Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Өлім және Мәңгілік

Өлім және Мәңгілік

Published by risalekz, 2020-02-25 03:39:03

Description: 1927ж Барлада жызалған 10-сөз.
(Haşir Risalesi)

Keywords: Рисалей Н?рды? авторы Саид Н?рси

Search

Read the Text Version

51Өлім және Мәңгіліктұқымы – Хафизиет (сақтау, жойылудан аман қылу) заңының ауқымды да анық көрінісі емес пе?Алып көктемнің гүлді өсімдіктері мен түрлі жеміс-жидектері және олардың әрқайсысының өзіне тән іс-амал парақтары мен өсіп-өну заңдылықтары, пішін үлгілері түгелдей кіп-кішкене шектеулі дәндерінің ішіне жазылып, сақталып жатады. Келесі жылы соның негізінде есеп беріп, амал парақтары ашылады да тағы бір алып көктем маусымы өте жүйелі әрі хикметті түрде жаратылады. Осылайша, Хафизиет өзінің қаншалықты қуатты да, ауқымды іс атқаратынын көрсетеді.Апырым-ай, қарапайым, жай, баянсыз, өткінші нәрселердің өзі осын ша ма мұқият сақталып жатса, әлбетте ғайып әлемінде, Ақырет әлемінде, рухтар әлемінде, жалпыға ортақ Рубубиетке түгелдей маңызы бар адам баласының іс-әрекеттері, жасаған амалдары сақталып, бақылауға алын бауы, өте мұқият түрде тіркелмеуі әсте мүмкін бе? Жоқ. Мүмкін емес!Иә, Хафизиеттің осындай қызу жұмысына, керемет құбылысына қарап, бұл әлемнің Иесі өзінің иелігінде болып жатқан әрбір нәрсенің тәртіп жүйесін қадағалап, бақылап отырғандығын, сондай-ақ Салтанатының Рубу биеті оған зор мән беретіндігін аңғарасың. Әр нәрсеге мән беретіндігі сонша, жай бір оқиғаны, қарапайым дерлік бір қызметтің өзін назардан тыс қалдырмай түгел жаздырып қояды. Және қарамағындағы барлық мүл кінің суретін сан-алуан нәрселерге сақтап қояды. Осы Хафизиет ісі бізге мынаны мегзейді: Жасалған барлық амалдардың өте дәл, тәптіштеп майда-шүйдесіне дейін жазылған қисап дәптері ашылады, әсіресе мәнісі зор, аса қадірлі, ардақты пенде адам баласының жасаған амалдары мен маңызды іс-әрекеттері өте мұқият сарапталып, өте дәл тартатын таразыға салынады. Амал парақтары алдына жайылып салынады.Апырым-ай, адамзат халифалық дәрежеге және аманат арқалайтын қадірге ие бола тұра, сондай-ақ Рубубиеттің ауқымды істеріне куәлік етіп, кесрет ішінде яғни саны көп

Рисалей-Нұр жинағынан52құжынаған жаратылыстың арасында Аллаh тың бірлігін жар салушы міндетін атқара отырып, көптеген болмыс атаулының тәсбихат пен құлшылықтарына араласып жетекшілік пен куәгерлік етіп жоғары мәртебесіне көтеріледі де сосын қабірге еніп, жайбарақат жатып, оятылмауы әсте мүмкін бе? Азды-көпті, үлкенді-кіші әрбір амалдарына байланысты сұраққа тартылмауы, махшарға барып, Ұлы сотқа шақырылмауы әсте мүмкін бе? Жоқ. Мүмкін емес!Һәм болашақта болатын құбылыстарға (Сілтеме21) толық күші жететіндігін бұрынғы құдірет мұғжизалары, яғни істеген Сілтеме21: Иә, сонау әлем жаратылған кезден осыған дейінгі кезеңде болған уақиғалар, яғни өткен әрбір күн, әрбір жыл, әрбір ғасыр құдірет қаламымен жазылған бір жол, бір парақ, бір кітап тәрізді. Құдірет өзінің мұғжиза аяттарын, сол жерлерге асқан хикметпен, өте жүйелі тәртіппен жазып қойған. Ал, осы заманнан бастап сонау қиямет қайымға, Жәннатқа, мәңгілік әлеміне дейінгі болашақ болса мүмкіндік әлемі, яғни өткен шақ болған оқиғалар өлкесі, ал болашақ енді болатын өлке. Ендеше осы өткен шақ пен келер шақ бір-біріне бетпе-бет қойылса, кешегі күнді тұтас болмы-сымен бірге жаратқан құдірет, ертеңгі күнді де ішіндегілерімен бірге жарата алатынына еш күмән жоқ. Өткен шақтағы түгел болмыс атаулы, мақұлықтар мен таңғажайып істер бір Қадир-ы Зүлкамалдың (Толы кемел, ұдірет ққиесі) мұғжизалары болып табылады. Бұл құбылыс Қадир-ы Зүлкамалдың болашақта болуы мүмкін нәрселерді жаратуға, сондай-ақ барлық ғажапты көрсете алатынына бұлтартпас айғақ. Мәселен бір ғана алманы жаратушы, дүниедегі барлық алмаларды сөзсіз жаратуға, сондай-ақ ауқымды көктемді жаратуға құдіреті толық жетуі тиіс. Көктемді жарата алмаса, бір түйір алма-ны да жарата алмас еді. Өйткені, әлгі алма сол \"көктем кәсіпорынында\"жасалады. Бір алманы жарата алса, онда көктемді де жарата алуы керек. Бір алма – бір ағаштың, бір бақтың, керек десеңіз, бүкіл әлемнің кішірейтілген үлгі-мысалы. Сол зәулім алма ағашының өмірбаяны толық жазылған дәні жаратылысы тұрғысынан керемет таңғажайып шебердің ісі. Оны мұншалық ғажайып түрде жаратқан құдіреттің күші бәріне толық жетеді. Демек, бүгінді жаратушы, қияметті де жарата алады, көктемді жаратушы хашірді де жара-та алады. Өткен шақтағы әлемдерді уақыт атты жіпке хикметті де жүйелі түрде тізіп көрсеткен Құдірет, әлбетте, болашақтың жібіне өзге әлемдерді де тізіп көрсете алады, әрі көрсететін болады. \"Сөздерде\" әсіресе, \"жиырма алтыншы Сөзде\" көз жеткізе расталғанындай, \"барлы нәрсені жарата қалмаған, еш нәрсені жарата алмайды, ал бір нәрсені жарат ан б кіл қүнәрсені жарата алады.\" Сондай-ақ бір нәрсені жарату Бір Аллаһқа тапсы-

53Өлім және Мәңгілікістері дәлел болатын, сондай-ақ қиямет пен хашірге өте ұқсас қыс пен көктемді әрдайым көз алдымызда жаратып отырған бір Қадир-ы Зүлжәлалдан адам баласы жасырынып жоқ болып, қалайша қашып құтылмақ. Топыраққа кіріп, ешқашан шықпай жасырынып жата беруі мүмкін бе? Жоқ, ол ақылға сыймайды.Көрініп тұрғанындай, адамдар бұл дүниеден сыбағасын ал-май, яки тиесілі жазасын тартпай, өзіне лайық үкімі шығарылмай кетіп барады. Әлбетте, оларды алда Ұлы сот немесе мәңгілік бақыт күтіп тұр.Сегізінші АҚИҚАТ: Уағд (Жақсыға ақысын беруге уәде) және Уағид (Жамандыққа жаза беруге уәде) қақпасы. Жәмил (Сұлу) және Жәлил (Айбынды) есімдерінің сәулесі.Мына әлемнің Алим-ы Мұтлақ (Толық білуші), әрі Қадир-ы Мұтлақ (Күш-құдіреті шексіз) Жаратушысы күллі пайғамбарлар арқылы нақты түрде хабарлаған және сыддықтар мен әулиелер оны бір ауыздан растап куәландырған уәделі ісі мен Иләhи сөзін орындамай (Әстағфируллаh!), әлсіздік пен надандық танытуы әсте мүмкін бе?! Алайда, уәде еткен істерін орындауға Оның құдірет-күші толық жетеді. Ешқандай қиындығы жоқ. Өткен көктемдегі сан-алуан болмыстарды келесі көктемде кейбірін дәлме-дәл (Сілтеме ,22)кейбірін ұқсас түрде (Сілтеме23) қайта жаратуынан анағұрлым жеңіл.Уәдесінің орындалуы бізге ғана емес, баршаға және Рубубиетінің өз салтанатына да аса қажет. Уәдеден таю – құдіретіне, абыройына, ілімінің шексіздігіне нұқсан келтіретін іс. Себебі, уәдеден таю – әлсіздік пен надандықтың белгісі.рылса, барлық нәрсенің жаратылуы сол бір ғана нәрсенің жаратылуындай оңай болады. Мүлдем, жеңіл пайда болады. Егер де, бұған керісінше көптеген себептерге жүктелсе, онда бір ғана нәрсенің жаратылуы барлық нәрсенің жа-ратылуы сияқты әрі мүшкіл, әрі шығарға жолы жоқ, қиындықтарға тіреледі.Сілтеме : 22Ағаштар мен өсімдіктердің тамырлары.Сілтемe :23 Жапырақтар мен жемістері.

Рисалей-Нұр жинағынан54Уа, Құдайдан безген мүнкир (жо а шығарып сенбеуші)ққ! Күпірліктің кесірінен өзіңнің қаншалықты ақымақ екеніңді, ауыр қылмыс істеп отыр ғаныңды білесің бе? Сен жалған, бос ойыңды, суайт пікіріңді, алдамшы нәпсіңді құптап уәдеден таю сияқты жат қылыққа әсте бармайтын, абы ройына дақ түсірмейтін, асыл қасиетіне кереғар істерге мәжбүр болмайтын, атқарған барлық істері мен жаратқан барлық нәрселері оның әділдігі мен хақ екеніне куәлік ететін Біреуді жоққа шығарып отырсың! Демек, өзің өте әлжуаз бола тұра шексіз ауыр қылмыс жасап отырсың! Әрине, бұл қылығыңмен мәңгі де ауыр жа-засын тартасың. Кейбір Жәhаннам халқының бір тісі таудай үлкен болады дегені – оның қылмысының ауырлығына ишара. Сен Күннің жарығын көрмейін деп көзін жұмған жолаушыға ұқсайсың. Сенің басыңдағы ой-қиялың жарқырауық қоңыздың маңдайын дағы әлсіз, көмескі жарық секілді. Сол арқылы қорқынышты, тас-түнек жолыңды жарық қылғың келеді. Иә, мына жаратылыс – Аллаh Тағаланың хақ сөздері, әлемдегі құбылыстар – шындықты айтқан аяттары. Міне, сондай Бір Аллаh уәде еткен екен, әлбетте орындайды. Ол сен үшін бір Ұлы Сот ашады. Ол сені бір Ұлы Бақытқа кенелтеді.ТОҒызыншы АҚИҚАТ: Ихия (Тірілту) және Има-те (Өлтіру) қақпасы. Хай-ы-Қаюм (Барлығын тік ұстап тұрған, мәңгі тірі) мен Мухий (Тірілтуші, жан беруші) және Мумийт (Өлтіруші, жан алатын)есімдерінің сәулесі.Қурап өліп қалған алып жер жүзін тірілткен және әрқайсысы адам заттың хашірі сияқты үш жүз мыңнан астам мақұлық түрін жеке-жеке жанын алып, жан берген, осылайша, өзінің таңғажайып құдіретін көрсетіп отырған, әрі сол хашір мен нешир (ыдырап айта жиналу) қкезінде аралас-құралас са-пырылысып жатқан болмысты өте жүйелі де тыянақты түрде жеке-жеке айырып, өзіндік ерекшеліктерімен жарату арқылы өзінің ілімі нің шексіздігін көрсеткен, сондай-ақ барлық Сәмауи

55Өлім және Мәңгілік(көктен түскен) әмір лерімен барша адамзатты хашір, яғни қайта тірілтетініне берген уәдесі ар қылы барлық құлдарының назарын мәңгі бақытқа аударған және болмыс атаулыны түгел қол ұстастырып, арқа сүйеген түрде өзіне бағындырып, оларды бір-біріне көмекші, қызметші жасап, осылайша Рубубиетінің алыптығын көрсеткен; әрі адамзатты ағаш тәріздес әлемнің ең күрделі, ең нәзік, ең әлсіз, ең ерке, ең мұқтаж жемісі түрінде жаратып, өзімен сөй лесуші, өзге нәрселерді оған қызметші жа-сауы арқылы адамзатқа зор мән бергендігін көрсеткен – жалғыз Қадир-ы Рахим (Өте мейірімді, ұдіреті шексіз)қ, Алим-ы Хакимнің (Хикмет иесі, бәрін білуші) қиямет қайымды болдыр-мауы, хашірді жасамауы яки жасай алмауы, Махкеме-и Күбра ашпауы, Жәннат пен Жәhаннамды жаратпауы әсте мүмкін бе? Жоқ. Әсте мүмкін емес!Рас, мына әлемнің аса абыройлы билеуші Әкімі, әр ғасырда, әр жылда, әр күнде мына өзі тар, өзі баянсыз жер бетінде ұлы хашірдің яғни, қия меттің, махшардың көптеген үлгі-мысалдарын, ишараларын жаратып, кө зімізге көрсетіп отыр. Дәлірек айтқанда, әр көктемде көз алдымызға, небәрі бес-алты күннің ішінде үлкенді-кішілі хайуанаттар мен үш жүз мыңнан астам өсімдіктер түрін хашір етіп жайып салуда. Барлық ағаштар мен өсімдіктердің тамырларын және де кейбір хайуандардың дәл өзін тірілтіп, қайта өмірге әкеледі. Ал, кейбіреуін тура бол-маса да ұқсас бір түрде қайтадан жаратады. Тіпті де, болмыс-бітімі бір-біріне өте ұқсас, аралас күйдегі дәндерді мұқият реттілікпен бір-бірінен ажыратып, жаппай, әрі жүйелі де жеңіл әрі өлшемді түрде өте жылдам, небәрі алты күннің немесе алты аптаның ішінде жан бітіріп, тірілтіп қояды. Ендеше, мұндай алып та күрделі істерді атқарып отырған Құдіретке, өзге қандай да бір істің ауыр келуі, жер мен көкті алты күнде жарата алма-уы, адамзатты бір дауыспен хашір ете алмауы әсте мүмкін бе? Жоқ, мүмкін емес!

Рисалей-Нұр жинағынан56Апырым-ай, мұғжиза көрсеткіш Жазушы Біреу әріптері өшіріліп, тоз-тозы шыққан үш жүз мың дана кітапты бір парақтың ішіне жаңылыспай, еш қатесіз, нұқсан келтірместен бір сағаттың ішінде қайта жазып шықса, оны көргеннен кейін біреу саған: «мына жазушы, сенің суға түсіп кеткен, әріптері шайылып өшіріліп қалған кітабыңды бір минөттың ішінде жа дынан қайта жазып береді. Өйткені, ол кітапты Өзі жазған» десе, сен әлгі Жазушы туралы «жаза алмайды, сенбеймін» деп айта аласың ба?Немесе, мұғжиза жасаушы Сұлтан, халыққа өзінің құдірет күшін көрсету үшін немесе ғибрат алсын, көңілі көтерілсін деп бір ғана ишарамен биік заңғар тауларды көтеріп, әп-сәтте елді мекендерді орнын ауыстырып, көшіріп жіберіп, теңізді құрлыққа айналдырып тұрғанын көзіңмен көрдің дейік. Со-нан бір үлкен тас сайға қарай аунап, әлгі Сұлтанның қонаққа шақырған адамдарының жолын бітеп тастады да, қонақтар бері өте алмай, жартастың ар жағында қамалып тұр. Сонда саған біреу келіп: «мына тас қаншалықты үлкен болса да Сұлтан оны бір ишарамен көтеріп, жолдан алып тастайды немесе күл-талқанын шығарады. Ол қонақтарын жолда қал дырмайды» десе, сен оған: «жоқ, алып тастай алмайды. көтереді деге ніңе сенбеймін» деп айта аласың ба?!Тағы бір мысал, біреу бір күнде жаңадан қалың қол, тәртіпті әс кер жинаса, біреу шығып «әлгі қолбасшы тынығып жатқан әскер дің бір бөлімшесін керней дауысымен әп-сәтте жинап, сапқа тұрғыза ды. Қосындар рет-ретімен оп-оңай сап түзейді» десе, сен оған «Сенбеймін» десең, мұның қаншалықты ақымақтық екендігін білесің!Міне, осы айтылған үш мысалды түсінсең, ойланып қарашы! Наққаш-ы Әзели яғни мәңгі Суретші, нағыз Жазушы Аллаh көз алдымызда қыстың ақ парағын жауып, көктем мен жаздың жасыл парағын ашып, Құдірет, Қадер қаламымен жаппай жер жаhанның бетіне үш жүз мыңнан астам мақұлықтың түрін аса

57Өлім және Мәңгіліккөркем түрде жазып отыр. Олар сонша көп, құжынап жатса да түрлерін бір-бірімен әсте шатастырмайды. Бәрі бірге жазыла-ды, бірақ бір-біріне кедергі болмайды. Түрлері, бейне-пішіндері бір-бірінен өзгеше, әсте жаңылыспайды. Қателеспейді.Иә, зәулім ағаштың мағынауи сипатын титтей дәнегіне сыйғызып, мұ қият сақтап отырған Зат-ы Хаким-ы Хафиз (Бәрін са таушы хикмет иесі)қ қайтыс болған адамдардың рухын қалай сақтайды деуге бола ма? Сондай-ақ дүниені шыр көбелек айналдырып отырған Зат-ы Қадир Қ(ұдіреті к шті)ү, ақыретке аттанған қонақтарының үстінен топырақты қалай алып тастай-ды? Дүниені қалай күл-талқан етеді деп сұрауға бола ма?Һәм жоқтан, hәм жаңадан қалың әскер тәрізді тіршілік атаулыны жа ратып оның бір бөлімшесі тәріздес денелеріне зәрелерді, яғни атом секілді ұсақ бөлшектерді аса жүйелі түрде әмірімен ретпен орналастырған, осылайша бүкіл затты әскери қалың қол секілді әміріне мойынсұндырған Зат-ы Зүлжәлал (Шексіз айбынды) әскердің бір ғана бөлімшесі тәрізді тәртіпке көндігіп қалған денелерді, бір-бірімен танысып, үйренісіп қалған негізгі бөлшектерді бір дауыспен қайтадан қалай жинайды деуге бола ма?Сол бір көктем хашіріне ұқсас әр дәуірде, әр ғасырда, тіпті, күн мен түннің алмасуы кезінде, көктегі бұлттың үйірілуі мен сейілуінің арасында хашірге ұқсас, үлгі болатын қаншама нақыштар жасап жатқанын көзіңмен көріп отырсың. Тіптен, сен өзіңді «мың жыл бұрынғы уақытта өмір сүріп отыр-мын» деп қиялдап, сосын осы уақыттың екі қанаты – өткен мен болашақты бір-бірімен салыстырып қарасаң, қанша ғасыр, қанша күн болса, сонша хашірдің мысалымен, қияметтің үлгілерімен танысар едің. Сонан кейін мұншама үлгі мен мысалдарға куә бола тұра денемен бірге хашір болуды, яғни қайта тірілуді ақылға сыйымсыз көріп, жоққа шығару неткен

Рисалей-Нұр жинағынан58ақымақтық, неткен нақұрыстық екенін білер едің. Зер сал! Ферман-ы Ағзам (Иләһи әмірлер жазылған, ұран), Қайтылған ақиқатқа қатысты не дейді екен, соны тыңда:ҚОРыТынДы: Хашірге кедергі боларлық еш нәрсе жоқ. Керісінше барлық нәрсе оны керек қылады. Иә, ғажап махшар тәріздес мына алып жер жүзін бір тірі жан секілді өлтіріп, қайта тірілткен және оны күллі адам баласы мен хайуандарға ыңғайлы бір бесік, әсем бір кеме тәрізді жаратқан, Күнді жылу әрі жарық беретін шамшырақ етіп жасаған, сондай-ақ періштелеріне ғаламшарды өзіндік ұшақ етіп жасаған Құдіреттің мұншалықты айбынды, мәңгі өшпес Рубубиеті және осыншама алып, зор билігі, әрине жалғасы жоқ өткінші, мәнісі жоқ құбылмалы, баяны жоқ ауыспалы, кемелі жоқ нұқсан дүниеуи тірілікпен, Жердегі өмірмен шектеліп, сонымен аяқталып тынуы мүмкін емес. Оның бұдан басқа, мәңгі бір елі бар. Біздің бұл жерде еңбек етуіміз – сол елге бару үшін. Түбінде бәрімізді де сол елге шақы рады, сонда көшіріп апарып, орналастырады. Бұл мәселенің анық екеніне ақиқатқа қолы жеткен, жалпы құзырына бөленіп, нұрға шомылған рухтар мен ақ жүрек нұрлы жандар, турашыл ақылдылар куәлік етуде. Бағалы сый-сыяпат немесе ауыр жаза, есеп-қисаптың күтіп тұрғанын бірлесе хабарлауда және қайта-қайта уәде беріліп, қатаң ескертулер жасалып жатқанын жеткізіп отыр.Уәдеден таю қорлық пен масқаралық болып саналатындықтан, оның қасиетті абыройы оған әсте жол бермейді. Ал, жазалауға уәде беріп қойып, одан бас тарту не кешіргеннен, не әлі жетпегендіктен болады. Ал, күпірлік деген кешірілмейтін ауыр күнә (Сілтеме .24) Кешірілуі әсте мүмкін емес...Сілтеме24: Иә, күпірлік – болмыс атаулының қадірін түсіру, оларды

59Өлім және МәңгілікҚадир-ы Мұтлақ ү(К ш- ұдіреті шексіз)қ шарасыздықтан ада, әлсіздіктен пәк. Мұны бір ауыздан растаушылар мен хабарла-ушылар кімдер дейсіз. Олар: кәсібі, саласы, ұстанған жолы, тәсілі бір-бірінен өзгеше бола тұра, тек осы мәселенің негізіне келгенде пікірлері бір жерге тоғысатын, саны жағынан күмән келтірмейтіндей көп, сапасы жағынан жоғары, мәртебесі бол-са әрқайсысы адамзаттың жарқыраған жұлдыздары, әрқайсысы бір-бір тайпаның көсемдері, бір халықтың қадірлісі атанған жандар. Маңыз дылығы жағынан сөзі тыңдауға тұрарлық ма-мандар hәм хабарын түгел дәлелмен айтушылар.Бір салада маман екі кісінің өз саласына қатысты айтқан пікірі өзге саладағы білікті мыңдаған мамандардан басым түседі. Һәм бір нәрсені дәлелдеушінің екеуі мыңдаған жоққа шығарушыдан басым түсетіні белгілі. Мәселен, ораза айы Ра-мазанда жаңа айдың туғаны жайында екі куәгер хабар берсе, көрмедік деген мыңдаған жоққа шыға рушыларды оп-оңай жеңіп кетеді.Сонымен, дүниеде бұдан асқан анық хабар, ап-айқын мәселе, ашық бір ақиқаттың болуы мүмкін емес... Демек, шүбәсіз дүние – егіс алқабы. Махшар – қырман. Жәннат пен Жәhаннам – қойма.Оныншы АҚИҚАТ: Хикмет (Даналық), Инает (Жәрдем), Рахым (Мейірім), Әділет қақпасы. Хаким, Кәрим (Аса жомарт), Адил (Өте әділ), Рахим (Аса мейірімді) есімдерінің сәулесі.мағынасыз деп кемсіту, бүкіл әлемді қорлау, әрі болмыс атаулының жүзіндегі Иләhи есімдердің шағылыс сәулесін жоққа шығару болып табылатындықтан және барлық Иләhи есімдерді мінеу әрі болмыс атаулының Уахданиетке деген куәліктерін мойындамау; сондай-ақ барлық мақұлықтарға жала жабу болғандықтан адамды адами бейімділік пен қасиеттен жұрдай қылып, бұзатыны соншалық қайырымдылық, игілікке зауқы соқпайтын көрсоқыр күйге душар етеді. Әрі үлкен зұлымдық. Өйткені, бүкіл мақұлықтар мен Иләhи есімдердің құқықтарын таптау, абыройын төгу болып табылады. Міне, осындай құқықты сақтау үшін әрі нағыз кәпір жақсылық атаулыға қас болғандықтан күпірліктің ешбір тұрғыдан кешірілмейтініаятынан түсінікті.

Рисалей-Нұр жинағынан60Мынау баянсыз дүние қонақүйінде, мынау өткінші сынақ алаңында, мынау аумалы-төкпелі жер шары көрмесінде көрінген осыншама анық хикмет, осыншама ашық инает, осыншама үстем әділдік, осыншама кең Рақымның белгі-нышандарын көрсетіп отырған Мәлик-і Мүлк-і Зүлжәлалдың (Б кіл болмыстың айбынды иесі)ү өз мемлекетінде, Мүлк пен Мәләкут әлемінде мәңгілік тұрғындары, бақи тіршілік етушілері, соңсыз мекен-жайды тұрақ еткен мақұлықтары бол-май, мынау көз ал дымыздағы Хикмет, Инает, Әділет, Рақымның ақиқаттары сөніп, пай даға аспай қалуы әсте мүмкін бе? Және сол Зат-ы Хаким, мына адам пендесін күллі мақұлықтар ішінен таңдап, өзімен әңгімелесуші, әрі есім сипаттарына маңызды айна етіп, Рақым қазыналарының барлығынан дәм таттырып, бағалатып, сонымен бірге Өзінің де түгел есімдерін қоса таны-стырып, оларға аса мән беріп, сүйсіндіріп, қызықтырып сонан кейін манағы бейшара адамзатты бақи мемлекетіне жөнелтпеуі, мәңгілік бақыт сарайларына шақырып, шаттыққа бөлемеуі әсте мүмкін бе?Тіпті, өсімдік тұқымы тәрізді өте шағын нәрселердің өзіне бір зәулім ағаштың көлеміндей үлкен міндет жүктеп, гүлдерінің санындай хикмет артып, жемістерінің санындай пайдалар тағып, сонан соң әлгіндей барлық міндеттерді, хик-меттер мен пайдаларды тек мына дүниеге ғана қатысты, болым-сыз мақсатпен шектеп қоюы, сөйтіп түкке тұрғысыз, жалған дү-ниеуи тіршілігін көздеуі мүмкін бе? Олар нақты, лайық нәтиже беруі үшін, оларды Әлем-і мағынаға дән, ақырет әлеміне арнайы бір алқап жасамай, мұншама маңызы бар, жүйелі реттілікті ешбір пайдасы жоқ, түкке де тұрғысыз нәрсе етуі әсте мүмкін бе? Түпкі мақсаты мен лайық жемісін беруі үшін олардың бағытын Әлем-і мағынаға, ақырет әлеміне бұрмауы қисынсыз болмақ! Әйтпесе, түпкі мақсат орындалмай, лайықты жеміс алынбайды. Иә, осылайша ақиқатқа қайшы келу арқылы өзінің Хаким, Кәрим, Адил, Рахим сипаттарына кереғар әрекет етуі себепті, Хикмет пен Жомарттығын, Әділет пен Рақымдылығын

61Өлім және Мәңгілікдәлелдейтін бүкіл әлемнің ақиқатын, барлық болмыстың куәліктерін жоққа шығаруы, жаратқандарының шәhәдаттарын жаппай жарамсыз етуі әсте мүмкін бе?Адам баласының ақыл-ойы мен ішкі сезімдеріне шашынан көп мін деттер жүктеп, соңында оған бір тал шаштың көлеміндей ғана дүниеуи ақы беруі, сөйтіп нағыз Әділетіне қайшы, толық Хикметіне кереғар, мағынасыз іс атқаруы әсте мүмкін бе?Бір ғана ағаштың нәтижелері мен жемістерінің саны ша-масында әр бір тіршілік иесіне, тіпті олардың ең қарапайым (мәселен, тіл…т.б.) мүше ле рінің өзіне, сондай-ақ барлық жа-ратылыс атаулыға қыруар хикметтер, пайдалар тағып, өзінің Хаким-ы Мұтлақ екендігін дәлелдеп, бірақ барлық хикметтердің ең үлкені және барлық пайдалы істердің ең маңыздысы, барлық нәтижелілердің аса қажеттісі, хикметті хикмет, нығметті нығмет, рақымды рақым қылатын және барлық хикметтердің, нығметтердің, рақымдылықтардың қайнар көзі, бұлағы әрі мақсаты болып табылатын бақиға қауышу, мәңгілік бақытқа бөлену игілігін бермей, тәрк етіп, жасаған барлық істерін түгелдей әбестік шұңқырына төгіп, өзін ақымақ біреуге (тамаша, зәулім сарайдың қабырғаларын тұрғызып, оған қаланған әрбір тасты сан-алуан ою-өрнектермен безендіріп, әрбір бөлмесін құнды бұйымдармен толтырып, бірақ, сарайдың төбесін жап-пастан әлгі әшекейлі оюлар мен бағалы бұйымдардың шіріп, жоғалуына жол беретін ақымаққа) ұқсатуы әсте мүмкін бе? Жоқ, әсте мүмкін емес!Рас, толық қайырымдыдан қайырымдылық, аса керемет Жәмилден әсемдік келеді. Ал, толық Хаким, яғни мол хикмет Иесінен еш әбестік шықпас.Иә, кімде-кім тарихты қазбалап, өткен замандарға сапар шексе, дәл бүгінгідей дүние сарайының, сынақ алаңының, әсем көрмелердің жылдар есебіндей, соншасының көміліп жатқанын көрер еді. Және олардың пішім-бітімі мен мағына жағынан бір-бірінен өзгешеліктері болғанымен, жүйелілігі,

Рисалей-Нұр жинағынан62таңғажайыптығы, Жасағанның Құдірет пен Хикметін көрсетуі тұрғысынан бір-біріне керемет ұқсастық бар екендігін байқар еді.Сол ауыспалы өлкелерден, құбылмалы алаңдардан, тұрақсыз көрме лерден хикметтің реттілігін, Инаеттің соншама айқын ишараларын, сон шама айбынды әділдіктің нышандарын, сон-шама көлемді рақымның нә ти желерін көруге болады.Бұл хикметтен асқан хикметтің бола алмайтынын, hәм іздері айқын көрінген бұл инаеттен асқан инаеттің болуы мүмкін еместігін, hәм ны шандары байқалған әділдіктен асқан әділдіктің жоқтығын, hәм нәтижелері айқын көрінген рақымнан асқан рақымның жоқ екенін, тіпті де мүмкін еместігін көкірегі ояу, көзі қарақты да ашық жанның барлығы анық сезер еді.Егер көңіл қойып, ойланған адам мынау қонақтарды, қонақүйлерді ауыстырып, мынау істерді атқарушы Сұлтан-ы Сәрмедидің (мәңгі ба и Сұлтан Патша)қ мемлекетінде мәңгі са-райлары, берік өткелдері, әсем орындары, тұрақты жерлері, ба-янды мекен-жайлары, отырықшы халқы, бақытты тұрғындары бар екеніне көзі жетпей жоққа шығарса, онда жарық, ауа, су, топырақ секілді, қуатты да, ауқымды төрт негізгі зат сы қылды мағынауи төрт ақиқат – әділет хикмет инает ра ымды, , , қжоққа шығаруына, олардың ап-анық болмыстарын мойында-мауына тура келеді. Себебі, мына баянсыз дүние мен ондағы жаратылыстар әлгі ақиқаттардың толық орындалуына лайық емес әрі бөленіп, көрсете алмайтыны белгілі. Егер бұдан басқа жерде, оларға лайық келетін мекен-жай болмаса, тал-түстегі жарықты көре тұра, Күннің өзін жоққа шығару сияқты ақымақтық болып, маңайымызда болып жатқан, барлық жерді қамтыған хикметті жоққа шығаруға, сондай-ақ жеке өзімізден де, көпшілік қауымнан да көріп жүрген инаетті жоққа шығаруға, сондай-ақ аса қуатты нышандары байқалып тұратын әділетті жоқ деуге, сондай-ақ (Сілтеме25)әр жерде кө рінген Сілтеме25: Рас, әділет екі түрлі. Бірі болымды, бірі болымсыз. Болымды әділдік ақы иесінің ақысын беру. Әділеттің бұл түрі дүниенің әр тарапында

63Өлім және Мәңгілікмейірімділікті жоққа шығаруға тура келеді. Сонымен қатар, көзге көрінер хикмет толы істер мен жомарт құбылыстардың, рақымшылықпен атқарылған инаеттің Иесін (Әстағфируллаh!) әуесқой, қанішер, залым деп қабылдауға тура келеді. Әрине, бұл мүлде қисынсыз. Бұл деген ақиқаттың теріске айналуы. Тіптен, мұндай бассыздықты әлемді, керек десең болмыс атау-лыны, тіпті өздерін де жоққа шығаратын ақымақ скептиктердің өзі де мақұлдаудан қашса керек.Сонымен, мына көз алдымызда болып жатқан түрлі құбылыстар, дү ниедегі тіршілік үшін ауқымды түрде бірігу, сосын жылдам өліп, ыдырау, орасан зор топтасу мен қас-қағым сәттегі бөліну, кең көлемді араласу секілді көріністердің нәтижелері мен олардың мына әлемге қатысты фәни дүниедегі бізге мәлім қысқа мерзімдік кішкене пайдалары, жәй қорытындылары, қарапайым өткінші мақсаттары арасында ешқандай да тепе-теңдік, үйлесімділік болмағандықтан, ақыл мен хикметке қайшы пікір туады. Бұл – кішкентай қиыршық тасқа заңғар таудай мақсаттар мен хикметтер беріліп, ал заңғар тауға қиыршық тастың көлеміндей өткінші мақсат берумен тең нәрсе. Мұны ешбір ақыл, ешбір хикмет қабылдамаса керек.Демек, мына жаратылыстар мен құбылыстарда, олардың дүниелік мақ саттары мен пайдалары арасында қайшылық бар. кездеседі. Өйткені, Үшінші ақиқатта дәлелденгендей, әр нәрсенің бейімділік тілімен, қажеттілік тілімен, жаратылыс тілімен қиын жағдайға душар болғанда шығатын тілімен Фатыр-ы Зүлжә лалдан сұраған талап-тілектері сондай-ақ болмысына, тіршілігіне қажетті барлық құ қығы өзіндік өлшем, дәлдік тара-зысымен өлшеп беріліп жатқаны анық. Демек, әділ діктің бұл түрі дене мен өмірдің болмыстары сияқты анық.Екінші болымсыз түрі, тәртіп бұзушыларды тәрбиелеу, ақы жегендерді азаптап, жазаға тарту. Әділеттің бұл түрі шындығында дүниеде айқын көрінбейді. Алайда, бұл ақиқаттың бар екендігін сездіретіндей түрлі ишарат-тар мен белгі іздері бар. Мысалы, Ад қауымы мен Сәмуд қауымын алайық, сондай-ақ осы заманның бір беткей қырсық қауымдары, олардың басына түскен соққылар, жер жастандырған дауылдар, бәлекеттер өте айбынды бір әділеттің үкім жүргізіп тұрғанын анық түрде көрсетеді.

Рисалей-Нұр жинағынан64Бұл қайшылық жара тылыс атаулының жүзі Әлем-і мағынаға бағыттаулы екенін және өзіне үйлесімді жемістерін ақыретте беретінін, көзі болса Әсма-и Қудсиеге қарайтынын яғни Аллаhтың әсем есімдерімен қатысты екенін, мақсаттары сол әлеммен байланысты екенін, ал, өздері дүние топырағының астында, бүршіктері Әлем-і мысалда жайылатынын бізге анық ұқтырады. Адам баласы бұл жерде бейімділігіне қарай егінін егіп, өзі де егіліп, Ақыретте өнім беріп, өнім алатынын білдіреді.Рас, мына нәрселердің Әсма-и Иләhиеге, Ақырет әлеміне қатысты жүз деріне қарасаң Құдірет мұғжизасы болып табы-латын әрбір дәннің зәулім ағаштай мақсаттары бар. Хикметті сөз тәріздес әрбір гүл-шешек тің (Сілтеме , 26)зәулім ағаштағы гүлдердің санындай мағыналары бар. Рахым ның шеберлігі, таңғажайып өнер туындысы болып табылатын әрбір жемістің зәулім ағаштағы жемістерінің санына пара-пар хикметтері бар. Жемістердің ризық болуы әлгі мыңдаған хикметтердің бір ғана хикметі, яғни міндеті аяқталып мағынасы түсінікті болған соң опат болып, асқа занға барып көміледі. Демек, мына фәни нәрселер басқа бақи жерде мәңгі, нағыз жемісін бермек. Мәңгіге суретін қалдырып, басқа тұрғыда мәңгілікке бөленеді, әрі үздіксіз тәсбихат жасайды. Олай болса, адам ба-ласы олардың осы мағыналарын ұғып, тамашалау арқылы адам болады. Фәниден мәңгіге өтетін жол табады.Демек, мына өмір мен өлім арасында домалап жүрген, бірде бірігіп, бірде ыдырайтын болмыста өзге бір мақсат бар. (Теңеуде қате болмасын!) Бұл жағдай ұқсап бағу (имитация) және арнайы сахналық қойылым үшін ұйымдастырылғанға Сілтеме26: Егер де: \"неліктен сен көп мысалдарды гүлдерден, дәндерден, жемістерден бере сің?\" деген сауал туындаса, оған жауап мы-надай болмақ: \"Себебі олар, таңғажайып Құдірет мұғжизалары, ең кере-мет те нәзік, күрделі жаратылыс. Сондай-ақ табиғатқа табынушы лар, адасқандар, философтар олардағы тағдыр қаламы мен Құдіреттің майда жазуын оқи алмай тұншығып, табиғат батпағына батып кеткен.\"

65Өлім және Мәңгілікұқсайды. Мәселен, қомақты қаржы жұмсалып қойылым дай-ындалады, сахналар құрылады, жиналады. Ондағы мақсат, көріністерді түсіріп алу, оны тіркеп қойып экранда әрдайым көрсетіп отыру үшін. Сол сияқты бұл дүниедегі қысқа мерзімдік жеке және қоғам болып өмір сүрудің бір мақсаты, көріністерді түсіріп алып, тізіп қою. Іс-амалдардың нәтижелері түсіріліп, сақтап қалу. Не үшін? Ұлы сотта сұраққа тартып, есеп айырысу үшін! Үлкен Ұлы көрмеде қайта көрсету үшін. Сондай-ақ бақи мол бақытқа қабілеттілігін көрсету үшін. Демек, Киелі хадис: «Дүние – Ақыреттің егіс алқабы,» – деп осы ақиқатты меңзеп айтқан.Дүниенің бар екені, һәм дүниеде нышандарынан байқалатын Хикмет, Инает, Рахым, Әділет бар екені рас. Әлбетте, ақыреттің болмысы дүние нің болмысындай анық. Дүниедегі барлық нәрсе бір жағынан алғанда ақыретпен қатысты көрінеді. Олай болса жаратылыс сол жаққа бет алуда. Ақыретті жоққа шығару, ішіндегілерімен қосып дүниені жоққа шығар ғанмен тең. Демек, ажал мен қабір адам баласын күтіп тұратыны секілді Жәннат пен Жәhаннәм да адам баласын күтіп әрі көздеп отыр.Он БіРінші АҚИҚАТ: Адамгершілік қақпасы. Хақ есімінің сәулесі.Мағбуд-у Билхақ, Хақ Тағала өзінің толық Рубубиетімен мына шексіз ғаламында адам баласын тұғыры биік қылып, өзіне мағынасы терең құлшылық ете алатын етіп жаратқан. Адамзат Субхани үндеуді зерек тыңдаушы әрі ойшыл жараты-лыс һәм Иләhи көркем есімдерді толық қамтитын айна тәріздес. Һәм оны Исм-і Ағзам*30сәулесіне, сондай-ақ әрбір есімінде бо-латын Исм-і Ағзамның мәртебесінің сәулесіне лайық Ахсән-і Тақуимде жаратқан. Яғни керемет, әсем бір Құдірет мұғжизасы және Рақым қазыналарындағы байлықтарын таразыға тар-тып, таныстыру үшін, көптеген құрал-жабдықтарға ие, мұқият бағалаушы, шексіз нығметтеріне аса мұқтаж, мәңгілікке жаны *Исм-і Ағзам – Аллаһтың ең ұлық есімі.

Рисалей-Нұр жинағынан66құмар, қоштасудан қатты қамығатын, жан иелері арасында тым нәзік те ерке, аса пақыр әрі ең мұқтаж және дүниелік өмірге келгенде ең мұңлы бейшара, ал бейімділік жағынан бәрінен үстем, өте қабілетті. Солай бола тұра өзі бейім әрі армандаған, һәм өзіне лайық Мәңгілік әлеміне жібермей, адамгершіліктің ақиқатын жоққа шығарып, өзінің нақты сипаттарына мүлдем қайшы келіп, зор қиянат жасауы әсте мүмкін бе?Хаким-ы Билхақ (Нағыз хикмет иесі), әрі Рахим-ы Мұтлақ(Сөзсіз мейірімді) адам баласына өте күшті бейімділік бер-ген. Ол, Жер мен Көк, заңғар таулар арқалауға батылы жетпей қорыққан, Аманат-ы Күбраны яғни Ұлы Аманатты арқалаудан тайынбаған. Яғни, өзіне берілген шектеулі, шағын сипаттары-мен Жаратушысының шексіз сипаттарын, ауқымды істерін, ұшы-қиырсыз әсерлерін өлшеп біледі. Дегенмен жер бетінде өте нәзік, ерке, әлжуаз, дәрменсіз етіп жаратылған. Әйтсе де, барлық өсімдік атаулы мен жан-жануарларды өзінше реттеуші, бақылаушы қыз метіне тағайындалып, олардың тәсбихат түрлеріне, ғибадаттарына ара ла сып, сол арқылы әлемдегі Иләhи істерге шағын мөлшердегі кішкене бір үлгі, бір өнеге көрсетуші, Сүбхани Рубубиетті іс-әрекетімен, сөзімен әлем-ге жар салушы болып, періштелерден де үстем халифалық шенін алған. Ендеше, аталған барлық міндеттердің бірден-бір мақсаты, нақты нәтижесі, жемісі – Мәңгілік бақыттың оған бұйырмауы мүмкін бе?Оны бүкіл мақұлықтардың арасында ең сорлы, тым бейша-ра, дерті мен бәлесі көп, өте төменгі деңгейге түсіріп, тамаша, нұрлы әрі бақытқа жетелеуші хикмет сыйлығы болып табыла-тын ақылын, ол бейшараны азаптаушы қараңғы, мазалаушы құралға айналдырып өзінің шексіз хик метіне мүлдем кереғар, толық мейіріміне мүлдем қайшы қатыгездік жасауы әсте мүмкін бе? Жоқ, әрине!

67Өлім және МәңгілікҚорытынды: Тәмсіл хикаяда лауазымды бір қызметкердің куәлігіне қарап, оның шенін, міндетін, айлық ақысын, әрекет үлгісін, құрал-жаб дықтарын байқаған болатынбыз. Оның мы-нау тұрақсыз мекен-жай үшін еместігін, түбінде тұрақты бір мемлекетке кететіндігін, hәм сол үшін қызмет етіп жүргеніне көз жеткізген едік. Дәл сол сияқты, адам бала сының жеке куәлігі – жүрегіндегі сезімдер мен сана дәптеріндегі түйсіктер және бейімділігіндегі құрал-жабдықтар – барлығын қосып қарасаң мәңгі бақытпен қатысты екенін, әрі сол үшін беріліп, соған қарай жабдық талғанын зерттеуші ғалымдар да, әулиелер де бір ауыздан хабарлауда.Адамның қиял сезімі – ақылдың қызметшісі әрі суреттеуші ғана. Егер сол қиялға: «Саған миллион жылдық өмір әрі сон-ша жылдық дүниенің салтанаты беріледі. Бірақ, сен ақыр соңында мүлдем жоқ болып кетесің. Сен соған келісесің бе?»деп сауал тастаса, егер оны күмән алдатпаса, нәпсі араласпаса, «мақұл» деп қабылдаудың орнына «жоқ» деп өкінішпен жау-ап қайтарар еді. Демек, ең үлкен фәни нәрсе, ең кішкентай бір құрал-жабдықтарымызды, яғни сезімдерімізді қанағаттандыра алмайды. Міне, адам баласының осындай бейімділігі, мәңгілікке бағытталған армандары, әлемді қамтитын пікірлері мен мәңгілік бақыттың алуан түріне ұмтылған талап-тілектері оның мәңгілік үшін жаратылғанын, әрі мәңгілікке кететінін көрсетеді. Бұл дүние оған қонақ үй, әрі ақыретке барар жолындағы бір бекет қана.Он екінші АҚИҚАТ: Рисалет (Пайғамбарлық) пен Тәнзил (Кітап түсіру) қақпасы. «Биссмилләhир рахманир рахимнің» сәулесі.Барша Пайғамбар өздерінің мұғжизаларына, барлық Әулие өздерінің кәшф (тылсым сырлардың Аллаһ жарыл ап ашы-қлуы) пен кәрәметтеріне сүйене отырып растаған, бүкіл Асфия өздерінің зерттеулеріне негіздей отырып шындығына куәгер

Рисалей-Нұр жинағынан68болған және де Расул-ы Әкрем (с.а.у) мың мұғжизасының қуатына арқа сүйеп һәм қырық жағымен мұғжиза болған Қасиетті Құран да өзінің бұлтартпас аяттарына сүйене отырып шынайы түрде білдірген ақыреттің даңғыл жолын, Жәннатқа айқара ашылған қақпаны шыбын қанатындай әлсіз, түкке тұрғысыз күмәндардың жауып тастауы әсте мүмкін бе?!Аталған ақиқаттарды қорытындылай келіп, хашір мәселесінің өте анық ақиқат екенін, оны Жер шарын орнынан қозғап, күл-талқанын шығаратын күштің өзі қозғалта алмайды демекпіз. Өйткені, оның ақиқатын Аллаh Тағаланың барлық есімдері, бүкіл сипаттары талап етіп, әрі растап бекітіп отыр. Әрі Расул-ы Әкрем барлық мұғжизаларымен, бүкіл айғақтарымен дәлелдеген. Қасиетті Құран терең ақиқаттарымен, күллі аятта-рымен нық тап бекітуде. Және мынау әлем де оны тәкуин (жара-тылыс) аятта рымен, хикметке толы құбылыс заңдарымен куәлік етуде. Ендеше, Жаратушының куәлігіне қоса, барлық болмыс атаулы (тек кәпірлерден өзгесі) түгел дей куәлік етіп отырған осы хашірдің заңғар таудай биік, мызғымас ақи қаттарын, негізсіз күмәндар мен шәйтани күдіктер орнынан қозғап, сілкуі әсте мүмкін бе? Жоқ, мүлдем мүмкін емес!Хашірдің дәлелдері осы он екі ақиқат қана екен деп, ойлап қалма! Жоқ, Қасиетті Құран осы он екі ақиқатты үйретіп қана қоймай, бұдан өзге де мыңдаған жақтарына ишара етеді. Әрбір ишара Жаратқан Иеміздің бізді мына фәни дүниеден басқа бақи әлемге көшіретінін мегзейді.Хашірді талап ететін Иләhи есімдер аталған Хаким, Кәрим, Рахим, Адил есімдерімен ғана шектеледі екен деп ойлама! Олай емес. Ғаламдағы барлық Иләhи есімдер түгелдей ақыретті та-лап етеді, тіпті аса қажет етеді.Һәм, Хашірді дәлелдейтін ғаламның тәкуин аяттары, яғни құбылыстар осы аталғандар ғана екен деп ойлап қалма! Олай емес. Ондай аяттарды көптеген болмыстардан кездестіруге бо-лады. Оңға да, солға да бірдей ашыла беретін перде сияқты,

69Өлім және Мәңгілікәрбір болмыс атаулының оған өзіндік ишарасы болады. Олар бір жағынан жасаған Жаратушы бар екенін көрсетсе, енді бір жағынан хашірге ишара қылады. Мысалы, адам баласының ахсән-і тақуим түріндегі керемет жаратылысы, бойындағы шеберлік Жаратушысын танытса, ал ахсән-і тақуим түрінде аса күрделі, өте қабілетті бола тұра қысқа мерзімдік ғұмыр кешуі, тез арада көзден таса болуы хашірдің ақиқат екенін көрсетеді.Кейде бір жақты екі түрлі назармен қарасаң, hәм Жаратушы-ны hәм хашірді көрсетіп тұрғанына қанық боласың. Мәселен, Хикметтің көз алдымызда көптеген жаратылыстарды рет-теп, жүйеге келтіруі, Инаеттің оларды безендіріп әшекейлеуі, Әділеттің өлшеп-пішуі, Рахымның мәпе леуі, міне осы істердің мәнісіне үңілсек олардың бір Сани-ы Хаким, Кәрим, Адил, Рахимның құдіретімен жасалып жатқанын байқаймыз. Ал, осы ақиқаттың аса қуатты, шексіз мәнде бола тұра, оған айна болып шағылыстырған мына фәни болмыстың шектеулі, бір қарағанда мәнісі жоқ, қысқа мерзімдігіне, аз өмір сүруіне назар аударыл-са, Ақыреттің көкжиегі көрінеді. Демек, барлық нәрсе өзіне тән хал тілімен: дейді әрі дегізеді.* * *

Рисалей-Нұр жинағынан70СОңыАталған он екі ақиқат бір-бірін растап, бір-бірін толықтырып, бір-біріне қуат береді. Бәрі бірлесе, үйлесе бір нәтижені көрсетеді. Олай болса, мынау болаттай берік, алмастай мығым Он екі қорғанды қандай күмәннің батылы жетіп құлата алады? Дәйексіз күмәндар мызғымас берік қорғандай болған хашірге деген иманды зақымдай алушы ма еді?«Барша адамзаттың қайта жаратылуы және бір жерге жиналуы Аллаhтың құдіретіне бір адамның жаратылуы мен жиналуындай өте оңай,» – дейді кәрим Аят. Осы аяттағы айтылып тұрған хашірдің ақиқаты туралы әңгімені біз « үн кте» деп аталатын еңбегімде егжей-тегжейімен сөз еткен болатын-быз. Бұл жолы бірнеше тәмсілдермен мазмұнына ғана ишара етелік. Қалаған адам сол « үн ктені» оқысын.Мәселен, – тәмсілдің айыбы жоқ – «нұраниет» (Нұрлылы )қ сыры арқылы Күн сәулесі өзінің қалауымен болса да бір зәреге оп-оңай шашқан сәулесін дәл сондай жеңілдікпен сансыз бөлшектерге, жылтырақ нәрселерге де шашады.«шәффафиет»(Мөлдірлік) сыры арқылы мөлдір бір зәренің кішкентай көзінің қарашығы Күн сәулесін шағылыстыруымен алып теңіздің беті Күнді шағылыстыруы арасында парық жоқ, екеуі де шағылыстырады.

71Өлім және Мәңгілік«Интизам»(Тәртіп, реттілік) сыры арқылы бір бала кішкентай саусағымен өзінің ойыншық кемесін қалай оңай ай-налдырса, алып соғыс кемесін де дәл солай оңай айналдырады.«Имтисал»(Бойұсыну) сыры арқылы әскери қолбасшы бір жауынгерді «Алға!» деген бұйрығымен қалай жеңіл әрекет еткізсе, қалың қол әскерді де дәл солай жеңіл қозғалысқа келтіреді.«муазене»(Тепе-теңдік) сыры арқылы аспан төрінде орналасқан өте нәзік, дәл өлшеп тартатын, үлкен бір таразы-ны елестетейік. Оның дәлдігі соншалық, екі басына екі жаңғақ қойса да сезеді. Ал үлкендігі соншалық, бір басына Күннің өзі сыйып кететіндей үлкен. Енді сол таразының екі басына қойылған екі жаңғақтың бірін жоғарыға көтеріп, бірін төменге түсірген азғантай қуаттың күшімен таразының екі басына қойылған екі алып екі Күнді де, бірін жоғары көтеріп, бірін төмен түсіреді.Демек, мынау өте қарапайым, тым нұқсан, фәни, мүмкіндік әле мінде Нұраниет, Шәффафиет, Интизам, Имтисал және Муа-зене сырлары арқылы ең үлкен нәрсе, ең кіші нәрсеге тең келіп, шексіз, сан жетпес нәрселер шектеулі бір түйір нәрсемен пара-пар болып жатса әлбетте, Қадир-ы Мұт лақтың ( үК ш- ұдіреті қшексіз) өзіндік әрі шексіз, аса толық Құдіретінің нұрлы шағылысына яғни Нұраниетке және заттың мәләкутиетімен ұшта сатын, яғни болмыстың ішкі жағының мөлдірлігіне яғни Шәффафие тіне, сондай-ақ, хикмет пен тағдырдың тәртіп пен реттілігіне яғни Интизамға және заттардың тәкуин әміріне, яғни жаратылыс заңдарына толық бойсұну ларына, сондай-ақ мүмкинат әлеміндегі яғни бар мен жоқтың ортасын дағы тепе-теңдік сырларына назар аударсаң аз бен көптің, үлкен мен кішінің парқы мүлдем жоқ, барлығы оған бірдей екендігін көресің. Демек, Аллаh Тағала Қиямет күні бүкіл адамзатты бір адамды жаратқандай бір дыбыспен, бір әмірімен әп-сәтте махшарға жинай алады.

Рисалей-Нұр жинағынан72Қандай да бір нәрсенің әлсіздігі немесе қуаттылығының дәрежесі оған кері күштің әсерімен өлшенеді. Мәселен, жылудың дәрежесі суыққа, сұлу лықтың дәрежесі ұсқынсыздыққа бай-ланысты, жарықтың дәрежесі қараңғылықтың әсеріне қарай анықталады. Алайда, бір заттың сипаты арызи болмаса яғни уақытша әрі кейіннен пайда болмай, зати яғни өзіндік болса, оған кері күштер әсер ете алмайды. Өйткені, қарама-қарсы күштердің жиынтығы туады. Мұны арапша джемм-і зыддейн дейді. Ал олай болуы әсте мүмкін емес. Демек негізгі, зати нәрседе дәреже болмайды. Енді, Қадир-ы Мұтлақтың құдіреті зати екені рас. Ол – мүмкинат яғни болып болмауы екі талай заттар (бүкіл жаратылыс) сияқты арызи емес, Оның сипаттары да зати, өзінікі. Оған теріс болатын әлсіздіктің әсер етуі әсте мүмкін емес. Олай болса, оның құдіреті шексіз. Сондықтан Зат-ы Зүлжәлалға бір көктемді жарату бір гүлді жаратумен тең. Егер болмысты жарату себептерге жүктелетін болса, онда бір гүлдің жаратылуы көктемнің жаратылуындай қиындық туғызар еді. Сондай-ақ барша адамзатты қайта тірілтіп хашір ету, бір жанның тірілту сияқты оп-оңай.Хашір мәселесіне қатысты бастан-аяқ айтқан тәмсіл, сурет-темелер мен ақиқаттар Құран Кәрімнің шапағатымен іске асты. Бұл нәпсіні тәслімге (берілуге), жүректі бекітуге дайындық еді. Ол туралы сөз айту бірінші кезек – Құрандікі. Сөз деп соны айт! Сөздердің асылы тек соған тиесілі. Ендеше Құран Кәрімде бұл туралы не дейді екен, соны тыңдайық:

73Өлім және Мәңгілік Құранда айтылған өзге де осы тектес аяттарды тыңдап: «Амәнна уә саддақна» – «әрине, әлбетте, иә солай!» – дейік.

Рисалей-Нұр жинағынан74Уа, бұл рисалені ынсаппен ден қойып оқыған, достым! «мына «Оныншы Сөздің» мән-мағынасын неліктен толық түсіне алмадым!» – деп өкінбе! Себебі, бұл туралы дана Ибн Синаның өзі:\"Иман келтірдік. Алайда, мұны ақылмен түсіну мүмкін емес,\" – деп әлсіздігін мойындаған. Сондай-ақ Исламның өзге де ғалымдары: «Хашір мәселесі нақыли. Оның дәлелі де нақыл. Ақылмен түсіну мүмкін емес,» – деп бірауыздан тұжырым жасаған. Әрине мұндай терең һәм ауқымды мәселенің әркім бірден түсіне қоятындай оңай мәселеге айнала қоймасы анық. Құран-ы Хакимнің берекетімен, оның нұрлы шапағатымен, Халиқ-ы Рахимнің рақымымен, мы-нау ұқсатып бағуға келмейтін, тәсілімі бұзылып тұрған ғасырда

75Өлім және Мәңгілікяғни әрнәрсені ақылға салып, көзбен көрмесе сенбейтін заман-да әлгі ауқымды да терең мәселенің осыншасы бұйырғанына да мың да бір шүкір етуіміз керек. Өйткені, бұл иманымызды сақтап қалуға толық жеткілікті. Сәл де болсын түсінгенімізге риза болып, қайта-қайта талқылап, түсінігіміздің молаюына тырысқанымыз жөн.Хашірді ақылмен ұғыну мүмкін еместігінің бір сыры – Қиямет қайым, Ұлы Хашір Аллаһ тағаланың Исм-і Ағзамының ең ұлы сәулесімен іске асатындықтан Исм-і Ағзамының және өзге де жоғары мәртебелі әрбір есімінің сәулесімен болып жатқан алып істерді көру және оларды көрсету арқылы Хашір-ы Ағзам көктем тәрізді оп-оңай расталып, адамдардың оған деген сенімі нығайып, иманы толыға түседі.Осы «Оныншы Сөзде» Құранның шапағатымен дәл солай көрінеді әрі көрсетіледі. Әйтпесе, ақыл жалғыз қалса өзінің тар, шектеулі қағидаларына шырмалып, дәрменсіздіктен көзді тарс жұмып, айтылғанға бас шұлғып ере беруіне яғни мақұл демей нақыл деуге тура келеді.* * *

Рисалей-Нұр жинағынан76“Оныншы СӨзДің” мАңызДы жАлҒАСы және ҚОСымшАСының БіРінші БӨлімі

77Өлім және МәңгілікИман құлашының кеңдігін көрсететін мына Сәмауи Ұлы аяттарды және хашірді растайтын мына қасиетті Ұлы ақиқаттардың терең сыры, үлкен бір дәлелі осы «Тоғызыншы шуақ» атты шығармада баяндалмақ.Мөлдір де нәзік Раббани бір жарылқау: Осыдан отыз жыл бұрын Ескі Саид тәпсір жазуға кіріскен кезде жазған «мүхакемат» атты еңбегінің соңында: Екінші мақсат – Құранның хашірге ишара ететін екі аятына тәпсір әрі баянда-ма жасамақ болып, деп, одан әрі жаза алмай, тоқтап қалған болатын. Арада отыз жыл өткен соң, Аллаh таупық ихсан етті яғни жарылқады. Халиқ-ы Рахимыма әлемде қанша дәлелдер мен хашірге қаншалық нышандар бол-са, сонша шүкір мен мадақтау болсын!Иә, бұдан тоғыз-он жыл бұрын сол аяттың бірінші аяты:деп басталатын Иләhи әмірдің өте жарқын, әрі қуатты айғағы, құнды тәпсірі болып табылатын «Оныншы Сөз» бен «жи-ырма тоғызыншы Сөзді» Раббым сыйлаған болатын. Сөйтіп құдайсыздардың аузына құм құйдық.Сондай-ақ тоғыз-он жыл өткен соң хашірге иманның әлгі екі берік қорғанынан мына екінші аятты яғни жоғарыда аталған ұлы аяттың тәпсірін мынау шығарма түрінде ұсынды. Міне, осы «Тоғызыншы шуақ», аталған аятымен қоса ишара етілген «Биік Тоғыз ма ам»қ және бір маңызды «кіріспеден» тұрады.* * *

Рисалей-Нұр жинағынан78кіРіСПе[Хашірге иманның көптеген рухани пайдаларынан және өмірдегі көрініс нәтижелерінен бір ғана маңызды нәтижесі қысқаша баяндал мақ. Оның адамның жеке өміріне, әсіресе қоғамдық өміріне аса қажеттілігін, тіпті ауадай керек екендігін дәлелдейтін өте күшті айғақтары бар. Әзірге бір ғана ауқымды айғағын жинақы түрде көр-сететін және осы хашір нанымының қаншалықты айқын, әрі шүбәсіз екендігін түсіндіретін \"екі ТҰжыРым\".]БіРінші ТҰжыРым: Ақыретке сенім, хашірге наным қоғамдық өмірдің және жеке өмірдің іргетасын қалайтынын, адамзаттың бақытқа қол жеткізу мен кемелденудің бірден-бір жолы екендігінің жүздеген дәлелдерінен мысал ретінде төрт дәлел ұсынамыз.Бірінші дәлел: Адамзаттың жартысын жас өспірімдер құрайды. Олар өздеріне тым қорқынышты көрінетін қайғылы қазаларға қарсы тек Жәннат ұғымы арқылы ғана төтеп береді. Осылайша олардың тым әлсіз әрі нәзік болмыстары әлгіндей соққыға рухани төзімділік танытады. Әрнәрсеге тез сағы сына-тын қорғансыз да нәзік көңілдері, Жәннат ұғымымен үміттеніп, шат өмір сүреді. Мысалы, олар: «менің кішкентай інім неме-се досым қайтыс болды. Ол енді жәннаттың бір құсына ай-налды. Ол жерде самғап, сайрандап жүр. Бізден әлдеқайда рахат өмір сүруде,» – деп, Жәннат ұғымымен көңілін жұбатады. Әйтпесе, күнделікті маңайында болып жатқан өзі сияқты бала-лар мен қарттардың қайғылы қазалары әлгі бейшараның үрейін

79Өлім және Мәңгілікұшырып, көңілін қалдырып, әлемін астан-кестең етер еді. Тек көзін ғана емес рух, жүрек, ақыл-ес секілді сезімдерін де қоса жылатып, мұңлыққа немесе диуана бір хайуанға айналдырып жіберер еді.екінші дәлел: Адамзаттың бір тұрғыдан алғанда жартысын қарттар құрайды. Олар бауыр басып қалған дүниелерінің көп кешікпей өшіп, қараң қалатынын ойлап, тынысы тарылғанда тек о дүниелік өмірді ойлау арқылы ғана көңілі жай тауып өзін жұбатады. Сонда ғана жақын қалған қабіріне үрейленіп емес, сабырлылықпен, байыппен қарайды. Сәби тәрізді нәзік рух-тары мен морт сынғыш көңілдері ажалды, айырылысуды ой-лап, қайғырып үмітсіздікке түсер сәтте, мәңгілік өмір, ақырет үмітімен қуаттанып, қажыр-қайрат табады. Әйтпесе, әлгі ардақты да аяулы, жан тыныштығына тым мұқтаж, уайымшыл қариялардың көңілдері құлазып, рухани азап шегіп мына дүние оларға тар зындан, өмір сүру деген жан төзгісіз тозақ болар еді.Үшінші дәлел: Жастар – қоғамдық өмірдің тірегі. Олардың бойындағы алып ұшқан көңілдерін, нәпсі мен әуесқой сезімдерін бұзақылықтан тежеуге Жәhаннамнан қорқу сезімі зор ықпал етеді. Егер де олар Жәhаннамнан қорықпаса, «кім күшті болса, соныкі дұрыс» деген зұлымдықтың заңы орнап, жастар бейшара әлсіздер мен дәрменсіздерге күн көрсетпей дүниені тозаққа, адамгершілікті хайуандыққа айналдырар еді.Төртінші дәлел: Қоғамдағы ең қызу ұйым, негізгі күш, дүниеуи жәннат, бірден-бір қорған – әр адамның өз отба-сы. Ол әркімнің өзіндік дүниесі. Отбасының жақсы тұрмыс-тіршілігі мен бақыты, өзара адалдық, сыйластық, мейірбандық, жанкештілік болғанда ғана орнайды. Ал шы найы сыйластық пен мейірбандық сезім, мәңгіге жалғасатын достық, серік тестік сондай-ақ, мәңгілік өмірдегі әкелік, перзенттік, жұбайылық секілді қарым-қатынас мәңгі жалғаса береді деген ұғыммен ғана іске аспақ. Мәселен, «менің жұбайым – о дүниедегі мәңгілік

Рисалей-Нұр жинағынан80өмірде де айрылмас сері гім болады. әзірге қартайып жүзінен көркі тайған екен, оқасы жоқ. Ақыретте өзіне қайта ора-латын мәңгі сұлу көркі бар. Осындай мәңгі жұбайлықтың құрметіне қандай да болсын жанкештілікке дайынмын, рақымшылық етемін» – деп әлгі қартаң әйелін хор қызындай көріп, ма хаб баты мен жанашырлығы, сыйластығы арта түседі. Әйтпесе, қып-қыс қа жалған ғұмырдың өтуімен, сүйікті жұбайымен мәңгіге қоштасумен аяқ талып, қайта оралмайтын жұбайылық серіктестік өмір тым баянсыз. Ондай өткінші неке өзінің мағынауи құндылығын жойып, хайуан секілді өзі тектес болғаны үшін ғана уақытша жанашырлық танытатын күйге түсірер еді. Жануарға тән жеке басының пайдасы немесе басқа да жабайы сезімдерге беріліп адами қасиеттен айырылып, әлгі дүниеуи жәннат отаудың шырқы бұзылып жәhаннамға айна-лып кетуі әбден мүмкін.Көріп отырсыздар, хашірге деген сенімнің жүздеген нәтижелерінің біреуінің өзі адам баласының қоғамдық өміріне ықпалы зор, пайдасы мол екен. Демек, осындай пайдалы нәтижелердің жүздеген тиімді жақ тары мен оның қыр-сырын жоғарыда айтылған төрт дәлелдеменің негі зінде қарайтын болсақ, хашірдің ақиқат екендігін және оның жүзеге асатын-дығы адамгершілік деген ұғымның ақиқатындай анық екендігі, сондай-ақ оның талап-шарттары секілді күмәнсіз екендігі белгілі болады. Қарынның ашығуы тағамның бар екенін дәлелдегендей, хашірдің жүзеге асуы одан да анық.Егер хашір ақиқатының пайдалары мен нәтижелері адамгершілік қағида ларының қатарына енбесе, аса маңызды әрі күрделі, жоғары дәрежедегі өміршең адамгершілік дейтін құтты ұғым микроб дорбасына айналып, мәнін жойған болар еді. Қоғамды басқару және адамзаттың мінез-құлқымен, сондай-ақ, әлеуметтік өмірімен тікелей айналысатын әлеуметтанушылар мен қоғам қайраткерлері, саясатшылар, тәрбиеші ма мандар бұған не дер екен?! Мына бос алаңқайды немен толтырар екен? Осы бір ауыр дертті емдей алар ма?

81Өлім және Мәңгілікекінші ТҰжыРым: Хашірдің шындық екендігін дәлелдейтін бұ дан өзге де шексіз айғақтар бар. Оны иманның өзге шарттары қалай дәлелдейді? Енді сол туралы күрделі бол-са да қысқаша сөз етелік. Хазіреті Мұхаммед Ғаләйhиссалату Уәссаламның елші екендігін дәлелдейтін бар лық мұғжизалар және пайғамбарлығы мен оның адалдығын растайтын дәлел-айғақтар тұтасымен хашірдің хақ әрі міндетті түрде болатындығына куәлік етіп, дәлелдей түседі. Өйткені, оның өмір бойы күресіп, ұмтыл ған мақсаты Уахданиетке, одан соң хашірге келіп тоғысады. Және бар лық пайғамбарларды мойындаған да мойындатқан мұғжизалары мен айғақтары да сол бір ақиқатқа келіп қауышады. Һәм кәлимасы нан тұратын шәhәдетті толықтырып, анықтай түсетінкуәлігі де сол ақиқатты дәлелдейді. Қалай десеңіз, мұның ал-дында айтып кетке німіздей, Қасиетті Құранның хақ екендігін дәлелдейтін барлық мұғжи залар, айғақтар, ақиқаттар тұтасымен хашірдің болатынын дәлелдеп, оны анықтай түседі. Енді соған тоқталып өтейік.Қасиетті Құранға зер салып қарасақ, ондағы аяттардың үштен бірі хашір туралы екен. Көптеген қысқа сүрелердің бастапқы аяттары хашір жайында. Кейде ашық, кейде астар-лы түрде мыңдаған аяттар осы ақиқатты білдіріп, әрі дәлелдеп тұрады.Мысалы,секілді отыз-қырық сүрелердің бастапқы аяттары хашір мәселесі әлемдегі ең маңызды да нағыз ақиқаттың өзі екенін

Рисалей-Нұр жинағынан82анық айтады. Сол сияқты басқа да аяттар хашір ақиқатын түрлі дәлелдермен баяндай отырып, көз жеткізеді. Апырым-ай, заманымызда бір аятының, бір ишарасының өзі көптеген ғылыми немесе жаратылыстану салаларында ақиқат шашқан Қасиетті кітаптың керемет куәліктері мен мақсаттары хашірдің болмағы айдан анық екенін көрсетіп тұрғанда, оның өтірік болуы Айды, тіпті бүкіл әлемді жоққа шығару секілді ақымақтық болмай ма? Олай болуы жүз есе бекершілік пен мың есе жалғандық болмай ма?! Апырым-ай, кезінде бір Сұлтанның бір ауыз сөзін өтірікке шығармау үшін қалың әскер соғысқа аттанып, жан алысып, жан берісіп соғысып еді ғой. Олай болса, абыройы үстем, тым байсалды да орасан зор намыс иесі, Сұлтандардың Сұлтаны – Аллаh Тағаланың мыңнан аса дәлелді сөздері мен уәделері, нақты ескертулері ақиқаттан тыс, бекершілік болуы әсте мүмкін бе? Он үш ғасыр бойы үздіксіз сансыз рухтарға, саналы жандарға, ояу көкіректерге хақ пен ақиқат дәрісін беріп келген, әділ түрде үкім жүргізген, олардың барлығын тәрбиелеп, басқарып отырған осы бір мағынауи, аса абыройлы Сұлтанның бір ғана ишарасы әлгі ақиқатты толық дәлелдеуге жеткілікті бола тұра, әрі оның үстіне мыңдаған анықтамалар жасап, хашір ақиқатын көзге көрсетіп, дәлелдеп тұрғанда, оны мойындамаған ішкі дүниесі қараңғы, жүрегі қара, санасыз ақымаққа Жәhаннамның зор азабы лайық болмай ма? Оны Тозаққа тастамау, үстем абыройына жараспайды. Сондай-ақ өз заманы мен дәуірін басқарған барлық сәмауи парақтар мен қасиетті кітаптар да болашақ пен өткенді түгел қамтып, барлық заманға үкім жүргізетін Құранмен үндесіп бұлтартпас дәлелдерімен, анықтамаларымен, түсініктемелерімен хашір ақиқатын өз заманына, өз дәуіріне сай баяндап қысқаша, астарлап ол туралы сөз етеді. Дегенмен, олар да бұлтартпас айғақ болып табылады. Демек, Құранның айтқанын мыңдаған ишараларымен олар да баяндап отыр. Бұл айтылған тақырыбымызға сәйкес “мінәжәт Рисалесінің” соңында:

83Өлім және Мәңгілік– \"Ақыретке иман\" шартына, әсіресе \"Русул\" мен \"күтуб” шәhәдеті яғни, Пайғамбарлар мен Кітаптарға иман шарты қуатты да жинақы түрде қандай да болсын күмәнді жоққа шығаратындай нақты баяндалған. Сондықтан осы жерде тағы да қайталанбақ:Уа, Рабб-ы Рахимым! Расул-ы Әкремнің тәлімі мен Қасиетті Құран дәрісін оқудың арқасында мынаны түсіндім: Әуелі Құран мен Расул-ы Әкрем, сонан кейін өзге де қасиетті кітаптар мен пайғамбарлар, Сенің бұл дүниеде және әр тарапта үлгілері көрінген аса Жалал әрі Жамал есімдеріңнің көріністері одан әрі әсем түрде Әбәд-ул Әбадта (бақи әлемде) жалғасын табатынын; мына фәни әлемде рақымды шуақтары мен үлгілері көрінген жарылқаулардың мәңгі бақыт әлемінде одан да көркем түрде жалғасатынын; және мынау қысқа дүниеде оларды таңдана тамашалаған, сүйсіне қарап, бірге болған ынтық жандардың мәңгілік әлем де де бірге болатындарын бірауыздан шәhәдет етіп, дәлелдей түседі. Сондай-ақ жүздеген күшті мұғжизаларына, нақты аяттарына сүйене отырып әуелі Расул-ы Әкрем және Құран-ы Хаким, сонан кейін барлық нұрлы рухтардың иелері - пайғамбарлар, барлық нұрланған жүректердің құтұбтары - әулиелер және барлық өткір де нұрлы ойлардың қайнар көз-дері - турашылдар, мухаққиқтар Сенің сәмәуи парақтарың мен қасиетті кітап тарыңда қайта-қайта берген мыңдаған уәделеріңе, ескертулеріңе сүйене отырып; Сенің Құдірет, Рақым, Инает, Хикмет, Жалал, Жамал тәрізді ақыретті қажет ететін киелі сипаттарыңа, атқарып жатқан істеріңе және Сенің Жалалыңның қол жетпес үстемдігі мен Салтанатты Рубубиетіңе hәм ақыреттің іздеріне hәм оның бар екендігін білдіретін жаңалықтарына және көргендеріне ғылмеляқин және айнеляқин*31* дәрежесіндегі сенімдері мен имандарына сүйене отырып, мәңгі бақыттың *Ғылмеля ин қ– ақылмен дәлелденген, біліммен анық.*Айнеляин – көзбен көргендей анық.

Рисалей-Нұр жинағынан84бар екендігін адамзатқа сүйіншілеп хабар беруде. Тура жолдан тайғандар үшін тозақ, хидает бұйырған жандар үшін жұмақ болмағын айтып, мызғымас иман келтіріп, куәлік етуде.Уа, Қадир-ы Хаким! Уа, Рахман-ы Рахим! Уа, Садық-ул Уәғди-л Кәрим (Аса жомарт, уәдесін сөзсіз орындаушы)! Уа, Иззет пен Азамет әрі Жалал иесі Қаhhар-ы Зүлжалал! Мұншама сенімді достарыңды, мұншама уәделеріңді әрі осыншама есім-сипатарың мен олардың талаптарын жоққа шығарып, сенбе-ген және Салтанат-ы Рубубиетіңнің (Рубубиетінің салтана-ты) бұл жымас талап-тілектерін жоққа шығарып, орындамай қасарысқан кәпір лерді тыңдап, ал өзің сүйетұғын, және сені мақұлдап, мойынсұну арқылы өздерін де саған сүйсіндірген көптеген адал құлдарыңның ақыретке қа тыс ты дұғаларын, талап-тілектерін тыңдамай, кері қайтарудан пәксің! Және күпірлік етіп қарсы шыққан, уәдеңді теріске шығарып, ұлықтық пен үстемдігіңе тіл тигізіп, абыройлы Жалалыңа кір келтірген, Улухиетіңнің қажеттілігін таптап, Рубубиетіңнің мейірімділігін ренжіткен азғын, дін нен безгендерді жақтаудан, хашір жоқ деушілерді растаудан аулақсың, мың есе ада, шексіз пәксің және үстемсің. Мұндай шексіз қатігездіктен, тым жиіркенішті көріністерден Сенің теңдессіз әділеттігің, шексіз зор Жамалың, соңсыз Рахымың тым биікте деп білеміз.Сенің жүз мыңдаған сенімді де адал елшілерің және салтанатыңның көптеген турашыл жаршылары болып та-былатын пайғамбарлардың, әулие лердің хаққаляқын (мағрифаттың ең жоғары мәртебесі. А и ат ты жа ыннан қ ққкөріп, сезіну) ғылмеляқин түрінде Сенің Ақыреттегі ме йі-рімділік қазыналарыңа, мәңгілік әлемдегі қайырымдылық, байлық қор ларыңа, бақыт әлемінде толық түрде көрінетін көркем есімдеріңнің таңғажайып сұлу көріністеріне келтірген куәліктері, еткен шәhәдеттері хақ әрі ақиқат. Сондай-ақ иша-раттары дұрыс, орынды әрі сүйіншілері рас екеніне сенеміз.

85Өлім және МәңгілікОлар ақиқат атаулының бастауы әрі өзегі болып та былатын «Хақ» есіміңнің Ұлы шуағы осы бір хашір ақиқаты екеніне иман ете отырып, Сенің әміріңмен Сенің құлдарыңа хақ дәрісін беруде, әрі нағыз ақиқатты үйретуде.Уа, Раббым! Осылардың дәріс-тәлімдерінің құрметіне бізге және Ри сале-и Нұр шәкірттеріне толық иман бер және ақырын қайырлы ет. Бізді олардың шапағатына бөле! Әмин!...Һәм Құранның және өзге де барлық Сәмауи кітаптардың хақ екендігін дәлелдейтін күллі айғақтар мен дәлелдер және соңғы Пайғамбардың сондай-ақ барлық пайғамбарлардың елшіліктерін куәландыратын күллі мұғжизалар, бұлтартпас айғақтар түптің-түбінде олардың ең маңызды мүддесі болған ақыреттің шындыққа айналуына келіп тіреледі. Сондай-ақ Уажиб-ул Ужудтың бар және бір екендігіне куәлік ететін көптеген дәлелдер мен айғақтар айналып келгенде Рубубиет пен Улухиеттің ең маңызды негізі, hәм мекені болып табыла-тын бақыт әлемінің, мәңгілік дүниенің бар екендігін және оның ашылатынын дәлелдей түседі. Себебі, біз сөз еткелі отырған Зат-ы Уажиб-үл Ужудтың (Болмысы шарт, міндетті т рде үбар) болмысы және толық сипаттары, көптеген көркем есімдері мен Рубубиет, Улухиет, Рахым, Инает, Хикмет, Адалет сияқты сипатттары және істері міндетті түрде ақыретсіз болмайтынын, олар сөзсіз бақи дүниені қажет етіп, шүбәсіз түрде жазалау мен сый-сыяпат жері болып табылатын Хашір мен Неширді керек етеді. Әзәли де Әбәди Бір Аллаhтың бар екені қандай рас болса, әлбетте Улухиет салтанатының өшпес өзегі ақыреттің де бар екені сондай рас. Және бұл әлемде, барлық тіршілік иелері ара-сында өте айбынды әрі хикметі толық бір Рубубиет бар екені көзге көрініп-ақ тұр. Әлбетте, сол Рубубиеттің айбындылығын күйреуден, хикметін әбестіктен, мейрімділігін зұлымдықтан сақтайтын, айыратын мәңгі бақыт әлемі бар, соған баратын бо-ламыз.

Рисалей-Нұр жинағынан86Һәм, мынау көз алдымызда болып жатқан нығмет беру, их-сан, жарылқау, қамқорлық, сыйлық, көмек пен рақымдылық секілді құбылыстар санасы сарқылмаған жандарға бір ғайып пердесінің артында Зат-ы Рахман-ы Рахимның бар екенін көрсетеді. Әлбетте, нығмет беру мазақ қылу еместігін; жарылқау алдау еместігін; көмектесу – дұшпандық, рақымдылық – азап-тау, сыйға бөлеу – қиянат жасау еместігін; яғни нығметті – нығмет, жарыл қауды – жарылқау ететін о дүниеде соңсыз да бақи өмір бар, ақырет әлемі болады.Көктем кезінде көз алдымызда Жер атты алақандай параққа Құдіретті қалам мыңдаған кітапты аралас-құралас, бірақ бірде-бір қатесіз жазып жатқанына куә боламыз. Ол әсте шаршама-стан, тынбай жазады. Ол қа ламның иесі: «мына тар жерде аралас-құралас жазылған көктем кітабынан әлдеқайда оңай әрі бұдан да кең жерге әрі әсем, әрі мәңгі бір кітап жа-замын да сендерге оқытамын!» – деп барлық әмірлерінде сол кітаптан әңгіме қозғайды. Әлбетте, ол кітаптың негізі жа-зылып қойылған. Тек хашір мен нешир (ыдырап айта жина-қлу) арқылы толықтырылып, жалпының амал дәптерлері соған тіркелетін болады.Жер шары қыруар мақұлықтың үйі, сан-алуан тіршілік иелері мен жан-жануарлардың сан құбылған баспанасы, өндіріс орны, жайқалған көрме, махшар секілді. Сондықтан әлемнің жүрегі, өзегі, орталығы әрі нәтижесі, сондай-ақ жаратылуына себеп болғандықтан аса маңызға ие. Сондықтан өзінің шағын болмысына қарамастан алып аспанмен терезесін тең тұтады. Сәмауи әмірлерде әрдайым: деп келеді. Сондай-ақ осы аталған Жер шарының әр тарапына үстемдік ет-кен, көптеген мақұлықтарға билік жүргізген, тіршілік иелерінің де көпшілігін бағындырып, өзінің айналасына жинатқызған, көптеген жаратылысты қалауына қарай, қажеттілігіне сай рет-

87Өлім және Мәңгіліктеп, жайната сәндеп, көркейтіп қойған, өз орындарына орнала-стырып, оларды әсем безендіріп, тек өзі тектес адамдар мен жын атаулының ғана емес, бүкіл ғалам мен аспан тұрғындарының на-зарына ілігіп, таң қалдырған, бүкіл ғалам Иесінің хош назарын аударып, маңыздылығы мен қадірі артқан, осылайша ғаламның жаратылыс хикметі, зор нәтижесі, құнды жемісі, жер жәhанның халифасы екендігін ілімімен, өнерімен толық дәлелдеген әрі заттық тұрғысынан қарағанда әлемді Жаратушы Аллаhтың мұғжизалы туындыларын кереметтей таныстырып реттегені үшін алатын сыйлығы мол, әйтсе де қасарысып күпірлік еткені үшін дүниеге жіберілген, ал жазасы болса да атқарған игі қызметі үшін кейінге қалып мұрша мерзімі ұзартылып табысқа жету мүмкіндігіне ие адамзат бар. Әрі табиғаты мен жараты-лысы осындай тым әлсіз, бейшара, мүсәпір, өте пақыр, толас-сыз уайым-қайғыға душар адам баласына, оның күш-қуаты мен ерік-жігерінен тыс мына алып әлемді игілігіне қажетті заттар мен азық-түлікке толы әдемі бір дүкен бейнесінде жаратқан шексіз Құдірет пен мол Хикмет иесі, мейірімді бір Мутасар-рыф (Басқарушы) бар. Ол – адам баласын ұдайы қадағалап, азықтандырып, әрқашан қалағанын беріп отырады.Иә, осындай бір Раббы, адам баласын керемет жақсы көреді әрі адам баласы да өзін керемет жақсы көргенін қалайды. Ол – бақи әлемдердің hәм мәңгіліктің Иесі. Атқарған әр ісі әділет пен хикметке толы. Мына фәни қысқа тірілікке, мына адамзаттың тар дүниесіне, мына баянсыз жерге Ол Хаким-ы Әзәлидің (мәңгі билік иесі) айбынды Салтанаты мен соңсыз үстем билігі сыймайды. Алайда әлемнің заңына, әділет пен тәртібіне, сұлу жүзіне қайшы келетін небір зұлымдықтар мен бас көтерулер, нығмет шашып, мейірлене азық берген әлгі мейірбанға қарсы қиянат жасап қасарысулар, күпірліктер адамзат әлемінде жиі болып жатады. Қанішер, залымдар бұл дүниеде жазаланбастан рахат өмір сүріп, бейшара жәбірленушілер машақат көрумен

Рисалей-Нұр жинағынан88дүниеден озып жатады. Демек, қанішер залымдар мен үмітсіз бейшаралардың өлгеннен соң тең дәрежеде, айырмасыз қабірде жата беруі мына ғаламда байқалатын әлгі зор әділдікке мүлдем керағар. Ол ондай бассыздыққа әсте рұқсат бермейді.Барша ғаламның Иесі, бүкіл ғаламнан әуелі жер жаhанды таңдап, одан соң адамзатты қалап, оған өте маңызды міндет, зор мән берген. Сондай-ақ адам баласының ішінен Рубубиетінің мақсаттарына сәйкес өздерін иман және тәслім арқылы сүйсіндірген, нағыз адамгершілік қасиеттерге ие пайғамбарларды, әулиелер мен асфияларды таңдап, өзіне дос әрі әңгі мелесуші етіп, оларды мұғжизалармен, таупықтармен жарылқап, ал дұш пандарын сәмауи тоқпақтармен жазалап отырған.Осынау қадірлі де, сүйікті достарының ішінен, олардың имамы, мақ танышы, ардақты Мұхаммед Ғалейhиссалату Уәссаламды таңдап, жер жаhанның құнды бөлігін, адамзаттың маңызды бестен бір бөлігін ұзақ ғасырлар бойы оның шуағымен нұрға бөледі. Бейне бір әлем Сол үшін жаратылғандай, барлық мақсаттары Онымен, Оның дінімен, Құранымен сабақтасып жатыр. Аса қадірлі әрі миллиондаған жылдарға жалғаса беретін зор еңбегінің қызмет ақысын толассыз мәңгі-бақи алуға лайық бола тұра, Ол ауыр күндерді бастан өткеріп, машақатты күрестерге толы, небәрі алпыс үш жыл ғана өмір сүрді. Ендеше, Ол кісінің барлық дос-жарандарымен бірге қайта тірілмеуі әсте мүмкін бе? Жоқ, мүмкін емес! Тіпті, қазірдің өзінде тірі болма-уы, мәңгілікке жойылуы мүмкін емес? Әстағфируллаh! Құдай сақтасын! Олай болуы әсте мүмкін емес!Иә, бүкіл ғалам және әлемдегі ақиқаттар, ғалам Иесінен оның тірілуін сұрап, мәңгі өмір сүруін өтінеді!…Сондай-ақ осы бір еш өзгермес ақиқаттар жайында «жетінші шуақ», «Аят-үл күбра» деп аталатын еңбегімізде, әрқайсысы заңғар таудай отыз үш алып айғақ сөз етілген бола-

89Өлім және Мәңгіліктын. Бүкіл ғалам бір қолдан шыққан, біреудің мүлкі. Ол, Иләhи кемелдіктің негізі саналатын Уахдет пен Әхадиетті ап-айқын түрде көрсетеді. Он сегіз мың ғалам Уахдет пен Әхадиет сы-рымен Зат-ы Уахидтің (Біреу, Жалғыз) айтқанын орындайтын әскерлері, оған бас иген қызметшілеріне айналады. Ақыреттің орнауы арқылы кемелдігі – кемуден, ұлықтығы – құлдыраудан арашаланып және айқын әділдігі –қатігез зұлымдыққа, толық хикметі – құр әбестікке, ерекше мейірімі – әжуа етіп азап бе-руге, абыройлы құдіреті – бейшара мүсәпірлікке айналудан аман қалып, өзіне лайық жоғары мәртебеге ие болады. Әлбетте, Аллаhқа иманның жүздеген тұжырымымен әрі жоғарыда айтылған ақиқаттардың талабына сай қиямет қайым болады, хашір мен нешир, жазаға тарту мен сыйға бөлеу орны ашыла-ды. Сөйтіп, жер жәhанның атал ған маңыздылығы, өзектілігі, сондай-ақ адамзаттың мән-мағынасы, құн дылығы анықталады. Жер мен адамның жаратушысы Халиқ, Рабб-ы Му тасаррыф-ы Хакимнің (Өте дана бас арушы Рабб)қ жоғарыда аталған әділдігі, хикметі, рақымы, билігі толық орнайды. Бақи Аллаhтың аталған нағыз да адал достары, оған ынтық болғандар мәңгі жоқ болудан құтылады. Және достарының ең ұлысы, hәм ардақтысы, бүкіл ғаламды риза қылған жан, өзінің баға жетпес зор қызметінің ақысын алып, сый-сыяпатқа бөле неді. Осылай-ша, Сұлтан-ы Сәрмәдидің (мәңгі бақи сұлтан Патша) кемел-дігі нұқсандықтан, құдіреті әлсіздіктен, хикметі әбестіктен, әділдігі зұ лым дықтан тазарып, абырой-даңқы үстем болмақ. Сонымен Аллаhтың бар екені қандай рас болса, әлбетте ақырет те дәл солай бар.Айтылып кеткен иманның үш шарты, өздерінің бұлтартпас дәлел дерімен хашірге қалай шәhәдет етсе, дәл солай:

Рисалей-Нұр жинағынан90деген иманның екі шарты да хашірді талап етіп, бақи әлемнің бар екеніне төмендегідей қуатты түрде куәлік келтіріп дәлелдейді.Иә, Періштелердің болмысы мен олардың құлдық ұратынын дәлел дейтін барлық айғақтар, алуан-алуан оқиғалар мен әңгімелер қисынды түрде рухтар әлемінің бар екендігін, сондай-ақ ғайып әлемі, мәңгілік әлемі, Ақырет әлемі, келешекте жын, адам атаулы мақұлықтармен то лы ғатын бақыт сарайы, Жәннат пен Жәhаннам сияқты әлемдердің бол мағын дәлелдей түседі. Өйткені, періштелер сол әлемді Аллаhтың рұқ сатымен көре алады. Хазіреті Жебрейіл (а.с.) сияқты адамдармен жүз дескен муқаррабин Періштелер ол әлемдердің бар екендігін, өздерінің де сол әлемдерді еркін аралап кезгендерін өте сенімді де қуатты түрде хабарлайды. Көзімізбен нақты көрмеген Америка дейтін құрлықтың бар екенін сол жақтан келген адамдар арқылы анық білгеніміз сияқты, анық та күмәнсіз түрде періштелер жеткізген ақпараттар арқылы бақи әлемінің, ақырет дүниесінің, Жәннат пен Жәhаннамның бар екеніне шынайы иман келтіруіміз керек. Әрине, солай иман етеміз!«жиырма алтыншы Сөз» деп аталған «Тағдыр рисалесінде» баяндалған тағдырға иман шартын дәлелдейтін барлық айғақтар, айналып келгенде осы Хашір мен Нешир-і Суhуфқа (әркімнің амал дәптері алдына жайып салынуы)және Ұлы таразыға амалдардың тартылатынына дәлел бола-ды. Өйткені, әрбір жаратылыстың жеке-жеке тағдырын көз алдымызда тәр тіппен, жүйелі түрде өзіндік таспалары секілді тұқымдарына және әрбір тіршілік иелерінің өмірбаяндарын естеріне сақтатуы, сондай-ақ өзге де сол тектес таспаларға тіркеу және әрбір рух иелерінің, әсіресе адам ба ласының амал дәптерлерін жазып белгілеп қоюы; әлбетте, өте үлкен, күрделі сырды аңғартады. Себебі, ондай ауқымды тіркеу, хикметті жазу, мұқият тізім, сақтаулы жазба, тек қана Ұлы сот кезінде жалпыға ортақ сараптаудың нәтижесінде мәңгі жаза немесе

91Өлім және Мәңгілікбақи сый-сыяпат үшін ғана жасалады. Демек, айтылған тіркеу, сақтау жұмыстары сол үшін. Әйтпесе, әлгі тіркеп, сақтаудың ешқандай мағынасы болмай, әрі түкке пайдасыз һәм Хикмет пен Ақиқатқа кереғар іс болар еді.Хашір болмаса, Тағдыр қаламымен жазылған мына «әлем»атты алып кітаптың барлық хақ мағыналары жойылып, мәнісінен айырылады. Ал, бұлай болуы әсте мүмкін емес. Бұл ықтимал, яғни солай ойлау әлемнің болмысын жоққа шығару сияқты мүмкін емес, қисынсыз ой.Қорыта келе Иманның бес шарты өзінің барлық дәлелдерімен хашір мен неширдің болатынына, сондай-ақ о дүниенің бар екеніне, сот ашылатынына дәлел болып, шәhәдет етеді. Тіпті, талап етеді.Міне, Хашір ақиқатының ұлықтығына сай осындай терең де бұлтартпас айғақтар мен дәлелдер көптеп кездеседі. Сондықтан, қасиетті Құран-ы Кәримнің шамамен үштен бірі хашір және ақырет туралы болып келеді. Оны барлық ақиқаттарына іргетас, негіз қылып, әр нәрсені соған тірейді. (кіріспе аяқталды.)

Рисалей-Нұр жинағынан92ҚОСымшАның екінші БӨліміБастапқы аяттың мұғжизалық ишараларынан хашірге бай-ланысты тоғыз дәлелдің тоғыз мақамынан «Бірінші мақам».Осы аяттарда көрсетілген хашір хабарының айғақтары мен дәлелдері, Құдай қаласа, баяндалып, түсіндірілмек. (Сілтеме .27)Өте күрделі жаратылған тіріліктің жиырма сегізінші ерекшелігі жайлы жазылған бапта баяндалғанындай хаят яғни тірілік – Иманның алты шартына қатысы бар әрі олар-ды дәлелдеп, ақиқат екеніне ишара етеді. Иә, жаратылыстың ең маңызды нәтижесі, негізі, өзегі әрі болмыстың хикметі – тірілік болып табылады. Сондықтан, мұндай ұлы ақиқат фәни дүниедегі өткінші де өлшеулі, қысқа ғұмырмен ғана шектелме-се керек. бір кітабымды тіріліктің жиырма тоғызыншы қасиеті баяндалғанда, мәнісі түсінікті болғанындай, тірілік дейтін зәулім ағаштың ұлықтығына лайықты жеміс, құнды нәтижес – мәңгі тірілік, ақыреттік өмір тірілік және тас-топырағы мен ағашына дейін тірі болатын бақыт әлеміндегі тіршілік деп айтқан болатынмын. Олай болмаған жағдайда мынау маңызды да сансыз, күрделі, қасиеттерге бай, керемет жабдықталған Сілтеме27: Ол мақам әлі жазылмады. Хаят (Тірілік) туралы мәселе хашірге байланысты болғандықтан осы жерге алынды. Бірақ, соңындағы тағдыр мәселесін мегзейтін ишараты өте күрделі, әрі өте терең.

93Өлім және Мәңгілік«тірілік» атты ағаш, саналы жандарға әсіресе, адамзат үшін тіпті пайдасыз, жеміссіз, ақиқатсыз болып қалар еді. Адамзат болса, сезім мүшелері мен қабілеті, құрал-жабдықтары өте көп, дәрежесі жоғары, тіпті жануармен салыстырғанда жиыр-ма есе бай, күллі әлемдегі рух иелерінің ең маңыздысы бола тұра, егер тек бұл дүниелік өмір сүріп, бақытты болуға тырыс-са, онда құс екеш торғайдан да жиырма есе артта қалып, ең сорлы, тым бейшара халге түсер еді. Сондай-ақ оған берілген ең қымбат нығметтердің бірі ақыл сезімі, өткен шақтың қайғыcы мен болашақтың уайымын әкеліп, жүректі жаралап ауыр күй кешірер еді. Мұндайда, бір ләззатқа тоғыз өкініш араласатындықтан, ақыл азаптаушы бәлеге айналар еді. Бұл да әлемдегі ақиқатқа қайшы. Демек, бұл дүниелік өмірдің өзі, ақыретке деген иман шартын меңзеп, тіпті дәлелдей түседі. Сонымен қатар, айналаға көз салсақ, көктем сайын Хашірдің үш жүз мыңнан астам үлгі мысалдарын жан жақты көрсетіліп жатқанына куә боламыз. Апырым-ай, сенің денеңе, бақшаңа, hәм туған жеріңе, отаныңа, жалпы тұрмысқа қажетті заттар-ды жаппай хикметпен, мейрімді түрде мұқият даярлап, олар-ды уақытында жеткізіп қамтамасыз етіп отырған, тіпті сенің асқазаныңның тірілік үшін жасаған кішкене дұғасын естіп, біліп, алуан түрлі нығметтермен жарылқап, дұғасының қабыл болғанын көзіңе көрсетіп, денеңмен сездірген бір Мутасаррыф-ы Қадир (Құдіреті күшті басқарушы), сені білмеуі, көрмеуі және адамзат баласының ең үлкен мақсат-мұраты – мәңгілік тірілікке қатысты шарттарды әзірлемеуі мүмкін бе? Жоқ, олай болуы әсте мүмкін емес! Адамзаттың жалпыға ортақ, ұлы да маңызды әрі өте орынды боп табылатын мәңгілікті сұраған дұғасын қабыл алмай, Ақырет тірлігін құрмауы, Жәннатты жа-ратпауы әсте мүмкін бе? Һәм ғаламдағы ең көрнекті пендесі, жер бетінің сұлтаны, әрі жаратылыстың озық нәтижесі болған адам баласының Жер мен Көкті күңіреткен зор қуатты да жа-лынышты ортақ дұғасын естімей яғни оған асқазан құрлы мән

Рисалей-Нұр жинағынан94бермей, көңілін қалдыруы әсте мүмкін бе? Асқан даналығы мен мол мейріміне шәк келтіріп, тіпті жоққа шығаруы әсте мүмкін бе? Жоқ,… жоқ, жүз мың мәрте жоқ! Тіріліктің ең төменгі деңгейіндегілердің тым әлсіз, сыбырлаған дауыстарын естіп, олардың мұң-мұқтаждығын қамтамасыз етіп, дәрмен берген, тілек-қалауын тыңдап, толық түрде қарайлап, асырап отырған және оларға өздерінен әлдеқайда үлкен жаратылыстарды қызметші еткен құдіретті бір Мутасаррыф-ы Қадир, ең ұлық, өте қымбат тіршілік иесінің күннің күркірегені секілді зор дау-сын, зарын, жалына сұраған дұғасын естімей қалуы мүмкін бе? Олардың өте маңызды мәңгілік туралы өтінішіне назар аудар-мауы мүмкін бе?Қатардағы бір жауынгерді қару-жарақтармен түгел қамтамасыз етіп, ал қалың қол әскерді қараусыз, қарусыз қалдыруы, немесе атомды көре тұра, Күнді көре алмауы, яки масаның ызыңын ести тұра, күннің күркірегенін естімеуі ақылға сыя ма? Жоқ, олай болуы әсте мүмкін емес!Шексіз Қамқорлық пен рақымдылық Иесі және аса мейірімді, әрі өзі жаратқан өнерін жақсы көретін, өзін сүйсіндіріп, сондай-ақ өзін жақсы көргендерді әлдеқайда жақсы көретін Зат-ы Қадир-ы Хаким (Шексіз дана, құдірет иесі) өзін жақсы көруші, әрі сүйкімді, сондай-ақ Жаратушысына әу бастан құштар тірілікті, әрі сол тіріліктің өзегі, асылы болып табылатын рухты мәңгілік өліммен жазалап, өзін сүюші әрі өзі сүйген сүйіктісін ренжітіп, осылайша өзінің махаббат нұрын жоққа шығаруы және жоққа шығартуы мүмкін бе? Жоқ мүмкін емес?Күллі жаратылыс атаулыны өзінің әсем жамалымен безендіруші – Жамал-ы Мұтлақ (шексіз сұлу) бүкіл ғаламды сүйсіндіруші – Рахим-і Мұтлақ (өте мейірімді) ондай жағымсыз істен, ондай шексіз зұлымдықтан, ондай қатігездіктен әлбетте пәк, таза һәм тым асқақ, еш кемшіліксіз.

95Өлім және МәңгілікҚорытынды: Бұл дүниеде тіріліктің бар екені қаншалықты рас болса, өмірдің қадірін, тіріліктің сырын түсініп, өмірін босқа өткізбеген жандар үшін де мәңгілік әлемінде, бақи Жәннатта, мәңгілік тірілік бар екені сон шалықты анық, міндетті түрде болмақ. Әлбетте солай.Иә, мәселен, жер бетіндегі жылтырақ нәрселердің күннің сәулесіне жарқырауы және теңіз айдынындағы көпіршіктердің Күннің сәулесіне бір сәт жалт етіп сөнулері және соңғы келген көпіршіктердің алдыңғылары секілді Күнге айна болуы... Міне, бұл құбылыс аспандағы бір ғана Күннің шағылыс сәулелері екенін, жердегілер осылайша Күннің болмысын өздеріне тән тілдерімен сан-алуан түрде жария етеді, Күннің бар екеніне ишара жасайды. Дәл сол сияқты, Зат-ы Хай-ы Қаюмның (Барлығын тік ұстап тұрушы мәңгі тірі) Мухий (Тірілтуші)есімінің ұлы әсері мен көріністері құрлықта, суда тіршілік иелерінде жалт-жұлт етіп айқын көрінеді. Олар ажалы жеткен-де өзінен кейінгілерге орын беру үшін: «Я, Хаий» деп, ғайып пердесінің артына жасырынған кезінде – Мәңгі тірі, бақилық иесі – Зат-ы Хай-ы Қайюмның мәңгі тірі екендігін, ал бар бо-лулары арқылы Ужуб-ы Ужудтың бар екеніне ишара қылып, куәлік етеді. Сонымен қатар, жаратылысты толық басқару, рет-теу барысында байқалатын Иләhи ілімге куә болатын барлық дәлелдер және ғаламды ұстап тұрған құдіретті дәлелдейтін барлық айғақтар сондай-ақ, бүкіл ғаламды басқару мен реттеу кезіндегі ерік пен қалауды айғақтайтын барлық дәлелдер, әрі Кәлам-ы Раббани (Аллаһтың сөзі) мен Уахи-и Иләhидің (аян) қайнар көзі – Рисалетті (Пайғамбарлықты) дәлелдейтін барлық нышандар мен мұғжизалар, тағысын тағы... Аллаhтың жеті си-патына байланысты барлық айғақтар, Зат-ы Хаий-ы Қайюмның тірі екендігін бірлесе дәлелдеп, Оған шәhәдет келтіріп, ишара етуде. Себебі, қандай бір нәрседе көру сезімі болса, оның тірі болғаны. Ести алатын болса тіріліктің нышаны, сөйлей ала-тын болса, ол да тірілік иесі екеніне дәлел. Еркі мен күші бол-са, тағы да сол тірі болғанын көрсетеді. Дәл сол сияқты мына

Рисалей-Нұр жинағынан96әлемдегі жаратылыс арқылы өзінің бар екендігін анық көрсетіп отырған Құдірет, Ерік, шексіз Ілім секілді сипаттар өзінің күллі дәлелдерімен Зат-ы Хаий-ы Қайюмның тірі екендігіне және Ужуб-ы Ужудына яғни болмысына куәлік етеді. Және бүкіл әлемді бір ғана сәулесімен жап-жарық етіп, бір ғана шуағымен ақырет әлемінің барлық атомдарын тірі етіп тұрған Бақи Аллаhтың тірілігіне куәлік етеді.Сондай-ақ, Тірілік – періштелерге иман шартымен де тығыз бай ланыс ты. Оған ишара етіп дәлелдейді. Себебі, әлемдегі ең маңызды нә ти же нің тірілік екені рас. Ол қымбат әрі маңызды болғандықтан нұс қа лары көбейтіліп кең тараған және жер жүзі – қонақ үйіне келіп-кетер керуендерімен безендірушілер де тірі жандар екені рас. Жер шары осыншама тіршілік иелерінің небір түрлерімен толып, олардың түрлерін жаңалау, көбейту хикметімен бір тынбастан бірде толып бірде босап отырады. Тіпті түкке тұрғысыз сасып, тез бұзылғыш заттардың өзінде тірішілік иелері көптеп жаратылып, әп сәтте ұсақ жәндіктердің ұясына айналады. Сондай ақ, тіріліктен сүзіп алынған, оның таза өзегі сана мен ақыл, әрі тұрақты негізі болып табылатын рух, жер шарында көп мөл шерде жаратылып жатқанын көзімізбен көріп жүрміз. Бейне бір Жер шары тірілік, ақыл, сана, рухтар-мен тіріліп жан біткендей әсем көрікті. Әлбетте, Жер шарынан әлдеқайда нәзік, керемет нұрлы, әлдеқайда үлкен әрі маңызды Аспан денелері меңіреу, жансыз өлі, бейсана қалуы ақылға сиымсыз. Демек, көктерді, күн мен жұлдыздарды көрікті етіп тұратын, оларды тірі қылып және аспанның жаратылыс мақсатын көрсететін, сондай ақ Субханның әміріне бөленуші саналы да тірі әрі сол көкте жүруге ыңғайлы тұрғындар болса керек. Олар әрине, Періштелер.Тіріліктің мәнісі Пайғамбарларға иман шартына да қатысты болып, оның растығын дәлелдейді. Иә, әлем тірілік үшін жаратылған. Тірілік – Хаий ы Қайюм ы Әзәлидің алып сәулесі, әсем нақышы, керемет өнері. Аллаh Тағаланың сәрмеди тірілігі яғни мәңгі бақи тірі екені пайғамбарлар жіберу мен кітаптар

97Өлім және Мәңгіліктүсіру арқылы көрінетіні рас. Иә, егер кітаптар мен пайғамбарлар болмаса әлгі әзәли тірілік беймәлім қалар еді. Қалайша біреудің сөйлеуі арқылы оның тірі екенін білеміз. Сол сияқты мына әлем пердесінің астындағы ғайып әлемінің артында сөйлейтін, әмір беріп не тыйым салатын Жаратқанның сөздерін бізге жеткізуші пайғамбарлар мен аспаннан түскен кітаптардың болуы керек. Әлбетте, әлемдегі тірілік, Хаий-ы Әзәлидің (мәңгі тірі) Ужуб-ы Ужудына (міндетті т рде бар)ү нақты дәлел болғаны сияқты мәңгі тіріліктің сәулесі боп саналатын пайғамбарлар жіберу («Ирсал-ы Русул») және кітаптар түсіру («Инзал-ы Кутуб») шарттарына да дәлел бола алады. Әсіресе, Мұхаммедтің (с.а.у) пайғамбарлығы және Құранның уахи арқылы түсуі – тіріліктің санасы мен рухы ретіндегі көрінісі. Сондықтан, тіріліктің бар екені қаншалықты рас болса, бұлардың да ақиқат екеніне дау жоқ.Иә, тірілік – сүзіліп алынған әлемнің мазмұны. Сана мен сезім – тірі лік тен сүзіліп алынған мазмұн. Ақыл болса – сана мен сезімнен сүзіп алын ған мазмұн. Рух – тіріліктің пәк, мөлдір мазмұны әрі тұрақты, жеке өзін дік заты. Сондай-ақ Мұхаммедтің (с.а.у) заттық әрі рухани өмірі де тірілік тен және ғаламның рухынан сүзіліп алынған мазмұнның мазмұны. Мұхаммедтің (с.а.у) пайғамбарлығы да әлемнің сана мен ақылынан сүзіліп алынған өте таза да мөлдір мазмұн. Тіпті, Мұхаммедтің (с.а.у) заттық және рухани өмірі – іс жүзінде дәлелдегендей – әлемнің тірілік көзі. Ал, Мұхаммедтің (с.а.у) пайғамбарлығы болса, әлемнің санасының санасы әрі нұры. Ал, Құранның уахиы – әлемнің тірілігінің рухы және әлемнің санасының ақылы. Оған оның өміршең ақиқаттары куә. Иә, солай.Егер мына әлемнен Мұхаммедтің (с.а.у) пайғамбарлығының нұры кетсе, күллі жаратылыс атаулы опат болады. Егер, Құран кететін болса, бүкіл әлем диуанаға айналып, Жер шары ақыл-есінен айрылады да, есінен айырылған күйде басын өзге бір ғаламшарға соғып, тас-талқаны шығары хақ. Яғни, Қиямет Қайым болады.

Рисалей-Нұр жинағынан98Тіріліктің «Тағдырға иман» шартына да қатысы бар. Өзінің ишара ла рымен оны растайды. Өйткені тірілік дегеніміз – шәhәдет әлемінің, яғни осы дүниенің нұры, әрі оны түгелдей қамтиды әрі болмыстың нәтижесі мен мақсаты. Сондай-ақ Жаратқан Аллаhтың есімдерінің аса ауқымды айнасы, Рабба-ни құбылыстардың өте керемет үлгісі мен мазмұны, (тәмсілде қате болмасын!) бейне бір бағдарламасы тәрізді. Әлбетте, ғайып әлемі, мази мен мүстақбел яғни өткен мен болашақтағы жаратылыстың мағынауи тірлігі саналатын интизам (реттілік), низам (тәртіп), мағлумиет (белгілілік), мәшhудиет (көрініс), тағаиюн (анықтылық), тәкуин (жарату) әміріне мойынсұнуға дайын күйде болуын тіріліктің сыры қажет етеді. Мәселен, бір ағаштың әуелгі дәні мен тамыры және соңында пайда болатын жемістеріндегі дәндері олар да дәл ағаш тәрізді тіріліктің бір түріне ие, яғни тірі. Тіпті, оларда ағаштың тірілік шарттарынан әлдеқайда күрделі тірілік шарттары бар.Тағы бір мысал. Осы көктемнің алдындағы күзден қалған дәндер мен тамырлар және осы көктемнен кейінгі яғни ке-лер жылғы көктемге қалатын дәндер мен тамырлар, барлығы осы көктем секілді олардың бойында тіріліктің ұшқындары байқалып, олар да тіріліктің заңдарына бағынышты екенін білеміз. Дәл сол сияқты, «әлем» атты ағаштың әрбір бұтағының өткені мен болашағы бар. Өткені мен болашағының жағдай-күйлерінен тұратын өзіндік болмыс тізбегі бар. Аллаhтың ілімінде әрбір түрдің, әрбір нәрсенің қилы жағдайдағы жап-пай сан-алуан болмыстары жазулы екенін ескерсек олардың өзіндік ғылыми болмыс тізбегі болатынын білеміз. Онда көзге көрінетін болмыс атаулы секілді олар да жалпыға ортақ тіріліктің мағынауи шуағына бөленген деп толық айта ала-мыз. Міне, тіріліктің та ғдыры сол әсем де жанды тағдыр таспаларындағағы жазулардан алынады.

99Өлім және МәңгілікИә, рухтар әлемі ғайып әлемінің тағы бір түрі. Бұл әлем нағыз тіріліктің өзі және оның негізі өзегі болып табылатын рухтарға толы болуы, әлбетте, өткен мен келешек деп аталатын ғайып әлемінің басқа бір түрі және екінші бөлімі де тіріліктің сәулесіне бөленген болуын талап етеді.Қандай бір нәрсе болмасын ғылыми болмысындағы жағдайларға қа рар болсақ, керемет тәртіп, әсем жағдай, тірі жемістері бар екеніне куә боламыз. Міне, бұл олардың өзіне тән мағынауи тірілікке ие екендіктерін көрсетеді. Рас, Әзели тірілік, Күннің шуағы тәріздес көз алдымыздағы тіріліктің қайнар көзі болып табылады. Әлбетте, ондай шексіз тірілік тек мына шәhәдет әлемімен, яғни осы дүниемен, тек осы шақпен, тек қарапайым денемен шектеліп қалуы мүмкін емес.Әрбір әлем қабілетіне қарай сол сәуленің нұрына бөленген. Ғалам да барлық әлемдерімен бірге сол сәуле арқылы тірі әрі жарық болып тұр.Әйтпесе, адасқандардың ойлағанындай, уақытша және сыр-ты ғана тірі бір әлем көрініп, бүкіл әлем үлкен әрі қорқынышты жаназа тәрізді қараң қалған болар еді. Міне, осылайша тіріліктің сыры арқылы иманның Тағдыр мен Қазаға деген шартының кеңге жайылған жақтары ашылып, әрі түсінікті болады, әрі бекітіле түседі. Яғни, шәhәдет әлемі мен көз алдымыздағы көрінген денелер өздерінің жүйелі тәртіптерімен және пай далы нәтижелері арқылы тірі екендіктерін қалай көрсетсе, ғайып әлемі яғни өткен шақ пен болашақ мақұлықтарының да ойша тірі мағынауи бар екені әрі олардың барлығы жанды, рухы бар ғылыми болмыс иелері екені шүбәсіз. Қаза мен тағдыр таспа-сы арқылы әлгі мағынауи тіріліктің белгілері, тағдыр болып байқалады, көрінеді.* * *

Рисалей-Нұр жинағынан100ҚОСымшАның Үшінші БӨліміХашірге қатысты бір сұрақ: Құранның көптеген тұсында: деген әмірлер және деген бұйрықтар бар. Олар Хашір-ы Ағзам қас-қағым сәтте, уақытқа тәуелсіз түрде жүзеге асатынын көрсетеді. Таяз ақыл осы түпсіз терең, теңдесі жоқ таңғажайып ұғымды толық қабылдауы үшін демеу ретінде көзге көрінер бір мысал сұрайды.жАУАП: Хашір кезінде рухтардың денелерге қайтып келуі және де нелердің қайта тірілуі және денелердің қайта жараты-луы бар. Бұл өз алдына үш мәселе.БіРінші мәСеле: Рухтардың денелерге оралуына келер болсақ, мысалға, әскерде бір бөлімшенің аса тәртіпті сарбазда-рын тынығу үшін таратып жібереді де дауысы зор кернейдің үнімен әп-сәтте қайта жинап алады емес пе? Иә, кернейге ұқсас Исрафилдың сүрі, әскердегі кернейден асып түспесе кем емес. Сондай-ақ мәңгілік әлемінде зәрелер (ең ұсақ бөлшектер) Әзәл тарапынан яғни, Аллаhтың деген үндеуін естіп оған деп жауап берген рухтар, әлбетте әскердегі тәртіпті сарбаздардан мың есе тіл алғыш, керемет тәртіпті. Тек рухтар ғана емес, барлық зәрелер Сүбхани сарбаздар секілді. Олар Иләhи әмір ге мойынсұнғыш екенін бұлтартпас айғақтармен «Отызыншы Сөз» дәлел деген-ді.екінші мәСеле: Денелердің тірілетініне келер болсақ, мысалға, үлкен бір шаhарды мереке күнінің кештерінде, жүз мыңдаған электр шамдар орнатып, оларды бір ғана орталықтан басқарып әп-сәтте жар қыратып, қосып жіберуге болады. Тіпті,


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook