Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Аманжол Рысмендиев Өрлеу

Аманжол Рысмендиев Өрлеу

Published by Макпал Аусадыкова, 2021-06-14 09:24:50

Description: Аманжол Рысмендиев Өрлеу

Search

Read the Text Version

Қиындықты жеңе білгін күресіп. Нəтижесі болар əрбір ісіңнің ойларыңа əрекетің сай келсе. «Себеп пенен салдар» заңын түсінгін, деп ойлаймын: «Болады Құдай берсе». Аманжол Рысмендиев Мен, жоғарыда айтып кеткендей, өз өмірімізге өзіміз толыққанды жауапкершілік ала алмауымыздың бірінші себебі – ішкі қорқынышымыз бен өзімізге, өз қабілетімізге деген сенімсіздік. Келесі бөлімнен сол бір сенімсіздіктен, көп нəрсеге кедергі болар ішкі қорқыныштан арылу жолын үйренеміз. Сізді құттықтаймын! Не үшін дейсіз бе? «Мақсат ыма жет емін» деп осы кітапты оқып отырғаныңыз үшін. 5 ҚОРҚЫНЫШЫҢЫЗДЫ ЖЕҢІП, АЙБЫНДЫ БОЛЫҢЫЗ Қорқыныш бар жерде күш те бар. Халық даналығы Біз істің күрделілігінен қорықпай мыз. Біз алдымен қорқамыз, сосын іс əрі күрделі, əрі қиын көрінеді. Энтони Роббинс Бəрімізді де бір жобаны, істі бастар алдында қорқыныш сезімі билейтіні анық. Өкінішке орай, көпшілігіміз қорқынышқа бой алдырып, арманымызға жету жолындағы баспалдақты баспай, тіпті арманымыздың өзін керек қылмай жатамыз. Біз өлімнен, сосын бақытқа толы өмірден қорқамыз. Көппен бірге болудан жəне жалғыз қалудан қорқамыз. Дəрігерден қорқа тұра денсаулығымыздың нашарлауынан қорқамыз. Шешім қабылдаудан қорқамыз, сосын қабылдаған шешіміміздің

нəтижесінен қорқамыз. Телегей теңіз табыстан да, қателесуден де қорқамыз. Сондай-ақ мүмкіндіктерден, қиындықтардан қорқамыз. Тəуекел етуден қорқа тұра кедейліктен, бейшаралықтан тағы қорқамыз. Тойға барсақ «сөз берілмей қалмаса екен...» деп, сөз берілсе «не айтамын?» деп қорқамыз. Біздің көп нəрседен қорқатынымыз соншалық – өмір тек қана қорқыныш сезімінен тұратын сияқты. Дегенмен бұл қорқыныштар қаншалықты шындыққа жанасады? Шын мəнінде біз қорқатын нəрселер бізге зиянын тигізеді ме? Психология саласындағы зерттеулерге сүйенсек, онда біздің қорқыныштарымыздың 97 пайызы шынайы емес екен. Яғни, ойдан шығарып алған туындымыз. Сондай-ақ біз ақшасыз қалудан да, ақша табу жолындағы жаңа мүмкіндіктерден де қорқамыз. Осылайша көпшілігіміз қорқыныш сезіміне бас ию арқылы өз шығармашылығымызды, өз қабілетімізді өзіміз өлтіреміз. Қорқыныш сезімі біздің шешім қабылдауымызға, алға талпынуымызға кері əсерін тигізеді. Біз бір нəрсені қалап тұрып оны алудан тағы қорқамыз. Айтыңызшы, алдымызға үлкен мақсат қойып алып, соған жету жолында қимылдаудан қорқып жүрсек, онда не болғаны? Өз қорқынышымызды өзіміз жеңе алмай жүріп қандай асудан аспақпыз?! «Қорқақ мың рет өледі, батыр бір рет өледі» деп ата-бабаларымыз айтқандай, қорқынышпен сүрген өмірдің мəні де, сəні де болмайтыны шындық. Егер өмірімізді мағыналы, мəйекті етіп сүргіміз келсе, сіз бен бізге міндетті түрде қорқынышымызбен күресудің жолдарын іздегеніміз абзал! Біз не үшін қорқамыз? Қорқыныш сезімі қайдан пайда болған? Адамның қалыптасу ортасы сонау жабайы заманнан басталған. Айнала қауіп-қатер туғызатын жабайы аңдарға толы болған, солардан қорғану мақсатында бойымызда қорқыныш сезімі қалыптасқан. Ал бүгінгі күні біз неден қорқамыз? Ұяттан қорқамыз. Яғни, өзгелердің біз жайлы ойларынан, айтар əңгімесінен қорқамыз! Кітаптың бірінші бөлімінде мысал келтіргенімдей, біз үшін өзгелердің көзқарасы, ой-пікірі өте үлкен маңызға ие болып қалған. Екіншіден, миымызда «дұрыс істемесем, жазаланамын» деген программаның болуы. Себебі балалық шағымызда қателескеніміз үшін кəмпиттен қағылып, ұрыс естіп, тіпті шапалақ жеген кездеріміз де болған. Сол бір миға жақсылап орнатылған жағымсыз программа бізді есейгенде де басқарып отырады. Сондықтан да «ойлағаным болмай қалса не болады, жұртқа күлкі болып қалмаймын ба?» деп, тəуекелге бел байлап, арманымызға асығудың орнына көп жағдайда мүмкіндіктерді пайдаланбай, «барға қанағат етіп» жүре береміз. Қорқыныш сезімінің тағы бір қалыптасу

жолы бар. Ол – сіздің өмірлік тəжірибеңіз, өміріңізде болған оқиға. Денеңіз жараланса, көп уақытқа дейін денеңізде тыртық қалады. Сол сияқты кейбір адамдардың жүрегінде өткен күндерде орын алған жағдайдың «Тыртығы» қалып қойған. Мысалы, иттен қорқатындарды бұрын ит қауып алған, қараңғыдан қорқатындар өткен өмірінде түн қараңғы уақытта бір нəрседен шошынған. «Ат аунаған жерде түк қалады» дегендей, өткен өмірімізде орын алған жайттар түп санамызға белгілі бір сенім жүйесін ұялатады. Содан болуы керек, ит тістеп алған адамдар арада жиырма жыл өтсе де иттен қорқады. Ит көрсе болды, көз алдына итке таланған кезі елестеп кетеді. Тек қана ит емес, өткен өмірімізбен байланыстыратын қорқыныштар толып жатыр. Əркімде əр түрлі. •Тұрмысқа шығудан қорқады, себебі бірінші күйеуі алқапші болған. • Биікке шығудан қорқады, себебі бала кезінде биіктен құлаған. •Мысықтан қорқады, себебі бала кезінде мысық тырнап алған, •Бизнес ашудан коркады, себебі, əкесінің бизнесі дағдарысқа ұшыраған. •Суға түсуден қорқады, себебі бала кезінде өзенге шомыламын деп батып кете жаздаған, т.б. Табыстың болмауыңның бірінші себебі – сен қорқақсың. Дональд Трамп Қорқыныштардың қалай пайда болатынын түсінсеңіздер, енді «қорқынышпен күресудің» тактикаларына көшейік. Бірақ тақырыпты бастамас бұрын бойыңызда бар қорқыныш сезімдерін толық анықтап алыңызшы. Жəне не үшін, не себепті қорқасыз, соған да баса назар аударуыңызды сұраймын. Анықтағаныңызды төменге жазыңыз. Менің қорқыныштарым: __________________________________________________________

Мысалы: Мен тышқаннан қатты қорқамын. Баламның əкесіз өсуінен қорқамын. Сахнаға шығуға қорқамын. ____________________________________________________________________________ Не себепті қорқамын: __________________________________________________________ Себебі: Төрт жасымда тышқан қойныма кіріп кет кен. Өзім əкесіз өстім. Дұрыс айтпасам жұрттардан ұят болады. ____________________________________________________________________________ Қорқынышпен күресе білудің тактикалары Мен күтпеген жерден пайда болатын жайсыздықтардан қорқып өмір сүрдім. Бірақ солардың көпшілігі өмірімде орын алған жоқ. Марк Твен 1. Жақсы нəтиже жайлы ойлаңыз. Жағымды жаңалық күтіңіз. Психологтар қорқыныш деген ұғымға былайша анықтама береді: «Қорқыныш – адамның істі жағымсыз, нəтижесіз қылып елестетуі». Қорқатын адамның көп қолданатын сөз тіркесінің бірі - «Мен ойлаудан қорқамын». Мысалға: Мен балаларымды жалғыз қалдырып кеткім келеді. Бірақ «жаман бір нəрсеге ұшырай ма?» деп қорқамын. Мен жұмысымды қойып, тек бизнеспен айналысқым келеді. Бірақ бизнесте дағдарысқа ұшырауды ойлап қорқамын. Мен Мөлдірге сезімімді білдіргім келеді. Бірақ мен оған ұнамай қалсам не болады, соны ойлап қорқамын. Əрекетімізді

тұсап, өзімізге өзіміз шектеу қоятынымыздың бірден-бір себебі — істің нəтижесіз болуын елестетiп қорқамыз. Сондықтан қорқыныш сезімін жеңгіңіз келсе, ісіңіздің нəтижелі болғанын, өзіңіздің қуанып жатқаныңызды көз алдыңызға елестетіңіз. Болашақтан тек жақсылық пен сəттілікті күтіңіз. 2. Тез арада əрекетке көшіңіз. Неден қорқасыз, соны істеңіз. Сонда қорқыныш тез арада жоғалып кетеді. Əрекетсіздік қорқыныштарды көбейте береді. Ұлы адамдарда қорқады, бірақ олар қорқынышына қарсы шыға əрекеттенеді. Көңіліңізді əрекетке бөлу арқылы жүрегіңізге сенімділік ұялатасыз. 2. Психолог көмегіне жүгініңіз. Өзіңіз жеңе алмайтындай қорқыныштар болса, психолог көмегіне жүгініңіз. Ол сізге бəрін саралауға, сараптауға көмектеседі. Немесе қорқыныштан арылу тақырыбында өтетін семинартренингтерге қатысыңыз. 3. Өз қорқынышыңызды жеңген кезіңізді еске түсіріңіз. Ең алғаш машина айдағанда қорықтыңыз ғой, бірақ жеңдіңіз! Сахнаға шыққанда да қорықтыңыз, бірақ жеңдіңіз! 4. Сіз жеңген қорқыныш сезімі толып жатыр. Осы уақытқа дейін жеңдiңіз, бұдан кейін де жеңе бересіз. Менің де қорқыныштарым бар. Бірақ қанша қорықсам да, қорқынышыма қарсы жүремін. Кез келген табысты тұлға сізге өмірінде сəттілігінен гөрі сəтсіздігінің көп болғандығын айтатынына сенемін. Менің өзімде де сондай болған. Сапалы шыққанға дейін əрбір жарнамаға екі жүз рет түсуге тура келеді. Өйткені маған сол үшін ақша төлейді. Сондықтан неден қорқасыз, соған қарсы жүріңіз! Кевин Сорбо, «Гераклдың фант астикалық өмірі» атты телехикаяда басты рольді

сомдаған актер Қорқынышты жеңіп, тəуекелге бел байлау Нар тəуекел! Осы бір сөздің астарында бұғынып қаншама күш, қаншама жетістік жатқанын ешкім де біле алмас. Себебі адам өмірде биік шыңдарды бағындырғысы келсе, міндетті түрде үлкен тəуекелге баруы керек. Тəуекелге бел байлау да ұлы өнер. Кез келген ұлы табысқа жеткен тұлға əлемнің қай бұрышында, қай мемлекетте өмір сүрсе де, өзінің жетістігін тəуекелшілдігімен байланыстырады. Жеңімпаздар жеңістің болу мүмкіндігі 20-ақ пайыз болса да тəуекел жасайды, іске кіріседі. Олар үшін қайғы мен мұңға беріліп, тыптыныш өмір сүру таңдау емес. Өйткені əрбір ер тұлғалы табысты адам өзінің өсу керек екенін, рухани дамуы міндетті екенін жақсы түсінеді. Ал алға жүргің келсе, шарықтағың келсе, тəуекелге бару керексің. Бұл – табиғи заңдылық! Айтыңызшы, сіздің кім болғыңыз келеді? «Тауық па, əлде қыран ба?» Əрине, «Қырағы қыран болғым келеді» дейсіз. Жалғыз сіз емес, жұрттың бəрінің арманы – асқар шыңдарда қыранша қалқып, қыранша өмір сүру. Бірақ, өкінішке орай, қыранша өмір сүруді армандағанымызбен, көпшілігіміз тəуекелге баруға кібіртіктеп қаламыз. Қыран бəрінен биік ұшады, тіпті адамның қолы жете бермейтін дəмді еттермен қоректенеді. Себебі қыран құсы басқа жан-жануарлармен салыстырғанда көп тəуекелге барады. Себебі ол өзінен бірнеше есе үлкен аңдарды аулайды. Əрине, мертігудің мүмкіндігі де көп, дегенмен де жеңістің беретін пайдасы, лəззаты да орасан зор! Сол жеңіске жету үшін кез келген бүркіт «Мынау қасқыр, мынау арқар екен» деп қарамастан айқасады, күреседі. Өйткені бұл – олардың өмірлік таңдауы! Қыран тауық сияқты өзін қинамай елден қалған-құтқанды теріп жейтін болса, ол онда несіне қыран?! Дəмді жемтік қашан да мықты еңбекті, үлкен тəуекелді талап етеді. Ал сіздің таңдауыңыз ше? Тауық сияқты кедей болып арзан-құрзан, қиналысы аздау өмір сүру стилін қалайсыз ба? Əлде қыранша əлемнің бар мүмкіндігін тамашалап, тəуекелге бел байлай отырып, қомақты жобалар құрып, өз ісіңізді ашып, бай-қуатты болуға еңбектенгіңіз келеді ме?

Өмірін тəуекелге тікпеген адам бақыт пен табысқа ие бола алмайды. Сэр Ригард Бренсон, миллиардер Бұл кітапты оқып отырғаныңыздың бірден бір себебі «қыран боламын, табысқа жетемін» деген шешіміңіздің нəтижесі деп ойлаймын. Қыранша өмір сүргіңіз келсе: Тəуекелге бара біліңіз, ойда пайда болған күдік пен қорқыныштарға өзіңізді тоқтатуға жол бермеңіз. Өзгелердің де арманыңыздан адастыруына жол бермеңіз! Қолымнан келеді деп сенсеңіз, қолыңыздан келеді! Есте ұстаңыз, басқалардың ойы маңызды емес, бастысы өзіңіздің ойыңыз! Тəуекел түбі – желқайық, мінесің де өтесің, Уайым түбі – тұңғиық, батасың да кетесің. Халық даналығы Сізге «арманыма жетемін» деп шешім қабылдағаннан бастап көрінбейтін күштер көмекке келеді. Қорқыныш сезіміне бой алдырмай, тəуекел жасай біліңіз! Ойда пайда болған іс, туынды шындыққа айналуы шарт! 6 ӨЗІҢДІ ӨЗІҢ ДАМЫТУ Нəтиже — Тұлға — Əрекет Егерде маған ағашты шауып құлатуға

сегіз сағат берсе, мен сегіз сағаттың жеті сағатын балтамның жүзін қайрап алуға бөлетін едім! Аврам Линкольн, АҚШ президенті Сізді шын жүректен құттықтаймын! Сіз өте төзімді жансыз, аз да болса кітаптың бірнеше бөлімін аяқтадыңыз! Оның өзі де жетістік! Сізді шын мəнінде болашағыңыз ойландырады екен. Аузымен орақ орып, іс бітірмейтін адамдар қатарына қосылмағаныңызға ризамын! Міне, кітаптың 6-бөліміне де кезек келді. Бұл бөлімнің тастар ойлары, ақыл-кеңестері өзімнің жəне семинар-тренингтеріме қатысқан тыңдаушыларымның өміріне елеулі өзгерістер алып келді. Сіз үшін де кітаптың бұл бөлімінің берері мол екеніне сенімдімін! Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз! А. Құнанбаев Кітапты жалғастырмас бұрын өзіңіздің дəл қазіргі кезде қандай деңгейде екеніңізді анықтау үшін төмендегі анкета сұрақтарына жауап беруіңізді сұраймын. Əр сұраққа нөмірге сəйкес жауап беріңіз! Өз-өзіңізді алдамай, шын жүректен жауап беруіңізді өтінемін: 1- ешқашан; 2- анда-санда; 3- үнемі. 1. Күн сайын жаңа дүние білуге тырысамын. 2. Əрдайым шеберлігімді шыңдау мақсатымен өз ісіме қатысы бар газет - журналдар оқып отырамын. 3. Жаңаны тану мен үшін маңызды емес.

4. Аптасына ең аз дегенде алты сағат ты «Табыс құпиялары» атты кітаптар оқуға жұмсаймын. 5. Мен сияқты өмірде өрлеуге құлшынысы өте жоғары адамдармен жm араласамын. 6. Жылына ең аз дегенде өзімді, іскерлік шеберлігімді дамытуға арналған екі үш семинар-тренингке қатысамын. 7. Жылдық табысымның 20%-ын білімімді көтеріп отыруға жұмсаймын. 8. Мен өзіме қатты ұнайтын іспен айналысамын. 9. Мақсаттарымды қағазға жазып, оған тез арада жету жолдарын іздест іремін. 10. Жаңа білім жаңа ж ет іст ікт ерге жетуге көмектеседі. Тест қорытындысы 30 балл. Тамаша. Сіз ізденуден жалықпайтын өмірлік оқушысыз. Мұндай адамдар өз ісінің биігінен үнемі көріне біледі. 20-25 балл. Жақсы деңгей. Шын кіріссеңіз, сіздің қолыңыздан көп іс келеді. Қабілетіңізді қалағаныңызша дамыта аласыз. 11-19 балл. Орташа. Талпынысыңызға байланысты өзіндік даму жолына түсіп келесіз. 10 баллдан төмен. Бұл кітапты оқып отырғаныңызға разы емессіз. Жігерлендіретін, шабыттандыратын мақсаттар қою керексіз. Не себепті білімімізді көтеру керекпіз? Бала кезімде əжем жиі айтатын «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген нақыл сөзге аса назар аудара бермейтін едім. Өсе келе сөз мəнісін

түсінгендеймін. Өйткені бүгінгі ХХІ ғасыр – тек білімділер мен біліктілердің ғасыры. Сіздің тұрмыс деңгейіңіз, қоғамдағы абырой- беделіңіз тікелей сіздің қабілетіңізге, нені біліп, нені білмейтініңізге байланысты. Білімнен қуатты күш жоқ. Біліммен қаруланған адам жеңілмейді. М. Горький Бұрын үлкен кісілер «Орыс тілін білмесең, аш қаласың, қайтсең де орыс тілін үйрен» дейтін. Ал бүгінгі күні біліміңіз болмаса, ешкімге де керегіңіз болмай, ойды да, бойды да қажытатын ауыр жұмыс істеуге тура келеді. Көнсеңіз де, көнбесеңіз де заман талабы солай. Өзіңізге іштей сұрақ қойыңызшы? Осы күнгі тұрмыс жағдайыңызға, жай-күйіңізге риза болып жүре бересіз бе? Əлде арманға жету жолында күресіп, өзіңіздің рухани жəне іскерлік деңгейіңізді, жағдайыңызды мейлінше көтергіңіз келеді ме? «Жетектеген ит аң аулауға жарамайды» деп ұлылар айтқандай, сіздің өмірге деген құштарлығыңыз өте маңызды. Сіз қаламағанды мен «қалайда алу керексің» деп итермелей алмаймын. Сіз қалаған жағдайда ғана талпынысыңызды тағалап, көмектесе аламын. Кітапты оқуды жалғастырып жатсаңыз, сіз шын мəнінде бұл заманның заңғар тұлғасы болуға бел байлаған адам екенсіз. Жарайсыз! Көпшілігімізде «тəжірибе жүзінде үйренемін, біліп кетемін» деген ой да болады. Бірақ сіз үйреніп болғанша, құлшынысыңызды құм қылар қателіктер жіберуіңіз мүмкін. Сондықтан ең алдымен істі бастамас бұрын қалай істеу керек, құпиялары қандай, тағы да басқа сол сала бойынша толық мағлұмат алып, сол істі істеуге керекті қабілеттерді бойымызда дамытуға тиіспіз. Əрекет — Нəтиже — Тұлға Жоғарыда көрсетілген сызба, ол – біздің күнделікті өмірде көп қолданатын, ұстанатын формуламыз. Яғни, істі бастаймын, көп кешіктірмей нəтиже шығарамын, нəтижеме қарай тұлғалық білімім қалыптасады деген түсінік. Ал енді сол формуланың іс жүзіндегі нəтижесіне баса назар аударсақ.

АҚШ — ҚР банктер — Халық 2006-2008 жылдары Қазақстанда банктердің несие беру, халықтың несие алу кезеңі болды. Оның нəтижесін мен айтпасам да барлығымыз білеміз. Бизнес жүргізу жағынан сауаты жоқ адамдар көптен қалыспай «істеп жүріп-ақ үйреніп кетемін» деген ұстаныммен өз ісін ашуға банктерден несие алды. Іс бастамады емес, бастады. Той да жасады, автокөлікте алды. Ұзын сөздің Қысқасы, білімінің аздығынан, қабілетінің болмауынан көптеген адам банк ақшасын өз ақшасындай көріп, шығындарға мəн бермеді. Екіншіден, кəсіптен қалай нəсіп көру жолын білмегендіктен, үшіншіден, «істеп жүріп-ақ үйренермін» деген ойдың нəтижесінде алған несиесін қайтара алмай тығырыққа тірелуде. Банкке кепілге қойған үйден айырылып, үйсіз қалып жатқандар да жетерлік. Ал енді халыққа берген несиесін қайтара алмай тығырыққа тірелген ҚР банктері АҚШ банктеріне қарыз болудан басқа жолы қалмады. АҚШ банктерінен несиені тек Қазақстан банктері емес, басқа мемлекеттердің де банктері алды. Олардың да алған несие пайыздарын уақытылы қайтарып тұруға мүмкіндігі болмады. Нəтижесінде АҚШ-тағы бірнеше жылдық тарихы бар екі банк əлем нарығынан ысырылып тасталды. Яғни, тоқырауға түсіп, өз жұмыстарын тоқтатты. Қой көрмеген қуалап өлтіреді, бала көрмеген уалап өлтіреді. Халық мақалы Міне, өзіңіз көргендей, білімсіздіктің нəтижесі неге душар етті? Ешкім де істеп жүріп үйреніп кеткен жоқ! «Қазақстан» телеарнасының журналисі бірде менен «Аманжол мырза, бүкілəлемдік қаржы дағдарысы не себепті пайда болды? Сіздің ойыңыз қандай?» дегенде мен: «Əлемдік қаржы дағдарысын тудырған бірінші себеп, ол – ой мен білім дағдарысы. Егерде несие алған əр адамның қаржы, бизнес саласында терең білімі болса, істері алға жүріп, кіріс көлемi пайда болар еді. ҚР бойынша несие алған адамдардың 70 пайызы бүгінгі күні тоқырауда отыр! Сондықтан да іс бастамас бұрын ол істі қандай адам істей алады, оның білім деңгейі қандай

болуы керек, барлығын саралау қажет. Саралай келе, сол қабілет пен қасиеттерді өз бойымызда дамытуға тиістіміз. Яғни, жоғарыда көрсетілген сызба бізге көп пайда бере алмайды. Мен сізге жеңімпаздар, миллионерлер ұстанатын сызбаны ұсынайын ТҰЛҒА — ƏРЕКЕТ — НƏТИЖЕ Жауап беріңізші, жылына 1000000$ кім табады? Əрине, миллионер табады. Егерде миллион табу арманыңыз болса, миллионерге тəн қабілет білімдерді жинақтап, өз бойыңызда дамытыңыз. Қысқасын айтқанда, миллионерлік тұлғаны қалыптастырыңыз. Адамның білімі, қабілеті қандай, əрекеті де сондай. Əрекетке қарай нəтиже. БІЛІМ, ҚАБІЛЕТ = ТҰРМЫС ДЕҢГЕЙІ Жетістіктерге жетіп, өз ісіңізде алда болуға көмектесетін қабілеттер: 1. Мақсат қойып, талаптану 2. Өз-өзіңді жігерлендіре білу 3. Өз-өзіңе деген сенімділік 4. Күткеннен қарағанда көп іс бітіруге деген талпыныс 5. Төзімділік, табандылық 6. Жасымас жігер, құм болмас құлшыныс 7. Қиындықтан, проблемадан шығу, өрлеу үшін мүмкіндік таба білу өнері 8. Жағымды ой, пайдалы əдеттер 9. Темірдей тəртіп 10. Шешендік өнер 11. Армандай білу

12. Бастаған іске 100% берілу 13. Шапшаңдық 14. Керілмеу, ерінбеу, берілмеу Машина айдауды да, домбыра тартуды да үйрену сияқты өз ісіңізде жетістікке, табысқа жетуді де үйренуге болады. Аманжол Рысмендиев Домбыраны үйреніп, күй шертуді қаласаңыз, домбырашыға барасыз. Машина айдауды үйрену үшін арнайы мектепке жазыласыз. Ал табыстарға, жетістіктерге жетуді, миллионер болуды қалай меңгеруге болады? 1. Арнайы семинар-тренингтер арқылы 2. Кітаптар, mp3 – дисктерге жазылған сабақтар арқылы 3. Кезіккен қиындықтардан қорытынды шығара білу арқылы 4. Табыс пен жетістікке жеткен адамдармен жиі араласу, оларға еліктеу арқылы Кітаптар Егерде мəн беретін болсаңыз, жетістігі мен табысы таңғалдыратын адамдардың үйінде үлкен кітапханасы болады. Мүмкін сіз олардың ақшалары көп болған соң көп кітап сатып алады немесе көп кітап оқығандығының нəтижесінде мансапқа, беделге қол жеткізіп отыр деп түйіндейтін шығарсыз. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де, американдық бизнес- философ Джи Ронның тілімен айтсам, «Сіздің тұлғаңыз, өміріңіз – сіз оқыған кітаптардың нəтижесі». Не себепті кітапқұмар болу керекпіз?

Біріншіден, кітап оқу арқылы адам білімін толықтырып, өз өнімділігін көтерсе, екіншіден, оқылған əрбір кітап шабыттандырып, сана-сезімге əсер етіп, жаңа идеялардың туындауына мүмкіндік береді. Ал бүгінгі ақпарат басқаратын заманда идеяның құндылығы өте маңызды. Бізге кіретін кіріс көлемі, жануымыз, шарықтауымыз, біздің тапқырлығымыз дер кезінде істің шешімін табуға көмектесетін идеяларымызға тəуелді. Табысты өмір сүру үшін біздің кітап оқуға толық мүмкіндігіміз бар. Себебі қазір кез келген саладағы кітаптарды кітап дүкендерінен таба аласыз. Бұрын дəл қазіргідей кітап байлығы арман болған десе де болады. Сондықтан XXI ғасырда өмір сүріп жатқан біздерге, орысша айтсақ, «ПОВЕЗЛО!». Айналаға көз жүгіртейікші, қазір кез келген адам керекті деп тапқан кітапты кітапханалардан, кітап сататын дүкендерден қиналмай -ақ тауып алады. Тіпті болмаса ғаламтордан көшіріп алуға болады. Бұл дегеніңіз керемет емес пе? Біз енді ескі қателіктерді қайталамаймыз. Кім болғыңыз келеді, қандай мақсатмұратқа жеткіңіз келеді, барлық істің жету жолы əйтеуір бір кітаптарда жазылып қойылған. Бізге ең жеңілі – сол кітапты іздеп табу! Ал сіз бұл мүмкіндікті қалай пайдаланудасыз? Өміріңізге мағына беретін, ойыңызды өзгертетін, көңіліңізге қанат бітіретін бақытқа, жетістікке, мансапқа жету жайындағы кітаптарды оқисыз ба? Кейбір адамдар «Менің кітап оқуға уақытым жоқ, соңғы рет кітапты мектепте оқығанмын. Ал қазір кітап оқу қолымнан келмейді» дейді. Келісемін, уақыт қай-қайсымызға да өте құнды, бағалы. Дегенмен «Кітапқа үңілусіз-ақ, тəжірибеде үйренем» деп жүргенде кітап оқуға бөлетін уақыттан бес-он есе артық уақытты қателіктермен күресуге шығындайсыз. «Өте баяу оқимын» деп қорқатынымыз да, ерінетініміз де бар. Күніне аз дегенде бір сағатты кітап оқуға бөлсеңіз, уақыт өте келе кітап қызықтырып, оқу жылдамдығыңыз дамыған үстіне дами береді. Есіңізде болсын, «не жаттығады, сол дамиды» Көп кітапты түсінбестен, ойланбастан, ішіндегі ақыл-кеңесті санаға түйместен оқитын адамды шаң басқан кітаптар сөресі десе де болады. Цью Селена «Оқу бір басқа, оқығаныңды санаңа сіңіріп тоқу бір басқа» демекші, оқып отырған кітабыңыздағы жаттығуларды толық орындап, əрбір жазылған

ақылкеңестерді тыңдай біліңіз, түсіне біліңіз. Мың кітапты түсінбей оқығаннан, бір кітапты түсініп оқып, жаттығуларын жасап, ой тастайтын сөйлемдерін, нақылдарын ұстанымыңызға айналдырыңыз. Міндетті түрде өзіңізге керекті жерін, шабыттандыратын сөйлемдерін дəптерге жазып отыруды əдетке айналдырыңыз. Жазып алғаныңызды күн сайын қайталап оқып, ісіңізде пайдалануға тырысыңыз. СЕМИНАР-ТРЕНИНГТЕР Семинар-тренингтердің кітап оқудан ерекшелігі – біз бір уақыт ішінде естиміз, көреміз, сезінеміз, ойланамыз, түсінеміз. Біз барлық сезім мүшесімен сезіне алсақ, оқу, даму, өзгеріс əлдеқайда жылдам болады. Сонымен қатар өзіміз сияқты ойлайтындармен араласуға мүмкіндік туады. Кітаптан оқығаныңыздың барлығын тренинг, яғни ойын, тəжірибе жұмыстарының көмегімен толық түсіне аласыз. Статистика бойынша адам ақпараттың 70%-ын ойын түрінде еркін қабылдайтындығы дəлелденген: 10%-ы кітап оқу арқылы; 25%-ы көру арқылы; 5%-ы есту арқылы; 70%-ы тəжірибе, ойын түрінде. Мысалы, сахнада сөйлеп үйрену үшін көп кітап оқуға қарағанда шешендік өнерге үйрететін тренингке қатыссаңыз əлдеқайда тез меңгересіз. Себебі тренингте сіз тек тыңдап қана қоймай, тренермен бірге жаттығу жасап, ойындар ойнап, теория жүзінде алған біліміңізді практика жүзінде қайталап, шешендік өнердің қыр-сырларын терең түсінесіз. Тренинг – алған ақпаратыңызды, біліміңізді практика түрінде дəлелдеп, толыққанды түсінуіңізге мүмкіндік беретін даму процесі. Семинар-тренингтердің тақырыбына қарай тағы бір ерекшелігі – тренингті жүргізетін психолог, бизнес-тренер сіздегі қабілет-қасиеттерді саралап, пайдасыз əдеттеріңізді нəтиже беретін əдеттерге өзгертуге жағдай жасайды, қорқынышыңыздан арылып, сенімді болуға, жаман ойыңызды жағымды ойға өзгертуге арналған методикаларды үйретеді. Егер бұрын семинар-тренингтерге қатысып жүрген болсаңыз, тренингтердің өзіңізді-өзіңіз тануға, өзгеруге жағдай жасайтын керемет «сиқырлы» нəрсе екенін білетін шығарсыз.

Менің өміріме үлкен өзгеріс берген, мақтана алатын биіктерді бағындыруыма зор көмегін тигізген өзім қатысқан семинартренингтер деп тұжырымдаймын. Смилиян Мори мотиватор, оратор Бизнесіңізде өрлегіңіз келсе, бизнес табыстары жайындағы семинартренингтерге; табысқа жеткіңіз келсе, табысқа жету тақырыбындағы семинар тренингтерге қатысуды əдетке айналдырыңыз. Ақшаға жыламаңыз, тренингте я алған біліміңіздің арқасында кіріс көлемін қалағаныңызша өсіре аласыз. Білім, ол – үлкен күш! Наполеон Хил Үлгі тұту, еліктеу Шырылдап жарық дүние есігін ашқаннан-ақ əрқайсысымыз өзгелерге еліктеп үйрене бастаймыз. Бізді қоршаған заттар, адамдар, ата-ана, туысқандар, достар бізге қатты əсер етеді. Екі баланың ортасында жүрген қария бала болады, екі қарияның ортасында өскен бала дана болады. Б. Момышұлы Егерде өзімізден білім деңгейі, тұрмыс деңгейі өте төмен адамдармен жиі қарым-қатынас жасасақ, біз рухани жағынан да, басқа жағынан да төмендейміз, құлдыраймыз. Ал біз жиі араласатын адамдардың білім деңгейі, рухани байлығы, жетістік табысы жоғары деңгейде болса, біз өсеміз, дамимыз. Сондықтан жоғары деңгейге көтерілу, өрлеу үшін

өзіңізден барлық жағынан деңгейі төрт-бес есе үлкен, жоғарғы деңгейдегі адамдармен жиі араласыңыз. Еліктеп өзгерудің тағы бір жолы – егерде өзіңіз үлгі тұтатын адаммен қарымқатынас жасау қазірше мүмкін болмаса, ол кісі жайлы жазылған мақалаларды, видео-материалдарды, кітаптарды жинап, оқып жүріңіз. Ол сіз арман қылған жетістіктерге, табыстарға қалай жетті, қандай қиындықтарды жеңді, барлығына назар салып іштей талқылаңыз. Бірақ еліктеймін деп өз ерекшелігіңізді жоғалтып алмаңыз! Айтыңызшы, денеңізге əдемі иіссу сеуіп алып мал қорада жүретін болсаңыз, əтірдің исі қанша уақытқа шыдайды? Ары кетсе бір сағат, бір сағаттан кейін сізден мал қораның, яғни қидың иісі аңқып тұратыны белгілі. Басында сізге ұнамайтын Қидың иісі екі-үш күнде үйреншікті иіске айналады. Кедейлер, тұрмыс деңгейі төмен адамдар еріншектігіне, ынжықтығына, кедей екеніне намыстанбайды, өйткені қораның иісі секілді сол өмірге, яғни əр нəрсеге сылтау айтуға үйреніп кеткен. Кедейліктен шыққыңыз келсе, байларға, табысты тұлғаларға еліктеңіз! Болмасаң да ұқсап бақ. А. Құнанбаев Есіңізде болсын, сіздің қандай адам болуыңызға геннің 15% ғана əсері бар. Ал қалған 85%-ы сіз жүретін орта, сіз оқитын газет-журнал, сіз үлгі тұтып ұқсауға тырысатын тұлғалар екені дəлелденген. Сіз көп уақыт қандай адамдармен араласасыз, солардың көзқарасын, əдеттерін, ұстанымын, энергиясын өзіңізге жұқтырасыз. «Досыңды көрсет, сенің кім екеніңді айтамын» деген сөз бекер айтылмаса керек. Адам жаңа нəрсе көрмей, жаңа əдет қалыптастырмай алға жылжымайды! Аманжол Рысмендиев Кімнен туылдыңыз, ол маңызды емес, қазір кімдермен араласып, кімдермен тұрып жатырсыз жəне қандай өмірді армандап, кімдерге елікт еп

жүрсіз, сол маңызды. Аудио-видео сабақтар Білімді жетілдірудің тағы бір мүмкіндігі, ол – аудио кітаптар, аудио семинарлар жəне видео-тренингтер. Қарапайым адамдар аз дегенде аптасына 14 сағат автокөлікте, 20 сағат теледидар алдында отырады екен. Осы уақыттарды біз өзіміздің рухани байлығымызды, білімімізді көтеріп, біліктілігімізді жетілдіруге жұмсайтын болсақ қандай тамаша болар еді. Қазір кез келген үйде DVD, компьютер, автокөліктерде диск оқитын магнитофон бар. Əн тыңдауды аудио кітаптар тыңдауға, теледидар қарауды шабыттандыратын семинар-тренингтерге қатысуға алмастырсақ, біз өз арманмақсаттарымызға алған біліміміздің арқасында тез жетеміз. Арнайы дүкендерден отбасы бақыты, қарым-қатынас негіздері, сату өнері, табысқа жетудің жолдары жайында аудио-видео дисктерді кездестіруге болады. Сол үшін бар мүмкіндікті пайдалана білуіміз қажет. Бəріміз байлыққа, материалдық құндылықтарға талпынамыз. Байлық десе болды көз алдымызға ақша, қымбат машина, көп қабатты коттедж елестейді. Сізбен келісемін, ол – байлықтың жемісі, көрінісі. Бірақ неге миллионер десе біздің ойымызға иманды, өз ісінің шебері, адамгершілігі мол, төзімді адам елестемейді? Біздің материалдық құндылықтарымыз – ішкі рухани құндылықтарымыздың жемісі. Мен адамның рухани байлығын тұлғалық қасиеттер жəне іскерлік шеберлік деп екіге бөлемін. Өмірде толыққанды табысқа жету үшін іскерлік шеберліктің де, адамгершілік, тұлғалық қасиеттердің де маңызы зор! Тұлғалық қасиет - Іскерлік шеберлік

Бұл кітапта көбінесе тұлғалық қасиеттерді дамыту жайында айтылады. Өз ісіңнің шебері болу үшін сол шеберлікті игеруге көмектесетін тұлғалық қасиеттерді дамыту керекпіз. Адамның мақсатына жету жолындағы орны бөлек қасиеттің бірі – өз қабілетіңе, күшіңе сене білу. Келесі бөлімнен өзөзіңізге деген сенімділікті қалай көтеруге болады, арманға, мақсатыңа жетемін деп сенудің пайдасы қандай, сенімдердің жүйесі жайында ой өрбітеміз!

7 ЖАҚСЫ НƏТИЖЕГЕ СЕНЕ БІЛУ – ЖЕҢІСТІҢ БАСТАУЫ Бақыт пен табыс, жетістік өз-өзіңе деген үлкен сенімділіктен бастау алады. Ралф Уолдо Эмерсон, философ Адамдар шын мəнінде қолымнан келеді» деп ойласа ғана биік жетістіктерге жете алады. Өздеріне сену арқылы олар табыстың ең бiрінші құпиясын ашады. Норман Винсент Пил, «Жағымды ойдың күші» теориясының авторы Жүрегіңе сенім дəнін ек, мақсатың орындалады. Міне, жеңімпаздың ұстанымы. Өзіне, өз қабілетіне, өз идеясының жетістігіне сену арқылы ғана адам биік асуларды, қиындықтарды жеңіп, арманына жете алады. Сенімділік жоқ жерде адам да, жақсы жобалар да қорқыныш пен күдіктің құрбанына айналып, құлдырайтынын уақыттың өзі-ақ дəлелдеп жатыр. Жыл сайын сенімнің күшімен мыңдаған адам көздегеніне жетіп, мыңдаған жоба ел игілігіне ұсынылып жатса, күн сайын сенімсіздіктің əсерінен миллиондаған адам шын қалауынан бас тартып, миллиондаған идея жер бетін көрмей, пайда болған сəтінен-ақ ойдағы «күдік, қорқыныш» деп аталатын құрт-құмырсқаның жемтігіне айналуда. Əрине, «мүмкін емес» сияқты көрінетін жетістікке жетемін деп сену оңай іс емес. Бірақ сенімділік жоқ жерде табыс та, жетістік те болмайтыны анық! Адамдар неге сенеді – сол болады. Өз қабілетіне, арманының орындалатынына сенсе, ерте ме, кеш пе бəрібір арманына жетеді. Егерде өзінің бақыт пен табысқа лайықты емес екеніне сенсе, өмір бойы бақытсыз болып өтеді. Кезкелген дəрігерден «Адамның ауруынан айығуы көп жағдайда не нəрсеге байланысты?» - деп сұрасаңыз, «Жазыламын деген сеніміне байланысты», — деп жауап береді.

Олар істей алады, өйткені олар істей алатынына сенеді Вергий Сенімділікті қалай қалыптастыруға болады? Құпиясы қандай? Алдыңғы бөлімдерде айтып кеткенімдей, адамның кім болып қалыптасуы ең бірінші қоршаған ортасына байланысты. Жалпы кез келген бала туылғаннан өзіне сенеді, ол үшін «бəрі мүмкін» болып көрінеді. Өсе келе «сынықтан басқаның бəрі жұғады» демекші, ата-анамыздың тəртібін, ой- өрісін, көзқарасын өзімізге көшіреміз. Əрине, сенімділігін де, сенімсіздігін де көшіреміз. Егерде көргеніңіздің барлығы кедейлік, күрсіну, түңілу болса, сізді табысқа жетелейтін сенімдер жүйесін қалыптастыру қиынға соғады. Өзіңіз білетіндей, бəрі, бəрі жұққыш келеді. Ал сіз өскен орта байлыққа, табысқа толы болса, сізде «табысты боламын, қолымнан келеді» деген сенімділікті қалыптастыру оңай болады. Ата-анаңыз, достарыңыз сізден не күтті? Сізге сене білді ме, əлде арманыңызға, ойыңызға сенімсіздікпен қарады ма? Өкінішке орай, көпшілігіміздің ата-анамыз, ұстаздарымыз, достарымыз біздің ойымызға, идеямызға сенімсіздікпен қарайды. Қарап та жүр! Себебі олар үшін еш нəрсе мүмкін емес. Күн сайын адам психологиясын білмейтін ата-аналар, ұстаздар, оқушылары мен балаларының жігерін жасытып, «Бəрі сен ойлағандай оңай емес, сен арманыңа жете алмайсың, себебі...» деп барынша өз ойларын, өз идеяларын дəлелдеуде. Мысалға: Сенің қолыңнан президент болу келмейді. Себебі: Сен сабақт ыжақсы оқымайсың. Сен салақсың, сен еріншексің, т.б. Сенен ешқашан бизнесмен шықпайды. Себебі: Сен сезімге беріліп кетесің. Біздің от басыға кəсіппен айналысу жақпайды. Сен қатты ақкөңілжің, сенің бойыңда кəсіпкерге тəн қасиеттер жоқ. Сен əнші бола алмайсың. Себебі: Əдемі дауыс саған берілмеген, Əдемі емессің. Қолдайтын көкең де, əкең де жоқ! Сенде музыкаға деген сезімталдық жоқ... Айта берсек көп қой. «Адамды он рет шошқа десең, он бірінші рет қорсылдайды» дегендей, өзгелердің ой-пікірінің, сенімсіздігінің нəтижесінде біз де өз арманымызға сенбей, сенімсіздіктің жетегінде кекеткенбіз. Чикаго университетінің

профессоры Бенджамин Блум жүзге тарта жас, мықты музыканттарды, əншілерді, спортшыларды бақылай келе олардың ешқайсысының бала кезінде артықшылығы, тума таланттылығы болмағандығын дəлелдеген. Дегенмен қолдайтын, көтермелейтін дана ұстаздардың арқасында олар өздері дамып, жаттыға бастаған. Үлкен талапты көрген кезде-ақ болашақ жеңімпаздардың бойында «үлкен бір биіктерге жетемін» деген сенімділік пайда болған еді. Кез келген жеңімпазға, табысты адамға барып, «Осы мақсатқа жету қолымнан келеді ме?» деп сұрап көріңізші, «Əрине, қолыңнан келеді, тек мақсатыңа жету жолында еңбек етуден жалықпа!» деп жауап берер еді. Кітаптың басында айтқанымдай, шын қалаған адам – кез келген биікті бағындыра алады. Сондықтан сенімділігіңізді көтергіңіз келсе, сізді қолдайтын, сізге сенетін адаммен ой бөлісіңіз. Ал сізге сенбейтін, қолдамайтын адамман ой бөлісудің қажеті жоқ. Керісінше, өз идеяларыңызды жеңімпаздармен, табысты адамдармен бөліскеніңіз, дос болғаныңыз абзал. Адамды табиғат жаратқанымен, оны өсіретін, тəрбиелейтін қоғам. В.Г. Белинский Өткен күндеріңіздегі азын-аулақ жетістіктеріңіз сенімділігіңізді қалыптастыруға көмектеседі. Неліктен екенін білмеймін, адамзат тумысынан сəттіліктерге емес, сəтсіз қадамдарына көп мəн береді. Алдағы бөлімдерде сөз еткенімдей, сəтсіздіктеріңіз бен қателіктеріңізге көп көңіл бөлуіңіз арқылы сіз «сенімсіздік вирусын» жұқтырып аласыз. Сондықтан бұл ескертуді есіңізден шығармаңыз. Бізге керегі – шабыт, жігер, алғырлық! Сондықтан сенімділіктің негізін құрайтын, жігерлендіретін өткен күндердегі жеңістерімізге көңіл бөліп отыру керекпіз! Өзгелерге сəтсіздіктеріңізді айтып «сенімсіздік вирусын» жұқтырғанша, оларды шабыттандыратындай етіп тек жетістіктеріңізбен, сенімділігіңізбен бөлісіңіз. Кез келген пенде өткен өміріне үңіліп қараса, оның осы уақытқа дейінгі жетістіктері, істеген мардымды істері толып жатыр! Келісесіз бе? Аман-есен дүние есігін ашты. Ол да жетістік! Құлап-сүрініп жүріп аяғынан нық тұруды, жүруді, жүгіруді үйренді, ол да жетістік! Мектепті жақсы бағамен бітірді, ол да жетістік жəне т.б. Əркімнің өзі жүрген жолы, асқан асуы бар. Оған қоса өзі ғана білетін, мақтана алатын жеңістері, жетістіктері

бар. Біз өткен өмірімізді қайтара алмаспыз, бірақ өткен өміріміздегі жеткен жетістіктерімізге көңіл бөле отырып, жүрегімізге сенімділік ұялатып, жарқын болашағымызды жасай аламыз. Ол үшін алдымен «осы уақытқа дейінгі қойған мақсаттарыма қол жеткіздім, алдағы мақсаттарыма да жетемін» деген сенім жүйесін санамызға мықтап орнатуымыз керек. Тапсырма Дəл қазір қанша жасқа келсеңіз де осы уақытқа дейін жеткен жетістіктеріңізді, бағындырған белестеріңізді үлкен-кіші, аз-көп деп бөлместен төменге түсіруіңізді өтінемін. Менің жетістіктерім: ____________________________________________________________________________ Жазып болсаңыз, қараңызшы, қаншама мақсатқа жеткенсіз?! Қаншама белестерді бағындырғансыз?! «Тау тастан, теңіз тамшыдан құралады» демекші, осы мақсаттарға жетіпсіз ғой, демек, алдағы мақсаттарыңызға да жете алатыныңызға сенемін. Сенімділікті қалыптастыруда білімнің алатын орны орасан зор. Кəсібіңізді, жұмысыңызды, өз салаңызды терең меңгеріп, шеберлігіңізді шыңдаған сайын сенімділігіңіз көтеріледі. Айналаңыз күдік пен қорқынышқа толы болса да жетістікке жеткен алып тұлғалардың өмірбаянын жиі оқитын болсаңыз өзіңізге деген сенімділікті қалыптастыруға көмектеседі. Сенімділікпен жетістікке! Жоғарыдағы сызбада көрсетілгендей, күшіңізге, мақсатыңыздың

жетістігіне сену арқылы қабілеттілігіміздің арқасында əрекет етуді кең көлемде пайдалана аламыз. Жарқын болашағыңызға, жалынды рухыңызға, арғымақ арманыңызға сене біліңіз! Өзгелердің сізге сеніммен қарағанын қаласаңыз өзіңіз сенімді болыңыз! 8 СƏТСІЗДІК ДЕГЕН БОЛМАЙДЫ немесе сəтсіздіктен сабақ алу Мен ешқашан өз рухымды төмендетпеймін. Себебі мен үшін əрбір сəтсіз қадам жетістігіме бастар баспалдақ. Томас Эдисон Өмірде біз өзгерте алмайтын əр түрлі жағдайлар болады. Мəселен, жұмыс жасап жатқан компания өз жұмысын тоқтатады, оған өкімет көмектесуден бас тартады. «Жығылғанға жұдырық» демекші, əйеліміз кетіп қалады. Жақсы көретін жақын адамымыз өмірден өтеді. Осындай сəттерде шарасыз халде қаласың. Ісіңізді алға жылжытудың бар мүмкіндіктерін қарастырып көрдіңіз. Өкінішке орай, одан түк шықпады. Қайта-қайта болған сəтсіздіктер өрлеуге, өзгеруге деген құлшынысыңызды құм қылды делік. Мұндай жағдайда не істеуге болады? Болған жағдайды өзгерте алмассыз, бірақ оған деген көзқарасыңызды өзгертуге болады. Яғни, сəтсіздігімізден сабақ ала отырып, алға қарай талпынамыз! Келісемін, қаншама сəтсіздіктен кейін арманыңды күдіктен арашалай отырып, сенімділікті жоғалтпау оңай нəрсе емес. Дегенмен, есіңізде ұстаңызшы, сіздің өткеніңіз бен болашағыңыздың арасында теңдік жоқ! Өткенімізді өзгерте алмасақ та, өткен күндердегі сəтсіздіктерімізден сабақ алып, болашақтағы əрекеттерімізді нəтижелі ету қолымыздан келеді. Жалпы сəтсіздік дегеніміз не өзі? Сəтсіздік, ол да – нəтиже! Тек біз өзімізге ұнамайтын нəтижені сəтсіздік деп бағалап кеткенбіз! Мысал айтсақ: Сіз осы айда компанияңыздың немесе комаңдаңыздың тауар айналымын жүз пайызға көт ергіңіз келді. Нəтижесінде 100 емес, 20-ақ пайызға көтердіңіз делік. Бұл нəтижеме, əлде сəтсіздік пе? Əрине, нəтиже! Ойыңыздағыдай болмаса да, 20 пайыздық көрсеткіш – сіздің жасаған əрекет іңіздің,

стратегияыңыздың нəтижесі! Енді алдағы айда сіз өткен айдағы нəтижеңізден сабақ ала отырып, нені дұрыс, нені бұрыс жасағаныңызды анықтап, ойлаған мақсатыңызға жету үшін əрекетіңізді нəтижелі ете аласыз! Өткен істен алынған сабақ – жеңімпаздарға арналған таңғы ас! Кен Бланшар Пенде болған соң қателесеміз, өзгерістің, жетістіктің ертегідегідей тез болғанын қалаймыз. Іс жүзінде олай емес! Кез келген жетістік уақытты, еңбекті талап етері сөзсіз! Десе де, көпшілігіміз бірінші, екінші сəтсіздіктен кейін-ақ арманымыздан бас тартып, «Бұл мен үшін емес!», «Менде шешендік өнер жоқ!», «Менің қолымнан келмейді!» деп істеп жүрген ісімізді орта жолдан тастап кете саламыз. Осылай мақсатымыз жолындағы күресте оңай жеңіле саламыз! Көз алдыңызға елестетіңізші, егерде жаңадан жүруді үйреніп жүрген нəресте бір-екі құлағаннан кейін «Мұнымнан түк шықпайды!» деп жүруді үйренуді тоқтатса, ол болашақта өзінен-өзі жүріп кете ала ме? Олай бола қоймас. Əр жығылған сайын нəресте келесі талпынысын тоқтатпайды. Үлкендер сияқты жүруге деген ұмтылысы соншалық, əрбір сəтсіздігінен сабақ алып, үстел жағалап, кереге жағалап, ақыры жүруді, жүгіруді үйренеді. Сіз бен бізге керек үлкен бір қабілет – сəтсіздіктен сабақ алу. Ұлы адамдардың өміріне көз жүгіртетін болсаңыз, олар сəтсіздіктен сабақ алудың шебері екеніне тəнті боласыз. Сəтсіздікке қайғырсаң, батырады, Болашаққа күдіктер шақырады. Сабақ алсаң егерде түсінумен, Мықты ғып қанатыңды қақтырады. Аманжол Рысмендиев Ұлы адамдардың бірі ретінде өзім үлгі тұтатын «Хонда» корпорациясының құрушысы Соитиро Хонданың өмір жолына назар аударсаңыз деймін. Ол

1938 жылы Хонда поршенді дөңгелек құрастырып, оны «Тойота» корпорациясына сатуды армандап жүрген жай ғана кедей студент еді. Күндіз сабаққа барса, түнде өз ойлағанын құрастырумен болды. Ол бұл жобаға жинаған ақшасымен қоса жарының алтындарын сатып, біраз ақшасын істі жалғастыруға жұмсауды дұрыс деп табады. Көп жылдық толассыз еңбектің арқасында ол поршенді дөңгелекті құрастырды. Өкінішке орай, «Тойота» компаниясы Хонданың туындысын жарамсыз деп табады. Ол қайтадан оқуын жалғастырады. Ұстаздары, достары тарапынан «Ақымақ арманның иесі» атанып, күлкіге қалады. Кейбіреулер «Мұныңнан түк шықпайды! Сен шын мəнінде ақымақ екенсің!» деп өз пікірлерін дəлелдеп бағады. Сохиро Хондаға бұл оңай соқпайды. Осындай пікірлерден кейін ол өзін əлемдегі ең бақытсыз, бейшара адам деп те ойлайтын. Бірақ ол арманға деген талпынысын, ізденісін тоқтатпайды. Қайта алдағы екі жылда поршенді дөңгелекті өңдеп, құрастырып шығады. Өйткені Хонданың негізгі табыс формуласы болған еді. Ол: 1. Нені нақты қалайтынын білді. 2. Əрекеттенді. 3. Ол əр қадамын тексерумен болды. 4. Ол өз қалауына жеткенше əрекет методикасын өзгертумен болды. 5. Ол өзіне ешқашан берілмеймін деп сөз берди Нəтижесінде екі жылдан кейін өңделген туындыны «Тойота» сатып алды. Поршенді шығаратын завод салу үшін Хондаға бетон керек болды, өкінішке қарай, ол уақытта Жапония Екінші дүниежүзілік соғысқа дайындалуда еді. Сондықтан бетонды алдырудың ешқандай мүмкіндігі болмады. Оның арманы, жоспары құлдырау алдында тұрды. Соған қарамастан, ол тағы да өз ойлағанынан бас тартпады. Ол завод салуға шешім қабылдады. Ойлағанын жүзеге асыруды ниет еткен Хонда достарын, əріптестерін жинап алып, орын алған қиындықтың шешімін табуға кірісіп кетті. Кез келген еңбектің марапатталатыны белгілі ғой. Аяғында Хонда өз командасымен бетон жасаудың жаңа жолын табады. Сонымен Хонда завод салып, поршенді дөңгелекті кең көлемде таратуға мүмкіндік алды. (Тоса тұрыңыз, оқиға мұнымен бiт кен жоқ!) Соғыс кезінде АҚШ тастаған жарылғыш заттардан заводтың көп бөлігі қирап қалды. Хонда өзінің жеңілгендігін мойындап,

берілудің орнына өз əріптестерін, жұмысшыларын жинап алып, оларға «Тезірек көшеге шығып, самолеттердің артынан аңдыңдар, дəл қазір бізге ішінде жанармайы бар канистрлер аспаннан жауып жатқан жоқ па? Бізге керегі - қай жерге тастайтынын біліп, тауып алу. Өйткені канистрлерде біздің жұмысымызды алға жылжытуға көмектесетін шикізат бар. Берілмеңдер, алға!» деп ұрандады. Жұмысшыларын шабыттандырды. Себебі канистрдегі мұндай өнім Жапонияда мүлдем жоқ еді. Мистер Хонда өмір ұсынған жағдайлардан мүмкіндік іздей білді. Өкінішке орай, Апофеозда болған жер сілкінісі оның заводын жермен-жексен етіп қиратып кетті. Амалсыздан «Хонда поршенді дөңгелек шығару» фабрикасын «Тойотаға» сатуға тура келді. «Алла бір есікті ашпай, бір есікті жаппайды» дегендей, біз де Хонда секілді кез келген қиындықтан өсуге, өрлеуге, өзгеруге мүмкіндік іздей білуіміз керек. Соғыс біткенннен кейін Жапонияның экономикалық жағдайы мүшкіл еді. Жанармай карточкамен беріліп, кей сəтте табылмайтын да. Хонда базарға бару үшін автокөлігіне керекті жанармайды таба алмай біраз қиналды. Бірақ сары уайымға батып, шарасыз күйге түспей, «Қашан мен өз отбасымды баға аламын? Болған жағдайды өзгерту үшін өзімдегі барды қалай пайдалана аламын?» деп өзін шабыттандыратын, ойландыратын сұрақтар қоюмен болды. Нəтижесінде ол өзінде бар кішкентай моторды велосипедіне орналастырып, жұмысына сонымен қатынап жүрді. Осылай болашақ мопедтің үлгісі болған моторлы велосипед өмірге келді. Көп кешікпей Хондадан достары өздеріне де осындай моторлы велосипед жасап беруді өтіне бастады. Оның көп мопед жасағаны соншалық, керек моторды табу қиынға соқты. Сондықтан Хонда велосипедке арналған мотор шығаратын завод ашуды мақсат қылып қойды. Оның қалтасында ойын жүзеге асыруға көк тиын да болмаған еді. Жапония экономикасы соғыстан есеңгірегендіктен, банктерде несие беру мүмкіндігі де болмады. «Шығатын жол жоқ» деп берілудің орнына Хонда «істің шешімін табу үшін» деп алға басты. Ойлана келе ол Жапониядағы велосипед сатумен айналысатын дүкендерге хат жазып, хатында өз идеясын дəлелдеп, сонымен қатар істі бастауға алғашқы капитал керек екенін айтты, əріптес болуға шақырды. Хатты алған он сегіз мың адамның ішінен үш мың адам Хонданың идеясын қолдап, істі бастау үшін Хондаға инвестиция құйды. Сөйтіп, ол тауардың бірінші партиясын құрастыруды бастап кетті. Бірақ осыдан кейін де Хондаға табыс табу оңай болған жоқ! Себебі мопедтер үлкен жəне қатты дауыс шығаратын еді. Сондықтан көп адам оны сатып алмады. Мойымастан Хонда өз туындысын өңдеп, өмірге халық

сұранысын қанағаттандырған «Жаңа бастаушы» атты мопедті дүнеге əкеледі. Нəтижесінде мопедтің сатылымы жоғары болып, Хонда императорлық премияға ие болады. Көпшілік адам Хонданың жолы болғыш деп ойлайды. Негізінде жолдың болғыштығы да білім мен талпыныстың көрінісі емес пе? Бүгінгі күнде «Хонда» компаниясы - автокөлік шығаруда алдыңғы қатарлы компаниялардың бірі. Бұл мистер Хонданың табандылығының нəтижесі еді. Ол қиындықтарды ешқашан арманына жету жолындағы кедергі деп бағаламады. Сəтсіздігінен сабақ алып, алға ұмтылды! Есіңізде болсын, сəттілік уақытша болған сəтсіздік пен қиындықтың астында жасырынып жүреді. Сондықтан қиындыққа мойымаңыздар. Өткен өміріңіз болашағыңызға кедергі келтіре алмайды. 9 СІЗДІ ӨСІРЕТІН ДЕ, ӨШІРЕТІН ДЕ ƏДЕТТЕР Біз бірінші бойымызда əдеттерді қалыптастырамыз, сосын əдеттер бізді қалыптастырады. Брайн Трейси Психологтардың дəлелдеуіне сүйенсек, біздің əрекеттеріміздің 90%-ы əдеттеріміздің басқаруында болады екен. Таңертең оянғаннан бастап сіз ұйқыға жатқанша жүздеген əрекет жасайсыз. Душқа түсесіз, тіс жуасыз, ас ішесіз, газет оқисыз, кітап оқисыз, темекі шегесіз, супермаркетке барасыз, үй тазалайсыз, тағы да басқа. Осы уақытқа дейін сіздің бойыңыз жұмыстан бастап қаржы деңгейіңізге, денсаулығыңызға, қарым-қатынасыңызға фундамент болатын, əсер ететін мықты əдеттер қалыптасып қалған. Бұл əдеттердің жақсы жағы – сізге қаншама əрекеттерді автоматты түрде қатты ойланбай істеуге көмектеседі. Күнді жоспарлау, машина айдау, таңғы жаттығу, т.б. Жағымсыз жағына келсек, түп санамыздан ойып орын алған кейбір əдеттер тұлға ретінде дамуымызға керекті жерде өзімізді көрсетуімізге, табысты болуымызға кедергі келтіреді. Бүгінгі күні бойыңызда қандай əдет қалыптасса да, сол əдеттердің арқасында сіз бүгінгі күнге жетіп отырсыз. Яғни, сіздің бүгінгі күнгі тұрмыс жағдайыңызды, өмір сүру стиліңізді, жетістігіңізді, байлығыңызды, кедейлігіңізді сол

əдеттер қалыптастырған. Егерде көп нəрсеге қол жеткізгіңіз келсе, сізге жаман əдеттерден арылып, (теледидарды көп қарау, істі кейінге қалдыру, көп ұйықтау, көп шығын шығару, темекі шегу, т.б.) жақсы, яғни жеңімпаздардың əдеттерін (ерте тұру, жоспар жазу, спортпен айналысу, кітап оқу, т.б.) бойыңызда қалыптастыру керексіз. Жақсы болсын, жаман болсын, кез келген əдет өз нəтижесін береді! Табыс шыңына көтерілгісі келген адам міндетті түрде əдеттердің күші мен билігін бағалай білуі керек. Ол өзінің құрдымға кетіретін əдеттерін анықтай біліп, тез арада кейінірек əдетке айналып, табысқа жетуге көмегін тигізетін əрекеттерді жасауы міндетті. Д. Пол Гетти Сіздің нəтижеңіз сіздің əдеттеріңізге байланысты. Табысты адамдар өз арманына жету үшін өзін-өзі басқарып, өзін-өзі тəртіпке бағындырады. Бүгінгі күннен бастап күшпен қалыптастырған жеңімпаздық əдеттеріңіз – жарқын болашағыңыздың кепілі. Жағымсыз, кедейлік əдет ете қиын, олардың нəтижесі тез арада көріне қоймасы анық. Жаман əдет бойыңызға сіңіп, өмір бойы сізге жамандық атаулыны жинап, өміріңізді тозаққа айналдырады десем, артық болмас. Ол əдеттер сізге ұнамаса да сəтсіздік пен қиындықты өміріңізге айналдырып əкеле береді. Жақсы жеңімпаздық əдеттер де өміріңізді жетістік пен табысқа толтырудан шаршамайды. Ойлаған əрбір ойыңды Іске асырып жайландыр. Əрекетті істеген Əдетіңе айналдыр. Əдетің мен мінезің Қалыптасып өседі. Қалыптасқан мінезің Тағдырыңды шешеді.

Əсет Мұқашбеков Əдеттерді өзгерту үшін дəл қазір іске көшіңіз! Əдеттерді өзгерту үшін міндетті түрде екі нəрсе істеуіміз қажет. Бірінші, жетістікке жетуіңізге кедергі келтіріп, артқа тартып жүрген жағымсыз əдеттеріңіздің тізімін жазыңыз. Өзіңіз білмесеңіз, өзгелерден сұрап көріңіз. Төменде табысты болуға кері əсер ететін кең таралған əдеттердің тізімі көрсетілген: Үнемі істі кейінге қалдыру. Істі уақытында бітірмеу. Өсек айтуға құмарлық. Қарызды уақытында бермеу. Істі аяғына дейін апармаy Темекі шегу. Түн ортасына дейін теледидар қарау. Салғырттық. Қаржы жоспарын жазбау. Артық шығын шығару. Өзіңіздің жағымсыз əдеттеріңізді анықтап болсаңыз, екінші қадам – жағымды əдеттерді таңдап, сол əдеттің бойыңызда қалыптасуына күш бөлу керексіз. Мысалға, сіздің мақсатыңыз күнде таңертең жаттығу жасауды əдетке айналдыру болса, таңертеңгі уақытқа будильник қойып, бүгін ұйқыға бір сағатқа ертерек жатыңыз. Ал сіздің мақсатыңыз мықты жазушы болу болса, күніне бір-екі сағат уақытты кітап оқуға жəне ойыңыздан шығарма жазуға бөліңіз. Басында бəрі қиын болады. Əдеттерді қалыптастыруда өзіңізді тəртіпке бағындырып, істегіңіз келмей тұрса да істеңіз, əрекетке итермелеңіз «Басы қатты болса, аяғы тəтті болатынын» есте ұстаңыз.

40 күндік методика Кез келген істі істеуге энергия, табандылық жəне уақыт керек. Сондықтан мен сізге жағымсыз əдеттерден арылып, жағымды əдеттерді бойға қалыптастыруда оңай болады дей алмаймын. Десе де, əдеттерді алмастыру мыжыма іс болып көрінгенімен, табанды адам нəтижеге жетпей қоймайды. Ұлы философ « Əл Фарабидің еңбектеріне сүйенсек, əрекет əдет болып адам бойына мықтап орныққанша, біз сол əрекетті, өзімізді тəртіпке бағындыра отырып, күн сайын қайталай білуіміз керек екен. 40 күн аз уақыт емес, бірақ жаңа жеңімпаз тұлға болып қалыптасуға сол күнді жұмсауға болады деп білемін. Басында қиналып істелінетін істер тəртіппен, табандылықтың күшімен қырық күннен кейін ойланбастан істелінетін автоматты істерге айналары сөзсіз. Келесі бөлімде əдеттерді қалыптастыруда, табысқа жетуде, сапалы еңбек етуде уақытты қалай ұтымды пайдалануға болады, сол жайында сөз қозғаймыз. 10 УАҚЫТЫҢЫЗ – БАҚЫТЫҢЫЗ! уақытты ұтымды пайдалана біліңіз Уақытын болмайтын бос істерге жұмсаған адамнан топас адам жоқ! Джин Рон Əлемнің қай бұрышында туылсаңыз да, əр адамның меншігінде күніне 24 сағаты ғана бар. Бір адам сол уақыттың көп мөлшерін өзінің икемі бар іске бөліп, табысқа жетсе, екінші адам бар уақытын өміріне, өрлеуіне түк қатысы жоқ істерге жұмсап, бос өткізеді. Жеңімпаздар, табысты тұлғалар, менің зерттеуім бойынша, уақытты сапалы қолданудың шебері. Олар уақытты өздеріне ыңғайлай келе, үш бөлікке бөледі. Бұл жүйе сіздің де

уақытыңызды жетістікке жету жолында сапалы қолдануыңызға септігін тигізетініне сенімдімін. Əдемі қалыпта үшке бөлінген уақыттар: Жақсы нəтиже күндері Дайындық күндері Демалыс жəне күш жинау күндері Жақсы нəтиже күндері Көпшілік адам үш-төрт жерде жұмыс істейді. Жұмысы ұнай ма, ұнамай ма, ол маңызды емес, маңыздысы көп айлық алса болды. «Екі қайықтың басын ұстаған суға кетеді» демекші, жетістікті шын қаласаңыз, уақытыңыздың көп бөлігін өзіңізге ұнайтын жəне өзіңіз сапалы етіп істей алатын іске жұмсаңыз. Əр адамға Алла Тағалам ешкімге ұқсамайтын ерекше қабілет берген. Біздің міндет сол берілген талантты пайдалануымызда, шыңдауымызда болып табылады. Əдемі даусыңыз бар ма, əн айтыңыз, əнші болыңыз. Бизнес ұнай ма, оны үйренуге уақыт бөліп, өз ісіңізді ашыңыз, жəне т.б. Мысалы, менің ең жақсы көретін ісім – дəріс оқу, кітап жазу, сөз сөйлеу, бизнес-тренингтер жүргізу. Бұл жұмыстарды мен қиналмай-ақ қуанып жүріп, сапалы етіп істей аламын. Ал көп уақыт бөлсем, əрине, еңбегіме қарай көп ақша аламын. Мен үшін жақсы жетістік күндері, ол – менің уақытымның 80%-ын семинартренингтер жүргізуге, кітап жазуға бөлетін күндерім. Уақытыңыздың көп бөлігін өзіңізге ұнайтын іске бөліңіз, сонда сол істің алдыңғы қатарлы шебері боласыз. Сонда жетістік пен табыс сізге өздері келеді. «Уақыт – ақша» деген ұстанымды ұстайтын американдықтар қатты қателеседі. Кеткен ақшаны қайта көбейтуге болады, бірақ өткен уақыт ешқашан қайта оралмайды. Марк Атласов

Дайындық күндері Дайындық күндері – сіздің жақсы нəтиже күндеріне дайындалатын күніңіз. Яғни, жоспар жазып, командаңызды оқытуға, семинар-тренингтерге қатысуға, кітап оқуға бөлінетін уақыттар. Сапалы өткен дайындық күндері жақсы нəтиже күндерінің жетістікке толы болатындығына жоғары деңгейде əсер етеді. Қазақ «Бақ шаба ма, бап шаба ма» дейді. Бақтың қалай шабатынын білмеймін. Бірақ дайындығы, бабы жақсы тұлпар бəйгеден бас жүлде алмай қайтпайды. Дəл осы бір тұста өмірлік ұраныма айналып кеткен бір афоризмді сіз үшін айтып кеткім келіп отыр: Дайындықтағы сəт сіздік – сəт сіздікке деген дайындық! Демалыс жəне күш жинау күндері Көпшілігіміз «заман басқа, заң басқа» деген оймен «жұмысбасты» болып кеткеніміз соншалық, түсімізде де жұмыстың, бизнестің шаруасын шешумен əлек боламыз. Бітуі тиісті жобаны ойлаймыз, бала-шағаны ойлаймыз, ал өзіміздің сапалы демалысымыз жайында бас қатырмаймыз десем де болады. Нəтижесінде көп уақыттық шаршау ішкі күйзеліске ұласып, ауруханаға түсетін де кездеріміз болады. Бізге керегі – белгілі бір режим. Өзіміздің денсаулығымызды өзіміз ойламасақ, басқа адамдар ойлайды деп үміттенбеңіз. Сондықтан кешкі сағат тоғыздан бастап телефоныңызды сөндіріп, жұмыс жайлы бас қатырмай, уақытты өзіңізге бөліңіз. Таң атқанға дейінгі уақыт тек сіздің күш жинауыңызға, демалысыңызға жұмсалсын. Ол уақыт аралығында əн тыңдап, рухани демалып, өзіңізді өзіңіз күте аласыз. «Аманжол, жұмысым бітпей жатқанда қалайша демалуды ойламақпын» дейтін шығарсыз. Сізбен 100%-ға келісемін, ісің бітпей жатса, ойлағаныңның бəрі сол істі қалай бітіру болады. Дегенмен басқа жағынан қарасақ, жұмыс - бітпейтін тірлік, сіз бұл өмірден кеткеннен кейін ғана бітеді. Екіншіден, үлкен істі бітіруге күш- қуат керек. Ал біз демалысты ойламасақ, күш қуатты қайдан аламыз? Жұмыс уақытында ісіңізге 100% энергиямен білек сыбанып кіріссеңіз де, демалатын уақытта демалыңыз.

Жоспарды жөнге келтірер Сіз уақытты басқарасыз немесе уақыт сізді басқарады. Міне, бұл – ұлы адамның, жеңімпаздың ұстанымы. Əрине, бұл жердегі уақытты басқару ауыспалы мағынасында айтылып тұр, яғни өз уақытыңызды өзіңіз жоспарламасаңыз, өзгелер өз жұмысын бітіру үшін сіздің уақытты қосып жоспарлайды. Менің айтайын дегенімді түсінген шығарсыз. Біз өзімізге өзіміз жетістікке жетуді жоспарламасақ, өмір бізге сəт сіздік пен кедейшілікті жоспарлайды. Өз басыма келсем, нақты жоспарсыз жаңа жылды да, жаңа күнді де бастамаймын. Себебі жоспарсыз жүрген адамды жүгенсіз, иесіз жүрген жылқыдай көбі пайдаланғыш келеді. Екіншіден, қағазға жазылған нақты жоспар жұмыстың бітуін тездетеді. Үшіншіден, өз- өзіңді бағалап, сыйлай бастайсыз. Бір кісілер менің жоспарымның бəрі басымда, қағазға жазып, қадағалап керегіне дейді. Керемет. Десе де, «АҚЫЛДЫ бастан қарапайым қағаз артық» демекші, қанша жерден гений болсақ та, арасында істеу керек істі ұмытып кететін кездеріміз болады. Сондықтан күніңізді, айыңызды, жылыңызды жоспарлап, сол жоспарды қағазға жазып, істелуін қадағалап жүріңіз. Күнді сапалы жоспарлау жайында біздің орталықтан құрастырылған «Табыс күнделігі» деп аталатын күнделік бар. Уақытыңызды сапалы қолданып, тез арада жетістік шыңына қолтаңбаңызды қалдырғыңыз келсе, кітаптың артындағы нөмірлерге хабарласып, «Табыс күнделігін» алдырыңыз. Өтініш: қамшының сабындай қысқа ғана ғұмырыңыз бар. Сол бақыт болып берілген ғұмырыңызды бос істерге шашпаңызшы. Бүгінгі күн ертеңгі күндей болмайды, сондықтан əр минут ыңызды, сағатыңызды мағыналы істер істеуге жұмсаңыз. 11 ІШКІ ДАУЫСЫҢЫЗДЫ ҰСТАЗЫҢЫЗҒА АЙНАЛДЫРЫҢЫЗ Адам шын мəнінде өз ойының нəтижесі. Джеймс Аллен, «Ойдағы адам» кітабының авторы

Сұрақ: «Сіз өміріңізде кіммен араласасыз, яғни кіммен өз ойыңызды бөлісіп, қарым-қатынаста боласыз?» Досыммен, жарыммен немесе əріптестеріммен десеңіз, сіз қатты қателесесіз. Зерттеу жұмыстарының нəтижесі адам өмірінің көп мөлшерін өзімен араласуға, қарым-қатынас жасауға бөлетіндігі дəлелденген. Анығырақ айтар болсам, біз уақытымыздың көп бөлігін ойлануға, ішкі диалогқа бөледі екенбіз. Ойландыратын бір мəселе сол – біздер ішкі диалогымыздың 80%-ында өзімізді-өзіміз төмендетіп, кінəлайтынымыз анықталған. «Ол қалайша, мен өзімді жақсы көремін» деуіңіз мүмкін. Мысалы, «Ол мені сүймейді», «Мен соншалықты əдемі емеспін», «Бүгін менің шашым тура жалмауыз кемпірдікіндей», «Менен кəсіпкер шықпайды», «Менің тірлігім нағыз ер- азаматтікіне сай келмейді», «Менен ешқашан керемет ұйымдастырушы шықпайды», т.б. Сіз өзіңізді өзіңіз көтермелемесеңіз, сізді ешкім көтермелемейді. Луиза Хей, психолог Кітаптың басында айтқанымдай, біздің ойларымыз өзімізге, өмірімізге біз ойлағанға қарағанда қатты əсер етеді. Жағымсыз ой, жағымсыз ішкі дауыс əрекет етудегі шабытымызды, энергиямызды əлсіретеді. Сонымен қатар жағымсыз ойлар көңіл-күйімізге, əрекетімізге, екпінімізге де кері əсерін тигізбей қоймайтыны белгілі. Сол құрып қалғыр жағымсыз оймен ішкі дауыстың арқасында болашағы бар істі істемей, ұнаған адамға сезімімізді білдірмей, сахнада дірілдеп, қорқып, өзімізге тиесілі несібеден құр қалып жатамыз. Біздің ішкі дауысымызды тек жағымсыздықтан тұрады екен деп ойлап қалмаңыз. Əрине, шабыттандырып, еңбекке құлшындыратын ішкі сенімділігіміздің де дауысы бар. Ішкі диалог (ішкі ой) — көңіл-күй – əрекет – нəтиже Десе де, басымыздың ішінде қай дауыс басым, сол біздің көңіл-күйімізді, əрекетімізді, етер нəтижемізді басқарады. Əрекеттің нəтижелі болуы əрекет етіп жатқан кездегі көңіл-күйімізге тікелей байланысты.

Аманжол Рысмендиев Егерде жетістіктің шыңынан көрінгіміз келсе, біз міндетті түрде жоғары деңгейдегі алғырлықпен еңбек етуіміз керек. Өзіңіз білетіндей, əрекетіміздің сапасы көңіл-күйімізге, көңіл-күйіміз ойымызға, денсаулығымызға тікелей байланысты болып табылады. Бұл жердегі басты мəселе ойдың, басымыздағы бітпейтін дауыстардың күшінде екені анық. Өзіңіз көз алдыңызға елестетіп көріңізші, сізді күн сайын біреу жамандай берсе, ойлаған жобаларыңызға қарсы пікірде болса, өзіңізді жайлы сезінесіз бе, əрекет етуге деген құштарлығыңыз қандай болмақ? Əрине, ондай адамның қасында бір минут та бола алмайтын шығарсыз. Ол адам болашағыңызға, арманыңызға деген сеніміңізді сындырып, күдік ұялатуды ғана біледі десем артық болмас. Сондай, яғни бізге пайда бермейтін адамның бірі басымызда отыр. Ол, американдық оратор, миллиардер Роберт Алленнің сөзімен айтсақ, «басыңыздағы таракандар». Менің басымда тек «таракандар» ғана бар екен деп қалмаңыз. Сонымен қатар біздің басымызда бізді қолдайтын шабыттандыратын «қырағы қыранымыз» бар. Өзіңізді өзіңіз көтермелеп, қолдамасаңыз, өзгелердің көтермелеуін, қолдауын күтпей-ақ қойыңыз! Аманжол Рысмендиев Енді негізгі мəселеге көшсек, егерде табысты болып, тұтастықта өмір сүргіңіз келсе, ойыңызға, ішкі диалогыңызға мəн беріңіз. Сіз ішкі əлеміңіздегі «таракандарыңызбен» сөйлесесіз бе? Əлде «Қыраныңыздың» кеңесіне құлақ асасыз ба? «Қыраныңыздан» «тараканыңыздың» əр кеңесін ажырату үшін ішкі дауысыңыздағы сөз тіркестеріне аса назар аударыңыз. Ешқашан жəне үнемі «Таракандардың» көп қолданатын сөздерінің бірі – ешқашан жəне үнемі. Сізге оңайлықпен білінбес, десе де, «таракандар» түңілуді, жалынуды,

өкінуді басты міндет етіп алған. Мысалы: Менің айлығымды ешқашан көтермейді. Мені үнемі сəтсіздік айналшықтап жүреді. Ешкімге мен бармын ба, жоқпын ба, ол маңызды емес. Ешқашан, еш уақытта табысты бола алмайсың. Жұрт мені үнемі күлкі етеді. Үнемі мен жаңа бірдеңе бастасам, қиындық дайын тұрады, т.б. Осы сөздердің бірін ішкі дауысыңыздан естіп қалсаңыз, тез арада «тараканыңызбен» əңгіме- дүкенді тоқтатыңыз. Өзіңіз жүрегіңіздің, яғни «қыраныңыздың» қолдауына жүгiнiңіз. Жоғарыда «қыран» мен «тараканның» айырмашылығын аздап көрсетіп кеттім. Сөз соңына келер болсақ, басыңыздағы «таракандарды» дос етсеңіз, тура таракан сияқты өмір сүресіз. Ал «қыраныңызды» дос етіп, кеңесіне құлақ ассаңыз, қыранша өмір сүріп, табыс пен жетістікке жете бересіз. Қай өмір жүрегіңізге жақын, таңдау жəне тыңдау өз қолыңызда! 12 ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛЫП, ОҒАН ЖАУАП БЕРЕ БІЛІҢІЗ Сіздің өміріңіздің сапасы берген уəдеңізде тұруыңызға тікелей байланысты. Вернер Эрхард, «Training and Landmark Forum компаниясының президенті

«Істей алмайтын ісіңді істеймін» деп уəде берме. Публий Сир Жауапкершілік алдыңыз ба, жауап бере біліңіз. Осы бөлімді жазбас бұрын көп ойландым, іздендім. Бұрын қандай болғанын білмедім, бүгінде көпшілігіміздің сөзімізде салмақ жоқ. Берген уəдеде тұрудың емес, анаған да мынаған да уəде берудің хас шебері болып кеткенбіз. Тіпті кей жағдайда жауапкершілік деген дүниеден бағытты өзгелерге бұрып, басымызды алып қашып жатамыз. Яғни, өзінің, өмірдің, өзгелердің алдында жауапкершілікті сезінбейтін адамдар да жетерлік. Жауапкершіліксіздіктің, уəдеде тұрмаудың залалын бірі білсе, бірі білмейді. Біріншіден, сөзіңізде тұрмау арқылы беделіңізді төмендетесіз. Екіншіден, жамандық пен жағымсыздықты ерте жүретін əдеттің пайда болуына жағдай жасайсыз. Сөз беру арқылы сіз, ең бірінші, сол сөзді өзіңізге бересіз. Біреуге сөз беру арқылы ол сөзді, уəдені өзіңізге бергендігіңіз есте болсын. Себебі сіз өзге адамға беріп жатқан уəдені сіздің сана-сезіміңіз міндетті іс деп қабылдайды. Ал уəдеде тұрмау арқылы өзіңізге деген сенімсіздікті үйреніп, жеке басыңызға деген құрметіңіз жоғалады. Яғни, бір нəтижеге жету жолында өз қабілетіңізге өзіңіз сенімсіздік таныта бастайсыз. Ішкі сенімсіздік ұялаған жерде үлкен жеңістерге жол ашылмайтыны ақиқат. Мысалы, сіз жарыңызға «Таңертең алты жарымда тұрып жаттығу жасаймын» деп сөз бердіңіз делік. Өкінішке орай, үш күн бойы ұйқыдан тұра алмадыңыз. Жұмысыңызға барасыз, өзіңізді жайсыз сезініп, кінəлі адамның кейпіне енесіз. Жарыңыз сіз берген уəдені ұмытып кетсе де, сіз ұмытпайсыз. Сондықтан сөз бердіңіз бе, онда сөзіңізде тұрыңыз немесе сөз бермеңіз. Сонымен қатар кəсіптің қай саласынан нəсіп теріп жүрсеңіз де, сізге өзгелердің сеніммен қарай білуі басты мəселе. Əріптестеріңіздің, достарыңыздың, клиенттеріңіздің сеніміне кіру арқылы ғана жан рахатын сезініп, ісіңізді өркендете аласыз. Ал олар қай кезде сізге сене алады? Əрине, сіз берген уəдеңізде тұрып, жауапкершілік ала білгеніңізде ғана. Мейлі əкім болыңыз, үлкен бір мекеменің басшысы болыңыз немесе жай қарапайым жұмыстағы адам болыңыз, сіз əрқашан басыңызға жүктеп алған жауапкершілікті сезіне білгейсіз. Менің ойымша, əр жұмысшы, əр көшбасшы, əр адам өзіне жауапкершілік алса жəне сол жауапкершілікті сезініп, ойы мен сөзінің салмағын түсіне білсе, кез келген қоғам, мемлекет, компания даму жолына түсіп, алға қойған арман-мақсатына жете алады. Есіңізде болсын, бұл өмір -

жауапкершіліктің жиынтығы. Жауапкершілік алғаныңыз үшін де жауап бересіз. Жауапкершіліктен қашқаныңыз үшін де жауап бересіз. Айырмашылығы: жауапкершілікті өз басыңызға алып, істеу керек істі істесеңіз – баратын жеріңіз табыс пен бақыт, жан рахаты. Ал жауапкершілік алудан үнемі қашсаңыз – баратын жеріңіз кедейлік, қасірет. 13 ӨЗ ІСІҢІЗДІҢ ШЕБЕРІ БОЛЫҢЫЗ Əр қоғамда ісі, сөзі, жетістігі өзгелерге үлгі болатын ұлы тұлғалар бар. Біз оларды өз ісінің шебері дейміз. Дэн Салливан, «The Strategic Coach» компаниясының президенті Халық, қоғам сізді шеберлігіңізге қарай марапаттайды, өз ісіңіздің шебері болсаңыз болды, атақ та, табыс та сізді үнемі айналшықтап жүреді. Иə, осы сөздерді бір кітаптан он жыл бұрын оқығанмын, бірақ аса қатты көңіл бөлмеген едім. Десе де, «Өмірдің не екенін өмір сүріп жүрiп түсінеміз» демекші, өмірлік тəжірибемнің арқасында сол ойдың бүгінгі таңда қорғаушысы, қолдаушысы болып кеткендеймін. Неге десеңіз, бүгінгі заман мүмкіндігі, бүгінгі күнгі ауыз толтырып мақтана айтатын жетістіктер сол өз істерінің шебері болған ғалымдардың, кəсіпкерлердің арқасында өмірге келді, келіп те жатыр. Сондықтан да біздің өмірімізді əлдеқайда жеңілдеткен ұлы шеберлерге алғысымызды күн сайын білдіруіміз тиіс дегіміз келеді. Əрине, адам ретінде біз де сол ұлы тұлғаларға – өз істерінің шеберлеріне ұқсауға тырысып, өз саламызда алдыңғы қатарлы сарапшы маманы, шебер болуымыз керек. Сонда ғана атақ-абырой, табыс пен бақытқа қол жеткізе аламыз. Өз ісіңнің шебері болу арқылы табысқа жет есің. Айтыңызшы, жүзі өткір пышақпен жұмыс жасағанды жақсы көресіз бе? Сол секілді өз ісіңіздің шебері болсаңыз, өткір пышақтай жарқылдап тұрасыз. Қоршаған ортаңыз сізге құрметпен қарап, бірге жұмыс істегісі келіп, клиенттеріңізде, əріптестеріңізде сізге деген тартылыс күші пайда

болады. Сіздің жауапкершілігіңіз, сенімділігіңіз оларды сізге сеніммен қарауына жол ашары сөзсіз. Мүмкін, сондықтан болар, табысты тұлғалар – өз істерінің шеберлері жайында аз-маз ізденсек, олардың өзі сияқты шеберлермен қарым-қатынас жасайтынына көз жеткіземіз. Өйткені кез келген өз ісінің шебері өзі сияқты табысқа сенетіндерді магнитше тартады. «Ұқсастар ұқсастарды тартады» деп бекер айтылмаса керек. Бір уақ достарыңыз, əріптестеріңіз, таныстарыңыз жайлы ойлап көріңізші. Олардың арасында өз ісінің шебері бар ма? Жоқ болса, есте ұстаңыз, достарыңыз – сіздің айнаңыз, сондықтан сізге жаңаланатын кез келді, айналаңызға көз салып өз ісінің шеберлеріне ұқсап бағуға, олармен қарымқатынас жасауға тырысыңыз. Ойыңызды, жүріс-тұрысыңызды, өміріңізді, дамуыңызды қатаң бақылауға алыңыз. Араласатын адамдарыңыз аз болсын, бірақ саз болсын. Яғни, ұлы тұлға, шебер деген атқа сай болсын. Себебі бұл – сіздің өміріңіз, екінші рет мұндай өмір сізге берілмесі хақ. Бір- ақ рет өмір сүреді екенбіз, өзіміздің адам ретінде, маман ретінде бағамызды білгеніміз абзал. Өз ісіміздің шебері болмақпыз, «Өз ісінің шебері, алдыңғы қатарлы сарапшы маманы» деген кім өзі? Ол қандай адами жəне іскерлік қабілеттерді иемденеді? Қазір сол жайында сөз қозғайық. Ісіңе пысық бол, өз ісіңді өзің шеш, басқалардың бола береді деген шешімімен іс қылма. пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) «Өз ісінің шебері, сарапшысы» деген сөздерді естігенде менің ойыма дамуыма өрлеуіме, өзгеруіме жəне шабыттануыма əсер ететін үш адам – үш ұлы тұлға оралады. Біріншісі – Елбасы, ҚР Президенті Н. Назарбаев. Ол кісіні президенттердің ішіндегі генийі десем артық болмас. Өзіңіз көз алдыңызға елестетіңізші, жиырма жыл бұрын еліміздің экономикасы, əл- ауқаты қандай еді? Мен ол кезде бала болғанмын, бірақ бəрі есімде. Тəуелсіздік алып, жаңадан егемен ел болған Қазақстанның əлемдік деңгеймен салыстырғанда халі мүшкіл еді. Ал қазір қандаймыз? Дана ойлы елбасымыздың арқасында бүгінгі күні бізді бар əлем таниды, қарқынды дамушы мемлекет деп бағалайды, бұл – шындық. Елбасының іскерлік шеберлігінің нəтижесі – Сарыарқаның төрінен əлем қызығар жаңа Астанамыз бой көтерді. Халықтың тұрмыс деңгейі жақсарды, болашаққа

деген сенім, рух пайда болды. Бəріміздің президент болғымыз келеді, бірақ елді басқару емес, кейде өз көңіл-күйімізді, өзімізді, отбасымызды басқара алмаймыз. Ал елдің сеніміне жауапкершілікпен қарап, көп шешімнің ішінен халық үшін береке мен молшылықтың, татулық пен тыныштықтың кепілі болар дұрыс шешімдер қабылдау оңай шаруа емес. Сол ұлы істі асқан даналықпен, көрегендікпен сапалы орындап жүрген Елбасы Н. Назарбаев мен үшін өз ісінің шебері, сарапшысы, халық қаһарманы. Екінші адам, ол – менің ұстазым Жагутина Айсұлу. Айсұлу апай маған мектепте сабақ берген, ал қазір өмір жайлы сабақ беріп, досым, ақылшым болып жүр. Мен ол кісіні неге шебер, ұлы адам деймін, білесіз бе? Себебі дана оқушы тек қана дана ұстаздан шығады емес пе?! Қандай да ұлы тұлға болсын, парасатты пайымгер болсын, ол өзінің шыққан биігі үшін ұстазына қарыздар. Мен де қарыздармын. Оқушы кезімде өз арманым жайында Айсұлу ұстазыма айтатынмын. Ол кісі ойларымды толық тыңдап болып, «Аманжол, істей алам десең, істей аласың. Мен саған сенемін!» дейтін. Сол бір «Мен саған сенемін» деген бір ауыз сөз мені өмір бойы шабыттандырып келеді жəне өмір бойы шабыттандыра береді. Кейбір мұғалімдер сабақ аяқталғаннан кейін оқушыға көңіл бөлмейді емес пе? Айсұлу апай керісінше əр оқушының жүрегіне үңіліп, бос уақытын тегін сабақтар жүргізуге жұмсайтын. Тіпті кейде мені үйіне шақырып алып, анамдай ақылын айтып, өмірлік тəжірибиесімен бөлісетін. Менің жетінші сыныптан кейін Республикалық дарынды балаларға арналған мектеп- интернатқа түсуіме де сол кісінің көп көмегі болған. Мүмкін Айсұлу ұстаз көмектеспегенде, мен дарын мектебіне түспейтін едім, дарын мектебіне түспесем, кім біледі, қарапайым біреу болып қала беретін бе едім?! Бұл кітаптың өмірге келмеуі де мүмкін бе еді? Сондықтан ол кісіні, бірінші, адам ретінде, екінші, бала психологиясын толық меңгерген ұстаз ретінде, үшінші, үлкен бір семьяның ошағын жағып, түтінін түтетіп отырған ана ретінде аса қатты құрметтеймін. Ұстаз болса, өз ісінің шебері Айсұлу Жагутина апайдай болсын. Үшінші адамның орыны өзінше бір бөлек мəселе. Ол кім дейсіз бе? Ұстазым – əйгілі Энтони Роббинс. Энтони Роббинс — американдық психолог, жазушы, оратор-мотиватор жəне жай ғана табысты кəсіпкер, толығырақ айтсақ, мултимиллионер. Энтони Роббинстің тренингіне қатыспас бұрын кітаптарын оқып өзіме көп нəрсе алғанмын. Неткен шебер жазушы деп таңғалатынмын. «БОО» деген миллион тиражбен жарыққа шыққан кітап қаншама адамның өмірін өзгертті десеңізші. Кітапты оқып отырып-ақ оның энергиясын, іскерлік

шеберлігін сезінесіз. Ал тренингіне қатысқанымда бір залда отырған он мың адамды өз энергиясымен, білімімен баурап алған кезде осындай-да оратор болады екен ғой деп таңырқағаным бар. Менің айтайын деп тұрғаным, оның еңбекқорлығы, білімі жəне жер шарындағы адамдардың дамуына қосқан үлесі. Неге десеңіз, Энтони Роббинстің тренингіне сіз басқа адам болып кіріп, мүлдем басқа, жаңа адам болып шығасыз. Ол ойластырған методикалар сіздің өрлеуіңізге, ұлы тұлға болуыңызға 100% əсер етері сөзсіз. Өз ісінің асқан шебері болғандықтан, Энтони Роббинстің семинарларына бағасы қымбат болса да, жыл сайын 100 мыңнан аса адам қатысып, өмірлерін өзгертуде. Мен мойындайтын үш адам – Н. Назарбаев, А. Жагутина, Э. Роббинс. Үшеуінің ұқсас жерлері қайсы дейсіз бе? Үшеуі де өз істерінің шеберлері, XXI ғасырдың ұлы тұлғалары. Сіз де шебер болғыңыз келген шығар? Ол үшін не істеу керек 1. Үлкен оймен үлкен іс үшін өмір сүріңіз. Шебер – еркін. Ол өзі үшін қоғамдық деңгейден жоғары мінезді, көзқарасты қабылдаған. Ой ойлай берсең затқа айналады. Сондықтан өз ісінің шебері жағымды жəне мардымды үлкен ойдан үлкен істерді бастайды. 2. Мықты мінез. Қалыптасқан қағида. Ол адамның үш мықты қасиеті бар: бірінші – көшбасшылық, үнемі өзін де, өзгелерді де басқара біледі; екінші — алғырлық, қайсарлық. Сол алғырлықтың, сенімділіктің арқасында өзгелерге үміт сыйлайды; үшінші – бірқалыптылық, алған бағытында берілмеу. Дəл осы қасиеттердің үлгісі етіп ХХ ғасырдың ұлы тұлғасы Уинстон Черчильді алуға болады. 3. Өзгелердің ой-еңбектеріне көңіл аударыңыз. Одан да жақсы істеуге талпыныңыз. Шебердің тұлғасы өзгелерге үлгі, қоршаған орта өздері мойындаған адамға ұқсауға тырысады. Мысал ретінде əнші, кəсіпкер, демеуші Қыдырəлі Болмановты алсақ болады. Бүкіл қазақ жұрты Қыдырдың іскерлік шеберлігіне тəнті. Оның ізденімпаздығы «Ұлытаумен» қатар қазақ жұртын əлемге паш етті. Сонымен қатар Қыдырдың бастамасымен құрастырылған «Бал-бала» ойыншықтарын Қазақстан нарығындағы ең мықты, сапалы компанияның ойыншықтары деп ұялмай айтуға болады. Өзгеден үйреніп, одан да жақсы туынды шығару деген осы емес пе?

4. Төзімді болыңыз жəне қайғыра біліңіз. Үлкен оймен үлкен іс істеп жүріп өз ісінің шебері адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалайды. Ол өзгелердің жүрегіне үңіліп, қайғысына ортақтасып, жұбатып, көмек қолын созудан қашпайды. Себебі өзін өзгелермен байланыстыратын күшті сезінеді. Қандай жанжал болсын, қиындық болсын, ұстамдылығы мен төзімділігін аяққа таптамайды. 5. Сараптай біліңіз, жағымсыздықтың жақсы жағын көре біліңіз. Өзінің тұлғалық қасиеттерінің көмегімен шебер əр істі сараптап, өзінің жəне өзгенің бақыты, дамуы үшін пайдалана алады. Ол бақылаушы емес, басқарушы, жасаушы. 6. Əрекетіңіз үшін, нəтижеңiз үшін жауапкершілікті өз басыңызға алыңыз. Шебердің қарапайым адамнан ерекшелігі не, ол ешқашан жауапкершілік алудан қашпайды. Шағымдану, өзгелерді кінəлау ол үшін жат нəрсе. Сонымен қатар ол кезіккен сəтсіздікке тіке қарап, жеңілісті дамуға немесе жетістікке айналдырады. 7. Алға жəне жоғары қараңыз, шебер үлкен арманға ұмтылады. Соған жетемін деп өзін де, айналасындағы адамның жан əлемін де дамытады. 8. Адамның өмірлік міндетін сезініңіз. Өз ісінің шебері өзін де өзгелерді де қайталанбас ерекше тұлға деп санайды. Сол ойдың бағытымен, өзінің де өзгелердің де бүр жарып гүлденуіне, дамуына, жақсы өмір сүруіне əрекет жасайды. Өйткені табиғаттың да, адамның да басты міндеті даму жəне бағалау деп тұжырымдайды. 9. Өзгелердің қабілеттерін жəне өздеріне деген сенімдерін көтеріңіз. Шебер — энергияның жəне новаторлық идеяның ошағы. Ол өзгелердің жарқын болашаққа деген сенімін арттырып, шабыттандыратын ойларымен, идеяларымен бөлісе біледі. Өзі ұйымдастырған ұжымның күні жəне гүлі бола біледі. Шеберді көшбасшы ретіндегі ойлары, бастаған жобалары командасының да, қоғамның да дамуына мол мүмкіндік береді. Адамның дамуында шек жоқ. Іскерлік шеберлікте де шек жоқ. Яғни, табыс пен жетістікте де шек жоқ!

Аритотель Онассис (милионер) Кейбір адамдар өзгелерге деген қарым-қатынасы, іскерлік шеберлігі арқылы құрметке лайық. Бірақ басты мəселе – ол адамның өзіне деген қарым қатынасы, өзіне деген көзқарасы, тəртібі. Өзіне ұлы тұлға болуды мақсат қылып қойып, өзінен үлкен іс күте білу арқылы адам аса үлкен құрметке, мадаққа ие болады. Өз ісінің шебері де өзінен ел ойлағаннан қарағанда ұлы іс, гипер жоба күтеді. Сондықтан «Өзіңізден ұлы оймен, мега істерді күтіңіз, ұнаған ісіңізді жоғары деңгейде меңгеруден шаршамаңыз, өз ісіңізде шебермін десеңіз, бар біліміңізді жаңалауға, өңдеуге тырысыңыз». Ұлы адамша əрекет ету арқылы сіз өзге ұлы адамдарды тартасыз. Олар сізді сіз армандамаған жерге шақырып, бар қабілеттеріңіздің одан да жоғары дамуына жол ашады. Сіз сол уақытта нағыз байлықтың, нағыз жан рахатының не екенін сезінесіз. Көп кешікпей газет-журналда «Өз ісінің шебері, жеңімпаз» деп сіз жайында мақалалар жарияланатынына сөз беремін. 14 АДАМДАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАУДА ЖАҚСЫ НƏТИЖЕГЕ ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ Менің кез келген қадамым, ісім өте маңызды. Сондықтан мен ұсақ-түйек деп қарамай үлкен ұқыптылықпен мəн бере əрекеттенем Уильям Джеймс. Бəріміз де, жасымыз да кəріміз де өзгелерсіз, яғни қарым-қатынассыз мəнді өмір сүре алмаймыз. Əрқайсысымызға түсінетін дос, жақсы көретін жар, мақсатқа бірге ұмтылатын əріптестер қажет-ақ! Табыс деп тулап, бақыт деп байбалам салғанда, өзегіңді өртер өкініш сол – көпшілігіміз тірлігіміздің сапасы бірлігімізде, қарым-қатынасымызда жатқанынан байхабармыз. Неге десеңіз, бізді балабақшада, мектепте, жоғарғы оқу орындарында, қарымқатынас жасай білудің маңыздылығы мен сол өмірден ойып орын

алар қарымқатынаста жетістікке жете білу өнерін ешкім үйреткен жоқ! Ал арманына ұмтылып, бақытты болғысы келген адамға өзгелермен əдемі қарым-қатынас жасай білу өнері ауадай қажет. Сондықтан да, кітаптың осы бөлімін «Қарымқатынас негіздеріне» арнадым. Бұл бөлімнен тіл табыса білудің тетіктерін, өзгелерге ұнай білудің ұстанымдарын үйрене аласыз. Жол болсын! Адамның өмірінде жетістікке жете білуінің 20%-ы іскерлік шеберлігіне, 80%-ы өзгелермен қарым-қатынас жасай білу өнеріне байланысты! Д. Карнеги Əрбір адам – қайталанбас тұлға, жарқыраған жұлдыз. Əрбір адам – қайталанбас тұлға, ерекше жаратылыс. Жарық жұлдыз. Сіздің əйеліңіз, сіздің күйеуіңіз, ата-аналарыңыз, бауырларыңыз да таңғажайып тұлғалар. Достарыңыз, бастығыңыз, əріптестеріңіз, такси жүргізушісі, магазиндегі сатушы – бəрі-бəрі ерекше тұлғалар жəне құрметке лайық жандар. Əр адамды беделіне, статусына қарамастан, жеке тұлға, қайталанбас жаратылыс, жарық жұлдыз ретінде қабылдай білу сіздің оларға деген қарым-қатынасыңызды, көзқарасыңызды бірден өзгертеді. Адамдар өздерін «ерекше тұлғамын», «жарық жұлдызбын» деп есептемесе де, біздің ерекше құрметіміз, бағалауымыз жүректерінде өте керемет əсер қалдырады. Адамды даттаған өсірмейді, Ерінбей баптаған, сендіре мақтаған өсіреді. Бірғали Байекеев, ақын, журналист Өзгелердің үлкен таланты, ерекшелікті байқай білу жəне мойындай білуі өсем, өрлеймін деген адам үшін таптырмайтын ұлы қасиет. Сондықтан адамның өзі байқамайтын, мəн бермейтін қасиет-қабілеттерін байқай білуді

үйреніңіз. Кез келген адам – үлкен дарын иесі. Кез келген адамның жүрегінде үлкен күш, шығармашылық туындылар тұнып жатыр. Кемшіліктерінің, прблемаларының орнына жан-дүниесіндегі əдемілікті, талантын көре білу арқылы сіз ол адамға күш сыйлайсыз, өз-өзіне деген сенімінің артуына арқау боласыз. Бұл қағиданы мен екі жыл бұрын практикада қолдана бастадым. Ол уақытта біз командамызбен Қазақстан бойынша семинар-тренинг өткізіп жүргенбіз. Кезекті семинардың бірі Орал қаласында өтетін болды. Тренинг арасында болған үзілісте Эльмира (есімі өзгертілген) есімді бір келіншек бетпе-бет сөйлесіп, өмірде өсу, бизнесте көтерілу бойынша кеңес беруімді өтінді. Мен келістім. Белгіленген уақытта ол кісіні жеке кеңеске қабылдадым. Əдеттегідей жұмысымды диагностикадан бастадым. Яғни, өзі жайлы, өмірі жайлы айтып беруін сұрадым. Эльмираның əңгімесінін тыңдай отырып, оның өзін бағаламайтындығын, өзіндегі дарынына, қабілетіне деген сенімсіздігін аңғардым. Ол кісінің өмірдегі бар сəтсіздігі, қиындығы сол ішкі сенімсіздіктің, ішкі қорқыныштың нəтижесі екені маған бірден байқалып тұрды. Енді менің психолог ретіндегі негізгі міндетім ол кісінің өзіне деген сенімділігін көтеру, өзіндік бағасын арттыру болды. Мен əңгімені былай бастадым: Эльмира, мүмкін сіз мойындамай жүрген шығарсыз, бірақ сіз өте керемет адамсыз. Жандүниеңіз тура раушан гүліндей əдемі. Осыны біліп жүргеніңізді қалаймын. Ал бизнесіңізге келсек, көз алдыңызға елестетіңізші, қаншама белесті бағындырдыңыз. Сəтсіздікті көп ойласақ сəтсіздікті көбейтеміз, табыс жайлы ойласақ табыстарымызды еселендіреміз. Қазір бес минут бойы өзіңіздің осы уақытқа дейін жеткен жетістіктеріңізді жəне қалыптастырған нəтижелі əдеттеріңізді қағазға жазыңызшы деп ұсыныс тастадым. Ол кісі жазып жатыпақ қалай өзгергендігін айтсаңызшы. Арқасын тіктеп, күліп, көңіл-күйі көтеріліп бастады. Ал берілген тапсырманы бітіргенде біздің Эльмира мүлдем басқа адамға айналды. Яғни, мұңайып отырған Эльмирамыз қуанып, армандарымен, жоспарларымен бөлісіп, мəз болып кетті. Жеке кеңесімнің соңында Эльмираға қиналған сəттерде «Өзінің ерекше тұлға екенін, шын көшбасшы екенін есіне түсіріп», осы жаттығуды қайталауын өтіндім. Көз алдыңызға елестетіңізші, мен Эльмираны бұрын соңды көрген емеспін. Тек қана мен оның «ерекшелігін, жан-дүниесіндегі əдемілікті» байқай білдім жəне оның өзін «қайталанбас тұлға, көшбасшы» ретінде көре білуіне септігімді тигіздім. Сол Эльмираны 2011 жылдың аяғында Астана қаласында семинарларымның бірінде қайта жолықтырдым. Өзі жəне өмірі

толық өзерген, əдемі болып құлпырып кеткен, біршама биіктерді бағындырған. Маған келіп «өмір өзгертуге» септігін тигізген сол бір сағаттық кездесу үшін рахметін айтып кетті. Мен болсам ол үшін жəне бір адамның алға қадам басуына көмектескен өзім үшін қуандым! Өзге адамды құрметтей, бағалай отырып аралассаңыз, оған сенімділік сыйлайсыз. Мұндай қарым-қатынастың нəтижесі қашанда қуанатындай болмақ. Сондықтан əр адамнан жақсылық, жағымды қасиет іздеңіз. Адамдармен қарым-қатынас жасауда жетістікке бастар негізгі 7 кеңес: 1. Қарым-қатынас жасайтын адамыңызды жақсы көріңіз. Айтыңызшы, өзіңізге ұнамайтын адаммен ашық сөйлесе аласыз ба? Меніңше, жоқ! Ойыңызды ашық айтып, шын жүректен сөйлеу үшін ол адамды құрметтеуіңіз, бағалауыңыз шарт. Сонда ғана ол адам сізге жəне сіз ұсынған ұсынысқа құрметпен қарайды. Сондықтан кездесетін адамның кездесуден бұрын өзіңізге ұнайтын бес қасиетін, қабілетін анықтап алыңыз. Адам баласы өте сезімтал келетінін басты назарда ұстаңыз. Сізді бағалағанын қаласаңыз, араласатын адамыңызды бағалай біліңіз. 2.Шын жүректен мақтай біліңіз. Мақтау десе болды көпшілік қауым жасанды жағымпаздану жайлы ойлайды. Жағымпаздану мен шынайы мақтаудың арасы жер мен көктей. Шынайы мақтау дегеніміз – адамды шын жүрекпен бағалап, құрметтеп, сол ішкі құрметіңізді сөзбен білдіру. «Жақсы сөз жан семіртеді» демекші, шынайы, шын жүрекпен айтылған мақтау кімнің де болмасын көңіліне сенім сыйлап, өзін жақсы сезінуіне əсер етеді. Шындап мəн бере қарасаңыз, əр адамның бойында құрметке, мақтауға лайық қасиеттер толып жатыр. Мысалға, мен сізді көрмесем де, өсемін, өрлеймін, биіктерді бағындырамын деген ұмтылысыңызды қатты бағалаймын. 3. Əр адамның есімі өзіне өте ыстық екенін ұмытпаңыз. Ағылшындық ғалымдар адамның өз есімі əлемнің қай тілінде айтылса да өзіне өте ыстық, жағымды естілетіні дəлелденген. Яғни, сөйлесіп отырған адамыңыздың əңгіме барысында атын атай отырып əңгіме өрбітіңіз. Əрбір жаңа танысқан адамыңыздың есімін жаттап алыңыз. 4. Көңіл бөліп тыңдай біліңіз. Тыңдай білу – ең ұлы өнер. Атақты

адамдардан сұхбат алудың шебері болған Айзен Ф. Маркоссон «Кей адамдардың өзімен əңгімелесуші адамға жағымды əсер қалдыра алмау себебі айтылған əңгімені мұқият тыңдай білмеуінен» деген екен. Тыңдай білу өнері бəрімізге ауадай қажет. Кез келген адам оны сыйлағанын жəне тыңдағанын қалайды. Сондықтан сіз жақсы əңгімелесуші болуға ұмтылыңыз, жақсы тыңдаушы да бола біліңіз. Чарлз Ноттерхем Лидің жұбайы айтқандай, «Өзіңді қызықтыру үшін сіз де біреуге қызыға қараңыз». 5. Құрметпен қарап қолдай біліңіз, жабырқағандарды жігерлендіре біліңіз. Əркімнің өз ойы, өз ұстанымы бар жəне кез келген адам өз əрекетін дұрыс деп санайды. Осыны есте ұстаңыз. Əңгімелесетін адамыңызға жақсы əсер қалдырғыңыз келсе, ол адамның пікіріне қарсы шықпаңыз. Яғни, «сіздікі дұрыс емес», «мен сізбен келіспеймін» деген сөздерді мүлдем айтпаңыз. Керісінше, ол кісінің идеясын, əрекетін қолдай отырып, «мен сізбен 100% ға келісемін, сіздің орныңызда болсам, мен де осылай жасар едім» деп ой өрбітіңіз. Екіншіден, жігерлендіре біліңіз. Яғни, ол адамның қателігін бетіне басып сын айтпай, шын досы ретінде, моральдық тұрғыда демей біліңіз. Өйткені кез-келген адам қолдауға зəру. Қолдау арқылы, түсіне білу арқылы сіз ол адамға сенімділік сыйлайсыз. 6. Шынайы болыңыз. «Жүректен шыққан сөз жүрекке жететінін», басыңыздағы ойдың энергия екенін, ол энергияның қасыңыздағы адамға жұғатынын есте сақтаңыз. Жаман ойды көздеп жақсы əсер қалдыру мүмкін емес. Сондықтан өзгелерге əсер ету үшін жасанды болмыс жасап қажеті жоқ. Керісінше, барынша қарапайым, шын жүректен шынайы болсаңыз, адамдардың барлығы сізге тартылып, дос болғысы келіп тұрады. 7. Əңгімелесуші адамыңызды қызықтыратын тақырыпта əңгіме айтыңыз. Адамдармен тез достасудың тəсілі – олар үшін қызықты, маңызды деген тақырыпта əңгіме айту. Дейл Карнеги Тақырыптың аты айтып тұрғандай, адами қарым-қатынаста жақсы нəтижеге қол жеткізудің жетінші ережесі – əңгімелесетін адамыңыз үшін

қызықты тақырыпта ой қозғау. Ол үшін міндетті түрде алдыңыздаға адамды зерттеуге, түсінуге тырысыңыз. Біреу өзі жайлы айтқанда ұнатса, екінші адам жұмысы жайлы, үшінші адам арманы жайлы ой бөліскенді ұнатады екен. Мысалы, менің бала кезден бірге өскен жолдасым Ермұрат компютер, информатика жайлы айтқанды жақсы көреді. Себебі ол – оның сүйікті ісі. Маған ол сала қатты қызықтырмаса да, Ермұратпен əңгімеміз жемісті болуы үшін сол маңызды тақырыпта ой қозғауға тырысамын. Əрине, ол – компютер, интернет саласындағы əңгімелер. Егер осы жоғарыда айтылған 7 ережені қарымқатынас жасауда негізге алсаңыз, сіз кез келген адамға ұнайтыныңызға, қалаған адамыңызбен дос бола алатыныңызға сөз беремін. Іске сəт! 15 СІЗДІ ҚОЛДАЙТЫН МЫҚТЫ КОМАНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫҢЫЗ «Қолдаушыңыз, көмекшіңіз болмаса сіз жалғызсыз». Реймонд Аарон «Жалғыз ағаш орман болмас, Жалғыз кірпіш қорған болмас». Халық даналығы «Көп түкірсе көл» немесе «Көппен көтерген жүк жеңіл». Ия, осы сөздерді мəтелге айналдырып, «аталы сөз» деп бағалаған халықпыз. Сонда біздің ел белгілі бір мақсатқа жетуде команданың, яғни ұйымның ауадай қажеттілігін ертеден-ақ сезіне білген. «Аталы сөз, баталы сөз» демекші, жоғарыдағы айтылған мəтелдердің мағынасын біз қаншалықты терең ұғынып ісімізде қолданып жүрміз осы? Сіз бұл бөлімнен команданың күші мен құдіретін, беретін мүмкіндігін ұғынып, мақсатқа жету жолында мықты команда құрудың алғышарттарымен танысып, команданың жұмыста жақсы нəтижеге жету өнерін үйренесіз. Үлкен жетістікке жетуің үшін білімді болуы мен қатар, білімі мықты команданың болуы керек!

М. Атласов Қанатсыз қыранды көріп пе едіңіз? Көрмесеңіз, қанаты жоқ бүркітті көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Мейлі қанша жерден қыран деген аты болсын, қанатсыз қыранның қасында шымшық артық. Неге десеңіз қыранды қыран етіп тұрған оның талмас қанаттары емес пе? Сол сияқты бүгінгі ХХІ ғасырда керемет білімді, қайтпас қайсар болсаңыз да, жалғыз, яғни қолдайтын, көмектесетін командасыз аса үлкен биіктерді бағындыра алмайсыз. Заманның заңғар тұлға боламын дегендерге қойған қатаң талабы сол. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: «Гений адамдардың уақыты баяғыда өтіп кеткен. ХХІ ғасыр гений командалардың уақыты». Сондықтан табысқа жетемін десеңіз, «бəрін өзім-ақ істеймін» демей, команда құруды, өзгелермен бірігіп, ортақ мақсатқа ұмтылуды үйреніңіз. Егерде бизнесте азын-аулақ тəжірибиеңіз болса, менің нені меңзеп тұрғанымды түсінерсіз. Ал сіз ісін жаңа бастаған жеткіншек, бозбала немесе бойжеткен болсаңыз, сіз үшін төменде «команда» деген не, «команда құрамына кімдерді кіргізуге болады» – сол жайында толыққанды айта кетейін. Команда – белгілі бір адамдардың бірлесіп ортақ мақсатқа ұмтылуы. Мысалға, футбол ойынын алсақ! Өзіңіз білетіндей, ойын екі командадан тұрады. Əр команда 11 ойыншыдан тұрады. Команда мүшелерінің өзіне алған жауапкершілігі, міндеттері бар. Біреуі қорғаушы, екіншісі қақпашы, т.б. Ал команданың ортақ мақсаты – ойында екінші команданы жеңу. Команда мүшелеріне кімдерді жатқызуға болады? Сізде анық мақсат бар. Белгілі бір уақытта сол мақсатқа жету керексіз. Ойлаған ойыңызды уақытында іске асыру үшін сізге команда құру керек болды. Құратын командаңызды штаттық жəне штаттан тыс деп екіге бөліңіз. Штаттық команда құрамына: сіздің идеяңызды қолдайтын, бірге жұмыс жасауға дайын адамдарды алуға болады. Мысалыға, əріптестер, көмекшілер, программистер, дизайнерлер, ұйымдастырушылар, т.б. Штаттан тыс команда құрамына: сіздің идеяңызды қолдайтын, сізге сенетін, қателессеңіз ақылын айтатын, жабырқасаңыз жігер беретін, шабыттандыратын адамдарды кіргізссек болады. Мысалыға, достарыңыз, ұстаздарыңыз, отбасы мүшелері, бауырларыңыз, т.б. Біздің қолымыздан өте аз іс жасау келеді. Бірақ, өзгелермен ой алмаса, күш біріктіре


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook