ойнасын», – деп, балаларды ойнату керектігін үйрететін. Пайғамбарымыз (с.а.с.) еңбектей жүріп Хасан мен Хусейнді арқасына отырғызып алатын, кейде кеудесіне жүргізіп, күлдіріп те ойнататын (Бұхари, әл-Әдәбул-муфрад 96, 249) . Балалар топырақта ойнағанды жақсы көретін болғандықтан, «Топырақ ─ баланың алғашқы көктемі » деп, балаларды құмға, топыраққа ойнату керектігін айтатын. Алайда сүйіспеншілік мәселесінде еш шектен шықпаған. Баланы барлық нәрседен артық қойып, тіпті Аллаһ тағалаға деген сүйіспеншілігімізге көлеңке түсірерлік дәрежеде құлай сүю астамшылдық екенін білдіріп, баланың сынақ екендігін ескерген. Әуелі бізді адам етіп жаратқан, бойымызға мейірім шуағын сыйлаған Жаратқан Иені жақсы көріп, шүкіршілігімізді білдіруіміз керектігін дұрыс санаған. Балаларға «Жаратқанның аманаты» деп қарауға шақырған. 71. Киім киісі қандай еді және әйелдерінің сәнді киім кигенін ұнатқан ба? Таза, тәртіпті киінуге қатты мән беретін. Жаңа киім кигенде, Аллаһқа мадақ айтып, қайырлы іске киілуін тілеп, сол киім жабатын мүшелерден келетін жамандықтардан сақтанатын. Елдің көзін тартатын киім кимей, ысырап етіп тым қымбатын алудан тартынатын. Өзін ел ішінде қарапайым ұстап, орта таптың киінгеніндей киінетін. Киім кигенде де қарапайымдылықтан ауытқымаған. Мақтаншақтық пен ел көзіне түсуге әуелден жаны қас, бірақ анда-санда әдемі киімді де киіп тұрудан бас тартпайтын. Кей елдің патшалары беріп жіберген тартуларының ішінде қымбат киімдер де болатын. «Ақ түс – түстердің ішіндегі ең әдемісі» деп ақ түсті ұнататын. Қызыл киімді суқаны сүймейтін. Бір күні Ибн Омар қызыл түсті киім киіп келгенде, жақтырмағанын байқатқан. Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (с.а.с.) киім мен әшекейлер алып беруде әйелдеріне керегінше жағдай жасауға тырысқан. Құран кәрімде: «Жас ет (балық) жеулерің әрі тағынатын әсемдік зейнет бұйымдарды (моншақтарды) шығаруларың үшін Аллаһ сендерге теңіздерді бағындырды» («Нахл» сүресі, 14) десе, тағы бір аятта: «(Ей, Мұхаммед!) Былай деп айт: Аллаһ тағаланың пенделер үшін жаратқан әшекейлері мен таза ризықтарын кім харам ете алады? Оларға айт, ол несібелер дүниеде, әсіресе ақиретте мүміндердікі болмақ. Білетін қауымға аяттарымызды осылайша баяндаймыз» («Ағраф» сүресі, 32. ) – дейді. Өздеріңізге белгілі, Құранда әшекей бұйымдар мен әсем киімдерді пайдалануға тыйым жоқ. Ибн Сағд бір риуаятында «Сахабалар әйелдерінің көрікті болуы үшін киім мәселесінде жомарттық танытатын», – дейді. Бұған мысал ретінде Осман (р.а.) Найла деген әйеліне 200 дирхамға жібек мата сатып алып, «Әйеліме киім тіктіріп қуантайын», – деген екен (Ибн Сағыд, Табақат 3/58. ) . Пайғамбарымыздың (с.а.с.) осы мәселедегі үгіт-насихатынан болса керек, сахабалар әйелдерін киіндіруге жомарттық танытты. Дініміз әйелдердің киім киініп, әшекей бұйымдар тағынуына рұқсат еткен. Бұл жайында Құран
кәрімде бірнеше аятта айтылады («Нахл», 16; «Фатыр», 12. «Ағраф» 32; «Нұр»сүрелері 31,60. ) . Айша анамыз бірнеше алтын жүзік, алқа таққан (Ибн Хажар, Шихабуддин Әбу Фадл Ахмад ибн Али әл- Асқалани, 12/1449) . Нажаши сыйға жіберген уд, анбар, зебад секілді иіс суларды Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әйелдері өзара бөліскен. Үммі Хабиба бұлардан өз үлесін алып қолданғанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) қарсылық білдірмеген (Мустадрак ала Сахихайн 4, 21) . Алайда әйел затының жадында ұстайтын бір мәселе: әйел тек күйеуі үшін иіс су себініп, әсемдігін барынша көрсете алады. Өзге жұрт үшін бұлай істеу дұрыс емес. Пайғамбарымыз (с.а.с.) балдызы Әсманың Айша анамыздың жанында иіс су себінгенін көргенде: «Әйел заты күйеуінен басқаға иіс су себінбеуі керек» (Хайсами 4,314) деп, бөгде адамдар бар жерде иіс су себінбеу керектігін ескертеді. Күйеуінен басқа адамдар көретіндей етіп алтын мен күмісті тағынып әшекейлену харам екендігі, ер кісілердің құмарлығын оятатындай етіп иіс су себіну күнә саналатындығы жайлы риуаяттарда айтылған (Сүнәнү Дарими, Каир, 1387. 4/236) . Құранда: «Жабық денесін (әшекейлерін) көрсетпек болып, аяқтарын ұрып жүрмесін» деп өздерін күйеуінен басқа ер кісілерге көрсету үшін иіс су себініп күнәға бой алдырмасын деуде. 72. Тамақтануы қандай еді? Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қарапайымдығын өмірінің барлық кезеңінен көре аламыз. Өте қанағатшыл болатын. Өзінен гөрі жұртқа қол ұшын бергісі келіп тұрушы еді. Өзі жегеннен гөрі біреудің тойғанына қуанатын, сондықтан тоя тамақ жеген күні кемде-кем деуге болады. Ақ ұннан ашытылған нанның өзіне қол жетпеді. Әрине, жақсы көретін тағамдары қатарында: жүзім шырынын, балыд, зәйтүн майын, кейбір көкөністерді атай аламыз. Алайда мұның бәрі оның дастарқанына өте сирек қойылатын. Бірде Үммі Ханидың үйіне барып тіске басар нәрсе сұрайды. Үй иесі жүзім шырынынан басқа ештеңе жоқ екенін айтқанда, «жүзім шырыны бар үйде тамақ жоқ деп айтқан жөн бе?» – деп, астың осы бір түрін ұнататынын білдірген. Арабтарда сары майға ірімшік қосылып дайындалатын «хис» деген тағам бар. Пайғамбарымыз (с.а.с.) осы тағамды ұнататын деседі. Бір жолы хазірет Хасан (р.а.) мен Абдуллаһ ибн Аббас (р.а.) Үммі Сәламаға (р.анһа) келіп: «Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүйікті тағамын дайындап беріңізші», – дейді. Үммі Сәлама арпа ұнын илеп, қазанға салады да, отқа қояды. Үстіне зәйтүн майын қосып, қара бұрыш себеді. Бұл Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүйікті асының бірі еді. Мұнымен қоса, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) реті келсе қой, ешкі, тауық, түйе, қоян, балық етін де жегені айтылады. Расулаллаһ (с.а.с.) Сафия анамызбен (р.анһа) отау көтергенде, тойға арнап құрма мен ұн араласқан сорпа дайындатқан. Салқын суды жақсы көретін. Қарбыз бен құрмаға нан қосып жейтін. Қиярды да ұнататын. Кейде сүт ішіп, енді бірде сүтке су қосып ішетін.
Өрікті, құрма мен жүзімді қайнатып, суын ішкенді ұнататын. Дастарқанға қойылған тамақты ұнатпаса аузына алмайтын, бірақ ешқашан да асты нашар деп айтпайтын. Асты үш саусағымен алып жейтін. 73. Әһл-бәйіт деген кім? Арабшада «әһл» сөзі «ие» «бәйіт» сөзі «үй» дегенді білдіреді. Қазақтың жалпақ тілімен айтқанда «қара шаңырақтың иесі» дегенге саяды, бірақ дінімізде бұл Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ұрпағына ғана қатысты айтылған. Олар – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әйелдері, балалары, Али (р.а.) мен Фатимадан (р.а.) тараған ұрпақ. Аллаһ елшісі (с.а.с.) ұрпағының қызы Фатима мен күйеу баласы Алиден тарайтынын айтқан. Өз ұлдарының барлығы сәби кезінде шетінеп кеткен. Барша мұсылман баласының әһл-бәйітке деген құрметі ерекше, өйткені осы тармақтан келгендер Ислам әлеміне көп қызмет етіп, жол көрсетуші ұстаздық атқарған, сондықтан «Ахзаб» сүресінің 32-аятында«Әй, Пайғамбардың отбасы, шын мәнінде, Аллаһ сендерден арамдықты аулақ қылып, өздеріңді кіршіксіз таза етуді қалайды» деп әһл-бәйітке деген құрметті баса көрсеткен. Тарихқа көз тастайтын болсақ, әһл-бәйітке махаббатпен қарауда шектен шығып, Исламға қайшы әрекеттерге барған адасушылардың да болғанын көреміз. Шииттер мен Рафизилер осының бірден-бір мысалы. Әһл-бәйітті Аллаһтың разылығы үшін, Пайғамбарымызға (с.а.с.) деген құрметіміз үшін сүйеміз. Бұл Пайғамбарымызбен арадағы байланысты күшейтуге сеп болмақ. Егер бір мұсылман хазірет Алиді (р.а.), Хасан мен Хүсейінді (р.а.) жақсы көрсе, ол махаббаттың астарында Аллаһтың елшісіне деген құрмет жатыр. Хазірет Алиді, Хасан мен Хүсейінді қай мұсылман сүймесін?! Оларға деген махаббатымыз хазірет Әбу Бәкір мен хазірет Омарға деген құрметімізге ешқашан да сызат түсірмек емес. 74. Пайғамбарымызға (с.а.с.) сиқыр жасалған ба? Әһл-сүннет ғұламаларының көзқарасы бойынша, сиқыр өмірде бар нәрсе. Ол физикалық дүниеге де әсер ете алады, бірақ бұл әсер сиқыршының емес, Аллаһтың құдіретімен жүзеге асатын іс. Ал сиқыршының әрекеті себепші ғана. Бұхари мен Мүслім жеткізген хадистерде Хақ расулына сиқыр жасалғандығы айтылады. Аз ғана әсер етіп, тез арада сауығып кеткендіктен, сахабалар бұл оқиғаны жасырып қалмаған. Оның өзі тек Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жеке басына ғана қатысты екенін, дінге ешқандай да кесірі тимегенін айтқан. Сиқыр жасалғаннан кейін Аллаһ расулы (с.а.с.) кей намазында өз дәрежесінде сәл-пәл жаңылысқан, бірақ бұл көпке созылмаған. Аталмыш жаңылысулар ақиреттік ойлар мен дағуаға деген ынтызарлықтан адамның ұлы сезімге бөленуі, уақыт пен кеңістікті ұмытудан туындаған.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзіне сиқыр жасалғанын білген бетте дұға оқып, Аллаһ тағаладан шипа сұраған. Көп кешікпей Жәбірейіл (а.с.) мен Микайыл (а.с.) келіп не істеу керек екенін көрсетеді. Аллаһ расулының (с.а.с.) шашы мен сақалын, сондай-ақ құрма гүлін қолданып сиқыр жасаған Ләбит ибн Асам артынша түйіншекті Зәруан құдығына тастаған екен. Жанына бірнеше саха- басын ертіп барып құдықтың аузын жаптырып тастайды. Хазірет Айша анамыз (р.а.) «Сиқырды алдың ба?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жоқ, алмадым. Оны алып шықсам, ел арасында сиқыр жайылып кете ме деп қорықтым», – деп жауап қайтарды. Шипаны Аллаһтың өзі беретінін, сиқырдан құтылу үшін міндетті түрде сиқырланған затты алып шығудың керек еместігін айтқан. Осы оқиғаға қатысты «Фәлақ» және «Нас» сүрелері түскен. 75. Пайғамбарымызға (с.а.с.) салауат айтып, сәлем жолдаудың мағынасын қалай түсінеміз? «Салауат» сөзі «истиғфар, кешірім, дұға, бе- реке, мадақ, намаз» деген мағыналарды береді. Аллаһқа қатысты айтылса – Аллаһтың рақымын тілеу, періштелерге қатысты айтылса – Жаратушы иенің Пайғамбарымызға кешірімін, мейірім тілеу, ал адамдарға қатысты айтылса – дұға сұрау болып келеді. «Сәлем» – Ұлы Рахманның амандығы, тыныштығы саған жаусын деген сөз. Көркем есімдерінің бірі де – Сәлем. «Бағыну, бейбітшілік» деген мағыналары да бар. Осыған қатысты: «Аллаһ пайғамбарына рақым жасап абыройын жоғарылатады, дәрежесін көтереді. Періштелер де соны қалап дұға етеді. Уа, мұсылмандар, сендер де расулаллаһқа салауат айтыңдар, сәлем жолдаңдар» («Аһзаб» сүресі, 56) делінген. Бұл аят хазірет Пайғамбарға (с.а.с.) жиі салауат айтудың әрбір мұсылман пендеге міндет екенін айқындай түседі. « Менің атым аталған жерде салауат айтпаған адам оңбай кетсін » (Тирмизи, Дағуат 110) , « Айт күніндегідей қабірімнің басына жиналып, қабірімді той немесе арнайы рәсімдер өткізілетін орынға айналдырмаңдар, керісінше, маған арнап салауат айтыңдар. Қай жерде болсаңдар да айтқан салауаттарың маған жетеді » (Әбу Дәуіт, Манасик) , « Қиямет күні маған ең жақындарың ең көп салауат айтқандарың » (Тирмизи, Саләт 327) , « Нағыз сараң – атым аталған кезде маған салауат айтпағанадам » (Тирмизи, Дағуат 110.) , «Шынында,апта ішіндегі ең қайырлы (сауапты) күндерің жұма күні. Сол күні маған көптеп салауат айтыңдар, өйткені айтқан салауаттарың маған арнайы (періштелер тарабынан) жеткізіледі – дегенде, сахабалар: «Аллаһтың елшісі, Сіздің денеңіз бұзылып, топыраққа сіңгеннен кейін айтқан салауаттарымыз Сізге қалай жетпек?» – деп сұрады. Сонда ол: «Расында, Аллаһ тағала пайғамбарлардың денесін жерге харам қылды (топырақ шіріте алмайды)» (Әбу Дәуіт, Саләт 201) – деген сынды хадистерді біліп өскен мұсылман баласы ғаламның рақым нұрының (с.а.с.) аты аталғанда сағынышымен, ыстық ықыласымен қалай ғана салауат жолдамасын?!
Ислам ғұламаларының айтуынша, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) аты аталғанда мұсылман адамға өмірінде бір рет салауат айту парыз, оқығанда, жазғанда, айтқанда, естігенде, бұлардың біріншісінде салауат айту уәжіп, қайталағанда айту сүннет (Раддул-Мухтар.) . Сонымен қатар, қаза намазда әт- тәхияттан кейін, азан айтылғанда, жұма күні, мешітке кіргенде, жаназа намазында, қабірді зиярат еткенде салауат пен сәлем айтудың да сауабы мол. Ал салауатты мүлдем айтпау ақиретте Пайғамбарымыздың (с.а.с.) шапағатынан мақұрым қалуға себеп болады. Расулаллаһқа (с.а.с.) айтар салауат Аллаһ тағаланың алдындағы дәрежесін арттыру үшін айтылатын дұға. Анығында ол, біздің дұғамызға ешқашан мұқтаж емес. Пайғамбарымызға деген құрметіміз Аллаһ тағаланың мейіріміне бөленуімізге себеп болады. Оған салауат айта отырып өз дәрежемізді биіктете түсеміз, өйткені өзіміз үшін жасалған дұғаға қарағанда салауаттың қабыл болу ықтималдығы анағұрлым жоғары. Тағы бір сүйіншісі сол: Пайғамбарымыз (с.а.с.) бізге шапағат етеді. Пайғамбарымызға салауат үмбеттің айтқан алғысы іспеттес. Тағдырдың талайына төтеп беріп, адамзат баласының қараңғы көгіне күн болып шығып, үмбетіне деген шексіз сүйіспеншілігін жұдырықтай жүрегіне сыйғызған сүйікті Елшіге екі ауыз сөз салауат айту барша мұсылманның Пайғамбарымызға (с.а.с.) деген құрметін көрсетсе керек. Салауат айтудың түрлері көп, алайда жиі айтылатыны: «Аллаһумма салли ала Мұхаммадин уа ала али Мұхаммадин» және «Саллаллаһу алайһи уә сәлләм». Тағы бір хадисте «Сахабалар: «Уа, Аллаһтың елшісі! Сізге салауатты қалай айтсақ дұрыс болады?» – деп сұрады. Сонда ол: «Аллаһуммә салли алә Мұхаммәдин уә алә әзуәжиһи уә алә зурриятиһи кәмә салләйтә алә Ибраһимә, уә бәрик алә Мұхаммәдин уә алә әзуәжиһи уә алә зурриятиһи кәмә бәрактә алә Ибраһимә, иннәкә Хамидун Мәжид» (Уа, Аллаһ тағалам! Ибраһимге салауат еткеніңдей Мұхаммедке және оның жұбайлары мен ұрпағына да салауат еткейсің. Сондай-ақ, Ибраһимге берекет бергеніңдей, Мұхаммедке және оның жұбайлары мен ұрпағына да берекет бергейсің. Шын мәнінде, Сен әр алуан мақтау мен мадаққа лайықсың әрі Ұлысың!), – деп айтыңдар», – деген (Бұхари, Дағуат 33; Мүслим, саләт 69) . 76. Құран Пайғамбарымызға (с.а.с.) бағынудың Аллаһқа бағыну екенін айтады. Бұны қалай түсінеміз? Күллі мұсылман жеті қат көк пен жерді жаратып, әлемге рақым сыйлаған Ұлы Жаратушымызға бағынады. Одан кейін жаратушымыздың бұйырғаны үшін пайғамбарларға ереді. Құран кәрім кез келген тақырыпта жауап беруге қабілетті, бірақ түсінуге келгенде алдымен оны өз дәрежесінде түсінетін Пайғамбарымыздың (с.а.с.) дәрісіне мұқтажбыз, өйткені адам болған соң пенделікпен жаза басуымыз да бек мүмкін. Аллаһ тағала біздің сол кемшілігімізді ескеріп Мұхаммед Мұстафаны (с.а.с.) арнайы жіберген және соған бағынуымызды бұйырған.
Пайғамбарымызға (с.а.с.) бағыну дегеніміз – оның тыйғандарынан тыйылып, айтқандарын орындаумен қоса, сүннетін де алып жүру деген сөз. Әлдебір мәселе туралы Құранның немесе расулаллаһтың сөзі тұрғанда, ешқандай да мұсылман бұл туралы өз пікірін ортаға сала алмайды. Құранда («Аллаһ пен Оның пайғамбарының әлдебір іске үкімі шыққан кезде, мұсылман ер мен әйелдер өз еркімен әрекет ете алмайды. Кімде-кім Аллаһ пен пайғамбарына қарсы келсе, оңбай адасады». («Ахзаб» сүресі, 36)) «Раббыңа серт! Олар өз араларындағы тартысқа билік айту үшін сені шақырмайынша, сен төрелік айтқан нәрсеге көңілдерінен күмән сейілмейінше, саған толықтай бағынбайынша, иманы кәміл емес» («Ниса» сүресі, 65) деп, Пайғамбарымыздың бұйырғанына бойсұну, иманның толықтығын білдіретіндігін айтқан. Пайғамбарға (с.а.с.) бағыну оны құдайлық дәрежеге көтеру емес. Тек Аллаһтың елшісі болғаны үшін, дінді жеткізуші, тура жолдың көшбасшысы, Раббыға бағынудың өнегесін көрсеткені үшін бағынамыз. Ол ешқашан Аллаһ бұйырмаған нәрсені бұйырмаған, өзі де істемеген. Егер Пайғамбарымызға (с.а.с.) басы бүтін беріліп жатсақ, Жаратқанның разылығын мұрат еткеніміз. Тағы бір ескеретін нәрсе, Ислам орныққалы сүннет ешқашан да Құраннан жоғары шықпаған. Үкім бергенде де алдымен ақтаратынымыз Құран, содан кейін сүннет екені баршамызға мәлім, сондықтан пайғамбарға бағыну, Пайғамбарымыздың қалауын орындау Аллаһ тағаланы жақсы көрудің белгісі, өйткені Аллаһ жібергені үшін пайғамбарға бағынамыз. Бұл жай- лы Құранда Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сөзімен: « Егер Аллаһ тағаланы жақсы көрсеңдер, маған еріңдер, сонда Аллаһ сендерді жақсы көретін болады » («Әли Имран» сүресі, 31) деп көркем жеткізген. 77. Аллаһқа сеніп, Пайғамбарымызға (с.а.с.) сенбеген адам мұсылман болып санала ма? Пайғамбарымызға (с.а.с.) сену – Исламның алғы шарттарының бірі әрі иман етудің бір бөлшегі. Кәлимаға тіл келтірмей, хазірет Мұхаммедті (с.а.с.) Аллаһтың құлы әрі елшісі деп танымай мұсылман бола алмаймыз. Құранда «Ендеше, Аллаһқа, елшісіне және біз түсірген нұрға (Құранға) сеніңдер...» («Тәғабун» сүресі, 8) деп бұйырған. Аллаһ елшісін (с.а.с.) ақиқаттың жаршысы деп білмеген адамның Исламнан алар нәсібі жоқ. Тіпті Аллаһты мойындап, бірақ Мұхаммед пайғамбарды (с.а.с.) мойындамаса, оны мұсылман деп айта алмаймыз, өйткені Құранда «Нағыз мүминдер Аллаһ пен расулына кәміл сенгендер» («Нұр» сүресі, 62) және «Кімде-кім Аллаһ пен расулына сенбесе, Біз оған алдын-ала лаулаған от дайындаймыз» («Фәтх» сүресі, 13) делінген. Пайғамбарымызға (с.а.с.) шын жүректен сеніп, қалдырған мұрасын ұлы мирасын жүрегімізге сақтап, көркем мінезінен өнеге алып, есімін атап, сансыз салауат пен сәлем жолдап қана қоймай, жанымыздан да артық жақсы көруіміз қажет.
78. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әлемге рақым болып келуін қалай түсінеміз? Он сегіз мың ғаламның Сардары – дүниеге адамзат пен жын қауымына Аллаһты таныту үшін әрі жа- ратылыс атаулыға рақымдылық жаршысы. Құран аяты бұл сырды паш етіп: «Біз сені әлемге рақым етіп қана жібердік» («Әнбия» сүресі, 107) дейді. Мұхаммедтің (с.а.с.) жарық дүниеге жіберілуі – Жаббар Иенің болмыс атаулыға жасаған үлкен қайырымы, рақымы. «Рақым» сөзі есіркеуге мұқтаж жандарға мейірім мен жақсылық жасау дегенді білдіреді. Негізінен аяушылық бірінші кезекте кісі тәрбиесімен айналысатындарға керек қасиет. Жүрек – иманның бастауы. Тас жүрек адам нағыз тәрбиешілікке лайық емес. Ал мейірбан жүрек бейбіт өмірдің ұйытқысы. Ендеше, көңілдің төрінен орын алып, әркімнің аңсарына айналғанына қарағанда, таудан құлап аққан кәусар бұлақтай мейірім мен рақым сезімі ең алдымен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бойында менмұндалап жатса керек. Бұл рақымдылық ақиретті де, дүниені де қамтиды. Мүшріктер Қағба ішін пұт атаулыға толтыру арқылы көңіл жұбатып, жабайы һәм надан әрекеттеріне желеу іздеп, адам баласы ар-ожданнан айырыла бастаған кезде, сүйікті Пайғамбарымыз дүниеге келген еді. Рақымның жер бетіне орнауымен тағылық пен соқыр сенімге тосқауыл қойылды, бейбақтардың көңіліне жан тыныштығы қонып, сіңірі шыққан кедейлер қанды сүліктей сорған қаныпезерлердің қақпанынан құтылып, жаугершілік жайбарақат тіршілікке айналып, дертке дауа, жанға шипа болған парасат майданының арқасында аяққа тапталған адамгершіліктің аспаны шұғылаға қайта бөленді. Расулаллаһтың рақымы мұсылман мен мұнафықты, кәпірді, дос пен дұшпанды, үлкен мен кішіні, тіпті жануарларды да түгел қамтиды. Мүминге һидаят, кәпірге иләһи азаптың кешіктірілуі, мұнафықтар өмірі үшін тыныштық әкелген бұл рақымның аясында Аллаһқа қарсы шыққаны үшін бірден жойылып кету азабы тоқтады. Құранда «Сен араларында болғанда, оларға азап келмейді. Кешірім сұраса, Аллаһ оларды азаптамайды» («Әнғам» сүресі, 33) деген және Аллаһ расулының: «Мен лағынетші емес, рақым ретінде жіберілдім» (Мүслим, Бирр, 87) деп барша адам баласына мейіріммен, кешіріммен қараған. Аллаһ расулының (с.а.с.) рақымдылығының кеңдігінен Жәбірейілдің (а.с.) де тыс қалмағаны риуаят етіледі. Бір күні Жәбірейілден (а.с.): «Саған бұл рақымның шапағаты тиді ме?» – деп сұрайды. Сонда Жәбірейіл: «Бұл Құран, шынында, ардақты елші Жәбірейіл арқылы аян етілген Аллаһтың сөзі. Ол орасан күшке ие, Арш иесі алдында мәртебелі. Періштелер оған бағынады. Әрі сенімге ие» («Тәкуир» сүресі, 19-20.) деген аят түскеннен кейін ғана жаным жай тапты. Алдында ақиретімнен қорқушы едім», – деген екен. Аллаһ тағала Расулаллаһқа (с.а.с.) мейірімді болуды міндеттеді. Үмбетіне махаббаты соншалық – жиі- жиі көз жасын көлдетіп дұға еткен. Бір күні Құраннан Ибраһим (а.с.) пайғамбардың «Я, Раббым, пұттар елдің
көбін адастырды. Бұдан кейін кім маған ерсе, ол менің дінімде. Қарсы келгендердің жағдайы Сенің мейіріміңе қалады. Сен кешірімдісің, рақымдысың» («Ибраһим» сүресі, 36) және Иса (а.с.) туралы «Егер жазаласаң, күмәнсіз олар Сенің құлдарың. Кешірсең, Ұлы құдірет иесі де, үкім беруші де, хикмет иесі де Өзіңсің» («Мәида» сүресі, 118. ) деген дұғаларын оқып қолын жайып, «Я, Раббым! Я, Раббым!» деп көп жылаған. Сонда Аллаһ тағала Пайғамбарымызға (с.а.с.) Жәбірейіл періштені (а.с.) жіберіп неге жылағанын сұрайды (Әрине, бәрін білуші Алим не үшін жылағанын біледі). Соңында Ұлы Рахман Жәбірейілге былай дейді: « Мұхаммедке айт, Біз оны үмбеті жайында разы қыламыз, мұңайтпаймыз » (Мүслим, Иман 346) деген. Сондай-ақ «Раббың саған береді және сен разы боласың» («Духа» сүресі, 5) делінген қасиетті аяттар да бар. Хазірет Пайғамбар (с.а.с.) иман етпегендерге ақиреттегі қиын жағдайды ескертіп, жұртты һидаятқа шақырудан жалықпады. Көпшілігінің иман етпегенін көргенде іштей қатты қынжылып, қайғыдан айыға алмай қалатын. Оның таңғы шықтай мөлдір жанын осы кірбіңнен арылту үшін Аллаһ тағала қасиетті аяттар түсірді: «Олар Құранға сенбесе, жаныңды қоярға жер таппайсың» («Кәһф» сүресі, 6) , «Олар Құранға сенбеді деп, жаныңды жегідей жейсің» («Шұғара» сүресі, 3) . Һидаят пен адасудың Аллаһтың қолында екенін айтты: «Жасаған жамандығы өзіне жақсы көрінген адам ізгілік істеген, тура жолды ұстанған адаммен бірдей бола ма? Аллаһ қалағанын адастырады, қалағанын хақ жолға салады. Олар иман етпеді деп таусыла берме. Аллаһ олардың барлық ісінен хабардар» («Фатыр» сүресі, 8) . Расулаллаһ (с.а.с.) өте сезімтал кісі болатын. Кісінің жан қиналысын көргенде байыз тауып отыра алмайтын. Кедей-кембағал жандарға мейірім- шапағатын төгетін. Кешірілмес ағаттықты кешіретін биязы мінезі оның ерекше рух иесі екенін айқындап тұратын. Көркем мінездің озық үлгісін танытқан Аллаһ елшісіне (с.а.с.) үмбет болу біз үшін шексіз бақыт, шүкір қылатын ұлы нәсіп. Үлгі-өнегесін өмірімізге темірқазық ету – жаннатқа апарар соқпаққа түсу. Намазды созып, жұртты шаршатқан адамға ескерту жасаған. Намаз үстінде жылаған баланың даусын естігенде, сапта тұрған анасы қиналмасын деп намазды тезірек бітіретін. Балаларды еркелетіп жақсы көруді өсиет етті. Күнәһар әйелдің итке су бергені үшін жұмаққа барғанын айтып, көп ғибадат еткенімен, мысықты аштан-аш қамап қойғаны үшін тозаққа түскен әйелдің оқиғасын баяндап, өмірдің тылсымынан сыр шертетін. Мейірім сұлтанының мына сөздері де мейірімнің жаңа қырын байқатса керек: «Аллаһ мейірімді құлдарына ғана мейірім танытады» (Бұхари, 32) , «Сендер жердегілерге мейірім көрсетсеңдер, көктегілер де сендерге мейірімді болады» (Тирмизи, Бирр 16.) деп баршаның зәредей жан қиналысын қаламаған.
79. Пайғамбарымызды (с.а.с.) жақсы көру әрбір мұсылманның міндеті ме? Аллаһқа деген махаббаттан кейін хазірет Пайғамбарымызды (с.а.с.) сүю – парызымыз, өйткені ол адамзатты күпірліктен қорғаштап, иманның бақыт сырларын әрбір жүрекке жеткізе білді. Адамзатқа жоғары ахлақ пен кәміл адамның қасиеттерін сіңірді. Аллаһ тағала Мұхаммед Мұстафаны (с.а.с.) барлық нәрседен де артық жақсы көру қажеттігін бұйырып аятта былай деген: «Егер әкелерің, балаларың, аға-інілерің, әйелдерің, туыстарың, жиған мал-мүліктерің, тоқтап қала ма деп қорыққан саудаларың, өздеріңе ұнаған үй-жайларың сендерге Аллаһ пен пайғамбарынан, Оның жолында соғысудан артық көрінсе, онда сендер Раббының әмірі келгенше күтіңдер. Аллаһ бұзық қауымды тура жолға бастамайды» («Тәубе» сүресі, 24) . Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде «Мені аналарыңнан, әкелеріңнен, бала-шағаларыңнан артық жақсы көрмейінше, кәміл иманға қол жеткізе алмайсыңдар» (Бұхари, Иман 8) деген. Мүминдердің Расулаллаһты (с.а.с.) шын жүрекпен жақсы көруі бір жағынан иманның ләззатын таттырады, ақирет бақытына қол жеткізеді. Адам баласы әрқашан сүйгенімен бірге болғысы келеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде мүминдердің ақиретте сүйгендерімен бірге болатынын айтып, «әркім сүйгенімен бірге» деген. Ал онымен бірге болуымыз үшін сүйіспеншілігімізді көрсетіп, лайықты дәрежеде ғибадат етуіміз қажет. Аллаһ разылығына қол жеткізуді тілеген, иісі мұсылман баласының тағы бір арманы жұмақта Пайғамбарымызбен бірге болу, өйткені Аллаһтың разылығы, жаннаттың ең жоғарғы деңгейі, Аллаһтың сансыз нығметтерінің асыл көрінісі сол жерде болмақ. Аллаһ расулының туылуы мен жер бетін құрметке бөлеуін адамзаттың дүниеге қайта келгені дерсіз. Оның туылған күні біз үшін құтты мереке, өйткені біз Раббымызды оның құтты дағуасы арқылы таныдық. Нығметке қанағат пен шүкір етуді көркем мінезінен үйрендік. Жаратушы мен жаратылғандар арасындағы байланысты, құл мен Құдай арасындағы қарым- қатынастың қалай құрылатынын тағы да Пайғамбарымыздан үйрендік. Ислам діні арқалы бүкіл болмыс атаулы Аллаһты танытатын кітапқа айналып сала берді. Жанды-жансыз барлық тіршілік иесінің әрдайым Жаратушымызды зікір ететінін білдік. Оның келуімен қайғыны шаттық алмастырды. Бізге нұры жеткен күннен бастап «өлім», «мәңгілікке жоғалу» қорқынышы көңілімізді алаңдатпайтын болды. Мәңгілікті қалайтын жүрегіміз жұбаныш тапты. Адамның ақиретке иманмен кетуі ол үшін ең басты бақыт еді. Жеткізген дінімен барлық жаратылыстың жүзіне нұр шашқан, ақиреттің ба- рын айтып жұмақ пен тозақты таныстырған, мәңгілік бақыттың кілтін ұсынған Пайғамбарымыздың (с.а.с.) дүниеге келуі барлық жаратылыс үшін мереке емес пе? Аллаһ тағала пендесінің жүрегіне махаббат сезімін сыйлаған. Бұл махаббат әуелі Аллаһқа, одан кейін пайғамбарына, дәрежесіне қарай Раббысының разылығын көздеп, елі мен отбасына арналуы керек.
Пайғамбарымызды (с.а.с.) сүю – Аллаһ тағаланың адамзатқа бұйрығы. Құранда: قُ ْل إِن ُكنتُ ْم تُ ِح ّبُو َن اللَّـهَ فَاتَّبِ ُعونِي يُ ْحبِ ْب ُك ُم اللَّـهُ َويَ ْغفِ ْر لَ ُك ْم ُذنُوبَ ُك َْۗم َواللَّـهُ َغفُو ٌر َّر ِحي ٌم «Егер сендер Аллаһты жақсы көрсеңдер, маған (Мұхаммедке) еріңдер. Сонда Раббың сендерді сүйеді және барлық күнәларыңды кешіреді.Ол асқан кешірімді, ерекше мейірімді» («Әли Имран» сүресі, 31). Біз сүйікті елшіні сүйе отырып оны елші етіп жіберген Раббымызды сүйетінімізді дәлелдейміз әрі Аллаһтың бұйрығын орындаған боламыз. Ал мына хадисте Аллаһ пен Расулын сүюдің бірдей екенін тайға таңба басқандай етіп көрсетеді: «Мына үш қасиеті бар адам нағыз иманның дәмін татады. Аллаһ пен Расулын барлық нәрседен артық жақсы көру, әлденені сүйгенде тек Аллаһ разылығы үшін жақсы көру және күпірден құтылғаннан кейін қайта күпірге кіруден оттан қашқандай қашу» (Бұхари, Иман 9) деген. Тағы бір хадисті Әнас (р.а.) былай деп түсіндіреді: Пайғамбарымыздан біреу: «Қиямет қашан орнайды?» – деп сұрағанда, «Қиямет күніне қандай дайындығың бар?» – деп өзіне қарсы сауал қойды. Әлгінің: «Менде Аллаһ пен Елшісіне деген махаббат қана бар» деген жауабына Пайғамбарымыз: «Олай болса, сүйгендеріңмен бірге боласың», – дейді». Сосын Әнас (р.а.) сөзін жалғастырып: «Сүйгендеріңмен бірге боласың» деген сөзіне қуанғанымыз соншалықты – бұрын- соңды бұлайша шаттыққа бөленбеген едік. Мен де Пайғамбарымызбен бірге Әбу Бәкірді де, Омарды да жақсы көремін. Ақиретте солармен бірге боламын деген үміттемін», – дейді. Хазірет Айша мынадай оқиғаны келтіреді: «Бір кісі келіп: «Уа, Расулаллаһ, сені жанымнан да, бала- шағамнан да артық жақсы көремін. Үйде отырған кезде есіме түсіп кетсең, бір сәт кідірместен өзіңе келемін. Әйтсе де, ақирет есіме түсіп кетсе, сенің жаннатта пайғамбарлармен бірге болып, өзіңді көре алмай қаламын-ау деп қорқамын», – деді. Пайғамбарымыз оның ақтарыла айтқан риясыз сөзіне жауап қатпай, үнсіз аз уақыт өткеннен соң, Жәбірәйіл періште арқылы Жаратқаннан: «Кімде-кім Аллаһқа және Расулына бағынса, міне, солар Раббыңның нығметтеріне бөленген нәбилер, сыддықтар, шейіттер, салих ізгі жандармен бірге болады. Бұлар қандай ізгі жолдас еді!» («Ниса» сүресі, 69) деген аят түседі (Әбу Нуайм, Хилия, 4/240) . Аллаһ пен Пайғамбарымызды жақсы көру көбінесе ақылмен өлшенбейді. Ақылға байланысты істер көбінесе жүректің сезімдеріне әсер ете алмайды. Егер әсер ететін болса, сол замандағы дін дұшпандары, Пайғамбарымызды баласынан артық таныған кітап иелері иман келтірер еді. Мұсылмандарының бір ерекше қасиеті – Аллаһ пен Пайғамбарға деген сүйіспеншіліктің жүрек төрінен орын алуы. Соған байланысты дін жеңіл, өмір фәни, ақирет мәңгі екендігі шын сезілері хақ.
80. Пайғамбарымызбен (с.а.с.) кездесерде садақа беру керектігі жайлы аят бар ма? Пайғамбарымызға (с.а.с.) Исламды толық жеткізу ісі міндеттелген. Мұны ол бір сәтке де есінен шығарған емес. Сахабалар кез келген уақытта кез келген сұрағын сұрап, тұшымды жауап ала алатын, бірақ кейбіреулер мағынасыз сауал да қоятын. Осыған орай Аллаһ тағала елшісіне деген мейірімімен оны жұрттың орынсыз мазаламауы үшін мына аятты түсірген: «Әй, иман еткендер, егер пайғамбармен оңаша сөйлеспек болсаңдар, алдымен (жоқ-жітікке) садақа беріңдер. Бұл өздерің үшін қайырлы әрі күнәларыңнан арылу үшін мүмкіндік...» («Мужәдәлә» сүресі, 1-13) Ибн Аббас бұл аяттың түсу себебін былай баяндайды: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабалармен сұхбаттасып отырғанда, кейбір мұсылмандар жанына келіп сыбырлап маңызды болсын-болмасын кейбір мәселелерді сөз ететін. Олар бұны өзін көрсету мақсатында істейтін. Уақыт өте келе бұлай істеу көбейе бастады. Алайда Пайғамбарға (с.а.с.) бұл ұнамады. Аллаһ тағала мұны тоқтату үшін осы аятты түсірді», – дейді. Ал Зәйд ибн Әсләм былай түсіндіреді: «Аллаһ елшісі өзімен сөйлескісі кез келген кісіні қабылдайтын, ешкімді кері қайтармайтын, бірақ кейбіреулер болмашы нәрселерді де жеке жолығып, сұрайтын болды. Сол уақытта Мәдинаға түрлі араб елдерінен қауіп төніп тұрған. Бір сахаба келіп, Пайғамбарымызбен сыбырлап сөйлесіп кетеді. Жанындағы сахабалар бұл кісінің не айтқанына алаңдайды. Сол медет шайтан кей кісілерге: «Мына адам, пәленше деген қауымның Мәдинаға шабуыл жасайтынын хабарлады» деген күмәнді ой салады. Бұл ой өсекке ұласып Мәдина халқына тарайды. Бір жағынан екіжүзділер мұндай мүмкіндікті қалт жібермей: «Мұхаммед естігенінің бәріне сенеді», – деп өсекті қаулатады. Міне, сондықтан, Аллаһ тағала осы аятты түсіру арқылы, Пайғамбарымызбен (с.а.с.) жеке немесе сыбырласып сөйлеспей тұрып садақа беру керектігін бұйырады. Ал Қатада бұл аяттың түсу себебін былайша түсіндіреді: «Кейбіреулер өздерін жоғары көрсету үшін, жанындағыларға өзінің Аллаһ елшісімен жақын араласатынын білдіру үшін жеке жолығуды сұрайтын», – дейді (Хак дини Қуран дили, Елмали Хамди, 7/468) . Бұл садақа кедейлерге беріледі, өйткені Пайғамбар (с.а.с.) мен оның отбасының садақа, зекет алуы шариғатта тыйым салынған. Кейбір Ислам ғұламалары бұл жердегі «садақа беріңдер» деген бұйрықтың мәндүп амал екендігін айтқан. Расулаллаһпен (с.а.с.) оңаша жолықпай тұрып садақа берудің біршама уақыттан кейін күші жойылғанын айтқандар да бар. Ал кейбір ғалымдар бұл үрдістің әркімнің өз еркіне қалдырылғанын айтады. Аяттың соңында: «Егер бұған шамаларың жетпесе, Аллаһ сендерді кешірер. Раббың өте кешірімді, ерекше мейірімді» деп, кейбір кедейлердің садақа беруге шамасы жетпегендіктен, олардың Пайғамбарымызбен (с.а.с.) жеке жолығуына болатындығын білдірген. Бұл туралы сан алуан пікір бар. Мүмкін Аллаһ тағала осы арқылы Пайғамбарымызбен (с.а.с.) оңаша
сөйлесудің өзін бір бақыт екенін білдіруді мақсат еткен болар және бұл аят арқылы кісінің садақа беруін көбейтіп, сауапбын арттыруды, қоғамда бауырластықты орнықтыруды, пайғамбар дәрежесін белгілеуді мақсат еткенімен қоса, Елшісіне (с.а.с.) ерекше мейірімділік танытқан. Бір жағы, жұрттың бет алды қойған сауалдарын тыйған. 81. «Тікелей Аллаһтың қорғауында өмір сүрді» дегенді қалай түсінеміз? Аллаһ тағала Мұхаммед Мұстафаны (с.а.с.) дүние есігін ашқаннан бастап ақтық деміне дейінгі асыл ғұмырының әрбір сәтінде қамқорлығында ұстаған. Әрине, періште емес, адам болғандықтан, Пайғамбарымыз (с.а.с.) да ауырған, ашыққан, шөлдеген, майдан даласында жараланып қиындықтарға да кезіккен. Ары-беріден соң, барша тірі жанның маңдайына жазылған өлім дәмін де татқан. Бұл оның әрі қарапайым құл екенін көрсетеді. Ал көзі тірісінде жасаған мұғжизалары мен Аллаһтың ерекше қамқорлығы пайғамбар екеніне бұлтартпас дәлел. Бұл турасында бастан кешкен бірнеше оқиғаға тоқталайық: Христиандардан қорғалуы . Бала күнінде сүт анасы Халима Меккедегі туған анасы Әминаға алып бармақ болып жолға шығады. Сирар шоқысының жанындағы соқпақ жолмен келе жатқанда, қарсы алдынан бір топ эфиопиялық христиандар ұшыраса кетеді. Олар Пайғамбарымызға (с.а.с.) анықтап ұзақ қарайды. Оның соңғы елші екеніне көз жеткізіп, Халима анамызға: «Біз сәбиді патшаға алып кетеміз. Оның ерекше белгілері бар», – дейді. Жолаушылар зорлықпен Пайғамбарымызды (с.а.с.) алып кетпекке ұмтылды, бірақ Құдайдың құдіретімен, бірнеше христиан жабылып әупірімге салғанымен, қорғансыз әйелдің қолынан кішкене сәбиді алып кете алмады. Әбу Ләһабтің әйелінен қорғалуы . Ислам жасырын жайылып жатқанда, «Алдымен ең жақын туыстарыңа жеткіз» («Шуара» сүресі, 214) деген әмір түседі. Расулаллаһ (с.а.с.) дүйім жұртты Сафа төбесіне жинап өзінің пайғамбарлығын жариялайды. Сол жерде тұрған ағасы Әбу Ләһаб қаһарына мініп, былапыттап айтпаған сөзі қалмайды. Кейін Әбу Ләһабқа әйелі қосылып, екеуінің дұшпандығы айтарлықтай өрши түсті. Күндердің күнінде Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен Әбу Бәкір Қағбаның жанында сұхбаттасып отырғанда, Әбу Ләһабтың әйелі, қолында кесек тасы бар, бұлардың жанына келеді де, Әбу Бәкірге: «Қайда сенің досың? Мені жамандайды екен ғой өзі? Айта бар, көрген жерімде оңдырмаймын оны», – деп бұрылып кетіп қалады. Сөйтсе, әйел көз алдындағы Аллаһ елшісін аңдамай тұр екен. Бұл оқиға аятта: «Сен Құран оқыған кезде ақиретке сенбейтіндер мен сенің араңа перде қоямыз» («Исра» сүресі, 45) делініп, Пайғамбарымыздың имансыз адамдардан қорғалғаны мәлім етілген. Әбу Жәһилден қорғалуы . Пайғамбарымызға (с.а.с.) өшіккендердің көш басында Әбу Жәһил тұрды. Бір риуаятта Әбу Жәһил оның сәждеге барғанын «Мұхаммед әлі жүзін топыраққа үйкеп жүр ме?» – деп кекетіп: «Лат пен Уззаға ант етейін, енді соның сәждеде жатқанын көрсем, басынан теуіп,
топыраққа өз қолыммен көміп тастаймын», – дейді. Айтқандай-ақ бірде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) намаз оқып тұрғанын байқап қалады да, арам пиғылын іске асырмақ боп, ту сыртынан жақындай түседі. Бір кезде қолымен әлденеден қорғаншақтап, кері қарай қаша жөнеледі. Мұны көрген жұрт түсінбей, не болғанын сұрайды. Үрейі ұшып, өңі сұрланып кеткен Әбу Жәһил: «Мұхаммедке жақындай бергенім сол еді, алдымнан жалыны көкке шапшыған от, түрі қорқынышты қанатты бірдеңелер пайда болды», – дейді. Аллаһ елшісі бұл туралы: «Сол күні Әбу Жәһил маған жақындай түскенде періштелер оның қолын қол, бұтын бұт қылып бөлшектеп тастайтын еді» деген. Осы сынды басқа да қастықтардан тікелей Аллаһтың көмегімен аман қалып отырған. Әбу Жәһилден басқа Ұқба ибн Әбу Муайт, Надр ибн Харис деген кәпірлер де өлтіруге тырысты, бірақ неше жерден қаныпезер болса да айла асыра алмасы белгілі емес пе? Мәдинаға һижрет еткенде дұшпандарының оны көрмей қалуы. Расулаллаһ (с.а.с.) сахабаларына Меккеден Мәдинаға көшуге рұқсат беріп, өзі бірнеше күн осында аялдап қалды. Мұны естіген мүшріктер дереу бір- біріне хабар жіберіп, қайтсе де сол түннен қалдырмай өлтірмекке бел буады. Мәдинаға барып, күндердің күнінде күшейіп өш алады деп қауіптенгендіктен, қас қарая Пайғамбарымыздың (с.а.с.) үйінің жанына қару асынған бірнеше адамын жұмсайды. Ғаламның рақым нұры есікті ашып сыртқа беттегенде бәрі бірдей ту сыртынан тап бермек. Аллаһ елшісі (с.а.с.) Алиді (с.а.с.) өзінің төсегіне жатқызып, үйінен шығады. Табалдырықтан аттар-аттамас жерден бір уыс топырақ алды да, күзетші қаныпезерлерге шашып жіберіп, «Йасин» сүресіндегі «Біз олардың алдарына және арттарына бір-бір перде тараттық. Олар сені көрмейді» деген аятты оқыды. Екі көзі төрт боп түні бойы пайғамбардың үйін торуылдағандардың бірде-біреуі оны көре алмады. Аллаһтың құдіретімен әлгі кәпірлердің көзі байланып, қара басып Пайғамбарымыздың (с.а.с.) шыққанын көрмей қалады. Осылайша Пайғамбарымыз (с.а.с.) Аллаһтың қорғауымен Мәдинаға һижрет етті. Мүшріктерден тығылып үңгірде жатқанда да Аллаһ тағала үңгір аузына құс ұясы мен өрмекшінің торын құрып қорғап қалған. Мәдина кезеңіндегі қорғалуы . Мәдинаға келгеннен кейін де қастандықтар толастаған жоқ. «Бөрі жоқ деме бөрік астында, жау жоқ деме жар астында» дейтін аумалы-төкпелі заман мұнда да оң қабақ таныта қоймады. Қастандық табан астынан келетін еді. Дұшпандары күн сайын күшіне мініп, кәпірлерге қосылған мұнафықтардың қай уақытта, қай жерде қақпан құрып отырғанын болжау мүмкін емес еді. Әсіресе, бастары қосыла қалса Исламға қарсы қастандық ұйымдастыруды көздейтін Мәдина айналасындағы яһудилердің қарасы өз алдына бір төбе. Іштен шыққан жау мен сырттан келген жаудың қысымына аз ғана мұсылмандар төтеп бере алмай тығырыққа тірелген кездер көп болды. Тіпті Пайғамбарымызға (с.а.с.) у да берілгені белгілі, бірақ мұның бәрінен Аллаһ тағаланың қамқорлығымен аман қалып отырған.
Жабир ибн Абдуллаһ риуаят етуде: «Пайғамбарымызбен (с.а.с.) бірге Нәжид жақтан соғыстан келе жатқанбыз. Жолда бір тоғайдың жанына барып ат шалдырып, тынығып алмаққа тоқтадық. Әр жерге топ-топ күйде жата кеттік. Ұйқыға бас қойғанымыз сол еді, кенет Пайғамбарымыздың бізді шақырған даусын естіп өре түрегелдік. Енді байқадық, өзі бір мүшрікке қылышын кезеп тұр. Соңынан білдік, әлгі мүшрік Пайғамбарымызды өлтіру үшін аңдып жүрген екен. Ұйықтап жатқанын пайдаланып, ағашта ілініп тұрған Пайғамбарымыздың қылышын алып жақындай түседі. Аллаһтың елшісі оянып кеткенде, қылышын ыңғайлап тұрған мүшрікті көреді. Пайғамбарымызға (с.а.с.) қарап миығынан күліп: «Енді сені кім құтқарады?» – дейді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) оның қолындағы қылышына қарамай «Аллаһ!» – дейді. Кәпірдің өті жарылып, қатты қорыққаны сонша – қолындағы қылышын жерге түсіріп алады. Осы сәтте қылышты Аллаһ елшісі қолына алады да: «Ал енді сені кім құтқарады? – деп сұрайды». Әлгі адамның зәре- құты қашып, қалшылдап кетеді. Жағдайды бағаласақ, өлтіруге барлық жағдай жасалған, бір ғана қимылмен о дүниеге аттандыра салатындай көрінгенімен, «Аллаһ сені адамдардан қорғайды» («Мәида» сүресі 67) деген аяттың шындығы байқалған. Жаратушы Иенің сүйікті елшіге қамқорлығы кез келген мүшрік үшін алынбас қамал іспетті. Яһуди әйелдің у беруінен аман қалуы . Мұсылмандар Хайбарды алғаннан кейін бір яһуди әйел қой сойып Пайғамбарымызға (с.а.с.) дастарқан жайып, төріне шығарып қонақ қылады. Ас ортаға әкелінген соң етті алып аузына апара бергенде, Құдайдың құдіретімен еттің уланғанын біледі. Осы уақытта етті жұрттан бұрын жеп үлгерген Бишр деген кісі сол жерде тіл тартпай кетеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) етті пісірген әйелді алдырады. Сонда әйел қасқая қарап тұрып былай дейді: «Егер сен шын пайғамбар болсаң, бұл удың зияны тимесін білдім. Ал егер өтірік айтып жүрсең, қулығыңнан жұртты құтқарғым келді» (Бұхари, Хиба 28) . Расулаллаһ әйелді қоя береді. Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) дінді жаю барысында дұшпандарымен сан мәрте қақтығысты, бірақ ешкім кесірін тигізе алмады, өйткені Аллаһтың қорғауында еді. 82. Көп жерлерде періштелерден көмек алғаны айтылады. Бұл құбылыс қалай жүзеге асқан? Ұлы Аллаһтың жаратқан мақұлығының көптігіне сан жетпейді. Солардың бірі – Жасаған Иеміздің сөзін екі етпейтін пәк періштелері. Олардың кейбірінің міндеттері адам баласына, оның ішінде пайғамбарларға көмектесу болған. Періштелер Пайғамбарымызға (с.а.с.) Бәдір, Хандақ, Хүнәйін соғыстарында қол ұшын бергенін Құран баян етеді. Бәдір соғысында мүшріктер мыңның үстінде болса, мұсылмандардың саны бес жүз шамасында еді (Кейбір риуаяттарда олардың саны 314 адам және 70 жуық түйе болған) . Соғыс әне-міне басталады деген кезде
Пайғамбарымыз (с.а.с.) екі жаққа кезек көз тастап тұрып, құбылаға қарап қол жайып: «Уа, Жаратушы Жаббар ием, Сенің маған берген уәдең бар. Мына ат төбеліндей аз ғана иман еткендер қырылып қалса, жер бетінде Саған ғибадат етер ешкім де қалмайды », – деп дұға етеді. Артынша мына аяттар түсті: « Сол кезде сендер Раббыларыңнан көмек сұраған едіңдер. Ол сендерге бірінен кейін бірі келетін періште жіберіп көмектесемін деп, дұғаларыңды қабыл алды... » («Әнфал» сүресі.) және бір аятта: « Сол кезде (Бәдірде) сен мүминдерге: «Раббымыздың үш мың періште түсіріп көмектескені сендерге жетпей ме?» – деген едің. Иә, егер сендер сабыр етіп, тақуалық танытсаңдар, олар тұтқиылдан шабуыл жасаса, Раббыларың сендерге (жауынгерлік) белгісі бар бес мың періштемен көмектеседі » («Әли-Имран» сүресі, 124-125) деген. Періштелердің түскені аятта ашық айтылған. Кейбір риуаяттарда оларбоз аттарғамініп, сары, ақ, қара сәлделі сипатта мұсылмандарға жәрдем бергендігі айтылады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) осы соғыста: «Періштелердің сары сәлде тағып Зүбәйр ибн Әууәмнің бейнесінде түскенін көрдім», (әл- Хайсәми, Мәжмауз-зәуаид, 6/83 ) – дейді. Бұл соғыста жаумен арпалысқан Зүбәйр ибн Әууәмнің басында сары сәлде болатын (әл-Муттакил-Хинди, Кәнзүль Уммал, 5/268. ) . Бұхари кітабында: «Пайғамбар (с.а.с.) Бәдірде соғысатын күні былай дейді: «Мынау Жәбірейіл періште. Атының жүгенін ұстаған, үстінде қару-саймандары бар». Көпшілік тәпсір ғалымдары періштелердің Бәдір соғысында көктен түскендігіне бірауыздан келіскен және Ибн Аббастың риуаятында Бәдір соғысынан басқа соғыстарда да періштелер түскен, бірақ дұшпандарды қорқыту үшін, мұсылмандардың санын көп етіп көрсету үшін түскендігі айтылады (Хак дини Қуран дили, Елмали Хамди,2/420) . Періштелердің соғысқа қатысуы мұсылмандардың көңіліне сенім ұялатты, өздерінен үш есе қарсыластарын жеңіп шықты. Алайда мұсылмандардың жеңіске жетуі бір Аллаһтың қолында, сондықтан періштелердің мұсылмандар қатарына қосылуының басты себебі мына аятта айтылған: « Аллаһ мұнымен сендерді қуантып, көңілдеріңе сенім ұялату үшін жіберді. Жеңіс тек Аллаһтың қалауымен ғана болады. Әлбетте, Аллаһ ұлы күш-қуатқа ие әрі Хаким иесі » («Әнфал сүресі», 10.) 83. Уахи періштесінің шынайы бейнесін көрген бе? Иә, Аллаһ расулы уахи періштесі Жәбірейілмен (а.с.) әртүрлі уақыттарда кездескен, бірақ оныАллаһтың жаратқан бейнесінде екі мәрте көрді. Бірінші рет уахи келгенде, екінші мәрте миғражға көтерілгенде. Алғаш рет уахи алғандағы көрген сәтін былай әңгімелейді: «Жолда кетіп бара жатып көктен бір дауыс естідім. Аспанға көз салғанда Хирадан маған төніп тұрған періштені көрдім. Жер мен көктің арасын алып тұрған тақтың үстінде отыр екен. Тізелерімнен жан кетіп жерге сылқ етіп отыра кеттім. Сосын үйге келіп, мені бүркеп жапшы», – дедім. Бұл жайлы Құранда:
َولَقَ ْد َرآهُ بِا ْل ُُفُ ِق ا ْل ُمبِين « Расында ол, оны (Жәбірейілді) ашық көкжиекте көрді» («Тәкуир» сүресі, 81/23) деп айтады. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Жәбірейілді Аллаһтың жаратқан бейнесінде көруі осы бірінші мәрте Хира үңгірінен шыққанда болды. Кейбір риуаяттар бойынша Жәбірейіл періштенің алты жүз қанаты болғандығы айтылады. Екінші рет Миғраждағы Сидратүл-Мүнтаһада көрген. Бұл жайында Құранда: َولَقَ ْد َرآهُ نَ ْزلَةا أُ ْخ َرى ِعن َد ِس ْد َر ِة ا ْل ُم ْنتَهَى «Расында, ол Жәбірейілді екінші рет көрді. Сидратүл- Мүнтәһаның жанында» («Нәжім» сүресі, 53/13-14.) , – дейді. «Сидратүл- Мүнтаһа» көпшілік ғалымдардың көзқарасы бойынша аспанның жетінші қабатында. Аллаһтың жаратқан жаратылыстарының барлығы осы жерге дейін хабар ала алады, бұл жерден ары ешкім бара алмайды (Уаһбату Зуһайли, Тафсирул- мунир, «Такасур» сүресінің тәпсірі) . Осылайша Пайғамбарымыз (с.а.с.) Жәбірейіл періштені өз бейнесінде екі мәрте көрді, біреуі жерде, екіншісі көкте. Бұдан басқа кездері Жәбірейіл періштені өз бейнесінде емес, түрлі бейнелермен келгенін көрді. Кейде дауыс болып естіліп, кейде түсінде, кейде жүрегіне хабар салу арқылы жүзеге асатын. Енді бірде Дихиятул-Кәлби секілді кейбір сахабалардың бейнесінде келетін. Пайғамбарымыз (с.а.с.) үшін осы оңай болды, өйткені періштені Аллаһтың жаратқан бейнесінде көру адам баласына ауыр тиеді. Періштелердің жаратылысының өзі бұл дүниедегі жаратылыстарға ұқсамағандықтан, олардың қанаты да дәлме-дәл құстардікіндей деп нақты айта алмаймыз. Періштелер әлемі адам ойы мен қиялынан тыс тұрады. Сол себепті олардың шынайы болмысы Аллаһ тағала мен оларды көрген пайғамбарларға ғана аян. 84. Мәдинаға барғанда ең алғаш не істеді? Мәдинадағы Әбу Әйуб әл-Ансаридың (р.а.) үйіне орналасқаннан кейін алғашқы кіріскен ісі – жұртты бір жерге жинап, түрлі мәселелерді шешіп, ғибадаттарын еркін орындайтын мешіт құрылысын бастады. Мұның артынша мұһажир мен ансарларды бір-бірімен бауыр етті. «Мәдина заңдары» деп аталған заңдар жинағын құрастырды. Бұл заң Мәдина халқын да, маңайдағы елді де қамтыды. Олай болса, Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мәдина қаласына барғанда үш негізді қалыптастырды. Біріншісі – мешіт тұрғызу. Мешіт орны болып Пайғамбарымыз алғаш Мәдинаға келген кезде, оның түйесі шөккен жер белгіленді. Ол жер Нәжжарұлдарының елшісі Әсад ибн Зүрараның қамқорлығындағы Сәхл мен Сүхәйл деген екі жетім жігіттің жері болатын. Екі жігітті Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) шақырып алып, жерді сатуларын сұрайды. Екі жігіт болса: «Уа, Аллаһтың елшісі! Біз бұл жерді
тегін береміз», – деп ақысыз беретіндігін айтады. Алайда Расулаллаһ (с. ғ. с. ) хазірет Әбу Бәкірге айтып, он динарға жерді сатып алады (Бұхари 4/258; Ахмед ибн Ханбәл, Мүснәд, 3\\221 (13231)) . Бұл жерде ескі үйлер мен бірнеше қабір бар екен. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұйрығымен мешіт жерін тікен мен талдан тазартты, қабірдегі сүйектер алынып басқа жерге көмілді. Мешіт құрылысына барлығы жұдырықтай жұмыла қызмет етті. Біреулері кесек құйып, біреулері тас тасып, ал біреулері қабырға қалап жатты. Мешіттің үстін қалай жабамыз дегенде Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мұсаның көлеңкесі секілді етіп жабамыз, бұдан басқа да маңызды шаруалар күтіп тұр», – деп, төбесін құрманың жапырақтарымен жауып, еденіне құм араласқан уақ тас төседі. Құрылыстың қиындығынан гөрі жамағаттың ішкі тебіренісі басым болды. Көпшіліктің: «Уа, Аллаһ тағалам, ақирет жұртынан артық мекенді білмейміз! Ансарлар мен мұһажирлардың дінге жанашырлық танытқанына өзің көмек бере гөр! (Таялиси, Мүснәд, 1\\277 (2085); Ибн Сағыд, Табақат, 1\\240) – деп дұғаны өлеңдетіп, құдды мереке тойлап жатқандай әсер қалдырды. Бұл бір жағы жаңа бір мәдениеттің қалыптасуы еді. Бірлік пен берекенің нышаны – мешіт. Мұсылмандар үшін дүниелік істерден бір уақыт қол үзіп, бір сапқа тұрып құлшылық қылу – бірлікке шақыратын бірінші іс. Ғибадат үшін бір жерге жиналмай, әрқайсысы өзінше намаз оқып үйіне қайтса, әділет пен теңдік сипаты өзімшілдік пен жеке басының қамын ойлаудан асып кете алмайды, бірлік рухы болмайды. Екіншісі – мұсылмандарды бір-біріне бауыр ету. Ислам дінінде бауыр болу, бір туғаннан да артық. Дін жолында бауыр болғандарды дүние де, мансап- дәреже де бұза алмайды, өйткені дәреже тақуалықпен ғана өлшенеді. Негізінде, қандай да бір мемлекет алға басуы үшін бірлік пен халықтың бір-біріне деген бауырмашылдығы керек. Араларында шын бауырмашылдық, жанашырлық болмаған қоғам бір ұстанымды қазық етіп бірігуі мүмкін емес. Сол себепті Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларын бір-бірімен бауыр етті. Мысалы, Сағд ибн Рабиғ мен Абдуррахман ибн Ауфты бауыр етті. Сағд ибн Рабиғ өзінің үйі мен мал- мүлкінің жартысын, тіпті қос әйелінің қалағанын Абдуррахманға ұсынды, бірақ байыпты сахаба оған алғысын білдіріп, сауда жолын көрсетуді өтінді. Негізінде, мұсылмандарды бір-біріне бауыр ету үрдісі алғаш Меккеде тек мұһажирлер арасында, екінші рет Мәдинада мұһажирлер мен ансарлар арасында жүзеге асты (Фатхүл Бари 7/191) . Үшіншісі – мемлекет заңдарын құру. Мәдина халқының этникалық әрі діни сенім ерекшеліктерін ескере отырып, бейбіт әрі ортақ өмір сүруді қалыптастыру маңызды еді, өйткені ол кезде Мәдинаның халқы он мың шамасында болатын. Олардың мың бес жүздейі мұсылмандар, төрт мыңға жуығы яһудилер, қалғандары араб мүшріктері болатын. Олай болса, осындай әртүрлі сенім иелері арасында ортақ келісімге келуге Мәдина халқы қатты мұқтаж еді, өйткені ғасырлар бойы Әус пен Хазраж арасындағы соғыс жалғасып жатты. Руаралық қақтығыстарды былай қойғанда, Қайнуқа, Надыр және Құрайза арасында жік-жікке бөлініп соғысу да жиі болатын. Руаралық
қақтығыстың жиі болуы елдің әлеуметтік жағдайын төмендетіп, керуендер тоналып қалмау үшін Мәдинаны айналып өтетін болды. Тіпті, Мәдинада өмір сүрген тайпалардың өзі мезі болған осындай соғыстарды тоқтатып, барлығын бір орталыққа жинайтын сыртқы күшті күтті. Аллаһ елшісі (с.ғ.с.) осы жағдайдың оңтайлы шешімін тауып, Мәдинада бейбіт заманды қамтамасыз ету үшін барлық руды бір жерге жинап, келісімшарт жасады. 85. Мешіті қалай жарықтандырылған еді? Һижреттің алғашқы жылдарында таң мен құптан намаздары кезінде мешіт ішіне кептірілген құрма ағаштары жағылып жарық берілетін. Тәмимүд-Дари деген сахаба Шамнан алтын шырағдан бауларын ала келген екен. Бір жұма кешінде соны жағып қояды. Шырағданның ішіне білте салып, зәйтүн майын құйған екен. Пайғамбарымыз (с.а.с.) мешітке кіріп келіп аң- таң болады. Мұны істеушінің Тәмимүд-Дари екенін естіп, ол кісіге: «Сен Исламды нұрландырдың, мешітті көркейттің. Аллаһ та сені дүние мен ақиретте нұрландырсын», – деп дұға етеді. Кейін осы әдісті тұрақты қолданды. Шамды Фатих деген бозбала жағып жүрді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оны «Сираж» деп атайтын. Келе-келе халайық оны осылайша атап кеткен деседі. 86. Бір күндік уақытын қалай реттеген? Бір адамды тану үшін 24 сағаттан тұратын бір күнін білу жеткіліксіз. Ал егер ол өзіне Аллаһтан уахи түсетін, барша адамзатқа дінді жеткізу міндеті, отбасы тәрбиесі бар, түрлі сұрақтарға жауап беріп, көпшілік қамында жүрген пайғамбар болса, онда бір күн емес бүкіл өміріне үңілу керек, өйткені оның бір күні екінші бір күніне еш ұқсамайтын. Өзі де: « Екі күнін бірдей өткізген кісі зиянға ұшырауда », – деп, мұсылмандарды жалқаулықтан тыйған. Алайда Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әрбір күні не істегендігі нақты дерек көздерінде жазылмағандықтан, жалпылама айтуға тәуекел еттік. Оның алтын ғасырында уақыттың көпшілігі мешіт төңірегінде өткендіктен, намаздың бес уақытқа бөлінгені секілді Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бір күнін бес уақытқа бөлдік. Таң намазы. Күндік тіршілікті таң намазын оқумен бастайтын. Бірде Үммі Мәктум азан шақырды. Таң намазының сүннетін оқып, мешітке келді. Мешітке үзір себебінен келе алмайтындардан басқа барлық сахабалар жиналып, Пайғамбарымызбен (с.а.с.) намаз оқитын. Әдетте, таң намазын оқып болғаннан кейін жайнамаздың үстінде күн толық шыққанға дейін тізерлеп отыратын. Айнала қоршаған сахабаларына иман, Ислам жайлы насихат айтып, сұрақтарына жауап беріп, бірталай мәселелерді талқыға салатын. Осылайша кейбір деректерде он жылдай таң намазынан кейінгі сұхбат жасағаны айтылады. Осы таңғы уағыз арқылы сахабаларға дінді түп- тұқиянына дейін үйрете білген. Жақсы түс көргендердің түсін жорып беретін. Кейде өзі көрген түсін айтатын.
Күн найза бойы көтерілгенде кейде төрт, кейде сегіз рәкат дұха намазын оқитын. Таң намазынан бастап дұха уақытына дейінгі уақыт өте берекелі уақыт. Бір хадисінде: «Әлдекім таң намазын оқып, сол жерде күтіп, екі рәкат дұха намазын оқығанға дейін тек қайырлы нәрселер айтса, күнәлары теңіздің көбігіндей болса да кешіріледі» (Тирмизи, Үтір, 15) деген. Дұха намазынан кейін егер бір жұмысы шықпаса, үйіне барып, талғажау етерлік бір нәрсенің бар-жоғын сұрайтын. Егер жоқ десе, ауыз бекітіп, сол күнін оразамен өткізетін. Ал егер бар болса, жеп-ішетін, тамақ талғамайтын. Көбіне-көп аш құрсақ жүретін. Үйінде көбінесе құрма мен су ғана болатын. «Мен Аллаһтың құлымын, құл секілді тамақтанамын», – деп, ас үшін аса қайғырмайтын. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бесін намазының алдында қысқа уақытқа көз шырымын алатын. Ал жұма күндері жұма намазын оқығаннан кейін сәл мызғып алатын. Бесін намазы . Уақыты кіргенде сахабаларымен бірге мешітте бесін намазын оқитын. Ал жұма күні жамағат жиналғанда Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзіне тән кішіпейілдікпен бөлмесінен шығып, жұрттың сәлемін алатын. Сосын мінберге шығып жұртқа өзі сәлем беретін. Азан оқылғаннан кейін дереу құтбаны бастайтын. Құтба оқығанда адамдар жалықпасын деп ортасында үзіліс жасайтын. Құтбасын жұрт шешімін таба алмай жүр-ау деген тақырыптарға арнайтын. Намаздан кейін сахабаларын зиярат етіп, жағдай сұрап, қоғамдық істерге зер салып, уахи жолымен түскен аяттарды Құран жазушы сахабаларға жаздыратын. Егер Аллаһтан бұйрық келсе, жалпақ жұртқа бірден жеткізетін. Ислам дінін қабылдаған ру-тайпалар Пайғамбарымызбен жолығуға келетін. Аллаһ елшісі (с.а.с.) оларды күтіп алып, дінді жеңіл түсіндіріп, қонақ ететін. Кетерінде оларға сыйлық сыйлайтын. Екінті намазы. Екінті намазының уақыты кіргенде, Біләл зор даусымен азан айтып, барша мұсылмандарды намазға шақыратын, барлығы Пайғамбарымызбен намаз оқитын. Намаз соңында ұзағынан зікір ететін, өйткені бір хадисте: «Түнде бір топ, күндіз бір топ періштелер сіздермен бірге болады. Бұлар таң мен екінті намаздарында өзара кезек алмасады. Аллаһ намаз оқыған пенделерін жақсы білсе де періштелерден: «Сендер кеткенде, құлдарым не істеп жатқан еді?» – деп сұрайды. Олар: «Олар намаз оқып жатқанда кеттік және біз барғанда да олар намаз оқып тұрған болатын»( Бұхари, Мауақитус-саләт 555) деп жауап береді делінген. Пайғамбарымыз (с.а.с.) өте қарапайым өмір сүргендіктенүйдіңкейбір істерінөзі істейтін, әйелдеріне жәрдем беретін. Жағдай сұрап, мұң-мұқтажын тыңдап, көмектесетін. Ақшам намазы. Пайғамбарымыз (с.а.с.) күн батпай тұрып ақшам намазын күтетін. Намаз уақыты кірісімен азан айтылып, қамат түсіріліп, сахабаларымен бірге парыз намазды, сосын сүннетін оқитын. Одан қала берді, әууәбин намазын оқып, басқаларды да осы намазды оқуға қызықтыратын. Намаздан кейін қай әйелінің үйіне бару керек болса, соның үйіне барып, барлық жұбайы сол жерге жиналып, отбасы болып сұхбат
құратын. Осы негізде әйелдері, діни үкімдерді үйреніп, кейінгі ұрпаққа жеткізуге зор үлестерін қосты. Құптан намазы. Құптан намазынан кейін аса маңызды іс туындамаса, бос сөйлесуді жаны қаламайтын, намаздан кейін ұйқыға бас қоятын (Ұйықтамас бұрын «Исра», «Зүмәр», «Хадид», «Хашр», «Саф», «Тәғабун» және «Жұма» сынды сүрелерді оқитын. ) . Айша анамыз оның ұйқы алдында дұға еткендігі жайлы былай дейді: «Аллаһ елшісі әр күні жатар алдында екі қолын жайып, «Ықылас», «Фалақ», «Нас» сүрелерін оқып қолына үрлейді де, басынан бастап, денесінің қолы жететін барлық жерін сипайтын. Мұны үш мәрте жасайтын» (Бұхари, Фадаилул-Құран 14) . Сонымен қатар, Али (р.а.) былай дейді: «Аллаһ елшісі Фатима екеумізге мынаны өсиет етті: «Жатар алдында 33 мәрте Аллаһу акбар, 33 мәрте субханаллаһ, 33 мәрте әл-хамду лиллаһ» деңдер». Али (р.а.) сол күннен кейін мұны еш тәрк етпегендігін айтқанда бір кісі: «Соғыс кезінде де тастамадың ба?» – деп сұрағанда, ол: «Иә», – деп жауап береді (Мүслим, Зікір 80) . Кешқұрым үйінен көп шықпайтын. Ілуде кештетіп шыққандығын мына хадистен біле аламыз: Бір күні кешкісін Аллаһ елшісі (с.а.с.) Әбу Бәкір мен Омарға барады. Әбу Бәкірдің өте бәсең дауыспен, ал Омардың зор дауыспен Құран оқып жатқанын көреді. Таң атқанда екеуімен жолығып, Әбу Бәкірге Құран оқығанда даусын біраз көтеруін, ал Омардың біраз даусын төмендетуін айтады. Әбу Бәкірге дауыстап оқы деу арқылы оның даусын айналасындағылар естісін, Аллаһтың жалғыздығын ұқсын, білсін дегендей. Ал Омарға даусыңды біраз бәсеңдет деуі, айналасындағы намаз оқып тұрған адамдарға кедергі келтірмесін, күндізгі тіршілігінен шаршап ұйықтап жатқандарды мазаламасын дегендей ( Сахаренфури, Базлул-мажһуд, 7/89) Ұйқыға жатқанда, әрдайым оң қырымен жатып, оң қолын жастанатын. Анда-санда төсекте жатқаны болмаса, көбіне кепкен тері үстінде, қамыстан жасалған төсеніште, топырақ үстінде ұйықтайтын. Түнгі құлшылыққа ерекше мән беретін. Аяғы іскенге дейін намаз оқитын. Тәһәжжүдте «Бақара», «Әли Имран», «Ниса» сияқты ұзын сүрелерді оқушы еді. Жатарда дәрет алатын суымен мисуағын бас жағына дайындап қойып, оянғанда алдымен тісін тазалайтын. 87. Астан кейін дұға оқитын ба еді? Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әр тамақтан кейін дұға жасаған-жасамағаны жайлы қолымызда ешқандай мәлімет жоқ. Бізге мәлім, тамақты Аллаһтың атымен бастап, тамақ үстінде мұның бәрін беруші Аллаһты есіне алып, соңында шүкіршілік етіп мадақ айтатын болған. Ал дұғасы бұлардан тыс орындалатын. Біздің қазір оқып жүрген дастарқан дұғасы, әрине, сол кісіден үйренгеніміз. Бірде біреу ауызашарға шақырып, ас соңынан бата сұрайды. Сонда Пайғамбарымыздың (с.а.с.) оқыған дұғасы: «Асыңды ізгі адамдар ішсін, ораза ұстағандар сендермен бірге ауыз ашсын, періштелер дұға етсін, Аллаһ тағала өздеріңді мақтан етсін» . Тағы бір жерде: «Аллаһ тағалам,
бұлардың үйіне береке бер, кешірім ет, бұларға мейірім таныта гөр », – деген. Енді бірде: « Бізге ішкізіп-жегізген Аллаһқа мадақ », – деп шүкіршілік еткен. « Ешқандай еңбек талап етпей тойдырған Аллаһқа шүкір » деген тағы бір дұғасы болған. Бұл жерден шығатын қорытынды, Аллаһ елшісі (с.а.с.)дастарқан басында әрдайым дұға жасамағанымен, әр жолы әртүрлі дұға еткен. Мұсылмандар осындай бата-тілектің қалағанын әр дастарқаннан кейін оқып отырса, нұр үстіне нұр болар еді. 88. Сапарда жүргенде дұға еткен бе? Сапарға шығар кезде өзімен бірге алып жүрер әйелін таңдау үшін жеребе тастау оның бұлжымас әдеті болған. Жолға бейсенбі күні шыққанды жөн көруші еді. Таңертең ерте қозғалатын. Әлдеқайда әскер жөнелткенде де бейсенбі күні жіберетін. Көлікке мінерде аяғын үзеңгіге қойып, «Бисмилләһ» деп, отырғаннан кейін үш рет тәкбір айтатын. Сосын мына аятты оқитын: « Мұны біздің әмірімізге берген Аллаһқа мадақ. Біз өз күшімізбен оны бағындыра алмас едік. Ақыр аяғында бәріміз Раббымыздың алдына барамыз » («Зуһруф», 13) . Одан кейін мына дұғаны айтатын: «Уа, Аллаһ тағалам, жолымызда Сенен жақсылықты, жамандықтан қорғануды және Сенің жақсы көрген істеріңді сұраймыз. Бұл сапарды бізге жеңілдет. Жетер жерімізге жеткіз. Сапарда жол серігі болар Өзіңсің. Бала-шағаны тапсыратын уәкіл де Сенсің. Жол ауыртпалығынан, жолдағы сәтсіздік пен орта жолдан кері қайтудан және қайтып келгенде мал- жанымыздың бәлеге ұшырауынан Өзің сақтай гөр!» Сапардан қайтқанда үйіне кірмес бұрын мешітке соғып, екі рәкат намаз оқитын. Содан кейін де дереу үйге кірмей, әйелдерінің үйді дайындап қоюы үшін біраз бөгеле тұратын. « Алыс сапардан келгенде тас болса да отбасыларыңа сыйлық ала барыңдар », – деп, ұзақ сапардан қайтарда сыйлық ала келуді дұрыс санаған. Әлдеқайда әскерін жөнелтіп ,жатқанда қолбасшыға кішкентай күнәлардан абай болуды, жанындағыларға жақсы қарауды мықтап тапсыратын. Өзі бастап барған жорықтарының ешқайсында шабуылды кеш түскеннен кейін бастаған емес. Таңды күтетін. Түстен кейін де шабуыл жасай беретін. Қаланы азат еткеннен кейін әділдік пен тәртіпті орнату үшін сол жерде үш күн аялдайтын. Ол жердегі адамдар қай дінді ұстанған болса сол дінінде жүруге рұқсат берген. Әскерінен жеңіс хабары келгенде, шүкір етіп сәждеге жығылатын. 89. Дүниеге келген жас нәресте үшін дұға еткен бе? Пайғамбарымыз (с.а.с.) жас нәресте үшін дұға жасайтын. Айша анамыз (р.анһа) бір әңгімесінде: «Хазірет Пайғамбарға нәрестелер әкелінетін. Ол – нәрестелер үшін берекет тілеп, дұға ететін», – дейді. (Әбу Дәуіт, Әдеп, 108) Сонымен қатар, сәбилі болған сахабалар Пайғамбарымызды немесе басқа мұсылмандарды қонаққа шақырып, ақ тілегін алған. Мысалы, Муауия ибн
Қурра ұлды болған кезде сахабаларды қонаққа шақырып, астан кейін оларға дұға жасатып, артынан өзі де ұлының діндар әрі ақылды болуы үшін тілек тілегенін, қонақтардың оның тілегіне «әмин» деп қосылғанын баяндайды (Әдәбул-Муфрәд, 429-б) . Немерелері хазірет Хасан мен Хұсейін үшін Аллаһтан: «Сендерді барлық шайтаннан, зиянды жәндіктен, сұқ көзден Аллаһтың мінсіз сөздеріне (Құран мен Аллаһтың көркем сипаттарына) сыйынамын», – деп дұға еткен. «Ата-ананың баласы үшін жасаған дұғасы қабыл болады », – деп мәлімдеген Пайғамбарымыз (с.а.с.) тәрбие барысында бала үшін дұға жасап, Ұлы Раббыға тәуекел етуді естен шығармау керектігін өзінің сүннет жолымен үйреткен. 90. Елшілер мен қонақтарды қалай күтіп алатын? Жоғарыдағы тақырыптардың бірінде айтылғандай, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өзге елдермен байланысы Мәдинаға келгеннен кейін басталған.Мекке алынғаннан кейін алыс-жақын шет елдермен қарым-қатынас қарқын ала бастады. Жер-жердегі түрлі наным-сенім өкілдеріне құрметпен қарап, оларға да Хақтан келген хабарларды жеткізіп, өзінің пайғамбар екенін дәріптеген. Алыстан ат арытып жеткен елшілер мен қонақтарды мешіт ауласындағы шатырлар мен сахабалардың үйінде қонақ қылатын. Сахабалар меймандарға ерекше құрмет танытып, Исламның жақсы қасиеттерін көрсеткен. Пайғамбарымыз (с.а.с.) қонақтармен жақынырақ танысып, әңгіме- дүкен құратын. Тәуір киімдерін киіп, сахабаларына да соны тапсыратын. Егер келе жатқан кісі күн бұрыннан белгілі болса, сахабалармен жиналып олардың жақсы жақтарын сөз қылып хүснизан (Адамдар туралы жақсы ойлау) ететін. Таяғымен келгенге тай мінгізіп, аяғымен келгенге шапан жапқан өте қонақжай еді. Бірде келген қонақтардың астына киіп жүрген жалғыз шапанын төсеп күткенін бүгінгі күні тарих беттерінен танып отырмыз. Елшілерді жанына шақырып, елдерінің жақсы жақтарын тілге тиек ететін. Кейбірін үйіне арнайы шақырып, шығарып саларда құр қол жібермеуші еді. Алып келген сыйлықтан бас тартпай қабыл алатын. Бұған оның ерекше мән бергені секілді, өмірінің соңғы жылдарында сахабаларға да «Елшілерге сендер де сыйлық беріңдер» (Бұхари, Жиһад 176-177.) деп өсиет еткен. Мұның сүннетте айтарлықтай орны бар. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қонақтары төртке бөлінді. Алғашқысы – жаңадан келген, Исламның жылуын көрмеген адамдар. Исламды оларға жақсылап таныстырып, дұрыстап күтпесе, өле-өлгенше дінімізді сол таныған күйі қабылдар еді. Ал олар тегін кісілер емес, әрқайсысы бір елдің атынан келген атқамінерлер еді, сондықтан Пайғамбарымыз (с.а.с.) оларға ерекше құрмет көрсеткен. Екінші топ – мұсылмандармен бұрыннан үлкен сыйластық орнатқан, бірақ өздері Исламды енді қабылдап жатқан тайпалар мен елдер еді. Бұлар Исламға сенетін, достығы орныққан бауыр басқан адамдар. Ендігі жерде
Пайғамбарымыз (с.а.с.) арадағы достықтың сүйегіне таңба түсірмеуді ойлайтын. Үшіншісі, бір келетін қонақтар, алыстан ат ары- тып келетін ресми тұлғалар еді. Ислам мемлекеті танылғалы көрші елдер дипломатиялық қарым-қатынас орнату үшін өз елшілерін жіберетін. Бұлар дүниеге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, ұстанған бағыты мен саясаты бар, белгілі бір мүддені көздеп келген адамдар болушы еді. Жай кетпей сынай кететіні тағы бар. Бұларға Ислам туралы жақсы пікірмен кетсін, келешекте бұлар да Аллаһтың хақ дінінен бақыт тапсын деп сый көрсетіп бағатын. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ахлағы мен болмыс-бітімі әһл-кітапқа кеңінен таныс. Келетіндердің төртінші бір тобы соңғы пайғамбардың шын-өтірігін тексеруді мақсат етіп келетін яһуди мен христиан халқы еді. Олар кітаптарында айтылған пайғамбарды өз көзімен көру үшін келетін. Көбісі мақтаулы пайғамбарымыз Мұхаммедті (с.а.с.) көре сала иман ететін. Елдеріне кеткеннен кейін де барған жерлерінде Исламды уағыздайтын. Ғаламның рақым нұры (с.а.с.) мұнафық пен мұсылманға, кәпір мен кітап иелеріне де түгел мейірімін төге білді. Пайғамбарлық ісінің мүлтіксіз орындалуына да осы мейірімі сеп болған. Жоғарыдағы сахабаларына да соны тапсырған. Сахабалар да аз уақыттың ішінде адамзаттың асыл тәжінен (с.а.с.) алған тәлімінің арқасында Исламның іргетасын берік етіп іргелі ел қылды. 91. Науқастарды зиярат еткенде нендей мәселелерге мән берген? Аллаһ елшісі (с.а.с.) науқастардың көңілін сұрауды мұсылманның мұсылман алдындағы парыздарының бірі деп білген. Дертке шалдыққан дімкәс жандардың хал-жағдайын сұрамағандардың Аллаһ тағаланың мейірімінен мақұрым қалатынын жеткізген. Үйіне қайта оралғанға дейін науқасты зиярат еткен адам үшін періштелер кешірім тілейтінін айтқан. Пайғамбарымыз (с.а.с.) ересектердің ғана емес, жас балалардың да хал- жағдайын білуді естен шығармаған. Көңілін сұрай барған науқасты оң қолымен сипап отырып: «Күллі дүниенің Раббы – Аллаһ тағалам, құлыңның дертін сейілтіп, оған шипа бер. Шипаны беруші бір ғана Өзіңсің. Сенің шипаңнан басқа шипа жоқ. Бұған ешбір аурудың ізін қалдырмайтын шипа бер », – деп дұға ететін. Жиені ауырып әл үстінде жатқанда, қызы Зейнеп (р.а.) Пайғамбарымызға (с.а.с.) кісі жібертіп, баласының өлім аузында жатқанын айтады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) табалдырықтан аттағанда, жас бала алып- ұшып атасының құшағына кіріп кетеді. Мейірім елшісі көз жасына ерік беріп егіле жылайды. Оның жылағанын Сағд ибн Ұбада ерсі көргендей сыңай танытады. Мұны байқап қалған Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бұл – мейірімнен туындаған көз жасы. Аллаһ оны қалаған құлына нәсіп етеді. Аллаһ тек мейірімді құлдарына ғана рақым етеді», – деп түсіндірген болатын. Науқастарға барғанда, олардың көңілін аулауға тырысатын. Сахабалардың бірі ауырып қалғанда: «Уайымдама, иншаллаһ, осы ауруың
арқылы күнәларыңнан тазарасың», – деп жұбататын. Өзге дін өкілдерінің де барып көңілін сұрайтын. Кейде бір науқасқа бірнеше рет кіріп-шығатын. Сағд ибн Муаздың (р.а.) соғыста қолы жараланғанда, жақын жерде тұрып жәрдем беру үшін мешіт ішінен науқасқа арнайы шатыр тіктірген. 92. Аурудың алдын алу үшін қандай кеңес берген? Рухы бай, денсаулығы мығым мұсылманның Аллаһ алдында сүйкімдірек болатынын айтып, аурудан сақтануды әрі аманат ретінде берілген денемізге жақсылап қарауды тапсырған. Сол себепті ауырып ем іздегеннен гөрі ауырмайтын жол іздеуді өсиет еткен. Ол үшін адам баласы тазалыққа аса мән беруі тиіс. Бұл турасында Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Тазалық – иманның жартысы » дей отырып, балаларының өсіп-жетілуінде материалдық әрі рухани тазалығына аса мән берген. Мысалы, Айша (р.а.) былай дейді: «Ұсама байқаусызда есіктің маңдайшасына басын соғып, бетін жарақаттап алды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) дереу қан аққан жеріне қарап: «Баланың қанын жуып тазала!» – деді. Мен жиіркенгендей біраз кідірдім. Аллаһ елшісі (с.а.с.) өзі қанды тазартып, бетін сумен жуды. Артынша: «Егер Ұсама қыз болғанда, әшекейлермен сәндеп, киім кигізіп сәндер едім» (Ибн Мажә, Никах, 49) – дейді». Аурудың көбі астан келетіні белгілі. Осыны ескерген Пайғамбарымыз (с.а.с.) асқазанның қалыпты жұмыс істеуіне аса мән берген. «Асқазанның үштен бірін асқа, үштен бірін суға арнап және үштен бірін тыныс алуға қалдырыңдар» деп айтып отыратын. Көп тамақ жеудің денсаулыққа зияны өз алдына, ысырап болатынын да ескертетін. Ал дінімізде ысыраптың кез келген түрі харам болып саналады. Қомағайлықпен ретсіз жеп-ішу ысырапқа сеп болғандықтан оны ұнатпайтын. Бірде семіздеу бір кісіге «Бұдан гөрі кішкене арықтар ма едің?» (Хайсәми, Зәуайд 5/37 ) дегені бар. «Китабу тыб» (ем кітабы) атты хадис кітабында Аллаһ елшісінің (с.а.с.) денсаулыққа аса мән бергендігі айтылады. Бала туылысымен құлағына азан мен қамат оқылуын бұйырып, «Осылайша Үммі сыбиян (Жас балаларға үйірсек жынның аты) балаға зиянын тигізбейді» (Азимабади 14/9; Бәйһақи; (әлсіз хадис) ) деген. Хасан мен Хүсейінді барлық жын-шайтаннан, жануарлардан, көз тиюден қорғау үшін Құраннан кейбір аяттарды оқып, Аллаһтан амандық тілейтін. Хақ елшісі (с.а.с.) Үммі Сәламаның жанында көз тиюден жылаған балаға «руқия» (Науқасқа Құраннан «Фатиха», «Аятул-курси», «Әманар- расул», «Ықылас», «Фәлақ», «Нас» және Пайғамбарымыздың кейбір хадистерін оқу арқылы Аллаһтан шипа тілеу «Руқия» деп аталады) оқуды бұйырады. Балалардың тамақ ісіну (ангена) себебінен тамақ бездерін алдырып тастауға тыйым салып, оның орнына «ғудул- һинди» (Ағаштың аты. Ағылшын тілінде «Aquilaria malaccensis» деп аталады) ағашының шырынын тамызу керектігін айтқан. Сахабалар осы секілді көптеген ауру балаларды Пайғамбарымызға (с.а.с.) әкеліп, емдеткен.
Денсаулыққа зияны орасан ішімдік ішуге, өлексемен қоректенуге, доңыз етін жеуге қатаң тыйым салған. Ауруларды жұқтыратын микробтардан ерекше қорғанып, дәретхана тазалығы, тамақтан бұрын және кейін қол жууды, жиі-жиі дәрет алуды насихат етіп, су ішкенде ыдысқа үрлеуге тыйым салған. Зинаның күнә болуымен қатар денсаулыққа да өте қауіптілігін ескертіп, мұны да пышақ кесті тыйған. Оның орнына ораза ұстауды, суға шомылып, ат ойындарымен айналысуды үйреткен. Бұл – біздің қазір насихаттап жүрген салауатты өмір салтының бір қыры. 93. Адал еңбек ету туралы не айтқан? Исламда мұсылмандық құлшылықтарын орындаған адамның жасаған еңбегі сауапқа айналып, жұмысы қасиетті саналады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): « Ешкім де өзінің маңдай терімен тапқаннан артық дүние таппаған », – деп, Дәуіт пайғамбарды мысал еткен (Ибн Мажә, Тижарет, 1) . Отбасының нәпақасын табу мақсатымен далаға шыққан жанның Аллаһ жолында жүргенмен тең екендігі айтылған. Сол сияқты ешкімге күнін қаратпау үшін тер төккен кісінің әр қимылы ғибадат болып есептелетіні де бар. Бірде хазірет Муазбен қол алып амандасқанда күстенген қолын ұстап тұрып, «Қолдарың қандай қатты еді?» – дегенде, «Бәрі де бала-шағаның қамы ғой, расулаллаһ», – дейді Муаз. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мына қолға тозақ оты тимейді », – деп сүйіншілеген. Бірде сахабаларымен отырғанда жандарына бір қайыршы жақындап келіп, өзінің дүниеге жарымаған кедей екенін, балаларының үйде аш отырғанын айтып, мұңын шағады. Ел аралап қайыр сұрағаны болмаса, тепсе темір үзетін қарулы жігіт екен. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Үйінде не бар екенін көріп кел», – деп Алиді (р.а.) әлгі кісінің үйіне жібереді. Сүт пісірім уақытта Али (р.а.) қайта оралады. Дүние дегенде балалардың жамылып жатқан жамылғысы мен ошақ басында бір қазан ғана бар екенін айтады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) екеуін де алдырып, базарға сатқызады. Сосын «Арқан сатып алып, онымен орманнан ағаш тасып базарға сат, қырық күнге дейін үйге келме», – дейді. Аллаһ елшісі оның отбасына өзі бас-көз болатынын айтады. Қырық күн өткеннен кейін әлгі кісі қайта келеді. Жұмысын әжептеуір дөңгелетіп алған екен. Пайғамбарымыз (с.а.с.) кейінірек осы оқиғаға қатысты былай деген: «Сендердің ел ішінде тіленіп өмір сүргендеріңнен гөрі табан ақы, маңдай терлеріңмен таудан отын тасығандарың анағұрлым жақсы» (Бұхари, Бую 15 ) . Еңбек етуге мән берумен қатар жұмыскерлерді алдамауды, еңбегін жемеуді мықтап тапсырған. Намысына тиетін ауыр сөз айтуға қатаң тыйым салған. «Жұмысшыға еңбегін толық төлемеген адамға Аллаһ тағала о дүниеде дұшпан болады» (Бұхари, Ижара, 10) деп, кісі ақысына үлкен мән берген. «Қиямет күні үш түрлі адаммен өзім жеке кездесемін. Менің атымды пайдаланып әділетсіздік еткен адаммен, азат адамды ұрлап әкетіп сатқан қарақшымен, жалдаған жұмысшысына еңбегін төлемеген адаммен» (Бұхари, Ижара 12, 15) деген.
94. Табиғатты қорғау, жан-жануарларға зиян тигізбеу туралы не айтқан? Күллі жаратылысқа рақым нұры болып келген Аллаһ елшісі (с.а.с.) қоршаған ортаны қорғау ісін де назардан тыс қалдырмаған. Құранда жазылған барлық мақұлықтың Аллаһ тағаланы зікір етіп тұратынын оқи отырып қалайша қоршаған ортаны қамқорлығына алмасын? Оның үстіне сол қасиетті Құранның бірнеше сүрелері «Бақара» (сиыр), «Нәмл» (құмырсқа), «Нахл» (ара), «Әнкабут» (өрмекші), «Фил» (піл) деген жануарлардың атымен аталған. Ағаш егудің садақаға жататынын айтып, Мәдинаның айналасына ағаш отырғызуды, ағаш кессе орнына жаңасын егуді, соғыста ағаш сындырмауды міндеттеген. Қағбаның маңайы «харам аумағы» деп танылып, ол жерде өсімдік пен жануарлардың ешқайсысына тиісуге болмайтынын айтқан. Хайуандарды бір-бірімен төбелестіріп, таластыруын тыйып, жануарларды қинағандарды лағынеттеген. Шөлдеген итке кебісімен су берген әйелдің жұмаққа кіріп, мысықты аш қамап қойған әйелдің тозақтық болғанын айтқан. Бір шайқастан қайтып келе жатқанда жанындағы сахабалары құс ұясын тауып алып, балапандарын қолға алып қызықтай бастайды. Құс екеш құс та өз ұясын қорғайды емес пе? Балапандарына қауіп төнгенін көрген аналық құс шыр-шыр етіп төбелерінен айналып ұшып кетпей қояды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) мұны көргенде, дереу балапандарды орнына қоюды талап етеді (Әбу Дәуіт, Әдеп 164) . Аллаһ тағала жер бетіндегі барлық жаратылысты кемшіліксіз жаратқан. Олардың теңдігі соншалық – біреуін жойсаң, екіншісіне зиянын тигізеді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) иттердің де жаратылыста орны бар екендігін айтып, «Егер иттер өз алдына жеке бір үмбет болмағанда, қырып тастауларын бұйырар едім» (Әбу Дәуіт, Әдаһи 22) , – деген. Қоршаған ортаның қорғалуына, ағынды-ағынсыз суларға дәрет сындырмауға аса мән берген. Олай болса, қоршаған ортаны қорғау – дініміздің талабы, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннеті. 95. Аллаһ елшісі (с.а.с.) қандай себептермен соғысты? Ислам – бейбітшілік пен есендік діні. Дініміздің үкіміне салсақ, бір адамды өлтіру барша адамзатты өлтірумен тең. Құранда «... Кімде-кім жер жүзінде бұзақылық қылмаған, нақақ кісі өлтірмеген біреуді өлтірсе, ол бүкіл адамзатты өлтіргенмен тең ...» («Мәида» сүресі.) делінген. Аллаһ тағала мұсылман адамның бір адамды нақақ өлтіруін адамзатты тұтас өлтірумен теңеп отыр, олай болса, мұны білген мұсылман, әсіресе, Аллаһ елшісі (с.а.с.) аятқа қайшыкеліп, халықтықыруымүмкін емес. Ал Пайғамбарымыз (с.а.с.) басқа шара қалмаған уақытта ғана қолға қару алған. Мұны біз соғысу емес «қорғану» деп атасақ болады. Яғни, алғашқы он жылдан астам уақытта мұсылмандар дұшпандарынан қанша зорлық- зомбылық көрсе де оларға қарсы тұруға, соғысуға Аллаһтан рұқсат
келмегендіктен шыдап бақты. Мұсылмандардың ұстанымы «таспен ұрғанды аспен ұру» болып, адамдардың көңілін Исламға жылытуға тырысты. Соңында һижреттен кейін дұшпандарына қарсы тұруға, соғысуға Аллаһтан аят түсіп, рұқсат берілді. Бұл соғыстың өзі біреуге жасалған қоқан-лоққы немесе дүниеге үстемдік ету үшін талас емес, керісінше, әлемге мейірімді жаю үшін озбырлыққа қарсы тұру еді. Барлық ісін хикметпен істейтіндіктен, Аллаһ елшісі (с.а.с.) қатысқан соғыстардың өзіндік себептері жоқ емес. Олардың бірнешеуіне тоқталайық. Бәдір соғысының болу себебі: Мұсылмандар Меккеден көшкенде олардың артта қалған дүние- мүліктерін Мекке мүшріктері талан-таражға салып, тонап, жылдар бойы жинап-тергендерін жоқ етті. Аллаһ елшісі (с.а.с.) Меккеде қалып кеткен сахабаларының мал-мүліктерінің орнына осы керуенді қолға түсіру керек деп жариялады. Сахабалардың кейбіреуі мұны құптады, кейбіреулері бұған мән бермеді, өйткені олар қалған дүниелері үшін соғысамыз деп ойламаған еді. Алайда әділетсіздікті, біреудің мал-мүлкін талан- таражға салуды жаны жақтырмайтын Пайғамбарымыз (с.а.с.) Аллаһтың рұқсатымен осы іске бел буды. Ұхұд соғысының болу себебі: Бәдір соғысынан қашып құтылған Құрайыштар, өлген туысқандарының кегін алу үшін қайта қол жинап соғыс ашты. Пайғамбарымыз қорғану үшін Мәдинаның сыртына, Ұхұд тауының маңында оларды күтіп алып сол жерде төтеп берді. Надыр тайпасына соғыс ашу себебі: яһудилік Надыр тайпасы мұсылмандармен арадағы келісімшартты бұзды. Ол келісімде: Исламға, мұсылмандарға қарсы шықпау, бұл мәселелерде дұшпанға қолдау көрсетпеу, адам құнын төлеу кезінде жәрдемдесу жайы бекітілген. Солай бола тұра, құрайыш мүшріктері Мәдинадағы мұнафықтармен ауыз жаласып, жең ұшынан жалғасуды тыймаған. Олар Пайғамбарымыз (с.а.с.) отырған үйдің төбесінен тас тастап, өлтірмекке әрекет жасайды. Алайда бұл айлалары жайлы Жәбірейіл хабар беріп, Пайғамбарымыз шұғыл отырған жерінен тұрып, Мәдинаға кетіп қалады. Аллаһ елшісі (с.а.с.) Надыр тайпасына қоныс жерін тастап кетуін талап етеді, бірақ Надыр тайпасы қасарысып, соңында мұсылмандар қару қолдануға тура келеді. Алайда мәселе қан-төгіссіз шешіліп, яһудилер қоныс аударады. Ор (хандақ) соғысының болу себебі: Надыр тайпасы Пайғамбарға (с.а.с.) қастандық мақсатында бірнеше адам тағайындап, Мекке мүшріктеріменмұсылмандарға қарсы соғысуға келіссөз жүргізеді. Яһудилер Мекке мүшріктеріне «сендердің діндерің Мұхаммедтің дінінен әлдеқайда жақсы» деп жағымпаздық жасап, мұсылмандармен соғысуға келіседі. Осылайша Ғатафандағы кәпірлермен және Бәни Фараза, Бәни Хурра деген жерлерден қосымша қол жинап, атой салып келеді. Мұсылмандар қорғану үшін Мәдина қаласының айналасына ор қазады, сондықтан бұл соғыстың аты да «Хандақ» (ор) деп аталып кетеді. Хайбар соғысының себебі: Құрайза, Қайнуқа және Надырдың сүргінге ұшыраған яһудилері Хайбарға барып жиналған болатын. Бұлардың басы қосылған жерде мұсылмандарға қауіп төну мүмкіншілігі бесенеден белгілі
еді. Әсіресе, мұсылмандарды қас жауы көретін яһуди басшылары (Кинана ибн Рабиа, Саллам ибн Әби Хуқайқ, Хуяи ибн Ахтап) бір ұяда бас қосты. Бұлар кек қуалап, әрдайым қауіп төндіріп тұрды. Бір кездері Мекке мүшріктерінің Мәдинаға шабуыл жасауы үшін демеу берген осы Хайбарлықтар еді. Хайбарлық яһудилер өзге мүшріктерге де уәде етіп, Мәдинаға шабуыл жасағандарға көп мөлшерде мал-пұл бермекші болып, мұсылмандарға қарсы айдап салған. Хандақ соғысынан Мәдинаны ала алмағандықтан тағы да бірнеше яһудилерді жинап, (Тайма, Федек, Уадил- Құра яһудилерімен келісіп) күтпеген сәтте шабуыл жасамаққа бекінді. Ғатафандықтармен жолығып, оларды да сапына қосып алды. Бұл жағдайлардың барлығын біліп отырған Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларды жинап жорыққа аттанды. Хайбар жерін азат етуге бара жатып, жолда тоқтап Аллаһелшісі(с.а.с.):«Уа,көкпеноныңастындағылардың Раббы! Уа, жер мен оның үстіндегілердің Раббы! Уа, шайтан мен оның адастырғандарының Раббы! Уа, жел мен оның ұшырғандарының Раббы, Аллаһ тағалам! Біз сенен осы өлкенің жақсылығын, халықтың жақсы болғанын қалаймыз. Осы өлке мен халқының жаманшылығынан бізді сақта!» – деп дұға еткен. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Алиге (р.а.): «Олардың қамалына кіргеннен кейін алдымен Исламға шақыр, Аллаһтың үкімдерінен хабардар ет. Мынаны жақсылап біліп ал, бір адамның дұрыс жолды табуына себепші болу мыңдаған қызыл түйені Аллаһ үшін құрбан қылудан артық», – дейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Хайбарды азат еткеннен кейін ешкімді жазалауды мақсат етпеген. Қамал алынып, қарсыластар берілгеннен кейін, Пайғамбарымызға (с.а.с.) хайбарлықтар мал-мүліктерін алып бұл жерден кететіндіктерін, соғысқа қатысқандарды өлтірмеуін ұсынады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) ұсыныстарын қабыл етеді. Ислам дінінде басты мақсат елді тонау, қарсы шыққандарды өлтіру болғанда мұндай ұсынысты қабылдамас еді. Кейбір яһудилер «егістік алқабындағы диқаншылық жұмысты жақсы меңгергенбіз. Сендерге бағына отырып, осы жұмысымызды жалғастыра берсек», – дейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оларға жылдық табыстыңжартыбөлігінмұсылмандарға берушартымен келісім береді де: «Бірақ өзімшілдікке салынбаңдар, біз қалаған уақытта сендерді бұл жерден шығара аламыз», – деп ескертті. Меккені азат ету: Һудайбия келісімі бойынша мұсылмандар мен мүшріктер он жыл соғыспауға келіскен. Соның негізінде, өзге ру-тайпалар қалаулары бойынша мұсылмандарға немесе құрайыштарға қосылуды таңдай алатын. Атам заманнан бір-біріне өштесіп келе жатқан Хуза мен Бәни Бәкір тайпасы бір жақта болуы мүмкін емес еді, сондықтан осы құқықты пайдалана отырып Хузаға тайпасы Расулаллаһтың қарамағына, ал Бәни Бәкірлер мүшріктердің тарапына өтеді. Бәни Бәкірліктер болмашы бір себеппен Хузаға руына шабуыл жасап, олардың 23 адамын өлтіріп кетеді. Хузағалар Мәдинаға келіп, Расулаллаһты болған бассыздықтан хабардар етеді. Пайғамбарымыз реніш білдіріп, Хузағалықтарға басу айтып, қалай да көмектесуге уәде беріп қайтарады. Аллаһ елшісі (с.а.с.) мәселенің байыбына
барғанды мақұл көріп, мүшріктерге шартты хат жолдады: «Хузағалықтардан өлгендердің құнын төлеңдер, не болмаса Бәни Бәкір тайпасымен ортақтастықтан бас тартыңдар. Екеуінен бірін орындамаған жағдайда Һудайбия келісімін бұзғандықтарыңды, сендерге соғыс ашуға мәжбүр екенімді білдіремін» делінді. Өркөкіректенген өзімшіл құрайыштар Пайғамбарымыздың бастапқы екі шартын да қабылдамайды. Келісімді бұзу арқылы бірінші болып соғысуды қалады, бұған қоса, Пайғамбарымыздың екінші айтқан ұсынысын қабылдамау арқылы тағы да соғысуды таңдады. Сөйтіп, Рамазанның он үші, жұма күні, таң ағарып атқан заматта мұсылмандар он мың әскермен салтанатты түрде Меккеге басып кірді. Пайғамбарымыз Кәсуаға мінген, айналасын салмақты жүзбен сүзіп, «Фәтх» сүресін оқып келеді. Сахабаларының көңіл-күйі көтеріңкі. Жүздерінен тәлімсу, үлкен жеңіске қол жеткізгені үшін өзгені менсінбеу емес, керісінше, нәпсісін тыйып, өзгелерге де шаттық сыйлауға деген ұмтылыс байқалады (Д. Өмірзаққызы, Адамзаттың асыл тәжі) . Меккеліктерге: «Кімде-кім Әбу Суфиянның үйіне кірсе немесе кімде-кім өз үйінде есігі жабулы күйде отырса және Қағбаны паналағанға ешкім тиіспейді», – деп айтып қан-төгіссіз Меккені азат етті. Хунайн соғысының себебі: Аллаһ елшісінің (с.а.с.) Меккені азат еткенін қызғанған, ішін кек жайлаған Хуазйн және Сақиф рулары бас көтереді. Жан-жаққа хабар жіберіп әскер жинайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оларға қарсы Хунайн ойпатында төтеп беріп, Мекке халқын қорғап қалады. Тәбук жорығында да Пайғамбарымыз (с.а.с.) қорғану үшін римдіктерге қарсы жолға шыққан болатын. Алайда соғыс өрті тұтанбады. Құрайза жорығына да себеп болған – құрайзалық яһудилердің Пайғамбарымызға берген келісімін бұзғаны. Келісім бойынша Хандақ шайқасында мұсылмандармен бірге Мәдинаны қорғауға тиіс еді, бірақ олар келісім-шартты аяққа таптап, шайқастың қызған сәтінде мүшріктермен ауыз жаласып, тайқып кетті. Онысымен қоймай, Мәдинаға басып кіріп мұсылмандардың әйел, бала-шағасына қырғидай тиіп, қауіп төндірді. Пайғамбардың қайырымдылығын аяқ асты еткен құрайзалар дұшпан шегінгенде барып, есін жиғанмен бәрі кешеді.Мүшріктердің қирайжеңілгеніне көзі жетісімен, Мәдинаға екі сағаттық қашықтықтағы қамал-қалаларына бекініп үлгереді. Олай болса, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көптеген соғыстарының себебі: біреудің ақысын қайтару, келісімді бұзғандығы үшін қорғану мақсатында орын алған. Соғыстарда қарсы алдына шыққан жауынгерлерден басқа ешкімге зиян тигізбеген. «Қарттарға, әйелдерге, балаларға, шіркеулерге тимеңдер. Ағаштарды өртемеңдер, хайуандарды өлтірмеңдер, дүние- мүліктеріне зиян келтірмеңдер» дегенінің өзі оның Ислам үшін жүргізген шайқастарының қандай кейіпте өрбігенін аңғартады. Дұшпандарға деген шабуылы оның жеке басының жек көруінен немесе кешегі Меккеде кеткен кегінен емес, жауыздықтың жойылуы, әділдіктің орнауы үшін жасалған азат ету шаралары еді. Ешқашан сезімге беріліп, ашуға салынып әрекет етпеген. Оның барлық ісі Аллаһтың хикметімен, нұсқауымен орындалатын.
96. Соғыс кезінде қандай тәсілдер қолданған? Барлық салада озықтығымен қара үзген Аллаһ елшісі соғыс өнерін де жетік білген. Бір рет қолданған әдісін екінші рет ешқашан қолданбаған. Сол үшін дұшпандары әрдайым онымен бетпе-бет кездескенде тайсақтай беретін. Кейінгі уақыттарда кеңінен қолданылған, бірақ ол дәуірде онша таныла қоймаған шегіне отырып кенет шабуылдау, басып кіру деген әдістер ол күндері Құрайышқа беймәлім болатын. Бәдірде де дұшпандарына қарсы осындай сан қырлы тәсілдерді қолданған. Дұшпанның сан жағынан көптігі, бес қаруының сай болуы бәрібір олрды жеңіске жеткізе алмады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) көбіне ешкімге білдірмей қозғалатын. Оның ойластырып жүрген айла-тәсілдерін жауы түгіл қасындағылар да біле бермейтін. Қайда бара жатқанын күні бұрын жарияламайтын. Мысалы, Меккені аларда бір күндік жол қалғанға дейін меккеліктердің де, қасындағы адамдардың да анық хабары жоқ еді. Он мың адам бірдей от жаққанда ғана мүшріктер қиын жағдайға тап болғанын бір-ақ түсінеді, бірақ бәрі кеш, барар жері, басар тауы қалмаған. Алдын-ала барлаушыларды жіберіп хабар алу да ол кісінің әдістерінің бірі. Жер-жердегі осындай адамдары хабарды дер кезінде жеткізіп отырғандықтан, Пайғамбарымыз (с.а.с.) қапы қалмай шара қолданып отырды. Ал өзінің сақтығына келетін болсақ, ешкім де мұсылмандардың ішіне кіріп жоспарын білген емес. Бір рет Хатиб ибн Әбу Бәлта кішігірім қателік жасап, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Меккеге аттанғалы жатқанын жеткізіп бармақ болады, бірақ жолда ұсталады. Ешқайда қонбай суыт жүріп отырғанның өзінде он күндік уақыт кететін Сирияға хабаршысы сегіз күнде жеткенін естігенде, бәрі таң қалатын. Сөйтсе Пайғамбарымыздың жіберген хабаршысы Мәдинадан шығып бір күн жүргеннен кейін хабарды жеткен жеріндегі алдын-ала белгіленген адамға тапсырады екен. Ол тапсырманы алып ары кетеді. Бір күн жүргеннен кейін үшінші біреуге барып жеткізеді. Осылайша мінген көлігі де болдырмай, өздері де шаршамай хабарды уақытынан бұрын жеткізетін. Шама келгенше мәселені бейбіт жолмен қан төкпей шешуге тырысатын. Құран да оған «Егер олар сөзге келетін болса, сен де келіс. Аллаһқа тәуекел ет» деп пәрмен берген. Барлық істің алдын алып, сақтық жаса, бірақ Аллаһқа тәуекел етуді де ұмытпа дегендей. 97. Аз уақытта осындай үлкен жетістіктерге жетуінің сыры неде? Пайғамбарымыз (с.а.с.) өте ұшқыр ойлап, жылдам шешім қабылдайтын. Ешбір ісі сәтсіздікке ұшыраған емес. Ұхұд пен Хүнәйінде жеңіліп тұрған жерінен әскеріне жеңіс сыйлай білгені ешбір қолбасшының үш ұйықтаса түсіне кірмеген. Бойында сарқылмас жігер бар, жаратылысынан ер мінезді еді. Жалғыз өзі әлемді өзгертуге бел буып, Аллаһқа арқа сүйейтін. Ел ішіндегі жекелеген адамдар да, іргеге келіп ат ойнатып тұрған қалың қол
да оны мүлде састырмайтын. Кейде соғыс барысында әскер ыдырай бастағанда, жалғыз өзі жауынгерлерге рух беріп, алға ұмтылатын. Мұны көрген сахабалардың да үміті қайта жанданатын. Елді бұрын-соңды ондай адам басқарған емес. Кейде уақыттан тәуелсіз кетіп, болашақты болжап отыратын. Бойында сенімсіздік кездеспеген. Сахабалардың әрбірі «Пайғамбарымыздың ең жақсы көретін адамы мен екенмін» деп сенімді түрде ойлайтынындай жұрттың бәріне мейірімді еді. Қанша қиындық көрсе де жасымаған. Жалғыз өзі жүріп Аллаһты түсіндіру керек болғанда да сары уайымға салынбай, мүжілмей, істі аяғына дейін абыроймен алып шыққан. Меккеде дінді алғаш жая бастағанда өзін-өзі қалай ұстаса, қоштасу құтбасында жүз мыңдай нөпір халық аузына қарап тұрғанда да сол әуелгі қалпынан өзгермейтін, өйткені оның іс-әрекеті көрер көзге емес, Аллаһтың разылығы үшін жасалатын. Аллаһ елшісі үшін соғысу мұрат емес, амалы таусылғанда қолданған шарасы ғана. Оның әрбір істі алдымен жоспарлауы – күллі жетістігінің негізі десек қателеспейміз. Ақылдасу да ол үшін өте маңызды еді. Уақыттың қадірін жақсы біліп, ысырап етпей орынды қолданатын. Мысалы, Хандақта уақытты соза-соза қыс түсіп, ақырында Меккеліктер сол жерден кетуге мәжбүр болған. Майдан алаңын тастай қашу сахабаларда ешқашан орын алған емес. Сахабаларының мәселелерін шешуге әрдайым дайын тұратын. Ең бастысы, айтқанын бірінші болып өзі істейтін. 98. Мүшріктермен қарым-қатынасы қандай болды? Пайғамбарлықтан бұрын мүшріктермен ешқандай сөзге келіп қалғаны айтылмайды, керісінше, жалпақ ағайын жақын тартып, «сенімді Мұхаммед» деп атаған. Шешімін таба алмаған мәселелерін айтып, берген үкімге разы болып тарасатын. Мүшріктердің ашықтан-ашық жаулық етуі Пайғамбарымыздың (с.а.с.) оларды Исламға шақыруымен басталған. Мүшріктер пайғамбарлықты тек байларға ғана қонатын қасиет деп ұққан болса керек. Аллаһтың алдында байлықтың бес тиындық құны жоқ екенін қайдан білсін?! Олар Пайғамбарымыздың (с.а.с.) дағуасынан секем ала бастады, өйткені күн санап мұсылмандардың қарасы көбейе түсті. Бастарындағы бес күндік бақтың бүгін болмаса ертең таятынын сезіп Исламның тарауынан қорқып, Пайғамбарымызды (с.а.с.) дүниемен қызықтырмақ болады. «Алдыңа үйір-үйір жылқы мен келе-келе түйе салып берейік, билік тізгінін қолыңа ал, қалаған қызыңа құда түсейік, сен тек мына ісіңді доғар», – дейді. Адамзатқа дүниені ақиреттен жоғары санамауды үндеп жүрген елшіге мына ұсынысты айтып отырған мүшріктерде де ақыл жоқ. Пайғамбарымыз (с.а.с.) сонда дінге қызмет етем деген адамға өмірлік ұстаным болар мына екі-ақ ауыз сөзді айтып мүшріктерге жауап береді: «Бір қолыма күнді, бір қолыма айды алып берсеңдер де бұл ісімнен бас тартпаймын ».
Ақырында амалдары құрып Пайғамбарымыздан (с.а.с.) көктен бір періштенің түсуін, Меккенің маңындағы таулардың жоғалып, орнына өзені бар ну жынысты жер болуын, сүйегі әлдеқашан шіріп кеткен ата- бабаларының қайта тірілуін сұрап, тығырыққа тіремекболған. Осымен шектелмей Аллаһ елшісінен бұл Құраннан басқа жаңа Құран түсуін немесе өзгертілуін, тіпті бірден толық түсуін талап еткен. Аллаһтың сөзін бұрынғы халықтардың аңыз-әңгімелері, кісі сөзі екенін, ойдан шығарылғанын айтқан және өздерінің де ондай өлеңді оқи алатындарын айтудан тайынбаған. Осыған қатысты Құранда олар бұл қасиетті кітаптың бір сүресіне, тіпті бір аятына да ұқсасын шығара алмайтыны, адам мен жындар жиналса да қолдарынан келмейтіндігі айтылады. Құрайыш жуандары тек мазақ қылып, қырсығып қана қоймай, реті келгенде тізе батырып отыратын. Мұсылмандарды діннен күштеп бас тартқызбаққа тырысты. Тіпті кей мұсылмандар Мәдинаға кеткеннен кейін де мүшріктердің езгісінен құтыла алмаған. Тек һижреттің сегізінші жылынан кейін ғана еркін тыныстауға мүмкіндік туды. Аяусыз зорлық- зомбылықтың көрінісі ретінде бірінші және екінші Хабашстан көші мен Мәдинаға үдере көшу тарихта орын тепті. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Тайфқа барғандағы көрген қорлығы да сол заманның ащы шындығы. Мүшріктер Пайғамбарымыздан (с.а.с.) бастап барлық мұсылмандарға ата жауындай өшікті. Құрайыштың Ясир деген кісісін әйелімен бірге екі аяғын екі түйеге байлап тірідей екіге бөлген. Алдымен әйелі Сүмәяны, артынша Ясирдің өзін. Бұл екеуі Исламның алғашқы шейіті еді. Бұлардың артында ер жеткен мұсылман болған Аммар есімді ұлы қалды. Мұсылмандар осы сынды қаскүнемдікті көзбен көріп жүріп, өз ажалым қашан келеді екен деп, шыбын жанын шүберекке түйіп келді. Мұсылмандардың бірі Пайғамбарымызға (с.а.с.) барып, жағдайдың қиын екенін айтып, Аллаһтан дұға тілеуін өтінеді. Сонда Расулаллаһ: «Аллаһқа ант етейін, сендерден бұрынғы үмбеттер бұдан да зорын көрген. Арамен тірідей екіге бөлінгендері де болған. Еттері сүйектерінен ажыратылып жатқанда да дінінен қайтпаған. Аллаһ бұл дінді өз биігіне жеткізеді, бірақ сендер асығасыңдар. Күндердің күнінде Хирадан Хадрамутқа жалғыз жол тартқан әйел жабайы аңнан басқа ештеңеден де қорықпай кете беретін бейбіт заман туады» (Бұхари, 25) , – деп сүйіншілейді. Һижреттен кейін ғана Аллаһ расулының (с.а.с.) мүшріктермен де, басқа дін өкілдерімен де саяси әрі дипломатиялық байланысы басталған, өйткені Мекке кезеңіндешекара менмемлекет ұғымыболмағандықтан, мұсылмандар өз алдына жеке ел ретінде танылмаған. Мекке жеке қала еді, билік мүшріктердің қолында тұрды. Меккеде Исламның ең қиын кезеңінің болғаны да осы себепті. Мүшріктер мұсылмандарды һижреттен кейін де тыныш қоймады. Ақырында, арада Бәдір, Ұхұд, Хандақ сынды шайқастар орын алды. Соңында Һудайбия келісімі жасалып, тарихта қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт күндер басталды, бірақ бұл күндер көпке созылмады. Белгілі бір
уақыттан кейін мүшріктер келісімді бұзып, баяғы таз қалыптарына қайта түсті. Һижреттің алтыншы жылы болатын. Һудайбиядағы келісімді бұзып, мүшріктер мұсылмандардың бір одақтас тайпасына басып кіреді. Осы кезде Пайғамбарымыз (с.а.с.) он мың адамдық қолды Меккеге аттандырады. Қарсы тұрар дәрмен жоқ, меккеліктер сол жерде беріледі. Мұсылмандар Қағбаны жеті рет тауап етіп, қасиетті орынды пұттардан тазартады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Исламды насихаттағанда мүшріктерге барынша жұмсақтық танытып, мейірімнен, кешірімнен танбады. Меккенің алынуымен мұсылмандар мен мүшріктер арасында саяси байланыс дейтін ұғым жойылды. Мүшріктер Меккеде болмағанымен, Арабияның басқа да жерлерінде өмір сүре берді. Барлық мүшріктерді түгел қамтыған және мұсылмандардың олармен қалай қатынасу керек екенін бекіткен соңғы үкім һижреттің тоғызыншы жылы түсті. Бізге жеткен деректерге қарасақ, Пайғамбарымыз (с.а.с.) һижреттің тоғызыншы жылы Тәбук соғысынан қайтқанда, хазірет Әбу Бәкірді жанына бірнеше адамды қосып қажылыққа жібереді. Олар Мәдинадан шыққаны сол еді, мүшріктермен қарым-қатынас туралы айтылған «Бәра» сүресі түседі. Осы аяттардың астарын меккеліктерге ұқтыру үшін Пайғамбарымыз (с.а.с.) Әбу Бәкірдің артынан Алиді (р.а.) аттандырады. Хазірет Али (р.а.) қажылық күндері осы сүренің алғашқы отыз- қырық аятын меккеліктерге оқып береді. Бұл соңғы үкім меккеліктердің кейбір жаман әдеттерін тыйып, Қағбаға тауап етіп ғибадат жасауды қайта қалпына келтірді. Мұсылмандардың мүшріктерге қойған осы бір талабын зорлық деп түсіну дұрыс емес, өйткені бұл биліктің халыққа қатысты шығарған заңы іспеттес. Мүшріктердің көпшілігі ендігі дәуреннің Исламда екенін түсініп, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қоштасу қажылығында иман етті. 99. Расулаллаһтың (с.а.с.) кітап иелерімен байланысы қандай болған? Хазірет Мұхаммед Мұстафа(с.а.с.)пайғамбарлықтан бұрын Шам, Йемен, шығыс Арабияға жасаған саяхаттарында кейбір кітап иелерімен ұшырасқан, бірақ кездейсоқ ұшырасып қалғаны болмаса, олармен әдейілеп әңгімелесіп, дін тақырыбында ештеңе қозғамаған. Құран аяттары кітап иелерімен байланысын сөз қылғанда, олардың тәухидті қате түсінетінін айыптап, Пайғамбарымызға тәухидті түсіндіруді жүктеп, діндердің ортақ тұстарын сөз еткен, бірақ олар Пайғамбарымызға (с.а.с.) сенбегендерімен қоймай, сенген мұсылмандардың да көкейіне күмән салуға, Исламнан алыстатуға тырысатын. Яһудилер мүшріктермен ауыз жаласа отырып, Пайғамбарымызға (с.а.с.) қар астынан қақпан құрып, небір сұмпайы сұрақтар қойып, тығырыққа тіреуге тырысатын. Мұсылмандардың Пайғамбарымызға (с.а.с.) деген сеніміне селкеу түсірмекке әрекеттенетін. Жұмсақ сөйлескен болып, кей кездері наразылықтарын орынды етіп көрсетпек болатын. Мұсылмандар Мәдинаға көшкенде яһудилердің зығырданы қайнаған. Қайткен күнде де қанат жайып келе жатқан Исламды тоқтатып,
Пайғамбарымызды (с.а.с.) өлтіру олардың күн тәртібіндегі бірінші мәселеге айналды. Алда-жалда мұсылмандар біреулермен соғыса қалса, яһудилер дереу қарсы жаққа көмек беріп, қырғи-қабақ соғысқа көшті. Құран аян еткен осындай соғыстардың бірі Хандақ шайқасы еді. Күннен күнге өрши берген жаулықтан кейін Пайғамбарымыз (с.а.с.) яһудилерге барып, оларды отырған жерінен қуып шықты. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жұрттың бәріне деген мейірімін кезі келгенде яһудилер де пайдаланды, бірақ жақсылыққа жамандық жасағандарды Пайғамбарымыз (с.а.с.) да лайықты жазалай білді. Христиандарға келер болсақ, олардың кейбірі Исламды қабылдаса, кейбірі яһудилер секілді ерегісе түсті. Пайғамбарымыз (с.а.с.) христиан мемлекеттеріне де хат жолдап Исламға шақырды. Олардың кейбірі Исламды қабылдады, кейбірі қабылдамады, бірақ ақыр аяғында араб түбегі тұтастай мұсылмандықты қабылдап, Ислам діні өзінің гүлдену дәуірін бастады. 100. Мұнафықтармен ара қатынасы қандай еді? Араб тіліндегі мұнафық сөзі «нәфақ» түбірінен шыққан. Оның мағынасы «көртышқанның іні» дегенді білдіреді. Қалайша көртышқан інінің бір тесігінен кіріп, екінші тесігінен шығатын болса, мұнафық та Исламның бір жағынан кіріп, екінші жағынан шықпақ. Олар – күпірін жұрттан жасырып, өзін мұсылманмын деп айтатын адамдар. Кез келген идеология, пікір мен көзқарас немесе саясат заманға үстемдік құра бастаған кезде, екіжүзділік шығады. Бұл қалыпты да. Екіжүзділік Меккеде қорлық пен азап көріп жүрген күндерде емес, мұсылмандардың күшейе түскен кезі Мәдинада алғаш көрініс бере бастады. Меккеде, керісінше, иман еткендер иманын жасырын ұстауға тырысатын, өйткені ол кезде мұсылман мүшріктер тарапынан таяқ пен жұдырыққа көнуі бір басқа, қоғамнан шеттетіліп, адамдармен жөнді араласа да алмас еді. Оған тарихта Пайғамбарымызға (с.а.с.) қарсы жасалған тығырыққа тіреу (байкот) мысал. Ал Мәдинада жағдай мүлде басқаша сипат алды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) һижрет етпей тұрып Мәдинадан Әус пен Хазраж сынды одақтас тайпалар жауапкершілікті мойындарына алып, Исламның таралуына жағдай жасап, мұсылмандарға қорған болды. Осы жерде Исламның жаңа бір асуды бағындырғанын көз көрді, бірақ мұнафықтар мұһажирлер мен ансарлардың қалың күшінен ығып, ашық жаулық ете алмады. Ақырында, қырғи-қабақ жасырын жаулыққа көшті. Сырттай мұсылман көрініп, пиғылдары мүлдем кереғар еді. Пайда болған мұнафықтар мұсылмандарды біріне- бірін айдап салып, араларына от тастауды көздеді. Мұсылмандардың күшейгенін көрген дұшпандарының ойлап тауып жүрген амалы – жансыз жіберу арқылы іштей құрту болды. Мұнафықтар сырттай мұсылманның істегенін істеп, солардың жүріс- тұрысын қайталап жүргендіктен шеттетілмей, Ұлы Хакимнің хикметімен дүниеде мұсылман болып санала берді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) да оларды
біле тұра бөліп-жармады. Мұнафықтар мұсылмандармен жүргенде өздерін иман еткен адамша ұстап, кәпірлермен жолыққанда бет-перделері түріліп, шын бейнелері көрінетін. Құранда «Олар иман еткендерді көргенде «біз де иман келтірдік» дейді, бірақ шайтандарымен оңаша қалғанда «Біз сендермен біргеміз », – дейді» («Бақара» сүресі, 14) делінген мұнафықтар ешқашан екіжүзділіктен танбады. Сырт көзбен қарағанда құдды Аллаһ үшін отқа салсаң да қыңқ етпейтіндей сыңай байқататын. Құранда мұнафықтар жайлы «Кей адамдардың дүние тіршілігі турасында сөйлеген сөзі сені таңдандырады. Бөтен ниетте емес екенін айтып, оған Аллаһты куә етеді. Шындығында, олар барып тұрған өтірікшілер» («Бақара» сүресі, 204-206) деп сипаттаған. Мұнафықтардың қаупінің үлкендігі болса керек, Құранда арнайы «Мұнафиқун» деген атпен сүре түскен. Екіжүзділердің Пайғамбарымызға (с.а.с.) құрған тұзақтарының бірі һижрет кезінде салған мешіттерінің жанынан тағы бір мешіт салуы еді. Осыдан-ақ мұсылмандардың арасына іріткі салу мақсаттары менмұндалап көрінеді. Олар мешітті бітіргеннен кейін Расулаллаһтың (с.а.с.) сол жерге келіп намаз оқуын сұрады. Ондағы ойы – Пайғамбарымызды (с.а.с.) осы жерде намаз оқыта отырып мешітті үлкен мәнге ие қылу. Пайғамбарымыз бұл ұсынысты кейінге қалдырады. Сөйтіп жүргенде уахи келіп, бұл мешіттің иманды жою үшін салынғаны ашық айтылды. Аллаһ елшісі (с.а.с.) бірнеше сахабаны жіберіп мұнафықтардың мешітін бұздырып тастады. Олардың бәріне ортақ бір қасиеті – бейбіт күндері Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жанында жүріп жиһадқа шығуға дайын екенін айтып, ал шешуші сәтте сылтау тауып сұрана бастайтын. Өздері бармағанымен қоймай, жиһадқа шыққандарды да азғыратын. Ұхұд соғысында майдан алаңын тастап тым- тырақай қашқаны тарихта жазулы және осындай істі неге істегенін сұрағанда айтатын сылтаулары да таусылмайтын. Іштен яһудилердің, сырттан мүшріктердің қысымы артып Хандақ соғысы басталған кезде мұнафықтар тағы да баяғы әніне басып, түрлі сылтау айтып тарап- тарап кеткен еді. Құран кәрім олардың кейбірін ашық айыптады. Аллаһ расулы (с.а.с.) оларды дінінен тайған мүртәдтардың қатарына қоспай, мұсылман деп санаған. Аллаһтың мұнафықтар жайлы айтқан үкімі жалпы үкім, белгілі бір адамдарға қатысты емес. Түсу мақсаты – оларды ескерту, тәубеге шақыру. Шынында, Құранның ескертулерінен кейін көбі тәубе етті, өйткені олар бұл аяттардың Аллаһтан екенін жақсы білетін. Тоқсан ауыз сөзді түйіндей айтқанда, Мәдинадағы екіжүзділік сол кезде Исламның қаны сорғалап тұрған мәселелерінің бірі болған. Мұнафықтар реті келгенде мұсылмандарға тасадан тас лақтырып жатса, мұсылмандар өз араларынан орын беріп, екіжүзділігін бетіне баспай, жақсылық жасауын жалғастырды.
101. Қоштасу құтбасында қай тақырыптарға ерекше тоқталған? Қоштасу қажылығында адам құқықтарына, жаһандық әрі өзгермейтін жалпы қағидаларға тоқталған. Бұл кездесуден кейін, осы араға қайта келмеуінің бек мүмкін екенін айтып, адамдардың қай ұлттан, қай діннен болса да жандары мен малдарының бір-біріне харам екенін, жан мен малға қол сұғылмаудың Исламдағы негізгі қағида екенін айтқан. Жаһилия кезеңіндегі ел ішіндегі надандық қалдықтарының біржола жойылып, енді қайтып келмеске кеткенін тілге тиек еткен. Қай дәуірде болмасын, адамның ата жауы шайтан екенін, оның қияметке дейін пенденің қыр соңынан қалмайтындығын ескерткен. Бір жылдың он екі айдан тұратынын, олардың төртеуі харам екенін, харам айлардың орнының ауыстырылуы күпірлік екенін айтқан. Әсіресе, әйелдерге қатысты міндеттерді орындауды, ер адамның Аллаһтан қорқуын өсиет етіп, неке мен отбасылық өмірге мұқият қарауды тапсырған. Әйелдің де, ерінің де отбасында өздеріне қатысты құқықтары мен жауапкершіліктерін бекіткен. Еркектердің отбасы нәпақасын табуға, әйелдің сол табысты шашпай-төкпей жұмсауға міндетті екенін айтқан. Өзінен кейін келетін барлық мұсылмандарға баяғы қателіктеріне бой алдырмауын, дүние мен ақирет бақытына жетер жолдағы темірқазық Құран кәрім мен өзінің сүннетін аманат ретінде қалдырып бара жатқанын айтқан. Адамдарға қол астындағы қызметшілерге жақсы қарауды, өзінің ішіп- жегенін бөлісуді, шама-шарқынша кешірімділікті ұстануды тапсырған. Айтқан осы өсиеттеріне бекем болуды, мұсылмандардың бір-біріне бауыр екенін, кісі малын ақысыз жеудің харам екенін тағы да баса айтқан. Бәрінің дәмі таусылған күні Раббыларының алдына баратынын, өзі кеткеннен кейін қайтадан ескі әдеттеріне бас ұрмауды шегелеп тапсырған. Бұл айтқандарының бәрі жұрттың білуі керек маңызды мәліметтер екенін және естімегендерге сол жердегі мұсылмандардың жеткізуін өсиет еткен. 102. Өмірінің соңында нені көбірек аманаттаған? Өмірінің соңғы уақыттарында көп ескерткені – намаз. Ақтық демі шығар сәтте науқас күйінде сүйретіліп келіп намазға тұруы арқылы барша мұсылмандарға үлгі болған. Соңғы сәттерінде «Намазға абай болыңдар! Намазға абай болыңдар! Қол астыңдағыларға әділетсіздік етпеңдер, Аллаһтан қорқыңдар!» (Ибн Мажә, Уасия, 1) дегенін де білеміз. Тағы бір ерекше тоқталғаны – кісі ақысы. Қызметшілеріңе жегендеріңді жегізіп, кигендеріңді оларға да кигізіңдер, жақсы сөйлесіңдер деп әділдікке мән берген. Әйелдерге жақсы қарым-қатынас жасау, сырттан келген елшілерді дұрыстап күту де мұсылманның негізгі ұстанымы болуға тиіс екендігін айтқан.
103. Өмірінің соңғы күндері қалай өткен? Пайғамбарымыз (с.а.с.) да адам баласы болып туылып, ажалы жеткенде дүние салды, бірақ міндетін мінсіз атқарып кетті. Өмірінің соңында жер- жерге елші жөнелтіп, Исламды барша адамзатқа таратып бақты. Аллаһтың уәде еткен жеңісі мен биігіне жетіп, жұрттың бәрі топ-тобымен Исламды қабылдап жатты. Тіпті араб түбегі емес, маңайдағы мемлекеттерде де Исламға төтеп берер дін қалмады. Бағындырылған жерлерде дінді үйрету тұрғысынан үлкен мұқтаждық туындады. Мәселелерді шешу үшін Пайғамбарымыз өзі жетілдірген сахабаларды осы аймақтарға жіберді. Әр рамазанда он күн иғтиқаф жасайтын. Бұл жылы жиырма күн иғтиқафқа кірді. Жыл сайын бұл уақытта Құранды Жәбірейілден толығымен тыңдайтын, бұл жылы екі рет толығымен хатым еттірді және де соңғы қажылығында қажылықтың рәсімдерін үйретіп жатып, «жақсылап үйреніп алыңдар, биылдан кейін қажылыққа келер-келмесім екіталай» деген еді. Ұхұд шейіттерін зиярат етіп оларға көп-көп дұға етті. Мұнымен қатар кей жерлерде пайда болған бүліктерді тоқтату үшін қол жасақталып, қолбасшы етіп Ұсама ибн Зәйд таңдалды. Мұны естігенде мұнафықтар қарсы шығып, аңдаусызда өздерінің бет перделерін ашып алды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) жұрттың бәрін жинап Зәйдтің бұл іске лайық екенін айтты. Ақырында, ансарлар мен мұхажирлер болып тегіс соғысқа шығуға дайындалды, бірақ сол кезде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) денсаулығы сыр беріп, әскер Мәдинаның сыртында аялдай тұрды. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бас ауруы күннен күнге асқына берді. Ақыры төсек тартып жатып қалды да, жұбайларынан сұранып Айша анамыздың үйіне біржола көшті. Анда-санда есінен танып, жанындағылар үстіне салқын су төккенде ғана ес жинайтын. Ауырғанын басу үшін басын таңып алды. Намаз оқытып, жұртқа уағыз айтқаннан кейін, Ұхұд шейіттеріне ұзақ дұға етті. Сосын «Аллаһ тағала құлына дүние мен Өзінің құзырын таңдауды еркіне берді. Құлы Раббысының құзырын таңдады », – деді. Мұны естіп, сөздің төркінін ұға қойған досы Әбу Бәкір (р.а.) жылап жіберді. Жүруге шамасы келіп тұрғанда мешітке келіп намазды атқарып жүрді. Ең соңғы оқытқан намазы ақшам намазы еді. Басын таңып алып ақырғы намазда «Мүрсалат» сүресін оқыды. Түн батқаннан кейін «Намаз уақыты кірді ме?» – деп сұрады. Сахабалар: «Бәрі сізді күтіп отыр», – деп жауап берді. Жуынып мешітке жүре бергенде тағы да талықсып кетті. Есін жиғаннан кейін «Намаз уақыты кірді ме?» – деп екінші мәрте сұрады. Жұрт бағанағы сөзді қайталады. Бой дәретін жаңалап, жүре бергенде қайта талып қалды. Есін жиды да намаз уақытын сұрады. Тағы да жаңағы жауап берілді. Үшінші рет мүбәрак денесіне су төккізіп, жамағатқа намазды Әбу Бәкір оқытуын тапсырды. Біле білген адамға бұл өте үлкен жауапкершілік. Айша анамыз әкесіне бұл жауапкершіліктің ауыр тиетінін айтқанда, Аллаһ елшісі (с.а.с.) жоғарыдағы сөзін қайталады да, жұртқа қарап былай деді: «Уа, халайық, маған ең жақының – Әбу Бәкір. Егер жақын дос таңдар болсам, Әбу Бәкірді таңдар едім. Әбу Бәкірдің есігінен басқа мешітке қарай ашылған
барлық есік жабылсын. Мен сендерді ақиреттегі Ислам байрағының астында күтемін. Қазірдің өзінде хауызымды көріп тұрмын. Негізінен маған жер бетінің кілті берілген. Аллаһтың атымен ант етейін, сендердің қайта мүшрік болуларыңнан емес, дүниеге беріліп бір-біріңмен жауласуларыңнан қорқамын », – деді. Бұл кезде ауруы басылып, басы қоя бастаған. Ол кісінің намазға келгенін сезген Әбу Бәкір намаздағы имамдықты Аллаһ елшісіне ұсынғысы келіп кері шегіне бергенде, қолымен ишара етіп намазды жалғастыруды бұйырды. Өзі Әбу Бәкірдің артында отырып әрі оған ұйып, намаз оқыды. Дүйсенбі күні, ақиретке аттанатын күні, жүрегінде тыныштық, жанында рақат бар еді. Таң ата терезеден мешітке қарағанда жұрттың таң намазын оқығалы жатқанын көрді. Сыртқа көз тастап жүзінен жылылық білінді. Бұл сахабаларының парасат Падишасын (с.а.с.) соңғы көруі еді. Рабиул-әууәл айының он екісі, дүйсенбі күні, түстен кейінгі уақытта, мүбәрак басын Айша анамыздың кеудесіне қойып ақтық демін шығарды. Айша анамыз Расулаллаһтың соңғы сағаттарын былай еске алады: «Аллаһтың маған берген үлкен нығметтерінің бірі Расулаллаһтың (с.а.с.) өмірінің соңғы сәтінде менің бөлмемде болып, мен аузыма салған мисуакты оның да қолданып, жанымда отырып жан тапсыруы. Абдуррахман қолына мисуак алып бөлмеге кірген-ді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мисуакқа қарап қалғанын көрдім де мисуакты алып берейін бе деп сұрадым. Ол кісінің мисуакты қатты жақсы көретінін білуші едім. Ол басын изеді. Мен мисуакты жұмсарттым да жайлап тістерін ысқылай бастадым. Ал ол болса жанындағы суға қолын малып алып: «Лә иләһә иллаллаһ! Өлімнің ауырлығы бар екен », – деді. Сосын қолдарын көтеріп демі үзілгенге дейін «Уа, Аллаһ тағалам, Рафиқул-Ағланы қалаймын!» – деп жатты. Ақырында, талай мұғжизаға себеп болған мүбәрак қолдары сылқ еткен күйі жансызданып сала берді» (Бұхари, Мәрда 19, Фәзайлус-Сахаба 5, Дағуат 28) . Хазірет Омар (р.а.) Пайғамбарымыздың өлмегенін айтып, «Ол тек Мұсаның Раббысына кеткені секілді кетті. Ол екіжүзділерді жоқ етпейінше өлмейді», – деп өліміне сенгісі келмеді. Сонда Әбу Бәкір оған қарап: «Омар өз-өзіңді ұста, тыныштал», – деді. Омар сөзін жалғастырып тоқтамады. Сонда Әбу Бәкір Омардың тоқтамайтынын сезіп, халыққа қарап былай дейді: «Ей, халайық! Араларыңызда Мұхаммедке табынатындарың бар болса, біліп қойсын ол өлді. Ал кімде-кім Аллаһқа табынатын болса, біліп қойсын, ол мәңгі тірі, өлмейді» Аллаһ тағала былай дейді: « Мұхаммед тек елші ғана, одан бұрын да елшілер өткен. Ал сонда ол өлсе не өлтірілсе, сендер бұрын табынғандарыңа қайта ораласыңдар ма (қайта кәпір боласыңдар ма ?) («Әли Имран» сүресі, 143-аят) . Барша халық бұл аятты Әбу Бәкірден алғаш рет естігендей болды. Омар (р.а.) былай дейді: «Аллаһтың атымен ант етейін, бұл аятты Әбу Бәкірден алғаш естігендеймін. Ол аятты естір-естімес мән-жайды түсіндім де толық сендім. Аллаһ елшісі (с.а.с.) қайтыс болды, буыным босап, жерге отыра кеттім (Бұхари) .
104. Жаназасы қалай шығарылған? Қайтыс болғанда мәйітін жуу үшін ағасы Аббас, Али ибн Әбу Тәліп, Фадл ибн Аббас, Ұсама ибн Зәйд, Күшәм және азат еткен құлы Салих бар еді. Бұлармен қоса, Бәдір соғысына қатысқан ансар Әнас ибн Әбу Хаул да Алиден қайта-қайта өтініп жуындыруға кірген еді. Хазірет Али (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мүбәрак тәнін көйлегінің сыртынан жуып жатты. Аббас, Фадл, Күшәм Сардарды (с.а.с.) жуындыруға ыңғайлап ұстап тұрды да, Ұсама мен Салих су құйып тұрды. Сол кезде хазірет Али: «Әкем мен шешем сенің жолыңда құрбан болсын, пайғамбарым, тірі күніңде қандай таза болсаң, көз жұмсаң да сондай тазасың!» – деді. Хазірет Айша (р.анһа) осыған қатысты мынаны ай- тады. «Пайғамбарымыздың мәйітін жуу жайлы жұрт түрлі пікір айта бастады. Үстіндегі киімді шешу керек пе, жоқ па деп дағдарып тұрғанда барлығының көзі кенеттен ілініп кеткендей болды. Сол-ақ екен анадай жерден бір адам көрініп Аллаһ елшісі (с.а.с.) киіммен жуылатынын айтты. Жұрт киімін шешпестен жуындырып болғаннан кейін үш бөлек ақ матаға орады. Он сегіз мың ғаламның сардары, күллі адамзатқа асыл дінді алып келген ақиық елшінің бұл фәниден әкеткені осы ақ мата ғана еді. Қайтыс болған адамның артынан ең соңғы жа- салатын міндет – дұға ретінде жаназа намазын оқу. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жаназа намазында да бір кісі имамдыққа өтіп намаз оқытуы керек болды, бірақ бұл жолы ешкім де Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жаназа намазын жұртқа имам болып тұрып оқытуға жүрегі дауаламады. Ақырында, жұрт бір-бірлеп кіріп, өздері оңаша оқып-шығып жатты. 105. Жерленетін жері қалай белгіленген? Қайтыс болғанда қай жерге жерленетіні әлі анықталмаған еді. Тағы да жұрт түрлі пікірлер айтты. Сол кезде Әбу Бәкір (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өз аузынан естіген «Ешбір пайғамбарға қайтыс болған жерінен басқа жерге қабір қазылмайды» деген хадисті айтты. Осылайша Айша анамыздың бөлмесінен Пайғамбарымызға (с.а.с.) қабір қазылып, ішіне қызыл барқыт төселді де сәрсенбі күні кешке жерленді. Сүйегіне Али, Аббас, Ақыл ибн Әбу Тәліп, Фадл және Шүкран (р.анһум) деген сахабалар түсті. 106. Дінді толық жеткізіп кетті ме? Барлық пайғамбар атаулы міндеттелген жұмысы үшін бар өмірін сарп етеді. Олардың жалғыз ғана мақсаты Аллаһ разылығына ие болу. Сол жолда адамдардың көңіліне жол табу, ешкімді Исламның ақиқатынан мақұрым қалдырмау. Рас, бұл екінің бірінің қолынан келе беретін іс емес. Кейбіреулер мақсаттарына кіріспей жатып босаңсып қалса, енді бірі ортасында шығып қалып жатады. Ал пайғамбарлар өздерінің өмірлік мақсаты дінді тәблиғ ету
жолында жүз пайыз жетістікке жеткен, нәтижесін де көзі тірісінде көріп кеткен. Пайғамбарлардың барлығы міндеттерін мінсіз атқарды. Алайда ақырғы елші Мұхаммед Мұстафаның (с.а.с.) жауапкершілігі ерекше, өйткені одан кейін пайғамбар келмек емес. Ол – қияметке дейін келіп-кетер адамзаттың барлығына ортақ пайғамбар. Жұрттың көкейіне келер-ау деген барлық сұрақтарға жауаптарын айтып кетті. Аллаһ тағаланың Өзі кәмілдікке жеткізген діннің пайғамбары кішкентай нәрсені болса да айтпай кетті деу ақылға қонымсыз. Құран кәрімде діннің кемеліне жетіп, Аллаһтың адамдарға деген осы нығметінің тамамдалғаны «Бүгін діндеріңді кемелдікке жеткіздім. Сендерге арналған нығметімді тамамдадым. Діндеріңнің Ислам болу- ына разы болдым» («Мәида» сүресі, 3) деп айтылған. Яғни, сендерге иман, ақида, ахлақ нормаларын белгіледім және ең керемет заң негіздерін үйреттім. Бұдан кейін бұл діннің ешқандай кемшілігі жоқ. Сендерге һидаят пен иманға апаратын төте жолды көрсеттім. Уақыт өткен сайын сандарың артатын үлкен үмбет қылдым. Мұсылмандар өзге ешқандай дінді қажет етпейтіндей, харамға қайта жоламайтындай діндерің иләһи нығмет болып қияметке дейін қала бермек дегендей. Ешқандай да мораль негізі қалмаған араб жерінде Ислам діні кісі айтса сенгісіз биікке көтеріліп, он жыл ішінде Ирак пен Палестинаның оңтүстігінен бастап барлық араб түбегін қамтитын үш миллион шаршы шақырымнан асатын жерге жайылды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) өмірден өткеннен кейін бес- ақ жылдың ішінде Еуропа мен Африка, Азия сынды үш құрлықтың қиырларына дейін барған. Ең қызығы сол, қаншама ұлт пен ұлыстар сонау алтын дәуір аталатын заманда өзара бейбіт өмір сүрді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзі көз жұмғанмен сөзі әлі күнге дейін үмбетін тура жолда ұстап келеді. Қоштасу қажылығында жүз елу мың адам болған деседі. Ал қажылыққа келе алмай елдерінде қалып қойған адамдар қаншама? Хазірет Пайғамбарымыздың (с.а.с.) тәблиғының аяқталғаны оның өмірінің соңғы кездерінде Рәфиқул- Ағланы (Ұлы Досын) қалауы еді. Онсыз да қоштасу қажылығында «Мен өз міндетімді атқардым ба?» – деп сұрағанда, сахабалары бірауыздан: «Иә, сен міндетіңді кіршіксіз атқардың», – деп ағынан жарылғаны көп жайтты сездірген болатын. 107. Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардан кейін пайғамбар келмейтіндігіне қандай дәлелдер бар? Аллаһ тағала Құран кәрімде: َّما َكا َن ُم َح َّم ٌد أَبَا أَ َح ٍد ِّمن ِّر َجالِ ُك ْم َولَ ٰـ ِكن َّر ُسو َل اللَّـ ِه َو َخاتَ َم النَّبِيِّي ََۗن َو َكا َن اللَّـهُ بِ ُك ِّل ََ ْي ٍء َعلِي اما «Мұхаммед сендерден ешбір еркектің әкесі емес, бірақ Аллаһтың елшісі және пайғамбарлардың соңы. Аллаһ әр нәрсені толық білуші» («Ахзаб» сүресі, 40) – деген.
Имам Табари: « пайғамбарлардың соңы » деген аяттың мағынасы, Мұхаммед пайғамбардың келуімен пайғамбарлық есігі жабылды, бұдан былай қияметке дейін пайғамбар келмейді», – деп түсіндірген (Тафсир Табари 22т 16 б) . Бірде Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: « Менмен менен бұрын келген пайғамбарлардың мысалы әдемілеп, сәндеп үй соққан кісі секілді, бірақ үйдің бұрышынан бір кірпіштің орнын бос қалдырған екен. Көпшілік бұл үйді айналып, әдемілігін көріп, таңырқайды, бірақ «мына кірпіштің орны неге бос тұр» деп таңданады. Міне, мына мен сол кірпішпін, мен соңғы елшімін », – деген (Сахих Бұхари 3 т 1300 б) . Басқа сөзінде « Мен соңғымын, менен кейін пайғамбар келмейді » (Сахих Мүслим 4 т 1828 б: Фатхул-Бари 6 т 557 б) деген. Бұл дәлелдермен қатар мынадай тұжырымдар да Пайғамбарымыздың (с.а.с.) соңғы елші екендігін көрсетеді. 1. Пайғамбарлық міндеті. Алдыңғы пайғамбарлардың барлығы дінді тарату міндеттерін толық орындау үшін шектеулі бір қауымға, белгілі бір уақытқа ғана келген. Ал Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.с.) дінді тарату міндеті барлық адамдарға және белгілі бір мекенмен, қауыммен шектелмей, ақиретке дейін жалғасатын барша адамзатқа елші болып келген. Міне, сондықтан Пайғамбарымыздың (с.а.с.) діні ақиретке дейін жалғасатындықтан, басқа пайғамбардың келуіне қажеттілік жоқ. 2. Алдыңғы пайғамбарларға түскен киелі кітаптар (Таурат, Інжіл) бұрмаланып, өзгертіліп, дұрысы мен бұрысын ажырату қиын жағдайға жетті. Ал Пайғамбарымызға (с.а.с.) түскен Құран кәрім Аллаһтың қалауымен бір әрпі де өзгертілмей, көктен түскен күйінде сақталды. Құран мұсылмандардың көкірегінде жатталуы арқылы сақталды, тіпті араб тілін білмейтіндер де Құранды жатқа білді, әрі түрлі жазу құралдары арқылы да сақталды. Сондай-ақ Аллаһ тағала: «Шындығында, Құранды біз түсірдік әрі оны міндетті түрде біз сақтаймыз» («Хұжр» сүресі, 9) деп уәде берген, сондықтан басқа пайғамбардың жаңа дінмен келуі қажет емес. 3. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әкелген шариғаты қияметке дейін жарамды, ешбір кемшіліксіз, әр заманға сай қоғамның бүкіл қажеттіліктерін өтей алатын қабілетке ие. Ал алдыңғы пайғамбарлардың шариғаттары тек өздері өмір сүрген заманға ғана тәуелді. 4. Бұрынғы пайғамбарлардың үмбеті күн өте келе азайып, тіпті өз пайғамбарларының өсиеттері мен көрсетіп кеткен үлгілерін ұмыта бастаған, ал Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.с.) үмбетінің күн өткен сайын саны артуда және айтып кеткен хадистері мен істеген ізгі іс-әрекеттерін үлгі тұтып, еш ұмытпастан ұрпақтан ұрпаққа беріп келеді. Осындай ерекшелікке ие Пайғамбарымыз (с.а.с.) адамзат баласының соңғы елшісі болып табылады. Олай болса, Мұхаммед пайғамбарымыздан (с.а.с.) кейін Аллаһтан елші келмеді және келмейді де, өйткені бұл – Аллаһ тағаланың уәдесі.
108. Артына мирас қалдырған ба? Пайғамбарымыз (с.а.с.) артына дүние қалдырмаған. Өмірінің соңғы сәттерінде хал үстінде жатқанда бір алтын теңгесі ғана бар еді. Оны да садақа етіп беріп жібереді. Жұбайы Хадиша анамыздың (р.а.) бастапқыда дәулеті мол еді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) барлығын Аллаһ жолында жұмсаған. Одан кейін де жаугершіліктен түскен олжа мен жер-жерден келген сыйлықтарды бір күн де қолында ұстамай елге үлестіріп беретін. Жегені – арпа бидайынан ашытып пісірілген нан. Бірде үйінде тіске басарлық азық таппай, бір яһудиге сауытын беріп аздаған бидай алған еді. Кейін сахабалар жаңағы яһудиге сұрағанын беріп сауытты әрең сатып алған. Кедейлікпен күнелткені өз алдына, бай болған күннің өзінде байлығының бір бөлігін де ұрпағына қалдыра алмас еді, өйткені бір сөзінде: « Біз, пайғамбарлар қауымы, артымызға мұра қалдырмаймыз. Қалдырған малымыз садақа болады », – деген-ді. Олардың қалдыратын мұрасы үйреткен діні, көрсеткен сүннеті, ахлағы мен сарқылмас ілімі болса керек. 109. Артта қалған жәдігерлеріне құрметпен қарау дінімізде қаншалықты маңызды? Дін Исламның еш жерінен шашау шықпай басы бүтін жетуінде сахабалардың еңбегі орасан. Хадисте «аспандағы жұлдыздарға» теңелген осы құтты жамағат Расулаллаһтан қалған рухани мұраны ғана емес, заттай жәдігерлерге де қасиетті аманат ретінде қарап, көзінің қарашығындай қорғаған. Әбу Бәкір (р.а.) мен Омарлар (р.а.) бастаған жұлдыздар шоғыры Пайғамбарымыздың шашы мен сақалын, тырнағын да дүниенің бар байлығына теңгермес еді. Тіпті өздеріне тиген осындай тәбәріктерін тастап кетуге қимай, өліп бара жатып қабіріне бірге көмдіргендері де бар. Солардан қалғандары бізге дейін келіп жетті. Құран мен сүннеттің рухымызға шипа болғанындай, жәдігерлер де көзімізге арқау, көңілімізге медет, өйткені Пайғамбарымызға тиесілі дүниелерді көзбен көре отырып иманымызды күшейтеміз. Аллаһ расулының (с.а.с.) сүннетін жеткізуде, заттық жәдігерлер мен рухани мұраларын ыждағаттылықпен зерттеп ізгілігімізге ұсынуда Абдуллаһ ибн Омардың(р.а.) алар орны ерекше. Пайғамбарға (с.а.с.) деген махаббатын өмірінің негізі еткен бұл үлкен сахабаның сүннетке деген ұқыптылығы кісі таңданарлық. Әр істегенін айна- қатесіз қайталап, тамақ ішкенде де еліктеп, жүрісіне дейін салатын. Тіпті Пайғамбарымыздың көлеңкелеп отырған ағаштың түбіне барып саялап, сол талды суарып та жүретін. Расулаллаһ дүние салғаннан кейін Ибн Омар оның аты аталған жерде шыдай алмай көз жасына ерік беретін. Аллаһ елшісінің мінберде аяғын қойған жерді алақанымен аялай сипайтын. Ал намаз оқыған жерінде намаз оқуға деген ықыласы тым ерекше еді. Мекке азат етілгенде, Пайғамбарымыз Қағбаға кіріп на- маз оқып шыққаннан кейін сахабалар ішке кіруге тұра ұмтылған. Бірінші Ибн Омар (р.а.) кіріп, Біләлдан (р.а.) Аллаһ елшісінің қай жерде
намаз оқығанын сұраған (Бұхари, Жиһад 127 ) . Тағы бірде Мұғауия әулетінің жиналған жеріне келіп, Пайғамбарымыз осы ауылға келгенде, мешіттің қай жерінде намаз оқыған еді деп сұрағаны бар (Муатта, Құран 35) . Мүбәрак сақалы мен шашы сахабалар арқылы сақталып, күні бүгінге дейін жетті. Әнас ибн Мәлик (р.а.) былай дейді: «Бірде Пайғамбарымыз (с.а.с.) шашын алдырды. Біз ентелей қоршап, бірде-бір қылдыжерге түсірмей таласып-тармасып жинап алып отырдық». Міне, осындай құрметтің арқасында жәдігерлері бізге дейін сақталған. Ә дегеннен Ислам мемлекетінің билеушілері Пайғамбарымыздан (с.а.с.) қалған жәдігерлерге ерекше көңіл бөлген. Бір-бірінен сатып та алғандары болған. Әртүрлі дәуірлерде түрлі басшылардың қолымен сақталған жәдігерлер жиналып, Аббасидтердің соңғы халифасы үшінші Мүтәуекелуллаһ тарапынан Явуз сұлтан Сәлім ханға тапсырылып, Ыстамбұлға апарылған. Аталмыш жерде төрт жүз жылдан бері бүгінге дейін хафыздар күніне жиырма төрт сағат үздіксіз Құран оқиды. Аллаһ расулының мұрасына осылайша құрмет көрсету дінімізге ешқандай да қайшы емес, керісінше, оған деген құрметіміздің көрінісі. Дінімізге қайшы болса, сонау сахабалардан бастап кешегі бабаларымызға дейін бұл дәстүр жалғасын таппас еді. 110. Түске кіретіні рас па? Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Кімде-кім мені түсінде көрсе, өңінде де көргені, өйткені шайтан менің бейнеме ене алмайды» (Бұхари, Табир 2, 10) деген хадис жеткен. Алайда кейбір ғұламалардың көзқарасы бойынша, Пайғамбарымызды көрген адам оның сипаттарымен де қоса көруі керек екендігін айтқан. Пайғамбарымызды (с.а.с.) әркім түсінде әртүрлі көруін былай деп түсіндіре аламыз. Адамдардың көрген түсі мен өздерінің рухани болмыстары арасында жақын байланыс бар. Егер адам түсінде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кейбір жақсы қасиеттерін көрмесе, демек, ол адамның өзінде сол қасиеттер жетіспейді деген сөз. Кейде адамның жағдайына қарай ишаралар да болуы мүмкін. Сол себепті де әртүрлі көреді. 111. Ақиретте куә болатындығын қалай түсінеміз? Аллаһ расулының (с.а.с.) адамдармен байланысы ақиретте де жалғасын таппақ. Осы дүниеде қамқор болғаны секілді үмбетін ақиретте де қамқорлығына алмақ. Тіпті үмбетіне ғана емес, барша адамзатқа, тіпті пайғамбарларға да куәлік етеді. Құрандағы «Әй, дәрежелі пайғамбар, Біз сені адамдарға куәгер, сүйіншілеуші әрі ескертуші етіп жібердік» («Ахзаб» сүресі, 45) деген аятқа қарасақ, Пайғамбарымыз (с.а.с.) осы дүниеде Аллаһтың жалғыздығын айтып, құлшылыққа міндетті екенімізді ескерткеніне күні ертең ақиретте өзі куә болмақ. Бұл жайлы мына аяттан көреміз: «Әй, расулым, әр үмбетке бір-
бірден куәгер пайғамбарларды жібергенде және сені барлығына куә еткенімізде олардың жағдайы не болар екен? Сол күні дінді жоққа шығарып, пайғамбарға қарсы шыққандар жерге кіріп кеткісі келеді. Олар ешбір арсыз істерін Аллаһтан жасыра алмайды» («Ниса» сүресі, 41- 42) , « Әр үмбетке өзінің куәгерлерін әкелетін күн келеді. Сені де үмбетіңе куә етеміз...» («Нахл» сүресі, 89) Ақиретте өзге үмбеттің бәрі өздеріне жіберілген пайғамбарларының тәблиғын жоққа шығарады. Аллаһ тағала сол пайғамбарлардан тәблиғ еткеніне куә сұрайды. Соңында мұны Мұхаммед (с.а.с.) үмбетінен де сұрайды. Мұсылмандар басқа үмбеттердің пайғамбарларына және сүйікті Елшіміздің (с.а.с.) пайғамбарлық міндетін атқарғанына куәлік етеді. Басқа үмбеттер «Мұны қайдан білесіңдер?» – деп сұрайды. Сонда мұсылмандар: «Мұны бізге Аллаһ Құранмен, өзінің жіберген пайғамбарының тілімен жеткізді», – дейді. Осы кезде Пайғамбарымыз (с.а.с.) шығып, үмбетінің дұрыс айтқанына куәлік етеді. «Осылайша сендерді артық-кемсіз орташа үмбет қылдық. Адамдарға куә болуларың және пайғамбарларыңның сендерге куә болуы үшін...» (349 «Бақара» сүресі, 143) деген аят осыны құптайды. Хазірет Пайғамбарымыз (с.а.с.) ақиретте ететін осы куәлігін есіне алғанда, мұңға шоматын. Ибн Мәсғуд (р.а.) мына бір оқиғаны әңгімелейді: «Бір күні Аллаһ расулы (с.а.с.) маған: «Құран оқы», – деді. «Құран сізге түспеп пе еді? Оны өзіңізге қалай оқып беремін?» – дедім. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мен басқалардан тыңдағанды ұнатамын», – деді. Мен «Ниса» сүресін оқи жөнелдім. «Әр үмбетке бір айғақ келтіріп, сені де оларға куә еткенде, олардың жағдайы қалай болар екен?» («Ниса» сүресі, 41) деген аятқа келгенде, «Жетер, жетер», – деді. Қарасам, Пайғамбарымыз (с.а.с.) жылап отыр екен (Бұхари, Тәпсір 4/9)
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 1. Абдулмалик ибн Һишам. «Сира набауия». Каир 2005ж. 2. Фетхуллаһ Гүлен. «Ғаламның рақым нұры» Көкжиек баспасы, Алматы 2007 ж. 3. Афифи Мухаммед Абдулфәттах. «Хадисул- Қуранул-Керим әл- Имамул Әнбия», Дарул Мысрия әл -Лүбнание, Каир 1995. 4. Қалмахан Сейітұлы. «Пайғамбарлар тарихы». Көкжиек. Алматы, 2010. 5. Ахмед әш-Шами Салих. «Дирасетис-Сире». әл- Мактабул Ислами, Бейрут, 1990. 6. Фетхуллаһ Гүлен. «Ғасыр тудырған күмәндар». Көкжиек баспасы, Алматы, 2009. 7. Дамира Өмірзаққызы. «Адамзаттың асыл тәжі». Алтын қалам баспасы, Алматы, 2007. 8. Мұхаммад Сайд Рамазан әл-Бути. «Фиқһу ас- сира». 9. Ақгүл Мұхитдин. «Қуран Керимде хазірет пейгамбер». «Ышык» баспасы, Измир 1999. 10. Ақики Неджип, «әл-Мүстәшрикун», Дарул-Маариф, Мысыр 1965. 11. Мухиддин Акгул. «99 соруда Ефендіміз». «Ышык яйынлары» баспасы, Түркия 2010. 12. Алуси Шихабуддин әс-Саид Махмуд. «Рухул Ме- ани фи Тефсирил- Қуранил-Азими уәс-Себьил- Месани». Дару Ихиа-Турасил-Араби, Бәйрут 1985. 13. Байрактар Ибраһим. «Хазірет Пейгамберин Ше- маили». Сеһа Нәшрият, Стамбул, 1990. 14. Бинтуш-Шаты Айше Абдуррахман, «Меал-Мустафа», Дарул- Меариф, Каир 1992. 15. Әбу Зеһра Мухаммед. «Хатемун-Небиюн». Дарул-Фикрил-Араби, Каир 1993. 16. Аркам Дия Умри. «Шығыстанушылардың хадистегі және Пайғамбар өміріндегі күмәні». 17. Газали Мухаммед. «Фыкһус-Сира». Дарул-Кутубул-Исламие, Каир. 18. Гүнер Осман. «Ресулаллаһын еһли китапла мүнасебетлери». «Феджр» баспасы, Анкара 1997. 19. Хаким Мухаммед Бакыр, «ел-Мүстешрикун ве Шүбехатүһүм Хевлал Куран». Бейрут 1985. 20. Құрманбаев Қайрат. Хадис ілімі. «Нур Мубарак». Алматы 2010ж 21. Ибн Хишам Джемаладдин Абдулмелик. «ес- Сиратун-Небия». Мысыр. 22. Кутуб Мухаммед, «Йірминджи асрын джахилие- ти», (ауд. Хасан Бешер), «Хилал» баспасы, Анкара. 23. Кутуб Сейд, «фи Зилалил-Куран» Даруш-Шурук, Бейрут 1988.
24. Зеһеби Мухаммед ибн Ахмед ибн Осман, «ес- Сиретун-Небийе», Дарул-Кутубул-Илмие, Бейрут 1982. 25. Р. Хайламаз. Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.). түрік тілінен аударған Ғ, Тобашев. Көкжиек баспасы Алматы 2013ж.
Мазмұны Алғы сөз .................................. .....................................................................3 1. Пайғамбарлардың жіберілу сыры неде?............................ ....................4 2. Пайғамбарлар неге періштелерден таңдалмаған?........ .........................6 3. Пайғамбарымыздың «Мен – Ибраһимнің дұғасымын» дегенін қалай түсінеміз? . .................. ................. ................. ........................................6 4. Аллаһ елшісінің әкесі Абдулла не себепті құрбандыққа шалынбақ еді?..................................... ........... ........... ................................................... 7 5. Ата-анасы мүмин бе?...... .......................................................................8 6. Пайғамбарымыз (с.а.с.) туылған кезде қандай ерекше оқиғалар орын алған?.................................. ........... ........... ........... ........... .....................................9 7. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) есімін кім қойған?.......... ........... .............10 8. Қосымша есімдері мен лақап аттары қандай?.............. ........... ...........11 9. Болмыс-бітімі қандай еді?................................... ..................................12 10. Бауырлары болған ба?................................................................12 11. Қандай кәсіппен айналысқан?...................................................13 12. Көкірегінің ашылуын (шарх-садр) қалай түсінеміз?. ..... ................14 13. Мұхаммед (с.а.с.) барша адам баласына ортақ пайғамбар ма?.......................................................................... .................................17 14. Таурат пен Інжілде Пайғамбарымыз (с.а.с.) туралы айтылған ба?................................................................. ........... ........... ..........................18 15. Яһудилер мен христиандар Пайғамбарымызды (с.а.с.) білген бе? ........................................................................ ........... ........... .......................20 16. Аллаһ елшісін (с.а.с.) көре тұра кітап иелері неліктен иман етпеді? ......................................................................... ........... ........... .................22 17. Қас дұшпандары иман келтірген бе?.... .............................................23 18. Пайғамбарлық келмей тұрып Хира үңгірінде қалай ғибадат етуші еді?...................................................... ........... ........... ............................25 19. Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) өзіне пайғамбар жүгі артылатынын білген бе?...................................................... ........... ........... ........... ........... ..................26 20. Исламда оқу-жазуға ерекше мән бере тұрып Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қара танымауының астарында нендей хикмет жатыр?......................28 21. Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) жындардың да пайғамбары ма?.... .........30 22. «Сен олардың арасында болған кезде Аллаһ оларға азап етпейді» деген аятты қалай түсінеміз?................ ........... ........... ................................30 23. Кісі есімдерін өзгерткен бе?................................. ..............................32 24. Үйінде қандай дүниелер ұстаған?................... ....................................32 25. Не себепті жұпыны өмір сүрген?.................... ...................................33 26. Жетім өсуінің сыры неде?................................ ...................................34 27. Дінімізде мұғжизаға сену қаншалықты маңызды?................ ...........36 28. Пайғамбарларға не үшін мұғжиза берілген?............................ .........38 29. «Құран кәрім Мұхаммедтің (с.а.с.) пайғамбарлығына дәлел» дегенді қалай түсінуге болады?.................................. ........... ........... ........... .............39
30. Айдың екіге жарылу мұғжизасына неге бүкіл әлем куә болмаған?.......................... ......................................................................41 31. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қандай пайғамбарлық сипаттары бар?.................................. ........................................................................42 32. Көркем мінез-құлқы да пайғамбарлығына бір дәлел дегенді қалай түсінеміз?........................ ........... ........... ................................................44 33. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жұмсақтығы мен кешірімділігі Аллаһтың нығметі ме?................ ........... ........... ...................................45 34. Әзіл айтатын ба еді?...................................................................46 35. Ел билеп, әскер басшысы болса да қарапайымдылықтан айнымаған ба? .................................. ........... .......... .....................................................48 36. Науқас адамдарды емдеген бе?. ................................................48 37. Намазы қандай еді?.....................................................................51 38. Хатшылық қызметін қай сахабалары атқарды?............ .....................53 39. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) айтқанының барлығы хадис па?. .........54 40. Өзге діндердің кітаптарын оқып сауат ашқан ба?........... .................55 41. Исра мен Миғраж деген не?. ................................. .............................56 42. Миғражға денесімен шыққан ба?.................. .....................................58 43. Миғражда тозақтағы күнәһарлардың жазалануын көрген бе? ................................................................... ........... ......................................59 44. Пайғамбарымыз (с.а.с.) уланғандықтан шейіт болып дүние салды ма?.................................................. ........... ........... ................................. 60 45. Махмуд дәрежесі қандай дәреже?.... ................................................. 62 46. Үмбетін қаншалықты жақсы көрді?. ....... ......................................... 63 47. Ғайыпты білетін бе еді?......................... .............................................69 48. Пайғамбарымыздан (с.а.с.) басқа болашақ жайлы айтатындарға сену дұрыс па?.......................................... ........... ........... ........... ...................72 49. Күнәсіздігін қалай түсінеміз?........................ .....................................73 50. Жеке басы күнәсіз бола тұра неге Аллаһтан кешірім сұрап истиғфар еткен?................................................. ........... ........... ........... ........... ....................74 51. Жеке басына қатысты «бұрынғы және келешектегі күнәларының кешірілуі» дегенді қалай түсінеміз?..... ........... ........... ........... ........... ..............75 52. Құранның кей жерлерінде Расулаллаһқа (с.а.с.) ескертулер жасалған ба?...................................................... ........... ........... ........... ........... ...............76 53. Алғаш кіммен үйленген? . .......................................................77 54. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Айшамен (р.а.) үйленудегі мақсаты не еді?. .................................... ........... ........... ........... ...............................................79 55. Көп әйел алу сол кезеңнің салт-дәстүрінде бар ма еді?...... .............81 56. Әйелдеріне қаншалықты тең қараған?............................ ..................82 57. «Мүминдердің анасы» деген атауды қалай түсінеміз?........ .............83 58. Бірнеше әйел алуының негізгі мақсаты шариғатты жеткізу дейді, мұны қалай түсінеміз?...................... ........... ........... ........... ..........................83 59. Үйленуінде саяси мақсат болды ма?....... ...........................................86 60. Жарларына уақыт бөле алған ба?............ ...........................................87 61. Жұбайларымен кеңескен бе?................. .............................................87
62. Әйелдеріне жақсы қараған ба? .................. ........... .............................89 63. Жұбайларының қызғаншақтығына қалай қараған?. ...... ..................91 64. Жұбайларының туыстарымен қандай қарым-қатынаста еді?.................................................. .......................................................92 65. Ерлі-зайыптыларға отбасына қамқор болу жайлы не айтқан?........................................... .......................................................92 66. Жүкті әйелге және туылған нәрестеге қаншалықты көңіл бөлген?......................................... .........................................................93 67. Қанша баласы болған?.......... ..............................................................94 68. Не себептен ұлдары ерте жастан қайтыс болған?....... .....................95 69. Балаға тәлім-тәрбиені қалай берген?......................... ........................97 70. Балаларды қаншалықты жақсы көрген?..................... .......................98 71. Киім киісі қандай еді және әйелдерінің сәнді киім кигенін ұнатқан ба?........................................ ........... ........... ........... .....................................101 72. Тамақтануы қандай еді?...........................................................102 73. Әһл-бәйіт деген кім?. ...............................................................103 74. Пайғамбарымызға (с.а.с.) сиқыр жасалған ба?................. ...............103 75. Пайғамбарымызға (с.а.с.) салауат айтып, сәлем жолдаудың мағынасын қалай түсінеміз?...................... ........... ........... ........... ...................104 76. Құран Пайғамбарымызға (с.а.с.) бағынудың Аллаһқа бағыну екенін айтады. Бұны қалай түсінеміз?.............. ........... ........... ........... ........... ............105 77. Аллаһқа сеніп, Пайғамбарымызға (с.а.с.) сенбеген адам мұсылман болып санала ма?.......................................... ........... ........... .....................106 78. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әлемге рақым болып келуін қалай түсінеміз?.............................................. ........... .....................................107 79. Пайғамбарымызды (с.а.с.) жақсы көру әрбір мұсылманның міндеті ме?................................................ ........... ........... ........... ........... ..................109 80. Пайғамбарымызбен (с.а.с.) кездесерде садақа беру керектігі жайлы аят бар ма? ............................... ........... ........... ........... ................................111 81. «Тікелей Аллаһтың қорғауында өмір сүрді» дегенді қалай түсінеміз?............................. ........... ......................................................112 82. Көп жерлерде періштелерден көмек алғаны айтылады. Бұл құбылыс қалай жүзеге асқан?. ............ ........... ........... ........................................114 83. Уахи періштесінің шынайы бейнесін көрген бе?........ .....................115 84. Мәдинаға барғанда ең алғаш не істеді?...................... .....................116 85. Мешіті қалай жарықтандырылған еді?...................... .......................118 86. Бір күндік уақытын қалай реттеген?......................... ......................118 87. Астан кейін дұға оқитын ба еді?.............................. ........................120 88. Сапарда жүргенде дұға еткен бе?.......................... ...........................121 89. Дүниеге келген жас нәресте үшін дұға еткен бе?......... ..................121 90. Елшілер мен қонақтарды қалай күтіп алатын?............. ...................122 91. Науқастарды зиярат еткенде нендей мәселелерге мән берген?..................................................................................... ........... ........... ...123 92. Аурудың алдын алу үшін қандай кеңес берген?.......... ...................124
93. Адал еңбек ету туралы не айтқан?....................... .............................125 94. Табиғатты қорғау, жан-жануарларға зиян тигізбеу туралы не айтқан?...................................................................... ........... .......................126 95. Аллаһ елшісі (с.а.с.) қандай себептермен соғысты?.. .....................126 96. Соғыс кезінде қандай тәсілдер қолданған?............... .......................130 97. Аз уақытта осындай үлкен жетістіктерге жетуінің сыры неде?.......................................................................................... ........... ............130 98. Мүшріктермен қарым-қатынасы қандай болды?............ ................131 99. Расулаллаһтың (с.а.с.) кітап иелерімен байланысы қандай болған?...................................................................................... ............133 100. Мұнафықтармен ара қатынасы қандай еді?............. ......................134 101. Қоштасу құтбасында қай тақырыптарға ерекше тоқталған..........136 102. Өмірінің соңында нені көбірек аманаттаған?.......... ......................136 103. Өмірінің соңғы күндері қалай өткен?.......... ...................................137 104. Жаназасы қалай шығарылған?................... .....................................139 105. Жерленетін жері қалай белгіленген? ........ .....................................139 106. Дінді толық жеткізіп кетті ме?............... .........................................139 107. Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардан кейін пайғамбар келмейтіндігіне қандай дәлелдер бар?............................... ........... ........... ........... ..............140 108. Артына мирас қалдырған ба?.................................................142 109. Артта қалған жәдігерлеріне құрметпен қарау дінімізде қаншалықты маңызды?........................................................ ........... ..............142 110. Түске кіретіні рас па?..............................................................143 111. Ақиретте куә болатындығын қалай түсінеміз?.............. ................143 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...................................... ........... ........269
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151