«мүмкін емес» жетістікке жете аламыз. Хелен Келлер американдық жазушы «Тауық сойса да қасапшы сойсын» немесе командаңызға өз ісінің шеберлерін жинаңыз. Көп адам кəсіпкерлікпен айналысқанда «шығындарды азайтамын» деп істің көпшілігін өз мойнына алып алады. Өзі жүргізуші, өзі дизайнер, өзі сатушы, өзі директор, тағы да басқа да. Яғни, өзі бірнеше адамның ісін атқарып жүреді. Нəтижесінде уақыттың көп бөлігі ұсақ-түйек істерге жұмсалып, маңызды істерді жүзеге асыруға уақыт та, энергия да жетпей қалып жатады. Сондықтан да əр істі өз шеберіне тапсыра білудің берер пайдасы орасан зор. Анықтап айтсам, дизайнердің жұмысын дизайнерге, қаржылық жұмыстарды есепшіге, компютер істерін программистке, жарнаманы пиарменеджерге сеніп тапсырғаныңыз дұрыс. Бірақ тəжірибиесі жоқ, дипломына ғана сенетін мамандардан аулақ болып, істеу керек істі тек өз ісінің шеберлеріне ғана аманаттаңыз. Өз ісінің шеберлеріне көп қаржы жұмсасаңыз да, тапсырылған істің сапасы жоғары болмақ. Бұл дегеніңіз кəсібіңіздің кең көлемде тез дамуын қамтамассыз етеді. Ал өзіңізге келсек, қосалқы шаруаларды өз істерінің шеберлеріне сеніп тапсыру арқылы өзіңіз жақсы көретін, жоғары деңгейде орындайтын істерді істеуге уақыт жұмасайсыз. Мысалы, Өз ісіңізді адам ағзасымен салыстырып көріңізші. Адам ағзасында əр мүше өз міндетін атқарады. Ағзаның жұмысын бүйрек, жүректің жұмысын бауыр келіп алмастыра алмайды. Бірақ бір мүшенің жұмысы əлсіресе, барлық ағзаға əсер етеді. Сол сияқты, командадағы əр адам өз ісін толық жауапкершілікпен істегенде ғана ортақ мақсатқа жету оңай болмақ. Адам ағзасын басқаратын ми болса, команданы басқару жұмысы сізге тиесілі. Сондықтан да мықты команда басқарғыңыз келсе, өз бойыңызда мықты көшбасшылық қабілет қасиеттерін дамыта біліңіз. Өз істерінің шеберлерімен, көшбасшыларымен ғана ой бөлісіңіз! Табыс жолы – күрделі жол. Түрлі қиындықтарға кезігеміз. Жабырқайтын да, жылайтын да, түңілетін де кездер болады. Осындай қиын кездерде əрқайсысымыз жылы сөзге, жігерлендіретін идеяларға зəру боламыз. Ақылдасатын адам таппай тентіреп те кетеміз. Штаттан тыс команданың дəл сол кездерде көмегі тиеді. Сондықтан штаттан тыс команда құрамына
қазірден бастап тек өз істерінің шеберлерін, көшбасшыларды, ұлы тұлғаларды ғана жазып қойыңыз! Қарапайым досыңыз сізге қарық қылып ақыл айтады деп айта алмаймын. Неге десеңіз, əр адам өмірге өз көзілдірігімен қарайды, яғни болған жағдайды өз тəжірибиесіне, оқыған- тоқығанына байланысты саралайды. Ақыл керек пе, онда тек өз ісінің шеберлерінен сұраңыз. 16 АҚША ЖАЙЛЫ ІШКІ ОЙ-ПІКІРІҢІЗ ЖАҒЫМДЫ БОЛСЫН «Ақшалар ағымының өзіндік психологиялық құпиялары бар. Көпшілік адамдар оны біле бермейді. Сондықтан адамдардың көбісі қаржы саласынан үлкен жетістікке жете алмай жүр. Кедейлік, ол тағдыр емес. Кедейлік тек қана басыңызда жəне жан дүниеңізде болып жатқан жағдайлардың көрінісі.» Т. Гэри Икер мультимилионер Кітаптың басынан бастап айтып келе жатқанымдай, қаржылық жетістік ойдан бастау алады. Яғни, өз ойыңызда, қиялыңызда, арман қылған қаржы сомасын көре алуыңыз қажет. Екіншіден, ерте ме, кеш пе ойыңыздағы байлық өміріңізде болатынына сене білуіңіз шарт. Содан кейін, əрине, ерінбей еңбек етіп, арманыңыздағы қаржы сомасына жету үшін барыңызды салу керексіз. Десе де, кейбір адамдар құмырсқа сынды ерінбей еңбек етсе де, байлыққа жете алмай жатады. Себебі оларға көп жағдайда өздерінің байлыққа қатысты, ақшаға қатысты ішкі сенімдері, көзқарастары кедергі келтіреді. Анығырақ айтсам, барын салып байлыққа ұмтылғанымен, жүрегінің түбінде өздерін «Мен байлыққа лайықты емеспін» деп есептейді. Баюға кедергі келтіретін сенімдер. Үлкен ақшамен байлыққа қол жеткізгіңіз келсе, бірінші, міндетті түрде ақшаға қатысты жаман ойлардан арылып, қалыптасқан сенімдеріңізді өзгертіңіз. «Неге сенсең, сол өмірінде орын алады». Сондықтан ақша жайлы жағымсыз пікірде бола тұра,
ақшаның сізді жақсы көруін күтпеңіз. Ақша жай ғана қағаз. Жаман да емес, жақсы да емес. Бірақ ата-анамыздан естігеніміз бар, өмірлік тəжірибиеміз бар, əйтеуір түп санамызда ақшалы болуыңызға кедергі келтіретін белгілі бір жағымсыз пікірлер, сенімдер қалыптасып қалған. Мысалы: — Ақша – бар жамандықтың ошағы. — Қиындықтың барлығы ақшадан басталады. — Ақша – қолдың кірі. — Бақытты ақшаға сат ып ала алмайсың. — Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын. — Байлар -тек өздерін ойлайт ын өзімшілдер. — Ақша жүректі қарайт ады, т.б. Осындай, бала кезімізден ақша жайлы жай естіген сөздер, мақал-мəтел, түрлі метафоралар түп санамыздан ойып орын ала отырып, күн сайынғы өмірімізде бай болуымызға, қаржылық тəуелсіздікке жетуімізге кедергі келтіреді. Шынайы өмірде байлыққа ұмтылғанымызбен, жүрегімізде бəрібір «ақшалы болу жаман» деген ой-пікірге құлақ асамыз. Неге десеңіз, қазақы менталитетімізден бе, белгісіз, көпшілігімізді отбасымыздан «бай бол, қаржылық тəуелсіздікке жет» деп тəрбиелемеген. Содан болар, қымбат көлікке мінген бай адамды көре қалсақ, оның жеткен жетістігін бағалап, қызығудың орнына біз «пара алып байыған, өз күшімен жетті дейсің бе» деп өзімізше жорамалдап жатамыз. Бұлай ойлауымыздың бірініші себебі – мен жоғарыда айтқан түп-санамызда ақшаға, байлыққа қатысты жағымсыз ой пікірдің, сенімдердің белгілі бір программаның болуы. Ал қаржылық тəуелсіздік пен байлық негізгі мақсатыңыз болса, ақшаға, байлыққа қатысты бар жағымсыз ой-пікір, сенімдеріңізді жақсы жаққа өзгертіңіз. «Ақша, бұрт – алтынмен апталған еркіндік!» Э. Ремарк
