312 ҚАЙТАДАН «ІШТЕН СЫРТҚА» Садат «сенімсіздіктің алып қабырғасын, қорқынышты, жеккөрушілікті және өзара түсінбеушілікті» қалыптастырған араб пен яхудилердің өткені мен кикіл- жіңдерінің қанға ұласып, оқшауланудың артуы өсе түскен болашақтың арасын- да тұрды. Келіссөздерге шақырған барлық әрекет кез келген шартты жағдайға, тіпті келісім жобасының мәтінінде үтірдің дұрыс қойылмағанына дейін шұқши- ғандықтың кесірінен ешқандай нәтиже бермей тұрды. «Зұлымдық ағашынан жапырақ жұлған» осындай қысылтаяң шақта Садат өзінің түрмеде отырған кезінде алған тәжірибесіне сүйеніп, мәселенің түпта- мырына бойлай білді. Осылайша ол миллиондаған адам үшін тарихтың баш - тын өзгертті. Садат өзінің өмірбаянында былай деп жазған еді: «Сол кезде мен соңы не болатынын ойламай, Каирдегі орталық түрменің 54-камерасында отырғанда басыма келген - өзгеріс жасау- ға дарын мен қабілет көрсету керектігі жөнінде айтқан іиікі күиіімнен ақыл сүрадым. М ен өзімді аса қажетті психологиялық және ментал- дық сапалармен қаруландырмай, мүндай аса күрделі мәселені өзгерте алмасымды білдім. Түрмеде отырып, өмір және адам табиғаты тура- лы терең ойларға берілгенде адам өзінің жеке ойлау қабілетін өзгерте алмаса, ешқашан өмір шындығын өзгерте алмайтынына, ешқандай прогреске де жете алмайтынына көзім жетті». Нақты өзгерістер, нағыз өзгерістер іштен сыртқа қарай туады. Өзгерістер- дің қалыбы мен тәртібіне бағытталған жеке адамның этикасындағы арсеналы- ның тәсілдерін пайдаланып, «жапырақ жұлсаңыз» олар тумайды. Өзгерістер сіздің мінезіңізді айқындаған ойлау жүйеңізден, іргелі де негізгі парадигмаңыз- дан және әлемге қалай қарауыңызды қалыптаған солардың линзасынан келеді. Осы турасында Амель* былай деген: «Адамгершілік ақиқатқа ақылмен ж етуге болады. Оны сезіне де аласыз. Алдымызға онымен тату түрарлық міндеттеме крюға бола ды. Бірақ осы әдістермен қол жеткізгеннің бәрі бір кезде ңолыңыздан сусып кетеді. Біздің болмысымыз, біздің табиғатымыз санамыздан әлдеқайда тереңде жатыр. Тек біздің барлық тамырымызды қуалап, осы тереңдікке түскен ақиқаттар ғана біздің санамыздан тыс, оған бағынбайтын жолмен өміріміздің айнымас бөлшегіне айналады, яғни біздің меншігімізден де жоғары бір затымыз сияқты болады. Ақиқат- пен өзіміздің арамызда қандай да бір шағын ғана кеңістік болса, онда біз ақиқаттан алыспыз деген сөз. Өмір туралы ойлану, өмірді сезіну, оған байланысты қүмарлықтар, өмірді санамен ойлап білу - мүның * Амьель Анри Фредерик (1821-1881) - француз философы, француздың өмір философиясы мектебінің өкілі
ҚАЙТАДАН «ІШТЕН СЫРТҚА» 313 бәрі болады, бірақ бұл өмірдің өзі емес. Өзімізді Құдайдың орнына қою арқылы ғана ақиқатқа қол жеткізе аламыз және оны жоғалтпауы- мыз мүмкін. Сонда ғана ақиқат бізден бөлек емес және біздің ішімізде де емес: өзіміз - ақиқатпыз, ал ақиқат дегенің - біз». Өзіңмен, жақындарыңмен, достарыңмен, әріптестеріңмен бірлікке қол жет- кізу - жеті дағдының ең қымбат, ең тамаша және сарыла күткен жемісі. Кө- біміз бұрын да осындай бірлікке қол жеткізіп, оның тәтті жемісін татқан едік, сонымен қатар айрылысудың да кермек дәмін көріп, табысудың қаншалықты қымбат және барынша нәзік екенін білгенбіз. Әрине, жоғары дәрежелі толымды мінезді тәрбиелеу және толықтай тұтас- тыққа жеткізетін махаббатқа толы өмірге қол жеткізу оңай емес. Ол «әлеумет- тік аспирин» немесе «пластырь» емес. Дегенмен оған қол жеткізуге болады. Бәрі де өз өміріңіздің негізі етіп дұрыс принциптерді алуыңызға байланысты, сонымен бірге басқа орталықтар қүрған парадигмаларды құртып, алдамшы жайлылық танытатын келеңсіз әдеттерден арылу керек. Кейде өзіміз артынан қатты ұялатын қате жіберіп аламыз. Алайда әр күні- мізді жеке жеңістен бастап, ішіміздегіден сыртқа шықсақ, жақсы нәтижелер- ге қол жеткіземіз. Біз жақсының дәнін ішімізге егіп, оны суарып, күтіп-баптап отырсақ, аз уақытта ғана жайнап келе жатқан өскінді көріп қуанышқа кене- летін боламыз, ал артынан үйлесімге, жасампаз өмірге қол жеткізген тамаша жемісін сезіне аламыз. Осы жерде мен тағы Эмерсонның мына сөздерін келтіргім келіп отыр: «Біз- ге түрақты істейтін жүмысымыз оңай сияқты көрінеді, бүл жүмыс сипаты өзгергенінен емес, біздің оны істеуге қабілетіміз артқанынан». Өз өміріміздің орталығына дүрыс принциптерді орналастыра отырып және жақсы нәтижеге жеткізетін іс-әрекеттерімізбен өзіміздің іс-қимылға қабілеті- мізді дамыту, Н/РА арасындағы тепе-теңдікті қолдай отырып өзіміздің және үрпақтарымыздың бақытты, тиімді әрі пайдалы өмірі үшін мүмкіндік тудыра- тын боламыз.
АВТОРДАН Осы кітапты аяқтай отырып, мен сіздермен дұрыс принциптердің табиғаты туралы ойымды бөлісуді қаладым. Меніңше, дұрыс принциптер - бұл табиғи заңдылықтар, олардың және біздің ар-ұятымыздьщ қайнар көзі - Құдай, біздің Әкеміз және Жаратушымыз. Ар-ұятына қылау түсірмеген адам өз мүмкінді- гінің толық ашылуына жол ашатынына, ал, керісінше, ар-ұяттан көп аттаған адам хайуанша күнелтуден аса алмайтынына бек сенімдімін. Сонымен қатар адам табиғатының кейбір қырлары заңға да, білімге де ба- ғынбай, тек Қүдайдың ырқына ғана құлайтынына сенемін. Адам пенде болған- нан кейін ешқашан кемел бола алмайды. Бірақ біз дүрыс принциптерді бас- шылыққа алсақ, ішімізде адам мүмкіншіліктерін бәріне қол жеткізе алатын қүдіретті дарын пайда болады. Тейар де Шарденнің* сөзімен айтқанда: «Біз — рухани тәжірибесі бар адамдық болмыс емеспіз. Біз —адамдық тәжірибесі баррухани болмыспыз». Менің өзім де осы кітап беттерінде сіздермен бөліскен көптеген қиындық- тар және проблемалармен үнемі күресіп жүремін. Бұл күрес оған кеткен күш- терімді ақтайды. Маған өмірдің мәнін түсіндіреді, махаббатқа баулиды, жаңаға қызмет көрсетуге және ізденуге шақырады. Менің дәл осы ойларымды тірілтетін Т.С. Элиоттың да мына сөздерін кел- тірсем деймін: «Бізге ізденуді тоқтатпау керек. А л ең соңында неден баста- сақ, сол жерге қайта ораламыз, сонымен қоса біріншірет шын танимыз». * Тейар де Шарден Пьер (1 8 8 1 -1 9 5 7 )- француздың діни философы.
сөз соңы Жиі қойылатын сұрақтар Шынымды айтсам, жеке басыма қатысты кейбір сұрақтардан көбіне-көп ұялып қаламын. Бірақ осы сауалдар жиі қойылады, үнемі қызығушылық біл- діреді, совдықтан мен оларды осы басылымға енгізу керек деп шештім. Осы сұрақтар мен жауаптардың көбі Living the 7 Habits («Жеті дағдыға сай өмір») кітабына да енген. «Жасампаз жандардың жеті дағдысы» алғаш 1989 жылы жарық көрді. Содан бергі жылдары алған өмір тәжірибеңізге сәйкес қандай өзгерістер енгіздіңіз, нені алып-крстыңыз? Шынымды айтсам, бәрі қаз қалпында қалды. Бұл таптаурын жауабым емес. Әрине, оған көптеген жаңа проблемаларды қосуға, ал бұрынғыларын қайтадан тереңірек талдауға болушы еді, бірақ мен оларды кейінгі шыққан кітаптарым- да қамтыдым. Мәселен, 250 мыңға жуық адамға жүргізілген сауалнамада «Басты іске баса мән беріңіз» делінетін үшінші дағды барынша терең ашылмаған. Сондықтан 1996 жылы шыққан First Things First («Басты іске баса мән беріңіз») кітабында екінші және үшінші дағдыларға көп көңіл бөлінді, сонымен қатар басқа дағды- лар да тиянақты қаралды. Көрнекі мысалдары да көп. The 7 Habits o f Highly Effective Families («Жасампаз отбасылардың жеті дағдысы») кітабында мен жеті дағды негізінде ойлау берік және бақытты, жа сампаз отбасын құруға мүмкіндіктер жасайтынын жаздым. Оның үстіне, ұлым Шон тинэйджерлердің мүдделері мен проблемаларына қатысты жеті дағдыны қалай пайдалануды көрсетуімен The 7 Habits o f Highly Effective Teens («Жа сампаз жасөспірімдердің жеті дағдысы») атты кітап жазылды. Одан бөлек мыңдаған адам бізге жетінші дағдыны пайдалану арқасын- да өмірінде жасампаздықпен жақсы нәтижелерге жеткенін айтып, бірегей тәжірибелерін ортаға салды. Олардың жетпіс алтысының мысалы Living the 7 Habits («Жеті дағдыға сай өмір») атты кітабымда келтіріліп, түрлі жағдайлар- ға, үйымдастыру модельдеріне немесе бұрынғы өмір тәжірибесіне қарамастан, принциптердің адамдар мен тұтас ұйымдар өмірінде алатын маңызды рөлі ту- ралы баяндадық.
316 сөз соңы Кітабыңыз иіыққаннан кейін жеті дағды туралы тағы не білдіңіз? Көптеген жаңа нәрсені танып, бұрыннан белгілі дүниелер бойынша білімім- ді тереңдеттім. Осылар туралы он сәтті назарларыңызға үсынамын: 1. Принциптер мен құндылықтар арасындағы айырмашылықтарды түсіну; принциптер - бұл табиғи заңдылық, бізден тысқары тұрып-ақ барлық іс- әрекетіміздің салдарын анықтайды. Қүндылықтар ішкі және субъектив сипаттарды білдіреді. Олар бізге ненің маңызды екенін көрсетіп, мінез- қүлқымызға әмірін жүргізеді. Күндердің күні принциптерді лайық бағалап, менің үғымымдағы жасампаздыққа сай келетін, жоғары жетістіктерді ба- ғындыратын нәтижелерге қол жеткізерміз деп үміт етемін. Ал қүндылық бэрімізге ортақ. Тіпті қылмыстық қауымдастықтың да өзі- не тән құндылығы бар. Қүндылық адамның мінез-қүлқын басқарады, ал принцип осы мінездің салдарын анықтайды. Принциптер бізге тәуелді емес. Олар бізге өзі туралы белгілі болғанынан, қабылдауымыздан, ұнайтынды- ғынан да тәуелді емес, тіпті біздің өзіне сенетінімізді де, бағынатынымыз- ды да керек қылмайды. Жылдар өткен сайын барлық мейірімділіктің түп бастауы бойсұну екеніне көзім жетіп келеді. Бойсұну ең бастысы біз емес, принциптер екенін айтып, оған бағынуымызға кеңес береді. Ал тәкаппар- лық бізге керісінше айтады, ол ең бастысы - өзіміз деп, құндылықтардың мінез-құлқымызды қалыптастыратынын алға тартады, қалай қаласақ со- лай өмір сүре аламыз дейді. Иә, біз өз қалауымызбен өмір сүре аламыз, бірақ біздің мінезіміздің салдары бәрібір қүндылықтан емес, принциптен тарайды. Сондықтан біз принциптерді жоғары бағалауымыз керек. 2. Әлемнің көп елінде жұмыс істеу тәжірибесі маған принциптердің негізінде жатқан әмбебап табиғатын көрсетті. Олардың көрініс табуы мен қалыптас- қан дәстүрлері әртүрлі болуы мүмкін, өйткені оларға сол өңір мәдениеті- нің ықпалы тиеді, бірақ принциптер бәрібір өзгермейді екен. Мен барлық әлемдік алты діннің бойынан да жеті дағдыда айтылған принциптерді тауып, әртүрлі мәдениет өкілдерімен сабақ өткізгенде діни дереккөздерден цита- таларды жиі пайдаланамын. Соның ішінде Таяу Шығыс елдерінде де, Үндіс- танда да, Азия, Австралия, Африкада да, америкалық үндістермен қарым- қатынас жасағанда да және басқа да елдердің байырғы тұрғындарымен әңгімелескенде де осы тәсілді қолданып жүрдім. Біздің бәріміз де, ерлер де, әйелдер де бірдей проблемаларға душар боламыз, бәріміз де бірдей сұра- нысты қалаймыз және бәріміз де ішіміздегі бірдей принциптерге жүгінеміз. Бәрімізге әділет принципі немесе «Ұттым/Ұттым» айқындамасы жақын. Жауапкершілік, мақсат, түтастық, қүрмет, ықпалдастық принциптеріне қа- тысты да соны айтуға болады. Осы принциптердің бәрі әмбебап. Тек олар- дың тәжірибеде қолданылуында айырмашылықтар болуы мүмкін. Әрбір мәдениет принциптерді өздеріне ғана тән тәсілдерге келтіріп, өзгертеді. 3. Мен жеті дағдыны ұйымдарда қолдану мүмкіндігін де түсіндім. Әрине, қа- таң талаппен қарасақ, оларда ешқандай дағды жоқ. Олардың мәдениетіне
сөзсоңы 317 кейбір дағдыларда көрсетілген белгілі бір нормалар мен ережелер жүйе- сі тиесілі. Сонымен қатар ұйымдарға белгілі бір жүйелер, үрдістер және салттар тән. Біз экономиканың барлық салаларына жататын мыңдаған ұйымдардың тәжірибелерін зерттеп, жеті дағды негізіндегі басты прин- циптердің бәрі ұйымның өмірінде қолданылатынына көз жеткіздік. 4. Сіз біреуінен бастап, басқа адамдарды жеті дағдыға үйретуіңізге болады. Бір дағдыны үйрете бастаудың өзі қалған алтауына тартылуға жол ашады. Бұл тұтастық бір бөлікте, ал бөлік тұтастықта жатқан кәдімгі голограмма секілді. 5. Жеті дағды «іштен сыртқа» бағытында болса да, ол сыртқы проблемалар- дан басталып, ішке түскенде тиімдірек болады. Басқа сөзбен айтқанда, сізде байланыс жасау жолында, мәселен, өзара түсіністікті немесе сенімді жоғалту сияқты бір проблема болса, онда ортақ жеңіске жету және проб- леманың шешілуінеәкелу үшін жеке жеңіске жетіп, «іштен сыртқа» тәсіліне жүгінуге болады. Міне, сондықтан да үнемі төртінші, бесінші және алтын- шы дагдыдан бастап, сосын ғана бірінші, екінші және үшінші дағдыларға өтемін. 6. Өзара тәуелділікке жету тәуелсіздікке жетуден он есе қиын. «Ұттым/Ұт- тым» күйінде ойлаудан бүрын, өз басыңызға көмек керек болғанына қа- рамай, басқа адамның «Ұттым/Ұттым» қалыбына түскеніне түсіністікпен қарап, ақыл мен эмоциялық тәуелсіздікті көп талап ететін ымыраға жету үшін үшінші баламаны табу жолдарын қарастыру керек. Басқаша айтсақ, өзге адамдармен шығармашылық ынтымақтастықта өзара табысты болу үшін тәуелсіздіктің жоғары дәрежесі, сонымен бірге ішкі кауіпсіздік пен өзіңді-өзің ұстай білу қасиеті керек болады. Керісінше болса, өзара тәуел- ділік контртәуелділікке айналып, адамдардың қарама-қарсы мақсаттарға үмтылатыны сияқты, өз сүранысын қанағаттандыру үшін қарсыластыңәл- сірегенін қалайтын болады. 7. Алғашқы үш дағдының мәнін қысқаша былай түжырымдауға болады: «уәде беріңіз және оны үстаңыз», ал келесі үшеуін- «проблемаңызды бас- қалармен бөлісіңіз және оны еңсеруге бірлескен шешім табыңыз». 8. Жеті дағды, өздерін түсіндіруге оншақты жаңа сөздер мен тіркестерді кол- дану жеткілікті болса да, жаңа тіл жасап шықты. Осы жаңа тіл көп нәрсені қысқаша түсіндіре алатын бір код сияқты болды. Мәселен, сіз былай сұ- рауыңызға болады: «Бүл салым ба, әлде есеп шоттан ақша алу ма?»; «Бүл белсенділік пе, әлде реакция ма?»; «Мынау іс синергия ма, ымыра ма?»; «Бұл «Ұттым/Ұтылдым» немесе «Ұтылдым/Ұттым» көзқарасы ма?». Мен осы код сөздердің астарында тұрған принциптер мен түжырымдамаларды тереңнен үғынып, соларды басшылыққа алу арқылы өзгеріске ұшыраған түтастай мәдениеттерді көрдім. 9. Тұтастық ниеттестікке қарағанда, неғұрлым жоғарырақ деңгейдегі құнды- лықсаналады.Нақтырақайтсақ,түтастық-ниеттестіктіңжоғарғыформасы. Түтастық адамдарға, үйымдарға, тіпті отбасыларға да емес, принциптерге
318 сөз соңы бағынуды білдіреді. Бір кезде сіз адамдардың алдынан шығатын көптеген проблемалардың негізінде мына мәселе жататынын түсінесіз: «Мына ше- шім қолайлы ма (қабылдана ма, саяси жағы түзу ме) немесе дұрыс па?» Біздің бір адамға деген немесе бір топқа деген ниеттестігіміз дұрыс деп санайтынымыздан жоғары болса, сол кезде біз тұлғамыздың түтастығы- нан айырыламыз. Біз уақытша танымалдыққа жетуіміз мүмкін, бірақ ақыр аяғында тұтастықтан айырылу бәрін де құртады. Бұл біреудің сыртынан өсек айтқанмен бірдей. Сізбен бірге басқа біреуді жамандап әңгіме тарат- қан адам да басқа жағдайда сіз оны да сатып, сыртынан өсек айта ала- тыныңызды білетін болады. Біздің алғашқы үш дағдымыз жеке адамның тұтастығын білдірсе, қалған үшеуі - ниеттестікті ұқтырады. Бірақ олар- дың бәрі бір-бірімен тығыз байланысқан. Бір кезде түтастықтан ниеттес- тік туады. Осы сапалардың орындарын ауыстыруға тырыссаңыз, сонымен қатар ниеттестікті бірінші орынға қойсаңыз, уақыт өткен сайын, сіз өз тұл- ғаңыздың тұтастығын жоюға келісім бергеніңізді үғатын боласыз. Біреуге үнаудан гөрі сенімді қодцанған артық. Адамдардың сенімі мен құрметіне бөленсеңіз, онда оларға үнайтын да боласыз. 10. Жеті дағдыны үйрену - өзіңмен тоқтаусыз күресуіңді білдіреді. Уақыт өт- кен сайын, әркім жеті дағдының бірінен немесе бәрінен де бас тартамыз. Шын мәнінде, бұл дағдылар түсінуге жеңіл, бірақ үнемі сақтау қиын. Олар біздің бойымыздағы парасатты пайым сияқты. Олар біздің бойымызда бар, бірақ біз оларды үнемі сақтай бермейміз. Кдй дағдыны меңгеруден көбірек қиналасыз? Бесінші дағдыны. Кейде қатты шаршап және өзімнің дүрыстығыма сенімді болсам, басқа адамды мүлдем тыңдағым келмейді. Тіпті тыңдаған кейіп таны- туым да мүмкін. Сондықтан өзім айта беретін мына кемістікке жетіп отырмын: ұғу үшін емес, жауап беру үшін тыңдаған боламын. Іс жүзінде күн сайын осы жеті дағдының бәрімен шайқасуға мәжбүрмін. Алайда олардың біреуін де әлі жеңе алған жоқпын. Оларды өзіміз ешқашан түбегейлі жеңе алмайтын өмірлік принциптерге жатқызамын, ал оларды жеңуге жақындай түссең, соғұрлым көп жүру керек екенін санаңмен ұғасың. Көп білген сайын біз өзіміздің түк білмей- тінімізді ұғамыз, жеті дағдыға қатысты да адам осыны айтатын шығар. Міне, сондықтан да университеттегі өз студенттеріме қойған бағамның бес- алты пайызы олардың маған берген сұрақтарының сапасынан, ал елу пайызы олардың сұрақтарға берген жауабынан түрады. Олардың білім сапасын нақ осылай неғұрлым дәл анықтауға болады. Жеті дағдыны жоғары өрлеген спираль дедік. Белгілі дәрежеге дейін дамы- ран бірінші дағды дамудың неғұрлым төменірек деңгейіндегі дәл сол дағдыдан қатты ерекшеленеді. Бастапқы деңгейдегі проактивтік тек стимул мен реак- цияның арасында кеңістік бар екенін ұғуды ғана білдіреді. Мысалы, келесі дең- гейде кек алмау немесе есеңді жібермейтін шешім қабылдау реакцияларының
сөзсоңы 319 таңдауын ишаралайды. Ал одан жоғарырақ деңгейлер қарсы байланысты, сәйкесінше, кешірім сұрау мен кешіруді көздейді. Одан әрі ата-ананы кешіру қабілеті, қайтыс болған ата-ананы кешіру қабілеті, сондай-ақ, ақыр соңында, әншейін ешкімге ренжімеу қабілеті. FranklinCovey вице-президентісіз, компанияңыз өз қызметінде жеті дағдыны үстана ма? Біз оларды сақтауға тырысамыз. Біреулерге өзіміздің үйреткенімізді өзі- міз де бұлжытпай орындау - негізгі құндылығымыздың бірі. Әрине, бұл үне- мі қолымыздан келе бермейді. Кез келген басқа компаниялар сияқты, біз де нарықтың өзгермелігіне тап болып жатамыз, оның үстіне біз бұрын бір-біріне тәуелсіз болып келген екі - Covey Leadership Center және Franklin Quest ком- панияларының мәдениеттерін біріктіру проблемаларын да шешудеміз. Олар 1997 жылдың жазында қосылды. Принциптерді сақтау үшін уақыт, шыдамды- лық және табандылық керек. Осы тұрғыдан қаншалықты табысты болғаны- мызды болашақ көрсетеді. Бірде-бір фотосурет өмірдің толық картинасын бере алмайды. Кез келген үшақ ауық-ауық бағытынан ауытқиды, сонда үшқыш ұшу жоспарына жүгініп, әуе кемесі ақырында нысаналы нүктеге жетеді. Осыны жеке адамдар, отбасылар мен ұйымдар туралы да айтуға болады. Бұл жерде- гі кілт - түпкі мақсатты көзге елестету, түрақты кері байланыс және бағытты жүйелі түзету. Дағдылардың саны неге жетеу? Неге алты, сегіз, он немесе он бес емес? Бүл санда қандай қасиетті мағына бар? Жеті санында ешқандай тылсым құдірет жоқ, тек алғашқы жеке жеңістің дағдылары (таңдау еркіндігі, таңдау, іс-әрекет) үшеу болды, одан кейінгі ай- наламен бірлескен әрекеттестікті талап ететін жеңістер де үшеу (сыйластық,
320 сөз соңы түсіністік, жасампаздық), ал бәрін жаңартуға тиісті соңғы дағды жетінші бол- ды. Сөйтіп, олардың саны жетіге жетті. Осы сұрақ қойылған сайын, тағы бір маңызды сапа тауып, оны дағдылар қатарына қосқыңыз келсе, өз өміріңізде басшылыққа алуға тұратын құндылық ретінде екінші дағдыға қоса аласыз деп жауап беремін. Мәселен, мұқияттылық сияқты сапаны дағдыға айналдырғыңыз келсе, оны екінші дағдының құнды- лықтарына қосқан жөн. Сөйтіп, өзіңіздің бойыңыздағы бір қасиетті дамытқыңыз келсе, оны қүнды- лықтар жүйеңіздегі екінші дағдыға қосуыңызға болады. Бірінші дағдыда сіздің өз қүндылықтар жүйеңізді жасай алатыныңыз туралы идея айтылған. Екінші дағды сіздің таңдауыңызды немесе осы жүйеғе кіретін құндылықтарды анықтайды, ал үшінші дағды сізді осы құндылықтарды басшы- лыққа ала отырып өмір сүруге шақырады. Сондықтан бұл дағдылардың бәрі базалық, жалпыға ортақ және бір-бірімен тығыз байланысты болып келеді. Осы «Жасампаз жандардың жеті дағдысы» атты басылымға соңғы сөз жа- зуға кіріскен кезде, «Сегізінші дағды: жасампаздықтан ұлылыққа» деп аталған жаңа кітабымды жазып бітірдім. Бұл кітапты «Сегізінші дағды» деп атағаным кейбіреулерге өзімнің бұрын айтқандарымнан бас тартқандай болып көрінуі мүмкін. Бірақ, ілгеріде айтқанымдай, 1989 жылы «Жасампаз жандардың жеті дағдысы» кітабын жазғаннан бері, әлем қатты өзгерді. Қазір үйде, жеке өмі- рімізде, кәсіби іс-әрекетімізде және үйымдарда алдымыздан шығатын проб- лемалар мен қиыншылықтар мүлде өзгеріп, басқа тәртіп пен ауқымға ауыс- ты. Жүрттың бәрі 1989 жылғы Берлин қабырғасының құлауын - ақпараттық дәуірдің басы, жаңа шындықтың маңызы ғаламат зор өзгерістердің өмірге кел- ген уақыты - іс жүзінде жаңа дәуірдің басталуы деп санайды. Жеке адамдар мен түтастай ұжымдардың жоғары тиімділікке жетуі - жеке артықшылықтар мәсепесі - ойын алаңына кіру рүқсаттамасының құны. Десек де тіршілік үшін тайталас, өркендеу, өзгерістерге бастамашы болу және көш- басшылық тиімділіктен тыс алға жылжуды талап етеді. Жаңа дәуір жаңа жетіс- тіктерге, тоқтаусыз оптимизацияға, мәнді үлес қосуға және ұлылыққа шақы- рады. Бұл - басқа тұрғыдағы немесе өзгеше өлшемдегі түсінік. Олар бүрынғы міндеттерден мүлде бөлек, сондай-ақ табыстың маңыздылығы санмен емес, са- памен ерекшеленеді. Адамзат даналығы мен мотивацияның жоғарғы салалары- на ену - біз пешененің жазмышы деп атауға болатын нәрсе - жаңаша ойлауды, тәсілдер мен құралдардың жаңа түрлерін табуды - жаңа дағдыны талап етеді. Сегізінші дағды бұрый көзге түспеген жеті дағдының жалғасы емес. Ол жо- ғары білікті мамандардыңжаңа дәуірінің басты проблемасын шешуге мүмкін- дік беретін жеті дағдының үшінші өлшемін тануды және қолдануды білдіреді. Атақты болуға қалай қарайсыз? Бүған біржақты қарамаймын. Бір жағынан, өзіме деген сүйіспеншілікті алдарқатады. Екінші жағынан, оқытушы ретінде үнемі бойсүнуға шақырады.
сөзсоңы 321 Қалай болғанда да, бұл принциптердің әлдебірінің авторы емес екенімді және осыған байланысты кандай да бір құрметке лайықты емесімді атап өтуге тиіс- пін. Мұны қарапайымдылық пен бойсұнуды көрсету үшін емес, нақ осыған кә- міл сенгендіктен ғана айтып тұрмын. Өзімді ақиқат пен түсінікті іздеуші көптің бірі деп санаймын. Гуру боларлық дәнеңем жоқ, мені гуруға балайтындар қы- тығыма тиеді. Мүридтерге мұқтаж емеспін. Бар болғаны адамды өз жүрегіне орнаған принциптерді ұғынуға, өздерінің ар-ұятымен үйлесімді өмір сүруге жетелеймін. Бәрін басынан баапауға мүмкіндік берілсе, бизнесмен ретінде басқаша не істер едіңіз? Онда қызметкерлерімді іріктеуде және талпынтуда неғүрлым проактив, стратегиялық көзқарас қолданар едім. Мың жұмысыңыз қарбаласқанда жауап- ты орындарға мәселені шеше алады-ау деген үмітпен адамдарды қоя салуыңыз бек мүмкін. Әдетте өткен тәжірибесін, басқару тәсілдерінің қандай екенін, осы жұмысқа лайық пісіп-жетілгенін тексеріп жатуға уақыт бола бермейді. Қандай да бір лауазымға үміткердің бойынан табылуға тиісгі критерийлерді әзірлеу- ге де, дәл солай, тиісгі көңіл бөлінбейді. Кадр таңдау мен жылжытып өсірудегі асығыстық, бір мезеттің талабына ғана негізделген шешім емес, стратегиялық тұрғыдағы, яғни перспективаға бағдарланған, проактив үстаным ғана үзақмер- зімді мол дивиденд әкелетініне сенімдімін. Базбіреу «Қатты қалап түрған дү- ниеге илана кету оңай» деген еді. Шын мәнінде, қызметке аларда адамның бигік- тілігімен қатар, мінезін де ескерсе игі, өйткені артынан екеуінің бірінен кемдік шығуы мүмкін. Сондықтан адамның дайындығы мен дамуының маңызы қанша үлкен болса да, дүрыс іріктеу мен ілгері жылжытып отыру одан да маңыздырақ. Бәрін басынан бастауға мүмюндік берілсе, эке ретінде қандай эрекет жасар едіңіз? Әке ретінде балаларыма көбірек көңіл бөлуім керек еді, сонда олардың өмі- рінің әр кезеңінде біз «Ұттым/Ұттым» сипатындағы бейресми кездесулерімізде қуанышты болар едік. Жұмыс пен іссапарларға орай үнемі уақыттың тапшы- лығына байланысты олармен тек «Ұттым/Ұттым» нұсқауын сақтап, беттерінен қақпадым. «Ұттым/Ұттым» рухындағы терең де бекем қатынастарды дәйекті құруға жеткілікті күш салған жоқпын. Бизнестің дамуына болаиіақта технология қаниіалықты эсер етеді? Бұл мәселеде мен Стэн Дэвистің тұжьірымымен келісемін, ол «инфрақұ- рылым ауысқанда, бәрі де ауысады» деген еді, әсіресе, мүндағы басты гәп - техникалық инфрақүрылымда. Өйткені ол барлық позитив және негатив тен- денцияларды өзгертеді. Осы себептерден адам факторының маңызы да арта 21-727
322 сөз соңы түседі деп санаймын. Өйткені жоғары технологиялар, жоғары кәсібилік бол- маса тиімді жұмыс істей алмайды, сондай-ақ технология жоғары маңызға ие болған сайын, әсіресе, соны пайдаланатын мәдени критерийлерді әзірлеуде, оны басқаратын адамның рөлі де арта түседі. Сізді элемнің қай түкпірінде түрса да, әртүрлі мэдениет өкілі болсын, жасы мен жынысына қарамай - жеті дағдының шын мәнісіндегі жалпыға ортаң осындай танымалдығы таңдандырмай ма? Екеуі де әрі таңдандырады, әрі таңдандырмайды. Таңдандыратын себебі - олардың бүкіләлемдік феноменге айналып, америкалық мәдениеттің бір бөлі- гіне айналатынын ойлаған жоқ едім. Таңдандырмайтын себебі, бұл материал жиырма жыл бойы тәжірибеден өтіп, өзім жазған принциптерге негізделді, ал оның жақсы нәтиже беретініне сенген едім, сөйтіп, ол менің ғана тапқан жаңа- лығым болмай қалды. Сіз жас балаларды жеті дағдыға қалай үйретер едіңіз? Мен балаларды тәрбиелеуде Альберт Швейцердің үш негізгі принципіне сүйенер едім: біріншіден, өзің үлгі көрсет, екіншіден, үлгі көрсет, үшінші- ден, үлгі көрсет. Бірақ соншалықты алысқа бара алмас едім. Сондықтан бы- лай айтар едім: біріншіден, оларға үлгі болыңыз; екіншіден, сүйіспеншілікке құрылған сенімді қатынас орнатыңыз; үшіншіден, балаларға жеті дағдының негіздеріне құрылған жеңіл идеяларды солардың тілімен айтыңыз, басқаша айтқанда, олардың жеті дағдының мәнін қабылдауына көмектесіңіз; кейбір оқиғаларға олардың принциптер тұрғысынан қарауына мүмкіншілік беріңіз; арасында балалардан өз өміріндегі принциптер мен дағдылардың әсерінен мысалдар келтіруін және олар қандай принциптер мен дағдылар екенін анық- тауын өтініңіз. Менің бастығыма (жүбайыма, балама, досыма т.б.) «Жеті дағды» кітабы өте-мөте қажет. Оның осы кітапты оқып шығуы үшін не істеуім керек? Өздеріне тікелей қатысы болмайынша, сіздің өмірдің бір саласындағы та- нымыңыз қаншалықты терең екенін көп адам керек етпейді. Әуелі, сол адам- мен ашық та сенімді қатынас орнатыңыз, былайша айтқанда, оған эмоциялық банк есепшотын ашыңыз, содан соң өзіңізге жеті дағдының қалай көмектеске- нін айтып, өз өміріңіздің мысалымен көрсетіңіз. Келесі жолы ыңғайлы бір сәтте оны оқу бағдарламасына қатысуға шақырыңыз, я болмаса осы кітапты оқуды ұсынған жөн. Сонымен бірге ыңғайлы сәтті пайдаланып, өзіңіз де бастығыңыз- ды, әріптесіңізді немесе жақын адамыңызды жеті дағды теориясының негізінде жатқан кейбір негізгі идеялармен таныстыра аласыз.
сөз соңы 323 Өз өміріңіз жайында жэне неліктен жеті дағды туралы кітап жазуды ұйғарғаныңызды айтпас па екенсіз? Жарық дүниеге келген сәтімнен бастап үй ішіміздеәкемнің ізін басып, отба- сылық бизнесімізге басшылық етеді деген ойдан белек идея болған емес. Бірақ уақыт өте келе, басқа адамдарды үйретіп, олардың бойындағы көшбасшылық қасиеттерін дамыту - бизнеспен айналысудан анағұрлым қызықтырақ екенін түсіндім. Гарвардтың бизнес мектебінде оқығанда, үйымның іс-әрекетіндегі адамның рөлін зерттеумен айналыстым. Артынан Бригэм Янг университетінде бизнес-пәндер оқытушысы болып, бірнеше жыл бойы осы салада тренингтер өткізіп, консультациялар берумен айналыстым. Менде осы кезде негізделген принциптердің бірізді әрі теңгерімді жүйесіне адамның бойындағы көшбасшы- лық қасиетін дамыту және біліктілігін арттыру бағдарламасын үйымдастыру идеясы пайда болды. Уақыт өте келе, ол жеті дағды жүйесіне айналды, ал оны ұйымдардың іс-әрекетінде қолдануда принциптерге негізделген көшбасшы- лық тұжырымдамасына ұласты. Сол сәтте университеттен кетіп, барлық типтегі ұйым басшыларын оқытуға уақытымды жұмсау керек деп шештім. Жетілдірілген бағдарлама бойынша бір жыл жұмыс істеген соң, біз қызметімізді кеңейтуге және өз көзқарасымызды әлемнің барлық түкпіріндегі адамдарға жеткізуге мүмкіндік алдық. Табыс формуласын білем деушілерге не айтар едіңіз? Мен оларға екі түрлі нәрсе айтамын. Біріншіден, олардың айтқаны принцип терге немесе табиғи заңдарға сүйеніп тұрса, менің өзім олардан қуана-қуана үйренетін боламын және басқаларға да сондай кеңес беремін. Екіншіден, бір түрлі принциптер мен табиғи заңдарды біздер әртүрлі атап, оларды сәл басқа- ша сипаттауымыз мүмкін. Сіз шынымен тақырбассыз ба, әлде жоғары тиімділікке жету үшін шашыңызды қырып тастайсыз ба? Іс жүзінде табысқа жету үшін басыңыз тақыр ма немесе шашыңыз қауғадай ма, бәрібір. Әрине, шашыңыз үзын болып, оны фенмен әдемілеп жатқызғанда, мен сияқты тақыр бастар жұмысқа кірісіп те үлгереді. Ап енді қалжыңсыз ай тар болсақ, мен «тақырбас адам келбетті» дегенді жиі естідім, сондықтан өзім- нің сыртқы түрімнен ұялмайтын болдым...
Л қосымшасы Діңгегіңіз қабылдауға қалай ықпал етуі м үмкін
Дінгегіңіз осы Өмірдің басқа қырын кабылдауынызға ықпал етуі мүм болса Жұбайыныз Отбасы Ақша Жубайыныз • Мұқтаждықты • Өзінің жақсы орны бар • Жарың Отбасы канағаттандырудың • Маңызы шамалы жетіне басты қайнар көзі • Біріккенжоба керек • Отбасы мүшесі • Биікбасымдық • Отбас сыз ет Ақша • Ақшаны жарату яки • Каражат жұтушы • Ішкі қ Жүмыс алу қайнар көзі өз-өзің Иелік ету қайнар Рахаттану • Көмекші яки жұ- • Көмекші яки жұмы- • Екінш мысқа тұсау стағы тұсау мағын • Қызмет этикасы егілу- • Қауыр ге тиіс адамдар дәлелі • Иелік етудің басты • Қанауға, қысым • Менш туші к нысаны көрсетуге, жаншуға, • Қожал • Меншікті иеленудің қадағалауға болатын болаты тағы б көмекшісі меншік • Сөре • Ойын-сауық пен • Құрал немесе кедергі • Рахатт рахаттанудағы серік кіндігі я болмаса кедергі кұралы Дос яки • Не досыныз, не • Достар немесе достық • Эконо достар және ә бакгаласыңыз қатынастың жалғасуы- игілік көзі • Әлеуметтік мэртебе на кедергі белгісі ♦ Әлеуметтік мэртебе белгісі
мкін нүсқалар 326 А ҚОСЫМШАСЫ Жүмыс Иелікету ңның қа- • Жарыңның көңілін • Айла-шарғы жасау не месе ықпал ету арқылы е жарау үшін жайлайтын ақшаны бақытқа бөлейтін құрал табу үшін керек сын қамтама- • Отбасын қамтама- * Отбасына жайлылық пен жағдай жасау мүм- ту құралы сыз ету құралының кіндігі қайнар көзі қауіпсіздік пен • Ақша алуға керек • Экономикалык ңді таныту табыстың дәлелі р көзі ші дэрежелі • Өз-өзіңці таныту мен • Жұмыс өнімділігін арт- насы бар рт жұмыстың рахаттанудың қүралы тыратын кұралдар і • Биік адамгершілік * Қызметі үшін марапат- кұндылық тау шікті көбей- * Мэртебе, билік, атақ • Әлеуметтік мэртебенің кұрал алу мүмкіндігі белгісі лык етуге ын меншіктің бір түрі тану мүм- • Қаражатгын қайнар • Рахатқа бөлеуші ін көбейту көзі • Мол рахатқа бөлену ы • Ойьш-сауык тәсіл- кұралы дерінің бірі омикалық • Араласу мүмкіндігі • Достық қатынасты «са- әлеуметгік тып алатын» құрал ктің қайнар • Бірігіп ойын-сауық құру қуралы
Діңгегіңіз Өмірдіц басқа қы ры н қабылдауыцызға ықпал етуі мүмк осы болса Жубай- Рахаттану Дос яки достар Душпан яки ыцыз дұшпандар Отбасы • Біріктіретін, • Жұбайыңыз - • Жұбайым - қалқаным. Ортақ Ақша жақындасты- ең үздік немесе дұшпанның болуы арақатынасымызды Жұмыс ратын іспен жалғыз дос бекітеді. жалғайды • Текортақ немесе уақыпы достар бар тектен-тек кетіру • Аса маңызы • Отбасылық • Отбасы анықтайды • Отбасы бірлігі мен жоқ қызмет достар немесе күш-куатының немесе отбасы- бахталастар қайнар көзі • Отбасы татулығы- на қатысы бар • Отбасылық на сына қағатын қауіп-қатер біріккен қызмет өмірге төнетін қауіп-катер • Материалдық • Экономика- * Экономикалық қиындықгар- лык қиындық бәсекелестер дың дәлелі пен қызметке яки каржыны тәуелділіктен • Экономикалық жутушы құтылу қауіпсіздікке төнге қатер • Уақытгы тек • Жұмыстағы ♦ Өнімді еңбек етуге тен-тек кетіру әріптестер, тұсау сізбен қы- * Жұмысқа зығушылыгы кедергі сәйкес адамдар ♦ Оларды ай- налып өтуге болады
ія нусқалар Өзінді багалау Принциптер ДІҢГЕПҢІЗ ҚАБЫЛДАУҒА ҚАЛАЙ ЫҚПАЛ ЕТУІ МҮМКІН Ғибадатхана • Ортақрахатқа • Өз-өзінді бага • Жұбайыңызбен батыратын лау жұбайыңмен арақатынасыңызды арадағы қдтынаскд сақгайтын жзне ы қызмет байланысты жіпсіз байлайтын ы • Жұбайыңызға идеялар • Қатынас пен жұбай- қарағанда ыңыздың мінезіне маңызы жоғарғы тәуелділік шамалы ы • Қолғабыс ету- ■ Отбасына маңызды • Отбасының бірлігі н дің қайнар көзі болғанымен, екінші мен күш-қуатының орындағы мәселе сакталуына септе- сетін ережелер * Отбасы үшін екінші орындагы мәселе ♦ Салықтықба- • Өз-өзіңді бағалау * Акшаны игеруге эрі сымдықгар капитал көлеміне жаратуга ерік береді байланысты * Қалтаға ен сұгылган қол е * Корпоративтік • Жұмыстағы ор- • Жумыста жетістікке имиджге маңыз- ныңыз анықтайды жеткізетін идея ды ■ Қызмет ынгайына ♦ Қосымшауақыт қарай икемделу шығындау 327 • Кәсіби комму никация орнату мүмкіндігі
Діцгегіціз Өмірдіқ басқа қырын қабылдауыцызга ыкпал етуі мүмкін осы болса Рахаттану Дос яки достар Дүшпан як Иелік ету дұшпандар • Түрлі клуб- • Жекеменшік тарға мүше • Пайдалану мүмкін- • Ұрылар, тонаушы болу, дүкен лар аралау, зат дігі сатып алу • Мол меншікке ие яки өзіңнен зор шыққан атақты адамдар Рахаттану • Өмірдіңмәні • Сауық-сайрандағы • Өмірге өте маңыз • Қанағат серіктер ды қарайтьшдар Дос яки достар сезімінің • Тыньгштыісгы бұ- қайнар көзі зып, оны айыптай тындар • Текдостар • Жеке бақытқа жету- • Барлық қарым-қа арасында ғана мүмкін дің қажет шарттары тынас аясынан ты • Негізінен • Олардың ортасынан адамдар әлеуметгік аядағы оқиға танымал және • Ортақ дұшпандар атақты болу шешуші болуы достыкдың мәнге ие мәнін анықтайды
н нұсқалар Өзіңді бағалау Прннцнптер ки Fибадатхана ы- • «Менің ғибадат- • Өз-өзіңді бағалау • Меншікті иелену- ханам» - әлеумет- қолдағы бармен ге және көбейтуге тік мәртебемнің анықгалады мүмкіндік беретін нышаны • Әлеуметтік концепциялар • Әділетсіз сынның мәртебемен, яки мақұлдаудың мойындаумен қайнар көзі анықталады з- • Сауық-сайранға • Рахатқа бату • Қанағаттанды- тұсау, кедергі құралы руға тура келетін табиғи құмарлық - • Кінәмшілдік, пен түйсіктер й- айыптау сезімі а- * Қарым-қатынас • Орта анықтайды • Басқалармен ыс орны • Күлкіге айна- байланыс қуруға, қатынасты жақ- р лудан немесе сартуга мүмкіндік ң аластаудан қорқу беретін негізгі ы заңдар А ҚОСЫМШАСЫ
Діңге- Өмірдің басқа қырын кабылдауыцызға ықпал етуі мүмкін нү гіңіз осы болса Рахаттану Дос яки достар Дұшпан яки дүіппандар Дүшпан • Кезекті шайқас * Жанашыржэне • Жеккөру нысан- яки алдындағы ты- моральдық қолдау дары дүш пан- ныштық көрсететін адамдар • Жеке түйткіл- дар * Ортақ дұшпанның дердің қайнар кө себебінен достас- • Өз-өзіңді қорғау қан болуы мүмкін жэне танытуға стимул Ғиба- • Жамағатпен жүзде- • Ғибадатханажа- • Өміріқай- датхана су мүмкіндігі, «бей- мағатынын басқа шылықты немес күнә» сауық-сайран мүшелері діни ілімді тәрк • Басқа қызықгар еткен діншілдер күнә немесе уақытты тектен-тек кетіру ретінде тері- стеледі «Мен • Рахаттанудың лай- • Мені қолдайтын • Өзіңді танудың, өзім» ық сезімі жан өзіңді танытуды • «Менің кұкығым» қайнар көзі • «Менің мұқгаж- дығым» Прин- • Іс жүзінде кез кел- • Өзара тәуелді өмір- • Дұшпандар жоқ, циптер ген мәнді әрекеттен дегі серіктестер есесіне үғуға жә туатын қуаныш • Бірін-бірі қолдай- қамқорлық көр- • Шынайы демалыс тын, біріне-бірі сетуге тиіс басқа теңгерімді өмір қызмет ететін, парадигмадағы салтының маңызды бір-бірімен ой адамдар ғана ба бөлігі ретінде бөлісетін жақын адамдар
сқалар ДІҢГЕГІҢІЗ ҚАБЫЛДАУҒА ҚАЛАЙ ЫҚПАЛ ЕТУІ МҮМКІН Ғибадат- Өзіцді бағалау Прннцнптер хана • Өз-өзіңді • Қүрбандыққа ша- * Дүшпанды анықтау таны- лынған кұралы тудың • Дұшпанның құрсауына • Дұшпандардың өзі қайнар түскен жөнсіздігін растау уға көзі • Жол- • Өз-өзінді бағалау ғиба- • Ғибадатханада се басшы датхананың белсенділі- уағыздалатын док- жұлдыз, гімен, ғибадатханаға триналар жоғарғы салынған зекетпен, я * Діндарлар басымдық болмаса діни мораль көрініс табагын діни қызметпен анықталады • Өз макса- * Ец үздік, ақылды және • Өзіңді танытудың ың тына жету эділ қайнар көзі құралы • Барлық кұралдар ка- • Меніңмүддеме рақан бастың мүқтаж- сай идеялар; мснің дығына бағытталады мұктаждығыма икемделуі мүмкін , • Шынайы • Бірегей, дарынды, • Жазасыз қалмауға әне принцип- жасампаз адам тәуелсіз тиіс бұлжымас тердің және бір-біріне тэуелді табиғи зандар а қайнар жұмыс істей отырып, • Оларды сактау көзі көп нэрсеге қол жет- тұлғанын тұга- ар • Қызмет кізуге қабілетті басқа стығын қорғайды еіу және да көптеген бірегей және шынайы даму жеке үлес дарынды, жасампаз мен бақытқа экеледі қосу мүм- адамдардың арасында кіндігі
Дінгегіціз Өмірдіц басқа қырын қабылдауыңызга ықпал етуі мүмкі осы болса Ж ұбайы ңыз Отбасы Ақша Дұшпаи * Жанашыр серіктес • Баспана(эмо- • Дүшпанда яки немесе күнэһар теке* циялық колдау) қүралы не дұшпандар немесе күнәһар үстемдікт текелер Ғибадат- • Жолдас, ғибадатхана- • Ғибадатхана ілімін • Ғибадатха хана дағы қызмет кезіндегі ендіру орны неме сын қолда жәрдемші немесе се сенім сынала- сеніміңіздің сыналуы тын жері • Ашу, ғиба қызмет ет ғибадатха жоғары тұ «Мен өзім» • Меншік • Меншік • Қажетгілі • Қанағаттандыратын • Қанағаттандыра- тандыруд жэне қуантатын адам тын жэне қуанта- тын нэрсе Принцип- * Өзара пайдалы, өзара • Достар • Әртүрлі б тер тәуелді қатынастар- • Қызмет ету, жеке дың көрін дағы тең құкылы мақсатты серіктес үлес қосу және құралдары өз-өзіңді таныіу көзі мүмкіндігі • Сценарийлерді «көшіру» және өртүрлі ұрпақтар толқыны әсерінің арқасында өзгерту мүмкіндігі Күнәһар теке (о р . - козел отпущения)- еврей жұрты құрбандық шалу шалып, екі текенің біреуін тірі қалдырады. Мойнына бүкіл адамзаттың Көп ұзатпай құздан қүлатады. - ред.
ін нусқалар Жұмыс И ел ік ету армен күрес * Баспана немесе • Күрес қүралы емесе жеке тің дэлелі сезімнің сыртқа шыгуы- • Одақгастарды қорғау на мүмкіндік құралы • Құтқару аралы ана мен отба- ♦ Дүнияуи өмір үшін • Дүнияуи байлықгы ау қүралы қажет иеленудің мэні төмен адатханаға туден немесе • Мэртебе жэне имидж ана ілімінен өте жогары бағала- ұрса нады ікгерді канағат- ♦ «Өз ісіңмен айналысу» ♦ Өзін-өзі аныктау, взін- дың қайнар көзі мүмкіндігі өзі қорп^ және өзін- өзі дамыту қайнары басымдықтар- • Дарынды және ой- * Мүмкіндіктердің нуі және жүзеге асыру дағы эрі мақсатты аражігін ажырататын ының қайнар қабілеттерді пайдалану ресурстар мүмкіндігі * Жауапкершілік, • Экономикалық ресур- қамқорлық нысаны старды жасау тэсілі * Адамдармен қарым-ка- • Жүмыс уакыты при- тынас бойынша екінші оритеттер мен құн- дәрежеде дылықтармен сэйкестік- А ҚОСЫМШАСЫ те басқа міндеттер үшін жұмсалған уақытгіен теңгерімді болуы қажет у рәсімінде екі теке, бір бұзау, бір қозы алады. Бәрін құрбандыққа ң күнәсін арқалатып, мүйізіне қызыл шүберек байлап еркіне жібереді.
В қосымшасы 2-шаршыдағы жүмыс күні
332 В ҚОСЫМШАСЫ Ұсынылып отырған тапсырма және оны талдау сізге 2-шаршының парадиг- малары жұмысыңыздың барысына қаншалықты серпінді эсер ететінін кө- руге көмектесуге тиіс. Сіз бір алпауыт фармацевтикалық фирманың маркетинг жөніндегі директорысыз делік. Әдеттегі жұмыс күніңіз басталып, алдағы істер тізімін қарайсыз, әрқайсысының қанша уақыт алатынын есептейсіз. Басымдық берілгендерін анықтамағанда, жұмыстарыңыздың тізімі мына- дай болады: 1. Бас директорией түстенуді қалар едіңіз (1-1,5 сағат). 2. Жуырда сізге келер жылдың жарнама шығындарының сметасын жасау тапсырылған (2 -3 күн). 3. Жиналып қалған кіріс құжаттарын тәртіпке келтіретін уақыт болған (1-1,5 сағат). 4. Сату менеджерімен өткен айдағы сауда қорытындыларын талқылау керек; оның кабинеті дәліздің соңында (4 сағат). 5. Хатшыңыздың пікіріне қарағанда, сіздің атыңызға келген корреспонден- циялардың арасында шұғыл шешуді қажет ететін бірнеше мәселе бар (1 сағат). 6. Үстеліңіздің үстіне жиналып қалған медициналық журналдарды да қарап шығу керек еді (0,5 сағат). 7. Сауда өкілдерімен келесі айда болатын кеңестегі сөзге де дайындалу керек (2 сағат). 8. X препаратының соңғы партиясы сапа бақылауынан өтпеген деген сөздер шығып жатыр (0,5 сағат). 9. Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау жөніндегі әкімшіліктен (FDA) біреу телефон шалып, сізге X препараты бойынша хабарлассын деп- ті (0,5 сағат). 10. Күндізгі сағат екіде директорлар кеңесі белгіленіпті, бірақ сіз қандай мәсе- леге байланысты екенін білмейсіз (1 сағат). Ал енді бірінші, екінші және үшінші дағдыны үйрену барысында алған білі- міңізге сүйеніп, өз жұмыс күніңізді тиімді жоспарлауға тырысыңыз. Сізге тек бір күннің жұмысын жоспарлауды ұсынып, мен тұтас аптада бола тын жүмыстар легін автоматты түрде кейінге қалдырдым, өйткені олар басқа- рудың төртінші деңгейіне тән. Бірақ сіз тоғыз сағаттық бір уақыт бөлігі түрғы- сынан да 2-шаршы парадигмасының принциптеріне бағдарланған күшке кәміл көз жеткізе аласыз. Тізімнің көп тармақтары 1-шаршының істеріне кіретіні көрініп тұр. Тек медициналық журналдармен танысу туралы айтқан 6-тармақ қана оған
2-ШАРШЫДАҒЫ Ж¥МЫС КҮНІ 333 9:00-18:00 арасындағы жүмыс кестесі 9 ________________________________ 10 __________________________________________ 11 __________________________________________ 12 __________________________________________ 13 ________________________________ 14 ________________________________ 15 ________________________________ 16 ________________________________ 17 ________________________________ 18 ________________________________ жатпайды, қалғандары аса маңызды әрі шұғыл жұмыстар сияқты. Уақытты басқарудың құндылықтар мен мақсатқа басымдық беру туралы айтылатын үшінші деңгейіне сүйенетін болсаңыз, сіз кесте сызып, әр тармақты А, Ә және Б әріптерімен, ал олардың бөлшектерін 1, 2, 3 сандарымен белгілеген болар едіңіз. Сонымен қатар, мысалы, керек адамды орнынан табу мүмкіндігі, бас- тықпен отырып түстенгеннің қанша уақытқа созылатыны сияқты түрлі жағ- даяттарды да есепке алар едіңіз. Міне, осы факторлардың бәрін ескеріп, сіз жүмыс күніңізді жоспарладыңыз делік. Уақытты басқарудың үшінші деңгейін жақтайтьшдардың көбі осы тапсыр- маны орындауда тап менің жазғанымдай істейді. Олар жоғарыда айтылған нақты болжамдарға сүйеніп, қашан не істерін жоспарлайды және ондағы іс- тердің көбін орындауға кіріседі, ал аяқсыз қалғанын ертеңге немесе одан арғы күндерге қалдырады. Мәселен, көптеген адам тоғыз бен онның арасында ал- дағы болатын директорлар кеңесінің күн тәртібін анықтап, оған не дайындау керектігін шешеді, сосын бастықпен түскі тамақ ішудің уақытын келіседі және FDA-ға телефон шалады. Одан арғы бір немесе екі сағатта сауда менеджерімен кездесуді жоспарлайды, сосын маңызды және шүғыл деген корреспонденция- ны қарап шығады және X препаратының кезекті партиясы туралы қауесетті тексеруге тырысады. Түске дейінгі қалған уақыт бас директормен түстену- ге яки сағат екіде болатын директорлар кеңесінің отырысына дайындыққа, я болмаса X препаратымен немесе соңғы айдағы сатылымдармен байланыс- ты қандай да бір проблемаларды шешуге арналады. Түстен кейін ол аталған
334 В ҚОСЫМШАСЫ мәселелермен шұғылдануды жалғастырады. Маңызды корреспонденциялар- мен жұмысты аяқтауға тырысады және жиналып қалған қүжаттардың біразын тәртіпке келтіріп, сондай-ақ күні бойы туындауы мүмкін басқа да маңызды әрі шүғыл істермен айналысады. Көптеген қызметкерлер келесі жылғы жарнамалар шығындарының сме- тасын жасауды және келесі айда сауда өкілдерімен болатын кеңеске дайын- далуды 1-шаршының істері, сірә, аса салмақ салмайтын басқа күнге қалды- руға бейіл. Перспективалық ойлау мен жоспарлауға байланысты осы екі іс те 2-шаршыға жатады. Осы шаршыға жататын медициналык журналдарды қарау да кейінге қалдырылды. 2-шаршыдағы бұл істің маңыздылығы аталған екеуі- нен де төменірек деп саналса керек. Бұл уақытты басқарудың үшінші деңгейіне жататын ойлаудың типтік түрі, әрине, ненің және қашан істелетіні орайында басқа баламалардың болуы да әбден мүмкін. Ұсынылған істерге байланысты жүмыс кестесін жасағанда, сіз қандай көз- қарасты ұстандыңыз? Ол үшінші деңгейдің әдісіне үқсай ма? Әлде сіз 2-шар- шыға бағдарланған төртінші деңгейдің үстанымын колдандыңыз ба? 2-ШАРШЫНЫҢ ТӘСІЛІ Енді жоғарыдағы істер тізімін 2-шаршының парадигмасына сүйене отырып қарастырайық. Бұл - бар болғаны осы парадигмаға сәйкес келетін мүмкін нұс- қалардың бірі ғана, бірақ ол осыған негізделген ойлау амалын көрсететін жақ- сы иллюстрация болады. 2-шаршы парадигмасының жақтаушысы ретінде, сіз Н-әрекеттердің үлкен бөлігі 1-шаршьща, ал РА - әрекеттің үлкен бөлігі 2-шаршьща шоғырланғанын түсінесіз. Сіз 1-шаршыны иеленудің жалғыз тәсілі - 2-шаршыға лайықты көңіл бөлу керек екенін білесіз. Ол үшін дағдарысты алдын алумен айналысу және 2 мен 4-шаршылардың әрекеттерін үзілді-кесілді жоққа шығару мүмкіншілік- терін қарастыру керек. КҮНДІЗГІ САҒАТ ЕКІГЕ БЕДГІДЕНГЕН ДИРЕКТОРДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ Күн тәртібі белгіленбеген немесе сіз онымен танысып үлгермегенсіз дейік. Ондай болып түрады. Нәтижесінде қатысушылар бүған дайындықсыз келеді, сондықтан кез келген нәрсені талқылай береді. Әдетте мұндай кеңестер дұрыс үйымдаспаған және 1-шаршыдағы маңызды шаруаларды талқылауға шүқшия- ды. Олар жайлы қатысушылар көбінесе біле бермейді. Осындай отырыстар әдетте уақыт жоғалтқаннан басқа ештеңе бермейді, әйтеуір бастығыңыздың өз күдіретін көрсетіп қалуына ғана қызмет етеді. Ал күн тәртібі жасалған болса, мұндай отырыстарда 2-шаршыдағы мәселе- лер «әртүрлі» санатына жатқызылады. Сонымен қатар Паркинсон заңына сәйкес «жүмыс барлық бөлінген уақытты толтырғандықтан» «әртүрлі» санатындағы
2-ШАРШЫДАҒЫ Ж¥МЫС КҮНІ 335 мәселелерді талқылауға уақыт қала бермейді. Тіпті уақыт қалғанның өзінде 1-шаршыдағы мәселені талқылап, шаршаған қатысушылар тағы бірдеңемен айналысуға құлықты болмайды. Сонымен, сіз 2-шаршыға жылжып, директорлар кеңесі отырысының күн тәртібіне осындай отырыстардың тиімділігін қалай арттыруға болады деген ұсынысты енгізуге тырысып көруіңізге болады. Тіпті сөйлеуіңізге бірнеше минут уақыт бөлінсе де, сіз таңертең сөзіңіздің дайындығына бір сағат уақыт бөле аласыз, әрине, сіз қатысушылардың бұл мәселе туралы тиянақты хабар- ламаны келесі отырыста тыңдауға ықыласын тудыруға тиіссіз. Сіздің сөзіңіз әрқашан осындай отырыстардың нақты көздеген мақсаты және жақсы ой- ластырылған, қатысушылардың бәрі ұсыныстарын енгізе алатын күн тәртібі болуын ескергені жөн. Күн тәртібінің соңғы нұсқасын директорлар кеңесінің төрағасы жасап және ол қарапайым механикалық шешімдермен қанағатта- натын 1-шаршыдағы мәселеге қарағанда, неғүрлым шығармашылық ойлау- ды талап ететін 2-шаршыдағы мәселесіне шоғырландырылуы керек. Бүған коса, барлық қатысушыларға отырыстағы тапсырмалар мен олардың орындалу мерзімі көрсетілген стенограммалардың тезірек таратылуының ма- ңызды екені де сөзіңізде айтылғаны жөн. Осы мәселелер келесі отырыстардың күн тәртібіне енгізіліп, талқылауға дайындалуға уақыт жеткілікті болуы үшін қатысушыларға алдын ала таратылады. 2-шаршы парадигмасының түрғысынан қарасаң жоспардың тек бір-ақ тармағы бойынша, яғни күндізгі сағат екіге белгіленген директорлар кеңе- сі отырысында осы нәрсе жасалуы керек еді. Бұл үшін атап өтілген тармақ- тардың алдын ала жоспарлануы керектігі туралы сенімге төтеп бере алатын батылдықпен қоса, проактивтіліктің жоғары деңгейі болуы шарт. Сонымен қатар осындай отырыстарда жиі болатын дағдарысты атмосфераға түсіп қалмас үшін отырысқа қатысушылардың қызығушылығын да ескеру талап етіледі. 2-шаршыдағы ойлау жүйесін біздің тізімдегі барлық тармақтарға да қолда- нуға болады, тек FDA-ға қоңырау шалуға жарамайды. FDA-fA ҚОҢЫРАҮ ШААҮ Агенттікпен қатынасыңыздың сипатын есепке алып, сөйлескенде түйткіл- ді мәселе туындаса, шешіп тастау үшін таңертең хабарласасыз. Бүл мәселені басқа адамға тапсыруға болмайды, өйткені сіз, бәлкім, мәдениеті 2-шаршыға сәйкес келетін басқа үйымға телефон соғасыз, оның үстіне олар көмекшіңізбен емес, нақ сізбен сөйлесуді қалап отыр. Өз үйымыңыздың директорлар кеңесінің мүшесі ретінде, сіз оның мәдение- тіне ықпал жасай аласыз, бірақ сіздің ықпал шеңберіңіз FD/4-ның мәдениетін өзгертуге эсер ете алмайды, сондықтан олардың талабына бағынып, айтқан- дарын істейсіз. Телефонмен сөйлесуде көтерілген мәселе созылмалы, тұрақ- ты сипатқа ие болғаны анықталса, оны шешуді сіз 2-шаршының үстанымы
336 В ҚОСЫМШАСЫ түрғысынан қолға алып, мұндай мәселенің болашақта қайталанбауын қада- ғалайсыз. Бұл FDA-мен өзара қатынастың сипатын өзгертуге және проблема- ларды еңсеруге бағытталған елеулі проактивтілікті қайтадан талап етеді. БАС ДИРЕКТОРМЕН БІРГЕ TYCTEHV Сіз бас директормен бірге түстенуді 2-шаршының кейбір перспективалық мәселелерін бейресми түрде талқылаудың сирек мүмкіндігі деп қарауыңызға болады. Оған дайындалуға да 30-60 минут таңғы уақытыңыз кетеді. Мүмкін, сіз бұл жағдайды бастықпен әлеуметтік өзара қатынасты жолға қойып жақ- сарту үшін пайдалануды, сондықтан ешқандай жоспарсыз, оны тек ықыласпен тыңдап отыруды ұйғарған шығарсыз. Осы нұсқаның екеуі де сіздің бас дирек тормен өзара қатынасыңызды орнатуға тамаша мүмкіндік тудырады. ЖАРНАМА ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ СМЕТАСЫН ДАЙЫНДАҮ Жұмыс кестеңіздің бүл тармағына келетін болсақ, сіз жарнама сметасымен айналысатын екі-үш қызметкеріңізді шақырып алып, олардан дайын қүжат тү- ріндегі ұсыныстарын дайындауды өтінесіз (бүл сіздің тек қол қоюыңыз үшін керек) немесе негіздемесімен бірге жақсы ойластырылған екі-үш нұсқаның ішінен неғұрлым ыңғайлысын таңдайсыз. Бұл көп болса сіздің бір сағатыңыз- ды алады: қажетті нәтижелерді белгілеу, негізгі қағидаларды әзірлеу, ресурс- тар мен есеп беруді айқындау, салдарын ескерту. Бірақ осы жұмысқа бір сағат жүмсауда мүдделі адамдардың түрлі пікірлерімен танысасыз. Мүндай жұмыс тәсілін бұрын қолданбаған болсаңыз, адамдарға «дайын құжат» деген не еке- нін, айырмашылықтарды пайдалана отырып синергияға қалай қол жеткізуге болатынын, жақсы ойластырылған усыныс нұсқалары және олардың негізде- месі қандай болатынын айтып, түсіндіру үшін көбірек уақыт жүмсауыңызға тура келеді. КІРІС ҚҰЖАТТАРЫ МЕН КОРРЕСПОНДЕНЦИЯ Кіріс қүжаттарына үңілудің орнына күн сайын шамамен жарты сағаттан бір сағатқа дейін осы іске хатшыңызды үйретуге арнағаның жақсы. Сонда ол біртіндеп кіріс қүжаттарымен және біздің тізімде бесінші нөмірмен таң- баланған корреспонденциямен жүмыс істеуге үйренеді. Бұл үйрету проце- сі сіздің хатшыңыз немесе көмекшіңіз әдістерге емес, нәтижеге жетіп, алып кеткенше, бір апта немесе бірнеше айға да созылуы мүмкін. Сіз хатшыңызды барлық корреспонденциялар мен кіріс құжаттарын қарауға, оларды талдап, кейбіреулері бойынша дербес шешім қабылдауға да үйретуіңіз керек. Ал ол өз бетінше шеше алмайтын мәселелер мүқият жүйеленіп, басымдылары анықталып, одан әрі жүмыс істеуіңіз үшін ұсыныс-ескертпелерімен алды- ңызға қойылуға тиіс. Осындай жумыс тәсілінде хатшыңыз немесе көмекшіңіз
2-ШАРШЫДАҒЫ ЖҮМЫС КҮНІ 337 бар-жоғы бірер айдан соң барлық кіріс құжаттары мен корреспонденция- лардың 8 0 -9 0 пайызын өңдей алатын болады, тіпті көбінесе өзіңізден де ар- тык орындауы мүмкін, өйткені сіз бұл уақыттарда 1-шаршының мәселелері- не бойламай, 2-шаршының мүмкіндіктерімен шұғылданып жатасыз. CATV МЕНЕДЖЕРІ ЖӘНЕ ӨТКЕН АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ Сату менеджерімен арадағы қатынасыңызды және араларыңыздағы 2-шар- шы принциптерін пайдалану туралы келісімнің орындалуын талдау осы тар- маққа 2-шаршы ұстанымынан келудің негізі саналады. Бұл жаттығуда сату ме- неджеріне айтатын нақты ұсыныстар таба алмайсыз, бірақ соның арқасында 1- шаршыдағы проблемаға бір уақытта: мәселенің созылмалы тамырларына эсер ету үшін, 2-шаршы ұстанымын және бір мезеттік міндеттерді шешуді көз- деген 1-шаршы ұстанымын қолдана аласыз. Мүмкін, хатшыңызды осындай мәселелерді өзіңізсіз-ақ шешуге үйретіп, тек келісіміңізді алуға тиісті ақпаратты жеткізуді қаларсыз. Бүл 2-шаршыға қа- тысты кейбір жұмыстар жасалуын талап етуі мүмкін, оларға - сату менеджері мен қарамағыңыздағы басқа да кызметкерлерге өзіңіздің басты мақсатыңыз басқару емес, көшбасшылық екенін түсіндіруге бағытталған жүмыстар жата- ды. Соның арқасында қол астыңыздағы қызметкерлер сізден гөрі хатшыңыз- бен табысты жұмыс істеуге болатынын түсініп, ал сізге көшбасшылықпен, яғни 2- шаршыдағы істермен айналысуға мүмкіндік тудырады. Сату менеджерінің өзіңізбен емес, хатшыңызбен жұмыс істеуге тура келге- ніне іштей реніш білдіретіні сезілсе, сіз онымен алдын ала екеуіңізге де тиімді болатын 2-шаршының әдістеріне біртіндеп сенім туғызатын қарым-қатынас орнатуыңыз керек. МЕДИЦИНААЫҚ ЖҮРНААДАРДЫ ҚАРАУ Медициналық журналдарды оқу - 2-шаршыға жататын іс-әрекет, алайда сіз оны кейінге қалдыруды қалайтын шығарсыз. Бірақ сіздің өз салаңыз бо- йынша соңғы жаңалықтарды біліп отыруыңыз, сөйтіп, кәсіби біліктілігіңізд! арттыруыңыз және өзіңізге деген сеніміңіз - осындағы мақалаларды окуға байланысты. Сондықтан сіз бүл мәселені әріптестеріңізбен болатын кеңестің кезекті отырысының күн тәртібіне енгізуіңіз және медициналық журналдар ды оқуды дәстүрге айналдыруды ұсынуыңыз керек. Ұжым мүшелері, әрине, көптеген журналдарды оқуы және оқығанын кейінгі жиналыстарда әңгімелеп айтуы мүмкін. Сонымен қатар олар әрбір әріптесі оқып, ой елегінен өткізуге тиісті, маңызды, өзекті мақалалармен әмбе олардың үзінділерімен танысты- рып, талқылай алады. 22-727
338 В ҚОСЫМШАСЫ КЕЛЕСІ АЙҒА БЕАГІАЕНГЕН САҮДА ӨКІЛДЕРІМЕН БОЛАТЫН КЕҢЕСКЕ ДАЙЫНДЫҚ Бұл тармаққа қатысты 2-шаршының ықтимал ұстанымы қызметкерлеріңіз- дің шағын тобына сауда өкілдерінің қажеттіліктеріне талдау жасауды тапсы- румен шектелуі мүмкін. Сіз оларға ұсыныстар жазылған құжатты қатаң бел- гіленген мерзімге - бір аптада немесе он күнде дайын етуді тапсырып, өзіңіз оқу үшін уақыт қалдыруды да ескертесіз. Бұл үшін қызметкерлеріңіз сауда өкілдері арасында сауалнама жүргізіп, олардың қажеттіліктері мен нақты сұ- раныстарын зерттейді. Сонымен қатар олар кейбір сауда өкілдерімен ішінара сауалнама жүргізіп, оның нәтижелерінің негізінде алдағы кеңестің күн тәртібін қүрастырып, барлық қатысушылардың кеңеске дайындалып үлгеруі және онда белсенділік танытуы үшін уақытылы тарата алады. Сөйтіп, сіз осы жиналысты өзіңіз дайындаудың орнына оны көзқарастары әртүрлі және сауда мәселесінің түрлі аспектілері бойынша мағлұматтары мол адамдардың шағын тобына тапсыра аласыз. Олардың шығармашылық және өзара байыпты іс-қимыл жасауына мүмкіндік беріп, сосын қорытынды ұсы- ныстарды сүратыңыз. Мұндаймен бүрын-соңды айналыспаған болса, олар- ға нұсқау беріп, жігерлендіруге біршама уақыт жұмсаңыз және неге нақ осы тәсілді қолданатыныңызды, әрі оның тиімділігі неде екенін көрсетіңіз. Осылай істесеңіз қызметкерлеріңізді перспективалы ойлауға, әкімшілік жұмыстарды атқаруға немесе қалаған нәтижеге жетуге, бір-бірімен өзара тәуелді негіз- де шығармашылықпен, бірлесе іс-қимыл жасауға және жүмысты белгіленген мерзімде сапалы аяқтап шығуға баулисыз. X ПРЕПАРАТЫ ЖӘНЕ САПАНЫ БАҚЫААҮ Енді сапа бақылауынан өтпеген X препаратымен байланысты тармаққа ке- лейік. 2-шаршының тәсілі мүндай проблеманы зерттеу барысында оның со- зылмалы, тұрақты сипат алуына назар аударады. Мәселе солай болса, қызмет- керлеріңізге оны жіті зерттеп, сізге тиісті ұсыныстар жасауды немесе осының негізінде шаралар қолданып, оның нәтижесі туралы баяндауды міндеттеуіңізге болады. 2-шаршыда өткен осы жүмыс күнінің түрлі нәтижесіне қарасақ, сіз өз уакы- тыңыздың басым бөлігінде өкілеттілігіңізді атқарумен, оқытумен, директорлар кеңесінің отырысында сөз сөйлеуге дайындықпен айналысып, бір рет телефон шалдыңыз және іскерлік түстікті табысты өткердіңіз. РА-ға үзақмерзімді са- лыммен байланысты осындай тәсілді қолдана отырып, сіз бірнеше апта немесе бірер ай өткен соң, 1-шаршыдағы шұғыл проблемаларды шешу кестесін жасау қажеттілігінен қүтыласыз. Эрине, талдау жасай отырып, ұсынылған осы үстаным тым идеалистік екен деп ойлауыңыз да мүмкін. Сіз 2-шаршы үстанымының жактастары ешқашан 1-шаршыда көрінбейтініне күмәнмен қараған боларсыз.
2-ШАРШЫДАҒЫ Ж¥МЫС КҮНІ 339 Иә, мен сізбен келісемін, бүл - идеалистік нәрсе. Бірақ біздің кітабымыз тиімділігі мүлдем төмен адамның дағдылары туралы емес, ол жасампаз адам- ның дағдылары туралы. Ал жасампаз болу - идеал, соған жетуге үмтылу керек. Әрине, сізге 1-шаршының істеріне де уақыт жұмсауға тура келеді. Тіпті 2-шаршының тамаша етіп жасалған жоспарлары да кейде орындалмай жата- ды. Бірақ 1-шаршыны басқаруға болатын шамаларға дейін айтарлықтай азай- туға болады, бүл сіздің денсаулығыңызға да, ақыл-парасатыңызға да келеңсіз эсер ететін күйзелісті жағдайлардан сақтайды. Мүның бәрі сізден шыдамдылық пен табандылықты талап ететіні сөзсіз. Әрине, сіз көрсетілген тармақтардың көбіне 2-шаршының ұстанымын тап қа- зір бірден қолдана алмауыңыз да мүмкін. Бірақ сіз осы бағыттағы алғашқы қа- дамдарға, тым болмаса, бірнеше істе бара алсаңыз, өзгелерге және өз-өзіңізге 2-шаршыға сәйкес жаңаша ойлауды дамытуға көмектесіп, сөйтіп, уақыт өте келе тиімділікті айтарлықтай арттыра аласыз. Сонымен бірге отбасы мен шағын кәсіпорын жағдайында жоғарыда айтыл- ғандай өкілеттік беру мүмкін емес екенін де түсінемін. Алайда бұл 1-шаршы- ның дағдарыстарын азайтатын сіздің ішкі ықпал шеңберіңіздегі проблемала- рыңызды шешуге қызғылықты шығармашылық ұстанымдар беруге қабілетті 2-шаршының ойлау мен бастамаларының маңызын жоққа шығара алмайды.
Стивен Кови. Соңғы сұхбат «Жеті дағды» жарияланғаннан бергі 25 жылда доктор Ковидің «ықпал шең- бері» бүкіл дүниежүзі көлеміне дейін өсті. Осы жылдарда ол корольдар мен президенттерге кеңес берді, мүмкін болған барлық тәсілдермен адамдарды тиімді өмірдің принциптеріне үйретті. 2012 жылы өмірден өтерде ол әлемдегі ең ықпалды адамдардың бірі, ал «Жеті дағды» адамның өзін-өзі жетілдіру сала- сындағы соңғы жүзжылдықтың «ең елеулі кітабы» деп аталды. Жеті дағдыға өмір бойы үйретумен болды. Біздің әлеміміздегі түбегейлі өз- герістер доктор Ковидің даналығын одан әрі тереңдете түсті, соның бір бөлік- терін бөлісуді жөн көрдік. Өмірінің соңғы жылдарында сүхбаттар мен дәрістерде қойылған өмірлік маңызды сұрақтарға доктор Ковидің берген жауабынан квинтэссенция ұсы- нып отырмыз. Шамамыз келгенше, оның соңғы ойларын біріктіріп, өз сөзімен беруге тырысып, «Соңғы сұхбат» деп атадық. «Жеті дағдының» бірінші басыдымы жарыққа шыққаннан бері не өзгерді? Өзгерістердің өздері өзгерді. Олар біз көз алдымызға елестете алмайтын деңгейге дейін көтерілді. Технологиядаты революциялар сағат сайын болып жатыр. Біз экономикалық белгісіздіктің түтқынында қалып отырмыз. Күштер- дің әлемдік тепе-теңдігі тоқтаусыз ауысуда. Ғаламшардың үлкен бөлігі психо- логиялық, әрі нақты мағынасындағы террордан зардап шегуде. Адамдардың жеке өмірі де түбегейлі өзгеруде. Оның жылдамдығы жарық кедергісіне дейін жетті. Тәулігіне жиырма төрт сағат, аптасына жеті күн жу- мысқа байланып қалдық. Біз бұрын аз шығынмен жасауға тырысушы едік, қазір көпшілігіміз өз бетімізше барлығын бір мезгілде істеуге тырысамыз. Өз- гермеген және өзгермей қалатын бір ғана нәрсе - уақыттың өзгерісіне үшы- рамайтын, әркім арқа сүйей алатын әмбебап принциптер ғана. Олар ешқашан өзгермейді. Принцип барлық жерде және барлық кезде қолданылады. Әділдік, шыншылдық, құрмет, көрегендік, жауапкершілік және бастамашылдық прин- циптері бізді төбеден құлаудың салдарын басқаратын жердің тартылыс күшіне ұқсас табиғат заңдары сияқты басқарады. Шетін басып қалсаңыз құлайсыз. Бұл - табиғат заңы.
342 СТИВЕН КОВИ. СОҢҒЫ СҮХБАТ Міне, сондықтан да оптимист болып қала беремін. Мен оптимиспін, өйткені мызғымайтын принциптерге сенемін. Сол заңдар бойынша өмір сүрсек, олар бізге қызмет ететінін білемін. Төбеден лақтырғанда, жерге құлайтын тастан өзгешелігі сол - адам се- кіру керек пе, жоқ п а- таңдауға қабілетті. Бізді қайдағы бір кейіпсіз күштер ойыншық ететін санасыз мақұлық емеспіз. Біз ар-ұятпен, ақыл-парасатпен және тәуелсіз ерік-жігермен қаруланған адамдармыз. Бұл - жануарларда жоқ айрықша сый. Біз дұрысты бұрыстан айыра аламыз. Біз өзімізге сырттан қа- рап, халімізге баға береміз. Біз өткеннің кепілі болмай, арманды басшылыққа алып, жасағымыз келген болашақпен өзімізді қанаттандырып өмір сүрмекпіз. Осы сыйларды көбірек пайдаланған сайын, біздің таңдау еркіндігіміз жоғары. Принциптер бізге қызмет ете ме, әлде бізге қарсы шыға ма - мұны өзіміз таң- даймыз. Осы таңдау мүмкіндігі мені шаттыққа бөлейді. Құбылмалы әлемде өмір сүру үшін бізге бұлжымас принциптер керек. Bi- pax бұл жерде бір проблема бар. Біздің басым көпшілігіміз, тіпті бұрынғыдан да көп пе деп қорқамын, принциптер мен өмір заңдарын айналып өтіп, «бұ- рыштарды кескісі» келеді. Біз махаббатты қалаймыз, бірақ жауапкершілікті жақтырмаймыз. Ештеңе төлемей табысқа тегін жеткіміз келеді. Бір мезгілде әрі сымбатты болуды, әрі торт жеуді қалаймыз. Басқа сөзбен айтқанда, біз өзі- мізде ешқашан болмайтын бірдеңені - өзіміз ойнамайтын жақсы рөлге бері- летін сыйлықты дәметеміз. Сондықтан да «Жасампаз жандардың 7 дағдысын» жаздым. Меніңше, біздің өркениетіміз осы принциптердің зәкірінен жұлынып шығып кетуге тырысуда, ал мен осы «жұлынудың» салдарын көрсеткім келеді: заңдарды көзге ілмеу тек өмір кемесін апатқа соқтырады. Сол себептен де сіз- дерге осынау заңдарды бүзбасаңыздар ұзақмерзімді перспективада өздеріңіз- ді жеке және кәсіби өркендеу күтетініне уәде беремін. «Жеті дағды» әді де өзекті ме? Бүгін «жеті дағдының» бұрынғыдан да өзекті екеніне сенімдімін. «Жеті дағ- дының» ықпалына дәл мендей таңданып, қайран қалып, сүйсіне шаттанған адам жоқ. Бұл кітаптың әлемнің әртүрлі елдеріндегі адамдарга ықпал етіп жат- қанына өзім де аң-таңмын. Достарым мен әріптестеріме «дағдыларға» сәйкес өмір сүру және оны басқа адамдарға үйрету машақатын мойындарына алғаны үшін шексіз разымын. Әрине, мен «жеті дағдыны» әдетке айналдыруға тырысқан адамдардан ерекше емеспін. Бұл оңай емес, бірақ бұл дегенің табандылық әрі қызық. Мені өмірлік міндеттерімді ойлап, басты мақсатыма қарай кішкентай қадаммен жү- рудің перспективасы шаттандырады. Ең қиыны «Әуелі түсінуге, содан кейін тү- сінікті болуға тырысыңыз» дейтін бесінші дағды екенін түсіндім. Мен неғұрлым шыдамды болу және тыңдай білуге үйрену жолында тынбай жүмыс істедім, әрі сол прогреске жеттім деп ойлаймын. «Жеті дағдыдағы» өмір - бұл толас таппайтын тамаша күрес. Сондықтан жүрт менің кітабымды оқыдым дегенде толқимын. Олар менің бойымнан
СТИВЕН КОВИ. СОҢҒЫ СҮХБАТ 343 жазғаныма сәйкес келмейтін бірдеңелерді көріп қалатындай сезіледі. Соны- мен бірге адамдарға кітапты оқи сала бірден жасампаз болып кетемін деген ой келуінен қорқамын, мен адамдар «жеті дағдыны» тауысудың мүмкін емес- тігі туралы идеяны байсалды қабылдайды деп үміттенемін. Ғаламшар тұрғындарының «жеті дағдыны» барған сайын көп үйреніп, мың- даған адамдардың оны өз компанияларында оқытуға сертификат алып жат- қаны маған қуаныш сыйлайды. Әлемнің 140-тан астам елінде оны онлайн режимде және кәдімгі сыныптарда оқып үйренуде. Түтастай компаниялар, мемлекеттік мекемелер, университеттер мен мектептер «жеті дағдыны» кор поративен философия ретінде қабылдап, соның арқасында үлкен табыстарға жетіп жатқан жағдайлар да бар. «Жеті дағды» адам өміріне ықпал жасауды неліктен жалғастырып келеді? Меніңше, ол адамдардың жақсы жағынан ашылуына жәрдемдеседі. Адам дар, әсіресе жастар, «жеті дағдының» күшін түйсіктерімен сезініп, бәріне ең төте жолмен жеткеннен гөрі, жан түкпірінде одан да жарқын нәрсені қалайды. Мына гиперактив әлемде өзін жоғалтқан адамдар тағдырларына қайтадан ба- қылау жасағысы келетін сияқты. «Жеті дағды» адамдарға өмірін қайтарады. Олар қайтадан өз таңдауларының билігін алады. Олар өздерінің ең тереңдегі, ең асыл армандарын зерттейді және ашады. Болашағын құруға және бақылау- ға керекті құралдарға қол жеткізеді. Бүгінде біз «түлғаның тоналуы» туралы жиі еститін болдық. Бірақ жеке адамның ең қауіпті тоналуы біреудің алдап-арбауымен қүжаттарынан неме- се кредит картасынан айырылуы емес. Өзіміздің кім екенімізді үмытқан кез- де - әрқайсысымызда әуел бастан теңдессіз құндылық пен әлеует бар, оны бірдеңемен салыстыру орынсыз екенін ұғынудың орнына құндылығымыз бен қасиетіміз басқалардан қаншалықты жақсы тұрғанымызбен бағаланады де- генге сене бастаған кезде - ең қауіпті қылмысты біз өзіміз жасаймыз. Жеке адамның бұлай тоналуы - табыстары үшін ақы төлемейтін «бұрыштарды кесу» мәдениетіне белшеден батуынан дер едік. Отбасында, достар арасында, жұ- мыста біз үнемі өзіміздің жасанды образымызға жарамсақтанамыз. Адамзат айнаны ойлап тапқан кезден өзінің жан дүниесін жоғалта бастады. Айнадағы кескін оны шынайы болмысынан гөрі көбірек мазалады; кейін ол әлеуметтік айнаның өніміне айналды. Оның орталығы мен құндылығы өзінің шегінен тыс- қары шығып кетті. «Жеті дағды» өзіңізді өзіңізге қайтарады. Бар болмысыңызды айна-қатесіз көрсетеді. Өміріңіздің қожасы өзіңіз екенін еске салады. Сіз - басқа ешкім емес - жасаған таңдауыңыз үшін жауапкершілік арқалайсыз. Өзіңізден бас ка ешкім сіз қаламаған нәрсені ойлауға, істеуге немесе сезінуге мәжбүрлей алмайды. «Жеті дағды» сіз өміріңіздің бағдарламашысы екеніңізді және бо- лашағыңыздың бағдарламасын жасай алатыныңызды қуаттайды. Ол бізде өмірдің командалық ойын екенін, ал өзара тәуелді, ынтымақты болу - тәуел- сіздікке қарағанда, жоғары тұрған жасампаз аура екенін аңғартады.
344 СТИВЕН КОВИ. СОҢҒЫ СҮХБАТ Өзгерудің қиыны-ай! Қалай өзгеремін? Өмірде өзгеріс жасау үшін екі ұстанымды пайдалануға кеңес беремін. Бі- ріншісі - ар-уятты сақтап тіршілік кешу. Бұған дейін мен таңцау кеңістігі сти- мулдар (бізбен болатын жағдай) мен реакция (осыған байланысты біздің не істейтініміз) арасында жатқанын сан рет айттым. Ал осы кеңістікте не істейтіні- міз, сайып келгенде, біздің дамуымыз бен бақытымызды айқындайды. Нақ осы кеңістікте адамның төрт қасиеті жатады - ар-ұят, қиял, өзін-өзі тануы және тәуелсіз ерік-жігер. Осы төрт қасиеттің ішіндегі ең бастысы - ар-ұят. Өз өмірі- мізбен көбіне-көп келісімге келе алмауымыздың басты себебі - ар-ұятымызға зорлық жасаймыз және мұны жан-дүниемізбен сеземіз. Біз оны өзімізге сұрақ қою арқылы және үзіліс жасап, оның жауабын тыңдау арқылы «байланысқа» түсеміз. Мәселен, өзіңізден мынаны сүраңыз: Жеке өмірімде не істеуім керек? Жақсылап ойланыңыз. Ойға не келеді? Сосын тағы бір сұрақ беріңіз. Кәсіби өмірімде неден бастауым керек? Тағы да тоқтаңыз, ойланыңыз, жауапты өз тұлғаңыздың терең тұңғиығынан іздеп көріңіз. Маған үқсасаңыз, ар-ұятыңызға, яғни жан-дүниеңіздегі даналыққа, ақыл-парасаттың үніне құлақ салып, осынау маңызды нәрселерді танып, біле аласыз. Өзіңізге-өзіңіз қоюға тиісті тағы бір маңызды сұрақ: Дәл қазір өмір менен не талап етеді? Үзіліс жасаңыз. Жақсылап ойланыңыз. Сіз осыған дейін тым салғырт болғаныңызды сезінуіңіз мүмкін, енді өз уақытыңызды неғұрлым ра- ционал пайдалануыңыз керек. Ал аз шаршау үшін өзіңіздің тамақтануыңыз бен дене бабыңызды қадағалаңыз. Ең бастысы өзіңізге маңызды қатынастар- ды ретке келтіріңіз. Сіздің жауабыңыз қандай болса да, ар-ұятыңыз мақұлда- ған өзгерісті жасауда ғаламат зор күш пен билік шоғырланған. Өз ісіңізге кә- міл сенімді болмасаңыз, оның үстіне жол да тауқыметті болса, мақсатыңызға қарай жүруге күшіңіз жетпейді. Әрбір адам үш түрлі өмір кешеді: жалпы көпшілік, жеке және ішкі. Жалпы көпшілік өміріміз - бұл жүрттың көретіні. Біздің жеке өміріміз -бұл оңашада не істейтініміз. Ал ішкі өмір - бұл біздің өз мотивіміз бен ең құпия армандарымызды зерттеу қажет болғанда баратын жеріміз. Мен осы үшінші өмірді дамыта түсуді үсынамын. Бұл - ар-үяттың бізге көбірек пайда беретін жері, өйткені бұл жерде біздің санамыз оларды есту үшін қолайлы жағдайда болады. Өзгерістерге әкелетін екінші жол - өзіңіздің рөліңізді өзгерту. Өміріңізді біртіндеп өзгерткіңіз келсе - мінезіңізді өзгертіңіз. Ал шынымен үлкен өзгеріс- терді қаласаңыз, әлемді көрсететін және түсіндіретін парадигмаларды өзгер- тіңіз. Рөлді өзгерткен соң, парадигманы өзгерту оңай. Сіз жұмысыңызда жаңа жобаның менеджері қызметіне тағайындалуыңыз мүмкін. Ата-ана атанарсыз. Бәлкім, жаңа қоғамдық міндеттер аларсыз. Кенеттен сіздің рөліңіз ауысады, сөйтіп, әлемді басқаша көретін боласыз. Перспективаның өзгеруінің арқасын- да мінезіңіз өзінен-өзі өзгереді. Кейде рөлдің ауысуы сыртқы факторлардың ықпалына, мысалы, жаңа лауа- зымды қызметке тұрумен байланысты болады. Бірақ басқа жағдайларда біз рөлімізді жай ғана ойлау сипатын немесе ахуалды көруімізді ауыстыру арқылы
СТИВЕН КОВИ. СОҢҒЫ CVXBAT 345 өзгерте аламыз. Мәселен, жұмыс орныңызда сізді бақылаудың фанатигі деп санайды делік, содан сіз басқаларға да сенуіңіз керектігін, барлык процесті өзіңізге бағындыруға тырысудың бекершілігін білесіз. Сондықтан сізге өзіңізге басқаша қарап, рөліңізді қайта анықтап, «байқаушыдан» «кеңесшіге» ауысу ке- рек шығар. Ойлау жүйеңізде өзгеріс жасап, өзіңізді шешімді өздері қабылдай- тын қызметкерлеріңізге кеңесші ретінде сезінесіз, ал олар сізге шексіз билікке ұмтылғыш узурпатор емес, кеңесші ретінде қарайтын болады. Менен жеті дағдының қайсысы маңызды деп жиі сұрайды. Менің жауабым: сізге ең қиын болып көрінетіні. Санаңыз бен ар-үятыңызға бойлай отырып, бірінші кезекте қай дағдыға тоқтау қажет екенін өзіңіз сезініңіз. Өзгерістерге жеткізетін төте жол - бір нәрсені, бір дағдыны алып, өзіңе сол дағдымен бай- ланысты ұсақ міндеттемелер жүктеп және оны орындау деген сөз. Осылайша ішкі тәртібіңіз бен сеніміңіз біртіндеп биіктейтін болады. «Жеті дағдының» қарақан басыма көмегін түсінемін, бірақ компаниям немесе мекемем қабыддамаса қайтемін? Бәрі де жеке тұлғадан басталады, өйткені маңызды өзгерістердің бәрі іштен сыртқа шығады. Жеке өзгерістер үдерісін бастаған соң сіз ортаңызды да өзгер- те бастағаныңызды көресіз, өйткені ықпалыңыз артып, үлгіңіз басқаларға ұнай бастайды. Табысты жұмыс жасай бастағанда ғана өзгерістерді үйымға тарата аласыз. Вертикаль басқару мен бақылауға негізделген индустриалдық дәуірдің ойлау машығынан құтылу үшін «жеті дағдыны» мәдениетке кең мағынасында енгізуді қолға алуға тырысып бақтым. Біздің санамызда әлі де индустриалдық дәуір тамыр жайып отыр. Ол адамдарға бақылауды қажет ететін заттарға қа- рағандай қарайды. Мұндай ойлау жүйесі адамдарды ауыстыра беруге болады және олар бір-біріне ұқсас дегенге саяды, ал біз өрбір адам бірегей қабілетке ие екенін және іске басқалар қоса алмайтын үлес қоса алатынын білеміз. Қар- жылық тұрғыдан қарағанда, адамдар иемдену ғана мүмкін болатын «ең қүнды актив» деп бағаланудың орнына «шығындар» бағанасына жазылған. Тіпті бағы- ныштыларыңызға жақсы қарағанның өзінде бәрібір сіз олардың үстінен бақы- лау жасайсыз. Бүгінгі үйымдардың басым көпшілігінің қателігі осында. «Жеті дағды» осының бәрін өзгерте алады. «ЖетІ дағдының» мәдениеті оған кіргендердің әрқайсына орасан күш береді. Осы мәдениетте әрбір адам аса зор құндылыққа қол жеткізеді. Командалар вокальдық ансамбльде ала- тын орнын тенор немесе сопрано баспайтыны сияқты, барлық мүшелерінің өнімділік мүмкіндігін оңтайландыруға әрі олардың әлсіз тұстарын аластауға лайықтап жасақталған. Бәрі де қажет. Табыс кілті - адамдарға қызмет ету үшін әркімнің өз үнін табуға, өздеріне үнайтын және қолдарынан келетін іспен айна- лысуға мүмкіндік беруде. «Жеті дағдының» бүкіл әлем бойынша үжымдар мен үйымдарды қалай өзгертіп жатқанына таң қаламын. Мәселен, олар Мексиканың бір ірі тау-кен
346 СТИВЕН КОВИ. СОҢҒЫ С¥ХБАТ компаниясы жүмысының негізгі принципіне айналды. Ондағылардың бәрі, бас директордан бастап, шахтерлерге дейін «Жеті дағды» бағдарламасы бойын- ша оқудан өтті. Әрбір қызметкер бағалы. Өнімділік күрт жоғары өрлеген, ал бақытсыз жағдайлар саны айтарлықтай азайған, өйткені әркім нәтижеге жету жауапкершілігін алған. Енді тұтас отбасылар оқудан өтуде. Мен білемін: тамаша компания қүру үшін жай ғана тамаша адамдар жинау аздық етеді. Ұйым «жеті дағды» принциптерімен нағыз ұйым болып өмір сүруі керек. Бұл - өзіңе бастаманы алып, айқын да анық міндеттер мен стратегияны қабылдап, үнемі приоритеттермен жүмыс істеп, «Ұттым/Ұттым» түрғысында барлық акционерлермен бірге ойланып, болашақ үшін синергетикалық инно- вацияларды іске асыру деген сөз. «Жеті дағды» сипатында ойлау кез келген компанияның табысты болуы үшін аса маңызды. «Жеті дағды» мәдениетін ор- нату - бұл бас директордың ғана жүмысы емес, ортақ іс. Мүндай мәдениетте әркім - көшбасшы. Соңғы кездері «Жеті дағды» принципіне негізделген көшбасшылықтың үйымдық мәдениетін жер-жерде енгізуге қүлшына кірістім. Онда басшылар ғана емес, бәрі де іске қосылды. Кез келген нағыз көшбасшылық шартты емес, моральдық беделге негізделген. Ганди ешқашан ресми мемлекеттік қызмет атқарған жоқ. Аун Су Чжи мен Нельсон Мандела ар-намыс түтқыны ретінде қамауда болып, моральдық беделге жылдар бойы жетті. Ғұмыр бойы мұғалім болдым. Мен ешқашан жауапты лауазымдарда болған жоқпын, бірақ өзімнің миссиямды орындау жолында үлкен жауапкершілік сезіндім. «Жеті дағдыны» шынымен байыпты қабылдаған кез келген адам көшбасшы болады. Артыңа қалдыратын мұра туралы қам жеуді үйреттіңіз. Сізден қандай мұра қалмақ? Өз басымдағы басты мұрам - отбасым, оның бақыты және сапалы өмірі. Маған отбасымнан артық ештеңе де бақыт пен қанағат бере алмайды. Ол бәрі- нен де маңызды. Мен бір дана адамның «Қандай табыс болмасын отбасымдағы сәтсіздіктің орнын толтыра алмайды» деген сөзімен келісемін. Шын мәнінде, өз үйіңізде істеген жұмыс - бұл жер-жаһандағы ең маңызды жұмыс. Отбасы өзіне дәстүрлі түрде бөлінетін артық уақыт пен көңіл бөлуге лайықты бірінші кезектегі құндылық. Адамдар стратегиялық жұмыс мәселелерін ойлауға жүз- деген сағатын жұмсайды, алайда өзінің отбасын нығайтуға, тым құрымағанда, бірнеше сағат бөлуді қаламайды. Сонымен бірге сіз отбасында табысты болсаңыз, онда жүмыста табысқа жете алмайсыз деген жалған дихотомияға сенбеймін. Бүл жерде ешқандай «немесе - немесе» жоқ. Жіті жоспарлайтын болсаңыз, сіз осы екі салада да табысқа жете аласыз. Бір жағының табысы екінші жақтағы табысқа қол жеткі- зеді. Бүрын көзге ілмей келсеңіз, отбасындағы қатынасты жақсартуға ешқашан кеш емес. Кәсіби қызметім түрғысынан менен немен есте қалғыңыз келеді деп сура- ганда, жай ғана - балаларыммен жасаған жүмысыммен деп жауап беремін.
СТИВЕН КОВИ. СОҢҒЫ CVXBAT 347 Балалардың мінез-құлқына қарай жаман атақ жапсырмаңыз. Сіз олардың бо- йынан көшбасшылықты көріп, осыған оларды сендіруіңіз керек. Көшбасшы болу - құндылықтарды және әрбір адамның әлеуетін танып, оны өз бойынан өзі көруге жігерленетіндей етіп, айқын жеткізе білу. Біз балаларымыздың бойындағы туабітті мәнділігі мен жақсылыққа ұмты- лысын өрістете отырып, ұлы күштер мен әлеуетін ашып, көшбасшылар ұрпағын өсіре аламыз. Бүгінгі таңда әлемнің мыңдаған мектептерінде балаларға «жеті дағдыны» оқытып, өздерінің іс жүзінде кім екенін танытып және неге қабілетті екенін үйретіп жатқаны мені қуантады. Біз олардың шыншыл, тапқыр, тәртіпті болып және «Ұттым/Ұттым» принципімен өмір сүруіне көмектесеміз. Біз олар ды өздерінен айырмашылығы бар адамдарға сенімсіздік көрсетпей, қабыл алу- ға үйретеміз. Біз оларды «араны қайрауға», өзінің дамуында тоқтамауға, үнемі жақсы болып және жаңаны үйренуге баулимыз. Бұл әлемнің мыңдаған мек- тептерінде қолданып жатқан «Көшбасшылық менің бойымда» бағдарламасы бойынша іске асуда. Осы мектептерде балалар көшбасшылар - ат төбеліндей атақтылар ғана емес, барлық адамдар екенін танып білді. Олар нақты және адал жетістіктің нәтижесінде жететін бірінші табыс, сонымен қатар екінші табыс, яғни әлемнің мойындауы арасындағы айырмашылықты біліп, бірінші табысты бағалауға үйренді. Олар өздеріне таңдаудың тамаша сыйы тартылғанын, енді өздерінің механизм тетігі немесе қүрбандық рөлімен келіспеуі керектігін білді. Көз алдыңызға елестетіңізші, балаларымыз осы принциптерді тереңнен та нып, күмәндар мен қорғану қажеттілігінен азат бола отырып, құрбандық және тәуелді болудан бас тартқан, басқалардың алдындағы өз міндеттеріне мінсіз қарайтын, толық жауапкер азаматтар болып өсетін болашақ күтіп тұр. Ал он- дай болашақ әбден мүмкін. Мен осымен есте қалғым келер еді. Болашақтағы ісіңіз не болады? Негізі, өмір бойы ұстаздық еттім. Диплом алған соң, оқытушы болдым және жүмысымды өте жақсы көрдім. Сосын өзімнің миссиямды үғына бастадым, «Жеті дағдыдағы» және басқа еңбектерімдегі көшбасшылық идеясы менің өзім- нен әлдеқайда үлкен нәрсе екені айқын болды. Осы жолдауымды тарататын және нығайтатын үйым қүрмасам, оның маңызы мен өзектілігі өзім көз жұмған- нан кейін, әлдеқайда төмендейтінін түсіндім. Осындай қатердің алдын алу үшін кәсібімді ашып, принциптерге негізделген көшбасшылықты бүкіл әлемге наси- хаттайтын компания құру керек деп шештім. Бәрі Covey Leadership Center-лен басталып, сосын ол Franklin Quest-пен бірігіп, FrankiinCovey-ге айналды. Біздің компанияның миссиясы - адамдарға, ұйымдар мен қоғамдарға принциптерге негізделген көшбасшылықтың көмегімен табысқа жететін жағдай жасау. Бүгін біз әлемнің 140-тан астам елінде жүмыс істейміз. Мен өз компаниямның көз- қарас деңгейімен, құндылықтарымен және қызметімен мақтана аламын. Тура мен күткен істерді атқаруда. Бәлкім, ең бастысы FrankiinCovey ендігі жерде ма- ған тәуелді еместігінде шығар және оның мен кетсем де жұмысын жалғастыра беретінінде болар.
348 СТИВЕН КОВИ. СОҢҒЫ С¥ХВАТ Соңғы басты сөзім «крещендо күйінде ғұмыр кеш» (live life in crescendo) дедіңіз. Бұл нені білдіреді? Бұл өміріңіздегі ең басты жұмыс әрқашан алда екенін білдіреді. Ол ту сыр- тыңызда қалмауы керек. Оған үнемі адал болыңыз. Тыныштыққа кету дұрыс идея емес. Сіз зейнетке шығуыңыз мүмкін, бірақ өмір бойы айналысқан ісіңіз- ді, маңызды жобаларды тоқтатпаңыз. «Крещендо» - музыкалық термин. Бұл дыбысты бірте-бірте күшейте, зо- райта ойнау керегін білдіреді. Оған қарама-қарсы - «диминуэндо», дыбысты баппен басу, ақырын, самарқау, тыныш ыңылға дейін түсуді білдіреді. Сондықтан крещендо күйінде ғұмыр кешіңіз! Бұған дейін олжалы болдыңыз ба, жоқ па, соған қарамай, әлі де бір маңызды іс жасауыңыз керек. Айнадағы артқы көрініске көп қарап, бұған дейін жасағаныңызға тоқмейілсімеңіз; оның орнына оптимизммен алға қараңыз. Қызым Синтия екеуіміз жазып жатқан «Крещендо күйінде ғұмыр кеш» (Life in Crescendo) атты болашақ кітабым мені жігерлендіріп, алға сүйрейді. Қанша жасқа келсеңіз де, қандай дәрежеге жетсеңіз де, сіз «жеті дағдыға» сәйкес өмір сүрсеңіз, ісіңіз ешқашан да бітпейді. Сіз неғұрлым биік деңгейге, жақсыға, керемет мақсатқа, жақсы түсінуге, жарқын сезімдерге, мағыналы махаббатқа үмтылатын боласыз. Бұрынғы жетістіктер сізді қанағаттандыруы мүмкін, бірақ әрқашанда көкжиектен қылаңдап жаңа, үлкен істер көріне бере- ді. Сізді алдан жаңа қатынастар орнату, қоғамға қызмет ету, отбасын нығайту, проблемаларды шешу, біліммен қарулану және басқа ұлы істер күтіп түр. Бір қызымның «Жасампаз жандардың жеті дағдысын» жазған соңәлемді өз- гертуді қойдың ба?» деп сұрағаны бар. Мен оған: «Мені өз мүмкіндігін артық бағалап түр деп ойлама, бірақ менің ең жақсы еңбегім әлі алда жазылатынына кәміл сенімдімін», - деп жауап қаттым. Стивен Кови ониіақты алуан жобамен айналысу үстінде, 2012 жылдың 16 шілдесінде, 79 жасында дүниеден өтті. Ол жалпыға ортақ түсініктегі зейнетке иіықпай, соңғы деміне дейін «крещендо күйінде ғүмыр кеиіті». Оның идеялары әртүрлі елдердегі мектеп оқуиіыларының, топ-менеджерлер мен қатардағы азаматтардың өмірлерін өзгертіп, орасан зор ықпалын жалғас- тыруда. Біз де өзімен бірге оның ең үздік жүмысы злі алда екеніне сенеміз.
FranklinCovey компаниясы туралы Миссиясы Біз дүниежүзіндегі адамдар мен үйымдарға адамның мінез-құдқындағы терең өзгеріссіз мүмкін емес аса көрнекті нәтижелерге жетуге көмектесеміз. Негізгі сенімдер. Біз мынаған сенімдіміз: 1. Адамға елеулі жетістікке жетуге ұмтылу тән; адамда таңдау еркіндігі бар. 2. Принциптер —уақыт шеңберімен шектелмеген және аумақтық шекарала- ры жоқ, ұзақмерзімді жасампаздықтың негізі. 3. Көшбасшылық адамның саналы таңдауы және ол іштен пайда болып, сыртқа шығады; оның іргетасы - мінез; көшбасиіылар адамдардың ұжым- дық дарыны мен ұмтылысын дұрыс мақсатқа жетуге бағыттайды. 4. Жасампаздық дағдылары интеграциялық үдерістер мен қүралдарды жү- йелі қолданудың нәтижесінде ғана келеді. 5. Түрақты жоғары жасампаздық ресурстар мен қүралдарды үдайы дамыту жағдайындағы нәтижеге барынша назар аудармайынша мүмкін емес. Құндылықтар: 1. Принциптерден айнымау. Біз өзіміз насихаттап жүрген нәрсеге алғаусыз сенеміз, сонымен қатар өзіміз басқаларға үйрететін принциптер мен ере- желерді ұстанудың үлгісі болуға ұмтыламыз. 2. Клиентке берілгендік. Біз клиенттерімізге берген уәдемізден ешқашан таймаймыз. Біздің табысымыз олардың табысты болуына тәуелді. 3. Жеке тұлғаға қүрмет. Біз бір-бірімізді бағалаймыз және өзімізбен бірге жүмыс істейтін адамға толық құқықты әріптесіміз ретінде қараймыз. 4. Қаржылық тиімділікті арттыру. Қаржылық тиімділікті арттыру біздің үйымның өмір сүруінің қажетті шарты деп санаймыз: өйткені бізге өз мис- сиямыз бен көзқарасымызды іске асыру еркіндігін береді.
350 FRANKLINCOVEY КОМПАНИЯСЫ ТУPAЛЫ FranklinCovey (NYCE: ҒС) компаниясы - ұйымдарға, командаларға және жеке адамдарға жасампаздық, еңбек өнімділігін арттыру құралдарын пайда- лану және диагностика саласында тренингтер өткізу бойынша әлемде көшбас- шы. Оның клиенттері қатарында Fortune 100 тізіміне кіретін компаниялардың 90 пайызы және Fortune 500 тізіміне кірген компаниялардың 75 пайызы, соны- мен қатар мыңдаған кіші және орта ұйымдар, сондай-ақ көптеген мемлекеттік ұйымдар мен оқу орындары бар. Онлайн оқыту, оқытудың аралас формалары, зияткерлік меншік лицензиялары, сертификатталған жаттықтырушылар өткі- зетін принциптер, коучинг пен консультация беруді қоса, біздің жаттықтыру- шылардың клиенттерді офисте оқытуын қоса алғанда, өз контентімізді «жет- кізу» тәсілдерінің ауқымды таңдауын ұсынамыз. Қосымиіа ақпарат алу үшін www.franklincovey.com. сайтына кіріңіз. FranklinCovey компаниясының әлемнің жалпы жиыны 150 елінде 30-дан астам тілде кәсіби қызмет, өнімдер мен оқу материалдарын ұсына алатын се- ріктестері бар. Бағдарламалар мен қызметтер - xQ Survey and Debrief (ұйымдардың көшбасшьілары «орындау коэффи циент™» бағалауға көмектесетін қүрал); - «Жасампаз жандардың жеті дағдысы» тренингі; - «Елеулі өнімділікке жету жолындағы 5 таңдау» тренингі; - «Елеулі көшбасшылар. Елеулі командалар. Елеулі нәтижелер» тренингі; - «Сенім жылдамдығындағы көшбасшылық» тренингі; - «Орындаудың 4 тәртібі» бойынша консалтинг жобалары мен басқа консал тинг, сондай-ақ тренинг өнімдері.
АВТОР ТУРАЛЫ Стивен Р. Кови - көшбасшылық және отбасы қатынастары саласындағы маман ретінде халықаралық дәрежеде танылған оқытушы, басқаруды ұйым- дастыру бойынша консультант және отбасын нығайтуға әрі ұйымдарды құруға көмектесетін принциптерге негізделген, өмір және көшбасшы туралы көпте- ген еңбектің авторы. Кови - Гарвард университетінің MBA дәрежесінің және Бригэм Янг университетінің докторлық дәрежесінің иегері, осы соңғы универ- ситетте үйымдық мінез-құлық және бизнесті басқару курстарын жүргізді, со- нымен қатар қоғаммен байланыс бойынша проректор және президенттің кө- мекшісі міндеттерін атқарған. Стивен Кови - бірнеше белгілі туындылардың авторы, соның ішінде халық- аралық бестселлерге айналған «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» кітабы бар. Кітап әлемнің 40-қа жуық тіліне аударылып, XX ғасырдағы бизнес бойынша ықпалды кітаптардың арасында бірінші орын алды, менеджмент бойынша іс- керлік әдебиеттің тарихында барынша ықпалды он кітаптың қатарына қосыл- ды. Күллі элем бойынша оның 30 миллионнан астам данасы сатылған. «Басты іске баса мән беріңіз», «Принциптерге негізделген көшбасшылық» және «Жа сампаз отбасылардың 7 дағдысы» кітаптары да бестселлерлер қатарына жата- ды: олар жалпы саны 20 миллионнан артық данамен сатылған. 2003 жылы С. Кови тоғыз баланың әкесі мен қырық үш немеренің атасы ретінде әкеліктің ұлттық бағдарламасы шеңберінде берілетін сыйлықты алып, оны өз өміріндегі ең маңызды марапат деп атады. Сонымен бірге Кови Томас Mop колледжінің адамзатқа сіңірген еңбегі үшін медалін, 1999 жылы «Жыл шешені» атағын, 1998 жылғы бейбітшілік ісіне қосқан үлесі үшін берілген Сикх сыйлығын, «Жыл кәсіпкері» халықаралық сыйлығын және 1994 жылғы бизнес- көшбасшылығы саласындағы айрықша еңбегі үшін ұлттық «Жыл кәсіпкері» сыйлығын алған. Time журналы оны ең ықпалды жиырма бес америкалық тізі- міне енгізді. Сондай-ақ Стивен Кови жеті қүрметті доктор атағына ие. Стивен Кови - әлемнің 150-ден астам елінде кәсіби қызмет көрсету саласы бойынша халықаралық көшбасшы саналатын FranklinCovey компаниясын құ- рушылардың бірі. Стивен Кови қайтыс болғаннан кейін, компанияның қызмет- керлері оның бүкіл элем бойынша, тиісті қүралдармен мүмкіндік бере отырып, жеке адамдар мен ұйымдардың өзгеруі әрі өсуіне бағытталған көзқарастары мен энтузиазмын қолдап өрістетуді одан әрі жалғастыруда.
С Т И В Е Н Р. К О В И ЖАСАМПАЗ ЖАНДАРДЫҢ 7 ДАҒДЫСЫ Тұгаганы дамытудың тегеурінді тетіктері Редактор - Ж а п а ц Ә. Корректорлар - А л и п а е в а К , Ж ү с іп о в а Ә. Дизайнын әзірлеген жэне беттеген - Т ілеуім беков Н „ Ж ү м а га л и ев А. Басуға 19.11.2018 ж. қол қойылды. Офсеттік басылым. Қаріп түрі «DS Adonis». Пішімі 70x100 V,, Көлемі 22,0 б.т. Таралымы 5 000 дана. Тапсырыс № 727 Тапсырыс берушінің дайын файлдарынан басылып шықты. ЖШС РПБК «Дэуір», 050009, Алматы қаласы, Гагарин д-лы, 93 а. E-mail: [email protected], [email protected]
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151
- 152
- 153
- 154
- 155
- 156
- 157
- 158
- 159
- 160
- 161
- 162
- 163
- 164
- 165
- 166
- 167
- 168
- 169
- 170
- 171
- 172
- 173
- 174
- 175
- 176
- 177
- 178
- 179
- 180
- 181
- 182
- 183
- 184
- 185
- 186
- 187
- 188
- 189
- 190
- 191
- 192
- 193
- 194
- 195
- 196
- 197
- 198
- 199
- 200
- 201
- 202
- 203
- 204
- 205
- 206
- 207
- 208
- 209
- 210
- 211
- 212
- 213
- 214
- 215
- 216
- 217
- 218
- 219
- 220
- 221
- 222
- 223
- 224
- 225
- 226
- 227
- 228
- 229
- 230
- 231
- 232
- 233
- 234
- 235
- 236
- 237
- 238
- 239
- 240
- 241
- 242
- 243
- 244
- 245
- 246
- 247
- 248
- 249
- 250
- 251
- 252
- 253
- 254
- 255
- 256
- 257
- 258
- 259
- 260
- 261
- 262
- 263
- 264
- 265
- 266
- 267
- 268
- 269
- 270
- 271
- 272
- 273
- 274
- 275
- 276
- 277
- 278
- 279
- 280
- 281
- 282
- 283
- 284
- 285
- 286
- 287
- 288
- 289
- 290
- 291
- 292
- 293
- 294
- 295
- 296
- 297
- 298
- 299
- 300
- 301
- 302
- 303
- 304
- 305
- 306
- 307
- 308
- 309
- 310
- 311
- 312
- 313
- 314
- 315
- 316
- 317
- 318
- 319
- 320
- 321
- 322
- 323
- 324
- 325
- 326
- 327
- 328
- 329
- 330
- 331
- 332
- 333
- 334
- 335
- 336
- 337
- 338
- 339
- 340
- 341
- 342
- 343
- 344