Қанағат сырыБәдиүззаман Саид НұрсиАлматы, 2016Рисалей-Нұр жинағынан
Аудармашылар алқасы:Захараддин Батайұлы, Жандос Қиянбек,Рашид Тәжібай, Сабырхан Сейілбекұлы, Абай Хамза.Б 32 Бәдиуззаман Саид НұрсиҚанағат сыры - Алматы: “Нур Фейз“ ЖШС,102-бет. Рисалей-Нұр жинағынанISBN 9965-467-13-7ББК 86.38ББК 86.38Б 32 Б “Нур Фейз“ ЖШС 2016ISBN 9965-467-13-70403000000 00(05)-03Бұл кітап Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігі, Дін істері комитетінің дінтану сарап-тамасынан өткен. 06.10.2014ж. №04-04-14/3977 құжат бойынша сараптама негізінде оң қорытынды алған.Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға және таратуға шектеу қойылмаған.
3РАмАзАн РисАлесі(Бұл еңбекте Қасиетті Рамазанның көптеген хикметтерінен тоғыз хикметі тоғыз ТҰЖЫРЫМ арқылы баяндалмақ)БіРінШі ТҰЖЫРЫм. Рамазан айында ораза ұстау – Ислам дінінің негізгі шарттарының бірі әрі Ислам дәстүрлерінің маңыздысы.Рамазанда ораза ұстаудың сансыз хикметтері мен пайдалары бар. Атап айтқанда, ораза ұстау, бүкіл әлем Аллаһ Тағаланың әміріне бағынышты екенін білдіреді және ораза ұстау адамның тұрмыс-тіршілігіне, мінез-құлқына оң, әсер ететін тәрбиелік мәнісі зор құлшылық. Әрі ол, пенденің Құдайға шүкір етуіне түрткі болады. Міне, оразаның осындай маңызы зор көптеген хикметтері бар.
4 Аллаһ Тағаланың Рубиеті тұрғысынан алғанда, Оразаның көптеген хикметтері бар. Солардың бірі мынау. Аллаһ, Жер бетін нығметке толы дастарқан тәрізді жаратқан. Оған сан-алуан жемістерді түрінде яғни санап тауыса алмайтындай берекелі әрі таңғажайып түрде жаратып, өзінің толық үстемдігін, рақымы мол екенін ап-ашық түрде көрсетуде. Алайда, адамдар бейқамдыққа салынып әртүрлі себептерді сылтау қылып ақиқатқа жете алмай, тіпті кейде Жаратқан Иесін ұмытып кетіп жатады. Ал, ораза айында мұсылмандар бейне бір сап түзеген әскер сықылды, бүкіл әлемнің иесі бір Аллаһтың қонақтарындай, кешқұрым: \"Қане, астан алып, ішіп-жеңдер!\" деген әмірін күтеді. Осылайша аса қамқор, шексіз мейірімді Аллаһқа ауқымды да терең мағыналы және тәртіпті түрде құлшылық қылып, тағзым етеді. Апыр-ай, осындай ұлы құлшылықтан, осындай үстем абыройдан құр қалған адамдар \"адам\" деуге лайық па?еКінШі ТҰЖЫРЫм.Жаратушының бергендеріне шүкір етуге қасиетті Рамазан айының нендей қатысы бар, соған тоқталайық. Мәселен, \"Бірінші сөзде\" айтылғандай, Патша Ағзамның өзіндік дәмханасынан арнайылап
5әкелінген тағамдардың өзіндік бағасы болады. Оларды жеткізіп беруші, қызметшілерге тиесілі ақысын беріп, ал әкелінген құнды нығметтерді бағаламай, оны сыйлап, әдейілеп жіберіп отырған Патшаны елемеу, танымау барып тұрған ақымақтық емес пе? Аллаһ тағала, жер жүзін адамзат үшін сан-алуан нығметтермен толтырып жайнатып қойған. Ол нығметтердің ақысына шүкір етуімізді сұрайды. Сыртқы себептер жай көзге әлгі нығметтердің иесі сықылды көрінгенімен, олар тасымалдаушылар ғана. Оларға өзіндік баға беріп, қарыздар болып, алғыс жаудырып жатамыз. Алайда ол сыйлардың нағыз иесі Аллаһ Тағалаға сол берген нығметтері үшін шексіз шүкіршілік етуімізге әлдеқайда лайық. Оған шүкір ету қалай болмақ? Біріншіден, нығметтерді тікелей Аллаһтан деп білу, екіншіден берілген нығметтердің қадірін білу, үшіншіден өзіміздің соған қатты мұқтаж екенінімізді сезіну.Міне, осы жағынан алғанда Рамазан айындағы ораза, шынайы да пәк, өте мәнді әрі жалпы түрде шүкір етудің оңтайлы кезеңі. Өйткені, басқа кезде мәжбүрлік сезінбеген адамдардың басым көпшілігі аштық көрмегендіктен қыруар нығметтердің қадірін біле бермейді. Бір үзім қатқан нан тоқ адамға, әсіресе бай болса құнсыз көрінеді. Алайда,
6ауызашарда әлгі қатқан бір үзім нан мұсылман үшін Аллаһтың жарылқауы, аса құнды нығметі екеніне оның тілі де куәлік етеді. Бай-патшадан бастап пақыр кедейге дейінгі барша халықтың Рамазан айында нығметтердің қадіріне жетіп, ой жүгіртіп, шүкіршілік етулеріне мүмкіндік туады. Сондай-ақ, күндіз ішіп-жеуге тыйым салынғандықтан \"бұл нығметтердің иесі мен емес, ішіп-жеу еркі де менің қолымда емес. Демек басқаның мүлкі, оның сыйлығы, соның әмірін күтіп отырмын\" деп, нығметтің қадірін біліп, ойша шүкіршілік етеді. Сонымен, ораза ұстау көптеген қыр-сырларымен бірге адам баласының басты міндеті болып табылатын Құдайға шүкір етудің кілітіне айналады.ҮШінШі ТҰЖЫРЫм.Ораза ұстаудың қоғамдық өмірге қатысты көптеген хикметтерінің бір хикметі.Адамдар әл-ауқаты жағынан әртүрлі. Сондықтан Аллаһ Тағала ауқаттылардың кедей-кепшіктерге көмектесіп қарайласуын бұйырады. Алайда, ауқатты-бай кісілердің кедей-кепшіктердің қиын жағдайын ораза ұстамай толық сезінуі мүмкін емес. Егер ораза болмаса аштық пен кедейліктің қаншалықты қиын әрі ауыр екенін, кедейлердің мейірімге қаншалықты мұқтаж екенін аңғармайтын
7неше түрлі тоңмойын, нәпсіқұмар байлар шығар еді! Осы тұрғыдан алғанда адамдар арасындағы мейірімділік пен қайырымдылық шынайы шүкір етудің негізі. Әркім, қандай да бір жағынан өзінен төмен, пақыр адамды тауып, оған жаны ашуы тиіс. Егер адам аш қалып көрмеген болса, өзара жаны ашып жәрдем ету міндетін орындай алмас еді. Орындаса да өз дәрежесінде болмайды. Себебі, ондай ауыр жағдайды басынан өткермеген ғой.ТӨРТінШі ТҰЖЫРЫм.Рамазан айындағы оразаның нәпсіні тәрбиелеуге қатысты көптеген хикметтерінің бір хикметі.Нәпсі, ерік пен бостандықты қалап өзін би сезінеді. Тіпті, үстемдік жасап, өз бетінше жүріп-тұрғысы келеді. Бұл оның табиғатында бар. Сансыз нығметтердің арқасында шалқып жүргенін қаперіне алғысы келмейді. Әсіресе, бұл дүниеде мал-мүлкі мен бақ-дәулеті тасып тұрса, оның үстіне немқұрайлы жан болса, Құдайдың берген нығметтерін ұрлап, тіпті тартып алғандай обыға ашкөзденеді. Ал, Рамазан айында байдың да кедейдің де нәпсісі өзінің қожайын емес малай, ерікті емес құл екенін, бұйрық болмаса өте қарапайым істің өзін атқара алмайтынын, тіпті қолын суға да соза алмайтынын аңғарып, әлгі ойша
8үстемдігі мен қияли билігі тас-талқан болады. Өзінің құл екендігін мойындап, өзінің негізгі міндетіне-шүкір етуге кіріседі.БесінШі ТҰЖЫРЫм.Рамазан айындағы ораза, адамның мінез-құлқын жақсартатынына және беталды жүріс-тұрыстан тыятынына байланысты көптеген хикметтерінің бірі:Нәпсі мен бейқамдықтың кесірінен адам өзінің кім екенін ұмытып кетеді. Өзінің тым әлсіз, өте пақыр екенін әрі кемшіліктері бастан асатынын көре алмайды, көргісі де келмейді. Әрі қаншалықты бейшара, фәни, өмірде түрлі қайғыға жиі душар болатынын, тез бұзылатын ет пен сүйектен тұратынын ойламайды. Болмысы болаттан жаратылып, мәңгі жасайтындай дүниеге ашкөздене құнығады. Бұ дүниеге жан-тәнімен беріліп, байлық қуып, рахатқа батқысы кеп, уақытша нәрселерге алданады. Өзін аса қамқорлықпен, жан-жақты қамтамасыз етіп отырған Жаратқан Иесін ұмытып кетеді. Өмірдің мақсатын, нәтижесін және ақыреттегі өмірін ойламай жағымсыз мінез-құлқының жетегінде кетеді.Ал, Рамазанның оразасы болса шектен шыққан бейқамдар мен аса тәкаппарларға дейін өздерінің кім екенін яғни табиғаты тым әлсіз, өте бейшара әрі пақыр екендігін сездіреді. Ашыққан соң, өзінің
9мұқтаждығын аңғарып, әлсіз тәнінің қаншалықты нәзік екендігін ұғады. Өзінің мол мейірімге, қамқорлыққа қаншалықты мұқтаж екенін түсінеді. Нәпсі перғауындық ойдан арылып, менмендікті тастап, әлсіз әрі пақыр екенін мойындап, Аллаһтың алдында жалбарыну керектігін сезінеді. Ақылға келіп, шүкіршілік етеді. Аллаһтың қайырымдылық пен мейрімділік атты есігін жалбарына қағатын болады. Әрине, егер бейқамдықтан жүрегі қарайып кетпесе.АлТЫнШЫ ТҰЖЫРЫм. Рамазан айы Қасиетті Құранның түсу кезеңдерінің ең маңыздысы болғандығына байланысты көптеген хикметтердің бір хикметі.Құран Кәрім Рамазан айында түсе бастаған. Олай болса мұсылман, сол бір көктен түскен Аллаһ сөзін құрметтеп дайындық жасауы керек. Қасиетті Рамазан айында бір мезгіл нәпсінің қажеттіліктерінен және қарапайым күйбең тірліктен қол үзгені абзал. Сонда ішіп-жеуді доғару арқылы бейне бір періштедей күй кешеді. Құран Кәрімді жаңа түсіп жатқандай құлшына оқып, ықыласпен тыңдайды. Аллаһтың сөздерін нақ түсіп жатқанда тыңдап отырғандай, тіпті сол қасиетті сөздерді Расулуллаһ, Мұхаммед Пайғамбарымыздан (с.а.у) немесе Хазіреті Жәбрәйілден тыңдап отырғандай
10тіпті Мүтекеллим-і Әзәлиден яғни Аллаһ Тағаланың өзінен тыңдап отырғандай керемет күй кешеді. Сондай-ақ, өзі аудармашы ретінде басқаларға тыңдатып, қолынан келгенінше Құранның түсу хикметтерін іс жүзінде көрсетуге тырысады.Яғни Аллаһтың сөзін оқып жер жаһанға жар салып жатады. Әрбір Рамазан айы: аятын жарқын түрде көрсетіп, Рамазан Құран айы екенін паш етеді. Әлгі ұлы жамағаттың кейбіреуі әлгі қариларды тебірене тыңдаса, кейбіреуі өз бетімен оқуда. Осындай керемет бейнедегі ұлы мешіттің ішінде жүріп азғын нәпсінің жетегінен шыға алмай ішіп-жеп, манағы әсем де керемет күйден тысқары қалу қандай оғаш қылық десеңізші! Үзірсіз аузын бекітпеу сол мешіттегі жамағаттың рухани жиіркенішін туғызатын әрекет емес пе? Қасиетті Рамазан айында ораза ұстамағандар бүкіл Ислам әлемінің рухани жиіркенішін туғызатын жағымсыз түрде көрінеді.ЖеТінШі ТҰЖЫРЫм.Рамазан айында ораза ұстаудың тағы бір пайдасы, дүниеде ақыреттің қамын жасау үшін, осы жерге егінін егіп ақыретте өнімін жинау үшін келген, бір жағынан ақыреттік сауда жасап, игі амал жасауға келген адамзаттың тапқан табысы мен өніміне береке әкелетіні. Енді, соған қатысты көптеген хикметтердің бірі:
11Рамазан айында салих амалға бір сауап емес, мың сауап жазылады. Хадиске сүйенер болсақ, Құран Кәрімнің әрбір әрпі басқа уақытта оқылғанда он сауап, он игілік және он түйір Жәннат жемісі бұйыратын болса ал, Қасиетті Рамазанда әрбір әрпі үшін он емес мың, ал \"Аят-ул Күрси\" секілді аяттардың әрбір әрпіне мыңдаған сауап жазылады. Рамазандағы жұма күндерінде одан да көп сауапқа қол жетеді. \"Қадір\" түнінде жасалған бір игілік отыз мың игілік жасағанмен пара-пар. Иә, Рамазанда әрбір әрпі отыз мың бақи жеміс беретін Қасиетті Құран, Жәннатта жайқалған нұрлы Туба ағашы тәрізді, мүминдерге өзінің миллиондаған бақи нығметтерін ұсынады.Кел, мына қасиетті де бақи пайда әкелер саудаға зер сал. Тамашала, ойлан. Бұл әріптердің қадірін білмей жүрген жандар қаншалықты зиян шегіп, ұтылып жүргенін түсін.Қасиетті Рамазан айы ақыреттік сауданың берекелі базары немесе жемісін ақыретте беретін өте құнарлы егістігі. Сауапты амалдардың өсіп-өнуіне оңтайлы кезең яғни көктемнің сәуір айы секілді немесе Құдіреті күшті Аллаһтың алдында адамзаттың жасаған құлшылықтары сап түзеп жүріп өтетін мерекелік шеру, ғажайып мейрам. Сондықтан ол кезде нәпсінің ішіп-жеу сияқты адамды
12бейқам қалдыратын, жануарға тән қажетіліктері мен мағынасыз, әуесқойлық нәрселермен шұғылданбауы үшін рамазан айында ораза ұстау мұсылман баласына парыз болған. Уақытша болса да хайуандықтан арылып, періштелік мәртебеге көтеріліп немесе дүниелік шаруаларды қоя тұрып ақырет саудасына кіріскен тақуа кісі немесе денесі болғандықтан көрініс тапқан рух тәрізді болып, ұстаған оразасы арқылы белгілі бір мағынада Самедиетке айна яғни еш нәрсеге мұқтаж емес бір Аллаһқа айналық қызметін атқару.Қасиетті Рамазан айы мына баянсыз дүниенің қысқа өмірін баянды етіп, мәңгілік өмірге қол жеткізеді. Бір ғана Рамазан айы сексен жылдық өмірдің жемісін бере алады. Құранның Қадір түнінің мың айдан да қайырлы екенін баяндауы, бұл сырға нақты дәлел болып, мағынасын дәлелдей түседі. Мәселен, бір патша билігі тұсында жыл сайын өзінің алтын таққа отырған күнін атап өтеді немесе салтанатына жарасар кейбір күндерді мереке деп жариялайды. Сол күні қол астындағы лайық, сенімді адамға жалпыға ортақ заңның сыртында өз атынан арнайы сыйлық беріп, еркін түрде қабылдап, өзіндік ілтипат жасап ерекше құрметке бөлейді. Сол сияқты, Әзел, Әбед Сұлтаны, он сегіз мың ғаламның Патшасы Аллаһ, бүкіл әлемге мейірім
13шапағатын төккен, өзінің ұлы әмірі - Қасиетті Құранды берекелі Рамазан айында түсіре бастаған. Рамазан – ерекше мейрам. Рамазанның Раббани көрме, рухани мәжіліс болып саналуы өте хикметті. Рамазан айы ұлы мейрам. Олай болса пенделер кейбір қарапайым және хайуанға тән тірліктерден аулақ болуы үшін ораза ұстауы керек. Ораза өз дәрежесінде, кемелді болуы үшін тек асқазанға ғана емес, көз, құлақ, жүрек, қиял, тіл, ақыл секілді сезім мүшелеріне де өзіндік ораза тұтқызған абзал. Оларды әр түрлі күнә істерден және пайдасыз нәрселерден аулақ ұстап, әрқайсысын Аллаһ жолында қолдану керек. Мысалға, тілді өтірік, ғайбат, бос сөздерден тыю, оған ораза ұстату деген сөз. Керісінше, Құран Кәрімді оқуға, Аллаһты зікір етуге, Жаратушымызды дәріптеп мадақ сөздерін айтуға, салауат пен истиғфар етуге қолдану. Көзді харам нәрселерден аулақ ұстау яғни шариғатта қарауға тыйым салынған жерлерге емес, ғибратқа, тәлім алатын нәрселерге пайдалану. Құлақты жаман сөздерден аулақ ұстап, Хақ сөзі – Құранды тыңдауға қолдану. Міне, осылайша қалған мүшелерге де өздеріне тән оразаларын тұтқызу керек. Онсыз да асқазан, бас фабрика болғандықтан ораза арқылы оған үзіліс берілсе, қалған \"кіші кәсіпорындарды\" бағындырып өз орнына пайдалану оңай.
14сеГізінШі ТҰЖЫРЫм.Қасиетті Рамазанның адамның жеке басына, тіршілікке қатысты көптеген пайдалары мен хикметтерінің бір хикметі:Ораза ұстау денсаулыққа аса қажет, өте пайдалы, ол заттық және рухани сақтандырушы. Сондай-ақ, медициналық тұрғыдан алғанда \"диета\" тәрізді. Расында нәпсі ішіп-жеу тұрғысында қалай болса солай әрекет етіп, жегені адал ма, арам ба қарамай әр нәрсені аузына тыға берсе, бұл медицина тұрғысынан тек тәніне ғана емес рухани өміріне де қауіпті әрі зиянды. Ондай нәпсінің жүрек пен рухқа мойынсұнуы қиынға соғады. Тәкаппарлығы артып, тізгінді қолына алады. Сосын адам нәпсіге мінудің орнына нәпсі оған мініп алады. Ал, Қасиетті Рамазанда ораза тұту арқылы диета сақтағандай, өзін-өзі тежеуге, қанағат етуге машықтанады. Сөйтіп адам бұйрық тыңдауды үйренеді. Бейшара асқазанның қорытуына мұрша бермей, үсті-үстіне жей беруден пайда болатын аурулардан сақтанады. Әлгіндей бұйрыққа бағынудың нәтижесінде адал нәрсенің өзін жемей, аузын бекітеді. Енді харам нәрселерден аулақ тұруға, ақыл мен шариғаттың әмірлерін тыңдауға бейімделеді. Рухани өмірін аман сақтап қалуға тырысады.
15Иә, өмірде адамдар аштыққа жиі ұшырайды. Осындай жағдайларға шыдап, сабыр сақтауды үйреніп, өзін-өзі тәрбиелеуі үшін аштық пен риязет* керек. Міне, Рамазан айындағы ораза он 1бес сағат, сәресі ішпеген болса жиырма төрт сағат аш жүру, сабыр сақтау, төзімділік, шынығу, шыңдалу деген сөз. Демек, адамзаттың қайғы-қасіретін арттыратын сабырсыздық пен шыдамсыздықтың бір емі Ораза ұстау.Асқазан фабрикасына көптеген қызметшілер жұмыс істейді. Көптеген ағзалар онымен байланысты. Егер, бір ай күндіз дем алдырмаса, онда нәпсі, манағы фабрикадағы қызметшілер мен ағзаларға өздеріне тән құлшылықтарын ұмытқызып жібереді де оларды өзіне қаратып, үстемдік ете бастайды. Адам бойындағы нәзік ағзаларды манағы фабрикадан шыққан күл-қоқыс кірлетіп тастайды. Нәпсі олардың назарларын өзіне аударып, жауапты әрі маңызды міндеттерін уақытша ұмытқызады. Сондықтан, баяғыдан бері әулиелер өздерін кемелдендіру үшін өзін-өзі тәрбиелеуге, яғни аз ішіп, аз жеуге дағдыланған. Ал, Қасиетті Рамазандағы ораза саясында әлгі фабриканың қызметшілері тек сол үшін жаратылмағандарын аңғарады. Қасиетті Рамазанда Риязет* –өткінші нәрселерден нәпсіні тыйып қанағат ету. Нәпсіні тәрбиелеу үшін ішіп-жеуді азайтып пайдалы пікір, ғибадат және іліммен шұғылдану. Аз ғана тамақпен өмір сүру.
16басқа да ағзалар әлгі фабриканың аса маңызды емес, бір сәттік ләззат алу жұмысын тастап, оның орнына періштелік, рухани ләззат алып, назарын маңызды істерге аударады. Сондықтан да Рамазан айында мүминдер дәрежелеріне қарай әртүрлі нұрға, берекетке, рухани қуаныш пен рахатқа бөленіп, кемелдене түседі. Осы қасиетті айда, оразаның арқасында жүрек, рух және ақыл секілді адами сезімдер дамып мәртебесі биіктей түседі. Асқазанның жылап-сықтағанына қарамастан керісінше олар мәз-майрам күй кешеді.ТОҒЫзЫнШЫ ТҰЖЫРЫм.Қасиетті Рамазан айының оразасы нәпсіні билеп төстеу ойынан бас тартқызып өзінің әлсіз екенін көрсетіп, құлдық міндетін еске салатын көптеген хикметтердің бір хикметі:Нәпсі Жаратушы Раббысын танығысы келмейді. Перғауын сықылды өзінше билік құрғысы келеді. Қанша азап шексе де райынан қайтпайды. Алайда, аш қалған сәтте райынан тез қайтады екен. Міне, Қасиетті Рамазан айындағы ораза нәпсінің перғауындық белгісі бар тұсынан оңдырмай соққы беріп, сағын сындырады. Өзінің әлсіз, бейшара, мүлдем пақыр екендігін мойындатып, құл екенін көрсетеді.Киелі Хадисте былай делінген: \"Бірде Аллаһ Тағала нәпсіге: \"мен кіммін, сен кімсің?\" деген екен. Нәпсі: \"мен менмін, сен сенсің\" депті.
17Азаптап, тозаққа салған деседі. Қайтадан сұраса, тағы да: \"әнә әнә, әнтә әнтә\" яғни \"Сен сенсің, мен менмін\" деп, қанша азаптаса да көкірек керіп қайтпапты. Содан оны аштықпен азаптапты, яғни аш қалдырған екен. Сөйтіп: \"Мән әнә, уа ма әнтә?\" деп сұраса, сонда ғана нәпсі сабасына түсіп: Яғни: \"Сен менің рахымы мол Раббымсың, мен сенің бейшара құлыңмын\" деген екен.* * *ескерту. Қолдарыңыздағы жазба, қырық минутта, жылдам жазылғандықтан әрі мен де, шимай дәптерге жазып отырған хатшы да, науқастанып отырғандықтан, ішінде жаңылған жерлерім, қателер болса, бауырларым кешіріммен қарап түзету қажет болған жерлеріне қалам жүгіртулеріне рұқсат.
18Аса қадірлі де ғазиз бауырларым! Әуелі, сендерді Берат түнімен және келе жатқан мейрамдарыңмен құттықтаймын! Алдымыздағы Қадір түні сендерге және бізге мың айдан қайырлы болып амал дәптерімізге солай жазылуын Аллаһ Тағаладан тілеймін. Біз өз арамызда айтқа дейіндұғасын оқуды ниет еттік.Мына қасиетті айда бізге мұғжизалы екі Құранды салып жібергендерің, иншаллаһ мол сауапқа, берекеге, игілік пен табысқа жетуге себеп болар. Біз үшін бұл Рамазан айының әрбір күні, Аллаһтың рақымымен Қадір түні сияқты берекелі болады деген үміттеміз. Қазірден бастап біз былай ұйғардық; Осы екі Құранды, Рамазан айында бұл жердегі Рисалей-Нұрдың хас шәкірттері өзара бөлісіп, әрқайсысы күнде бір парасын оқу арқылы, Рамазанның әр күнінде бір Құран хатым түсіріп,
19осылайша Спарта мен Қастамону қалаларын қамтитын рухани ауқымды мәжілісте алқа болып отырғандай Рисалей-Нұр шәкірттерін ойлап, өзін солардың арасында сезініп яғни Нақши тариқатындағы \"хатмә-и хажеган\" тәрізді, бірақ одан да кең шеңберде Рисалей-Нұрдың барлық шәкірттері сол жерде, сол шеңберде деп ойлап оқу арқылы күнде әлгі киелі хатымды түсіруді ниет еттік. Иншааллаһ, Аллаһтың рақымынан таупық тілейміз. (сілтеме2 )саид нұрсисілтеме .2 Облыс, аудан, ауылдарда, Рисалей-Нұрдың жаңа және бұрынғы шәкірттері әрқайсысы Рамазанның әр күнінде Құран Кәрімнің бір парасын оқуда. Осылайша ол жерлерде ұстаз Бәдиуззаманның сауабы мол әрі жарқын ақыл-кеңесін тыңдап, Рамазанның әр күнінде бір Құран хатым түсіру нығметіне бөленуде.
20ҮнемділіК РисАлесі(Үнемділік пен қанағат және ысырап пен бекерге мал шашпақ жайлы) Бұл аят үнемшіл болуды анық түрде әмір етіп, ысырапқа тыйым сала отырып хикметке толы дәріс беруде.Бұл мәселеде \"ЖеТі ТҰЖЫРЫм\" бар.БіРінШі ТҰЖЫРЫм. Халиқ-ы Рахим адам баласына берген нығметтерінің ақысы ретінде шүкір етуді сұрайды. Ысырап болса шүкіршілікке қарама-қайшы нәрсе және нығметті менсінбеушілік әрі зиянды. Үнемділік болса, нығметті құрметтеу және өте пайдалы.Иә, үнемдеу дегеніміз мағынауи (рухани) шүкір ету һәм нығметтегі Аллаһтың рахымына деген құрмет, берекенің, бұлағы және диета секілді денсаулыққа пайдасы зор амал. Сондай-ақ ол
21адамды рухани қайыршылықтан құтқарады, ар намысты сақтап қалады. Нығметтерден ләззат алуға және ләззатсыз көрінген нығметтердің ләззатын алуға бірден-бір себеп. Ысырап қылу осы хикметтерге қарама-қайшы болғандықтан жағымсыз нәтижелерге жол ашады.еКінШі ТҰЖЫРЫм. Фатыр-ы Хаким адам денесін кемелдіктің ең жоғарғы сатысындағы сарай тәріздес немесе мұнтаздай сәулетті қала секілді жаратқан. Ауыздағы дәм тату сезімі қаланың кіре берісіндегі қарауыл, ал тамырлар мен жүйке тамырлары болса телефон, телеграф желілері секілді байланыс құралдары. Дәм тату сезімі дененің орталығымен яғни асқазанмен тығыз байланыста. Ол ауызға салынған зат жайлы ақпаратты әлгі жүйке тамыралары арқылы хабарлап отырады. Денеге қажетсіз болса \"болмайды!\" деп сыртқа шығарып тастайды. Кейде денеге пайдасыз болуымен қатар зиянды немесе ащы болса бірден сыртқа түкіріп жібереді. Ауыздағы дәм тату қабілетін қарауыл дедік. Асқазан болса денені басқару тұрғысынан әкім әрі қожайын болды. Сарайға немесе қалаға келген және қожайынға арналған сыйлықтың жүз теңгелік құны болса, қақпада тұрған қарауылға \"шәй пұл\" ретінде тек бес тиындық сыйлық қана берілуі тиіс,
22одан артық болса есіктегі қарауыл масаттанып, өз міндетін ұмытып кетеді. Кім көбірек сыйлық берсе соларды кіргізе бастайды.Енді, осы қағидаға сүйене отырып екі түрлі тағамды алайық. Біреуі, қырық теңгелік ірімшік пен жұмыртқа. Екіншісі, бағасы төрт жүз теңгелік қымбат бал қатқан бәліш. Бұл екеуінің салмағы да жегеннен кейінгі денеге беретін нәрі де бірдей. Тіпті кейде қырық теңгелік ірімшіктің күш-қуаты басымырақ болады. Тек ауыздағы дәм тату сезімін рахаттандыру тұрғысынан жарты минуттық айырмашылық бар. Жарты минуттық ләззатқа бола бағаны қырық теңгеден төрт жүз теңгеге көтеру қаншалықты мағынасыз әрі зиянды, ысырап екенін ойла.Сарайға келген сыйлық қырық теңгелік бола тұра кіре берістегі қарауылға тоғыз есе артық \"шәй пұл\" беру, қарауылды дандайсытып, \"қожайын менмін\" дегізеді. Кім көбірек \"шәй пұл\" берсе соны ішке кіргізеді де бүлік шығып, өрт болады. \"Ойбай, дәрігер шақырыңдар, өртеніп барамын!\" деуге мәжбүр қылады.Иә, үнемділік пен қанағат Аллаһтың хикметіне үйлесімді әрекет. Дәм тату сезімін қарауыл ретінде ұстап, соған қарай \"шәй пұл\" берілуі керек. Ысырап ету, хикметке қайшы әрекет болғандықтан дереу
23опық жегізеді. Асқазанды былықтырып, адам нағыз тәбеттің не екенін ұмытады. Тамақты бей-берекет жей беруден пайда болатын жасанды да жалған тәбеттің кесірінен ас қорытылмай, ауруға ұшыратады.ҮШінШі ТҰЖЫРЫм. Екінші тұжырымда дәм тату сезімін қарауыл дедік. Иә, бейқам жандар мен рухани мешеу яки көп шүкір етпейтіндер үшін дәм тату қабілеті ауыздағы қарауыл секілді. Оның ләззаты үшін ысырап етіп бірден он есе қымбатқа ұрынбауы керек.Бірақ толық шүкір етушілер мен ақиқатқа қолы жеткендердің дәм тату қабілеті \"Алтыншы Сөздегі\" теңеуде баяндалғанындай, Аллаһтың рахым асханасының бақылаушысы, тексерушісі қызметін атқарады. Әлгі дәм тату қабілетіне (тілге) тағамдардың санына қарай таразылар орналастырылған. Сол арқылы Иләһи нығметтердің түрлерін саралап тартып, тану міндетін атқарады. Мағынауи шүкір ретінде денеге, асқазанға хабар беріп отырады.Міне, осы тұрғыдан алғанда дәм тату қабілеті тек тәнмен, денемен байланысты емес, жүрек, рух және ақылмен де байланысы бар. Сондықтан ол, асқазаннан да жоғары мәртебелі саналады. Ысырап қылмау, тек шүкір ету, міндетін орындау және түрлі Иләһи нығметтерді сезу, тану және адал болу, қор
24болып қайыршылыққа себеп болмау шартымен ләззат алып, рахаттануға болады. Дәм тату қабілетін шүкіршілікке пайдалану мақсатында тәтті тағамдарды жеуге рұқсат бар. Бұл ақиқатты мына бір оқиғамен яғни Хазіреті Ғаустың кереметімен бекіте түссек.Хазіреті Ғаусы-Ағзам Шейх Гейланидің (К.С.) медресесінде мінезі шәлкестеу бір кемпірдің жалғыз баласы оқып жүр екен. Бір күні әлгі кейуана баласының жатақханасына барады. Қараса, ұлы бөлмесінде бір үзім қатқан қара нан жеп отыр. Аналық мейіріммен баласына қатты жаны ашып, Хазреті Ғаусқа шағымдануға барады. Барса, Хазіреті Ғаус Ағзам отқа піскен тауық жеп отыр. Кемпірді ашу қысып: \"Ау, ұстаз! менің балам аштықтан өлейін деп жүр, сен болсаң тауық етін жейсің\" дейді. сонда Хазреті Ғаус тауыққа: \"Қум, би-изниллаһ!\" депті. Сонда тауықтың мүжілген сүйектері қайта жиналып, жан бітіп, табақтан секіріп түскен екен деседі. Бұл оқиға Хазреті Ғаус сынды аты әлемге әйгілі кісінің таңғажайып кереметтерінің бірі ретінде кең тараған. Мұны өте сенімді тұлғалар растап бізге дейін жеткізген. Содан Хазреті Ғаус әлгі кейуанаға: \"сенің ұлың да осындай дәрежеге жетсе, тауық етін жесін\" деген екен.
25Хазреті Ғаустың бұл сөзінің астары мынада: \"қашан сенің ұлыңның рухы денесіне, жүрегі нәпсісіне, ақылы асқазанына ие бола алса және ләззатты шүкір үшін қалайтын болса, ол да тәтті тағамдарды жей берсін!\".ТӨРТінШі ТҰЖЫРЫм. \"Үнемдеген адам тұрмыс тауқыметін тартпайды\" мағынасындағы деген қасиетті хадистің сырына үңілсек, әрнәрсені үнемді пайдаланған адам өмірінде күн көрістің тауқыметі мен машақатын шекпейді». Иә, үнемділік берекенің көзі және тұрмысты жақсартудың тиімді жолы екенін дәлелдейтін көптеген уақиғалар бар. Өзімнің және жолдастарымның басынан өткен уақиғаларға сүйене отырып айтарым; үнемділіктің арқасында кейде он есе береке табатынмын. Тоғыз жыл бұрын (қазір отыз жылдан асып барады) менімен бірге Бурдур қаласына жер аударылған би-болыс, байлардың бірнешеуі: \"мұқтажсың ғой, қиналып қаларсың!\" деп, маған зекеттерін бергісі келді. Әлгі ауқатты жандарға: \"Ақшамның аз екені рас, бірақ үнемдегенді жақсы көремін. Қанағат етуге үйренгенмін, сондықтан сіздерден де баймын\" дедім. Қанша жалынғандарына қарамастан зекеттерін алмай қойдым.Бір қызығы маған зекеттерін бергісі келген әлгі байлардың көбісі екі жыл өтпей-ақ, үнемдемеудің
26кесірінен қарызданып қалды. Аллаһқа шүкір, менің аз ақшам үнемділіктің берекетімен жеті жылға жетіп, мені жерге қаратпады, жұртқа да жалындырмады. Өмір бойы ұстанған қағидамды яғни \"ешкімнен сұрамау\" ережемді сақтап қалдым. Иә, қолда барын үнемдемеген адам, бейшаралыққа, рухани қайыршылыққа душар болуы әбден мүмкін. Бұл заманда ысырапқа себеп болатын ақша өте қымбатқа түседі. Ақысына кейде ар-намыс пара ретінде берілсе, тіпті кейде орнына діни қасиетті қағидалар құрбан боп жатады. Сосын әлгі лас ақша беріледі. Демек, рухани мың теңгелік зиян шегіп, бір теңгелік (заттық) пайда көреді. Егер, үнемдеп тек аса қажетті нәрселер үшін ғана жұмсап, тек соған арнасажәне деген аяттардың сырымен ойламаған жерден өмір сүруіне жететін рызық табылады. Себебі, аят уәде беруде. Иә, екі түрлі рызық бар.Біріншісі: Хақиқи (нағыз) рызық. Бұл, тіршілікке қажетті рызық. Аяттың үкімі бойынша мұндай рызыққа Аллаһ кепілдік береді. Адамдардың арам пиғылы араласпаса, ол әрқашан табылады. Ол үшін дінін де, намысын да, абыройын да түсірудің керегі жоқ.
27екіншісі: Мәджази (астарлы) рызық. Бұл, аса қажетті болмаса да орынсыз пайдалану себепті аса қажетті нәрсе сияқты және әдет деген бәленің кесірінен міндетті түрде керек болып, онсыз мүмкін еместей көрінетін рызық. Міне, бұл рызық Аллаһтың кепілдігінде емес. Сондықтан мұны табу, әсіресе мына заманда, тым қымбатқа түсіп отыр. Әуелі абырой кетеді, сосын қорлыққа көнеді. Кейде оңбаған адамдардың табанын жалағандай моральдық тұрғыдан төмендетіп, тіпті кейде мәңгі өмірдің шамшырағы, қасиетті діннің ұлы қағида-лары жайына қалып әлгі берекесіз, сасық нәрсені алып жатады. Әрі бүгінгідей жоқшылықтың қыспағына түскен заманда, аш әрі мұқтаж жандардың қайғы-қасіреті, ар-намысты жандардың адамгершілік сезімін қоздырған кезеңде, әлгіндей заңсыз, қисық жолмен тапқан табыстан татқан ләззат әлгіндей ар-намысты жандарда мән-мағынасын жойып, мазасын қашырады. Мұндай аласапыран заманда, күмәнді заттарды мәжбүр болғанда ғана және қажетті мөлшерде ғана пайдаланып қанағат ету керек. Өйткені сырымен арам нәрседен мәжбүр болғанда, жүрек жалғайтындай жеуге болады. Артығын алуға болмайды.Иә, қиналған адам арам еттен тойғанынша емес, өлмейтіндей шамада ғана жеуіне рұқсат бар. Һәм, жүздеген аш адам отырғанда рахаттана
28тойып жеу де мүмкін емес. Үнемділік, абырой мен кемелділіктің бұлағы. Мұны дәлелдейтін бір оқиғаны баяндап берейін; Жомарттығымен аты шыққан, мәшһүр Хатем-Таий (Атымтай Жомарт) бірде қонақасы берген екен. Қонақтарына сыйлық таратып, өзі сахараға серуенге шығады. Жолда тікенді отын арқалаған қартты көреді. Тікенекті отын арқасына батып келеді екен. Сонда Хатем-Таий әлгі қартқа: \"Хатем-Таий ас беріп жатыр. сыйлық та таратуда. сен де барып, мына бес теңгелік отыныңның орнына бес жүз теңгелік сыйлық алсаңшы!\" – дегенде әлгі қанағатшыл қарт: \"мына тікенекті жүгімді абыроймен көтерермін. Бірақ Хатем-Таийға қарыздар болу жүгін көтере алмаспын\"деген екен. Кейін Хатем-Таийдан: \"сіз өзіңізден асқан мәрт, жомарт, ғазиз кімді білесіз?\" дегенде: \"сонау отын арқалап сахарада кездескен қарт менен де өткен ғазиз, жомарт, мәрт екен\" деген екен.БесінШі ТҰЖЫРЫм.Аллаһ Тағала асқан жомарт болғандықтан, жарлыға да асқан бай сияқты, кедейге де патша сияқты нығметтің ләззатын татқызады.Иә, кедейдің аштық пен үнемділік арқылы қатып қалған қара наннан алған ләззаты, патшаның
29немесе бір байдың ысыраптан жалығып тәбетсіз жеген тіл үйірер тағамынан алған ләззатынан әлдеқайда күштірек.Таңқаларлық жәйт: Кейбір ысырапшыл, қалтасы тесік адамдар мұндай үнемшіл кісілерді \"сараң\" деп айыптайды. Мүлдем олай емес. Біле білсең үнемшілдік абырой мен жомарттық саналады. Ал, сараңдық пен қорлық болса, ысырапшылдар мен бекерге мал шашушылардың сырт көзге жақсы көрсететін перденің ішкі жағы.Бұл ақиқаттың дәлелі ретінде бір оқиғаны баяндай кетейін.Ол, осы шығарма жазылып жатқанда Спарта қаласындағы медресемде болған еді. Бір шәкіртім, өмір бойғы қағидама қарсы екі жарым келіден астам балды алуымды қайта-қайта қыймай өтінді. Өмір бойы бұзбаған қағидамды қанша айтсам да көндіре алмадым. Амал нешік, жанымдағы үш досым жесін және Шағбан мен Рамазан айларында әлгі балдан үнемдеп отыз-қырық күн үш адам дәмін татсын әрі әкелген адамға да сауап жазылсын, өздері де тәттісіз қалмасын деп, \"алыңдар!\" дедім. Ал, өзімнің бұрыннан қалған бір келіден астам балым болатын. Әлгі бауырларымның негізінде ниеті түзу, әрі үнемділікті жоғары бағалайтын жандар еді, бірақ, қойшы әйтеуір... бірін-бірі
30сыйлау, бауырының көңілін аулау, өзінен жоғары санау секілді ізгі ниетпен үнемдеуді ұмытып кетсе керек үш күнде екі жарым келі балды жеп бітірді. Мен оларға күліп: \"сендер әлгі балмен отыз-қырық күн ауыздарының дәмін алсын деп едім. сендер отыз күнді үш күнге бірақ түсірдіңдер. Ас болсын!\" дедім. Ал, мен әлгі бір келі балымды үнемдеп, Шағбан мен Рамазан айында, Құдайға шүкір, манағы достарыма да ауызашарда бір қасықтан (яғни үлкен шай қасығымен) беріп отырдым. Осылайша әлгі кішкене бал үлкен сауапқа ұйытқы болды. Менің бұл жағдайымды көргендер, бәлкім, сараңдық деп, ал достарымның сонша балды үш күнде жеп бітіруін мырзалық деп ойлауы мүмкін. Алайда, шындап келгенде сырт көзге сараңдық болып көрінген мұндай әрекеттің түбінде берекет, зор абырой, үлкен сауап жатқанын, ал әлгі \"мырзалық\" пен ысыраптың артында, егер жалғаса берсе тіленшілік, басқаның қолына ашкөздене, бір нәрсе дәметкендей қарап қалу сияқты сараңдықтан да жаман нәтижелер бар.АлТЫнШЫ ТҰЖЫРЫм. Асылында үнемділік пен сараңдық екі бөлек нәрсе. Мысалы кішіпейілділік, жағымсыз мінез саналатын жалбақтаудан, өзін төмендетіп қор қылудан мағынасы мүлдем басқа нәрсе. Сырттай ұқсағанымен біреуі жақсы, екіншісі жаман қасиет. Сондай-ақ, жаман қасиет болып саналатын
31тәкаппарлық сырттай байсалдылыққа ұқсағанымен мағынасы мүлдем басқа. Сол сияқты, Ардақты Пайғамбарымыздың әсем мінез-құлқынан бастау алатын, тіпті әлемдегі Иләһи хикметке толы жүйенің өзегі болып саналатын үнемділіктің де өмір бақи жарымау, қызғаншақтық, қанағатсыздық және ашкөздік секілді жаман қасиеттердің жиынтығы болған сараңдыққа ешқандай қатысы жоқ. Тек сырт көзге ұқсас келеді. Бұл ақиқатты растайтын бір оқиға айтып берейін.Расулуллаһтың (с.а.у) сенімді халифасы Фаруқ-ы Ағзам Хазіреті Омардың (р.а) ең үлкен ұлы, әрі ғалым, әрі сахабалардың ішіндегі ерекше тұлға және атақты жеті Абдуллаһтың бірі, Хазіреті Абдуллаһ Ибн Омар бір күні базарда, сауда-саттықтың негізі боп саналатын өзара сенім мен үнемділікті сақтау үшін қырық теңге үшін біреумен дауласып қалады. Жер жүзінің абыройлы халифасы Хазіреті Омардың баласы қырық теңге үшін дауласқанын көрген бір сахаба түсіне алмай, мұнысы сараңдық емес пе екен деп, имамның соңынан ереді. Мақсаты, хал-жағдайды түсіну. Қараса, Хазіреті Абдуллаһ өз үйіне келген соң есік аузында тұрған бір пақырмен біраз сөйлесіп, сосын үйінің екінші есігінен шығып, ол жерде тұрған басқа бір пақырмен де біраз сөйлесіп, кетіп қалады. Мұны анадайдан бақылап тұрған әлгі сахаба мән-жайды білмек болып пақырлардан:
32– Имам сендердің қастарыңа келіп не айтты? – деп сұрайды.Сонда екеуі де:– Маған бір динар алтын берді, – деп жауап береді. Сахаба аң-таң болып: \"Фәсубханаллаһ! Базарда қырық тиын үшін дауласады да, үйіне келіп, ешкімге білдірмей, шын көңілден кедейлерге екі жүз теңге бере салады\" деп, Хазіреті Абдуллаһ Ибн Омарды көруге асығады. Жолыққанда: – Уа, Имам! Менің түсінбеген бір нәрсем бар. Сіз, базарда сараңдық, ал үйіңізге келіп жомарттық жасадыңыз. Мұның сырын айтып берсеңіз - деп сұрайды. Сонда имам:– Базардағы жағдайым үнемділік, ол ақылдың кемелдігі, сондай-ақ сауда-саттықтың негізі және рухы болған сенім мен адалдықты сақтау үшін жасалған-ды. Ол сараңдық емес. Ал, үй жақтағы әрекет жүректің мейірімі мен рухтың кемелдігінен туындайтын жағдай. Бұл ысырап емес, анау да сарандық емес - деп жауап берген екен.Имам Ағзам Әбу Ханифаның бұл мәселеге ишара ететін мынадай бір қанатты сөзі бар:
33Яғни: \"игі істерде және біреуді жарылқауда (бірақ лайық болу шартымен) ысырап болмайды. сол секілді ысырапта да ешбір қайыр жоқ\"ЖеТінШі ТҰЖЫРЫм. Ысырапшылдық адамды ашкөз қылады. Ашкөздіктің үш салдары бар.Біріншісі:Қанағатсыздық. Қанағатсыздық адамның еңбекке деген ынтасын жояды. Шүкір етудің орнына шағым айтқызады әрі жалқау қылады. Заңды да адал аз пайданы тастатып (cілтеме ) 3заңсыз көлденең табыс іздетеді. Сол жолда ар-намысын да адамгершілік қасиеттерін де қиып жіберді.екіншісі: Құр қалу, зиян шегу. Мақсатына жете алмау және жағымсыз атанып сәтсіздікке ұшырау, жеңілдік пен жәрдемнен мақұрым қалу. Тіпті ол туралы нақыл сөз бар:яғни\"ашкөздік, зиянға ұшырау мен сәтсіздіктің басты себебі\". Ашкөздік пен қанағат жануарлар әлемінде де айқын көрініп, заңдылық ретінде жағымсыз әсерін тигізіп жатады. Атап айтар болсақ, ризыққа сілтеме .3 Үнемді пайдаланбаудың салдарынан қоғамда тұтынушылар көбейіп, өндірушілер азаяды. Халық жаппай үкіметтің аузына қарап отыратын болады. Сөйтіп, әлеуметтік тұрмыстың тірегі болып табылатын өнеркәсіп, сауда, ауылшаруашылық тоқырай бастайды. Ондай ел дамымай құлдырап кетеді. Пақыр болып жоқшылық шегеді.
34мұқтаж ағаштардың табиғи қанағатшыл жағдайы оларға қажетті қоректік заттарды өзіне жүгіртіп қоюы, ал, жануарлардың ашкөздене ризық табуға жүгірсе де жарымай, машақатқа түсуі, ашкөздіктің қаншалықты зиянды екенін, ал қанағаттың мол табыс пен береке көзі екенін көрсетеді.Һәм, дәрменсіз нәрестелер хал тілімен қанағат еткендіктен қорегі мол сүт олардың аузына күтпеген жерден құйылып жатуы, ал жануарлардың ашкөздігіне орай жеткіліксіз әрі лас рызық бұйыруы айтқанымызды нақтылап дәлелдей түседі.Сондай-ақ, семіз балықтардың қанағатшыл жағдайы олардың керемет рызықтануына себеп болады. Ал, түлкі мен маймыл сықылды қу жануарлар ашкөздене рызық іздеп бір тынбай жортса да тойғанынша азықтана алмай, арық әрі жүдеу жүреді. Бұл мысалдар тағы да ашкөздіктің қаншалықты машақатқа салатынын, ал қанағат болса рахаттың көзі екендігін көрсетеді.Һәм яхуди халқының рызықтарын ашкөздікпен, өсімқорлықпен, қулықпен іздейтіндіктен қор болып, тілене әрі заңсыз, әрі тек қарын тойдыратындай шамада рызық табуы, ал керісінше қанағатшыл шөл халқының (бәдәуилердің, малшылардың) абыройлы тұрмыс-тіршілігі, өздеріне жеткілікті берекелі рызық табуы да осы айтылғанға айғақ.
35Һәм көптеген ғалымдар (сілтеме*)4 мен ақындар (сілтеме**)5зеректіктің салдарынан ашкөздікке салынып пақыр күй кешуі ал, ақылы таяз, әлсіз пенделердің табиғи қанағатшылдықтары оларды байлыққа кенелтуі... міне бұл да адал рызықтың күш-қуатпен емес, еріксіз түрде, әлсіздік пен пақырлыққа орай келетінін, тіпті адал рызық, күш қуат пен ерікке қарама қайшы екенін көрсетеді. Өйткені сәби баланың күш-қуаты, ерік-қалауы артқан сайын ризығы азайып, қашықтап, қиындай түсетіні рас. сілтеме*. Иран елінің патшасы Нуширеван-Адилдің уәзірі, әділдігімен аты шыққан данышпан Бузур-у Жумхурдан (Бузургмихр) \"Неге ғұламалар, бек-әмірлердің босағасында жүреді ал, бек-әмірлер ғұламалардың босағасында көрінбейді. Алайда ілім әмірліктен жоғары емес пе?\" деп сұраған екен. Сонда Бузур-у Жумхур: \"Бұл - ғұламалардың сауаттылығынан, әмірлердің сауатсыздығынан. Яғни, әмірлер ғұламалардың босағасында жүріп ілім үйренетіндей ілімнің қадірін білмейді. Ал, ғұламалар болса көзі ашық болғандықтан қолындағы нәрсенің қадірін жақсы біледі. Сол үшін де бек-әмірлердің босағасында жүреді\" деген екен. Міне Бузур-у Жумхур, ғұламалардың пақырлықта, қорлықта болу себептері зеректіктен пайда болған ашкөздіктерін, жұмсақ әрі астарлы да нәзік шебер жеткізген. Хүсрев.сілтеме**. Мұны растайтын тағы бір оқиға: Францияда әдебиет қайраткерлеріне жақсы тіленшілік ететіндіктері үшін оларға «тіленші» деген куәлік беріледі екен. Сүлеймен Рүштү.
36хадисінің сырына сүйенcек: \"Қанағат – жақсы тұрмыс пен рахат өмірдің құпия қазынасы. Ал, ашкөздік адамды зиянға ұшыратып, пақырлыққа бастайды\".Үшіншісі:Ашкөздік ықыласты бұзады. Ақыреттік істерге зияны тиеді. Себебі, егер тақуа адам ашкөз болса, халықтан қошемет күтеді. Ал, халықтың қошеметін қалаған адамның ықыласы толық болмайды. Бұл өте маңызды әрі абай болатын жәйт. Сонымен, ысырап адамды қанағатсыз қылады. Ал қанағатсыздық еңбекке деген ынтаны жойып, жалқаулыққа салады. Сосын тұрмыс жағдайына риза болмай, әрдайым шағым айтатын болады. (cілтеме*).6Һәм, қанағатсыздық ықыласты бұзып адамды екі жүзділікке итереді. Һәм, абыройдан айырып тіленшілікке сүйрейді.Ал, үнемділік болса адамды қанағатшыл қылады. хадисінде айтылғандай қанағат адамға абырой әпереді. Һәм, еңбекке ынталандырып, жұмысқа белсенділік, ынта-жігер береді. Мысалы, қанағатшыл адам бір күн жұмыс сілтеме .4 Иә, қайсыбір ысырапшыл адаммен сөйлессең әрдайым шағым естисің. Байлығы тасып жатса да тілі шағым айтады. Ал, жарлы-жақыбай бір пақыр, бірақ қанағатшыл жанның жағдайын сұрасаң «Құдайға шүкір» дейді.
37істеді дейік. Сол тапқан азғана табысына қанағат етіп келесі күні тағы да жұмысқа шығады. Ал, ысырапшыл адам болса, қанағат етпегендіктен келесі күні жұмысқа шықпайды, шықса да ынтасы болмайды. Һәм үнемділіктен пайда болатын қанағат, адамға шүкірдің есігін ашып, шағымның есігін жабады. Ондай адам тұрмысына әрдайым риза болып, Құдайға шүкір етеді. Сондай-ақ, қанағаттың арқасында жұртқа қолын жайып тіленбейді. Олардан сый-қошемет сұрамайды. Ықыласқа жол ашылып, екіжүзділіктен құтылады.Әлеуметтік өмірде үнемді пайдаланбау мен ысыраптың көптеген зиянын көрдім. Мен осыдан тоғыз жыл бұрын мүбарак бір қалаға барған едім. Қыс мезгілі болғандықтан ол қала халқының табыс көзін көре алмадым. Ол жердің марқұм мүфтиі әңгіме барысында әлденеше рет: \"Халқымыздың тұрмысы ауыр, кедей-кепшіктер көп\" деді. Оның сөзі маған қатты батты. Бес-алты жыл бойы әлгі қалаға жаным ашитын. Арада сегіз жыл өткен соң, әлгі қалаға жолым түсіп тағы бардым. Бау-бақшаларының жанынан өтіп бара жатқанымда әлгі марқұм мүфтидің сөзі есіме орала кетті. \"Фәсубханаллаһ! мынау бау-бақшадан шығатын өнім жергілікті халықты толық
38қамтамасыз етеді ғой!\" деп таңқалдым. Ақиқатты түсінерде жетекшілік ететін зейінім бұл жолы да жаңылыспады. Мұншама табыс көзі бола тұра әлгі марқұм мүфтидің \"халқымыз пақыр\" деуінің себебі, үнемді пайдаланбау, мен ысыраптың кесірінен берекенің қашуынан екен.Иә, зекет беру, үнемді пайдалану тапқан табысты берекелі қылады. Ал, шашып-төгу, ысырап және зекет бермеу, берекесін кетіреді. Оған көптеген оқиғаларды мысал ретінде келтіруге болады.Ислам ғұламаларының Платоны әрі дәрігерлердің пірі, даналардың ұстазы, мәшһүр данышпан Әбу Али Ибн Сина медицина тұрғысынан ғана қарапаятын былай тәпсірлеген екен:Яғни: \"Медицина ілімін екі сөзге түйдім. Тамаша сөз қысқа келеді. Тамақ жегенде аз же! Жегеннен кейін төрт-бес сағатқа шейін тамақ ішпе!
39Шипа оның қорытылуында. Яғни жақсылап қорыта алатын мөлшерде же! Жанды қинап, асқазанға ауыр тиетін әрі адамды шаршататын нәрсе, қорытылмаған тамақ үстіне тамақ жеу.\" (cілтеме*)7Таңқаларлық жағдай әрі ғибратты бір сәйкестік:Мына үнемділік рисалесін жазып көбейтуші бес жігіт, олардың үшеуі жаңадан келген бола тұра әрі бір-бірінен бөлек отырып, бөлек нұсқадан көшіріп әрі әр қайсысының жазулары да өзгеше, һәм әліптерді ескермей жазғанның өзінде әрбір нұсқаның әліптері, соңындағы дұғасын санамағанда елу бір, ал дұғасымен қоса санағанда елу үш болып шықты. Бұл бір сәйкестік. Өйткені, осы \"Үнемділік Рисалесінің\" жазылу тарихы Римдік жылсанау бойынша елу бір, ал арапша жылсанаумен елу үш тарихына дәл келіп тұр. Сөз жоқ, бұл кездейсоқтық емес. Бұл үнемділіктегі берекеттің керемет дәрежесіне шыққанына ишара. Әрі осы жылды \"үнемділік жылы\" деп атауға лайық.сілтеме*. Яғни: Төрт-бес сағат үзіліс бермей, ас үстіне ас ішу немесе рахат, үшін әр түрлі тамақты жей беру денсаулыққа өте зиянды.
40Айтқандай екі жылдан кейін, екінші дүниежүзілік соғыс басталып, жер жаһанды ашаршылық, аласапыран, ысырапшылдық жайлады. Адамдар, жалпы барша жұрт үнемділікке мәжбүр болды. Осылайша үнемділіктің кереметтігі расталды.
41Жиырма екінші МектубтанеКiнШi БӨлiмей, иманды жан! Мұның алдында араздасудың дұшпандықтың қаншалықты зиянды екендiгiн түсiндiң. Ендi сол дұшпандық секілді хырс яғни ашкөздіктің де Ислами өмiрге аса қатерлi дерт екенiн түсін. Ашкөздік адамды көп нәрседен мақұрым қалдырады. Ол бір дерт һәм қорлық. Ол сені көп нәрседен құр қалдырып, қайыршы қылады.Басқа ұлттарға қарағанда, ашкөздене байлық қуған яхудилердің қор болып, кедейшілікпен күнелтуі мұның айқын дәлелi. Ашкөздік бәлесі, тіршілік иелерінің ең үлкенінен бастап ең ұсағына дейін жағымсыз әсерін тигізуде. Ал, тәуекел
42етіп несiбесiн іздеу бақыт көзі. Ол барлық жерде жағымды әсер қалдырады. Азыққа мұқтаж, жемiс ағаштары мен өсімдіктерге назар аударалық. Олар да тіршілік иесі. Олар, бейне бір тәуекелге бел буғандай қанағат етіп, өз орындарында тұрып ашкөздік қылмағандықтан оларға азық өздерi келіп жатады. Олар жануарлармен салыстырғанда әлдеқайда көп тұқым шашады. Ал жануарлар болса, ашкөздене азық iздегендiктен көп қиналып бәрібір қарны тоймай жарымай жүреді. Бірақ жануарлардың төлдеріне қарасаң, олар дәрменсiз, әлсіз хал-жағдайымен Аллаћқа тәуекел еткендіктен оларға заңды жолмен, өте нәрлі, дәмді қорек Иләһи рақымдылық қазынасынан беріліп жатады. Ал, азығына ашқарақтана ұмтылған жыртқыш аңдарға лас жемтік заңсыз жолмен көп қиын шылықпен, аз табылады. Міне, бұл бізге ашкөздіктің мақұрымдыққа себеп, ал тәуекел мен қанағат болса Аллаһтың рақымына бөленуге жол ашатындығын көрсетеді.Халықтар арасында байлықтың соңына түсiп, дүнияуи өмiрге ашкөз, қу тірлікке келгенде алдына жан салмайтын яхудилердің заңсыз жолдармен, өсiмқорлықпен өлiп-өшiп тапқан байлығының өздерiне тигізер пайдасы аз. Олар сол дүнияуи байлықтың күзетшілері ғана. Өзге халықтардың алдында сатқын, опасыз, алаяқ ретiнде қудаланып
43қырғынға ұшырауы ашкөздіктің жағымсыз екенін, оның адамдарды бейшара қылып, зор шығынға ұшырататынын көрсетеді. Ашкөз адамның қашан да шығынға ұшырайтындығына дәлел болатын оқиғалардың көптігі сонша сөзi ел аузында мақал боп кең тараған. Халық мұның \"заңды ақиқат\" екенін мойындайды. Бай болғың келсе ашкөз болма!. Қанағатпен талап қыл. Сонда байлығың арта түспек.Қанағатшыл мен ашкөз адамның теңеуі мына екі кісiнiң мысалына ұқсайды. Олар жолда келе жатып жоғары мәртебелi бір кісінің қонақ үйіне кезігеді. Бiреуі ішiнен: \"мені тек ішке кіргізсе жетеді, сырттағы аяздан құтылсам болды. Босағадағы орындыққа отыруыма рұқсат берсе, соған да рахмет\" дейді. екіншісi сол жерде ақысы бар адамдай, жұрттың бәрі оны сыйлауға тиісті секілді, \"маған төрден орын беруі керек\" деп ойлайды. Сөйтiп, ол ашкөздене кіредi. Жақсы да жайлы орындарға көз тiгіп, төрге шыққысы келеді. Бiрақ, үй иесі оны кері қайтарып, босағаға отырғызады. Әлгi адам оған рахмет айтудың орнына, іштей ренжіп ашуланады. Қонақ үй иесiн сынға алады. Қонақ үйдің иесі де мұнысын көтере алмай, қабақ шытып суық қарайды.
44Бірінші адам кiшiпейілдiлiк танытады. Үйге кіре салысымен босағадағы орындыққа отыра кетеді. Оның бұл қанағатшыл халі сарай иесіне ұнап қалады. \"Жоғары шық, төрлет!\" дейді. Әлгi қанағатшыл жан одан сайын рахметін жаудырып, ризашылығы арта түседi. міне, сол сияқты мына дүние – Рахманның қонақ үйі. Жер беті – Оның рақымдылық дастарханы. несiбелердiң дәрежелерi мен бақ-дәулеттiң мәртебелері мысалдағы орындар тәрізді әртүрлі.Тіпті қарапайым істерде де әркім ашкөздіктің жағымсыз әсерін байқауына болады. мысалға, екі қайыршының бiреуi ашкөздене тіленіп тұрса, оның қылығы көңiлге ауыр тиiп, үнсiз тұрған екінші қайыршыға мейірімдене садақа берудi кiмнiң де болса жүрегi қалайды. мысалға, түнде ұйқың келмей қойды. Мән бермей жайбарақат жатсаң, ұйықтап кетуің әбден мүмкін. Ал, \"неге ұйқым қашып кеттi екен, ұйықтауым керек!\" дей берсең, ұйқың мүлдем қашып кетеді. мысалға, маңызды шаруа үшін біреуді хырспен яғни өліп-өшіп, тағатсыздана: \"Қайда жүр, келмей қойды ғой\" деп күтсең сабырың таусылып, шыдамай кетіп қаласың. Бір минөттен кейін күткен адамың келеді. Бірақ маңызды шаруаң орындалмай қалады.
45Бұл оқиғалардың сыры мынада: Мысалға, нан дайын болуы үшін егістiк, қырман, диірмен, таба керек. Демек, өзіндік сатылары бар. Ашкөз адам сабырсызданып жүйелі әрекет етпегендiктен, тәртіптің рухани сатыларын бұйым көрмейді. Я сатының бір тепшігін артық аттап немесе бiреуін кем басып құлап, ақырында мақсатына жете алмайды. ей, күнкөрiстi уайымдап есіл дертi дүние мен мал-мүлік жинау болған бауырлар! Ашкөздіктiң осыншама зиянды бәле екенiн бiле тұра, әр түрлi қорлыққа көніп, мал-мүлік үшін адал ма, арам ба қарамай, «қайдан, қалай келсе де пайда тапсам болды» деп, ақыреттік өмірге қажеттi нәрселерді қалай пида қыласыңдар? Тіпті, ашкөздiктiң кесiрiнен ислам шарттарының ең маңыздысы, зекетті қалай ұмытасыңдар. Ал, зекет әрбір адам үшін берекенің көзi, бәлекеттiң тосқауылы. зекет бермеген адам зекетінің құнындай байлығынан бәрібір айрылады. Я ол, құр босқа кетеді, я бір пәле келiп алып кетеді. Бірінші дүние жүзілік соғыстың бесінші жылында мағынасы ақиқат бір түс көрдім. Әлгі ғажайып түсімде менен былай деп сұрақ сұрады:\"мұсылмандардың басына келген мына ашаршылық, дүние-мүлiктен жұрдай болу және осынша ауыр жағдайдың себебі не?\"Түсімде былай деп жауап бердім:
46«Аллаһ Тағала өзi берген мал-мүлiктiң кейбір түрiнен оннан бірін (сілтеме*) кейбіреуiнiң 8қырықтан бірін (сілтеме**) кедейлерге берiп, 9олардың дұғасын алыңдар, өшпендiлiгi мен ашу-ызасын туғызбаңбар!» деп бұйырды. Біз болсақ, ашкөздік пен сараңдық жасап бермедік. Хақ Тағала жиналып қалған зекеттің қырықтан отыз, оннан сегіз бөлігін алды. Жылына бір-ақ ай жетпіс түрлі пайдасы бар ашығуды бұйырды. Біз нәпсімізді аяп, оның ләззаты мол, уақытша аштығына көнгіміз келмей ораза ұстамадық. Аллаһ Тағала жаза ретінде жетпіс түрлі бәлесі бар аштықты алдымыздан шығарып бес жыл бойы оразаның бiр түрiн мәжбүрлеп тұтқызды. сондай-ақ, жиырма төрт сағаттың тек бір сағатын жанға жайлы, нұрлы да пайдалы, Раббани ұлы тәлiмге яғни намазға жұмсауды бұйырды. Біз жалқауланып намаз бен дұғаны орындамадық. Әлгі бір сағатты басқа сағаттарға қоса босқа өткіздік. Хақ Тағала соның өтеуі ретінде бес жыл бойы соғысқа салып, жаттығу жасатып, зыр жүгіртiп намаздың бiр түрiн оқытқызды\" деген едім. Содан оянып кеттiм. Ойланып отырып, осы бiр түсте аса маңызды ақиқат сілтеме*. Үшір.сілтеме**. Зекет.
47барын түсiндiм. \"Жиырма бесінші сөзде\" бүгiнгi мәдениет пен Құран үкімдерін салыстыра отырып толық дәлелденгенiндей, адамзаттың қоғамдық өміріндегi жаман қылықтар мен жүгенсіздiктер және қақтығыс бiткеннің бәрi екі ауыз сөзден туындайды.Бірiнші сөз: \"мен тоқ болайын, басқалар аштан өлсе де шаруам жоқ.\"екінші сөз: \"сен еңбек қыл, жұмыс істе, мен қызығын көрейін.\"Осы сұмдық екі сөздің өркен жайюына басты себеп өсімқорлықтың дамуы және зекеттің берілмеуі. Қоғамның осы екі қауiпті дертiн емдейтiн бір ғана шара бар. Ол – зекет берудің баршаға ортақ қағидаға айналуы және өсiмқорлыққа тыйым салынуы. сондай-ақ, бұл тек жеке бастың немесе белгiлi бiр топтың ғана емес, күллі адамзат баласының бақытының темір қазығы, тiптi адамзат өмірін әрі қарай жалғастыратын ұйытқы, береке көзі. Өйткені адамзат екі топтан, яғни байлар мен кедейлерден тұрады. Байлардың кедейлерге деген қамқорлығы мен қайырымдылығын, ал кедейлердiң байларға құрметi мен бағынуын қамтамасыз ететін – зекет. Әйтпесе кедейлердiң басына зұлымдық пен үстемдiктiң қара бұлты төнедi. Кедейлер де
48байларға қарсы өшігіп, ылаң салады. Адамзаттың осы екі тобының арасында әрдайым осындай күрес пен дау жалғасып келеді. Бара-бара Ресейде болғаны секiлдi еңбек пен капиталдың қақтығысына айналады. ей, кең пейілдi, ар-намысты жаны жомарт, жайсаң мiнез жандар! Сый-кәде зекет деп, атап берiлмесе, үш зияны бар. Біріншіден, пайдасыз босқа кетеді. Өйткені Аллаh ризалығы үшін бермеген соң міндетсінесің. Кедей бейшараны өзіңе кiрiптар қылып, оны төмендетесің. Екіншіден, оның қабыл болғыш дұғасынан мақұрым қаласың. Үшіншіден, Хақ тағала сені өзінің құлдарына беретiн мал-мүлкiн таратушы қызметкер қылған, сен болсаң өзіңді сол дүние-мүлiктің иесіндей масығып, нығметтің қадірін білмей жүрсің. Егер, зекет ретінде берсең Аллаһ үшін бергендіктен мол сауап аласың, һәм саған берілген нығметтерге шүкіршілік қылған боласың, һәм мұқтаж адам да саған жағыну үшiн жағымпазданбайды. Сөйтіп ары таза түрде сен үшін жасаған дұғасы қабыл болады.иә, зекет мөлшерiндей, тіпті одан да көп сый-кәде таратып жақсылық жасау немесе басқалай беріп рия жасау, өзiн көрсету, атын шығару секілді немесе біреуді өзіне қарыз қылып қою,
49төмендету тәрізді зиян шегу қандай? сондай жақсылықтарды зекет атымен жасап, әрі парызын орындау, әрі сауап алу, әрі шынайы ықыласқа қол жеткiзу әрі пақырлардың қабыл болғыш дұғасын алу қандай?
50(Әл-хүджет-үз Зехраның екінші мақамынан)ЖеТінШі, сеГізінШі дӘлелЯғни, өте маңызды хикметке байланысты сырт көзге ғайып немесе көмескілеу саналатын ажал мен рызық, жасырын перденің артында яғни Қаза мен Тағдыр дәптерінің, өмір парағында әрбір тіршілік иесінің қашан өлетіні, жазулы әрі белгілі. Ол не кейінге, не алға өзгермейді. Сондай-ақ, жан-жануарлардың әрқайсысының жейтін азық-рызығы әу баста белгіленіп, бөлініп қойған. Бұлар «Қаза мен Тағдыр» таспасына жазылып қойылғанына көптеген дәлелдер бар. Мысалға зәулім ағаштың өлімі яғни құлауы, өзінің міндетін жалғастыру үшін рухы тәріздес дәнін өз орнына тастап кетуі, Алим-ы Хафыздың (бәрін сақтаушы, нақты білуші) хикметке толы заңымен болады және дүниеге жаңа келген бір төлдің ризығы болған сүт желін-емшектер арқылы жіберіледі әрі қан мен нәжістің арасынан шығып, былғанбай, таза түрде ауыздарына құйылып жатады. Бұл оқиғалар кездей соқтық
Search