101Өлім және Мәңгілікбүкіл жер жүзіне де бір орталықтан жүз миллиондаған шам арқылы бір сәтте жарық, нұр беруге болады. Аллаh Тағаланың дүние қонақ үйіндегі «электр» дейтін бір мақұлығы, бір қызметшісі, сондай-ақ шам шырақтары, Жаратушысының әмірімен, оның тәрбие, дәрісімен мұндай жағдайға еніп жат-са, әлбетте электр тәрізді қисапсыз көп нұрлы қызметшілері мойынсұнатын Иләhи заңымен Хашір-ы Ағзам көзді ашып-жұмғанша жүзеге асатынына шүбә жоқ.Үшінші мәСеле: Денелердің әп-сәтте жаратылатыны-на мысал айтар болсақ, көктем маусымында бірнеше күннің ішінде бүкіл адам баласының санынан мың есе көп өсімдік атаулының бүкіл жапырақтары, өткен жылғы көктемдегідей жылдам, керемет түрде құрастырылып жара тылып жата-ды. Сондай-ақ, олардың бүкіл жапырақтары, гүлдері, жеміс-тері өткен көктемгідей өте жылдам қайта жаратылуы және көктемнің бас тамасы тәрізді алуан түрлі сансыз дәндердің, тамырлардың бәрі көктеп, өсіп-өнуі, қайта тірілулері хашірге анық ишара емес пе? Қыс кезінде саудырап сүйекке айналған өліктер сияқты болған бүкіл ағаштардың жа назалары көктем келе әп-сәтте бір ғана әмірмен, «бағсу бағдәл мәут а»қ яғни, өлгеннен соң қайта тірілу әміріне мойынсұнулары және өркен жаю лары, және ұсақ жәндіктердің шебер түрде қайта жан бітіп тірілулері, әсіресе шыбын тұқымдастардың хашірлері оның ішінде үнемі көзін, жүзін, қанатын тазалауы арқылы бізге дәрет алуды, тазалық сақтауды ескертетін мына көз алдымыздағы мақұлықтың бір жылда жаратылатын саны, Адам атадан бері дүниеге келіп-кететін адамдардың санынан әлдеқайда көп бола тұра, әрбір көктем сайын өзге түрлі мақұлықтармен бірге бірнеше күнде тіріліп, қайта жаратылуы яғни хашірі, әлбетте, қиямет қайымда адамдар денелерімен бірге қайта жаратылаты-нына бір ғана мысал емес, мыңдаған мысал болып табылады. Рас, бұл дүние Аллаh Тағаланың хик метін көрсететін жер. Ал,
Рисалей-Нұр жинағынан102ақырет болса құдіретінің орны. Сондықтан, бұл дүниеде Хаким (дана), Мүреттиб (реттеуші), Мудеббир (басқарушы) секілді есімдердің талабымен дененің біртіндеп дамып, жаратылуы, оның белгілі бір уақытқа тәуелді болуы Раббани хикметтің заңы. Ал, ақыретте хикметтен гөрі Құдірет пен Рақымның та-лабы басым болып дене уақытқа тәуелсіз түрде тез жаратыла-ды. Бұл жерде бір күнде, бір жылда жасалатын істер ақыретте қас-қағым сәтте болатынына ишара түрінде Құран-ы Мұғжиз-ул Баян: деп бұйырады.Егер хашірдің болатынын, келесі көктемнің келетіні сияқты анық түсінгің келсе, хашір туралы жазылған «Оныншы Сөз» бен «жиырма тоғызыншы Сөзді» мұқият оқы, зерделеп қара. Егер, көктемнің келетініне сенгеніңдей Хашірге сенбесең, көзімді ойып ал!ТӨРТінші мәСеле: Енді бұл дүниенің өлетініне, қиямет қайымның болатынына келейік. Бір ғаламшар неме-се құйрықты жұлдыз Раббани әмірмен мына дүниемізді, яғни қонақ үйімізді соғып өтсе бір сәтте тас-талқанын шығарады. Он жылда салынған зәулім үйдің әп-сәтте қирап қалатыны сияқты...* * *
