Important Announcement
PubHTML5 Scheduled Server Maintenance on (GMT) Sunday, June 26th, 2:00 am - 8:00 am.
PubHTML5 site will be inoperative during the times indicated!

Home Explore Аят-ул Кубра

Аят-ул Кубра

Published by risalekz, 2020-02-04 23:48:52

Description: 1938 жылы Кастамону қаласында жазылған,
7-Şua (ÂYET-ÜL KÜBRA)

Keywords: Аят-ул Кубра,Ayatul Kubra

Search

Read the Text Version

51дүния қараң қалған, әлемді қайғы-мұң басып, меңіреу, бейсана табиғаттың құрсауында. Ұшы қиыры жоқ, зымырап өтіп жатқан баянсыз дүния. Енді, ол Құранның әлгі аятын тыңдап ғаламға қарап еді; аят дүниені тұмшалаған пердені ашып нұрландырып жіберді. Бейне бір әр ғасырдағы саналы пенделерге түгел дәріс беріп, көкірек көздерін ашқанын көрді. Ғалам алып бір мешіт, аспан мен жер, ондағы жаратылыс құдды жан біткендей зікір салып, жаппай тәсбих етіп, әрбірі өзінің міндеттерін құлшына атқарып, өздерін бақытты сезініп, дән риза. Мұны көрген соң, аяттың шешендігіне біршама көзі жетіп, басқа аяттарды осыған салыстырып, Құран өзінің зор шешендігімен жер шарының жартысын, адамзаттың бестен бірін қалай баурап алғанын, үстемдік етіп құрметпен ғасырлар бойы үздіксіз оқылып келе жатқанының мыңдаған хикметтерінен бір хикметін аңғарғандай болды.төртінші тұжырым: Құран ақиқатқа толы. Оның мазмұнында өзіндік рухани ләззат бар. Ең тәтті нәрсе қайталана берсе, жалықтырып жіберетіні рас. Алайда, Құранды қайта-қайта оқу, жалықтырмақ түгілі жүрегі қа¬раймаған, ниеті таза, зауқы бұзылмаған адамдардың қызығушылығын артты-рып, ләззатын арттыра түсетіні бұрыннан бері белгілі, ол халық арасында кең тараған. Құранның балғын, әрдайым жас, қартаймайтыны сонша он төрт ғасыр өтсе де әрі оны қолға түсіру оңай бола тұра, жаңа түскендей қаз қалпын сақтап қалған. Әрбір ғасыр тап өзіне түскедей оны жаңа күйде көреді. Түрлі ғылым саласындағы ғалымдар қолынан тастамай әрдайым пайдаланса да, ақын-жазушылар сөз саптауына еліктеп, соған ұқсастырып еңбек жазса да, Құранның түсіндірудегі ғажап әдісі мен баян-дау тәсілін ешкім меңгере алмаған.бесінші тұжырым: Құранның бір қанаты өткен заманда, бір қанаты болашақта, ал тамыры мен бір бұтағы болса, бұрыңғы пайғамбарлардың бір ауыздан растаған ақиқаттары деуге бо-лады. Бұл олардың үкімдерін растап, бекітеді. Олар да өзара ұқсастығымен мұны растауда. Сол секілді, әулие мен асфиялар одан нәр алып, өсіп шыққан жемістері тәрізді. Олар өздерін ру-

52хани кемелдендіру арқылы әлгі «қасиетті ағаштың» тірі, нәрлі екенін, ол күллі ақиқаттың қайнар көзі екенін дәлелдейді. Ал, екінші бұтағынан өсіп-өнген әулиелік, тура жолдағы бүкіл тариқаттар және Исламның сан салалы ілімдері бәрі бірлесіп, Құранның нағыз хақ, ақиқаттардың жиынтығы, күллі ілімнің мазмұны екенін көрсетеді.Алтыншы тұжырым: Құранның алты жағы да нұрлы. Бұл оның хақ әрі ақиқат екенін көрсетеді. Иә, астында бұлтартпас айғақ пен дәлелдер, үстінде иғжаздың нұрлы сәулелері, ал-дында, яғни, ұстаған бағытында екі дүниенің бақыты, мәңгі бақи сый-сыяпаттары, артында сүйенер тірегі көктен түскен уахидың ақиқаттары, оң жағында дұрыс ойлайтын сансыз ақылдардың дәйекті құптаулары, сол жағында таза жүректер мен ар-ождандардың сенімдері мен шынайы берілуі. Осы аталғандар Құранның бәрінен үстем, таңғажайып, мызғымас әрі жер бетіндегі еш оқ өтпейтін аспани мықты қорған екенін көрсетеді. Осы алты тұрғыдан көрінген Құранның хақ әрі рас екенін, ол адамның сөзі еместігін, ішінде бірде-бір қате жоқ екенін растайтын, біріншіден, әлемдердің Раббысы, әрдайым жақсылықты қолдаушы, хаққа жақ, өтірікшілдерді, жала жа-бушыларды масқаралаушы, барлығын билеп басқарушы Аллаһ. Ол – Құранға ең жоғары баға, үстем мерей, биік мәртебе бер-ген. Екіншіден, Ислам дінінің құрушысы, Құранның аудар-машысы Расулуллаһ (с.а.у). Ол бәрінен артық Құранға сеніп, құрметтеп және оның уахи түсіп жатқанда ұйқы басқандай маужырап қалуы әрі басқа аян-сөздер Оның әкелген уахиының дәрежесіне жете алмауы, ұқсамауы және оқу-жазуы жоқ бола тұра, өткен тарих пен болашақты көрместен, Құран арқылы еш күмәнсіз сенімді түрде тура хабарлауы және өзіне мұқият қадағалап отырғандардың алдында ешбір қулығы, ешбір қатесі байқалмаған осы асыл адам, бар күшімен Құранның әрбір үкіміне жан-тәнімен беріле иман етіп, мойынсұнуы, ешнәрседен тайсалмай әрдайым алға ұмтылуы, Құранның аспани екенін, ақиқат, ішінде әсте жалған жоқ бәрі рас екенін, Мейрімі мол Жаратқанның сөзі екенін растап нақтылай түседі.

53Әрі адамзаттың бестен бірі, бәлкім одан да көбі мына Құранға жан тәнімен беріліп, оның ақиқатына құштарлана ден қойып тыңдауы әрі көптеген оқиғалар мен белгі-ишаралардан анықталғанындай оқылған кезінде жындар мен періштелер, ру-ханилер көбелектей айнала үймелеп, хақ сөз тыңдауға жинала қалуы, Құранның ғалам бойынша ең жоғары мәртебеде екенін тағы да растайды.Сондай-ақ, адамзат жаппай, сауатсыз наданынан бастап ең ақылды, зерек ғалымға шейін әрқайсысы Құраннан толық қанағаттанарлық дәріс алуы, өте терең ақиқаттарды аңғарып парқына баруы, ғылым мен пән және Ислами жүздеген ілім саласының және ұлы шариғаттың ғұлама-ғалымдары, сондай-ақ, «усул-уд Дин», «Илм-і Кәламның» дана ғалымдары сықылды әр саланың мамандары өзіне қатысты қажетті мағлұматты, керекті жауапты Құраннан табуы, бұл да Құранның хақ пен ақиқаттың бұлағы екенін растайды. Және әдебиетте алғы сапта тұратын араб ақын-жазушылары (күні бүгінге шейін мұсылман болмағандарды да) айтысуға өте мұқтаж бола тұра, Құранның иғжазының негізгі жеті түрінің бір ғана түрі шешендігіне қарсы, тіпті, бір ғана аятына тең келер жазба жаза алмай қашқақтауы, айтысып атын шығарғысы келетін әйгілі ақындар мен дана ғұламалардың өзі ешбір тұрғыдан, ешбір қасиетіне қарсылық көрсете алмауы, ауыздарын аша алмай үндемей қалуы, бұл да Құранның мұғжиза екенін, адамның қолынан келер шаруа еме-стігін дәлелдейді. Иә, сөздің қадірі, оның жоғарылығы мен ше-шендігі, оны «кім айтқан, кімге айтқан, неге айтқан» деген жақтарымен анықталады дейтін болсақ, Құранның теңі жоқ, оған жету мүмкін емес. Себебі, Құран Кәрім, күллі әлемнің Раб-бысы, бүкіл ғаламды Жаратқан Аллаһтың үндеуі, Оның киелі сөзі әрі ешбір тұрғыдан көшіру, ұйқастыру мүмкін емес пәрмені, әрі, ол бүкіл адамзаттың, тіпті, болмыс атаулының өкілі, жоғары мәртебелі кісіге түскен. Ол – адамзаттың мақтанышы, ең абы-ройлысы, аты әлемге әйгілі тыңдарман. Ол тыңдарманның иманы берік, орасан зор екені сонша, иманы алып Ислам дінін

54қамтитындай кең, ауқымды әрі оны Қаб-ы Қаусәйін мақамына көтеретіндей дәрежеде киелі. Және Құран «не туралы айтады? десе, ол – екі дүниенің бақыты жайлы баян қылады. Ғалам не үшін жаратылғаны, оның нәтижесі, оны Жаратқанның мақсаты туралы сыр шертеді және әлгі асыл себепкердің бүкіл Ислам ақиқаттарын қамтитын, орасан зор, алып иманын түсіндіреді және мына үлкен ғаламды географиялық карта, немесе сағат яки зәулім сарай секілді жан-жағын түгелдей көрсете отырып, оны жасаған ұлы Шеберді сипаттап, жақсылап таныстырады.Міне, осындай баяны мұғжиза Құранның, әлбетте, теңін табу мүмкін емес, оның иғжазына жету ешкімнің қолынан келмесі хақ. Және Құранға түсініктеме жасап, тәпсір жазған, кейбірі отыз-қырық, тіпті, жетпіс томдық еңбек жазған зе-рек, ілімі терең көзі қарақты мыңдаған ғалым ғұламалардың дәлелге сүйене баяндаған Құранның шексіз қасиеттері, терең мағыналары мен тұжырымдары, сондай-ақ, ғайып оқиғаларының әртүрінен көптеген ғайыптық хабарларды көрсетуі, дәлелдеуі, атап айтқанда, Рисалей-Нұрдың жүз отыз кітабы, оның әрбір кітапшасы Құранның бір қасиетін, бір тұжырымын бұлтартпас айғақтармен дәлелдеуі, әсіресе, Құранның мұғжизалығы туралы сыр шертетін «Мұғжизат-ы Құрание» кітабы, пойыз, ұшақ секілді ғылым жетістіктерінен көптеген жаңалықтарды Құран¬нан тауып шығарған Жиырма-сыншы Сөздің екінші мақамы, сондай-ақ, Рисалей-Нұрға және электр тоғына ишара қылатын аяттардың белгі-нышандары жазылған «Ишарат-ы Құрание» атты «Бірінші Шуақ» және Құранның әріптері өте тәртіппен, жүйелі орналасқанын, олар сырға толы, мағыналы екенін көрсеткен «Румузат-ы Сәмание» атты сегіз кітапша және «Фәтих» сүресінің соңындағы аяты бес тұрғыдан ғайби хабар беретінін, оның өз алдына бір мұғжиза екенін дәлелдеген көптеген Рисалей-Нұрдың әрбір кітапшасы Құранның бір ақиқатын, бір нұрын ашып көрсетуі, міне, бұлар Құранның теңдессіз мұғжиза, таңғажайып екенін білдіреді және жұмыла Құран ғайып әлемінің мына шәһәдат әлеміндегі тілі

55және ғайыптың бәрін білетін Ғаллам-үл Ғуюбтың сөзі екенін дәлелдейді. «Міне, алты тұжырыммен, алты жақтан, алты мақамда ишара етуге тырысқан Құранның жоғарыда аталған қасиеттері бар. Сол үшін оның орасан зор нұрлы үстемдігі, ки-елі рухани билік-салтанаты күллі ғасырларды нұрға бөлеп, жер жүзіне түскеннен бері жарыққа бөлеп, аса құрметпен оқылып жалғасын тауып келеді. Әрі сол қасиеті үшін Құранның әрбір әрпі ең аз он сауап, он жақсылық жасағандай қымбат, он түйір жұмақ жемісін береді. Тіпті, кейбір аяттардың, сүрелердің әрбір әрпі жүз, мың кейде одан да көп пайда береді. Кейбір ере-кше берекелі уақыттарда әрбір әрпінің нұры мен сауабы оннан жүзге артып кетеді. Бұл ерекше киелі қасиет!». Міне, осыны әлгі дүние жолаушысы аңғарды да өз-өзіне былай деді:«Иә, осындай қай жағынан болсын мұғжиза, таңғажайып мынау Құран, өзіндегі сүрелері ұйымдасқан түрде, аяттары үндесе, сырлары мен нұрлары өзара сәйкес келе отырып және берген жемістері мен нәтижелері бір жерден шығуы арқылы бәрі бірлесе Аллаһ тағаланың бар екенін, Оның жалғыздығын көркем есім-сипаттарымен бірге дәлелдей отырып куәлік етеді. бүкіл имандылардың сансыз иманда-ры, куәліктері оның куәлігінен, оның нұрынан нәр алған».Міне, біздің жолаушымыздың Құраннан алған тәухид дәрісі және иман сабағына қысқа ишара ретінде Бірінші мақамның он жетінші мәртебесінде былай делінген болатын:

56Сосын, пақыр адамға фәни бау-бақша я болмаса бір баспана-үй емес алып дүниядай үлкен әрі мәңгі бақи әлемге ие қылатын және баянсыз өмірді мәңгі өмірге айналдыратын сондай-ақ, ажал дарағашы күтіп тұрған бейшара адамды мәңгі жоқ болу қаупінен құтқаратын және мәңгі бақыттың қазынасын ашатын, дүнияда баға жетпес қымбат нәрсе иман екенін түсінген әлгі жолаушы яки өмірге қонақ кісі өз-өзіне былай деді:«Қане, алға! Иманның шексіз мәртебелерінен тағы бір мәртебесіне көтерілу үшін ғаламның жаратылысына назар аударып, олар не дейді екен, тыңдап көрейік. бұған дейін ішіндегі болмыстан алған дәрісімізді толықтырып, иманды одан әрі нұрландыра түсейік!» деп Құраннан алған үлкен әрі ауқымы кең дүрбімен қарап елді; Әлем керемет әрі өте жүйелі жаратылғаны сонша бей-не бір Сүбхани алып кітап немесе үлкен Раббани Құран яки сұлу да зәулім Сәмадани сарай немесе жүйелі жасалған Рах-мани шәһар тәрізді. Бұл кітаптың барлық сүре, аяттары, кәлима, сөздері тіпті әріптеріне, баптарына, бөлімдеріне, бет, парақтарына, жолдарына шейін жаппай ретті түрде өзгертіліп, хикметпен ауыстырылып отырады. Бұл нәрселердің бәрі қосылып бізге Алим-ы Күлли Шей, Қадир-і Күлли Шей, Ше-бер, барлық нәрсенің барлық жағын көретін, ненің немен бай-ланысатынын білетін, соған қарай мәміле жасайтын Наққаш-ы Зүлжәлалдың, Катиб-ы Зүлкәмалдың бар екенін, оның болмы-сы хақ екенін аңғартады. Сол секілді болмыс өзінінің негіздері-мен, түрлерімен және бөлшектерімен, құрамындағы заттармен,

57кіріс-шығыстарымен сондай-ақ, әлемдегі болып жатқан пай-далы құбылыс-өзгерістер, хикметке толы жаңарулар, барлығы бірігіп осы істерді өзінің шексіз құдіретімен, орасан зор хик-метімен істеп жатқан Шебердің, теңдесі жоқ Ұстаның сөзсіз бар екенін әрі Оның уахдетін яғни жалғыз екенін білдіреді.бірінші ақиқат. Усулуд-дин уә ілм-і Кәлам ғылымының ірі ғалымдары мен Исламның дана ойшылдары көріп, сансыз айғақтармен дәлелдеп берген «худус» пен «имкан» ақиқаты. Олар мәселені былай шешкен:«Әлемде, жалпы барлық нәрседе құбылыс, зат алмасу бар екені рас. Олай болса, жаратылыс міндетті түрде фәни және кейіннен пайда болған. Оны бастауы жоқ «қадим» деуге кел-мейді. Әлемнің кейіннен пайда болғаны рас болса, әлбетте оны бар қылған біреу бар. Сондай-ақ, барлық нәрсе өз затында, түптеп келгенде пайда болуына немесе болмауына бір себеп болмаса болып-болмауы екі талай, яғни екі ықтимал бірдей, еш айырмашылық жоқ. Болмыс әзәли яғни абсолют емес яғни оның бастауы мен соңы бар. Және ақыры тығырыққа тірелетін, ақылға сыйымсыз «дәуір, тәсәлсүл» ұғымы яғни мынау ана-дан, анау одан пайда болды деген шынжырлама пікірі мүмкін еместігі кітаптарда бұлтартпас айғақтармен дәлелденген ақиқат. Олай болса, әлбетте, Уажиб-ул Ужуд бір Аллаһтың болуы шарт және Ол бәрін өзі жаратқан. Оның теңі жоқ, әрі ешнәрсеге ұқсамайды. Өзінен басқалар мүмкін, ықтимал әрі Оның мақұлықтары яғни жаратылғандар. Иә, «худус» ақиқатын әлемнің барлық жерінен кездестіру-ге болады. Басым көпшілігі көзге көрініп, қалғаны ақылға көрінеді. Иә, көз алдымызда күз мезгілінде жыл сайын жараты-лыс құбылып, бірі кетіп бірі келіп жатады. Сонымен қатар сан-сыз, әрбірі әлем секілді бірақ тірі жүз мың түрлі өсімдіктер мен ұсақ жәндіктер опат болады. Дегенмен, опат болу құбылысы өте жүйелі түрде жүзеге асады, яғни олардың қайта тірілуі-не ұйытқы болатын және Аллаһтың рахымы мен хикметінің мұғжизалары әрі құдіреті мен ілімінің өнері болып табылатын

58дән-дәнектер мен тұқымдарды, жұмыртқаларды орындарына тастап, атқарған амал дәптерлері мен жасаған қызмет жоспа-рын оларға тапсырып Хафиз-ы Зүлжәлалдың әмірімен Оның хикметіне аманат қылып, сосын барып опат болады. Ал келесі көктемде ұлы хашрдің жүз мыңдаған үлгі-мысалы мен дәлелі ретінде әлгі опат болған ағаштар мен өсімдіктер, олардың та-мырлары мен кейбір тірі жандар қаз-қалпында қайта тіріледі. Кейбірінің өзі болмаса да орнына өзіне ұқсастары жаратылып, қайта тіріледі. Және былтыр көктемдегі жаратылыстың жасаған амалдары, атқарған міндеттері жазылған парақтар ашылып, жариялағандай Құранның деген аятының бір мағынасын көрсетеді. Әрбір күзде, әрбір көктемде үлкен бір әлем ішіндегі бол-мысымен қоса жаппай опат болып орнына жаңа әлем келеді. Осы опат болу мен қайта тірілу құбылысы өте тәртіппен, жүйелі түрде жүзеге асады әрі керемет өлшеммен, ретті түрде атқарылады. Әрбір жаратылыс қирап қайтадан керемет жара-тылатыны сондай, бейне бір дүние ғажайып мейманхана секілді тірі жандар топ-топ болып қонаққа келеді, неше түрлі әлемдер жолай соға кетіп, осылайша тұрақсыз дүниелер келіп-кетіп жатады. Әрбірі өз міндетін атқарып болған соң ғайып әлеміне көшіп көзден таса болады. Міне, бұл дүниеде осындай сансыз тірі жанды, белгілі бір міндет жүктелген әлемдерді шексіз хикметпен, көрегендікпен, білікті түрде, дәл өлшеммен, үйлесімді әрі тепе-теңдікті сақтай отырып тәртіппен жаратып, өз орындарына қойып, Раббани мақсаттарға, Иләһи межеге қарай бағыттап, қызу түрде Рахма-ни қызметке пайдаланып, рахымды түрде жұмсап отырған Зат-ы Зүлжәлалдың сөзсіз бар екені және құдреті шексіз, хикметі мол екені ақылға Айдан анық көрініп тұр.Ал, «имкан» ақиқатына келер болсақ, ол да барлық жер-де кездесіп, әлемді толық қамтып жатыр. Өйткені, барлық нәрсе – мейлі ол үлкен мейлі кіші болсын – ғарыштан жер-

59ге дейін, зәрреден жұлдыздарға шейін барлық заттың, бүкіл жаратылыстың өзіне тән болмысы, белгілі бір сурет-пішіні, ерекше бітімі, өзіндік сипаттары бар. Әрі хикметпен, пайда-лы түрде тиімді жабдықталып жаратылады. Алайда, әлгі бел-гілі бір түрде жаратылған зат, о баста бейне-пішіні жоқ, шексіз ықтималдар бола тұра, солардың ішінен өзіне тиесілі түрге енуі, белгілі бір ерекшелікке ие болуы.. әрі сансыз мүмкін бей-не-бітімдер бола тұра, шексіз ықтималдардың ішінен осындай әдемі, ерекше, өзіне жарасымды, ыңғайлы пішінге орануы... әрі, өзі тектес тұқымдастары қанша болса сонша ықтимал, мүмкіндіктер бола тұра әрқайсысына лайық болмыс-бітім-ге ие болып ерекшеленуі сондай-ақ, сипаттардың түрлері мен мәртебелері қанша болса сонша мүмкіндіктер мен ықтималдар көп әрі манағы зат солардың арасында еш қандай түр-түсі жоқ, қалай болары белгісіз бола тұра кенет оған өзіндік ыңғайлы да пайдалы сипаттарға ие болуы, әрі сансыз ықтималдар ішінде белгісіз, не боларын білмейтін, белгілі бір мақсаты жоқ, бағыт-бағдарсыз әлгі жаратылысқа әлгіндей хикметке толы тиімді хал-жағдай жасап, өте пайдалы құралдармен жадбықталуы, қамтамасыз етілуі міне, бұл оқиғалар бізге мынаны мегзей-ді: болмыстың жалпы немесе жалқы түрде қалай жаратылуы тұрғысында мүмкін қанша жолдары болса сонша және әрбір жаратылыстың жоғарыда аталған болмысы, оның бітімі, су-рет-пішіні, сипат пен хал-жағдайының болу мүмкіндігі қанша болса сонша дәлелдер болып, бәрі бірігіп әр нәрсені жеке-жеке айырып талдаушы, таңдаушы, тағайындаушы, лайықты орнына қоюшы бір Уажиб-үл Ужудтың сөзсіз бар екенін, оның құдіреті мен хикметі шексіз екенін, еш нәрсе, ешбір іс оған жасырын, белгісіз қалмайтынын, ешбір зат оған қиын еместігін, ең үлкен нәрсе ең кішкентай нәрсе сияқты оңай болатынын, көктемді бір ағаштай, бір ағашты бір дәнектей жеңіл жарататынын біл-діреді. Бұл «имкан» мәселесі нақты ақиқат болып ғаламның бұлтартпас үлкен куәлігінің бір қанаты болып саналады.Ғаламда осы тектес ақиқаттың бар екенін және оның екі қанаты мен екі үлкен айғағы рас екенін Рисалей-Нұр кітапша-

60лары, атап айтсақ Жиырма екінші Сөз, Отыз екінші Сөз мен Жиырмасыншы Сөз және Отыз үшінші Мәктуб жан-жақты дәлелдеп түсіндіргендіктен соларға сілтеп осы ұзақ тақырыпты қысқа қайырдық. Ғаламның үлкен, күлли куәлігінің екінші қанатын дәлелдейтінЕкінші ақиқат: Әлемде әрдайым болып жататын өзгерістер мен құбылыстардың ішінде өзінің болмысын, атқарар қызметін, егер тірі жан болса тіршілігін сақтап қалуға, өзіне жүктелген міндетін атқаруға тырысқан жаратылысқа қарайық. Оларда күш-құдіретінің шамасынан тыс жәрдемдесу ақиқаты байқалады. Мысалыға, элементтер тірі организмге көмектеседі, бұлттар өсімдіктерге медет береді, ал өсімдіктер болса хайуанатқа қол ұшын береді, хайуандар да адамзаттың игілігіне қызмет етеді, кәусар бұлағындай ананың сүті нәресте, төлдерге қорек болуға асығады. Және тірі жандардың қолы жетпейтін қыруар қажеттіліктері мен ризық-несібелері күтпеген жерден нәсіп болып жатады. Тіпті, жеген тағамның бөлшектері де денедегі жасушалардың түзелуіне қызмет етеді. Осындай Раббани бағындыруға, Рахмани қызмет еткізуге қарап «тәғауын» заңына яғни бір-біріне жәрдемдесу ақиқатына көптеген мысалдар келтіруге болады. Мұндай мысалдар тұп-тура, анық түрде бүкіл әлемді бір сарайдай басқарып отырған бір Рабб-ул Аламиннің жалпыға ортақ, мейірімге толы рубу-биетін көрсетеді. Олардың санасы, жаны, ақылы, мейірімі жоқ бола тұра бір-біріне көмектесіп, ақылды сияқты әрекет ететін әлгі өзара жәрдемшілер, әлбетте өте Рахим, Хаким бір Рабб-ы Зүлжәлалдың құдіретімен, рахымымен, әмірімен бір-біріне көмектеседі.Міне, ғаламда болып жатқан осындай жаппай жәрдемдесу және жұлдыздардан бастап сонау тірі жандардың ағза мен сезім мүшелеріне, ұсақ бөлшектеріне шейін жүйелі түрде бо-лып жатқан үйлесімдік, тепе-теңдік, қатерден сақтау және ас-пан мен жердің құлпыруынан бастап сонау гүл-шешектердің күлімдеген жүзіне дейін қалам жүргізген безендіру ақиқаты сондай-ақ, Күн системасынан бастап сонау жүгері, анар секіл-

61ді жеміс-жидектерге дейін үкімін жүргізіп тұрған жүйелі түрде реттеу ақиқаты және Күн мен Ай, элементтер мен бұлттардан бастап сонау бал арасына шейін белгілі бір міндет жүктеу секілді алып та ауқымды ақиқаттар олардың өздеріндей үлкен куәліктері, ғаламның куәлігінің екінші қанатын яғни бөлігін құрайды, дәлелдейді. Рисалей-Нұр осы үлкен куәлікті дәлелдеп, жан-жақты түсіндірген. Олай болса біз қазір қысқа ишараға қанағат қыламыз.Сонымен дүниеге мейман кісінің ғаламнан алған иман дәрісіне қысқа ишара ретінде бірінші мақамның он сегізінші мәртебесінде былай делінген болатын:

62Сосын, дүниеде Жаратушысын шарқ ұрып іздеп жүрген және он сегіз мәртебеден пайда болған, ақиқат ғарышына қолы жеткен және иман миғражы арқылы ғайып түрдегі мағрифаттан өтіп әзір тұрғыда, мүхатаб секілді яғни Раббысының алдында тұрғандай, Онымен сөйлесіп отырғандай биік мәртебеге қолы жеткен құмарпаз әрі ақиқатқа құштар жолаушы өзінің рухына былай деді: «Киелі «Фатиха» сүресінің басынан бастап «ияка» сөзіне дейін ғайып түрде мадақтап, сосын құзыр тауып Раббысының алдында тұрғандай «ияка» (саған) деген үндеу мақамына шығатыны секілді біз де ғайып түрде іздеудің қойып тікелей іздеп жүргенімізді өзінен сұрайық. Болмыс ата-улыны көрсетіп тұрған Күнді өзінен сұраған жөн болар. Иә, барлық нәрсені көрсетіп тұрған Күн бәрінен де өзін жақсы көрсетеді емес пе!? Олай болса Күннің шуағы арқылы Күнді танып, білгені сияқты біз де Жаратушы Халиқымызды өзінің көркем есімдерімен, киелі сипаттарымен бірге қабілетіміз жет-кенше тануға тырысалық! Біз, бұл рисаледе сол мақсаттың көптеген жолдарынан екеуін және ол екі жолдың да шексіз мәртебелерінен екеуін және ол екі мәртебенің де сансыз ақиқаттары мен терең де ұзақ түсіндірмесінің тек екі ақиқатын қысқа-нұсқа баяндамақпыз.бірінші ақиқат: Мына, ап-анық көзге көрініп тұрған және бәрін қамтып жатқан әрі әрдайымғы, өте жүйелі де ұлық және аспан мен жердегі жаратылысты шыр айналдырып отырған, сан өзгертіп жаңартып тұрған, ғаламды толық түрде басқарып тұрған «фағалиет-і мүстәулие» ақиқатын яғни барлық нәрсені қамтып, кез-келген жерден көрінетін екпінді істі, қызу жұмысты байқаймыз. Және жан-жақты хикметке толы осы «фағалиет» ақиқатының ішінен «тәзахур-ы Рубубиет» ақиқатын яғни бәрі толық басқарып тұрғанын көреміз. Және осы жан-жақты ра-хымды басқарудың ішінен «тәбаруз-ы улухиет» яғни ашықтан ашық өзіне табындыру, құлшылық еткізу ақиқаты нақты түрде байқалады.