Байлыққа, ақшаға қатысты жағымсыз көзқарас, ой пікірлеріңізді жағымды жаққа өзгертіңіз. Бала кезімізден түп санамызда қалыптасып қалған «программаны», шын кіріссеңіз, үш бөлімнен тұратын жаттығу арқылы өзгертуге болады. Бұл жаттығуды жалғыз орындауға да болады, бірақ бір- екі адам бірігіп орындасаңыз нəтижесі сапалы болмақ. 1. Ойлана келе ақшаға қатысты жағымсыз ой-пікір, сенімдеріңізді қағазға жазыңыз. Мысалы: Бүкіл «проблема» ақшадан басталады. 2. Неліктен солай ойлайсыз, талқылаңыз. Шындықты түсініп, қабылдаңыз. Мысалы, бала кезімде əке-шешемнің арасында ақша жетіспеушіліктен үнемі ұрыс-керіс болатын. Сондықтан отбасымызда орын алатын жайсыздыққа ақшаны кінəлі деп есептейтінмін. Ал, шындығына келсек, ақша жай ғана зат, қағаз. Ақшаны дұрыс басқара алмаған əке-шешемнің өздері. 3. Жазған ой-пікірлеріңізді қарама-қарсы қылып өзгертіңіз. Жəне қарамақарсы ой-пікірдің біреуін ғана емес, өзіңізге шабыт, күш беретіндей қылып бірнешеуін жазыңыз. Мысалы: — Ақша арқылы көп «проблемаларды» шешуге болады. — Ақшаң көп болса, өзіңді еркін əрі бақытты сезінесің. — Ақшаң көп, бай болу арқылы өзгелерге көмектесе аласың. Есте ұстаңыз, байлыққа апаратын идеялар өзінен-өзі пайда бола алмайды. Өрік ағашы алма берсін десеңіз, сіз өрік ағашының өзегін алма ағашының өзегімен будандастырасыз. Соған іспеттес, осы уақытқа дейін байлыққа қол жеткізе алмасаңыз, сіздің ой-пікіріңіз өміріңізге байлықтың, көп ақшаның орын алуына кедергі болып жүр. Шын байығыңыз келсе, «кедейлік» ойпікіріңізді бай адамның ой-пікіріне алмастырыңыз. Ол үшін күн сайын байлық, көп ақшаның беретін мүмкіндігі жайлы ойлаудан, қиялдаудан шаршамаңыз. Күнделікті ойлаған ойлар нəтижесі, сіздің сана-сезіміңізді миллионердікіне сай ыңғайлауына көмектеседі. Түп санамыздағы «кедейлік программаны» «миллионерлік программаға» өзгертудің тағы бір тəсілі. Енді ақшаға қатысты жағымды аффирмациялар тізімін ұсынамын: •Менің жобаларым өзіме де өзгелерге де көп байлық, береке алып келеді.
•Ақшалар мені өте жақсы көреді. Көп ақша – көп қуаныш. • Менің ақшаларым тек қана адамдарға жақсылық алып келетін жобаларға жұмсалады. • Менің ақшаларым – менің сапалы еңбегімнің жемісі. Осы жоғарыдағы аффирмацияларды күнде таңертең, кешке жəне ұйқыға жатар алдында қайталауды ұмытпаңыз. Күлкілі көрінсе де, «Жақсы сөз жан семіртеді» деген мақалды есте ұстап, мен ұсынған жаттығуларды жасауда пысықтылық таныта білгейсіз. Арманыңыздағы байлықты шынайы өміріңізде бар етіп елест ете біліңіз. Бір қарағанда бəріміз қиялмен, арманның құшағында өмір сүреміз. Тез арада бай болып кеткіміз келеді. 1000000$ тауып алсақ екен дейміз, тағы да басқа да. Десе де, көпшілігіміз қиялдың күші мен құпиясынан бейхабармыз. Болмаған затты болғандай етіп елестете алудың құпиясымен, күшімен ең алғаш рет танысқанымда қарапайым журналист едім. Республикалық «Ара» журналында тілші, республикалық «Қыз құпиясы» журналында бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарып жүргенмін. Көптің бірі болып таңертең жұмысқа келіп, кешке қайтып, қарапайым азын-аулақ айлығыма мəз болып жүрген кезім. Күндердің бір күнінде өзімді де, өмірімді де 100%-ға жағымды жаққа өзгерткен қолыма «Ойла да, байы» кітабы түсті. Авторы — Наполеон Хилл (оқымасаңыз, міндетті түрде оқыңыз). Ол кітапта табысқа жету заңдылықтары толық жазылған. Сенімсіздікпен қарасам да, ішіндегі жаттығуларды бірінен кейін бірін орындай бастадым. Кезекті жаттығудың бірі арман қылған ақша сомасын болмаса да болғандай етіп қағазға жазып керегеге іліп қойып, сол ақшаның беретін мүмкіндігін күнде таңертең, кешке көз алдыма елестету болды. Мен тапсырманы орындадым А4 қағазға. «Менің ай сайынғы кiрiсiм 4000$» деп жазып, жататын бөлме керегесіне іліп қойдым да, күн сайын айына 4000$ тапсам, өмірім қандай болады деп бəрін осы шақта етіп елестетіп бастадым. Оңай болды демеймін: бірінішіден, басында елестету қиын болды, екіншіден, керегегдегі қағазды көрген достарым «Қияли болып кетіпсің ғой» деп күлкі қылып бастады. Бірақ мен берілмедім. Нəтижесі: бір жарым айдың ішінде жұмыс орнымды ауыстырып, сол ақшаны табу жайлы басыма түрлі идеялар келіп, шын мəнінде 3 айдан кейін менің айлық табысым 3500$ болды. Сол 3500$-ға өзім алғым келіп жүрген менің алғашқы автокөлігім – мерседес
Е190ды сатып алдым. Автокөлік ескі болса да, табысқа тез жетудің жолдарын тапқаныма қатты қуандым. Содан бері болашақ табыстарымды күн сайын көз алдыма елестету менің əдетіме айналып кетті. Өміріме елеулі өзгеріс, мол табыстар тарту еткен арманымдағы табысты, ақша сомасын болмаса да, болғандай етіп көз алдыма елестете білу өнерін сізге де ұсынамын. Ой, ол – энергия. Біз ойлаған сайын əлемдік кеңістікке белгілі бір энергия толқындарын бөлеміз. Сол əлемдік кеңістік біздің ойымызға жауап береді. Яғни, жақсы ойда жүрсек – жақсылықтардың, жаман ойда жүрсек - жамандықтардың өмірімізде пайда болу мүмкіндіктерін арттырамыз. Сондықтан арман болған ақша сомасын, үйдi, машинаны, өміріңізді бар етіп, күн сайын көз алдыңызға елестетіп жүріңіз. Бұл жердегі басты мəселе – нақтылық. Əлемдік энергия кеңістігі, өмір нақтылықты жақсы көреді. Қиялыңызда нақтылық болсын. Мысалы, арманыңыз көп ақша табу болса, нақты сомасын жəне қашан сол ақша қолыңызда болғанын қалайсыз, уақытын нақтылап алыңыз. Əрине, сосын қиялға берілуге, армандауға кірісіңіз. Бұл жаттығу күнделікті əдетіңізге айналып, өміріңізді байлыққа, берекеге толтыруына тілектеспін!!! 17 ТЕРГЕУДЕН БҰРЫН ТҮСІНУГЕ, РЕНЖУДЕН БҰРЫН КЕШІРУГЕ ТЫРЫСЫҢЫЗ. «Адам баласына қателесу тəн құбылыс. Дегенмен де, Алла Тағалам сол қателіктерді кешіре білу үшін біздерге үлкен жүрек берген.» «Өзге адамдарды, өмірді түсіне білу, кешіре білу арқылы ғана біз, нағыз бақыт пен табысқа қол жеткізе аламыз.» Бұл бөлімнің тақырыбын оқи сала бұл қалай болғаны кейбір адамдардың опасыздық істеріне қалай ғана ренжімеуге болады деп мені іштей түсіне
алмай отырғанынызды сезетіндей. Сізбен келісемін, бүгінгі бүр түрлі заманда адамдардың ақылға симайтын амал-əреттерін көріп түсінбей жатамыз. Ренжу өкіну кек сақтау көпшілік қауым үшін қалыпты жағдайға айналып кеткендігі өтірік емес. Біз өте - өте көп ренжиміз: -Бізді түсініп, қолдамағандығы үшін жарымызға ренжиміз -Сабағына салғырт қарап, айтқан сөзге құлақ аспағаны үшін баламызға ренжиміз -Тапсырылған жобаны уақытында бітірмеген қызметтік əріптестерімізге ренжиміз -Тірліктен түңілсек, өмірге ренжіп, не жазып едім деп жаратушымызға ренжиміз -Арасында мінезімізден кілтипан тауып, əдемілігімізге көңіліміз толмай өзімізге ренжиміз -Түсінуге тырыспайды, үнемі ақыл- кеңес айтып ұрыса береді деп атаанамызға, əпкемізге, ағаларымызға ренжиміз -Қарыз алып, уақытында алған ақшаны қайтармағаны үшін досымызға ренжиміз -Қанша көмек қолын созсаң да, көмегіңді еш бағаламайтын кейбір ағайынтуыстарымызға ренжиміз. т,б... Біздің ішкі дүниемізде өкпе-реніштердің көпшілігі соншалық, өзімізді өкпе-реніштер тұрақтайтын қонақ үй десек те болады. Ал, айтынызшы сол тот басқан пойыз релістеріндей болған өкпе реніштердің біздің сапалы өмір сүруіміз үшін пайдасы қандай? Сізді білмеймін, бес жылдан бері орта азияны семинар-тренингтеріммен аралап жүріп менің өкпе-реніштерім керемет өмір сүруіме көмектесті деген бірде бір адамды көрген де, естіген де емеспін. Керсінше, əлемге өз кітаптарымен тынымал психолог Лузиян Хейдің зеттеулері бойынша жүректегі өкпе-реніш аяққа салынған тұсау сияқты мəнді, мағыналы өмір сүруімізге кедергі келтіріп, адам ағзасында түрлі аурулардың пайда болуына əсер ететіндігі дəлелденілген. Яғни, өзгелерге, өмірге деген өкпе – реніштерді жүрегімізде қара тастай
тасып жүруіміз арқылы өзімізге де, айналамызға да зиян шектіреміз. Сондықтан, құрметті оқырман, алға қойған мақсаттарыңызға жетіп, сапалы өмір сүруді ниеттенсеңіз, міндетті түрде адамдарды түсінуге, оларға ренжуден бұрын кешіре білу өнерін тергеуден бұрын үйренгеніңіз абзал. «Кешірім сұрау - адамдарға тəн қасиет, Кешіре білу - ұлы адамдарға тəн қасиет». Шығыс мақалы Біз не үшін ренжиміз? Өкпе-реніштердің пайда болуы. Əрине, өмірде біз күтпеген түрлі жағдайлар орын алады. Əр қайсысымыздың өз қиындықтарымыз, өз пікіріміздің, өз көз қарасымыз, өзіндік өкпе-реніштеріміз бар. Адам баласының өзгелерге, өзіне немесе өмірге ренжуінің, сол реніштерді жиып – теріп жүректерінде ұстап жүруінің себебі неде? Біз не үшін ренжиміз? Өзге адамдардың айтқан сөздері, іс əрекеттері біз қалағандай болмаған кезде, яғни, ішкі наным-сенімдерімізге, қарым- қатынасқа қатысты ішкі заңдарымызға сəйкес кемегендігіне ренжиміз. Мысалы: Сөзінде тұрып, алған қарызын уақытында қайтармады деп досыңызға ренжисіз.. Өйткені: Сіздің ойынызша, ішкі пікіріңіз бойынша жақсы дос, көмектескенімді ұмытпай, сөзінде тұрып, алған ақшасын уақытында қайтаруы керек. Айтқаныңызды тыңдамай, сізді түсінбегені үшін жарынызға ренжисіз Өйткені: Сіздің дүние- танымыңызда жақсы жар жолдасын тыңдап, құрметтеп не болсада түсіне білуі керек. Көмектеспейді, мені ойламайды деп ағайын туыстарына ренжиді,
Өйткені: Ол адамның, ой- өрісінше ағайын болғандықтан қиналған сəттерімде көмектесе білуі керек. Ойға алған жобасын уақытында бiтiрмей жалқаулыққа салынғаны үшін өзіне ренжиді. Өйткені: Оның ойынша, өзіне өзі бекіткен заңдарына сəйкес, жақсы адам жалқаулыққа салынбай, не болса да ниет қылған ісін уақытында бітіруі керек. Болмас нəрсеге айқай шығаратын күйеуіне ренжиді Өйткені: Ренжіген əйелдің ой- өрісі, сана – сезімі бойынша, ер азамат əйелден қарағанда шыдамды, сабырлы болуы керек, тағы да басқа да. Тоқсан ауыз сөздің түйіні, ренжуіміздің, өкпелеуіміздің басты себебі өзге адамдарды өзге адамдар, өмірді өмір деп қабылдай алмауымызда. «Жақсы өмір сүріп, бақытты болам десеңіз, өзгелерді түсіну, кешіру өнерін үйреніңіз.» Аманжол Рысмендиев Ренжіткен адамдарды қалай кешіруге болады? Түсініксіз тірлік істейтіндерді қалай түсінуге болады? 1.Өзге адамды, өзге адам деп қабылдай біліңіз. Есте ұстаңыз, ол - ол, сіз - сіз! Оның өзіндік сіздікіне сəйкес келмейтін дүниетанымы, наным – сенімі, көрген тəрбиесі бар. Ол кісі көрген тəрбиені сіз де көрсеңіз, ол сүрген өмірді сізде сүрсеңіз, оның басында болған оқиғалар сіздің де басыңызда орын алса, сізде сола жасар едіңіз. Сондықтан өзге адамдардан өз ой - пікіріңізді, наным - сеніміңізді қабылдауын талап етпеңіз. Əр адамның өз пікірі, көз қарасы, тұлғалық ішкі құндылықтары бар. Сізді түсінгенін қалсаңыз, өзгелерді де тергемей түсіне біліңіз! 2.Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ. Сол сияқты адам баласына шалыс басу, қателесу тəн құбылыс. Қателігімізден сабақ ала, шалыс басқан қадамымызды түзету жолдарын үйре отырып, біз дамимыз. Қанша жерден керемет білімді болсақ та, біз де
қателесеміз, ашуға жол береміз. Ашу үстінде, ауыздан ақ ит кіріп, көк ит шығады дегендей. Сондықтан, өз қателіктеріңізге де, өзгелердің дұрыс жасамаған істеріне де ренжіп, ашуланбай түсініп, кешіре біліңіз! 3.Əр адамның жүрек түбінде кішкентай бала барын ұмытпаңыз. Айтыңызшы, кішкентай 3 жастағы баланың істеген қателіктеріне ренжіп, өкпелейсіз бе? Əрине, «ол кішкентай бала ғой», ренжімеймін дерсіз! Арасында бір бірімізге, «бала болып кеттің бе?» деп жатамыз. Бұл ойда жалпы негіз бар. Белгілі бір психологтардың дəлелдеуінше, əр адамның бойында арасында балалық мінездер пайда болып отырады екен, Айтайын дегенім, ренжіп жүрегіңізді ауыртқанша сізді ренжіткен адамның Қылығын баланың қылығы деп қабылдай салыңыз. Сонда ренжімейсіз! Қарым – қатынасыңыздың араласып жүрген адамдармен жақсарғанан қаласаңыз, ренжітсеңіз де, ренжітпесеңіз де ол кісілерді арасында құшақтап, «ренжітсем кешірші!» деп кешірім сұрауды əдетіңізге айналдырыңыз. Неге десеңіз, сіз «ренжітпедім» деп ойласаңызда адам баласының жүрегі нəзік екенін ұмытпаңыз. Айқайлап айтпай, көзіңізді ашып көрсетпей жүрсе де, сіздің кей бір қылықтарыңызға көңілдері толмай жүруі мүмкін. Жау жинап қайтесіз, толыққанды өмір сүріп, бақыт құшағында балқығыңыз кесе достар жинаңыз. Ал, жұмыстастарыңызбен, əріптестеріңізбен, туыстарыңызбен, балаларыңызбен, жарыңызбен досыңыздай əдемі қарым – қатыныста болғыңыз келсе, оларды тергеуден бұрын түсінуге, оларға ренжуден бұрын кешіруге тырысыңыз. Ойымды аяқтай келе, сізге, кешіре білетін, жақсы көре білетін үлкен жүрек мейірімділігін тілеймін!!! 18 ЕҢ БІРІНШІ ӨЗІҢІЗГЕ ТӨЛЕҢІЗ. БАЙЛЫҚҚА БАСТАР БАСТЫ ҚАҒИДА. «Байлыққа жету – өте оңай. Жай ғана байлықтың өз ережелерін
ұстансыңыз болғаны». Джек Кенфилд «Ереже» кітабының авторы Кім миллионер болғысы келмейді. Барлығымыздың да қаржылық тəуелсіздікті іштей армандайтынымыз шындық. Ақша үшін жұмысқа барамыз, ақша үшін ұйқыдан ерте тұрып, ақша үшін кеш жатамыз. Қалтамыз қалың болса қуанып, тесік болса өзімізді өте – өте жайсыз сезінеміз. Яғни, балықтарға су қаншалықты қажет болса, біздің толыққанды өмір сүруіміз үшін ақша соншалықты керек. Бұл өмірдің негізгі заңдылығы! Бірақ өкініштісі ақшаның өмірде алатын орнын біле тұра, көпшілігіміз оны сақтау, көбейту жолдарын біле бермейміз. Білсек қолданбаймыз! Егер де, қаржылық тəуелсіздікке жету негізгі мақсатыңыз болса бұл бөлім сіз үшін арнайы жазылған. Бұл бөлімнен байлыққа бастар басты қағидаларды үйреніп, тапқан арқшаңыздың бір бөлігін сақтай білудің маңыздылығын түсініп, сақталған ақшаңызды көбейту тəсілдерін меңгересəбіз. Іске сəт! Көненің көзі, Асылдың жүзі... 1926 жылы Джордж Клейсон «Вавилондағы ең бай адам» атты кітабын жарққа шығарды. Кітаптың табысты болғаны соншалық, тез ардада əлемдік деңгейде көп оқылатын кітаптың біріне айналып, миллиондаған адамның қаржылық тəелсіздікке жетуіне жол ашты. Бүгінгі күнде де кітап адамзат үшін өз қажеттілігін жоғалтар емес. Болашақта да жоғалтпайтынынада сенімдімін. Кітапта автор, бай боламын дегендерге сонау заманнан бері сұрыпталып, іс жүзінде дəлелденілген қаржылық тəуелсізділікке жету ережелерін ұсынады.
Бірінш ереже: Ай сайын тапқан табыстың, кірген кірістің 10%-ын өзіңе сатап отыр. Көп емес,10%-ын ғана. Бір қарағанда ай сайынғы айлықтан 10%- ын өзіңе сақтап отыру арқылы еш нəрсе өзгертпейтіндей сезінесіз. Десе де, оның маңызы, мағыналы өмір сүруіңізге тигізер көмегі өте жоғары. «Еңбекпен тапқан ақшаңыздың 10% -ын өзіңізге сақтай білу əдетін бойыңызда қалыптастыру арқылы, сіз өміріңізді қуанышқа толтырасыз» Бодо Шефер Мултимилионер, «Қаржылық тəуелсізділікке бастар жол» кітабының авторы. Жалпы алғанда, қазақстандықтардың 97%-ы айлықтан айлыққа өмір сүреді десем қателеспеспін. Осы айдың айлығын келесі айға жеткізуге тырысады. Қарыздарын береді, несиесін ком услугасын төлейді, тойға барады, азық- түлік алады т.б. Ақша артылса жақсы, бірақ көп жағдайда алған айлық, келесі айлыққа дейін тұрмыс - тіршілігімізге жетпей жатады. Яғни, қолға түскен ақша тарту ететін қуаныш, сенім бір-екі аптадан аспайды. Қалтамыздағы ақша таусылуға жақындағанда-ақ үн-жүрғамыз түсіп, бойымызды болашағымыз жайлы қорқыныш пен күдік сезімдері билейді. Өзіңіз білесіз, күдіктеніп, қорқып жүріп мардымды еңбек ете алмаймыз. Осы жағдай бір кісілердің өмірінде 20 жылдан бері қайталанып келеді, біреулерде одан да көп. Ал, кітапты оқып отырғаныңыз рас болса, сіз ондай өмірден құтылып, жаңа көз қараспен жаңа өмір бастағыңыз келеді. Не істеуге болады? Ай сайын алатын айлығыңызды өзгелерге бөліп бермес бұрын, 10%-ын өзіңізге сақтап отырыңыз.
Ай сайын сақталып, көбею жолында жұмыс жасап жатқан ақша, сізге үш түрлі жағдайда мағыналы, қорқынышсыз, күдіксіз өмір сүруіңізге көмектеседі. Психологиялық тұрғыда Айтыңызшы, қалтаңызда үнемі өзіңізбен 80 000тг жүретін болса, өзіңізді қалай сезінесіз? Ал, 300 000- 500000тг банкте көбейіп жатса? Əрине, көк тиынсыз жүргенмен ақшалы жүргеннің арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Ақшаң болса қалтаңда, талтаңдасаң талтаңда, деп күлдіргі заманауи мақалдардың бірінде айтылғандай ақша жай ғана қағаз болса да адамға əсері орасан зор! Банкте сақталып, көбейіп жатқан ақшаларым бар деген ойдың өзі, өзіңді сенімді, көңілді сезінуге жол ашады. Ал, сенімділікпен, көтеріңкі көңіл- күй қандай іспен айналыссаңызда табыстарға жетуіңізге көмегін тигізеді. Сондықтан, өзіңізді сенімді сезініп, мақсатыңызға жетуге екпінді əрекет ету үшін ақшам аз қалды, бітсе не істеймін деп алаңдамас үшін əр алығыңыздың он пайызын өзіңізге сақтаңыз. Бүкіл əлем ол- энергия. Ақшаның да өзіндік энергиясы бар. Психологтардың тұжырымдауынша, ақша – ақшаларды тартады. Ай сайын сақталып отыратын ақшаңызды өзге де ақшаларды тартатын, кіріс көздерін ашатын магнит деп сеніңіз. 2.Күтпеген жерден жолығар жайсыздықтардан қорғауға. Барлығымыз болашақтан жақсылықтар, мол қуаныштар күтіп өмір сүреміз. Үміттенеміз, сол үмітімізге сеніммен қараймыз. Дегенмен, ертең не болатыны, алдымыздан нелер күтіп тұрғаны бізге белгісіз. Ертеңгі күннің, болашақтың арманымыздағыдай керемет болатындығына ешкім еш уақытта кепілдік бере алмас. Тек бүгінгі ісімізге қарап, аздап жорамалдайтынымыз болмаса. Табысқа, биіктерге жетуге ұмтылсаңыз жаман айтпай, жақсы жоқ деген аталы сөзді негізге ала отырып, күтпеген жерден пайда болатын жайсыздықтарға, қиындықтарға қалқанымызды тосып дайын болуымыз керек. Ол жайсыздықтар бола ма, болмай ма белгісіз. Бірақ біз, олар өміріміде пайда бола қалған жағдайда сабырмен күтіп алып, шығарып салатын халде болуымыз қажет.
Көз алдыңызға елестетіңізші: Құрметті ер азамат, көпшілігіміз танның атысынан, күннің батысына дейін отбасымызды асыраймыз деп жұмыста жүрміз, кəсіпкерлікпен айналысудамыз. Ал, сізде күтпеген жерден бір жағдай болып, 3 айға ауруханаға түсіп қалсаңыз, отбасыңызды кім асырайды? Қандай ақшаға емделмексіз? Аяулы ана, жақсы жар, егер де осы оқиға сіздің басыңызда орын алса, ер азаматыңызбен балаларыңызға кім ас дайындап береді. Аспазшыны қандай ақшаға жалмақсыз? Мүмкін, туыстарым, ағайындарым көмектесер деп ойларсыз. Бірақ бүгінгі заманда əркім өз қотырын өзі қасып жұмыстан бас алмай жүр емес пе? Өз шаруасымен басы шайқалып, мəселесімен миы айналып жүрген туыстарыңыз көмектесер, бірақ, өз шаруасын ысырып, 3-4 ай сіздің шаруаларыңызбен айналысады деп ойламаймын. Əлде, ішіңізден Аманжол жағың қарыссын немесе құдай сактасын деп тұрсыз ба? Өкінішке орай, күтпеген жерден пайда болатын жайсыздықтардан алдын ала өзімізді өзіміз сақтандырмасақ, өзгелер сақтандырмайды. Сақтансаң, сақтаймын деген ұлағатты сөз осы мақсатта айтылған – ау шамасы! Табыстарға жеткен күйлі- қуатты адамдардың барлығы өз болашағын бүгінгі күннен ойлайды. Болашақта болуы мүмкін қаржылық қажетіліктері ескере келе, өзі үшін отбасы үшін кемінде алты айға қаржылық сақтандыру өзенін жасайды. Мысалы: Көлдегі балықтар өмір сүруі үшін көл белгілі бір өзендер арқылы толысып отырылуы шарт. Ал, енді отбасылық қаржылық қорды көлге теңесек, балықтар өмір сүруі үшін көл суына тəуелді емес пе? Сол сияқты біз адамдар бүгінгі жиырма бірінші ғасырда ақшаға жақсы өмір сүруіміз үшін отбасылық қаржы қорымызға тəуелдіміз. Айлық түскенше келетін қонағымыз баратын той – думанымыз бар дегендей. Ал, отбасылық қаржы қорымызды белгілі бір кіріс көздерімен толтырып отыруымыз керек. Ол кіріс көздерін бізге істеп жүрген жұмысымыз, бизнесіміз қамтамасыз етуде. Менің айтайын дегенім, белгілі бір себептермен отбасылық қаржы қорын толтырып отыратын кіріс көздері тоқтаған жағдайда басқа да кіріс көздерін, ақша табу жолдарын тапқанымызша, отбасымыздың жайлы өмір
сүруін қаматамасыз ететін қаржылық сақтандыру өзенін ұйымдастыруымыз керек. Қаржылық сақтандыру өзені дегеніміз, сізде белгілі бір себептермен ақшалай кіріс тоқтаған кезде, жаңа кіріс көздерін ашқанша, өзіңіздің, отбасыңыздың толыққанды өмір сүруіне жағдай жасайтын қаржылық қор. 19 КӨҢІЛДІ ӨМІР СҮРУ ҮШІН, КӨП АҚША ТАБУ КЕРЕКСІЗ. «Кедейлікті қанша мақтағаныңызбен, өмірден толыққанды Лəзат алып, бақытты өмір сүру үшін – көп ақша тауып бай болу керексіз!» Уоллис.Д.Уотлис «Бай болу ғылымы» кітабының авторы Көп ақша тапқыңыз келе ме? Ең бірінші, еңбектеніп тапқыңыз келетін ақша сомасын нақтылап алыңыз. Екіншіден, ақшаға қатысты ішкі наным- снiмдеріңізді бір тексеріп өтіңіз. Яғни, миллионер болып, миллиондап ақша таба алатыныңызға 100% сеніңіз. Ал, сенімді қатайтып, қабырғаларын тіктеу үшін, кітаптың үшінші бөлімінде жəне он бірінші бөлімінде көрсетілген жаттығуларға жүгiнiңіз. Үшіншіден, өзіңізге арман қылған ақша сомасын табу үшін, мен нарыққа қандай қызмет немесе қандай товар ұсына аламын деп сұрақ қойыңыз. Сараптай келе, халықтың, достарыңыздың сұранысын қажеттілігін қалай қамтамасыз ете аласыз сол жайында ойланыңыз. Төртіншіден, нарық сұранысын қанағаттандырар қызмет түрін немесе товар түрін табыңыз. Қалай көп ақша табуға болады?
1.Кəсіпкерлікпен айналысу. Егер де, баю арманыңыз, көп ақшалар табу басты мақсатыңыз бол, сіз үшін ең дұрысы, өзіңізге өзіңіз жұмыс істеу. Яғни, кіріс көлеміңіғ қандай болатынын өзіңіз шешу, өзіңізге өзіңіз бастық болу. Өкіметке немесе басқа да бір компанияға айлыққа жалданып жұмыс істеу арқылы, миллионер болуды армандамай - ақ қойғаныңыз жөн! Неге десеңіз, қанша беріліп, күніне 10 сағаттан жұмыс істегеніңізбен, алатыныңыз сол баяғы шектеулі айлық. (мен айтпасам да, сіз мұны өте жақсы білесіз ғой!) Өз ісіңізді қалай бастауға болады? 1.Болашағы бар идея Кітаптың бірінші бөлімінде сөз еткенімдей барлығы ойдан, идеядан бастау алады. Сондықтан ойға түскен бизнес-идеяларды мəн беріп, қағазға түсіріп отырыңыз. 2.Өз ісінің шеберлерімен ақылдасыңыз Көп идеялардың ішінен жаныңызға жақын, икемділігіңіз бар екі-үш идеяны топтастырып, өз кəсібі бар кəсіпкерлермен ақылдасыңыз. Олар сізге, идеяңызды негізге ала отырып, қалай кірісті кəсіп бастау жолдарымен бөліседі. 3. Ізденіс, ізденіс Сіз бастасам деген кəсіппен, баяғыда- ақ біреулер айналысып, миллиондап ақша тапқанын есте ұстағайсыз. Сізге керегі олар жасаған амал-əрекетті өз менталитетімізге ыңғайлай келе қайталау. 4. Жақсы құрылған бизнес - план. Жоспарсыз құрылған бинестің түбі- тоқырау, осыны ұмытпаңыз. Мамандармен ақылдаса, кіріс- шығыныңызды, кезігер қиындықтарды, болашақ клиенттеріңіздің психологиясын ескере отырып, бизнес-план жазыңыз. 5.Тəуекел түбі – береке.
Дағдарысқа ұшырасам не болады немесе товаым өтпей қалса не болар екен деп көп ойланбай, əрекетті бастаңыз. Қаржыңыз болмаса несие алыңыз, несие алу мүмкіндігі болмаса қарызға ақша іздеңіз. Бастысы, қорықпай, жасқаншақтанбай алға басыңыз. 6. Өзіңізді өзіңіз дамытыңыз Бизнес ашу жолдары, бизнесмен болмысы жайлы жазылған кітаптарды оқып, сол сала бойынша өткізілетін семинар-тренингтерге жиі қатысыңыз. Əлемге аты əйгілі ұлы кəсіпкерлердің өмір- баянын оқып, олар жайлы ізденісте жүруді əдетіңізге айналдырыңыз. 2.Тармақты маркетинг өкілі болыңыз. Əлемде өз товарын тармақты маркетинг арқылы тарататын мыңдаған компаниялар бар. Олардың товарлары денсаулыққа арналған арналған дəрумендер, косметика, ойыншықтар, қаржылық қызмет түрлері т,б. Интернеттен іздесеңіз болды, мүмкіндіктері жағынан өзіңізге ұнайтынын бірден тауып аласыз. Тармақты маркетингтің негізгі артықшылықтары 1.Сіз 50$ мен бизнес бастап, өз кірісіңізді айына 20 000$-100 000$ ға жеткізе аласыз. 2. Неден бастаймын, қалай бизнес істеймін деп бас қатырмайсыз. Сізді командасына тіркеген адам немесе сол компанияда жетістікке жеткен көшбасшылар сізге барлығын егжей — тегжейлі түсіндіреді. Бастысы, сізде өсемін, өрлеймін, табыс баспалдағының шыңына шығамын деген мықты ниет болса болғаны. 3.Өзіңіз сияқты жаңаша ойлайтын, табыстарға жетсем деген талмынысы өте жоғары жаңа достар табасыз. Ал, сіздің өсуіңіз немесе маздап өшуіңіз кімдермен қарым- қатынас жасайсыз соған тікелей байланысты. 4. Товадың сапасына бас қатырмайсыз. Товардың сапасына сіз тіркелген компания толық жауап береді. Сіздің міндетіңіз, команда кұра отырып, компания товарының сатылымые ұйымдастыру. Тармақты маркетинг арқылы товаын ұсынатын компаниялар əр-түрлі болғандықтан, əр қайсысының сізге ұсынатын өз мүмкіндіктері жəне өз артықшылықтары
бар, ал тармақты маркетингтің дəстүрлі бизнестен негізгі артықшылығын мен жоғарыда айтып кеттім. Шын беріліп əрекеттеніңіз!!! Мейлі, жеке кəсібіңіз болсын, мейлі тармақты маркетинг бизнесімен айналысыңыз, көп ақша тауып, табыс шыңына шығуды ниет етсеңіз- өз ісіңізге 100 ға беріліп, 100 жауапкершілікпен көрмеге қойатындай етіп істеңіз. Екіншіден, мен білем деп байбалам салмай, оқуды, ізденуді, өзіңізді дамытуды тоқтатпаңыз. Үшіншіден, мүмкін емес iстер жоқ, тұрса еңбегің үстем боп осыны есте ұстаңыз. Кедей болуыңыз да, миллионер болуыңызда əрекетіңіздің екпініне тікелей байланысты. 20 МҮМКІН ЕМЕС ІСТЕР ЖОҚ, ТҰРСА ЕҢБЕГІҢ ҮСТЕМ БОП, «Тиісінше еңбек ету денеге күш береді, ал шектен тыс артық, немесе жеткіліксіз еңбек күшті қайтарады, немесен əлсізді əлсіз халінде қалдырады.» Əл-Фараби Күнделікті күйбең тіршіліктің сəл де болса тұсауынан шығып «өрлеймін» деп «Өрлеу» кітабын кербезденіп, кілтипан таппай оқып шыққаныңызға шын жүректен ризамын! Егер де, оқығаныңызды, түйсікке түйгеніңізді тез арда кейігнге қалдырмай іс жүзінде қолдансаңыз, жұмысыңыз алға басып өміріңіздің, тұрмысыңыздың сіз қалағандай жағымды жаққа бет бұрыс жасайтынына кепілдік беремін. Өзіңіз білетіндей кітапта аспаннан алынған ақпарат жоқ, əр бір заңдылық өз салалары бойынша үлкен табыстарға жеткен тұлғалардың ойлау жүйесін, табысқа жету стратегиясын зерттей келе өз тəжірибиеммен, оқығантоқығаныммен байланыстыра келе жазылған. Өрлеу кітабындағы табысқа, жетістікке жету заңдылықтары 2008 - 2011 жылдар аралығында «Өрлеу» семинар- тренигіне қатысқан 10 000 –нан астам тыңтаудаушыларымның өз салары бойынша табыстарға жетуіне жол ашты.
Ал, семинар – тренингке қатысу мүмкіндігі болмағандарды осы кітап кəдімгідей өмірге деген көз қарасын өзгертіп, өзіне деген сенімділігін көтеріп, өз ісінде жетістіктерге жетуіне шабыттандырады деген ойдамын. «Кім көп еңбек етсе - бақыт соған басын иеді» Ленорда Давинчи Кітапты оқыдыңыз, енді оқып ұққаныңызды, түсінгеніңізді тез арада күнделікті өміріңізде қолданыңыз. Тез арада əрекетке көшіңіз! Табысты адамдардың қарапайым адамдардан айырмашылығы осында жатыр. 1.Олар тез арада, көп ойланбай əрекетті бастайды 2. Олар істеу керек істі кейінге қалдырмайды. Қазақша сөйлейтін ойыншық жасау идеясы əрбір үшінші кəсіпкерде болған шығар, бірақ көп ойланбай əрекетті бастаған Қыдырəлі Болманов. Шоу-бизнес жұлдыздарының қатысуымен комедия жанырында фильм түсіру идеясы өзге де кино саласында жүрген кəсіпкерлерде болған шығар, бірақ тəуекел жасап, тез арада əрекетке көшкен Баян Есентаева. Товарын тармақты маркетинг арқылы тарататын Қазақстандық компания құру басқа да адамдар да болған шығар бірақ, күдігіне, қорқынышына қарсы шығып «Асыл арман» компаниясын құрған Алма Архабаева. Нəтижесі: Қыдырəлі Болманов құрған қазақша сөйлейтін əдемі ойыншықтар жасаумен айналысатын «Бал – бала» компаниясы өз ойыншықтарымен мыңдаған балаларды қуантып, ұлттық тұрғыда қазақ- тіліңің өз қасиетін жоғатпауына үлес қосуда. Ал, Баян Есентаева еңбегінің жемісі, көрерменнің сүйікті фильміне айналып, қазақ кино өндірісін бір сатыға жоғары көтерген өзіңіз білетін «Ғашық жүрек», «Ғашық жүрек- 2»
фильмдері. Асыл- арман компаниясы да арманына ұмтылып, Қазақстанның атын əлемге танытып, ТМД нарығында өз жұмысын жалғастырып, мыңдаған адамның денсаулығын жақсартуға көмектесуде. Мейлі əкім болыңыз, кəсіпкерлікпен айналысыңыз, əнші болыңыз, тармақты маркетинг өкілі болыңыз, кім болсаңыз да егер де табысыңызды еселендіру, кірісіңізді көбейту басты мақсатыңыз болса, көп ойланбай, оқығаныңызды қолдана отырып тез арада əрекетке көшіңіз! Есіңізде болсын, қателесіп жатсаңыз, арасында табыс заңдылықтарын ұстанбай жатсаңыз, өзіңізді өзіңіз кінəлап, жасымаңыз. «Көш жүре түзеледі» бастысы, əрекетіңізді, еңбектенуіңізді тоқтатпаңыз! Сату өнерін үйренгіңіз келе ме, сол сала бойынша кітаптар сатып алып, оқыңыз, семинар-тренингтерге қатысыңыз. Мейрамхана ашуды армандайсыз ба, ақшам жоқ деп қарап отырмай, мейрамханалардың біріне жұмысқа орналасып, мейрахана бизнесін зерттеп бастаңыз. Жазушы болсам десеңіз, күнде бір-екі бет қағазға өз ойыңызды түсіріп, жазып бастаңыз. Сіздің арманыңыздың орындалуына ыңғайлы уақыт еш қашан болмайды, сондықтан кейінге қалдырмай дəл қазірден бастаңыз. « Не істеймін» деп апталап- айлап ойлана беруден түк шықпайды. Еңбек – сіздің жетістіктеріңіздің, табыстарыңыздың кепілі. Ақыл керек пе, өз ісінің шеберлерінен ақыл сұраңыз немесе кітаптардан ізденіңіз. Бинесіңізді, командаңызды өсіргіңіз келе ме көшеге шығып «рекурт» жасаңыз. Өз идеяңызды, товарыңызды ұсынынудан шаршамаңыз. Еңбек- бəрін жеңбек! Ерінбеңіз, босаңсып керілмеңіз жəне армаңызға жетпей жатып, ЕШҚАШАН ЕШҚАШАН БЕРІЛМЕҢІЗ!!! Ойымды қортындылай келе «Шын жеңімпаз – өмірдің жеңімпазы» өлеңін назарларыңыға ұсынамын: Өтеді өмір, сағат боп жəне минутпен, Мүмкіндік көп –ақ таласар кеуде иықпен. Қалар болсаң табыс пенен бақытты, Жақсы мінез, жақсы əдет жиып кел. Кей сəтте мақсатың бір тұманданар,
Көбейіп кедергілер сылаңдаған. Қандай жағдай болмасын, өсер тұлға, «Тек қана алға!» деген ұранды алар! Қинайды өкініш пен сезім деген, Жүрек толқып, секілді теңіз денең. Сенімі тұрсадағы сергелдеңде, Мықты адам көп оқып, көп ізденер! Кездер болар ұйқысыз көз ілмеген, Сөйлесіп жынды адамша өзіңменен. Қиындық болсадағы қара тұман, Бəрін жеңіп шығады төзім деген! Күдіктер қарсы соғып борандайды, Болған іс артқа қайта оралмайды. Көрмесе де бірде -бір шығар жолды, Сенiмi жеңімпаздың жоғалмайды. Жан табылмай ісіңе төрін берер, Қалады адамдардан көңіл деген. Жеңімпаз барлығын да саралайды, Күресіп өмір сүреді өмірменен! Ұшырмайды осылай бастан бағын, Көрмейсің бақыласаң жасқанғанын. Сенімінің арқасы еңбегімен, Бағындырар өмірдің асқарларын, Арманы орындалып осылайша, Шын бақыттың сезінер басталғанын!!!
Аманжол Рысмендиев. Мен кіммін? Не үшін?... Мен, Аманжол Рысмендиев, өзін жəне өзге де адамдарды тұлғалық дамыту жолына түскен халықаралық дəрежедегі бизнес-тренер, мотиватормын. Авторлық семинар-тренингтерім арқылы осы уақытқа дейін 15 000-ға тарта адамның өз саласында табыстарға жетуіне жол аштым. «Өзінді оят, дабылын қақсын арманың» деп семинар-тренингтерімде жиі қайталайтынымдай, өмірлік алға қойған негізгі міндетім: өсемін, өрлеймін, табыстарға жетемін деп талпынған адамдарға табыс заңдылықтарын үйрету. Шаршап жүргендерді шабыттандырып, жасып жүргендерге жігер беру! Қайдан шықтың? Қайда барасың? десеңіз, оны да айтайын: Туған жерім: Алматы облысы, Сүмбе ауылы. Бітірген мектебім: Абай атындағы дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен əдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты. Мектептен кейінгі білімімді Мəскеуде, Халықаралық Көшбасшылар Академиясында жəне бизнесте жетістікке жету тақырыптарындағы түрлі семинар-тренингтер өтумен жалғастырдым. Бүгінгі күнге дейін əлемге аттары əйгілі бизнес-тренерлердің 100-ге тарта семинар-тренингтеріне қатыстым. Атап айтсам: Брайн Трейси, Энтони Роббинс, Бодо Шефер, Джек Кенфилт, Смилиян Мори, Том Шрайдер, Мирзакарим Норбеков, Николай Латанский, Радислап Гандапас, Марк Атласов, Робин Шарма, Ренди Гейж, Андрей Мойесеев т.б. Сонымен қатар, нлп-мастер, арт-терапия, психоанализ салалары бойынша курстар өтіп, 200-ге тарта ұлы адамдардың өрлеу құпияларын зерттеп,
табысқа жету психологиясы бойынша 550 ден астам кітаптар оқыдым. Алған білімді өз тəжірибиемде қолдана, 2008 жылы «EST corparation» халықаралық тренингтік- кеңес беру орталығын құрдым. «EST corparation» Негізгі жұмысы: Талабы таудай тұлғаларға, семинар-тренингтер, кітаптар, журналдар, арнайы филмдер арқылы өз салаларында табыстарға жету өнерін үйрету. Халықаралық деңгейдегі бизнес-тренерлердің семинарларын өз елімізде ұйымдастыру арқылы, кəсəпкерлердің іскерлік шеберлігін көтеріп, ел экономикасының қарыштап дамуына өз үлесімізді қосу. Қолыңызда ұстап отырған «Өрлеу» кітабынан бөлек, өз оқырманын тауып, талай адамның табысқа жету жолында жүрегіне жігер беріп шабыттандырған, «110% - ға жақсы өмір сүрем десеңіз», «Өзіңді оят, дабылын қақсын арманың» атты кітаптарын жарыққа шығардым. Ал, мақсатым сізге жəне сіздің бизнесіңіздің қарыштап дамуына көмектесу. Егер де, өмірде босқа жүрмей, ұлы істермен айналысып, табыс пен жетістіктерге жетіп, мəнді мағыналы өмір сүруді қаласаңыз, семинар- тренингтерімнің бірінде тыңдаушыларымның қатарынан сізді де көретініме кəміл сенемін!!! Аманжол Рысмендиев жəне ол жүргізетін семинар- тренингтер жайлы толық ақпарат алу үшін: www.est1.biz сайттарына кіріңіз. Оглавление «Өрлеу» кітабы жайлы оқырман пірлері: АЛҒЫ СӨЗ Арнаймын КІРІСПЕ
ӨРЛЕУ БҰЛ КІТАПТАН ҚАЛАЙША КӨП БІЛІМ АЛУҒА БОЛАТЫНДЫҒЫ ЖАЙЫНДА 6 КЕҢЕС СІЗ ТАБЫСТЫ ДА БАҚЫТТЫ БОЛУҒА ЖАРАЛҒАНСЫЗ. БҰЛ – ЗАҢДЫЛЫҚ 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 Мен кіммін? Не үшін?...
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124