Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Qara Shanyraq

Qara Shanyraq

Published by Макпал Аусадыкова, 2023-06-08 03:19:55

Description: Qara Shanyraq

Search

Read the Text Version

Әйгерім Сейілхан ҚАРА ШАҢЫРАҚ Алматы 2023

Кітап Маметеков Кемелхан Айтмұхаметұлының қолдауымен әрі демеушілігімен жарыққа шықты УДК 821.512.122 ББК 84 (5Қаз) С32 Әйгерім Сейілхан. «QARA SHANYRAQ». – Алматы: «Дала Дизайн» баспасы, 2023 ж. 80 бет. ISBN 978-601-06-9188-9 Бұл кітапта Найман елінен тараған Байжігіт шежіресі тарқатылып, Айтмұхамет Молдағұлұлының елге жасаған қайрымды істері мен өнері жайлы жазылған. Айтмұхамет әулеті жайлы ел аузындағы әңгімелер, түрлі мәліметтер келтіріліп, жинақталды. Атамыздың өнегелі өмірінен тәрбие алар деген ниетпен, осы әулеттен тараған ұлағатты ұрпағына арналады. ISBN 978-601-06-9188-9 УДК 821.512.122 ББК 84 (5Қаз) © Ә.Сейілхан, 2023

QARA SHANYRAQ АЛҒЫ СӨЗ «Қара шаңырақ!» – жанға жылу беретін құдіретті сөз, қасиетті ұғым. Бұл сөздің аясына қаншама ұлағат сыйып тұр десеңізші! Біздің түсінігіміздегі «қарашаңырақ» ұғымында тұтас бір әулеттің тарихы, шежіресі өріліп жатады. Қазақ арасында қарашаңырақ сөзі бүгінгі күнге дейін қолданыстан шықпай айтылып келе жатыр. Тек айтылып қана қоймай, әрбір әулеттің қарашаңыраққа деген құрметі артуда. Сол ұлылыққа жүгіне отырып, Айтмұхаметтен тараған әр әулеттің іргесі сөгілмей, ұрпақтарының береке- ынтымағы жарасып, тұғыры берік, мәртебесі жоғары болсын деген ниетпен Ата шежіреміз баяндалған бұл кітапты «Қара шаңырақ» деп атадық. «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер, жеті атасын білмеген құлағы мен жағын жер» деген аталы сөзде айтылып тұрғандай, тегін біліп, зерттеп, зерделеген ұрпақ қара басының ғана емес, қара халықтың да қамын ойлап, баба жолын ұстанып, ата дәстүрін жалғастырмақ. Осы ұстанымға ден қоя отырып, әрі арғы-бергі аталарымыздың елге жасаған жақсылығы, даналығы, батырлығы сияқты ұрпағына өнеге боларлық деректері мен көнекөз қәриялардың әулетімізге қатысты әңгімелерін осы кітапта жинақтадық. Тағы бір айта кететін жәйт, шежіре кітапты жалғыз адам құрастырмайтыны белгілі. Шежіре -жаратылу тарихы болса, сол тарихи шежірелерге қатысы бар көнеден жеткен аңыз әңгімелер тәлім-тәрбиемен өрнектелген, сыры кетсе де сыны кетпейтін сырлы аяқтай асыл бұйым іспетті. Сол асылдарды қастерлеп, ұрпаққа жеткізуді негізге ала отырып 3

QARA SHANYRAQ құрастырылған бұл кітаптағы Айтмұхамет шежіресін тарату барысында да ел аузындағы әңгімелер, түрлі мәліметтер келтірілді. «Жақсыдан жақсы туар жарқылдаған» дегендей, арттағы ұрпақтың асылдың сынығы екенін есіне салар деректер топтастырылған осынау кітаптың жарыққа шығуына мұрындық бола біліп, бөз көмегін аямай қаржылай көмек беріп, сөз көмегін аямай рухани қолдау білдірген Кемелхан Айтмұхаметұлының әулетіне алғыс айтамыз! Және де, кітаптың құралуына көмекші болған, бұрын баспа бетін көрген деректі әңгімелердің, әдебиеттердің авторларына /сілтемелер берілді/, ақпарат жинасып атсалысқан ағайын-туысқа, көзкөрген кәриялардың естеліктерін сұрап, қойын дәптеріне сызып алып, бүгінгі күнге дейін құнттап сақтап келген Сейілхан Айтмұхаметұлына алғыс айтамыз! 4

QARA SHANYRAQ «Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар» Халық мақалы ҚАПТАҒАЙ ҰРАНДЫ ҚАЛЫҢ НАЙМАН Бізге жеткен деректерге көз жүгіртсек, шежіре тарихымызда хан да өткен, батыр да өткен, бай да өткен, бағлан да өткен. Олар жайлы көсіле сөйлеп, кеңінен әңгімелеу үшін, көне шежірелерден төменде дәйек келтіреміз. ОРТА ЖҮЗ – Найман Ұраны – Қаптағай! Наймандар – қазақ халқын құрған ежелгі түркі тайпаларының бірі. Наймандардың тарихта ірі мемлекет және сол ғасырдың беделді тайпасы болғанын парсы тарихшысы Рашид әд-Дин жазады. Найман елі көптеген хандықтар, ұлы ұлыстар мен қағанаттардың негізін көтерген, соның бірі Шыңғысхан империясы. 15 ғасырдың ортасында Әбілқайыр хандығынан бөлініп, Қазақ хандығын құрушы Керей мен Жәнібек сұлтандарды қолдаған алғашқылардың бірі. Наймандар Қытай деректерінде Орта Азияның көне және Алтай тауы мен Саян жотасының ең мықты тайпасы ретінде жазылады. - /Уикипедия ашық энциклопедиясынан алынды/ Шежірелерде Найман ішінде Қаракерей өскен ата делінеді. Оның ішінде Қабанбай батыр шыққан Байжігіт те кезінде тоғыз болыс ел болыпты. Ал, Қабанбай батырдың атасы, өз жұрты - Мәмбет, Қытай мен Қазақстан жерін егіз еміп, еркін өскен құтты ұрпақ болып саналады. Мәмбеттің Қабанбай 5

QARA SHANYRAQ батыр, Басбай бай, Сиыршы, Мұстапа Өзтүрік сияқты әйгілі ұрпақтары қазаққа кеңінен танымал. Найман - Сарыжомарт, Төлегетай, Терістаңбалы Төлегетай - Қаракерей, Садыр, Матай, Төртуыл Қаракерей - Тоқпақ, Жанқұлы, Қазығұл, Базархан, Мейрам Мейрам - Байторы, Ерторы Байторы - Байыс, Балқыбек, Жалқыбек Байыс – Сарымырза /Мұрын/, Сыбан, Қыржы, Ахметқұл, Байғана, Болатшы, Жұрынтай және Мақтақыз / Тоқтарқожаның әйелі/ Тоқтарқожа / Мақтақыз / - Байжігіт, Жанжігіт. 6

QARA SHANYRAQ ОРТА ЖҮЗ Арғын НАЙМАН Қоңырат Қыпшақ Керей Уақ ҚАРАКЕРЕЙ Матай Садыр Дөртуыл Садыр БАЙТОРЫ Ерторы МЕЙРАМ Балқыбек Айрам БАЙЫС Жалқыбек Ақымбек Сыбан Сармыза-Мұрын Мәмбетқұл-Қыржы Шүрентай Болатшы Байғана МАҚТА ТОҚТАРҚОЖА БАЙЖІГІТ Жанжігіт Тоғас МӘМБЕТ Жұмық ӨМІР Күшік Күдір Ақтайынша Қарақұрсақ Қожақұл 7

