бергендей болдыңыз. Соңғы кезде жігіттердің ешқай‐ сысын кѳргім, кѳздеріне түскім келмеуші еді. Ал бағана сізді кѳргенде, неге екенін білмеймін, бірден қуанып кеттім. — Ол Ербол ағайды ѳзіңнің туған ағаңдай кѳретін‐ діктен ғой, Меңтай, - деді Майра сәл жымиып, астарлай сѳйлеп. — Рас, содан болар, - деді Меңтай Майраны бірден қостап, тағы да оның сѳзінің астарын ұқпағандай қалып кѳрсетіп. - Мен қиналған шақта сіздің бір айтқан сѳзіңіз кѳңіліме медеу боп, қайрат берді, ағай. Сіз ол не сѳз екенін білесіз бе? — Қайдан білейін, Меңтай, мен солдаттан келгелі кѳп сѳйледім ғой, - деп күлдім мен. - Тѳрт жыл жаумен үнсіз соғысқан күндердің есесін қайтардым білем. — Есіңізде ме, сіз былай дегенсіз: «Адам ѳз басына түскеннің бәріне кѳнуге де тиіс, оны кѳтеруге де міндетті. Ѳйтпесе оның несі адам?!» Осы сѳзіңіз ѳмір бойы жанды жанитын жануыштай боп, кѳкірегімде қалды. Сіз бұл сѳзді біздің бѳлмеде, «Қызыл кѳрпені» шығарған күні айтып едіңіз. Меніңде есіме түсті. Ол күні Одиссей мен Пенелопа жайында әңгіме болған. Сол күні Меңтай ѳтініп, маған Сәлима оқиғасын айтқызған. Автобус келіп, мен қыздармен қоштастым. Меңтайдың қолын ұстағанда жүрегім аузыма тығылардай лүпілдеп қоя берді. Ол: «тағы ештеңе бітпеді ме?» деп зар қаққандай болды. Елжіреп, Меңтайдың бетіне телмірдім. Ол тѳмен қарап кетті. Автобус мені екі қыздан айырып, Алматыға қарай ала қашты. 347
Б ұл күні мен ештеңе бітіре алмадым. Меңтайдың хал- жайын біліп, егер оның басы бос болса, тағы сѳз айтсам деген ойым орындалмастан қалды. Орындалмаға‐ нымен, оны кѳргеніме мәз болып, толассыз, тоқтаусыз сѳйлей бердім. Сұрағандарының бәріне жауап та қайыр‐ дым. Меңтай толық етіп айтыңызшы дегеннен кейін әр әңгіменің бүге-шігесіне дейін қалдырмай, тәптіштеп баяндадым. Мақтанып кеттім бе, масайрап кеттім бе, білмеймін, қыза келе облыстық газетте жарияланған мақалаларыма дейін кѳрсеттім. Осынымның бәрі орынсыз болғанын түнде, Калинин кѳшесіндегі жатақха‐ наның отыз жетінші бѳлмесінде жатқанда бір-ақ пайым‐ дадым. Күні бойы мас болып, енді ғана есімді жиғандай күй кештім. «Апыр-ау, неге ѳсіттім? Неге кѳкіп, ұзақ күнге жақ жаппай, сѳйлей бердім? Одан да Меңтайға оны әлі күнге дейін сүйетінімді неге айтпадым? Айтып тұрып, «адал жарын болайын, енді мені ѳмірлік серігің ет» деп неге жалынбадым оған?» деп ѳзіме ѳзім ұрыстым. «Жоқ, айтуға мүмкіндік болды ма» деп ѳзімді-ѳзім және ақта‐ дым. «Ағай, басыңыздан кешкеннің бәрін бүгінгі күнге деиін толық айтып беріңізші» деп Меңтай қиылғанда мен қалай үнсіз отырамын. Оның үстіне Майра да маңымы‐ здан шықпай қойды. Сѳйтіп бір әңгімеге бір әңгіме жалғасты. Тоғыз айдың оқиғасын тоғыз сағатта айтып шығу оңай ма? Әлі де айтылмаған талай сѳздер қалды... » «Талай сѳздер қалды, талай сѳздер қалды...» - деймін біраздан кейін ѳзімді ѳзім қайтадан әжуалап. - Сен «сѳз, сѳз» деп әлі жүрсің. Ал майданнан сенімен қатар қайтқан жігіттер келе сала үйленісіп алды. Олардың қазір бір- екіден балалары да бар. Баса-кѳктер батылдығың жоқ боп, сүйгеніңді тек қана сырттай қызықтай берсең, ѳмір бойы қу тізеңді құшақтап ѳтерсің сен... » «Үйлену оңай, үй болу қиын ғой, - деймін мен белгілі нақылдың белгілі сѳзін қайталап, тағы да ақталып. - Сомадай жігіт боп, сѳз 348
айтып тұрсаң, саған да біреу тиер-ау. Тән де табыса беретін болар. Бірақ алдымен адамның жаны үйлесуі абзал ғой. Жаны үйлескен жандар ғана жақсы ѳмір сүріп, қызықты күндер кешпек. Ал, жан жарасымы махаббат арқылы келмек. Махаббат - жас ғұмырдың жалынды жыры. Жастыққа тән ерекше екі қасиет ерлік пен махаббат болса, біріншісінің сынынан сүрінбегенім аян. Енді екіншісінен де сүрінбесем деймін. Ол үшін ѳзім сүйген жанды ғана жар етуім керек! Ол - Меңтай ғана... Бірақ «батыл емессің» дегенің рас. Батыл болсам, баяғыда, соғыста, жүргенде Сәлимаға: «Басқа ешкімге барма, тек қана мені тос!» деп кесіп айтпайтын ба едім. Батыл болсам, баяғыда Меңтай: «Ѳзіңіз айтыңызшы: таста деңізші ол жігітті, бұз деңізші уәдеңді - бұзып-ақ кетейін» деп толқып тұрғанда, «Таста! Бұз!» демейтін бе едім... Жарайды, енді ѳйтпеймін. Ертең қайтадан барамын. Барамын да Меңтайға бірден ѳзімнің оны әлі күнге дейін сүйетінімді айтамын! Содан сон оған: «жарым бол» деп тікелей тілек білдіремін! Бірден осылай деймін!..» Ертеңінде мен Бүргенге тағы да танертең келдім. Ауылдың орта тұсындағы кешегі кѳк терезелі тоқал үйдің тұсына тақағанда отау үй іспеттес дѳңгелек беседкада оңаша отырған Майра мен Меңтайды кѳрдім. Олар мені жандарына жақындағанда бір-ақ білді. Майраның сѳз арасында «иә, иә» дей беретін әдеті болушы еді. Бір нәрсеге таңданып, иә қуанғанда аузына сѳз түспесе, оның «иәсі» мүлде кѳбейіп кететін. — Иә, иә, ѳзіңіз де сәлеметсіз бе? Иә, иә, келіп қалдыңыз ба? Иә, иә, тѳрлетіңіз, - деді мені орнынан тұрып, беседка баспалдағында қарсы алған Майра. — Иә, иә, келіп қалдым, - дедім мен оған әзілдеп. — Иә, иә, келетініңізді білгенбіз, - деді Майра күліп, Меңтайға қарай жүзін бұрып. 349
Баспалдаққа аяғымды сала беріп, мен де тез Меңтайға қарадым. Беседка ортасындағы дѳңгелек үстел жанына тѳрт қабаттап салынған шәйі кѳрпе үстінде оң қолымен жер тіреп, сол қолымен кешегі қызыл юбканың етегін тізесінен тѳмен түсіре қымтап, бір жамбастай отырған Меңтай, менің тағы да келгеніме сенер-сенбесін білмегендей, неге келгенімді таба алмай дағдарғандай, дѳңгелек қара кѳздерін таңдана кең ашып, босаға жаққа бақырая қарап қалған екен. Мен беседканың соңғы сәкісін аттай бергенімде ол лып етіп орнынан тұрды. Оның алғашында сәл қуқылдау кѳрінген ақ бетіне лап етіп қызыл бояу жайылғаны байқалды. Бірақ қыз ішіндегі толқынды тез басып, таңданарлық ештеңе болмағандай қалыппен маған қарай қолын созды. — Ағай, сәлеметсіз бе? Екі қыз қол алысқаннан кейін мені беседканың тѳріне қарай икемдеді. — Иә, таңертеңгі шайымызды жана ғана ішіп болып, енді жинайық деп жатыр едік, - деді Майра едендегі үлкен қара таба деп күлдің үстінде тұрған шойын шайнекке еңкейе беріп сәл кешіксеңіз, жамандап жүреді екенсіз дейтін едік. Иә, шай жиналмай келгеніңізге қарағанда бізді жақсыламасаңыз да, жамандамайтыныңызды білдік. Иә, оған да шүкіршілік. — О не дегенің, Майра, - дедім мен күліп. - Сендерді жамандаған жігіттің жаны шықсын дер едім. Бірақ мақтаған кісінің де мәз болмайтынын байқағанбыз. — Иә, әй, осы сіздің тіліңіз-ай, - деді Майра сықылы‐ қтай күліп. Күліп тұрып, «бұл қайтер екен?» дегендей, кѳзінің қиығын Меңтайға тастады. Меңтай сәл жымиды да, үстел үстіндегі бос шыны аяқтарды бір жерге жиыстыра бастады. — Майра, мен үшін шай қоймай-ақ кой. - Оған қарап, «рақмет» деген ишара білдіріп, кеудемді бастым. 350
— Иә, танертеңгі шайыңызды ішіп пе едіңіз? — Іштім, - дедім мен әлі оразамды ашпасам да. — Иә, асығыс па едіңіз? — Асығыспын, - дедім тағы да бас иіп. — Онда от ала келген боларсыз? - деді Майра басын шалқайта түсіп, сақылдай күліп. — Рас, от ала келдім, - дедім мен неге екенін білмеймін бетімді Меңтайға қарай бұрып. Меңтай қолына бос шыны аяқтың бірін ұстап, түрегеп тұр еді. Мен: «Рас, от ала келдім» деп оған қарай бұры‐ лғанда қыздың ақ жүзін тағы да лап етіп қызыл жалын шалған іспеттенді. Осы кезде қызыл юбка, ақ кофта киген Меңтай маған маздай жанып, лаулап тұрған ѳшпес оттың ѳзі сияқты боп танылды. — Иә, онда, асығыс болсаңыз, - деді Майра шайнекті қайтадан орнына қойып жатып, - нан ауыз тиіңіз, кейін келіншегіңіз тастап кетпеуі үшін. Осылай деп Майра тағы да сықылықтап күліп алды. — Ауыз тиейін, - дедім мен үстел үстіндегі бауырсаққа қолымды созып. - Кейін тастаса тастап-ақ кетсін, ѳз жамандығымнан онда. Бірақ бүгін қолым жетсе екен соған, - деп мен де күліп, бір бауырсақты аузыма тастап кеп жібердім. — Иә, бауырсаққа бапандай кѳрінесіз, жететін шығарсыз оған да, - деп Майра тағы да күлді. — Енді қайтейін, «таз ашуын тырнадан алады» деген бар ғой, - дедім мен ұялған тек тұрмастың кебін танытып. Бұған Майра екеуміз қосыла күлдік. — Иә, сіз асығыс болсаңыз, мен де асығыспын, - деп Майра кетуге ыңғайланды. - Кешеден бері апам басым ауырады, жүрегім шаншиды деп мазасызданып жүр. Менің сол кісіні дәрігерге кѳрсетіп, дәрі-дәрмек алып беруім керек. 351
— Жүректің дәрісі маған да керек еді, - дедім мен Майраға әзілдеп. — Иә, біліп тұрмын, - деді Майра да әзілге әзілмен жауап қатып. - Сізді Меңтайға тапсырамын. Сізге керекті дәрі-дәрмекті тауып, біз келгенше емдеп қояр деп ойлаймын. - Бұл кісі менен дәрі сұрап келмеген шығар, - деді де, Меңтай тоқтап қалды. «Бұл сѳзді бекер айттым-ау» дегендей боп, ѳз-ѳзінен қызарып, тѳмен қарады. — Дәрі сұрамаса, дәнемен кетпес. Біз келгенше ағайды ертіп, ѳзен басына барып қайт. Ағайға ауылдың айна‐ ласын кѳрсет. Кѳктебенің басына ертіп бар, - деп Майра құрбысына шегелей тапсырды да, ѳзі шапшаң аяңдап, үйге қарай жәнелді. — Сіздің уақытыңыз бар ма еді? - деді Меңтай Майра үйге кіргеннен кейін. — Бар. — Онда, қаласаңыз, мен сізге ауылдың айналасын кѳрсетейін. ... Біз аяңдап Бүрген ѳзенінің жағасына келдік. Айғай- шуды кѳбейтіп, ақ кѳбік атқылап, ѳз-ѳзінен лепіріп жатқан таяз ѳзенге біраз үнсіз қарап тұрдық. — Тау ѳзені кѳпіріп, кѳп сѳйлейтін мақтаншақ, даңғой адамға ұқсайды, - дедім мен. - Қарашы, суы тізеге жетпейді, шуы жер жарады. Меңтай мені құптап, бас изеді. — Рас. Дала ѳзені лықсып, үнсіз ағады. Суы да терең болады ғой, - деді ол. Осыдан кейін біз гүлді ѳзекті қуалап, Кѳктѳбеге қарай беттедік. — Мен сізді ешқашан да кѳрмейтін шығармын деп ойлаушы едім, - деді біраз жүрген соң Меңтай. — Неге? — Білмеймін... 352
— Онда мені ойлаған екенсің ғой? — Ойладым, кѳп ойладым. Сіз туралы ешқашан да ойламаймын деп ѳзіме-ѳзім талай рет ант еттім. Бірақ соның артынша қалай ойлап кеткенімді ѳзім де білмей қалып жүрдім. Мен Меңтайдың қолын уысыма алып, құшырлана қыстым. Меңтай қолын тартып алмады, тіпті ауырсынған да белгі бермеді. Енді мен оның қолын алақанымнан шығармадым. — Ал мен сені бір күн де ойымнан шығарған жоқпын, Меңтай. — Сенемін. — Тоғыз ай сенен аулақ болу менің махаббатымды ѳсірмесе, ѳшірген жоқ Мен сені сол қалпымда сүйемін! Осыған сенесің бе? — Сенемін. Бірақ. Меңтай әппақ, жұп-жұмыр мойнын сәл солға қарай бұрыңқырап, үнсіз қалды. — Бірақ дегенің не? - дедім мен сыбырлай үн қатып. — Бірақ... - Меңтай ар жағын тағы да айтқысы келме‐ гендей, ернін тістеледі де, тез босатып жіберді. Қалпына келген томпақ ерін тістегенге запы болғандай, бір дір етіп барып, қайта ашылды. - Бірақ менің сақинам сынып, сабағым үзіліп қалды ғой... - Меңтай тағы да ернін тісте‐ леді. - Кейін бетке шіркеу болар... - Меңтайдың тамағына жас кеп тығылғанын аңғардым. Жаным онымен қоса қиналып, не істерімді білмей, қабағымды шытып, мен де ернімді тістелей бердім. Бірақ ол лықып келіп қалған кѳз жасын тез тоқтатып тастады да, сабырмен сѳзін аяқтады. - Жақсы жардан жан ауыртар сѳз естіп отыру азап болар... — Жоқ, жоқ, - дедім мен ѳз үніме ие бола алмай, қыстыға сѳйлеп, - мен сені соғыстан келген күні бірінші рет кѳрген күйімде қабылдаймын. Сен сол күйіндесің, сол қалпындасың, Меңтай! Сенің ештеңең ѳзгерген жоқ... 353
Меңтай ақырын ғана басын шайқады. Менің одан сайын дегбірім қашты. Оны қалай жұбатарымды білмей, жаным күйзелді. Тістеніп, жан-жағыма қарап, пиджа‐ гімнің ѳңірін жұлмаладым. Осының бәріне сәл кінәлідей- ақ, біржола жұлып алардай боп, қайта-қайта түймемді жұлқыладым. — Сезіме сенбесең, ѳзіме сенесің бе? - дедім екі танауым қусырылып. Меңтай бетіме қарап, ақырын ғана басын изеді. Тегі менің екі кѳзім құрық кѳріп, құйрығын тігіп алып, шығандап қашқан қашағанның кѳзіндей долырып кеткен болуы тиіс. Меңтай тез екі қолын бірдей кѳтеріп, бетімді сипады. Осы кезде мен алқымын бұғалдырық қысқан асаудай жуаси бастағанымды білдім. — Сенемін! Сенемін! - деп Меңтай бетімді сипап тұрып екі рет қайталады. - Дегенмен, бірде болмаса бірде кѳңілге келіп жүрмесе дегенім ғой. — Келмейді, келмейді! - дедім мен басымды шайқап. Осылай деп мен Меңтайды құшағыма алып, бетінен, кѳзі‐ нен, маңдайынан, иегінен аймалап сүйе бастадым. Ол қарсылық білдірмеді. Бар ықыласымен бауырыма кіре түсіп, ақтамақ, қызыл ерін, жұмыр мойнының мен қалаған жерін ерніме тоса, екі кѳзін шарт жұмып алып, шалқая берді. Біз тѳбесінде тұрған Кѳктебе теңселіп кеткендей болды. Ол бізді махаббаттың бесігі болып, тербей жѳнелген сияқтанды. Осы сәттен бастап мен уақыттың мѳлшерін білуден қалдым. Меңтайдың маңында жүрсем, маған шығыстан сарғайып таң атса-ақ болды, кѳзді ашып-жұмғанша баты‐ стан түнеріп, тенірекке түн шѳге бастайтын тәрізденді. Әншейінде аяғын тәй-тәй басып, жүк жағалаған баладай боп, аспанда күні бойы дѳңгелеп жүріп алатын күн енді гүрс етіп стволдан шыға сала дүрс етіп, кѳздеген жерге барып жарылатын танктің снарядындай ұшқыр боп кетті. 354
Сол сияқты түн де, электр қырықтықпен қырқылған қара қойдың жабағы жүніндей боп, лезде еңсеріледі де қалады. Ал мен Ментайдың қасынан сәл ұзап шықсам-ақ бітті - сағат жүрмейді, күн бедірейіп бір жерден қозғалмайды, түн тұншықтырып, туырлықтай тұтасып, жатып алады. «Еркектің таңын атырып, күнін шығаратын, күндізін кѳрікті, түнін тәтті ететін, жақында жүрсе, жаныңа қанат беріп, алыста жүрсе, аңсататын, жұлдызын оңынан туғы‐ зып, еңбегін жемісті ететін сүйген жар екен ғой шіркін!» деген ой осы кезде келді маған. Сонымен біз Майраның үйіне кешке қарай бір-ақ оралдық. Меңтай: «Апамнан ұят болды-ау. Мені қайда кетті деп іздейді-ау» деп, жеткенше қысылып келді. Майраның шешесі шынында да Меңтайды күтіп отыр екен. — Қарағым, қайда жүрсің? Қарның ашып қалды ғой, - деді ол есіктен аттай берген Меңтайды құшағын жая қарсы алып. Содан сон шеп еткізіп мандайынан сүйді. — Сәлеметсіз бе, апа? - дедім мен кемпір Меңтайдың бетінен сүйіп бола берген кезде. — Сәлемет пе, қалқам, - деп ол бұрылып, менің бетіме қарады. - Кешегі баламысың? Е, жоғары шық, шырағым. — Апа, ѳзіңіз қалайсыз, тәуірсіз бе? - деді Меңтай. — Тәуірмін, қалқам, тәуірмін. Осы дәрігерлердің бір салауаты бар. Үйде қанша ыңқыл-сыңқыл болып, ауырып жүрсем де, құдайдың құдіреті, дәрігер алдына барғанда жазыламын да кетемін. Бүгін де сѳйттім. Бағана, түсте берген дәрісін ішіп, ағыл-тегіл терлеп едім келіп. Енді мүлде жазылып кеттім. — Бәле, жақсы болған екен, апа, - деді Меңтай кемпірді құшақтап. - Ойбай-ау, мен ѳзімнің ауруымды айтып, сарнап тұрып алыппын-ау, - деді кемпір тез орнынан қозғалып. - Сендерге деп әлгінде бір май шайқап қойып едім. Майра 355
келгенше нанға жағып, соны жей тұрыңдар. Майра қазір келеді, сиыр қайырып келуге кетті. Мейірбан ана батар күннің соңғы сәулесі мол тѳгіліп тұрған тѳрт бѳлме ішіндегі дѳңгелек үстелге дастарқан жайып, Меңтай екеуміздің алдымызға ас қойды. — Осыны аужал қыла тұрыңдар, қарақтарым. Мен қазір тез сиыр сауып, ыстық ас жасап беремін. Осыны айтып, Майраның шешесі шығып кетті. — Апам сондай ғажап кісі, - деді Меңтай. - Мен бұл кісіні осында келген күннен бастап ѳз шешемдей кѳріп кеттім. Есік қайтадан ашылды. — И-иә, екі ғашық, қол ұстасып келдіңдер ме? - деп жүре сѳйлеп келе жатқан Майранын үні естілді. - Иә, отқа келген кісінің отыз ауыз сѳзі бар деуші еді. Сіздің сѳзіңіз одан кѳбірек болды-ау деймін. Бұл Майраның мені таңертең айтқан асығыспын деген сѳзіме орай қағытқаны еді. Менің кѳңіліме келмесін дегендіктен болар, ол «отқа келген қатынның отыз ауыз сѳзі бар» деген халық мақалын сәл ѳзгертіп, «қатынның» дегеннің орнына осылай, «кісінің» деп айтты. — Майра-ау, ол отына және келген кісісіне байла‐ нысты шығар, - дедім мен күліп. — Әрине, менің Меңтайым отыз ауыз сѳз айтып, бықсытып, бақырға салып ала жѳнелетін ауыл-үйдің арзан оты емес. Бұл - алыстағыны күйдіріп, жақындағыны жандыратын, жаманды естен тандыратын, жақсының құмарын қандыратын, ѳзгеше от. — Рас. Майра-ау, ѳзің ақын болып кетіпсің ғой, - дедім мен. — И-иә, неге аѳын болмайын: арманым орындалып, айтқаным келген болса. - Осылай екілене сѳйлеген Майра шапшаң Меңтайға бұрылды. - Иә, ал айт жылдам, тура солай болды ма? Меңтай жымиып, жайлап қайта-қайта 356
басын изей берді. Майра дѳнгелек үстел басында отырған Меңтайға шапшаң еңкейіп, оның екі бетінен кезек шѳп еткізіп екі сүйді де, қапсыра құшақтап орнынан тұрғызды. — Иә, ей, тұрсаңшы, жарылып кетпей неғып отыр‐ сың? - деп ол Меңтайды шырқ кѳбелек айналдырды. - Иә, айтпап па едім мен саған, Ербол сені шексіз сүйеді, ал шын сүйген адам ештеңеге қарамайды деп. Иә, айттым ба? - Кѳзін бір ашып, бір жұма түсіп, Меңтай тағы да бас изеді. - Иә, мен саған қыстыгүні-ақ, ана сұмпайың «қатын алдым» деп кеткеннен кейін, айтпап па едім Ерболды іздейік, осыны айтып, хат жазайық деп. Сен без-без етіп болдың ба сонда. - Майра енді Меңтайдың дауысына сала сѳйледі. - «Жо-жоқ. Ағай мен үшін оқуын тастап кетті. Ендігі біреумен танысып та қойған шығар. Оны бұзуға болмайды. Мен не болсам, ол болайын. Бірақ ол кісінің бақытты болуын тілеймін!» деп еңіреп жылап, жатып алдың. Аш күзендей бүгіліп, бір жұма бойы тѳсектен тұрмадың. Иә, сонда мен саған айттым емес пе: ағайың сияқты адамдар тез таныса білмейді. Ондай кісі танысының бәріне табына да бермейді. Осында, оның айналасында отыз шақты қыз оқыдық. Солардың ішінде жалғыз саған ғана ықыласы ауды. Сенен күдер үзгенде де ѳзгемізді кѳзге ілместен кете барды. Басқаны былай қойғанда қақылдаған Қанипа мен мүйізі қарағайдай Зайкүлге де қараған жоқ. Ағайдың бақытты болуын тілеймін дейсің. Мен айтайын саған: Ербол ешқашан да сенсіз бақытты болмайды, сен онсыз ѳмір сүре алмайсың! Иә, осылай дедім бе? Дедім. Иә, енді сүй қазір ғашығыңның бетінен. Осы менің кѳзімше сүй! Меңтай күліп, екеуінің қасында түрегеп тұрған маған қарай қолын созды. Мен магнит тартқан бүркеншікті шегедей лып етіп, қыздың қасына бардым. Ол мені сүймекші боп жатыр еді. Жібектей созылған Меңтайдың 357
баяу қимылына шыдамадым білем, бассалып, оны ѳзім сүйе бастадым. Майра сақылдап кеп күле жѳнелді. — Иә, апырай, кѳніңіз кеуіп қалған екен сіздің, - деді ол күлкісін тыя алмай. - Тұра тұрыңыз, енді сізді мына қыз сүйсін. Отқа тақаған балауыз шамдай қызып, балқи бастаған мен әрең тоқтадым-ау деймін. Сол кезде Меңтай келіп, бар ықылас, махаббатын танытып, дірілдеген ыстық ернін ерніме тақағанда теміршінің электр дәнекерлегішінің тұмсығы тиген кесек қорғасындай ерітіп, елжіреп бара жатқанымды сездім. — Жарайды, болды, болды, - деді Майра тағы күліп. - Бір жабыссаң, айырылмайды екенсің ғой ѳзің. — Енді қайтейін, сүй деген соң сүюдің жѳні осы екен деп жатқаным да, - деп Меңтай да қымсына күлді. — Сен ѳзің жаңағылардың бәрін тегіс айттың ба? Айтты ма? - деп Майра күлкісін тыйғаннан кейін Меңтай екеумізге кезек қарады. Меңтай басын изеді. — Күні бѳйы арамызда айтылмаған жыр, ашылмаған сыр қалмаған сияқты, - дедім мен. — Бәсе, ѳзіңіз айтыңызшы. Әйтпесе мынаның қуанға‐ нынан тіл-аузы байланып қалыпты. - Майра Меңтайды нұсқап, тағы да сақылдап күліп алды. - Енді сізді «ағай» дегенін қойды ма? — Қойды, - дедім мен күліп. — Бір, - деп Майра сол қолының шынашағын бүкті. - «Сіз» дегенін қойды ма? — Қойды. Бірақ бұған бірнеше рет репетиция жасауға тура келді. Ұмытып кетіп, қайта-қайта «сіз» дей береді. — Әйтеуір сізді «сен» деуге тілі келді ғой. — Келді. — Екі, - деп, Майра аты жоқ саусағын бүкті. Содан соң 358
ол «үндемеңіз» дегендей ишара жасап, маған ақырын кѳзін қысып қойды. - Дұрыс. Ал енді сізге Меңтай «жаным, сәулем!» деді ме? — Жоқ, - дедім мен басымды шайқап. — Ендеше соны айтқызу керек, - деп, Майра бұры‐ штағы биік үстел жанындағы жайдақ орындықтан атып тұрды. Ментай оның бұйрығын екі етпеді. Жерде қатар отырған менің қолымды ұстап: — Жаным! Сәулем! - деді үздіге үн қатып. Маған сол арада дүниеде Меңтай аузынан шыққан сѳзден тәтті, осы екі сезден күшті ештене жоқ сияқты боп кѳрінді. — Қой, Майра, сыртқа шығып, апама кѳмектесейік, - деп Меңтай тез орнынан тұрды. — Иә, сіз де жүріңіз, - деді Майра, не қыздармен бірге сыртқа шығарымды, не үйде қаларымды білмей, қипақтап қалған маған. - Меңтай сиыр сауады, сіз бұзау ұстайсыз. Осыны айтып, Майра тағы да күлді. Сырттай сабырлы кѳрінетін, орынсыз кѳп те сѳйлей бермейтін Майра бүгін адам танығысыз боп ѳзгеріп кеткен сияқтанады. Әр түрлі әзіл-күлкісімен Меңтай екеуміздің жанымызды қытықтап, күміс қоңыраудай сылдыраумен болды. Біз бірімізді-біріміз жетектеп, сақылдай күліп, сыбырлай сѳйлеп, сыртқа шықсақ, Майраның апасы сиырды сауып болып қойыпты. Беседкаға таяу тұрған, кірпіштен қаланған кішкене мұржалы қазандық басында кешкі тамағын түсіріп жатыр екен. — Майраш, тѳргі үйге шам жақтың ба? - деді ол қыздарының даусын естіп. Біз үйде әңгімемен отырып, байқамаппыз. Күн әлдеқашан батып, кешеге қараңғылық үйіріле бастапты. — Қазір, апа. - Майра бізге қарай бұрылды. - Бәләй, 359
сізге бұзау ұстатып, Меңтайға бір сиыр саудырып кѳрейін деп едім, болмағанын қарашы... Майратағы да ѳз-ѳзінен сақылдай күліп, ішке қарай жѳнелді. Біз де қайта кірдік. Майра ондық шамды жағып, биік үстелдің үстіне қойды. — Майра, мына орындықты дѳңгелек үстелге жақын‐ датып, шамды үстіне қояйық. Сонда жарығырақ болады, - деді Меңтай бір қолымен шамды, бір қолымен орын‐ дықты алып жатып. — Жарайды, жарайды, - деп Майра енді ыдыс- аяқтарды сылдырата бастады. - Иә, жігітім аузын таба алмай қала ма деп жаның шығып барады ғой тегі... Майраның езуі күлкіден жиылмады. Бір сѳз айтып - бір, екі сѳз айтып - екі күледі. Күле жүріп тамақ ішетін тарел‐ каларды үстел жанына жайғастыра бастады. Шам жақын‐ дағаннан кейін дѳңгелек үстелдің үсті бұрынғыдан бетер жарықтала түсті... «Меңтайдың мұнысы қандай оңды болды?» деп ойладым мен ішімнен. Тек үстел басы ғана емес, Меңтайдың әр сѳзі, әр қимылынан жаныма жарықтарап, жүрегіме нұр кіріп жатқан сияқты болып кѳрінді маған. — Әлде, сіз... Ереке, - деді Майра маған қарап. Ол бұрынғыша «ағай» дейін деді де, олай атамай «Ереке» деді. - Иә, ала кѳлеңкеде аузыңызды таба алмайтын ба едіңіз? — Майра, мен ѳз аузымды қараңғыда да таба аламын, - дедім жымиып. Ѳзімше тауып айттым деп ойлап, іштей рақаттанып қалдым. Майра бұған сақылдап күлді. Бір толқын күлкісі тола‐ стай бергенде екіншісі басталды. Содан кейін жалаңаш білегімен кѳзінің жасын сүртіп, күлкісін тыйды. — Әй, қайдан білейін, қараңғыда табатын кісі жарықта адаспаса керек еді. Майраның үсті-үстіне толқындата неге ұзақ күлгенін 360
мен енді ғана аңғардым. Ол менің батылсыздығымды, бостығымды ажуалап тұр екен. Ол Майраның «Батыл болсаң, Меңтайға баяғыда қолың жететін еді»дегені екен. Мен оны бірден мойындадым да: — Иә, оның да рас, Майра, - дедім. Майра тағы күлді. — Әй, Ереке-ай, қандай адал, ақ кѳңілсіз. Шындықтың шеті шықса, шынжыр торға шырмалғандай боп қалаты‐ ныңыз тағы бар-ау сіздің. Біздің мына қыздың кѳкейін тесіп жүрген де осы адалдығыңыз ғой, шіркін! Меңтай үндеген жоқ. Тек қасында түрегеп тұрған Майраның бір иығынан құшақтап, оның маңдайынан қақ жарған қос бұрымды ұзын шашын қайта-қайта сипалай берді. — Екеуіңе бір тарелка қояйын ба? - деді Майра иығын құшақтап тұрған Меңтайға мойнын бұрып. Меңтай кѳзін жыпықтатып, басын изеді. — Бір қасық берейін бе? Меңтай тағы да бас шұлғыды. — Айттым ғой мынау бүгін тіл-жағынан біржола айырылып қалған деп. Майра тағы да сықылықтап кеп күлді. Қыз жүрген жер қызықсыз, күлкісіз болмайды ғой. Дегенмен Майра бүгін бірнеше қыздың күлкісін бір ѳзі міндетіне алған сияқты болды. Оның үстіне Майраның бұл жағдайы күлгенінен күлімсіреуі кѳп Меңтай мен ешқашан қарқылдап қатты күлмейтін менің қасымда ерекше білініп тұрды. Алайда Майраның күлкісі адал досқа деген ақ жүректен ақта‐ рылып жатқан асыл қазына екенін біліп, бізде оны іштей қосыла құптауда едік. — Балалар, үстелді жасадыңдар ма? - деп дауыстады осы кезде ыдыс кѳтеріп, сырттан кіріп келе жатқан Майраның шешесі. — Дайын, ана, - деп Майра мен Меңтай қосыла жауап қатты. 361
Майраның апасы буы бұрқыраған бір тегене ыстық асты үстел қасына әкеп қойды. Ѳзі соның жанына жайғасты да, қызының қолынан бір-бірлеп тарелка алып, бәрімізге бѳліп құя бастады. Абзал ананың қолымен ақ сүтке жасалған кеспе кѳже Меңтай екеуіміз ақ тілеумен табысқан алғашкы күні аузымызға алған асыл асымыз болды. — Ішіңдер, қарақтарым. Нанмен қосып ішіңдер, - деп шешеміз бәйек болып жатыр. Содан сон маған карай бұрылды. - Қарағым, сен азаматсың ғой, тауысып іш. Келгенің жақсы болды, айналайын. Сенің тѳбең кѳрін‐ геннен бері мына екі баламның ажары кіріп, адам болып қалды. — Иә, ажары ғана емес, мына қызыңыздың кеудесіне жаны кіріп, жақсы болып қалды, апа, - деп Майра ѳзінен жоғарырақта, маған тақау отырған Меңтайды нұсқады. Шешесі басын кѳтеріп, қызына қарады. Меңтай «тыныш отыр» деген ишара жасап, Майраны ақырын жеңінен тартқылады. Бірақ оған Майра тоқталмады. - Меңтай мен мына отырған балаңыз екеуі бір-біріне Қыз Жібек пен Тѳлегендей ғашық болатын. Араларына бір Тұмажан деген Бекежан түсіп, мына балаң оқуын тастап, былтыр басқа қалаға кетіп қалған. Дүниеде Бекежандар оңушы ма еді, ол Меңтайдың оқу бітіруін тоспай, басқа біреуге үйленіп қойыпты. Сѳйтіп мына аңқау қызынды алдап кетіпті. Иә, кеткені жақсы болды сол сұмпайының! - Бұл тұста Майраның жазық маңдайы шытынап, кеудесін ыза кернегендей, дауысы дірілдеп шықты. - Мына балаң оны білмей, ана жақта жүре берген. Ал қызың ұялып, оны айтпаған. Сонымен андағы Ербол балаң жазғы оқуға келе жатып, жолда бір жерде жаңағы сұмпайымен - Беке‐ жанмен кездеседі. Содан бар жайды біледі. Білген соң Меңтайды іздеп, кеше осында келеді. Иә, апа, мына қызың, - ол қолымен Меңтайды бүйірінен түртті, - бүгін 362
бұрынғы Меңтай емес. Тѳлегеніне қосылған Қыз Жібек боп отыр кәзір. Ал құттықта, апа, балаларыңды. — Алда, қарақтарым-ай! Алда, айналайындар-ай! Бақытты болыңдар ендеше! Босағаларың берік, үбірлі- шүбірлі болыңдар, қалқаларым, - деп Майраның шешесі қапелімде аузына түскен тілегін айтып, ақ батасын берді. - Келіңдерші, қарақтарым, екеуіңнің де беттеріңнен сүйейін, - деп орнынан тұрды. Біз де қоса кѳтерілдік. Екі беті қып-қызыл боп кеткен Меңтай тѳмен қарап, ілбіп басып, Майраның анасына қарай аяңдады. Ана оны айқара құшақтап, бауырына басып, қайта-қайта шашынан иіскеді. Содан соң маңдайынан сүйді де: - Қосағыңмен қоса ағар, ботам! - деді. — Айтқаныңыз келсін, апа, - деген үш сѳзді даусы дірілдеп әрең айтты да, Меңтай Майраның анасын тез қайта құшақтап, солқылдап жылап қоя берді. Оған қосы‐ лып, ана да кѳзіне жас алды. Меңтай жылағанға мен қоса қиналып, ернімді тістелей бастадым. Ішіміздегіміз бақпаған Майра ғана болды. — И-иә, несіне жылайсың? Қуанғанына кѳрінсін! - деді ол құрбысын сыртынан құшақтап, анасының бауырынан ажыратып жатып. Содан соң маған қарап, кѳзін бір қысып қойды. — «Қуанған да, қорыққан да бір» деген ғой, қайтсін жыламай, - деді Майраның шешесі басындағы орама‐ лының ұшымен ѳз кѳзінің жасын сүртіп жатып. - Бәлкім, анасы есіне түскен болар. Ол байғұс тірі болса, ѳз қолынан ұзатар еді ғой бүгін. -Осы сѳздерді айтып болған соң ана құшағын жайып маған бұрылды. - Кел, балам. Аналық құшағын кең жайып тұрған бұл мейірбан кісі менің де ѳз шешеме ұқсап кетті. Мені де алдымен тѳсіне басып, сонсоң екі қолын екі иығыма салып, тебірене сѳз сѳйледі — Сен де жалғыз екенсің, балам. - «Жалқылығым жадыңда екен-ау» деп ойладым ішімнен. - Жалғыздың 363
жан жолдасы - ары мен жары болады. Ендеше, қалқам, жарыңды жаныңмен тең ұста, жаныңды арыңмен тең ұста. Сен сенімді серік болсаң, Меңтайым мейірімді жар бола алады саған. Жерден шыққан жетім қыз алдым деме, шырағым. Ақылды қызға - ана кѳп, аяулы жанға - пана кѳп. Мен жалғыз Майраның ғана емес, Меңтайдың да анасымын, қарағым... — Иә, біздің апам боздатты біржола, - деді Майра Ментайдың кѳз жасын құрғатып жатып. Әзіз ана ѳз сѳзін одан әрі жалғастыра берді. — Ендеше сен құрсағымнан шықпаса да, құшағымнан шыққан баламды алғалы тұрсың, міне. Еркектің бақыты да, тақыты да жақсы жар болады, шырағым. Саған айтар ақыл, берер кеңесім, қарағым: ѳзіңді тапқан анаңды сыйласаң - анау адал жарыңды сыйла. Сенің де анаң бір кезде осындай жас келін боп түсіп, жан ұшырып жүріп, сені дүниеге келтірген. Ана болғаннан кейін дана болған. Адамның екінші қымбаты - арыңды қадірлесең, жарыңды қадірле, қарағым. Мына бүлдіршіндей Меңтайымды жарым деп қана емес, жаным деп қабылда, қалқам. - Осы арада ана бір тоқтап, тыныс алды да, сѳзін аяқтады. - Бұны Жетісудың бір бейтаныс кемпірінің сѳзі емес, ѳзіңнің туған шешеңнің есиеті деп ұқ, балам! Осылай деп ана менің де маңдайымнан сүйді. Ананың сѳздері менің де сай-сүйегімді сырқыратты. Меңтай кѳзінен тағы да үнсіз жас сорғалады. Бұл тұста Майра да босады. Мұнысын білдірмеу үшін ол Меңтайды уата жүріп, оның бетін үнсіз аймалай берді. Жүрегім елжірей тұрып мен осынау шүйкедей кемпірдің шешендігіне, даналығына таң қалдым. Менің Флобер, Бальзак, Тургенев, Горький кітаптарын айлар бойы ақтарып, алтын тапқандай қуана қойын дәптеріме кѳшіріп алатын асыл создерімді бұл кісі бір ғана сәтте түйдек-түйдегімен тѳкті де салды. Осы үйдегі кешеден 364
бері ең елемеген адамым да осы кісі еді. Кеше келгенде «Сәлеметсіз бе, апа» деп сәлем беріп, кетерде «сау болы‐ ңыз, апа» деп қоштасқаннан басқа жылы ұшырап, бір ауыз сѳйлескемін жоқ. Менің есіл-дертім екі қызда, Меңтайда болды. Солар не айт десе, соны айтып, осы үйдің алдында патефондай сайрадым да отырдым. Олар күлген сайын мен әңгімемді соза бердім. Оларды күлдіре түскім, қуанта түскім келді. Сонда мәсісінің ұшымен басып, есікті сықырлатпай ашып, үйге кіріп-шығып жүрген осы кісі кѳлеңке іспетті ғана боп кѳрініп еді маған. Кітап қадірлегіш, ѳткен данышпандарды сыйлағыш мен екі күн бойы қасымдағы тірі дананы елемеппін-ау. «Ана болғаннан кейін дана болған» деген сѳзі қандай жақсы еді апамның! Жо-жоқ, жалғыз бұл емес, жаңағы айтқан бар сѳзі маржан ғой тізіліп тұрған. Кеш менің білместігімді, данышпан ана. Мен ішпей маспын ғой бұл күндері. Мас кісі не білуші еді, не анғарушы еді. Соны ескер, абзал ана. Әрине, мен мұны ауызша айтқамын жоқ. Оймен айттым. Ѳйткені мен үндемей отырып, іштей сѳйлесуге ғана шешенмін ғой. Ал ауызша айтқан бар сѳзім мынау ғана болды. — Алдияр ана, айтқаныңызды орындаймын! - деп бас иіп, ант еткендей оң тіземді бүктім. Бұл менің анаға деген ризалығым еді. Бұл және Меңтайға ризалығымнан айтылған сѳз болатын. Осы аз сѳздің ѳзін әрең айттым. Ѳйткені мен ѳзімнің тебінгідей үлкен еріндеріме ие бола алмай қалдым. Ол жылаған жас баланың ерніндей боп, кемсеңдеп кетті. Майра жүгіріп кеп, мені қолтығымнан кѳтерді. — Иә, не боп кетті ѳзі. Жұрт қуанады екен десе, - деп ол ѳз-ѳзінен күбірлеп жүр. — Қуаныш деген осы ғой, күнім, - деді ана енді камзо‐ лының қалтасынан орамалын алып, кѳзін сүртіп жатып. - Қуаныш тек күлкімен ғана келмейді. Ол тек бала басынан 365
кешіретін тәтті қуаныш қана. Азаппен келетін ащы қуаныш та болады. Нағыз қуаныш һәмәнда жанды қинап, жүректі сыздатып, жылата келеді ғой, қарағым. Ең қайырлы қуаныш та сол болады. — Иә, апам бүгін философ болып кетіпті, - деп Майра бізді орнымызға жайғастыра бастады. - Отырыңызшы, Ереке. Отырсаңшы, Меңтай. — «Былайсоп-мылайсобыңның» не екенін білмеймін, қалқам, - деді ана қызы орнына отырған соң. - Соғыс кезінде соқаға жеккен сиырды «соп!» дейтінбіз. Менің білетінім осы ғана. Ендігі білетінім - ертең ел- жұртты жинап, той жаса, балам. — Иә, жасаймыз, - деп Майра күлімдеп кетті. — Ертең ана ақ бұзауыңа айырбастап колхоздан бір семіз қой ал. Жиырма жылдан бері осы колхоздың ысты‐ ғына күйіп, суығына тоңып келеміз ғой. Соғысқа кеткенше әкең де табан аудармай жұмыс істеген. Берер бір малын. — Береді, апа, береді, - деді Майра алақанын шапалақтап. — Берсе, солай ет, ботам, - деп ана орнынан кѳтерілді. Ол тегенені, Майра мен Меңтай ыдыс-аяқты жинап алып, ауыз үйге әкетті. Тѳргі бѳлмеде оңаша қалған мен ѳз-ѳзімнен отырып тағы да тебірендім. Ері соғыста ѳлген, жалғыз қызын медеу етіп, күнделікті еңбегімен күн кѳріп отырған жесір әйелдің мынадай мырзалығына және таң қалдым. Алты аласы, бес бересі жоқ біреуге той жасап, жалғыз бұзауын сойып бермек. Неткен дарқандық десеңші бұл! Бүгін біреуге той жасап, ертең ѳздері аш отыруға бейіл ғой бұл ел. Жоқ, Меңтай екеуміз бұзауды сойдыртпаспыз. Ал алда-жалда айтқанымызға кѳнбесе, екі есеғып ѳтерміз бұл жақсылықты. Жалғыз Майраның ғана емес, үшеуміздің бірдей ортақ анамыз етіп алармыз бұл кісіні! Мен осыны ойлап отырғанда тѳргі үйге Майра кірді. 366
— Біз, Меңтай екеуміз де күнде беседкаға жатушы едік, - деді ол орындықтағы шамды алып, биік үстелдің үстіне апарып жатып. - Үй ыстық. Сізге тѳсекті қайда салайық? — Үйдің тѳбесіне жатуға бола ма? - дедім мен. Менің бүгінгі кѳңіл күйім не үйдің тѳбесіне, не таудың тѳбесіне жатуды керек қылғандай еді. — Болады. Онда мен сізге тѳбеге салайын, - деп Майра тѳр жақта жинаулы тұрған жүкті бұза бастады. Орнымнан ұшып тұрып, мен де оған кѳмектесуге кірістім. Мен текеметті, Майра кѳрпе-жастықты кѳтеріп, екеуміз сыртқа қарай беттедік. Меңтай ауыз бѳлмедегі биік ағаш тѳсектің жинауын бұзып жатыр екен. — Меңтай, - деді Майра шығып бара жатып, - сен андағы, апамның тѳсегін салып болғаннан кейін ѳзіміздің тѳсек-орынды беседкаға апара бер. — Жарайды, Майра. Бұл екі сѳз маған ғажап музыка, асқақ әндей боп білінді. Сол ән мен музыка жаныма қанат бітіріп, жайраңдап далаға шықсам, аи сүттей жарық, ауа қымы‐ здай тәтті екен. Кеудемді кере дем алып, қабырғаға сүйеулі тұрған саты ағаштың орта беліне дейін кѳтерілдім де, текеметті жоғары шығардым. Одан соң жерде тұрған Майраның қолындағы кѳрпе-жастықты алып, тесекті ѳзім салып аламын деп оны қоя бердім. Маған алаңдамай, олардың тезірек беседкаға жайғасуын тіледім. 367
М айра маған бір кѳрпе мен бір жастық және ұзынша келген құрақ кѳрпеше беріпті. Соғыстан соңғы, дүниеге тапшы кез еді ғой ол. Құрақ кѳрпешені текемет үстінен тѳсеуге әрі простыня орнына бергенге ұқсайды. Тѳсекті тез салуын салып алғаныммен, тыншығып жата алмадым. Текеметке киімшең құлаған бойыммен, ѳлі тигендей дѳңбекшіп, біресе оң жамбасыма, біресе сол жамбасыма аударыла беремін. Кейде тѳмен домалап, үй үстіне қаулап ѳскен алабота, кѳк қурайды сытырлата сындырып, аунай кеп жѳнелемін. Тѳбедегі шѳпті ат аунағандай етіп жапырамын да, одан соң қайтадан орныма ораламын. Біраздан кейін киімімді шешіндім де, тек трусишең ғана күйде қалдым. Содан сон, аюмен алысқандай боп, екі иығымнан демалып, екі танауым делдеңдеп біраз шалқамнан жаттым. Сѳйтіп жұрт аяғы басылып, ел ұйқыға кеткенше ѳз- ѳзімнен аласұрумен болдым. Әлден уақытта жолбары‐ стай ырғып орнымнан тұрдым да, біреу кѳріп қоятындай еңкеңдеп, бір басып, екі басып сатының қасына келдім. Беседка жаққа кѳз салып едім, қыздардың жайбарақат ұйықтап жатқандары аңғарылды. Сатыдан түсе салып, жүгіріп қастарына барсам, Майра басын бүркеп алған екен. Қою қара шашы ақ жастыққа шашылып, шалқа‐ сынан жатқан Меңтайды кѳргенде үстіне құлап түсе жаздадым. Буын-буыным қалтырап, тынысым тарыла түсіп, Меңтайды еңкейіп ернінен сүйдім. Ол тез кѳзін ашып алды да, мені қос қолымен бетімнен сипап, мойнымнан құшақтады. Мен дегбірім кетіп, оны тез орнынан тұрғызбақ болып, екі қолынан тарттым. Меңтай кеудесін кѳтеріп отырды да, Майра жаққа карап, маған екі саусағын кѳрсетіп, ерніне басты. Онысы: «Ақырын, Майра оянып кетеді» дегені деп ұқтым. Мен оған саусағыммен беседканы нұсқап, одан соң үйдің үстін кѳрсеттім. Оным: «Жүр, үйдің тѳбесіне барып 368
жатайық» дегенім еді. Ол орнынан тұрып, үндеместен соңыма ілесті. Беседкадан шыққаннан кейін екеуміз қол ұстасып, сатыға қарай жѳнелдік. Жұқа, шолақ ішкѳйле‐ гінен екі тізесі жарқ-жарқ кѳрініп, ақ мәрмәрдәй мойын, кеудесі айға шағылысып, қалың, қою, ұзын қара шашы ту сыртын қара мақпалдай қымтап, Меңтайдың сахнаға шыққан бишідей аяғының ұшынан лыпып басып, қасымда келе жатқанын кѳргенде менін жүрегім жарылардай боп дүрс-дүрс соқты. Үйдің үстіне шыққаннан кейін Меңтай тѳсек үстіне келіп, демін ішіне тартып, дымы құрығандай боп шоқиып отыра кетті. Сол тұста кѳкте қайырған қыранның теге‐ урінінен тайсалақтап, діріл қағып, жан ұшырып, тегіс жерде шалқасынан құлаған қызыл түлкінің үстіне жарқ етіп, нажағай соққандай болды. Ерінді ерін тауып, бір- бірінен шырын сорып, бал жұтысқан тойымсыз, тынымсыз толассыз бір сәт туды. Меңтай екеуміз құшақтасып, жалаңаш денеміз сүйіскен екі еріндей жабысып, кѳрпе астында үн-түнсіз ұзақ жаттық. Бұл - күн ыстықта ұзақ жол жүріп, қаны кеуіп шаршап, қаталап келіп, алдынан кездескен мѳлдір бұлаққа бас қойған адамның алғашқы алған рақатынан кейінгі тапқан тынысы тәрізді шақ еді. Қатты шѳлдеген адамның сусыны қанушы ма еді? Менің тағы да шѳл қандыру әрекетіне кіріскім келді. Осы кезде Меңтай мені сәл бѳгеп, бір нәрсе сұрағысы келгендей ыңғай білдірді. — Сіз... сен менен жиіркенген жоқсың ба? - деді ол. -Жоқ. — Жиіркенбейсің бе? — Жоқ. — Ѳмір бойы ма? — Иә... Осы кезде менің денемнің Меңтай жақ жартысы дір 369
ете қалғандай болды. Діріл тез қайталап, бірден жиілей түсті. Сѳйтсем, Меңтай ѳксіп, жылап жатыр екен. Оны неден ренжітіп алдым деп мен жаным шыға бәйек болып, асты-үстіне түстім. — Не болды, жаным? — Жай, әшейін. — Әшейін емес қой, айтшы, қуатым, - дедім мен жалынып. — Әшейін, - деді Меңтай үстіміздегі кѳрпенің шетіне кѳзін сүртіп. — Айтшы, сәулем?! - дедім оның ащы жас шыққан екі кѳзінен, аузынан тынбастан сүйіп. - Айтшы, қуатым. — Жай, әшейін дедім ғой... Сен болмасаң, мені кім бағалар еді? Ѳзегіне құрт түскен алмаға кім қолын созар еді... деп... Әшейін соған.. Меңтайдың неге жылағанын енді білдім. Тезірек оны жұбатуға асықтым. — Қойшы, қалқам, оны ойламашы, - дедім тағы да толассыз сүйіп жатып. - Ол бір сәт түнде кѳрген жаман түс сияқты болып, ѳтті де кетті емес пе. Ойламашы соны. Сен бітеу тұрған, бұзылмаған ең тәтті алмасың, жаным! — Мен сіздей... сендей кісіге лайық емеспін-ау, тең емеспін-ау деп ойлаймын. — Жоқ, лайықсың! Сен менен артықсың, сәулем! Меңтай біраз үнсіз жатты. — Жарайды, сенің кѳңіліңе келмесе болды маған, - деп ол мені ыстық ернімен аймалап, жұмсақ алақанымен жанымды сүйсіндіре жауырынымды сипады. — Келмейді, келмейді, қуатым! Сенші маған. Келмейді ешқашан да! Ешқашан да! Мен сені осылай құшып жатқаныма бақыттымын, қуатым, қызығым, ѳмірім, ѳзегім!.. — Айналайын, кѳкетайым! - деді Меңтай «айналайын» деген сѳзді жанды еріте созып айтып. 370
Айлы түнде айдай жарымның ашық жатқан аппақ кеудесіне тағы да құмарта кѳз тіктім. Ұлы даналар жасаған жан ләззаті - жалаңаш әйел бейнелері кѳз алдыма елестеді сол сәт. Гойяның биік тѳсекте шалқалай сұлап, топ-томпақ қос анары қызықтыра кѳз тартып, ѳзіне маужырай қараған бұраң бел, жалаңаш Махасын кѳргендей тамсандым. Енді бір сәт Тицианның қою қолаң шашын уыздай денесіне шәлі етіп жамылып, жұмыр білегі, қос анары, үлбіреген ақтамағы ғана ашық қалған жанды еріткен жас сұлу Мария Магдалинасы мен ақ санын айқара ашып тастап, сабыры сарқылып жатқан Данаясының; бір сәт Рубенстің оң иығына жалт бұрылып, әлденеге құмарта қарап қалған сымбатты Вирсавиясының қасында тұрғандай сұқтандым. — Айналайын, - деді осы кезде Меңтай даусын соза сѳйлеп, жалынғандай болып, - қарамашы тесіліп, қойшы, кѳкем! Ұяламын! Біреу кѳріп қояды. — Кім кѳреді? Ешкім де кѳрмейді, - деймін мен оны кеудесіндегі тырсиған ақ алмасынан аймалап. — Әне, ай кѳріп тұр, - деді Меңтай күліп, қытығы келіп. — Ай кѳрсе, кѳре берсін. — Ол айналасына айтады. — Айтса, айта берсін. — Жұлдыздар кѳріп қойды. Олар жер жүзіне жаяды. — Жайса, жая берсін. Дүниеде әйелдің тәнінен тәтті, оның тұлғасынан сұлу ештеңе жоқ шығар деп ойладым мен Меңтайдың ақ денесін кѳрпемен қайтадан қымтап жатып, - Әйелдің асыл тәніне тәнті болу - еркектік тіршіліктің түйіні шығар деп түйдім мен онда. Бірақ ешбір картина менің Меңтай‐ ымның сымбатын бере алмайды. Барлық Венералар да, Данаялар да, Мариялар да, Вирсавиялар да Меңтайдың шеніне келмейді. Ѳйткені бұл ешкім кѳрмейтін, менің ѳз 371
картинам, ѳз дүнием, ѳз байлығым, ѳз бақытым! Міне, мен Меңтайды бауырыма басып, ішімнен осылай деп жаттым. «Меңтай - менің ѳз картинам, ѳз дүнием, ѳз байлығым, ѳз бақытым!» деп мың мәртебе қайталадым. Әйел мүсінінің сұлулығын қылқаламмен жырлап ѳткен ұлы даналар қалдырған Эрмитаж қабырғаларын‐ дағы бір кѳрген адамның ешқашан есінен кетпес мәңгілік ғажап картиналар-дай болып, сол бір түн, жарық ай, жалаңаш Меңтай күні бүгінге дейін менің кѳз алдымда қалды. Сол жолы мен сұлулықтың шын сырын ұқтым. Әйел сымбаты, әсіресе оның жа-лаңаш мүсіні дүниедегі ең қуатты күш екенін түсіндім. Әйел тәні еркектер үшін магнитпен пара-пар екенін білдім. Жалаңаш әйелді жау да жеңе алмас-ау деп ойладым. Бұл сабақты маған сол түн, сол сәт берді. Ол түн маған дүниеде ең бір ұлы сабақтың алғашқы әліппесі болды. Мен шалқамнан жатырмын. Меңтай бір қырындап, мені құшақтап алған. Мен оны мойнынан қысып, екінші қолыммен қолын сипап жатырмын. Аспанда асыға ай дѳңгелеп барады. Одан әріректе менің Меңтайымның жүзін кѳруге таласқандай боп, жұлдыздар жапырласады. Олар бір-бірімен жарыса жымыңдасады. Содан соң: «Сен қандай бақыттысың!» деп маған бас изегендей болады. «Иә, мен бақыттымын! - деймін жұлдыздарға күбірлеп. - Менің бақытыма сендердің де сандарың жетпейді!» Ѳстіп Меңтайды құшақтап, жұлдыздармен сѳйлесіп жатып мен соншама бір ғажап, рақат теңізінің түбіне қарай шым батып бара жатқандай сияқтандым. Таңертең Меңтай ерте тұрып, мені қайта-қайта сүйді. Содан соң беседкадағы Майраның қасына кетті. Мен жалғыз қалдым. Бұл жолғы жалғыздығымды мен басқаша сезіндім. Үй үстінде бір ѳзім оңаша болғаныммен, Меңтай кѳзге кѳрінбей, қасымда жатқан тәрізденді. Ол да оңаша емес, қасына мені алып жатыр деп ойладым. 372
Кѳкжиектен дѳңгелеп күн шығып келе жатты. Жалғыз жатып, мен күбірлеп күнмен сѳйлестім, сыбырлап желмен тілдестім. Оларға да ѳз бақытымды айттым. Бір кезде үйден шелегін салдыратып, сиыр саууға Майраның анасы шықты. Мен киініп, үй тѳбесінен түсіп, абзал анаға сәлем бердім. — Армысыз, анам! — Бар бол, балам. Ұйқың келмесе, ѳзенге бар, - деді ол. — Бүрген, Бүрген, мен бақыттымын, - дедім ѳзен жаға‐ сына келіп айқайлап. Одан соң аяңдап гүлді ѳзекке түстім. — Гүлдер, гүлдер! Мені құттықтаңдар! Мен сендердей гүл құшақтадым, мәңгі құштым! - дедім оларға. Гүлдер қуана құттықтап, бастарын изесті. Содан соң мен Кѳктѳ‐ беге кѳтерілдім. — Мен бақыттымын! - дедім тѳбе басында тұрып дауыстап. Маған алыстағы таулар үн қосты. Олар: «Мен бақыттымын! Мен бақыттымын!» деп жаңғырыға жауап қатты. Маған Бүрген ѳзені шалқып жатқан дария, Кѳктѳбе асқар тау сияқты боп кѳрінді. Мен дүниенің тѳріне шығып, тѳбесінде тұрғандай сезіндім ѳзімді. Иә, сол күні кешке Майра болмастан той жасады. Ауыл жиналды. Махаббат гимні - «Жар-жар» айтылды, әндер шырқалды. Ауыл адамдары Меңтай екеумізге ақ жүректерінен шыққан адал тілектерін айтысты. Шарап жоқ, шатақ жоқ шаршы ғана жиын жасадық ѳзімізше. Ертеңінде Меңтай, Майра, мен үшеуміз қалаға келдік. Жатақханаға кірсек, маған деген тілдей ашық хат жатыр. Оқып жіберсем, былай деп жазылыпты. «Ербол! Сен бізге аса қажетсің. Тез келіп, маған жолық. Б. Уазитов». 373
— Мені редакция іздеп жатыр. Барамыз ба, қыздар? - дедім неге екенін білмесем де ѳз-ѳзімнен қуанып. — Барайық, - деді олар бірден. Базардың қасына келіп, трамвайға отырдық. Одан кейін біраз жаяулап, редакцияға бардық. Жол бойы мен жақ жаппастан сѳйлеумен болдым. Қыздар күлумен болды. Қыздар тосып, сыртта қалды. Мен ішке кірдім. — Ә, келдің бе, Ербол? - деді жауапты секретарь мені кѳріп. - Сәлеметсің бе? Хал қалай? Сессияң бітті ме? — Бітті. — Окуыңды қашан тауысасың? — Енді бір он шақты айдан кейін. — Бізде бір орын босады. Сені қызметке алсақ деп ойлап едік. Қалай кѳресің? — Ақылдасып кеп артынан айтайын. Кімнің орны? — Шалғынбаевтың орны. Менің кѳзім бақырайып кетті. — Ол қайда? Неғып кетті? — Басқа жұмысқа ауысты. Газетте істеуге қабілеті жетіңкіремеді. Оның үстіне мақтаншақ, даңғой, ішкіш адам болып шықты. Ал ѳз шешіміңді айт кәне. «Апырай, Шәкем-ай, - дедім мен ішімнен. - «Аһ!» деп ѳзіңнен ѳзің сиыр қайырғандай болып отырушы едің. «Тіркемелі» жүз елу грамм түбіңе жеткен екен ғой, тегі». — Қазір, семьяммен ақылдасайын, Бәке, - дедім содан соң. — Семьялы болып па едің? Құтты болсын! - деді жауапты секретарь. - Семьялы болсаң, осы қызметке кіргенің жѳн болар. Жүгіріп есік алдына шықсам, Меңтай мен Майра күтіп тұр екен. — Иә, неге шақырыпты? - деді Майра. — Бізге қызметке кел дейді. 374
— Иә, сіз не дедіңіз? — Семьяммен ақылдасайын, - дедім. Майра мәз болып күлді. — Ал, семьясы, айт, - деді Меңтайға бұрылып. — Оқу бар ғой, - деді Меңтай. — Қалған бір курсты жұмыс істеп жүріп-ақ бітір‐ меймін бе? — Ана жақтағы жұмысыңды қайтесің? — Оны тастаймын. Редакция ол жақтан ѳзі босатып алады. — Қайдам, ѳзіңе ауыр болып жүрмесе? — Жок, түсейін. Менің арманым нағыз журналист болу емес пе? Ол үшін осы газетте жұмыс істеуім керек. Оның үстіне қызметістесем, екеуміздіңде жағдайымыз жақсарады. — Ѳзің біл. Бірақ маған осыдан артық еш жағдайдың керегі жоқ, Ербол. Мен қандай қиындық болса да шыдаймын ғой. Сол күні маған Ербол Есенов республикалық газеттің әдеби қызметкері болып тағайындалсын деген бұйрық берілді. Тағдыр менің сүйген қызымды да, сүйікті қызметімді де осылай, бір-ақ күнде қолыма ұстатты. Сонымен, не керек, нағыз бақытты жан мен болдым. Меңтай екеуміз Мичурин кѳшесінен оңаша бѳлме жалдап алдық. Мен Меңтай дегенде, ол мен дегенде ішкен асымызды жерге қоятын болдық. Біріміз жоқта біріміз бір ұрттам су ішпейтінбіз, тамағымыздан ѳтпейтін. Мен жұмыстан, ол сабақтан босасақ-ақ болды, екеуміз бір- бірімізге қарай ұмтылатынбыз. Жылдам жетіп, жолығы‐ сқанша асығатынбыз. Біздің кішкентай бѳлмеміз бүкіл курс студенттерінің орталығына айналды. Олар, әсіресе, демалыс күндері біздің үйден шықпайтын. Шай ішетін, шарап тататын. Ѳте-мѳте Жомартбек пен Майра біздің үйге жиі келетін. 375
— Екеуің қосылсаңшы, - дейтінбіз біз оларға әзілдеп. — Менің қосылғым-ақ келеді-ау, - дейтін ондайда Жомартбек күліп. - Бірақ мына Майра мен сенен үш жас үлкенмін, апаңмын деп болмайды. - Осылай деп Жомартбек күлкісін тыя қояды да, моп-момақан болып, Меңтай екеумізге кезек қарайды. Содан соң: - Апасын алушы ма еді жұрт? - деп сұрайды. Бәріміз қыран күлкі боламыз. Майра Жомартбекті тѳмпештеп, екі құлағынан кезек жұлады. — Ойбай, апатай, алмаймын, апатай, - деп Жомартбек бақырып, үйді басына кѳтереді. Бұған да кѳзімізден жас аққанша күлісіп, мәз боламыз. Кейде Зайкүл келеді. Келеді де ол біздің ескі-құсқы база‐ рынан сатып алған жаман диванымызға жалп етіп отыра кетеді. Содан соң, бір аяқты бір аяқтың үстіне салып, юбканың етегін кейін серпіп жіберіп, екі санын жарқы‐ рата жалаңаштап тастайды да, сѳзге кіріседі. — Ѳз курсында оқитын қыз бен жігіттің оңаша үйі болып, аяқты кѳсіліп тастап отырған қандай рақат, - дейді ол мардымсып. Жомартбек оған дүрсе қоя берді. — Әй, әй, Зайкүл, - дейді ол қабағын түйіп. - Сен Кербез ағайынның алдында отырған жоқсың, жап етегіңді. — Ой, осының ѳзі мәдениетсіз, - дейді Зайкүл міз бақпай, бетін тыжырайтып. - Қызға кісі ѳстіп дѳкір сѳйлей ме екен? Жомартбек қарқылдап күліп жіберді. — Е, немене, қыз емес дегің келе ме, - дейді Зайкүл басын қақшита ұстап. - Менің мына Меңтай сияқты күйеуім бар ма? Жоқ. Ендеше не керек саған? Артта қалғансың. Мен саған жолда жатсаң, қарамас едім. Меңтай тез орнынан тұрып, Зайкүлдің қасына барды. — Қойшы, Зайкүл, Жомартбектің қалжыңына несіне 376
ашуланасың, - дейді оны құшақтай арқасынан қағып. - Қарның ашты ма? Жұмыртқа қуырып берейін бе? — Сѳйтші, Меңтай, - дейді Зайкүл Жомартбекпен ұрысып отырғанын бірден ұмытып. - Ішім ұлып барады. Мен қуырған жұмыртқаны сондай жақсы кѳремін, Меңтай. - Содан соң Меңтайдың құлағына сыбырлайды. - Шарабың бар ма? — Сендік бірдеңе табылады, - дейді Меңтай тез Зайкүлді тамақтандыру қамына кірісіп. Біраздан кейін мен Меңтай пісірген жұмыртқаны таба‐ сымен кѳтеріп, шыжылдатып әкеп үстелдің үстіне қоямын. Меңтай біреулерден қалған шараптың аузын ашады. — Зайкүл, жалғыз ішесің бе? Жомартбек басын шайқап отыр ғой. — Жоқ, мен сенімен қағыстырып ішемін, - дейді Зайкүл шарапты жұтпай жатып, сықылықтай күліп. — Мен мұны ішпеймін. — Неге? — Менің шарабым басқа. Зайкүл алдындағы стақанды сырғыта салды. — Ендеше мен де ішпеймін. Сендер тәуір шарапта‐ рыңды ѳздерің ішіп, маған біреуден қалған жаманын беріп отырсыңдар. — Мен күлдім. — Менің шарабым, шербетім мінеки, - деп қасымда бейқам отырған Меңтайдың бетінен сүйіп кеп алдым. — Күн сайын ішесің, күнде мас боласың, ә? - деді Жомартбек желпініп. — Иә. Зайкүл сықылықтап күліп, стақанға қайтадан қолын созды. — Олай болса, ішемін. 377
— Ербол, Зайкүлмен соғысып ішсеңші, - деп Меңтай маған да құйды. — Ендеше маған да тамыз, - деп Жомартбек те стақан тосты. — Бәрібір Ербол Зайкүл екеумізге басқа шарап- шербетінен татырмайды. Зайкүл орта стақан шарапты бір-ақ қағып салды да, күлді. — О не, Зайкүл? - деді Жомартбек бұрылып. — Менің шарабым басқа дегенде мұның ѳзі оңаша ішіп жүрген бәлзамы бар екен десем. Мен бір мықтының үйінен ішкемін ондай бәлзамды. Бірақ оның сауыты қыздың беліндей жіп-жіңішке болады екен. - Осы арада Зайкүл кѳзінің қиығымен Меңтайға қарап қойды. - Ал, мына Ерболдың бәлзамының сауыты... - Зайкүл одан сайын сықылықтады. - Аузын кенеппен тығындап қоятын қойшылардың карелин сауытына ұқсай ма, қалай, Жомартбек? Меңтай қызарып кетті, бірақ үндемеді. Іші білініп, жүріс-тұрысы ауырлап қалған жарымды сѳккені маған да ұнамады. Жомартбек те теріс айналып кетті. — Әй, әй, ѳкпелеп қалдыңдар ма?-деді Зайкүл бірден күлкісін тыйып. - Мен қалжыңдап айтамын. — Мен қалжыңды білмейді дейсің бе, Зайкүл, - деді Меңтай. - Алаңдамай тамағыңды ішіп ал. — Сенің осы ешкімге ренжімейтін мінезің үшін жақсы кѳремін, Меңтай, - деді Зайкүл шанышқыны қайтадан қолына алып. - Менің бір ауыз қалжыңымды кѳтере алмай, мына екеуі торсиды да қалды. Ойпырай, биыл госэкзамен келе жатыр ғой. - Зайкүл қолына алған шаны‐ шқысын қайтадан тастай салды. - Анау кітапты кѳріп, ойыма түсіп кетті. — Бір тілде, бірыңғай таза сѳйлеуге болмай ма осы? - деп Жомартбек Зайкүлге тағы тиісті. 378
— Ѳзім орысша араластыра сѳйлегенді сүйемін. — Ѳйткені сен Чеховтың ««қарындасысың» ғой... — Онда жұмысың болмасын. Араластырып сѳйлесең, ең жоқ дегенде екі тілді білетінің білінеді. Маған жұрт Сағынова орысшаға да, қазақшаға да судай екен деп түсінсе болды, басқаның керегі жоқ. — Оның атын кѳзбояу дейді. — Әй, болса бола берсін! Меңтай басын шайқады. — Ол жѳн емес кой, Зайкүл. — Ѳзіңе не ұнаса - сол жѳн, басканікі не керек, - деп Зайкүл шанышқыға қайтадан қол созды. — «Адасқанның алды - жѳн, арты - соқпақ», - деп Жомартбек ақырын әндетіп қойды. — Осы кітапты кѳрсем бар ғой, - деді Зайкүл жұмыр‐ тқадан тағы бір асап жатып, этажеркадағы кітаптарға кѳзі түсіп кетіп, - аза бойым ѳаза болады. Кітапты жек кѳретіндігімнен бе ѳайдан білейін. Әнеукүні түсімде бар ғой, Меңтай, бар кітап жиылып, мені сабап жүр. Мынау Жомартбектей шілмиген жұп-жұқа «Логиканың» ѳзі жұдырығын түйіп, ентелеп келе жатыр. Түсте кітаппен тѳбелескен не болады екен осы? Білесің бе, Меңтай? - Меңтай басын шайқады. - Ендеше мен емтиханда құлап қалатын шығармын деп жорыдым. — Сен құласаң, мен мұрнымды кесіп берейін, - дейді Жомартбек қуланып. — Керегі жоқ мұрныңның. Бірақ қалай құламаймын - тѳрт жыл оқығаннан түйірдей ештеңе жоқ басымда. Сенесіңдер ме осыған? Біз үшін жауапты Жомартбек берді. — Сенеміз. Бірақ сендей сұлу қызға жасаған жар болады, Зайкүл. Зайкүл мақтанып, қуанып қалды. — Табиғат әділ ғой, шіркін, - деді ол. - Ой бермей, 379
маған ен бергенін айтсаңшы! - Үстел шетіндегі айнаны алып, басын қисаңдатып бетіне тосты. - Мынандай ѳңі бар кісіге ойдың керегі не? Әһ? — «Айнаның қарсы алдына маймыл барып», - дейді тағы да Жомартбек әндетіп, бірақ «маймыл» деген сѳзді Зайкүлге естіртпей, міңгірлей айтып. - Жаман болсаңда, жас болғанға не жетсін, Зайкүл. Біз бәріміз ду күлеміз. Сѳйтіп Зайкүл кетеді. Одан соң ѳзгелер келеді. Күлкі күлкіге жалғасады. Осылай базар болып тұрған алтын отауымыздың шаңырағы бір-ақ күнде, ойламаған жерде салдыр-күлдір етіп ортасына түсті... Ғапу етіңіздер, мен бұл әңгімені әлі күнге дейін тебіренбей, кѳзіме жас алмай айта алмай‐ мын... Ол күндерде еңірегенде етегім толатын еді... Одан бері жиырма жылдай уақыт ѳтті. Бірақ бәрі-бәрі әлі күнге дейін кѳз алдымда сайрап тұр... Иә, қай жерге келіп едім? Қазір... Бір күні түнде Меңтай ішім ауырды деді. Ол былай болды. Мен ол күні күндіз редакцияның тығыз тапсырма‐ сымен бір заводка барып келіп, кешке мақала жазып отырдым. Үстелдің екінші басында Меңтай болашақ бѳпемізге деп кѳйлек пішіп, әбігерленіп жатты. — Ербол деймін, - деді бір кезде Меңтай. — Ау, - дедім мен тез қағаздан басымды кѳтеріп. — Ѳстіп, тігісін сыртына қаратып тепши берсем, бола ма? — Болады, болады, Меңтай. Осыдан кейін екеуміз де ѳз шаруамызды істеп отыра бердік. — Ербол деймін, - деді бір кезде тағы да Меңтай. — Ау, Меңтай. — Сенің иткѳйлегің болды ма? — Болған шығар. 380
— Менікі де болған шығар, - деді Меңтай басын изеп. - Бірақ біз ғой шешеміздің оны қалай тіккенін білмейміз. — Әрине, білмейміз. — Иткѳйлегін екеуміздің осылай ақылдасып отырып тіккенімізді біздің бѳпеміз де білмейтін болады ғой әлі, иә Ербол? — Қайдан білсін ол тентек... — Ой, ішім, - деп Меңтай ішін баса қалды осы кезде. Мен орнымнан ұшып тұрып, оны арқасынан құшақтадым. — Ербол-ай, бүріп әкетіп барады, енді қайттым? - деді ол маңдайынан тер бұрқ ете түсіп. Менің де жаным шығып кете жаздады. — Қазір, қазір, жедел жәрдем шақырайын, - дедім сасқалақтап. Меңтай басын изеді. Мен жан ұшырып кѳшеге шығып, автоматтан жедел жәрдемге телефон соқтым. Кѳп кешікпей жедел жәрдем машинасы келіп, мен Меңтайды перзентханаға алып бардым. Мен қиналмасын деп перзент‐ ханаға жеткенше ол тістеніп дыбыс шығармауға тырысты. Барысымен сестралар «ай-түйге» қаратпастан, ішке қарай ала жѳнелді. «Кетпеңіз» деп біреуі маған ескертіп те кетті. Осы қазір келіншегімді босандырып, баламды әкеп қолыма құшақтатады екен деп, оған едәуір дәмеленіп қалдым. Бір кезде қолына түйіншек ұстап, жаңағы сестра‐ лардың бірі шықты. — Алыңыз, - деп ол түйіншекті маған ұсынды. — Мұныңыз не?-дедім мен шошып кетіп, шегіншектей кейін сырғып. — Әйеліңіздің киімі. — Әйелім кайда? Сестра күлді. — Қорықпаңыз, жігітім, әйеліңіз осында қалады. 381
Киімін үйге алып қайтасыз. Босанғаннан кейін бір аптадан соң киімдерін қайта алып келіп, әйеліңізді де, балаңызды да үйіңізге алып кетесіз, - деп тыныштан‐ дырды ол. «Аузыңызға май!» дедім мен ішімнен. Содан соң Меңтайдың киімін құшақтап үйге қайттым. Үйге жеткенше денемнің дірілі басылмады. «Апырай, мына киімін қайтарып беретіндері жаман ырым екен!» дей бердім ішімнен. Сонда неге жаманға жорыдым екен деген ой маған күні бүгінге дейін келеді. Әрине, ол ойлағанды‐ қтан да емес қой. Әшейін құр далбаса ғой менікі. Сонымен не керек, мен сондағы Меңтайдың киімін құшақтаған бойда қалдым ғой ақыры... Меңтай перзентханада тѳрт күн болды. Үш күн бойы күніне үш рет барып, терезеден кѳріп кетіп жүрдім. Ол екінші этаждағы палатада болатын. Мен «Меңтай!» деп дауыстаймын келе сала асығып. Ол менің үнімді ести сала тѳсегінен түсіп, терезенің ал-дына келеді. Сѳзіміз бір-бірі‐ мізге жѳнді естілмейді. Содан кейін екеуміз сақау кісідей ымдаса бастаймыз. Мен тѳменде тұрып, оған суға батып бара жатқан кісіге ұқсап, қайта-қайта иек қағамын. Оным - «Жайың қалай?» дегенім. Меңтай балаша жымиып, басын изейді. Ол - «Түсіндім» дегені. Содан соң ауруха‐ наның олпы-солпы ақ кѳйлегінің сыртынан кеудесін басады да, алақанын жайқайды. Онысы - «Қорықпа, мен үшін алаң болма» дегені. Сѳйтеді де, екі кѳзін ботаның кѳзіндей мѳлдірете кең ашып, маған қарайды. Сұқ саусағымен қайта-қайта мені нұсқайды. Онысы - «Ѳзің қалайсың?» дегені. Мен бас изеймін де, екі қолымның басын тѳмен салбыратып жіберіп, кезек кѳтеріп, саусақта‐ рымды жыбырлатамын. Оным - «Кешегі мақаланы машинаға бастырдым» дегенім. Меңтай түсініп, қайта- қайта басын изейді. Сонсоң мен сұқ саусағымды шошай‐ тып, аспанды нұсқаймын да, бас бармағымды кѳрсетемін. 382
Мұным - «Мақаламды редактор оқып, жақсы деп айтты» дегенім. Солай түсініп, Меңтай да қайта-қайта бас изейді. Мен тағы да ишара жасап, қолымды сілтеп, кѳше жақты нұсқаймын. Оным - «Мақала баспаханаға терілуге кетті» деген сѳзім. Меңтай алақанын шапалақтайды. Тағы бір барғанымда Меңтай «Маған тамақ әкелме, ѳзің іш» деп ымдады. Бір күні кешке екі қолын жастық етіп, соған қисайтып басын қойды. Онысы - «Маған алаң‐ дамай, жақсылап ұйықта» дегені еді. Бірде қолын тѳбесінен аса созып, ѳзі жоғары қарады. Онысы «Ұзын‐ бала» - Жомартбек келіп кетті дегені деп ұқтым. Ѳйткені Жомартбек: «Енді жеңгем болдың, маған ат қой» деп болмағаннан кейін Меңтай саған қойған атым деп оны Ұзынбала деп атайтын. Бір жолы ол бас бармағы мен сұқ саусағын дѳңгелетіп кѳзіне апарды да, екі саусағын кѳрсетті. Онысы - «Тостаған кѳз Майра бүгін екі рет келіп кетті» дегені болатын. Тѳртінші күні түсте (таңертеңде келіп, Меңтайды кѳріп кеткен болатынмын) жүгіріп келіп, таныс терезенің түбінен «Меңтай!» деп дауыстадым. Терезе алдына ешкім келмеді. Тағы да «Меңтай!» деп айқайладым. Бұл жолы ѳз дауысымнан ѳзім шошып кеттім. Даусым палатаға да үрейлі естілді-ау деймін, терезе алдына орта жастағы қазақ әйелі жетіп келді. Келді де мені кѳре салып кейін қашты. Тұлабойым шіміркеніп, не болғанымды білмей кеттім. Тағы да «Меңтай-а-ай!» деп айқайлап жібердім. Бұл жолғы үнім перзентхана маңын ғана емес, бүкіл Алматыны, барша Алатау аясын басыма кѳтере шыққан жан даусымдай еді. Іштен ақ халат киген қартаң сестра жүгіріп шығып, тез-тез бірдеңе деп, мені қолтықтап ішке қарай алып кетті. Мен сіздерге бұдан кейінгісін айтпай-ақ қояйын. Оны тар есікті, мұз еденді мәйітхананың тас тѳсегінен қалай кѳргенімді, асыл жарды ѳлі туған перзентімен бірге қалай 383
қиып қара жердің құшағына бергенімізді айтуға дәтім шыдамайды. Меңтайды қойғаннан кейін үшінші күні үйге жас орыс әйелі бас сұқты. — Сіз Есенов боласыз ба? - деп сұрады менен. — Иә, Есеновпін. Алдымен әйел сіздің қайғыңызға ортақпын деп маған кѳңіл айтты. Содан соң ѳзінің перзентхана сестраларының бірі екенін білдіріп, қалтасынан қол басындай дәптер шығарды. Тани кеттім. Бұл менің Меңтай перзентханаға түскен күннің ертеңінде апарып берген дәптерім болатын. — Осы дәптерді жарыңыз сіздің ѳз қолыңызға тапсы‐ рыңыз деп аманат етіп еді маған. Әйелдің қолынан дәптерді алып, денем дірілдеп, бірінші бетін аштым. Меңтайдың маржандай жазуы кѳзіме оттай басылды. Бірінші бетке ол былай орысша жазыпты: «Улица Мичурина, 65. Есенову Ерболу, лично». Ағыл-тегіл тағы жыладым. Кѳлденең жұртқа жақсы кѳрген жарынан айырылған еркектің еңірегенін естуден ауыр жай жоқ екенін сонда білдім. Жанжарынан айыры‐ лған еркектің сәбидей қорғансыз, сақау, саңыраудай бейшара боп қалатынын сонда ұқтым. Содан кейін ол дәптер менің бойтұмарым болды. Оның беттеріндегі жазулар, тыныс белгілері, үтір-нүктесіне дейін, тасқа қашалған Орхон-Енисей жазуындай болып менің жүре‐ гімде мәңгі сақталып қалды. Мен сіздерге соны оқып берейін де, әңгімемді аяқтайын енді. Ал тыңдаңыздар. Азғантай ғана ѳзі де. «Ербол, жаным, Ербол! Ѳткен түнде, сен мені перзентханаға әкеп салып, қайтып кеткеннен кейін маған осында ѳліп қалатын шығармын деген ой келді. Мен ѳлсем де, бала ѳлмесе екен деп тіледім. Атын ѳзің қой. Сен не деп қойсаң, мен соған ризамын, менімен келістім деп есепте. Бұл - менің, бола‐ 384
шаққа жолдаған сәлем хатым болады ғой сонда, иә. «Мамаң аты кім?» десе, «Меңтай» дейді ғой ол тілі шыққан соң! Ол мені айтқаны ғой. Сонда сен күлесің де, күрсініп мені еске аласың ғой. Жо-жоқ, бұл жай ой ғой, Ербол. Мүмкін мен ѳлмейтін шығармын. Бірақ, «Ѳлетін адам ажалын сезінетін сияқты» деп сен ѳзің айтушы едің ғой. Мен де бірдеңені сеземін бе, қайдан білейін. Сезбегенім жақсы болар еді. Бәлкім, бұл сені шексіз сүйетіндігімнен шығар. Сенен ажырамасам екен деген тілегім ѳзінен-ѳзі үрейге ұласатын болар. Сүйген жүрек - дірілшіл, күйген кѳңіл - ырымшыл келетін шығар тегі. Е рболым менің! Мен тағы да қорқынышты ойлар ойладым. Адамдар бірін-бірі сүйеді. Содан соң біреуі ѳліп, сауды‐ раған сүйек болып, жер астында қалады. Ол ештеңені де білмейді, сезбейді. Ештеңеге қиналмайды, ойламайды. Бірақ бар салмақ, бар ауыртпалық тірі қалғанға түседі ғой. Жаман, арсыз жар есепті тіршілігін жасай жатар. Адал жарға ауыр тиеді-ау жалғыздық. Шіркін, шын сүйіспеншілікпен қосылған жандар ѳлмейтін болсыншы! Жоқ, мұным табиғат заңына қайшы болар. Онда, ондай адамдар ұзақ жасайтын болсашы ең болмаса! Бірақ мен ѳлсем де ѳлмейтін шығармын деп ойлаймын тағы да. Ѳйткені мен ішімнен шығатын балада және сенің жүрегіңде ѳмір сүремін ғой. Сонда ол менің ол мендік емеспе? Солай емеспе, Ербол? Солай деші, жаным, кѳкетайым!.. Мен саған бұл жолдарды тек ішім ауырмасын деп қана жазып отырмын, Ербол. Сені ойлап, сен туралы жаза бастасам-ақ, ішімнің ауырғаны қоя қояды. Тегі ішімдегі 385
тентек әкесін сыйлайтын болуы керек. Кѳрдің бе міне, әкенің беделі қандай болатынын! А йналайын, кѳкетайым! Сен менің осы сѳздеріңді жақсы кѳресің ғой. Сен естісін деп мен мұнда осы екі сѳзді әлденеше рет айттым. Естідің бе? Ойпырай, ішім әкетіп барады... Уһ, бұрап бұрап, әрең басылды-ау, әйтеуір. Дәрігерлер мерзімінен бұрын келген толғақ дейді. Ол неге мерзімінен бұрын келеді екен?.. Не айтайын деп едім саған ? Иә, жаңа есіме түсті. Ұнжырғаңды түсірмей, уақытында шашыңды алдырып, әрқашан да умаждалмаған таза киім киініп жүр, қуатым. Жұрт сенің ішіңе үңілмейді, сыртыңа қарайды. Жаның жадау, жағаң жамау болса, соған сүйсінетіндер де шығады, Ешкімге таба болмай, тік жүр, жаным, жарайма? Арақ ішпе, керегі жоқ. Ѳзің де құмар емессің ғой. Ѳзіміз ішпей үлгі кѳрсетсек, кейін балаларымыз да ішпес еді деп ойлаймын, ішпесе деп тілеймін! Менің еркіме салса, бұны болашақ ұрпақ атымен арақ ішпесе екен деймін. Капита‐ лизмнің қалдығы дегеннің ең зұлымы - осы арақ. Біздің қоғамымыздың ішкі жауы да осы. Ендеше арақты құрту керек, ѳмірден аластау керек оны! Арақ бар жерде, меніңше, ешбір мораль заңы, ол қандай асыл сѳздерден тізіліп, алтын әріппен жазылса да жүзеге аспайды, Ербол. Дүниеде су, сүт, шай, қымыз, лимонадқа жететін не бар, шіркін! Адамды желіктірмейтін момын сұйық - осылардың ѳзі жақсы. «Момын сұйық» дегенім кісі сияқты боп кетті, иә, Ербол. Бұл бейнелеп сѳйлеуді сенен үйренгенім болу керек. Сен менен не үйрендің? Ештеңе үйренген жоқ 386
шығарсың деп ойлаймын. Ал мен сенен кѳп нәрсе үйрендім ғой, күнім. Кісіні алдамауды, адамды арына қарап құрметтеуді, ѳз ойыңды күмілжімей, ашық айтуды, қайырымдылықты, басқаларға болысқыштықты, біреудің ішіндегі жан ауруын білдірмей біліп ала қоюды - осының бәрін сенен үйрендім, Ербол. Нағыз ѳмірдің ѳзін сен үйреттің маған! Сенсің менің мәңгілік ұстазым! Біздің палатада бір артистің әйелі жатыр. Сен білесің, Ербол, ол артисті, «Отеллода» Яго боп ойнайды. Әйелі алтыншы балаға босаныпты. Босанғанына бір айдан асса да, тапжылмастан осында жатқан кѳрінеді. -Апай, мұнда неге жатырсыз үйге қайтпай? - деп сұрадым кеше одан. - Ой, шырағым-ай, тѳсегі жақсы, тыныш жерде жата беру керек қой, - деді ол. - Осында демалып алған жақсы. Бұлар бір апта ѳткен соң-ақ шығарамыз деп қодыраңдай береді. Ал, әдісін тапсаң, шығара алмайды. Алғашында «тымау тиді, басым ауырады» дедім. Соңғы бес күн бойына «температурамен» жатырмын. — Ыстығыңыз жоғары ма ? - деппін оған аңқау басым. Әйел күлді. — Әңгіме сол ыстығымның жоқтығында ғой, - деді ол. - Ыстығымды ѳлшеуге термометр бергенде сестраның кѳзін ала беріп, жіңішке жағын одеялға ысып-ысып жіберемін. Кейде - 37, кейде - 38 боп шыға келеді. Олар сенеді. Кейін сен де сѳйт. Мен жағамды ұстадым. — Апай, алдағаныңыз дұрыс емес қой, - деп басымды шайқадым. Жо-жоқ. Мен ешқашан да ѳйте алмаймын, Ербол. Перзентханага келгелі тұтқынға түскендеймін мен. Осында ѳзіңсіз ѳткен үш күн (бүгін үшінші күн) үш жылдай боп кѳрінді маған. Мен босанғаннан кейін бір күн де қалмаймын мұнда. Мені босана салысымен дәрігерден сұрап алып кет, Ербол. Жарайма, жаным, жарайма? 387
Жұрт күйеулеріне еркелетіп ат қойып жатады ғой осы: Құрманғалиды - Құрмаш, Уатайды - Уаш деп. Мен сені әлі бір рет еркелетіп атамаппын ғой жаным. Бүгіннен бастап Ертай деп еркелетейінші сені. Ертайым менің! Сенің халық қамын, мемлекет мүддесін ойлайтын үлкен журналист болғаныңды кѳрсем деп арман етуші едім іштей. Бағана ѳзің әкеп берген газетте басылған «Жұмысшы мүддесі» деген мақалаңды оқып, тѳбем кѳкке жеткендей боп қалды бүгін. Редакторың мақтаса, мақтағандай екен! Бірақ сен оған мақтанып кетпе, күнім. (Мақтанбайтыныңды білем ғой, әшейін айтамын, оған ѳкпелеп қалма. Жарайма ?) Айтпақшы, бүгін майдың 5-і екен гой. Сен әкеп берген газеттен кѳріп, есіме түсті. Сені баспасѳз күнімен құтты‐ қтаймын. Жеңіс күнімен құттықтаймын. Жалғыз мен ғана емес, «Папама менен де сәлем айт!» деп бүйірімді тепкілеп жатыр мына тентегім. Оның да сәлемін қабыл ал! Айтпақшы, Ертай, сен барып деканатқа айт -мені перзентханада жатыр деп мемлекеттік емтиханға кіргізбей қойып жүрмесін. Менің «Әдебиеттегі еңбекші әйелдер бейнесі» деген тақырыпта жазған диплом жұмысшысының да дайын екенін айт. Ѳзің білесің, осыған дейін бір күн сабақтан қалған жоқпын ғой мен. Мемле‐ кеттік емтихан тапсыруға қалайда күйім келеді. Қалайда менің биыл құрбыларыммен бірге диплом алуым керек. Мектепке жолдама алып, класқа кіріп, «Сәлеметпісіңдер, балалар. Мен сендердің мұғаліміңмін» деп, жас ұлан‐ дардың алдында жымия күліп тұрсам, арманым болмас еді, дүние-ай!.. Ойпырау, мынау Сәлемхат тағы да тынышсыздана бастады ғой... Мен осыны Сәлемхат, Сәлемхат дей бере‐ мін. Түбінде Сәлемхат атанып кетіп жүрмесін осы тентегі‐ міз. Мен бұл тентегіңді қандай болса екен деп ойлайтынымды білесің бе сен ? Ұл болса - саған, қыз болса 388
- маған тартса екен деймін. Бірақ ұл болса да, қыз болса да ақылы, адамгершілігі сендей болса екен. Ал саған тағы да Сәлемхаттан сәлем, папасы. А дал дос адамға медеу де, демеу де, мақтаныш та, мереке де ғой, шіркін! Біздің Майра сондай ғой. Жаны қалмай жүр байғұстың біз үшін. Бағана келіп: «Баланы уайымдама, босанған соң апама бақтырамыз. Апам ѳзіме әкеп беріңдер деп айтты» деп кетті. Апамды әуре қылмаспыз. Солардың сырттай жасап жатқан қамқорлығына жаным ериді. Оның артынан ѳзіңнің «кешкі кѳлеңкең» - Жомартбек келді. (Сен екеуің біріңді- бірің жеңе алмай-ақ келесіңдер қажасып. Сен оны кешкі кѳлеңкем деп атасаң, ол сені ѳзімнің түскі кѳлеңкем деп шыға келеді. Әйтеуір қисындырып, бір нәрсені таба қояды.) Бір газетті бала етіп әлпештеп, «іңга-іңга» деп мені мазақтап кетті терезе сыртынан. Мейлі, мазақтаса, мазақтай берсін. Ертең ѳзі келіншек алып, баласы болғанда кѳреміз оның әуселесін. Б ұл күнделікті мен жай, әшейін, ермек үшін жазып жүрмін, папатай, Сәлихатың балс етіп, бақырып жерге түскеннен кейін ѳзіңе беріп жіберемін мұны. Кейін дос-жарандарға оқып, тұңғышымыздың дүниеге қалай келгенін айтып, осы күндерді еске алып, күліп отыратын болармыз әлі. Соған жазсын, соған жеткізсін! Иә, папатай...» 389
C hapter Эпилог К ѳңілі босап, кѳзіне жас келгендей болып, Ербол біраз уақыт үнсіз отырды. Бойын жиып, буынын бекіткеннен кейін ол сѳзін қайта жалғап, әңгімесін аяқтауға кірісті. - Мінеки, Меңтайдың соңғы күнделігі осы. Жан тәсілімін жасап жатқан адамның акырғы тынысы, соңғы қырыл, соңғы дірілі сияқты, асыл жардың ақырғы сѳзі еді бұл. Бірақ осы азғантай сѳзде мен үшін қаншама сыр, қаншама жыр жатыр десеңізші! Қаншама ѳкініш, қаншама мұң бар мұнда. Оқып отырып, сан рет ѳкіріп, ѳксіп жылағанмын мен. Одан айырылып қаларымды ѳзім де сездім бе, қайдам, Меңтайды аялап, аймалап, құшып сүюге, баладай әлпештеп, еркелетуге бір тоймаушы едім. Ақыры оның бір кішкентай қара тырнағына да зар боп, аңырадым да қалдым. Тѳрт жыл соғыста тѳрт талына қылау кірмеген кѳмірдей қара шашым Меңтайдан айырылған тұста аппақ қудай боп шыға келді. Талай рет ұйықтап жатып Меңтай үнін естідім. «Жаным Ербол, Ербол!» деп ол сан рет құлағыма сыбырлады. Еден сықыр ете түссе, Меңтайдың жүрісін танып, сан рет басымды кѳтеріп алдым. Оның кѳйлегінің сыбдырын естігендей боп сан рет елеңдедім. Бірақ ол келмеді, кѳрінбеді. Мәңгілікке жоқ болды, ғайып болды. Таң алдында кѳрген тәтті түстей ғана елес қалды. Кейде бір оңашада ѳткенді ойлап, мұңға батасың. Сонда «Құдай-ау, қайда сол жылдар?» деген Абай жолдары еріксіз еске түседі. Ойлап-ойлап келіп, жастық шағыңның орынсыз ѳтпегенін іштей медеу, мақтаныш етесің. Ѳйткені адамзат толқын-толқын болып дүниеге келеді, түйдек-түйдегімен ѳмірден ѳтеді. Әр толқын, әр 390
түйдек алғы шепке шеру тартқан әскер легіне ұқсайды. Октябрь революциясы мен Азамат соғысына қатысқан құрыш адамдардың темір тасқынды легіне ілесіп, біз 18 бен 22 жастың арасында азаттықтың ауыр жүгін арқалап, тѳрт жыл толассыз қан кештік. Пештен жаңа ғана қотары‐ лған қызыл шойындай жүйткіп, батыстан Москваға қарай лықсыған от пен ѳрт селінің, қорғасын мен темір топа‐ нының алдын тостық. Біздің жас тәнімізді неміс фаши‐ стерінің оғы шұрқ-шұрқ тескіледі, жау танктері үстімізден таптап, жас сүйегімізді сықыр-сықыр сындырды; жас жүректерімізге немістің селінің қос құла‐ штай қанжарлары кірш-кірш қадалды. Концлагерьден қашқанымызда немістің қасқыр иттері қоң етімізді жұлмалап, терімізді жалбыратып, қанжоса етіп талады. Бізді зұлым жау камераларға қамап, улы газ жіберіп, тұншықтырды. Бізді олар тірідей ѳртеді, кѳзімізді бақы‐ райтып қойып, тікемізден тік тұрғызып, кѳрге кѳмді. Бірақ біз: - Қасиет күші Ұлы Отанның, Қанатын бер қыран құстың, Ашуын бер арыстанның, Жүрегін бер жолбары‐ стың! Күллі әлемнің ашу-кегі. Орна менің кеудеме кеп! Жау жолына атам сені, Бомба бол да жарыл, жүрек!- деп, жанған самолеттен жау колоннасына жай оғындай шаншылдық; айналаға ѳлім шашқан ажал ДЗОТ-ына ѳз денемізді ѳзіміз қол гранатадай лақтырып, дұшпан пуле‐ метін қанымызбен қақалттық. Жауға жанымызды берсек те, арымызды бермедік. Біз жығылып жатып - тұрып жаттық, ѳліп жатып - жеңіп жаттық. Халық намысын қорғасынға қоса құйып, құрышпен кіріктірдік те, бомбаға қанат, снарядқа заряд еттік. Ел тәуелсіздігін тѳбемізге ту етіп кѳтердік. Сѳйтіп біз дүниені жайпап келе жатқан темір топанды тоқтаттық. Біз Отан жауын осылай жеңдік. Ақын айтқан біздің «сол жылдарымыз» - махаббат, 391
қызықтан гѳрі мұңы мол боп ѳткен жастық күндеріміз, жарты сағат бұрын дәл тѳбеңнен күркірей жауған қалың жаңбырдың бұлты басқа жаққа қарай аунап, оның әр жерінен бой кѳрсеткен алыс нажағайдың қылыш бойындай ғана қысқа жарқылы іспеттеніп, күннен-күнге, айдан-айға аулақтап, шегініп, ұзап барады. Сол жарқылдың ішінде мен де, менің Меңтайым да бар деп күбірлеймін мен осылай, ѳз-ѳзімнен тебірене, тербеле отырып, ойымды ѳзіммен қоса тербеп... Біз майданда қандай адал болсақ, махаббатта да сондай пәк болдық. Әр жүректе асыл адамгершілік, айнымас махаббат болуын тіледік. Ѳйткені ѳмірден қол ұстасып ѳтер жан серік, жалғыз жарын шын сүйе білмеген адам жолдасын да жақсы кѳре алмайды, коллек‐ тивін де құрметтей білмейді. Жан жарына адал болмаған адам қылған қызмет, істеген іс, атқарған жұмыс, арқалаған қоғамдық міндетіне де адал бола алмайды. Себебі саналы ѳмірдің бар қызығы махаббатқа тіреледі. Сондықтан да махаббатқа соқпай кететін сезім аз. Анаға сүйіспеншілік, жарға құштарлық, Отанға перзенттік, туған топыраққа борыштылық сезімдерінің бәрі махаббатқа байланысты. Адам бойындағы ең асыл қасиет адамгершілік сезімі де махаббатпен сабақтас. Ѳйткені махаббат қадірін білмейтін адамда адамгершілік сезімі болмайды, ал адам‐ гершілігі жоқ кісінің жүрегін махаббат мекендемейді. Жоғарыда Тургенев пен Пришвиннің махаббат жайын‐ дағы тамаша 392
Қ. Аманжоловтан сѳздері келтірілді. Менің оған қосарым «махаббат» деген асыл жібекке түйілген отаншылдық, еңбекшілдік, достық, туыстық, бауырмалдық сезімдері әрбір жас жүректің жалынды туы болса екен деп тілей‐ мін. Біз - Октябрь революциясынан кейін дүниеге келген жаңа ұрпақ Отанға да, махаббатқа да ақ жүрегімізбен адал қызмет еттік. Міне, біз мұны ѳзіміздің мәңгілік мақтанышымыз деп білеміз. Осы мақтаныштың әкелер жүрегінен балалар жүрегіне кѳшуін кѳрсету де бүгінгі күннің тақырыбы. Оны қалай кѳрсету, әрине, жазушының міндеті. Иә, иә, ұқтым. Не сұрайын деп отырғаныңызды түсін‐ дім. Меңтайдан басқалар қайда қазір демексіз ғой? Оны да айтайын сізге. Университет бітіргеннен кейін, ұядан ұшқан балапандай болып, әркім әр жаққа кетті. Біреу қияға қонып, біреу қиырды мекендеп жүріп жатыр қазір. Балапан басқан тауықтың ұясына байқаусызда түсіп кеткен үйрек жұмыртқасынан шыққан сушыл балапандай болып, филфакты бітіре сала мұғалім болмай, журнали‐ стиканың айдын кѳліне тартып мен кеттім. Ол отыздың біразы ғылыми қызметкер болды. Кѳпшілігі мұғалім. Қыздар әлдеқашан күйеуге шыққан, жігіттер әйел алған. Бір кездегі бүлдіршіндей қыздар мен қыршын жігіттер бүгінде сары қарын әйел, сақалды шалға айналды. Алдының балалары институтқа ілініп, баяғы біз басымы‐ здан кешкен жастықтың жәрмеңкесіне енді олар кірді; біздің жастықтың жығылған жалауының орнына олар ѳз туларын кѳтерді... Солардың ішінен Меңтай екеуміздің мәңгілік, адал досымыз Жомартбек Жолдин ғылым докторы атағын алды. Зайкүл есебін тауып, бір бастықтың етегінен ұстаған. Соның беделімен, тамыр-таныстық деген кәрі кеселдің кѳмегімен ол да кандидат деген атқа ие боп алған. Қазір ол бір институтта «басын жарып, кѳзін шыға‐ 393
рып», әдебиеттен сабақ береді. Зәкең бұрынғының бәрін ұмытқан. Әншейінде шекірейіп жүретін әйел кандидат болса, мүлде кекірейіп кетеді емес пе. Ол да солай: кездесе қалсаң, танығысы келгенін таниды, танығысы келмегенге танауын кѳтеріп жүре береді. Жеңілтек адамды жағдай ѳзгертпей қоя ма? Мінеки, ѳмір дегеніңіз кейде ойсыз, ұшқалақ адамды ұшпаққа осылай шығарады екен. Қанипада - кандидат. Майра Абаева Ленин орденімен наградталған. Жақында оған еңбегі сіңген мұғалім атағы берілді. Тұмажанның да қайда екенін білгіңіз келетін болар? Жер үстінде ол да жүр. Бірақ біздің қоғамымызда ондай‐ лардың орны түрме емес пе? Түрмеге түскен. Жинақ кассасына меңгеруші боп тұрғанда бірнеше облигацияға подлог жасап, мемлекеттің кѳп ақшасын жегені және ѳз сѳзімен айтқанда, басқа да «үзіп, жұлып, жұлмалағаны» үшін кѳп жылға сотталған. Оның екі сѳзінің бірі «Ошақ‐ баев опық жемейді» болып келуші еді. Жоқ. Ошақбаевтар да омақа асады екен. Олардың әділетсіздігінің, арсызды‐ ғының, нысапсыздығының зауалы - заң екен. Ал енді, қалған кім дейсіз ғой? Қос ғашық Тана мен Заман болар. Ертедегі еш ғашықтың қолы жетпеген мұратқа осы екеуі жетті. Екеуі қосылып, кѳп бейнеттерді бастарынан кешіріп, сол жақта жүріп, институт бітіріп, елу тѳртінші жылы елге келді. Қазір екеуі де мұғалім. Тана Серкебаева екі рет Жоғарғы Советке депутат болып сайланды. Білімбай, Ербол, Махаббат, Меңтай есімді тѳрт баласы бар. Бір ұл, бір қызына Меңтай екеуміздің атымызды қойыпты. Мен олармен анда-санда кездесіп тұрамын. Кездескен сайын алдымен кішкентай қыздарын құшағыма алып: «Меңтайым менің!» деп шѳпілдете сүйе‐ мін. Содан соң Тана мен Заманға карап: - Ал осы заманның Қозы Кѳрпеші мен Баян сұлуы, амансыңдар ма? - деп құшағымды жаямын. 394
Кѳздері жасаурап, еріндері дірілдеп, ол екеуі қатар‐ ласа маған қарай ұмтылады. Асыл жар, адал досқа не жетсін, шіркін! 1963-1970 Алматы. Chapter «МАХАББАТ, ҚЫЗЫҚ МОЛ ЖЫЛДАР» КІТАБЫ ҚАЛАЙ ЖАЗЫЛДЫ? ( Оқырмандарға жауап) Менің «Махаббат, қызық мол жылдар» атты кітабым 1970 жылы жарық кѳрді. Содан бері биыл үшінші жылға аяқ басты. Бірақ бұған дейін де менің оннан аса кітабым жарияланды. Жұрт кезінде мені жақсы очер‐ кист деп таныды. Солай бола тұрса да мен ол кітапта‐ рымның бірде-біріне хат алған емеспін. Ал «Махаббат, қызық мол жылдардың» жалғыз ѳзіне ғана мыңға жуық хат алдым. Бұрын кейбір кітаптарыма бірді-екілі реиензия шығып, кей кітаптарым атаусыз қала беретін. Ал мына романға республикалық, облыстық, аудандық газеттер беттерінде отызға жуық пікір жарияланды. Сол сияқты, бұған дейін мен кітап оқушылар конференци‐ ясы, жазушының ѳз оқырмандарымен кездесуі дегенді естігенім, кѳргеніммен, менің бірде-бір кітабым бойынша конференция ѳтпеген, ѳзім жазушы ретінде оқырман қауыммен кездеспеген едім. Ал осы роман жайында Қызылорда, Шымкент, Қарағанды, Семей пединституттарында, Қызылорда мен Жамбыл педучи‐ лищелерінде, астанамыз Алматыда С.М. Киров атындағы мемлекеттік университет пен қазақтың Абай атындағы педагогтық институтында, республиканың кѳптеген қазақ орта мектептерінде оқушылар конференциялары ѳтті. Мен автор ретінде Қызылордадағы Мәншүк Мәме‐ това атындағы қыздар педучилищесінің бес жүз шәкірті‐ мен, Алматыдағы қазақтың Абай атындағы 395
пединститутының тіл-әдебиет факультетінің студент‐ терімен жүздестім. «Махаббат, қызық мол жылдар» романына байла‐ нысты маған хат жолдағандардың кѳпшілігі студенттер, орта мектептердің жоғары класс оқушылары, ауыл-село‐ дағы жұмысшы жастар, Совет Армиясы мен Әскери- Теңіз Флотының жауынгерлері. Солардың ішінде пенсио‐ нерлердің де, үй шаруасындағы әйелдердің де, ауыл интеллигенциясының да лебіздері бар. Ѳз республикамы‐ здың барлық облыстарынан тегіс хат алғандығымның үстіне, туысқан Ѳзбек республикасыныңТашкент, Самарқанд, Бұхара, Ферғана сияқты қалаларынан да хаттар келгенін, соның ішінде әсіресе, Қарақалпақ АССР- інен кѳптеген хаттар алғанымды ерекше атап айтуым қажет. Осы хаттардың бәрінде де оқырмандар алдымен ѳздерінің бұл кітапты қызыға оқығандарын білдіріп, мұндай шығарманы ұсынғаны үшін «Жазушы» баспа‐ сына, авторға рақмет айтады. Сѳзіміз жалаң болмас үшін бірнеше хаттан қысқаша үзінділер келтірейік. Орал облысының Фурманов ауданынан механизатор Е. Әбдаров ѳз ойын қысқаша ғана былай деп түйіндепті: «Махаббат, қызық мол жылдар» романын нағыз махаб‐ баттың сырын, мәнін ұқтыратын құнды шығарма деп білемін. Тағы да айтар едім, бірақ та әттең, әттең тілім жетпейді.» Ал Талдықорған облысының Панфилов ауда‐ нынан «Жазушы» баспасының атына келген хатта мынадай сѳздер жазылған: «Әзілхан Нұршайықовтың жакын-да шыққан «Махаббат, қызық мол жылдар» романын оқыдық. Бұл кітап бізге ѳте ұнады, әрқайсы‐ мызға да ой салды. Сол кітаптағы кейіпкерлер осы күні бар ма екен? Солардың шын аты- жѳні кім? «Ербол кім? Жомартбек пен Майраның ѳмірі қандай болады? Бұл сұрауларды қойған себебіміз бұл кітапта Мұхтар Әуезо‐ втің аты мен фамилиясы ѳзгерген. Мүмкін Ербол да сол 396
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344
- 345
- 346
- 347
- 348
- 349
- 350
- 351
- 352
- 353
- 354
- 355
- 356
- 357
- 358
- 359
- 360
- 361
- 362
- 363
- 364
- 365
- 366
- 367
- 368
- 369
- 370
- 371
- 372
- 373
- 374
- 375
- 376
- 377
- 378
- 379
- 380
- 381
- 382
- 383
- 384
- 385
- 386
- 387
- 388
- 389
- 390
- 391
- 392
- 393
- 394
- 395
- 396
- 397
- 398
- 399
- 400
- 401
- 402
- 403
- 404
- 405
- 406
- 407
- 408
- 409
- 410
- 411
- 412
- 413
- 414
- 415
- 416
- 417
- 418
- 419
- 420
- 421
- 422
- 423
- 424
- 425
- 426
- 427
- 428
- 429
- 430
- 431
- 432
- 433
- 434
- 435
- 436