51Осы аят арқылы таулардан шыққан мүбарак Ніл өзенін және Тигр, Ефрат секілді өзендерді еске түсіре отырып Аллаhтың әмірлеріне тау-тастың таң ғажайып, мұғжиза дерлік мойынсұнып, бағынатынын түсіндіреді. Сол арқылы көкірегі ояу жандарға істің мән-мағынасын ашады. Мұндай ірі өзендердің қайнар көзі, бастауы әлгі таулар болуы әсте мүмкін емес. Өйткені, ол таулар жаппай су болып немесе мұзға айналып ерісе ондай ірі өзендердің жылдам әрі мол ағысындағы тепе-теңдік жағдайын сақтап тек бірнеше ай ғана шыдай алады. Өзеннің кірісінен шығысы көп және топыраққа бір метр ғана бойлап жауатын жаңбыр әлбетте оған жетерліктей бастау бола алмайтыны анық. Демек, бұл өзендердің бастауы, пайда болуы кездейсоқ, табиғи, жәй құбылыс емес. Бұлар Фатыр-ы Зүлжәлалдің таңғажайып, көзге көрінбейтін, ғайып қазынасынан келіп жатыр.Бұл терең сырға ишара түрінде осы мағынаны бекіте түсетін Ардақты Пайғамбарымыздың хадисінде былай делінген екен: \"Үш өзен бар. олардың əрқайсысына əрдайым жұмақтан бір тамшы тамып тұрады\". Тағы бір риуаятта: \"Мына үш өзен, Жұмақтан бастау алады\".Бұл риуаяттардың мәнісі мынау болса керек: Материалдық тұрғыдан алып қарасақ мұншама мол су, берекелі өзеннің қайнар көзі жәй себептер болуы әсте мүмкін емес. Олай болса, қайнар көздері ғайып әлемінде, жасырын, ғайби қазынадан келіп жатыр. Осылайша шығысы мен кірісі тең болады.Мағынасын әркім түсіне бермейтін немесе сөзбе-сөз мағынасы шындыққа үйлеспейтін Хадис Шәріптерге айтылған сындар Құран аяттарына да қарсы айтылып жатқандықтан, Рисалей-Нұрдың мұнапықтарға берген
52нақты жауаптарынан мысал келтіре кетейін: Біріншіден Құран Хаким, жаратылыстардағы мағынаға мән береді, соған қарайды. Философия, заттың өзіне мән береді. Құран заттың өзіне емес, Жаратушысына дәлел болып тұрған көріністеріне қарайды, соны түсіндіреді. Мысалға, дейді. Құранның мақсаты, Жаратушының ұлылығы мен Құдіретін дәлелдеп тұрған ғаламдағы жүйелілікті жариялау. Бұл аят сол жүйенің дәлелі, Күн мен Түннің алмасуындағы Иләһи жүйені еске түсіріп тұр. Сынға алып, жоққа шығаратындай Астрономия сабағын беріп тұрған жоқ. Негізінде, -дағы Күннің үш жақты қозғалысын көрсетіп тұрған мұғжиза. БІРІНШІСІ: Күннің сырт қарағандағы қозғалысы назарға алынған. Құранның негізгі оқырмандары қарапайым халық. Олар жершарының айналысын көріп тұрған жоқ, Күннің жылжығанын ғана көріп тұр. Оларды Құран ақиқаттарын жоққа шығаруға итермелемеу және сезімдеріне соққы бермеу үшін, сырт көзге Күннің қозғалып тұрғандығы жайлы сөз қозғайды. ЕкІНШІСІ:Ғалымдарға күн системасындағы қозғалыс және сол қозғалыстың нәтижесінде туындап тұрған Иләһи заңдылықтың тартылыс күші, планеталар мен жер шарының қозғаушы күші Күн екенін көрсетіп береді. Демек, күн системасының қозғалысы өзінің сырт көрінісіндегі қозғалыстың өзегі, мағынасы іспетті. Системалық қозғалыс, жер шарын айналдырып тұрғандықтан сырт көзге Күннің жылжуы ретінде көрініп, бұл әрекетті де жоққа шығармайды.
53ҮШІНШІСІ: Бүкіл Күн системасының Шәмсул Шумусқа қарай жылжып бара жатқандығына ишара етеді. Шешендік өнерінің қағидаларына сәйкес, мағынасы көпшілікке белгілі сөздің айтылуы жұртқа белгілі нәрсені қайталау емес, басқа бір мағынаны жеткізгісі келіп тұратыны белгілі. Мысалға, Анкебут сүресіндегіаятында арқылы «ең осал үйдің өрмекшінің үйі екендігін Қурайыштың мүшріктері білгенде ғой» дейді. Ал, ең осал үйдің өрмекшінің үйі екендігін жұрттың бәрі біледі. Олай болса, Қасиетті Құран арқылы жасырын мағынаны жеткізіп тұр. Ал Рисалей-Нұр сол мағынаны ашып, -дің екі жақты мұғжиза екендігін көрсетіп берді. Біріншісі: Бұл аят Меккеде түскендіктен ғайби хабар арқылы Хира үңгіріндегі оқиғаны жеткізіп тұр. Екіншісі: Пайғамбарымыз (с.а.у.) бен Əбу бәкір Сыддық екеуі кәпірлерден жасырыну үшін тығылған Хира үңгірінің аузын күзеткендей екі көгершіннің ұя басуы, өрмекшінің қалың ауымен үңгірдің аузын жауып тастауы арқылы құрайыштың билеушілерін жеңіп кетті. Аят: «Мүшріктер ең осал жәндіктен жеңіліп қалатындығын білгенде, мұндай қастандық жасауға тырыспайтын да еді» дейді.Рисалей-Нұр жинағының «Құран ғажайыптары» деп аталатын бөлімінде кеңінен түсіндіріледі. Сондай-ақ, мұнапықтардың Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерін сынға алуы және мұндай сыни әңгімелердің қайдан
54шығып жатқандығы және Хадистердің дәрежелері жайлы мәліметтерді Жиырма төртінші Сөздің Үшінші тармағынан таба аласыздар. Мысалға, «Аллаһ Тағаланың алдында дүниенің шыбынның қанатындай да құны болғанда кәпірлер бір жұтым су да іше алмас еді» деген мағынадағыХадисінің ақиқаты былай: сөзінің мағынасы: Мәңгілік әлемінен демек. Иә, мәңгілік әлеміндегі шыбынның қанатындай ғана нұр, жер бетін қоршап тұрған уақытша нұрдан әлдеқайда көп. Демек, шыбынның қанатымен салыстырып тұрған дүние, бүкіл әлем емес, әркімнің өз өміріне қатысты жеке дүниесі – жеке әлемі. Мұндай әлем мәңгілік әлемнің шыбынның қанатындай ғана Иләһи жарылқауымен салыстыруға да келмейді. Һәм әлемнің екі жағы, тіпті үш жағы бар. БІРІНШІСІ: Аллаһ Тағаланың көркем есімдерінің айнасы. ЕкІНШІСІ: Ақыретпен байланысты жағы. Ақыреттің егіс алқабы. ҮШІНШІСІ: Уақытша, адасушылардың жалған дүниесі. Демек, Аллаһтың көркем есімдерінің айнасы және Ақыреттің егіс алқабы болған алып әлем емес, Ақыретпен байланыспайтын барлық қателіктер мен
55пәлекеттердің қайнар көзі болған дүние қуушылардың дүниесі, ақырет әлемінде имандыларға берілетін мәңгілік жарылқаудың бір ұшқынына да татымайтынына ишара. Міне, аса маңызды шынайы ақиқат қайда, адасқан найсаптар шындыққа жанаспайды деп жүрген мағына қайда!?Рисалей-Нұрда дәлелденіп жатқандай, астары терең мағыналы теңеулер уақыт өткен сайын ақиқатқа айналуда.Мысалы, Саур мен Хут жер шарын басқарушы екі періштенің аты. Адамзат баласының күнкөріс тіршілігіне қатты ықпал ететін балық пен өгіз болғандықтан, Жер шарын бақылаушы періштелерге де астарлы түрде Саур және Хут деген аттар берілген. Бұларды ести салып, кәдімгі өгіз немесе балық деп ойлау Хадистің мағынасына мүлдем кереғар. ЕкІНШІСІ: Рисалей-Нұр, сынға алушылар өз күдіктерін айтып үлгермей жатып-ақ, ақиқаттарды жайып салады. Олардың ойында күдік-күмәндар қалыптасып та үлгермейді. Кейбір ойшыл ғалымдар қарсыластары күдікті-күмәнді ойларын айтып болғаннан кейін ғана жауап береді. Мұның зиянды жақтары бар. Күдікті ойлар санаға із қалдырып үлгереді. Қаншалықты нақты жауаптар берілсе де нәпсі мен шайтан әлгі іздерді пайдаланып кетеді. Рисалей-Нұр мұндай әдіс қолданбайды. Зиянды ойлар тумай тұрып, нақты жауаптар береді. Күмәнді ойлардың тууына мүмкіндік бермейді. Бір-екі рисаледе шайтанның адамға салар күмәнді ойлары жайлы жазылған. Бұл күмәнді ойларды жоққа шығарарлықтай нақты жауаптар бергендігі сонша Шайтанның өзі шайтан болмаса мұсылман болар еді...
56Тіпті, Құранның мұғжизалығы жайлы жазылған рисаледегі әрқайсысы мұғжизалықтың сәулесін шашып тұрған жүздеген аяттардың өзі сынға ұшыраған. Ал, оларды оқыған жан сынға алу, жоққа шығару, күмандану деген нәрсені ойына да алмайды. Мысалға, аяты арқылы Муса алейһисссаламға қарсы соғысқан Перғауын суға батар кезінде иман етті. Жан алқымға келгенде иманға келген адамның иманы қабыл болмайды. Бірақ, сол қабыл болмаған иманның өзіне, иманның мән-мағынасының құрметі үшін сыйлық берілетіндігі яғни Аллаһ ол перғауынның денесін сақтап қалғаны айтылады. Перғауындар адам өлгеннен кейін рухтары басқа біреудің денесіне ауысады деген түсініктері бойынша мумиялары мен мүсіндерін сақтап қалуға тырысқан. Мұндағы ойлары, соларға басқа бір рух қонатын шығар деген түсінік.Перғауынның қабыл болмайтын иманына сыйлық берілетінін айта отырып, олардың рухтар басқа біреуге қонады деген түсініктері бойынша мәйттерін мумиялап қоятындығына ишара етеді. Осы Аяттың бір мұғжизасы ретінде, сол суға батқан перғауынның денесі табылып, Лондон музейінде сақталып тұр. Саяхатшылар тамашалауда. Құрметті бауырлар!Рисалей-Нұрдың бұл тақырыптарға берген жауаптарының негізі осы. Рисалей-Нұрдың өзегі, негіздерінің дәнегі саналар үш жүз беттен тұратын арабша «Меснеуй-Нұрие» жинағы шықты. Медресет-уз
57Зехраның ағасы деуге боларлық Əл-Əзхар университетіне сыйлық ретінде бір нұсқасын жолдап отырмыз. Философтар мен кебір мұнапықардың сынға алған нәрселеріне толық жауапты Арабша Меснеуи-Нұриеден және кітапханаларыңыздағы Рисалей-Нұрдың басқа да кітаптарынан таба аласыздар.Осы орайда, Рисалей-Нұрдың мазмұнын және философтар шешімін таба алмаған зәррелердің әрекеті (атомдардың қозғалысы) жайлы жазылған «Зеррат Рисалесін» де жіберіп отырмыз. Ол жақтағы барлық бауырларымызға мың сәлем айта отырып, дін және иман жолындағы қызметіңізге ықылас пен табыс тілейміз! Сіздерден де дұға етулеріңізді өтінеміз!Медресет-уз Зеһра шəкірттері:Назиф, Таһири, Жейлан, Сунгур, Зия, Байрам, Зүбейр.
