Денсаулық бер және рызықтандыр » (Мүслим, Зикр:35) деп дұға тілеген. Тіпті кейбір аурудан дем салу арқылы арылуды өсиет еткен. Бірде Пайғамбарымыз (с.а.с.) Умму Сәләсаның үйінде бетінде қара дақ бар қыздыкөріп: «Дем салыңдар, оған көз тиіпті», – деген. Аллаһ елшісі (с.а.с.) қатты науқастанып ауырған мезгілде муауизәтәйн («нас», «фалақ») сүрелерін оқып, алақанына үрлеп, денесінің қол жеткен жеріне дейін сипап дем салған. Қайтыс болардың алдында қатты науқастанғанда, Айша анамыз осы сүрелерді оқып, үрлеп Пайғамбарымызға дем салған (Р. Бути, Фиқһус- сира «Пайғамбарымыздың соңғы уақыттары»; Бұхари, емшілік кітабы) . Айша (р.а.) анамыз былай дейді: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) науқастанса, «муауизатайн» оқып, алақанына дем үрлеп, қолымен денесін сипайтын. Ол дүние салардағы науқасымен ауырғанда мен де өзі дем салатыны сияқты муауизатайнды оқып, дем үрлеп, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қолымен денесін сипай бастадым» (Бұхари 4439) дейді. 37. Намазы қандай еді? Пайғамбарымыз намаздағы әрбір қимылын ерекше ықыласпен орындайтын. Сырт көзге өмірі тек құлшылықтан тұратындай әсер беретін. Тіпті бір хадисінде « Менің ең үлкен қуанышым намазда. Намаз – көзімнің нұры, рухани ләззатым » (М. Юсуф Кандаһлауи: Хаятус -сахаба 3т. 500 б) – деп, намазға деген құштарлығы, дүниедегі қызығарлық барлық нәрседен артық екендігін меңзеп айтқан. Оның әрбір намазы Аллаһтың құзырына жетелейтін «миғраж» секілді еді. Бұл турасында « Аллаһты көріп тұрғандай намаз оқы. Сен Аллаһты көрмесең де, Ол сені көріп тұр » (Бұхари, Иман 1/27) – деп, соңғы рет намаз оқып тұрғандай, яғни, ихсан деңгейінде намаз оқу керектігін өсиет еткен. Екі жиһан сәруары (с.а.с.) дұғасында: «Уа, Аллаһ тағалам!Дұрыспенбұрыстыңарасыналыстатқаныңдай, мені де қателіктерімнен алыстата гөр. Уа, Аллаһ тағалам! Ақ киімді кірден тазаланғаныңдай, мені де қателіктерімнен тазарта гөр» (Әбу Дәуіт, Хаким) – деп шынайы ықыласпен тілек тілейтін. Намазға ықыластылығы соншалық – парыз болған намаздармен бірге нәпіл намаздарын да оқитын. Бес уақыт парыз бен сүннет намазына «дұха», «әууабин», «таһажжуд» секілді нәпіл намаздарды да қосып оқып, құлшылыққа ерекше ынтызарлығын байқатқан. Аллаһқа деген сүйіспеншілігін құлшылығын арттыру арқылы білдіріп, үмбетіне үлгі болған. Нәпіл намазында рукуғқа барғанын көргендер «Ойпырым- ай, сәждеге баруды ұмытпады ма екен?» – дейтіндей ұзақ уақыт рукуғта тұрып, сосын сәждеде де сондай ұзақ тұратын. Хадистердің тағы бірінде Жәбірейілдің (а.с.) оған: «Саған намазға деген құштарлық берілді. Одан қалағаныңша нәсібіңді ал» (әл-Бидая 6 т. 58 б.) – дегенінен Пайғамбарымыздың намазға деген құштарлығы, Аллаһ тағаланың берген сыйы екенін аңғарамыз. Хузайфа Пайғамбарымызбен (с.а.с.) бірге қалай намаз оқығанын, Пайғамбарымыздың намазға деген ықыласын былайша жеткізеді: «Бір түні
байқатпастан келіп Пайғамбарымыздың артына намазға тұрдым. Аллаһ елшісі «Фатиха» сүресінен кейін «Бақара» сүресін оқи бастады. Мен ішімнен «Бақара» сүресінің жүзінші аятында рукуғқа баратын шығар деп ойладым. Алайда менің ойлағанымдай болмады. Пайғамбарымыз «Бақара» сүресін бітіріп («Бақара» сүресі 286 аяттан тұрады), әрі қарай «Ниса» сүресін оқыды. («Ниса» сүресі 176 аяттан тұрады) «Ниса» сүресін тамамдаған соң, «Әли Имран» сүресіне өтті («Әли Имран» сүресі 200 аяттан тұрады). Салмақты, бір әуезбен мағыналы қалыпта оқи берді, оқи берді...Тасбих аяттарын оқығанда «субханаллаһ» дейді, дұға аяттарын оқыған сәтте дұға қылады. Жалбарынатын аятты оқыған кезде Аллаһқа жалбарынады. «Әли Имран» сүресінен кейін рукуғқа барып «субхана раббиәл-азим» деді. Рукуғы да қиямына ұқсас. Рукуғтан кейін тік тұрып, «Самиаллаһу лиман хамидаһ» деді. Тік тұрғандағы уақыты да рукуғдағы уақыты секілді еді. Осыдан кейін сәждеге барып: «Субхана раббиәл-ағла» деді. Сәжделері де ұзақ еді (Юсуф Кандаһлауи, 1435 б) . Әрине, бұл жеке оқыған намазы. Мұнша беріле намаз оқып жүріп еш уақытта намаздан шаршағанын білдірген емес. Хазірет Айша анамыз Пайғамбарымыздың оқыған намазын сөзбен жеткізе алмай: «Оның қиямда тұруын сен сұрамай-ақ қой, мен айтпайын!» – деп таңғалысын білдіретін. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) рукуғта, сәждеде, қиямда ұзақ тұрғанын осылай айтқан (Бұхари, Таһажжуд, 16; Мүслим, Мусафирин, 125) . Тіпті Айша (р.анһа) анамыз Пайғамбарымыздың (с.а.с.) намазды өте ықыласпен, жылап та, жалбарынып та оқығанын тілге тиек етіп: «Аллаһ елшісі Біләлдің азан шақырған даусынан оянатын. Дәрет алып, мешітке барар жолда шашы мен жүзінен су тамшылап тұратын. Имамдыққа тұрып, намаз оқытқанда көбінесе жылап тұрғанын еститін едім...» – деген. Мутаррифтің әкесі риуаят еткен хадисте: «Пайғамбарымыздың намаз оқығанын көрдім. Намазда жылағаны соншалықты – тасты диірменге салып үгіткендей көкірегінен ауыр бір дыбыс естіліп тұрды» (Хафи әл -Мунзири, Тарғиб уа тархиб 1/500) – деп жалбарына намаз оқитынын айтқан. Пайғамбарымыз намаз бастағанда жанындағы сахабалар оның көкірегінен қайнаған қазанның даусындай бұрқылдаған дыбыс еститінін айтқан (Қади Яаз, Китабу -Шифа би хуқуқи мұстафа 112 б.) . Бұл да оның (с.а.с.) жүректен, бар ынтасымен намаз оқитындығының белгісі. Умәйрұлы Үбәйд Айша анамыздан: «Аллаһ елшісінің ең таң қалдыратын ісін айтыңызшы?» – деп өтінгенде: «Оның қайсы ісі таң қалдырмады десеңші?!» – дейді де: «Бір түні бөлмеме кірді де, төсегіме жайғасты. Сонан соң: «Ей, Айша, маған рұқсат бер, Раббыма құлшылық жасайын», – деді де, дәретін жаңартып, намазға тұрды. Намазда жылағаны соншалық – көз жасы көкірегіне тамшылап жатты. Рукуғқа барғанда да, сәждеге бас қойғанда да ұзақ уақыт жылады. Аллаһ елшісінің жылауы таңғы намаздың уақыты кіріп, Біләл азан айтқанға дейін созылды». Сонан соң: «Уа, Нәби! Аллаһ сенің өткен және болашақ күнәларыңның бәрін кешірді ғой. Неге мұншалықты таусыла жылайсың?» – дегенімде, ол « Аллаһқа шүкір қылған құл болмаймын ба ?» (Мүснәд 169/93, 111 б) және «Аллаһ тағала мына аятты түсірсе, қалайша жыламайсың: «Күмәнсіз көктер мен жердің
жара- тылуында, түн мен күндіздің алмасуында әлбетте ақыл иелері үшін дәлелдер бар (Тарғиб, 2 т. 32 б) . Олар тіке тұрып, отырып, жамбастап жатып (кез келген жағдайда) Аллаһты еске алады. Сондай-ақ олар көктер мен жердің жаратылуы жайында ойланады да: «Раббымыз! Сен мұны босқа жаратпадың. Сен пәксің, бізді от азабынан сақта!». «Раббымыз! Сен кімді отқа салсаң, расында оны қорладың, залымдардың ешқандай жәрдемшісі жоқ». Раббымыз! Біз: Раббыларыңа иман келтіріңдер (деп) шақырған шақырушыны естіп, иман келтірдік. Раббымыз! Күнәларымызды жарылқап, жамандықтарымызды кешір, жақсылармен бірге өмір бер! Раббымыз! Бізге елшілеріңе уәде еткендеріңді бер, сондай-ақ бізді қиямет күні қор қыла көрме. Күдіксіз Сен уәдеден ешқашан да таймайсың» («Әли Имран» сүресі, 189-193) – деген аятты оқыды», – деп баяндайды. Аллаһқа жақын болу мен хақ дінді жаю ісін тең ұстаған, өне бойы биязылық пен әдептілікке тұнып тұрған Пайғамбарымыз (с.а.с.) қай жағынан алғанда да, барша адамзатқа үлгі. Бір күні Ибн Масғуд Аллаһ елшісінің нәпіл намаз оқып тұрған кезіне жолығады. Көп ойланып жатпастан дереу оның артына ұйып тұра қалады. Бұл оқиғаны өзі былай баяндайды: «Артына ұйып тұра қалдым, небәрі екі-ақ рәкат намаз еді, бірақ Аллаһ елшісі сүрелерді ұзақ оқыды. «Бақара» сүресін бітіргенде рукуғқа баратын шығармыз деп ойладым, бірақ ол «Әли Имран» сүресіне өтті. Ол біткенде, «Енді рукуғқа баратын шығармыз», – деп, көңілім байыз таппай тұр еді, іле «Ниса» сүресін бастап кетті. Рукуғқа бармастан «Мәида» сүресін де оқи бастады. Алғашқы рәкаттың өзінде-ақ осы төрт сүрені, яғни Құранның 124 бетін оқыды. Шыны керек, сол уақытта маған бір ой келді. Жанында отырған сахабалар: «Не ойладыңыз?» – деп сұрағанда, Ибн Масғуд: «Сабырым жетпей кеткендіктен, намазды сол жерден үзсем бе екен дедім» (Кандаһлауи, Хаятус -сахаба, 3/503.) – дейді. «Аллаһ елшісінің бойында сендерге үлгі боларлық көп қасиеттер бар» деп Құранда айтылғандай, Пайғамбарымыз (с.а.с.) ғибадатты орындауда іс жүзінде барша мұсылмандарға үлгі көрсеткен. Бұны Ибн Масғуд секілді ең алдыңғы қатарлы сахабаның өзі оның оқыған намазына шыдай алмағанынан- ақ аңғаруға болады. Аллаһ елшісінің құлшылықта әрқашан алда болғаны осыдан-ақ белгілі. 38. Хатшылық қызметін қай сахабалары атқарды? Пайғамбарымыздың (с.а.с.) аузынан шыққан әрбір сөзді қалт жібермей жазып алатын сахабалардың саны қырыққа жуық еді. Айша анамыздың (р.а.) риуаятында уахи келгенде Пайғамбарымыздың «Кәне, Усейім, жаз» дейтіні айтылған. Соған қарағанда хазірет Осман да (р.а.) Пайғамбарымыздың аузынан төгілген інжу-маржанды хатқа түсірген болса керек.
Келісімшарттарды хазірет Алиге (р.а.) жаздыратын. Мәселен, құрайышпен арадағы келісімшартты, мал- мүлікке қатысты жарлықтар, жеке тұлғаларға қатысты хат-хабарларды қағазға түсіріп отырды. Үбәй ибн Кағыб(р.а.)Пайғамбарымыздың Мәдинаға келгенде жазуын алғаш жазған ансарлық. Сондай-ақ хат соңына «пәленшеұлы түгенше» деп атын қалдыруды да алғаш жүзеге асырған осы Ибн Кағыб еді. Мәдинада түскен уахилар да Үбәйдің қолынан жазылды. Ол жоқ кездері жазу ісін Зәйд ибн Сәбит (р.а.) мойнына алып отырған. Бұл істе өте шеберлік танытып, уахидан басқа да жазатын көп жұмыстарды үздік орындаған. Хазірет пайғамбар оған яһуди (еврей) тілін үйренуді тапсырады. Ибн Сәбит бұл тілді бес-ақ күнде меңгеріп алады. Кейінірек сириялықтардың тілін үйренуді тапсырады. Бұл жолы ол он жеті күнде үйреніп, ерекше қабілетін байқатады. Абдуллаһ ибн Әркам (р.а.) – Пайғамбарымыздың нағашысы. Аллаһ елшісі әлдебір хат келген кезде «Кім мынаған жауап жазады?» – деп сұрайды. Сол кезде топ ішінде Әбу Бәкір мен Омарлардың отырғанына қарамастан Абдуллаһ: «Мен жазайын», – деп суырылып алға шығады. Аллаһ елшісі кейбір керек хаттарды сақтауды да соған сеніп тапсыратын. «Бисмиллаһ»-ты алғаш жазған сахаба Халид ибн Саид есімді (р.а.) сахаба. Онымен қоса Халид ибн Уәлид (р.а.), Ұқба (р.а.), Талха ибн Ұбайдуллаһ (р.а.), Әбу Әюб Халид ибн әл-Ансари (р.а.), Әбу Суфиян ибн Харб (р.а.), Бұрайда ибн Хұсайб (р.а.), Зүбәйір ибн Ау- уам (р.а.) сынды сахабалар жазу-сызу ісінде қызмет еткен. 39. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) айтқанының барлығы хадис па? Хадистер қатардағы адамдардың емес, Пайғамбарымыздың айтқан сөздері. Бұған дәлел Абдуллаһ ибн Амрдың (р.а.) мына сөзі: «Мен Пайғамбарымыздан естіген әрбір сөзді жазып жүрдім. Мақсатым оларды жаттау болды. Бірде құрайыштықтар маған: «Пайғамбардан естіген әрбір сөзді жазасың, алайда ол да адам, кейде көңілді кезінде айтады, кейде ашуланып сөйлейді», – деп, менің хадисті жазуыма қарсылық білдірді. Содан кейін хадис жазуды тоқтаттым. Кейін бұл жағдайды Пайғамбарымызға (с.а.с.) баяндағанымда, ол: « Жаз! Шыбын жанымды құдіретті уысында ұстаған Аллаһпен ант етейін, ау- зымнан шыққанның барлығы ақиқат » (Әбу Дәуіт, Сүнән 2/286) , – дейді. Олай болса, Пайғамбарымыздың айтқан сөздерінің барлығы хадис болып саналады. Құранда Пайғамбарымыздың айтқандарының барлығы ақиқат екендігі жайлы: «Ол өз ойынан сөйлемейді. Сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана» («Нәжім», 3-4-аяттар). Пайғамбар сөздері (с.а.с.) үлкен діни жауапкершілікті арқалағандықтан, қияметке дейін келіп-кетер адамдардың бәріне жол көрсетпек. Хадистер бір жағынан Құранның алғашқы түсініктемесі, екінші жағынан өз алдына діни үкімдердің қайнар көзі болғандықтан, айтылғанындай айна-қатесіз жеткізілуі өте маңызды. Сол үшін Пайғамбарымыз (с.а.с.) хадисті қате жеткізуге немесе оның атынан жалған айтуға қатаң тыйым салған.
Жұмақпен сүйіншіленген он сахабаның бірі, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) жиені Зүбәйір ибн Аууам өте аз хадис риуаят еткен екен. Өз ұлы келіп не үшін мұншалықты аз хадис риуаят еткенін сұрағанда, Зүбәйір «Кімде- кім менің атымнан өтірік сөз айтатын болса, өзіне тозақтан орын дайындай берсін» деген хадисті алға тартып, бұл жауапкершіліктің оңай іс емес екенін білдірген. Олай болса, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадистерін сахабалары аса ұқыптылықпен жеткізуге тырысып, бір әрпінің де өзгермеуіне аса көңіл бөлген. Хазірет Али хадисті жеткізудегі жауапкершілік пен қиындықты былай деп жеткізеді: «Мен үшін хадис жеткізуден гөрі аспаннанжерге құлап күл-талқанымның шыққаны анағұрлым жеңілірек». 40. Өзге діндердің кітаптарын оқып сауат ашқан ба? Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кісіден сабақ алмағанына Құран кәрімде дәлел жетіп артылады. Заманаға үстемдігін жүргізетін, сансыз мұғжизасы танылған, ешбір адам тарабынан сынға ұшырамаған, мінсіздігі жұртты еріксіз таңдандырған Құран кәрімді Пайғамбарымыз (с.а.с.) «қараңғылық» деген заманда өмір сүрген меккеліктерден үйренді деу ақылға қонымсыз. Оның үстіне бұл қасиетті кітап түспей тұрып, Расулаллаһтың (с.а.с.) ешкімнен сабақ алмағаны айдан анық. «Мұхаммед Құранды біреуден үйренді» деген күмәннің ерте ме, кеш пе айтылатынын білген Аллаһ тағала сүйікті Елшісін (с.а.с.) Ұлы баянында «үмми» деп анық айтқан. Егер Құранды әлдебір жерден көшіріп алса, меккеліктер онымен соғысып жатпай, өздерінше тағы бір «Құран» жасап алмас па еді. Құранға тең келер сөз айта алмай, ақиқаттың өздеріне жақ емес екенін білгеннен кейін амалдары таусылып қару ала жүгірген жоқ па?! Жиырма үш жыл бойы мұсылмандар ел-елді өздеріне қаратып жатқанда мүшріктер Исламды қаралайтын ештеңе таба алмай, жала жабу мен айдап салудан әрі аса алмады. Білек түріп қанша жерден тыраштанса да, көп ұзамай істерінің бос әурешілік екенін түсініп, мойындауға мәжбүр болып жатты. Демек, Пайғамбарымыз Құранды басқа емес, Аллаһтан жеткізген Жәбірейіл періштенің (а.с.) өзінен үйренгені сөзсіз. Аллаһ расулы (с.а.с.) яһудилерден де, христиандардан да бірде-бір мәлімет үйренген емес. Ешқайсынан ілімалып, ешқандай дін өкілінен тәрбие көрмеген. Олардан барып ештеңе сұрамаған, керісінше, кітап иелері Пайғамбарымыз (с.а.с.) туралы кеңірек сұрастыратын. Меккедегі Уарақа ибн Нәуфалдың айтқандары, Шамға жол жүріп бара жатқанда кездескен адамдардың әңгіме еткендері де осының айғағы. Осы сынды бір-екі кездесумен мәңгілік мұғжиза Құранды жазып шығу мүмкін бе? Тағы бір маңызды дәлел: Құранда христиандықты да, яһудилікті де, шіркті де сөгетін бірнеше аяттар бар. Кітап иелерінің жасаған бұрмалауларын соқырға таяқ ұстатқандай етіп ашып көрсетеді. Егер Пайғамбарымыз (с.а.с.) жоғарыда аталған жалған дін өкілдерінің бірінен сабақ алған десек, онда Құранда олардың сенімдерін сөгетін аяттар кездеспес еді.
41. Исра мен Миғраж деген не? «Исра» сөзі мағыналық жағынан «түнделетіп жол жүру» дегенді білдіреді. Діни термин бойынша, Аллаһ тағала сүйікті құлын (с.а.с.) түннің бір мезгілінде Меккедегі Харам мешітінен Құдыстағы Ақса мешітіне көзді ашып-жұмғанша апарып, қайта алып келуі. «Миғраж» деген – жоғарыға көтерілетін саты. Ал дініміз тұрғысынан Пайғамбарымыздың (с.а.с.) түннің бір уақытында Ақса мешітінен Сидратул- Мүнтәһаға (Жаратылыстың соңғы шегі )барып келуін айтады. Бұл оқиға һижреттен бір жарым жыл бұрын ережеп айында болған (Ибн Сағыдтың «Табақатүл кубра» кітабында миғраж оқиғасы һижреттен бір жыл үш ай бұрын болғандығы айтылады) . Бұл оқиға орын алмай тұрыпАллаһ елшісі (с.а.с.) өте қиын жағдайды басынан өткерді. Құрайыштықтардың зәбір көрсетуі, зорлық-зомбылық көрсетіп, иман еткен достарын азаптауы, оның үстіне Әбу Тәліп пен Хадиша анамыздың қайтыс болуы, Тайыфқа барғанда таспен ұрып, ешкім Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сөзін тыңдамауы, міне, осылардың барлығы Расулаллаһтың қабырғасын қайыстыра түсті. Қатты күйзелген Пайғамбарымыз Рабияның бақшасында Аллаһ тағалаға жалбарынып дұға тіледі. Аллаһтың алдында бір қателік істеп қойған шығармын деген оймен: «Егер маған ашуланбаған болсаң, мен көрген қорлықтардың барлығына төземін», – деп дұға тіледі. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) алған бетінің дұрыс екендігін растап, дінді жеткізу міндетін одан әрмен қарай арттыра түсуі үшін көп уақыт өтпей-ақ Аллаһтың сыйлығы ретінде Исра мен Миғраж оқиғасы берілді. Яғни, Нәбидің (с.а.с.) халқынан көрген зорлық- зомбылығы Аллаһтың оған ашуланғанынан емес немесе қателік жасағандығынан емес екендігін білдірді. Сондай-ақ дін жолында жүрген адамның халқынан әрдайым қолдау мен қабылдау көрмеуі, керісінше, олардан тепкі мен зорлық- зомбылық көру – Аллаһтың заңы екендігінің көрінісі. Ақиқат жолында осындай қиыншылық Аллаһтың сүйікті пайғамбарында орын алса, дін жолында жүргендерде де осындай жағдайдың болуы бек мүмкін. Аллаһ расулы (с.а.с.) Қағбаның жанындағы Хатим деген жерде ұйқылы-ояу жатқанда (кей риуаяттарда Үмми Ханидың үйінде) Жәбірейіл (а.с.) келіп кеудесін жарып, жүрегін зәмзәммен жуып хикметпен толтырады. Пыраққа мінгізіп, Харам мешітінен Құдыстағы Ақса мешітіне апарады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) сонда барлық пайғамбарларға намаз оқытып, рухани баспалдақпен рухани әлемге жол тартады. Аспанның әр қабатында бір пайғамбарды кездестірді. Бәрінің дұғасы мен жақсы тілектерін алып аттана берді. Аспанның бірінші қабатында Адам (а.с.) пайғамбармен жолықты. Екінші қабатта хазірет Яхия мен хазірет Исаны, үшінші қабатта хазірет Жүсіпті, төртінші қабатта хазірет Ыдырысты, бесінші қабатта хазірет Харунды, алтыншы қабатта хазірет Мұсаны, жетінші қабатта хазірет Ибраһимді кездестірді. Содан соң жаннат пен тозақты және ондағы жағдайды көрді. Соңында Сидратул-Мунтаһаға жеткенде Жәбірейіл періште артта қалды, өйткені жаратылыс жаратылғалы бері бұл жерден ешбір тірі жан өтіп
көрген емес. Бұл ұлы сый Пайғамбарымызға (с.а.с.) ғана нәсіп болды, өйткені миғраж – жын мен періштелер және басқа да жаратылыстардың ешбіріне нәсіп болмаған Аллаһ тағаланың сыйы. Аллаһ елшісі Рахманның Нұрын тамашалады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) жаннатта мүміндерге уәде етілген Аллаһтың Жамалын (көркем дидарын) көріп, кеңістіктен тыс осынау тұста рақымды Раббысымен ешбір дәнекерсіз дидарласты. Қайтар сәтінде мүминдер үшін ең қасиетті парыз болып саналатын бес уақыт намаз бұйырылды. Бұл мұғжиза Құранмен де, сахих хадистермен де дәлелденген. Құранда: «Бір түнде Харам мешітінен айналасына құт дарыған Ақса мешітіне өз құлын апарған Аллаһ кіршіксіз пәк. Бұл құдіретіміздің дәлелдерінің көрсетілуі үшін істелді. Шындығында, Аллаһ барлығын естиді, көреді» («Исра» сүресі, 1.) десе, тағы бір аятта «Батып бара жатқан жұлдызға серт. Жолдасың (Мұхаммед) адаспады да азбады. Ол өздігінен сөйлемейді. Айтатыны өзіне аян етілген уахи ғана. Оған мұны үйретуші өте ұлы. Қуатты періште Жәбірейіл өзінің кемел бейнесінде тура қарап тұрды. Биік кеңістікте. Одан соң ол жақындап, төмендей берді. Пайғамбармен аралығы садақтың иілген екі басындай жақын келді. Аллаһ уахи еткендерін пендесінің көкейіне Жәбірейіл арқылы салды. Көзімен көргендерін көңілі жоққа шығармады. Сендер көзбен көргендері жайлы онымен айтыспақсыңдар ма? Рас, ол Жәбірейілді екінші рет көрді. Сидратул-Мүнтаһаның жанында. Мәуа жаннаты оның жанында. Сидратул-Мүнтаһаны Аллаһтың нұры бөлеген кезде. Пайғамбардың көзі оңы не солына таймады. Немқұрайлы қарамады. Ол шынында Раббының ұлы белгілерін көрді» («Нәжм», 1-18) деп баяндалады. Осы бір құтты оқиғадан кейін Аллаһ расулы көргендерін қаумалаған жұртқа жеткізді. Арам ниетті Мекке мүшріктері, әрине, бұған сенбеді. Олардың сенуі де мүмкін емес еді, өйткені бұл оқиғаға ғайыпқа иман келтірген мұсылмандар ғана сенеді. Себебі бұл ақылға салатын, дүниелік қағидаларға сай оқиға емес, сондықтан Аллаһқа, пайғамбарға сенетіндер ғана бұл оқиғаға сенеді. Имансыздар миғраж мұғжизасына иланбағандарымен қоймай, Аллаһ елшісін (с.а.с.) тексермек болып, Құдыс туралы бірнеше сұрақ қойып: «Егер Ақса мешітіне кіріп намаз оқыған болсаң, сол мешітті бейнелеп бер», – дейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) онда намаз оқығанда мешіттің тіректерінің қанша екендігін, ішінің қандай екендігіне аса мән бермеген болатын, сондықтан Аллаһ тағала Ақса мешітінің бейнесін Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көз алдына елестетіп, бейнелеп береді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) сұрақтарға айна-қатесіз жауап береді. Мүшріктер қарап қалмай, сол жаққа қарай кеткен керуендерді де сұрап, өтірігін шығармақ болып әлектенді. Бұған да жауап айтылып, керуенді көргендігін, тіпті керуендегі түйелердің саны, қашан келетіні, керуенді қай түйенің бастап келе жатқанын – бәрін тұп-тура баяндағанда бәрінің аузына құм құйылды. Кейбір мүшріктер бұл оқиғаға Әбу Бәкір сенбейді деп ойлап, Әбу Бәкірге хабар жібереді. Бұл жағдайды естіген ол: «Егер мұны пайғамбар айтса,
міндетті түрде айтқаны рас, мен оған сенемін, тіпті ақылға сыймайтын басқа нәрселерді айтса да сенер едім», – деп жауап береді. 42. Миғражға денесімен шыққан ба? Пайғамбарымыздың (с.а.с.) миғражға шыққандығы рас. Өте қысқа уақытта Құдыс мешітіне барып, пайғамбарларға намаз оқытып, аспанның жеті қабатында болып жатқан оқиғаларды көріп, Аллаһтан намаз міндеттеліп қайта үйіне оралуы Аллаһ тағаланың құдіретімен жүзеге асты. Бұл жерде Аллаһ елшісі (с.а.с.) миғражға рухымен шықты ма, әлде тәнімен шықты ма деген ой туындауы мүмкін. Бұған жауап рухымен де, денесімен де шықты деп, мынадай дәлелдер келтіреміз: 1. Құранда осы туралы айтылғанда қолданылған сөздер расулаллаһтың денесі мен рухының бірге шыққанын көрсетеді, өйткені «Құлымды бір түні Харам мешітінен Ақса мешітіне...» – деген аяттағы «абд» (құл) сөзі адамның жанын да, тәнін де қамтитын ұғым. Құранның басқа аяттарына қарағанымызда «абд» сөзі айтылғанда, дене мен рухқа қатысты екенін көреміз. Настың (аят-хадис) сыртқы мағынасы анық көрініп тұрғанда ішкі мағынасын іздестіру қажет емес. Оның үстіне, бұл сапар ұйықтап жатқанда немесе рухани түрде жүзеге асқанда «құлымды» деген сөздің орнына «құлымның рухын» деп айтар еді. 2. Исра-Миғраж оқиғалары айтылған «Исра» сүресі « Субханәлләзи әсра би-абдиһи ...» деген сөйлеммен басталған. Арабтар таңғажайып оқиғаға куә болғанда, Ұлы Аллаһтың құдіретіне бас иіп «Субханаллаһ» дейді. Сүренің осы сөзбен басталуы адам ақылы жетпейтін таңғажайып оқиғаның орындалғанын көрсетеді. Әсіресе, Құран тұрғысынан қарағанда миғраж оқиғасына қатысты аяттар «мүбһәм» (астарлы мағына) түрде баяндалғанын көруге болады, өйткені бұл – имани мәселе. Имани тұрғыдан назар салмаса, мұны ақылмен түсіну мүмкін емес. Бәлкім, адамның ерік-күшін елеусіз қалдырмау үшін Аллаһ тағала исра және миғражға қатысты аяттарда тек қана кәміл бір иманмен қарай алатындар ғана түсінетіндей бір тәсілмен мәселені тілге тиек еткен. Сонымен қатар, бұл мәселеге ақыл тұрғысынан қарап, түсіне алмай дал болатындар үшін мейірімділік танытып, бұл мәселені ұғынуды белгілі бір дәрежеде әркімнің өз ықтиярына қалдырған. Әйтпесе, аят «сарих», яғни анық айтылған болса мұндай аятты теріске шығарған адам күмәнсіз мұндай мейірімнен мақұрым қалып, осы арқылы құрдымға кетуі де ғажап емес-тін. 3. Тақырыпқа қатысты аятта «адамдарға фитнә (сынақ) болуы үшін...» деген сөз бар. Материалдық әлемнің ар жағында рухани әлем бар екенін Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұрыннан айтып жүретін. Мүшріктер үшін бұл үйреншікті нәрсе еді. Онсыз да түстерінде мүмкін емес небір нәрселерді көре алады. Сол түсті екінші біреуге айтқанда, анау түк болмағандай тыңдап тұра бермей ме? Ал аталмыш аятта « адамдарға сынақ болу үшін » делінген. Демек, Аллаһ құлдарын осы жолы жаңа бір сынақпен сынаған. Көкке дене мен рух көтерілді дегенді естіген мүшріктер бірден даурығып, мұның мүмкін
емес екенін айтып шулап қоя берген. Егер оқиға рух пен денеге де қатысты болмағанда, мүшріктер Пайғамбарымызға (с.а.с.) қарсы шығып жатпас та еді. 4. Исра-Миғраж оқиғасында дене мен рухтың бірге көтерілгенін айтқан хазірет Әбу Бәкір (р.а.), хазірет Омар (р.а.), хазірет Осман (р.а.), хазірет Али (р.а.) сынды саңлақ сахабалар мен үмбеттің пікірі бір арнада тоғысқан. 5. Осы оқиғадан кейін Үммі Ханидың да, тіпті Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өзі де толқығаны анық. 6. Егер рухпен қатар дене де Миғраж түнінде көкке көтерілмегенде, бұл пайғамбар мұғжизасы болмас еді. 7. «Мұхаммедтің көзі оңы мен солына таймады. Жеңіл-желпі де қарамады. Ол, шынында, Раббының ұлы белгілерін көрді » («Нәжм» сүресі, 17-18) . Бұл жерден де Миғражда дене мен рухтың бірге шыққанын байқаймыз, өйткені аяттағы «көзі оңы мен солына қарамады» деген сөз Расулаллаһтың (с.а.с.) денесімен көтерілгенін білдіреді. 8. Хазірет Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Ақса мешітінде көпшілік пайғамбарларға намаз оқытқаны да оның миғражға денесімен шыққандығына айқын дәлел. 43. Миғражда тозақтағы күнәһарлардың жазалануын көрген бе? Пайғамбарымыз (с.а.с.) миғражға шыққанда, жүзі жылы періштелерді көргеннен кейін жүзі суық, еш күлмейтін, тозақтың қарауылы болған Малик атты періштені көреді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) бұл періштенің кім екенін Жәбірейіл періштеден сұрап білгеннен соң, Жәбірейілге: «Оған тозақты көрсетуін бұйырасың ба?» – дейді. Жәбірейіл періштеге: «Ей, Малик! Мұхаммедке (с.а.с.) тозақты көрсет!» – дейді. Малик тозақтың үстіндегі жабуын ашқанда, қайнап тұрған тозақ одан сайын қайнай түседі. Алдына түскеннің барлығын жағып жіберетінін көрген Пайғамбарымыз (с.а.с.) Жәбірейілге: «Ей, Жәбірейіл! Маликке бұйыр, оны қайта орнына қайтарсын», – дейді. Жәбірейіл (а.с.) тозақты орнына қайтару үшін Маликке әмір етті. Оның «тыныштал» деген бұйрығынан соң тозақ шыққан жеріне қайта орнықты, Малик періште оның үстіне жабуын қайта жауып қойды (Ибн Исхақ. Ибн Һишам, Сира, 2 т, 45-46 б) . Пайғамбарымыз (с.а.с.) тозақта сусыз азапталып жатқандарды, азап кісендері мен шынжырларын, азаптаушы жылан мен шаяндарды және басқа да түрлі азаптауларды көрді (Ибн Асир, Камил, 2 т, 55 б) . Бұл жайында Аллаһ елшісі (с.а.с.) былай деген: «(Тозақта) түйенің ерніндей салпиған еріндері бар біреулерді көрдім. Жандарында жүрген бірнеше жазалаушы әлгілердің еріндерін кесіп алып, ауыздарына қызып тұрған тасты салады. Жалын шашқан қара тастар бұлардың артынан шығады. Мен Жәбірейілден (а.с.) бұлардың кім екенін сұрағанымда: «Жетімнің малын жегендер», – деді. Тағы бір топ адамның терісі сыпырылып алынады да, ауыздарына тығындалады. Оларға: «Жегендеріңдей жеңдер», – делінеді. Көрген жанның жүрегі ауыратындай жиіркенішті көрініс. Жәбірейіл (а.с.) маған бұлардың елді қудалап, іріткі (фитнә) шығарып, жұртқа тіл тигізіп, намыстарын
аяққа таптаған күнәһарлар екенін айтты. Тағы бір топ біреулердің алдына дастарқан жайылып, мен көрген еттердің ең жақсысынан дайындалған кәуаптармен қатар өлексе қойылыпты. Әлгі кісілер тәуір етті жемей, бәрі бірдей өлексеге қарай ұмтылып соны жеді. Жәбірейіл (а.с.) олардың дүниеде Аллаһтың халал еткенін емес, харам еткен ісін істеген зинақорлар екенін айтты. Тағы бір адамдардың үйдей-үйдей қарынын көрдім. Бұлар Перғауын отбасының жолын ұстанғандар екен. Перғауын отбасы таң мен кеште отқа тасталғанда, бұларға келіп соғылады екен. Сосын қарыны ауыр ба- сып құлап түседі. Артынша перғауын отбасы бұларды таптап жаншып өтеді. Жәбірейіл (а.с.): «Бұлар пайыз жегендер, өздеріне-өздері шайтан шақырған адамдар сияқты» («Бақара» сүресі, 275) деп түсіндірді. Одан кейін әйелдердің бір қарасы кеуделерінен, енді бірі аяқтарынан ілмекке ілінген күйі бастары төмен салбырап тұр екен. «Бұлар зина жасаған және балаларын өлтірген әйелдер», – деді» (Бұхари, Саләт 1; Әнбия 5, 22; Мүслим, Иман 263-264 ) . Міне, осылайша тозақтың шынайы бейнесін көрген Аллаһ елшісі (с.а.с.) бір хадисінде: «Егер менің білгенімді білгендеріңде, аз күліп, көп жылар едіңдер» (Ахмед ибн Ханбал, Мүснәд, 3 т. 210 б; Бұхари, Сахих, 5 т,190 б; Тирмизи, Сүнән, 5 т, 557 б.) деген. 44. Пайғамбарымыз (с.а.с.) уланғандықтан шейіт болып дүние салды ма? « Аллаһ сені адамдардан қорғайды » («Мәида», 67) деген аят түскеннен соң дінді адамдарға жеткізу жолында барын салды. Ешбір дұшпаны оған зиянын тигізе алмады. Мысалы, Умайр ибн Уаһб, Сафуан ибн Умайя, Амир ибн Туфайл секілділердің қастандықтарынан Аллаһ тағала құтқарған. Мұсылмандар Хайбар соғысында жеңіске жеткен болатын. Ойсырай жеңіліп, іштері күйген яһудилер қысастықпен тағы бір зымиян айла ұйымдастырмақ болып, хазірет Мұхаммедті (с.а.с.) у беріп өлтіруге әрекеттенеді. Яһуди Сәлам ибн Мишкәмның қызы Зейнеп у беруді мойнына алды. Сосын жаңа сойылған ешкіні жақсылап пісірді де, барлық жерін улап тастады. Пайғамбардың (с.а.с.) ешкінің қол етін жақсы көретінін біліп, сол жеріне уды көбірек септі. Пайғамбар кешкі уақытта намазды жамағатпен оқып, қайтатын уақыт болған сәт еді. Қайтарда яһуди әйелдің жолда отырғанын көріп қалады да, ол әйелден не үшін отырғанын сұрайды. Ол: «Сендерге сыйлығым бар еді», – деп, дәмді піскен ешкінің етін сыйға тартады. Пайғамбарымыз етті дастарқанға қойып, сахабаларымен бірге отырады. Аллаһ елшісі бір жапырақ етті аузына салып, біраз шайнағаннан кейін: «Тез қолдарыңды тартыңдар! Мына сүйек маған улы екенінен хабардар етті», – деп айтып үлгерді. Сахабалар тартынып қалды, тек Бишр ибн Бәлта бір үзім етті жұтып қойып еді. Отырған жерінде тіл тартпай кетеді. Артынша етті пісірген Зейнепті шақырып, бұл ісінің себебін сұрады. Сонда Зейнеп: «Егер сен шынымен-ақ Аллаһтың жіберген пайғамбары болсаң, бұл у саған әсер етпейді. Ал егер пайғамбар болмасаң, адамзатты
сенің кесіріңнен құтқаруды қаладым», – деп жауап бергені айтылады (Мұхаммад ибн Сағд «Табақатул-кубра», Бейрут: Дарус -садр, 2 т, 201 б. ) . Бұл әйелдің өмірінің соңы жайлы екі риуаят бар. Біріншісі, Бишрдің мирасқорлары қысас жасап әйелді өлтірді дегенге сайса, екіншісі, әйел иман етіп, мұсылман болып, азат етілді делінген (Бұхари, Һибә, 27; Әбу Дәуіт, Диәт, 6, Ибн Кәсир, 4/237) . Пайғамбарларды өлтірумен даңқы асқан, әсіресе, адамды улап өлтіруде алдына жан салмайтын яһудилердің бұл жолғы айласы да іске аспады. Осылайша Аллаһ тағала Пайғамбарды түрлі қастандықтардан қорғады, әрі дінді толығымен халыққа жеткізгенге дейін дұшпандарынан қорғайтынын жоғарыдағы аятпен уәде еткен болатын. Дін толығымен 23 жылда түсіп біткеннен кейін, шариғатты толығымен адамдарға жеткізгеннен соң, дінді ұстануды толығымен мойнына алған, одан әрі жеткізуге бел буған сахабалар дайын болғаннан кейін Аллаһ елшісі (с.а.с.) дүние салды. Аллаһтың белгілеген: «Барлық тірі жан өлімнің дәмін татады...» деген заңдылығы бойынша 63 жасында қайтты. Тіпті Пайғамбарымыздың (с.а.с.) науқастанып, екі адамның ыстығындай ыстығы көтеріліп, басы ауыруы, өлім Аллаһтың өзгермейтін қағидасы екендігін ұқтырады. Расулаллаһ (с.а.с.) өзінің өмірдегі пайғамбарлық міндетінің аяқталғанын білді.Міндетінің орындалғанын, ақиретке кететінін білгендіктен қоштасу қажылығында:: « لعلي ًل ألقاكم في موضعي هذا بعد عامي هذاКелер жылы сендермен қайта жолыға алмайтын шығармын », – деп хабар берген болатын. Сондай-ақ Пайғамбарымызға (с.а.с.) өлім күтпеген уақытта емес, өз таңдауымен келген. Өлім мен өмірді таңдау келгенде Пайғамбарымыз (с.а.с.) Аллаһтың құзырын таңдағандығы жайлы былай дейді: «Аллаһ тағала бір құлына дүниенің рақаты мен өзінің иелігіндегіні таңдауға еркіндік берді. Құлы оның иелігіндегі нығметті таңдады», – деп Аллаһпен қауышуды таңдағандығын айтқан. Олай болса, Аллаһ елшісі (с.а.с.) күтпеген жағдайда дүние салған жоқ. Оның (с.а.с.) қайтыс болуы Аллаһтың қалауымен болды және қарапайым адамдар секілді дүние салды. Дүние саларында Хайбар соғысынан кейінгі уланған етті аузына салғандықтан ыстығы көтеріліп, басы ауырған болуы мүмкін. Алайда Пайғамбарымыз (с.а.с.) дінді толық жеткізіп біткенше бұл у еш әсерін тигізе алмады. Бұл улы етті аузына салғаннан кейін де Аллаһ елшісі (с.а.с.) әскерлерге басшылық етіп үлкен соғыстарға қатысты, жауластарымен келіссөз жүргізді, өкілдерді қабылдады, осылайша қарапайым дені сау адамның күнін кешті. Аллаһ елшісі (с.а.с.) дінді толық жеткізіп болған соң, Аллаһтың белгілеген сағаты келіп, ақиретке аттанар сәтінде ол жеген у күшіне еніп, науқасын арттыруы мүмкін, өйткені Пайғамбарымызбен бірге уланып қайтыс болған Бишрдің анасы Умму Мубашшир Аллаһ елшісі (с.а.с.) науқастанып, дүние салар сәтінде қалын сұрап келіп: «Мүмкін сіздің науқастануыңыздың себебі менің ұлымның уланған уы болар», – деген. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Менің науқастануымның себебі сол нәрседен басқа еш нәрсе емес. Сол мені құртатын (ажалыма себеп болатын) секілді», – деп жауап берген (Ахмад ибн Ханбал, Мүснад, Бейрут, Дарус-садр, 6 т 18 б) .
Жалпы әр қиындықтың бір сыйы болғаны секілді Пайғамбарымыздың (с.а.с.) дін жолында уланып, одан ауырлық сезініп дүние салуы оның ақиреттегі сауабының артуы, дәрежесінің жоғарылауы, тіпті шейіт болуына себеп болады десек қателеспейміз, өйткені кейбір ғалымдар осы пікірді бірауыздан мақұлдайды. Аллаһ жолында жүріп, төсекте қайтқан адам да шейіт кететініне мына хадисі дәлел: «Кімде-кім Хақ тағаладан шынайы ниетімен шейіт болуды сұраса, төсегінде жатып жан тапсырса да, Аллаһ оны шейіттердің мәртебесіне жеткізеді»( Мүслим, Имара 157) . Шейіт болу мұсылман үшін үлкен дәреже. Ақиретте есеп-қисапқа түспей жаннаттың төрінен орын алу деген сөз. Алайда Пайғамбарымыздың (с.а.с.) шейіт болып немесе болмай дүниеден өтуі оның ақиреттегі дәрежесін төмендетпейді. Оның ақиреттегі орны Аллаһ жолында құрбан болған шейіттердің деңгейінен де жоғары екендігі бесенеден белгілі. Бұған дәлел Құрандағы: « Кімде-кім Аллаһқа және Пайғамбарға бойсұнса, Аллаһ оларды өз нығметіне бөлеген пайғамбарлармен, шыншылдармен және ізгі жандармен бірге болады ...» деген аят. Мүміндер пайғамбарға еріп сол жолда құрбан болғандықтары үшін шейіт кетіп жатса, пайғамбарлық деңгей одан әлдеқайда жоғары екені анық. 45. Махмуд дәрежесі қандай дәреже? Араб тіліндегі «Мақам махмуд» сөзінің мағынасы «мақтаулы дәреже» дегенді білдіреді. Ақиретте адамдар Пайғамбарымыздың (с.а.с.) шапағатымен есептері тез аяқталып, көп өтпей мәңгілік рақатқа қауышады. Бұған Пайғамбарымыздың (с.а.с.) махмуд дәрежесі себеп болады. Ислам ғұламалары «Түн ортасында оянып, өзіңе тән нәпіл оқы. Раббыңның сені махмуд дәрежесіне жеткізуінен үміт етіледі» («Исра», 79) деген аятта айтылған махмуд дәрежесінің мағынасын «шапағат ету дәрежесі» деп те тәпсірлеген. Бұлайша тәпсірленуінің түп негізі мына хадисіне барып тіреледі. Аллаһ елшісі (с.а.с.) бірде «мақам махмудты» « Менің үмбетіме шапағат ету дәрежем » (Ахмед ибн Ханбал, 2/441, 528) десе, тағы бір хадисінде «Қияметте жұрт тегіс жиналады. Әр үмбет өз пайғамбарынан шапағат сұрайды. Соңында шапағат ету маған қалады. Міне, махмуд дәрежесі осы» (Бұхари, Тәпсір 17/11) деп махмуд дәреженің шапағат ету дәрежесі екенін айтып берген. Ендеше, Мұхаммед (с.а.с.) үмбетіне ақиретте шапағат етеді. Мұсылман үмбетінің үлкен күнә істегендері Аллаһ елшісінің (с.а.с.) мақтаулы дәрежесінің, шапағатының арқасында кешірілуі үміт етіледі. Сол себепті Пайғамбарымызға (с.а.с.) мақам махмудтың берілуі барша мұсылман үмбетінің қуанышы, сондықтан мұсылман үмбетінің Пайғамбарымызға (с.а.с.) мақам махмуд дәрежесін жетуін тілеуі орынды, тіпті қажет. Әрбір азан оқылғаннан кейін де « уабасһу мақаман махмуданил-ләзи уаадтаһ » (Өзің уәде еткен мақтаулы дәрежені Пайғамбарымызға (с.а.с.) бере көр) деп Аллаһқа дұға етеді. Жабир ибн Абдуллаһтан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деп өсиет еткен: « Кімде-кім азанның даусын естігенде: «Осы
кемшіліксіз шақыру мен толық оқылатын намаздың Раббысы, Аллаһ тағалам! Мұхаммедке (с.а.с.) уәсилә мен жоғары дәрежені нәсіп ет және оны Өзің уәде еткен мақтаулы орынға жеткіз» деп айтатын болса, ақиретте оған шапағатым тиеді » (Бұхари, Азан, 614) деген. 46. Үмбетін қаншалықты жақсы көрді? Мұсылман үмбеті Аллаһ елшісін жақсы көргені секілді Пайғамбарымыз да үмбетін өте қатты жақсы көрді. Тіпті жанындағыларды сахабаларым десе, өзінен кейін келетін біздер мен ақиретке дейінгі келетін мұсылмандарды «бауырларым» деп өзіне жақын тартқан. Әнас ибн Мәлик былай дейді: «Бір күні Аллаһ елшісі (с.а.с.) Әбу Бәкір және Омармен бірге Айшаның үйінде болатын. Мен ол кезде жасым он бесте еді. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Шіркін, бауырларыммен жолыққанда ғой! Оларды қатты сағындым!» – дейді. Сонда Әбу Бәкір: «Уа, Аллаһтың елшісі! Біз сенің бауырларың емеспіз бе?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сендер менің сахабамсыңдар, менің бауырларым мені көрмегендер. Мені растап, иман келтіргендер, мені қатты жақсы көретіндер. Тіпті олар мені өзінің баласынан да, әкесінен де артық жақсы көреді. Ей, Әбу Бәкір! Мен сені жақсы көргенім үшін олар сені де жақсы көреді, мұны қаламайсың ба?» – деп сұрағанда, Әбу Бәкір: «Қалаймын, Аллаһтың елшісі !» – дейді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): « Менің саған деген сүйіспеншілігім үшін олар сені жақсы көреді, мен де оларды жақсы көремін », – дейді (Шархул-Мәзәхиби Әһлі Сунна 100-хадис.) . Осылайша Аллаһ елшісі (с.а.с.) өзінен кейін келетін мұсылман үмбетін қатты құрметтейтінін, тіпті өте жақсы көретінін білдіріп, оларды «бауырларым» деп атаған. Алайда дүниеде бауырларын көрмесе де ақиретте өзінен кейінгі келген үмбетінің баршасын қалайша танитындығын мына сөзімен түсіндіреді. Әбу Хұрайра риуаят еткен хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.) бір күні мазарға барып: « Ей, қабір иелері, Аллаһтың сендерге сәлемі болсын. Иншаллаһ, бір күні біз де сіздердің қатарларыңа қосыламыз», – дейді де, артынша: «Бауырларымды сағындым, оларды көргім келеді», – дейді. Сонда сахабалар: «Аллаһтың елшісі, біз сенің бауырларың емеспіз бе?!» – деп таңданғанда, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сендер менің сахабамсыңдар, ал бауырларым әлі келген жоқ», – деп сөзінің астарын түсіндіреді. Артынша сахабалар: «Аллаһтың елшісі, үмбетіңнен әлі келмегендерді қалайша танисың?» – деп сұрағанда, Аллаһтың елшісі (с.а.с.): «Бір адамның маңдайы қасқа, аяқтары ала аты болса, оны бір топ қара аттардың ішінен тани ала ма?» – деп сұрайды. Сахабалар: «Әрине, тани алады», – деп жауап берді. Артынша Аллаһ елшісі (с.а.с.): (Менен кейін келетін) бауырларым да дәрет алғандықтан жүздері мен аяқтары нұрлы күйде жарқырап келеді. Мен олардан бұрын (жаннатқа) барып, бұлақтың басында қонақ ету үшін күтемін...» (Хадистің жалғасы: «Байқаңдар! Түйенің өз келесінен қуылғаны секілді кейбіреулер менің де бұлағымнан қуылады. Мен оларға «Келіңдер мұнда» дегенде маған: «Олар сенен кейін басқа жолды таңдап адасты, үлкен
күнә істеді» деп айтылады. Содан кейін мен де: «Онда бізден аулақ кетсін, аулақ деймін») деп ақиретке дейінгі келетін үмбетін қалай танитындығын әрі оларды күтетіндігін айтқан (Мүслим,Тахарат 39 ) . Аллаһ елшісі (с.а.с.) өзін көрген сахабаларды да, өзінен ақиретке дейін келетін бауырларын да қатты жақсы көреді. Ол (с.а.с.) өте мейірімді әрі кешірімді. Құран кәрімде Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) асқан мейірімді, үмбетіне жанашыр екендігін бейнелеп, үмбетінің қиналғаны оған ауыр келетінін білдіріп былай деген: لَقَ ْد َجا َء ُك ْم َر ُسو ٌل ِّم ْن أَنفُ ِس ُك ْم َع ِزي ٌز َعلَ ْي ِه َما َعنِتُّ ْم َح ِري ٌص َعلَ ْي ُكم بِا ْل ُم ْؤ ِمنِي َن َر ُءو ٌف َّر ِحي ٌم «Расында, сендерге араларыңнан ардақты бір пайғамбар келді. Қиналғандарың оған ауыр тиеді. Сендерге өте ынтық. Мүминдерге өте жұмсақ, ерекше мейірімді» («Тәубә», 128) . Аяттағы «рауф, рахим» Аллаһ тағаланың көркем сипаттарына жатады. Алайда Пайғамбарымыздың үмбетіне деген шексіз мейрімінен, жұмсақтығынан Аллаһ тағала бұл екі сипатты Пайғамбарымызға (с.а.с.) берген. Осы сәтке дейін ешбір пайғамбарды мұндай Аллаһтың екі көркем сипатымен сипаттаған емес. Аятта мұсылмандардың қиналғандары оған ауыр келетіні айтылған. Біреу ауырса дереу өзі баратын немесе біреуді жіберіп жағдайын сұраттыратын. Аш болса қолындағыны беріп қажетін тауып беретін. Бір хадисінде «Кімде-кім артына дүние қалдырса, ол туыстарына қалады. Ал кімде-кім артынан қарыз немесе бағуға мұқтаж адам қалдырып дүниеден озар болса, қарызының өтелуі мен бағылуы керек адамға мен жауаптымын» (Мүслим, Фараиз 15) деп уәде еткен. Бір сөзінде Аллаһ елшісі (с.а.с.): « Шындығында, мен сіздерге әке секілдімін », – деп мұсылман үмбетіне қаншалықты жақын, жанашыр екендігін әке мен баланың қарым-қатынасына ұқсатқан. Әке баласына қалай мейірімді, тіпті тапқан табысы мен өмірін соған арнаған болса, Пайғамбарымыз да өмірін үмбетіне солай бағыштаған. Құранда Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жұбайлары мүміндердің аналары екендігі айтылса, бұл хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) барша мүміндердің әкесіндей жанашыр екендігін білдірген. Үмбетіне әрдайым дұға ететін Аллаһ елшісі ақиретке дейінгі мұсылман үмбетінің барлығы үшін дұға етіп жалбарынатын. Түнгі тәтті ұйқысын бұзып, жылы төсегінен тұрып таң атқанға дейін үмбеті үшін Аллаһ тағалаға жалбарынып дұға тілейтін. Бір күні Пайғамбарымыз екі қолын жайып: « Аллаһ тағалам, үмбетімді қорға, үмбетіме мейірімді бол!» – деп дұға тілеп отырғанда, Аллаһ тағала Жәбірейілге: «Ей, Жәбірейіл! Шындығында, Раббың барлық нәрсені білуші, сен барып, Мұхаммедтің не үшін жылап отырғанын сұра», – дейді. Жәбірейіл келіп, жылауының себебін сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған үмбеті үшін жылағанын айтты. Жәбірейіл Аллаһтың құзырына барып Пайғамбарымыздың сөзін жеткізді. Сонда Аллаһ тағала: « Ей, Жәбірейіл, Мұхаммедке бар да мынаны айт: «Біз сені үмбетің жайлы қуандырамыз, еш ренжітпейміз », – деп хабар жеткіздірді. Пайғамбарымыздың да қалауы осы болатын.
Айша анамыз былай дейді: «Бірде көңілді күйін көріп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мен үшін дұға тілейсің бе?» – дедім. Ол: «Аллаһ тағалам, Айшаның өткен және келер, жасырын және жария күнәларын кешіре гөр», – деді. Айша (р.а.) бұған қатты қуанды. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) Айшаға: «Бұл дұғам сені қуанттыма?Аллаһтың атымен ант етейін, шындығында, бұл дұғаны үмбетім үшін әр намазда оқимын» (Сахих ибн Хиббан 47/16) деген. Барша пайғамбарларға жауапсыз қалдырылмайтын бір дұға нәсіп етілген. Алайда олар дұғаларын дүниеде қолданды. Ал Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) дұғасын ақиретке қалдырды. Ақиретте үмбетінің қиын сәтінде шапағат ету үшін сақтады. Қайта тірілгенде, қыл көпірде, есеп бергенде қол ұшын созып, үмбетін уайымдап жүреді. Дүниеде баласы үшін жанын беруге дайын ана қорқыныш пен үрейлі махшар күні баласынан қашатын күн туады. Міне, осындай күні тіпті пайғамбарлардың барлығы өз басын уайымдауға көшкенде Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) «үмбетім, үмбетім» деп үмбетінің жағдайына алаңдайды. Бұл жағдайды Аллаһ елшісі (с.а.с.) өз сөзінде былайша баяндайды: « Қиямет күнінде адамзаттың басшысы мен боламын. Не үшін, білесіңдер ме? Аллаһ тағала барша адамзатты тегіс бір жерге жинайды. Ол жерде бір-бірін көре алады, айқайлап шақырғанның даусын ести алатын жер. Сол кезде Күн адамдарға жақындатылады, әрбір адам жан қиналысынан, уайымнан шыдай алмайтындай күйге түседі де бір-біріне: «Мынадай жан қиналысымызды, басымызға келген жағдайымызды көрмейсіңдер ме? Халімізді Раббымызға айтып, шапағат ететін біреуді табуды еш ойландыңдар ма?» – деп сұрайды. Сонда кейбіреулері: «Атамыз Адам атаға барыңдар», – деп айтады. Олар Адам атаға барып: «Уа, Адам! Сен адамдардың әкесісің. Сені Аллаһ тағала құдірет қолымен жарат- ты. Саған өзінің рухынан үрледі. Періштелердің саған сәжде жасаулары бұйырылды. Сені жаннатқа кіргізді. Бізге шапағат ет», – деп шағымданады. Сонда ол: «Бүгін Раббым өте ашулы. Бұрын-соңды бұлайша ашу- лы болған емес. Раббым сол ағашқа жақындамауымды бұйырған болатын, мен оны тыңдамадым. Негізінде, менің өзім шапағатқа мұқтажбын. Сендер Нұхқа барыңдар», – дейді. Олар Нұхқа барып: «Ей, Нұх! Сен жер бетіне жіберілген елшілердің ең алғашқысысың. Аллаһ тағала саған «мол шүкір етуші» деген болатын. Біздің мынадай қиын жағдайымызды көрмеймісің? Бізге шапағат ет», – дейді. Сонда Нұх: «Бүгін Раббым қатты ашулы. Бұрын-соңды мұндай ашулы болған емес. Менің бір дұғам бар болатын, ол дұғаны да қауымыма қарсы қолдандым. Негізінде, мен өзім шапағатқа мұқтажбын. Сендер Ибраһимге барыңдар», – деп жөн сілтейді. Олар Ибраһим пайғамбарға барып: «Сен Аллаһтың пайғамбарысың, Аллаһтың досы атандың. Раббымызға барып бізге шапағат ет! Басымызға мынадай қиын күн туғанын көрмейсің бе?» – дегенде, ол былай дейді: «Бүгін Раббым қатты ашулы. Бұрын-соңды мұндай ашулы болған емес. Мен уақытында үш мәрте жалған сөйледім. Негізінде, мен өзім шапағатқа мұқтажбын. Сендер Мұсаға барыңдар», – дейді. Олар іле Мұса пайғамбарға барып:
«Уа, Мұса! Сен Аллаһтың елшісісің. Аллаһ саған пайғамбарлық беруімен қоса сенімен тілдесу арқылы басқа адамдардан дәрежеңді жоғары етті. Аллаһ тағаланың құзырында бізге шапағат ет», – дейді. Ол: «Бүгін Раббым қатты ашулы. Бұрын-соңды мұндай ашулы болған емес. Мен өлтіруім міндеттелмеген бір адамның жанын қидым. Негізінде, мен өзім шапағатқа мұқтажбын», – дейді. Адамдар енді Иса пайғамбарға барып: «Уа, Иса! Сен Аллаһтың елшісісің, оның Мария анамызға жіберген сөзісің әрі жаратқан рухысың, сен бесікте жатып адамдармен тілдестің. Аллаһ тағаланың құзырында бізге шапағат ет! Біздің қатты қиын жағдайда екенімізді көрмеймісің?» – дейді. Сон- да Иса: «Бүгін Раббым қатты ашулы. Бұрын-соңды мұндай ашулы болған емес», – дейді де, ешбір күнәсін айтпайды. Содан кейін сөзін жалғастырып: «... Негізінде, мен өзім шапағатқа мұқтажбын. Сендер Мұхаммедке барыңдар», – дейді. Сонда маған келіп: «Уа, Мұхаммед! Сен Аллаһтың елшісі әрі соңғы пайғамбарысың. Аллаһ тағала сенің өткен және болашақтағы күнәларыңды кешірді. Раббыңның құзырында бізге шапағат ет», – дейді. Сонда мен Аллаһтың аршының жанына келіп, Раббының құзырында сәждеге жығыламын. Сосын Аллаһ тағала бұрын-соңды ешкімге үйретпеген шүкіршілік пен мақтауды жүрегіме салады. Сосын маған: «Ей, Мұхаммед! Басыңды сәждеден көтер! Не қаласаң сол саған беріледі. Шапағат ет, шапағатың қабыл болады», – деп айтылады. Мен басымды сәждеден көтеріп: «Уа, Раббым! Мен үшін үмбетімді кешір! Уа, Раббым! Үмбетімді құтқар!Уа, Раббым, үмбетімді кешір», – деп жалбарынамын. Сол сәтте маған: «Мұхаммед! Үмбетіңнен есепке тартылмай жаннатқа кіретіндерін жаннат есіктерінің оң жағындағы «бабул-айман»- нан кіргіз! Олар жаннаттың басқа есіктерінен де кіре алады», – деп айтады. Сосын Аллаһ елшісі сөзін жалғастырып: «Шыбын жанымды құдіретті уысында ұстаған Аллаһқа ант етейін, жаннат есіктерінің екі қанатының ара қашықтығы Мекке мен (Бахрейндегі) Хажар немесе Мекке мен (Сириядағы) Бусра арасын- дай өте кең болады», – дейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) қыл көпірден өтіп бара жатқанда үмбетінен кейбіреулерінің жолда қалып қойғандығын біледі. Ол күні мейірімді Пайғамбарымыз (с.а.с.) көпірдің басында тұрады. Үмбеті қыл көпірден өтерде астындағы тозаққа түсуден қауіптеніп: «Уа, Мұхаммед! Бізге жәрдем бер», – деп жалбарынып жатқанда, Аллаһ елшісі (с.а.с.): « Уа, Раббым! Үмбетім, үмбетім. Мен бүгін өзімнің жағдайымды, тіпті қызым Фатиманың да жағдайын ойламаймын. Мен үмбетімді қалаймын », – деп Аллаһқа жалбарынады. Бір хадисте « Аллаһ тағаладан бір періште келіп, үмбетімнің жартысын жаннатқа кіргізу мен ақиретте шапағат ету арасында таңдауымды ұсынды. Мен ақиретте шапағат етуді таңдадым. Шапағат өте кең әрі жеткілікті. Сіздер бұл шапағат тек қана үмбетімнің тақуаларына ғана бұйырады деп ойлайсыздар ма? Ол үмбетімнің қателік
пен күнә істегендеріне, күнәға белшесінен батқандарға », – деп жаннатқа үмбетінің жартысы емес шапағатымен барлығының кіруін қалайды. Пайғамбарымыз о дүниеде үмбетінен кейбіреулердің өте қиын жағдайға тап болып, шапағатынан да мақұрым қалатындығын сөз етеді. Бұлай болуы олардың күнәларының ауырлығынан болса керек, сондықтан ақиреттің ауыр жағдайына тап болмау үшін үмбетінің тозаққа түсуін қаламайтын Пайғамбарымыз «Мені ұятқа қалдырмаңдар » 6 деп мол ғибадат жасауымызды ескерткен. Үкімде үмбеті үшін жеңілін таңдаған Ақиреттегі Аллаһтың мүміндерге дайындаған жаннатын білгендер үшін дініміздің бұйрықтары еш ауыр соқпайды. Соған қарамастан мейірімді Пайғамбарымыз (с.а.с.) үмбетіне әкелген дінінің негізгі ұстанымы да кешірім мен мейірімнен тұрғызылғандай. Аллаһ елшісі (с.а.с.) дінді ең кемел түрде барлық үкімдерін толық орындаса да үмбетіне келгенде ең жеңілін таңдайтын. Айша анамыз (р.а.): «Аллаһ елшісіне (с.а.с.) екі үкім арасында таңдау берілгенде міндетті түрде оңайырағын таңдайтын » (Бұхари, Манақиб, 27; Мүслим, Фазайл, 77) деп жұмсақтығын білдірген. Бірде Аллаһ елшісі сахабаларына қажылықтың парыз етілгенін айтады. Сол жерде отырғандардың біреуі: «Жыл сайын қажылық жасаймыз ба?» – деп сұрағанда, Аллаһ елшісі жауап қайтармайды. Сұраушы сұрағын үш мәрте қайталағанда, «Егер «иә» деп жауап бергенімде, әр жылы қажылық жасау сендерге парыз болар еді, әрі бұған шамаларың жетпес еді», – деп, осындай парыз құлшылықтың өзін де шамасы келгенше үмбетіне жеңілдетуді қалаған. Аллаһ елшісі (с.а.с.) бір хадисінде: «Үмбетіме ауыр келмегенде, әрбір намаздың басында мисуак қолдануды бұйырар едім » (Бұхари, Жұма, 8; Мүслим, Тахарат, 42.) деген. Әр намаздың алдында мисуакпен тісімізді тазалау қиындық туғызар еді, әрі мисуак табу әрбір мұсылманға оңай тимейді. Аллаһ елшісі құлшылыққа қатты беріліп, намазда жеке тұрғанда ұзағынан оқитын, әсіресе, нәпіл намаздарын ұзағынан беріліп оқығанда, сахабалар ұюға шыдай алмайтын. Баланың жылағанын ести қалса, намазды тездетіп бітіретін. Анасының алаңдамауын қалайтын. Намазда имамдық жасағандарға: « Сіздерден біреулеріңіз жамағатқа имамдыққа шығып намаз оқытатын болса, жамағаттың жағдайын ескере отырып, оларға ауырлық тудырмайтындай етіп оқытсын, өйткені жамағаттың ішінде әлсіз, науқас және қарттары бар. Ал егер жеке оқыса, қалағанынша ұзақ оқи алады » (Бұхари, Саләт, 183; Тирмизи, Саләт, 61) деп нұсқау берген. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) істеген уәжіп, сүннет, нәпіл құлшылықтарының барлығы мұсылман үмбетіне парыз болғанда халіміз не болар еді, сондықтан Пайғамбарымыз (с.а.с.) кейбір істерін сахабаларынан жасырып, кейбіреулерін әдейілеп тәрк еткен. Өзі түнгі тәһәжжуд намазын қалдырмай оқыса да үмбетіне парыз болмас үшін ешкімге міндеттемеген. Ораза айында тарауих намазы үмбетіме парыз болмасын деп кейде көпшілікпен оқымаған. Айша анамыз (р.а.) ораза айындағы мына жағдайды баяндайды: «Бірде Аллаһ
елшісі (с.а.с.) мешітте намаз оқығанда, жамағат оған ұйып тұра қалды. Екінші түні оқығанда, адамдардың саны арта түсті. Үшінші және төртінші түні осы намазды оқуға жиналғанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) шықпады. Таң атқанда, оларға: « Сендердің мешітке келіп, менімен намаз оқуды қалағандарыңды білдім. Намазға шықпауымның себебі, сендерге тарауихтың парыз болып кетуінен қорыққаным» (148 Сахих Мүслим, 2/177; №1819 хадис) – деген. Иә, егер тарауих намазы парыз болғанда, оны оқымағандар күнәға батар еді. Бес уақыт намаз секілді орындасаң сауап, орындамасаң ақиретте жазасы ауыр күнәға айналар еді. Миғражда үмбетін ойлады Аллаһ елшісі (с.а.с.) миғражға шықты, ешбір жаратылысқа нәсіп болмаған Аллаһтың құзырына барды, жаннат пен тозақты көрді. Аллаһ тағаланың «әс- саламу алайкум аййуһән-нәби» (Әй, нәби, саған сәлем болсын!) деген сәлемін алды. Мұндай қасиетті сәлем сөзіне тек өзі ғана бөленбей, Аллаһтың сәлемі « әс- сәләму алайна уа ала ибадиллаһис-салихин» (Аллаһтың сәлемі бізге және Аллаһтың салиқалы құлдарының бәріне болсын !) деп үмбетінің салихалы құлдарына да болатынын айтты. Осылайша барша жаратылыстың жаратушысы Аллаһ тағаланың құзырында тұрғанда да өзінің үмбетін ұмытпаған. Миғражда Аллаһтың мол нығметінің ортасында жүрсе де үмбетіне қайта оралған Пайғамбарымыз (с.а.с.): « Мүміндер жаннатта жұма күні Аллаһ тағаланың дидарын тамашалайды », – деп сүйіншіледі. Негізінде, дүниеде мыңдаған жыл рақат өмір сүрсең де жаннаттың бір күніне тең келмейтіні секілді, жаннаттың мыңдаған жылы бір сағаттық Аллаһтың дидарын көруге тең келмейді. Үмбетінің ақирет азабына ұшырататын күнә істері үшін қатты қынжылатын. Адамның нәпсісі көбіне жамандыққа итермелейді, жалқаулық пен ақирет қамын ойламауға, ғапылдықа жетелейді. Ал Пайғамбарымыз (с.а.с.) әрдайым бізді дүние мен ақиреттің пайдасына шақырып, екі дүниеде де бақытқа кенелуімізді қалайды. Ақиреттің азабынан құтылуымызды ойлайды. Олай болса, Аллаһ тағаланың « Пайғамбар мүміндерге өздерінен де артық » («Ахзаб» сүресі, 6-аят) деген. Пайғамбарымыз: «Менімен сендердіңжағдайларың от жаққан адамның жағдайына ұқсайды. От жаққан кезде пәруаналар отқа түсе бастайды. Әлгі кісі оларды қуып (отқа түсірмеу үшін) жақындатпауға тырысады. Мен де сендерді оттан (тозақтан) құтқару үшін етектеріңнен тартып ұстауға тырысамын. Ал сендер қолымнан сытылып шығып кете бересіңдер» (Бұхари, Риқақ, 26; Мүслим, Фәдәил, 17-19) , – дейді. Пайғамбарымыз бір сөзінде үмбетінің күнәлары үшін Аллаһ тағаладан жарылқау тілейтінін былайша баяндайды: «Саяхаттап жүретін періштелер бар, маған үмбетімнің сәлемін жеткізіп отырады», – деді де, артынша: « Өмірде болғаным сендер үшін жақсы, өзара сөйлесіп, сұхбаттаса аламыз. Жан тәслім еткенім де сендер үшін қайырлы, сендердің амалдарың ұсынылғанда, игі амал болса Аллаһқа шүкір етемін, ал егер жаман іс болса
Аллаһтан сол амалдың иесі үшін кешірім тілеймін » (151 Ибн Сайд, Табақатүл күбра 2/194; Мүснад әл-Бәззәр 1/307) , – дейді. 47. Ғайыпты білетін бе еді? Бір нәрсені көрмеу, білмеу сынды кемшіліктер әу бастан адамға тән. Ғайыпқа илану мұсылманның бір артықшылығы. Адам баласы уақыт пен кеңістікке, болмысқа тәуелді бола отырып, ғайыппен әрдайым бетпе-бет келеді. Ғайып – адамзаттың өзінен бастап көзге көрінетін әлемнен ары асып, метафизикалық әлемге қарай соқпағы созылып жатқан ұғым. Құран кәрімде ғайыпты Аллаһтан басқа ешкімнің де біле алмайтыны жайлы былай делінген: «Былай де: «Жердегілердің де, көктегілердің де ешқайсысы ғайыпты білмейді. Ғайып тек Аллаһқа ғана аян және олар қашан тірілтілетіндерін де білмейді» («Нәміл» сүресі, 65) және «Ғайып тек Аллаһқа белгілі. Ол құрлық пен теңіздегі барлық нәрсені түгел біледі. Жапырақтың үзіліп түскенінен де хабардар. Қараңғы жер астында көміліп қалған дәнек те, қураған шөп пен жас өсімдік те кітапта (тағдыр кітабында) жазулы» («Әнғам» сүресі, 59) . Осы сынды бірқатар аяттарға қарағанда, Аллаһ тағала өзінің ғайыпты білетін шексіз іліміне ешкімді де ортақ етпейтінін байқаймыз, бірақ өзінің таңдаулы құлдарына кейбір нәрселерді білдіруі мүмкін. Солардың бірі – Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.). Оны жан- жақты қорғап, көрмеген-білмеген кейбір ғайыпты уахи етеді. Берген хабарының мазмұны оқиға түрінде жүзеге асады. Көбіне аят пен ишарат арқылы мәлім етіледі. Аллаһ тарапынан осылайша ілімге иелік еткенімен, ғайыпты білген болып есептелмейді, өйткені пайғамбар білу үшін бір нәрсеге мұқтаж. Білгеннің өзі абсолютті ғайып емес, хабар берілген ғайып. Расулаллаһ (с.а.с.) өз бетінше ғайыпты біле алмайды. Оған (с.а.с.) Аллаһ қалағанын білдіреді. Құранда «Міне, бұлар ғайып хабарлары. Мұны саған уахи етіп жатырмыз. Бұдан бұрын сен де, елің де білмеуші еді. Сабыр ет. Түбінде жетістікке жететіндер – тақуалар» («Һуд» сүресі, 49) деген. Осы жерде де хазірет Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ғайыпқа қатысты кейбір мағлұматтарды білгені ескертілген. Үмбеті алда кездесетін оқиғаларды, қияметтің жағдайы сынды кейбір хабарларды жеткізуі осы ойымызды нақтылай түспек. Құранда « Ол (Мұхаммед) өз ойынан сөйлемейді. Сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана » деп Пайғамбарымыздың (с.а.с.) айтқандарының барлығы Аллаһтан келген уахи екендігін білдірген, сондықтан Пайғамбарымыздың (с.а.с.) болашақ жайлы айтқандары міндетті түрде жүзеге асқан. Бұл жайында бірнеше мысал бере кетейік: Христиан дінін ұстанатын римдіктер 613-614 жылдары пұтқа табынушы парсылармен соғысып жеңіліске ұшырады. Осы жеңілістен кейін 7 жыл өткеннен соң римдіктердің қайта жеңіске жететіндігі жайлы аят түседі. Аятта «...Ең жақын жерде римдіктер жеңілді. Олар жеңілгеннен кейін бірнеше жылдың ішінде қайта жеңіске жетеді…» («Рум» сүресі, 2-4)
Парсылар Шам жерін, Палестина мен Мысырды жаулап алды. Қасиетті шіркеулерін күйретті. Римдіктердің жағдайы қатты нашарлады,көптеген шығынға ұшырады, тіпті ел болып қайта аяққа тұруы мүмкін еместей күйге түсті. Рим королі Гераклге өзінің қарамағындағылар қарсы шығып, басшылық ыдырай бастады. Қысқасы, барлық ел Римнің күйрейтін сәтін күтіп отырды. Міне, осындай сәтте мұсылмандарға «Рум» сүресіндегі аят түскен болатын. Аятта римдіктердің бірнеше жыл ішінде қайта жеңіске жететіндігі білдірілді. Біреулер үшін бұл аятқа сену мүмкін емес көрінді, тіпті араб мүшріктері Құранның бұл аятындағы хабар орындалмайды деп сенді. Алайда Құранның басқа аяттары секілді бұл аят та ақиқат болғандықтан орындалатыны сөзсіз еді. 622 жылы римдіктер қайта күш жинап Парсыларға соққы беріп, жеңіске жетті. 627 жылы екі жақтың әскерлері соғысып, римдіктер парсылардың отарлап алған жерлерін азат етіп, өздеріне қайтарып алды. 630 жылы Парсылардың басшысын жеңіп, Құдыс жерін өздеріне қайтарады. Осылайша аятта айтылған «бірнеше жыл ішінде» дегені 3 пен 9 жыл арасын білдіретін болғандықтан, аят түскеннен кейін 9 жылдың ішінде аят ақиқатқа шықты. Бұл аяттағы тағы бір мұғжиза, ол кезеңдегі ешкімнің білуі мүмкін емес географиялық нақтылық. «Рум» сүресінің 3-аятындағы «Әднәл-ард » сөзін тәпсірші ғалымдар « ең жақын жерде » деп тәпсірлесе де кейбір тәпсіршілер бұл сөздің тікелей мағынасын алып «ең төменгі жер» деп түсіндірген. Бұл мағынаны алғанда римдіктердің «дүниенің ең төмен жерінде» жеңілгендіктері шығады. Қазіргі таңда жер шарының ең төмен жері «Лут көлі» (Өлі теңіз) болғанын көреміз. Бұл жер, теңіз денгейінен 399 метр төмен орналасқан, сондықтан қазіргі зерттеулер нәтижесі бойынша ең төменгі жер осында. Ал римдіктердің ең ауыр соққыға ұшырап, жеңіліске ұшыраған жері осы «Лут көлінің» маңындағы Құдыста болған. Олай болса, ол кездері жердің ең төменінің қайда екендігін және ол жерде жеңіліске ұшыраған римдіктердің қайта жеңіске жететінін бір Аллаһтан басқа ешкім білмейтін. Бұл аят түскенде Әбу Бәкір мүшріктерге: «Аллаһ сендерді ешқашан табысқа жеткізбесін! Аллаһтың атымен ант етемін, бірнеше жыл ішінде римдіктер парсыларды жеңеді», – дейді. Сонда қарсы тараптағы Үбәй ибн Халаф Әбу Бәкірмен үш жылға он түйеге бәстеседі. Осы жайтты естіген Аллаһ елшісі (с.а.с.) Әбу Бәкірге: «Бірнеше жыл» деген 3-тен 9-ға дейінгі сан, бәстесулеріңнің уақытын ұзартып, түйенің санын арттыр», – дейді. Артынша Әбу Бәкір барып Үбәй ибн Халафпен кездесіп, бәстесуді жүз түйеге, уақытын тоғыз жылға ұзартты. Артынша Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мәдинаға һижрет етті. Ұхұд соғысында Үбәй қайтыс болады. Бәсекеден жеті жыл өткеннен кейін римдіктер парсыларды жеңеді. Әбу Бәкір Үбәйдің мұрагерлерінен 100 түйені алып Аллаһ елшісінің құзырына келді. Аллаһ елшісінің нұсқауымен 100 түйені садақа етті (Кәшфул-хақайық ан нукутил аяти уад-дақайқ, Мұхаммед Карим әл-Бақуи, «Рум» сүресінің тәпсірі. Сайд Құтып, «Фи зилалил Құран», «Рум» сүресінің тәпсірі) (Бұл оқиға екі жақтық бәстесуге тыйым салыну үкімі түспей тұрып болды).
Бірде Пайғамбарымыз (с.а.с.) бірнеше сахабаларымен мешіт тұрғызып жатқанда Аммарға кімдердің қолынан қаза табатыны жайлы: «Әй, байғұсым- ай, сені бүлік шығарушы топ өлтіреді» (Кәнзүл-Уммал, 13/536; (қар: Бұхари, Саләт, 63; Мүслим, Фитән, 70,72,73; Мүснәд, 12/161,164) деп хабар береді. Аллаһ елшісінің бұл сөзі де отыз жылдан кейін іске асып, Аммар хазірет Алиге қарсы бас көтерген бүлікшілердің қолынан шейіт кетті. Пайғамбарымыз бірде Абдуллаһ ибн Бусрдың басына мүбәрак қолдарын қойып: «Бұл бала дәл бір ғасыр жасайды», «Жүзіндегі мына сүйкімсіз сүйелдер де кетеді», – деді. Сахабалар бұл хадисті растап: « Ол кісі жүз жыл өмір сүрді, жүзіндегі сүйелдері де кетті », – деді. « Менен кейін халифат отыз жыл салтанат құрады», – деді. Бұған да тарих куә. Атақты төрт халифа мен Алидің ұлы Хасанның мұсылман үмбетін басқаруы 30 жылға созылды. « Осман Құран оқып жатқанда өлтіріледі ». Айтқанындай хазірет Осман (р.а.) Құран оқып отырғанда бүлікшілер қолынан һижри 35-жылы зулхижжа айында шейіт болды. Бәдір соғысы басталмай тұрып құрайыш мүшріктерінен кімнің қай жерде өлетінін жеке-жеке көрсеткен еді. Айтқаны айна-қатесіз келді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) сырқаттанып жатқан күндердің бірінде қызы Фатима анамызды (р.анһа) қасына шақырып алып, құлағына сыбырлайды. Хазірет Фатима осы сыбырды ести сала жылап, жүзінен мұң байқалды. Артынша Аллаһ елшісі оның құлағына тағы да сыбырлады. Бұл жолы Фатима анамыз қатты қуанды. Бұл жайды Айша (р.анһа) анамыз да байқап қалып мән- жайды сұрағанда, Фатима анамыз: «Бұл Аллаһ елшісіне тиісті сыр», – деп мән-жәйді айтпады. Хазірет Айша Пайғамбарымыз дүниеден озғаннан кейін арада біраз уақыт өткеннен соң Фатима анамыздан қайта сұрайды. Сонда Фатима анамыз: «Бірінші шақырған кезде, өзінің көз жұматынын айтты, сол үшін жыладым (Бұхари, Мәғази, 83; Мүслим, Фәда’илу’с-Сахабә,98.) . Екінші рет шақырғанда, «Отбасының ішінде алғашқы қауышарым сенсің» деді. Мен соған қуандым», – деп жауап береді (Бұхари, Мәнақиб, 25; Мүслим, Фәда’илу’с-Сахабә, 98, 99) . Айтқандай, Пайғамбарымыз (с.а.с.) дүниеден озғаннан кейін алты ай өтісімен Фатима анамыз дүние салды. Ыстамбұлдың алынуы. Аллаһ елшісі (с.а.с.) бір сөзінде былай дейді: «Константинополь (Ыстамбұл) бір күні сөзсіз алынады. Оны алған қолбасшы – неткен керемет қолбасшы! Оны алған әскер неткен тамаша әскер!» (Мүстәдрак, 4/422; Мүснәд, 4/335.) Осы сөз Пайғамбарымыздың (с.а.с.) аузыннан шыққаннан бері қаншама сахабалар мен дінді жеткізуді өзіне міндет еткен мұсылмандар сан рет Ыстамбұлдың түбіне дейін келіп, оның іргесіне ат басын тіреп тұрып, ала алмай кері қайтқан. Соңында Фатих Сұлтан хадистегі сүйінші хабардың іске асуына себепкер болды. 1453 жылы 6 сәуірде Стамбулды азат етіп, Пайғамбарымыздың бұл айтқан сөзі де Аллаһтың қалауымен орындалды.
48. Пайғамбарымыздан (с.а.с.) басқа болашақ жайлы айтатындарға сену дұрыс па? Болашақты айту жайлы сөз қозғалғанда бірінші кезекте көріпкелдер мен балгерлер ойға түседі. Келешекке байланысты бұлардың айтқандары өтіріктен, ары кетсе болжамнан аса алмайды. Бұған дәлел Айша анамыз (р.а.) жеткізген хадис: «Бірде бір топ кісі сәуегейлер жайлы сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Олардың айтатыны шындық емес», – деді. Сауалды қойғандар: «Кейде олардың айтқандары рас шығып жатады», – деді. Сонда Аллаһ елшісі (с. ғ. с. ) оларға: «Ондай ақиқат сөздерді жындардың бірі алдымен (періштелерден) ұрлап алып, кейін оны досының (яғни, балгердің) құлағына сыбырлайды. Ал, балгерлер сол сөзге өз ойынан жүз өтірік қосып (болашақты білетіндей бал ашады) – деп түсіндірді», – деген (Хадистер жинағы, Асқар Болатұлы, 698 б. «Көкжиек» баспасы 2011ж; Бұхари, Таухид, 57. . Бір сөзінде: «Кімде-кім бақсы-балгердің қасына барып, айтқандарына сеніп қуаттаса, Мұхаммедке (с.а.с.) түсірілген аянға қарсы шыққаны » деп, оларға барып болашақты болжатуға тыйым салған. Қарапайым адамның болашақтағы жағдайлар былай тұрсын, өзінің өмір сүріп отырған уақытындағы оқиғаларды бүге-шігесіне дейін тәптіштеп айтып беруі әсте мүмкін емес. Сол сияқты саясаткерлер мен әлеуметтанушылар да заманның тамырын басып, елу- алпыс жылдан кейін не болып, не қоятынын дөп басып айта қоюы екіталай. Егер бір болжам айтылды деген күннің өзінде қазіргі жағдаймен қатар салыстырылып, тарихи заңдылықтар негізге алынып, ғылыми гипотеза ғана жасалуы мүмкін. Ал келешектің еншісіндегі кез келген уақытта орын алатын ұлы өзгерістерді ап- айқын айтып беру тек Аллаһқа ғана тән. Егер болашаққа қатысты дәлме-дәл хабар берген біреу болса, ол Аллаһтың уахиынан қуаттанған пайғамбарлар ғана. Тарихты өте жақсы білетін, орын алып жатқан оқиғалардың негізін көріп, тұжырым жасай алатын парасатты адамдар болашақты болжауы мүмкін, бірақ белгілі бір заңдылықтарға сүйене отырып айтады. Бұл ғайып хабары емес. Олардың беретін хабары ауа райы болжамы, ана құрсағындағы баланың жынысы сынды белгілі бір құралдарды қолдануға мұқтаждықтан туады. Ары кетсе белгілі бір уақыттан кейінгі әлемдегі экономикалық немесе саяси ахуалды болжауы мүмкін. Ал Пайғамбарымыздың (с.а.с.) болашақ туралы айтқандары ол заманда белгісі байқалмақ тұрмақ, иісі де сезілмейтін, кісі айтса сенгісіз ғаламаттар еді. Пайғамбарымызға (с.а.с.) ғайыптан берілген хабар былай тұрсын, Аллаһтың бар екенін айтып жалпақ жұртты сендіре алмай жүргенде, мүмкін еместей көрінген келешектің хабарын нық сеніммен айтқанына қараңыз. Бірнеше мысал келтіре кетейік: 1. Мүшріктердің мұсылмандарды адам құрлы көрмейтін Мекке кезеңінде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Хаббаб ибн Әратқа (р.а.) «Аллаһ бұл дінді кемеліне жеткізеді. Дұшпандарын жояды және Ислам мемлекеті салтанат құрады. Кез келген әйел адамның өзі Санадан жалғыз шығып,
Хадрамутқа аман-есен жетеді. Жолда Аллаһтан басқа ешкімнен де қорықпайды», – деп болашақтан хабар берген. Бұл жағдайды әділетті төрт халифаның (р.а.) дәуірінде елдің көзі көрді. 2. Бірде сахабалар ор қазып жатқан. Үлкен бір тасқа кезігіп, сахабалар барлық күш-жігерімен қозғауға тырысып, еш қимылдата алмайды. Бұл жайды Пайғамбарымыз (с.а.с.) естіп, қолына қайласын алып келеді де, тасты ұра бастайды. «Бисмиллаһ» деп бірінші рет ұрғанда, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) аузынан: «Маған дәл қазір Византияның кілттері берілді», екінші ұрғанда «Сасани қорғандарының жығылғанын да көріп тұрмын», үшінші мәрте ұрғанда тас күл- талқан болды, артынша «Иранның кілттері де маған берілгенін көріп тұрмын...» – деген қасиетті сөздер төгіліп жатты (Ибн Кәсир, әл-Бидәя, 4/116; Ибн Һишам, Сирә, 3/230. Муснәд, 4/303.) . Алайда мұндай қиын-қыстау заманда, әсіресе, Мекке мүшріктері қаптап келе жатқанда, олардан аман қалудың өзі қиын кезде, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) мұндай хабар беруі мұсылмандарды таңдандырды. Арада бірнеше жыл өтті. Сағд ибн Әбу Уаққас, Халид ибн Уәлид секілді үлкен қолбасшылар хадисте айтылған жерлерге мұсылмандардың жеңіс туын тігіп, кілттері Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қолына тапсырылды. Осыдан кейін айтқандарынан ешқандай шашау шықпаған адамның пайғамбар болмауы, айтқан сөздерінің Аллаһтың уахи арқылы білдіргеніне сенбеу мүмкін бе? Оның ғайыптан берген хабарларына қарап төмендегідей қорытынды жасай аламыз. Келешектен хабар бергенде ешқашан да «бұл менің ойым», «солай шығар» деген сияқты екіұшты сөзге бармаған, керісінше, «күндердің күнінде өздерің куә боласыңдар» деп, әр сөзін нық сеніммен айтқан. Қарапайым адамның өзі көрмеген, тәжірибесінде кезікпеген нәрселер турасында келешек жайлы ауыз толтырып жаңалық жеткізуі мүмкін емес. Аллаһтың елшісі (с.а.с.) пайғамбарлықтан бұрын әскерге қолбасшы, не топ адамға басшы, не бір мемлекеттің іргетасын қалаған немесе аты әлемге әйгілі ғалым болып аты шыққан емес. Тарих ақылмен емес, жазылған құнды еңбектермен танылады. Ал соңғы нәбидің өткен қауымдар жайлы айтқан ақиқаттары ешбір кітапта, ешбір тарихи құжатта кездеспейтін дүниелер. 49. Күнәсіздігін қалай түсінеміз? Аллаһ тағала адамдар арасынан пайғамбар таңдағаннан кейін оларды жан-жақты қорғаған. Бұл қорғау исмәт сипатына, күнәсіздікке алып келген. Ең кішкентай қателіктен де қорғалған, себебі соларға қарап бой түзейтін, артынан ерген тұтас үмбет бар. Адам баласы иман, сенім және амалдарға тиісті барлық діни үкімдерді пайғамбар арқылы үйренеді. Әрі екі дүниенің бақытына қол жеткізуі үшін, Пайғамбардың, дінді ең кәміл түрде ұстанғанын көруі қажет. Ал егер жолбасшының өзі күнәға бой алдыратын болса, онда пайғамбардың соңынан ілесудің нендей парқы болмақ?
Тағы бір жағынан пайғамбарларға уахи әкелетін үлкен сенімге ие әрі ұлық міндетті арқалаған Жәбірейіл періште бар. Құран кәрім Жәбірейіл (а.с.) туралы: «Көкте періштелер оған бағынады. Ол сенімді» («Тәкуир» сүресі, 21) деген. Ол Аллаһқа шын берілген, уахиға ең сенімді періште. Құранды жеткізуші періштеде осы қасиеттер ерекшеленсе, оны халыққа жеткізетін пайғамбарда да осы сипаттың көрінуі орынды. Ұлы Рахман осы бір қасиетке толы міндетті бойында күнәнің кірі бар адамға жүктемесі анық. Көңілінің көрсоқырлығы иман етуіне кедергі етіп, иманның шуағына шомыла алмай кеткен дін дұшпандарының өзі Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өне бойынан иненің ізіндей де мін таппаған. Ақиқатқа көзі қанықса да, мойындауға ары жібермей, қанша жерден қаскөйлік танытса да, Аллаһ елшісінің алдында мысы құрыды. «Сиқыршы», «жынды» деп жалған сипат таңса да, исмәтына (күнәсіздігіне) тиісе алмады. 50. Жеке басы күнәсіз бола тұра неге Аллаһтан кешірім сұрап истиғфар еткен? Құран кәрімде Аллаһ тағала «Аллаһтан кешірім сұра. Күмәнсіз, Раббың өте кешірімді,өте мейірімді» («Ниса» сүресі, 106) деген және тағы басқа аяттарда («Әй, Мұхаммед, сабыр ет. Күмәнсіз, Аллаһтың уәдесі ақиқат. Кемшілігіңе кешірім тіле. Таң мен кеште Раббыңды мадақтап пәкте» («Мүмин», 55), «Біліп қой, Аллаһтан басқа құдай жоқ. Өз күнәң үшін және мүмин еркек-әйел үшін кешірім тіле. Аллаһ сендердің бұ дүниеде істегендеріңді, о дүниедегі баратын жерлеріңді біледі» («Мұхаммед», 19), «Аллаһтың көмегі мен жеңісі келген кезде, адамдар топ-тобымен Исламға кіргенде Раббыңды мадақта, пәкте, кешірім сұра. Күмәнсіз, Ол тәубені қабыл етуші» («Наср», 1-3)) хазірет пайғамбарға (с.а.с.) истиғфар ету керектігін айтқан. Сонымен қатар, бірнеше хадистерде де Аллаһ елшісінің (с.а.с.) истиғфар (кешірім тілеу) еткенін көреміз. Бұлай истиғфар етуінің мәні мынада: 1. Барлық жақсы амалдардың ішіндегі ең жақсысын істей алмай қалғандығы үшін Ұлы Рахман тәубе етуді бұйырған. 2. Истиғфар бір жағынан ғибадат болып саналады, сондықтан Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кей риуаяттарда жетпіс рет, кей риуаяттарда жүз рет истиғфар еткендігі айтылады. 3. Айтқандарының барлығын алдымен өзі орындап, үмбетке өнеге көрсеткенде, истиғфар етуде де үлгі болуды мақсат еткен. 4. Истиғфарды ізгі амалдарды көбейтуге, жүрек қаламайтын нашар әдеттерден бойды аулақ салу үшін де жасаған. Истиғфар – кешірім тілеу, күнәдан тазаруға сеп бірден-бір амал. Күнәдан сақтанған адам – нәпсі қалауынан туындайтын жамандықтарды жуып-шайған адам. Ал мағфират «Бізді жаман жолға түсірме» деп жалбарыну. Пайғамбарлар Аллаһ тағалаға истиғфар еткенде «истиғфар-зәнб» сөзі қолданылған. Бұл жердегі «зәнб» сөзі «күнә» деген мағынада емес, кішігірім
жаңылысуға саяды. Айта кететін тағы бір мәселе, кісінің ұмытып немесе жаңылысып бір нәрсені істеуі ешқандай күнә да, кінә да емес. Ал пайғамбарлар биік дәрежесіне сай, бұл үшін көп кешірім сұрап тәубе еткен, өйткені сол пайғамбарлардың сөзі мен жүріс-тұрысынан діннің негіздері қалыптасты емес пе? Бұл аса мұқияттылықты талап ететін үлкен жауапкершілікте сәл жаңылыс шығып жатса, Аллаһ тарапынан түзету келіп, не болмаса алдын-ала хабар келіп отырған. 51. Жеке басына қатысты «бұрынғы және келешектегі күнәларының кешірілуі» дегенді қалай түсінеміз? Құранда Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өткен және келешектегі күнәларының кешірілгендігі айтылған. Құранда «Осылайша Аллаһ сенің өткен және келешектегі барлық күнәңді кешіреді» ( «Фәтх» сүресі, 1-2) делінген. Мұны оқығаннан кейін «Пайғамбарымыз (с.а.с.) күнә жасаған ба?» деген сұрақ еріксіз ойға оралары хақ. Терең ізденісті қажет ететін бұл аятқа қатысты ғалымдардың пікірі түрлі бағытта өрбіген. Ғалымдардың басым көпшілігі Пайғамбарымызды (с.а.с.) күнәсіз деп тапқан. Сондай-ақ бұл жердегі «күнә» деген сөзді жан-жақты түсінуге болады: 1. «Күнәңді кешірдім» дегені үмбеттің өткен және келер күнәларының кешірілуі, өйткені қоғамда белгілі бір топқа басшылық жасаған адам сол топтың іс- әрекетіне де, күнәларына да жауап беретіні белгілі. 2. Пайғамбар (с.а.с.) дәрежесінің биіктігі ескеріліп, «күнәлі болған күннің өзінде де кешірер едім» дегендей мағынаны береді. 3 . «Жақсылардың игі істері – Аллаһқа ең жақындардың нашар істерімен тең» деген ұстанымға сәйкес, ең жақсыны істемеу кейбір өте тақуа, әулие кісілер үшін күнә саналуы мүмкін. Ал ең жақсысы істелмей, тек жақсысы істелсе, бұл пайғамбарлар үшін «зәнб» болады, сондықтан кейбір істер қарапайым адамға сауапты іс саналса, ол пайғамбарлар үшін сүріну болып танылған. Олар осы үшін кешірім сұрайтын. 4. Пайғамбарлардың күнәсі деп саналған істер «зәллат» деп аталады, бірақ бұлар олардың деңгейіне байланысты. Яғни, зәллаттар қарапайым адам үшін қателік емес, бірақ Аллаһқа басқалардан гөрі жақын жүрген муқаррабиндер үшін кішігірім қателік ретінде есептеледі. Хазірет Мұхаммедке (с.а.с.) нәбилік келмей тұрған уақыттың өзінде дұшпандарының қаралайтын ешқандай дәлелдері жоқ еді. Оның пайғамбарлықтан бұрын да қараңғылық пен надандықтың ешбір ісіне араласпағанын сахих хадистер растап отыр. Балалық шағында Қағбаның жөндеу жұмыстары кезінде иығына тас салып арқалап, ағаларына көмектескені бар. Тас қажағандықтан, етегін көтеріп иығына төсемек болғанда, саны ашылып қалады. Сол- ақ екен мұрттай ұшып түседі. Дереу тізесін қайта жаба қояды. Осы оқиғадан Расулаллаһтың (с.а.с.) бұрын да тікелей Аллаһтың тәрбиесінде болғаны байқалады.
52. Құранның кей жерлерінде Расулаллаһқа (с.а.с.) ескертулер жасалған ба? Құран кәрімде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кейбір іс-әрекеттеріне байланысты ескертулердің түскені рас. Мұның бірі Бәдір соғысына қатысты. Соғыста мұсылмандардың мерейі үстем болып бірнеше мүшрікті қолға түсіреді. Бұрын-соңды мұндай ірі жеңіске қол жеткізіп көрмеген мұсылмандар тұтқындарға қандай шара қолданарын білмейді, өйткені бұған дейін ол туралы уахи түспеген еді. Ақырында, Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабалармен ақылдасып шешпек болады. Алдымен Әбу Бәкірден (р.а.) сұрағанда ол кешіріммен қарау керектігін айтады. Ал хазірет Омар (р.а.) тұтқындардың Меккедегі ең беделді адамдар екенін айтып, бұлардың көзін жойса, күпірліктің түбіне балта шабылатынын алға тартады. Ең жақын деген достарының пікірін тыңдаған Пайғамбарымыз : «Әбу Бәкір, сен атам Ибраһим мен Исаға ұқсайсың. Олар өздеріне қарсы шыққан қауым үшін Аллаһтан кешірім тілеген. Омар, сен Нұхқа тартқансың. Ол ақиқатқа қарсышыққан қауымды иман еткендерге кедергі етпеуі үшін Аллаһтан жойып жіберуін сұраған», – дейді. Сосын Пайғамбарымыз (с.а.с.) барлығына кешірім етеді. Міне, осы оқиғадан кейін арада бір күн өтісімен Хазірет Омар (р.а.) Пайғамбарымызға (с.а.с.) келеді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Әбу Бәкірмен бірге жылап отырғанын көреді. Омар (р.а.) жаны қалмай: «Аллаһтың елшісі, неге жылап отырсың? Егер жылайтын нәрсе болса, айтыңдар, мен де жылайын, болмаса мен сендер жылағандарың үшін жылаймын», – деді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) Омарға (р.а.) қарап: «Омардың шешіміне мән бермегендігімізден үлкен азапқа душар бола жаздадық. Егер ол азап келгенде одан тек Омар ғана құтылатын еді! Бұл жайлы аят мына ағаштың түбінде маған түсті», – дейді. Сөйтсе Жәбірейіл періште Бәдір тұтқындарына құн төлеттіріп, оларды азат еткендіктері үшін Пайғамбарымызға (с.а.с.) ескертіп: «Ешбір пайғамбарға жауды толық жеңбейінше, тұтқын ұстап, олардан бодау алу арқылы оларды азат ету дұрыс емес. Сендер дүниенің пайдасын ойлайсыңдар, Аллаһ сендерге ақиретті қалайды. Аллаһ өте үстем, хикмет иесі. Егер Аллаһтан алдын-ала беріліп қойған үкім болмағанда, (тұтқындардан бодау) алғандарың үшін үлкен азапқа душар болар едіңдер» («Әнфал» сүресі, 67) , – деген аят түседі. Егер бұрын-соңды бұл туралы үкім түскенде, ойланбастан Аллаһтың әмірін Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұлжытпай орындайтын еді. Жоғарыдағы Пайғамбарымыздың тоқтаған шешімі түгелдей қате болмаған. Әйтпесе Жаратушы Ие артынша оны жоққа шығаратын бір үкім түсірер еді. Одан кейін соғыстан тапқан олжаны бөлісуге рұқсат етіп: «Осыдан бастап бодау алу мен олжа сіздерге адал етілді», – деген аят түсті. Аллаһ тағала дұшпандарымен алғаш рет бетпе-бет келген мұсылмандарды бұрын үкімі берілмеген жағдаймен сынап, бұдан былай абайлау керек екенін көрсетті. Осы бір ескертуден кейін мыналарды тұжырымдай аламыз:
1) Бұл жерде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) да құл екені ескертіліп, христиандар сияқты тым асыра сілтеп (пайғамбарды құдай деп) жіберудің алдын алған. Сахабаларға және барша үмбетке осыны ескерткен. 2) Алда-жалда Пайғамбарымыз (с.а.с.) уахидың бірін жасырып қалар болса, осы сынды өзіне ескерту жасалған аяттарды айтпас еді. Осы оқиға арқылы да Аллаһ тағала мұсылмандар мен барша әлемге Пайғамбарымыздың (с.а.с.) адал елші екенін дәлелдеді. 3) Мұнымен қоса үмбетке үкімі беймәлім жағдайға ұшырасқанда өзара ақылдасудың маңызды екендігін көрсеткен. 53. Алғаш кіммен үйленген? Пайғамбарымыз (с.а.с.) алғаш рет 25 жасында өзінен 15 жас үлкен 40 жастағы Хадиша бинт Хуайлидпен үйленді. Хадиша анамыз Пайғамбарымызбен үйленбей тұрып екі мәрте күйеуге шығып жесір қалған. Бірінші күйеуінің аты Атиқ ибн Айз әт-Тәмими, екіншісі Әбу Хала әт- Тәмими. Хадишаның әкесі Фижар соғыстарында қайтыс болғандықтан, ол да Расулаллаһ сияқты жетім өскен. Хадиша анамыз (р.а.) бай әрі беделді саудагер болатын. Бірде сауда жасап, тауарды сату үшін сенімді адам іздейді. Мұхаммедтің (с.а.с.) адал әрі шыншыл, мінезі жақсы екендігі жайлы хабар естігеннен соң елші жіберіп, Шамға барып сауда жасап келуі үшін ұсыныс білдіреді. Мұхаммед (с.а.с.) бұл ұсынысты қабыл алады. Бұл сапардан мол табыспен оралып, Хадиша анамыздың (р.а.) мал-мүлкін түгелімен қолына тапсырады. Шамға бірге барған Майсара, бұл сапарда болған жағдайларды таңдана отырып айтып берді. Мұны естіген Хадиша (р.а.) Мұхаммедке деген сенімі артып, көңілі ауады. Артынша хазірет Хадиша іштегі сырын ең алдымен құрбысы Мүниәқызы Нәфисаға ақтарды: – Нәфиса, Абдулланың ұлы Мұхаммедтің бойынан бір артықшылық байқадым. Мұхаммед өте шыншыл, адал, сенімді, текті, қадірлі, қайырымды жігіт. Жас та болса елдің құрметтейтін адамы. Майсараның айтқандары мен дінбасының сөзіне қарасақ, ол – болашақ адамзаттың пайғамбары. Оның үстіне Шамнан керуенмен келе жатқанда үстін көлеңкелеп тұрған бұлтты өз көзіммен көрдім. Елдің аузына іліккен осы жігіт неге үйленбей жүр екен? – деп бір тоқтады. Нәфиса құрбысына мейірлене қарап: – Рұқсат етсең, сенің осы арманыңның орындалуына мен көмектесіп көрейін, – деді. Хазірет Хадиша қуанышы қойнына сыймай: – Егер шынымен көмектесемін десең, алғыстан басқа айтарым жоқ, – деді. Хазірет Хадиша оң жақта отырған жас қыз емес, сондықтан Нәфиса бірден Пайғамбарымыздың өзіне барды. Амандық-саулықтан кейін неге үйленбей жүргенін сұрады. Мұндай сұрақты Пайғамбарымыз күтпеген еді. – Үйленетін жағдайым жоқ, – деді. Шынында, Расулаллаһтың үйленуге жағдайы жетпейтін. Отбасын құрып, оның жауапкершілігін өз мойнына ала-
тын адамның ең аз дегенде сол отбасын бағып-қағуға жететіндей мүмкіндігі болуы керек еді. Мәселенің мән-жайын түсінген Нәфиса іркіліп қалмады: – Егер ақша жағынан бір шешімі табылып, әдемі, дәулетті, арлы әйел табылып жатса, бұған не дер едің? Нәфисаның әңгіме ауанын қайда бұрып жатқанын Пайғамбарымыз да түсіне бастады. – Ол кім? Нәфиса «өзіңнің теңің деп» Пайғамбарымызға хазірет Хадишаны айтты. Пайғамбарымыз Хадишаның өзі келісім бере ме екен дегендей емеурін танытты. Нәфиса ең бірінші Пайғамбарымыздың келіскеніне қуанып, «оны өзім көндірем» деп кетіп қалды. Сүйінші хабарды жеткізу үшін дереу Нәфиса хазірет Хадишаға асықты. Нәфисаның әкелген хабары хазірет Хадишаның жанын жадыратып, көңіліне шаттық сыйлады. Аллаһ расулы осыншама маңызды мәселеде үлкендермен кеңеспестен шешім қабылдауды жөн көрмеді. Әбу Тәліпке барып, Нәфиса екеуінің арасында болған әңгімені айтты. Көп уақыт өтпей-ақ ақ неке қиылып, Әбділмүттәлибтің ұлдары Әбу Тәліп, Аббас (Кейбір деректерде бұл құдалықта хазірет Аббастың болмағандығы айтылады) және Хамза – үшеуі Хадишаны айттыра барды. Құдалар өзара келісіп, екі әулет арасында қажетті салттық рәсімдер орындалып, той жасалды. Пайғамбарымыз Хадиша анамызбен бақытты отбасын құрды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Хадиша (р.а.) анамызбен үйленерде қарпайым адамның ойына келетіндей оның дене бітіміне, жасына, көркіне, тән сұлулығына еш мән бермегенін байқаймыз. Егер мұндай жағына мән бергенде Аллаһ елшісі (с.а.с.) міндетті түрде өзінен жас немесе өзімен құрдас, әдемі әйелді таңдар еді. Алайда Мұхаммед (с.а.с.) Хадиша анамыздың халық арасындағы беделіне, адалдығына, ерекше қасиеттеріне қарады (Әбу Жәһил оған үйлену туралы ұсыныс жасаған. Алайда Хадиша оны қабылдамаған. Кейіннен Әбу Жәһилдің Пайғамбарымызға қарсы шығу себептерінің бірі осы мәселе болуы да мүмкін. Осы некеден кейін Әбу Жәһил өшпенділігі өрши түсіп, «Некелесетіндей құрайыштың жетімінен басқа ешкімді таппай қалды ма?» деп, Хадиша анамызды жазғырған екен) , өйткені сол надандық заманында Хадиша анамыз «таһира», яғни «арлы, таза» деген лақап аттармен елге танымал еді. Ол жайлы Ибн Сағд: « Хадиша құрайыштықтар арасында текті болуымен қоса, олардың ішіндегі ең абыройлысы, беделдісі, байы әрі ақылдысы еді » (Ибн Сағыд, Табақат 1/131) , – дейді. Хадиша анамызбен бірге ерлі-зайыпты болып жүрген сәтте екінші әйел алуды еш ойлаған емес. Көпшілігімізге белгілі, ер адамда 25 пен 50 жас аралығында әйелге деген сезімі мен құмарлығы басым болады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) дәл осы жастық шағын өзінен 15 жас үлкен Хадиша анамызбен бірге өткізді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) 50 жасқа толғанда Хадиша
анамыз 65-ке жетіп қайтыс болды. Егер Пайғамбарымыз (с.а.с.) екінші бір әйел алуды қалағанда оның орындалуына ешкім кедергі келтірмес еді, тіпті оны өзінің әйелі Хадиша анамыз да құптар еді. Бірде Хадиша анамыз: « Мен қартайдым, басқа әйелге үйлен », – дегенде Пайғамбарымыз (с.а.с.): « Олай деме, Хадиша, ренжимін », – деп жауап берген. Хадиша анамыз һижреттен үш жыл бұрын пайғамбарлықтың оныншы жылында қайтыс болды (Ибн Сағыд, Табақат 8/217) . Пайғамбарымыз (с.а.с.) сол жылды «қайғылы жыл» деп атады. Одан кейін Аллаһ елшісі үш жыл бойы басқа әйелге үйленбеді. 54. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Айшамен (р.а.) үйленудегі мақсаты не еді? Хадиша анамыздың дүние салғанына 3 жыл өткеннен кейін Пайғамбарымыз (с.а.с.)Айша анамызбен (р.анһа) үйленеді (Айша анамыз Пайғамбарымызбен 7 жасында некелесіп, қаржы жағдайына байланысты 9 жасқа толғанда той жасап, бірге отбасы құрғандығы айтылса да кейбір ғалымдар Айша (р.а.) анамыздың Пайғамбарымызбен үйленгенде 17-18 жаста болғандығын айтады. Дәлелдері: 1) Айша анамыз Пайғамбарымызға (с.а.с.) уахи келмей тұрып 5-6 жыл бұрын дүниеге келген. Ал Пайғамбарымыз (с.а.с.) Айша анамызбен уахидың келуінен 10-11 жыл өткеннен кейін үйленді. Олай болса Айша анамыз ол кезде жоқ дегенде 17 жасында болған. 2) Пайғамбарымыз бен Айша анамыздың үйленгенін ешкім ерсікөрмеген.Өйткені мұндай жа сайырмашылығымен үйлену ол кездің әдетіне айналған болатын. Бұған дәлел Омар (р.а.) өзінің жас қызы Хафсаны Әбу Бәкірге ұсынған болатын. Әбу Бәкір мен Хафсаның жас айырмашылығы Пайғамбарымыз бен Айша анамыздың жас айырмашылығындай еді. Пайғамбарымыздың Айшамен үйленгенін ешкім сынға алмағаны секілді мұны да ешкім сынға алмаған. 3) Айша анамыздың әпкесі Әсма 100 жыл өмір сүрді. Ал Айша анамыз Әсмадан 10 жас кіші болатын. Әсма Һижреттің 73-жылы қайтыс болды. Олай болса Меккеден Мәдинаға һижрет еткенде оның жасы (100-73) 27-де болған. Сондықтан Айша анамыз һижретте 17 жаста болған. Һижрет еткеннен кейін Пайғамбарымызбен (с.а.с.) 17-18 жасына толғанда үйленген. 4. Әбу Бәкірдің қызы Айша анамызды Пайғамбарымызбен (с.а.с.) некелеспей тұрып Жүбәйр ибн Мутим айттырып қойған болатын. Олай болса Айша анамыз Пайғамбарымызға үйленбей тұрып бой жеткен, өйткені бой жетпегенде оны Жүбәйр айттырмас еді. Кейіннен Жүбәйірдің әкесі Ислам дінін қабылдамағандықтан, Айшаның әкесі Әбу Бәкірдің мұсылман болғандығын естіп, бұл айттыруды бұзып, баласын Айшаға үйлендірмей қояды. Һижретке бір жыл өткеннен кейін Айша анамыз Пайғамбарымызбен үйленеді. Олай болса, араб елінде күннің ыстықтығына байланысты қыз баланың ерте бой жетіп үйленуі, әдеттегі жай саналған. Сондықтан ыстық климаттағы қыздар мен табиғатында қысы бар, суық климаттағы қыздардың бой жету ерекшелігін ескеру керек) Пайғамбарымыз (с.а.с.) қатарынан екі рет түс
көріп, екеуінде де алдына жібекке оранған хазірет Айша әкелініп: «Міне, бұл сенің жұбайың болады», – деген аян беріледі (ескеру керек. 173 Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.) түрік тілінен аударған Ғ. Тобашев.1/115 «Көкжиек баспасы», 2010ж Алматы),сондықтан жұбайларының ішіндегі Айшаға ерекше көңіл аударатын. Амр ибн Ас (р.а.): «Уа, Аллаһтың елшісі! Халықтың ішінде саған ең сүйікті жан кім?» – деп сұрағанда, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Айша!» – деп жауап береді. «Ер кісілердің арасында ең жақсы көретінің кім?» – деп сұрағанда «Айшаның әкесі!» (яғни Әбу Бәкір) дейді (Ибн Мажә, Мұқаддима, 101) . Пайғамбарымыз Айша анамызбен 9 жыл бірге өмір сүрді. Осы жылдар ішінде Құран, хадис және фиқһ ілімдерін Пайғамбарымыздан тереңінен үйренді. Айша анамыз сол кезеңнің көпшілік ғалымдарымен ілім жа- рыстырып, түрлі тақырыптарда пәтуа беріп, Құран мен сүннетті дұрыс түсінуде мұсылман жұртшылығына үлгі бола білді. Мұсылман әйелдердің сұрауға ұялған сұрақтарына ол Пайғамбарымыздан үйренген білімімен жауап берді. Айша (р.а.) – 2000 хадисті риуаят еткен, мұсылман ер мен әйелдердің мұғалімі бола білген ардақты анамыз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) оған сүйіспеншілігін «Хумәйра» деп лақап ат қойып білдірген. Аллаһ елшісі (с.а.у.) хазірет Айша туралы: « Дініңіздің жартысын осы Хумәйрадан үйреніңіздер », – деген (ән-Нурул-халид, 2:409) . Ғалым сахабалардың бірі Әбу Мұса әл-Әшғарионың хадис іліміндегі дәрежесі жайлы: «Біз, пайғамбардың сахабалары бір хадистің сырын ұға алмағанда хазірет Айшадан сұрайтынбыз. Хазірет Айшаның міндетті түрде ол хадис жайлы мәліметі бар болатын», – деп атап көрсеткен (Тирмизи, Мәнақиб, 3877) . Имам Зуһри: «Егер өз дәуірінің бүкіл ғалымдарымен Пайғамбарымыздың басқа жұбайларының ілімдерін бір жерге топтаса, хазірет Айшаның ілімі асып түсер еді», – деп ілімінің дәрежесін білдірген. Айша анамыз жомарттықты Пайғамбарымыздан үйренген. Өзіне берілген сыйлықтардың барлығын пақыр-міскіндерге таратып беретін. Хишм ибн Уруа, Айшаның 70 мың дирхамды садақа етіп, өзіне еш нәрсе қалдырмағанын айтады. Күндіз ауыз бекіткеннің өзінде қолына түскен ақшаны таратып, ауыз ашарға не алып қаламын деп еш ойламайтын. Омар (р.а.) Ирактан түскен олжаларды бөліп, Айша анамызға да үлесін бергенде, Айша (р.а.): «Уа, Раббым! Омардың сыйлықтарын алу үшін өмір сүргізбе», – деп сыйлық алу үшін емес, беріп, көмектесу үшін жүргендігін білдіреді. Абдуллаһ ибн Зүбәйр бірде Айша анамызға 100 000 дирхам жібереді. Айша анамыз мұнша ақшадан ақшамға дейін бір тиынын қалдырмай, барлығын мұң-мұқтаждарға таратып жібереді. Сол күні аузы берік болатын. Қызметшісі Айша анамызға: «Кешкі тамаққа бір нәрсе алып қалмадыңыз ба?» – дегенде, «Мұны ертерек айтуың керек еді», – деп бұл ісіне еш өкінбестен тәуекел етіп жүре берген. Айша анамыз өзіне тиесілі бір үйді Мұғауияға сатып, одан түске қаржыны кедейлерге таратқан. Мұнымен шектелмей жетім балаларды алып, тәрбиелеп, өсіріп, үйлендіретін. Бұл істерді міндетім деп білетін. Ол кездері бір құлды азат ету үшін халықтан
жылу жинап, әрең дегенде азат ететін. Ал Айша анамыз азат еткен құлдардың саны 62-ге жеткен. Пайғамбарымызбен (с.а.с.) бірге тәһәжжуд намазын тастамауға тырысқан. Аллаһ елшісі (с.а.с.) дүние салғаннан кейін де құлшылыққа деген ынтасын сәл де болса азайтқан емес. Олай болса, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Айша анамызбен үйленудегі мақсаты – шариғат білімін терең үйрету, әсіресе әйел кісілерге қатысты мәселелерді толығымен меңгерту және барша мұсылман жұртына үлгі болу, өйткені бұдан кейін пайғамбар келмейді, ақиретке дейінгі мұсылмандарға қатысты сұрақтар, әсіресе әйел кісілерге қатысты мәселелердің жауабын үйретіп кететін зерек ойлы Айша анамыз керек болды. Түптеп келгенде, кейінгілерге сонша білім үйретіп кеткен Айша анамызға барша мұсылман әйел баласы борыштар. 55. Көп әйел алу сол кезеңнің салт- дәстүрінде бар ма еді? Құрандағы «Ниса» сүресінің үшінші аяты, көп әйелмен үйленуді шектеуге байланысты шариғат заңы Мәдина кезеңінің соңғы жылдарында түскен. Бұл Пайғамбарымыздың (с.а.с.) дүниеден өтуіне екі жыл қалған уақыт еді. Бұл кезде шариғат тыйымы түспегендіктен, Мәдина қаласының салт-дәстүрі бойынша көп әйелмен үйлену ерсі көрінбейтін. Араб жұртшылығында көп әйелмен некеде тұру қалыптасқан дәстүрге айналған. Тарихшы Ибн Хабиб Ислам дінінің алғашқы кезеңдерінде он әйелмен үйленген адамдардың саны өте көп болғандығын айтады (Ибн Хабиб, әл- Мухаббар 50 б) . Сондай-ақ әйел баласын адам ғұрлы санамайтын, зат секілді алып-сатып, керегінде қолданып, керек болмаса ұрып-соғып жүре беретін еді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бірнеше әйелмен үйлену мәселесін жетік түсіну үшін оның өмір сүрген ортасын, қоғамын, сол кезеңнің салт- дәстүрін жете білу қажет. Ислам діні келгеннен кейін адамдарды көп әйел алуға емес, керісінше, көп әйел алуды азайтуға шақырды. Мысалы, біреулердің қырық әйелі болды, сонда оларға қалаған төрт әйеліңді алып қал да, қалғанының басына азаттық бер деп шариғат заңымен бұйыратын. Осы шариғат заңы орнағаннан кейін ешкімнің төрт әйелден артығымен үйленуге болмайтындығы нақтыланды. Тіпті әйелдеріне әділдік жасай алмаса, бір әйелмен шектелу ісі абзал екендігі айтылды. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) үйленгендегі мақсаты нәпсіқұмарлық болғанда, қас дұшпандары бұны жұртқа жария етіп айтар еді. Бір жолы мүшріктер келіп: «Біз саған Меккенің ең сұлу әйелін, қалаған байлығыңды, қалаған мансабыңды берейік, тек мына ісіңді тоқтат», – дегенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Бір қолыма күнді, бір қолыма айды алып берсеңдер де, мен бұл ісімнен бас тартпаймын», – деп жауап бергені мәлім. Ендеше, Пайғамбарымыз (с.а.с.) тән құмарлықпен үйленді деп ойлау орынсыз. Сондай-ақ Пайғамбарымыздың (с.а.с.) басқа әйелдермен үйленуі, Мәдина қаласына қоныс аударған соң, 53 жасынан кейін басталған. Ибн Хажардың айтуынша, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Хадиша анамыздан кейінгі үйлену реті мынадай: Айша, Үммі Салама (65 жаста төрт баласы бар), Хафса
бинт Омар (Омардың қызы), Зайнап бинт Хузафа (60 жаста), Зайнап бинт Жаһш, Райхан бинт Зайд, Жубәйра, Сафия бинт Хуйай (Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған: «Қаласаң дүние-мүлкіңді ал да, кет, азатсың, қаласаң осында қал, мұсылман бол, маған үйлен» деп ұсыныс білдіргенде, ол мұсылмандықты қабылдап, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жары болуды қалайды.) , Үммі Хабиба бинт Әбу Суфиян (55 жасында), Маймуна бинт Харис (2 балалы) (Булуғул-Марам мин адиллатил ахкам, аударған; Ахмед Даудоглу, Сөнмес нашрият, Стамбул-1970, 1/392) . Пайғамбарымыздың Айша анамыздан басқа некелескен әйелдерінің бәрі жесір әрі 40 пен 60 жастың арасындағы, балалы-шағалы болған. Бұдан Пайғамбарымыздың (с.а.с.) барлық некелерінде нәпсіқұмарлық емес, терең хикметті мақсат жатқанын аңғарамыз. Сондай-ақ өте маңыздысы, Құранда Пайғамбарымыздың әйелдері мұсылмандардың анасы саналатыны және Пайғамбарымыз үйленгеннен кейін олармен басқа ешкім үйлене алмайтындығы айтылған («Ахзаб» сүресі, 6) . Егер Пайғамбарымыз (с.а.с.) үйленген әйелінің төртеуін таңдап басқаларымен ажырасқанда, ол аналарымызбен ешкім үйлене алмағандықтан, Пайғамбарымыздың бұлай істеуі оларды далаға тастау болар еді. 56. Әйелдеріне қаншалықты тең қараған? Аллаһ елшісі некеде тұрған барлық әйелдеріне тең қараған. Хадисінде «Кімде-кімнің екі әйелі болып, біреуімен жақсы қарым-қатынас жасап, екіншісіне әділетсіздік етсе, ақиретте денесінің бір жағы қисайған күйде келеді» (Әбу Дәуіт, Тирмизи) – деп ескерткен, сондықтан ер кісі әйелдеріне барлық мәселеде әділдік көрсетіп, таразы басын тең ұстауы керек. Ал жақсы көру жүрегінің қалауында болғандықтан, бұл турасында әділдікті шарт етпеген, өйткені бұған көпшілік адамның шамасы жетпейді, сондықтан Аллаһ тағала: «Қанша тырыссаңдар да әйелдеріңнің арасында әділдік ете алмайсыңдар» («Ниса» сүресі, 129) деп, жүрек пен сезім қалауында әділдік жасаудың қиындығын ескерткен. Аллаһ елшісі (с.а.с.) жұбайларымен қарым- қатынасында көркем өнеге көрсеткен. Сөйте тұра «Уа, Аллаһ тағалам! Барлық күш-жігерім осы ғана. Сенің иелік еткеніңе (жүрек қалауына, шынайы сезімге) мен қанша тырыссам да еш нәрсе істей алмаймын», – деп дұға етеді. Жалпы әйелдерінің арасынан Айшаны (р.анһа) қатты жақсы көретін. Мұны басқа жарлары да жақсы білетін. Пайғамбарымыз (с.а.с.) сырқаттанып жүрген кезінде де әрбір жұбайының үйіне кезекпен түнеп жүрді. Бірде әйелдерінің көзінше: «Ертең кімнің үйіне барамын?» – деп сұрайды. Сонда әйелдерінің бірі дереу мәселені түсініп басқаларына: «Айшамен бірге болатын күнді сұрауда», – дейді. Сосын жұбайлары өзара келісіп: «Уа, Аллаһтың елшісі, осы күнді Айшамен өткізуіңе рұқсат етеміз», – дейді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сендер разысыңдар ма?» – деп сұрағанда, барлығы бірауыздан: «Иә, разымыз», – деп жауап береді. Сырқаттанып жүрсе де әйелдерінің ақысын кемітпеуге
асқан жауапкершілікпен қараған. Ал Айша анамызды ерекше жақсы көруіне келсек, оны Аллаһтың жүрекке салған сезімі деп түсінеміз. Ардақты елші (с.а.с.) Ұлы Рахманның құзырына аттанар алдында қатты ауырып, төсек тартып жатып қалды. Күн өткен сайын, дерті меңдеп, басы ауырып, қатты қиналды. Осы қиын шақта да жарларына деген ыстық ықыласы мен әдептілігінен жаңылған жоқ. Әйелдерін кезекпен аралап шығуға шамасы жоқтығын сезгенде бір бөлмеде қалуды жөн көріп, рұқсат сұрады. Барлық жары бұл тілекті бірауыздан мақұлдады. Аллаһ елшісі ақырғы күндерін хазірет Айшаның (р.анһа) бөлмесінде өткізді (Ибн Сағыд, Табақат, 2/231; Ибн Хишам, Сира, 4/298.) . Ең ауыр шақта да жарларының құқықтарын құрметтеп, әрдайым ұлағатты әрекет етті. 57. «Мүминдердің анасы» деген атауды қалай түсінеміз? Пайғамбарымыз (с.а.с.) отау құрып, бала сүйді. Дүние салғанда артында жұбайлары қалды. Дініміз бойынша, кез келген әйелдің ері өлгеннен кейін өзге біреуге үйленуіне рұқсат етіледі, алайда Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жұбайларына тыйым салынған, өйткені олар мүминдердің аналары іспеттес. Құранда бұл жайлы: «Пайғамбар мүминдерге өз бастарынан да аяулы. Пайғамбардың әйелдері оларға ана...» («Ахзаб» сүресі, 6) және: «Сендерге Аллаһтың расулын қиындықта қалдырып, ол қайтыс болғаннан кейін әйелдерін өз некелеріңе алуларың харам. Бұл Аллаһтың алдында үлкен күнә» («Ахзаб» сүресі, 53) – делінген. Осы жағынан кісінің Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жұбайымен үйленуі әрбір мұсылман үшін харам, ал ол кісілерді құрметтеу міндет. Пайғамбарымыздың жұбайлары барша мұсылмандардың анасы делінгенімен, бұдан тыс мәселелерде олардың туған аналары секілді емес. Мысалы, олар барша мұсылмандардың алдында жабулы жүру керек, өз баласының алдында жүргендей жүре алмайды. 58. Бірнеше әйел алуының негізгі мақсаты шариғатты жеткізу дейді, мұны қалай түсінеміз? Бірнеше әйел алу пайғамбарлар үшін зәрулік, өйткені діннің отбасы қатынастарын реттейтін үкімдері өз алдына бөлек академияны қамтиды. Ал сол үкімдерді үмбетке жеткізу үшін пайғамбарлар бірнеше әйелмен шаңырақ көтеруге мұқтаж. Құранда « Біз сенен бұрын да елшілер жібердік. Оларға да әйелдер мен бала- шаға бердік » (186 «Рағыд», 38) деген аят осыны нақтылайды. Әр жастағы, әр жағдайдағы әйелге әртүрлі шариғаттың үкімдерін түсіндіру керек. Оның үстіне пайғамбардың қарапайым тұрмыстағы, үй ішіндегі жүріс-тұрысы көпшілік көзге беймәлім. Осыны елге жеткізу үшін бір кісінің шамасы жете ме? Бірін болмаса бірін ұмытып, не болмаса байқамай қалады емес пе? Сол үшін пайғамбар тұлғасын зерттейтін, оны кейінгілерге жеткізетін бірнеше адам керек. Сол аналарымыз болмағанда біз дінімізді толық үйрене алар ма едік? Бұдан Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
үйленудегі басты мақсаты Ислам шариғатын жан-жақты түсіндіру болғанын көреміз. Шариғаттың төмендегі тұстарын Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әйелі, мұсылмандардың аналары арқылы біле алдық. Пайғамбарымыздың отбасылық мәселелерге қатысты сүннет амалдары әйелдері арқылы жеткен. Үй шаруасындағы, отбасылық өмірдегі түнгі құлшылығы, отбасы мүшелерімен қарым-қатынастары т.б. бөгде ешкім хабардар бола бермейтін іс-әрекеттерінің бәрі нақты түрде бүге-шігесіне дейін аналарымыздың айтуы бойынша жеткен. Әсіресе әйелдерге байланысты хайыз, нифас секілді кейбір ұятты мәселелерді бізге осы пәк жұбайлары жеткізбегенде, шариғаттың бұл тұстарынан мұсылмандар мүлде беймәлім күйде қалар еді. Барлық хадис кітаптарына назар аударсақ, Хақ елшісінің (с.а.с.) үйдегі қарым-қатынасы, басқа да бөгде адамдар көре бермейтін іс-әрекеттерінің бәрін Айша анамыз сияқты пәк жұбайлары риуаят еткеніне куә боламыз. Тіпті, Айша анамыз хадистерді жеткізіп қана қоймай, қай хадистің қандай жағдайда айтылғанын да жақсы білген. Олай болса, барша әйелдерге Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әйелдері ұстаздық етті десек қателеспейміз. Аллаһ елшісінің жұбайларының арасында жас, орта жастағысы, егде тартқандары және қабілеттері әртүрлі әйелдері болды. Олардың сұрақтары мен әртүрлі мәселелер турасындағы сауалдарының жауабы мен шешімдерін дер кезінде Пайғамбарымыз айтып отырды. Осылайша әр жасқа, қабілетке байланысты туындаған мәселелерге берген жауаптары мен шешімдерін үмбетіне жеткізуі осы пәк жұбайларының арқасында жүзеге асты. Ақиық пайғамбар дін үкімдерін жоғалтып алмау мақсатымен елу үш жасынан кейін бірнеше әйелмен үйленуге бел буады. Бұны тіпті жанқиярлыққа жатқызуға болады. а) Пайғамбарымызбен (с.а.с.) некесі қиылған нәзік жандылардың дені жесірлер мен ешкімі жоқ әйелдер еді. Мұсылмандардың бір-біріне көмектесуін үйреткен Аллаһ елшісі (с.а.с.) осындай әйелдерді бірінші болып панасына алмаса, одан кейін ешкім де бұл істі орындамас еді. ә) Әр жерден алған жұбайлары оның көзінің тірі күнінде де, дүние салғаннан кейін де өз төркіндеріне Исламды таныстыруға көп қызмет еткен. Осылайша аналарымыз арқылы Исламның таралу аясы кеңейе түскен. б) Хазірет Айша анамыз – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жан жолдасы Әбу Бәкір Сыддықтың қызы. Хазірет Хафса анамыз – Омар Фаруқтың қызы. Пайғамбарымыз (с.а.с.) достарының қыздарын ала отырып, екі досына деген үлкен құрметін көрсеткен. в) Бірнеше әйел алуының тағы бір сыры, жаңа үкімдердің түсуіне жол ашқан. Қараңғылық дәуірдің шеңберінен шығып ескі салттың сарқытындай ел ішіне сіңісіп кеткен жаман әдеттер бар еді. Бұлар өзгеруі керек болды. Мұны бір істесе Пайғамбарымыз (с.а.с.) істейтін. Мысалы, арабтың ескі әдетінде асыранды бала өз баласы сияқты есептеліп, мұра беріліп, оның алған әйеліне үйленуге тыйым салынатын, бірақ Аллаһтың берген үкімі басқа. Кісі баласы ешқашан өз балаң сияқты болмайды. Исламнан бұрын Зәйд ибн Харисаны Пайғамбарымыздың (с.а.с.) асырап алғаны бар. Оны жұрттың бәрі
Зәйд ибн Мұхаммед (Мұхаммедұлы Зәйд) деп атайтын болды, бірақ бұлай істеу жөн емес еді. Ақыры, Пайғамбарымыз (с.а.с.) Зәйдпен ажырасқан Зейнепті өзі алып, бұл дәстүрдің тамырына балта шапты. Мәдинадағы әйелдер көп нәрсені Пайғамбары- мыздың әйелдерінен үйренетін. Әйелдері Пайғамбары- мыздың (с.а.с.) ұяла қысқа жауап қайырған мәселелерін жұртқа кеңірек түсіндіретін. Пайғамбарымыз (с.а.с.) әлі туындамаған мәселелерді сұрауға тыйым салған болса да, күнделікті істе кезігетін сұрақтарға тыйым салмаған. Егер сұрала қалса жауап берген, тіпті мұндай мәселеде сұрауға қызықтырған. Әнастың (р.а.) риуаятында осыған байланысты бір оқиға келеді: «Үммі Сүләйм бір күні Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: – Уа, Аллаһтың елшісі! Әйел кісі түсінің әсерінен жүніп болса, ғұсыл құйына ма? – деп сұрайды. Сол жерде отырған Айша (р.а.) анамыз: – «Әйелдерді ұятқа қалдырдың-ау, Үммі Сүләйм, Аллаһ сені кешірсін», – дейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Айшаға (р.а.): – Әйелдерді ұятқа қалдырған ол емес, сенсің. Ұялтпа, ансарлық әйелдер фиқһтан қалағанын сұрасын. Иә, ғұсыл құйыну керек, – деп жауап қатты. Артынша «Аллаһ ақиқатты баяндауды ар санамайды» («Ахзаб» сүресі, 53) деген аятты оқиды (Мүслим, Хайз 29 ) . Осы жағдайдан кейін олар бір мәселенің төңірегінде сұрақ туындар болса, дереу осы аятты оқып сұрағын қоятын болған. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Шифа деген мұһажир әйелге Хафса анамызды оқып-жазуға үйрететін мұғалім етіп тағайындаған (Ибну Асир, Усудул-ғаба 7,162) . Ол кісі отбасында болған барлық жағдайды бақылап жүретін, егер жағымсыз іс-әрекет орын алса, дереу оның дұрысын үйрететін. Бірде Айша сіңлісі Әсмамен бірге отырғанда Пайғамбарымыз (с.а.с.) ішке кіріп келеді. Әсма жеңі кең киіммен (Шам елінің киімі) отырған. Мұны көрген Пайғамбарымыз дереу қайта шығып кетеді. Сонда Айша (р.а.) Әсмаға: «Сен шық, Аллаһ елшісі сенен ұнатпаған нәрсені көрді», – дейді. Әсма шығып кетеді. Үйге қайта кіргенде Айша Пайғамбарымыздан неге шыққанын сұрайды. « Мүлдем байқамадың ба? Бір мұсылман әйелдің тек мына жерлері ашық жүруіне болады», – деп, қолымен Айшаның (р.а.) жеңін созып, саусақтарына дейін жабады, сосын самайына дейін басын жабады да тек жүзін ашық қалдырады (Хайсами 5/137) . Осылайша Аллаһ елшісі (с.а.с.) әйелдеріне ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін үйретіп жүретін. Расулаллаһ әйелдердің мешітке баруына кедергі болмаған. Олар түнгі уақытта да мешітке бара алатын. Айша (р.а.): «Біз Аллаһ елшісімен бірге мешітте намаз оқып, таң ағара бастағанда орамалдарымыз жабылған күйде үйге оралатынбыз», – дейді. Ислам діні – ақырғы дін. Ислам шариғаты– қияметке дейін келетін адамдардың барлық мұқтаждықтарын өтей алатын ауқымға ие. Сол үшін өмірдің ешбір кезеңін көзден таса етпеген. Тіршіліктің барлық ұсақ- түйегіне дейін қамтыған Ислам дініндей ешқандай дін де, жүйе де тарихта болмаған. Тамақ жеу мен ұйықтау әдебінен бастап, ғибадат пен туыстық қарым- қатынастар, кісінің өзін-өзі ұстауы – бәріне де жарлары куә болып, кейінгі
ұрпаққа жеткізген, өйткені олар күні- түні Расулаллаһтың жанынан табылды. Олай болмаған жағдайда бәлкім біз түнгі намазды, болмаса ұйықтау әдебін, әйелдерге қатысты түрлі шариғи үкімдерді біле алмас па едік, кім білсін? Бұл ауыр жүкті бір адамның арқалауы мүмкін емес. Осы тұрғыдан келген де, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жұбайлары шариғатты бізге үйретер ұстаздар іспетті. 59. Үйленуінде саяси мақсат болды ма? Аналарымыздың бірнешеуі – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) белгілі бір саяси мүддені көздеп алған әйелдері. Әр елге құда түсе отырып, сол елдерге Исламды жеткізу тек осы жолмен ғана іске аспақ еді. Бұрындары Исламмен ата жауындай өштескен рулар қыз алысу арқылы аралары жібіп, жұмсара түсті. Мысалы, Жүбәйра бинт Харис, Сафия бинт Хуяй, Рәмла бинт Әбу Суфиянмен құрған отаулары осы мақсатта болған. Бұл үш анамыз да өз руының тізгінін ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайтын бір-бір жуанның қыздары еді. Алғашқы екеуінің әкесі – яһудилердің белді адамдары. Осы арқылы яһудилермен арадағы қатынас оңала түскен. Жүбәйра – Мұсталақ тайпасының басшысының қызы. Соғыста тұтқынға түседі, азаттыққа қауышу үшін оның ақысын Аллаһ елшісі өзі төлеп, азат етеді. Пайғамбарымыздың бұл жақсылығын естіген оның әкесі мен екі баласы мұсылмандықты қабылдайды. Жүбәйра Аллаһ елшісімен үйленеді, тұтқынға түскен оның туыстарына: «Біз Пайғамбарымыздың әйелінің туыстарын тұтқын етпейміз», – деп азаттық беріледі. Осылайша ру басшысы мен оның қарамағындағыларға Ислам діні насихатталады. Әбу Суфиян қызын бере отырып өзі де мұсылман болған. Ислам осыдан бастап Әмәуилермен қоян-қолтық араласа бастайды. Кейінгі уақыттарда да осы әдіс қаншама патшалар тарапынан қолданылған. Ал мұсылмандар әлсіз болған кездерде бұл әдіс мұсылмандарға қарсы қолданылған. Ислам дұшпандары жансыз етіп қыздарын беріп, сол арқылы мемлекеттің ішкі құпия істерін біліп, аңысын аңдып отырған. Бұл жерде ескерерлік бір жайт Пайғамбарымызға (с.а.с.) қанша мәрте ансарлық қыздарды ұсынса да үйленбеген және ансарларға да қыз бермеген. Осылайша ансарлықтармен арасында туындайтын қайшылықтың алдын алған. Егер Пайғамбарымыз (с.а.с.) ансарлықтарға қыз беріп, туыс болғанда олар: «Біз Аллаһ елшісіне (с.а.с.) ең жақын туыспыз», – деп мұсылмандар арасында қызғаныш пайда болып, келіспеушіліктер туындауы мүмкін еді, сондықтан Пайғамбарымыз (с.а.с.) барлығына теңдей қараған. Аллаһ елшісінің үйленуді саяси мақсатта қолдануының басты үлгісі төрт халифамен құрған туыстық байланысы. Иә, Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзінен кейінгі Исламның тірегі болған төрт халифаны туыстық қатынас арқылы өзіне жақын ұстаған. Мысалы, Аллаһ елшісі (с.а.с.) Әбу Бәкір мен Омардың қыздарымен үйленді, Али мен Османға қыздарын берді. Алимен туыс еді, сонымен бірге қызы Фатиманы беріп күйеу бала ретінде одан да
жақын туыс болды. Османға екі қызын беру арқылы онымен арасын екі есе жақындатты. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Омардың қызы Хафсамен үйлену арқылы, Омардың Әбу Бәкірмен және Османмен арада болған реніштерін ұмыттырып, татуластырып, бір-бірімен дос ете білді. Мақсатсыз іс қылмайтын Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әйел алуының да астарында Аллаһтың дініне деген қызмет түсінігі жатқан. Өзінің жеке өмірлік мәселелерін де Аллаһ жолына сарп еткен, өйткені оның жалғыз ғана мақсаты Исламды адамзаттың барлығына жеткізу болатын. 60. Жарларына уақыт бөле алған ба? Аллаһ расулы (с.а.с.) дін Исламның қызметі мен мемлекет басқару сияқты үлкен істі атқара жүріп жұбайларына уақыт бөлуді де ұмытпайтын. Сахабаларымен әрдайым бірге болып, оларды тәрбиелеуге ден қоя жүріп отбасымен көңіл көтеруге де уақыт табатын. Отбасының ынтымағын сақтау үшін әр кеш сайын қонатын үйіне барлық жарларын жинап әңгіме- дүкен құратын. Пайғамбарымыз ғибратты әңгімелер айтып, кейде әзілдесіп жұбайларына шаттық сыйлайтын. Үйдің басшысы, отағасы болғандықтан отбасына аса мән беріп, хал-жағдайларын сұрап ізгі насихат айту арқылы көңілдерін көтеруге тырысатын. Отбасы мүшелеріне дінді түсіндіру үшін арнайы уақыт бөліп, бірге болатын. Түнде тұрып, жарларының біреуінің хал- жағдайын сұраса, дереу өзге жұбайларының да бөлмелерін аралап, олардың да көңілдерін аулайтын, сондықтан әрбір жары өзін Рақым елшісінің ең сүйіктісі санайтын. Бұл да Расулаллаһтың теңдессіз мәрттігінен туындаған. Алайда жүректің біреуді өзгеден артығырақ жақсы көруіне ешкімнің бөгет бола алмайтыны рас. Аллаһ расулы жүректің біреуді артығырақ жақсы көруі секілді өте нәзік мәселеде Хақ тағаладан кешірім тілеп: «Байқамай біреуін өзгелерінен артық жақсы көруім мүмкін. Оным әділетсіздік болар. Раббым, қолымнан келмейтін осы мәселеде рақымыңа сыйынамын» (191 Тирмизи, Никах, 41; Ибн Сағыд, Табақат, 2/231.) , – деп жалбарынатын. Жеребе тастау арқылы әйелдерімен қалатын түндерін белгілеп әрі сол түндерде әрқайсымен кеңесу уақытынбөліпқойған. Тіпті әйелі хайыз халінде болса да түнгі кезегінен аттап кетпей, кең отырып, сұхбаттасып, рухани азық беретін. Сонымен қатар, әрбір таң намазы мен екінті намаздарынан кейін әйелдерінің әрқайсына жеке-жеке зиярат жасап, әңгімелесетін. Мысалы, бірде Пайғамбарымыз (с.а.с.) еш ұйықтамастан түні бойы Сафиямен әңгімелескен, өйткені бір күн бұрын шайқаста әкесі мен бірнеше туыстары қайтыс болған Сафия осылайша жақыннан әңгімелесуге қатты мұқтаж еді. Аллаһ елшісі осыны байқағандықтан көңілін аулаған. 61. Жұбайларымен кеңескен бе? Пайғамбарымыз (с.а.с.) әйелдерімен кеңескен. Ең алғаш уахи түскенде қатты қорқып, бұл қорқынышын өзін әрқашан қолдап жүретін Хадиша
анамызға барып: «Уа, Хадиша, маған бір сәуле көрінеді. Тылсымға толы дауыстар естимін. Пұттар мен көріпкелдерді жақтырмайтынымды білесің. Маған жындар келе ме деп қорқамын», – дегенде: «Уайымдама, Аллаһ сен сияқты құлын ұятқа қалдырмас, өйткені сен әрқашан шындықты айтасың. Аманатқа қиянат жасамайсың. Туған-туыстарыңмен жақсы қарым-қатынас жасайсың. Көршілеріңе мейірімдісің. Кембағал жандар мен сіңірі шыққан кедейлерге қол ұшын беріп,мүсәпірлердің басынан сипап, үйіңнің төріне шығарасың. Ағайындарыңның басына іс түскенде, қиындыққа ұшырағанда жәрдеміңді аямайсың. Аллаһқа ант етейін, сен бұл үмбеттің пайғамбары боласың деп үміттенемін», – деп жұбатып, көңіліндегі қорқынышты сейілткен (Мүслим, Иман 252; Бұхари, Бәдул-уахи 1) . Сондай-ақ, қызы Зейнептің Әбу Аспен некелесуі де Хадиша анамыздың ұсынысымен, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мақұлдауымен болған. Ифк оқиғасы (мұнафықтардың Айша анамызға жала жабуы) орын алғанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл істің мән-жайын толық білу үшін Зәйнап бинт Жахштан және Айша анамыздың қызметшісі Барирадан Айша анамыз жайлы сұрап, олармен кеңескен (Бұхари, Шаһадат 16) . Үммі Сәламамен болған оқиға бұл мәселені кеңінен аша түспек. Һижреттің алтыншы жылында Пайғамбарымыздың (с.а.с.) басшылығымен мұсылмандар Меккеге ұмра жасау ниетімен жолға шықты, бірақМеккелік мүшріктер ұмра қажылығы үшін Меккеге кіруге рұқсат бермейді, бірақ екі жақ Худайбия келісімін жасасады. Бұл келісім біткеннен кейін Аллаһ елшісі өзімен бірге кіші қажылыққа ниеттеніп келген сахабаларға «құрбан шалып, ихрамнан шығыңдар» деп бұйрық береді, бірақ сахабалар «қабылдаған шешімінде бір өзгеріс болып қалар» деген оймен іштей тынып, жайбарақаттылық танытты. Хақ Пайғамбардың бұйрығы тағы бір рет қайталанды, бірақ сахабалар әлі де үмітті көздерін пайғамбар тұрған жаққа қадап, қозғала қоймады. Бұл әсте Аллаһ елшісіне деген қарсылық емес. Олар бар болғаны басқа бұйрық беріп қалар деп дәмеленді, өйткені олар Қағбаны тауап етеміз деп ниет қылып, жолға шыққан болатын. Екі жаһан Сардары сахабалардың осы хал-ахуалын сезісімен, дереу шатырына кірді де, жарыҮммі Сәләмә анамызбен ақылдасты. Осы парасатты әйел ақылдасудың артықшылығына бола көкейдегі пікірін айтты, өйткені Аллаһ елшісінің ешкімнің ақылына мұқтаж еместігін жақсы білетін. Хақ елшісі жарымен ақылдасу арқылы бізге сол жерде тағы бір өнеге көрсетті. Сонда Үммі Сәләмә анамыз: «Уа, Аллаһ тағаланың елшісі! Бұйрығыңды енді қайталаушы болма. Өзіңе қарсылық білдіріп, құрдымға кетіп жүрер, бірақ өз құрбандарыңды шалып, оларға ләм-мим деместен барып ихрамнан шық. Бұйрығыңның айқындығын сонда ғана аңғарып, қаласа да, қаламаса да, саған бағынады», – дейді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) де осылай ойлаған. Дереу қолына пышақ алып, шатырынан шықты да, өзіне тиісті құрбандарды шала бастады. Ол бір-екі құрбан шалысымен, сахабалар да өздерінің құрбандарын шалуға кірісті. Берілген бұйрықтың өзгермейтіндігіне сол кезде ғана көздері толық жетті (Бұхари, Шурут, 15) .
Иә, қабырғасымен кеңесу де, ақылдасу да алғаш рет пайғамбар шаңырағында басталды. Әйел заты бір бүтіннің жартысы. Екі жарты қосылғанда ғана адамзат бір бүтінге айналмақ. Пайғамбарымыз (с.а.с.) осылайша тәрбиені өз шаңырағынан бастаған. Әйелдермен кеңесу жайлы біршама өнегелер мен хадистер қалдырды. Мысалы, «Әйелдерге қатысты мәселелерде, әйелдермен кеңесіңдер» (Усудул-Ғаба 4,15 ) , «Қыздарыңа байланысты мәселелерде әйелдермен кеңесіңдер» (Әбу Дәуіт; Никах 24) , «Жесір әйел кеңесу арқылы тұрмысқа беріледі, ал пәк қыздар өздері рұқсатын бермейінше, күйеуге берілмейді» (Бұхари, Иқрар 4) . Бірде бойжеткен қыздың қалауынсыз, оның ойын білместен, әкесінің мәжбүрлеуімен болған некені Аллаһ елшісі (с.а.с.) құп көрмеген (Бұхари, Икраһ 4 199 ) . Құрандағы бір сүреге «Шура» (Ақылдасу) деген ат берілгені де тегін емес. Бұл сүреде «Олар әр ісін жұртпен ақылдасып істейтін жақсы адамдар...» ( «Шура» сүресі, 48) деп өзара ақылдасудың маңызын ерекше атап өтеді. Сондай- ақ «Жұмыстарыңды олармен ақылдасып істе» («Әли- Имран» сүресі, 159) деген Жаратушы бұйрығы тұрғанда Пайғамбарымыздың (с.а.с.) аналарымызбен ақылдаспай қоюы мүмкін емес. 62. Әйелдеріне жақсы қараған ба? Ислам адам баласына тыным бермей, қиындық туғызатын дін емес. Аллаһ тағала Құран кәрімде «...Біз Құранды саған қиыншылық көруің үшін түсірмедік» («Таһа» сүресі, 2) дейді. Пенде бір іспен шұғылдана беруден де жалығады, сондықтан ерлі- зайыптылар бір мезгіл тынығып, мейрамдарда бірге қыдырып, шама келгенше табиғат аясында серуендеп қайтқаны дұрыс. Үммі Атия (р.а.): «Мейрамдарда жақсылыққа куә болып, көңіл көтеру үшін, бойжеткендер мен етеккір күйдегі әйелдерді үйлерінен шығаруымызды бұйыратын» (Бұхари, Мүслим) , – дейді. Ал Айша анамыз болса: «Бірде Аллаһ елшісімен (с.а.с.) сапарға шыққан едім, шапшаң қимылдайтын, денеме салмақ бітпеген, бойжеткен кезім болатын. Ол адамдарға «Ілгері жүре беріңдер!» – деп еді, олар алға қарай озып кетті. Сосын маған: «Кел, жарысайық», – деді. Екеуміз жүгіріп жарысып, мен озып кеттім. Ол үндемеді. Кейін бойыма ет бітіп, салмақ қосқанымда тағы бір сапарға шықтық. Бұл жолы да қасындағы кісілерге: «Сіздер ілгері жүре беріңіздер», – деді, артынан маған: «Кел, жарысайық», – деді. Мен бұрын жарысқанымды ұмытып кетіппін. Бұл кезде салмақ қосқандықтан: «Әй, Аллаһтың елшісі, мына күйімде сенімен қалай жарысамын?» – дедім. Ол: «Айтқанымды орында», – деді. Екеуіміз жүгіріп жарыстық, менен озып кетті. Сөйтті де маған күле қарап: «Бұл өткендегі үшін», – деп алдыңғы жарыста қалып қойғанын есіме салды. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Аллаһты еске алудан басқаның барлығы – ермек пен ойынға жатады, тек мына төртеуі олардың ішіне кірмейді, соның
бірі – ер адамның әйелімен көңіл көтеруі», – деп төртеудің ішіне ерлі- зайыптылардың көңіл көтеруін атап өтеді. Аллаһ елшісі асыл жарларын ерекше құрметтеп, жақсы көретінін өздеріне айтатын. Бір сөзінде «Жақсы көргендеріңе жақсы көретіндеріңді білдіріңдер» (Бұхари, Мәжази 38) деген еді. Артықшылықтарын да сөз арасында айтып қуантатын. Көлікке де өз қолымен мінгізіп, арадағы ыстық сезімді жиі-жиі сездіріпжұбайларына бақыт сыйлап отыратын. Бірде жалғыз өзін ғана қонаққа шақырып келген бір кісіге «мына кісіні де қоссаң» деп әйелдерінің бірін нұсқаған (Мүслим, Әшриба 139). «Мүминдердің ең қайырлысы – көркем мінез иелері. Адам баласы ғибадатпен ала алмайтын үлкен шыңдарға жақсы мінезбен шығады. Көркем мінезі ең жақсылар – әйелдеріне жақсы қарағандар» (Тирмизи, Радә 11) деп жақсы мінезді кіршіксіз иманға теңеген. Сафия анамыз әңгімелейді: «Пайғамбармен (с.а.с.) бір күні жолға шыққан едік. Мені өзі мінген түйесіне мінгестірді. Жолда қатты ұйқы басып, ұйықтап қалмауым үшін бір жағынан мені сипап, бір жағынан: «Ей, Сафия, ұйықтама» (Ибн Хажар, әл-Маталибул-алия 2/417) деп дауыстап жүріп отырды», – дейді. Сафия анамызбен болған тағы бір оқиғаны баяндасақ: «Бір сапарда бірге мінгескен түйенің аяғы тайып, екеуміз де құлап түстік. Сол сәтте жәрдемге жүгірген Әбу Талхаға Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Әйелге көмектес» деп бірінші маған көмек бергізген болатын», – дейді (Ибн Хажар, әл- Маталибул-алия 6/533 ) . Хазірет Омар (р.а.) былай дейді: «Бір күні Аллаһ елшісінің жанына бардым. Қарасам, күлімсіреп тұр екен. Мен: «Аллаһ тағала мәңгілік шаттыққа бөлесін, неге күлімсіредіңіз?» – деп сұрадым. Ол: «Мына әйелдердің іс-әрекеттеріне күлкім келгені. Әлгінде қасымда сөйлесіп отыр еді. Сенің дауысыңды ести сала басылып қалды», – деп жауап қатты. Пайғамбардың осы сөзін ести сала, даусымды көтеріп: «Әй, пәленше, түгеншелер! Сонда Хақ пайғамбардан қорықпай, менен қорыққандарың ба? Осы қылықтарың әдепсіздік емес пе?» – дедім. Олар: «Сен қатал адамсың», – деп жауап берді» (Бұхари, Әдеп, 68) . Омар (р.а.): «Араб әйелдері: «Аллаһ және Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізді өзімізден артық жақсы көріп, мейірімін төкті»,–деді»–деп, Пайғамбарымыздың өшпес өнеге қалдырғанын жеткізеді. Алда-жалда жұбайларының басына уайым-қайғы орнай қалса, бірінші болып жанынан табылатын. Бірде жұбайларының бірі Сафия анамыздың яһудилігін бетіне басып, шамына тиетін сөз айтса керек. Мұны Сафия анамыз Пайғамбарымызға (с.а.с.) айтып келеді. Сонда анамыздың көзінің жасын сүртіп отырып былай деген еді: «Енді тағы осылай дейтін болса, сен оларға «Менің әкем – Харун, ағам – Мұса, ерім – өздерің көргендей Мұхаммед Мұстафа. Сендер маған нелеріңмен мақтанасыңдар», – деп айт», – дейді (Тирмизи, Мәнақиб 63; Хаким, әл-Мүстәдрак, 4/31) . Жарына деген жақсы қарым-қатынастың Аллаһ алдында жоғары бағаланатын сауапты іс екенін Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деп білдірген:
«Ең қайырлыларың – отбасың үшін қайырлы болғандарың. Мен отбасына сендердің араларыңдағы ең жақсы қарағандарыңмын» (Тирмизи, Мәнақиб 63) . Басқа бір сөзінде: «Әйелдеріңе мейірімді болыңдар. Олар – сендерге тапсырылған аманат. Оларға жақсы қараудан басқа амалдарың жоқ. Сендердің көздеріңше жаман нәрсе істемесе болғаны», – деген еді. 63. Жұбайларының қызғаншақтығына қалай қараған? Әйел затының бір осал жері – қызғаныш. Пайғамбарымыз да әйелдерінің осы әлсіздіктеріне төзімділікпен, түсіністікпен қарайтын, өйткені бір отбасында бірнеше әйел болса, олардың қызғанышынан тыныштықтың тұрақтап тұруы екіталай дүние. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әйелдерінің арасында жасы үлкен Сәудадан (р.а.) басқасының барлығының бойынан қызғаныш сезімінің қылаң беруі орынды. Үммі Сәламаға Пайғамбарымыз (с.а.с.) үйленуге ұсыныс жасағанда: «Мен қызғаншақпын, ал сіздің көп әйеліңіз бар...» – деп қызғаныштың алдында әлсіз екенін сездірген (Ибн Сағыд, 8/96) . Айша анамыз (р.анһа) Пайғамбарымыз (с.а.с.) кештетіп сыртқа шығар болса, жасырынып артынан аңдитын. Кейде ұйқыдан оянғанда жанынан таппаса, дереу басқа әйелдеріне кеткен болар деп іштей қызғанатын. Сондай сәттерде іздемекші болып орнынан тұрғанда, оның сәждеге басын қойып намаз оқып отырған жерінен табатын еді. Сонда Айша анамыз «Әке-шешем саған құрбан болсын, сенің дертің не, менің дертім не?» – деп өзінің қызғанышпен басқа ойда, ал Аллаһ елшісінің мүлдем басқа мақсатта жүргендігін мойындайтын. Сафия анамыз тамақты өте дәмді пісіретін. Бір жолы Пайғамбарымыз (с.а.с.) Айша анамыздың бөлмесінде екенін біліп ас әзірлеп беріп жібереді. Мұны көрген Айша анамыз қызғанғанынан беріп жіберген тамақты жерге қалай лақтыра салғанын байқамай қалады. Ас төгіліп, жерге тиген табақ ортасынан қақ бөлінеді. Сонда Аллаһ Расулы (с.а.с.) бөлінген табақты біріктіріп жерге төгілген тамақты оған салып артынша : «Аналарыңыздың қызғанышы басталды, ал, қанекей, тамақ жеңдер», – деп түсіністікпен қарап, ләм-мим деместен мәселені ушықтырмай қоя салады. Ашуы тарқағаннан кейін Айша анамыз қатты өкініп, бұл істің кәффаратын сұрайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) кәффаратының дәл сондай табақ пен дәл сондай тамақ екенін айтады (Әбу Дәуіт, Бүю 91; Нәсаи, Ишрәтун -Ниса 4) . Қызғаныш әйелдердің табиғатында болатын сезім екенін мына хадисімен түсіндіреді: «Аллаһ ер кісілергежиһадтыжаратқаны (бұйырғаны) секілді, әйелдерге де қызғаншақтықты жаратты, әйелдердің табиғатына қызғаншақтықты берген» (Мүнауи, Файзул-қадир 2/249) , «Әйелдердің қайсысы бұл мінезге сабырлық танытса, шәһидтің сауабын алады» (Хайсами 4/320) Пайғамбарымыз (с.а.с.) тағы бір хадисінде: «Расында, қызғанудың Аллаһқа ұнамдысы да бар, жек көрініштісі де бар. Аллаһ тағаланың жақсы
көретін қызғанышы нақты айғақты мәселедегі қызғаныш. Ал жек көретін қызғаныш – орынсыз қызғаныш», – деген. Кімде-кім қызғанышқа шектен тыс ерік беретін болса, ол міндетті түрде адамды жамандыққа бастайды, тіпті отбасын ойрандап тынады. Анығында, мұсылман ерлі-зайыптылардың ара-қатынасы адалдық пен шыншылдыққа негізделуі тиіс. 64. Жұбайларының туыстарымен қандай қарым-қатынаста еді? Пайғамбарымыз (с.а.с.) әйелдерімен және олардың отбасы- туыстарымен жақсы қарым-қатынас жасады. Хадиша анамыз туыстарымен бірге үйге келгенде сый, құрмет білдірген. Құрбан шалған сайын Хадиша анамыздың достарына да етінен бөліп тарататын (Тирмизи 4/369) . Отбасы мүшесінің қатарында саналған Әнас ибн Маликтің анасы мен әжесінің де жағдайын сұрап тұратын. Пайғамбарымыз (с.а.с.) әкесінен қалған, бала кезінен бері қызмет еткен Үммі Айманға «анашым» деп айтып, тіпті «Бұл менің отбасымнан қалғаны», – деп оны да өз отбасының бір мүшесі ретінде көретін. Қайын жұртына жиі-жиі сыйлық жіберіп отыратын. Кейде үйіне бір қарт әйел келетін. Пайғамбарымыз (с.а.с.) ерекше құрметпен күтіп алып, кейуананы Хадиша анамыздың (р.а.) құрбысы деп таныстыратын. Сосын Айша анамызға: «Бұл әйел Хадишаның көзі тірісінде үйге келіп жүретін. Досқа опалы болу иманнан», – деп, қой сойған сайын Хадишаның жақындарына сыбағаларын беріп жіберетін. 65. Ерлі-зайыптыларға отбасына қамқор болу жайлы не айтқан? Фатима (р.а.) мен Али үйленгенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.) үй шаруаларын екеуіне бөліп, үй ішіндегі істерді Фатимаға, ал түздегі істерді Алиге бергендігі риуаят етілген (Ибн Хажар, әл-Маталибул-алия 2/39 ) . Үй сыпырып, су тасығаннан, әсіресе диірмен тартқандықтан Фатима анамыздың қолы жара болған кездері де кездескен (Бұхари, Дағуат 11) . Османға (р.а.) тұрмысқа шыққан қызына: «Қызым, Османға жақсылап қызмет қыл!» (Ибн Хамза Хусайни Сайд Ибраһим ибну Сайд Мұхаммад ибн Сайд Камалуддин; әл-Баян уа тағрифул-урудул-асбабул- хадис шариф, 2/308) – деп күйеуіне қызмет қылу, отбасы берекесін арттыратынын айтқан. Ал Айшаға (р.а.) «Айша, бізге тамақ дайында, су әкел» деп бұйырғандығы, кейде Айша анамыз Пайғамбарымыздың басын жуғандығы айтылады (Бұхари, Хайз 5) . Бір айта кететін жайт, әйелдер де үй шаруаларымен қоса қолынан келетін істер арқылы жұмыс істеп, табыс табуына болады, өйткені Пайғамбарымыздың әйелі Зейнеп бинт Жахш та тері илеп, оны тіге алатын өнері болғандығы және осы өнері арқылы табыс тауып, тапқан табысын садақа еткендігі айтылады. Абдуллаһ ибн Масғудтың әйелі қол өнерімен
табыс тауып, ол табысын Ибн Масғудқа, бала-шағасының керек-жарағына жұмсайтын. Бірде әйелі: – Саған және бала-шағамызға бар тапқанымды жұмсап, басқаларға садақа беруге шамам жетпей қалды. Садақа бергім-ақ келеді, қайтсек болады? – дейді жүзін кіреуке мұң шалып. Сонда Абдуллаһ ибн Масғуд: – Бізге жұмсаған қаражатыңда сен үшін бір сауап бар ма, жоқ па білмедім, – деген соң, әйелі Пайғамбарымызға (с.а.с.) барып: – Мен қолөнерге бейімі бар әйелмін, қолымнан шыққан дүниелерді сатып табыс табамын. Біздің отбасымыздың осыдан басқа табыс көзі жоқ. Ал садақа берейін десем, бар тапқан-таянғаным күйеуімнің, балаларымның керек-жарағына жұмсаудан артылмай- ды. Осы өзімізге жұмсаған қаржының біз үшін сауабы бар ма? – деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Иә, өз отбасыңа не жұмсасаң да, барлығы саған сауап болып жазылады» (Хайсами, 3/118) деп жауап қатқан. ӘбуҮмама (р.а.) жеткізген хадисте: Аллаһ елшісінің алдына бір баласын арқалап, бір баласын жетектеген күйде бейтаныс әйел келді. Оларды көрген бойда Аллаһ елшісі (с.а.с.) : «Әйелдер балаларын құрсақтарында көтереді, айы-күні жеткенде дүниеге әкеледі, машақатына қарамастан сәбилерге мейіріммен қарайды. Егер әйелдер осы ауыртпалықтарымен бірге күйеуіне салмақ салмаса әрі намаздарын толық оқыса, жаннатқа кіреді», – деп сүйіншілейді. Құрайыштық әйелдерінің балаларға жақсы қарайтындығын, өз күйеуін құрметтейтіндіктерін көтермелеп: «Құрайыш әйелдері түйеге мінген әйелдердің ең жақсылары. (Өйткені) олар балаларына өте жақсы қарайды, күйеуін аса құрметтейді» (Бұхари, Никах 12, Мүслим, Рида 56) – деген. 66. Жүкті әйелге және туылған нәрестеге қаншалықты көңіл бөлген? Аллаһ елшісі (с.а.с.) сәбиге дүниеге келместен бұрын, ана құрсағында жатқанда-ақ көңіл бөле бастайтын. Фатима анамыз Хасанға жүкті болып, толғағы жақындаған шақта жиі барып хал-жағдайын сұрап, керек-жарағына көмектесті. Сосын: «Бала дүниеге келген кезде маған хабар бермейінше, балаға еш нәрсе жасамаңдар», – деп ескертіп кетеді. Фатима анамыздың жанында Сәуда бинт Мисрах бала дүниеге келген сәтте Пайғамбарымызға (с.а.с.) ескертпестен сары түсті матаға орап қояды. Аллаһ елшісі (с.а.с.) оны естігенде реніш білдіріп: «Менің айтқанымды істемедің», – деп кейіс танытып, ер балаға жараспайтын сары түсті жаялықты шешіп, ақ жаялыққа орайды. Сосын баланың аузына түкірігінен жағып, артынша Алиді (р.а.) шақырып атын кім қойғандығын сұрайды (Алиулмуттақи ибн Хусайддин әл- Һинди 974/1567; Кәнзул- Уммал фи Сунанил ақуал уал-афал, Хайдарабад 1945, 16/261) . Расулаллаһ (с.а.с.) ата-аналарға балаларын жынысына сай түспен киіндіру керектігін осындай әрекетпен көрсетеді. Хүсейн туылғанда да осылай жасаған. Үммі Сүләймнің ұлы Абдуллаһтың туылуы жақындаған сәтте Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Балаңның
кіндігін кескенде мені шақыр, мен келмей тұрып ештеңеден дәм таттырма», – деп ескертеді (Қади Әбу Талип, «Шарху илали Тирмизи» Сараи ) . Аллаһ елшісі (с.а.с.) жаңадан туылған баланың таңдайына құрманың жұмсағын жағып дұға қылатын. Қос құлағына азан мен қамат айтып, есімін қоятын. Содан кейін шақалаққа жеті күн толғанда, ер баланы сүндетке отырғызып, алғаш шыққан шашын алдырып, сол шаштың салмағындай садақа беріп, ақиқа құрбандығын шалған. Баланың дүниеге келгеніне қуанып, қуанышты хабарды алғашжеткізген кісіге сүйінші беру де сүннет. Баласы Ибраһимнің дүниеге келуін сүйіншілеп жеткізген Әбу Рафиаға Пайғамбарымыз бір қой берген (Ибн Абдулбарра «әл- Истиғаб фи мағрифатил-асхаб» Каир 1328 1/141 ) . Жаңа туылған баланың ішетін сүтіне де аса мән берген. Ибраһимнің анасы Марияның сүті аз болғандықтан, бір қой алып, соның сүтін ішкізген. Тіпті риуаяттарда сүт ана жалдағандығы да айтылады (Мүслим, Фадайл 63) . Емізулі баласы бар ананың жүкті болуы (сүті өзгеріске ұшырайтындықтан), емшектегі бала үшін зиянды екендігін ескерткен. Балалардың қоректенуіне байланысты бір айта кететін жайт: балалар су ішкісі келсе дереу су беру керек екендігі маңызды. Бұған дәлел Пайғамбарымыз (с.а.с.) бірде Фатиманың үйінде түнеген болатын. Түнде әуелі Хасан, сосын Хусейн су сұрайды. Аллаһ елшісі (с.а.с.) дереу тұрып су береді (Ибн Хажар, әл-Маталибул-алия 4, 69 ) . Бала су сұрағанда оны күткізбей, тіпті түннің жарымында болса да дереу талабын орындау керектігін осылайша үлгі еткен. 67. Қанша баласы болған? Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с.) үш ұл, төрт қыз сүйген. Олар: Қасым, Абдулла, Ибраһим, Зейнеп, Рұқия, Үммі Гүлсім, Фатима. Бұлардың Ибраһимнен басқасының барлығы Хадиша анамыздан туылған. Алғашқы ұлының есімін Қасым қойған. Ол пайғамбарлықтан бұрын Хадиша анамыздан дүниеге келген. Пайғамбарымыз (с.а.с.) сол баласының атымен ел ішінде «Әбул-Қасым» (Қасымның әкесі) деген лақап атпен танылған, бірақ ұлы бір жастан асқан шағында шетінеп кеткен. Екінші ұлының аты туралы ғалымдардың түрлі көзқарастары бар. Бірі Абдуллаһ десе, бірі Тахир, енді бірі Тәйіп дейді. Көбінесе Абдуллаһ есімі кең тараған. Хадиша анамыздан туылған. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл баласы да шетнеп кеткенде, Ас ибн Уайл «Мұхаммедтің ұрпағы жалғаспайтын болды» деген мағынада «Мұхаммед әбтар болды» деп табалайды. Бұл айтылған сөзге жауап ретінде Аллаһ тағаладан Пайғамбарымызға (с.а.с.) күніне бес уақыт аты аталып, дұға тілеп, басқан әрбір ізіне дейін үлгі тұтатын шексіз ақиретке дейін жалғасын табатын үмбет нәсіп ететінін хабар берген. Мұқауқистың жіберген сыйы Мәриям анамыздан Һижреттің 8- жылында Зул-Һижжа айында Ибраһим туылғанда, сүйінші хабарды жеткізген Әбу Рафияға сыйлық беріп, Ибраһимнің анасы Мариямды азат етеді (Ибн Сағыд, 136). Дүние есігін ашқан сәбидің келешегі жарқын болуы үшін
көнедегі араб дәстүрі бойынша сүт анасының қолына тапсырады. Әрі Ибраһимнің сүт анасына құрма бақшасын сыйға тартады. Пайғамбарымыз қауырт тірліктен қолы босаған уақытта Ибраһимді көру үшін сүт анасының үйіне жиі баратын. Тағдырдың жазуы солай болған шығар, өкініштісі, баласы Ибраһим 16- 18 айға толар-толмас шағында қайтыс болады. Бауыр еті баласының дүниеден өткеніне іштей қайғырып, көз жасына ерік беріп отырған Пайғамбарымызды (с.а.с.) көргенде, жанындағы Абдуррахман ибн Ауф: «Сіз де жылайсыз ба, Аллаһтың елшісі?» – деп сұрағанда, балаға деген мейіріммен қамығып жылағанын айтқан. Ал қыздарының ең үлкені – Зейнеп. Пайғамбарымыз (с.а.с.) 30 жасқа толғанда Хадиша анамыздан туылды. Он жасында Хадиша анамызбен бірге иман келтірген. Һижреттің сегізінші жылында 31 жасында дүние салады. Екінші қызы Рұқия Пайғамбарымыздың (с.а.с.) 33 жасында Хадиша анамыздан туылған. Хазірет Османға күйеуге шығады. Бәдір соғысынан кейін араға үш күн салып 22 жасында науқастанып бақилық болады. Одан кейінгі қызы – Үммі Гүлсім. Хадиша анамыздың үшінші қызы. Ұтба ибн Әбу Ләһабқа күйеуге шыққанымен, алғашқы неке түніне дейін ажы- расып кетеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Үммі Гүлсімді хазірет Османмен (р.а.) некелестіреді. Сол үшін хазірет Осман «Қос нұрдың иесі» деп аталған. Үммі Гүлсім Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көзі тірісінде һижреттің тоғызыншы жылында қайтыс болды. Жаназа намазын Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өзі оқыды. Одан кейінгі соңғы қызы – Хадиша анамыздан туылған Фатима анамыз. Һижреттен 13 жыл бұрын Мекке шаһарында дүниеге келген. Фатима анамыз 15 жасына толғанда 21 жастағы Алимен (р.а.) отау құрады. Бұлардан Хасан, Хүсейін және Үммү Гүлсім мен Зейнеп атты балалары болған. Қызы Зейнеп Абдуллаһ ибн Таййармен некелесіп, бұлардың Али, Үммү Гүлсім атты балалары болды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) қайтыс болғаннан алты айдан кейін Фатима анамыз 24 жасында дүние салады. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әкелік қасиеті туралы сөз қозғағанда өз балаларымен қатар, сол отбасыға кіретін, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) тәрбиесін алған қызметшілері мен олардың балалары ойға оралады. Атап айтар болсақ, он жыл қызмет етіп «Хадиму нәби» (пайғамбар қызметшісі) атанған Әнас (р.а.), «Хиббу расулуллаһ» (пайғамбар сүйіктісі) атанған Усама және Усаманың әкесі Зәйд (р.а.) секілді бұлардың барлығын Пайғамбарымыз (с.а.с.) бауырына басып, баласындай қараған. 68. Не себептен ұлдары ерте жастан қайтыс болған? Ислам дінінде ұрпақ ер баламен жалғасады, сондықтан отағасы ұлды болса ұрпағының жалғасқаны деп білген. Алайда ұлды болу, жақсы ұрпақ тастап кету үшін жеткіліксіз. «Бала бер, бала берсең сана бер» демекші ол баланың ізгі де иманды, елін жұртын ойлайтын азамат болуы бір Аллаһқа
аян, сондықтан маңыздысы тек ұлды болу емес үлгілі болу, мұсылман үмбетінің хал-жағдайын ойлау, ізгі амал ету. Сан ғасырлар өтсе де халық аузынан түспейтін Әбу Бәкір мен Омар, Осман мен Али, азаншы Біләл секілді сахабалар, тек ұрпағымен емес ерлігімен, имандылығымен, ізгі амалдарымен барша мұсылмандарға үлгі болды. Бұл сахабалардың ұстазы болған Пайғамбарымыз (с.а.с.) өмірінің соңына дейін әрбір ісін өнеге ететіндей барша мұсылман жұртшылығына қайталанбас тұлға болды. Мұны түсінбей тәкаппарлықпен, баласының көптігімен мақтанған кейбір ақымақтарПайғамбарымыздың (с.а.с.) ер балалары шетінеп кете бергендіктен «Мұхаммедтің ұрпағы құрыды» деп айтқандары да болды. Алайда бұны айтқандардың өздері ұрпақсыз қалатынын біле алмады. Бұлай айтқандар мен ойлағандарға Аллаһ тағала: « Расында, біз саған Кәусарды бердік. Ендеше, сен де Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал. Расында дұшпаныңның өзі ұрпақсыз қалады » («Кәусәр» сүресі, 1) , – деп жауап береді. Бұл аяттағы «Кәусар» сөзі «жаннаттың бұлағы» деген мағынаны берумен қатар «көп, мол» де- ген мағынаны да білдіреді, сондықтан тәпсіршілер бұл сөзге « көп үмбет» деген мағына берген. Олай болса, Мұхаммедке (с.а.с.) ұл баланың орнына «Кәусар», яғни, көп үмбет берілгендігі, яғни, қарапайым адамдарға ер бала беру арқылы санаулы ұрпақ берілсе, Аллаһ елшісіне (с.а.с.) иман жолы арқылы шынайы ұрпағы, яғни мыңдаған мұсылман үмбеті сый ретінде берілді. Ұрпағын жалғастыратын Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өз ұлдары шетінеп кете бергенімен, Мекке мен Мәдина қалаларындағы мешіттермен қоса бүкіл жер бетіндегі мешіттерді толтырған, миллиардтаған үмбетінің өзі оған шынайы ұрпақ болды. Әке-анасына дұға ететін ер бала емес, Аллаһ елшісіне (с.а.с.) күніне аз дегенде бес мәрте дұға ететін, аты аталса салауат айтатын, саны күннен күнге артып отыратын мұсылман үмбеті берілді. Олай болса, Пайғамбарымызды (с.а.с.) сол кездері ұрпақсыз деп айтқандардың өздері үрім-бұтағымен жойылып кетті. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) ер балалары ерте жастан, тіпті 2 жасқа жетпей шетінеп кетуінің тағы бір сыры, егер олар өмір сүргенде Пайғамбардың баласы болғандықтан ер бала да пайғамбар болар еді. Бұл сырды Аллаһ елшісі (с.а.с.) мына хадисімен түсіндірген. Ибн Аббас былай дейді: Аллаһ елшісінің (с.а.с.) ер баласы қайтыс болғанда, оның жаназа намазын оқып, артынша: « Оның жаннатта сүт анасы болады. Егер тірі қалғанда шыншыл бір пайғамбар болар еді және ешбір қыбти құл болмас еді », – деп айтты деген. Ал Аллаһ елшісінен (с.а.с.) кейін пайғамбар келсе, ол (с.а.с.) соңғы пайғамбар, соңғы елші болмас еді. Құранда Пайғамбарымыздың соңғы елші екендігін және ол (с.а.с.) ешбір ер адамның әкесі бола алмайтынын мына аятпен түсіндірген: َّما َكا َن ُم َح َّم ٌد أَبَا أَ َح ٍد ِّمن ِّر َجالِ ُك ْم َولَ ٰـ ِكن َّر ُسو َل اللَّـ ِه َو َخاتَ َم النَّبِيِّي ََۗن َو َكا َن اللَّـهُ بِ ُك ِّل ََ ْي ٍء َعلِي اما « Мұхаммед (с.а.с.) сендерден ешбір еркектің әкесі емес, бірақ ол – Аллаһтың елшісі әрі пайғамбарлардың соңғысы. Аллаһ әр нәрсені толық білуші » («Ахзаб» сүресі, 40-аят) .
Аллаһ елшісінің (с.а.с.) ер балаларының қайтыс болуының тағы бір сыры, Ибраһим пайғамбардың (а.с.) баласымен сыналғаны секілді, Аллаһ елшісі (с.а.с.) ер балаларының дүниеден жастайынан озуымен үлкен сынаққа түсуі. Құранда: إِنّ َما أَ ْم َوالُ ُك ْم َوأَ ْوالَ ُد ُك ْم فِ ْتنَة «Шын мәнінде, балаларыңмен дүние-мүліктерің сендер үшін сынақ» («Тәғабун» сүресі, 15-аят.) деген. Ал мұндай сынақтың ең ауыры да Пайғамбарларда болмақ. Бір хадисте: « Ең ауыр сынақ пайғамбарларда болады, сосын одан кейін келгендерде, сосын одан кейін келгендерде » деп, ең ауыр сынаққа Пайғамбарлар түсетінін айтқан. Аллаһ елшісінің Аллаһтан келген сынағы: әкесінің қайтыс болуы, сосын өзін қорғап, демеп жүретін көкесінің қайтыс болуы, сосын жан жолдасы Хадиша анамыздың қайтыс болуы. Аллаһ елшісі (с.а.с.) бұлардың барлығына сабырлық танытып, Аллаһқа деген иманының беріктігін көрсете білді. Ер балаларының қайтыс болуының тағы бір сыры бүлік пен саяси шиеленістердің болуынан мұсылман үмбеті қорғалды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзінен кейін кімнің халифа болатын мұсылмандардың кеңесіп шешуіне қалдырып кетті. Өзінің бала- сы немесе туысы болсын деп айтпаған, сондықтан халифалыққа Пайғамбарымыздан кейін Әбу Бәкір (р.а.) тағайындалды. Егер Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ер баласы болғанда оны сөзсіз халифалыққа лайықты деп, мұсылмандардың кеңесуіне дес бермейтіндердің болуы мүмкін. Али (р.а.) Пайғамбарымыздың туысы болғанның өзінде оған бірінші халифалықты беруге тырысып, үлкен саяси шиеленіс болғаны да Ислам тарихында кеңінен жазылған. 69. Балаға тәлім-тәрбиені қалай берген? Тәрбиеде жұмсақтық пен жылылықты негізге алу шарт. Балалардың жасаған қателігі үшін жекіп, болмаса келеке етіп, ұнжырғасын түсіретін сөздер айтпау маңызды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) көп тентектік жасай- тын балаларға «Өскенде ақылды болады» (Мүнәуи, 4,310 ) деп оларға ашуланбау керектігін меңзеген. Хазірет Әнас (р.а.) Аллаһ елшісінің жұмсақтығы жайлы: «Хазірет Пайғамбарға (с.а.с.) 10 жыл қызмет еттім. Орындамаған ісім үшін «Неге орындамадың?» – деп ұрсып, орынсыз істерім үшін «Неге олай істедің?» – деп жекігені есімде жоқ. Маған ешқандай ауыр сөз айтып, айыптаған емес», – дейді (Бұхари, Әдеп, 39; Мүслим, Фәдаил, 13 ) . Тағы бір риуаятта Әнастың (р.а.) балалық мінезіне Аллаһ елшісінің ұстанымын мына риуаяттан көре алмыз: «Бір күні Аллаһ елшісі мені бір іске жұмсады. Алғашында бармаймын деп қарсылық таныттым. Іштей Аллаһ елшісінің бұйырған ісіне барғым келіп тұрды. Сосын айтқанын орындау үшін жолға шықтым. Жолда бір топ балалардың ойнап жатқанына кезігіп, ойындарына алданып біраз кідіріп қалған едім, иығыма біреудің қолын қойғанын байқап артыма бұрылып қарасам, Аллаһ елшісі екен, маған күліп
қарап: «Әнас, менің тап- сырмам не болды?» – деді. Мен: «Міне, орындауға бара жатырмын, – деп жүгіре жөнелдім» (Мүслим, Фадайл 54. Әбу Дәуіт, Әдеп 1) , – дейді. Ардақты елші балалары бар ата-аналарға: «Балаларыңның ізгілік жолында болуына жәрдем етіңдер. (Болашағын ойлаған) адам оларды ата- анасына қарсы шығудан (дұрыс тәрбие беру арқылы) қорғасын!» (Фәйзул- қадир, 2/13 ) – деп кеңес берген. Оларға мейіріммен, қайырымдылықпен қарап, ата-анасына қарсы шығудан сақтандырған. Балаларға осылай қарау оларды бағынуға, тәртіпке үйретіп, ер жетіп жетілгенде, олардың бағынбауларының алдын алады деп түсіндіреді (Фәйзул-қадир, 2/13-14 ) . Аллаһ елшісі (с.а.с.) балаларына тәрбие берумен бірге білім беруді бірінші орынға қойған. Тілі шығысымен қасиетті Құран аяттарын жаттатқан. Бұл жайлы Ибн Шұғайып былай дейді: «Абдулмутталиб ұрпағының бірі сөйлейтін жасқа келгенде Аллаһ елшісі (с.а.с.) : ا ْل َح ْمد ُل هِّ الّ ِذي لَ ْم يَتّ ِخ ْذ َولَداا َولَم يَ ُكن لّهُ ََ ِري ٌك فِي ا ْل ُم ْلك « Әлхамду лилләһи әлләзи ләм ияттахиз уәләдә, уә ләм иәкул-ләһу шәрикун фил-мулк » деген аятты жаттататын (Ибн Әби Шәйба 1,348) . Мұнымен қатар «лә илаһа иллаллаһ» деген кәлима шаһадатты үйрететін. Балалардың жасына қарай 6-7 жасында намаз оқуды, 10 жасында егер намаз оқымаса, ұрсу, денесіне ба- тырмай ұру әрі бөлек жатқызу керектігін де айтқан. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Алиді 9 жасында Исламға шақырған. Сонымен қатар, балаға жазу-сызу оқу т.б. өмірге қажетті нәрселерді де үйретуге ынталандырған. 70. Балаларды қаншалықты жақсы көрген? Қаншама жыл жанында жүріп қызмет еткен Әнас ибн Мәлик (р.а.): «Отбасы мүшелеріне Пайғамбарымыздан (с.а.с.) артық мейірім көрсеткен жанды көрген емеспін», – дейді. Ат тұяғы жетер жердің бәрін аузына қаратқан сүйікті Елші (с.а.с.) екі немересі Хасан (р.а.) мен Хүсейінді (р.а.) арқалап алып аулада серуендеп жүретін. Бірде осыны көрген хазірет Омар (р.а.) «Мінгендерің қандай керемет!» – дегенде, Пайғамбарымыз: «Олар тамаша мінушілер!» – деген еді. Екі бала ол кезде бұл сөздің астарын түсінетін жаста емес шығар, бірақ Пайғамбарымыз (с.а.с.) оларды осылай тәрбиелеген. Басқа бір жолы немерелері мойнына асылғанда: «Астарыңдағы мінгендерің қандай жақсы, үстіндегі сендер де тамаша мінушілерсіңдер! » – деген еді. Бала тәрбиесінде де орта жолды ұстанған. Балаларды жанындай жақсы көріп, сол махаббатын бүлдіршіндердің өздеріне сездіретін еді. Бұл махаббаттың да кері әсер етпеуіне мұқият мән беретін. Онсыз да балаларының арасында жамандыққа бара қоятын ешкім жоқ еді. Алда-жалда біреуі білместікпен қатежасап қойса, оларға дегенмахаббатыорындыескер- ту жасауына кедергі келтірмейтін. Мысалы, бір жолы, Хасан (р.а.) не Хүсейін
(р.а.) екендігі белгісіз, кішкене күндерінде байқаусызда садақаға келген құрмаға қолын соза бергенде Пайғамбарымыз (с.а.с.) дереу оның қолын қағып: «Бізге садақа жеу харам», – деген еді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) балалардың өзін райхан гүліне, ал иісін жаннаттың иісіне теңеген. Немерелерін жиі- жиі қасына шақырып, бауырына басып, маңдайынан иіскейтін. Тіпті кейде оларды құшақтап, сүйгеннен кейін: «Аллаһ тағалам, бұлардымен жақсы көремін, Сен де оларды жақсы көрші», – деп дұға ететін. Бөлмесіне ешкім кірмесін деген уақыттарда да немерелерінің кіруіне қарсы болмайтын. Тіпті мешітте жамағатпен намаз оқып жатқанда немерелері келіп үстіне шығып ойнайтын. Әбу Қатада: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні жиен немересі Умаманы иығына отырғызған күйде мешітке келді. Жамағатқа намаз оқытты. Рүкуғқа иілгенде қызды жерге түсіретін, сәждеден тұрған кезде қайтадан қолына алатын», – дейді. Үмбетін тәрбиелеуде мейірімділікті арқау еткен Аллаһ елшісінің (с.а.с.) балаларға деген сүйіспеншілігі үлгі аларлық еді. Бір хадисінде: «Балаларыңды көп сүйіңдер, себебі сүйген сайын жаннатта бір дәреже беріледі. Әрбір дәреженің ара қашықтығы бес жүз жыл. Періштелер әр сүйгендеріңді санап, жазып отырады», – деген. Бір күні Аллаһ елшісі (с.а.с.) немересі Хасанды сүйіп жатқанда қасына келген Ақра ибн Хабис: «Менің он балам бар, ешқайсысын дәл бұлай сүйген емеспін», – дейді. Сонда Пайғамбарымыз: « Мейірім танытпағанға Аллаһ тағала да мейірімділік танытпайды», – деп оның қаталдығын жақтырмаған сыңай танытады. Бірде жұма күні құтба оқып жатыр еді. Хасан мен Хүсейін тәлтіректеп, бір құлап, бір тұрған күйі мешітке кірді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) сөйлеп жатқан жерінен тоқтап, мінберден түсіп, екеуін көтеріп алып, мінберге қайта шығады. Екеуін алдына отырғызып: «Аллаһ тағала: «Балаларың мен мал- мүліктерің сендерге сынақ» («Тәғабун» сүресі, 15) , – деп қалай дұрыс айтқан!» Олардың құлап-сүрініп келе жатқанын көрген кезде шыдай алмадым, айтып жатқан сөзімді бөліп, оларды құшағыма алдым», – дейді. (Нәсәи, Жұма, 30 ) Пайғамбарымыз (с.а.с.) өз немерелерімен қоса сахабалардың да балаларын жақсы көрген. Хазірет Усама (р.а.) өзінің балалық шағындағы бақытты сәтін былай баяндайды: «Аллаһ Расулы бір тізесіне мені, екінші тізесіне немересі Хасанды отырғызды, сосын бізді құшағына қысып: «Аллаһ тағалам, осыларға рақымыңды төге гөр, себебі мен бұларға мейірімдімін», – деді (Бұхари, Әдеп, 22) . Пайғамбарымыз (с.а.с.) әке-шешелерінің қасына еріп келген балалардың бәрін басынан сипап, оларға Аллаһтан жақсылық тілейтін. Жабир ибн Сәмура (р.а.) балалық шағында басынан өткен бір оқиғаны былай баяндайды: «Бесін намазын Пайғамбарымызбен бірге оқыдым. Намаздан соң үйіне беттеді. Мен де дереу артынан ілестім. Алдынан екі бала шықты. Пайғамбарымыз тоқтап, оларды бетінен сипады. Сосын мені де бетімнен сипады» (Нәуәуи, Шәрхул-Мүслим, 15-т., 85-б)
Аллаһ елшісі (с.а.с.) балаларға деген сүйіспеншілігін олармен сәлемдесу арқылы да көрсететін. Жолда балаларды көрсе « Уа, балалар! Әс- сәламу аләйкум!» – деп сәлемдесетін. Саиб ибн Язид балалықшақтағы естелігін былай баяндайды: «Біз бір топ бала ойнап жүрген едік. Жанымыздан Пайғамбарымыз (с.а.с.) өтіп бара жатыр екен. Мен балалардан бөлініп, қасына барып, сәлем бердім. Сәлемімді алып, «Кімнің баласысың?» – деп сұрады. Мен: «Саиб ибн Язид ибн ухтин-Нәмр ибн Қасыт», – деп аты- жөнімді толық айттым. Сонда Расулаллаһ (с.а.с.): «Аллаһсені мүбәракетсін», –деді». (Табәрани, Мужәмус-сағир, 1-т., 249-б. ) Сапардан оралғанда Пайғамбарымыздың (с.а.с.) түйесін қаумалай қоршап күтіп алған қара сирақ ойын балаларын көрер едіңіз. Тек қана өз немерелеріне емес, барша бала атаулыға ерекше мейірім көрсеткен. Кеше ғана қыз баланы тірідей көміп келген жұрт бүгінде балаларының Пайғамбардың (с.а.с.) мойнына асылып еркелеп жүргенін көрді. Балаға деген сүйіспеншіліктің бір көрінісі – сыйлық беру. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл жайлы хадисінде былай дейді : «Балаларыңа сыйлық жасаңдар, жақсы тәлім-тәрбие беріңдер» (Ибн Мажә, Әдеп, 3) . Хазірет Айшаға айтқан өсиетінде осыны табыстап: «Көршілердің балалары қасыңа келген кезде, қолына бір нәрсе ұстат, себебі бұл достықты (сүйіспеншілікті) арттырады», – дейді. Өзі қасына келген балаларға міндетті түрде сый беретін. Бір уыс құрма болса да беріп, қасынан құр қол жібермеуге тырысатын. Алғаш піскен жемісті де бірінші соларға тарту ететін. Сахабалар жыл сайын бау-бақшасының алғашқы жемісін Пайғамбарымызға әкелетін. Бұл әдет олардың ыстық ықыласы мен сүйіспеншілігінің көрінісі еді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) әкелінген жемісті алдымен үшмәрте оң көзіне, сосын сол көзіне басып, дұғасын жасап,жамағаттың ішінде ең кішкентайына ұсынатын. Осы әдеті арқылы балаға деген сүйіспеншілігін көрсетіп ғана қоймай, мұсылмандарға үлгі-өнеге болып, балаларға мейіріммен қарау қажеттігін ұқтыратын. Үмбетіне балаға деген сүйіспеншілікті өсиет еткен хадистерінің бірінде: «Балаларына көрсеткен мейіріміне байланысты Аллаһ та оған мейірім танытты», «Балаларын арқалап, омырауын емізген, оларға мейірімін төккен әйелдер, осы істерімен қоса, күйеулеріне қиыншылық тудырмаса және намаздарын оқыса жаннаттық болады», – деген. Адамзаттың ең мейірімдісі Пайғамбарымыз (с.а.с.) балаларды қуанту, көңілін табуға Аллаһ тағаланың разылығына жетелейтін істердің бірі деп қарайтын. Жүрген жерінде балалардың жағдайын ойлап жүретін. Ал қызы Фатиманы маңдайынан, төбесінен иіскеп сүйетін. Тіпті бала жылағанына да Пайғамбарымыз (с.а.с.) шыдай алмайтын. Бір риуаятта таң намазының алғашқы рәкатында 60 аяттық сүре оқып тұрған болатын. Сол сәтте бір баланың жылаған даусы естілді, сосын Аллаһ елшісі (с.а.с.) екінші рәкатта ең қысқа сүре оқып намазды тез тамамдады (Ибн Әбу Шәйба Әбу Бәкір Абдуллаһ ибн Мұхаммад 253/1867) . Аллаһ елшісі (с.а.с.) балалармен әзілдеп те ойнайтын. Әнасты «зул- узунайн» (қос құлақты) деп атайтын. Кейде күлдіретін, кейбір балаларға аузына су толтырып бүркетін. Бір хадисінде: «Баласы барлар баламен балаша
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142
- 143
- 144
- 145
- 146
- 147
- 148
- 149
- 150
- 151