1 Рисалей-Нұр жинағынан ХАНЫМДАР ШЫРАҒЫ АВТОРЫ: САИД НҰРСИ Иман жүзді, ақыреттiк қыздарым болып саналатын әйелдер қауымымен сұхбат Кейбір аймақтарда Нұр рисалелерін әйелдер қауымы шынайы түрде, ыстық ықыласпен қабылдағандарын естідім. Сондай-ақ, Нұрларға қатысты дәрістеріме олардың мен ойлағаннан әлдеқайда зор сенiм артқандарын білдім. Спарта қаласына және мағынауи Медресетуз-Зеһраға үшінші рет келгенімде, әлгі мүбарак ақырет қыздарымның, яғни әйелдер қауымының, менен бір дәріс күтетіндерін естідім. Олар мені мешітте уағыз түрінде дәріс береді деп ойлапты. Алайда, менің төрт-бес түрлі . Мені сөйлеу, тіпті ойлану да шаршатады. Осындай бір жағдайда маған бүгінгi ақшамда мынадай ой келді: \"Он бес жыл бұрын жастардың сұрауы бойынша \"Жастар шырағы\"
2 атты еңбек жаздым. Бұл өте пайдалы болды. Олай болса әйелдер қауымы мына заманда жастардан бетер сондай шыраққа мұқтаж\". Мен осыдан кейін мазасыз, әлсіз күйде әлгi мүбарак қарындастар мен мағынауи қыздарыма \"үш тұжырымнан\" тұратын кейбір қажетті мәселелерді қысқаша баяндамақпын. Бірінші тұжырым:Рисалей-Нұрдың негізгі мәселелерінің ең бастысы – мейiрiмдiлiк. Сондықтан, әйел қауымында, яғни мейірімділік қаһармандары арасында, Рисалей-Нұрға деген қызығушылық әлдеқайда басым. Құдайға шүкір, бұл фытри (жаратылысына тән) қызығушылық көп жерде байқалуда. Бұл мейірімділіктегі бүкпесіз жанкештілік шынайы ыстық ықылас пен ақы талап етпейтін риясыз адалдықтан туатындықтан мына заманда оның маңызы өте зор. Иә, бір ана баласын қауіптен құтқару үшін ешбір ақы сұрамай-ақ жанын пида етуге бар. Бұл істі аналық жүрегінің шынайы ықыласымен атқаруы, баласы үшін құрбан болуы, әйел затында үлкен қаһармандық бар екенінiң дәлелi. Осы қаһармандықты шыңдау арқылы бұл дүниелік және ақыреттік өмірін сақтай алады. Бірақ, кейбір жағымсыз ықпалдардың кесірінен әлгі күштi де құнды қасиет тоқырауға ұшырайды немесе бұрыс жолға қолданылады. Мұның жүздеген мысалдарынан біреуін айтар болсақ: Әлгiндей мейірбан ана \"балам дүниелік өмірде қиыншылық көрмесін\" деп қолынан келгенін аямайды. Өліп-өшіп тәрбиелейді. Балам әкім болсын деп барын салады.
3 Қари дайындайтын медреседен шығарып алып, Еуропаға жібереді. Бірақ, баласының о дүниелік өміріне қауіп төнетінін ойламайды. Бұл дүниелік азаптан құтқаруға тырысады, бiрақ Жаһаннам азабына душар болатынын ескермейді. Фытри мейірімділiкке қайшы әрекет етіп, әлгі бейкүнә баласын ақыретте шапағатшы етудің орнына басына бәле етiп алады. Бала ертең ақыретте \"неге менің иманымды арттырмай, мына пәлеге ұшырауыма себеп болдың?\" – деп шағымданатын болады. Сондай-ақ, фәни дүниеде Ислам тәрбиесін санасына толық сiңiрмегендiктен, әлгiндей бала анасының шексiз мейріміне лайықты баға бере алмай, көптеген ағаттық жасайды. Егер шынайы мейірімділікті дұрыс пайдаланып, сол арқылы бейшара баласын мәңгілік азап болып табылатын Тозақтан, сондай-ақ, теріс жолда жүріп мәңгілік азғындық тырнағына ілігуден құтқаруға тырысса, баланың жасаған жақсылықтарының бірқатары анасының да амал дәптеріне жазылып, анасы қайтыс болған соң да әрдайым рухына нұр құяды. Ақыретте анасының үстінен арыз айтып, шағымданушы емес, керісінше жан-тәнімен шапағатшы болып, о дүниедегі мәңгі өмірде оған мүбарак перзент болып қайта беріледі. Иә, адамның алғашқы ұстазы, ықпал етуші мұғалімі – оның анасы. Осыған орай әрдайым кездесетiн нақты бір мәселені баяндап берейін.
4 Сексен жылдық өмірімде сексен мың кісіден сабақ алсам да, Құдай ақы, мен үшін әрдайым ең негізгі сабақ – анамның айтқан сөздері мен ескертулері, оның мағынауи дәрістері. Олар тасқа жазылған жазулар тәрізді, жадыма сіңіп қалған. Басқа дәріс-сабақтар сол іргетасқа қаланған деп білемін. Демек, марқұм анамның жас күнімде көкірегіме сіңірген, көңіліме тоқыған дәрістері мен ескертулері сексен жасыма дейінгі үйренген ұлы ақиқаттардың іргетасы. Мен таңдаған жолдағы төрт негіздің бірі және ең бастысы – мейiрiмдiлік. Сондай-ақ, Рисалей-Нұрдың да басты ақиқаты жанашырлық пен мейірімділік. Осы қасиеттерді анамның қамқор іс-әрекетінен, көңіл-күйінен, мағынауи дәрістерінен алғандығыма ешбір күмән жоқ. Иә, осындай шынайы ықыласты, нағыз жанкешті аналық мейірімді терiс пайдаланып, бейкүнә баланың алмас қоры сияқты ақыретін ескермей, пәк назарын, болмысын өткінші, фәни, шыны тәріздес дүниеге аудару әрине, әлгі мейірімділік атты биiк қасиетті бұрмалау болып шығады. Ананың мейірімділікке қатысты қаһармандығы керемет. Ешқандай пайда көздемей, ақысыз, жауап та күтпей, шын көңілімен жанын пида етуіне тауықтың балапанын құтқару үшін арыстанға айбат шеге шабуылдап, жанын пида етуі мысал бола алады. Қазір Ислам тәрбиесінің және ақыреттік амалдардың ең құндысы, ең басты өзегі – ықылас.
5 Мейірімділікке қатысты қаһармандықта шынайы ықылас та болады. Егер осы екі негіз сол мүбарак қауымда өркендесе, Ислам әлемінде орасан зор табыстың қайнар көзi болар еді. Ер адамдардағы қаһармандық ақысыз бола алмайды. Тіпті жүз есе ақы сұрайды. Ең болма-ғанда атақ-даңқын шығарғысы келеді. Бірақ, өкінішке орай, бейшара, мүбарак әйел қауымы залым еркектердің шерінен, олардың қанауынан құтылу үшін әлсіздік пен шарасыздықтан көзбояушылыққа, екі жүзділікке салынады. Екінші тұжырым. Биыл қоғамнан қол үзіп, жалғыз жүрсемдағы кейбір нұршы достарым мен қарындастарымның өтініштері үшiн дүниеге назар салдым. Әңгімелескен көп достарымның отбасы үстiнен шағым айтқанда-рын естіп, \"әттеген-ай\" дедім. \"Адамның, оның ішінде мұсылманның қорғаны, сондай-ақ, Жәннаты әрі шағын дүниесі – оның отбасы еді. Бұл да бұзылайын дегенi ме?\" деп, қынжыла отырып, себептерін іздестірдім. Мұсылмандардың әлеуметтік өміріне, сол арқылы Ислам дініне зиян келтiру үшін жастарды адастыру, олардың албырттығын пайдаланып, азғындық-қа итермелеу мақсатымен бір-екі жасырын ұйымның екпінді түрде жұмыс жүргізіп жатқандығын сездім. Ислам әлеміне енген мына екпінді соққы сол жақтан келіп жатқанын білдім. Менің сендерге, яғни, қарындастарыма, жастарға, мағынауи балаларыма айтарым: Әйел затының
6 ақыреттегі бақыты сияқты бұл дүниедегі бақыты да, сондай-ақ, бойларындағы асыл адамгершілік қасиеттерді бұзбай сақтап қалудың бірден-бір жолы – Ислам қағидаларын қадiрлеп, діни тәрбие алу. Басқа жолы жоқ. Ресейдегі бейшара әйелдердің қандай күйге түскендерін білетін боларсыңдар. Рисалей-Нұрдың бір жерінде былай деген болатынмын: \"Ақылы бар адам, жұбайына деген махаббатын оның бес-он жылдық фәни келбетіне арнамайды\". Әйел әсемдігiнiң сыры, ең ұзақ сақталатын сұлулығы оның мейiрiмдiлiгi. Әйелге тән биязылығы мен инабаттылығы. Әйел затының бойындағы осы қасиеттер күйеуінің оған деген махаббатының іргетасы болуы керек. Сонда ғана, бейшара әйелі қартайса да жұбайының оған деген махаббаты жалғаса бермек. Өйткені, оның жұбайы тек мына дүниедегi серігі емес, бақи өмірде де мәңгілiк сүйіктісi. Сондықтан, қартайған шақтарында да бір-біріне деген сүйіспеншіліктері, құрмет пен мейірімдері одан сайын арта бермек. Қазір хайуанға тән өткінші жұптасудан кейін мәңгілік көрмеске айырылуымен тынатын \"мәдени тәрбие\" деп айдар таққан отбасылық өмірдің тынысы тарылып, мүлдем шырқы бұзылуда. Рисалей-Нұрдың тағы бiр тұсында: \"Бақытты күйеу деп – өзінің мәңгілік жұбын жоғалтып алмау үшін салиқалы жұбайынан өнеге алып, өзі де салих, діндар болған адамды айтады. Бақытты әйел – күйеуінің діндарлығын көріп, мәңгілік досынан ажырап қалмау үшін ол да діндар, салиқалы болып,
7 тақуалық іс атқарады. Сөйтiп, фәни дүниеде бақытқа бөленумен бірге, ақыреттік бақытқа да қолы жетеді.Бақытсыз күйеу деп – азғындық жолына түскен жұбайын өнеге тұтып, оны тыюдың орнына ізіне ерген кісіні айтады. Бақытсыз әйел – күйеуінің жағымсыз жақтарын көріп, соған ұқсап бағады. Осындай ерлі-зайыптыларға обал-ақ. Олар бірін-бiрi лаулаған отқа итермелейді. Мәдениет фантазияларын қууға ынталандырады\" деп баяндалған Рисалей-Нұр бұл тұрғыда \"бүгiнде отбасының фәни дүние мен ақыретте бақытқа бөленуінің, сондай-ақ әйел бойындағы құнды қасиеттердің дамуының бірден-бір жолы шариғат төңірегінде Ислам әдет-ғұрпын сақтау болып табылады\" дейдi. Отбасындағы маңызды түйін: Егер әйел күйеуінен жамандық немесе опасыздық көрсе, оған ерегісіп әйелдің отбасындағы міндеті болып табылатын адалдық пен сенімділікті бұзса, әскердегі тәртіптің бұзылуы сияқты отбасының да құты қашады. Ондайда әйел қолынан келгенше күйеуінің қатесін жөндеуге тырысуы қажет. Сонда ғана мәңгілік серігін құтқарып қалады. Әйтпесе, ол да ашылып-шашылу арқылы басқаларға жақсы көрінуге тырысса, азапты зардап шегеді. Өйткені, адалдықты аттаған адам фәни дүниенің өзінде-ақ жазасын тартады. Әрі оның нәзік жаратылы-сы бөгде жандардан қорқып,
8 ыңғайсызданады. Бөгде жиырма ер адамның он сегізінен қысылады. Ер адам болса, бөтен жүз әйелдің тек біреуінен қысылып, қарағанынан ыңғайсызданады. Әйел бұл тұрғыда азап шеккенімен қоймай, опасыз ретінде айыпталып, әлсіз, нәзік болғандықтан ақысын да ала алмайды. Сонымен, әйелдердiң мейірімділігi мен қаһармандығы, ықыласы еркектерге ұқсамайтыны сияқты, еркектердің қаһармандығы оларға жетпейді. Сол сияқты әлгі бейкүнә әйелдер азғындық жағынан еркектерге жете алмайды. Олардың нәзік жаратылыстары бөгде адамдардан қатты қорқады. Жаулығына жасырынуға нәзiктiгi мәжбүр етеді. Өйткені, ер адам сегіз минөттық зауық пен ләззатқа бату үшін азғындыққа салынса, тек сегіз теңге шамасында бір нәрсе жоғалтады. Алайда әйел, сол сегіз минөттық азғын зауықтың жазасы ретінде тоғыз ай бойы ауыр жүк арқалайды, одан кейін де сол әкесіз баланы тәрбиелеу машақатын тартады. Демек, бұл тұрғыда еркектерге теңесе алмай, олардан жүз есе артық жаза тартады. Өмірде көп кездесетін мұндай оқиғалардың бізге берер тәлімі: Мүбарак әйел қауымы жаратылысынан асыл мінез-құлықтың қайнар көзi. Ал, пасықтыққа, азғындыққа, дүниелік зауыққа келгенде қабілетсіз. Демек, олар Ислам тәрбиесі төңірегінде бақытты шаңырақ құруға арналған мүбарак жаратылыс.
9 Осы мүбарак, адал жандарды бұзушы ұйымдарды жер жұтсын! Аллаһ Тағала осы қарындастарымды, мағынауи қыздарымды әлгіндей есалаңдардың пәлесінен сақтасын! Амин... Айналайын, қыздарым! Сендерге айтарым, күн көру үшін опасыз, нашар мінезді, батысқа еліктеуші күйеудің билігіне кіріптар болмай-ақ, бойларыңдағы құнттылық пен қанағатты пайдаланып, өз күштерімен де күн көре алатын ауылдың бейкүнә әйелдері сияқты, сендер де шыдап бағыңдар, өз абыройларыңды сақтауға тырысыңдар. Егер лайық емес күйеуге тап болсаңдар, жазмышқа разы болып қанағат қылыңдар. Иншаллаһ ризашылық пен қанағат саясында ол да жөнделіп, түзу жолға түсер. Әйтпесе, жаңа айтқанымдай ажырасу үшін сотқа барасыңдар. Ал, бұлай ету Исламның абыройына, халқымыздың намысына тиетін жат қылық. Үшінші тұжырым. Қымбатты қарындастарым мен мағынауи қыздарым! Естеріңде болсын, Шариғатқа жат зауық пен ләззәтта, өзінен он есе үлкен уайым мен азап бар екені Рисалей-Нұрда жүздеген нақты дәлелдермен, оқиғалармен баяндалған. Егжей-тегжейлі білгісі келген жан Рисалей-Нұрды оқысын. Атап айтар болсақ, \"Қысқа Сөздер\" кітапшасындағы алтыншы, жетінші, сегізінші сөздi оқысын. \"Жастар шырағы\" кітабы менсiз-ақ бұл ақиқатты толық баяндап береді. Сондықтан, заңды да адал көңіл көтеру мен зауыққа қанағат етіп, сабыр сақтаңдар. Үйлеріңдегі бейкүнә бала-шағаңызбен жайдары сұхбат, жүздеген кинодан
10 әлдеқайда қызық. Мынаны да әсте естен шығармаңдар: Фәни дүниедегi шынайы ләззат – Иман төңірегі мен Иманның ішінде. Салих, игі істердің әрқайсысында мағынауи ләззәт, рухани зауық бар.Ал Құдайдан безіп, адасу мен азғындықта бұл дүниенің өзінде тым ащы, ауыр қайғы бар екенін жүздеген бұлтартпас айғақтармен Рисалей-Нұр дәлелдейдi. Иман ішінде Жәннат ұрығы, ал азғындық пен адасуда Жаһаннам ұрығы сақтаулы. Бұған көптеген тәжірибелерім мен бастан кешкен оқиғалардың арқасында көзім жетті. Бұл ақиқат Рисалей-Нұрдың көп жерлерінде жазылған. Қасарысқан дұшпандар, сынаушылар, ресми тергеу, сот орындары бұл ақиқаттарды қолға түсіріп ақырында бір қате таба алмады. Енді, сендер сияқты мүбарак әрі бейкүнә мағынауи қыздарыма, сол рисалелер – әуелi \"Тәсәттүр рисалесі\", \"Жастар шырағы\" мен \"Қысқа сөздер\" менің орныма дәріс берсін. Естуімше, сендер мешітте дәріс оқуымды өтінген екенсіңдер. Бірақ халімнiң нашарлығы мен науқастығым, сондай-ақ, басқа да көптеген себептер оған мұрсат бермейді. Мен де өздерiң үшін жазылған мына дәрісімді оқып, мойынсұнған барлық қыз-келіншектерді мағынауи табыстарыма, дұға-тілектеріме ортақ етіп оларды «Нұр шәкірттері» деп санайтын болдым. Егер, сендер Рисалей-Нұр кітаптарын алып оқысаңдар
11 немесе тыңдасаңдар, қағидамыз бойынша бауырларың боп саналатын күллі Нұр шәкірттерінің мағынауи табыстарына, олардың дұғаларына ортақ боласыңдар. Әлі де жазбақ ойым бар еді. Бірақ науқас әрі қарт болғандықтан сондай-ақ, рисалелерді оқу әрі оны тексеру жұмыстары күтіп тұрғандықтан әзірге осы жазбаға қанағат еттім. قاَبلا وُه ىٖقاَبلَا َْْٖДұғаларыңа мұқтаж Саид Нұрси*** (Әзірге Медресуз-Зеһраның шәкірттері ғана оқысын) Жасы ұлғайған әйелдерге маңызы зор қуанышты хабар. Бойдақ, дара қалуды қалайтын жас қыздарға естерту Киелі хадис: деп бұйырады. Яғни, \"ақырзаманда шынайы да мықты иман, жасы ұлғайған әйелдерде жақсы сақталады. Діндар, жасы үлкен әйелдерден дін тұрғысында өнеге алыңдар\". Сондай-ақ, Рисалей-Нұрдың төрт негізінің бірі –
12 мейірімділік. Ал, әйел заты мейірімнің бұлағы, тіпті олардың ең қорқағының өзi баласы үшін жанын пида ететін дәрежеде мейірімді. Бүгiнде осы ардақты аналар мен қыз-келіншектердің алдында үлкен мәселе тұр. Құпия әрi әркімге айтыла бермейтін бір ақиқатты Нұр шәкірттері ішінде бойдақ қалғысы келетін немесе соған мәжбүр болған қыздарға баяндауым қажет екендігі көңіліме ескертілді. Қыздарым, қарындастарым! Сіздерге айтарым, бұл заман ескі заман сияқты емес. Ислам тәрбиесінің орнын басқан \"мәдени тәрбие\" жарты ғасырдан бері қоғамдық өмірімізді, тұрмысымызды өзгеріске ұшыратты. Бір еркек бір әйелді мәңгілік өмірлік серік әрі дүниелік өмірде өз бақытына себепші және өзін күнәлардан сақтау үшін алуы қажет бола тұра нәзік, бейшара қызға әрдайым үстемдік етіп, тек бұл дүниелік сұлулығын ғана сүйеді. Кейде оған берген рахатынан он есе қиыншылықтарға душар етіп, жанын қинайды. Егер шариғат бойынша \"күфув\" деп аталатын бір-біріне теңдік болмаса, шариғаттың үкімі ескерілмегендіктен өмірі азаппен өтеді. Оған қызғаныш араласса, азабы одан сайын ушығады. Адам баласын үйленуге итермелейтін үш себеп бар: Біріншісі: Аллаһтың хикметі, нәсілдің жалғасуы үшін әлгі фытри қызметiне ақы ретінде фытри қалау, ынта берген. Бірақ, ер адамда ол зауық он минөт ләззәт береді. Егер адал некелесі болса бір сағатқа созылуы мүмкін. Ал, әйел болса, он минөттық зауық үшін тоғыз
13 ай бойы белін қайыстырып бала тасуға әрі он жыл бойы сол баланы асырау мен тәрбиелеудің машақатын шегеді. Демек, он минөттық фытри ынта, зауық ұзақ уақыт машақаттарға душар ететіндіктен маңызын жояды. Адам нәпсі мен сезімге беріліп, тек сол үшін үйленбеуі керек. Екіншісі: Әйел жаратылысынан нәзік болғандықтан күн көру үшiн бір демеушіге мұқтаж. Осы қажеттілікке бола, азғантай күн-көріс қаражаты үшін Ислам тәрбиесін алмаған, тентек, есалаң, өктемшілдің қолына түсіп, күйеуін разы қыламын деп дүниелік және ақыреттік өмірінің қайнар көзі болып табылатын құлшылық міндетін ұмытып, мінез-құлқын бұзғанша, ауыл әйелдерi сияқты өз күнін өзі көруі үшін еңбек етуі әлдеқайда тиімді. Реззақ-ы Хақиқидiң нәрестелерді сүтпен қамтамасыз еткені сияқты, Халиқ-ы Кәрім оларға да нәпәқа береді. Нәпәқаны уайымдап намазсыз, мінезі бұзық қожайын іздеу және оның көңілін табу үшін босқа жалбақтап өктемдігіне мойынсұну, әлбетте Нұр шәкіртіне жараспайды. Үшіншісі: Әйел жаратылысынан бала сүюді, әлдилеуді қалайды. Сондай-ақ, баласының оған қызмет етуі, ақыретте де шапағаты тиюі және өзі қайтыс болғанда соңынан жасаған жақсылықтары арқылы жәрдемдесуі, әлгі фытри тілекті қуаттап, үйленуге итермелейді.
14 Алайда, қазіргі Ислам тәрбиесінің орнын басқан \"мәдени тәрбиенің\" кесiрiнен он баланың бір-екеуінің ғана анасының мол мейіріміне қарай шын жүрегімен қызмет етіп, қайырымдылығымен, діндарлығымен, дұғалары мен игі істері арқылы анасының амал дәптеріне сауап жаздыру, салих болса, ақыретте шапағатшы болу мүмкiндiгi бар. Сондықтан, фытри яғни табиғи ынта мен нәпсінің итермелеуімен әлгі бейшара нәзік жандар мәжбүр болмаған жағдайда мұндай ауыр тұрмысқа кірмегендері жөн. Міне, осы ишарат етілген ақиқаттарға сүйене отырып, басы бос күйінде қалғысы келетін Нұр шәкірттерінің ішіндегi қыз балаларға айтарым: Өзіне толық сәйкес, жарасымды әрі діндар, тәрбиелі күйеу таба алмаған жағдайда, ашық-шашық, әлем-жәлем киініп, өз абыройларын аяққа баспасын. Егер табылмаса, Нұрдың кейбір жанқияр шәкірттері сияқты тұрмыс құрмай басы бос күйінде қалып, өзіне лайық, әрі мәңгі серік болатын, Ислам тәрбиесін алған, ар-намысы таза біреу кездескенше күтсін. Мәңгі бақытын өткінші дүние қызығына пида етпесін. \"Мәдениеттің\" лас батпағына былғанбасын. (Сілтеме-1).[Қыз-келіншектер «Тәсәттүр рисалесін» оқулары қажет]Саид Нұрси***
15 Жас нұршы қыздарға жазылған хатқа қосымша (Кезінде сендерге жіберілген хаттан үзінді)Бұл қаладағы Рисалей-Нұрға жақындық танытқан жасы ұлғайған әйелдердiң табандылықтары әрі өзгелер сияқты босаңсып, жүнжіп кетпеулері мені қатты ойландырды. Кенет ойыма төмендегі хадис түстi: Яғни, Ақырзаманда жасы ұлғайған әйелдер жаратылысы нәзік, сезімтал, мейірбан болғандықтан діндегі жұбанышқа, ондағы нұрға бәрінен бұрын солар мұқтаж. Сондай-ақ, бойларындағы аса мейірімділіктен дініміздегі шексіз мейірімділік пен демеу нұрына, ілтипатқа, жанашырлық пен қамқорлыққа, арқа сүйеуге, көмек алуға мұқтаж. Адалдық, табандылық олардың туа біткен, фытри қасиеті. Сондықтан, қазіргі таңда осы қажеттіліктерді толық қамтамасыз ететін Рисалей-Нұр, олардың жандарына жақын, бәрінен қымбат әрі сезiмдерін баурап алуда. Саид Нұрси *** Өте маңызды бір ақиқатқа қысқа ғана ишара
16 Кейбір киелі хадистердің ишарат еткеніндей: \"Ақырзаманда әйелдер арасында иман ақи-қаттары кеңінен тарап, заманының қауіп-қатерлерінен аз да болса аман қалады.\" Басқа бір киелі хадисте: Яғни, \"Ақырзаманда жасы ұлғайған әйелдердің дініне мойынсұныңдар\".Демек, мейірімділік қаһармандары болып табылатын әйелдер, мейірімді-ліктерінен туындаған адалдық, ықылас сияқты өздерінің жақсы қасиеттерінің арқасында сол заманның екіжүзділік, азғындық, адасу сияқты қауіп-қатерлерінен құтылатын болады. Дінін сақтап қалады. Сондай-ақ, бір киелі хадисте былай делiнген: Яғни, \"Қыз бала әкесінің табысына берекет әкеледі.\" Демек, қыз бала ақырзаманда арта түседі. Өздері мүбарак әрі ырзығы да берекелі болады. Мен көпке дейін бұл хадистің сырын түсінбеуші едім. Құдайға шүкір бүгіндерi ол сырды аз да болса аңғардым. Өте қысқаша ишарат етейін. Адамның балалық шағы басқа жануарларға қарағанда өте баяу өтедi. Өзін-өзі тез арада, қысқа мерзімде игеріп кете алмайды. Сондықтан, тіршілікте жануар төліне екі-үш ай қамқорлық қылса, адамзат баласы он жыл, тіпті, одан да көп уақытқа созылатын мейірімді қамқорлыққа мұқтаж. Соған байланысты адам бойындағы балаға деген мейірім жануардағыдан мүлдем бөлек, фытри қасиет ретінде ұзақ сақталады. Сондай-ақ, әлсіз нәрестелерге, бейшара аналарға жәрдем және оларды қорғау үшін ер адамға ар-намыс,
17 абырой қасиеттері берілген. Мұндай намыста таза, ақысыз, шынайы, адал қаһармандық сезімдерін ұялатқан. Бірақ, осы қасиеттер кейбір себептермен аз да болса бұзылғандықтан, адал да шынайы қаһармандық қасиет бұ заманда едәуір сарқылған. Алайда, әйел затында бұл фытри қасиет, яғни мейірімділік қаһармандығы бұзылмай сақталып қалған. Осындай фытри қасиет ақырзаманда мұсылмандарға үлкен қызмет етіп, әлеуметтік өмірде Ислам шеңберінде маңызды рөл атқаратынына әлгіндей хадистер ишарат етіп, хабар беруде. Саид Нұрси *** Шет елде шығатын ірі басылым, бір газеттің:«Неліктен Пайғамбар сүннетіне қайшы әрекет жасап бойдақ қалып, үйленбеген?» деген сұрағына жауапӘуелі бұл хатты ауыр науқас үстiндегi ұстазымызға оқыдық. Ұстазымыз: \"Мен ауыр науқас болмағанда,
18 мына аса қадірлі, әрі зерделі, мүбарак бауырларымның сұрағына жан-жақты жауап берер едім. Алайда, мына ауыр жағдайым көтермегендіктен өте қысқа бірнеше түйінді Құран қызметіндегі мүбарак, адал достарыма жазарсыңдар\",- деді. Біріншісі: Қырық жылдан бері өте қауіпті, дінсіз арамзалардың шабуылына қарсы барлық нәрсесін пида ететін нағыз жанкештілер қажет болған кезеңде Қасиетті Құранның ақиқатына тек бұл дүниелік бақытымды ғана емес, керек болса ақыреттік бақытымды да пида етуге бел байладым. Тіпті сүннет болып саналатын өткінші дүниелік жар емес-ау, бұл дүниеде он хор қызы берілсе де бас тартуға мәжбүр едім. Өйткені, Құран ақиқатына шынайы ықыласпен қызмет ету қажет болатын. Әлгі қауіпті дінсіз ұйымдар күйрете соққы беріп, айласын асырғаны сондай, оларға төтеп беру үшін асқан жан-кештілік және діни іс-әрекетті Аллаһ ризасынан басқа еш нәрсеге пайдаланбау керек. Кейбiр бейшара ғалымдар мен тақуа кісілер бала-шағасының қамы үшін бид'аларға, бұлтартпаларға рұқсат етіп, көзін жұмды не болмаса мақұлдаған сияқты көрінді. Әсіресе, діни мектептерді жауып, Мұхаммедтің (Ғ.С.М.) азаны естілмей қалған сол бір қорқынышты да қынжылатын қараңғы күндерде Пайғамбарымыздың бір ғана сүннетін тәрк еттім. Мақсатым көп харамдарға кірмеу, көптеген міндеттер мен парыздарды орындау. Бір ғана сүннет үшін жүздеген күнә істеуге болмайды. Қырық жыл ішінде
19 бір ғана сүннетті орындаған кейбір ғалымдар, молдалар \"ауыр күнәларға батып, харам істер жасауға мәжбүрмін\" деп білді. Бір жағынан кейбір сүннет, парыздарды тастауға өздерін мәжбүр санады. Екіншіден: Құрандағы ْفَانْكِحُوا ما طاب لكمَ َََُ және تَنَاكَحُوا اثر ُ واتَكَ َхадисіндегі амалдарды орындау әркімге әрдайым және міндетті түрде емес. Олар истихбаби яғни үмметті құлшындыру, қызықтыру әрі сүннет әмірлер. Бұлар шарттарға тәуелді. Әркімге, әрдайым емес. Сондықтан уақыт пен жағдайға байланысты. Ал, ﻻ َ يﱠة فِى اﻻِسْﻼ َ م ر ُ هْبَانَِِْ \"Ислам дінінде монахтарға ұқсап, бойдақ қалу жоқ\" хадисінің мағынасы «олай істеу дұрыс емес, харам» деген емес, оның мағынасы خَيْر ُ النﱠاس ِ من ْ يَنْفَع النﱠاس ََُхадисіне сүйенетін болсақ, қоғамға қызмет үшін, Исламның қоғамға қатысты салт-дәстүрі болып табылатын үйленуге ынталандыру. Әйтпесе, селеф-і салихиндердің яғни, сахаба-табиғиндердің арасында, ақиқат үшін үңгірді паналап оқшауланып, жалғыздық ғұмыр кешкендер уақытша болса да мыңдап табылады. Дүниенің фәни әсемдіктерін тастап, бойдақ қалуының себебі о дүниелік мәңгі өмірге адал қызмет ету. Міне, жеке басының және рухани кемелдігі үшін дүниені тәрк еткендер тарихта болғаны рас. Олай болса, әлбетте жеке бастың қамы үшін емес, ортақ әрі көптеген бейшаралардың мәңгі бақыты үшін, оларды адасудан құтқару, имандарын күшейтіп сақтап қалу, әрі Құран мен Иман ақиқаттарына толық, адал қызмет ету, сондай-ақ, сырттан келген һәм іштен шыққан дінсіз жауларға қарсы төтеп беру үшін
20 өткінші дүниені тәрк ету, әрине ардақты Пайғамбарымыздың сүннетіне қайшы емес, керісінше нағыз сүннетке сәйкес болса керек. Сыддықы-Әкбар Әбу Бәкір (радиаллаһу анх) былай деген екен: \"Иманды жандарға орын қалмауы үшін денем Жәһаннамда ұлғайып, толтырып жіберсін\". Неткен жанкештілік десеңізші! Оның осындай асқан адалдығына аз да болса ұқсатып бағуға тырысқан мына бейшара Саид дағы өмір бойы бойдақ қалуды және соған қанағат қылды. Үшіншіден: Рисалей-Нұр шәкірттеріне: \"басқалар үйленсе үйленсін, сендер бас тартыңдар\",- деп ешқашан айтылған емес, айтылмайды да. Алайда, шәкірттер бірнеше түрге бөлінеді. Кейбіреуі нағыз ықыласты жоғалтпауы үшін әрі нағыз жанкештілік пен табандылық таныту үшін мүмкін болғанша, бұл дүниелік қажеттіліктерден өзін алшақ ұстап, өмірінің белгілі бір кезеңінде тұрмыстық істерге араласпауы қазіргі таңда уақыт талабы болып тұр. Егер, Құран және Иман қызметінде көмекші бір ханым тауып, үйленсе онда тұрған ештеңе жоқ. Атқарар қызметіне зияны тимесе болды. Құдайға шүкір, мұндай Нұр шәкірттері де жоқ емес. Ханымдары олардан қалысар емес. Тіпті, олар әйел затындағы мейірімділіктен келетін ақысыз, фытри қаһармандық, ақиқи ықылас жағынан күйеулерінен асып түсіп жатады. Нұрдың жетілген шәкірттерінің көбісі үйленіп, ол сүннетті орындаған. Рисалей-Нұр оларға: \"Шаңырағың биік, үйің Нұр медресесі болсын.
21 Ілім ордасына айналсын. Сөйтіп, сүннет толық мағынасымен орындалсын. Пайғамбарымыздың сүннетінің жемісі болып табылатын балалар, сендерге ақыретте шапағатшы болсын. Иман дәрісін тыңдап, бұл дүниеде де адал ұл мен қыз өсір!\" деп ақ батасын береді. Әйтпесе, соңғы отыз жылда болғаны сияқты, балаға тек \"мәдениет тәрбиесі\" берілсе, ондай балалар дүниеде ата-анасына қайырымсыз, ақыретте де: \"Неге иманымды құтқармадыңдар?\" деп жағаға жабысып, даулайтын болады. Мұндай үйлену ардақты Пайғамбарымыздың сүннетіне қайшы\", *** ُهَناحْبُس ٖ هِمْساب َِХанымдар шырағында бірнеше рет қайталанған زِئاَجَعلا ني ٖ دب مُكْيلَع ِِِْ َْкиелі хадисінің сырына байланысты «Қарттарға арнау» атты кітапшадан үзіндеБірінші үміт: Уа, бүгінде ата-әже атанған ардақты қариялар! Мен де сіздер секілді қартпын. Қарттық шағымда ауық-ауық көңіліме үміт берген мағыналарды және сол үміт пен жұбаныш нұрларына сіздерді де ортақ қылсам деген оймен бастан өткен кейбір халдерімді баяндап берейін. Бұл нұрлар мен үміттер әлбетте менің нұқсан да шектеулі қабілетіме қарай көрінді. Иншаллаһ, сіздердің пәк әрі күшті
22 қабілеттеріңіз көрген нұрымды одан әрі нұрландырып, үміттерімді әлдеқайда үкілендіре түседі деп ойлаймын. Ал, енді сол үміт пен нұрдың қайнар бұлағы не десеңдер, ол – Иман. Екінші үміт: Қарттыққа алғаш қадам басқанымда мезгiл күз едi. Екінді уақытында биіктеу төбеде отырып, дүниеге назарымды салдым. Кенет өте өкінішті де мұңлы, кейде тіпті кеудемді қараңғы басатын күйге түстім. Мен қартайдым. Менімен бірге бүгінгі күн де қартайыпты, мына жыл да қартайғанға ұқсайды, тіпті мына дүние де. Сол дүниеден аттанар шақ, сүйген жандармен қош айтысар кезең жақындап таяп қалыпты. Бұл жағдаят жаныма қатты батты. Сол кезде Аллаһтың рахымы мен мол мейрімі жарқын түрде көрінгені сондай әлгі өкінішті мұң мен қоштасуға толы қайғы үміт пен жұбаныштың нұрына айналып сала берді. Уа, мен сияқты қариялар! Қасиетті Құранда жүз жерде өзін Әррахманиррахим сипатымен таныстырып, Жер жүзіндегі мейірімге мұқтаж жан-жануарларға әрдайым мейірім төгіп отырған, көктем сайын жоқты бар етіп, оны шексіз нығмет пен сыйлыққа толтырып, ризыққа мұқтаж біздерге үлгертіп отырған, сондай-ақ, бейшаралық пен әлсіздіктің дәрежесіне қарай мейірім шуағын арттырушы Халиқы-Рахимымыздың мейірімі қарттық шақта үлкен үміт, қуатты жарық нұр ғой білгенге. Мұндай мейірімге бөленудің жолы Иман етіп, сол Рахманмен байланыс құру, әрі діни парыздарды орындау, оған мойынсұну.
23 Үшінші үміт: Бірде түн ұйқысындай болған жастық кезеңнен ағарып атқан таң секілді қарттық шағымда ояндым. Өзіме-өзім зер салдым. Болмысым қабірге қарай зымырап барады. Нияз Мысридың: Гүнде бир ташы бинай-ы өмірімін дүштү йере, Жан ятар ғафил, бинасы олды виран бейхабер. Яғни: \"Күн санап өмір сарайымның кірпіштері біртіндеп құлап жатыр. Жаным болса баспанасы қирап жатқанынан ғапыл, бейхабар дегені сияқты, жанның ұясы – денемнің күн сайын бір кірпіші босап, қирап жатыр. Мені дүниемен астаса байланыстырып тұрған үміт, армандарым сөне бастаған. Шын достарым мен сүйікті жандармен қоштасу сәті таяп қалғанын аңғардым. Осы бір өте терең әрі дауасыз көрінген жараның мағынауи емін іздедім, таба алмадым. Қайтадан Нияз Мысри болып былай дедім: Дил бекасы Хақ фенасы истеді мүлк-і теним. Бір девасыз дерде дүштүм, аһ ки Лоқман бейхабер. Яғни, көңіл шіркін жас, алайда Хақтың заңы тәнімнің қартаюын талап етеді. Қарттық дейтін дертке шалдықтым, бұған Лұқпан хәкім де шарасыз. (Сілтеме-2)Сол уақытта бірден Иләһи мәрхамет пен мол мейірімнің жаршысы, делдалы, аудармашысы, абыройы асқақ ардақты Пайғамбарымыздың (Ғ.С.М.)
24 нұры, оның шапағаты, сондай-ақ, адамзатқа сыйлаған хидает сәулесі әлгі дауасыз құрдым боп көрінген дертіме әсері мол шипа болып ем болды. Көңiлiмдi тұмшалаған қараңғы уайымды жарқын да нұрлы үмітке айналдырды. Уа, мен сияқты қарттықты сезе бастаған ардақты аталар мен әжелер!Рас, біз болсақ кетіп барамыз. Алданғанмен пайда жоқ. Көзімізді қанша жұмғанмен бізді бұл жерде көп тұрғызбайды. Айдау бар, айдалып барамыз. Алайда, ғапылдықтың нәтижесі яки азғындардың әсерінен көзімізге мәңгіге қоштасу, қараңғы боп көрінген берзах әлемі яғни қабірдегі әлем сүйікті жандардың бас қосқан мәжілісі. Әу баста ол жақта шапағатшымыз Хабибуллаһ Мұхаммед Ғалейһиссалату Уәссалам бар, одан қалды күллі игі жандар мен дос жарандар бәрі сол жақта. Қабір болса сол барлық достармен қауышу әлемі. Иә, бір мың үш жүз елу жыл бойы жыл сайын үш жүз елу миллион жандардың сұлтаны, рухтарының тәрбиешісі, ақылдарының мұғалімі, жүректерінің сүйіктісi, сондай-ақ, күн сайын لِعاَفلاَك ُبَبﱠسلَا сыры ِْбойынша амал дәптерiне барлық үмметінің жасаған амалындай сауап жазылып жатқан және әлемдегі Иләһи биік мақсаттардың өзегі мен болмыс атаулының қадірін арттыратын бірден-бір себеп, сондай-ақ, ол дүниеге шыр етіп түскенде \"Үмбетім, үмбетім\" деп
25 жылаған, ал қиямет қайым болып, махшар күні барлық адам: \"Мені құтқар, мені\", – деп жан даусы шыққанда тағы да \"Үмбетім, үмбетім\" деп теңдесіз жанкештілік танытып, үмбетінің қолынан ұстаған, \"құтқарам\" деп зыр жүгірген асыл жанның кеткен әлеміне бара жатырмыз. Бұл айтылғандар сахих риваеттермен садық кешифтер тарапынан бекітілген. Ол жерде Пайғамбарымыз күн болса, айналасындағы асфиялар мен әулиелер жұлдыз бен ай. Осындай керемет, жарқын әлемге аттанып барамыз. Міне, сондай бір жанның шапағатына бөленіп, нұрынан пайдаланудың және берзах қа-раңғылығынан құтылудың шарасы – сүннет-і сәниеге тәуелділік, яғни Пайғамбарымыздың ізін қуу. Төртінші үміт: Қарттыққа аяқ басқан кезім едi, адамды бейқамдыққа салатын денсаулығым да бұзылған болатын. Қарттық пен ауру қатар мазамды алды. Ұйқымды қашырды. Бала-шаға, дүние-мүлік сияқты дүниемен байланыстыратын себептер де жоқ. Жастықтың мастығымен уыстан шығарып алған өмірден тапқаным – ылғи күнәлар мен қателіктер. Нияз Мысри сияқты: \"Ақыреттің саудасын жасамастан өтті өмірiм, кетті босқа Жолға түстім не шара, бір де бір із жоқ керуеннен. Еңіреп, жылап шықтым жолға, жол да бөтен, тым-тырыс.
26 Жасаурап көзім, құлазып көңілім, ақылым аң-таң, не істеуден\" деп зар еңіредiм. Ол кезде елден жырақта едім. Үмітсіз бір қайғы, өкінішті бір қамығу, көмекке зар болып, қасірет көрдім. Сол кезде Муғжизелі Құран көмекке келді. Алдыма үміт қақпасын ашып, күшті демеу, нұр сыйлағаны сондай, әлгі күйдегі үмітсіздік жүз есе ұлғайса да тас-талқан етіп, қою қараңғылықты сейілтер еді. Уа, мен сияқты дүниемен байланыстары ажырай бастаған, сондай-ақ дүниеге байланған жіптері үзiлуге жақын ардақты қариялар! Мына дүниені тым керемет, тап-тұйнақтай шаһар, зәулім сарай тәрізді жаратқан Құдіреті күшті Ұста, сол шаһарда, осы сарайда тұрған қадірлі қонақтарымен, достарымен сөйлеспеуі, олармен жүздеспеуі әсте мүмкін емес. Демек, мына зәулім сарайды біле отырып салған, әрі өзінің ираде, еркімен реттеп, әшекейлеген, олай болса, әлбетте білгеннің сөйлегенi жөн. Өйткені, бір нәрсе туралы мағлұмат, оны жасағанның қолында. Сондай-ақ, бiзге арнап мына сарайды, осы шаһарды әсем қонақжай мен керемет сауда орнын жасаған екен, әлбетте арамыздағы байланысты және бізден не қалайтынын білді-ретін бір дәптері, бір кітабы болуы тиіс. Енді сондай қасиетті дәптердің ең кереметі – ең болмағанда жүз миллион адам минөт сайын оқитын, әлемге нұр шашқан, әрбір әрпінде кемінде он сауап, он қайырым, кейде он мың, Қадір түні сырымен кейде әр
27 әрпіне отыз мың сауап жазылатын әрі Жәннат жемiстерiн, берзах-та нұрын беретін әлбетте, қырық муғжизелі Қасиетті Құран-ы Кәрім болып табылады. Бұл тұрғыда әлемде оған тең келетін кітап жоқ. Бар деп ешкім де көрсете алмайды. Демек, қолымыздағы мына қасиетті Құран Жер мен Көктің Халиқ-ы Зүлджәләлінің мутлақ рубубиеті (толық билiгi) мен улухиетінің (ұлылығының) азаметі (асқақтығы) тұрғысынан яғни, тәрбие мен әкімшілігі жағынан, сондай-ақ мейірімділігінің кеңдігі тарапынан келген сөзі, келамы, бұйрығы және Рахымының қайнар көзі. Олай болса, Құран Кәрiмдi қолыңнан тастама. Оның ішінде күллі дертке шипа, қараңғылық атаулыға нұр, кез-келген торығуды тоқтатып, үміттендiретiн қасиет бар. Міне, осы мәңгі таусылмайтын қазынаның кілті – Иман, тәслім және оны тыңдап мойынсұну әрі оқу. Бесінші үміт: Қарттықтың алғашқы кезеңдерінде, жаным жалғыздықты қалап Стамбұлдың Бұғаз жағындағы Юша төбесіне шығып, дем алып отыр едім. Әлгі биік төбеден сонау қиырға, айналама көз жібердім. Қарттықтың салдарынан тым өкінішті де мұңды аяқталу мен қоштасу атты көрініске куә болдым. Өмір – бейне бір ағаш. Сол ағаштың қырық бесінші жылы, қырық бесінші бұтағы болып, сол биіктіктен, өмірімнің сонау бастапқы белестеріне дейін назар салдым. Төмендегi әрбір бұтағында әр жылда сүйген жандарымның, сондай-ақ қарым-қатынаста болған адамдардың, жора-жолдастарымның
28 қыруар жаназаларын көрдім. Сол қоштасулар мен айырылысулардан пайда болған тым аянышты рухани күйзелістен қош айтысқан әлгі достарды ойлап: \"Қауышқан сәттерді еске алып жылаймын зорыққанша, Зар еңіреймін, қаусаған мына денеден жан шыққанша\", – деген Бағдаттық Фузулидің өкіне жырлаған сөздерін қайталап, көңіліме демеу болар нұр, бір үміт іздедім. Сол кезде ақыретке иман нұры көмекке келді. Еш сөнбейтін нұр, бітпейтін үміт сыйлады. Уа, мен сияқты, ақ сақалды қариялар мен ақ жаулықты әжелер!Ақыреттің бар екені рас. Ол – мәңгі әрі бақи. Мына дүниеден әлдеқайда әсем. Оның үстіне бізді Жаратқан иеміз Хаким әрі Кәрім. Олай болса қарттыққа шағымданып, өкінбегін! Қайта қарттық дегеніміз иманмен ғибадат жасап, жас ұлғайған соң – міндетін атқарып, рақымдылық әлеміне тынығуға апаратын баспалдақ деп біліп, ризашылықпен қарсы алуымыз керек.Иә, хадистың айтуымен, әрі адамзаттың алып тұлғалары жүз жиырма төрт мың пайғамбарлардың бiр ауыздан, анық хабары арқылы, әрі кейде көргендей, кейде хаққаляқын түрде бәрі бірлесе отырып, ақыреттің бар екенін, адамзаттың сол жерге жиналатынын, әлемнің Жаратушысы уәдесін сөзсіз орындайтындығын, яғни ақыретті жарататындығын
29 хабарлауда. Сол сияқты, бұл хабарларды (кәшиф пен шуһуд) яғни, көзбен көргендей ғылмеляқын түрде мақұлдаған жүз жиырма төрт миллион әулие ақыреттің бар екенінiң дәлелі, сонымен қатар, мына әлемнің хаким Ұстасының барлық есімдері шашқан бұл дүниедегі шуақтары, бақи бір әлемді нақты түрде қажет ететіндіктен де ақыреттің бар екенін білуге болады. Сонымен бірге, жыл сайын көктемде жер бетінде қу бұтағы ғана қалған сансыз өлі ағаш-тардың жаназаларын \"Күн фая күн\" әмірімен тірілтіп, \"Бағсу бағдал мәутке\" бөлеген және хашир мен неширдің, яғни өліп қайта тірілудің жүз мыңдаған үлгісі ретінде өсімдіктер мен жануарлар әлемінің үш жүз мың түрін хашир-нешир еткен Әзели құдірет, сансыз бірақ ысырапсыз хикмет; сондай-ақ, рызыққа мұқтаж барлық жандарды аса мейірімділікпен, өте керемет түрде азықтандырған, әр көктемде қысқа мерзім ішінде сан-алуан құлпырған әсемдіктер мен сұлулықтар сыйлаған бақи, шексiз рақымдылық, әрдайым әзір жәрдем мен қамқорлық; сондай-ақ, мына әлем ағашының құнды миуасы және әлем жаратушысының ең сүйікті өнер туындысы, әлемдегі болмыспен тығыз байланыстағы адамның бойындағы қуатты да сарқылмас, мәңгілікке деген құмарлық, соңсыздық қалауы, аңсаған шексіз армандары, мына фәни әлемнен кейін бақи, мәңгі әлемнің, яғни ақырет пен бақыт әлемі бар екенін нақты түрде дәлелдейтіні сондай, дүниенің бар екені қаншалықты анық болса,
30 ақыреттің бар екенін де соншалықты қабылдауға, мойындауға тура келеді.(Сілтеме-3).Иә, Құран-ы Хакимнің бізге оқыған дәрісінің ең маңыздысы – Ақыретке иман дәрісі. Иман дәрісі сондай қуатты. Иманда осыншама үлкен үміт, күшті демеу бар. Демеу болғанда, қандай демеу десеңізші? Жүз мыңдаған қарттық бір адамның басына орнаса да төтеп беретін демеу. Біз қарттар نامي ٖ ﻻا لامَك ىلع ِ ِ ُدْمحلَا ِ َِْ ََٰﱣَْдеп қартайғанымызға разы болуымыз керек. Алтыншы үміт: Ауыр да азапты күндерді бастан кешкен тұтқын кезімде адамдардан оқшауланып, Барла жайлауында, Шам тауының етегінде жалғыз қалып, мұңды күй кештім. Жалғыздықтан қамығып, көңілім бір нұр іздеді. Түн болатын. Әлгі биік төбеде биік бір шырша ағашының үстінде үсті ашық ықтырмада едім. Қарттық келіп, құлағыма әлденеше рет еселенген жалғыздықты сыбырлағандай болды. Алтыншы хатта баяндалғандай, сол түн тым-тырыс, айнала жым-жырт. Тек ағаштардың сықыры, жапырақтардың сусылдаған аянышты үні қартайған әрі жалғыз қалған жаныма қатты батты. Қарттық менiң санама мынаны салды. Манағы күндіз қараңғы қабірге айналды, дүние қара кебініне оранды, сол сияқты сенің өміріңнің күндізі де қараңғы түнге, дүниенің күндізі де берзах түніне, өмірдің жазы да өлімнің қысы сияқты түніне айналады. Нәпсім шарасыз. Иә, отанымнан жырақта жүрмін. Бірақ, мына елу жылдық өмірімде қош айтысып, сүйген жандарымнан көз жазып қалдым, әрі олардың
31 соңынан жылап-еңіреп қалған жайым бар. Бұл жайым әлгі отанға деген сағыныштан әлдеқайда мұңлы да ауыр сағыныш. Оның үстіне мына түндегі, мына тау етегіндегі мұңды жалғыздықтан да бетер мұңдырақ һәм қайғылырақ жалғыздыққа беттеп барамын. Ол, әлгі қарттықтың ескерткені сияқты күллi дүниемен бiржола қош айтысар уақыттың жақындап қалғаны едi. Осы қыспаққа алған жалғыздық пен қатты күйзелістен шарқ ұрып бір үміт, бір нұр іздедім. Сол кезде, Аллаһқа деген иманым жәрдемге келді. Жәрдем еткені сондай, жанымды қинаған әлгі қабаттасқан үрейлі жағдайлар мың еселенсе де иманның берген жұбанышы мен демеуi басымырақ болар едi. Уа, ақ сақалды аталар мен ақ жаулықты әжелер!Біздiң Рахымы мол Жаратушымыз бар екені рас. Олай болса бізге жалғыздық әсте жолай алмайды. Ол – бар! Олай болса, бәрі түгел, бәрі бар. Ол бар, олай –болса періштелер де бар. Демек, әлемде бос жер жоқ. Заңғар таулар, ұзына бойы жоталар мен ен дала Аллаһтың құлдарына толы. Оның саясында, оның нұры арқылы саналы құлдарынан басқа ағаш пен тау-тас сияқты нәрселер жанға жақын серік болып, өзіне тән хал тілдерімен бізбенен әңгіме-дүкен құрып, көңілімізді жайландырады. Иә, Аллаһтың болмысы мен рахымдылығын бiлдiретiн дәлелдер мен куәлiктер әлемде болмыс атаулы қанша болса сонша және әлем атты кітаптың әріптері қанша болса сонша және жан-жануарлардың
32 Илаһи мейірімділікті, рақымдылықты, жәрдемді көрсететін мүшелері, нәсіптері, нығметтері қанша болса сонша. Олар бізге Рахим, Кәрим, Әнис, Уәдуд Жаратқан Иеміздің, Ұстамыздың, Қамқоршымыздың құзырын көрсетуде. Ол құзырда мақбул, яғни Оның алдында қабыл болғыш шапағатшы әлсіз-дік пен дәрменсіздік болып табылады. Ал әлсіз-дік пен дәрменсіздіктің келер сәті қарттық шақ. Мұндай құзырда мақбұл шапағатшы болған қарттыққа ренжу емес, қуану керек. Жетінші үміт: Бұрынғы Саидтің күлкілері кейінгі Жаңа Саидтің көз жасына айналып, қартая бастаған шағымда Анкарадағылар мені бұрыңғы Саид деп ойлап, Анкараға шақырды. Күздің соңына таман, менен де бетер қартайып, қаусап қалған Анкара қорғанының басына шықтым. Жылдың кәрілік мезгілінде менің қарттығым, қорғанның қарттығы, адамзаттың қарттығы, Османлы мемлекетінің қарттығы, Һалифаттың қарттығы, жер шарының қарттығы маған өте аянышты халде көрінді. Өткен өмірдің ой-шұқыры мен болашақ белестеріне зер салдым. Мені қаумалай қоршаған бұл қарттықтың қараңғылықтары ішінде Анкарадан да рухани қараңғылық сездім. Бір нұр, жұбаныш, үміт іздедім (сілтеме-4). (Сілтеме. Сол кездегі рухани жағдайым парсы тілінде мінәжат болып баяндалған-ды. Кейін Анкара қаласында «Хубаб» атты еңбегімде жарық көрген болатын).
33 Оңыма, яғни өткен шағыма қарағанымда ата-бабаларымның ғана емес нәсілімнің де мазары бейнесінде көрінді. Жұбаныш іздеп отырғанда бұл қорқыныш ұялатты. Құтылудың жолын іздеп, сол тарапымдағы болашаққа зер салдым. Бұл жағымнан да менің және болашақ ұрпақтың қараңғы қабір бейнесі көрінді. Сүйінермін деп үміттеніп едім, қайта үрейлендірді. Оңым мен солымнан шошынып, бүгінгі күнге қарадым. Шалажансар, дiрдек қаққан денем салынған табытты көрдім. Бұл жақтан да үмітім үзілген соң басымды көтеріп, өмір ағашымның ұшар басына көз салдым. Бір ғана жемісі бар, ол да менің мәйітім. Өмір ағашының түбiне, тамырларына қарадым. Денем топыраққа айналып, тамырдағы топырақпен бірге аяқ асты тапталуда. Дертімді одан бетер асқындыра түсті. Шарасыздықтан артыма қарадым. Бұл фәни дүние тұрақтай алмай, қаңбақша домалап барады. Жарама дәрі емес у сепкендей болды. Бұл жақтан да қайыр көре алмағандықтан, алдыңғы жаққа көз салдым. Қабірімнің аузы арандай ашылып, мені күтуде. Арғы жағында шексіздік жолы мен сол жолға түскендер алыстан-ақ топ-тобымен көрініп, кетіп бара жатыр. Алты жағымнан бірдей қоршаған қорқыныштарға титімдей болса да қарсы тұрарлық қорғаныс қаруы мен сүйенер ештеңе қалмады. Дұшпандар мен зиянкестерге қарсы адам баласы қолынан келгенінше ғана күресе алады. Ал, мына жағдайға адамзаттың қабілет-күші жетпейдi. Алты
34 жағымнан антала-ған уайым-қайғыдан үмітсіздіктің қараңғы құрдымына құлағалы тұрғанда Құран-ы Муғжизул Баяннан күш алушы иман нұры көмекке жетті. Алты жағымды да жарықтандырып нұрға бөлегендігі сонша, уайым қараңғы-лығы жүз есе қоюлана түссе де, иман нұрының сәулесі жеткілікті еді. Барлық қасіретімді қуанышқа, қайғымды сүйінішке айналдырды. Иман, әлгі өткен шақтың қорқынышты мазар бейнесін қақ айырып, үйреншікті зиялылар мәжілісі мен сүйікті жандардың жиналысы екендігін айнәляқин (көзбен көргендей, анық) көрсетті. Һәм иман, үлкен қабыр түрінде көрінген болашақты, жайлы бақыт сарайларында беріліп жатқан Рахмани қонақасы, мәжіліс түрінде ғылмеляқин (ғылыммен бiлу) көрсетті. Һәм иман, ғапылдық назарда бүгінімді әкетіп бара жатқан табыттың тас-талқанын шығарып, Рахманның қонақ үйінде ақырет үшін саудаласып жүргендігімді көрсетті. Һәм иман, өмір ағашының басында жаназа сияқты көрінген бір ғана жемістің мәйіт емес, шексіз өмір үшін жаратылған рухымның тозған кебінінен шығып, аспанға, серуенге самғау үшін шыққандығын ғылмеляақин (ғылыммен бiлу) көрсетті. Һәм иман, сүйектерім мен бірге жаратылысымның бастауы болып табылатын топырақ аяқасты болып езілген елеусіз сүйектер емес, ол топырақ рахмет
35 қақпасы, Жәннат қонақжайының бір пердесі екендігін иманның сыры арқылы көрсетті. Һәм иман, ғапыл назармен артымда жоғалып, құрып бара жатқан дүниенің күйін Құранның сыры арқылы былайша көрсетті: Әлгі сырт көзге қараңғы болып көрінген дүние өз міндетін атқарған, мағынасы білдірілген, алайда орнына нәтижелерін қалдырып бара жатқан Самәдани хаттың бір бөлшегi, әрі Субхани нақыш өрнектің парақтары екендігін көрсетті. Дүниенің шын мәнісін ғылмеляқин түрде көрсетті. Һәм иман, алдымда аузын арандай ашып, мені күтіп тұрған қабірдің ар жағындағы сапар, мәңгілік өмірмен дәнекер жолы екендігін Құран нұрымен көрсетті. Ол қабірдің үңірейген аузы емес, нұр әлемінің есігі, мәңгілік бақыт қақпасы екендігін ұғып, дертіме шипа таптым. Һәм иман, қолынан түк келмейтін тек кәсіп қылатын жүз-і ықтиярды яғни аз ғана қалау-еріктің орнына әәлгі қыруар дұшпандар мен тұрлі қараңғылықтарға қарсы , шексіз құдіретке арқа сүйеу үшін және шексіз мейрімділікпен байланыс құру үшін әлгі жүз-і ықтиярдың қолына куәлік тапсырды. Тіпті, иман әлгі жүз-і ықтиярдың қолына бір куәлік болды, һәм манағы жүз-і ықтияри дейтін адамның қаруы, негізінде іске жарамсыз қысқа, әрі дәрменсіз. Алайда қалайша бір жауынгер, мардымсыз қуатын мемлекет атынан қолданған кезде өзінің қуатынан мың есе артық істер атқарады, сол сияқты иманның сырымен
36 әлгі шағын жүз-і ықтияри Аллаһ Тағаланың атына, оның жолына қолданылған кезде, бес жүз жылдық кең Жәннатты да алып береді. Һәм иман, болашақ пен өткен шаққа дәнекер бола алмайтын әлгі таңдау-еріктің тізгінін дененің қолынан алып жүрек пен рухқа тапсырады. Ал, рух пен жүректің тіршілік тынысы дененікі сияқты осы шаққа ғана тәуелді болмағандықтан көп жылдар өткен шаққа, ұзақ жылдар болашаққа дейін кеңіп, ол жақты да қамтиды. Сондықтан әлгі жүз-і ықтияри яғни адамның таңдау еркі молайып кең ауқымға ие болады. Иманның қуатымен өткен кезеңнің ой-қырларына барып қайғыларын сейілтеді әрі иманның нұрымен болашақтың шыңдарына шығып, үрей мен қорқыныштың бетін қайтарады. Уа, мен сияқты қарттықтың ауыртпалығын тартқан қариялар!Әлхамдулиллаһ біздің иманымыз бар және имандылықта нұрлы, ләззаты мол қазыналардың бар екені де рас. Әрі қарттық иман қазына байлығымызды одан әрі байыта түседі екен. Олай болса, қартайғанымызға шағымдану былай тұрсын шексіз шүкір етіп, риза болуымыз керек. *** Жиырма төртінші Лема
37 Тәсәттүр яғни әйел затының шариғатқа сай киінуі жайлы баяндалады. Он бесінші тұжырымның екінші және үшінші мәселесі болатын, маңызды болған соң жиырма төртінші Ләма болды بسْمﱣ ِ الرﱠ حْم ٰ ن الرﱠ ح ٖ يم ِِِ ِ يَا اَيﱡها النﱠبى قلْ ﻻَز ْ واجكَ وبَنَاتِكَ ونِسٓاءِ المؤْمِنٖينَ يُدْنٖينَ عليْهنﱠ مِن َْ َ َُِْ َََ ُِِِﱡ َ جﻼ َ بيبهنﱠ َ ٖ ِ ِاِلى اخ ِ ر… ِٰٰЖоғарыда аталған аят тәсәттүрді әмір етеді. Азғын мәдениет болса Қасиетті Құранның бұл үкіміне қарсы келіп тәсәттүрді жөн көрмей, оны әйел затын қанау, құқығын шектеу деп санайды. (Сілтеме-5.) (сілтеме. Соттың үкіміне қарсы, әрі олардың үнін өшірген ақталу қағазынан бір үзінді. «Менің әділет басқармасына айтарым: Мың үш жүз жылдан бері және әр ғасырда үш жүз миллион адамдардың қоғамдық өміріне оң ықпал етіп киелі де үлкен рөл ойнап келген, қасиетті де нағыз ұстанатын өміршең ереже боп табылатын Иләһи заңды жан-жақты баяндаған әрі оны үш жүз елу мың тәпсір растап, бір ауыздан бекіткеніне сүйене отырып тәпсірлеген сондай-ақ мың үш жыл бойы бабаларымыз ұстанып келген діни нанымына сәйкес тәпсір жазған кісіні айыптайтын соттың бұрыс үкімін егер дүниеде әділдік қалған болса сөзсіз түрде
38 сот шешімін жойып, үкімді бұздырады деп ойлаймын.) Жауабы: Құраны-Хакимнің бұл үкімі әйел табиғатына сай, ал керағар пәлсәпа пікірдің жаратылысқа қайшы екенін дәлелдейтін көптеген хикметтерінен тек төрт хикметі баяндалмақ. Бірінші хикмет: Тәсәттүр әйелдерге фытри яғни табиғи әрі оны жаратылысы талап етеді. Өйткені, әйел заты әлсіз әрі нәзік. Сондықтан өзін және жанындай жақсы көретін балаларын қорғаштайтын ер кісінің жәрдеміне мұқтаж. Ол өзін оған сүйсіндіруге, жиіркендірмеуге, ыңғайсыз жағдайға қалмауға тырысады. Сонымен қатар, он әйелдің алты-жетісі я жасы ұлғайған, я болмаса жүзінен көркі тайған мосқалдау келеді. Мұнысын, әрине әркімге көрсеткісі келмейді, не болмаса қызғаныш сезімімен өзінен артық сұлудың қасында көріксіз боп қалмауы үшін, не болмаса намысын бөтен біреуге таптатпай сақтану үшін, немесе күйеуінің алдында қянатшыл ретінде айыпталмауы үшін, міне осы аталған себептерге орай оның табиғаты тәсеттүрді яғни жабылып жүруді қатаң талап етеді. Тіпті, байқап қарасаң, жасы ұлғайған әйелдер өзін көбірек тұмшалап, орамал тартқыш келеді. Он әйелдің тек екі-үшеуі ғана әрі жас, әрі сұлу, әрі өзін көрсетуден тайсалмайтын болады. Адам өзі сүймейтін, жақтырмайтын кісінің алдында мазасызданып, қолайсыз күйге түсетіні мәлім. Әлбетте, ашық-шашық киінген көрікті әйел, өзіне көз тіккен бөтен он кісінің екі-үшеуіне оң қараса, қалған
39 жеті-сегізінен ыңғайсызданады. Сондай-ақ, ар-намысты, салиқалы көрікті әйел, нәзік әрі сезімтал болғандықтан іс жүзінде, әрине бөтен көздерден қысылып қымтырылады. Естуімше, әлем-жәлем киіну кең тараған, мода қуған Еуропа елдерінде көптеген әйелдер әлгіндей сұқтана қараудан ыңғайсызданып, \"мына азғын немелер бізді көзбен атып, қайда барсақ та сығалап мазамызды алып болды\" деп полиция қызметкерлеріне шағым айтады екен. Демек, мәдениеттің тәсәттүрге қарсы шығуы орынсыз әрі жаратылысқа керағар. Ал, Қасиетті Құранның тәсәттүрді әмір етуі өте орынды да жарасымды-ақ. Сөйтіп, дін Ислам мейірімділіктің қайнар көзі әрі өмірлік серік болатын қадірменді әйел затын тәсеттүр арқылы азғындаудан, намысын тапталудан, рухани қаналудан, пақырлықтан сақтайды. Әйел бойында бөтен ер кісілерге деген қорқыныш, үрей сезімі бар. Қорқу болса, әлбетте, тәсеттүрді қажет етеді. Өйткені, сегіз-он минөттік зауықты, ауыр азапқа айналдыратын сегіз-тоғыз ай жүк көтеру, оның үстіне әкесіз бала туып оның тәрбиесімен сегіз-тоғыз жыл бойы әлгі сегіз-тоғыз минөттық заңсыз зауықтың жазасын тарту қаупі бар. Бұндай келеңсіз көріністер көп кездесетіндіктен әйелдің нәзік жаратылысы бөтен еркектерден зәресі қалмай қорқады. Табиғаты сақтануды бұйырады. Нәзік жаратылыстары оларға тәсеттүр пайдалануын, басқаларға бөтен ой туғызбауын, жауыздықтарына жол бермеуін қатаң
40 түрде ескертіп отырады. Сақтанудың жолдарының бірі, бекініс қамалы тәсеттүр екенін көрсетеді. Естуімше, астанада, жаңа өкімет орталығында, базардың ішінде, тапа-тал түсте, жұрттың көзінше өте міскін бір аяқ киім тазалаушысы дүниеге танымал, жоғары мәртебелі бір адамның балтыры ашық жұбайына асылып \"шапқыншылық\" жасапты. Міне, бұл тәсеттүрге қарсы кісілердің қалың беттеріне бір шапалақ болса керек. Екінші хикмет: Әйел мен еркек арасындағы сүйіспеншілік, махаббат, терең әрі тығыз байланыс тек бұл дүниелік өмірдің қажеттілігінен туындамайды. Иә, әйелі күйеуіне тек дүниелік өмірде ғана серік емес. Ол оның о дүниедегі мәңгі өмірде де серігі болмақ. Олай болса әйел, мәңгілік серігі болатын күйеуінен тыс, басқаның назарын өзіне аудартпауға мiндеттi. Оны ренжітпеуі, қызғандырмауы тиіс. Демек, иман саясында мү'миндердің отбасылық жұптасуы, тек дүниелік өмірмен шектелмейді. Әрі жануар атаулыға тән немесе сұлулығына шақталған өткінші махаббат махаббат емес. Мұндай жұбайылық мәңгі әлемде де жалғасын тауып, арта түсетін берік те шынайы махаббат, адалдық пен сыйластық болып табылады. Сондай-ақ, тек жас кезінде, көрікті шағында ғана емес қартайып, өңі тая бастаған кезде де сол шынайы махаббат пен құрмет жалғаса бермек. Олай болса, оған жауап ретінде ол да өзінің көркін махаббатын күйеуіне арнауы керек. Адамгершілік қасиет осыны талап етеді. Әйтпесе, ұтары аз, жоғалтары көп болады.
41 Шариғат бойынша, ерлі-зайыптылар куфув, яғни бір-біріне сай болуы тиіс. Куфувта ең бастысы – діни тұрғыдағы теңдік. Бақытты еркек деп әйелінің діндарлығына қарап, ұқсап бағатын және мәңгі өмірде жұбайынан айырылып қалмау үшін өзі де діндар болған кісіні айтады. Бақытты әйел деп отағасының діндарлығына қарап, мәңгілік жұбайымнан айырылып қалмайын деп өзі де тақуа болған әйелді айтады. Сорлы, бейшара еркек деп салиқалы әйелінен мәңгілікке көз жазып қалуға себеп болатын азғындыққа салынған адамды айтады. Сорлы әйел деп тақуа күйеуіне ұқсауға тырыспай, ақырында сол мүбарак, кішіпейіл, мәңгілік досынан айырылатын әйелді айтады. Бір-бірінің пасық әрі азғын іс-әрекеттерін өнеге тұтқан екі сорлы ерлі-зайыптылардың өмiрi өкінішті әрі аянышты. Олар бір-бірінiң лаулаған отқа түсуiне жәрдем етеді. Үшінші хикмет: Отбасының бақытты өмір сүруі үшін әйел мен еркек арасында шынайы сүйіспеншілік, адалдық, сенім мен құрмет болуы тиіс. Тәсәттүр пайдаланбау, ашық-шашық киіну сенімсіздік туғызады. Екі жақтың шынайы құрмет пен махаббатын азайтады. Өйткені, ашық-шашық киінген он әйелдiң тек бiреуі ғана күйеуінен әлдеқайда сымбатты біреуді көрмегендіктен басқаға жақсы көрінуге тырыспайды.
42 Ал, тоғызы күйеуінен әлдеқайда жақсысын көреді. Жиырма еркектің тек біреуі ғана әйелінен артық сұлу көрмейді. Мұндайда адал махаббат, екі жақты сыйластық жойылады. Мұнымен тынбай өте жағымсыз да жиіркенішті сезімнің оянуына себеп болуы мүмкін. Яғни адамда өзінің апасына, қарындасына, туысқан әйел затына яғни, махрем (үйленуге болмайтын) кісілерге табиғатында шәһуаттық сезім болмайды. Өйткені, махрем кісілердің бет-әлпеті туысқан екенін білдіріп оған мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жанашырлықты сездіретіндіктен нәпсіге тән, шәһауани құмарлықты жойып жібереді. Алайда, шариғат бойынша туысқандарға да көрсетуге болмайтын балтыр секілді мүшелерін ашу, азғын нәпсінің құмарын, тым ұсқынсыз, жиіркенішті сезімін оятуы мүмкін. Махремнің жүзі туысқан екенін білдіреді, басқаға ұқсамайды. Бірақ ашық балтыр махремдікі ме, басқанікі ме белгісіз. Туысқандықты (махремділікті) білдіретін өзгешелік белгісі болмағандықтан кейбір азғын бірақ өзара махрем жандардың бір-біріне жануарға тән әуестігін оятуы мүмкін. Ал, мұндай іс төбе шашты тік тұрғызатын сұмдықтың нақ өзі. Төртінші хикмет: Ұрпақ жаю әркімнің қалауы. Ұрпақ санын көбейтуге қарсы ешбір ұлт, ешқандай да ел жоқ. Бұл тұрғыда Ардақты Пайғамбарымыз Саллаллаһу Ғалейһи Уәссәламнің өзі ٖىتَنَاكَحُوا تَكَاثر ُ وا فَاِنَّ اَو كَما قَالَ– ابَاه ٖ ى بكم اﻻممَ َْ ُُ ِ َُُْ
43 - Әу кама қал - яғни \"Үйленіңдер, көбейіңдер! Қиямет күні мен сендердің көп болғандарыңды мақтан тұтамын\" – деген екен. Алайда, тәсәттүрді тастау яғни ашық-шашық киіну үйленуді көбейітпейді, керісінше мүлдем азайтып жібереді. Өйткені қазіргі жастардың ең бұзығы да үйленетін қызының ар-намысты, таза болғанын қалайды. Өзі сияқты модашыл, ашық-шашық болуын қаламайды. Сөйтіп бойдақ болып өтеді немесе жеңіл жүріске түсуі мүмкін. Ал, әйел заты олай емес. Өйтіп, күйеуіне талап, шарт қоя алмайды. Өйткені әйел заты үйдің ішкі істеріне қарайтын болғандықтан күйеуінің тапқан табысына, балаларына, мал-мүлкіне иелік ету, оны сақтаушы. Сондықтан оның басты міндеті, қасиеті адалдық пен сенімділік. Ал, ашық-шашық киіну болса, адалдық пен сенімділікке шәк келтіреді. Ондай әйел, күйеуінің алдында сенімді жоғалтып, оның ар-ожданын азапқа салады. Тіпті, ер адамда жақсы қасиет болып саналатын батырлық пен жомарттық, әйел затында сенімділік пен адалдыққа зияны тиетіндіктен жаман мінез, жағымсыз қылық боп саналады. Бірақ, еркектің басты міндеті мал-мүлкін күзету, адал болу емес. Оның міндеті әйелін қорғаштау, жанашырлық ету, құрметтеу. Сондықтан ер адам шектеуге келмейді. Демек басқа әйелді некелеп отау құра алады деген сөз. Біздің халықты Еуропалықтармен салыстыруға болмайды. Өйткені, ол жерде дуэль секілді қатаң жолмен ашық-шашық әйелдерін жезөкшеліктен тиып, аз да болса, намысты қолдан жібермеуге тырысады.
44 Ар-намысты кісінің әйеліне жаман оймен сұқтана қараған адам өлімге бас тігіп, сосын барып қарайды. Оның үстіне ол жердің ауа-райы салқын. Сондықтан, Еуропа халқының табиғаты ауа-райы сияқты салқын, әрі үдеріс баяу іске асады. Ал, Азия халқы яғни мұсылман елдері болса оған қарағанда ыстық, қызу қанды. Халықтың орналасқан географиялық аймағы адам мінезіне әсері ететіні белгілі. Әлгі суық жердегі, суық қанды адамдарда хайуани әуестікті, нәпсіні қоздыратын әлгіндей ашық-шашықтық, әлем-жәлем киіну бәлкім қисық жолға түсіп, ысырап қылуына айтарлықтай әсер ете қоймас. Алайда қашанда нәпсіні қоздыратын ашық-шашықтық, сезімі ояу, тез әсер алғыш, ауа-райы ыстық елдің адамдарын, қисық жолға түсуге, ысырапшылдыққа, ұрпақтың әлсіреуіне, сондай-ақ, қуаттың кемуіне бірден-бір себеп болады. Бір айда немесе жиырма күнде бір рет фытри (табиғи) қажеттілік болатын болса, енді бірнеше күн өтпей-ақ ысырапқа мәжбүрмін деп ойлайды. Мұндайда айына он бес күн бойы хайыз сияқты кедергілердің салдарынан әйелінен аластауға мәжбүр болған ер кісі, егер нәпсісін жеңе алмаса, теріс жолға түсуі әбден мүмкін. Қалалық әйелдер, ауылдық жердегі шаруа әйелдерге қарап, тәсеттүрді тастауына болмайды. Өйткені, ауылдық жерде күн көріс, шаруашылық жұмыстары сияқты денемен атқарылатын істер адамды шаршатады десек, сонымен қатар қалалық әйелдерге қарағанда назарды өзіне көп аудара бермейтін бейкүнә
45 шаруа әйелінің әрі біршама тұрпайылау әйелдердің ептеп ашық болуы нәпсінің әуестігін айтарлықтай қоздырмауы мүмкін. Сонымен қатар ауылдық жерде сандалып бос жүретін, азғындар аз болатындықтан қаладағы келеңсіз жайттар ауылдық жерде сирек кездеседі. Олай болса, олармен салыстыруға келмейді.
46 Мектубат кітабынан үзінді. ЖЕТІНШІ МЕКТУБ باسْمِه ٖ سُبْحانَهُ و اِن ْ مِن ْ شَىءٍ اِﻻ يُسبّحُ بحمْدِه ٖ ِ ََ ِﱠََِْاَلسﱠﻼ َ م عليْكم و رحْمةﱣ ِ و بَركَاتُهُ اَبَدًا دَائِماًَََُْ َ ََ ُُ َҚымбатты бауырларым! Менен сұрасын деп Шамлы Хафызға екі нәрсе айтқан екенсіңдер. Біріншісі: Ардақты Пайғамбарымыз Саллаллаһу Ғалейһиссаламның Зейнепке үйленуі жайлы. Мұны бұрынғы заманның мұнафықтарына ұқсап, қазіргі заманның азғындары да Әз Пайғамбарды айыптап, мін тағуда. «Нәпсіге тән, әуестік» деп жатыр. Жауабы: Құдай сақтасын! Бұл дегенің жүз мыңдаған есе шылқыған өтірік, жаланың ең сорақысы. Ондай асқан абырой иесіне мұндай азғындардың шүбәсі жанына да жолай алмайды. Иә, он бес жасынан қырық жасына дейін нағыз жастықтың албырт шағында, нәпсінің әуестігі басым шақтарда дос-дұшпанға мәлім абыройлы да бейкүнә ғұмыр кешіп, Хадижатүл-Күбра (р. а) анамыздай жасы ұлғайған бір ғана әйелге қанағат еткен кісінің қырықтан кейін, яғни нәпсінің әуестігі басылған кезде, көп әйел алып некелеуі, нәпсіқұмарлық емес, басқа маңызды
47 хикметтерге байланысты екені азғана нысаппен қараған жанға белгілі. Мұның көптеген хикметтері бар, солардың бірі; Пайғамбарымыздың тек аузынан шыққан ұлағатты сөздері ғана емес, оның іс-әрекеттері, хал-ахуалы, жүріс-тұрысының өзі Ислам дінінің негізін қалап, шариғат үкімдерінің бұлағы, қайнар көзі болған. Түздегі жүріс-тұрысын яғни шариғаттың сыртқы бөлімін сахабалар жеткізген болса, жеке, ішкі бөлімдерін, құпия, сырлы күйлерінен пайда болған діни сырлар мен шариғат үкімдерін бізге жеткізушуші, халыққа таратушы әрине «әзуаж-ы тахират» яғни ардақты Пайғамбарымыздың пәк әрі ары таза ханымдары болып табылады. Олар іс жүзінде әлгі міндетті толық атқарып кетті. Тіпті дініміздің үкімдері мен сырларының жартысы дерлік солар арқылы келді. Демек, мұндай үлкен міндетке бірнеше және табиғаты сан-алуан әзуаж-ы тахират қажет еді. Енді, Хазіреті Зейнеппен некелесуіне келетін болсақ: \"Жиырма бесінші Сөздің\" бірінші тармағының үшінші шұғасындағы мысалдарда баяндалғандай: ﱠنلا مَتاَخ و ِ ﱣ َلوُسر ْ نِكلو مكِلاجر ْ نِم ٍدحَا آبَا ٌدﱠمحم َناَك ام َنّيبََََٰ َُْ َََِ َُ ِٖОсы аятқа қатысты былай делінген болатын:Адамдардың дәрежелеріне қарай бір ғана аят көптеген жақтарымен әркімге түсінігіне қарай әрқилы мағына білдіреді. Кейбіреулер бұл аятты былай деп түсіндіреді.
48 Расулуллаһтың (с.а.у) қызметшісі немесе \"балам\" деп шақырылатын Зәйттің (р.а.) өзі абыройы асқақ жұбайын өзіне куфуф (тең) емес екендігін мойындап, талақ еткен. Бұл туралы сахих риуаят бар. Яғни, Хазіреті Зейнептің табиғаты мүлдем ерекше, міінезі жібектей жұмсақ болатын. Ол Пайғамбарға жар болатындай керемет жан еді. Мұны Зәйт (р.а) өзінің парасаттылығымен сезіп, өзінің оған күйеу болатын жаратылыста куфуф (тең) еместігін біліп, әрі мұндай жағдай мағынауи келіспеушілікке себеп болғандықтан талақ қылған. Аллаһтың әмірімен Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәлам алған яғни اهَكاَنْجوَ زَﱠаятының ишаратымен болған. Демек, ол неке аспан келісім екеніне ишарат етіп, нақтылай түседі. Бұл әдеттен тыс оқиға, үйреншікті әдет пен ғұрыптан бөлек, тағдырдың үкімі болатын. Расулуллаһ болса (с.а.у.) сол тағдырдың үкіміне мойынсұнуға мәжбүр еді. Демек, нәпсінің қалауы емес түгін. Осы тағдырдың үкімін талдайтын болсақ, сондай-ақ маңызды шариғат үкімін терең, жалпыға ортақ хикметке толы және ауқымы мол ортақ пайданы қамтитын мына ٌجرح َنيٖنِمْؤملا ىلع َنوكَي َ ﻻ ىَكِل مهِئآيِعْدَا جاو ْ زَا ىٓف َ َََُُْْْ ِ َِ َٖ аяттың ишарасын алып қарайық. Үлкендердің кішілерге балам деуі шариғаттағы \"зихар\" мәселесі емес, яғни өз жұбайына \"сен анам сияқтысың\" десе үлкен айып саналып жазаға тартылатыны сияқты емес. Сондықтан үкімдер
49 өзгермей қаз-қалпында сақталмақ. Сондай-ақ, ұлы тұлғалардың өз халқына, немесе пайғамбарлардың өз үмбетіне әкелік назармен қарап, әкеге тән үндеулері жеке адам тұрғысынан емес, рисалет міндеті яғни пайғамбарлық уазипа тұрғысынан болғандықтан, олардан әйел алуының ешқандай оқасы, үйлеспейтін жағы жоқ. Енді, ой-өрісінің деңгейі басқа адамдар мұны бәлкім былай түсінуі мүмкін: Бір ұлы әмірші халқына әкедей қамқор болады. Егер, сол әмірші ішкі-сыртқы істердің бәрін білетін рухани көсем-патша болса, онда оның қамқорлығы әкелік қамқорлықтан жүз есе асып түседі. Сондықтан, халқы оның өз баласындай болып, оған әкесіндей қарайды. Халқының «әкеміз» деуі, «күйеу» деген мағынаға ауыса қоймайды және қызым деп қарау жұбайым деп қарауға бірден өзгере салмайды. Сондықтан халықтың назарында Пайғамбар мүминдердің қыздарын некелеуі осы көзқарасқа жат келетіндіктен, бұл түсінікті жою мақсатымен қасиетті Құран былай дейді: Пайғамбар, Иләһи рахымдылық атымен сендерге қамқорлық етіп, әкедей мейірімділік етеді. Рисалет тұрғысынан болса, сендер оның балалары сияқтысыңдар. Бірақ кісілік, жеке басының тұрғысынан ол сендердің әкелерің емес. Сендерден әйел алуы орынды. Сендердi балам десе де, шариғат үкіміне қарай сендер оның баласы боп саналмайсыңдар.
50 اَلبَاقٖى هُو البَاق َْْٖСаид Нұрси. *** (Мұназарат кітабінан) Сұрақ: Көп әйел алу сияқты кейбір мәселелерді сылтау қылып, кейбір ғайри мүсілімдер мәдениетке жат тірлік ретінде шариғатқа күдік туғызғысы, шүбә келтiргісі келеді. Бұған не дейсіз? Жауап: Әзірге қысқа бір қағида айтайын. Егжей-тегжейлі, арнайы бір рисале жазбақ ойым бар. Ислам дінінің үкімдері екі түрге бөлінеді. Бірiншiсi: Шариғат оған –мүессис. Яғни, үстіне шариғат қаланған заңдар. Бұл үкімдер заңдардың ең дұрысы, ең жақсысы. Екіншісі: Шариғат –Муаддил, яғни өте жабайы, қатігез, залым қалпынан, аздап жақсыға шығару. Әхвән-і шер, жөнделген әрі адам табиғатына сәйкес, нағыз өркениетке жету үшін мекені мен заманына сай қалыпқа келтіру. Өйткені, адамның табиғатына әбден сіңіп қалған, баршаға әдет болып кеткен нәрсені бiрден жойып жіберу қиын. Ол дегеніміз – адам табиғатын мүлдем өзгерту болмақ. Сондықтан, Шариғат дегеніміз – кісен салып тұтқындаушы емес, керісінше жабайы түрден, толық азаттыққа жол ашатын, қол жеткізетін түрге ендіру. Сондай-ақ, төрт әйел алу мәселесі адамның табиғатына, ақылға, хикметке сай келеді. Әрі шариғат
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130