мамандығыңнын жақсы маманы болып шығу жəне өмірге деген рухани дүниеңді жаңғырту деген нəрселерді, бойғажақсылап сіңірсек біз сапалы елдің азаматы болатынымыз анық. Ал кейбір студенттерді білем. Оқуын оқып жүр əйтеуір. Ертен сол оқып жатқан мамандығында жұмыс істейма, істемейма оныда анық шешпеген. Көремізғой оқуды бітірейік, бұйырған жұмысқа кіремізда, бастысы диплом ап-алсақ болды деп жүреді. Бұлай жүру өз өміріңе жауапкершіліксіз қараған деп білем. Əсіресе сенің қандай адам болатыныңды анықтайтын кезеңде, бұлай жүру өзіңе жасаған қиянат деп білем. Бұлай жəй жұрттан қамайын деп оқып қатты қағазды алғанша оқымайық қойған жөн. Ал егер ата-анаңыздың нұсқауымен оқуыңызға мəжбүр болсаңыз оқи беріңіз. Бірақ оқып жатқан мамандығыңыздан бір нəрсе үйренуге талпыныңыз. Студенттік кезеңнін бірінші шарты адамның рухани дүниесін жақсы жағына қарай жаңғырту жəне талмай білім жинау. Осы 2нəрсені меңгеретін шағымыз. Осы кезеңді жақсылап өткізіп алалмай, келесі отбасылық немесе жұмыс бастылық кезеңге жақсы жолдама алалмаймыз. Өзім осы кітапты студенттік шағымда жазып жатырмын. Бұрында мектеп кезімде кəзіргідей көп нəрсені ойламаған екенмін. Сөйтсем бəрі өз уақытымен екен. Əр кез-келген нəрсені уақытысында меңгере білсеңіз өміріңіз жарқын жақа өзгеретінін байқадым. Егер сізде кəзір алдыға қойған мақсатыңыз болмаса онда дереу дəл кəзір, яя бауырым дəл кəзір алдыңа сені жақсылыққа апаратын, жетістікке апаратын, айналаңа пайдан тиетін мақсатыңды жаз. Кемі 70- мақсат жаз. Оны орындалуы кезеңдеріне бөл. Уақытын жанына жаз. Мақсатты жазып оның бірінші қадамын басқаннан бастап, сенің өмірін жарқын жақа жəне мақсатыңнын орындалуына керекті жолдар өзі-ақ ашыла бастайды. Егер сіз мақсатты қалай жүйелеп қоюды білмесеңіз, онда қорқатын дəнеге жоқ. Адам өмірінің сапасы 5 нəрсемен өлшенеді. Олар
денсаулығы, білімі, рухани жан дүниесі, көңіл күйі жəне материалдық жағдайы. Осы 5нəрсе сізде жеткілікті түрде болғанда сіз сапалы адам болғаныңыз жəне айналаңа пайда бере алатын тұлғаға айналғанын. Осы 5 нəрсені мақсатыңыздың ішіне қосыңыз. Оған ерекше мəн беріңіз. Аз уақыттың ішінде өміріңіздің бұрынғыдан қарағанда жақсарып жатқанын өзіңіз байқайсыз. Я студенттік шақ менің ойымша өміріңнін қандай болатынын анық шешетін уақыт деп білем. Сол үшінде бауырлар студенттік өмірді бекерге босқа зияны тиетін немесе пайдасын бермейтін нəрселермен айналысып, өміріңізді унитазға кетіргенше, өміріңізді жарқын болуына аса мəн беріп іске кірісіңіз. «Өмірдің əрбір сəті маңызды. Əр уақытты тиімді пайдаланыңыз» Əрбір адамның болашағы балалық жəне жастық шағындағы көргендері мен алған əсеріне тікелей байланысты. Бүлдіршіндер мен жастар адамның рухын шыңдап, жігер беретін ортада ақыл-ойы ұшқыр, көргенді боп өседі. 70- Сабақ Əлеуметтік желінің тиімді жақтарын пайдалан Əлеуметтік желілер кəзір біздің өміріміздің бір бөлігіне айналды. Күніне əлеуметтік желіде 2, 3 сағат немесе 4, 5 сағат немесе 6, 7 сағат бірге боламыз. Тіпті бізге ең жақын нəрсеге айналды. Əлеуметтік желіде босқа пайдасын бермейтін нəрселерді қарап уақыт өткізгенше, оны өзімізге пайдалығып пайдалана аламызба? Кəзір Инстаграмға біздің ел бойынша 7 млннан астам адам кіреді екен. Бұл дегеніміз халықтың көпшілігі, Инстаграм желісін пайдаланатынын дəлелі. Осындай мол ресурс отырғанда оны пайдаңа, пайдалану жолдары жетерлік. Тек тетігін таба білсеңіз болғаны. 21-ғасыр білім ғасыры жəне интернет ғасыры деп айтсам қате болмас. Кəзір əлемде интернет қолданушылардың саны миллиардтан асып түсті. Оның ішінде əлеуметтік желілердің белсенділігі артуда. Олар Facebook,
Instagram, Whatsapp, Telegram, VKontakte т. б орны ерекше. Бұл əлеуметтік желілерді қолданушылардың саны миллиардтан асып түсті. Осындай алып желілер əлемге таралғанының арқасында көптеген нəрселерге мүмкіншілік артты. Осы əлеуметтік желілердің ішіндегі кəзіргі таңда ең белсенділері олар Facebook жəне Instagram желілері болып табылады. Инстаграмға Қазақстан бойынша 7 млн-нан астам адам кіреді екен. Бұл ел халқының 40 пайызға жуығы Инстаграмды қолданатының дəлелі. Осы желілер арқылы сіздің қызметіңізді көптеген адамдарға көрсетуге болатыны анық. Егер сізде шығармашылық қасиеттеріңіз болса оны əлеуметтік желіге күнде бөліп, əрлеп салып тұруыңызға болады. Бұл сізді танымал етуі мүмкін жəне кəсіпке, табыс көзіне айналдыруға мүмкіндігіңіз болмақ. Осыған байланысты заманауи бір мақал естідім. «Бұрындары сенің қандай екеніңді досыңнан білетін еді, кəзір сенің қандай екеніңді Инстаграмыңнаң білетін болды. » Бұл мақалдың адамға ой салатыны анық. Кəзір сені жұртшылық əлеуметтік желі арқылыда таныйды. Сіздің əлеуметтік желіңіз жақсы əрленген, жақсы суреттер, жақсы посттар болса, онда сізді сол əлеуметтік желіңіздегідей сапалы көреді. Кəз бұл дəлелденге факт. Айтқым келгені əлеуметтік желіні босқа пайдаланбай, бойыңызда бар шығармашылықты, қасиетті, қабілетті сыртқа шығару арқылы өзіңізді танымал етіңіз немесе табыс көзіне апаратын жолға түсіріңіз. «Өмір бір-ақ рет беріледі. Сондықтан неге оны пайдалы қылып өткізбеске?» © Джек Лондон 71- Сабақ Елге деген патриоттық сезім Əр қазақ азамат-азаматшасының елге деген патриоттық сезімі болуға тиіс. Əрбір біреуіміз елімізді сүйе біліуіміз тиіс. Елді жақсы көру
балалық шақтан басталуы қажет. Айналасын танығаннан бастап жасөспірім балдар елге деген патриоттық сезімін бойына сіңіре білсе, ондай ұрпақтан елге жамандық жасайтын адам шығуы екі-талай. Елге деген патриоттық сезімді қай уақытта болсада ашуға болады. Тек ниетіңіз болса болғаны. Патриоттық сезім адамның алдыға қойған мақсатына жетуге өзіңдік бір үлкен мотивациясын береді екен. Елге деген патриоттық сезімі мол адамдар жетістікке жеткендеде еліне жақсылық жасаудан жалықпайтының аңғардым. «Сол үшінде əрқайсысымыз елге деген сүйіспеншілікті арттыра білейік, жоқ болса оята білейік». Ғалым Үсен Патриоттық сезімді мен ең алғаш 8-класс оқып жүргенімді сезіне бастадым. Əрине оның алдындада үлкен ағаларымнан естуім бойынша, елді жақсы көру бойымда бар тұғым. Бірақ осы 8-кластан бастап нағыз патриоттық сезімнің не екенің аңғара бастадым. Патриоттық сезімнің бойыма енуінін адғашқы себебі Қазақстан тарих пəнінен жəне Дүние жүзі тарихы пəнінен алған білімнен ояна бастады. Қазақстан тарихынан сонау сақтар заманынан оқып сол кезден кəзіргі кезге дейінгі болған мағұлматтарды оқып, елге деген сүйіспеншілігім оянды. Себебі осындай кең-байтақ жерді, осындай берекелі жерді, біздің ата-бабамыз қасық-қаны қалғанша қорғап бізге табыстап кеткен жерді, біз сүйіспеншілікпен қарауға тиіс екенімізді жəне бұл елді одан əрі дамытуға, тиіс екенімізді түсіндім. Дүние жүзі тариханан ұққаным осындай кең байтақ жерді бізге табыстап кеткен ата-бабаларымыз ұлы халық болғанан аңғардым. Əлемде небір мықты мемлекеттер бар. Солардың тарихын оқып, солардың ата-бабалары біздің ата-бабаларымыздай бізге мол мұра қалдырмағаның білдім. Кəзір халқы 70, 80 млн-нан асатын дамыған кейбір елдердің, біздің елдің бестен біріндей жері жоқ екенін көріп, еліме деген сүйіспеншілік сезімімді арттырдым. ©Ғалым Үсен
Түйгенім елге деген патриоттық сезімнің болуы əр қазақ азамат- азаматшасының бойында болуға тиіс басты құндылық деп білем. Мен өзім өмірімнің аяғына дейін елге патроиоттық сезімімді арттырып, елге қолымнан келгенше қызмет жасап, елімді қорғауға тиіс екенімді түсіндім. Елде елін жақсы көретіндердің саны өскенде, ондай мемлекеттің дамымауы мүмкін емес. Сол үшінде бəріміз елге деген сүйіспеншілігімізді үнемі арттырайық жəне елге қолдан келгенше қызмет жасайық. «Отанға қызмет ету білімнен емес мінезден» ©Əлихан Бөкейханұлы 72- Сабақ Ұялмайтын нəрседен ұяламыз, ұялатын нəрседен ұялмаймыз Кəзір əлеуметтік желілерден жалпы айналамнан байқағаным, кейбір адамдарға қарап ішім ашиды. Олар Ұялмайтын нəрседен ұялады, ұялатын нəрседен ұялмайды. Қарап тұрсан түсініксіз нəрсе. Бұлай атқанымның себебі менің өзімнің таныстырымнан байқағаным. Олар спортпен айналысса, кітап оқыса, біреуге көмектессе, жақсы іс- шараларға қатысса, елге танымал адамдардың мүсінінің алдында суретке түсуге, көпшілік адамға пайдасын беретін жақсы сөздерді əлеуметтік желіде айтуға, осы секілді нəрселерді айналасына жариялауға ұялады. Түсінбеймін не үшін ұялады осы. Қайтаға бұндай іс-əрекеттеріңді қуана айналаңа жариялаған дұрыс емеспа. Керісінше адамды ыңғайсыз немесе ұятты нəрсеғып көрсететін нəрселерді əлеуметтік желілерде асыға жариялайды. Мысалы олар плестейшн ойнау, компьютерлік ойындарды түннен азанға дейін ойнағаның көрсету, калян тартқанын көрсету, түнгі клубтарда істеген істерін көрсету осы сияқты істерін жасыруға емес көрсетуге асығады. Ойлана келе заман жастарды солай ұятты нəрселерді жариялауға құмар, керісінше жақсы нəрселерін жариялауға ұятты ғып көрсету дəрежесіне апара жатырма деп ойланып жəне алаңдапта қаламын.
Дұрысы айналамызға тек жақсы істерімзіді көрсетейік, ұятты істерімізді барынша жасыра білейік жəне ондай істерден айығу жолдарына кіресе білейік. «Құдайдан қорық, адамнан ұял». ©Абай 73-Сабақ Заманауи білімдер. (Копирайтинг, Таргетинг, SMM, Сату қабілеті) Заман дамыған сайын кейбір ғылымдар жарамсыз болып қалуда. Оның бірден-бір себебі заман даму үстінде, жаңа технологиялар, ақпарат құралдарының жаңа түрлерінің пайда болуы т. б арқасында кейбір ғылымдар жарамсыз болып қалуда. 21- ғасыр білім ғасыры жəне интернет ғасыры деп айтсам қате болмас. Кəзір əлемде интернет қолданушылардың саны миллиардтан асып түсті. Оның ішінде əлеуметтік желілердің белсенділігі артуда. Олар Facebook, Instagram, Whatsapp, Telegram, VKontakte т. б орны ерекше. Бұл əлеуметтік желілерді қолданушылардың саны миллиардтан асып түсті. Осындай алып желілер əлемге таралғанының арқасында көптеген нəрселерге мүмкіншілік артты. Мысалы бизнеске келетін болсақ, бұл əлеуметтік желілердің бизнестің ғарыштап дамуына үлкен септігін тигізуде. Əлеуметтік желілерде затыңды, қызметіңді т. б жарнамалауға үлкен мүмкіндік туды. Осы əлеуметтік желілердің арқасында затыңды, қызметіңді мыңдаған тіпті миллиондаған адамға көрсетуге мүмкіншілік туды. Осы əлеуметтік желілер арқылы затыңды жеткізуге ыңғайлы болды. Бар қызметіңді онлайн түрде жүргізуге керемет мүмкіндік туды. Онлайн жұмыс істейтіндердің саныда арту үстінде. Үйде отырып ақ көптеген істеріңді атқаруға мүмкіншілік туды. Тағысын- тағы айта берсек өте көп. Білім саласа болсын, медицина саласы болсын, тіпті барлық атқарылатын істер бұрынғыдан қарағанда əлде қайда жеңілдеді. Осы əлеуметтік желілердің ішіндегі кəзіргі таңда ең белсенділері олар Facebook жəне Instagram желілері болып табылады. Инстаграмға Қазақстан бойынша 7 млн-нан астам адам кіреді екен. Бұл ел халқының
40 пайызға жуығы Инстаграмды қолданатының дəлелі. Осы желілер арқылы сіздің қызметіңізді көптеген адамдарға көрсетуге болатыны анық. Осы əлеуметтік желілерде кең таралған заманауи білімдердің ішіндегі көп таралғаны осы Копирайтинг, Таргетинг, SMM жəне сату қабілетінің рөлі көп. Осы заманауи білімдерден өзімнің азды-көпті білетін біліміммен сіздермен бөлісмекшімін. Копирайтинг Копирайтинг ғылымының кəзіргі кезде орны ерекше. Əлеуметтік желіде сапалы жарнама жасағанда осы копирайтингті көп қолданылады. Өйткені кəзір əлеуметтік желілерде миллиондаған жарнамалардың ішінен сіздің жарнамаңыздың сапасы жақсы болмаса көзге түспей қалуыңыз мүмкін. Сондықтанда копирайтингтің рөлі басым. Жалпы жарнаманы жазбас бұрын сіздің ұсынатын қызметіңізге қатысты сіздің бəсекелестеріңзді зерттеп алыңыз. Сіздің жарнамаңыз олардан сапалы жəне өзгеше болу керек. Егерде жақсы жарнама жазу қолыңыздан келмесе интернет кеңістігендегі мыңдаған жарнамалардың ішінен жақсысын таңдап соны үлгі тұтып соған қарап жарнамаңызды жазуыңызға болады. Сіз жарнамаңызды жазғанда сіздің затыңызды немесе қызметіңізді қолданылуы мүмкін адамдарға ыңғайлы етіп жазыңыз. Олардың қажеттілігін анықтап оларға жарнамаңыз ыңғайлы болғаны жөн. Жарнама жазғанда Оффер деген ұғым бар. Осы оффер сіздің жарнамаңыздың басты қозғаушы күші. Сіздің клиентеріңіз желіде жүздеген жарнамалдарды қарап отырғанда сіздің жарнамаңыздың жазылуы, мағынасы клиентіңізді ыстап қалуы қажет. Сіз не ұсынайын деп жатсыз соны қазақшалап айтқанда тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйенін клиентіңізге жеткізе білуіңіз қажет. Кəзіргі таңда қоғамда мынандай заманауи сөздер таралып жүр. (Офферің болса бизнесің бар, Офферің жоқ болса бизнесің жоқ. )
Копирайтинг ғылымы арқылы жарнама жазғанда. Жарнама текстінің сапасының жоғары болғанын баса назар аударады. Жалпы жарнама жазғанда оны стуруктурасы жақсы болғаны жөн. 1. Тақырып. 2. Тақырыпша. 3. Затыңыздың клиентке беретін пайдасы. 4. Заттың басқа сіздің бəсекелестеріңізден немесе жалпы сатушылардан айырмашылығын жазған дұрыс. Осы 4 структураның рөлі басым. Жарнама жазғанда осы 4структураға баса назар аударыңыз. Жарнама жазғанда кəсіпкерлер немесе маркетолтардың көп жіберетін қателіктерін жазғым келіп тұр. Олар 1. тақырыпты 1, 2 сөзбен жазу, 2. өтірік ақпараттарды арасына қосу, 3. не сатып жатқанын жазбау. 4. жеңілдіктерді себепсіз беру. 5. бағаны жазбау6. Сөйлемді абзацстарға бөлмей тым ұзақ сөйлем жазуы. Осы жиі кездесін қателіктер. Бұл қателіктер жарнамада болғанда жарнаманың сапасы нашарлап клиент тарту қабілетінен айыралады. Сондықтан осы нəрселердің болуынан сақтаныңыз. Сіз жарнаманы жазғанда клиентіңізді іс-қимылға шақыруыңыз қажет. Олар кездесуге шақыру, катологты жүктеп алу, т. б нəрселер арқылы өзіңізге тартасыз. Бұл іс-қимылдар сіздің затыңыздың өтуіне септігін тигізеді. Жарнама жазғанда конверсия көтеретін нəрселер. Олар 1. тақырыптың 6. 7 сөзден тұруы. 2. Тақырыпшаларға бөлу. 3. Абзацстарды жиі қою. 4. Тақырыпта жаңалықтардың болуы. 5. Абзацсты үлкен əріппен бастау. 6. Көбірек сөйлем жазыңыз клиенттің сенімділігің арттырады. Осы қарапайым нəрселер жарнаманың сапасын арттырады. Жарнамада суреттің орны ерекше. Сапалы сурет сапалы жарнаманың кепілі. Сурет арқылыда көп нəрсені жеткізуге болады. Жалпы клиенттер сіздің жарнамаңызды оқығанда олар заттың немесе қызметтің сапасы, дизайны, жарамдылық мерзімі т. бна назар аударады. Жарнаманың ерекшеліктерін жаза біліңіз. Бұл сіздің клиентіңізді қызықтыруы сөзсіз. Жарнама жазғанда ескеретін нəрселер олар арзан болуы, жеткізіп беруі, төлеу системасы, жарамдылығы, т. б қонымды ерекшеліктерін жазыңыз. Клиенттің шешім қабылдауына əсер ететін
факторлар олар сервис, географиялық ортасы жəне бағасы. Осы үшеуіне назар аударыңыз. Жалпы жарнама жазғанда көпшілік клиентті қызықтыратын нəрселер олар заттың сапасы, бағасы, жеткізіп беруі, жарамдылығы, ерекшеліктері осы нəрселер клиенттің қызығушылығын арттырады. Осы нəрселерге баса назар аударыңыз. Жалып жарнама жазғанда копирайтинг ғылымының алатын орны ерекше. Мына жерде копирайтин ғылымының ең маңызды бөлімдерін сіздерге ұсынып отырмын. Тағы қосымша өздеріңіз копирайтингке байланысты ғылымыңызды жетілдіруіңізге болады. Таргетинг Таргетинг деген кəзіргі таңда əлеуметтік желілерде жақсы дамыған жарнама жасауға керекті құралдың бірі. Əсіресе Инстаграм желісінде таргетингтің рөлі басым. Таргет жарнама деген сіздің затыңызды алуы мүмкін адамдарға ғана көрсету ерекшелігі. Сіз Инстаграмда жарнама жасағанда адамдардың орналасқан аумағы бойынша, оның жынысына, жасына, не нəрселерге қызығушылығы басым соған қарай жарнамаңызды бере аласыз. Міне таргет жарнаманың басты ерекшелігі осы. Таргет латын тілінен аударғанда дəл көздеу деген мағына береді. Я шыменде сізге керекті клиенттерге ғана жарнамаңызды көрсетуге мүмкіндігіңіз бар. Таргет жарнама қолданатын əлеуметтік желілер олар Facebook, Instagram,Vkontakte, Youtube, Тwitter осы алып компанияларда таргет жарнаманы жасауға мүмкіндік бар. Жалпы таргет жарнамада бірнеше нəрселерді жарнамалауға болады. Олар Facebookта бизнес парақшаны, публикацияны инстаграмдағы, іс- шараларды, тренингтерді, жəрмеңкелерді, сайттарды, интернет дүкендерді, Мобильді бағдармаларды жарнамалауға мүмкіндік бар. Инстаграмда таргет жарнама жасау ақылы болып табылады. 7000 тг мен затыңызды немесе қызметіңізді 40000-нан астам адамға көрсетуге болады. Сол 40000-адамды бір қаладан жасын, жынысын, тілін, не
нəрселерге қызығады соған байланысты жарнамаңызды жібере аласыз. Бұл дегенім менің ойымша керемет жарнамама жасаудың түрі ғой. Таргет жарнама жіберу үшін сіздің инстаграмдағы парақшаңыз бизнес аккаунт болуы қажет. Сізді ақшаны электрон түрде аударатын карталар болуы қажет. Олар Мастеркард, Виза т. б. Видео жарнамаласаңыз ұзақтығы 1 минуттан аспағаны жөн. Таргет жарнама жасағаныңызда арнайы робот жарнаманың суретіне, мəтініне жəне өтетін сілтемесіне қарай тексереді. Егер бұғатталған жағдайда модераторға шағымданып қайта тексертуге болады. Жарнама жасағанда сапалы сурет, сапалы мəтін болғаны дұрыс. Таргет жарнама жасағанда кейбір нəрселерді жіберуге болмайды. Олар сапасы төмен тауарлар, жасырын камералар, дəрі, наркотик, темекілер, кредить залог айлық дейін ақша, кемсіту ретінде жіберілген тілі, ұлты т. б, дейін-кейін деген суреттер, діндер жарнамасы, танымал бренд тауарлардың көшірмесі осы сияқты нəрселерді əлеуметтік желіде таргет жарнама арқылы жасауға болмайды. Бір жаңа істі бастағаныңызда өзіңізді, затыңызды немесе қызметіңзді осы таргет жарнама арқылы көптеген адамға көрсетуге болады. Мына жерде таргет жарнаманың басты құндылықтарын жазып өттім. Бұдан басқада ақпараттар баршылық. Мысалы сіз кəсіп бастайтын болсаңыз жарнамаңызды осы таргет жарнама арқылы міндетті түрде жасауыңыз қажет. Себебі бұл құралдың ерекшелігі зор. Жарнама жасағанда мына 3-нəрсеге баса назар аударыңыз. 1 алдымен сіз қызметіңізді көп адамға көрсетуіңіз қажет. 2. Көп адам көргендіктен сізге көп адамхабарласады. 3. Көп адам хабарласса көп адам сіздің қызметіңізді немесе затыңызды алуы мүмкін. Осы 3 нəрсеге баса назар аударыңыз. Таргет жарнама жасағанда копирайтинг ғылымынан үйренгеніңіздерді қолдануыңыз қажет. Сонда жарнамаңыз сапалы болатыны анық. SMM
SMM(System Management Mode)-əлеуметтік желіде кең таралған қолданыстағы құрал болып табылады. SMM ерекшелігі олар компанияны қоғамға таныстыру, танымалдылықты арртыру, сатылым жасауға көмегі, т.б нəрселері бұның ерекшелігі болып табылады. SMM- ді Facebook, Instagram , Vkontakte, Youtube, Тelegram, Whatsapp осы əлеуметтік желілерде қолдануға болады. SMM артықшылықтарын айтып кететін болсам олар жылдамдылық жəне қолжетімділік, дайын аудитория, ақылы жəне ақысыз жарнама жасауға мүмкіндіктің болуы, т. б артықшылықтары арқылы əлеуметтік желіде басымдыққа ие болуға болады. SMM-де дұрыс жұмыс жасау үшін сізге мына нəрселерге назар аудару қажет. Олар аудиторияны зерттеп тауарыңызды қалай ұсынуды ойлау, жоспарлау, күніне қанша жазба саласыз саны нақты қою, əлеуметтік желілердің жас ерекшелігін анықтау соған қарай ақпаратты тарату, белсенділік күнделікті история жəне сапалы посттар салып тұру. SMM-де дұрыс жұмыс атқарудың тағы бір нəрселері олар желідегі белсенді адамдарды тарту, ойын, конкурс арқылы оқырмандарыңызды қызықтыру, хэштег қолдану бірақ 5 тен артық қоймау. Осындай қарапайым нəрселер сіздің парақшаңыздың сапасын жақсартады. SMM- ді Инстаграм желісінде пайдалану ыңғайлы жəне басқа желілерден қарағанда тез дамиды. Инстаграмда аккаунт ашқанда бизнес аккаунт ашыңыз. Парақшаңызды əрлеңіз. Сапалы посттар, сапалы история салыңыз осылар арқылы парақшаңыздың сапасы артады. Инстаграмда аватарға сурет қойғанда суретті сапалы жəне мағынасын анық көрсетіп қойыңыз. Аватардың өзі көпшілік адамдарға қатты əсер етеді. Инстаграмда аккаунттың аты 30 символмен жазылғандықтан сапалы текст жаза біліңіз. Өзіңізді жарнамаласаңызда немесе қызметіңізді жарнамаласаңызда аккаунттың аты мағыналы болғаны жөн. Оқырмандарыңызды қызықтыру үшін контент түрлерін пайдалану қажет. Олар Конкурс, акция, тест, марафон, анекдот, мағыналы сөздер т. б сіздің оқырмандарыңызды қызықтырып парақшаңыздың сапасы артады.
SMM-ді əлеуметтік желіде қолданғандықтан кейін кəсіпқойлар секілді қолданған дұрыс деп ойлайм. Оқырмандарыңызға ақпараттық контент түрлерін айтып кеткенді жөн көріп отырм. Олар шаралар анонсы, жұмыс барысы, компанияның тарихы немесе миссиясы, техникалық ерекшеліктері, сұрақ-жауап айдары, кеңес эксперт ретінде т. б қолдану арқылы сіздің парақшаңыздың желіде белсенділгі артатын болады. Жарнама жасағанда 3 түрге бөліп жасауға болады. Олар ақылы жарнамалар, ақысыз жарнамалар, бартер-келісіммен жасалған жарнама деп 3 түрге бөлеміз. Ақылы жəне ақысыз жарнамалар сізге түсінікті деп ойлайм. Келісімді жарнамаға келетін болсақ бұда басқа біреумен келісу арқылы затыңызды немесе қызметіңізді жарнамалауға болажы. Мысалы Инстаграм парақшасында 100000-нан астам оқырманы бар адамдармен келісіп жарнама жасауыңызға болады. Əлеуметтік желілерде SMM-ді қолданғанда тікелей эфирдің орны ерекше. Себебі тікелей эфирден сізді немесе қызметіңізді көргенде адамда сенімділік туады. Тікелей эфирде сіз қызметіңіз немесе тауарыңыз жайлы ақпаратты беруге, сұрақ-жауап өткізуге жəне соңғы жаңалықтарды айтуыңызға болады. Реті келсе тікелей эфирге күніне 1 рет кешкі уақытта сағат 19;00 мен 21;00аралығанда шыққаныңыз жөн. Əлеуметтік желілерде историяны жиі салып тұрғаныңыз жөн. Күніне кемінде 3 история мен 7 историяның қатарында сапалы история салып тұрсаңыз сіздің парақшаңыздың белсенділігі артады. Əлеуметтік желіде жарнама жасағанда немесе басқа нəрселерді, затыңызды немесе қызметіңізді видео арқылы жібергеніңіз дұрыс. Себебі видео арқылы адамның көру, есту мүшелері қатар жүргендіктен адамға түсінікті жəне сенімді болады. Сондықтан сапалы видео жасауға аса мəн беріңіз. Сату қабілеті Сату қабілеті жайлы азды-көпті білімімен сіздермен бөліспекшімін. Сату қабілеті адамға ерекше керекті қабілет деп ойлаймын. Біз күнделікті өмірде сату қабілетін қолданамыз. Оны өзіміз
байқамауымызда мүмкін. Мысалы сіз досыңызға бүгін кешке футбол ойнауға барып қайтайық деп айттыңыз. Егер ол сіздің ұсынысыңызды қабылдаса сіз оған ұсынысыңызды саттыңыз. Сізгеде басқа адамдар өз ұсыныстарын сатуы мүмкін. Жалпы кəз көп нəрсе сатудан тұрады. Сондықтан əр адам өзіңдегі сату қабілетін арттырғаны дұрыс деп ойлайм. Егер сіз кəсіпкер болсаңыз немесе алдағы уақытта болам деген ойыңыз болса. Онда сізге сату қабілеті ауадай қажет болады деп айтсам артық айтпаспын. Сату үлкен өнер, бизнестегі мамандықтың төресі. Сату технологиясын білмейтін адам кеген клиенттің 10нан 9на заттың немесе қызметің сата ала-алмайды. Жалпы түсінгенім сату деген идея. Өзіңіздің басыңыздағы идеяны басқа біреуге сату. Заман дамыған сайын сатудың небір түрлері пайда болды. Соның ең көп таралған 4 түрін сіздерге ұсынып отырмын. Олар Тікелей сату, Телемаркетинг, интернет, базар. Осы 4 түрі кəзіргі таңда үлкен қолданыста. Сіз клиентке затыңызды немесе қызметіңізді сатқанға оны егже- тегжейіне дейін түсіндіріп айтқаныңыз дұрыс. Қысқасы суретші секілді қызметіңізді суретсекілді көріп сатып алуға ынтасы артады. Жалпы клиентпен сөйлескенде оның сөзін мұхият тыңдаңыз. Тек өзіңіз сөйлей берсеңізде клиентті жіберіп алуыңыз мүмкін. Жақсы сатушы болу үшін клиенттің не іздегені, неге қажеттілігі бар немесе қандай қиыншылықтар бар соны шешу жолдарын зертеген жөн. Егер қиыншылықтар боған жағдайда затыңызды немесе қызметіңізді өткізудің жолдарын қарастырыңыз. Адамға жақсы сатушы болу үшін керекті нəрселердің тағы бір легі олар сатуға деген ниет, сауатты сенімді сөйлеу, нақты мақсат, бəсекелестеріңізді жақсы білу т. б сіздің жақсы сатушы болуыңызға ықпал етеді. Егер сіз клиентпен жолығып затыңызды немесе қызметіңізді сататын болсаңыз онда сізге мына 3 нəрсеге баса назар аудару қажет. Олар Сыртқы бейнең, дауыс тембірі, эмоция жəне сөз құдіреті осы 3нəрсе сізде жақсы деңгейде болғанда сіз мықты сатушыға айналасыз.
Сату қабілетін жақсы меңгеру үшін оның əрбір істелетін істерінде меңгеру қажет. Жалпы сату баспалдақтарына келетін болсақ олар алдымен клиентпен амандасу, қарым-қатынас орнату, қажеттілігін анықтау, сатып алуына көмектесу, күмəнмен күрес жəне жақсы презентация болса осы баспалдақтарды дұрыс пайдалансаңыз сіз сөйлескен клиенттің 10-нан 9-на дейін затыңызды немесе қызметіңізді өткізуге болады. Клиентпен сөйлеске оған кəзір қанша ақшаңыз бар деген сұрақты қоймаңыз. Бұл сұрақ адамға кері əсер етіп сіз клиентіңізден айырылып қалуыңыз мүмкін. Клиентпен сөйлескенде оны қызықтыра біліңіз. Бірақ шамадан тыс ауытқып кетпеңіз. Клиентпен сөйлеске тағы бір қолданылатын əдіс ол клиентті асықтыра білу. Олар бізде тауар шектеулі, кəзір бізде жеңілдіктер бар дегендей клиентті асықтырып затыңызды немесе қызметіңізді өткізуге болады. Сату қабілеті ол ерекше бір адам бойындағы өнер деп ойлайм. Сатудың бизнесте алатын орны ерекше. Сондықтан сату қабілетіңізді теориялық жəне практикалық тұрғыдан əрдайым дамытып отырыңыз. Сату қабілетіне байланысты маңызды элементтерді сіздерге ұсынып отырмын. Осының ішінен керегін алып пайдаңызға жаратсаңыз мен қуаныштымын. 74- Сабақ Өмір бойы оқып өтіңіз жəне мемлекетке пайда тигізіңіз Оқу деген адамды тек алдыға жетелейтін басты күш деп ойлайм. Себебі адам көп оқыған сайын рухани дүниесі жаңғырып, өзінін нені қалайтынын білетін болады. Адам көп кітап оқыған сайын шығармашылық қабілеті артып, білімі толысып, сапалы тұлға болып қалыптасады. Елде сапалы адамдардың саны артқан сайын ол мемлекеттің дамуы ғарыштап, мемлекет барлық жағынанда дамуы орын алады. Экономика болсын, білім саласы, медицина саласы т. б ғарыштап дамып, мемлекеттің əлемдегі дамыған мелекеттердің қатарына қосылуға мүмкіншілігі артады.
Кəзір əлемдегі ең жоғарғы деңгейде дамыған мемлекеттерді алып қарасақ, олардың білім-ғылым саласы өте жақсы деңгейде дамыған. Олар АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония сияқты экономикасы жоғары деңгейде дамыған мелекеттердің білім саласына қарайтын болсақ, білім-ғылымы өте жоғары деңгейде дамыған. Бұл мемлекеттер білім-ғылымның арқасында технологиясы жоғары деңгейде дамып, елде бизнестің жоғары деңгейде дамуының арқасында елдің экономикасы жоғары əлемдік деңгейге көтерілді. Осы мемлекеттер сияқты бізде білім-ғылымы дамыған, экономикасы жоғары деңгейде дамыған мемлекет болуымыз үшін біз əрқайсысымыз заманауи білімдерді игеріп, оны одан əрі дамытуға əрқайсысымыз өз үлесімізді қосқанда, біздің елде жоғары деңгейлі əлемдегі мемлекеттердің қатарына қосыламыз. Менің ойымша бүгіннен бастап əрқайсысымыз өзімізден бастап заманауи білімімізді толықтырып оны іске асыруымыз қажет. Жалпы менің түсінігімде адам өмір бойы оқып өтеді. Сол оқыған білімдерін ары-қарай дамытып қоғамға пайдасын бере алатындай болғанда ол мемлекет даму жолына түсетіні анық. Сондықтан əр адам өзінен бастап заманауи білімін арттырып оны кəсібіне немесе істеп- жатқан жұмысына қолданатын болса, оның өзіде мемлекетіде үлкен табысқа жететіні анық деп білем. Кітап адамзаттың бақыт пен болашақтың құдіретіне апарар жолдағы жасаған барлық кереметтерінің ішіндегі анағұрлым күрделі де ұлы кереметі болуы мүмкін ©М. Горький Цивилизацияның жалпы көрінісіндегі əрбір халықтың орны оның оқыған кітаптарының санымен анықталады. ©Э. Лабуле 75- Сабақ Өзіңіздің бойыңыздағы пайдалы тұстарыңызды анықтап, оны одан əрі дамытып іске пайдаланыңыз.
Кез-келген адамның бойында, адамға қоғамға пайда тигізетін тұстары болады. Тек оны анықтап қолдану қажет. Кез-келген адамның бойында еңбекқорлық, мейірімділік, бір өзгеше істерді істей алуы, сөйлеу қабілеті т. б бойда бар ерекше нəрселер адамның бойында бар. Оны ары-қарай дамыту қажет. Ал енді кез-келген адамның бойында, адамға зиян тигізетін зиянды тұстарда бар. Олар жалқаулық, өзімшілдік, қорқақтық, маубастық, өзгені көре алмаушылық сияқты адамға зиянын тигізетін зиянды тұстарда баршылық. Қарап тұрсаңыз адамның бойында пайдалыда, пайдасызда, зияндыда тұстар баршылық. Сіз мақсатыңызға жеткіңіз келсе, бойыңыздағы пайдалы тұстарыңызға басымдық беріңіз. Тек өзіңізге, айналаңызға пайдасын беретін тұстарыңызды анықтап, оны жоғары деңгейде дамытыңыз. Пайдалы тұстарыңыздың дамуына көп уақыт бөліңіз. Осы пайдалы тұстарыңыз сізді алдыға жетелейтін болады. Бойдағы пайдалы тұстарды дамытып іске қосу үшін, ең алдымен оларды анықтап алуға қажет. Мысалы менің бойымдағы пайдалы тұстарым еңбекқорлық, мейірімділік, ораторлық сөйлеуім, кешірімшілмін, адамдарға көп өкпелей бермимін, кішіпейілділік жəне үлкенге құрмет, азанда ерте тұру деген сияқты бойымда бар пайдалы тұстарыма мен күнде басымдық беремін. Ал бойымда бар жалқаулық, адамдарға қатты сөйлеп қою, ашулану, шамадан тыс асығу, мақтанға кейбір кездері жақын болуым секілді тұстарымды үнемі ойымда ұстап, тежеп жүремін. Осы пайдасыз тұстарымда байқаусызда іске асырған жағдайда мен дереу өзіме, бұндай жағымсыз тұстардан арыл, бұлар сенің мақсатыңа жетуге кедергі жасайтын кеселдер деп өзіме айтып отырамын. Осылай өзіңіздің бойыңыздан жағымсыз істеріңізді байқағаныңызда дереу өзіңізге мен осындай кеселдерден аулақ боламын деп ойыңызға айтып отырыңыз. Бірте-бірте ойыңыз дұрысталып, бойыңыздағы жағымсыз кселдерден айығасыз. Адам бойындағы жақсы қасиеттірін бірінші орынға қойса, ол ұлы адам болғаны
©Ғалым Үсен 76- Сабақ Өмір бойы дамыңыз жəне тек жоғары қарай көтеріліңіз Өмір бойы даму деген сөзді көптеген кітаптардан оқыдым. Мəнісіне қарап шыныменде біз үнемі даму арқылы, белгілі бір жетістікке жетеді екенбіз. Қандай іс атқарсаңызда, немен айналассаңызда, сол жайлы біліміңізді, тəжербиеңізді дамытпай жетістікке жете алмайтынымызды түсіндім. Сіз мысалы мұғалім болсаңыз, өмір бойы бір орында отыра бермисізғой. Қызметіңізді көтеріп жақсы қызметте отырғысы келмейтін адам кемде-кем шығар. Сол үлкен қызметтерге бару үшін соның құнын төлеу қажет. Ал оның құны ақша беріп, немесе басқа нəрсе беріп көтерілу емес. Олай көтерілетіндердің соңы жақсылықпен аяқталмайтыны анық. Оның құны, адал қызмет жасап өзіңді үнемі дамыту арқылы, өзін ойлаған жоғары белестерге жету. Əл-Фараби айтқандай «Адам мақсатына, өзін жетілдіру арқылы жетеді». Əрдайым өзімізді жетілдіріп алдыға ұмтылып, жоғары қарай көтерілетін болсақ жоғары белестерге көтерілетініміз анық. Өзіңізді дамытқанда барлық жағынан дамытуға əрекет жасаңыз. Өзіңіздің бойыңыздағы жақсы тұстарыңызды дамытыңыз. Жағымсыз тұстарыңызда қоса дамып кетпесін. Мысалы спорттан өзіңізді дамытқыңыз келді делік. Сіз алдында 3км-ге жүгіретін болсаңыз, кейіннен 5км-ге одан кейін 10км-ге, одан кейін 20км-ге дейін алыстықты бағындыруға мүмкіншілігіңіз бар. Тек ниетпен еңбекқорлығыңыз болса болғаны. Спортта жаттығу жасағанда кəсіпқойларша жасаңыз. Кəсіпқой спортта болмасаңызда кəсіпқойларша əрекет етіп, кəсіпқойларша ойлаңыз. Əр істеде, сол істің кəсіпқойлары секілді ойлап, əрекет қылсаңыз жоғары деңгейде дамып өзіңіз ойлағаннанда үлкен жетістікке жетуге мүмкіндігіңіз зор болмақ.
77- Сабақ Жұрт алдында сөйлеу өнеріңізді дамыту. Ораторлық қабілет. Жақсы деңгейде сөйлей білу екінің қолынан келе бермейді. Əсіресе жұрт алдында сөйлеуге көпшілік адамдар бара-бермейді. Жақсы сөйлеу немесе ораторлар сияқты сөйлеу үшін алдымен соның құнын төлеу қажет. Құны дегенім, ораторлық қабілетті дамытатын кітаптарды көп оқу, видеоларды көру, аудиозапистерді тыңдау, ораторлық тренигтерге қатысу, ораторлық курстарға қатысу т. б нəрселер арқылы сөйлеу қабілетіңізді жоғары деңгейде дамытуға, кез-келген адамда мүмкіншілік бар. Көпшіліктің алдында жақсы сөйлей білудің сізге пайдасы көп. Сіз қандай қызмет жасасаңызда өз ойыңызды еркін жеткізіп, жаңаша сөздермен сөздің құдіретін айналаңыздағыларға жеткізе білсеңіз, сіз көпшілік адамға ерекше көзқараста қалыптасасыз. Универде болсын, жұмыс орында болсын, кəсіпкер болсаңызда сөйлеу мəнеріңіз ораторлар сияқты ерекше сөйлей білсеңіз, əр істе өсуге өз пайдасын беретіні анық. Негізінде ораторлар сияқты сөйлеу үшін ең алдымен жан- дүниеңізді ашық қылыңыз. Ішіне уайым-қайғыны үйіп алған адамнан оратордың шығуы екі-талай. Тек іштегі күйзелісті сыртқа шығару арқылы, сізге əрекет жасауға болады. Тағы бір керегі ораторлар ұқсап сөйлеу үшін кітап көп оқу қажет. Кітап оқыған адамның сөздік қоры, сапалы сөздері жаңарып, толып сөзінің сапасы жақсы болғандықтан көпшіліктің ықыласынан шыға білу мүмкіндігі зор болмақ. Ораторлар ұқсап сөйлеу үшін алдымен адамға дайындық қажет. Бастапқы кезде үйіңізде немесе басқа оңаша жерде белгілі бір тақырып бойынша дауыстап сөйлеп, өз ойыңызды асықпай анықтап жеткізіп дайындалсаңыз нəтижесі жақсы болмақ. Бастапқы кезде бұлай аптасына 3-рет 30 минттан дайындалсаңыз нəтижесі жақсы болмақ. Кейіннен достарыңыздың, туысқандарыңыздың, жұмыстағы адамдардың т.б адамдармен əңгіме барысында, ораторлық қабілетіңізді
сынап көрсеңіз болады. Бастапқыда қиындау болуы мүмкін кейіннен уақыт өте келе үйреніп кетесіз. Солай біртіндеп көпшіліктің алдында өз сөзін анық-қанығына дейін сапалы сөздің сапасы мен көпшілікті өзіңізге қарата аласыз. Жақсы сөйлеу мəнері сізге əрдайым қызмет етіп, сіздің өсуіңізге көмектесетін бірден-бір факторлардың бірі болып табылады. Сөз-кілт секілді. Ретін тауып, кез-келген жүректің құлпын ашуға жəне кез-келген ауызды жабуға болады. 78- Сабақ Ақылды, білімді, тəжербиелі адамдармен кеңесіп немесе кеңес сұрап үйреніңіз Адамнан адамға сынықтан басқасының бəріде жұғады дегендей, əр істі мықты адамдармен араласып, кеңес сұрауды əдетке айналдырыңыз. Бір күрделі іс бастайтын болсаңыз, өмірде жетістікке жеткен, көп көрген, жалпы білімі мен тəжербиесі бар тұлғалардан ақыл сұрауды əдетке айналдырыңыз. Қытайдың мына сөзі маған қатты əсер етті. «Ақылды адаммен жарты сағат сөйлесу 1 кітапты ай зерттеген мен тең деп». Шыныменде ақылды адамдардың əрбір сөзінен ой қарытып, өзіңе ой саласын. Қытайдың айтылған бұл сөзіне ойлана келе аптасына 2, 3рет білімді, тəжербиелі адамдармен əңгіме айтуды əдетке айналдырған дұрыс деп шештім. Себебі əңгіме үстінде жалпы тақырыптар айтылғандықтан, сіз көптеген жаңа білім жинауға мүмкіндігіңіз болмақ. Тек жақсы сұрақ қоя білсеңіз болғаны. Жақсы сұрақ қою арқылы сіз 1 күнде 1 кітаптын білімін жинап алуға мүмкіндігіңіз зор болмақ. Бірде бір тұлға былай айтыпты. «Мен ұлылардың иығына шығып алғанмын, мен солар секілді алысты көре алам»деп. Бұнын мағынасы сол ұлылардың жазған кітаптарын оқу арқылы, солардың өмірлік тəжербиесінен алған нəрселерін есту арқылы, сол кісідей білемін деген екен. Олар 20 жылма, əлде 30 жылма, жоқ əлде 40жылма жинаған білім, тəжербиесін
сіз сол кетірген уақыт кетірмей, сол алған құндылықтарды өзіңізге сіңіріп алуға мүмкіндігіңіз бар. Сондықтан менің түйгенім əлемге танылған тұлғалардың кітаптарын оқып, олардың өмір жолына қарап, зерттеп, өзімнің кездесуге мүмкіндігім бар тұлғалар мен жолығып сөйлесуге, солардың жинаған білімін тез меңгеріп алуға болатынына көзім жетті. Сондықтан ақылды, тəжербиелі адамдардан кеңес сұрай біліңіз. Əлемге танымал тұлғалардың жазған кітаптарын оқуды əдетке айналдырыңыз. Олардың 30 жылда жинаған білімін сіз 1 жылда ғана жинап алуға мүмкіндігіңіз бар. Тек ниетпен, еңбекқорлық болса болғаны. Қырандармен бірге ұшу үшін, тауықтармен дос болма. ©Брайан Трейси Міндетті түрде өзіңнен мықты адамдармен жұмыс істеуге тырыс, Олар сенің өсуіңе көмектеседі 79- Сабақ Əр істеген ісіңізді таза жəне сапалығып істеңіз Сапалы іс, сапалы өмірдің бастамасы. Əр іс істегенде ісіңізді таза жəне сапалығып істеңіз. Алдыңызға көптеген мақсаттар қойған болсаңыз, олардың əрқайсысына жету үшін əр ісіңіз сапалы болғанда тез жететініңіз анық. Кейбір адамдар бар күніне көптеген жұмыстар атқарады. Күндік, апталық жоспарлар құрады. Бірақ істеген ісінің көбісін əйтеуір істедімба істедім дегендей атқарады. Олай іс атқару сізді жетістікке апаруы қиын болады. Азда іс бітірсеңіз, сапалығып бітіре біліңіз. Мысалы сіз кітап оқуды əдетке айналдырдыңыз делік. Сіз күніне кітап оқуға 2 сағаттай уақыт бөлетін болсаңыз, бұл негізі жақсы бөлінген уақыт. Бірақ ең маңыздысы қанша уақыт бөлгенде емес, қандай ақпарат қабылдадыңыз, қандай деңгейде қабылдадыңыз сол маңызды болады. Кітап оқығандада əйтеуір ілінген кітапты емес, адамға көп пайдасын беретін, өзіңіздің қызығып жүрген салаңыз бойынша кітаптарды оқығаныңыз жөн болады. Адам өмірін өзгертуге сапалы 5 кітап жетеді.
Бірақ сол 5 кітапты табуда оңай шаруа емес. Сол үшінде кітап оқудан алдын кітап жайлы сұрастырып, өзіңізге керекті сала бойынша таңдағаныңыз дұрыс болады. Сапалы көп жұмыс атқару үшін алдымен адамның өзі сапалы болу қажет. Ерсі естілуіде мүмкін сапалы адам болама деп. Бірақ көптеген істерді сапалы атқару үшін адамның өзі алдымен сапалы болу қажет деп ойлайм. Алдынғы тарауларда айтып кеткенімдей адам өмірінің сапасы 5 нəрсемен өлшенеді. Олар денсаулығы, білімі, көңіл-күйі, рухан жан дүниесі жəне материалдық жағдайы. Осы 5 нəрсе адамда жеткілікті болғанда ол адам сапалы адам жəне айналасына, қоғамға өз пайдасын бере алатын адам болады. Осы 5 нəрсенің 4 нəрсесіне көп адам кəзірден ақ кірісіп өзінін бойынан көрсетуге болады. Олар денсаулықты күтуді, білім жинауды, үнемі көңілді болып жүруді жəне рухани дүниеңді əрдайым жаңартып жүруді осы 4 нəрсені қолданғаныңызда, 5-інші нəрсе материалдық жағдай сізге өзі ақ келетін болады. Айтқым кегені адам өмірінің сапасын анықтайтын 5 нəрсеге жұмыс жасай біліңіз. Осы 5 нəрсеге жəне басқа нəрселерге жасаған жұмысыңызды қолдан келгенше таза жəне сапалы істеңіз. Сапалы жұмыс сапалы өмірдің бастамасы. Өзіне артық жүк арқалайтын адам көп іс тындырады ©Вильгельм Гумбольдт 80- Сабақ Өміріңіздегі басты құндылықтарды анықтап оларды құрметтей біліңіз. Əр адамның өзінің өмірде үлкен орын алатын өзіне тəн өмірлік құндылықтары болады. Сол өмірлік құндылықтарын танып оларды құрметтегенде адамның теріс жолға түсіп кетуі, адамның тозуы болмайды. Адам өмірдегі басты құндылықтарын анықтап оларды құрметтесе ол адамның өміріде жақсы болмақ.
Əр адамның өмірлік құндылықтары əр қалай болуыда мүмкін. Біреулерге өмірлік құндылық ол отбасысы болса, біреулерге жұмысы, карерасы болса ал енді біреулерге өзінің үнемі дамуы болуыда мүмкін. Енді өмірілік құндылық дегенде əр адам, əр қалай құндылықтарды тандауы мүмкін. Бастысы сол таңдаған өмірлік құндылықтарыңызды құрметтесеңіз болғаны. Құрметтеу дегенім сол құндылықтарыңызды берік ұстап, оны əрі қарай дамытуға болатын болса дамытып, құндылықтардың санын арттырып, сол құндылықтарыңыз сізге жəне сіздің айналаңызға пайдасын беретіндей етіп жұмыс атқару. Кейбір адамдардың өмірлік құндылықтарыда жоқ. Оларға өмірде ең маңызды нəрселер не екеніңде анықтап алмаған адамдар жетерлік. Сол ең маңызды құндылықтарды анықтап алмай, адам белгілі бір жетістікке жетуі қисынсыз көрінеді. Өмірлік құндылықтарыңызды анықтаудың бір жолы. Бір ақпараққа сізге өмірде ең маңызды нəрселерді жазыңыз. Ол нəрселерді сіз ешқандай ақшаға айыр бастап ала алмайтындай нəрселерді жазыңыз. Осылай 10-нан көп өмірлік құндылықтарыңызды жазыңыз. Егер оны дамытуға болатын болса дамытыңыз, санын артқанын қаласаңыз арттырыңыз жəне оны күніне немесе аптасына 2, 3 рет оқып тұрыңыз. Бұл сізге өміріңіздегі ең маңызды нəрселер не екенін анықтап тұрады. Өзіңнің мақсаттарыңның өмір жолында кездейсоқ өзгеруіне дайын бол, бірақ, құндылықтарыңның ауысуына еш уақытта жол берме ©Далай Лама 81- Сабақ Жұртiсiне жаны ашып, жұрт намысына қаны қызатын қазақта адамдар аз, жұрт жұмысы деген қазақтың əдетiнде болған емес, сондықтан жұрт жұмысы, ұлт намысы деген қазақтың көбiне түсiнiксiз нəрсе. ©Ахмет Байтұрсынов.
Қоғамдық жұмыстарға белсене араласыңыз Қоғамдық жұмыстарға белсене араласыңыз. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан сайын адамның рухани дүниесі жаңарып, көпшілік адам мен қарым-қатынас орнатып, өз ойын еркін жеткізетін сапалы тұлғаға айналады. Қоғамдық жұмыстарға алғаш араласу ол мектеп кезден басталады. Сол мектеп кезден бастап қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, концерттерге, мейрам болғанда, т. б нəрселерде өз өнерін көрсетіп немесе қолынан келген ісімен қоғамдық істерге, белсене араласатын адамдардың даму жағы ерекше болады. Олар кейін жоғары оқу орнына барғанда қоғамдық істерге белсене араласады. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласу адамның дамуына ерекше əсер етеді. Себебі қоғамдық істерде көпшілік адамдардың алдында өнер көрсету немесе қызмет жасағандықтан, адамда жауапкершілік пен дайындықты талап еткендіктен, адамның өзіндік дамуына ерекше əсер етеді. Сізгеде қоғамдық жұмыстарға қолдан келгенше қатысуға кеңес беремін. Сіз студент болсаңызда, кəсіпкер болсаңызда, қызметкер болсаңызда сізге қоғамдық істерге араласып өз ықпалыңызды тигізсеңіз, өзіңізгеде қоғамғада пайда тигізген боласыз. Қоғамда, қоғамға пайдасын тигізетін адамдардың саны артқан сайын, ол қоғамның дамуы өрлейді. Қоғамның дамуы ол мемлекеттің дамуы деп білем. Сол үшінде менің ойым əрқайсысымыз қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, өз ықпалымызды көрсете білейік. Сонда ең жақсы қоғам біздің қоғам болмақ. Қоғамда, қоғамға пайдасын тигізетін адамдардың саны артқан сайын, ол қоғамның дамуы өрлейді ©Ғалым Үсен 82- Сабақ
Өзіңізді зерттеңіз, өзіңіздің қандай нəрсеге икеміңіз бар екенін анықтаңыз Өзіңізді зерттеңіз. Егер үлкен жетістіктерге жеткіңіз келсе алдымен өзіңізді зерттеп алуыңыз қажет. Мүмкін сіздің бойыңызда көпшілікте кездесе бермейтін мықты қабілеттер болуы мүмкінғой. Сол қабілеттерді анықтап іске жаратсаңыз, өзіңіз ойлағаннанда үлкен табысқа кенелуіңіз ғажап емес. Адамның өзін зерттеудің бірнеше тəсілі бар. Оның бірегейі айналаңыздағы адамдардан сұрау. Айналаңыздағы адамдар сіздегі бар ерекшелікті байқайды. Өзіңіздің бойыңызда бар ерекшелікті өзіңіз байқамауыңызда мүмкін, ал сырт көзге олар байқалап жатады. Айналаңыздағы жақын 10 адамнан сұрап көріңіз. Менің бойымда қандай ерекшелікті байқайсыз немесе қандай істерге, нəрселерге менің икемім бар деп. Осы сұрақ арқылы сіз өзіңіз күтпеген жауаптар алуыңызда мүмкін. Бірақ сұрақ қоймас бұрын өзіңізге сенімді адамдардан сұрағаныңыз жөн болады. Сонда дұрыс жауап аласыз. Бұл бойдағы бар қабілетті анықтаудың бір жолы. Бойдағы бар қабілетті анықтаудың екінші жолы ол-жаңа істерді бастап көру. Өзіңіз бұрын сонды жасамаған істерді жасап көру. Адам жаңа істер мен жұмыс атқарғанда, ол өзінің бойындағы жаңа қабілеттерді байқауы мүмкін. Сол жаңа қабілеттер жаңа істер арқылы іске қосылып сізге қызмет жасауыда мүмкін. Бірақ ескеретін бір жайт. Жаңа өзіңіз бұрын-сонды жасап көрмеген істі істегеніңізде, кіші деңгейлісінен бастаңыз. Бірден өзіңіз хабарыңыз жоқ істі бастаймын деп батпаққа бату қаупіңізде бар. Негізі əлемдік бизнес тренерлердің болсын, философтардың айтатындарының бірі жаңа іс бастамай жатып, оған алдымен дайындалу қажет. Дайындықсыз бастап кету ол көзсіз тəуекел болады. Бірақта жаңа істерді бастайтын алдын оған дайындалыңыз. Егерде дайындалатындай реті келмесе жаңа істерді кіші деңгейінен бастап кетсеңіз болады. Осы жаңа істерді істеу арқылы өзіңіздің бойыңыздағы өзіңіз білмейтін жаңа күшті анықтауыңыз мүмкін.
Кез-келген адамның бойында алапат күш бар. Тек оны оятып, іске қосу қажет @Ғалым Үсен 83- Сабақ Намысты нанға сатпаңыз Намыс адам адам бойындағы ерекше қасиеттердің бірі. Бойдағы намысты оятып оны қадірлей білуіміз керек. Намысы жоқ адамның белгілі бір жетістікке жетуі мүмкін. Бірақ сол жетістікке адал жолмен жетуі екі-талай. Қиын қыстау шақта намысын нанға сатып кететін адамдар қаншама. Сіз ондай адамдардың қатарынан болмай-ақ қойыңыз. Намысты нанға сатқыштың арты жақсылыққа апармайтыны анық. Қазақтың мына сөзі əр адамның ойында қашалып жазылса екен деймін. «Малым жанымның садақасы Жаным арымның садақасы» Осы ұстанымды əр қазақтың баласы, əр қазақтың қызы жүрегінде ұстаса екен деймін. Намысты ұлы мен қызыкөп елдіңболашағы жарқын болмақ. Намысты болуға болама деген сұрақта болар мүмкін. Адамның намысты болуы ол бірінші атадан балаға берілетін қаннан деп ойлайм. Бірақ атасы намысты тұлғалардың намысы жоқ ұрпақтарыда баршылық. Адамның қаны əсер етеді. Бірақ ең қатты əсер ететін фактор, ол адамның өзінің ойлау жүйесі. Кез-келген адам мен намысты боламын деп нық бекінсе, ол адам намысты болатыны анық. Біз намысты халықпыз. Біздің əрқайсысымыздың қанымызда намыстың қаны ойнап тұратыны белгілі. Осы намыстың арқасында осындай кең байтақ жерді бізге мұра етіп тастап кетті. Егер біздің ата- бабаларымыз намысты болмағанда, бізге осындай кең байтақ жер қалмас еді.
Осы бізге мұра болып қалған кең байтақ жерді, əрқайсысымыз намысқа беріліп елді қорғау керекпіз жəне мемлекетімізді жоғары деңгейде дамыуына, өз үлесімізді қосу қажетпіз. 84- Сабақ Өмірлік мұратыңызды қойыңыз Кез-келген адамның өмірлік мұраты болу керек деп ойлайм. Əр адам алдына мұрат қойып оған жетуі керек екені даусыз. Егер сіздің алдыға қойған өмірлік мұратыңыз болмаса, онда дереу алдыңызға мұратыңызды қойыңыз. Мұрат дегенім мақсат қойып оған жету. Бірақ мақсаттардың ішіндегі ең маңызды мақсат болатыны аныққой. Сол үлкен мақсат сіздің мұратыңыз болғаны. Алаш зиялыларының өмірлік мақсаттарының ішіндегі ең маңыздысы олар елге қызмет ету, қазақ еліне тəуелсіздік əперу, мемлекетті дамыту болғаны белгілі. Алаш зиялыларының өмір мұраты осылай болған. Мысалы Əлихан Бөхейханұлының өмірлік мұраты «тірі болсам қазаққа қызмет етпей қоймаймын». Əр адамның бойында осы Алаш зиялыларының мұратындай, өзіне тəн мұраттары болса екен деймін. Осы мұрат қоюға байланысты мына сөз есіме түсіп отыр. «Сенің мұратың-сенің мақсатың. Жəне басқарылатын кішкентай мақсаттар сені сол мұратқа жетелейді. Мұратсыз сенің жолың бағдарсыз, ал мақсатсыз-соңғы нүктен бар болса да, қозғалтқышың жоқ. Олар бірлесіп жұмыс істейді жəне саған оның екеуі де қажет». (Доктор Франк Мурта кеңесші психолог) Франк Мурта айтқандай атқарылатын кішкентай мақсаттар сені сол үлкен мұратқа апаратыны даусыз. Алдыңызға үлкен мұрат қойыңыз. Сол үлкен мұратыңызға апаратын мақсаттарыңызды жазып, оны орындауға кірісіңіз. Сол əрбір атқарған кіші болсын, үлкен болсын мақсаттарыңыз сізді мұратыңызға апаратыны даусыз. Өмірде мақсаты жоқ адам ол далада жүрген қаңбақ секілді. Жел қайда тұрса сонда жылжып кете барады. Сол желдер сізгеде соғуы мүмкін. Сол əрбір соққан желге бағытыңыз өзгеріп кете баратын болса онда
алдыңызға қойған мұратыңызға баруыңыз қиын болады. Қандай жел соқсада қаңбаққа ұқсамай тек алдыға өзіңіз ойлаған мұратыңызға қадам басыңыз. Сізде сол мұратыңызға адаспай қадам басу үшін, көптеген атқарылатын кіші болсын, үлкен болсын мақсаттарыңыз болуы қажет. Алдына мақсат қойған адам жолында кездескен кедергілерге қарамай мұратына жетуге мүмкіншілігі мақсаты жоқ адамнан қарағанда əлде қайда жоғары болмақ. Жақсыдан үйрен жаманнан жирен Жақсы дос жеткізеді мұратқа Жаман дос қалдырады ұятқа 85- Сабақ Тəннің емес жанның құмары болыңыз Құмарлық деген адам бойындағы ерекше нəрселердің бірі. Құмарлықты дұрыс нəрсеге дұрыс пайдалана білсен, өте күшті адам бойындағы күш. Құмарлықтың мына 2 түрін айтқым келіп отыр. Олар жан құмары жəне тəн құмары. Осы екі құмарлық кез-келген адамның бойында бар құмарлық түрлері. Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар - тəннің құмары, бұлар болмаса, тəн жанға қонақ үй бола алмайды. Һəм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр- жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дəмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бəрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бəрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген. Абай Құнанбайұлы жетінші қара сөзінен
Қазақтың ұлы ақыны Абай айтқандай тəн құмарының жетегінде кеткен адамдар əдетте тəніне керектіден басқаға назар аударуды қояды. Оларға ең керекті ең маңыздысы, қарны тоқ болса, ұйқысы қанық болса болғаны. Басқа нəрселерге назар аударуға басын ауыртқысы келмейді. Бұл тəн құмарының жетегінде кеткен адамдар. Бұндай адамдар кəзіргі қоғамда аз шығар. Бірақ осы тəн құмарына, жан құмарынан қарағанда жақын адамдар баршылық. Менің ойымша тəн құмарлығына адамды шалдықтыратын ол еріншектік. «Еріншектік күллі дүниедегі өнердіңдұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық. кедейлік бəрі осыдан шығады» Абай Бойында еріншектік дерті басым адамдар–осы тəн құмарына жақын болады. Тəн құмарынан айығу үшін, еңбекқорлыққа жақын болу қажет екені анық. Кез-келген адамға тəн құмарлығындағы тамақ, ұйқы керек. Онсыз өмір сүру мүмкін емес. Бірақ бұл нəрселер сіздің өміріңіздің мəніне айналмауы тиіс. Əрқайсысымыз дана Абай айтқандай жанның құмары болайық. Көрсем екен, білсем екен, оқысам екендеп, жаңа заманауи білімдерді игеруге, жаңа дүниелерді көруге бейім болсақ, біздің өзімізде, мемлекетімізде үлкен жетістікке жетуі айдан-анық. Құмарлық-адамды мақсатына апаратын төте жол ©Ғалым Үсен 86- Сабақ Ақшаның артына түсуден сақ болыңыз. Кəзір бір қадам аттасан ақшаға келіп тіріледі. Заман сондай. Адам болып өмір сүргеннен кейін тамақтану қажет, киіну қажет, автокөлік алу керек, үй алу керек т. б қажеттіліктердің барлығы сол ақшаға келіп тіріледі. Қажеттіліктердің бəрін алу үшін айтарлықтай көп болмасада, жұмыс істеу керек. «Ақша өмірдегі басты нəрсе емес. Бірақ ол сізде жетіспесе басты нəрсеге айналуға шамасы бар». Шыныменде ақша сізде жетіспесе ол басты нəрсеге айналу шамасы жетерлік.
Бірақ сол ақшаны басты нəрсеге айналдырмаудың жолын қарастыруымыз қажет. Ақшаның соңына түсіп кеткен адам, ол адамшылдық кейпінен танатыны анық. Ол жайлы талай философтар, талай ғалымдар, талай өмірлік мысалдар жетерлік. Бұл өмірде ешкімде мəңгілік өмір сүрмейді. Ана өмірге бір тиында алып кете алмаймыз. Көптеген кəзір миллионерлер, миллиардерлер бар. Бəрі болмасада арасында ақшаны өмірінің мəні етіп алғандарда бар. Бірақ сол ақшаны ешқайсысыны, ана өмірге алып кете алмайтының бəріде біледі. Менің ойымша өзіңнін тəни қажеттілігіңді өтеп алғаннан кейін айналаңа көмектесу, адамдық парызын деп ойлайм. Тəни қажеттіліктер ішер асын, киер киімін, тұрар үйің, айдайтын көлігің, қалаған уақытта демалатын қаржың, ауырғанда емделетін, алғын келген нəрсені ала- алатындай жағдайын болғанда адамның тəни қажеттілігі өтеледі. Тəни қажеттілікті қанағаттандырғаннан бастап, айналаңа қаржылай көмектесу адамгершіліктің жоғары сатыларының бірі деп ойлайм. Ақшаның артынан түсіп кеткен адамдар қанша ақшасы көп болсада, ол оларды қанағаттандырмайды. Өйткені қос-қос көлік, алқа жүзіктердің неше түрі, қос-қос үйлер осы секілді өзіне керектіден артық нəрселерді үнемі алудың арқасында, өзін өмір бойы қанағаттандырмай өтетіндіктен, айналасына көмектесу жайлы ойламай кетуіде мүмкін. Қолдан келгенше айналаңдағы адамдарға қаржылай болсын, рухани болсын көмектесуге тырыссақ бізгеде өмір көмектесетіні анық. Бастысы ақшаны өмірдің мəні етіп алудан сақ болайық. Алдында айтып кеткенімдей адам өмірінің сапасын анықтай нəрселер. Денсаулық, білім, көңіл-күй, рухани жан дүниесі жəне материалдық жағдайы. Осы 5 нəрсенің алғашқы төртеуі адамда сізде жетіссе, бесіншісі өзі ақ сізде болатын болады. Қаржыға байланысты оқыған кітаптарымның барлығында- ақшаға жұмыс істеме. Ақша саған жұмыс істесін деп жазылғанын оқыдым. Шыныменде ақшаға емес ақша саған жұмыс істейтіндей, əрекет жасай білу қажет. Осы ақшаға байланысты мынакітаптарды сіздерге оқуға
кеңес беремін. «Мен жəне Ақша», Сайдмурод Давлатов. «Вавилондағы ең бай адам», Джордж Самуэл Клейсон. «Бай əке жəне кедей əке, Роберто Кийосаки». Бұл кітаптарда ақшаны қалай басқару жайлы толық жазылған. Ақша өмірдегі ең маңызды нəрсе емес. Бірақ сізде жетіспесе ең маңызды нəрсенің қатарына қосылады 87- Сабақ Үнемшілдік. Ақшаны орынсыз жұмсамау Ақша адам сияқты адамды таңдайды. Оған жақсылап қарасаңыз ол сізге өзі келетін болады. Орыстың мына мақалы есіме түсіп отыр. «Ақшаны көп тапқан байымайды, ақшаны дұрыс жаратқан байыды». Шыныменде дұрыс қаржылық жоспар арқылы қаржы жинайтынымыз анық. Ақшаға үнемшілдік жақсы нəрсе. Бірақ шамадан тыс үнемдеуде дұрыс емес. Кейбір адамдарды білем ақшаға тым қатты. Бірақ қаржылық жағынан жетіспеушілік байқалады. Тым ақшаға қатты болған сайын, өмір оғанда қатты болатыны анық. Бірақ шамадан тыс артық ақша шашуда үлкен дерттің бірі. Дұрысы осы екі нəрсенің ортасынан, даңғыл жол таңдап алған дұрыс. Жарататын жерде жаратып, жаратуға тұрмайтын жерге ақша шашудың маңыздылығын біліп алсаңыз болғаны. Ақшаны орынсыз жұмсамаудың бірнеше тəсілі бар. Соның кəзір ең көп қолданылатынын бірі, күнделікті күнделікке қаржылық шығындарыңызды жазып отыру. Сол жазған шығындарыңызды күнде жатар уақытта, бір қарап шығу. Кейінен сізде ақшаны артық нəрселерге шашатын əдеттің элементтері бірте-бірте азаятын болады. Осы тəсілді қолданып көрсеңіз нəтижесін сізге беретін болады. Əрине ақша адамға оңай келмейді. Кез-келген адал ақша белгілі бір еңбектің арқасында келетіндіктен оған үнемшілдік пен қарай білеміз. Бірақ үнемшілдіктеде шамадан тыс үнемдеп кетуде адамға, кері əсерін
беруі мүмкін. Сен ақшаны шамадан тыс қысқан сайын, сеніде қаржылық жағынан қысатыны анық. Жаңағы айтып кеткенімдей ортасынан даңғыл жол таңдап алып, қаржыға байланысты дұрыс шешім қабылдай біліңіз. Ақшаны көп тапқан байымайды, ақшаны дұрыс жұмсаған байыды 88- Сабақ Кең болыңыз-кем болмайсыз Кеңдік адам бойындағы ерекше қасиеттердің бірі. Кеңдік дегенде тек ақшаға ғана емес, басқа дүниелергеде кеңдік жетерлік. Олар көмекке кеңдік, адамдар мен араласуға кеңдік, өзінің білімі мен тəжербиесін бөлісуге кеңдік, осы сияқты дүниелерге кең адамдар өмірде де кең болмақ. Кейбір адамдарды білемін. Өзінін білетін айналасындағылар мен бөліскісі келмейді. Енді бүкіл білгеніңмен бөліспесенде, көмек ретінде айналаңдағы адамдармен бөлісу адамгершіліктің бір бейнесі деп ойлайм. Өзіңде бар жақсы дүниелерді айналаңа шаша жүрсен, көптеген жақсылықтың бастамасын атқарған боласың. «Кең болыңыз-кем болмайсыз». Қоғамда кең пейілді адамдар жетерлік. Кең пейілді болып айналасына көмектесіп жүрген тұлғаларда баршылық. Кеңдіктің арқасында өмірде оған кем болмайтыны белгілі. Кеңдік дегенде ақшаға ғана байланысты дүниелерді емес, басқада адамға пайда тигізетін дүнилерге кең бола білейік. Сонда көпшілікке абыройлы болатынымыз анық. Иманның абзалы – сабырлылық пен кеңпейілділік. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с) 89- Сабақ Активтерді көбейтіңіз. Пассивтерді азайтыңыз.
Активтер мен пассивтердің айырмашылығына, көп адамар назар аудара бермейді. Активтер сізге тек табыс əкелетін нəрселер болса. Пассивтер керісінше жүйеде болады. Мысалы сіз несиеге көлік алсаңыз, ол пассив болып табылады. Сіз оны біріншеден несиеге алдыңыз. Оған ай сайын белгілі бір мөлшерде бөлігін төлеп тұруыңыз қажет. Екіншіден оның жүру жолына жанармай, көлік бұзылғанда кететін қаржыңыз, салығы т. б на ақшаңыз кететіні белгілі. Бұлай кредитке алынған көлік сізге пассив болып табылады. Телефонда сізге пассив болып табылады. Сіз оның бұзылған жерлерін жөндетуіңіз керек, бірлік салуыңыз қажет т. б. Сіздің үйіңізде сізге пассив болады. Егер ол үйде өзіңіз тұратын болсаңыз. Себебі сіз ай сайын комуналдық төлем, үйдің жыл сайынғы жөнделуі, үйге алынған жиһаздар бұлардың барлығы пассив болып табылады. Əрине бұл айтылған нəрселердің бəрі пассив екен деп, біз олардан бас тарта алалмаймызғой. Бұл айтылған нəрселер біздің қажеттілігімізге қажет. Бірақ осы айтылған нəрселерді біз пассив емес, активке айналдыра аламыз. Көлігімізді жалға беріп одан күніне немесе айына, белгілі бір мөлшерде ақша алып тұратын болсақ, ол бізге актив болыптабылады. Үйіміздіде жалға беріп өзімізге пассив емес, актив етіп алсақта болады. Кімнің активі көп болса, оның табысыда көп. Ал кімнің пассиві көп болса, оның шығыныда көп болмақ. Актив. Бағалы қағаздар, жалға берілетін жылжымайтын мүлік, қатысуынсыз өздігімен жұмыс істейтін бизнес жəне т.б. Бұл айтылған нəрселер активтер болып табылады. Осы активтерді қолдан келгенше көбейте біліңіз. Сонда табысыңыз көп болмақ. Ал пассивтер. Олар сіз тұратын пəтер немесе үй, автокөлік, несиелер мен несиелік карталар – Банк. т. б. Бұлар пассивтер болып табылады. Күнделікті өмірімізде бізге пассивтер қажет болатыны айдан анық. Бірақ барынша қолдан келгенше пассивтерді азайтып, активтерді көбейтетін болсақ табысымыз мол болмақ. Осы актив пен пассивке байланысты Роберт Кийосакидің «Бай əке жəне кедей əке»деген кітабы есіме түсіп отыр. Осы кітапты активтер мен пассивтерге толық
анықтама берілген. Тағы басқа қаржылық білімге байланысты, көптеген білімдер баршылық. Оқымағандарыңызға осы кітапты оқып шығуға кеңес беремін. 90- Сабақ Тəуекел ете біліңіз Кез-келген жетістікке жеткен адамдардың қайсына қарасаңызда өміріңде көптеген тəуекелдерге барған. Сол тəуекелдерінің арқасында олар үлкен жетістіктерге жетті. Бірақ ескеретін бір жайт бар. Тəуекел өзі екіге бөлінеді. 1. «Көзсіз тəуекел». 2. «Жоспарлы тəуекел». Тəуекелге бел буып іске кіріскен адамдардың кейбіреуі, батпаққа батыпта жатыр. Батпаққа батқан адамдардың көпшілігі ісін көзсіз тəуекелмен бастағандар. Көзсіз тəуекел мен бастаған адамдардың арасында, жетістікке жетіп жатқандарда бар. Бірақ өте аз деңгейде. Тəуекел етіңіз. Бірақ тəуекелге жоспарлы тəуекел мен қадам басыңыз. Жоспарлы тəуекел ол, сол атқарайын деп жатқан ісіңізге дайындық жəне ол жайлы ақпараттар жинастыру. Мысалы сіз қаладан кафе ашып, кəсібіңізді бастайтын болсаңыз, алдымен оған дайындалып алу қажет. Ешқандай дайындықсыз несие алып, болмаса біреуден қарызға ақша алып немесе үйіңізді жалға қойып, іске тəуекелге барсаңыз бұл көзсіз тəуекел. Көзсіз тəуекелдің арты батпаққа белшеңнен батыру мүмкін. Егер кафе ашамын деп іске кірісеңіз, жоспарлы тəуекел арқылы батпаққа батуыңыз қиын болады. Кафе ашып оны жүргізуге білім мен тəжербиеңіз жеткіліктіме? Ол кафе ашылғаннан кейін клиентердің келу ресурсы қандай болады? Осы аймақтағы бəсекелестерім қандай? Мен олардан мықтырақ кафе аша- аламба? Олардан қарағанда жарнаманы жақсы деңгейде тарата аламба деген сияқты сұрақтарыңызға жауап алып, оның шешу жолдарын қарастырып болғаннан кейін іске кірісеңіз қауіпті емес. Бұныңыз енді жоспарлы тəуекел болады. Кез-келген істі бастау үшін тəуекел керек екені анық. Бірақ ісіңізді жоспарлы тəуекел арқылы бастасаңыз батпаққа батуыңыз, жоспарсыз
бастағандардан əлде-қайда төмен болмақ. Негізінде бизнес əлемінде жетістікке жеткен тұлғалардың көпшілігі кəсібін кішкентайдан бастаған. Орыстарда «Закон малога начало» дейді. Бірден үлкен табысқа кенелемін деп, тəуекелге бару ақымақтық деп талай бизнес тренерлер айтты, айтыпта жатыр. Қандай іс болсада аздан бастап, бірте-бірте дамытып үлкен бизнеске дейін апару ол сіздің қолыңызда. Тəуекелге баратын кездерде болады. Тəуекелді қажет етпейтін кездерде болады. Бастысы қандай іс бастасаңызда, бірден тəуекелге бармай оған жүйелі дайындалып алға кіріссеңіз, жетістікке жетуіңіз ғажап емес. Тəуекел түбі жел қайық жүзесіңде өтесің Уайым түбі тұңғйық батасында кетесін 91- Сабақ Мейірімді болыңыз Адамның мейірімді болуы-бұл өмірдегі үлкен жетістігінің бірі деп ойлайм. Мейірімділікті қолдан жасап ала-алмаймыз. Бірақ адам бойында мейірімділікті қалыптастыруға болады. Мейірімділік адам бойындағы ерекше қасиеттің бірі. Жетістікке жетуде əр адамға мейірімділік керек деп ойлаймын. Осы мейірімділіктің арқасында айналаңдағы адамдарға көмектесу арқылы өмір саған көмектесетіні анық. Мейірімі аз адамдарда үлкен жетістікке жетіп жатыр. Бірақ сол жетістікке қандай жол мен жетті. «Абай айтқандай адамның адамшылдығы, мақсатына жеткенде емес, оған жетер жолда білінеді». Мақсатына жетер жолда мейірімі мол адамдар, ешкімге зиянын тигізбей жететіні белгілі. Мейірімі аз адамдар мақсатыма жетемін деп, жолында кездескен кейбір қиындықтарда адамгершіліктің сатысынан аттап кетуі мүмкін. Олай адамгершіліктің сатысынан аттап жету, адамның өзіне жəне айналасына зиянын тигізетіні анық. Мейіріміңді алдымен отбасыңа бөлу керектігін алға тартамын. Сізге ең жақын адамдар сол отбасын. Оларды басқамен айыр-бастап ала-
алмайсыз. Одан кейін жақындарыңыз олар менде жақсы қарым- қатынаста болып мейірім төге біліңіз. Одан кейін достарыңыз бен жақсы қарым-қатынаста болу арқылы, абыройлы болатыныңыз белгілі. Одан кейін жалпы адамзат баласына қаһарыңызды емес мейіріміңізді төге білсеңіз бақытты өмір сүресіз. Қаншалықты айналаңа қандай энергия шашсаң, ол саған соншалықты еселеніп қайтып келетін болады. Бұны бүкіл əлемдік қайтарым заңы деп атайды. Мүмкіндік барда мейірімді болыңыз, ал мүмкіндік əрқашанда болады. ы ©Зинедин Зидан 92-Сабақ Алладан қорқу жəне сену Адамзат баласы сонаң мыңдаған жылдар бұрын жаратушы құдайдың бар екеніне сенген. Сол уақыттан бері неше түрлі діндер пайда болсада, бəріде құдіретті жаратушының барына сенген. Əлемдік діндердің Ислам болсын басқа діндер болсын, барлығында жаратушадан қорқу керектігі айтылған. Діндердің барлығында адамды жамандықтан тиып, жақсылаққа жақын болуды насихаттайды. Алладан қорқу əр адамның бойында болу тиіс. Алладан қорықпаған көп нəрседен қорқады дегендей, Алладан қорқу керектігі барша адамзат баласына тəн нəрсе. Алладан қорықпаған адам, қорықпайтын нəрседен қорқып жəне түзу жолдан тайып кетуіде мүмкін. Егер адамның қолында билігіде, ақшасыда мол болып оның жүрегінде иманы болмаса, ол адам үлкен қателіктерге баруы мүмкін. Себебі билік пен ақша арқылы көп іс атқаруға болады. Халыққа пайда тигізетін істерді атқаруға болады. Керісінше көпшілікке зиян тигізетін істіде, атқаруға да болады. Бұл кезде барлық нəрсе адамның өзіне байланысты. Айтқым келгені адам Алладан қорқу арқылы, жамандықтан алшақ болып, адамгершіліктің жоғарғы сатысында болатыны анық. Бастысы адамның жүрегінде, Алладан қорқу жəне Аллаға сену болса, ол адам өзінеде айналасынада пайдалы адам болмақ.
Біз адамзат баласы белгілі бір күшке сенеміз. Мысалы бір- бірімізге туылған күнімезде, мейрамдарда жəне басқада жиындарда, бір- бірімізге жақсы сөздер айтамыз. Осы жақсы тілектердің орындалуына бəрімізде сеніп, жақындарымызға, достарымызға жақсы тілектерді тілейміз. Осы жақсы тілектердің орындалуы немесе орындалмуыда белгісізғой. Бірақ біз орындалатындай сенімде айтамыз. Адам баласы сонау мыңдаған жылдар, бұрын ұлы жаратушы күштің барына сенуде. Сеніпте келеді. Осы сенімнің арқасында небір қиындықтарданда құламай келуде. Əрине бұл менің өзімнің ойым. Келісесіздерма, келіспейсіздерма өз еріктереңізде. Менің айтқым келгені əр адам баласы, жаратушының барына сене білуі тиіс. Өзі ойлаған арман мақсаттарынын орындалуына, Алладан жəрдем сұрап, жаратушыға сену қажет деп ойлаймын. Пенде болғаннан кейін небір түрлі қиындықтар болуы мүмкін. Сол қиындықтарда сынып қалмай алдыға ұмтылып, жаратушыға сене білсек, жетпейтін жетістігіміз болмас деген ойдамын. Аллаға иман келтіргеннен кейінгі істің ең абзалы – адамдармен достасу. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с) 93-Сабақ Əрдайым дұрыс шешім қабылдап үйреніңіз Адамның кəзіргі өмірі, оның қабылдаған шешімдеріне тікелей қатысты. Сіздің əрбір қабылдаған шешіміңіз, ол сіздің өміріңіздің сапасын қалыптастырады. Əрдайым дұрыс шешім қабылдай беру көпшіліктің қолынан келмейтіні белгілі. Дұрыс шешім қабылдап үйренудің бірнеше тəсілдері бар. Олардың біріншісі, қателік жасаған басқа адамдардан сабақ алып үйрену, екіншісі өзіңіздің жасаған қателіктеріңізден сабақ алу, үшіншісі шешім қабылдаудын алдын істі жоспарлау, ойлану, төртіншісі білім мен
тəжербиеңді үнемі дамыту. Осы 4 нəрсеге назар аудару арқылы қателік жасауыңыз, өте сирек болатыны анық. Дұрыс шешім қабылдауға əсер ететін факторлардың бірі, əр істе сабыр сақтай білу. Қуанышта болсын, қиындықта болсын бірқалыпты эмоция мен болатын болсаңыз қателік жасауыңызда сирек болмақ. Үнемі дұрыс шешім қабылдап, жетістіктің тұғырынан көріне беретін кездер үнемі бола бермейді. Қанша алдын ала дайындалсанда, білімді, тəжербиелі болсанда, сабыр сақтай білсеңде, кейбір кездері қателікке баруын мүмкін. Сол қателікте өшіп қалмай екінші рет қайтадан байқап көру міндетті түрде атқаратын іс. Бір жасаған қателіктен өшіп қалсаңыз жетістікке жетуіңіз екі-талай. Өмірде ештеңеге өкінуге болмайды, бір жағдай орын алдыма - дұрыс шешім қабылда да əрі қарай өмір сүр. © Конфуций 94-Сабақ Көреалмаушылық үлкен дерт. Сақ болыңыз Көре алмаушылық адам өміріндегі үлкен дерттердің бірі. Көре алмаушылық дерті бойына тараған адамның жетістікке жетуі екі- талай. Себебі бойындағы күшінің көбісін мақсатына жетуге емес, айналасыңдағы адамдардың жеткен жетістіктерін қызғанып күшін соларға жұмсайтыныда бар. Көре алмаушылық дерті бойына тараған адамғада өмір қуана көмектеспейтіні анық. Басқа адамды шектен тыс көре алмаушылық, адамгершіліктің төменгі сатысы деп ойлайм. Осы көре алмаушылық дерті арқылы адам өзінеде, басқа айналасындағы адамдарғада зиянын тигізетіні белгілі. Көре алмаушылық деген нəрсе қайдан пайда болады деген сөз, мені осы уақытқа дейін мазалап келді. Əлемге танымал бизнес тренерлер, мотиваторлар, философтар, бизнесмендер осы секілді тұлғалардың кітаптарың, мақалаларын оқи келе түсінгенім, көре алмаушылық деген басқа біреудің атқарып жатқан жұмысына қызғаныш сезімі. Бұндай
қызғаныш сезімі əдетте бойында жалқаулығы басым, жаңаша ойланғысы келмейтін бір сөз бен айтқанда пессимист мінезді адамдарда болатынын байқадым. Əдетте оптимист мінезді адамдарда көре алмаушылық дерті болмайды. Себебі олар өзінін атқаратын жұмысына сенімі мол, еңбекқорлығы мол, əрдайым мүмкіндіктерді қарастырып жүргендіктен оларға жетістіккеде көп жетеді. Осы жетістістікке жету жолында айналасындағы адамдарға қызғаныш сезімін бөлугеде, уақыт таппайды немесе қаламайдыда. Себебі өзінің жоспар құрған белгілі бір ісі бар. Сол ісі мен шұғылдану арқылы жағымсыз əдеттерденде адам баласы аулақ болмақ. Көре алмаушылық дертінен кез-келген адам айыға алады. Бастысы ниеті болса. Ниеті бар адамда еңбекқорлықта, жаңаша ойлауда, жолының жеңіл болуыда пайда болады. Бастысы əр жақсылыққа ниетіңіз болса ары-қарай іске кіріссеңіз жол өзі ашыла беретіні анық. Көре алмаушылық дертінен айығудың бір жолы оптимист мінезді адам болу. Оптимист мінезді адамдар дегенім бойында еңбекқорлығы басым, жаңаша ойлауы бар, əр істе мүмкіндікті қарастыра біледі, өзіне сенімді, алға қойған жоспарлары бар адамдарша қимылдап осылар секілді болған адамның бойында, көрелмаушылық дерті жойылатыны анық. Өмірдегі ең үлкен қайғылардың бірі-көрелмаушылық 95- Сабақ Тағдырдын қамшысын жемеу үшін өзіңді қамшылап үйрен Адам қай күннен бастап өзіне жауапкершілікті арқалағаннан бастап, жеңістің жолына түсетін болады. Өзінін мақсатына жету үшін өзіне-өзі қиын, еңбекті талап ететін істерді қою арқылы жетістікке қадам басады. Тағдырдың ашщы қамшысын жегенше, өзіңді қамшылағанның əлде қайда жеңіл болмақ. Өзімізді қамшылау арқылы өмірдің қамшысынан құтыла аламыз.
Өзің қамшылау дегенім-өзіңе жауапкершілікті алып алға қадам басу. Адам жетістікке жетем деп еңбектенгенд, ол еңбегі оңай болмайды. Еңбек жолында адамның тəніне ауырлықтар түсуі белгілі. Мысалы олар азанда ерте тұру, кешке ерте жату, дұрыс тамақтану, зиянды тағамдардан бас тарту, аптасына кемінде 3 рет спортпен айналысу, отырып алып күніне 2, 3 сағат кітап оқу, білім жинау, жаңа істерді бастау, өзін жұмысқа салу сияқты шыдамдылық пен еңбекті талап ету арқылы, адамның тəні қиналып өзін қамшылағаны мен тағдырдың қамшысынан құтылып, бақытты жарқын өмір сүруге жол ашылмақ. Шеш. Өзгер. Алға ұмтыл. Ойлан. Тəуекел ет. Құласаң, тұр. Əрекет қыл. Қағидадан бас тарт. Жетістікке жет. Арманда. Жаңалық аш. Сен. Тоқта. Өзіңді тыңда. Есей. Жең. Өмірге ғашық болып өт. © Пауло Коэльо 96- Сабақ Қанағаты бар адамға бақыт бұйырған. Адамның бақытты болуы, болмауы ол тікелей өзіне байланысты. Қай уақыттан бастап адам бақытты боламын деп шешсе, ол сол уақыттан бастап бақытты болып есептеледі. Бақытты болу əр адамға əр қалай көрінеді. Бір адамдарға бақыт ол мол байлық, бір адамдарға отбасы, енді бір адамдарға өзінің денсаулығы, енді біреулерге сүйген жарымен бірге болу деген сияқты нəрселерді əркім арқалай таңдап алады. Я бұл айтылған дүниелердің барлығы адамға қажет. Арасында ең қажеттісі ол адамның денсаулығы. Себебі денсаулығын болмаса мол байлықтыңда керегі болмай, отбасыңменде бірге болуға мүмкіндік болмай кетуі мүмкін. Денсаулығы жақсы болып басқа дүниелер жетіспеседе, адам бақытты бола алмайды. Адам қай уақытта бақытты болады. Бірінші тəні сау болғанда, айналасында отбасы болғанда жəне бейбіт қоғамда өмір сүрсе, негізінде ол адам бақыттың ең керекті дүниелерін иленген болады. Енді барлық адамға бұл айтылған нəрселер, бақытты болуға аздық етуіде мүмкін. Онда тұрған артық ештеңе жоқ.
Менің өзімнің ойым бойынша толық бақытты болу алдымен адамның санасында мен бақыттымен деген бағдарлама орнатып алып, басқа дүниелерге назар аудару қажет деп ойлайм. Адам өмірінің сапасы 5 нəрсемен өлшенеді. Денсаулығы, білімі, көңіл-күйі, рухани жан дүниесі жəне материалдық жағдайы. Осы 5-нəрсе адамда болғанда ол адамның өмірі сапалы болғандықтан бақытты болуыда мүмкін. Айта берсек адамның бақытты болуына керекті дүниелер көп. Бірақ Сол дүниелер барлық адамның қолына түсе бермейді. Қолда бар дүниеңе қанағат етіп, жетіспегенін қолыңа түсіру үшін, талмай еңбектенсен өзің ойлағандай нəрселер қолыңа түсетіні анық. Бастысы дəл кəзіргі күніңе шүкіршілік ете біліп, алдыға үнемі жылжып отырсан бақыт бұйырған тұлға болғаныңыз. Кез-келген қымбат дүниелер көп еңбекті талап ететіндіктен, ол адамның қолына түсе бермейді. Бірақ сіздің қолыңызға түсу мүмкіндігі бар. Себебі сіз сол дүниелердің құнын төлесеңіз болғаны. Тағыда қайталап айтамын. Адам алдымен санасына мен бақыттымын деп жəне кəзіргі күніне шүкіршілік етіп, үнемі алдыға жүрсе, ол адамға бақыт бұйырған. Себебі «қанағаты бар адамға бақыт бұйырған». Қолындағы барға қанағат ететін адам–шын бақытты адам жəне:«біз адал еңбегімізбен күнелтіп отырмыз» дей алатын адам– шын бақытты. © Коменский. 97- Сабақ Уəде бердіңізбе істеңіз. Істемейтін болсаңыз, уəде бермеңіз. Адамның қандай екенін анықтайтын төте жолдың бірі, онын уəдесіне қандай екенін білу. Егер уəдесіне берік адам болса, ол тұрақты адам болғаны. Айтқан сөзіңде тұру адамға жауапкершілікті талап етеді. Кейбір кездері қолын босамай уəденде тұрамай қалуын мүмкін кездерде болады. Бұндай кезде екінші тараптан түсіністік болса жақсығой. Кейбір адамдар байбалам салуыда мүмкін. Оларға еш өкпелеудін қажеті жоқ. Себебі сіз уəде беріп қойдыңыз. Ал берілген
уəде-орындалуы тиіс. Уəдеде тұрудың екі жолы бар. Уəде берме немесе берген уəденде тұр. Адамның уəдесінде тұру тұрмауы жастайын қалыптасады. Жас кезіңнен бастап берген уəделеріне берік болып, қалыптасақан адам уəдеге берік болады. Мысалы мектеп кезде сабаққа кешікпей келіңдер деп мұғалім бізге айтқанда, оқушылар кешікпей келеміз деп айтушы еді. Сол мұғалімге берген уəдемде тұру үшін азанда барынша ерте тұрып, мектепке кешікпей баруға тырысатын едім. Сол бала кезден айтылған жерге кешікпей келу қалыптасып кеткендіктен мен мектеп кездеде, жоғары оқу орнынада, басқа кездесулергеде міндетті түрде кешікпей баруым əдетке айналып кетті. Адамның уəдесіне берік болуы өзіне байланысты. Бірақ ата- ананың рөліде басым екенін айта кеткім келіп отыр. Себебі бала кезде адамның мінез-құлқы толық қалыптасатындықтан, ата-ананың рөлі басым. Мысалы кейбір ата-аналар балаларына ойыншық алып берем, кəмпит алып берем немесе басқа бір нəрсе алып берем деп балаға уəдені үйіп бередіде, кейін уəдесінде тұрмайды. Бұл толық қалыптаспаған балаға əсер ететіні сөзсіз. Бұны көрген бала кейін өзіде уəдесінде тұрмауы мүмкін. Себебі бала көргенді істиді. Уəдеде тұру, тұрмау ол əдет. Егер сізде уəдеде тұру қалыптасып кетсе оның уəденің бұзылуы қиын болады. Ал керісінше көп уəдеңізде тұрмайтын болсаңыз, олда қалыптасып кеткен жаман əдеттің бірі. Кейбір балдарды білем оқуға, кездесулерге, футбол ойнауға келіскен уақыттан үнемі кешігіп жүреді. Кешігем деп кешікпейді тек қалыптасып кеткен əдетінен айыға алмай жүреді. Ақкөңіл кейбір адамдарды білемін. Біреудін өтініш жасағанын қайтара алалмай, берген уəдесін кейбір кездері орындай алмай жүреді. Екінші тараптын көңілін қалдырмайын деп, керісінше өзін ыңғайсыз жағдайға қалдыратын алатын кездерде болады. Дұрысы қолыңыздан келмейтін немесе уақытыңыз жоқ нəрсеге уəде бермеңіз. Уəде бердіңізбе міндетті түрде істеңіз. Уəдеде тұрудың екі жолы осы. Уəдеде тұрудың екі жолы бар. Уəде бердің ба істе немесе уəде берме
98- Сабақ Өмір уақытша екенін еске алып тұрыңыз. Ойыңыз реттеледі, мақсатыңыз айқындалады. Кейбір адамдар мəңгілік өмір сүретіндей өмір сүреді. Алдына қойған мақсаты жоқ. Айналасындағы адамдар мен қарым-қатынасы дұрыс емес. Өміріне қапа. Бұндай адамдар көп болмасада баршылық. Адам өмірді уақытша екенін есіне жиі алып тұрса, онда ойы дұрысталып, алдына белгілі бір мақсаттар қойып, рухани дүниесі реттелетіні анық. Осы уақытша өмірде, қолдан келгенше ойыңдағы жақсы дүниелерді, неге істеп кетпеске. Барынша уақытты тиімді пайдаланып өзіңе жəне айналаңа пайдалы істер істеп кетуге бəрімізде де мүмкіншіліктер баршылық. Əрқайсымызға белгілі бір берілген уақыт бар. Ол уақыттың мөлшеріде белгісіз. Сондықтан өмір уақытша екенін еске алып, уақытты барынша тиімді пайдалана білейік. Алдыңызға мақсат қойыңыз. Айналаңыздағы адамдар мен қарым- қатынасыңызды түзетіңіз. Жағдайы төмен адамдарға қолдан келгенше көмектесіңіз. Егер реті келсе өзіңізден ғибрат алатындай, артыңызға із тастап кетіңіз. Өмірде өзіңізге ең керекті нəрселерді білгіңіз келсе, онда 1ай өмірім қалды деп елестетіп көріңізші. Осы бір айда не істегіңіз келеді, қандай істерді бітіргіңіз келеді, осы сияқты сұрақтарды өзіңізге қойып көріңізші. Жаңаша дүниелерді ойлайсыз. Негізінде бұл ойлаған дүниелер сіздің жүрек түкпіріңізде жатқан, сізге ең керекті нəрселер болып табылады. Өмір уақытша, ол бəрінеде белгілі. Осы уақытша өмірді сапалығып өткізу əр адамның өзінің қолында. Сапалы өмір-бақытты өмірдің басты бөлігі. Алдынғы тарауларда айтып кеткенімдей адам өмірінің сапасын 5-нəрсемен анықтайды. Денсаулығы, білім, көңіл- күйі, рухани жан дүниесі жəне материалыдық жағдайы. Осы 5-нəрсе адам өмірінің сапасын анықтайды. Осы 5-нəрсені бойға сіндіру үшін, бұл дүниелердің құнын төлеу қажет. Ал құнын төлеу, үлкен ниет пен
еңбекқорлықты, шыдамдылықты талап ететіндіктен көп адамның уысына төсе бермейтіні анық. Енді осы уақытша өмірде қолдан келгенше, жақсы дүниелерді істеп кету əр адамның парызы деп ойлайм. Адам өмірін анықтай 5- нəрсені бойға сіндіріп, айналаңа көмектесіп, артына ғибрат алатындай із қалдырып, айналаңдағы адамдар мен жақсы қарым- қатынаста болып, өмірді дұрыс пайдалана білсек өміріміз мəнді болмақ. Өмірде ештеңеге өкінуге болмайды, бір жағдай орын алдыма - дұрыс шешім қабылда да əрі қарай өмір сүр. © Конфуций 99- Сабақ Өмір түрлі түсті. Түстерді біз өзіміз таңдаймыз Өмір түрлі түсті. Түстерді біз өзіміз таңдаймыз. Шыныменде түстерді біз өзіміз таңдаймыз. Тек жақсы түстерді өзімізге алсақта болады, керісінше адамға зиян тигізетін дүниелердіде таңдапта жатамыз. Жақсы дүниелерді бойымызға игеру, өзіміздің қолымызда. Олар салауатты өмір салтын ұстану, білім жинау, рухани жан дүниемізді жаңғырту, материалдық жағдайымызды дұрыстау деген сияқты, адамға пайдасын беретін дүниелерді өзіміз таңдаймыз. Бізге мынандай бейбіт елде біреу келіп жақсы дүниелерді игеруімізге кедергі жасап жатқан жоқ. Бəріде өзіміздің таңдауымызда. Мысалы əлеуметтік желілерді алайық. Дұрысынан қарасақ бізге берер пайдасы өте көп. Салауатты өмір салтын ұстану жайлы анықтамалар, əлеуметтік желілерде толып жатыр. Білім жинаймын десеңізде, əлемге танымал тұлғалардың видео сабақтары, аудио сабақтарыда жетерлік. Қалаған салаңыз бойынша білім игеруге мүмкіндігіміз бар. Кəсібімізге жарнама арқылы пайдалансақта болады. Əлеуметтік желіден ақша тапсақта болады. Тек сол табу жолындағы жұмысын дұрыс атқарсаңыз болғаны. Айта берсек адамға берер пайдасы мол. Ал əлеуметтік желіге кері көзқарас пен қарасақта, адамға тигізер зияны баршылық. Олар көздің нашарлауы, аз қимылдау, адамға зиянын
тигізетін видеоларды қарау, адамның психологиясын бұзу, уақытын алу деген сияқты зиянды жақтарында айтып кетуге болады. Бірақ əлеуметтік желінің пайдалы зиянды жақтарын біз өзіміз таңдаймызғой. Көзді құрытпас үшін арнайы очкилерді пайдалансақ, көзіміз нашарламайды, зиян тигізетін видеоларды қарау қарамау біздің өзіміздің қолымызда, шамадан тыс көп пайдаланбай, зиянын тигізетін материалдарды қарамасақ психологиямызда бұзылмайды. Өмірде неше түрлі дүниелер бар болғандықтан, олардың адамға пайдалы жақтарыда, керісінше зиянды жақтарыда баршылық. Бастысы өзімізге пайдалы жақтарын ала білсек болғаны. Егер сіз адамға пайдасын беретін істер мен айналысып жатсаңыз таңдауыз сол болғаны. Мысалы спорт пен шұғылдану, дұрыс тамақтану, ішімдіктерден, шылымнан аулақ болу, адамға зиянын тигізетін тағы басқа дүниелердің аулақ болсаңыз сіз өзіңізге керекті, пайдалы дүниелерді таңдап алған болдыңыз. Сіздің өміріңіз, сіздің қабылдаған шешімдеріңізге тікелей қатысты болғандықтан, жақсы дүниелердің таңдау, таңдамау сіздің қолыңызда. Менің ойымша жақсы дүниелерді таңдау үшінде белгілі бір білім қажет. Ал ол білімдерді əрине кітаптан, əлеуметтік желілерден, ақылды адамдардан жəне өзіміздің дұрыс деп тапқан шешімімізден алатынымыз анық. Бастысы өзіңізге пайда беретін, өзіңізді жарқын өмірге апаратын нəрселерді таңдай біліңіз, сонда бақытты өмір сүретіңіз анық. Өмір түрлі түсті. Түстерді біз өзіміз таңдаймыз 100- Сабақ Мемлекетіңді шексіз сүй жəне қызмет ет Отанға қызмет ету білімнен емес мінезден © Əлихан Бөхейханұлы
Əр қазақ баласы мемлекетімізді сүйюі тиіс. Осындай кең байтақ, қазба байлығы мол, қасиететті мекен, Еуразия жүрегінде жүрегінде орналасқан Қазақ даласын əр қазақ азаматы, азаматшасы жақсы көру керек жəне мақтану керек. Бұндай кең байтақ мекен бізге оңай келген жоқ. Сонау сақтар заманынан бері көшпенділер тарихында небір алапат соғыстар, небір ашаршылықтар болсада, осындай кең байтақ жер бізге мұра болып қалды. Осы мұра болып қалған жерді, біз көзіміздің қарашығындай сақтап, мемлекетімізді дамытып, əлемнің 30 дамыған елінің қатарына қосуға бəріміз, бір кісідей атсалысу керекпіз. Мемлекетімізді əлемдегі озық дамыған елдердің қатарына қосу үшін бізге ең алдымен, мемлекетімізді жақсы көру керекпіз. Одан кейін ұлттық рухты көтеріп, заманауи білім-ғылымның жолына түсіп, салауатты өмір салтын ұстанатын халықты қалыптастырып, талмай еңбектенсек мемлекетіміз əлемнің дамыған озық елдерінің қатарына қосылуға, мүмкіншілігіміз əлде қайда арытпақ. Мемлекетімізді əрқайсысымыз жақсы көре білейік. Тарихымызды, əдет-ғұрыптарымызды, тарихи ескерткіштерімізді, тілімізді, ділімізді жəне дінімізді, жерімізді, халқымызды жалпы мемлекетімізді жақсы көре білейік. Сонда біздің мемлекетіміз даму жолына түсетіні анық. Əрқайсысымыз қолдан келгенше мемлекетімізге қызмет ете білейік. Мемлекет маған не береді емес, мен мемлекетке не бере алам деген ой мен елге қызмет етейік. Егер сіз бір істің маманы болсаңыз, өз ісіңіздің сапалы маманы болыңыз. Сапалы маманы көп мемлекеттің дамуы тез болады. Егер сіз кəсіпкер болсаңыз, отандық өнімдерді өндіріп немесе сапалы қызмет көрсетіп, ұлттық экономикамыздың дамуына жол ашыңыз. Егер сіз ақсақал болсаңыз жастарға рухани сананың жаңғыру жайлы, үгіт-насихаттарыңызды жүргізіңіз. Əрқайсысымыз елімізге бір кісідей кірісіп еңбентенсек, біздің мемлекетіміз əлемнің ең дамыған мемлекеттер қатарына қосылатыны анық. Қорытынды Сіздерге адамның өзінің шексіз дамытуы жайлы, барлық ойымды түгел дерлік жазып шықтым деген ойдамын. Сіздерге жазылған 100 сабақ белгілі бір деңгейде, əсер етті деген ойдамын. 100-сабақтыңда
əрқайсысының адам өмірінде алатын орны ерекше. Бастысы ойыңызда сақтай білсеңіз болғаны. Менің өмірлік арманым, мемлекетіміздің əлемдегі экономикасы ең дамыған 10 елдің қатарына қосылса екен жəне білім, ғылымы дамыған, діні мен дəстүрі сақталған, халқы салауатты өмір салтын ұстанатын, патриорт жастары көп жəне ұлттық тілі үлкен қолданыста болса екен деймін. Осындай үлкен армандарымның орындалуына баршаңыз тілектеспін деген ойдамын. Бұндай қоғам қалыптасу үшін, халқымыз еңбекқор, салауатты өмір салтын ұстанатын, патриоттары көп, білім, ғылымның жолына түскен сапалы халық болуы шарт. Егер менің осы кітабым, осы армандарыма жетуге, өзінің белгілі-бір септігін тигізсе мен қуаныштымын. Осы оқыған 100-сабақты үнемі есіңізде сақтап, өміріңізді жарқын болуына тілектеспін. Басқадан кем болмас үшін біз, білімд, бай һəм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек, бай болуға кəсіп жасау керек, ал күшті болуға бірлекте болуымыз қажет. Осы керектілердің жолында жұмыс жасауымыз қажет. © Ахмет Байтұрсынұлы Ғалым Үсен 1. 1999 жылы Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бөген ауылында дұниеге келген. 2. Б.Кенжабев атындағы жалпы орта мектебін тəмамдады 3. Мұхтар Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің Су ресурстары жəне суды пайдалану мамандығын оқып жатыр. 2017-2021 жж 4. Бос уақытында психологиялық жəне маркетинг ғылымына байланысты посттар жазады, кітап оқу, шахмат ойнау жəне жеке даму
жайлы посттар жазады. Оглавление Алғы сөз 1-Сабақ 2- Сабақ 3- Сабақ 4- Сабақ 5- сабақ 6- Сабақ 7- Сабақ 8- Сабақ 9- Сабақ 10- Сабақ 11- Сабақ 12- Сабақ 13- Сабақ
14- Сабақ 15- Сабақ 16- Сабақ 17- Сабақ 18- Сабақ 19- Сабақ 20- Сабақ 21- Сабақ 22- Сабақ 23- Сабақ 24- Сабақ 25- Сабақ 26- Сабақ 27- Сабақ 28- Сабақ 29- Сабақ 30- Сабақ 31- Сабақ 32- Сабақ 33- Сабақ 34- Сабақ 35- Сабақ 36- Сабақ 37- Сабақ 38- Сабақ 39- Сабақ 40- Сабақ 41- Сабақ 42- Сабақ 43- Сабақ 44- Сабақ 45- Сабақ 46- Сабақ 47-Сабақ 48- Сабақ
49-Сабақ 50-Сабақ 51- Сабақ 52-Сабақ 53-Сабақ 54-Сабақ 55-Сабақ 56- Сабақ 57-Сабақ 58-Сабақ 59- Сабақ 60- Сабақ 61- Сабақ 62- Сабақ 63- Сабақ 64- Сабақ 65- Сабақ 66- Сабақ 67- Сабақ 68- Сабақ 69- Сабақ 70- Сабақ 71- Сабақ 72- Сабақ 73-Сабақ 74- Сабақ 75- Сабақ 76- Сабақ 77- Сабақ 78- Сабақ 79- Сабақ 80- Сабақ 81- Сабақ 82- Сабақ 83- Сабақ
84- Сабақ 85- Сабақ 86- Сабақ 87- Сабақ 88- Сабақ 89- Сабақ 90- Сабақ 91- Сабақ 92-Сабақ 93-Сабақ 94-Сабақ 95- Сабақ 96- Сабақ 97- Сабақ 98- Сабақ 99- Сабақ 100- Сабақ Қорытынды
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150