QARA SHANYRAQ ХАН БАЛАСЫ БАЙЖІГІТ БИ Ата шежіремізді тарқату үшін Байжігіт бабамыздың шежіресіне шолу жасап өтпей болмайды. Сәйбек ханның (Сайбақ хан) ұрпағы, 14 жасынан билікке араласқан Байжігіт бабамыз туралы «Қазақ әдебиеті» газетінде - /1993 жыл, 4-маусым/ Байжігіт би делінеді. - /Т.Құдайберген. Байжігіттен тараған Мәмбет елінің шежіресі. Новосибирск. Наука баспасы. 2002 ж./ Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың Төр Шежіресі» бойынша Байжігіт елі Найманның ішінде ұлы анамыз Мақта Ападан тарайды. Мақта - Байторы-Байыстың қызы. Байжігіттің әкесі - шежіре мен жылнамалардан белгілі Тоқтарқожа. Байжігіттен тараған ұрпақ Найман ішінде Төрт Байжігіт аталады: Тоқтарқожа Байжігіт Бұрынғы өткен бабамыз Шежіреге қарасақ Төрт Байжігіт арамыз – Жұмық, Тоғас, Бай Мәмбет, Қарақұрсақ боламыз, Үйрек ұшып, Қаз қонса, Сарқылмаған сабамыз... - /Әлімғазы Жаманкөз ұлын қызы Гүлғасылдың жоқтауы, Шауешек, 1944 ж./ «Әлімғазы – Шайбек (Сайбақ) ханның он бесінші ұрпағы», - деп жазады зерттеуші-ғалым Балхаш Бафин. «Байжігіттің Жұмығы – Маңырақ тауында, Тоғас – Тарбағатай тауының шығыс-теріскейінде, ал Мәмбет атасы – Тарбағатайдың оңтүстік етегінде Мақаншыдан Қытайға дейінгі жерлерде қоныстанған» - /Терістаңбалы шежіресі. 99-102/ «Тоқторқожа-Байжігіт» делінуі ел аузынан кеңінен тараған деректер бойынша Шайбақ ханның ұрпақтары 8

QARA SHANYRAQ ағайынды Тоқтарқожа мен Толымқожа Қазақ-Жоңғар соғысынан көп бұрын (Ақсақ Темірдің заманы болса керек) Шудың бойындағы Байыстың елін паналапты. Ұлы жұт кезінде ерлігі мен тапқырлығының арқасында байдың мыңдаған жылқысын аман сақтап қалып, үлкен сенімге ие болғандықтан, Байыстың жеті ұлының ортасында бұлаң өскен, ақылды және ерке қызы, «арпа ішінде бір бидайы», Мақтақыз Тоқторқожаға ұзатылған. Тоқторқожа-Мақтаның Байжігіт пен Жанжігіт атты екі ұлы болады. Олар есейгенде жасы жеткен Тоқтарқожа кенжесі Жанжігітті ертіп Шәйбани еліне қайтады. Ғалым Бафин (Бапин) шығыс және батыс тарихнамаларындағы деректерге сүйеніп (Рашид-ад-диннен бастап, Қадырғали бек пен Шәкерімді қостап, орыс, моңғол, батыс ғұламаларына сүйеніп – барлығы 39 дереккөз) Ақселеудің шежіресінен ілгері жасалған «Ата шежіресінде» Байжігіт-Тоқтарқожа аталарын былай таратады: Күшік сұлтан < - Болат (Фулад) < - Жармұхамед (Йар Мұхамед) < - Сүйініш сұлтан < - Мұхамед Шайбани Хан (қазақ шежірелерінде – Сайбақ хан). Мұхамед Шайбани (1451 – 1510) Жошы ханның ұрпағы. Жошыдан (14 ұлы болған) - > Шибан (12 ұлы болған) - > Баһадұрхан (Шәкерім Құдайберді ұлының жазуынша «1300 жылы өлген, Ноғайхан деп жүргеніміз осы Баһадұрхан болса керек») - > Жошы Бұқа - > Барағұл (яки, Абдал оғлан) - > Мөңке (яки, Минг Тимур) - > Болат (Пулад) - > Ибақ (Ыбырайм) - > Даулетшайых (Толошықұлан) - > Әбілқайыр (17 жасында хан сайланған, 1412 жылы, қазақ жылнамасы бойынша Ұлу жылы туған, 1468, Тышқан жылы дүниеден өткен, Сығанақта жерленген) - > Шаһбұдақ сұлтан (анасы Маңғыттың қызы 9

QARA SHANYRAQ Нүркіт бәйбіше). Шаһбұдақтың ұлы Мұхамед Шайбани Әз- ана Аққозы бикеден туған (кейбір деректерде қалмақтың Алтынханының қызы). Қазақ-Өзбек Сайбақ ханы 16 жасында ақ кигізге көтерілген, дарынды қолбасшы, ғалым, ақын, «Шаһ Бақыт» (Бақыт Патшасы), «Абдулфаттах Мұхамед» (Жеңімпаз Мұхамед) атанған. Балхаш Бафиннің (Бапыұлы) «Ата шежіресі» Шәуен Мәсәлімұлының мұрағатынан Байжігіттердің Шыңғыс ханның ұрпағы деген деректер қазақтың басқа шежірелерінде де айтылады. Әйгілі Найманның ғұламасы Ақтайлақ Биден қалған шежіре әңгімелердің ішінде «Байжігіттің тарихы» дейтіні бар. Онда Сәйбақ хан Әз Жәнібекпен замандас болғаны (XV ғасырдың орта тұсы), оның отыз баласы мен бәйбішесі Жұпар ханым, отыздың бірі Тоқтарқожа – Найман Байжігіттің әкесі екені 10

QARA SHANYRAQ айтылады. Біздің анықтауымыз бойынша Сайбақ хан Жошы ханның төрт оғланының кенжесі Тоқтыханның (Тоқа Темір) ұрпағы, 1380 жылдары Дешті Қыпшақты билеген әйгілі Тоқтамыстың шөбересі, үлкен ұлы Жәлеләддин ханның Әбді Сейттен (Әбд Сайид) туған. Сейіттер (Сеидтер) қысқа мерзімді династия құрып та үлгерген, Үргенішті билеген. Ата жаулары Ақсақ Темірдің ұрпақтары келіп қаланы шауып, өртегенде Шудың бойында наймандарды паналап, сол жақта Сеид Сайбақтың ұлы Тоқтарқожа Байыстың қызы Мақтаға үйленген. Сайбақтың Жұпардан туған ұлдың бірі Тоқтарқожа – Байжігіттің әкесі екені туралы филология ғылымдарының кандидаты Болатжан Әбілқасымов «Хан батыры Қабанбай» деген зерттеуінде /«Қазақ әдебиеті», 1991 ж., 9 мамыр/ растайды. Қалай болғанда да түрлі деректер Сайбақ хан - төре, Шыңғыстың кіндігінен тараған ұрпақ екенін бір ауыздан айтады. Және тарихи хронология мен логика бұны жоққа шығармайды. /Балхаш Бафинның «Шығармалар жинағы». Алматы. «ЕлШежіре», 2007. Шәуен Мәсәлімнің «Тәңір Құтын іздедім» атты кітабы, Ернар Масалим. Найман-Байжігіт-Мәметек шежіресі және Нұртөлеу Мамытханұлының ізденістері пайдаланылды./ СОНЫМЕН, ХАН БАЛАСЫ БАЙЖІГІТ БИ - АЙТМҰХАМЕТ АТАМЫЗДЫҢ ТОҒЫЗЫНШЫ АТАСЫ 11

QARA SHANYRAQ ӨМІР ЖАРЛЫҒАП Соқыр Тоқабай Сопақ МҰРАТАЛЫ Мұратқасқа Жаңқара 1-бәйбішеден: Балқабай Текебай Кеңгір 2-бәйбішеден: Қожа Зұрман 3-бәйбішеден: 4-бәйбішеден: Байсыйрақ ТАЙСИРАҚ Меңлібай Қойсирақ Бақай Есенбай Сеңгірбай ЖОЛДЫБАЙ Емус Елеусіз СӘТ ЕДІЛБАЙ Жүндібас Шүмек МОЛДАҒҰЛ Жөргекбай Бөстекбай Қапаш АЙТМҰХАМЕТ Бектібай (ҚҚұұллшшыыкғаешш) МӘМЕТЕК Сарқыт Ақай Асан Мәкей Әбжай Дариға Абілмәжін Смағұл Тілеужан Қайша Дәурен Бақытжан Бауыржан Оралқан Еркін Нұржан ҮСЕН

QARA SHANYRAQ АЙТМҰХАМЕТ Күлмесхан Ғалия Әуелхан Дәукен Бағила Жұман Кеңесхан Гүлнәр Нұржахан Айдар Күлбаран Рахима Нағима Жұмали Мария Дариға Фавзия Тұрсынхан Құрмаш Айгүл Гүлнәр Анар Бүбіхан Майра Талғат Аманхан Рахат Руслан Фатима Кемелхан Әсет Сейілхан Ербол Ардақ Толқын Кенжехан Динара Аслан Айжан Шаймұрат Жайна Бауыржан Ержан Бимұрат Бауыржан Таңат Динара Әлия Айгерім Мейіржан Мәншүк Маржан Жаннұр Айжан Әсем Мұратхан Арайлым Ырыскүл Серікхан Меруерт Айгүл Еламан Қуаныш Қайырхан Бақтыгүл Күлімхан Ермек

QARA SHANYRAQ «Өзіңнің шыққан тегіңді біл, Бұл – туыстардың арасын жақындастыра түседі». Мұхаммет (ғ.а.с.) пайғамбарымыздың хадисі БАЙЖІГІТ ШЕЖІРЕСІ Ұраны – Қабанбай! «Қабанбай» ұраны Байжігіттер ұранына XVIII ғасырдың аяғына айналса керек. Ерасыл-Қабанбай - Мәмбеттің ұлы Қожағұлдан туған (1692 ж). Байжігіт > Жұмық, Тоғас, Мәмбет, Қаратеке (Ақбұра) Мәмбеттен > Өмір батыр, Күшік батыр, Есір (Күдір), Жәнібек, Қожақұл. Өмір батырдан > Дәулен, Жарылғап. /Дәулен Күшік батырдың ағасы Өмірге аманаттаған баласы. Күшік батыр өзі Есімханның соғысында (1627 ж.) жараланып, ерте қайтыс болады/. Жарылғаптан - Мұраталы, Мұратқасқа, Жаңқара, Дәуқара, Кедей, Жырғал, Соқыр. Мұраталының төрт бәйбішесінен 11 ұл болған. 1-бәйбіше Есенбикеден: Балқабай, Текебай, Кеңгір, Қожа, Зұрман 2-бәйбіше Зурадан: Байсыйрақ, Тайсирақ, Меңлібай 3-бәйбіше Бәтжаннан: Қойсирақ, Бақай 4-бәйбіше Ұлтудан: Есенбай, Сеңгірбай Тайсирақтан > Елеусіз, Жолдыбай Жолдыбайдан > Сәт, Жүндібас, Еділбай, Шүмек Сәттен > Малдығұл (Молдағұл) >Айтмұхамет Еділбайдан > Бектібай, Мәметек, Құлшығаш (Құлшыкеш) Мәметектен > Нұғұмар, Нақабай, Асан, Үсен Үсеннен > Шаймұрат, Бимұрат Тағы бір деректе Мәметектің әйелі Нұрбаладан 6 ұлы болған. Олар: Ғұмар (Нұғымар), Шынар (1918 ж. Азамат 14

QARA SHANYRAQ соғысына қатысып, қайтыс болады), Асан, Үсен, Айтмұхамет (шамалап жазған болса керек.), Айдар. / Р.Нүсіпов. Алаш полкі. 2016 ж./ Асан атаның қызы Қайша апаның айтуынша Мәметектің әйелі Рақима екеуінен Нұғұмар (Ғұмар), Нақабай (қыз), Асан, Үсен туылады. Нұғұмар мен әйелі Зағиладан Бұлымжан туылады. /қыз бала. Күйеуге шығып, 10 балалы болады./ Нұғұмар қайтыс болған соң, әйелі Зағиланы Асан әмеңгерлікпен алады. Нақабай ападан - Жұмабек, Жұмажан, Әнес, Гүлбаран (Бараш). Асан атадан – Дариға, Смағұл, Қайша, Оралқан. Асан атаның қызы Қайша апа (1939 жылы туылған) қазіргі уақытта Бахтыда тұрады. Қалған балалары қалың сүзектен қайтқан. «Әкем бір қыстың ішінде төрт адамды қойдым деп отыратын. Бәрі тұмау сүзектен қайтты. Жалғыз қыз - мен қалдым», - деп еске алады Қайша апа. Қайша апаның балалары: Бақтыгүл, Гүлнәр, Еркінбек, Жарқынбек, Алтынқан, Оралқан, Болатбек, Салтанат. Айтмұхаметтен > Кеңесхан, Гүлбаран, Тұрсынқан, Бүбіхан, Аманхан, Кемелхан, Сейілхан, Кенжехан. Айтмұхаметтің әкесі Молдағұл мен Мәметек екеуі Жолдыбайдан туған ағайынды Сәт пен Еділбай атаның балалары. Жолдыбайдан тараған жеті ұлдың ұрпақтарының ішінде Сәт пен Еділбайдың балалары іргесі ажырамай, күні бүгінге дейін ынтымақпен өмір сүріп келеді. Аралары үш атаға дейін тараса да, өрілген тағдырды шежірелік тылсым күшіне бағындыра біліп, ұя бұзбас ұлағатты ұстанған үлкендердің кісілігі мен парасаттылығының арқасында, Айтмұхамет пен Мәметектің (Үсеннің) балалары әлі күнге дейін бір қолдың саласындай жақын, бір кісінің баласындай тату. 15

QARA SHANYRAQ АРЫСТАНБЕК АҒАНЫҢ ШЕЖІРЕСІ 16

QARA SHANYRAQ ӘКЕЛІ БАЛА ЖАУЖҮРЕК «- Ата! Ата деймін, ата! Менің де үлкен атам соғысқа барған ғой, ә! Немістерді былай «түш, түш» деп атқан ғой ия, айтшы ата, - деп құлдырап жүгіріп келген кішкентай Тоғжан екі өкпесін қолына алып ентігіп тұр. Бейне бір оның да артынан немістер қуып келіп қалғандай. Атасы Тоғжанды басынан сипап тізесіне отырғызды. - Сен соғыс дегеннің не екені білесің бе өзің, оны қайдан естіп келдің? - деп немересінің бетіне әрі таңдана, әрі сүйсіне қараған атасы аз-кем кідірді де, - Сенің Айтмұхамет атаң қатысқан ғой соғысқа. Біздің бейбіт заманда тыныш өмір сүруіміз үшін жанын шүберекке түйіп, өмірін қатерге тіккен. - Ата, өскенде мен де немістермен соғысам ба? - Тәйт әрі, онысы несі. Енді біздер ешкіммен соғыспаймыз! Біздер, шүкір, бақытты жандармыз. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман деген осы балам. Ал олар, сенің Айтмұхамет атаң мен өзің сияқты миллиондаған балақайлардың атасы ешқашан жадымыздан ұмытылмауға тиіс. Олардың бірі сол майдан шебінде қыршын кетсе, бірі елге оралғасын алған жарақаттарынан көз жұмып, біртіндеп қатары азайып барады. «...Бірі мініп келместің кемесіне, бірі тосып әнекей жағада тұр», - деп бір күрсініп қойды Тоғжанның атасы. Осы кезде есіктің жақтауында тұрған Жаннұр атасының қасына келіп жайғасты. Ойын баласы Тоғжан қолындағы ойыншық ұшағын бір әуелетіп барып, атасының екінші тізесіне қондырды да, түсініксіздеу болып бара жатқан әңгімеден жалыққан сыңай танытып, бір есінеп алды. Ес біліп қалған Жаннұрдың әңгіме тыңдауға келгенін байқаған атасы сүйсініп, Жаннұрдың қолына қалам мен қағаз ұстатып әңгімесін әрмен қарай жалғады. - Аталарың - Молдағұлов 17

QARA SHANYRAQ Айтмұхамет 1901 жылы Семей облысы Мақаншы ауданы, Қаратал селолық округіне қарасты Көктерек ауылында туған. 1941 жылы 12 желтоқсанда Мақаншы аудандық әскери комиссариатынан ҰОС қатарына алынған екен. 32-армия, 132-атқыштар полкі. Жазып отырсың ба? Ее, жаз. 27-атқыштар дивизиясының қатарында жауынгерлік борышын атқарған. – Айтмұхамет атам екі рет жараланғаны рас па, ата? Папам солай айтатын еді. – Ия. Соның бірінде ауыр жарақаттан әскери госпитальге түсіп, 7 ай жатып шығады. Госпитальден шыққасын қайта майдан шебіне қосылып, Колининградты азат етуге қатысып, жаяу әскермен соғысып Берлинге дейін барған. 1946 жылы елге оралып, әжелерің Ләтипашпен отау құрған. Өмірінің соңына дейін Көктерек ауылында омарташы болып еңбек етті. Әжең екеуі 10 бала тәрбиелеп өсірген. Солардың ең кенжесі сенің әкең Кенжехан. Кенжеханның 5 жасында әкеміз майданда жүріп алған жарақаты асқынып, дүие салды. – Кенжехан папамның осыған орай шығарған өлеңі бар еді ғой. Біздердің ұзынды-қысқалы ғұмырымызда әкенің орны ерекше екен ғой, шіркін… Жаннұрдың жанарына жас толып, көмейіне тас тұрып қалғандай сөзін аяқтай алмай қалды. Бұны байқаған Тоғжан апайының көз жасын сүртіп, күлімдеп бір қарады да, терезенің алдында тұрған ағаш орындықтың үстіне шығып, Кенжехан атасының өлеңін жатқа оқи жөнелді. Бес жасымнан әкемді мен көрмедім, Ұл боп әке құшағына енбедім. Елес болып көрінеді көзіме, Ойнайтыным тартып әке көрпесін. Суретінен мұңды көзбен қарайды, 18

QARA SHANYRAQ Атам анау деп балалар санайды. Сол бір көзге ұзағырақ қарасам, Үйімізден атқандай таң арайлы. Сенің жансыз суретіңе қараймын, Мен әкемді тірі тұр деп санаймын - деп айтатын ұрпағы бар артында, Айтмұхамбет әулетінен тарайтын. Саңқылдаған Тоғжанның дауысы мен биікке шығып қолын ары-бері сермей өлең оқып тұрған тұрысы Сейілхан атасының езуіне еріксіз күлкі ұялатты. Өлеңнің арғы жолдары Жаннұрдың санасында сайрап жатты. «Әкелердің қадірін тірісінде бағалайық!», – деп жан дауысымен айқайлағысы келді.» /2015 жылы 10 сәуірде Massaget.kz ақпараттық сайтына жарияланға/ https://massaget.kz/aqparat/ 19

QARA SHANYRAQ АЙТМҰХАМЕТ МОЛДАҒҰЛҰЛЫ Атамыз Айтмұхамет Молдағұлұлы 1901 жылы дүниеге келген. Туған жері арғы бет, қоныс қылған жері қазіргі Абай облысы, Үржар ауданы, Көктерек ауылы (бұрынғы Семей облысы, Қаратал селолық округі, Молотов ауылы). 1941 жылы 12-желтоқсанда Мақаншы аудандық әскери комиссариатынан әскер қатарына шақырылды. 32-армия, 132-атқыштар полкі, 27-атқыштар дивизиясының қатарында жауынгерлік борышын атқарып, екі рет ауыр жарақат алған. Калининград қаласын азат етуге қатысқан. 20

QARA SHANYRAQ Соғысып Берлинге дейін барған. Партия мүшесі (ВКПБ) болған, кіші сержант шенінде. АНЫҚТАМА (АУДАРМАСЫ) 2015 ж. 16 ақпан. №50 Бұл анықтама Молдагулов Айтмухамет (журналда фамилиясы осылай көрсетілген) , қатардағы жауынгер, Мақаншы ауылының тумасы, Ұлы Отан соғысы кезінде Совет Армиясының қатарына 1941 жылдығ 12 желтоқсанында Мақаншы аудандық военкоматтан шақырылғаны туралы берілді. Негіздеме: Алфавиттік журнал, инв.№ 145, 78 бет. Үржар аудандық Қорған істері жөнінде бөлім А.Молдагулов туралы басқа архивтік мағлұматтың жоқ екендігін мәлімдейді. Үржар ауданындағы Қорғаныс істері Н.Нургожанов жөніндегі бөлімнің басшысы 21

QARA SHANYRAQ Атамыздың көзін көрген үлкендердің айтуы бойынша ол кісі ескіше оқып, хат таныған, діни сауатты, болмысы тұрмыстық санадан биік, сөздің төркінін тереңнен ұғатын, кезі келген жерде орайын келтіріп, алыстан сермеп сөз айта алатын тапқырлығы мен алдына келген адамды құр қол қайтармайтын жомарт, кісілігі мол жан болған екен. Абай облысы, Үржар ауылындағы «Батырлар аллеясы». Молдағүлоав Айтмұхаметтің есімі жазылған тақтайша. 22

QARA SHANYRAQ Сейілхан Айтмұхаметұлы: «Әкеміз діни сауатты адам болған.. Ауыл молдасы, сынықшы Байқуан ата «Оо, Айтаңның оқуы үлкен» деп отырушы еді. Ауылдағы үлкен кісілердің айтысына қарағанда, «үлкен оқу» оқыған болуы керек. Оқуын бітіріп келгенде, мөлшері 13-14 жастағы жігіт екен. Әкесі Молдағұл (ол уақытта өзі сырқат болса керек, көп ұзамай қайтыс болады) әкемізді өзіне тиесілі мал-мүлкімен бірге байға бас-көз бол деп табыс етеді. Байдың молдасы болып, ауыл арасында біраз жыл діни рәсімдер жасап жүреді.Аз жылдың ішінде малыда көбейіп, абыройы да арта түседі.Оған себеп, біреудің кісі өлсе, немесе басқалай діни рәсімдер жасалу керек болса байдың молдасы деп бәрі әкемізді шақырып құран түсіртіп (оқытып) пұлын береді екен. Сөйте, сөйте, құныққаннан дәніккен жаман дегендей, дүбірлетіп біреу келе жатса, «тағы біреудің жаназасына шақыруға келе жатырма» деген жаман ой дендейтін әдет пайда бола бастаса керек. Содан не керек, бір күні, осы жаман ойдан арылып нәпсімді жеңемін деп шешім қабылдайды да, бір түнде бар мал мүлкін тастап, байға да ескертпестен бір жүйрік атқа мініп, әйелін алып шекарадан бері қарай өтіп кетеді. Бұл жақта кеңестік қызыл өкіметтің қылышынан қан тамып тұрған кезеңге тап келеді де, үлкен оқумен келген діни білім қалтарыста қалып, еңбекке араласады. Сол бір кеңестік аласапыран замандағы солақай саясат, репрессия, аштық, соғыс сияқты біріне-бірі жалғасқан қиындықтарға қарамастан бір тылсым күштің көмегімен бе, болмаса ұрпақтың әкесінің іліміне деген құрметінің ақасында ма, әйтеуір ұқыптылықпен сақталған Әкеміздің құран кітабы әлі күнге дейін Кенжеханның шаңырағында сақтаулы тұр». 23

QARA SHANYRAQ Айтмұхамет атаның құран кітабы. Қазан баспасы. 19 ғ. аяғы. «Жомарт бергенін айтпас..» деген сөз бар қазақта. Айтмұхамет атамыздың жомарттығына дәлел болатын істерінің бірін білсек, бірін білмейміз. Осы тұста атамыздың жомартығына дәлел болатын мына бір оқиғаны еске ала кетуді жөн көрдік. Мектеп қабырғасында оқып жүрген әкем Сейілхан ауылдас Ағзам, Қанаш атты жігіт ағаларына еріп Ириновка совхозындағы бір қараша үйге құдайы қонақ болып түседі. Жөн сұраса келіп Айтмұхаметтің баласы екенін естіген үй иесі, әкемді төрге отырғызып, ерекше ілтипат көрсетеді. Үй иесі бұлай айырықша құрмет етуінің себебін былай баяндайды. Ілгеріректе, үй иесі өкіметтің малын бағып жүрген бір қыста, қапыда 12 қойынан айырылып, оның есебін қалай берерін білмей дал болып жүреген шағы 24

QARA SHANYRAQ екен. Көктем шыға шаруаларымен жол жүріп бара жатып, Фрунзе колхозының малшысы болып жүрген Айтмұхаметпен жолығып қалады. Әлгі жерде есебі бар малдан айырылып отырғанын айтып мұңын шағады. Айтмұхамет атамыз көп ойланбастан өз малынан 12 қойды санап, алдына сап берген екен. Есепсіз, шынайылықпен жасалған жомартық күндердің бір күнінде ұрпағының алдынан жақсылық болып шығып отырса, қайырымдылық қайыры деген сол шығар. Ал енді тапқырлығы мен ақындығынан сипат беретін келесі оқиға былай болған. Атамыз Арқалыда Сәдібек тауының бөктерінде біраз жыл совхоздың малын бағып отырған кезі екен. Қыс. Жем-шөп аз, қойлар жүдеу, қыс қатты болған көрінеді. Сөйтіп отырған кезінде Аудан басшысы Самаев қасындағы көмекшілерімен кешқұрым сау ете қалады. Айтмұхамет қонақтарын күтіп, тамағын салдырып, домбырамен ән, қиссасын айтып отырады. Бойы жылынып, ауқаттанып, көңілі көтерілген қонақтар – «Айтеке тағы да айт, тағы да айт» деп қолқа сала берсе керек. Сонда Айтмұхамет атамыз: – Менің әскерде жүрген Кеңесхан деген балама жазған хатым бар еді. Арызымды жоғарғы жаққа жеткізсе, ол жақ бір әрекет қылар деп дайындап қойған хатымды оқып берейін, деп: «Ауылым Сәдібектің тауында отыр. Баққаным алты жүз қой, үш жүз қотыр. Өкімет оң көзімен қарамаса, Әкеңнің екі көзін қарға шоқыр. Кеңесхан дұғай-дұғай сәлем айтам, Әкеңнің арты белес, алды ойпаң... Жеткіз деп басшылардың басшысына Міне әкең осылай деп сәлем айтат. – деп арызын оқып береді. Аудан басшысы Самаев, - Ойбай бұл хатты ұлыңа жіберме, маған бер - деп хатты алып алады да, ертеңінде - «бәлен жерде Айтмұхамет деген 25

QARA SHANYRAQ малшы отыр, соған дереу жем-шөбін жеткізіп беріңдер» деп, колхоз басшысы Тишинға тапсырады. Ертесі Сәдібек тауындағы совхозға жем-шөп жеткізіліп, дәрігерлер келіп малдарын емдеп кетеді. Қазақта «Сөзге тоқтата білген ер емес, сөзге тоқтай білген ер» деген мәтел бар. Бұл әңгімеден Айтмұхамет атамыздың шешендік пен ақындықтан құр алақан емес екенін, және сол қасиетін ретін тауып керек кезінде қолдана алған тапқырлығын көрсек, сол сөзге тоқтаған аудан басшысының да парасаттан алыс емес екенін аңғарамыз. 1929-1931 жылдар. Қазақтың көңілінде сызын, тарихында ізін қалдырған Ресей отаршылдарының қатігез саясатынан үзіле жаздап қайта жалғанған бір ауыл тағдыры Айтмұхамет атамызбен байланысты. Кенже ағамыздың сөзімен айтсақ «Ұрпақтары оқып жүрсін еске алып» деп, осы естеліктерді айтып өтуді жөн көрдік. Айтмұхамет атамыздың нағашысы Тұрсынқан (1923–2017жж.) «Айтмұхамет бір ауылды ашаршылықтан алып қалған азамат. Мөлшері менің 8-9 жасымда, арғы бетке өте алмай, Айтмұхамет атаның қыстағында қыстап қалдық. Бір күні таң ата Айтмұхамет ата келді де: - Әй, жүр, ана қатынның туын жықтым. Мына қара сиырды соямыз - деді. Бір ауылда осы бір қара сиырдан басқа мал жоқ еді. Сол ашаршылық жылдары бір баласы бар үйге бір кесе, екі баласы бар үйге екі кесе етіп, сүтін қылдай бөліп таратып отырған қара сиыр еді. Суалғаннан кейін әлгі қара сиырды сойып, бүкіл ауылға таратып беріп, бір ауылды қыстан аман алып қалды. Өзгені өзіндей көретін, елге жанашырлығын танытқан бұл оқиға Айтекеңнің бір ғана қыры. Серілігі өз алдына. Тазы иті үйдің ішінде, аяғының астында жатады. Түлкі, қоян, аң-құс аулап, ұсақ аңшылықпен айналысып, ауыл аймаққа көмек жасайтын. Кең заманда ауыл арасында өтетін той-жиында Айтекең қолына домбырасын алып, қисса-дастан жырлап, 26

QARA SHANYRAQ өлең шығарып, басқараларға айтқызып, жұрттың көңілін көтеріп жүргенді ұнататын». Айтмұхамет атамызбен ауылдас болған, елі Жамбол Кендірхан аға: «Ақай аға қуғын-сүргін заманын еске ала отырып.. – Ее, ол жылдары біз өзіміз байдың баласы делініп, қуғында кеттік. Сен оданда ана Айтмұхаметті айт. Ол ксі бүтін бір ауылды ашаршылықтан аман алып қалған - деп жыр қып айтып отырушы еді.» 1941 жыл. 12 желтоқсан. Айтмұхамет атамыз қырық жасында өзі сұранып майданға атаннады. Алғашында Новосибирскіде зауыт жұмысына араласып, сол жерден майдан шебіне қосылады. 1943 жылы жараланып, госпитальге түседі. Емделіп, қайта ұрысқа қатысқан. Ерлігі үшін бірнеше медальдармен марапатталды. 1946 жылы елге оралып, өмірінің соңына дейін Петровский әкімшілігі, Фрунзе колхозында омарташы болып қызмет жасады. Тайсирақтан тарайтын Жолдыбайдың ағасы Елеусізден, одан Жаңғабыл, одан Қамзадан туылған Қызыкен ата: «Кішкене бала кезіміз. Айтмұхамет атаның омартасы Ойран деген өзеннің басында болды. Сол кісі атпен кетеді, қайтып келетін жолын біз бала-шаға тосып аламыз. Ол кісі осы балаларға таудан алып келген таусарымсағын, араның балын беріп кететін. Соған бола ол кісіні біз сағынушы едік. Ол шақтар әлі есімнен кетпейді. Өмір бабамыздан тараған Жарылқап, оның ішінде Мұраталы, Мұратқасқа, Жаңқара, Дәуқара, Кедей, Жығар кіреді дейді. Оның ішіндегі Мұраталыдан Балтабай, Текебай, Қоңқа, Тайсирақ, Байсирақ, Меңлібай, Есебай, Сейлібай, Кеңгірбай - осы ұрпақтар тарайды. Тайсрақтың ішіндегі Айтмұхамет бізге жақын аталас аға болып келеді. Тегінде бұл кісінің өзі өнерлі болған адам. Қолында домбырасы болған. Өзі ойдан өлең шығаратын. Болмаса бір қисса немесе 27

QARA SHANYRAQ ұзынсонар өлең болса, соның бәрін жаттап алып, халыққа айтып беріп, көңілді жүретін адам еді. Ол кісімен ерте уақытта, Кеңес уақыты кезінде Молотов деген ауылда, қазіргі Көктеректе бірге тұрдық. Ол кісі сол кездің өзінде омартада ара бақты. Ол балдың өзі адамға емдік қасиеті бар өсімдіктің шырынынан жиналатын нәрсе, халыққа сол балды жегізіп отырды. Той томалақ, үлкен жиындарда сол кісі қолына домбыра алып, елді басқарып, өлең айтып, өлең айтқызып, қисса айтқызып жүретін адам болатын. Бұл кісі өзі халыққа өте жағымды, халық сыйлайтын, сондай жақсы адам болған. Бұл кісінің бала шағасы, Кеңесханнан тараған балалары бар. Әскерге де барып, Ұлы Отан соғысына қатысқан адам. Бұл кісінің жаны жаннатта, иманы саламат, қабірі нұр, жатқан жері торқа, алды пейіш, арты кеніш болып, артта қалған бала шағаға тегіс аман болуға Алла Тағала нәсіп етсін!» /қаз-қалпында берілді/ Айтмұхамет ата мен Нұрғаби анамыздан Кеңесхан, Күлбаран туылады. Нұрғаби анамыз баладан қайтқан екен. Соғыстан қайтып келген Айтмұхамет ата күйеуі (Үсен) қайтыс болған Ләтипаш анамызды әмеңгерлікпен алады. Бүгінде Айтмұхамет пен Ләтипаш ападан тараған сегіз ұл, екі қыздан 57 немере, 141 шөбере, 105 шөпшек бар. Қазақ қай кезде де жақсыдан шарапат таныса «Әкесі жақсы адам еді, көргенді ұрпақ қалдырыпты» деп алдымен тәрбиесін еске алатын еді. Себебі, әкеден балаға қалатын ең үлкен мұра – тәрбие! Айтмұхамет атамыздың өнегелі өмірінен тәрбие алар деген ниетпен, осы естеліктерді ұлағатты ұрпағына аманат еттік! 28

QARA SHANYRAQ Жақсы жігіт – ел жұртының қаласындай, Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай. Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ, Көреді бәрін де өз баласындай... Сүйінбай Аронұлы АУЗЫ ДУАЛЫ ЛӘТИПАШ АПА Әлсейітқызы Ләтипаш апамыз 1917 жылы (арғы бетте) туылған. Ләтипаш апа басында жаулығы, аузында өсиеті, бойында емшілік қасиеті бар кісі болған дейді. 8 құрсақ көтерген. «Он төрт бала бақтым» деп айтып отыратын еді деп еске алады үлкендер. Оның себебін төменірек айтып өтеміз. 1957 жылы ІІІ-дәрежелі «Ана даңқы» орденін алды. 29

QARA SHANYRAQ Ләтипаш апамыздың «Ана даңқы» ордені. III-дәреже. 1957 жыл табыс етілді Осы жерде Ләтипаш апамыздың әкесі, елі Қожа Әлсейіттен естіп, білгенімізше шежіре тарқатайық. Әлсейіттен: Бәтимаш, Ләтипаш, Қатипаш, Нәби, Мәлғаж, Кәкімғазы Бәтимаш пен Мәлғаждан тараған ұрпақ жайлы бізде ақпарат жоқ. Ләтипаш пен Үсеннен: Шаймұрат, Бимұрат Ләтипаш пен Айтмұхаметтен: Тұрсынхан, Бүбіхан, Аманхан, Кемелхан, Сейілхан, Кенжехан Қатипаш пен күйеуі Заңқадан: Шыңғыс, Қалиақпар (Қараталда тұрады). Нәби мен әйелі Зылиқадан: Ақан, Күләнда Кәкімғазыдан: Ырысалды, Бақаш, Бауыржан 30

QARA SHANYRAQ 1962 жылы Кәкімғазы қайтыс болғаннан кейін әйелі Мәми балаларын алып Қытайдан бері өтіп кетеді де Благодарноедағы күйеуінің туысы Ақанды келіп паналайды. Ақанның әйелі өлгеннен кейін, Мәмиді Ақан ата әмеңгерлікпен алады. Ләтипаш апамыз даналығы асқан, жантақтан ине, жаңқадан түйме жасаған, шебер адам болған. Балалық шағында «Кіші Қазан» саясатының салдарынан болған ашаршылық жылдарының шет жағасын көрген апамыз жастық шағында соғыс жылдарындағы зұлматты жылдарға дөп келеді. Десек те, қайсар да еңбекқор Ләтипаш апамыз екі атадан тараған 10 баланы асырап жеткізеді. Жеткізіп қана қоймай, екі атаның (Айтмұхамет пен Үсен) балаларының арасындағы туыстық қарым-қатынастың бекуіне қатты ықпал еткен екен. Үлкендердің айтуынша, ауырған көрші-қолаң, тума-туыс жанына шипа іздеп, апамның шаңырағына бас сұғатын болған. Апамыз қазақша ем-дом жасап, ауыр дертке шалдыққан кісілерді де айықтырып алатын көрінеді. Бала кезінде Әлсейіт Ләтипаш апаны туысы Бәкінбайға (елі Соқыр) асырап алуға береді. Бәкінбайдың ол уақытта баласы болмай, артынан Шаймардан есімді ұл дүниеге келеді. (Кейін Ләтипаш пен Үсеннен туған Бимұратты және Айтмұхаметтен туған Аманханды інісі Шаймардан асырап алады.) 1930 жылы Бәкінбай Ләтипаш апаның 13 жасында Мәметектің Үсеніне қосады. Ләтипаш апа мен Үсен ата екеуі арғы бетте қалмақтың бір байында жалданып жұмыс жасайды екен. Ол кезде заман сондай еді. Үсенді қалмақ байы өз балам деп, өзінің атына жаздырып, кешілдікке, діни қызметке жібереді. Ол заманда кешіл – қалмақтың дін қызметшісі, сопы, тақуа. Будда дінінің бір ағымы - Ламалар. 31

QARA SHANYRAQ Ләтипаш апамыз күні бойы іркітін, күбісін піседі, құрт қайнатады екен. 1937 жылы Үсен ата мен Ләтипаш апа екеуі Қытайдан бергі бетке өткен. Үсен ата өгіз арбамен колхоздан Аякөзге жүк апара жатып, жолда ішек кірнесінен қайтыс болады. Ол уақытта ауылдық жерде соқырішектің емін ешкім білмейді. Ол мөлшері 1940-1941 жылдары болуы керек. Ауылдан жырақ болған соң, қасындағылары қайтқан жерінде арулап, жерлеп кетеді. Жатқан жері нақты қай жер екенін апамыз біле алмаған. Ал атамыз Айтмұхамет 1946 жылы соғыстан қайтып келгеннен кейін, ауыл ақсақалдары «Үсенмен бір атаның баласы едіңдер, бөтендігің жоқ» деп, жесір қалған Ләтипаш апамызды Айтмұхамет атамызға әмеңгерлікпен қосады. Әмеңгерлік – дәстүрлі құқықтық мәдениеттің негізгі институттарының бірі; күйеуі өліп, жесір қалған әйелдің қайынағасына немесе қайынінісіне, не болмаса жұбайының ең жақын туыстарының біріне тұрмысқа шығуы, некелесуі. 32

QARA SHANYRAQ Кемелхан Айтмұхаметұлы: «13 жасында Үсенге күйеуге шыққан тәтем енесінен үйренгендерін айтып, жиі есіне алып отыратын еді. Енесі Нұрбала деген кісі екен. Ауылда ұсақ-түйек ауруларды емдеп жазып жіберетін сәуегейлігі болса керек. Тәтем: «Енем байқұс жақсы адам еді. Ауырып ыңқылдаған адамға: - Ыңқылдамай жат әрі. Ыңқылдасаң ертең өліп қалсаң жақсы. Өлмесең елден ұят болады, - деп ұрсып тастайтын. Бір күні таңертең тұрғым келмей, ауырып жатырмын деп жатып алдым. Ешкім үндеген жоқ, шақырған жоқ. Содан бірталайға дейін жаттым. Түске таяу бір кісімен әңгіме айтып отырып, енем: - Е, шаршаған ғой. Біраз демалып алсын деп сыбырлап отырғанын естіп қалдым. Содан бері өйтіп жатпайтын болдым», деп мейіріммен еске алатын еді. Сол жарықтық енесінен үй шаруасында бірталай нәрсені өзі де үйренген болса керек. Тәтем өзі де ауыл ішінде ауырып қалған балаларды ұшықтап, жел ұстап қалған баланы майлап-сылап жазып алатын. Құмалағын шашып жіберіп, әскерде жүрген балаларының қашан келетінін, жоғалған дүниенің қайда жатқанын дәл айтатын сәуегейлігі де бар еді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін халықтың тұрмысы бірден оңала қоймады. Ол уақытта жоқшылық заман. Тәтем жоқ деп қарап отыра бермей, үнемі жоқтан бар жасап жүреді екен. Совхоздың тамағын пісіріп, желінбей қалған нандарды жинап алып кептіріп, үгітіп, лагерде еңбектенген балаларға талқан жасап беретіні, әкеміздің соғыстан киіп келген әскери кольцонынан балалардың үстіне жейде, шалбар тігіп бергенін ауыл жыр қылып айтып жүретін». 33

QARA SHANYRAQ Сейілхан Айтмұхаметұлы: «Тәтем шебер кісі еді. Киіз басып, құрақ көрпе тігетін. Ақ пен қара киізді бір-біріне ойыстырып, сырып сырмақ тігетін. Ақ киіз бен қара киізді бірінің үстіне бірін қойып, ою салып ойып шығады. Ақ киіздің ішкі оюын алып қара киіздің сыртына салады. Сонда бір ақ, бір қара, екі киіз сырмақ шығады. Ойылған жердің түгелін көмкеріп тігіп шығады. Одан кейін сырып көрпе тігетін. Қазіргі бетіне оюы түскен дүкеннің көрпесі сияқты еді. Қазір ондай қолдан тігілген көрпе жоқ-ау!. Кейін колхозда аспазшы болды. Нанды өте дәмді етіп пісіретін. Түнде нанды ашытып, таңғы сағат 4-5 те тұрып ұнмен басып қайта қояды. Наны әбден көтерілген соң, үлкен неміс пешіне салып пісіретін. Пісірген нанының үлкендігі соншалық, кей кезде пештің аузынан шықпай қалып жататын(пештің ауызының биіктігі 40 см.-дей). Пісірген тамағы дәмді болатын. Бір көрген затын жаттап алатын. Ауылдың бір шетінде той болса, дастарханға дәм пісіруге тәтемді шақыртып алатын еді. Ондай жерлерден қалмайтын еді. Пәсікте балды жинағанда тәтем міндетті түрде барып көмектесетін еді. Ағамыз (әкесі Айтмұхаметті айтады) дүние салғанда бар болғаны 7 жастамын. 7 жасар баланың есінде не қалады дейсің. Оның үстіне әкеміз үнемі түзде шаруада, сапарда жүретін кісі болды. Еміс-еміс есімде қалған, ағам аулада арбаның дөңгелегін жасап жататыны, жоғалған атты іздеп қайтқанымыз, кешқұрым домбырасын дыңғырлатып, ән айтып отыратыны. Әкем қолына домбырасын алып ән айтқанда, тізесінде отырып, қолымызды шапалақтап, саусақтарымызды шытырлатып, әніне ілесіп ыңылдап отырушы едік. Ал тәтеміз (Ләтипаш апа) өзі туралы көп айтпаса да, әкеміз туралы көп әңгіме айтатын. Ол да бір тәтемнің шиеттей жас қалған балалардың әкесі туралы көп жылы әңгіме естіп, әкенің саясында жүргендей еркін өссін деген көрегенділігі болса керек». 34

QARA SHANYRAQ Көктеректе көрші тұрған Рымхан апаның (Артықбаева) естелігі: «Бір жылдары, нақты есімде жоқ, 70-ші жылдар ма екен, Ләтипаш апа Алматыға қыдырып барып келді. Сонда келіп айтады. – Баяғыда шалым бармай қойған Алматыны мен барып көріп келдім. Алматы өте жақсы жер екен. Биік-биік таулары қандай – деп тамсанып әңгімесін айтып отыратын. Алыс-жақын көрші-қолаң Алматының сарқытын жейміз деп, кісі көп келді. Бір күні үйге күліп келді. – Әкем-ау!, Рымхан ау, мен мына Алматыдан басқа жерге барсам қалай болар екен, білмеймін. Әйтеуір Алматының сарқытын жейміз деп келгендердің аяғы 3 айдан бері үзілмеді – деп. Біреудің атын айтып, сол жаңғақтың сүйеугі бар ма деп сұрап кепті бүгін. – Оны қайтесің десем. Бұл тіс қақсағанға жақсы екен. Қайнатып, тісіңді шайқасаң басылады екен дейді. – Ойбу, қарағым-ай, осы уақытқа дейін қайдан тұрсын. Оны тастай салдық қой, балалар бар, тұрмайды ғой – дедім. Құдай-оу халықтың сұрамайтыны жоқ екен. Бүгін осыны біліп келдім деп үйге күліп келді. Осындай үйінен кісі үзілмейтін, көпшіл, емен-жарқын кісі еді. Ата болса балаларды өте жақсы көретін еді. Сонда айтып отырады. – Осы Секен мен Рамазанды бір құдай жаратқан. Екеуінен бір нәрсе сұрасаң, күліп қойып отыра береді. Екеуінің құдайы бір, – дейтін. Күлетінбіз соған». 35

QARA SHANYRAQ Ләтипаш апаның қолында өскен немересі Рахат Тұрсынқанұлы: «Апамның адамдармен, көрші-қолаңмен араласымы жақсы еді. Әр адамның көңіліне қарап, тілін тауып сөйлесе алатын. Көрші Сәрсебай деген ақсақалдың Назарбек деген бір ұлы көтеріліп ауыратын. Сол баласын бір бақсы балгерге апарса, тамырын ұстап көріп, «өзіңнің ауылыңда бір көрші кемпір бар, сол кісіге апарып ұшықтатсаң, аурудан айығады» депті. Әлгі кісілер ауылға келген соң, апама баласын алып келіп ұшықтатты. Апамның өзі күн батып бара жатқанда үйді айналып жасап жүретін бір рәсімдері болатын еді. Сонысымен әлгі жігітті ұшықтап, жазып алды. Апам көрші қолаңға сыйлы еді. Туыстардың басын қосып, біріктіріп жүретін. Алыс жақын балаларының, туыстарының үйіне барып, жақындастырып жүретін. «Барлығы бірге, бір жерде болуы керек» деп жиі айтып отыратын. Үлкен баласы Кеңесхан Шұбартауда тұрды. Сол жаққа жиі баратынбыз. Одан қалды сол жақтағы қызының үйіне, Мақаншыдағы туыстардың үйіне баратын. Үнемі апамыз екеуіміз рейсте жүретінбіз. Сөйтсек ол кісі туыстардың арасында туыстық қарым-қатынасты түзеу мәселесі екен ғой, оның бәрін кейіннен түсіндік. Көрші Сәрсебайдың үйіне барамыз. Үйінде адам көп болушы еді. Дастарханның басында толып, көп адам отыратын. Ал біз апам екеуіміз ғанамыз үйде. Балалары өсіп жан-жаққа кеткен кезі. Бізде бір кішкентай ғана төртбұрышты стол болды. Екеуіміз ғана отырып тамақ ішеміз. Сонда үйге келіп «Апа біз неге көп болмаймыз, біз неге азбыз?», – дегенде, апам марқұм – «Балам біз көп боламыз, көресің әлі», – деп айтатын еді, жарықтық. Сол кісінің дуалы ауызынан ба, көріпкелдігінен бе, қазір өсіп-өнген ұрпақпыз, шүкір». 36

QARA SHANYRAQ АЙТМҰХАМЕТТЕН ТАРАҒАН ҰРПАҚ Кеңесхан Айтмұхаметұлы (13.05.1931-26.08.2003) Туған жері: Абай облысы, Үржар ауданы, Көктерек ауылы Айсахан Әлімғазықызы (27.02.1937-25.05.2022) Тауған жері Абай облысы, Үржар ауданы, Көктал ауылы 1. Күлмесхан – Айдын, Айнаш, Арайлым - Айдын – Санжар, Ажар 2. Ғалия 3. Әуелхан – Әсел, Қуаныш, Диас, Анел 4. Дәулетхан – Данияр - Данияр – Нұрберген, Нұрайлым 5. Бағила 6. Жұмахан – Алмасы, Мирас 7. Нұржахан – Аружан, Жаннұр 8. Гүлнар 9. Болатхан (Айдар) – Дастан, Диана, Жақсынұр, Раяна 37

QARA SHANYRAQ Айтмұхаметова Күлбаран Айтмұхаметқызы (01.02.1928 – 11.02.1988) Туған жері: Абай облысы, Үржар ауданы, Көктерек ауылы Жексенбаев Амірғазы Бодауұлы (09.06.1927 – 27.07.1989) Туған жері: Абай облысы, Ақсуат 1. Рахима 2. Нағима 3. Жұмали – Медет, Мұрат, Дулат, Қуат, Саят 4. Мария 5. Дариға 6. Фавзия 7. Құрмаш – Айжан 8. Айгүл 9. Гүлнәр 10. Анар 38

QARA SHANYRAQ Шаймұрат Үсенұлы (07.08.1935-24.12.1912) Туған жері: Абай облысы, Үржар ауданы, Көктерек ауылы Тілеуғайша Қожа-гелді қызы (16.02.1942-07.12.2002) Туған жері: Абай облысы, Үржар 1. Қайырхан - Ырысалды, Лаура,Дархан 2. Мұратхан - Берік 3. Серікхан - Сайраш 4. Бақтыгүл 5. Ырыскүл 6. Айгүл 7. Күлімхан 39

QARA SHANYRAQ Бакинбаев Бимұрат Үсенұлы 01.05.1938-05.12.1995 Туған жері: Абай облысы, Үржар ауданы, Көктерек ауылы Шалабаева Жумасия Дүйсентайқызы 03.01.1949 Туған жері: Семей қаласында туылған 1. Ермек – Ералы, Іңкәр, Айғаным 2. Қуаныш – Інжу, Дарын 40

QARA SHANYRAQ Айтмухаметов Турсункан Молдагулович 02.02.1947 Туған жері: Абай облысы, Үржар ауданы, Көктерек ауылы Қасымжанова Бағила Жунисканкызы (01.09.1950-08.07.2020) Туған жері: Абай облысы, Үржар ауданы, Көктерек ауылы 1. Рахат – Гүлнүр, Ерасыл, Абзал 2. Майра 3. Талғат - Балерке, Бекжан, Бексұлтан 4. Әсет – Абылай, Альмира, Айсұлтан, Айша 5. Руслан – Аяулым, Қарақат 6. Фатима 7. Ербол – Айару, Жазира, Нұрбол 41

QARA SHANYRAQ Айтмұхаметова Бүбіхан Айтмұханбетқызы (23.05.1949-01.01.2016 ) Туған жері: Абай облысы, Үржар ауданы, Көктерек ауылы Мусанов Кәрібек Мұсаұлы (27.06.1943 – 17.03.2018) Абай облысы, Шұбартау 1. Ардақ 2. Толқын 3. Жайна 4. Динара 5. Аслан – Заңғар, Зарина, Бек 6. Бауыржан 42

QARA SHANYRAQ Бакинбаев Аманхан Шаймарданұлы (Айтмұхаметұлы) (15.07.1953- 15.04.1996) Туған жері: Абай облысы, Үржар ауданы, Көктерек ауылы Жүнісбекқызы Бәтен 13.06.1955 Туған жері: ҚХР. Шәуешек 1. Бауыржан - Сағыныш 2. Ержан – Еркежан, Кәусар, Мағжан, Қасымхан 3. Алия 4. Мәншүк 43

QARA SHANYRAQ Маметеков Кемелхан Айтмұхаметұлы 24.03.1957 Туған жері: Абай облысы, Үржар ауданы, Көктерек ауылы Құлжабаева Күлниса Жақыпбекқызы 06.02.1956 Туған жері: Қытай. ҚХР. Шағантоғай (Үрімжі) 1. Әсем 2. Таңат – Сезім, Керім, Бекарыс 3. Динара 44

QARA SHANYRAQ Маметеков Сейілхан Айтмұхаметұлы 20.07.1959 Туған жері: Абай облысы, Үржар ауданы, Көктерек ауылы Алимгазина Биғасыл Зәкәрияқызы 15.03.1958 ҚХР, Шәуешек 1. Арайлым 2. Айгерім 3. Мейіржан – Мансұр, Ханшайым 45

QARA SHANYRAQ Маметеков Кенжехан Айтмұхаметұлы (15.10.1962 – 07.05.2012) Туған жері: Абай облысы, Үржар ауданы, Көктерек ауылы Маметекова (Ташкенбаева) Мағрипаш Өндірханқызы 18.04.1968 Туған жері: Абай облысы, Мақаншы ауылы 1. Меруерт 2. Маржан 3. Айжан 4. Еламан - Нұрай 5. Жаннұр 46

QARA SHANYRAQ АСЫЛДЫҢ СЫНЫҒЫ Біздер, ақылдастар алқасы, осы кітапты құрастыруды жоспарлағанда шежіре жинаққа лайықты атау іздестірген болатынбыз. Осы әулеттен өрбіген асылдың сынықтарының арасында Динара қызымыздың ән қоржынындағы «Қарашаңырақ» әні (әнін жазған Ерғали Көшербаев, сөзін жазған Аян Сейітов) көпшіліктің жүрегінен орын тауып келе жатқаны белгілі. Бейнебаянымен тамаша үйлескен туынды тыңдаушысын бірте-бірте баурай береді. Сөзі мен сазы қабысып, орындаушының шеберілігі арқылы әні құлаққа жағымды жетсе, бейнеклипте өрілген сюжеттер қиял көкжиегінде бізді ұшқан ұя, өскен ауыл, туған үйде өткен балалық шақпен табыстырғандай әсер қалдырады. Жанарларына жас үйірілген үлкендер жағы әнді тыңдай отырып сонау бір уақыттардың қойнауында қалған қиын да, қым-қуыт тағдырларды көз алдарынан өткізіп отырғандай ойға шома түсуші еді. Кітапқа материялдар жинақтау барысында көп талқыламай, бірден кітаптың атын «Қарашаңырақ» атауды жөн көрдік. Ұсыныс айтылды, ағайын қабылдады, біз осы сөзге тоқтадық. Кітапта жомарттығы мен елге жасаған жақсылығын жар салмаған, тіпті оны жақсылық істедім деп емес, осылай істеуге міндеттімін деп қабылдағандай болып өмір сүрген Айтмұхамет атамыздың парасатын ұрпағының бойынан көріп қуанышқа бөлендік. Сонымен қатар, өзінен тараған ұрпақтың ішінде домбырасын қолынан, асыл сөзін аузынан тастамай өткен атамыздың өнерін жалғайтын қасиет арқалағандар бар екеніне сүйсініп, тәнті болдық. Олай болса, осы бөлімде ақындық, әншілік өнерде, спортта өз орнын тауып, жарыстарда топ жарып жүрген Айтмұхамет атаның ұрпақтары жайлы аз кем ақпарат беруді жөн көрдік. 47

QARA SHANYRAQ QR-код Динара Кемелханның әндерін тыңдай аласыздар. Динара Кемелхан 04.12.1986 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Көктерек ауылында дүниеге келді. 2020 жылдан бастап «Қарасай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай ауданы әкімдігінің «Үшқоңыр» фольклорлы- этнографиялық ансамблі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры. 2003-2007 жж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты «Музыкалық білім және мәдениет» факультетінде «Мәдени мекемелерді басқарушы және мәдени іс-шараларды ұйымдастырушы, эстрадалық ән салу» мамандығын иеленген. 2012 жылы Облыстық «Жырлайды жүрек» байқауының «Бас жүлде» иегері, 2012 жылы Тұңғыш Президент күні мерекесін атап өту аясында Алматы облысы әкімінің «Жыл көшбасшысы-2012» жастар сыйлығының «Жас өнерпаз» номинациясының иегері, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы елімізде асыл дініміздің өркендеп, гүлденуіне 48

QARA SHANYRAQ өз өнерімен үлес қосқаны үшін» Алғыс хатымен, 2011 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткізілген аудандық «Дарынды жастар» атты байқауының «Заманауи ән» номинациясының иегері, 2019 жылы «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің «Өнерге қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. 2020 жылы «Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Динара Кемелхан: «Алғашқы жазылған әнім «Аллаға мадақ» болды. Әннің авторы композитор, өзіміздің Халықберген Әбілжанов ағамыз. Ол ән жыр мүшәйрасына қатысып, Умраға жолдама жеңіп алды. Ол жолдаманы әннің сөзін жазған Дастан деген жігіттің әкесі қарт кісі болған соң, соған бердік. Сол кісі қажылыққа барып келді. 2010 жылдан бастап Майра Ілиясова, Ақжол Мейірбеков, Дос Мұқасан ансамблімен, тағы да біраз өнерпаз адамдармен бірге концерттерге қатысып жүрдім. Бақытжан Қажымұқанов, Шаба Әбенқұл сынды өнер адамдарымен бірге жүрдік. Сол 2010 жылдары, біздің елімізде дін мәселесі қозғалып жатқан тұс болатын. Қазақстан Діни басқармасы жанынан комитет құрылып, республика көлемінде өтетін «Отанды сүю иманнан» деген бағдарламаны жүргізу маған бұйырды. 49


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook