Дерт пен ДауаБәдиүззаман Саид НұрсиАлматы, 2018Рисалей-Нұр жинағынан
аудармашылар алқасы:Захараддин Батайұлы, Жандос Қиянбек,Абай Хамза.Б 32 Бәдиуззаман Саид НұрсиДерт пен дауа - Алматы: “Нур Фейз“ ЖШС,80-бет. Рисалей-Нұр жинағынан.ISBN 9965-9388-2-2ББК 86.38ББК 86.38Б 91 Б “Нур Фейз“ ЖШС 2018ISBN 9965-9388-2-20403000000 00(05)-03Бұл кітап Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігі, Дін істері комитетінің дінтану сарап-тамасынан өткен. 06.10.2014ж. №04-04-14/3977 құжат бойынша сараптама негізінде оң қорытынды алған.Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға және таратуға шектеу қойылмаған.
3ЖИЫрМа БеСІнШІ ЛеМаДанЖИЫрМа БеС ШИпаНауқастың жанына демеу, деніне шипа, көңіліне жұбаныш болсын деген ізгі ниетпен әрі тез сауығып кетуін тілей отырып жазылды.ескерту және кешірім сұрауБұл емдік жазба басқа еңбектерімдей емес тым жылдам әрі түзетусіз жазылды. Бір рет қана қарап шықтым. [Сілтеме1 ]Демек, түзетусіз күйінде қалды. Көңілге келген көрікті ойларды әдемі сөздермен суреттемей өз қалпында қала бергенін жөн көрдім. Мұны оқыған кісілер, әсіресе науқас жандар асығыс жазылған кейбір оғаштау сөздеріме ренжімей, маған қайыр-дұға етсін.Сілтеме1 . Бұл жазбаның бар болғаны төрт жарым сағаттың ішінде жазылғанына Рүшту, Рефет, Хусрев, Саидтар куә.
4Бұл жазбада адамзаттың оннан бір бөлігін құрайтын ауру-сырқат жандарға шынайы демеу, ем боларлық «Жиырма бес шипа» қысқаша баяндалмақ.Бірінші шипа. Уа, дертке шалдыққан жан! Уайымдама, сабыр ет! Сенің денең сырқаттанғанымен бұл ауру рухыңа шипа болар. Өйткені, өмір зор байлық. Алайда ол зымырап өтіп, азайып барады. Егер, дұрыс пайдаланбай жемісін алмасаң босқа кетеді. Өмір жеңіл әрі рахат болса, оның үстіне немқұрайдылық қосылса, одан сайын азайып тез өте шығады. Қиыншылық, ауру-сырқау өмірді табысты да жемісті қылады. Өмірдің зымырап, тез өте шығуына жол бермей тосқауыл болады, жемісті қылады. Өмірдің қиыншылық арқылы
5ұзаратынын мегзейтін ел арасына кең тараған мынадай бір сөз бар: «Қиын күндер ұзаққа созылып, өтпей қояды, ал қуанышты сәттер тез өтіп қысқа келеді».екінші шипа. Уа, сабырсыз науқас жан! Шыда! Тіпті шүкір ет! Бойыңдағы дерт өміріңнің әрбір минутын бір сағаттық ғибадатқа айналдыруы мүмкін. Өйткені, ғибадаттың екі түрі бар. Біріншісі белгілі, екіншісі белгісіз. Белгілісі - намаз секілді құлшылықтар. Ал, белгісізі - ауру-сырқау, уайым-қайғы. Солар арқылы адам өзінің әлсіз әрі дәрменсіз екенін сезеді. рахымды Жаратқанға ықыласпен жалбарынып, шын жүректен риясыз құлшылық етеді. Аллаһ Тағалаға реніш білдірмей, сабыр сақтаған жағдайда ауру-сырқаумен өткен өмір, мүмин үшін құлшылық болып саналатындығы жайлы хадистер бар. Тіпті, кейде сабыр сақтап шүкір еткен науқастың бір минуттық ауруы бір сағат ғибадат болып есептелетініне бұлтартпас айғақтар бар. Сенің қысқа әрі пайдасыз өтіп кетуі мүмкін өміріңді ұзақ әрі пайдалы өмірге айналдырып жатқан ауруға шағымданба, қайта оған риза бол!
6Үшінші шипа. Уа, шыдамсыз, науқас жан! Адам бұл дүниеге рахатқа батып, ләззат алу үшін келмейді. Өйткені дүниеге келгендер ұзақ аялдамай кетіп қалады, жастар қартаяды, осылайша әр нәрсе аяқталып соңында қош айтысады. Адамзат - тіршілік иелерінің ең кереметі, жоғары мәртебелісі. Жаратылысы күрделі, сезімге бай, тіршілік иелерінің сұлтаны бола тұра, өткен шақтың қызықтарын еске алу және келешекті уайымдау, арқылы жануарлар мен салыстырғанда ең төменгі дәрежеде, уайым-қайғысы мол машақатты өмір сүруде. Демек, адам баласы бұл дүниеге қызық өмір сүру үшін, рахат пен шаттық үшін келмейді. Оның қолында мол қаражат бар. Соны пайдаланып мәңгі өмірде бақытқа қол жеткізу үшін келген. Оның қолындағы қаражат - өмір. Егер ешқашан ауырмай, үнемі дені сау жүрсе дүние оған өте қызықты, әрі тәтті болып көрінеді. Ақыретті ұмытып, қабірді, өлімді ойлағысы келмейді. Өмір байлығын түкке тұрғысыз, бос нәрселермен өткізеді. Ал, ауру-сырқау болса, оның көкірек көзін ашады. Ауру оған: «Ажалдан қашып құтыла алмайсың. Сені
7Аллаһ бекерге жаратқан жоқ! Атқарар міндетің бар. Тәкәппарланба! Сені жаратқанды ойла, тап! Қабірге кіретініңді ұмытпа!» дейді.Міне, ауру-сырқау бұл тұрғыда таптырмас насихатшы, жөнге салушы, тәрбиеші мүршид-ұстаз. Онда сен шағымданба! Қайта рахмет айт! Егер ауру шамадан тыс ауыр соқса, Раббыңнан сабыр сұра!төртінші шипа. Уа, шағым айта бастаған науқас! Сенің шағымдануға ешқандай қақың жоқ. Сенің міндетің шүкір ету, сабыр сақтау. Себебі, сен қолданып жүрген дене, ағзалар мен сезім мүшелер сенікі емес. Оларды өзің жасап немесе сатып алған жоқсың. Олар өзгенікі. Олардың Иесі өз мүлкіне қалауынша иелік етеді. Жиырма алтыншы Сөзде айтылғандай, өте бай, он саусағынан өнер тамған бір шебер, өзінің ғажайып өнерін әрі мол байлығын паш етіп көрсету үшін, өзі тіккен киімдерді кигізіп, маникен ретінде белгілі бір ақы төлеп бір пақырды бір мезгіл жалдап алады. Өнерін салып өзі тіккен әдемі көйлегін әлгі пақырға кигізеді. Киіп тұрғанда жұмысын істеп, ғажайып өнерінің сан-алуан қырын көрсету
8мақсатында әлгі көйлекті кесіп, ауыстырады, ұзартады, қысқартады. Апырым-ай, әлгі жалданған пақыр: «Мені әуреге салдың! Отырып-тұру, иіліп-еңкею қашан бітеді? Жалықтым! Жарасып тұрған көйлекті кесіп-пішіп сәнімді бұздың!» деп шебер қожайынға наразы болуға ақысы бар ма? Мені аямайсың!» дей ала ма?Міне, сол сияқты Сани Зүлджәлал, яғни Шебер Аллаһ саған көз, құлақ, ақыл, жүрек сынды керемет сезімдерге толы «дене» атты әсем көйлекті кигізіп, өзінің көркем есімдерін көрсету үшін түрлі-түрлі күйлерге, сан-алуан жағдайларға душар қылады. Қарның ашқан кезде Оның «Раззақ» екенін білсең «Шәфи» есімін ауырғанда білесің. Өмірдегі қайғы-қасіреттер кейбір Иләһи есімдердің үстемдігін танытатындықтан, олардан хикмет сәулелерін, рахымдылық шуақтарын көріп, сол сәулелер мен шуақтардан көптеген әсемдікке куә боласың. Егер перде ашылса науқас адам, мазасызданып қорыққан ауру дейтін перденің арғы жағында әсемдіктер мен терең сырлар жатқанын көрер еді.
9Бесінші шипа. Уа, ауруға шалдыққан дос! Біле білсең, дерт деген Құдайдың жарылқауы, Рахманның сыйы. Оған өмірлік тәжірибем арқылы әбден көзім жеткен. Соңғы бес-он жылда, лайық болмасам да кейбір сырқатты жастар денсаулығы үшін дұға етуімді сұрап келетін болды. Олар басқа жастарға қарағанда ақыретін ойлайтын, қызу қандылықтан аулақ, байыпты яғни жастыққа мас емес. Немқұрайдылықтан, хайуани әуесқойлықтан біршама құтылғандай. Мен оларға мұндай шыдауға болатын дерттің Аллаһ Тағаланың жарылқауы, Аллаһтың ихсан сыйы екенін ескертетінмін. Оларға: «Дертіңнің зиянын көре алмай тұрмын. Жан ашитындай аянышты халде емессің. Қалайша дұға етейін? Сырқатты жағдай көкірек көзіңді ашқанға дейін сабыр сақта! ауру өз міндетін атқарған соң, рақымы мол аллаһ, Иншаллаһ, шипа беріп, оңалып кетерсің... Денінің сау болуы сенің кейбір достарыңның басына пәле болып, бейқамдыққа салуда. намазға жығылмай, қабірді ойламай, аллаһты танымай жүр. Бұл дүниелік өмірдің бір сәттік алдамшы қызығын қуып,
10мәңгі өмірін шайқалтып, тіпті, тас-талқан етіп жүргендер қаншама. Сен болсаң, түбінде барар жерің – қабіріңді, одан кейінгі ақыреттік сапарыңды сезіп, соған қарай ыңғайлы әрекет етіп жүрсің. Демек, бұл ауру сен үшін денсаулық, ал кейбір достарыңның денінің саулығы дерт» дейтінмін.алтыншы шипа. Уа, шыдамсыз науқас бауырым! Ләззаты мол, шаттыққа толы өткен күндерді және қайғылы қиын сәттерді есіңе алшы! Әлбетте, «аһ» немесе «үһ» дейсің. Яғни я «әлхамдулиллаһ, Құдайға шүкір!» немесе «қап, әттеген-ай!» деп ойша, я тіліңмен айтар едің. Саған «Әлхамдулиллаһ» дегізген жағдай бастан кешкен уайым-қайғың ғой. Олар адамды рухани ләззатқа бөлеп, көңілді көтереді, әрі шүкір еткізеді. Өйткені, бейнет түбі зейнет. Қайғы-қасіреттің бітуі жанды рахатқа бөлейді. Соны ұғына білсең, көңілің шалқып, шүкіршілік қыласың. Ал, сені «әттеген-ай»дегізіп өкіндірген жағдай бұрыңғы өткінші рахат, уақытша ләззат болар. Енді сол ада болған алдамшы қызығың көңіліңді құлазытып мұңға салып отыр. Бір күндік орынсыз рахат
11кейде жылдар бойы жаныңды мазалайды. Ал, бір күндік өткінші қиындық көпке дейін рухани ләззатқа бөлейді. Олай болса, басыңа түскен өткінші ауру-сырқаттың ақырын, тәтті жемісін ойлап, ақыреттік сауаптарды күт! «Бұл да өтеді дағы, тәйірі» де, шүкір ет! Шағымдана берме!алтыншы шипа. [Сілтеме2 ] Уа, бұл дүниенің қызығын ойлап, ауырып қалғанына жаны күйзелген достым! Бұл дүние мәңгі болса және өлім алдымыздан шықпаса, қоштасудың ызғарын сезбесек сенің мына мұңды халіңе менің де жаным ашыр еді. Алайда, бір күні бізге: «Қане бұл дүниеден шығыңдар!» деген бұйрық келеді. Сонда жан айқайымызға ешкім құлақ аспайды. Ендеше, бұл дүниеден кетпес бұрын, осындай ауру-сырқаттармен көкірек көзімізді ашып қазірден бастап мына дүниеге ғашық болудан бас тартқанымыз жөн. Иә, ауру-сырқау бізге былай дейді: «Денең тас емес, темір емес! Ол әрдайым ыдырауға дайын сан-алуан бөлшектерден құралған. Әлсіз екеніңді ұқ! Жаратқан Иеңді таны, [Сілтеме-2. Көңілге еріксіз түрде келгендіктен «алтыншы шипа» екі мәрте жазылды. Еріксіз болған соң араласпадық, сол қалпында қалды. Мүмкін бір сыры болар.]
12өз міндетіңді атқар, бұл дүниеге не үшін келгеніңді біл!» Бұл дүниенің қызығы келте, ләззаты өткінші. Оның үстіне өмірің шариғатқа қайшы заңсыз өтсе, жазасын тартасың! Науқастанып, қызықтан құр қалдым! деп өкінбе! Қайта аурудың рухани ғибадат екенін, ақыретке қатысты сауапты жақтарын ойла, рухани ләззат алуға тырыс.Жетінші шипа.Уа, денсаулықтың рахатынан айрылған жан! Деннің саулығы ол, Аллаһтың нығметі. Оның ләззатын алуыңа сенің мына ауруың кедергі емес. Қайта ауруың сені одан сайын нығметке бөлеп жатыр. Өйткені, бір нәрсе үнемі қайталана берсе қадірі кетеді.Бұл туралы ақиқатшыл жандар бір ауыздан былай деген:Яғни, «Кез-келген нәрсенің қадірі оның қарама-қарсы жағымен білінеді». Мысалы, қараңғы болмаса жарықтың қадірі, суық болмаса жылудың қадірі болмайды яғни қызық емес. Аштықты көрмеген тоқтықтың қадірін, шөлдемеген судың қадірін білуші ме еді?!. Ауырмасаң денсаулықтың қадірін білмейсің.
13Аллаһ Тағала сан-алуан, шексіз нығметтерінің дәмін таттырып, қадірін білдіру үшін адамға өте көп сезімдер берген. Сол арқылы өзінің түрлі-түрлі жарылқау-сыйын білдіріп, әр түрлі нығметтерінің дәмін таттырғысы келеді. Адамды әрдайым шүкір етуге шақырады. Денге саулық пен тәбетті бергені секілді ауру-сырқатты да қоса жібереді. Мынаған жауап берші! «егер ауырмағаныңда басыңның немесе асқазаныңның сау кезіндегі рахатын яғни оның Иләһи нығмет екенін ескеріп, шүкір етер ме едің?» Құдай біледі, шүкір етудің орнына Иләһи нығмет екенін тіпті ойламас едің? Денсаулықтың қадірін білмей, қапы қалып, оны бос, орынсыз істерге, ойын-күлкіге жұмсар ма едің.Сегізінші шипа. Уа, ақыретін уайымдаған науқас! Ауру, сабын тәрізді, күнәнің кірлерін кетіріп, бойды тазартады. Аурудың күнәларға кәфарат яғни жазасын өтеу екені сахих хадистермен бекітілген. «Жеміс ағашын сілкігенде пісіп тұрған жемістер қалай төгілетін болса иманды науқастың аурудан дірілдеп, қалтырауы да оны күнәлардан
14арылтады». Күнә деген о дүниелік мәңгі өмірде дауасыз кесел. Ол бұл дүниенің өзінде рухани дерт, мағынауи іріп-шіру болып саналады. Егер сабыр сақтап, шағымданбасаң өткінші дерт арқылы көптеген жазылмас рухани аурулардан айығасың. Егер күнәларыңды ойламай және Аллаһты танымай жүрген болсаң, онда сен денеңдегі өткінші аурудан миллион есе ауыр рухани науқассың. Шағымданғың келсе, міне осы рухани ауруыңды айтып шағымдан! Иә, сенің жүрегің, рухың, нәпсің әлемдегі бүкіл жаратылыс атаулымен тығыз байланысты. Өмірде жиі кездесетін аяқталу мен қоштасулар сол байланыстарды үзіп, жанды жаралайды. Оның үстіне ақыретке сенбегендіктен өлімді мәңгі жойылу деп ойлаған адам, өткінші тәннің ауруынан да ауыр рухани кеселге шалдыққан болып табылады. Сондықтан, әуелі сол қатерлі де қауіпті рухани ауруды емдейтін дәрі, шипа іздеу керек, яғни «иман дәрісін» алып сеніміңді күшейту қажет. Оны іздеп табудың бірден-бір жолы - сырқаттың саясында рухани бейқамдық ұйқысынан оянып, дүниенің мастығынан арылып, Аллаһтың алдында өзінің әлсіз де
15шарасыз екеніңді сезініп, Қадир Зүлджәлалдың құдіретін, оның шексіз мейірбандығын, қамқорлығын мойындау.Иә, Аллаһты танымайтын пенденің басына барлық бәле үйір келеді. Ал, Аллаһты танитын кісінің ішкі әлемі мағынауи қуаныш пен шаттыққа толы болады. Мұны әркім иманының дәрежесіне қарай сезеді. Міне, осылайша иманмен байланысты болған рухани қуаныш әрі шипа, әрі ләззат болып кез-келген дене сырқатының қайғысын сейілтіп, тоңын жібітіп жібереді.тоғызыншы шипа. Уа, Жаратушысын тани бастаған науқас! Адамдар аурудың өлімге себепші болатындығынан қорқып, уайымдайды. Егер өлімге бейқам көзбен қарасаң әрине, ол қорқынышты-ақ. Сондықтан, әуелі мынаны біл әрі күмәнсіз сен! Ажал маңдайға жазылған, сондықтан ол өзгермейді. Хал үстінде жатқан науқасты бағып күткен дені сау кісілердің әлгі науқастан бұрын қайтыс болып, ал демі әне-міне үзілгелі жатқандар ауруынан айығып кеткен оқиғалар көп. Өлім сырт көзге көрінгендей қорқынышты емес.
16Өлім – имандылардың өмірдегі міндетінен босатылуы және «дүние» атты сынақ алаңынан көшу, басқаша айтқанда тәлім-тәрбие алатын мына дүниедегі құлдық міндетінен босау болып табылады. О дүниеге аттанып кеткен жүзден тоқсан тоғыз сүйікті жандарға, ағайын-туысқа қауышу, түпкі Отанына қарай мәңгі бақытқа бөленудің, ең жоғары мәртебеге шығудың бастауы, дүние зынданынан жәннат бақшасына шақырылу, атқарған қызметіне қарай Рахим Аллаһтың мейірімділік қазынасынан сый алуға кезекке тұру. Өлімнің мұндай ақиқатын өзге еңбектерімде Құран Кәрімнің нұрымен дәлелдеген болатынмын. Олай болса өлімге үрейленбей, қайта оны рақымға кенелу мен бақытқа бөленудің басы деп түсін. Аллаһ жолында жүрген кісінің өлімнен қорқуы, одан қорыққаннан емес, қайта «мұнан да көбірек сауап алайын, өмір міндетін жақсы атқарып қалайын» деген жақсы ойдан. Иә, имандылар үшін өлім мейірімділіктің қақпасы, ал Құдайдан безген имансыздар үшін қараңғы да ызғарлы зындан.
17Оныншы шипа. Уа, уайымшыл науқас! Сен аурудың мазалайтынын ойлап уайымдап отырсың. Бұлай істеуің ауруыңды үдете түседі. Ауруыңның жеңілдеуін қаласаң, уайымдамауға тырыс. Яғни, аурудың өткінші екенін, оның пайдасы мен сауабын ойла. Уайымдама, қорықпа! Сол кезде аурудың түп тамырына балта шапқан боласың.Иә, уайым ауруды күшейте түседі. Уайымның кесірінен дене сырқатына рухтың сырқаты қосылып біріне-бірі сүйеніп жалғаса бермек. Егер, Аллаһқа тәслім болып, тағдырға көнсең, аурудың хикметін ойласаң, аурудың түп тамыры кесіліп, жеңілдеп қаласың, тіпті айыға бастайсың. Уайымдаған сайын ауруың үдеп ондаған есе ұлғайып, асқынып кетеді. Ал, уайымдамасаң аурудың оннан тоғызынан құтыласың. Демек, уайым ауруды қоздыратын бәле. Уайымдау – Аллаһтың хикметіне шәк келтіру, Оның рақымына күмәндану, Жаратқаннан шағымдану болып табылады. Мұндай науқас дегеніне жете алмай керісінше кеселі күшейе түседі. Ал, шүкір ету болса нығметті арттырады. Шағымдану кесел мен қайғыны көбейтеді.
18Мұның жалғыз емі бар. Ол, ауру сырқаттың хикметін, мәнісін түсіну. Сөйтіп, сары уайымнан құтылып, «Әлхамдулиллаһи ала кулли хал!» яғни, қандай күйде болсам да Құдайға шүкір!» деп, сабасына түсу.Он бірінші шипа. Уа, сабырсыз науқас достым! Дәл қазір ауруың мазаңды алып тұрғанымен, бүгінге дейінгі мазасыздықтардың аяқталуы біле білсең сені рахаттандырып тұр. Негізінде бүгіннен бастап, тіпті, осы сағаттан соң кеселіңнің ізі де қалмай сауығып кетерсің кім біледі. Мазаңды алып тұрмаса босқа өкінудің қажеті не? Сен білместіктен уайымға салынып, сабырсыздық етіп отырсың. Себебі, бұған дейінгі сырқатың мазасыздығымен бірге уайымы да қоса кетті. Одан сауаптар мен аяқталудың ләззаты қалды. Олар саған табыс пен қуаныш сыйлауы керек қой. Ал, сен болсаң өткенді ойлап өкініп, сабырсыздық етесің. Бұлай ету жарамас. Ертеңгі күн ертең келеді. Жоқ күнді, жоқ кеселді, жоқ уайымды бүгіннен бастап уайымдап шыдамсыздық ету, яғни үш есе жоқты бар сияқты қарау бекершілік емей не?
19Демек, бұдан бұрынғы науқас кездерің қуанышқа айналады. Ал, алдағы уақытта саған ауру жабыса ма, жабыспай ма, ол жағы беймәлім. Сондықтан орынсыз уайымдама. Хақ тағала берген сабыр қуатын бекерге шашпа! Оны осы қазіргі қайғыға қарсы пайдалан. «уа, Сабур!» деп шыдап бақ.Он екінші шипа. Уа, аурудың салдарынан ғибадатын өтей алмай, құлшылығын жасай алмай сонысына өкінген науқас!«тақуа кісі күнделікті құлшылығының сауабын науқастанып жасай алмаған кезде де алатын болады» деген хадис бар. Парыздарын мүмкіндігінше орындауға тырысқан науқас, сабыр сақтап, тәуекел етсе, сырқаттанып орындай алмаған сүннет амалдардың сауабын осы сырқат есебінен толтырады дейді. Сондай-ақ, ауру адам әлсіз, дәрменсіз болғандықтан өзінің халімен және тілімен дұға етіп жалбарынады. Хақ Тағаланың адам баласын соншалықты әлсіз әрі дәрменсіз етіп жаратқандағы мақсаты өзіне әрдайым жалынып жалбарынсын, дұға етсін дейді.
20Құранда: Яғни: Дұға етпейтін болсаңдар еш қадірлерің жоқ» дейді. Бұл аяттың сыры, адамның жаратылғандағы хикметі де, қадір қасиеті Раббысына шынайы дұға ету, жалынып жалбарыну екенін көрсетеді. Жалбарынудың ең оңтайлы сәті ауырған кез. Сондықтан, ауырған адам шағымданудың орнына Аллаһқа шүкір етуі қажет. Сырқат ашып берген, «дұға бұлағын» денсаулыққа қол жеткізген соң, мүлде бітеп тастауға болмайды.Он үшінші шипа. Уа, ауырып қалғанына шағымданған бейшара жан! Ауруға шалдығу кейбіреулер үшін қазына табумен тең, ол оған баға жетпес Иләһи құнды сыйлық. Әрбір науқас кісі ауруна осылай қарағаны жөн. Оның үстіне ажалдың қашан келетіні белгісіз ғой. Аллаһ Тағала, адам баласын дүниеден мүлдем күдер үзуден сақтау үшін және мүлдем бейқамдыққа салынып, қанен-қаперсіз жүруден құтқару үшін қорқыныш пен үміт арасында жүруін бұйырады яғни, дүние мен ақыретті тепе-тең
21ұстаңдар дейді. Сол үшін ажалды жасырып қойған. Демек ажал кез-келген уақытта келуі мүмкін. Егер ажал адамға ғапыл, алаңсыз кезінде келсе мәңгі өміріне қауіп. Ал, ауру болса адамды бейқамдықтан, қапы қалудан сақтайды. Ақыретті еске салып, өлім туралы ойландырады. Ақыреттің қамын жасатады. Кейде аурудың мол табысқа кенелтетіні сондай, жиырма жылда әрең жететін мәртебеге жиырма күнде қол жеткізеді. Иманды болсын, марқұм шәкірттерімнің ішінде екі жас жігіт бар еді. Бірі Иламалық Сабри, екіншісі Ислам ауылынан келген Уәзірзаде Мұстафа. Бұл екеуі жазу білмесе де шәкірттерімнің арасында ықыласты, иман қызметіне адал да үздік болатын. Мұның сырын білмей таңданатын едім. Қайтыс болғандарында ғана түсіндім. Екеуінің де ауруы өте ауыр екен. Басқа ғапыл, парыздарды орындамайтын жастарға қарағанда екеуі де тақуа, адал еді. Екеуі де ықыласпен қызмет етіп ақыретке пайдалы істер атқарып кетті. Иншаллаһ, олардың екі жылға созылған ауру халдері, мәңгі өмірдің бақытына бөленуіне себеп болған шығар.
22Қазір ойлап отырсам, менің олардың сауығуы үшін жасаған дұғаларым дүниелік тұрғыдан қарғыс болғандай. Бір жағынан, ол дұға-тілегім ақыреттік халге пайдасы тиер деп ойлаймын.Міне, осы екі жігіт, меніңше, тақуалық арқылы ондаған жылда қол жететін табысқа тез ие болды. Егер ол екеуі кейбір жастар секілді денсаулық пен жастыққа сеніп, бейқамдыққа салынып заңсыз ойын-сауық қуғанда, ажалы жетіп күнә жасап жатқанда өлсе қабірлерін мұндай нұрға емес, бақа-шаян мен жыланға толтырар ма еді?! Аурудың осындай пайдасы бар екені рас. Олай болса одан шағымданбай, қайта тәуекел деп сабыр етіп, тіпті шүкір етіп, Аллаһтың мейіріміне арқа сүйеу қажет.Он төртінші шипа. Уа, көзін шел басқан науқас!Егер имандылардың көзін басқан шелдің арғы жағында керемет бір нұр, мағынауи бір көз жатқанын білсең ғой, Рахымды Раббыңа шексіз шүкір етер едің Осы шипаны дәлелдейтін бір .оқиға баяндап берейін.Сөзімді екі етпей адал қызмет еткен Барлалық Сүлейменнің әпкесінің көзін бірде ақшел басып,
23көруден қалды. Ақ көңіл, салиқалы әйел мені аса зор жоғары мәртебелі деп ойлап мешіттен шыға берісте: «Көзім ашыла ма екен, маған дұға етіңізші!» деп өтінді. Мен де сол мүбәрак әйелдің адалдығын дұғама шапағатшы етіп: «Я, Құдайым! Оның адал ниеті үшін көзін аша көр!» деп жалбарынып, дұға еттім. Ертеңіне Бурдур қаласынан көз дәрігері келіп, әйелдің көзі тәуір болды. Алайда, қырық күннен кейін қайтадан зағип қалпына түсті. Қатты өкіндім... көп-көп дұға оқыдым. Иншаллаһ, сол оқыған дұғаларым оның ақыреті үшін қабыл болған шығар. Әйтпесе, менің сол дұғаларым бәлкім оған қарғыс болар еді. Неге десеңіз байғұстың ажалы жетіп тұр екен. Қырық күннен соң қайтыс болды. Топырағы торқа болсын!Міне, әлгі марқұм әйел Барланың жабырқау бау-бақшаларын аянышты қарттық көзбен қырық күн ғана тамашалады. Есесіне, ол енді о дүниеде жаннаттың бау-бақшасын қырық мың күн тамашалайтын болады. Өйткені, оның иманы күшті, діні берік болатын. Иә, мүмин қабірге көзін шел басып енсе, нұрлы әлемді әлдеқайда жақсы тамашалайтын болады.
24Мысалы, бұл дүниеде біз көп нәрсені көре аламыз, ал зағип мүминдер көрмейді. Зағип кісі қабірге иманды кетсе, жаннат бауларын өзге әруақтан әлдеқайда анық тамашалай алады. Алысқа дүрбі салған кісі сияқты, олар да о дүниеге барған соң мәртебесіне қарай, жұмақтың бау-бақшаларын қызықтайтын болады. Міне, көздегі шелге шүкір және сабыр ету арқылы жаннатқа осылай қол жеткізеді. Әлгіндей шелді сылып тастап, жанарыңды шырадай жандыратын жалғыз дәрігер – Қасиетті Құран Кәрім ғана.Он бесінші шипа. Уа, жаны қиналған науқас адам! Ауруыңды уайымдап қиналма! Оның мән-мағынасын ойла, сабыр ет! Егер ауру шынымен-ақ жаман болса, Аллаһ Тағала өзінің сүйікті құлдарына ауру, сырқат бермеген болар еді. Алайда, мынадай хадис бар:Яғни, «Қиыншылыққа, қайғыға ең көп душар болғандар өте жақсы, әрі кәміл кісілер». Мысалы, Хазіреті Әюб Ғалейһиссалам мен өзге пайғамбарларды және
25әулиелер мен діндар кісілерді еске алайық. Олар кеселге шынайы құлшылық пен Рахманның жарылқауы деп қараған, сабыр сақтап, шүкір еткен. Олар сырқатты азаптайтын нәрсе емес, Рахманның емдеу тәсілінің бірі деп білген.Уа, жаны қиналған науқас! Әлгі нұрлы көштің соңына ілескің келсе, сабыр сақтап, шүкір ет! Әйтпесе, олар көшке қоспайды. Қараңғыда қарманып қапы қалғандардың құрған тұзағына түсесің. Иә, аурудың түрі көп. Кейбірі өліммен аяқталып, мағынауи шейіт тәрізді әулиелік дәрежесіне шығуға баспалдақ болады. Оған, толғаққа қатысты жағдай мен [Сілтеме3] асқазанның түйнеуі, сондай-ақ, суға бату, өртеніп өлу жатады. Міне, осы себептен қайтыс болғандар мағынауи шейіт саналады. Соңы өліммен аяқталса, әулиелік дәрежеге көтеретін көптеген мүбәрак аурудың түрлері бар. Сондай-ақ, ауру сырқат адамды дүниеқұмарлықтан, көрсеқызарлық пен қомағайлықтан сақтайды. [Сілтеме . Бұл аурудан қайтыс болғандардың шейіт 3саналатын кезеңі - босану мерзімінен бастап қырық күнге дейін.]
26Дүниеқұмар кәпірлер үшін тым қайғылы да өкінішті болып саналатын өлім дейтін қоштасудың ауыртпалығын осы мағыналар жеңілдетіп, тіпті сүйсіндіріп жібереді.Он алтыншы шипа.Уа, жаны күйзеліп, арызданған науқас! ауру сырқат тұрмыста маңызы зор сыйластық пен қайырымдылықты арттыра түседі. Өйткені, адам баласын тоңмойын ететін истиғнадан сақтайды, яғни, ешкіммен жұмысы болмай, өзімен-өзі болудан құтқарады. Бойыңды жайлаған ауру сені осындай орынсыз оқшауланудан сақтайды. Себебі:дегендей денсаулық пен бақуаттылық ешкімге мұқтаж емеспін деген ой қалыптастырып нәпсіні тәкаппарландырып, құрметтеуге лайық бауырларға деген сыйластықты, ыстық ықыласты сездірмейді. Ондай адам көмекке мұқтаж шарасыз, кем-кетіктер мен науқастарға жаны ашымайды. Ал, өзі ауырып қалғанда әлсіздік пен пақырлықты түсініп, туыс-бауырларына қолынан келгенше құрмет
27көрсетуге тырысады. Көңілін сұрай келген немесе көмектескен мүмин бауырларына дән риза болып, оларға деген сыйластық сезімі оянады. адамдарға деген жан ашырлығы артады. Сондай-ақ, байғұстарға Ислами мінезбен мейірлене қарауды үйренеді. Оларды өзімен салыстырып, жанашыр болады. Қолдан келгенше жәрдемдесіп, жәрдемдесе алмаған жағдайда дұға етіп, ең болмаса шариғатта сүннет болып саналатын науқастың жағдайын сұрап үйіне барады. Сауапты іс атқарады.Он жетінші шипа. Уа, науқастанып, қайырымдылық жасай алмағанына шағымданған науқас! Шүкір ет! Біле білсең бұл ауру саған қайырымдылық қазынасының есігін ашады. Ауру - сен сияқты науқастарға және науқас жанды Аллаһ ризасы үшін бағушыларға сауап жаздырып қана қоймай, дұғаның қабыл болуының бірден-бір себебі.Иә, науқасты бағушылар егер иманды кісілер болса мол сауап алады. Науқастың халін сұрау, оны зиярат ету Пайғамбарымыздан
28қалған сүннет, әрі күнәнің кешірілуіне ықпалы зор. Алайда, сырқаттың мазасын алып көп отырмау керек. «науқас жандардың дұғасын, батасын алыңдар. Өйткені, олардың дұғасы қабыл болады» деген хадис бар. Әсіресе, науқас өзіңнің туысқаның болса, оның ішінде ата-анаң болса, оларға жасалған қызмет маңызы зор ғибадат, мол сауап. Ал, науқастың көңілін көтеру, үміттендіріп демеу болу үлкен садақа. Әке-шешесі науқастанғанда олардың сезімтал көңілдерін аулап, қайыр дұғаларын, ақ баталарын алған бала қандай бақытты!Иә, ардақты ата-анасының мейірімін ескеріп, олар сырқаттанып қалғанда сый құрмет көрсетіп, перзенттік борышын өтеуге тырысқан мұндай жақсы балаларға тіпті көктегі періштелер де: «Бәрекелді, Машаллаһ» деп риза болады екен. Иә, ауырған кезде қиналысты сездірмейтін өте жағымды, тәтті ләззат бар. Ол – ауру адамның жанына жиналған жанашыр, мейірбан, қайырымды кісілердің жылы сөздері мен жасаған қамқорлықтары. Науқас жанның дұғасы қабыл болатыны жай бір мәселе емес өте маңызды.
29Менің арқамның шаншитыны бар. Отыз-қырық жылдан бері сол ауруыма Аллаһтан шипа тілеп, дұға етіп келем. Енді түсіндім, бұл кесел маған дұға етуім үшін берілген екен. Дұғаменен дұғаны (яғни дұға өзін өзі) жоймайтындықтан дұғалардың пайдасы ақыретте тиетінін түсіндім. Дұғаның өзі де ғибадаттың бір түрі ғой. Сондай-ақ, ауру меңдеп, өзінің әлсіздігін аңғарған пенде Жаратқан Иесіне шын жүректен жалбарынатын болады. [Сілтеме4 ]Иә, отыз жылдан бері шипа тілеп келем, бірақ қабыл болған жоқ деп дұғаны тәрк ету ойыма еш келген емес. Өйткені, ауруға шалдыққан кез дұға етудің уақыты болып табылады. Тәуір болу дұғаның нәтижесі деу қате. Шипа Аллаһ Тағаланың асқан мейірімділігімен беріледі. Сондай-ақ, дұға біз ойлағандай қабыл болмаса, оған ренжуге болмайды. Рахымды Иеміз әр нәрсені бізден әлдеқайда жақсы біледі. Біз үшін қайсысы пайдалы болса, соны береді. Кейде дүниелік шаруа үшін жасаған дұғаңды біздің пайдамызға ақыреттік қылып қабыл [Сілтеме-4. Рас, кейбір кесел Аллаһқа дұға еткізіп, жалбарынуға себеп болады. Ал, дұға етіп аурудан жазылуын тілеу, дұғаның өзін-өзі жойып жіберуі болып табылады. Әрине бұл қисынсыз.]
30алады. Жоғарыда ескерткеніміздей, ауырған кездегі әлсіздіктен, шарасыздықтан туындаған риясыз, пәк дұғалардың қабыл болу ықтималы жоғары.Демек, ауру осындай шынайы дұғаға себеп екен. Діндар науқас немесе науқасты бағушы мүминдер осындай дұға сәттерін пайдаланып қалғаны жөн.Он сегізінші шипа. Уа, шүкірді қойып арыз айта бастаған науқас! Арызды ақысы бар адам айтады. Сенің оған ақың жоқ. Қайта мойныңда шүкір ету борышың бар еді. Сен оны толық атқармадың. Аллаһ Тағаланың ақысын бермей тұрып, өз ақыңды даулағаның жараспас. Өзіңнен әлдеқайда денсаулығы мықтыларға қарап шағым айтуға сенің де және ешкімнің де ақысы жоқ. Қайта сен, өзіңнен денсаулығы нашар, ауыр науқастарға қарап шүкір етуге міндеттісің. Қолың сынып қалса, қолы жоқ шолақтарға қара! Бір көзің ағып кетсе екі көзі зағитерге қара! Аллаһқа шүкір ет! нығмет тұрғысынан өзінен жоғарыларға қарап шағымдануға ешкімнің Хақысы жоқ. ал, қайғы-қасірет жағынан өзінен әлдеқайда қайғылы жандарға қарау әркімнің міндеті.
31адам сонда ғана толық шүкір етеді. Бұл сыр басқа еңбектерімде мынадай бір тәмсілмен түсіндірілген болатын. Оның қысқаша мағынасы былай:«Бір мырза міскін пақырды биік бір мұнараның басына жетектеп алып шығады. Мұнараның әрбір баспалдағын басқан сайын бір сыйлық береді. Дәл ұшына барғанда оған тағы аса құнды үлкен сыйлық ұсынады. Әлгі кісі манағы қыруар сыйлықтарға рахмет айтып, әлгі мырзаға қарыздар болудың орнына, әрбір баспалдақ үшін алған сыйлықтарды місе тұтпай, немесе ұмытып, айналасына қарап, «Шіркін!, анау мұнара өте биік екен! Мына мұнара да биік болғанда ғой! неліктен сол сияқты биік емес?» дегендей шағым айтса, оның соншалық тоңмойын, қайырымсыз екені белгілі. Дәл сол сияқты адам баласы әу баста жоқ еді, бар болды. Тас болмай, ағаш та болмай, хайуан болып қалмай адам болды. Мұсылман сипатқа ие болды ұзақ уақыт денсаулығы мықты болып, мол нығметке бөленді. Бірақ, кейбір себептермен денсаулық дейтін нығметке лайық бола алмаса, немесе өзінің жат қылықтарымен,
32жөнсіз әрекеттерімен денсаулығынан айырылып қалса, сабыр сақтамай: «Құдайға не жаздым!» деп Аллаһтың жазғанына наразылық білдіріп, шағымданса бұл, дене сырқатынан әлдеқайда ауыр рухани кесел. Бұл, сынған қолмен шайқасумен тең. Шағымның кесірінен ауруын үдетіп алады. дегендей ақылды жан Аллаһқа мойынсұнып, сабыр қылады. Сол кезде ауру өз міндетін атқарып, кете барады.Он тоғызыншы шипа. Жәмил Зүлжәлалдың барлық есімдері Самедани атаумен Әсма-үл Хүсна деп аталады яғни Құранның тілімен айтсақ әсем, тамаша, өте көркем. Болмыс атаулының ең нәзік, өте керемет және ауқымды Самедани айнасы – тіршілік болып табылады. Әсемді көрсететін айна да әсем болады. Тамашаның тамашалығын көрсететін айна тамаша болып, әдемілене түседі. Әсем тарапынан әлгі айнаға не түссе әсем болып құлпырып кетеді. Сол секілді тіршілікке яғни өмір айнасына әсем жақтан не келсе түптің
33түбінде бәрі тамаша. Өйткені, ол айна тамаша Әсма-үл Хүснаның әсем сәулелерін көрсетеді. Егер өмір әрдайым сау-саламат, бір қалыпты рахат күйде өтсе айналық қызметіне нұқсан келер еді. Адам өзінің бар екенін білмей, тіпті жоқ сияқты, жаны қиналады. Ондай өмір өзінің мәнісін жояды. Өмірдің қызығы кетіп мазасыздық басады. Ондай адамның іші пысып, уақытын өткізу үшін я азғындыққа салынады я ойын-сауық қуады. Қамаудағы адам мерзімінің тезірек аяқталғанын аңсағаны секілді құнды өмірінің де тез өте шыққанын қалайды. Ал, өзгерістер мен жаңалықтарға толы, дауылды да соқтықпалы өмірдің өзі құнды һәм маңызды әрі қызық. Өмір машақат пен қайғыға, бейнетке толы болса да оның аяқталуын қаламайды.«түһ, күн батпады ғой немесе неткен ұзақ түн» деп қиналып, дөңбекшімейді. Иә, өте бай, төрт құбыласы түгел, қамсыз, екі қолы алдына сыймаған мырзадан хал сұрасаң, әлбетте, «құрысын бәрі, уақыт өтпейді, кел, екеуміз уақыт өткізу үшін бір ермек табайық» деуі әбден мүмкін. Ал, адал еңбегімен бейнеттеніп күн кешкен шаруаның олай демесі анық.
34Ол: «Құдайға шүкір, істейтін жұмыс көп. уақыт зымырап, орнында тұрар емес. Шіркін-ай, күн мұнша тез батпаса ғой. рас, жұмыс ауыр, бірақ бұл да өтеді де кетеді. Барлық нәрсе осылай тез емес пе?» деп рухани тұрғыдан өмірдің қаншалықты құнды екенін айтады. Тез өткенін қаламайды. Демек, машақаттанып, еңбек ету арқылы өмір қызық болып тіршіліктің құндылығы артады. Көп демалыс, мықты денсаулық өмірдің мәнін түсінбейді, тез өткенін қалайды. Уа, науқас жан! Өзге еңбектерімде егжей-тегжейлі баяндағанымдай біле білсең жамандық пен қайғы-қасірет, тіпті күнәлардың қайнар көзі, бұлағы – болымсыздық. Болымсыздық дегеніміз – бірқалыптылық, демалыс, тыныштық, тоқтау. Ол жаман әрі қараңғы нәрсе. Бірқалыпты күйден жоқ болудың, қараңғылықтың лебі есіп, жанды күйзелтеді. Іс-қимыл, өзгеріс пен жаңалық, керісінше бар болу яғни, адам өзінің бар екенін толық сезінеді. Бар болу нағыз жақсылық, нұр.Бұл рас. Сенің мына ауруың құнды өмірді жаңалауға, қуаттандырып одан әрі дамытуға,
35сондай-ақ, денеңдегі басқа сезім мүшелерді әлгі науқас ағзаның айналасына шоғырландырып, көмектестіруге және Сани Хакимнің түрлі-түрлі есімдерінің сәулелерін көрсетуге себеп. Сондай-ақ, осы сияқты көптеген маңызды міндеттер үшін әдейі жіберілген. Иншаллаһ, өз міндетін атқарған соң аурудың өзі-ақ кетеді. Кетерінде денсаулыққа: «Кел, менің орнымда сен қал! Міндетіңді атқар. Бұл сенің орның»дейді.Жиырмасыншы шипа.Уа, дертіне шипа іздеген, науқас! Аурудың екі түрі бар. Біріншісі хақиқи, екіншісі шынайы емес яғни, уайымға салыну. Шәфи әрі Хаким Аллаһ Жер шары дәріханасында аурудың хақиқи түрінің барлық шипасын жаратқан. Ол шипалар ауру-сырқаудың болуын қажет етеді. Барлық аурудың шипасы бар. Жазылып кетемін деп дәрі-дәрмек ішіп, ем-дом қолдануға болады. Алайда, олардың әсері мен шипасын Аллаһ Тағаладан деп білу қажет. Дәрі-дәрмекті Аллаһ Тағала жаратты демек, шипаны да сол береді. Тәжірибелі әрі діндар дәрігердің айтқанын істеу маңызды бір ем саналады. Өйткені, көптеген аурулар ысыраптан, шамадан тыс
36ішіп-жеуден, қателіктерден, орынсыз ойын-сауықтан, салғырттықтан пайда болады. Діндар дәрігер жөнін айтып, жақсы кеңес береді. Жат қылықтардан, ысырап етуден тыйып, көңілге дем береді. Науқас бұл насихат пен демеуге сүйеніп оңалып, ауруы жеңілдеп көңілі рахаттанады.Ал, екінші хақиқи емес түрінен яғни уайым деген аурудан құтылудың шарасы мән белмеу, уайымдамау. Оны уайымдаған сайын асқына түседі. Көңіл бөлмесе азайып жазылып кетеді. Мәселен, шабуылдаған араларға тиіскен сайын үймелеп, шабуылын үдете түседі, ал тиіспесең жайына кетеді. Тағы бір мысал, қараңғыда, ілулі тұрған бір жіпке мән беріп, назар аударған сайын үлкейіп, үрей туғызады.Тіпті, кейде адамның зәресі ұшып, тұра қашуы мүмкін. Егер мән бермесе оның жылан емес жәй ғана жіп екені белгілі болып өз халіне күлуі мүмкін.Егер уайым дейтін ауруға мән беріп, ұзаққа созылса, ол шындыққа айналып кәдімгі дерт болуы ғажап емес. Әсіресе мұндай ауру, жүйкесі жұқа кісілерде жиі кездеседі әрі аса қауіпті. Түймедейді түйедей етіп, төзімін тауысып
37жібереді. Оның үстіне науқас адам тоңмойын дәрігерге немесе ынсапсыз емшіге тап болса, я байлығынан айырылады, я ақылынан адасады я болмаса денсаулығын жоғалтады.Жиырма бірінші шипа. Уа, науқас достым! Ауруың тән азабын тартқызып жатқан болар. Алайда, сол тән азабын ұмытқызып жіберетін өте тәтті жан рахаты, рухани ләззат бар екенін білемісің? Егер әке-шешең немесе ет жақын туыстарың аман болса, олардың өзің бала кезіңде сезінген ләззаты мол мейірімдеріне қайта қауышып, сәби күндердегі аяулы алақандардың қайта әлпештеуіне бөленіп жатқан шығарсың. Осы аурудың арқасында адал достардың байқалмай жүрген сүйіспеншілігіне, мейіріміне бөлендің емес пе? Мұндай жағдаймен салыстырсаң әрине, мына тән ауруың, шеккен азабың оның қасында түк те емес.Сондай-ақ, сен қызмет етіп, ілтипатына бөленгің келген жандар, енді өздері келіп, саған мейірімін төгіп, құрметтеп жатқандықтан құрметті кісілердің құрметтісі болдың. Оның үстіне жаныңдағылардың мейірімділік, қамқорлық сезімдерін оятып, жоқ жерден
38көптеген қызметшілер, мейірбан жандар мен шынайы достар таптың. Әрі сырқатыңның арқасында жұмыстан босатылып, демалып жатырсың. Әлбетте, сенің тән ауруың осы рухани ләззаттардың қасында түк емес қой. Сондықтан, оған өкінбе, қайта шүкір ет!Жиырма екінші шипа. Уа, сал ауруына шалдыққан ғазиз достым! Әуелі сені қуантып қояйын, мүмин үшін сал ауруы мүбәрак саналады, яғни ерекше маңызы бар. Мұны әулие кісілерден көп естідім. Көңіліме түйген бір сырын айтып берейін.Әулиелер Аллаһ Тағалаға жақындау үшін және дүниенің рухани қауіп-қатерінен құтылу үшін, әрі мәңгі өміріне зақым келтірмей аман сақтап қалу мақсатымен екі ережені қатаң ұстанған. Біреуі; Рабыта-и Мәут, яғни дүниені пәни, өткінші деп біліп және өзі белгілі бір міндет жүктелген уақытша қонақ екенін шын жүректен мойындап, бақи өмірге дайындалу. екіншісі; Қызбалық, ожар сезімдердің билеп кетуінен құтылу үшін, өзін азаптап, аш қалдырып әрдайым нәпсісімен күресуді әдет қылған.
39Уа, денесінің бір бөлігі жансыз қалған бауырым! Саған қысқа әрі оңай түрде бақыт кілті болып табылатын екі қайнар көз берілген екен. Сенің семіп, жаны кетіп қалған тәнің дүниенің баянсыз ал адамдар пәни қонақ екенін көрсетеді. Бұдан былай қу дүние сені алдап, бейқамдық көзіңді байлай алмайды. Жарты денесінен айырылған кісіні әрине, нәпсі алдай алмайды. Олай болса сен нәпсінің пәлесінен оңай құтылдың. Міне, мүмин адам иман, тәслім, тәуекел арқылы сал ауруын тиімді пайдаланып әулие кісілердің әрең жететін биік мәртебелеріне тез қол жеткізе алады. Осылай түсінсе әлгі ауыр дерт жеңілдеп, өте арзанға түседі.Жиырма үшінші шипа. Уа, кәріп болып, жалғызсыраған науқас! Науқасың мен жалғыздығың төңірегіңдегілердің тас жүректерін жібітіп, саған деген аяныш сезімдерін оятты ғой. Апырым-ай, Қасиетті Құранның барлық сүрелерінің басында өзін Рахман, Рахим сипаттарымен таныстырған және мол мейірімінің сәл ғана лебімен бүкіл аналарды сәбиіне қамқор етіп тәрбиелеткізген,
40жетілдіріп өсірткен, сондай-ақ, мейірімінің шуағымен көктем сайын Жер жүзін сан-алуан нығметтермен толтырған, әрі мәңгі жәннат барлық тамаша жақтарымен оның аса қамқорлығының бір ғана сәулесі, жай бір шағылысы ғана болып табылатын Аса Мейрімді Жаратушы Раббыңа иман арқылы арқа сүйеп, оны танып, ауру хәліңде жалбарынсаң, сенің жалғыздығың, Оның мейірімі мол назарын өзіңе тікелей аударады. Демек, Ол бар және сені көреді. Олай болса бәрі де жақсы болады. Ендеше, жалғызсырайтын сен емес, Аллаһқа иман етпей қасарысып немесе оған арқа сүйеу дегенді білмейтін ғапыл жүргендер. Қамықса солар қамықсын, солар уайымдасын!Жиырма төртінші шипа. Уа, бейкүнә балалар мен бала секілді қарттарға қызмет етіп жүрген күтуші-тәрбиешілер! Сіздерге ақыретпен қатысты өте пайдалы сауда жасауға мүмкіндік туып тұр. Сол ақыреттік сауданы ынта-жігермен жасап қалыңдар! Сәбилердің ауруы олардың нәзік денелерін машықтандыру және болашақта өмірдің соқпақтарына төтеп беруге жаттықтыру әрі Раббани тәрбие секілді
41дүниелік өміріне қатысты көптеген хикметтер бар. Сондай-ақ, оның рухани өмірін күнәлардан арылтатын, үлкен кісілерге кәффаре-түз зунуб яғни күнәдан арылу болып саналатын бұл қиыншылық, жас балалар үшін келешекте және ақыретте рухани дамуына себін тигізеді. Әрі сырқатының сауаптары ата-анасының сауап дәптеріне жазылатындығы, әсіресе аса мейірімділікпен өз денсаулығын баласы үшін пида еткен анасының амал дәптеріне еселеп жазылатындығы ақиқатшыл жандар тарапынан расталған. Ал, қарияларды бағудың әсіресе, олардың баталарын алу, көңілдерін көтерудің, адал қызмет етудің, бұ дүниеде де ақыретте де бақытқа бөленуге бірден-бір себеп болатыны нақты хадистермен және өмірде болған оқиғалармен дәлелденген. Қарт әке-шешесіне мойынсұнып, айтқандарын істеген бақытты бала, өз баласынан да дәл сондай ізгі жауап көретінін, ал егер әке-шешесінің көңілін қалдырған болса ақырет азабынан басқа, дүниеде де көп бәлеге душар болып, сазайын тартатынын өмірде де көріп жүрміз.
42Иә, қарияларға, бейкүнә жандарға, сондай-ақ туысқандарға ғана емес иманды (өйткені имандылықта нағыз достық пен бауырластық сыры бар) кісілерге, егер олар науқас әрі мұқтаж болса, шын көңілден қызмет ету; дін Исламның талабы.Жиырма бесінші шипа. Уа, науқас жандар! Сіздер дертке дауа, жанға шипа, ләззаты мол әрі қасиетті, нағыз дәрі қаласаңыздар, имандарыңды қайрап, қуаттаңдар! Яғни, тәубе және истиғфар етіп, намаз оқып, құлшылық ету арқылы әлгі қасиетті дәрі – Иман дәрісін ішіңіздер.Иә, дүниеге деген махаббат пен қызығушылықтың кесірінен ақыретке дайындалуды кейінге қалдырып тіпті естен шығаратын рухани аурулар бар. Қоштасу мен айырылудың опығын жеп ауыр жарақаттанған мұндайларды иман ғана емдеп, жараларын тәуір қылып, шипа беретіндігін көптеген еңбектерімде дәлелдеген болатынмын. Көп сөйледі демеңіз, қысқа қайырайын.
43Имани дәрінің әсері парыздарды мүмкіндігінше толық орындаған кезде көрінеді. Мақсатсыз өмір, арзан күлкі, түрлі нәпсіқұмарлық әрекеттер иман дәрісінің әсерін әлсіретіп, тіпті жойып жібереді. Демек, ауру-сырқат пәни өмірге алданудан сақтайды. Орынсыз құмарлықтарға кедергі болады. Олай болса, ондай сәтті тиімді пайдаланып, сырқаттанған кезде шүкір етіп, сабыр сақтап сауап алуға тырысып, ғапылдық ұйқысынан оянып иманды қызғыштай қорғаңдар!...Толық иманның қасиетті дәрілері, оның нұрларын тәубе, истиғфар арқылы яғни Жаратқаннан кешірім сұрау және дұға ету, жалбарыну арқылы пайдаларыңызға жаратыңыздар. Аллаһ Тағала сендерге шипа берсін. Ауру-сырқат, бәле-жалаларды «кәффаратуз-зунуб»яғни күнәлардан арылудың себебі ретінде қабыл алсын! Әмин. Әмин. Әмин...
44
45Он ЖетІнШІ МеКтуБЖиырма бесінші леманың қосымшасыБаласы қайтыс болғандарға көңіл айтуҚұрметті ақыреттік бауырым Хафиз Халид Әпенді!Бауырым! Балаңның қайтыс болғанын естіп қынжылдым. Дегенмен, дегендей қазаға яғни, болған нәрселерге риза, жазмышқа көну дін Исламның бір белгісі ғой. Хақ тағала сіздерге сабыр берсін. Марқұмды да ақыретте сіздерге шапағатшы етсін. Сізге, және сіз секілді тақуа мүминдерге сүйінші және нағыз жұбаныш беретін «Бес тұжырымды» баяндап берейін.
46Бірінші тұжырым: Құран Хакимдегі: аятының сыры мен мазмұны былай: Мүминдердің бәлиғат жасына жетпей қайтыс болған балалары жәннатта мәңгі, сүйкімді бала болып қалатынын... және Жәннатқа кірген ата-аналарының құшағына мәңгі қуаныш сыйлайтынын... және ол жақта сәби сүю, баланы еркелету де болатынын... және Жәннатта рахаттандыратын барлық нәрсе табылатынын... сондай-ақ, «жәннат ұрпақ көбейтетін жер болмағандықтан, сәби сүю мен еркелету онда болмайды» дегендердің тұжырымдары ақиқатқа қайшы екенін... мына дүниеде бірнеше жыл ғана қуаныш пен мұң аралас сәби сүю мен еркелетудің орнына, ол жақта мұңсыз түрде миллиондаған жылдар бойы мәңгі бақи сәби сүю, оны еркелету имандылар үшін бақыттың ең үлкен қайнары болатынын қасиетті аят сөйлемі арқылы ишара етіп, сүйіншілеуде.екінші тұжырым: Баяғы да бір адам зынданда жатады. Сүйікті баласы да оның жанына жіберіліпті. Ол бейшара тұтқын, өз
47қайғысымен қатар, енді баласының қамын ойлап күйзеліске түседі. Бір күні мейірбан патша оған бір адам жіберіп былай деп бұйырыпты: «Бұл бала сенің перзентің екені даусыз. Бірақ, бала менің де халқым емес пе? Оны мен ала тұрайын, сарайда жақсылап қараймын...» Әлгі адам жылап-сықтап: «Менің жалғыз жұбанышым, бере алмаймын!..» дейді. Оған жанындағы жолдастары былай деп ақыл айтады: «Сенің бұлай қайғыруың жөнсіз. Егер сен балаңа шын жаның ашыса, бала мына лас, қоқырсыған зынданда жатқанша, жайлы сарайға барсын. Егер сен өз қамың үшін уайымдап тұрсаң, онда балаң осында қалса, уақытша көңілің тыныш болуы мүмкін, бірақ бала көп қиындық шегеді. Егер сарайға кетсе, саған мың пайдасы тиеді. Өйткені патшаның да мейірімін оятып, саған шапағатшы болады. Патша оны сенімен кездестіретін болады. Әлбетте, кездесу үшін оны зынданға жібермейді. Қайта сені зынданнан шығарып, сарайға алдырады, балаңмен кездестіреді. Мұның шарты, Патшаға сеніп, бұйрығын орындау...»
48Аяулы бауырым, осы тәмсілді үлгі етіп, өзің сияқты мүминдердің балалары бақилық болғанда былай ойлауы керек: Бұл бала бейкүнә. Оның Жаратушы иесі Рахим әрі Кәрим. Менің кемшін тәрбием мен мейірімімнің орнына, оны өте кәміл рахымына бөледі. Дүниенің қайғылы, бәлелі, машақатты зынданынан шығарып, Жәннат-үл Фирдаусына жіберді. Балам қандай бақытты! Бұл дүниеде қалса, кім біледі нендей бәлелер күтіп тұрғанын. Сондықтан оны уайымдамаймын, бақытты деп білемін. Өзіме тигізер пайдасын ойлап та уайымдамаймын, өкінбеймін. Өйткені, бұл өмірде қалса, қайғысы мен қиыншылығы аралас он жылдық бала сүю қызығын сыйлар еді. Егер қайырлы бала болса, дүниелік істерде маған көмегі тиер еді. Қайтыс болып кетуі арқылы мәңгілік жәннатта он миллион жыл маған бала болып, бала сүю бақытына дәнекер, мәңгі бақытқа қол жеткізуім үшін маған шапағатшы болады. Пайдасы тиіп, тимеуі неғайбыл уақытша нәрсені жоғалтып, кейінірек мың пайдасы тиері анық нәрсеге қол жеткізген жан, әрине қатты өкініп, қайғыға салынбайды.
49Үшінші тұжырым: Арамыздан кеткен ол бала, бүкіл болмысымен Рахим Аллаһтың жаратқан пендесі, құлы және Соның өнері, ал ата-ана оның аз уақытқы жолдасы еді.... Ата-анасының қарауына уақытша берген-ді. Ата-анасының сол қызметі үшін уақытша бір ақы ретінде ләззаты мол, елжіреген жанашырлық берілген-ді. Енді, мыңнан тоғыз жүз тоқсан тоғыз үлестің иесі болған Халиқ-ы Рахим, рахымы мен хикметінің талабы бойынша ол баланы сенің қолыңнан алса, қызметіңді тоқтатса, сырттай ғана бір үлескер бола тұра, шынайы, мың үлес Иесінің үстінен шағымданғандай болып баланы жоқтау, зар еңіреу иманды жанға жараспас, расында ол дінсіздердің ісі.төртінші тұжырым: Егер дүние мәңгілік болып, адам да осында мәңгі тұрар болса, айрылысу мәңгі болып еш көрмейтін болсақ, онда қайғырып мұңаюға болар еді. Бірақ, дүние бір мейманхана ғой, ендеше өлген бала қайда кеткен болса, сіз де, біз де сонда барамыз. Өлім деген нәрсе оған ғана тиісті емес, бәріне ортақ бір жол. Бұл айрылысу да мәңгілік емес, ілгеріде, Бәрзахта да, Жәннатта да кездесеміз.
50деу керек. «Өзі берді, Өзі алды», «Әлхамдулиллаһи ала күлли хал»деп сабырмен шүкір ету керек.Бесінші тұжырым: Иләһи рахымның ең жағымды, ең әсем, жанға жайлы көріністерінің бірі болған мейірімді – нұрлы эликсир десе болады. Ғашықтықтан да өткір болғандықтан Хақ тағалаға тез ұласуға дәнекер болады. Дүниеуи ғашықтық, өте көп қиындықтар арқылы ғана Аллаһқа деген ғашықтыққа айналады, Хақ Тағаланы таба алады. Ал мейірім, еш қиындықсыз, таза әрі қысқа жолмен жүректі Хақ Тағалаға байлайды. Әке де, шеше де перзентін бүкіл дүниеден артық көреді. Егер олар иманды, нағыз мүмин жандар болса, перзентінен айырылған кезде, дүниеден теріс айналып, Мүним-і Хақиқиді табады. Дүние пәни, ендеше оған жүрекпен байланып, көңіл бөлетіндей қымбат нәрсе емес – дейді. Перзенті қайда кеткен болса, сол жаққа көңілі ауады, өте керемет рухани күй кешеді. Ғапыл – дінсіздер болса, осы бес ақиқаттағы сүйіншіден мақрұм қалғандар. Олардың халі қандай қайғылы екендігін мына мысалмен
Search