Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore рабочая тетрадь брошюра2

рабочая тетрадь брошюра2

Published by almira.musanova, 2019-05-03 01:12:13

Description: рабочая тетрадь брошюра2

Search

Read the Text Version

Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназиясы Құрастырғандар: Н.Қ.Мұқанова

Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері Мұқанова Нұргүл Құлжағазықызы мен Күзембаева Әлия Оразбайқызының «Қазақ тілі пәнінен 3-сыныптарға арналған жұмыс дәптеріне» САРАПТАМА (РЕЦЕНЗИЯ) Оқу іс-әрекетінің негізі түрі оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы болып табылады. Саралап оқыту – оқылатын ақпараттың азаюы ғана емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады. Қазақ тілі пәнінен 3-сыныпқа арналған жұмыс дәптері бағдарламаға сай, әр тарау бойынша әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар енгізілген. Жұмыс дәптері оқушының өздігінен жұмыс істеу дағдысын арттыруға, қабілетін айқындауға, шығармашылығын шыңдауға мүмкіндік береді, оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын, белсенділігін, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Жұмыс дәптері оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытумен қатар оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік туғызады. Деңгейлік тапсырмалар «жеңілден – ауырға» принципіне негізделіп жасалған, оқушыларға таныс, қызықты. Жұмыс дәптері бастауыш сынып мұғалімдеріне, жалпы білім беретін орта мектептің 3-сынып оқушыларына арналған. Мемлекеттік стандартқа сай, басып шығарылуға дайын деп ұсынылады. Семей мемлекеттік М.Д.Жорокпаева. педагогикалық институтының мемлекеттік тіл және шет тілдері кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к.:

Алғы сөз Қазіргі заман талабына сай білім беру үшін бүгінгі таңда оқытудың мазмұнын өзгерту, яғни білім беру сапасын арттыру қажеттілігі туындап отыр. Дамыта оқыту әдістемесінің ғылыми негізіне деңгейлеп оқыту принципі енеді. В.П.Беспалько технологиясын негізге ала отырып, қазақстандық профессор Ж.А.Қараев меңгеру деңгейлерін білімнің біліктілік, белсенділік, мотивациялық және сапалық деңгейлерімен бірегейлестірді.  Оқушылық деңгейді – білімді нақтылығымен  Алгоритмдік деңгейді – білімнің нақтылығы, толықтығымен, іске асатындығымен  Эвристикалық және шығармашылық деңгейді білімнің нақтылығы, толықтығы, іске асатындығы, жүйелілігі, тереңдігі, беріктігімен бірегейлестірді. Диагностикалық зерттеулер және оқушылардың білім сапасы мониторингі негізінде әр түрлі деңгейдегі дидиактикалық тапсырмалар дайындау іс-тәжірибесі жоғарыдағы ғалымдардың технологияларына негізделіп жасалған.  І деңгей - (міндетті) мемлекеттік стандарт көлеміндегі, барлық оқушы орындауға мүмкіншілігі бар (репродуктивті, альтернативті).  ІІ деңгей - қабылдаған ақпараттарын басқа жағдайларда қолдана білуі.  ІІІ деңгей - игерген білім-білік дағдыларын өз бетімен тереңдетіп қорыту, кез келген тапсырмаларды шығармашылықпен орындай білуі. Бұл технология дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, яғни оқушылардың ойлауын, есте сақтауын, ынтасын, белсенділігін дамытып, білім сапасын арттыруға көмектеседі. Оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылығын, қабілетін дамытуға бағытталған. Жаңа технологияға сәйкес барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырманы орындаудан бастайды да, қабілетіне қарай келесі деңгейге көшіп отырады. Деңгейлеп саралау технологиясындағы бағалау әдісінің тағы бір маңызды жері - әр оқушының дамуын қадағалайтын мониторинг құруға болады. Мұнда бағалау білім, білік, дағдының қажетті ең төменгі деңгейін меңгеруді бағалаудан басталады.

