Жапырақ • Қандай пішінді жапырақтарды білесіңдер? • Жапырақ қоректі қайдан алады деп ойлайсыңдар? Жапырақ – Лист – Sheet Жапырақ Жапырақ – өсімдіктің маңызды мүшесі. Жапыраққа су, еріген тұздар сабақ арқылы тамырдан келеді. Жапырақ арқылы өсімдік тыныс ала- ды. Өсімдік бойындағы артық су жапырақ арқылы буланады. Буланған жапырақ өсімдікті салқындатып тұрады. Күн көзінің жарығы мен жылуы арқылы жапырақта ауа мен судан қант пен крахмал жасалады. Жапырақ тақтасының пішіні Бүйрек Жебе Жүрек Ромб Қылқанды тәрізді тәрізді тәрізді тәрізді (ине тәрізді) Ешкім де жемейді, Тәтті екен демейді. Сарғайып кетеді, Үзіліп түседі. Ағаш көркі – жапырақ. Өлеңді жаттап алайық. Сары жапырақ – күздің күні сары алтын, Сары жапырақ – күздің оты жанатын. Сары жапырақ – күздің құсы, жел жұлып Орта жолда тастап кеткен қанатын. (С.Мәуленов) 51
Жапырақ кез келген өсімдікте болады. Кез келген жапырақ сабаққа жабысып тұратын сағақтан және жапырақ тақташаларынан тұрады. Бірақ барлық өсімдіктердің жапырақтары әртүрлі болады. Әрбір жапырақ өзін- ше әдемі. Олар жапырақ тақташалар пішініне қарай бір-бірінен ерекшеле- неді. Жапырақтар тамырлардың өсімдікке қамқорлық жасауына көмекте- седі. Жапырақта арнайы тесіктер бар. Ол тыныс саңылаулары деп атала- ды. Жарықсыз жапырақ тіршілігін жояды. Жапырақтар біз жұтатын ауа- ны оттегімен толтырады. Міне, саябақтар мен бау-бақшаларда тынысымыз кеңіп, рахаттанатынымыз сондықтан. Жасыл желек – табиғат көркі, төрт ағаштан бөлінген ауа үш адамға жетеді. Жапырақтың қызметі Өсімдік жапырақ Буланған жапырақ Өсімдік бойындағы арқылы тыныс өсімдікті салқында- артық су жапырақ алады. тып тұрады. арқылы буланады. Тест 1. Жыңғыл қай топқа жатады? А) ағаш Ә) шөп Б) бұта 2. Өсімдік мүшелері қалай бөлінеді деп ойлайсыңдар? А) тамыр, жеміс, сабақ Ә) тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс, тұқым Б) тамыр, жапырақ 3. Тамыр қандай қызмет атқарады? А) су әкеледі, қорек жасайды. Ә) су әкеледі, топырақта бекітіп ұстап тұрады. 52
Б) жарық, жылу береді. 4. Судан қоректік заттар жасайтын өсімдіктің қай мүшесі? А) тамыр Ә) сабақ Б) жапырақ 5. Өсімдіктің өсуіне не қажет? Қайсысы дұрыс деп ойлайсыңдар? А) қосымша тамақ Ә) тек қана су болса жеткілікті Б) су, ауа, жылу, топырақ, жарық 6. Өсімдіктің жапырағында түзілетін қоректік заттар А) су, ауа Ә) күн сәулесі, су Б) қант, крахмал 7. Жапырақтар неге жасыл түсті болады? А) жаз ыстық болғандықтан Ә) күн сәулесінің әсерінен жапырақта хлорофилл деген зат түзеледі. Ол жапыраққа жасыл түс береді. Б) су жеткілікті болғандықтан 8. Жапырақ неліктен сарғаяды? А) су жетпегендіктен Ә) суық түскендіктен Б) күзде күннің көзін бұлт жапқандықтан күн шұғыласы өсімдіктерге жазда- ғыдай жарық пен жылуды бере алмайды. Жапырақта бұрынғыдай хлоро- филл түзелмейді. 8. Жапырақтар ауаны немен толтырады? А) азотпен Ә) оттегімен Б) көміртекпен. 53
Тұқым және жеміс • Өсімдікке тұқым не үшін қажет? • Өздерің жеп жүрген жемістер мен көкөністердің тұқымы туралы не білесіңдер? Жеміс – фрукты – fruit Тұқым – семена – seed 1. Көктемде жерге егемін, 2. Аспай піскен, Ылғалда өсіп-өнемін. Қайнамай түскен. Менің өскен жемісім, Қыс бойғы сенің қорегің. Сәйкестік тесті 1. Бұл не? 2. Қай бөлігі пайдалы? өнеді өседі сабақ картоп жемісі көбейеді тұқым қурайды тамыр қызанақ тамыржеміс гүл сәбіз дәні бидай түйнегі Жеміс пен тұқым – өсімдіктердің көбею мүшелері. Тұқымдары жемістің ішінен өсіп, өнеді. Жемістер тұқымдарын қорғаушы және оларды тара- тушы болып табылады. Тұқымнан жаңа өсімдік өсіп шығады. Жемістер құрғақ (жаңғақ, бұршақ, бидай) және шырынды (алма, шие, қауын, ба- нан, қызанақ) болады. Жемістер көп тұқымды (қияр, алма, қауын т.с.с.) және бір тұқымды (емен, өрік, шие, т.с.с.) болады. Жемістер – адамдар мен жануарлардың қорегі. Зерттеу жұмысын жүргізіңдер. 1. Өз мектептеріңнің ауласында қандай мәдени өсімдіктер өсетінін біліп жазыңдар. 2. Арнайы қалташалар жасап, олардың тұқымын жинастырып, аттарын жазып қойыңдар. 3. Тұқымдарын кептіріп, арнайы ыдыстарға салып сақтаңдар. 4. Өздерің тұқымын жинаған өсімдік туралы мәлімет іздеп, дәптерлеріңе жазыңдар. Суретін салыңдар. Көктемде үлкендердің көмегімен өз аула- ларыңа егіп, баптап өсіріңдер. 5. Дәптерлеріңе қашан егілгенін, топырақ бетіне қашан шыққанын, тағы басқа мәліметтерді жазып отырыңдар. 54
Мәдени өсімдіктер • Мәдени өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады? • Мәдени өсімдіктерді белгілеңдер. Мәдени өсімдіктер – Культурные растения – Сrop plants Жабайы өсімдіктер – Дикорастущие растения – Wild plants Ағаштар Мәдени өсімдіктер Шөптекті Бұталар Мәдени өсімдіктер – адамдар өздерінің әртүрлі қажеттілігін (азықтық, талшықты, дәрілік, бояғыш, эфир майы, мал-азықтық, т.б.) қанағаттандыру мақсатында өсіретін өсімдіктер. Мәдени өсiмдiктер жабайы өсiмдiктердiң түрлерiнен шыққан. Алғашқы адамдар өсiмдiктердiң жеуге келетiн жемiстерi мен тамырларын тауып қолданған. Жабайы өсiмдiктердi жинап алып, оларды өздерi тұрған жердiң айналасына егiп, өсiре бастаған. Адамдар топырақты қопсытқанда, арамшөптерiн өлтiргенде, суарғанда өсiмдiктiң жақсы өсетiнiн бiлген. Олардың жемiстерiнiң, тұқымдарының, тамыржемiстерiнiң әрi үлкен, әрi дәмдi болып қалыптасатынын байқаған. Дәрі шөптен шығады, Дана көптен шығады. Түрі шар сияқты, Түсі қан сияқты. 55
Дәмі бал сияқты, Ол не? • Өсімдіктерді бақылай отырып, адамдар ауа райын болжап үйренді. • Егер көктемде қайыңнан шырын көп ақса, жаз жаңбырлы болады. • Жазда ағаштарда сарғайған жапырақтар пайда бола бастаса, күздің ерте түсетінін хабардар еткені. Мәдени өсімдіктер Егіс даласы Бау Бақша Саябақ Жабайы өсімдіктер Орман Дала Көгал Тау өсімдіктері Мәдени өсімдіктердің түр- Мәдени өсімдіктердің жа- Адам ағзасына қандай пай- лерін жазыңдар. байы өсімдіктерден айыр- дасы барын зерттеп, мәлі- меттер жинақтаңдар. машылығы қандай? 56
сімдікке су ж не топыра керек • Өсімдік тіршілігі үшін не қажет? • Еріген тұздарды өсімдік қайдан алады? Тірі табиғат – Живая природа – Wildlife Өлі табиғат – Мертвая природа – Dead nature Жаңбыр Төгіп-төгіп жау жаңбыр Құрғақ шөлдер жоқ болсын. Бақта жеміс тез өсіп, Азық-түлік мол болсын! Күллі әлемнің ақ ниет, Адамдары көп болсын. (М.Әлімбаев) Тауда өсер, таста өсер, Ағаш жапырағымен, жер топырағымен. Көктем менен жазда өсер, Қыста өшер. Табиғат – бізді қоршаған дүние: аспан мен жер, тау мен су, жан-жануар- лар мен өсімдіктер әлемі. Адам қашан да табиғат әсемдігіне, сұлулығына тамсанған, таңданған, қуанып, шабыт алған және қамқорлық жасаған. Тірі табиғат өзіне қажеттінің бәрін өлі табиғаттан алады. Сусыз адам да, жануарлар да, өсімдіктер де тіршілік ете алмайды. Топырақтағы қоректік заттардың бәрі өсімдікке сумен араласып барады. • Бақбақ гүлдері жаңбырдың болатынын əрқашан дұрыс біледі. • Аспанда күн шығып тұрып, бірақ бақбақ гүлдері жабылып қалса, жаңбыр болады деген сөз. 57
Аңдардың қысқа қалай дайындалатынын әңгімелеңдер. Өзі айлакер, өзі қу Жүрген жері айқай-шу. Секіріп тынбайды, Жаңғақты жинайды. *** Жалқау қоян жан-жағын жеп семірді, Жас ағашты жанындағы кемірді. Кемірген соң солды қурап жас ағаш, Қоян қалды көлеңкесіз жалаңаш. Енді қоян пана іздеді басына, Көлеңкесін ертіп алып қасына. (Өтебай Т рманжанов) Жорғалаушылар мен қосмекенділер, бунақденелілер сияқты жануар- лар да жылусыз тіршілік ете алмайды. Күзгі суық түскен соң-ақ олар еш нәрсеге шамасы келмей, қимылсыз қатып қалады. Күн жылынғанда олар қайта тіріледі. Аю да қысқы ұйқыға тоңғандықтан емес, жейтін қорегі таусылғаннан соң жатады. 71
Сол сияқты жыл құстары да жы- лы жаққа азық жеткіліксіз болған- дықтан ұшып кетеді. Қыста күн көруге жан-жануарлар түрлі жағдайда бейімделген. Бұл ретте, әсіресе, құстардың қысқы тіршілігі өте қызықты. өйткені, қыста жәндіктер, жоғарыда айтқанымыздай, жоғалып кететіндіктен, олармен қоректенетін құстардың көп бөлігі жылы жаққа ұшып кетеді. Дегенмен, құстардың ішінде де қорегін тауып, бізде қыстап қалатындары да бар. Мысалы, оларға негізінен құрлар, кекіліктер, қарғалар, торғайлар және біздің жеріміздегі ең кішкентай құс – тәжіторғайлар жатады. Кім зерек? 1. Тиін, тоқылдақ ұясын қайда салады? 2. Қандай аңдардың қысқа қарай жұқа жүні түсіп, орнына қалың жүн шығады? 3. Қандай жануарлар еш нәрсеге шамасы келмей қатып қалады? 4. Жылдың жартысын ұйқымен өткізетін жануарды атаңдар. 5. Қыста ұйқыға жататын аңдарды атаңдар. 72
Жануарлар немен қоректенеді? • Жануарлар тіршілігі үшін қажетті жағдайларды еске түсі- ріңдер. • Жануарлардың табиғатқа қандай пайдасы тиеді? Балалар, барлық тірі ағзалар сияқты жануарларға да ауа, су, жарық, жылу және қорек қажет. Жабайы аңдар өз қорегін өзі тауып жеуге мұқтаж. Орманда көптеген құстар тіршілік етеді. Олар: көктеке, көкек, тоқылдақ, көкшымшық және басқа көптеген құстар бар. Күніне құстардың сан ал- уан даусын естиміз. Олар күні бойы қорек іздеп жүреді. Тоқылдақ жазда да, қыста да ағаштың діңін тоқылдатумен болады. Ол ағаш қабығының астынан дернәсілдерді жейді. Құмырсқалар илеуде тіршілік етеді. Олар зиянды жәндіктермен қоректенеді. Бір илеудің құмырсқалары тәулігіне 20 000 зиянкес жәндікті құртады. Олар бір-біріне көмектеседі. Аю – қоңыр түсті, аяғы күшті, тырнағы өткір, тісі мықты, ірі аң. Аю алуан түрлі азықтармен – шөппен, ағаш тамырымен, жидек, саңырауқұлақ, жәндіктердің дернәсілімен, балықпен қоректенеді. Бірақ аюдың негізгі азығы – ұсақ аңдар. Түлкі – Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Түлкінің терісі ашық сары, сұрғылт қызыл түс болады. Негізінен тышқандармен қоректенеді. Жерге ұялайтын құстардың ұясын іздеп тауып, жұмыртқасы мен балапан- дарын жейді. Бақа өз жемін тіліндегі жабысқақ шырыш арқылы аулайды. Шөпқоректілерге өсімдікті азық ететін сүтқоректілер жатады. Үй жануар- лары, бұғы, керік, түйе – шөпқоректілер. Олар өсімдіктерді жылдам шай- нап, жұтып жібереді. Кейде олар байқаусызда түрлі жәндіктер мен ұсақ жануарларды жеп қояды. («Жануарлар әлемі» энциклопедиясынан) 73
Сурет бойынша жануарлардың қоректену тізбегін түсіндіріңдер. Жануарлар қалай қоректенеді? Кестені толтырыңдар. № Өсімдіктер Жәндіктер Ірі Бунақденелілер 1 Қасқыр жануарлар 2 Қоян 3 Бұғы + 4 Тауық 5 Түлкі 6 Сиыр 7 Аю 8 Бақа 9 Тышқан 10 Арыстан 74
Жануарлар жемін қалай аулайды? • Жыртқыш аңдар деп қандай аңдарды айтамыз? • Жыртқыш жануарларға қандай аңдар жатады? Жыртқыш аңдар өз бетімен өмір сүреді, көбейеді. Жыртқыш аңдарға өзге аңдармен қоректенетін сүтқоректілер жатады. Арыстан, жолбарыс, қасқыр, ақ аюлар, морждар – жыртқыш аңдар. Жыртқыш құстар өзінен кішірек құстар, ұсақ аңдармен қоректенеді. Жыртқыш аңдардың қоректену тізбегі бойынша әңгімелеңдер. Сұр түсті Ақсиған көп тісті. Қыс бойы жатады, Ж Тәтті ұйқыға батады. А Н 1. Түнде ұшатын құс У 2. Аң патшасы А 3. Қорқақ жануар Р 4. Сиырдың баласы 75
5. Бал иесі 6. Арыстан, жолбарыс қандай аңға жатады? Тапсырма 1. «Аңшылар» атты тақырыпқа әңгіме құрастырыңдар. 2. Аю адамнан, ал адам аюдан қорқады, сонда бұл екеуі бір-біріне жау деуге бола ма? Жауаптарыңды дәлелдеңдер. Мына өлең жолдарын мағынасына қарай қалпына келтірейк. ... қонжығы, Түйеге ... ... бөлтірігі, Ешкіге ... ... көжегі, Қойға ... Анаға баласы, Бәрінен қымбат. Тест 1. Сүтқоректілерге қайсысы жатады? А) Балық, құс Ә) Сиыр, бұғы 2. Жыртқыш аңдарды табыңдар. А) Арқар, құлан, түйе Ә) Қасқыр, түлкі, аю 3. Тиін немен қоректенеді? А) Бидай, арпа, сұлы Ә) Саңырауқұлақ, жаңғақ 4. Балықтар қайда тіршілік етеді? А) Суда Ә) Орманда 5. Бауырымен жорғалаушылар қайсысы? А) Жылан, кесіртке Ә) Қоңыз, көбелек 6. Бақа жануарлардың қай түріне жатады? А) Қосмекенді Ә) Бауырымен жорғалаушы 7. Жыл құстарын атаңдар. А) Қарға, көгершін, сауысқан. Ә) Қарлығаш, тырна, қараторғай. 76
Сақтандырғыш рең • Жануарлар жауынан қалай қорғанады? • Қоян неге қыста жүнінің реңін өзгертеді деп ойлайсыңдар? • Жаздыгүні гүлден-гүлге қонып жүрген көбелекті көрдіңдер ме? Көбелекті қонған гүлінен ажырату қиынға соғады. Неге деп ойлайсыңдар? Жәндіктер мен бунақденелілердің көбінің түр-түсі, денелеріндегі жолақтары мен теңбілдері тіршілік ортасына бейімделіп, өзгеріп тұрады. Дұшпандарының көзіне түспес үшін дене тұрқы мен пішіні де өзгереді. Ағаштар мен бұталардан аумайтын жасыл түсті және қоңыр түсті жәндіктер болады. Тағы біреулері гүлден, жапырақтан аумайды. Жапырақ жеміргіштерінің қанаты өзі өмір сүретін ағаш жапырағының түсіне қатты ұқсайды. Қоян қыста ақ тонын киіп алады. Жолбарыс биік ағаш өсетін ормандарда тіршілік етеді. Ағаштардың жіңішке бұтақтарының көлеңкесі мен олардың арасынан түскен күн сәулесі жолбарыстың тарғыл түсіне сай келеді. Жануарлардың қоршаған ортаға бейімділігі олардың жауынан қорғануы үшін қажет. («Жануарлар, стар, жәндіктер») Кейбір жануарлар жауынан қорғану үшін өтірік өлген кейіп танытады. Қоңыздар кей кездері жауларынан қорғану мақсатында денесінен жағым- сыз иістер бөледі. Тасбақа болса, қауіп төнген сәтте басын денесіне жасырып, домалана қалады. Кірпіні жауынан қорғайтын – инелері. Жемін түнде аулайды, Көзі түнде көреді 77
кірпі қоңыз жұлдызқұрт 1. Аяғы бар, басы бар 2. Гүл ұшып гүлге қонады, Арқалаған тасы бар. Гүл бақшам гүлге толады. 3. Сауыттан мықты шапаны, 4. Кішкентай ғана бойы бар, Жәндіктің нағыз шабаны. Айналдырып киген тоны бар. 5. Далада жүр шапқылап, 6. Тек есектен басқада, Керемет тым сақ құлақ. Оған ұқсар жоқ құлақ. Отырмайды, тұра алмайды, Түзу жолда бұраңдайды. 7. Біреуге найза түйрейді, Өзі де содан күйрейді. • Көбелек, шегірткелер тіршілік ететін жердегі жағдай өзгерсе (шөп қураса), сақтандырғыш рең жауынан қорғай ала ма? Бүркеніш реңді көкшегіртке мен көбелектердің жауынан қорғанғанда пайдаланады. Мысалы, көкшегірткенің түсі шөптен айнымайды, сондықтан ол шөптің арасында тығылып қалғанда көрінбейді, көбелек те жапырақтан айнымай қалады. Яғни олар бүркеніп алып, жауына байқалмай, осылайша тірі қалады. 78
Ызылдақ қарашыбын қауіпті сезген кезде, кенеттен түрленіп, үсті түкті болып, кəдімгі арадан аумай торсиып шыға келеді. Құс оны ара екен деп, шағып алар деген қауіппен жоламайды. Ызылдақ қарашыбынның бұл қасиеті – қорғаныш рең деп аталады. Олар осы қасиеті арқасында өздерін жауларынан қорғап қалады. Ал қанқыздың бейімділігі – сақтандырғыш рең деп аталады. Қанқыз өзі қып-қызыл. Бірақ ол жауынан жасырынбайды. Себебі қанқыздың денесінде тиген кезде күйдіретін сұйық зат болады. Ол оны қауіп төнген кезде ғана шығарады. Аузын күйдіргендіктен құстар қанқыздан аулақ жүреді екен. Міне осылайша жəндіктер өз жауларынан қорғанады. 1) Скунс деген жануар жауларын өзінің жағымсыз иісімен қор- қытқан. Ол қауіп сезген кезде, жаман иіс шығарады екен. Оның иісінің сасықтығы сондай, егер адамға жұқса, оның кетіру өте қиын. Оны әрең хлормен жуып қана кетіреді. 2) Ал ұшардың алдыңғы және артқы аяқтарының арасында тері қатпарлары орналасқын. Егер ол осы қатпарларды жазып ұшса, ұшақ – кілемнен еш өзгешелігі болмайды. Ал құйрығын ол бұруға қолданады. 3) Шегірткеші деген құс басқа құстар сияқты ағашқа көлденең отырмайды. Ағаш ұзындығына қарай жабысып қонады. Оны ағаш түсінен айыру қиын. Міне, аш жолбарыс орман іші тасада жатып, өзінің қорегін аңдып жатыр. Ол түлкіні көріп бұқпантайлап, түлкіге қарай бас салғалы жатыр. Кәне, кімнің қолынан қандай көмек келеді? Балалар, түлкіні жазық далаға, қоянды бұтаға, керікті орманға, құсты аспанға қашырады. Біз батылдығымыздың арқасында жануарларды жолбарыстың тырнағынан құтқардық. Бірақ біз оларға үнемі көмектесе алмаймыз. Кейбір жануарлар өз жауларынын қорғана алады. Қалай қорғанады? 79
Жабайы және үй жануарлары • Жануарлардың қандай түрлерін білесіңдер? • Үй жануарларын естеріңе түсіріңдер. Жануарлар жабайы және үй жануарлары болып бөлінеді. Адамнан бөлек табиғи ортада өз бетімен тіршілік ететін жануарларды жабайы жануарлар дейміз. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы зор. Олар азық-түлік, ет, май, тері, жүн, бал сияқты әртүрлі адамға қажетті шикізаттар береді. Жыртқыш аңдардың жемін қалай аулайтынын естеріңе түсіріңдер. Үй жануарларының адам өмірінде маңызы өте зор. Жесе – тамақ, мінсе – көлік, жүнінен, терісінен киімдер аламыз. Сондықтан адамдар оларға аса қамқорлықпен қарайды. Қыста жылы қорада ұстап, жем-шөп, су беріп асырайды. («Жануарлар, стар, жәндіктер» танымды энциклопедиясынан) 80
Үй жануарлары адамға қандай пайда әкеледі? Көлік Тамақ Жұмыс Қарым- қатынас Үй жануарларынан алынатын өнімдер 81
Жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі, ит, мысық, тауық адамның үйінің маңайында тіршілік етеді. Сол үшін үй жануарлары деп аталады. Үй жануарлары адамға көп пайда келтіреді. Жылқыға мінеді, оны арбаға, шанаға шегеді, сүтінен қымыз ашытады. Семіздерін қыстыгүні соғымға сояды, терісін сатып ақша қылады. Сиыр мен қой адамдарды етімен, сүтімен асырайды. Ит қасқыр мен ұрыдан сақтап, қора күзетеді. Осылардың бәрі тегін қызмет етпейді. Олардың қызметі үшін адам асырайды, бағады, қыстыгүні аяздан тоңбайтын жылы қора жасайды, ұры, бөріден сақтау үшін бақташы қояды. (М.Дулатов) Жалғасын табыңдар. 1. Жарысуға дайын, менің қасқа ...... 2. Тастан тасқа секіріп, ұзын салпақ құлақты, Қандай маза кетірген, кім біледі ...... 3. Моп-момақан өзі, сүп-сүйкімді ...... Сұрақтар: 1) Үй жануарларына адам қандай қамқорлық жасауы керек? 2) Өздерің қандай үй жануарларына күтім жасап көрдіңдер? Қойдың пайдасын естеріңе түсіріп, кестені толтырыңдар. Жүнінен жасалатын Терісінен жасалатын Сүтінен әзірленетін заттар заттар тамақтар 82
Жабайы және үй құстары • Құстардың тіршілігіне қажетті жағдайларды естеріңе түсі- ріңдер. • Үй құстарын атаңдар. Құс – Птица – Bird Құс – қанаты, тұмсығы, қауырсыны бар жануар. Құстар мекен ететін орындарына қарай орман, дала, джунгли, балшық, су құстары болып бөлінеді. Қауырсындары құстарды жылумен қамтамасыз етеді. аққу қарлығаш қараторғай Елімізде 500-ге жуық құстың түрі бар. Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды. Сондықтан олар табиғат емшілері. Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл-күйін көтереді. Құстардың түрлері өте көп. Күзде жылы жаққа ұшып кететін құстарды жыл құстары деп атайды. Жыл құстары дегеніміз – салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар. Ол құстарға көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл, тоқылдақ, үйрек, қаз, тырналар жатады. Құстар туған жерге топ-тобымен ұшып келеді. Олар жолда талай қиындықтарды бастан кешіреді. Биік асулардан асады. Қарлығаш – адамға дос. Ол өзінің ұясын үйдің, ауланың айналасына салады. Оның өз әні бар. Әні құлаққа жағымды. Тоқылдақты халық «орман емшісі» деп атайды. Ол ағашты зиянды құрт-құмырсқадан тазартады. («Жануарлар әлемі» энциклопедиясынан) Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады. 83
Қашаудай мықты тұмсығым Бәсеке тігем бұл шыным. Құрт, қоңыз аулап жарысам Орман дәрігері боп табылам. Құс тұмсығының басты қызметі – қоректену. Қауырсын тек құстарда ғана бар. Ол құстың ұшуына көмектеседі, денесін тоңдырмайды және құстың әуедегі тепе-теңдігін сақтайды. Тауық, қаз, үйрек, күркетауық – бұлар үй құстары. Адамдар оларды асырап күтеді. Себебі, адамдар олардың еті мен жұмыртқасын тамаққа пайдаланса, құстың жүні мен мамығынан жастық, көрпе, күртеше жасайды. Үй құстары жәндіктермен, жем, тамақ қалдықтарымен қоректенеді. Адамдар оларға арнап қора салады. Оны тауық қора деп атайды. Жылы қорада үй құстарына қорқынышты емес. Үй құстарының адамға қандай пайда әкелетінін әңгімелеңдер. 84
Мәтінді түсініп оқыңдар. Құстардың суретін салыңдар. Отырықшы құстар Сауысқан, қарға, торғай, көкшымшық, көгершін ешқайда ұшып кет- пейді. Олар қыс кезінде адамдардың тұрағына жақын келеді. Өсімдіктердің тұқымын, тамақ қалдықтарын қорек етеді. Сауысқан – қарға тұқымдасына жататын, қысқа тұмсықты құс. Денесінің көп бөлігі қара, тек кеудесі ақ болады. Құрт-құмырсқа аздап шөп те жейді. Қарға – сауысқанға ұқсас құс. Денесінің түсі қара. Сауысқан сияқты қоректенеді. Көгершін – бейбітшілік құсы, адамзаттың досы, қысы-жазы бір жерде мекен етеді. Олар дән, нан қиқымдарымен қоректенеді. Салмағы 200–250 грамм, 12 жыл өмір сүреді. Торғай – сүйір тұмсықты кішкене құс. Олар ұсақ жәндіктермен, өсімдік дәндерімен, тамақ қалдықтарымен қоректенеді. Отырықшы құстарға адам- дар ұя жасап, жемшашарлар құрады. Қыста тоңып, ашығып қалмауына жағдай жасап, қорғайды. Жабайы құстар Жабайы құстар еліміздің даласында, орманында, таулы аймақтарында, суларында да тіршілік етеді. Дүние жүзінде құстардың 8600 түрі бар, ал өз еліміз Қазақстанда 480-ге жуық түрі бар екен. Барлық құс пайдалы. Соның ішінде ен үлкен құс – түйеқұс болса, ең кіші құс – колибри құсы екен. Түйеқұстың салмағы 100–150 кг, бойы – 2,5–3 м. Африка, Австралияда кездеседі. Колибри 15–20 г, бойы – 5,5 см. Ол Оңтүстік Америкада кездеседі. Алайда құстар табиғатымызға көрік беріп қоймай, әсем әуенімен де сым- батты. 1. Алшаң-алшаң басады, Бірін-бірі көрсе қаңқылдасады. 2. Қық-қық етеді, Кезіп жүріп көшені. Жата қалса орнына Ақ доп тастап кетеді. 3. Барқыттай жүні құлпырған, Жем тілеп ылғи ұмтылған. Тауық емес, тегі ұқсас, Сақалы бар салпиған. 85
Ұрпақ – тіршілік жалғасы • Жануарлар өз ұрпағына қамқорлық жасайды ма? Жануарлар – табиғат перзенті, олар да артында ұрпақ қалдырып отырады. Сендер байқайсыңдар ма, көптеген бунақденелілер, құстар, жорғалаушылар қоректеніп жатады. Тіпті, адамды мазалайтын шыбын- дар мен тарақандарды көптеп жоямыз, сонда да қаптап жүреді. Киік лағын қалың шөптің арасында туады. Лағының үстін жалап кептіріп, қамқорлық жасайды. Оның лағын құралай деп атаймыз. Тауық жылы қораға, қараңғы жерге жұмыртқалайды. Бір айдан соң балапан пайда болады. Жылан жұмыртқаларын күн жақсы түсетін жерге салады. Сүтқоректілер балаларын сүтпен қоректендіреді. Арыстандар күніне 20–21 сағат ұйықтайды. Шимпанзе р ашы арыстан Б ы төлімен Пума к шіктерімен к шіктерімен Жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар, бунақденелілер, құстар жұмыртқа басып, балапан өрбітеді. Құстар өз балапандарына қамқорлық жасайды. Қанаттанып, ұядан ұшып кеткенше балапандарына жем тасиды. Ұрпағына қамқорлық жасамайтындар – балықтар, қосмекенділер, бақалар, бунақденелілер. Себебі, олар өте көп ұрпақ әкеледі. 86
Үй жануарлары да өз төлдеріне қамқорлық жасайды. Малдың баласын сүюі Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп, Еш нәрсені білмейтін момыным деп. Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп, Тастан тасқа секірген шұнағым деп. Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп, Қараңғыға баспайтын қорқағым деп. Түйе сүйеді баласын «тайлағым» деп, Жабу жапса жарасқан жайнағым деп. Жылқы сүйеді баласын «шұбарым» деп, Жүгіруден жазбаған тұлпарым деп. Жануарлар мен жәндіктердің мүлдем құрып кетпей тіршілігін жал- ғастыратын себебі – ұрпақ береді, яғни көбейеді. Бақа мен балық жұмыртқасын уылдырық дейді. Олар уылдырығын суға шашады. Дернәсіл деп жәндіктер мен жануарлардың бір кезде жұмыртқадан жарып шыққан, әлі есейіп өспеген баласын айтады. 87
Жануарлардың бір-біріне қайырымдылығы • Қайырымдылық деген не? Қайырымдылық – Доброта – Kindness Жануарлар – табиғат перзенті, олар да артына ұрпақ қалдырады. Біздер қолымыздан келгенше оларға қамқорлық жасауымыз керек. Табиғатта жануарлардың бір-біріне қайырымдылық жасайтын кездері болады екен. Суыр, арқар, шақшақайдың достығы туралы, бір-біріне қайырымдылығы туралы оқулықтан оқыған боларсыңдар. Өмірде жануарлардың бір-біріне, адамға жасаған қайырымдылығын естісеңдер әңгімелеп беріңдер. Мақал-мәтелдерді жалғастырыңдар. Біз деген – көмек, Сіз деген – ... Қайырымсыз сұңқардан, Қайырымды тұрымтай ... Қайыр қылсаң ... қыл. ..... алғысын алсаң, елеулісі боларсың. Ұйқасын табыңдар. 2. Өзіне ноян, 1. Бата алмас түлкі, Қорқақ не?..... Үсті тікен ..... 4. Үні ғажап дүлдүл, 3. Айбат шегер алыстан, Бақта сайрар ..... Аң патшасы ..... 88
Жануарлардың «Қызыл кітабы» • «Қызыл кітап» дегенді қалай түсінесіңдер? • Жануарлардың адамға пайдасы қандай? Қызыл кітап – тірі табиғатты сақтау үшін күрестің нышаны. 1948 жылы дүние жүзінің ғалымдары халықаралық табиғатты қорғау одағын құрды. Бұл одақ жойылып бара жатқан жануарлар туралы тұңғыш кітап шығарды. Кітап деректердің «Қызыл кітабы» деп аталады. «Қызыл кітап» деген атауды ағылшын зерттеушісі Питер Скотт ұсынды. Қазақстан Республикасының «Қызыл кітабына» елімізде жойылып кету қаупі бар көптеген жануарлардың түрі енгізілді. Құлан – сырт пішіні жылқы мен есекке ұқсайды. Бұрын далада еркін жүрген, қазір бұлардың саны азайған, қорғауға алынды. Арқар – тау ешкісі, түсі қоңыр сұр, мүйізі үлкен иілген. Еті дәмді болған соң көп ауланған, қазір саны өте аз, қорғауға алынған. Дуадақ – қазақ даласының көркі. Өсімдіктермен, жәндіктермен қоректенеді. Тез жүгіреді. Адамдар көп аулап азайған, қазір қорғауға алынған. Сонымен бірге «Қызыл кітапқа» барыс, аққу, бүркіт, бірқазан, тырна, қызыл қасқыр, т.б. аңдар мен құстар кіреді. Бүгінгі күні Қазақстанның Қызыл кітабына балықтардың 16 түрі, қос- мекенділердің 3 түрі, жорғалаушылардың 10 түрі, құстардың 56 түрі, сүт- қоректілердің 40 түрі енгізілді. Адамның қорғауына мұқтаж жануарлар өте көп. Табиғатты қорғау туралы заңды үлкендер ғана емес, балалар да сақтауы тиіс. «Қызыл кітапқа» енген жануарларды атқан адамдарға заңмен арнайы айыппұл салынады. Табиғат – адамзаттың ортақ үйі. Сондықтан оны аялай біліңдер! 89
Сөзжұмбақты шешіңдер. Қ 1. Жыл мезгілі Ы 2. Аюдың төлі З 3. Теңбіл жылқы Ы 4. Жыртқыш аң 5. Ешкінің төлі Л 6. Су қоймасы 7. Қызыл кітапқа еңген жыртқыш құс К 8. Кенді пайдалы қазба І 9. Қазақстанның астанасы 10. Алып жануар Т А П Мақалдарды жалғастырыңдар. Бір тал кессең, он тал ... Дәрі шөптен шығады, дана ... шығады. Атаңнан мал қалғанша, ... қалсын. Сұлу жер құрақсыз болмас, таулы жер ... болмас. Бұлақ көрсең, ... аш Жылап жүріп ... қазсаң, Күліп жүріп ... ішерсің. Нақыл сөздерді жаттап алыңдар. Туған жерге туыңды тік. Мың шыбық шаншып өсірсең – Халқыңа орман салғаның. Халқыңа орман салғаның – Өзіңе қорған салғаның. Табиғатты сақтаңдар, Құстарды атпаңдар! Гүл жайнаған жерімді Аялаңдар, сақтаңдар! Адамның қорғауына мұқтаж жануарлар өте көп. Табиғатты қорғау ту- ралы заңды үлкендер ғана емес, балалар да сақтауы тиіс. «Қызыл кітапқа» 90
енген жануарларды атқан адамдарға заңмен арнайы айыппұл салынады. Табиғат – адамзаттың ортақ үйі. Сондықтан оны аялай біліңдер! Құстар туралы тыйым сөздер • Құсқа тас лақтырма. • Құстардың жұмыртқасын жарма. • Аққуды атуға болмайды. • Құстың ұясын бұзба, Қарғысқа қаларсың. Викториналық сұрақтар 1. Басында тарағы бар, бірақ шашыңды тарай алмайсың? 2. Қай кішкене құс жемін ұшып жүріп аулайды? 3. Қай құс өзінің атын қайталады? 4. Қандай құс хат тасушы атанған? 5. Қай құста мүлде ұя болмайды? 6. Адам қай құсты аң аулаға пайдаланады? 7. Құстың негізгі мекені? «Мен табиғат жанашырымын» тақырыбында сурет салыңдар. 91
Қорытынды Бастауыш сынып оқушылары әр нәрсені білуге құмар, қызыққыш, қолмен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді, сөйтіп барлық зейіні соған ауады. Бұл кезде алған білім баланың бүкіл өмірінде есінде қалады. Осы кездегі қаланған тәрбие адамгершіліктің негізін қалайды. Оқушылар көмекші құралды оқу барысында табиғат – ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі, өмірдің нәрі екенін, барлық қажеттіні адамзат табиғаттан алатынын сезінеді, терең түсінеді. Көмекші құралда халықтық педагогиканың тәлім-тәрбиесін пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білімді қабылдауға барынша қолайлы ықпал жасадық. Ұрпақ тәрбиесіне қатысты ежелден келе жатқан халықтық әдістердің бірі – балаға ақыл-өсиет айту және сөз арқылы баланың көзін жеткізе оты- рып, сенімін арттыру. Бұл әдісті мақал-мәтелден, нақыл сөздерден ырым мен тыйым салу сөздерінің көмекші құралға кіргізу арқылы қамтыдық. Ырым мен тыйым салу сөздері баланы ағаттық жасаудан, түрлі қауіп- қатерден сақтандырып, адамгершілікке жетелейді. Әр сабақтың тәрбиелік бағыттан бөлінбей қатар жүргізілуіне көп мән бердік. Оқушылар алған білімдерін күнделікті тұрмыста пайдаланып, өмір тәрбиесінде іске асы- руына ықпалы мол. Сабақ барысында оқушылардың жас ерекшеліктері, білім деңгейлерін үнемі ескеріп отырдық. Оқушылар бөлме өсімдіктерін көбейту, құстарды тамақтандыру, ұя жасап ілу, ағаш отырғызу сияқты практикалық жұмыстарды атқарды. Адам өмірінің қауіпсіздігі туралы білім-білік дағдылары кеңейді. Адам айналадағы дүниеден өзіне қажеттінің бәрін алады, дегенмен айналадағы дүние өзінің барын адамға сый етіп бере бермейтінін түсініп, табиғатқа да қамқорлық қажет екенін ұғынды. Дүниетану пәнінен 2-сыныпқа арналған көмекші құралдан оқушылар адам, табиғат, қоғам яғни дүниенің үш құрамдас бөлігі туралы терең білім алды. Баланың танымдық белсендігі артып, дүниетанымы, адамгершілік қасиеттері жетілді, өмірді, оның құбылыстарын танып білуге мүмкіндік алды. Көмекші құралдың оқушылардың ой-өрісінің дамып, шығармашы- лық қабілетінің артуына, тілінің дамуына тигізер пайдасы зор. Сонымен қатар, оқушылар өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады, ата-аналар үй тапсырмасын орындатуға көмек ретінде нұсқау беретін материалдар ретін- де қолдануға тигізер пайдасы зор. 92
Пайдаланылған әдебиеттер 1. Қ.Аймагамбетова. Әдістемелік құрал. – Алматы: Алматыкітап, 2014. 2. Қ.Аймағамбетова, Н.Ким. Дүниетану 2-сынып. Алматы: Алматыкітап, 2013. 3. Жұмбақтар 1–4-сыныптарға арналған. – Алматы: Білім, 2002. 4. С.Кенжеахметұлы. Жеті қазына. – Алматы, 2007. 5. С.Қалиев, Б.Иманбекова, Ж.Жұмабаева. Тәрбие хрестоматиясы (1–4 сынып). – Алматы: Алматыкітап, 2004. 6. А.Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері. – Алматы: Қазақпарат, 2010. 7. Оқушының анықтамалығы 1–4-сынып. – Алматы: Алматыкітап, 2009. 8. М.Қ. Сұлтанғазина, Ф.С. Лекерова. Қазақ тілі диктанттар мен мазмұндамалар жинағы. – Алматы: Алматыкітап, 2013. 9. Б.Л. Ходжаева. Дүниетану әдістемелік құрал. – Алматы: Алматыкітап, 2013. 10. Е. Шалабаева. 2,3,4-сыныптарға арналған диктанттар жинағы. – Алматы: Білім, 2012. 93
Мазмұны Кіріспе .........................................................................................3 Адам өміріне не қажет? ..................................................................4 Адам өз өміріне қажетті жағдайларды қайдан алады?.........................6 Адам және айналадағы дүние ..........................................................9 Адам еңбегімен қадірлі................................................................. 12 Нан – тамақтың атасы .................................................................. 14 Сыйға – сый ................................................................................ 16 Мен және басқалар. Әдептілік ....................................................... 18 Көкжиек және сызығы. Тұсбағар ................................................... 20 Сурет және сұлба ......................................................................... 22 Ауа. Ауаның қасиеті .................................................................... 24 Су. Судың қасиеті ........................................................................ 27 Су – еріткіш. Суда еритін және ерімейтін заттар .............................. 29 Судың маңызы ............................................................................ 31 Топырақ ..................................................................................... 33 Топырақтың маңызы.................................................................... 34 Өсімдік – тірі ағза ........................................................................ 35 Өсімдік мүшелері және оның қызметі. Тамыр.................................. 37 Сабақ ......................................................................................... 39 Жапырақ.................................................................................... 41 Тұқым және жеміс ....................................................................... 43 Мәдени өсімдіктер ....................................................................... 44 Өсімдікке су және топырақ керек................................................... 46 Өсімдікке ауа, жылу және жарық керек ......................................... 47 Өсімдік қанша жыл тіршілік етеді? Өсімдіктердің көбеюі ................. 48 Өсімдіктердің «Қызыл кітабы»...................................................... 50 Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі ................................................. 52 Жануарларға ауа керек ................................................................ 54 Жарық – жануарлар тіршілігіне қажет жағдай................................ 56 Жануарлар қыста қалай жылынады? ............................................. 57 Жануарлар немен қоректенеді? ..................................................... 59 Жануарлар жемін қалай аулайды?................................................. 60 Сақтандырғыш рең ...................................................................... 61 Жабайы және үй жануарлары ....................................................... 63 Жабайы және үй құстары ............................................................. 65 94
Ұрпақ – тіршілік жалғасы ............................................................ 67 Жануарлардың бір-біріне қайырымдылығы .................................... 69 Жануарлардың «Қызыл кітабы».................................................... 70 Қорытынды ................................................................................ 72 Пайдаланылған әдебиеттер ........................................................... 73 95
Көмекші о у ралы Н.Қ. Мұқанова Л.С. Айтбаева Дүниетану Редакторы Ж.Х. Токбаева Қалыптау мен дизайны Т.Қ. Жұмағұлова
Search