Кейде келіп тұрған мүмкіндікті көре тұрып, біле тұрып пайдалана алалмай ұшырып аламыз. Мүмкіндікті уақытында пайдаланып қалу оңай шаруа емес. Бұғанда тəуекелдіділік керек. Сол тəуекелге барып іске кіріссеңіз өзіңіз ойламағандай жеңіске жетуіңіз ықтимал. Бірақ ескеретін бір жайт. Маған қашан мүмкіндік келеді екендеп жүре беру ақымақтық. Сіздің он екі мүшеңіз сау, ақыл есіңіз түзу, ішерге асыңыз, киерге бір киіміңіз, тұрарға бір кіші үйіңіз жəне тыныш мемлекетте өмір сүріп жатырсыз. Сіз бақытты адамсыз. Сіздегі басты байлығыңыз осы. Қалған қымбат киім, қымбат көлік, қымбат үй, шетелде демалу бұнын бəрін іс əрекеттін еншісіндегі нəрселер. Сіз еңбектеніп, білім жинап, мақсат қойып алдыға үнемі ұмтылсаңыз бұнын бəрін алатын боласыз. Бастысы алдында айтып кеткенімдей басты байлығыңыз болса болғаны, қалғаны адамның істеген іс əрекетіне байланысты нəрселер. Демек сізде мақсатыңызға жетуге мүмкіндігіңіз бар. Сізде үлкен мүмкіндігіңіз бар. Тұрмаңыз іске кірісіңіз. Уақыт өтіп барады. Оны ештене тоқтата алалмайды. Сол үшінде мүмкіндігіңізді пайдаланыңыз. Кəзіргі дамыған дəуірде адамдардың көп нəрсеге мүмкіндігі əлде қайда артты. Интернет дамыған дəуірде білім жинауға, көп білмейтін ақпаратыңызды білуге жол ашылды. 21 ғасыр білім ғасыры деп текке айтылмасы керек. Тек ерінбей алдыға ұмтылған адам əрдайым жеңіске жетеді. Оған барлық мүмкіншілік жасалған бастысы талмай еңбектену болса болғаны. Мүмкіндік туса – оны əжетке жарат! Егер сол мүмкіндік өміріңді бастан-аяқ өзгертетін болса, өзгеріске бейімдел. 33- Сабақ Өзіңізбен бір кіші блокнот алып жүріңіз Күнделікті өмірде біздің ойымызға небір түрлі ойлар келеді. Оның ішінде пайдасызы бар, пайдалысы бар. Сол пайдалы ойларыңыздың ішінде небір түрлі идеяларда келуі мүмкін. Біз кейбір ойлаған ойларымызды, өзіміз қалаған уақытты ойлағымыз келсе, сол ойды ойлай
алалмаймыз. Адамның миы өзі сондай жаратылыс. Сол үшінде өзіңізбен əрдайым бір блокнот алып жүріңіз. Оқуда болсын, жұмыста болсын, спортта болсын, отырыста болсын ойыңызға бір идеялар келгенде оны дереу блокнотқа жазып қойыңыз. Əйтпесе осы келген ойларыңыз ойдан шығып кетуі мүмкін. Мысалы сіз бизнес жайлы көп ойлайтын болсаңыз. Онда сіздің ойыңызда сізді миллионер қылатын күніне 3, 4 бизнестің түрлерін ойлайсыз. Бірақ оны көп адам ары қарай зерттеп қазбаламайды. Ойында ойлайды бірақ есте сақтамайды. Осындай ойлар келгенде, оны дереу блокнотыңызға жазуды əдетке айналдырыңыз. Оны кешкісін зерттеп қарап шығыңыз. Сіз небір түрлі көп ойлар ойлаған сайын, ойыңызда соншалықты ойлар көбейе бастайды. Бұл заңдылық. «Ойыңызға келген идеяларды блокнотыңызға жазып қоюды əдетке айналдырыңыз» 34- Сабақ Аптасына 1 күн демалыңыз. Демалысыңызда мотивация мен еңдігі аптаға жоспалар құрыңыз. Демалмай жетістікке жету мүмкін емес. Күнделікті қайталана беретін жұмыстан шаршайтынымыз анық. Аптасына бір рет өзіңізге, жақсы демалыс арнаңыз. Реті келсе тауға барып қайтыңыз болмаса парктерді аралап миыңызды сергітіңіз, спортпен айналысыңыз, ішіңіздегі күйзелістен арылыңыз. Іштегі күйзелістен айықпасаңы, ол сіздің денсаулығыңызға зиянын тигізеді. Себебі қандайда бір адамға келген күйзелісті дереу сыртқа шығармасаңыз, ол сіздің денсаулығыңыздың бір шетінен шығуы мүмкін. Инфаркт, инсульт, онкологиялық аурулардың пайда болуына, осы іштегі күйзелістен əсерінен болуы мүмкін. Сол үшінде күйзелістен айыға біліңіз. Күйзелістен айығу жолдары, ол демалыс, спортпен шұғылдану, билеу, айқайлап əн айту сияқты нəрселерді орындау арқылы адам бойында жинақталған күйзелістер сыртқа шығып кетеді.
Жаңа аптаға жаңа мотивация жинаңыз. Демалысыңызда мақсатыңызға байланысты күнде атқаратын іс əрекеттеріңізді, бір күнге доғары тұрыңыз. Келесі аптаға жаңа мотивациямен күнде атқарып жатқан мақсатыңызды жүйелеңіз. Бұған көп уақыт кетпейді. Мақсатыңызды жүйелеуге 15, 20 мин болса, мотивация алуға 30 мин немесе 1, 2 сағат немесе 1 күн қажет болады. Бастысы демалып жаңа мотивация алып алыңыз. Болмаса желіңіз шығып ерінбей еңбек қылуға əрекет ете алалмайсыз. Демалыссыз мақсатқа жету мүмкін емес. Тек демалысыңыз тəуліктің 40 пайызынан аспасын. Егер сен демалысқа уақыт таппасаң, онда жақын арада емделуге уақыт табуға мəжбүр боласың. © Д. Уэйнмейкер 35- Сабақ Айналағыңыздағы адамдармен жақсы қарым- қатынаста болыңыз. Жақсы қарым-қатынас өміріңіздің сапасының бірі. Сіз айналағыңыздағы адамдармен жақсы қарым-қатынастасызба. Сіз қаншалықты көп адаммен жақсы араласаңыз соншалықты өміріңіз жақсы арнаға бұрылады. «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды»дегендей көп адаммен аралассаңыз сізге берер пайдасы мол. Сізде айналаңыздағы адамдарға қолдан келгенше көмек қолын беріңіз. Оларда сізге бір іс түскенде көмектесуі заңдылық. Айналаңыздағы адамдарға жақсы қарым қатынаста болу үшін, алдымен өзіңізге жақсы қарым қатынаста болыңыз. Өзіңізге мейірім төге алмасаңыз, өзіңізге жағдай жасай алмасаңыз, өзіңізге өзіңіз көмектесе алалмасаңыз қасығыңыздағыларғада көмектесе алалмайсыз. Сіздің бірінші жақын адамдарыңыз ол сіздің отбасыңыз. Отбасыңызға мейіріміңізді төгіңіз, қолдан келгенше көмектесе біліңіз. «Нағыз адам болу–адами қарым-қатынасың, қоршаған ортамен үйлесімділігің. Ол–адамның өзін дұрыс түсінуіне, дарындылығы мен
қабілеттерін дамытуға, өмірдің мəнін ұғынуға жəне өмірден өз орнын таба білуге көмектесу» Достарыңыздың санын көбейтіңіз. Əлеуметтік желі дамыған уақытта көпшілікпен араласу оңайға түсті. Кездесіп араласпасаңызда əлеуметтік желі арқылы қал сұрасып тұрудың өзі қарым-қатынасты арттырады. Достарыңызға жылы шырай танытыңыз, оларғада қолдан келгенше көмектесе біліңіз. Туысқандарыңызғада солай көмектесе біліңіз. Есте сақтаңыз сіз қаншалықты қасыңыздағыларға көмектессеңіз, сізге соншалықты өмір сізге көмектеседі. Бұны «бүкіл əлемдік қайтарым заңы» дейді. Сіз қандай энергияны айналаңызға шашасыз сол сізге көбейіп қайтып келеді. Есте сақтаңыз жақсылықта, жамандықта осылай болады. Бұны тағыда қайталап айтамын бұл бүкіл əлемдік қайтарым заңы. Адамды сырт келбетіне емес, саған деген қарым-қатынасына, сүйіспеншілігіне, адалдығына қарай сыйла. 36- Сабақ Кешіре біліңіз бақытты өмір сүресіз Кешіре білу бұл адамның жақсы қасиетінін бірі. Небір түрлі адамдар бар түріңе күліп тұрып, артыңнан қатырып кететін. Бұндай адамдарға ренжисін істеген іс əрекеттері адамшылыққа жат. Бірақ бақытты өмір сүргіңіз келсе кешіре біліңіз. Бірде Шəкірті ұстазына айтыпты. Сіз үнемі көңілді жүресіз. Ешкімге ашуланбайсыз, ренжімейсіз. Меніңде сіз сияқты болғым келеді. Көмектесіңізші. Шəкіртінің өтінішіне келісім берген ұстазы картоппен қалта əкелуін бұйырыпты. Егер біреуге ашуланып, ызаланып, ренжісең бір картопты ал да соған ренжіткен адамның атын жаз. Сол-ақ па? - дейді шəкірті. Жоқ, сол қалтаны үнемі өзіңмен бірге алып жүруің керек. Біреуге ренжіген сайын бір картоптан қосып отырасың. Шəкірті келіседі. Біраз уақыт өткен соң қалтасы картопқа толып, өзімен бірге алып жүру қиындайды. Алғаш салған картоптары шіріп, саси бастайды. Шыдамай кеткен шəкірті ұстазына келіп: Ұстаз, мына қалта
ауыр болып кетті. Əрі шірігендерінің сасық иісіне шыдау мүмкін емес. Ашуланбаудың басқа жолын үйретіңізші, - дейді. Мұны саған не үшін істеттім? Біреуге ренжіген сайын ішкі жан- дүниеңде де осы құбылыс болады. Жүрегің ауырлап, таза ниетің бұзылып, жаман ойларың саси бастайды. Оны сен байқамауың мүмкін. Бірақ, ісің - əдетке, əдетің - мінезге айналады. Біреуге ренжімес бұрын не біреуді ренжітпес бұрын \"үнемі өзіңмен бірге артық жүк арқалап жүру\" керек пе, керек емес пе, ойлан, - депті ұстазы. Бұл мысалдан түйетініміз адам баласына өкпелеу бұл тек сізге ауыртпалық əкеледі. Сол үшінде бақытты өмір сүргіңіз келсе өкпелемеуді үйреніңіз. Бақытты ұзақ өмір сүргің келеді ма? Онда кешіруді, түсінуді, үндемеуді, керек жерінде айтуды жəне жай ғана сүюді үйрен! 37- Сабақ Санаңызды артық, жағымыз ойлардан тазартыңыз. Артық, жағымсыз ойлар сізге тек зиянын береді. Қалай ойлайсын өмірін солай болады. Бұл өте дұрыс айтылған сөз. Альберт Эйнштейн айтқандай кез-келген нəрсе екі жерде пайда болады. «Алдымен ойда одан кейін өмірде». Сол үшінде санаңызды артық ойдан арылтыңыз. Кəзіргі интернет дамыған дəуірде көпшілік жастардың ойы теріс жаққа қарай бағытталып жатыр. Батыстың жəне шығыстың небір түрлі бізге сəйкес келмейтін тіпті адамшылдыққа сəйкес келмейтін цивилизациясыбізгеде келіп жатыр. Адамға еш пайдасы жоқ небір түрлі нəрселерді жастарымыз өздеріне керекті етіп тұтып алды. Оларға хеллоуин, кəрістің музыкалары немесе түр келбетіне еліктеу, Түріктің жəне Индиянын сериалдары осы сияқты интернет жəне басқа ақпарат құралдары арқылы небір түрлі пайдасы жоқ нəрселерді көпшілік жастар өздеріне місе тұтып соларға еліктеуде. Бұл нəрселер адамға біріншіден еш пайдасын бермейд. Екіншіден сананы бұзады. Əлі
толық қалыптаспаған жас өспірімдер немесе 20 жасқа дейінгі жастар еліктеуде. Біз білім, ғылымды, салауатты өмір салтын ұстануды, елді жақсы көруді, əдет ғұрып, тарихымызды білуді, патриотизмді ұстануды бірінші орынға қоюға тиіспіз. Бірақ мынандай батыс пен шығыстың цивилизациясы бізге түп тамырымен енетін болса жаңағы айтып кеткен басты құндылықтарымыз екінші орынға шығып қалуы ықтимал. Сол үшінде ең алдымен саналы тұлға өзін бұндай нəрселерден сақтандыруы шарт. Бұндай пайдасы жоқ цивилизация интернет дамыған дəуірде келе береді. Одан сақтанудың бірден бір жолы əркім өзін жəне өз отбасын сақтандыра білсін. Сол үшінде сіз өз ойыңызға ерік беріп көріңізші. Сіз нені көп ойлайсыз. Не нəрселерге бейіміңіз басым. Сіз нені көп ойласаңыз соған баратын жолға түстіңіз деген сөз. Бірақ сол ойлап жүрген дүниелеріңіз сізді жақсы жарқын өмірге апарама, соған бір мəн беріңізші. Егерде сізді жамандыққа апаратын ойларыңызды байқасаңыз одан дереу айығыңыз. Қолыңыздан келмесе мамандарына жүгініңіз. Сана уланса оны емдеу өте қиын. Тіпті емделмей кетуіде мүмкін. Сана ол бауыр, асқазан, бүйрек емес дұрыс диагноз қойылып, дұрыс емін жасаса емделетін. Сана бұл сіз жан дүниеңіз. Сол үшінде кеш болмай тұрғанда бəрін ретіне келтіріңіз. «Ойыңды өзгертіп өміріңді өзгерт» деген Кəмшат Бекжігітованың кітабын сізге оқуға ұсынамын. Бұл кітапта осы ойды қалай жүйеге келтіру жайында жақсы жазылған. Бастысы ойыңыз түзу, ниетіңіз таза, еңбектеніп, біліммен, тəжербиеңізді үнемі дамытып, мотивациямен алдыға ұмтылсаңыз сіз алмайтын асу болмас. Есте сақтаңыз барлық нəрсе алдымен ойда одан кейін өмірде болады. Өмірдегі ең ауыр дерт – ой. Оны емдеу мүмкін емес. ©Эриx Мария Ремарк 38- Сабақ Əрдайым тік жəне күлімдеп жүріңіз
Айналаңызға əрдайым сəуле шашып жүретін тұлға болыңыз. Өмірге жеңімпазша қараңыз. Əрдайым тік жүріңіз. Адамдармен қарым-қатынас жасағанда тік тұрып жылы шырай таныта біліңіз. Сырт айналаңызға табысқа жеткен тұлға болып көрініңіз. Бұлай жүру сізге əрдайым күш сыйлайды. Əлемдегі табысқа жеткен тұлғалардың қайсысын қарасаңызда жас тайынан өмірге жеңімпазша қарап, мақсатына жетуге сенімді болып, оптимист мінезді адамдар болған. Бұлай үнемі өмірге жеңімпазша қарап жүре аламызба. Кейде мотивация алып істерге белсене кірісетініміз бар. Бірақ бұл мотивациямыз көпке бармайды. 2, 3 күн мотивациямен жүреміз одан кейін желіміз шығып қалады. Қалай үнемі мотивациямен, өмірге жеңімпазша қарап жүруге болады. Ол үшін сіз мақсатыңыздан лəзат ала біліңіз. Мақсатыңыздан лəзат ала біліңіз. Үнемі мақсаттарыңызды оқып жігеріңізді арттырып отырыңыз. Мақсатыңыздан алған жігеріңізді үнемі қуаттандырып отырыңыз. Əрдайым тік жəне күлімдеп жүріңіз. Егер күлімдеп жүру сізге қиынға түсетін болса онда күніге айнаның алдында 10 минут күліңіз. Бұлай күлу сізді көңілді болып жүруді қалыптастырса екіншіден денсаулығыңызғада пайдасы мол болмақ. Сіз қаншалықты айналаңызға энергия шашып жүретін болсаңыз, ол сізге еселеніп қайта келетін болады. Қуанышпен өмірге жеңімпазша қарап жүрсеңіз ол міндетті түрде еселеніп өзіңізге оралады. Ал егерде сіз өмірге қорқынышпен, сенімсіздік, жағымсыз көңіл-күй шашып жүрсеңіз олда сізге еселеніп қайтып келетін болады. Сол үшінде құрметті оқырманым əрдайым тік жəне күлімдеп жүріңіз, өміріңізге риза болыңыз. Аллаға əрқашан шүкіршілік ете біліңіз. Сонда бақытты өмір сүресіз. Біз бақытты болғанымыз үшін күлмейміз Біз күлгеніміздіктен бақыттымыз Бақытты өмірдің құпиясы өте қарапайым: екі есе аз тамақтану, екі есе көп серуендеу, үш есе көп күлу, əрқашан сүйікті болу!
39- Сабақ Өзіңіз жайлы көп айта бермеңіз. Сіздің ойларыңыз, сіздің стратегиялық дамуыңыз ол сізге ғана тəн. Өзіңіз жайлы мүлдем ақпарат бермеңіз демеймін. Ақпаратты беріңіз айналаңыздағы адамдарға. Өзіңіздің жақсы тұстарыңызды көрсетіңіз. Өзіңізді айналаңызға жеңімпазша көрсетіңіз. Бірақ өзіңіздің даму жолыңызды, мақсаттарыңызды, басты мұратыңызды, алдағы уақытта атқарамын деген жұмыстарыңызды айналаңыздағыларға айтпаңыз. Сіздің бастапқы ой мақсатыңыз бастапқысында əлсіз келеді. Оны айналаңыздағыларға айтатын болсаңыз, оның орындалуы қиын болады. Айналаңызға мақсаты бар үнемі сомен айналысатыңызды көрсетіңіз. Бірақ даму жолыңызды атқаратын жұмыстарыңызды мүлдем айтпаңыз. Құпияларыңызды жарып салмаңыз. Бірақ үйренгісі келген жақындарыңызға, достарыңызға мысал ретінде айтсаңыз болады. Менің мұратым осылай мен осыған осындай даму жолдарымен баратырм деген сияқтығып, түсіндіруіңізге болады. Бірақ басты өзіңізге тəн дүниелеріңізді қазбалап аша бермеңіз. Ол басқа адамдарға сəйкес келе бермейді. Оларға түсініксізде көрінуі мүмкін. Егер көмектескіңіз келсе, қолдан келгенше көмектесіңіз. Өмір сізгеде көмектеседі. Аз ба, көп пе, адам баласы бір түрлі мақтаннан аман болмағы - қиын іс. Сол мақтан деген нəрсенің мен екі түрлісін байқадым: біреуінің атын үлкендік деп атаймын, біреуін мақтаншақтық деймін. Үлкендік - адам ішінен өзін-өзі бағалы есеп қылмақ. Яғни, надан атанбастығын, жеңіл атанбастығын, мақтаншақ атанбастығын, əдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді - осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол мінездерді бойына қорлық біліп, өзін ондайлардан зор есептемек. (Абайдың жиырма бірінші қара сөзінен. Я есепсіз мақтанып өзіміздегі көпке айта бермейтін құпияларымызды, кейде айналамыздағы адамдарға айтып қоятынымыз бар. Осы шамадан
тыс айтылған кейбір сөздер адамға кері əсер ететіні анық. Дұрысы өзіңіз жайлы құпиялағыңызды сақтағыңыз келсе, ең алдымен орынсыз мақтаудан сақ болыңыз. 40- Сабақ Өзіңіздіңкемшіліктеріңізді зерттеңіз жəне оны түзетіңіз Адам баласында кемшілік болу ол табиғи үрдіс. Бірақ біз бойымыздағы кемшіліктерімізден қолдан келгенше айыға аламыз. Өзіңіздің бойыңызда кемшіліктеріңізді түзетуден шаршамаңыз. Бойдағы кемшіліктеріңізді байқаудың бір жолы ол сырт көзге мəн беру. Өзіңіз жақсы қарым-қатынастағы 10 адамннан өзіңіздің кемшіліктеріңізді сұраңыз. Бірақ сұрар алдында оған шындықты айтуды ескертіңіз. Əйтпесе кейбір достарыңыз сізге ой сенде кемшілік мүлдем жоқ немесе сізде жоқ нəрселерді бар деп айтуы ықтимал. Бұл сұрақты өзіңіз сенімді адамдардан сұраңыз. «Сырт көз сыншы. »Көбінесе олардың айтқаны дұрыс келеді. Енді өзіңіздің кемшіліктеріңізді білгеннен кейін оны түзету шараларына кірісіңіз. Кемінде сізде 5, 6 кемшіліктеріңіз болуы мүмкін. Өз кемшілігіңді біліп оны түзеткіңіз келсе, мен сізге Абай атамыздың 45 қара сөзін толық оқып шығуға кеңес берем. Бұнда адам бойындағы кемшіліктер түгел дерлік жазылған жəне одан айығу жолдарынада Абай атамыз айтып кеткен. Тағы айтарым əлемге танымал тұлғалардың кітаптарын оқуды əдетке айналдырыңыз. Мысалы Джон Кехоның «Түйсігің мен ойлай біл», Стивен Ковидың «Жоғары дəрежелі адамдардың 7 дағдысы», Брайан Трейсидің «Выйди из зоны комфорта» дегеносындай əлемге танымал кітаптарды оқуды əдетіңізге айналдырыңыз. Бұл кітаптарда адам қалай ойлау керек, қалай əлсіз тұстарымыздан айырыламыз, мақсатты қалай қоямыз адам санасын ретке келтіретін ақпараттар түгелімен дерлік берілген. Сүйегі жоқ балық болмайтыны сияқты, кемшілігі жоқ адам да болмайды. ©Лютер
Кесте мысал ретінде берілді. Бойыңызда бар кемшіліктерді апталық уақытқа бөліп, одан айығу жолдарын қарастырыңыз 41- Сабақ Өмірлік жарыңызға аса мəн беріңіз Өмірде екі нəрседен қателеспеу керек. Олар мамандық жəне жар таңдаудан. Шыныменде солай. Осы екеуін жақсы таңдай білген адамның өмірі жақсы арнаға бұрылуы айдан анық. Пайғамбарымыздың хадисіндеде келеді. Жақсы иманды əйел байлықтың 2 ден 1не тең деп. Я шыныменде өмірлік жарыңыздың сіздің өміріңізде алатын орны ерекше. Жақсы өмірлік жар алғыңыз келсе, алдымен өзіңіз сондай жарға сай бола біліңіз. Я шыныменде өзің қандай болсан өмірлік жарыңнында сондай болатыны белгілі. Бірақ кейбір отбасыларға қарап бұл сөзіме ойланыпта қалам. Мысалы бір отбасының күйеуі еңбекққор, мейірімді, табысты жақсы табады. Бірақ əйеліне келетін болсақ, мейірімі аздау, жалқаулау, ақшаны бей- берекетсіз жаратуға құмар келеді. Бұндай отбасыларға қарап жаныңда ашиды. Бір жағынан табиғатта тепе-теңдік өстіп сақталама депте ойланып қаламын.
Осыған қатысты мынандай бір сөз естіген едім. «Минус пен минус қосылса өшеді. Плюс пен плюс қосылса күйеді. Дұрысы плюс пен минус қосылсын сонда өмір жалғасады» деп естіген едім. Біржағынан қарасан дұрыста секілді. Бір жағынан қарасан, барып тұрған əділетсіздік. Бұда адамның өзіне көп нəрсе байланысты. «Бап шабама, əлде бақ шабама». Меніңше екеуіде шабады. Я екеуіде шабады. Өзіңіз таза ниетіңіз түзу болса бағыңызда шабар. Ал егер өзіңіз білімді болып адам тани білсеңіз бабыңыз шабатыны айдан анық. Сіздің бабыңыздыда, бағыңыздыда пайдалану өз қолыңызда. Тағыда қайталап айтарам өмірлік жарыңызға аса мəн беріңіз. Бастысы өзіңіз таза, ниетіңіз түзу болса жəне адам тани білсеңіз өміріңіздегі өзіңіз ойлағандай жар алуға мүмкіндігіңіз көп болмақ. Жақсы жар алсаңыз алдыңызға қойған мақсатыңызға жетуге ең сенімді жол серік тапқан боласыз. Тəртіптілік – тұрмыстың жартысына, достасу – ақылдың жартысына, уайымшылдық – кəріліктің жартысына тең; өнерлі, ақылды əйел байлықтың екіден біріне тең. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с. ) 42- Сабақ Өмірдің басты заңын ұмытпаңыз. Жақсылық жамандықты жеңенді Əрқашанда жамандықты жақсылық жеңеді. Басында жамандық үстемдік орнатар. Бірақ түбі жақсылық жеңіп шығатыны айдан анық. Кəзір əлемдегі кейбір нəрселерге қарап үздіксіз майдан болып жатқанын байқайсын. Мысалы олар жемқорлық, небір түрлі қылмыстық іс- əрекеттер секілді жағымсыз жағдайлар ғасырлардан бері тоқтаусыз жүріп келеді. Саналы, тұрақтылықты, əділеттілікті жақтайтын адамдар əрдайым күресу үстінде. Жақсылық жамандықты жеңгенімен, түп тамырымен жою мүмкін емес. Онымен тек күресе бересің, күресе бересін. Бұл шексіз майдан. Адам баласының бойындада сол секілді жағымсыз нəрселер үнемі болатыны айдан анық.
Олар жалқаулық, өсек, өтірік, мақтаншақтық, тəкаппарлық, ақшаны бей- берекетсіз шашу, зинаға құмарлық секілді жағымсыз нəрселермен біз үнемі күресуіміз қажет. Бұлардан бойыңызды аулақ ыстамасаңыз. Бірте- бірте бойыңызды жаулап алуы ықтимал. Сол үшінде осындай кеселдерден үнемі сақтанып, өзімізді сақтандыруымыз қажет. «Сақтансан сақтаймын» деген сөзді естен шығармаңыз. Əрдайым жақсы амал жасауға өзіңізді əдеттендіріңіз. Жаман іс-əрекеттерден барынша сақтаныңыз. Бір кітаптан оқыған едім. Не істесеңде ол өзіңе қайтып келеді. «Жағымсыз іс- əрекеттерінде, жағымды іс-əрекеттерінде міндетті түрде өзіңе оралады. » Ең жақсы қуаныш –жақсылыққа өзгеру ©Нельсон Мандела 43- Сабақ Əлемді басқарғың келсе алдымен өзіңді басқар Айтылған бұл сөзге қарап адам көпшілікті басқару үшін алдымен өзін басқаруы тиіс. Өзіңді басқару дегеніміз өзіңе зияны тиетін, бірақ саған рахат беретін нəрселерден бас тарту. Жəне өзіңе пайда беретін бірақ еңбекқорлықты, шыдамдылықты қажет ететін нəрселерге бой ұсыну. Негізінде ең қиын нəрсе адам өзін толық басқара білуінде. Үнемі адамның нəпсісі адамды жамандыққа тартып тұрады. Оны үнемі тиып тұрмасаңыз, ол сіздің бойыңызға сінуге құмар келеді. Сол үшінде өзіңізді басқара біліңіз. Негізінде адам жастайынан өзін басқаруға əдеттену керек. Бірақ егде жасқа келсеңізде өзіңізді басқаруға болады. Бірақ жас кезіңізге қарағанда қиынға түседі. Себебі көптеген жылдар бойы өзіңізге ыңғайлы аумақта отырып қалсаңыз, одан ыршығып шығу қиынға түседі. Сол үшінде уақытты кетірмей өзіңізді басқарыңыз. Ол үшін ең алдымен өзіңнен есеп алуды əдетке айналдырыңыз. Қазақтың ұлы ақыны Абайдың қара сөзінде айтқаны бар. «Егер есті кісілерден қатарынан болғын келсе күніне бірет болмаса аптасына немесе айына бірет болсын өзіңнен есеп ал».
Осы уақытты не бітірдін, кімге жақсылық жасадың, кімге зиянын тиді. Дүние шаруасына, ақырет шаруасына не бітірдің. Осындай жүйелі өзіңізден есеп алып есті адамдардың қатарынан болыңыз. Бүгіннен бастап өзіңізге күнделік арнаңыз. Оған күнделікті атқаратын істеріңізді жазыңыз жəне оның орындалуын қадағалаңыз. Əр атқаратын істеріңіздің жанына уақытын жазыңыз. Бұл сізге уақытты тиімді пайдалануды үйретеді. Ұйқыны ретке келтіріңіз. 7 сағаттық ұйқы режимін ұстаныңыз. Таңғы уақытта 6дан тұруды əдетке айналдырыңыз. Бастапқыда қиындау болуы мүмкін. Бірақ бірнеше рет тұрғаннан кейін əдетіңізге айналып қиынға соқпайтын болады. Салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Спортпен шұғылданыңыз. Уақытылы тамақтаныңыз. Тағамыңызға аса мəн беріңіз. Донерлік тағамдарды көп жемеңіз. Біліміңізді əрдайым арттырыңыз. Кітап оқуды əдетке айналдырыңыз. Мақсатыңыз жайлы көп ойланыңыз. Өзіңіздің кемшіліктеріңізден құтылыңыз. Қолыңыздан келмесе көмек сұраңыз. Ізденіңіз. Еңбекқорлығыңызды дамытыңыз. Өзіңіздің атқарып жатқан жұмысыңызға махабатыңызды арттырыңыз. Осындай өзіңізге пайда беретін бірақ шыдамдылықпен еңбекқорлықты талап ететін істерге, өзіңізді бой ұсындырыңыз. Сонда алдыңызға қойған мақсатыңызға жетуге оңай болатыны анық. Өмірдегі ең қиын нəрселердің бірі өзіңнің нəпсі құмарлығыңды басқару 44- Сабақ Уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз. Тіпті əр минутыңызды пайдалы нəрсеге жұмсаңыз. Уақытты дұрыс пайдалану бұл өмірді дұрыс пайдалану. Уақыт сіздегі үлкен байлықтың бірі. Оны еш нəрсемен айырбастап сатыпта ала алмайсыз. Сол үшінде əрбір алтың уақытыңызды барынша тиімді пайдалануға тырысыңыз. Аз ұйықтаңыз жəне сізге пайдасын бермейтін бос істермен айналыспаңыз. Сонда керекті істерді атқаруға уақыт табатын боласыз. Мысалы сіз қасыңыздағы адамдардан бір сағат аз ұйықтасаңыз жəне бос істерге олардан қарағанда 2сағат аз құртсаңыз сіз
3 сағат олардан алда жүресіз. Егер сол 3 сағатыңызды пайдалы істерге жұмсасаңыз. 3 сағатыңыз 1 айда 90сағат болады. Сонда 4 күнге жуық уақыт ұтасыз. Сонда 1 ай да 4 күн бойы уақытыңызды бос іске емес мақсатыңызға жұмсадыңыз. Я күнделікті өмірде небір түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Небір түрлі проблемалар болуыда мүмкін. Жақындарыңызға бөлінетін уақыт, студент болсаңыз оқуға кететін уақыт. Одан кейінгі үй тапсырмасы кететін уақыт, жұмысыңызға кететін уақыт, спортпен шұғылдануға, тамақтануға, достарыңызға, біліміңізді арттыруға, мотивация алуға, демалуға кететін осындай нəрселер барлық адамда бар. Енді осы істердің əрқайсысына белгілі бір уақыт бөле аласызба. Бұлардың əрқайсысына уақытты дұрыс бөлмесеңіз, бір-біріне қабаттасып сіздің алдыға ұмтылуыңызға кедергі келтіреді. Осындай күнделікті атқаратын істеріңізді күнделігіңізге рет-ретімен жазып қойыңыз. Əрқайсысына кететін уақытты мөлшерлеп жазыңыз. Күнделікті күнде жазуға əдет қылыңыз. Бастапқы 1, 2апта қиынға соғар немесе ерсіде көрінер бірақ ары қарай күнделікті қолдансаңыз үйреніп кетесіз. Міндетті түрде өзіңізге күнделік арнаңыз, бұл сізге уақытты тиімді пайдаланудың басты қадамы. Мысалы сіз 2 сағат кітап оқуға кірістіңіз. 2 сағатта кемінде 3рет 5 минуттан үзіліс жасаңыз. Сол үзілісіңіздіде тиімді пайдаланыңыз. Мысалы үзіліс уақытында көзіңізге жаттығулар жасаңыз немесе денеге жеңіл жаттығулар жасаңыз сол аралықта бір стакан су ішіп алыңыз кітаптан түйген мазмұндық түсініктеріңізді күнделігіңіздің бір шетіне жазып қойыңыз. Осылай əрбір уақытыңызды барынша тиімді пайдалана білсеңіз сіз ойлаған мақсатыңызға жетуге ең қажетті нəрселердің бірін меңгерген боласыз. Уақытты басқару, бұл өміріңді басқару «Кесте мысал ретінде берілді. Кестеде менің бір күндік жоспарларым жазылған.» «Осындай өзіңіз атқарам деген істеріңізді блокнотыңызға тізіп жазып, қанша уақытта істейтіңізді жазасыз. Бұл сізге уақытты
дұрыс пайдалануды жəне ойлаған істеріңіздің тез арада бітуіне көмектеседі. Я бұл істердің арасындада басқада атқаратын істеріңіз болуы мүмкін. Бірақ ертенге өзіңізге осы істерді атқарамын деген істеріңізід жазып қойыңыз. Бұлай əрекет ету тек сізге пайдасын беретіні анық». 45- Сабақ Өткенге ешқашан өкінбеңіз. Тек сабақ алыңыз Өкініш адамға ешбір пайдасы жоқ, тек зиянын тигізетін адам бойындағы жағымсыз ой. Пенде болғаннан кейін қателік жасамай тұрмаймыз. Қателесеміз, бір іске ұрынамыз түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Бірақ қайта ойлап өзімізге еш пайдасын тигізе алалмаймыз. Өкініш адамды күйзеліске əкеледі. Өткенге өкінішпен емес қуанышпен қарай біліңіз. Өткенге өкіну адамды күйзеліске апарады жəне болашаққа сенімділікті төмендетеді. Өкініш-денсаулықтың бұзылуына, өзіңізге сенімсіздік тұғызуы мүмкін. Дұрысы болған істі ойлап күйзелгенше одан сабақ алып енді гəрі қайталанбауға жəне сол істі түзетуге күш салыңыз. Сонда ғана алға жүресіз. Бірде бір ғұлама айтыпты адамдар 3-ке бөлінеді. Олар ұлы адамдар, ақылды адамдар жəне ақымақ адамдар деп 3-ке бөлген екен. Ұлы адамдар басқа біреулердің қателіктерін көріп тұрып оны қайталамауға тырысады. Ақылды адамдар өздері жасаған қателіктерді қайталамауға тырысады. Ақымақ адамдар басқа біреудің қателігін көрседе одан сабақ алмайтын, өзі жіберген қателіктерді біле тұрып тағыда қателік жасайтын адамдар деген екен. Біз түбегейлі ұлы адамдар қатарынан болмасақта, айналамыздағы адамдардың жасаған қателіктерін қайталамауға жəне өзіміздің жасаған қателігімізден сабақ алуға тырыса білуіміз керек. Сонда өмірде өкінішіміз аз, қуанышымыз көп болмақ. Өткен іске өкінбеу керек. Өмірден алған соққылардың бəрі маңызды емес. Маңыздысы – біздің еш нəрсеге мойымай, алға қарай ұмтылып, өмір сүріп келе жатқандығымыз. © Стивен Кинг
46- Сабақ Ауыр кезеңдерде өзіңізді жақсы ұстаңыз Пенде болғаннан кейін ауыр кезеңдер əрдайым басымыздан өтеді. Ойламаған жерден кедіргілер келуі ықтимал. Сол ауыр кезеңдерде рухыңыз оңай сынып қалатын болса, көздеген мақсатыңызға жете алуыңыз екі-талай. Əрбір сізге жолыққан қиындықты кедергі ретінде емес, оны есеп ретінде көріңіз. Сізге жолыққан қандай жағдай болсада бірінші сабыр сақтап оны шешу жолдарын қарастырыңыз. «Шешілмейтін түйін жоқ» егер ретін тапқан адам болса. Қиындық басыңызға туғанда қобалжып, өзіңізге сенімділігіңіз төмендеуі мүмкін. Бұл сізге тек зиянын беретіні айдан анық. Нағыз көшбасшылар қандай жағдай болсада, өзін бірқалыпты ұстай біледі. Осыған байланысты бір болған жағдай есіме түсіп тұр. Бұрынғы заманда бір ғұламаның керуені сауда жасау үшін жолға шығыпты. Керуенге ғұлама дүние-мүлкін түгел дерлік артып жіберіпті. Сол керуенінен жаңағы кісіге шұғыл хабар келіпті. Ода сіздің керуеніңізге қарақшылар шабуыл жасап бүкіл дүние-мүлкіңізді ұрлап əкетіпті деген суыт хабар жетеді. Сонда ғұлама ешқандай эмоцияға берілмей бұйырғаны осыда депті. Сəлден сол тағы жаңағы керуеннен хабар келеді. Ода керуеніңізді тонаған қарақшылар сіздің емес басқа біреудің кеуенін тоналғаны екенін жеткізеді. Сонда ғұламада бұл жолыда ешқандай эмоцияға берілмейді. Сонда хабарды жеткізуші жалшысы ғұламадан бұнын мəн жайын сұрайды. Сіз жаңа дүние мүлкіңіз тоналғандада еш эмоцияға берілмедіңіз. Бүкіл дүние-мүлкіңіз қайта оралғандада еш эмоцияңызды білдіртпедіңіз бұны сыры неде деп сұрапты. Сонда ғұлама мен алғашқы хабарды естігенімде жүрегіме құлақ салдым, жүрегім ешқандай қобалжыду сезбеді. Сондықтанда эмоцияға берілмедім. Екінші хабарды естігенімдеде жүрегіме құлақ салдым бұдада жүрегім ешқандай қуанышты аңғармады сондықтан ешқандай эмоцияға берілмедімдеп жауап қайтарған екен.
Я бұл болған жағдайдан не түйеміз. Қандай жағдай болсада өзімізді жақсы ұстай білуіміздің дұрыс екендігін айтып тұр. Я бұл тек қаржылық жағдайға байланысты айтылып тұр. Өмірде түрлі жағдай болуы мүмкін денсаулыққа байланысты, қарым-қатынасқа байланысты. Қандай жағдай болсада сабыр сақтап, оны түзетуге жəне алдыға жүруден талмаңыз. Сонда көшбасшылардың қатарынан боласыз. Қандай жағдай болмасын сабыр сақтай біліңіз сонда бəрі жақсы болады. 47-Сабақ Көп тыңдап аз сөйлеңіз. Үлкен табысқа жетесіз Осы көп тыңдап аз сөйле деген сөзді көптеген кітаптардан оқыдым. Көптеген əлемге танымал адамдардыңда осы сөзді айтқанын аңғардым. Ойланып қарасақ өте дұрыс айтылған сөз екен. Адам көп тыңдаған сайын білімі толығатыны анық. Көп сөйлеген сайын сізге ешқандай білім құйылмайды. Тек өз ойыңызды қорытып сыртқа шығарғаннан басқа еш нəрсе ұтпайсыз. Адамдармен сөйлескенде алдымен оның сөзін толық тыңдап алыңыз. Не айтқысы келіп тұрғаның біліп алғаннан кейін жауабыңызды қайтараңыз. Сонда айналаңыздағы адамдарға сабырлы тұлға ретіңде көрінесіз. Адам көп сөйлеген сайын сөзінін сапасы төмендеп, көп қателік жіберетінін аңғардым. Көп тыңдауыңызды əдетке айналдырыңыз. Тыңдағандада сізге пайдасын беретін материалдарды тыңдаңыз. Кəзір Ютубты ашсан болды қалаған салаң бойынша ақпарат алуға болады. Оның ішінде пайдалысыда бар, пайдасызсыда бар, тіпті адамға кері əсер ететін видеоларда бар. Осынын ішінен тек өзіңізге пайдалы видеоларды көруді əдетке айналдырыңыз. Сапалы видео көрсеңіз кітаптан жинаған біліміңізден əлде қайда тез жəне оңай жиналады. Тек өзіңізге пайдалыларын көруді əдетке айналдырсаңыз болғаны. Сөзіңіз қысқа нұсқа болсын. Ойға қонымды сөйлеңіз, ортаңызда абыройлы боласыз. .
Кім Аллаға жəне ахирет күніне сенсе, жақсы сөйлесін немесе үндемесін. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. а. с) Үнсіздіктің де мəні бар: біреулері түсінбегеннен, біреулері өте жақсы түсінгендіктен үндемейді. 48- Сабақ Адам жасағанды адам жасайды Адам жасағанды адам жасайды. Егер сол адамдай еңбектеніп, білім, тəжербие жинаса. Кез-келген жетістіктің артында еңбек, білім, тəжербие тұр. Сол сияқтыда өзіңізді болашақта қандай тұлға ретінде сезінгіңіз келеді. Мысалы өзіңізді табысы жақсы мықты кəсіпкер ретінде алдағы уақытта сезінгіңіз келсе, онда сол жеткен кезіңіздегідей бір кəсіпкер
тұлғаны қоғамнан тауып алыңыз. Сол кісінің жинаған білімін, игерген тəжербиесін, атқарғаннан еңбегін зерттеңізде сол сияқты алдыға ұмтылыңыз. Оның жинаған білімі, тəжербиесі, еңбегіненде сіз көп жұмыс атқаруға тырысыңыз. Сонда сол ойлаған адамдай немесе оданда биік жетістікке жетуге мүмкіндігіңіз зор болмақ. Менің өзімнің əлемдік деңгейде үлгі тұтатын адамдарым Дональд Трамп, Билл Гейтс, Стив Джобс т. б. Ал өзіміздің мемлекет бойынша үлгі тұтатын ағаларым олар Ахметбек Нұрсила, Аманжол Рысмендиев т. б секілді тұлғалар. Мен болашақта түбегейлі осы кісілер сияқты болмасамда, осы кісілерді барынша зерттеп осы кісілердің оқыған кітаптарын оқуға тырысам. Осы кісілердің биографиясын оқып оданда ой қорытам. Осы кісілердің құрған кəсіптерін қалай құрылды, бастапқы кезде қалай іс- атқарды соның бəрін білуге жəне осы кісілер секілді жұмыс атқаруға тырысам. Мен түбегейлі осы тұлғалар секілді болсамғой деп армандамаймын. Бірақ осылар секілді жұмыс атқаруға тырысам. Осы кісілердің атқарған істерін менде атқарсам, тура осылар сияқты болмасамда өзім ойлағандай кəсіпкер немесе саясаткер болуға мүмкіндігім зор болмақ. Адам жасағанды адам жасайды. «Оныңда басында 100 миллиард нейрон бар. Меніңде басымда 100 мииллиард нейрон бар». Тек ол атқарған істерді менде атқарсам болғаны. Тағыда қайталап айтамын адам жасағанды адам жасайды. 49-Сабақ Жылы сөйлеңіз. Сөзіңіз өткір болсын «Сөз сүйектен өтеді». Сөзбенде біраз іс тындыруға болады. Отбасыңызда, достарыңыздың алдында жалпы қоғамда жылы сөйлей біліңіз жəне сөзіңіз өткір болсын. Өткір болсын дегенім сөзіңіздің дəлелі мықты болсын. Көпшілікке ерекше тұлға ретінде көрінесіз. Адамның қандай екені сөйлеген бір-екі ауыз сөзінен аңғаруға болады дегенді естіген едім. Өмірде небір түрлі жағдай болуы мүмкін. Оқуыңызда, жұмысыңызда, бизнесіңізде небір түрлі қиындықтар болуы мүмкін. Сол қиындықтарда əрдайым өзіңізді байсалды ұстай біліңіз.
Сөзіңіз жылы жəне өткір болса, көптеген қиындықтардан шығып кетуге мүмкіншілігіңізде зор болмақ. «Он күнəнің тоғызы тілден»деген сөзді əрдайым есте ұстаңыз. Сөзіңіз жылы жəне өткір болса өміріңіздеде қиындықтар көп болмас. Өзіңіздің əрбір сөйлеген сөздеріңізге мəн беріңіз. Жағымсыз бос сөздеріңізді байқағанда əрдайым өзіңізді тəрбиелеп отырыңыз. Бірте- бірте сөзіңіз жылы болатыны байқалады. Ал сөзіңізді өткір болғанын қаласаңыз. Қысқа-нұсқа мағыналы сөйлей біліңіз. Өткір сөйлеуді меңгерудің жақсы тəсілінің бірі психологиялық кітаптарды оқыңыз жəне сөзі өткір адамдармен қарым- қатынасыңызды арттырыңыз. «Адамнан адамға сынықтан басқасының бəріде жұғады». Жылы сөйлеу адамның адамгершілігінің бір бейнесі. Егер жүрек таза болса, тілден əдемі сөздер шығады. ©Хазіреті Əли Анахарсистің хаттарынан: Афиндықтарға. Кейдесіз көпсөйлемей - ақ, аз сөзбен пайда келтіруіңіз мүмкінемес пе?! Артында жақсы ойлар мен жақсы істер тұрғандарда жаман сөз болмайды. Өте əдемі сөйлеп, іске үлкен зиян келтіретін адамнан гөрі, нашарлау сөйлеп, бірақ іске игілікті пайда келтіретін адамның сөзін тыңдағандарыңыз жөн болар. 50-Сабақ Өзіңізден есеп алуды əдетке айналдырыңыз «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мəртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?»(Абайдың 15-інші қара сөзінен. )
Дана Абай бабамыз бұл қара сөзінде өзіңнен есеп алудың маңызы жоғары екенін білдіртіп тұр. Шыныменде осыны атқарсаңыз сіздің өміріңіз жақсы-жарқын өмірге айналатыны анық. Осыған байланысты Бенджамин Франклиннің «адамгаршелік карточкасы» деген еңбегі есіме түсіп тұр. Франклин «адамгершілік карточкаларын» үнемі өзімен бірге ұстап жүреді. Ол əрқайсысы 7 баған мен 13 қатардан тұратын карточкалар болған. Баған – күндер, қатар – адамгершілік істері. Өзінің ниетін еске түсіру үшін, күніне карточканы бірнеше рет алып шығатын. Ал кешке жасаған адамгершілік істерін қарап, бүгінгі жасағандарын түртіп отыратын. Мақсат – барынша көп ұяшықтарды белгілеп отыру. Жаңа апта жаңа карточкадан басталатын. Сонымен қатар, олардың барлығы бірдей емес еді. Бенджамин 13 түрін қолданатын,
əрқайсысының төбесінде қағиданың біреуі қысқаша анықтамасымен жазылатын. Бұл дегеніміз, дəл соған осы аптада көңіл бөлу керек деген сөз еді. Апта соңында адамгершілік қағидасының қай түрінің дамығанын, қайсысының бəсеңдегенін бақылады. Өмірдің қай саласына жігерін күшейту керектігін ойланды. Сонымен қатар, 13 апта сайын тоқсандық есеп беретін. Бұл тəртіптің орындалуын қадағалауға көмек беретін. Уақыт өте келе адамгершілік қағидалары оның болмысына, мінезіне айналды. Əрқайсысын жеке қарастырайық. Франклиннің 13 адамгершілік қағидасы: Ұстамдылық Тамақты тек қарын ашқанда ғана жеңіз. Көңіл көтеру үшін немесе қомағайлықпен артық жемеңіз. Не жеп жатқаныңызды жақсы қадағалаңыз. Көп сөйлемеу Егер де əңгімеге тұрарлықтай айтатын сөзіңіз болмаса, үндемеген жөн. Айтқаннан көрі көбірек тыңдаңыз. Бос сөзге əуес болмаңыз. Тыныштықтың орнын толтыру үшін ғана сөйлеудің қажеті жоқ. Бұл адамдармен қарым-қатынасты доғарыңыз деген сөз емес. Тек, сұхбаттасушыны жақсырақ танып алған жөн. Тəртіпке деген сүйіспеншілік Керектісін тез табу үшін, өз заттарыңызға ұқыпты болыңыз. Заттарыңыз тым көп болғанда оларға қарау қиынға соғады. Бұл артық заттардан арылу керек деген белгі деп біліңіз. Уақытқа байланысты да дəл солай істеңіз. Сонда сіз маңызды жұмыстарды жасай аласыз. Табандылық Егер бір нəрсені істеймін деп байламға келсеңіз, істі аяғына дейін жеткізіңіз. Қолыңыздан келмейтін немесе жасау тіпті ойыңызда да
болмаса, бос уəде бермеңіз. Қолыңыздан келмесе, өтінішті қабылдамаңыз. Үнемшілдік Ақшаны орынсыз жұмсамаңыз. Əр тиыныңыз белгілі мақсатпен жұмсалуы қажет. Ақша керегіңізге жарасын. Жинап, үлкен бір қажеттілігіңізге жұмсарсыз немесе қарызыңыздан құтыларсыз. Еңбекқорлық Уақытты ырду-дырдумен өткізбеңіз. Əрдайым пайдалы іспен шұғылдаңыз. Атқарып жатқан ісіңізге күшіңіз жетпей жатса, шамаңыз келетін басқа іспен айналысыңыз. Егер де ешбір ісіңіз болмаса, өзіңізбен жұмыс жасаңыз. Егер тым қатты шаршасаңыз, мызғып алыңыз. Егер шаршағаныңыз ұзақ уақыт басылмаса, демалыс алыңыз, не болмаса дəрігерге қаралыңыз. Шынайылық Шынайы болыңыз, бірақ сөзіңіз басқаларға қалай əсер ететінін де ескерген жөн. Адамды жараламай, керісінше, қанаттандыруға тырысыңыз. Өтірік айтпаңыз, басқаларды да адастырмаңыз. Егер сынасаңыз, жұмсағырақ айтуға тырысыңыз. Əділдік Өз пайдаңыз үшін басқаларға зиян келтірмеңіз. Барлығына тиімді болатындай шешім іздеңіз. Егер сөз берсеңіз, сөзіңізде тұрыңыз. Немесе шарттарды орындау мүмкін болмай бара жатса, қайта қарастырыңыз. Шектен шығып кетпеу Шектен шығып кетпеуге тырысыңыз. Əдетте басқаларға деген оқыс қатынас келеңсіздікке əкеліп соқтырады. Зиян келтіргіңіз келсе де, абай болыңыз, шектен шықпаңыз Тазалық Киіміңізге ұқыпты болыңыз. Үйіңіз бен жұмысыңызды тазалықта ұстаңыз. Жеке бас гигиенасын ұмытпаңыз. Бұл өз денсаулығыңызға
керек, сонымен қатар, басқалардың сізді қалай қабылдайтынына ықпалын тигізеді. Байсалдылық Кенетттен болған оқиғаға қамықпаңыз. Одан қашып құтыла алмайсыз, қайғырумен де шешім таппайтыныңыз анық. Өз эмоцияңызды ұстай біліңіз, жəне жүріс-тұрысыңызға кері əсерін тигізуіне жол бермеңіз. Ол жайтты дұрыс шешімге келуге септігін тигізетін хабар ретінде қабылдаңыз. Пəктік Құмарлық – өміріңіздің мəні болуынан сақтаныңыз. Өзіңізді сатқындыққа итермелеуге жол бермеңіз. Егер жалғыз өзіңіз төтеп бере алмасаңыз, көмекке жүгініңіз. Бірақ бұл қағидадан мүлдем бас тартуға да болмайды. Кеңдік Кез келген істе асып түсуге тырысыңыз. Кереметпін деп мақтанудың еш қажеті жоқ. Жай ғана артығымен істеуге жəне өзгенің хақысын беруге тырысыңыз. Бұл жүйені өмірде қалай қолданамыз? Франклиннің адамгершілік қағидаларын негізге ала отырып, өзіңіздің бойыңыздан көргіңіз келген қасиеттерді қоса отырып, кестеңізді құрыңыз. Немесе өзіңіздің қалауыңызша басқадай тізім жасап алыңыз. Негізгі ой – сізді жақсырақ болуға септігін тигізетін ізгі іс пен икемнің жүйесін қалыптастыру. Кейін күнделікті өзіңіздің ілгері басқаныңызды қадағалау. Уақыт өте, бұл қасиеттер сіздің болмысыңызға айналады. Бастысы – күнделікті жаттығу. Карточкаларды қағазға түсіріп алыңыз немесе смартфоныңызға енгізіп қойыңыз. Күнде таңертең карточкаға қарап, сол күнгі атқарылатын жұмысты есіңізге салып отырыңыз. Кешке не істегеніңізді түртіп отырыңыз. Ал апта соңында жалпы ілгерілеуіңізге баға беріңіз.
Тек, бірден керемет нəтиже күтпеңіз. Ой-өрісті дамыту уақытты талап етеді. Күнделікті қағидалармен жүретін болсаңыз, өміріңіздің жақсы жаққа қарай өзгергенін аңғаратын боласыз. (Б. Франклиннің адамгершілік карточкасы-hhttp://bilim-all. kz/ сайтынан алынды!) Осы Франклиннің адамгершілік карточкасы көптеген адамдардың өмірінің өзгеруіне септігін тигізді. Осы жүйе сізгеде өз пайдасын береді деген сенімдемін. Бастысы сіз осы білгеніңізді іске асырсаңыз болғаны. Тек Бенджаминнің адамгершілік карточкасы арқылы ғана емес, өзіңіздің бойыңызда нелер жетіспей тұр, соларды өзіңізге толықтырып əрдайым өзіңізден есеп алып жəне үнемі өзіңізді дамыта біліңіз. Сонда өзіңіз ойлағананда жоғарғы жетістікке жетуге мүмкіндігіңіз зор болмақ. «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мəртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?» © Абай
51- Сабақ Өзіңіз үлгі тұтатын адамдардың 10 дағдысын меңгеріңіз Жетістікке жеткен адамдардың кез-келгеніне қарасаңызда олардың өзіндік бір дағдылары болады. Мысалы олар таң ертен ерте тұру, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, кітапты көп оқу, жаңа шыққан нəрселерге қызығушылығы, көпшілікпен жақсы қарым- қатынасты болуы, шет тілдерін меңгергені, оптимистік қасиеті секілді осындай ерекше дағдылары болады. Бұл тұлғалар осындай адамға пайдасын беретін дағдылары арқылы табысқа жетуі белгілі. Сізде осы тұлғалар секілді табысқа жеткіңіз келсе, осы кісілерден өзіңізге ең маңызды деген 10 дағдыны меңгеріңіз. Ондай кісілер біздің қоғамда айтарлықтай көп болмасада баршылық. Сондай 5 тұлғаның ерекше дағдылар өзіңіз қайталап меңгеріңіз. 10 дағдыны 10 аптаға бөліп меңгерсеңізде болады. Немесе бірден 2, 3-уін бастап кетіңіз. Шындап кіріссеңіз 2, 3 аптада табысқа жеткен адамдар секілді дағдыланып, өміріңіз жақсы жағына қарай өзгереді. Тек жақсы тұстарын меңгеріңіз. Əйтпесе табысты, еңбекқор кейбір адамдардың адамға пайда бермейтін қайта зиян тигізетін дағдыларыда бар болуы мүмкін. Бұл дағдыларды сіз байқаусызда меңгеріп алсаңыз өрлеу емес, күйреу дəрежесіне жетесіз. Сондықтан тек өзіңізге пайдалы деген тұстарын меңгере біліңіз, сонда мақсатыңызға жетуге мол күш алған боласыз. Осыған байланысты Стивен Ковидің «Жоғарғы дəрежелі адамдардың 7 дағдысы» деген кітабы есіме түсіп отыр. Осы кітапты оқуға сізге кеңес беремін. «Міндетті түрде өзіңнен мықты адамдармен жұмыс істеуге тырыс. Олар сенің өсуіңе көмектеседі. » 52-Сабақ Өзіңізді апельсин секілді ұстаңыз. Сыртқа іштегі нəрселерді шығарыңыз.
Өзіңізді апельсин секілді ұстай біліңіз. Сыртқы ортадағы болып жатқан жағымсыз, сіздің психологияңызға зиян тигізетін жайттарды қабылдамаңыз. Тек сыртқа ішіңіздегі күшті шығара біліңіз. Тек сырттан өзіңізге пайдалы нəрселерді қабылдап үйреніңіз. Адам баласа болғаннан кейін қанша деген мен сыртқы ортадағы жайттар сізге ықпал ететіні сөзсіз. Бірақ сіз өзіңізді апельсин секілді ғып үнемі ыстап жүре аласызба. Əрине бірден апельсин секілді тұлға болып кетуіңіз қиынға соғады. Бірақ бұғанда қалыптасуға болады. Сіз қандай мықты тұлға болсаңызда сізге байланысты жағымсыз сөздер айтылатыны заңдылық. Тарихта ұлы жетістіктерге жеткен тұлғалардың өмір - баянын қарасаңыз, олар қандай қиындық босада өздерін жақсы ұстай білген. Өміріңде небір түрлі қиындықтар болсада, оны өзіне қабылдамай керісінше ішіндегі қуатын сыртқа шығара білген. Жетістікке жеткен адамдардың қайсі бірін қарасаңызда сыртқы болып жатқан дүниелерге емес ішіндегі алапат күшке тəуелді болған, соның арқасында олар жетістікке жете білді. Кəзір Аллаға шүкір еліміз тыныш жұртымыз аман зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатырқ. КСРО уақытындағыдай қиын кез жоқ. Кəсібін ашып жаңа заманауи білімдерді меңгеріп еңбектенген адамдар кəсібін дөңгелетіп жақсы нəтижеге жетіп жатыр. Кəсіпкерлікке мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп жатыр. Тек алдыға ұмтылып жаңа білім жинай білгендердің заманы орнап жатыр. Əлемдегі кейбір мемлекеттерге қарап өз мемлекетімнің жағдайын көріп Аллаға шүкір етем. Елде кəсіппен айналасуға үлкен мүмкіндік бар. Жеріміз кең, нарық бос, бəсекелестік қатты дамымаған бұндай қоғамда жаңа заманауи білімді меңгеріп алдыға талмай еңбектенген адамдар жоғарлы деңгейлі кəсіп ашуға мүмкіндігі зор деп білем. Сол үшінде сырттағы майда-шүйде дүниелерге тəуелді болмай өзіміздің ішіміздегі алапат күшті оятып, іске қосуымыз қажет. Осындай кəзіргідей мүмкіншілік болып тұрғанда əрқайсысымыз қолдан келгенше алдымызға қойған мақсатымызға ұмтылайық. Сонда бізде жақсы боламыз, мемлекетімізде жақсы болмақ.
Əрдайым мына қасиеттерді шыңдай біл, олар: байсалдылық, жанның жомарттығы, мейірімділік, сенімділік пен жүрек мəрттігі. Сонда ғана шынайы өмір белесіне жете аласың. ©Конфуций 53-Сабақ Ақыл бақша секілді не ексеңіз соны орасыз Санаға тек жақсы пайдалы ақпараттарды қабылдау оп-оңай нəрсе емес. Оғанда белгілі бір тəртіптілік керек. Ақылға не игерсеңіз ол сізге сол игергеніңізді қайтарады. Егерде сіз үнемі пайдасыз, уақытты жоғалтатын істермен айналыссаңыз онда оның жемісін міндетті түрде көресіз. Мысалы сіз əлеуметтік желілерді бей- берекетсіз пайдалансаңыз, уақытылы тамақтанбасаңыз, газды сусындарды майлы тағамдарды, аз қимылдауды, дұрыс ұйықтамауды, денсаулыққа зиян тигізетін ішімдік, шылым тағы осы секілді нəрселерді əдетіңізге айналдырсаңыз, ол сізге міндетті түрде өзінің зиянды жемісін береді. Бұнын арты басты байлығыңыз денсаулықтың жоғалуына, психологияның бұзылуына, кедейшілікке осы секілді кеселдерге жолықтырады. Дереу оны ретке келтірмесеңіз соңы үлкен өкінішке апаруы мүмкін. Ал ақылыңызға өзіңізге тек жақсы нəрселерді ексеңіз, оны тəтті жемісін көретіңіз айдан анық. Олар спортпен шұғылдану, салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс ұйықтау жүйесін ретке келтіру, кітап оқуды əдетке айналдыру, өзіңізге зиян тигізетін тағамдардан бас тарту, біліміңізді əрдайым заман талабына сай арттыру осы секілді нəрселерді бойыңызға сіңіре білсеңіз оның тəтті жемісін алып өміріңіз жарқын болмақ. «Мына сөзді есте сақтаңыз. Аз қиындық көріп соңы үлкен рахатты қалайсызба, əлде азғантай ғана рахатты көріп соңы үлкен өкінішке апаратын қайғыны қалайсызба. Таңдау өз еркіңізде. »Аз қиындық дегенім жаңағы өзіңізге пайдасын беретін істер. Аз рахат дегенім сізге зиянын беретін нəрселер. Болашағыңыз жарқын болғанын қаласаңыз өзіңізге азғантай ғана қиындық туғызатын істерді
махабатпен істей біліңіз, соңы жарқын өмірге апаратыны айдан анық. Қай кезде батыл, қай кезде төзімшіл болу керектігін білгін келсе, ақылды бол. Шығыс даналығы 54-Сабақ Өзіңізден мықты, тəжербиелі адамдармен қарым- қатынасыңызды арттырыңыз немесе бірге жұмыс істеңіз жəне көмектесе біліңіз. Өскіңіз келсе өзіңізден мықты адамдармен қарым- қатынасыңызды арттырыңыз немесе бірге жұмыс істеңіз. Біздің қоғамда тəжербиелі адамдар баршылық. Қандай мекеме болсын, əр жерде өз ісінің мамандары бар. Олармен қарым-қатынасыңызды арттырып көп нəрсе үйренуге болады. Өзіңіз ақылды деп санаған 5 адамды таңдап алыңыз. Мүмкіндік болса, оларды кездесуге шақырыңыз. Жарты сағаттық кездесудің өзінде сіз көптеген жаңа білімдер жинақтайсыз. Дұрысы өмірде табысқа жеткен, мол білімі бар, тəжербиелі адамдармен қарым- қатынасыңызды арттырыңыз, сонда сізде солар секілді жетістікке жетуіңіз əбден мүмкін. Егер білімі-тəжербиелігі жағынан өзіңізден қарағанда төмен адамдармен жұмыс істесеңіз қоспайсыз, тек бір орында тұрасыз, тіпті тəжербиелігіңіз төмендеп кетуіде мүмкін. Енді түбегейлі білім тəжербиесі аздау адамдармен қатынасыңызды үзу шарт емес. Тек сіздің өсуіңізге кедергі болатын нəрселерін, бойыңызға сіңірмесеңіз болғаны. «Бірақ мынаны есте сақтаңыз, адамнан адамға сынықтан басқасынын бəрі жұғады». Түбегейлі адамды бұлай бөлугеде болмайды. Табысты, білімді, тəжербиелі адамдармен қарым-қатынас жақсы болғаны əрине жақсы. Бірақ тəжербиесі-білімі аз адамдармен қарым-қатынасты, мүлдем үзуге болмайды. Бұл адамгершілікке жат деп білем. Егер өзіңізден əлсіз екенін байқасаңыз қолдан келгенше көмектесіңіз. Сонда сізге сізден жоғары тұлғалар көмектесетіні анық. «Өмір алма кезек. Бүкіл əлемдік қайтарым
заңы». Қолдан келгенше көмектесіңіз, адамнан қайтпаса Алладан қайтады. Адамнан адамға сынықтан басқасының бəрі жұғады. Халық даналығы 55-Сабақ Үмітіңізді ешқашан өшірмеңіз. Үміт жанармай секілді Үмітсіз өмір сүру қиын. Өз өзіңізге сеніңіз. Сенім адамды 180 градусқа өзгертеді. Байқайсызба сенімсіз бастаған істеріңіздің соны немен аяқталатыны. Көбісі орындалмай қалады. Əр бастаған ісіңізге сене біліңіз. Бірақ мынаны естен шығармаңыз. Сіздің қолыңыздан келуі екі- талай іске сену ақымақтық болады. Мысалы мен кəз 10 км лік алыстыққа 58 мин та жүгіре алам. Егер мен осы 10 км-ге 30мин жүгірем деп өзіме үміт артып сенімділігімді күшейткеніммен мен оны білем қолымнан келмейтінін. Кемі оған 2, 3 айлық арнайы жаттығу қажет болады. Ал егер 50 минтта жүгірем деп бар күшімді салсам, орындай алатыныма сенімдімін. Бірақ қаттырақ қиналатынымдыда біліп тұрмын. Осы сияқты қолыңыздан мүлдем келмейді деген істеріңізге үміт артпай-ақ қойыңыз. Бірақ үнемі өзіңізді жетілдіру арқылы өзіңіз ойламағандай жетістікке жетуге болады. Өмірдегі алдыңызға қойған мақсатыңызға ешқашан үмітіңізді өшірмеңіз. Мейлі ол 20 жылдан кейін болатын іс болсада, үмітіңізді өшірмей əрдайым ойыңызды ыстап жүріңіз. Бұл сізге болашаққа сенімділікті арттырады жəне бұрыс жолға түсіп кетуіңізденде сақтайды. Үміт-адамның рухани дүниесінде азық секілді. Үміті жоқ кейбір адамдарға қарап менің ішім ашиды. Болашағына ешқандай үміті жоқ тіпті алаңдаушылығыда жоқ. Болашағына жүйелі бір мақсатыда жоқ. Сұрасан өзінен болашақта қандай жоспарларын бар деп, айтатыны көремізғой, уақыт келсін, əлі жаспызғой деген сөздерді естимін. Бұндай адамдардан алдағы уақытта қандай тұлға шығатыны белгісіз. Бірақ ақыры жақсы болмайтыны белгілі.
Мақсатыңызға үмітіңізді əрдайым арттырыңыз жəне өзіңізді үнемі жетілдіріңіз. Спорттан, білімнен, тəжербиеңізді, рухани дүниеңізді əрдайым жетілдіріңіз. «Адам мақсатына өзін жетілдіру арқылы жетеді. »(Əбу Насыр Əл-Фараби) Айналаңа — махаббатпен, алға — үмітпен, артқа — ризашылықпен, аспанға — иманмен қара. 56- Сабақ Өз-өзіңізді ешқашан алдамаңыз Ең жаман нəрселердің бірі өз-өзіңді алдау. Кейбір адамдар өздерінің істеп жатқан іс-əрекеттерінің дұрыс емес екенін біле тұра, оны істей береді. Кейінірақ істей беремғой, кəзірше осыны істеп жүре берейін деп өз-өзін өмір бойы алдап өтуіде ықтимал. Мысалы тамақтануға байланысты қарайықшы. Кейбір адамдарды көріп өз-өзін алдап жатқанын аңғарасын. Мен бүгін соңғы рет осы газды сусынды ішіп жатырм немесе осыдан кейін осындай майлы тағамдардан бас тартам деген сөзді жиі естимін. Бірақ кейінірақ қарасан жаңағы газды сусын мен майлы тағамдарын қолдануды доғармаған. Біретте бас тартқан едіңізғой, не болды деп сұрасан, ой енді бас тартайын деп жүрм немесе онша зиян емес екенғой деген сөздерді естимін. Бұлай жүрісімен оны тастауы екі талай. Тек өзін алдағаннан басқа еш нəрсеге қол жеткізбейді. Басқада нəрселер осы секілді. Олар ішімдіктерді қою, шылым шегуді доғару, құмар ойындардың жаман екенін мойындау, ерте жатып ерте тұруды əдетке айналдыруды келесі аптадан бастайм деп жүру, келесі аптадан бастап кітап оқимын, ендігі жылдан бастап кəсібімді бастайм деген секілді нəрселерді киінгі қалдыра береді. Бұл жүресімен тек өзін алдап жатқанын аңғармайды. Ал уақыт болса зулап өтіп жатыр. Уақытты бағалай біліңіз. Барлық істің өз уақытында орындалуына назар аударыңыз. Алдау - жаман нəрсе. Бірақ ең жаманы - өз-өзіңді алдау. 57-Сабақ
Қазіргі қоғамдағы дерттер Кəзір қоғамда адамға зиянын беретін нəрселер көбейіп кетті. Заман дамыған сайын адамның өміріне зиян тигізетін нəрселер көбейді. Біз олардан қалай сақтанамыз. Өзімізді, жақындарымызды, мемлекетімізді сақтандыра аламызба. Жастар арасында таралған дерттер, олар интернетті бей-беркетсіз пайдалану. Кейбір жастар күніне, 4, 5 сағат интернетті босқа пайдаланады. Осы арқылы алтын уақыттар жоғалтуда, уақыттарын денсаулығын жақсартуға, білім-ғылым жинауға рухани дүниесін жаңғыртуға, мақсатына жетуге емес күніне 4, 5 сағат тіпті оданда көп виртуалды əлемге арнайды. Бұл қоғамдағы үлкен дерттердің бірі ғана. Жастарға саналы тұлға болып қалыптасуға басқада дерттер қоғамда баршылық. Олар жастардың ішімдіктерге əуестенуі, шылым шегу, калян шегу, компьютерлік ойындарға көп уақыт бөлуі, жастар арасында жыныстық қатынасқа ерте енуі, адасқан діни ағымдарға кейбір жастардың кіруі осы секілді адамның саналы тұлға болып қалыптасуын шектейтін қоғамдық дерттерден біз қалай түбегейлі айырыламыз. Кез-келген қоғамдық мəселені шешуге болады. Тек оған бірігіп жұмыс атқаруымыз қажет. «Бəріміз біріміз үшін, біріміз бəріміз үшін дегендей, жұмылып көтерген жүк жеңіл болады». Менің ойымша Ол үшін ең алдымен əр бір саналы тұлға өзін осы қоғамдық дерттердің сақтану білу қажет. Одан кейін отбасын, достарын, туысқандарын, таныстарын сақтануға шақыру қажет. Сонда бірте-бірте бұндай қоғамда таралған дерттер жойылатыны анық. Бастысы əрбір саналы адам өзін жамандықтан сақтандыра білсін. Сонда қоғам жақсаратыны анық. Тек біздің мемлекетке емес əлемге таралған бұл дерттен біз сақтануымыз қажет. Ата-бабамыз қасық қаны қалғанша осындай кең байтақ мемлекетті бізге аманат етіп қалдырып кетті. Ендігі ұрпақ біз осындай əлемге таралған дерттердің құрбанына айналуға тиісті емеспіз. Біз əрқайсысымыз қолдан келгенше мемлекеттің дамуына өз үлесімізді қосуымыз қажет. Ол үшін салауатты
өмір салтын ұстанатын, білім-ғылымның жолына түскен, рухани дүниесі жаңғырған, елін жерін сүйетін, ұлттық мақсатымыз бір сапалы халыққа айналуға тиіспіз. Сонда біздің мемлекеттің жететін жетістігі көп болмақ. Құдай қаласа. Бір қарын майды, бір құмалақ май шірітеді Халық даналығы 58-Сабақ Істі ертеңге қалдырмаңыз Атқаратын істі ертенге қалдырмаңыз. Қолдан келгенше бүгін бітіруге тырысыңыз. Қалғаны ертенге қалар. Еріншектің ертеңі бітпейді деген халық арасында айтылып кеткен бұл сөздің берер мағынасы зор. Негізінде өмірде жетістікке жетпеген адамдардың басты кемшіліктерінің бірі, ол осы бүгін атқарылатын істі ертенге қалдыруы. Бүгін атқарылатын іс ол бүгін атқарылуы тиіс. Ертенгі күннің жаңа атқаратыны ісі бар. Өмірде табысқа жеткен адамдардың көпшілігі оптимист мінезді болған. Олар қолдан келгенше істі, бүгін атқаруға тырысқан. Себебі ертенгі күнге басқа атқаратын істері баршылық. Мақсатыңызға жеткіңіз келсе істі ертенге қалдырмауға тиіссіз. Сіз мақсатты белгілі бір уақытқа құрасыз. Ол мақсатыңыз кішкентай атқарылатын істерден құралатыны анық. Сіз мысалы мақсатыңызға жету үшін 10000-іс атқаруға тиіс болсаңыз. Онда сіз сол 10000істі бөлінген күндерге ыңғайлап атқарыңыз. Əр кішкентай істі ертен істей саламғой деген сол мақсатыңызға жетер жолды алыстап жəне ол мақсатыңыздың уақытыда өтіп кетуі мүмкін. Сол үшінде құрметті оқырманым істі бүгін атқаруға тырысыңыз. Ертенгі күннің өзіндік атқаратын істері баршылық. Іске сəт. \"Ертең жасаймын\" деген сөзді көп қолданатындар, əдетте, сəтсіз, кедей, бақытсыз адамдар болып келеді. ©Роберт Кийосаки
Мына кестеде мысал ретінде берілген. Осы кестедегідей апталық жоспарларыңызды тізіп жазып, оның орындалуына назар аударыңыз. Сонда өзіңіз ойлағандай жетістікке тез жетесіз. 59- Сабақ Проактивті жəне Реактивті сөйлеу Жетістікке жететін адамдардың басты қасиетінің бірі проактивті сөйлеуінде. Себебі олар қандай іске жолықсада мүмкіндікті қарастырады. Проактивті адамдар əрдайым өзіне сенімді, сенімді болмаған күннің өзіндеде сөйлеу сөзін нық сенімдіғып сөйлей біледі. Осынын арқасында олар жеңіске жету мүмкіншілігі реактивті сөйлейтін адамдардан қарағанда жоғары болмақ. Сіздің əрбір сөйлеген сөзіңіз ол сізге əсер етеді. Егер сіз мен жалқаумын, менде білім жоқ, менің тəжербием жоқ, менің қолымнан еш нəрсе кемиді деп айтсаңыз шыныменде сіздің айтқан сөздеріңіз орындалады. Бірде Генри Форд айтыпты. «Егер сіз менің қолымнан келеді деп айтсаңыз мен сізге сенемін. Егер сіз менің қолымнан кемиді деп айтсаңыз бұл жолыда сізбен келісемін сіздің қолыңыздан кемейді деп айтқан екен».
Адам қалай сөйлесе ол сол сөйлеген жағына қарай өзгереді. Проактивті сөйлеу үшін алдымен ойды өзгерту керек. Адам ойың 1 күнде өзгерте алады егер ниеті болса. Ойыңызды өзгерте білсеңіз сөзіңіз өзгереді. Сөз өзгерсе ісіңіз, ісіңіз əдетке, əдетіңіз, мінез- құлыққа ал мінез құлқыңыз өміріңізді анықтайды. Барлық нəрсе ой арқылы сөзден басталатыны анық. Бəрі бір- бірімен тығыз байланысты. Ойдан бірден əдетке аттап кете алмайсыз. Алдымен сөзге, іске одан кейін əдетке жетесіз. Проактивті сөйлеугеде дайындық жасасаңыз болады. Егер сіз өзіңізді жалқаумен деп есептесеңіз онда бір парақ алып 1000 рет мен еңбекқормын деп жазыңыз жəне айтыңыз. Осылай бір апта қайталасаңыз сіздің ойыңыз өзгеріп, сөзіңізде ісіңізде дұрыстала бастайды. Себебі сіз миыңызға мен енбекқормын деп 7000 рет айттыңыз. Ми əрбір айтқан сөзіңізді өзіне сіңіре біледі. Мида 100 миллиардтан астам нейрон бар. Сол əрбір нейронға сөзіңізді сіңіре білсеңіз болғаны. Ол сізге айтқаныңыз бойынша жұмыс істейді. Сол үшінде өзіңіздің санаңызға зиян тигізетін сөздерді ешқашан айтпаңыз. Тек проактивті сөйлеңіз. Сонда өзіңіздің өміріңіз өзгереді. Айналаңызғада оптимист адам ретінде көрінесіз. 60- Сабақ Реактивті сөйлеу Реактивті сөйлеу ол сізді құрдымға жіберетін үлкен жолдың бірі. Реактивті сөйлетін адамдар əдетте өмірде жетістікке жетпеген, қорқақ, жалқау пессимист адамдардың қатарынан болады. Реактивті сөйлейтін адамдар, өз саналарына менің қолымнан түк келмейді, мен əлсізбін, менде білім, тəжербие жоқ деп мөр басып қойған. Ол мөрді өшірмейінше сол реактивті сөйлеу арқасында бір жетістікке жетуі екі талай. Себебі санасына сіндіріп тастаған. Соның арқасында ісіде түзу емес. Ісің түзу болмағаннан кейін əдет, мінез-құлқында түзу болмайтыны анық. Мінез құлқы бұзылған адамның, өмірі бұзылатыны белгілі. Сондықтан əрқашан реактивті емес проактивті сөйлей біліңіз.
Дана халқым не дейді. «Жақсы сөз жарым ырыс»демекші, əрдайым жақсы сөйлей біліңіз. Сонда жетістікке жетуге керекті басты нəрселердің бірін қолға түсірдіңіз. Ол сізге əрдайым қызмет жасайтын болады. Нені санаңызға сіңірсеңізде сол сізге өз қызметін жасайтын болады. Тек жақсы сөйлеңіз. Өміріңіз жарқын болмақ 61- Сабақ Өмірдің мəні мақсат қойып оған жету деп білем Бірде əлеуметтік желіден мынадай бір сөз оқыдым. Əзілге айналдырған екен. Онда былай жазылыпты бір жас бала таудың етегінде отырған ақсақалдан өмірдің мəні неде деп сұрайды, ол ақсақал өмірдін мəнін Google-ден сұрап көрсей деп тіл қатты. Əрине бұндай сөзді əзілге
айналдырған дұрыс емес. Бірақ осы сөзді оқып шыныменде өмірдің мəні неде деп өзіме сұрақ қойдым. Басында аса бір мəн бермедім. Киін уақыт өте келе, əлемге танымал тұлғалардың кітаптарын оқып, жалпы өз түсінігіме сəйкес келгені өмірдің мəні ол алдыңа сені жақсылыққа апаратын, артыңа із тастайтын, көпшілік адамға көмектесетін даңғыл мақсат қойып соған жетсең сол өмірдің мəні деп білем. Сіздердің ойларыңызда солай деген ойдамын. Өмірдегі барлық жақсылықты алдыға мақсатқып оны орындауға болатынына сенімдімін. Мысалы денсаулық адамның өміріндегі бақыттың 10-нан 9-на тең. Денсаулықты сақтау сақтамау біздің өз қолымызда. Сіз ішімдіктерден, шылымнан, зиянды тағамдардан бастарсаңыз, спортпен күніне 1 сағат айналыссаңыз, қиындықта сабыр сақтай білсеңіз жəне əрдайым өзіңізге зиян тиетін нəрселерден сақтана білсеңіз, сіздің денсаулығыңыз жақсы болатыны анық. Денсаулықты күтуді мақсатыңыздың арасына қосып қойыңыз жəне оны əрдайым орындаңыз. Осы секілді барлық жақсылықты мақсатқып алдыңызға қойып оны орындасаңыз бақытты болғаныңыз. Білім жинау болсын, отбасу құру болсын, бала-шағаңыздың саналы ұрпақ болып өсуі, айналаңыздағы адамдарға көмектесу, əлемге көмектесу болсын барлық жақсылықты мақсат қып қойып оны орындау нағыз батыл адамның қолынан келетіні анық. Өмірдің мəнін ғарыштан немесе айналаңнан немесе біреуден емес. Əуелі құдіретті Алладан жəрдем сұрап алдыңа мақсат қойсаң содан табатынымыз анық деп білем. «Мақсаты жоқ 1000адамнан Мақсаты бар 1 адам артық» 62- Сабақ Тұлға болып туылмаймыз, тұлға болып қалыптасамыз. Əлем ұлы деп таныған тұлғалардың барлығыда ұлы тұлға болып туылмаған. Бəріде ұлы тұлға болып қалыптасты. Кез-келген адам мықты тұлға бола алады. Тек оның құнын төлесе. Құн дегенім сол мықты тұлға болып қалыптасуға керекті жолда кететін жұмысы. Ал ол жұмыстың
құнын төлеу үшін теңізге емес, теріңе малшынуға тура келеді. Кез- келген жетістіктің артында үлкен талпыныс жатқаны анық. Мысалы сіз жақсы үйде тұрғыңыз келсе, жақсы киім кигіңіз келсе, дене сымбатының əдемі болғанын қаласаңыз, шетелде демалғанды қаласаңыз онда оның құнын төлеңізде орындай беріңіз. Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай «басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай, һəм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек, бай болуға кəсіп жасау керек ал күшті болуға бірлікте болуымыз қажет. Ал осы керектілеріндің жолында жұмыс жасауымыз керек». Осы керектілерге жету үшін осылардың құнын төлеу қажет. Мықты тұлға болып қалыптасу үшін əрине сол тұлғалардың атқарған жұмысындай жұмыс, немесе оларданда көп жұмыс атқаруға тура келеді. Кез-келген əлемде танымал адамдардың өмір-баянына қарасаңыз. Олар жастайынан білім-ғылымға немесе шығармашылыққа, немесе спортқа осы секілді нəрселерге жан құмары қатты болған. Олар сол жан құмарын тəн құмарынан артық қойып, сол жан құмарымен өмірінің аяғына дейін жұмыс атқарып, өз еліне немесе əлемге атын қалдырып кетті. Кез-келген адам басқаға үлгі болатындай тұлға бола алады. Ол үшін салауатты өмірді қалыптастыру керек. Салауатты өмір дегенім жарқын өмір сүруге керекті нəрселерді пайдалану. Олар білім- ғылымды меңгеру, спортпен айналысу, рухани жан дүние тазарту жəне жаңғырту осы секілді нəрселерді өмірлік ұстанымы етіп алса, ондай адамға кез- келген саналы адам қызығып, құрмет тұтатыны анық. Өмірдегі барлық жақсылықты көре алуға болады. Тек дұрыс көзқарас пен қарай білсен болғаны. Сол барлық жақсылықты бойға қолдан келгенше сіңіріп, оны айналамызға қолдан келгенше шаша білсек, міне сол кезде мықты тұлға болып қалатынымыз анық. Сен кімдерге көп еліктесен болашақта сол адамдар сияқты болуын ықтимал 63- Сабақ Тек жақсы ойлаңыз. Сіз өз ойыңыздың жемісісіз
Ойы жақсының өзі жақсы демекші. Ойды өзгерттім деген өмірімді өзгертуге керекті ең мықты құралды қолға түсірдім деген сөз. Барлық істелетін жақсылықта, жамандықта ойдан басталатын алдынғы бөлімдерде де айтып кеткен болатынмын. Сенің бүкіл мəселен сенің басында ғана деп батыстың тренерлері айтқандай. Шыныменде адам баласының көпшілік мəселесі оның миында. Оған тек жаңаша көз- қараспен қарай білу қажет. Егер ойыңыздың жақсы емес екенін байқасаңыз, оны дереу өзгерту қажет. Ойды ертен немесе арғы күні өзгертуге болмайды. Ойды бүгін өзгерту қажет. Мысалы сіз миллионер болғыңыз келді дейік. Онда бірінші қадам сол миллионерша қадам жасау. Алдымен миллионерша ойлау. Миллионерша ойлау. Солар секілді алдыңызға мақсат қойып, бизнес жоспар құрып, солар секілді бизнеске қажетті заманауи білімдерді игеріп, солар секілді киініп, солар секілді сөйлей біліңіз. Сонда өзгеретіңіз анық. Осыған байланысты«Миллионер за минуту»деген Роберт Г. Аллен кітабын оқып шығуға кеңес беремін. Қандай бір жетістікке жеткіңіз келсе, сол жетістікке жеткен адамдарша ойлай білгеннің пайдасы зор деп білем. Тек шамадан тыс ауытқып кетпесеңіз болғаны. Ойды бір күнде өзгертуге болады. Ниетіңіз болса болғаны. Ал өмірді өзгерту осы ойдан бастау алатыны белгілі. Ойды өзгертудің бірнеше жолы бар. Олар кітап оқу, ойды өзгертетін тренигтерге бару бастысы өзіңіздің өміріңізге 100% жауапкершілік алу. Сонда пайдасыз ой-кеселдерден арылып тек жақсы ойлау режиміне түсесіз. Жақсы ойлау жақсы өмірдің бастауы екенін естен шығармаңыз. Кез-келген нəрсе екі жерде пайда болады. Алдымен ойда одан кейін өмірде ©Альберт Эйнштейн
64- Сабақ 100%-жауапкершілік алыңыз өз-өміріңізге Жетістікке жеткіңізкелсе өз-өміріңізге өзіңіз 100% жауапкершілік ала біліңіз. Жауапкершілік сізге қалай жұмыс атқару керек екенін анықтап
береді. Сіз өзіңізге жауапкершілік алғаннан кейін ешкімге сенім атқармайтын боласыз. Барлық өзіңіз ойлаған мақсатарыңызға өзіңіз жету керектігін ұғып жұмыс атқаратын боласыз. «Жақсылық көрсем өзімнен жамадық көрсем өзімнен тағдыр қылды дегенді шығарамын сөзімнен» Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай өзіңізге жауапкершілікті арта біліңіз. Əдетке біреуге сеніп қалған адамдар жетістікке жетуі қиынға соғады. Себебі олар жауапкершілікті өзінен емес айналасынан іздейді. Оның атқаратын жұмысына отбасысы кінəлі немесе достары кінəлі немесе үкімет кінəлі немесе ауа-райы кінəлі немесе өмір кінəлі секілді көрінеді. Оларға айнала кінəлі ал өзінкінің барлығыда дұрыс көрінеді. «Конфуций айтқандай ақылды адам алдымен кінəні өзінен іздейді, ал ақымақ адам кінəні айналасынан іздейді деп айтқаны бар.» Нағыз көшбасшылар, жетістікке жеткен адамдар өзіне жауапкершілікті арта білген. Жетістікке жету үшін сізге білім, тəжербие жинау ораторлық қабілетіңізді шындау, айналаңмен жақсы қарым-қатынаста болу, еңбекқорлық, салауатты өмір салтын ұстану секілді нəрселер керек делік. Ал осы нəрселер сіздің бойыңызға оңай қона салатын нəрселер емес. Бұны бойға сіндіру үшін еңбекқорлық пен өзіңнін өміріңе деген жауапкершілік қажет болатыны анық. Адам қай уақыттан бастап өзіне емес басқа бір адамға түбегейлі сенетін болса, ол сол күннен бастап дамуын тоқтатады. Себебі ол өзіне жауапкершілік алған жоқ. Өмірдің тізгінің өзінің қолында емес басқа біреуге беріп қойды. Өз өміріңнін тізгінін ұстағаннан бастап адамның бойындағы алапат күші оянып жұмыс атқаратын болады. Өмірде өзіңізге сеніңіз, басқаға сеніп өміріңіздің басқа біреудің қолында болуына жол бермеңіз. Əрине сізге көмектесем деген адамдарға
қарсылық білдірмеңіз. Оларды тек пайдаланыңыз. Оғанда өзіңіздің көмегіңізді аямаңыз. Тағы айтарым өзіңізге түбегейлі сенетін адамдарға, өз өміріне өзі жауапкершілік алатынына қолдан келгенше көмектесіңіз. Сылтау айтпаңыз. Əр істің өзіндік шешілетін уақыты бар. Бірі аз уақытта шешілсе, енді бірі біраз уақытты талап ететін болады. Əр іске дұрыс көзқарас пен қарасаңыз шешілетіні анық. Сылтау айту адамды кері тартатын əдеттердің бірі. Əдетте сылтау көп айтатын адамдар жетістікке жетуі қиын болады. Олар істе алдымен мүмкіншілікті емес қиындығын көреді жəне сылтауға биім болып тұрады. «Адам қаласа уақыт табады Қаламаса сылтау табады.» Сылтау айтпауға тырысыңыз. Қандай жағдай болсада айтпаңыз. Шындықты айтыңыз. Сылтау əдетіңізге айналып кетсе одан құтылудың өзіде қиын болмақ. Кінəлəмаңыз. Жаңа айтып кеткенімдей айналасына сеніп қалған адамдарда əдетте айналысын кінəлі көреді. Өйткені олар өзіне емес айналасына сеніп қалған. Бұл адамның өмірлік соры болмақ. Өйткені өзінше бір талпыныс жасай алмайды, жаңа мүмкіндіктерді қарастырмайды, жаңа өзіндік ойлау жүйесін пайдаланбайды, соның арқасында өзі ойлағандай жетістікке жете алмайтыны белгілі. Өзіңіз шешім қабылдап үйреніңіз. Бұрыс болсада, дұрыс болсада, өзіңіз қолдан келгенше дұрыс шешім қабылдауға дағдыланыңыз. «Бірақ мына сөзді əрдайым есте сақтаңыз. Қарғыстың ең жаманы өзің білме, білгеннің тілін алма». Тек өз ойың мен жүр демейді. Білімді, тəжербиелі адамдардың кеңестерін ал, ой қорыт, үңіліп тыңда. Бірақ сонғы шешімді өзің қабылдап үйрен. Қателессенде келесі жолы қателесуін қиын болады. Сенің өміріңнің қалыптасуы саған ғана тəн. Əрине барлық адамға тəн керекті нəрселер көп. Оны сол айтылған күйінде істесеңізде жаман болмайтыныңыз анық. Мысалы спорт пен айналысу, білім жинау, салауатты өмір салтын ұстану, заңға бағыну бəрі
адамға тəн нəрселер. Осындай ең керекті дүниелер жайлы кеңес алыңыз. Бірақ сонғы шешімді өзіңіз қабылдап үйреніңіз. Басында қателесуіңіз мүмкін. Бірақ киін уақыт өте келе тəжербие жинайтыныңыз анық. «Бастысы өміріңізді жауапкершілікңізге алыңыз, сонда өзгеріп алдыға ұмтылатыныңыз анық». «Жауапкершілікті өз мойныңа алғаннан бастап, жеңіс жолына түсесің» 65- Сабақ Мақсатыңызға жетуге кедергі жасайтын нəрселерге жоқ деңіз Мақсатқа жету бұл-үлкен жетістік. Ал жетістік оңай кемейтіні анық. Мақсатыңызға жетуде небір түрлі кедергілер болатыны белгілі. Бірақ біз кейбір кедергілерді байқай бермиміз. Мысалы сіз мақсатыңызға байланысты атқаратын жұмыстарыңызды істеп жатырсыз делік. Сол сəтте бір досыңыз сізді бильярд ойнауға шақырды делік. Сіз сол мақсатыңызға байланысты жұмысты тастап соған барарма едіңіз. Сіз сол уақытта сіз сол шақырған досыңыздың көңілін қалдырмай баратын болсаңыз ол сізді пайдаланғаны болады. Əрине ол сізді пайдаланам деп пайдаланбайды. Бірақ шындығында сізге ең керекті нəрсеңіз уақытыңыздың кетуіне апарады. Досымның көңілін қалдырмайын деп барам деп, өзіңіздің мақсатыңыздың орындалуына кедергі жасамаңыз. Əрине достарыңызға уақыт бөлмеңіз емес бөліңіз. Бірақ белгілі бір уақыттарда ғана бөліңіз. Демалыс уақыттарында уақыт бөліп өзіңізде бір сергіп алсаңыз болады. Бірақ мақсатыңызға байланысты жұмыс атқару үстінде, бұндай ұсыныстарға «жоқ» деп айтып үйреніңіз. Адамның миы көп жұмыс атқарып алдыға ұмтылып көп ойланудан гөрі жатып ұйықтау, демалу, отыру, ештеңені ойламағанды жақсы көреді. Себебі үнемі адамның, адами миынан қарағанда, хайуани миы көбінесе адамға оңай жолды көрсетіп тұрады. Немесе адамның нəпсісі деп
айтсақта болады. Хайуани ми өзін қинағысы келмейді. Ол ең алдымен жан сақтап қалғысы келеді. Мысалы сіз өз салаңыз жайлы əлеуметтік желіден видеолар көргіңіз келді делік. Сол уақытта адамның хайуани миы артық нəрсеге қиналғысы келмей сізге кері байланыс бере бастайды. Ой неғыласын көріп, кейін көресін, оны былайда игеріп аласың немесе кəз сəл жатып демалып ал деген сияқты сізді кері тартып тұрады. Себебі бұл хайуани ми. Хайуани мидың айтқанын үнемі істесен хайуан болғанын. Ал сіз хайуан емес адамсызғой. Адами миыңызды үстем қылыңыз. Адами ми барлық нəрсеге дұрыс көзқараста қарайды. Еңбекқорлықты ұнататындықтан ол көпшілік адамдарға аса ұнай бермейді. Себебі бұл миға салмақ түсіретін істерге баратындықтан, адамға аса қатты жақпасы анық. Бірақ сізді бақытты өмір сүруге осы адами ми апаратынын естен шығармаңыз. Қысқасы хайуани мидың етегінде келген ойларға жоқ деп айтып үйреніңіз. Олар жалқаулану, көп жату, отыра беру, жаңа нəрселерге ойлануға еріну, өзіңе пайда əкелетін бірақ еңбекті талап ететін істерге қиналуы. Керісінше саған зияндық əкелетін бірақ уақытша рахатты сездіретін нəрселерге құмарлық. Міне осы секілді нəрселерге жоқ деп айтып үйреніңіз. Сонда жетістікке жететіңіз анық болмақ. «Мақсатыңа жетер жолда кедергі туғызатын нəрселерге жоқ деп айтып үйреніңіз» 66- Сабақ Санаңды жаңғырту Адам санасын өзгертпей өмірін өзгерту мүмкін емес. Санасын жаңғырта білген адамның өмірі жаңғыратыны анық. Сана жаңғыртудың басты негізі. 1. Өмірде не істеп жүргенін 2. Қалай істеп жүргенін
3. Не үшін істеп жүрген деген сұрақтарға алдымен жауап беріп алуы тиіс. Адам-жер бетіндегі құдіретті Алла жаратқан жаратылыстың ең кереметі. Адамға берілгендей нығмет жер бетінде ешқандай мақұлыққа берілмеген. Адамның санасындай сана, жер бетінде ешқандай жаратылысқа берілмеген. Адамның миындай жұмыс істейтін жер бетінде ешқандай зат жоқ. Кез-келген ақыл-есі түзу адамның қолынан өзінін санасын жаңғырту келеді. Тек ниеті болса. Өзімізге қоятын үш сұраққа шолу жасап кетсем. 1«. Өмірде не істеп жүрмін»деген сұрақты кез-келген адам өзіне қоя білу қажет. Сіз дəл кəзіргі уақыттарда не істеп жүрсіз. Ертен сол істеп жүрген нəрселеріңіздің жемісін алатын боласыз. Бұл сұрақ сіздің санаңызға өзгерістің алғашқы қадамы. Өзімізге мəн берейікші. Не істеп жүрк өзі. Мына мысалдар арқылы жазып көрейік. Денсаулық, білім, тəжербие, сананы жаңғырту жайлы, айналаңа қарым-қатынасын пайдаң, материалдық жағдайына байланысты. Осыларға байланысты өзімізге сұрақ қойып көрейікші. 1. Денсаулыққа қатысты қандай іс əрекеттер істеп жүрсіз?. Спортпен шұғылданып жатсызба?, өзіңізге зиянын тигізетін тағамдардан бастарттыңызба?, ұйқыңызды уақытқа қойдыңызба?, денсаулығыңызды жылына бірет болсын жалпы тексерттіңізбе деген осындай сұрақтарды өзіңізге қойдыңызба жəне бұларды істеп жүрсізба. Əлде өмірдегі баға жетпес байлығыңыз денсаулығыңызға немқұрайлы қарап жүрсізбе. Осы сұрақтарды өзіңізге қойыңыз. Жəне дұрыс жасаңыз. Денсаулыққа байланысты ойыңызды өзгертіңіз. 2. Білімге қатысты не істер атқарып жүрсіз. Біліміңізді арттырыпжатсызба əлде босқа пайдасы жоқ ақпараттарды қабылдап жатсызба. Білімді арттырудың жолдары, олар кітап оқу, сапалы білім беретін видеоларды қарау, айналаңнан саған пайдасын беретін ақпараттарды жинау, əлеуметтік желілерден пайдалы ақпараттарды
жинау, өз ойлау жүйеңді өзінде бір сəт уақыт бөліп дамыту, осы сияқты пайдалы нəрселерге уақыт бөліп жүрсізба əлде босқа алтын уақытыңызды пайдасыз ақпараттарға жұмсапжатсызба. Осы білімге байланысты сұрақтарды өзіңізге қойғаннан бастап сіздің санаңыз жаңғыру үстінде болады. 3. Тəжербиеңізді арттыруға қатысты қандай істер атқарып жүрсіз. Мысалы сіз студент болсаңыз. Бос уақытыңызда тəжербиеңізге байланысты қандай істерді атқарып жатсыз. Мысалы сіз бос уақытыңызда офицант болып немесе фотогроф сияқты жұмыстарды істейтін болсаңыз, осындай өзіңізге пайдасын беретін істерге уақытыңызды жоғалтып тəжербие жинап жүрсізба. Əлде уақытыңызды босқа ойын-сауыққа жоғалтып жүрсізба. Қолдан келсе əр түрлі сала болсын тəжербие жинақтаңыз. Ол сізге əрдайым жұмыс жасайтын болады. 4. Айналаңа қарым-қатынасын жайлы ойланып көрдіңізба? Айналаңызға қандай қарым-қатынастасыз? Айналаңызға не істеп жүрсіз?Адамдармен жақсы қарым-қатынас жақсы өмірдің сапасы. Егер айналаңыздағы адамдарға қарым-қатынасыңыз нашар болса, оны түзету шараларына кіріскеніңіз жөн болады. «Адамның күні адаммен». Айналыңызға жылы шырай танытып, жақсы сөйлеп, жақсы іс əрекеттерге қолдан келгенше істеп жүрсеңіз айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынасыңыз бірте-бірте дұрысталады. Бұл нəрсеге аса зор мəн беріңіз. «Жақсы қарым-қатынас жақсы өмірдің сапасы». 5. Материалдық жағдайыңызға байланысты қандай жұмыстар атқарып жүрсіз? Болашағыңызға болсын материалдық жағдайыңызға байланысты жоспарыңыз барма? Əлде уақытты бекерге өлтіріп жүрсізба? Материалдық жағдай адам өмірінде алатын орны ерекше. Оған көп адам ерекше ықыласпенде қарайды. Бірақ соған қол жеткізуге болатын іс-əрекеттерге аса бір талпынысы жоқ. Талпыныс жоқ жерде нəтижеде жоқ. Сол үшінде материалдық жағдайға байланысты не іс атқарып жүрмін деп өзіңізге сұрақ қойыңыз жəне дұрыс іске кірісіңіз. Осы адам өмірінде алатын орны еркеше 5 нəрсені теріп жаздым. Осы 5 нəрсеге байланысты не жұмыстар атқарып жатырқ оған аса зор мəн
беріңіз. Себебі бесеуінің алатын орны ерекше. Тек бұл бесеуіне ғана емес басқада өзіңізге керекті нəрселерге байланысты мен не істеп жүрмін? Істеп жүрген істерім дұрыспа деп əрдайым өзіңізге сұрақ қойып жəне дұрыс болмаса дұрыс істеуге шақырамын. Кейінгі 2 сұраққада ерекше мəн беріп жауап беріп көріңіз. Қалай істеп жүрмін жəне не үшін істеп жүрмін деген сұрақтарға жауап беру арқылы, өз өміріңізді қолға аласыз. Жаңағы адамға қажетті денсаулық, білім, тəжербие, материалдық жағдай, айналаңмен қарым- қатынасқа осы 2 сұрақты қойып көріңіз. Осылай барлық атқарып жатқан істеріңізге осы 3 сұрақты қойып көріңіз. «Не үшін істеп жүрмін», «қалай істеп жүрмін», «не үшін істеп жүрмін»деген сұрақтар арқылы сізге пайдасы барма жоқпа? Егер зияны боса бұны неге істеп жүрмін, егер пайдасы болса бұны қалай ары-қарай дамытсам болады деген сұрақтарды өзіңізге қою арқылы сіз өз өміріңізге өзіңіз жауапкершілік алып алдыға жылжыйтын боласыз. Бастысы бұл істерден сіздің санаңыз жаңаша-жаңарып жаңғыру жолына түсесіз. Санаңды өзгерту деген өміріңді өзгерту деген сөз емеспа 67- Сабақ Бойыңда бар қабілетті дамыту. Кез-келген адамның бойында өзіне тəн қабілеті бар. Қабілет ол ұрпақтан ұрпаққа берілетін адам бойындағы бір іске қызуғушылығы немесе бір іске ептілігі сияқты нəрселер, ген арқылы атадан балаға беріліп отырады. Мүмкін біздің 4-інші атамыз немесе 7-інші атамыз немесе 10- інші атамыз мықты бір өз заманының тұлғасы болған шығар. Кез- келген адамның арғы аталарынан ерекше қабілеттер ұрпақтан ұрпаққа ген арқылы беріледі. Сол үшінде менің ойымша кез-келген адамда қабілет бар. Тек оны оятып немесе анықтап іске қосу қажет. Мысалы бір адамдар жастайынан сөйлеу мəнеріне жақын болады. Іс- қимылға байланысты істерге жақын болмағанымен, ол белгілі бір
тақырыпқа немесе өз ойын анық жеткізе алады. Бұл қабілет, тек оны өзіңе пайдалы етіп пайдалансаң болғаны. Кейбір адамдар сөзге онша болмағаны мен іске келгенде өз ісін жақсы атқара біледі. Бірақ сөйлеу мəнері жағынан қиналатын адамдар қоғамда баршылық. Бұндай адамдарғада өз бойындағы қабілеті бар істі анықтап сол істі өзіңе пайда түсіретін етіп пайдалану қажет. Ал егерде сізде екеуіде бар болса, бірақ екеуіде төмен деңгейде бойыңызда бар екенін байқасаңыз қорқудың еш қажеті жоқ. Ол бойдағы шопақтай бар қабілетті, таудай қабілетке айналдыруға болады. Ол үшін ең алдымен ниет керек жəне еңбекқорлық қажет. «Жетістіктің 99 пайызы еңбек, 1 пайызы талант» деген сөзді естен шығармаңыз. Бұл сөзді əлемге танымал тұлғалардың көпшілігі айтқан. Бұл дəлелденген факт. Адам бойындағы қабілетті арттырудың бірнеше жолы бар. Олар кітап оқу, жалпы біліміңіді арттыру, бір жаңа өзіңе ұнайтын істі бастап көру, көпшілік адаммен жақсы-қарым қатынаста болу сияқты нəрселер адамның бойында бар қабілетті оятады жəне жоғарлатады. Бастысы менің бойымда ешқандай қабілет жоқ, менің қолымнан келмейді деген сөздерді атаушы болмаңыз. Сөз ойыңызға, ойыңыз іс- əрекетіңізге айналуы əбден мүмкін. Тағыда қайталап айтамын кез-келген адамның бойында қабілет бар тек оны ояту керек, жəне анықтау керек жəне бар қабілетті үнемі дамыту қажет. «Бастысы алдыңызға мақсат қойдыңызба, алға бірінші қадамды басыңыз жол ары-қарай өзі ашылатын болады». «Кез-келген адамның бойында қабілет бар тек оны оята білу қажет жəне үнемі дамыту қажет». 68- Сабақ Күн сайын даму
Адам баласына күн сайын оның бойына небір түрлі ақпараттар жəне іс- əрекеттер енеді. Оның ішінде пайдалысы бар, пайдасызыда бар. Пайдалы нəрселер сізді даму жолына түсіреді. Ал пайдасыз нəрселер сізді артқа тартып, дамуыңызды тежейді. Тек бойымызға пайдалы істерді алып, даму жолына тез түсе аламызба? Мысалы сіз 1 күнде 60 пайыз тек пайдасын беретін істермен, ал 40 пайыз пайдасын бермейтін немесе зиянын беретін істермен айналыстыңыз делік. Онда сіздің даму жолыңыздың жылдамдығы 20 тең немесе 3-ға тең деп айтсақта болады. Себебі дамуға байланысты істеріңізден дамуға келтіретін істерді алып қарасақ жалпы орта дамуыңыз 20 мен 30дың аралығында. Енді осыны қалай жоғары көтеруге болады? Əрине əр істің өзінің шешімі бар тек оған кіріссеңіз болғаны. Өзіңіздің күнделігіңізге күнделікті атқаратын істеріңізді түгел жазыңыз. Оның пайдалысында пайдасызсында жазыңыз. Күн сайын атқаратын істеріңізге тек өзіңізге, пайдасын беретін істеріңіздің саны көбейте беріңіз. Бірте-бірте сізді тек пайдалы істер қоры қалыптасады. Солай сіз бір күнде пайдалы істеріңіздің мөлшері 90 пайыздан асатын болса, жылдамдығыңыз 85 тен жоғары болмақ. Демек сіз тез даму жолына түстіңіз. Жаңағы 30-дан қарағанда əлде қайда жақсы емеспа ия. Тек бұл айтылған кеңестерді күнделіңізге жазып орындасаңыз болғаны. Осылай əр күндеріңізді пайдалығып өткізсеңіз өміріңіз пайдалы сапалы болмақ. «Өсіңіз, жетіліңіз, тасқындаңыз, Бірақта биікпін деп асқынбаңыз. Сен мықты, анау осал, мен орташа, Бəріміз бір аспанның астындамыз. Сіздің ой біздің оймен бірікпейді, Шайқаңыз осы өмірде жүріп мейлі, Ойлаңыз, арзан атақ, сасық ырыс,
Сіз өлгенде қайтадан тірілтпейді». ©Мұқағали Мақатаев Кестедемысал ретінде берілген. Осылай барлық істе тек алдыға даму үстінде болыңыз. 69- Сабақ Студенттік өмір. Өмірдегі басты кезеңдердің бірі деп ойлайм Студент десе ең бірінші көпшіліктің ойына бірінші ақшасы аз, қарны аш жəне қыдырып жүретін кезең ретінде көрінеді. Алменің ойымша студенттік кезең ол адамның үлкен өмірге қадам басуы жəне өз өміріне деген жауапкершілікті өзіне алған, алдыға мақсатына талмас жігерімен ұмтылатын адам ретінде көрінеді. Студенттік кезеңде өмірге деген талпыныстың үлкен толқыны басталады екен. Осы 4 жылдық оқу кезеңінде өзін оқып жатқан
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150