Қазақ тілі (3-сынып) «Дыбыс және әріп» тарауы. І нұсқа р/с І- деңгей 1. Жіңішке дауыстылар: ә, і, ... Жуан дауыстылар: а, о, ... 2. Сөздің қалған буынын тап: На - мыс Та - лап Той – ла Са - Құ - Бой – Қо - Өт - Сый – Бұ - Кө - Жи – 3. Бірыңғай жіңішке дауыстылардан тұратын 5 сөз жаз. Ерін, жүзім, ... 4. Ц, ч, щ дыбыстарын қатыстырып 10 сөз жаз. Цирк, чемпион, ... Ұпай саны -

р/с ІІ-деңгей 1. Қатаң дауыссыздар: Ұяң дауыссыздар: Үнді дауыссыздар: 2. Мына сөздерге дыбыстық талдау жаса: әйгілі, апорт, мойын 3. Бірыңғай жуан дауыстылардан тұратын 5 сөз жаз. 4. Жұп дауыстыларды жаз. Оларды қатыстырып 10 мысал келтір. Ұпай саны -

р/с ІІІ-деңгей 1. Қайың, құмырсқа, самауыр сөздерін буынға бөліп жаз. Буын түрлерін ата. 2. Мына сөздерге дыбыстық талдау жаса: Фабрика, вазелин, автобус 3. Қыстың ерекшелігін білдіретін 10 көркем сөз жаз. 4. «Сенімді дос» тақырыбына әңгіме жаз. Ұпай саны -

«Мәтін» тарауын қайталау ІІ нұсқа р/с І-деңгей 1. Мәтін деген не? Ережені толықтыр: Мәтін – мағына жағынан өзара байланысты ... тұрады. 2. «Біздің сынып» тақырыбына әңгімелеу мәтінін жаз. Тірек сөздер: жарық, ұйымшыл, кезекшілік, тату-тәтті, атқарамыз, әрдайым, қабатта. 3. Достық туралы 3 мақал-мәтел құрастырып жаз. Досы көпті жау алмайды. Ұпай саны -

р/с ІІ-деңгей 1. Мәтіннің қандай бөліктері бар? 2. «Күз» тақырыбына сипаттау мәтінін жаз. 3. Жалқаулық туралы 3 мақал-мәтел құрастырып, мағынасын түсіндір. Жоспары: І. Күзгі дала. ІІ. Құстардың жылы жаққа қайтуы. ІІІ. Күзгі еңбек. Ұпай саны -

р/с ІІІ-деңгей 1. Мәтінннің түрлері, сұрақтары. І. ІІ. ІІІ. 2. «Қарттарым аман-сау жүрші» тақырыбына пайымдау мәтінін жаз. 3. Ана, әжеге арнап 1 шумақ өлең құрастыр. Ұпай саны -

«Сөйлем түрлерін» қайталау. ІІІ-нұсқа р/с І-деңгей 1. Берілген сызба бойынша сөйлем құра: | Қыс келді . |_____________ _____________ _____________ ? |_____________ _____________ _____________ ! 2. Сөйлем құрап жаз: 1. Аққала, балалар, жасады, қардан. 2. Тақтаны, кезекші, ме, сүртті. 3. Сөйлемдерді аяқта: 1. Қарға ірімшік ... ... . 2. Ол ... қонды. 3. Түлкі қарғаға ... . Ұпай саны -

р/с ІІ-деңгей 1. Берілген сызба бойынша сөйлем құра: |_____________ ______________ _______________ . |_____________ ______________ _______________ ! Құраған сөйлемдердің ережесін жаз. 2. Жұмбақтың шешуін тауып, хабарлы сөйлем құра. Қуыста қызыл әтеш билейді. 3. Диалог құра: (телефонмен сөйлесу) Ұпай саны -

р/с ІІІ-деңгей 1. Берілген сызба бойынша сөйлем құра: |______________ ______________ ______________ ? |______________ ______________ ______________ ! Сұраулы сөйлемді лепті сөйлемге айналдыр. 2. Мақалдың мағынасын түсіндір: «Кітап – білім бұлағы, Білім - өмір шырағы». (кітап, білім сөздеріне 2 лепті сөйлем құрап жазу) 3. Адамның көтеріңкі көңіл-күйін білдіретін 3 сөйлем жаз. Сызба арқылы көрсет. Ұпай саны -

«Сөз құрамы» тарауы бойынша. IV нұсқа р/с І-деңгей 1. Есіңе сақта! Түбір сөз одан әрі бөлшектеуге келмейтін, сөздің мағыналы бөлігі. Ережеге сүйеніп, 10 түбір сөз жаз. Үлгі: көк, ... 2. Түбір сөзге тиісті жұрнақтарды қосып жаз: Жұмыс, дос, -лық сый, талап, - шы, -ші қызмет, дойбы, - тық ас - кер 3. Сөздерге ы,і әріптерінің тиістісін жалғап, көшіріп жаз. Күрек, доп, қасық, терек, жарық, одақ, бұлақ, өрнек, қап. Күрек-күрегі, доп- добы, ... Ұпай саны -

р/с ІІ-деңгей 1. Түбірін жаз, қосымшаларды тап. Сушы ... жылқышы Сусын . . . жылқылар Сулық жылқыны Суат жылқыда 2. Туынды сөздерді тауып, мағынасын түсіндір: Айдос – тәртіпті оқушы. Менің ғарышкер болғым келеді. Бірлік – түбі тірлік. 3. Көп нүктенің орнына негізгі түбір сөздерді теріп жаз: ... – тағу, тағады, тағып. ... – есу, еседі, есіп. ... – көру, көреді, көріп. Ұпай саны -

р/с ІІІ-деңгей 1. Мына сөздерден туынды сөздерді теріп жаз: Жазушы, өнер, ек, егін, жарыс, сарғыш, іскер, ертеңгі, көңілді, іс, жаз, еңбекші, ақылды. Туынды сөздерді түбір, қосымшаға ажырат. 2. Түбірлес сөздер құра: біл Су Сый 3. Еңбекші, ақылды туынды сөздеріне 2 мақал жазып, мағынасын түсіндір. Ұпай саны -

«Сөз таптары» тарауын қайталау. V нұсқа р/с І-деңгей 1. Төмендегі сөздерді сөз таптарына жіктеп жаз: Мамық, ақ, қар, түсті, шақырды, дос, жеді, көл, сурет, ойнады, әдемі, гүлді; Зат есім: дос,... Сын есім: мамық, ... Етістік: түсті, ... 2. Доп, қалам сөздерін жекеше, көпше түрде тәуелде. І. Менің добым І. Біздің добымыз ІІ. ІІ. ІІІ. ІІІ. 3. Негізгі зат есімдерден туынды зат есім жаса: Ас, кітап, шай, дәрі, ем; Ас-астық Ұпай саны -

р/с ІІ-деңгей 1. Берілген зат есімдерді сын есімдермен тіркестіріп жаз: Бала, жұлдыз, көл, су, құс, мектеп, дәрі. 2. Мақалдарды болымсыз етістікпен толықтыр: Білім таппай ... , Өнер таппай ... . Еңбек етсең ... , Тояды қарның ... . Ақыл – ... тон, Білім – ... кен. 3. Бір зат есімге бірнеше сын есім тауып жаз: Үй тамақ Ұпай саны -

р/с ІІІ-деңгей 1. Мысал келтір: Жалқы есімдер: ............ Жалпы есімдер: ........... 2. Сәйкес сөздер тауып жаз: 1. Адамның мамандығын білдіретін сөздер: 2. Туыстықты білдіретін сөздер: 3. Кісі аттары: 3. Мағынасына қарай топтап жаз: 1. заттың түсі: 2. заттың көлемі: 3. заттың сапасы: 4. заттың пішіні: Ұпай саны -

Оқушының білімін бағалау мониторингі І деңгей ІІ деңгей ІІІ деңгей Қорытынды 12 3 123 123 ұпай Тақырыптар Тақырыптар Тақырыптар Тақырыптар Тақырыптар Тақырыптар

Деңгейлік тапсырмалар бойынша білім көрсеткішінің гистограммасы 30 20 15 10 5 I II III IV V Тақырып бойынша жасалған деңгейлік тапсырмалар жүйесі оқушының ойлауын, елестету, есте сақтауын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook