Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” 1
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” МАЗМҰНЫ Менің тарихым ........................................................................................................ 3 Сіз әдетте нәтижелерге қалай жетесіз? .............................................................. 8 Бұл әдістеме кім үшін жарамcыз? .................................................................... 10 Ақша деген не? ......................................................................................................12 Тест: Сіз үшін ақшаның бейнесі қандай? ..........................................................13 Шын мәнінде Сіз нені қалайсыз? ....................................................................... 17 Тест: не маңызды - жан ба, әлде ақша ма? ....................................................... 20 Басты екі сұрақ: неге және не үшін? .................................................................. 22 Тест: Неге және не үшін ...................................................................................... 23 Мойындау –кінәсіз жауапкершілік .................................................................... 24 Біздің жеке басымыздың қасиеттері: олар не үшін керек? ............................ 26 Өзіңізге бар нәрсені қабылдаудың маңыздылығы неде, ал бастысы – қалай? .................................................................................................................... 29 Тест: Сіз өзіңіздің қандай қасиеттеріңізді қабылдамайсыз? ...........................31 Жалқау, бейбақ, сараң ба? .................................................................................. 32 Бай-манап, сен қандайсың? ................................................................................ 36 Тест: Сіз үшін бай адамның бейнесі қандай? ................................................... 38 Тілек деген не? ..................................................................................................... 39 Ынтызар тілектер және оның жасалуы ............................................................. 40 Тест: Ынтызар тілек ............................................................................................ 42 Арманды қалай жүзеге асыруға болады? ........................................................ 43 Сіздің болмысыңыз қалай жасалады? .............................................................. 45 Сіз өз болмысыңызды басқара аласыз ба? ....................................................... 46 Ұстаным деген не? ................................................................................................ 47 Ұстаным қайдан алынады? ................................................................................. 52 Көңіл-күй ............................................................................................................... 55 Көңіл-күй не үшін керек? .................................................................................... 56 Көңіл-күйді пысықтау .......................................................................................... 62 Ұстанымды қалай өзгертуге(трансформациялауға) болады? ........................ 64 Қайта қалыптастыру кезеңдері ........................................................................... 73 Ұстанымның қалыптасқанын қалай түсінуге болады? ................................... 76 Басқа адамның ұстанымын меңгеруге бола ма? .............................................. 78 Тәжірибе. Өмірімізге үлкен ақшаны кіргіземіз. ..............................................80 Өмір сүру - рахатты сезіну.................................................................................... 83 Махаббат және даму. Өзіңе сыни көзбен қарау - жетілуіңе ынталану жолы 84 Қорытындылайық................................................................................................. 86 2
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” МЕНІҢ ТАРИХЫМ Менің атым Трутнева Дарья. Мен берік болуына ортақ бизнеспен 18 жасымнан айналысамын. Менің алғашқы бизнесім – ландшафтық дизайн. Бірақ, мен бұл іс үшін жаралғаныма толыққанды сенімді болмадым. Мен – «Лафасад» компаниясының негізін қалаушыларының бірімін. 21 жасымда сәулет өнері факультетіндегі курстасым Антониомен бірігіп құрған бұл компанияның тарихы студенттік дәуірімізден басталады.Біздің достығымыздың сынақтарымызбен жетістіктеріміз ықпал етті. Біздің ойымыз – тік қабырғаны көгалдандыруға арналған конструкция жасау(фитоқабырға). Бұл өте тартымды, ғажап іс болатын. Бәрі менің тік бақтар идеясын Антонинамен бөлісуімнен басталды. Фитоқабырға туралы естігеннен кейін ол да мен сияқты тірі өсімдіктерден тұратын алып жасыл қабырғаларға ғашық болды. Ақырында біз өзіміз фитоқабырғаларды әзірлеп, патенттеп, сата бастадық.Конструкцияларды әзірлеу және тестілеу 1 жыл уақытымызды алды. Бұл бизнес ешқандай табыс әкелмеді. Саудамыздың табысы аз әрі жүйесіз болды. Түскен табысымыз шығындарымызды толығымен жаба алмады. Бұған қарамастан біз мойыған жоқпыз. Көңілге қуаныш пен өзімізді қанағаттандыратын сезімнен басқа ештеңе бермеген кәсіппен екі жыл айналыстық. Көп күш–жігер қажетсінетін әрі табысы мардымсыз іспен ықыласты түрде айналысу, әрине қиын болды, тіпті аяқсыз тастап кеткіміз де келетін. Біз бір–бірімізді қолдап, үнемі бірге болғандықтан ісіміз аяқсыз 3
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” қалған жоқ. Және өзіміз ойлап–жасаған фитоқабырғаларды ерекше ұнаттық. Біз бизнестегі мәселелерді шешудің түрлі жолдарын қарастырдық. Өнімнің керемет әрі айрықша қызықты екендігін ескере отырып оның сатылымы да жоғары деңгейде болатынын білдік. Бірақ тұрақты сатылым баяғыдай болған жоқ, тапсырыстар өте сирек болды. Осының өзі болмағанда, біз бәлкім осы ойымыздан бас тартатын ба едік, кім біледі?!. Бірақ олай болмады. Уақыт өте келе аздап болса да, жетістіктерге қол жеткізе бастадық. Мысалы, «Газпром», «МТС», «Сбербанк», «Лукойл» сияқты ірі компаниялар бізге қызығушылық танытып, тапсырыстар беріп отырды. Ол кезде табысы тұрақты жеке кәсіпкерлік туралы айтуға әлі ерте еді. Бар мәселе біздің миымызда... бизнес – ішкі әлеміміздің көрінісі екенін өзідігімше сезіндім. Бұл туралы оқып, естіп, іздеп жүрдім. Ақыры, 2012 жылдың аяғында біз адамның сана сезімін түбегейлі өзгертетін трансформациялық кұралды таптым. Бар әңгіме адамның өз жан әлемінде екені, кез келген жауапты содан табуға болатыны мені ерекше қызықтырды. Пазл пайда болғандай әсерде болдым. Көпжылдық ізденіс кейін жүйеленіп, түпкі санамен жұмыс істеу әдістемесі ретінде жеке өздігінше даму құралы болып шықты. Осы кітапта сол туралы айтпақпын. Әрине, мен өзімнен бастадым. Менің шешімін табуға тиіс міндетім – бизнестің кірісін арттыру, яғни табыс табу болды. Осы орайда мен Ғаламға, ата–анама, әжеме, атама, әпкеме, әрине, жарыма зор алғысымды білдіремін. Өзін–өзі басқарудың шынайы әдіс–тәсілін айналамдағы жақын жандарымнан таптым. Өзгеру қиын болды. Себебі оны өзіме қолдана отырып, сол құралдың өзін жүйелей бастадым. Нәтижесі көп күттірген жоқ! Болмысым өзгере бастады. Психологпен жұмыс істегеннен кейін заттарға деген көзқарас өзгереді дейді. Ал, мен бүкіл болмысымның, фактілердің өзгергенін қаладым! Мен 4
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” армандаған нәтижелерге оңай қол жеткізгім келді. «Қатаң» талаптар арқылы емес, жеңіл, оңай, жағымды жолдармен жеткім келді. Қаңтар айында біз табыссыз бизнеспен айналысып жүрдік. Табысымыз нөлге тең болып, кейде минусқа кетіп бара жатты. Ал, маусым айында пайдамыз 500 000 рубльге дейін жетті. Бұл ретте біз өз тауашамызды өзгертпедік, өз өнімімізден бас тартпадық! Бұған ешқандай сиқыр–ғажайыптың қатысы болған жоқ. Біз басқа әрекеттер жасауды бастадық, миымызда басқаша ойлар пайда бола бастады. Осы әдістеменің арқасында көптегенжайттарға көзқарасымыз өзгерді. Біз сана– сезіміміздегі бизнес, тұтынушылар, серіктестер мен қызметкерлер туралы ойымызды өзгерткенде шынайы өмірімізде тосын әрі таңқалдырарлық жетістіктерге қол жеткізе бастадық. Әрине, әу бастан–ақ пайда түсіретін бизнес құралдары жайында хабардар болдым. Бірақ, ақшаға деген теріс көзқарасым, оның іске асуына кедергі болды. Түпкі санамыздағы өзгерістермен қатар өміріміз де өзгере бастады. Әрине, жақсы жағына қарай. Бір беттік сайтты – лендингті іске қостық. Қорытындысы –30% конверсия! Кең көлемде тапсырыстар түсе бастады.Франшиза бойынша жұмыс шарттарын әзірледік. Коммерциялық директорды жұмысқа алған кезде, біз оның еңбек ақысын айдың аяғында төлей алатынымызды елестете де алмадық. Ал, ол бірінші айдың өзінде 300 000 рубль табыс әкелді! Араларыңызда сату бөліміне басшы іздеп,оны жұмысқа алып көрген адам бар болса, онда бұл іске лайық үміткерді табу,әдетте, қиынның қиыны екенін білерсіз. Ішкі сана–сезіммен жұмыс жасағаннан соң ақысыз сайт бетіндегі бір хабарландырудан–ақ осындай адамды таптық. Бір рет қоңырау соққаннан, бір ғана әңгімелесуден соң қабылдадық. Мен бәрі жеңіл шешілетін ағынды жағдайға тап болдым. Бұл адам сенгісіз дүние болды! Бизнесте екі нәзік жанды қыз бола тұра керемет жетістікке жеттік: 500 000 рубль! Екі–ақ айдың ішінде! 5
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” Бизнес тақырыбындағы тренингтерге көбіне жақсы жетістікке жетуден күдер үзіп, өз сана–сезімін шектеп тастаған адамдар келеді. Олардың іс– әрекеті әйнек қабырғаға бастарын ұрғандай әсер береді. Олар айналасындағылардың табыс тауып жатқанын көреді, бірақ өздерінің қолынан неге келмейтінін түсінбейді. Сана–сезімін өзгерту әдістемесін қолданбай тұрып мен де дәл осындай күйде болдым. Бұл нағыз тәжірибеде қолданылатын әдістеме. Оның құралдарын қолдану үшін ешқандай философиялық танымның, діннің, техниканың, тыныс жаттығуларының, йоганың қажеті жоқ. Мен әрқашан тәжірибеде қолданарлық жол іздедім: мәселе бар болса – оның шешімі де бар. Ол мен үшін әрқашан негізгі фактор болып табылады. Біз қаржы жағынан керемет жетістікке жете отырып, бизнестегі өз өкілеттігімізді сәтті ұймдастыра алдық. Біз офиске тек өз командамыздың жетістіктерін талқылау үшін және табысымызды алу үшін ғана барып жүрдік. Сүйікті ісімізбен айналыстық, бұл бізге жеңіл әрі жағымды болды. Адамдарға пайда әкелетін өз ісімізді өте ұнаттық. Біз мынадай қорытындыға келдік: бизнес – технологияны ғана біліп қоймай, оларды ойдағыдай іске асыру үшін түпкі сананы өзгерту қажет. Қағида бойынша, серіктестердің алаяқтығы, банкінің құлдырауы, тәжірибелі қызметкерлердің жұмыстан кетуі сияқты өмірлік тәжірибе салдары адам ойының өзгеруіне ықпал етеді. Сөйтіп, нақты іс–әрекет жасауға мәжбүрлейтін жағдайлар туындайды. Бірақ ойлауды өзгертетін БАСҚА НҰСҚА бар. Дүниетанымдық серпіліс жасау біздің қолымыздан келді. Сондықтан мен Сіздермен өз біліміммен бөліскім келеді. Менің міндетім – өмірлеріңізді НАҒЫЗ РАХАТҚА бөлеуге болатынына сіздердің көздеріңізді жеткізу! Сонымен қатар, өз міндеттерін орындап жүрген қызметкерлер және сатып алуды қалайтын тұтынушылар, БҰНЫҢ БӘРІ – МҮМКІН! 6
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” Сіздер, мүмкін, сананың не екенін, түпкі сананың не екенін білетін шығарсыздар. Сіз өзіңізді, ақшаны жақсы көру мен оған қарым–қатынасты дұрыс қалыптастырудың қажеттілігін түсінетін боларсыз. Әйтсе де, оны тәжірибеде қолданып, жүзеге асыра білу оңай бола бермейді. Менің ақша туралы түсінігім өте нашар екенінін түпкі санаммен сезінетінмін. 12 жасымда мен еңбек ете бастадым, ал 18 жасымда бірінші бизнесім пайда болды. Ол кезде қаражатым болған жоқ. Бизнесмен – «Мен ісімді табыс табу үшін жүзеге асырамын», – деп бүкіл дүние жүзіне жар салатын адам. Тіпті мұндай адамның да түпкі санасында ақша туралы дұрыс түсінігі болмауы мүмкін. Сондықтан да, дәл осы сәтте түпкі сананың өзімен жұмыс істеудің соншалықты маңыздылығын түсінемін. Мен Сіздің ойыңызды күйзеліске түсірмей–ақ өзгертуге болатын ақпаратпен бөлісуге әзірмін. Бұл кітапта Сіздің түпкі санаңызды өзгерту арқылы Сіздің өміріңізге ақшаны жеңіл енгізуге ықпал ететін әдістеме туралы айтылады! 7
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” СІЗ ӘДЕТТЕ НӘТИЖЕЛЕРГЕ ҚАЛАЙ ЖЕТЕСІЗ? Өмірде нәтижелерге жетудің бір–біріне еш ұқсамайтын екі жолы бар. Олар бір–біріне қарама–қайшы келмейді, бірақ күнделікті өмірде біз тек біреуін ғана қолданамыз. Бірінші жолы – нәтижеге өз ерік жігеріңнің күшімен жету. Бұл әдіс қойылған мақсатқа апаратын жолдағы көптеген кедергілерден үнемі өтіп отыруды қажет етеді. Екінші жолы – ағымдағы күйде болу. Бұнда табыс жеңіл және еркін түрде келеді. Сіз дәл қажетті уақытта, қажетті жерден табыласыз. Кенеттен Сіздің басыңызға бұрын байқалмаған қарапайым әрі тамаша ойлар келе бастайды. Және нәтижелер де өздерін көп күттірмейді. Бұл кітапта мен Сіздің мұндай жағдайға қалай жетуіңізге болатынын айтамын. Табысқа жетудің бірінші амалын біз бала күнімізден біліп қолданамыз. Біз «Еңбек, еңбек бәрін жеңбек», «Қасқырдың жемтігі аяғында», «Шана тепкің келсе, сүйрей де біл», т.б. мақалдарды жиі естиміз. Басшылар мен бизнесмендердің көпшілігі табысқа ұмтылғанда дәл осы ерік–жігер күшіне жүгінеді. Өкінішке орай, бұл әдіс үнемі тиімді бола бермейді. Мысалы, Сіз көп ақшаға қол жеткізгіңіз келген соң, бизнеспен айналыса бастадыңыз. Көп ақша табу – Сіздің санаңызда ұялаған тілек. Бірақ көп жыл 8
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” өтсе де, бизнесіңіз айтарлықтай табыс әкеле қоймайды. Өйткені Сіздің түпкі санаңыз ақшаны қажет етпейді. Сол кезде не істейсіз? Ерік–жігеріңізді іске қосасыз. Таңертең ерте тұруға тырысып, қызметкерлерді «сапқа» тұрғызып, жұмыстың ауыр бөлігін мойныңызға жүктеп аласыз (өйткені жұмысты бәрінен де жақсы істеймін деп ойлайсыз). Бұл іс–әрекеттің бәрі сізге табыс әкеледі, дегенмен олар ұзаққа созылмайды. Ерік–жігер, декларациялар, мақсат қоюшылық – бұның бәрі ерте ме, кеш пе Сізді ішкі күйзеліске апаратын ресурстық амалдар. Жетістікке өзге жолмен де жетуге болады. Қалай? Ендеше оқуды жалғастырыңыз... 9
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” БҰЛ ӘДІСТЕМЕ КІМ ҮШІН ЖАРАМСЫЗ? Осы технологиямен танысқысы келетіндерге алғашқы айтарым: «Өзіңізбен жұмыс істеуге арналған бұл әдістеме бәріңізге бірдей жарай бермейді». «Менің басымнан өтіп жатқан жағдайлардың, жеке өмірімде болып жатқандардың бәрі түпкі санама байланысты екенін мойындаймын ба?» – деген ең маңызды сауалға дәл қазір шынайы жауап беріңізші. Семинар барысында маған танысымның айтқан бір қызықты хикаясын сіздермен бөлісейін. Оның айтып бергені: «...Мен өмірімде үлкен жол апатына тап болдым – КамАЗ машинасымен соқтығыстым. Қол–аяғым сынып, кермеде жарты жылға жуық төсек тартып жаттым. Мен осындай тосын–қатерлі апаттан қалай дін аман–сау қалғаныма таңданып, ұзақ ойландым. «Көрерім, дәм–тұзым таусылмағанын» айналамдағыларға айтып жаттым. Бірақ апатқа түсуімнің кездейсоқ емес екендігін, оның түпкі санамда өз қалауыммен болғандығын енді ғана түсіндім. Өйткені, сол кездері ортақ бизнесте бірге жүрген достарыммен әрі қарай жұмыс істегім келмейтін. Бірақ ол туралы достарыма айта алмадым. Егер ойдан шығарылған таразыға достарыма шындықты айту мен КамАз–бен болған соқтығысты салатын болсам, мен апатты таңдар едім. Мұны өзімше сатқындыққа теңеп, ол туралы достарыма айтқым келмеді. Өз басыма қиындықты әдейі жасап алғанымды түсінемін. Жарты жыл көлемінде «Маған АЛЛА не үшін кәрін төкті?» – еген ой жанымды жегідей жеді. Дегенмен, қазір мен бұл жағдайды түпкі санаммен түсінемін. 10
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” Белгілі бір оқиғалардың себептерін талдап және түсіне білудің маңызы зор. Сіз өз басыңыздан өтіп жатқан оқиғалардың себебін түсінгенде ғана өз өміріңізді шынайы бағалайсыз әрі басқара аласыз. Ең қызығы, егер менің танысым өзінің алған бағытын өзгерте алғанда (ал ол шамамен былай болар еді: «Менің серіктестеріме бұдан былай олармен жұмыс істей алмайтынымды айтқаным – оларды сатқаным»), онда оған апатқа түсудің керегі жоқ еді, немесе ол апатқа ешқашан тап болмаушы еді. Сіз шынайы өміріңізді өзіңіз ойлағандай қалыптастырып, оны қалағаныңыздай басқара аласыз. Дегенмен, ол үшін өз санаңызға бір маңызды ойды сіңіру қажет. Сіздің өміріңізде болып жатқан нәрселердің барлығы Сіздің түпкі санаңыздың қалауымен болып жатады. Сонымен бірге Сіздің дәл соны қалауыңыздың себептері бар. Егер осы тұжырыммен келіссеңіз, бұл кітап та Сізге арналып жазылған деп санаңыз. 11
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” АҚША ДЕГЕН НЕ? Көпшілігіміз үшін ақша деген не? Ақша дегеніміз – материя. Біз оған өзімізде жоқ барлық нәрселер үшін жауапкершілік аударып отырамыз. Мысалы, адам өзіне және айналасындағыларға: «Мен саяхатқа баруды армандаймын», – дейді. Дегенмен, өзі саяхатқа шықпайды. «Неге?» деген сұраққа: «Мен саяхатқа шықпаймын, себебі ақшам жоқ», – деп жауап береді. Шынында, егер саяхат – саналы деңгейдегі арман болса, егер адам расында да саяхатқа шыққысы келсе, онда әуелі «ақша саяхатқа тәуелді» деген қатып қалған канондық қағиданы бұзу керек. Неге? Өйткені бұл барып тұрған өзін–өзі алдаудың бір нұсқасы: «Мен саяхатқа шықпаймын, өйткені менде ақша жоқ». Өзіңді алдаудың ең жеңіл түрі! Осылайша өзімізді алдай отырып, біз бар арманымызды, бар ұмтылысымызды барынша байлап тастаймыз. Ақша – бұл әмбебап материя, біз оған әртүрлі дәрежеде іске аспаған тілектеріміз үшін жауапкершілікті артып тастаймыз. Дәл осылай біз бейсаналы түрде өзімізді қоймай, өзгелерді де лажсыз иландырамыз. «Маған ақша өте қажет, егер менде ақша жоқ болса, менің қолымнан ештеңе келмейді». 12
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” ТЕСТ: СІЗ ҮШІН АҚШАНЫҢ БЕЙНЕСІ ҚАНДАЙ? Бұл тест айтарлықтай көрнекі болғандықтан, мен бұны әр шеберлік сабағымда өткіземін. Әмияныңыздағы ең ірі ақшаны алдыңызға қойыңыз. Көзіңізді жұмып, еркін отырыңыз. Бұны адам деп елестетіңіз. Ал енді төмендегі жеті сұраққа жауап беріңіз: Ол қандай? Оның жанында Сіз қандайсыз? Ол не істеп отыр? Сіз не істеп отырсыз? Ол Сізге қалай қарайды? Сіз оған қалай қарайсыз? Егер ол мүлде жоғалса, не істер едіңіз? Жауаптарды қағазға жазып, бір шетке алып қойыңыз. Шеберлік сабағында тест шамамен былай өтеді: Қазір жүз мыңнан көп ақша табатын адамдар қолдарыңызды көтеріңіздер және сахнаға шығыңыздар. Ақшадан таршылық көріп жүргендер бар ма? Кім аз ақша табамын деп ойлайды? Бұл шынында да аз ақша болу керек, 10–15 мыңнан төмен. Ондайлар бар ма? Аз ақша табамын деп ойлайтындар алғы сапқа шығыңыздар. Қазір барлығымыз бірге жаттығу жасаймыз. Біз қарап тұрған қарапайым адамдар. Сіздер де дәл солай өзіңіз үшін жасап, алған сезімдеріңізді жазып қоюыңызға болады. - Ол қандай? 13
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” - Мен қара ұзын шашты, ақ көйлектегі, бойшаң қызды елестеттім, ол күлімсіреп тұр. - Мен қандаймын? - Оған сәл қолым жетіңкіремей тұрғанымды сезінемін. - Ол не істеді? - Ол әсемдік салондарын аралап жүр. - Сен не істедің? - Мен де ол сияқты әсемдік салондарына бару үшін ақша тауып жүрдім. - Ал, қазір мына сұраққа жауап бер. Ол сенің өміріңнен кетіп қалса, қандай сезімде болар едің? - Дәл сондай тағы біреу пайда болады. - Бұл да керемет. Егер сіздің жауабыңыз осыған ұқсас болса, ақшаға деген көзқарасыңыз жаман емес. Бірақ мінсіз де емес. Қазір тіпті басқа мысал келтіремін: - Ол қандай? - Ол «Сақиналар қожасы» фильміндегі ысылдақ Голлум кейіпкеріне ұқсайды. - Егер ол жоқ болып кетсе, мен қуанамын. Бұл қыздың қаржылық жағдайы қалай деп ойлайсыз? Дұрыс, оның ақшаға деген көзқарасы өте қиын. Тұрмыс жағдайы әртүрлі адамдардың ақшаға деген көзқарасы да әртүрлі болмақ. Көбінесе ақша жөнінен бәрі жақсы адамдар бұл кейіпкердің (ақша бейнесінің) өз өмірінен кетіп қала алатынын елестете де алмайды. Егер адам кеткен ақшаға өкінетін болса, бұл өте қауіпті. Оның түпкі санасында ақшаға өмірімде тапшы болып қалармын деген үрей бар сияқты. 14
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” Бір құрбым менен «Ал менің қаржы жағдайым дұрыс па?», – деп сұраған еді. Мен оған: «Дәл қазір сенің жеке ұшағың және жеке аралың болмаса, ақша туралы түсінігіңді өзгертуге болады, тіпті өзгерту керек те», – деп жауап бердім. Кез келген адамның қалай болса да, қайда болса да ары қарай жетілуіне мүмкіндігі бар екені анық. Адамдардың болмысындағы айырмашылықтардың негізі олардың ойларының әртүрлілігінде екендігін дәлелдеу үшін, көптеген адамдар туралы мысалдар келтіргім келіп отыр. Басқа сөзбен айтқанда, егер адам өз санасындағы ақша туралы, бизнес, жетістік туралы түсінігін өзгерте алса, болмысының өздігінен өзгеретініне кепілдік беруге болады. Сіз оның қаншалықты жылдам іске асарын елестете алмайсыз да. Мысалы, адамның ақшаға деген көзқарасы дұрыс делік. Ол: Ақша мен үшін жауынгер тәріздес. Міне, жаңа жауынгер келді. Сен не істейсің? Ол не істейді? Мен оған: «Жат, кеудемен жаттық» – деймін, ол жаттығады. Егер ол жоқ болып кетсе, не істейсің? Келесі сарбазды шақырамын... Ақшаны қабылдау тестінен өтіп жатқанда кімді көргеніңізді байқаңыз: ол адам позитивті ме әлде негативті ме? Бұл адам ғана емес, кез келген бейнедегі зат та болуы мүмкін. Ең бастысы – Сіздің алған әсеріңіз. Бұл не болса да ақша туралы сіздің түсінігіңіз. Тіпті, Сіз ақша туралы ойыңыз басқа деп есептеп жүрсеңіз де. Тіпті Сіз ақшаны жақсы көремін деп өзіңізді, басқаларды сендірсеңіз де – бұл Сіздің түсінігіңіз. 15
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” Тап осы бейне Сіздің ақша туралы шын түсінігіңіз болып табылады. Және дәл осы бейнемен өзіңіз ойлағандай Сіздің болмысыңызға ақша оңай келу үшін жұмыс істеу керек. Сізде ойдағыдай, тіпті одан да көп табыс болу үшін түпкі санаңыздың аймағын реттеп–түзету қажет. Тоқсан сөздің тобықтай түйіні: Сіздің табысыңыз, нәтиже мен қаржыңыз (егер ақшаны адам еңбегінің жемісі ретінде алсақ) Сіздің қаншалықты еңбектенуіңізге байланысты емес, мұның сыры Сіздің табысқа жетуіңіз, ең бастысы оны түпкі санаңызбен қаншалықты қалайтыныңызда. 16
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” ШЫН МӘНІНДЕ СІЗ НЕНІ ҚАЛАЙСЫЗ? Сіз ақшаны қалайсыз ба? Расында нені қалайсыз? Ақша Сізге не үшін керек? Бізге ақша өмірімізді түрлі заттармен толтыру үшін керек, яғни осы заттарды сатып алғаннан біз өзімізді бақытты сезінеміз. Ал бақыт (немесе үйлесімділік) – бұл үш элементтің: ақшаның, дамуымыздың және сүйіспеншіліктің жиынтығы болып табылады. Кітаптың тақырыбы осы, себебі құр ақшаның ешкімге қажеті жоқ. Осы сәтте түпкі санамен жұмыс істеу әдістемесін онлайн–өнімге аудардық, енді оны кез келген интернеті бар адам пайдалана алады. Бұл өнім Master Kit деп аталады. Мен аптасына бір рет адамдардың жеке кабинеттеріне байланысқа шығып, осы әдістеме туралы сұрақтарына жауап беріп, қолдау жүргіземін. Мен онда Бақыт ұғымын – ақша, сүйіспеншілік пен өмірдегі орныңды табу – үш элементтің жиынтығы деп жиі келтіремін. Әдетте мен Бақыт бейнесін доллар, баспалдақ және жүрекше түрінде көрсетемін. Доллар – бұл материя: машина, пәтер, киім, денсаулық т.б. Жүрекше – бұл ер/әйел адамға деген махаббаты, отбасы, Сізді басқа адамдардың қабылдауы, басқа адамдарға деген сүйіспеншілік. Яғни, сүйіспеншілікке нені жатқызасыз – соның бәрі осында. Егер бұлардың өмірімізде мәні болмаса, онда ешбір ақша да, даму да бақыт– шаттық сезіміне бөлендіре алмайды. Тап мұндай үйлесімдіктің болуы мүмкін емес. 17
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” Ал баспалдақ дегеніміз – бұл рухани өсу. Сол сияқты осыған денсаулықтың рухани құрамдасын, яғни жан саулығын қосуға болады. Бірақ, егер рухани өсу бола тұра, ақша мен сүйіспеншілік болмаса – бақыт та болмайды. Әрине, өкінішті! Дәл қазір ойланып көріңізші, Сіз әдетте өзіңіз үшін осы үшеуінің қайсысын таңдайсыз? Егер адам өзі туралы: «Иә, мен бақыттымын» деп айта алмаса, ол саналы түрде жоғарыда айтылған үш элементтің біреуінен бас тартады. Адам ақшаға бола махаббатынан, немесе махаббатына бола ақшадан, даму үшін махаббатынан (мұның басқа нұсқалары да болуы мүмкін,адамдардың басым көпшілігінде үш элементтің бірі болмайды) бас тартуы мүмкін. Мысалы, менің бизнес бойынша әріптес–құрбым, осы сұраққа еш бүкпесіз \"Мен ақшаға бола махаббат пен өсуден бас тарттым\", – деді. Сол кезде оның Porsche Boxter, Porsche Cayenne және 600 ш.м. тұрғын үйі болды. Егер «Сіз бақыттысыз ба?» деп сұрасаңыз, ол Сізге «Жоқ», – деп жауап береді. Мен үнемі баспалдақты (өсуді) таңдадым. Маған махаббаттың керегі не, ол мені алаңдатады деп ойладым. Менің отбасым болды, бірақ бұл отбасымда махаббат болмады. Өсу мен үшін бәрі болды. Рухани өсу, кітаптар – маған қажеті осы ғана болды. Ал, ақша, махаббат – мен үшін маңызды емес. Ақша рухани өсуге кедергі жасайды деп ойладым. Менің өмірлік ұстанымым, басымдықтарым осындай болатын. Мұндай басымдықтар көптеген адамдарға тән. Қазір мен басқаша ойлаймын, өйткені бүгінгі түсінігім бойынша ақша ешқашан рухани өсуге кедергі бола алмайды. Тағы бір мысал.Менің сіңілім аталмыш әдістемемен жіті танысқан соң, өзін мазалған сұрақтарына нақты жауап тапты. Ол алғашында \"Мен ақшадан, өсуден бас тартамын. Маған ештеңенің керегі жоқ. Маған отбасы, махаббат керек, отбасымда бәрі жақсы болса жеткілікті. Ал ақша менің отбасыма бөгет жасайды, тіпті рухани өсуді әспеттейтін баспалдақ да күмәнсіз кедергі 18
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” жасайды. Ақша мен өсуге бола махабатты жоғалтатын жайым жоқ\", – деген болатын. Бірақ содан үшеуміздің біріміз бақытты бола алдық па? Біз үш түрлі өмірлік басымдықты ұстанған, үш түрлі адамды бейнеледік. Жоқ. Ешқайсысымыз да бақытты бола алған жоқпыз. Өйткені бақыт дегеніміз – адамда үш басымдықтың ұштасуы. Бізге өз өмірлік ұстанымымызды жедел түрде қайта қарауымыз керек болды, санамызда тамырланып кеткен \"Ақша отбасына кедергі жасайды\", «Ақша рухани дамуға кедергі болады\", \"Рухани өсу ақшаға кедергі жасайды\" деген түсініктерді жою керек болды. Үш ұстанымның үйлесімі – жетістікке жетуге негіз болатын және ұмтылуды қажет ететін дүние. Біз неге жеке түпкі санамызбен жұмыс істейміз? Тіпті мұхит жағасындағы үй үшін де емес. Біз, әрине, оның болғанын қалаймыз, дегенмен одан гөрі бақытты болғанымызды қалаймыз. Мұхит жағасындағы үй бізді бақытты етеді деп ойлаймыз. Үй бақытты болуға кепілдік бермейді, бірақ БАҚЫТТЫ БОЛУҒА КЕДЕРГІ ДЕ БОЛМАЙДЫ. Іс жүзінде бәрі теңіз жағасындағы үй бақытты болуға кедергі болады деп ойлайды. Теңіз жағасында үйі жоқ жандар оны бақытты болуға бөгет деп санайды. Бұл түпкі санада қалыптасқан миф тәрізді жалған комплекс(өз өрісін тұйықтау) Ондай адамдар бұл үшін әртүрлі сылтау– себептер табады: біреулер үшін – бұл тоналудан қорқу; екіншілері – жалғыздық фобиясы; үшінші топтағылар үшін – айналадағылардың қызғанышы. Менің әдістемемнің мәні – осы немесе кез келген сұрақ бойынша ұстанымды өз бойынан табу арқылы түпкілікті өзгерту. Өмірімізге деген көзқарасымызды өзгертіп, біз өміріміздің өзін де өзгерте аламыз. 19
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” ТЕСТ: НЕ МАҢЫЗДЫ – ЖАН БА, ӘЛДЕ АҚША МА? Ақша мен жанның бірін таңдағанда, Сіз үшін қайсы маңызды екенін ойлаңыз. Жауабын қағазға жазып қойыңыз. Нені таңдасаңыз да жауабыңыз қате. Ал, дұрыс жауап тек біреу ғана бола алады: Ақша мен жан – бұл бөлінбейтін заттар, өйткені адам осы екі құрамдас бөліктерге тікелей тәуелді. Адамның жаны бар, сонымен бірге оның денесі бар, демек – материя. Егер біз ақшадан (материядан) бас тартсақ, онда біз денеден де бас тартқан ымыз. Адамдар: \"Мен үшін ақшаның маңызы жоқ\", дегенде, ойыма ылғи мына салыстырмалы дүние келеді: ана мен бала. 30 градусты аяз. Оны баласымен бірге киім–дымсыз далаға шығарып қойды делік. Және қанша жалбарынсаң да баланың жанын алып қала алмайсың. Ендеше, ақшаның керегі жоқ па екен? Жоқ, адам толыққанды өмір сүру үшін материалдық және рухани қажеттіліктердің арасында тепе–теңдік сақталу керек. Бұл бөлуге келмейтін нәрселер. Сорымыз я бақытымыз, қайткенде де біз Ресейде, яғни адам үшін руханият басты құндылық болып есептелетін елде тұрамыз. Ақшадан жан маңыздырақ деген түсінік бойымызға ана сүтімен сіңіріп, өмір бойына сабақ болып қалды. Бұл жақсы немесе жаман деп айтпаймын. Егер Алла бізді денемізбен жаратса, ол бір қажетке жарауы керек екенін түсінуіміз маңызды. Менің ойымша, материядан бас тарту – жалған руханияттық. Егер менен ертерек не маңызды – материалдық молшылық па әлде рухани қажеттілік пе деп сұрасаңыз, мен: \" Әрине, жан\", деп жауап берер едім. Бұл туралы айқайлар да едім: \"Ең бастысы – жан, мұнда ақшаның қандай қатысы 20
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” бар? Ақша тіпті керек те емес!\" Мен бизнеспен айналасып жүргеніме қарамастан осылай жауап беруші едім. Бұл тым кеңінен таралған әбестік. Ақша біз үшін бақыт емес деген аңызға айналған көпшілік айқайы көптеген орыстардың санасында тамырланып кеткен. Аталмыш идеологияны таратушылар үшін әлеумет пен қоршаған ортадағы қарама–қайшы жағдай күйзелістік айқайға алып келуде. Кеңес Одағында қазіргі Ресейге қарағанда іс басқаша болатын. Совет халқы бір ауыздан ақша жаман деп есептеді, және заманауи ресейліктердің түйсігінде \"Ақша – зұлымдық\" деген түсінік қалыптасты. Әрине, кеңестік кезеңде де баюға ынтығып, ақша табуға ұмтылғандар да болды. Бірақ халықтың басым көпшілігі ақшаның соңынан қуу – сараң, тек баюды ғана, жеке басының қамын ойлайтын адамдарға ғана тән деп ойлады. Заманауи ресейлік әлеумет өз түсініктерін түбегейлі өзгертті. Дегенмен, түпкі санамыз ақша залымдық нышаны деген канондық ролін тоқтатпай отыр. Бұл жағдайда, әрине, бір нәрсені өзгерту қажеттілігі туындайды. 21
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” БАСТЫ ЕКІ СҰРАҚ: НЕГЕ ЖӘНЕ НЕ ҮШІН? Өміріңізде әлдеқандай келеңсіздіктер бола қалса, өзіңізге қандай сұрақ қоясыз? Әрине, \"Неге бұлай болды?\" Бұл сұрақты қоя отырып, болған жағдайға өзімізден жауапкершілікті алып тастап, бір көрінбейтін күшке кінәні арта салу оңай. Өзіңізге сұрақты басқаша қоюға тырысыңыз. \"Бұл не үшін бұлай болды?\" (КамАЗ–бен болған жағдай есіңізде ме?). Неге бұлай болды емес, не үшін. «Неге?» – сананың жауабы, өз өзіңді ақтап алу, «не үшін?» – түпкі сана жауабы. «НЕГЕ?» – құтылып кету үшін, «НЕ ҮШІН?» – бірінші себеп. Иә, жауап біртүрлі, күлкілі, сандырақ болып естілуі мүмкін. Бұл да дұрыс. Егер Сіздің санаңызға бұл жауап сай келсе, жағымсыз жағдайға душар болмас едіңіз. Анығы, Сіз оны қолайсыз деп қабылдамайтын едіңіз. Санамызда бір түсініктер, ал түпкі санамызда басқа түсініктер болған кезде үйлесімсіздік туып, ағымдағы жағдайды түсінбеуге және стресске әкеліп соғады. Мысалы, саналы түрде біз жұмысқа барғымыз келеді, бармасақ жобаны уақытында бітіре алмаймытынымызды білеміз. Ал, түпкі санамыз бойынша біздің демалғымыз келеді. Біз не істейміз? Ауырамыз. Басқаша өзімізге демалыс бере алмаймыз. Жауапты алып, оны қабылдап, Сіз қиындықтарға ықпал ете аласыз, тек қана ықпал ету. Оған басқаша қарауға болмайды. 22
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” ТЕСТ: НЕГЕ ЖӘНЕ НЕ ҮШІН? Қағазды үш бағанға және үш жолға бөліңіз. Бірінші бағанда соңғы уақытта Сізде болған үш жағымсыз оқиғаны жазыңыз. Екінші бағанға олар неліктен болғанын жазыңыз. Үшінші бағанға НЕ үшін болғанын жазыңыз. Бұл жағдайлардың сіз үшін қандай пайдасы болды? Барынша шыншыл болу керек. «Не үшін деген?» деген сұраққа жауап алған кезде жағымсыз күйге түсіп,күтпеген жағдайға тап боласыз. Бұл жауап үшін өзіңізді кінәлаудың қажеті жоқ! Мойындау – бұл кінәсыз жауапкершілік. 23
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” МОЙЫНДАУ – КІНӘСІЗ ЖАУАПКЕРШІЛІК Өмірдегі әрбір сәт үшін, өмірлік сапа үшін жауапкершілікті сезінген кезінде адам баласы әр күн оның ішкі тілегінің жемісі екенін түсініп, өзін жазғырудан аулақ болады. Қоғамдық пікір: Біз өміріміздегі бар әрбір нәрсеге жауапкершілікпен қарауымыз керек. Бірақ жауапкершілікпен бірге бізге(өткен не болып жатқан жағдайға қатысты) кінәлі сезінушілікті де жүктеп қояды. Менің әдістемемнің ерекшелігі – өзіңізді кінәлауға қатаң түрде тыйым саламын. Естеріңізде болса, ақша – бұл жан–жақты, әмбебап материя, оған бар жауапкершілікті артамыз деп жазғаным бар. Сіз қалай ойлайсыз? Не үшін? Әрине, өзіңізді кінәлау – дұрыс емес. Бізге ақшаны (нақтылай айтсақ, олардың бар–жоқтығын) кінәлау оңай. Ал, бізге ақшаны қажетсіну дұрыс емес сияқты. Бізде бұларға себеп бар екенін ойланбаймыз. Ал, себеп әруақытта болады. «Менің ақшам жоқ, себебі сату бөлімі жұмысын ұйымдастыра алмай отырмын, немесе бастығым жалақымды өсіргісі келмейді, тіпті жұмысқа аз уақыт бөлемін, немесе, керісінше, бүкіл уақытымды жоғалтып жүрмін, ақша табуға уақыт жетпейді». Бұлайша ақталу, біріншіден, өзіңізге ыңғайлы, өйткені бұл адамды айып сезімнен арылтады. Ең бастысы, «кінәсіз жауапкершілікті» түсіну. Айыпты болуға бізді қоғам, әлеумет итермелейді. Өзіңізден,жұрттың бәрінен ата–анадан кешірім сұрап,өз ойыңыздан қорқынышты негативті пікірді алып тастау туралы айтып жүрген институттар бізден не қалайды? 24
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” Олар бізді кінәлі еткісі келеді. Негізінде, кінәміз жоқ. Неге жоқ? Біздің өміріміз – біздің түпкі санамыздың таңдауы. Түпкі сана анығында қате жұмыс жасамайды. Ол тек дұрыс нұсқаны таңдайды. Сіздің түпкі санаңыздың өлшемі басқа. Міне, мойындау – кінәсіз жауапкершілік деген осы. Неге кінәсіз? Өйткені, адам өз пікірі туралы білген кезде, сезім пайда болады: «Мен қандай ақымақпын? Мен неге байлар жаман деп ойладым?» Орыстар бай болғандығына өзін кінәлі сезінеді. Сана тұрғысынан дұрыс ойламаған олар «Мен ақшаға қалай қарағанмын?! Бұл сұмдық қой?» деп өкініш білдіреді. Әсіресе, егер Сізге: «Ақша – бұл жақсы», «Ақша – бұл жақсы» деген кезде. Міне, мен Сізге: «Ақша – бұл жақсы» деймін. Болмаса аутотреннингпен айналысып, қайталаймыз «Ақша – бұл жақсы. Ақша – бұл керемет» Соңында бұл неге алып келеді? Бұл Сізді кінәні сезінуіңізді геометриялық прогрессиямен өсуге алып келеді. Бұл несімен жаман. Бұл өзіңізді, ісіңізді кінәлай отырып, өзіңізді жоққа шығарасыз, қайтарып тастайсыз. Сіз үшін бұл дұрыс болмайды деп, болмысыңызды басқара алмайсыз. 25
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” БІЗДІҢ ЖЕКЕ БАСЫМЫЗДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ: ОЛАР НЕ ҮШІН КЕРЕК? Әрбір адамда жеке ерекшелігін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы бар. Бұл бізді басқадан ерекшелендіріп тұрады. Біз осы қасиеттерімізді өте жиі қабылдамаймыз. Мысалы, кейбір ер адамдар әлсіздігін жек көреді. Менде оқыған бір жас адам өзінің әлсіздік кейпін былай көрді: ол әскер басшысы, әлсіз болғаны соншалықты, жаумен шайқасуда тәуекелге барғысы келмейді. Әдістеме бойынша жұмыс істей бастағанымызда оның әлсіздігі оның күшіне айналды: өйткені, оның жаумен шайқасуға тікелей қатысуының қажеті жоқ. Егер шайқас барысын биіктен қарап тұрып бақыласа, өз әскерін тиімді басқара алар еді. Егер қарапайым сарбаз ретінде майданның нақ ортасында болса, бар әскер зардап шегіп, өзі де нашар қолбасшы болушы еді. Өзіміздің жеке қасиеттерімізге (ерекшелегімізге) нашар жағынан қарағанымыздан, оларды қайтарып тастаймыз немесе кінәлаймыз. Бұл өзімізге қатысты пікірдің орнығуы. Бұл өзіміз туралы пікірімізді түбірімен өзгертсек, онда біздің мінезіміздің ерекшеліктерін қабылдап, оны өз күшімізге айналдырамыз. Біз оған көңіл бөлуді қоямыз, бірақ ол өзімізбен қалады. Және біз оны мойындағандықтан ол бізге көмектесе бастайды. Өз қасиетімізді, жеке ерекшелігімізді талдай отырып мына аспектіні есепке алу керек, яғни дуальдық – адам табиғатының екіжақтылығы. Белгілі бір уақытта, белгілі бір жағдайда күш әлсіздікке я болмаса керісінше әлсіздік күшке айналу мүмкін. Бұдан басқа, тек нағыз әлсіз адам нағыз күшті болу мүмкін. Тек нағыз мейірімсіз – нағыз 26
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” мейірімді болуы мүмкін. Және тек нағыз жалқау адам – нағыз еңбекқорға айналуы мүмкін. Бұл пікірлер алғашқыда сандырақ болып көрінер, сондықтан, бұны адамның ақшаға көзқарасы арқылы түсіндірейік. Нағыз сараң адам – өзгелермен бөлісуге дайын. Өйткені басқалардай емес, өзінде бар болғанын қалайды және өзгеге де ол қаншалықты керек екенін түсінеді. Бірақ бір шарт бар – егер адам өзіндегі сараңдығын мойындаса. Ақша – өзін–өзі қабылдаудағы күшті факторлардың бірі. Егер адам қасиетінің екі жақтылығының бірі қабылданбаса, яғни, егер адам әрі сараң, әрі бөлісуге әзір бола тұрып, бірақ ол өзіндегі осы қасиеттердің бірін жек көрсе, онда бұл қабынуға әкеліп соғады. Егер өзінің сараңдығын жек көрсе, оның ойында, іс–әрекеттерінде пайда болғанын көріп отырады. Альтруизмді жек көрсе, тағы да барлық жерде соны көреді. Күш пен әлсіздік туралы түсініктердің жағдайы да дәл солай. Өзін әлсіздігі үшін жек көретін адам оның күш беретін пайдалы қасиетін түсінбейді. Адам өзіне әлсіздікке жол беруіне болады, әлсіздік күштің бір бөлігі, қарама– қарсы ұғым емес. Мысалы, әлемнің ең сұлу әйелдері – шындығында сұлу әйелдер емес. Неге? Өйткені олар өзгелерден ерекше. Олардың сырт келбетінде айрықша жеке сипаты болады, ол кейбіреуге әдемі емес, тіпті ұсқынсыз болып көрінуі мүмкін. Анжелина Джолиді алайық, оны айтарлықтай сұлу деп айтуға келмейді, бірақ оның ерекшелігі ерлер қауымын таң қалдырып, әйелдерде қызғаныш тудырады. Неге бұлай болады? Себебі ол екіжақтылық қағидасын түсінеді, біз қабылдағандай болуға өзіне рұқсат береді. Егер Сіз оның өмірбаянын оқысаңыз, өте ұзақ уақыт ұсқынсыз сезініп жүргенін білесіз. Вера Брежнева. Мерилин Монро... Бұлдардың бәрі өзін белгілі бір уақытқа дейін ең ұсқынсыз адам деп есептеген. Бірақ өз ерекшелігін қабылдағаннан кейін олардың сұлулығы сонда екенін түсінді. 27
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” Бұл нәрселерді Сіз түсініп–үйренуіңіз керек. Егер Сіз өзіңізді мұқият тыңдасаңыз және өзіңіздің әлсіздігіңізді, ақымақтығыңызды, мәдениетсіздігіңізді немесе бір нәрсеге қабілетсіздігіңізді байқасаңыз, еске түсіріңіз: Сіз осы уақытқа дейін өзіңізде мойындамаған нәрсені көрдіңіз, оның қаншалықты асқынғанын байқадыңыз. 28
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” ӨЗІҢІЗДЕГІНІ ҚАБЫЛДАУДЫҢ МАҢЫЗЫ НЕДЕ, БАСТЫСЫ – ҚАЛАЙ? Өзіңізді жақсы көріңіз, Өзіңіз қандай болсаңыз, солай қабылдаңыз. Бұл сөздерді үнемі естиміз. Бірақ бұны қалай істеу керек екенін ешкім білмейді. «Қалай істеу керек?» – мәселе қайда жатыр. Бұл аспектіні ақшаға арналған КІТАПТА неге келтіріп отырмын? Өйткені, адамның өз жеке қасиетін қабылдай алмауы, тікелей ақшаға қатысты көзқарасына әсер етеді. Мысалы, жақында Master Kit бағдарламасында бір жас жігіт өзімен жұмыс істеді. Бір тапсырманы орындау барысында әлгі жігіт өзі қалаған көлемде табыс тапса көптеген адамға қатер тудыратын қауіп анықталды. Бұл жас жігіттің күші жойқын, бірақ өзі одан қорқады да, түпкі сана ресурсын сол күшті басуға жұмсайды. Ол жігітте соншалықты күш бар ма деп сұрайсыздар, ол қалай бұза алады? Ең қызығы, шынымен де қолынан келеді. Ол адам өз күшін сезініп қабылдамайынша ол раында да шындыққа айналады. Оның ақшасыз болуы маңдайына жазылған, өйткені, ол осы тұжырымы салдарынан өзіне ақшалы болуға тыйым салып қойған. Онымен қоймай ақша өзі үшін де, басқалар үшін де қауіпті нәрсе деп ойлайды. Егер ақша сіздің түпкі санаңыздың салдарынан жеке тұлғалық қасиеттеріңізбен байланысты болмаса, онда бұл қаржылық жағдайға әсер етпейді. Теория тұрғыдан ғана, ал ісжүзінде сіздің ақшаға көзқарасыңыз жеке ерекшелігіңізге байланысты. 29
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” Сізге шағын тест–сынағынан өтіп, өзіңізде бар қасиетті анықтап, сол бойынша жұмыс істеуге кеңес беремін. 30
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” Тест: Сізге өзіңіздің қандай қасиеттеріңіз ұнамайды? Мүмкін Сіз алдында бұл тесттен өтіп көргенсіз. Бірақ бұл бұрынғыға қарағанда әсері аз болады деп ойламаңыз. Қағаз, қалам алып сізге ұнайтын үш адамның атын жазыңыз, және ұнамайтын үш адамның атын жазыңыз. Аттарға қарама–қарсы осы адамның қай қасиеті Сізге ұнайтынын жазыңыз. Осы адамдар өмірде бар адамдар болуы керек. Тіпті Сіз білмейтін адамдар болуы да мүмкін. Мысалы: әртістер, музыканттар, бірақ адамдық қасиеттер адамнан бөлінбеген болуы керек. Өте тез жазыңыз, таймер қойыңыз, жаттығуға бар болғаны 5 минут кету керек. Жаздыңыз ба? Тамаша. Бірінші үштікте жазылған адамдар Сізге қатты ұнай ма? Сізге олардың қасиеттері керемет сияқты көрінеді ме? Тыңдаңыз, жауап: бұл қасиеттер – Сіздің бөлшегіңіз, сіздің ерекшелігіңіздің бөлігі. Бір өкініштісі, Сіз жек көретін қасиеттер де сізде бар. Бұл жеке ерекшелігіңіздің жаман жағы. Өміріңізге ақшаны кіргізу үшін дәл осы қасиеттермен жұмыс істеу керек. Бізге ұнайтын және бізгеұнамайтын бір–біріне қарама–қайшы келеді. Осы қарама–карсы қасиеттерді өз жауаптарыңызда табыңыз. Мысалы, бір адамға қарындасының бойкүйездігі ұнамайды: оған ештеңе керегі жоқ, ештеңеге ұмтылмайды. Сонымен қатар, оған өзінің досының мақсатқа ұмтылғандығы қатты ұнайды. Бұл екі жақтылық деп аталады. Бұл жағдайда өз қасиеттеріңізді салыстырып, екі жақтылығыңызды табыңыз. 31
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” ЖАЛҚАУ, БЕЙБАҚ, САРАҢ БА? Көптеген бизнес–тренерлер көп ақшаны біз өзімізге жұмсауымыз керек, яғни өз қажеттілік деңгейімізді көтеруіміз керек дейді. Мен өткен бір бизнес–тренингте мынадай тапсырма бар. Оқушы өзіне еш уақытта алуға мүмкіндігі болмаған бір қымбат затты сатып алуы керек болды. Тағы бір тапсырма: оқушы өкілеттіктерін басқа біреуге беруін үйренуі керек. Бұл тапсырманы оқушылар бәрі орындауға міндетті. Мысалы, біз өзімізге қызметкер алдық, бірақ оған айдың аяғында не төлейтінімізді білмедік. Біздің түпкі санамыз дұрыс болғандықтан біздің жаңа қызметкеріміз сол айда–ақ ақысын алды. Ол өзі бізге ақша тауып берді, оған да айлығын төлей алдық. Бірақ жұрттың бәрінде былай бола бермейді. Егер сіздің түпкі санаңыз ақшаны өте қымбат заттарға жұмсауға рұқсат бермесе, бұл жақсылыққа апармайды. Сонда бұл не болды? Ақшаны жұмсауға табиғи сараңдығымыз мүмкіндік бермейді, ал өкілеттікті басқаға беруге – табиғи жалқаулық кедергі жасайды. Сондай–ақ менің жолым болмайды деген сезім болса, ол жаман. Кім өзін жалқау сезінеді? Бұл Сіздің қабылданбаған қасиетіңіз. Яғни Сіз бұл қасиетіңіз үшін өзіңізді кінәлайсыз, сіз оны жоққа шығарасыз. Сіз өзіңізді жалқау деп есептейсіз және оны жаман деп ойлайсыз. Мен де өзімді жалқау деп санаймын, дегенмен мұны жаман деп есептемеймін. Әдістеме көмегімен жұмыс істей бастағанда жалқаулық бизнесменнің ең басты қасиеттерінің бірі екенін түсіндім. Дәл сол жалқаулықтың арқасында бизнесмен өз ісін жүргізеді. Нағыз бизнесмен жұмыс істеуде жалқау. Бірақ бұл оның дым істемейтіндігін білдірмейді. Көбінесе, әсіресе алғашқы бизнесті құру және дамыту кезеңдерінде бизнесмен өз қызметкерлерінен өте көп жұмыс жасайды. 32
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” Өзіндегі жалқаулықты мойындамаған адам – ешуақытта ісін басқа біреуге тапсыра алмайды. Ісін екінші адамға тапсыру дегеніміз өсу. Жалғыз адам ешуақытта нағыз бизнес жасай алған емес. Егер Сіз ісіңізді тапсыра алмасаңыз, бизнесіңіз ешқашан өспейді. Бір адам он адам жасай алатынды жасай алмайды, тіпті осы он адам жұмысын нашар істесе, ал Сіз жалғыз өзіңіз жақсы істесеңіз де. Жалғыз адам жұмысты он адамнан тиімді және жақсы жасай алмайды. Біз барлығымыз өз ерекшелігімізді қабылдамаймыз, сондықтан да көп нәрседен айырылып жатамыз. Біз өз күшімізді түсінбейміз, тек кемістігімізді ғана көреміз. Егер ақша қаласаңыз бұндай дүниетанымыңызды міндетті түрде өзгертуіңіз керек. Адам өзін жалқау екендігін көбірек мойындаған сайын, соғұрлым бай болмақ. Байлылық пен жалқаулықтың арасындағы тікелей тәуелділік қатынасы – аксиома. Сараңдық. Кім өзін сараң санайды? Ешқайсымыз мұны мойындағымыз келмейді. Бұл қасиет іс жүзінде барлық адамға тән деп есептеймін. Бай адамдар әрқашан сараң. Олар мұны өздері үшін жақсы екенін түсінеді. Бұл «Сау жасуша(клетка) философиясы» аталатын пікір бойынша іске асуда: егер жетістікке жеткіңіз келсе, біріншіден өзіңізді, содан соң басқаны ойлаңыз. Егер адам өзіне шын мағынада тұрмыстық жағдайын дұрыстағысы келмесе, өзгеге ол ештеңе бере алмайды. Сондай–ақ сараңдықты мойындамасақ, өмірдің тұрмыстық, материалдық жағын жоққа шығарамыз. Сараңдық – бұл бәріне иемдену тілегі. Мұндай тілекті жаман ой деп ойлаймыз. Бұлай болса, біз иелік ете аламыз ба? Жоқ,ете алмаймыз. Бұл сіздің түпкі санамызға қонымды. Молшылыққа ие болу не үшін керек, егер одан біз сараңға айналатын болсақ. Сараң адамдарға көңіл аударыңыздар. Сізде неге ақша жоқ, оларда неге бар екенін түсінесіздер. 33
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” Бейбақ адамдар – адамдардың қызық түріне жатады. Егер кез келген адамнан сіз жолы болмайтын адамсыз ба? деп сұраса, ешкім иә деп жауап бермейді. Бизнес–гуру өмірі жолы болмайтын адам туралы: «Жолы болмайтын адам – өсу» дейді. Анекдот: Емтихан алып отырған профессордан студент өзін ақылдымын деп ойлайды, ал профессор оны мойындамайды. Студент өз біліміне есеп жүргізеді. Салыстырғанда жетістікпен және ақша молшылығымен жағдай тура осындай болып көрінеді. Адам жолы болып, ақшасы көбейген сайын оның әлі де жеткіліксіз екендігіне көзі жетеді. Яғни бастапқы өсу нүктесіне оралып отырады. Қолында шектеулі сома, мысалы, 100 мың болса, өзін баймын деп есептейтін адамның жағдайы өкінішті. Өйткені ол жетістікке қол жеткіздім, дейді де өсуін тоқтатады. Бұл көп таралған құбылыстың психологиялық себептерін қарастырайық. Адам неге өспейді? Оған бай адамның жағдайында болу ыңғайсыз, оның бейбақтық ахуалы «қабынған». Байлығы 10 млн–ға дейін бағаланатын жолы болғыш адамдармен іскерлік қарым–қатынаста бола тұрып, өзін бейбақ ретінде есептеп, олардың қасында болуға ыңғайсызданады. Ал өсу неден болуы мүмкін? Көбінесе бұл біздің бірдеңені өзгерткіміз келгендіктен болады. Орындалмаған тілектің негізінде пайда болған стресс бізді өзгеруге итермелеп, іштей өзгеруге бастап, соңында қуатты әсер ету күші арқылы өсуге әкеледі. Көбінесе онда миллион бар, менде неге жоқ деген ойдан стресс пайда болады. Бұл қалыпты жағдай. Егер біз одан қашатын болсақ, өзімізде жолы болмайтын жанды мойындамайтын болсақ, қандай өсу туралы айтуға болады? Біз өзімізді кереметпін деп сезінеміз. Бірақ белгілі бір уақытта бізде ештеңе қолымыздан келмейтінін, бәрінің керісінше сәтсіз жүріп жатқанын түсінеміз. «Неге соншама аңқаумын?» деген үлкен сөз тіркесіне сыятын ой пайда болады. 34
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” Белгілі бір жағдайларда көптеген адамдардың өз–өзімен сөйлесуі болады. Менде мұндай жағдай жиі болып тұрады. Егер сіз сол сәтте бұл жағдайды өсу сипаты нүктесі ретінде қарасаңыз, демек бұл жағдай қажет және оны неге сезінгіңіз келетінін түсінесіз. Бір мезгіл бейбақ адам орнында болғыңыз келсе, оны ішанара өзіңізге қабылдайсыз. Оны толық қабылдауға түпкі санамен жүргізілген жұмыс қана көмектесе алады. Түпкі санамен жұмысты алдыңызға қойылған мақсат пен туындаған мәселелерге байланысты әртүрлі бағытта жүргізуге болады. Онымен жұмыс істеудің мәні өз алдыңызға қойылған мақсат пен туындаған мәселелерге байланысты деген тоқтамға келесіз. «Бейбақ ахуалда болудың өзі – өсу екен ғой!» 35
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” БАЙ–МАНАП, СЕН ҚАНДАЙСЫҢ? Сіздерге бір бастан өткерген қызықты оқиғаны айтайын, өз сабақтарымда үнемі айтып қолданатын ерекше практикам. Өткен жылы бізге Master Kit қолдау мақсатында Қазан қаласынан бір жас жігіт келді. Ол бизнесмен, әрі кәсіпкерлікпен көптен бері айналысады. Оның басындағы қиыншылығы сонша тәжірибесіне қарамай, ақша оған «келмейтін». Жас кәсіпкер жігітпен бірге ақша бейнесін, онымен қоймай бай адамның бейнесін талдап–сараптай бастадық. «Қандай сұмдық! Сондай семіз, ұсқынсыз, Lexus мініп жүреді, жол ережесін бұзады, былапыт сөздер айтады, барып тұрған нағыз құбыжық». Әрине, дәл сол сәтте мұндай болғысы келмейтінін айтты: «Маған мұндай болудың керегі жоқ, маған мұндай ақша керегі жоқ. Мен ешуақытта мұндай болмаймын». Бұған дейін өзін ақшаны жақсы көретініне ұзақ сендіріп келді. Бізге кірер–кірместен «Мен ақшаны жақсы көремін!» деген. Өкінішке орай, бай адамның соншалықты жағымсыз бейнесінен кейін ақшаға деген ыстық сүйіспеншіліктің өзі осы туындаған жағдай алдында қауқарсыздық танытты. Бай адамның осынша жағымсыз бейнесі оның көңілінде қалай жиналып қалған деп сұраған жоқпын. Өзі айтып берді: «Иә, бұл қиындық менде балалық шақтан қалған. Біздің мектепте бай балалар болды, ал мен өте кедей отбасыда өстім. Өзімді сыйлаудан қалмау үшін үнемі өзіме: мен кедеймін, бірақ жақсымын – деп айтып жүрдім. Ал олар бай болса да жаман, оларды ешкім жақсы көрмейді деп айтып жүруім керек болды». Сонымен бала күнінен жас жігіт осындай психологиялық ұстанымды қалыптастырған. Сол кезде оған дәл осындай ұстаныммен өмір сүру оңай еді. 36
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” Бірақ бұл осы ұстаныммен өмір бойы жүру деген сөз емес қой. Тіпті де керек емес. Ең қызықтысы, өзінің болмысында қанша ақшаға ұмтылса да, осы ұстаным оны басқа нәтижеге әкеліп отырады. Неге? Себебі оның түпкі санасында бәрі анық та айқын: «Егер мен бай болсам – оңбаған адам боламын». Ол жаттықтырудың арқасында бай адам туралы түпкі санасындағы түсінігін өзгертті, соның арқасында ақша оған өзендей ақты. 37
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” ТЕСТ: Сіз үшін бай адам бейнесі қандай? Көзді жұмып, өзіңізді еркін ұстаңыз. «Мен баймын» деген сөз тіркесін қайталаңыз. Не көріп тұрсыз? Бұл әртүрлі нәрсе болуы мүмкін. Мүмкін Сіз жағымсыз бейне көріп, күнгей өрімінде денеңіздің тырысуы сезімін басыңыздан өткізуіңіз мүмкін. Егер керемет бейне көрінсе, әр бөлшегіне мән беріп, сіз қай бөлшегінен ыңғайсызданатыныңызды табыңыз. Сіздің бай туралы бейнеңізде Сізге ыңғайсыздық тудыратын ұсақ- түйектер, бөлшектер, нюанстар болуы мүмкін. Егер Сіздің түсінігіңізде жоғары деңгейдегі бейнелі бай болғанда, Сіз әлдеқашан байып кеткен болар едіңіз. Өз сезіміңізді жазып шығыңыз. Ең бастысы Сіз неден ыңғайсызданасыз, соны жазыңыз. Сөйтіп Сіз өзіңіздің ұстанымыңызды көретін боласыз. Мен өз танысыммен жұмыс істеген сәтте, ол өзінің бай туралы түсінігін былай айтып берді: - Мен өзімді жағажайда, қолымда макбук, коктейль, жанымда пальма, ақ «Порш–Кайен». - Жақсы, керемет, осы бейнеде неден қысыласың? - Әуелі ол қысылуға еш себеп жоқ деді, өйткені бұл бейнені әлдеқашан және жиі осы бейнені көз алдына әкеледі екен. Белгілі бір сәтте ол өзгеріп, былай жауап берді: - Мен онда жалғызбын. Дәл осы үшін бай болғым келмейді. Байлық – бұл жалғыздық! Бұл оның түпкі санасының нұсқамасы. Бұл оның тесттен алған нәтижесі. Өз нәтижеңізді тауып жазыңыз. Сіз үшін байлық деген не? 38
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” ТІЛЕК ДЕГЕН НЕ? Біздің әрқайсысымыздың саналы тілегіміз (біз оны саналы сұраныс деп атаймыз) және түпкі санаға байланысты тілек бар. Саналы тілегіміз – бұл біздің мақсаттарымыз бен армандарымыз. Олардың орындалуы оңай емес. Мақсаттар еркін шешім арқылы іске асады, ал армандар көбінесе арман күйінде қалады. Кейбіреулер стресс пайда болуынан қорқып армандамайды да. Түпкі сана тілектері – бұл негізінде өмірімізді басқаратын нәрсе. Тіпті біз оны қанша қусақ та, біз оны сезініп тұрсақ та бәрібір бізді басқарады. Егер саналы тілегіміз бен түпкі сана тілегі сәйкес келмесе, біз стресс аламыз. Түпкі санак тілегі – біздің жеке ерекшелігімізді таныту. Оны жоққа шығарсақ, біз өзімізді жоққа шығарғанымыз. Мен алдында айтқанмын, егер біз өзіміздің әлдебір жеке қасиеттеріміз бен сипаттарымызды қабылдамасақ, бұл ақшаға тікелей әсер етеді. Өйткені ақша – біздің тілегіміздің нәтижесі. Ақшаны қажетсінуге және тілеуге болады және солай болу керек. Ал тілектің орындалуы ешкімге кедергі келтірген емес. Түпкі сана тілегі неге орындалады? Өйткені түпкі сана тілегі энергия болып табылады. Энергия шексіз. Ол жаман болуы мүмкін емес. Сіздің түпкі санаңыз бен Сіз – энергияның шексіз жиынтығысыз, сондықтан қолыңыздан бәрі келеді. Мұхит жағасындағы үй – ол өте оңай. Өйткені Сіз шексізсіз. 39
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” ЫНТЫЗАР ТІЛЕКТЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАСАЛУЫ Біз қатты ынтызар болып тұрсақ та неге мақсатымызға жете алмаймыз? Дәлелдеуші қате, дұрыс адам дәлелдемейді. Яғни біз бірдеңені тілейміз деп езеуреп айтқанмен оны қаламаймыз. Біз өзімізді сендіреміз. Он мың рет тілеймін, тілеймін, тілеймін деп қайталаймыз. Ал шындығында, болашаққа қатысты бұл қашан болады екен деген қауіп тұрады. Ал жеңіл оймен келетін тілектердің орны бөлек. Ондай тілектер тез әрі оңай іске асады. Бұл тек қана сезіну емес, ол шындыққа айналатын іс. Ол тез және жағымды орындалады. Сіз қажетті адамдар мен жағдайлардың ағынына тап боласыз. Сіз осы жағдайға енесіз, бәрі жеңіл және еркіңізбен болып жатады. Бұл жағдайда адамда ешқандай стресс болмайды, өйткені оның санасы мен түпкі санасы сәйкес келді. Олар енді бірыңғай. Бұл ЖАСАЛУ үдерісі деп аталады. Арман ынтызар тілектің күштеуімен іске аспайды. Айталық, біздің санамызда бір нәрсеге жету деген үлкен тілек болды делік. Біз сол ойға тоқталамыз да соны нақтылай береміз. Ал түпкі санадағы тілек бұған қарама–қарсы, түпкі сана бойынша біз оны тілемейміз. Бізде қорқыныш бар. Көбінесе үрейлер жиыны. Нақты үлкен тілекке тоқталуға тырысып көріңіз. Сіз бір нәрсені қатты қаласаңыз, оны бірден көзге елестетесіз. Сіздің тілегіңіз орындалған жағдайдағы өзіңіздің шынайы бейнеңізді қиялдай аласыз. 40
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” Мысалы, қыз бала қызыл Jaguar автомобилін алғысы келеді. Көзін жұмып, арманындағы авто расқа айналса не болады деп елестетеді. Өзін қызыл Jaguarдың ішінде отырғанын елестеткенде қандай сезімде болады? Ягуардың ішінде қорқыныш молынан «көмілген». Егер осы машина пайда болса, мықты әйел болғандықтан ол жалғыз болады, күйеуін тықсырады. Бұл көптеген қыздардың кең таралған ұстанымы. Ол өзінің «Ягуар» алғаннан кейінгі болатын қорқыныштарын анықтап алғаннан кейін оны талдау керек. Сонда ол соншалықты саналы түрде қалаған «Jaguarды» түпкі санамен неге қаламайтынын түсінетін болады. 41
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” ТЕСТ: ЫНТЫЗАР ТІЛЕК Сіздің қандай да бір ынтызар тілегіңіз бар ма? Егер бар болса, оны жазыңыз. Ал қазір отырыңыз, өзіңізді еркін ұстаңыз, көзіңізді жұмып қараңыз: ол Сізде бар. Не көріп тұрсыз? Неден қысыласыз? Сіздің түпкі санаңыз Сіздің тілегіңізді іске асыруға неліктен қарсы екенін жазыңыз. 42
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” АРМАНДЫ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА БОЛАДЫ? Өз арманыңды жүзеге асыру оңай, тек ақылға қонымсыз бір нәрсе керек. Міне, Сіз маған былай дедіңіз: - Қызыл Jaguar керек! Ал мен сұрақпен жауап беремін: - Керемет, ал ол Сізде бар ма? Сіз маған шын жауап бересіз: - Жоқ, әрине. Сонда мен беделді түрде хабарлаймын: - Демек Сіз оны түпкі санаңыз бойынша алғыңыз келмейді! Бұл ең бастысы, әрі ең біріншісі. Бірінші қарағанда ақылға сыймайтын затты қабылдау. Шындығында бәрі оңай. Түпкі санамен қалағаныңыздың бәрі орындалады, қаламасаңыз – орындалмайды. Әрине, менімен дауласарсыз. Бұл машинаны шынымен өте қалайтыныңызды, тіпті қатты қалайтыныңызды айтарсыз. Ол Сізге өте керек. Сіздің осы ынтызар қалауыңыздан білгенім қайырсыз осы Jaguarда Сіздің ұстанымыңыз бар. Яғни Сіз сары шашты болсаңыз, мен Сізді қара шашты деп дәлелдеуге тырыспаймын. Өйткені мен білемін. Тіпті біреу маған жақындап керісінше пікір айтса да дауласпаймын, себебі анық жайтты дәлелдеу күлкілі болар еді. 43
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” Егер бір нәрсені қатты қаласаңыз ол туралы бар даусыңызбен айқайламас едіңіз, тек жақын күнде қол жеткізетініңізді білесіз. Бұл тек қана арман емес, іс жүзіндегі болмыс. Мұндай армандармен жұмыс істеудің қажеті жоқ, олар өздігінен жеңіл іске асып жатады. Jaguar–ымызға қайта оралайық. Енді бұл әдемі машинаны түпкі санаңыз бойынша неге алғыңыз келмейтінінің себебін түсінуге тырысайық. Ол себеп міндетті түрде бар. Бұл жерде тыйым бар: дауыстап «Мен білмеймін» деп айтуға болмайды. Сеніңіз, Сіздің түпкі санаңыз «Мен білмеймін» деген сөзді дауыстап айтсаңыз, тұйықталып қалады да ештеңе айтпайды. Ақырында ештеңе көре алмайсыз. Бос кеңістікті ғана көресіз. Себепті анықтағаннан кейін Сіздің түпкі санаңыздағы ұстанымыңыз арманыңыздың орындалуына жол бермей жатқанын білесіз. Және онысы дұрыс екен. Ойлап көріңіз, Сіз Jaguar–ды алған сәтте туыстарыңыз Сізбен араласпай қояды деген түпкі санадағы тоқтамыңыз орныққан. Ең қызығы осы тұстан басталады. Бұл ұстанымды еш шығынсыз туыстармен қарым–қатынасқа айналдыруға болады. Бұл үшін түпкі санаңызға қарапайым ойды жеткізуіңіз керек: «Jaguar» мен туыстарым бір–бірімен байланысты. Маған былай ойлауға да болатын еді, бірақ бұл тек менің ғана ұстанымым. Шындығында ешқандай байланыс жоқ. Ол туралы менен басқа ешкім білмейді». Міне, ұстанымды өзгерту деген осы. Әрі қарай мен адам жұмыс істеуде болатын кезеңдер туралы айтып беремін. Әр кезеңде әртүрлі тәндік және көңіл күйде болатын өзгерістерді сезінесіз. Осыдан тоқтам өзгергенін бақылап отыруға мүмкіндік туады. 44
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” СІЗДІҢ БОЛМЫСЫҢЫЗ ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ? Осы бөлімде мен Сіздерге әлемнің үндестігі туралы айтқым келеді. Сонымен бірге болмысыңыз Сіздің түпкі санаңыздың айнасы дер едім. Әлем айнасы. Біз – жарты ғанамыз. Басқа жартымыз айналадағы дүниемен араласуда. Сондықтан біздің түпкі санамыздың тоқтамының жүзеге асырылу үрдісі бар. Сондықтан олардың танылғанын біз өмірімізде көреміз. Миымызда бір нәрсені өзгертсек, айналамыздағы болмысымыз да өзгере бастайды. Үндестік. Біз керек адамдармен кездесеміз. Өзімізге қажет жерде боламыз. Адам айыпты болмау керек деп неге айтамын? Мысалы, мен Сізді ренжіттім. Сіз маған ренжідіңіз. Менің де, Сіздің де бұған құқығымыз бар. Мен шабуыл жасау сезімінде болуға, Сіздің өкпе–реніш сезімін сезінуге құқығыңыз бар. Ең қызығы менің Сізді ренжіту үшін шабуыл жасау сезімін сезінуге себеп бар. Ал Сіздің өкпелеу сезімін сезінуге себеп бар. Сіз түпкі санаңызда өкпелеуге ыңғайланып тұрасыз. Мысалы, Сізді біреу аяса екен деп, сол арқылы оның сүйіспеншілігін сезінгіңіз келеді. Ал мен өз күшімді сезініп, өзгенінің сыйлауын сезінгім келеді. Адам не үшін өкпелеуі мүмкін? Өзін аяса екен, жақсы көрсе екен деп өкпелейді. Ол өкпеледі, оны аяйды, ол сүйіспеншілік сезінеді. Сондықтан айып жоқ. Мен өкпелеткім келді – Сіз өкпелегіңіз келді. Бұл бізге керек болды. Сізге де, маған да. Дүниенің кереметтігі сол, біз міндетті түрде кездесеміз. Маған өкпелегісі келмейтін адам ешқашан кездеспейді, ал Сіз ренжуге тап болғыңыз келмесе өкпелететін адам ешқашан кездеспейді. Бұл дүние кереметі. Бұл үндестікпен жүзеге асып жатады. 45
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” СІЗ ӨЗ БОЛМЫСЫҢЫЗДЫ БАСҚАРА АЛАСЫЗ БА? Сіз өз болмысыңызды тіпті қазір де басқарып отырсыз, бірақ оны сезіп тұрған жоқсыз. В.В.Тарасовтың «Батырлар кітабында»: «Әлемді меңгеру ұят емес, оны дұрыс басқара алмау ұят»,– деп жазылған. Бұл пікір біздің тұжырымдамамызбен толық үйлеседі. Түпкі санаңыз арқылы болмысты қазірдің өзінде басқарып отырсыз. Өзіңіз қалағандай иелік ете аласыз. 46
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” ҰСТАНЫМ – ДЕГЕН НЕ? Көптеген адамдар ойына не келсе соны орындауда еркіндікте болғысы келеді дегенді айтасыздар. Мен Сіздермен келісемін. Бірақ бұл жерде мұндай армандарды жүзеге асыруда түпкі санамыздағы ұстаным негізгі рөл атқарады. Ұстаным – жеке сипаты бар, әрбір нақтылы адамға тән құбылыс. Ұстаным деген не? Осы әдістеменің мәні – біздің түпкі санамызда орын алған белгілі бір ойлау үлгілері бар. Біз балалық шақтан бері қалыптасқан әрі өзіміз соған үйреніп алғанбыз. Олар белгілі көңіл күйдің күйзелген сәттерінде пайда болған немесе ата–анамыз бір нәрсені қайталай бергендіктен санамызға ұялап қалған. Сөйтіп біздің түпкі санамызда ұстаным пайда болды. Бұл ұстанымдар біздің өмірімізді, болмысымызды жасай бастайды. Өйткені олар біздің іс– әрекеттерімізді басқарады. Мысалы, неге алдымызға мақсат қоямыз, неге оны орындай алмаймыз? Біз өзімізді жалқау, тиянақсыз, өзімізді жақсы көрмейміз деп есептемейміз. Ал шын мәнінде, әлде бір себептермен алға қойған мақсатымызға жете алмай жатамыз. Біз мақсатты саналы түрде қойдық, бірақ түпкі санадағы ұстаным бойынша мақсатымызға жете алмадық. Мысалы адам ақша қажет етеді, ал түпкі сана ұстанымында «ақша – бұл жалғыздық». Мысалы, ер адамда отбасы бар. Егер ол байып кетсе, жалғыз қалатындай көрінеді. Ер адамдарда мұндай ұстанымдар жиі кездеседі. Яғни егер онда көп ақша пайда болса, ол қыдырымпаздыққа салынады. Ақшаның және қыдырымпаздықтың кесірінен ол отбасынан, айналадағы адамдармен қарым– қатынасынан, қалыптасқан өмір сүру қалпынан айрылады. Яғни ол үшін «ақша – бұл жалғыздық» – бұл болмыстың ең жоғары сатыдағы шындығы. Бірақ өз түпкі санасындағы ұстанымда ақша мен 47
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” жалғыздық арасындағы байланыс қандай да бір нәтижеге жетуге тыйым салады. Өйткені оның жететін нәтижесі жалғыздық, ал ол ешқашан жалғыз болғысы келмейді, ол отбасы болғанын қалайды. Соған сәйкес ол өзінің отбасын жоғалтып алмас үшін нәтижеге жетуіне жол бермейді. Егер ерік–жігеріне күш салып, сыртқы әсер құралдары арқылы өзіне салмақ салар болса, жалғыздыққа тап болады, өйткені мұнда ұстаным іске асады. Ұстаным – тек қана дүниеге көзқарас емес, ол болмыс айнасы болып есептеледі. Егер біздің өз ұстанымымыз болып, бірақ күш–жігер немесе сыртқы құралдар арқылы әрекет жасасақ, нәтижесі көбінесе адам төзгісіз болар еді. Яғни нәтижеге жетеміз, бірақ қосымша ұстаным әсері қоса жүзеге асып, нәтиже дұрыс болмайды. Болмаса, «ақша = шаршау, көп жұмыс» деген түсінік адамдарда қалыптасады. Жұмыс пен ақша байланысты деген ұстаным кеңінен таралған. Шындығында ол жай ақша ғана. Кейбіреулер «ақша – бұл ләззат» деп те айтады. Бұл да байланыс, бұл да ұстаным. Яғни кез келген байланыс ұстаным болып есептеледі, олар миллиондаған, бірақ бізге өмір сүруге кедергі жасамайды. Ұстаным бізге қашан кедергі жасайды? Қай сәтте бұл орын алады? Егер біз саналы түрде ақшаны қаласақ, түпкі санамызда ешуақытта ақшалы болуға болмайды, бұл жалғыздыққа әкеліп соғады деген ұстаным бар. Осы қақтығыс болған сәтте адамда стресс болады. Біз бұл ұстанымды жүзеге асыруға, іске айналдыруға тырысамыз да стресске түсуден қашамыз. Сен ақшаны өмірі көрмеймін дегенге көнуіңе болады. Солай істеуге болады. Кейбір діндер дәл осыған үйретеді. Ақша туралы ойды түбегейлі өзгертіп, неден болса да ажырата алсаңыз, ақшалар оңай келеді. Өйткені солай істеуге болады. Ия, маған ақша – жалғыздық деп сезінуге болатын еді. Осы кітапта айтылып отырған әдістеме арқылы ұстанымды өзгертуге болатынын және бұл 48
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” байланыс туралы біздің ғана ойымыз, басқаша ойлайтын адамдар бар, ал біз осыған дейін солай ойладық. Сонымен түпкі санамыздағы ұстанымды өзгерте отырып, нәтижеге оңай жетеміз, әрі ешқандай жалғыздық та болмайды. Ең қызығы, стресс те кетеді, стресс жағдайды анықтайтын лакмустық қағаз іспетті, яғни сана мен түпкі сананың түйіспей қалғанын анықтайды. Бұл жай ғана «ақша» болады. Біз ақшаның жай ғана ақша екенін түсінеміз. Бұл нәтижеге іс жүзінде аз уақыттың ішінде жетеміз. Егер басқа әдіс бойынша жүретін болсақ, ерік күші, өзіңмен–өзің күресу сияқты құралдар керек болар еді. Қайғылы жағдай бұл ғана емес. Ең қиыны осы ұстаным кез келген жағдайда жүзеге асырылады. Егер ақшаны жалғыздық деп есептесең, оларға күш–жігер арқылы жеткенде түбінде жалғыздыққа келесің. Неге? Өйткені түпкі сана ұстанымы әрқашан жүзеге асады. Егер сенде үлкен ақша болмаса, сенде жалғыздық болмайды. Бірақ, аяқ астынан ақша пайда болса (ұтып алсаңыз немесе басқа да жолмен, өзіңізді– өзіңіз басып, ол ақшаға жетесіз), онда ұстаным жүзеге асады. Түпкі санаңызбен жұмыс істемесеңіз, я жалғыздыққа, я кедейлікке көнуге тура келеді. Иә,иә, иә. Бәрі дұрыс. Қандай жағдай болмасын көнесің, жалғыздыққа, не кедейлікке көнуге тура келеді, болмаса өмір бойы стрессте өмір сүресің. Ақшаны қалағандайсың, бірақ ақшаң жоқ немесе керісінше, отбасын жоғалтқың келмейді, ақырында ақша табасың, отбасынды жоғалтасың. Яғни ұстаным, тағы қайталай кетемін – түпкі санадағы шындық. Шындық деп ойлаған нәрсеге сенеміз. Бір қызығы оған тек біз ғана сенеміз. Бұл өмірдегі барлық нәрсеге байланысты: ақша, ата–ана мен бала арасындағы қарым–қатынас, өзімізге, махаббатқа, бизнеске қатысты нәрселердің бәріне әсер етеді. Егер біздің ұстанымымыз өзімізге кедергі жасап жатса, бұған қарсы бірдеңе жасауымыз керек. Өмірде өз арманын жүзеге асыра алмай адасып жүрген психологиялық ұстанымдары ұқсас адамдар өте көп. Мен оларды ақымақ деп, болмаса 49
Дарья Трутнева “Өз өміріңе үлкен ақшаны қалай кіргізуге болады” өздерінің алдында кінәлі деп есептемес едім. Мен оларға көмектескім келеді. Олардың түпкі санасынан өз тоқтамын тауып алардай куатты құрал бергім келеді. Көптеген адамдар өз ұстанымдары бойынша бәрі бірдей деп жаңсақ ойға келеді. Сіздің жеке ұстанымыңыз өзіңізде, өзіңіз қазуыңыз керек. Және ол жай ұстаным емес, «қабынған» ұстаным, ол міндетті түрде өзгеруге дайын. Сіздің ұстанымыңыз жақсы да, жаман да емес. Менің әдістемем өмірде өте жаман немесе өте жақсы нәрсе жоқ екенін айтады. Мысалы мен өзімде машина болғанын қалаймын, бірақ ол менде жоқ. Неге жоқ? Өйткені менде ұстаным бар: «Егер машина жүргізсем, онда менің ер азаматым болмайды». Қалай ойлайсыздар, бұл жақсы тоқтам ба, әлде жаман ба? Сіз жаман деп ойлауыңыз мүмкін. Жақсы деп те ойлауыңыз әбден мүмкін. Мүмкін менің ер адамым бар, басқасын қаламайтын шығармын. Бұл ұстаным жақсы ма, жаман ба, ешкім де айыра алмайды. Оларды жіктеуге бола ма? Өз бойыңыздағы кез келген ұстаным ол жақсы. Тіпті ақшаны Голлум деп ойлаған оқушымның ой–ұстанымы да жақсы. Сіздің түпкі санаңызда нақтылы ұстаным бар екенін сезінудің өзі өсуге түрткі болады. Түпкі санада белгілі бір себептерге байланысты ақшаға деген теріс пікірлі ұстаным қалыптасты. Бірақ ол оны сезінсе, сөйте тұра еш өзгертуге әрекет жасамаса, жүйкесі жұқарып, күйзеліске түседі. Дүние басқаша құрылған, менің ісімнің бәрі дұрыс емес деп өзіңізді қатты жазғырасыз. Бүкіл әлем Сіздің көзқарасыңызды түсініп қабылдап тұр деп санайсыз. Мысалы, бар әлем әлсіз әйелді ұруға болады деп ойлайды. Әрине таяқ жеуге мүмкіндігі жоғары адам ол әлсіз әйел. Бірақ бұл аузынан көбігі атқан әлсіз әйел әлемге адамның бәрі де солай ойлау керек екенін дәлелдемейді. Жабық тұрған есікті тоқтаусыз қаға беруге болады. Бірақ, егер сіздің санаңызда ақша, бизнес туралы, қызметкерлер және өзіңіз туралы нақты 50
Search