63Міне, осы қызу іске қарап және хикметке толы әрдайымғы фағалиетті көріп бұл істер ғайып пердесінің артында бір Файыл-ы Қадир уә Алимнің істері екенін көзбен көргендей біл-діреді. Және осы тәрбиелеп, әрнәрсенің алдын ала, жан-жақты ұйымдастырып тұрған Раббани істен, оның арғы жағында барлық жерде сәуле-шуақтары кездесетін Иләһи есімдерді сез-гендей боламыз. Ал енді, осы айбынды әрі мейрімді жамалы-на қызықтырғандай нәзік көркем есімдерден «құдси сифат-ы сәбғаны» яғни Аллаһтың киелі жеті сипатын байқап, оның хақ екенін илмәляқин, айналяқин тіпті хаққаляқин дәрежеде білу-ге болады. Ал, осы жеті құдси сипаттың тек тіріге тән екенін, олар тек құдіреттіге лайық және ол бәрін білетін, естейтін, көретін және әрнәрсені өз қалауымен істейтін, сөйлейтін бі-реу екенін және жан-жақты әсер етуіне қарап оның яғни осы сипаттардың иесі Уажиб-ул Ужудтың, әлгі есімдердің иесі Уа-хид-ы Әхадтың, Файыл-ы Фәрд-і Сәмадтың болмысы Күннен де ашық әрі жарқын екенін жүректегі имани көзбен көргендей нақты білуге болады. Өйткені, керемет әрі қызықты бір кітапқа немесе тамаша бір үйге қарап жазу, жасау деген істі байқаймыз. Ал әдемі жазу мен тыянақты іс болса анық түрде жазушы, ұста деген атты білдіреді. Ал жазушы, ұста деген аттар анық түрде жазушылық, ұсталық өнері мен сипаттарын, ал өнер мен сипат болса шүбәсіз бір Затты яғни Шебердің өзін көрсетеді. Сөйтіп әлгі сипаттар мен есімдердің иесі, жасаушысы, шебердің өзі айшықталады. Файылсыз бір фийл яғни іскерсіз бір іс, мүсәммасыз бір исим яғни иесі жоқ бір есім болмайтыны секіл-ді, мәусуфсыз бір сипаттың яғни иесіз бір сипаттың және ше-берсіз бір өнердің болуы әсте мүмкін емес. Міне, осы ақиқат пен қағидаға байланысты мына ғалам, бүкіл болмыс тағдыр қаламымен жазылып, құдрет құралымен жасалған бір емес бірнеше қызғылықты кітаптарға, хаттарға, сан-алуан сарайлар мен ғимараттарға ұқсайды. Әрбірі мыңдаған тұрғыдан және бәрі қосылып жан-жақты Раббани уә Рахмани

64шексіз істерді және ол істердің бұлағы болып табылатын Иләһи мың бір есімді, ал олардың қайнар көзі болған Сүбхани киелі жеті сипатты, ал ол мұхит әрі құдси сипаттардың иесі, бұлағы Әзәли уә Әбәди бір Зат-ы Зүлжәлалдың сөзсіз бар екенін, оның жалғыз екенін көрсетіп, шексіз куәлік етеді. Сондай-ақ, барлық болмыстағы күллі сұлулықтар, әсемдіктер, құндылықтар мен кемелдіктер де Раббани істің, Иләһи есім-сипаттардың, Сүбхани шуынаттың өзіне тән, еш теңдесіз құдси сұлулығына, жамалына, кемеліне және барлығы қосылып бір Зат-ы Ақдестің құдси жамалына, киелі кемеліне анық түрде шәһәдат қылады. Сонымен, фағалиет ақиқатының ішінен көрініс тапқан Рубуби-ет ақиқаты, ілім және хикметпен жарату, жоқтан бар ету, жасау және тәртіппен, өлшеммен тағайындау, суреттеу, алдын алу, аумастыру сондай-ақ, қалау-ерікпен өзгерту, орын ауыстыру, түсіру, көтеру, кемелдендіру және мейіріммен азықтандыру, нығметке бөлеу, жарылқау, сыйлық беру секілді «шуынатпен» яғни Иләһи істерімен, керемет басқару арқылы өзін көрсетеді әрі таныстырады. Рубубиеттің көрінісі дейтін ақиқаттың ішінен анық сезіліп тұрған Улухиеттің көрінісі дейтін ақиқат та көркем есімдердің мейірімді де жомарт түрде шағылысуы арқылы жәен «Субути жеті сипат» деп аталатын «хаят», «ілім», «құдірет», «ираде», «сәмиғ», «басар», «кәлам» сипаттарының жалал уә жамал көріністері арқылы өзін таныстырады, бар екенін білдіреді. Иә, қалайша Аллаһтың «кәлам» сипаты уахилер мен илһамдар арқылы Зат-ы Ақдесті таныстырады, дәл солай «құдірет» сипаты да дене түріндегі сөздер болып табылатын өнер туындылары шебер жасалуы арқылы ол Зат-ы Ақдесті білдіреді. Ғаламды жаппай материалдық үлкен Құран кейпінде көрсетіп бір Қадир-і Зүлжәлалды сипаттап, таныстырады. Ол туралы мағлұмат береді. Сондай-ақ, Аллаһтың ілім сипаты да хикметке толы тәртіпті де өлшемді жаратылыс арқылы және олар қанша болса сонша аят болып және ілім мен ерік-қалау

65арқылы безендіріліп бір-бірінен өзгеше ерекшеленген қанша зат болса сонша сол сипаттардың иесі Зат-ы Ақдесті білдіреді. Хаят яғни тіршілік сипатына келер болсақ, құдретті көрсететін бүкіл жаратылыс және ілімнің бар екенін білдіретін бүкіл тәртіпті әрі хикметті, әрі өлшемді де әдемі суреттер, хал-жағдайлар сондай-ақ, басқа да сипаттарды көрсететін күллі дәлелдер тір-шілік сипатының дәлелдері саналып мәңгі тіріні көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар хаят сипатының рас екенін білдіреді. Сол сияқты хаят та әлгі дәлелдермен мына айна тәріздес бүкіл тірі жанды куәгер қылып Зат-ы Хай-ы Қаюмды көрсетеді. Осылайша ғаламды бастан аяқ әрдайым жаңарып тұратын әрі түрлі-түсті шағылыс-сәулелерді, ою-өрнектерді көрсету үшін әрқашан өзгеріп, жаңарып, құбылып отыратын шексіз айналар-дан құралған алып, үлкен бір айна бейнесіне енгізеді.Осылай салыстырып қараса, көру, есту, қалау, сөйлеу сипат-тары да әрқайсысы жеке-жеке Зат-ы Ақдесті анық түрде біл-діреді, таныстырады.Әрі, бұл сипаттар Зат-ы Зүлжәлалдың болмысына дәлел болғаны секілді хаят яғни тіршілік сипатының бар екенін, ақиқат екенін және Ол Аллаһ хаят иесі, тірі екенін ап-анық түрде дәлелдейді. Себебі, білу сипаты хаяттың яғни тіршіліктің белгісі; есту де тіршілікті көрсетеді; көру де солай, қалау-ерік, ол да тірінің ісі; ықтиярымен күш-құдіретін көрсету ол да тіріге тән; сөйлеу болса ол да білетін тірінің жұмысы. Міне, осы тұжырымдардан түсінетініміз, хаят сипатының жеті мәрте әлемдей ұлық дәлелдері бар және ол өзінің және әлгі сипаттардың бір иесі бар екенін көрсетеді. Сондықтан хаят бүкіл сипаттардың негізі, қайнар көзі және Исм-ы Ағзамның бұлағы болып табылады. Рисалей-Нұр осы ақиқатты қуатты айғақтармен дәлелдеп, біршама түсіндіргендіктен ол теңіздей мағрифаттан осы аталған тамшыдай мағлұматпен әзірге қанағат қылып шектелдік.

66Екінші ақиқат: Кәлам (сөйлеу) сипатынан бола-тын тәкәллүм-і Иләһи (Аллаһтың сөйлеуі) жайлы болмақ. аятының сырымен, Иләһи кәлам яғни Аллаһтың сөзі шексіз саны көп. Біреудің бар екенін білдіретін анық белгі оның сөйлеуі болса бұл ақиқат міндетті түрде Әзәли Мүтәкәллимнің яғни шексіз сөз сөйлейтін Аллаһтың бар екеніне, біреу екеніне куәлік етеді. Бұл ақиқаттың қуатты екі куәгерлігі осы кітапшаның он төртінші және он бесінші мәртебелерінде баяндалған уахилар мен илһам (аян) тақырыбында қозғалған-ды. Ауқымы кең тағы бір куәгерлігі оныншы мәртебесінде ишара етілген аспаннан түскен кітаптар жайлы жерінда айтылған болатын. Тым жарқын әрі күрделі куәгерлігі де он жетінші мәртебесінде Қасиетті Құран жайлы айтқанда тоқталып өткен болатынбыз. Сондықтан, бұл ақиқаттың ба-яндалуы мен қалай куәлік ететінін әлгі мәртебелерге сілтеп ол ақиқатты таңғажайып түрде білдірген және куәгерлігін басқа ақиқаттардың куәгерлігімен қоса баяндаған мына ұлы аяттың:әнуары мен әсрары (сырлары) біздің жолаушымызға жеткілікті болса керек әрі қарай бара алмаған екен.Сонымен, жолаушының осы құдси мақамнан алған дәрісінің қысқа тұжырымына ишара ретінде бірінші мақамның он тоғызыншы мәртебесінде былай делінген екен:

67

ЕСКЕртуЖоғарыда аталған Екінші мәртебенің бірінші бабындағы он тоғыз мәртебе куәлік еткен ақиқаттардың әрқайсысы рас, шындық болғандықтан Аллаһтың ужуб-ы ужудын яғни сөзсіз бар екенін дәлелдейтіні секілді ауқымдылығымен де уахдетті, әхадиетті яғни Жаратқанның жалғыз, бір екенін дәлелдейді. Дегенмен бас жағында Аллаһтың бар екенін анық-қанық дәлелдегендіктен ужуб-ы ужудтың айғақтары боп саналды. Ал, екінші мәртебенің екінші бабы болса, әу баста анық түрде уахдетті сонымен қатар ужудты дәлелделдегендіктен тәухид дәлелдері деп аталады. Әйтпесе екеуі де Аллаһтың болмысын және бірлігін дәлелдейді. Тек парқын білдіру үшін бірінші баб-та: деп, ал екінші бабта уахдет көзге көрінгендей анық болғандықтан Оны деген сөзбен басталатын шумақтармен ишара ретінде қайталанып отырады. Енді жазыла-тын екінші бабтың мәртебелерін бірінші баб секілді түсіндіргім келген-ді. Бірақ, кейбір жағдайлар кедергі болып қысқа әрі нұсқа жазуға тура келді. Жан-жақты баяндауды Рисалей-Нұрға тапсырдым. 

ЕКІНШІ бАб(тәухидтің айғақтары баяндалмақ)(Дүнияға иман ету үшін жіберілген және бүкіл әлемді пікірімен саяхаттап, барлық нәрседен Жаратқан Иесін сұрап, әр жерден раббысын іздеген және ап-анық түрде өзінің Иләһін, Оның ужуд-ы ужудын тапқан дүния қонағы ақылына былай деді: «Кел! тағы да болмысы шарт, мін-детті түрде бар Жаратқан Иеміздің уахдет айғақтарын та-машалап, куә болу үшін бірге саяхатқа шығайық!» Сөйтіп бірге сапарға шықты. бірінші мензилде яғни бірінші түскен жерінде мынаған куә болды: Әлемді қамтып жатқан төрт үлкен ақиқат уахдетті яғни Аллаһтың бір екенін ап-анық түрде көрсетіп солай екенін қатаң талап етеді. бірінші ақиқат: Мұтлақ Улухият яғни өзіне толық мойынсұндырып, құлшылық еткізу ақиқаты. Иә, қарасаң, адамзаттың әрбір тобы белгілі бір мағынада фытри яғни табиғи ғибадатпен шұғылдануда. Және басқа тіріжандар да тіпті жансыз нәрселердің өздері өзіндік фытри қызмет атқаруда, бұл олардың өзіндік ғибадаттары боп сана-лады. Сондай-ақ, әлемдегі мадди-мағынауи, заттық-рухани рызық-несібелер, нығмет-ихсандар әрқайсысы мағбуд яғни өзіне құлшылық еткізуші тарапынан беріліп, шүкір етуге, мақтап-мадақтауға яғни ғибадат қылуға итермелейді. Сондай-ақ, уахи (аян) мен илһам секілді «ғайби тәрәшшухат» пен «мағынауи тәзахурат» яғни белең беретін оқиғалар мен ру-хани көріністер жалғыз бір Аллаһтың мағбуд екенін, өзіне табындырушы екенін жар салуы міндетті түрде мұтлақ бір Улухияттың рас әрі үстемдік етуші екенін көрсетеді. Соны-мен, мұндай улухияттың ақиқат екені рас болса, әлбетте одан өзгенің ортақ болуына әсте жол бермейді. Өйткені, улухият яғни өзіне құлшылық еткізу дейтін ақиқат өзіне шүкір етіп, ғибадат қылушылар ғалам ағашының ең ұшына орналасқан

70саналы жемістер саналатындықтан оларды басқа біреулер риза қылып, өзіне қарыздар етіп жүзін өздеріне қаратып алуы-на және ол көзге көрінбейтіндіктен лезде ұмытылатын нағыз мағбуд Иләһ, өзін мүлдем естен шығарып ұмытқызуға жол бер-мейді. Бұл әрине улухияттық сипатқа жараспайды, оның ұлы да киелі мақсаттарына қайшы болып табылады. Әрине олай болуы ешбір тұрғыдан мүмкін емес. Қасиетті Құранның қайта-қайта қатаң түрде ширкті жоққа шығарып мүлдем қабылдамауы және мүшриктерді жәһаннаммен қорқытып зәресін алуы осы тұрғыдан алғанда өте орынды. Екінші Ақиқат: «Мұтлақ рубубият». Иә, бүкіл әлемге әсіресе тіріжандардың әлеміне әсіресе олардың тәрбие мен ризықтануына назар аударалық. Әртарапты белгілі бір жүйемен, таңғажайып түрде, барлығын бірге, аралас-құралас түрде хикметпен, мейіріммен ғайби құдрет түгелдей, бірін қалдырмай, жаппай басқарып отыр. Әлбетте бұл құбылыс мұтлақ Рубубияттың сәулесі, соның ұшқын көрінісі, оның рас екеніне нақты дәлел. Сонымен мұтлақ Рубубияттың бар екені рас, олай болса әлбетте ол, ширк пен иштиракқа, яғни басқаның іске араласып ортақ болуына әсте жол бермейді де-ген сөз. Себебі, ол Рубубияттың талабы яғни өзінің жамалын көрсету, кемелін жар салу, құнды да жасырын өнерін паш ету секілді Иләһи ұлы мақсаттар ең ұсақ нәрселердің өзінде, тіріжандардың әлемінде түйісіп, бір жерге тоғысатындықтан ең ұсақ затқа, бір түйір жәндікке өз бетінше араласып, қол сұғатын ширк, аталмыш мақсаттарға шәк келтіріп, мән-мағынасын бұзады. Саналы пенделердің назарын әлгі ұлы мақсаттан және сол мақсатты көздеген Құдіреттен аударыпы, себептерге бұрып жіберетіндіктен және бұл Рубубияттың мәнісіне мүлдем кереғар әрі зұлымдық болғандықтан әлбетте мұндай мұтлақ Рубубият ешбір тұрғыдан ширкке рұқсат бермейді. Қасиетті Құранның көп мәрте Аллаһты пәктеуі, тәсбих қылуы, оның жиі қайталанатын аяты мен сөздері, тіпті әріптері әрдайым тәухидке шақыруы осы аталған терең сырға байланысты.

71Үшінші ақиқат: «Кемалат» яғни кемелдік. Иә, мына әлемдегі ұлы хикметтер мен таңғажайып сұлулықтар, әділетті заңдар мен хикметке толы мақсат-мүдделер бәрі-бәрі кемелдіктің ақиқат екенін, оның бар әрі рас екенін дәлелдейді. Әсіресе ол кемелдік мына әлемді жоқтан жаратып жан-жақты мұғжиза, сұлу қылып, керемет басқарып отырған Халиқының (жаратушы) кемелдігіне және ол Халиқтың яғни Аллаһтың са-налы айнасы болып табылатын адамзаттың кемелдігіне куәлігі өте анық та қанық. Сонымен әлемде кемелдіктің бар екені рас және әлемді кемел жаратқан Аллаһтың кемелдігі де рас. Және әлем ағашының ең қымбат жемісі, жер шарының халифасы, және Халиқ Аллаһтың шебер жаратқаны, маңызы зор әрі сүйіктісі адамзаттың кемел-дігі хақ, ол рас. Әлбетте мына көзбен көріп отырған кемел де хикмет толы ғаламды, фәни, уақытша, нәтижесіз, бос, текке жаратылған, кездейсоқтың тәлкегі, табиғаттың ойыншығы, тіріжандардың өлімханасы, саналы пенделердің қайғы-мұң орны бейнесіне ендіретін және істеген ісімен кемел екені көрінген адамды ең бейшара, мүлдем мұңлұқ, жағдайы нашар, дәрежесі төмен хайуанға айналдыратын сондай-ақ, жаратқан өнерімен киелі кемелдік иесі екені расталған Халиқтың ке-мелдігіне көлеңке түсіріп Иләһи істің нәтижесін бұзып, кере-мет жаратушы екеніне шәк келтіретін ширк әлбетте жалған, бұрыс, еш ақиқаты жоқ. Ширк ұғымы Иләһи кемелдікке шәк келтіретіні әрі адами кемелдік пен ғаламның кемелдігі-не мүлдем үйлеспейтін кереғар ұғым екені «Екінші Шуақ»атты рисаленің тәухид жайлы үш миуасына қатысты «бірінші мақамында» қуатты әрі нақты айғақтармен дәлелденіп, жан-жақты түсіндірілгендіктен соған сілтеме жасап әзірге қысқа қайырғанды жөн көрдік. төртінші ақиқат: «Хакимият».Иә, мына әлемге мұқияттап, ауқымды назармен қараған адам тым жойқын, қызу қайнап жатқан мемлекет, хикметпен басқарылып тұрған, әкімшілігі мықты, өте жүйелі қала бей-

72несінде көрері сөзсіз. Оның әр нәрсесі, әрбір түрі жеке-жеке өзіндік міндетпен шұғылданып заңға толық мойынсұнғыш түрде көреді. аятының әскерлік мағынасын мег-зейтін тәмсіліне қарай: Зәррелер яғни ең ұсақ бөлшектер дейтін жауынгерлерінен бастап, өсімдіктер дивизиясынан сонау хайу-анат батальонынан, сонау жұлдыздар армиясына дейін орасан зор Раббани әскердің барлық бөліміне үстемдік ететін «тәкуини» әмірлердің, сөзсіз орындалатын үкімдердің, керемет ереже-заңдардың қатаң үстемдігіне куә боламыз. Демек, анық түрде мұтлақ әкімдік, күлли әмірлік салтанат құрып тұр. Бұл соның дәлелі. Мұтлақ әкімдіктің ақиқаты екені рас болса, әлбетте ширктің еш ақиқаты жоқ. Өйткені, аятының үкімі бойынша, бірнеше адам үстемдік етіп бір іске араласса оны бұзатыны мәлім. Бір елде екі патша, тіпті бір ауылда екі басшы болса тәртіп кетіп, басқару ісі мүлдем тоқтап тоқырап қалатыны белгілі. Алайда, әлемде шыбынның қанатынан бастап сонау жұлдыздарға шейін, денедегі жасуша-лардан бастап сонау ғаламшарларға дейін керемет тәртіп пен жүйе барын білеміз. Демек, ширктің зәрредей болсын іске ара-ласуы мүмкін емес. Һәм, мұтлақ әкімдік деген абырой мен иззат мақамы. Оның бәсекелесі болуы иззат пен абыройына нұқсандық, шәк кел-тіреді.Тіпті табиғаты әлсіз, көптеген көмекшіге мұқтаж адам ба-ласы, өзінің шағын, сырттай әрі уақытша әкімдігі үшін бауы-рын, тіпті баласын таққа таласар деп аямай өлтіргені тарихта болған. Демек, әкімдік, билік, үстемдік басқаларды жолатпай, өзімен әсекелесуді қабылдамайды. Мұндай әлсіз адамзаттың өзі шағын үстемдігі мен әкімдігі үшін бұлай істеген болса, әлбетте бүкіл әлемнің Патшасы, күллі ғаламның Иесі Қадир-ы Мұтлақ өзінің ақиқат әрі шексіз де күлли рубубиятының,

73улухиятының негізі болып табылатын құдси әкімдігіне, шексіз де киелі үстемдігіне, билік басқармасына, Иләһи салатанатына өзгені ортақ қылуы, ширкке жол беруі ешбір тұрғыдан мүмкін емес, ақылға мүлдем сыйымсыз. Бұл ақиқат екінші Шуақтың Екінші тарауында және Рисалей-Нұрдың көптеген жерлерінде дәйекті түрде айғақтармен дәлелденгендіктен соларға сілтеген-ді жөн көрдік. Міне, жолаушы осы төрт ақиқатқа куә болып Иләһи уах-даниятты көзбен көргендей анық білді де иманы тасыды. Бар күшімен деді. Бұл мензилден алған дәрісіне қысқа ишара ретінде бірінші Мақамның екінші бабын-да былай делінген болатын: Сосын әлгі тыным таппай ізденуші жолаушы өзінің жүрегіне (көңіл) былай деді: Иманды жандардың әсіресе әһл-і тариқаттың (тариқатшылар) әрдайым сөзін қайталап тәухидті жар салып, әлемге паш етуі, тәухидтің көптеген мәртебелері болатынын көрсетеді. Жалпы тәухид, өте маңызды әрі керемет тәтті және асқақ уазипа, киелі міндет, фытри парыз әрі имани ғибадат болып табылады. Олай болса кел, иманның тағы бір мәртебесіне көтерілу үшін мына ғибратқа толы әлемнің басқа

74бір мензилінің есігін ашайық. Өйткені біз іздеген нағыз тәухид тек «тасаууырдан» тұратын мағрифат емес, яғни тек ой-пікір-мен болатын ілім ғана емес. Жалпы «мантық ілімінде» (логика) «тасаууырдың» яғни ойша суреттеу, мәселеге бір өз жағынан және тек теориялық тұрғыдан қараудың рнына сондай-ақ, «та-саууыри мағрифаттан» яғни Аллаһты тек теориялық тұрғыдан танудан әлдеқайда жоғары және дәлелдің нәтижесінен пайда болатын «ілім» деп аталатын жүрекпен растау, сезіну боп та-былады. Хақиқи тәухид яғни Аллаһтың жалғыздығы туралы нағыз тәухид, ол – белгілі бір үкім, нақты шешім, қалбпен растау, шын жүрекпен бекіту, көңілмен қабылдау болып табылады. Ондай ұғымға ие болғае адам әрбір нәрсе арқылы Раббысын тауып, кезкелген нәрседен Жаратушысын таныстыратын саңылау, құзырға апаратын жол табады. Ешбір нәрсе құзырға яғни Раббысының алдында тұрғанын сезінуге кедергі бола алмайды. Әйтпесе, Раббысын табу үшін әлемді, оның ішінде себептер-пердесін әрдайым ашып не жыртып отыруға тура келеді. «Олай болса, қане, алға!» деп жолаушы, «Кибрия», «Азамет» дейтін мағрифат қақпасына яғни Аллаһтың ұлықтығы мен шексіздігі-не назар аударды. Енді, ол, «әфғал», «асар» мензиліне және «ижад» пен «ибда» әлеміне енді, яғни Жаратқанның істеріне, Оның өнеріне сосын жоқтан бар қылу, керемет түрде жарату істеріне назар аударды. Қараса, ғаламды қамтып жатқан шексіз «бес ақиқат» үстемдік етіп тұр. Олар тәухидті дәлелдейді. біріншісі: Кибрия мен Азамет ақиқаты. Бұл ақиқат екінші Шуақтың екінші тарауында және Рисалей-Нұрдың көптеген жерінде дәйекті түрде түсіндірілгендіктен бұл жерде қысқаша былай демекпіз: Арақашықтығы мыңдаған жылға созылып жатқан өзара алыс орналасқан жұлдыздарды бір мезетте, бір әдіспен жаратып, басқарып отырған және жер жүзіндегі батыс пен шығыс, оңтүстік пен солтүстікте өсетін дәл сол гүлдің сан-сыз талын бір уақытта және бір түрде жаратып, бейне-пішін

75берген, сондай-ақ, Яғни көктер мен жерді алты күнде жарату секілді бұрыңғы заманда болып кеткен және ғайби әрі таңғажайып оқиғаны дәл қазіргідей, көз алдымызда болып жатқан бір оқиғамен дәлелдеу және сол секілді, соған ұқсас жер бетінде көктем кезінде ұлы хашрдің жүз мыңнан астам үлгі-мысалдарын көрсетіп, екі жүз мыңнан астам өсімдіктер мен хайуанат әлемін бес-алты аптаның ішінде қайта жаратып өте жүйелі де өлшемді түрде еш шатастырмай, кем-кетіксіз, жаңылыспай, барлығын бірге, аралас-құралас бол-са да жүйелі түрде басқарып, тәрбиелеп, асырап, реттеп, ерек-шелендіріп, құлпыртып безендіріп отырған, һәм, аяты ашық түрде біл-діргеніндей, жер шарын шыр айналдырып, түн мен күнді ауыстырған және күндік оқиғаларды жасап отырған Құдрет, осы құбылыстармен қатар дәл сол уақытта, бір мезетте жасы-рын, құпия ойларды, адамның көңілге түйген сырларын жаппай бәрін біліп, өз қалауына қарай басқарады. Жоғарыда аталған істердің бәрі жиналып тұтас бір іс саналатындықтан міндетті түрде олардың файылы яғни істеп отырған Уахид, Қадир, Фаил-ы Зүлжалал және Ол – кибрия мен азамет иесі, ұлы да шексіз. Оның құдреті зор, Ол еш жерде, еш нәрседе, ешбір тұрғыдан, ешқандай да ширкке жол бермейді. Ширк ұғымын түп тамыры-мен қопарып, кесіп тастайды. Сонымен, осындай ұлы «кибрия» мен алып «азамет» сипаттың яғни шексіз құдреттің бар екені рас, әрі ол шексіз кемел дәрежеде, бәрін қамтып тұр. Әлбетте ондай құдретке әлсіздік, мұқтаждық және «кибрияға» шәк келтіретін нұқсандық, ол шексіздікке шек қоятын ширк әсте жолай алмай-ды, оған берілуі, рұқсат берілуі ешбір тұрғыдан мүмкін емес. Табиғаты бұзылмаған ешбір ақыл мұны жөн көрмес. Міне, ширк яғни Аллаһтан басқа құдрет бар деп ойлау, Аллаһтың ұлық кибриясына шәк келтіретін және жалал сипатына көлеңке

76түсіретін, азамет сипатына нұқсандық келтіретін ауыр қылмыс, үлкен күнә. Сондықтан ол әсте кешірілмейтіндігін Қасиетті Құран мына қаһарлы аятымен шебер жеткізген:Екінші Ақиқат: Әлемді басқарып тұрған Раббани істердің «ытлақ», «ихата» яғни барлық жерді қамтып, жайылып жатқаны, оның шексіз, кең түрде көрінуі жайлы. Осы істерді яғни бәрін қамтып, шексіз жайылып жататын істерді реттеп, бағытын өзгертіп, бағдар беретін міндетті түрде хикмет және ерік пен қалау, сосын мазхарлардың яғни жасалған нәрселердің қабілеттері болып табылады. Бет алды лағатын кездейсоқтық, меңіреу табиғат, соқыр күш, жансыз себептер, ереже-заңға бағынбайтын, ешнәрсені танымайтын, бағытын қайда бұрса сонда кете беретін, жан-жаққа шашырап, бұзатын факторлар, себептер осы тым керемет, өте өлшемді де хикметті, көреген әрі тірі, жүйелі де күрделі істерге араласа алмасы анық. Олар, Файыл-ы Зүлжалалдың әмірімен, қалауымен, күш-құдретімен сырттай жәй бір перде ретінде пайдаланылуда. Мұның көптеген үлгі-мысалдарынан үш мысал келтірейік. Құрандағы «Нахл» сүресінің бір ғана бетінде қатар орналасқан үш аяттың ишара қылған үш нәрсеге, оның да сан-сыз мағыналарынан үшеуіне қысқаша тоқталып өтейік. біріншісі:Иә, аятта айтылғандай, бал арасы табиғаты мен атқарар қызметі жағынан керемет жаратылған Иләһи мұғжиза. Өйткені Құранның үлкен бір сүресі соның атымен аталады. Шынымен, әлгі кіп-кішкене «бал фабрикасының» құйтақандай басында оның атқарар күрделі міндетінің керемет бағдарламасының жазулы, ал кішкене қарнына тағамдардың ең тәттісінің жа-салып, сақталуы, ал құйрық жағына орналасқан инесіне тірі жәндіктерді жансыздандырып, тіпті өлтіріп тастайтын удың

77араның ағзасына зақым бермейтіндей мұқият орналастыры-луы керемет құбылыс. Бұған аса мұқияттылық, шексіз ілім, зор хикмет, күшті ерік, дәлме-дәл өлшем қажет. Демек, бейсана, ретсіз, өлшемді білмейтін меңіреу табиғат, кездейсоқтық деген нәрселер әлбетте бұл істерге әсте араласа алмайды, олардың еш үлесі жоқ. Сонымен, осы үш жағымен мұғжиза, Иләһи өнер, Раббани іс жер жүзінде жаппай ара әлемінде бірдей хикметпен, бірдей мұқияттылықпен, бірдей өлшеммен, бір мезгілде, бір үлгіде жүзеге асуы, яғни барлық жақты қамтып жатуы, анық түрде уахдетті, Жаратқанның жалғыздығын дәлелдейді. Екінші аят:Бұл аят таңғажайып ғибратқа толы. Иә, әу баста сиыр, қой, ешкі мен түйе секілді сүт зауыттарына ұқсас жануарлардың аналықтарының желініне қан мен нәжістің арасына, оларға ара-ластырмай, былғамай, оларға мүлдем қарама-қайшы тап-таза, қоректігі мол, құнарлы, дәмі хош, аппақ сүттің орналастыры-луы және аналық жануарлардың бойына сүттен қымбат, аса маңызды төлдеріне деген жанкештілік, мейірім сезімін жара-ту; әлбетте Иләһи мол рахымды, шексіз хикметті, асқан ілімді, күшті құдретті, мықты қалау-ерікті, жіті мұқияттылықты қажет етеді. Мұндай күрделі де керемет іске есерсоқ кездейсоқтықтың, шатастыратын себептердің және соқыр күштің араласуы әсте мүмкін емес. Міне, осындай керемет мұғжиза, хикметке толы Раббани істің, таңғажайып өнердің, мұндай Иләһи ғажап құбылыстың жер жүзінде жаппай болуы және сансыз жануарлардың бүкіл түрлерінің барлық аналарының жүрегінде, желінінде осы оқиғаның қайталануы және бәрінде бірдей хикмет, бірегей тәсіл, жалпыға ортақ мұқияттылықтың болуы анық түрде уах-детті дәлелдейді.

78Үшінші аят: Бұл аят назарды құрма мен жүзімге аударуды бұйырып, бы-лай дейді: «Ақылы бар жандарға осы екі жемісте тәухидті дәлелдейтін үлкен аят, бұлтартпас дәлел бар!». Иә, осы екі жеміс һәм құтты азық һәм жеміс, һәм тәтті тағамдардың бұлағы, сонымен қатар, өздері сусыз, құрғақ жер-де өседі. Олар Иләһи құдреттің мұғжизасы, шексіз хикметінің ғажабы, тәтті шекер зауыты және қант өндіретін фабрика. Олар өте дәл өлшеммен, өте ретті әрі хикметпен, аса мән беріліп ше-бер жасалғандығы сонша, көрген адамның кішкене ақылы бол-са былай дер еді: «бұларды мұндай ғажайып түрде жаратқан құдрет, әлбетте күллі әлемді жаратқан болуы керек!»Өйткені, мына көз алдымыздағы жуандығы бармақтай жүзімді алайық! Оның сабағында жиырма салқым жүзім бар. Әр салқымда жүздеген балдай тәтті құйылған мес яғни түйірлері бар. Әрқайсысы жұқа, әсем, нәзік, реңгі бар қабықпен қапталған. Ал, ортасына яғни нәзік те жұмсақ жеріне мазмұны яғни бағдарламасы, өмір баяны жазулы қатты қабықтан жасалған сандықты яғни дәні орналастырылған. Ішіне «жәннат халуасына» ұқсас шырын, абыл-каусар сияқты тәтті балды жарату және бүкіл жер жүзінде осы секілді жемістерде жаппай бірдей мұқияттылық, бірдей хикмет, бірдей ғажап өнер және барлығын бір мезгілде, бір әдіспен жарату; әлбетте бұл істі жа-сайтын бүкіл әлемнің Жаратушысы ғана. Шексіз құдрет пен асқан хикметті керек ететін мұндай іс, тек Соның ісі болмақ. Мұндай дәл өлшемге, аса шебер өнерге, мұндай хикметке толы жүйелі іске соқыр мылқау, ретсіз, бейсана, мақсатсыз, бәрін жайпап кететін, алдынан шыққанды бұзып, қирататын бейбере-кет күштердің, меңіреу табиғаттың яки кездейсоқ себептердің

79араласып, қол сұғуы, ортақ болуы әсте мүмкін емес. Олар тек, «мәфғул уә қабул» ретінде, яғни тек жасалушы және қабылдаушы ретінде бір перде қызметін атқару үшін Аллаһтың әмірімен белгілі бір мақсатқа пайдаланылуда. Міне, осы үш аяттың мегзеген үш ақиқатының тәухид ұғымын дәлелдейтін үш тұжырымы секілді шексіз Раббани істердің сансыз сәуле-шуақтары, Иләһи билік-басқармалары барлығы бірлесе бір ғана Уахид-ы Әхадтың, жалғыз Зат-ы Зүлжалалдың уахдетіне куәлік етеді. Үшінші Ақиқат: Болмыстың әсіресе өсімдіктер мен хайуанаттың тым жылдам әрі көп мөлшерде жүйелі түрде, сондай-ақ, тым оңай бірақ керемет сұлу, өнермен шебер жаса-луы, әрі аралас-құралас бола тұра ерекше бір-бірінен өзгеше жаратылуы жайлы. Иә, саны өте көп әрі жылдам жаратылатын һәм табиғаты аса шебер де күрделі, жіті мұқияттылықпен реттеліп өте оңай әрі жеңіл һәм, мол әрі аралас, шым-шытырық бола тұра өте қымбатты, өзара айырмашылықтары бар, бір-бірімен аралас-пай, бір-біріне қосылып кетпей жарату, бұл әрине және мін-детті түрде бір ғана Уахидтің асқан құдретімен болмақ. Ондай құдретке ешнәрсе қиын емес, бәрі оңай. Ол құдреттің алдын-да жұлдыздар зәррелермен бірдей, ең үлкен нәрсе ең кішкене зат секілді жеңіл, саны көп түр, бір түйірі секілді оңай, көлемі шексіз алып денелер кішкене нәрселер тәрізді, үлкен жер шарының көктемде тіріліп, жаңаруы бір түп ағаш сықылды, ұзын зәулім бір ағаштың жаратылуы тырнақтай дәннің жара-тылуы секілді оп-оңай. Сонда мына көз алдымыздағы болып жатқан құбылыс, таңғажайып күрделі алып істер түсінікті болмақ. Сонымен, осы аталған тәухидтің дәрежесін және осы үшінші ақиқат пен тәухид кәлимасының аталған терең сырын яғни ең үлкен бір «күлл» ең кішкене нәрсе «жүз» секілді бола-тынын және саны өте көп нәрсе саны аз нәрсемен бірдей екенін, олардың еш парқы болмайтынын сондай-ақ, осы таңғажайып хикметті, мына терең тылсымды және ақылға сыймайтын

80терең ақиқатты, дін Исламның негіздерін, иманның шарттарын тәухид арқылы баяндап түсіндіргенде әрнәрсенің сыры ашы-лып дәлелденгенде Құранның тылсым сырлары ашылады. Сон-да мына жұмбақ әлемнің құпия сырлары, оның күрделі, тіпті әлемдік философия бұл тұрғыда милары жетпей өздерінің әлсіз, шарасыз екенін мойындаған Құрани тылсым-сырлар ашылып түсінікті болмақ. Рахымы мол Жаратқанға Рисалей-Нұрдың әріптері санынша шүкір уә хамд айтамын. өйткені Рисалет-үн Нұр осы ғажайып терең тылсымды ашып, жұмбақ әлемнің шешімін тауып ақылға қонымды түрде дәлелдеген. Атап айтсақ, Жиырмасыншы Мектубтың соңындағы туралы тақырып, сондай-ақ, арапша Жиырма тоғызыншы Леманың сөзінің мәртебелерін баяндап Аллаһтың шексіз құдретін дәлелдеген кезде бұлтартпас айғақтармен екі жердегі екі төрт болатынындай нақты бекітіп ыспат қылған. Сондықтан жан-жақты түсіндіруді сол жерлерге сілтеме жа-сап мазмұны ретінде сол сырды ашатын негіздер мен дәлелдерді қысқаша баяндап, он үш баспалдақ тәріздес «он үш сырды»ишара түрінде жазуды ниет еттім. Бірінші, екінші сырларды қағазға түсірдім, өкінішке орай мадди әрі мағынауи екі кедергі шығып, қалғанын жазуға мұрша болмады. бірінші Сыр: Бір нәрсе зати болса, яғни ол кейіннен пайда болмаған өзінің табиғатында болса, оның керісіншесі, терісі ол нәрсенің бойында болмайды. Өйткені, ол кезде «иджтима-үз зыддәйін» болады, яғни бір зат өзара қарама-қайшы сипаттарға ие болған болады, ал олай болуы мүмкін емес. Міне, осы сырға байланысты Аллаһтың құдреті Оның өзінде бар, ол «зати» си-пат және ол Зат-ы Ақдестің яғни Аллаһтың «зарури лазымы», яғни бөлінбейтін негізі. Олай болса, әлбетте ол сипатқа қарама-қайшы, теріс келетін әлсіздік ол Зат-ы Қадирде болуы мүмкін емес. Сондай-ақ, бір нәрсенің дәрежесі болуының себебі, оның ішіне қарама-қайшы нәрселердің болуынан пайда болады.

81Мәселен, Жарықтың көмескі не қуатты дәрежелері болуының себебі оған қараңғылықтың араласуынан. Жылудың да дәрежесі болуы, оған суықтың араласуынан туындайды. Күш-қуаттың да солай, оған қарсы төтеп берушінің күштің немесе кедергінің салдарынан болады. Олай болса, Аллаһтың «зати құдретінің» дәрежесі әсте болмайды. Ол барлығын бір зат секілді жарата алады. Оның «зати құдретінің» дәрежесі бол-майды. Онда әлсіздік, нұқсандық атауымен жоқ. Әлбетте оған қарсы тұрарлық бір күш те жоқ, ешнәрсе кедергі бола алмайды. Ол, кез келген нәрсені оңай жарата алады. Сонымен, Оған ешнәрсе қиын емес екені рас, әлбетте Оның қияметте ұлы ха-шрді жаратып, күллі әлемді қайта тірілту бір көктемді жарату сияқты оңай, бір көктемді бір тал ағаш тәрізді, бір ағашты бір тал гүл секілді еш қиындықсыз жарататыны секілді бір түйір гүлді бір ағаштай күрделі етіп шебер жаратады, бір ағашты бір көктем секілді мұғжизалы, ал бір көктемді хашр тәрізді ғажайып бейнеде жаратады. Ол көз алдымызда болып жатыр. Рисалей-Нұрда нақты әрі қуатты түрде дәлелденгеніндей; егер уахдет, тәухид болмаса бір түйір гүлдің пайда болуы бір ағаштай қиын, тіпті одан да мүшкіл болар еді. Бір ағаш бір көктемдей, одан да бетер қиындық туғызар еді. Әрі құнсызданып өнер мен шеберліктен мақұрым, жәй, әншейін бір зат болып қалар еді. Қазір бір минутта жаратылып жатқан жәндіктер, ол кезде бір жылда әзер дегенде, бәлкім еш жаратылмас еді. Осы аталған сырға орай, жаратылыс саны шексіз көп бола тұра өте құнды әрі маңызды және тез әрі жеңіл, сондай-ақ, өте шебер, түрлі-түсті болып мәслен, мына жеміс-жидектер, гүл-шешектер, ағаштар мен жан-жануарларды алайық. Олар өте жүйелі түрде жаратылып, белгілі бір міндет, маңызды қызмет атқаруда. Өзіне тән ғибадат-тәсбихтерін істеп, аяқтап, сосын орынына тұқымдарын уәкіл ретінде тастап кетуде. Екінші Сыр:Қалайша «нұраният» (нұрлылық), «шәффәфият» (мөлдірлік), «итағат» (бағыну, мойынсұну)сырымен және әлгі зати құдреттің бір ғана ұшқын-әсерімен

82көктегі Күн, бір түйір айнаға сәуле-шуағын түсіріп шағылысатыны секілді сансыз айналарға, жылтырақ заттарға, мөлдір тамшыларға да өзінің алып әсерінің ауқымды жарық пен жылуын Аллаһтың әмірімен оңай түрде түсіре алады. Күннің астындағы нәрселер аз ба, көп пе еш парқы жоқ. Сондай-ақ, бір ауыз сөз айтылса, Аллаһтың әмірімен Оның ауқымы кең, шексіз құдретімен әлігі бір ауыз сөз бір адамға еш қиындықсыз естілгені секілді бір миллион адамға да Аллаһтың әмірімен оп-оңай естіледі. Тыңдаушылардың саны бір немесе мың болса да еш айырмашылығы жоқ. Һәм, көз секілді бір нұр немесе Жәбрайыл періште сынды нұрлы бір рухани жаратылыс, Аллаһтың рахымы және Оның ісі ауқымы кең алаңды қамтитындықтан әлгі көз немесе періште бір жерге оп-оңай қарап, лезде ол жерге барып, әп-сәтте сол жерде табылатыны секілді, бір мезетте мыңдаған жерде лезде әрі оп-оңай Құдайдың құдретімен болып, көріп, барып келеді. Оған аз яки көп еш рөл ойнамайды. Дәл сол секілді, Әзәли уә Зати Құдрет, аса қуатты және әрнәрседен өтімді. Ол – ерекше нұр және бүкіл нұрлардың нұры, бәрінен үстем болғандықтан және бүкіл жаратылыстың өзегі, іші, мәнісі, ақиқаты, рухани жағы айнадай мөлдір, пәк болғандықтан және зәрреден ба-стап сонау өсімдік, тіріжандар сонау жұлдыздарға, Күндерге, Айларға дейін барлық зат әлгі зати Құдреттің үкіміне толық мойынсұнатын бағынышты және әлгі Әзәли құдреттің алдын-да тым тілалғыш, қызметші болғандықтан әлбетте шексіз жа-ратылысты бір түйірдей оңай жаратады, әрнәрсенінен қасынан табылады. Бір іс бір ісіне кедергі болмайды. Үлкен-кіші, аз-көп, жүзи-күлли бәрі бірдей. Ешбір парқы жоқ. Һәм, қалайша, Оныншы және Жиырма тоғызыншы Сөздерде айтылғанындай, «интизам» (реттілік пен жүйе), «мувазене» (тепе-теңдік) және «итағат» яғни әмірге бағыну заңдарына байланысты таудай алып бір кемені, баланың ойыншығы секіл-ді бір саусақпен орнынан қозғап, керек болса шыр айналдыруға

83болады және бір ұлы қолбасшы бір ғана «Марш!» әмірімен бір сарбазды жүгірткеніндей, тәртіпті де жүйелі қалың әскерді, бүкіл армияны дәл сол бір әмірмен жауға шабуыл жасатқызады. Һәм, өте үлкен әрі күрделі дәл өлшейтін таразының екі басы-на екі тау теңбе-тең орналастырылса, және екінші таразының екі басына өзара бірдей екі жұмыртқа қойылса, бір түйір жаңғақпен біреуін жоғары біреуін төмен түсіріп жіберуге бола-тыны секілді, дәл сондай жаңғақтың салмағымен хикмет заңына сүйене отырып анау үлкен таразының бір басын тауымен бірге жоғарыға, екінші басын төменге басып жіберуге болады. Дәл сол сияқты шексіз нұрлы, зати және бастауы мен соңы жоқ Раббани құдрет және бүкіл жүйе мен өлшемнің, тепе-теңдіктің көзі, қайнар бұлағы Иләһи хикмет және өте дәлдікпен өлшейтін Иләһи әділдік, сондай-ақ, «жүзи», «күлли» және үлкен-кіші барлық нәрсе, бүкіл зат оның құдретіне толық бағынып мойынсұнатындықтан, әлбетте зәррелерді оп-оңай айналдырып, жеңіл қозғайтыны секілді алып жұлдыздарды да хикметінің жүйесімен оп-оңай шыр айналдырып, қозғалысқа ендіреді. Көктемде бір ғана әмірмен бір түйір шыбынды оп-оңай тірілткені секілді бүкіл шыбындарды, барлық өсімдіктер мен жануарларды, күллі жәндікті құдретімен және құдретіндегі хикметпен, өлшеммен, дәл сол әмірмен, өте жеңіл түрде тірілтіп баршасына жан сыйлайды. Көктемде бір түп ағашты лезде тірілтіп, сүйек секілді бұтақтарын жандандырғаны сияқты әлгі хикметке толы, әділ құдретімен алып жер жүзі, дүния жаназасын көктемде көгерген ағаштай оп-оңай тіріл-тіп хашрдің жүз мың үлгі-мысалын жаратып көрсетеді. Өзінің «тәкуәни» әмірімен жерді тірілтіп жандандырғаны секілді әмірімен де яғни «барлық адам мен жын атаулы бір ғана дауыстың күшімен, бір ғана бұйрықпен алдымызда қайта тіріліп дайын тұрады!» дейді аят.

84Һәм, деп бұйыру арқылы яғни «Қиямет пен хашрдың болуы көзді ашып-жұмандай-ақ, тіп-ті одан да шапшаң іске аспақ!» дейді. Һәм, аятымен яғни «О, адамдар! Сендердің қайта тіріліп, махшар алаңына жиналуларың бір түйір тіріжанның тірілуі секілді оп-оңай. Ол құдретіме түк емес!» мағынасын білдіретін жоғарыда аталған үш аяттың сыры бойынша бірғана әмірмен, бәрін оп-оңай түрде адам мен жын атаулыны жаппай және хайуандар мен руханилерді, періштелерді махшар майданына, ұлы таразының басына алып келеді. Бір іс басқа іске кедергі болмайды. Құрметті, оқырман! Үшінші және төртіншіден бастап он үшінші сырға дейінгі тақырып қаласам да еріксіз басқа уақытқа қалдырылды. төртінші Ақиқат: Болмыс атаулының жаратылысына, олардың дүнияға келіп көзге көрінуіне назар аударайық. Олар-да «жиһет-ул уахдет» байқалады яғни олар өзара ұқсас, бір-келкі, аралас-құралас, бір-бірінің үлгі-мысалы, мазмұны және кейбірі «күлл», «күлли», тағы бірі оның «жүз», бөлшектері саналады. Жаратылыстарында сәйкестік байқалады. Әрі бәрі шебер жасалып, бір-біріне ұқсас, табиғаты үйлесімді, бірі-не-бірі көмектеседі, уазипасын яғни атқарар міндетін өзара толықтырып отырады. Бұл анық тәухидті білдіріп, Саниының яғни шебер Ұстасының бір, жалғыз екенін дәлелдейді. Әлемді рубубият тұрғысынан алғанда ол бөлінбейтін «күлл» яғни тұтас әрі күлли яғни шексіз екені байқалады. Иә, мысалға, әрбір көктемде өсімдік пен хайуандардың төрт жүз мың түрін жеке-жеке, барлығын жаппай, аралас-құралас түрде, бір уақытта, бір әдіспен, жаңылыспай, қатесіз, асқан «хикмет уә хусн-у санатпен» яғни көркем әрі шебер жарату, басқару, асырау, сондай-ақ, құстардың шағын үлгі-мысалы тәріздес шыбын-шіркейден бастап сонау үлкен үлгісі қыран-бүркітке шейін олардың шексіз санын жарату, сондай-ақ, оларға ауада тіршілік етіп, ауада ұшуға ыңғайлы ағза-мүшелер

85беріп саяхат еткізу және солар арқылы ауаны безендіру, соны-мен бірге оларға таңғажайып, жеке-жеке, өнермен жасалған мөр басу және болмысын басқарып тұрған хикмет толы Иләһи механизмді яғни әхадияттың таңбасын басу ғажап құбылыс.Һәм, жеген тағамның зәррелерін дененің жасушалары-на көмекке жіберу, және өсімдіктерді хайуандарға медет қылдыру, хайуандарды адамдарға қызметші қылу; барлық аналарды әлжуаз нәрестелерге хикметпен, рахымды түрде жәрдемші ретінде жүгірту... сондай-ақ, құс жолы дейтін жұлдыздар шоғырынан, Күн системасынан, элементтерден ба-стап сонау көздің қарашығын сақтап тұрған қас-қабақ пен гүл шешектердің жапырықтарына дейін және жүгері масағының көйлегіне шейін және қауынның дәнегіне дейін аралас-құралас жатқан шеңберлер секілді «жүзи», «күлли» үлкен-кіші бәрінде бірдей жүйе мен тәртіп, әсемдік пен шеберлік, бірдей іс, химет-пен басқару ісі болып жатыр. Бұл құбылыс әлбетте, осы істер-ді жасап жатқанның Уахид, жалғыз екенін көрсетеді. Әр нәрсе Оның құдрет қолымен жасалады, әрбір затта Оның із-таңбасы бар. Оның ешбір тұрақты мекені жоқ, әйтседе әрбір мекенде бар, барлық жерден табылады. Қалайша көктегі Күн барлық нәрседен ұзақ бола тұра бәріне жақын.Һәм, шоқ жұлдыздар мен Күн системасы секілді алып де-нелерді басқару Оған еш қиындығы жоқ, сол сияқты қанның құрамындағы түйіршіктерді басқару түк емес. Көңілге түйген құпия сырлар Одан жасырын қала алмайды. Басқару шеңберінің тысына ешнәрсе шыға алмайды. Болмыс қаншалықты үлкен әрі саны көп болса дағы кішкентай, саны аз зат секілді Оған оп-оңай. Шыбынды алып құс тәріздес етіп, дәнекті ағаштай күрделі қылып, бір түп ағашты бау-бақша сияқты, бір бау-бақшаны көктемдей шебер, ал бір көктемді ұлы хашрға ұқсатып оп-оңай жаратады. Осындай шебер жасалған аса қымбат нәрселерді біз-ге өте арзанға береді, яғни сыйға тартады. Сондағы сұрайтыны, бар болғаны «бисмилләһ» пен «Әлхамдулиллаһ» сөзі. Яғни әлгі аса қажетті, өте қымбат нығметтердің бағасы ба-ста «бисмилләһ-ир рахмән-ир рахим», ал ақырында «Әлхамдулиллаһ» деп айту.

86Бұл «төртінші ақиқат» Рисалей-Нұрда түсіндіріліп, дәлелденгендіктен осы қысқа ишарамен шектелуді жөн көрдік. Біздің жолаушының екінші мензилде көргенбесінші Ақиқат: Ғаламның барлық жерінде, мейлі ол не-гізгі бөлігі болсын, мейлі ол ұсақ бөлшегі болсын, керемет тәртіп, кемел реттілік, үйлесімді жүйенің бар екені рас. Сондай-ақ, осы ұлан ғайыр мемлекеттің яғни әлемнің жалпыға ортақ басқару тетігі болған нәрселер және белгілі бір қызметшілер өзара ұйымдаса, бәрі бірге әрекет етуі, әрі сол ұлы мемлекетті басқарып тұрған есім-сипаттар мен істер бір-бірінің ішіне кіріп, құралас-аралас, өзара ұқсас, біркелкі болумен қатар барлық жер-де дәл сол есім барлық нәрсені немесе басым көпшілігін қамтуы және сол әсем де сұлу зәулім сарайдың ұйымдастырылуы мен безенуіне қолданған шикізаттар мен заттар бір-бірінің іші-не орналасып, біркелкі әрі біртұтас бір заттың барлық жерді, жер бетін түгелдей жаулап қамтып жатуы әлбетте, анық-қанық түрде мына әлемнің иесі, басқарушысы, мына мемлекеттің Пат-шасы, бәрін ұйымдастырушы, мына зәулім сарайдың ұстасы, қожайыны біреу, уахид, әхад, жалғыз екенін көрсетеді, куәлік етеді, дәлелдейді және солай болуын талап етеді. Сонымен мына әлемнің барлық бөлшегінде, әрбір құрамында және жер шарының күндік не жылдық айналуынан бастап со-нау адамның бет-әлпетіне шейін, басының құрылысынан бастап қандағы ақ-қызыл түйіршіктерге, олардың қозғалыс-әрекеттеріне дейін, күлли я жүзи барлық нәрседе хикметке толы тәртіп пен күрделі де мұқият жүйе бар. Әрине бұл іске Қадир-ы Мұтлақ, Хаким-ы Мұтлақ Аллаһтан басқа ешнәрсе өз бетімен, әдейілеп қол сұға алмайды, жаратуға мүлдем араласа алмайды. Олар тек ғана қабылдаушы ғана, олар «мазхар», «мүнфайл» деп аталады яғни біреудің өнерін көрсетуші, олар тек әсер алушы, жасалған нәрселер. Және бір нәрсені реттеу, әсіресе белгілі бір мақсатпен, одан түсетін пайданы ойлап жүйеге келтіру тек ілім-мен, хикмет-даналықпен болмақ әрі оған ерік пен қалау керек. Олай болса әлбетте мына хикметке толы жүйе мен тәртіптің,

87мына көз алдымыздағы пайдасы мол сансыз жаратылыстың Халиқы, Басқарушысы жалғыз, дара, біреу әрі қалау-ерік иесі. Әр нәрсе Оның құдретімен болады, Оның қалауымен белгілі бір жағдайға енеді, Оның әмірімен өзіндік бейнеде жаратылады. Сондай-ақ, мына дүния қонақүйінің жылу беретін Шамы бі-реу және уақытты білдіретін шырағы біреу, мейірім шашатын суарғыш құманы біреу, тамақ пісіріп, күйдіретін аспазшысы біреу, тіршілік көзі, кәусар шәрбәті біреу, анасындай көтеріп жүретін әрі егін ексе өнім беретін алқабы біреу, осылай санай берсең бір, бір мыңға жуық бірліктер бар. Әлбетте бұл бірлік-тер анық түрде осы қонақ үйдің Иесі, Жасаған Ұстасы біреу екенін көрсетіп, Оның Хақ екеніне куәлік етеді. Ол өте жо-март әрі қонақжайлы. Ол, өзінің алып та үлкен қызметшілерін тіріжан пенделерінің, жолаушы қонақтарының тынығып де-малуы үшін жұмыс істеткізуде. Әрі дүнияның әртарапында қызу жұмыс істеп, басқарып тұрған, сәуле-шуақтары, өнерінің нақыштары көрінген «Хаким, рахим, Мусаууир, Мүбәббир, Мухий, Мүрәббии» сынды есімдер бір болып саналады және «хикмет, рахмет, инает» секілді істер мен «тәсуир, тәдбир, тәрбие» сынды жұмыстар өзара ұқсас, бірдей екені рас. Барлық жерде бір есім, бір іс, бір-бірінің ішіне еніп әрі олар шексіз әрі барлыған түгел қамтуда. Әрі өзара көмектесіп бірінің ісін бірі толықтырып отырады. Бейне бір әлгі есімдер мен істер бірігіп құдрет болып әрі сол құдрет хикмет пен рахметке айналғандай, ал хикмет болса нағыз инает пен хаят яғни жәрдем пен тіршілік болып кеткендей. Мысалға, Аллаһтың хаят беруші яғни болмысқа жан беретін есімі бір затқа әсер етіп, оны игере бастаған сәтте, жаратушы, суреттеуші, рызық беруші секілді көптеген есімдер де көрініп, жаппай әсер етіп, бәрі жұмыла бір жүйемен билеп төстейді. Бұл құбылыс міндетті түрде әлгі ауқымы кең есімдердің иесі барлық жерде бір уақытта болып, есімдері бәрін қамтып жатқанын, өзі дара, біреу, жалғыз, уахид әрі әхад екенін көрсетеді. Әмәнна уә садақна! Әрине солай!

88Һәм, жаратылыстың құрамыдағы элементтер жер шарын жаппай қамтып жатқаны рас. Және жаратылыстың түрлері, олардың әрқайсысы біркелкі түрде жер жүзіне жайылып толық қамтып жатқаны да рас. Әлбетте олай болса, бұл элементтер, барлық қоспа-бөлшектер, олардан жасалған түрлер, бәрі-бәрі жалпы әрі жалқы түрде бізге мынаны білдіреді әрі дәлелдейді: Бұлар бір ғана Құдреттің жаратқаны, бәрі Соның мүлкі. Олар бір Уахид-і Қадирдің иелігінде, бәрі Соның қызметшілері. Ол – Аллаһ, барлық жақты қамтып, әр жерде кездесетін, құжынаған элементтерді өзіне толық мойынсұнатын қызметші қылған және әлемнің әр тарапында кездесетін жаратылысты жауын-гер сияқты бағындырып, тізгіндеп, толық басқарып отыр. Бұл ақиқат та Рисалет-ун Нұрда дәйекті түрде түсіндірілгендіктен бұл жерде қысқа ишарамен шектелгенді жөн көрдік. Біздің жолаушымыз осы бес ақиқаттан алған имани фейз-шуақ пен тәухиди зауыққа көңілі тасып, шаттанды. Өзінің көрген-білгендерін қорытындылап және сезімдерін сөзбен суреттеп, жүрегіне былай деді:Қарашы әлем кітабының тамаша парақтарына!Құдреттің алтын қаламы небір жазу жазыпты.Қараңғы, түсініксіз бірде-бір нүкте табылмапты Көкірегі ояу, көзі ашық жүрекпен қараған жандарғаҚұдды Құдай өзінің аяттарын нұрмен жазған ба!Һәм, білген жөн:Әлем кітабының парақтары шексіз де ұлан-ғайыр,Дәуірдің құбылыс-оқиғалары оның жазу жолдары,Әлемдегі әр болмыс «ләух-ы махфуздан» келгенМағынасы терең сөздер ғой жазылған расында. Һәм, тыңда!

89 деп, қалыбпен (жүрек) бірге нәпсінің өзі мойындап «Иә, рас, солай!» деді. Сонымен дүния жолаушысы, ғалам саяхатшысы екінші мәнзилде көрген бес тәухиди ақиқатқа қысқа бір ишара ретінде бірінші тараудың екінші бабында екінші мәнзил туралы былай делінген болатын:

90Сосын әлгі әлемге саяхатшы әрбір ғасырды шолып жүргенде мүджеддид-і әлфі Сани, Имам-ы Раббани, Ахмед-і Фаруқидың медресесіне кезігеді. Ішіне еніп оның дәрісін тыңдаса былай деп жатыр екен: «бүкіл тариқаттың мақсаты, беретін жемісі, маңызды нәтижесі иман ақиқаттарының ашылып, түсінікті болуы», «бір ғана имани мәселеленің нақты түрде анықталуы мен үшін мың кәрәматтан, рухани зауықтан әлдеқайда артық, маңыздырақ», «бұрыңғы заманда ірі тұлғалар айтушы еді: «Мүтәкәллим және кәлам ілімін толық меңгерген бір ғалым шығады. Ол Иман мен Исламның барлық ақиқаттарын ақыли айғақтармен жан-жақты ашып дәлелдеп береді!». Менің арманым сондай кісі болу. бәлкім мен сол кісі шығармын».Міне, Имам-ы Раббани да иман мен тәухид ұғымы адамзаттың кемелденуінің басты шарты, негізі, өзегі, нұры екенін бекітіп отыр. Және «бір сағат пікір жүргізу бір жыл ғибадаттан абзал» ережесі има-ни пікірлеу тұрғысында екенін және Нақшибәнди тариқатында құпия зікір салудың маңыздылығы осы тәфәккүр ету екенін яғни пікір жүргізіп Иләһи толғаныс екенін бізге дәріс беруде. Саяхатшы мұны ден қойып тыңдады да өзіне-өзі былай деді: «Апырм-ай, мұндай ерекше тұлға, кәміл жан, имам былай десе демек, иманның сәл қуаттауы көптеген мағрифат пен кемелдік-терден анағұрлым маңызды және рухани ләззаттан әлдеқайда тәтті болғаны ғой. Сондай-ақ, мың жылдан бері әбден бірігіп қалған батыс философтарының наразы ойлары мен күмән-күдіктері енді жол тауып иманға, Құранға, мүминдерге шабуыл жасап жатқаны рас. Және олар мәңгі бақыттың, бақи өмірдің, жәннаттің кілті, басты шарты болған иман негіздерін бұзғысы келеді. Олай болса әлбетте біз бәрінен бұрын иманымызды «тақлидтен» «тахқиқке» айналдыруымыз керек яғни көшіріп, сене салған иманымызды әбден көз жеткізіп, анық-қанығын біліп, бекітілген шынайы биік мәртебеге көтеруіміз керек.

91Олай болса қане, алға! Осы кезге дейін тапқан әрқайсысы заңғар таудай иманның жиырма тоғыз мәртебесін намаздың мүбарак тәсбихының санына яғни отыз үшке жеткізейік! Ол үшін мына ғибратхананың енді үшінші мәнзилін көру үшін (бисмиллаһ) деп, оны жануарлар әлемін ашатын кілт жасап, олардың жүйелі басқарылуына, азықтанып асыралуына назар салайық! Ғажайып махшарға ұқсас, үлкен жиналыс тәріздес осы үшінші мәнзилдің қақпасын құрметпен қағып бисмилләһ-ил Фәттах яғни жасырын, құпияның бәрін ашушы Аллаһтың атымен!» деп әлгі есікті қақты. Оған үшін мәнзил ашылды. Ішіне еніп сонда көргені: «Үлкен төрт терең ақиқат ол мәнзилге жарық беріп тұр екен әрі күндей жарқырап тәухидті көрсетеді екен. бірінші Ақиқат: «Фәттахият» ақиқаты. яғни Аллаһтың «Фәттах» есімінің құдретімен жәй, қарапайым заттардан сан-алуан, түрлі-түрлі, шексіз тамаша сурет-бейнелердің барлығы жаппай, әртарапта бірдей бір сәтте, бір тәсілмен ашылуда. Иә, ғалам бау-бақшасындағы шексіз сан-алуан жаратылысқа – мысалға гүл-шешектерге – Фәттах есімімен әрқайсына өзіне ыңғайлы түр, ерекше болмыс, өзіндік жүйемен ашып, беріп жа-тыр. Сол секілді бірақ одан әлдеқайда таңғажайып түрде жер жүзі бауында төрт жүз мың түрлі жан-жануарға әрбіріне өте шебер әрі хикметпен жасалған бейне-пішін, дәл өлшемді де әсем сұлу түр берілуде.

92 Жоғарыда аталған аяттардың білдіргеніндей, бейне-пішіндердің ашылуы тәухидтің бұлтартпас дәлелі, құдреттің таңғажайып мұғжизасы боп табылады. Осы хикметке орай бейне-суреттердің ашылып, көрініс табу ақиқаты әртүрлі тұрғыдан жан-жақты Рисалей-Нұрда, әсіресе осы рисаленің «Екінші тарауының бірінші бабында, алтыншы, жетінші мәртебелерінде дәйекті түрде баяндалғандықтан соларға сілтеп бұл жерде тек былай демекпіз:Болмыстың бейне-пішіндерінің ашылуына назар ауда-рар болсақ, оның ауқымы өте кең. Ол барлық жерді қамтып жатқанына әрі шебер жүзеге асатынына пәндер атап айтсақ би-ология мен зоология ғылымы терең зерттеп куәлік етеді. Де-мек, мұндай құбылысты бір ғана Уахид-і Әхадтан, әрнәрсені көретін, бәрін білетін, құдреті шексіз бір Қадир-і Мұтлақтан басқа ешбір себеп жасай алмайды. Мұндай күрделі де ауқымды іске бөтен біреу араласа алмайды. Өйткені, бұл «фәттахият» құбылысы яғни бейне-суреттердің ашылуы барлық жерде және әрқашан болып жататын іс әрі ол шексіз құдретті, мол хикмет-ті, аса мұқияттылықты, жаппай қамтуды қажет ететін құбылыс. Мұндай шексіз құдрет, тек бүкіл әлемді жаратып, басқарып отырған Әхад Аллаһта ғана бар. Иә, мысалы, жоғарыда аталған аяттардың бұйырғанындай, үш қабат қараңғыда яғни бүкіл аналардың құрсағында әртүрлі етіп, өлшемді де ерекше, бір-бірінен өзгеше, керемет көркем қылып реттеп, әрі шатастырмай, қатесіз, ауыстырып жібер-мей қарапайым, жәй бір ұрық суынан адамдардың бейне-су-реттерін ашып, жоқтан жарату яғни «фәттахият» ақиқаты. Сондай-ақ, адамзат, өсімдіктер, хайуанат әлемінде бүкіл жер жүзінде бірдей құдрет, бірдей хикмет, бірдей өнермен істе-летін және барлық жерді қамтып жатқан осы бейне-суреттердің ашылуы деген ақиқат уахданияттың бұлтартпас дәлелі болып табылады. Себебі, бәрін қамту ол уахдеттің белгісі, ол ширк-ке әсте жол бермейді. Аллаһтың міндетті түрде бар екенін

93дәлелдейтін бірінші бабтағы он тоғыз ақиқат Жаратқанның бар екенін дәлелдеп қана қоймай, бәрін қамтуы арқылы да уахдетке яғни Аллаһтың жалғыздығына куәлік етеді. Жолаушымыздың үшінші мәнзилде көргенЕкінші ақиқаты: «рахманият» ақиқаты. Яғни, бізге рахымшылық жасап жер жүзін мыңдаған түрлі сый-кәделермен, ризық-несібемен жәйнатып қойған. Дүнияны сый-сияпатпен толтырған. Жер жүзі бейне бір дастархан тәрізді жүз мыңдаған түрлі-түсті дәмді тағамдармен көмкерілген. Жердің қойнауын да рахым мен даналықтың талабына сай мыңдаған қымбат қазыналарымен, пайдалы шикізаттарға қойма қылған. Жер шары дүниямыз сауда кемесі секілді жыл сайын ғайып әлемінен адамға қажетті, тұрмыс тіршілігіне керекті жүз мыңдаған түрлі заттардың ең тамашаларын тасып әкеледі. Құдды бір кеме немесе поезд тәрізді, ал әрбір көктем іші тола азық-түлік пен киім-кешек таситын вагон тәрізді. Соның бәрін бізге тарту етке. Бізге өте мейірімді де ерекше қамқорлық жасалуда. Және сол сый-кәделер мен мол нығметтерді пайдалансын деп біз-ге жүздеген, мыңдаған сезімдер, күшті тәбет пен қажеттілік, ағзалар жаратқан. Иә, осы «хасби аят» туралы баяндаған төртінші Шуақта түсіндіріліп, дәлелденгеніндей, бізге сондай асқазан берген, онымен сансыз тағамдардан ләззат аламыз. Және сондай жан сыйлап, түрлі сезім мүшелер арқылы мына әлем нығмет толы дастархан тәрізді небір ырыс-несібелерден пайдаланамыз. Және адамгершілік дейтін қасиет тарту еткен, ақыл мен қалб секілді көптеген сезімдер берген. Сол арқылы мадди-мағынауи яғни заттық-рухани сансыз кәделерінен зауық аламыз. Әрі сон-дай керемет Ислам дінін сыйлаған, ол арқылы ғайып әлемі мен мына шәһадат әлемінің шексіз қазыналарынан нұр аламыз. Әрі сондай иман мен һидает берген, сол арқылы дүния мен ақырет әлемдерінің ұлан-ғайыр нұрларынан, сый-кәделерінен пай-даланып нұрланамыз. Бейне бір рахым тарапынан мына әлем

94таңғажайып сансыз қымбатты заттармен безендірілген зәулім сарай секілді жаратылып, ол сарайдағы көп сандықтарды, бөлмелерді ашатын кілттер адамға берілген және олардан жап-пай пайдаландыратын сезім мүшелері, қажеттіліктер адамның табиғатына тарту етілген.Осылайша дүнияны, ақыретті, әрнәрсені ішіне алып, қамтып жатқан рахымшылық әлбетте уахидияттың ішінен көрініс таба-тын әхадияттың нұр-сәулесі. Яғни Күннің жарығы астындағы бүкіл нәрселерді жаппай қамтуын уахидияттың мысалы де-сек, жылтырақ, мөлдір әр нәрсенің жеке-жеке қабілетіне қарай Күннің жарығын, һәм жылуын, һәм жарығындағы жеті түсті, сондай-ақ, күннің бейнесін шағылыстыруын әхадияттың мы-салы деуге болады. Әлбетте ондай ауқымды жарықты көрген адам: «Жер шарының Күні біреу, уахид, жалғыз» деген шешімге келеді. Және әрбір жылтырақ нәрседе, тіпті су тамшы-ларында Күннің жалт-жұлт еткен сәуле-шуағын көрген адам Күннің «әхадиятын» яғни «Күн өзінің барлық сипаттары-мен әрнәрсенің жанында, әрбір заттың қалб айнасында!»деп айтады. Дәл сол секілді Рахман-ы Зүлжамалдың шексіз рахымы жарық секілді барлық нәрсені қамтуы «уахидиятын» яғни жалғыз, еш бір тұрғыдан серігі жоқ екенін көрсетсе, ал әрнәрседе әсіресе әрбір тіріжанның бойында әсіресе адамның болмысында әлгі ауқымды мол рахымның көптеген перделер-ден өтіп келген есім-сипаттарының нұр-сәулелері және белгілі бір мағынада өзіндік Иләһи шуағы шағылысады. Сондай-ақ, әрбір адамда, бүкіл әлемге қатысты және болмыс атаулыны өзара тығыз байланыстырып тұратын хаяттың болуы яғни тір-шілік иесі болуы сол Рахманның әхадиятын, Ол әрнәрсенің жанында әзір, әрбір затты әрбір нәрсесін жасаған Өзі екенін дәлелдейді.Иә, Ол Рахман, өзінің рахымының уахидиятымен және барлығын толық қамтуы арқылы күллі ғаламда, жер жүзінде жа-лал сипатының ұлықтығын көрсетеді. Сондай-ақ, әхадиятының сәулесімен әрбір тіріжан арқылы әсіресе адамның бойына

95бүкіл нығметтердің үлгісін жинап, оны сезім-мүшелері арқылы сездіріп, бүкіл әлемді тұтас түрде бір тұлғаға, белгілі мағынада үйі, баспанасы қылып беруі арқылы да жамалының әркімге жеке-жеке, арнайы болатын мейірімін жар салып көрсетеді. Және Иләһи жарылқау болған сан-алуан түрлі нығметтер адам бойында тоғысып, ұштасатынын білдіреді. Қалайша, қауынның әрбір тұқымында сол қауынның болмы-сы жинақталып, мазмұндалатындықтан ол тұқымды жаратқан құдрет әлбетте сол қауынды жаратқан боп табылады. Сосын ілімінің таразысымен, хикметінің ереже-заңымен сол қауыннан тұқымын сүзіп, жинақтап қайтадан заттық күйге ендіріп, денеге айналдырады. Енді сол қауынды жаратқан Уахид, жалғыз бір құдреттен өзге біреу әлгі тұқымды жасауы мүмкін бе? Әрине мүмкін емес. Дәл сол секілді рахманияттың күшімен ғалам бей-не бір ағаш, ал бау-бақшалар мен жер жүзі болса оның жемісі секілді ал тіріжандар мен адамзат болса дән, тұқым секілді. Олай болса әлбетте ең ұсақ бір тіріжанның жаратушысы, Раб-бысы болу үшін бүкіл жер шарының, күллі ғаламның Иесі бо-луы керек. Сонымен, ауқымы кең, барлығын қамтып жатқан «Фәттәхият» ақиқаты яғни күллі жаратылыстың бейне-суреттері қарапайым бір заттан ашылып, жүйелі түрде жасалуы ап-анық түрде уах-детті дәлелдейді. Сондай-ақ, барлық нәрсені қамтып жатқан «рахманият» ақиқаты да әлемдегі және дүнияға енді келіп, өмірдің есігін жаңа ашқан барлық тіріжандарды, оның ішінде жаңа туған нәрестелерді керемет түрде асырап, қажеттіліктерін қамтамасыз етуі және ешқайсысын ұмытпауы және барлығына түгел, барлық жерде, бір мезгілде, әрбір тұлғаға үлгеріп, толық қамтамасыз етуі анық түрде уахдетті, сондай-ақ, уахдеттің іші-нен әхадиятты көрсетеді. Рисалей-Нұр Аллаһтың Хаким, Рахим есімдерінің шуағына бөленгендіктен оның көптеген жерлерін-де осы рахымның ақиқаты, мән-мағынасы, сәуле-шуақтары жан-жақты түсіндіріліп, дәлелденген. Әзірге осы бір тамшыдай ақиқатпен ол теңізе ишара ретінде ондай терең ақиқатты қысқа қайырғанды жөн көрдік.

96Жолаушымыздың үшінші мәнзилде көргенҮшінші ақиқат: «Мүдәббирият уә идаре» (жан-жақты басқару мен ұйымдастыру ақиқаты.Яғни орасан алып және тым жылдам аспан денелерін, сондай-ақ, алдына келгенді жайпап, тас-талқанын шығаратын күштерді және мұқтаж әрі әлжуаз жер жүзін мекендеген жан-жануарларды керемет жүйелі де тәртіппен басқару, оларды бір-біріне жәрдем еткізу және бәрін аралас-құралас түрде басқару және ұйымдастыру, сонымен қатар мына әлемді жүйесі мықты мемлекет, керемет шәһар, әдемі сарай тәрізді жарату ақиқаты. Енді, сол керемет тәртіппен болып жатқан Иләһи мейрімге толы «идаренің» яғни басқару ісінің барлық тұстарын емес, тек көктемде жер жүзіндегі көрінісін, Рисалей-Нұрдың Оныншы Сөз секілді кітаптарында түсіндіріліп, дәлелденгеніне байланы-сты бір ғана сәулесін, бір ғана парағын қысқа-нұсқа бір тәмсіл арқылы көрсетуге тырысамыз.Мысалға, таңғажайып, өте епті әмірші, төрт жүз мың ұлттан әскер жасақтап айбынды армия жинаса және әрқайсына ұлттық киімін, һәм ыңғайлы қаруын, һәм ұлттық тағамын және өздеріне лайық тәлім мен қызмет мерзімін, атқарар міндетін тағайындап, әрбіріне өзгеше және сан-алуан қажеттіліктерін толық, ақаусыз, жаңылыспай, қателеспей, дәл уақытында, кешіктірмей, шатастырмай жүйелі түрде әлгі ғажап қолбасшы бір өзі басқарып, толық қамтамасыз етіп тұрса, әлбетте ондай ауқымды да аралас, күрделі де жүйелі әрі құжынаған көп, бірақ өте әділ басқарма ісіне әлгі таңғажайып қолбасшының асқан құдретінен басқа ешкім, ешбір себеп араласпағаны белгілі. Егер араласса жүйе бұзылады, тәртіп кетер еді. Дәл сол секіл-ді көзбен көріп жүргендей бір «ғайби қол» яғни Иләһи құдрет әр көктемде төрт жүз мың түрден құралған құжынаған қалың әскерді жаратып, оларды жүйелі түрде басқарып отыр. Қияметке ұқсас күз мезгілінде әлгі төрт жүз мыңның үш жүз мың өсімдік пен хайуанат түрін өлтіріп, жанын алады да жүктелген мін-деттерінен босатады. Хашр мен нәшрдің яғни ыдырап қайта

97жиналып тірілудің мыңдаған мысалы ретіндегі көктемде ұлы махшарға ұқсас бірнеше аптаның ішінді өте жүйелі тәртіппен жүзеге асырып, тіпті бір түп ағаштың бойынан хашрдың төрт үлгісін, атап айтсақ, ағаштың өзін, сосын жапырақтарын со-сын, гүл-шешектерін сосын жемістерін, былтырғыдан айныт-пай көктеп-көгерткенін көзімізге көрсетеді. Және әлгі төрт жүз мыңға жетіп жығылатын Субхани армияның әрбір түріне, әрбір тобына, өздеріне сай түрлі ризық-несібелерін сан-алуан қорғану құралдарын, қару-жарақтарын, түрлі киім-кешектерін, бөлек-бөлек тәлім-тәрбиелерін, қызметтен босатылуы мезгілін әртүрлі етіп және өмірге қажетті заттарын жүйелі түрде реттеп, айна қатесіз, шатастырмай, ешқайсысын ұмытпай, күтпеген жерден дәл уақытында жеткізіп отыруы арқылы өзінің кемел рубубиятын, шексіз құдретін, мол рахымын, өзінің әхад уә фәрд екенін, құдрет-күші ерекше, мейрімі мол екенін дәлелдей отырып осы тәухид жайлы аятын жер жүзіне, әрбір көктем парағына тағдыр қаламымен жазуда. Біздің кейіпкер жолаушымыз, осы қасиетті аяттың бір ғана көктемгі және бір ғана парағын оқыды да өзі өзіне былай деді: Осылай әрбір көктемде ұлы хашрдан анағұрлым ғажайып мыңдаған хашрды жарататын және я жазалау я сый-сияпатқа бөлеу үшін құдрет-күші толық жететін Аллаһ, барша тіріжанды қайта жаратып, қияметті жасайтынын барлық пайғамбарлары арқылы мыңнан аса уәде берген және Қасиетті Құранында хашр болатынын мыңдаған ишаралармен білдірген, сондай-ақ, мыңға жуық аятымен ашық түрде бірде қатаң бірде жұмсақ түрде ескерткен және уәде берген. Ол, Қадир-і Жаббар, Қаһһар-ы Зүлжалал өзінің уәдесін орындамай, құдретіне нұқсандық са-налатын «өлген соң тірілмейді» деген бұрыс ойлайтын пенде-лерді тозаққа тастамай, жәһаннамда күйдірмей қоя беруі Оның нағыз әділдігіне жараспайды» деп әлгі біздің жолаушы нақты тоқтамға келді. Нәпсісі де «Әмәнна, әрине, қайта тірілу рас!» деп шын жүректен құптады.

98Дүния жолаушысының үшінші мәнзилде көргентөртінші ақиқат: Бұл отыз үшінші мәртебе болған «рахи-мият» пен «рәззақият» ақиқаты. Яғни жаппай жер жүзінде және ішінде, үстінде, құрылықта, суда бүкіл тіршілік иелерінің, әсіресе тіріжандардың, оның ішінде де әлсіз, әлжуаз, оның ішін-де де нәресте-төлдердің заттық және қоректік, рухани азықтарын өте мейірімді түрде құрғақ әрі қарапайым топырақтан, жансыз әрі сүйек сияқты қурап қалған ағаштың бұтақтарынан жасап, әсіресе азықтың ең керемет түрін қан мен нәжістің арасынан шығарып және кішкене сүйектей бір түйір тұқымнан мыңдаған батпан тағамдарды жасап әрі ол ризықтарды белгілі бір уақытта бәріне үлестіріп, ешқайсысын ұмытпай, шатастырмай көз ал-дымызда бір құдреттің беріп жатқаны анық. Қазір сол туралы баяндалмақ. Иә, аяты бізге, жалпы асырау, напақа беру, қоректендіру бір Аллаһтың қолында екенін біл-діреді. Сол секілді аяты да бүкіл адамзаттың, жан-жануарлардың азық-түлігі, ризық-несібесі кепілдікке алынғанын, Хақ Тағала оны тікелей өзі жауап беретінін білдіреді, сондай-ақ, аяты да ризығын табуға қауқары жоқ әлсіз, күшсіз бейшара пенделерінің ризық-несібесін күтпеген жерден, тіпті ғайыптан, тіпті жоқтан, мысалға айтар болсақ, судың астында өмір сүретін тіршілік иелеріне және барлық төл-нәрестелерге то-сыннан, және барлық тірі жандарға көктем сайын бейне бір ғайыптан қамтамасыз етіліп жатқанын, өзі кепіл екенін көзге шұқып тұрып көрсете отырып себептерге әбден шырмалған

99адамдарға былай деп дәлелдеп, жар салып айқайлайды: «Ризық-несібелеріңді себептер арқылы перденің артынан Ол беріп жа-тыр!». Сол секілді Құранның көптеген аяттары және әлемдегі оқиға-құбылыстар бәрі бірлесе отырып әрбір тіріжан бір ғана Рәззақ-ы Зүлжалалдың мол рахымымен асыранып, қамтамасыз етіліп жатқанын көрсетеді. Иә, белгілі мағынада азық сұрайтын ағаштар күшсіз, әлсіз, еріксіз болғандықтан орындарында тәуекел еткендей тұрса дағы ризық несібелері өздері оларға жүйткіп келуі, әлжуаз нәрестелердің азығы таңғажайып тұлым-меске салынып ауы-здарына ағып жатуы және олардың бойына күш бітіп, ерік-қалауы жетілес бастағанда сүт суалып, тартылып қалуы, әсіресе адам баласына ана мейрімін қамқоршы етуі, міне мұның бәрі бізге мынаны дәлелдейді: Адал ризық адамның күш-қуатымен, ептілігінен келмейді. Ол, адамды тәуекелге итеретін әлсіздік пен шарасыздықтың арқасынада келеді. Жалпы адамды зиянға ұшырататын «хырс» сезімін яғни ашкөздік, құмарлық сезімін қоздыратын күш пен ерік және қулық пен ақылдылық кейбір атақты әдебиет қайраткерлерін белгілі бір мағынада тілен-шілікке дейін апарғаны секілді, ал, аңқау, зерек емес, аңғал қарапайым адамдардың тәуекелшіл әлсіздіктері олардың байлыққа кенелуіне себеп болған және сөзі ел аузында кең тараған. Бұлар, адал ризық адамның ерік-күшімен табылмайтынын, керісінше оның еңбегін ескеріп, жұмыс-талпынысын қабылдаған бір мейірім тара-пынан берілетінін, оның мұң-мұқтаждығын көріп аяйтын аса қамқор құдрет тарапынан сыйланатынын көрсетеді. Дегенмен ризықтың екі түрі бар. біреуі; Өмір сүру үшін аса қажетті, хақиқи, фытри, он-сыз тіршілік тоқтап қалатын ризық. Ол, Раббани кепілдікке алынған, яғни оған Аллаһтың өзі кепіл. Оның жүйелі түрде бойымызда реттелгені сонша іш май, басқа да қосалқы қажетті

100заттар түрінде жинақталған фытри ризық ең болмағанда жиыр-ма күннен астам ешнәрсе жемесе де жеткілікті. Өмір онымен жалғаса береді. Демек, жиырма яки отыз күннен бұрын әлгі денедегі жинақ қоры фытри ризық таусылмастан сырттай аш-тан өлгендер ризық жетпегендіктен, аштықтан емес, негізін-де ол жаман әдеттен және әдеттеніп қалған нәрсесін бірден тастағаннан пайда болатын аурудан қайтыс болған боп есеп-теледі. ризықтың екінші түрі: Әдет, ысырап және дұрыс пайдаланудың кесірінен әбден бой алдырып, дағдыланып, мәжбүрлік дәрежесіне жеткен «мәжази» яғни онсыз да өмір сүруге, болуы шарт емес, жасанды ризық. Бұл ризық Раббани кепілдікке алынбаған. Ол Аллаһтың ихсанына, жарылқауына байланысты. Қаласа береді, қаламаса бермейді. Бұл атал-мыш екінші ризық тұрғысында, бақыт пен рахатқа бөлейтін үнемділік пен қанағат ережелерін қатаң сақтап, адал еңбекті белгілі мағынада ғибадат деп, оны ризық сұрап іспен жасала-тын дұға ретінде Аллаһқа шүкір етіп, Оған қарыздар болып, Аллаһтың жарылқау-сыйы деп қабылдап өмірі қуанышқа толы қызық өткізген адам ең бақытты адам боп саналады. Ең бейбақ, сорлы адам кім десеңдер, адамды сорлатып зиянға ұшырататын, уайым мен қайғыға салатын ысырапқа бой алдырады, қолда барға қанағат етпей, ашкөздене адал еңбекті тастап көлденең табысқа жүгіреді, жалқаулана әрі зұлымдық жасап, өмірін шағыммен, өкінішпен өткізеді, бәлкім босқа өмір сүреді. Мысалы, асқазан тамақ сұрайтыны секілді, қалб, көңіл, рух, ақыл, көз, құлақ пен ауыз сынды адами сезімдер де Рәззақ-ы Рахимнан өз ризық несібелерін сұрайды және риза болып алады да шүкір етеді. Әрқайсысының әртүрлі, өздеріне лайық, әрі риза қылатын ризық-несібелері рахым қазынасынан тарту етіледі. Тіпті Рәззақ-ы Рахим оларға анағұрлым мол ризық беру үшін көз, құлақ, қалб, қиял, ақыл тәрізді сезімдердің әрқайсысын өзінің рахым қазынасын ашатын кілт ретінде жаратқан.Мәселен, көзді алайық. Ол, ғаламдағы әсемдік пен жамал, сұлулық секілді қымбат гауһар қазыналардың кілті болып та-


Like this book? You can publish your book online for free in a few minutes!
Create your own flipbook