Етістік Сөйлемдегі етістіктерді тауып, астын сыз. 1. Асан құдықтан су тартты. 2. Суды науаға құйды. 3. Қойлар су ішті. 4. Олардың шөлі қанды. 5. Өрісте шөп қалың. 6. Қойлар қайтадан жайылды. 1. Жануарлардың төлдеуін білдіретін етістіктердің астын сыз. Олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын көрсет. Бие құлындайды. Ит күшіктейді. Қой қоздайды. Мысық балалайды. Ешкі лақтайды. Сиыр бұзаулайды. 2. Етістіктерді теріп жаз. Кітап, келді, санады, қозы, төлдеді, тазалады, тоқыды, балапан, құжат, мың, шырылдады, қайрады, алма, дыбыс, ұшып жүр. 1. Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Түйе ... . Қарға... . Қайық.... . От... . Сурет... . Күн... . Жер... . Атам... . Әжем... . Асан... . Қойлар... . 2. а) Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз. 1. Жнында, бір мая, қораның, шөп, тұр. 2. Маядан, шықты, тауық. 3. Ол,салыпты, ұя, маяға. 4. Жүсіп, маяның, шықты, үстіне. 5. Ол, алды, ұядан, жұмыртқа. ә) Күрделі етістік жасап жаз. Оқыды … … Келді …… ……
Сын есім Сын есімдерді теріп жаз. Бала, мөлдір, шағала, ұшты, дымқыл, сары, санады, оқушы, жүз, сүр, кең, бұау, көл, мейрімді, бие, екі, ұзын. 1. Сын есімдерді қатыстырып сөйлем құрап жаз. Сұлу, момақан, ұзақ, тұнық, тар, мейрімді. 2. Көп нүктенің орнына тиісті сын есімді қойып жаз. …. бәтеңке, … тон, … сай, … айран, … шие, … көше. Керекті сөздер: қалың, жылы, ащы, терең, кең, тәтті. 1. Көп нүктенің орнына қарсы мағыналы сын есім тауып жаз. үлкен-… қысқа-… жаңа-… ірі-… жіңішке-… күшті-… 2. Бір зат есімге қатысты бірнеше сын есім тауып жаз. Тақтай, көше, көл, жылқы, кесе. тақтай Үлгі: жалпақ қалың тегіс
Сан есім Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жаз. Бір жылда … маусым бар. Әр маусымда … ай бар. Бір ай … аптадан тұрады. Бір аптада … күн бар. Бір тәулікте … сағат бар. Бір ғасырда … жыл балады. 1. Сан есімді тауып, астын сыз. Байланысын сызбамен көрсет. Екі қолым елім үшін алысса, Екі аяғым жеткізеді алысқа! Бесалған балаға, бес алма, Төрт алған балаға, төрт алма. Екі алған балаға неше алма? 2. Дара, күрделі сан есімдерді кестеге толтырып жаз. Дара сан есімдер Күрделі сан есімдер Жеті, жетпіс жеті, бір, алпыс, бір жүз бір, алпыс үш, қырық, мың, екі мың екі, тоқсан, тоқсан тоғыз. 1. Есептік сан есімді реттік сан есімге айналдырып жаз. Бір- Бес- Екі- Алты- Төрт- Елу- 2. Санамақ құрастырып жаз.
Пайдаланған әдебиеттер: 1. «Бастауыш мектеп» 2010 ж, № 1 саны 2. «Тәрбие құралы» 2008 ж, № 1 саны 3. «Риторика» әдістемелік құралы. 4. Қазақ тілі оқулығы 2 –сынып «Атамұра». 5. «Жеті қазына» № 1, 2 6. «Балдырған» журналы 2008 ж, № 2,3 7. «Мөлдір бұлақ» журналы 2009 ж, № 11,12 8. «1001 мақал, 101 жұмбақ», Рауан баспасы, 1995 ж. 9. Жұмабаева З. «Әдебиетті инновацациялық мәнде оқыту», Ұлт тағылымы, 2003 ж. №3 10. Сапарбаева Р. «Ойын сабағы», Қазақстан мектебі, 2001 ж., №1 11. Оразғалиева Ж. «Дидактикалық материалдар үлгісі», Қазақ тілі мен әдебиеті, 1999 ж., №7 12. Қойшыбаева А. «Ғылым таппай мақтанба», Бастауыш мектеп, 2004 ж., №8 13. Тоқсанова Д. «Бес нәрседен қашық, бес нәрсеге асық бол», Қазақ тілі мен әдебиеті, 1996 ж., №5 14. «Жыл он екі ай», Рауан баспасы, 2001 ж. 15. Республикалық «Ерке журналы», 2008-2009 жж., №1-12
Search