БАУЫРЛАСТЫҚ СЫРЫБәдиуззаман Саид НұрсиАлматы, 2016Рисалей-Нұр жинағынан
Аудармашылар алқасы:Захараддин Батайұлы, Жандос Қиянбек,Абай Хамза.Б 32 Бәдиуззаман Саид НұрсиБауырластық сыры- Алматы: “Нур Фейз“ ЖШС,68-бет. Рисалей-Нұр жинағынанISBN 9965-9388-0-6ББК 86.38ББК 86.38Б 91 Б “Нур Фейз“ ЖШС 2016ISBN 9965-9388-0-60403000000 00(05)-03Бұл кітап Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігі, Дін істері комитетінің дінтану сарап-тамасынан өткен. 06.10.2014ж. №04-04-14/3977 құжат бойынша сараптама негізінде оң қорытынды алған.Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға және таратуға шектеу қойылмаған.
ЖиЫРмА екінші хАТ Бұл кітапша екі бөлiмнен тұрады. Бірінші бөлiмде мұсылмандарды өз ара бауырластыққа, сүйіспеншілікке шақырады.Бiрiншi бөлiм
Рисалей-Нұр жинағынан4 Мұсылмандар арасында іріткіге, өштесуге, араздасып бір-біріне дұшпан болуға себеп болатын жік-жікке бөліну, бір жаққа жақтасу, қырсығып ерегісу және қызғаныш, көре алмаушылық сияқты жайттар ақиқатқа да, хикметке де, адамгершіліктің ең жоғары сатысы болған дін Исламға да адамның жеке өмірі мен қоғам өмiріне, сондай-ақ, рухани өмiріне жараспайтын оғаш қылық, қауіпті кесел. Ешбір тұрғыдан құпталып қабылданбауы тиіс жат нәрсе, тіпті зұлымдық. Ол, қоғамды құлататын апат. Осы ақиқаттың көптеген қырларының алтауын баяндаймыз.Біріншіден, ақиқатқа салып қараса зұлымдық. Ей, мүмин бауырына қастық ойлап, кек сақтаған ынсапсыз пенде! Мысалы, сен бір кемеде немесе бір үйдесің дейiк. Сенiмен бірге тоғыз бейкүнә адам және бір ғана залым бар. Сол залымға бола кемені суға батырып немесе үйді өртеп жібергісі келген адамның қаншалықты зұлымдық жасайтынын түсінерсің. Оның залым екенін айтып дүниеге жар салып, дауысың көкке жеткенше айғайлар едiң. Тіпті, бiр ғана бейкүнә адам мен тоғыз залым болса да кеменi суға батыруға ешбiр әдiлет рұқсат бермейді. Сол сияқты, Раббани үй іспеттес, немесе Иләһи бiр кеме тәріздес мүмин бауырыңның бойындағы Иман, мұсылманшылық, көршiлік
5Бауырластық сырысекілді тоғыз емес, жиырма бейкүнә қасиетiн ескермей, өзіңе зияны тиген немесе ұнамаған бір ғана сипатына бола оған ашуланып кек сақтап, дұшпан болу яғни рухани үй тәріздес болмысын моральдық жағынан өртеп, суға батырып, тоз-тоз етуге әрекеттену немесе солай болғанын тілеу, мысалда айтылғандай шектен шыққан зұлымдық болып саналады.екіншіден, даналық тұрғысынан алғанда да зұлымдық.Өйткенi, дұшпандық пен махаббат жарық пен қараңғылық сияқты бiрiне-бірі қайшы ұғымдар. Екеуi шын мәнiнде біріне-бірі жанаспайды. Егер басым себептермен жүректе біреуге деген махаббат сезімі ұяласа, өшпенділікке орын қалмайды. Өшпенділік жанашырлыққа айналады. Мүмин адам бауырын жақсы көредi және жақсы көруi тиiс. Жағымсыз қылығына тек жаны ашиды. Өктемшіл түрде емес, керісінше ыстық мейірiмiмен оны түзетуге тырысады. Сондықтан хадисте: «Мүмин адам, мүминмен араздасып, үш күннен артық сөйлеспей қоюға болмайды» деп анық айтылған. Егер бiр адамның жүрегiне дұшпандыққа итермелейтiн себептер жиналып, өшпенділікті қоздырса, сыйластығы мен сүйiспеншiлiгі шынайы болмай, жасанды, жарамсақ бейнеге енеді.
Рисалей-Нұр жинағынан6Ей, ынсапсыз пенде! Мүмин бауырыңа кек сақтап, дұшпан болу қаншалықты зұлымдық екенiн білгің келсе мына мысалға назар аудар! Егер, сен қарапайым тасты Қасиетті Қағбадан әлдеқайда құндырақ немесе Ухуд тауынан да үлкен десең ақымақтық қылғаның. Сол сияқты Қағбаның құрметіндей қасиетті Иман, және Ухуд тауындай ұлық Ислами қасиеттер мұсылман бауырыңның бойынан табылып, сенен сүйiспеншiлiк пен ынтымақты талап ете тұра, мүминдерге қарсы дұшпандық сезім оятатын жәй, майда тастар секілдi кейбір кемшіліктерді Иман мен Ислам құндылықтарынан артық көру, барып тұрған ынсапсыздық, ақымақтық, нағыз зұлымдық екенiн ақылың болса түсінерсің. Имандағы бірлік, жүректердің де бірігуін талап етеді. Сенімдегi бiрлiк те қоғамдық бірлікті талап етеді. Расында, сен әскерде біреумен бір бөлімшеде әскери борышыңды бiрге өтесең, онымен достық қатынаста боласың. Бір қолбасшының қарамағында болғандықтан, дос сезiніп, жақын тартасың. Сондай-ақ, бір мемлекетте тұрғандықтан отандасыңды бауырың секiлдi өзіңе жақын тартасың. Солай емес пе? Ендеше, Иманның нұры мен зерделiлiгi арқылы бiлдiрiлiп, көрсетiлген Иләһи есімдердің санына пара-пар ынтымақ пен бiрлiкке, бауырластыққа итермелейтiн себептер жетерлік. Мысалға, екеуіңнің Халиқыңыз (жаратушы) бір, Маликіңiз
7Бауырластық сыры(қожайын) бір, Мағбудыңыз (табындырушы) бір, Разықыңыз (асыраушы) бір, бір, бір... осыншама мыңдаған ортақ нәрселер бар. Сондай-ақ, Пайғамбарларың бiр, Діндерің бiр, Құбылаң бір, бiр, бiр... жүздеген себептер бiр жерге түйiстiредi. Ауылдарың бір, елдерің бір, Отандарың бір, бiр, бiр... ондаған дәнекерлер бар. Осыншама бірліктер бiрігу мен ынтымақты, ауызбіршілік пен ұйымшылдықты, сүйiспеншiлiк пен бауырластықты талап етедi. Бүкiл әлем мен планеталарды бір-біріне байлай алатындай осындай мықты рухани шынжырлар бола тұра, алауыздық пен араздыққа, дұшпандық пен іріткіге итермелейтiн өрмекшiнің жiбiндей түкке тұрғысыз, әлсіз һәм уақытша нәрселерге бола, мүмин бауырларға шынымен дұшпан болып, кек сақтау әлгiндей киелі, жалпыға ортақ байланыстарға құрметсіздік болар. Шынайы сыйластық, сүйiспеншiлiк оятатын нәрселерге мән бермеу, достық, бауырластық қарым-қатынастарға қарсы қиянат, зұлымдық екендiгiн жүрегің қарайып, санаң сөнбеген болса түсінген боларсың. Үшіншіден;Нағыз әділдiкті көрсететiн аятының мағынасына орай, бір мүминнiң бойындағы нашар бiр қасиетiне бола басқа жазықсыз қасиеттерiн қоса айыптау болып саналатын қастық қылып, кек сақтау, үлкен
Рисалей-Нұр жинағынан8зұлымдық. аятының екпiн түсiре ескертуi, бір мүминнiң бiр ғана жағымсыз қасиетiне өкпелеп, ренжіп оның туыстарымен де өштесу орасан зор зұлымдық екендiгiн бiлдiредi. Ислам даналығы бұлай деп тұрғанда сен қалай ғана «менікi дұрыс, менiң құқым бар» дей аласың. Шын мәнiнде, жауыздық пен өшпенділікке апаратын жағымсыз қылықтар қара ниеттей қою қараңғы, топырақтан да күңгiрт. Ол басқа бiреуге көлеңкесiн түсiрiп, әсер етпеуi керек. Егер басқа бiреу одан үйренiп алып жамандық жасаса, ол басқа мәселе. Сүйiспеншiлiкке дәнекер болатын қайырымды iстер — махаббаттай жарқын нұр. Басқаларға шағылысып, айналасына нұр шашуы мақтанарлық қасиет. Сондықтан, «досымның досы, маған да дос» сөзі елге өнеге боп, «досымның көңілі үшін дос көңiлдiң бәрi дос» сөзі ел аузында кең тараған.Ей, ынсапсыз пенде! Ақиқат осылай бола тұра, ұнатпаған бiр адамның сүйкімді де бейкүнә бауырына немесе туыстарына қастық қылу ақиқатқа қаншалықты керағар екендігiн, ақиқатшыл болсаң, түсінерсің. Төртіншіден, адамның жеке өміріне де қиянат. Мұның негізі ретінде бірнеше қағидаға құлақ сал.
9Бауырластық сырыБіріншісі, сен өз жолың мен ұғымыңды дұрыс деп шешсең «менiң жолым дұрыс немесе жақсырақ» деуiңе болады. Бiрақ «тек қана менiң жолым дұрыс» деуге хақың жоқ.сыры бойынша ынсапсыз көзқарасың мен таяз пікірің төреші бола алмайды. Басқаның жолын терiс деп айыптай алмайсың. екінші қағида: «Әрбiр айтқан сөзің шындық болсын. Бiрақ, әрбiр шындықты айтуға сенiң хақың жоқ. Әрбiр сөзің дұрыс болуы керек. Бірақ, әрбiр дұрысты айтуың дұрыс емес» дегенді әсте ұмытпа! Өйткенi, сен сияқты ниеті бұзық адамның насихаты кейде ашуға тиедi, кері әсер етеді. Үшінші қағида: Егер қастық жасағың келсе, iшiңдегi қара ниетке қарсы шық. Соны құртуға тырыс. Саған ең көп зияны тиген жүгенсiз нәпсің мен құлқынқұмарлығыңмен күрес, тәрбиелеуге тырыс. Залалы көп нәпсiңнiң ығына жығылып, иманды жандарға қастық қылма. Егер, жауласқың келсе, кәпірлер мен дінсіздер көп, солармен арпалыс. Сүйiспеншілік қасиеттің өзi сүйiспеншiлiкке лайық. Жауыздық қасиеттің өзi ең әуелi өзiне
Рисалей-Нұр жинағынан10қарсы жауыздыққа лайық. Егер жауыңды жеңгің келсе, оның iстеген жамандығына жауап іретінде жақсылық жаса. Егер сен жамандық жасасаң, одан сайын жауласа бересiң. Жеңген боп көрінсең де жүрегі мұздап саған кек сақтайды. Қастандығы жалғаса береді. Егер жақсылық жасасаң, өзі де өкiніп, райынан қайтар. Саған дос болар. үкімі бойынша, мұсылмаға жарасар іс, жаны жомарт болу. Сенің сый құрметiң арқылы оның саған деген пейілі өзгереді. Сырт көзге таба болса да имандылық жағынан оның да жаны жомарт. Жаман адамға «сен жақсысың, жақсысың» десең жақсарып, жақсы адамға «сен жамансың, жамансың» дей берсең жамандыққа үйiр болатыны көп кездеседi. дегенiндей Құранның қасиетті қағидаларына құлақ сал. Бақыт пен саламат сонда.
11Бауырластық сырыТөртінші қағида: Кекшіл, залым адам әуелi өзiне, содан кейін мұсылман бауырына һәм Аллаһтың рахымдылығына қиянат жасайды, өшпенділік қылады. Өйткені, кекшілдігi мен өшпенділігі оның өзiн азапқа салады. Жауына берiлген нығметтердің қызғанышы мен қорқынышы жанын жегiдей жеп, өзiне-өзi қастық жасайды. Егер, дұшпандық iш тарлықтан болса, нағыз қорлыққа айналады. Өйткені, қызғаныш сезімі ең әуелi iшi тар адамның өзiн күйдіреді, қорлайды. Бақталасына тигiзер зияны аз немесе мүлде жоқ.Iш тарлықтан құтылудың шарасы: Ішi тар адам бiр нәрсенi қызғанған кезде қызғанған нәрсенің келешегiн, яғни, нәтижесін ойласын. Таласып-тармасып жүрген дүниеуи сұлулықтар мен күш-қуат, атақ-даңқ пен байлықтың уақытша, жалған екенін білсін. Пайдасы аз, машақаты көп екенiн ойласын. Егер ақыретке тән қасиеттер болса, оған таласудың қажетi жоқ. Егер, солар үшiн де iш тарлық жасаса, я өзi рияшыл ақырет байлығын дүниеде таптағысы келедi, я бақталасын рияшыл деп ойлайды, қиянат жасайды. Сондай-ақ, оның басына келген қиыншылық-тарға қуанып, табалайды. Жетiстiктерiне iшi күйiп, өкiнедi. Оған жасалған жақсылықтарды көре
Рисалей-Нұр жинағынан12алмай, Аллаһтың рахымдылығына, оның жазған тағдырына ренжіген болады. Тағдырды сынап-мiнеген адам басын тауға да, тасқа да соғады. Рақымдылыққа наразы болған адам одан өзi де мақұрым қалады. Апырым-ай, бір күндiк араздыққа тұрмайтын нәрсеге бiр жыл бойы жауласып, кек сақтау қандай әдiлдiкке саяды? Кiрленбеген қандай ар-ұждан оған жол бередi. Мүмин бауырының саған тигiзген кесiрiн түгелдей оған жүктеп, оны ғана кiнәлай алмайсың. Өйткенi, ол жерде тағдырдың да үлесі бар, бұл – бiр. Оны бір бөлек қарастырып, тағдыр мен қазаның алдында мойынсұнып, ризашылық танытуың керек. екіншіден, нәпсі мен шайтанның да үлесін бөлiп тастап, ол адамға қысастық емес, қайта нәпсісінен жеңіліп қалғаны үшін жаның ашысын, қатесiн түсiнiп, өкiнуiн күт. Үшіншіден, сен өз бойыңнан көре алмаған немесе көргiң келмеген қатеңді көр. Оның да есесiн шығарып таста. Сонда оның кішкентай ғана пайы қалады. Оған да кеңпейiлдiлiк танытып, кешiрiммен қарасаң, ешқандай қауiп жоқ. Әрі қарсыласыңды өте тез жеңесiң және зұлымдық пен зияннан құтыласың. Әйтпесе, ақымақша есалаңданып шыны мен мұз сынықтарын алмас бағасымен сатып алған зергер яһуди сияқты бес
13Бауырластық сырытиынға арзымайтын дүниенiң фәни, өткiншi, арзан нәрселерiне бұл дүниеде мәңгі жасап, мәңгi бірге болатындай ашу шақырып, ылғи қастық ойлап, ұдайы өшпенділікпен қасарысу, ащы айтсақ нағыз зұлымдық. Ақымақтық, ессiздiк. Тiптi, есiнен ауысудың бiр түрi.Егер, өзiңдi сыйласаң, жеке бастың тірлігіне осыншама зиянды кек сақтау, қастандық жасау сияқты ойдан аулақ бол! Әйтпесе, бұлар жүрегiңе орнығады. Егер, ондай ой жүрегіңе орнықса, оның ығына жығылма. Одан да ақиқатшыл Хафиз Ширазиды тыңда. Ол не дейдi? Яғни: «Дүние сонша қымбат нәрсе емес, араздыққа тұрмайды.»Өйткені, ол фәни, өткінші болғандықтан құны жоқ. Бүкiл дүние бұлай болса, дүниенің болмашы нәрселерi қаншалықты құнсыз екендiгін түсінерсің. Тағы да Яғни, «екі дүниенiң рахаты мен бақытын екі-ақ ауыз сөз тәпсірлейді және қол жеткiзеді. Достарыңа кең пейілдi бол, жауларыңа да
Рисалей-Нұр жинағынан14бітімшiл бола бiл» деген екен. Егер де сен: «Менiң қолымда тұрған жоқ. Жаратылысымнан осындаймын, мiнезiмде ашушаңдық бар. Оның үстiне әбден ызама тиген, райымнан қайта алмаймын» десең, оның жауабы, егер оғаш қылық, нашар мiнез көрсетпесең, ащы тiлмен ғайбат айтпасаң, өз айыбыңды түсінсең зияны жоқ. Мiнезiң сондай болып, райыңнан қайта алмасаң да өкінсең, ол іштей жасаған тәубаң болады. Өз айыбыңды сезiнуiң нашар мінезiңнiң пәлелерiнен де құтқарады. Онсыз да бұл хаттың осы бөлiмiн жазудағы басты мақсатымыз, рухани тәубаға қол жеткiзiп, дұрысты дұрыс деп бiлу. Қас адамның орынды өкпесiн орынсыз деп айыптамау. маңызы зор оқиға: Бiрде араға от тастай отырып, бiреуге жақтасудың неге апарып соқтырғанына куә болдым. Діндар, оқымысты кiсi, саяси көзқарасына қарсы екiншi бiр тақуа ғұламаны «имансыз» дейтіндей дәрежеде жамандады. Ал, саяси көзқарасына сәйкестігі бар екiжүздi дiнсiздi құрметпен мақтады. Мен де саясаттың мұндай құрдымға құлатар нәтижелерінен сескенiп дедім. Содан бері саяси өмiрден қол үздiм.Бесіншіден, жiк-жiкке бөлiну мен қысастықтың қоғамға өте қауiптi екендiгi баяндалады.
15Бауырластық сырыегер біреу былай десе:Хадисте деп айтылған. Ал, қайшылық деген нәрсе бір-біріне жақтасуға апарады. Жақтасу деген індет, бейшара халықты залым үстем таптың қанауынан құтқаруда. Өйткені байлар біріксе бұқара халықты қанайды. Егер бір-біріне жақтасу болса, қаналушы топ бір жақ болып, өздерін қорғап қалады. Оның үстіне пікір таластан, қарама-қайшы ойлардан ақиқат ортаға шықпай ма? Оның жауабы. Бірінші сұраққа айтарымыз: Хадисте айтылған қайшылық, дұрыс бағыттағы болымды қайшылық. Яғни, әркiм ұстанған жолының түзелуiне, жетілуіне ат салысады. Басқа жолдардың бұзылуына немесе жойылуына әрекет жасамайды, қайта олардың жақсаруы мен жетiлуiне көмектеседi. Ал, бұрыс бағыттағы болымсыз қайшылық болса, арандату арқылы қастандық қылып, бiрiн-бiрi бұзуға әрекет жасайды. Хадис мұны қабылдамайды. Өйткені, бірімен-бірі тартысып жұлқысқандар дұрыс әрекет ете алмайды. екінші сұраққа айтарымыз: Егер, бiр-бiрiне жақтасу Хақ үшiн, ақиқат үшін болса, тура жолдағыларға пана болар едi. Бiрақ қазiргiдей дұшпандық оймен, нәпсінiң айласы үшін жақтасу қисық жолдағылардың арқа сүйер қорғанына
Рисалей-Нұр жинағынан16айналады. Өйткені, дұшпандық ойдағы жақтасушы адамның пiкiрiне шайтан көмектессе, ол адам сол шайтанға тілек тілеп, рахметін айтады. Егер қарсы жақты періштедей пәк адам қостаса, оған (Құдай сақтасын!) лағнет айтардай қиянат жасайды. Үшінші сұраққа жауабымыз: Аллаһ үшiн, ақиқат үшін пікірлердің қайшы келуiнiң негiзгi мақсаты бiр болады, тек табысқа жету жолдары әртүрлi болады. Ақиқатты жан-жақты, анық көрсетіп әдiлет пен ақиқатқа қызмет етедi. Алайда, дұшпандық оймен жақтасу болса, жүгенсiз нәпсiнiң жетегiнде кетiп мақтану, атақ құмарлықпен пiкiр таластырудан «ақиқат нұры» емес, дау-жанжалдың оты лаулайды. Мақсат бір болмаған соң олардың ой-пiкiрлері Жер шарын шарлап шықса да түйіспейді. Хақ атымен жасалмағандықтан шектен шығып кетеді. Дауасы жоқ алауыздық дертiне әкелiп соқтырады. Бұған әлемнің қазiргi жағдайы куә. Қорыта айтқанда деген ұлы қағидалар тұрмыста әдетке айналып, қалыптаспаса алауыздық пен араздық жайлай бередi. Иә, деген осы қағидаларға мән берілмесе әділдiк жасаймын деп, зұлымдық жасайды.
17Бауырластық сырыҮлгi аларлық бiр оқиға. Бiр соғыста Имам Али (Р.А.) бiр кәпірді жерге алып ұрады. Қылышын суырып шаппақ болғанда әлгi кәпір оған түкіріп жібереді. Сонда ол кәпірді шаппай жібере салады, өлтiрмейдi. Әлгi кәпір одан:– Мені неге шаппадың?,- деп сұрайды.– Сені Аллаһ үшін шабайын деп жатыр едім. Бірақ сенiң түкіруiң ызамды келтірдi. Нәпсім араласқандықтан ықыласым бұзылды. Сондықтан сені шаппадым дейді. Әлгі кәпір оған:– Сенi ашуландырсам тезірек өлтiрер деп ойлап едiм. Шынымен діндерің осыншама таза, пәк болса, онда ол дін – нағыз Хақ дiн дейдi. Тағы бiр көңіл аударарлық оқиға: Бірде сот қызметiндегi қазы, ұрының қолын ашулана шауыпты. Мұны байқап қалған әділ төраға оны қызметінен босатыпты. Өйткені, ол Шариғат атынан, Аллаһтың заңы үшiн шапқан болса, қайта оған жаны ашуы керек еді. Жүрегін ашу қыспай, бірақ аяушылық та жасамай бұйрықты орындау керек еді. Демек, бұл үкiмге оның нәпсісі де араласып, жүктелген істi әділ орындай алмады.Қоғамның қасiреттi жағдайы және Мұсылмандардың жүрегін қынжылтатын қоғамдық өмiрдiң қауiптi дертi: «Сыртқы жаудың шабуылы кезiнде ішкі алауыздықты қойып, тіпті оны ұмытып. Қоғамның бейбiт түрде дамуына ең
Рисалей-Нұр жинағынан18бәдәуи қауымдардың өзi көңiл бөлiп отырғанда, Ислам жамағатына қызмет ету үшін күресiп жүргендерге не болған? Жан-жағынан анталаған жау тұрғанда, болмашы араздықтарын ұмытпай, дұшпанның шабуылына жол ашып беруде. Бұл – құлдырау, нағыз жабайылық. Исламның қоғамдық өмiрiне опасыздық болып табылады. Ғибрат болар бір оқиға: Бәдәуи Хасенан тайпасының iшiнде бір-біріне қас екі ру бар екен. Бір-бірінiң елу шақты адамын өлтірiп қойса да сырттан Сипкан немесе Хайдеран рулары келе қалса, өзара жауласып жүрген екі ру бұрынғы кектерiн ұмытып, сыртқы жау толық жеңiлгенше баяғы алауыздықтарын естерiне де алмайды екен.Міне, ей мүминдер! Иман жолындағы қауымға қарсы шабуылға дайын қаншама жау тұрғанын бiлесiңдер ме? Бірінің ішінде бiрі жүзден астам шеңбер түрiнде тұр. Әрқайсысына қарсы бірiгіп, бiр-бірімізге қол ұшын бере отырып қорғануға мәжбүрміз. Солай бола тұра, олардың шабуылына жағдай жасап, Ислам шекарасына жайбарақат кiруiне есiктердi ашып беру болып саналатын жақ-жақ болып бөлiну, алауыздық, қысастық, арандатушылық әрекеттер иманды кiсiлерге жараса ма? Адасқан дінсіздер мен азғын имансыздардан бастап, кәпірлер әлемі, дүниенің үрейлi апаттары бірінің артында бірі оңтайланып, сендерге
19Бауырластық сырыашкөздене қарауда. Осындай жетпіс түрлі дұшпан бар. Бұлардың барлығына қарсы сенiң ең мықты қаруың, сақтандырушың, әрі берік қорғаның – Ислам бауырластығы. Осы Ислами қорғанды болмашы араздықпен, әр түрлi сылтаумен шайқалту ар-ұжданға және Ислам қағидаларына қаншалықты керағар екенін түсiн, есіңді жи! Қасиеттi Хадистерде, ақырзамандағы екіжүздiлер мен дін дұшпандары және солардың басын құрайтын Суфиян мен Тажал сияқты аса қауiптi тұлғалар Ислам жамағаты мен бүкiл адамзаттың ашкөздігін, алауыздығын пайдаланып, аз ғана күшпен адамзаттың тас-талқанын шығарып, Ислам әлемін жаулап алатындығы баяндалған. Ей, иманды жандар! Егер қор болып құлдыққа түскiлерiң келмесе, ақылға келiңдер. Алауыздықтарыңды пайдаланып отырған залымдарға қарсы қасиеттi қамалына кірiп қорғаныңдар. Әйтпесе, өмірлерiңді сақтап, құқықтарыңды қорғап қала алмайсыңдар. Екі батыр бір-бірімен жұлқыласып жатқанда кішкентай бала екеуін де ұра алады. Таразының екi басына екі бірдей тау қойылып, тепе-тең тұрғанда титтей бір тас екеуiнiң тепе-теңдігін бұзып олармен «ойнай» алады. Қалаған жағын басып, біреуін төмендетіп екіншісін көтереді.
Рисалей-Нұр жинағынан20Ей, имандылар! Алты бақан алауыз боп қырқысу, сендердi күш-қуаттан айырып, әлсiретедi. Болмашы күштiң қыспағында жаншылып қаласыңдар. Қоғамдық өмірдiң қамын ойласаңдар ұлы қағидаларын тұрмысқа ендіріп, дүниеде қайыршылықтан, ақыретте бақытсыздықтан құтылыңдар! Алтыншыдан, жауласу мен қасарысу рухани өмір мен құлшылықтың шырқын бұзады. Нағыз бақытқа қол жеткiзетiн «шынайы ықылас» жойылады. Себебі, қырсық әрі бір жағына болысушы адам қайырлы істерде өзiнiң қарсыласынан басым болғысы келеді. Ондайда Аллаһ үшін шынайы ықыласпен амал ете алмайды. Үкiм мен қарым-қатынаста өз жағына бүйрегi бұрады. Әдiл бола алмайды. Қайырлы амалдар мен iс-әрекеттердiң негiзi болып саналатын «шынайы ықылас» пен «әділет» дұшпандық ой мен қысастықтың кесірінен жоғалады.Бұл алтыншы мәселе өте ұзақ. Бірақ, қабiлетіміз осы жерде тоқтағандықтан көп созбадық.
21Бауырластық сырыекIншI БӨЛIмЕй, иманды жан! Мұның алдында дұшпандық ойдың қаншалықты зиянды екендігiн түсiндiң. Ендi сол дұшпандық iспеттi Мұсылмандардың өмiрiне аса қатерлi аурудың ашкөздік екенiн де түсiн. Ашкөздік адамның мақұрым қалуына себепші болады. Ол да бір дерт және сорлылық, бейшаралық. Ол сені құралақан қалдырып, қайыршылыққа ұшыратады. Басқа ұлттарға қарағанда, ашкөздiкпен байлықтың соңына түскен яһуди халқының қор болып, кедейшілікпен күнелтулері мұның айқын дәлелi. Ашкөздік деген бәле тіршіліктегі ең үлкен ортадан бастап, ең ұсақ нәрселерге дейін жағымсыз
Рисалей-Нұр жинағынан22әсерін қалдырады. Ал, тәуекел етiп, несiбесiн табуға тырысу – бақыттың көзі. Барлық жерде жағымды әсерін қалдырады. Рызыққа мұқтаж жемiс ағаштары мен өсімдіктерге қарайық. Олар да тіршілік иесі.Олар тәуекел еткендей, қанағат еткендей болып ашкөздік көрсетпегендiктен бiр орында тұрса да оларға азық өздерi келеді. Жануарларға қарағанда әлдеқайда көп тұқым шашады. Ал жануарлар болса, азықтарының соңына түсiп ашкөздене iздегендiктен қанша қиналса да қарны тойып қоректене алмайды. Жануарлардың төлдерін алайық. Олар дәрменсiз, әлсіз хал- жайымен Аллаһқа сенiм артқандықтан оларға заңды жолмен, өте нәрлі, дәмді қоректiң Құдайдың рақымдылық қорынан берілуі, ал азығына ашқарақтана ұмтылған жыртқыш аңдардың заңсыз жолмен көп қиналып, қаңғып жүрiп ашкөздене тапқан лас жемтiгi; ашкөздік мақұрымдыққа себепкер, ал тәуекел мен қанағат Құдайдың рақымдылығына жол ашатындығын көрсетеді.Адамзат қауымының ішінде байлықтың соңына түсiп, дүниеуи өмiрге ашкөздікпен жабысуда алдына жан салмайтын яхуди халқының заңсыз жолдармен, өсiмқорлықпен, өлiп-өшiп тапқан малының өзiне де пайдасы аз. Олар сол дүние байлықтарының қарауылдары ғана. Басқа
23Бауырластық сырыхалықтардың алдында сатқын, опасыз, алаяқ ретiнде қудалау көрiп, қырғынға ұшырауы ашкөздіктің бейшаралық пен шығынға ұшырататындығын көрсетеді. Ашкөз адам қашанда шығынға душар болатындығына дәлел болатын оқиғалардың көптігі сонша сөзi ел аузында мақал боп тараған. Жұрт мұны «заңды ақиқат» ретінде мойындайды. Демек, бұл ақиқат. Егер байлықты жақсы көрсең ашкөз болма. Қанағатпен талап қыл. Сонда байлығың арта түседi.Қанағатшыл мен ашкөз адамның жағдайы мына екі кісiнiң мысалына ұқсайды. Олар жолда келе жатып, жоғары мәртебелi бір кісінің қонақ үйіне келеді. Бiреуі ішiнен: «мені тек қана ішке кіргізсе, сырттағы аяздан құтылсам болды. Босағадағы орындыққа отыруыма рұқсат берсе, соған да рахмет» дейді. Екіншісi ол жерде ақысы бар адамдай, жұрттың бәрі оны сыйлауы тиіс секілді... «Маған төрден орын беруі керек» дейді. Сөйтiп, ол ашкөздене кіредi. Жоғары орындарға көз тiгіп, төрге шыққысы келеді. Бiрақ, үй иесі оны кері қайтарып, босағаға отырғызады. Әлгi адам оған рақмет айтудың орнына, іштей ренжидi. Қонақ үй иесiн сынға алады. Қонақ үй иесі де оның мұнысын көтере алмай, қабақ шытып суық қарайды.
Рисалей-Нұр жинағынан24Бірінші адам кiшiпейілдiлiк танытады.Үйге кіргенде босағадағы аласа орындыққа отыра салғысы келедi. Оның бұл қанағатшылдығы сарай иесіне қатты ұнайды. «Жоғары шық, төрлет!» дейді. Әлгi адам одан сайын рахметін жаудырып, ризашылығы арта түседi. Міне, сол сияқты мына дүние Рахманның қонақ үйі. Жер беті Оның рақымдылық дастарханы. Несiбелердiң дәрежелерi мен бақ-дәулеттiң мәртебелері мысалдағы орындықтар тәрізді.Қарапайым істерде де әр адам ашкөздіктің жаман әсерін байқай алады. Мысалға, екі қайыршының бiреуi ашкөздене сұрап тұрса, оның қылығы көңiлге қонбай, үнсiз тұрған екінші қайыршыға мейірімі түсіп оған садақа берудi кiмнiң де болса жүрегi қалайды. Мысалға, түнде ұйқың келмей қойды. Мән бермей жайбарақат жатсаң, ұйықтап қалуың мүмкін. Ал, сен «неге ұйқым қашып кеттi», «ұйықтауым керек» дей берсең, ұйқыңды мүлдем қашырып аласың. Мысалға, маңызды шаруа үшін біреуді тағатсыздана күтсең. «Қайда жүр, келмедi ғой» деген ашкөздік, сабырыңды тауысып, шыдамай кетіп қалсаң, бір минут өтпей-ақ күткен адамың келеді. Бірақ маңызды шаруаң бітпей, нәтижесiз қалады.
25Бауырластық сырыБұл оқиғалардың сыры мынада, мысалға нан дайын болуы үшін егістiк, қырман, диірмен, таба керек. Демек, өзіндік сатылары бар. Ашкөз адам сабырсызданып қалыпты әрекет етпегендiктен, тәртіпті құбылыстың рухани сатыларын елеп-ескермейді. Я сатыдан аттап, құлап түседi. Немесе сатының бiр тепкiшегiн кем басып, ақырында мақсатына жете алмайды. Ей, күнкөрiстiң қамымен есіл дертi дүние мен мал-мүлікке ауған бауырлар! Ашкөздіктiң осыншама зиянды бәле екенiн бiле тұра, әр түрлi қорлыққа шыдап, мал-мүліктің соңында адалды араммен араластырып, қайдан, қалай келсе де пайда тапсам болды деп, ақыреттік өмірiңе қажеттi қанша нәрселерді қалай пида қылып жатырсыңдар? Тіпті, ашкөздiктiң кесiрiнен Ислам шарттарының ең маңыздыларының бiрi – зекетті де ұмытасыңдар. Ал, зекет әрбір адам үшін берекенің көзi, бәлекеттiң тосқауылы. Зекет бермеген адамның, сол зекеттің құнындай мал-мүлiктен айрылатыны сөзсіз. Я құр босқа тегін кетеді, я болмаса бір бәлекетке ұшырайды. Бірінші дүние жүзілік соғыстың бесінші жылында ақиқат бір түс көрдім. Сол ғажайып түсімде маған сұрақ қойылды. «Мұсылмандардың басына келген мына ашаршылықтың, дүние-мүлiктен жұрдай болудың және осынша ауыр жағдайдың себебi не?»
Рисалей-Нұр жинағынан26Түсімде былай деп жауап бердім. «Хақ Тағала өзi берген мал-мүлiктiң кейбір түрiнен он пайыз (сілтеме1 ) кейбіреуiнiң қырықтан бірін (сілтеме2 ) кедейлерге берiп, олардың дұғасын алсын, өшпендiлiгi мен ашу ызасын туғызбасын деп бiзден сұрады. Біз ашкөздік пен сараңдық жасап бермедік. Хақ Тағала жиналып қалған зекетінiң қырықтан отыз, оннан сегізін алды. Жылына бір-ақ ай жетпіс түрлі сыры бар ашығуды сұрады. Біз нәпсімізді аядық, ләззәті мол, уақытша аштыққа шыдамадық, ораза тұтпадық. Хақ Тағала жаза ретінде жетпіс түрлі бәлелі аштықты алдымыздан келтiрдi. Бес жыл бойы оразаның бiр түрiн мәжбүрлі түрде тұтқызды. Жиырма төрт сағаттың тек бір сағатын жанға жайлы, нұрлы, пайдалы, Раббымыздың ұлы тәлiмiне яғни намазға жұмсауды сұрады. Біз жалқаулығымыз ұстап намаз бен дұғаны орындамадық. Сол бір сағатты да басқа сағаттарға қосып босқа өткіздік. Хақ Тағала солардың өтеуі ретінде бес жыл бойы соғысқа салып, жаттығу жасатып, зыр жүгіртiп намаздың бiр түрiн оқытқызды» деген едім. Содан оянып кеттiм. Ойланып отырып, осы бiр түсте аса маңызды ақиқат барын түсiндiм. «Жиырма бесінші Сілтеме .1 Жылда қайталанып өнім беріп тұрған бидай сияқты егіннің оннан бiр бөлiгi.Сілтеме . 2Бұрыннан берi жинаған мал-мүлiктiң қырықтан бiрi.
27Бауырластық сырысөзде» бүгiнгi мәдениет пен Құран үкімдерін салыстыра отырып, толық дәлелденгенiндей, адамзаттың қоғамдық өміріндегi жаман қылықтар мен жүгенсіздiктер және қақтығыс бiткеннің бәрi екі ауыз сөзден тұрады.Бірiнші сөз: «Мен тоқ болған соң, басқаның аштан өлгенінде не шаруам бар.»екінші сөз: «Сен еңбек ет, қызығын мен көрейін.»Бұл екі сөздің жебеушiсi өсімқорлықтың дамуы мен зекеттің берілмеуі. Қоғамның осы екі қауiпті дертiн емдейтiн жалғыз шара бар. Ол – зекет беру баршаға ортақ қағидаға айналып, өсiмқорлыққа тыйым салу. Сондай-ақ, бұл тек жеке бастың немесе белгiлi бiр топтың ғана емес, күллі адамзат баласының бақытының темірқазығы, тiптi, адамзат өмірін жалғастыратын негiзгi тiрек – зекет. Өйткені, адамзат екі топтан, яғни байлар мен кедейлерден тұрады. Байлардың кедейлерге деген қамқорлығы мен қайырымдылығын, ал кедейлердiң байларға деген құрметi мен бағынуын қамтамасыз ететін – зекет. Әйтпесе, кедейлердiң басына зұлымдық пен үстемдiктiң қара бұлты төнедi. Кедейлер де байларға қарсы көтеріліп, ылаң салады. Адамзаттың осы екі тобы арасында әрдайым осындай күрес пен дау жалғасып келеді. Бара-бара Ресейде болғаны секiлдi еңбек пен капиталдың соғысына айналады.
Рисалей-Нұр жинағынан28Ей, кең пейілдi, намысты жандар! Жаны жомарт, жайсаң мiнез ағайын! Қайыр-садақа зекет ретiнде берiлмесе, оның үш зияны бар. Кейде босқа пайдасыз кетеді. Өйткені, Аллаh ризалығы үшін бермеген соң міндетсінесің. Кедей бейшараны кiрiптар қылып, басынасың. Сөйтiп, жарлының қабыл болғыш дұғасынан мақұрым қаласың. Шындығында сен Хақ Тағаланың құлына беретiн мал-мүлкiн таратушы қызметкерi бола тұра, өзіңді сол дүние-мүлiктің иесімін деп, масығып кетесiң. Егер, зекет ретінде берсең, Хақ Тағала үшін бергендіктен сауап аласың, саған берілген нығметтерге шүкіршілік қыласың. Ол мұқтаж адам да саған жағыну үшiн жағымпазданбайды. Сондықтан ары да тапталмайды. Сен үшін жасаған дұғасы да қабыл болады.Зекет мөлшерiндей, тіпті одан да көп шығынмен жасаған жақсылықтарың немесе атыңды шығару үшiн, өзiңдi көрсетiп қалу үшiн, басқа ниетпен де мал шашып, екiжүздiлiк, даңқ құмарлық, мiндетсiнушiлiк секілді бәлелерге ұшыраудың мәнi қандай? Ал, сол жақсылықтарды зекет атымен жасап, парызыңды орындап, сауап алып, шынайы ықыласқа қол жеткiзiп, пақырлардың қабыл болғыш дұғасын алудың мәнi қандай?
29Бауырластық сыры
Рисалей-Нұр жинағынан30СОңҒЫ СӨз ҒАйБАТ ТУРАЛЫБіреудi жамандау айып және нашар қылық екенін, жиіркеніштілігін Құран Кәрім бір ғана аятымен алты жақты көрсеткендігі «Жиырма бесінші Сөзде» тәпсiр етiлген. Құранның назарында ғайбаттың қаншалықты жаман нәрсе екендiгi анық көрiнiп тұрғандықтан, басқаша түсiндiрудiң қажеті жоқ. Құранның баяндауынан артық баян болмайды, болуы да мүмкiн емес.Міне аяты жамандауды алты жақтан айыптайды. Ғайбаттауға алты мәрте қатты-қатты тыйым салады. Бұл аят бiреудi сыртынан жамандайтындарға назар салғанда, мағынасы төмендегідей болады.Аяттың басындағы «хамза» сұрау белгісі, «рас па?» деген мағынада. Бұл сұрау мағынасы су сияқты, аяттың барлық сөздеріне жайылып, әсер етеді. Әрбір сөзде жасырын түрде тыйым бар.
31Бауырластық сырыБіріншісі «хамза» арқылы, «Апырым-ай, бұл қылықтың азғын нәрсе екенiн түсiнбейтiндей, сұрақ-жауап орны болып табылатын ақылдан шынымен жұрдай болғансыңдар ма?»- дейдi. екіншісі, сөзімен өте жиiркенiштi нәрсенi сүйетiндей «сүю не жек көру қасиетiне ие жүректерiңді шынымен қара басқан ба?» - дейдi. Үшіншісі,сөзімен, көпшіліктен, қоғамнан нәр алып тұрған тіршілік тынысын улайтын мынадай iске жол беретiндей мәдени, өркендеген қоғамдарыңа не болған? - дейді. Төртіншісі, сөзі арқылы, «Өз досыңды жыртқыштай жұлып жейтiндей, шынымен адамгершiлiктен жұрдайсыңдар ма?» – дейді. Бесіншісi сөзімен, «Ағайын туысқа деген бауырмалдық, жанашырлық қайда? Өз бауырыңдай байғұс бiр адамның рухани тұлғасын аяусыз тiстелеп жұлмалайсыңдар кеп. Өз денелерiңді өздерің шайнап, жұлып жейтiндей шынымен есуассыңдар ма?» - дейді.Алтыншысы,сөзімен: «Ар-ұждан қайда? Жаратылыстарың бұзылған ба? Қадірмендi бауырыңның етін жегендей ең жексұрын қылықты қалай жасайсыңдар?» – дейдi.
Рисалей-Нұр жинағынан32Демек, бұл аяттың түсіндіруімен және сөздерінің әрқилы дәлелдерімен жамандау мен ғайбат сөз айту адамның ақылы, жүрегі, адамгершілігi, ар-ұжданы, жаратылысы сүймейтiн және халық алдында да жаман қылық. Осы аяттың ғайбаттауды үстi-үстiне айыптап, осындай күнәға шешен тiлмен алты рет тыйым салғанына зер сал. Ғайбат – қара ниеттi, күншiл және қырсық адамдардың өте көп қолданатын жексұрын қаруы. Ар-намысты адамның бұл лас қаруды қолдануға ұжданы шыдамас. Атақты бір кісі былай деген екен: Яғни: «Дұшпанымды ғайбатпенен жазалаудан бойымды аулақ салдым. Мұншалық төмендегім келмейді. Өйткені ғайбат айту әлсіз, сорлы, арсыздың лас қаруы». Егер, өзi жайлы бiр сөз айтылған кезде, әлгi адам сол жерде болса немесе басқа жақта жүріп сол сөз туралы естiгенде ренжісе, онда ол ғайбат боп саналады. Егер, айтылған сөз дұрыс болса ғайбат. Ал, өтірік болса һәм ғайбат, һәм жала. Бұл екi есе күнә.
33Бауырластық сырыҒайбат сөз кейбір жағдайларда ғана күнә болып саналмауы мүмкін. Біріншiсi: Бiреудiң бәле-жаласынан арашалап, ақысын алып беру үшiн көмек сұрау мақсатымен, қызмет орнындағы адамға шағым түрінде айту. екіншісi: Бір кiсi екiншi біреумен ортақ жұмыс істегiсi келеді. Сенен ақыл-кеңес сұрайды. Сен ізгі ниетпен, тек сол мәселе үшiн және сенен ақыл сұрағандықтан, «онымен ортақ болма, зиянға ұшырайсың» дей аласың. Үшіншісi: Айтқан кездегi мақсаты қорлау немесе кемсiту емес, оны сипаттау, анықтау үшiн, «ол ақсақ немесе қаңғыбас, пәлен жерге кетті» деуге болады. Төртіншiсi: Жамандалған кісі егер бетiмен кеткен нағыз пасық болса, яғни опасыз қылықтарына ұялмай, керiсiнше, жасаған зұлымдықтарына мақтанып, iстеген iсiне рахаттанып, ашықтан ашық жасай берсе. Міне, осындай жағдайларда ғана арам ойсыз, ақиқат үшiн, түзету мақсатымен айтуға болады. Әйтпесе, оттың отынды жұта беретiндiгi сияқты, ғайбат та салих амалдардың сауабын жалмап түк қалдырмайды. Егер бiреу өзi ғайбат айтса немесе өз еркiмен тыңдаған болса
Рисалей-Нұр жинағынан34деп дұға оқысын. Кейін, сол жамандалған адамды көргенде, «мені кешір» деп, ғафу өтінсiн... Саид нұрси.
35Бауырластық сырыБҰЛ ТАҚЫРЫП ӨТе мАңЫзДЫБiрiншi нүкте: Хақ Тағала аса жомарт өте рақымшыл және әдiл болғандықтан жақсы iстерге лезде сый-сияпат, жамандықтарға да дереу жаза беріп отырады, яғни олардың ішіне орналастырып қойған. Қайырлы iстердiң iшiне ақырет жемiстерiн еске салатын рухани ләззәттар енгiзген. Күнәлi iстердiң iшiне де ақырет азабын сездiретiн әрқилы жазалар орналастырып қойған. Мәселен: Мүминдер арасындағы сүйiспеншiлiк тамаша қасиеттердiң бiрi болып саналады. Сол сүйiспеншiлiктiң iшiнде, ақыреттiң игiлiктерiн еске салатын рухани ләззәт, шаттық, көңіл хоштығы енгiзiлген. Әрбір мүмин ішкі дүниесіне үңілсе, бұл рахатты сезедi. Мысалға, мүминдер арасында қастық, араздық жаман нәрсе. Осындай жаман iстiң iшiнде жүректi күйдіріп, жанды мазалайтын, ар-ұждан азабы болатындығын асқақ рухты жандар сезе алады. Мұндай жағдайдың жүзден астамы басымнан өттi. Бiр мүмин бауырыма араздық қылғанымда, сол араздықтың тартқызатын азабы сонша, бұл азап жаңағы күнәма берілген жылдам жаза екеніне күмәнiм қалмайтын.
Рисалей-Нұр жинағынан36Мысалға, құрметке лайық кiсiлерге құрмет көрсету және қамқорлыққа мұқтаж жандарға қамқорлық жасау, жақсы қасиет, игiлiктi iс. Бұл игiлiкте, ақырет сауабын жаныңа сездiретiндей рахат, ләззәт бар екендiгi сонша, жаныңды да пида етердей, құрметтеп, қамқорлық жасатады. Ананың баласына деген қамқорлығы мен мейірiмiнен туындаған ләззәт пен әлгіндей сый-сияпат, ананың жанын құрбан етуге дейiн апарады. Бұл ақиқатқа балапанын құтқару үшiн арыстанға ұмтылған тауық, хайуанат әлемiнен бiр мысал. Демек, мейірiмдiлiк пен қамқорлықта кезек күттiрмейтiн шұғыл сый-сияпат бар. Мейiрiмi мол, қайырымды, ақкөңіл жандар соны сезiп, батырларша әрекет етеді. Мәселен, ашкөздiк пен ысырапшылдықтың да өзіндік жазасы бар. Ол адамды шығынға ұшыратып, абыржытып, құтын қашырып жiбередi. Есiнен адастырып, сазайын тартқызады. Iш тарлық пен қызғаншақтықтың жазасы сол, iшi тар адамның iшi күйеді.Тәуекел мен қанағатшылдықтың сыйы сол, сауапты iсiнiң тәттi сезiмi кедейшiлiк пен мұқтаждықтың ауыртпалықтары мен қиыншылықтарын жойып жiбередi.Сондай-ақ, өркөкiректiк пен тәкаппарлықта өте ауыр жүк бар. Тәкаппар адам жұрттың бәрi өзін сыйлап, құрметтегенін қалайды. Сол себептi
37Бауырластық сырыжұрт оны жақтырмайды. Ол оған ауыр тиедi, азап тартады. Құрмет талап етiлмейдi. Құрмет көрсетiледi. Сондай-ақ, кiшiпейiлдiлiк пен қарапайымдылықта да адамды сүйсiндiретiн сый-сыяпат бар. Ол, адамды ауыр жүктен арашалап, жасанды сыйластықтан құтқарады. Сондай-ақ, біреу туралы жаман ойлау, істеген қылығын жаманға жорудың бұл дүниеде де шұғыл тартатын жазасы бар. «Кiм біреуді ұрса, өзi де ұрылады» қағидасы бойынша біреу туралы жаман ойлаған адамның көп кешікпей өзі туралы да жаман ой-пікір пайда болады. Мұсылман бауырының қылығын жаманға жорығандардың қылығы да жақын арада жамандыққа жорылады, жазасын тартады. Тағысын тағы... Барлық жақсы, жаман қылықтар осы салыстырулар бойынша өлшенуi тиiс. Мен Аллаһ Тағаланың мейiрiмдiлiгiне үмiт артамын. Бүгiнгi таңда Рисалей Нұрдан көрiнiс тапқан Құранның рухани таңғажайыптығын көрген жандар, осы рухани ләззәттiң саясында жаман қылықтардан аулақ тұрады. Иншаллаһ!
Рисалей-Нұр жинағынан38Үшінші тұжырымАдам баласының әлеуметтiк өмiрiн шайтанның бiр айласы бұзады. Мүмин адамның бiр ғана айыбын асырып, бүкiл жақсылықтарын жасырады. Шайтаннның бұл айласын тыңдаған ынсапсыз жандар, мүмин бауырына өшпенділік ойлайды.Хақ Тағала ақырет күнiнде өзiндiк Ұлы таразысымен нағыз әдiл түрде адамдардың iс-әрекетін таразыға тартқан кезде, қайырлы iстерi күнәларынан басым түсуiне немесе кем болуына қарай үкiм шығарады. Сонымен қатар, дүниеде жамандыққа итермелейтiн себептер көп және жамандық жасау оңай. Сондықтан, кейде бiр ғана жақсылық, көптеген күнәні жуып кетедi. Демек, бұл дүниеде де Аллаһу Тағаланың жоғарыда айтылған әдiлдiгi тұрғысынан қараған жөн. Егер, бiр адамның жақсылықтары жамандықтарынан саны немесе сапасы жағынан басым болса, ол адамды құрметтеп, өте маңызды бiр ғана жақсы әрекетiн бағалап кемшiлiктерiне кешiрiммен қарау керек. Алайда, адам баласы болмысындағы залымдығынан, пендешiлiгiнен шайтанның алдауына еріп, адамның бiр ғана күнәсiне бола жүз сауапты iсiн ұмытып кетедi. Мүмин бауырына өшпенділік жасап күнәға батады. Мысалы,
39Бауырластық сырыкiшкентай ғана шыбынның қанаты адамның көзін жауып, алып тауды да бүркеп, көрсетпей тастайды. Адам баласының арам пиғылы да шыбынның қанатындай кішкентай қателiктердi теріп, соның кесірінен таудай жақсылықтарды ұмытады. Мүмин бауырына дұшпан болады. Қоғамдық өмiрдiң шырқын бұзушылардың қолшоқпарына айналады.
Рисалей-Нұр жинағынан40Төртінші кәлимаМенің қоғамдық өмiр туралы ұққаным, сүйiспеншiлiкке ең лайық нәрсе сүйiспеншiлiк, өшпендiлiкке ең лайық нәрсе де өшпендiлiк. Бұл, өмірлік ақиқаттардың нәтижесі деуге болады. Яғни, адам баласының әлеуметтiк өмiрiн қалыптастырып бақытқа, қуанышқа кенелтетiн сүйiспеншiлiк пен махаббат, ең әуелi сүюге, жақсы көруге лайық. Сондай-ақ, адамзаттың қоғамдық, әлеуметтiк өмiрiнiң ойранын шығаратын дұшпандық пен өшпендiлiк бәрiнен бұрын жиiркену мен өшпендiлiкке лайық. Одан аулақ жүруге, тартынуға тұратын жағымсыз, зиянды қылық. Осы ақиқат Рисалей-Нұрдың «Жиырма екiншi хатында» толық түсiндiрiлгендiктен бұл жерде қысқа ғана шолу жасаймыз.Кек сақтау мен өшпендiлiктiң заманы өттi. екі дүниежүзiлiк соғыс, өшпендiлiктiң қаншалықты сұмдық, қорқынышты зұлымдық екенiн, ешқандай қайыр жоқ екенін дәлелдедi. Олай болса, шабуыл жасамаған жағдайда дұшпандарымыздың жаманшылығы өшпендiлiгiңiздi қоздырмасын. Оларға Аллаһтың қаһары, тозақтың азабы жетеді.
41Бауырластық сырыКейде адам баласының өркөкiректiгi мен нәпсі құмарлығы, оған байқатпай, иманды жандардың өзін бір-біріне арандатып, араздастырады, өзiнiкiн дұрыс қылып көрсетедi. Алайда, кек сақтау мен өшпендiлiкке салынып, мұсылмандар арасындағы сүйiспеншiлiкке ұйытқы болатын Иман, Ислам және адамгершiлiк секiлдi асыл қасиеттердi менсiнбеу, қадiрiн түсiру жат қылық. Өшпендiлiктiң елеусiз себептерiн, сүйiспеншiлiктiң таудай себептерiнен артық көру ақымақтық. Сонымен сүйiспеншiлiк пен өшпендiлiк өзара қайшы нәрселер. Олар жарық пен қараңғылық секiлдi бiрiге алмайды. Қайсысының себептерi басым болса, сол шынайы түрде жүректе орын алады. Оның керсіншесі шынайы түрде болмайды. Мысалға, сүйiспеншiлiк жүректе шынайы болса, ол кезде өшпенділік қамқорлыққа, жанашырлыққа айналып кетеді. Иманды кісілердiң бiр-бiрiне деген ұстанымы осындай болуы керек. Ал, өшпендiлiк шынайы түрде жүректен орын алса, ол кезде сүйiспеншiлiк бейтарап қалып, сырт көзге дос сияқты болып көрiнедi. Бұл жағдай, тыныш тұрған дінсіздерге қарсы ұстаным деуге болады.Иә, Иман, Исламият, Адамгершiлiк секiлдi нұрлы да қуатты дәнекерлер сүйiспеншiлiкке себепкер. Бұлар біздің рухани қорғанымыз. Мұсылмандар арасындағы өшпенділікке себептер майда тастар
Рисалей-Нұр жинағынан42секiлдi өзара болмашы нәрселер. Олай болса, бiр мұсылманға шынымен өшпендiлiк, дұшпандық жасаған жан сүйiспеншiлiктiң таудай себептерiн көзге iлмеу, елемеу тәрiздi үлкен қателiк жасайды. Қорыта келгенде, сүйiспеншiлiк, бауырмалдық, махаббат Ислам дiнiнiң қасиетi. Ол мұсылмандар арасында дәнекер. Өшпендiлiк жасаушылар жылағысы келiп тұрып, жылауға сылтау iздеген нашар мiнездi балаға ұқсайды. Шыбынның қанатындай елеусiз бiр нәрсе жылауына себеп бола қалады. Олар мүмкіндік болғанша жаман ойлап, жақсы ой ойламайтын ынсапсыз менменшiлге ұқсайды. Бiр жамандықпен он жақсылықты бүркеп тастайды. Мұндай келеңсіз нәрсені әрине, Ислам ахлақтарына жататын ынсап, әдiлдiк, iзгi ниет қабылдамайды.
43Бауырластық сырыҚымбатты, ықыласты бауырларым!Рухыма төтеннен келген бiр уайымды жеткiзейiн. Дiнсiздер Рисалей-Нұрдың алмас қылышына қарсы тұра алмағандықтан шәкiрттер арасындағы күнкөрiс қамы мен көктемгі шаруа кезіндегі бейқамдығын пайдаланып, мiнез-құлықтарының немесе сезiм қайшылықтарының осал жерiн тауып, шәкiрттер арасындағы ауызбiршiлiктi бұзу ниеттерiн сездiм, түсiндiм.Абайлаңдар! Өте мұқият болыңдар! Араларың алшақтап кетпесiн. Адам баласы кемшiлiксiз болмайды. Бiрақ, тәубе есiгi ашық. Нәпсi мен шайтан сiздердi бауырыңызға қарсы айдап салып, орынды деп мiнеп, сынауға итермелеген кезде, «бiз мынадай ұсақ-түйек ақымызды ғана емес, тiптi өмiрiмiздi, абыройымызды және дүниелiк бақытымызды да Рисалей-Нұрдың ең қуатты дәнекерi болған ауызбiршiлiк үшiн пида етуге дайынбыз. Оның бiзге берген пайдасы үшін дүниеге, менменшiлдiкке қатысты барлық нәрсенi пида ету мiндетiмiз» деп, нәпсiлерiңнiң үнiн өшiрiңдер! Айтыс-тартысқа себеп боларлық бiр мәселе бола қалса, ақыл-кеңес құрыңдар. Өте қатал болмаңдар. Барлық адам бiрдей болмайды, бір жолмен жүрмеуi мүмкiн. Бiр-бiрiңе кешiрiммен қарағандарың абзал. Барлық бауырларыма сәлем айтыңдар. Саид нұрси.
Рисалей-Нұр жинағынан44Бауырластықтың бiр ережесін баяндап берейін. Бұл ереженi назарға алуларың керек.Өмір – бiрлiк пен ынтымақтың нәтижесi. Тату-тәтті ынтымақ кеткен кезде рухани өмiр де күйрейдi. ишарат еткенiндей, ауызбiршiлiк азайса жамағаттың да берекесi кетедi. Үш әлiп бөлек-бөлек жазылса, қадiрi үш екенiн бiлемiз. Әріптердің өзара ауыз-бiршiлiгі сақталып жазылса, бір жүз он бiр болатыны сияқты сендер секiлдi Хақ жолының үш-төрт қызметшiлерi өз бетiмен, қызметтi бөлiспей әрекет етсе қуаты үш-төрт адам шамасындай-ақ болады. Егер, шынайы бауырмалдықпен, бiр-бiрiнiң орнын басатын жанқиярлықпен қимылдаса онда төрт адам төрт жүз адамның күш-қуатына пара-пар. Сендер тек қана Спартаға емес, бәлкiм бүкiл елге жарық беретiн электр жүйесінің қызметкері сияқтысыңдар. Машинаның тiстi тегершiктерi бiрiне-бiрi көмектесуге мәжбүр. Бiріне-бiрi қедергі болу былай тұрсын, қайта бірінен-бірі қуат алып күші арта түседi. Бiр тiстi тегершiкті саналы деп ойлап көрші. Ол өзiнен күштi тегершiкке жанасса қуанып қалады. Өйткенi, атқарар жұмысын жеңiлдетедi.
45Бауырластық сырыХақ пен ақиқаттқа, Құран мен Иманға қызметi үлкен шаруа, ұлы қазына. Мұны арқалап жүрген жандар, қуатты қолдар көмекке келсе мақтан тұтып, қарыздар екенiн айтып, шүкiршiлiк жасайды. Байқаңдар, бiр-бiрiңдi сынап-мiнеуге жол бермеңдер. Бауырларыңнан басқа да сынап-мiнейтiн нәрселер толып жатыр. Мен сендердiң жақсы қасиеттерiңдi мақтан тұтамын. Осы жақсы қасиеттерден өзiм құр қалған кезде сендерде бар болғандықтан, өзiмдiкiндей көрiп қуанамын. Сендер де бiр-бiрiңе ұстаздарыңның назарымен қарағандарың жөн. Әрқайсысың бiр-бiрiңнiң адамгершіліктерің мен ізгіліктеріңді жаюшы, насихаттаушы, көрсетушi болыңдар.Бауырларымыздан, Ислам аулынан келген Хафыз Али мырзаның өзiмен әріптес бауырына көрсеткен бауырмалдығын өте маңызды деп бiлгендiгiмнен баяндайын.Аты аталған кiсi қасыма келдi. Оның жазуынан әріптесінің жазуы әдемi екенiн айттым. «Ол көп қызмет жасайтын түрі бар» дедiм. Хафыз Али да шын көңiлмен ықыластанып, оның қасиеттерiн мақтан тұтты. Сондай-ақ, оған ұстазының сүйiспеншiлiк назары ауғанына қуанды. Оның жүрегiне үңіліп, ойша көз жүгiртіп әншейiн емес шын пейiлмен айтып тұрғанын сездiм. Аллаһу
Рисалей-Нұр жинағынан46Тағалаға шүкiршiлiк еттiм, бауырларымыздың арасында осындай игі сезiмге ие бекзат жандар бар. Иншаллаһ, бұл қасиет көп қызмет атқарады. Әлхамдулиллаһ, әлгi қасиет бiртiндеп маңайымыздағы бауырларымызға да сіңе бастады. Қымбатты, шын ықыласты бауырларым!Бұл дүниеде, әсiресе осы кезеңде әсiресе қиыншылыққа душар болғандарға, әсiресе Нұр шәкiрттерiндегi ауыр күйзелiстер мен үмiтсiздiкке қарсы ең тиімдi шара: Бірін-бірі жұбату, көңiлін сергiту. Рухани жігерлендіру және жанқияр, шынайы бауырдай бiр-бiрiнiң күйзеліс, уайым-қайғысын басу, аса мейiрiмдiлiкпен жабыққан жүрегiн аялап жұбату. Біздің арамыздағы шынайы да ақыреттiк бауырластық, өкпелеу мен болысуға жол бермейдi. Сонымен, мен сендерге толық сенiм артып, бел байлаған екенмiн, сендер үшiн жанымның рахатын және абыройымды ғана емес тiптi рухымды да қуана-қуана пида етуге дайын екенiмдi бiлесіңдер. Бәлкiм көрiп те жүрсіңдер. Тiптi, ант етейiн. Сегiз күннен берi Рисалей-Нұрдың белсенді екi шәкірті бiрін-бiрi еркелетіп, жұбатудың орнына мұңайтқан елеусiз оқиға жүрегiмдi азапқа салғаны сонша, \"қап, әттеген-ай! О! Аллаћ, медет бере көр, медет!
47Бауырластық сырыО! Әрхамер-Рахимин, медет! Бiздi сақтай көр! Бiздi жын және адам шайтандарының зардабынан құтқар! Бауырларымның жүректерiн бiр-бiрiне деген адалдық, сүйiспеншiлiк, достық, мейiрiмдiлiк сезiмдерiмен толтыр!\" деп, бүкiл жан дүнием, жүрегiм, ақылым күңiрене жылады.Ей, болаттай берік, қажымас, бауырларым! Маған жәрдем етiңдер. Мәселемiз өте күрделi. Мен сендерге зор сенiммен қарап, бүкіл шаруамды сендердiң рухани тұлғаларыңа артқан едiм. Сендер де бүкiл жан-тәндерiңмен маған көмекке жүгірулерің керек. Негiзiнде араңыздағы оқиға өте жеңiл, өткiншi, елеусiз деуге болады. Бiрақ, сағатымыздың серiппесiне, көзiмiздiң қарашығына түскен бiр қыл, тiптi титтей бiр нәрсенiң өзi әуреге салады. Бұл мәселенiң маңыздылығы сол, үш жарылыс пен рухани үш көрініс дәлме-дәл хабар бердi.Саид нұрси.
Рисалей-Нұр жинағынан48Қадiрлi де шын ықыласты, ар-ұжданы таза, бауырларым! Бiз мүмкiндігінше жан-тәнiмiзбен, \"Ықылас\" кітабындағы қағидаларды, шынайы ықыластың, адалдықтың сырларын өз арамызда бiр-бiрiмiзге қолдануға мәжбүрмiз. Нақты хабарға қарағанда, үш айдан берi осындағы бауырларымыздың мiнез-құлқының немесе ой-пiкiрiнiң қайшылықтарын пайдаланып, араздастыру үшiн үш адам тағайындалған екен. Әрi қажымас Нұршыларды жалықтыру жолымен әлсiрету үшiн және нәзiк жандылар мен шыдамсыздарды күмәндi ойларға түсiріп, Нұр қызметiне кедергі болу үшiн себепсiзден-себепсiз сот мерзімін ұзартуда. Абай болыңдар! Күнi бүгiнге дейiнгi өзара достығыңыз, жанкештiлiгiңiз, шынайы сүйiспеншiлiгiңiз азаймасын. Жәй, кішкентай нәрсенің өзі зиянды. Құран қызметi керек болса жанымызды да қиюды талап етедi. Олай болса, қысылғандықтан немесе басқа да сылтаулардан туындаған сыншылдық
49Бауырластық сырысезімі шынайы жанкештi азаматтарды бір-біріне өкпелетпесiн. Керiсiнше, кiшiпейiлдiлiкпен, қайырымдылықпен қарап, қателiктi өз мойнына алсын. Сүйiспеншiлiгi мен адалдығын арттыруға тырыссын. Олай болмаған жағдайда түймедей нәрсе түйедей болып, қайта қалпына келмейтiндей зиян шектіруі мүмкiн. Сендердiң парасаттарыңа сенiп, көп созбайын.Саид нұрси. Бауырларымнан өтiнерiм: Зерігуден немесе көңіл құлазудан немесе талғампаздықтан немесе нәпсi мен шайтанның арбауынан немесе мұқиятсыздықтан достардың аузынан шығып кететін нашар, жаман сөздерге бола бiр-бiрiне өкпелеп \"намысыма тидi\" демесiн. Мен ол жаман сөздердi өзiме аламын, ызаланбаңдар. Зор абыройым да болса бауырларымның арасындағы сүйiспеншiлiк пен адалдық үшін пида етемiн. Саид нұрси.
Рисалей-Нұр жинағынан50РиСАЛей-нҰР ТОПТАмАСЫҮЛкен кіТАПТАР:«Сөзлер», «Мектубат», «Лемалар», «Шуалар», «Ишарат-ул Иғжаз», «Аса-и Муса», «Мухакемат», «Тарихче-и Хаят», «Барла лахикасы», «Кастамону лахикасы», «Әмирдағ лахикалары», «Сикке-и Тасдиқ-ы Ғайби», «Мәснәу-и Нурие», «Иман уә Күфүр мувазенелери»
Search