58Рисалей-Нұр жайлы жазылған бұл хаттың авторы марқұм Хасан Фейзи бауырымыз. Ол да марқұм шәйт Хафыз Али секілді бір хатында «Сенің жолыңда жаным құрбан» дегенін ісімен дәлелдеп ұстазының жолында шәйт болып, өзінен бұрын шәйт болған Хафыз Алидің жанына кетті. Бұл кісі зүл-жанахейн яғни һәм әулие сопы һәм ақиқаттарға көзі жеткен аса білімді ғалым. Отыз жыл бойы өзінің мұғалімдігін иман ақиқаттарының жолына пайдалана білген жан. Он жыл бұрын Рисалей-Нұрмен танысып жасырын түрде көп іс тындырған кісі. Соңғы екі жылда Рисалей-Нұрдың асқақ ақиқаттары мен кемелдіктерін еш нәрседен тартынбай-ақ, ашық түрде жан-тәнімен жар сала жариялаған кісі еді. Аллаһ Тағала сол кісінің рухына Рисалей-Нұрдың қанша әрпі болса сонша және ақырет әлеміндегі барлық нұршы жолдастарының рухына мың рахмет жаудырсын! Əмин...Əмин... әмин... Саид Нұрси
59Оқу-ағарту саласында да Ислами ғылымдар бойынша да аса ыждағатты, тәжірибелі мұғалім Хасан Фейзидің маңызды да көлемді бір хаты еді. Кейбір жерлері жарияланбай ықшамдалып алынды.Бұл аятта Рисалей-Нұр жайлы он ишара бар. Сондықтан, біз де Рисалей-Нұрды былай сипаттаймыз:
60Ей, Рисалей-Нұр! Сенің Қасиетті Құранның нұрларынан, мұғжизаларынан шығып жатқаныңа, Хақ Тағаланың илхамы екеніңе, соның әмірімен, рұқсатымен жазылып, жаздырылып жатқаныңа күмән жоқ. Алай-да, саған балама боларлық туынды жазылған ба, екен? Тамаша ұйқастар, жүйелі мағыналар, кемел шешен-дік осы уақытқа дейін жазылған түрікше шығармаларда бар ма, еді? Сөйлемдеріңдегі жүйе, мағыналарыңдағы шешендік пен тартымдылық басқа туындыларда кезде-спейді. Аяттардағы иләһи баянат, әр оқыған сайын әр түрі жақтан көрінеді. Араб тілінің ерекшеліктеріне орай мағынадағы хикметтер, ақиқаттар, ишаралар мен рәзімдер әр қырынан таныла түседі. Сол сияқты, сенің әрбір парағыңдағы, сөйлемдеріңдегі тіпті әріптеріңдегі асқақ мағыналар шәкірттеріңді таңқалдырар тылсым сыр-лар, иләһи жарылқау екендігіңді көрсетіп тұр. Бұл жағдай сенің Құранның бір мұғжизасы екендігіңді дәлелдейді. Жазылуыңдағы ерекшелік пен жүйелілік адамды өзіне тартып, оқыған сайын оқығың келе береді. Ең жоғарғы дәрежедегі шәкіртің де сенен сабақ алып, ғылымның терең қатпарларына сүңги береді. Сондай-ақ, қарапайым оқырман да өз сабағын алады. Сен асқақ ілімнің кәусар бұлағысың. Сен түрік тілінің дәрежесін көтеріп тамаша құндылықтар тарту еттің. Сендегі асқақ құндылықтар мен кемелдіктер Түрік тілінің дәрежесін басқа тілдерден анағұрлым жоғарғы дәрежеге көтерді. Құраннан басқа ешқандай кітапқа, ешқандай тілге симаған мұндай шешен-дік, мұндай дәреже сен арқылы түрік тілінде байқалды.
61Сөз өнері мен шешендік шырқау шегіне жеткен ке-зде Қасиетті Құран түсе бастады. Құран нұрының ал-дында орақ тілді шешендер мен сөз өнерінің шеберлері елеусіз қалды, шығармаларының құны түсті. Сенің шексіз шешендігің мен сөз саптауың уағызшы хатибтер-ді таңқалдырды. Сен дастандағы жыр емессің, бірақ сөз маржанынан тізілген шешендігің, ұйқасты иірімдерің, дыбыстық үндестік, сөздер мен әріптердің өзара қабысуы, жүйелілігі, реттілігі бірін-бірі қолдап, көтермелеп тұр. Қара сөзбен түрікше жазылсаң да, баламасыз туындысың. Сен секілді жарқын туынды енді, қайтып екінші біреуге нәсіп бола қоймас.Он төрт ғасыр өткеннен кейін Исламның жарқын нұры қайта туды. Əсіресе, соңғы жүз жылдықта Түріктің елінде түріктің тілінде осындай күн туар-ау, деген нәрсе кімнің ойына келген еді? Бұл бізге берілген аса құнды нығымет, халқымыздың бағы емес пе?! Я, Раббы!Түрік тілі сен арқылы дамуда, сені мақтан тұтады. Басқа тілдерден жоғарғы дәрежеге көтерілді. Батыстық тілдерінің барлығына дерлік аударылып қойылған Мәулана Жәмидің, Мәулана Жәлаладдин Румидің, Мы-сри мен Бәдреддиндердің тамаша туындылары саған қарап, «Бәрекелді! Саған бақыт тілейміз, ей Рисалей-Нұр! Басымыздағы тәжге айналдың ей, Рисалей-Нұр!» деп, құттықтауда. Адамзатты қоса алғанда жер бетінде-гі бүкіл жаратылыс сені қарсы алуға дайындалуда. Тіп-ті, кейбір шегірткелер, аралар, торғайлар сенің сөздерің оқылып жатқанда көбелектей шыр айналып айаламызда
62жүруі сенің нұрыңнан, сөздеріңнен нәр алып, ләззат алып саған қарай ұмтылуда. Басымызға соғылып, бір нәрсе айтқылары келіп жүргені қандай керемет. Мысалға, Са-уада екі шегіртке, Əмірдағында екі көгершін, Инеболы-да түрлері таңғажайып екі құс, Спарта мен Сауадағы екі бұлбұл осындай кереметтер көрсеткен еді. Көп ұзамай, сенің берекелі сөздерің Ислам әлемінің барлық мешіттерінде, мінберлерінде мақтанышпен оқылып, зейін қоя тыңдалады деп үміттенеміз. Сенде-гі дәлелдердің күштілігі, тартымдылығы, адамды толық қанағаттандырып, еріксіз түрде өзіне тартып кетеді. Та-маша теңеулер мен салыстырмалардың баламасы еш жер-де кездеспейді. Мысалдар мен оқиғалар қайталанбас дара үлгі. Арабша Құраннан Түрікше Рисалей-Нұрға аққан нұр, түрік тілінің тереңіндегі өзегіне жетіп, қайта жаңғырғанда жүректерді баурап алуы сенің, құдіреттің көрінісі, мейірімнің нышаны екендігіңе күман қалдырмайды. Сен ақыл-ойдың айнасын жарқыратып, жүректерге дауа, рухтарға азық берудесің. Аллаһ! Аллаһ! Түрік халқы сенімен қанша мақтанса да аздық етеді. Көзді ашып, көңілді жайлап тұрған дәлелдерің мен теңеулерің Арш-ы Ағзамнан келіп тұрған Қасиетті Құранның дәлелдері екендігі анық. Өйткені, қайғыларды сейілтіп, қуаныш сыйлауда. Оқып отырған кезде сынға алу, қарсы шығу деген нәрсе ойға келмейді. Ол кезде ақыл да, логика да сөзге тоқтап, нәпсі басылып қалады. Сендегі ақиқаттар әуелі Раббани, Рахмани, Самадани станоктар-дан өңделіп, Иләһи нұр дариясында жуылып шыққанан кейін иісмай фабрикасына жіберіліп, ол жерде жеті рет иісмайға батырылып алғандай болып жазылудасың.
63Көтерген барлық мәселелерің құрмет тұтуға лайық. Аса жүйелі, кемел де нұрлы сөздерің, ойды онға, сананы сан-саққа бөлер жазбалардың бәрін бір шетке ысырып қойды. Енді, өзіңнің нұрлы сөздеріңе орын берсек...«Бұдан былай алауыздыққа жол жоқ, бірігу керек. Жан-сыз, рухсыз сүлделердің уақыты өтіп барады. Тірілердің, рухы асқақтардың дәуірі келе жатыр. Тынышталыңдар! Тыңдаңдар! Ендігі кезек нұрдың кезегі, нұрдың дәурені. Қараңғылық торлаған мына ғасырды да, келешек ғасырды да Құраннан алған нұрыммен нұрландырам!» дейді. Жұрттың бәрін иманға, Аллаһ жолына шақыруда. Ей, Құранның нұры! Ақырзаманда қайта жарқырап, қайта жайқалып, Құран ақиқаттарымен жер жәһанды нұрға бөлеп, көрік берудесің. Ей, бүгінге дейін жер бетінің жар-тысына сәуле шашып тұрған Исламның ақ таңы! Бүгінде жер шарының тұрғындарын надандықтан, адасудан, ширк пен адасудан алып шығар бақыт нұрына, сенімді де сәулетті жолға шақырудасың. Құтты болсын!Таяз түсініктің, өзімшілдіктің, және шайтанның шырма-уына түсіп тал қармап жүрген бейшараларға сәуле шаш! Нұр сыйлап ауыртпалықтан арылт! Қолдан жасап алған пұттарына табынып жүргендерге, надандықтың батпағына батқандарға, өткінші, түкке тұрғысыз нәрселерді жүрегіне орнықтырып, соларға табынып жүргендерге, нәпсінің же-тегінде кетіп құрдымға құлағандарға хақ жолды көрсетіп, құрдымнан құтқар! Қараңғы түнде, ұйықтай алмай «Я, Раббы нұр бере гөр!» деп, зар илеген адал жандарды жұбатуға, медет беруге асық. Оларға үміт бер, жұбаныш сыйла, көңілдерін нұрландыр! Саңырау, соқырға айна-
64лып табиғатқа табынып жүрген мүшріктерді иман нұрын шашар медресеге, жер мен көкті жаратушы Рахман Рахим Аллаһқа шақыр! Иә, нұр тіліңмен «Бері кел, ей табиғатқұмар! Ей, фи-лософ! Алдыңдағы қалың батпақтан шегін, көзіңді аш, нұрыма назар аудар! Саған табиғат пен философияның шы-найы болмысын үйретейін. Ғылымның да, пәннің де не-гіздері менде. Мені жақсылап оқып, жақсылап тыңдасаң, мендегі нұрлы сатымен жоғары өрлесең зәулім сарайға ұласып, ұлы сұлтанға қауышасың. Ғылымдардың негізі менде. Табиғат пен философия жайлы мағұлыматты ме-нен ал! Ілімдердің басы да, соңы да менде. Мен ешкімнің мүлкі де, сөзі де емеспін. Мен ешқандай кітаптан көшіріліп, ешкімнің еңбегінен ұрланған емеспін. Мен Раббанимын, Құранимын. Іші бос қауақ емеспін. Ішім нұрға толы. Хай-ы Ләямут Аллаһтың кітабынан нәр алып жарқырап тұрған керемет нұрмын. Жансыздарды тірілтіп, жаны барды одан әрі нұрландыра түсем. Дертке шалдыққан науқасқа дәрмен берем. Қырсығуды қой, мені оқы, мені тыңда! Құрдымға құлатар қараңғы соқпақтан құтқарып, бақыт әлеміне жетелеймін!» деп жар салудасың. Сен қандай берекелі дара туындысың. Оқығанды жы-латып, жылағанды күлдіресің. Рухсызды тірілтіп, менмендіктен баз кештіріп, -ға жеткізудесің. Өзіңді зейін қоя тыңдатқызып, баурап аласың. Сен нұрға толы, хикметке толы, ақиқаттар кітабысың. Сенің шы-найы шәкірттерің нәпсілерін де, мал-мүлкін де Аллаһқа сатуда. Сені кемсітіп, жала жабушылар нұрларға тура қарай алмайтын көзі нашар, соқыр байқұстар ғана.
65Саған күйе жаққысы келетіндер таяз ойлы, күналар мен қылмыстардан қарабет болған есуастар. Есі дұрыс кәміл жандар сенің кемелдігіңе куә болуда. Саған кінә тағып қаралаудан аулақ. Сен ең мықты, ең білімді докторлардың өзі диагнозын таба алмаған, емдеп жаза алмаған көңілдегі рухани дерттерді нұрыңмен емдеп, дауасын таптың. Көңілі күпті, рухы дертке толы жандардың ақылын оя-тып, көкірек көзін аштың. Сен әрдайым, қайталап жүретін аса хикметті, тылсым сырлы, әсері мол дұға (вирд) бо-лып есептелуге лайықсың. Сені сүйсіне жазып, түсіне оқыған жандарға мейірім, береке сыйлаудасың, керемет көрсетудесің. Кейде тіпті, аса ықыласты шәкірттеріңді әулиелік, асфиялық нышандармен марапаттап отырасың. Дұшпандарыңа аямай соққы берудесің. Ауыздарына құм құйып, кейде жекелей, кейде жалпылай таяқтың астына аласың. Саған тиісілген кезде табиғат та қаһарына міне-ді. Кейде жел тұрып, кейде сел жүреді. Кейде жай түсіп, кейде алапат өрт шығады. Кейде жер сілкініп, зілзала болады. Жаралылар мен өлгендерге «шәйт кеткендер мен арам қатқандар» деп қарайсың. Сендегі бұлтартпас дәлелдер мен мызғымас қағидалар қандай мығым болса, көркемдігің мен әсемдігің де соншалық кемел. Ей, Нұр! Қасарысқан хас дұшпаныңның ең мықтысын да шыбын құрлы көрмейсің. Сен ғалымдардың алдына жан сауғалап барып тұрған жоқсың. Өздерін ең жоғарғы дәрежелі ғалым санайтындарға, өзіңнің мықтылығыңды, асқақтығыңды және мәңгілік нұрыңды көрсетіп олардың аузын жабуға, жеңіп шығуға және оларға сабақ бере
66алатыныңды дәлелдей отырып, өмірдегі өз орныңды мойындатуға барып тұрсың. Ақыры олар көздерін қарып түсер нұрыңа шыдай алмады, саған таққысы келген міннен де, айтқысы келген сыннан да бас тартып, мойынсұнды. Сен сот орындарына қылмыскер, күдікті ретінде емес, тәрбиелеуші мұғалім, ағартушылық бейнеңмен кірдің. Сот отырыстарында намысыңды, абыройыңды сақтай отырып, ол орындарды Иманның, Құранның кәусарымен жудың. Ол жерге жаңа рух, жаңа дем бердің. Саған құштар шәкірттерді қатар-қатар сап түзетіп хазіреті Ұстазды да қолбасшы етіп қойдың. «Аллаһтың рұқсатымен алға бас! Ей, Нұр шәкірттері!» деген кезіңде иман нұрының айбынды әскерінің қаншалықты нық қадамдармен кетіп бара жатқанын көрген халық, оларға сүйсіне қарап, шын жүректен құттықтап жатты. Осын-дай нұрға толы, жарқын көріністерді соқырлар да көрді, саңыраулар да естіді. Тасжүректер де көздеріне жас алды. Олардың түрмеге түсіп жатуының хикмет сыры мынада: Ол жерде неше жылдан бері шырақсыз, нұрсыз жатқан сотталушылар: «Ей, Құран нұры бізге де жет! Біз бұл жер-де жатып саған жете алмаймыз, ондай мүмкіндігіміз жоқ. Бірақ, сен барлық жерге кіріп-шыға аласың. Саған тиым жоқ қой, бізді ұмытып кетпе! Ертең Хақ Тағаланың алдын-да жүзіміз жарқын күйде шығуымыз үшін, күналардың кесірінен қарайып кеткен бетімізді мейірім бұлағының суымен, иманның нұрымен жуа көр, тазарта көр! Мәңгілік каусар бұлақтан, Мұхаммед (с.а.у.) ұсынған Абыл Хаят суынан қанғанша ішкіз!» деп, жалынған дұғалары жатыр.
67Денизлі қаласындағы түрмеде осындай ақиқаттар анықталды. Сол жерде ашылған «Оқу-ағарту мектебі-нен» яғни Құрани медреседен білім алған жүздеген сот-талушы қоғамға пайдалы, білімді, кемел жандарға ай-налды. Құмарханалар Нұр мектебіне айналды. Қоғамның қауіпсіздігі арта түсті, бұл тәртіп сақшыларына көп көмек болды. Жүректері тазарып, рухы асқақтаған, Аллаһтың алдында жүздері жарқын боларлық, тіпті әулиелік дәрежеге жеткен адал шәкірттеріңнің ішінде шәйіт болып кеткендер барлық аймақтарда да бар. Қабірстандағыларға да Рисалей-Нұрдың рухани ләззатын сездіріп, рухтарныа шаттық сыйлап, қабірлерін нұрға бөледің.Жазылып жатқан кезінде қаламдардың қағаз бетінде тоқтаусыз сырғып отыруы, қайталанбай-ақ бірден қатесіз, кемшіліксіз жазылуың, бірнеше сағатта бір кітаптың не-месе бір рисаленің жазылып бітуі, кейде аудармашының (автордың) науқастанып қалуына қарамастан ешбір қатесіз, дұрыс жазылуыңың өзі білімдарлықтан, дарындылықтан туындаған шығарма емес, Қасиетті Құранның ғажайып кереметі екендігіңді білдіреді. Осынша тиым салып жасырғысы келсе де шартарапқа жайылып, жазылуың, ерлер ғана емес әйелдердің де қызыға оқуы, дертке дәру ретінде сүйсіне қабылдауы, сөндіру үшін үрлеп жатса да сенің жалындай түсуің, дінсіздер мен дін дұшпандарына қарсы жалғыз да болсаң тайсалмай ұмтылуың және жеңіске жетуіңе жер бетіндегілер ғана емес періште-лер әлемі де қол соғып қуаттауда. Қараңғыда қайда ба-рарын білмей түртінектеп қалған, ақиқатқа жанаспай-тын сандырақтарға ақылы әбден шатасқан талай жанды
68нұрландырып, құтқарып қалдың. Жеті жылдан бері әлемді астаң-кестең еткен соғыстан жер жәннатындай еліміз бен ақ жүрек халқымыздың аман қалуы, басқа да Ис-лам елдерінің шабуылдан аман тұруы Аллаһтың сақтауы, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) медеті және Құран нұрының көмегі екендігі күмәнсіз. Мынандай қиын жағдайда тас-талқаны шыққан Христиан әлемі енді не істемек? Не күпірлік пен дінсіздіктің көзі жойылады немесе Ислам көкжиегінде жарқырап тұрған Құранға жармасады. Сен, Аллаһтың дәргейіне апарар және кемелдіктің шыңы сана-лар -ға арқа сүйеген ең төте, ең дұрыс жолды көрсетіп бердің. Əулиелер мен асфиялардың сиратал-мұстақим даңғылымен жүргісі келетін биша-ра, науқас, бәйкүна, қартаң, жетім-жесірлер сен ашқан төте жолдың хикметтерінен ем алып, өздеріне лайық қамқоршы тапты. Соқырға көз, саңырауға құлақ, мылқауға тіл, науқасқа шипа, имансызға иман берудесің. Былай деген екен, олай демеген екен дегеннен аспайтын, шынайы ақиқатты жет-кізе алмайтын неше түрлі шығармаларды талқылаудан әбден шаршаған, әлі күнге ақиқатты таба алмаған соң, Аллаһтан жарылқау, нұр тілегендерден сүйінші сұрап, жарқын нұрға шақырудасың. «Мен барлық ілімдер мен пәндердің бұлағымын. Барлық нәрселердің негізі, көңілдің жарқын нұрымын» деп, отырсың. Еуропа мен Американың ең жоғарғы оқу орындарында, философия факультеттерінде неше жыл білім алып, қаншама оқу тауысқан алғыр, ақылды философтарға нағыз пайдаға асар сабақ беріп, заттар мен молекулалардың ақиқаттары мен мән-мағынасын түсіндірудесің.
69Санасы жоқ, түйсіксіз қарапайым заттардан, тірі, саналы нәрселер мен алып әлемнің қалай жаратылып жатқанын көрсетіп беріп, ана санасыздардың бастары-на ұрып, таңқалдырудасың. Ал өзің сол ақиқаттарды оқымаған қарапайым адамға да, жас балаға да, қарттарға да, мектеп-медресе оқымаған жандарға да оп-оңай түсіндіріп берудесің. Жасырын бір күш қарапайым заттар-ды жүйелі түрде орналастырып «Бір нәрседен көп нәрсе жасай алуы» сынды жағдайлар арқылы көңілге қонымды көптеген мағұлмат берудесің. Мұндай мол мағұлматтар мен жарқын дәлелдер сенің ғылыми кереметтеріңнің ны-шаны. Қолдан қолға өтіп оқылып, жазылып, тыңдалып жатқан ең тартымды, тамаша туындысың. Мектептердің медресеге, медресенің зікірханаларға үйлеспейтін білім жүйесі мен ілімін біріктіріп, ғылым іздеген, әлемнің сырын түсінгісі келген адамдарды бір жүйеге, ауызбіршілікке жеткізіп, Ислам бірлігі мен адамгершілікке шақырып, бірлік нұрын шашып тұрған да сенсің. Ей, Құранның нұры! Иманның ақиқаты!Бүгінгі таңда сен үш жүз елу миллион мұсылманның ту ұстаушысына айналып отырсың. Олай болса, ғасырлар бойы мұсылмандардың арасына кіріп, орнығып қалған қате түсінкітер мен сенімдерді жойып, алауыздық пен фитне-бұзғыншылықты тамырымен қопарып, Мұхаммедтің (с.а.у.) үмметін Құранның қамқорлығымен мейірімінің арқасында бір ғана топ, бір ғана жамағат ретінде иншаллаһ, махшар күніне дейін сақатап қаласың.
70«Не қаласаңдар менен сұраңдар, өткен кездер жайлы да, бігінгі мен ертеңгі жайлы да айтып берейін!» деп, жар салған, барлық сұрақтарға жауап беріпХадис Шәрифінің ақиқатын дәлелдеп берген, Құранның сырларын түсіндіруші және ұлы ағартушы Хазіреті Əли мендеп, айғай салған, мүжәһидтердің басшысы имам Жафар-дан кейін Ислам әлемінде сен тұрсың. Ей, Рисалей-Нұр сол кісілердің бүгінге жеткен фейізісің.деп, жар салған үшінші жаршы сенің рухани тұлғаң. Жаратушының Рахим, Хаким, Бәди есімдерінің нұрына бөленіп сол жарқын нұрлардың айнасы ретінде қаншама ақиқаттарға куә болып, қаншама ақиқаттарды жеткізіп тұрсың. Құрандағы иман ақиқаттарын тыңдау үшін перілер де руханилар да, періштелер де, әке мен бала да, бай да, ке-дей де, ерлі-зайыптылар да бір қатарда тұрып, бірге оты-рып, сенен сабақ алуда. Көңілдегі күдік пен көкіректегі рухани дерттің дауасын сенен тауып жатыр. Міне, Рисалей-Нұрдың бір қызметшісі және тәржімәшісі болған ұстазым – Аллаһтың құлы, Имам Алидің рухани перзенті, Ғауыс-ы Ағзамның шәкірті. Хақ Тағаладан көмек, Хазіреті Əлиден демеу, Абдулқадир Гей-
71ланиден қолдау тауып отырсың. Тағдырдың қаламы әзірге сіздің бұл фәниден бақи әлемге өту жайлы бұйырғыңызды жазбай тұрғанына қарағанда, әзірге Құранға, Нұрға қызмет ету борышыңыз аяқталмаған болу керек. Əлемнің асылы, адамдар мен жындардың көшбасшысы хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у) медетінің арқасысында уды балға, балды кәусарға айналдырып отырсың. Осылайша, уайым мен қайғының бұлты сейілуде. Сауатсыз наданға да, ғалымға да, қарапайым адам мен наданға да, залымға да, зұлымдыққа ұшыраған жанға да, мұсылманға да, кәпірге де, досқа да, дұшпанға да, жақсыға да, жаманға да, жануарға да, жәндікке де нұр шашқан Құранға, Иманға қызмет еткеніңіз, және асфи-ялар мен шынайы тақуалардың нышаны бар, осындай мүбәрак Нұр шәкірттерін тәрбиелегеніңіз үшін сізді, бүкіл мұсылмандардың мақтауына әрі Құранның құрметіне лайық деп білемін. Ей, Құранның тәржүманы! Жарқыраған айнадай Рисалей-Нұрдың рухани тұлғасына Иманның жіті назары-мен қараған ғибрат алғыш, өткір назарлы жандар сол айна-дан Расул-ы Хашими Алейһиссалату Уәссаламды тама-шалай алады. Тіпті, одан әрі үңіле түссе хабибуллаһтың жарқын жүзін және сол пәк дидардағы құдіреттің қолымен жазылып, жарқырап тұрған сүресін, ғалымдар ғана емес, қарапайым жандар да оқи алады...Ей, Құранның мұғжизасы! Ей, Рахман Нұры! Енді, мені өзіңнің аудармашы-хатшың және сендегі сырларды ашып-таныстырушың болған ұстазымыздың құзырына шығар, сонымен сөйлестір!
72Міне, отырған үйі шағын ғана баспана... ішінде еш нәрсе жоқ деуге болады. Су құятын құмыра, шәйнек, кіш-кене ғана кирогаз, қалайы тостақ, жұпыны төсек яғни аса қажет бірнеше заттан басқа ешнәрсе жоқ. Бөлек-бөлек оралып дорбаға салынған бір айлық азығы бар бір келідей ғана қапшық қабырғадағы шегеде ілулі тұр. Жайнамазы мен Нұрлы кітаптары. Мал-мүлік, әйел, бала-шаға деген нәрселердің ешқайсысы жоқ. Жер бетінде мынау менікі дейтін бір қарыс жері де жоқ, бар мүлкі осы ғана. Қоғамнан бөлек жалғыз өзі, көңілді құлазытар өмірі осындай. Жиыр-ма жылдан бері айдаудан айдау, түрмеден түрме... мұндай азап, жанды түршіктіріп, өзегіңді өртейді. Осыншама са-быр, осындай шыдамдылық кімде бар екен? Ұлы имамдар мен мүжахидтердің қайсысымен салыстыруға болар екен? Осындай қиыншылықтар, осындай азаптар болмаса Нұр фабрикаң жұмыс істемей, тоқтап қалар ма, еді? Осы-лай тиісіп, қамамаса, жер аударып оқшауламаса Мейірімді Аллаһтың қазыналары тасып төгілмес пе, еді? Ұстаздың ауыр жағдайы адамның көзінен қанды жас ағызуда. Бірақ, ол өзінің мұндай жағдайына өкінбейді, шағымданбайды. Титтей де өкініш жоқ, қайта қуаныш бар, өзін бақытты сезінеді. Ол осыншама жұпыны халде болса да сарқылмас байлыққа қол жеткізіп отыр. Өзіне де, ұстанған жолы бойынша да мұраға қалған бір қасиеттің талабы ретін-де яғни мал-мүліктің кірі болып саналатын зекетті қабылдау, тіпті шариғатқа қайшы келмесе де қандай да бір сыйлық қабылдау ғалымдарға жараспайды деп санайды. Сондықтан, ол мұндай нәрселерден тартынатын, қашатын. Тіпті, республикалық үкімет тағайындаған жалақыдан да
73бәлен мың лиралық тамаша үй салғызып берейік деген ұсыныстардан да бас тартқан. Мемлекеттік уағызшылық қызметті де, депутаттық орын мен жоғарғы айлықты да қабылдамаған. Ол кісі ешқашан да дүние-мүлікке де, дүниеуи нәрселерге де назар аударған жоқ. Партиялық ұйымдарға да кірген жоқ. Оларды жақтырмайтын. Қабір аузында тұрса да деп, мәңгілік қазына, мәңгілік бақыт жолында еңбек етуде. Ол надандықтың жауы, нұрдың қызметшісі. Егер, дүние жинағысы келгенде берілген садақа-сыйлық, зекеттер-ді алған болса миллионерге айналып кетер еді. Бірақ, ол Хазіреті Омар (р.а.) айтқандай, «Дүние жинар болсам, адамзаттың асылы Хабибуллаһ Мұхаммедтің (с.а.у.) до-старына, кәміл жандарға ілесе алмай жолда қаламын» дейді. «Барлық нәрсені, бүкіл әлемді Сен үшін жараттым, ей Хабибім!» деген Жаратушыға, «Мен де Сен үшін солардың бəрінен бас тарттым» деп, жауап берген Хазіреті Расулаллаһқа еріп, Соны үлгі тұтып, дүниені де, дүниеге деген сүйіспеншілікті де тәрк еткен, тіпті тәрк ет-кендігін де ұмытқан жан. Бүкіл ойын, күш-жігерін өмірге нұр шашып тұрған Құранға қызмет ету жолына сарп етті. Сондықтан, тартқан азабының бәрі мейірімге, еңбегі хик-метке айналды. «Жарылқау мен жазаны бір нəрсе деп білмеген жан азап шегер, ол азаптан құтылып, сұлтандыққа жеткен адам түсінер» деген мысырлық Ниязи сынды бұл кісі де барлық нәрседен жақсылықтың нышанын көріп, тамшы-дан теңіз, елеусіз біреуден адам жасап Құраннан алған
74нұрын әлемге сұлтан еткен кісі. Ғасырлар бойы адамзатқа, Исламға Мекке мен Мәдинаға қызмет еткен Түрік халқын жақсы көруінде, өмірінің маңызды бір бөлігін түріктердің тығыз отырған жерінде өткізуінде маңызды мағыналар, терең сырлы хикметтер жатса керек.Дұғаңызға мұқтаж Хасан Фейзи(Марқұм)
75Ұстазға, Рисалей-Нұрға жəне Рисалей-Нұр шəкірттеріне арнап жазылған бірнеше өлеңді аудара алмағаным үшін кешірім өтінемін. Қалаған кісі түп нұсқадан оқуына болады.оныншы мəселеге байланысты Хусревтің ұстазына жазған хатыАрдақты Ұстазым! Хақ Тағалаға шексіз шүкір ете-мін. Екі айдан бері кездесе алмай, хабарласа алмай жүрудің азабын жеңілдететін, бойымызға қайтадан қан жүгіртіп, рухымызға жаңа өмір, жаңа дем беретін, Құранның жалалын, иззетін, рахметін, мейірімін көрсетіп Құран аяттарының қайталануындағы хикметтер мен қайталанулардың қажеттілігін түсіндіретін Рисалей-Нұрдың өзін-өзі қорғау сөзі іспетті болып кеткен «Миуаның Оныншы мәселесі» атты Əмірдағының бір гүлі қолымызға тиді. Мақтауға лайық бұл гүлді иіскеген сайын, иіскегің келе береді. Тоғыз айлық қапастағы қиыншылықтың есесіне, Миуаның Тоғыз мәселесі жазылып, ақталып шығуымызға дәнекер болды. Өзінің тамаша болмы-сын көрсете білді. Оныншы мәселе атанған бұл шешек те Құранның мұғжизалы шешендігіндегі ғажайыптарды көрсету арқылы өзінің де тамаша жақтарын көрсетіп отыр. Ардақты ұстаз! Гүлдің көркемдігі сабақтарындағы тікенді байқатпайды ғой, сол сияқты мына нұрлы гүл де бізге тоғыз айлық қапастың қиыншылықтарын сездір-
76мей, ұмыттырып жіберді. Талқыланып бітпестей болып жазылған нұрлы туынды ақыл-ойды таңқалдырар көркем болды. «Құранды аудармадан оқыту арқылы ондағы қайталануларды жұрт көрсін, бір нәрсені қайталап айта береді, мұнда қандай шешендік яки мұғжизалар бар», дегенді халықтың көкейіне сіңіріп, күмән тудырғысы келген қаскөйлерге қарсы, Құрандағы қайталанулардың маңыздылығын көрсете отырып, Құранның баға жет-пес құндылығын дәлелдеп отыр. Құран жолындағы мұсылмандар әр ғасыр сайын оған ерекше құштарлықпен жабысу арқылы әмірлерін орындап, тиымдарынан тиы-луы, Құран әрқашан жаңа түсіп жатқандай уыз қасиетін сақтап тұратынын дәлелдейді. Əр ғасырдың залымда-рына аса қатаң түрде қайталап, қорқытып, зұлымдыққа ұшыраған бишараларға мейірім төгіп мейірмандығын қайта-қайта жеткізеді. Əсіресе, соңғы ғасырдың за-лымдарына бұрын-соңды болмаған соққы беріліп, жер бетін тозаққа айналыдырып жібергендей. Ал зұлымдыққа ұшыраған бишараларға бақыт сыйлауда. Əсіресе, Рисалей-Нұр шәкіріттеріне жекелей де, жалпылай да бақыт сыйла-нуда. Оларға қарсы тұрушы дінсіздерге де тозақы азаптар берілуде. Екі тамаша сілтемемен аяқталуы мендей пақыр шәкіртіңді қатты қуантты, шексіз шүкір еткізуде. Осы тамаша туындының мені қуанышқа бөлегені сон-дай, бүкіл өмірімде бұлай қуанып көрген жоқпын. Мұны ұстазыма қазір айтып отырсам, бауырларыма бұрын талай айтқанмын. Əлсіз, нәзік мойыныңа ауыр жүк жүктеліп отырған ұстазым, сізден Аллаһ разы болсын! Жүгіңізді жеңілдетіп, мәңгілік бақыт сыйласын. Əмин!
77Ардақты ұстазым! Біз, Аллаһқа, Құранға, Пайғамбарымызға (с.а.у.) және Рисалей-Нұрға, Құранның делдалы болған сізге мәңгі ризамыз. Сізге ергенімізге еш өкінбейміз. Жүрегімізде титтей де болса жаман ой жоқ. Біз тек қана Аллаһтың ризашылығын қалаймыз. Күн өткен сайын көңілімізде Аллаһтың ризашылығы мен Хақ Тағаланың құзырына шықсам-ау, деген тілек арта түсуде. Бізге зұлымдық жасаушы залымдардың бәрін де кешіру, оларды Хақ тағаланың өзіне тапсыру, ешкімді бөліп жар-май, бәріне де жақсылық жасау Рисалей-Нұр шәкірттерінің жүрегінен орын алған Ислам нышаны екенін жар салып тұрған Хақ Тағалаға мың шүкір! кемшілігі мол шəкіртіңіз:Хусрев
78Жататылыс атты кеңістіктің ешқашан батпайтын күні – Қасиетті Құран. Құран Кәрім алып кітап іспетті жараталыс әлемінің жаратылу сырларын ашып, мәнін түсіндіру үшін сәулелі нұрын шашуда. Адамзаттың ақылын нұрландырып дұрыс бағытты, сират-ы мұстақимді көрсетуде. Əрбір адам жаратылуының мақсатын, болмысының талаптарын, қайда бара жатқанын, сол бақыт Күнінің нұрымен көреді, түсінеді, біледі. Сол нұрға бөленгендер жүрегіндегі қабілетке орай сол нұрдың айнасына айналып, жақындай түседі. Заттар мен өмірдің мән-мағынасы сол нұр арқылы көрінеді, сол нұр арқылы түсінікті болады. Хақ Тағаланың бақыт нұрының өкілі болған Қасиетті Құран көкірек көзімен үңілген жанның хақты да, ақиқатты да көре алуын қамтамасыз етеді. Сондықтан, оның нұрынан жырақта қалғандар, қараңғыда түртінектеп қалады. Өйткені, барлық нәрсе нұр арқылы көрінеді, білінеді, түсінікті бо-лады. Міне, осы алып кітап іспетті Əлемнің рухани да мәңгілік Күні - Қасиетті Құранның нұрына бүгінгі таңда «Нұр» атанып кеткен Рисалей-Нұрдың рухани тұлғасы бөленіп отыр. Ол нұрлар қараңғыдан шыққысы келмейтін жарқанаттай надандық ұйқысында жатып, күндізді түнге айналдырған қызыққұмарлар мен қараңғыда түртінектеп жүріп, жолдан адасқандарға прожектор сынды нұрын
79шашып иман ақиқаттарына бет бұрғызып, мүлдем көрсоқыр болып қалмағандарға тура жолды – сырат-ы мұстақимды көрсетуде. Кәпірлер мен ақиқатты жоққа шығарушылардың басын Нұр тоқпақпен соққылап «Не ақылыңды алып тастап хайуан бол, не, ақылға келіп адам бол!» деп отыр. Ілімнің өзі нұр болғандықтан, Рисалей-Нұрда терең білімнің жатқанын көрсетіп берер бір-екі дәлелге тоқтала кетейік. БІРІНШІСІ: Рисалей-Нұр басқа кітаптарды емес, тек қана Құранды ұстаз тұтқандықтан, соны ғана танығандықтан және соған қызмет еткендіктен, қабыл көрінуі жағынан алғанда көп әңгіменің қажеті жоқ. Біз ғалымдарға Рисалей-Нұрдың құндылығын көрсете түсу үшін мына нәрсені айта кетейік. Рисалей-Нұр бүгінге дейін ешқандай ғылымның нақты дәлелдей алмаған күрделі мәселелерінің өзін қарапайым түрде, оқымаған қарапайым халықтан бастап, жоғарғы білімді ғалымдарға дейінгі барлық топтарға әркімнің түсіне алатынындай етіп, жеткізіп берді. Мұндай ерекшелік басқа ешқандай ғалымның кітаптарында кездеспейді деуге болады. ЕкІНШІСІ: Рисалей-Нұр, Құран Кәрімнің кейбір аяттарының тәпсірі, солардың рухани мұғжизасының жарқын сәулелері екендігін жан-жақты көрсетіп беруде. ҮШІНШІСІ: Адамзатқа аса қажетті мәселелерді нақты дәлелдер арқылы ғылыми түрде дәлелдеп береді. Мысалға, Аллаһтың бар екендігін, Ақыреттің және басқа да иман шарттарның растығын бір ғана молекуланың жағдайын, айтқысы келіп тұрған ақиқатын түсіндіру арқылы дәлелдеп береді. Атақты Ислам философтары
80Ибн Сина, Əл-Фараби, Ибн Рушдлар бұл мәселелерді бүкіл жаратылыс атаулыны дәлел ретінде көрсетіп барып түсіндіруге тырысқан. Рисалей-Нұр бұл ақиқаттарды бір молекуланың немесе бір дененің болмысын түсіндіре отырып дәлелдеп береді. Егер, сол кісілерге Рисалей-Нұрдың қасиеттерін көресете алу мүмкін болса, олар қазір отыра қалып Рисалей-Нұрдан сабақ алар еді. ТөРТІНШІСІ: Рисалей-Нұр адамның жылдар бойы оқыса да, қол жеткізе алмайтын білімін, жинақы түрде түсіндіріп беріп, аз уақыттың ішінде сол білімді алып шығуына әсер етеді.БЕСІНШІСІ: Рисалей-Нұр, ғылымның өзегі, мақсаты Аллаһтың ризашылығы екендігін жеткізеді. Ілімді дүниелік жолға пайдаланбайды. Шынайы түрде адамзаттың игілігі жолында қызмет етудің үлгісі болып отыр...АЛТЫНШЫСЫ: Рисале-Нұр, қасиетті де күшті има-ни ой-толғаулардың (тәффаккурдің) жемісі және жараты-лыстарды болмыс тілімен жеткізіп тұрған ақиқаттардың аудармашысы. Сонымен қатар, иман ақиқаттарын илмеляқин, айнеляқин, хаққаляқин дәрежесінде көрсетіп беруде. ЖЕТІНШІСІ: Рисалей-Нұр барлық ілімдерді қамтып тұр. Ілімнің жіптерінен тоқылған мата іспетті. Осы уақытқа дейін ешқандай ғалым айтпаған, ғылымның қай саласына да болмасын жетік екендігін көрсетіп беретін қанатты сөздер жинағы. Мысал, ретінде бірнешеуін айта кетіп, толық танысқысы келгендерге Рисалей-Нұр теңізіне на-зар аудару керектігін айтамыз. «Шыбынның көзін кім жартқан болса, Күнді де сол жартатты».
81«Көбелектің іш құрлысын жүйеге келтірген кім болса, Күн системаснының да жүйесін жаратқан сол Құдірет». «Бір молекуланы жарату үшін, бүкіл әлемді жарата алатын шексіз құдірет керек. Өйткені, жаратылыс атты алып кітаптың әрбір әрпінің, әсіресе тірі әріптердің әрбір сөйлемге қарап тұрған жүзі, көзі бар».«Табиғат мысали бір баспа ғана, баспагер емес. Ол бір өрнек, өрнек салушы емес. Жазушы емес, жазба ғана. Жүйе жасаушы емес, жасалған жүйе. Құдірет емес, қойылған заң. Өздігінен тұрған нәрсе емес, жүйеге кел-тірілген заңдар жинағы». «Тұрақты заңдылықтар сияқты рух та, Əмір Əлемінің қалау сипатынан келген және Құдірет оған сезім-болмы-старын кигізіп қойған. Үнемі қозғалыстағы болмысты әлгі жауһарға жарқыратып берген». Міне, осындай мыңдаған қанатты сөздер бар. Др. Мұстафа Рамазанұлы.
82РИСАЛЕЙ-НҰР НЕ?БӘДИҮЗЗАМАН кІМ?Əр ғасыр сайын дін жолында қызмет атқарушы ұлы тұлғалар келетіні хадистерде айтылады. Олар діни әмірлерге өздігінен жаңалық қоспайды, жаңа үкімдер шығармайды. Діни үкімдердің негіздері мен Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннет жолын бұлжытпай орындап, діни үкімдер мен ақиқаттардың құндылықтарын ашып көрсетеді. Діни үкімдерге араласып кетуі мүмкін қоспаларды әшкерелеп, дінге, ақиқаттарға жасалар шабуылдарды тойтарады. Аллаһтың үкімдері мен әмірлеріндегі құндылықтарды таныстырып береді. Негізгі қағидаларды бұзбай, жаңаша түсіндіру әдісін пайдаланады. Өз заманының түсінігіне сай жаңа қырынан таныстырып, өз міндеттерін атқарады. Дінімізге осылайша қызмет етушілер өз еңбектерімен, амал-әрекеттерімен атқарған қызметтерінің дұрыстығын дәлелдеп шығады. Имандарының күштілігін, дәрежелерін, ықыластарын, іс-жүзінде көрсетеді. Амалда да, мінез-құлықта да Пайғамбарымыздың сүннетін қайталау, соған еру жөнінен мұсылмандарға тамаша үлгі-өнеге бола-ды. Олардың Құран Кәрімді тәпсірлеуі, діни үкімдерді түсіндіруі, заманның түсінігіне, ғылыми дәрежесіне қарай жазған туындылары, өз ойларының ұшқырлығынан, жоғарғы қабілетінен шығып жатқан жоқ. Өздерінің даналығынан, білімдерінің нәтижесінен емес. Бұлар, тіке-лей пайғамбарымыздың рухани илхамынан бастау алады.
83Жәлжәлутие, Мәснәуи, Футухил Ғайб сынды туындылардың бәрі де осындай кітаптар. Əлгіндей кітап-тар жазған асыл тұлғалар бұл шығармалардың аударма-шылары ғана. Бұл асыл тұлғалардың тамаша туындыла-рын жүйелеуде әрине, өз үлестері бар. Яғни, бұл кісілер сол мағыналардың айналары, көрініс тапқан орындары болып саналады. Рисалей-Нұрға және оның аудармашысына ке-лер болсақ, бұл ұлы туындыда осы уақытқа дейінгі ешқандай кітаптарда кездеспейтін кемелдік пен мейірім бар. Иләһи нұр, бақыт жұлдызы болған Құранның фейізі-не мұрагерлігі жағынан алғанда оның негізі Құранның нұрынан бастау алуда. Басқа әулиелердің кітаптары-на қарағанда Мұхаммедтің (с.а.у.) Нұр-фейізінің жүгін арқалап тұрғандығы және осынша сенім артылып тұрған аудармашының кемелдігі де соншама кәміл екендігі айдан анық болып тұр. Ол кісі бала кезінде ұзақ білім алмай-ақ, үш ай оқығанның өзінде ескіше де, жаңа ғылыми пәндерді де меңгеріп, заттардың, әлемнің құпия сырларын, Иләһи хикметтерді түсіне алу бақытына ие болды. Ғылымда бұрын мұндай ғажайып оқиғаны бастан кешірген ешкім болмаған.Ол кісі кәмілеттік жасқа толмай-ақ, ғұламалардың ғұламасы ретінде ғылыми ортада теңдессіз жанға айналды. Ғылыми сайыстарда ғалымдардың бәрін жеңіп шығады. Қойылған сұрақтардың бәріне де дұрыс және ойланба-стан жауап береді. Он төрт жасынан бастап «Ұстаздық» киімімен жүрген. Айналасына нұр мен хикметтің сәулесін шашуда еді. Ойды тереңнен қозғап, өте нәзік мәселелердің
84өзін оңай түсіндіруі, парасаттылығы мен өткір на-зары ғаламдарды таңқалдырушы еді. Ғалымдардың «Бәдиүззаман» (Заманның озығы) деген ат беріп, солай атап кетуіне әбден лайық еді. Жоғарғы дәрежелі білімі мен Ислам дінін жаюда және оның ақиқаттарын түсіндіруде аса кемелдік танытқан, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ілти-патына бөленген жан. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) әмір-бұйрықтарының шеңберінде әрекет етіп, Оның нұрына бөленіп, Пайғамабарымыз жеткізген ақиқаттарды таны-стырушы ұлы тұлға.Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) жеткізген нұр мен ақиқатты яғни Құран, иман ақиқаттарының нұрын жарқын түрде көрсетіп беруі, Құран аяттары мен Ха-дис шәріпттерде ишара етілуі, Пайғамбарлық міндетті ағашқа теңесек, сол ағаштың соңғы нұрлы жемісі, тіл-ге теңесек, ақиқатты жеткізер аузы және Илаһи нұрдың Иман қызметіндегі бақытқа жетелер қызметшісі сол кісі екендігіне күмән қалдырмайды.1948-жыл.Афион түрмесінің тұтқыныАхмед Фейзи
85Соттың шешімі бойынша қаншама рет ақталу шешімі шығарылса да, бірнеше аймақтарда Рисалей-Нұрдың таралуына шектеу қойылуына байланысты, Рисалей-Нұрдың бір хас шəкірттерінің соттағы қорғау сөзінен үзінді.3-ақпан, 1956-жыл.Екінші Азаматтық Істер Сотына. Диярбақыр.Əділ соттың құзырына шыққаныма қатты риза болып тұрмын. Əділ соттар Əлемдерді жаратушы Аллаһтың «Хақ», «Адил» есімінің және басқа да көптеген есімдердің көрінген жері. Əділет үшін, Əділ Жаратушының ал-дында әділетті сақтай алатын және нағыз Ислами әділдіктің ұлы күрсісі қандай асқақ, қандай құрметті. Хақ-құқықты мойындағысы келмейтін залымдарға бас идірген, шындықты мойындатуға мәжбүр еткен әділ сот-тар ең жоғарғы дәрежеге, ең жоғарғы құрметке лайық. Зұлымдықтан, күш көрсетуден құқы тапталған, ар-намы-сы аяқ-асты болған бишаралардың мына пәни дүниедегі ақиқат іздер сүйеніштері осы соттар. Олай болса, езілгенге қорған болып, қуаныш сыйлайтын, залымдардың зәресін алатын қандай құрметті орын. Адамзаттың жақсысын да, жаманын да көріп отырған үкім шығарушы бұл орын, оншалықты қорқынышты жер емес, сыйластықпен қарауға, құрметтеуге лайық.
86Сұлтан мен құлды, ақсүйек пен қара халықты бір етіп көретін бұл орган биліктен де құрметті. Əсіресе, адамзатқа ғасырлар бойы әділдікті үйретіп келе жатқан Ислами сот-тар басқа халықтар сияқты инквизиция жасаған жоқ. Қайта, адамзаттың әділет тарихының қара парақтарына шынайы әділеттің нұрын шашты. Əділет орындарымыз бен әділет тарихымыз мұның қаншама мысалдарына куә. Мына қасиетті әділет ордасында тұрып, мақтанышпен еске алар бір мысалды айта кетейін: Атақты Ислам сая-хатшысы, тарихшы Əулие Челебидің «Саяхатнама» атты кітабында мынандай бір оқиға кездеседі. Стамбулдың алғашқы қазысы Хызыр Бей Челебидің алдында айбын-ды патша Фатих Сұлтан мен Грек архитектордың арасын-да болған сотқа жүгіну оқиғасы былай болған екен. Өте үлкен бір ғимараттың құрылысы кезінде Фатих Сұлтан, үш үлкен мәрмәр діңгекті грек архитекторының қолына тапсырады. Грек архитектор Сұлтанның айтқанына кері әрекет жасап әлгі тас діңгектерді қысқартып кесіп тастай-ды. Сұлтан оның жазасы ретінде архитектордың қолын шапқызып тастайды. Архитектор Фатих Сұлтанды сотқа береді. Осы мәселе бойынша Сотқа шақырылған ұлы пат-ша, патшалар отыратын жоғарғы жаққа бара жатқанда, «Мырзам, ол жаққа отырмаңыз! Даугеріңмен бірге Шариғат сотына тартылып тұрсың, жауапкердің орнында түрегеп тұр!» деген қазы Хызыр Бейдің ескертуін алады. Қасақана қол шаптырғаны үшін, қысасқа қысас ретінде өзінің де қолы шабылатынын естиді. Бірақ, грек архитек-тор қысасқа қысас жазасын қолдануын қаламайды, сөйтіп, Фатих Сұлтан архитекторға күніне он алтын беріп тұруы
87керек деген шешім шығарылады. Қысастан құтылған пат-ша өз қалауымен он емес, жиырма алтын беріп тұратын болады. Ислам сотының әділдігін көрсететін бір ғана мысал Ұлы патшалардың өзі сот алдында қарапайым халықпен бірдей тұратынын көрсетуде. Бүгін мен де атақ-даңқы Фатих Сұлтаннан кем түспейтін атақты Ислам қазысы Хызыр Бей Челебилерден қалған органның өкілі және нағыз Құрани әділдікті не-гізге алған соттың орнындағы Соттың алдында тұрмын. Көңілімді орнына түсіріп, шат көңілмен тұруымның се-бебі осы. Даңқты аталарымыздың осыншалық жоғарғы деңгейлерінің сыры, жүрегіндегі Аллаһтан қорқу сезімі мен Құраннан жеткен нұрдың рухына сіңуі және ұлы ақиқаттарға мойынсұнуында. Сол даңқты аталарымыздан бізге мирас болып қалған бұл елде, олардың Аллаһ және Құран жолында жандарын қиып, төккен қасиетті қандарының ізі әлі жатыр. Осын-дай бір елде, «Құран ақиқаттары жолында еңбек етуде, Құранның тәпсірін оқуда, үйінде сол кітаптарды сақтауда» деген себептермен сот алдына шығып тұрмын. Бұл сот менің жеке басыма қарағанда Рисалей-Нұрдың соты бо-лып тұр. Рисалей-Нұр, Қасиетті Құранның аспани киелі ақиқаттарының тамшысы. Сондықтан, бұл кітаптардағы құндылықтар тікелей Құранға тиесілі. Олай болса, мына сот та Құранға қатысты. Тәухиди діннің кітабы болған Кәламуллаһ – Құранның бүкіл аяттары мен түсіндірулері, Жаратушының бірлігі мен жалыздығын айтып жар салуда. Құранның ақылды жандарды таңқалдырар мұғжизалығы, шешендігі, сөзінің тазалығы, түсіндіру әдісінің көркемдігі,
88қамту кеңістігі, адамдар мен жындардың қияметке дейін жалғасар қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуі, екі дүниенің бақытына апарар жолдағы жетекшілігі, әр ғасырда өмір сүрген жандардың бәрімен тілдесе алуы, Жаратушының қалауын құлдарына жеткізетін аяттар-ды тәпсірлеп, түсіндіріп берерлік ғалымдарға қажеттілік туындауына орай қаншама ғалым жүз мыңнан астам Құран тәпсірлерін жазып, әр ғасырды Құранның нұрымен нұрландырған. Рисалей-Нұр, Құранның нұрымен жарқырай көрініп, адамзат дамуына сәйкес түрде Құрандағы мұғжизаны, ақиқатты көрсете отырып, заманның түсінігіне сай жазылған өте киелі тәпсір. Құран бастан-аяқ Аллаһтың жалғыз екенін жар салуда яғни Иләһи Таухидті насихат-тауда. Рисалей-Нұр да Аллаһқа иман етуді және иман ақиқаттарын түсіндіретін Аяттарды тәпсірлейді. Не-гізгі мәселе осы. Отыз жылдан бері жасырын дін дұшпандары мен коммунистердің, масондардың айдап салуымен Рисалей-Нұр шәкірттері бірнеше рет сотқа тартылды. Əділ сот алқалары да әлгі жасырын, опасыз дін дұшпандарының жалалы мәліметтерін жіті тексеріп, «Бұлардың ешқандай қылмыстары жоқ, кітаптары өте пайдалы тәпсір» деп, қаншама рет шешім шығарса да, ақтау қарарлары қабылданса да елді жаппай дінсіздіктің батпағына тыққысы келген дұшпандар әрдайым жаңа айла-әдістер қолдануда. Тыныштыққа, ауыз біршілік-ке аса мұқтаж еліміздің шырқын бұзу үшін құйтырқы әрекеттер ұйымдастырып, сот орындарын босқа шарша-туда. Жоғарыда айтқанымдай әһл-і сүннет ғалымдарының
89алдыңғы буыны жазған тәпсірлері екі түрлі. Біріншісі, шариғи үкімдерге байланысты тәпсірлер. Екіншісі, Құран аяттарындағы хикметтер мен Иман ақиқаттарын тәпсірлеп түсіндіреді. Алдыңғы буын ғалымдардың мұндай тәпсірлері өте көп. Гаус-ы Ағзам Шах-ы Гей-лани, Имам Ғазали, Мұхиддин Араби, Имам Раббани сынды кісілердің тәпсірлері осындай тәпсірге жатады. Əсіресе, Мәулана Жаладдин Румидің Мәснәуиі осындай тәпсір. Рисалей-Нұр осы топтағы тәпсірлердің ең жоғарғы деңгейдегісі, ерекшесі. Мұндай тәпсірлер қолдан қолға өтіп тарала береді. Ешкім оларға тиіспейді. Рисалей-Нұрға да тиіспеу керек. Тиісушілер Құранға және ата-бабаға де-ген дұшпандығын көрсетіп отыр. Рисалей-Нұрдың иман шарттары мен Құран аяттарын тамаша тәпсірлейтіні сондай, ешбір дінсіз, ешбір кәпір ол ақиқаттарды жоққа шығара алмайды. Математикалық дәлдікпен нақты дәлелдей отырып, көзге шұқып тұрып көрсетеді. Ақылды да, сезімдерді де толық қанағаттандырады. Бұдан кейін, Имани, Құрани ақиқаттарды жоққа шығаруға ешқандай мүмкіндік қалдырмайды. Сондықтан, комму-нист, дінсіз дұшпандар Рисалей-Нұр тұрғанда бұл елде өздерінің жаман ойларын іске асыра алмайтындықтарын біліп, қайда бараса да, не істесе де алдарынан Рисале-Нұр шығатынын сезіп, Рисалей-Нұрды насихаттап, таратушылардың жолын кес-кестеуді мақсат тұтып отыр. Рисалей-Нұр шынайы иман дәрісін беруде. Шәкірттерін неше түрлі жамандықтардан тияды. Жүреккке жақсылық ұялатады. Оларды өз дәрежесінде түсініп оқыған адам жамандықтарға бой алдырмайды. Сондықтан да, бүгінгі
90күндері Рисалей-Нұр шәкірттері еліміздің түкпір-түкпірінде қоғамдық өмірдің рухани сақшыларына айна-лып отыр. Осы уақытқа дейін ешбір Нұр шәкірті қоғамның тыныштығын бұзған жоқ. Қайта олар сақшылардың руха-ни көмекшілеріне айналғандай. Рисалей-Нұр шәкірттері Аллаһтың ризашылғынан басқа, ақыреттік амалдардан өзге істерді ойламайды да! Олай болса, Рисалей-Нұрға қастық ойлап, ор қазғандар жоғарыда айтылған жасырын дін дұшпандарынан басқа ешкім де емес.Бұдан бұрынғы соттардың қаншама ақтау шешімін шығарғандығын айттым. Олардың рет сандары мен қашан шығарғандығын айта отырып, сол әділ соттарға миллиондаған Нұр шәкіртттерінің атынан рахмет айтқым келеді. Барлық Рисалелерді ақтау және авторына қайтарып беру жайлы Денизлі қылмыстық істер соты 15-маусымда 1944-жылы шешім шығарған еді. Стамбул Эминөну қылмыстық істер сотының 1953-N951/137 және 27/952 қарары «Себилүр решад» газетін-де жарияланған болатын. Бұл шешімді өткен отырыста сіздерге берген едім. Арасында менің сіздерге берген Аса-и Муса кітабы да бар, Рисалей-Нұрдың барлық кітап-тарына Мерсин қылмыстық істер соты 9.4.1954 күні N421/954 ақтау шешімін шығарған еді. Бұлардың бәрі де Рисалей-Нұрға тиісудің орынсыз екенін дәлелдеп тұрса да, дін дұшпандарының орынсыз әрекеттерінің кесірінен Аса-и Муса кітабының мәселесі бойынша алдарыңызға келіп тұрмын. Рисалей-Нұр Аллаһқа иман мен Таухидті ең жоғарғы дәрежеде, айнеляқин, хақкеляқин түрде көрсетіп, барлық сезімдерді толық қанағаттандыру арқылы ерме-еліктеме дәрежесіндегі әлсіз иманды, шынайы-мызғымас
91иман дәрежесіне көтереді. Аса-и Мусада осы ұлы да қасиетті иман ақиқаттары өте жарқын түрде көрініп, тамаша дәлелденіп тұрғандықтан Аса-и Мусаны жүз отыз кітаптан тұратын Рисалей-Нұрдың мазмұны деуге боларлықтай.Аспаннан түскен барлық кітаптардың, барлық пайғамбарлардың ең негізгі мақсаты әлемдердің Жара-тушысы Аллаһтың улухиеті мен уахданиетін яғни бір-лігі мен жалғыздығын жар салу. Құран Кәрім бастан-аяқ Тәухидті көрсетіп беруде. Аса-и Муса да мұсылмандарға және бүкіл адамзатқа Хақ Тағаланың бір екенін және Оның дәлелдерін Күндей жарқын етіп көрсетіп беруде. Сондықтан жоғарғы дәрежелі ойшылды да, дінсізді де, философты да Иман ақиқаттарын мойындауға мәжбүр қалдыруда. Сондай-ақ, қарапайым бір адамға аса жоғарғы деңгейдегі ақиқаттарды оңай түсіндіріп беруде. Құран Кәрімнің Тәухидті таныстыратын аяттарының тәпсірі, атына заты сай. Муса алейһиссаламның қолындағы аса-сымен қара тастан, қу тақырдан, жалын атқан ыстық құмнан су шығарағаны секілді Аса-и Муса да Аллаһтың жалғыз екенін дәлелдеу арқылы, бұ дүниені де, ақыретті де жап-жарық етіп көрсететін Тәухид нұрын шашуда. Тас болып қатқан жүректерді майдай ерітуде, көңілдерді ба-урап алуда. Соттардың да ақтау шешімдерімен қоса, ар-ождан бостандығы бар. Ешқандай мемлекет ғылыммен айналысуға тиым салмайды. Олай болса, бұрынғы да, кейінгі де ғылымдарды қамтып тұрған Рисалей-Нұрға да тиым салынбауы керек. Рисалей-Нұр еліміміздің тыныштығы мен дамуына қызмет етіп отырғандығына, миллиондаған Нұр шәкірттерінің ешқайсысы қандай да
92бір заң бұзушылық істерге араласпай отырғандығы дәлел. Олардың бәрі де дұрыс жүріп, дұрыс әрекет етіп жүрген адамдар. Менің жеке кітапханамнан Рисалей-Нұр кітапта-рымен қоса Аса-и Муса кітабының тәркіленуі де қандай да бір қылмыс жасағанымды көрсетпейді. Өйткені, зия-лы адамның кітапханасында неше түрлі кітаптар тұра бе-реді. Ол кітаптарды оқуы, талқылануы мүмкін. Анайы, бұзғыншылық пікір тарататын немесе анархияны насихат-тайтын кітаптарды оқып та талқылай береді ғой. Қысқасы: Рисалей-Нұр, Құранның бүгінгі таңдағы ең жоғарғы, ең құнды тәпсірі. Мұндағы ақиқаттар Құраннан алынып жатыр. Олай болса, Құран оқылып тұрған кезде, ол да оқыла береді. Рисалей-Нұр, Құранның баға жетпес неше түрлі құнды інжу-маржандарының көрмесі, базары. Бұл қасиетті базарда әркім қалағанынша сауда жасай ала-ды. Ақыреттік, рухани құндылықтарға қол жеткізе алады. Осынша, әңгімем арқылы айтқым келгені: Мақсатымыз иманымзды құтқару, иманға қызмет ету, Құранға қызмет ету. Ақырет үшін амал ету, ешқандай қылмысқа, кінаға жатпайды. Біздің қайта-қайта, шағымдана айтып отырған жасырын дін дұшпандарымыз, неше түрлі құйтырқы әрекеттер ұйымдастырып, бізге мына қасиетті борышы-мызды орындатпауға тырысуда. Біз де, Қасиетті Құран жолында, Иман жолында қолда бардың бәрін де қиюға дайынбыз. Дүниелік қиындықтар ғана емес, тозақтың азабын тартсақ та, кескіленіп, шабылып қалсақ та, жан түршігерлік жағдайда өліп кетсек те ғасырлар бойы күрескен миллиондаған даңқты ата-бабаларымыздың жо-лында біздің де жанымыз құрбан. Бір емес, мың жанымыз
93болса да Қасиетті Құран мен Иман жолында бәрін де қиып жіберуге әрқашан дайынбыз. Мына қасиетті отанымыздың тасы, топырағы, күмбездері, мешіттері, мұнаралары, мазар тастары, бейттері Құран айтып тұрған Тәухидті еске түсіреді. Иман мен Құранның мәңгілік нұрын әрбір атомның өзі жар салып тұрған Тәухидтің ақиқаттарын, ешкім де ешқашан да бұл халықтың кіршіксіз жүрегінен суырып ала алмайды. Құрметті судьядан, ұлы әділдіктен Құран ақиқатарын, Аллыһтың бір екендігін жар салып, Тәухидті өте жоғарғы дәрежеде көрсетіп тұрған, Рисалей-Нұр жинағына тиым салынбауын, ақтау шешім шығаруын өтінемін. Риалей-Нұр, Құранға тиесілі, соның мүлкі. Аллаһпен байланысып тұрған Кәламуллаһпен өткен шақтағы миллиондаған мұсылмандар, әулие, әнбиялар тығыз бай-ланыста. Сондай-ақ, олар Рисалей-Нұрдың сотына да ру-хани түрде алаңдауда. Əбден қартайған жер шарының төрт жүз миллион мұсылман тұрғындары да Рисалей-Нұрдың ақталуына, еркін таралуына ынтызар. Өткен шақ деп ата-латын перденің ар жағындағы даңқты аталарымыздың нұрлы көші, Рисалей-Нұрдың сотын аса жоғарғы деңгейден рухани түрде зер салуда. Болашақтағы нұрлы ұрпақ та Рисалей-Нұрдың ақталуын күтіп тұр.Мехмед Қаялар1* * * * *Сілтеме: Бұл сот отырысында Рисалей-Нұрды ақтау шешімі шығарылды.
94(көптеген жерлерде жарияланған жəне Премьер Министрге де жеткізілген бір ақиқат)Ұстазымыз отыз бес жылдан бері саясатқа ара-ласпай отырса да, Соттар да жиырма бес жылдан бері саясатқа араласқаны жайлы бірде-бір дəйек таба алмай отырса да, ұстазымыздың денсаулығына бай-ланысты жатып қалғанына да қарамай, Стамбулдық кейбір журналистердің жала жабуларына байланы-сты, бұрынырақта Министрлер кеңесіне жолданған бұл хатты, енді Мəжіліске жəне Министрлер Кеңесіне жазылған хатқа қосымша ретінде қайта жолдауға мəжбүр болдық.Ұстазға көмектемсіп жүрген Нұр шəкірттері.(Бауырларым, көңіліме ескертіле отырып жаздырылған көпшілікке айтыла бермейтін бұл ақиқатты, мүмкін болса Премьер Минист-рге жəне діндар депутаттарға жеткізіңдер)кІРІСПЕҚырық жылға жуық уақыттан бері саясатты тас-тап кеткендіктен, уақытымның басым бөлігін жалғыз өткізгендіктен, қоғамдық, әлеуметтік саяси өмірге көңіл бөлмегендіктен аса қауіпті бір нәрсені байқамаппын. Бүгінгі таңда сол аса қауіпті нәрсенің мына мұсылман халыққа, елге, Мұсылман үкіметке ауыр соққы беруге дайындық жүріп жатқанын сездім.
95Маған қатаң түрде рухани ескерту жасалғандықтан мына мұсылман халық үшін және билігі мен бақыты жо-лында еңбек етіп жүрген саясаткерлер мен әлеуметтің қамын ойлап жүрген жандарға екі нәрсе айтуға мәжбүр болдым.БІРІНШІСІ: Газетке мән беріп тыңдамасам да бір-екі жылдан бері «кертартпалық» деген жалалы сөзді жиі естуші едім. Бұрынғы Саидтың назарымен зер салдым. Нақты көргенім мынау болды: Саясатты дінсіздіктің құралына айналдырып, адам бойындағы ең қорқынышты, ең жабайы түсініктерді негізгі заңдылықтарға айналдырғысы келетін, жанашыр жанның маскасын тағып алған Исламның жасы-рын жаулары, қатігез инквизицияны жолда қалдырардай қатыгездікпен жала жабуда. Берік имандарының арқасында дініне жанашыр болып, дінсіздерге қарсы әрекет етіп, сая-сатты дін жолында пайдаланғысы келіп, мұсылмандардың рухани күшін Ислами үкіметті күшейтуге тырысып, төрт жүз миллион шын бауырларын соңына ертіп, Еуропаның қайыршылығынан құтқаруға тырысқан жандарға «кертар-тпа» деген таңба басып, оларды елге зиянды адамдар ретін-де көрсетулері, жер мен көктің арасын толтырарлықтай әділетсіздік. Бұлардың мыңдаған мысалдары бар. Мұндай зұлымдықтарға тосқауыл ретінде екінші ақиқатты айта кетейін.ЕкІНШІСІ: Қазір өздерін мәдениеттің ең жоғарғы саты-сындамыз деп жүргендердің кейбіреуі өзінің кертартпалық әрекетінің кесірінен адамзаттың жабайылық кезеңіне қайта оралуда. Адамзаттың бақытын да, тыныштығын да, әділеттілікті де тас-талқан етер сол жабайылық, қазір біздің бишара мемлекетімізге қайта келгендей немесе әкелінгелі
96жатыр. Партияшыл кейбір ағымдарға сол түсінік егіліп жатыр. Оның негізі мынада: Бір топтың бір мүшесінің қателігі үшін сол топтың, партияның, ағымның барлық мүшесін жазаға тарту. Бір қателікті мыңдаған қателікке айналдырып жібереді. Бірлік пен ауызбіршіліктің ірге-тасы саналатын бауыраластық, туысқандық, отандастық, сүйіспеншіліктің тас-талқаны шығуда. Мұндай бір-біріне қарсылас күштер әлсіреп қалатындықтан, ин-квизицияшыл, жабайы заңдарға қарсы, нағыз әділет, нағыз ақиқат заңы – Қасиетті Құранда нақты айтылғанаятының ақиқаты. Өзара сүйіспеншілікті де, бауырластық сезімді де біздің мұсылман халықтарына сіңдіріп, елді үлкен пәлекеттерден қорғап тұрған да осы қағида. Яғни, біреудің қателігі үшін басқа адам жауапқа тартылмайды, туған бауыры руласы, партияласы болса да сол қателікке ортақ болмайды. Əрі кетсе қылмысқа, ризашылық танытқандай рухани күнәһар болады. Ақыретте жазасын тартады. Заң аясында, ресми түрде жауапқа тартылмайды. Егер осы қағида тез арада негізгі заң ретінде қабылданбаса, адамзат екі дүниежүзілік соғыста көрген қырғынды тағы қайталап, қоғамдық өмір әсфәл-і сафилин (төмендердің ең төменгі жағдайы) саналар жабайылық жағдайға қайта оралады. Міне, Құранның негізгі қағидасына «керітартпалық» деп жүргендердікі нағыз жабайылық. Осындай, саясат ұстанып жүргендердің сенім артқан не-гізгі заңдары: «Көпшіліктің бақыты үшін жеке адамдар пида етіледі. Отан үшін жеке тұлғалардың құқы құрбан болады. Мемлекеттік саясаттың жолында аздап қылмыс
97жасала береді», деп бір қылмыскердің кесірінен бір ауыл-ды жоқ қылып, мыңдаған бәйкүна жандардың құқын тап-тайды. Бір адамның жаралануы себепті, мыңдаған адамды қиын жағдайға душар ету немесе екі жүз адамның өліміне жиырма жыл бойы мән бермеу, Бірінші Дүние Жүзілік соғыста үш мың адамның саяси қылмыстарының кесірі-нен отыз миллион адамның опат болуы сынды мыңдаған мысал келтіруге болады. Осындай жабайы кертартпалықтың жан түршігерлік зұлымдықтарына қарсы шығып отырған Құран шәкірттерінің негізгі заңы, Құрандағы жүздеген басты қағидалардың біріаяты болып отыр. Нағыз әділдікті, ауызбіршілікті, бауырластықты сақтап қалуға тырысып жүрген иман-ды жандарға «кертартпа» деген айдар тағып, жала жабу (Малғұн Иезидтің зұлымдығын, Омардың әділдігін артық көрумен бірдей) ең жабайы зұлымдық. Адамзатты әділеттіліктің ең жоғарғы сатысына көтерген Қасиетті Құранның жоғарыда айтылған басты қағидасынан жабайылықтың ең сорақы түрі саналар Инквизициялық заңды артық көрумен бірдей. Мұсылман Үкімет пен осы елдің бақыты жолында еңбек етіп жүрген саясат-керлер абай болулары керек. Əйтпесе, екі-үш мықты ағымның қатты соққысынан, елдің қамы үшін жұмсалар күштері мың есе азайып қалады. Ондай әлсіз жағдайда билік жүргізе алмайды. (тіпті, диктаторлық әдіспен де). Елдегі тыныштықты, қоғамдық қауіпсіздікті сақтап тұра алмайтындықтан, Француз революциясының тұқымын
98мына қасиетті Ислам өлкесіне себуге жол ашады. Осы алауыздықтың кесірінен әлсіз жағдайға ду-шар болып, шетелдіктердің құйтұрқы саясаты мен көмектескен сыңай танытуларының кесірінен қаншама рухани құндылықтарымыз құрбан болуда. Төрт жүз мил-лион бауырының ауызбіршілігі мен миллиардтаған ата-бабамыздың өткен жолына мән берілмей жатыр. Есесі-не елдегі тыныштық пен саясатқа зиян келмесін деп, сұмдық ысырап жасалуда. Алауыздықтан туындайтын дәрменсіздіктің кесірінен мол қаржы таратуға мәжбүр бо-луда. Халықтың кедейлігіне назар аударылып жатқан жоқ. Ендігі нақты мәселе, бүгінгі таңдағы ел саясаткерлерінің батыс пен шет елге беріп жатқан рухани құрбандықтарынан (парадан) он есе артық құрбандықты (параны) бүкіл үмметтің бақыты мен Ислами үкімет жолында, елдегі ауызбіршілік пен сенімділікті арттыру және болашақта Ислам әлемінің одақтасуы мен төрт жүз миллион мұсылманның бақыты жолында беруіміз аса қажет. Ал, мұндай аса қажет және өте пайдалы пара деп отырғанымыз - Ислам бірлігі, өзара көмек. Құранның сыйы және қасиетті де негізгі қағида болғансынды аяттар. Құранның негізгі заңдарына сай әрекет ету.Саид Нұрси.
99Құрметті бауырларым! Əуелі, өткен және ке-лер айттарың құтты болсын дей отырып, рухани мерекелеріңді және қасиетті түндеріңді шын көңілден құттықтаймын! Мейірімді Аллаһтан, жасаған құлшылық, еткен дұғаларыңның қабыл болуын тілеймін! Екіншіден, көбіне рухани түрде сұралатын маңызды екі сұраққа әркімге айта бермейтіндей жауап беруге мәжбүр болдым. БІРІНШІ СҰРАҚ:Ертеректе, демократиялық төңкерістің алғашқы кезеңдерінде саясатпен қатты айналыстың. Саясатты мүлде қойып кеткеніңе де қырық жылға таяды. Мұның себебі не? Жауап: Саяси қағидалардың ең негізгісі «Ұлттың бақыты үшін жекелеген адамдар пида етіледі. Жамағаттың бақыты жолында кейбіреулер құрбан болады. Отан үшін бәрін де пида қылу керек». Адамзаттың осы уақытқа дейінгі басынан өткізген жантүршігерлік қылмыстардың бәрі де осы қағиданы бұра тартудан туындап отыр. Бұл қағиданың белгілі бір шекарасы болмағандықтан теріс пайдаланылып жатыр. Екі дүниежүзілік соғыста осы қатігез қағиданың кесірінен адамзаттың мың жылдық дамуы мен ке-мелдігі тас-талқан болды. Он қылмыскердің кесірінен тоқсан бәйкүна жанның зардап шегуіне жол берілді. Осы
100көпшіліктің пайдасы үшін деген сылтаудың ар жағында жекелеген жауыздық мүдделер тұрды. Бір қылмыскердің кесірінен бір ауыл жойылып кетті. Бұл ақиқаттар Рисалей-Нұрдың көптеген жерлерінде айтылғандықтан сөзді соған қалдырып отырмын. Міне, саясаттың осындай қатыгез қағидаларына қарсы Арш-ы Ағзамнан жеткен Қасиетті Құранның негізгі заңдарын таптым. Ол заң мына аятта көрсетілген:Яғни, бұл екі аят мына негізгі қағиданы үйретуде. «Бір адамның қылмысы үшін басқа біреу жауапқа тартылмай-ды. Сондай-ақ, бір адам өзі соған разы болмаса, бүкіл адам-зат үшін де пида етуге болмайды. Өз ризашылығымен жанын пида етсе, онда оның шәйіт болғаны, бұл мүлдем басқа мәселе» деп, нағыз адами әділдіктің негізін қалауда. Мұның да толық түсіндірмелерін Рисалей-Нұрға тапсыр-дым. ЕкІНШІ СҰРАҚ: «Сен бұрын шығыс өңірдегі бәдәуи қауымдарды аралаған кезіңде, оларды мәдениет пен өркениетке шақырушы едің. Соңғы қырық жылда қазіргі мәдениетті «мимсіз», яғни құлдырау, азып-тозу деп, өзің де қоғамдық тұрмыстан қол үзіп оқшау жүресің, тіпті өз бетіңше өмір сүре бастадың. Мұның себебі не?»Жауап: Батыстың қазіргі мәдениеті, діни заңдардың негіздеріне қайшы келіп, жағымсыз жақтары жағымды жақтарынан асып кетті. Əрі жіберген қателіктері мен
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123