101былады. Сол секілді басқа сезімдердің де әрбірі өзінше бір әлемнің кілті болып, иман арқылы пенде пайдасына жаратады. Енді тақырыбымызға оралайық. Бұл әлемді жаратқан Зат-ы Қадир-і Хаким, хаятты яғни тір-шілікті әрнәрсенің мазмұны боларлық өте күрделі ғып жара-тып, өзінің шексіз киелі мақсаттарын және есімдерінің сәуле-шуақтарын сол хаятта тоғыстырып, соған тіреп қойғандай. Дәл сол секілді хаятта яғни өмірде ризықты өте мазмұнды орталық, Иләһи істердің тоғысар торабы жасап, тәбет, мұқтаждық, ризықтың ләззаты деген нәрселерді жаратып оны тіріжан-дар сезетіндей қылып, сондай-ақ, әлемнің жаратылысындағы ең ұлы мақсаты мен хикметі болған әрдайым ауқымды түрде шүкіршілік, қарыздар болу, табыну тәрізді құлшылықтармен өзінің рубубиятына және мейрімін төгіп жақсы көргізуне бей-жай қалмай, жауап бергізеді. Мысалы, ауқымы кең, шексіз Раббани мемлекет саналатын мына ғаламның әртарапын, ғайып әлемін, әсіресе аспанды пе-ріштелермен әруақпен яғни рухтармен толтырып безендіргені секілді, мына материалдық, көзге көрінетін шәһадат әлемін де әсіресе ауа мен жердің әртарапын, әрдайым рух иелері-мен, аң-құспен безіндіруі және оларды ризыққа мұқтаж етіп, ризыққа да ләззат жаратып, оны қозғаушы күш, қамшы ретін-де, сол арқылы жан-жануарларды, белгілі мағынада адамдар-ды да ризықтың артынан жүгірту арқылы қозғалысқа ендіріп жалқаулықтан, жатып-ішер еріншектіктен сақтап әрекет еткі-зу, міне бұл рубубияттың талабы, Иләһи шексіз хикмет. Егер, мұндай хикмет, мұндай зор Иләһи талап болмаса, ағаштардың ризықтары өздері жүгіріп келетіні секілді Аллаһ Тағала, жан-жануарлардың да әу баста тағайындалған ризық-несібелерін, зәру қажетті заттарын еш қиындықсыз өздері келетін қылып қояр еді. Аллаһтың Рахим, Рәззақ есімдерінің жамалын, Оның Уахданиятының қыруар куәгерлері бар екенін толық көрі үшін жер жүзін жаппай қамтып, жан-жақты көретін көз болса, қыс мезгілі аяқталар шағында ризықтары таусылғалы тұрған жан-жануарларға ғайби жәрдем, рахмани ихсан ретінде өсімдіктердің
102қолымен, ағаштардың бұтақтарына ілінген және аналардың көкірегінен рахымның ғайби қазынасынан өте тәтті де дәмді, сан-алуан нығмет-тағамдарды жіберген Рәззақ-ы Рахимның мұнша мол мейрімінің сәуле-шуақтарын көріп, мейірімі неткен керемет, неткен әсем, жамал екеніне куә болар едік. Сонда пен-де түсінер еді, бір түйір алманы бір адамға нағыз ризық қылып жарылқау үшін жыл мезгілдерін, күн мен түнді ауыстыратын құдрет қажет және жер шарын сауда кемесі тәрізді кеңістікте кездіріп жыл маусымдарынан түскен өнімдерді жерді мекен-дейтін өзінің мұқтаж қонақтарына тарту ететін құдрет иесі бо-луы керек.Өйткені, алманың үстіне хикметпен басылған таңба мен мөр Иләһи рахымның белгісі. Ол таңба, бүкіл болмыс атаулының, жаппай жеміс-жидектің, өсімдіктер мен жан-жануарлардың бәрінде кездеседі. Сондықтан әлгі бір түйір алманың нағыз иесі, жасаушысы кім болса әлбетте, сөзсіз ол алманың ұқсастары мен теңі, туыс-бауыры болған жер жүзін мекендеушілердің және оның бау-бақшасы болған алып дүнияның, және оның өндірушісі болған ағаштың және оның кәсіпорны болған жыл маусымдарының және оны жетілдірген көктем мен жаздың Ма-лик-і Зүлжалалы, Халиқ-ы Зүлжамалы болуы керек, басқаша болуы мүмкін емес. Демек, бір түйір жемістің өзі уахдеттің таңбасы. Өйткені ол, өзінің ағашы болған жер шарының және оның бау-бақшасы болған ғалам кітабының жазушысын, шебер ұстаын білдіреді және оның жалғыз, бір екенін көрсетеді, сондай-ақ, жеміс саны қанша болса сонша уахданияттың белгі-ишараларын көрсетеді. Рисалей-Нұр Рахим және Хаким есімдерінің айнасы болғандықтан, осы рахымшылық ақиқатының көптеген нұр-сәулелерін, терең сырларын «рисалей-Нұр» кітапшаларында баяндап, дәлелдегендіктен оған сілтеме жасап бұл алып үлкен қазына байлыққа жағдайым көтермегендіктен осы қысқа иша-ра, белгілермен мегзегенге қанағат еттік. Міне, біздің жолаушы былай дейді: Әлхамдулиллаһ, барлық жерден өзімнің іздегенім, әрбір нәрседен өзімнің сұрағаным Жаратушы Иемнің ужуд-ы ужуды мен уахдетін
103яғни сөзсіз болмысы мен жалғыз дара екенін дәлелдейтін «отыз үш» ақиқатқа куә болдым әрі тыңдадым. Әрбір ақиқат күндей жарқын, ешқандай қараңғылық қалдырмайды, асқар таудай берік әсте мызғымайды. Әрбір ақиқат өзінің анық-қанығымен Аллаһтың ужудына нақты куәлік етеді және барлық жақты қамтуымен де Оның уахдетін анық түрде дәлелдейді. Және иманның басқа да шарттарын бұлтартпас айғақпен дәлелдеп, барлық ақиқаттар жиналып, тұтас түрде иманымы-зды тақлиттен тахқиққа яғни көшірме иманды көз жетке, әбден қанағаттанған жағдайға шығарады әрі тахқиқтан илмәляқинға көтереді яғни қанағаттанған дәрежеден ақылға қонымды етіп бекітеді. Илмәляқин дәрежесінен алып айнәляқинға жетелейді яғни ақылмен түсінікті жағдайдан көзге көрсеткендей нақтылай түседі. Айнәляқин дәрежесінен хаққаляқинға яғни бүкіл сезім-дермен сезініп, еш күмәнсіз, әбден сеніп, шынайы иланған дәрежеге жеткізеді. Міне, осы білгісі келіп, одан әрі қызыға беретін жолаушының мына үшінші мәнзилде көрген үлкен төрт терең ақиқаттардан алған имани нұрларға өте қысқа ишара ретінде бірінші мақамның екінші бабында үшінші мәнзилдің ақиқаты жайлы былай делінген болатын:
104
ЕСКЕртуБұл рисаленің жарыққа шыққан жері осы өлкеде Рисалет-үн Нұрдың басқа рисалелері болмағандықтан және бұл рисале осы өңірде еріктен тыс жазылғандықтан сырттай қайталанған секілді көрінетін «Сөздер», «лемалар» кітабындағы кейбір тақырыптар кездесетінін айта кетейін. Оның хикметі, бұл ри-сале осы жердегі шәкірттерге шағын Рисалей-Нұр қызметін атқаратындықтан бәлкім жаздырылған болар. Осы шимайқағаздың бірінші көшірмесін мүбарак бір кісі жазған болатын. Оның тәуафуктан хабары жоқ бола тұра жазған нұсқасында ережеге сай керемет, мән-мағыналы тәуафук көрдік. Бұл нұсқаның жолдарына қарасақ, бастапқы 4әлиф әрпінің саны 666 (алты жүз алпыс алты). Бұл сан Хазіреті Имам-ы Алидің (р.һ) осы кітапқа арнайы таққан айдарының яғни «Аят-үл Күбра» деген атына жифри және әбжәди саны болған 666 санына дәлме-дәл сәйкес келуі тегін емес. Бұл осы рисаленің сол атқа лайық екенін көрсетеді.Сондай-ақ, Құран аяттарының саны 6666 болғандықтан, оның төрт мәртебесіне емес үш мәртебесіне тәуафукы яғни сәйкестігі де бұл рисале Құрани аяттардың сәуле-шуақтары екенін білдіреді деп көңілге түйдік.Саид НұрсиСілтеме: Тәуафук – сәйкестік. Үйлесімділік. Бір нәрсенің рет-ретімен орналасуы).
Осы күндерде мағынауи диалогты яғни «сұрақ-жауапты» тыңдадым. Сендерге бір қысқа қорытындысын баяндап берейін. біреу былай деді: Рисалей-Нұрдың иман және тәухид тұрғысында үстемелетіп жазыла беруі және ауқымды, күлли толықтырмалары барған сайын артып, көбеюде. Ең қырсық дінсізді тоқтату үшін осы кезге дейін жазылған рисалелердің жүзден бірі жеткілікті бола тұра неліктен мұнша үстемелетіп тағы да жазылуда?Бұл сұрақтың жауабы былай болды: Рисалей-Нұр тек бір кішігірім қираған жерді, шағын бір үйді жөндеп жатқан жоқ. Ол, күл-талқаны шыққан, қатты зақым көрген және дін Ислам-ды қамтитын және тастары таудай үлкен бір қорғанды жөндеп, ретке келтіруде. Және ол, тек жеке бір адамның қалбын неме-се бірнеше ар-ожданды тәрбиелеп қана жатқан жоқ. Ол, мың жылдан бері бірігіп, әбден жиналып қалған, сұмдық жарақат алған жалпы халықтың қалбын, пейіл-ниеттерін, ой-пікірін, қалпына келтіріп көпшіліктің әсіресе мүмин қара халықтың сүйеніші Ислам негіздерін, Иман шарттарын сақтап қорғауда. Халықтың бүліне бастаған ар-ожданын, жаралы көңілін, пейіл-ниетін Қасиетті Құран және Иманның дәрі-дәрмектерімен емдеп жазуға тырысуда. Әлбетте мұндай ауқымды да күлли бұзықтықты, рухани жараларға қарсы «хаққаляқин» яғни тау-дай заңғар, мызғымас берік нақты айғақтар, құрал-жабдықтар және мың дәріге татитын күшті дәрі-дәрмектер қажет. Міне, бұл заманда баяны мұғжиза Қасиетті Құранның мағынауи иғжазынан туындаған Рисалей-Нұр осы жауап-кершілігі мол, маңызы зор міндетті адал атқарып келеді. Оқырманының иманын биік мәртебелерге көтеріп, ашылып өркен жаюына ұйытқы болуда». Осы мағынада ұзақ бір диалог өрбіді. Мен де бастан аяқ тыңдап шексіз шүкір еттім. Қысқа қайырдым. Саид Нұрси
Хусревтің пікіріӨте зерек зейіннен шыққан екен бұл кітапҒасырлар бойы күткен екен мұндай зерек зейіндіБерекелі бұл нұрлар адамзатқа нұр-шуақХақтың жарылқағаны, іші тола ақиқатУа, Ұстаз! Нұр-фәйзіңе жұрт қайранҚолдан-қолға тастамай жүр оқығанКітабы мен Хақты тапқан күллі жанАқауы жоқ қатесіз дейді оқырманҚұдай жарылқап Нұрды оқып аңғарғанДейді жарық әлем таптық аңсағанШүбәсіз оны бір Аллаһ қой сыйлаған.Хусрев ағамыздың бұл жазған мақтау сөздерін шын жүректен құптап біз де былай десек:СұрАҚ ПЕН ЖАуАПӨте маңызды сұрақтың өзіне лайық маңызды жауабы. Орай келгендіктен осы жерге жазылды. Рисалей-Нұрдың керемет әсерлі дәрісін бұдан қырық жыл бұрын бұрыңғы Саид білген-дей өз хатында осы сұрақ пен жауапты жазған екен. «Менен және менің кейбір шәкірттерімнен былай деп сұрайтын көрінеді: Мұнша қас дұшпандар мен қырсық философтарға қарсы және адасқан топ, кәпірлермен Рисалей-Нұр табанды күрес жүргізіп жеңіске жетуде. Негізінде олар, иман жайлы Исламның миллиондаған құнды кітаптарының жайылуына бір шама тосқауыл болып, дүнияның азғын, жалған, харам ләззатымен жұртты алдап, көптеген байғұс жа-
108старды, жалпы адамзатты иманның құнды ақиқаттарынан құр қалдырғаны рас. Алайда, Рисалей-Нұрға қаншама күйе жағып, халықты одан алыстату үшін небір сұмдық-айла қолданса да оның таңғажайып түрде кеңінен таралуы, тіпті алты жүз мың нұсқасы қолменен жазылып өз оқырманын тауып, қызыға оқылуы және жасырын түрде тез, жылдам жайылуы, сондай-ақ, тек өз елімізде ғана емес шет елдерде қызыға оқылуы, таңсық жағдай. Мұның хикмет-сырын ашып берсеңіз?Менен осы мағынада бір сұрақ сұралды. Оның жауабы бы-лай: Хикметке толы Қасиетті Құранның мұғжизасы, оның төл тәпсірі Рисалей-Нұр, адасқан жолда жүрудің бұл дүнияның өзінде рухани азапқа салатынын, ал имандылықта дүнияда да рухани жұмақтық ләззат бар екенін дәйекті түрде баяндайды. Күнә істеу, жаман қылық, харам ләззаттың ішінде рухани ауыр азап, өкініш пен қайғы бар екенін көрсетіп, ал жақсылық пен игі амалда, шариғаттың әмірлерінде жәннаттағы ләззат секілді рухани рахат бар екенін дәлелдейді. Осылайша, адасып, қисық жолға түскен ақыл-есі дұрыс жандарды құтқарып қалады. Өйткені, бұ заманда сұмдық екі жағдай бар.Біреуі: Істің ақырын көрмейтін және дайын тұрған болма-шы ләззатқа бола кейінірек болатын үлкен ләззаттан айры-лып, құр қалуға итеретін сезім адамдардың ақылын жеңіп, билеп алғандықтан ондай азғындарды құтқарудың бір-ақ жолы бар. Ол – дәл сол харам ләззаттың өзі азап, өкініш пен қайғы екенін көрсету. Сонда манағы қозып тұрған сезім басы-лып, өшіп қалады. аяты ме-гзегеніндей бұ заманда әһл-і иман ақыреттің алмастай құнды нығметтері мен жанды рахаттандыратын ләззаттарын біле тұра дүнияның уақытша сынып қалатын шыны секілді түкке тұрмайтын ләззатына айырбастай салады. Өзі иманды бола тұра дүнияға құмартып адасқан кәпірлер сияқты әрекет етеді. Мұндай қауіптен құтқарудың жолы әлгіндей дүнияның өзінде жәһаннам азабы бар екенін көрсету. Міне, Рисалей-Нұрдың
109құтқару тәсілі осындай. Әйтпесе, мына заманда шектен шыққан мұтлақ күпірліктен туындаған және ілім мен пәләсападан пайда болған азғындықтың бәлесінен құтақару үшін Хақ Тағаланың бар екенін дәлелдеп, тозақтың азабымен қорқытсаң, тыңдаушы он адамның біреуіне ғана тіпті жиырманың біреуіне ғана әсер етеді. Ол да кейін: «Аллаһ тағала ғафур әрі рахымды. Әрі тозақтың ауылы алыс қой әлі!» деп қайтадан сол баяғы қисық жолына түсіп алып ескі әдетін жалғастыра береді. Себебі рухы мен жүрегін жеңіл сезім билеп алған. Иә, Рисалей-Нұрдағы көптеген мысалдар мен теңеулер күпірлік, адасушылықтың дүнияның өзінде қорқынышты да қайғылы нәтижелерін көрсете отырып ең қырсық, нәпсіқұмар жандардың өзін тәубесіне келтіреді. Мысалға айтар болсақ; Ал-тыншы, Жетінші, Сегізінші сөздердегі шағын теңеулер, сондай-ақ, отыз екінші Сөздің үшінші тараудағы ұзақ теңеу. Олар адасқан, қисық жолдағы адамды үркітіп, сабасына түсіреді де дәрісін қабылдатады. Айталық, Нұр аятындағы ойша саяхат жасау арқылы көрінген ақиқат жағдайды қысқаша баяндап бе-рейін. Егжей-тегжейлі білгісі келгендер «Сикке-и тасдиқ-ы Ғайып» кітабының 256-259 беттерін оқысын. Ол жерде былай делінген-ді: Мен қиялыммен саяхаттап, ризыққа мұқтаж жануарлар әлеміне материализм философиясының көзімен қарадым. Олар тым мұқтаж, аянышты, бейшара боп көрінді. Адасқандар, ғапыл адамдарға ұқсап қарағаныма қатты өкіндім. Содан дереу, Иманның назары мен Құранның хикметі көмекке келді. Енді солай қарадым. Қарасам, Рахман есімі Рәззақ мағынасында көрініп Күндей жайнап манағы бейшара, аш-жалаңаш хайуа-нат әлемін рахымға бөлеп сүйкімді етіп көрсетті. Сосын әлгі хайуанат әлемінің кішкентай нәресте-төлдерін тым әлжуаз, өте мұқтаж, зар-жылап қиналған түрде көріп қапа болдым. Адасқандардың назарымен қарағаныма қынжылып «Қап, Әттеген-ай!» - дедім. Кенет иман келіп көзімді ашты. Мұқият
110қарап едім, «Рахим» есімі қамқор мағынасында жарқ етіп, әлгі қараңғы әлемді нұрландырып көркем бейнеге ендірді. Алдында шағымданып, аяп, мұңлы қылып көрген әлемді жарқын, шат-шадыман бейнеде көрдім. Сосын, кино ленталар секілді адам-зат әлемі көрінді. Адасқан кәпірлердің көзімен қарағанымда сұмдық қорқынышты түрде көріп: «Қап, әттеген-ай!» дедім. Өйткені, адам баласының еш бітпейтін армандары, талап-тілектері, мәңгі бақыт сұрайтын қасиет-қабілеттері және то-лассыз сезімдері, шексіз мақсат-мұраттары, қыруар мұң-мұқтаждығы бола тұра табиғаты әлсіз, дүнияда түрлі бәлелерге жиі ұшырайды. Өміріне қауіп төндіретін дұшпандары, зиянкес жаулары толып жатыр. Өзінің де өмірі қысқа, күнде тіпті сағат сайын қарсы алдында өлім қасқайып уайымға салады. Оның үстіне тіршілік тауқыметі, күн көріс жанын қинап, жүрегін ауыртады. Әрдайым қоштасу, аяқталу бір тараптан азапқа сала-ды. Ғапылдардың қараңғы қылып көретін түпсіз қабірдің түрі суық әрі оған адамдар топ-топ болып ішіне құлап жатады. Мен, адамзат әлемін осындай қараңғы бейнеде көргенімде қалб, рух, ақыл сынды сезімдерім, тіпті барлық зәрре-бөлшектерім зар еңіреп жылап жіберуге сәл-ақ қалғанда Құранның нұры, оның сарқылмас күш-қуаты әлгі адасқандардың көзілдірігін сындырып, орнына мөлдір көзәйнек тақты. Енді басқаша көрдім. Яғни Аллаһтың «Әділ» есімі Хаким мағынасында, Рах-ман есімі Кәрім мағынасында, Рахим есімі Ғафур мағынасында, Баийс есімі Уарис мағынасында, Рабб есімі Мәлик мағынасында әрбірі күндей жарқырап манағы қараңғы әлемдерді, жалпы адамзат дүниясын түгелдей жарық қылып жадыратып жіберді. Тозақи қараңғылықты сейілтіп нұрани ақырет әлеміне терезе ашып манағы мұңлы адамзат әлемін нұрға бөледі. Мен сонда: «Әлемде қанша зәррелер болса сонша әлхамдулиллаһ!» дедім. Бұл дүнияның өзінде имандылық арқылы рухани жәннаттың рахатын сезуге болатынына, ал, кәпірлік болса адамның жанын бұл дүнияның өзінде жанды қинап, тозаққа салатынына көзім жетті.
111Сосын жер шарына назар салдым. Әлгіндей қиялменен са-яхат қылып, дінді мойындамайтын атейістік философияның қараң қалғыр меңіреу заңдарымен қарағанымда, оны сұмдық қорқынышты қылып көрдім. Жер шары зеңбіректің оғынан жетпіс есе жылдам қозғалып жиырма бес мыңдық жылдық жолды бір жылда жүріп өтетін, әрдайым қирап, күл-талқаны шығуы мүмкін, іші зілзәла, дүмпіп жатқан, шексіз кеңістікте бағыт-бағдарсыз, өз бетінше сандалып бара жатқан, әбден ескірген кеме, ал үстінде болса шарасыз адамзаттың жағдайы тым аянышты, қараңғы боп көрінгендіктен басым айналып көзім қарауытты. Пәлсәпәнің таққан көзілдірігін жерге бір ұрып сындырып тастадым. Сонда Құранның хикметі келіп көзіме басқа көзілдірік сыйлады. Қарасам, Аспан мен Жерді жаратқан Аллаһтың «Қадир», «Алим», «рабб», «рабб-ис Сәмауати уәл арз», «Мусаххар-и шәмси уәл қамар» есімдері «рахмет», «азамет», «рубубият» мағыналарында Күндей жарқырап манағы қараңғы, қорқынышты, үрейлі әлемді жарық қылғаны сонша имани көзбен қарағанымда жер шары керемет жүйелі, тым мойынсұнғыш, толық бағынышты хош, аса сенімді, мүлдем қауіпсіз, әркімнің ризық-несібесі жүктелген саяхат кемесі және көңіл көтеретін әрі сауда-саттық үшін жасалған, жолаушылар таситын, оларды Күннің айналасында айналдырып Раббани әлемдерді аралатып жүрген және жаз, қыс, көктем, күз мезгіл-дерінде болатын көкөніс-жемістерді мұқтаж пенделеріне әкеп беретін алып кеме яки ұшақ немесе поез бейнесінде көрдім. Жер шарын осындай керемет бейнеде жаратқан Раббыма дүнияның зәррелері санынша «Әлхамдулиллаһ ала нығмет-үл Иман» дедім. Осыған ұқсас Рисалей-Нұр көптеген теңеу-мысалдар келтіріп, тура жолдан тайғандар дүнияның өзінде мағынауи жәһаннамға түсіп, рухани азап шегетінін, ал иманды тура жолдағылар дін Ислам мен Иманның саясында дүнияның өзінде жаны рахат, көңілі хош мағынауи жәннатта жүретінін дәлелдеген-ді. Оны әркім иманының дәрежесіне қарай сезіне
112жатар. Дегенмен, мына аласапыран заманда адами сезімдерді ұйықтататын, назарды сан-саққа аударатын, тіпті ұйыққа тарта-тын қисық ағымдар, небір уақиғалар адамды есінен тандырып әлгі рухани рахатты да күйзелісті де толық сездірмей жатыр. Ал, енді бұл заманғы екінші бір сұмдық жағдай мынау: Бұрыңғы заманды қазіргі заманмен салыстырғанда күпірлік, оның ішінде ғылыммен адасушылық, бірбеткей қырсықтық, жалпы дінсіздік өте аз болатын. Ислам ғалымдарының көне дәріс-сабақтары, олардың келтірген мысал-дәлелдері өз зама-нына сай әрі толық қанағаттандыратын. Мәшкүк күпірді яғни күдік-күмәнді тез арада жойып тойтарыс беретін. Ол кезде жұрттың бәрі дерлік Аллаһқа сеніп, Құдайын танитындықтан Аллаһты еске түсіріп, жәһаннам туралы айтқанда көпшілік тәубесіне келіп азғындықтан бас тартатын. Қазірде заман басқа. Бұрың бір елде Құдайға сенбейтін бір кәпір болса, қазірде бір ауылда жүз кәпір бар. Ертеректе менменшіл оқымысты, ғалымсымақ тура жолдан тайып, иман ақиқаттарына қарсы шығатындар қазіргі таңда жүз есеге көбейген. Перғауын сияқты мұндай бірбет, қырсықтарға атом бомбасы секілді жойқын – олардың сеніп, табынып жүрген ұғымын астан-ке-стенін шығаратын, ірге тасын қопарып, тамырымен жұлып та-стайтын – ақиқат керек. Сонда ғана олар шабуылын тоқтатып, баз біреулері иманға келеді. Міне, Құдайға мың да бір шүкір, бұл заманның рухани жа-расын дөп басып, нақ емдейтін, сөз саптауы ерекше, мұғжиза болған Құранның мағынауи нұр-сәулесі Рисалей-Нұр тәпсірі көптеген салыстырмалы теңеу-мысалдармен өте қырсық, сұмдық бірбет, дінсіздердің бетін қайтарып, Құранның ал-мас қылышымен қарсы шыққандардың бастарын шабуда. Әлемде қанша зәрре-бөлшектер болса сонша уахдани дәлел-айғақтармен иман ақиқаттарына мысал келтіріп жиырма бес жылдан бері жойқын соққыларға төтеп беріп, жеңістен жеңіске жетіп келеді.
113Иә, Рисалей-Нұр тәпсірі иман мен күпірді салыстыра оты-рып адасудың тас-түнек қараңғы екенін, оның мән-мағынасын анықтап көзге шұқып тұрып көрсетеді. Дәйекті түрде ыспат қылады. Мысал ретінде, жиырма екінші Сөздің екі тарауының айғақ-дәлелдері, лемалары және отыз екінші Сөздің бірінші бөлімі, отыз үшінші Мектуптың имани терезелері, Аса-и Мұса кітабының он бір айғағы. Басқа да сол секілді теңеулермен осы заманғы толық кәпірліктің, соқыр адасушылықтың сағын сын-дырып күл-талқанын шығаратын Құрани ақиқаттар Рисалей-Нұрдың нұрлы беттерінен көрініс тапқан. Инша Аллаһ, «Тыл-сымдар» атты кітап асыл дініміздің тылсым-сырларын, әлемнің жұмбақ ақиқаттарын бір жерге жинап жарыққа шығарғаны секілді тура жолдан тайған кәпірлердің қиын жағдайын яғни дүнияның өзінде олардың жәһаннам азабын тартып жүргенін, ал тура жол бұйырған әһл-и һидаяттың бұл дүнияның өзінде жәннаттың рухани ләззатын татып рахат жүргендерін баян-дайтын бір жинақ кітап шықпақ. Ол кітапта иман жұмақтың мағынауи дәнегі екені, ал күпірлік болса тозақтағы заққұм ағашының тұқымы екені мысалдармен керемет түсіндіріледі. Нұрдың осы тектес басқа да кітаптары қысқа-нұсқа болып ба-стырылып өз оқырмандарына жол тартпақ.
ЖИЫрМА ҮШІНШІ СӨЗ[бұл сөз екі бөлімнен тұрады](Иман дүнияның өзінде жәннаттың дәнегі болатынын дәлелдейтін Жиырма үшінші Сөздің бірінші тарауының бірінші бөлімінен төрт тұжырымы)бІрІНШІ бӨлІМИманның мыңдаған құндылықтарының бесеуі бес тұжырыммен баяндалмақ.бІрІНШІ тұЖЫрЫМ: Адам иманның нұрымен ала-и иллийнге, яғни, жоғары мәртебеге көтеріліп, Жәннатқа лайық болады. Ал, күпірліктен пайда болатын көкiрек қараңғылығы адамды аздырып, Жәhаннамға лайық күйге душар болады. Се-бебі, иман адамды Сани-ы Зүлжәлалмен байланыстырады. Ол байланыс көзі. Сонда адамның қадір-қасиеті арта түседі. Себебі Аллаһтың өнерін көрсетіп, Оның көркем есім-сипаттарының нақыштарын бойына сіңіреді. Күпірлік болса ол байланы-сты үзіп тастайды. Соның кесiрiнен Иләһи өнер көрінбей қараң қалады. Енді, адамның қадірі кетіп тек материялдық яғни заттық тұрғыдан бағаланатын болады. Ал, материя бол-са уақытша әрi тұрақсыз, фәни. Ол, бейсана жануарлардың өміріне тән болғандықтан құнын жоғалтады. Бұл сырды мысал арқылы түсiндiрейiк.
115Мәселен, өте шебер жасалған өнер туындысының заттық құны басқа және шебердің өнерінің құны басқа. Екеуі екі түрлі бағаланады. Кейде екеуінің құны бiрдей болса, кейде қолданылған заттың құны қымбат болуы мүмкін. Ал, кейде құны бес тиындық арзан заттан қымбат, тiпті, миллион теңге тұратын құнды бұйым жасалуы ғажап емес.Енді, осындай бір өнер туындысын шеберлердің антикварлық базарына апарып, сол жерде таңғажайып және ескі тарихи әлгi бұйымның хас шебері дәріптеліп, ол соның өнерi екені айты-лып бірге мақталса, сөзсiз миллион есе қымбатқа бағаланады. Ал, оны ескi темір-терсек алатын жерге апарса бес теңгелік темірдің бағасымен бағаланады. Сол секілді адамзат, Хақ Тағаланың жаратқан таңғажайып өнері, Оның шексiз құдіретінің мұғжизасы. Аллаһ Тағала адамзатты өзінің көркем есімдеріне бөлеп, нұрлы нақыштарымен әшекейлеп, бүкіл ғаламның кіш-кене үлгiсi ретінде жаратқан. Егер жүрекке иманның нұрымен осы мағыналар ұялайтын болса, бойындағы терең сырлар, Иләһи нақыштар көрініс тауып оқыла бастайды. Оны мүминнің өзі де сана-сезімімен оқи алады. Яғни: «Мені Сани-ы Зүлжәлал өзінің құдіретімен жаратты. Мен оның өнерімін, жаратқан пендесімін. Ол мені мол рақымына бөледі» деп өз бойынан Аллаhтың шеберлігін көрсетеді. Демек, адамды өзінің Жара-тушысымен байланыстырып тұратын иман, бойындағы Иләһи күллі шебер нақыштарды түгел айшықтап тұрады. Осылайша, адамның құны Раббысының өнерімен бірге бағаланып Самәд Аллаһқа айна болуы жағымен құндылына түседі. Сонда мына кіп-кішкене, қарапайым адам әлгіндей мән-мағынаның саясын-да күллі жаратылыстан биiктеп, жоғары мәртебеге ие болып Аллаhтың әмірін тыңдаушы, Онымен сөйлесуші деген асқақ абыройға бөленіп Жәннатқа лайық Аллаһтың қонағы атанады.Егер, адам осы киелі байланысты үзетін күпірлік қылып, иман келтірмесе Аллаhтың көркем есімдерін көрсететін әлгі нұрлы нақыштар қараң қалып, оқылмайтындай күңгірт тарта-ды. Иә, Иесі ұмытылса, онымен қатысты рухани құндылықтар
116ескерілмей, дұрыс бағаланбай бейне бiр түрі терiс айналғандай құнын жоғалтары сөзсіз. Бойындағы ғажайып өнер мен сырға толы керемет нақыштардың басым көпшілігінің мән-мағынасы ашылмай құнын жоғалтады. Қалған тұстары және көзге көрінетін жақтары болса жәй себептерге, кездейсоқтыққа, меңіреу табиғатқа телініп ақырында әбден құнсызданады. Жалт-жұлт еткен алмас бола тұра шыны, әйнекке айналғандай әрқайсысының қадір-қасиеті, мән-мағынасы тек «тірі зат» ретін-де бағаланып, мақсаты мен пайдасы жоғарыда айтылғандай қысқа өмір сүретін, ең бейшара әрі соры қайнаған мұңлық, соңында түкке жарамай шіріп кететін жаратылыс болып қалады.Міне, күпірлік дәл осылай адамның болмысын бұзып, қасиеттен жұрдай қылады. Бағалы алмасты, құнсыз көмірге ай-налдырады.ЕКІНШІ тұЖЫрЫМ: Иман – жарқыраған нұр. Ол адам-ды нұрландырып бойындағы барлық Самәдани нақыштарды, Иләһи өнерді оқытады. Сондай-ақ, бүкіл әлемді де нұрға бөлейді. Өткен шақ пен болашақты қараңғы түнектен құтқарады. Мұның сырын түсіну үшін, Қасиетті Құранның: (Құран, 2:257) деген аятының бір ғана мағынасына қатысты сырды мысалмен баяндап берейін. Мәселен, қарама-қарсы орналасқан екі тау тұр. Олардың ара-сын ұзына бойы көпір қосып тұр. Көпірдің асты терең құз. Мен сол көпірдің үстінде тұрмын. Айнала тас қараңғы. Оң жағыма қарап едім, қою қараңғылықта қарауытып мазар көрінді. Сол жағыма қарап едім, тағы да тас түнек, алай-түлей дауыл соғып тұрды. Сәлден соң қаралы апат басталағалы тұрғандай бойымды үрей биледi. Еңкейіп төмен қарап едім, шыңырау құз көрінгендей болды. Қалта фонарымның сығырайған, көмескі жарығымен айналама тағы бiр кез көз жүгiрттім. Қауiп тiп-тен күшейдi. Қарсы алдымда үлкен айдаhар, айбарлы арыстан секілді жыртқыш аңдардарды көрдім. «Шіркін, фонарым
117болмағанда, мына қорқынышты бәлелерді көрмес едім!»деп өкіндім. Фонарымның жарығы түскен жақтың бәрiнен түрлi қорқынышты нәрсе көрдім. «Қап, мына фонар басыма бәле болды ау!» деп қатты ашуландым. Болмаған соң қалта фона-рымды жерге бір ұрып сындырып тастадым. Сол-ақ екен, оның сынығы дүниені жарық қылатын алып электр шамының тетігіне тиіп кеткендей, қараңғы түнек сейіліп қоя берді. Айнала жап-жарық болып әрнәрсенің ақиқатын көрдім. Қарасам, жаңағы қорқынышты көпір дегенiм жазық даладағы тегіс жол екен. Оң жағымдағы үлкен мазарлар болса, жайқалған бау-бақшалар бо-лып, жарқын жүзді адамдар ұйымдастырған өзара сұхбаттасу, қызмет ету, құлшылық қылып, зікір ететін жайлы жер екен. Ал, сол жағымдағы жел-дауыл боп көрінген нәрселер жағымды асқар таулар екен. Ал, дауыл дүлей болып естiлген дбыыстар болса, таудың баурайында бас қосып, қонақасы берiп, көңіл көтерген қауымның сазды үн, дауыстары екен. Менің айдаhар деп қорыққан жыртқыш аңдарым болса, сүйкімді әрі жуас түйе, сиыр, қой, ешкі сияқты үй жануарлары екен. Дереу: «Әлхамдү-лиллаhи ала нурил иман» деп, Құраннан: (Құран, 2:257) деген киелі аятты оқыдым. Көңiлiм жай тауып, үрейлi оқиға ғайып болды.Міне, тыңдаушым! Жаңағы екі тау дегеніміз біреуі өмірдің басы, біреуі соңы, яғни бұл дүния мен о дүния. Көпір бол-са өмір жолы, оң жақ – өткен шақ, сол жақ – болашақ. Қалта фонары болса өз білгеніне ғана жүгінетiн адамның менмен-дігі. Жыртқыш аңдар боп көрінген нәрселер болса, әлемдегі ғажайып құбылыстар мен жаратылыс.Тура жолдан тайып, менменшіл, өзiне сенетін, рухани қараңғыда жүрген адамның жағдайы да менің әліг оқиғадағы бірінші халiме ұқсайды. Құдайдан безген адам қалта фона-ры тәріздес анық емес, адамды адастыратын мағлұматтарға
118сеніп өткен шақты мазар бейнесінде яғни жойылу қылып көреді. Болашақты не болары белгісіз, кездейсоқтыққа толы қараңғы деп біледі. Хаким-і Рахимның әмірге бағынышты қызметшілерін яғни әлемдегi құбылыстарды, қоршаған ортаны қауiптi жыртқыш аңдар бейнесінде көреді. Сөйтіп, менмендік оны:(Құран, 2:257) дейтін Құранның үкіміне лайық етеді. Егер, адамға Аллаh һидает бұйырып, тура жолға түссе, көңіліне иман ұяласа, нәпсі перғауындығын тастап Аллаhтың кітабын қабылдаса мысал-оқиғадағы екінші керемет жағдайыма ұқсайды. Ол кезде бүкіл әлем күндізгідей жайнап, Аллаhтың нұрына толады. Әлем: аятын оқытып тұрғандай ғажайып күй кешедi. Өткен шақ мазарлық емес, гүлденген бау-бақша бейнесінде, әрбір ғасыр бір пайғамбардың немесе әулиенің құзырында құлшылық еткен ниетi таза, мейiр-бан кісілер өмір сүрген, сосын өз міндеттерін адал атқарып: «Аллаhу Әкбар» деп, жоғары мәртебеге яғни көкке көтеріліп, болашаққа сапар шеккендерін жүрек көзімен көреді. Сол жағына қарап, яғни келешек болса берзах пен ақырет әлемі, оның теңiздің толқынындай оқиғалардың тасасында Жәннаттың бау-бақшалары, Рахмани қонақасы әзiрленген зәулім сарайлар құрылғанын иманның нұрымен ұзақтан көреді. Дүниядағы жел мен дауыл, зілзәлә, топан су секілді апаттарды белгілі бір мақсатпен болатын қызметшілер деп біледі. Көктемгі жауын, сел секілді сырттай жағымсыз оқиғаларды ақиқатында өте жағымды әрі хикметке толы көрiнiс екендiгiн түсiнеді. Тіпті, ажалдың өзiн мәңгі өмірдің бастамасы, ал қабір мәңгі бақыт әлемінің есігі деп біледі.Мiне, бауырым! Бұдан өзге айтылмай қалған жақтарын өзің тауып, ақиқатты санаға салып салыстыр!
119ҮШІНШІ тұЖЫрЫМ: Иман – нұр, иман – қуат. Иә, има-ны кәміл адам бүкіл әлемге қарсы тұра алатын дәрежеге жетеді. Иманының қуатына қарай кезкелген оқиғаға төтеп бере алады. Тәуекелге бел буып, бар iсін бір Аллаhқа тапсырады. Өмір ке-месіне зор сенiммен мініп, тасқынды толқындарға қарсы жүзіп сайран құрады. Барлық ауыртпалықты Қадир-ы Мұтлақтың құдіретіне жүктеп, дүниеде көңiлi хош, рахат өмір сүреді. Қабірде тынығып, содан соң мәңгі бақыт мекенi, Жәннатқа ұшады. Егер тәуекел етпей қасарысса, ұшпақ түгіл дүниенің ауыртпашылығы Тозақтың түбіне батырып жібереді.Демек, иманға тәухид, тәухидқа тәсілім, тәсілімге тәуекел керек. Яғни, Аллаhтың бiр екенiне сенбей иман толық бол-майды. Ал, Аллаhтың бiрлiгi болса толық мойынсұнуды қажет етедi. Мойынсұнып, көну болса, тәуекелсiз болмайды. Тәуекел деген адамға екі дүниенің бақытын әперетін құнды нәрсе. Алайда, тәуекел ету барлық себеп-шарттарды жаппай жоққа шығару емес. Шарттарды орындап, оны құдіреттің перделері, іс-қимылмен жасалатын дұға деп түсiну қажет. Істiң ақырын тек бір Аллаhтан тiлеу, нәтижелерді Жаратушыдан күту, жалғыз Оған қарыздар болу. Тәуекел ету мен етпеуді бір мысалмен баяндап берейін:Бірде екі адам ауыр жүк арқалап кемеге мінеді. Біреуі ке-меге кірер-кірместен жүгін жерге қойып, үстіне отыра ке-теді. Айналаны тамашалап, көңілі жәй. Екіншісі ақымақ әрі тәкаппар болғандықтан жүгін жерге қоймай арқалап тұрады. Серігі оған: «Жүгің ауыр ғой, жерге қойып дем алсаңшы!» – десе, «Жоқ! Мұны көтере алмайтындай маған не көрініпті. Әрі жоғалып кетуі мүмкін. Өз жүгімді өзім көтеретін әлім бар!» – деп қасарысады. Оны көрiп кемедегiлердiң жаны аши-ды. «Мына бәрімізді көтеріп келе жатқан Сұлтан Патшаның кемесі әлдеқайда күшті әрі сенімді. Бүйте берсең басың айна-лып, жүгіңмен бірге теңізге құлап кетерсің. Уақыт өткен сайын әлсіреп, мына бүкірейген белің мен ақымақ басың ауыр жүкке шыдай алмас. Әрі кеменің капитаны көрсе қуып шығады не-
120месе «Есалаң! кеменің сенімді екеніне күмәнданып тұр ма? Әлде мазақ еткісі келе ме? Қамап тастаңдар!» деп бұйыруы мүмкін. Әрі жұртқа күлкі боласың. Әлсіздігіңді көрсеткен тәкаппарлығыңа, бейшаралығыңды білдірген менмендігіңе, екіжүзділік пен міскіндігіңді көрсеткен жасандылығыңа жұрт мазақтап күліп жатыр,» – дегеннен кейін, әлгі бейшараның есі кірді. Жүгін жерге қойып үстіне отыра кетті де: «уһ! раха-тын-ай. Құдай қалауыңды берсін! Машақаттан, қамаудан, масқара болудан құтқардың,» – деп, серігіне алғысын білдір-ді.Уа, тәуекел етпейтін бейбақ! Ақылға кел, тәуекел ет! Сонда жаратылыс атаулыға тіленуден, оқиғалардан қорқып үрейленуден, масқаралықтан, ақыреттік азаптан, тар дүниенің қыспағынан құтыласың. тӨртІНШІ тұЖЫрЫМ: Адамды адам еткен – иман. Тіп-ті сұлтан қылатын да Иман. Олай болса адамның басты міндеті – иман келтіру, дұға ету. Күпірлік адамды бейшара қылып, айу-ан құбыжыққа айналдырады. Мұны растайтын мыңдаған дәлел бар. Мысалы, хайуан мен адамның дүниеге жаңа келгендегі жағдайлары соның бір дәлелі боп саналады.Иә, адам иманы арқылы хайуаннан ерекшеленiп, адамз атына лайық болғандығын олардың дүниеге келуіндегі айырмашылықтарына қарап білуге болады. Өйткені, хайуан-дар дүниеге келген кезде, бейне бір басқа әлемде әзірленіп, бейімділігіне қарай кемел түрде келеді, яғни жіберіледі. Бар-жоғы екі сағат, екі күн немесе екі айдың iшiнде дүниедегi тір-шілік заңдарын, өзінің қоршаған ортамен болатын байланысын, өмір сүрудің шарттарын лезде меңгеріп алады. Адамның жиыр-ма жылда қолы жетпейтін тәжірибе, іскерлігін торғай мен ара сынды мақұлықтар жиырма күнде үйреніп алады, яғни оларға үйретіледі. Демек, хайуанның басты міндеті, ізденіп даму емес, білім жинап кемелдену емес, өзінің бейшаралығын көрсетіп көмек сұрап дұға ету емес. Олардың негізгі міндеті туа біт-кен бейімділігіне сай әрекет ету, амал қылу яғни бұл олардың құлшылығы саналады.
121Адам баласы болса олай емес. Дүниеге келгенде ешнәрседен хабары жоқ, бәрін үйренуге мұқтаж. Өмірдің шарттарын біл-мейді, тіпті жиырма жасына келгенше толық үйрене алмайды. Тіпті өмірінің соңына шейін үйренуге мұқтаж. Һәм тым әлсіз, бейшара халде дүниеге келедi. Бір-екі жылда әзер дегенде аяққа тұрады. Он бес жасқа келгенде алғы шарт деңгейінде оңы мен солын танып, өмір сүрген ортасының ықпалымен жақсы мен жаманды айырады. Демек, адам баласының басты мін-деті – даму, кемелдену және дұға ету, құлшылық қылу. Яғни, «Маған қамқорлық жасап, хикметпен тәрбиелеп, керемет басқарып отырған кім? Мейірімі мол, асыраушы, иелік етіп мәпелеуші кім?» деп ойлану, білу. Осылайша, қажеттіліктерін қамтамасыз етіп отырған Қади-ул-Хажат, аса қамқор Аллаһты танып өзінің әлсіз, бейшара екенін сезіп жалбарыну, өтіну және дұға ету, яғни, әлсіздік пен бейшаралықты қанат қылып, оны өзіне шапағатшы жасап, құлшылықтың ең жоғарғы сатысына самғау. Демек, адам бұл әлемге білім алу және дұға ету, жал-барыну арқылы дамып жетілу үшін келген. Әр нәрсенің мәнісі, жаратылысы ілімге тәуелді. Ал, ілімнің негізі, қайнар көзі, өзегі – Марифетуллаh, ал оның іргетасы Иман-ы Биллаh яғни Аллаһқа сену және Оны тану. Сондай-ақ, адам баласы тым әлсіз. Ол аздай басына бәле үйір. Әрі көптеген дұшпандары бар. Олардан әрдайым соққы жейді. Өзі тым бейшара, кіріптар әрі шексіз арман-тілектері бар. Сондықтан, табиғатына сай басты міндеті, негізгі жұмысы иман келтіру, дұға ету. Дұға дегеніміз құлшылықтың негізі боп табылады.Мәселен, сәби қолы жетпеген нәрсесін алу үшін я жылайды, я сұрайды. Яғни, я әрекетімен я тілімен әлсіздігін мойындап дұға етеді яғни сұрайды. Сөйтіп мақсатына жетеді. Сол сияқты адам баласы, бүкіл жаратылыс ішінде бейне бір әлжуаз, нәзік сәби тәріздес. Ол, Рахман үр Рахимнің алдында өзінің әлсіз, бейшара екенін мойындап жылап жалбарынуы керек және
122өзінің пақыр, мұқтаж екенін сезініп дұға етуі тиіс. Сонда ол биік мақсаттарына жетеді және жасалған қыруар қамқорлыққа шүкір еткен болып есептеледі. Әйтпесе, шыбын шаққанға жылайтын әлжуаз ақымақ әрі тентек бала секілді: «Мен өз күшіммен мың есе күшті алып дәулерді айтқанымды істетіп отырмын. Өз іліміммен көзін тауып, бағындырып тұрмын» дегендей тәкаппарланып жасалып жатқан қамқорлықты жоққа шығарса, табиғатына қайшы әрекет еткен болып ауыр жазаға тартылады.
Отыз екінші Сөздің үшінші тарауыЕКІНШІ НҮКтЕНІҢ ЕКІНШІ бӨлІМІТура жолдан тайған азғындардардың уәкілі нені ұстанарын білмей және өзінің адасқан пікірін дәлелдей алмай сасқалақтап былай деді: «Менің ойымша, дүниеде бақыт болу үшін және өмірдің рахатын көріп, өркениетке, техника мен ғылымға жету үшін ақыретті естен шығарып, Құдайды ұмытып, дүниеге құмартып, еркін жүріп өзіңе сенімді болу. Мен шайтанның қолдауымен көпшілікті осы жолға түсірдім, түсіріп келемін».ЖАуАП: Біз жауап ретінде Құран атынан былай дейміз: «Ей, бейшара! Ақылға кел, есіңді жи! Адасқандардың айтқанына ерме! Егер ерсең, қыруар зиян шегесің. Оны ойлаудың өзі төбе шашты тік тұрғызады. Сенің алдыңда екі жол жатыр. Бірі: Адасқандардың уәкілі көрсеткен қауіпті жол. бірі: Қасиетті Құран сілтеген бақытты жол. Бұл екі жолдың парқын «Сөздер» атты, әсіресе, «Қысқа Сөздер» атты еңбектерімнен көріп, түсінген шығарсың. Енді орайы келген соң, мыңдаған теңеуден біреуін баяндап берейін. Назарыңды сал, құлақ түр! Ширк пен адасу, пасықтық пен азғындықтың жолы адамды әбден аздырып жібереді. Шексіз мұңға салып, өте ауыр жүкті әлсіз де қылдай мойынына жүктейді. Өйткені, адам Аллаһ Тағаланы танымаса, Оған иман келтіріп тәуекел етпесе, өте әлсіз, бейшара, шексіз қажеттіліктерге мұқтаж пақыр, толассыз қайғыға душар, өкінішті де мұңлық, фәни хайуан тәріздес болып, барлық сүйіктілерінен, қоршаған ортамен қош айтысатын және ақырында өзі де қабір түнегіне жалғыз өзі кететін біреу болады. Һәм өмір бойы азғантай қалау-ерікпен, аз бір қуатпен, қысқа өмір кешіп, келте тіршілік, шектеулі санасымен қыруар мақсатына ұмытылып өкініш пен қайғы-мұң жеп бостан-бос шапқылайды. Өзі болмысын алып жүре алмағанымен тұрмай, дүниенің алапат жүгін арқалап, Жәһаннам азабын дүнияда шегеді.
124Иә, осы ауыр қайғы-мұң мен қорқынышты, рухани күйзелісті сезбеу үшін Құдайдан безгендер сезімдерін өлтіріп бейқамдыққа салынып мас адамның күйін кешеді. Уақыты келіп мастығы тарқағанда яғни, қабірге жақындағанда қорқыныштан есі кетіп қатты сезінеді. Өйткені, адам Аллаһ Тағалаға беріліп, шынайы құл болмаса, өзі-өзіне қожайын сезі-неді. Алайда, азғантай еркі, кішкене күш-қуаты мына аласапы-ран дүниеде түкке жарамайды. Зарарлы микробтан бастап, со-нау зілзалаға дейін, мыңдаған тобыр дұшпандар өміріне қауіп төндіруде. Әрі үрейлене әрдайым өңі суық, сұсты қабірін ой-лайды. Оның үстіне адам болған соң, адамдарды, дүнияны да алаңдайды. Бірақ дүния, ондағы адамдар, Хаким, Алим, Қадир, Кәрим Аллаһтың қолында дегенге сенбегендіктен, кездейсоқ, құбылыс-оқиғалар табиғи дегендіктен дүниенің, адамдардың хал-ахуалы уайымдатып мазасын алады. Басының қайғысымен бірге адамзаттың қайғысын жұтып жаны қиналады. Дүниенің зілзала, аштық, топан су, індет, аяқталу мен жоқ болу секілді құбылыстары тым оғаш, азаптаушы, қасіретті көрініп азапқа салады. Бірақ, мұндай аянышты күйдегі адамға жан ашып, мейірімділік етуге болмайды, лайық емес. Өйткені, мұндай күйді өзі тілеп алды. Сегізінші сөзде екі жігіттің түскен күйлерін теңеуде былай делінген болатын: Мәселен, бір адам миуалы кере-мет бауда берекелі дастарханға қанағат етпей, ағайын-туысты малға теңеп, әсем тәтті тамаша жағдайға, көңілді отырысты місе тұтпай, орынсыз харам ләззат үшін шарап ішіп мас бол-са, сөйтіп, өзін орманда қыс ортасында, айуандармен бірге жүргендей қызыл кеңірдек боп айқайлап шуласа, абырой-лы да қадірлі қонақтардың мазасын алып, намысына тисе, дастархандағы тәтті тағамдарды, таза ыдыстарды сындырып, отырыстағы құнды кітаптарды, мағынасы терең хаттарды түкке тұрғысыз шимай қағазға теңеп жыртып, аяғымен тап-тай бастаса әлбетте мұндай адам мейірімге емес, жазалануға лайық. Дәл, сол сияқты кәпірлер мен пасықтар күпірлікке мас
125болып, адасудың кесірінен Сани-ы Хакимнің мына «дүние» атты қонақжайын кездейсоқ, табиғат туындысы деп, ал ондағы уақыттың ағысымен үнемі ескіріп, міндеттерін аяқтап, сосын жаңарып отыратын Иләһи өнер туындыларын яғни, Аллаһтың көркем есімдерінің сәуле-шағылыстарын жоқ болып, құрдымға кетті деп, ал олардың тәсбих дыбыстарын қоштасу мен мәңгіге айырылысудың жоқтауы деп, сондай-ақ, Самедани хаттар болып табылатын мына болмыс атаулыны мағынасыз, астаң-кестеңі шыққан түкке тұрғысыз бір нәрсе деп түсініп әрі мейірімге толы нұрлы әлемге бастайтын қабірді жойылу түнегі, қараңғы қапас және нағыз сүйікті жандарға қауышу болып табылатын ажалды, қоштасу сәті, айырылысу деп ойлағандықтан һәм өзін қинап, hәм болмыс атаулыны аянышты күйде көреді. Аллаһ Тағаланың көркем есімдерінің hәм бізге жазған хаттарының қадірін түсіріп қорлаған боп саналады. Сондықтан мейірім мен қамқорлықтан тыс қалып қана қоймай, адам төзгісіз азап шегуге лайық бола-ды. Ондай адамға ешқандай түрде де қайырымдылық жасауға болмайды.Ей, байғұс адасқан топ, азғындар! Осы аталған қиын жағдайдан, жанды күйзейтін үмітсіздіктен қайсыбір өркениет, қайсыбір ғылым мен техника, қайсыбір жетістіктерің, қайсыбір мәдениеттерің құтқарып сақтай алады? Адам жаны өте құмар, аса мұқтаж, нағыз сақтаушыны қайдан табамын дейсіңдер? Арқа сүйеп, сеніп жүрген, тіпті, Аллаһтың жаратқандарын, Оның жарылқау-сыйлықтарын еншілеп берген қайсыбір табиғатың, қайсыбір себептерің, қайсыбір ширктерің, қайсыбір жаңалықтарың, қайсыбір жалған құдайларың өздерің мәңгі жоқ болу деп ойлайтын ажалдан аман алып қалады? Өлген соң қабірден, берзахтан, махшардан, қыл көпірден аман-сау алып өткізе ме? Мәңгі бақыт әлеміне жетектеп, бақытқа бөлей ала ма? Алайда, сендер қабірден қашып құтыла алмайтындықтан осы жолдың жолаушысы болып табыласыңдар. Әрине, мұндай күйдегі бір жолаушы әлгі ұшы-қиырсыз аудандар мен шексіз жайылып жатқан шекараларды қол астында ұстап, басқаратын біреуге арқа сүйеуі керек.
126Ей, сорлы адасқандар мен бейқамдар! «Орынсыз сүюдің жазасы ауыр азап деген, сендер Раббыларыңа, оның көркем есім-сипаттарына жұмсалуы тиіс махаббат, құштарлық, шүкіршілік, құлшылық сезімдерді заңсыз түрде өздеріңе, нәпсілеріңе, дүниеге жұмсадыңдар. Сол үшін заңды түрде жазасын да тар-тып жүрсіңдер. Себебі, Аллаһ Тағалаға берілуі тиіс махаб-батты нәпсіге жұмсадыңдар. Сөйтіп, өліп-өшкен нәпсілеріңді де қанағаттанбай рахат таппай қиналып жүрсіңдер. Сендер өздеріңді махаббатқа лайық Қадыр-ы Мутлаққа тапсырмай, тәуекел етпедіңдер. Осылай, әрдайым жан азабын шегесіңдер. Һәм Аллаһ Тағаланың көркем есім-сипаттарына арналған мөлдір махаббатты қу дүниеге арнадыңдар, Оның өнер туын-дыларын табиғатқа, себептерге бердіңдер де бастарыңа бәле тілеп алдыңдар. Енді сол қыруар сүйіктілерің, ынтық болған ғашықтарың базбіреуі сендермен қоштаспай да сырт айналып, тастап кетуде. Ал, кейбіреуі тіпті танымайды. Таныса да сен-дерді жақсы көрмейді, көргенмен пайда жоқ. Толассыз қоштасу мен уайымнан пайда болған мұнша азап жандарыңды жегідей жейді. Міне, адасқандардың «өмірде бақытты болу, өркениет, мәдениет, бостандық, еркіндік» деп жүргендерінің шын мәнісі осы. Азғындық пен мастық перде болып адамдарға уақытша сездірмей жүр. «тфу, олардың ақылдарына болайын!» деп, олардан жиіркенген жөн.Ал, Қасиетті Құранның нұрлы да кең даңғыл жолына келер болсақ, жоғарыда айтылған әһл-и далалеттің бойындағы жара-ларды имандылықтың ақиқаттарымен емдеп жазады. Бастапқы жолдағы барлық қараңғылықты жойып, жарқыратады, дала-лет пен құрдымға кету қауіп-қатерінің алдын алып, амандыққа қауыштырады. Адам баласының әлсіздік пен пақырлық, мұқтаждық тұстарын Қадир-ы Рахимге тәуекел еткізіп, емдеп жазады. Өмір тауқыметін, тұрмыстың ауыртпалығын Оның құдіретіне, Рақымына тапсырады. Ондай ауыр жүкті мойнына артпай, керісінше, оны өмірге, нәпсісіне жүктегендей рахаттық сыйлайды. Өзінің «Сөйлейтін хайуан» емес, қайта нағыз
127адам, Рахманның сүйкімді қонағы екендігін білдіреді. Дүние Рахманның бақылауындағы қонақжайы екендігін, ондағы бол-мыс Иләhи есімдердің айнасы екендігін, жаратылыс, әрдайым жаңарып отырған Сәмадани хаттар екендігін білдіру арқылы жүрегіндегі жараны яғни дүниеде жақсы көрген нәрселерден айырылғанда пайда болатын жараларды жақсылап емдеп, күдік пен қайғыдан құтқарады. Сондай-ақ, өлім мен ажал, берзах әлеміне бастайтын, мәңгілік әлемдегі сүйіктілерге қауышу, кездесудің жолы екен-дігін көрсетеді. Адасқандардың ойынша, барлық сүйіктілерден мәңгіге қоштасу көрінген өлім дейтін жараны осылайша, оп-оңай емдеп жазады. Ондай қоштасу негізінде қоштасу емес, нағыз табысу, қауышу екенін дәлелдейді. Һәм қабір, мәңгілік әлеміне, бақыт сарайына, жәннат бау-бақшасына, Рахманның құзырына ашылған есік екендігін дәлелдеп, адамзаттың ең үрейлі мәселесін шешіп қайғы-қасірет, өкінішті болуы әбден мүмкін берзах саяхатын өте жағымды, көңілді саяхат екендігін көрсетеді. Қабір арқылы айдаhар аузын бітеп, сұлу бауға есік ашады. Яғни, қабірдің айдаhардың ауызы еместігін, керісінше ол мейірімге бөленетін сая-бақтың есігі, баспалдақ екендігін көрсетеді.Сондай-ақ, мүминге былай дейді: «Ерік жігерің жетпе-се ісіңді Жаратқан Иеңнің шексіз құдрет-қалауына тапсыр. Әлсіздік сезсең Қадир-ы Мұтлақтың құдіретіне сен! Өмірің қысқа болса, мәңгі өмірің бар, қам жеме! Пікірің жеткіліксіз десең, Құранның күнінің астына кір! Сөйтіп, иман нұрымен қарасаң, пікіріңнің алаңы кеңіп Құран аяттары жарқыраған жұлдыздай сәуле шашып жолың ашылып, бағыт-бағдарың бола-ды. Әлдебір қиыншылық, уайым-қайғыларың, арман-тілектерің көп болса, сені шексіз сауап, мол қайырымдылық күтіп тұр. Мақсат-мұратың көп болса, оларды уайымдап қайғырма! Олар бұл дүниеге сыймайды және олардың орны басқа жерде. Олар-ды орындап беретін де басқа біреу. Сөзін жалғап, былай дейді:
128Уа, адам! Сен өзіңе қожайын емессің. Сен құдіреті шексіз Қадирдың, Аса қамқор Рахим-ы Зат-ы Зүлжалалдың иелігін-дегі құлсың. Олай болса, өмір тауқыметін мойыныңа жүктеп қиналма! Өмірді сыйлаған – Аллаh. Оны басқаратын да Ал-лаh. Һәм дүние иесіз, бос жатқан нәрсе емес. Қылдай беліңе дәу дүниенің ауыртпалығын артып, мұңайып өкінбе! Оның иесі Хаким уә Алим. Сен болсаң қонақсың. Босқа шатыспа, шатыстырма! Һәм мына адамдар, хайуандар, барлық болмыс беталды лағып жүрген бостан емес. Олар белгілі бір міндет жүктелген қызметшілер. Олар Хаким-і Рахимның қол астында. Олардың уайым-қайғысын жұтып, қиыншылықтарын ойлап, жаныңды қинама! Оларға Халиқ-ы Рахимнің мейірімінен артық қамқорлық жасаймын деп ойлама! Һәм саған дұшпан көрінген микробтан бастап, сонау оба, топан, аштық, зілзала сынды зи-янды нәрселердің тізгіні Рахим-ы Хакимнің қолында. Ол Хаким ғой, әбестік жасамайды. Ол Рахим ғой, қайырымдылығында шек жоқ. Істеген әр ісінде бір жарылқау, ізгіліктің нышаны бар. Әрі мына дүнияның фәни екені рас. Дегенмен, мәңгі әлемге қажетті нәрселер осы жерден табылады. Негізінде, өткінші екені рас, бірақ мәңгі бітпес миуа-жемістер береді. Мәңгі Бақидың бақи есімдерінің сәуле-шағылыстарын көрсетеді. Шындығында қуанышы аз, қайғысы көп. Алайда, Рахман-ы Рахимнің ілтипаты шексіз. Ол нағыз рухани ләззат. Қиыншылықтар мен қайғылар болса, сауап жағынан рухани ләззат сыйлайды. Шариғатқа сәйкес тұрмыс жүрек пен рухтың, нәпсі мен жанның ләззат алып, рахаттануына толық жеткілікті. Соған қанағат ет! Оның сыртына шықпа! Өйткені, оның сыртындағы бір ләззаттың кей-де мың қайғысы болады. hәм ондай жат қылықтар Рахманның ілтипат-жарылқауынан құр қалуға себеп болады. Һәм жоғарыда баяндалғандай, тура жолдан таю адамды әсфәли-сәфилинге яғни дәрежесін төмендетіп, құлдыратып жіберетіні сондай, одан ешбір мәдениет, ешбір философия шығара алмай шара-сыз қалғанда, Қасиетті Құран мен Иман, салих-ізгі амалдар әлгі азғындық құрдымынан құтқарып жоғары дәрежеге шығарады.
129Ол іс жүзінде бұлтартпас айғақтармен нақты дәлелденген. Яғни әлгіндей терең құлдыраудың құзын рухани жетістіктер-мен, рухани байлықтармен толтырып мәртебесін көтереді. Һәм адам баласының мәңгілік тарапына бастайтын ұзақ, дауылды соқпақты сапарын жеңілдетіп, мың жылдық, тіпті, елу мың жылдық қашықтықты бір күнде жүріп өтетін жолды көрсетеді. Һәм Әзел мен Әбед Сұлтаны, Зат-ы Зүлжалалды танысты-ру арқылы адам баласының қызметші құл, міндет жүктелген қонақ екенін білдіріп жоғарғы мақам береді. hәм «дүния» қонақжайда, hәм бәрзах пен ақырет өткелдерінде сапарын сәтті аяқтауына мүмкіндік жасайды. Мәселен, бір патшаның адал қызметшісі елді мекендерді ұшақ, кеме, поезд секілді тасы-малдау көліктерін еркін пайдаланып жылдам өте шығатыны сияқты, Әзел уә Әбад Сұлтаны Аллаһтың құлы иман арқылы қол астына кіріп, құлшылық-салих амал арқылы мойынсұнған кезде мына дүниегі қилы өткелдерден және берзах пен мах-шар әлеміндегі асулардан, қабірден, барлық әлемдердің ой-қыратынан найзағай жылдамдығындай тез өте шығады. Сөйтіп, мәңгі бақытын табады. Бұл, Қасиетті Құранда толық баяндалған, ал асфия әулиелерлерге көрсетіп береді. Һәм Құранның ақиқаты былай дейді: «Уа, мүмин! Жүрегіңдегі шексізмахаббат, сүйіспеншілік сезіміңді жаман әрі нұқсан, шерлі, зиянкес нәпсіңе берме! Оған ынтығып, айтқанын істеп, табынушы болма! Қайта сол шексіз махаббат сезіміңді шексіз махаббатқа лайық, шексіз жарылқай алатын, болашақта сені мәңгі бақытқа жеткізетін, сенің жақындарыңды, қайғы мен қуанышыңа ортақ болған адамдарды жарылқап шаттыққа бөлейтін, сондай-ақ шексіз кемелдік иесі, есім-сипаттары ки-елі де көркем, нұқсандық атаулыдан ада, еш кемшіліксіз, бітпес жәмал иесі әрі барлық атау-есімдері керемет, сондай-ақ әр есімі әсем нұрға толы, әсемдердің әсемі, теңдесі жоқ, Жәннат барлық сұлулықтарымен, тәтті нығметтерімен оның мейірімділік сәулесін, аса қамқор әсемдігін көрсететін және бүкіл әлемдегі көз тартар сұлулықтар мен әсемдіктер, көріктер мен қиялдар
130Оның жәмалына, кәмалына, әдемілігіне ишара әрі дәлел болып табылатын біреуді өзіңе Махбуб әрі Мағбуд, яғни, сүйікті әрі Табынушы деп қабылда!Уа, адам! Оның есімдері мен сипаттарына тиесілі сүйіспеншілік сезіміңді басқа фәни нәрселерге берме! Пайда-сы жоқ мақұлықтарға шашпа! Себебі, жаратылыс фәни, алай-да, жаратылғандардағы өнер нақыштары, нұр-сәулелері көрініп тұрған Әсма-и Хусна, яғни, Аллаһтың көркем есімдері мәңгі әрі шексіз. Әрі сол есім-сипаттардың әрқайсысында мыңдаған жарылқаудың түрлері, сұлулық пен әсемдікдің дәрежелері, кемелдіктің мәртебелері, сүйіспеншіліктер бар. Сен тек Рах-ман есіміне қара! Жәннат оның бір ғана сәуле-шағылысы, мәңгі бақыт оның бір ғана нұры, ал дүниедегі барлық ризық-несібелер, сан-алуан нығметтер оның бір ғана жалт еткен ұшқын-сәулесі.иманның адасқандар мен тура жолдағылардың өмірін, тұрмыс салтын, мән-мағынасын ашып соны ишара етеді. Сондай-ақ, олардың ақыры немен тынатынын, өмірінің нәтижесіне иша-ра ететін мына: аяттарға назар аударайық. Айтылған теңеуді керемет түрде баяндайды. бірінші аят: Он бірінші Сөзде бұл аяттың шешендік өнері әрі мазмұндылығы егжей-тегжейлі баяндалғандықтан, онысоған сілтемекпіз. Екінші аят: Бұл аят маңызды да терең ақиқатты білдіретініне қысқаша ишара етеміз.Аталған аятты тура мағынасымен түсінер болсақ, бы-лай деп бұйырады: «Әһл-и далалет, яғни, азғындар өлген кезде жер мен аспан олар үшін қайғырып жыламай-ды». Енді мағынасын аударып қарайтын болсақ, мұндай мағына шығады: «Имандылар дүниеден озғанда жер
131мен аспан қайғырып, жылайды». Яғни, әһл-и далалет жер мен көктің атқарған міндеттерін бекерге шығарып, жоққа шығарып олардың қадірін түсіреді әрі Жаратқан Иесін таны-майды. Олардың асқақ абыройына шәк келтіріп қорлаған бо-лады. Сондықтан, жер мен көк оларға қайғырып жыламақ түгіл, жиіркеніп, арам қатқан кездерінде қуанып жадырап тұрады. Ал, Аспан мен Жер әһл-и иман қайтыс болғанда жабырқап жыламсырайды. Себебі, олардың атқарған міндет-терін бағалап ақысын береді. Табиғаттың шын мәнісін түсініп, олардың білдірген мағыналарын иман арқылы мойындайды. «Қалай керемет жаратылған, қалай адалқызмет атқаруда»- деп өзіне лайықты бағасын береді. Оларға Аллаһ атымен, Оның есімдерінің айнасы деп қарап, тамсана сүйсінеді. Міне, сондықтан әһл-и иман дүниеден көшкенде аспан мен жер бейне бір жылап тұрғандай жабырқау күй кешеді.
МАҚтАу СӨЗ «Аят-үл Күбра» рисалесі сақтаулы тұрған дүкенге от тиіп, бірақ әлгі Құрани тәпсір өрттен аман қалуына се-беп болған екен. Бұл оқиға Әмірдағы қаласында болған. Соны естіп марқұм мұғалім Хасан Фәйзи тілге тиек етіп бір хат жазған екен. Содан үзінді.Рисалей-Нұр кез-келген өртті, жалыны лаулап жа-натын қандай да бір отты сөндіретініне шәк жоқ. Ол, адамдардың ысырап дейтін отын өзінің «Үнемділік» атты рисалесімен сөндіреді. Күйіп-жанып, ыстығы көтеріліп, жаны қиналған ауру-науқастарды «Дерт пен Дауа» рисалесінің жиырма бес дауа деп аталатын бұлақтан аққан абыл-хаят, шипа суымен өшіреді. Көңілді торлап, ойды мазалайтын күмән мен күдік, уайым мен қайғы отын «Уәсуәса» рисалесінің нұр-фәйзімен сөндіреді. Рия, екі жүзділік, мақтану, тәкаппарлық дертінің асқынған түрін, оның ыстық отын «Ықылас» рисалесінің медет-инаетімен өшіріп тастайды. Берзах пен о дүниядағы қорқынышты сұмдық от пен азабын «Иғжаз-ы Құран», «Мұғжизат-ы Ахмедия», «Иман-ы Бил Ахирет» сынды шипаға толы рисалелерімен емдеп, одан құтылудың жолын көрсетеді. Дүниядағы барлық ширк дейтін отты «Аят-үл Күбра», «Аса-и Мұса» атты мүбарак кітабының өшпес нұрымен өшіріп түгін қалдырмай сөндіреді. Сондай-ақ, қазіргі таңда дүнияны жалмап, енді Ислам әлеміне қауіп төндіре
133бастаған ниеті қара, көзі қызыл дінсіздікке қарсы бір-ден-бір сақтық шарасы, мықты қорған. Олардың жаққан фитнә-бүлік отын, лаңкестік өртін өшіре алатын өрт сөндіруші екені шәксіз. Қорытынды. Рисалей-Нұрды оқып, талқылағанда пайда болатын әрдайымғы мағынауи нұр-фәйіз жүгенсіз нәпсінің де отын сөндіре алатынына кәміл сенеміз. Ол арқылы адамның азғын әрі нәпсәни жа-ман қасиеттерін жоюға әбден болады. Адамды ал-дайтын нәпсі мен әуестік сезімдерді тыйып, сабасы-на түсіретіні анық. Негізінде ол мына бүлік-шілігі көп, аласапыран мына заманның өрттерін сөндіру үшін жазылған, сол үшін келген тәпсір деп білемін. Әулиелер мен шәһит, фатихтар жатқан, солардың отаны болған мына берекелі елді мекендеп, оның самал ауасымен демалып, суымен сусындаған ержүрек, батыр халық - – сөзі иша-ра қылғанындай, Аллаһтың жарылқап жақсы көрген сүйікті де ер жүрек қаһарман жұрт екенін әлемге тағы бір паш етеді. Рисалей-Нұрды түсініп, оны қабылдап оқыған адам, «хырс», ашкөздік, қанағатсыздық, кекшілдік, ашу-ыза сынды жаман қасиеттерден арылады. Оның шәхуат, құмарлық, надандық, азғындық дейтін бойын билеген оттары сөнеді. Табиғат дейтін ұйқыдан оя-нып, ғапылдық бәлесінен құтылатын болады. Лас, ұйып қалған нашар қандар тазарып жүрек қағысы, қан ағысы ретке келеді. Қан тамырларынан нұр ағып, нұр тамырларға тарайды. Дүния құмарлық, Аллаһтан басқа нәрселерге ынтық болу сықылды соқыр сезім-дер суый бастайды. «Әнә», «Әнтә» дегенді қойып
яғни «мен», «сен» дегенді доғарып Ол дейтін бола-ды. Жетпіс мың перде ашылып «мен де бармын!» деген қара тау қирап үгетіле бастайды. аятының бір мағынасы ашылып пенденің Раббысына жақындау мүмкіндігі туады. Миск-і Анбер яғни хош иіс әртарапқа жайыла бастайды. деген сөздердің нышан-белгілері көріне бастайды........Денизли қаласындағы және сол өлкеніңНұр шәкірттері атынан ХАСАН ФӘЙЗИ (рахметуллаһи аләйһи әбәдан даима)
135(Джәйланның ақталу сөзі)Афион қаласының ауыр қылмыстар жөніндегі сотқа!Мені айыптаушылар түймедейді түйедей қылып, менің мақтанышпен ұстаз деп қабылдаған Саид Нұрсиға және Рисалей-Нұрға жасаған қызметімді айыптап мені бейне сұмдық дипломат, бүлікші адам секілді көрсетіп, Рисалей-Нұрға жабылған жаламен мені де соттағысы келетіндерге айтарым: Бәдиүззаман Саид Нұрсидің діни уә имани уә ахлақи еңбектерін оқып, пайдасын көп көргенім сонша сол үшін ой-ланбастан жанымды қиюға әзірмін. Ол кісіні жақыннан та-нып, етене араласатынымыз рас. Бірақ ол, айыптаушының ойлағанындай отанға, халыққа зиянды, жұртты мемлекетке қарсы айдап салу емес. Ол, керісінше ешкімнің қашып құтыла алмайтын қабір деген мәңгіге құрдымға кетіп, жоғалудан өзімізді және өзім сияқты мына аласапыран заманда иманын сақтап қалуға тырысқан, мінез-құлқын жөндеуге әрекет еткен, сондай-ақ, отанына, халқына пайдалы азамат болғысы келетін дін бауырларымның имандарын құтқару мақсатынан туындаған өте берік те тығыз байланыс, ыстық бауырластық. Ол кісінің ең жақынымын дей аламын. Оған адал әрі мақтанышпен қызмет еткенім рас. Мен ол кісінің ешқашан бөтен мінезін байқамаппын, әрдайым парасатты да көрегенді, байсалды да кішіпейіл. Өте қарапайым жан екеніне саны жүз мыңнан асатын нұрлы кітапшалары және оларды қызыға оқып имандарын сақтап қалған жүз мыңдаған адал шәкірттері куә. Ол мүбарак ұстазым, өзін бізбен тең санап Рисалей-Нұрдың шәкіртімін дейді, әрі оны ісімен де дәлелдейді. Егер сенбесеңіздер, қолдарыңыздағы өзі жазған көптеген хаттарға, әсіресе Аса-и Мұса кітабындағы Ықылас рисалесі-не қарасаңыздар көздерің жетеді деп ойлаймын. Ұстазым бы-лай дейді: «Мәңгі бақи жасайтын және Күндей жарқын, алмастай құнды ақиқаттар фәни, уақытша өмір сүретін мен секілді жеке тұлғалармен шектелмейді, уақытша
пенделердің үстіне негізделмейді. Оны жеке тұлғалар ие-леніп «менікі» дей алмайды!». Мұны кітаптарында, хаттарын-да жиі ескертеді. Солай бола тұра оны мақтаншақ деп кінәлау ақыл-есі дұрыс адамның ісі емес. Олай дейтінім, оның барлық рисале уә хаттарын ынсаппен, ден қойып оқысаңыздар, ол – қадірменді жанның заманның озығы, үлкен ғұлама, теңдессіз дін ғалымы, иманды сақтап қалуға барынша тырысып баққан және болшевиктер, діннен безгендер қолдарына қызыл шоқпар ұстап сүйікті отанымыз бен асыл халқымызға қауіп төндірген кезде бір армиядай пайдалы қызмет еткен, берекелі отансүйгіш азамат екеніне көзіңіз әбден жетеді. Мен осындай тәпсірге және осындай құнды тәпсір жазған қадірменді ұстазға бұрынырақ жолығып шәкірті боламағаныма өкінемін.Құрметті Қазы-Судьялар!Өз басым қыруар пайдасын көрген Рисалей-Нұрдан алып «Генчлик рәхбери» деген кітапшаны Ескішәһир қаласында ре-сми рұқсатпен өзім секілді отандастар мақұрым қалмай, пай-дасын көрсін деп ұлтыма қызмет ниетімен бастырғаным рас. Бұл мен секілді байғұстың Құранның хақиқи тәпсірі Рисалей-Нұрға, сол арқылы иманға қызмет саналады. Мұны жоғары бағалап, құптау қажет және құлшындыруға мұқтаж бола тұра бұлай айыпталуым әділдік ұғымына қайшы емес пе? - деп сіздерден сұрайын деп едім. Рухани азығымыз, ертең тозақтан құтылуымызға бірден-бір себеп әрі мәңгі бақытқа бөленудің бір-ден-бір жолы Нұр рисалелерін ақтап, оның жайылуына рұқсат беруіңізді сұраймын. Егер жоғарыда аталған жағдаят сіздің ойыңызша қылмыс саналатын болса, сот тарапынан берілетін ең ауыр жазаға ризамын, шын көңілден қабылдаймын. Афион қаласында абақтыда қамалып жатқан өзі Әмірдағлық Джейлан Чалышкан
137НЕЛІКТЕН ЖҰРТ РИСАЛЕй-НҰРДЫ ҚЫЗЫҒА ОҚИДЫ? СЕБЕБІ ОЛ БАРШАНЫ ОйЛАНДЫРАТЫН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҚОЛҒА АЛЫП, МАЗАЛАП ЖҮРГЕН СҰРАҚТАРДЫң ЖАУАБЫН БЕРЕДІ. АТАП АйТСАҚ:* Аллаһтың бар әрі бір екенін қалай дәлелдейміз? (22-Сөз, 23-Лема, 2-Шуақ)* Құран Аллаһтың сөзі екенінің дәлелдері (25-Сөз)* Хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) Аллаһтың елшісі екенінің дәлелдері (19-Сөз)* Періштелердің бар екенінің дәлелі (29-Сөз)* Өлген соң тірілу рас екені (10-Сөз)* Тағдырға сену қалай болмақ? Бәрі алдын-ала жазулы. Маңдайға жазғаны болады - дейді, мұны қалай түсінеміз? (26-Сөз)* «Бисмилләһ» сөзінің сыры (1-Сөз, 14-Лема, 2 тарауы)* Аллаһ еш бір мекенге тәуелсіз, бірақ Ол барлық жерден табылады. (16-Сөз, 22-Сөз)* Дүниеде жағымсыз, қорқынышты көрінген оқиғалардан Раббымыздың мейрім шуағын, хикметін қалай көруге болады? (18-Сөз)* Жаратылыс Аллаһты дәріптеп, қалай ғибадат қылады? (24-Сөздің 4 бөлімі)* Намаз неге бес уақыт оқылады? (4, 9-Сөз, 21-Сөздің 1тарауы)* Аурудың пайдасы бар ма, сырқаттанудың хикмет-сыры не? (2-Лема, 25-Лема)* Рух дегеніміз не? (29-Сөз)*Ораза ұстаудың хикмет-пайдалары. (29-Мектубтің 2 бөлімі)
138* Миғраж оқиғасы қалай болған? (31- Сөз)* Шайтанды неге жаратқан, оның не пайдасы бар? (13-Лема, 12-Мектуб, екінші сұрақ)* Адам дегеніміз не? Бұл дүниеге не үшін келеді, мақсат-мұраты не? (11-Сөз) * Дұға қылып жалбарынып жатамыз, қабыл болмай жатады. Құранда барлық дұғаға жауап беріледі демей ме? (23-Сөз)* Кейде көңілді күмән басып, күдік пайда болады. Ол не үшін? (21-Сөз, 13-Лема, 11-Мектуб)* Ардақты Пайғамбарымыздың сүннет амалдарының. Маңызы мен хикметтері (11-Лема)* Сопылық туралы. Тариқат деген не? (29-Мектуб)* Уаххабшылар кім? Шығу тарихы. (28-Мектуб) * Махаббат туралы Құран не дейді? (24-Сөз)* Молекула, атом секілді ұсақ бөлшектер неліктен тынымсыз қозғалады? (30-Сөз)* Саналы кісілерді жаппай таңқалдырған және бірде бір философ аша алмаған тек Құранның қасиетімен ашылатын дүниенің жаратылу тылсым-сырлары жайлы. (24-Мектуб)* Исламда үнемділік және береке туралы не дейді? (19-Лема)* Мұсылмандардың ынтымағын күшейтудің, имандылар өзара бауырмал болудың себептері. (22-Мектуб)* Не үшін иманды әрдайым жаңартып отыру керек деген. (26-Мектуб)* Бүкіл әлем Пайғамбарымыздың нұрынан жаратылған дейді. Бұны қалай түсінеміз? (31-Сөз.)* Хазреті Адам ғаләйһиссалам жұмақтан неге шығарылған? Адамдардың көбісі тозаққа түседі дейді. Неліктен?
(12-Мектуб, 13-Лема)* Әйелдің орамал тартуы шарт па? (24-Лема)* Шайтанның Құран туралы уәсуәсәсіне қарсы жауап. (26-Мектуб)* Мәзхабтар неге әртүрлі? (27-Сөз)* Жеті қабат жер мен аспан жайлы аятты қалай түсінеміз.(12-Лема)* Аллаһтан өзге ешкім біле алмайды деген «бес ғайыпты» ғылым мен техника арқылы біз де білетін болдық!-деушілерге жауап. (16-Лема)* Иса пайғамбардың көктен түсуі, тажалды өлтіруі және Мәдидің шығуы туралы хадисті қалай түсінген жөн? (15-Мектуб, 5-Шуақ, 24-Сөз, 1-Мектуб)* Исми Ағзам яғни Аллаһтың ең ұлық есімдері. (30-Лема)* Зұлқарнай қамалы қайда? Яджуж-Мәджуж деген кімдер? (5-Шуақ, 24-Сөз)* Шииттер мен Сунниттер арасындағы мәселенің анық-қанығы. (4-Лема)
рИСАлЕЙ-Нұр тОПтАМАСЫҮлКЕН КІтАПтАр:«Сөзлер», «Мектубат», «Лемалар», «Шуалар», «Ишарат-ул Иғжаз», «Аса-и Муса», «Мухакемат», «Тарихче-и Хаят», «Барла лахикасы», «Кастамону лахикасы», «Әмирдағ лахикалары», «Сикке-и Тасдиқ-ы Ғайби», «Мәснәу-и Нурие», «Иман уә Күфүр мувазенелери»КІШКЕНЕ КІтАПШАлАр:«Аят-ул Кубра», «Бәдиуззаман жауап вериор», «Диван-ы Харб-и өрфи», «Әлхужжәт-ул Зәхра», «Әнә уә Зәррә», «Гәншлик рәхбери», «Хақиқат Нұрлары», «Ханымлар рәхбери», «Хасталар рисалеси», «Хашир рисалеси», «Хизмет рехбери», «Хутбе-и Шамие», «Иджтихад рисалесі», «Иман хақиқатлари», «Ихлас рисалелери», «Конферанс», «Күчүк сөзлер», «Мәйуә рисалеси», «Мифтах-ул Иман», «Миғраж уә Шаққ-ы Қамар», «Миркат-ус Сүнна», «Мұғжизат-ы Ахмедие», «Мұғжизат-ы Құрание», «Мүнажат», «Мүназарат», «Нұр Әлеминин Бир анахтары», «Нұр чәшмеси», «Нұрун илк капысы», «Отыз үш пенжере», «Рахмет уә Шәфкат илачлары», «Рамазан-Иқтисад-Шүкір», «Сунухат-Тулуат-Ишарат», «Табиғат рисалеси», «Ухуввет рисалеси», «Иырмы учунжу сөз», «Зухрет-ун Нұр».
рисалей-Нұр топтамасынан қазақ тіліне аударылған кітаптар:«Сөздер», «Лемалар», «Асай-Мұса», «Мұхаммед Пайғамбардың мұғжизалары», «Қанағат сыры», «Ханымдар шырағы», «Жастар шырағы», «Ықылас сыры», «Табиғат сыры», «Адам және Иман», «Сүннет сатылары», «Мінәжат», «Отыз үш терезе», «Бауырластық рисалесі», «Қысқа сөздер», «Өлім және Мәңгілік», «Тәухид сыры», «Дерт пен Дауа», «Миуа Рисалесі», «Аятул Кубра».рисалей-Нұр туралы мына интернетсайттардан мағлұмат алуға болады:www.nurfeyz.kzwww.envarnesriyat.comwww.ihlasnurnesriyat.comwww.sozler.com.trwww.hizmetvakfi.comwww.ru-nur.comwww.lichtstr.dewww.elmascevher.comwww.nurnetwork.orgwww.malaysianur.comwww.nur.gen.trwww.nuronline.comwww.nursistudies.com
142Бұл кітап жайында ұсыныс-пікірлеріңіз болса, мына мекен-жайға хабарласуларыңызға болады.ЖШС ТОО Нур Фейз,050009, Алматы қаласы, Түркебаев көшесі, №84-үй. тел.: 8 (727) 241 09 34.E-mail: [email protected]
Search
Read the Text Version
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- 8
- 9
- 10
- 11
- 12
- 13
- 14
- 15
- 16
- 17
- 18
- 19
- 20
- 21
- 22
- 23
- 24
- 25
- 26
- 27
- 28
- 29
- 30
- 31
- 32
- 33
- 34
- 35
- 36
- 37
- 38
- 39
- 40
- 41
- 42
- 43
- 44
- 45
- 46
- 47
- 48
- 49
- 50
- 51
- 52
- 53
- 54
- 55
- 56
- 57
- 58
- 59
- 60
- 61
- 62
- 63
- 64
- 65
- 66
- 67
- 68
- 69
- 70
- 71
- 72
- 73
- 74
- 75
- 76
- 77
- 78
- 79
- 80
- 81
- 82
- 83
- 84
- 85
- 86
- 87
- 88
- 89
- 90
- 91
- 92
- 93
- 94
- 95
- 96
- 97
- 98
- 99
- 100
- 101
- 102
- 103
- 104
- 105
- 106
- 107
- 108
- 109
- 110
- 111
- 112
- 113
- 114
- 115
- 116
- 117
- 118
- 119
- 120
- 121
- 122
- 123
- 124
- 125
- 126
- 127
- 128
- 129
- 130
- 131
- 132
- 133
- 134
- 135
- 136
- 137
- 138
- 139
- 140
- 141
- 142