1
2
Құрастырушыдан Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұлттық библиография секторы ұлт рухын оятқан орда жазушы Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығына орайәдебиеттердің библиографиялық кӛрсеткішін шығарып отыр. Кӛрсеткіш ұлы жазушының шығармашылығын насихаттау барысында ең алдымен кітапханашылар үшін зор кӛмегін тигізеді деп сенеміз., сондай-ақ ғылыми қызметкерлерге, әдебиетті зерттеушілерге, орта және жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне және әдебиетті сүйіп оқитын кӛпшілік оқушылар қауымына арналады. Кӛрсеткіш құрастыруда Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қорындағы атаулы есімге қатысты барша құжаттар топтастырылды. Кӛрсеткіште ӛмірі мен творчествосы жайындағы материалдар, жазушының еңбектері, аудармалары , сын мақалалары және т.б. материалдар енгізілген. Кӛрсеткіште қазақ тіліндегі,орыс тіліндегі әдебиеттер жекелей топтастырылған. Онда алдымен жазушының ӛзінің шығармалары, содан кейін жазушы туралы әдебиетер берілген. 3
Алғы сӛз Ӛшпес із қалдырған қаламгер Қазақ ойшыл, дана халық қой. Бір тұста: «Ханда қырық кісінің ақылы бар», - дейді. Расында, жақсының аты, ақынның хаты ӛлмейді. Елдің қамын жеген, жеріне қорған болып, жұртының мұң - зарын тыңдаған, бірлігін сақтап, келешегін ойлаған кемел ойлы хан басын кішірейту үшін емес, қырық ханның ақылы бар от тілді, орақ ауызды шешеннің, ілуде бір туатын бидің, қанатты сӛздің, ұтқыр ойдың зергері ақын-жазушылардың қасиетін танытар бір мысал келтірейін деп отырмын. Ел ішінде Жиренше айтыпты деген әңгіме кӛп. Соның бірінде дуалы ауызды шешеннің тапқырлығына тәнті болмай отыра алмаймыз. Қай заман екені бір аллаға аян, Жиреншенің атына сырттай қанық хан оны бір кӛрмекке, жүзбе-жүз отырып кӛшелі сӛзін естімекке құмартады. Шақырту алған шешен айтқан уақытында хан сарайына келіп, табалдырықтан аттаған бойда: - Бір жасыңыз мың болсын! — деген екен. Хан кісі тыңдап, ой түюге пейіл тұрады. Ӛзгенің асылын ажырата алмаса да, жасығына мін тағуға бейім келеді. Сол мінезбен Жиреншенің әлгі бір ауыз сӛзін ұнатпай: - Киелі орыннын мәртебесіне сай сӛз тауып айттым деп отырсың ба? - дейді мұқатыңқырап. Жиренше аспай-саспай, «ділдәрім бетіңді бір кайырып тастадым ба?» дегендей тағына шалқая түскен ханға тіктей қарап: - Сӛзіңізге құлдық, хан ием, - деп назарын ӛзіне аудартады. - Адамның ӛзі мың жасамайды. Артында аты қалса, атына сай сӛзі қалса, аты, атына сай сӛзі мың жасайды. Екінші, мына опасыз жалған дүниеге бір кӛрген кызык дәурені бір күнге бергісіз болса, сол бір күннің ӛзі мың жылға татыр қызық дәуренмен ӛтсін деп едім. Сӛзге тоқтаған хан Жиреншеге сол жерде астына арымас ат мінгізіп, үстіне тозбас шапан жауыпты. 4
Демек, жақсының аты, әлімнің хаты ӛлмейді десек, қазақ әдебиетінде орны бӛлек Ілияс Есенберлин де ӛзінің туған халқы барда аты ӛшпек емес. Ақырын жүріп, анық басатын, артык сӛзі, асылык ісі жоқ Ілекеңді мен ертеден білетін едім. Ол ұлы Отан соғысынан жараланып қайтқан бойда Қазақстан Компартиясы Орталык Комитетіне қызметке араласты. Тау-кен институтын бітірген инженер болатын. Орталық Комитетте нұсқаушы қызметін атқарды да: мен Республика Министрлер Кеңесі тӛрағасының орынбасарлығына кісіліктен туған және екінің бірінен табыла бермейтін қасиет еді. Әдетте ақындар асау ӛзендей буырқанып, тасып сӛйлейтін, тіпті арқаланып алса, кӛтеріліп кететінін талай кӛрдік қой. Оларды табиғи ерекшелікке, кейде ерлікке жорып, кӛрсек те, кӛрмегендей болатынбыз. Ілекең жұмсақ, ӛте қарапайым еді. Алғаш «Айша» деген лирикалық поэмасын оқығаным бар. Ұмытпасам, 1945 жыл шығар, кездесіп қалған бір сәтте: - Мұхаңмен (Мұхтар Омарханұлы Әуезов) жүздесіп, сырласқалы бері әдебиеттегі жаңалықты құр жібермейтін ғадет пайда болған еді, Ілеке. Сіздің поэмаңыз маған қатты ұнады, - дедім. Ілекеннің екі бетінің ұшы дӛңгелене кызарып, ӛзінің қолайсыздау сезінгенін байқатып алды. Мен екі-үш жас үлкендігіме басып: - Мойын жар бере бермейді. Сіз қаламгерлермен жақын жүресіз. Жақсының парқын білесіз. Мүмкін болса, бізге қарайласа жүріңіз. - дедім. Бар айтқаны мынау болды. - «Менін шатпағым» туралы естігеннен гӛрі, осы қолқаңыз әлдеқайда қанаттандырып отыр. Ықыласыңызға ризамын, - деді. Тағдырмен ойнауға болмайды. Әсіресе ӛнер адамдарының әдебиет қайраткерлерінің ӛміріне сергек қарау керек. Олардың сезімтал жүрегіне, нәзік кӛңіліне қаяу түсірмей, рухын биік ұстау лазым. Бал арасы қалай мың сан гүл ішінен ең шырынына қонады, жазушылар мен ақындар да солай, ӛмірдің кешегі ӛткенімен, бүгінгі болмысынан ертеңгі ұрпақ үшін, болашаққа нәр іздейді. Елдің сӛзін сӛйлеп, жыртысын жыртып жатса ол сол халықтың 5
мұңын мұқтажын білгені. Зерек кӛңіл зерделі ой, уақыт үнін түсінгені. Сондықтан қуанышынан гӛрі қасірет - қайғысы, баршылығынан гӛрі жоқ-жұтаңы кӛп заманды ең әуелі осы қаламгерлер кешеді. Сондай тағдыр тауқыметін Ілекеңде басынан кешті. Ол «Ӛтті дәурен осылай» деп аталатын (1992 жылы «Дәуір баспасы) кітабымда егжей-тегжейлі жазылды. «Жаман бергенін айтады» дегендей азамат арасында бола беретін азын-аулақ шарапат-шапағатты қазбалай беру жараспас. Тек оған қосарым мынау. Ілекең ӛзі шынашақтай болғанымен, алыптың ісін тындырған азамат. Қырқыншы жылдардан қалам ұстаған ол соңғы демі таусылғанша шығармашылық мұратына адал болды ғой деймін. Мен ӛзім Ілекеңнің «Қаһарын», «Алмас қылышын», «Алтын ордасын», «Жанталасын» оқыдым. Обалы нешік кӛбісін қолжазбадан оқып, солардың үлкен ӛмірге – ең әділ сыншысы халқына жетуіне, оқыған сайын Ілекеңнің ӛсу үстінде, шығармашылық биік белестерге кӛтеріліп келе жатқанына сүйсініп, дем бергеніме іштей қанағаттандырарлық сезімге бӛленемін. Қазір ғой тарихымыздан қол үзіп қалдық, тосқауыл торуыл болды, халқымыз «мәңгүрт» хал кешті деген сыңаржақ пікірлер жиі айтылады. Белгілі мӛлшерде бұл жансыз, жалған деуден аулақпын, жел тұрмаса, шӛптің басы қимылдамайтыны рас. Бірақ қазақ тарихын ғылыми шыншылдыкпен, оқулық ретінде жазса, тарихшыларымыз қайда қалған? Кім қолынан қағыпты? Тым байбалам салудың жолы осы екен деп, ауызды қу шӛппен сүрте берген жараспайды. Әйтпесе Ілекең жазған осы тарихи романдар кезінде оқырмандардың да, үкімет тарапынан да жоғары баға алғанын, 1968 жылдары - орталықтың қылышынан «қан тамып» тұрды деген кезде Қазак КСР мемлекеттік сыйлығын алып, түгелдей орыс тіліне аударылғанын неге ұмытамыз? Бұл кітаптарды қазақ халқының тарихы емес деп кім айта алғандай? Мәселен, «Алтын Орда» трилогиясын алыңызшы. Үшеуі де 1982-1983 жылдары жарық кӛрді. XIII ғасырдың басынан 6
бастап XV ғасырдың алғашқы жиырма жылдығы, яғни екі жүз жылдан астам уақыт ішіндегі тарихи оқиғалар қамтылған бұл кітаптар ӛзінің құндылығын ешқашан жоймақ емес. Ол қалай жазылды деген сауалға жауап беру ӛз алдына бір мәселе, ал халқымыздың тарихын, оның нақтылы деректерді жинақтауға келгенде Ілекеңнің еңбегіне тек ризашылық сезіммен қарауға тиіспіз. Ілекеңнің ӛкшесін басқан інілері және тарихи шығармалары үшін кезінде лайықты бағасын алған Мұхтар Мағауин, Әбіш Кекілбаев, Әнуәр Әлімжанов, Қабдеш Жұмаділов, Б.Жандарбеков іргелі елдің игерілмей жатқан тарихын кӛркем әдебиет арқылы шоқтығын кӛтерсе, оларға ұйқылы - ояу жүрген тарихшыларымыз тек алғыс айтқаны абзал. Ілияс Есенберлин - ӛмір құбылысын, қоғам дамуын терең сезінетін және оның кӛркем полотносын жасауға ұмтылған жазушы. Тыңның жиырма жылдығына арналып жазылған «Кӛлеңкеңмен қорғай жүр» деп аталатын романы соған дәлел. Романда тың кӛтеруге байланысты қазақ даласына енген жаңалықтар, ұлттар мен ұлыстар арасындағы жарасымды сыйластық, жан баураған бірлік, жер құнарлылығын сақтау проблемасы, адамдар арасындағы моральдық, этикалық қатынастар шынайы әрі кӛркем суреттеледі. Әлбетте, Ілекең жайлы айтылар сыр аз емес. Соның ең бастысы, ол кісі пендешіліктен биік тұрған ірі тұлға. Сыртынан кім келіп, не айтпайды. Ал Ілекең маған қанша келіп жүріп, бір адам туралы ғайбат айтпай кетті. Мен де пәленшекеңнің айтып жүргені не осы деп сұраған емеспін, ол кісі де түгеншекең мынау еді деп тіс жарған емес. Мен Ілекеңнің ішкі мәдениетіне, жан дүниесінің тазалығына тәнті болушы едім. Ұлы суреткерлік те сол кәусар бұлақтай мӛлдірліктен бастау алса керек. Ілекең - қазақ әдебиетіндегі халқы сусындар қайнар бұлақ. Бір жасы мың болатын, артында ӛлмес сӛз, ӛшпес із қалдырған қаламгер. Дінмұхамед Қонаев Ӛшпес із қалдырған қаламгер Жалын,2009 7
Ӛмірдерек ЕСЕНБЕРЛИН Ілияс (1915, Атбасар қ. – 1983, Алматы) – жазушы. Қазақ тау-кен және металлургия институтын бітірген (1940). 2-дүниежүзілік соғысына қатысқан. 1942 – 47 ж. Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы, 1947 – 51 ж. Қазақ филармониясының директоры, 1953 – 54 ж. Қазақстан Геология мин-нде аға инспектор, 1954 – 55 ж. Ақтӛбе обл-ндағы Берсүгір шахта басқармасының бастығы, 1955 – 57 ж. Қазақ мемлекеттік кӛркем әдебиет баспасының аға редакторы, 1958 – 67 ж. «Қазақфильм» киностудиясының аға редакторы, сценарий редколлегиясының мүшесі, 1967 – 71 ж. «Жазушы» баспасының директоры, 1971 – 1975 ж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы қызметтерін атқарды. Есенберлиннің алғашқы шығармалары баспасӛз бетінде 1940 жылдан бастап жарық кӛрді. Ол поэзия, проза, драматургия, кинодраматургия саласында жемісті еңбек етті. Алғашында ақын ретінде танылды. «Сұлтан», «Айша» (1945), «Адамгершілік туралы жыр» (1949), «Большевик туралы поэма» (1957), «Біржан сал трагедиясы» (1959) дастандары жарияланды. 20 ғ-дың 60-жылдары проза жанрына қалам тарта бастады. «Ӛзен жағасында» (1960), «Толқиды Есіл» (1965), орыс тілінде жазылған «Адам туралы ән» (1957) повестері жарық кӛрді. Жазушы қазақ әдебиетінде роман жанрын дамытуға, әсіресе, тарихи тақырыпты игеруге елеулі үлес қосты. «Айқас» (1966), «Ғашықтар» (1968), «Кӛлеңкеңмен қорғай жүр» (1974), «Кӛшпенділер» трилогиясы (1976), т.б. романдары жарияланды. Жазушының «Айқас», «Қатерлі ӛткел» романдары – қазақ ұлттық интеллигенциясының қалыптасу жолындағы күрделі әлеум. және рухани құбылыстарды суреттеген патриоттық рухтағы шығармалар. Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресін, Кенесары бастаған ұлт-азаттық кӛтерілісін алғаш рет ұлттық кӛзқарас тұрғысынан шынайы суреттеген «Қаһар» романы ұлттық сананы оятып, қоғамда рухани қозғалыс тудырған, әдебиеттегі елеулі құбылыс болды. Дүниетанымдық кӛзқарастар тартысын шынайы бейнелеген «Айқас» романы үшін жазушыға 1968 ж. Қазақстан Мемл. сыйл. 8
берілді. Е. – 40-тан астам ән мәтіндерінің авторы. Есенберлиннің шығармалары орыс, украин, латыш, литва, ӛзбек, алтай, башқұрт, қарақалпақ, болгар, венгр, поляк, ағылшын, француз, қытай, неміс, араб, испан тілдерінде жарияланды. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған. Атбасар қаласындағы, Алматыдағы мектептерге, кӛшелерге Есенберлиннің есімі берілген. Еңбек жолы 1940 жылы Қазақ тау-кен институтын бітіріп, Жезқазған рудниктерінде инженер болады. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1942-1947 жылдар аралығында Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы, 1951 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры, 1953-1954 жылдары ҚР Геология министрлігінде аға инспектор, 1954-1955 жылдары Берсүгір шахта басқармасының (Ақтӛбе облысы) бастығы, 1955-1957 жылдары Қазақ мемлекеттік кӛркем әдебиет баспасының аға редакторы, 1958-1967 жылдары \"Қазақфильм\" киностудиясының аға редакторы, сценарий редколлегиясының мүшесі, 1967-1971 жылдары \"Жазушы\" баспасының директоры, 1971-1975 жылдарыҚазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы болып қызмет атқарады. Атбасар қаласындағы мектепке, Алматыдағы бір кӛшеге І. Есенберлин есімі берілген. Шығармалары І. Есенберлин қазақ әдебиетінде ӛнімді еңбек еткен аса кӛрнекті жазушылардың бірі. Алғашында ақын ретінде танылған оның шығармалары 1940 жылдан бастап жарық кӛре бастайды. 1945 жылы \"Сұлтан\", \"Айша\" дастандары, \"Адамгершілік туралы жыр\" ӛлеңдер жинағы (1949), революционер, большевик Ә. Майкӛтовке арналған \"Большевик туралы поэмасы\" (1957), \"Біржан сал трагедиясы\" (1959) дастандары жарияланды. 1960 жылдары проза жанрына қалам тарта бастады. \"Ӛзен жағасында\" (1960), \"Толқиды Есіл\" (1965), орыс тілінде жазылған \"Адам туралы ән\" (1957) атты 9
повестері жарық кӛрді. \"Айқас\" (1966), \"Қатерлі ӛткел\" (1967), \"Ғашықтар\" (1968), \"Қаһар\" (1969), \"Алмас қылыш\" (1971), \"Алтын құс\" (1972), \"Жанталас\" (1973), тың туралы \"Кӛлеңкеңмен қорғай жүр\" (1974) романдары, \"Кӛшпенділер\" трилогиясы (1976), Алтын Орда трилогиясы (1982-1983), \"Махаббат мейрамы\", \"Алыстағы аралдар\" (1983), Аққу құстың қуанышы\" (1984) романдары, шығармаларының онтомдық жинағы (1984-1990) жарияланды. Есенберлиннің \"Маңғыстау майданы\", \"Аманат\" (1978) романдары қазақ әдебиетіндегі сүбелі шығармалары қатарында. Кеңес ӛкіметі]] жылдарында туып қалыптасқан қазақ интеллигенциясының ӛмірін, олардың қазақ даласында социалистік ӛнеркәсіп орнату жолындағы қажырлы еңбегін, ескіліктің адам санасындағы қалдығына қарсы күресті баяндайтын \"Айқас\" романына 1968 жылы Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Ілияс Есенберлиннің орыс тілінде шыққан \"Песня о человеке\" (1956) романы 1958 жылы қытай тіліне аударылады. \"Таудағы тартыс\" (1962) пьесасы Алматыдағы Балалар мен жасӛспірімдер театрында қойылды. М.Ерзинкянмен бірігіп жазған \"Құйма\" (1961) киносценарийі бойынша түсірілген фильм бүкіл кеңес және венгр, поляк, болгар экрандарында кӛрсетілді. Ілияс Есенберлин прозасы түгел дерлік орыс тіліне аударылды. \"Схватка\" (\"Айқас\", 1957); \"Опасная переправа\" (\"Қатерлі ӛткел\", 1970); \"Влюбленные\" (\"Ғашықтар\", 1970); \"Хан Кене\" (\"Қаһар\", 1971); \"Заговоренный меч\" (\"Алмас қылыш\", 1973); \"Отчаяние\" (\"Жанталас\", 1974); \"Прикрой своим щитом\" (\"Кӛлеңкеңмен қорғай жүр\", 1976); \"Мангистауский фронт\" (\"Маңғыстау майданы\", 1981); \"Золотая Орда\" (\"Алтын Орда\", 1985) деген атпен Мәскеулік және республикалық баспалардан жарық кӛрді. Жекелеген шығармалар украин,латыш, литва, ӛзбек, алтай, башқұрт, қарақалп ақ, венгр, поляк, ағылшын,француз, қытай, неміс, араб, испан тілінде жарияланды. Олардың ішінде \"Кӛшпенділер\" трилогиясы, \"Адам туралы ән\", \"Қатерлі ӛткел\", \"Ғашықтар\", \"Айқас\" романдары бар. 10
I.Есенберлин қырыққа жуық ән мәтінін жазды. Ол К.Д.Ушинскийдің \"Әңгімелері мен ертегілерін\" (1945), М.Жулявскийдің Вьетнам ӛміріне арналған \"Қызыл дария\" (1956) романын қазақ тіліне аударды. Есенберлин Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған. Тарихи романдары туралы І.Есенберлиннің нағыз жазушылық орнын белгілеген шығармалары — \"Қаһар\", \"Алмас қылыш\", \"Жанталас\" атты тарихи романдары. Тарихи романдар деп ӛткен тарихтың маңызды оқиғаларын қайта жаңғыртып, оларды кӛркем түрде баяндайтын романдарды айтады. Жазушылар тарихи романда тарихты жаңғыртумен шектеліп қоймай, адамгершілік, психологиялық, мәдени мәселелерді біртұтас кӛтеруге кӛңіл бӛледі. Жазушы I. Есенберлин ӛзінің тарихи трилогиясында қазақ елінің ХV-ХІХ ғ.ғ. тәуелсіздік үшін табанды күресін кӛркем суреттейді. Осы жолдағы қыруар қиындықты, ішкі қайшылықтарды, адами қатынастарды, олардың әрекеті мен мінез-құлықтарын, сырт жаулармен шайқаста шыныққан бірлікті, дәстүрді, салт-сананы кӛрсетеді Тарихи жазба деректерге, шежіре мағлұматтарына, аңыз әңгімелерге сүйене отырып, қаламгер қазақ халқының тарихының аса маңызды тұстарын ашып, кӛптеген тарихи қайраткерлердің кӛркем тұлғасын жасайды. \"Алмас қылыш\" романы — XV ғ. оқиғаларынан аса кӛп мағлұматтар бере алады және ол оқиғалардың жылнамалық реті сақталған. Сол себепті де оны роман-хроника деп атауға болады. Роман-хроника болғандықтан, онда кӛптеген тарихи оқиғалардың тізбегі басым келуі — жанрлық заңдылық. \"Алмас қылыш\" романында Дешті Қыпшақтың (бұрынғы қазақ елінің бір атауы) қаһарлы ханы Әбілхайырдың кезінде қазақ руларының қазақ хандығы қол астына топтасуы, бір жағы — Әбілхайыр, екінші жағы — Жәнібек, Керейлердің тақ пен тәж үшін 11
таласы, хан ордасындағы шытырман оқиғалар, алдау мен зорлықтар тізбегі баяндалған. Кітаптың бірінші бӛлімі — Әбілхайыр ұлысының екіге бӛліну жағдайын кӛрсетуге арналса, екінші бӛлімі қазақ хандығының ішкі, сыртқы жауларымен кескілескен күрес үстінде шынығып ширауы, бұл жолдағы қыруар кедергілер мен қиындықтар кӛрсетілген. Романның басты идеясы — қазақ руларының бірлесу, бір хандықта ынтымақ құру мәселелері. Шығармада басты қаһарман Әбілхайырдың, сондай-ақ Жәнібек, Мұхаммед Шайбани, Бұрыңдықтардың, тағы басқа тарихта болған қайраткерлердің бейнелері жасалған. Автор олардың күрделі тұлғаларын бойындағы қайшылықтарын ашып кӛрсету береді. Мәселен, Әбілхайыр, бір жағынан, айлакер, ақылды айбарлы ел басшысы болса, екінші жағынан, ӛз мақсаты жолында ешбір арамдық, азғындықтан тайынбайтын мейірімсіз, қандықол. Оның жүздеген жылдарға созылып, әріден келе жатқан Шыңғыс ханның үрім-бұтағының озбырлық саясатын жалғастырушы екенін де автор жасырмайды, хан екен деп, орынсыз дәріптемейді. Қалың әлеумет адамдары да романның басты идеясын ашуда елеулі қызмет атқарады. Мәселен, Асан Қайғының Бердібек пен Әбілхайырға айтатын қатал сын сӛздері, Әбілхайырдың Керей мен Жәнібек елін шабам деген екпінінің қол астындағыларының қолдамауынан су сепкендей басылуы сияқты кӛріністер бұған айғақ. Мұнда халықтың жақсы қасиеттерін бойына дарытқан Қобыланды, Қазтуған, Саян, Орақ секілді кейіпкерлер романның идеялық жүгін едәуір кӛтеріп тұр. Мәселен, Қазтуған мен Қотан ақындардың айтысы арқылы роман бүкіл қазақ даласының тарихи кӛрінісін, шежіресін береді, халықтың сан ғасырлық ӛмірін, күрестерін, олардың сыры мен сипатын айтады. Трилогияның \"Қаһар\" атты кітабында I. Есенберлин XIX ғ. 30-40 жылдарындағы Кенесары Қасымов бастаған Ресей отаршылдығына қарсы қозғалыстың жай-күйін әңгімелейді. Мұнда жазушы жұртқа 12
бұрыннан белгілі тарихи оқиғаларды тізе отырып, ондағы адамдардың күйініш-сүйінішімен, арман-ӛкінішімен, мұратымен, кейіпкерлер тағдырымен байытып кӛрсетеді. \"Қаһарда\" қазақ даласында тәуелсіз хандық орнатуды мақсат еткен Кенесарының қол жиып күреске шығуы, тәуелсіздік үшін күресті қолдамаған сұлтандарғажәне патша бекіністеріне шабуылы, Кенесарының билікке қол жеткізу үшін патша ӛкілдерімен келіссӛздер жүргізуі, талабы ӛтпеген жерлерде халық қанының тӛгілуімен есептеспей, күш қолданылатын істерге баруы баян етіледі. Осы жолдағы ханның қаталдығы, елдің күйзеліске ұшырауы, Кенесары дұшпандарының ұйымдасқан іс-әрекеттері, сан алуан адам мінездері кӛрсетіледі. Бір отаршылдан екінші отаршылдың артықтығы жоқ екені, бәрінің кӛксеген мүддесі қазақ елін бӛлшектеп бӛліп, әлсіретіп, қансыратып, талан-таражға салу, ӛз билігін жүргізу екенін жазушы ашып кӛрсетеді. Мәселен, Қоқан, Хиуа хандықтарына ұзақ уақыт тәуелді боп тұрған оңтүстік қазақтарының ауыр жағдайы,Ташкенттің құшбегі Бегдербектің жәрдем сұрап барған Есенкелді, Саржанды қасындағы нӛкерлерімен бірге опасыздықпен ӛлтіріп жіберетін суреттертарихи шындықтарға негізделген. Романда Кенесары бейнесі тарихи толық мазмұнда кӛркем сомдалған. Автор оның жеке басындағы ерлік пен парасаттың үйлесімін шебер аңғартады. Мысалы, Саржан мен Есенкелдінің құшбегі Бегдербек қолынан қапыда мерт болғанын естіп, \"Ташкентті шабу керек\" деген Қасым тӛренің кеңесін іштей қабыл кӛрсе де, соғысқа шығуға ертерек екенін түсініп, жоспарды кейінге қалдырады. Кенесарының Ақмола бекінісін алғанда кӛрсеткен ерлігі де әсерлі. Кенесары бастаған қозғалыстың белгілі батырлары — Ағыбайдың, Иманның, Тӛлебайдың, Басықараның, Жанайдардың, Бұхарбайдың эпизодтары да олардың батырлық бейнесін айқындай отырып, Кенесары тұлғасын толықтыра түседі. 13
Романда Ресей патшалығының ӛр дәрежелі ӛкілдері бейнелері де бар. Солардың ішінде, әсіресе, Қараӛткелдің ағасұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендиннің халыққа қаны қас мейірімсіздігі мен мансап үшін арын сататын арамзалық анық таңбаланған. Ол Омбы генерал-губернаторының сеніміне ие болып, билігі мен мансабынан айырылып қалмау үшін елдің бас кӛтерер адамдарын ұстап береді. Әйелі Зейнеп, баласы Шыңғыстың қылықтары да Қоңырқұлжаның шексіз азғындық ӛмір сиқын жалаңаштай түседі. Жалпы алғанда, I. Есенберлиннің \"Қаһар\" романы — қазақ халқының азаттық жолындағы күрес шежіресіне қосылған, оның Кенесары қозғалысы сияқты аса ірі кезеңінің ішкі сырларын кӛркем түсінуге кӛмектесетін елеулі тарихи шығарма. Романдары және тарихи сана Қазақстан республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең кӛп роман (17) жазған жазушы І. Есенберлиннің қаламынан туған \"Айқас\", \"Ғашықтар\", \"Қатерлі ӛткел\", \"Алтын құс\", \"Маңғыстау майданы\", \"Алтын аттар оянады\", \"Кӛлеңкеңмен қорғай жүр\", \"Алыстағы арпалыс\", \"Аққу құстар қуанышы\", \"Махаббат мейрамы\", т.б. романдары тың тақырыпта жазылып, қазақ әдебиетінде оған дейін мүлде кӛтерілмеген мәселелерді қозғаған, соны серпін әкелген, оқырман сүйіспеншілігіне бӛленген туындылар еді. Ол — қазақ әдебиетінде алғашқы болып тарихи зерде тамырына қан жүгіртіп, тұншыққан сананы қапастан шығаруға жол салған, ұлт рухын тірілткен жазушы ретінде қазақ әдебиетінің тарихында оқшау орны бар тұлға. Ілияс Есенберлиннің алты кітаптан тұратын тарихи эпопеясы сӛз ӛнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты кӛркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі болып қала бермек. Тарихи тақырып арқылы бүгінгі күнге, қазіргі дәуірге қатысты идеялар айтылатынын естен шығаруға болмайды. Тарихи шығарма сол ӛткен заманның әлеуметтік-эстетикалық реконструкциясы ғана емес, онда бүгінгі уақыттың да философиялық концепциясы жатады. Тарихи шығармалардың ӛмір 14
танытқыштық мәнін айтқан кезде, онда бүгінгі рухани тіршілігімізге қатысты кӛп мәселелер қамтылатынын ескеру керек. І. Есенберлиннің «Кӛшпенділер», «Алтын Орда» романдарын ӛткенді айта отырып оны қазіргі ӛмір құбылыстарына байланыстыра білу - кӛркем шығарманың эстетикалық актуальдығын арттыратын кӛркемдік фактор екенін дәлелдейтін, уақыт рухы кӛрінетін, жаңа концепция әкелген шығармалар деуге болады. Қазақ тарихының соңғы бірнеше ондаған жылы түн-түнекті, меңіреу күй кешіп, ӛзге халық тарихының қосағында болғаны кім- кімге де белгілі. Мұның ӛзі қаншама буын ұрпақтың жандүниесіне әсер етіп, дүниетанымына салқынын тигізді, акыл-парасаты аяқ асты болды. Осы тұрғыдан келгенде жеке жазушының ғана емес, бүкіл қазақ әдебиетінің тарихында әлеуметтік терең мәнді туынды болып қалған«Кӛшпенділер» трилогиясында Шыңғыс әулеті билеп тұрған дәуірлердегі ұлт тарихына тереңдеп еніп қадам жасауы қазақ әдебиеті мен кӛркемдік әлеміне алғаш рет І. Есенберлин әкелген жаңалық пен батылдық еді. Автордың аса зор зерттеушілік жұмыс жүргізуінің нәтижесінде беймәлім, тың материалды оқырман игілігіне айналдырудың жарқын кӛрінісі болған «Кӛшпенділер» трилогиясының кезінде танымдық жағынан да ерекше жүк арқалағаны кӛпшілікке белгілі. Рас, ғалымның міндетінен гӛрі міндеті ауқымды, кеңірек болып келетін жазушы үшін ақпараттық қана қызмет атқаратын материал суреткер жұмысының алғашқы бастамасы ғана. Тың, жаңа дерек, кӛпшілікке беймәлім материал негізінде қаламгердің ой сүзгісінен ӛтіп қорытылған оқиғаларға құрылған трилогияда жан-жақты камтылған адамгершілік мәселелері кӛрініс тауып, ӛткен дәуір шындығы бүгінгі заман сипатымен сабақтастырыла суреттеледі. Сақтандыру мен ескерту идеясы бой кӛрсетіледі. Ілияс Есенберлиннің ұлт тағдырына қатысты шетін сырлары мен идеялары кемел деңгейде кӛрінетін бұл эпопеяның алғашқы бӛлігі «Кӛшпенділер» трилогиясы еді. 15
Шығарма кейіпкерлері ретінде негізін тарихи тұлғалар, Шыңғыс хан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау кӛзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы ақын-жыраулар, ел бірлігінің ұйтқысы, халықтың ақыл-парасатты билер, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін қасық қаны қалғанша жаумен шайқасып отанын қорғай білген арыстан жүрек, атанжілік батырлар. Бұлар — ел есінде сақталып, тарихта қалған ӛмірде болған тұлғалар. «Кӛшпенділер» трилогиясы — партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма. Ол кезде мұндай шығарманы жазбақ тұрмақ, қазақ халқының ертеректе ӛмір сүрген артында мол мұра қалдырған, елім деп еңіреген, ел үшін, жер үшін мерт болған батырлардың, хандардың, шешендердің атын атаудың ӛзі, олар жӛнінде әңгіме қозғаудың ӛзі қиын еді, қауіпті еді. Ал Ілияс Есенберлин осының бәрін біле тұрып қазақ халқының ӛткен тарихын бейнелейтін, тарихтан мол мағлұмат беретін бір кітап емес, бірнеше роман жазып, оқырманға ұсыну жай ерлік қана емес, талантты жазушының саяси жеңісі еді. «Кӛшпенділер» қазақ халқының, ұлттық тарихының бастау кӛзі беріде емес, әріде жатқандығына жӛн сілтеді. Бүкіл бір халықтың ӛмір-тарихы ұмытылып бара жатқандығын еске сала отырып, оған кінәлі — коммунистік саясат екендігін ашып айтпаса да, ӛмір ағысы басқа арнамен ағып бара жатқандығын, тарих беттері бұрмаланғандығын кӛркем тілмен бейнелеп берді. Архивтік деректер, халықтық аңыздар, этнографиялық сипаттар негіз болған тарихи эпопеяда автор оларды сол ӛткен дәуір елесін дәл бейнелеу үшін ғана емес, оған қоса түрлі қағида мен идеялардың, түрлі психология мен мақсат мүдделерінің қандай заман, қандай қоғамдық жүйеде болсын сабақтастық алып жатқан кӛрінісін беру үшін де пайдалану мақсатын ұстанған. 16
Әдебиеттер тізімі *** Есенберлин І. Айқас. Роман / І. Есенберлин. – Алматы, «Жазушы», 966. – 216 бет. Есенберлин І. Алтын Орда. Тарихи трилогия, 1-ші, 2-ші, 3-ші кітап / І. Есенберлин. – Алматы: Жазушы, 1983. – 480 бет (взята титулка) Есенберлин І. Алтын Орда: Роман-трилогия / І. Есенберлин. – Алматы: І. Есенберлин атындағы қор», 1999. – 528 бет. Есенберлин І. Қатерлі ӛткел. Алтын құс. Екі томдық таңдамалы шығармалар / І. Есенберлин. – Алматы «Жазушы баспасы». – 1975. – 456 бет. Есенберлин І. Қаһар. Тарихи роман / І. Есенберлин. – Алматы, «Жазушы», 1969.- 352 бет. Есенберлин Ілияс . Қаһар. Роман. – Алматы: «Ан арыс»баспасы, 2010. – 360 бет. Есенберлин І. Маңғыстау майданы. Роман І. Есенберлин. – Алматы, «Жазушы», 1978 . – 424 бет. Есенберлин І. Мұхиттан ӛткен қайық: Роман / І. Есенберлин. – Алматы: «І.Есенберлин атындағы қор», 2001. – 335 бет. Есенберлин И. Влюбленные / И. Есенберлин. – Алматы: ИД «Кочевники», 2002. –216 с. Есенберлин И. Золотая Орда: Роман в терх книгах. Автор перевод с каз. В. Мироглова / И. Есенберлин. – Алма-Ата: «»Жазушы»1989. – 572 ч., илюст. Есенберлин И. Золотая птица. Роман. Авторизованный перевод с казахского / И. Есенберлин. – Алма-Ата. «Жазушы», 1977. – 149 стр. Есенберлин И. Кочевники: Ист. Трилогия / Пер. С каз. М. Симашко / И. Есенберлин. – Алматы: «Фонда И. Есенберлина», 1998. – 536 с., ил. 52 с. Есенберлин И. Лодка, переплывающая океан: Роман Авторизованный. Перевод с казахского. Ю Домбровского / И. Есенберлин. – Алматы: ОФ «И. Есенберлин», 2001. – 280 стр. Есенберлин И. Мангыстауский фронт. Роман / И. Есенберлин. – Москва «Советский писатель». – 1981. – 307 стр. 17
Есенберлин И. Отчаяние. Исторический роман / И. Есенберлин. – Москва «Известия». – 1974. – 336 стр. с илл. Есенберлин И. Опасная переправа. Роман / И. Есенберлин. – Москва., «Советский писатель». – 1970. – 264 стр. Есенберлин И. Прикрой своим щитом. Роман / И. Есенберлин. – Москва «Совесткий писатель». – 1976. – 256 стр. Есенберлин И. Хан кене. Роман / И. Есенберлин. – М.: Русская книга, 2003. – 336 стр. (взята титулка) Есенберлин И. Хан кене: Роман. Перевод с казахского М. Симашко, Г. Садовникова / И. Есенберлин. – Астана «Аударма», 2009. – 357 стр. Есенберлин И. Черное золото (Мангистауский фронт) / И. Есенберлин. – Алматы: ИД «Кочевники», 2002. – 326 стр. *** Ақмола облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ӛ. Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2009. – 560 бет. + 732 бет түрлі түсті суретті Асан Қазақ әдебиеті: Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі. Қазақстан даму институты, 1999. – 750 бет. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна ltd» ЖШС, 2005. – 576 бет. «Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр». Анықтамалық. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2004. – 392 бет. «Қазақстан» Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ә. Нысанбаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясының бас редакциясы, 2001. – 720 бет. Сахна саңлағы: белгілі режиссер Сәулебек Асылханұлы туралы ой- толғаныстар / құрастырған Ш.Балтаева. – Алматы: «Қайнар» баспасы, 2009. –208 бет.+ 32 бет қосымша Акмолинская область: Энциклопедия / Гл. Ред. Б.О. Жакып. – Алматы: ТОО «Қазақстан энциклопедиясы». 2009. – 544 с. +32 с. Цв. Иллюстрации. 18
«Казахстан». Национальная библиотека Т.2 / Гл. Ред. Б. Аяган. – Алматы: Главная редакция «Қазақ энциклопедиясы», 2005. – 560 с. Номад. По реке жизни. Алматы: ИД «Кочевники», 2004. – 288 стр.жапсырма. *** Ақшолақов Е. Елін сүйген Есенберлин // Жұлдыз. – 2009. – № 11. – 203-208 бет. Ақыш Н. Кӛкжиегі кең кӛркемдік пайымдаулар // Бұқпа. – 2015. – 22 қаңтар. – 4 бет. Алпысбай Қ. Тұңғиық сырлы талант // Жұлдыз. – 1995. – №11-12. – 3-15 бет. Алпысбаев Қ. Есенберлиннің ерлігі // Ақиқат. – 2000. – № 3. – 62- 68 бет. Алпысбаев Қ. Есенберлин романындағы тарихи тағылым // Ақиқат. – 2008. – №12. – 198-205 бет. Алпысбаев Қ. «Кӛшпенділер» романындағы тарихи дерек кӛрінісі // Жұлдыз. – 2011. – № 6. – 186-193 бет. Алпысбаев Қ. Қайта жаңғырған шығарма // Жаңа Сарыарқа. – 2008. – № 6. –28-35 бет. Алпысбаев Қ. Тарихи зерде тамыршысы // Ақиқат. – 1995. – № 7. – 87-91 бет. Амалбек Б. Оқу дүңгіршегі // Егемен Қазақстан. – 2015. – 3 ақпан. – 10 бет. Ахмет А. Қазақ киносындағы ұлттық Қаһар бейнесі // Мәдениет. – № 8. – 56-59 бет. Әлімжанов Ә. Есенберлин тағылымдары // Жалын. – 2009. – № 8. – 30-33 бет. Әлиханұлы Жанболат (Аупбаев). Ұлылардың ұрпақтары. – Алматы: «Қазақстан», 2011. – 400 бет. Әмір қызы К. Ел баласы Раунақ елуге тұрар жан еді. // Сарыарқа. – 1995. – № 3. – 19-23 бет. Әмірқызы К. Есенберлинге келген хаттар сыры // Сарыарқа. – 1995. – № 3. – 16-18 бет. 19
Бағыбаева А. Ілияс Есенберлин романындағы замандас бейнесі // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2000. – № 11. – 59-60 бет. Бегім А. Ұлт рухын орнықтырған қаламгер // Айқын. – 2015. – 17 қаңтар. – 5 бет. Бектас Г. Биіктік // Айқын. – 2015. – 17 қаңтар. – 5 бет. Бектас Г. Сәуегей Есенберлиннің болжамы // Айқын. – 2015. – 31 қаңтар. – 1-3 бет. Белдеубайұлы Д. Әруақ атаусыз қала ма?! // Жалын. – 2009. – № 8. – 53 бет. Боранғалиева А. Қазақ тарихын зерделеген ұлы жазушы // Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал. – 2014. – № 7. – 29-36 бет. Ғабдуллин М. Батыл да сәтті роман // Түркістан. – 2015. – 12 ақпан. – 10 бет. Домбай Н. «Мұзжарғыш» // Ана тілі. – 2015. – 22-28 қаңтар. – 1-3 бет. Досанов С. Ұлттық рухты оятқан Ұлы суреткер // Қазақ әдебиеті. – 2006. – 31 наурыз. – 6 бет. Досжан Д. Ер есімді Есенберлин // Сарыарқа. – 1999. – № 2-3. – 22- 27 бет. Досжан Д. Есенберлиннің шындығы // Қазақ әдебиеті. – 2000. – 27 қазан. – 6-7 бет. Досжанова Д. Біз білмейтін Есенберлин // Парасат. –1995. – № 1. – 12-14 бет. Дүйсенбаев А. Қазақ мемлекеттілігінің шежірешісі // Егемен Қазақстан. –2015. – 10 қаңтар. – 5 бет. Елубаева Л. Ілияс Есенберлин шығармашылығы. «Кӛшпенділер» трилогиясы // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2012. – № 5. – 35-39 бет. Елеукенов Ш. Ілияс Есенберлиннің мәңгілік ӛмірі // Жұлдыз. – 2005. – № 3. – 102-130 бет. Елеукенов Ш. Ұлтты ұлықтаған жазушы // Жалын. – 2009. – № 8. – 44-52 бет. Есенберлин Р. Қар кешіп сабаққа жалаңаяқ баратынбыз // Жұлдыз. – 2015. – № 1. – 3 бет. Жамбылқызы Н. Есенберлин әлемі // Қазақстан заман. – 2015. – 5 ақпан. – 9 бет. 20
Жоямергенқызы Н. Ұлт рухын асқақтатқан // Тайқазан. Түркістанның ұлттық қосымшасы. – 2015. – 22 қаңтар. – 5 бет. Жұртбаев Т. Қажырлы қалам // Қазақ әдебиеті. – 1995. – № 1. – 12- 14 бет. Иманбаева С. Қазақты тарихымен қауыштырған қаламгер // Түркістан. – 2015. – 22 қаңтар. – 11 бет. Косенко П. Естеліктер // Жұлдыз. – 2015. – № 1. – 4 бет. Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 9-том. Алматы. ҚАЗақпарат., 2005. – 998 бет. Қалкӛз Х. Ӛлмейтұғын артына сӛз қалдырған // Арқа ажары. – 2005. – 3 наурыз. – 4 бет. Қонаев Д. Ӛшпес із қалдырған қаламгер // Жалын. – 2009. – № 8. – 28-29 бет. Құмарова Ш. Ең бірінші ӛлеңін мен жарияладым // Жұлдыз. – 2015. – № 1. – 4 бет. Қыдырәлі Д. Сеңді бұзған семсер тіл // Қазақ әдебиеті. – 2015. – 30 қаңтар. – 7 бет. Негимов С. «Қаһар» романы және тәуелсіздік // Арқа ажары. – 2015. – 10 ақпан. – 4 бет. Негимов С. «Қаһар» романы және тәуелсіздік // Арқа ажары. – 2015. – 12 ақпан. – 4 бет. Негимов С. «Қаһар» романы және тәуелсіздік // Арқа ажары. – 2015. – 14 ақпан. – 4 бет. Негимов С. Менің Ілияс Есенберлинмен кездесуім // Түркістан. – 2015. – 12 ақпан. – 10 бет. Нӛкен Е. «Алмас Қылыш» хақындағы ақиқат // Қазақ тілі мен әдебиеті. –2013. – № 4. – 12-22 бет. Нұршайықов Ә. Ұлттық ұлы қазына // Жалын. – 2009. – № 8. – 33- 35 бет. Оразов Н. Батыл да батыр жазушы // Сарыарқа. – 1995. – № 3. – 3-5 бет. Оразов Н. Ел ардағы – ер тұлға // Сарыарқа. – 1995. – № 3. – 11-15 бет. Оразалы Б. Есенберлин есімі ұлықталды // Астана ақшамы. – 2015. – 29 қаңтар. – 7 бет. 21
Рсалиева Н. Қазақ ұлтына жасалған қастандық // Жалын. – 2006. – № 1. – 11-29 бет. Салықов Қ. Ақ қайыңдар арасында ауылым // Қазақтың алмас қылышы. –жұлдыз. – 1995. – № 1. – 3 б. Тарихи сананың тамыршысы // Қазақ әдебиеті. – 2005. – 14 қаңтар. – 4-5 бет. Тілегенов Б. Біз Ілияс Есенберлинді неге жек кӛрдік // Жалын. – 2009. – № 8. – 35-41 бет. Үмбетбай Т. Білімнің кӛзі кітапта // Атбасар. – 2014. – 26 желтоқсан. – 2 бет. Аубакиров Э. Десять лет каторги за любовь // Экспрес К. – 2015. – 10 января. – С. 7. Баядилов Б. Наследие Есенберлина // Степной маяк. – 2014. –16 января. – С. 13. Бекенова У. Приобщение к миру Есенберлина // Простор. – 2013. – 15 февраля. – С. 6. Дастан Е. Творчество Есенберлина – времен связующая нить: в потоке истории // Қазақ үні. – 2014. – 20 мамыр. – С. 3. Джакупова К. Музею 15 лет // Простор. – 2014. – 26 декабря. – С.6. Долгополова С. Трилогия И. Есенберлина «Кочевники» в VIII классе // Русский язык и литература в казахской школе. – 2000. – № 6. – С. 37-41. Дюсенбаев А. Ильяс Есенберлин // Акмолинская правда. – 2015. – 5 февраля. – С.4 Из фонда литературного музея И. Есенберлина. Певец великой степи // Простор. – 2015. – 9 января. – С. 6. Кайдаулова А. От избы – читальни до электронных книг // Акмолинская правда. – 2015. – 29 января. – С. 4. Коскина А. Депутаты: юбилей Есенберлина мог бы стать началом празднований 550 летия казахского ханства // Қазақ үні. – 2015. – 20 қаңтар. – 12 бет. Комбатурова У. Мой главный человек // Простор. – 2014. – 10 января. – С.1. Литературный музей И. Есенберлина. «Кочевники» - ответ фальсификаторам // Простор. – 2015. – 23 января. – С.3. 22
Мамедова Ф. Конкурс знатоков романа – хроники И. Есенберлина «Кочевник» // История Казахстана: преподование в школе. – 2003. – № 3. – С.26-30. Оразалы С. Акутальность идейного сожержанияя трилогии И. Есенберлина «Кочевники» в условиях современного Казахстана // История Казахстана: преподование в школе. – 2008. – № 8 – С. 30- 40. Темпель Е. Всегда болел душою за народ // Простор. – 2015. – 16 января. – С.1. Утеуова А. Человек и история // Простор. – 2015. – 16 января. – С.2. 23
Есімдер кӛрсеткіші Елубаева Л. Елеукенов Ш. Ақшолақов Е. Есенберлин І. Ақыш Н. Есенберлин Р. Алпысбай Қ. Жамбылқызы Н. Алпысбаев Қ. Жакып О. Б. Амалбек Б. Жақып Ӛ. Б. Аубакиров Э. Жоямергенқызы Н. Аупбаев Ж.Ә. Жұртбаев Т. Ахмет А. Иманбаева С. Аяган Б. Кайдаулова А, Әлімжанов Ә. Комбатурова У. Әлиханұлы Ж. А. Косенко П. Әмір қызы К. Коскина А. Бағыбаева А. Қалкӛз Х. Балтаева. Ш. Қонаев Д. Баядилов Б. Құмарова Ш. Бегім А. Қыдырәлі Д. Бектас Г. Мамедова Ф. Белдеубайұлы Д. Негимов С. Боранғалиева А. Нӛкен Е. Ғабдуллин М. Нұршайықов Ә. Дастан Е. Нысанбаев Ә. Джакупова К. Оразов Н. Долгополова С. Оразалы Б. Домбай Н. Оразалы С. Досанов С. Рсалиева Н. Досжан Д. Салықов Қ. Досжанова Д. Утеуова А. Дүйсенбаев А. Дюсенбаев А. 24
Мазмұны Құрастырушыдан......................................................................1 бет Алғы сӛз..................................................................................2-5 бет Ӛмірдерек................................................................................6-7 бет Шығармалары туралы қысқаша ақпарат.................................9 бет Тарихи романдары туралы.....................................................................................9-12 бет Романдары және тарихи сана туралы...................................................................................12-14 бет Есімдеркӛрсеткіші……………………………..……….……..22 бет 25
Құрастырғандар: Ӛмірзақова А.З., Әшкей З.М. Техникалық редакторы: Шарықбаев Б.Ы. 26
27
28
Search
Read the Text Version
- 1 - 28
Pages: