Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Алғы сөз

Алғы сөз

Published by Куралай Данабек, 2022-11-27 02:20:51

Description: Алғы сөз

Search

Read the Text Version

Алғы сөз Біз Сүлейман Демирель университетінің 1 курс математика педагогика мамандығының студентеріміз. Біздің оқу орнымыз білім мен ғылымның, ізденушілер мен идеяға толы жастардың университеті. Университет қабырғасында студенттер өзінің жобаларын жасап, түрлі жаңа идеяларын көпшілікке таныта алады. Бұл жинақтыңда негізі осы университетте \"қазақ тілі\" пәні мұғалімі Еркеғали Райбек ағайдың берген тапсырмасы аясында қаланды. Осы үшінде Еркеғали ағайға көптен-көп алғысымызды білдіреміз. Әрбір кітап бұл білімге толы қазына, кез-келгенін ашсаңыз,білім нұрына қанығып, білгеніңізді арттырып,білмегеніңізді үйренесіз. Бұл жинақтанда сіз өзіңізге керегіңізді тауып, қазақтың ұмытыла бастаған тарихи құндылықтарын еске аларсыз. Сондай-ақ бұл жинақ сіздер үшін математика саласы мен қазақ тілін байланыстыруда көмегі тиеді деген үміттеміз. 1

Мазмұны 1.Қазақ халқының сандық өлшемдері ● Ұзындық өлшемдері ● Қашықтық өлшемдері ● Салмақ өлшемдері ● Уақыт, мезгіл өлшемі 2.Жұмбақтар ● Алгебралық ● Геометриялық 3.Жаңылтпаштар 4.Мақал-мәтелдер 5.Санамақтар 2

Қазақ халқының сандық өлшемдері Ұзындық өлшемдері Елі — сұқ саусақтың еніне тең ұзындық бірлігі, шамамен 2 см тең өлшем. Буын – ортаңғы саусақтың ұшынан оның ортаңғы буынына дейінгі аралыққа тең ұзындық (шамамен 5 – 6 см) бірлігі. Қадам – адамның бір адымына тең ұзындық (шамамен 60 – 70 см) бірлігі. Құлаш – иық деңгейіне сәйкес кере созылған екі қол ұшының арасына тең ұзындық бірлігі. Алақан - төрт еліден сәл үлкендеу өлшем, ашылған алақанның еніне тең. Тұтам - таяқ немесе арқанды ұстап жұмылған жұдырықтың ені, шамамен 8-см- ге тең ұзындық, төрт еліден сәл үлкен. Қарыс – толық жазғандағы бас бармақ пен шынашақ ұштарының арасына тең ұзындық (шамамен 19 – 20 см) бірлігі. Сүйем – шамамен аршынның ширегіне (төрттен бір бөлігіне) тең. Елі – сұқ саусақтың еніне тең ұзындық бірлігі (шамамен 2 см). Қазы майының қалыңдығы, ою-өрнектің мөлшері, т.б. елімен өлшенген. Шынтақ - шынтақтан саусақтың ұшына дейінгі аралықты білдіреді, шамамен 70 см-ге тең болған. Қары – кеуденің орта тұсынан кере созылған қолдың ортаңғы саусағының ұшына дейінгі аралыққа (80 – 85 см шамасы) тең ұзындық бірлігі. Құлаш - иық деңгейінде екі жаққа кере созылған екі қол ұшының арасы, шамамен 165-175 см тең. 3

Қашықтық өлшемдері Адым - жүру кезіндегі екі аяқтың ара қашықтығының мөлшері, шамамен 1 метр Таяқ тастам - жақын қашықтықты білдіретін халықтық өлшем. Тай шаптырым - тай бәйгесі жіберілетін, онша алыс емес қашықтық, шамамен 4-5 км Қозы көш жер - көш кезінде қозылардың өз жүрісімен жүріп өтетін аралығы, шамамен 5-6 км болады. Көш жер - көштің бір күнде жүріп өтетін қашықтығы, шамамен 20-30 км. Түстік жер - салт атпен түске дейін жүріп өтетін қашықтықты білдіретін өлшем. Шамамен 40-50 км болады. Күншілік жол - атпен бір күнде жүріп өтетін қашықтық - 60-80 км-ге тең болған. Айшылық жол - атпен жүргенде бір айда жетуге болатын қашықтықты білдіретін өлшем. Шамамен 2500-3000 км. 4

Салмақ өлшемдері Мысқал - асыл тастарды, әртүрлі қоспаны өлшейтін ең жеңіл салмақ өлшемі, шамамен 1 грамм Пұт - салмағы 16 килограмға тең ауырлық өлшемі. Батпан - төрттен бастап он алты пұтқа дейін тартылатын салмақ өлшемі . 5

Уақыт, мезгіл өлшемі Қас пен көздің арасы – лезде, тез, жылдам, көзді ашып жұмғанша деген мағынаны білдіреді. Қас-қағым (көзді ашып-жұмғанша) – жарықтың жылт етуі, көзді ашып- жұмғанша кететін уақыт, шамамен 0,7 - 1 сек аралығы. Сүт пісірім – халықтық өлшем, ширек сағат шамасы, шамамен 15 минут. Бие сауымдай уақыт – биенің екі сауымының арасы, бір сағат шамасындағы мезгіл. Ат адым – ақпан айындағы күннің ұзаруы, ол 38 минутқа тең. Елік адым – қаңтардың басынан ақпанның аяғына дейінгі аралықтағы күннің ұзаруы, ол 74 минутқа тең келеді. Қарға адым – каңтар айындағы күннің ұзаруы, ол 36 минутқа тең. 6

Жұмбақтар Алгебралық Атадан 10 баламыз Бір - бір жастан арамыз Қосылып кейде басымыз Азайып кейде қаламыз Бөлініп кейде арамыз Көбейіп те аламыз (цифрлар) Он бір түйе, бес жылқы. Екі сиыр, бес ешкі Екі қоян үш түлкі Таба алмайсың бос күлкі (барлығы: 28) Бес бұтақты ағашта Бұтақ сайын бес алма Біреуін бер алашқа Қалады сонда қанша алма (барлығы: 24) Күшіне сенген бір мықты Жығып алып сегізді Қайда барайын дегізді (шексіздік) Біз санбыз сызықпен бөлінген Математиканы ұқпас адамға Құбыжық боп көрінген, Дұрыс, бұрыс, аралас, Ондық болып бөлінген. (бөлшек сан) Үйшігі бар бір сабаздың Бірге жүрген бізбенен, Ұзын екен құйрығы Оны тіпті сезбеп ем Құйрығының ұшы жоқ, Көрейін деп іздеп ем (иррационал сан) 7

Математикалық таңба ол, Білімің болса, ашасың, Теріс сан болса астында, Мағынасыз деп қашасың.(квадрат түбір ) Басынан координатаның өте алмайды, Осьтерге жақындайды, жете алмайды. Екеуі екі бөлек тұрғанымен, Ажырап бір бірінен кете алмайды. (гипербола) Біреуі ұғымдардың басты - басты Болады өзі әр кез түбір асты. Өзінше өрнек болып құрылғанда «4» саны құрамын араласты. (дискриминант) Екеуін бір қосақтап матап қойдым, Соларға дәрежелі атақ қойдым. Матаудың шие болған қос түйінін Шешудің үш тәсілін атап қойдым.(Теңдеулер жүйесі) Басында координатаның қазығы бар Қорегі - сүйір бұрыш - азығы бар. Мәңгіге екі егізді қамап қойған Білмеймін, оның қандай жазығы бар?(синус пен косинус) 8

Геометриялық Жоқ өзінде баста, қаста, мойында Ұзындығы жазулы бір бойында (сызғыш) Шекер жейтін ақ құтан Бір қазыққа байланды Аузына тістеп шекерін, Ол қазықты айналды (циркуль) Нүктеден, екі сәуледен, Құрылған бұл не екен? (бұрыш) Алды артымыз шексіз де Жете алмайсың біздерге. Сәуле менен кесінді Шыққан тегін білсе де. (түзу) Түзудің бір бөліг, Екі шеткі нүкте көрігі. Ұзындығы әжне бар, Айтшы ұпай сенікі. (Кесінді) Егіз туған қос жүйрік Жарыса шауып терлейді Терлеген сайын өрлейді, Бірін бірі көрмейді. Дамылсыз қанша шапса да Бір мәреге келмейді (паралелль түзулер) Бір оғым - бір нүктеге тиіп кетті, Бір оғым - екі жерден қиып кетті. Бір оғым - нысанаға жақындамай Есіл оқ құр далаға күйіп кетті (шеңбер мен түзудің жаласуы) 9

Бір сабаз мінезі тік, қатал, мықты, Жаңа ұғым геометриялық ойлап - тауып Сыйлыққа Пифагордан бата алыпты.(Тік бұрышты үшбұрыш) Екі ғана қабыртқа Белбеуі бір жануар Белбеуіне жазылған Өзінің меншік заңы бар. Бірі кіші, бірі үлкен Қос табаны тағы бар Мұндай ғажап нәрсеге Әркімнің де заңы бар (трапеция) Келбеті келген бір сұлу Жағасы жоқ, жеңі жоқ Үшбұрыш көйлек киіп тұр Етегі жерге тиіп тұр (пирамида) Бір мінсіз жұмырланған қабырғасы, П менен есептелген үш шамасы. Шаманың өлшемдерін анықтауға Қажет - ақ Пифагордың теоремасы. (конус) 10

Жаңылтпаштар Кім сызғышсыз? Біз сызғышсызбыз! Сызғышсыздарға, Сызғышсыз сызғыз. Айқыш бұрыш, айқыш бұрыш, Тең - тең бұрыш, тұтас бұрыш, Тұстас бұрыш, тұстас бұрыш, Сәйкес бұрыш құрған бұрыш. Ұшып кетті үш құс, Ұшып келді ұшқыш. Қырық үш қызғыш құсқа, Қырық үш қызғыш құс қосса, Қанша қызғыш құс болады? Төрт төртім бар, Төрт тортым бар. Төртім-маған, Тортым-саған. 11

Мақал-мәтелдер “1” санына байланысты: Бір бие үйдікі,екі бие елдікі. Бір қарлығаш келгенмен жаз болмайды, Бір сауысқан келгенмен қыс болмайды. Бір күн ұрыстың қырық күндік қырсығы бар. Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама. Бір ит көріп үреді, Екі ит еріп үреді. Бір көрген біліс, Екі көрген таныс. Бір жеңнен қол шығар, Бір жағадан бас шығар. Бір кісінікі-мақұл, Екі кісінікі-ақыл. Бір елі ауызға екі елі қақпақ Бірінші байлық – денсаулық, Екінші байлық – ақ жаулық, Үшінші байлық – он саулы. Бірінші әйел – шекер, екінші әйел – бекер. Бар болса,сойғаның жөні бар, Бір қойда он кісінің құны бар Мың асуға бір тосу. 12

Мал - бір жұттық, батыр - бір оқтық, жер мәңгілік. Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі. Бар болса,сойғаның жөні бар, Бір қойда он кісінің құны бар. “2” санына байланысты: Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас. Екі қарға таласса, бір жем түсер. Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату. Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді. Екеу болсаң, бір-бірінмен кеңес, Біреу болсаң, қабырғаңмен кеңес. Бас екеу болмай, мал төртеу болмас. “3” санына байланысты: Ат баспаймын деген жерін үш басады. “4” санына байланысты: Төрт кісіге шай құйғанша, төртпен бірге қос айда. Төрт аяқты жылқы да сүрінеді, Екі аяқты адамда күрсінеді. 13

“5” санына байланысты: Бес саусақ бірдей емес. Ер қаруы-бес қару. Бес саусақ – Бір-біріне өш саусақ. “6” санына байланысты: Алты бала таппай ана аталмайды, Бес бала таппай белгілі әйел болмайды. Алпыстағы атаңды жыққанша, Алтыдағы атанды жық. Аларманға алтау аз, Берерменге бесеу көп. Туған да алтау едік, өле-өле жетеуміз. Алты ай баққан арықты бір түн ұрындырған өлтіреді. Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас. Алты жастан жинаған асырар, Жеті жастан жинаған жеткізер. “7” санына байланысты: Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл. Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі. 14

Жақсыны жеті жыл жетелесең, адам болады, Жаманды жеті жыл жетелесең, надан болады. Жеті атасын білмеген ұл жетесіз. Жұт жеті ағайынды, жиенім сегіз. Жеті рет өлшеп, бір рет кес. Жеті атасын білген ұл Жеті жұрттың қамын жер. Өзін ғана білген ұл Құлағы мен жағын жер. Жігітке жеті өнер де аз. Жеті қарақшыны таныған, жеті күнде адаспас. Айла алтау, ақыл жетеу. Қыстың соңы жеті тоғыс, көктем басы бес тоғыс. Жетелі мен іскерге жеті күннің бәрі сәтті. “8” санына байланысты: Дос егіз болса, дұшпан сегіз. Санақ санамай сегіз деме, сынап - сынамай дос деме. “9” санына байланысты: Тоғыз әйелдің толғағы бір келеді. Тоғыз ат бір қазыққа байланбас. 15

Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек. Білгенің бір тоғыз, Білмегенің тоқсан тоғыз. “10” санына байланысты: Он бала бір әкеге жүк болмайды, Бір әке он балаға жүк болады. “12” санына байланысты: Шындық он екі қабат шынжырды үзеді Он екі айда он үш той. Он екі айдың жартысы жаз болады, Жаз белгісі үйрек пен қаз болады “15” санына байланысты: Ұл он беске келгенше, қолыңдағы қобызың, Он бес жастан асқан соң, тіл алмаса доңызың. “30” санына байланысты: Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды. Отыз күн оразаның бір күн айты бар, Әр қылған жақсылықтың бір қайтуы бар. Отыз ұлың болғанша, бір жаман шалың болсың. 16

“40” санына байланысты: Қырықтан артық жас жоқ, Қымыздан артық ас жоқ. Жақсы кісі қырық жасында толады, Жаман кісі қырық жасында солады. “50” санына байланысты: Елуінде – ер дана, Елуінде – ел жаңа. Елу – ердің жасы, Алпыста ел ағасы. “90” санына байланысты: Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар. Тоғыз қабат торқадан, тоқтышақтың терісі артық. “100” санына байланысты: Мыңның жүзін білгенше, Бірдің атын біл. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар. Жүз теңгең болғанша,жүз досың болсын. 17

Санамақтар Бір дегенің – бесігінді түзедің, Екі дегенің – Егеменді ел дедің. Үш дегенің – ана тілім асылым, Басқа тілден мәртебесін асырдың. Төртіншіңіз төреліктен таймаған, Нұрсұлтанды хан тағына сайлаған. Бес дегенің – берекелі болғаны. Алты дегенің – ұраның айбының асырған Жеті дегенің – ту ұстадық жасылдан Сегізінші салт-дәстүрін оралған. Тоғызыншы атың кетті алысқа, Тоқтар бастап қазақ ұшты ғарышқа Он дегенің – орындалып ойдағың Наурызыңды өз мәнінде тойладың. Ал санайық, санайық, Сан сырына қанайық! Бір саусақты жұмайық, «Бір саны», - деп ұғайық! Екі саусақ жұмайық «Екі сан» - деп тынайық! Үшіншісін жұмайық, «Үш саны» - деп шығайық! Тағы бірін жұмайық, Төрт санына ылайық. Жұдырықты жұмайық, \"Бес болды» - деп ұғайық. Оң қолдың енді біреуін, Тағы да ептеп жұмайық, 18

«Алты сан», - деп ұғайық, Екіншісін жұмайық, «Жеті сан» - деп ұғайық! Үшіншісін жұмайық, «Сегіз ғой» - деп тынайық! Тағы бәрін жұмайық, Тоғыз санға ылайық. Жұдырықты жұмайық, «Он болды» - деп ұғайық. Бір дегенім – бесік, Шықтық содан өсіп, Екі деген – Елім, Далам, тауым, көгім. Үш дегенім – Үміт, Үміт аптар жігіт. Төрт дегенім – төзім, Төзе білем өзім. Бес дегенім – Бақыт, Бағалайтын уақыт. Алты деген – Ақыл, Тыңдағаның мақұл. Жеті деген – жалау, Жүректегі алау. Сегіз деген – сөзің, Серт беретін кезің. Тоғыз деген – тоқтау, Елдің жоғын жоқтау. Он дегенім – Отан, Қорға оны, ботам! Қалмау үшін ашығып, Қысқы азығын кеш қамдап, Қамбасына тасыды БІР,ЕКІ,ҮШ,ТӨРТ,БЕС жаңғақ. Ұйқыдан ол асылы Көрген емес кеш өріп. 19

Бүгін тағы тасыды БІР,ЕКІ,ҮШ,ТӨРТ,БЕС өрік. Ал, ал ... Біздің Қанат па? Қайта-қайта есінеп, Алды ескерту сабақта БІР,ЕКІ,ҮШ,ТӨРТ,БЕС рет. Қызыл-жасыл даланы Кезгін келсе шамалы, Татқың келсе басқа дәм, Қошақаным, бас қадам Оңға қарай БІР атта – Бас қоясың бұлаққа. Солға қарай БІР атта – Тойындасың құрыққа. БІР,ЕКІ,ҮШ,ТӨРТ атта, Жүгір,секір,жортақта. Тамақ өзі келмейді Үйден шықпас қорқаққа. Бір дегенім - белін, Екі дегенім- егін, Үш дегенім - үкі, Төрт дегенім - төл, Бес дегенім - бекіре, Алты дегенім - адам, Жеті дегенім - жеміс, Сегіз дегенім - сең, Тоғыз дегенім - тоң, Он дегенім - оң, Он бір болады одан соң. 20

Бір - білім алдым, Екі - егін салдым. Үш -үй көшірдім, Төрт -төл өсірдім. Бес- белге шықтым, Алты- асық ұттым. Жеті - желім жақтым, Сегіз - серке бақтым. Тоғыз -тойға бардым, Он - отын жардым. Бір дегенің - білеу, Екі дегенің - егеу, Үш дегенің - үскі, Төрт дегенің - төсек, Бес дегенің- бесік, Алты дегенің — асық, Жеті дегенің — желке, Сегіз дегенің - серке, Тоғыз дегенің - торқа, Он дегенің - оймақ, Он бір - қара жүмбақ. Жұмбағым жұтылды, Өрге қарай қүтылды, Оны таппаған Айнабек тұтылды. 21

22

23

24

25

26

27

28

29

30


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook