Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Қысқа Сөздер

Қысқа Сөздер

Published by risalekz, 2020-05-09 12:09:15

Description: Küçük Sözler

Keywords: Рисалей-Н?р,Саид Н?рси

Search

Read the Text Version

ҚысҚа CөздерБәдиүззаман Саид НұрсиАлматы, 2016Рисалей-Нұр жинағынан

аудармашылар алқасы:Захараддин Батайұлы, Жандос Қиянбек,Абай Хамза.Б 32 Бәдиуззаман Саид НұрсиҚысқа сөздер - Алматы: “Нур Фейз“ ЖШС,104-бет. Рисалей-Нұр жинағынанISBN 9965-467-09-9ББК 86.38ББК 86.38Б 32 Б “Нур Фейз“ ЖШС 2016ISBN 9965-467-09-90403000000 00(05)-03Бұл кітап Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің дінтану сараптамасынан өткен. 03.13.2014ж. №04-04-10/652 құжат бойынша сараптама негізінде оң қорытынды алған.Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға және таратуға шектеу қойылмаған.

3Уа, бауырым! Менен насихат тыңдағың келеді екен. Олай болса, сен әскери адам болғандықтан, әскери мысалдамамен баяндалған бiрнеше ақиқатты шағын сегiз хикая арқылы нәп сiммен бiрге тыңда. Өйткенi, мұндай насихатқа өзiмді әлдеқайда мұқтаж сезінемін. Кезiнде Қасиетті Құранның сегiз аятын пайдаланып, \"Сегiз Сөздi\" нәпсiме баяндаған едiм. Ендi, сол Сөздердi қысқаша және қарапайым тiлмен нәпсiме айтайын. Қалаған кісі нәпсiммен бiрге тыңдасын.* * *

4Бірінші сөз\"Биссмилләh\"әрбір жақсылықтың бастамасы. Олай болса, бiз де\"Биссмилләhтан\"бастайық.Ей, нәпсiм! Бiлiп қой! Бұл мүбәрак сөз, Исламның белгiсi. Сондай-ақ, оны бүкiл жаратылыс атаулы, өздерiне тән тiлімен әрдайым қайталап отырады. \"Биссмилләh\"қажымас қайрат, таусылмайтын береке екенiн бiлгiң келсе, мына шағын хикаяға назар аудар, құлақ сал:Бәдәуи араб сахарасына сапарға шыққан адам жол торыған қа рақшылардан аман болып, өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуі үшiн белгiлi бiр қа уымның басшысын танып, оны өзіне пана тұтып жүруі керек. Әйтпесе, қаптаған жауға, жол қиыншылығына душар болып, әбіржіп кететіні рас. Мiне, осындай сапарға екi адам жолға шығыпты. Олардың бiреуi – кiшiпейiл, екiншiсi – тәкаппар екен. Кiшiпейiлі әлгіндей бiр басшыны пана тұтады, ал тәкаппар жолаушы оны қажетсінбеді. Кішіпейіл жолаушы барлық жерде аман-есен жүрдi. Жолда қарақшыларға жолықса: \"Мен пәлен деген басшының атынан жүрмін,\"– дейдi. Қарақшылар тиiспей, жөнiне кете бередi. Сондай-ақ, жолай үйлрге ат басын бұра қалса, әлгі беделдi басшының арқасында құрметке бөленедi.

5Ал, анау тәкаппардың жол бойы әбіржіп азып-тозғаны соншалық, жағдайын сөзбен жеткiзу мүмкін емес. Әрдайым зәресi ұшып, қорқыныш пен үрейден әбден титықтапты. Ақырында досқа күлкi, дұшпанға таба болыпты.Мiне, ей тәкаппар нәпсiм! Сен де бір жолаушысың. Мына дүние шексiз сахара секілді. Өзің әлсiз әрі пақыр әрі мұқтажсың. Өміріңе қауіпті дұшпандар көп-ақ. Ендеше, осы сахарадай дүниенің иесi Хаким-i Әзелидiң 1атын айтып, есiмiн пана тұт! Сонда әлемдегі құбылыстардан, түрлі қауіп-қатерден аман болып, оларға тәуелдi болудан құтыласың. Сенің әлсіздігің мен пақырлығың әлгі қасиетті сөздің арқасында құдiретi күштi Аллаhтың алдында саған шапағатшы болады. Сондықтан, әрбір iсін \"Биссмилләh\" деп бастайтын адам ешкiмнен қорықпайтын, қандай iс болсын заң жүзiнде, мемлекет атынан абыроймен атқарып, бәрiне төтеп беретін жауынгерге ұқсайды.1) Хаким-i Әзели – мәңгі бақи үстемдік етуші Аллаh.ТҮсініКТеМе. Қадірлі оқырман! Кітаптың ішінде осы тектес сызықшамен жазылған тіркесті сөздер кездесетінін, олардың кейбірі Аллаh Тағаланың көркем есім-сипаттары екенін ескертпекшіміз. Осылай өзгешелеу жазылуының себебі мағынасы өте терең, сөз жетпейтін Жаратқанның есім-сипаттары болғандықтан, түпнұсқадан қаз-қалпында алынды. Шексіз терең мағыналарды шектеп, нұқсан келтірмеу үшін әрі Жаратушымыздың есімі болғандықтан солай жазылып, жатталуы тиіс деп ұйғардық. Әрі жеке атаулар өзгермей жазылатыны мәлім.

6Сөз басында күллі жаратылыс өздерiне тән тiлмен «Биссмилләh» дей тiнін айтып өттік. Ендi соған тоқталайық:Мәселен, бiр адам бүкіл қала тұрғындарын бір өзі бiр жерге жинап мәжбүрлеп жұмысқа жексе, оның бұл iстi өз күшiмен емес, біреудің атынан, яки Патшаның құдiретiне сүйеніп, мемлекет атынан атқарғанын түсінесің. Дәл сол секiлдi бүкіл нәрсе Хақ Тағаланың атымен атқарылады. Кiп-кiшкене дәнектер зәулім ағаштарды тасиды. Әрбір ағаш \"Биссмилләh\"деп, Аллаhтың рахым қазынасындағы жемiстердi бізге тасып жеткізіп отырады. Бау-бақшалар, олар да \"Биссмилләh\" дейдi. Бейне бір сан-алуан дәмдi тағамдар бірге пiсiрiлiп жататын Иләhи қазан тәрізді. Сиыр, қой, ешкi, түйе секiлдi жануарлар \"Биссмилләh\" дейді, Бiздi Аллаhтың \"рәззақ\" атымен өте жұғымды әрi аппақ сүтпен қам та масыз етедi. Өсiмдiктер мен ағаштардың жiбектей жұмсақ тамырлары \"Биссмилләh\" дейді. Қатып қалған тас пен топырақты тесіп өтеді. \"аллаh атымен, рахман атымен\" дегенде бәрi қыз метшi бола қалады.Ағаштың бұтақтары ауада еркін жайылып, жемiс салатыны тәрiздi нәзік тамыр лар дың жер астында дәл солай емiн-еркiн жайылып, түйнек салуы, сондай-ақ нәзiк, жасыл жапырақтардың

7аптап ыстықта айлар бойы жап-жасыл қалпында тұруы; міне, бұл құбылыстар \"табиғат жаратты\" дегендердiң аузына құм құяды. Оларға: \"Көздерiң соқыр ма? Көрмейсiңдер ме? Қат тылық та, ыстық та Құдайдың қолында. демек, олар аллаhқа құлдық ұрады. Әлгi жұп-жұмсақ нәзік тамырлар Мұсаның (Ғ.с.) аса таяғы тәрiздi әмiрiмен тас-топырақты қақ жа ра ды. Жұп-жұқа, нәзiк жапырақтар Ибраhимнiң (Ғ.с.) ағзалары тәрiздi отқа қарсы аятын оқиды,\" – дейді.Иә, барлық нәрсе \"Биссмилләh\" деп, ырыс- нығметтерді Аллаhтың атымен бiзге әкеліп беруде. Ендеше, бiз де \"Биссмилләh\" деуiмiз керек. Аллаh атымен алып, Аллаh атымен беруiмiз керек. Аллаh атымен бермейтін, ғапыл, бейқам адамдардан алмауымыз керек.сауал: Әлгі ризық-нығметтерді әкеліп беруші себептерге мән беріп, баға берiп жатамыз. Алайда, бұл нығметтердiң нағыз иесi Аллаh Тағала, мұнша нығметтерінің ақысына не сұрайды?Жауап: Иә, нағыз Жарылқаушы, аса Қамқор Аллаh Тағала өзінің құнды нығметтерi үшiн бiзден үш нәрсе сұрайды. Олар – зiкiр, шүкiр, пiкiр.Әрнәрсенің басында \"Биссмилләh\" айту – зiкiр. Соңында \"Әлхам дү лилләh\" деу – шүкiр.

8Ортасында осыншама таңғажайып нығметтердi Әхад әрi Самәд Аллаһтың құдреті жаратты, Оның жарылқауы, сыйлығы деп бiлу – пiкiр.Патша өте пақыр адам арқылы бiреуге қымбат сыйлық жiберсе, мұны алған пенде сыйлықты әкелген әлгі мiскiннiң аяғын сүйiп, риза болып, ал сыйлықты жіберген нағыз иесiн сұрамаса, танымаса, барып тұрған ақымақтық емес пе? Сол сияқты сырт көзге нығметті беруші, негізінде тасушы ғана себептерге аса мән беріп, оларды жақсы көрiп, ал нағыз иесі аса қамқор Мүним-i Хақиқи Аллаһты ұмыту немесе танымау әлгі мысалдағыдан мың есе ақымақтық.Ей, нәпсiм! Мұндай ақымақ болғың келмесе, Аллаh атымен бер! Аллаh атымен ал! Аллаh атымен баста! Аллаh атымен әрекет жаса! Уәссәлам.

9еКінші сөзИманда мол бақыт, зор нығмет, таусылмас ләззат, керемет рахат бар екенін бiлгiң келсе, мына мысали хикаяға назар аудар, құлақ сал!Бiрде екi адам көңiл сергiтiп әрі сауда-саттық жасау үшiн сапарға шығады. Олардың бiреуi өзiмшiл де бейбақ, екiншiсi Құдайшыл, бақытты адам болатын. Екеуi екi бағытқа кетедi. Қара басының қамынан басқаны ойламайтын өзiмшiл һәм әр нәрсенің болымсыз жағына қарайтын сорлы жаман ниетiне қарай назарында жаман елге тап болады. Ол елдің тұрғындары залымдардан қиянат көріп, жылап-еңіреген бейшаралар боп көрінеді. Қайда бар са да қасірет шегіп, зар жылаған мұңлықтарды көредi. Орталықтың өзiнде қорқынышты жаназа мен тірі жетiмдердi көріп қатты күйзеледі. Бұл қайғы-қасiреттi сезбеу үшiн шарап iшiп, мас болудан басқа шара таппайды. Өйткенi бәрi оған жат, дұшпан болып көрiнедi.Ал, бақытты жан болса, жақсы ниеті мен дархан мiнезiнiң арқасында керемет елге тап болады. Барған жерiнде бәрі қуанышты, көңiлдері көтерiңкі.

10Барлығы оған дос, күлім қағып, туыс-бауырдай көріндi. Тәкбір*, Тәхлил*2яғни зікір салып, әскерге алынушыларды құттықтаған дауылпаз, сырнайлардың сазды дауысын естiп шаттанып қалды. Әлгi бейбақтың жағдайына керісінше, мына бақытты жанның көрген қызығы мен қуанышы зор едi. Көпшіліктің қуанышына мерейi тасып, көңiлi жәй тапты. Жүзi жадырап, iстеген саудасы да сәттi болып, табысқа кенелдi. Аллаhқа шүкiр еттi.Сапардан оралып келе жатқанда екеуi қайта жолықты. Бақыттысы танысының ауыр жағдайын айтқызбай-ақ түсініп, былай дедi: \"ау, достым! Жүнжіп кетіпсің ғой. Iшiңдегi жаман, пасықтықтар сыртыңа шыққан-ау, күлудi – жылау, әскери міндеттен босатылуды – тонау, дүние-мүлкiн талан-таражға салу деп босқа уайымдапсың. ендi ақылға келiп, жүрегiңдi тазарт! назарыңды бүркемелеп, ақиқатты көрсетпей тұрған пердені ысырып таста дағы ақиқатты көр! шексiз әдiл, өте рақымды, халқына қамқор, жанашыр, мейiрбан да қайырымды Патшаның елi сен ойлағандай болуы мүмкін бе? Әрi мұндай көз алдында өркениетті де кемелденген ел сен ойлағандай жаман болуы мүмкін емес!\"Тәкбір *– Аллаhу Әкбар деп Аллаhты ұлықтау, тағзым. Ауд.Тәхлил* – Лә иләhә иллаллаh деп Жаратқанды бірлеу. Ауд.

11Осыны естiгеннен кейiн әлгі сорлы есін жинап, өткенiне өкiніп: \"Иә, мен iшiмдiктiң кесiрiнен тоз-тоз боп жүнжіп кетіппін. аллаh саған риза болсын! сен менi тозақи жағдайдан құтқардың,\"– деп рахметін айтады.Ей, нәпсiм, бiлiп қой! Бiрiншi адам кәпiр немесе Аллаhты ұмытқан, пасық адам. Оның назарында мына дүние, қасiретке толы, қайғысы көп жер. Тiршiлiк иелері ақырында жоқ болудан құтыла алмай, зар еңiреген жетiмдер сықылды. Хайуанат, адамзат ажалдың тырнағынан құтыла алмайтын бейшаралар тәрізді. Ал, тау мен теңiз табиғат меңіреу, үрейлі жаназа түрінде көрiнеді. Сөйтіп әлгі бейбақтың зәресі ұшып, бойын үрей билеп, күпiрлiк пен азғындықтың кесiрiнен рухани азап шегеді.Ал, екiншi адам болса мүмин. Ол, Хақ Тағаланы танып, мойындайды. Ол мына дүниенi Рахманды зiкiр ететін жер, адамзат пен жан-жануардың тәлiм-тәрбие алатын орны, адам мен жындардың сынақ алаңы деп түсiнеді. Сондай-ақ, өлімді адам мен хайуандардың бостандыққа шығуы, дүниедегі мiндетiн атқарғандар дүрбелең әлемнен қош айтысып қуанышты әлдеқайда бақытты, анағұрлым тыныш о дүниеге аттанады. Сөйтіп өздерiнен кейiнгiлердiң тiршілiк етiп, қызмет етуіне орын бередi деп түсінеді. Бүкiл адамзат пен хайуандардың дүниеге келуі – отандық борышын өтеу үшiн әскер

12қатарына алынып, қару асынған жауынгер секілді жауапкершілігі мол мiндет атқару боп табылады. Тiршiлiк иелерi – тапсырма алған әскер, белгiлi міндет жүктелген қызметкерлер. Дүниедегі барлық дыбыстар мiндеттi орындар алдындағы зiкiр мен тәсбих, демалыс кезiндегi шүкiр мен рахаттану немесе еңбекке құлшыныстан туындаған дыбыстар. Жаратылыс атаулының барлығы Сәйид-і Кәримнiң және Мәлик-i Рахим Аллаһтың адал қызметшiлерi. Жаратылыс оқылатын сүйікті де қызықты кiтаптар тәрізді. Осылай қараған кезде иманның саясында дүния тамаша мекен-жай болып, ләззаты мол рухани тәттi ақиқаттар ашылып көңiлді жадыратады.Демек, Иманның ішінде Жәннаттық рухани ағаш – Тубаның дә негi бар. Ал, күпiрлiкте болса, Жәhаннамдағы жемісі улы ағаш – Заққумның кесiрлi рухани дәнегi жатады. Демек, есендік пен саламат тек Ислам дiнi мен Иманда. Олай болса, бiз әрдайым деуге мiндеттiмiз.

13Үшінші сөзҚұлшылықтың мол бақыт, орасан зор пайда екенін, ал пасықтық пен нәпсі құмарлық күллі зиян, қайғы-қасiрет екенін бiлгiң келсе, мысал ретінде мына хикаяны зейiн қойып тыңда!Бiрде әскери мiндетiн өтеп жүрген екi адам шалғайда орналасқан бiр қалаға баруға бұйрық алып, жолға шығады. Олар едәуiр жүргеннен кейiн, жол екiге айрылады. Жол айрығында бiр адам кез болып, екеуiне былай дейдi: \"Бұл жолдардың тағдыры екi басқа. Оң жақтағысымен жүргендердiң ұдайы жолы болып, ойлаған мақсатына жетедi. Бұл жолды қалаған он адамның тоғызы пайдаға кенелiп, рахатқа бөленедi. ал мына солға кеткен жол, ешкiмге пайда бермеген. Бұған түскен он адамның тоғызы зиян шеккен. дегенмен екi жолдың қашықтығы бiрдей. Бiрақ, мынадай бiр айырмашылығы бар. сол жақты қалаған адам қоржын арқалап, қару асынбайды. Басқарушыға да, тәртіпке де бағынбайды. өткiншi де алдамшы рахатқа батады. ал, оң жақты қалаған адам әскери заңға бағынуға

14міндетті әрі жол азығы салынған қоржын мен кез-келген дұшпанды жайратып салатын қару тасуы шарт\".Мұны естіген соң біреуі оң жақ жолды қалайды. Арқасына қор жынын арқалап, белiн бекем буады. Сөйтiп, үрей мен қорқыныштан, кiрiптарлықтан аман болып, көңiлі жәй, сапары сәтті болады. Ал, өзіне қажетті жүкті арқаламай, заңға бағынғысы келмей сол жақты таңдаған екінші жолаушы болса, жүк арқалаудан құтылғанымен, жүрегi зiл батпан кiрiптарлықтың астында қалып, нағыз ауыр жүкті сол көтерді. Анталаған дұшпаннан зәресі ұшып, рухани күй зеліске түстi. Жол бойы жұрттың бәрiне қайыршы атанып, уайымнан бір құтыла алмайды. Баратын жерiне өлiмшi болып, зорға жеттi. Онда да сатқындығы мен заңға бағынбағаны үшiн қашқын ретінде жазасын тартты.Ал, әскери заңға бағынып, қоржыны мен қаруын тастамай оң жақ жолға түскен жауынгер ешкiмге кiрiптар болмай, ешқандай қауiп-қатерге ұрынбай, абыройлы түрде көңілі шат болып барар жерiне жетті. Ол жерде мiндетiн адал атқарған қаhарман жауынгерге лайық сый-сыяпат көрді.Ей, тентек нәпсiм! Бiлiп қой, әлгі екi жолаушының бiрi, Аллаhтың заң дарына бағына-тындар, ал екiншiсi болса, Иләhи тәртіпке көнбей, нәпсiнiң дегенiнен шыға алмайтындар. Жол деп отырғанымыз – рухтар әлемiнен келiп, қабiрден

15өтiп, ақыретке бастар өмір жолы. Қоржын мен қару-жарақ – ғибадат пен шынайы тақуалық. Сырт көзге құлшылық ауыр болып көрiнгенiмен, шын мәнiнде рахат әрі жеңіл екенін сөзбен айтып жеткiзу мүмкін емес. Себебi, ғабит, яғни, құлшылық ететін адам, намаздадейдi. Яғни, \"Жаратушы да, рызық берушi де – Ол. зиян да, пайда да соның қолында. Ол – Хакiм, яғни, әрбір ісі хикметке толы, мақсат пен пайда бар. Ол – әсте бос, мағынасыз іс жасамайды. Ол – рахим, сыйы мен мейiрiмi мол, шексіз\" деп сенгендiктен барлық нәрседен мейiрiмдiлiктiң нышанын көріп, дұға-тiлек арқылы жақсылық күтеді. Сондай-ақ барлық нәрсе Раббысының қолында екеніне кәміл сеніп, рахымына сыйынады. Тәуекел етіп, Оған үміт артады. Түрлi жаманшылықтардан Оған сыйынып, Оны пана тұтады. Ең сенімді қорғаны өз иманы болмақ.Иә, барша жақсылық та, тіпті, шынайы батырлық та Иман мен ғибадаттан бастау алады. Ал, бүкiл жаманшылық, тіпті, қорқақтық пен азғындық та имансыздықтан туады. Иә, жүрегі нұрға бөленіп, иманға толы болған құлды Жер шары бомба болып жарылса да қорқытпауы мүмкін. Бәлкiм, ондай Самәдани құдiреттiң жойқын құбылысын тамсана тамашалайтын шығар. Ал, оның орнында имансыз, пасық философ болса, ондай жарылыс түгiлi көктегi

16құйрықты жұлдызды көрiп, қорқып: \"апырым-ай, мына сандалған жұлдыз Жер шарымен соғып кетпей ме екен?\" – деп, сары уайымға салынады. (Осындай аспан құбылысынан бір кездері Америка жұрты қорқып, үйлерiнен безіп, далаға түнегенi бар).Адам баласы көп нәрсеге мұқтаж, бірақ қолы қысқа, күші жоқтың қасы. Өмірде кезiгетін пәлелерден құтылу мүмкін емес. Оның ерік-шамасы қолының жеткен жерiне дейiн десек, мұң-мұқтаждығы көзi мен қиялы жеткен жерге дейiн шексіз. Олай болса тым әлсiз, шарасыз әрi пақыр, мұң-мұқтажы мол адамға Жаратқан Иесіне құлшылық қылу, тәуекел ету, иман келтіру тәухид, Иләһи үкімдерге мойынсұну қаншалықты тиімді де пайдалы, мол ба қыт, зор нығмет екендiгiн соқыр емес жандар түсiнер, бәлкім көрер. Адамдар зиянды жолдың қауіптілігін ойлап тіпті оннан бiр ықтимал болса да зиянсыз жол іздейтіні мәлім. Әңгімеге арқау болып отырған құлшылық, Исламның хақ жолы еш зиянсыз болуымен қатар оннан тоғыз ықтимал мәңгiлiк бақытқа бөлеп, қымбат қазына таптырмақ.Ал, күпiрлiк пен азғындық жолы түк пайдасыз екенін тіпті пасықтар да мойындауда әрі көптеген хабаршылар, «әhл-и кешф уәл қубур» дейтін әулиелер куәлік етуде.

17Олар пасықтық оннан тоғыз ықтимал мәңгi азапқа салатын, құрдымға апаратын кесiрлi жол екені анық дәлелдеген.Қорытынды: Аллаhқа әскер болып мойынсұну және шынайы құлшылық бұл дүниеде де, ақыретте де бақытқа бөлейді. Олай болса, бiз әрдайым:деп мұсылман болғанымызға шүкiршiлiк етуіміз керек.

18ТөрТінші сөзНамаздың мол байлық әрi маңызды шаруа екендiгiн, сон дай-ақ ол арзанға әрі оңай қолға түсетiндiгiн, ал, бейнамаз адам бейбақ, күллі зиян шегетiнiн білгің келсе, мына мысали хикаяға назар аудар:Баяғыда бiр патша, екi қызметкерiнiң әрқайсысына жиырма төрт алтын нан берiп, екi айлық жердегі өзінің жеке, әдемi сая-бағына қоныс-танып, сол жақта өмір сүруін бұйырады. \"Мына қаражатқа өздеріңе керек зат әрі жолға билет алыңдар, сондай-ақ ол жақта қажеттi нәрселер сатып аларсыңдар. Бiр күндiк жерде бекет бар. Бекетте автобус, кеме, поезд, ұшақ секілді жол көліктері бар. Қаражаттарыңа қарай мiнерсiңдер,\" – деді.Екi қызметшi бұйрық алған соң жолға шығады. Олардың бiреуi ақылды едi. Бекетке дейiн аз шығындалып, оның есесiне қожайынының көңiлiнен шығатын сауда жасап, қалтасындағы қаражат мың есе артып кетті. Ал екiншi қызметшi болса, ақымақ едi. Бекетке дейiн жиырма үш

19алтынын құмар ойындарына жұмсап ысырап қылады. Бiр ғана алтыны қалғанда жолдасының жаны ашып: \"достым, қалған бiр алтыныңды билетке айыр! Жол ұзақ аш-жалаңаш қалу қаупi бар. Қожайынымыз мейiрiмдi ғой, мүмкiн қатеңдi кешiрер, тiптi ұшаққа да мiнгiзiп жіберер. сөйтіп барар жерiңе бiр күнде жетiп аларсың. Әйтпесе, екi айлық жолда аш-жалаңаш әрi жаяу жүруiңе тура келедi,\" – дедi.Апырым-ай, анау адам қасарысып қолындағы бiр ділдәсiн қазынаның кiлтiндей қымбат, өзіне аса қажетті билетке бермей, оны да өткiншi ләззат, бол-машы қызық үшiн құмар ойынға жұмсап жіберсе, оның ақымақ екендiгi айтпай-ақ түсiнiктi болар.Мiне, ей бейнамаз адам! Және намазды жақтырмайтын нәпсiм! Бұл мысалдағы патша деп отырғаны – Раббымыз, Халиқымыз – Аллаh. Ал, екi қызметшi, яғни жолаушылар болса, бiреуi – намазын ықыласпен оқитын, екiншiсi – ғапыл, намаз оқымайтын бейқам кiсiлер. Жиырма төрт алтын деп отырғаны, бiр күндегi жиырма төрт сағаттық өмiр. Ал, сая-бақ болса - Жәннат. Бекет дегені қабiр. Сапар болса, қабiрге қарай одан махшарға, одан әрi мәңгiлiк әлемiне жалғасатын адами ғұмыр. Ол жолды әркім тақуалығына қарай әрқилы жүрiп өтеді екен. Кейбiр тақуа кiсiлер мың жылдық жолды бiр күнде қиялдай самғап өтсе, кейбірі елу мың жылдық жолды бір күнде өтіп

20кетеді. Бұған Қасиеттi Құран екi аятымен ишара етедi.Ал, манағы билет болса – намаз. Бес уақыт намаз дәретiмен қоса есептегенде бiр сағат қана уақыт алады. Апырым-ай, жиырма үш сағатын мына жалған дүниеге жұмсап, ал мәңгi бақи о дүниеге бiр сағатын қимаған адамның қаншалықты зиянға ұшырайтынын, өзi-өзіне зұлымдық жасайтынын аңғарған шығарсың. Мың кiсi қатысып, ұту мүмкіндігі мыңнан бір ғана құмар ойынына қолындағы ақшасының жартысын салуды жөн санап, ал ұтары жүзден тоқсан тоғыз ықтимал \"мәңгiлiк қазына\", жәннәт ұтысына қолда барының жиырма төрттен бір бөлігін бермеу ақымақтық екенiн түсiну қиын ба? Әрі оның үстіне, намаз оқығанда рух, жүрек, ақыл-ой сияқты сезiмдер тынығып, рахатқа батады. Шаршататындай ауыр жұмыс та емес және намаз оқыған кiсiнiң бейкүнә iстерi, тұрмыс тіршілігі құлшылық болып есептеледi. Осылайша, бүкiл өмiрiн ақыретке жаратып, фәни өмірін мәңгi-бақи өмiрге айналдырады.

