мергендігімен, кӛзсіз батырлығымен атағы шығады. Талай ерлік істері, әсіресе, Жеке батыр, Ерқұлан есімді батырлармен бірге Ақмола бекінісінің қорған-қоршауынан атпен секіріп кіріп, солдаттармен ұрыс салуы ел ішінде аңызға айналады. Ел ішінде сақталған кейбір дерек кӛздерінде Ерқұлан Мӛңке әулетінен тарайтын Жиенбайдың Опанынан тарайды деген пікір айтылады. Опанның Ерқұланы мен Кенесары замандас болғанымен, нақтылы сол кісі ме әлде басқа адам ба, ол жағы белгісіз, дәл анықталмады. Ал Жеке батырдың шын есімі аталмағандықтан, мүлде ұмытылған. Сӛйтіп, сол кездегі жас пері, жойқын күштің иесі Кенесары ханның сүйікті жауынгеріне айналып, Құтпан батыр атанады. Осындай кӛзсіз ерліктерімен аты шыққан, есімі Арқа ӛңірінде аңызға айналған Құтпан Жетісуда, Лепсі уезінде (Қапалда) айдауда жүріп, 1914 жылы қайтыс болады. Сүйегі Қарасу маңындағы Сыйқымбай қажы қорымында жатыр деседі. Елінің азаттығы үшін алысып ӛткен әулеттің аты аңызға айналған үшінші ұрпағы, Тұрғанбай батырдың немересі, Құтпаннан тараған үш ұлдың ең кенжесі Иманжүсіп. Тарихи құжаттарда қазіргі Павлодар облысының Ақсу ауданындағы Алтыбай деген жерде дүниеге келгендігі кӛрсетілген. Иманжүсіптің ағалары Ақшабай мен Шонай тӛңірегіндегі елге белгілі, беделді де дәулетті кісілер болған. Содан да болар, Иманжүсіп бала жасынан ерке, шолжың, айтқанынан қайтпайтын бірбеткей, телі - тентектеу болып ӛседі. Ат жалын тартып мінгеннен-ақ басынан сӛз асырмайтын жас жігіттің атағы Сарыарқаға тез тарайды. Тәңірі жұрттан асқан қайрат берген алмастай ӛткір жігіт Арқаның кең даласына сыймай, Есіл, Нұра бойын жайлаған арғын, қыпшақтың сері серкесіне айналады. Батырлық, балуандығына қоса әншілік қабілеті бар сегіз қырлы, бір сырлы жігіт Ақтау мен Ортауды, Бұғылы мен Тағылыны еркін шарлап, жастық дәуренін армансыз ӛткізеді. Бірақ ер кӛңілді жігіттің бейбіт ӛмірдегі бұл дәурені ұзаққа созылмайды. ...Мен елімде жүргенде жұрттан астым, Менменсіген талайдың кӛңілін бастым, Жаныма ерген жігітке олжа салып, Бір түнде сегіз қызды алып қаштым. Менде дұшпан кӛп еді қамалаған, Иттей болып, барлығы абалаған. 5

Кіргенде Қараӛткелдің базарына, Қызық кӛріп қазақ, орыс жағалаған. Мен қалайша жалғанда тұрақтайын, Ӛрт тиіп лаулап жанған құрақтайын? Аузы түкті кәпірдің талайларын, Бақыртып бауыздаушы ем лақтайын, – деп ӛз ӛлеңінде айтқандай, шенді - шекпенді шенеуніктерге, би - болыстарға шекесінен қарауы, ең алдымен, билік басындағы орыстарға ұнамайды. Иманжүсіп осы жайды жақсы білсе де, ел басқарған қазақтың би - болыстарын мазақ етіп, сӛзін құлаққа ілмей: «Сендер біздің қол астымыздағы бодан халықсыңдар, не істесек те ӛзіміз білеміз» деген ойларын емеурінмен емес, ашық білдіріп, қазақтарға ойына келгенін жасап жүрген орыс шенеуніктеріне ашықтан-ашық қарсы шығады. Ресей империясының сол кездегі шешімдеріне, сот үкімдеріне құлақ аспай, бар даулы мәселені дала заңымен шешіп, оған кӛнбегендерді ақ білектің күшімен, дойыр қамшының ұшымен бағындыруға тырысады. Маған не қыласыңдар дегендей, қорланғандар мен қорсынғандарды қасына жинап, олардың күштілерде кеткен есесін берсе қолынан, бермесе жолынан деп талай мәрте қайтарып әпереді. Кеудесіне нан пісіп, қара қазақты менсінбеген кейбір әумесерлердің жағасын жыртып, жұрт кӛзінше сабаған кездері де болыпты. Кейбір мәселелерді білек күшіне салып шешкенімен, соншалықты қиянатқа бармайды екен. Оған ақмолалық ақсақал Теміртас Әубәкіровтың қазіргі Александровка ауылының тұрғындары Павло Пересыпкин мен Иван Ткаченконың аузынан естіген мына бір әңгімесі толық дәлел. Иманжүсіптің Күйгенжарда отырған ауыл-әулеті бай-қуатты болыпты. Дәулетті ауылмен қоңсы қонған орыс мұжықтары қазақтардан егін салып, жер жырту үшін ат алып, ақысына бидай беріп отырады екен. Уақыт ӛте келе мұжықтар қазақтардың қыстаулық жерлеріне егін салып, уақытша жалға алған жылқыларын қайтарып бермей, әлімжеттік жасайды. Алған малдарды қайтарып беруді сұраған қазақ жігіттерін соққыға жығады. Иманжүсіп қазақтарға әлімжеттік жасап жүрген орыстардың екі жігітін село тұрғындарының кӛзінше аттарынан аударып түсіріп, байлап-матап, ӛңгеріп алып кетеді. Екі жігітін қайтарып алу үшін келген орыстарға: «Жігіттерің дін аман, қылшығы да қисайған жоқ. Қыстаулық жерімізді босатып, жалға алған жылқыларымызды қайтарып берсеңдер ғана жігіттеріңді кейін қайтарамын», – деп шарт қояды. Жасалған жүгенсіздіктің ӛздерінің тарапынан болғанын түсінген село басшылары сӛзге келместен басып алған жерлерін босатып, жылқыларын түгелдей қайтарып береді. Кейін аттан аударып түсірген екі жігіт те ӛз қателіктерін түсініп, Иманжүсіппен араларынан қыл ӛтпейтіндей дос болып кетеді. (Дәл осы оқиға жӛніндегі Теміртас ақсақалдың естелігі батырдың немересі Раушан Кӛшенованың «Иманжүсіп» атты кітабында жан - жақты әрі толық баяндалған. Алматы. Қайнар, 2001 ж.). 6

Шынында да Иманжүсіп – сол кездегі патша ӛкіметінің заңдылық тәртіптерін белден басып, ӛзінше есеп айырысып кек алғаны болмаса, жӛнсіз іске ешқашан да бармаған адам. Оған Ақмола қаласының байырғы тұрғыны, ұзақ жылдар басшылық қызмет атқарып, 90 жастан асып дүниеден ӛткен Зәки Ғайнутдиновтың мына бір әңгімесі тағы да толық дәлел болады. ...Атақты Қараӛткел жәрмеңкесі қызу жүріп жатқан тұста, қандықол казактар сыныққа сылтау іздеп, қазақ ауылдарын қан қақсатады. Тіпті, бірнеше рет кісі ӛлімі болса керек. Құтырынған әумесерлерге жергілікті билік ешқандай тыйым салмайды. Тіпті ояздың ӛзі арыз-шағыммен келген ауыл қазақтарының сӛзін құлағына ілмей, елдің кӛзінше мазақ қылады. Мына оқиғаға Иманжүсіп қатты ашуланып, қаһарына мінеді. Жәбірленген қазақтардың кегін алмақшы болып атына ер салып жатқанында, әлдебіреулер: «Қараӛткел базарына қазақ сал-серілерінің ӛнерін тамашалау үшін ояз келеді екен» деген хабарды жеткізеді. Мына хабар құлағына тиісімен салып-ұрып Иманжүсіп те келеді. Атақты Уәлидің Майрасының тамылжыта салған бұлбұл дауысына (басқа бір әнші болуы мүмкін, ел ішінде ояздың кӛзінше ән салған Майра деп айтылады) тәнті болған ояз биік сахнаға кӛтеріліп, Майраның қолын сүйіп, құрмет кӛрсетеді. Оңтайлы сәтті күтіп тұрған Иманжүсіп ояздың жанына қалың топты бұзып-жарып жетіп келеді. – Әй, ояз! Сұлуымыздың қолын сүйдің, енді менің арызымды тыңда, – деп болған оқиғаны тайсалмай айтып береді. – Бұл кім ӛзі? – дейді ояз қасындағыларға бұрылып. – Белгілі барымташы, ұры – Иманжүсіп осы, – дейді қазақ байшікештерінің бірі. – А, вот в чем дело! Тебя дорогой, слушать не обязательно, надо судить, – деп биік сахна мінберінен түсуге бет алады. Қаны басына шауып, ашуға булыққан Иманжүсіп оязды жағадан ала түсіп, жақтан тартып-тартып жібереді. Оққағар міндетін атқарып жүрген солдаттар зорға айырып алады. Жиырма-шақты солдатты маса құрлы кӛрмей жан-жаққа лақтырған Иманжүсіп оқиға болған жерден кетіп қалады. Сол секілді мына бір оқиға да Иманжүсіптің қазақ сахарасының Робин Гуді болғанын айғақтай түскендей. Ақмолада Ресейдің шалғай түкпірінен алғашқылардың бірі болып келген Андрей атты кӛпес болыпты. Жұмыртқадан жүн қырқатын әлгі сараң, Ресейге кіре айдау үшін қаланың қара табан қазақтары мен татарларын жалдайды екен. Бірақ, жалшылардың табан ақы, маңдай терімен тапқан табысын әлдебір сылтау тауып, толық бермей мазақ қылады. Андрейдің үйі бұрынғы «Ақжапа» деп аталған дүкен-базардың қасында болыпты. Ақмолаға әлдеқалай келе қалған Иманжүсіп кӛпес үйінің тұсынан ӛтіп бара жатып, оның адал еңбегімен тапқан табысын сұрай келген бір татар жігітін қамшының астына алып ұрып жатқанын байқап қалады. Мына сұмдықты кӛре сала батыр дереу араша түседі. Жалшысына араша түскен жанның даланың жас перісі Иманжүсіп екенін білмеген Андрей қамшысын батырға тура сілтесе керек. Алдына жан келіп 7

кӛрмеген Имекең бұған шыдасын ба, қолындағы қамшысын тартып алып, кӛпестің ӛзін күдірейген желкесін орай екі - үш рет тартып-тартып жібереді. Қамшының ұшы кӛпестің кӛзіне тиіп, оң кӛзі ағып түседі. Міне, осы оқиғаның соңы үлкен дауға айналады. Андрей Иманжүсіпті сотқа беріп, кӛзінің құнын даулайды. Алайда, даланың жас болса да қас батыры Иманжүсіпке Ақмоланың аға сұлтаны болған әйгілі Ыбырай Жайықбаевтың баласы Рахымжан болыс ара түсіп, батыр бұл жолғы пәледен тез құтылып кетеді. Елдегі кӛнекӛз қарттардың айтуынша, сол жолы кӛпестің кӛзінің құнын Рахымжан ӛзі тӛлепті деседі. – Қалың қазақтың намысын жыртып ӛткен Тұрғанбайдай датқа мен Баймырзадай асыл қазақтың тұяғын бір жолғы пәледен құтқара алмасам, менің болыстығымның құны қанша? – деген сӛзді де Рахымжан алқалы бір жиында ел ақсақалдарына ашық айтыпты. Міне, осы оқиғадан кейін қазақтың қос асыл азаматы бір-бірімен ұзақ уақыт айырылмастай дос болады. Тіпті қазақтың тағы бір жас перісі Қажымұқанмен тізе қосып, талай жорықтарға қатысқаны да қоспасыз шындық екен. Үшеуінің осы қылықтары мен жүріс - тұрыстары сол кездегі қазақ даласына билік жүргізіп тұрған орыс ұлықтары мен қазақ байшікештеріне ұнамайды. Аға сұлтан әулетінен шыққан Рахымжан болысты жӛнге салу орыстарға соншалықты қиын шаруа емес еді. Ӛйткені, билік басындағы адам жоғары жақтың құзырында, заңнан аттап ешқайда кете алмайды. Ал Қажымұқан алып күш-қуаттың иесі, жүректі болғанымен, иіні жұмсақ, жаны таза, аузын ашса жүрегі кӛрінетін ақкӛйлек жан. Мұндай адамдар әділдіктің жасампаздық құруын іштей қалағанымен, сол жолдағы айтыс-тартыс, текетіреске шорқақ. Ондай адамнан шенеуніктерге келер қауіп жоқ. Ал Иманжүсіптің жӛні мүлде бӛлек. Демек, даланың тентек серісі Иманжүсіп пен билікке жақын Рахымжанның арасы ашылса, орыс шенеуніктеріне тӛнген қауіп бұлты сейіледі. Осыны жақсы түсінген шенеуніктер қазақтың дәулетті байларын Иманжүсіпке айдап салып, оның сыртынан «ұры, басбұзар бұзақы» деген әдеттегідей қазақы ғайбатқа толы арыздарды қарша боратқызады. Ол аз болғандай, Рахымжан болыс пен Иманжүсіптің арасын ашқысы келген кейбір алаяқ байлар екі араға от салудың небір қитұрқы түрлерін ойлап табады. Батырдың батылдығына басып, қаны қызған кезде алды-артын ойламай ұшқары істерге бара беретінін жақсы біліп алған кейбіреулер, ши шығарудың жолын қиналмай-ақ табады. Қарқаралы маңының ұзын қыпшақ руынан шыққан Хасенәлі атты байдың баласы Айту молла тұқымы ішіндегі аға сұлтан Ыбырайдың үшінші ұлы Қошаның Іңкәр атты қызына ғашық болады. Бірақ, бесікте жатқанда басқа біреуге атастырып қойғандықтан, үлкендер жағы бірін бірі ұнатқан екі жастың қосылуына рұқсат бермейді. Ақыры Айту әкесі Хасенәлінің айтуымен, қызды алып қашпақшы болып, Иманжүсіптен кӛмек сұрап, қолқа салады. Жаныма ерген жігітке олжа салып, Бір түнде сегіз қызды алып қаштым, - деп ӛзі жырлағандай, қосыла алмай жүрген талай ғашықтардың арманының орындалуына түрткі болған батыр, 8

соңынан бір шидің шығарын білсе де, қиылып тұрған жігіттің кӛңілін қалдыра алмай қасына бірнеше жігіттерді ертіп атқа қонады. Иманжүсіп бастаған топ қыздың ауылына келсе, уәделескендей қыз үйінде күтіп отырмай, алтыбақан басына кетіпті. Алтыбақанның қызығы таң атқанша жалғасатыны белгілі. Ал қыздың топтан сытылып, оңаша шығар түрі жоқ. Уақыт болса ӛтіп барады. Одан әрі күтуге шыдай алмаған Иманжүсіп аяқ астынан құйындата шауып келіп, қызды іліп ала жӛнеледі. Мұндай әрекетті күтпеген ауыл жігіттері қапелімде сасып қалады. Қызды алып қашқанын сезген ауыл жігіттері есін жинап, дереу атқа қонады. Бұл кезде қызды алдына ӛңгеріп алған Иманжүсіп пен Айту жігіттерді қуғыншылардың жолын бӛгеуге қалдырып, ӛздері ұзап кеткен екен. Қуғыншылар сытыла қашқан топты кӛп уақыт ӛткізбей қуып жетеді. Қызынған жігіттер кездескен жерде айқаса кетеді. Айқас кезінде мылтық атылып, қуғыншылардың екі жігіті қаза табады. Міне, осы оқиғаның соңы бітіспес үлкен дауға айналады. Сот кезінде Айту тобының жігіттері екі жігітті атқан Иманжүсіп деп, бар пәлені батырға жабады. Бірақ, Иманжүсіптің Рахымжанмен жақсы дос екенін білген Молла тұқымының жігіттері батырға тікелей баруға бата алмай: – Сенің жан жеткізбейтін қимас досың осылай істеді, – деп Рахымжанға барады. Иманжүсіп ӛзіңмен арадағы достықты жӛнсіз іске пайдаланды деген ағайын сӛзін кӛңіліне түйіп қалған Рахымжан батырға ӛкпелеп, екеуі қайырылмастай сӛзге келіп, бірінің шамына бірі тиіп, қатты ренжіседі. Кӛп уақытқа дейін бір-біріне жоламай қояды. Басына тӛнген пәледен Иманжүсіп шектен тыс кӛп мӛлшерде құн тӛлеп зорға құтылады. Жағдайдың бәрін сыртынан бақылап жүрген қазақ байшікештері Рахымжан «Басбұзар бұзақының қылығына тойып болдым» деп айтыпты деген сӛзді Иманжүсіп естісін дегендей ел ішіне қасақана таратып жібереді. Міне, осы оқиғалардың барлығы ӛткізілетін болыстық сайлауға тұспа - тұс келеді. Иманжүсіп тағы да мансапқой ағайындары мен жең ішінен жұдырық түйіп іштей жауығып жүрген кей алаяқтардың азғыруымен ел билеуге қыры жоқ болса да болыстық сайлауға түсіп, Рахымжанмен дауысқа таласпақ болады. Қалың қара қазақтардың қамқоршысына айналып, ел ішінде беделі артқан Иманжүсіптен Рахымжан да сескенсе керек. Әрі Иманжүсіптің екі ағасының бірі – Ақшабай жылқылы бай, ал екінші ағасы – Шонай арғын, қыпшаққа танымал би болған адам. Сайлауға түсе қалса аяқ астынан Рахымжанды жеңіп кетуі де мүмкін еді. Осыны сезген Рахымжан уезд бастығының қолдауымен батырды «жасы толмаған» деп сайлауға қатыстырмай қояды. Болыстың батырға деген кӛзқарасының ӛзгергенін кӛрген маңында жүрген жандайшаптар енді екеуін мүлде жақындастырмау ниетімен, Иманжүсіп «Менің сағымды сындыру үшін ұлықтардың алдында әділетсіздік жасады. Ендігі ісім Рахымжанмен болсын» дейтін кӛрінеді деп Рахымжанды шапқа түртіп, отқа май құюды үдете түседі. Осынау сайқал қылықтар санасына мықтап ұялаған болыс пендешілікке салынып, сайлауда жеңіп шыққанын қанағат тұтпай, Иманжүсіптің соңына шырақ алып түседі. Сӛйтіп, Тұрғанбай 9

датқа әулеті мен аға сұлтан Ыбырай әулетінің арасындағы ұзақ жылдарға созылған итжығыс тартысы басталады. Қазақтың белгілі аталарының ұрпақтарының қырқысы орыс ұлықтарына тиімді еді. Енді, олар үкіметтің заң-законына пысқырмайтын дала серісін біржолата құртудың қамына батыл кіріседі. Сол кездегі уезд бастығы («Шаштылар» атты шежіре кітабында уезд бастығының фамилиясы Чулаков деп кӛрсетілген. «Қайнар» баспасы, 2002 ж. 23-25-беттер.) неше түрлі жала жауып, арыздың үстіне арыз жаздырып Иманжүсіпті ұстау үшін арнайы жасақ шығарып, тұтқынға алып, Ақмолаға әкеліп қамайды. Алайда, Иманжүсіптің ағалары Ақшабай мен Шонай ұлықтарға арыз түсіріп, бар даулы мәселені билер сотымен шешуді талап етеді. Билер сотының талқысына түскен Иманжүсіп бұл жолғы пәледен тағы да құтылып кетеді. Бостандыққа шыққан Иманжүсіп соңына түскен адамдардың малдарын айдап әкетіп, қарсылық кӛрсеткендерінің басын жарып, жауларына қырғидай тиеді. Ел ішіндегі даулы оқиғалар ушығып бара жатқан соң Ақмола уезінің бастығы Омбының әскери губернаторының атына (1898 жылдың 1 қазанында) рапорт жазуға мәжбүр болады. Жазған рапортында Иманжүсіпке: «На первых же днях вступление моего в управление Акмолинским уездом (1893 г.) вырисовывались весьма неблагонадежность киргиза Акмолинской волости Иман-Джусупа Кутпанова... Проживая в 25 верст от гор. Акмолинска у самого селение Александровского, им обкрадено поголовно и последнее, а путь между Акмолинском и Александровском стал не проезжим от воруженных нападений Иман-Джусупа, разбойничие действие и личность которого в устах всего русского, так и туземного населения стали легендарными» деп сипаттама береді. (Шаштылар. Шежіре. Алматы. «Қайнар» баспасы, 2002 ж.). Сонымен бірге ол ӛзінің шағым-рапортында Иманжүсіптің ӛмір тарихына сипаттама бере кетіп, оған жаны ашып, қолдау кӛрсетіп жүрген бірқатар орыс шенеуніктерінің де аты-жӛнін жіпке тізгендей қылып кӛрсетеді. Иманжүсіптің Ақмоланы былай қойып, Павлодар, Қарқаралы уездері аймағындағы қазақтар мен орыстарға танымал, әрі беделді екенін қинала да қынжыла отырып баяндайды. Міне, осыдан кейін Иманжүсіпті тұтқындау үшін арнайы жазалаушы отряд шығарылғанымен, олар дала ноянын қолға түсіре алмайды. Ызаға булыққан жазалаушы отряд әлденеше рет батырдың ауылын шауып, қартайған әке-шешесі мен бала-шағасын соққыға жығып, ағасы Ақшабайдың 200-ден астам жылқысын айдап алып кетеді. Ақыры ұлықтар Мәтінің Шәрібі деген болыстың жәрдемімен Иманжүсіпті қапылыста қолға түсіреді. Сӛйтіп, қиянатшыл заманның жаласына ұшыраған Иманжүсіп Ӛскемен уезіне бес жылға жер аударылады. Бір жағынан пендешілікке бой ұрған, екінші жағынан бақталастықтың уыты бойын билеген Рахымжан Иманжүсіппен қаншалықты текетіреске түсіп ерегіссе де, батырдың бес жылға жер аударылғанын естігенде қатты қынжылады. Ұзақ уақыт томаға тұйық күй кешіп жүріп, ақыры ӛз қолымен 10

айдатып жіберген батырды, ӛзі ақтап алмақшы болып, Омбының әскери губернаторының атына және Петербордағы патша үкіметінің кеңсесіне хат жолдайды. Арада біраз уақыт ӛткеннен кейін патша үкіметі Рахымжанның Ресей мемлекетіне еңбегі сіңген аға сұлтанның баласы екенін ескеріп, ӛтінішін қанағаттандырып, Иманжүсіпті ақтау туралы үкім шығарады. Ӛкініштісі сол, қайтып келсе тағы да елге ылаң салып, қырсығы бізге тиеді деп арам ойлаған, батырға қырын қарап жүрген бір топ ағайын Иманжүсіптің ақталғаны туралы үкімді жасырып, бес жыл бойы батырға сездірмейді. Әйтсе де, әділет үшін алысқан жеке батырдың аты аңызға айналып, атақ- даңқы мен қысылған қиын шақтарда жүрегін жарып шыққан әндері қазақ даласын шарлап кетеді. Иманжүсіптің осы дақпырты ата-бабасының елі Сыр бойына да жетеді. Тұрғанбай датқаның қалған әулеті мен сол аймақтағы қыпшақтың игі жақсылары бас қосып, Досбол шешеннің бел баласы Әуез арқылы айдаудағы Иманжүсіпке «Иманжүсіпке хат» деп аталатын әйгілі жазбаша сәлем хаттарын жолдайды. Шиеліден шыққан ағайындар айдаудағы батырға хатты апарып бергенде қайтпас қайсар, нар жігіт еңіреп тұрып жылаған екен. Ӛз ағайындарының қырсығынан бес жыл ғұмырын айдауда босқа ӛткізсе де, Иманжүсіп бәрібір Есіл бойына қайтып оралады. Ӛзін Рахымжанның ақтап алғанын білмей ӛткен Иманжүсіп, келе тағы да Жайықбай әулетімен қырқысып, алыс-жұлысқа толы күндер басталады. Мойнына құрық түсіп, бала-шағасымен Лепсі уезіне жер аударылады. Бұл жолы ағасы Шонай да ұлықтардың қырына ілігіп, інісімен бірге айдалады. Сол кезде айықпас дертке шалдыққан екінші ағасы Ақшабай Арқада қалып қояды. 1915 жылы айдаудан босаған Иманжүсіп, екі жыл бұрын ағайын-жұртымен танысуға барғанда ӛзін хан тәрізді аспанға кӛтеріп қарсы алған Шиелідегі ағайындарының қасына кӛшіп кетеді. Ғұмыр бойы қара қазақтың қамын жеген Иманжүсіптің қай аймақта жүрсе де, қоғамдық ортада болып жатқан оқиғалардан тысқары қалуы мүмкін емес еді. 1917, әйгілі жылан жылы, Сыр елі жұтқа ұшырап, еккен егін күйіп кетеді. Осы тұста Иманжүсіп ауқатты байлардан қаржы жинап, қасына қосын ертіп, бидай әкелу үшін Арқаға бет алады. Иманжүсіптің атын естісе тізелері дірілдеп ӛлердей қорқатын отырықшы қара шекпенділер қап-қап бидайларын Сырдан келген кірешілердің арбасына тиеп береді. Кірешілер жүретін жолдарда жортып жүретін қарақшы топтар керуенді тонауға Иманжүсіптен сескенеді. Сыр бойында 13 жылдай бірсыдырғы тыныш ӛмір сүрген Иманжүсіп, егде тартқан шағында ӛз шаруасын күйттеп, дін жолын ұстанып, тыныш ӛмір сүруді де ойлайды. Алайда, 1927-28 жылдары Иманжүсіптің басына үлкен қатер тӛнеді. Бұл қазақ даласына келген жаңа жұт – атышулы кәмпеске еді. Датқаның тұқымы, нағыз тап жауы, күдікті элемент ретінде ұсталады, оған «атақты ұры» деген жаман атағы қосылып, Иманжүсіп тағы да темір торға қамалады. Бұл жолы қамаудан «мал ұрлады» деген қылмысы дәлелденбей, әупірімдеп зорға құтылған, жасы ұлғайған батыр басына тӛнген қатерді сезіп, қайтадан атының басын Арқаға бұрады. 1928 жылы Қарқаралы округінің Шет 11

ауданында қыстап шығады. 1929 жылы Жаңаарқа ауданына қоныс аударады. Жаңа үкімет түртпектеп тыныштық бермеген соң 1930 жылдың мамыр айына дейін Мойынқұм ӛңіріндегі бір ауылда тұрақтап қалуды ойлайды. Дәл осы тұста (1929-1931 жылдар) қызыл үкіметтің «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген идеяға негізделген саясатының қысымына шыдай алмаған Мойынқұм мен Созақ маңының қазақтары кӛтеріліске шығады. Бірақ, 1930 жылдың аяғында кӛтеріліс басшылары мен оған қатысқан сарбаздар қамауға алынып жазаланады. Осы тұста Иманжүсіптің бір баласы Мойынқұм кӛтерілісінің басшысы болған Орынбай деген кісінің қызына үйленеді. Ел ішін итше тіміскілеп, пәле іздеп жүрген ОГПУ басшылары мұны қалт жіберсін бе? Ұрымтал тұсты пайдаланып, үстінен қылмыстық іс қозғап, кӛтеріліс басшыларының сенімді серігі ретінде жауапқа тартылады. Сӛйтіп, аты аңызға айналған дала нояны РСФСР Қылмыстық Кодексінің 58-2-бабы бойынша айыпталып, 1931 жылдың 2 наурызында ату жазасына бұйырылады. Бұл тұста елі мен жерінің еркіндігі үшін алысып ӛткен әулеттің ӛкілі Иманжүсіп 68 жаста екен. Хаттамада үштікке қатысқан жендеттердің аты-жӛндері кӛрсетілмеген. Үкімнің қай жерде, қай уақытта орындалғаны жайлы да нақтылы дерек жоқ. Кейбір дереккӛздеріне қарағанда, үкім Тараз қаласында орындалып, атылған адамдар қала сыртындағы терең ұраға қалай болса солай кӛміліпті деседі. Басты ӛкініш сол, елім деп еңіреп ӛткен есіл ерді туысқандары мен артында қалған ұрпақтары оны мұсылман дәстүрімен арулап кӛміп, жоқтау айтып, жылап-сықтап шығарып сала алмады. Бірақ оның есімі туған халқының жүрегінің тӛрінен орын алып, бостандықты, елінің тәуелсіздігін жұмыр жердің бетіндегі барлық құндылықтардан артық кӛріп, ӛзін қазақпын деп санайтын әрбір азаматтың санасында жатталып қалды. Иә, ол – бостандыққа қол жеткен қазіргі тұста ескерткіші немесе қола мүсіні Сыр бойы мен Арқа ӛңірінде тӛбесі кӛк тіреп тұруға лайықты азамат. Бар қазақтың баласы Түркістанды киелі санап, тәу етіп, қастерлеп, қадір тұтады. Міне, осы Түркістан мен халқының бостандығы және тәуелсіздігі жолында құрбан болған Тұрғанбай датқаның есімі қатар аталса мерейіміз ӛсіп, рухымыз асқақтай түспей ме. Халқымыздың бір әулетінің үш бірдей ұрпағы – атасы, баласы, немересі туған елінің еркіндігі жолында қатерге бас тігіп, ӛмірлерін құрбан етсе, оларды біз неге дәріптемейміз? Олардың ӛмір жолын бүгінгі және келер ұрпаққа неге үлгі етіп ұсынбаймыз?! Амантай Еcілбай Журналист. 12

Әдебиеттер тізімі 1. Ақышев З. Иманжүсіп: роман / Ақышев Зейтін.- Алматы: Жібек жолы, 2003.- 415 бет. Ауылым күйгенжарды жандай қонған: [Иманжүсіп Құтпанұлына 150 жыл] // Әлеумет тынысы.- 2013.- № 2.- 11 б. 2. Әлімжанов Б. Толғаулар тарихымды түгендеген: Ӛлең / Әлімжанов Б. // Жұлдыз.- 2006. - N11-12. - 46-53 б. 3. Әмірұлы Д. Адамзатта жан тумас мендей қумай: / Алты алаштың ардағы Иманжүсіп Құтпанұлы туралы // Әмірұлы Д. // Бұқпа.- 2008.- 20 наурыз.- 4-5 б. 4. Әсем әуен - халықта. Дауыс пен фортепианоға арналып ӛңделген әндер: Жинақ. 2-ші бӛлім. [әндер: Жек - Ю] / құраст. Балнұр Қыдырбек.- Алматы: Sansam, 2012.- 383, [1] бет. 5. Бердібай А. Александр Затаевичтың жазуындағы Иманжүсіп әндері. / Бердібай А. // Әлеумет тынысы.- 2013.- № 2.- 6-7 б. 6. Бердібай Р. Ерлік пен намыс жыршысы. / Бердібай Р. // Жас Қазақ үні.- 2001.- 20 қыркүйек.- 7 б. 7. Ереймен ӛңірі: ілгерілеу кӛкжиегі: Даму бағыты // Арқа ажары.- 2014. – 1 қараша (128). - 1 б. 8. Есілбай А. Иманжүсіп: / Қас батыр Иманжүсіп Құтпанұлы туралы // Есілбай А. // Егемен Қазақстан.- 2009.- 17 қазан.- 5 б. 9. Жақанов І. Иманжүсіп әндерінің тағдыры: [Әнші Иманжүсіп туралы] / Жақанов І. // Жаңа Сарыарқа.- 2009.- №4.- 20-23 б. 10. Жақанов І. Иманжүсіп әндерінің тағдыры / Жақанов І. // Арқа ажары.- 2000.- 12-14 қыркүйек. Жақанов І. Иманжүсіп әндерінің тағдыры: / Композитор, ақын Иманжүсіп Құтпанұлы туралы // Жақанов І. // Жақанов І. Үзілген ән.- Алматы.- 2001.-205-226 б. 11. Жаманбаев Қ. Иманжүсіп: [Арнау] / Жаманбаев Қ. // Арқа ажары.- 2003. - 9 қазан.- 4 б. 12. Жаманбаев Қ. Иманжүсіп: Арнау. / Жаманбаев Қ. // Арқа ажары.- 2003.- 9 қазан.- 4 б. 13. Замана сазы: Күйші Қ. Медетовтіѕ 100 жылдығына Иманжүсіп.- Алматы: Қайнар, 2001. - 173,[2] бет. 14. Иманжүсіп Құтпанұлы // Арқа ажары.- 2002. – 1 тамыз. Иманжүсіп Құтпанұлы (1863-1929): Ақын // Қазақ әдебиетінің тарихы: 10 томдық. 6- том.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2006. - 126-130 б. 15. Иманжүсіп Құтпанұлы (1863-1931). Ақмола топырағының оның Қараӛткел атырабының перзенті. // Арқа ажары.- 2002. - 1 тамыз. – 4 б. 16. Иманжүсіп Құтпанұлы: Халық батыры, ақын, сазгер, әнші, сері. // Сарыарқа.- 1998. - № 6. 17. Иманжүсіп. Сарыарқа: Ӛлең / Иманжүсіп // //Алтын Арқа (Ақмола облысы).- Кӛкшетау.- 2003.- 83 б. 13

18. Иманжүсіпова Р. Ел тарихымен тамырлас қос ғұмыр: / Халық композиторы, ақын Иманжүсіп Құтпанұлы туралы / Иманжүсіпова Р. // Сарыарқа.- 1998. - №6.- 8-9 б. 19. Иманжүсіпова Р. Иманжүсіп «тұнығы» ылайланбайды..: /ақын Иманжүсіп Құтпанұлы туралы/ / Иманжүсіпова Р. // Қазақ әдебиеті.- 2004.- 22-28 қазан.- 5 б. 20. Иманжүсіп Құтпанұлы: Суреті. // Сарыарқа.- 1998.- № 6.- Мұқабаның соңғы беті. 21. Кішібеков Д. Иманжүсіп / Кішібеков Д. // Айқын.- 2013.- 17 қазан (№ 190).- 20 б. 22. Кішібеков Д. Иманжүсіп: Ақын, сазгер Иманжүсіп Құтпанұлы жайлы / Кішібеков Д. // Айқын апта.- 2013.- 17 қазан (№190).- 20 б. 23. Кекілбаев Ә. Шегіне кӛз жетпейді Сарыарқаның..: / Халық композиторы Иманжүсіп Құтпанұлы туралы // Кекілбаев Ә. //Алтын Арқа (Ақмола облысы).-Кӛкшетау.- 2003.- 82 б. 24. Кемелбаева А. Айтулы ер Иманжүсіп: Иманжүсіп Құтпанұлы - 150 / Кемелбаева А. // Таң-Шолпан.- 2013.- №3. - 153-168 б. 25. Кемелбаева А. Айтулы ер Иманжүсіп: [Тағзым] / Кемелбаева А. // Астана ақшамы.- 2013. - 25 шілде. - 8-9 б. 26. Кеменгер Қ. Кӛкше тіліндегі Иманжүсіп тағылымы: [Иманжүсіптің 150 жылдығына орай] / Кеменгер Қ. // Жер шоқтығы.- 2013. - №3 (5).- 120-125 б. 27. Кӛшенова Р. «Тумайды енді қайтып Иманжүсіп!..»: / Әнші, сазгер Иманжүсіп Құтпанұлы туралы // Кӛшенова Р. // Арқа ажары.- 2007. - 31 наурыз.- 6-7 б. 28. Кӛшенова Р. Даланың дархан тұлғасы / Кӛшенова Р. // Абай.- 2014.- №2.- 68-71 б. 29. Кӛшенова Р. Қазақ ӛнерінің берік бір уығы: [Халық композиторы, әнші, ақын Иманжүсіп Құтпанұлы туралы] / Кӛшенова Р. // Арқа ажары.- 2012. - 28 шілде. 30. Кӛшенова Р. Қайсар рухтың жаршысы: [Иманжүсіп Құтпанұлының туғанына - 150 жыл] / Кӛшенова Р. // Арқа ажары.- 2013. - 19 қараша.- 4 б. 31. Кӛшенова Раушан Тұлпардың ізімен. След тулпара / Кӛшенова Раушан.- Алматы: Қазығұрт, 2012. - 299, [1] бет.- (Мерейтойлық әдебиет Юбилейная литература) Кӛшкенұлы С. Азат ой, асқақ әннің жаршысы: [Иманжүсіп Құтпанұлы] / Кӛшкенұлы С. // Арқа ажары.- 2013. - 26 ақпан.- 4 б. 32. Қажыбай Т. Иманжүсіп Құтпанұлы: [Иманжүсіп Құтпанұлы жайлы] / Қажыбай Т // Бұқпа.- 2011.- 21 шілде.- 4 б. 33. Қайырбек К. Иманжүсіп - бар қазақтың мақтанышы. / Қайырбек К. // Әлеумет тынысы.- 2013. - № 2.- 8-9 б. 34. Қалдан Е. Даланың дархан тұлғасы: [Құтпанұлы Иманжүсіппен сұхбат] / Қалдан Е. // Айқын.- 2013. - 2 қазан. – 5 б. 35. Қанжанұлы Е. Иманжүсіп Таразда атылған ба? / Қанжанұлы Е. // Айқын.- 2011. - 31 мамыр. – 4 б. 14

36. Қожаназарова Ғ. Ұлт тәуелсіздігі жолындағы күрескер: [Иманжүсіп Құтпанұлының туғанына 150 жыл] /Қожаназарова Ғ. // Бұқпа.- 2013.- 2 мамыр.- 5 б. 37. Қоңыратбай Т. Түркістан билеушісі – Тұрғынбай датқа. / Қоңыратбай Т. // Түркістан. - 2001. - 6 қазан.- 7 б. 38. Құтпанұлы И. Иманжүсіптің әні: Ӛлең / Құтпанұлы И. // Егемен Қазақстан.- 2004.- 20 наурыз (№ 65-68).- 13 б. 39. Накипов Д. Орлиная судьба: [Иманжүсіп Құтпанұлына 150 жыл] / Накипов Д. // Әлеумет тынысы.- 2013. - № 2.- 10 б. 40. Наржан Н. Иманжүсіп - қазақтың ары мен ұяты /Наржан Н. // Айқын.- 2013. - 24 қазан (№ 195). – 5 б. 41. Нұрғалиева А. Ерлік пен намыс жыршысы / Нұрғалиева А. // Бұқпа.- 2013. - 28 ақпан (№ 8). – 4 б. 42. Нысаналин А. Балуан Шолақ / Нысаналин А. // Ана тілі.- 2014. - 6-12 ақпан. - 6-7 б. 43. Озғанбаев Ӛ. Қазақта қайта тумас Иманжүсіп! Руханият / Озғанбаев Ӛ. // Астана ақшамы.- 2013. - 31 қазан. - 8-9 б. 44. Орманбаев Ж. Аяулы аға шылауында: /Ақын, композитор Иманжүсіп Құтпанұлы туралы // Орманбаев Ж. // Сарыарқа.- 1998. - №5.- 13-18 б. 45. Сансызбай Т. Сайын даланың дара туған саңылағы: [Халық композиторы, әнші, ақын Иманжүсіп Құтпанұлы туралы] / Сансызбай Т. // Арқа ажары.- 2012. - 31 шілде. 46. Сахаба Т. Алғашқа аты мәлім Иманжүсіп: [Иманжүсіп Құтпанұлының 150 жылдығы] / Сахаба Т. // Қазақ әдебиеті.- 2013. - 2-8 тамыз. – 2 б. 47. Сәрсенбаев О. Иманжүсіп: [Романға барар жолдағы зерттеуі туралы] / Сәрсенбаев О. // Парасат.- 1998. - №9. - 10-13 б.; №10. - 11-15 б. 48. Сәрсенбай О. Азаттық үшін жан берген: Композитор, ақын Иманжүсіп Құтпанұлы туралы // Сәрсенбай О. // Сарыарқа.- 1998.- №6.- 12-19 б. 49. Сәрсенбай О. Иманжүсіп / Сәрсенбай О. // Парасат.-1998. - № 9. - 10-13 б., № 10.- 11-15 б. 50. Тілеубергенова Г. Досбол би мен Иманжүсіп: [Әуелбек Қоңыратбаевтың Ұлттық тұлғаларымыз Досбол би Қорлыбайұлы мен Иманжүсіп Құтпанұлының кӛркем бейнелері берілген] / Тілеубергенова Г. // Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл.- 2013.- №5-6.- 4-5 б. 51. Тағзым еттім тұлғаңа. (қазақ зиялылары Иманжүсіп туралы): студенттерге арналған оқу құралы / [кұраст. Р. Кошенова].- Астана, 2013. - 55, [1] бет. 52. Тӛлеутай Е. Иманжүсіптің әні: [Иманжүсіп Құтпанұлының туғанына биыл 150 жыл толып отыр] / Тілеутай Е. // Ана тілі.- 2013.- 16-22 мамыр.- 1,6-7 б. 53. Тұлпардың қуатты тұяғының ізіндей: / Халық композиторы, ақын Иманжүсіп Құтпанұлының туғанына 135 жыл // Сарыарқа.- 1998.- №6.- 10- 11 б. 15

Предисловие Кутпанулы Иманжусуп (1863-1929) Народный композитор, акын-импровизатор Иманжусуп Кутпанулы родился в Ермаковском (ныне Аксуском) районе Павлодарской области. Его юность прошла в Акмолинской области. Предки Иманжусупа были свободомыслящими людьми, мечтали о независимой жизни. Его отец Кутпан участвовал в восстаниях, сыграв значительную роль в героическом движении Кенесары Касымова. Уже ребенком Иманжусуп отличался большой физической силой, желанием во всем быть первым. С юных лет у него было два увлечения, одно из них – любовь к песням, поэтическим импровизациям. Он увлекался песнями, сказаниями, риторикой. Познакомился с творчеством Биржан-сала Кожагулова, Ахан-сере Корамсина, Укили Ибрая, Балуана- Шолака Баймурзина, Мади Бапиулы, был в дружбе с Жарылгапберды, Естаем и другим певцами. Встречался с Жаяу Мусой Байжановым, который оказал влияние на его мировоззрение и становление как акына-импровизатора. В своих произведениях следовал традициям народных певцов, разоблачал несправедливость феодальной знати, ханов и султанов по отношению к народу. И неоднократно преследовался за свои свободолюбивые взгляды. Являясь защитником всех слабых и обездоленных, он часто конфликтовал с властями, будь то – аульный начальник или царский чиновник, иногда даже прибегал к физическим расправам. Иманжусуп был против политики экспансии России по отношению к Казахстану, вел активную борьбу против ущемления прав казахов. Он принял Советскую власть в надежде, что наступит время независимости, свободы и равенства. В этом отношении на него сильно повлияла дружба с Хаджимуканом Мунайтпасовым и Сакеном Сейфуллиным. Когда началось повсеместное раскулачивание и конфискация имущества, Иманжусуп жил в Джамбульской области. Он видел, что жертвами этих реформ стали не только баи, но и простые люди. Известно, что в это время он начал поднимать народ против несправедливых реформ. Разочарование в советской власти привело его и его соратников в борьбе против несправедливости к забастовке в Мойынкумах, где участвовали около 2000 человек. Но восстание было подавлено, и Иманжусуп снова стал гоним. 20 декабря 1930 года его схватили и посадили в тюрьму, а весной 1931 года он был расстрелян на окраине Аулие-Аты. В 1960 году дело Иманжусупа Кутпанулы было пересмотрено, и с него частично сняли вину, а в 1990 году признали полностью невиновным. К сожалению, сохранилась лишь малая часть творческого наследия акына. Долгое время запрещалось не только исполнение его песен, но и упоминание его имени. До нас дошли песни «Сарымойын», «Сарыарка», «Әкем Кұтпан», «Сарыбел»», «Бұғылы-Тағылы», «Ерейментау», «Сейфiл-Мәлiк». Еще четыре песни композитора вошли в сборник А.В. Затаевича «Тысяча песен казахского народа» под названием «Иманжүсіптiң әнi». 16

Песни Иманжусупа были популярны в народе, они свидетельствуют о высокой гражданственности певца. Автобиографические мотивы и природные зарисовки в его песнях находятся в неразрывном единстве, личные переживания переплетаются с обращением к родным местам, которые ассоциируются с образами близких друзей. Эта взаимосвязь является одной из специфических черт творчества Иманжусупа. 17

Литература 1. Иманжусип Кутпанулы // Казахская ССР: Краткая энциклопедия. В 4-х т.- Алма-Ата, 1991.- Т. 4.- С. 261. 2. Ерзакович Б.Г. [Иманжусип Кутпанулы] // Ерзакович Б.Г. Музыкальное наследие казахского народа.- Алма-Ата, 1979.- С. 176. 3. [Иманжусип Кутпанулы] // Затаевич А.В. 1000 песен казахского народа.- М., 1963. 4. Муканова А. О песенном наследии Иманжусупа Кутпанова // Мелодии веков: Материалы междунар. конференции, посвященной 100-летию кюйши К.Медетова. Алматы, 2001 г. / Каз. нац. консерватория им. Курмангазы.- Алматы, 2002.- С. 261-266. 5. Кошенова Раушан. Неопалимая купина: [о выдающемся композиторе, поэте, певце, герое народно-освободительного движения Иманжусупе Кутпанове] // Казахстанская правда.- 2013.- 4 декабря. - С.10; 6 декабря. - С. 12. 6. Мунтаниол Р. «Тойбастар» в честь Иманжусупа: активный борец за независимость Казахстана И.Кутпанулы / Мунтаниол Р. // Акмолинская правда.- 2012.- 15 октябрь.- С. 4. 18

Ақпарат көздерінің көрсеткіші Абай Жер шоқтығы Айқын Жұлдыз Айқын апта Акмолинская правда Казахстанская правда Ана тілі Кӛкшетау Арқа ажары Қазақ әдебиеті Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл Астана ақшамы Парасат Әлеумет тынысы Сарыарқа Бұқпа Таң-Шолпан Түркістан Егемен Қазақстан Жаңа Сарыарқа Жас Қазақ үні Есімдер көрсеткіші Ақышев З. Қалдан Е. Қанжанұлы Е. Әлімжанов Б. Қожаназарова Ғ. Бердібай А. Қоңыратбай Т. Бердібай Р Есілбай А. Накипов Д. Жақанов І. Наржан Н. Жаманбаев Қ. Нұрғалиева А. Иманжүсіпова Р. Озғанбаев Ӛ. Кішібеков Д. Орманбаев Ж. Кекілбаев Ә. Сансызбай Т. Кемелбаева А. Сахаба Т. Кеменгер Қ. Сәрсенбаев О. Кӛшенова Р. Қажыбай Т. Сәрсенбай О. Қайырбек К. Тілеубергенова Г. Тӛлеутай Е. . 19

Мазмұны Құрастырушыдан.........................................................................................................2 Алғы сӛз........................................................................................................................3 Әдебиеттер тізімі.......................................................................................................12 Предисловие...............................................................................................................15 Литература..................................................................................................................17 Ақпарат кӛздерінің кӛрсеткіші.................................................................................18 20

Құрастырған: Жумажанова Н.Ж, Ақпараттық-библиографиялық бӛлімі, ӛлкетану секторының меңгерушісі 21


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook