Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Баяндамалар

Баяндамалар

Published by risalekz, 2020-05-09 12:53:17

Description: Konferanslar

Keywords: Рисалей Н?р,Саид Н?рси

Search

Read the Text Version

101шектірген зияндары түсірген пайдасынан көп болып тұр. Мәдениеттің басты мақсаты халықтың тыныштығы мен дүниелік өмірінің бақыты дейтін болсақ, оның құты қашып, берекесі кетті. Мәдениет орнағалы үнемділік пен қанағаттың орнын ысырап басып, еңбек пен қызметтің ор-нына жалқаулық пен рахатқа бату пейілі артып, бейшара адамзат һәм пақыр, жатып ішер жалқауға айналды. Ал, Құранның негізгі заңы:Рисалей-Нұр əміріне сүйене отырып «өмірдің бақыты, үнемділік пен еңбекке деген құлшыныста. Сонда ғана бұқара халық пен зиялылар бір-бірімен тату-тəтті өмір сүреді» дейді. Бұл жерде бір-екі қысқа тұжырыммен шектелеміз.БІРІНШІСІ: Бәдәуи, «мәдениет» дамымай тұрған кезде адамзат үш-төрт нәрсеге мұқтаж болатын. Және ондай үш-төрт қажеттіліктерін он адамның бір-екеуі ғана қамтамасыз ете алмайтын. Қазіргі батыстың залым мәдениеті болса, бұрыс жолға қолдану, ысырапшылдық, әуестікке жол ашу арқылы зәрулік емес нәрселерді аса қажеттілік қатарына қосып, оны үйреншікті әдетке айнал-дырып, адамды аса қажетті төрт заттың орнына, жиырма нәрсеге мұқтаж қылып қойды. Ондай жиырма қажетті затты адал жолмен табатын кісі, бүгінде жиырма адамның бір-екеуі ғана. Қалған он сегізі мұқтаж болып қала бермек.

102Демек, бұл мәдениет, адамды мүлдем пақырға айнал-дырып жібереді. Ондай зәруліктен тыс қажеттілік қоғамда зұлымдық пен басқа да арам пиғылдарға жол ашады. Бейшара бұқара халық пен ауқатты кісілерді бір-біріне өшіктіріп, араларына от тастап, айдап салды. Құранның не-гізгі заңы болған зекеттің міндетті екендігі, өсімқорлықтың харам яғни тыйым салынғандығының арқасында ғана бұқара халық бай-патшаларға мойынсұнады. Бай, қалталы адамдардың да бұқара халыққа деген мейрімі оянады. Мұндай қасиетті де қатаң заңды аттаған қоғамда ауқаттылар зұлымдық жасап, ал пақырлар бас көтеруге мәжбүр болады. Бұл мәдениет халықтың тыныштығын бұзып, мазасын әбден қашырып болды.ЕкІНШІСІ: Мәдениеттің таңғажайып жетістіктері адамзатқа берілген Раббани сый, нығмет болатын. Оған шынайы шүкір етіп, халықтың игілігіне пайдалану қажет еді. Алайда, өкінішке орай қазіргі мәдениет, қолынан іс келетін адамдарды жалқаулыққа, бойкүйездікке, азғындыққа итермелеп, жұмыс істеп, тірлік қылудың ор-нына рахатқа бату сезімін оятып, еңбекке деген ынтаны төмендетіп жіберді. Қанағатсыздық пен ысырапшылдық етек жайып азғындық, бекерге мал шашпақ, зұлымдық, харам нәрселер көбейіп кетті. Мәселен, Рисалей-Нұрдың «Нұр әлеміне бастау» деген кітапшасында айтылғандай, радио-үлкен нығмет. Оны халықтың игілігіне пайдала-нып мағынауи шүкір ету керек-ті. Бірақ, олай етпей оның бестен төртін әуестік жолына қолданғандықтан адамдар жалқаулық пен әуесқойлыққа бой алдырып, еңбекке де-ген ынтасын жоғалтуда. Ол, адамзаттың негізгі міндетін

103атқаруына кедергі болуда.Тіпті, өте пайдалы кейбір ғажап құралдар, еңбек етуге жеңілдік ретінде және халықтың аса қажеттілігін өтеу жолында қолданылуы тиіс бола тұра, оның оннан бір-екеуі ғана аса қажетті істерге жұмсалып, қалған оннан сегізі көңіл көтеру, ойын-сауық пен әуестікке жұмсалып, жалқаулыққа үйретуде. Оны өз көзіммен көрдім. Осындай көптеген мысалдар келтіруге болады.Сонымен, қазіргі батыстың мәдениеті аспани дін-дерге құлақ аспағандықтан адамзатты пақыр қылып қажеттіліктерінің санын көбейтті. Һәм үнемділік пен қанағаттың қағидаларын бұзып, ысырап пен ашкөздікті, сондай-ақ сараңдықты арттырды. Əрі зұлымдық пен харамға жол ашты. Һәм адамзатты азғындыққа итеріп, бейшара мұқтаж адамзатты селқос, бойкүйез қылды. Та-быс табу мен еңбекке деген ынтаны жойды. Əуестік пен азғындықты жарнамалап өмірді бос, пайдасыз өткізуді әдетке айналдырды.Онымен тұрмай, мұқтаж әрі жалқау адамзатты ауру қылды. Қабілетті бұрыс жерге жұмсау мен ысырапшылдықтың кесірінен жүз түрлі кеселге ұшыратып, олардың асқынып кетуіне жол ашты.Сондай-ақ, аса қажетті үш нәрсе және қызық қууға де-ген құштарлық және әрқашан өлімді еске түсіріп тұратын әртүрі аурулар, көзі ашылып ояна бастаған адамзаттың көзіне өлімді мәңгілікке жойылу етіп көрсетіп, зәресін алуда. Тозақи азапқа салуда десе де болады...Адамзаттың осындай қиын жағдайының екінші жағында Қасиетті Құран өзінің бүгінгі таңдағы төрт жүз миллиондық шәкірттерінің көзін ашып, бір мың үш жүз

104жылдан бері қасиетті заңдарының нұрын шашып келеді. Осы қасиетті заңдарды берік ұстанған төрт жүз милли-он шәкірт, адамзаттың жоғарыда айтылған үш ауыр жа-расын емдеп жазады. Егер жақында қиямет орнап кет-песе адамзаттың екі дүниелік бақытын сақтап қалып, өлімнің мәңгілікке жойылу емес, нұрлы әлемге аттану жолдамасы екенін көрсетіп береді. Мәдениеттің игілік-тері жамандықтарынан басым түседі. Осы уақытқа дейін мәдениетке қол жеткізу үшін, діннің бір бөлігі пида етіліп келді. Енді, мәдениетті діни заңдарға қызмет еткізу кере-ктігі және осының бәрі де орындалатындығы Қасиетті Құранның мұғжизалы баяндауларынан белгілі болып отыр. Көзі ашылған адамзат Мейірімді Аллаһтан осылай болуын тілеп, жалбарынуда.Саид Нұрси

105ПРЕЗИДЕНТ ПЕН ПРЕМьЕР МИНИСТРГЕ!Сексеннен асып, қабір аузына таяған науқас қарт, сіздерге екі ақиқатты жеткізгісі келеді. БІРІНШІДЕН: Сіздердің Пакистанмен, Иракпен та-бысты одақтастық құру әрекеттеріңіз халықтың сіздерге деген сенімін оятқанын шын жүректен құттықтаймын! Мұндай ауызбіршілік иншалллаһ, төрт жүз миллион мұсылманның тыныштығы мен амандығын қамтамасыз етудің бастамасы болар деген сенім ұялатады. Сондай-ақ, намаздан кейінгі тасбихатта рухыма мына бір нәрсе сездіріле береді. Мұны да жазуға мәжбүр қалдым. Отыз-қырық жылдан бері дүниеден де, саясаттан да теріс айна-лып кетсем де көңілімді алаңдатып, қайта-қайта ескер-тіліп жатуының себебі: елу жылдан бері, иманды сақтап қалудың ең қысқа жолы саналар Рисалей-Нұрды Құранның заманауи, рухани мұғжизасы ретінде Арабстан мен Паки-станда халық жақсы қабылдап, жақсы әсерге бөленуде. Ес-туімізше ол жақтағы Рисалей-Нұр шәкірттерінің саны біз-ге белгі саннан әлдеқайда көп екен. Сондықтан, өмірімнің соңында қабір аузында тұрып, осы бір үлкен нәтижелерді көргеннен кейін айтуым да керек екенін сеземін. ЕкІНШІДЕН:Ұлтшылдық идеялар Əмауилер кезеңінде Исламға қатты қауіп төндірді. Демократиялық төңкерістің алғашқы жыларында да «Клубтар» деген ай-дар тағылып, тағы да зиян тигізді. Бірінші дүниежүзлік соғыста да ұлтшылдықтың кесірінен аяулы бауырлары-мыз арабтардың қаһарман түріктерге зияны тиді. Бүгінгі

106таңда да Ислам бауырластығына зияны тиюі мүмкін. Қоғамымыздың тыныштығын бұзғысы келетін дұшпандар мен жасырын дінсіздер, ұлтшылдықты өз мүдделеріне пайдаланып қатты зиян тигізетіндей нышандар байқалуда. Ұлтшылдықтың негізгі қағидасы басқалардың еңбегін қанаушылықпен күнкөру бола тұра, дүниежүзіндегі түрік халықтары түгелге жуық мұсылман болғандықтан олардың ұлтшылдықтары Исламмен біте қайнасып кет-кен. Араб ұлтшылдығы да Исламның ішіне сіңіп кеткен. Солай болуы да керек. Бұлардың ұлты Ислам сол жеткілік-ті. Ұлтшылдық – өте қауіпті нәрсе. Сіздердің Пакистан-мен, Иракпен ауызбіршілік танытуларыңыз иншаллаһ, ұлтшылдықтың зиянын тойтарады. Төрт-бес миллион ұлтшылдың орынына төрт жүз миллион мұсылман ба-уырлары мен бейбіт өмірге мұқтаж сегіз жүз миллиондық христианның және басқа діндегілердің елімізге деген достық көзқарастарына ие болатынын рухым сезеді. Сіздерге осыны да айта кетейін. ҮШІНШІДЕН: Алпыс бес жыл бұрын бір уәли (әкім) газеттен маған мынандай бір хабар оқып берген еді. Бір елдің отарланған елдерге жауапты министрі, қолындағы Құранды нұсқап тұрып, былай депті: «Мына кітап, мұсылмандардың қолында тұрғанда біз оларға толық үкім жүргізе алмаймыз. Не Құранның қадірін түсіруіміз керек, немесе мұсылмандарды бұл кітаптан сырт айналдыруы-мыз керек».Жасырын, бұзғыншы ұйымдар осы екі сұмдық пікір-ді ұстаным етіп, еңбекқор, отансүйгіш халқымызға зиян тигізуге тырысып келеді. Алпыс бес жыл бұрын мен де, осы зымиян ағымдарға қарсы Құраннан медет сұрадым. Ақиқатқа жетудің ең қысқа жолын іздедім және терең

107білім беретін «Ислам университетін» құруды ойладым. Алпыс бес жыл бойы осыларды іске асыруға тырысып келемін. Ақыреттік өмірімді құтқаруға және соның бір пайдасы ретінде дүниелік өмірде де диктатурадан және адасудың құрдымынан құтқарар және мұсылман халықтар арасындағы бауырластық сезіміне жан бітірер екі жол тап-тым.Біріншісі: Рисалей-Нұр. Рисалей-Нұр, иманды артты-ру арқылы Имани бауырластыққа күш беретініне нақты дәлел: Рисалей-Нұрдың аса ауыр шарттар ішінде дәрменсіз жағдайда жазылуы. Əрі, бүгінгі таңда Ислам әлемінің көптеген елдеріне және Еуропа мен Америкаға да игі әсерін тигізуі. Төңкерісшілер мен дінсіз философияның бетін қайтарып, отыз бес жылдан бері де материалистік, табиғатшылдық, дінсіздік ұғымдарды жеңіп шығуы. Ешқандай соттың да, сарапшылардың да бұл ақиқатарды жоққа шығара алмауы. Иншаллаһ, бір күні сіз секілді Ислам бауырластығының кілтін тапқан жандар, осы бір Құрани мұғжизаның нышандарын Ислам әлеміне таны-стыратын болады. Екіншісі: Алпыс бес жыл бұрын Əл-Азһар универ-сиетіне барғым келіп жүрді. Ислам әлемінің ғылым ор-дасы ғой, мен де сол берекелі жерден сабақ алсам деген ниетім болды. Алайда, нәсіп болмады. Мейірімді Аллаһ, жүрегіме мынандай бір ой салды. Əл-Азһар Африкадағы көпшілікке ортақ оқу орны. Азия, Африкадан қаншалықты үлкен болса, Азияда да соншалықты үлкен университет болуы керек. Өйткені, мұсылман елдері яғни Арабстан, Үндістан, Иран, Кавказ, Түркістан, Күрдстан қатарлы өлкелерді ұлтшылдық ұғымы жайлап, алауыздық тумауы керек.

108Нағыз Ислами қасиеттерге ие шынайы ұлтымыз – Ис-лам арқылы Құранның басты қағидаларының бірі болған сырының нұрына бөленуі керек. Сондай-ақ, философиялық пәндер мен діни ілімдер бір-бірімен тіл табысуы керек. Еуропалық мәдениет пен Ис-лам ақиқаттары келісімге келуі керек. Сонымен қатар, Анатолиядағы мектеп, медреседегілер бір-біріне жәрдем етіп, ауызбіршілікті сақтау үшін шығыс аймақтардың бірінде яғни Үндістаның да, Арабстанның да, Иран мен Кавказдың да, Түркстанның да дәл ортасында «Медресе-ту зеһра» деп аталатын Əл-Азһар университетінің ме-тодологиясы бойынша, ғылым мен дін қоса оқытылатын университеттің ашылуы үшін Рисалей-Нұрдағы ақиқаттардың халыққа жетуі жолында қалай еңбек еткен болсам, бұл жолда да елу бес жыл солай тер төктім. Мұның қадірін алғаш түсінген (Аллаһ алынан жарылқасын) Сұлтан Решад еді. Тек қана ғимараттың са-лынуы үшін жиырма мың алтын бөлгізді. Кейінрек мен тұтқыннан келген соң, Анкарадағы екі жүз депутаттың бір жүз алпыс үші қол қойып, ақшаның құны бар кезде, жүз елу мың лира бөлгізіп сол университеттің қайта қолға алынуына келісім берді. Олардың арасында Мұстафа Ке-мал да бар еді. Қазіргі ақшамен бес миллиондық қаражат бөлгізіп, сол кездің өзінде осындай университеттің салы-нуына аса мән берді. Тіпті, дінге немқұрайлы қарайтын, батысқа еліктегіш, әдет-ғұрыптан жұрдай бірнеше депу-тат та қол қойды. Солардың бірі былай деді: «Біз қазір ондай ескіліктің қалдығы бар оқулар мен діни білімдерден бұрын, батыстық