21Бесінші сөзНамаз оқу, ауыр күнәлардан аулақ болу адамның басты мiндетi және жаратылысы соған лайық екенiн бiлгiң келсе, мына шағын мысали хикаяны тыңда:Соғыс кезінде бір әскери бөлiмшеде бiреуi білімді де ұқыпты, екіншісі ұқыпсыз, тамақсау екi жауынгер болыпты. Ұқыпты жауынгер әскери дайын дыққа ынталы болатын, нәпәқасын, ішіп-жемін ойлап басын ауыртпайтын. Өйткенi, толық қамтамасыз ету, қарумен жабдықтау, ауырып қалса емдеу, тiптi керек кезiнде тамақты аузына апарып салу да мемлекеттiң мiндетi екенiн, өзінің мiндетi білім алу және отанды қорғап соғысу екенiн жақсы білетін. Кейде тамақ әзірлеу, қазан қайнату, ыдыс-аяқ жуу, су тасу жұмыстарын да атқаратын. \"не iстеп жүрсiң?\" – десе, ол: \"Отан алдындағы борышымды, әскери міндетімді өтеп жүрмiн,\" – деп жауап беретiн. Ешқашан: \"нәпәқа тауып, күнкөріс үшін,\" – демейтiн.

22Ал, тамақсау, жауапкершілігі төмен жауынгер болса, оқу мен соғыс өнерiне немқұрайлы қарап: \"Ол мемлекеттiң жұмысы, маған керегi не\" – дейтiн. Әрдайым қарнының қамын ойлап, әскери дайындықтан қашып, базар аралап сауда жасайтын. Бiр күнi тәртiптi құрдасы оған былай дедi: \"достым, сенiң мiндетiң білім алу мен соғыс өнерiн жетік меңгеру. сен бұл жерге сол үшiн келдiң. Патшаға сенiм арт. Ол сенi аш қалдырмайды, сенi асырау оның мiндетi. сенің шамаң шектеулі, дәрменсіз әрi пақырсың. өзiмдi өзім қамтамасыз етемiн деп әуре болма әрi қазір соғыс уақыты болғандықтан бұл тәртiпсiздiгiң үшiн жазаға тартыласың.рас, атқарылуы тиiс екi мiндет бар. Бірақ, бiреуi патшаның мiндетi. Ол – бiздi асырау, қамтамасыз ету. Оны кейде өзiмiзге істетеді. екiншiсi бiздiң мiндетiміз. Ол – оқып тәлім алу, соғысу. Патшамыз бiздi қару-жарақпен қамтамасыз етіп, жағдай жасайды.\"Апырым-ай, манағы олақ жауынгер ұқыпты досы ның айтқанына құлақ аспаса, жағдайы қиын болары түсінікті шығар.Ей, жалқау нәпсiм! Әлгi аласапыран соғыс майданы – мына дүбiрге толы дүние. Әскер болса адамзат, ал оның бiр бөлiмшесi – осы ғасырдың Ислам жамағаты, яғни, мұсылмандар. Ондағы екi жауынгердiң бiреуi Аллаhтың әмiрлерiн

23орындап, күнәлардан аулақ болу үшiн шайтанмен айқасып жүр ген тақуа мұсылмандар. Екiншiсi, Құдайға сенбегендей күнкөрістің қамы деп Аллаhтың әмiрлерiн орындамай, адал мен арамды айырмайтын пасық адамдар. Ал, тәлім-тәрбие болса, құлшылық, ең бастысы – намаз. Ал, соғыс болса адамның әуестікке берілмей нәпсiмен күресуі және жын және адам кейпiндегi шайтандармен шайқасуы. Жүрек пен рухты арашалап, мiнез-құлықтың бұзылуынан сақтану.Ал, атқарылуы қажет екi мiндеттiң біріншісі – жан беріп, өмір сыйлап әрі оны қам тамасыз ету. Екiншiсi болса, өмiр сыйлап, оны жан-жақты қамтамасыз еткенге шынайы түрде берiлiп, жалбарыну, Оған тәуекел етiп, шүкір ету.Иә, әсем де ғажайып Иләһи өнер болып табылатын әрі хикметке толы мына өмірді кiм сыйлаған болса, оны жалғас тырып, қамтамасыз ететін де сол ғана. Басқа ешкiмнің қолынан келер емес. Дәлел керек болса, өте әлсiз әрi түйсігі жоқ хайуандарға қара! Олар өте керемет қоректенедi. Мысалы, нәзік құрттар мен балықтар. Жаратылысы нәзік, бейшара болғандықтан өте керемет азықтанады. Бүкіл нәрестелер мен жан-жануарлардың төлдерi де солай. Демек, адал ризық табу күш пен ептілікке байланысты емес, керісінше әлсiз дiк пен шарасыздыққа байланысты.

24Дәлел ретінде балықтарды түлкiлермен, кiшкене төлдердi үлкен жануарлармен, ағаштарды хайуандармен салыстыру жетіп жатыр. Демек, намаз оқымай тек күн көрістің қамын ойлайтын адам әлгi жауапкершілікті сезінбейтін жауынгерге ұқсайды. Ал, намазын оқып, Рәззақ-ы Кәрим, Жомарт Аллаһ жаратқан дәмханадан несібесін іздеу, бiреуге масыл, жүк болмау үшiн өзi барып алуы мәрттiк әрi құлшылық болып есептеледi.Иә, адамның жаратылысы, оның бойындағы қасиеттер құлшылық үшiн жаратылғанын көрсетеді. Өйткенi, адам тек бұл дүниелiк өмірді ойлап бар күшін соған жұмсаса тұрмыс жағдайы құс екеш торғайға да жете алмайды. Алайда, рухани өмір сүріп, ақы реттiң қамын ойлап өзінің пақыр екенін мойындап Жаратқан Раббысына жал барынса бүкiл тiршiлiк иесiнiң сұлтаны, әміршісі деген жоғары мәртебеге ие болады.Демек, ей, нәпсiм! Егер басты мақсатың дүниелiк өмiр болып, тек соның қамын ойласаң, торғайдан да тұрмысың нашар болады. Егер ақы реттік, рухани өмiрдi ойлап, сол жақта бақытты болуды мақсат қылсаң және мына фәни өмiрдi соған ұйытқы, оның егiн алқабы деп қабылдап о дүниеге қам жасасаң, барлық тiршiлiк иелерiнiң басшысы әрi Хақ Тағаланың бұл дүниедегi ерке құлы, қымбатты да қадiрлi қонағы боласың.

25Мiне, саған екi жол. Қалағаныңды таңда. Тура жол мен таупықты Әрхам-ур Рахимин, Мейрімділерден де мейірімді Аллаһтан сұра!

26алТыншы сөзЖанын және дүниесін жаратқан Аллаhқа сату және Оған құл, әскер болудың тиімді сауда, үлкен абырой, биік лауазым екенiн бiлгiң келсе, мына мысал ретiндегi қысқаша хикаяны тыңда!Баяғыда бiр патша қарамағындағы екi адамға аманат ретiнде әрқай сысына бiр-бiр қожалық бередi. Ол қожалықта фабрика, өндiрiстiк мәшине, ат-көлiк, құрал-сайман секілді тұрмысқа қажеттi барлық жабдықтары сайма-сай екен. Бiрақ, сұрапыл соғыс кезi болғандықтан бәрі баянсыз, бар нәрсе жоғалып немесе өзгерiске ұшырап жатқан заман екен. Мейірімді Патша әлгi екi адамға ілтипат жасап бiр елшісін жiбередi. Елші арқылы мейiрiмдi жарлығымен былай дейдi: «Сендерге берген аманатымды маған қайта сатыңдар. Оны өзім сақтаймын. Босқа зая болмасын. Соғыс бiткен соң берекелі түрде өздерiңе қайтарып беремiн. Аманатымды сендердің мүліктерің секілді қымбатқа, сатып аламын да байлыққа кенелтемін.

27Өндiрiс мәшинелері мен фабрикадағы өзге де құрал-жабдықтар менiң атымнан, менiң жерімде жұмыс iстейтiн болады әрі табысы мың есеге артады. Ол пайданы да түгелдей сендерге беремiн. Сендер әлсiз, әрi пақырсыңдар, ондай ауқымды ауыр жұмыстарды атқаруға, қажеттi нәрселермен қамтамасыз етуге шамаларың жетпесі анық. Барлық шығынды өзім көтеремін. Түскен пайда мен байлықты сендерге бөліп беремiн. Әрi әскер мiндетiнен босағанға дейiн оларды сендердiң қолдарыңда қалдырамын. Мiне, бес есе пайда!Егер маған сатпасаңдар, көрiп отырсыңдар ешкiм қолындағысына ие бола алмай, айрылып қалуда. Сендер де солардың кейпін киесіңдер. Зор шығынға ұшырап, берілгелі тұрған мол байлықтан құр қаласыңдар. Қымбат құрал-жабдықтар мен нәзiк аспаптар қолданысына сай жұмыс iстемегендіктен құнын жояды. Оларды сақтау мен басқару жауапкершілігі және өзге де машақаты мойындарыңа мінеді. Аманатқа қиянат жасап жазасын тартатын боласыңдар. Пайда көрудiң орнына бес есе зиян шегесiңдер!Ал, маған сату деген сөз, маған әскер болып менің атыммен әрекет ету. Құны жоқ тұтқын немесе бұзақы атанудың орнына Ұлы пат шаның нағыз ерiктi жауынгері, адал сарбазы атанасыңдар».Осы iлтипат толы жарлықпен танысқаннан кейiн әлгі екі адамның бiрі: «Әлбетте, мен сатуға

28дайынмын. Әрі қуана-қуана келісемін. Мың да бiр шүкiршiлiк етемiн» – дедi. Бұл ақылды әрі тәрбиелісі болатын. Екiншiсі тәкаппар, нәпсiсi перғауынға айналған, өзiмшiл, маскүнем болатын. Ол өзiн әлгі қожалықта мәңгi қалатындай сезiнетiн. Сырттағы зiлзәла мен апаттан бейхабар ол: «Жоқ! Патша кім, танымаймын. Мен мүлкiмдi сатпаймын, рахатымды бұзғым келмейді» – деп қарсылық білдірді.Арада бiраз уақыт өткен соң бiрiншi адамның мерейі өсіп жоғары мәртебеге ие болды. Оны көргендердiң барлығы қызыға қарайтын. Себебі, патшаның мейiріміне бөленіп, оның хан сарайында бақытты ғұмыр кешіп жатты. Анау бейбақ болса, өте ауыр жағдайға душар болды. Көргендердiң барлығы оған жаны ашып, бiр жағынан «өзiңе де сол керек» дейтiн. Өйткенi, жіберген қателiгiнiң жазасы ретінде бақытынан да, мал-мүлкiнен де айрылып, азабын тартуда.Ей, дүниеқұмар нәпсiм! Осы мысалды дүрбi етіп ақиқатқа қара! Мысалда келтiрiлген Патша – Әзел, Әбәд Сұлтаны – раббың, Халиқың – Аллаh. Қожалық, құрал-жабдықтар мен таразылар – сенiң өмiрде иелігіңе берілген нәрселер. Соның iшiнде дене, рух, жүрек, көз, құлақ, тiл, ақыл, қиял сынды сыртқы және iшкi сезiмдерiң. Ал, елші деп отырғаны – расул-ы Кәрим, яғни Ардақты Пайғамбарымыз. Ілтипатқа толы жарлық дегенi – Құран Хаким. Бiз

29сөз еткен үлкен сауда туралы Құран Кәрімніңаяты баяндайды.Ал, әлгі аласапыран соғыс майданы болса, бір орнында тұр майтын, сан-құбылып өзгеретiн, қауiп-қатерге толы баянсыз мына дүние. Расында, фәни дүниедегi құбылыстар адам баласының санасына: «Осылайша бар лық нәрсе қолымыздан шығып кете бере ме? Бұларды мәңгiлiкке айнал-дырудың шарасы жоқ па?» – деген ой туғызады. Адам осылай ойланған сәтте Аспани Құранның дауысы естiледi: «Иә, бар. Мұның бес есе пайдалы әрi тамаша, жеңіл шарасы бар,» – дейдi.сауал: Ол қандай шара?Жауап: Аманатты нағыз иесiне сату. Мұндай сауданың еселеп беретiн бес пайдасы бар.Бірінші пайдасы: Фәни байлық мәңгiлiкке айналады. Себебi, Қаюм-ы Бақи, Зат-ы Зүлжәлал Аллаһқа арналған және Оның жолында жұмсалған өткiншi өмiр мәңгiлiкке айналып, бақи жемiс бередi. Сөйтіп өмiр сәттерi сырт көзге шіріп, жоқ болып кеткен тұқым, дәнектер секілді аяқталып, фәни болғанымен бақи әлемде мәңгі бақыт гүлдерiн ашып, өсiп-өнетiн болады. Әрi Берзах әлемiнде әрбiр минөт нұрлы да, жағымды түрде қайта оралатын болады.

30екiншi пайдасы: Жәннат секілді ерекше сый берiледi.Үшiншi пайдасы: Әрбір ағза мен сезім мүшелерінің құндылығы мың есеге артады. Мәселен, ақыл ол бiр құрал. Оны Хақ Тағалаға сатпай, нәпсi жетегiнде жұмсаса, жанды қинап, мазалайтын құралға айналады. Себебі, өткен күндердiң өкініштері мен болашақтың уайымын жегізіп бейшара басты төпелеп, сабалаушы деңгейiне құлдырап кетеді. Сондықтан, пасық адамдар, ақылдың мазалауынан құтылу үшiн маскүнемдiкке салынып, онан қалса бос ойын-күлкіге құмар келеді.Егер ақыл, Мәлик-і Хақиқиге яғни нағыз Иесіне сатылса және Оның атымен қолданып, әміріне сай пайдаланса тамаша тылсым-сырларды ашатын алтын кiлтке айналады да әлемдегi шексiз мол рақым байлықтарын, хикмет қазыналарын ашып, иесiн мәңгi бақытқа жетелеуші Мүршид, ұстаз мәртебесiне көтерiледi.Мысалы, көз. Рух бұл әлемдi сол көз терезесi арқылы көреді. Егер оны Хақ Тағалаға сатпай, нәпсi үшін пайдаланса өтпелi суреттер мен жай көріністердің жалған қызығын тамашалап, нәпсiқұмарлық пен әуестiктiң арсыз қызметшiсiне айналады. Егер көздi өз иесi – Сани-ы Басир, Хақ Тағалаға сатса, Оның атынан және Оның рұқсатымен жұмсаса, мына үлкен әлем кiтабының

31оқырманы және әлемдегi ғажап Раббани өнердi тамашалаушы көрермен, Жер шары бақшасындағы рақым гүлдерiнен бал жинаушы мүбарак ара мәртебесiне көтерiледi.Мысалы, тiлдiң дәм сезу қабілетін Фатыр-ы Хакiм,Аллаһқа сатпай нәпсiге ноқталап тек асқазан үшiн жұмсаса, онда ол қарын фабрикасының есiгiндегі күзетшi деңгейiне құлдырап кетеді. Егер оны Рәззақ-ы Кәрим яғни Аса Жомарт ризық берушіге сатса, онда ол Иләhи рақым қазынасының мұқият бақылаушысы және Са мәдани Құдiрет асханасының шәкiр (шүкір етуші) зерттеушiсi дәрежесiне көтерiледi.Мiне, ей, ақыл! Мұқият бол! Мазаны алушы құрал болу қайда жатыр? Әлемнiң сырларын ашатын кiлт болу қайда жатыр? Осыны ажырата бiл!Ей, көз! Жақсылап қара! Арсыз қызметшi атану қандай, Иләhи кiтап хананың зерделi зерттеушi қандай?!Ей, тiл! Дәмдi айырарда байқа! Фабриканың есiгiн күзету қалай? Аллаh тың рақымына тән қазынаның бақылаушысы болу қалай? Екеуінің ара сы жер мен көктей емес пе?! Осылайша, өзге де құрал-ағзаларды, сезімдердi салыстырсаң шын мәнiнде иманды жандар Жәннатқа, ал кәпiрлер Жәhаннамға лайық екенiн бiлуге болады. Олардың осындай сипаттарға ие болуының басты себебi

32мүминдер иманы арқылы Жаратушысының аманатын Оның атымен, әмірімен, рұқсат берген жер лерге қолданса, ал кәпiрлер берiлген аманатқа қиянат жасап, ысырап қылып тек жаман дыққа, ұрындырушы нәпсi үшiн жұмсауында.Төртiншi пайдасы: Адам баласы өте әлсiз. Мұң-мұқтаждығы сансыз. Пәлелерi өте көп, дәрменсiз, пақыр. Оның үстіне өмiр тауқыметі ауыр. Егер Қадир-ы Зүлжәлалге сүйенiп, тәуекел етпесе, Оған сенiп, шын берiлмесе, ар-ұжданы азап құрсауында қалып нәтижесiз тірілік, машақат пен уайым, өкiнiш пен қайғы еңсесін басып, ақырында не маскүнемге, не жыртқыш хайуанға айналады.Бесiншi пайдасы: Адамның сезім мүшелерiмен жасаған бүкіл ғибадат, құлшылықтары мен зiкiрлерiнiң ақысы тым мұқтаж болған кезінде, яғни қараңғы да тар қабiрге түсіп қиналғанда пайдасы тиіп, Жәннат жемiсi тәрізді алдынан шығатынына әулиелер мен сенiмдi көрегендер бiр ауыздан куәлiк етуде. Егер де осы айтылған бес пайдалы сауданы жасамасаң, онда мұндай табыстың бәрiнен мақұрым қалып қана қоймай, бес бiрдей зиянға ұшырайсың.Бiрiншi зиян: Соншалықты жақсы көретiн мал-мүлiк, байлығыңнан, бала-шағаңнан, жастық шағыңнан, өміріңнен, жақсы көретiн нәпсiңнен тiптi бәрiнен айрылып құр қаласың. Саған бұйыратыны өкiнiш пен қайғы, мойныңа жүктелер ауыр күнәлар

33мен қателіктер болмақ.екiншi зиян: Аманатқа қиянат жасаудың жазасын тартасың. Себебi, өзiңе аманат етiлген қымбат сезім-құралдарды бос әрi құнсыз нәрселерге жұмсап, ысырап қылдың, нәпсiңе, яғни, өзіңе зұлымдық еттің.Үшiншi зиян: Адам баласына ғана берiлген қымбат құндылықтарды хайуаннан бетер төменгi деңгейге түсiргенің үшiн Иләhи хикметке қайшы әрекет қылдың. Онымен қоймай үлкен зұлымдық жасадың.Төртiншi зиян: Әлсiз пақыр бола тұра өмірдің ауыр жүгiн қылдай мойныңа артып, аяқталу мен айрылу қайғысын жұтып, өмір бақи жылаумен өтесiң.Бесiншi зиян: Мәңгiлiк өмiрдiң негiзiн қалайтын және ақырет бақы тына жеткізетін игі амал жасасын деп берілген ақыл, көз, тiл секілді Рахманның құнды құрал-сезімдердің қадірін түсіріп, Жәhаннамға жетелейтін зиянкес, басыңа бәле қылдың.Ендi сату мәселесiне келейік! Бұл, адам қашатындай соншалықты қиын шаруа ма? Жоқ! Еш қиындығы жоқ. Өйткенi, шариғаттың өрісі қашан да кең, халал, яғни, рұқсат етілген нәрселер ләззат алуға толық жеткiлiктi. Харамға, күнәға батудың ешқандай қажетi жоқ. Аллаh бұйырған парыздар да жеңiл, әрi аз.

34аллаһқа құл әрі әскер болу ләззаты мол үлкен абырой. Оны сөзбен айтып жеткізе алмаймыз. Жүктелген міндет: аллаhтың атымен бастау, аллаhтың атымен iстеу, аллаhтың атымен беру, аллаhтың атымен алу... Оның рұқсатымен, оның әміріне сай әрекет ету, жазғанына көну...Жаңылса, тәубесiне түсiп, ғафу өтiнiп: «раббым! Күнәларымызды кеш! Бiздi өзiңе құл ретінде қабыл ал! аманатыңды алатын уақытқа дейiн бiздi аманатқа адал қыла гөр! Әмин!» – деп, жалбарынуы керек.

35ЖеТінші сөзМына тылсымы терең ғаламның сырын ашатын яғни, Аллаhқа және Ақыретке иман екеуі адамды бақытқа жетелейтін қазына, тылсымы терең сырларды ашатын рухани байлық екенiн сондай-ақ, сабыр сақтап тәуекел етiп, Жаратқан Аллаhқа жалбарыну, Құдайға шүкiршілiк етiп, оған дұға етіп тiлену жанға жайлы шипа, дертке дауа екенiне білгің келсе, сондай-ақ, Қасиетті Құранды тыңдау, үкiмдерiне мойынұсыну, намаз оқу, ауыр күнәлардан қашу мәңгілікке сапар шеккенде өте қажетті әрi маңызды, ол аса қажет билет екенін, сондай-ақ, ақыреттiң азығы, қабiрдiң нұры болып табылатынын түсiнгiң келсе, мына мысалға құлақ түр!Бірде соғыс майданында бір жауынгер қиын жағдайға тап болады. Айнала атыс-шабыс, кiм жеңiп, кiмнің жеңiлетiнi белгісіз сұрапыл уақытта жауынгер екi иығынан жараланып, артында бас салуға әзiр азулы арыстан, алдында дар ағашы тұрады. Тума-туыстарын әлгі дарға асып жатыр. Бұған да кезек келері анық. Жауынгер осы күйінде ұзаққа сапар шегеді, қоныс аударылады.

36Сөйтіп бейшара қайғыдан қан жұтып, мұңайып тұрғанда, оң жағынан Хызыр секiлдi нұрлы жүздi бiреу пайда болып, оған былай деп тiл қатады: «Мұңайма! саған екi нәрсе үйретемiн. Оны дұрыс қолдансаң, мына арыстан сенiң бағынышты жүйрiк атыңа, дар ағашы да көңiлдi әткеншегiңе айналады. Және екi түйiр дәрi беремiн, оны iшкенде мына ауыр жараларың «Мұхаммед» (с.а.у) атты хош иiстi әдемi гүлге айналады. Билет те беремiн, ол билетпен әлгі сапардың бiр жылдық жолын бiр күнде жүріп өтесiң. Күмәнiң болса, тәжiрибе жасап көр! айтқаныма өзің де куә боласың!» Жауынгер байқап көріп еді, рас екеніне көзі жеттi. Мен де, яғни, мына бейшара Саид та, мұны қуаттаймын. Өйткенi, тәжiрибем бар, рас екеніне көзiм әбден жеткен. Мұнан соң жауынгердiң сол жағынан албастыдай әзәзіл біреу пайда болды. Өзi өтiрiкшi, әлем-жәлем киiнiп алған, қолында арақ-шарап, көздiң жауын алатын суреттер, қиял-ғажайып бiрдемелер, кесе көлденең тұра қалып, былай деді:— Ау, дос! Кел, отыр. Шараптан ішіп, көңiл көтерейiк. Мына сұлу қыздардың суреттерiн тамашалайық. Нәпсіге хош келетін музыка, әуендер бар. Балдай тәттi мына тағамдардан ал!сұрақ: — Ей, сен ернiң жыбырлап не оқып тұрсың?Жауап: — Тылсым-сыр.

37— Қойшы сол, түсiнiксіз нәрселерді. Қазіргі көңілді күйімізді бұзбайық!сұрақ: – Мына қолыңдағы не?Жауап: – Дәрi.— Таста оларды. Денiң сау. Көңiл көтеретiн кез емес пе?сұрақ: — Ей, мына бес бiрдей мөр басылған қағазың не?Жауап: — Билет.— Жыртып таста! Мына құлпырған көктем кезiнде жолға шығып керегi не? – дедi.Осындай сан-алуан жолдармен азғыруға тырысты. Манағы бейшара сенiңкiреп, ойланып қалды. Иә, пенде болғасын алданады. Кезiнде мен де осындай бiр алаяққа алданған болатынмын. Сол мезетте оң жағынан күркіреген зор дауыс естiлдi:— Байқа! Алданба! Ол алаяққа былай де: «егер артымдағы азулы арыстанды өлтiрiп, алдымдағы дар ағашын жоятын болсаң және екi иығымдағы жараны емдеп, менi айдаудан аман алып қалудың шарасы білсең, қане көрсет! содан кейiн кел, көңiл көтерейiк! егер қолыңнан келмейтiн болса, сөздi қысқарт, есуас неме! Мына Хызыр секілді көктен түскен қайырымды жан айтарын айтсын, соны тыңдайық.»Ей, жастық шақта көп күлiп, ендi сол күлгенiне жылаған нәпсiм! Жаңағы жаралы жауынгер сенсiң, яғни, адам. Ал, арыстан – ажал. Дар ағашы – өлiм.

38Күн өткен сайын жақын достарың қош айтысып, кете бермек. Екi жараның бiрi, адам жаратылысының пақырлығы мен әлсiздiгі. Қоныс аудару, сапар шегу болса, рухтар әлемiнен келiп, ана құрсағына бітіп, одан дүниеге, сәбилiкке, сәбилiктен жастыққа, одан қарттыққа, ол жерде де көп аялдамай қабiрге, берзахқа, махшар алаңына саяхат. Одан әрі Сырат көпiрiнен өтетiн адамзаттың сынақ сапары. Ал құпиялы екi тылсым болса бiреуi – Аллаh Тағалаға Иман, екiншiсi – ақыретке Иман.Иә, қасиеттi тылсым-сыр иманның саясында өлім – адам баласын мына зындан секiлдi тар дүниеден Жәннаттың кең де сұлу бақшасына, Рахманның құзырына апаратын пырақ секілді сенiмдi көлiк. Сондықтан, өлімнің мәнісін түсінген жандар өлімнен қорықпай, ажалы келмей тұрып өлiмдi қалаған. Сондай-ақ, қоштасу, аяқталу және дар ағашы секілді бәрін жоқ қылатын уақыттың өзі иманның саясында Сани-ы Зүлжәлал, Аллаһтың таңғажайып өнерін, мейірімге толы құбылыстарды рахаттана тамашалауға мүмкіндік боп табылады. Мәселен, Күннің нұрын жалт-жұлт етіп шағылыстарын айналардың ауыстырылып, жаңаруы әдеттегiсiнен әлдеқайда әдемi, әсем көрiнiстерге себеп болады емес пе?Ал, әлгі екi дәрiнiң бiреуi – сабыр мен тәуекел ету, Жаратқанның құдi ретiне арқа сүйеп, хикметiне

39сену. Иә, әмірі бар яғни не десе сол бола қоятын бүкiл әлемнiң Сұлтанының алдында өзінің әлсiз екенін мойындап, оған сенген адам неден қорықсын? Өйткенi, ең қиын жағдайда: -деп, шын жүректен Рабб-ы Рахимына сиынады. Аллаhты таныған жандар әлсiздiктен, Одан қорқудан ләззат алады. Иә, Аллаһтан қорқу адамға ләззат береді. Егер бiр жасар сәбиді ақылы толық, тілі де шыққан деп санап одан: «өзімнің ең қызық әрі тәттi күйің қашан?» – деп сұраса, ол: «өзімнің әлсiз, дәрменсiз екенiмдi сезініп, анамның шипалы шапалағынан қорқып, оның мейiрiмдi құшағына тығылған кезiм» – деп жауап берер едi. ал, енді барлық ана біткеннің жүректеріндегі мейiрбандық – Аллаhтың рақымының бiр ғана сәулесiнiң көмескі шуағы. Сондықтан болар иманы кәміл, дана абыздар Аллаhтан қорқудан, өзінің әлсiз екенін сезінуден ғажайып рахат күйкешкен. Олар бойындағы күш-қуатынан бас тартып, Жаратқан Иесіне әлсiздiгiн алға тартып жалбарына сиынған. Әлсiздiк пен қорқу сезімін өздерiне шапағатшы деп білген. Екiншi дәрi болса, шүкiршiлiк және қанағат етіп, дұға арқылы талап-тілектерін сұрау, Рәззақ-ы Рақымның мейiрiмiне сену.

40Иә, жер жүзiн ырысты дастархан тәрізді әрдайым құлпыртқан, көктемдi гүл шоғы секiлдендiрiп әлгі дастарханның жанына қойған Жәууәд-i Кәрим, Аса Жомарт шексіз бай Аллаhтың қонағымын деген пенде пақырлыққа, мұқтаждыққа мұңаюшы ма еді..? Қайта пақырлық пен мұқтаждық оны Раббысына сыйынуға себеп болады. Аштық адамның тәбетiн ашатыны секілді пақырлық та пендені Раббысына одан сайын жақындатып, құзыр беретіндіктен ынталана түседі. Сол үшiн де иманы кәмiл жандар пақырлығын мақтан тұтқан. Дұрыс түсін, бұл Жаратқанның алдында пақыр екенін сезініп жал барыну деген сөз. Әйтпесе, пақыр, бейшара екенін халыққа айтып, тіленші бол деген емес. Мысалдағы билет болса, бiрiншiден намаз, парыздарды өтеу, ауыр күнәлардан қашу. Иә, Құранды зерттеушi ғұламалар, көреген әулиелер сонау ұзақ әрi қорқынышты бақилық сапарда, керек-жарақ, азық-түлiк, киiм-кешек, жарық нұр тек Құранның әмiрлерiне мойынұсыну әрi тыйым салғандарынан аулақ болу секілді игі амалдар екенін бір ауыздан хабар беруде. Әйтпесе, пән мен пәлсәпәнің, өнер мен атақ-данқтың ол жақта бес тиын пайдасы жоқ. Олардың жарығы қабiр басына дейiн ғана.Мiнеки, ей, жалқау нәпсiм! Бес уақыт намаз оқу, жетi ауыр күнәдан аулақ болу оңай әрi рахат.

41Нәтижесi мен пайдасы болса шаш етектен мол, әрі маңызды екенiн ақылың болса түсiнген боларсың. Сенi пасықтық пен азғындыққа шақыратын шайтанға және әлгiндей әзәзіл адамдарға былай де: «егер өлімді өлтiрiп, аяқталу дегеннiң көзiн жойып, адамзаттың әлсiздiгі мен пақырлығын жоятын күшiң болса, қабiрдiң аузын тас бекiтудiң амалын тапсаң айт, тыңдайық. Әйтпесе, үнiңдi өшiр...алып мешiт тәріздес ғаламда Қасиетті Құран әлемдi оқып, түсіндіруде. Құранды тыңдайық. Оның нұрымен нұрланып, Хақ жолы – Ислам жо лымен жүрейiк. Құранымыз – ұранымыз болсын. Иә, сөз деп соны айтады. Хақ болып, Хақтан келiп, хақ деген және ақиқатты көрсеткен, айналаға нұрлы хикмет шашқан кітап - Құран кәрім!»

42

43сегізінші сөзДүние дегеніміз не және дүниедегі адамның рухы туралы, сондай-ақ адам өмiрiндегi дiннiң маңыздылығын және егер хақ дiн болмаса дүние – зындан, дiнсiз адам – бақытсыз, сорлы екенiн және ғаламның тылсымын ашатын әрi адамзат рухын қараңғылықтан құтқаратын және яғни \"аллаhтан басқа тәңір жоқ \" және \"Уа, аллаh! \" деген қасиетті сөздер екенiн түсiнгiң келсе, мына мысал ретiндегi шағын хикаяға назар сал, тыңда!Баяғыда екi жiгiт ұзақ сапарға шығады. Әлдебір жерге келгенде жол екiге айырылады. Жол айырығында тұрған шынайы, адал бiреудi көредi. Екеуi одан: «Қай жол тиімді?» – деп сұрайды. Ол адам: «Оң жақтағы жолға түссеңдер тәртiп пен заңға бағынуға мәжбүр боласыңдар. Бiрақ, ол қиыншылық есендікке қауыштырып, бақытқа бөлейді. ал, сол жақтағы жолда ешкімге бағынбай тәуелсіз, емін-еркiн жүресіңдер. Бiрақ

44ол еркiндiк қауiп-қатерге ұшыратып, түбінде азапқа салады. Таңдау еркі өздерiңде,» – дейдi. Бұны естіген соң жайсаң мінездісі тәуекелге бел буып, заң мен тәртiпке көнуді жөн санап оң жолды қалайды. Ал, жанындағысы қыңыр мiнездi, өз дегенiмен ғана жүретiн жан едi. Еркiндiкке бола сол жақты таңдады. Сырт көзге жеңiл сияқтанғанымен рухани ауыр жолға түскен осы жолаушының ізінен қиялымызбен еріп көрелік.Ол жүре-жүре бiр шөл далаға тап болады. Кенет, үрейлi дауыс естіледi. Жалт қараса, ағаш арасынан айбарлы арыстан өзiне қарай тура ұмтылып келедi. Ол тұра қашады. Қашып келе жатып, тереңдігі алпыс метрге жуық құдыққа тап болады. Қорыққанынан әлгi құдықтың ішіне секiредi. Құлап келе жатып, қолына бiр бұтақ iлiгедi де содан ұстап салбырап қалады. Құдықтың қабырғасына жабыса өскен бұл ағаштың екi тамыры бар екен. Екi тышқан оны кемiрiп жатқанын көредi. Оның бірі ақ, екіншісі қа ра екен. Жоғарыға қараса, әлгi арыстан құдықтың аузын аңдып отыр. Төменге қараса түбiнде алып айдаhар жатыр. Арандай ашылған аузы құдықтың аузымен бірдей екен. Екі орта шамамен отыз метрдей. Құдық тың қабырғасында өте улы жәндiктер өріп жүр екен. Дегенмен, таңға-жайып түрде ерекше құдiрет жаратқан iнжiр ағашының ұштарына қара са, жаңғақтан бастап анарға дейiнгi барлық жемiс атаулының небiр

45түрi самсап тұр. Бiрақ, мұның мән-жайын толық түсiнуге бейшараның ой-өрiсi жетпедi. Бұл бiр жай, әншейiн iс емес, мұнда бір сыр жатқанын, бұлай кездейсоқ, өзінен-өзі болмайтынын, мұның бәрiн реттеп тұрған аса құдi реттi бiреу бар екенін аңғара алмады. Оның санасы мен ары қиналып, жан дауысы шығып рухы азапталып жатса да жүгенсіз нәпсiсi еш нәрсе бол мағандай, өзін-өзі алдады. Жан дауысын естiмеу үшiн құлағын басып, өзін керемет бір бау-бақшада жүргендей қиялға беріліп әлгі жемiстерден жұлып жей бастады. Ал, жемiстердiң бiр бөлiгi улы, зиянды болатын.Пайғамбарымыздың құдси бір хадисінде Хақ Тағала былай бұйырған дейді: Яғни: \"Құлым менi қалай таныса, мен де оған солай көрінемін!\" Мiне, бұл бейбақ ойы жаман әрi ақылы таяз болғандықтан көргенін ақиқат, осылай болуы тиiс деп жаңылды. Сол түсiнiгiне лайық күй кешті, күй кешіп жатыр, кеше де бермек. Не өлiп құтыла алмайды, не тiрi қалып өмiр сүрiп жарытпады. Ауыр азаптың шырмауында қалды.Ал, енді екінші мүбарак, ақылды адам болса, сапарын ары қарай жалғастырды. Бiрақ, бауыры сияқты қиналып, азып тозбады. Өйткенi, мiнезiне сай ойлаған ойы да, iстеген iсi де жақсылыққа толы едi. Өзiн-өзi жұбатып, әр нәрсенiң жақсы жағына қарайтын. Сондықтан, ол манағы бауыры сияқты

46машақат тартып, мехнат көрмеді. Өйткенi, тәртiпке бағынып, заңға көнді және оның жеңілдіктерінен пайдаланды. Көңілі жай тауып, өзін қауiпсiз сезініп есен-аман жүрдi. Жолай түрлі жемістер мен әсем гүлдер қаулап өскен үлкен бақшаға кез болды. Күтiмсіздіктен жемістің лас, шіріктері де кездесетін. Манағы бауыры да осындай бiр бақшаға кез болған едi. Бiрақ, ол бейшара лас, шірік жемістерді жеп, жүрегi айнып, бел жазып, аяқ суытпастан шығып кеткен болатын. Бұл болса «әр нәрсенің жақсы жағына қара!» қағидасын ұстанып жағымсыз, лас нәрселерге көз қырын да салмады. Тазасын жеп, пайдалысын алды. Тамаша дем алып, бақшадан көңiлдi шықты.Біраздан соң сахарада әлгі бауыры сияқты айбарлы арыс танның дауысын естiдi. Бiрақ, бауыры сияқты зәресі ұшып қорықпады. Өйткенi, жақсы ой, ізгі пікірі: «Мына сахараның иесі, өзіндік Патшасы бар. арыстан соның әмiрiмен жүрген қызметкер болуы мүмкін» деп, өзін жұбатты. Дегенмен, айбарлы арыстаннан бұл да қашты. Қашып келе жатып бұл да тереңдігі алпыс метр құдыққа тап болады. Қорыққанынан бұл да құдыққа тығылады. Бауыры сияқты құдықтың түбіне жетпей қолы бiр бұтаққа iлiнедi. Екi аяғы салбырап, бұтаққа жабысып, тұрып қалады. Тамырын кемiрiп жатқан екi тышқанды көреді. Жоғарыға қараса арыстан, төменге қараса айдаhар.

47Бұл да қорықты, бiрақ, бауырының қорқынышынан мың есе жеңiл болатын. Өйткенi, жақсы мiнезi оған жақсы ой, жақсы пiкiр берген-дi. Жақсы пiкiрi барлық нәрсенi тек жақсы жағынан көрсететін. Сондықтан ол: «Бұл ғажайып iстер бiр-бiрiмен байланысты әрi бiр әмiрмен болып жатқанға ұқсайды. демек, мұнда бiр тылсым, сыр жатыр. Иә, бұл жасырын бір Әміршінің әмiрiмен болып жатқанға ұқсайды. Олай болса мен жалғыз емеспiн. Ол менi көрiп, бақылап отыр әрі менi сынап белгілі бiр мақсатпен өзіне шақырып тұр» – деп ойлайды. Осы тәттi қорқыныш пен тамаша пiкiрден мынадай бiр қызығушылық пайда болды:«О, ғажап! Менi сынап әрі өзiн таныстырғысы келетін және ға жайып түрде мені осында әкелген кiм екен?».Мұндай қызығушылықтан оның жүрегiнде тылсым иесiне деген ма хаб бат оянды. Махаббаттан тылсымды ашсам деген тiлек пайда болды. Тiлектен «тылсым сырдың иесiн риза қылсам, оған ұнамды жағдайда болсам» деген пiкiр туды.Енді ол ағаштың басына қарап еді, інжiр ағашы екен. Бірақ, бұтақ тарындағы жайнап тұрған сан-алуан жемiстердi көргенде бойын билеген қорқыныш пен үрей сейіліп қоя берді. Ол енді мәселенің парқына барды. Иә, бұл iнжiр ағашы жеміс-жидектердің тiзiмі, үлгісі, жиынтық-көрмесі

48болса керек. Әлгі жасырын Патша өзінің мәңгі-бақи бау-бақшасындағы жемiстердiң үлгiлерiн тылсым сырмен, ғажайып түрде мына ағашқа іліп қойған болуы керек. Сондай-ақ, мұны өз қонақтарына әзiрлеген тағамдарға ишара ретiнде безендiрген болды ғой. Өйткені, бiр ағаштың сан түрлі жемiс салмайтыны анық. Содан соң, мына тылсым-сырдың ашылып кiлтiнiң табылуын өтiнiп, жалбарына былай дұға етті:«Уа, мына жерлерді билеп басқарушы! Сенің қолыңа түстім, Сені мойындап, Саған құлдық ұрып, қызметшiң болайын. Маған Сен керексiң, Сенiң ризашылығың керек, Сенi iздеп тұрмын!»Осы жалбарынудан кейiн, кенет, құдықтың қабырғасы қақ айрылып, керемет әсем бақшаға жол ашылды. Айдаhардың аузы қақпа болып. Тіпті, арыстан мен айдаhар қызметшi кейпіне еніп, мұны iшке шақырды. Айбарлы арыстан сәйгүлік боп шыға келді.Ей, жалқау нәпсiм мен тыңдарман дос! Мына екi ағайынның бастан кешіргендерiн ақылға салып, таразылайық! Жақсылықтың қалайша жақсылық, жамандықтың қалайша жамандық әкелетiнiне тағы да бір мәрте ой жүгіртейік.Сол жақтағы жолға түскен жолаушы айдаhарға жем болуға әзір тұр, ал оң жақтың ақылды жолаушысы керемет бау-бақшаға шақырулы. Әрі жаман адамның үрейленгені сонша, жүрегi

49жарылғалы тұр. Ал, жақсы адам болса, хикмет толы ғибрат, тәттi де зиянсыз қорқыныш, қызықты iзденiс үстiнде таңғажайып оқиғаларға куә. Жаман адам қорқыныш пен үрейден жалғызсырап, жан азабын тартып еді, ал жақсы адам көңiлi шат, үмiтке толы, қызыға рахатқа батты. Жаман адам жыртқыш хайуандарға жем әрi тұтқын болды, ал ақылды кісі құрметтi қонақ ретiнде сол жердің қожайыны Михмандар-ы Кәримнiң ғажайып қызметшiлерiмен көңiл көтерiп, сұхбат құрды. Әлгі бейбақ сырты әдемi, іші ащы, улы жемiстердi жеп, азапқа түсті. Себебi, әлгi жемiстер үлгi ретінде дәмiн татып, тәбеті ашылып, негiздерiне қол жеткiзу үшiн қойылған-ды. Әйтпесе, хайуан секiлдi тоюға рұқсат жоқ. Бақытты жан мұның мәнісін түсініп әрқайсысының дәмiн татып, сабыр сақтады. Ал, анау бейбақ болса, өз-өзiне қастандық жасады. Ол өзiнiң тоң мо йын дығынан ақиқатты түсінбей, оңтайлы сәттi пайдалана алмай, ұтар жерде ұтылып қалды да тәтті күй ащы күйге айналды. Өзіне де обал жоқ, мейірімге де лайық емес. Әрі ешкiмге шағым айтуға да ақысы жоқ. Неге десең, мәселен, бiреу құлпырған жаймашуақ жаздың күні бау-бақшада ағайын туыстарымен көңiлдi дастарханда отырып, бәріне мұрын шүйiрiп, сол жағдайды менсiнбей, арақ iшiп, мас болып, жазды қыс, ағайынды мал санап, ал өзiн аш, жалаңаш деп ойласа, онымен қоймай ойбайын

50салып бақырса, оған кімнің жаны ашиды? Ондай адамға мейірім жасала ма? Өйткенi, ол өзiне-өзі қастық жасап, жақын туыстарының намысына тиiп, абыройын төгеді. Міне, әлгi сорлының жағдайы да дәл сондай.Ал, бақытты жан болса ақиқатты тапты. Ақиқат деген тамаша ғой! Адам ақиқаттың әсемдiгiн аңғарған кезде ақиқат иесiнiң кемелдiгiне құрмет етедi, оның мейрiмiне бөленедi.Мiне, қасиеттi Құранның «Жамандық – өзiңнен, жақсылық – ал лаhтан» деген сөзі біршама түсiнiктi болды ғой деп ойлаймын. Осыған басқа жақтарын салыстыра отырып, әуелгi адамның нәпсiсi оның рухын тозаққа салғанын, ал екiншi адамның iзгi ниетi мен биязы мiнезi, жақсы ойы мен тамаша пiкiрi рухын көтерiп, бақыт пен береке сыйлағанын ұққан шығарсың.Ей, нәпсiм және нәпсiммен бiрге осы хикаяны тыңдаған жан! Мысал дағы бақытсыз адамдай болғың келмесе, яғни, бақытты болғың келсе,Құранды тыңда, оның үкiмдерiне мойынсұн, одан берiк ұстанып, айт қанымен жүр!Мысалдағы ақиқаттарды түсiнген болсаң, Ислам дiнiнiң, дүниенiң, адамзаттың, Иманның негiздерi мен мән-мағынасын мысалда айтылғандармен салыстыра отырып, ақиқатын аңғар, пайдаңа жарат! Негiзгiлерiн мен айтайын, қалғандарын өзiң тап!Манағы екi адамның бiрi жаны таза мүмин,


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook