Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Үшқоңыр

Үшқоңыр

Published by Макпал Аусадыкова, 2021-07-19 10:36:10

Description: Үшқоңыр

Search

Read the Text Version

АРҚАУЫМЫЗ ӘН БОЛСЫН Мен Қарасай аудандық Мәдениет үйіне алғаш 2011 жылы қызметке келдім. Сол уақыттарда қоғам қайраткері, меценат Назарбаев Болат Әбішұлының ел ішіндегі өнерпаздар арасынан мыңнан бір дарасын таңдап тауып, «Қарасай ауданының айдары болатындай филармония ашып берсем» деп ойда жүрген кезі екен. Дегенмен де, аудан деңгейінде филармония ашуға келмейтін істің түрлі себеп-салдарын ескере отырып, Болат Әбішұлы Қарасай аудандық мәдениет үйіне қарасты «Үшқоңыр» ән- би ансамблінің дүниеге келуіне мұрындық болды. Сөйтіп, 2015 жылы аудандық мәдениет үйі жанынан ашылған ансамбль өзінің алғашқы қадамын бастап кетті. Осы тұста маған Қарасай ауданы басшылығының тарапынан ансамбльге жетекшілік ету ұсынысы түсті. Бірақ жеке отбасы жағдайыма байланысты менің ол қызметтен бас тартуыма тура келді. Ансамбль 2016 жылы Қарасай аудандық мәдениет үйінің сахнасында алғашқы шығармашылық есеп беру концертін өткізді. Сол уақыттан бері ансамбль ұжымы ғасырлар қойнауында тұнып жатқан тұма бұлақ ән-күйіміздің қалпын бұзбай, әспеттеп, әрлендіріп әнбие жұртқа жеткізбекті мақсат-мұрат тұтып келеді. Сондықтан да ансамбль ұжымының қатары кәсіби жас мамандармен, сапасы сын көтерер репертуар қорымен толысқан үстіне толыса түсуде. Толысқан сәтін топ алдында ән-күймен ажарландыра түспекке құштар бұл ұжым, яғни «Үшқоңыр» ансамблі бүгінде бес белестің белінде тұр. Осы орайда мен; – Қарасай ауданының ғана емес, қалың қазақтың туын көкке көтеріп, ұлттық өнерді үкілеп, дәстүрін дәріптеп келе жатқан «Үшқоңыр» ұжымы Ұлы Дала төсін күй нөсерімен дүбірлетіп, ән сазымен тербете берсін деген ізгі тілегімді білдіремін. ...Иә, талай дүркіреген додаға қоссаң, қодар тау, құжар құздарды бұзып-жарып шығатын, «талабы тай жегендей» талантты тарландардың, еш қолдау болмағандықтан, ерте сөніп қалатындығы қаншама. Міне, осындай жайтты білетін, өнер жанашыры Болат Әбішұлы ат үстінен арлан алар азамат жігіттерді, қолынан кесе түсірмес керім-айдай аруларды, әрине, әнші-күйшілерін демеп жіберуге асық. Ойға алған осындай ісін жүзеге асырып, әлі де жалғастырып келеді. Және де онысын міндетсінген емес. Саясына өнер қарлығаштарын саялатқан, ұлттық өнеріміздің өсіп-өркендеуіне мол үлес қосып жүрген, сан алуан сауапты істердің сауытын арқалаған, тамырын тереңге жайған бәйтерек сынды Болат Әбішұлына Алла береке берсін! Сөз тізгінін тартар кезде тағы да айтпағым: «Үшқоңыр» ансамблінің арқауы ән-күймен күлтелене берсін! 51

ƏКІМШІЛІК Болатхан Кеңесханұлы АЙТМҰХАМЕТОВ – «Қарасай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай ауданы әкімдігінің «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының» көркемдік жетекшісі. 1977 жылы 15 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Шұбартау ауданы Баршатас ауылында, көпбалалы, өнерлі отбасында дүниеге келген. 2002 жылы Семей мемлекеттік университетін Ветеринария және санитария мамандығы бойынша тамамдаған. Бала кезден өте белсенді, өнерге жақын болғандықтан, 2010 жылы 52

Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық Педагогикалық университетінде «Музыкалық білім» мамандығы бойынша білім алған. 2019 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Ақмола облысы Жақсы аудандық Мәдениет үйінің директоры, 65 жылдық тарихы бар Семей қалалық Мәдениет Сарайы директорының орынбасары, Семей қалалық «Достық үйі» директорының орынбасары, 2019-2020 жылдар аралығында Қарасай аудандық Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі, аудандық Мәдениет үйінің директоры болған. Б.Кеңесханұлы өзінің озық іс-тәжірибесі арқасында Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының 90 жылдық және Ә.Қашаубаевтың 130 жылдық мерейтойлық төсбелгілерімен, Семей қалалық «Достық үйінің» Қоғамдық келісімге қосқан үлесі үшін медалімен, облыс, аудан әкімшілігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. 53

ƏКІМШІЛІК Ләззат Зауытбекқызы ЖАНАМАНОВА – «Қарасай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай ауданы әкімдігінің «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының» музыкалық жетекшісі. 1977 жылдың 25 қыркүйегінде Алматы облысы Жамбыл ауданы Жаңақұрылыс ауылында дүниеге келген. Жастайынан әнге құмар Ләззат Зауытбекқызы Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжін (1996 – 1999 жж.), Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын (1999 – 2003 жж.) тамамдаған. Қазақстанның халық әртісі Қайрат Байбосынов пен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиевтің шәкірті. Жамбыл аудандық кітапханасында библиограф, «Құлансаз» ансамбілінде әнші (1994 ж.), 54

Қазақ радиосында музыка редакторы (2005 ж.), Қарасай Мәдениет үйінде (2008-2009 жж.) әнші болып қызмет атқарған. 2009 жылдан Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясында әнші. «Көркем- ай» балалар өнер студиясынының жетекшісі, Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің дәстүрлі «Жетісу мектебі» бөлімінің жыршы-термеші сыныбында сабақ береді. Ол сонымен қатар «Отырар сазы» оркестрінде жеке ән орындаушы бола жүріп, аталмыш өнер ұжымымен шетел сахналарында да өнер көрсету мәртебесіне ие болған. 2004, 2011 жылдары жеке шығармашылық кешін өткізді. Ләззат Зауытбекқызы қазақтың кең шанақ қара домбырасымен халықтық ән-жыр, терме-толғаулардың өңін өзгертпей, қаймағын бұзбай орындауға еңбектеніп, ұлтымыздың игілігіне жаратуға ізденіп жүрген дәстүрлі әнші. Сүйінбай, Жамбыл, Кенен, Үмбетәлі сынды өнердің қара жорғалары қалыптастырып, аманаттап кеткен, мақамы бөлек Жетісу ән мектебінің ізін жалғастырушы. Дәстүрлі ән мен жырдың інжу-маржандарын ұрпақ кәдесіне ұсыну жолындағы еңбегі жоғары бағаланып, 2004 жылы Халықаралық Жамбыл сыйлығының иегері атанды. 2003 жылы өткен Кенен Әзірбаев атындағы «Шырқа даусым» атты ән байқауының лауреаты. «Алтын домбыра» Халықаралық ән фестивалінің (2012 ж.), «Ұлы Дала елі» Халықаралық жыршылар фестивалінің дипломдарымен (2017 ж.), Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасымен (2017 ж.), Облыстық мәдениет басқармасының (2013, 2014, 2016 жж.), Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі ұжымының, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Алғыс хаттарымен» (2018 ж.) марапатталған. Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі (2018 ж.). 55

ƏКІМШІЛІК Жұлдызбек Айтқалиұлы ЖҰМАНБАЙ – режиссер, театр және кино актері. 1982 жылы 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Кеңгірбай би ауылында туылған. 2001 жылы Семей қаласындағы М. Төлебаев атындағы музыкалық колледжін театр актері мамандығы бойынша тамамдаған. 2002 – 2006 жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында білім алды. 2012 – 2014 жылдары Ресейдің Мәскеу қаласындағы ГИТИС-тің магистратурасында оқып, «Театр режиссері» мамандығын алып шыққан. Еңбек жолын 2002 жылы Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында актер болып бастап, сахнада 30-дан астам рөлдерді сомдаған. Көптеген кино фильмдерге түскен. Бүгінгі күндері аталмыш жасөспірімдер театры мен «Үшқоңыр» фольклорлы- этнографиялық ансамблінде режиссер. 2018-2019 жылдары «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Бас режиссер болған. Астана, Алматы, Ақтөбе, Семей театрлары сахнасында қойылымдар қойған. 56

Ардақ Оразғалиұлы БЕРКІМБАЙ – журналист, сценарист. 1981 жылы 24 қыркүйекте Семей қаласында дүниеге келген. 2000 жылы Семей гуманитарлы-экономикалық колледжінде «Кәсіпорын менеджері» мамандығы бойынша тәлім алған. 2002 – 2007 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факултетінде оқыды. 2017 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының магистратурасын аяқтаған. Гуманитарлық ғылымдар магистрі. Еңбек жолын Алматы қаласында (2002 – 2006 жж.) «Мархат» ЖШС-да менеджер болып бастап, 2006 – 2012 жылдары «Алматы ақшамы», «Заң», «Алаш айнасы» газеттерінде штаттан тыс тілші, 2012 – 2014 жылдары «Алаш» тарихи-этнологиялық журналында жауапты хатшы, «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, Халықаралық «Түркі әлемі» телестудиясында редактор (2014 – 2015 жж.), ҚР Ұлттық экономика министірлігі, Жер комитетіне қарасты «Қазақстанның жер ресурстары» журналында жауапты хатшы, Бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған (2015 – 2017 жж.). 2019 жылдан «Алатау» дәстүрлі өнер театрының «Дәстүрлі өнерді дамыту» бөлімінің басшысы, жоба үйлестірушісі жұмыстарын жүргізуші қызметін атқарады. Сонымен қатар «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблінде сценарист. 57

ƏКІМШІЛІК Алмас Самалбекұлы НҰҒМАНОВ – Ансамбльдің музыка жетекшісі. Шығыс Қазақстан облысы Шұбартау ауылында 1992 жылдың 29-шы қаңтарында өмірге келген. 2008 жылы Талдықорған қаласындағы Қ.Байсейітов атындағы музыкалық «Саз» колледжінде Жайханов Төлеу Жайханұлынан дәріс алған. 2012 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, доцент, күйші Садықов Сәлімгерей Бақытұлының домбыра сыныбына қабылданып, оны үздік дипломмен бітіріп шықты. Халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаты. Катар, Қытай, Германия, Швейцария, Кипр сахналарында өнер көрсеткен. 58

Архат Ситемәліұлы ҚУАНЫШӘЛИЕВ – Ансамбльдің музыка өңдеушісі. 1990 жылы 10 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданы Сайқын ауылында өмірге келген. Орал қаласындағы С.Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп- интернатында сурет салу және домбыра бөлімдерінде оқыған. 2005 – 2009 жылдары Құрманғазы атындағы «Саз» колледжінде домбыра аспабы бойынша білім алды. 2009 – 2013 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында доцент Сахарбаева Карима Сүндетқызы мен Қуаныш Жұмағалидан тәлім алған. Республикалық өнер байқауларының лауреаты. Архат «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамбілі репертуарына лайықтап ел аузындағы «Жанерке», «Дүние-ай», «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Балаларға», «Бәйтерек» сынды әндерді және өзінің «Қарасай», «Күрескер» атты шығармаларын нотаға түсіріп, өнерсүйер қауымға тарту еткен. 59

ƏКІМШІЛІК Медет Майтанұлы АҒАБЫЛОВ – «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблі бишілер тобының жетекшісі. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында 1982 жылдың 17-ші шілдесінде туылған. 1991–1999 жылдары Алматы қаласындағы А.В.Селезнев атындағы хореография училищесінде балет әртісі, 2004 – 2009 жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Режиссер-хореограф» мамандығы бойынша білім алған. Еліміздегі және шетел сахналарындағы 400-ден астам мәдени шаралардың, телевизиялық жобалардың жүзеге асуына қоюшы режиссер ретінде атсалысқан. Медет Майтанұлының «Жеңіспен елге», «Туған жер», «Сылқылдақ» сынды би қойылымдары қоға жұрттың қолпашын арттырып, сахна сәнін келтіре түсер туындылар. 60

Талап Мунирұлы ЖҰМАН – Ансамбльдің музыка өңдеушісі. 1994 жылы 29 тамызда Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Бетқайнар ауылында дүниеге келген. 2005–2011 жылдары А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыка мектебінде, 2011–2014 жылдары Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк өнері колледжінде оқыған. Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, музыка зерттеушісі, күйші Мұрат Әбуғазының шәкірті. 2017 жылы Тараз мемлекеттік Педагогика университетін (сырттай бөлімде) тамамдаған. «Көреген көшбасшы», «Киелі мекен – Қарасай», «Біз жігіттер», «Ән әлемі» т.б. әндер Талаптың талабы мен таланты арқасында алқа топтың жүрегіне жол тартқан. 61



«ҮШҚОҢЫР» ФОЛЬКЛОРЛЫ-ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ АНСАМБЛІНІҢ ƏНШІЛЕРІ 63

ƏНШІЛЕР Нариман Қыжымұратұлы Әбдірахманов – 1990 жылдың 6 наурызында Шығыс Қазақстан облысы Аякөз ауданы Тарбағатай ауылында туылған. Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк өнері колледжін, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тамамдаған. Дәстүрлі ән өнерін жалғастырушы. Республикалық ән байқауларының лауреаты. Ерғали Жанәліұлы Ағайдаров – 1993 жылы 16 ақпанда Түркістан облысы Қазығұрт ауданында дүниеге келген. Түркістан облысы «Саз» колледжінде Әлімжан Серікбаевтан, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Еркін Шүкімановтан дәріс алған. Дәстүрлі әнші. Республикалық байқаулардың лауреаты. Айсәуле Әділбекқызы Қайырғазина – 1989 жылы 28 қарашада Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ақкемер ауылында дүниеге келген. 2012–2016 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Халық әні» бөлімінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Қосановадан дәріс алған. Дәстүрлі әнші. Халықаралық, республикалық ән байқауларының лауреаты. 64

Баймұхамет Мұқатай – 1988 жылы қазан айының 20-шы жұлдызында Қытай Халық Республикасының Текес өңіріндегі Құлжа қаласында дүниеге келген. 2012 жылы Қытай Халық Республикасы Күйтін қаласындағы «Көркемөнер» институтын «Дәстүрлі ән» мамандығы бойынша бітіріген. Республикалық, халықаралық ән байқауларының, «Мен– қазақпын» – дәстүрлі ән, терме өнері және күй мега жобасының 1-ші дәрежелі жүлдегері. Марта Төлепберген – 1986 жылы 8 наурызда Қарағанды облысы Абай ауданы Топар кентінде өмірге келген. 2007 жылы Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк өнері колледжін, 2011 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын «Халық әні» бөлімі бойынша, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Е.Қосбармақовтың сыныбынан бітіріп шыққан. Дәстүрлі ән өнерін дәріптеуші. Халықаралық, республикалық ән байқауларының лауреаты. «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблімен қатар «Алтын зер» тобының мүшесі. Алуа Ақбердіқызы Қосанова – 1992 жылы 5 мамырда Түркістан облысының Арыс қаласында туылған. 2016 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Халық әні» бөлімі бойынша Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Ардақ Исатаеваның сыныбында оқыған. Дәстүрлі әнші. Республикалық ән байқауларының лауреаты. «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің және «Алтын зер» тобының мүшесі. 65

ƏНШІЛЕР Ақерке Бауыржанқызы Құрбан – 1994 жылы 30 қазанда Шымкент қаласында туылған. Тараз мемлекеттік Педагогикалық университетін «Мәдениет және өнер» мамандығы бойынша тамамдаған. Республикалық және халықаралық ән байқауларының лауреаты. «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің эстрада жанрындағы әншісі. Бексұлтан Болатұлы Әлімбек – 1993 жылы 13 қыркүйекте Түркістан облысы Түлкібас ауданы Ақсу-Жабағылы ауылында дүниеге келген. Республикалық ән байқауларының, «Қазақстан дауысы» теле жобасының жүлдегері. «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблі мен «Үшқоңыр» квартетінің мүшесі. Эстарада әншісі. Элдар Серікболұлы Омаров – 1998 жылы 23 маусымда Семей қаласында өмірге келген. 2010 жылы Семей қаржы-экономикалық колледжін, 2016 жылы Астана қаласындағы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін бітірген. 2014 жылы «Жас қанат», 2019 жылы «Жұлдыз – 2019 жыл» атты ән байқауларының лауреаты атанған. Эстрада әншісі. 66

67



«ҮШҚОҢЫР» ФОЛЬКЛОРЛЫ-ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ АНСАМБЛІНІҢ АСПАПШЫЛАРЫ 69

АСПАПШЫЛАР Дастан Рүстемұлы Нұрахмет – 1995 жылдың 22 маусымында Алматы облысы Панфилов ауданының Жаркент қаласында дүниеге келген. 2005 – 2010 жылдары Алматы қаласындағы дарынды балаларға арналған арнайы мамандандырылған мектеп-интернатында, 2010 – 2015 жылдары Талдықорған қаласындағы Қ.Байсейітов атындағы «Саз» колледжінде, 2015 – 2020 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында білім алған. Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі Бозымбеков Нұрлан Қуандықұлының және профессор Ерсайын Басықараның шәкірті. Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты. «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблінде Бас домбырашы. Аяулым Қайратқызы Кенжеғазиева – 1997 жылы 9 тамызда Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауылында дүниеге келген. 2013 жылы Алматыдағы П.И.Чайковский атындағы музыкалық колледждің домбыра бөлімінде дәріс алған. Бүгінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы сазсырнай бөлімінің 3-ші курс студенті, сонымен қатар «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблінде сазсырнайшы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Ысқақов Біләл Алпанұлы мен аға оқытушы Далбағай Гүлфайруз Есімханқызының шәкірті. Санат Сержанұлы Сұлтанов – Талдықорған қаласында 1993 жылы 28 қазанда өмірге келген. 2009 – 2012 жылдар аралығында Талдықорған қаласындағы Қ.Байсейітов атындағы «Саз» колледжінің домбыра бөлімінде білім алған. Республикалық байқаулардың жеңімпазы. «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблінде домбырашы. 70

Жансұлтан Жұмабайұлы Жұмабек – 1998 жылы мамыр айының 2-ші жұлдызында Қызылорда облысында дүниеге келген. Қызылорда қаласының Қазанғап атындағы музыкалық колледжінде Сәуле Бижанованың сыныбында оқыған. Қазір Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Карима Сүндетқызы Сахарбаевадан дәріс алуда. Халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы. «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің домбырашысы. Нұрғиса Жораұлы Базарбай – Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Басқұдық ауылдық округіне қарасты Сарыбұлақ ауылында 1997 жылы 10 желтоқсанда дүниеге келген. 2013–2017 жылдар аралығында Ақтөбе қаласындағы А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжді тамамдаған. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті, сонымен қатар «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблінде дауылпазшы. Құлмұрзаев Мұхтар Оразбайұлын, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі Әбдіманап Жұмабекұлын, Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі Медеубек Мақсат Сағатбекұлын өнердегі алғашқы ұстаздарым деп санайды. Еркебұлан Ерғалиұлы Дүйсенбаев – 1996 жылы 29 қарашада Алматы облысының Қаскелең қаласында туылған. А. Жұбанов атындағы арнайы дарынды балаларға арналған музыка мектебінде оқыған. Бүгінгі күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 4-ші курс студенті. Шертер аспабын шертудің шебері. Домбыра, прима, сыбызғы, шіңкілдек аспаптарын да шебер меңгерген. Көмекеймен ән айтуды көп уақыттан бері үйренуде. Ләззат Дүйсенбаева мен доцент Шәріпқызы Зәмзегүл Ізмұратованың шәкірті. «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблінде шертерші. Республикалық байқаулардың лауреаты. 71

АСПАПШЫЛАР Әсия Сабыртайқызы Қойшыбаева – 1984 жылы қараша айының 16-шы жұлдызында Қарағанды қаласында өмірге келген. 2002 – 2004 жылдары Қарағанды қаласындағы Тәттімбет атындағы музыкалық колледжді, 2004 – 2009 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын қобыз- баян бөлімі бойынша үздік бағамен бітірген. Профессор Ғалия Молдакәрімованың шәкірті. «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблінде прима қобызшы. Республикалық байқаулардың лауреаты. Қуаныш Азаматұлы Құбатов – 1991 жылдың 15 шілдесінде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туылған. Қарағанды қаласындағы Тәттімбет атындағы музыкалық колледжін, Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тамамдаған. Жұмабеков Жанқас Ықыласұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Базархан Қосбасаров, Халықаралық конкурстардың лауреаты Қарсақбаева Әйгерім Әлімжанқызы сынды ұстаздардан тәлім алған. Талай мәрте шетел сахналарында еліміздің өнерін дәріптеген өнерпаз. Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты. Қазақтың ұлттық аспаптарын жасаумен айналысады. «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблінде қылқобызшы. Дәулет Қонысбекұлы Әлмұратов – 1995 жылы қаңтар айының 16 жұлдызында Қызылорда облысының Байқоңыр қаласында дүниеге келген. 2002–2006 жылдары Байқоңыр қаласындағы балалар музыка мектебінде, 2006–2014 жылдары Алматы қаласындағы К.Байсейтова атындағы музыка мектебінде, 2014–2018 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында білім алған. Профессор Абдуллаев Оңдасын және доцент Смакова Зәуре Нығметқызының шәкірті. 2013 жылы Италияда өткен Халықаралық «Кубок Мира» 72

баянистер конкурсы мен Алматы қаласында өткен 43-ші Республикалық конкурсында алғашқы орынды иеленген жүлдегер. 2015 жылы Алматы қаласында өткен Республика Олимпиадасының 1-ші орын жеңімпазы. «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблінде баяншы. Аяулы Ерланқызы Тұрысбек – 1999 жылы 23 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Алты жасынан К.Байсейітова атындағы музыка мектебінде оқып, прима қобыз, қылқобыз, жетіген, сазсырнай, фортепиано аспаптарының қыр-сырын меңгерген. Қазіргі уақытта Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенті, сонымен қатар «Үшқоңыр» ансамблінде қызмет жасайды. Жетігенші. «Khazar этно-фьюжн» тобында және «Assyltas» триосында өнер көрсетіп жүр. «Оқу ісінің үздігі» Гүлмира Нұргелдіқызы мен профессор Молдакәрімова Ғалия Әбіләкімқызының шәкірті. Үш мәрте республикалық конкурстарда Бас жүлдені және 1-ші орынды, А.Жұбанов атындағы Халықаралық конкурста 1-ші орынды иеленген. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы қабырғасында өткен бірнеше олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегері. 2016 жылы Париж қаласында өткен Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойында өнер көрсетіп, жетіген үнімен шетелдіктерді тәнті еткен. 73

АСПАПШЫЛАР 74

«ҮШҚОҢЫР» ФОЛЬКЛОРЛЫ-ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ АНСАМБЛІНІҢ БИШІЛЕРІ 75

БИШІЛЕР Жайдарлым Рафихқызы Айдарбек – 2000 жылы қазан айының 7-ші жұлдызында Батыс Қазақстан облысындағы Алғабас ауылында туылған. Қазақ ұлттық қыздар Педагогикалық университеті «Хореография» бөлімінің студенті және «Үшқоңыр» фольклорлы- этнографиялық ансамбілінің бишісі. Айша Өлеңбаева – 2002 жылы 18 қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында дүниеге келген. Қазақ ұлттық қыздар Педагогикалық университетінің 3-курс студенті және «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамбілінің бишісі. Дария Мұхитова – 2002 жылдың 9-шы наурызында Тараз қаласында туылған. Би әлеміне 4 жасында келіп, Алматы қаласындағы А.В. Селезнев атындағы хореографиялық училищесінде оқыған. 14 жыл «Жас дәурен» би ансамблінде қызмет еткен. Қазіргі күнде «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамбілінде бишілік қызметін жалғастыруда. Аружан Асылханқызы Мамбет – 2001 жылы 4 мамырда Тараз қаласында өмірге келген. 2019 жылы Қазақ ұлттық қыздар Педагогикалық университетінің «Хореография» бөліміне оқуға түскен. «Жас дәурен» және «Ақкербез» ансамбльдерінде биші болған. Қазіргі уақытта «Үшқоңыр» ансамбілінде еңбек етуде. 76

Әнел Ерланқызы Қабдуалиева – 1997 жылдың 8 наурызында Талдықорған қаласында дүниеге келген. Қазақ ұлттық қыздар Педагогикалық университетінің «Өнер және мәдениет» факультетінде «Хореография» мамандығы бойынша (2015 – 2019 жж.) білім алған. «Томирис» би ансамбілінде биші болған. Халықаралық және республикалық фестивальдерге, телевизиялық қойылымдарға қатысып өнер көрсеткен. «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамбілінің бишісі. Арай Арманқызы Мұратова – 1998 жылы 13 желтоқсанда Алматы облысы Ақсу ауданы Сағабүйен ауылында дүниеге келген. 2007-2014 жылдары Сағабүйен музыка мектебінің би бөлімінде оқыған. 2016 – 2020 жылдары Қазақ ұлттық қыздар Педагогикалық университетінде «Хореография» мамандығы бойынша білім алған. ҚР еңбек сіңірген әртістері, профессор Қастеева Зареманы, Людмила Кремерді, аға оқытушы Сабдалиева Розаны, режиссер-хореограф Ағабылов Медетті өзін би әлеміне баулушы ұстаздарым деп құрметтейді. «Bounce», «Top dance», «Bihappy» би мектептерінде педагог-хореограф болып жұмыс істеген. «Үшқоңыр» фольклорлы- этнографиялық ансамблінің бишісі. Аружан Бақтыбаева – 1999 жылы 26 мамырда Талдықорған қаласында дүниеге келген. ҚР Мәдениет қайраткері Гүлмира Дубекқызының сыныбынан тәлім ала жүріп, «Айгөйлек» ансамблінің сапында би өнерінің қыр-сырын терең меңгеруге машықтанған. Қазіргі кезде Қазақ ұлттық қыздар Педагогикалық университеті «Хореография» бөлімінің студенті және «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамбілінің бишісі. Сымбат Әміржанқызы Мансұрова – 1999 жылдың 8-ші тамыз күні Алматы қаласында туылған. Алматы қаласындағы А. В. Селезнев атындағы хореографиялық училищесінің түлегі. Мемлекеттік «Алтынай» би ансамбілінде, Отар қаласындағы әскери ансамбльде қызмет жасаған. Қазіргі кезде «Үшқоңыр» фольклорлы- этнографиялық ансамблінде биші. 77

БИШІЛЕР 78

Білгенге білім – байлық, бағасы артық, Салмағы сан жетпейтін қорғасындай. Үйренсең өнер-білім, өшпес мұра, Таусылмас тау кенінің қордасындай. Омар Шораяқұлы

«ҮШҚОҢЫР» ФОЛЬКЛОРЛЫ-ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ АНСАМБЛІНІҢ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ Гүлден Сағат – 2000 жылдың 4-ші ақпанында Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылында дүниеге келген. 2009 – 2012 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Музыкалық драма» бөлімінде білім алған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Төкеев Ерғалым Төлендіұлының шәкірті. Облыстық, аудандық байқаулардың жүлдегері. «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблінде концерт жүргізуші және «Үшқоңыр» квартетінің мүшесі. Медет Рысбек – 1993 жылдың ақпанында Алматы қаласында дүниеге келген. 2012 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер колледжінің «Актер шеберлігі» бөлімін, 2015 жылы Тараз мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған. 2015–2017 жылдары Қазақ ұлттық қыздар Педагогикалық университетінде «Жастар саясаты маманы» бөлімінде қызмет атқарған. 2018 жылдан «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблінде концерт жүргізуші. «ҮШҚОҢЫР» ФОЛЬКЛОРЛЫ-ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ АНСАМБЛІНІҢ ДЫБЫС ОПЕРАТОРЫ Шәлімбетов Серік Бейсенқұлұлы – 1989 жылы 13 қаңтарда Жамбыл облысы Шу ауданы Бөлтірік шешен ауылында дүниеге келген. 2009 жылы Қаскелең мәдениет колледжіне оқуға түсіп, 2012 жылы бітірген. 2016 – 2019 жыл- дары Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. 2017 жылдан Қарасай аудандық мәдениет үйінің дыбыс операторы қызметінде. 80

«ҮШҚОҢЫР» ФОЛЬКЛОРЛЫ-ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ АНСАМБЛІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰРАМЫ Жасұлан Асқарұлы Наурызәлиев – 1987 жылы 15 қазанда Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мәдениет ауылында дүниеге келген. 2013 – 2015жылдары «Жас өркен» колледжінде, 2015 – 2019 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетініңжурналистика факультетінде білім алған. «Тіл-аудит» сайтының редакторы, «Адырна» ұлттық- этнографиялық қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі, «Адырна» ұлттық порталының тілшісі қызметтерін атқарған. 2020 жылдың қыркүйек айынан «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблі ұжымында жарнамалық жұмыстар бөлімінде қызмет атқарады. «ҮШҚОҢЫР» ФОЛЬКЛОРЛЫ-ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ АНСАМБЛІ ТЕХНИКАЛЫҚ ШАРУА САЛАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ Толғанай Боранбайқызы Бохитова – 1965 жылы қыркүйек айының 1-ші жұлдызында Өзбекстан Республикасының Бұхара облысында дүниеге келген. 1975 жылы Қарақалпақстанға қоныс аударған. 1985 жылы Орынбор қаласындағы медициналық колледждің студенті болған. Медицина саласында қызмет атқарған. 1992 жылы атажұрты Қазақстанға оралған. Қазіргі кезде «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблі ұжымында костюмер болып жұмыс істейді. 81

Ән – халық үні, оның шындығы, оның ойы мен сезімі. Жамбыл 82

АЛДЫҢҒЫ ТОЛҚЫН АҒАЛАР 83

АЛДЫҢҒЫ ТОЛҚЫН АҒАЛАР Күлжан Әділханқызы Дүйсенова – 1973 жылы қазан айының 23-ші жұлдызында Алматы облысы Күрті ауданы Айдарлы ауылында дүниеге келген. Қаскелең мәдени-ағарту колледжі мен Қазақ ұлттық қыздар Педогогикалық университетін тамамдаған. Күлжан Әділханқызы еңбек жолын 1993 жылы Алматы облысының Жаркент қаласында аудандық мәдениет үйінің хореографы болып бастап, одан әрі «Жаркент әуендері» халық ән-би ансамблінде әншілік өнермен ұштастырған. Жамбыл ата жеріндегі «Құлансаз» ән-би ансамблінде де қобыздың қоңыр үнін үкілеп, Жетісу өңірін ән-күйге кенелдіріп, өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленген өнер майталманы. Ол «Жаркент әуендері» ансамблінде еңбек ете жүріп, сондағы жастар театрының ашылуына, оның өсіп-өркендеуіне көп үлес қосты. Заман талабына қарай талаптанып, талаптанып та қанаттанып келе жатқан жастар жанына терең үңіліп, олардың жүрегіне ізгілік нұрын дарыта білді. Ұстаздық ұлағат жолдарын ұлықтаудан жалықпады. Күлжан Дүйсенова Жамбыл ауданы Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі, Шолаққарғалы ауылдық мәдениет үйінің, Үшқоңыр ауылдық мәдениет үйінің, Қарасай аудандық Мәдениет үйінің директоры қызметтерін қалтқысыз атқарып, өмірлік мол тәжірибе жинақтаған жан. Еселі де ерен еңбегі арқасында К. Әділханқызы Қазақстан Республикасының және Талдықорған облысы Панфилов ауданы әкімінің, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Құрмет грамоталарымен», көптеген «Алғыс хаттармен» марапатталған. 84

Еркін Нығметұлы Рақымов – 1968 жылы мамыр айының 1-ші жұлдызында дүниеге келген. 1988-1990 жылдар аралығында оқу-ағарту жолын Қаскелең қаласындағы мәдени-ағарту училищесінің түлегі ретінде бастаған. І.Жансүгіров атындағы Талдықорған мемлекеттік университетінің «Музыка және ән» бөлімінде «Музыка мұғалімі» мамандығы бойынша білім алған. 1997-1999 жылдары «Жаркент әуендері» ән-би ансамблінің жетекшісі болған. 1999-2004 жылдары Жаркент орта мектеп-интернатында, «Сұптай» және «Қарғалы» орта мектептерінде музыка пәнінен дәріс берген. 2008-2009 жылдары «Шолаққарғалы» мәдениет үйінің директоры қызметін атқарған. 2010 -2013 жылдары Сүйінбай филармониясында, «Құлансаз» фольклорлы- этнографиялық ән-би ансамбілінде еңбек еткен. Аталмыш ұжым бірлестігінде директордың орынбасары қызметін атқарған. Е.Н. Рақымов облыстың мәдени дамуы жолында жоғарғы біліктілік пен іскерлік көрсете білген, еліміздің әлеуметтік-рухани құндылықтарын ұрпаққа құнттата білген ұстаз, білікті маман. Осы еңбегі еленіп, 2019 жылы «Мәдениет майталманы», 2020 жылы «Халықаралық сыйлықтың лауреаты» атағын иеленген. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі және Біріккен Араб Әмірлігінің 45 жылдық Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында Дубай қаласы солтүстік Эмиратында жоғары деңгейде өткізілген іс-шаралар нәтижесінде, Дубайдағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің (Бас елшісі А.Исағалиев) «Алғыс хатымен» марапатталған. «Үшқоңыр» ансамблінің іргетасын қалаушы өнер майталманы. Ержан Әбутәліұлы Қосбармақ – Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақыстақ ауылында 1962 жылдың 13-ші шілдесінде дүниеге келген. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері. ЖАК педагогика саласының доценті. 2018 жылдың қараша айынан 2019 жылдың тамыз айы аралығында «Үшқоңыр» ансамблінің көркемдік жетекшісі болған. 85

АЛДЫҢҒЫ ТОЛҚЫН АҒАЛАР Ермек Орынбасарұлы Жұматай – 1967 жылдың 28 сәуірінде Алматы облысы Жамбыл ауданы Көкөзек ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Жамбыл атындағы жылқы зауытында жүргізуші болып бастаған Е. Орынбасарұлы Жамбыл аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі (1990- 1991 жж.), Көкөзек ауылдық клубының меңгерушісі (1991- 1998 жж.), Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі (1999 ж.), Жамбыл аудандық «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (2005-2009 жж.), Қарасай аудандық «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып қызмет істеген (2009 ж). 1998–2003 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде білім алған. Айтыс өнерінің өрен жүйрігі, ақын. Қалиев Серік Мақұлбекұлы – 1961 жылы 16 тамызда Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Амангелді аулында дүниеге келген. Жамбыл гидромелиорация-құрылыс ннститутының «Ауыл құрылысы» факультетін (1983 ж.) тамамдаған. «Хабар» және «Қазақстан» Ұлттық телеарналарындағы көптеген бағдарламалардың, көркем және деректі фильмдердің көрерменге жол тартуына атсалысқан. «Жұлдыз-сезім» (1992 ж.), «Ақмоншақ» (1997 ж.), «Егіздің сыңары» (2000 ж.), (2001 ж.), «Иманым менің – жиғаным» (2007 ж.), «Алла діні – аманат» (2008 ж.), «Болашаққа хат» (2014 ж.), «Ынтымаққа ынтығу» (2014 ж.), «Жүздесу» (2016 ж.), «Ұлтыңды сүйсең...» (2016 ж.), «Көңіл терезесі» (2017 ж.) т.б. жыр жинақтары жарық көрген. Республикалық айтыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Бүгінде мәдениет, ақпарат салаларында жауапты қызметтер атқарып келеді. 86

Қолғанат Қараманұлы Ізімханов – Қазалы ауданы Жаңақазалы кентінде 1973 жылы өмірге келген. 1984–1988 жылдары Қазалы қаласындағы балалар саз мектебінде домбыра пәні бойынша білім алып, ХХІІ партсъезд атындағы совхоздың саз мектебінде сабақ берген. 1991 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына түсіп, оны 1998 жылы домбырашы мамандығы бойынша бітіріп шыққан. 1995-1998 жылдары Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптар оркестрінде музыкант, 2002-2007 жылдары Алматы қаласының «Сарита» ойын-сауық орталығында жетекші маман болып қызмет атқарды. 2008 жылы Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылы мәдени- қоғамдық орталығының директоры, 2010 жылы Қарасай аудандық Мәдениет үйінің директоры, 2012 жылы Қарасай аудандық «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» бас маманы болған. 2013 жылдан Қарасай ауданының кәсіпкерлік бөлімі Мемлекеттік мекемесінің бас маманы қызметінде. Жылбек Башекұлы Тоқтасын – 1972 жылы 15 қаңтарда Жамбыл ауданы Көкқайнар аулында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тамамдаған. 2011 – 2015 жылдары Қарасай аудандық Мәдениет үйінде директор қызметін атқарған. Қазіргі таңда «Таңбалы тас» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық музейінің аға ғылыми қызметкері. Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі. Республикалық, халықаралық жыршы-термешілер байқауының (1990, 1996 жж.) жүлдегері. Ақын, жыршы-термеші, сазгер. 87

АЛДЫҢҒЫ ТОЛҚЫН АҒАЛАР Қонақбай Аяпұлы Жалмаханов – Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жаңаталап ауылында 1972 жылы дүниеге келген. 1992-1995 жылдары Қаскелең мәдени-ағарту колледжінде қойылым режиссері мамандығы бойынша білім алған. 1996-1997 жылдары Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жаңаталап ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі, 20018-2003 жылдары музыка сүйемілдеушісі, 2003-2007 жылдары Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы «Жетімдер үйі» мекемесінде ән пәнінің мұғалімі болған. 2008 жылдан бастап Қаскелең қаласы Саңыраулар клубының директоры болып қызмет атқарады. Осы уақыт аралығында облыстың әр аудан, ауылдарында өткізілген іс-шараларға белсене атсалысқан азамат. Аудандық, ауылдық мәдениет үйлеріне әдістемелік көмек көрсетіп, олардың жұмыстарын жандандырып үйлестіруде айырықша еңбек сіңіріп келеді. Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Құрмет грамотасына», Алматы облысы әкімінің «Үздік мәдениет қызметкері» номинациясына ие болған. Бағлан Қалтайұлы Омаров – Түркістан облысы Отырар ауданында 1965 жылы қазан айының 14-ші жұлдызында дүниеге келген. Шымкент қаласындағы музыка училищесін, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. Арқалық және Тараз музыка училищелерінде ұстаздық еткен. 2015-2018 жылдары «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамбілінің көркемдік жетекшісі болған. «Азия дауысы», «Жас қанат», «Жаңа ғасырға жаңа ән» т.б. республикалық ән байқауларының лауреаты. «Муз-Арт», «Серпер», «СүнЕкеш» топтарының құрылуына атсалысқан. Г.Қаспақова, Қ.Мақанов, Б.Сейдуалиева, М.Садуақасова, Д.Таңатаров, Мирас пен Құралай, Ж.Жексенұлы іспетті көптеген өнерпаздардың өнер жолына келуіне ықпал еткен. «Кездесу мен қоштасу», «Армандамын адам боп жаралғасын», «Аққуым», «Не деген көркем едің», «Бір қуанып», «Өткен күндер», «Туған жер», «Үшқоңырға кел», «Мен сені құлай сүйдім», «Әлжан ана», «Ауылды аңсау» т.б. әндердің авторы. Көптеген халық әндерін, қазақ композиторлары мен қазіргі заман композиторларының әндерін өңдеп, қайта жаңғыртушы. Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі (2016 ж.). 88

Бауыржан Есебаев – 1975 жылдың 22 қаңтарында Түркістан облысы Төле би ауданы Қасқасу ауылында дүниеге келген. ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, ақын, сазгер, продюсер. Алматы облысы Жамбыл ауданының Құрметті азаматы. Тараз мемлекеттік және Қожа Ахмет Яссауи атындағы Қазақ-Түрік мемлекеттік университеттерін тамамдаған. Ішкі істер саласында қызмет ете жүріп, «Заңгерлік» факультетте де білімін ұштастырған. Қазақ ұлттық университеті аспирантурасының аудиториясына да ат ізін салған. «Ақсәулем», «Аққуым», «Сені ойлап», «Дариға жүрек», «Таңғы елес», «Мен сені ақ бұлттан жасап алғанмын», «Кім ойлаған», «Арман», «Ауырмайды жүрек», «Сүйгенім бол», «Тек мені сүй», «Далада қар», «Қазақстаным – Ұлы Отаным-ай», «Қаскелеңім», «Жан аға», «Менің Елбасым», «Есімде, бәрі есімде», «Жарығым-ай», «Ұмыттың ба», «Алматым» атты әндері көпшілікке кең тарап үлгерген. Жалпы, 300-ден астам әндері жарық көрген. «Құлансаз», «Талдықорған әуендері», «Жаркент жұлдыздары», «Үшқоңыр», «Сүйінбай сазы», «Күреңбел» ансамбльдерінің іргетасын қаласып, Қазақ Елі мәдениетіне көп үлес қосып келеді. Қуаныш Ізімұлы Жұмағали – 1966 жылы 30 қазанда Атырау қаласында дүниеге келген. 1995 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тамамдап, Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптар оркестрінде (1991-1996 жж.), «Сазген сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамблінде (1996-2010 жж.), «Құлансаз» ансамблінде (2011-2013 жж.), «Үшқоңыр» фольклорлы- этнографиялық ансамблінде (2016-2020 жж.) жұмыс жасады. 2002- 2004 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Ассистентура-іс-тәжірибе» курсында тәлім алған. Халықаралық және республикалық домбырашылар сайыстарының лауреаты. «Мәдениет саласының үздігі», доцент. Австрия, Англия, Германия, Италия, Франция, Венгрия, Түркия, Оңтүстік Корея, Малайзия, Египет, Қытай т.б. шет мемлекеттерде қазақ өнерін насихаттауға атсалысқан. Көптеген ән-күйлердің авторы. Халық аспаптар оркестріне және фольклорлы-этнографиялық ансамбльдеріне арнап бірқауым шығармаларды өңдеген. «Қуаныш вальсі» (2010 ж.), «Асыл мұрам – ән мен күй» (2015 ж.), «Шаттық даласы», «Замана жыры» (2018 ж.) жинақтары, «Балсаят» атты оқу-әдістемелік құралы (2020 ж.) баспадан жарық көрген. 2007 жылдан бері облыс орталықтарында өзінің жеке концерттерін беріп, Қазақ радиосы мен телевидениесінде көптеген бағдарламаларға қатысып келеді. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының домбыра кафедрасында ұстаз және «Үшқоңыр» ансамблімен шығармашылық байланыста. 89

Білім, өнер бойдағы сауын болар түбінде. Махмуд Қашғари

КЕЙІНГІ ТОЛҚЫН ІНІЛЕР 91

КЕЙІНГІ ТОЛҚЫН ІНІЛЕР Қуаныш Молдхаметұлы Құрманбаев – 1985 жылы 15-ші маусымда Түркістан қаласында өмірге келген. Арнайы музыкалық білімі болмаса да, туа біткен таланты арқасында шыңдалып, 13 жасында алғашқы музыкалық өңдеу жасаған. Кішкентайынан көптеген аспаптарды, әсіресе, баян аспабын шебер меңгерген. «Үшқоңыр» ансамбіліне, «Үшқоңыр» тобының репертуарына арнап «Жан аға» т.б. көптеген әндердің өңдеуін жасап, ел игілігіне жарата білген жас. Эльнура Қайратқызы Нұрғожаева – Алматы облысының Сүмбе ауылында дүниеге келген. 2004-2008 жылдары Қазақ ұлттық қыздар Педагогикалық университетінің «Музыкалық білім және мәдениет» факультетінде дәріс алған. 2009-2010 жылдары М.Әуезов атындағы ОҚМУ - «Мәдени- тынығу жұмысы» бойынша магистратурасында оқыған. Қазақ ұлттық қыздар Педагогикалық университетінде Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы (2008-2011 жж.). Жастар саясаты жөніндегі бөлім басшысы (2011-2014 жж.). «Айгүл» вокалды-аспаптар ансамблінің көркемдік жетекшісі (2014-2017 жж.). Әлеуметтік тәрбие және жастар саясаты жөніндегі бөлім басшысы (2018 ж.) болған. Қазіргі күні Қарасай аудандық Мәдениет үйінің директоры. «Ару-Ана» продюсерлік орталығындағы «Айтұмар» тобының әншісі. «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблімен шығармашылық байланыста. Эльнура Қайратқызы 2010 жылы «Алматы жүрегімде» атты қалалық ән конкурсының, 2013 жылы Тараз қаласында өткен Алтынбек Қоразбаев атындағы Халықаралық ән конкурсының 92

дипломанты. 2011 жылы Ақтөбе қаласында өткен композитор Бейбіт Оралұлы әндерінің «Елім» атты Республикалық конкурсында жүлделі III орынды иеленген. 2013 жылы Студенттер сарайында «Ару ғұмыр – қызғалдақтай қыз ғұмыр» атты жеке шығармашылық концертін өткізген. 2018 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Алакөл – ару мекенім» атты I–ші республикалық өнерлі жастар фестивалінде аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталған. Ерлан Алиханұлы Леспаев – 1981 жылы Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қапанбұлақ ауылында дүниеге келген. 1999 жылы Семейдегі М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжін бітірген. 2003-2008 жылдар аралығында осы аталмыш колледжде ұстаздық қызметте болған. 2010-2016 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәдениет үйінде әнші болып қызмет істеді. 2014-2017 жылдар аралығында Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде «Музыкалық білім мамандығы» бөлімін сырттай оқып бітірді. 2018 жылдан «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографикалық ансамблінде әнші. Пышанов Сәуіржан Төлешұлы – 1986 жылы 11 қарашада Қызылорда қаласында дүниеге келген. Сәуіржанның өнер жолына қадам аттауы – ақ шағыл құм ауылда, аспан асты жер үстінде жезтаңдай құс – бозтарғайға үн қосудан басталыпты. Ол өнердің арнайы оқуына түссе де, оны тамамдамаған. Неге? Ол жағы енді өзіне аян болар, ал бізге аяны: Сәуіржанның бойына өнер ананың ақ сүтімен дарыған. Бойдағы дарынын, ойдағы қарымын ол ән арқауына айналдырғалы қашан!.. Оның «Әбіш әке», «Ағам бар менің», атты әндері қазір жұртшылыққа кең тарап үлгерді. 93

КЕЙІНГІ ТОЛҚЫН ІНІЛЕР Саматбек Орынбайұлы Мұхтарбеков – 1990 жылы қаңтардың 28-де Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында дүниеге келген. Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің «Эстрада вокал» бөлімінде Жанболат Досаевтан білім алған. «Алтын микрофон» сайысына қатысып, «Алғашқы егіздер» құттықтау дипломын, «Муззон» телеарнасының жыл сайын өтетін жобасына қатысып, «Алғыс хатын» иеленген. 2016 жылы Қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен «Алтын микрофон» байқауының «Ең үздік» бейнебаян номинациясын жеңіп алған. 2018 жылы «Алакөл» фестивалінде 2-орын мінберінен көрінген өнерлі жас. 2018 жылы «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамбілінде жұмыс жасаған. 2019 жылдан аудандық Мәдениет үйі жанындағы «JS» тобының әншісі. Жанатбек Орынбайұлы Мұхтарбеков - 1990 жылы қаңтардың 28-де Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында дүниеге келген. 2009 жылы Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының актерлық бөлімінде Рахилям Машуровадан тәлім алған. «Алтын микрофон» сайысына қатысып, «Алғашқы егіздер» құттықтау дипломын, «Муззон» телеарнасының жыл сайын өтетін жобасына қатысқаны үшін «Алғыс хатын» иеленген. 2016 жылы Қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен «Алтын микрофон» байқауының «Ең үздік» бейнебаян номинациясын жеңіп алған. «Алакөл» фестивалінде 2-орынды еншілеген (2018 ж.). 2018 жылы «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамбілінде жұмыс жасаған. 2019 жылдан аудандық Мәдениет үйі жанындағы «JS» тобының әншісі. 94

Гауһар Ермекқызы – 1993 жылы 17 қыркүйекте Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қорам ауылында дүниеге келген. Алматы облысы Қарасай ауданы Мәдениет үйінің әншісі, сондай-ақ, Алматы облысы Жамбыл ауданы Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектептің педагог-ұйымдастырушысы. 2014-2015 жылдары «Терісқақпай» әзіл-сықақ театрының сахнасында өнер көрсеткен. 2015 – 2016 жылдары «Алтын балапан» театрында актриса, 2016 жылы Алматы облысы Қарасай ауданы жанынан құрылған «Үшқоңыр» ансамблінде әнші болған. Халықаралық және Республикалық ән байқауларына қатысқан. Қазақ ұлттық қыздар Педагогикалық университетінің 70 жылдық мерейтойы аясында өткен «Екі жұлдыз» ән байқауында «Бас жүлдені» (2014 ж.), Т. Молдағалиевтің «Жүрегім жырдан жаралған» атты ән байқауында 1-орынды (2016 ж.), Халықаралық «INTERNATIONAL MUSIC FESTIFAL «vocal» ән байқауында 1-орынды (2016 ж.) иеленген. 95

КҮНДЕЛІК БЕТТЕРІНЕН Гүл ұсынғанда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясындағы оқуымның соңғы курсы бітуге жақын қалған кез, мемлекеттік емтиханға дайындалып, диплом жұмысын қорғауды ойлап, мұрнымнан шаншылып жүргенде, «Сүйінбай сазы» ансамблінің директоры Данияр Ысқақов аға қоңырау шалды: – Айсәуле, мен Данияр деген ағаң боламын, оқу бітірген соң қай жерге жұмысқа тұрғалы жатырсың? Қаскелеңде бір-екі айда жаңа ансамбль ашылғалы жатыр, соған байланысты байқау өтпекші екен, қатысып көрсең қайтеді? – деді. Данияр ағаны сырттай естігенім болмаса, таныс емеспін. Ол кісіге телефон нөмірімді бірге оқыған досым, дәстүрлі әнші Ұлжан Ағлақова берген екен. Содан, емтиханымды тапсыра сала Қаскелеңге келдік. Кастингке. Кезек бойынша ән айтуға сахнаға шықтым. Қарсы бетте Бағлан Омаров, Бауыржан Есебаев, Саят Медеуов сынды өнер адамдары бастаған әділқазылар алқасы отыр. Әдетімше, халық әндерінен ән бастадым. Батыстан «Жылой»-дың екінші түрін, Жетісу мектебінен «Қалқаның әнін». Әнімді ұнатып, қастарына шақырып бір-екі сұрақ қойып, телефон нөмірімді жазып алды ағалар. Содан келесі күні біреулер хабарласып, тағы келіңдер деді тыңдалымға. Қуандық Рақым, Ерғали Ағайдаров және мен,– үшеуміз консерваторияның жатақханасынан шығып Мәдениет үйіне тағы келдік. Сөйтіп, сахнаға шығып тағы шырқамаймыз ба! Бізді көрген аудан әкімі Махаббат Сәдуақасұлы: – Әй, мына екеуі нағып жүр, бұлар кеше өткен жоқ па? – деді. Сөйтсек бірінші күні келгенде мені және Қуандықты жұмысқа алуға шешім қабылдап қойыпты. Айтпақшы, бұл ансамбльдің ашылуына қаражат бөліп, мұрындық болған ел ағасы, меценат, Елбасымыздың туған бауыры Болат Әбішұлы екенін білгенде, мойнымызда үлкен жауапкершілік тұрғанын түсіндік. 96

Көп ұзамай жұмыс басталды. Бауыржан Есебаев, Бағлан Омаров, аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Ермек Жұматай ағаларымыз мәтіні мәнді жаңа әндер жазуға кірісіп кетті. Алғаш дүниеге Махаббат Бигелдиев пен Бауыржан Есебаевтың «Жан аға» атты әні келді. Ән – Тұңғыш Президент, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына арналған. Әнді Ерғали, Қуандық және Айсәуле айту керек деп шешіп, басшыларымыз «демо» нұсқасын жіберіп, кешке Қуаныш Құрманбаевтың студиясына барып дауыс жазасыңдар деді. Жалпы студия дегенді сол кезде бірінші рет көруім. (Дәстүрлі әншіге студия керек емес, жанды дауыста ғана ән айтатындықтан, студия іздемеппіз). Кешкі 20.00-де Мәдениет үйінің қызметкері Қуаныш деген жігіт бізді жатақханадан өзімен аттас Қуаныштың студиясына алып кетті. Кептеліспен студияға келгенше екі сағат өтті. Екі сағат бойы жаңа әнді жаттаумен келдік. Қуаныш ағаның ән әрлеу әдіс-айласымен, шеберлігімен бұл шығарманың бояу нақышы ерекше ашылды. Сөйтіп бұл әнді бас-аяғы бір жарым, екі сағатта жазып тастадық. Кейіннен Қуандықтың жеке шығармашылықпен айналысып бөлек кетуі себепті, әнші Нариман Әбдірахмановпен бірлесіп «Жан аға» әнін қайта жаздық. Күндердің күнінде Нариман, Ерғали, мен, – үшеуміз Майра Ілиясова ұйымдастырған «Күміс көмей, жезтаңдай» атты ән байқауына бақ сынап бармақшы болдық. Бірақ эстрада номинациясы бойынша айтатын екінші ән жоқ... Абыржыған түрімді көріп Бағлан аға студияға шақырып, жылдар бойы өзі іштей «пісіріп жүрген» халық әні «Жекен жардың» аранжировкасын көрсетіп, айтқызып көрді. Бұл әнді естігенім болмаса, айтып көрмеппін. Шындығын да, «Жекен жар» әнін Жетісу ән мектебінің дүлдүлі Тілеулес Құрманғалиев ағамыздың орындау мәнері бойынша көбіміз үйреніп алдық. Содан Астана қаласында үлкен бір концертке қатысып, ұшақтан түсе сала «Күміс көмей, жезтаңдай» конкурсына келсек, үшеуің шығасыңдар ма, топтың атын қалай хабарлайын деді жүргізуші. Аяқасты топ боламыз деген ойда жоқ, не айтарымызды білмей, «Үшқоңыр» ансамблі дедік. Концерт жүргізуші «Үшқоңыр» тобы деп хабарлап жіберді. Осылайша топ атанып кете бардық... «Жан аға» мен «Жекен жар» әнін айтып, лауреат атанып, гала-концертке шықтық. Бұл күн біздің есте қалған есті күндеріміздің бір сипаты. 97

КҮНДЕЛІК БЕТТЕРІНЕН Есте қалар есті күндер өте көп. Соның бір сарасы, «Жан аға» әнімізді талай рет тыңдатып, тағы бір концертке шыққан кезімізде Елбасымыз орнынан тұрып, сахнаға, бізге қарай жүрді. Жүрегіміз тарс-тарс соғып сахнадан түстік, әніміз әлі бітпеген. Президентіміз жігіттердің қолын алды, маған құшақ толар гүл ұсынды! «Бақытты болыңдар, айналайындар!» – деп, маңдайымнан сүйді. Сүйді де: – Қайдан келдіңдер, балалар? – деді. Мен сасқанымнан: – Сіздің бауырыңыз бар ғой, Болат Әбішұлы, соның ансамблінен келдік, – деппін. Қолым дірілдеп, микрофоным түсіп кете жаздады. (Мысы керемет екен о кісінің!) Елбасымыздың өзі көзіне жас алып, әнімізге разы болып, маңдайымыздан сүйіп гүл ұсынғанда, сонау Ақтөбеден Алматыға өнер іздеп бекер келмегенім үшін, Аллаға мың да бір шүкір дедім. Елбасымызға ұзақ ғұмыр тіледім. Кейіннен, ансамбльдің 1 жылдығында, үлкен концерттен соң, осы ансамбльді құрған Болат Әбішұлы маған, қарапайым ауылдың қара қызына, өнерім үшін, Қаскелеңнен екі бөлмелі пәтер сыйлады дегенді сол кездегі директор Күлжан Әділханқызы телефон соғып айтқанда, Күлжан апай екеуміз телефонның ар жақ-бер жағында тұрып қуаныштан қосыла жыладық. Әке-шешем жасай алмай кеткен жақсылықты, «Өнеріңе рақмет!» – деп Болат Әбішұлы жасағанда, менің ол кісіге алғыс айтуға сөзім жетпей, көз жасым төгіле берді. «Тек қана Сіздерге Алланың нұры жаусын», – деп тұра бердім... Менің осы толқыған сәттерім – өмірімнің айнасы – Өнердің арқасы болар, «Үшқоңыр» ансамблінің тату- тәттілігі болар, бірін-бірі биік көретіндіктері болар. Атаның ақ батасының нарқы болар... Ақ бата алған күндеріміз көп болсын, көңіліміз көк болсын! «Үшқоңырдың» үкісі үлбіреп, сапар жол ғұмыры ұзақ болғай! Өнердің биік шыңында, өнер тарихында ойып алар орны болғай! Әумин! Айсәуле ҚАЙЫРҒАЗИНА, «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің әншісі 98

Рақмет Сіздерге! 2017жылы Таразда жүргенімде ғаламтор желісінен Б.Есебаев ағамыздың жариялаған бір жақсы жаңалығын жадыма жаттай қойып, Қаскелең қаласында өтпек ән-күйдің байқау-кастингінде өз бағымды сынап көрмекші болып келдім. Келдім де кастингтің «кәстрөліне» күмп бердім. Күмп бердім де кастингтің «Онлаин» кезеңінен сүрінбей 1 кезеңге өтіп, Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйіне, байқаудың «Офлайн» кезеңіне келдім. «Кезеңнің» кезеңінде тұр ма, кезегінде тұр ма, әйтеуір, бес жүз адам тұр. Жартылай кезеңге он сегіз адам өттік. «Кезеңді» кезеңде қалдырып, ақтық мәре-финалдан екі ұл, екі қыз өттік. Олар Бексұлтан Әлімбек, Эльдар Омаров, Нұршапағат Орынбасарқызы және мен, – Ақерке Құрбан. Қазылар алқасында аудан әкімі Махаббат Бигелдиев ағамыз, Бағлан Омаров, Бауыржан Есебаев ағаларымыз болды. Қазыларды қайран қалдырып сол күннен квартет құрып, жұмысты бастап кеттік. Аға-апаларымыз қас-қабағымызға қарап, қамқор болды. Осындай да орайы келіп тұрғанда сол қамқор жандарға жылы лебізімді білдіргім келеді. Келген күннен біздерге көп көмек берген, әлі де көмегін беріп жүрген – Әбішұлы Болат ағамызға рақмет! Әрқашанда тілегі бір, жүрегі бір Сәдуақасұлы Махаббат ағамызға рақмет! Анамыздай ақыл айтып, құрбыдай сырласа білген – Әділханқызы Күлжан апайға рақмет! Әншілердің репертуарына арнап ән жазып, әнмен байытқан – Омаров Бағлан, Есебаев Бауыржан ағаларға рақмет! Түрлі телевизиялық жоба-концерттерге қатысып, көгілдір экраннан көрінуімізге себепкер болған Жанаманова Ләззат әпкемізге рақмет! Сахна көркемділігін көп сүйіп қалайтын – Кеңесханұлы Болатхан ағамызға рақмет! Ел алдында, Елбасы алдында ән салдыртқан – Сахна саған рақмет! Рақмет!!! Ақерке ҚҰРБАН, «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің әншісі 99

Өмір - кеме, жүзем онда демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.   Әбул-Хасан Рудаки


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook