Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Қазақтың Ұлт-спорт ойындары

Қазақтың Ұлт-спорт ойындары

Published by bibl_sever, 2019-08-27 05:26:41

Description: Қазақтың Ұлт-спорт ойындары

Search

Read the Text Version

Жорға жарысы жақын аралықтарда ғана өткізіледі. Әйтпесе ат шаршап, шауып кетуі мүмкін. Жаксы жорғалар жарыс кезінде еш уақытта шаппай- ды. Үш рет шауып кеткен жорға жарыстан шығарылып тасталады. Әдетте жорға жарыска кыздар мен әйелдер қатысады. Жорға жарыс спорттың ұлттық түрлерініц пайдалы- сының бірі. Ол адамды дене шынықтырып, спортқа деген, соның ішінде ат спортына деген құмарлығын арттырады. Оның тағы бір ерекшелігі жорға жарыс рЪспубликамыз- дың спорттық өміріне қыздар мен әйелдерді көптеп қам- туға жағдай туғызады. Бұл өте мақызды іс. ҚАЗАҚША КҮРЕС Қазакона күрес қазақтың ұлттық спортының тамаша турлерінің бірі. Қазақгиа күрестен жарыс Октябрь рево- люциясына дейін жэне революциядан кейін біраз жылдар салмақтык топтарға бөлінбей өткізіліп жүрді. Бұл оған катынасушылардың арасында теқсіздік тудырды. Қәзір- гі кезде қазакша күреске қатнасушылар салмағына карай бес топка бөлінеді. Бірақ оның өзі де жеткіліксіз. Қ азак- Ша күрес еркін күрееке өте ұқсас болғандыктан мұнда Да салмактык топтар еркін күрестегідей болу керек. Спорттың ұлттық түрлерін мүмкіишілігінше кәзііргі классикалық түрлерге жакыпдата түсу, оларды онан әрі өркендетудің және жетілдірудіқ негізгі міндеттеріиіц бі- рі. Спорттың ұлггық түрлерін бұл бағытта дамыту оны бұрынғьідан да мазмұнды және к,ызыкты ете түседі. Бұл әсіресе еркія күрестің түрегеп тұрғанда аяқтан шалатын жане қолмөи белден төмен ұстауға болмайтын әдістеріне өте жақын. Казақша 'күрес үшіін тіпті манызды. Мұндай әдістер орыстың, тәжіктің, кырғыздың, армякның, грузи-н- нін тағы басқа халықтардың күрестерінде бар. Бұл жағ- Дай казақша күрестің техникасын, тактикасын, жаттык- тыру әдісін жетілдіре түсуге мүмкіншілік тудырады. Казақша күрестегі бір ерекшелік шалу және қайыру сыякты әдістердің өте байлығында. Мұнда түрегеп тү- рып лақтыру немесе жатаберіс тастау, белге салып лак- тыру сыякты әдістері де колданылады. Бұл негізгі әдіс- терге палуан аяғын жиі пайдаланады. Іштен және сырт- тан шалуды күрескен адамының күші басым болғанда колдану пайдалы. Күші басым, б ірак әдісі шамалы адам- 51

дарды жоғарыдағы айтылған әдістерді жете менгерген адам жығып кететін жағдай жиі кездеседі. Қазакша күрестік тағы бір ерекшелігі жерге жатып (партер) күресуге ұрықсат етпейтіндігіиде. Мүида тек тү- регеп тұрып, белдеріп күресу керек. Белбеу буынып күре- суді үнемі талап етпеу керек. Себебі ол палуапдарға түрлі 52

әдістерді кеңінен қолдануға шек келтіреді. Сондыктан да белбеуді буынғанның өзінде оны бос етіп буындыру ке- рек. Қазакдіа күресте киетін киім спорттық жарыстардың негізгі ережелеріне сай ұлттық киім болу керек. Кейбір адамдар ұлттық киімдер дегенде ұзын шапан, арнаулы аяқкиім немесе етік керек деп түсінеді. Ж арыста бұл ки- імдердің барлығының түгел болуы шарт емес. Әдеттегі палуаедардың аяқкиімі, арнаулы ішкиім қазақтың өр- нектерін салып, мықты матадан тігілген жейде киюге де болады. Мұндай киім казақша күреопен шұғылдана- тындардық барлығын қанағаттандыра алады. Жаттығу мен жарысты күрестің барлык түрлерінде қолданылатын арнаулы йілем үстінде жүргізуге болады. Ал ауылдық жерлердің жағдайында матрацтар, киіздер, кілемдерді пайдалануға болады. Қаэакша күрөс спорттық күрестің кәзіргі түрлері сы- яқты адамнын бағалы, денелік және моральдык қасиет- терін шынықтырады. Спорттың бұл ұлттық түрін онан әрі жетілдіріп, өркендете беру барлык. спортшылардың және физкультура қызметкерлерінің міндеті болып та- былады. КӨКПАР Көкпар қазақ халкының, сондай-ак Орта Азия респуб­ лика халықтарының арасына кек тараған аттык-спорт- тық ойын. Көкпар сыяқты аттык-сиорттык ойын Шығыстағы шетелдер арасына да-кен, тараған. Мысалы, Афганистан- дағы «бузавиш» деп аталатын аттык-спорттык ойынға бес адамнан тұратын екі команда қатынасады. Бұл осы ^лдегі опорттың негізгі түрлерінің бірі. Көкпармен едәуір ұксастығы бар аттық-спорттьгк ойын алыстағы Аргентинада да кездеседі. Ол XIX ғасырда өте қауіпті ережелермен өтк іізілд і. Кәэір Аргентинанық бұл спорттық ойыиы едәуір жетіл- дірілді. Ол арнаулы алаңда өткізіліп, қатнасушылар командаларға бөлінеді. Ойыннык негізгі міндеті қарсы ойнаушы команданық какпасына едәуір үлкен дәңгел:ек затты лактырып түсіру болып табылады. Кәзіргі кезде бізде ережесінін өте кауіпті және түрлі 53

шығындардың көп болуьша байланысты көкпардан рее- ми жарыстар өткізілмеді. 1949 жылы физкультура және спорт істері комитеті жана ережс шығарды. Бұл ережеге сай жарыс арнаулы алавда өгкізіліп, катнасушылар командаға бөлініп, ал тартатын ешкінік орнына көлемі бір шаршыметр төрт бұрышты кілемді тарту ұсынылды. Бірақ бұл ереже көп- шілік арасына тарамады. Көкпардық бұл түрінен бір рет те ресми жарыс өткізілген жоқ. Бұған карамастан ауылда өткізілетін мерекелердік барлығында көкпар жұртшылық ең көп катынасатып ойын болып отыр. Осыған байланысты ресми спортгық ұйымдар көкпарға деген кезкарасын өзгертуге мәжбүр бо­ лып отыр. Ол жаца және неғұрлым жетілдірілген ереже- лер бойынша егкіізіледі. Бұл ережелер мұкыят зертгеліп, байқау жұмыстары жүргізілгеннен кейін оны республи- калық және спорт істері комитеті бекітеді. КҮМІС АЛУ Қазақтын ұлттық спортыныи түрлерінің бірі күміс алуды орыстардағы джигитовканың турлерінің біріне жаткызуға болады. Оныц негізгі міндеті жігіт атпен ша- уып келе жатып жерде бірінен бірі белгілі кашыктықта 10-сурет. Ж ігіт шауып келіп жүлдені алып жатыр. 54

жатқан күміс ақшаларды алуы керек. Кейбір жағдайлар- да жарысты кыйындата түсу үшін тыйынды шағын шұк- кырдын ішіне салып немесе үйген топы рақ пен кұмның ішіне тығьгп қояды. Күміс алу жарысының ережесін едәуір жетілДіруге болады. Ең алдымен ж ары ска катыстыруға болатын ат- тардың биіктігін белгілеу керек. Аласа аттан шауып ке- ліп күміс алу биік атпен алудан едәуір онай. Екіншіден тыйынды баска бір лайықты затпен мысалы арнаулы ша- ғын кубиктермен ауыстыру керек. Ж ары ска катнасушы- ларды жан-жақты шынықтыру үшін екі ж ақтан бірдей келіп алу ережесін енгізу керек. Бұған дейін күміс алу жарысына қатнасатындар тек бір ж ак тан ғана шауып өтеді. Сонымен бірге сөреге келген адамдардың санын тіркеп кана коймай олардың д әл келген уакытыи бслгілеу керек. Уакыт үшін күрес спорттың бул түрін бұ- рынғыдан да қызықты және мазмұнды ете түседі. Күміс алу үшін істелетін күрделі және әсем кыймыл- Дар, дәлдік пен шапшандық спортгың бұл гүрініқ күнды екендігін көрсетеді. Бұл жағы нан күміс алу ат спорты- ның кәзіргі клаосикалық түрлері—джигитовка мен воль- тижиро&кадан кем түспейді. Күміс алу ат спортының қы- зықты түрлерінің бірі ретінде кеңінен дамуы керек. ҚҮС САЛУ Аң алатын құстарды салуды ң бірнеш е түрлері бар. Олардың ішінде бүркітпен аң аул ау көп тараған. Бүр- кіт — түлкінің ец қ ас жауы. Әдетте д ал а лы к жсрдс кездес- кен қасқыр мен түлкі бүркітті көргенде қаш ып кұтылуға тырыспайды. Ол іналкасынан түсіп ж атады д а өзінің күшті жауының тырнағына ілікпеу үшін қайтара соккы беруге әзірленеді. Бірақ ж ақсы үйретілген бүркіт былай- ша жатқая түлкіге шабуыл ж асам айды . Ол қалықтап Ұшып жүреді де түлкі орнынан тұра берген кезде шүйі- лмі келіп бүреді. Бүркітпен аң аулаудың тек спорттык ж ағы емес, со­ нымен бірге кәсіпшілік ж ағы да бар. Ж аксы үйретілген бүркітті мал шаруашылығына орасан зор зыян келніретін Қаскырларды жоюға да пайдалануға болады. Бірак спорттык ұйымдар бүркітпен ақ аулауға көңіл бөлмейді. Әдетте бұл түрден өткізілетін жарыстар тек жүртшылықка көрсету үшін ған а өтеді. Аң аулаудың бұл 55

түрін онан әрі өркендетс тусу үшін ак аулау спортына сай ережелер жасап, әуестенуші ақшыларды мүмкіншілі- гінше қолдаи отыру керек. ҚЫЗ ҚУУ Кыз қуу спорттын ұлттық түрлерінің ең қызықты жә- не өзіндік ерекшел'ігі бар түрлерінің бірі. Ол дене жатты- ғ-уы ретінде біздің заманымыздан бұрын пайда болған. Алғашкы кезде онын соғыстық маңызы болған. Кыз жа- уынгерге бірсыпыра шарттар коятыи. Олардың бірі — ат жарыстыру. Егер жауынгер ұтылыл калеа ол кызға үйле- не алмайтын. Өте ерте дүниедегі әдеттің кейбір сарқын- шақтары XIX ғасырға дейін, тіпті XX ғасырдың бас ке- зіне дейін сақталып келді. Орыстың белгілі жазушысы Б. И. Даль 1884 жылы қыз қууды былайша суреттеп жазады: «...Жағдай былайша болады. Ж ас жітіт өзі тақ- дап алған жас қызбсн жарысады. Жас кыз жүйрік атка мініп алаңға шығады да камшысын үйіріп, жігіттерді жа- рыска шақырып ерсілі-карсылы ойнактатып жүреді. Қызға кызыққан жігіт атына қарғып мінеді де кызды к.уа жөиеледі. Жұрттық бэрі айқайлап жарысты қыздыра тү* седі. Қыз қашады, жігіт куып жетуге тырысады. Кыз шұғыл бұрылады да кайта кашады. Бұл бірнеше рет кайталанады. Егер ержігіт кызды қуып жетіп, онык бұ- рымынан сыйпап өтпесе онан да өлген артык. Жұрттың мазағына душар болады»1. Біз бұл мысалды босқа келтіріп отырған жокпыз. Сокғы кездерде қыз кууға карсы шығып, спорттык бұл ұлттық турін токтатуды талап етіл жүргендер бар. Олар кыз қуу спорттын кәзіргі түріне сай келмейді дегенді сылтау етеді. Бұл пікірлер кыз қуудық онан әрі дамуына кедергі келтіруде. Ал шындығында қыз қуу спорттың ұлтгық түрінін ен кызыкты, езіндік ерекшелігі бар түрі. Ал өткен заманнын әдеттері болса олар бұдан көп бұрын өз манызын жойған. Қәзіргі кездегі қыз қуу өзінің маңы- зы жагынан спортгыц ұлттық түрлерініқ ешқайсысынан да кем емес. Кәзіргі кезде кыз куудан жарыс былайша өткізіледі. Мореге қыз бен жігіт шакырылады. Жігіт кыздан бірне- ше метр артта тұрады. Жарыс басталады. Жігіт жүлде алу үшін кызды куып жетіп оның қанжығасына байлау- 1 В. И. Даль шығармалары, повестері мен әкгімелері VIII т. М. Петербург, 1884, 315—316-оет. 56

шш ІІ-сурет. А-гты мэреде.

лы орамалды алуға тырысады. Кыз куғыншыдан озып, сөреге бірінші болып келуге тырысады. Жарыста табысты болу үшін аттын жүйріктігінің ма- нызы бар. Бірақ, орнынан тез шауып кету, бақылау пуикт- терінде шұғыл бұрылу көптөген адамдардың колынан келе бермейді. Сондықтан кыз қууға қатнасу үшін де алдын ала әзірлік керек. Тек қана өзі жатгағып кой- май, атты да жаттыктыру керек. Бұл кезде атты тез ша­ бура, түрлі бұрылыстар жасауға жаттыктыру керек. Қыз кууды оная әрі насихаттай түсудің макызы эор. ТОҒЫЗ ҚҮМАЛАҚ ТоғЫз кұмалақ кәзіргі кезде негізінен орта және кар- так жастағы адамдардың арасына тараған. Тоғыз кұмалақ ойнау үшін арнаулы тақта пайдала- нылады. Онда «казан» деп аталатын екі үлкен шұдкыр және «отау» деп аталатын 18 кішкенё шұңқыр болады. Ойынға 162 кұмалак пайдаланылады. Тоғыз құмалакта есептей білудің маңызы зор. Қім есепке жүйрік болса сол ұтып шығады. Ойын үстінде адамның ой- лағыштығы, тапкыштығы, есептегіштігі, түрлі әдіс- терді қолдана білгіштігі аныкталады. Бұл өте кұн- ды касиеттер. Сондыктан да тоғыз кұмалак ойынын жетілдіруге ерекше назар аудару керек. Қазактың ұлттык спорт ойындары — казақтың 12-сурет. Казан. Суретгі ұлттык мәдениетіяің не- түсірген И. Кепарскнй. гізгі бөлімі. Сондыктан да республикалык ұйымдар оларға мұқыят карап, совеггік спорттын талаптарына сай, ұлттык дэстүрдік жағымды жактарын пайдалана отырып, өркендетіп, жетілдіре беру керек. Қазақтың ұлттық спорты мен ойындары республика- мыздың спорттык өмірінде өзіне лайыкты орнын алуы керек.

МАЗМҰНЬ Автордан .................................................................................................... Беті Ұлттық спорт ойындарынын шығуы мен д а м у ы .......................... 3 Ұлттык спорт ойындарынын халы к творчествосында бейне- 5 Казактың спорт ойындары ғаж айы п ертегілерде..................... ..... ІО Спорттың ұлттық түрлері мен ойындар тұрмысты к ертегі- 21 22 . ,, л=РДе........................................................................................... Қазақ спортыныц ұлттык түрлері мсн халык. ойындары х а ­ 25 лык макалдары мен м а т е л д е р ін д е ........................................... 28 Спорттың улттық түрлсрі мен ойындар халы қ музыкасында . Қазақ спортынын халыктық түрлері мен ойындары Абай творчествосында ............................................................................. ¥лы Октябрь социалистік революциясынан кейін Қ азақстан да спорттың ұлттық түрлері мен ойындардын дамуы. . . . Қазақтык ұлттық спорты мен ойындарының кэзіргі кейбір түрлері туралы .......................................................................... Аударыспак. .......................................................................................... Жамбы а т у ............................................................... . • • ■ • Ж аяу ж а р ы с ........................................................................................ Жорға ж а р ы с ы .................................................................................. Қазакша к ү р е с .................................................................................... К ө к п а р .................................................................. ..... Күміс алу . . ......................................................................... Күс с а л у ............................................................................................ Қыз к у у ............................... ....................................................... Тоғыз күмалақ ...................................................................................


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook