Қаскелең 2021
ӘОЖ 398 КБЖ 82 Ү 96 Кітаптың жарық көруіне қолдау көрсеткен – НАЗАРБАЕВ Болат Әбішұлы, Алматы облысының Құрметті азаматы, меценат Кітаптың жарық көруіне ұйытқы болған және редакция алқасын басқарған – МАМЕТЕКОВА Динара Кемелханқызы, Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі, «Қарасай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің» Қарасай ауданы әкімдігінің «Үшқоңыр» фольклорлы- этнографиялық ансамблі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының» директоры. Кітапты құрастырғандар – АЙТМҰХАМЕТОВ Болатхан Кеңесханұлы, «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің көркемдік жетекшісі. ЖАНАМАНОВА Ләззат Зауытбекқызы, Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі, «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің музыкалық жетекшісі. Ү 96 ҮШҚОҢЫР. Кітап-альбом. / Құраст. Б. Айтмұхаметов, Л. Жанаманова. – Алматы: «Үшқоңыр», 2021. 116 бет, қазақша ISBN 978-601-06-7056-3 Салт-дәстүрі сара, өлең-өнері дара қазақ жұртының қашанда әннен әмиян ұстап, күйден қоңырау тағынып келе жатқаны хақ. Әні барда қазақтың таңнан-таңды асырып, таңнан тауға тасынып, тәкаппар дүниені сілкінтіп, көкке найза ілкінтіп, айдынға қаз, көңілге жаз оралтары тағы хақ. Хақ, қазақ көңілдегі шерін, ой-жұмбақ зерін әнмен әстеп, күймен кестеп ақ жайма орамалға түйген. Қамысты көлді тербетіп, қара судың бетіне қаймақ тұндыртып тамылжытқан. Иә, сондай бір сұлу суретті су бетіне сыбызғы үнімен, сырнай сазымен өрнектеп келе жатқан ұжым, ол – «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблі. Міне, қолыңыздағы кітапта осы «Үшқоңыр» ансамблінің өмір тарихы тиек болып, сарғыш тартқан суреттер сыр шертеді. ӘОЖ 398 КБЖ 82 ISBN 978-601-06-7056-3 © «Үшқоңыр», 2021
Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде – ұлт та ұлы бола алмайды. Ғабит Мүсірепов
Өнерде шәкірттік сезімін ұмытқан адам – ұстаз да бола алмайды. Әбіш Кекілбаев
АЛҒЫ СӨЗ «ҮШҚОҢЫР» Алатаудың бір төбесі – Үшқоңыр, нұр көбесі – Үшқоңыр. Алатаудың бір сеңгірі – Үшқоңыр, дүр сеңгірі – Үшқоңыр. Алатаудың алыстаған сайын асқақтай түсер асқар шыңы – Үшқоңыр, асқан шыңы – Үшқоңыр. Қыран құсы қалықтаған, ұлар үні шарықтаған шалқар аспан, Ұлы Дала – Үшқоңыр. Өнердің кең ұясы, кен ұясы, қиял-арман қиясы – Үшқоңыр. Өлең төс өнер өлкесі, өлең-сөз кемер өлкесі – Үшқоңыр. Қарасай, Наурызбай батырлар бұлдап өткен, Сүйінбай, Жамбыл ақындар жырлап өткен, Телегей теңіз жырға бөккен, Алтын сәуле нұрға бөккен, Мұнар сағым сырға бөккен үрия мекен, дүрия мекен – Үшқоңыр. Үшқоңыр – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып-өскен жері, атамекен ақ ордасы, бақ ордасы. Үшқоңыр – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының жүрекжарды жыр-әні болған, ұраны болған, ұлан жырдың тұрағы болған, бұлағы болған, барша жұрттың жұмағы болған, тұмары болған – тұғырлы тау, кең қойнау, жазира жайлау. «Үшқоңыр» – Үшқоңыр атын ардақтаған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы туынтқан өлең- жырдың, әннің аты, өмір қанаты. «Үшқоңыр» – Үшқоңыр тауының атымен атаулас ансамбль. «Үшқоңыр» – Фольклорлы-этнографиялық ансамбль. Үшқоңыр... 5
АЛҒЫ СӨЗ Үшқоңыр қоңыр кеште қоңыраулатып, өңір төске омыраулатып, алғы тұстан алау отын жағады. Үшқоңыр әманда арман ойды алаулатқан, көңіл сырын жалаулатқан жастықтың мекені, достықтың Отаны. Асылы, Үшқоңырды үкілеген – Үшқоңырдың бауырында өніп- өскен, сәу самалын еміп өскен, өмірді сүйген, өлеңді сүйген өрендері. Үшқоңырдың өрендері шеттерінен өлеңнен өрмек өрген, өлеңді төрде көрген, өмір жырын, көңіл сырын өлеңге қосқан – өскелең ойлы өрендер. Бесігін ән тербеп, кеудесін күй кернеп, Күнге саусақ жайған Үшқоңырдың қоңыр мінез, кер кекіл ұландары қара шанақ домбыраны қолға алып, қаршығадай қомданып, туырлықтай желпініп, боз жусандай бөртініп... оянады ұйқыдан. Олар әрқашанда ояу. Ояу жанның ойлағаны – ой, бойлағаны – ой, ойдан тумағы – ән. Ендеше, ән-күйдің ауылына ат басын бұралық. Әлқисса, әр аудан, әр аймақтың әуелете ән салар әншісі, күмбірлете күй төгер күйшісі болған. Тоқетерін айтқанда, қасқа бұлақты Қаскелеңде кішігірім көркемөнерпаздар үйірмесі болған. Кей-кейінде көпшілік бас қоса қалған жерде төбе көрсеткені болмаса, ол содан көпке дейін көрінбей жүретін. Кейбір айтқан әндерінің өзі жұрт жүрегіне жетер-жетпестен ұмытыла беретін. Ал әнге сусар, күйге құмар қауым үшін мұндай сүрең сүрлеу емес, даңғайыр даңғыл керек-мыс. Мысалы, алқа топқа әннен алқа, күйден қоңырау тақтырар, 6
халық ән-күйлерінің қалыбын бұзбай халыққа жеткізе білетін, атына заты сай ансамбль керек. Ондай ансамбль, әсіресе, Қарасай ауданы аумағына, қала берді қалың елге керек. Осындай оймақты ойлар Болат Әбішұлының кеуде тұсында оу бастан тұнып жатқан-ды. Иә, сонымен ансамбльдің ансамбль болуы үшін не қажет? Әрине, алдымен жұла қашып жұмыс жасайтын емес, жұмыла жүріп жұмыс жасайтын, күнделікті өмірін сол ортада өткеретін жандар дүрмегі керек. Содан келіп ансамбль арқауын алдымен ақ шанақ домбыра, қобыз, адырна, асатаяқ, шертер сынды толып жатқан ұлт аспаптары астарлауы қажет. Екіншіден, олардың ормандай тылсым үнін бір- бірімен үйлестіре білетін білікті дирижер, күйші-музыканттар керек. Оған қоса олардың ажарын аша түсер оқалы қамзол, үкілі бөрік іспеттілердің толайы керек. Міне, осының бірі болмай ансамбль де болмақ емес. Осындай жайттарды ескере келіп, Болат Әбішұлы Қарасай ауданының сол кездегі әкімі Амангелді Айдарұлы Дәуренбаевпен ой бөлісті. Ол кісі Б. Әбішұлының бұл ойын бірден құптады. Бірақ та Амангелді Айдарұлы сол уақытта қызмет бабымен басқа өңірге кетті де, бұл істің бұйдасы Бигелдиев Махаббат Сәдуақасұлының қолына тиді. Бұл төңірегінде Махаббат мырза: 7
АЛҒЫ СӨЗ – Көзсіз жұмсаған – күш арам, Көріксіз істелген – іс арам» демекші, өмірге көрік іздеп, өнерге бөрік іздеп, туырлықты елдің туын тіктей түспек ниетпен, Б. Әбішұлының бастамасымен «Үшқоңырдың» іргесін қалай бастадық. Бір күні Бөкең-Болат ағамыз: – Оу, Махаббат бауырым, ауданның айнасы болатын ансамбльдің шаңырағын көтерейік, ел ішінде жүрген талантты жастардың жақсы өнерін жұртқа жария етейік, ел-жұртты ән-күйге бір кенелтейік. Қаражат жағын мен қарастырайын, қанша керек болса соншасын табармыз, қысылма, – дегені қолға қамшы алдырды. Содан қадам ұзарып, қалам ұзарып, ұлан-байтақ өлкенің бар аймағына хат жаздық, хабар салдық. Көмейінен ән, саусағынан күй төгілтер жандарды іздеп, бірнеше рет байқау өткіздік, – дейді. 2015-2016 жылдары Мәдениет үйі жанынан алғадай көңіл, атымтай жомарт, Қарасай ауданының Құрметті азаматы Болат Әбішұлы Назарбаевтың арман-мақсаты мен қолдау күші арқасында, сол кездегі Қарасай ауданының әкімі Махаббат Сәдуақасұлы Бигелдиевтің бас-көз болуымен «Үшқоңыр» ансамблінің іргесі қалана бастады. Ансамбль атын Үшқоңыр тауының атауымен атауластырып, «Үшқоңыр» деп, Үшқоңырдың төл перзенті Болат Әбішұлының өзі қойды. Ал шілтер шымылдығы Қуаныш Жұмағалидың «Замана жыры» күйімен ашылып, М. Бигелдиев, Б. Есебаев, Б. Омаровтардың жұмыр иін шығармаларымен көмкерілді. Ансамбльдің көркемдік жағын Еркін Рақымов, кейіннен Бағлан Омаров, Ержан Қосбармақов, Ләззат Жанамановалар басқарды. Қазіргі уақытта Болатхан Айтмұхаметов жетекшілік етуде. Дегенмен де негізгі тізгін, үлкен жауапкершілік Динара Кемелханға жүктелген. Тағы да осы жерде айта кеткен жөн, сол кездегі Қарасай ауданы Мәдениет басқармасының басшысы Ермек Жұматай, Мәдениет үйінің директоры Күлжан Әділханқызы, ансамбльдің көркемдік жетекшісі Еркін Рақымов, Жылбек Тоқтасын, Қонақбай Жалмаханов, Қолғанат Ізімхановтар өзекті күн өмірін осы өнер ұжымы жолында сарп етті. Әрине, ә дегенде болашақ ансамбль құрамын арнайы музыкалық білімі бар білікті маман иелерімен толықтыру мақсатымен, ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан дала сазының сарын үнін, сара сұлулығын, түпсіз тереңдігін, аса шынайылығын жүректен жүрекке жеткізбек желкенді ой жетегімен республика көлемінде байқау-кастинг 8
жарияланды. Мәдениет майталмандары Махаббат Бигелдиев, Ермек Жұматай, Күлжан Әділханқызы, Бағлан Омаров, Бауыржан Есебаев, Саят Медеуов, Қуаныш Жұмағалилар қазылық еткен кастинг-байқауға жеті жүзден аса талант иелері қатысты. Байқауда бақ сынасқан жас та, жасамыс та әділ бағасын алды. Іріктеуден іркілмей өткен әншілер Бибігүл Қилымхан, Айсәуле Қайырғазина, Ерғали Ағайдаров, Нариман Әбдірахманов, Ақерке Құрбан, Бексұлтан Әлімбек, Эльдар Омаров, Баймұхамет Мұқатай, Нұршапағат Орынбасар, Қуандық Рақым, конферансье Марал Анарбек бірден ансамбль құрамына қабылданды. Қуандық Рақым жас та болса бұл күндері өнерсүйер қауымның «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» таныған өрені. Жүре келе «Үшқоңыр» ансамблі мүшелерінің қатары қанатты да талапты, талантты жастармен тағы толыға түсті. Алдымен ансамбльдегі жастардың әлеуметтік-материалдық жағдайлары ескеріліп, Болат Әбішұлы қолдан келгенінше олардың шалғайдан келгендеріне үй- жай кілтін табыс етті. Жатын жайларын жиһаз-кереуеттермен, асүй бөлмелерін керек-жарақтармен қамсыздандырды. Ансамбльдің күнделікті дайындық жұмыстарын жасауына аудандық Мәдениет үйінің кең де жарық сахна төрін, киімілгіш, грим бөлмелерін пайдалануына рұқсат алды. 9
АЛҒЫ СӨЗ Болат Әбішұлы ансамбль ұжымы мүшелерінің қарымына қарым, адымына адым қоспақ жағын ойластырды. Ойластыра келіп, олардың күмбірлетіп күй төгілтпегі үшін – шашасына шаң жұқпас шашақты домбыраны, Қорқыт Ата қобызын, даңғайыр дауылпаз, сыбызғы-сырнай аспаптарын анау дейтін шеберлерге арнайы жасатып алдыртты. Зер төгілткен сахналық ұлттық сәукеле, бешпент- қамзолдарды «Аруназ», «Сәукеле» сән үйінде күн-түн деместен Гүлжан Ниетқабыл кестелеп бақты. Қажет нәрсе артық етпес деген оймен үстемелеп, шертіп ойнар шертер, домбырадай дара аспаптар, музыкалық құрал-жабдықтар (аппаратура), дауыс зорайтқыштар (микрофон), сахналық жарық-сәуле шамдарын, сахналық ұлттық ою-шілтерлі көйлек, қамзол, сәукеле, үкілі бөрік, тақия, сыр ұқтырар сырға, сақина-жүзік, моншақ, шолпы, бедерлі білезік біткеннің бәрін тағы да бір мәрте түгендей түсті. Сахна төріне ЛЕД көгілдір экранын қойды. Мұның түп-төркінінде «Арқасында алдаспаны, төсінде сақа сауыты саудырап тұрмаса, ол сардар сардар болар ма» деген сара ұстанымдар жатқан-ды. Осы ұстанымды Б.Әбішұлы әлі де ұстанып келеді. Әлі де ансамбльге демеушілік жасап келеді. Жасай да бермек ниетте. Болат Әбішұлының жақсы да жарқын істерінің бірі де бірегейі – 10
ансамбльге «фольклорлы-этнографиялық» деген жоғары мәртебені Заңды түрде алуы жолында көп еңбектенгендігі. Еңбектің есесі десе болар, қазір ансамбль – «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамбль деген атауға ие. Жақсы істің басы-қасында жүретін М. Бигелдиев, Е. Жұматай, С. Қалиев, Қ. Жұмағали, Б. Омаров, Б. Есебаев, Е. Көшербаевтар бірлесіп, фольклорлы-этнографиялық мәртебесі бар «Үшқоңыр» ансамблінің репертуарына деп жаңадан шығармалар жазды. «Қазақстан», «Қаскелеңім», «Әлжан ана», «Әбіш әке», «Жан аға», «Жаным аға», «Болат аға», «Ауылды аңсау», «Алматым», «Әке аманаты», «Замана жыры», «Көреген көшбасшы», «Ел аға», «Біз жігіттер», «Киелі мекен – Қарасай», «Ән әлемі», «Үшқоңыр» атты айтулы ән-күйлер репертуар қоржынын қомақтандыра түсті. Әннің тінін түзеп, әрлендіріп Б. Омаров нота тіліне түсірді. Әннің бағын ашып әрлентерде Бағлан Омаров бір кісідей тер төкті. Ол әрленткен әндер әлі әрін де нәрін жойған жоқ. Ең бастысы, бәрінің ойы бір ортада тоғысып, ертеңгі есік ашар «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблін аяқтан ақсатып алмай, оның іргесін ілгері дамыта түспек жағы қолға алынды. Ол – Ұлттық құндылықтарды қалыптастыру әрі нығайту, ұлттық өнердің мұртын бұзбай халыққа жеткізу, ансамбльдің репертуар қорын жаңа авторлық шығармалармен, патриоттық туындылармен байыту, ұлттық киім стилін сақтай білу, 11
АЛҒЫ СӨЗ өнердегі жастардың өресін жоғары деңгейде таныту негізіндегі басты ұстанымдар, басқа да толып жатқан өзекті мақсаттар мен міндеттер. Осындай игілікті іс-шараны Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қолдап, ансамбль құрамын 2016 жылдың 16-шы желтоқсан айынан, ресми құжат хаттамасы бойынша, 35 штат бірліктерімен толықтырды. Ерте бекініп еңбектенбесең оңайдан олжа, бекерден бақ келмейді. Бақ та, олжа да орда құз белдерден орағыта өтіп, телегей теңіз-дарияның жойқын жалдарын жығып, жұлдызы жыпырласқан көк төріне құлшына құлаш ұрудан тұрады. Құлаш ұрар шақтарда шақар шатқалдар, бұралаң жол бел-белестер бедеріп, бетпақтанып алдан шығатыны рас. Бедерген бекіністерді тек қана қайраты мол, арманы асқақ адам ғана бұзып-жарып өтері тағы рас. Өнер жолында осындай ойпатты оралымдармен «Үшқоңыр» ансамблі бес жылдың бедерінде талай-талай бетпе-бет келді. Өмір-өнер кемесіне үйме-жүйме мінгесіп бел асты, шөл басты. Шүңейт көз шөлде қалды, түйе жартас дөңде қалды. Арқадан аяз ұрып, аяқтан сыз өткен кездер болды. Кенезе кеберсітер аптап та болды, сүрінте жаздар қатқақ та болды. Болды, болды... Қойшы, әйтеуір, бәрі болды. Сонда да «Үшқоңырлықтар» өткеннің бәрін өрнекті күндер деп есептемейді. Олар тек жемісін берер жеңісті күндерді ғана күнделік беттеріне бедерлеуді пайым санайды. Дұрыс. Сағат Әшімбаев: «Өмір – өткен күндер емес, өмір – есте қалған күндер» деген екен. Дегендей-ақ, қаршығадай қалт тұрған ансамбль енді ешкім орындамаған, сиясы кеуіп үлгермеген шығармаларды, оның ішінде патриоттық тұрғыдағы туындыларды, тарих қойнауында жатқан інжу-маржан қазыналарды қайта жаңғыртып, халық жадына жеткізбекке жегілді. Айтылып отырған бағыт- бағдар аясында, қалтарыста қалып бара жатқан халықтың «Жекен жар», «Құрбым-ай», «Ағажан-порым» әндерін Б. Омаров музыкалық түрлі бояу-нақыштармен, ұлттық аспаптардың үн үйлесімділігімен астастыра әрлеп, мәдениетіміздің бір дара мұрасына айналдырды. Махаббат Бигелдиев, Серік Қалиев, Қуаныш Жұмағали т.б. ана атын ардақтап, дала дарқандығын даралап, туған жерге ту тіккізер туындылар туынтты. Иә, тізгіні түзу, айылы берік ансамбльде алты қырдан айғайы асқан, ақық моншақ төгінткен, көмейін әнге бөгінткен әншілер, 12
кеудесі күмбір, сүйрік саусақты күйшілер, ай-көбелек етекті, бұраң бел бишілер бүкіл елдің бүтін бірліктен, аман-саулықтан сауыттанған ақ батасын алды. Алдыңғы толқын ағалар – Қуаныш Жұмағали, Еркін Рақымов, Бағлан Омаров, Ержан Қосбармақовтардың ордалы ізін жалғастырып, кейінгі толқын іні-қарындастар – Ләззат Жанаманова, Баймұхамет Мұқатай, Алмас Нұғманов, Медет Ағабылов, Архат Қуанышәлиев, Талап Жұман, Айсәуле Қайырғазина, Марта Төлепберген, Ақерке Құрбан, Алуа Қосанова, Ерғали Ағайдар, Бексұлтан Әлімбек, Эльдар Омаров, Нариман Әбдірахманов, Арай Мұратова, Айша Өлеңбаевалар өнер өлкесінің көгіне өрлесіп келеді. Бүгінде шыңдауылын шыңдап алған «Үшқоңыр» фольклорлы- этнографиялық ансамблінің репертуар қоры ұлттық інжу- маржандармен, патриоттық тырнақалды туындылармен толыққан үсті толыға түсуде. Біржан сал, Ақан сері, Кенен, Құрманғазы, Дина, Тәттімбет, Сүйінбай, Жамбыл, Қалқа, Үмбетәлі, Өмірзақ 13
АЛҒЫ СӨЗ шығармаларын өзек етіп, шебер орындау арқасында өз қолтаңбасын танытып та үлгерді. Талай-талай өнер байқауларына қатысып олжалы оралып, бөденедей бөрікті бөрте көкке жеткізді. Соның бір негізі, 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткен облыстық «Ғасырлар үні» – этнографиялық ансамбльдерінің байқау-фестивалінде Бас жүлдеге ие болды. «Мен – Қазақпын» атты дәстүрлі ән мен терме өнері және күй мега жобасына ауданнан жолдама алып, 1-ші орынды Баймұхамет Мұқатай иеленді. 2019-2020 жылдардың өзінде Балқаштан бастап, елшенбүйрек таулы мекен Кеген, Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандары жұртшылығының жиһанға симас риза көңіл күйіне көмкеріліп, өнердің өміршеңдігін өре көкке тағы бір көтеріп қайтты. Ансамбльдің әрқашан алғыс алуының арқауы, ол – әншілердің ән айтқанда фонограмма дегенге сүйенбеушілігі, негізгісі, адам бойына адалдық, асқақ сезім ұялатар елдік, ерлік туралы, ана, туған жер туралы туындыларды, һәм ақылға ақыл қосар нақыл сөзді жыр-термелерді төгілдіріп, көп- көптеп насихаттауында жатыр. Қайыра айтсақ, «Үшқоңыр» ансамблі ауылдан алыс, ақ мұхит асып шетел сахнасында сан мәрте өнер көрсетуді, шетелдік ханымдар мен мырзаларға мырза көңіл қазақтың ән-күйін насихаттап, оның иірім-оралымына ой тастатуды арман-мақсат тұтады. Болашақта керегесі күймен күрмеуленген «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің ұлттық нақыш бояуын қанықтандырған үсті қанықтандыра түсіп, сыбызғы-сырнай сазын сайын дала сарынымен ұластыра беру жолында ұжым директоры, әнші Динара Кемелхан мен ұжым мүшелері көп еңбектеніп келеді. Ансамбль ұжымының ендігі кемелді ойы, ол – «Отырар сазы», Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестріндей ордалы ұжымның ұлағат жолын ұлықтай жүріп, «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің өзіндік өрнегін, ұлттық қолтаңбасын өнер әлемінің көкжиегінде қалдыру. Осы жолда ансамбль репертуарлары тағы бір сүзгіден өтіп, ең гауһар саналатындары сара көңіл, талғампаз ойлы ел-жұрттың сабасына жол тартпақ. «Таймас» баспаcының редакциясы. 14
Ұлы халықтар тарихын ісімен, сөзімен және өнерімен жазады. Джон Рескин
Болат Әбішұлы НАЗАРБАЕВ – «Парасат» орденінің иегері, Алматы облысының Құрметті азаматы, «ҮШҚОҢЫР» ФОЛЬКЛОРЛЫ-ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ АНСАМБЛІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ ЖӘНЕ ДЕМЕУШІСІ 16
АЛҒЫС ХАТ Құрметті Болат Əбішұлы! Күні кеше ғана көпшіліктің көл-көсір бата-тілегімен тұсау кескен «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблі бес белесті бағындырып, алдағы асқар асулардың арда жалына жармасты. Иə, ансамбль аз уақыт ішінде көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтар болсақ, тұңғиықта тұншып жатқан «Жекен жар», «Құрбым-ай», «Ағажан-порым» сынды туындыларды халық жадына оралтты. Ұрпаққа ұран болар патриоттық көркем шығармаларды кеңінен наихаттауға атсалысты. Өнерлі өрендердің өркен жаюына себепші болды. 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткен облыстық «Ғасырлар үні» – фольклорлы-этнографиялық ансамбльдері- нің байқау-фестивалінде Бас жүлдені қанжығаға байласты. Басқа да байқау- фестивальдердің ең алдыңғы тұғырынан көрінді. «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің осындай үлкен жетістіктерге қол жеткізуі жолында Сіздің сіңірген еңбек есепсіз, төккен тер телегей теңіз. Сондықтан, Сізге мың да бір алғыс айтамыз! Еңбегіңіз еселене берсін! Ер қалпыңызды ер үстінде көрейік! Ізгі тілекпен: «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблі ұжымы. 2020 жыл, Қаскелең қаласы. 17
ҚҰТТЫҚТАУ ХАТТАР Амандық Ғаббасұлы БАТАЛОВ, Алматы облысының әкімі 18
Құрметті «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің шығармашылық ұжымы! Фольклор – рухани мәдениеттің маңызды бөлігі, көркемдік ой-толғамының пәрменді нысаны, эстетикалық дарыны мен талғамы, ел руханиятының шоғырлы көрінісі. Жетісу өңірін ақындар мен батырлар елі деп танығаннан кейін бабалар өнері келер ұрпаққа жалғасып жатуы керек. Бүгінгі күнде облысымызда 88 «Халықтық», «Үлгілі» атағы бар өнер ұжымдарының саны мен сапасы жыл сайын артып, елімізде өтетін барлық мәдени шараларға атсалысып, жүйелі жұмыстар атқаруда. Осының ішінде «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің алар орны ерекше. Осы өнер ұжымдары арқылы қаншама жастар тәрбиеленіп, республикаға белгілі өнер иелеріне айналды. Халық арасынан жас таланттарды анықтап, жолын ашып, ауыл елінің рухани тұрмысын арттыру мемлекетіміздің басты мақсаттарының бірі. Ауыл мәдениетін көтеріп, олардың материалдық-техникалық жағдайларын арттыру жөнінде арнайы шыққан Қазақстан Республикасы мәдени саясатының Тұжырымдамасында да нақты айтылған. Осыған орай, 2015 жылы Қарасай аудандық «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблі ашылған еді. Бес жылдың ішінде Алматы облысы атынан халықаралық, республикалық өнер байқауларына қатысып, талай мәрте топ жарып, жүлделі орындардан көрінді. Республикалық телеарналар өткізген концерттерде «Үшқоңыр» фольклорлы- этнографиялық ансамблі жиі қатысып, халыққа ұлт өнерін насихаттап келеді. Халықаралық маңызы бар шараларда да өнер ұжымы тыс қалып көрген емес. «Түріксой» халықаралық ұйымымен бірлесе өткізген мәдени шаралардың барлығына да «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблі қатысып, бүгінгі күні жаңа жағынан танылып, репертуарлары жаңарып, онлайн-концерт, онлайн-сабақтар жүргізіп, көрермендері көбейіп, халық ризашылығына бөленуде. Алдағы уақытта бұл ансамбль әлі де шығармашылық биіктіктерді бағындырып, облыс өнерпаздарының алтын ұясына айналады деген ойдамын. Халық бар жерде өнер төрде болады. Халық игілігіне жасалып жатқан игі істеріңізге сәттілік, өнер ұжымына шығармашылық толағай табыстар тілеймін! 19
ҚҰТТЫҚТАУ ХАТТАР Мәрлен Қапашұлы КӨЛБАЕВ, Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы 20
Құрметті «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің ұжымы! Тарихы тереңге жайылған қазақ халқының дәстүрлі музыкалық мұрасын көпшілік қауымға насихаттау, оның ішінде ұлттық өнердің дамуына зор үлесін қосып жүрген «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің бүгінгі 5 жылдық мерейтойы құтты болсын! Жалпы облысымызда өнерге деген құрмет пен қолдау ерекше. Жыл сайын өнер ұжымдарының материалдық-техникалық жағдайлары жақсарып, қажетті штат бірліктерімен толықтырылып келеді. Бұл игі шараға жергілікті жердің белгілі тұлғалы азаматтары атсалысып, халық үшін игі істерден аянып қалған емес. «Ауылына қарап азаматын таны» деген тәмсіл бекер айтылмаса керек. Сүйінбай, Жамбыл аталарымыздың ізі қалған бұл өңір өздерінің өнерге деген құштарлығымен таңғалдырып келеді. Бұл сөзімнің нақты дәлелі ретінде, бүгін алғашқы мерейтойын атап өтіп отырған «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблін айтар едім. Ансамбль репертуарлары дәстүрлі әндер мен жырлар, халық билері негізінде құрылған. Халықтың сүйіп тыңдайтын әндері мен күйлерін өз шығармашылықтарына алтын арқау етіп келеді. Облыс әкімінің қолдауымен штаттық бірліктер беріліп, өнер ұжымы кәсіби мамандармен қамтылды. Ансамбль репертуарлары халық және жергілікті композиторлардың шығармаларымен толықты. Бүгінде облыс әкімінің қолдауымен қайта жаңғырған «Үшқоңыр» фольклорлы- этнографиялық ансамблі өнерсүйер қауымға үлкен рухани азық беріп, көрермендерін шексіз арман-қиялдарға жетелеп, көптеген мәдени шараларға белсене қатысып, облыс, республика тарапынан талай марапатқа ие болды. Алдағы уақыттарда да жаңа репертуарға толы концерттерді күтеміз. Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылық табыстар тілеймін! 21
ҚҰТТЫҚТАУ ХАТТАР Жандарбек Ермекұлы ДАЛАБАЕВ, Қарасай ауданының әкімі 22
Құрметті «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің ұжымы! Сіздерді, қасиетті Қарасай ауданының атын алысқа шығарып жүрген ансамбльдеріңіздің 5 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Қазақтың әуезді әндері мен күмбірлеген күйлері, жалпы халықтық музыкалық мұрасы ежелден оның өзімен бірге жасасып келеді. Сондықтан да фольклорлық музыка біздің рухани байлығымыз, ой-санамызға сәуле түсірер құдіретті күш. «Үшқоңыр» ансамбілі өнердің өре жолында өзіндік орнын айрықша айшықтай білген, ел-жұртты қоңыр әуезді халықтық ән-күйдің бастау бұлағымен сусындата білген ұжым. Жер жаннаты Жетісудағы «Үшқоңыр» ансамблі талай рет халықаралық, республикалық байқауларда топ жарып, ауыз толтырып айтарлықтай жүлделі орындарды иеленді. Телеарналардағы үлкен концерттерде де өз өнерлерін ортаға салып, көрерменнің көзайымына айнала білді. Әрине, бұл біз үшін, бұқара халық үшін құптарлық та қуанарлық іс. Құрметті «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблі ұжымы, мен Сіздерге келешекте де зор шығармашылық табыстар тілеймін! Ел үмітін ақтап, алғыс-абырой арқалап асқар биіктерге өрлей беріңіздер! 23
ҚҰТТЫҚТАУ ХАТТАР Айжан Нұрділдәқызы НАЗАРБАЕВА, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары 24
Құрметті «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблі ұжымы! Сіздерді шығармашылық жолдарыңыздың жемісті де жеңісті, берекелі де мерекелі күндерімен шын жүректен құттықтаймын! Иә, қазыналы Қарасай ауданының қазынасына қазына қосып келе жатқан біздің өңірімізде жеке кәсіпорындар, жеке тұлғалар, айтулы азаматтар көп. Солардың ішінде Сіздердің, яғни «Үшқоңыр» ансамблінің алар орны ерекше. Өйткені, Сіздер өмірді өлеңмен өрнектеп, әнмен әлдилеп келесіздер. Сіздер келешек ұрпаққа рухани байлық сыйлап, төл өнеріміздің жүгін өрге жүздіріп келесіздер. Сіздер қарт тарихтың қатпарында қалтарыс қалып бара жатқан жауһар дүниелерді қайта тірілтіп, туырлықты елдің қанжығасына байладыңыздар. Сіздер ұрпаққа ұран болар – ұлағаттылықты, ұлғаттан туындар ұлылықты және отансүйгіштік сезім-қасиеттерді әлди әнмен, күмбір күймен дәріптеп келесіздер. Міне, осынау еңбектеріңіз үшін Сіздерді әрқашанда құрметтеп отыру біздің басты міндет- парызымыз. Негізінен, ақ теңіз ақпа күйдің, түрен көк төкпе күйдің түп-төркіні біздің қазақ халқының қабырғасына телінсе керек. Әннің де әулие-әнбиесі, бар киесі қазақтың қақ төрінен түлеп ұшып, ұшан көк аспан төрін тербеп әкетпегі де бесенеден белгілі. Сонымен, сол әсем ән, тәтті күйдің керуен-көшін бастап келе жатқан Сіздерге шығармашылық ізденіс, толағай табыс тілеймін! 25
ҚҰТТЫҚТАУ ХАТТАР Күлжан Әділханқызы ДҮЙСЕНОВА, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары 26
ӘРБІР АТҚАН АҚ ТАҢДА АРМАН ӘНМЕН ОЯНАТЫНБЫЗ Арман әніміз – айдарлы аудан «Қарасайдың» төрінен бір ән-би ансамблін құрсақ деген ой еді. Ойымызды ортаға салып, ансамбльдің болашақ бағыт-бағдарын ойластыра бастадық. Алдымен ансамбльдің басты мақсаты – ұлттық нақышта болуы тиіс. Екіншіден, ансамбль құрамы арнайы білім алған музыкант, әнші-күйшілерден құралуы тиіс. Үшіншіден, репертуар қоры бай, ауқымы кең, әртүрлі музыка жанрларымен толығып отырмағы жөн. Осындай қадау-қадау ойларды ортаға салдық. Музыкалық аспаптардың, сахналық киімдер мен бұйымдардың сапалысына тапсырыс беріп, аз уақытта оларды алдырта бастадық. Осы жерде Қарасай елін, Қазақ елін әнге бөлейтін ұжымды өз қамқорлығына алып, қолдау танытып жүрген, болашақ ұрпаққа қуаныш, мұра сыйлауға асық ағамызға: «Құрметті Болат Әбішұлы! Ел ішінде өзіңіздей азаматтардың көп болуын тілейміз. Есен жүріңіз»,– деп, ұжым атынан алғыс білдіреміз. Кеше ғана тәй басқан ансамбльдің бұл күнде өз жолы, шықпақ биігі бар. Өнер өлкесінде өз орны бар деген ұжым атаулының ішіндегі бірден-бір бірегейі. Репертуарының басым бөлігі ұлттық, патриоттық сезімге жетелейтін шығармалар. Осындай ерекшелігі арқасында бірнеше облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы атанды. Жеңісті күндерді жалау еткен «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблін белесті 5 жылдық мерейтойымен құттықтаймын! Өнер ұжымына толағай табыс тілеп, алар асуларыңыз әлі алда, арындай түсіңіздер демекпін. 27
ҚҰТТЫҚТАУ ХАТТАР Махаббат Сәдуақасұлы БИГЕЛДИЕВ, «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің негізін қалаушылардың бірі. 28
АТА ӨНЕРІ – БАЛАҒА МҰРА Осы мұралы сөзді сындарлап айтқан мұртында қолы, жұртында жолы қалатын қалың ел қазақтың өзі. Өйткені, арқалы Алатау төсінде қайтіп тыныш жүре аласыз? Әрине, тыныш жүрдім деген күннің өзінде өгізге жүк болардай ой арқалап ойға түсесіз, қиял құшып қырға беттейсіз. Міне, біздің де қырға қарап қызғалдақ терер көктем күндеріміз, – 2016 жылы басталыпты десе болар. Сол аталмыш жылы мен Қарасай ауданының әкімі қызметіне тағайындалдым. Табан тоздырып, маңдай терлетпесең, ел қамын өрге өрлетпесең әкім болғаннан абырой не. Сондықтан да ауданның айнасына айналатын бір белді де белгілі ансамбль қажеттігін білдік. Иә, әр ауданда өзіне тиесілі әжептәуір ансамбльдері болса болған шығар, бірақ Қарасай ауданында ондай желкен жайған, жеке атау-айдарлы ансамбль бола қойған жоқ. Сол кемшін тұстың керегесін көтермекке бел будық. «Көзсіз жұмсаған – күш арам, Көріксіз істелген – іс арам» демекші, өмірге көрік іздеп, өнерге бөрік іздеп, туырлықты елдің туын тіктей түспек ниетпен, Б. Әбішұлының бастамасымен, «Үшқоңырдың» іргесін қалай бастадық. Бір күні Бөкең-Болат ағамыз: – Оу, Махаббат бауырым, ауданның айнасы болатын ансамбльдің шаңырағын көтерейік, ел ішінде жүрген талантты жастардың жақсы өнерін жұртқа жария етейік, ел-жұртты ән-күйге бір кенелтейік. Қаражат жағын мен қарастырайын, қанша керек болса соншасын табармыз, қысылма», - дегені қолға қамшы алдырды. Содан қадам ұзарып, қалам ұзарып, ұлан-байтақ өлкенің бар аймағына хат жаздық, хабар салдық. Көмейінен ән, саусағынан күй төгілтер жандарды іздеп, бірнеше рет байқау өткіздік. Байқаудың басы-қасында бізбен бірге айтыскер ақын Ермек Жұматай, сазгерлер Бағлан Омаров, Бауыржан Есебаев, қобызшы Күлжан Әділханқызы, күйші Еркін Рақымов, әнші Саят Медеуов сынды азаматтар жүрді. Олардың бәрі де өзінің төрелік ойының төрінен түскен жоқ, байқау кезінде әділ қазылар алқасында әділдік танытты. Топтаса шапқан топ ішінен Қуандық Рақым, Ерғали Ағайдар, Айсәуле Қайырғазина, Ақерке Құрбан, Бексұлтан Әлімбек, Эльдар Омаровтай таланттыларды таңдап алды. Содан соң-ақ ансамбльдің жеке репетуарына арнап Талғат Сембаев, Бағлан Омаров, Қуаныш Жұмағали, Бауыржан Есебаевтар жаңадан-жаңа шығармалар жаза бастады, оны өздері өңдеп, өздері нотаға түсіріп, сүзгіден сан өткізіп, сан алуан тер төкті. Болат Әбішұлы әрқашан әкелік қамқорлығын аямады. Сахнаның шегесінен бастап, өнерлі жандар өршелене түссін деп, домбыра, қобыз, сыбызғы, сырнай, шертер аспаптарының айтулысын алыс- жақыннан алдыртты. Алыс-шалғай гастрольге шығарда жол қаражатты да қалтасынан қағып берді. Ал, қарлығаш қанат қарындас-інілеріміз шығармашылық жолда шабыттана жүріп қуантты. Сол қуанышты сәттерін әлі де көріп, кейде баладай, кейде данадай қуанып қаламын. Сондықтан да бар қуаныш-тілегімді бір құшаққа жиып әкеп: – Қадамдарыңыз қарыштап, қанаттарыңыз қатая берсін! – демекпін. 29
Өнер – жанның табан ет, маңдай термен сығып алған шырыны. Теодор Драйзер
«ҮШҚОҢЫРДЫҢ» ХАТ ҚОРЖЫНЫ Ермек ЖҰМАТАЙ, айтыс ақыны ҮШҚОҢЫР ЖЫРҒА АЙНАЛЫП... («Үшқоңыр» ансамблі ашылған күні туылған жыр) Аман ба, елім, аман ба, Халықтың басын құраған, Сәлем бердім жаранға. Қасиет қонған Нұр ағам. Бүгінгі ұлы күнге арнап, Сүрлеуден өткен сүрінбей, Қуанып шықты балаң да. Салиқалы ұлы адам. Арнап алғыс айтамын, Дұшпаның көп сыртыңнан Бүгінгі мынау заманға. Сыйластығыңды сынаған. Ынтымақ пен бірлігі Іріткі түскен елдер көп, Жарасқан мынау қоғамға. Жалауы жерге құлаған. Босқыны қашып бел асып, Алты Алашты, бір Алла Баласы боздап жылаған. Жаратқан дейді туыс қып. Ынтымақ елде ырыс-құт, Тілеуі бір туыс боп, Қазақтың жері дін аман. Шын ниетпен ұғыстық. Жеңіске жетер бірлікті ел, Жарасым тауып жалпы жұрт, Бәріне соның шыдаған. Жеріме қонды ырыс-құт. Жыламасын деп бір адам, Бақытты болып баршаңыз, Аман қылсын халқымды, Баянды болсын тыныштық. Алладан медет сұраған. 32
Жаратқан соң сері ғып, Ағалар аман тұрғанда Жырлайық онда төгіліп. Алаңдар бізге жөн бар ма? Қарасай елім, армысың, Сүйенерім, сен елім, Отырған тыңдап беріліп. Құшағы құт, кең елім. Жұмақтай жерің жерұйық, Арқасында Алатау Алатау жатыр керіліп. Қарасай, елдің төрі едің. Батыс беті қарағай, Өрендерің алдыңа Бұрымды қыздай өріліп. Арнап шықты өлеңін. Алатаудан күн шықса, Ағаларға рақмет, Бірінші сізге көрініп. Өнерді жүрген өсіріп. Қарасай жері – қасиет, Қарасайға мың алғыс, Топырағы алтын, жері – құт! Жағасы – жайлау, төсі – құт. Осындай күнде «Үшқоңыр», Қазақтай кие ел бар ма, Тұсауы жатыр кесіліп. Қазақстандай жер бар ма? Сүйінші Елден сұраймыз, Жарасым қылып бір-бірін, Жалпы жұртқа жар салып, Жаратқан ием, берді Алла. Осы күнді аңсадық. Жарасым тапқан дәл бүгін, Күйшілер күйі күмбірлеп, Әлемде бізге тең бар ма? Әншілер жырдан бал тамып. Астана тұрар асқақтап, Үшқоңыр жырға айналып, Алашты жұртым сен барда. Тыңдарман жүрсін тамсанып. Ерінбей еңбек етейік, Ұлы өнер үшін енді алға. 2015 жыл 33
Дүниеде кедейлік жоқ өнерпазға... Міржақып Дулатұлы
АҚ ТІЛЕК ЛЕБІЗДЕР Мақпал – «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблі құрылғанын ЖҮНІСОВА, естіген кезде, халқымыздың мәңгі өлмейтін ән-күйін дәріптей түсер Қазақстанның халық бір ұжым қатарға қосылды деп қуанған едік. әртісі Қуанышымыз, шүкір, қойнымызда, қолпашымыз – қос алақанда. Алақан соғып, алаша төс Алатаудағы ансамбльдің ән кештерін көріп, көзайым болып жүрміз. Әрине, әндері әсерлі, күйлері күмбірлі. Мың бұрала би билеген қыпша бел қыздар таудың сәмбі талындай майысып тұр. «Үшқоңырдың» үш әншісі емес, бір әншісі әу десе әлем біткен әлди бесікте тербелетін сияқты. Адам жанын тербетіп толқытар осы жолдан таймаса, «Үшқоңырлықтардың» әлі талай белестерді бағындыратынына сенімдімін. Өйткені, «Үшқоңыр» ансамблінде арманы асқақ, талабы таудай талантты жастар көп. Иә, қазақ өнерінің бірегей жанашыры Болат Әбішұлы ағамыздың шапағатын көріп жүрген өнер ұжымына, еріншектікпен елдеспей, тек үлкен ізденістер арқасында шығармашылықтарыңызды шыңдай беріңіздер дегім келеді. Мерейтой құтты болсын! 36
– Қазақ өнері сахнасында ұлттық аспаптар сүйемелдеуімен Жамағат халық әндері мен күйлерін нақышына келтіріп орындаудың ТЕМІРҒАЛИЕВ, көшін бастап келе жатқан екі оркестр бар. Оның бірі – Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық Қазақстанның халық аспаптары оркестрі, екіншісі, Н.Тілендиев атындағы еңбек сіңірген Қазақтың мемлекеттік академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі. Екі алып оркестрдің де іргесін қалаушылар қайраткері екі алып – Жұбаға мен Нұраға. Ахмет Жұбанов пен Нұрғиса Тілендиев. Екі тектінің тізгінін қолдасып, ізін жаңғыртып іле-шала көптеген ансамбльдер, оркестерлер өмірге келді. Кейбірі көптеген себептермен сахна сыртында қалып қойды. Мұны айтуымыздың себебі, қандай да бір ансамбль, оркестр болсын, оларға алдымен өмірде ымырашылдық, өнерде ізденімпаздық, шеберлік, жанкештілік қажет. Ал репертуар қоры, оның мән-мағыналығы, өзіндік өрнек- айшықтығы о бастан нақтыланған болуы керек. Осы құндылықтардың бірі кемшін түссе анау айтқан ансамбль, оркестр дегеніңіздің басы құралмайды. Тасы өрге домаламайды. Сондықтан ымыра бар жерде ырыс барын «Үшқоңыр» ансамблі үш ұйықтаса да естен шығармағаны абзал. Абзалы, «Үшқоңырдағы» жас буын өнерпаздардың ынтымақ- бірлігі, ізденіс-еңбегі барына көз жеткіздім. Концерттерінде болдым. Әбден жауырланған жадау, көшірме дүниелерге бой ұрмай, репертуарларының ауқымын жаңа жазылған патриоттық тұрғыдағы шығармалармен қалыптастырып алған. Бұл бір жақсы ерекшелік. Тағы бір ерекшелігі: орындалар шығарманың астарын ашарда асатаяқ, шаңқобыз, сырнай үндері орнымен үндесіп, құлақ құрышын қандырады. Артық-ауыстыққа, кемшіндікке бармайды. Мінеки, бұған қуанасың. Сөйтіп, сонау Сүйінбай, Жамбыл, одан бергі Нұрғиса Тілендиев, Кененбай Қожабеков, Бақыт Әшімова, Қанағат Қарашев, Қанипа Бұғыбаевалар бұлағын емген Жетісу жеріндегі Үшқоңыр өңірінің өнерлі жастарына, өнердің жүгін жүктеген «Үшқоңыр» ансамбліне амандықпен ақ жол тілеймін! 37
АҚ ТІЛЕК ЛЕБІЗДЕР Ақан – «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің ел игілігі Жылқышыбайұлы жолында еңбектеніп келе жатқанына бес жыл. Бұл бес жылдың бедері ӘБДУӘЛИЕВ, де, берері де көп. Олай дейтініміз, «Үшқоңыр» ансамблі ақ дауыл- Т. Жүргенов борандарда өмір көшін алға сүйреп, ауыл кешін көңілді күйге бөледі. атындағы Күй сазы күмбірлеп күрең дала төсін иінтіп, изен бүрін бөріктіре Қазақ ұлттық түсті. Жусан иісін аңқытты, шар аспанды шалқытты. Халқымыздың өнер академиясының түпқазығы – халық әндері мен күйлерін көбіне-көп дәріптеп, оның ректоры, өміршеңдігін сақтауға атсалысты. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жаңа лепті, жаңа мазмұнды патриоттық шығармалармен жас ұландарды жарқын өмірге бастай білді. Әлі де жасампаздықтың жалауын жоғары ұстап келеді. «Мал жұтайды, өнер жұтамайды», – дейді хакім Абай. Хакімнің сөзін хат көрген Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы, Алматы облысының Құрметті азаматы Болат Әбішұлы, Қарасай ауданының сол кездегі әкімі Махаббат Сәдуақасұлы осынау өнер үшін өрге шапты, терге бөкті. «Үшқоңыр» ансамблінің ажарын ойлап, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар дейтіндей өнерлі жандардың басын бір шаңырақ астына жиды. Оларға барынша көмек қолын созды. Көкейде тұнған сырын сырнай үнімен үндестіре білулеріне сеп болды, себепші болды. Иә, түу тереңде тұншығып жатқан бұлақ көзін ашып, оның бұйрат теңізге жол тартуына сеп болу – көрегенділік пен тектіліктің белгісі болса керек. Сонымен, табалдырығы тағылымнан қаланған «Үшқоңыр» ансамблінің ұжымына, ұжымның жанашыр жандарына жақсылық атаулының бәрін тілеймін. Өнер жолында өрге жүзе беріңіздер! 38
– Әр заманның өз ағым арнасында көш бастайтын көсемдері, Рамазан сөз бастайтын шешендері болған. Ел қадірін білетін, жер қадірін СТАМҒАЗЫ, білетін, сөз қадірін білетін сол абыздардың асыл сынығы – баһадүр батырлар кең ортада небір жезтаңдай әншілерін, дәулескер Қазақстан күйшілерін, айыр тілді ақын-жырауларын алға салып, соларға сүйеу Республикасының болар сыр танытып, ұшарында ұлықтап, қонарында қолпаштап еңбек сіңірген әртісі өткендігі хақ. Өйткені олар, ұлттың тілін, ділін дәріптейтіндер – ақын-жырау, әнші-күйшілер екенін о баста білген. Мұны тілге тиек етіп отырғандағы себебім, бүгінгі әрбір өнер өкілі де, қалам қайраткері де қоғамның қора жүгін арқалап, қоғам үшін айна болуы тиіс. Осы ұстанымды «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблі ұстана білсе деймін. Міне, кеше ғана кереге жайған «Үшқоңыр» ансамблі бес асудың белесінде тұр. Осы жылдар ішінде ел-жұртты ән-күйге, өлең- жырға сусындатып, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап келеді. Көмескілене бастаған көп дүниелерді қайта жаңғырту жолында тынбай еңбектеніп, көптен айтылмай кеткен ән-жырларымызды, ақпа-төкпе күйлерімізді ел-жұртқа шапан жауып қайтаруда. Өнердің қамытын киген жастар мына заманда, қос өкпеден «нарық» қысқан уақытта, қаржы-пұлға қарқ болмаса да, қолдан қасиетті домбырасын тастамай, қарт қобызын құшақтап, тарих қойнауындағы небір асыл маржан дүниелерді сүзіп алмаққа ниетті. Ниеттері негізін берсін. Негізінен, «Үшқоңыр» ансамбліндегінің бәрі менің шәкірттерім болған. Қазақ ұлттық консерваториясында білім алған. Қазіргі күні әріптестеріме айналды. Олардың арасында Алуа, Марта, 39
АҚ ТІЛЕК ЛЕБІЗДЕР Айсәуле, Нариман, Ерғали шәкірттерімнің орны бір төбе. Ләззат есімді шәкіртім орны бір төбе. Ләззат Жанаманова – менің алғашқы шәкіртім. Қолдағын қолдаса кетер қайырымды қарындасым. Өмір мектебін, өнер мектебін көрген, білген-түйгені көп жан. Білген-түйгені арқасында Сүйінбай атындағы облыстық филармонияда қызмет атқарып, сонымен қатар жас буынға тәлім-тәрбие беру мақсатымен педагогика саласына да бой ұрды. Үнемі ізденіс үстінде. Әрине, адамды адам етер еңбек, өнерді өрге сүйрер өрен жұрт қой. Әлгі алтындай аптап, күмістей күптеген құйма өнердің халық бағасын біледі. Сондықтан, қазіргі идеология – халықтық идеологияны, Ұлттық идеологияны насихаттап жүрген, ғасырда бір туар Қабан жырау, одан бергі Сүйінбай, Жамбыл, Кенен, Үмбетәлі, Өмірзақ, Қапез, Рыскелді, Шалтабай, Көдек, Пішән, Әбдіғали, Әсімхан, Нұрғиса сынды сүлейлердің туындыларын ту еткен, ағаның алдын көрген, атаның батасын алған, алдыңғы толқын ағаларды табандап келе жатқан «Үшқоңыр» ансамбліндегі бауыр-қарындастарыма, әріптестеріме, шәкірттеріме шын жүректен табыс тілеймін. Дәстүрлі әннің дәтін қашырмай дәріптеп жүрген әріптестерім! Алда биік асулар, өр өзен, шағыл құмдар бар. Шағыл құмнан шаршамай өтіп, өнердің биігіне өрлей беріңдер. Абыройларың асқақтап, Алла Тағала ауыздарыңа ән салсын! 40
– Толстойдың Ясная полянасы, Абайдың Жидебайы, Бауыржан Мұқағалидың Қарасазы бар. Осындай адам санасында салмағы ЕСЕБАЕВ, небір алып мегаполистермен қатар тұратын, аты алпауыт ұландарымен бірге аталатын атаулы аудан, ауыл-аймақ, Медиен- сазгер Мекке мекендер бар. Мінеки, қалың қатпар қойнауына, кең төсіне естіген ел аңсап жететін, жете алмағаны тамсап өтетін, «тарихы жұмақ мекендер» санатына Қазақ еліміздің, Елбасымыздың Үшқоңыры да қосылды. Осындай ел-жұрт қызығып та қызғанып қарайтын жеріміздің атын, еліміздің қуанышы мен шаттығын «Үшқоңыр» ансамблі әлемге әйгілеп келеді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының бауыры, айтулы азамат Болат Назарбаев ағамыздың арманымен, демеуімен өмірге келген ансамбль – кереметтей күміс көмей әншілермен, мың бұралған бишілермен, күй төккен күйшілермен жасақтанған ансамбль. Расында Сүйінбай, Жамбыл, Нұрғиса, Әсеттердің ән- жырымен сусындап өскен елдің талантымен бірге, талғамы да жоғары екендігі көз жанарынан көрініп тұрады. Есімде, сол талап-талғамды «Үшқоңыр» ансамблінің іргесі қаланар кезде байқадық. Бірде Қарасай ауданының әкімі Махаббат Сәдуақасұлы сабырмен келіп бізге талап қойды. Бізге қойылған талап, берілген тапсырма – болашақ ансамбльге қосымша әншілер қабылдау және репертуармен қамтамасыз ету еді. Өйткені, осынау орасан салмағы бар шаруаны өнер адамдарының қолдауынсыз бір ғана басшының іске асыра қоюы мүмкін емес еді. Біз ансамбльге әншілер қабылданатыны туралы Қазақстанның қаласы мен даласына, музыкалық оқу орындарына хат жібердік. Додалы кастинг ұйымдастырдық. Додалы кастинг күні Махаббат Бигелдиев, Бағлан Омаров, Ермек Жұматай, Саят Медеуов, Қуаныш Құрманбаев сынды майталмандардың алдынан өткен жеті жүзден астам таланттан, жеті ғана «жүзден жүйріктер» қабылданды. Міне енді сол жүйріктеріміз, өнері асқандарымыз сахна төрінде ән шырқап, із қалдырып келеді. Бәрі де қуанышты. Мен де осы ансамбльдің репертуарына деп әндер жазып, із қалдырғаныма қуаныштымын. Қуаныштарыңыз, қуаныштарымыз көп болсын, достар! 41
АҚ ТІЛЕК ЛЕБІЗДЕР Бағлан ОМАРОВ, – 2016 жылы Қарасай ауданының әкімі сазгер М.Сәдақасұлының шақыруымен осы «Үшқоңыр» ансамбліне көркемдік жетекші болып келдім. Дәл сол күндері ансамбль құрамын әнші-күйшілермен толықтырсақ деп, кастинг өткізбекші екен. Кастингке жер- жерден, арнайы музыкалық оқу орындарынан жиналған адам саны төрт жүз, бес жүздің үстінде. Бәрі де «сен тұр, мен атайын» деп тұрғандар. Махаббат ағамыз басшы болып, Б. Есебаев, Е. Жұматай, С. Медеуов және мен қосшы болып, байқау- кастингтің кілтін қолға алдық. Соның ішінен Айсәуле Қайырғазина, Ерғали Ағайдаров, Қуандық Рақымдар ә дегенде көзге ілікті. Содан ансамбль ісіне бел шеше кірістік. Ансамбльге дуэт керек деді, дуэт құрдық. Трио керек деді, трио құрдық. Квартет керек деді, квартет құрдық. Жеке дауыстағы ән орындаушылардың дауыс диапозонына қарай шығармалар таңдастық. Ермек, Бауыржан, мен бар, бір ай ішінде ансамбль репертуарына арнап жаңа әндер жаздық. Жаңа әндермен жаңара отырып сол жылы «Астана күні» мерекесіне шашу ретінде, аудан көлемінде өтетін концерттік бағдарлама дайындадық. Концерт өте жақсы деңгейде өтті. Оны көрермен қауымның қол шапақ- құрметінен білдік. Алақай көңіл дүрмегімен қанаттанған ансамбль түрлі жиын-байқауларда төбе көрсете бастады. Есімде, Қуаныш Жұмағалидың Құрманғазы атындағы консерваторияның концерт залында өткен елу жылдық мерейтойлық ән кешіне қатыстық. Кеште небір дүлдүлмін дейтін өнер ұжымдары өнер көрсетті. Біз де қарап қалмадық, әнімізді әуелетіп, күйімізді күмбірлете төктік. Дүйім жұрт дүркірете қол соқты. Дүркірей жөнелген жұртқа бас иіп, ауылымызға ақ жаңбырдың астында қалғандай әсерде келдік. Тағы бірде Ұзынағашқа бардық. Күйіміз кереге керіп, әніміз аспандап барып басылғанда, көпшілік ел «көп жасағырлап» қала берді. Онда да Алланың ақ жауыны жамырай келіп арқа жапқандай еді... Сондағы көрген елдің кейбірі «Үшқоңыр» фонограммамен ән айтып, күй тарттыға» сайып, біртүрлі күйде жүрді. Көрген жерде әлі сол «фонограмма ма?..» дегенді айтып қоймайды. Көкем-ау, о заманда бұ заман фонограммаға сүйенген фольклорлық ансамбльді 42
көріп пе едіңіз. Ендеше, бұл да бір ансамбльдің қаса орындаушылық шеберлігінің шыңы болса керек. Ансамбльдің алғашқы әнсапары Болат ағамыздың нағашы жұрты, бұрынғы «Қасық», бүгінгі «Әлжан апа» ауылынан басталды. Бастаған Болат ағамыз. Бөкем нағашы жұртын әнге бөлеп қайтқысы келген екен, екі етпедік. Дегенмен дегерес таулы бөктерге құрқол барған ұят. Ұятты ойлап, Қалиев Серік досыма Әлжан апаға арнап ән сөзін жазып бер деп қолқа салдым. Ол ән сөзін жазып бере қойды. Ал енді көкейдегі үн ән болып сыртқа шыға қойса ғой, ары- бері сенделтіп жүргізді де қойды. Қойшы, әйтеуір, бошалатудай бошалатып келіп, ертең концерт деген күннің сәске түсінде ән туылды. Оны түн бойы әрлеп, Динара Кемелханға айтқыздым. Сол кезде оның ай-күні жетіп босанайын деп отырған, сонда да әнімді айтуға тырысты. Одан келіп Ақерке Құрбанға қайыра айтқыздым. Бірақ сол концерт кешінде ән айтылмай қалды. Пісуі жетіспеді, әттең... Кейіннен осы «Әлжан ана» әнімді әншілер жиі айтып жүр. Бәрінің де ардақтысы ана болғандықтан, әрине. Сөйте-сөйте ансамбль репертуарына деп біраз ән жаздық. Соның бірі «Ауылды аңсау». Тағы да Серікке «Самалы Шамалғанның желпігендей...» болып келетін сөз жазып берші дедім. «Ауылды аңсау» – Арқаның аязына арқа тосып, Жетісудай жер жаннаты– туған жерінен жырақ, сағыныш сезімде жүрген Елбасы Нұр ағаның көкірек көзіндегі ойды көңілге түйгендіктен туылған ән. Әннің бір жолында «Анам солай сипайтын маңдайымнан, Мен сапардан сағынып оралғанда» деген шумағы бар. Неге екенін білмеймін, осы шумақ тіл ұшына келгенде көзіме кермек жас үйіріледі. Кеудемді бір сарқылып бітпес сағыныш сазы тербетеді де тұрады. Иә, аяңдап жүріп «Үшқоңыр» ансамблінде азды-көпті қызмет атқардық, береке-бірліктің бесігін көрдік. Өткен күндер «Үшқоңыр» ұжымының ұясына ұялы ой, жан тебірентер жақсы әндер ұялатты. Ұшқан ұямыз, қонар тұғырымыз – «Үшқоңыр» ансамблі ұжымына ұзақ өмір, табысты күндер тілеймін. 43
АҚ ТІЛЕК ЛЕБІЗДЕР Гүлнар, Гүлмира – Мен алғаш «Үшқоңыр» фольклорлы- ҒАББАСОВАЛАР, этнографиялық ансамбліне өзіміздің Т.Жүргенов Қазақстан атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында оқыған Республикасының шәкіртім, Медет Ағабыловтың ұсынысымен келдім. Мәдениет Медеттің алдыға қойған мақсаттары, «Үшқоңыр» қайраткерлері ансамбліндегі болашақ жұмыс жоспары, таңдап алған сахналық қойылым тақырыбы қатты ойландырды. Қызықтырды. Келісім бердім. Би қойылымы кезіндегі ерекше бір көріністерді ерекше атап өткім келеді. Ол – «Үшқоңыр» ансамбіліндегі биші қыздарымыздың көз жанарындағы жасындай жарқылдаған от, тұла бойларындағы қаршыға құстай құлшыныс, өмірге, өнерге деген құштарлық, алғы күндерге иек артқан иен тегін сенімділік. Осы жағы маған аса керемет ұнады. Өзімнен дәріс алған биші шәкірттерімнің шеттерінен шиыршық атып тұрғанын көріп, қуанып қалдым. Әрине, алғашқы дайындық жұмыстары кезінде бірталай қиыншылықтар көп кездесті. Өйткені, қыздардың арасында балет биінің базалық мектебінен дәріс алмағандары да болды. Дегенмен бұлшық ет, дене бітім сүйегі балғын қыздар бұл тығырықтан тайсалмай, қанатын отқа шалдырмай сахна төрінде аққудай көлбеп, тал шыбықтай бұратыла білді. Сахнада Медеттің жетекшілік етуімен қойылған «Мәңгілік ел» композициялық қойылымы тақырып жағынан өте ауқымды, өте күрделі шығарма. Сондықтан оған нағыз төзімнің төзімі, жігердің жігері керек. Бұл жағынан Медет те, ансамбльдің бишілер тобы да жақсы қырынан танылды. Би өнеріне тән элементтерді сақтай отырып, асқақтаған көңіл күйді, жарқын өмір шаттығын шеберлікпен көрермен жанына ұялата білді. Бишілердің «Мәңгілік ел» тақырыбын таңдауы тегіннен-тегін емес, неге десеңіз, Елордамыз Астана қаласының болашағын жарқын бейнелейтін, жастарды адалдыққа, отансүйгіштікке, ерлікке жетелейтін тақырып. Бұл жерде тақырыпты таңдауда Медеттің ұшқырлығы мен тапқырлығы, оның өз мамандығының хас шебері екендігі байқалады. Сазгер, аспапшы Еділ Құсайыновтың да, сол кезде би тобында репититор болған Раушан Жорайқызы Бекжанованың да қолтаңбалары – 44
сахналық би қойылымының техниалық құрылымы жағынан күрделі болуымен құнын арттыра түседі. Сонымен қатар таңдалған шығарманың әуені де джаз стиліндегі синкопалар мен ритмі жағынан да өте күрделі. Қазақ биінің ырғақ иірім, қимыл-қозғалыстары заманауи модернге салынып, джаз элементтерімен қойылған. Десек те Үшқоңыр бишілері бұл еңбекті еш етпей, жоғары деңгейде меңгеріп шықты. Бұл жерде би жетекшісі Медет Ағабыловтың еңбегін елеп айтқан жөн. Ол «Мәңгілік елге» мін таптырмастай әр бере білген. Мінекей, «Үшқоңыр» ансамблінің аяқ алысы осындай қарымнан бастау алған болатын. Енді мен Үшқоңырлықтарға «Мәңгілік ел» туындысын тарту еткен «Үшқоңыр» ансамбліне шығармашылық өрлеу мен табыс тілеп, ансамбльдің ғұмыры мәңгілік болсын дегім келеді. 45
Өнер – өнегелі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал. Василий Сухомлинский
Дариға, жігіт қайда өнер тапқан, Жан қиып, қызмет қылып, халыққа жаққан? Міржақып Дулатұлы
«ҮШҚОҢЫР» ФОЛЬКЛОРЛЫ-ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ АНСАМБЛІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІЛЕР ҚҰРАМЫ 49
ƏКІМШІЛІК МАМЕТЕКОВА Динара Кемелханқызы – ҚР мәдениет саласының үздігі «Қарасай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай ауданы әкімдігінің «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының» директоры. 1986 жылы 4-ші желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Көктерек ауылында дүниеге келген. 2003 – 2007 жылдары Қазақ ұлттық қыздар Педагогикалық университетінің «Өнер және Мәдениет» факультетінде «Мәдени тынығу жұмыстары және вокал» мамандығы бойынша әнші, сазгер Гүлнұр Өмірбаевадан дәріс алған. 50
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116