103Өлім және МәңгілікҚОСымшАның ТӨРТінші БӨліміЯғни, адам баласы: «шіріген сүйектерді кім тірілтеді?» – деді. Сен оған: «Оларды әу баста жоқтан бар етіп, тірілткен кім болса, Сол тірілтеді,» – деп айт!Оныншы Сөздің тоғызыншы ақиқатының үшінші мысалын-да айтыл ғандай, біреу бір күннің ішінде жаңадан қалың қол, әскер жинап, бір орда құрса, ол туралы біреу саған: «мына қолбасшы тынығып жатқан әскерінің бір бөлімшесін кер-ней дауысымен әп-сәтте жинап, бөлімшені тәртіпті сапқа тұрғызады» десе. Уа, адам! Сен оған: «Сенбеймін» десең, мұндай қырсықтық қаншалықты ақымақтық екендігін білесің!Дәл сол сияқты, жоқтан, жаңадан әскер тәріздес жан-жануарлар әлемі нің, сондай-ақ өзге де тіршілік иелерінің әскери бөлім секілді денелерін асқан тәртіппен әрі хикмет-ке толы өлшеммен, бойындағы зәрелерін, сезім мүшелерін өз әмірімен реттеп, орналастырып отырған сондай-ақ, әр ғасырда тіпті әр көктемде жер жүзінде жүз мыңдаған қалың әскер тәрізді тіршілік иелерінің қыруар түрі мен топтарын жарататынын Зат-ы Қадир-ы Алим (Бәрін білетін, ұдіреті шексіз)қ, әскери сапқа ұқсас денелердің қалыбына еніп, бір-бірімен танысып, тәртіпке көндігіп алған негізгі бөл шектерді бір айқаймен, яғни Исрафилдің кернейімен қалай жинап алады деп айтуға бола ма? Егер айтса, ақымақтық, диуаналық болмай ма?
Рисалей-Нұр жинағынан104Сондай-ақ Құран Кәрім, Хақ Тағаланың ақыреттегі таңғажайып іс тері көңілге қонуы үшін дайындық ретінде әрі зейінге қабылдату үшін ша қыру ретінде дүниедегі ғажап істерін тілге тиек етеді немесе келешекте бо латын ақыреттік Иләhи ғажап істерді керемет түрде баяндайтыны сон шалық, күнделікті көріп жүрген нәрселерге қарап мойындауға тура келеді. Мысалы,сүресінің соңына дейін.Міне, осылайша Хашір мәселесін дәлелдеу үшін жеті-сегіз тәсілмен, сан-алуан түрде сөз етіледі. Әуелі, алғашқы жараты-лысты назарға ұсынып былай дейді: «Бір тамшы судан ұйыған қанға, ұйыған қаннан бір түйір етке, бір түйір еттен адам бейнесіне дейінгі жаратылыстарыңды көре тұра қалай ғана екінші мәрте жаратылатындарыңа сенбейсіңдер? Ол кездегі тірілту де осы сияқты, тіпті бұдан да оңай.»Сондай-ақ, Құранда Хақ Тағала адам баласына жасаған мол мейірімінесөзіменишара етіп, бы лай дейді: «Сендерге осыншама нығмет берген Аллаh, қабірге кіріп алып, қайта тұрмай жатып алуларыңа рұқсат бермейді, сендерді басы бос қоя салмайды.»Және тағы бір ишарамен былай дейді: «Өліп қалған ағаштардың қайта тіріліп, жасарып жатқанын көріп отырсыңдар. Сүйек секілді отындарға жан біткеніне қарап, салыстыра алмай, ақылға сыйымсыз дейсіңдер!» Жер мен көкті жаратқан Аллаh, оның жемісі болған адамды өлтіріп, тірілтуге құдіреті жетпей ме? Зәулім ағашты өсіріп, басқарып отырған Аллаh, сол ағаштың жемісіне мән бермей, басқаның қолына беруші ме еді? Бүкіл ағаштың нәтижелерін тәрк етуі арқылы барлық бөлшектері хикмет толы мына «Әлем» атты ағашты түкке тұрғысыз, босқа жаратқан болуы мүмкін деп
105Өлім және Мәңгілікойлайсыңдар ма? Хашірде сендерді тірілтетін Аллаhтың құдірет күшті. Бүкіл ғалам, болмыс атаулы әмірін бұлжытпай Оның қол астындағы әскері тәрізді. Оған көктемді жарату бір гүлді жарату секілді оңай. Бүкіл тірі жанды жарату, шыбынды жаратқанмен бірдей, құдіретіне жеңіл. Міне, осындай біреугедеп, құдіретін дәрменсіз санап, ауыр сөздермен қарсы келуге болмайды. Сонан соң:деу арқылы, әр нәрсенің тізгіні мен кілтін қолына ұстап, күндіз бен түнді, қыс пен жазды кітаптың парақтары секілді оп-оңай ауы-стыратын, дүние мен ақыретті екі бөлме секілді біреуін жауып, екіншісін ашатын кім? Ол – Қадир-ы Зүлжәлал. Олай болса, барлық дәлелдердің қорытындысы ретінде яғни, сендерді қабірден хашірге алып шығып, Ұлы Құзырында сұраққа тартатын болады.Міне, осы аяттар ақыл-ойды хашірді қабылдауға әзірлейді. Көңілді де соған бұрып дайындайды. Өйткені, оған ұқсас әмірлерді мына дүние лік істер арқылы көрсетті. Кейде Ақыреттегі істерді керемет түрде баян дайтыны соншалық, мына дүниедегі ұқсастықтарын көз алдына жайып салады. Ондағы мақсаты – естіген құлақ – ақылға сыйымсыз демесін, жоққа шығармасын дегені. Мәселен,және, жәнеМіне, осы сүрелерде қиямет пен хашірдегі ұлы құбылыстарды және Рубубиеттің билігін ерекше түрде баяндайтыны сондай, адам олар дың ұқсастарын бұ дүниеде, мысалы, күзде немесе көктемде нақты көр гендіктен жүрекке қорқыныш беріп, ақылға сыйымсыз көрінген әлгіндей өзгерістерді қабылдау оңай келеді. Осы үш сүренің қысқаша мағынасына ишараның өзі ұзаққа со-зылады. Сондықтан бір ғана сөзін мысал ретінде келтірелік.
Рисалей-Нұр жинағынан106Мысалы,сөзі арқылы былай дейді: «Хашірде әркімнің барлық жасаған амалы бір параққа жазылған қалпында жайып салынады». Бұл, мәселенің өзі жеке дара ғажайып болып адам баласының ақыл-ойына сыймайды. Әйтсе де, осы сүренің ишара еткеніндей «көктем» хашірінде келтірілген кейбір мысалдарға сүйене отырып, амал парағының қалай жайылатынын түсінуге болады. Өйткені, кез-келген жеміс ағашы болсын, гүл тектес өсімдік болсын өзіндік амал-дары, атқарар міндеттері бар. Жаратқанның көркем есімдерінің кереметін көпке танытып, қалай тәсбих еткен болса, солай өзіндік құлшылықтары бар. Міне, олардың бүкіл амалдары өмірбаяндарымен бірге толығымен дән, тұқымдарына жа-зылып сақталады да келесі көктемде басқа бір жерге өсіп шығады. Өзіндік түр мен бейнесі арқылы өзіне тән тілдерімен ата-бабаларының жасаған амалдарын айтып тұр. Сол сияқты тал, бұтақ, гүл, жапырақ, жемістері арқылы амалдар жазылған парағын жайып салып тұрады. Міне, көз алдымызда мұндай хикметке толы құрастыру, жарату, өсіріп жетілдіру, мұқият сақтау тәрізді істерді, әрине Хаким (Өте дана), Хафиз (Өте мұқият сақтаушы), Мудеббир (Басқарушы, ұйымдастырушы), Мүребби (Өсіріп-өндіруші, тәрбиелеуші), Латиф (Мөлдір, нәзік)біреу атқарып отыр дей келе: – дейді.Өзге де жақтарын осымен салыстырып көр. Өрең болса, тереңіне сүңгіп, мағынасына бойла. Саған көмек ретінде мы-наны да айтайын:Бұл сөз «тәкуир» сөзімен яғни «орау», «жинау» деген мағынада жарқын бір тәмсілге (мысалдама) ишара қылып қана қоймай ұқсас құбылыстарды да меңзейді.
107Өлім және МәңгілікБіріншіден: Аллаh Тағала кеңістікті яғни «эсир» әлемін және аспан перделерін ашып, дүниені жарық қылатын Күн секілді жақұттай шамды өзінің рақымдылық қазынасынан алып, дүниеге көрсетті. Дүние жабылған соң, әлгі құнды шам-ды перделеріне қайта орап алады.екіншісі: Күн Жер шарына сәулесін шашып, шуағын құюға, жарық пен қараңғылықты кезек-кезек ауыстырып тұруға міндетті бір қызметші. Ол, әр ақшам сәуле шуақтарын жинап жасырынып қалады. Кейде бұлт Күнге перде болып, нұры аз құйылады. Кейде Ай Күннің жүзін бүр кемелеп перде бола-ды да қызметіне кедергі болады. Сөйтіп Күн өз жа рығын, іс-жоспарын, амал дәптерін жинастырғандай. Дәл сол сияқты, әлгі қызметші бір күні қызметтен мүлдем босатылады. Тіпті, ешбір себеп болмаса да оның бетіндегі әзірше кішкентай бірақ, барған сайын ұлғайып бара жатқан екі дақ оның бетін жауып тастай-ды да, Аллаhтың құдіретімен дүниені жарық қылып тұрған Күн сәулесі Раббани әмірмен кері алынып, оны Күннің басына орап: «Қане, жердегі жұмысың бітті, Жәhаннамға бар. Саған табынғандарды, сен сияқты адал қызметшіні кездейсоқ, табиғи, өз бетінше тұр дегендерді, яғни опасыз деп қорлағандарды өрте!» дейді. Осылайша деген бұйрықты өзінің бетіндегі \"Қара дақпен\" оқиды.* * *
Рисалей-Нұр жинағынан108ҚОСымшАның БеСінші БӨліміХадистің анық білдіргеніндей және Адамзат баласының ең таңдаулы өкілдері – жүз жиырма төрт мың Пайғамбар бірауыздан нақты куә болып, кейбіреуі анық көріп ақыреттің бар екендігін, адамдардың сол жерге жіберілетіндігін және Жаратушының айтқан уәдесінде тұрып, ақыретті әкелетіндігін хабарлайды.Сондай-ақ олардың хабарларына ғылыми түрде көзі жет-кен жүз жиырма төрт миллион әулие де ақыреттің бар екенін қуаттайды.Сондай-ақ бүкіл ғаламды жаратушы Сани-ы Хакимнің бүкіл есімдері бұл дүниедегі көріністері арқылы өзге бір соңсыз әлемнің, ақыреттің бар екендігін дәлелдейді.Сондай-ақ теңдесі жоқ Құдірет-і Әзелие, ысырапсыз Хикмет-и Әзелие көктем сайын жер бетіндегі сансыз өсімдік, ағаштарды әмірімен қайтадан тірілтіп, «бағсу бағдал мәутке» бөлеген және хашір мен нешірдің (ыды-рап айта жиналу)қжүздеген, тіпті мыңдаған үлгісі ретінде – өсімдіктер мен хайуанаттар әлемінің үш жүз мың түрін өлтіріп, қайта тірілткен, сондай-ақ ризыққа мұқтаж барлық тіршілік иелерін аса мейірімімен таңғажайып түрде азықтандырушы және көктем сайын қысқа мерзім ішінде құлпырған сұлулықты көрсетуші – Рақым-и Бақие (шексіз мейірім), Мәңгілік Инает (жәрдем) те ақыреттің бар екендігін анық түрде көрсетеді.Сондай-ақ бүкіл әлемнің ең жоғарғы дәрежелі жемісі, Жаратушының ең сүйікті пендесі, бүкіл әлеммен тығыз бай-ланысы бар адамзаттың бо йындағы күшті әрі басылмайтын
109Өлім және Мәңгілік«мәңгілікке» деген ғашықтық, «соң сыз дықты» аңсайтын сезімдер және мәңгілікпен қатысты амалдар, мына өткінші әлемнен кейін мәңгілік әлем – ақырет әлемі мен бақыт сара-йы ның – бар екендігін толық дәлелдейді. Бұл соншалықты ап-айқын, анық мәселе – дүниенің бар екендігі қаншалықты рас болса, ақыреттің де бар екені де дәл сондай ақиқат. Мұны сөзсіз қабылдауға тура келеді. (Сілтеме28) Әрі Қасиетті Құранның бізге беретін дәрістерінің ең маңыздысы Иман-ы бил ақырет яғни ақыретке иман, әрі бұл иман берік те қуатты. Бұл иманда өшпес үміт, мықты демеу бар екені соншалық әрқайсымыздың қарттығымыз жүз еселеп кетсе де, имандылық демеу болып төтеп бере аламыз. Біз – қарттар:деп, қаpттығымызға қуануымыз керек.* * *Сілтеме : 28Рас, болған уақиғаны хабарлаудың оңайлығы, ал оны жоққа шығарудың өте қиын екендігін мына бір мысал арқылы көруге болады. Біреу: \"Дүниеде жемістері құтыдағы сүт секілді таңғажайып бір бау-бақша бар\" десе, өсетін жерін немесе кейбір жемістерін көрсетсе болды сөзінің растығын дәлелдеген болады. Ал, оған сенбей жоққа шығарушы адам оның бекер екендігін дәлелдеуі үшін Жер шарының барлық түкпірін көруі, әрі көрсетуі арқылы ғана өзінікін дәлелдей алады. Дәл сол сияқты Жәннаттың бар екендігін хабарлағандар оның мыңдаған ұшқындарын, жемістерін, ны-шандарын көрсетіп кеткен. Оны санамағанның өзінде, ол туралы екі сенімді куәгердің шәhәдеті жеткілікті. Ал, оны жоққа шығарған адам, шексіз әлемді және соңсыз, ұшы-қиырсыз уақытты кө ріп, бақылап тексергеннен кейін ғана барып, жоқ екендігін дәлелдей алады. Міне, Ақыретке деген сенімнің неткен қуатты екендігін осыдан-ақ біле беріңіз.Саид нұрси
Рисалей-Нұр жинағынан110РИСАлеЙ нҰР ТәПСіРінің АВТОРы БәДИҮззАмАн САИД нҰРСИ1877 жылы Түркияның Битлис облысына қарасты Нұрс ауылында дүниеге келген.Ілімге деген құштарлық жасы алтыға енді толған баланы ата-анасынан жыраққа алып кетеді. Терең ақиқаттарды жетік меңгеріп, бір оқыған кітабын тез ұғып қана қоймай оны жаттап алатын зерек ол, көп жыл тәлім алуы тиіс медресе білімін үш айда тәмамдайды. Пікір таласта, іліми сайыста зеректігімен ерекшеленетіндіктен замандас ғалымдар оны “Бәдиүззаман” (Заманның озығы) деп атайды.“Ескі Саид” деп бөліп қаралуы тиіс қырық бес жасқа дейінгі өмірі дүрбелең саясатқа толы. Ол, дін Исламға саясат арқылы қызмет етемін деп ойлайтын. Кейін бұл ойынан бас тартып саясаттан мүлдем қол үзеді. Шығыс халқының ауыр күйі, олардың басына түскен нәубат қиыншылықтар оның жанына қатты бататын. Мұның шарасы ретінде халықтың көзін ашу, ілімді ұрпақ тәрбиелеу екеніне көзі әбден жеткен ол, халыққа діни іліммен қоса заманауи жаңа ғылымды да үйрететін оқу орындарын ашу қажеттігін айтып, соған бар күшін жұмсап бағады. Өкінішке орай бірінші дүниежүзілік соғыс басталып, өзі ерікті әскер жасақтап шәкірттерімен майданға аттанады. Қанды қырғындарға қатысып талай ерлік көрсетеді. Тұтқынға да түседі. Аман-есен Отанына оралған соң қайтадан Ислам әлемінің мәселелерін талқылап, оның шешімін іздейтін Ілім академиясына мүше болып қызмет атқарады.
111Өлім және МәңгілікСтамбулға жау шауып қоршауда қалған қаралы күндерде қорықпай халықтың рухын асқақтатып, намысын қайрайтын кітапшалар таратып анталаған жауға тегеурінді тосқауыл болып азаттық алуға мол үлесін қосады. Мұндай елеулі еңбегін ескеріп сол кездегі билік, оны ел ордасы Анкараға шақыртады. Мұнда да ол билік басында отырған кісілерді Ислам негіздерін мықтап ұстануға уағыздайды.Бұдан кейін оның “Жаңа Саид” деп аталатын саясаттан ада, дүниядан таза ақыретпен қатысты екінші өмір кезеңі басталады. Бұл 1925 жылдар болатын. Ван қаласы, сосын Барла ауылынан бастау алған бұл кезеңдерде имани тақырыпта көптеген кітаптар жазып айналасына Құранның нұрын жая бастайды. Ислам негіздері мен Иман шарттарына қатысты дәйекті түрде, қарапайым әрі түсінікті тілмен жазылған кітапшалары иманына қауіп төнгенін сезген оқырмандар арасында қызығушылық туғызады. Оны өзі үшін қолмен көшіріп, түпнұсқаны басқа мұқтаж жандарға сыйлап, осылайша айналаға нұр кітапшалары кеңінен таралады. Әрине, мұндай қарқынды имани қызмет діннен безгендерге ешқашан ұнамайтыны белгілі. Ақырында, Құран тәпсіршісіне жала жауып, қуғын-сүргінге ұшырайды. 1935 жылы Ескішәһар, 1943 жылы Денизли, 1947 жылы Афион, 1952 жылдары Стамбул қалаларында үстінен іс қозғалып сотқа шақырылады. Кастамону, Эмирдағ, Испарта қаласына жер аударылып, үнемі бақылауға алынады.Адам төзгісіз зұлымдықтарға душар болса да, ол бәріне сабыр етіп, қаймықпастан Ислам әлеміне төнген күпірліктің қара бұлтына қарсы, Құранның нұрын айнадай көрсетіп, айналасына иманның нұр-сәулесін жеткізуге барынша тырысады. Қиын-қыстау кезеңдерде жазылған алты мың парақтан тұратын «Рисалей Нұр» тәпсірі міне сол қиын кезеңдердің
Рисалей-Нұр жинағынан112жемісі. Бастаған тәпсірін толық аяқтап, оны өз оқырмандарының қолдарына аманат қылып тапсырған ол, құдды бір міндетін адал атқарған әскерге ұқсайды. Құранның ақиқаттарын, оның таңғажайып терең сырларын заманның ұғымына сай анық та қанық баяндайтын бұл кітаптар, міне сол қиындыққа толы ауыр күндерде ықыласпен жазылған. Содан болар осы бір Құрани тәпсір, нұр кітаптары қазіргі таңда әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, миллиондаған мұсылмандар қызыға оқуда.Муфәссир яғни Құранды тәпсірлеуші ғалым-ғұлама Саид Нұрси Урфа қаласында 1960 жылдың23-наурыз күні, рамазан айының жиырма бесінші жұлдызы, түн ауа бақилық әлеміне аттанып кете барады.* * *
113Өлім және МәңгілікнелікТен жҰРТ РИСАлеЙ нҰРДы ҚызыҒА ОҚИДы? СеБеБі Ол БАРшАны ОЙлАнДыРАТын ӨзекТі мәСелелеРДі ҚОлҒА АлыП, мАзАлАП жҮРген СҰРАҚТАРДың жАУАБын БеРеДі. АТАП АЙТСАҚ:* Аллаһтың бар әрі бір екенін қалай дәлелдейміз? (22-Сөз, 23-Лема, 2-Шуақ)* Құран Аллаһтың сөзі екенінің дәлелдері (25-Сөз)* Хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) Аллаһтың елшісі екенінің дәлелдері (19-Сөз)* Періштелердің бар екенінің дәлелі (29-Сөз)* Өлген соң тірілу рас екені (10-Сөз)* Тағдырға сену қалай болмақ? Бәрі алдын-ала жазулы. Маңдайға жазғаны болады - дейді, мұны қалай түсінеміз? (26-Сөз)* «Бисмилләһ» сөзінің сыры (1-Сөз, 14-Лема, 2 тарауы)* Аллаһ еш бір мекенге тәуелсіз, бірақ Ол барлық жерден табылады. (16-Сөз, 22-Сөз)* Дүниеде жағымсыз, қорқынышты көрінген оқиғалардан Раббымыздың мейрім шуағын, хикметін қалай көруге болады? (18-Сөз)* Жаратылыс Аллаһты дәріптеп, қалай ғибадат қылады? (24-Сөздің 4 бөлімі)* Намаз неге бес уақыт оқылады? (4, 9-Сөз, 21-Сөздің 1тарауы)* Аурудың пайдасы бар ма, сырқаттанудың хикмет-сыры не? (2-Лема, 25-Лема)
Рисалей-Нұр жинағынан114* Рух дегеніміз не? (29-Сөз)*Ораза ұстаудың хикмет-пайдалары. (29-Мектубтің 2 бөлімі)* Миғраж оқиғасы қалай болған? (31- Сөз)* Шайтанды неге жаратқан, оның не пайдасы бар? (13-Лема, 12-Мектуб, екінші сұрақ)* Адам дегеніміз не? Бұл дүниеге не үшін келеді, мақсат-мұраты не? (11-Сөз) * Дұға қылып жалбарынып жатамыз, қабыл болмай жатады. Құранда барлық дұғаға жауап беріледі демей ме? (23-Сөз)* Кейде көңілді күмән басып, күдік пайда болады. Ол не үшін? (21-Сөз, 13-Лема, 11-Мектуб)* Ардақты Пайғамбарымыздың сүннет амалдарының. Маңызы мен хикметтері (11-Лема)* Сопылық туралы. Тариқат деген не? (29-Мектуб)* Уаххабшылар кім? Шығу тарихы. (28-Мектуб) * Махаббат туралы Құран не дейді? (24-Сөз)* Молекула, атом секілді ұсақ бөлшектер неліктен тынымсыз қозғалады? (30-Сөз)* Саналы кісілерді жаппай таңқалдырған және бірде бір философ аша алмаған тек Құранның қасиетімен ашылатын дүниенің жаратылу тылсым-сырлары жайлы. (24-Мектуб)* Исламда үнемділік және береке туралы не дейді? (19-Лема)* Мұсылмандардың ынтымағын күшейтудің, имандылар өзара бауырмал болудың себептері. (22-Мектуб)* Не үшін иманды әрдайым жаңартып отыру керек деген. (26-Мектуб)* Бүкіл әлем Пайғамбарымыздың нұрынан жаратылған
115Өлім және Мәңгілікдейді. Бұны қалай түсінеміз? (31-Сөз.)* Хазреті Адам ғаләйһиссалам жұмақтан неге шығарылған? Адамдардың көбісі тозаққа түседі дейді. Неліктен? (12-Мектуб, 13-Лема)* Әйелдің орамал тартуы шарт па? (24-Лема)* Шайтанның Құран туралы уәсуәсәсіне қарсы жауап. (26-Мектуб)* Мәзхабтар неге әртүрлі? (27-Сөз)* Жеті қабат жер мен аспан жайлы аятты қалай түсінеміз.(12-Лема)* Аллаһтан өзге ешкім біле алмайды деген «бес ғайыпты» ғылым мен техника арқылы біз де білетін болдық!-деушілерге жауап. (16-Лема)* Иса пайғамбардың көктен түсуі, тажалды өлтіруі және Мәдидің шығуы туралы хадисті қалай түсінген жөн? (15-Мектуб, 5-Шуақ, 24-Сөз, 1-Мектуб)* Исми Ағзам яғни Аллаһтың ең ұлық есімдері. (30-Лема)* Зұлқарнай қамалы қайда? Яджуж-Мәджуж деген кімдер? (5-Шуақ, 24-Сөз)* Шииттер мен Сунниттер арасындағы мәселенің анық-қанығы. (4-Лема)* * *
Рисалей-Нұр жинағынан116РИСАлеЙ нҰР ТОПТАмАСыҮлкен кіТАПТАР:«Сөзлер», «Мектубат», «Лемалар», «Шуалар», «Ишарат-ул Иғжаз», «Аса-и Муса», «Мухакемат», «Тарихче-и Хаят», «Барла лахикасы», «Кастамону лахикасы», «Әмирдағ лахикалары», «Сикке-и Тасдиқ-ы Ғайби», «Мәснәу-и Нурие», «Иман уә Күфүр мувазенелери»кішкене кіТАПшАлАР:«Аят-ул Кубра», «Бәдиуззаман жауап вериор», «Диван-ы Харб-и өрфи», «Әлхужжәт-ул Зәхра», «Әнә уә Зәррә», «Гәншлик рәхбери», «Хақиқат Нұрлары», «Ханымлар рәхбери», «Хасталар рисалеси», «Хашир рисалеси», «Хизмет рехбери», «Хутбе-и Шамие», «Иджтихад рисалесі», «Иман хақиқатлари», «Ихлас рисалелери», «Конферанс», «Күчүк сөзлер», «Мәйуә рисалеси», «Мифтах-ул Иман», «Миғраж уә Шаққ-ы Қамар», «Миркат-ус Сүнна», «Мұғжизат-ы Ахмедие», «Мұғжизат-ы Құрание», «Мүнажат», «Мүназарат», «Нұр Әлеминин Бир анахтары», «Нұр чәшмеси», «Нұрун илк капысы», «Отыз үш пенжере», «Рахмет уә Шәфкат илачлары», «Рамазан-Иқтисад-Шүкір», «Сунухат-Тулуат-Ишарат», «Табиғат рисалеси», «Ухуввет рисалеси», «Иырмы учунжу сөз», «Зухрет-ун Нұр».
117Өлім және МәңгілікРисалей нұр топтамасынан қазақ тіліне аударылған кітаптар:«Сөздер», «Лемалар», «Асай-Мұса», «Мұхаммед Пайғамбардың мұғжизалары», «Қанағат сыры», «Ханымдар шырағы», «Жастар шырағы», «Ықылас сыры», «Табиғат сыры», «Адам және Иман», «Сүннет сатылары», «Мінәжат», «Отыз үш терезе», «Бауырластық рисалесі», «Қысқа сөздер», «Өлім және Мәңгілік», «Тәухид сыры», «Дерт пен Дауа».Рисалей нұр туралы мына интернетсайттардан мағлұмат алуға болады:www.nurfeyz.kzwww.envarnesriyat.comwww.ihlasnurnesriyat.comwww.sozler.com.trwww.hizmetvakfi.comwww.ru-nur.comwww.lichtstr.dewww.elmascevher.comwww.nurnetwork.orgwww.malaysianur.comwww.nur.gen.trwww.nuronline.comwww.nursistudies.com
Рисалей-Нұр жинағынан118Бұл кітап жайында ұсыныс-пікірлеріңіз болса, мына мекен-жайға хабарласуларыңызға болады.ТОО Нур Фейз,050009, Алматы қаласы, Түркебаев көшесі, №84-үй. тел.: 8 (727) 374 71 10E-mail: [email protected]
119Өлім және Мәңгілік
Рисалей-Нұр жинағынан120
121Өлім және Мәңгілік
Рисалей-Нұр жинағынан122
123Өлім және Мәңгілік
Рисалей-Нұр жинағынан124
125Өлім және Мәңгілік
Рисалей-Нұр жинағынан126
127Өлім және Мәңгілік
Рисалей-Нұр жинағынан128
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128