109стильге, мәдениетке мұқтажбыз». Мен оған былай жау-ап бердім: Пайғамбарлардың басым көпшілігі Азиядан, Шығыстан шығуы мен Хәкім, философтардың көпшілігі батыстан шығуы, Азияны алға сүйреп дамытатын пән мен философия емес, діни сезімдер екеніне мән бермей, батыстық үлгі деген атпен әдет-ғұрыптан бас тартып, дін-сіздік негіздерге арқа сүйесеңіз де, төрт-бес халықтың орта-сы саналар Шығыс аймақтарда елдің, отанның, халықтың бақыты үшін дінге, Ислам ақиқатарына қолдау көрсетуіңіз шарт. Сөзімді растайтын мыңдаған мысалдардың біреуін ғана айтайын.Ванда жүрген кезімде, бір күрт шәкіртіме: «Түріктер Ислам жолында көп қызмет еткен. Сен соларға қалай қарайсың?» дедім. «Мен мұсылман бір Түрікті пасық бауырымнан да артық көремін. Тіпті, əкеме қарағанда соларды көп уайымдаймын. өйткені, олар Иман жо-лында тер төгуде» деді. Арада біраз уақыт өтті. (Аллаһ алдынан жарылқасын!) Сол шәкіртім, мен тұтқында жүргенде Станбулдағы жаңа мектептерден сабақ алып-ты. Елге оралған соң жолығып қалдық. Кейбір ұлтшыл мұғалімдердің әрекеттері оған кері әсер етіпті. Күрттік сезімі оянып, өзіндік бір ұстаным қалыптасыпты. «Мен қазір пасық, тіпті дінсіз бір Күртті тақуа бір Түріктен артық көремін!» деді. Əлгі шәкіртім, бірнеше реткі әңгіменден кейін барып жөнге келді. Түріктердің Ислам халқының қаһарман әскері екенін түсінді.Ей, сұрақ қоюшы депутаттар! Шығыста бес миллионға жуық күрт бар. Жүз миллионға жуық Ирандықтар, Үнділер бар. Жетпіс миллион Араб, қырық миллион кавказдық бар. Бір-бірімен көршілес жатқан және бір-біріне мұқтаж

110осы бауырлас халықтарға менің сол шәкіртімнің медре-седен алған діни сабағы пайдалы ма, әлде, елді бұзып, өз ұлтынан басқаны ойламайтын, Ислами бауырластықтың не екенін түсінбейтін, марқұм шәкіртімнің екінші жағдайы пайдалы ма? Бұған не дейсіздер?!Осы әңгімеден кейін әдет-ғұрыптарға қарсы, батысшыл пікірдегі депутаттар келісім беріп, қол қойды. Аттарын айтпай-ақ, қояйын. Аллаһ алдынан жарылқасын, қазір олардың бәрі де қайтыс болып кетті.Университеттегі сабақтар діни білімдерге негізделеді. Өйткені, сыртқы күштің шабуылы имансыздықты наси-хаттауда. Ондай руханиятқа қарсы шабуылдарға қарсы атом бомбасының өзі де руханияттан нәр алса ғана қарсы тұра алады.Елу бес жыл бойы осы мәселелерге бүкіл күшін жұмсап, мәселені егжей-тегжейлі зерттеген адамның ойын біліп, пікірін сұраудың орнына, осы мәселе бойынша Америка-мен, Еуропамен ақылдасуға мәжбүр болып отырсыңдар, әрине менің де айтуға хақым бар. Елдің қамын алаңдаушы халқымның атынан сізден жауап күтемін!Саид Нұрси

111Рисалей-Нұр шəкірті бір студенттің Сот-та өзін-өзі қорғау сөзі. Сот отырысы ақтау шешімімен нəтижеленді.Әділ соттың құрметті судиялары! Мен, діни және жекелей бедел жинау, ақша табу мақсатында үгіт жүргізуде деген жаламен алдарыңызға келіп тұрмын. Бірден айтып қояйын, мұндай айыптаулардың маған еш қатысы жоқ. Прокурор мырзаның мені ақтау қарарын талап етуі де бұл мәселенің бетін ашып беріп отыр. Ол кісіге рахметімді айтамын! Онсыз да маған тағылған айыптаулардың ешқайсысы да қандай бір дәлелдерге негізделмеген. Бұл мәселеде маманданбаған, орашолақ сарапшының қаскөйлік ниет-пен, өзімбілемдікке салынып жазған сараптамасы ғана бар. Бұл жағдай әділ Түрік судияларының назарынан тыс қалмайтынына сенемін. Сарапшының барлық айыптаула-рын жоққа шығара отырып, Бәдиүззаман Саид Нұрси де, оның қаламынан туған Рисалей-Нұр да, Рисалей-Нұрды оқып жүрген кәміл Нұр шәкірттері де өздеріне тағылған айыптаулардан пәк екенін ескерте кетейін. Иә, біз Рисалей-Нұрды оқыдық, оқудамыз, өміріміздің соңына дейін де оқи береміз. Рисалей-Нұрдағы ақиқаттардың елге таралу жолында бар күшімізді жұмсаудан тартынбаймыз. Бәдиүззаман бастаған жүздеген, мыңдаған мұсылман Түрік жастары жан аямай тер төгуде. Ұстазымыз Бәдүззаман Саид Нұрси де, соңғы демі бітіп, жан тәсілім еткенше осы жолда еңбек етті.

112Бірақ, бұлардың ешқайсысы да, еш қашан, қандай да бір жағдайда бір рет болса да материялдық пайда табу, бе-дел жинау секілді дүниелік мақсат көздеген жоқ. Мұның куәгері жарты ғасырдан астам уақыттан бері жалғасып келе жатқан Рисалей-Нұрдың өз тарихы. Отыз бірінші Март оқиғасынан кейінгі Əскери Трибуналдан бастап бүгінге дейін Рисалей-Нұрдың авторы мен шәкірттеріне байланы-сты қозғалған жүздеген істердің бәрі де ақтау қарарымен аяқталуда. Рисалей-Нұр жайлы мәлімдеме жасаған сарап-шылар, Рисалей-Нұр отанымыз үшін аса пайдалы ғылыми, моральдық туынды, саяси және материалдық мақсат тұтпайтын, Қасиетті Құранның заманауи тәпсірі екендігін бір ауыздан қабылдап отыр. Маманданбаған, білімсіз, қаскөй бір-екі сарапшының сот отрысы барысында іске алғысыз болып қалған сараптамалары тақырыптан тыс. Əділет орындарының еліміздің көптеген аймақтарында шығарған істі тоқтату, ақтау қарарлары, Нұр шәкірттерінің ешқандай да тариқат құру, ұйым құру, пайда табу, бедел жинау, мемлекеттік заңдарды шариғатқа негіздеу сынды айыптауларның шындыққа жанаспайтынын көпшілікке жар салуда. Мұндай жағдайда, Сот отырысының біреуі аяқталмай жатып, екіншісі басталатындай Рисалей-Нұр шәкірттерінен не сұрайды?..Неше жыл бойы Əділет орындарының уақытын алып, босқа шаршатып, Үкімет орнындары мен мемлекеттік қызметкерлерді босқа алаңдатудағы мақсат не? Неге мыңдаған Түрік жастарының ар-ожданын азапқа салып, тыныш өмірін бұзып, елдің берекесін алғысы келеді?Елге осынша жәбір көрсету механизмінің тетігі кімнің қолында? Міне, осы жерде жүздеген сұрақтар туындайды. Қысқаша айта кетейін:

113Ғасырлар бойы бұл елді күшпен ала алмады. Атты, шапты жеңе алмады. Түріктердің, Исламның қас-дұшпандары айла-тәсілін өзгертті. Дінді жойып, кеуде-дегі иманды суырып алғылары келеді. Ұлтымызды аяққа таптап, жастардың ақыл-есін ақтарып тастап, орнына ақиқаттан аулақ, қыйыс-бұрыс пікірлерді толтырғысы ке-леді. Анасын тыңдамайтын, әкесіне құрмет көрсетпейтін, мұғалімге қарсы шығатын, қоғамға лаң салатын, Иләһи заңдарға бағынбайтын, Аллаһқа да, өз болмысына да қарсы келетін, не істеп не қойғанын білмейтін жастар-ды жетілдіргісі келеді. Ал, қараңыздар, кино театрлардың алдында қаптаған тобыр. Бұрыш-бұрышта сандалған жа-стар. Шәйханаларда құмар ойнаудан қолы босамайтын біреулер. Мектепте үлерімі төмен оқушы! Баспа сөзде жазатындары өлтіріп кетті, ұрлап кетті, зорлап кетті... Ана байғұс зар илеп, әке шарасыз күйде, мұғалімдер мен сақшылар шағым айтуда. Педагоктар солар үшін күнде жиналыс ашуда. Оқу-ағарату саласының бірінші мәселесі осы. Оқымыстылар солар үшін бас қатырып, сия тауысып, қағаз шимайлауда. Бірақ, қоғамға түскен құрт, тоқтамай жеп жатыр. Анархияның иіріміне тартып бара жатқан дерт, барған сайын күшейіп, екінші, үшінші сатыға көтеріліп келеді. Біз мұның себеп-салдарын ойлап, дәрісін табамыз деп жүргенде, Ағылшынның Отарланған елдерге жауапты ми-нистрі, қолындағы Құранды нұсқап тұрып, «Мына кітап, мұсылмандардың қолында тұрғанда, біз оларға толық билік жүргізе алмаймыз. Не Құранның қадірін түсіруіміз керек немесе мұсылмандарды бұл кітаптан сырт айнал-дыруымыз керек». деген сөздері еске түседі. Осы хабарды

114естіген Бәдиүззаманның «Құрандағы ақиқатарды паш ете-мін. Құранның нұрымен күпірліктің қараңғы перделерін айқара ашып, кәпірлердің шабуылына тосқауыл қоямын!» деп, алға ұмтылған кезінен бастап, бүкіл өмірін көз алдымызға елестетсек, жұмбақтар шешіліп сала береді. Барлық сұрақтардың жауабы табылады.Арамыздағы жала жабу механизмдерін, күйе жағу фа-брикаларын кім жүргізіп тұрғандығы, олардың кімнің пайдасына жұмыс істеп жатқандығы белгілі болады. Бәдиүззаманның ойы не? Рисале-Нұр қандай мақсатта жа-зылды? Əділет орындарының әрқашан ақтау қарарларын шығаруы қаншалықты дұрыс екендігі көрінеді. Адал ни-етті, адал сарапшылардың, Діни басқарманың әрбір кітап, ірбір хат жайлы болымды, мақтаулы мәліметтерінің сыры түсінікті болады. Құрметті Судиялар!Жоғарыда айтып өткенімдей, Рисалей-Нұр, азғындықтың иіріміне батып бара жатқан қоғамның кемесін бақыт жағалауына шығарып, құтқарып қалу үшін жазылған. Оларды оқып, сол ақиқаттарды көрген жүздеген, мыңдаған, жүз мыңдаған адам өзін сол иірімнен құтқарып қалады. Имансыздықтың және соның нәтижесі болған азғындықтың азабынан құтылып, шынайы иман-нан ләззат алып, көңілі жай табады. Мұндай адам өзіне осындай бақыт сыйлаған адамға да, кітапқа да рахмет айтады. Аллаһ ризалығы үшін оған де-ген құрметі артып, шын жүректен сол үшін алаңдайтын болады. Міне, сізге шәкірттің шынайы бейнесін сызып бердім.

115Мен де, еліктеме-ерме Иманның қарарсыздғынан, бағдарсыздығынан, неше түрлі қиындықтарынан шынайы Иманның бақытты мекеніне Рисалей-Нұрды оқу арқылы жеттім. Сондықтан, оны Аллаһ ризалығы үшін жақсы көремін. Оны басқа да мұқтаж жандарға жеткізуді өмірлік мақсат еткен мұсылман-түрік жастарының бірімін.Рисалей-Нұр имани мәселелерді рухқа да, жүрекке де, ақылға да жиырмасыншы ғасырдың түсінігіне сай түсіндіріп беретіндіктен әсері мол. Сондан да, осы уақытқа дейін ешбір Нұр шәкіттерінің тәртіп бұзып, қоғамның тыныштығына зиян келтіріп, жағмсыз әрекет етіп, заңды бұзған жері жоқ. Рисалей-Нұр қызметінде ешқандай дүниелік мақсат жоқ. Өйткені, ондағы ақиқатарды шіріп, жойылып кететін пәни дүние жолына ғана емес, бүкіл әлем үшін де пай-даланып кетуге болмайды. Дүниемен байланысы – екі дүниеде бақыттқа жетелер шынайы иманға қол жеткізу және сыртқы күштерге тойтарыс беру.Бəдиүззаман былай дейді: Бір ғана мақсатым бар! Ол не мақсат дейсіздер ме? Қартайып, қабірге таянған шағымда Ислам елі болған отанымызға большевизімнің қара бұлты төніп келеді. Бұл пәлекет Ислам әлеміндегі иман негіздерін зақымдауда. Халықты, әсіресе жастар-ды иманнан айырып, өзіне тартуда. Мен бар күшімді салып солармен аянбай айқасып келемін. Жастарды, мұсылмандарды имандылыққа шақырудамын. Əлгі иман-сыздармен күрескен қалпымда Аллаһтың құзырына шыққым келеді. Менің бар арман мақсатым осы. Менің бұл мақсатыма большевикттер кедергі болады ма деп қорқамын. Мұндай иманға жау дұшпанға қарсы күресте

116діндар бауырлармен бірге ынтымақ құрып бірігу мен үшін үлкен ғанибет. Мені еркіме қоя беріңдер! Коммунизммен уланған жастарды тура жолға салуға, елімнің иманды болуы жолында басқалармен иық тіресе қызмет етейін. Аллаһтың бірлігіне шақырайын.Коммунизмнің қызыл жалыны Анадолияның шаты-рына қауіп төндіріп тұрған бүгінгі таңда, бұл сөздердің қаншалықты маңызды екендігі түсінікті болар. Рисалей-Нұрдың қадірін шетелдіктер де түсіне бастады. (Немістер өз тіліне аударып басуда) Қолымызға тиген бір хатта Же-невада он бес отбасының Рисалей-Нұрды оқу арқылы Ис-лам дінін қабылдағандығы айтылған. Басқа да көптеген мысалдар бар...Құрметті Судиялар! Мынаны да айта кетейін: Рисалей-Нұр, жиырмасыншы ғылым ғасырының Құран тәпсірі. Оны зейін қоя оқыған жанның өзі мұсылман болса ерме-еліктеме иманын шы-найы иман дәрежесіне көтереді. Мұсылман емес адам, тура жолға келеді. Рисалей-Нұрда дүниелік мақсат жоқ. Ол тек қана ақыретте Аллаһтың ризашылығына қол жеткізудің бір тетігі. Сондықтан, ол туралы айтылған қаңқу сөздердің бәрі де негізсіз, жала. Рисалей-Нұр зиянды емес, пайда-лы. Қаншама шәйіттердің мекеніне айналған әзиз Ота-ныма Рисалей-Нұр оқу арқылы қызмет етіп, пайда келтір-сем деймін. Басқа ойым жоқ. Олай болса, кітаптарымды қайтарып, ақтау шешімін шығаруларыңызды қалаймын!Құрметпен Нұр шəкірті: Ибраһим

117РИСАЛЕЙ-НҰР ТӘПСІРІНІҢ АВТоРЫ БӘДИҮЗЗАМАН САИД НҰРСИ1877 жылы Түркияның Битлис облысына қарасты Нұрс ауылында дүниеге келген.Ілімге деген құштарлық жасы алтыға енді толған баланы ата-анасынан жыраққа алып кетеді. Терең ақиқаттарды жетік меңгеріп, бір оқыған кітабын тез ұғып қана қоймай оны жаттап алатын зерек ол, көп жыл тәлім алуы тиіс медресе білімін үш айда тәмамдайды. Пікір таласта, іліми сайыста зеректігімен ерекшеленетіндіктен замандас ғалымдар оны “Бəдиүззаман” (Заманның озығы) деп атайды.“Ескі Саид” деп бөліп қаралуы тиіс қырық бес жасқа дейінгі өмірі дүрбелең саясатқа толы. Ол, дін Исламға саясат арқылы қызмет етемін деп ойлайтын. Кейін бұл ойынан бас тартып саясаттан мүлдем қол үзеді. Шығыс халқының ауыр күйі, олардың басына түскен нәубат қиыншылықтар оның жанына қатты бататын. Мұның шарасы ретінде халықтың көзін ашу, ілімді ұрпақ тәрбиелеу екеніне көзі әбден жеткен ол, халыққа діни іліммен қоса заманауи жаңа ғылымды да үйрететін оқу орындарын ашу қажеттігін айтып, соған бар күшін жұмсап бағады. Өкінішке орай бірінші дүниежүзілік соғыс басталып, өзі ерікті әскер жасақтап шәкірттерімен майданға аттанады. Қанды қырғындарға қатысып талай ерлік көрсетеді. Тұтқынға да түседі. Аман-есен Отанына оралған соң

118қайтадан Ислам әлемінің мәселелерін талқылап, оның шешімін іздейтін Ілім академиясына мүше болып қызмет атқарады. Стамбулға жау шауып қоршауда қалған қаралы күндерде қорықпай халықтың рухын асқақтатып, намысын қайрайтын кітапшалар таратып анталаған жауға тегеурінді тосқауыл болып азаттық алуға мол үлесін қосады. Мұндай елеулі еңбегін ескеріп сол кездегі билік, оны ел ордасы Анкараға шақыртады. Мұнда да ол билік басында отырған кісілерді Ислам негіздерін мықтап ұстануға уағыздайды.Бұдан кейін оның “Жаңа Саид” деп аталатын саясаттан ада, дүниядан таза ақыретпен қатысты екінші өмір кезеңі басталады. Бұл 1925 жылдар болатын. Ван қаласы, сосын Барла ауылынан бастау алған бұл кезеңдерде имани тақырыпта көптеген кітаптар жазып айналасына Құранның нұрын жая бастайды. Ислам негіздері мен Иман шарттарына қатысты дәйекті түрде, қарапайым әрі түсінікті тілмен жазылған кітапшалары иманына қауіп төнгенін сезген оқырмандар арасында қызығушылық туғызады. Оны өзі үшін қолмен көшіріп, түпнұсқаны басқа мұқтаж жандарға сыйлап, осылайша айналаға нұр кітапшалары кеңінен таралады. Əрине, мұндай қарқынды имани қызмет діннен безгендерге ешқашан ұнамайтыны белгілі. Ақырында, Құран тәпсіршісіне жала жауып, қуғын-сүргінге ұшырайды. 1935 жылы Ескішәһар, 1943 жылы Денизли, 1947 жылы Афион, 1952 жылдары Стамбул қалаларында үстінен іс қозғалып сотқа шақырылады. Кастамону, Эмирдағ, Испарта қаласына жер аударылып, үнемі бақылауға алынады.

119Адам төзгісіз зұлымдықтарға душар болса да, ол бәріне сабыр етіп, қаймықпастан Ислам әлеміне төнген күпірліктің қара бұлтына қарсы, Құранның нұрын айнадай көрсетіп, айналасына иманның нұр-сәулесін жеткізуге барынша тырысады. Қиын-қыстау кезеңдерде жазылған алты мың парақтан тұратын «Рисалей Нұр» тәпсірі міне сол қиын кезеңдердің жемісі. Бастаған тәпсірін толық аяқтап, оны өз оқырмандарының қолдарына аманат қылып тапсырған ол, құдды бір міндетін адал атқарған әскерге ұқсайды. Құранның ақиқаттарын, оның таңғажайып терең сырларын заманның ұғымына сай анық та қанық баяндайтын бұл кітаптар, міне сол қиындыққа толы ауыр күндерде ықыласпен жазылған. Содан болар осы бір Құрани тәпсір, нұр кітаптары қазіргі таңда әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, миллиондаған мұсылмандар қызыға оқуда.Муфәссир яғни Құранды тәпсірлеуші ғалым-ғұлама Саид Нұрси Урфа қаласында 1960 жылдың23-наурызы күні, рамазан айының жиырма бесінші жұлдызы, түн ауа бақилық әлеміне аттанып кете барады.

120НЕЛІкТЕН ЖҰРТ РИСАЛЕЙ-НҰРДЫ ҚЫЗЫғА оҚИДЫ? СЕБЕБІ оЛ БАРШАНЫ оЙЛАНДЫРАТЫН өЗЕкТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҚоЛғА АЛЫП, МАЗАЛАП ЖҮРГЕН СҰРАҚТАРДЫҢ ЖАУАБЫН БЕРЕДІ. АТАП АЙТСАҚ:* Аллаһтың бар əрі бір екенін қалай дəлелдейміз? (22-Сөз, 23-Лема, 2-Шуақ)* Құран Аллаһтың сөзі екенінің дəлелдері (25-Сөз)* Хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) Аллаһтың елшісі екенінің дəлелдері (19-Сөз)* Періштелердің бар екенінің дəлелі (29-Сөз)* Өлген соң тірілу рас екені (10-Сөз)* Тағдырға сену қалай болмақ? Бəрі алдын-ала жазулы. Маңдайға жазғаны болады - дейді, мұны қалай түсінеміз? (26-Сөз)* «Бисмиллəһ» сөзінің сыры (1-Сөз, 14-Лема, 2 тарауы)* Аллаһ еш бір мекенге тəуелсіз, бірақ Ол барлық жерден табылады. (16-Сөз, 22-Сөз)* Дүниеде жағымсыз, қорқынышты көрінген оқиғалардан Раббымыздың мейрім шуағын, хикметін қалай көруге болады? (18-Сөз)* Жаратылыс Аллаһты дəріптеп, қалай ғибадат қылады? (24-Сөздің 4 бөлімі)* Намаз неге бес уақыт оқылады? (4, 9-Сөз, 21-Сөздің 1тарауы)* Аурудың пайдасы бар ма, сырқаттанудың хикмет-сыры не? (2-Лема, 25-Лема)

121* Рух дегеніміз не? (29-Сөз)*Ораза ұстаудың хикмет-пайдалары. (29-Мектубтің 2 бөлімі)* Миғраж оқиғасы қалай болған? (31- Сөз)* Шайтанды неге жаратқан, оның не пайдасы бар? (13-Лема, 12-Мектуб, екінші сұрақ)* Адам дегеніміз не? Бұл дүниеге не үшін келеді, мақсат-мұраты не? (11-Сөз) * Дұға қылып жалбарынып жатамыз, қабыл болмай жатады. Құранда барлық дұғаға жауап беріледі демей ме? (23-Сөз)* Кейде көңілді күмəн басып, күдік пайда болады. Ол не үшін? (21-Сөз, 13-Лема, 11-Мектуб)* Ардақты Пайғамбарымыздың сүннет амалдарының. Маңызы мен хикметтері (11-Лема)* Сопылық туралы. Тариқат деген не? (29-Мектуб)* Уаххабшылар кім? Шығу тарихы. (28-Мектуб) * Махаббат туралы Құран не дейді? (24-Сөз)* Молекула, атом секілді ұсақ бөлшектер неліктен тынымсыз қозғалады? (30-Сөз)* Саналы кісілерді жаппай таңқалдырған жəне бірде бір философ аша алмаған тек Құранның қасиетімен ашылатын дүниенің жаратылу тылсым-сырлары жайлы. (24-Мектуб)* Исламда үнемділік жəне береке туралы не дейді? (19-Лема)* Мұсылмандардың ынтымағын күшейтудің, имандылар өзара бауырмал болудың себептері. (22-Мектуб)

122* Не үшін иманды əрдайым жаңартып отыру керек деген. (26-Мектуб)* Бүкіл əлем Пайғамбарымыздың нұрынан жаратылған дейді. Бұны қалай түсінеміз? (31-Сөз.)* Хазреті Адам ғалəйһиссалам жұмақтан неге шығарылған? Адамдардың көбісі тозаққа түседі дейді. Неліктен? (12-Мектуб, 13-Лема)* Әйелдің орамал тартуы шарт па? (24-Лема)* Шайтанның Құран туралы уəсуəсəсіне қарсы жауап. (26-Мектуб)* Мəзхабтар неге əртүрлі? (27-Сөз)* Жеті қабат жер мен аспан жайлы аятты қалай түсінеміз.(12-Лема)* Аллаһтан өзге ешкім біле алмайды деген «бес ғайыпты» ғылым мен техника арқылы біз де білетін болдық!-деушілерге жауап. (16-Лема)* Иса пайғамбардың көктен түсуі, тажалды өлтіруі жəне Мəдидің шығуы туралы хадисті қалай түсінген жөн? (15-Мектуб, 5-Шуақ, 24-Сөз, 1-Мектуб)* Исми Ағзам яғни Аллаһтың ең ұлық есімдері. (30-Лема)* Зұлқарнай қамалы қайда? Яджуж-Мəджуж деген кімдер? (5-Шуақ, 24-Сөз)* Шииттер мен Сунниттер арасындағы мəселенің анық-қанығы. (4-Лема)

123Бұл кітап жайында ұсыныс-пікірлеріңіз болса, мына мекен-жайға хабарласуларыңызға болады.ЖШС “Нур Фейз”,050009, Алматы қаласы, Түркебаев көшесі, №84-үй. тел.: 8 (727) 241 09 34.E-mail: [email protected]


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook